АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН  МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ   ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы

1.2 Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері

  • Ауыл шаруашылығы  өндірісін  басқару  механизмдері

 

ІІ АУЫЛ ЩАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ  

ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ.

2.1 Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының   

даму деңгейін талдау.

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың

жағдайы

 

III. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК  КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ  НЕГІЗГІ

БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму

ерекшеліктері

3.2. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары

мен  бағыттары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

             Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .

     Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .

       Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен  асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.

      Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік – экономикалық жағынан терең түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің экономикалық  механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды .

      Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі , меншіктің жаңа , мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен , соңғы он жыл ішінде елімізде азық –түлік өнімдері , олардың ең қажетті түрлері бойыша екі және оданда көп есе кеміп кетті , өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Рыноктың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум  формаларын өзгертуді жеке мәселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мәселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр.

    Азық –түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды , аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалық — әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграртлық мәселелерді, әсіресе азық –түлік кешенінің маңыздылығын ескеру . дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан -жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалді мәселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсарту – елдің азық –түлік мәселесі мен әлеуметтік шиеленісті шешіп , Қазақстанның рыноктық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді . Тәуелсіз мемлекет трғысынан әсіресе оның даму негіздері мен тәсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру , өнім көлемін көтеру және оны өңдеу , сақтау, тасымалдау, әдістерін жетілдіру , осы негізде агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

           Өйткені ауылға көңіл бөлу, ауылды көркейту- мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды шаруа. Ауыл шаруашылығын қайта өркендету бұдан бұлай өзекті мәселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы бөлмекші.

       Ауыл – шаруашылығын өркендетуде қазргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр:

  • бірінші, азық –түлік рыногын тұрақтандыру ;
  • екінші , импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу ;
  • үшінші , аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;
  • төртінші , ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.

         Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден , үш тарауджан , қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

         Бірінші тарауда – Агроөнеркәсіптік кешен және оның құрылымы , ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу , ауыл шаруашылығын басқару механизмдері туралы түсінік берілген.

        Екінші тарауда – Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының жағдайы және Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық секторына талдау жасалынған.

       Үшінші тарауда – Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары туралы айтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН  МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ   ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы

        

           Аграрлық  өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес , сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады , яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымынада байланысты.

         Агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымы дегеніміз – салалар, өндіңрістер , тікелей негізгі өндіріске де, өндірістен тыс (әлеуметтік) салаларға да қызмет ететін қызметтер және қызмет түрлері формасындағы өндіргіш күштер элементтерінің жиынтығы.

         Агроөнеркәсіп кешен инфроқұрылымы: өндірістік, әлеуметтік және рыноктық инфроқұрылымдардан құралады.

       Өндірістік инфроқұрылымдағы материалдармен жабдықтау, техникаларды жөндеу, ауылшаруашылық өнімдерін тасу, өңдеу, сақтау, сату, сол сияқты электр қуаты , жол жүйесі байланыс, т.б жатады. әлеуметтік инфроқұрылымдағы үй-жай, камуналдық шаруашылық , мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау жүйесі, халыққа қызмет көрсету,  тұрмыс қажеттерін өтеу мекемелері, білім, балаларға тәрбие беру мекемелері т.б кіреді. Аймақтағы агроөнеркәсіп инфроқұрылымының дамуы мен қалыптасу нақтылы аймақтардың табиғи-экономикалық жағдайына тікелей байланыста. Әрбір аймақтақтың өзіне тән табиғи және экономикалық өзгешіліктері бар, сондықтан инфроқұрылымдар осы нақтылы аймақ бойынша негізгісалалардың дамуына олардың өнімдерінің көбеюіне, сапасының жақсаруына, сол сияқты әлеуметтік салалардың жетілуіне әсерін тигізеді.

       өндірістік инфроқұрылым құрамына кіретін ауыл шаруашылығына тікелей қызмет ететін агрохимиялық, мал дәрігерлік, техниканы жөндеу, оларды күту, өсімдік қорғау т.б салаларды айтпағанда нарық жағдайында халықтың әлеуметтік – тұрмыс халін жаңартуды ауыл шаруашылығының негізгі салаларына қызмет атқаратын электротехникалық сала мен жол құрылыс, сол сияқты  көлік (транспорт) қатынастарының да орны ерекше. Әлеуметтік инфроқұрылымдар өндірістік инфроқұрылымдар сияқты тікелей өнім өндірмесе де негізгі өндірістік салалардың бір қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік салалар өндірістің өркендеуіне халықтың тұрмыс жағдайын денсаулығын, білімін, мәдениетін, мамандық деңгейін көтеру арқылы әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымын төмендегі                         сызбадан көре аласыздар.(Сызба1)

    

  Ауыл шаруашылығының

        инфроқұрылымы

 

 

       Әлеуметтік инфроқұрылым                     Өндірістік инфроқұрылым                                 

 

1.материадық-       2.рухани инф-          3.жол қатынасы,    4.өндіріске

тұрмыстық инф-   рақұрылымдар          көлік                       тікелей   рақұрылымдар      оқу- ағарту,              (транспорт),            қызмет

қоғамдық               мәдениет,                байланыс, ауыл       көрсететін

тамақтану,             өнер,                         шаруашылығы        салалар

тұрғын-үй,             денсаулық,              өнімдерін өңдеу,   

комуналдық           спорт, ғылыми        сақтау, сату,

байланыс,                қызмет т.б              оларды

тұрмыстық                                              тасымалдау

қызмет т.б                                               және т.б

 

           Экономикалық аграрлық секторының рыноктық инфроқұрылымның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Олардың қатарында: өңірдің табиғи-климат жағдайы, шаруашылық субъектілері мен өндірістік объектілердің орналасуы, бұлардың энергия қуаттары, су көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесі, жол және көлік қатынастарының жағдайы, ауыл  шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы, кәсіпкерлердің белгілі бір кәсіпке жете бейімделуі, бұдан басқа, саланың өзіне тән мына ерекшеліктер: табиғаттың құбылмалы көріністеріне тәуелділігі, қаражат айналымының ұзақтылығы, жұмсалған шығындар мен олардың қайтарылым көздерінің тұспа-тұс келмейтіндігі мұқият ескерілуі тиіс. Осы және басқа да объективтік факторларды жан-жақты қарастыру инфрақұрылымның рыноктық қатынастар жағдайындағы даму бағытын, оның жалпы құрамымен бөлімдерінің көлемін айқындауға мүмкіндік береді. Нарықтық инфрақұрылымды жіктеу оның салаларымен жекелеген элементерінің жалпы экономикалық өсудегі маңызы мен рөлдерін анықтау, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы  байланыстарды зерделеу, осының арасында негізгі өндіріс пен оны қамтамасыз ететін субъектердің оңтайлы ара қатынасын қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.

      Агроөнеркәсіптің рыноктық инфроқұрылымы тиісті бөлімдерден тұрады. Оның негізгі экономикалық айналымға қатысушылар  рыногінің белгілі бір жүйелері, тауарлар мен қызметтер рыногі, ресурстар мен қаржы рыногі құрайды.

       Рынок инфроқұрылымның жалпы жүйесіндегі ең маңыздысы-тауар рыногы инфроқұрылымының қалыптасуы. Рыноктық экономиканы игеру жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдері өткізудің инфроқұрылымдық жүйелі бірқатар өзгерістерге ұшырады, бұрынан қалыптасқан  салаараалықбайланыстар үзілді. Нәтижесінде өндірілген, тұтынуға дайын сапалы өнімдерді ойдағыдай өткізу проблемалық мәселеге айналды. Тауардың өтімділік дәрежесінің төмендеу беталысы аграрлық экономиканың даму барысынан, халықтың әлеуметтік тұрмыс – тіршілік дәрежесінен айқын сезіле бастады. Өнімнің тауарлық деңгейінің төмендеуі, піскен өнімдердің орынсыз ысырапқа ұшырап , тасымалдау жұмыстарындағы, шығысының азайып кетуін тудырады.

      Ауыл шаруашылығы тауар өнімділігіне кері әсерін тигізіп отырған келесі жәйт – бұл өткізу жүйесі инфроқұрылымының жұпынылығы, ресурстардың тапшылығы, өндірістік қорлардың жылдар бойы  жаңартылып  жаңғыртылмағандығы.

      Ауыл шаруашылығының өндірісінің еркін рыноктың қызмет ету механизіміне бейімделуінің объективті күрделілігі, агралық сапаның ерекше статусы туралы мәселе көтереді. Агралық саясат халқаралық көлемде кең талқылануы түрлі мемлекеттік доктриналар мен аграрлық дамудың бірнеше стратегияларын ұстанатын мемлекеттік экономикалық қарама-қарсы бағыттарын көрсетеді. Осыдан екі концепцияның қайшылығы шығады. Бірі либералдық модель және екіншісі көптеген дамыған елдер ұстанатын аграрлық протенционизм моделі.

      Рынок типтері бойынша саланың рыноктық инфроқұрылымы былайша жіктеледі.

 

Агроөнеркәсіптің рынок инфроқұрылымының рынок типтері           бойынша жіктелу(Сызба2)

 

                         Тауар рыногі

         Қаржы рыногі

Көтерме және бөлшек сауда торабы

Банк жүйесі

Тауар биржалары 

Қор биржалары

Жәрменкелер

Бюджеттер

Аукциондар

Салық қызметі

Делдалдық фирмалар

Зейнетақы қорлары

Коммерция ұйымдар

Сақтандыру компаниясы

Сауда үйлері

Аудиторлық компания

Көлік агенттігі

Брокерлік кеңес

Коммерциялық ақпараттық орталықтар

Валюта биржасы

 

     Ауыл шаруашылық және оған қызмет ететін салалардың теңбе-тең пропорционалды дамуы, түпкі жоғарғы нәтижеге жету үшін халық шаруашылығының барлық бөлімдерін басқаруды жетілдіру азық түлік нарығын толықтырудың маңызды шаралары. Табиғи жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен , ауыл шаруашылық өндірісініңдеңгейі мен мамандануы табиғат фокторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік –экономикалық фокторларға (өнеркәсіптің, көліктің даму сипатына, тарихи қалыптасуына салт-дәстүріне т.б ) байланысты болып келеді.

      Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдық ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.

      Осымен қатар, аграрлық  өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.

      Азық және ауыл шаруашылық шикізаттарынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағыда экономикалық ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық — өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады. АӨК –нің құрылымын құратындар –біріншілік және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік, мал өсірушілік және ослардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салалары);

  • АӨК –тің өндірістік инфроқұрылымы;
  • Таувр және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі;

      АӨК жабық өзін -өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді.

 

         1.2Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері

 

Мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін қолдауға және рыноктық жағдайларға бейімделуге көмек беруі қажет.

Аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түлік өндіруге, өңдеуге және оларды өткізуге, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік-техникалық камтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсері болып табылады.

Аграрлық сектордағы мемлекеттің рөлін көрсетуде  С.В.Киселев «Аграрлық секторды реттеуде және тқолдауда бас рөлде, нарықтық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерінің қолданатын мемлекет болуы қажет» деп көрсетсе, қазақстандық ғалым Ғ.Қалиев «Мемлекет-дағдарыстық жағдаилар тереңдеген өтпелі кезеңде ауыл  шаруашылық өндірісін дамыту шарттарын анықтауда маңызды рөл атқарады» деп тұжырымдайды. Батыс экономикасы нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің үлкен тәжірибесін жинақтады, сондықтанда  оларға көңіл аудару және оны үйрену бізге пайдалы болмақ. Әрине өтпелі кезеңде мемлекеттік экономиканы реттеуден бүтіндей алшақтады деп тұжырымдауға болмайды. Десе де экономистер арасында нарық өзінен өзі қалыптасуы қажет деген белгілі пастулатқа әбден сенгенін теріске шығара алмаймыз.

Енді аграрлық өндірісті , мемлекеттің реттеуі шектерін қалай анықтауы керек  деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер ауыл шаруашылығын зерттеудің тиімді механизмін жасаумен толықтырылмады. Басқарудың  тиімді механизмдерінің болмауынан макроэкономикалық реттеу микроэкономика деңгейіндегі қызметпен үйлеспей отыр. Рыноктық мақсаттар негізінде барлық мәселені жедел түрде шешуге болмайтыны анық. Сондықтан да, әкімшіл-әміршіл жүйенің идеяларанынан босаған экономика еркін рыноктық қатынастардың қызмет ету тәртібін бірден  үйреніп кетуге қабілетсіз болып отыр. Бірақ, осы жүйеден бас тарту ауыл шаруашылығының экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қызметтерінің  орталықтан орындалуын жоққа шығару деген сөз емес.Рыноктық қатынастардың бастапқы кезеңдернде басқару құрылымы экономиканы реформалау шараларының рыноктың өздігінен реттелуіне үлкен үміт артқан болатын. Өкінішке орай, мұндай болжам өзін ақтамады. Өйткені өздігінен реттеліп отыратын экономика ешбір жерде жоқ.

Өркениетті елдердің барлығында да экономикаға мемлекеттік басқару жасалып, ол реттеліп отырады. Сондықтанда халық шаруашылығын реттеу үлкен экономикалық тиімді нәтиже береді. Сол себепті экономикаға мемлекеттік реттеу керек пе, жоқ па деген талас жоқ, мәселе сол реттеуді қалай және қандай әдіспен  жүргізуде, мемлекеттік орындардың әкімшілік араласуы мен кәсіпорындардың дербестігі арасындағы шекараны қалай анықтауда болып отыр. Мемлекеттің,  агробизнес  жүйесіне араласуының қажеттілігі мемлекеттік бақыллау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған рынок жағдайында да бірқатар объектиптік факторлармен анықталады. Ең алдымен,  мемлекеттік реттеу шаралары эконмикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан , өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әртүрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отытуы мүмкін. Бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Сондай-ақ олар көп жылғы тәжірибеде сыналып, көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірісіп кеткен және қазіргі жағдайда рыноктық экономикалық теорияның тиісті тарауларының, негізін құрайды. Сонымен қатар , кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.

Халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне жол бермеу. Дағдарыстан шығуға алғшарттар жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары жұмысшыларының табыс дәрежелерін қалпына келтіру және азық-түлік рыноктарын қалыптастырып жұмыс істету, қаржыландыру, несие беру, сақтандыру және салық салу, сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау, ауыл шаруашылық ғылымын және ауылдағы әлеуметтік саланы дамыту сияқты басты бағыттарда жүзеге асуы тиіс. Сондай-ақ шаруашылық өнімдері, шикізаттары және азық-түлік рыноктарын дамыту аграрлық өндіріс саласында еңбек етуші тауар өндірушілерге өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, кепілдік беру арқылы жүзеге асуы тиіс. Өнімді, шикізатты және азық-түлікті өткізудің рыноктық жүйесін қалыптастытуға мемлекеттік басқару органдар жауапты.Өтпелі дәуірде төмендегі элементтер «мемлекеттік реттеуді» басты элементтері болып табылады:

  • ауыл-селоға мемлекеттік қолдау көрсету және төлем қабілетті сұранысты ынталандыру арқылы салалардағы табыстылықтың жалпы дәрежесіне қолдау жасау;
  • антимонополиялық реттеу және ішкі пропорциямен салааралық айрбасты реттеу, саланың бәсекелестік потенциалын көтеру;
  • рыноктың инфрақұрылымының дамуына көмектесу;
  • ауылды қолайлы кредитпен қамтамасыз ету;
  • протекционизм саясатын жүргізу және отандық тауар өндірушілерге сыртқы рынокпен бәсекеге түсуге жағдай жасау;

Ауылшаруашылығы үшін ресурстар  өндіретін кәсіпорындарындағы, әсіресе машина құрастырудағы ауыр қаржылық жағдай бір жағынан олардың жолйылу қаупін тудырады, екінші жағынан олардың монополизм проблемасын көрсетеді. Ендігі жерде техника және басқа ресурстарға мемлекет қолдау көрсететін лизинг жүйесін дамыту жолымен, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің сатып алу қабілетін көтеру қажет. Баға және табыс саясатымен халықтың азық-түлікке сұранысы мен ұсынысын текішінара реттеуге болады, ал азық-түлікпен қамтамасыз етудің  өзі реттелетін  сипаты жоқ. Аграрлық секторды реттеуде және қолдауда басты рөлде рыноктық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерін қолданатын мемлекет болуы қажет. Рыноктық стихияның бақылаусыз әрекеті агроөнеркәсіпке, тамақ өнімдерінің жұмысымен  тұтынуына, қайта өңдеу шикізаттарына үлкен соққы болған болар еді. Реформаға дейінгі уақытта КСРО- да көп жағдайда батыста жүзеге асып жатқан реттеуге ұқсас экономикалық реттеу және аграрлық секторды қолдау жүйесі қолданған болатын. Бірақ , соның ішінде қаржы-кредиттік қатынастардың жетілмеуінен, яғни мүлтіксіз орындалуынан аграрлық өндіріс тиімділігі төмен болып қала белді. Қаржы-кредиттік қатынастар меншіктің және саланы басқару жүйесінің мемлекеттік формасына, инвестициялық баға және әлеуметтік саясат саласындағы қаржы мәселесінің шешілмеуіне байланыслы жетілмеді. Өтпелі кезеңде аграрлық реформаны жүзеге асыруда саланы экономикалық қорғау бірден қысқарды. Жалпы, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерімен, аграрлық қатынастарды реттеудің өзгешеліктерімен байланысты.

Енді тікелей Қазақстандағы аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктеріне тоқталайық. Ол бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық  әдіспен шешіліді . Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың ішкі құрылымын келесі 3-сурет бойынша беруге болады. Соңғы кездегі баға саясатының негізгі бағыты , бағаны еркін тағайындауға көшуден көрінеді. Рыноктың қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік формаларына және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын таңдауға толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерң\іне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті өзара тиімді келісім шартқа отырады. Еркін баға, өнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы қәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістік құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып  құтылу мүмкін емес.Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Мемлекеттік реттеусіз, монополиялы жағдайда өнекәсіп және ауыл шаруашылығының арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өндіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы икәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін белгілеуі қажет.

Қаржылық саясат саласында, мемлекет көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да, қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді  қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, аграрлық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық белгілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген салалар жәнеаудандар экономикалық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асруға, шаруашылықтың айналымынан шығып қалған ауылшаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағытталуға тиіс. Мемлекеттік қаржылық өолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге , су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы жаңа немесе ерекше қиын өндірістерді ұйымдастыруға бағытталады. Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттік салық саясатына келсек, салықтың түрлерімен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен, жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аудару керек.

Дамыған рыноктық экономикалық елдер тәжірибесі, мемлекеттік реттеу бағыты ең бірінші  баврлық тауар өндірушілердің қызметтеріне бірдей жағдай жасауға, баға сәйкессіздігін және монополиялық баға үстемдігін жоюға бағытталғандығын көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеуде, тауар өндірушілердің және тұтынушылардың мүдделерін қорғау шаралары қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының негізгі құралы ретінде болжау, жоспарлау мен бағдарламаларды талқылау қарастырылады екен.

Дамыған өркениетті елдерде, экономиканы басқаруда салааралық тәсіл принципі бағдарлама жасаудың алғашқы кезеңінің сипатты ерекшелігі болып табылады. Жапония, ФРГ, Швеция, Франция елдерінде салааралық бағдарламалар экономиканың барлық шешуші салаларын қамтиды. Ал, америка экономиканы басқару органдарының территориялық филиалдары құрылғаннан кейін, аймақаралық комитеттер барлық ұйымдардың мәселелерін шешіп отырады. Халық шаруашылығы мәселелерін шешуде, тиімді кешендік әдіс кейінге ысырылған қазіргі жағдайда, бұл тәжірибе бізге барынша маңызды болары сөзсіз. Сондай-ақ, АҚШ-та ауыл шаруашылығының 10%-ы реттеледі екен. Ауыл шаруашылық Министрлігі фермерлер үшін тек салық дәрежесін анықтап қоймай, баға паритетін бақылау жасайды. Ал төмен кепілді бағаны тауар несие корпорацияларының кепілдік операцичлары арқылы анықтайды. Өзіміз тығыз экономикалық байланыстағы Түркия елінде жоспарлау 1963-1967 жылы  бірінші бес жылдық жоспарды жасаудан басталды. Алтыншы бес жылдық (1988-1992) жоспарда рыноктық экономиканың барынша дамыған жағдайы ескерілді. Ол халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштеріне ден қоюға мүмкіндік бкереді. Ал, Германиядағы экономиканы реттеуде, бәсекелестікті және рыноктың қызмет ету шараларын қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық қызметінің күшеюіне көп көңіл бөлінеді.

Рыноктық қатынастарды дамыту үшін  бәсекелестік ортаны жасаудың өкіметтік шараларын Австриялық тәжірибесі жеткілікті тиімділігімен ерекшеленеді. Бұл жерде мәселе ұсақ және орта фирмаларды құру және ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық процестермен бірге бірігу дәрежесіне шығу шаралары туралы болып отыр. Жаңадан қайта құрылған орта және ұсақ фирмаларға мемлекет тарапынан дотация және жеңілдікті несиелерді берумен, салық салудың жеңілдігін жасаумен қамтамасыз етіледі. Осындай фирмаларының белсенді қызметінің қөұқықтық негізі тауарларды сату тәртібі, әділеғтсіз бәсекеге қарсы шаралар , жергілікті жабдықтау тағы басқа жөнінде әрекет ететін заңдармен қамтамасыз етіледі. Австрияда ауылшаруашылығы экономика министрлігінің және ауыл , орман шаруашылығы министрлігінің сәйкесті бөлімшелерінің бақылауында болады.Рыноктық экономикасы дамыған елдер тәжірибесінде рыноктық қатынастар тек өзіндік реттелуші процестердің  сәйкестігін ғана емес , сондай-ақ бағаны мемлекеттік реттеуді де қамтитынын көрсетеді және олардың бағаны реттеуді жүзеге асыруда қолданатын механизмдері түрліше алпыс жыл бұрын енгізілген американдық ауыл шаруашылық өніміне баға құру жүйесі, фермерлердің ертеңгі күнге сенімділігін арттырып шаруашылық жүргізудің мүмкін болар нәтижелерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ рынокта бағаның өзгеруі болған жағдайда, фермерге табыстың төменгі дәрежесіне кепілдік беретін  кепілдік баға жүйесі жұмыс жасайды. Тауар –несие корпорациялары фермерлерден кепілдік баға бойынша өнімін сатып алады, оларды сәйкес соммада несиемен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе Ресейде жұмыс жасауда. Сондай-ақ оны біздің Қазақстан жағдайында да қолдануға болады. Яғни, фермер табысының төменгі дәрежесін кепілдендіретін мақсатты бағаны пайдалануда АҚШ тәжірибесін қолдану қажет болады.

Австрияда бағаны реттеу, баға туралы арнайы заң негізінде жүзеге асады. Осы елден соғыстан кейінгі уақыттарда бастау алған бағаны босатудың алғашқы процесі30-40 жылға созылды. Бірақ, елде өндірілген тауарларға, импорттық тауарларға баға дәрежесін мемлекеттік реттеу әлі де бар. Атап айтсақ, тауарларды өндіруге қажетті шикізат ресурстарынабағаны төмендету және сол елге әкелетін ауыл шаруашылық өнімдеріне кеден салығын төмендетусияқты шаралар.Сонымен қатар, бұл елдің мемлекеттік бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесі, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу жағдайында өзін ақтағанын көрсетеді.

Жапонияда баға тағайындау мәселелерімен үкіметтік орган баға тағайындау Бюросы айналысады.олар баға динамикасының макроэкономикалық болжауын жасайды және төмен баға дәрежесі бойынша салалық министрліктердің ұсыныстарын талқылаудан өткізеді.Швейцарияда бағаны бақылау жөніндегі федералдық мекемелер бар. Мемлекетті қаржыландыратын  салаларда, бәрінен бұрын ауыл шаруашылығында, транспортта, білім беруде бағаға реттеу жүргізіледі.

Кейбір елдерде баға жөнінде әлеуметтік заң актілері қабылданған. Мысалы АҚШ пен Канада антимонополиялық заң, Австия-баға туралы заң, Данияда баға және бәсеке туралы заңдар бар.Барлық әлемдік тәжірибеде бағаны мемлекеттік реттеудің, басты объектісі-ауыл шаруашылық тауарлары болып табылатынын көрсетеді. Осы жағдайдың ғылыми анализі ауыл шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.Біріншіден ауыл шаруашылық өндірісі табиғи климаттық жағдайларға тәуелді болғандықтан фермер алдында өзекті мәселе тұрады. Ол мәселені шешуде  ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеудің мемлекеттік әдісіне сүйенеді және осы механизм арқылы өндіруші еңбегі ынталанады. Екіншіден, халықты азық-түлікпен дер кезінде қамтамасыз етудің шешуші рөлі, ауыл  шаруашылығы өнімінің натуралды өңделген түрлеріне беріледі. Сондықтан мемлекет басқарудың  сәйкесті органдары, ауыл шаруашылық өнімдеріне баға тағайындау процесіне ауысуына тура келеді және де әр елдің құрылымдық ерекшнліктерне қарай әкімшілік, экономикалық, заңды және аймақаралық реттеуді де жоққа шығармайды. Үшіншіден, шаруашылық жүргізудің кез келген жүйесінде аграрлық секторға әр уақытта мемлекеттік қолдау қажет. Әсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету нақты инновациялық, инвестициялық шараларды жүргізуді керек етеді. Европаның экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік дотацияның көлемі барлық фермерлер табысының 3/4 бөлігіне жетсе, Канадалық бұ көрсеткіш дәрежесі 40%-і құрайды.

Европалық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінде баға тағайындау саясаты барынша маңызды, оны жүзеге асырумен арнайы органдар-ЕЭО елдерінің Министрлер кеңесі айналысады. «Европалық одақты»біріңғай аграрлық саясаты кепілді бағамен рынокты реттеудің басқада құралдардың жүйесіне, сондай-ақ басқа елдермен саудада кедендік протекционизмге негізделеді. Осы саясатта басты рөл, ауыл шауашылық өніміне баға механизміне беріледі. Бұл елдерде ауыл шаруашылық тауарларына үш түрлі баға тағайындалған: біріңғай бақылау бағасы(жоғарғы дәреже); рыноктың бағасы(сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталатын); біріңғай сатып алу бағасы(төменгі дәреже). Егер де ұсыныс сұрсаныстан жоғары болса, онда жиналған запастарды өткізеді. Европалық одақ елдерінде, көп ақша қаражаттары астық рыноктарына және сүт өнімдерітауарларына, дәлірек айтқанда азық-түлік рыногының жалпы жағдайымен баға дәрежесін анықтайтын өнмдерге қолдау көрсетуге жұмсалады. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған ұлттық мемлекеттік мекемелер ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау, өңдеу және өткізуге айтарлықтай шығын шығарады. Экономиканың аграрлықсекторын мемлекеттік реттеудің тқиындықтарына қарамай Батыс Европа елдеріндегіазық-түлік молшылығы, оның тиймділігінің жоғары екендігіне дәлел болады. Өркениетті елдердегі алрарлық реформалардың басты бағыты фермерлік шаруашылықтардың құрылуы мен дамуы болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік аграрлық, саясатты жасау мен жүзеге асыруда шешуші рөл ауыл шаруашылық кооперативтеріне беріледі екен. Мысалы, Батыс Европалық көптеген елдерде, Канада мен Австрияда фермерлік шаруашылықтардың 80%-тейін, АҚШ-та60-80%, Ирландия Солтүстік Европа мен Жапонияда 100%-ін кооперативтер біріктіреді. Кооперативтік құрылымдарға ерікті түрде қатысу мүдделегі қатысушылар материалды-техникалық жабдықтау,өңдеу және өнімді өткізу жүйелерінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік алады. АҚШ-та өндірілетін тауарлы ауылшаруашылық өнімдерінің 30% -ін рынокта кооперативтер өткізеді. Ал Францияның астық кооперативтері астықты өткізуде  басты рөл атқара отырып, асық өніру мен өткізудің 70%-не , экспорттың 50%-не бақыллау жасайды.

Жапония, швеция, Финляндия мен Норвегияда үкімет өкілдері мен ауыл шаруашылық кооперативтері арасында келісімдер арқылы аграрлық саясаттың ауылшаруашылық өнімдеріне баға дәрежесін реттеу, ауыл шаруашылығына бюджеттік қаржыландыру мөлшері мен бағыттары , фермерлерге дотация дәрежесі , азық-түлік экспортын субсидиялау сияқты негізгі мәселелер шешіледі.

Бірқатар елдерде экологиялық таза өнімдер өндірісін қамтамасыз етуші елдер салықтан босатылады.

Данияда кооперативтік кәсіпорындар қызметінің барлық трлеріне пайдаға салық салудың жеңілдіктерін пайдаланады. Егер жеке тұлғаларға пайдаға салық 50% –ті құраса, кооперативтерге -20%

Канадада фермерлік шаруашылықтарда табысы 100-ден 250мың доллларға дейін фетмерлр оның көлеміне қарай жылына 1-ден 2,5 мың долларға, яғни 1%-тей  салық төлейді.АҚШ-та және Швецияда фермерлік табыстарға бірдүркін салық салу принципі қолданылады.

Дамыған елдерде фермерлнр мен ауыл шаруашылық кооперативтерін несиелеудің мықты жүиесі арқылы , ауыл  шаруашылық  өндірісін  реттеу  жүзеге  асырылады . Сондай – ақ  құрғақшылық , су  тасқыны  немесе  басқада апатты  жағдайларда  шығындар сақтандыру несиелік ауыл шаруашылық қорларының есебінен жабылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын несиелеудің дамыған секторы дәстүрлі емес секторлары болып табылады олар фермерлер шаруашылықтар үшін ресурстарды жеткізушілер немесе фермерлерге қажетті жабдықтарды өндірушілер. Кредиторлар клиенттерімен жұмыс іздеуде жаңа әдістерді тағайындайды. Кредиттік инспекторлар клиенттерінің фермаларына барады, сонымен бірге клиентпен өз ара әрекет және ішкі кеңселік қызметке кететін уақыт шығындарын азайту технологиясын  іздеуді  жалғастырады.  Бірақта  елдердегі  аграрлық  секторды  мемлекеттік  қолдау  әдістерінің айырмашылығына  қарамай,  жалпы  ортақ  белгілерін  де  бөліп  көрсетуге  болады . Мемлекеттің  қолдау  дәрежесі  ауыл  шаруашылық  емес  қызметтің  табыстар  көлемі  жақын,  онда  аз  қаржылық  көмек  байқалады.  Жапония  мен  Скандинавия  елдерінде  аграрлық  секторда  жұмысшы  өнімінен  3  есе  аз  құн  өндіреді , сондықтан  да  ауыл  шаруашылығын  қолдау  жәрежесі  барынша  жоғары .

      Сондай – ақ  мемлекеттік  қолдау , сол  елдің  агроөнімінің  таза  экспортеры  болуының  дәрежесіне  де  байланысты .  Әдетте  әлемдік  сальдосы  бар  ( импорттың  көбеюі  )  мемлекеттер  ауыл  шаруашылық  өнімінің  таза  экспортерларына  қарағанда  аграрлық  секторға  үлкен  қолдау  көрсетеді . Сондай – ақ , аграрлық  тауар  өндірушілерді  мемлекеттік  қолдаудың  жалпы  көлемінде  рыноктық  баға  дотацияның  үлесі  сол  елдің  аграрлық  өнімінің  таза  экспортеры  ретінде  нығаюына  қарай  төмендейді . Мысалы,  Жаңа  Зеландия  эканомикасы  көбіне  ауыл  шаруашылық  өнімінің  экспортымен  анықталады . Сондықтан  аграрлық  секторға  мемлекеттік  қолдаудың  дәрежесі  төмен .  Ал  Жапония  ауыл  шаруашылық  өнімінің  импортеры ,  аграрлық  секторға  мемлекеттік  қолдау  дәрежесі  жоғары .

       Жоғарыда  келтірілген  ауыл  шаруашылығын  реттеудің  тәжірибелері , рыноктық  эканомикалы  елдерге  жоғары  тиімді  ауыл  шаруашылық  өндірісін  жасауға  мүмкіндік  береді .  Сондықтанда ,  осындай  озық  тәжірибелер  елімізде  ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік  реттеу  жүйесін  жасауда  ескерілуі  қажет . Басқаша  айтқанда  азық – түлік  рыногы  да , ауыл  шаруашылық  өндірісі  де  реттелуші  сипатта  болуы  қажет .

      Рыноктық  қатынастарының  қалыптасуы жағдайында  аграрлық  сектор  мемлекеттік  реттеуді  өте  қажет  етеді.Себебі  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындары өзіндік  ерекше  жағдайда  жұмыс  істейді , яғни  олар  салааралық  бәсекеге  толыққанды  және  басқа  өнеркәсіп  сияқты  тең  болып  қатынасы  алмайды .

      Ауыл  шаруашылығы – АӨК – гі  төмен  табысты  сала. Ол  табиғат – климат факторларына  тәуелді,  ондағы  өндіріс  мерзімдік , циклдық  жағдайда  жүреді .Ауыл  шаруашылығы  өндіргіш  күштерінің  даму  түрғысынан  алғанда  да  өнеркәсіпке  қарағанда  нашар .  Сондықтан  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  өзгеріп  отырған  эканомикалық  және  технологиялық  жағдайларға  баяу  бейімделеді  және  оған  салынған  капиталдың  басқа  салалармен  салыстырғанда  қайтарымы  төмен.  Осыған  байланысты  аграрлық  реформа  кезінде  жаңадан  құрылған  ауыл  шаруашылығы кәсіпорындары  толық  деңгейде  бәсекелесе  алмайды .

       Осы  мәселелерге  байланысты  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  мемлекеттік  реттеудің , оларға  қолдау  көрсетудің  қажет  екені   айқындалады .        Еліміздің  аграрлық  сала  ғалымдары  бұл  мәселені  бір – бірімен  тығыз  байланысты  және  бірін – бірі  өзара  толықтыратын  екі  бағытта  қарастырады :  эканомикалық  және  әкімшілдік  реттеу .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Сызба -3 Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекетік реттеу

   

                Мемлекеттік реттеу (заң шығару, нормативті құқтық база,

                        Ұйымдық  механизм, басқару жүйесі

       
       

 

 

 

       Экономикалық реттеу                           Әкімшілік реттеу (монополяға

       (бюджеттік қолдау, несие-                    қарсы саясаты,

        қаржы, салық саясаты,                         фитосанитарлық, экологиялық, 

       тауарлық және сатып алу,                     ветеринарлық бақылау,

       кедендік тарифті реттеу т.б)                 стандарттау, өндірісті және

                                                                        шетке шығару мен шеттен

                                                                        әкелуді лицензиялау)  

 

 

 

 

 

          Аграрлық                               АӨӨ                                    Әлеуметтік

         азық –түлік                                                                          рынок

          рыногы                  Ауылдың әлеуметтік саласы                       

 

 

                                                 Тұтынушылар

 

 

                                            Рыноктық өзін-өзі реттеу

                                            (сұраныс, ұсыныс, бәсеке) 

 

 

           Мемлекеттік реттеу АӨК –де мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:

  • Ауыл шаруашылығы өтімнің нарығын құрып және оның жұмысына мүмкіндік жасау;
  • Мемлекеттің өндіріс процесіне араласуы дамыған елдер эканомикасына да тән нәрсе . Мемлекеттің сұраныс пен ұсыныс қатынасын тауар өндірушілердің мүддесін көздеуі тек экономикалық сипатқа ғана ие болып қоймайды, сонымен қатар ол әкімшілік басқаруға да жатады;
  • Мемлекеттік реттеудің ішінде баға деңгейіне әсер ету тауар өндірушілер үшін көп көмек. Өнімнің бағасының өсуі мемлекетті аландатпай қоймайды. Олар тауар өндіруші мен тұтынушының мүддесін көздей отырып, инфлицияның өсуін сақтандырады;
  • Мемлекеттің АӨК реформалаудағы басты міндеті – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында тиімді айырбас жасауды қамтамасыз ету. Бірақ та бұл міндет әлі күнге дейін жүзеге аспай отыр. Себебі машина жасау, мұндай өнімдерді, электроэнергиялық өнімдердің бағасы да, тарифі де ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасынан бірнеше есе жоғары. Сондықтан да реттеуші органдардың мынандай бағытта жұмыс жасауы қажет: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден тауарды сатып алғанда олардың нақты шығынын есептеп , оны келешектегі айнымалыда өз шығынын өтейтіндей етіп қалыптастыру.

 

1.3.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісін  басқару  механизмдері

 

      Еліміздегі  нарықтық  қатынастарға  көшумен  байланысты  болған  өзгерістер  эканомиканы  басқарудыңбарлық  жүйесіне  әсер  етті.  Соның  ішінде  эканомикалық ,  ұйымдық  және  әлеуметтік  қатынастардан  түбегейлі  өзгеруіне  жағдай  жасады .

     Ауыл  шаруашылық  өндірісін  басқаруда  ұйымдастыру  механизімін  жетілдіру , ауыл  шаруашылық  өзіндік  ерекшелігінен  туындайды.  Себебі  ішкі  және  сыртқы  факторлар  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  басқару  қызметіне  тікелей  әсер  етеді , сондықтан  да  бұл  факторларды  ауыл  шаруашылық  өндірісін  басқару  жұйесін  қалыптастырғанда  үнемі  ескеру  қажет.  Оған  жататындар  ауыл  шаруашылығының  табиғатпен  тікелей  байланыстылығы , өндірістің  маусымдық  сипатта  болуы  және  ауыл  шаруашылығының  негізгі  өндіріс  құралы  болып  жермен  тірі  биологиялық  организмдердің  табылуы .

     Ауыл  шаруашылығы  өндірісін  басқаруда  ұйымдастыру  механизімін  жетілдірудің  тағы  бір  себебі , рыноктық  қатынастарға  көшумен  байланысты  экономикадағы  өзгерістер  әсерінен  ауыл  шаруашылығы  саласындағы  қалыптасқан  басқару  құрылымдары  әлі  даму  үстінде , олай  дейтін  себебіміз  кеңес  одағы  кезінде  ауыл  шаруашылығы  саласында  тек  екі  ұйымдық  құрылым  жұмыс  жасады , ол  совхоздар  мен  колхоздар  және  мемлекет  басқарушы  роль  атқарады.  Ал  рыноктық  экономикаға  көшумен  байланысты  ауыл  шаруашылығы  саласында  көптеген  жеке  меншікке  негізделген  ұйымдық – құқықтық  құрылымдар  жұмыс  жасауда  және  олар  әлі  дамып , қалыптасу  үстінде.  Сондықтан  өндірісті  рынокқа  бейімдеу  үшін  оны  дұрыс  ұйымдастырып , басқара  білу  қажет .

       Сонымен  қатар  бүрын  мемлекет  басқарушы  қызмет  атқарса , қазіргі  таңда  реттеуші қызмет  атқарады.

       Жалпы  әртүрлі  меншік  жағдайында  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  басқарудың  өзіндік  ерекшеліктері  болады. Елімізде  70  жыл  бойы  үстемдік  еткен  Кеңес  үкімті  кезінде  аграрлық  секторда  жер  мен  мүліктің  меншік  иесі  мемлекет  болғандықтан , мемлекеттің  бір  орталықтан  басқарылатын  жүйе  басшылық  етті.  Сол  кезде  қалыптасқан  басқару  жүйесін  бес  деңгейге  бөліп  қарастыруға  болады . Олар :  КСРО  ауыл  шаруашылығы  министірлігі , облыстық  ауыл  шаруащылығы  басқармасы , аудандық  ауыл  шаруашылығы  басқармасы  кәсіпорындарда  қалыптасқан  жұйесі .  Яғни, мұнда  тауар  өндіруші  бір  орталықтан  бекітілген , бір орталыққа  бағынатын  жоспар  негізінде  жұмыс  жасады .

         Қазіргі  танда  өнім  өндіру  жеке  меншікке  негізделгендіктен  ауыл  шаруашылығы  саласында  үш  басқару  жұйесі  қалыптасқан ,  олар  : мемлекеттік , шаруашылықтық  және  кәсіпорындардың  өзін — өзі  басқару  жұйесі . Мұнда   мемлекет  әртүрлі  эканомикалық  тегеуріндерді  қолдана  отырып , реттеуші  қызмет  атқарады.  Ал  шаруашылық  басқару  жүйесі  тауар  өндірушілердің  белгілі  бір  мақсатқа  коммерциялық  емес  ұйымдарға  бірігу  арқылы  дүзеге  асады , яғни  олар  мемлекет  пен  бәсекелестері  алдында  өз  мүдделері  мен  көзқарастарын  қорғау  мақсатында  ассоциацияларға , одақтарға , қауымдастықтарға  бірігеді .                                                                                                                                                                              

 

 

Сызба — 4  

 

        Кәсіпорынның  басқару  құрылымына әсер  етуші  факторлар :

       
 

Ұйымдық факторлар:

—         басқару мақсаты мен міндеттері;

— басқаруды орталықтандыру дәрежесі;

— басқару әдістері мен техникасы;

— құрылымдық бөлімдер арасындағы байланыс;

 

 

 

Технологиялық факторлар :

—         өндірістің типі;

—         өнім өндіру ерекшелігім мен мамандану бағыты;

—         өнімді өткізу ерекшеліктері;

—          өнім өндіру технологиясы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жалпы  ауыл  шаруашылығы  мемлекеттік  және  шаруашылықтық  басқару  жұйесі  өз  қызметімен  келесі  принциптерге  негіздеп  жүргізеді  :

  • мемлекеттік және  шаруашылықтық  басқару  жұйесінің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  нақты  қызмет  ету  шегі  болуы  қажет ;
  • ауыл шаруашылығы  саласында  бұл  екі  жүйенің  де  қалыптасуының өзіндік  ерекшеліктері  болады , олар  мемлекеттік  басқару  (  жоғарыдан  —  төменге  )  қарай  жүргізілетін  басқару  принціптеріне негіздеме , шаруашылықтың  басқару  тауар  өндірушілердің  ерікті  бірігуі  негізінде (  төменнен  —  жоғары  )  қарай  басқару  принціпіне  негізделеді .  Мемлекеттік  басқару  жұйесі  аграрлық  салада  мемлекеттік  щаралармен  байланысты  алдын  ала  белгіленген  қызметтер  мен  ұйымдық  құрылымдар  негізінде  жүзеге  асады. Ал  шаруашылық  басқару  жұйесі  рынок  талабына  тез  бейімделетін , икемді  жұйеден  түрады  және  ол  коммерциялық  емес  ұйымдарға  бірігуші  тауар өндірушілердің  эканомикалық  —  әлеуметтік мүддесін  жүзеге  асыратын  болғандықтан  ерікті  және  демократиялық  принціптерге  негізделген  үйымдық  құрылымынан  тұрады . Мемлекеттік  басқару  жұйесі  әкімшілік – аумақтық принцип  негізінде  қалыптасады , ал  шаруашылықтың  басқару  жұйесі  ерікті  бірігу  негізінде  болғандықтан  тауар  өндірушілердің  мамандану  бағытына  байланысты  бірігуді  жүзеге  асырады .

    Кәсіпорындардың  өзін — өзі  басқару  жұйесі  әртүрлі  ұйымдық – құқықтық  нысандарда қалыптасқан  басқару  жұйесі  арқылы  жүзеге  асады , олар  өндірістік  кооперативтер ,  акционерлік  қоғамдар , шаруашылық  серіктестіктерінде  қалыптасқан  басқару  жүйесі .

    Агроөнеркәсіп  кешенінде  жүргізілген  реформа  нәтижесінде  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  басқару  жүйесі  түбегейлі  өзгереді , бір  орталықтан  басқарылатын  совхоздар  мен  колхоздар орнына  жеке  меншік  құқығына  негізделген  өз  алдына  жүмыс  жасайтын  ұйым  түрлері пайда  болады .

      Сонымен  қатар  қандай  да  болмасын  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін , тиімді  жүргізу  үшін  қазіргі  кездегі  рыноктық  басқару  жұйесінің  мән – мағынасын ,оның  ерекшеліктеріне  жақсы  түсіну , оларды  кәсіпорынның  күнделікті  қызметінде  ескере  отырып , қазіргі  АӨҚ – індегі  басқару  жүйесінде  орын  алып  отырған  кемшіліктерді  жою  бағытында  жұмыс  жүргізу  керек .

 Атап  айтқанда :

.            қазіргі  қолданыстағы  басқару  жүйесі  эканомикалық  тәсілдерін  өз  дәрежесінде , толығымен  пайдалана  алмай  отыр  (  жекелеген  басқару  звеноларының  соңғы  нәтижеге  деген  материалдық  ынталылығы  байқалмайды  ) ;

.            қолданыстағы  басқару  жүйесі  ауыл шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  мен  қайта  өңдеу , сату  арасында  баяғыдан  қалыптасқан  дәстүрлі  байланыстар  негізінде  құрылған.  Оларда  орын  алмасудағы  тепе – теңсіздік , салалар  арасындағы  үйлесімсіздік , т. б.  жағымсыз  жағдайлар  толық  сақталғандықтан ,  басқару  жүйесіне  қазіргі  қалыптасып  келе  жатқан  эканомикалық  ахуалға  байланысты  баламалы  өзгерістер  енгізе  қою  өте  қиын .

      Республикамызда  агроөнеркәсіптік  кешенді  басқару  мынадай  жүйелерден  тұрады :

          .  өзін — өзі  басқару ;

          .   шаруашылықты  басқару ;

          .   мемлекеттік  басқару  немесе  реттеу ;

 

         Өзін — өзі басқару  жүйесі  дегеніміз  жекелеген  шаруашылықтардың  өз  ісін  жүргізу үшін  өзін — өзі  басқару .  Қазіргі  кезде  жекелеген  шағын  шаруашылықтарда  басқару  құрылымы  екі  саладан  тұрады ,яғни  меншік  иесі  және  тауар  өндіруші . Мұндай  құрылымды  меншік  түрінің  пайдалы  жақтары  да  жоқ  емес . Біріншіден , орталықтан  басқарушылықтан  арылыды.  Екіншіден , басқару  жоғарыдан  емес , төменнен  жоғарыға қарай  жүргізіледі. Үшіншіден , шаруашылық  иелері  өз  ісін  өз  қалауынша  жүргізуге мүмкіндік алады . Өзін — өзі  басқарудың  мәні  мынада :  тауар  өндіруші  өз  ісіне  қожа  және  ол  шаруашылық  құрылымын  өз  қалауынша құрып , шаруашылықтағы  тиімді  деген  басқару  органын  дамыта  алады .

        Жеке  шаруашылықтардағы  өзін — өзі  басқарудың  дамуы  өзге  формадағы  шаруашылықтың  пайда  болуына  жол  ашады . Мысалы , шаруа  қожалықтарында  өзін — өзі  басқарудың  дамуы  шаруа  қожалықтары  одақтарының  немесе  ассоциацияның дамуына  жол  ашады .

       Шаруашылықты  басқару  осы  өзін — өзі  басқару  принципіне  негізделеді . Себебі, Кеңес  Одағы  кезінде  ауыл  шаруашылығында  тек  екі  меншік  түрі  совхоздар  мен  колхоздар  жұмыс  жасады.

                  Мемлекеттік  басқару  екі  бағытта  жүргізіледі :

    . әкімшілік  басқару , оның  ішінде  мемлекеттік  механикалық  тексеру , жерді  пайдалану  жөніндегі  бақылау , мал  дәрігерлік , карантиндік , мал  тұқымын  асылдандыру  басқару  қызметтері  жатады ;

    . мемлекеттік  реттеу , ол  экономикалық  тегеуріндер  арқылы  жүзеге  асады .  Олар :  бюджеттік  қаржыландыру , көмек  қаржы  көздері , әр  түрлі  жәрдемдер  пайдалану  арқылы  ауыл  шаруашылығында   өнімділікті  арттыру т. б       ,

       . Ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік  басқару  рыноктық  қатынастардың  дамуына  байланысты  экология , байланыс  жүйесінде  саясатқа  түзету  енгізумен , осы  салаға  ғылыми – техникалық  прогрестің  жетістіктерін  енгізумен , ақпараттармен  қамтамасыз  етумен , кадрларды  қайта  дайындаумен  жалғасады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ АУЫЛ ЩАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ  

ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ.

 

2.1 Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының   

             даму деңгейін талдау.

 

        Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің элемге белгілі «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде «Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту , оны дәйекті де батыл реформалау, сандай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарларымен толтыру шаралыры жүретін болады» — деп атап көрсеткен болатын .

         ҚР- да агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығын әлеуметтік – экономиаалық дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті рынок жағдайында әрбір жекеленген аймақтардың табиғи-экономикалық өзгешеліктерін еске ала отырып  ауыл шаруашылығының әлеуметтік салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан да биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.

    Аймақтағы  агроөркәсіп  кешенінің  даму  стратегйясы, оның  негізгі         

 мазмұны  нақтылы  әлеуметтік-эканомикалық жағдайлар мен анықталады. Оның негізгі мәніне, біріншіден, аймақтық ішкі даму факторлары: табиғи ресурстары, эканомикасының нақтылы жағдайы мен оның құрлымы, маманданудың , шығын және орта бизнестің даму деңгейі, аймақтық рыноктың қалыптасқандығы және т.б жатады.

      Екіншіден, аймақтағы сыртқы орта факторлары: мемлекеттің экономикалық және аймақтық саясаты, оның әлемдік ортадағы орны, сыртқа шығару – сырттан әкелу мүмкіндіктері, әлемдік рынок конъюктурасы негіз болады. Оған себеп:ауыл жүйесінде шаруашылықтың әлеуметтік –экономикалық даму стратегиялық жүйесінде аймақтың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану мен қатар аймақ шеңберіндегі сегменттік рынокты, шағын бизнесті, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымдарды жетілдіру үлкен орын алады.

         Қазақстанның  көптеген  аймақтарында ауыл шаруашылығының әлеуметтік –экономикалық даму рынок экономикасына сай жүргізілмей отыр. Оған себеп біздің мемлекет, эканомикасы қалыптасқан басқа елдер сияқты ықшамды територияда  орналасқан аймақтардың ішкі резервін тиімді пайдалана отырып, Әлеуметтік салаларды дамытудың орнына, көптеген әлеуметтік- эканомикалық шараларды бүкіл республика шеңберінде жүргізуді мақсат еткендіктен, қаражаттың және басқа ресурстардың жетіспегендігінен олар өздерінің тиімділігін мезгілінде бере алмай отыр.

            2003-2004 жылдары Қазақстан өнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз бола алатын екі құжат қабылданды: Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылға арналған Мемлекеттік аграрлық азық –түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін селолық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Олар агробизнестің оңтайлы құрлымы қалыптасуымен, агротехнология деңгейінің өсуімен, ауыл шаруашылық өндірісінің Маркетинг стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен, селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдығымен байланысты аграрлық саладағы дамудың жаңа сапасына көшу қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі /конкуренция/ қаблеттілігін артуы және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жетуі мүмкін  еді. Осыған байланысты эканомиканың аграрлық секторында қанда проблемалар туындайтынына тоқталамыз.

           Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі өзгерістерді бастан кешті. Саланың жалпы өнімі 2003 жылы 1990 жылмен салыстырғанда екі еседен астам төмендеді. Жан басына шаққанда 1990 жылғы деңгейге қарағанда астық өндіру -63 пайыз,  ет-49, сүт -82, жұмыртқа-57 паыз болды. Осы мезгілде картоп өндіру жан басына шаққанда -10 пайыз өсті, көкөніс пен бақша дақылдары -94   пайызға өсті. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттік алынған дерек бойынша саланың жалпы өнімі жылдар ішінде төмендегідей құбылды.

 

Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен болғанымен, бірақ, олардың өскені, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи-климаттық жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін жоғарыдағы суреттен байқауға болады.                                                                                 

Осы саланың дамуына кедергі келтіретін факторлар деп, өндірушілер тәмендегілерді санайды:

—    қаржының жетіспеуі — 55%;

—    материалдық техникалық базаның тозуы- 44%;

—    айналымда қаржының тапшы болуы- 30%;

—    несие пайызының жоғары болуы -21%;

—    жоғары салық-21%;

—    тұтынушының төлеуге жарамсыздығы -11%.

Жалпы алғанда ауыл шаруашылығының дамуы осы уақытқа дейін бидай өндірісіне тікелей тәуелді болып отыр.

Сонымен ауыл шаруашылығының I жарты жылдық бойынша қаржылық жағдайы кемімелі түрде болды. Оған әсер етушілер:

—    мезгілдік фактор;

—    өндірістің жоғары ;

—    дебиторлық және кредиторлық қарыздар;

Шаруа қожалықтарының қарыздарының жоғары болуы олардың мемлекеттік несиені уақтылы төлеуіне кедергілер келтіріп отыр, нәтижесінде келесі жылдарда мемлекет тарапынан көмек алуларына кедергілер туындайды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығының облыстық басқармалар егін аз болған жылдарда және баға конъюнктурасы қолайсыз болған жылдарда мемлекеттік несиелерді қарыз пролонгациясын жасауды ұсынып отыр. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша бұл ұсынылған жобалар барлық мәселелерді толығымен шеше алады дей алмаймыз. Ол үшін төмендегідей арнайы шаралар қолдану керек:

—    өнімнің сапасын көтеру;

—    өндіріске қызмет көрсету құрылымын құру;

—    жаңа технологияларға оқыту және ауыл  үшін арнайы кадрлар даярлау;

Осы жылдарда ең бағалы деп саналатын мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы қысқарып кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 /2 сурет/.

Саладағы мұндай өзгерістерге: Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік шаруашылық, ара қатынасының тұрақсыздығы, селоға мемлекеттік қолдаудың тоқталуы, инфляцияның

шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы сондықтан, оларға өнім иелершің қолы жетпеуі, төленушіліктің өсуі, ауыл  шаруашылығы өнімдері мен оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұрныстың шектелуі- ауыл шаруашылығының негізгі проблемасына айналды. Азық- түлікке мемлекеттік дотацияның болмауы халықтың сатып алу қабілетінің кемуіне әкеп соқты. 2002 жылы халықтың жанбасына тұтынған еттің көлемі ғылыми негізделген норманың тек 54 пайызын ғана құрады, сүт-57, жүмыртқа-39 пайыз.

Өңдеуші өндіріс өнеркәсіптерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қажеттілігі қысқарды. Ауыл шаруашылық министрлігінің деректері бойынша, өндірілген сүттің 11 пайызы, еттің-10,  дәнді-дақылдардың -14, майлы өсімдік дәнінің 48 пайызы ғана өнеркесіптік өңдеуден өтті. Осы арада айта кететін бір мәселе жеткілікті көлемде мемлекеттік қолдау болмай отырған кезде ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстың деңгейі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өнім өндіруді айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Өйткені, олардың айналмалы қаржысы мен негізгі капиталға инвестиция алуға қажетті мөлшердегі қаражаты жоқ.

Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық-түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының ауыл шаруашылық енімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады /1-кесте/. Мәселен, оның үлесі 1990-1992 жылдардағы 31 пайыздан 2002 жылы 51 пайызға дейін өсті. Статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне қарағанда жеке косалқы шаруашылықтың /ЖҚШ/ өсімдік шаруашылық өнімдерін әндірудегі үлесі 26 пайыз, мал шаруашылығында — 87 пайыз. Сөйтіп, бүгінгі күнде халықтың жеке қосалқы шаруашылығы еттің, сүттің, көкөністің, бақша дақылдарының, жеміс пен жидектің, картоптың негізгі өндірушісі болып табылады.

Осы мерзім ішінде халықтың жеке қосалқы шаруашылығында, керісінше, ет ондіру -10 пайызға, сүт-30, картоп-22, жеміс пен жидек-38, көкеніс пен бақша дақылдары-2,9 есеге өсті.

Шаруашылық санаттары арасындағы өнім өндірудегі мұндай ара қатынастың қалыптасуы республика халқының астықтан басқа азық-түліктің негізгі енімдеріне деген қажеті бүгінгі күні ЖҚШ есебінен қанағаттандыруына әкеліп соқты. Біздің жасаған есебіміз көрсеткендей 2001-2002 жылдары халықтың етке деген қажетінің 87-89 пайызы, сүтке-78-80, жұмыртқаға-45-48, жеміс, жидек және жүзімге-56-58, көкөніске-95-96, картопқа-78-80 пайызы қосалқы шаруашылықтар есебінен

қанағаттандырылып отыр. 2004 жылдың I жарты жылдығында өсімдік шаруашылығы енімдері 6,4 млрд.теңгеге өндірілді, бұл 2003 жыл деңгейімен салыстырғанда 2%- ке жоғары. Ал екінші кварталда егін жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде ауылшаруашылығының жалпы көлемі 17,4 млн.га жетті. Егіс құрылымын дәнді дақылдар құрады(13,2 млн.га), ауыл шаруашылығының 80% үлес салмағын алады. 2004 жылы сұлы (22,6%) және арпа (12,6%) осіру кең көлем алды және бұл мал шаруашылығының дамуына өз әсерін тигізді. Мәдени дақылдар ағымдағы жылда жалпы дәнді дақылдардың 3,7% құрады, бұл тек тұқымды сақтап қалуға ғана жағдай жасады.

Қант қызылшасы 2004 жылы 23,5 мың га жерді алды, оның негізіг өсірілу аймағы бұрынғысынша- Алматы және Жамбыл облыстары болып қалды. Сонымен бірге қант қызылшасы ондірісінің көлемі республика бойынша қант зауыттарын және халықтың қантқа деген сүранысын қамтамасыз ете алмайды. Мақта осіру алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,6%-ке өсті. Бұл тенденцияның бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқанын атап өткен жөн.

Азық — түлік қауіпсіздігінің басты міндеттері мыналар болуы тиіс: — тамақ өнімдерімен өзін -өзі жеткілікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

— бағаның артуы т.б. жағдайларда, оларды қажетті  мөлшерде сырттан әкелу үшін қолда қаражат болуы.

Халықтың саны да, сапасы да медициналық тұтыну талаптарына барлық жағынан жауап бере алатын ас-тағам өнімдерімен үнемі үзіліссіз жабдықтау ісі жолға қойылғанда ғана азық-түлік қауіпсіздігі сақталуына кепілдік бар.

Біз осы сәтте Қазақстанның азық — түлік қауіпсіздігіне қатер төндіретін бірнеше ішкі-сыртқы ахуалдарды бөліп айта аламыз:

Азық-түлік қауіпсіздігінің ішкі қатерлеріне мыналарды жатқызуға болады:

1.Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс.

  1. Егіс көлемінің қысқаруы және астықтың жалпы түсімінің төмендеуі.

3.Ауыл шаруашылық мал басының кеміп кетуі.

4.Қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау салаларының дамымауы.

5.Ауыл шаруашылық  машиналарын жасау саласындағы дағдарыс.

6.Айтып келмейтін табиғат апаттарына дайын болмау.

7.Агроном кадрлар әзірлеу ісі сапасының нашарлығы.

8.Ауыл-саласы демографиялық құлдырауға әкеліп соқтыратын ауыл жастарының қалаға жаппай ағылуы.

Халықтың қосалқы шаруашылығының бұдан былайғы жерде дамуы негізінен -ел экономикасының осы манызды секторына қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатқа байланысты. Біздің ойымызша оларға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясаттын басым бағыттары келесілер болмақ:

Біріншісі-халықтың жеке қосалқы шаруашылығы туралы арнайы заң қабылдау. Онда ЖҚШ құқықтық статусы анықталуы тиіс, тиісті жарна төлеген жағдайда ЖҚШ оз еркімен жүмыс істейтіндерді зейнетақымен және әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз етуі каралуы керек.

Екіншісі ЖҚШ ауыл шаруашылық және өндеуші кәсіпорындарымен, сауда ұйымдарымен және фирмалармен тікелей қатынасын белгілеу және олармен бірігуін ынталандыру. Онымен бірге, халықтың үй шаруашылығына өндірістік -техникалық қызмет көрсету жөніндегі, атап айтқанда, мал азығын ендіру мен дайындау, жерді өңдеумен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, өнімді сату, техниканы сатып алу және материалдық техникалық жабдықтау жөніндегі коммуналдық меншік кәсіпорындары мен маманданған кооперативтер құруды ынталандыру қажет.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен езара қарым қатынастарының маңызды түрі контрактылық /келісім —шарттық/ ауыл шаруашылығын дамыту болып табылады. Сол кезде кәсіпорын ЖҚШ-қа материалдық -техникалық ресурстарды, малдың төлін, қажет болған жағдайда несие береді, ЖҚШ өндірген өнімдерді сатады. Бұл байланыс өзара тиімді. Кәсіпорын менеджментке, инвестицияға жұмсалатын қаржыны үнемдей отырып, өз өндірісін ұлғайтады, ал ЖҚШ иелері өнімді өндіру мен сату жөніндегі өз проблемаларын шешеді.

Өзара әрекеттестіктің мұндай тәжірибесі Венгрияда бар, Батыс европалық елдермен АҚІІІ- да дамуда.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ЖҚШ мұндай әрекеттестігі КСРО кезінде де болғанды, ұжымшарлар мен кеңшарлар халыққа өндіруге малдың телі мен құсты, қант қызылшасын, көкөністі, басқа да дақылдарды беретін тұғын.

Үшіншісі-селолық несиелік және сақтандыру кооперативтері арқылы ЖҚШ-ға несие тұтыну кооперативтерінің ролі дала жұмыстарын атқару, енімді сату мен өңдеу кезінде ЖҚШ қаржыландыру үшін аса маңызды. Селодағы сақтандыру әлдеқайда тиімді.

ЖҚШ жәрдемақы төлеу жүйесін әзірлеу қажет, соның ішінде банк несиесі бойынша және селолық несие кооперативтерінің пайыздарын төлеуге жұмсалатын шығынның бір бөлігіне жәрдемақы беру. ЖҚШ қарыз беретін арнайы қорлар қүру тиімді. Мұндай тетікті Бүкіл Ресейлік Аграрлық проблемалар мен информатика ғылыми-зерттеу институты әзірледі, ол Ленинград облысының үш ауданында тәжірибеге енді.

Төртіншісі-ЖҚШ-ды кооперативтерге біріктіру. Ресейде кооперацияның мұндай түрі коопшар /коопхоз/ деп аталады.  Өз еркімен

бірлескен кезде коопшар мүшелері жер учаскелеріне жеке меншікті сақтай отырып мүліктік және қаржылық жарналардан жарналық қол құрады.

Бесіншісі-жергілікті өзін — өзі басқаруды дамыту. Оның тиімділігін Мордвадағы /Ресей/ ЖҚШ жұмыс тәжірибесі дәлелдеді. Аталған бағыттарды іске асыру халықтың қосалқы шаруашылығының дамуын, өнімді сату мен өңдеу, шаруашылықтарды жабдықтау ісінде кооперацияға мемлекеттік қолдауды, үкіметтің жергілікті органдардың халықтың ЖҚШ қызметіне жәрдемін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық база жасау арқылы орындалады.

Қазақстанда шаруашылық жүргізудің шагын түрлерін дамытудың өнерлік бағдарламаларын әзірлеген жөн. Онда мыналар қаралғаны дұрыс:

—   халыққа малдың төлі мен құстың балапандарын сату;

ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан бордақылап, кейін кәсіпорын арқылы сату үшін малдың төлі мен құстың балапанын бөліп беру;

—   картоптың және басқа дақылдардың тұқымын сату;

— халықтан көкөністі, жеміс пен жидекті, сүтпен етті сатып алуды ұйымдастыру, өңдеуші кәсіпорындардың сүт қабылдайтын пункттер ашу;

Құрамы жемге, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарына, мал дәрігерлік препараттарға жеңілдігі бар баға тағайындау;

— мал мен құс ұстайтын халыққа мал азығын аванспен беру;

— жеке қосалқы шаруашылық мал тұқымын асылдандырудың, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және агротехникалық қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесіне қосу.

Халықтың жеке қосалқы шаруашылығына мақсатты мемлекеттік қолдау көрсету біраз проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды, село тұрғындары омірінің әлеуметтік проблемаларын шешуді, өндеуші өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етуді, республиканың бүкіл халқының табысын арттыруды.

Агроөнеркәсіпті кешенді елеулі түрде алға жылжыту үшін мына бағыттарды атап өтуге болады.

Біріншіден, біздің ел азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ететіндей басым бағыт ұстануға тиіспіз.

Екіншіден, агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына әсер ететін салаларды дамыту. Ауыл шаруашылығын өркендету арқылы біз экономиканы дамытуға үлес қосамыз.

Үшіншіден, ауылда өмір сүруге жағдай жасау, бұл үшін мәдениет, денсаулық, білім беру деңгейіне көңіл бөлу.

Ауыл шаруашылығын жалпы қорытындылайтын болсақ 2004 жылы астық өндіру көлемі 10,5 млн теңге болды. Мақта алдыңғы жылмен салыстырғанда өсіру колемінің ұлғайуының нәтижесінде 9%-ке жоғарылады. Жалпы алғанды, өсімдік шаруашылығы өндірісі өнімінің көлемі 271,9 млрд. теңгені құрады.

2004 жылы ірі қараның басы және құс шаруашылығы алдыңғы жылмен салыстырғанды 6,8%-ке ості. Мал шаруашылығы өнімінің өсуінің негізгі факторы мал санының өсуімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы енімділігі әліге дейін бұл саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан жоқ.

 

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың

жағдайы

 

Аграрлық сектор қай кезден де күрделі сала болып табылады. Ел реформасын жаңғыртудағы аграрлық саланың реформалары әрдайым қйындықпен келеді. Мұндай реформаның негізгі мақсаты, жалпы экономикадағы сияқты, отандық өнідірістің тиімділігін көтеру, оның көлемін өсіру, өнім сапасын жақсарту және өзіндік құнын әлемдік рыноктағы бәсекелестік дәрежесіне дейін төмендету.

Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығының болашағы фермерлердің қолында екендігі белгілі және олар барынша ірі әрі материалды- техникалы қ ресурсы мықты, бәсекеге жарайтын өнім шығаратын фермерлер болуы керек. Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және оның тиімділігін көтеруде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және оның тиімділігін көтеруде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді ұйымдастырудың маңызы зор. Облыс бойынша 2005 жылдың қаңтар айының 1 жүлдызына 67,1 мың шаруа (фермерлер) қожалығы тіркелген, оның 89,6%- белсенді шаруашылықтар қатяуына жатады. Шаруа қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлык шаруашылықтың 33,0%); Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қ.ә. (10,6%о) тіркелген.

2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарынында 159,8 мың адам жүмыс істеді, оның 49,7%- Мақтаарал, 9,3%- Шардара аудандарының қожалықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.

Ауылшаруашылығы дақылдарын және мал өсіретін жерлерді қамтамасыз етіп қана қоймай, оны экспортқа шығару мүмкіндігін де иелене алады. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер толық игеріленуде. Яғни, бұл саладағы жұмыстың негізгі рыноктық күштерді дамыту мен бәсекелестікті жетілдірудің нақты заңға сәйкес болуына және мемлекет тарапынан қолдауға негізделуі керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы егіншілікпен және дамыған мал шаруашылығымен айналысатын ірі өңір болып табылады.

2005 жылдың қаңтар-наурызында облысты тұтас алғанда ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі, республиканың ағымдағы орташа бағасымен, 8500,4 млн.теңгені құрады, бүл 2004 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,4% артық.

Ағымдағы жылдың үш айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 61,9 % мал мен құс етінің өндірісіне, 28,8%- сүт, 4,5%- жұмыртқа және 4,8% басқа да өнім өндірісіне тиесілі.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Сарыағаш 16,8%, немесе 1425,5 млн.теңге. Сайрам-тиісінше-14,6% немесе 1240,6 млн.теңге және Түлкібас аудандарыында- 10,9% немесе 922,6 млн.теңге.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша егістік алқабы 762,8 мың гектарды құрады. Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының басым бөлігіне техникалық дақылдар (40,2%), дәнді және дәнді бүршақты дақылдар (29,7%) және жемдік дақылдар (23,4%) егілді.

 

Егін шаруашылығы

Биыл облыста ауылшаруашылық дақылдары 739,4 мың гектар алқапқа орналастырылды, бұл Агро азық-түлік бағдарламасынан 14,4 мың га артық және өткен жылға деңгейден 7,1 мың га-ға.

Дәнді дақылдар алқабы 231,7 мың га құрады немесе бағдарламадан 16,7 мың гектарға артық. Оның ішінде 182,2 мың гектар бидай егілген (бағдарлама бойынша — 180 мың га.).

Мақтаның рентабельдігінің жоғарылығы, кепілдік өткізудің мүмкіндігі, ауыл шаруашылық саласында сұранысқа басымдылығы мол болып анықталды. Сол себебті нақта егілгені 199 мың гектар, бұл бағдарламадан 29,0 мың га-ға артық және өткен жылдан 28,8 мың га-ға. Көктемгі ауа-райының қолайсыздығына байланысты, барлық егілген мақта көлемінің 45,1 мың гектары қайта себілді. Қазіргі кезде егістікке агротехникалық іс-шаралар жүргізілуде және мақтаның жағдайы жалпы қанағаттанарлық.

Қырғы жерлерді қолайлы пайдалану мақсары егісінің алқабын ұлғайтуға әсерін тигізді, ол өсімдік май өндірісі үшін негізгі шикізат ресурсы болып табылады.

Бұл дақыл үшін 59,6 мың га алқап жіберілді, бағдарламадан 11,6 мың га-ға артық және 2002 жыл деңгейінен 21,8 мың га.

Облыс республикадағы ең үлкен көкөніс жөне бақша енімімен жабдықтаушы болып табылады. Биыл көкөніс-бақша дақылдары 41,1 мың гектарда бапталуда (бағдарлама бойынша 40,0 мың. га.).

Барлық егілген дәнді дақылдардың ішінде арпа, бидайы 203 мың га құрайды. Оның 2,5 мың га орылымға жатпайды. Қазіргі кезде облыс тауар өндірушілері орым қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңга 101,7 мың гектар орылды немесе орылым алқабының 51%. Орташа өнімділігі гектарына 17,4 центнер жалпы 177,4 мың тонна дән алында.

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардагы № 70 қаулысына сәйкес көктемгі дала жұмысын жүргізу үшін облыстағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне республика бюджетінен 120 млн. теңге бөлінді.

2003 жылғы жарты жылдықта облыс әкімінің «Харрикейн ойл Продактс» ААҚ басшыларымен келісімі бойынша көктемгі дала жұмысына ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілді. Тағы да, орылым кезінде 10 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілуіне жұмыс жүргізілуде.

Бұл қаржылар көктемгі дала жұмыстары үшін және қазіргі орылым кезінде агроқұрылымдарға үлкен көмегін тигізуде.

Дақылдардың өнімділігін арттырудың ең бірінші факторы, ауылшаруашылық өндірісінде тыңайтқышты тиімды пайдалану болып табылады. Бірақ, тауар өндірушілердің қаржы қабілеттігінің жоқтығынан, минералды тыңайтқыштардың сату бағасының жоғарылығынан қажетті көлемде тыңайтқыштар жерге қажет мөлшерінде берілмейді.

Өткен жылы минералды тыңайтқыштар алуға субсидия берілгендіктен тауар өндірушілердің жерге тыңайтқыш беру көлемін өсіруге себебін тигізді.

Облыс бойынша ағымдағы жылы 3,5 мың тонна минералды тыңайтқыш субсидиялануға жатады. Оның ішінде бүгінге 2,4 мың тонна алуға кілісім шарт жасалған, бұл көзделгеннің 68 пайызын құрайды. Кептеген тауар өндірушілірдің келісім шарттан бас тарту себебі, әлі де болса тыңайтқыш бағасының жоғарылығы (аммофос тоннасына 13236 тенге).

Ағымдағы жылы бағдарламамен элиталық тұқым шаруашылығын дамытуға 43,3 млн. теңге сибсидия болу қарастырылған. Бұл қаржы республика бюджетінен элиталық тұқымды сату шамасы бойынша бөлінеді.

«Сорттық және егілетін тұқымдық материалды анықтау» 037 бағдарламаға сәйкес 6,2 млн. теңгеге 10552 зерттеулер жүргізілген. Оның ішінде биылғы күздік дақылдар тұқымының сапасын анықтауға  1,4 млн. теңге соммасына 2344 зерттеулер жүргізілді. 2004 жылғы өнімінің тұқым сапасын тексеру басталды 4,8 млн. теңге соммасына 8208 зерттеулер игеріледі.

Жер кадастрының бірыңғай банк мәліметтерін құру бойынша жұмыстар жасалынды. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына облыс бюджетінен бұл жұмысқа 4,0 млн. теңге бөлінді.

Гордроқұрылымдарын жөндеу туралы және су қорғау зонасы мен аумақтарын құру жұмыстары жүргізілді. Облыс бюджетінен биылға бағдарламада қарастырылған 57 млн. теңгенің, бірінші жарты жылдықта 28,4 млн. теңгесі бөлініп және игерілді.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша егін шаруашылық жағдайы

 

 

Бүкіл егістік

көлемі мың га

Оның ішінде

Дәнді

дақылдар

Техникалық дақылдар

Жемдік дақылдар

Облыс бойынша оның ішінде

2003

2004

2003

2004

2003

2004

2003

2004

731,5

740,0

32,3

31,3

30,5

37,0

29,5

24,7

Шымкент қ

17,5

8,9

34,9

53,9

23,4

5,6

14,9

28,1

Арыс қ.ә

18,2

18,7

10,4

11,8

25,3

27,8

43,3

44,9

Кентау

2,3

2,4

21,7

20,8

17,4

16,7

1,1

12,5

Түркістан

38,7

39,2

27,9

19,6

43,9

55,1

18,3

15,8

Бәйдібек

79,3

85,7

38,8

42,2

7,9

13,5

51,6

42,4

Қазығұрт

73,3

72,3

48,7

42,6

14,7

24,2

32,3

29,3

Мақтаарал

135,2

135,0

8,2

6,5

71,8

85,1

12,8

4,1

Ордабасы

48,0

49,4

34,2

37,0

48,9

55,7

15,8

15,2

Отырар

13,3

15,8

26,3

22,2

26,5

32,0

32,5

23,3

Сайрам

75,2

77,1

42,6

39,9

12,8

13,2

39,1

38,7

Сарыағаш

45,7

49,8

36,1

32,3

28,4

31,5

11,8

11,6

Созақ

9,1

9,4

23,1

22,3

1,1

5,3

64,8

66

Төлеби

65,3

64,0

46,1

44,8

10,4

14,7

39,4

36,4

Түлкібас

60,0

61,0

53,7

56,6

8,0

18,4

35,3

22,1

Шардара

50,4

51,3

13,7

13,3

58,7

59,8

19,8

20,1

 

Облыс бойынша 2004 жылы техникалық дақылдар 12,0%, оның ішінде мақта- 11,8% артты. Алайда, дәнді және дәнді- бұршақта дақылдардың егістік алқабы 2,3% картоп, көкөніс және бақша-1,0%, жемдік дақылдар-2,3% кеміді.

2004 жылы егілген дәнді және дәнді- бұршақты дақылдардың барлық егістік алқабының 93,8%, немесе 222,6% мың гектары (2003 жылы-99,4% немесе 230,5 мың га.) жиналды.

2004 жылдағы дәнді және дәнді- бұршақты дақылдардың негізгі түрлерінің өндірісі келесі алдын-ала мәліметтермен сипатталады:

кесте-1

 

Егістік алқабы,

мың га

Жалпы жиналмаған егіс алқабы, мың га

Жиналаған өнім, мың  тонна

Дақылдардың өнімділігі,  гектарынан центнер

Дәнді және дәнді

бұршақты дақылдар- барлығы

 

226,5

 

222,6

 

474,1

 

21,3

 

Бидай

184,4

181,8

367,7

20,2

Арпа

20,4

19,5

29,9

15,4

Дәнге арналған жүгері

17,7

17,6

66,6

37,9

Күріш

1,8

1,7

6,2

34,9

Бұршақты дақылдар

1,7

1,5

2,6

17,6

 

 

2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда облыс бойынша дәнді және дәнді бұршақты дақылдар-4,7%, оның ішінде бидай-0,4%, арпа-16,7%, дәнге арналған жүгері-16,6%, күріш-12,4% кем жиналды.

2005 жылдың қаңтар-наурызында облыс бойынша шаруашылықтын барлық санаттарында 37,1 мың тонна-мал мен құс еті (тірідей салмағы), 89,8 мьің тонна-сүт және 42,6 млн дана-жұмыртқа өндірілді. 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру-3,3%, сүт-7,3%, жұмыртқа-3,5% артты.

Мал шаруашылығы

2003 жылдың 1 шілдесіне облыста барлық шаруашылық категорияларында 62,6 мың тонна ет өндірілді немесе өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,6 мың тоннаға артық, сүт — 211,8 мың тонна, 5,4 мың тоннаға артық, жұмыртқа — 98 млн. 47 мың дана, 15 млн. данаға артық.

Мүйізді ірі қара басы 66,7 мың басқа артты (12,7%), қой мен ешкі 302,8 мың бас (11,3%), жылқы 10,0 мың бас (9,0%), түйе 0,9 мың бас (7,2%) және қүс 407,0 мың бас немесе 21,5 пайыз.

Облыста ағымдағы жылы 35 агроқұрылым аттестациядан қайта өтті және 29 агроқұрылым облыс асыл субъекті статусын алуға аттестацияланды.

Республикалық бюджеттен асыл субъектілеріне мемлекеттік қолдау көсетілуде. Осы жылы ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінен облыс шаруашылығына 80,0 млн. теңгенің квотасы бөлінді.

Қазіргі кезде асыл тұқымды жас малдарды сатуға облыс асылдандыру шаруашылықтарына 11 млн. 902 мың теңге субсидия берілді.

Облыс бойынша қолда бар 188 ауылдық округтарда, оның 158 округында қолдан ұрықтандыратын пунктер жұмыс жасайды.

Қырымдық гиммарогиялық лихарадка ауыруына қарсы жоспарлы

түрде ветеринарлы-санитарлық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 16,9 мың теңге бөлінді (бағдарлама бойынша 2003   жылға қарастырылғаны 16,9 мың теңге). Мемлекеттік сатып алу жолымен бөлінген сомаға мал дәрігерлік дизинфекциялы-инсектицидтер   препараты сатып алынды. Бөлінген препараттар КГЛ бойынша аудандарға бөлінді.

Кесте-2

2004-2005 жж. өндірілген мал шаруашылығының өнімдері

 

 

Кезеңдер

Етке өткізілген мал мен құс (тірідей салмақпен), тонна

 

Сүт тонна

 

Жұмыртқа, мың дана

Жүн (нақты

салмақпен), тонна

2004

Қаңтар

9415,0

24129,6

13210,1

Қаңтар-ақпан

22300,5

50587,3

25146,0

Қаңтар- наурыз

35897,4

83694,0

41173,5

Қаңтар- сәуір

48905,8

121930,1

59998,5

Қаңтар- мамыр

58196,6

1711668,0

81584,0

Қаңтар-маусым

66189,0

225050,9

103432,8

3475,8

Қаңтар- шілде

73086,5

273630,8

122844,1

3475,8

Қаңтар- тамыз

79651,9

317474,3

140398,8

3475,8

Қаңтар-қыркүйек

88628,3

358033,1

155170,8

4447,6

Қаңтар- қазан

98834,5

395356,3

169079,8

4457,0

Қаңтар- қараша

109762,7

425047,7

182275,4

4457,0

Қаңтар- желтоқсан

122974,4

455200,8

195759,2

4473,3

 

Кезеңдер

Етке өткізілген мал мен құс (тірідей салмақпен), тонна

 

Сүт тонна

 

Жұмыртқа, мың дана

Жүн (нақты

салмақпен), тонна

2005

Қаңтар

10660,0

 

12871,4

Қаңтар- ақпан

24059,5

54072,8

25806,4

Қаңтар- наурыз

37074,5

89814,6

42608,7

 

Мал шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігін: еттің жалпы көлемі-%, сүттің- 98,7%, жұмыртқаның-55,2% жұртшлық шаруашылықтары. (сурет-4 )

 

Ауылшаруашылық                    Шаруа                  Жұртшылық

кәсіпорындары               (фермер) қожалықтары     шаруашылықтары

 

Мал мен құстың өнімділігі 2005 жылдың қаңтар- наурызында облыс шаруашылығының барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 2004 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 2,9% артып, 352кг. құрады, және бір мекиен-тауықтан орташа алынған жұмыртқа 2,8% артып, 37 дананы құрады.

2005 жылдың қаңтар-наурызында 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, облыс шаруашылығының барлық санаттарында алынған бұзау саны-8,3% артып, 117,0 мыңды, қозы мен лақ-тиісінше -8,4% және 858,6 мың, құлын-9,6%  және 12,2 мың басты, ал бота саны 1,1% кеміп, 1,6 мың және торай саны өткен жылдың көлемінде қалып, 13,3 мың басты құрады. Ал, шаруашылықтың барлық санаттарындағы алынған төлді әр 100 аналыққа шаққанда 35 бұзаудан, қозы мен лақ- 54, құлын-24, бота-23 және 332 торайдан келеді.

2005 жылдың 1 сәуірінде 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы ірі мүйізді қара малдың саны- 91% артып, 620,6 мың басты құрады, соның ішінде сиыр-тиісінше-3,5% және 260,3 мың, қой мен ешкі-10,7% және 3247,6 мың, жылқы-4,1% және 114,8 мың, түйе-5,5% және 14,4 мың, құс саны- 7,3% және 1887,2 мың басты құрады, ал шошқа саны-6,7% кеміп, 30,6 мың басты құрады.

Шаруашылық кожалықтарының ішінде қой мен ешкі (39,6%), жылқы (41,0%о) және түйе санының (32,6%) өсуі- фермерлер қожалықтарында, ірі қара мал (9,4%), оның ішінде сиыр (3,6%))- жұртшылық шаруашылықтарында, ал шошқа (59,2%) және құс санының (16,9%) өсуі ауылшаруашылық кәсіпорындарында байқалды.

Мал шаруашылығы 2004 жылдың 1 қаңтарына өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттары бойынша шошқадан басқа мал басының барлық түрлерінің өсуіне қол жетті. Мал басымен     негізгі     ауыл     шаруашылық     өнімдерін     ендіру,     негізінен,

тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары есебінен өсті.(кесте-3 )

 

 

 

 

 

 

Кесте- 3

Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығының жағдайы

 

 

Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша

Соның ішінде

Ауылшаруашылық кәсіпорындары

Фермерлер

Жұртшылық шаруашылық

 

2004ж.

2004ж  2003ж-ға %

 

2004ж

2004ж  2003ж-ға %

 

2004ж.

2004ж  2003ж-ға %

 

2004ж.

2004ж  2003ж-ға %

 

Мүйізді ірі   қара соның

ішінде

509957

114,2

4983

87,5

3372

87,8

501,602

114,8

Сиыр

240560

107,4

1775

94,2

1545

91,3

237,240

107,7

Қой мен ешкі

2660625

113,5

99309

97,4

96934

142,7

2464382

113,3

Жылқы

102123

110,1

1721

85,0

1058

86,0

99344

111,0

Түйе

12671

107,7

1393

127,1

833

102,6

10445

97,1

Шошқа

27450

98,8

716

2,5

93

1,9

26641

97,1

Құс

1658659

126,4

384592

126,4

5012

68,6

1269055

126,9

 

 

2004-2005 жж. сәуіріндегі мал мен құс санының шаруашылық санаттары бойынша құрылымы

 

Ауылшаруашылық кәсіпорындары

Фермерлер

Жұртшылық шаруашылық

2005ж

2004ж

2005ж

2004ж

2005ж

2004ж

Ірі қара мал

0,8

1,0

0,7

0,7

98,5

98,3

Оның      ішінде сиыр

0,7

0,7

0,7

0,7

98,6

98,6

Қой мен ешкі

4,0

4,5

5,7

4,5

90,3

91,0

 

Жылқы

1,4

1,7

1,7

1,2

96,9

97,1

Түйе

9,3

11,5

7,9

6,3

82,8

82,2

Шошқа

7,2

4,0

0,0

0,5

92,8

95,5

Құс

26,3

24,1

0,3

0,3

73,4

75,6

 

2005 жылдың сәуірінде 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облсытың барлық қалалық әкімшіліктері мен аудандарында ірі қара мал, сиыр, түйе және құс санының артқаны байқалады. Алайда, қой мен ешкі,

жылқы- Сайрам ауданында (тиісінше- 4,3%, 13,1%), шошқа саны, сондай-ақ-

Сайрам  (20,8%),   Түлкібас   (22,4%)   және  Шардара  аудандарында  (2,8%)

кеміді.

Облыстағы   мал   мен   құстың   негізгі   бөлігі   (шартты   мал   басына

есептегенде)-   Сайрам   (13,0%ожалпы   санынан),   Сарыағаш   (11,0%)   және Қазығұрт аудандарынның (9,2%) шаруашықтарында өсіріледі.

2004 жылдың қаңтар- желтоқсанына 2003 жылдың осы кезеңімен

салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттары бойынша мал

шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемінің өзгерісі

былайша сипатталады:

(жалғасы)

 

Қаңтар- желтоқсан

2004ж. қаңтар- желтоқсаны 2003ж. қаңтар-желтоқсанына %-бен

2003ж.

2004ж.

 

Союға жіберілген мал мен құстың салмағы- барлығы, тонна

121524,9

113090,9

107,5

Ауылшараушылығы кәсіпорындары

1507,4

1508,9

99,9

Фермерлер

1318,9

1159,6

113,7

Үй шаруашылықтары

 

 

 

Жалпы сауылған сүт көлемі:- барлығы, тонна

455200,8

428458,3

106,2

Ауылшараушылығы кәсіпорындары

3629,6

3648,7

99,5

 

Фермерлер

2215,6

2110,6

105,0

Үй шаруашылықтары

449355,6

422699,0

106,3

Жұмыртқа өндіру

195759,2

187609,8

104,3

барлығы мың. дана

 

 

 

Ауылшараушылығы кәсіпорындары

72733,1

72488,0

100,3

Фермерлер

464,5

454,1

102,3

Үй шаруашылықтары

122561,6

114667,7

106,9

Қырқылған қой жүні, тонна

4473,3

4024,7

111,1

Ауылшараушылығы кәсіпорындары

239,4

185,1

129,3

Фермерлер

242,1

173,2

139,8

Үй шаруашылықтары

3991,8

3666,4

108,9

 

 

2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда жалы облыс бойынша ет өндіру-7,5 %-ке, сүт- 6,2%, жұмыртқа 4,3%-ке, қой жүні -11,1%- ке артты.

 

        Олардың жалпы санындағы              Өткен жылдың тиісті

үлесі %-бен                                          кезеңіне %-бен

 

2005 жылдың сәуір айының 1 жұлдызына облысытың ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы құнарландырылған мал азығы- 4,3 мың тонна (2004 жылдың осы кезеңіне қарағанда 119,6 %), сүрлем- тиісінше-0,1 мың (11,6%), табиғи шабындықтардан және себілген шөптерден алынған шөп- 2,7 мың (49,1%), пішендеме- 1,9 мың (47,9%), қыстық және жаздық сабан- 0,5 мың тонна (82,9%) қүрады, Мал азықтары бірліктеріне аударылып есептелінген барлық мал азығы- 6,6 мың тонна болды, бүл өткен жылдың тиісті кезеңіне 86,4%). Шартты ірі қара малға есептегендегі орташа бір асқа мал азығы 2,5 центнерден келеді.

1 қосымшада ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі келтірілген. Қосымшадан байқайтынымыз жалпы облыс бойныша өнім көлемі соңғы жылдарда үдемелі өсіп отырған. 2 қосымшада егіс көлемі көрсетілген. Соңғы жылдарды жалпы егіс көлемі өсіп отырғанымен жекелеген дәнді дақылдар кеміп отырған. Әсіресе төмендеулер Арыс қ.ә.; Қазығұрт, Отырар аудандарында байқалады.

Облыста шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру жұмыстары екі қаржы көзін пайдаланумен жүргізілуде: а) бюджет және банкілердің қаржыларына несиелендіру; б) демеушілердің көмегі мен халықаралық ұйымдарының гранттары.

Иновациялық жобаларды ендіру, шағын кәсіпкерлікке қаржылық және консультативтік көмекті халықаралық ұйымдар іске асыруда. Облыста БұұДБ, ЮНЕСКО, МАШАВ, ЮСАИД; Евразия қоры, Жаһандық экологиялық қор, Халқаралық бизнестің жоғарғы мектебі, АҚШ-тың елшілігінің SАВІТ бағдарламалы және басқа жобалар жүзеге асырылуда.

Облыс тұрғындарын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі талдау, негізінен халықтың тамақ өнімдерін түтыну стандарттарына сәйкес қамтамасыз етілгендін көрсетті.

Ағымдағы жылдың 6 айына еттің сойылым салмағымен өндіргені 32,2 мың тонна. Облыстың әр-бір тұрғыны 15,6 кгетпен қамтамасыз етілді немесе қажеттілік нормаға 75 пайыз. Бұндай жағдай осы уақытқа тән, өйіткені облыста еттің жаз айларында аз қамтамасыз етілу, орнына көкөніс пен жеміс-жидек көбірек қолданыуы арқасында.

Өзіндік өндіріс арқылы бір түрғынға 102,3 кг сүтпен қамтамасыз етілді немесе 113,7%, жұмыртқамен 47 дана немесе 92%, нанмен 64 кг дейін немесе нормадан 55%.

Нан және нан өнімдерінің қажеттілікгін 107,9 мың тоннаны қамтамасыз етілмегендігінен ол республиканың солтүстік аймақтарынан коммерциялық құрылымдарымен алып келінеді.

Ағымдағы жылдың 6 айында үнмен бір тұрғынға 48,5 кг немесе нормадан 41%, ыстық нанмен — 43,6 кг немесе 45%, кеспе өнімдері — 2,3 кг немесе 51%.

Осыған қарамай, облыс бойынша қаңтар-маусым айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үн өндірісі 1,7%, сәйкесінше кондитер өнімдері (3,4%), кеспе өнімдері (63,7%).

Ағымдағы жылы облыс түрғындарының қажеттігі үшін картоп 129 мың тонна қажет. Картоп 10,4 мың га алқапқа егілді немесе 1,1 мың гектар өткен жылдан артық, ағымдағы жылы картоп өнімі 118 мың тонна болады деп жоспарлануда, бұл сәйкесінше 3 мың тоннаға артық. Сонымен бір тұрғынға 57 кг қажеттілікті құрайды немесе нормадан 91%.

2003 жылы көконіс қажеттілігі 114,0 мың тоннаны құрайды. Межелеген 558 мың тонна өндіріс бойынша өзіндік өндіріспен қамтамасыз етілуі 4,9 есені құрайды. Көкөніс пен бақшаның қажеттіліктен артық 440 мың тоннасы елеміздің басқа аймақтарына және Ресейге жіберіледі.

Облыста өсімдік майы есеппен 23,3 мың тонна өндіріледі деп күтілуде немесе өткен жылғы осы кезеңмен өсім 1,3 есені құрайды, бұл бір адамға шаққанда 11,2 кг келеді яғни нормадан 2 есеге артық.

Өсімдік майы импорттың 2,3 есеге кемуінен экспорт өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 31,5 есеге оскен Сонымен қатар, тамақтың экономикалық жеткіліктілігі саласында да проблемалар бар: егер жалпы облыстың орташа статистикалық түрғынының ақшалай кірістері азық-түлікті тұтынудың шекті молшерін қамтамасыз етсе, мүнда жекелеген топтар бойынша облыс тұрғындарының табыс деңгейінде едәуір алшақтық байқалады.Талданып отырған кезеңдегі тұтынуға жұмсалған тұрғындардың табысының қалыптасуы жалпы табыс сомасындағы 85,3% келеді. Жеке шаруашылықта өндірілген, тұтынатын өнім бағасының үлес салмағы 14,7% құрайды.

2003 жылдың 1 тоқсанында халықтың тұтынуға жұмсаған табысы құн көріс шегінен 18,1%, азық-түлік карзенкесі құнынан 68,7%) артық болды.

Тұтынуға жұмсалған үй шаруашылықтары табыстарының бағасы қалалық жерлерде тұратын халықтың 26%, ауыл тұрғындарының 33,6% табысы күн көрістің шекті деңгейінен төмен болғандығын көрсетті.

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында халықтың табыс деңгейін арттыру мақсатында еңбекпен қамту қызметтерінің араласуымен 1263 адам ауыл шаруашылығына жұмысқа орналасты. Ауыл шаруашылығында жаңа жұмыс орындарын ашу «2003-2005 жылдарға арналға Оңтүстік Қазақстан облысында кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі бағдарламаны» іске асыру бойынша іс-қимыл жоспарына сәйкес орындалып отыр.

Негізгі тамақ өнімі өндірісінің колемдерін шекті мөлшер деңгейімен қамтамасыз ету үшін облыста ауыл шаруашылык өнімдері өндірісіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.

2003 жылдың жарты жылдығыда ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 14592,6 млн. теңгені құрады, бүл 2002 жылдан 11,4% артық.

2003 жылғы 1 шілдеге облыста 50308 ауыл шаруашылық тауар өндірушілер әрекет етеді (бұл, ағымдағы жылдың басынан 1225-ке артық), оның 48914 шаруа (фермер) шаруашылықтары (1214-ке артық), өндірістік кооперативі — 907, шаруашылық серіктестігі — 473 және 14 элиталық тұқым шаруашылығы және асыл мал шаруашылығы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындар.

Жағдайы нашар ауылшаруашылық құрылымдарын жою бойынша жұмыс жалғасуда. Облыс бойынша жыл басынан барлығы қаржылық сауықтандыру банкроттық процедураны қолдану арқылы 265 агроқұрылым жойылды, оның 23 кәсіпорны ағымдағы жылдың жарты жылдығында.

 

Ауыл шаруашылық техникаларын жаңалау

 

Облыста соңғы 10 жыл ішінде трактор практерінде ауылшаруашылық көлігі екі есеге қысқартылды.

Жүргізілген мониторингке сәйкес қолда бар тракторлардың 90% 10 жылдан аса пайдалануда.

2003 жылдың 1 шілдесіне ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде 11087 трактор, 1140 дән жинайтын комбайн, 2942 жүк автомобилі, 7008 трактор тіркемесі, 2279 соқа, 2020 дән сепкіш, 1726 тырмалар және басқа ауылшаруашылық техникалары бар.

Парктін жаңалануы лизинг бойынша техника алу арқылы жүргізіледі. 2003 жылға «КазАгроФинанс» ЖАҚ ОҚБ-не ауылдық тауар өндірушілерден МТЗ-80 маркалы 50 дөңгелекті трактор, ДТ-75М маркалы 8 шынжыр табанды трактор, 10 жүк автомобилі, 60 трактор тіркемесі, 3 жүгері жинайтын комбайн және де басқа техникаларды лизинг бойынша 1262 мың АҚШ доллар сомасына алуға тапсырыс түсті.

Жыл басынан «КазАгроФинанс» ЖАҚ ОҚБ-і арқылы лизинг негізінде ауылдық тауарондірушілеріне Т-95.4 маркалы соқасымен 4 шынжыр табанды трактор, ДТ-75 маркалы соқасымен 4 шынжыр табанды трактор, және ПНС-4-35 маркалы 3 соқаалынды.

Осы жылдың алты айында аудан және қалалардағы 51 машина-техналогиялық стансалармен ауылшаруашылық құрылымдарға 24,76 мың гектар алқапта 41,96 млн. теңге сомасының механикаландырылған қызметі көрсетіген. Облыста МТС жеке тұлғалармен пайға берілген ескі ауылшаруашылық техникаларынан құрылған. Машина-технологиялық стансалар саны каржы қиыншылығынан тұрақты кемуде. Жыл басынан МТС 6 бірліке кеміді, ал өткен жылмен салыстырғанда механикалых қызмет көрсету көлемі 32 млн. теңгеге азайды.

2004 жылға паркті жаңарту және қосалқы бөлшектермен қамту үшін «КазАгроФинанс» ЖАҚ сервис-орталығын құру жолымен жоспарланған 110,0 млн,тенгеге республикалық бюдеттен бөлінген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК  КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ  НЕГІЗГІ

БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму

ерекшеліктері

 

Рыноктік экономикадағы өзекті мәселелердің бірі — шағын және орта бизнесті дамытудың жолдары, оны ұйымдастыру мен басқару деңгейі болып отыр. Кәсіпкерлік қызмет елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуде және экономиканың қарқынды дамуына әсер ететін негізгі күштің бірі.

Қазіргі кезде теориялық тұрғыдан қарағанда шағын және орта бизнесті, соның ішінде агробизнесті дамыту қажеттілігі дұрыс екендігіне көз жеткізе отырып, нақты бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Агробизнес ғылым ретінде өзінің алдына көптеген міндеттерді қояды және олардың өз кезегінде шешімін табуына теориялық тұрғыдан мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру теориялық жағынан оңай болғанымен, оны іс жүзінде жүзеге асыру күрделі процесс. Мұның өзі шағын және орта бизнесті ұйымдастыруда ең алдымен оның мәні, экономикалық мазмұны мен құрылымы, сала ерекшеліктері мен аймақтың табиғи-экономикалық, әлеуметтік жағдайларына байланыстылығы. Сондықтан да аграрлы салада бизнесті ұйымдастыруда көптеген кедергілердің болды да әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Оның ішінде, біріншіден, әкімшілдік жүйедегі еркін экономикаға бірден бет бүру, екіншіден, бизнесті ұйымдастырудың тәсілдері мен бизнес түрлері теориялық жағынан негізделіп, тәжірибемен ұштастырылуы қажет, үшіншіден, кадр мамандардың жетіспеушілігі, төртіншіден, әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшелігі, бесіншіден, аграрлы саланың көп еңбекті қажет ететіндігі.

Агробизнес терминін алғаш қолданыла бастаған уақытта ғалымдар бұның аясында фермерлік шаруашылықты жабдықтауға қажетті өнімді өндіру мен бөлу жөніндегі операциялар жиынтығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, сақтау, өңдеу және бөлумен айналысатын салалардың жинағын түсінген.

Агробизнес бұл — «үлкен бизнестің» ауыл шаруашылығын ресурстармен қамтамасыз ететін және оның өнімдерін тұтынушыға дейін жеткізетін бір бөлігі. Кейіннен агробизнес оны қызыметтің салалары мен түрлерінің жиынтығы ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін, яғни ауыл шаруашылығы үшін ресурстар өңдеуден бастап, түпкі өнім азық — түлікті сатуға дейін қамтитын болды. Шаруалар өздеріне қажетті барлық дерлік өндіріс құралдарын өздері өндіру және тұтынуға дайын өнімдерді шығарып, өздері өткізу рыногына жеткізетін. Экономиканың осы сферасының эволюциясы процесінде аграрлық сектордан, бұрындары тікелей ауылшаруашылық өндірушілермен атқарылатын функцияларды одан да көп етіп өзіне алушы, дербес ендіріс жеке бөлініп шыға бастады. Аграрлық өндірістің қүралдары күрделенуі, ауыл шаруашылығына арнап бұл құралдарды өндіретіндей өнеркәсіптің мамандандырылған саласы талап етілді.

Азық — түлікті қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау да экономиканың дербес сферасына айналды. Сөйтіп, аграрлық сектормен тығыз байланысқан, экономика салаларының түгелдей бір тізбегі құрылды. Бұл салалар жиынтығы «агроөнеркәсіптік кешен» немесе қысқаша АӨК атауына ие болды. АӨК агроөнеркәсіптік кешеннің 1-ші өрісін, яғни ауыл шаруашылығын қажет материалдық, техникалық ресурстармен қамтамасыз ету саласы кірмейді. Агробизнеске төмендегідей анықтама беруге болады.

Агробизнес — өзінің жауапкершілігіне сүйене отырып, аграрлық салада негізінен жер ресурстарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру осы өңдеу, айырбастау, сату және қызмет көрсетумен шұғылдану арқылы пайда немесе басқадай түрінде экономикалық табыс алуға зағытталған жеке азаматтардың немесе олардың топтарының табыскерлік ісі.

Агробизнесті басқа бизнес түрлерінен ажыратып тұратын ерекшелігі бірнеше маңызды жағдайларға байланысты.

Агробизнестің ең негізгі ерекшеліктерінің бірі агробизнес нысандарының өндірісі табиғи жағдайларға жөне өндіріс жүргізуші әрбір мүшенің жауаптылығына тікелей тәуелділігінде. Өндірістің негізгі құралдарының бірі ауыл шаруашылық жер болғандықтан, агробизнес құрылымдарының өндірісінің нәтижелілігі осы жерді тиімді пайдалану, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудегі технологиялық процестерді қатаң сақтауға байланысты. Дәлірек айтқанда, жер тиісті тереңдікте жыртылмаса немесе егіс уақытылы суартылмаса, сол кәсіпорын мейлі ол «мың жерден» мықты шаруашылық болып, қызметкерлері жоғары дағдылы болғанына қарамастан, бүкіл өндірісі шығынға ұшырайды. Агробизнестің маусымдылыққа байланыстылығы оның тағы бір ерекшелігі бар екені байқалады.

Өнеркәсіптік өндіріс жыл мерзімдеріне тәуелсіз үздіксіз жүре беретін болса, ал агробизнес жыл маусымдарына тікелей тәуелді, яғни агробизнес мұнайдың бизнесі сияқты ұдайы емес, ол көктемгі егіс пен күзгі өнімге немесе көктемгі мал төлдеу маусымына бағынышты жүреді. Сапасы тез бұзылып өнімдердің көп мөлшерде болуы агробизнестің тағы бір ерекшелігі болып табылады, бұл бір жағынан, сақтайтын арнайы орындардың болуын, ал екінші жағынан шаруаны бұл өнімдерін өте тығыз уақытта сату қажеттігін тудырады. Табиғи — климаттық жағдайға байланысты ауылшаруашылық өндірістің бірқалыпты болуы агробизнестің тағы бір ерекшелігін білдіреді.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер қолда бар барлық ресурстарды түгелімен ауылшаруашылық өндіріске сала отырып, табиғи — климаттық қолайсыз жағдайлардың кесірінен ешқандай да нәтиже алмай қалулары мүмкін, яғни жыл бойындағы қызметі нәтижесіз болып шығынға ұшырайды.

Халықшаруашылық экономикасының саласы ретінде агробизнестің маңызды   ерекшелігі,   басқа   салалардан   өзгешелеп   тұратын,   мұнда   жер өндірістің негізгі құралы, жер капиталы ретінде бой көрсетуі. Сондай -ақ бұл, қоғамның барлық өмірінің негізгі және алғы шарты.

Аграрлық саланың негізгі буыны — шағын агробизнесті дамыту, өндірістің тиімділігін артгыру рыноктық механизмді игерумен тікелей байланысты. Рыноктық қатынастың іске асуы ауылшаруашылығындағы меншік иелеріне негізделеді. Сол себептен де, қазіргідей жағдайда шағын агробизнесті дамыту үшін олардың рынок механизімін игеруге барынша мүмкіндік жасалу керек. Мұндай мүмкіндік шағын агробизнесті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге қосымша шаралардың іске асырылған жағдайда пайда болады. Ал бұл шаралар рыноктық қатынасқа көшуге бағытталған реформаның нәтижесінде көрген рыноктың артықшылық-тарымен   қатар «ілесіп   келген» төмендегідей  кемшіліктерін жөнге келтіруге бағытталуы тиіс.

  1. Қазіргі уақытта, барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілердің, оның ішінде агробизнестік құрылымдардың өндіретін өнімдердің сұранысы мен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас бұзылып тұр, осының салдарынан көптеген шағын жұмыстарын жалғастырып, олардың тиімділігін дамыта алмауда.

Шағын агробизнестер жерін игеріп, одан өнім алуға барлық материалдық — техникалық, қаржылық және еңбек ресурстарын бар мүмкіндігінше пайдаланады, ал жетіспеген жағдайда алдағы өнімін кепілге немесе айырбасқа салады. Алған өнімдерін тиімді бағаға өткізе алмайды. Өйткені рынокта осы өнімдерді ұсынушылардың бәсекелес топтары пайда болатындықтан ұсыныс заңы бойынша, баға арзандайды.

  1. Жеке меншігіне коп нәрсе сатып алған өнім өндірушілер (монополистер) тек өз пайдасын ойлап әлеуметтік жағдайға көңіл аудармайды. Сондықтан, ауыл шаруашылық өңдірістің қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, тұрғындардың әлеуметтік топтарының табыстарының алшақтауына әкеп соқты. Ауылдық жердегі мектептерге, ауруханаларға, бала   бақшасына,   қарттар   мен   мүгедектер

ұйымына т.с.с. әлеуметтік-мәдени ұйымдарға көрсететін материалдық- қаржылық, мәдени-рухани қолдаулары, реформа нәтижесінде мүлдем қысқарды. Осының және т.с.с. салдарынан ауылдық жердің көбіне жастары, жұмыс болмаса да қалаға шоғырланады. Ауылда тек зейнеткерлер мен балашағалар қалып қойды. Мұндай жағдай ауылда шағын бизнестердің дамуына елеулі кедергі болады. Ауылдық жердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ең негізгі алғы шарт — шағын агробизнестердің дамуы болады, ол қазіргі кезде шағын бизнестер өздерінің қызыметінің шығынын жабуға да жетпейтін деңгейде ғана болып отыр.

Рынок өзінің экономикалық мәні бойынша материалдық өндіріс процессінде өзінен-өзі реттелуші жүйе болып табылады. Адам Смиттің айтқан нарықтың «көрінбейтін қолымен» өзін-өзі реттеу теориясы қазіргі жағдайда шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмі іске қосылып кеткенге дейін мемлекет тарапынан қосымша реттеу шараларын жүргізгенде мәніне енеді. Әлет тәжірибесі куә болып отырғандай, нарықтық экономика мемлекет тарапынан экономикалық, құқықтық және әлеуметтік реттеусіз тиімді дами алмайды.

Рынок жағдайында агробизнеспен шұғылданушылардың қызметін мемлекет тарапынан қолдау мен реттеу тәсілдері.

Экономикалық процестерді реттеу мемлекет саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Ауылдық тауар өндірушілерді реттеу және қолдауға нақты бағытталған мемлекеттік саясаттың басым міндеті, біздіңше мыналар болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдердің рыногін құруға және қалыптастыруға бағытталған кепілді, мақсатты баға жүйесін қолдану негізінде фермерлік табысты қолдану мен салааралық қатынасты жетілдру. Агробизнес субъектілерінің табысын арттырудың ең негізгі құралы ауылшаруашылық өнімдердің бағасын түсірмей қолдау көрсету болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, АӨК-і дамыған елдерде кеңінен қолданылатын фермерлік баға мен табысын мемлекеттік қолдау механизмі, мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі. Рыноктің құрылып даму

үстіндегі, тек қаржы қаражаттар жетіспеушілігінен ғана емес, ал ауылшаруашылығының өзінің ерекшелігіне де байланысты өзін-өзі реттеу қиын болып жатқан қазіргідей шақта ауылшаруашылық тауар өндірушілердің табысын, бағасын көтеру үшін қаржылай қолдаудың аса қажеттілігі туып отыр.

Мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлудің ең тиімдірек түрі біздіңше, ауылшаруашылық тауар өндірушілерді жанар-жағар май, тұқымдық материалдар, асыл тұқымды мал алуына, немесе алдағы жинап алатын астығын кепілге қоя отырып алған заттарын өтеуіне арнап, жылдық 10-12% жарнамен қысқа мерзімді несиелендіру болып табылады. Ең қиын экономикалық жағдайға тап болған агробизнестік кәсіпорындарды пайыссыз неси алуына мүмкіндік беруі керек. Шағын агробизнестік кәсіпорындарды тиімді қаржылық-несиелік қолдаудың келесі түрі жылдық 3-5% жарнамен ұзақ мерзімдік несиелендіру; агробинеспен шұғылданушылары бір-біріне қаржылай көмек көрсетуі үшін несиелік кооперативтер құруы тиіс, мұнда уақытша бос тұрған қаржы жинақталатын болады. Шағын агробизнес нысандарының табыскерлік ісін мемлекеттік реттеудің экономикалық тәсілінің ішіндегі маңызды құралдардың бірі салық саясаты болып табылады.

Аграрлық секторда өндірістік және инвестициялық қызметке ең қолайлылырақ экономикалық жағдай жасау мақсатпен ауылшаруашылық тауар өндірушілерге — шағын агробизнес нысандарына салық салуды жетілдіруге байланысты келесідей шаралар қабылдаудың қажеттілігі тууда:

— жер ресурстарын тиімді пайдалану және сақтау үшін жер салығының ролін арттыру, өйткені ауылшаруашылық жері аграрлық өндірістің басты құралы болып табылады;

— жер үшін төлемді ауылшаруашылық жерінің сапасы мен оның орналасуы өткізу нышандарынан қашықтығын есепке ала отырып бекіту;

— ауылшаруашылығының дамуына қаражатын жұмсаушы банк секторына өнеркәсіптік кәсіпорындарына, құрылыс және басқа салаларға салынатын салықтарға жеңілдік енгізу;

шағын агробизнеспен   шұғылданушылар   жеткізілетін   өндіріс құралдарына салынатын қосымша құн салық жарнасын азайту;

— жер өндірістік негізгі құралы болып табылушы шағын агробизнес субъектілерінен ауылшаруашылық өнімін сатып алушыларға жеңілдетілген тәртіппен қосымша құн салығын салу.

Шағын агробизнес нысандарының қызметін мемлекет тарапынан экономикалық реттеудің келесі құралдары отанымыздың тауар өндірушілерді импортталатын тауарлар бәсекелесінен қорғау, Қазақстанда ауылшаруашылық тауарөндірушілердің бағасын, табысын қолдау саясатын келесідей бағыттармен жетілдіруге болады:

— агробизнестік кәсіпорындардың дер кезіндегі экономикалық ахуалына байланысты, реформалы жүргізудің экономикалық негізделген бағдарламасын айқындау;

—  ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерінің баға алшақтығын болдырмау үшін материалдық — техникалық ресурстарды жеткізіп берушілермен баға келісімін жасау.

Қазіргі ауылшаруашылық рыногында ауылшаруашылық техника, технология, тыңайтқыштар, пестицидтер және тағы басқаға сұраныс өте жоғары. Бірақ, алуға қаржы жетісе бермейді. Отандық өнеркәсіптің қалыптасуы бұл ерекшеліктерді ескермей кетуге болмайды. Ал, халықаралық рынокқа шығу өнеркәсіптік өндірушілер үшін қиын: бәсеке өте жоғары, кеденнен бастап кедергілер көптеп кездеседі, сондықтан өнімдердің жартысын елдің ішінде сатуға мәжбүр болады.

Несиелер. Облыстағы құрылған 10 ауылдық несие серіктестіктерінің 6 жұмыс істейді, оның ішінде «Агронесие Ордабасы» ЖШС АНС, «Сайрам-несие» ЖШС АНС, «Шардара-несие» ЖШС АНС, «Асықата-несие» ЖШС АНС, «Сарыағаш-несие» ЖШС АНС, және «Казығұрт-несие» ЖШС АНС. Екі жарым жыл аралығында ауылдық несие серіктестері өзінің құрылтайшыларына мал мен егін шаруашылықтарын дамытуға 675,2 млн. теңге несие бөлді.

Ауылдық несие серіктестігін құруға Отырар,Бәйдібек, Созақ аудандары және Кентау қаласы ҚР АШМ дұрыс қортынды алды және құжаттар ҚР АШМ жанындағы «Агронесие корпорация» жатыр.

Сондықтан, бұл жағдайды жеңілдету жолы мемлекеттен несиелендіру немесе шетелдік инвестицияны тарта отырып мемлекеттің кепілімен жартысы несие түрінде аграрлық секторға, дәлірек айтқанда ауылшаруашылығына қажет өнеркәсіптік заттар сатып алуға бағытталатын пайдалану ауылшаруашылық ресурстар өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың жағдайын жетілдіруге маңызын тигізеді. Бұл шараның іске асуы ауылшаруашылық өнімдер бағасы мен оған қажет өнеркәсіптік тауарлар бағасының алшақтығын бәсеңдетуге, теңдікті сақтауға бірден-бір жәрдемші болады.

Шағын агробизнес субъектілерін мемлекет тарапынан қолдаудың келесі бір маңызды тәсілі — бұлардың қызметін құқықтық-заңдық жағынан нық қорғау.

Әлемдік тәжірибе куә болып отырғандай, шағын агробизнес субъектілерін тек тіркеу, салық салу, несиелендіру және басқа нақты мәселелерін шешу арқылы ғана емес, ал шаруашылықтардың қызметінің әлеуметтік-құқықтық және экономикалық мәселелерін заңдық тұрғыдан реттеу арқылы мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Қазақстанда шағын бизнесті, оның ішінде шағын агробизнесті қолдау және қорғау туралы заңдық негізі жасалды деуге болады, бірақ ол құжаттар елімізде бұл сектордың қалыптасуының экономикалық жағдайына сай келе бермейді.

Заңдық негізінің жетілмегендігі шағын бизнестің мәдени дамуын тежеп отыр. Қазіргі уақытта шағын агробизнестің қызметін қолдаудың, реттеудің-жекелеген бағыттары бойынша заң актілері қабылданғанымен, экономиканың осы секторының бұл актілер толық тіркеу бола алмауда, сонымен қатар нормативті-құқықтық актілерде толық қамтылмаған, тауар өндірушілер үшін үлкен кедергі болып табылатын проблемалар әлі де толып жатыр.

 

3.2. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары

мен  бағыттары.

 

Ауыл шаруашылығын инвестициялаудың экономикалық механизмі инвестициялық кешеннің өндіріс құрылымы мен оның жаңа принциптерге негізделген жұмыс істеу механизмін құруды талап етеді.

Көп жыл бойы Қазақстан экономикасының аграрлық секторы бұрынғы одақтық шикізаттың қосалқысы ретінде дамыды. Енді осы секторды жаңа жағдайда шетелдің инвестицияларының дамытуда атқаратын ролі жоғары болып отыр. Осыған байланысты аграрлық секторды инвестициялық кеңістікті қалыптастыру және кеңейту үшін республикалық бағдарламаны дайындап, оны іскс асыру белгілі бір практикалық мәнге ие болады.

Аграрлық өндірісте капитал салуға ең қолайлы сала астық  өндіру комплексі. Инвесторлар ауыл шаруашылығының бұл саласына оның табыстылығы үшін ғана емес, халық шаруашылығының өзге тиімді салаларын шетелдік инвесторлардың алып қоюына байланысты келуде.

Еліміздің аграрлық саласындағы инвестициялық саясат кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл мемлекетіміздің отандық және шетелдік инвесторға қолайлы жағдай жасау саясатын ұстап отырғанын көрсетеді. Ол үшін баламалы рыноктың институттар жүйесін құру қажет дегеніміз-шаруашылық қызыметіне қосымша реттеушілік енгізу немесе мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, әкімшілік тарапынан қойылатып кедергілерді жою, тіркеу жүйелерін және де ауыл шаруашылығындағы жеке кәсіпкердің қызыметтерін бақылауды ықшамдау, тауар өндірушілер үшін қолайлы экономикалық жағдайлар туғызу. Салынған қаржыдан дұрыс нәтиже шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып  отыр.

— аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып отыр.

— аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

— ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы жұмыс күшін, материалдық-техникалық және басқа қорларды толық пайдалануға мүмкіндік бермейді, яғни табыс бірқалыпты түспейді.

Осы факторларға байланысты аграрлық өнімді өндіруге капитал айналымы жәй және түсетін пайда өте төмен болғандықтан инвесторлар бұл салаға аса қызықпайды.

Әлемдегі аграрлық экономиканы дамыған елдер тәжіребиесіне қарасақ, олар табиғи факторларға байланысты алдын ала шаралар қолданып, ауыл шаруашылығының өнімін өндірушілерге әртүрлі қолдау көрсетіп жағдай туғызып отырады.

Қазіргі кезде қаржы ресурсы кез-келген кәсіпорындар үшін бірінші кезектегі маңызды құралдар болып табылады. Олар өндірісті ұлғайтуға (қызмет көрсету), өндірісте қажетті шикізатты сатып алуға және өз қарамағандағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қанағаттандыруға жұмсайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншікті инвестициялық мүмкіндігі шектеулі. Меншікті салымдар үлесінің азаюына көптеген жағдайлар әсер етеді, солардың ішінде ағымдық тұтынуға пайданы бөлу, амортизациялвіқ аударылымдардың төмендеуі, қажетті ақша айналымдарының жоқтығы, мемлекеттік қолдаудың тез арада төмендеуі, салықтың өсуі, инфляциялық процестер және т.б.

АӨК-е шет елдік инвесторлардві тарту өңдеуші салалардағы негізгі құралдар үшін маңызды болып табылады. Өйткені негізгі құралдарды жаңартуға, реконструкциялауға  мүмкіндік беріп,  өндіріске  жаңа  отандық

технолгияларды енгізуге жағдай жасайды. Алайда ел экономикасына шет елдік инвестицияны тартудың жақсы жақтарымен қатар, кері жақтары да қалыптасады, яғни экономикалық байланыстылықтағы өсуі шет елдік капиталмен сипатталады. октік экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру мен дамыту мәселесі үшін біріншіден, баға теңсіздігін (диспаритет) жою, екіншіден, кәсіпорындар үшін несиені кеңейту және оны беру механизмдерін жеңілдету, үшіншіден, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында маркетингтік кызметті жандандыру және рынок конъюнктурасын үнемі бақылау, төртіншіден, ауыл алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің үшінші бағыты маркетингтік жоспарлау және бақылау жүйесін ұйымдастыру мен маркетингтік басқару болып табылады. Соңғы жылдары кәсіпорындарда маркетингтік бөлімнің ашылуы кадрлық өзгерістер мен мамандардың нақты атқаратын функцияларын айқындады. Кәсіпорын мамандарының негізгі функцияларына тоқталамыз.

 

 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандардың маркетингтік функциясы.

 

 

 

Жаңа рынокке шығу мүмкіншіліктерін зерттеу

Жоспарлау-        экономикалық    бөлімінің   мамандары   

Ішкі шаруашылықтық жоспарлау, тауар саясатын жоспарлау

Есепті, бақылауды ұйымдастыру мен шығынды талдау

Баға қою

Кәсіпорынның мүмкін рыногін талдау

Өткізу каналдарын іздестіру

 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының маркетингтік қызметінің негізгі бағыттары өндірілген өнімдерді бөлу, оның тұтынушыға жеткізілуі және маркетингтік басқару болып табылады. Қазіргі жағдайда өнімді өткізу әрбір кәсіпорын үшін өзекті, әрі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Барлық   өнім  өндіретін кәсіпорындар мақсатты  рынокта  өзінің  өткізу аймағын      ұлғайту үшін мүмкіншіліктерді іздестіреді. Ол үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

—     өнімді өткізудің тиімді каналдарын іздеу;

—     меншікті сауданы ұйымдастыру;

—     өз  өнімдерімен  әртүрлі  ймақтарға  бару және  оны жан-жақты

      жарнамалау;                                                                                            

  • тікелей маркетингтің басқа да тәсілдерін іздестіру (затқа

      айырбастау,өзара есеп айырысу және т.б.);

  • тәуелсіз  көтерме (агент, аукцион, көтерме рынок) және бөлшек

      делдалдар арқылы сату.

 

 

  • тікелей маркетингтің басқа да тәсілдерін іздестіру (затқа

     айырбастау, өзара есеп айырысу және т.б.);

  • тәуелсіз көтерме (агент, аукцион, көтерме рынок) және бөлшек

     делдалдар арқылы сату.

Маркетингтік жұмыстың екінші маңызды бағыттарының бірі өндірілген өнімнің тұтынушыға жарнама, көрмеге қою және кезеңдік басылымдар арқылы жеткізілуі. Осының ішінде кең тарағаны алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің үшінші бағыты маркетингтік жоспарлау және бақылау жүйесін ұйымдастыру мен маркетинггік басқару болып табылады. Соңғы жылдары кәсіпорындарда маркетинітік бөлімнің ашылуы кадрлық өзгерістер мен мамандардың нақты атқаратын функцияларын айқындады.

Кейінгі жылдары диверсификация (әртараптандыру) деген термин жиі айтылып жүр. Алайда бұл сөз көпшілікке онша түсінікті емес, жұмбақтау болып көрінеді. Негізінде бұл сөздің аудармасы әртүрлілік немесе әрсаланы дамыту, ал өндірістің дамуы шығарылатын өнімнің түрін көбейту деген мағынаны білдіреді.

Өзін-өзі астық және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету кез-келген мемлекет тәуелсіздігінің маңызды белгілерінің бірі. Ал іс жүзінде ешбір мемлекет, тіптен өте бай АҚШ, Жапония, Франция сияқты мемлекеттерде

 

өзін-өзі азык-түліктің тек өздерінде шығатын өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмайды.

Биыл   үш   жылдық аграрлық   азық-түлік   бағдарламасын   іске   асыру аяқталды. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл   шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Ауыл шаруашылығының экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі-ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіптердің дамуы болып табылады.

Облысымызда ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірудің көлемі жылдан жылға артуда.

Бүгінгі таңға облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 70-тен аса ірі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 908 кішігірім цехтар мен кәсіпорындар айналысуда. Олар 15 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша 9,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге  артты.

Қазіргі уақытта өңдеу саласында мақта өңдейтін, көкөніс пен жеміс-жидек және жүн мен тері өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар ашу, сонымен қатар жұмыс істеп тұрғандарын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Сайрам ауданымен көршілес жатқан Түлкібас, Төлеби аудандарында көкөніс, жеміс-жидек өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы толық пайдаланылмауда, Мақтарал, Қазығұрт пен Түркістанда бірде-бір өңдеу цехтары ашылмаған.

Жоғарыда айтылғандай, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын 900-ден аса кішігірім цехтардың бүгінгі таңға 143-і тоқтап тұр. Оның 85 үн диірмендері, 43 өсім, май сығу цехтары (мезгілмен) және наубайханалар тоқтап тұр.

Мақтаарал, Отырар, Сарыағаш аудандарында соңғы жылда жаңадан бірде-бір өңдеу кәсіпорындары ашылған жоқ.

Облыстағы ең ірі Мақтарал ауданында 12 мақта өңдеу зауыттарын есептемегенде, небәрі 26 кішігірім өңдеу цехтары бар оның 9-ы мезгілмен жұмыс істейтіндіктен тоқтап тұр.

Ал жалпы алғанда биылғы жылдың алты айында аталған цехтарда 920,6 млн.теңгенің өнімі өңделіп, өткен жыл көрсеткіштен 138 пайызға артты.

Мал өнімдерін қайта өндеуде ең басты проблемалардың бірі тері мен жүн өнімдерін қайта өңдеу болып отыр. Өзімг өндірілген тері мен жүн өнімдері шет елдерге арзан бағада  әкетілуде.

Шымкент қаласындағы «Шымкент былғары аяқ-киім зауыты», Арыс қаласындағы «Сейхун» (жүн өңдеу), Түркіістандағы «Фарраб КО ЛТД» (тері өңдеу) серіктестіктері мен бұлардан басқа тағы 10-нан астам кіші цехтар осы салаларда жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін орта кәсіпорыңдар мен кішігірім цехтар туралы мәлімет (01.06.2004 жыл)

 

Аудан, қала аттары

Кішігірім цехтар саны

О.і тоқтап тұрғаны

 

Өңделген тауар құны (млн.теңге)

Жұмыс істейтін адамдар саны

01.06

2003 ж

01.06.

2004 ж

Пайызы

1

Арыс

19

3

31,6

34,7

109,8

184

2

Бәйдібек

60

8

5,1

5,6

109,8

224

3

Қазығұрт

225

41

41,3

43,9

106,3

344

4

Мақтаарал

26

9

2,0

4,9

2,4 есе

127

5

Ордабасы

49

11,1

41,4

3,7 есе

120

6

Отырар

21

4

1,6

4,4

2,7 есе

25

7

Сайрам

123

15

307,0

480,7

1,5 есе

576

8

Сарыағаш

49

19

52,8

52,1

98,7

175

9

Созақ

15

8,8

20,8

2,3 есе

22

10

Түркістан қ

83

3

3,9

12,1

3,1 есе

122

11

Төлеби

61

16

29,8

30,1

101,0

137

12

Түлкібас

49

4

65,0

67,0

103,0

179

13

Шардара

9

2

12,3

12,4

101,5

21

14

Кентау

23

4

2,1

15,3

7,2 есе

70

15

Шымкент

96

15

111,1

113,3

102,0

319

 

Облыс бойынша

908

143

685,5

946,8

138,1

2645

                     

 

Ауыл шаруашылығы 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, ағымдағы бағада 83.1 млрд. Теңгені құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 3.5-ға артық, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі-24.4 млрд.теңге немесе-5.1 -ға, егін шаруашылығының өнімі 58.6 млрд.теңге немесе-2.8 ға.

Одан әрі, ауыл шаруашылығының дамуын таңдаулы тұқым шаруашылығы, жерді агрохимиялық зерттеу, ауылшаруашылық техникаларын лизинг арқылы алып жаңарту, машина — технологиялық стансалар құру, тыңайтқыш және жанар-жағар материалдарын алуды субсидиялау.

Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ветеринарлық қызметті қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет.

Алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз үшін отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда ауылшаруашылығын дамыту бірінші кезектегі мемлекеттік басымдық дәрежесіне ресми көтеріліп отыр.

Аграрлық саясаттағы дағдырыс кезеңдері және циклдық өндіріске біртіндеп тартылу аяқталды. Облыстың аграрлық азық-түлік секторында еліміздегі сияқты, тереңдете жүргізілген экономикалық реформаның нәтижесінде нақты және тиімді меншік иелері қалыптасты, ауыл шаруашылығы дамуының басымдықтары анықталды, ауылда несие серіктестігі және екінші деңгейдегі банктер арқылы жаңа қаржы-несие жүйелер істей бастады, мемлекеттік қолдау тетіктерінің және ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандыру механизмдері жетілдірілді.

1998 жылдан бастап ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісінің көлемі орташа есеппен 17 пайызға ұлғайды. Облыста жалпы өнімнің көлемінен ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі 12 пайыз деңгейіне жетті. Тұтас алғанда облыстың ауыл шаруашылығында негізінен өсімдік өсіру саласы есебінен 2002 жылы 80 млн. теңге пайда алынды.

Ел басшысы өзінің Қазақстан халқына үндеуінде осы үш жылды ауылды жаңарту жылы деп жариялағыны өздеріңізге белгілі және еліміздің орындаушы органдарының алдына нақты тапсырмалар қойылды.

Еліміз Президентімен «Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы» бекітілді.

Ендігі экономикалық қайта құрулар агробизнес ұтымды құрылымын қалыптастыру мен агротехнологиялардың деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегиясына көшу, ішкі республикалық тауар өнімдірін ұтымды алмасудың дамуы, ішкі рыногтағы  импорт алмастыру, жақын және алыс шет елдерге экспортты жандандырумен байланысты ауыл шаруашылығы дамуының негізгі бағыттарын анықтауда дифференциалды әдістемені талап етті.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нарыққа бағдарланған экономиканың заңдылықтарына сәйкес жүргізілетін болады, онда өндіріс тиімділігі, отандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттігі, олардың сапасының халықаралық талаптарға сәйкестігі басымдықтары болып табылады.

Осыған байланысты біздің де облыста «Оңтүстік Қазақстан облысы 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы» жасалып, облыс мәслихатының шешімімен және облыс әкімінің қаулысымен бекітілді. Сәйкесінше осындай бағдарламалар аудандар мен қалаларда да жасалып ауыл шаруашылық департаментіне тапсырылған. Негізгі бағдарламаны түзуші болып, ауыл шаруашылық департаменті табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасының негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыс тұрғындарын тамақ өніміне деген қажеттігін жақсарту мақсатында төмендегі міндеттерді шешу қажет:  мәселелерді шешу қажет:

—   ауыл шаруашылық өнімі өндірісін арттыруға жағдай жасау;

—   ауыл шаруашылық өндірісін тиімділігі мен отандық тамақ өнімдерін бәсекеге қабілеттігін арттыру негізінде азық-түлік ресурстарын қалыптастыру.

Дегенмен агроөнеркәсіп кешенінде жағдайлар әлі де болса қиын.

Техника жабдықтарының төмендігінен агротехника дұрыс деңгейде пайдалана алмайды.

Аграрлық сектордың тұрақтылығы азық-түлік қауыпсіздігімен анықталады.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі тек экономикалық шеңбермен ғана шектеліп қоймай — мемлекеттің жалпы стратегиялық мүддесіне кіреді. Қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету әрбір мемлекеттің объективті бағыты болып табылады. Кең көлемде алғанда қауіпсіздік түсінігі тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіптерден өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғауымен анықталады.

Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде экономиканың соның ішінде оның агроөнеркәсіп кешенінің тамақтанудың физиологиялық нормасына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне қажеттілігі қамтамасыз етілетін сыртқы және ішкі жағдайларға тәуелсіз қажетті ресурстармен, әдетпен және кепілдікпен қамтамасыз ету жағдайы түсініледі.

Бұл жағдайдың деңгейі мен дәрежесі экономикалық дамудың тұрақтылығына едәуір немесе аз мөлшерде әсер ететін көптеген факторлармен анықталады. Бұл факторларға — ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі, аграрлық саладағы өмір деңгейі мен еңбек ақы деңгейі, ауыл шаруашылық өнімінің импорт пен экспорт көлемі жатады.

Диплом жұмысын жазу барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  1. Аграрлық өнеркәсіп өндірісінің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауылшаруашылығының тікелей даму деңгейіие ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауылшаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады, яғни ауылшаруашылығының инфрақұрылымына байланысты.
  2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы  терең  әлеуметтік-экономикалық өзгерістер ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық мәселелерін алға қойып отыр. Қазақстандағы аграрлық секторды мемлекеттік реттеу бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды  пайдалану  арқылы   экономикалық  әдіспен шешіледі.
  3. Ауылшаруашылық өндірісін   басқаруда  ұйымдастыру механизмін жетілдіру, ауылшаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі, ішкі және сыртқы факторлар ауылшаруашылығындағы өндірістік басқару қызметіне тікелей әсер етеді, сондықтан да бұл факторларды ауылшаруашылық өндірісін басқару жүйесін қалыптастырғанда үнемі ескеру қажет.
  4. ҚР-да агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауылшаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкімдікті регион жағдайында әрбір жекелеген аймақтардың табиғи — экономикалық өзгешеліктерін ескере отырып ауылшаруашылығының әлеуметтік салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан да бнік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.
  5. Әрбір мемлектеттің экономикалық дамуында аймақтағы ауыл шаруашылық әлеуметтік-экономикалық дамуы басты мәселе болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі суармарлы және дамыған мал шаруашылығымен айналысатын ірі өңір болып табылады. Облыстағы ауыл шаруашылығын қайта түлету шаралары Президент нұсқауларымен Үкімет шешімдеріне сәйкес жүргізілуде. Аграрлық бизнестің алғашқы қауымдары жасалуда. 2004 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 15565,1 млн теңге болуы немесе 2003 жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артты. Қызметін одан әрі кеңейте түсуі тиіс. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың аясын кеңейтудің негізгі шаралары мемлекеттік агроазық — түлік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылатын шаралар болады. Агроөнеркәсіеп секторының дамуы мен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталғап шараларды жүзеге асырудың жалпы көлемі жергілікті бюджеттен 2004-2006 жылдары 136,3 млн теңгені құрайды.
  6. Қазіргі кезде теориялық тұрғыдан қарағанда шағын және орта бизнесті, соның ішінде агробизнесті дамыту қажеттілігі дұрыс екендігіне көз жеткізе отырып,   нақты   бағытта   жұмыстар жүргізілуде.
  7. Астық өндіру және оны тиімді бағамен сату проблемаларын шешудің бірден-бір дұрыс жолы, ол — Қазақстаи қалай болғанда да, АҚШ, Канада, Франция сияқты әлемдік рынокта астық шығаруын ірі мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сыртқы және ішкі рынокты астық сатудың және сатып алудың орталықтандырылған рыногын мемлекеттік тұрғыдан реттеу қызметін одан әрі кеңейте түсу керек.
  8. Ауылшаруашылығын инвестициялаудың экономикалық механизмі инвестициялық кешеннің өндіріс құрылымы мен оның жаңа принциптерге негізделген жұмыс істеу механизмін құруды талап етеді.
  9. Ауылшаруашылығы өнімдерін сату мен өткізуде маркетингтік қызметтің негізгі бағыттарын жетілдіру қажет.
  10. Ауылшаруашылық өндірісінің қарқынды дамуы үшін, сондай-ақ агроөнеркәсіп өндірісін техникалық жағынан жаңарту, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету, ауылшаруашылығы саласындағы кадр дайындау мен мамандардың біліктілігін арттыруға көңіл бөлу және агроөнеркәсіптік интеграцияны дамыту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Н. Назарбаевтың жолдауы. // Заң газеті 23 ақпан 2005ж.2 б.
  2. Белгібаев.Қ. Ауыл шаруашылық экономикасы. А,215-220 б.
  3. Мырзакелді К. Нарыққа өту кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылық

    кәсіпорындарының қалыптасуы мен дамуы. А1998ж. 92-92 б.

  1. Оспанов. М.Т және т.б. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі.А. Білім

    1997ж. 72-91 б.

  1. Нұрғалиев. Қ.Р. Қазақстан экономикасы. А 1999ж. 71-776.
  2. Анвар Дебердеев. Жеке қосалқы шаруашылық және оларды шешу

    жолдары.// Ақиқат N 2 , 2004ж, 30-356.

  1. Назарбаев. Н. Жер тағдыры-ел тағдыры.//Ақиқат №1 2003ж, 15 б.
  2. Райханүлы. Н. АПК: кризис отрасли и проблемы выхода из него.

     //МысльМ6-1997г, стр55

  1. Захаров. Ю.   Проблемы развития АПК//Экономист-1999г , N1 стр.
  2. Жұмашева. С.Т. Агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтік      

        зерттеулердің қажеттілігі. //Жаршы N9,2000, 6-106.

  1. Мусенбаев. Т.М. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлікті қолдау-нарық

       экономикасының төл талабы. // Жаршы N9 2002ж,6-10б.

  1. Еспергенов. Ж.К. Агробизнес —  ауыл   экономикасының   негізі //Жаршы

        N10 2001 ж, 49-516.

  1. Музарабұлы.Н. Біртұлғаландыру — ауыл шаруашылығын дамыту

       жолы.//Жаршы N8 2000ж, 3-86.

  1. Қазамбаева А.М. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару мәселесі және оны

       шешу жолдары. //Жаршы N1, 2001, 5-10 6.

  1. Спанов. М. Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алама?

       //Саясат июнь 2001ж.

  1. Амангелді Ермегиев. Отан    партиясы    ұсынады.// Егемен Қазақстан

       28 наурыз 2003ж, 2-3 бет

  1. Уатхан Мизамбек.    Нарық    жағдайында    шағын    агробизнесті

         дамытудың тиімділігі. Алматы 2002ж (автореферат) 18-20 бет

  1. Сыдықбаева Г.Ү. Аймақтағы ауыл   шаруашылғының   әлеуметтік-

         экономикалық даму негіздері. А.2001 ж. (автореферат)

  1. Қаптаева С.Ә. Нарыққа өткелі кезеңдегі  аграрлық  қатынастар

        мәселелері. Алматы.2001ж. (автореферат) 11-13 бет

  1. Тұрғанбаев М.Ә. Нарықтық қатынастырға өту жағдайында өндірісін

        ұйымдастыру. Алматы 1994ж. (автореферат) 12-13 бет

  1. Бимендиева Л.А. Аграрлық сектордағы мемлекеттік реттеудің

        теориялық мәселелері. Алматы 2000ж. (автореферат)

  1. Мусаева Г.Қ. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жүйесінің нарықтық

        инфрақұрылымын дамыту. Алматы 2003ж,     8-13 бет

  1. Қазамбаева А.М. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды

        ұйымдастыру механизмі. Алматы 2003ж. (автореферат) 10-11 бет

  1. Ахметова. К. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік

        географиясы. А.2001ж,154-166 б.

  1. Дузельбаева Г.Б., Оспанова Г.А. Агробизнес Қызылорда 2003ж

       Электрондық оқу құралы

  1. Көшербаева Е., «Ауылдың бай болғаны- мемлекеттің бай болғаны» //

       Оңтүстік Қазақстан. — 2005 09 сәуір.

  1. Ертазин К.А. Становление и развитпя агробизнеса в Казахстане-Алматы:

       Білім, 1999ж.

  1. М.А.Мансурова. Развитие агробизиеса в регионе: состояпие и

       перспективы.// Вестник №4,2002г. С 5-12

  1. 2003 — 2005 жыл — ауыл жылдары. Ауыл жылына арналған газет

        //Оңтүстік Қазақстан. — 2004 жыл — 29 мамыр. 1 — 11 бет

  1. Ақсақалұлы Ж. Облыс ауыл шаруашылығын дамытудың басым

        бағыттары: Ауыл жылдарының екінші кезеңі // Оңтүстік Қазақстан –

         2004 жыл — 1 мамыр — 2 бет

  1. Амалбек Б. Ауылды ауыл шаруашылығы арқылы көтеру экономиканың

      тың тынысын ашады // Егемен Қазақсган -2003 жыл — 6 қыркүйек –

        1 -3 бет

  1. Ауыл шаруашылық дамуының жаңа кезеңі: 31 каңтар күні Астанадағы

       Агроөнеркәсіп кешені қшзметтерінің реепубликалық кеңесі болып өтті//

       Оңтүстік Қазақстан-2005ж 2 ақпан

33   Әліппай С. Ауыл жылындағы алғашқы асу: Ауыл шаруашылығы //

       Егемен Қазақстан 2004 жыл — ақпан — Збет

  1. Ахметжан Есимов: Ауыл бойын тіктеп келеді. Ауыл шаруашылығы

       министрі А. Есжановпен сұхбат // Егемен Қазақстан -2003 жыл — 23

       желтоқсан — 2 бет

  1. Бабаев С, Құлтаев А. Астық рыногы // Егемен Қазақстан — 2003 жыл –

       25 ақпан — 3 бет

  1. Бисенов Қ. Шаруашылыққа ғылым негіздерін енгізу қажет // Оңтүстік

       Қазақстан -2004 жыл — 9 қазан — 4 бет

  1. Досыбаев Н. Шаруа қожалықтарымыз шарықтамақ….

             // Шымкент келбеті. — 2005 жыл 8 сәуір