АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балаларды анықтау және коррекциялау

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ

 

Алматы — 2009

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………….

 

І БӨЛІМ. ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  • «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі

ерекшеліктерінің теориялық мәселелері………………………………………………….

1.2. Мінез-қүлқында  қиындығы  бар оқушыларды  психологиялық тұрғыда талдау…………………………………………………………………………………………………..

  • Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар……………………………………………………………………………………………..

 

ІІ БӨЛІМ. ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ

2.1. Жеткіншек жастағы «қиын» балаларды анықтау       жолдары……………………..

2.2. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері….

2.3.   Қиын балаларды  қайта тәрбиелеу және коррекциялау жолдары………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………

ҚОСЫМША…………………………………………………………………………………………

 

Кіріспе

 

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды       психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын  жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық  процестермен байланысты.  Бұл жас  аралығында  бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп,  ал әлеуметтік статусы   бойынша   олар   әлі   балалык   шақта   жүрген   кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

 Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның   теориялық   позициясы   жеткіліксіз   болды.   Ол   Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.

Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.

 

БӨЛІМ І  ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

1.1. «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.

 

Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.

Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі — отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі.

Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.

Жеткеншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т.б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка» — «өгей қыз»). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.

Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.              

Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін — заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.

Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлга ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез — құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен  дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан,  ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен.балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-қүлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады.

Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады.

Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл — отбасы кемшілігі.

Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы  6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда  байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша  үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда  болуының  өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің  қалыптасуына мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай –ақ макаренко а.с. тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар  қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы психологиялық және  физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-  бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга  ұшырайды: болашақта кім болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау  қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап  ету орын алады да, мүндай  көзқарас баланың   қырсықтығын   туғызып,   нәтижесінде   үлкендер   мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы  кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жсткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын  комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе  бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.

Жеткіншек жас кезеңіндс балалардың эндокриналық жүйесі  де  өзгеріске  ұшырайды.   Гипофиздік   гармондар  жыныс   безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге  дайындайды.  Ми қабығының         жасушалары         жыныс  гармондарының  тітіркендіруіне   әсерленгіш.        (Сондықтан  жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.

Осы   жас   кезеңінің   ерекшеліктерін   ата-аналар,   мектеп
мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар   жақсы   түсінетін   болса,   барынша   төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.      .

Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге   берілген   тапсырмаларды   жаттап   алмастан   өз   сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы; үлкендерге   сын   көзбен   қарап,   олардың   айтқанын   сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан  әлі бала болса,  ал талап қою жағынан ересек,  өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. (Олар: Балалардың оқудан баска айналысатын шаруасының болмауы. Радио,   теледидар,   басқа  да   ақпарат   көздерінен  ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.

 Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.

Конформдық түрге жататын балаларға қайырымдылық, жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.

Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.

Мұғалімдер мен тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.

Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген қызығушылығын, мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталандыруды қалыптастыру қажет.

Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар  балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластықққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайды баланың реакциясы әртүрлі (апатия, синизм (шектен шыққан арсыздық),агрессия және т.б.) болады.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі  болған оқиа баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтықққа соқтырады.  Міне, тәртіп бүзу содан паида болады. Тәртіп бүзушылқтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере алмаушылқ. Кейбір оқушы қатар – құрбыларынан сабақта артта қалып қойып тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына жәнебаласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты.

Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастырғанда, оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс. Оқушының ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады.

Совет психологы С.Л.Рубинштейннің «детерминизмді» түсіну заңына талдау беріп, сыртқы себептері ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі» – деуі ден қоярлық. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы түрде қарайтындығымен айқындалмақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелігі педагогикалық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.

Ол үшін, қиын оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі совет психологі к.к.платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері / физиологиялық ерекшеліктері /;екіншісі – адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау  және ойлау т.б. Қабілеттері /биологиялық ерекшеліктері / болмақ. Үшіншісі – баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі; ал, төртіншісі – жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ1.

Жеткіншек — бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды. «Қиын» балалықты біршама диагностикалаудың құнды ойларын Л.С.Выготский жасаған болатын. Ол баланьң дамуындағы сапалы жылжулар идеясын, жаңа құрылымның пайда болуын және даму кезеңінде функция аралық қатынастардың өзгеру идеясын көрсетті.

 Жеткіншек жастағы оқушылардың жеке басын қалыптастыруда      үлкен      орынды   эмоция      иеленеді.   Оларда жарқын,   күшті   көңіл   күйлер   басым   болады.   Бірақ   та   кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып саналатын іс-әрекеттер қанағаттандырылмаса, онда балаларда   жан-күйзелісті   қайғырулар болуы мүмкін.

Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары
деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға
болады. Мінез-қүлқында       айтырлықтай ауытқуы бар оқушылардың көпшілігінде, өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналарының, мүғалімдерінің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-жанжал тудырып жатады. Бүл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен үру, желкеге үру сияқты «көріністер» керек емес, оларға жан-жақты көмек, адамдық сезімнің жылылығы, шын көңілмен сүю, үғу қажеттірек. Тіпті жай ғана бір мысалды алып көрейікші: егер де гүлді күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда жайқалып өседі. Адамдарға өзінің әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң, оны күтпесең, таптасаң, ол сарғайып, солып қалады. Міне, бүл қарапайым шындық. Бірақ та осы шындықты сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасында үмытылып жатады немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мүндай отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың психикасы бұзылады яғни мінез-қүлқы бұзыла бастайды.  Мәсслен,   кей оқушылар ата-ана. тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өссе, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, үзаққа созылған қайғыру, ренжу үстінде болса, ол жүйке ауруларына шалдықтырып, баланың ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсуіне әсер етеді. Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне   қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер стетінін    анықтап үшін әңгімелер, бақылау, сауалнама жүргізу т.б. әдістер қолданылады.

Оқушылардың      мінез-құлқына    айналасындағылардың

(мұғалімдердің,   туған  туыстарының,   ересек  жолдастарының) ықпалы    күшті.    Бұдан    балалар    мінез-құлқының    бірі еліктегіштікті байқауға болады.

Егер бала жақсы өнеге көрсеткен адамдармен араласса бұл жақсы нәтиже береді. Өкінішке карай, бала жаман қылықтарға да еліктейді. Мұғалім балалардың бұл ерекшеліктерін пайдаланып отырса, оларға тиісті ықпал жасай алады..

Қазақстанда отбасы тәрбиесі мәселесімен шүғылданып жүрген ғалымдар: Г.А.Уманов,Ж.Қоянбаев бұл авторлар отбасы тәрбие проблемасын әр қырынан қарастырған. Ата-ананың міндеттері, мектеп пен жүртшылық байланыс мәселелері және отбасы тәрбиесіне нұқсан келтірген.

Оның сапасы бірнеше деңгейлер, салалар арқылы
анықталады.Әлеуметтік -мәдени деңгейі ата-аналардың мәдени
деңгейі мен қоғам оміріне қатысуына, әлеуметтік экономикалық
деңгейі түрмыстық жағдайға, ата-аналардың жүмыс бастылығына;
техникалық-гигенакалық деңгейі үйінің жабдықталуына, омірсүру ерекшеліктеріне;  демократиялық   деңгейі отбасы  құрылымына     байланысты.   Бала     дамуының   қай   бағыты, қай жағынан   алсақ та, ең басты  ролді  отбасы  атқаратын анық.

Отбасылық тәрбиенің  басты міндеттері:

-бала денсаулығына қамқорлық -оқуына көмек, жетекшілік;

-еңбек тәрбиесі, мамандық тандауға көмек;

-жеке түлғаны әлеуметтендірудегі көмек;

-адамгершілікке тәрбиелеу;

-ақыл-ойына және жалпы  мәдени дамуына ықпал;

-шығармашылық  икемділіктері мен қызығуын дамыту.

Қазіргі отбасылар әрі сапасы жаңа әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді. Бір жағынан қоғамдық отбасының келелі мәселелері мен қажеттіліктеріне бетбұрыс байқалады. Бала тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын бекіту мен жоғарылату бағытында жаңа кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Екінші жағынан, қоғамда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күщеюіне әкеліп соқтыратын құбылыстар да байқалады. Отбасылардың көпшілігінің әртүрлі себептен тұрмыс жағдайларының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы, толық емес, яғни , әкесі не шешесі жоқ отбасылардың көбеюі, отбасындағы балаға қамқорлық пен мейірімнің жетіспеушілігі, т.б. Осының бәрі бала тәрбиесінде жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына әкеліп соғып отырған жағдайлары бар.

Оқушылар   алдымен,    өз    ата-аналарына        үқсағысы    келеді. Дегенмен   ,   балалардың  бәрі     бірдей     отбасында     өзін  жақсы сезінбейді. Отбасындағы    келіспеушілік, ата-аналардың   көпшілігі балалармен   қатаң      әңгіме      жүргізеді.    Сондықтан да отбасындағы жағдайды танып-білу, бала тәрбиесінде ата-анаға теориялық көмек беру ете маңызды.

Ата-ана мен педагогтың мақсаты, ұйымдасқан, бірлескен іс -әрекеттің белгілі бір кезеңдері бойынша жүзеге асады. Дұрыс үйымдастырылған жүмыс жасырын үйретушілік сипатқа ие. Педагог отбасылық тәрбиенің жағымды жақтарына сүйенеді. Оны жан-жақты тартып, жағымсыз жағын жоюды қолданады.

Ата-ана мен педагог арасындағы бір-біріне деген сенімділік
бірінші және шешуші шарт. Арадағы қарым-қатынас ата-ананың тәрбие ісіне         қызығуын оятып, табысқа ұмтылдыратындай, өз күшіне сенімділік тудыратындай болып құрылуы тиіс.

Педагогтың        екінші        бір    маңызды        міндеті-отбасын

педагогикалық        білік-дағдылармен        қаруландыру,    оларды

теориялық және  практикалық  түрде  меңгерту.

Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынастың аяғы ата-аналардың өз балаларының ғана емес, жалпы сынып тәрбие жүмысына қатысуына әкеледі.Мүғалімдер мен ата-аналар әріптес ретінде тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отырады.

Оқушының     отбасын     зерттеу     оның  өзін     жақын     тануға мүмкіндік береді. Отбасының  өзіне тән  өмір  сүру ерекшеліктеріның      қалыптасуы,   дәстүрлі,   рухани      байлықтары,   тәрбиелік мүмкіндіктері   оқушының үйдегі   ата-анасымен   қарым-қатынасы, осының      бәрін      түсіну      үшін      мұғалім      психологиялық педагогикалық     диагностикалаудың кешенді,  дәстүрлі     әдістерін алады:   бақылау, әңгімелесу,тест,сауалдама      жүргізу, рөлдік ойындар т.б.

 

1.2. Мінез-қүлқында  қиындығы  бар оқушыларды  психологиялық тұрғыда талдау.

 

Қазіргі кезде   мектептің қойып   отырған талабы  оқушыларды— негізгі    пәндермен    терең де берік қаруландыру, ал   білімдерін  күнделікті өмірде  өз деңгейіндегі     іскерлік пен қолдана білу.   Осы   жетістіктерге   жету үшін   мүғалім оқушының   мінез-қүлқын,   сана      ссзімінің   жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс  қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет.

Мүғалім       психологиялық       танымдық        процестерді

калыптастырудағы    негізгі    тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.

Мүғалім  мен  оқушы арасындағы қарым-қатынаста мүғалімнің негізгі жүмыс бағыттары:

  1. Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау
  2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
  3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру.
  4. Оқушылардың еркіндіктері    мен    қүқықтарын    сақтауға мүмкіндік жасау
  5. Сыныпта оқу-тәрбие  жүмысын үйымдастыру.

Алдымен мінез-құлқында   қиындығы бар оқушылардың  дара ерекшеліктерін жан-жақты  қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың  көзқарасы    бойынша  «жеке  адамның психологиялық құрылымы» төрт  бөліктен түрады:

Біріншіден,   оның  темперамент,   жыныс,   жас   өзгешеліктері, яғни  биологиялық  қасиеттері;

Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлікк, түйсіну,  эмоция,  қабылдау және ойлау    т.б.  қасиеттері жатады;

Үшінші, баланың  әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі;

Төртінші,   оның   жалпы   адамгершілік   қасиеттері- жеке адамның бағыттылығы.

 Мұғалімнің негізгі міндеті бала бойындағы  қиындықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын дұрыс ұйымдастыра білу. Егер де, мүғалім өз жүмысына немқұрайлы қараса оқушылардың келесі қиындықтарды байқауға болады:

  1. Оқушының қоршаған       ортамен       қарым-қатынасының бүзылуы .
  2. Ерке балалар.   Бұндай  оқушылар  көбінесе     барлық  жағдайы жасалған, үйдің  жалғыз балаларында кездеседі.
  3. Жағдай толық    жасалмаған.    Психикасының    дамуында
    ауытқулар     бар балалалар,     осының     салдарынан     сабаққа үлгермеушілік пайда болады.
  4. Отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни бала тәрбиесіне кері әсер етушілік маскүнем, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін т.б. Е.Волкова, Гаспаровалар   [15] мінез-құлқында   қиындығы   бар оқушыларды мынадай топтарға бөледі:

а)сезім    әрекетіне    бой     алдырғыш     (эмоционалды)     оқушылар (жьшауық, кекшіл т.б.);

б)агрессивті;

в)қыңыр, қырсық;

г)ұялшақ;

е) тынымсыз, белсенді бала.

Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:

1.Қабылдамау

  1. Гиперсоциалды
  2. Қорқақ-секемшіл

4.Эгоорталықты

Қабылдамау — егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.

Гиперсоциалды — мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.

Қорқақ-секемшіл — бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды.  Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіне«Мен ауырып  калмаймын ба?»  «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан тыс қоюдан,  балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез  қалыптасып, кез келген нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.

Эгоорталық — бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың ортаға деген көзкарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уакытта оның айтқанын  істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.

Міне, осылай дұрыстәрбиелемеуден баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір отбасы дұрыс тарбие берме­уден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында киындығы бар окушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.

Жеткіншектердегі жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарын күрделендіреді. Жеткіншектің дамудағы өзіндік сана біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған  талаптану деңгейіне әкеледі, әрі кө птеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатындығы  белгілі, алайда іс-әрекет сипаты тұтастай реттелмейді. Бүл жастың ішкі қарама-қайшьлык аумағы және баланың үлкендерге қарсы сипаттағы өзара әрекеттері жеткіншектерге  қатты әсер етеді. «Өтпелі кезең», — деп жазды Л.С.Выготский. Жәбірленушінің сыртқы әрекетінің жоғарғы дәрежесі, сол сиякты ішкі конституциялы нышандары және соған дейін жасырын жағдайда болып келген бейімділіктері мінез-қүлық шарттарынын жиынтығын ұсынады.

Жеткіншек үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп  жүрген балалардың көп бөлігінде мінез-құлықтың 2 түрі қалыптасады. Бірінші типтегі жеткіншектерде өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін өзгертуге тырысады, мәселен, олардағы негативизмді, қырсық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады. Екінші типтегі жеткіншектер микроортаның кері әсерімен ерекшелінеді, себебі, қоршаган ортамен мінез-құлықтық қатынас эталоны әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлыктық бағдардың қалыптаспауынан жеткіншектер өзіндік даму сипатын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Жеткіншектердің бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтермен байланысы, коғамдық жағымды мақсаттары мен жеткіншектің әлеуметтік мәнді мінез-кұлықтық идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеледі. Біздің заманымыздың негізгі бір белгісі — «адамтануға» тереңдеу, адам проблемасын козғау, онын психологиясын жаңа замандағы ғылымның алдыңғы жоспарына қою. Жеткіншек кезеңде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, оның қалыптасуын қоғамдық дамумен үйлестіріп, сауатты басқару үшін әр жеткіншектің тәжірибесін және жеке түлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағытылығын ескеру керек.

Оқушының қарым-қатынасындағы мінез ерекшелігі:

А) қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, жора      

 

1.3. Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар

 

Жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы /еліміздегі жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кішіні сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық т.б./;

Ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы /өзін біркелкі ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын, сезіну, күш көрсету, жәбірлеу, зорлықты сезіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б./.

  1. Жеке өз басына қатысы:

А/ жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен санау т.б./;

Ә/ дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтану, жалынышты болу т.б./;

Б/ үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы, бағынышты болмау, өздігінен орындауға талаптану, ешкімге қажет емеспін деп сезіну.

  1. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі:

А/ творчестволық, ұйымдастыру істер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі және спорт ойындарына икемділігі бар немесе жоқ;

Ә/ үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;

Б/ көркем әдебиет, газет-жұрналдарды оқиды /оқымайды/, спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді;

В/ қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.

  1. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы:

А/ түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;

Ә/ мінезін түзеуге сенімді, сенімсіз;

Б/ мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық жасау.

  1. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме /коллективист, бір мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, ұяң, екі жүзді, қатыгез, қиқар, қыңыр, дөрекі т.б./.

Сынып ұжымының қиын балаға қатысы.

  1. Класс туралы жалпы мінездеме / коллектившілдік негізде, ұйымшыл, коллектив мүшелеріне талап қою көлемі, әрбір оқушыны қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ,  әрбір оқушы өз мүддесін ойлау, топ-топа бөліну, жікшілдік т.б. /.
  2. Қиын баланың кластас құрбыларымен қарым-қатынасы / кластағы қоғамдық тапсырмаларды белсенділікпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлқ, немқұрайдылық көрсету, коллектив мүддесін жеке мүддесінен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық, достықты сезіну, сезінбеу, қиын баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдік жасау, басшылыққа талпыну, өзін-өзі жоғары санау немесе бағынышты  болу, тұйықтық т.б. /.
  3. Педагогикалық коллективтің қиын баламен өарым-қатынасы / әрбір оқушыны біркекі санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшеліктерін ескермеу, ескеру, педагогтік этикасы бар, дауыс көтеру, әкімгерлікке жүгіну, мәдениет дәрежесі төмен т.б./.

Жанұядағы тәрбие жағдайы.

  1. Жанұя туралы жалпы мағлұмат.
  2. Жанұядағы қары-қатынас ерекшеліктері.
  3. Баланың өз үйінде оқу жұмыстарын ұйымдастыруы.
  4. Жанұяда баланың бос уақытын ұйымдастыру.
  5. Ата-ананың мектепке көмегі.
  6. Жанұяның тәрбие берерлік дәрежеі.

Бала мінез-құлкының киын болып келуі бірнеше факторға байланысты:

Биологиялық фактор – анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан, бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылған ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр, баяу қозғалады. Сонымен қатар әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақаталудан, уланғыш заттар зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған. 

Үйішілік фактор – жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған.

Географиялық фактор – бірінші қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген жергілікті экологияның әсерінен ананың, баланың денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп – жергілікті экологияның әсерінен баланың ананың денсаулығының нашарлауы.  

Ұсақ әлеуметтік фактор – баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жанжалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.

Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін баскалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік  басым болады,

«Қиын» жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ

 

2.1. Жеткіншек жастағы «қиын» балаларды анықтау жолдары

 

Қиын оқушылардың өскен ортасын яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан да болады.

Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін. Яғни, отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды роль атқарады.

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:

-Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы;

-Баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы;

— Қараусыз  бала, қамқорлықтың  жеткіліксіздігі ана баланың тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Бала өзінің үлкендерге керексіз екенін сезінеді.

 — Шектен    тыс    қамқорлық бақылау есінде бала өз бетінше жұмыс істеуін,    жауапкершілігін сезінеді.

Психологтар A. В. Запорожец, Е.З.Кошелева т.б. мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды екі топқа бөліп қарастырады:

  1. Өзін — өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау —дамайға түсетін оқушылар.
  2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым-қатынасы ұнатпайды.

Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін    олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.

Жеткіншек жас сыныптарында кез-келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.

Психолог Н.Д.Левитов ұсынған оқушының мінез-құлқының бар  ерекшелігі  —   шыдамдылықтың  қалай   көрінетініне   қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:

  1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?
  2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?
  3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?
  4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты
    дәрежеде ұстайды?
  5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін — өзі қалай ұстайды ? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайы сөздерді қолданбай ма?
  6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін
    терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі
    отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай
    ұстай біледі?
  7. Шыдамдылық оқушының  дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.

Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты:

Мінез белгілерінің көпшілігі мынадай:

1.Эмоциялық (қызбалық, құштарлық,                нәзіктік, жабырқаушылық, т.б.);

  1. Моральдық (адалдық, көпшілдік, қоғамдық борышты сезіну, жауапкершілік, ілтипаттылық, зейінділік, т.б.);

З. Еріктік (шешімділік, табандылық, ерлік, өзін-өзі ұстау, байсалдылық,   мақсатқа талпынушылық, белсенділік, батылдық, сенімділік, төзімділік, т.б.) болып бірігеді.

Баланың жасына қарай психикалық дамуында болатын өзгерістердің бірі — темперамент ерекшеліктері. Мұның белгісі баланың қылығынан айналысатын ісінен, ойынынан, сөйлей бастаған сөзінен көрініс береді де, сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик деп 4 типке бөлінеді.   

Сангвиник- қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі, бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр, күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді.

Жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған обьектіге тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақыл-ойы икемді , тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйлері, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Холерик- бұл сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді.Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділікпен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан- ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан- толық экстраверт.

Нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбіне ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп, сылқ түсетін кездері де болады.

Флегматик- әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде –интроверт.

Осы темпераменттің осал жері- қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик- өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп-толық интроверт.

Тұйықтық,өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық-осы тампераменттің ең бір нашар жағы.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қаотқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы -әлі ғылыми шешімін таппаған.

Сангвиник темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмірсүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Класта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

Флегматик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

Холерик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Бұл ұшып қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды, онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан түрлі әсерге тез беріледі, ызақор келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Меланхолик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақыртып есеп шығатса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес) мұндайда бала әрине төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайдға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып белсенді сөз айтудан қалады. Бұл темпераменттегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бір бет, қыңыр қисық келеді.

 

2.2. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері

 

Біздің зерттеуімізге Алматы қаласының №77 мектеп гимназиясының 6-шы сынып оқушылары қатысты.

Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды түлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жүмыстардың эдіс-тэсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық-тан оқушыларға арналған кңүнделік жүрғізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мэлімет жазылу керек. Ол эрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» — деген тақырыпта тэрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныс-тыруға болады.

Әр оқушының мінез-қүлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жүрттың бэрі үнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар — деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтарды анықтау үшін сынып жетекшілерімен, ата-аналармен мектеп психологы тығыз қатынаста болуы керек. Ең алдымен біз сынып жетекшілеріне оқушыларға арналған гистограмманы үсындық.

Гистограмманың мақсаты: мүғалімнің бағалауы бойынша оқушының мінез-қүлқындағы ерекшеліктерді анықтау.

 

 

 

 

 

 

Гистограмма арқылы оқушыларды бағалау үшін, төмендегі бағалар қойылады: 3 (жақсы), 2 (қанағаттанарлық), 1 (сын аралығы), 0 (қанағаттананрлықсыз).

Соңында осы қойылған бағалар қосылып, гистограмма мазмүны бойынша 15-ке бөлінеді. Сонда эр оқушының тэрбиелік деңгейі бойынша жинаған үпайы шығады. Егер оқушы (3) не одан көп ұпай жинаса, ол оқушы (3) не одан көп үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесі „Жақсы,, егер 2,5 — үпай жинаса ол оқушының тэрбиесі „Қанағаттанарлық,, 1-1,5 үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесін „сын аралығында,, — деп бағалаймыз. Егер оқушы 1-1,5 ұпайдан томен жинаса, ол оқушының тэрбиесін „Қанағаттанарлықсыз,, — деп бағаланады. Осындай баға алған оқушыларды „қиын балалар,, тобына жатқызамыз. Бала бойындағы қиындықтар эртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Бүл кезеңде балалар бүзықшылықты саналы түрде жасамайды, сондықтан оны бала бойынан тез жою мүмкіндігі бар. Ол үшін баланың мінез-қүлқындағы қиындықтарды анықтап, арнайы эдістермен түзету жүмыстарын жүггізу керек болады.

Біріншіден, эр тоқсанда бір немесе екі пэннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет деп ойлаймыз. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тэртібі напіар болмас алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пэндерден үлгермейтіні ақиқат;

Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны дүрыс жолға қою мэселесін піепіу қажет;

Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықтты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі 03 сыныбында басбүзар, ірітушілер жэне озі сияқты бүзақылардың жетекшісі болып келеді;

Тортіншіден, ата-аналармен жэне достарысен эңгімелесу арқылы тэрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-түратынын, қандай топтар да, орта да болатынын анықтау. Себебі дэл сол бейресми топтар да арқылы олар темекі шегу, арақ ііпу, қүмарлық ойындарын (компьютер, автомат ойындары) ойнауды эдетке айналдырады.

Сонымен   осы   гистограмма   бойынша   үпі   сыныпта   мінез-қүлқында қиыншылығы бар І^оқушы іріктелініп алынады.

 

Оқушы мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық — педагогикалық әдебиеттерде, тәрбиелеудің негізгі екі арнасы бар екені көрінеді. Біріншісі — оқушының өз іс-әрекетінің қателіктеріне көзін жеткізу, екіншісі — жақсы әдет ғүрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір-бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, оқушы мінезі саналылық жолға бағытталады.

Оқушылардың мінез-қүлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді үсынамыз:

  1. Окушының тәртібін сабақ үстінде  және  сабақтан тыс кезенде бақылау;
  2. Оның қызметін талдау(Әр пән бойынша дәптерлері бақылау
    жүмыстары, шығармалары т.б.)
  3. Оқушымен оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;
  4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтардың пайда болу себептерін анықтау барысында, біз мынандай әдістерді қолдандық «Отбасы суреті», «Әңгімелесу», Қарым-қатынас деңгейін анықта, Аизенк тесті, Мектеп оқушы көзімен т. б,

Әңгімелесу

Мақсаты: Оқшылармен әңгімелесу барысында темперамент және мінез-қүлқындағы ерекшеліктерді анықтау Әнгіме барысы: Оқушылармен әңгімелесу үшін 15 сүрақ қүрастырылды. Әңгіме тақырыбы — «Мен және мені қоршаған орта». Алынған нәтиже арнайы диаграммаға белгіленеді. Диаграмма әрбір оқушыға жеке-жеке қүрылады. Мінез   ерекшеліктері   мынандай   сандармен   белгіленеді:   1- көпшілік, 2-үйымшылдық, 3-өзімшілдік, 4-шыншыл, 5-өтірік айту, 6-үқыптылығы, 7- түйықтығы, 8-сезімталдығы, 9-табандылығы,   10-қарым-қатынасы.   Әңгімелесу   кезеңі   25 минуттан аспауы тиіс. Сүрақтар

  1. Өзің жайында әңгімелеп бер.
  2. Ата-анаң, достарың жөнінде әңгіме.
  3. Бос уақытында немен айналысасың?
  4. Бос уақытыңды кіммен өткізгенде үнатасың?
  5. Сен үйіңе қонақ келгенді үнатасың ба?
  6. Сен үйде мамаңа көмек бересің бе?
  7. Сенің тілектерің үнемі орындала ма? Неліктен?
  8. Сен де   киноға   екі   билет   бар.    Сен   кионға кімді шақырасың?
  9. Сен 93 сүрақтарыңа өзің жауап бере аласың ба?

 

  1. Жаңа достарыңның болғанын үнатасың ба?
  2. Қоғамда болып жатқан өзгерістер сені ойландыра ма?
  3. Өзіңнің бойыңдағы қандай қасиеттерді өзгерткің келеді?
  4. Достарыңды жиі ренжітесің бе?
  5. Үлкейгенде кім болғың келеді? .
  6. Егер де саған шел далада, Африкада нсмесе өз
    Отаныңда түруды үсынса қай жерді қалайсың? Неге?

Арайлым

 

Арайлым әңгіме барысында, өзін ұқыпты ұстады. Мінез ерекшеліктерінде табандылық, қырсықтық байқалды. Қойылған сұрақтарға шынайы жауап беруге тырысты.

 

Саламат

Саламат өте тынымсыз. Сұрақтарды анық тыңдамады. Әңгімелесу барысында жан-жағына қараумен болды. Өзіне сенімді Саламатты холерик типіне жатқызуға болады.

 

 

 

 

Алмас

Алмас бір тақырыптан  келесі  тақырыпқа  тез   ауытқып кетеді. Тынышсыз, даусы сазды, тартымды. Үнемі күліп отырады. Алмастың темпераменті — сангвиник.

Айбек

Айбек  әңгімелесу кезінде бір орында отары алмады. Үнемі басқа жаққа аландаумен болды. Айбек — флегматик.

Назира

 

 

 

Назира әңгіме барысында өте тез сөйлейді. Сұрақтарды әсемдеп, көркемдеп жауап беруге тырысты. Жауап беру кезінде бойында үрей, қорқыныш байқалды. Темперамент типі — сангвиник.

Арман

Арман тынымсыз, бір орында отыра алмайды. Ерке, өзімшілдігі басым, көбінесе өзі жайында  әңгімелейді. Дауысы тартымды, сөзі жатық. Осы көрсеткіштер бойынша оны сангвиник қатарына жатқызамыз.  

 

Мақпал

 

 

 

 

 

Мақпал ақырын, жай сөйлейді, ұялшақ, сұрақтарға жауап бергенде қызарып кетеді. Бұл көрсеткіш оның меланхолик екенін байқатты.

 

Мейіржан

Мейіржан әңгіме барысында қызарып отырды. Қойылған сұрақтарға ойланып жауап береді. Мейіржан көпшіл емес. Өте ұқыпты, қырсық, сезімтал. Мейіржан — меланхолик. Осылай   әрбір   оқушыға   жеке-жеке   диаграмма   құрылып, оның темперамент ерекшеліктерін және  мінез-құлқында кездесетін   қиындықтарды анықтауға болады.

Әрбір  оқушының  жеке  басын  тәрбиелеудің  стратегиясын   білу  үшін  сынып  жетекшісі   тек  қана  оның  күшті  және   әлсіз  жақтарын  біліп  қоймай,  сонымен  қатар  оның  оқитын,  тұраты  жерін  және  қарым – қатынас  жасайтын   жақтарын  білу  қажет.  Ол  үшін  олардың   ата – аналарымен  тығыз  байланыста   болу  қажет:  әңгімелесу, ата – аналар  жиналысы,  анкеталық  сұрақтар  қою,  ата – аналардың  психологиялық,  педогогикалық  білімдерінің  деңгейімен  танысу.  Оқушының  ары  қарай  жетілуінің  бағдарламасын  құрмастан  бұрын,  мұғалім  оған  әр  түрлі  әдіс – тәсілдер  арқылы  өзіндік  бағалау  және   өзіндік  талдау  жасауға  көмектеседі.  Бұл  мақсаттарда  мына  тақырыптарға  әңгіме  жүргізуге    болады:  “Мен  кіммін?”,   “Мен  қандаймын?”,  “Мені  түсіну   үшін  не  істеу  керек?” “Менің  досым”    “қарым – қатынас  деңгейін  анықтау”,  “Мектепке   қалай  қарайсың”,  “Сен  досыңа  жол  бере  аласың ба”,  “Мектеп — оқушы  көзімен”,  т.б.

      Мінез  — құлқында  қиындығы  бар  оқшылары  үшін   жоғары  деңгейдегі  эмоционалды   қозғыштық  тән  екендігін  байқауға  болады.  Оқушылардың  мектеп   өмірін  эмоционалды   қабылдауын  анықтау  барысында   біз   6  сынып  оқушыларымен   мынадай  сауалдама   өткіздік: 

  1. Мектепке сен  қандай  көңіл  күймен  келесің?  Неге?
  2. Саған  өз  ұстазың,  сыныптас  достарың  ұнайды ма?
  3. Ата – анаң сенің  мектепке  баруыңды  қадағалап  отырады  ма?

                Сауалнама  нәтижесі: 

Сыныптар

Көңілді

Көңілсіз

Бір  қалыпты

6а

90%

0

10%

6в

85%

5%

10%

6е

70%

8%

22%

Оқушы  мінезін   тәрбелеудің  сан  қырлы  жолдары  бар   писихологиялық – педогогикалық   әдебиеттерде  тәрбиелеудің  негізгі  екі  арнасы  бар  екені  көрнеді.  Біріншісі – оқушының  іс — әрекетінің   қателіктеріне   көзін  жеткізу,  екіншісі – жақсы   әдет  ғұрыпқа  дағдыландыру.  Осы  екі  жолды  қатар бір – бірінен  ажыратпай  байланыстыра  жүргізсе,  оқушы  мінезі    саналылық  жолға  бағытталады.  Оқушылрдың  мінез – құлқынның  ерекшеліктерін  анеықтау  үшін  төмендегі  тәсілдерді  ұсынамыз: 

  1. Оқушының  тәртібін   сабақ  үстінде   және  сабақтан  тыс  кезеңде   бақылау:
  2. Оның  қызметін  талдау  (әр  пән  бойынша   дәптерлері,  бақылау  жұмыстары,  шығармалары  т.б.):
  3. Оқушымен оны  не  қызықтырады  және  жақсы   көретін   сабақтары  жөнінде  әңдімелесу: 
  4. Достары  жөнінде  әңгіме  жүргізу. 

    Оқушылардың  мінез – құлқындағы   қиыншылықтардың  пайда  болу  себептерін  анықтау  барысында,  біз  мынандай  әдістерді  қолдандық:  “Отбасы   суреті”,  Әңгімелесу,  қарым – қатынас  деңгейін  анықтау, Айзенк  тесті,  мектеп – оқушы  көзімен,  досыңа  жол  бере  аласың  ба?  Т.б. 

“Отбасы”  суреті. 

Мақсаты:  Отбасы   ішілік   қарым – қатынас  ерекшеліктерін   анықтау. 

Алдымен  оқушыларға: “Оқушылар сендер  үйде  кіммен  тұрасыңдар,  Отбасы  мүшелерін  салыңдар” – деген  тапсырма   беріледі.  Суретті  талдау  барысында,  оқушының   отбасы  мүшелерін  қалай  суретегеніне   көңіл  бөлу  керек.

                 “Отбасы”  cуретті  бойынша  алынған   нәтиже.    

 

Оқушы  ата – анасының  ортасында

Оқушы  әкесіне  немесе  анасына  жақын

Оқушы  екеуінен  де  алшақ

2

4

2

 

 

Гистограмма арқылы оқушыларды бағалау үшін, төмендегі бағалар қойылады: 3 (жақсы), 2 (қанағаттанарлық), 1 (сын аралығы), 0 (қанағаттанарлықсыз).

Соңында осы қойылған бағалар қосылып, гистограмма мазмүны бойынша 15-ке бөлінеді. Сонда эр оқушының тэрбиелік деңгейі бойынша жинаған үпайы шығады. Егер оқушы (3) не одан көп ұпай жинаса, ол оқушы (3) не одан көп үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесі „Жақсы,, егер 2,5 — үпай жинаса ол оқушының тэрбиесі „Қанағаттанарлық,, 1-1,5 үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесін „сын аралығында,, — деп бағалаймыз. Егер оқушы 1-1,5 ұпайдан томен жинаса, ол оқушының тэрбиесін „Қанағаттанарлықсыз,, — деп бағаланады. Осындай баға алған оқушыларды „қиын балалар,, тобына жатқызамыз. Бала бойындағы қиындықтар эртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Бүл кезеңде балалар бүзықшылықты саналы түрде жасамайды, сондықтан оны бала бойынан тез жою мүмкіндігі бар. Ол үшін баланың мінез-қүлқындағы қиындықтарды анықтап, арнайы эдістермен түзету жүмыстарын жүггізу керек болады.

Біріншіден, эр тоқсанда бір немесе екі пэннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет деп ойлаймыз. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тэртібі напіар болмас алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пэндерден үлгермейтіні ақиқат;

Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны дүрыс жолға қою мэселесін піепіу қажет;

Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықтты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі 03 сыныбында басбүзар, ірітушілер жэне озі сияқты бүзақылардың жетекшісі болып келеді;

Тортіншіден, ата-аналармен жэне достарысен эңгімелесу арқылы тэрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-түратынын, қандай топтар да, орта да болатынын анықтау. Себебі дэл сол бейресми топтар да арқылы олар темекі шегу, арақ ііпу, қүмарлық ойындарын (компьютер, автомат ойындары) ойнауды эдетке айналдырады.

Сонымен   осы   гистограмма   бойынша   үпі   сыныпта   мінез-қүлқында қиыншылығы бар І^оқушы іріктелініп алынады.

 

Оқушы мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық — педагогикалық әдебиеттерде, тәрбиелеудің негізгі екі арнасы бар екені көрінеді. Біріншісі — оқушының өз іс-әрекетінің қателіктеріне көзін жеткізу, екіншісі — жақсы әдет ғүрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір-бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, оқушы мінезі саналылық жолға бағытталады.

Оқушылардың мінез-қүлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді үсынамыз:

  1. Окушының тәртібін сабақ үстінде  және  сабақтан тыс кезенде бақылау;
  2. Оның қызметін талдау(Әр пән бойынша дәптерлері бақылау
    жүмыстары, шығармалары т.б.)
  3. Оқушымен оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;
  4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтардың пайда болу себептерін анықтау барысында, біз мынандай әдістерді қолдандық «Отбасы суреті», «Әңгімелесу», Қарым-қатынас деңгейін анықта, Аизенк тесті, Мектеп оқушы көзімен т. б,

Әңгімелесу

Мақсаты: Оқшылармен әңгімелесу барысында темперамент және мінез-қүлқындағы ерекшеліктерді анықтау Әнгіме барысы: Оқушылармен әңгімелесу үшін 15 сүрақ қүрастырылды. Әңгіме тақырыбы — «Мен және мені қоршаған орта». Алынған нәтиже арнайы диаграммаға белгіленеді. Диаграмма әрбір оқушыға жеке-жеке қүрылады. Мінез   ерекшеліктері   мынандай   сандармен   белгіленеді:   1- көпшілік, 2-үйымшылдық, 3-өзімшілдік, 4-шыншыл, 5-өтірік айту, 6-үқыптылығы, 7- түйықтығы, 8-сезімталдығы, 9-табандылығы,   10-қарым-қатынасы.   Әңгімелесу   кезеңі   25 минуттан аспауы тиіс. Сүрақтар

  • Өзің жайында әңгімелеп бер.
  • Ата-анаң, достарың жөнінде әңгіме.
  • Бос уақытында немен айналысасың?
  • Бос уақытыңды кіммен өткізгенде үнатасың?
  • Сен үйіңе қонақ келгенді үнатасың ба?
  • Сен үйде мамаңа көмек бересің бе?
  • Сенің тілектерің үнемі орындала ма? Неліктен?
  • Сен де киноға   екі   билет   бар.    Сен   кионға кімді шақырасың?
  • Сен 93 сүрақтарыңа өзің жауап бере аласың ба?

 

  1. Жаңа достарыңның болғанын үнатасың ба?
  2. Қоғамда болып жатқан өзгерістер сені ойландыра ма?
  3. Өзіңнің бойыңдағы қандай қасиеттерді өзгерткің келеді?
  4. Достарыңды жиі ренжітесің бе?
  5. Үлкейгенде кім болғың келеді? .
  6. Егер де саған шел далада, Африкада нсмесе өз
    Отаныңда түруды үсынса қай жерді қалайсың? Неге?

 

Әрбір  оқушының  жеке  басын  тәрбиелеудің  стратегиясын   білу  үшін  сынып  жетекшісі   тек  қана  оның  күшті  және   әлсіз  жақтарын  біліп  қоймай,  сонымен  қатар  оның  оқитын,  тұраты  жерін  және  қарым – қатынас  жасайтын   жақтарын  білу  қажет.  Ол  үшін  олардың   ата – аналарымен  тығыз  байланыста   болу  қажет:  әңгімелесу, ата – аналар  жиналысы,  анкеталық  сұрақтар  қою,  ата – аналардың  психологиялық,  педогогикалық  білімдерінің  деңгейімен  танысу.  Оқушының  ары  қарай  жетілуінің  бағдарламасын  құрмастан  бұрын,  мұғалім  оған  әр  түрлі  әдіс – тәсілдер  арқылы  өзіндік  бағалау  және   өзіндік  талдау  жасауға  көмектеседі.  Бұл  мақсаттарда  мына  тақырыптарға  әңгіме  жүргізуге    болады:  “Мен  кіммін?”,   “Мен  қандаймын?”,  “Мені  түсіну   үшін  не  істеу  керек?” “Менің  досым”    “қарым – қатынас  деңгейін  анықтау”,  “Мектепке   қалай  қарайсың”,  “Сен  досыңа  жол  бере  аласың ба”,  “Мектеп — оқушы  көзімен”,  т.б.

      Мінез  — құлқында  қиындығы  бар  оқшылары  үшін   жоғары  деңгейдегі  эмоционалды   қозғыштық  тән  екендігін  байқауға  болады.  Оқушылардың  мектеп   өмірін  эмоционалды   қабылдауын  анықтау  барысында   біз   6  сынып  оқушыларымен   мынадай  сауалдама   өткіздік: 

  1. Мектепке сен  қандай  көңіл  күймен  келесің?  Неге?
  2. Саған  өз  ұстазың,  сыныптас  достарың  ұнайды ма?
  3. Ата – анаң сенің  мектепке  баруыңды  қадағалап  отырады  ма?

                Сауалнама  нәтижесі: 

Сыныптар

Көңілді

Көңілсіз

Бір  қалыпты

6а

90%

0

10%

6в

85%

5%

10%

6е

70%

8%

22%

 

 

Оқушы  мінезін   тәрбелеудің  сан  қырлы  жолдары  бар   писихологиялық – педогогикалық   әдебиеттерде  тәрбиелеудің  негізгі  екі  арнасы  бар  екені  көрнеді.  Біріншісі – оқушының  іс — әрекетінің   қателіктеріне   көзін  жеткізу,  екіншісі – жақсы   әдет  ғұрыпқа  дағдыландыру.  Осы  екі  жолды  қатар бір – бірінен  ажыратпай  байланыстыра  жүргізсе,  оқушы  мінезі    саналылық  жолға  бағытталады.  Оқушылрдың  мінез – құлқынның  ерекшеліктерін  анеықтау  үшін  төмендегі  тәсілдерді  ұсынамыз: 

  1. Оқушының  тәртібін   сабақ  үстінде   және  сабақтан  тыс  кезеңде   бақылау:
  2. Оның  қызметін  талдау  (әр  пән  бойынша   дәптерлері,  бақылау  жұмыстары,  шығармалары  т.б.):
  3. Оқушымен оны  не  қызықтырады  және  жақсы   көретін   сабақтары  жөнінде  әңдімелесу: 
  4. Достары  жөнінде  әңгіме  жүргізу. 

    Оқушылардың  мінез – құлқындағы   қиыншылықтардың  пайда  болу  себептерін  анықтау  барысында,  біз  мынандай  әдістерді  қолдандық:  “Отбасы   суреті”,  Әңгімелесу,  қарым – қатынас  деңгейін  анықтау, Айзенк  тесті,  мектеп – оқушы  көзімен,  досыңа  жол  бере  аласың  ба?  Т.б. 

“Отбасы”  суреті. 

Мақсаты:  Отбасы   ішілік   қарым – қатынас  ерекшеліктерін   анықтау. 

Алдымен  оқушыларға: “Оқушылар сендер  үйде  кіммен  тұрасыңдар,  Отбасы  мүшелерін  салыңдар” – деген  тапсырма   беріледі.  Суретті  талдау  барысында,  оқушының   отбасы  мүшелерін  қалай  суретегеніне   көңіл  бөлу  керек.

                 “Отбасы”  cуретті  бойынша  алынған   нәтиже.    

 

Оқушы  ата – анасының  ортасында

Оқушы  әкесіне  немесе  анасына  жақын

Оқушы  екеуінен  де  алшақ

2

4

2

 

Мінез-құлқы  қиын   балалардың  жеке   басының  дамуында өзіндік бағалау үлкен рөль атқарады.

Өзіндік бағалауы теңбе-тең (адекватное) оқушыларға тән қасиеттер: белсенділік, тапқырлық, сергектік олар қарым-қатынасқа тез түседі. Ойын, сабақ үстіндегі жеңілістеріне ренжімейді, жеңген уақытта басқаларды ызаландырмайды. Ал, өзіндік бағалауы жоғары оқушыларға тән қасиеттер, олар, қандайда бір іс-әрекетке қатысуға қорқады. Қатысқан жағдайда ренжіп кетіп қалады.

Олар әрдайым барлық жерде бірінші болуға тырысады. Егер бұл орындалмай қалса жүректеріне жақын қабылдайды, өзіндік бағалауы өте жоғары оқушылар барлық жерде лидер болуға ұмтылады. Мұндай балалардан: «Мен ең жақсы оқушымын (әдемімін, мықтымын). Сендердің барлықтарың мені тыңдауларың керек!» — деген сөздерді жиі естуге болады.

Өзіндік бағалауы төмен оқушыларға ұялшақтық қасиет тән. Шетелдік психолог Ф.Зимбардо [48] бұл кұбылысты зерттеп өз жұмысында көрсеткен.

Ұялшақтық  дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтын оқушыларға тән  қасиет болып табылады (Н.В.Клюева,                        Ю.В. Касаткина).

Ф.Зимбардо [48] ұялшақтықтың келесі қасиеттерге алып келетіндігін көрсетеді:

  • Ұялшақтық жаңа      адамдармен      кездескенде      және танысқанда қиындыққа соқтырады;
  • Өз құқығын, пікірін айтуға кедергі келтіреді,
  • Тұйықтыққа алып келеді.
  • Жалғыздықты сезіну және мазасыздану, депрессия сияқты сезіммен беріледі. Ұялшақтық — адамдардан қорыққандықтан да пайда болады, балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу қажет деп есептелінеді.

Ұялшақтық  оқушылардың  өзіндік бағалауларына да әсер етеді- [51].

4-сурет. Өзіндік бағалауы төмен оқушылар.

 

Мінез – құлқында  қиындығы  бар   оқушылар (6 – шы  сыныптар)

Аты — жөні 

Ең қиын

Тыншссыз

Үлгері мі

нашар

Ұялшақ

Қырсық

Қарым

қатнаы нашар

Өтірік айтады

қорқақ

1

Саламат 

+

 

+

 

 

+

 

 

2

Айбек 

 

 

 

+

 

 

 

+

3

Алмас

 

 

+

 

+

 

 

 

4

Арман

+

+

 

 

+

+

 

 

5

Миіржан 

+

 

 

 

+

 

 

 

6

Арайлым

 

+

+

 

 

+

+

 

7

Назира

 

 

 

+

 

 

 

+

8

Мақпал

 

 

+

 

 

 

 

+

 

2.3.   Қиын балаларды  қайта тәрбиелеу және коррекциялау жолдары

Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.

Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген және оны ұрына білген. Мысалы, «Баланды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға -ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла» деген ғибраты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан – сезімін  түсіну, ұғыну, оған көмектесу.

Орта білім дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

Осынау өмірдегі әрбір жасеспірімге тән қасиет — ешкімге бағынышты болмай, қатар — құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін кенілді еткізу. Ол «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымдарының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын  төрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай  қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа  бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, ‘тәрбиесі қиын балалар» әдетте өмір -әжірибесінің таяздығынан, ерік-күшін  аздығынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тардырдың тәлкегіне түседі.  Қиын» балалар ұғымы  1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Ал қазір мұндай жасөспірімдер көп.

«Қиын» оқушыларды екі топқа бөлуге болады:

Біріншісі – тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар оқушылар.

Екіншісі — отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінэн мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

Мектеп жағдайында қиын оқушыларды зерттегенде алдымен олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.

  1. Темпераменті, жьныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)
  2. Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері(ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция  қабылдау  және ойлау биологиялық ерекшеліктері)
  3. Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дардысы, іскерлігі мен ептілігі.
  4. Жеке адамның жаппы барыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі.
  5. Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.

     Тәрбиесі қиын балалардың пайда болуына бірден — бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын — отбасы тәрбиесі. Оның бастылары:

-біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау;

-екіншіден, баланың бар жағдайынжасау,   яғни   мұң  -мұқтажын толығымен орындау;                                                                  -үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қапыптастырмау;

-төртіншіден,   отба­сындағы жағдай және отбасының әлеуметтік жағдайы,

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.

Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі кемшіліктерд: төмекдегіше топтауға болады.

  1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Оқушылардың дара ерекшеліктеріне,   адамгершілік қасиеттерінің ауытқу себептеріне толық көңіл  аудармауы.  Ұжым  арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың  бос уақыттарын  тиімді ұйымдастырмауы.
  2. Тәрбиесі «қиын» оқушылармен тіл табыса алмауы яғни, жеке педагогикалық ықпалдар жасай   алмаудан   барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдану: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыфз жазалау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту, т.б. Дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, балаға кері әсерін тигізеді.
  3. Кейбір педагогтердің психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби шеберлік дәрежесінің төмен болуы да себеп болады.

         Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде мұғалім ең басты оқушылармен психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі керек. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жандүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.

Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас мынадай жағдайларда сәтті дамиды:

  1. Егер жеткіншек үлкендердің әрекетеріне шын ниетімен қолғабыс көрсетс;
  2. Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе;
  3. Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің існе қатыстырып, керекті ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе.

Осындай түйіспе жасау үшін мұғалім балалардың әр жағдайдағы қылықтарын жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық сипатын сәйкестендіру қажет.

Мектепте оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі – сынып жетекшілері. Сынып жетекшілер жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдасып, ата-аналармен және жұртшылықпен бірлесе отырып, жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ғана ие бола алады. сондықтан әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыруы қажет.

Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты біліп, олардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға өнерге бейімділігін т.б. ескеруі керек. Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: сынып жетекшілері әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды көтермейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан, ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады»,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «адам» болып қалыфптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең жауапкершілігі күрделі процесс екенін ұқтырса керек.

Тиімді тәжірибелі педагог ұзақ жылғы бай тәжірибесін бала тәрбиесіне орынды жұмсай білсе, бұл салада оң нәтижелерге қол жеткізуі сөзсіз. Ал, керісінше, әйтеуір күнім өтсе болды деп, жалақының ықпалында кетсе, бұдан өзгелер үлгі аларлықтай бір нәрсе шыға қоюы қиын. Қысқасы бұл кәсіп енжарлық пен селқостықты, жүрдім-бардым тірлікті көтермейтін кәсіп.

Бүгінгі тәрбиеге бүгінгі қоғамға келсек, бүгінде оқушыларды ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың. Олар өз тәжірибесінен бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда сауатты. өйткені олар куүнделікті теледидарды қалт жібермейді, гаезт-журналдардың сан алуан ақпараттардан да хабардар. Бұл балаларға тәрбиеден бас қатырудың шамалы деген сөз емес. Олай десек қатты қателесеміз. Жаңағы айтқан ақпарат көздері ендігі жерде тәрбие істерін жеңілдетіп қана қоймайды, керісінше жаңа мәселелерге жол ашады.

Психологиялық түзету жұмыстары психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті.

Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиыншылықтарды анықтап алған соң дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белігілі: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқытуда неден қиналады, сынып ұжымымен және ұстаздармен қарым-қөатынасы қалай, оның өзіндік тұлғалық ерекшеліктері. Осындай ерекшеліктерін есепке алу – оған дұрыс диагноз қою мен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні белгілі жайт.

Зерттеу барысында біз оқушылардан бойынан мынадай қиындықтарды анықтадық: дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, жасқаншақтық т.б. осы анықталған қиындықтары түзету үшін оқушылармен тренинг сабақтар, рольдік сюжеттік ойындар, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелер жүргізілді. Бұндай ойындар біздің зерттеуімізде түзету коррекция мақсатын көздейді. Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу тәрбие жұмысында мінез-құлқында қиындығы бар балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады.

Біріншіден, мектеп жоспарында, қиын балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар болуы керек. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс бағдарламасының болуы. Осындай  бағдарламада қиын балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғаштау, сабаққа қызығушылығын арттыру, қандай бір істерде оларды ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы тиіс.

Оқушылардың бойынан анықталған қиындықтарды түзету мақсатында жүрігізлген жұмыстарымыз бойынша біз ұстаздарға, мектеп психологтарына арнап арнайы бағдарлама құрдық.

Бағдарлама мақсаты:Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, ұялшақтық) түзету.

Бағдарлама міндеті:

  • өзін және басақаларды сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету;
  • Оқушының өзіне деген сенімін арттыру;
  • Өз жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше орындауға дағдыландыру. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады. (№1 қосымшада көрсетілген.)

Ғұлама Әл-Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді-өзің түсіну» десе, К.Маркс «Өзіңді-өзің тану» даналықтың бірінші белігіс деп ескертеді.

«Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді» деген неміс психологы Н.Энкельман.

Балалардың өз мүмкіндіктерін өздігінен тануы негізінде дұрыс қарым-қатынасқа үйретуді, бойларында кездесетін ұялшақтықты, жасқаншақтықты жоюды алдымызға мақсат етіп қойып «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жасады.

 Егерде олардың ішкі жан дүниесі «табиғатын» біле-білсек, соғұрлым қиын баланың  мінез-құлықтарындағы  адамгершілік шағын ғана сыр сипатын бөлектеп алып, соған негіздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға  мүмкіндік туғызу қажет. Осыған орай, қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:

  • әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын анықтау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу;
  • әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра  біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;
  • әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тіліктеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру;
  • кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

Әрбір  қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі – этикалық әңгімелесу, ол оқушынызерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.

Әңгімелесу — оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құрал.  Оқушының жеке уаым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, жанұя жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтары жайлы этикалық  мәселелерді оқушылар ұжымы арасында жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі психолог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әртүрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның обьетивті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескертетін ерекшелік, қиын бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз арнайы әңгімелерге тарта беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық көрсетеді. Қиын жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану  әрекеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректікке итермелеп, дау-жанжалдасуға, дөрекілікке, қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерді ескерген жөн.

Сонымен, қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде көңіл аударарлық әдіс – олардың бейім-қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық талаптар қою. Көптеген қиын оқушылардың мінез-құлықтар стеротипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде олардың ұнамды психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға  болар еді.

Қиын балалардың типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық, қыңырлық, менмендік, өзімшілдік.

Көп ретте, отбасындағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайында жеткіншектердің жеке басын сыйламаушылық, мұғалімдер мен қиын оқушылардың арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, мектепке бармай қаңғыбастыққа душар етеді.           

Педагогикалық шешім:

  1. Әрбір қиын баланы;жан-жақты зерттеп , мінез-құлығының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.
  2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз- қарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.

3Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық
талап-тілектеріне орай қабілеттімен икемшіліктерін   дамыту, қоғамдық
жұмыстарға қатыстыру. 

  1. Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатьінастарында     ұсқынсыз ауытқушылықтар болса,  дер кезінде қол ұшын беріп,  одан  сақтандыру,  оны туғызатын себептерді жою:

5-Дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу- тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және жеке басын сыйлау, оның  дамуына объективті жағдайлар туғызу.  

6) отбасында,  мектепте,қоғамдық орындарда қандайжағымсыз  әдет-дағдылар
баланың мінез-құлқына, жүріс тұрысына әсер ететіндігін анықтау.

7) қиын баланыңбағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.        .        :

8)      дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгешілікті сыр сипатын, оқу. тәрбие процесінде дамытуды  ұйымдастыру мен басқаруда және жеке басын сыйлау,оның дамуына обьективтіжағдайлар туғызу.

         Қазіргі таңда педагогтардың басты міндеті оқушыны тек білім нәрімен сусындату емес, сонымен қатар оның адамгершілік қасиеті мен мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде баланың бос уақытын тиімді өткізуіне, демалуына жағдай туғызу болып табылады. Міне, сондықтан қай кезде болмасын мектептің талаптары мен моральдік нормаларын орындамайтын оқушылармен жұмыс жасау ең қажетті, ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады.

Мұндай жасөспірімдерді мектеп практикасында «Қиын балалар», «Тәртібі нашар балалар», «Тәрбиесі қиын балалар» дейді.

Қазір бұл кеңестік кезден келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шет елдерде дәл осы ұғымды «девянтное поведение» деп те жүр. Орыстарда «отклоняющиеся поведение» немесе «группа риска» дейді, бірақ бұл ұғым көңілге тиетіндей ауыр анықтама.

Ғылыми зерттеу шараларының қорытындысы бойынша және күнделікті өмірде көргеніміздей дәл осындай балалардың оқуға деген ынтасы нашар болады. Олар мұғалімге де, басқа оқушыларға да кесірін тигізеді. Көпшілік бұзақылар мен қылмыскерлер де дәл осындай контингенттен шығады. Мұндай балаларды болдырмау және оның алдын – алу мектепте немесе жазғы сауықтыру лагерлерінде болсын педагогтардың іскерлігі мен білімділігіне байланысты.

Жазғы демалысты өткізу – мемлекеттік тұрғыдағы мәселе. Сондықтан бұған аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жазғы дәмалысты талдағанымызда, біз тек қана жоғары деңгейде ұйымдастыру жақтарын емес, физикалық, психологиялық және әлеуметтік дені сау тұлғаны қалыптастыру жақтарын басты міндетімізге айналдыруымыз керек былайша айтқанда жан-жақты тәрбие беру жолдарын қарастыруымыз қажет.

Жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәрбие жұмыстарын жоспарлағанда мына нәрсені ұмытпауымыз керек Бала дүниеге келгенде оның балалық шақ кеңістігінде адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.

         Тәрбие — жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиеші оның құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие, алдын ала жасалған арнайы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Тұлғаның даму процесінде ең қажетті әдіс — өзін — өзі тәрбиелеу.

Бұл әдіс оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез — құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекеттеріндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні өзінің тұлғалық сапаларын  дамытудағы ерік-жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Тәрбиеші оқушының білімін, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым көмектесіп отырады.

Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы — бұл тәрбиешілер мен балалардың бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеші ұжымдық шығармашылық істе игереді. Ұжымдық шығармашылық іс — бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.

Қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.

Мектепте немесе жазғы лагерьлерде болсын: «Әр оқушыға — қоғамдық іс» деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында окушыларды еңбектің алуан түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі ке­рек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пай­далы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым — қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.

Оқушыларды өнерге тарту.

Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары берік енген. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, оқушылар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.

Тәрбиешілер бұл процесті әр оқушының қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.

         Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс    оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.

         Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.

Тәрбие — педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың   нәтижесін   арттыру   одан   да  күрделі мәселе. Лагерь жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне бай­ланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі    тандағы   қоғамдағы   ірі   өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшіне  түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу-тәрбие   үрдістерін   жақсартудың   баламалы   жолдарын іздестіруді талап етеді.

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап «реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреуінің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез-қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Сондықтанда бала бойында, яғни мінез-құлқында байқалатын қиындықтарды дер кезінде анықтап, арнайы түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сонымен зерттеу барысында біз таңдап   алған тақырып бойынша теориялық зерттеулер мен практикалық бақылау нәтижесінде жеткіншек жас оқушыларының мінез-құлқында қиыңдықтардың (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, жасқаншақтық, т.б.) бар екені    анықталды. Зерттеу барысында    оқушылардың    жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліңді. Бала   бойындағы   қиындықтардың пайда болу    себептері    біріншіден, отбасы    тәрбиесінен    десек, екіншіден мектептегі оқу-тәрбие жұмыстардағы кемшіліктермен сипатталатынын анықтадық.

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу тек қана мұғалімнің ғана міндеті емес, сонымен қатар ата-аналардың да міндеті болғандықтан ата-аналармен де жүргізілетін жұмыстарға тоқталдық.

Адам      бойындағы      таза      қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдық алар орны ерекше екендігі ежелден мәлім қағида. Отбасының рухани тірегі ата — ана.Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі     тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық   кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсету ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалары сөзсіз. Мектепке балалалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу — тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шындау үшін бағытталады. Міне, осы орайда оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез-әдеттерді жою    талабы психологиялық, педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділіктеріне байланысты. Ұстаз мамандардың балалармен тиімді қарым-қатынаста болуы,   әсіресе мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларға ерекше көңіл бөлуі қажет деп ойлаймыз.

Зерттеу   жұмысымызда жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың  теориялық негіздері қарастырылды. Оқушының мінез-құлқында қиындықтарды (2 кесте) анықтап, оларды белгілі бір топтарға ж:іктедік. (3 кесте)

Сонымен жеткіншек жас оқушыларында пайда болатын қиындықтар:

  1. Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерге;
  2. Мектеп оқу – тәрбие процесіндегі процесіндегі кемшіліктер; оның ішінде мұғалім мен бала қарым-қатынас өзгешеліктеріне;
  3. Баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне;

Оқушыларды өзіндік бағалауларына байланысты екені анықталды.

Психолог, әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін саулықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағидасын жадымызда ұстап, зерттеу жұмысымыз бойынша анықталған киындықтарды дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу керек.

Сонымен жұмысымызды қорытындылай келе, оқушыда тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:

Оқушының өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.

Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз тентек етіп шығарады.   Дегенмен, қиын деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан «қиын» бала тәрбиесінде мына жайттарды ерекше есте ұстаған жөн.

  1. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып рухани дуниесін терең зерттеп білу, жүрекпен сезініп, оған қайырымды болу керек.
  2. Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін және мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
  3. Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
  4. Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
  5. Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды,
    ұстамды болу қажет.
  6. Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.
  7. Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.
  8. Орынсыз жазаламау керек.
  9. Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу қажет.
  10. Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.

 

Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі «қиын» жеткіншектерді тәрбиелеу — ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзіне асыруда ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

  1. Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары №12 (435) наурыз 2007 ж
  2. Болашақ Ш.Парманқұлова «Қиын бала» және отбасы тәрбиесі 2006 №20 мамыр 3 бет
  3. Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын балалармен жұмыс түрлері» №20 (305) мамыр 2006 ж
  4. Болашақ Оңалбай Е. «Психолог – тәрбие жұмысындағы жетекші тұлға» №14 (209) сәуір 2006 ж
  5. Хабаршы «Психология және социология» сериясы №2 (13)
  6. С.М.Жақыпов, Т.К.Күнсләмова «Жетекшідегі «мен» бейнесі және агрессивті мінез – құлық пен өзіндік бағалаудың байланысы.
  7. Выготский Л.С, «Педология подростка» Собр. Соч. М.1984 93-101 бет
  8. Парманқұлова Ш, Қиын бала және отбасы тәрбиесі/Парманқұлова Ш, //Болашақ.- 2006-№2. –С,№2-қаңтар
  9. Юсупов И. Қиын оқушы қайдан шығады ? Юсупов // Қазақстан мұғалімі .- 2006.- 1 Қараша.-Б5
  10. Қайырова Ж. Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары /Қайырова Ж.// Қазақстан мектебі – 2006 -№1 –С.62-67 бет
  11. Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары/Әбеуова И// Ұлағат – 2004-№5-26-30 бет –С.№5 26-30б Әлеуметтік психология
  12. Өтеген Қ. Девиантты мінез-құлықты балаларға сипаттама және оны анықтау жолдары /Қ.Өтеген// Бастауыш мектеп. – 2007 -№1 –Б.5-
  13. Қоянбаев ж., Қоянбаев м. «Педагогика» Алматы- 2000 ж.
  14. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы; «Санат» -1996 
  15. Волкова — Гаспарова Е. Особенности работы педагогов, психологов ДОУ с трудными детьми и их родителями. //Дошк. воспитания 1999 №3 33. Кермимов Л.К. «Қиын» балаларды тәрбиелеу мәселелері» Алматы – 1976 ж.
  16. Божович личности ее формирование в детском возросте.
  17. Сухоллинский в.а. «Балаға жүрек жылуы» Алматы, «Мектеп»-1976 ж.
  18. Овчарова «Практическая психология в начальнй школе» Москва–2001 г
  19. Жұмабаев М. «Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері»  Алматы – 1974 ж.
  20. Усманова «Трудный подросток» Алматы – 1996 г.
  21. Ахметжанова Н. «Қиын» балалар қылығының қыры» //Ұлағат 2000ж.№2
  22. Сәттімбекова М. «Мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелері» //Қазақстан мектебі 2000 ж.  №5-6
  23. Мұсырманова «Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы» //Қазақстан мектебі  2004 ж. №11
  24. Славина А.С. «Трудные дети» 1998 г.
  25. Сухомлинский В.А. «Коллективтің құдіретті күші» Алматы, «Мектеп» — 1979 ж.
  26. Әбенбаев «Сынып жетекшісі»  Алматы – 2003 ж.
  27. Сухомлинский В.А. «Мектептегі жас директормен сырласу».
  28. Қожахметова К.Ж. «Сынып жетекші»  Астана – 2002 ж.
  29. Макаренко «Ұстаздық дастан» Алматы – 1971 ж.
  30. Бейсенбаева Б.Р. «Жеке адамның дамуы, қалыптасуы» Алматы – 1991 ж.
  31. Қоянбаев «Жанұя және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы – 1990
  32. Болдырев «Сынып жетекшісі» Алматы – 1984 ж.
  33. Хмель Н.Д., Жанпейісова Қ.Қ. «Педагогика дәріс курсы» Алматы – 2003.
  34. Давыдов В.В. «Психическое развитие младших школников» Москва 1990
  35. Юсупов И.М. «Психология взаймопонимания»  Казан – 1991 г.
  36. Трифонов В.В., Керимов Л.К. «Трудный подросок» Алматы – 1989 г.
  37. Уманов Г.А., Парфенов А.В. «Бала бақыты» Алматы – 1978 ж.
  38. Иляшева Р.Г. «Алкоголизм родителей и здоровье детей»  алматы – 1987
  39. Серкебаев Қ. «Қиын» балаларға көмек» //Ұлағат  2005 ж. №4-5
  40. Ахметжанова «Мінез-құлқы қиын балалар»  // Ұлағат  2001 ж. №1
  41. Божович Л.И. «Личность и ее формирование в детском возрасте

М., 1968

  1. Изард К. «Эмоции человека» М., 1980.
  2. Левис Ш. «Ребенок и стресс» СП., 1997.
  3. Бютнер К. «Жить с агрессивными детьми» М., Педагогика, 1998.
  4. Психологические проблемы готовности детей к школьному
    обучению. М., 1991.
  5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании М., Владос, 1996.
  6. Запорожец А.В. Избранные психологические труды в 2т М., Н986.
  7. Леонтьев А.И. Деятельность. Сознании. Личность.
  8. Акимов Н.А. Природные предпосылки педагогических стилей у преподавателей начальных классов //Вопросы психологии
  9. Липкина А.И. Самооценка школьника М., Знание, 1976.
  10. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка М., 1977.
  11. Юсупов И.М. Психология взаимопонимания. Казань, 1991.
  12. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. М., ТЦ «Сфера»

55.Прихожан A.M. Психокоррекционная работа с тревожными детьми. М., 1990.

56.Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального развития личности ребенка. М.: Педагогика, 1988

  1. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. Алматы, Рауан, 1996.
  2. Гоноболин Психология. Алматы, Мектеп 1976.

59.Галиев. /Тәрбие құралы 2003, № 3

60.Е.Батталханов //Қиын оқушылармен жұмыс жүргізу //Тәрбие құралы 2004 №1,2

  1. Мұсырманов А. //Қиын балаға тәрбие беру жолдары. Болашақ 2004 №5
  2. Еникеев М.И. «Общая психология» Москва, 2000
  3. 63. Павелкив Р.В. Психологические особенности осознания младшими школьниками  своего поведения. Киев, 1990.

64.Венгер А.Л., Цукерман Г.А. Психологическое  обследование

младших школьников. Москва, Владос пресс, 2003

  1. Владос ИМПЭ им. А.С.Гриболдова 2001. (Психологические тесты Под.ред. А.А.Каремена: в 2 т. — М,:
  2. Жарықбаев Қ.Б. Психология, Алматы 2004
  3. Жарықбаев Қ.Б. Психология, Алматы 1993.
  4. 67. Елисеев О.П. «Практикум по психологии личности». Москва, 2000
  5. 68. Климов Е.А. Общая психология. Москва, 1999

69.Петровский А.В., Ярошевский М.Г. «Психология». Москва 2000.

  1. Абрамова Г.С. Возрастная психология. — Екатеринбург. 1999.
  2. Александров, А.А. Современная психотерапия. — СПб.: 1997..
  3. Андреева Г.М. Социальная психология. — М.: 1988.
  4. Беличева С.А. Основы превентивной психологии. — М.:1993.
  5. Берн Э. Игры, в которые играют люди: Психология человеческих взаимоотношений; люди, которые играют в игры: Психология человеческой судьбы.- М.:1998.
  6. 75. Бэрон Р., Ричардсон, Д. Агрессия. — СПб.: Изд-во «Питер». 1997.
    1. Бютнер К. Жить с агрессивными детьми. -М.: Изд-во «Педагогика». 1991.
    2. Вильянс В.К. Психологические механизмы мотивации человека. -М.: 1990.
    3. Джейнс У. Психология. / А.А. Петровский. — М.: Изд-во «Педагогика». 1991.

 

  1. Ежов И. В. Введение в психологию духовного развития личности ребенка. Психологические основы духовной педагогики
  2. Завражин С.А. Агрессивные фантазии у детей в детском и подростковом возрасте. //Вопросы психологии 1993.№5
  3. Игры — обучение, тренинг, досуг. / В.В. Петрусинский. — М.: Изд-во «Прометей». 1991.
  4. Крылов А.А. Практикум по экспериментальной и прикладной психологии. -СПб.: 1999.
  5. Кулагина, И.Ю. Возрастная психология. — М.: Изд-во УРАО. 1997.
  6. Кэрол Флейк Хобсон, Брайн, Е. Робинсон, Петси Скин Развитие ребенка и его отношения с окружающими. — М.: 1993.
  7. Кэрролл е., Изард. Эмоции человека. / Л.Я. Гозман, М.С. Егорова. — М.: Изд-во Московского Университета. 1980.

 

Қосымша «А»

 Бағдарлама        мақсаты: Оқушылардың    мінез-құлқындағы қиындықтарды   (дұрыс   қарым   —   қатынас   жасай   алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, ұялшақ) түзету.

Бағдарлама міндеті: 1) өзін және басқаларды сыйлауға; дұрыс қарым — қатынас жасауға үйрету;

2) Оқушының өзіне деген сенімін арттыру.

3)Өз  жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше (самостоятельно) орындауға дағдыландыру.

I бөлім. Өзіне деген сенімсіздікті жою және дұрыс қарым — қатынас

жасауға арналған тапсырмалар.

Міндеттері:

І.Өзіне деген сенімділікті арттыру.

2.Өзіндік «Менін» дұрыс қалыптастыруға үйрету

3.Өзінің жетістіктерін бағалай білуге дағдыландыру

 

Өткізілетін сабақтар

  1. «Сенің есімің» (метод идентификации со своим имением).
  1. «Өзіңе дос танда»

3.«Ең — ең»

  1. «Паровоз» ойыны
  2. «Досыңмен кездесу» этюд
  3. Жақсы дегеніміз не? және жаман дегеніміз не?
  4. Өзінді таны
  5. Қарым — қатынас мәдениеті
  6. «Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті.

II   бөлім.   Жағымды   мінез   —   құлық   қасиеттерін   қалыптастыру бойларындағы ұялшақтық қасиеттерін жою.

Міндеттері:

1.Оқушыларға      жағымды      әдеттерді      қалыптастырып, жағымсыз әдеттерден арылту.

2.Дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету;

  1. «Туған күн» ойыны
  2. «Осылай әділ болады»

3.«Жағымсыз қылықтар»

  1. «Сұрақ — жауап» тренинг
  2. «Жаман болғым келмейді»
  3. «Мен өзімді қасиетім үшін жақсы көремін
  4. «Мен орындай алмаймын», «Мен орындаймын».

III бөлім. Қорқыныш қасиеттерін жою. Міндеттері:

  1. Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.

2.Өзін басқалармен қарым — қатынас кезінде қалай ұстау керек екендігін үйрету.

  1. «Менің қорқынышым қандай түсті»
  2. «Сенің туыстарың »
  3. «Не істеу керек»
  4. «Мен және басқа: біз — әртүрліміз»
  5. «Сен неден қорқасың »

Ойын барысын енді балалар бір-біріне сұрақ беріп, жалғастыра береді. «Сұрақ — жауап балаларды сергіту ойыны ретінде, әрі белсенділікке, өз ойларын дұрыс жеткізе алуға дағдыландырады. Ойын соңында балалар ойыннан алған әсерімен бөліседі.

«Менің    қорқынышым    қандай    түстің?   

Мақсаты:    Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.

Қажетті заттар:  Түрлі — түсті қарыңдаштар, сурет дәптер парағы. Барысы:    Мұғалім    балаларға    өз    қорқыныштарынан    арылуды ұсынады. Ол оқушыларға:

— Балалар    сендердің   қорқыныштарың    қандай    түсті?    — деп сұрайды.

Мұғалім оқушыларға:

— Балалар алдарыңдағы ақ қағазға қорқыныштарың қандай түсті
болса, сондай түспен бояңдар!- деп тапсырма береді.

Сурет дайын болған соң мұғалім оқушыларға:

  • Балалар енді дайын болған соң суреттерінді ұсақтап жыртып тастаңдар!- дейді.
  • Енді сендер      еш      нәрседен      қорықпайсыңдар, —  деп қорытындылайды.

«Жаман болғым келмейді»

Мақсаты: Бұл тақырып бойынша, өткізілетін сабақтар оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып жағымсыз әдеттерден арылтады. Не істеуіміз керек?

Мақсаты: — Балаларды дұрыс шешім қабылдай білуге;

  • Өзін басқалармен  қарым-қатынас  кезінде  қалай  ұстау керек. екендігін үйрету
  • қорқыныш сезімін жеңе білуге дағдыландыру.

«Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті. Балаға өзін екі суретте бейнелеп салуға тапсырма беріледі. Бірінші

 

суретте  өзінің  қазіргі  кезін,   ал  екінші  суретке  өзін  келешекте қандай болғысы келетіндігін суреттеуі тиіс.

  Қосымша «Б»

  • «Мен және менің денем. Бұл тапсырмалар психогимнастика негізіне бағытталған жаттығулар: Қонжықтар, насос және доп, үш 3 жолдас этюд      т.б.   Бұл   жаттығуларды   жүргізгенде бөлмеде       жаттығуға сәйкес әуен болуы керек.
  • «Мен және менің тілім

1.«Сөзсіз    қалай    қарым-қатынас жасауға болады» тақырыбында

әңгіме»

2.«Терезе арқылы». Балаларға бір-бірімен   терезе арқылы   сөйлесіп

тұрғандай етіп, елестеткізіп, жестпен түсіндіру тапсырылады. Мысалы:   «Сен  қолшатырынды  ұмытып  кеттің,   ал далада болса жаңбыр жауып тұр».

3.«Сөзсіз тақпақ айтып бер».

Оқушылармен ойындарды жүргізіп болған соң, олармен алған әсерлері жайында, адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екендігі жөнінде  әңгіме жүргізу тиімді  әдістердің бірі.

  • «Мен және менің эмоциям».
  1. «Көңіл- күй күнделігі»
  2. «Көңіл- күйді көтеру тәсілдері»
  • «Менжәне мен»
    1. Психологиялық автопортрет

Парақтың бірінші бетіне оқушы: «Мені қандай қасиеттерім үшін жақсы көруге болады?» деген сұраққа жауап жазады, екінші бетіне «маған қандай қасиеттерім үшін ұрысуға болады?», деген сұраққа жауап жазады.

2.«Өзіндік қабылдау »

 

Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «Менің кемшіліктерім», оң жағына «Менің жетістіктерім» деп ойларын ашық жаздыру.

Менің кемшіліктерім                    Менің жетістіктерім

1.

2.

3.

4.

5.

6.

5 минуттан соң 3-4 оқушының өз жазғандарын талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ «сын айтуға» болмайды

Қорытынды: Тренинг нәтижесі оқушының шыншылдығын, жауапкершілігін, алғаш рет өзіне қорытынды жасауын,өзін түсініп, өзгеге  сенуін  көрсетеді.

Тренинг барысында баяу әуен ойнап тұрады. Ол оқушылардың ойлануына  әсерін тигізеді.

  1. «Мен қандай адаммын». Ақ қағаз алып,  «Мен    қандай

адаммын» деп жазып, мына  сұрақтарға жауап берілуі тиіс: 1.Менің өмірім: қандай жетістіктерім мен кемшіліктерім  бар? 2.0тбасы  әсері: ата-анам, аға-іні, сіңілі-қарындасым т.б.

Бұл тапсырманы жиі өткізуге болады, оқушы әр сабақ сайын өзінің жетістігі мен кемшілігін біліп отырады, өз ісіне қорытынды жасап,  кемшіліктерді болдырмауға тырысады.

  • «Мен және басқалар».

1.Ұжымдық сурет.(ұжымдағы орнынанықтауға бағытталған).

2.«Біз кімді сыпайы деп айтамыз» әңгіме
• «Мен және менің отбасым »

1.Ата-ананы жақсы көру дегеніміз не?- әңгіме    барысында

мынандай    сұрақтарды қоюға болады: «Отбасында    бірі-бірі

жақсы көрудің   қаншалықты маңызды екендігі  жөнінде, ата-

анаға деген   өз сенімін, махаббатын қалай жеткізуге болады?»

т.б.

2.«Менің отбасым»  тақырыбында сурет салдыру.

3.«Мейірім».   Жақсы   сөз      жаныңды   жадыратады.   Қуаныш

сезімі     билейді.   Ендеше     өзгелерге  де     жақсылық   силап

көрейік. Өзіңнің жақын туыстарың, танысың туралы   қандай

жақсы сөз айтар едің.

Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.

Қорытынды: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын….»