АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Экономика және бизнес факультеті

 

Экономикалық теория кафедрасы

 

 

Диплом жұмысы

 

Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде

 

 

Алматы 2009

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….

 

І тарау АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ………………………………………………………………..

  • Адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері   және даму тарихы…………………………………………………………………………………………………..
  • Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және

       білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру……………………….

 

ІІ тарау БІЛІМ БЕРУ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУШЫ

ФАКТОР РЕТІНДЕ……………………………………………………………………………………..

2.1 Білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде……………………………………….

2.2 Білім беру саласын қаржыландырудың негізгі принциптері……………………

 

      ІІІ тарау БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ………………………………………………………………………………….

3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы

және перспективасы……………………………………………………………………………………

3.2 Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі……………………..

3.3 Жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде)………

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………….

ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар.

«Келешектің иесі-жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді»-деп И.С.Кони айтпақшы, қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Білім-қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі-адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғышарты-білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді.

Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, іргелендіру, гуманитарландыру және т.т.-білім беруі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты-ұлттық білім моделін жасау.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты-адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХІ ғасырдың маманы-жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі-жоғары білімде. Өйткені жоғары білім-үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.

Сондықтан студентті тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, творчестволық тұлға келешектің иесі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.

Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі-студентке іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті-адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс, тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет. Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет арасындағы серіктесті нығайту, мемлекеттік жекеменшік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек»,-деп өз жолдауында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын [1, 18б.].

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтар әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге тиісті. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауы студенттер қауымына үлкен міндеттер артып отыр. Бұл негізінен Елбасының ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасынан бастау алған міндет-мақсаттар деп ойлаймын.

Елбасы бастаған еліміздің бүгінгі қарқынды дамуы, соның нәтижесінде жастарға жасалып жатқан жақсылықтар біздің жан-жақты білім алуымызға, жан-жақты хабардар болуымызға жол ашып отыр. Сол қамқорлықты күні ертең өз еңбегімізбен қайтару азаматтық парызымыз деп білемін.

Қазіргі уақытта әлемде және оның құрамдас элементі ретіндегі отандық экономикада орын алудағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылып, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталып келді [2].

Қазіргі ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтық жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»- Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында деген жолдауында айтқан болатын.

Қазіргі экономикалық дамуда экономиканың тиімді сапалық және құрылымдық өзгерістерге қабілеттілігі қоғамдық байлықтың материалды емес формаларына және адамды қалыптастырушы салаларға тікелей тәуелділікте қарастырылады.

Шетел экономистерінің еңбектерінде білім беру мәселелері екі бағытта зерттелді. Бірінші бағытта-Э.Денисон, Т.Шульц, Г.Беккер, Ф.Махлуп, тағы басқа экономистердің еңбектерінде білім беру экономикалық өсудің факторы, адам капиталының негізгі элементі ретінде қарастырылады. Екінші бағытта-П.Самуэльсон, Э.Б.Аткинсон, Дж.Стиглицтің зерттеулерінде білім беру қызметі қоғамдық игілік ретінде қарастырылады және оны мемлекеттік бөлу мәселелері зерттеледі.

Отандық экономика ғылымында білім беру саласының экономикалық мәселелері және оның адам капиталының қалыптасуындағы рөлі академик Я.Ә.Әубәкіровтың, К.Н.Нәрібаевтың, С.К.Жұмамбаевтың, Р.Мұхамеджанованың, білім берудің қоғамдық әл-ауқаттылықты және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері академик А.Қ.Қошановтың, профессорлар Ө.Қ.Шеденовтың, Т.С.Сарбасованың, М.Д.Есқалиевтың, М.Б.Кенжегузиннің, қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық маңыздылығы Д.Қ.Қабдиевтың, Ә.Ә.Әбішевтың, осы саладағы әлеуметтік-экономикалық реформалар жағдайы және нәтижелері профессор Е.Б.Жатканбаевтың, М.К.Мамыровтың, О.Сәбденнің, М.Х.Тусееваның, А.А.Нұрмағамбетовтың т.б. еңбектерінде зерттелді.

Диплом жұмысымды, қоғамның даму факторлары негізінде білім беру қызметі рыногының ұдайы өндірістік үлгісін жасау және осы негізде оның оптималдану бағыттарын белгілеу және отандық білім беру қызметі рыногының қалыптасу ерекшеліктерін талдау негізінде осы рыноктың шектеулі сипатын негіздеуге арнадым. Диплом жұмысымды, жоғары білім беру мақсатында-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру барысында, білім беру жүйесін жаңа деңгейде дамуын, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беруге арнадым. Ол үшін, қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды көптеп даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.

Диплом жұмысымның негізгі мазмұны-жұмыстың әр бөліміндегі қарастырылатын мәліметтерді жан-жақты қарастырып, қойылған мақсат, міндеттердің шешілу жолдарын талдап көрсету. Өмір мұраты мен уақыт талабына, кезең шындықтарына тура көзбен ден қойсақ, еліміздегі білім-ғылым жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялаудың қажеттілігі күн өткен сайын айқын аңғарылып келеді. Бұдан, әрине, жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісі, ықпалы сезілмейді деуге болмайды. Оны да ескеріп, бақылап-зерделеп, содан кейінгі тұстарда ұлттық ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімді жақтарды өмірге, тәжірибеге батыл енгізуге болады. Мұның біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы бағыттар төңірегінде дамытуға септігі тиері сөзсіз. Осы реттен келгенде орта және жоғары мектеп жүйесін белгілі бір бағытқа бұрып, оқу-ғылым ісін ортақ мақсаттар төңірегінде топтап, қатар дамыту-іргелі ізденістерге, нәтижелі істерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Диплом жұмысымның құрылымына келетін болсақ, диплом көлемі 75 беттен тұрады. Жұмыста 4 кесте, 4 қосымша кесте және 4 қосымша сурет көрсетілген. Сондай-ақ, жұмыс 38 әдебиетті қолдана отырып жазылған.

Диплом жұмысының негізгі қолданылған сөздері: адам капиталы, білім беру, білім беру жүйесі, адам капиталына инвестиция тарту, жоғары оқу орындарындағы білім беру дәрежесі т.б.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Адам капиталындағы білім беру жүйесін теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қазіргі білім беру дәрежесің алатын орнын анықтау.

Осы жұмыста, ҚР-ның білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын, оның негізгі бағыттары және теориялық мәселелерін зерттеуді көздейді. Жұмыс үш тараудан, кіріспе және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда-Адам дамуы концепциясындағы білім берудің алатын орны мен маңыздылығы, оның ішінде, адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері   және даму тарихы; әлемдік экономикадғы білім беру прогресінің үрдістері және білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру жайлы қарастырылған.

Екінші тарау-білім беру адам капиталын дамытушы фактор ретінде, оның ішінде, білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде; білім беру саласын қаржыландырудың негізгі принциптері турал айтылған.

Ал, үшінші тарауда, білім беру жүйесінің Қазақстандағы даму ерекшелігі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы және перспективасын; білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі және де жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде) жайында айтылған болатын.

Сонымен қоса, қосымша мәліметтер мысал ретінде көрсетілген.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту жүйесіне және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде осы оқу орнының студенттеріне арнап «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім беру экономикасына» тақырыбында оқыған лекциясына зор маңыз берілген. Онда, жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс делінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

1.1 Адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері   және даму тарихы

 

Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш рөлін тану адам капиталы теориясының негізін құрды, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам капиталының теориясы-білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.

Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті, әрі ол ең құнды және ең сенімді капитал болады.

Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты болып тек ХХ ғасырда ғана ресімделді.

Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның «Білім революциясы» мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: «Білім-бүгінгі таңдағы жеке ара нақты капитал. Халық білімін дамыту-капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану-байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші» [7].

Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие, сонымен қатар оның елеулі айырмашылығы бар. Адам капиталы теориясы жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А.Дятлов осы құбылыстың мынандай ерекшеліктерін көрсетті:

  1. Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығына) тікелей қатысты болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді.
  2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды, сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің ескіруінің немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатын моральдық (экономикалық) тозу дәрежесімен анықталады. Адам капиталының толықтырылуы қызметкердің қайта оқу және өндірістік тәжірбие жинақтау үдерісінде жүзеге асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары (сапа, көлем, құндылық) жақсара түседі және өседі.
  3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғары шегімен шектелетін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сонан соң күрт төмендейді.
  4. Капиталды жасау кезінде «екі жақты көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннен біріншісінің де, сондай-ақ, екіншісінің де табыстарын өсіреді.
  5. Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін зиянды.
  6. Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.
  7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы. [9, 173-181б].

Адам капиталы-бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды. Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңыш рет білім-білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды.

Қоғамдық тиімділікті адамның жетекші рөліне негіздеп қарастыру көп жағдайда «адам капиталы» теориясымен байланысты. Осы теорияның шеңберінде дамытылған адамға деген экономикалық көзқарас дамыған елдердің рыноктық шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде кең қолданып келеді. Адам капиталы теориясы адам факторының анағұрлым кешенді және объективті талдануына, жұмысбастылықты, күрделі еңбектің рөлін, адамның рационалды мінез-құлқын микроэкономикалық талдау сферасын елеулі түрде ұлғайтуға жағдай жасады. Ең бастысы, аталған теорияның ҒТР-ның жаңа жағдайларында білімнің, біліктіліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын қайта ұғынуға, жалпы және арнайы білімді, сондай-ақ индивидтердің гуманды сапаларын өндіріс тиімділігінің маңызды факторы ретінде қарастыруға әкелді.

Адам капиталы теориясының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына үңілсек, оның тарихи түп-тамыры политэкономия классиктерімен байланысты екендігін көрсетеді. У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо алғаш рет адамның құндылығын ақшалай бағалауға талпыныс жасады, білімнің халық және тұтас алғанда ел үшін экономикалық маңыздылығын көрсетті, адамның өндіргіш қабілеттерін капитал элементтері ретінде қарастырды. Айталық ағылшын классикалық политэкономиясының негізін қалаушы У.Петти 1664 жылы жарық көрген «Даналарға сөз» еңбегінің екінші тарауында «халық құндылығы» туралы жазған болатын. У.Петтидің айтуынша «бұрынғы еңбектің нәтижесі болып табылатын, елдің байлығы, мүлкі немесе қоры тірі әрекет етуші күштерден еш айырмашылығы жоқ, керісінше, бірдей бағалануы тиіс».

Кейінірек А.Смит адамның еңбекке деген қабілеттілігін қалыптастыру және арттыруды тереңірек зерттеді. А.Смит адамның жанды өндіргіш күштері кез-келген елдің экономикасында алғашқы роль атқарғандығын дәлелдеп, пайдалы еңбектің өнімділігін арттыру ең алдымен жұмысшының іскерлігімен икемділігіне, сонан соң жұмысшы қолданылатын машина мен инструменттерді жақсартуға тәуелді екенін пайымдайды. А.Смит еңбекті, әсіресе жұмысшы іскерлігін, оның  біліктілігін, адам бойында қалыптасқан және дамытылған қабілеттерін ұлт байлығының негізгі көзі ретінде қарастырған. Оқумен, үйренумен қалыптасқан еңбек дағдысын, білімді, шеберлікті машина және құрылыстар қатарында негізгі капитал категориясына қосты. Осыған орай, ғалым төмендегідей аргументтер келтіреді: біріншіден, халықтың пайдалы еңбекпен айналысу қасиеттері өздігінен пайда болмайды, керісінше, өндіріс құрал-жабдығы сияқты, олардың қалыптасуы белгілі бір экономикалық шығындарды қажет етеді. Екіншіден, адамның бойындағы біліммен дағды, капиталдың басқа формалары сияқты «айналысқа түспей-ақ және меншік иесін өзгертпей-ақ табыс пен пайда әкеледі».

А.Смиттің пікірінше, оқумен үйренген еңбек адамның сол оқуға кеткен шығындарын бірнеше есе қайтарады және қарапайым еңбекке қарағанда үстеме табыс әкеледі.

Д.Рикардо, қарастырылып отырған мәселеде, негізінен А.Смиттің көзқарастарын іргелілетті. Рикардо да білім берудің ролін ерекше жоғары бағалаған. Ол елдің экономикалық дамуында артта қалушылығы басқа да себептермен қатар «халықтың барлық топтарындағы білімнің жетіспеуінде» деп есептейді. Ал Дж.С.Милль болса, адам қабілеттерін еңбек өнімділігінің факторы ретінде қарастырып, оқыту мен  тәрбиелеудегі еңбекті өнімді іс-әрекетке жатқызған. Дж.С.Милль алғашқы рет білім беруді «рынок шарасыздығының», яғни, рыноктық механизм тиімсіздігінің мысалы ретінде көрсетті.

К.Маркстың экономикалық теориясында да адамның жасампаздық қабілеттеріне үлкен көңіл бөлген. К.Маркс қабілеттіліктерді «ең басты жинақталған байлық, жанды еңбекте өмір сүретін өткен еңбектің сақталған маңызды нәтижесі» ретінде қарастырған. Сондай-ақ, К.Маркс адамның белгілі бір еңбек саласындағы дайындығы мен дағдысын қалыптастыру үшін белгілі бір білімнің қажеттігін, сол білімді алуға шығын жұмсалатынын атап көрсеткен. Маркс капитал ұғымын жұмысшы күшіне қатысты ерекше мағынада қолдана отырып, тікелей өндіріс үрдісі тұрғысында жұмыс уақытын үнемдеуді негізгі капитал өндірісі ретінде қарастыруға болатынын атап көрсеткен. Бұл жерде экономист негізгі капитал ретінде адамды таңдаған. Бірақ, К.Маркс көзқарастар жүйесінің негізгі идеясы адам капиталы теориясынан алшақ. Оның ойынша, жұмысшы күші-еңбектің байлығы, ал капиталға оның сатып алушысы-капиталистің қолында өзгермелі капитал формасында ауысады.

Жоғарыдағы классикалық политэкономия өкілдерінің көзқарастарын талдай келе, мынандай қорытындыға келуге болады:

  1. Олардың зерттеулерінде адамның сапасы-өндіріс тиімділігінің маңызды факторы екендігі;
  2. Адамның маңызды сапалары білім беру мен тәрбие арқылы қалыптасатындығы;
  3. Қабілеттілікті қалыптастыру шығындарды қажет екендігі;
  4. Адамның қабілеттері капитал элементі екендігі;
  5. Білім берудің экономикалық өсуге тікелей үлес қосатындығы негізделеді.[9, 173-181б]

Одан әрі ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында экономикалық талдауға «адам капиталы» ұғымын енгізу Фишер, Дж.Кларк, А.Маршалл, Л.Вальрас, В.Парето және т.с.сияқты экономистердің еңбектерінде негізделеді.

Алғаш рет осы экономистердің еңбектерінде жеке адамдарды немесе олардың өндіргіш қабілеттерін капитал ретінде қарастыру қажеттігінің теориялық негіздемесі берілді. Адамды немесе өндіргіш қабілеттерін капитал ретінде қарастыруға төмендегі себептер негіз болды: біріншіден, өндіргіш қабілеттер қорлана алады және запасты құрады; екіншіден, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалған шығындар нақты инвестициялар болып табылады; үшіншіден, адамның қабілеттерін қалыптастыруға, дамытуға жұмсалған қаржы өнімді сипатта, өйткені ол болашақ табысты, өнімді және ұлттық байлықты көбейтеді.

«Адам капиталы» идеясының тұтас концепция ретінде қалыптасуы ХХ-ғасырдың 60-жылдарында аяқталды. Адам капиталы теориясы әлемдік экономикадағы, өндіргіш күштер жүйесіндігі, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістердің политэкономиядағы көрінісі болып табылады.

Сонымен, адам капиталы идеясының тұтас концепция ретінде қалыптасуы стихиялы, өздігінше емес, керісінше, экономикалық ғылымның әлеуметтік тапсырысты, белгілі бір қоғамдық қажеттілікті орындауы ретінде жүрді.

Адам капиталы теориясы қазіргі күйінде американдық экономистер- «Чикаго мектебінің» өкілдері Т.Шульц пен Г.Беккердің басылымдары негізінде қалыптасты. Теорияның негізгі жағдайлары Т.Шульцтың «Адам капиталына инвестициялар» мақаласында (1961ж) және Г.Беккердің осы аттас мақаласы (1962ж) мен іргелі еңбегі-Адам капиталы: теориялық және эмперикалық талдауында» (1964ж) баяндалды. Адам капиталы теориясының жалғасын табуға американдық, ағылшындық экономистер-Дж.Минцер, Ф.Махлуп, Л.Туроу, Р,Нельсон, Дж.Вейзи үлкен үлес қосты, ал кейінірек бұл концепция М.Блаугтың, Э.Денисонның, Дж.Кендриктің, П.Хейненің және т.б. еңбектерінде дамытылды.

Адам капиталы теориясының әдістемесінде қазіргі экономикалық ой-пікірлер ішінен басқа да ағымдарының әсері бар екендігі байқалады. Соның ішінде, білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу, білімнің экономикалық өсу қарқынына және ұлттық табыс өсіміне әсері проблемаларын зерттеуде неокейнсиандық көзқарастың үстемдігі байқалса, экономикалық талдауға жанұя, мектеп т.б. қоғамдық институттарды тарту идеясы және олардың қоғамдағы басқа да әлеуметтік, шаруашылық мекемелері арасындағы байланыстарын анықтау бұл теорияға қазіргі экономикалық ғылымның әлеуметтік-институционалдық ағымының әсерін көрсетті [6, 2001ж].

Қазіргі шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде «адам капиталы» категориясының әртүрлі анықтамалары кездеседі. Мұндай әртүрлілік бұл ұғымның күрделілігімен және көп қырлылығымен түсіндіріледі.

Т.Шульцтің айтуынша, «егер білім өндіріске әсер етсе, мұның өзі экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал формасы», ал білім капиталдың бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп айтамыз, өйткені, бұл форма адамның ажырамас бөлігіне айналады. Оның капитал болып табылатын себебі, ол болашақ табыстар немесе болашақ қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің де көзі. Келесі американдық экономист адам капиталы теориясының классигі Г.Беккер, бұл ұғымды кең мағынада қарастырды. Оның пікірінше, «адам капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы миграция және баға мен табыс туралы ақпарат іздестіру арқылы қалыптасады [7].

У.Боуэн, адам капиталын тауар мен қызметтерді өндіру мақсатында белгілі бір мақсат ішінде қолданылатын адам бойындағы жүре қалыптасқан білім, дағды, мотивация және энергиядан тұрады деп анықтайды.

Л.Туроу болса адам капиталына адам бойында негізінен тәрбие мен білім беру арқылы қалыптасатын саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сыйлау сияқты қасиеттерді де қосады.

Эдвин Дж.Долан болса адам капиталын «формальды оқу, білім беру немесе іс-тәжірбие арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал» ретінде түсіндірді.

Экономикалық әдебиеттерде адам капиталының монетарлық анықтамасы да бар. М.Фридмен адам капиталын еңбекке перманентті (тұрақты, үздіксіз) табысты қамтамасыз ететін қор ретінде түсінеді. Перманентті табыс-күтілетін болашақ табыс түсімдерінің орташа шамасы. М.Фридмен адам капиталын ақшаға балама активтердің бір формасы ретінде қарастырылып, адам капиталын байлықтың жеке иелерінің ақшаға деген сұраныс теңдеуіне қосады.

Ресей экономистерінің еңбектерінде де адам капиталына әртүрлі анықтамалар беріледі. Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы анықтамаларының бірі М.Критскийдің еңбегінде берілген. Ол «адам капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интеллектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр»,-деп есептейді.

Оның еңбегінде адам капиталы қазіргі заманғы қоғамның негізгі қоғамдық қатынасы ретінде қарастырылады. М.Критский адам капиталының өндірістік, тұтынушылық және интеллектуалды адам капиталы түріндегі формальды түр өзгерістерін және өзгерген формаларын терең зерттей келе, адам капиталының алушы және өндіруші шаруашылық дәуіріне адекватты формаларды сіңірген тіршіліктің жалпылама-нақты формасы ретінде көрінетіндігін атап көрсетеді. Осыдан, М.Критский, «адам капиталы- адамдардың өмірі ретінде жүзеге асатын, олардың тіршілігінің өздігінен баюы»-деген қорытынды жасайды.

Посткеңестік экономика ғылымындағы адам капиталы теориясының ірі зерттеушілерінің бірі С.Дятлов адам капиталын «инвестиция нәтижесінде қалыптасатын, қоғамдық ұдайы өндірістің кез-келген сферасында мақсатты пайдаланатын, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін арттыратын, осы арқылы адамның табысын өсіретін адам бойында жинақталған (қорланған) денсаулық, білім, дағды, қабілеттер, мотивация қоры».

Отандық экономика ғылымында адам капиталы теориясы бойынша зерттеулер  енді қолға алынып келеді, олар көбіне фрагментарлы түрде кездеседі. Отандық экономистерден академик Я.Ә.Әубәкіровтың, К.Н.Нәрібаевтың, С.К.Жұмамбаевтың көзқарастарына тоқталған жөн.

Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әртүрлі ғалымдардың барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірбиені және олардың әлеуметтік экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруе мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін шешуші күш ретінде қарастырады.

Келесі авторлар ұжымы адам капиталын «индивидтердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар» ретінде анықтайды.

С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, «білім, дағды, іскерлік және жинақталған тәжірбие адам капиталын құрайды» және «жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады. [12,55б]

Отандық экономист-ғалымдардың көзқарастарын талдай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

Біріншіден, білім, іскерлік, дағды арнайы іс-әрекет түрлері арқылы қалыптасады;

Екіншіден, ол қабілеттердің қалыптасуы белгілі бір қаржыны қажет етеді;

Үшіншіден, ол қаржылар инвестициялық сипатта;

Төртіншіден, білім, іскерлік, дағды  және еңбек өнімділігі арасында тәуелділік орын алады;

Бесіншіден, уақыт факторын қалыптастыру арқылы адам капиталының қалыптасуында «балама шығындар» немесе «жоғалған жалақы» шығындары орын алады. Міне жоғарыда берілген шетелдік және отандық экономистердің көзқарастарында адам капиталына әртүрлі түсіндірмелер беріледі. Әйтсе де, осы анықтаған ортақ ұқсастықты байқадық. Ол ұқсастық адам капиталының жүре қалыптасатын қабілеттер ретінде анықталуы. Нақ осы негізде, біз, адам капиталы категориясының экономикалық мазмұнын ашуға талпынамыз.

Кез-келген экономикалық категория-экономикалық көзқарастар жүйесіндегі белгілі бір талаптардың логикалық көрінісі, жеткізілуі. Демек, адам капиталы экономикалық категория ретінде біздің ойымызша іскерлікті, дағдыны, т.б. қабілеттерді қалыптастыру, өндіру, тұтыну, жалғастыру үрдісінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.

Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.

 

  • Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру

 

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес,сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.

Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. Осы прогрессивті үрдіс жаңа индустриялық, және белгілі бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды.

Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын кеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды. Осылардың барлығы қоғамдық сана мен мемлекет саясатына, нағыз революциялық принципті енгізуді дайындап берді: білім-мамандар даярлаудың ғана емес, сонымен бірге ол қоғамның жалпы парасаттылық, технологиялық және мәдени деңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогреске қабілетін демеудің, тұрмыстың осы заманғы стилін (қалпын) қалыптастырудың құралы. Осыдан экономикалық қажеттіліктерге қатаң қызықтаусыз білімді дамыту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.

Үздіксіз білімнің мәні-ғылыми-техникалық революция жағдайларында білімнің тез арада ескіруіне байланысты кәсіптік жинақылықты көтеруде емес (нақ осындай көзқарас кеңестік және кеңестен кейінгі әдебиетте басым).

Сонымен бірге білім революциясы, бұрын құлаш жайған ғылыми-техникалық революция сияқты түрлі елдер мен аймақтарды тым әркелкі қозғады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасындағы алшақтықты одан сайын ұлғайта түсті. Егер дамыған елдерде жоғары білімнің жалпыға бірдейлігі мен жаппай үздіксіз білім нақтылыққа айналса, ал дамушы елдердің көпшілігінде жалпыға бірдей сауаттылық жөніндегі мәселе күн тәртібінен әлі түскен жоқ.

Халықаралық қоғамдастық білімнің адам дамуындағы лайықты рөлін қамтамасыз ету жолымен осы проблемаларды шешу стратегиясын жасады. Ол-«Баршаға бірдей білім» стратегиясы. Оның негізгі принциптері БҰҰ 1990 жылы Джомтьенде ұйымдастырған конференцияда тұжырымдалды. Конференция баршаға бірдей білім туралы Дүниежүзілік декларация қабылдады, декларация, адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы мен бала құқықтары туралы Конвенцияға сүйене отырып, мынаны жариялады, кез келген бала, жасөспірім және ересек адам осы ұғымның ең жоғары және толық мағынасында өзінің базалық білім қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алуға құқылы, яғни ол танып-білуді, әрекет жасауды, өзгелермен бірге өмір сүруді және тіршілік етуді үйренуге мүмкіндік беретін білім алуға құқылы. Бұл тақырыпта әр адамның мүмкіндіктерін ашу мен оқитындардың тұлға ретінде дамуына бағытталған білім туралы қозғалып отыр, оның мақсаты адамдардың жеке тұрмыстарын жақсартуға және өз қоғамдарын жаңартуға қолдарын жеткізу.

Білім жөнінде Декарда 2003 жылғы сәуір айында өткен Дүниежүзілік форумда баршаға бірдей білім стратегиясын іске асырудағы онжылдықтың қорытындылары жасалды. Декар форумы адам дамуының аса маңызды компоненті ретінде білімге берілетін екпінді одан сайын күшейте түсті. Форумның «Іс-әрекеттің Декардың шеңберлері.

 Баршаға бірдей білім: біздің міндеттемелерімізді орындау» негізгі құжатында, білімнің адам құқықтарының негізгілерінің бірі екендігі атап көрсетіледі. Ол орнықты дамудың, бейбітшілік пен ел ішіндегі тұрақтылықтың және елдер арасындағы қатынастардың кілті болып табылады және осы тұрғыда ол қоғам өміріне және ХХІ ғасырдың экономикасына белсенді қатысу үшін қажетті құрал болып қызмет жасайды, олар жеделдетілген жаһандануда қозғалады.

Декар форумы баршаға бірдей білім стратегиясын одан әрі ілгері жылжытудың 6 мақсатын белгіледі:

  1. Жас балаларға күтім көрсету мен оларды тәрбиелеу, әсіресе ең осал және үлестен құр қалған балалар жөніндегі кешенді шараларды ұлғайту және жетілдіру;
  2. 2015 жылға қарай барлық балалар, әсіресі қыз балалар, берекесіз отбасылар мен этникалық азшылықтан шыққан балалар тегін және міндетті жоғары сапалы бастауыш білімді емін-еркін алулары үшін жағдай жасау;
  3. жас және ересек адамдардың білім алу қажеттіліктерінің оқудың тиісті бағдарламаларына және тұрмыстық машықтарға қол жеткізудің бірдей мүмкіндігі негізінде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
  4. 2015 жылға қарай ересектердің, әсіресе әйелдердің сауаттылық деңгейін 50%-ға көтеру және барынша бірдей базалық және үздіксіз білім алу мүмкіндігін беру;
  5. 2005 жылы бастауыш және орта білімде гендерлік айырмашылықтарды жою қолға алынған болса, 2015 жылға қарай білім саласында жыныстар теңдігіне қол жеткізу болып отыр, бұл орайда қыз балаларға жоғары сапалы базалық білімге толық және тең мүмкіндік беру мен олардың жақсы сабақ үлгерімдері үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлу;
  6. білімнің барлық аспекттілерінде оның сапасын көтеру және барлығы үшін жақсы үлгерімді қамтамасыз ету, бұл орайда оқудың танылған және баға беруге көнетін нәтижелеріне әркімнің қол жеткізуі, әсіресе сауаттылыққа, есептеу мен маңызды тұрмыс машықтарына қатыстылары ескерілуі тиіс [8, 351б].

Джомтьен және Декар форумдарының базалық білім саласында әзірленген принциптері 1998 жылы 5-9 қазанда ЮНЕСКО Парижде ұйымдастырған жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік конференцияның идеяларымен және нұсқауларымен органикалық толықтырылады. Конференция барлық елдердің үкіметтеріне жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді және жоғары білім алудағы бірдей мүмкіндіктерді білім саясатының жетекші бағытын жасауды ұсынды. Ол жоғары білімнің «жұмыс әлеміне» (World of Work) бейімделмеуі, ал өзара іс-қимыл жасауы тиіс екендігін тікелей белгіледі.

Сонымен, дүниежүзілік қоғамдастық білім қызметтерін тек жұмыс күшін құраумен немесе кадрлар даярлаумен шектеуге қарсы шықты. Осыған байланысты Париж конференциясы жоғары мектептің жалпы мәдени және өнегелілік қызметтерінің әлсіреуіне үлкен алаңдаушылық білдірді.

Халықаралық қоғамдастық ең алдымен БҰҰ мен оның құрылымдары әзірлеген, адам дамуының аса маңызды бөлігі ретіндегі білім дамуының стратегиясы білім беруді барлық деңгейлерде жетілдіруді жүзеге асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мүдделер бойынша оқу жүйелеріне реформалар жүргізуге барлық елдерге көмектеседі.

Елдегі білім жүйесінің бірнеше құрылымдық бөліктері бар, олар-деңгейлік, ұйымдық (ішкі ұйымдық пен сыртқы ықпалдары қосқанда), мазмұндық болып бөлінеді. Кейде әр елдегі білім жүйесін ұлттық үлгі деп атау қалыптасқан. Білім-күрделі және созылыңқы үдеріс, ол қазіргі заманғы көзқарастар тұрғысынан, соның ішінде адам дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Осыған байланысты, оның көп деңгейлік құрылымы бар.

ХХ ғасырдың орта шеніне дейін әлемде білім деңгейлері туралы қайсыбір ортақ «халықаралық» ұғым орын алды, ал түрлі мемлекеттер өздерінің дербес оқыту сатыларын белгіледі. Алайда әлемдік экономикалық, ғылыми және мәдени интеграциялардың кеңею және тереңдеуіне, планетаралық ақпараттық кеңістік құруға қарай, ал ең бастысы-еларалық білім беру мен кадр алмасудың жалпыға бірдей және жүйелі практикаға байланысты білім деңгейлерінің халықаралық жіктелімін әзірлеудің қажеттілігі туындады.

ЮНЕСКО қамқорлығымен 1995 жылы Женевада өткен білім жөніндегі Халықаралық конференция білімнің бірінші Халықаралық стандарттық жіктелімін (БХСЖ) бекітті. Алайда, осы жіктелім ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында құлаш жайған білім революциясының қызу үдерістеріне ілесе алмады, ең алдымен білімді саралауға, яғни халықтық түрлі топтары мен жіктерінің білім алулары үшін ең жақсы жағдайлар жасаған сан алуан нысандардың пайда болуына ілесуге шамасы келмеді. Сондықтан 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясы жаңа БХСЖ қабылдады.

Халықаралық жіктелімнің бастапқы бірлігі болып оқыту бағдарламалары бой көтереді. Олар басты екі бағыт бойынша сипатталады-білім баспалдағы (сатысы) және білім саласы. БХСЖ-ға енгізілген едәуір күрделі және түрлі көрсеткіштердің егжей-тегжейлі сипаттамасын мазмұндайды. «Негізгі сипаттамалар» ұғымына неғұрлым анық және ықшам қабылдау үшін БХСЖ сатыларының деректері сипаттамасының түрлі тармақтарынан алынған көрсеткіштер мен критерийлерді енгіздік, бірақ олар білім беру сатысының мәні мен өзіндік ерекшеліктерін құрайды.

БХСЖ сондай-ақ мынадай білім салаларын қамтиды:

  • мұғалімдер даярлау және педагогикалық ғылым;
  • гуманитарлық ғылымдар мен өнер;
  • әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық;
  • жаратылыс ғылымдары;
  • инженерлік салалар;
  • ауыл шаруашылығы;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру;
  • сервис.

Негізгі немесе базалық білім жүйелері келесі негіздер бойынша жіктеліне алады:

  • мемлекеттің рөлі;
  • білімді басқару мен қаржыландыруда ұлттық және жергілікті әкімшіліктер ролінің арақатынасы;
  • ақылы және тегін білім алудің пропорциясы;
  • элитарлық пен бұқаралықтың арақатынасы;
  • жоғары білімнің құрылымы мен мазмұнындағы түбегейлілік пен практикалық бағдарлық пропорциясы.

Осы белгілер бойынша білімнің екі жүйесін бөлуге болады-американдық (оған жапондық жүйе ұласады) және еуропалық (экономика мен идеологияны толық мемлекеттендіруді ескергенде оның бір түрі кеңестік білім жүйесі болды) жүйелер.

Американдық жүйе білімді қаржыландырудағы мемлекеттің елеулі ролімен өзгешеленеді, бірақ жеке бизнес те сондай-ақ жоғары белсенділік танытады. Мектептер муниципалды органдардың қарамағында болады, ал жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында шамамен алынған сандық паритет орын алады. Білімді жалпы қаржыландыруда жергілікті қаражат көздері ұлттық қаржыландырудан басым болып келеді. Орта білім негізінен тегін, ал жоғары білім көбіне ақылы, бірақ студенттерге білім қызметтеріне көмек көрсететін тармақталған жүйе бар.

Элитарлық (дегдарлық) және жай университеттер арасындағы білім беру саласында үлкен алшақтық бар. Білім мазмұнын белгілеуде дербестік дәрежесі өте жоғары, мемлекеттік мекемелер оған мүлде араласпайды.

Еуропалық жүйеде-мемлекеттік және тегін білім алу басым. Терең тарихи тамырлары бар университеттер автономиясы жұмыс істейді. Алайда, жалпы алғанда, білім мазмұнындағы орталықтандыру деңгейі американдық жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқу орындарын басқаруда академиялық топтардың ролі жоғары, ал АҚШ-та осы міндеттер көбіне қамқоршылар кеңесіне жүктеледі. Американдық жүйеге қарағанда түбегейлі терең білім деңгейі анағұрлым жоғары.

Қазіргі уақытта жапондық жұмыс күшінің деңгейі біліктіліктің ең жоғары деңгейі ретінде бағаланады. Жапонияда барлық категориядағы жұмысшыларды үздіксіз оқыту маман саясатының стратегиясы және мақсаты ретінде басқа елдермен салыстырғанда ерте мойындалып, жолға қойылды. Үздіксіз оқыту жапон фирмаларында еңбек процесінің құрамдас бөлігі. Әрбір жұмысшы (персонал) оған аптасына 8 сағат уақыт жұмсайды: 4 сағаты жұмыс уақыты және 4 сағаты жұмысшының өз уақыты есебінен. Осы мақсатта тікелей кәсіпорындарда курстар, семинар, оқу орталықтары, тіпті институттар құрылған. Зерттеушілердің есептеулері бойынша, бір жұмыс бастыға шаққандағы оқыту шаралары жапондықтарда американдықтарға қарағанда 3-4 есеге артық. [15,170-185б]

Жапония компаниясындағы кәсіптік білім жүйесінің негізі- «икемді жұмысшы» компаниясы. Оның мақсаты-адамды кем дегенде екі есе немесе үш мамандық бойынша іріктеу және дайындау, одан соң өмір бойы біліктілігін көтеру. Басқаша айтқанда, жапон фирмалары арнайы адам капиталының қорлануына жағдай жасайды.

Үздіксіз оқыту барысында жұмысшының біліктілігін және жалпы мәдени деңгейін көтеру экономикалық әсерді ұлғайтады. Американдық фирмалар тәжірбиесі бойынша, білім беруге салынған әрбір 35 мың доллар 1 млн.доллар көлемінде пайда әкеледі. Оның үстіне, жұмысшыны қайта дайындау оны басқа жұмысшыға ауыстырудан едәуір арзанға түседі. «Дженерал электрик» компаниясының тәжірбиесі бойынша, бір инженерді қайта дайындау жаңа инженерді табу және жұмысқа қабылдаудан үш есеге арзан. Білікті жұмысшыны оқытуға АҚШ-та жылына 12,5 мың доллар жұмсалса, қайта дайындық шығыны жылына бір адамға 10 мың долларды құрайды. [15,170-185б]

Швейцарияда фирмаларының да біліктілікті көтеру бағдарламалары қызығушылықты тудырады. Жоғары оқу орындарын бітірушілері осы бағдарламаны университеттік дайындықтың өндірістегі аяқталуы және қызметтегі өсудің базасы ретінде бағалайды. Ал фирмалар тарапынан біліктілікті көтеру бағдарламалары компанияларды дайындығы жоғары мамандармен қамтамасыз ететін қаржы салымдары ретінде бағаланады.

Францияда кәсіпорындар  жұмысшының кәсіптік дайындығына жалақы қорының белгілі бір пайызын бөлуге міндетті. Жыл сайын Францияда фирма есебінен жалдамалы жұмысшылардың 30 пайызы кәсіптік оқыту курстарымен қамтылады, тек 4 пайызы ғана өз есебінен біліктіліктерін көтереді [10, 118б].

Білім беру қызметі рыногындағы келесі жиынтық тұтынушы мемлекет білім беру қызметі өндірісінде микро және макро деңгейлерде қатысады. Мемлекеттің экономикаға микро және макро деңгейлерде полифункционалды араласуы қазіргі экономикалық дамудағы объективті қажеттілік болып табылады. Мемлекеттің білім беру сферасына макро деңгейде араласуы білім беру сферасындағы және еңбек рыногындағы мемлекеттік саясат арқылы жүзеге асады. Яғни, мемлекет білім беру сферасының орта және ұзақ мерзімде дамуының материалды-экономикалық және құқықтық алғы шарттары мен жағдайларын жасаушы процестер жиынтығын жүзеге асырады. Мемлекет, біріншіден, білім беру қызметі рыногы тұлғаларының экономикалық қатынастарын реттеуші құқықтық нормаларды анықтайды және олардың орындалуын бақылайды; екіншіден, ЖІӨ-ді қайта бөлу қызметін атқарады; үшіншіден, білімнің минималды деңгейін анықтайды және қаржыландырады; төртіншіден, білім беру сферасы тұрғысында стратегиялық шешімдер қабылдайды және білім беру стандарттарын анықтайды; бесіншіден, білім беру рыногына салық саясаты, трансферттер және несие ұсыну арқылы әсер етеді; алтыншыдан, оқу орындарын басқаруға нақты шешімдер қабылдайды: лицензия, аттестация, білім деңгейі туралы құжаттарды сертификаттау мәселесін шешеді. Қорыта айтқанда, мемлекет заң шығарушылық және реттеушілік (ынталандырушылық) қызметтерді жүзеге асырады.

Ромердің, Р.Лукастың және басқа да «Экономикалық өсудің жаңа теориялары» өкілдерінің үлгілері көбіне адам капиталы концепциясына негізделеді. Адам капиталының қорлануы бұл теорияларда білім беру саласындағы іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Олардың пікірінше, бұл сала технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені, білімге жұмсалған шығындар адам капиталын арттыру арқылы экономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілеттерін және ғылым сіңіргіш өндірістегі салыстырмалы артықшылықтарды атқарады. Сондай-ақ, осы және эволюциялық теорияларда білім берудің экономикалық маңыздылығы инновация диффузиясы тұрғысында негізделеді.

Сонымен, адам капиталының анықтаушы элементі-білім беру экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы елеулі экономикалық ресурстарды қажет етеді. Оның үстіне, білім беруді өндіруде «рынок шарасыздығының» орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен анықталады.

Кез-келген рационалды тұлға сияқты мемлекет те шекті шығындармен шекті ұтымды салыстырады. Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджеттен тікелей аударымдар (сыртқы шығындар) және индивидтердің білім алу барысында еңбек процесімен қамтылмау себебінен ЖҰӨ бөлігінің жоғалуы түріндегі ішкі жасырын шығындардан тұрады. Яғни, жоғары білімді мамандардың жұмыссыз қалуы мемлекетке тиімсіз. Себебі, мемлекет өз шығындарын салық механизмі арқылы қайтарып алады.

Мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысы оның шығындарының артуымен сипатталады. Өйткені білім деңгейлері жоғарылаған сайын білім беру қызметінің, оқулықтар мен оқу құралдарының көлемі артады және білім беру қызметі өндірісіне жоғары білікті еңбек тартылады.

Отандық білім беру рыногында халықарлық ұйымдардың қатысуы келесідей бағытта жүзеге асырылуда:

  • халықаралық ұйымдардың бағдарламалары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, НАТО, МАГАТЭ және басқалар);
  • дамыған елдердің мемлекеттік бағарламалары (АҚШ-та USIA, ACCELS, IREX, Германияда-DAAD, Францияда-CNOUS);
  • жеке қорлардың бағдарламалары (SOROS, FORD, MacArtur және т.б.)

Білім беру қызметін ұдайы өндіруде халықарлық ұйымдардың инвестициялық белсенділігі өте жоғары. Мысалы: 1991 және 2000 жылдар аралығында ТАСИС-ТЕМПУС бағдарламасы шеңберінде отандық білім беру сферасына 12 млн.евро қаржы бөлінген. 1994-2000 жылдар аралығында 57 жоба қаржыландырылған [4]. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың көмегі ұлттық білім беру бағдарламасына қатысты жанама сипатта болуға тиісті.

АҚШ-та 55%-ға жуық жоғары оқу орындары мемлекеттік болып табылады, бірақ ең озықтары – жеке меншік жоғары оқу орындары. Құрама Штаттар қазір заңды түрде мақтан тұтатын алғашқы американдық университеттер жеке меншіктегі университеттер болды, ал анағұрым арзан ақымен оқытатын мемлекеттік жоғары оқу орындарын штаттағы өкіметтер жоғары білім алу мүмкіндігін арттыру үшін ашқан. Американдық білім жүйесінде олар күні бүгінге дейін осындай қызметтерді атқарып келеді – олар «қолдау көрсететін жоғары оқу орындары» іспеттес.

Жапонияда 70%-дан астам университеттер – жеке меншікте. Бірақ ең озықтары, ең беделділері, ең үлгілілері – мемлекеттік университеттер. Бір айтарлықтай жайт, мемлекеттік университеттерде оқуға төленетін төлем жеке меншіктерге қарағанда жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау БІЛІМ БЕРУ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕ

 

2.1 Білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде

 

Білімнің адам дамуындағы айқындаушы рөлін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол тұтастық қалпында ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты.

Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті мәліметтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады.

Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім экономикалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас жиынтығын шешуге айқындаушы немесе біршама елеулі ықпал көрсетуге лайықты. Ондай проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халықтың қазіргі заманғы өркениет деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі, тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу, қылмыстықты азайту, АИВ/ЖИТС ауруының таралуына қарсы күрес жүргізу, саяси және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның құрылымдарын күшейту, адам құқықтарын сақтау және тиімді іске асыру, тұлғаның өз мүмкіндіктерін толық және жан-жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, білімді аса маңызды адам капиталы ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы білімнің кең ауқымды және көп қырлы әлеуметтік қызметтерін бекітіп, оған осы заманғы социумның іргелі проблемаларын шешуде басты рөл атқаратынын айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек. Экономикалық және саяси өзгерістер экономиканың терең дағдарысымен, саяси қатынастардың тарихи баламасыздығымен, өндірістің құрылымымен және нәтижелерімен озық елдерден едәуір артта қалуымен, халықтың тұрмыс деңгейімен және сапасымен, мемлекеттік басқарудың тиімділігімен сабақтас болды.

Білім беру жүйесіне тікелей және жанама түрде бүкіл қоғамның қатысы бар. Білім жүйесін өзгерту қоғамның және жеке тұлғаның көзқарасын, ой-санасын, психолгиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын кешенді түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды, күрделі реформаны жасау мол қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары мен мазмұнын әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды, ғылыми-теориялық зерттеулер мен практикалық сынақтар өткізуді, білім жүйесінің басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың, жалпы қоғамның арасында психологиялық даярлық, бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын өткізуді қажет етеді. Сондықтан да жаңа білім моделін ғылыми-зерттеу зертханаларында ғана әзірлемей, озат мектептердің тәжірибелерін саралау, жаңашыл педагог-мамандарды, ата-аналарды, қоғам қайраткерлерін, білім саласынақатысы бар барлық мекемелер мен ұйымдарды кеңінен қатыстыру, олардың қызметтерін өзара үйлестіру арқылы жасауға тиіспіз. Осындай аса маңызды да ауқымды жұмыстарды кешенді және іргелі түрде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Қазақ Білім академиясының жанында тұрақты және кешенді жұмыс істейтін Ғылыми-қоғамдық үйлестіру кеңесінің құрылғаны барынша тиімді болар еді.

Қазақстан Республикасының білім беру стратегиясындағы басты концепция-ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі мақсаты-адамның ең негізгі құндылық ретінде мойындау және сол тұрғыда қалыптастыру, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, мәдени-рухани дамуына ерекше мән беріп, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің жетілуіне, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, әлеуметтік мәдениетінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай туғызу. Яғни, келешек маман білікті әрі білімді, ең алдымен рухани тұрғыда кемелденген, ұлттық ділі мықты, әлеуметтік мәдениеті қалыптасқан, халық, ұлт алдындағы жауапкершілік сезімі жоғары дара тұлға болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі білім алушыға тек маман ретінде ғана қарау жеткіліксіз. Оны,ең алдымен, өз елінің азаматы, адамгершілігі мол творчествалық тұлға, елдің жанашыры, келешектің иесі, халқының тірегі ретінде тану керек, соған мүмкіндік жасалуы тиіс.

Сонымен, адам капиталы адамның сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің өзінің уақыты  мен материалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Основы кредитной системы обучения в Казакстане» деп аталатын ұжымдық монографиясында елдің келешектегі білім беру саласындағы тұғырнамалар анықталып, ол кәсіби білім берудің тек жоғары сапасымен ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам іргетасы ретіндегі жаңа білім беру философиясымен де айқындалмақ делінген. Онда біршама негізгі міндеттер де анықталған:

  • икемді, мобильді жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • жоғары оқу орындарының адаптациялық потенциалын көтеру;
  • оқу орындарындағы академиялық және ұйымдастыру құрылымын, ондағы инфрақұрылымдарды жетілдіру;
  • әдістемелік жүйені және білім беру технологиясын реформалау;
  • педагогикалық үрдісті жетілдіру, педагогикалық құрам сапасын жақсарту.

Бұл айтылғандардан туындайтын мәселе, шындығында, ұлттық идея негізіндегі кешенді білім беру философиясын қалыптастыру қажеттілігінің бар екендігі.

Американдық жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігі: жоғары оқу орындарының едәуір еркіндігі және автономиялылығы. Ал мұндай менталитет Қазақстан сияқты дәстүрлі қоғамда қалай көрініс табады? Білім беруде әлемдік стандарттың ұлттық санаға ықпалы қалай болады? Мәселен, ұлттық патриотизмге, ұлттық этикалық санаға, жеке тұлғаның өзіне өзінің тең келу мәселесіне, ұлттық мифтік санаға, ұлттық идентификация мәселесіне ықпалы қандай болмақ дейтін әртүрлі сұрақтар туындайды.

Болонь Декларациясы, әлемдік бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру үрдісі бүгінгі глобализация феноменінің құрамдас бөлігі, оның іске асырылу формасы десек болады. осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетілгендей, білім берудегі бұл инновацияның түбірлі мәні мен сипатын әмбебап нарықтық-экономикалық рационализм, ал ол тікелей өндіріс қажеттілігі мен пайда іздеу мүддесімен байланысты болатынын мемлекет жасырмайды. Осының өзін методологиялық тұрғыдан пайымдайтын болсақ, кредиттік жүйенің идеологиялық мәндік болмысын білдірмек.

Неоклассик-экономист А.Маршаллдың пікірінше табиғат қайтарымы төмендеу тенденциясында болса, адам осы  қайтарымды арттыру тенденциясына ие. «Білім біз үшін өндірістің ең қуатты қозғаушысы, табиғатты бағындырып, оның күштерін қажеттілігімізді қанағаттандыруға, пайдалануға мүмкіндік береді».

Адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының бірі-білім беру саласы. Білім беру бір жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды потенциалының дамуы және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан-адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетудің және жұмыссыздыққа қарсы құрал ретінде қарастырыла басталды. Әсіресе білімі және біліктілігі жоғары адам прогрессивті қоғамдық өзгерістердің көзі және қуатты қозғаушы күші ретіндегі өзекті мәселеге айналды.

Білім беру қоғамның әлеуметтік кәсіптік құрылымын қалыптасырушы, мәдениетті ұдайы өндіруші, жинақталған әлеуметтік тәжірибені, адамгершілік, мораль қағидаларын жалғастырушы, индивидтердің әлеументтендірілуін қамтамасыз етуші институт болып табылады. Сондай-ақ, білім беру индивидтердің, қоғамның интеллектуалды және әлеуметтік-психологиялық потенциялын қалыптастырады; жанама түрде, білім беру индивидтің дене және психофизиолгиялық жағдайына әсер етеді; адам капиталының моральдық тозуының орнын толтырады, адам капиталы потенциалының жойылуының алдын алады. (жұмыссыздар, зейнеткерлер), ұлттық қауыпсіздікті және қоғамда демократияның сақталуын, оның күшеюін қамтамасыз етеді.

Адам капиталының анықтаушы элементі-білім беру экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы елеулі экономикалық ресурстарды қажет етеді. Оның үстіне, білім беруді өндіруде «рынок шарасызығының» орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен анықталады.

Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторының мәні былай, осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.

Адам капиталы адамның сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің өзінің уақыты  мен маериалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады. Сондықтан да,адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді.адам капиталын қалыптастырудың қоғамдық сипаты басымырақ, бұған қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру деңгейі әсер етеді. Адам капиталын ұдайы өндіру тұрғындарды, жалпы халықтың сандық және сапалық мәнінің дамып, қоғамның рухани және материалдық жүйесіне жинақталуымен байланысты. Адам капиталын қалыптастырудың және ұдайы өндірудің ішкі және сыртқы факторларына мыналарды жатқызуға болады. Сыртқы факторлар:

  • Білім, ғылым, тәрбие, ақпарат, денсаулық, тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік институттарының дамуы. Олардың даму деңгейінің көтерілуіне инвестициялар жұмсау, адам капиталының сандық, сапалық көрсеткіштерінің қалыптасып жатқан құрылымдарының өзгеруіне терең әсер етеді.
  • Адам капиталын құрушылардың өмір сүру әрекетінің сыртқы ортасына еңбек ету жағдайы, үй-тұрмысы, өмірлік тұрағының инфрақұрылымы жатады. Бұл саланы жетілдіру, инвестиция құю, аймақтардың, әр түрлі ұйымдардың әлеуметтік саласын дамытып, жалпы қоғамдық инфрақұрылымының дұрыс бағытта өзгеруіне әкеледі.

Адам капиталына ұдайы өндірудің ішкі алғы шарттарына адамның жанұясының материалдық жетістігі, оның жеке байланыстары, мәдени деңгейі жатады. Егер де қоғам жанұяны қолдап, оның өзіндік саясатының іске асуына инвестициялар салса, ол осы жанұяның материалдық байлығын өсіріп қана қоймай, білімді, дәстүрді, біліктілікті, құндылық бағыттарын, жалпы әлеуметтік тәжірбиені ұрпаққа қалдыру үрдісін жетілдіруге де жағдай  жасайды. Индивид әлеуметтік тұлға ретінде тек жанұяда ғана қалыптасатындықтан, қоғамның рухани игіліктерін-білімді, мамандық статусын, қызметін дұрыс пайдалануды, тұрмыстық-тұтыну мәдениетін игеруде жанұяның орны ерекше.

Гордон Драйден мен Джанет Востың «Білім беру революциясы» кітабында (2003жыл) білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген елдеріне тән проблема тамаша баяндалған: «Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып келеді»-деген сөзін айта кеткен де жөн болар.

Бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілігі-жаһандық экономика мен саясатта ең ықпалды тұжырымдамалардың бірі, өйткені тек экономикалық көрсеткіштерді қамтып қана қоймайды, сонымен бірге экономикалық емес маңызды құбылыстардың экономикалық салдарын бағалай алады.

Оны өлшеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі жан басына шаққанда келетін ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, ел мен оның азаматтары соғұрлым бай, өмір сапасы соғұрлым жоғары.

2005 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына шаққанда ІЖӨ 3700 АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. Осы көрсеткіш бойынша, 50 елдің қатарында болу үшін ол кем дегенде 5500-6500 АҚШ доллары және одан жоғары болуы керек. Яғни, шамамен Чили, Мексика, Малайзия секілді елдер деңгейінде болуы керек.

Бұл елдер бұрынғы социолистік елдердің (Чех Республикасы, Венгрия) көрсеткіштерінен айтарлықтай кем түседі-оларда ІЖӨ қазірдің өзінде әр адамға 10 мың АҚШ долларынан асып түседі.

Бәсекеге қабілетті 117 елдің ішінен алғашқылар қатарына Финляндия, АҚШ, Швеция, Тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, Канада, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Израиль шығыпты. Қазақстан 61-ші орын алыпты. Біз ТМД-ның барлық мемлекеттерінен алда екенбіз.

Егер жекелеген өлшемдерді алатын болсақ, Қазақстан халықтың «тапқырлық» деңгейі (яғни, технологиялық идеялардың дамуы), ғылыми-зерттеу базасының, дәл ғылымдағы білімнің сапасы бойынша, сондай-ақ базалық инфрақұрылымның жаман емес жағдайына қатысты айтарлықтай жоғары бағаланады.

Алайда біздің еліміз бұл артықшылықтарды нақтылы «капиталдандыру» мүмкіндігін қамтамасыз ететін факторлар бойынша төмен бағаланады.ал мұнда «ақыл-ойдың сыртқа кетуінің» жоғары деңгейі де, жаңа технологиялар мен қызметтерді лицензиялаудың күрделі ресімдері де, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғаудың төменгі деңгейі де, білім беру мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды инвестициялау жөніндегі аз әулет те бар.

Міне, содан келеді де, мысалы, ересек халықтың сауаттылық деңгейі бойынша біз әлемдегі алғашқы 3 пайыздың қатарындамыз, ал әл-ауқат деңгейі бойынша соңғы 40 пайыз елдердің қатарындамыз. Инженерлер мен ғалымдардың саны бойынша біз тізімнің үштен бірінің алғашқысындамыз, ал жоғары технологияларға келетін экспорттың үлесі жөнінен-артта қалушылар қатарындамыз.

Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына-адамдық капиталға байланысты екенін көрсетеді.

Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет-таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым  мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.

Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандарттарын бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.

«2010 жылға қарай жан басына келетін ІЖӨ-ні 7000 долларға дейін, ал сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша 15000 долларға дейін арттырып, халық өмірінің күтіп отырылған ұзақтығын 68 жасқа дейін жеткізбекпіз.

Таяудағы үш жылда Қазақстан білім беруге арналған мемлекеттік шығындарды ұлғайтуы тиіс, олар ІЖӨ-нің 4,1 пайызынан кем болмауы керек. Үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджеттен білім беруге 344 млрд.теңге жоспарланған.

2009 жылға қарай бұл саланы қаржыландыру көлемі 540 млрд.теңгеге дейін дерлік өседі»,-деп еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына»-деген лекциясында айтқан болатын.

Президент Джон Кеннеди айтқанындай: «Бізге ешқашан болмаған нәрсе туралы армандауға қабілетті адамдар керек».

Әр 10 жыл сайын адам білімінің көлемі еселене түседі. Соның нәтижесінде білім барынша құнды және әрдайым талап етілетін ресурсқа айналады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне асыратын болса ғана, шешілетін болады.

Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деп өсиет қалдырған болатын.

 

 

2.2 Білім беру саласынын қаржыландырудың негізгі принциптері

 

Рыноктық (нарықтық) реттеу жоғары білімнің дамуында мемлекеттік реттеудің кемшіліктерін толтыра алмады. Нақты оқу орындарының дипломдары жұмыс берушілер мен жұртшылықтың көз алдында нақты баға алулары үшін жоғары оқу орындары жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тым қысқа уақыт жұмыс істеді. Осы жағдайлар қиянатшыл бәсеке үшін кең мүмкіндіктер жасады. Жеке меншік, ал ішінара мемлекеттік жоғары оқу орындарының да ақылы оқитын студенттер санына кіріптарлығы, көптеген жоғары оқу орындарына қалағандардың барлығын тартуға, демпингтік бағалар мен жоғары оқу орындарының нақты мүмкіндіктеріне сай келмейтін жарнамаларды пайдалануға, көтеріңкі баға қоюлардың кеңінен қолданылатын практикасына, түпкі нәтиже білімді нақты дипломдар сатумен алмастыруға әкеп соқтырды. Оның үстіне ақыны болашақ диплом үшін емес, ал әскери қызметтің мерзімін кейінге қалдыру мақсатында төлейтін студенттердің едәуір саны пайда болды [4].

Уақыт белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді, ғылымда құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды, іргелі және қолданбалы зерттіулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттыруды талап етеді.

Ғылымды бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтуды жоспарлай отырып, біз бұл процеске жекеменшік бизнесті де қосуды ұмытпауға тиіспіз. Бұл жеңіл міндет емес, солай болса-дағы ғылыми нәтижелерді ойдағыдай коммерциялаудың қолайлы шарттарын жасау, оларды инновацияда жүзеге асыру, тұтынушыларға жақындату қажет.

Оқу орындарының қаржы базасын нығайтуға жағдай жасаған өзге де түзетулер болды. Енді жоғары оқу орындарына бағалы қағаздар сатып алуға, оқудың төлемі ретінде алынған қаражаттар мен өзге де қаражаттарды депозитте ұстауға құқық берілді, мұндай құқық тапқан ақшаны инфляциядан сақтауға көмектесуі тиіс.

2001 жылдың басында білім және ғылым Министрлігі перспективада олардың санын елеулі қысқарту арқылы жоғары оқу орындарының желісін «тазалау» қажеттілігі туралы жариялады. Осы мәселені шешудің басты құралы ретінде жоғары оқу орындарын тіркеу үшін қажет ең аз жарғылық қорды ұлғайту ұсынылды.

Одан әрі пайда болған қоғамдық пікірталастар қатарында өзге де мынадай шаралар аталды: жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингтерін (бедел көрсеткіштерін) жасау және оқу- материалдық, кадрлық базаларының көрсеткіштеріне, ғылыми қызметтің деңгейіне, талапкерлерді іріктеу қатаңдығының дәрежесіне сәйкес жоғары оқу орындары үшін санаттар (категориялар) енгізу; зерттеу және қолданбалы жобалардан, консалтингтік қызметтерден түсетін табыстардың өсуі кезінде жоғары оқу орындарын қаржыландыруда ақы төлеу үлесін азайту және т.б.

«Білім» Мемлекеттік бағдарламасында техникалық, педагогикалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту көзделді.

Жалпы, Қазақстандағы жоғары білім реформаларының негізгі қорытындысы ретінде жоғары мектептің әлемдік білім беру прогресі арнасында жаңғыру жолына түскендігін есептеуге болады және ол республиканың ортақ әлеуметтік-экономикалық стратегиясының либералды (ықтиярлы, ырықты) бағытын көрсетті.

Негізінен қалыптасқан ұлттық білім үлгісі кеңестік жүйенің шүбәсіз оң сапасы ретіндегі білімнің түбегейлі іргелілігі мен ғылыми сипатын сақтап қалды да, батыс үлгілерінің кескінін- білім беру гранттары мен несиелерін ендірді.

Қазақстандық білім үлгісінің негізгі компоненттерін әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен адам дамуы мақсаттарына сәйкестігін сынау мәселесі күтіп тұр [2].

Адам дамуы тұжырымдамасында білім ең өзекті және іргелі қоғамдық проблемаларды шешудің айқындаушы факторы, адам дамуы деңгейінің аса маңызды көрсеткіші ретінде қаралады. Адам дамуындағы білімнің ролін қамтамасыз етудегі халықаралық танылған бағдарлама «Баршаға бірдей білім» стратегиясы болып табылады. Сонымен бірге көпшілік елдердегі сияқты, республикамыз үшін де білім мүмкіндігі мен сапасын біріктіру өзекті проблема күйінде қалып отыр [3, 5-19б].

Алайда білім беруді инвестициялаудың кез-келген басқа инвестициялар сияқты тәуекелділігі жоғары. Индивидтің оқуға жұмсаған еңбек және қаржы шығындары іс-жүзінде толыққанды қайта ма, алдына қойған каръерасын ойдағыдай жасай ала ма, т.б. жақтарын алдын ала білу мүмкін емес. Көп жағдайда білім беруге жұмсалған шығындардан алатын ұтым индивидтің өзіне тәуелді. Бұл мәселеде тек еңбек рыногындағы мамандарға деген сұраныс ғана емес, сондай-ақ, индивидтің жеке сапалары да шешуші роль атқарады. Оның мүдделілігі, талпыныстары, оқу мақсаты туралы түсінігі, т.б. оның үстіне адамды мамандығын өзгертуге немесе кәсіптік еңбекке кеш қосылуына әкелетін жеке жағдайларды да ескеру қажет. Осылардың барлығы оқудың басында ескеруге мүмкін болмаған мәселелер кешенін құрайды және білім беруге салынған инвестицияның қарапайым жылдамдығына және көлеміне әсер етеді. Жалпы алғанда, белгілі бір деңгейін алуға байланысты шығындар адамның өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрғанда ғана толық қайтарылады. Сонымен білім беруге жеке табыс көлемін арттырушы маңызды фактор болып табылады. Индивид білім алу барысында ағымағы табыс алу мүмкіндігіне бас тартады, өйткені, білім оған осы шығындарын болашақта қайтару мүмкіндігін береді.

Сондықтан да адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді.

Білім беруге бағытталған қоғамдық тікелей инвестициялар-мемлекеттің, жергілікті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіп салаларының осы сфераға бағытталған қаржылары. Білім беруді инвестициялау әртүрлі жолмен жүргізілуі мүмкін:

  • оқушыларға мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді несиелер беріледі; мұндай несиелер еңбек ету кезінде жалақы немесе табыс есебінен қайтарылады;
  • мемлекет білім беру қызметі ақысын төлеуге және тұтынушыларды материалдық қолдауға байланысты барлық шығындарды өз қолына алады;
  • білім беру қызметі ақысын және оны тұтынушыларды метериалдық қолдау әртүрлі көздерден қаржыландырады:
  1. мемлекеттік (оқу орындарын республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, оқушыларға жәрдемақы және ұзақ мерзімді мақсатты несиелер беру) қаржыландыру;

б) оқушылардың өзіндік қаржылары есебінен (олардың ата-аналарының,

    асыраушыларының қаржылары);

   в) кәсіпорындар және ұйымдардың қаржылары (тапсырыс бойынша  

       маман дайындауды, жұмысшылардың біліктілігін көтеру және оларды                                                                    қайта дайындауды қаржыландыру), қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қаржылары есебінен.

Сондай-ақ, адам капиталына жұмсалатын инвестициялар, салымдар бірнеше сатыдан тұрады:

Бірінші сатыда-адам капиталына жұмсалған салымдар неғұрлым жақсы нәтижеге жеткізеді, өйткені мұндағы жоғары тиімділік салымның қарымы қайтатын уақыт мерзіміне байланысты. Оқытудың бастапқы сатысынан, арнаулы даярлық сатысына өткен сайын шығындардың өтелу мерзімі ұдайы қысқарып, адамға жұмсалатын салымның ұтымдылығы арта береді. Сонымен бірге, ықтималды адам капиталына салым оның неғұрлым жас кезінде жұмсалса, салым өлшемімен болатын өзгерістер серпіні соғұрлым жоғары болмақшы. Адамға жұмсалған салымның ертерек болуы қоғам тіршілік әрекетінің алдағы кезеңдерінде көрінетін ықтималды адам капиталының, оның шығармашылық қабілетінің бір реттеуіші есепті болады.

Екінші сатыда-ықтималды адам капиталын нақты іске қосылған адам капиталына айналдыру кезеңі. Бұл-еңбек субъектісінің адам капиталын іске асыру мен қорландыру кезеңі. Тіршілік әрекетінің бұл кезеңі еңбек қызметін атқаруға бейімделуімен, адам капиталының жетілдіруімен, жұмыскердің нақты адам капиталына біліми ықпал етуінің көптігімен сипатталады.

Үшінші сатыда-еңбек қызметінің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде ықтималды адам капиталы ұдайы өндіріс жүйесіне неғұрлым көптеп тартылады, жалақының ұдайы өсуі мен оның ең жоғары деңгейіне жақындау байқалады. Мұнда жұмыскерлерді қайта даярлау жүйесі аса маңызды рол атқарады. Ол ғылыми-техникалық дамудың шарттарын бейнелейді. Өнімді еңбектен қол үзіп және қол үзбей білім алу жүйесі, парасатты адам капиталын, жұмыскердің қабілет қарымын, қоғам тіршілік әрекетінің осы кезеңіндегі ғылыми-техникалық талаптарына дейін көтеруге мүмкіндік беретіндей дәрежеде толықтырылуы керек [3, 5-19б].

Білім беру саласын инвестициялау үлгілері жайлы 1 қосымша кестеден көрулеріңізге болады.

Қазіргі кезеңде, яғни экономикалық дамуымыз тұрақталынып, әлеуметтік мәселелерге бет бұрған уақытта, Қазақстанда адам капиталын қалыптастырып, оны ұдайы өндіру үрдісіне байланысты біршама қызметтер атқарылып жатыр. Бұған халқамызға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, осы мәселедегі қалдық принциптерін жойып, әлеуметтік саланы қаржыландыруды басымдылық ретінде қарастыру саясатының қалыптаса бастауын мысалға келтіруімізге болады.

2005 жылға арналған бюджетте денсаулық сақтауға, білім беруге және басқа да әлеуметтік секторларға жұмсалатын шығындар үштің бірінен асады деп көрсетілген, ал бұл мемлекеттің  мүмкіндіктері артқанын көрсетеді. Әр бюджеттің өз міндеті бар, оның ең басты ерекшелігі-әлеуметтік бағыттылығында.

2005 жылға арналған бюджет қаражаты да едәуір даму мәселесін шешуге бағытталған болатын. Осы салаға жұмсайтын шығыстары 2004 жылмен салыстырғанда 20,2%-ға, соның ішінде білім беру-51%-ға, денсаулық сақтау-22,9%-ға, әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек-15,2-ға% ұлғайды.

Мұндай бюджетті орындауда инвестициялардың орны бөлекше, өйткені ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны инвестициялардың көлеміне байланысты.

Сонымен, біздің қоғамымыздың алдында тұрған мақсаттарының бастысы адамның жетістіктерін, құндылығын, әлеуетін ашатын, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын кезеңге жету үшін мемлекеттік жіне жеке мүдделерді жұмылдырып, ұйымдастыру болып табылады.

Батыс елдерінде адам капиталын есептеу көбіне білім компонентін есептеуге негізделеді; мұның өзі оны кеңістік экономикалық әдебиетте кең тараған білім қорын есептеу әдіснамасына жақындатады. Білім қоры-индивидтердің жинақталған білімі, дағдысы, тәжірбиесінің құндық тұрғыда бағалануы. Екі аталған қорларды есептеуде әртүрлі әдіснама қолданылады. Олардың ең басты айырмашылығы-кеңестік экономистердің есептеулерінде батыс зерттеушілеріне тән жоғалған табыстардың қамтылмауы.

Білімнің құндық қорын, тұтас алғанда, индивидтің білім потенциалын қалыптастыру мақсатындағы қаржы салымдарының нәтижесі ретінде қарастыруға болады.

Білім қорын есептеуде екі әдіс белгілі:

  • белгілі бір ұзақ мерзімде білім беруге бағытталған нақты кумулятивті шығындарды есептеу;
  • белгілі бір уақыт аралығына экономикалық белсенді халықтың жинақталған білім, дағды, тәжірибе қорының нақты өндірістік құндылығын бағалау.

Адамның білім алу құқын мемлекет сәйкес әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді:

  • ақысыз және міндетті бастауыш білім беруді ұйымдастыру;
  • орта және кәсіптік білімді берудің әртүрлі формаларының дамуын ынталандыру және оларға қол жетуді тегін білім беру және қаржылық көмек көрсету арқылы қамтамасыз ету;
  • жоғары білімге қол жеткізу негізінде, тегін білім беру арқылы қамтамасыз ету;
  • барлық сатылардағы мектептерді дамыту, стипендия жүйесін қалыптастыру және оқытушы персонал жағдайын жақсарту [6, 5-7б].

Отандық білім беру қызметі рыногының қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктерін талдай келе, келесідей тенденцияларды айтуға болады:

  • объективті нақтылық ретінде жеке сектор үлесінің артуы, жеке сектордың даму динамикасы және масштабы оның өмірлік цикл теориясына сәйкес өсу сатысында екендігін көрсетеді және қазірдің өзінде жеке сектордың осы рынокта алатын орны елеулі;
  • техникалық, аграрлық, құрылыс мамандықтарына сұраныстың төмендеуі, бұл жағдайды аталған салалардағы экономикалық іс-әрекеттің жеткіліксіз ұйымдастырылуымен және кәсіби бағдар саясатының өнеркәсіпті елдердегі кәсіптік бағдар жүйесін дамыту арқылы мамандық таңдауды реттеу саясаты қызығушылықты тудырады;
  • заңгер, экономикалық, қаржы мамандықтарына сұраныстың артуы;
  • қысқа мерзімді, интенсивті, бірақ толық теориялық-практикалық дайындық деңгейіндегі білім беру қызметіне сұраныстың артуы;
  • екінші кәсіптік білімге, жоғары білімнен кейінгі білімге сұраныстың артуы; ұсыныс құрылымының сұраныс құрылымына бейімделуі;
  • әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылу, жақын және алыс шетел рыноктарына тәуелділігі;
  • орта арнайы және жоғары кәсіптік білім арасындағы диспропоцияның орын алуы.

Жоғары тенденциялар отандық білім беру қызметі рыногының оптималдану бағыттарын іздестіруді анықтайды.

Отандық білім беру қызметі рыногының әлемдік білім беру кеңістігіне енуін қамтамасыз ету, білім деңгейлерін халықаралық стандарттарға жақындату, объективті қажеттілік және жаһандану процесінің тереңдеуімен байланысты.

Қазіргі уақытта біртұтас білім беру кеңістігіне ұмтылу әлемдік тенденция сипатында 33 европалық мемлекеттер Европа алдерінің білім беру жүйелерін біртұтас стандартқа келтіру туралы Болондық декларацияға қол қойғаны белгілі. Оның бірқатар элементтері отандық білім беру жүйесіне бірте-бірте енуде (екі деңгейлі жоғары білім жүйесі, рейтинг бақылау т.с.с.).

Либералды үлгіде білім беру-осы қызметті өндіру саласы ретінде қарастырылып, білімді таңдау, кәсіптік дайындық, мамандану сапасы, т.с.с. мәселелерде индивидтің жауапкершілігі жоғары. Континенталды-еуропалық үлгінің басты белгілерінің бірі-білім деңгейіне, білімге қол жеткізуге тек индивид ғана емес, мемлекет әрі қоғам да тікелей жауапты және мемлекеттік басқару жоғары.

Білім беруді инвестициялауға аса өзекті мәселе осы инвестициялардың тиімділігі, қайтарымдылығы төңірегінде. Батыс экономика ғылымында білім берудің экономикалық тиімділігі негізінен ішкі қайтарым нормасы әдіснамасында төмендегі формулада есептеледі:

                                                 r =Db-Dc/Co;

r-жоғары білімге пайда нормасы;

       Db-жоғары білімді адамдардың өмірлік жалақысы;

       Dc-орта білімді адамдардың өмірлік жалақысы;

       Co-жоғары және орта білімді шығындардағы айырма.

Отандық жағдайларда өмірлік жалақыны есептеу әдіснамасының болмауы себебінен білім берудің қайтарым нормасы тікелей есептелмейді. Дегенмен табыс және білім деңгейлері арасындағы тәуелділік, соңғы заңды-нормативті актілерде жалақы өсімінің білім, біліктілік, кәсіптік мобильділік, т.с.с. тәуелділікте қарастырылуы, біздің ойымызша, болашақта білім берудің экономикалық тиімділігінің жоғарыдағы әдіснамада есептелуіне жағдай жасауы ықтимал.

Алайда инвестиция салу, оның тиімділігін экономикалық тұрғыда есептеу көбіне қолданбалы ғылымда ғана басымдығын ескеру қажет. Білім беру экономикасының мәселелерін белгілі бір формулаларға келтіру, сыйдыру қиын. Сондықтан әртүрлі есептеу әдістерінің, математикалық формулалардың қолданылуы олардың адекваттылығы, яғни нақтылыққа сәйкестігі, осы саладағы экономикалық қатынастар ерекшеліктерін барынша ескеруі сияқты мәселелер тудырады. Осы себептен білім беру инвестицияларының тиімділігін анықтауда «шығындар-ұтымдар» қағидасымен қатар, оның индивид, фирма, тұтас алғанда қоғам өміріне тигізетін әсерін ескеру қажет.

Индивидтердің (үй шаруашылықтары) білім беруге бағытталған инвестицияларды қазіргі уақытта мемлекеттік инвестициялармен пара-пар және өспелі тенденцияда. Алайда фирмалардың (бизнес) қатысуы төмен. Сондықтан фирмалардың оқу бағдарламалары, курстардың мазмұны және студент санына қатысты шешім қабылдауға етене қатысуына қолайлы жағдайларды жасау қажет. Сонымен қатар мемлекет микродеңгейдегі жанама әдістер арқылы ынталандыру саясатын жүргізіп, мәжбүрлеу әдісін де қолдана алады.

Бюджеттен тыс қаржы көздерінің бірі ретінде білім беру бағалы қағаздар механизмінің мүмкіндіктері жоғары. Бұл механизм оқу орындарының негізгі қорларын екінші экономикалық айналымға тартып, болашақта білім беру қызметін тұтынуға мүлік құқығын негіздейді және білімге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Отандық білім беру қызметі рыногында осы механизмді енгізу бірқатар құқықтық-ұйымдастырылу деңгейіндегі мәселелердің шешілуін талап етеді.

Біріншіден, заң бойынша оқу орындарына негізгі қорға билік ету құқы берілмеген. Әрине, осы мәселенің оқу орындарын жекешелендіру нәтижесінде шешілу ықтималдығын жоққа шығармаймыз. Екіншіден, кез келген инновация өмірге ену үшін оған сұраныс болуы қажет, яғни осы саладағы бағалы қағаздар не ерте, не кеш емес, дер мезгілінде енгізілуі қажет. Үшіншіден, кез келген реформа, өзгерістің өміршеңдігі. Сондықтан осы қаржы көзінің орындалуы отандық бағалы қағаздар рыногының даму нәтижелеріне тікелей тәуелді. Білім беру құрылымын стандарттау, біріншіден, қоғамдық идеалды білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталса.

Екіншіден, жоғары оқу орындарының компоненті арқылы тұтынушының таңдау құқында ескереді. Сондықтан білім беруді стандарттау аталған қызмет рыногының бір оптималдану бағыты ретінде белгіленеді.

Білім беру қызметі рыногы «жетілмеген» рынок сипатында қызмет етеді.

Біріншіден, ақпарат асимметриясына байланысты осы рынокқа ақпарат «шарасыздығы» тән. Бұл ретте аккредитациялау рыноктық «ишара» беруші институт бола алады.

Екіншіден, тұтынушылар мен өндірушілердің еркіндік құқықтары шартты.

Үшіншіден, басқа рыноктардағы еңбек өнімділігін арттыру арқылы бағаны төмендету критерийі бұл рынокқа тән емес. Керісінше, оған тұтынушылар «қабылдайтын сапа» артуына сәйкес бағаның жоғарылауы тән, бәсеке басым түрде бағалық емес әдістерге негізделген.

Төртіншіден, мемлекеттік реттеу салыстырмалы түрде жоғары. Бірақ кез келген рыноктың, соның ішінде білім беру қызмет етуінің шарты-өзін өзі реттеу қабілеті. Ақылға қонымды мемлекеттік реттеу рыноктың нақты «шарасыздықтарына» адекватты минималды қатысумен шектелуге тиісті.

Қазақстан білім беру жүйесін одан әрі ұлғайту үшін жаңа экономикалық базада жүргізілетін 2010 жылға дейінгі бағдарламаның үлгісін құрды.

 

2010 жылға дейінгі бағдарланған жоспар бойынша жұмсалатын қаржы көздері                                                                                                       // 1 кесте//

 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлы-ғы

Республикалық бюд-жет

23379,8

34036,9

32150,8

26216,8

29484,4

30501,1

175769,8

Жергілікті бюд

жет

18022,4

19477,3

21705,1

31552,5

32115,6

32169,3

155042,2

Мем

лекет-тік бюд

жет

41402,2

53514,2

53855,9

57769,3

61600,0

62670,4

330812,0

 

Қазақстан егемендігін алғалы бері нарықтық экономикаға көшу жөнінде маңызды әрі түбегейлі реформалар атқаруда. Сәтті атқарылған рефоралар нәтижесінде мемлекеттік сектордың экономикадағы жетекші рөлі айтарлықтай азайып, жеке сектордың маңызы арта түсті. Оған қоса Республиканың экономикасы жер жаһандық нарықтық экономикаға жылдам кірігіп, айтарлықтай сыртқы инвестиция тартуда.

Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы және перспективасы

 

Әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше өзгеріс енгізе қоймаған қоғамнан кетіп, жаңа ғасыр өз өмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын мойындатуда. Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету жолдарының жақсы нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларынан көрініс табуда. Солардың бірі-әлеуметтік орны мен ақпараттар қызметінің салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесі. Олай дейтініміз бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің тағдырына қатысты емес, еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік күшіне, тұрмыс деңгейіне, өркениеттілігіне әсер ететін кешенділігімен сипатталады. Сондықтан білім беру саласында қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс қалмайтын мәселелер төңірегінде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Руханилық пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм ұстанымдарына сәйкес, білімнің жаңа сапасын қамтамасыз ететін реформаларды жүзеге асыру қоғамның дамуын ілгерілететініне күмандануға болмайды.

Даму жолындағы қоғамда ең алдымен білім дамуға тиісті. Ал білімді дамытатын сол үрдістің субъектілерінің принципті түрдегі жаңа әрекеттері мен жаңа қарым-қатынас нормаларын меңгеруі болып табылады. Жаңа қоғамдағы білімге айырықша көңіл аударарлық мәселе білім емес, оны меңгеруге деген қабілеттілік, есте сақтау емес, психиканың негізгі механизмі-ойлау, шыдамдылық емес, оқу үрдісіне деген белсенділік, оқу нәтижелеріне жету арқылы өз орнын анықтау; жауапкершілік; жай оқу емес, жеке, қоғамдық, кәсіби өмірді нұрландыру үшін оқу.

Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл-әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады.

Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайтындығы туралы көптеген ғұламалар айтып кеткен. Кімде-кім оған қол жеткізгісі келсе, әрекет етуі, ақыл-парасатын, қарым-қабілетін жұмсауы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, кез келген білім, ол-өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін көтеруге негіз болады [14,19б].

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамсында: «Орта білім беру міндеттерінің бірі-азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу» деп көрсетіледі.

Ел Президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай-күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттілігі баса айтылды.

Дегенмен де білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны реформалауда қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына, мемлекетіміз бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін екенін, сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін бүкіл білім жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт өзгерістер жасаудың қауіпті де, қатерлі екенін әрқашан ескергеніміз жөн.

Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он бес жылдың көлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалануы, қоғамның демократиялық бағытта дами бастағанын көрсетеді. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттары («Мирас», «Дарын», «Мұрагер» және т.б.) мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Дәстүрлі бағыттағы мектептерден бөлініп шығып, өз алдына оқытудың формаларын ұйымдастырған жаңа типті мектептер бой көрсетті. Мұндай мектептерді заман талабына сай білім беріп жатқан инновациялық білім мекемелеріне жатқызуға болады. Ал жаңа типті инновациялық мектептердің негізгі мақсаты-жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. «Инновация»-(лат.тілінен-nouis-жаңа) аударғанда жаңалау, жаңа, өзгеру-деген мағыналарды көрсетеді.

Инновация дегеніміз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.

Көптеген ғалымдарымыздың еңбектерін қарап отырсақ, «Инновация» дегеніміз-білім беру үрдісін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу. Ал жаңалық енгізу, мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет»,-дейді және ол міндетті төмендегідей екі талапты көрсетеді. Инновацияның ғылыми мағынасы да әртүрлі деңгейде сипатталады, мәселен:

  • инновацияны қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет идея ретінде қарастыру;
  • инновацияны мектеп жұмысын жоғары сатыға көтеруге бағыттау.

Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы елімізді техниклық прогреске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс-қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші; Ол еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.

Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы «инновациялар» енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік реформалар жүргізіліп, оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз:

  • оқу-тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуын;
  • білімнің қоғамдағы орны, және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;
  • тәрбие және білім жүйесі құрылымын;
  • білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламаларындағы өзгерістерді;
  • мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін айтуға.

Қорыта келгенде, мектептің мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Өйткені жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырып, білім нәрінен сусындатар, өзінің дәстүрінен алшақтатпай, туған тілін, салт-дәстүрін қажетті деңгейде үйрету-басты міндет. Осындай мақсат, міндеттерді үнемі ұстанып отырған мектептің жетер жетістігі, бағындырар биігі зор болмақ.

Мектеп-ешуақытта қоғамның, мәдениеттің, ғылым мен білімнің жаңалықтарынан тыс қалып қоймай, үнемі оқушылардың бойына іскерлік пен дағдыларды қалыптастырып, дүниетанымдарының кең болуын қамтамасыз етіп отырғаны жөн. Ал қоғамның жаңалықтарынан алшақтау, дамыған мактептен білім алған оқушының теориялық және практикалық білімдері, ақпараттың дамып отырған уақытында жеткіліксіз болып қала бермек. Міне сондықтан мектептің білім мазмұнын қайтадан қарап, заман талабына сай өзгерту, бүгінгі таңдағы басты мәселеге айналып отыр. «Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады»-деп Елбасы айтқандай, шынында да білім беру бүгінгі таңда үлкен капиталға айналу үстінде. Білім беру капиталға айналған уақытта, оған деген көзқарас өзгеріп, капиталды жинақтау жолдарын қарастыруымыз қажет. Сол үшін де артта қалып бара жатқан мектептерге өкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтып, жаңа бағыттағы білім мазмұнын ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта қоғмдық, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты барлық салада өзгерістердің пайда болуына әкеп соғуда.  

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл процесс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр.

Білім берудің дәстүрлі технологиясын қолдану, алдымен студенттердің, мысалы, экономика және онымен іргелес ғылымдар саласы бойынша білімдерді экстенсивті жинақтауымен ғана байланысты болады. Бірақ өте кең көлемдегі оқу және ғылыми мәліметтерді меңгеру қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда болашақ мамандардың кәсіби және өмірлік қалыптасуы үшін жеткілікті шарт болып есептелмейді. Сондықтан ақпаратты сұрыптаудың жаңа тәсілдері мен жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру дағдылары нарық жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруғы міндетті талапқа айналып отыр. Бұл дағдыларды мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында қалыптастыру мәселесі қойылуда.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын қолдану білімді меңгеру және бекіту процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Өйткені оқушының немесе студенттің өз жұмысының жалдамдығын, оқу мақсатына жету кезеңдерінің сатысын өзі таңдай алу мүмкіндігі, тұлғалық ерекшелігі мен даярлық деңгейіне сәйкес тиімді жаттығуы оқу процесін дараландыруға және ізгілендіруге жағдай жасайды.

Ақпараттық-есептеу технологиясын қолдану оқу еңбегінің зияткерлігін күшейтеді. Экономикалық процестерді макро және микро деңгейлерде берілген қасиеттері бойынша оқу бағарламасының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес модельдеу қиялдың, шығармашылықтың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады, оқытудың мотивациясын күшейтеді.

Дегенмен студенттердің білімін интеграциялау процесінде оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын қолдану мәселесі жеткілікті зерттелмеген. Бұл проблема интеграция теориясы бойынша Г.Г.Авзалова, А.А.Бейсенбаева, А.Я.Данилюк, Н.А.Лошкарева, В.Н.Максимова, А.Мұхаметжанова, А.В.Усова т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырған.

Интеграциялық процестердің тарихи-гнесологиялық негізі ғылым мен білім беру таным ерекшеліктеріне алғышарт ретінде алынып, оның мәні дүние мен адамның өзі жөніндегі білімдердің интеграциясы мен дифференциясының кезектесуі адамзаттың өмір сүру ортасын сақтаудың жаһандық проблемасының шешімін іздестіру болып табылады.

Қазіргі зерттеулерде білімді интеграциялау проблемасы негізінен дидактикалық жүйені құрылымдау принципі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар ақпарат әлемінде өз мүмкіндігін кәсіби тұрғыдан жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыру тәсілі ретінде де зертелуде. Білімді интеграциялау теориясын талдау интеграцияның жүйелік, модульдік, фрагментті-ұғымдық деңгейлерін бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Интеграцияның жүйелік деңгейіне жету дегеніміз дүниенің біртұтас ақпараттық бейнесін түсінуге бейім теориялық ойлауды дамыту болып есептеледі. Білім интеграциясының модульдік деңгейінде қандайда бір өлшем (уақыт, кеңістік, моралдық-адамгершілік, т.б.) бойынша жекелеген пәндік аймақтағы дағдыларды қорыту жүзеге асырылады.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары және оларды қолданудың мүмкіндіктері В.С.Гершунский, В.М.Ленива, Е.И.Машбиц, Г.К.Нұрғалиева, Е.С.Полат, В.Г.Разумовский, т.б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Жаңа ақпараттық технологиялар білім мен мәліметтерді әртүрлі формада, әртүрлі күрделілілік деңгейде ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге, қолайлы жылдамдықпен бірнеше рет қайталап отыруға мүмкіндік береді. Білім беру процесінде табиғи және дәстүрлі лабораториялық жағдайда кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарылататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру процесінде қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізеді, өйткені бұл потенциалдық мүмкіндік ақпараттық технологияның  мәнінде жатыр.

Қорыта айтқанда, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларды тұлғада жекелеген пәндік білімдерді қалыптастыруға бейім. Сондықтан болашақта бұл мүмкіндіктерді білім беру процесінде пайдаланудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы халыққа Жолдауында елдегі білім жүйесіне қатысты адам білімдарлығын ұлттың әлемдік әлеуметтік қатынас кеңістегіндегі бәсеке үрдісіне сай келудің маңызды шартты белгісі ретінде бірінші кезекке қойылатын міндет етіп көрсеткені белгілі. Осыған орай, онда республикамыздың білім беру саласына қатысты қазіргі заман және әлемдік стандарт талабына сай келетін әрі оған жауап бере алатындай ұлттық білім беру жүйесін (моделін) қалыптастыру мәселесін көтерген болатын.

Бұл мәселені үкіметіміз ХХІ ғасырдың басты міндеті болып табылатын адам өмірінің сапасын жақсартумен, ал оны ең алдымен елдегі білім беру сапасын жетілдірумен байланыстырады. Соңғысы жеке тұлғаның дамуындағы айқындаушы фактор ретінде мойындалады.

Елбасының 2005 жылғы 18 ақпандағы халыққа Жолдауында елдің әлеуметтік жаңару тұғырнамасын нақтылау үрдісі байқалады. Осы орайдағы көптеген міндеттер мен нақты шаралар реті атап көрсетілген. Соның бірі еліміздің білім беру саласына арналған. Әсіресе, жастарға жалпы және арнаулы орта әрі жоғары білім бере отырып, әлеуметтік-саяси қатынас субъектісін қалыптастыру, келешек тұлға болмысын сомдау ісі жүктеліп отыр. Сонымен бірге өркениетті ел әр кезде білімге, ғылымға үкімет артқан және оған қаржыны аямаған, ол адамзат тарихынан белгілі. Осы мәселеде мемлекет зиялы қауымға үкімет артады әрі сенім білдіреді.

Жастардың білім алуына жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыру туралы ұсыныстар жасалуы, олардың рухани шығармашылығына мүмкіндіктер жасап, жол ашып, материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағытталған шаралардың білгіленуі елдің ертеңгі тізгінін ұстар буынды қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарға тартуға бағытталған ұсыныстары айтарлықтай маңызға ие болатын стратегиялық позиция. Осыған орай, қазіргі талапқа сай маман даярлау үрдісінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас қалыптасып, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Мұны зайырлы мемлекеттің өркениеттік мәдениетінің көрінісі, аға буынның кейінгі ұрпақ алдындағы парызының өтелуі деп тануға болады. жастардың ертеңгі күнге сенімділігін арттырудың, әлеуметтік белсенділігін жетілдірудің, ұлттық қоғамдық сананы өсірудің, елсүйгіштік қасиетті орнықтырудың, әлеуметтік жауапкершілікті шыңдаудың, жеке тұлғаны қалыптастырудың концептуалдық бастамалары деп түсінеміз. Міне, ондай мүмкіндіктер тек іргелі білім, терең тамырлы тәрбие арқылы болатыны белгілі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының білім беру стратегиясындағы басты концепция-ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі мақсаты-адамның ең негізгі құндылық ретінде мойындау және сол тұрғыда қалыптастыру, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, мәдени-рухани дамуына ерекше мән беріп, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің жетілуіне, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, әлеуметтік мәдениетінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай туғызу. Яғни, келешек маман білікті әрі білімді, ең алдымен рухани тұрғыда кемелденген, ұлттық ділі мықты, әлеуметтік мәдениеті қалыптасқан, халық, ұлт алдындағы жауапкершілік сезімі жоғары дара тұлға болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі білім алушыға тек маман ретінде ғана қарау жеткіліксіз. Оны,ең алдымен, өз елінің азаматы, адамгершілігі мол творчествалық тұлға, елдің жанашыры, келешектің иесі, халқының тірегі ретінде тану керек, соған мүмкіндік жасалуы тиіс.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Основы кредитной системы обучения в Казакстане» деп аталатын ұжымдық монографиясында елдің келешектегі білім беру саласындағы тұғырнамалар анықталып, ол кәсіби білім берудің тек жоғары сапасымен ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам іргетасы ретіндегі жаңа білім беру философиясымен де айқындалмақ делінген. Онда біршама негізгі міндеттер де анықталған:

  • икемді, мобильді жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • жоғары оқу орындарының адаптациялық потенциалын көтеру;
  • оқу орындарындағы академиялық және ұйымдастыру құрылымын, ондағы инфрақұрылымдарды жетілдіру;
  • әдістемелік жүйені және білім беру технологиясын реформалау;
  • педагогикалық үрдісті жетілдіру, педагогикалық құрам сапасын жақсарту.

Бұл айтылғандардан туындайтын мәселе, шындығында, ұлттық идея негізіндегі кешенді білім беру философиясын қалыптастыру қажеттілігінің бар екендігі.

Сондай-ақ қазіргі кезде, кредиттік технологияны іске асыруда жоғары оқу орындарында тұрмыстық психология деңгейіндегі науқандылық-орындаушылық тенденция байқалады. Сондықтан кредиттік жаңа оқу жүйесін енгізудегі естен шығармайтын ұстанымдардың бірі-ұлтымыздың дәстүрлі жан-жақты этикалық білім беру жүйесінің басым болуын естен шығармау керек.

Демек, қоғамдағы барлық саланың көздейтін негізгі мақсаты Қазақстан азаматтарының әлеуметтік мүддесінен шығу, сайып келгенде оның бәрі адамға келіп тоғысады. Сол үшін бар мүмкіндікті үйлестіруді келешекке міндет етіп жүктейді. Олай болса, Елбасы Жолдауындағы бағдар ауқымы мемлекеттік, қоғамдық-әлеуметтік сананың өркениеттік деңгейге көтерілу үрдісінен, ауқымды ойлау мәдениетінен белгі береді. Бүгінгі бірегей әлеуметтік-саяси кеңістіктегі жағдайды өз халқымыздың мүддесі үшін пайдалану идеясы жатады. Сондықтан жан-жақты этикалық білім беру жүйесін қалыптастыру еліміздің жаңа қағидалы идеологиясын жасаудың тұғырнамасы болып табылады.

Елбасының 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жастарға кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары жемісін дамыту мәселесі кезек күттірмейтін міндет ретінде айқындалып, пәрменді шаралар қолдану Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырылған еді.

Осы орайда заман талабына сай қажетті кәсіптік мектептердің алатын орны ерекше. Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында құрылыс саласының мамандарын даярлау мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. бұл мәселені Елбасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ-құрылтайында «тайға таңба басқандай» етіп айтып, бағыт-бағдар берді: жұмысшы кадрларды негізінен кәсіптік мектептердің әзірленуі қажет;

Күн санап гүлденіп келе жатқан бас қаламыздағы алып құрылыстарға және басқа да салаларға жұмысшы күші қажет болып отыр. Осыған орай қалалық Білім департаменті ұсынған «Астана қаласында 2004-2006 жылдарда бастауыш және орта кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасы» қалалық мәслихаттың қаулысымен бекітілді. Онда қаржылық мәселелермен қоса кәсіптік мектептер мен колледждердің материалдық, техникалардың базасын жақсарту, оларды оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтау көзделіп отырғандығы айтылады. Мысалы, Астана қаласындағы №1 кәсіптік техникалық мектепте негізінен құрылысшылар дайындалады. Мектеп тарихы 1968-1969 оқу жылынан бастау алады. Осы жылдар ішінде №1 кәсіптік-техникалық мектепте 7800 ден астам билікті маман дайындалып шықты. Осыдан оншақты жыл бұрын төрт мамандық бойынша кадр дайындалса қазір оның саны тоғызға жеткен. Атап айтқанда, бұл мектеп келесі мамандарды дайындайды: ішкі әрлендіру мамандары, паркет салу, сыртқы әрлендіру мамандары, ұста, ағаш шебері мамандары, газ және электр құбырларын дәнекерленушілер, тас қалаушылар, арматура орнатушылар, коммуналды шаруашылық мамандары, түрлі өндіріс саласындағы хатшы-референттер.

Дәріс екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кәсіптік мектептер жыл сайын 140-150 түлік мамандық алып шығады.

2003-2004 жылындағы кәсіптік мектептер (лицейлер) құрамындағы оқитын оқушылардың экономикалық өсуі жайлы 1-2 қосымша суреттерден көруге болады. Сонымен  бірге, 2000-2005 оқу жылдарындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы және колледждердегі студенттерді қабылдау және оқуды аяқтату туралы мәліметтерді 3-4 қосымша суреттерден көрулеріңізге болады.

Оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер мен кәсіптік мектеп арасында жыл сайын келісім-шарт жасалып отырады. Ал, соңғы жылдары бұл кәсіптік техникалық мектепке ірі өндіріс орындары тапсырыс беріп, өздеріне қажетті жұмыс күшін әзірлетуді дәстүрге айналдыра бастады. Бұндай кәсіпорындар 120-дан астам, солардың қатарында: «Гражданстрой» ЖШС, «Астана-Техником», «Блок-1», «Стройдормаш», «Имсталькон», «Тұрмыс», «Астана-Жилстрой», «Концерн Цесна-Астық» және басқалары бар. Осындай кәсіпорындарға қажетті білікті мамандар даярлау үшін қажетті жағдайлар жасауда.

Бүгінгі күні оқушы білімін бағалаудың тәсілі ретінде тестілеу әдісі кең қолданыс табуда. Алайда тестілеу әдісі-оқушылар жетістігін бағалау технологиясының бірі ғана. Қазіргі уақытта оқыту нәтижесін бағалаудың басқа да әдіс-тәсілдері бар. Оқушылар білімін бағалаудың жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан баламалы тәсілдерінің бірі-портфолио. Портфолио-оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі. Американдық және еуропалық білім беруде протфолио «оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталады. Портфолионы мектепте пайдалану идеясы өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын анықтауға, олардың өз бейініне сәйкес мектептердің жоғары сатысында сауатты түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Портфолионың қолданыстағы бағалау жүйесінен басты айырмашылағы неде? Бағалаудың 5 балдық дәстүрлі жүйесі мен тестілеу негізіне, білімдегі кемшіліктерді анықтаса, портфолио оқушылардың үйірме, олимпиада, жарыс, шығармашылық конкурстар, сабақтардағы жетістіктерін көрсетеді. Портфолионың негізгі мақсаты: оқушылардың білім алу процесі бойынша есебін ұсыну, оның оқудағы жетістігін бақылау, маңызды білім нәтижесін көру, оқушы жетістігін сапалық және сандық жағынан бағалау.

Көптеген Ресейлік басылымдарда портфолио педагог-практиктерге маңызды міндеттерді шешуге көмектесетіні атап айтылған, мысалы:

-оқушының сабаққа деген жоғары деңгейін қолдау;

-белсенділігі мен дербестігін көтермелеу;

-оқуға деген іскерлігін қалыптастыру, алынған білімі мен дағдысын практикада қолдана білу.

Мазмұны бойынша портфолионы 3 моделге бөледі.

Құжаттар портфолиосы-сертификатталған жеке білім жетістіктерінің портфелі. Оған жататындар: диплом, грамота, оқушының мектепте және одан тыс белсенділігі мен табысын растайтын басқа да ресми құжаттар.

Жұмыс және жоба портфолиосы-оқушылардың әр түрлі шығармашылық және жобалық жұмыстарының жинағы, сондай-ақ, оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрі мен бағыттарының сипаттамасы: ғылыми конференция, конкурстарға қатысуы, факультатив өтуі, спорт және өнердегі жетістігі т.б.

Пікірлер портфолиосы-оған мұғалімдер, сыныптастар, сондай-ақ өзінің жұмысы мен оның нәтижесі туралы оқушылрдың жазбаша талдауы енгізіледі. Ол қорытынды, пікірлеме, пікір, резюме, ұсыныс хат пакеті түрінде болуы мүмкін.

Сонымен, оқуда портфолионы қолдануға арналған әдебиеттерді талдау барысы мектептегі білім беруді жаңарту үшін портфолионың үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Біздің республика мектептерінде портфолио технологияларын меңгеру-білім беру сапасын көтерудің маңызды бағыттарының бірі болуы мүмкін.

2005 жылдың бас кезінде ҚР Парламентінің Сенатында БҰҰ төралығының 2004 жылы адам даму туралы есебі тыңдалды. «Баршаға-білім қызметі: жаңа мыңжылдықтың басты мақсаты» құжатында елімізде осы бағыттағы істерге шолу жасалған. БҰҰ мамандары оны «қанағаттанарлық деп бағалады. Олардың пікірінше, осы жағдайда білім беру жүйесін халықаралық талаптарға сай жетілдіру арқылы өзгертуге болады. ҚР білім беруді 2015жылға дейін дамыту тұжырымдамасының да басты міндіті-білім беру қызметінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізу болып отыр. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламаларда Қазақстан таяу жылдарда «PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы аясында нақты жетістіктерінің салыстырмалы талдауына қатысады» делінген.

PISA деген-бұл оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (Programme of International Student Assessment).

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама АҚШ, Нидерланды, Австралия, Жапония және басқа елдердің педагогикалық өлшемдер саласындағы жетекші ғылыми ұйымдармен бірлесіп атқарылады.

PISA құжатында атап көрсетілгендей, зерттеулердің мақсаты-жалпы міндетті білім алған оқушының қазіргі технологиялық, ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүруі үшін қажетті білім мен дағдысын, мектепте алған білімін өмірде қолдана білу, өз бетінше оқу қабілетін бағалау.

PISA зерттеуі 3 жылдық циклмен 3 бағыт бойынша жүргізіледі: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық», «ғылыми-жаратылыс сауаттылығы».

Әр циклде аталған бағыттардың біреуіне басты назар аударылады. 2000жылы-«оқу сауаттылығы», 2003 жылы-«математикалық сауаттылық», 2006 жылы-«жаратылыс-ғылыми сауаттылығы».

Еліміздің оқу-білім саласында жүргізіліп отырған үлкен саясатының бірі-ол ел азаматтарының үш тілді меңгеруі. Бұл жалпы білім бертін орта мектептің алдына жеткеншектердің мектептен қазақ, орыс және шетел тілін меңгеріп шығуына қатысты зор міндеттер қойып отыр.

Қазақстанда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен халықаралық қатынастардың дамуы қатынас құралы ретінде ағылшын тілін білетін мамандарды көптеп дайындауды қажет етіп отыр. Сонымен қатар қазіргі жастар, жеткіншектер шет тілін үйренуге зор көңіл бөлуде. Көптеген балалар болашақта шет тілі маманы болуды, шет мемлекеттерге саяхат жасауды армандайды. Осыған орай, жалпы білім беретін орта мектептерге ағылшын тілін 2 және 5-сыныптан тереңдетіп оқытуға арналған арнайы бағдарламалар құрылды. Шетел тілін 2-3 түрлі деңгейде тереңдетіп оқыту үшін біртұтас тұрақты академиялық оқулықтардың орнына, дидактикалық талаптарға жауап бере алатындай өзгермелі, яғни көпдеңгейлі оқулықтардың болғаны абзал.

Осындай ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға арналған көп деңгейлі оқулықтардың бірі Ұлыбританиядағы «Макмиллан» баспасы дайындаған «Way Ahead» оқулығы (авторлары Мэри Боуэн және Принта Эллис). Бұл оқулық көп жылдан бері еліміздің орыс тілінде дәріс беретін мектептерде ғана қолданыста болады. 2001жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен қазақ мектептерінің осы оқулықпен жұмыс істеуіне рұқсат. Қазақстанның жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес және ағылшын тілін қазақ тілі мен мәдениетінің негізінде оқытуға мүмкіндік беретіндей етіп өңделген. Мысалы, 5-6 сыныптарға арналған «Way Ahead» оқулығында Азия құрылығы жайында, Қазақстан және оның қалалары және тағы басқа оқу материалдары бар.

 

3.2 Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері он жылдан астам уақыт өтсе де, жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға тырысқан ҚР-сы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіліп келеді. Америка Құрама Штаттары сондай елдердің ішінде ең маңызды орынға ие. Әрине, екі жақтың достық қарым-қатынастарын былай қойғанда, олардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірақ өз дамуына септігін тигізетін мұндай қарым-қатынастарды жасаспасқа болмайды. Қазіргі таңда Америка құрама Штаттары КСРО ыдырағаннан кейінгі қалған вакуумды толтыруға белсенді түрде тырысып-ақ жатыр, оның бірнеше себебі бар, АҚШ өз ықпалын бұрынғы Ресей ықпалымен ауыстырғысы келеді, әрі стратегиялық маңызы бар энергетика қайнар көздеріне бай, әрі әлі даму сатысындағы бұл аймақ қандай да болмасын ықпалға тез іліккіш болып тұр.

Осындай жағдайларда өсіп-өрбіп келе жатқан еліміздің өз тәуелсіздігін сақтап қалуына, сонымен қатар АҚШ сияқты ірі державамен серіктестік деңгейінде қарым-қатынас жүргізуіне таңданбасқа болмайды.

Қазақстан қоғамының трансформациясы жағдайында мемлекет алдында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселесі пайда болды. Бұл мәселені қарастыруда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалау білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады.

Қазіргі Қазақстанда жоғары білім мәселесі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Бірақ, бұл мәселені шешуде тек қаржылық-экономикалық жағдаятқа ғана сүйенуге болмайды. Білімді реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторларды да ескеруі керек.

Әрбір әлеуметтік институт, соның ішінде білім беру жүйесі қалыптасқан жағдайларға бейімделуі тиіс, өйткені ол оның өмір сүруіне қажетті шарт болып табылады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесінің реформасы басқа да өтпелі мемлекеттердегіей «жоғарыдан» жүргізіледі.

Әлем кеңістігіндегі болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі.

Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.

Осы орайда Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің «Аделаида декларациясында»: «Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты» делінген.

Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.

ХХІ ғасырдың басындағы адамзат қоғамының түр сипаты және дамуының бағыттары төмендегідей ғаламдық масштабтағы құбылыстармен айқындалып отыр:

  1. Барлық адамзатқа ортақ гуманитарлық, экономикалық проблемалардан туындайтын қарама-қайшылықтардың көбеюі.
  2. Қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі жаһандану және ірі геосаяси өзгерістер үрдісінің кеңеюі.
  3. Ақпаратқа, білімге, көп мәдениеттілікке негізделген қоғамның құрылыуы.
  4. Постиндустриалдық, ноосферлық, даму деңгейіне өтудің жылдамдауы.
  5. Адам капиталы құнының артуы.

 Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылықтары тұлғанық, қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс.

Адамзат дамуының осындай кезеңінде әлемнің 100-ден аса елі өздерінің даму стратегиясы есебінде «Тұрақты даму» тұжырымдамасын қабылдап отыр. Бұл елдерде жоғары мемлекеттік деңгейдегі Ұлттық тұрақты даму кеңестері құрылып, өзіндік жоспарлары жасалған. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанда да тиісті көңіл бөлініп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ ДБ-мен бірлесе отырып, 2001-2004 жылдарға арналған тұрақты дамудың құрылымдық шарттарын нығайту бағытында арнаулы бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама аумағында қазір «ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі тұрақты даму» атты Ұлттық комиссияны құру жоспарланып отыр.

2000 жылы сәуір айында Декарда өткен білім жөніндегі Әлемдік форумда баршаға білім беру стратегияларын жүзеге асырудың 10 жылдық қорытындысы жасалып, білімді адам дамуының негізгі факторы деп есептейтін тұжырымды одан әрі тереңдетті. Форумның «Декарлық әрекеттер шектері «Баршаға білім беру: біздің міндетімізді орындау» атты негізгі құжатында білім алу адамның негізгі құқықтарының бірі деп атап көрсетіліп, ол тұрақты дамудың, елдер ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, олар арасындағы қарым-қатынастың кілті болады және ХХІ ғасыр экономикасы мен қоғам өміріне тиімді қатысудың міндетті құралы деп атап көрсетілді.

Әлемдік тәжірибе білім беру ұлттық немесе ғаламдық саясаттың жеке саласы болып есептелмейді, ол адам құқығын сыйлауға, жақсы тұрмыс пен тиімді басқаруға, қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық тұрақтылық даму процестерінің негізгі шарты және сенімді құралы, әлеуметтік құбылыс пен процесс, әлеуметтік жүйе, ұлттық бірегейлік пен рухани мәдениетті сақтау және дамытудың бірден-бір кепілі есебінде дәлелденіп отыр.

Тұрақты даму талатарына сәйкес білім беру жүйесінің құрылымын және мазмұнын дамытудың басты бағыттары негізінен төмендегідей сипатта анықталуда:

  • Жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттердің, қоршаған табиғи ортаның, сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтың мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуын қамтамасыз ету.
  • Ғылым мен технологияның, нарықтық экономиканың өзгермелі және өскелең талаптарына сәйкес үздіксіз, пәрменді, дамымалы және үнемі жетіліп отыруға бейімді болуын қамтамасыз ету.
  • Адамзат қоғамының мол ауқымы, кең спектрлі, көпвекторлы полимәдениетті сипатына сәйкес ашықтығын, демократиялығын, интеграциялауға бейімді болуын қамтамасыз ету.

Жер көлемі кең, халқы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық мамандары және өндірістік жаңа технологиялары қалыптасып үлгермеген Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік іргелі және түйінді проблемаларын шешуші, ел ішінде және басқа елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына түсуді қамтамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді құрал есебінде отандық білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық.

Осы мақсаттарда төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс:

Білім жүйесіне мемлекеттің идеологиялық және экономикалық саясатында басымдылық беру,оны ұйымдық-құрылымдық жаңару, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, материалдық, ақпараттық, технологиялық базасын нығайту, мамандармен қамсыздандыру, құқықтық-нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкілқоғамдық қолдау жүйесін қалыптастыру.

Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін ашылуын және олардың пәрменді қолданылуын қамтамасыз ету, білім жүйесіне жинақталған оңды іс-тәжірибені талдап, пайдалану, білім мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын жетілдіру, басқарудың, білім сапасын арттыру мен бағалаудың және білімге ынталандырудың пәрменді әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру.

Білім жүйесіне мемлекет тарапынан тікелей әсер ету-оның негізінен материалдық-техникалық базасын нығайту, экономикалық-материалдық ресурстарын жетілдіру мен жаңғыртуға келіп саяды. Ол әрбір елдің мемлекеттік басқару саясатында білімді дамытуға дер уақытында басым бағыт берілуіне, елдің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.

Көптеген дамыған елдер өткен ғасырдың ортасында-ақ білімді дамыту мәселесін мемлекет саясатының басым бағыты есебінде белгіленеді.

Өкінішке орай, Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда білім беруге жұмсалған мемлекеттің қаржы шығыны 1990-2003 жылдары аралығында қауырт қысқарды. Айталық, 1990 жылы ол ІЖӨ-нің 8,2% құраса; 1995-4,5%; 2003-3,1%-ге дейін төмендеген.

Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім мен ғылымның сапалық жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан кешенді іс-шараларды өткізу және оларға тиісті қаражат бөлу мәселелері қарастырылып отыр. оның ішінде үздіксіз білім жүйесінің құрылымын өзгерту, ақпараттандыру, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту қарастырылған.

Ең күрделі және маңызды нәрсе-білім жүйесін мазмұндық өзгерту, оның ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту білім жүйесінің жаңа үлгісін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ал, мұның өзі жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді және даярлау мазмұнын өзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды қайта даярлауды, білім жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды талап етеді.

Қазіргі кезде қолданыстағы білім жүйесі жан-жақты сынға алынғанда, орта мектептегі білім мазмұны көбіне өмірге жарамсыз білім жиынтығын беруге лайықталып келгендіктен, ол білім жүйесі сапасының сын көтермейтіндей дәрежеде төмендеуінің және оның қазіргі қоғам талаптарына сәйкес келмеуінің негізгі себебі деп есептелуде. Осыған байланысты еліміздің орта мектебін әдіснамалық құрылымдық  және мазмұндық тұрғыан түгелдей қайта құру ұсынылуда.

Еліміздің білім моделі ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделіп құрылып, ұлт мүддесін басым бағытта бере отырып дамытылуы тиіс. Жасөспірімдерге берілетін білім мен тәрбие мазмұны, ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, тарихи мәдени мұраларынан, асыл дәстүрлерінен, ұлы педагогтеріміз бен ғұлама-гуманистеріміздің классикалық философиялық ой толғауларынан, ғұламалық бұлақтарынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырынан нәр алып, табиғи таза мәдени-рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс. Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, экономикалық және қоғамдық тұрақты даму жолына түскен Жапония, Франция, Финляндия, Швеция сияқты елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі.

Оқушыларға берілетін білімнің іргелілігі-бұл жарты ғасырдан астам уақыт бойы Кеңестік білім жүйесінің қол жеткен және басқа дамыған елдер қазіргі кезде мойындап отырған басты жетістіктерінің бірі. Егер білімнің жаңа моделін жасау берілетін іргелі білімнің көлемін қысқартып, оның тек қолданбалы сипатын арттыруға бағытталған болса, бұл Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты тұғырларының бірін төмендетуге, білім жүйесінің салмақсызданып, осалданып, әлемдік бәсеке талаптарына төзімділігінің әлсіреуіне әкеліп соғатынын болжай білуіміз қажет. Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының Конгресінде білім мекемелерінде берілетін білімнің тым таяз, үстірт болуының салдарынан сауатсыз ұрпақ пайда болады, бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін факторларға айналады деп есептей келе, «Ұлтымыз қатерлі жағдайда» деп жариялануының үлкен мәні бар екенін қатаң ескергеніміз жөн.

Сондықтан да тұрақты даму талаптарына сәйкес келетін жаңа білім жүйесін қалыптастыру оқушыларға берілетін білімнің іргелілік мазмұнын сақтай отырып, оның:

  • ақпараттық жүйелілігін, кешендігін, үздіксіздігін, өзара және өмірлік ортамен байланыстылығын, үйлесімділігін, үндестігін, өзіндік дамып отыруға қабілеттілігін арттыру;
  • неғұрлым өмірлік құнды, әр тұлғаның жеке сұраныстары мен қабілеттіліктеріне сәйкестей отырып, білім мазмұны мен бағдарламаларын диверсификациялау;
  • пәрменді интерактивті, ақпараттық шығармашылық дамыту өзіндік іздену сипатындағы технологияларды ендіру;
  • практикалық бағыттылықпен, нақты нәтижелерге бағдарлылықпен толықтыру арқылы жүргізілуі тиіс деп есептеймін.

Бұл үшін қазіргі орта мектепте берілетін білім мазмұнын ғалымдар, әдіскерлер және практиктер бірлесе отырып сараптап, екшеп жүйелеуі керек, білім сатылары бойынша қазіргі талаптарға сәйкес емес, артық, сыныптар бойынша қайталанып берілетін дүниелерден тазартып, соңғы ғылым жаңалықтарымен, жеке тұлғаның, адамның, қоғамның, табиғаттың өзара үйлесімді даму мүдделері мен құндылықтарына сәйкес келетін материалдармен толықтыру қажет.

Алған білімді өмірдегі қажеттілікке айналдыру және пәрменді қолдана білуге үйрететін ең жаңа оқыту технологияларына және құралдарына негізделген тәжірибелік-зертханалық сабақтарды өткізуге тиісті жағдай жасалуы тиіс. Орта мектепте берілетін білімнің прагматикалық мазмұнын және практикалық бағыттылығын 12 жылдық орта мектептің 8-10 сыныптарында профиальалды сатыдағы білім мазмұнын және оқыту технологиясын мамандықтарға сәйкес тереңдетіп, практикалық бейімдеп беру арқылы жүзеге асыруымыз қажет.

Адамзаттық қоғамның қазіргі даму кезеңінде адамгершілік пен мейірімділік құндылықтарының орнына материалдық байлыққа негізделген сипаттағы қоғам қалыптасып отырған жағдайда білім берудің тұлғаны әлеуметтендіру функциясы басым бағытқа ие болып, басты міндетке айналуы тиіс. Еліміздің білімі мен ғылымын, техникасы мен технологиясын жасайтын, халқының тілін, ділін, рухани қадір-қасиетін, табиғи байлығын сақтайтын Қазақстанның елжанды азаматы. Сондықтан сол азаматтың, азаматтық тұлғасын және ішкі жан дүниесін орнықты түрде қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеті бола бермек. Тұлғаны әлеуметтендіру арқылы ғана білім мен қоғамның тұрақты даму жолын қамтамасыз ете аламыз. Жаңа білім моделінің басты ерекшелігі, артықшылығы ол адамды білімді және сол білімді өте ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де білікті етіп қалыптастыратын болса, осы тұлғаның адамгершілік, рухани ұстанымдары, басшылыққаалатын құндылықтары қандай, оларды жасөспірім бойына дамытудың, тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің, қазіргі адамзаттық қоғамға, Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік жағдаятқа сәйкестендірілген тұжырымдамасы, түр сипаты, мазмұны, құндылықтары, өмірге ендіру әдістері мен құралдары қандай, соны дұрыс анықтау қажет. Білім беру мен әлеуметтендіру үрдісін бөліп қарауға болмайды. Білімнің де, қоғамның да тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты ұстанымы адамды білімдендіру, біліммен қаруландыру ғана емес, сол білімді және біліммен қарулануды адамгершіліктендіру болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарына тұғыры биік тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде мүше болып енуі, дербес деп танылуы отандық білім берудің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып отыр. сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы, жоғары және жалпы білім берудегі қалыптасқан дәстүрлерді жетілдіріп, өткен тәжірибені ескеріп, шетелдік мемлекеттердің білім беру жүйесіндегі озық үлгілермен ерекше тұстарын өзіміздің ұлттық білім беру жүйемізге ендіру болашақтағы бастамасы игі жоспарлардың біріне айналмақ.

Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп өркендеуіне жақсы жол ашылары сөзсіз. Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық бағыттардың дамып гүлденуі, білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған.

Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму тенденциясын былай суреттеуге болады:

Біріншіден, ол Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған кездегі жүйелік әлеуетіне сүйенеді;

Екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына сәйкес өзгеріп отырады;

Үшіншіден, білім саласында жаңа оқу құралдарын қалыптастырудың белсенді үрдісі жүріп жатыр;

Төртіншіден, білімнің экономикалық фундаменті өзгеруде;

Бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларының басым бағыттарын қалыптастырумен шұғылданады.

ХХІ ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көпеген елдер әлеуметтік салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позизияны қамтамасыз етуде білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда және мемлекет басшыларының сөздерінде көрініс табуда. әлемдік қауымдастық өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады.

Ғаламдастыру соңғы он жыл ішінде адамдар санасында және тәжірибеде қозғаушы күш ретінде қарастырылды. Ғаламдастыру үрдісінің әсері халықаралық білімге ақпараттық, коммуникациялық технологиялар және технологиялық байланыстар енгізуде айқын көрінеді. Бұл үрдістің пайда болуынан гөрі оның халықаралық білім концепциясына әсері, оның табиғаты және қамту аумағы қызығушылық тудыруда. Ғаламдық мүдделердің пайда болуы және әртүрлі мемлекеттердің бірігуі олардың үкіметтерін халықаралық және аймақтық саясат қалыптастыруына, екі жақты және көпжақты келісім-шарттар жасасуына, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-мәдени және білім салаларында  келісімдер жасасуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ осындай жобаларда жоғары білім саласы өте кең ауқым алып жатыр. Бұны ондағы халықаралық және аймақтық деңгейде жасалған көптеген алмасу бағдарламаларынан көруге болады. Мысал ретінде ТМД елдерінің білім министрлігінің Конференциясын, Еуразиялық Университеттер Асоциациясын және т.б. келтіруге болады. Жоғары білімнің әлемдік даму тенденцияларының жақсы жақтары мен кері әсер ететін жақтары бар. Осылайша, мысалы, Жоғарғы білім бойынша дүниежүзілік конференцияда ғаламдасу және аймақтасу үрдістеріне тән позитивті жақтарымен қатар, адамзаттың тұрақты дамуына бірқатар кері әсер етуші жақтары болды:

— әлем аймақтарының поляризациясы;

-бай және кедей аймақтар арасында айырмашылықтың үлкеюімен сипатталатын маргинализация;

— кейбір әлеуметтік топтардың өзінің мәдени құндылықтарын этникалық ерекшеліктері бойынша, территориясы, діні, дәстүрі, мәдениеті, діни фундаментализмі принциптері негізінде бекітумен сипатталатын фрагментация [15, 77б].

Жоғарыда келтірілген поляризация, маргинализация және фрагментация үрдістері адамзаттың тұрақты дамуын тежейді. Әрине, мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы мұндай саясатқа қызмет ете алмайды. Жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың даму үрдісінде кадрларды даярлау және ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін потенциалды біркелкі жіктемеуге байланысты проблемалар туындап отырады.

Осы орайда, нашар дамыған елдердің студенттері мен профессорларының жоғары дамыған елдерге кетуі, яғни интеллектуалды ресурстардың ең бай мемлекеттерде шоғырлану үрдісі байқалады. Жоғары дамыған мемлекеттерге қарағанда өтпелі кезең елдері батыстандыру үрдісіне шалынып, жоғары дамыған мемлекеттердің интеллектуалды донорына айналды. Бүгінде біз үшін ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу және элиталық білім мекемелерінен интеллектуалды ресурстардың шет елге кетуі тосын жайт емес.

Бұл мәселені тиімді түрде шешу үшін білім саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытып, тереңдету керек. Осы орайда, білім саласындағы халықаралық саясатты даярлауда интеллектуалды миграция статикасын бақылап, олардың шет елге кету себебін анықтап, бұл үрдістің алдын алу шараларын ойластырмасқа болмайды.

Ғаламдастыру экономикалық интеграциялану саласында, ақпараттық технология саласында және қоғамдық коммуникация саласында көріністапқан объективті үрдіс болып табылады. Алайда бұл үрдіс кейінгі кезде басқа салаларға да, әсіресе білім саласына тарала бастады. Жоғары білім саласындағы ғламдану үрдісі студенттер мен профессорлардың академиялық мобильділігінің күшеюіне, халықаралық білім мекемелерінің, оқу жоспарының және оқыту тәсілдерінің унификациялануына, дистанциялық білім беру және Интернет арқылы білім беру тәсілінің таралуының көбеюіне алып келеді.

Көптеген мемлекеттер іске асыруға кіріскен «2000 жылға арналған білім» (ФРГ), «Америка-2000: білім дамуының стратегиясы» (АҚШ), «Болашақтың білімі» (Франция), «ХХІ ғасыр үшін білім моделін іздеу» (Жапония) жобаларын атап өтсек те жеткілікті деп санаймын.

Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданғалы бері біз үшін халықаралық ынтымақтастық толыққанды мәселеге айналды. Дәстүрлі формалармен қатар бұл жерде жаңа перспективалар ашылды. Бұл-Халықаралық оқу-ағарту жобаларына қатысу мүмкіндігі, тараптарды оқу-ағарту саласында қызықтыратын кең спектрлі мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ғылыми, педагогикалық технология алмасуларын жүзеге асыру т.с.с. іс шаралар. Осы ақиқаттарды ескере отырып, бізге осы әлемге жас оқушы ретінде емес, ортақ процеске қызыға қатысушы ретінде кіргізетін бөлім құру керек.

Бұндай бөлімнің бірінші қадамы ретінде халықаралық келісім-шарттардың талаптарына көңіл қою қажет. Бұл іс-шара біздің оқу ағарту жүйемізді әлемдік стандартпен салыстыра отырып, дамытуғы және сараптауға мүмкіндік береді. Екінші қадамы ретінде екіжақтық келісімдердің шарттарын тең құқықты негізде жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына тиімі болатындай келісімдерге отыру керек.

Қазіргі таңда білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын Халықаралық институттармен де ынтымақтасу өте маңызды. Олар өте көп және олардың көбісі ЮНЕСКО басшылығымен жұмыс атқарады.

Сонымен қатар Қазақстанда жұмыс жүргізіп жатқан шетел оқу-ағарту бағдарламалары да Қазақстан білімін реформалауға әсерін тигізбей қоймайды. Олардың ішінде ірілері қатарына АҚШ оқу-ағарту бағдарламаларын жатқызуға болады.

Кез келген мемлекетте білім беру жүйесі толық реформаланып болған жоқ және болмайды да. Өйткені, заман талабына сай ол өз талаптарын да өзгерте бермек. Сондықтан біздің еліміз де бұл үрдіске бар белсенділігімен қатысуға ат салысуда. Ал ол үшін шетелден үлгі алмай болмайды деп ойлаймын.

12 жылдық мектепке көшуге байланысты жұртшылық арасында «Бір жыл қосқанда не өзгереді? Бұл мемлекеттік бюджетке артық жүктеме түсіреді. Жеткеншек текке мектепте бір жыл артық отырып қалады» деген секілді көптеген сұрақтар туындап, екі түрлі пікір пайда болған еді. Ресми көзқарас 12 жылдық оқуды қолдады, ал бейтарап жұртшылық пікірі оған қарсы болады. Осындай болашақты бағамдайтын маңызды үлкен шара мерзімді басылымдар мен теледидар беттерінде, жиылыстар мен конференцияларда жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде Үкіметтің шешімімен «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы» қабылданды, оған сәйкес оқу бағдарламалары мен байқау оқулықтары жазылып, эксперименттік тексеруден өткізілуде.

Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу мерзімін неліктен бір жылға ұзартуымыз керек? Дүние жүзі елдері, атап айтсақ, барлық елдердің 80 пайызы 12 жылдық оқу жүйесімен жүреді. Аса дамыған елдерде, Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канадада, Германияда орта жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Италияда-12 жыл. Шет елдерде біздің орта білім туралы құжатымыз-аттестатымыз танылмай отыр. Екіншіден, шет ел мектептерінде 12-13 жылда оқитын білімді біз 11 жылға сиғызып береміз. Сондықтан қазір 11 жыл оқитын балаларға оқу жүктемесі көп түседі. Жоғары сыныптарда, өз қалауымен пәндерді таңдап оқу уақытын қоса есептегенде, оқушыға түсетін оқу жүктемесі 36 сағат емес, 41-42 сағатқа жетті. Егер 12 жылдық мектепке көшетін болсақ, оқу жүктемесі біршама жеңілдейді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейіндік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді.

Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі.

11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу мерзімі көзделіп отыр.

Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім алуын едәуір жоғары деңгейде жалғастыруы немесе еңбек рыногында өзінің орнын табуы үшін құрылады. Бұл жерде мемлекеттің 12 жылдық ақысыз білім беруге кепіл болатынын айту керек.

Тағы бір үлкен мәселе, ол 12 жылдық мектептердің құрылымы туралы. Дүниежүзі елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндің ішкі құрылымы бар. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.

 

Жалпы орта білім беретін мектептердің құрылымы                   //2 кесте//

 

Елдер

Мектеп сатылары / Білім беру ұзақтығы

Бастауыш

Негізгі жалпыға міндетті

Орта жалпы

Венгрия

4

8

12

Болгария

4

9

12

Куба

6

9

12

Өзбекстан

4

9

12

Чехия

4

9

12

Щвеция

6

9

12

Жапония

6

9

12

Ресей Федерациясы

4 (3)

9 (10)

11 (12)

Германия

4 (6)

9 (10)

12 (13)

Литва

5

10

12

АҚШ

6

10

12

Франция

5

10

12

Эстония

5

10

12

Ұлыбритания

6

10 (11)

12 (13)

Қазақстан (бүгін)

4

11

11

Қазақстан (келешекте)

4

10

12

 

Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп үш сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі орта мектеп 3-6 жыл және жоғары орта мектеп 2-4 жыл. Біздің елде 12 жылдық мектептердің бастауыш сатысы 4 жылдық болады деп шешілді. Тарихи зерттеулер нәтижесі Қазақстанда әр кезеңде де мектептегі оқу мерзімінің жоғары сатыдан ұзарып отырғанын көрсетеді. Ең алдымен, елімізде 4 жылдық бастауыш мектеп құрылған. Содан кейін барып, екі сатылы 7 жылдық мектептер ашылған. Ал,соңғы 50 жылда жалпы білім беретін мектептер 7 жылдықтан 8 жылдыққа ауысты, одан соң 9 жылдық, 10 жылдық, 11 жылдық мектептер құрылды. Бүгіндері ел алдына, оқу-білім қызметкерлері алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәселесі қойылып отыр.

Дүниежүзінде міндетті негізгі білім жүйесі де әр түрлі. Мысалы, Германияда барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті деп айтуға болады, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра береді.

Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген бала оқуын жалпы білім беретін 4-5 жылдық колледждерге жалғастырады. Жалпы айтқанда міндетті оқу мерзімдері түрліше: 8 жылдық (Италия, Венгрия, Канада), 9 жылдық (Швеция, Жапония, Куба, Болгария, Чехия, АҚШ) және т.б.

Барлық оқушыларға 11-12 жылдық білім беруді ешбір ел міндетіне алып отырған жоқ. Зерттеу барысында 20-дан астам елдің 55 пайызында міндетті оқу-9 жылдық, 32 пайызында 10 жылдық, қалғандарында 8 жылдық.

Дүниежүзі елдері мектептерінің біразында жоғары мектепке оқушылар оқу үлгеріміне қарай және мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданды.

Өз ойым бойынша, Болон конференциясына кіруге ұмтылу, білім беру саласының әлемдік стандартқа сай келуі үшін 12 жылдық білім жүйесін қабылдау қажеттігі-өмір талабынан туындап отыр. елбасының мемлекеттік саясатын қолдай отырып, экономиканы, экологияны жақсартуға арналған талаптар да қазіргі кездегі білім, ғылым жүйесіндегі үлкен өзгерістерге бағыт-бағдар беруде. Мемлекетіміздің ғаламдық саясатта үлкен беделге ие болумен бірге, саяси-экономикалық жағынан тұрақтануы білімнің сапасын арттыруға ықпал етуде.

Білім беру саласындағы бағдарлы мектептердің пайда болуы, лицей, мектеп-гимназиялардың білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін жүргізіп жатқан жұмыстары, ондағы оқытудың жаңа әдістері-дистанциялық оқыту, электронды оқыту жүйесі, тағы басқалары да елеулі жетістігіміз.

Білім берудің жаңа парадигмасы бойынша, күннен күнге кең етек алып отырған білімді жүйелі түсіндірумен бірге, өз бетінше ізденіс әдістеріне басты назар аудару да орын ала бастаған. Бұл білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді. Мұндағы ең басты міндет-оқушы алған білімін өз бетінше дамытып, іс-жүзіне асыруға қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын ұйымдастыру.

Экономикалық білім бұрын жоғары оқу орындарында, теориялық негізде ғана берілетін. Егеменді ел болғалы, нарықтық экономикаға көшкелі мектепте экономикалық білім беру қалыптасты. Жалпы білім беру жүйесі ұлттық және әлемдік рухани, мәдени құндылықтарды тұтастықта қарастыра отырып, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, жас ұрпақтың санасына жеткізуге қызмет етуі тиіс.

Білім, ғылым жүйесіндегі реформа әр кезде әр түрлі деңгейде жүргенмен, тұтастай алғанда, бүкіл білім жүйесінің құрылымын өзгертті. Бұл мемлекеттің қалыптасуына, зиялы қауымның психологиясының өзгеруіне және ғылымның дамуына үлкен үлес қосуда. Қазіргі ойлау жүйесінің бостандығы ғылым мен білім жүйесі дамуының алғышарты болып табылады.

Тарихымыздың түбегейлі жаңаруы, ана тіліміздің ғылыми тілге айналуы да бүгінгі таңдағы үлкен жетістіктеріміздің қатарын толтырады. Білім берудегі негізгі мақсат-оқушыларды елжандылыққа баулу, өз Отанының патриоты болуға, жеке тұлғалардың қалдырған жалынды ойлары мен толғандыратын мәселелерге бағдарлау екені кім-кімге болса да айқын.

 

3.3 Жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде)

 

 

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары және студенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады, және солай болуы тиіс. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы бағаланатын болады»-деп ,оқу ағарту, білім мен ғылымнан жас қазақ елінің Орталық Азия барысына айналуы  маңызының ерекше зор екенін айтып, жастардың жан-жақты білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталды.

Елбасының сөйлеген сөзінен білім берудің мемлекет дамуының аса маңызды факторы екендігіне көз жеткізу қиын емес. Осылайша әр уақыттың, әр заманның ұрпақтары алдында белгілі бір жоспарлар, міндеттер тұратынын айтпаса да белгілі.

Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы оқу ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір-таластар ұйымдастырылып, ғылыми-теориялық болжамдар көптеп айтылуда. «Білім беруді Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі тиіс. Бұл ретте еліміздің блім беру жүйесінің реформаланып, заман талабына сай өзгеруі-заңды құбылыс. Өйткені халыққа білім беру, ешуақытта қоғамдағы жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамыған, қайта жаңа қоғам құрып, мемлекетті дамытуда білім берудің орны ерекшеленіп, оған жақсы мән беріліп отырған. «Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізу-қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі кезеңде республикада іске асырылып жатқан білім реформасы оның ұйымдық-экономикалық компонеттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған.

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін карлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлеме танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.

Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек. Білім мен ғылымның түйінді тұстарын жүйелі де оңды шешудің кілті-ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, кешенді істермен айналысу, іргелі ізденістерді қатар атқару, оны ұлттық мүддеге бағыттау, басымдық сипаттар берудің қажеттілігі айқын аңғарылады. Осының негізінде оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік, тәжірибені іргелі ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру, оның халыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің маңызы зор.

Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.

Қазақстан жоғары оқу орындарын жеке меншікке көшіру үшін өзге принциптерді таңдады. Тікелей бюджеттік қаржыландырудан көпшілік жоғары оқу орындарын шығарып тастауды ұйғарды. Бірінші кезекте нарыққа (рынокқа) өзгелеріне қарағанда молырақ бейіделген оқу орындары болуы тиіс еді. Бірақ «ұлттық» мәртебесін алған жоғары оқу орындары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақтың мемлекеттік аграрлық университеті), сондай-ақ педагогикалық оқу орындары мен мәдениет және өнер жоғары оқу орындары жекешелендіруге жатпады.

Жоғары мектепті жекешелендіру үдерісі 2001 жылы басталды. Мемлекет иелігінен шығарылған алғашқы жоғары оқу орындары Алматы технологиялық университеті мен Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы болды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда мектепке дейінгі білімді, 5-6 жастағы балалардың міндетті мектепке дейінгі дайындығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр және ҚР-ның «білім туралы» заңында 6 жастағы балаларды міндетті және тегін мектепке дейінгі дайындаудың нормалары бекітілген. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің міндеттілігі арқылы әр баланың білімді игерудегі старттық мүмкіндіктерін теңестіру.

Қоғамдық игілік ретінде білім беру қызметін өндіруге және тұтынуға ақпарат ассиметриясымен қатар, ақпараттың жеткіліксіздігі әсер етеді. Индивидуалды тұтынушы ақпараттың аздығына, оның кешігуіне, сондай-ақ, алыс болашақтағы еңбек рыногындағы жағдайды толық болжау мүмкіндігіне байланысты білім беру қызметінен күтілетін жеке тиімділікті дұрыс бағалай алмайды. Мұның өзі потенциалды өндірушілермен тұтынушыларда тиімсіздікті тудырады. Ақпараттың жеткіліксіздігі білім беру қызметін жеке қаржыландырудың жеткіліксіздігіне, рыноктың тарылуына әкеледі.

Білім беру қызметін ұдайы өндіруді «білімнің орта деңгейін» сақтау тұрғысында білім беруге бағытталған мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі, жиынтық мемлекеттік шығыстардағы білім беруге бөлінген қаржы үлесі, бір оқушыға жұмсалған шығындар, сәйкес жастағы білім деңгейімен қамту көрсеткіші, халық санына қатысты мамандар саны, білім деңгейлері бойынша халық саны сияқты т.б. макро көрсеткіштермен сипаттауға болады.

Білім беру дамуында оқушылар саны және оқу мерзімі өсу қарқындарының сәйкес жастағы халық санының өсу қарқындарына қарағанда басымдылығымен сипатталатын жай ұлғаюын және ғылым, техника, мәдениеттің даму дәрежесіне сәйкес оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, тиімділікті арттыру арқылы терең дамуын ажыратуға болады. Қазіргі уақытта білім беру саласының дамуында аталған екі процестің ұштасуы байқалады.

Білім беру қызметін ұдайы өндіру- жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бірлігі. Білім беру қызметін жай, ұдайы өндіруді, біз, индивидке кәсіби және «экстрафункционалды» біліктілікті игеруге мүмкіндік беретін білім беру қызметін ұдайы өндіру ретінде түсінеміз.

Білім беру қызметін ұлғаймалы ұдайы өндіру процесінде алынған білім деңгейінің үнемі өзгеруіндегі әлеуметтік және өндірістік жағдайларға бейімделуі, жетілдірілуі жүзеге асады. Осыған байланысты, білім беру құрылымында екі жүйені ажыратуға болады:

  1. жалпы орта және кәсіптік білім беру;

       б)  қосымша білім беру.

Білім жүйесіндегі үш деңгейлі, яғни, бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламаларын өзара байланысты, әрі тиімді ұйымдастырғанда ғана жүйелілік сақталып, түпкілікті нәтижеге жетуге болады.

Білім беру ісінде кредиттік жүйе күн тәртібіне батыл қойылып, бұл бағыттағы ізденіс, оқу ісі басталып та кетті. Кредиттік жүйе Еуропа елдерінде қалыптасқан. Бұл жүйе бойынша білімгерге мол мүмкіндіктер беріледі. әсіресе, оның өз бетінше білім алуына, ізденістер жасауына, қабілеттерін айқындауға кең жол ашылады.

Оқу жоспарындағы пәнді таңдауына, оқытушыдан нақтылы бағыт, кеңес алуына да еркіндігі бар. Қысқасы, кредиттік жүйе ұстаз бен студент арасындағы қарым-қатынасты бекіте түседі, уақытты тиімді пайдалануға, іргелі ізденістер жасауға мол мүмкіндіктер береді. Алайда, кәделі іс, маңызды мәсіленің көтерілгеніне едәуір уақыт өтсе де осы төңіректе кең көлемде өріс алған бұқаралық сипат сезіле бермейді.

Үкімет демалыс кездерінде студенттерге тұрғын үйлер тұрғызатын құрылыс отрядында жұмыс беру, елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бұл игілікті істерге студенттерді қатыстыру мәселесін нақтылы қарауы керек. өзіміз зәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шақыруға мәжбүр етіп отырған техикалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп-айтқан болатын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Білім саласы бір салада қалмауы керек. Әрқашанда, өмірдің талабына сай өзгеріп отыруы қажет.

 Жоғары оқу орындарында (университеттерде, академияларда, институттарда) қызмет ететін әлеуметтік кәсіби топтарға мыналар жатады: оқытушылар, яғни профессор-оқытушылар құрамы, оқу процесін басқару қызметіндегі мамандар тобы (декандар, олардың көмекшілері, институттардың директорлары, олардың аппараты, ректор). Оқу орындарының басшысы ректор және айтылған топтар университеттердің әлеуметтік-кәсіби құрамына кіреді. Жалпы жоғары оқу орнына қатынасы бар кәсіби топтар біраз бар. Олардың бәрін жоғары оқу орнын құрайтын субъектілер деп атаймыз. Ал осы субъектілердің ішінде ең бастысы екеу: студент және оқытушы. Студент болмаса, оқытушы болмайды, оқытушы болмаса, студент болмайды. Қысқаша айтқанда, мұғалім және шәкірт, оқытушы және оқушы. Ежелден осылай келе жатқан үрдіс. Мүмкін, бір кездерде оқытушы, яғни студент оқытушымен тікелей дидарласпай, кездеспей, техника арқылы, дистанциональдық әдіспен, интернет т.б. құралдармен өздігінен оқып білім алатын шығар. Бірақ дәл қазіргі кезеңдерде студенттер оқытушыларсыз білім де, мамандық та ала алмайды. Біз назарымызды осы субъектілерінің әлеуметтік жағдайларына, олардың әлеуметтік топ ретінде статусы мен функцияларына, қоғамдағы орнына, әлеуметтік өміріне аударайық.

Жоғары оқу орнында жұмыс жасайтын оқытушылардың өзіндік құрамы бар. Ол құрамды нерорхиялық құрам деуге де болады. Әрине, барлық оқытушылардың атқаратын жұмысы, функциясы біреу: ол-студенттерге әлеуметтік тәрбие беру, қысқаша айтқанда, студенттерге жоғары білім беріп, оларды маман етіп шығару. Ол барлық оқытушылардың басты міндеті, мақсаты. Ал дәреже жағына келгенде, егерде оны статус ретінде қарастырсақ, жоғары оқу орнының оқытушылары бірыңғай емес. Оқытушылық қызметтің дәрежелері, сатылары: ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі. Жоғары оқу орнының оқытушылары кафедраларда жұмыс істейді. Айтылған атақтарды кафедра ұсынады, одан кейін университеттің басқару орындары бікітеді. Осы айтылған дәреже иелерінің жалақыларының айырмашылықтары бар. Мысал, ассистенттен аға оқытушы, аға оқытушыдан доцент, доценттен профессор жалақыны көбірек алады. Осындай оқытушылық орындарға барып, конкурс арқылы жұмысқа қабылданады. Ал қазіргі кездерде көпшілік жоғары оқу орындарында қызметке алушы (ректор) жақ пен жалданушы жақтың арасында шарт жасалып, сол шарт бойынша оқытушылар қызмет етеді. Шарттың мерзімі бір жыл немесе одан көбірек болуы мүмкін.

Айтылған оқытушылық қызмет дәрежесі жай берілмейді, ол ғылыми дәрежеге байланысты. Ғылыми дәреже әзірше екеу: ғылым кандидаты және ғылым докторы; енді ғылым кандидаты деген дәреже болмайды, оның орнына философия докторы деген атақ беріледі. 2003 жылы Италияның Болония қаласында өткен конференцияда жоғары оқу орындарын орталық стандартқа бейімдеу мәселесі қаралып, Конвенция жасалынды. Осы Конвенцияға Қазақстан да қол қойған [17]. Қазірде ғылым кандидаты деген атағы бар оқытушылардың басым көпшілігі аға оқытушы, доцент боп істейді. Ал кейбіреулері көптеген жылдық тәжірибесі арқылы профессорлық қызметті атқарады және соған байланысты жалақы алады. Профессор деген оқытушы, бір жағынан, педагогикалық штаттық қызмет орны; екінші жағынан, ғалым лауазымы, атақ. Қазіргі тәртіп бойынша, кафедраның профессоры деген орынды, штаттық қызметті жоғары оқу орнының өзі береді де, ал профессор лауазымын министрліктің жанындағы жоғары аттестациялау комитеті (ЖАК) береді. ЖАК, ереже бойынша, ғылым дәрежесі және педагогикалық тәжірибесі бар ғалым-оқытушыларға профессорлық аттестат береді. Ал жоғары оқу орындары кейбір кандидаттарға да профессор атағын, профессорлық аттестатты өздері басылымдардан шығарып, ғылым кандидаты дәрежесі бар оқытушыларына тапсырып та жатыр. Сондықтан болар, Қазақстанда профессор атағы бар оқытушылардың саны көбейіп кетті. Ал Кеңес Одағы кезінде мұндай жоғары ғылыми лауазымды атақты тек қана ғылым докторы деген оқытушылар алатын. Олардың бәрі бірдей ондай атаққа ие бола алмайтын. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та, т.б. елдерде жоғары оқу орындары ғылыми дәрежені, ғылыми атақты өздері береді. Ол елдерде жоғары аттестациялық комитет деген жоқ. Бірақ та осындай ғылыми дәреже алу, профессор деген атаққа ие болу олардың университетінде оңай іс емес. әрине, біз жоғары оқу оқу орындары доцент, профессор деген оқытушылық-ғылыми атақты беруіне қарсы емеспіз. Профессор деген атақты ғылым докторы деген ғылыми дәрежесі бар, оқытушылық тәжірибесі өте мол, методикалық еңбектері бар адамдардың алғаны дұрыс болар деп есептейміз.

Қазақстандағы реформаға не кедергі жасайды деген сұраққа оқытушылардың берген жауаптары жайлы 2 қосымша кестеден қарауларыңызға болады.

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамының сапасының негізгі критериясы ғылыми дәреже мен ғылыми-педагогикалық атақтарға байланысты. Егер де қарастырылып отырған оқу орнына ғылым кандидаттары мен ғылым докторларының саны көбірек болса, ол орнын жоғары категориялы болып саналады. Біздің республикада осы критерия жағынан едәуір мықты оқу орындары бар, мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Осы Университетте қазіргі кезеңде 1600-ге жуық оқытушы қызмет етеді. Оның 800 ғылым кандидаты, 300 ғылым докторы, профессорлар, олардың ішінде ұлттық академияның мүшелері 10 және қоғамдық академиялардың мүшелері бар. Университетте 15 факультет, 70-ке жуық кафедралар жұмыс істейді, 7 ғылыми зеттеу институттары және көптеген лабораториялар бар. Диссертациялық кеңестердің саны 16. Университет 120 мамандық бойынша (оның ішінде 29 магистратура) оқыту процесін жүргізеді [18].

2003 жылдың соңында Республика бойынша жоғары оқу орындарында жұмыс істеп жүрген оқытушылардың жалпы саны 45,3 мыңғы жеткен, оның ішінде ғылым кандидаттары, доуенттер-14,1 мың, ғылым докторы, профессорлар-3,05 мың.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында-34,5 мың оқытушы,оның ішінде ғылым докторы, профессор-2323, ғылым кандидаты, доценттер-10,8 мың. Ал мемлекеттік емес, коммерциялық оқу орындарында-10,8 мың оқытушы, оның ішінде ғылым докторы, профессорлар-733, сондай-ақ 3267 ғылым кандидаты, доценттер дәріс береді.

Сонымен жоғары оқу орындарында оқытушылардың 34 пайызының ғылыми дәрежесі, не атағы бар. Бірақ та жартысынан көбінің әлі де ғылыми атағы жоқ, қатардағы оқытушылар. Жаңа реформаға сәйкес ғылыми атақтар мәселесіне кейбір жаңалықтар енуде. Мысалы, ғылым кандидатын енді философия докторы деп атап, ол одан кейін ғылым докторы деген атаққа қалуы мүмкін. Енді біз жоғары оқу орындарындағы оқытушылар құрамын нақтылы оқу орындарына байланысты қарауымызға болады. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми атағы бар оқытушылардың сыбағалы салмағы-83 пайыз, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде-71 пайыз, Қ.Сатпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінде-65 пайыз, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде-43 пайыз. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде-49 [19, 104-123б].

Осы көрсеткіштерге қарасақ, бұл критерия жағынан Қазақстанның жоғары оқу орындарының бір-бірінен айырмашылығы өте елеулі. Әсіресе, облыстардың орталығында орналасқан кейбір мемлекеттік оқу орындарының оқытушылар құрамы қазіргі заманның талаптарына сәйкес келіңкіремейді. Оқытушылардың көпшілігінің ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары жоқ деуге болады. Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқытушылардың тек қана 45-50 пайызының ғылыми атақтары, не дәрежелері бар.

Оқытушы, әсіресе жоғары мектептің оқытушысы, ғылыми жұмыспен айналысуы міндетті. Ғылыми жұмыспен айналыспаған оқытушының лекциялары үстіртін болады, бірақ та сол тақырыпта бірнеше рет лекция оқығандықтан, ол өз лекциясын жақсы біледі, қағазға қарамай сөйлей береді. Мұндай лекцияның мазмұны терең болмайды, неге десеңіз, оқытушы жаттап алады да, жаңа әдебиеттерді оқымайды, ғылыми жаңалықтарды қоса алмайды. Жоғары оқу орнының барлық оқытушылары ғылыммен, ғылыми жұмыспен айналысуы қажет. Деректерге сүйенсек, Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде оқытушылардың 21 пайызы ғана ғылыми жұмыспен айналысады, тіпті кейбір кафедраларда жиырма ұстаздың екеуі (ағылшын, филология кафедрасы, т.б.) ғылыми жұмыспен айналысады.

Ал, Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде 34 пайызға жуық оқытушы ғылыми жұмыспен айналысады. Ғылыми жұмыспен айналыса алмаудың басты себебі деп педагогикалық жұмыстың (сабақ беру, аудиториялық жұмыс) көптігін, ғылыми жұмыспен айналысуға уақыттық өте аз қалатындығын айтады.

2000-2004 жылдардағы жоғары оқу орындарының және ондағы оқитын студенттер саны                                                                                       //3 кесте//

 

 

Оқу жылы

 

Жоғары оқу орындарының саны

 

Оқитын студенттер саны

Мемлекеттік тапсырыс бойынша (оқуын жалғастырушы)

2001/02

181

440715

21970

2002/03

182

514738

25265

2003/04

173

590982

25465

2004/05

180

656561

26465

 

Сондай-ақ, Қазақстандағы әрбір аймақтағы жоғары оқу орындарының санын және әрбір аймақтағы жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 2000-2004 жылғы сандары жайлы 3-4 қосымша кестелерден қарауларыңызға болады.

Осы жоғары оқу орындарының құрамында 41 мың профессор-оқытушылар, 2520 доктор және 11610 ғылым кандидат жұмыс істейді.

 Жоғары кәсіпті мамандар  даярлау мақсатымен  жастарды жаңа үлгідегі білім беруге дағдыландыру үшін конкурс түрінде мемлекеттік тестілеуден өткізіп, мемлекеттік грантар тағайындайды.

Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау барысында студенттерді жан-жақты дамыту үшін әлемдік бакалавр-магистрлік үлгілерде оқытылады.  Сондай-ақ, 19 мың ҚР азаматтары 35 елдің жоғары оқу орындарында білім алуда. Оның ішінде, 16,4 мыңы-Ресейдің жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатса, ал ҚР Президенттің «Болашақ» бағдарламасына сәйкес 800 адам халықаралық стипендияға ие болып отыр. Сонымен қатар, 8690 шетел азаматтары республикамыздың жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Қазақстанның Мемлекеттік Стандарт Бағдарламасы және Таңдалған Елдердің Бағдарламаларының Салыстырылымы                                //4 кесте//

 

 

Қазақстан

Түркия

АҚШ

КИМЭП

Мамандық деңгейін

де үйретілген пәндер

дің саны

 

60-70 (А)

 

 

44-45

 

 

40-45

 

 

46

 

Магистр деңгейінде үйретілген пәндердің саны

 

35 (В)

 

 

10

 

 

10

 

 

20

 

Кандидаттық деңгейінде үйретілген пәндердің саны

 

 

 

0

 

 

 

8

 

 

 

8

 

 

 

(С)

Семестрдегі апта саны

 

18

 

14-15

 

14-15

 

15

Аптасына сағат сабақ болғаны

 

32-36

 

18-22

 

14-18

 

15

 

Қазақстанның экономика және менеджмент жоғары оқу жүйесіндегі өте қажетті, алдымен енгізілу қажет өзгерістер және жетілдіру жолдары Қазақстанның бағдарламаларын Түркия және АҚШ-тан таңдалған университеттерінің бағдарламалары және жүйелері мен салыстыру әдісі арқылы анықталған.

Енді Түркия және АҚШ-тан таңдалған университеттер мен Қазақстанның мемлекеттік бағдарламаларын салыстырмалы түрде талдайық.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, Қазақстанд мамандық және магистр деңгейлерінде пәндердің сандары талдаудағы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, белгілі бір мамандық студенттері Қазақстанда 60-70 пән оқыса, Түркияда шамамен 45, АҚШ-та 40-45, КИМЭП-те 45 пән оқиды. Қазақстанда студенттер аптасына 10-ға жақын пәннен 32-36 сағат сабаққа қатысады және семестрлер сессияларды қоспағанда 18 аптадан тұрады. салыстырғанда аптасына сабақтың саны Түркияда 18-22, АҚШ та 14-18 сағат. Семестрдегі апта саны Түркия, АҚШ, КИМЭПте 14-15 аптадан тұрады.

Қазақстанда магистр деңгейінде де пәндер ауырлау келеді, олар 35 пәнді оқыса, Түркияда және АҚШта студенттер 10 пәнді үйренеді. Ал КИМЭПте болса студенттер 20 пәнді үйренуге тиісті. Қазақстанның жоғары оқу жүйесі батыс елдерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықтары бар. Біз осы талдауда жоғары оқудың барлық деңгейлерін талдамақшы болғанымызбен бірінші деңгейге ерекше назар аударамыз. Айырмашылықтарды былай мазмұндауға болады: Біріншіден, мамандық (специалист) деген дәреже батыс елдерінде жоқ. Оларда бакалавр ғана бар және Қазақстанның мамандық дәрежесі оларда бакалаврға тең деп есептеледі. Экономика және менеджменттегі мамандықтар әрі бакалаврдың бағдарламалары 4 жыл тұрады, ал басқа салалардағы мамандықтар 5 жыл. Екіншіден, Қазақстанның оқу бағдарламаларында пәндердің саны және сағаты батыс елдерімен салыстырғанда 2 есе көп бірақ әр пәнде үйретілген тақырыптар жеткіліксіз. Үшіншіден, әсіресе экономика мамандықтарында оқытылған мамандық пәндерінің саны жеткіліксіз, өзекті пәндер жеткілікті оқытылмай менеджмент пәндерімен толықтырылыпты, пәндердің мазмұндары өте ұқсас және қайталанып отыр. Төртіншіден, экономика және менеджментте онға жуық, бір-біріне ұқсайтын мамандықтар бар. Батыс елдерінде мамандықтардың саны сонша көп емес.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді.

 Біздің мемлекеттік білім беру жүйемізбен салыстырғанда шет ел оқу жүйесі көш ілгері дамыған және осы заманғы талаптарға сай келеді. Ал ондай мемлекеттің мемлекеттің бірден-бір өкілі АҚШ болып табылады. Мысалы, Амеркан білім беру бағдарламалары бойынша Америка Құрама Штаттарына барып келген ғылыми қызметткерлер, ұстаздар, студенттер және оқушылар арасында анкета жүргізіліп, оның нәтижесінде мынандай қорытынды шығарған: біріншіден, барып келгендердің 95% АҚШ білім беру бағдарламалары Қазақстан білім беру жүйесіне әсер етеді; екіншіден, 5% АҚШ білім беру бағдарламалары Қазақстан білім беру жүйесіне еш әсері жоқ; үшіншіден, 97% АҚШ білім беру бағдарламалары біздің ел үшін пайдасы бар; төртіншіден 3% АҚШ білім беру бағдарламалары біздің ел үшін еш пайдасы жоқ; бесіншіден, 85% АҚШ оқу бағдарламалары арқылы мен көп нәрсе үйрендім; алтыншыдан, 15%АҚШ білім беру бағдарламасы арқылы мен еш нәрсе үйренген жоқпын деген жауап алынған [16, 27б].

Бұл көрсеткіштерден аңғартатынымыз-Американ білім беру бағдарламаларының Қазақстан Республикасының білім жүйесіне тигізер әсері бар және олар көбіне-көп пайдалы тұстарын көрсеткен. Ал Американ білім беру бағдарламасы бойынша, барып келгендердің ішінде жағымсыз нәрселер болды дегендердің көбі бағдарламаның техникалық нюанстарын атайды. Сондықтан, біздің пайымдауымызша, Қазақстан үшін білім саласында Халықаралық деңгейде ынтымақтастықты тек Америка Құрама Штаттарымен ғана емес, сонымен қатар басқа дамыған елдермен де орнатып, оларды нығайтуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Бұлардың тікелей білім беру жүйесіне нендей әсері бар дегенге келетін болсақ, көптеген жаңа үлгідегі жобалардың пайда болуы (яғни, мектептерді 12 жылдық оқу сатысына көшіру, мектеп бағдарламаларына жаңа дәрістер енгізу-валеология, психология, информатика, т.с.с., жоғары оқу орындарына тестпен қабылдау және сессияларда тест жүйесін қолдану, мектеп және жоғары оқу орындарының дәріскерлеріне рналған пікірталас орталықтарын ашу, мұғалімдердің квалификациясын шет елдермен алмасу бағдарламасы бойынша көтеру және т.б.).

Бұл жобалар өз жұмысын нәтижелі атқаруда деп сеніммен айта аламын. Оған дәлел ұстаздардың шет елдегі жоғары оқу орындарында Қазақстан және оның ішкі-сыртқы саясаты туралы лекциялар оқып, біздің елімізді дүние жүзіне паш етуі-осы жұмыстардың текке кетпегендігін көрсетеді. Сонымен қатар ағылшын тілі ұстаздарының сол тіл иелерінің мемлекетіне барып келіп, ол жайында өз көрген-білгендері негізінде мәліметтерді толыққанды жеткізе білсе, ол да оқушылардың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын.

Қазақстандағы жоғары білім жүйесіне деген адамдардың көзқарастарын

5 қосымша кестеден көрулеріңізге болады.

Дегенмен, жаңа технологиялық мәдениет пен қоғамдық тұтынымның бірыңғай стандарттарына араласу ұлттық төлтумалық пен мәдениеттің сөзсіз жойылып кетуіне ұрындырмауға тиіс.

Қорытындылап айтсақ, Қазақстан Республикасы ғаламдану үрдісіне енгелі бері білім саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа біраз жетістіктерге жетті. Соның ішінде АҚШ сияқты ірі мемлекетпен серіктестік деңгейінде көптеген келісім-шарттар жасасып, онымен білім жүйесін көтеруге ұмтылған талпыныстарын айтуға болады. Қазақстанның бұл жетістіктері басқа мемлекеттер үшін үлгі болып отырғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл келісімдер өздерінің жемістерін берген соң ғана Қазақстан Республикасы осы салада ынтымақтастықты дамытып, оны жалғастыруға мүдделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Елімізде білім саласында ең алдымен қолға алғанымыз-ол заң саласы. Мәселен, білім туралы, жоғары білім туралы заңдар өмірге келді. Заңдарға сай бағдарламалар, тұжырымдамалар жасалынды. Осыларға сәйкес білім реформалары жүзеге асырылып жатыр.

Экономикалық реформалардың тез жүзеге асуы арқасында еліміздің дамуы аса жылдам қарқын алуда. Әлемдік білім кеңістігінде өз үнің болу үшін бүгін де тағы ірі өзгерістерді қажет етудеміз. Онда білім саласының 2015 жылға дейінгі мәселесі қамтылған.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту жүйесіне зор маңыз берілген. Онда барлық деңгейлерде жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары, білім беру процесінің құрылымы мен мазмұны жетілдіріледі және үйлестіріледі, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Өмір мұраты мен уақыт талабына, кезең шындықтарына тура көзбен ден қойсақ, еліміздегі білім-ғылым жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялаудың қажеттілігі күн өткен сайын айқын аңғарылып келеді. Бұдан, әрине, жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісі, ықпалы сезілмейді деуге болмайды. Оны да ескеріп, бақылап-зерделеп, содан кейінгі тұстарда ұлттық ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімді жақтарды өмірге, тәжірибеге батыл енгізуге болады. Мұның біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы бағыттар төңірегінде дамытуға септігі тиері сөзсіз.

Осы реттен келгенде орта және жоғары мектеп жүйесін белгілі бір бағытқа бұрып, оқу-ғылым ісін ортақ мақсаттар төңірегінде топтап, қатар дамыту-іргелі ізденістерге, нәтижелі істерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл іс өз деңгейінде дамып, оңды нәтижесін беріп тұр деп толық айта алмаймыз.

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз  әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз инновациялық экономика құра алмаймыз.

 Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуға тиіс. Ол үшін берілген бағдарламаларды толықтай орындауға жағдайлар жасау қажет.

Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек.

Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.

Халықтың жаппай сауаттылығы орта білімнің жалпыға бірдейлігі мен жоғары білім алу мүмкіндігінің жоғары деңгейі, барлық сатылардағы тегін оқу, білім беру бағдарламаларының ғылыми сипаты мен тереңдігі, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығы, кез келген халықаралық өлшем бойынша білім мен ғылымдағы орасан үлкен кадрлық әлеует (потенциал) кеңістік кезеңдегі даусыз тарихи жетістіктер болып табылады.

Қазақстандық мектепті сапалы жаңғырту жолында стратегиялық мәні бар алғашқы шешуші адым Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету және оларды дамыту туралы» өкімі болды. Осы өкімге сәйкес дарынды балаларға арналған «Дарын» мектептері ашылған болатын, онда түрлі нысандардағы мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Мемлекет осылайша, елдің болашағын, әлеуметтік әділдікке орай және басқа да көптеген жұмыстар атқарып жатқандарын көрсетеді.

Білім мазмұнында ақпараттандыру мен қатар оқудың жаңа стандарттары мен оқулықтардың жаңа буын енгізу де жетекші бағыттар қатарын құрады. Жетілдірілген мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жаңа ұрпақтың оқулықтарын, оның ішінде электрондық оқулықтарды енгізу. Онымен қоса, білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық және телкоммуникациялық технологияларды, оның ішінде теледидарын енгізу қажет.

Оқу орындарының желісін жетілдіру үрдісі олардың құрылымдарын жақсартумен қатар жүгізіліп отыр. барлық жоғары орындарында кафедралар мен факультеттерге ірілендіру жүргізіліп, артық құрылымдық бөлімшелер таратылды.

Жоғары кәсіби білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және оны интернационализациялауды арттыру үшін білім беру қызметтерінің сапасын кезең-кезеңімен арттыру, «еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты гранттың құнын сараландыру» қағидаттары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік-жекеше білім беруге кредит беру жүйесін одан әрі жетілдіру; жетекші шетелдік оқу орындарымен әріптестікті  дамыту; техникалық білім беруді дамыту жөніндегі күш жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізуге тиіс. Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек.

Үкімет демалыс кездерінде студенттерге тұрғын үйлер тұрғызатын құрылыс отрядында жұмыс беру, елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бұл игілікті істерге студенттерді қатыстыру мәселесін нақтылы қарауы керек. өзіміз зәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шақыруға мәжбүр етіп отырған техикалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп-айтқан болатын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Білім саласы бір салада қалмауы керек. Әрқашанда, өмірдің талабына сай өзгеріп отыруы қажет.

Қазақстанның жоғары оқу жүйесі батыс елдерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықтары бар. Біз осы талдауда жоғары оқудың барлық деңгейлерін талдамақшы болғанымызбен бірінші деңгейге ерекше назар аударамыз. Айырмашылықтарды былай мазмұндауға болады:

Біріншіден, мамандық (специалист) деген дәреже батыс елдерінде жоқ. Оларда бакалавр ғана бар және Қазақстанның мамандық дәрежесі оларда бакалаврға тең деп есептеледі. Экономика және менеджменттегі мамандықтар әрі бакалаврдың бағдарламалары 4 жыл тұрады, ал басқа салалардағы мамандықтар 5 жыл.

Екіншіден, Қазақстанның оқу бағдарламаларында пәндердің саны және сағаты батыс елдерімен салыстырғанда 2 есе көп бірақ әр пәнде үйретілген тақырыптар жеткіліксіз.

Үшіншіден, әсіресе экономика мамандықтарында оқытылған мамандық пәндерінің саны жеткіліксіз, өзекті пәндер жеткілікті оқытылмай менеджмент пәндерімен толықтырылыпты, пәндердің мазмұндары өте ұқсас және қайталанып отыр.

Төртіншіден, экономика және менеджментте онға жуық, бір-біріне ұқсайтын мамандықтар бар.

Жұмысты қорытындылай келе, білім мен ғылымның түйінді тұстарын жүйелі де оңды шешудің кілті—ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, кешенді істермен айналысу, іргелі ізденістерді қатар атқару, оны ұлттық мүддеге бағыттау, басымдық сипаттар берудің қажеттілігі айқын аңғарылады. Осының негізінде оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік, тәжірибені іргелі ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру, оның халыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің маңызы зор.

 Елдер бүгінге дейін ғылым, білім беру және жоғары технология саласындағы шығыстар мемлекет экономикасына түсіп келген «әлеуметтік ауыртпалық» ретінде қаралып келсе, ал бүгінде басқа бір қорытынды жасауға да болар еді: мемлекет аталған шығыстарды Қазақстан мемлекетінің бұдан былайғы бәсекеге қабілетін күшейту үшін адам капиталына жұмсалатын инвестиция ретінде бағалайды.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2005, 18б.;
  2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа кезең-жаңа экономика»;
  3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі / ҚР-ның 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы / Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004, 5-19б.;
  4. Аубакиров Я.А. Мировые тенденции экономического развития общественный прогресс в РК / Матер. междунар. научно-прак. конф., Алматы, 2001г.;
  5. Нарибаев К.Н., Жумамбаев С.К., Нусупова А.Н. Инвестиции в человеческий капитал. Алматы, Қазақ Университеті, 1998, 59с.;
  6. Мухамаджанова А.Г. Человеческий капитал Казакстана: формирование, состояние, использование. Алматы, Ғылым, 2001, 276с.;
  7. Сарбасова Т.С. Образование как фактор повышения заработной платы в концепции человеческого капитала / Вестник КазГУ, 1998, №9;
  8. Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казакстане. Алматы, Дәуір, 1998, 351с.;
  9. Мамыров Н.К., Акчуры Ф. Человеческое развитие в Казакстане. Алматы, экономика, 2003,173-181с.;
  10. Нурмагамбетов Н.А. Образовательная политика РК в контексте трансформации высшего образования. Алматы, Қазақ Университеті, 2002, 118с.;
  11. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру рыногының ұдайы өндірістік үлгісі: даму факторлары. Экономика ғылымының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты, Алматы, 2003ж.;
  12. Скоров Г.Е. Развивающиеся страны: образование, занятость, экономический рост. М., Наука 1971, 368с.;
  13. Сантурова С.М. Менеджмент в образовании: теория и практика. М., 1993, 63с.;
  14. Білім-Образование жур. №5, (23) 2005, 19б.;
  15. Реформа высшего образования. Програмный документ // Всемирная Конференция по высшему образованию. Париж 5-9 окт.1998г.,77с.;
  16. Саясат жур. №11, 2003, 27б.;
  17. Қазақстан жоғары мектебі // Болонский процесс. №1, 2004г.;
  18. Кожамкулов Т. Образование дорого стоит, но и невежество не дешевле //Известия-Казахстан 2003, октябрь;
  19. Казахстан. Краткий стат. ежегодник Алматы, 2004г.;
  20. Беккер Г. Человеческий капитал (главы из книги)./США: экономика, политика и идеология, 1993, №11, 109-119с.;
  21. Кошанов А.К., Рамазанов А.А., Шевченков В.В. Социальная ориентация смешанного общества. Алматы, 2000, 25с.;
  22. Марцинкевич В.И. США: человеческий фактор и эффективности экономики. М., Наука, 1991, 240с.;
  23. Критский М. Человеческий капитал Л. 1991, 119с.;
  24. Дятлов С.А. Теория человеческого капитала. Уч. пособие. Спб. СпбУЭФ 1996г.;
  25. Усенова Г. Финансирование высшего образования в РК т.в других странах /Высшая школа Казахстана, 1999, №1;
  26. Денисон Э. Исследование различий в темпах экономического роста. Сокр.пер. с анг.-М., Прогресс, 1971, 645с.;
  27. Шеденов У.К., Ильясов Д.К. Теория маркетинга и менедмента в сфере услуг (уч.пособие), Алматы: Қазақ Университеті, 2002г.;
  28. Ескалиев М.Д. Роль гуманитарного образования в формировании нового современного стиля мышления. / Вестник КазГУиМЯ, 2001, №3, 66-70с.;
  29. Кенжегузин М.Б. Социальная устойчивость общества и ее предельно-критические показатели. А., Институт экономики МОН РК, 2002, 40с.;
  30. Кабдиев Д.К. Проблемы воспроиводственного процесса в переходном периоде к рыночной экономике. Сб. Научных трудов. А., экономика, 1997, 114с.;
  31. Жатканбаев Е.Б., Сагындыков Е. Проблемы и специфика приватизация в социальной сфере (на примере отраслей образования и культуры). /Вестник КазГУ, Серия экономическая, 1998, №8, 6-8с.;
  32. Сабден О. Наука, образованое и рыночная экономика. А., 1994г.;
  33. Попов Е.Н. Услуги образования и рынок. / РЭЖ, 1992, №6, 43-49с.;
  34. Сагиндиков Е. Рынок образовательных услуг как естественный регульятор составляющей трудового потенциала общества. / АльПари, 1999, №5-6, 54-58с.;
  35. Үсенова Г. Қоғам және экономика: стратегиялық мақсаттарды қорландыру тетігі. / Қаржы-қаражат, 1998, №8, 22б.;
  36. Левент К. Қазақстанның жоғары оқу жүйесінде қажетті реформалар: шетел тәжірибесінен пайдалану. АльПари, №2, 2003ж.;
  37. Стат.ежегодник 2005г.;
  38. Интернет сайты (http://www.unesco/);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

Білім беру саласын инвестициялау үлгілері                       \\1 қосымша кесте\\

 

 

Жеке қаржыландыру

Мемлекеттік қаржыландыру

Аралас қаржыландыру

Артықшылық-тары

1)жеке сектордың ұлғаюы;

2)тұтынушы таңдау мүмкіндігінің артуы;

3)еңбек рыногының қажеттіліктерін ескеру.

1)әлеуметтік пайдалылықтың ескерілуі;

2)қоғамдық мүдде басымдылығы;

3)стандарт шеңберінде білім сапасын бақылау.

1)қоғамдық және жеке мүдделер үйлесімділігі;

2)әділеттілік және тиімділік қағидаларының ескерілуі;

3)экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктердің барынша қанағаттандырылуы

Кемшіліктері

1)Кепілдік институтының қажеттілігі;

2)тәуекелді-

ліктің жоғарылығы;

3)қоғамдық пайдалылықтың ескерілмеуі;

4)рынок шарасыздығы.

1)тікелей тұтынуды ынталандырмайды;

2)тұтынушы таңдау мүмкіндігі шектелген;

3)мемлекет шарасыздығы.

1)коммерциялық іс-әрекеттің негізгі іс-әрекеттен көбеюі;

2)фанд-рейзингтің күрделілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2003-2004 оқу жылындағы кәсіптік мектептер (лицей) құрамындағы оқитындардың экономикалық өсу қималары                    

                                                                                                  \\1 қосымша сурет\\

 

 

 

2003-2004 оқу жылындағы колледждерге бөлінген пайыздық көрсеткіштердің қималары                                                                                \\2 қосымша сурет\\

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекетік колледждерге оқитындарды қабылдау және оқуды аяқтату

                                                                                                 \\3 қосымша сурет\\

 

 

Мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау және аяқтату 

                                                                                                 \\4 қосымша сурет\\

 

 

Реформға не кедергі жасайды деген сұраққа оқытушылардың жауаптары                                                                                                                              

                                                                                     \\2 қосымша кесте\\

 

 

 

 

Реформаға не кедергі жасайды

Қандай дәрежеде кедергі жасайды

Жоғары дәрежеде

Орта дәрежеде

Кедергі жасамайды

Мемле-

кеттік жоғары оқу орны

Мемле-

кеттік емес жоғары оқу орны

Мемле-

кеттік жоғары оқу орны

Мемле-кеттік емес жоғары оқу орны

Мемле-

кеттік жоғары оқу орны

Мемле-кеттік емес жоғары оқу орны

Материалдық техникалық базаның жеткіліксіздігі

68,92

60

25,68

34,55

2,7

5,45

Оқытушылардың инновациялық іс-әрекетке қызығушылықта

рының жоқтығы

74,32

50,91

20,27

43,64

4,05

5,45

Жаңашылдықты енгізудің тиімді жолдары мен тәсілдерін білмеуі

48,65

43,64

39,19

43,64

9,46

9,09

Оқытушылардың жаңашылдықтың міндеттері мен мақсаттар жөнінде мәлімет алмауы

33,78

32,73

51,35

56,36

10,81

9,09

Басшылықтың жаңашылдықты енгізуге кедергі жасауы

51,35

50,91

33,78

32,33

12,16

14,55

Кейбір ұйым мүшелерінің дәстүрлі әдістер мен нысандарды өзгертуге ниетсіздігі

41,89

30,91

41,89

52,73

13,51

14,55

 

 

Жоғары оқу орындарының саны                                         \\3 қосымша кесте\\

 

Облыстар

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Қазақстан Республикасы

144

163

170

185

177

Ақмола

6

7

7

7

Ақтөбе

6

6

5

6

6

Алматы

4

3

3

3

3

Атырау

3

3

3

3

3

Шығыс Қазақстан

10

11

11

13

12

Жамбыл

3

3

4

4

4

Батыс Қазақстан

6

6

5

5

5

Қарағанды

15

17

17

17

14

Қостанай

6

6

8

8

8

Қызылорда

5

5

7

8

7

Маңғыстау

1

1

4

4

4

Павлодар

4

4

4

4

4

Батыс Қазақстан

6

2

2

4

4

Оңтүстік Қазақстан

15

17

16

19

20

Астана қ.

7

7

6

7

7

Алматы қ.

53

6

68

73

69

 

 

 

 

 

 

Әрбір аймақтағы жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттер саны,

мың адам                                                                                                \\4 қосымша кесте\\

 

Облыстар

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Қазақстан Республикасы

318755

36585

440715

514738

590982

Ақмола

6355

11516

16181

18997

Ақтөбе

13030

19937

26172

28801

31259

Алматы

4921

4790

5641

6755

8788

 Атырау

9805

12450

16238

19861

21979

Шығыс Қазақстан

26013

29880

35943

40255

43454

Жамбыл

15318

17404

22262

23749

30204

Батыс Қазақстан

8689

12861

15290

16566

23784

Қарағанды

36707

43191

52308

59146

62554

Қостанай

16054

16175

18243

23606

30901

 Қызылорда

11109

12767

14668

15864

17154

Маңғыстау

5446

5680

7253

11385

9874

Павлодар

9386

8389

13996

20151

23143

Батыс Қазақстан

11678

7184

9035

13112

13941

Оңтүстік Қазақстан

30467

35670

47427

58604

78604

Астана қ.

16762

18693

21768

24323

28317

Алматы қ.

103370

139559

122955

136409

148029

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары білім жүйесіне көзқарас (%)                  \\ 5 қосымша кесте\\

 

 

 

Сізді жоғары білім жүйесі қанағаттандырады ма

 

Жауап берушілер

Барлығы

Мемлекеттік

Мемлекеттік емес

жетекшілер

ПОҚ

жетекшілер

ПОҚ

жетекшілер

ПОҚ

Толығымен қанағаттан-

дырады

0

0,92

0

5,56

0

8,62

Қанағаттан-

дырмағаннан

 гөрі қанағаттан-

дырады

43,75

19,23

57,14

16,67

33,33

22,41

Қанағаттан-

дырғаннан

 гөрі қанағаттан-

дырмайды

56,25

49,23

42,86

44,44

66,67

55,17

Толығымен қанағаттан

дырмайды

0

20,0

0

26,39

0

12,7

Жауап беру қиын

0

3,85

0

6,94

0

0