ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Алматы — 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3-5
- Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері……………………………………………………………………………………..
1.1Девиантты мінез –құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде зерттелуі…………………………………………….………………………………………….6-13
1.2 Жасөспірімдердің әлеуметтену процесі…………………………………….14-17
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез- құлықты болуының әлеуметтік-тұрмыстық себептері…………………………………………………………………….18-25
- Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары………………………………………
2.1 Девиантты мінез – құлықтың алдын – алу барысындағы мектеп тәжірибесі……………………………………………………………………………………26-34
2.2 Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу жолдары…….35-41
2.3 Девиантты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
технологиясы………………………………………………………………………………42-46
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….47-48
СІЛТЕМЕЛЕР…………………………………………………………………………………….. 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………… 50
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық және т.б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антиәлеуметтік сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жасөспірімдер арасында кең таралған.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет — өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез – құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды.Содан девиантты мінез – құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез – құлықты балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан дүниесін түсінуге, ынта – ықыласына, жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.
Белгілі психологтар (Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, А.А.Бодолев, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, М.М.Мұқанов, Ж.Н.Намазбаева т.б) зерттеулерінде жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез — құлқына, дүниетанымына қалыптастырып, күнделікті жүріс – тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарының алатын орны айқындалған.
Л.К.Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке – дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс — әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен.
Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез – құлықтың әлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген.
Ал, Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез – құлық болады деген сұрақты қарастырған. Сонымен қатар девиантты мінез – құлықтың болу себептерін және мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен.
Демек, бұл мәселенің шешімін табу, әлеуметтік – педагогикалық мүмкіндіктерін белгілеп беру тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді. Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс” деп белгіледік.
Мақсаты: Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықты әлеуметтік, педагогикалық талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдерің ортасындағы девиантты мінез-құлықтың жалпы күйін, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың дамуындағы факторлар мен бағыттарын сипаттау.
Зерттеу обьектісі: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу тәрбие үрдісіндегі жасөспірімдерді девиантты мінез – құлықтан арылтып, тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік, педагогикалық жұмыстар жүргізу процесі.
Міндеттері:
— девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер туралы зерттелген ғылыми еңбектерді талдау;
— жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;
— девиантты мінез – құлықты болу себептерін анықтау;
— девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге арнайы әлеуметтік әдістер мен технологиялар қолдану.
Болжамы: Егер девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен мектепте, отбасында, үнемі ағартушылық, танымдық жұмыстары жүргізілсе девиантты мінез – құлықты балалардың тәрбиесіне игі әсер етуге болады, яғни алдын – алу жұмыстары тиімді болса, онда жасөспірімдерде қоғамдағы жат қылықтарға деген өзіндік түсінік қалыптасып, болдырмаудың алдын алуға ынта көрсетеді.
- ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ — ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде
зерттелуі
Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты жақсартуға бағышталған қызмет айрықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесінде әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз бар. Олай болса баланың шәлкім – шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер жеткенсін өзі –ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне жүрдім бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік , оның ертеңгі күнін ойламаушылық демеске лаж жоқ.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
Жасөспірімдік кезең – ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік- экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы болып табылады.
Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала ретінде 18-ге толмаған әрбір адамды сипаттаймыз. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және социологиялық даму стадиялары тұрады, негізінде бұл стадиялар әрқашанда және әрқашан толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді [1].
Зерттеушілердің көбі психикалық кризиске әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субьективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс -әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады.
Сонымен адамның дамуындағы биологиялық басымдылықты жақтаушылар жыныстық жетілуді ескере отырып жасөспірімдік жасты ұл балалар үшін 13 – 16 жас және қыз балалар үшін олардың жыныстық жетілуіне байланысты 12 –15 жас деп анықтайды.
Жасөспірімдік жас – тұлғалық қалыптасудың кризисті этапы болып табылады. Ол өзіндік ерекшеліктер қатарымен мінезделеді. Бұл этап адамның тез өсуімен, жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Жаңа психологиялық және тұлғалық сапалардың қалыптасу негізін қарым – қатынастың әртүрлі оқу, өндірістік, шығармашылық, сабақтық тағы басқа кезеңдерінде құрастырады. Бұл жаста ересектіліктің көріністері, өзіндік сананың дамуы және өзіндік бағалау, өзінің тұлғасына, өзінің мүмкүндіктері мен қабілеттеріне деген қызығушылық қалыптасады.
Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды [2].
Г. Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі кризистің болу мазмұны балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Менінің” ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.
Р. Кулен жасөспірімдердің дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік — этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды.
Бірдей көзқарастың болмауына қарамастан, бүгінгі күнгі ғалымдар жасөспірімдік шақты 10 –11 және 14 –15 жас аралығы деп қарастырады. 15 –17 жасты әдебиеттерде ерте балалық шақ деп атайды. Бірақ та көптеген зерттеушілер ерте балалық шақты баланың даму кезеңіндегі жасөспірімдік кезеңге қосады. Оның өзіне де толық негіз бар, себебі өзіндік психологиялық мазмұнда бұл кезең – 15 пен 18 жас аралығы – жасөспірімдік кезең мен өзіндік жастық шақтың арасындағы “аралық жас” болып табылады.
Жасөспірімдік кезең алғашқы әлеуметтенуде маңызды кезең болып табылады. Жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай тұлға мынадай мінездемеде сипатталатын әлеуметтік рольдер мен функцияларды орындауға дайын болады, олар:
- биологиялық кемелдену бүкіл биологиялық рольді орындауға қабілеттілік және адам функциясы мен қалыпты жыныстық қатынасқа физиологиялық дайындық;
- психологиялық кемелденудің аяқталуы және адам негізінің қалыптасуы;
- негізінен өзінің дүниетанымының қалыптасуы;
- парасаттылық кемеліне жету;
- қоғамда және әлеуметтік топтарда бар құндылықтар мен нормаларды қабылдау;
- деңгейіне және рольдер мен функцияларды игеруіне байланысты шығатын қарым-қатынас шарттары мен әрекетін орындау қабілеті;
- қажетті жағдайда арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін еңбек ролі мен функцияларын орындауға дайын болу.
Жасөспірімдік кезең (11 –15 жас) негізінен биологиялық жағынан өтпелі болып табылады, яғни бұл кезең жыныстық жетілу сонымен қатар басқа да биологиялық ағза жүйелерінің жетілуі болып табылады. Әлеуметтік жағынан қарастырғанда жасөспірімдік шақ –бұл бірінші әлеуметтендірудің жалғасы. Сәйкесінше олардың әлеуметтік дәрежесі балалардан ерекшеленбейді. Психологиялық жағынан бұл жас өте қайшылықты кезең.
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді; жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді.
Балалалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімдердің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгеруіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп жататын, не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге тырысады. Әсіресе мұндай көңіл –күй психологтардың көрсетуінше ер балаларда 11 –13 жаста, қыз балаларда 13 –15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер жасөспірім кезіндегі еліктеуі орынсыз болса қалмаушылық және “мен” бейнесі мына өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.
Жасөспірім кезінде өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез –құлық пайда болады. Қалыпсыз мінез –құлықты девиантты мінез – құлық деп атайды.
Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарыстан жеңіл өтеді. Ал кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата –аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата- аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі біден – бір ықпал етеді. Жасөспірімдер арасында психопотологияның кездесуі ата – аналардың өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан қате көзқарас қалыптасады, артық талап қойады. Ал, бұдан түсінбеушілік пен пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық қарым –қатынасты психологиялық түзету жолдары арқылы дұрыс жолға салуға болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын–алу үшін мектептерде жасөспірімдерге, ата–аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы керек. Атап айтқанда :
– жасөспірім кезеңінің ерекшелігі;
– жасөспірімнің “мен ” концепциясының құрылуы;
– жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың ерекшелігі;
– жасөспірімдердің жыныстық жетілуі;
– еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп түзету жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың, қала берді ата –ананың және тәрбиешінің міндеті.
Жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру –психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптастыру компоненттерін қамтитын белсенді процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қаиеттерді сіңіруге бағытталған, тәрбиелік іс-әрекеттер барысында , олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап етеді .
Девиантты мінез- құлық бұл “балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы , оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы [3].
Демек жасөспірімдердің бойында ауытқымалы мінез-құлық нышандарынан арылу арқылы, олардың бойына қоғамымызда қабылданып, орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды соның ішінде, әсіресе, ең алдымен, ұлтжандылықты, азаматтылықты, жоғарғы моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттерінің бірінен саналады.
Себебі қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып отырған әлеуметтік дағдарыс күнкөріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген, сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік моральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық , құмар ойынмен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік етек алуда.
Девиантты мінез – құлық негізінде жалпы қоғамда қабылданған нормалар мен тәртіпті бұзу жатыр.
Жасөспірімдердің девиантты мінез –құлқындағы негізгі белгілері мен критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.
1.отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін отбасының ішкі қарым –қатынасының қалыптасуы);
2.мінез –құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
3.жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары мен сұраныстарының дамымай қалуы, қоғамдағы жат іс -әрекетке ұмтылу, қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо –физиологиялық және психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы тағы басқа.
4.қарым – қатынастағы қолайсыздық (қарым – қатынас аясындағы бұзылу, құрдастарымен, мұғалімдермен, үлкендермен қарым – қатынасындағы дөрекілік, жан – жалдылық, формальды емес топпен қарым – қатынас жасауға деген ұмтылыс тағы басқа).
Девиантты мінез – құлық ұғымы шетел әлеуметтанушыларындағы Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ұйымдастыра алмаушылық теориясының дамуымен кең етек алды , онда ол девиантты мінез –құлықты жалпы қоғамда қабылданған нормалармен келіспейтін мінез –құлықты түсіндіреді.
Д.Уолш “әлеуметтік ауытқушылық бұл көп деңгейде жазылып берілген дәреже , яғни бұл объективті көрініс емес, тек субъективті белгі” деп көрсетті. Дж.Смелзер девиантты мінез – құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты” деп атады.
Айта кететін жайт , шетел әлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп қоғамда қабылданған болмашы нәрседен бастап күрделіге жеткізетін әлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске әкелмейтін болмашы іс — әрекеттер.
Девиантты мінез – құлыққа сай келетін мәдени релятивизм: болып жатқан іс — әрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде әлеуметтік патология ретінде қарастырылады. Оған отбасылық дәстүрден, басқа елдердің салттарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер Голландия, Швеция, Норвегия сияқты мемлекеттерде гомосексуалды некеге рұқсат беріп, мемлекет тарапынан осындай жұптардың бала асырап алу құқықтарын қамтамасыз ететін болса, Қазақстандық қоғамда және басқа да көптеген мемлекеттерде мұндай жағдайда қоғамдық моральдық көзқарас бойынша мүмкін емес болып табылады. Мәдени релятивизм әртүрлі екі қоғамның салыстырмалы мінездемесі болып қана қоймай, сонымен қатар бір қоғамның ішіндегі бір немесе үлкен әлеуметтік топтардың арасында да болады. Мысалы, осындай топтардың қатарына — саяси партиялар, әлеуметтік кластар, дінге табынушылар, жастар және жасөспірімдер, әйелдер жатады. Әлеуметтік анықтамаларға сүйенсек жасөспірімдердің көбісі ерте жыныстық қатынасты девианттық мінез –құлық деп есептемейді, ал олардың ата –аналарының, мұғалімдерінің көзқарастары бойынша некеге дейінгі жыныстық қатынас жасөспірімдік ортада жарамсыз қылық деп саналады [4].
Сонымен девиантты мінез –құлық категориясының мазмұнын үш аспектіге бөліп қарастыруға болады: біріншіден кең мағынада девиантты мінез –құлық деп әрбір ауытқу –соның ішінде нромадан прогрессивті ауытқу да жатады. Екіншіден, дәстүр бойынша мінез –құлықты әлеуметтік ашудың көрінісі ретінде жанама іс -әрекет түсініледі. Үшіншіден тар мағынада девиантты мінез – құлықты құқықтық жазалауға әкелмейтін іс -әрекет деп түсіндіреді.
Ал, шетелдің әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерінде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды көптеген авторлар төмендегідей бөліп көрсетеді :
- агрессивтілік;
- өзін-өзі басқарудың төменділігі;
- әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
- ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
- ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
- физикалық жазалау; жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
- отбасының құлдырауы;
- ерте ішімдікке салыну , таксикомания , нашақорлық ;
- әлеуметтік қанағатсыздану;
- асоциальды топтарға қосылу.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді , адамгершілік ардан аластатып, бара – бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.
Балалықтан жасөспірімдік жасқа дейінгі аралық баланың бүкіл физиологиялық , психологиялық даму процесіне тікелей байланысты.
Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді.
Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың жасына, мінезіне қарай жүргізу педагогтан, ата-анадан үлкен ұстамдылықты, нағыз шеберлікті талап етеді. Оқу жылының барысында да , жазғы демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие беріп, олардың ұжымшыл болуына ықпал жасау керек.
Әрбір девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімнің өзіне ғана тән қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-аналардан қол өнерінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлықты қолданатын , жан-жақты білімдар ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық енгізіп отырса, шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.
Кейде тентектің ыза келтірер қиын қылығына болмашы жылы сөз де әсер етеді. Оның қайсарлығына, қиқарлығына күшпен қару жасамай , әдейі селсоқ қарап, болымсыз жұбату да баланы бері қаратады. Ұрысып, ерегістірудің орнына әдейі мақтау, мадақтау да орынсыз емес. Қандай қиыншылыққа ұшырамасын, қиынға істер лаж, қалыптан қатып қалған қағида емес, баланы үлкен адамдардай көріп, оның мұратын мүддесіне тіреу боларлық әділ адамгершілікпен ғана ықпал жасау керек.
А.С.Макаренко айтқандай, тәрбие ісінің шын мәні тіпті де баламен әңгімелесуде емес, оған тікелей ықпал жасауда да емес , оның өмірін ұйымдастыруымызда [5].
Әрине девиантты мінез –құлықтағы балалардың арасындағы жұмыстың шешуші тұлғасы әлеуметтік педагог. Оның кәсіби шеберлігі мен педагогтың таланты. Тәрбиесі тартымсыз шәкіртті қайта тәрбиелеудің барлық күшінің (мектеп, отбасы, көпшілік) басын қоса білсек, оны адамгершілік жолға салуға әсер ететіндердің бәрін оны мақсатқа жұмылдыра білсек қана жеңілге түспек.
Адамдарды қоғам, яғни өзін қоршаған орта тәрбиелейді. Бұл ақиқат. Баланы оқытушы да, ересек адамдар да, көршісі де тәрбиелейді. Бірақ ең алдымен балаға отбасы, ата-аналар, өзін қоршаған адамдар , жасы үлкен ағалар мен апалардың өнегесі бәрінен күштірек ықпал етеді. Кейінірек оның жолдастарының, достарының, таныстарының ықпалы, орта мен әртүрлі жағдайлардың әсері отбасы ықпалынан күштірек болып кетуі мүмкін, бірақ 13-14 жасқа дейін бала өмірінде отбасы, ата-ана басым роль атқарады.
Сонымен отбасы адамның өмірі негізделетін моральдық адамгершілік ірге тасын қалайды.
- Жасөспірімдердің әлеуметтенуі. Әлеуметтендіру ұғымының қалыптасуы
Жасұрпақтың жан-жақты дамуын, олардың бойында қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға,техникаға, өнерге ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы қоғамдық өмірге даярлау мектептің оқу –тәрбие процесінің басты міндеті болып табылады.
“Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да бұлар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж.Кольманның, А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады.
Дей тұрғанмен, бұл феноменнің мән –мағынасы мен қоғамда атқаратын қызметін екшелеуге деген қызығушылық өткен ғасырдың 70-ші жылдары белең алды. Мұның себебі, Батыстың жалаң, даңғаза, бейресмилік өмір салтынан түңілген жас, өсіп келе жатқан балауса ұрпақтардың бойында өмірге, болмысына қызығушылық пен немқұрайлық психология пайда бола бастады. Бейресми топтар көбейіп кетті. Басқару жүйесіне наразылық көрсетулер орын алды. Өмірге түңіліп өз -өзіне қол салушылық, нашаға әуестенушілік, жезөкшелік, қоғамға жат құбылыстар өрістеді.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып , өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарларын бағымдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар арасынан мүлдем аластатудың, жас ұрпаққа тәлім –тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіре бастайды. Нәтижесінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәлім –тәрбие бере отырып, оларды әлеуметтендірудің, яғни әрбір жас ұрпақты мақсатты бағытта тәрбиелеп, қоғамдық өмірге қосудың ғылыми негізделіп, жан –жақты қорытылған ондаған тұжырымдамалары пайда болды.
Олардың мазмұнында негізінен әрбір жаңа, келер ұрпақтың өмірден, қоғамдық қатынастар жүйесінен өз орнын тауып, қоғамдық өмірге бейімделіп, қалыптасатын мінез –құлықтың белгілі бір қоғами ортаға тән типінің қалыптасуының диспозиялық иерархиялық құрылысын бағымдау басты орында тұрады.
Дей тұрғанмен, түлі ғалымдар мазмұнында “әлеуметтендіру” жеке тұлғаны қоғамдық қатынастар мен талаптар негізінде тәрбиелеудің сапалы белгісі ретінде қарастырылады. Мысалы, бұл мәселе философияда “әлеуметтендіру – ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын еңбек дағдыларын, білімін, этникалық нормаларын, құндылықтарын, дәстүрлерін жеке тұлғаның игеруі мен одан әрі дамуы мен оның әлеуметтік сапаларды қалыптастыру арқылы, қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үрдісі тұрғысынан қарастырылса, ал психологиялық түсініктер сөздігінде: “жеке тұлғаны әлеуметтендіру – оның өмір үріп отырған қоғамның толыққанды мүшесі ретінде әлеуметтенуіне мүмкүндік туғызатын белгілі білім, ғылым, нормалар мен құндылықтарды меңгеру үрдісі”- деген анықтама беріледі.
Жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғашқы монографиялық зерттеулердің алдыңғы қатарында Дж. Кольманның “Молодежное общество” (1961), А. Бондура мен В. Уолтерстің “Социальное изучение и развитие личности” (1968) тағы басқа еңбектерін жатқызуға болады.
Батыс Европалық оқымыстылардан өзгеше ресейлік ғалымдар “әлеумттендіру ” терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Сонымен бірге, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан айқындайтын мақсатты түрдегі тәрбе үрдісін және оның қалыптасуын стихиялы ықпал ететін әртүрлі өмір тіршілігі жағдайларын қамтитынын көрсетеді.
Бұл мәселеге байланысты С.Конның анықтауынша “әлеуметтендіру дегеніміз индивидке әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісі десе [6], Я.Шепаньскийдің түсіндіруінше “әлеуметтендіру үрдісі – бұл индивидтің әлеуметтік ортаға ендірілуі, оның әлеуметтік ортаға бой ұсынуы”. Бұлардан өзгеше Г.М Андреева әлеуметтендіруді бір жағынан , тұлғаның белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің белсенді іс -әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым –қатынастар жүйесінің ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы” – деп анықтайды [7].
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастыратын атақты педагог А.В.Сухомлинский “Ұжымды тәрбиелеу әдісі ” еңбегінде: әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең маңызды екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуға болады.
Сонымен, жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз – жас, өсіп келе жатқан әрбір баланың басқалармен қарым –қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданып, тұрақтанған адамгершілік сапаларымен мінез-құлық нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына сіңіріп, әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі. Жас ұрпақтың әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әр түрлі сипаттағы факторлар мен әртүрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен әсер етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім –тәрбиелік жұмыстар арқылы адамгершілігі жоғары азамат, қоғамдық талапқа сай, біліктілігі сан қырлы маман ретінде қалыптасуы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді екі фазаға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі — әлеуметтік бейімделу, яғни жеке тұлғаның өмір сүретін ортасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, әлеуметтік нормаларға, әлеуметтік ұйымдар сияқты әртүрлі деңгейде құрылған қоғамға бейімделу.
Екіншісі – адамдардың жан дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтар тағы басқа компоненттер жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне тәжірибелердің жетілу нәтижесінде ауысады. Жеке тұлға әлеуметтік ортаға өз бетінше өмір сүре алатын тұлға ретінде енеді.
Р.С.Немов әлеуметтендіруді “жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибені үнемі белсенді түрде меңгеру үрдісі нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасып адамдар арасында өмірге қажетті білім , әдеп , дағдыларды , шеберліктерді меңгеріп , оны белгілі бір міндеттерді шешу барысында қолданылуы ” деп түсіндіреді.
И.С.Кон болса “әлеуметтендіру үрдісін жеке тұлғаны қалыптастырумен емес, жеке тұлғаның алған әлеуметтік бағытына оның әлеуметтік құрылымындағы ерекше орнына байланысты ” деп түсіндіреді. Яғни адам дүниеге кегенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы әлі ешқандай түсінік жоқ, онда адамның тек мүмкүндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкүндіктер басқа адамдармен қарым –қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енудің нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні , сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын. Демек адам болып туылмайды, адам болып қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандарының негізінде жүзеге асады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен жанұяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамдардың бұл қалыптасу процесі әлеуметтендіру деп аталады.
А.В.Мудрик : “әлеуметтендіру екі жақты процесс . Бір жағынан тұлға өзі мүше болып саналатын әлеуметтік топ пен қоғамның әлеуметтік тәжірибесін, құндылығын, нормаларын меңгерсе, екінші жағынан, әлеуметтік тәжірибемен әлеуметтік байланыс жүйесін белсенді меңгереді[8].
Тәрбие әлеуметтік үрдістің бір бөлігі ретінде даму үрдісін практикалық іс-әрекетте, ойынға енгізу негізінде мақсатты басқарады. Әлеуметтік шығармашылыққа балалардың өзін жеке тұлға екенін сездіретін түрлі іс-әрекеттер арқылы жағдай жасау, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қабілеті мен қызығушылығын дамытуы қажет.Сонымен қоғам мен жеке тұлға қызығушылығының үндестігін қамтамасыз ету керек. Яғни, әлеуметтендірудің педагогикалық аспектісі –жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан жетілдірудің тиімділігін көтеру мақсатындағы педагогикалық ықпалын қарастырады. Бұл тұрғыдан Т.Н.Мальковскаяның зерттеулерін айтуға болады. Ол әлеуметтендіруді жас ұрпақты өмірге дайындау дей отырып жеке тұлғаның әлеуметтенуі қоршаған орта мен адамдар арасындағы қарым –қатынас жүйесі сияқты маңызды факторлардың ықпалымен жүреді.
Балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаты қандай? Біздің пікірімізше, балалар ұйымының жұмысында әлеуметтік жұмысқа дайындау. Осы мақсаттан шығатыны балалар ұйымы жұмысында балалардың жеке тұлғасын, әлеуметтендіру ерекшелігін айқындауға болады.
- мемлекеттік әлеуметтік институттар мен балалар ұйымдарының ара қатынасы балаларды болашақтағы әлеуметтік қатынастарға сілтейді;
- балалардың жеке тұлғалық ерекшелігі, қызығушылығы мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, олардың әлеуметтік қатынастарға өз еркімен қатынасуы әлеуметтендіруді жүзеге асыруға мүмкүндік береді;
- ұйымда балалардың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі олардың үлкендермен қарым – қатынасы мен олардың бағалауын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілгендей балалар ұйымдарының өзіндік әлеуметтік орны болуы керек. Ұйымдардың болашақ мақсаты — өз мүмкүндіктерінің жалғасын таба білуі, балалар қызығушылығымен жұмыс жасау.
1.3 Девиантты мінез – құлықтың пайда болуының әлеуметтік— тұрмыстық себептері
Біз ХХІ ғасырда ғылыми-техникалық прогресс пен компьютерлендіру ғасырында өмір сүріп отырмыз. Адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжыды.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі біздің планетамызда тұратын адамдардың басына көптеген девиантты мінез-құлықтың түрлерін игеру қаупі мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Елімізде саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалдың өзгеруі халықтың әлеуметтік қалыптасуының бұзылуына әкеп соқтырады .
Әсіресе девиантты мінез-құлықтың жасөспірімдер арасында кең тарауы бізді көп ойландырады . Адамдардың көпшілігі мысалы, темекінің зиянды екенін біледі, бірақ олардың көпшілігі, тіпті медицина қызметкері арасында да, темекінің шын мәнінде қауіпті екеніне мән бермейді .
Қоғамдағы жат қылықтардың көптеп тарауы өкінішке орай, балалық және жасөспірімдік кезеңнен-ақ басталады. Мұны әлеуметтанушылардың, дәрігерлердің, педагогтардың зерттеулері дәлелдеп отыр.
Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы .
Балалардың ішімдікке салынуының басты себебі – тәрбиенің дұрыс болмауы, балалар мен жастардың бос уақытын қалай өткізетініне ата – аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы , ортаның қолайсыздығы деп те айтуға болады [9].
В.М.Мясичев, Н.А.Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:
1.әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар мен қоғамдық орталары ұйытқы болған;
2.жүйке психикалық жай – күйлерінің нашарлауынан туындаған ;
3.құқықты ұстамаған қылмыскер , қатігез, жауапсыз , қаңғыбас балалардың ықпалы әсер еткен .
Л.В.Занков , М.С.Певзнер , В.Ф.Шмидт баланы девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің қатарына қосатын : отбасы, мектеп және көше жолдастары, яғни қоршаған ортасы болса , дұрыс жолға түсіретін мүмкіндіктер: оның алдын алу, оқу – тәрбие жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін сұрыптап алып , соның негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзін — өзі тәрбиелеуге тарту немесе қылмыстық әрекеттер дәрежесіне орай арнаулы тәрбие мекемелеріне бөлуді жатқызған .
Қазіргі кездегі саны күннен күнге көбейіп бара жатқан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдер қайдан пайда болады? Бізді ойландыратын да осы сұрақ. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер о бастан “девиантты” немесе “девиантты емес” болып бөлінбейді . Бұл қалай? Бұған жауапты алыстан іздеудің қажеті бола қоймас . Дұрысын айтқанда , мұны әрбір ата – ананың өзінен — өзі іздегені дұрыс .
Қоғамда өмір сүрудің алғашқы әліппесін қоршаған ортадағы қарым – қатынас тәжірибесінен, өзінің отбасынан үйренеді . Халықтың “Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің” деген мәтелі тегіннен – тегін айтылмаса керек.
Жасөспірімдердің бірден девиантты бола салмағанын зерттеу нәтижелері де көрсетіп отыр .Ол өмірде әке – шеше мейірімі , қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі , не болмаса оның нағыз достары да болмауы мүмкін. Содан да нашар ортаның ықпалына түсіп , төбелес жанжалға үйірсек болып , бұзақыларға қосылуы ықтимал .
Осы орайда нақты деректерге жүгінер болсақ , қалада жайсыз отбасының яғни , “қиын” ата – ананың көбеюі девиантты мінез – құлықты жасөспірімдер санының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық .
Девиантты мінез – құлықтың пайда болуына отбасындағы үш түрлі жағдай әсер ететіні белгілі. Олар: әке – шешесінің теріс үлгісі, ата – ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасында өне бойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай , түзеру қиын .
Сонымен девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің мінез – құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен – кішіні сыйламау сияқты әдет – дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс – тұрыстары мен іс — әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез – құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір – қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық – зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс – тұрыстарын түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа — өз мінез – құлықтарын басқара алмай, өзін — өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез – құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кәмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл топқа қатігездік, зорлық – зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым – қатынас, ілтипат, сый – құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеген.
Әлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы экономикалық қарым – қатынас, қоғамдық сана, тап және ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкүндік туғызып, жастардың әлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен – кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора – жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора – жолдастары мен ата – анасының арасында жасалады.
Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез – құлықтың пайда болуына бірден – бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастылары біріншіден, баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау, оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтажын қамтамасыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан – дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртінші себеп – ата – аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән – мағынасын түсінгенімен, оларды күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туады. Олар балаларына мораль талаптарын сақтауды міндеттегенімен өздері бұған немқұрайды қарайды. Кейбір ата – аналар олардың туған – туыстары қызмет бабын пайдаланып, заң нормаларын сақтамаса, кейбіреулері ала жіптен аттап қылмыстық әрекеттермен айналысады. Мұндай қылықтарды көретін жасөспірімдер сол шағын ортаның салт – санасын қабылдайды.
Бесінші себеп – кейбір ата – аналар өмірлік бағдарламасында ала беру, жинау, мансапқорлық, менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл – парасатына қарай емес, “байлығына”, “қажеттілігіне” қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық – зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады.
Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы көру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай “ақ саусақтылыққа” дағдыландыру, алдарындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау. Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекіге, ішімдікке, нашаға, ұрлыққа икемделе бастайды.
Отбасында кеткен кемшіліктер мектепте одан да бетер шиеленісе түседі. Себебі мектепте де балалардың жеке басын сыйламау, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің қарым – қатынасы көбінесе “ақыл” айту, ұрысу, ар – ожданына тию тәрізді педагогикада жат әрекеттермен сипатталады.
Ата – ананың баламен дұрыс қарым – қатынас жасамауы және баланың тәрбиесіне тікелей әсер ететін теледидар арнасынан сапасыз хабарлардың көрсетілуі. Осының әсерінен елімізде нашақорлық, ішімдік және әртүрлі қылмыстар мен теріс қылықты жүріс – тұрыстар көбеюде. Теледидарда көрсетілетін хабарларға ішке қойылмағандықтан балалар әртүрлі видеокинолардан көрген зорлық – зомбылық, төбелес, шабуыл, ату, өлтіру т.б әрекеттерді ойын кезінде ойыншықтарымен еліктеу қылықтарын жүргізеді.
Белгілі психолог К.Бютнердің айтуы бойынша осындай ойындар, видеолар, теледидарлар девиантты мінез – құлықтың негізгі себебі болады дейді.
Девиантты мінез – құлыққа өзін — өзі бағалау деңгейі төмен балалар бейім келетіндігіне байланысты, балалардың өз ортасынан бөлініп, шеттеп жүруіне де себеп болады. Өз ортасында өзін толық сезіне алмаған баланың мектепке деген қызығушылығы төмендеп, өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін телекиноларға әуестеніп, содан көрген теріс қылықтарды бойына сіңіреді. Сонымен қатар балалардың девиантты болуына ата-ана да әсер етеді. Егер ата-ана балаларының қызығушылығын қанағаттандырмаса, онда ол өз қажеттілігін басқа нәрсеге бағыттайды. Осыған байланысты мақсаты қанағаттанбаған жағдайда іштей пайда болған ашу ызаның эмоционалдық қалпы өшпенділікке, жек көрушілікке, кектену сияқты жағымсыз эмоционалды қалыпқа айналады.
Сол сияқты қазіргі экономикалық жағдайымызда балалардың жастайынан нашақорлық, жезөкшелікпен айналысуы және бұлар жайында көптеген фильмдердің, хабарлардың көрсетілуі балаларды жас кезінен еліктіріп, оларды құрбы-құрдастарынан бөліп, осындай жүріс-тұрысқа бейім топтың адамдарымен араласуына кедергісіз жол ашады. Сондықтан бала санасының дұрыс қалыптасып, психикасының дамуын жетілдіру үшін бала санасын улайтын мұндай хабарлардың көрсетілуіне әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан шектеулер қойылуы керек.
Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ол мектептен тыс ортада жасырын қарама-қайшылықта және ерекше жағдайда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады, бақылаумен ұйымдастырылады. Ал, көшеде бала өзін бақылаудан және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан да балалардың шағын мектептен тыс уақытын қалай өткізетінін есепке алып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың тұратын жерлерін, оның жеке басын қалыптастыратын және дамытатын кіші ортаның бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұрған жерінде бала мектепке келгенше өзімен таныс адамдармен қарым-қатынас жасап та үлгереді. Сондықтан да балалардың тұрған жеріндегі тәрбиелік жұмысты төменгі сыныптан бастап жүргізу керек. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуіне, әрбір іс-әрекетін үлкен қызығушылықпен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады
Мектеп бұл жағдайда ата-анамен көпшіліктің біріккен жұмысын бір салаға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне мүмкүндіктер жасайды.
Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан-жақты дамып, әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог-психолог мамандықтарымен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ойластырылған.
Әлеуметтік педагог — өзінің негізгі жұмыс бағыттарын оқушының сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану ата – анасымен бірлесе отырып мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан бос уақыттағы іс — әрекеті әлеуметтік педагогтің үлесіне тиеді.
Әлеуметтік жұмыспен айналысатын әлеуметтік педагог белгілі бір жиынтықтармен қаралған болуы керек. Олар психологиялық, ұйымдастырушылық дағдысы, адамдармен сөйлесе алу қабілеті, педагогикалық қабілеті, педагогикалық іскерлігі, балалар ұжымымен жұмыс істей білушілігі. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтің сапалық ерекшеліктерінің, адамгершіліктің, ізгілік және рухани қасиетінің жоғары деңгейде болуы қажет.
Әлеуметтік педагогтің жұмыс объектілері оқушылар мен ата – аналарға ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі жастағы адамдар, клубтар, топтар, секциялар және қоғамдық бірлестіктер. Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушылардың бос уақытындағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс[10].
Жоғарыдағы айтылған қиын да жауапты қызметті атқаратын әлеуметтік педагогтің жұмысы ауқымды, бағыттары да әр алуан. Оған негізінен төмендегі бағыт-бағдарларды жатқызуға болады:
- сыныпта, топта, қоғамдық бірлестікте және мектептен тыс білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
- жеке бастың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін, ата- ананың жағдайын, қызығушылықтарын, талап-тілектерін, қиындықтарын, кездейсоқ жағдайларын, тәртіп бұзушылықтарын тексеріп, зерттеу және дер кезінде көмек көрсету;
- салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың еркіндігіне, денсаулығына қамқорлық жасау, қауіпсіз өмір сүруге көмектесу, жасы келгендерді білім алуға тарту;
- бос уақыттарында дарын қабілетінің дамуына, ақыл-ой және дене құрылысының өсуіне жағдай жасау;
- оқушылардың жеке басының дамуы мен тәртібін отбасымен бірлікте шешу;
- оқушылардың жеке басына тән ерекшеліктерін мұғаліммен бірлікте шешу, кемістігі бар балалардың жағдайын ойластыру және оларға қажетті мүмкүндіктерді жасау.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушылардың білім алуын ізгілендіруде ерекше роль атқарады. Ол көпшілік қоғамдық ұйымдар мен мектептің дара байланыстарын қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті маманды дайындау және қайта даярлауға ерекше көңіл аудару қажет – ақ. Міне сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдарының арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады. Мұны өмір талап етіп отыр.
Девиантты мінез – құлықты тудыратын қандайда бір себепті іздестіру мағынасыз деп қорытынды жасауға болады. Әртүрлі жағдайда әртүрлі мағына беретін криминогенді фактор туралы айту керек.
Девиантты мінез – құлықты емдеу жалпы мемлекеттік міндет және оның тиімді дамуы педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, журналистердің біріккен әрекеттерінің нәтижесінде іске асуы мүмкін. Бұл жұмыс бірінен соң бірі және кезең бойынша жүргізілуі тиіс. Сол немесе басқа жүргізілген іс – шара табиғи және логикалық түрде болу және бұрын жүргізілген емдеу жұмысы қоғам өміріндегі нақты бір кемшіліктерді жоюға бағытталуы керек.
Құқық бұзушылықты емдеу келесі тапсырмаларды қарастырады:
- жалпы мемлекеттік деңгейде әлеуметтік – экономикалық, мәдениеттік, идеологиялық тапсырмаларды шешу;
- тәрбиелік әрекет тұрғылықты микро ортаның, мектептің, өндірістік ұжымның көркеюіне бағытталуы керек;
- индивидуалды тәрбиелік – профилактикалық жұмыс девиантты мінез- құлықты емдеуге және алдын-алуға бағытталуы тиіс.
Құқық бұзудағы профилактикалық әдіс – бұл тұлғаны рухани-құқықтық жағынан қалыптастыруға және кейбір антиәлеуметтік әрекеттерді қолданған адамдарды қайта тәрбиелеу мақсатына бағытталған әрекет түрі.
Девиантты жасөспірімдер үшін тәрбиені қоғамдық қажетті ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастыруға болады, себебі ұжым криминогендік бағыттың бұзылуына, ішкі жан дүниенің өзгеруіне, барлық әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына себеп болады.
Педагогикада әр кезеңде де мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды түзету және кемшіліктерден арылту үшін тұлғаны түзету және қайта тәрбиелеу тенденциялары болған.
Ерте кездегі профилактика тек қана ескертулермен ғана шектелмей, сонымен қатар жасөспірімдердің бойында рухани идеалдар мен сенімдердің қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Біздің ойымызша жасөспірімдердің рухани, имандылық және физикалық жағынан жан – жақты қамтылуы үшін клубтар, орталықтар ашылуы тиіс. Мұндай білімнің жалпылану тәжірибесі және оны республиканың басқа аймақтарына тарату міндетті жеңілдетеді және жасөспірімдердің бірігуі үшін тиімді болар еді, сонымен қатар қажетсіз әрекеттерден арылуға көмектеседі. Дәл осындай әрекет “мен ешкімге керек емеспін” деген санадан туындайтын “жатсыну” сезімін әлсіретеді.
Антиәлеуметтік және әлеуметтік қатерлі әрекеттерден арылу үшін басты орында жаңа адамды тәрбиелеудегі қоғамдық қатынасты шаралар тұру керек. Алдын — алу шаралары тек көмекші роль атқаруы мүмкін және сонымен қатар нақты жағдайды қарастырады. Ең бастысы – бұл қалаларды, аудандарды, облыстар мен республикаларды, сонымен қатар мекемелер мен ұжымдардың әлеуметтік даму жоспарының бір бөлігі болып табылатын құқық бұзушылықтың кешенді жоспары ретінде жан – жақты таралған жұмыс түрі. Мінез – құлықтың нормадан ауытқушылығы көңіл аударарлық мәселе болып ең бірінші адамның тұлға болып қалыптасатын шағын ортасында яғни отбасында, мектепте, жоғарғы оқу орнында, еңбек ұжымында қарастырылуы қажет. Қоғамдағы күрделі процестер жасөспірімдердің қоғамдағы өз орнын табу, болашақ даму перспективасындағы түсініктерін қиындата түседі. Жасөспірімде ішінен өзіне, өзінің жағдайына, нақты әлеуметтік жағдаяаттарға көңілі толмау психологиялық күйзелістерді тудырады және өздері түскен осы жағдайдан шығудың жолын табуға итермелейді. Көбі өздерінің көңілі қалаған әрекетпен емес, мәжбүр етілген әрекеттермен айналысады. Қазіргі кезде көптеген жастарды базардағы жолдардан көруге болады. Онда олар сатып алу және қайта сату, ұрлау сияқты әрекеттермен айналысады және ешқайсысы ешқандай жолмен жазаланбайды. Келесі жағынан қарастыратын болсақ онда оларда күрделі тұлғалық бұзылуларды, антиәлеуметтік сферадағы әрекеттерге қосылуын көрсететін агрессивтілік байқалады. Көңіл – күйдің құбылмалылығы, ренжудің өзгермелілігі, сезімнің тұрақсыздығы, еріктің дамымағандығы – бұл тұлғаның әлеуметтенуін қиындататын, ұлдар мен қыздардың мінез – құлқына әсер ететін негізгі белгілер.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы аяқ асты пайда болмайды, ол ақырындап дамиды. Яғни қоғам девиантты мінез-құлықты баламен ол ең алғаш қадамды жасаған кезде, яғни ол ең бірінші заңға қайшы әрекет жасағанда ғана кездеседі. Девиантты мінез-құлықтың белгілі диагностикалық көрсеткіші ретінде зерттеушілер қайта әлеуметтендірудің көрсеткіші ретінде келесі ерекшеліктерді бөліп көрсетеді:
- өмірлік жоспарға дұрыс бағытының және кәсіби ынтасының жоқтығы;
- оқу әрекетіне деген қарым – қатынасқа санасыздық және немқұрайлылық;
- педагогикалық әсерлерге адекватты емес қарым-қатынас;
- қоршаған ортаның әрекетін моралдық нормаға сәйкес және критикалық бағалай алу қабілетінің жоқтығы;
- өзіндік критиканың, дағдыларына өзіндік анализ жасаудың жоқтығы;
- жағымсыз әсерге деген бейімділік, қиындықтардың алдындағы әлсіздігі;
- сыртқы мәдениет әрекетінің жоқтығы (киімінде, сөйлеуінде, іс- қимылдарында);
- басқа да жат әрекеттерге деген қызығушылығы (ішімдікке, нашақорлыққа, темекіге т.б). Осы жоғарыда аталғандардың барлығы жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына бір ден-бір себеп болады.
Таблица 1. Жасөспірімдердің кері кетуінің себептері
I- топ |
— ата-аналардың педагогикалық және мәдени деңгейінің төмендігі; — отбасындағы қолайсыздық (ұрыс-керіс, анайылық, ата-аналардың мәдениет деңгейінің төмендігі); — отбасында балалардың өмірі мен әрекетінің нақты ұйымдастырылмауы, тұрмыста баланың қадағаланбауы; — балаға деген талаптар бірлігінің бұзылуы; — балаға деген қарым-қатынастың дұрыс еместігі (бала тұлғасын басу, физикалық жазалау, шектен тыс еркелету, шектен тыс қамқорлық жасау); — мектепке білім алуға баланы дайындауда оған оқуға көмектесу талаптарын білмеу немесе орындамау. |
II- топ |
— педагогтар тарапынан баланы, оның отбасындағы тәрбие шарттарын дұрыс білмеуі; — мектепке дейінгі балалардың ата-анасымен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың жеткіліксіздігі; — баланың мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын-алу және рухани дамытудағы жеке дара жұмыстардың әлсіздігі; — олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне стимул болатын әдістердің игерілмеуі; — балалардың эмоционалдық көңіл-күйлерінің ескерілмеуі; — топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты, баланың ойындық қарым- қатынастарын қалыптастырудың дұрыс басқарылмауы; — девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы отбасы, балабақша және мектептің өзара байланысының жүйесіздігі.
|
III- топ |
— балалардың жалпы дамуында артта қалуы (жалпы дамымаушылық, қоршаған ортаны қабылдаудағы әлсіздік): — аурушаңдық; — рухани тәрбиеленбеушілік; — мінез-құлқы мен қарым-қатынасындағы білім, білік және дағдылардың жетіспеушілігі; — іс-әрекеттің нақты түріне дайын еместігі.
|
Сонымен бірінші тарауға қорытынды жасайық.
1.Девиацияны қоғамда тұрақты ресми түрде құрылған және дәстүрлі қалыптасқан әлеуметтік нормадан ауытқудағы адамдар әрекетінің топтық формасы ретіндегі әлеуметтік көрініс деп қарастыру керек.
2.Әлеуметтік-педагогикалық девиацияны жалпылай талдай отырып оның келесі критериларын бөліп көрсетуге болады:
- нәтижесінде қайта әлеуметтену болатын қоғамдық тәртіп пен теңдіктің бұзылуы;
- индивид пен қоғам арасындағы байланыстың әлсіреуі;
- қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың кедейленушілікке, отбасылық байланыстың құлдырауына, басқа да әлеуметтік-педагогикалық институттардың әлсіреуіне әкеп соқтырады.
3.Қоғамдық қатынастарға тигізетін қатерінің деңгейіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың қызығушылықтарын, сонымен қатар әлеуметтік нормаларды бұзу типіне байланысты девиантты мінез-құлықтың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
— тек қана өзінің тұлғасына ғана әсер ететін және жалпы қоғамда қабылданған моральдық нормаға сәйкес келмейтін мінез-құлық түрі (фанатизм, конформизм, монохизм); асоциалды мінез-құлық яғни тұлғаның әлеуметтік топтарға кері әсері (алкоголизм, нашақорлық, суицид); құқыққа қарама қайшы мінез-құлық (қылмыс жасаушылық және басқада құқық бұзушылықтар).
- II. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ, ЖҮРГІЗІЛУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Девиантты мінез – құлықтың алдын – алу барысындағы мектеп
тәжірибесі
Жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру – псхологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптастыру компоненттерін қамтитын күрделі процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік іс — әрекеттер барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп – салдарын анықтап алуды талап етеді.
Девиантты мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамдық қауіпті әрекеттер жасауы.
Демек жасөспірімдердің бойын девиантты мінез – құлық нышандарынан арылту арқылы, олардың бойына орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды, соның ішінде әсіресе, ең алдымен, ұлтжандылықты, азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік қадір – қасиеттер мен мұраттарды, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептердегі оқу- тәрбие процестерінің негізгі міндеттерінің бірінен саналады.
Себебі қазіргі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып отырған әлеуметтік дағдарыс (күнкөріс көзінен айырылып , жұмыссыз жүрген, сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік), жасөспірімдер бойында моралдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда. Мысалы, ішкі істер министрлігінің жергілікті бөлімшелері тарапынан жинақталып, сұрыпталған мәліметтерді екшелеп қарасақ, кәмелетке толмағандар тарапынан соңғы жылдары жасалған қылмыс пен заң бұзушылықтың өте жоғары деңгейде әр түрлі сипатта екенін байқауға болады. 2005 жылы Республика бойынша 135151 қылмыс жасалса, оның 6563 — ін жасағандар мектеп, гимназия, лицей оқушылары болып отыр.
Көптеген мысалдарға жүгінсек жасы кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың көп бөлігінің басты себебі, олардың спирттік ішімдіктеріне салынуы және есірткіге әуестіктері болып отыр.
Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс — әрекеттерін, ақпарат құралдардан (теледидар, түрлі – түсті ресми журналдар т.б) көргендерінің бәрін тез қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне жан дүниесіне қатігездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолог Э.Дюркгеймнің тілімен айтқанда “тобырлық тұрпайылыққа” айналдыруда. Кешегі күні, кеңес дәуірінде жалпы одақ немесе республика немесе аймақ пен облыс, немесе аудан мен ауыл шеңберінде болған кез – келген қылмыстық әрекет баспасөзде жарияланып, терең мәнді тәрбиелік маңызы бар ашу – ызалы пікір таласын туғызатын. Осындай өткір қоғамдық пікірден қаймыққан құқық қорғау органдары қызметкерлері әлгі қылмысты тез ашуға ұмтылып, жан – жақты іздестіру жұмыстарын жандандырып жіберетін.
Ал, бұл күндері қанша ауыр қылмыстар жасалып, ол қоғамдық пікірді дүрліктіргенімен баспасөз бетінде қоғамдық, жалпы – халықтық деңгейде талқыланбайды. Өткен ғасырдың 80-жылдарықандай бір қылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, қоғамдық, әсіресе, айқай – шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзғандары үшін үлкендерді жиі – жиі дүрліктіретін “хиппилер”, “панктер”, “металлистер”, “жылтырбастылар”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жөн – жосықсыз қылықтары баспасөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни жағымсыз қылықтарға үйір жасөспірімдердің тәртібі, мінез – құлқы тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті қатты ойландыратын. Көп болып олардың жаман жолға түсіп кетпеулеріне ат салысатын.
Қоғамдық тәртіптен ауытқушылық қоғамымызға жат қылық ретінде қарастырылатын. Ал, қазір адамгершілік сезімге жат, жаман пиғыл, жаман ниет адамдар арасында жиі кездесіп, әлеуметтік құбылысқа айналуда. Қылмыс – бұл “қылмыскердің мемлекеттік немесе қоғамдық құрылысқа, қандай да болмасын меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамға қауіпті іс — әрекеттер, сондай – ақ қылмыстық заңда көзделген құқықтық тәртіпке қиянат жасайтын қоғамға қауіпті іс — әрекеті. Осы тұрғыдан алып қарағанда қылмыс – қылмыскердің саналы әрекеті, яғни еркін әрекеті, алға қойған мақсатын іс жүзіне асыру үшін белгілі бір мақсат тұрғысынан оны іске асыратын құрал сайман әзірлеп, жоспар түзіп, қиянатты іс – қимыл жасауы.
Жасөспірімдердің тарапынан жасалып тіркелген қылмыстық істердің статистикалық мәліметтерін талдағанымызда, жастары өте төмен, тіпті жас балалардың қылмыстық істерге араласуы алаңдатушылық туғызады. Жылдан – жылға қылмыс жасаушылардың жасы жасарып келе жатыр. Қыз балалардың да қылмыс жасауы күрт өсіп отыр. Олардан жасөспірімдер арасында қылмыстық жауапқа тартылғандары 13% ке жетті. Қ.Р. Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіп сақтау басқармасының насихат бөлімі Шымкент қаласында қылмыстық топтарға қатысушы немесе оларға еліктеуші жасөспірімдер арасында социолгиялық зерттеулер жүргізген.
Зерттеу сауалнама, интервью, салыстырмалы талдаулар сияқты тәсілдер арқылы өткізген. Бұл зерттеудің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5% ұрлықты апиын шегіп алып жасаған. Жасалған барлық ұрлықтың 2/3 топталып жасалған. Ал, ұрлық жасап жауапқа тартылған жас қылмыскерлердің 39,6 % бір рет ұрлық жасап жауапқа тартылса, қалғандары, яғни 1/3 – і бұрындары бірнеше рет қылмыс жасап үлгерген. Егер бір аптада 3 – 4 ұрлық жасалса, оның 7,5% жасөспірімдер жасаған болып шығады. Ал, бір айда 8 – 9 ұрлық жасалса, оның 17% жасөспірімдер үлесіне тиесілі болып келеді, ал 3 айда 10 ұрлық жасалса оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден құралған қылмыстық топ жетекшілерінің 40% дене құрылымдары мығым, күшті, шымыр содырлар болып келсе, 20% қылмыстық заңды жақсы игергендер, 17% қару қолдана біледі, ал 13% ұрлық жасарда оның орындалу жоспарын дұрыс құруға ұста болып келеді.
Жоғарыда айтылған тәртіп сақтау басқармасымен бірлікте, оқушы жастар тарапынан жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің ішкі түрткілік механизмін анықтау мақсатында арнайы сауалнамалық зерттеу жүргізілген. Сауалнама сұрақтары жасөспірімдер көп жүретін дискотека, клубтар, кафе – барларда таратылған. Сауалнамаға 345 респонденттен жауап алынған. Олардың 38 % қыздар, 62% ер балалар. Олардың 31% мектеп оқушылары, 25% мектепті бітіргендер, бірақ не оқымайды, не жұмыс істемейді, 10% колледж оқушылары, 28% жоғарғы оқу орнының студенттері, жұмыссыздар, әр жерде уақытша жұмыс істейтін жастар, оралмандар.Сауалнаманың адамгершіліктік құқықтық сұрақтарына берілген жауаптарында қарама – қайшы пікірлер көп. Сауалнамаға жауап қайтарғандардың ақшаның қайдан келетініне мән бермей, әйтеуір болса болды дейтіндері – 44% құраған, екінші орынды адамгершілікті өз пікірлеріне, аз да болса арқау еткендер, “өзіңе ыңғайсыз жағдайды екінші адамға жасама” дегендер 41% құраса, үшінші орынды “әркім өз қалауынша өмір сүруге тиіс” – деген пікірді мансұқ тұтқандар 39 % дауыс жинақтаған. “Бідің заманымызда күшің болмаса, ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес” деп есептейтін қол күші мықтылар төртінші орынды қанағат тұтқан (33%), ішімдік ішу өмірдің ең қызығы деп санайтындар бесінші орында қалды (28 % ). Тұтас алғанда барлық сұралғандардың 17% заңды білу және құрметтеу, өз құқығыңды қорғау үшін қажет деген пікір ұстанып, сезімін білдірген. 31% заң талаптарына қызықпаймыз десе, ал 47% тәртіптілік пен заң талаптарын орындауға асықпаймыз деген пікірлер айтқан. Жасөспірімдердің арасында қылмыстық кодекспен істеген залалды істері үшін жауап беруі керектігін түсінетіндері де шамалы болған. Олардың 44% қылмыстық кодекс баптарынан аз – маз хабардармыз десе, 38% ешнәрсе білмейміз деп жауап қайтарған.
Тұтас алғанда сауалнама сұрағына жауап бергендердің 39% кез – келген қылмыстық істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21% ондай қылықтардан бас тарту керек деп есептейді, ал қалған 35% қылмыстық әрекеттерге бармауға тырысады. “Апиын, есірткі немесе организмге залалды заттар қолдандың ба? – деген сұраққа жауап бергендердің 35% жоқ” деп жауап берсе, қолданғандары туралы сұралғандардың 60% мойындаған.
Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптардан байқап отырғанымыздай ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс жасауға бір табан болса да жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында орныққан келесі бір маңызды фактор олардың өз құрбы – құрдастарының арасында зорлық – зомбылық жасауға әзір тұратындықтары. Сауалнама сұрағына жауап бергендердің 33% — ң пікіріне қарағанда қазіргі кезде күш көрсетпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса, сұралғандардың 14% адамгершілік жасау әлсіздік белгісі деп санайды. Мысалы, сұралғандардың ішінен “Топтың көсемі болу үшін қандай ерекшелік қажет ?” — деген сұраққа 42% жақсы төбелеса алу керек десе, 53% өз артықшылығымен, ал 20% басқалай жауаптар қайтарған. Өз намысына тигендерге күшпен жауап қайтаруға сұралғандардың 45% дайын тұрса, 12% байқамаған сыңай таныту керек дейді, 16% басқаша әрекет жасайды, бірақ айтқанды түсінбесе, күш қолдануға мәжбүр боламын деген жауаптар берген.
Жасаған қылмысына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктірі төмендегідей болып келеді: 14 – жастағылар — 11%, 15 жастағылар — 7%, 16 – 17 аралығындағылар — 42%, көбіне 14 жасар балалар қылмысты топтасып жасайды.
Зерттеуге қатысқан жас респонденттердің пікірінше жалаң еліктеушілік жасөспірімдердің 29,4% есірткі шегуге итермелеуде. Жалаң еліктеушілік қасиеттер баспасөзде, теледидарда, бейнефильмдерде наркомандар туралы материалдар мен хабарлардың көп берілуіне қызығушылықтан туындайтындығын жас респонденттердің 15,3% мойындаса, 22,5% модадан қалмас үшін үйрендік деген, 25% азғындаған топтарға ілесіп, думанды күн кешулерде, дискоклубтарға барып жүріп үйір болғандарын мойындаса, 17% — аулада үйір болған, 8% көпшілік жатақханада үйірленген. Ең қорқыныштысы кейбір жасөспірімдер үшін апиынға үйірлік өмірлік мәнге айналып үлгерген. Ал, апиын шегілген жердің бәрінде қылмыс жасалатыны сөзсіз.
Алынған мәліметтер жасөспірімдер арасында кеңінен тараған қылмыстық істердің, жасалған ұрлықтың, зорлық – зомбылықтың, бұзақылықтың, күш көрсетулердің, жезөкшеліктің, т.с.с. пайда болуы мен дамуы себебін анықтауға мүмкүндік береді.
Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер жасөспірімдер тәлім – тәрбиесі мен олардың қоршаған өмірдегі әлеуметтік педагогикалық өзекті мәселе екенін анықтай түседі. Бұл мәселенің өзектілігі, оны шешудің бағдарламалық нысандары, 1997 жылғы елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтің “Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” атты халыққа жолдауында жастар, соның ішінде әсресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі, оларды салауатты өмір салтын насихаттайтын пәрменді іс – шаралар жүргізілуі тиіс” деп нақтылаған және бұл іс – шаралардың:
- нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;
- темекі мен ішімдікті тұтынуды қысқарту;
- әйел мен баланың денсаулығын жақсарту сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған.
Бұл мәліметтер Қазақстанның әр аймағында мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз мінез – құлықтық қылықтарды ауыздықтауды, мектептегі тәрбие іс – шаралары мен тәлімдік насихатты істердің, қоғамдық талаптарға сай, ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды жасөспірімдірдің бойына сіңіру мәнінде жүргізілуін қамтамасыз ететін дәрежеде болуын талап етеді.
Жоғарыда талданған статистикалық зерттеу мәліметінің қорытындысы, біздің алдағы мектеп оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық зерттеу жұмысымыздың стратегиясын, әдіс – тәсілдерін анықтап алуымызға мүмкүндік туғызды.
Эксперимент барысында төмендегідей әдіс – тәсілдер қолданылды:
- оқушының тақырып мазмұны бойынша өз бетінше және нұсқауларға сүйене отырып пайымдау қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған әдістер;
- оқушылардың логикалық жүйелі ойлауына ықпал ететін тапсырмалар арқылы, тақырып мазмұнына сәйкес қажетті құндылық нысандарын таңдауға, талдауға үйрететін әдістер;
- адамгершілік құндылықтарды қамтитын түрлі тәлім тәрбиелік нысандардың мәнін, маңызын меңгертуге бағытталған және әлеуметтендіру мәселелрін қамтитын тәрбие сағаты, диспуттар, сыныптан тыс тәрбие ұжымдары мен тікелей байланысқа құрылған іс – шараларды эксперименттік жұмыстар барысында қолдану көзделді.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары “Оқушылар арасында девиантты мінез – құлықты қылықтардың туу себептері және даму динамикасы атты тақырып аясында мақсатты түрде дайындалған 8 сұрақты қамтитын сауалнама арқылы жүргізілді.
Зерттеу тәжірибеміздің мақсатының бірі ретінде жүргізілген сауалнама сұрақтарында, ең алдымен бүгінгі таңда оқушылар арасында орын алған жағымсыз әдеттер сарапқа салынды. Сонымен бірге, сауалнама арқылы оқушының зерттеу проблемаларына, оны шешуге деген көзқарастарын білу, олардың адамгершілік құндылықтар туралы жалпы түсінік деңгейлерін, зерттеу нәтижелері арқылы Қ.А.Яссауи атындағы 123 мектептің тәрбие жұмысының мазмұнын анықтап көрсек.
Мектептегі сауалнамалық зерттеу нәтижелері төмендегідей:
“Оқушылардың арасында әртүрлі жағымсыз, керітартпа әдеттердің көбейіп кетуінің басты себебі неде?” – деген сауалнаманың сұрағына оқушылардың: 30% күнкөріс, тұрмыс ауыртпалықтары, жұмыссыздық, жоқшылық, кедейшілік т.с.с деген жауаптар қайтарса, 25% отбасындағы әртүрлі күрделі проблемаларға жөн сілтеген, 28% басқаларға еліктеулерден туған деген пікір білдірсе, ал 17% өмір қиыншылығынан деп көрсеткен.
“Осы керітартпа әдеттердің қоғамымызда қалыптасқан ұлтаралық келісім мен тұрақтылыққа, қоғамдық тәртіпке кері әсері болады ма?” – деген сұраққа 88% “иә, әрине болады”, деп жауап берсе, 12% “орта деңгейде кері әсері болуы мүмкін” деген пікір білдірген.
Жасөспірімдер мен балалар арасындағы ішімдікке әуестікті жою үшін қандай шаралар жасалу қажет деп ойлайсыз? – деген сұраққа сұралғандардың 65% алкогольдік ішімдіктерді өндіруге және сатуға тыйым салу қажет; 15% оны жою мүмкүн емес; 10% маскүнемді жазалау керек; 10% жауап беруге қиналамын дегн жауаптар қайтарған.
Осы сұраққа жауапты өз беттерінше толықтырып қайтарғандар “маскүнемдіктің” салдары адамдарды күтпеген қылмысқа, жан – жақты азғындап кетуге итермелейді.Сондықтан алкоголь ішімдіктерді өндіруді азайту, көп мөлшерде саудалауға тыйым салу және оны жарнамаламау керек. Маскүнемдікке салынушылықты тек негативті тұрғыдан сынап, баспасөзде үнемі жариялап отыру қажет. Сонда ғана бұл кеселге қарсы қоғамдық пікір қалыптасады,” – деп нақтылай түскен.
“Оқушылар арасында нашаға әуестенушілік жиі байқалады ма? – деген сауалнама сұрағына төмендегідей жауаптар қайтарылған. Сұралғандардың 25% “иә, жиі байқалады”, 50% “жоқ, көп көріне бермейді”, 25% “мүлдем байқамаймыз” деп нақтылап жауап қайтарған. Ал, осы оқушылар арасында аз да болса орын алып отырған нашақорлыққа қарсы күресті қалай жүргізген дұрыс болар еді? деген сауалға сұралғандардың 65% қарсы күрес медициналық және құқықтық жолмен жүргізілгені дұрыс деп жауап берсе, 25% тек құқықтық жолмен жүргізілгені дұрыс деген, ал 10% медициналық тұрғыдан емдеу арқылы күресуге болады деген жауаптар қайтарған. Ал біздің пікірімізше бұл кеселмен оған қарсы барлық шараларды қолдана отырып, көзін мүлдем жойған дұрыс сияқты.
Бүгінгі таңда, қоғамда орын алып отырған жағымсыз қылықтардың қатарына кісінің өзіне — өзі қол жұмсауы, өзін — өзі өлтіру фактілері жиі кездесуде. Біраз біреулер болған өмірдегі сәтсіздіктер, қысқа жіптің күрмеуге келмеуі, жоқшылық, кедейшілік, жұмыссыздық, т.с.с. себептер болып отыр деп дұрыс санайды. Бұл жайында оқушы жастар мен сұралған ұстаздар мен тәрбиешілер де өз пікірлерін білдірген. Олардың 90% жоғарыда мысал ретінде келтірген проблемамен бұл мәселені байланыстыра қарастырса, тек 10% ғана жүйке ауруы себепші деген ой айтқан. Әрине қазіргі таңда өзіне — өзі қол жұмсауға, өзін — өзін өлтіруге себеп болатын фактілер көп. Әсіресе дамушы елдерде әртүрлі тіршілік, тұрмыс ауыртпалықтарына, қиындыққа шыдай алмай өзіне — өзі қол жұмсайтындар баршылық. Дегенмен, бұл кеселдің біздің еліміздің халқының, соның ішінде, әсіресе жастар арасында жиі ұшырасатындығы жанға батады.
“Қыздардың темекі шегуге үйірлігін керітартпа әдет ретінде санайсыз ба? – деген сауалға сұралғандардың барлығы (100% ) “иә, санаймыз” деп жауап қайтарған.
Жас қыздар арасында жезөкшеліктің көбеюін қалай түсіндіресіз? – деген сұраққа сұралғандардың 55% жұмыссыздық пен жоқшылық айыпты деген, ал қалған 10% қаражат табудың оңай жолы деп көрсеткен. Дамушы елдерде жезөкшеліктің көптеп етек жаюы қоғамдық дерт ретінде есептеледі.
“Оқушылрадың сабаққа қатысуға, оқуға, өнерге енжарлығын жағымсыз мінез – құлық санатына жатқызасыз ба? – деген сауалға сұралғандардың 57% “иә, жатқызамыз”; 43% “жоқ жатқыза алмаймыз” деген қысқа жауаптар қайтарған.
Сонымен, жүргізілген сауалнамалық зерттеу нәтижелерін талдай салыстырмалы түрде негіздей отырып мынадай қорытынды жасауға болады.
- Жоғарыда келтірілген сауалнама жауаптарының нәтижелерінен көріп отырғанымыздай моральдық және адамгершілік қадір – қасиеттерді аяққа таптап, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларды белден басып қайсыбір жасөспірім оқушылар тарапынан жасалып жатқан бұзақылық, бүгінгі таңда қоғамымызда орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік дағдарыстың жемісі.
- Алынған мәліметтер жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу үшін жалпы білім беретін мектептерде адамгершілік құндылықтар негізінде этникалық, құқықтық тәрбие беруге баса көңіл бөлінуі қажеттігін, ал іс – шараларды 11 – 12 жастан бастап мақсатты түрде жүргізудің тиімділігін нақтылайды. Осы жас арасында балалардың өмірге шынайы көзқарастары қалыптаса бастайды. Бұл мақсатта арнайы оқу құралдарын шығарып насихаттау жұмыстарымен барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес білім, тәрбие, тәртіп сақтау, құқық қорғау институттары айналысуы шарт.
- Сонымен қатар ірі елді мекендерде, әсіресе ауылда тұратын кәмелетке толмағандарды мектептен тыс немесе жазғы демалыс кезінде уақытша еңбекпен қамту мәселесі де өз көкейкестілігін жоғалтпай отыр. Бұл проблеманы шешудің бір жолы, бізің ойымызша балаларды жұмыспен қамтимын деген шаруашылық субъектілеріне нақты салық жеңілдіктерін енгізу қажеттігі болып табылады.
4.Жалпы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың қайсібір ерік – жігері төмен бөлігінің көңіл – күйі мен сана – сезіміне кері ықпал етіп, оларды жағымсыз қылықтар жасауға итермелейтін факторлар көп. Олардың жасөспірімдер мен жастардың девиантты мінез – құлқының қалыптасуына қаншалықты дәрежеде ықпал ететінін, қоғамдық талаптар негізінде асқақты түрде айқындау әлеуметтік тұрғыда зерттеуді талап етеді. Зеріттеуіміз көрсеткендей, біз осы жағымсыз әдеттер мен қылықтардың жасөспірімдер арасында кең тарағандарын ғана анықтауға тырыстық. Ал, енді оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың сондай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауларына ықпалдары көбірек болып отырғаны ақпарат көздері, мемлекеттік емес газет – журналдар, тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер мен қылмыстық мазмұндағы кинофильмдер көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған тәуелсіз телеарналар.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ұлттық болмысымызға тән тәлім – тәрбиелік құндылықтарды игеруіне мүмкүндік жасайтын балалардың танымдық ерекшеліктрін ескерген арнайы көркем эстетикалық сапалы бағдарламалардың ақпарат көздерінен орын алуы тиіс деп санаймыз.
Сонымен қатар зерттеуіміздің мақсат міндеттерін негізге ала отырып 123 мектепте “Қоғамдағы жат қылықтардан арылту” атты тақырыпта өткізілген тәрбие сағатының мазмұнын мысалға алуды жөн көрдік.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыға қоғамдағы күннен – күнге көбейіп келе жатқан жат қылықтардың адам өмірі мен қоғам жағдайына тигізетін кері әсері туралы мәліметтердің негізін аша отырып, жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ болуға баулу, адамгершілік құндылықтардың маңызын тереңдете игерту.
Оқушы бойындағы адамгершілік қадір – қасиеттер оны қоршаған ортада: отбасында, мектепте, бейресми балалар ұжымында, басқалармен, соның ішінде ұстаздарымен, сыныптас құрбыларымен қарым – қатынаста, әр жасқа өткен сайын, түрлі сапада көрініс береді. Міне, сол бірде жағымды, бірде жағымсыз қасиеттердің ара жігін аша отырып оқушылардың тұлғалық болмысын, моральдық санасын, мінез – құлық сапаларын, қоғамдық өркениеттілік талаптарымен ұштастырылған ұлттық, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың негізінде әлеуметтендірудің маңыздылығын, тәрбие нысандарын, жолдарын анықтау, эксперименттік жұмыстарымыздың түрлі іс – шараларының негізгі міндеттері болып белгіленген.
Эксперименттік жұмыстардың қиындық туғызған мәселелері, аралық тексеру нәтижелерін талқылап, қорытындыларды жинақтап отырдық. Тәжірибелік іс – шаралардың аралық нәтижелілік сапалылығын тексеру мақсатында, экспериментпен қамтылған сыныптардың оқушыларымен “дөңгелек үстел” түріндегі сұрақ – жауаптық әңгімелесу, пікір – таластар өткізіліп тұрды. Бұл іс–шаралар барысы төмендегідей мазмұндағы мәселелерді анықтау сұрақтар аясында өткізілді:
- адамның мінез – құлқының тәртібінің жағымды, жағымсыз белгілерін, олардың оқушылардың өз бойында көрініс табуының басты себептері мен ықпал ететін факторларын анықтай білу деңгейлерін;
- еліміздің өркениетті дамуын қамтамасыз етуде, оқушыларға қойылар, бүгінгі қоғамның, әлеуметтік ортаның басты талаптарын түсіне білу мектеп өмірімен байланыстыра пайымдау деңгейлерін;
- ұлттық рухани, мәдени, адамгершілк құндылықтардың мазмұнын танып білуге деге оқушылардың ықыластылығын;
- “Девиантты мінез – құлық” түсінігінің мәні негізінде оқушылардың қоғам өмірімен, әлеуметтік ортамен түрлі салада (экономикалық, мәдени – ғылыми, діни, саяси, еңбек саласында т.б.) қарым – қатынастарға даярлықтың қажеттігін түсіне білу сапасын тексеру.
Көпшілік оқушылар жауаптарының мәнінен, тәжірибе жұмысы негізінде, оқушылармен өткізіліп жатқан тәрбиелік іс – шаралардың мақсатты жоспарлануы, ондағы мазмұнның белгілі мәндегі тәрбие міндеттерін шешуге тікелей бағытталуы, тәрбие жұмыстарын жүргізгенде балалардың игеруі тиіс тәлімдік білім мәселелерінің айқындалуы, олардың экспериментке дейінгі тәрбиелік білім деңгейлерінің өскенін аңғардық
Шағын топпен “лабораториялық” мәнде жүргізілген бұл сұрақ – жауап барысында, оқушыларға сұрақтар мәніне қарай ойлана, саналы түрде талдау арқылы жауап беруге жетеледік. Олар тарапынан кейбір мәселелерді нақтылы мәнде түсініп, игеріп алғысы келген танымдық сезімдердің ашық көрініс тапқанын байқалды. Бұл құбылыс тәжірибеге қатысушы мұғалімдерге қандайда бір тақырыптағы тәрбие жұмысын өткізуде, оқушыларға тікелей мазмұнды, мәнді ғана қабылдату немесе ойдың, құбылыстың сыртқы пішінін танып білумен шектелмей, олардың сол мазмұн – мәнінің құрылу себеп – салдарын, олардың ішкі логикалық байланысын жеткізе білуге аса көңіл бөлу керектігін түсіндіруге мүмкүндік береді.
2.2. Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу жолдары.
Девианттылық тұтасымен алғанда Қазақстанда күннен – күнге жасарып келе жатыр. Сондықтан жасөспірмдердің жат мінез – құлықтармен күресу мәселесі жас мемлекетіміздің алдында тұрған кұрделі мәселе болып табылады. Зерттеушілердің мақсаты – қоғамды уландырып жүрген осы аурумен күресудің түбегейлі ұсыныстарын жасау, оның себептерін бөліп көрсету.
Өткен ғасырдың көптеген ойшылдары қылмыскердің қара түнек бойынан жақсы бір қасиеттерін табуға тырысқан, сонда ол жақсы адам болар еді деген. П.Сорокин өзінің еңбектерінде адамның діни – этикалық мүмкүндіктерін жаңа идеяларды мәдени түрде қабылдау және қалыптастыру арқылы көрсеткен.Материалдық уақытша мәдени сезімдердің орнын руханилық пен шынайылық идеалдары толықтырады.
Яғни девианттылық бұл бұрыннан келе жатқан адамдардың бір әрекеті, оны ешбір қоғамда да түп – тамырымен жойып тастай алмаған. Бірақ оның өсу деңгейін минималды дәрежеге дейін төмендету және қалыпты деңгейде ұстап тұрудың нақты тапсырмаларын анықтап алуымыз керек. Яғни жасөспірімдердің мінез – құлқындағы девианттылықты қарастыратын құқық бұзушылықпен күресудің заңдары мен құқықтар бекітілген жалпы мемлекеттік программа өңделуі және қабылдануы тиіс.
Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесінің екі бағыты қарастырылды:
1.Тұлға дамитын ортадағы материалдық жағдайды қамтамасыз ету ;
2.Жасөспірімдерді тәрбиелеу
Бұл екі бағыт өзара тығыз байланысты болғандықтан оларды кең көлемде қарастырайық.
Отто Рюле “аштық тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моральдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моральдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі Американдық ғалым Гербарт Антекер: “Кедей адамдар белгілі себептерге байланысты қатігездік жасауға бейім болады” – деген.
Сонымен жоқшылық адамдағы адами қасиеттердің жоғалуына әкеп соғады. Сондықтан материалдық жағдайды жақсарту керек. Бірақ сонымен қатар рухани белгілерді де бөліп алып тастауға болмайды. Көптеген ғалымдардың дәлелдеулеріне қарағанда қазіргі жастардың ең бір кемшілігі олар алдына саналы мақсат қойып және кездескен қиындықтарды жеңіп, оған жетуді ұмытқан. Шынында да экономикалық және руханилық факторларды тұтас байланыстыра қарастырған жөн. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің мәселесіне бұл екеуін бөліп қолданған жағдайда күрделі нәтижеге алып келуі мүмкін. Ал оның тәрбиесіне келетін болсақ мінез – құлықты және қатерді ынталандыру әлеуметтендірумен басқарылатын процесс қарастырылады.
Жасөспірімдерді тәрбиелеу процесінде өзінің әрбір іс — әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін өзін — өзі ұстау жүйесі өңделеді. С.Ф.Анисимованың пікірінше “Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек”деген.
Тәрбиені тек оқу мекмесінде ғана емес, сонымен қатар басқа мекемелерде де тұлғаны ұжымда тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Себебі жсаөспірімдер жат қылықтарды өзі мүше ұжымдарда жасайды. Ұжымда ондаған, жүздеген ары таза адамдардың арасынан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді уақытында ажыратып алуға болады. Ал ондағы жақсы үлгілердің күші көп болса онда тәрбие тиімдірек болады.
Сорокин өзінің “Преступление и кара”, “Подвиг и награда” деген еңбектерінде дәлелдемелерге сүйене отырып нақты жауап береді. Мінез – құлықтың қажетті емес шаблондары бір уақыттың ішінде көп адамдарды қамти отырып терең және кең көлемде таралады. Басқалай қарастырғанда әлеуметтік қажетті акті өзінің интенсивтілігімен дамиды. Тарихтың дәлелдеуі бойынша олар көп жағдайда қайталанады және тұрақтырақ болады. Басқа процесс былай қорытындалады: шаблондардың ауысуының жылдамдығының өсуіне байланысты әлеуметтік жағымсыз шаблондар әлсіреп үлгере алмайды. Өзгерудің жылдамдығына байланысты жат әрекеттерді жоюдың күшті импульстарын жасауға мүмкүндік болмай қалады. Уақыт өте келе бұл импульстар әлсірей береді және соңында тіпті жойылып та кетуі мүмкүн . Осы жоғарыда айтылғандарды талқылай келе қоғамдағы негативті көріністерді толығымен жою мүмкін емес деген толықтырақ . “Кімде – кім өзіне жағымсыз қасиеттерді жоюға мақсат қойса, осының өзі алға қарай жылжу болып табылады. Дәл осы жағымсыз жақтар күресуді тудыра отырып, тарихта қалатын қозғалыс тудырады.
Сонымен девиантты мінез – құлық адамның руханилық және құндылық бағыттары түзелмейінше өмір сүреді. Әрбір адамның құндылығы қаншалықты барлығында емес, сол адамның барлық құндылықтарды қаншалықты игергендігіне байланысты. Діни идеалдың ғылымилығының әлсіреуіне байланысты және патриоттық идеалдың қалыптасуына байланысты қазіргі ұрпақ бойында сенімсіздік қалыптасты. Ол тығырықты жағдайда және осы тығырықты жағдайға байланысты барлық рухани емес және девианттылық бейімділіктер еркін дамуда .
Неге кейбір мемлекетте девиантты мінез – құлықтың деңгейі жоғары дәрежеде, ал кейбір мемлекеттерде оның деңгейі айтарлықтай төменгі дәрежеде деген сұрақ туындайды. Біріншіге Қазақстан, Россия т.б мемлекеттер жатады. Ал екіншіге – мысалы, Швейцария, Япония т. б мемлекеттер жатады . Мұның түпкі себептері екінші мемлекеттер қалыптасу жолында басқаларын қарағанда әлеумметтік теңсіздікті жеңе білді . Олар бұл мәселені қалай шешті?
Біріншіден Япондықтардың тәжірибелерін қарастырып көрейік, себебі бұл мемлекеттерде девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге әсер ету жүйесі өте қызықты. Қызықты өйткені олар девиантты мінез – құлықпен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын идеалды дәрежеге дейін жеткізді десе де болады. Олардың девиатты мінез – құлыққа әсер ету жұмысының бір элементі оларда прокурорларға егер де девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге қылмыстық іс қозғамай — ақ әсер етуге болатындай күйді сезсе, онда оларға басқандай шаралар қолдануға мүмкүндік берілген .
Судиялар мұндай жағдайда жасөспірімге жаза қолдануды кейінге қалдырады немесе бас бостандығынан айырудың ең төменгі жылдарын тағайындайды. Ең көп таралған жазалардың бірі штраф төлеу болып табылады.
Девиантты мінез – құлықты іс — әрекетке япондық жүйеде әсер етудің келесі фундаменталды факторлар арқылы анықталды :
- дәстүрді ұстанушылық , нақты қалыптасқан мінез – құлық ережелерін қатал ұстануға деген дайындықтары ;
- некедегі адамдардың ажырасу деңгейінің төмендігі ;
- мемлекетте жұмыссыздық деңгейі аз, халықтың жұмыс алуға деген құқықтары және әлеуметтік статустары қамтамасыз етілген.
Ал, Швейцарияға келетін болсақ, онда ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей жастар арасындағы девиантты мінез – құлықтың төмен болуының себептеріне төмендегілер жатады :
- көмек көрсетудің орталықтануы және оның адамдардың қызығушылығына бағытталуы ;
- Швейцарияда тұрмыс құрған әйелдер кәсіптік еңбекпен көп айналыспайды, осыдан мемлекетте жастар арасындағы қылмыстың деңгейі төмендейді ;
- мектептік тәрбие жан – жақты қамтамасыз етілген, оқушыларға көптеген тыйымдар салынған, сонымен қатар мұғалім онда үлкен әлеуметтік статусқа ие .
Сонымен қатар бұл жерге қосатын нәрсе Швейцарияда жастар арасында жұмыссыздық көп емес.
Егер осы жоғарыда аталғандармен девиантты мінез – құлықтың төмендеуінің сапалы факторларын Қазақстандағы құқық бұзушылыққа әкелетін себептермен салыстырсақ, онда Қазақстандықтардың көңілсіз жағдайын көруге болады. Жұмыссыздардың жартысынан көбін әйелдер мен жастар құрайды, сонымен қатар республикамызда жұмыссыздық күннен – күнге жасарып келе жатыр.
Осының барлығы және басқа да көптеген факторлар жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез – құлықтың өсуіне жанама әсерлерін тигізеді .
Девиантты мінез – құлықтан жасөспірімдерді арылту үшін ата – аналар мен педагогтар мынадай үш бағытты ескерген жөн:
- Отбасындағы бала тәрбиесіне өзгертулер енгізу.
- ата – ананың педагогикалық, психологииялық білімділік деңгейін, өзара қарым – қатынас мәдениетін көтеру;
- отбасында тәрбиеленуші жағдайды туғызу;
- ата – анаға баланың бойындағы кері сапаларды жоюға және жағымдыларын тәрбиелеуге көмектесу, жеке кеңес беру;
- бала үшін нақты тәртіптің ұйымдастырылуын бақылау, баланың қараусыз қалуын жою;
- баланың саналы әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), оның отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыру;
- Сыныптағы тәрбие және білім беру жұмыстарын жан – жақты ету.
- педагогикалық процестегі оқытушы мен ата – ананың біріккен әрекеттестігі;
- сыныптағы тәрбие мен білім беру жұмыстарының іске асырылуы;
- оқушылар арасындағы тұлғааралық қарым – қатынасты адамгершілікті ету, баланың өзін эмоционалды жақсы ұстауы үшін жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру.
- Баланың тұлғалық өсуіне көмектесу.
- балаға қажетті психологиялық көмек көрсету;
- интеллектуалды, рухани, эмоционалды – еріктік саласындағы кемшіліктерді жою үшін индивидуалды жұмыстар жүргізу;
- балалардың жағымды қызығушылықтары мен білімділіктерін ескере отырып, белсенді әрекетке араластыру;
- баланың мектеп бағдарламасын меңгерудегі жетістіктерін ұйымдастыру;
- жетістіктер мотивациясын қалыптастырудағы жұмыстар.
Заңды өрескіл бұзып, қылмыс жасаушы жасөспірімдерге дер кезінде шара қолданбаса, оның тағы да қылмыс жасап, теріс жолға өзгелерді де тартуы мүмкін. Сонда не істеу керек? Барлық жағдайда қылмыскерді жазалап, бас бостандығынан айыру керек пе? Жоқ. Біздің ойымызша қылмысты жазалау арқылы тоқтатуға болмайды. Жазалау – мәжбүр етудің бір түрі .
А.С.Макаренко : “Менің мынаған көзім жетті”, — деп жазады ол, — жазылмайтын жерінде педагогтың жазаламай қалуға қақысы жоқ . Жазалау – бұл құқықтық шара ғана емес , сонымен қатар міндет те. Жазалау да басқа шаралар тәрізді табиғи қарапайым және логикалық орынды шара ретінде қолданылуы тиіс”.
Асылы девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен жұмыс істегенде жазалау шарасын аса сақтықпен қараған дұрыс . Олардың ақыл — кеңестің қай түріне де құлағы үйреніп қалғанын және бойында оны қабылдауға қарсы өзінше бір иммунитет пайда болғанын есте ұстаған дұрыс. Сондықтан бұл салада жан – жақты ұйымдастырылған тәрбие қажет . Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін ұйымшыл да тату ұжым қажет . “Берік ұйымдасқан ұжымда “қиын” бала өте қысқа мерзім ішінде жарасымды әлеуметтік байланысын қайта құрады”, — деген емес пе еді А.С.Макаренко .
Осы ретте әлеуметтік педагогтар мен девиантты мінез – құлықты оқушылардың арасындағы қарым – қатынасты дұрыс қалыптастыру – ең қажетті шарт “Білікті” ұстаз қандай “бұзылған” баламен де тіл тауып сөйлесе алады. Девиантты мінез – құлықты оқушының қоршаған ортамен байланысын кеңейту, оны мектептің қоғамдық өміріне тарту – қайта тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір девиантты мінез – құлықты жасөспірімге қоғамдық жұмыстар жүктеу қажет.
Мектеп тәрбие жүйесіндегі девиантты мінез – құлықтың алдын алу жұмысы – оқушыға ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту негізінде, олардың тұлғалық болмысының, санасы мен мінез – құлқының қоғамдық, әлеуметтік, мораль талаптарына сай мақсатты және жүйелі түрде қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық, психологиялық процесс .
Мектеп тәрбие жүйесіндегі адамгершілік тәрбие мәселесін зерттеген ғалым педагогтар :
- оқушылар бойында адамгершілік сананы қалыптастыруды;
- адамгершілік сезімді тәрбиелеу және дамыту;
- адамгершілік мінез – құлықтық біліктер мен дағдыларды тәрбиелеуді бұл саладағы тәрбие жұмысының басты бағытын негізгі міндеттері ретінде белгілейді . Сонымен бірге зерттеушілер бұл процесс оқушылардың жас
және психикалық даму ерекшеліктеріне қарай бірізділікпен, мәндік, мазмұндық, сабақта төмендегідей танымдық, білімділік, тәрбиелік мәселелерді шешу арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген педагогикалық нұсқауларды ұсынады. Олар:
- жеке тұлғаның түрлі қатынастарға ену арқылы қоғамдық құбылыстарға арақатынасын, қоғамдық өмірмен жан – жақты байланыста болатынын және оған тәуелділігін, сондықтан қоғамдық мүдделерге сәйкес мінез – құлық тәртібін үйлестірудің қажеттігін;
- адамгершілік мұраттармен, қоғамдық талаптармен, заңдылықтармен және олардың ақылға қонымдылығымен;
- адамгершілік білімдерді адамгершілік сезімдерге айналдыруды көздеумен, сенімдердің жүйесін жасаудың қажеттілігін ;
- тұрақты адамгершілік сезімдер мен адамгершілік сапаларды қалыптастыруды;
- ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерту және өз тәжірибесінде пайдалана білу дағдыларды қалыптастыруды ұсынады.
Мектеп өмірінде оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне араластыру, шығармашылық істерге бағытталған сыныптан тыс үйірме жұмыстарын тарту, сол арқылы жинақталған білімді еңбек үрдісінде пайдалануға бағытталған іс – шаралардың, әсіресе ауыл мектептерінде жүзеге асырылмауы, баланың өзіндік бос уақытын мақсатсыз өткізуіне әкеп соғады. Олардың рухани, мәдени, эстетикалық, дүниетанымдық еңбектерінің мәні мен адам, қоғам өміріндегі маңызы туралы түсініктерінің қалыптасуына нұқсан келтіреді. Нәтижесінде олардың бейресми топтарға қосылуына, бірігіп жат мінез – құлыққа, тәртіпсіздікке ұрынуы мүмкін.
Девиантты мінез – құлықтан арылтуда тек қана бақылау – шек қоюмен ғана мәселені түп тамырымен жою мүмкін емес. Жасөспірімдерді нашақорлық пен ішімдіктен және т.с.с жат қылықтардан аластата отырып оларға осы жат қылықтар мен салауатты өмір салтының арасындағы өзіне керектісін саналы таңдауға мүмкүндік беру керек. Сонымен қатар тәрбие жұмысын айтқанда оларда біліктіліктің қалыптасуын, өзінің бос уақытын тиімді пайдалануын, салауатты өмір салтын қалыптастыру, осы мәселелерге байланысты диспут ұйымдастыру сияқты мәселелерді қалыптастыру қажет .
Әлеуметтік психологтар девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің тәрбиелік жұмыс арқылы алдын алуда оның рухани денсаулық әлеміне сүйене білу керек деген. С.Л.Рубинштейн өз еңбектерінде “Кімде – кім адамның кемшіліктерін жойғысы келсе оның бойындағы жақсы қасиеттерді іздестіру керек, тым болмағанда потенциалды қасиеттерді. Ең бірінші мәселе жасөспірімдердің энергиясын, біліктілігін қажетті нәрсеге қарай бағыттау, өзі таңдауға, шешім қабылдауға, өзі үшін жауап беруге, өзі жасауға, өзін — өзі тәрбиелеуге үйрету керек” – деген .
Орта мектептер мен мектептен тыс мекемелерде жат қылықтарға тәуелді болудың алдын – алу жөнінде әртүрлі деңгейде және әртүрлі мазмұнда іс – шаралар (дәрістер, сынып сағаты, нарколог мамандармен кездесу т.б ) өтеді. Өкінішке орай, мұндай шараларда жүйесіздік, мектеп жасындағы баланың жас ерекшеліктері ескерілмей, тек қорқыныш ұялтатын ақпараттар ғана орын алған. Бұл бағдарламалар үлкенге сеніммен қарайтын жасөспірімдер үшін ерекше роль атқарады, қауіпті қадамнан сақтандыратын ескертулердің жеткілікті болғаны жөн. Егер жасөспірімдермен жұмыс туралы жалпылай айтсақ, мұндай тәсілдің тиімділігі жеткіліксіз, себебі баланың жасерекшелігіне сай, орта мектеп сатысында үлкендердің беделін түсіруге икемді, олардың тікелей тыйым салуына және ұйғарымдарына кері мінез көрсетеді. Әсіресе, балаларды кінәлай айтылған ескертулерге, сын мен орынсыз сақтандыруға ерекше қарайды.
Жасөспірімдердің жат әрекеттерді қолданудың бірнеше себебі бар. Олар бір керемет ләззат алу үшін емес, өз мүмкүндіктерін анықтау немесе өз құрбыларының алдында беделінің басымдылығын, олардан едәуір ересек екендігін және ешкімге де тәуелді еместігін көрсету үшін қолданып көргісі келеді. Олар үшін өз құрбылар тобындағы қарым – қатынас ерекше. Топқа мүше болу мақсатында олар қауіпті іске өз денсаулығын қатерге тіге отырып барады. Жасөспірімдер – жоғары сынып оқушылары есірткіні, ішімдікті, темекіні жаңа әсер алуға, өзінің ішкі дүниесінің беймәлім жақтарын зерттеп білуге ұмтылу үшін қолданады. Осы жат әрекеттерді қарым – қатынас барысында туындайтын қиындықтардан құтылу, ауырғанды басу, сонымен қатар, сенімнен айырылған немесе жоғалтқан сәтте қарым – қатынас кедергілерін жеңу үшін де пайдаланады.
Егер біз жасөспірімдерді жат қылықтарға итермелеген мүмкін себептерді дұрыстап қарастырсақ, жат қылықтарға жасөспірімдердің жақындауы сезім әлсіздігі, жанұямен немесе өз құрбыларымен керіскен, ашу – ыза күйінде, жалғыздықтан, қарым – қатынас дағдысының, ыңғайлы өмір сүру ортасының болмауы, өзін жұмсай алатын және дара сыйластықтың дамуынан көреміз. Әдетте, дағдылардың ақпараттарды талдай алуы, іс — әрекеттерде табысқа жететін, тәуелсіздік және қауіпсіздікті сезетін, ұжымға қатысты және үлкендер қолдауына ие, жасөспірімдердің сеніміне лайық – олардың бәрі сақтанудың едәуір тиімді факторлары бола алады, бұл жат қылықтардың зияны туралы “жантүршігерлік” ақпараттардан гөрі тиімдірек.
Демек, қазіргі таңда жат қылықтарға тәуелді болудың алдын – алу үшін ең алдымен балалар мен жасөспірімдерді ішкі және өз ортасында кездесетін проблемалар мен тоқыраулардан шығуға көмектесетін өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталғаны жөн. Балалар мен жасөспірімдерде салмақты, дұрыс шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қарым – қатынас дағдыларын жетілдіру, өз беделін кез – келген топта бекітуге көмектесу, салауатты өмір салтын ұстануды дамыту қажет.
Сонымен, білім беру ұйымдары алдына мынадай мақсат қояды – бүгінгі қоғамда белсенді өмірге дайын жас адамның өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайтын бірыңғай жүйе жасау. Бұл жүйе есірткі қолдану, спирттік ішімдік ішу, темекі шегу және басқа да жат қылықтардың алдын – алуы әлеуметтік – құқықтық құндылықтарға бағыттап тәрбиелеуде жауапкершілікті дамытуды басшылыққа алады.
Баланың тәрбиеленуі, білім алуы тек қана бүгінгі күнгі жағдайға ғана бағынуы мүмкін емес. Ол бала ертең өмір сүреді және бала жаңа өмір жағдайына дайын болуы қажет деген талаптан шығуы қажет .
Жасөспірімдерге әлеуметтік көмек көрсету өзіне көптеген бағыттарды қосады. Біздің ойымызша оның негізгі бағыттары болып төмендегілер саналады:
— жасөспірімдермен жұмыс әлеуметтік көмектің объектісі ретінде ;
— тәрбие агенттігіне көмек көрсету (оған ата – аналарды , мектептен тыс мекемелердегі тәрбиеленушілерді, білім беру мекемелеріндегі оқытушыларды және т.б қосқанда ) ;
— қазіргі заман талабына сай балалардың өмір сүру ортасын қалыптастыру ;
Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез – құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек:
— жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
— оқушылардың жеке дара ерекшеліктері мен өзін — өзі анықтау құқықтарын сақтау;
— әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
— оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
— маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану;
Осы жағдайдан шығудың ең тиімді жолы алдын алу жұмыстарына орта мектепке және басқа да білім беру мекемелеріне әлеуметтік педагог пен психологтарды көптеп араластыру. Шынында да ата – анасынан және басқа да мамандардан күдерін үзген балалармен тиімді жұмысты үнемі балалармен жұмыс істеп жүрген, мінез – құлқын түсіне алатын адам ғана жұмыс жасай алады.
Сонымен қатар мектепте девиантты мінез – құлықтың алдын алу үшін оқу процесінде ақпараттандырылуы қажет:
- қандай да болмасын ағартушылық жұмыстары мектепте жұмыс істейтін арнайы оқытылған маман арқылы ғана жүргізілуі керек;
- ағартушылық жұмыстары бастауыш сыныптан бастап, оқу бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс. Осы жұмыстардың жүргізілуі барысында оқушыларға (оның психологиясына, әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер ететін) девиантты мінез – құлық туралы нақты және толық ақпарат берілуі керек;
- ақпарат аудиториядағы адамдардың ерекшелігіне қарай берілуі керек (жынысы , жасы және сеніміне );
- ата – аналар мен басқа да бала өмірінде үлкен беделге ие адамдар осы жат қылықтардың алдын алумен және ақпараттандырумен айналысуы керек.
- Девиантты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс технологиясы.
Соңғы жылдарда байқалатын, девиантты мінез-құлықтың түрлі көрініс беруінің күрт өсуі, қоғам алдында дезадаптивті жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыстың тәсілдері мен технологияларын іздестіру мәселесін алға тартады. Жастармен жұмысқа бағытталған мекемелерге бар ынта-күшті тек жасөспірімнің реабилитациясына ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік өлшемдерден ауытқудың алдын – алуға, яғни жеткіншектердің іс — әрекетіне жағымсыз әсер ететін жағдайларды жоюға жұмылдыру керек.
Бүгінгі күні девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесінде екі технология кең өріс алды – профилактика және реабилитация технологиясы.
Профилактика – бұл жасөспірімдер мінез-құлқындағы түрлі әлеуметтік ауытқулар тудыратын негізгі себептер мен жағдайларды алдын-алуға, жоюға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық, және ұйымдастыру-тәрбиелік іс-шаралардың жиынтығы. Сонымен бұл ғылыми негізделген және уақтылы қабылданған, мына мәселелерге бағытталған шаралар:
- әлеуметтік қауіп тобына жататын кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық немесе әлеуметтік – мәдени жағдайларын алдын – алу;
- жасөспірімнің қалыпты өмір деңгейін және денсаулығын сақтау, қолдау;
- жасөспірімнің әлеуметтік маңызды мақсаи\тқа жетуге және оның ішкі мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
Әлеуметтік ауытқулар түрлі себептерден пайда болады, сондықтан алдын – алу шараларын бейтарапты; орнын толықтырушы; әлеуметтік ауытқуларды тудырушы жағдайлардың алдын – алушы; оларды жоюшы, жүргізілетін профилактикалық жұмысты, оның нәтижесін қадағалаушы деп бөлуге болады.
Профилактикалық шаралардың тиімді болуының аса маңызды шарты, олардың жасөспірімнің өзіндегі, және де әлеуметтік, табиғи ортадағы ыңғайсыздықтың түп – тамырын жою, осымен бірге жастардың жеке басындағы қиын мәселелерін шешудегі өздерінің қажетті тәжірибе жинақтау жағдай жасауға негізделуі. Одан басқа жасөспірімдерді қойылған мақсатқа көмектесетін жаңа икемдерге үйрету өте маңызды болып табылады.
Профилактикалық технологияларда концептуальды жоспар негізінде ең алдымен ақпараттық жағы қарастырылады. Ол жасөспірімнің мінез – құлқындағы ауытқушылығы көп жағдайда әлеуметтік нормалардың әсері негізінде болады деп көрсетеді. Көп жағдайда кәмелетке толмағандар сол нормаларды білмей жатады. Осы жұмыстың негізгі бағыттары кәмелетке толмағандардың құқықтары, міндеттері және талаптары жайлы ақпараттар беру қажет. Қоғам және мемлекет осы жастағы жас ерекшелік топтағы әлеуметтік нормаларға тағайындалу негізінде өз міндеттерін орындау керек. Мұндай міндеттерді жүзеге асыру көздері немесе каналдарының қатарына БАҚ жатады: баспасөз, радио, теледидар, кино, театр.
Кез келген нақты жағдаяттарда қайталанбас жеке тұлғалық қасиеттер, сапалар, мінез – құлықтардың сәйкес келуімен сипатталады. Ол сондай сипатпен қоғамға ең қауіпті мінез – құлық мотиві мен де белгілі болады. Бірақ та кез – келген жекелей жағдайда әрқашан жалпыдан бөлінетін әлеуметтік нормадан ауытқушылықты анықтайтын фактілер болады. Кәмелетке толмағандардың рухани өміріндегі жалпы және типтік жан дүниенің үйлесімділігін біле келе, оған тек маман ғана көмектесе алады. Жасөспірімнің эмоционалды, еріктік, рационалды рухани өміріне әсер ету кезінде оның негізгі жағымды жағы оның дұрыс қалыптасқан дүниеге көзқарасын ескеру керектігін ұмытпау қажет. Жасөспірімдік және жеткіншектік жаста құқықтық және моральді нормалар негізінде қоршаған орта, қоғамдық талаптар туралы тұрақты көріністер жүйесі қалыптасады. Осы нормаларды меңгерген жасөспірім өзінің жағымсыз қылығын саналы түрде реттей алады; қоғамдық көзқарастарды, көріністерді және іс – әрекеттердің құндылықтар жүйесін меңгерді; ол қиын жағдайлардан шығу жолдарын жақсы біле алу іскерлігін иемденеді, қоғамда өзінің қылығын көре алады, сонымен қатар тағайындалған қоғамдық нормалардан шығып кетпеуге тырысады.
«Демеу» әлеуметтік – медициналық қызметтің іс-әрекет негізінде олар девиантты жасөспірімдердің реабилитациялануына бағытталған технологияны қолданады. Ағзаның ортаға бейімделу негізінде түсіндірілетін адаптациядан айырмашалығы, реабилитация белсенділеу, қайтадан қалпына келтіру ретінде түсіндіріледі. Реабилитация үрдісінде жасөспірімдердегі компенсаторлы механизм, ал адаптация үрдісінде – оған бейімделу механизмі қолданылады.
Реабилитация – бұл жасөспірімдерді қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтадан қайтару мақсатында жинақталған іс – шаралар жүйесі. Бұл үрдіс үздіксіз, яғни уақыты шектелген болып табылады.
Әлеуметтік медициналық қызмет әрекетінде реабилитацияның барлық түрлері қолданады: медициналық, психологиялық, әлеуметтік, әлеуметтік – педагогикалық. Енді соның барлығын қарастырайық.
Медициналық реабилитация баланың ағзасында зардап шеккен функциялардың біртіндеп немесе толық қайта қалпына келтіруге бағытталған.
Психологиялық реабилитация жасөспірімнің психикалық саласына бағытталған, ол сонымен қатар девианты мінез – құлықты жасөспірімдік санасының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Әлеуметтік реабилитация – бұл әлеуметтік ортаға жасөспірімнің қабілеттерін қайта қалпына келтіру, сонымен қатар белгілі себептермен бұзылған өмірлік қабілеттерін қалпына келтіру болып саналады.
Әлеуметтік — педагогикалық реабилитация – бұл жеке тұлғалық сапаларды, оның белсенді өмірлік позицияларын қалпына келтіруге бағытталған тәрбиелік сипаттағы шаралар жүйесі. Бұл реабилитация негізінде өзін — өзі қамтамасыз ету, әлеуметтік ролдер, қоғамдағы мінез – құлық ережелері бойынша іскерлік дағдыларды меңгерумен де сипатталады.
Реабилитациялық іс – шараларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде диагностика жүргізіледі, реабилитациялық бағдарламаларды құру және жүзеге асыру; жасөспірімді реабилитациядан кейінгі қорғау. Диагностика негізінде әлеуметтік – психологиялық зерттеу жүргізіледі, ол кәмелетке толмағандардың эмоционалды – танымдық деңгейін, жеке тұлғалық сапаларын, әлеуметтік ролдерін, кәсіби қызығушылығын анықтайды.
Реабилитациялық бағдарлама кез келген жасөспірімге жекелей жасалынады және өзіне келесі элементтерді енгізеді: мақсат, міндет, әдістер, формалар, құралдар, іс — әрекеттер кезеңі. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және түзету болып табылады, сонымен қатар жасөспірімге коммуникативті қарым – қатынас дағдыларын иемденуде көмектесу.
Реабилитациядан кейінгі қорғау жасөспірімге отбасымен, достарымен, мектеп ұжымымен күнделікті патронаж және пайда болған жан – жалды түзету жолымен үйлесімді қарым – қатынасты орнатуға көмектесу негізделеді.
Біздің ойымызша, девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен медициналық, әлеуметтік – психологиялық реабилитациялық бағдарламаны құрастыруда келесі жағдайларды ескерген жөн:
- Кәмелетке толмағандардың жағымды сапаларын ескеру. Әлеуметтік қызметкерлер девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен жұмыс жасау кезінде жағымсыз болжам жасауға ұсыныс бермейді. Үнемі «табысты жағдай»құру керек, жасөспірім мінез – құлығынан жағымды жағын таба білу қажет, осыған байланысты әлеуметтік қызметкердің іс — әрекеттері келісімді болған жөн.
- Болашақ өмірлік қызығушылық, ұстанымдарды қалыптастыру. Көп жағдайларда жасөспірім мектепте оқу үрдісінде үлгермейді, өз күштеріне сенбейді. Мұндай жасөспірімге ең алдымен оларға өзін — өзі анықтауға кәсіби жолмен келу, сонымен қатар оқу мекемесіндегі жасөспірімдердің қызығушылығы мен мүмкіндіктерінің сәйкестендіруде, оның болашақ мамандығын анықтауға бағытталған мамандарға көмектесуде маңызды роль атқарады.
- Девиантты мінез – құлыққа жақын жасөспірімді ол үшін маңызды болатындай қоғамдық пайдалы жұмысқа қосу қажет. Бұл қиын мәселе, өйткені ол тек белгілі бір жұмысқа деген көзқараста өзгертуді ғана талап етпей, осымен бірге баланың жасөспірімдер ұжыммен қарым – қатынасын қалыпқа келтіруді де талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің бос уақытысы басқа оқушылармен салыстырғанда 4 есе көп болса, сол уақытты сапалы өткізудің айырмашылығы да үлкен. Егер сәтті жасөспірімдер өздерін оқу, еңбек, жеке қызығушылықтары арқылы бекітсе, қиын жасөспірімдерге бұл салаларға ену шектелген, ал бос уақыттың артықтығы олар үшін криминогенді факторға айналады.
- Толық сенімділік және қарым – қатынаста жасөспірімге құрмет көрсету. Девиантты жасөспірімдерде мейірімді, сабырлы қарым – қатынас тәжірибесінің болмауынан мамандардың кез – келген іс — әрекеті оларда белсенді қарсылық тудырады. Шыдамдылық пен төзімділік – әлеуметтік қызметкердің басты көмек құралдары.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттеріне келсек, медициналық – психологиялық реабилитация процесінде ол келесі функцияларды атқарады:
– қалпына келтіру, дезадаптацияға дейінгі ондағы жағымды қасиеттерді қалпына келтіруді көздейді;
– жасөспірімдердің жеке сапаларын түзету қоғамдық іс — әрекеттерге еліктіру, жасөспірімнің өзін — өзі жетілдіруде қабілеттерін белсенділеу, өз қателігін өз мінез – құлығына сай теңестіру арқылы өзін сынға алу негізінде қорытындылау мен қалыптастыру керек.
– жасөспірімнің жағымды іс — әрекет мотивизациясын белсенділеуге бағытталғанн әдіс — тәсілдер – сендіру, мысал, мадақтау және т.б.
Жоғарыда айтылған категориядағы жасөспіріммен әлеуметтік қызметкердің жұмысы жасөспірімнің ішкі дүниесіндегі әлеуметтік бағдарға бағытталған. Яғни, мектептегі, ұжымдағы, отбасындағы жасөспірімді туындаған жағдаятта жедел әдістермен диагностика жүргізу қажет; әлеуметтік – жеке тұлғалық – эмоционалды бұзылыстардың пайда болуын анықтау.
Негізгі іс- әрекеттер түрлері: жекелей кеңес беру және жасөспірімнің құндылықтар жүйесімен жекелей жұмыстар; әлеуметтік дағдыларына, тиімді қарым – қатынастар тәсілдеріне, жанжалды жағдайларда конструктивті мінез – құлықты болуға үйрету; жасөспірімдерді маңызды жағдайларда жағымсыз эмоционалды жеңуге үйрету мақсатында болатын тренингтік топтарға енгізу.
Сонымен қатар отбасымен жұмыс жасау қажет, бала мен ата – аналардың өзара қарым – қатынасын дұрыс орнату жайлы отбасылық педагогикалық диагностика жүргізу керек; жекелей кеңес беру; ата – аналарды жасөспірімдермен өзара іс — әрекеттерді ата – аналарды тиімді орнатуға бағытталған тренингтік топтарға еліктіру.
Дағдарыстық жағдайдағы жасөспіріммен жұмыс жасауда бірнеше жолдармен шешу қарастырылады. Көп жағдайларда агрессивті мінез – құлық жасөспірімнің басқалай болуына әсер етеді. Осы категориядағы жасөспіріммен жұмыс жасауда эмоционалды жағдайда жедел диагностика қолданылады; мәселені шешуге оқыту, өз эмоциясын басқаруға үйрету, «Мен – концепция» позитивін қалыптастыру мен жұмыс жасау.
Әлеуметтік медициналық қызметтің іс — әрекетінің негізгі бағыттары психоактивті заттарды қолданатын жасөспірімдермен жұмыс жасау болып табылады, сол жағдайда мұндай жасөспірімдер өзін — өзі бағалауы төмен, өзінің қылығына қанағаттанбауы, әлеуметтік бағалаудағы қажеттіліктердің көтерілмеуі көп мазасызданады.
Негізгі жұмыс әдісі – патронаж, негізгі жұмыс формасы – әлеуметтік – психологиялық тренингті ұйымдастыру. Осының барлыға «Мен – концепциясын» қалыптастыруға бағытталған.
Осы аталған реабилитациялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыруда ұш жағдайды сақтаған жөн:
- Бағдарламаның барлық қатысушыларының жоғары мотивациялануы: жасөспірімнің ата – аналары, әлеуметтік медициналық қызметтің сапалары;
- Әлеуметтік медициналық қызметтің мамандарының медициналық – психологиялық – педагогикалық компетенттілігі;
- Әртүрлі мемлекеттік қызметтің іс — әрекеттерін координациялау: білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары.
Дезадаптивті жасөспірімдермен әлеуметтік медициналық қызметтің әлеуметтік жұмыскер қолданатын технологиялар; біріншіден, девиантты мінез- құлықтың қауіпті формасының алдын алу, екіншіден, жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін көтермелеу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының формасына нашақорлық, маскүнемдік, коррупция, өзімшілдік және топтық эгоизм т.б жатады.
Осы мәселенің мүмкүн боларлық шешу жолдары екінші тарауда қарастырылған, яғни девиантты мінез – құлықтың негізгі себептері әлеуметтік теңсіздік болып табылады. Девиантты мінез – құлықтың өсу деңгейін төмендету әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, құқықтық, экономикалық тәжірибенің алдына көптеген міндеттер қояды. Біздің көзқарасымыз бойынша жасөспірімдермен жүргізілген алдын – алу жұмыстарының мақсаты балалардың тиімді әлеуметтенуіне және баланың қалыптасу процесінде өмірге қабілетті және жауапкершілікті болып қалыптасуына көмектесу. Сонымен қатар зерттеу кезінде біз
жасөспірімдердің әлеуметтенуі әлеуметтік тәрбиенің тиімділігіне байланысты деген қорытындыға келдік.Сонымен қатар тәрбие жұмысы әлеуметтік бақылаумен толықтырылуы қажет.
Өзінің эгоистік қызығушылықтарын бірінші орынға қойатын жасөспірімдерге мәжбүрлеу шаралары қолданбаса, онда ешқандайда гуманды идеялар бала өмірін қайта қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін емес.
Бірақ сонымен қатар отбасының материалдық жағдайын қарастыра отырып, рухани аспектілерді де мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Біздің ойымызша қазіргі жасөспірімдердің арасындағы күрделі мәселелердің туындауы олардың алдарына нақты мақсат қойып және барлық қиындықтарды жеңіп оған жетуді ұмытқан. Сонымен негізгі экономикалық және рухани факторларды бір – бірімен байланыстыра қарастырыу қажет. Болмаса девиантты мінез – құлықты бір жақты қарастыру күрделі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сонымен девиантты мінез – құлытң феноменін жан – жақты талдау осы мәселені үш негізгі бағытта зерттеудің қажеттілігіне әкеледі;
- девиантты мінез – құлықтың болу себептері;
- девиантты мінез – құлықтың алдын – алу мәселелері;
- девиантты мінез – құлықпен күресудің әлеуметтік – педагогикалық мәселелері.
Оқыту және тәрбиелеу жұмыстары барысында девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарды сіңіру және оның алдын – алу үшін төмендегідей нұсқауларды ұсынамыз:
- мектеп ұжымы жас ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлуметтендіру мәселесіне қатысты тәлім – тәрбиелік шараларды іс жүзіне асыру барысында, оқушылардың бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың өнегелік үлгілерін үйлестіре дарыту заңдылығының қазіргі кезде үлкен мәнге ие екенін есте сақтау қажет;
- өскелең ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына өздерінің адамдық бітім болмыстарының, адамгершілік қадір – қасиеттерінің, әлеуметтік тәжірибенің өнегелік үлгілерінің, рухани құндылықтар мен рәсімдердің, салт – дәстүрлер мен жөн – жоралғылардың алдағы бүкіл өмір бойы сіңірілуіне түрткі болып отырған қабілеттілікті дарытуға күш салынуы керек;
- адамгершілік тәрбиесін тәрбиенің барлық түрлерімен кіріктіре жүргізудің басты шарты ретінде өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне қатысы бар барлық әлеуметтендіру институттарының — мектептің, отбасының және ортаның, ақпарат құралдарының, қоғамдық тәртіп сақтау органдарының, түрлі жастар ұйымдары мен бірлестіктердің жұмыстарын үйлестіре жүргізген жөн;
- осы қарастырылып отырған мәселеден шығудың тиімді жолы алдын – алу жұмыстарына орта мектепке және басқада білім беру мекемелеріне әлеуметтік педагог пен психологтарды көптеп орналастыру;
- оқушылармен ағартушылық жұмыстары бастауыш сыныптан бастап, оқу бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс;
- мемлекет тарапынан педагогтарды әлеуметтік және экономикалық жағынан қатамасыз ету;
- мемлекет тарапынан өзіне — өзі көмектесуге арналған орталық ашу(онда девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге жан – жақты медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық көмектердің қамтылуы қажет).
Сонымен қатар оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың осындай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауларына ықпалы көбірек болып отырғаны ақпарат көздері, мемлекеттік емес газет-журналдар, тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған теледидарлар.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне, ұлттық болмысымызға тән тәлім-тәрбиелік құндылықтарды игеруіне мүмкіндік жасайтын, балалардың танымдық ерекшелігін ескерген арнайы көркем эстетикалық сапалы бағдарламалардың ақпарат көздерінен орын алуы тиіс деп санаймыз.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті [11].
СІЛТЕМЕЛЕР
- Балалар құқығы туралы конвенция.1статия.2б
- Выготский Л.С. Т.4. Детская психология. М.1984. С.258.
- Джаманбалаева Ш.Е Социальные проблемы девиантного поведения. Автореферат. – Алматы, 1996. – С. 3 – 23.
- Ә.Жұмабаев. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс. Алматы.1977.23б.
- Ә.Жұмабаев. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс.
Алматы. 1977. 42б.
- Кон И.С. Социология личности . – М. 93. – 367б.
- Андреева Г.М. Социальная психология. – М. 1988 – 332б.
- Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы. “Білім”. 2001.28б.
- Мудрик А.В. Социальная педагогика. М: Академия 2002. С – 89.
- Керімов Л.К “Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тәрбиелеу
теориясы мен практикасы” – Алматы, 2003. – 123б
- Н.Ә.Назарбаев. Ауылға айырықша назар аударылады. Ішкі және сыртқы
саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы. Президенттің Қазақстан
халқына жолдауы. – Егемен Қазақстан. – 30 сәуір, 2002 жыл.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қиын балалар көбейіп барады неге? Азат. – 2005. 30 наурыз – 6б.
- Клер М. Психология подростка. М.Педагогика. 1991.С. 36.
- Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т. 4. Детская психология. – М.1984. – С.256.
- Крутецкий В.А Психология подростка. М. 1965.С.41.
- Выготский Л.С. Т.4. Детская психология. М.1984. С.258
- Юричка Ю.И. Диагностика и социализация личности несовершеннолетного правонарушителя. – Бирск, 94. – 19с.
- Новые направления в социологической теории. – М: Наука, 78. – С98.
- Смелзер.Н. Социология. Пер. с анг. – М: Феникс, 1994. – 294с.
- Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведния. – Алматы, Қазақ Университеті, 2002. – 10с.
- Девиантное поведение несовершеннолетних как педагогическая проблема. Педагогика.1999.
- Первова И.Л. Асоциальное поведение детей и подростков. СПб: издадельство Санг – Петербургского Университета, 1999. с. 60.
- .
- Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. Уч. Пособие. 2-е изд. Перераб. И доп. – М: Выс. Шк. 1984. с. – 138.
- Шепанский Я. Элементарные пониятия социологии. – М. 1969. – 51б.
- Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру. Бастауыш мектеп. – 2003. -№2. – 17б.
- Беличева С. Дети и семьи группы риска как объекты социальной профилактики. М. 1993. С.84 – 91.
- Кон И. Психология старшеклассника. М: 1988. С116.
- Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т.4. Детская психология. – М.., 1984. – С.256.
- Қожақметова К.Ж, Демеуова Н.Е. Жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқушылары мен жоғары оқу орындары арасында темекі шегудің, нашақорлықтың, ішімдікке салынудың алдын – алуға арналған көпсатылы білім беру бағдарламасы.Алматы – 2003. 5 – 20б.
- Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. Алматы. 1991. 21б.
- Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологическии аспект девиантного поведение, — Алматы, “Қазақ университеті”,2002. – С36.
- Девиантное поведение подростков несовершеннолетных как педагогическая проблема. Педагогика. 1999. №7. С – 38.
- Ауытқушылығы бар балалардың тәрбиесіндегі әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктер.Бастауыш мектеп. 2003.№6. 23б.
- Социологиялық сөздік. Биекенов К.У, С.И Оспанов, Б.К Смаганбетова, З.Ж Жаназарова, Г.У Әбдікерова: Жалпы редакциялық басқарған К.У Биекенов. Алматы Қазақ Университеті. 2003. 15 – 17 б.
- Темірғали Ж. Құқықтық насихатты жан – жақты қолдану. – заң газеті. – 3 шілде. 2002ж.
- Отто Рюле. Хлеб для шести милиардов. – М, “Прогресс”. 1965 – С5.
- Антекер Г. О сущности свободы. – М, 1962. – С. 18.
- Ножин Е.А. Борьба идей важная характеристика духовной сферы социалистического общества. Духовная сфера социалистического общества, — М – Мысль. 1987. – С366.
- Анисимова С.Ф. Духовные ценности: производство и потребление. – М: Мысль. 1988. – С238.
- Миязова С Загадочная Япония – испытательный полигон для сравнительных криминологических исследований. Криминологическая исследования в мире. – М. 95. С. 185.
- Уэдо К. Преступность и криминология в современой Японии. – М. 1989. С. 95.
- Шнайдер Г. Криминология. – М. 1994. С. 36 – 37.
- Агафонов А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар: Оқу құралы. – Астана: «Парасат әлемі» баспасы 2005.–368б
- Әлеуметтік педагогика: Лекциялар курсы/М.А.Галагузованың ред.– М.,2000.–68б
- Казымбетова Д.К Молодежь глазами молодежи. Девиантное поведение как обьект социологического исследования\\ Мысль.–1998.–№10-33б.
- Вестн.психосоциальный и коррекционно – реабилитационной работы. 1998. — №1 с.82-83
- Менлибаев К.Н., Туганбеков К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа: Оқу құралы. – Қарағанды, 2000. – 15б
39.Казымбетова Д.К Девиантное поведение молодежи как объект
Социологического исследования. Дис.на соиск.учен.степ.канд.наук. –
Алматы, 1999. С.36