АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дайын өнiмдi сату шығындарының есебi ( «Восход»ААҚ АФ мысалында)

МАЗМҰНЫ:

 

КIРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………… 4

 

1-БӨЛIМ. ӨН1МД1 ӨТКIЗУ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРДЫ  

                    ТЕОРИЯЛЫҚ  ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

1.1. Өнiмдi өткiзу процесi мен өткiзу шығындарының жалпы түсiнiгi,   

       маңыздылығы және түрлерi ……………………………………………………………….. 6

1.2.Зерттелетiн кәсiпорынның сипаты мен құрылымы және өнiмдi өткiзумен  

      байланысты шығындарының құрамы ( «Восход»ААҚ АФ)…………………. 17

 

2-БӨЛIМ. ӨНІМДІ ӨТКIЗУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК  

      ЕСЕБIНІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI МЕН ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI.

2.1.Сату шығындарының бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру…………………….  25

2.2.Жөнелтiлген өнiм, көрсетiлген қызмет орындалған жұмыспен                                                                                               

     байланысты және басқа да сату шығындарының есебiн жүргiзу…………… 37

 

3-БӨЛIМ. КӘСIПОРЫНДАҒЫ ӨНIМДI ӨТКІЗУ ЦИКІЛІНІҢ АУДИТI  

                    МЕН  КӨРСЕТКIШТЕРIН ТАЛДАУ.

3.1. Кәсiпорын жұмысын бақылау қажетілігі……………………………………………. 53

3.2. Өнiмдi өткiзумен байланысты сауда шығындарын тексеру………………….57

3.3. Кәсiпорытндағы өндiрiс пен сауда операңияларын талдау, және олармен         

       байланысты шығындарды тиiмдi пайдаланудың жолдары …………………..68

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………… 77

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………. 79

 

 

 

 

 

          КIРIСПЕ

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады. Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарүшллық үшiн негiз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарына  және  субъектiлердің    қаржылық — шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалары мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланүшылардың талабына, қызметтiң құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкәс келуiн қамтамасыз етедi.

Шаруашылық     жүргiзудiң қазiргi        жағдайында шаруашылық жүргiзүшi субъектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындардың иелерi мен еңбек ұжымдары шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнiмдерiн өндiруге, оның сапасын көтеруге , өзiндiк құнын төмөндетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделi.

Есепке алынған ақпараттардың көмегiмен шаруашылық жүргiзүшi субъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелердiң      қызметiн    жедел басқару үшiн , экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшiн , сөйтiп , ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетiктiң бiрi ретiнде пайдаланады.

Берiлген дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты — кәсiпорынның өнiмдi өткiзумен байланысты шығындарының бухгалтерлiк есебiн кәсiпорын тұрғысынан зерттеу және оның тиiмдi жолдарын қарастырып, ұсыныстар жасау.

Зерттеу барысында берiлген мақсаттарға жету үшiн келесiлердi қарастыру қажет :

— өндiрiс және сату бойынша шығындардың бухгалтерлiк есебiн реттейтiн бастапқы нормативтерге талдау жасау;

— өнiмдi өткiзумен байланысты шығындардың құрамын қарастыру;

— ондағы бухгалтерлiк есептiң реттiлiгiмен өнiмнiң өзiндiк құнын талдау; өнiмдi өндiрумен және өткiзумен байланысты операцияларға талдау жасау;

— зерттелетiн кәсiпорынға қысқыша сипаттама берiледi және сауда операцияларының аудитi жүргiзiледi.

Берiлген дипломдық жұмыстың зерттелетiн объектiсi болып — “Восход” акционерлiк қоғамы болып табылады. Ал зерттеу пәнi – кәсiпорындағы өнiмдi өткiзумен байланысты шығындарға талдау жасау. Жұмыс барысында Қазакстан Республикасының нормативтiк-құқықтық құжаттары «Восход» АҚ-ның қаржылық және бухгалтерлiк есеп берулерi , оқу — әдiстемелiк құралдар, кiтаптар, түрлi бухгалтерлiк бұйымдар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-БӨЛIМ. ӨН1МД1 ӨТКIЗУ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРДЫ  

                    ТЕОРИЯЛЫҚ  ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

 

  • Өнiмдi өткiзу процесi мен өткiзу шығындарының жалпы түсiнiгi, маңыздылығы және түрлерi

Өнiм өндiрүшi кәсiпорындардың өндiрiлген өнiмдердi сату жөнiндегi операциялар жиынтығын сату процесi болып табылады. Өндiрілген өнiм басқа кәсiпорындарға сатылады, ал сатып алүшы кәсiпорын өндiрүшi кәсiпорынға тиiстi баға бойынша ақшасын төлейдi. Нарық экономикасына байланысты бағаның көптеген түрлерiқолданылады. Сөндықтан да сатып берүшi мен сатып алүшылар арасында екi жаққа да ұтымды келiсiм шарт жасалынып , осы шарттағы шаралар бойынша сату процесi iске асырылады . Келiсiм шарттың баптарында сатылған өнiмнiң көлемi, мерзiмi, бағасын, есеп айырысудың түрi, шарт бұзүшыларға қолданылатын шара т.с.с. көрсөткiштер болады.

Дайын өнiмдер арнайы жоспарға және мерзiм бойынша келiсiм шартпен қамтамассыз етiлген шараларға сай сатылады. Сату процесiнiң бастапқы кезеңi дайын өнiмдердi сатып алүшыға қарай жөнелтiп, тиеп жiберген уақыттан басталады. Дайын өнiмдердi сатуға жiберiлген мерзiммен, бұл өнiмдер үшiн төленетiн қаражаттарының уақыты бiрдей кезеңде сай келмейдi. Сөндықтан сатүшы кәсiпорынға, сатып алүшы кәсiпорындық ақша қаражаты келiп түскенге дейiн жөнелтiлген өнiмдердi өндiрүшi кәсiпорындардың меншiгi ретiнде есепте тұрады. Ол үшiн бухгалтерлiк есеп счетында «Жөнелтiлген тауарлар орындалған жұмыстар мен қызметтер» деп аталатын арнайы счет берiлген.

Сатып алүшыларға жөнелтiлген өнiмдер үшiн кәсiпорынның есеп айырысу счетында ақша қаражаты келiп түссе бұл өнiмдердi сатылған өнiмдер деп атайды. Өнiм қоюшы және сатып алүшы кәсiпорындар арасындағы келiсiм шартқа және жоспарлы төлемдердiң орындалуына сай дайын өнідердің жөнелтiлген уақыттан бастап сатылған өнiмдер көлемiне жатады. Құны төленген, бiрақ та сатып алүшыларға жөнелтiлген өнiмдердiң құнын сатылған өнiмдердiң жалпы көлемiне қосуға болмайды. Сондай-ақ ақшасы төленiп, өнiм қоюшы кәсiпорынның жауапкершiлiгiнде сақтауға қалдырылыған өнiмдер де сатылған өнiмдер құрамына енбейдi.

Кәсiпорындардың дайындау процесiнде басталған қаржы айналымының айналысы дайын өнiмдердi сатқан кезде аяқталады. Сату процесiнiң мерзiмi мен шапщаңдығы айналым қорларының айналысына тiкелей есер етедi. Сөндықтан  өнiм өндiрүшi әрбiр кәсiпорын өз өнiмдерiн тез арада жөнелтiп, сату үшiн шаралар белгiленуi қажет. Өнiмдердiң дер кезiнде сатылуының нәтижесiнде қор айналысы шапшаңдап, кәсiпорынның қаржы жағдайын жақсартады. Өнiмдердi тез арада жөнелту, сатылатын орындарды белгiлеу, есеп айырысудың тиiмдi жолдарын қолдану, таза пайда табудың тиiмдi әдiстерiн пайдалану әрбiр өнiм өндiрүшi кәсiпорындардың мақсаты болып табылады. Өз уақтында өнiм өндiрiп, бұлардың сапасы бұзылмай тұрғанда саудалап — сату арқылы аяқталмаған өндiрiстi iске асырады, тұтыну заттарының ассортиментi жақсарады, қоймалардағы  қажеттi заттарға өз мәнiнде шек қойылады. Тауар өткiзу немесе сауда — саттық iсi тауар өндiрумен шаруашылық жарыса жүретiн байырғы кәсiп түрлерiне жатады. Алып — сату процесi еңбек белiсi заңдылықтарына қарай  бейiмделiп, дербес әрекет етедi. Тауар өткiзу өндiрiс процесiнiң нәтижесiн жүзеге асыратын кәсiп ретiнде көрiнедi. Дәлiрек айтқанда ол тауарды тұтынүшы ортаға жеткiзу iсiнде шешүшi роль атқару арқылы  өндiрiс кәсiбiнiң тағдырына тiкелей қатысты болады. Тауар саудасы өндiрiс процесiнiң даму қарқыны мен деңгейiне және көлемiне, сонымен қатар  сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпына, яғни нарықтық коньюктүраның тауармен толықтырылу дейгейiне байланысты көлем мен сапа жағынан ғана емес, өзiнiң маңыздылығы жағынан  үнемi өзгерiп отырады. Осылайша сұраныстың ұсыныстан басым түсуi — тауар жетпеуi және тауарлық игiлiктердi жоспар арқылы бөлу оның атқаратын қызметі тек тауар қөзғалысы мен оны жеткiзудi қадағалау ауқымына ғана қалады.

Тауар өткiзу жүйесi тауар молшылығы немесе нарықтық экономиканың әбден орнықан тауар таңдап алу үшiн кең мүмкiндiк жасалынған кезде, тауар сатүшының тұтынүшыны өз жағына тарту жолында өз бәсекелестерiмен күреске түскен немесе әзiр тұрған жағдайында күшiне енедi.

Бәсекенiң тауар өндiру және оны сату барысында пайда болатыны белгiлi. Ал бәсеке жағдайында жетекшi орын тауар өткiзу процесiне тең болады. Бәсеке барысында тауар түрлерiнiң сәттi таңдалып алынғаны сол тауарды сатқан кезде ғана дәлелденетiн болады. Тiптi таңдаулы тауар өндiрiлген күннiң өзiнде де, бұл тауар сауда бәсекесi жағдайында нарық конюктүрасын немесе бағаның өзгеруiне байланысты өтпей қалып өндiрiс көздеген мақсатына қол жеткiзе алмауы мүмкiн. Демек, өндiрiстiң табыстылығы қашанда өз тауарының өтiмдiлiгiне байланысты. Ал тауар өткiзу iсiнiң нәтижелiк деңгейi өндiрiстiң нарықты тереңдей сегменттеуге негiзделуiне тәуелдi болады.

Қоғам тауар алмаспай тұра алмайды. өйткенi адам бар жерде бiрдеңеге қажетілік те бар. Ешбiр өндiрiлмейтiн жағдай өзiнде, әлдененi сатып алмай немесе сатуға ұсынбай өмiр сүру қиын. Олай болса, материалдық тауар жоқ жерде — адам еңбегi оның бойындағы  қабілет — дарын тауарға айналады немесе ол қажетілік мұқтаждыққа алмастырылады. Мiне, тап осы жағдайда сауда – саттық тауар өндiрiсiнiң ырқынан шығып, адам игiлiгi үшiн өз бетiмен қызмет ете бастайды, яғни тәуелсiздiк нышанын танытады.

Өндiрiс тауар алмасуынсыз өз маңызын жояды дей тұра, екi арадағы табиғи байланыстың мәнiн кемiтуге болмайды. Ол, шешүшi межеге тауар ұсынысы сұраныс қарқынынан басым түскен кезде ғана қол жеткiзе алады. Сұраныстың өсуi көп ретте табиғи ситуацияға, ал технологияның дамуы ғылыми техникалық жетiстiктерге баланысты болады. Демек, бұл өзара салыстыруға келмейтiн уақтында өрбуi себептi көп жерде олардың арасында сәйкестiктiң болмауы — объективтiк заңдылық. Осылайша тауар өндiрiсiнiң тұтынудан басым түсу тенденциясының барған сайын арта түсуi тауар өткiзу проблемасын күрделендiре бередi. Мұның ақыры қажетті мөшерден артық өндiрiлген тауарлардың дағдарысын жақындата түсiрерi сөзсiз. Бiрақ бұл проблеманы шешудiң соңғы кезеңi емес. Өйткенi жинақталған тәжiрибе мен қолда бар озат технологияның дамуы үстiнде тауар артықшылығы дағдарысы не ұзакка созылады немесе бұл жағдай жиiжиі қайталанып, технологияның даму қарқыны iркiп отырады.

Тауар өткiзу немесе коммерциялык әрекеттер, бiр жағынан, халық қажеттiгiн өтеудiң негiзi бола отырып, екiншi жағынан, ол қоғам дамуындағы  барған сайын шиеленiсiп келе жатқан проблемаға айналуы себептi маркетингтiк зерттеулер мен шешiмдерге зәрулiк танытуда.

Тауарды дер кезiнде, алдын ала белгiленген көлем мен сапа бойынша өзiне тиесiлi орынға жайғастыра бiлу — бiр жолғы немесе бiр жақты шешiле қоятын мәселе емес. Тауар табыстылығы өндiрiс процестерiнiң барысында алдын ала анықталатын болуы керек. Ал оның келесi кезеңдерiнiң нәтижелілігі  нарықта  қалыптасқан бәсеке мен баға деңгейiнде, тұтынүшылардың мүмкiндiктерiне, яғни сегмент сенiмдiлiгiне, тауар өткiзудi ынталандыру шараларының дұрыстығына делдал фирмалардың iскерлiгiне т.б. байланысты. Сол себептi тауар өткiзу проблемасы тап осы аталған мәселелердi кешендi түрде талап ететiн аса жауапты жұмыс болып табылады.

Тауар сату проблемаларының маңыздылығын жете түсiнетiн елдерде бұл саланың қызметкерлеріне айрықша көңiл бөлiнедi. Олардың қатарын тауар өткiзу бойынша жүргiзiлетiн коммерциялык жұмыстарға творчестволық тұрғыдан қарайтын потенциалдық тауар алүшыларды iздестiру iсiнде тәжiрибесi мол, сондай сатылатын тауар ассортименттерi жөнiнде жан-жақты техникалык бiлiмi бар жоғары дәрежелi мамандармен толықтырылып отыруын басты назарда ұстайды.

Тауар өткiзу сауда — саттықа қатысты қызмет көрсетудiң, өндiрiс пен тұтыну әдiстерi арасындағы мүдделi мақсаттары ерiктi қатынастар негiзiнде жүзеге асырудың кеңейтiлген жүйесi болып есептеледi. Тауар өндiрүшiлер мен тауар пайдаланүшылар арасында олардың кәсiби ерекшелiктерiне сәйкес iзгi ниеттiлiкпен бiрге, сейкессiздiктер де орын алады. Бұлар: бiрiншi жақтың  өндiрген тауарының көлемi мен сапасының — екiншi жақтың тұтыну талаптарынан айырмашылтары тауар өндiру және оны сатып алудағы мүдде алшақ т.б. Ал осыларды өзара үйлестiре отырып, сұраныс пен ұсыныс арасындағы к қатынастарды жалғастыру тауар өткiзу жүйесiне тән еңбек  жемiсi болып табылады. Сондықтан тауар өткiзу қызметі кез-келген өнiмнiң дайынқалпында нарыққа түсуi кезiнен бастап, оны тұтынүшы сатып алуынан – соңғы қызмет көрсету процесi бiткенге дейiнгi уақтында iстелген әрекеттiң жиынтығы деп аталады. Тауар өткiзу қызметі тауардың айналымға түсетiн жалпы тұтынатын түрiне немесе оның өндiрiс процесiнде қолданылатынына немесе ауылшаруашылық өнiмдерi екенiне қарамастан, көп ретте қажетті  аралык кезең болып есептеледi. Тауар өткiзу саясатының басты мiндетi-ұтымды тауар қозғалысы қамтамассыз ету. Бұл міндеттердiң құрамына:  өндiрiлген өнiмдердi өткiзу мекемелерiн ұйымдастыру, көтерме және бөлшек сауда дүкендерiн ашып, тауар сақтау қоймаларын техникалық қызметі  көрсету пункттерiн салу, тауарды тасымалдау бағыттарын белгiлеу және оны ұйымдастыру, т.б. кiредi. Тауар өткiзу жүйесiне: сауда-саттық келiсiмдерiн дайындау және жүргiзу, келiсiм-шарттар жасау мен оның орындалуын бақылап отыратын коммерциялық жұмыстар да жатады.

Сауда — экономиканың сезiмтал элементi. Әр түрлi нарықтық қарым-қатынастар коньюктуралық тербелiстер баға саясатындағы өзгерiстер сауда жүйесi арқылы өндiрiстен тұтыну процестерiне жеткiзiлiп, оларға әсерiн тигiзедi.

Сауда — өндiрiс пен тұтынуды уақтында талабына орай үйлестiруге күш салатын күрделi жүйе. Тауарлардың айналым көлемдерiне және тауар қоғалысындағы маңыздылығына қарай — бөлшек және көтерме сауда түрлерi бөлiнiп шығады.

Бөлшек сауда тауардың қай жерде, қашан және қандай әдiспен сатылғанына қарамастан оны тiкелей тұтынүшыға жеткiзу жүйесi болып табылады. Бұдан басқа ешбiр мекеме ондай дәрежеде тауар алүшылардың мұң –мұқтажына етене жақын тұрмайды. Бөлшек сауда күнделiктi және болашақ тауар тұтынуға қатысты тенденцияларды да тереңiрек түсiнуге көмегiн тигiзедi. Сауда саласындақандай да бiр өзгерiс болсын, ол алғашқы  бөлшек саудаға бiр соқпай өтпейдi. Сондықтан бөлшек сауда жүйесi мұндай өзгерiстерге алдын ала әзiрлiк танытып, соған байланысты туындайтын проблемаларды шешудiң әдiс-тәсiлдерi мен стратегиясын қарастыруды кешiктiрмей қолға алады. Әйтсе де стратегияны өзгерту жөнiнде шешiм қабылдау барысында өз тұтынүшылары  санасына сiңiп қалған бөлшек сауданың қоғамдық бейнесiн бiржола ұмыттыру оңайға түспейдi…

Бөлшек сауда жүйесiнде көптеген шағын, орташа және iрi сауда орындары болуы мүмкiн. Тұтынүшылар, әсiресе, кiшiгiрiм дүкендердiң қызметін бағалауға келгенде айрықша белсендiлiк көрсетедi. Өйткенi мұндай сауда орындары қашанда сиректеу кездесiп, жаңа үлгiлерге жылдам көшуге бейiм келедi, ең бастысы — тауар алүшылардың оларға деген сенiмдiлiгi айкын көзге түседi.

Қазiргi танда тұтынүшының өзiне — өзi қызмет көрсетуiне бейiмделген дүкендер саны көбейiп келедi. Өйткенi мұндай дүкендердегi тауар түрлерiнiң бағасы бiршама төмен әрi тұтынүшының таңдаған бұйымын өз бетiмен iздестiруге мүмкiндiгi бар.

Бөлшек сауданың жұтшылық арасында кеңiнен тараған тұтынүшы тауарды еркiн, өз бетiмен таңдап барып, тек қажет жағдайда ғана оны сатып алу жөнiнде сатүшымен ақылдасады. Мұндай дүкендердiң сатүшылары бiршама көп болғандықтан, өзiне-өзi қызмет ететiн дүкендерге қарағанда қосымша шығындары жоғарылау болады. Бiрақ басқа сауда орындары мен салыстырғанда, шығынның төмендiгiнен олардың ұсынатын тауарларын неғұрлым тартымды етуге, тұтынүшыларымен көбiрек қарым-қатынас жасауына мүмкiндiгi мол.

Сауда орындарының болшек саудага катысты түрлерiне: санаулы және көптеген тауарлардың түр-түрiн сатуға мамандандырылған әмбебап дүкендер, төмендетiлген бағамен тауар сататын дүкендер, көшпелi сауда, сауда автоматтары, тұтыну кооперативтерi, почта және телефон байланыстары арқылы тауар сату т.б. жатады.

Тауар сатуда қолданылатын әдiс-тәсiлдер — тауар түрлерiне, осы тасымалдау мен жергiлiктi ерекшелiктерге, тұтынүшылардың жеке сұраныс құрамы мен көлемiне, т.б. жағдайларға, сонымен бiрге, тауар жеткiзу немесе сатудың қай тәсiлiн немесе нұсқасын пайдалану тиiмдi екенiне көз жеткiзгеннен кейiн жүзеге асырылады. Бiр жерде бiр түрлi тауарлар тобының өзiн әр түрлi әдiспен сатуға болады. Бұған қоса тауар сату тәсiлдерi немесе оған қатысты шаралар жергiлiктi потенциалдық тұтынүшылардың ойынан шығуы тиiс. Мамандандырылған дүкендердiң өз тауарларын түр-түрiне қарай белгiлi бiр кәсiпкер сатып алүшылардың немесе тұтынүшылардың қажеттiлiгiне сәйкәс бiрден көзге түсерлiк етiп орналастырғаны әлдеқайда ұтымды келедi. Мұндай дүкендер тауар түрлерiне қарай да iшiнара бөлiнуi мүмкiн.

Бөлшек сауда жүргiзетiн дүкен — қоймалар үлкен көлемде әрi төмен бағамен тауар сатуға арналған, әйтсе де қолайлылық жағынан айтарлықтай артықшылықтары жоқ. Олардың қатарына сауда кешендерi мен төмен бағалы азық-түлiк дүкендерiн және етпеген тауар түрлерiн өз қоймаларынан тiкелей сататын жиһаз (мебель) дүкендерiн жатқызуға болады.

Бөлшек сауда тауар қатынасы саласында кеңiнен таралған жүйеге жатады. Мұндағы басты бағыт тауарды қалайда мол сату, тұтынүшыларға жақсы қызмет көрсету және сол арқылы жаңа немесе қосымша сұраныстарды iздестiру болып табылады.

Тауар өндiруден бастап тауардың тұтыну процесiне енгенге дейiн жүрiп өтетiн жолды — қызмет көрсету деп атаймыз.

Қызмет көрсету — материалдық өндiрiске жатпайтын, бiрақ адам еңбегi пайдалану процесi, жаңа материалдық, бұрыннан бар және мен қарым- қабiлетiн тауар кейпiнде онда көзбен көрiп, қолмен ұстайтын құн болмауы мүмкiн. Қызмет көрсету пайдаланып келе жатқан материалдық, заттық игiлiктер мен байлықтарды неғұрлым орынды, ұсынақты пайдалана бiлуге көмегiн тигiзедi. Негiзiнен ол адамның рухани мұқтажына қызмет етуге бейiмделедi.

Қызмет көрсету — оны орындаүшысымен бiрлесе атқаруды талап ететiн еңбек процесi.

Қызмет көрсетүшi қажеттi аспаптар немесе басқа да құрал-саймандардың жәрдемiмен бiрнеше жұмыс түрлерiн атқара отырып, көптеген  клиенттердi қамтуы мүмкiн. Бұл салада елеулi табысқа қол жеткiзуi үшiн қызмет көрсетүшiнiң өз кәсiбiне қатысты жаңалық үнемi хабардар болумен бiрге, клиенттердi қызықтыратын проблемалар бойынша олардың үлкен топтарымен консультация өткiзiп, пiкiр алмасып отыруының маңызы зор.

Алдыңғы қатарлы елдердiң көпшiлiгi көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң сапасына сейкес ақы төлеудi басшылықа алады.

Қызмет көрсету саласында тауарды «өндiрүшi» мен «сатүшы» бiрыңғай билiкте болғандықтан тауардың-еңбектiң сапасы, көлемi, бағасы және оны дайындауды ұйымдастыру шаралары, орнымен «сата бiлу» проблемалары бiр қолдан  шығып, жұмыстың нәтижесiнде мудде бiрлiгi байқалады.

Бұл саладағы еңбек тауар кейпiнде көрiнгенiмен, оның ақысы (бағасы) қолдану нәтижесiне қарай төленетiнiне байланысты фирманың жалпы шаруашылық нәтижесiне сәйкес еңбек бағасының өсуi (төмендеуi) мүмкiн. Мудде ортақтығының ыңғайлығы жалпы — әрбiр қызметкердi өз еңбегiнiң табысты болуына ынталандыруға жол ашуы.

Көрсетiлген қызметке төлемақы да соған сәйкес анықталады. Жеке кiсi қызмет ақысын өзi төлесе, iскерлiк мұқтажға көрсетiлген қызмет түрлерi тиiстi мекемелермен келiсiм-шарт жасау арқылы жүзеге асырылатындықтан,

ақысы бiр орталықтан төленуге тиiс.

Кез-келген кәсiпорын өзiнiң өндiрiстiк қызметiн дамыту барысында шикiзат пен материалдар, отын энергия, еңбекақы, әлеуметтiк және зейнетақылық сақтандыру сияқты шығындар, сонымен қатар амортизация және басқа да шығындары жұмсалады. Бұл шығындар кәсiпорынның айналым процесiнде келешекте пайда ретiнде көрiнедi.

Кәсiпорынның өндiрiстiк — шаруашылық қызметiнде өзiндiк құн маңызды роль атқарады. Бұл көрсеткiштi анықтау келесi мақсаттар үшiн қажет.

  • Берiлген көрсеткiш бойынша жоспардың орындалуын және оның динамикасын бағалау;
  • Өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен тауардың әр түрiн анықтау;
  • Iшкi өндiрiстiк есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • Өнiмнiң өзiндiк құқнын төмендететiн резервтердi анықтау;
  • Өнiмнiң көтерме бағаларын анықтау;
  • Жаңа технология мен техникалык, енуiне байланысты экономикалық тиiмдiлiктi анықтау;
  • Өндiрiске жаңа өнiм түрлерiн енгiзу үшiн қажет;

Өнiмнiң өзiндiк құнын басқарудағы негiзгi элементтер жүйесi болып:

  • болжау мен жоспарлау;
  • шығындарды нормалау;
  • калькуляциялау және есептеу;
  • өзiндiк құнды анықтау мен талдау болып табылады. Бұлардың барлығы бiр-бiрiмен байланысты.

Басқару мақсаттары үшiн шығындар оның баптары бойынша көрсетiледi. Шығын баптарының тiзiмiн кәсiпорын өзiнiң есебi бойынша бекiтедi. Мысал ретiнде мынадай баптарының типтiк номенклатурасын көрсетуге болады:

1) Шикiзат пен материалдар;

2) Қайтарымды қалдықтар;

3) Сатып алынған жартылай фабрикаттар;

4) Өндiрiстiк сипаттағы шеттегi ұйымдардың қызметтері ;

5) Отын, энергия;

6) Жұмысшылардың еңбек ақысы;

7) Жеке әлеуметтiк салық;

8) Өндiрiстi дайындауға кеткен шығындар;

9) Жалпы өндiрiстiк шығындар;

10)Жалпы шаруашылық шығындар;

11) Аққау ;

12)Басқа да шығындар;

13) Коммерциялық шығындар;

Алғашқы 11 бап өндiрiстiк өзiндiк құнды құрайды. Ал барлық 12 баптың сомасы өнiмдi сатудың толық өзiндiк құнын құрайды .

Кәсiпорындар өз өнiмдерiн ашқан кезде, сатуға байланысты көптеген  шығындар жұмсайды. Олардың түрлерi: кәсiпорын қоймаларындағы  ыдыстарына және өнiмге байланысты, өнiм ыдысқа салынбай және буып-түйiлмей босатылуы да мүмкiн, немесе қомаға кiрiстелген өнiмнiң өзiндiк құнының құрамында ыдыс құнынының енгiзiлуi де мүмкiн. Егер өнiмдi ыдысқа салу өнiмдi қоймаға тапсыруға дейiн өндiрiс технологиясына сейкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құныны өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнынына енгiзедi; өнiмдi жөнелтiлген станцияға тасымалдау, оны көлiк құралдарына  арту бойынша шығындар; комиссиялық алымдар мен жасасқан шарттар бойынша өткiзүшi ұйымдарға өнiмдi өткiзгенi үшiн төленетiн шығындар; өнiмдi өткiзетiн жерлерде сақтауға арналған коймалардың күтiп ұсталынуы; сатүшылардың және басқа қызметкерлердің еңбекақысы мен аударымдары; өнiмдi сақтау және тасымалдау кезiнде болатын табиғи кемулерi; жарнама және өнiмдi сату үшiн жасалған зерттеумен байланысты шығындары; өткiзүшiге және басқа делдалдық ұйымдарға төленетiн комиссиялық алымдар (аударымдар); өнiмдi сатуға байланысты басқада шығындары (өнiм сапасын анқтауға жұмсалатын шығындар т.б.) жатады.

Өнiмдi сату бойынша шығындардың бухгалтерлiк есебiн реттеудiң негiзгi нормативтiк құжаттары болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп әдiстемесi; «Қазақ Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы заңы» және т.б. құжаттар.

 

 

 

  • Зерттелетiн кәсiпорынның сипаты мен құрылымы және өткiзумен байланысты шығындарының құрамы

Дипломдық жұмыстағы зерттеудiң объектiсi «Восход» ашық акционерлiк қоғамы деп жоғарыда атап көрсеткен болатынбыз.

Бұл қоғам алғашқыда 1949 жылы «Красный ткач» артелi деп аталған. Артель текстильдiк және трикотаждық өндiрiспен айналысқан.

1955 жылы «Красный ткач» және «Чимшвей» артельдерi қосылып,  жалпы «Чимшвей» деген атауға ие болды.

1956 жылы артельдiң құрамынан текстильдiк және трикотаждық өндiрiс, өзiндiк өндiрiске енгiзiлiп, жеке киiм тiгу жергiлiктi өндiрiске жiберiлдi. Осыдан тiгу өнiмдерi дамып, Шымкент тiгiн фабрикасы құрылды.

1964 жылы Шымкент тiгiн фабрикасына Қызыл Орда және Жамбыл швеялық фабрикалары  қосылды.  Фабрика Шымкенттiк «Восход» бiрлестiгi деп аталды.

1965 жылдары фабрика ерлерге, мектепке дейiнгi балаларға арналған костюмдер шығарды.

1969 жылы бiрлестiктiң ққұрамынан Қызыл Орда және Жамбыл фабрикалары бөлiнiп, атауы «Восход» тiгiн фабрикасы деп қалды.

1971 жылы эксплуотацияға бес қабатты өндiрiстiк корпусы берiлдi. Осы мерзiмде цехтардың жаңаруы тоқтаусыз жұмыс iстедi, барлық құралдар  жаңартылды.

Фабрика құрылғаннан бастап жиырма жылдан кейiн, яғни 1975 жылы фабрика әр түрлi костюмдердi шығаратын iрi кәсiпорындардың бiрiне айналды. Осы жылдары фабрика жоғары сапалы «Новинка» деген белгiмен ерлер костюмiн шығарды.

Тiгiн өнiмдерiнiң жоғары сапалылығымен фабрика халықаралық және мемлекеттiк сыйлықтар иегерi болды.

1997 жылы ұйым жоғары дәрежелi өндiрiсiмен және сапалылығымен ерекшеленiп, «Алтын бүркiт» және «Алтын клише», 2003 жылы Францияда құрылған ұлттық өндiрiс Ассоцияциясы «Алтын белгi» медальдарымен наградталды.

«Қызыл ткач» артелiнiң өкiлi және фабриканың алғашкы директоры Нехорошев Михаил Васильевич болған.

         1963 жылдан 1975 жылға дейiн кәсiпорынды Сахно Николай Михаилович басқарды.

1975 жылдан 1987 жылға дейiн фабрика директоры  Дубец Софья Михаилқызы;

1987 жыл мен 1996 жылдар аралығында «Восход» ААҚ-ның директоры, содан соң фирма президентi Вайгарина Глужиган Абдулажанқызы болды.

1996 жылдың тамыз айынан бастап фирма президентi Кожаков А.К.

Қазiргi кезде «Восход» ААҚ АФ-ның 2 бөлiмi бар:

  1. «Восход және К» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк.
  2. «Восход және Юг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк.

«Восход»   ААҚ АФ    бұл   серiктестiктердiң 10%-к құрылтайшысы болып табылады.

Қазiргi кезде акционерлiк қоғамның айналым активi 260 млн. 736 мың теңге, ал айналым ақшасы 25 млн. тенге. Қоғамның жеке өзiнде қазіргі кезде жұмысшыларының жалпы саны 433. Орташа айлық жалақы 8000 тенге.

«Восход» бухгалтериясы автоматтандырылған Ташкенттiк «Вис» бағдарламалық жүйесiмен жұмыс iстейдi. Бұның өзi бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыстарын бiршама оңайлатады.

Фирма тауар өнiмiн келiсiм-шарттар бойынша өндiредi. Келiсiм-шартта тауар көлемi, тапсырыс берүшi кәсiпорынның атауы, есеп айырысу счеты, тауар бағасы, спецификасы, яғни шығарылатын тауар түрлерi, мерзiмi жалпы осы сияқты реквизиттерi көрсетiледi.

Тапсырыс берүшi кәсiпорын, тапсырыс құжатын өткiзбей, өндiрүшi кәсiпорын өнiм өндiрудi бастамайды және алдын-ала тапсырылған өнiмге, тапсырыс берүшi кәсiпорын төлем жүргiзуi тиiс.

Ал тауарды жөнелту кезiнде өндiрүшi кәсiпорын, тапсырыс берүшi кәсiпорынның қоймасына жiбередi.

 

«Восход» ААҚ  АФ-ның есеп саясаты 2 үлкен бөлiмнен тұрады:

  1. үй — техникалық 2. әдiстемелiк.

 

Саясаттың алғашқы бөлiмi 5 бөлiмшеден тұрады:

  1. жалпы жағдай
  2. есеп жұмысын ұйымдастыру
  3. бухгалтерлiк есеп фирмасымен ақпаратты өндеу технологиясы
  4. бастапқы құжаттар мен құжат айналымын ұйымдастыру
  5. мүлiктiкке түгендеу жүргiзу тәртiбi мен мiндеттеме

Ал әдiстемелiк бөлiмiнде «Восход» ААҚ АФ-сы есеп саясатының негiзгi сұрақтары қарастырылады. Атап айтқанда :

— Негiзгi құралдар есебi, оның келiп түсуiнiң тәртiбi, комиссия құрамы оларға қатысты құжаттарды толтыру, әр түрлi операциялар бойынша келiп түскен негiзгi құралдарды бағалау амортизациясы есептеу тәртiптерi;

— Тауарлы материалдық қорлар есебi оларды бағалау әдiсi, жою тәртiптерi;

— Ақша қаражатының есебi, оның iшiнде кассалық  операцияларды жүргiзу;

— Еңбек пен еңбек ақы есебi, түрлерi мен әдiстерi;

— Инвестициялар есебi;

— Өзiндiк капитал есебi;

— Заңды тұлғалардың есебi;

— Кiрiстер мен шығыстар есебi;

— Есеп беру түрлерi мен нәтижелерi қарастырылады.

 «Восход» ААҚ АФ-да негiзгi құралдарға амортизаңияны есептеу бiрқалыпты (түзу сызықты әдiс арқылы жүргiзiледi. Бұл әдiс бастапқы  құн мен жою құндарының айырмашылығы арқылы анықталады.

Ал тауарлы — материалдық қорлар бойынша, өзiндiк құнды бағалау арнайы ұқсастыру әдiсi арқылы есептеледi. Фабриканың есеп саясаты бойынша жұмысшылардың жұмыс уақытын есептеу арнайы тiркеу табельдерiнде, өндiру есебi әр түрлi бастапқы  құжаттарды (өндiру рапорты, өндiру есебiнiң ведомостi, маршруттық парақтар, нарядтар) қолдану арқылы жүргiзiледi.

Еңбек басшыларының, мамандарының және қызметкерлерiнiң жалақысы кәсiпорын басшылығы бекiткен окладтар бойынша, олардың қызметi мен квалификациясына сейкес төленедi.

Табыс салығының есебi акционерлiк қоғамда мiндеттемелер әдiсi арқылы жүзеге асырылады.

Кәсiпорынның жиынтык табысы өнiмдi өткiзуден түскен табыстан, қызмет көрсетуден түскен табыстан, дивиденттерден құралады.

Ал шығыстар, оның iшiнде сатумен байланысты шығындарының құрамы:

а) шикiзат материалдар, сатыпп алынған жартылай фабрикаттар;

ә) сату процесiн дамытуға арналған тауарлар;

б) отын мен жылу энергиясы;

в) электроэнергиясы;

г) транспорттық шығындар;

д) байланыс бойынша шығындар;

е) аудиторлық (кеңестiк) қызметтер бойынша шығындар;

ж) маркетинг (зерттеу) бойынша шығындар;

з) жалдық төлем шығындар;

и) нормалар шегiндегi өкiметтiк шығындар;

к) алдағы кезең шығындары;

л)жөндеу    шығындарының құрамындағы      тауарлы-материалдың  

   құны

м) кәсiпкерлiк қызмет мақсатында қолданылған тауарлы-материалдық құндылықтардың құны;

Шығындарды дұрыс есептеу, пайданы дұрыс қалыптастырудың маңызды көзi. Сондықтан да өндiрiстегi жалпы шығындардың есебi мен талдауына көбiрек көңіл  бөлу керек.

Шаруашылық субъектiнiң есеп беру мына маңызды көрсеткiштерден тұрады;

— бухгалтерлiк баланс;

— қаржы — шаруашылық қызметінің  нәтижелерi;

— ақша – қаражаттарының қозғалысы ;

— түсiнiктемелiк жазба;

Кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы активтер өзiндiк капитал мiндеттемелер туралы акпарат бередi.

Қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижесi туралы есеп, субъектiнiң есептi жылдағы жалпы қаржылық нәтижесiн сипаттайды.

Ақша қаражаттарының қоғалысы туралы есеп беру субъектiнiң қаржылық жағдайының өзгерiсiн бағалауға көмектесiп, ақша-қаражатарының  кiрiсi мен шығысы туралы пайдаланүшыны акпаратпен қамтамасыз етiп отырады.

Жалпы кәсiпорынның жылдық есеп беруi жоғарғы аталған бағыттар бойынша құрылады.

«Восход» ААҚ АФ —ның жалпы ұйымдыұ құрылымына келетiн болса кәсiпорынның президентi және бас директоры кәсiпорынға мамандандырылған, жоғарғы бiлiмдi тәжiрибелi кадрларды қабылдау туралы шешiм қабылдайды.

Бухгалтерлiк бөлiмi бас бухгалтердiң бақылауында болады. Ол бухгалтер қаржы — шаруашылық жүйесiнде бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiн ұйымдастыра отырып, материалдық жетiспеүшiлiгi, артықшылығы бойынша экономикалық талдау жасауға қатысады.

Бас директормен бiрiге отырып, өндiрiстi өндiрiс басшысы бақылап отырады. Өндiрiс басшысы өндiрiстiң жедел жүргiзiлуiн келiсiмге сәйкес өнiмнiң дер кезiнде дайын болуын, өндiрiстi техникалық құжаттарымен қамтамасыз етiлуiн, өнiмнiң жаңа түрлерiн дайындауын ұйымдастырып қадағалайды. Өндiрiс басшысына цехтiң мастерi, бас конструктор, бас маркетолог технолог бағынады.

Цех мастерi — кәсiпорынның тiкелей өндiрiс пен немесе цехпен байланысты жақтарын қадағалайды және жұмысшыларының жоспар бойынша тапсырмаларының орындалуын, жоғары сапалы өнiм өндiруiн және технологпен бiрге отырып, жаңа өнiмдердiң шығарылуын ұйымдастырады.

Өндiрiстегi шаруашылық операцияларды, өнiмдi дайындау процесiнiң және технологиялық операцялардағы бақылауды ұйымдастырумен, техникалық құжаттардың өзгеруiн жөндеумен,    операциялар бойынша материалдық нормативтердi,  жобаланған технологиялық процестердегi экономикалық  тиiмдiлiктi есептеумен технолог айналысады.

Өндiрiс тиiмдiлiгi бойынша, еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылауы бойынша, тауар бойынша есеп айырысуда бас экономист жүргiзедi.

Кәсiпорынның тауармен қамтамассыз етiлуiн, тауарларды тұтынүшыларға жөнелтудi оның көлемi мен жөнелту немесе қабылдау сату мерзiмi маркетологпен жүзеге асырылады. Сонымен қатар тауарды сатумен «Восход және К» дүкендерi де айналысады.

Қазiргi жағдайда «Восход» фабрикасының тiгiншiлерi электрондық станоктармен жұмыс iстеуде. Әлемдiк нарықта бесiншi дәрежелi станоктар шығарылып жатыр. Осыған орай «Восход» ААҚ АФ-сы келешекте төртiншi дәрежелi «германдық» станокпен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Мұндағы:

ЕҚ -еңбектi қорғау бөлiмi;             МЖЦ-механикалық жөндеу цехы;

ТҚ- техникалық қауіпсіздік;          МҚЦ – механикалық құрылыс цехы;

АҚ-азаматтық қорғаныс;                БЭБ-бас энергетика бөлiмi;

2-БӨЛIМ. ӨНIМД1 ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК

             ЕСЕБIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI МЕН ӘДТСТЕМЕЛІК НЕГIЗДЕРI

 

  • Сату шығындарының бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру

Тауарларды, жұмыстарды және қзметтердi сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 811 «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату бойынша жұмсалған шығыстары» шоты арналған.

Сатылатын өнімнің шығындары сатып алүшының есебiнен өтелетiн болса, онда бұндай шығындар 811 шотта көрсетiлмейдi, тек қана қосалқы және қызмет көрсететiн өндiрiстер мен шаруашылық қызметтерi ретiнде есепке алынады.

Өнiмнiң өзiндiк құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнiмнiн толық өзiндiк құнын және өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатуға байланысты нәтижелерiн (табысты немесе зиянды) есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады.

Өнiмдi сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебi өнiмдi сатуға жұмсалған шығындар есебiнiң тiзiмдемесiнде, яғни кәсiпорын бекiткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргiзiледi.

Төменде 811 «Тауарлар ( жұмыстар, қызметтер) сату бойынша жұмсалған шығыстары» жасалған шоттардың корреспонденциясы келтiрiлген

 

Шаруашылық операцияларының мазмұны

 

Шоттар

корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

1

Тауарды сатумен байланысты еңбеккерлерге, сондай-ак тауарды сату, түсiру процесiне қызмет көрсеткендерге есептелеген жалақы

811

681

2

Жинақ зейнеткерлiк қорға, мiндеттi зейнеткерлiк жарнасы жалақыдан ұсталды

681

653

3

Жалақы сомасынан тиiсті қорларға аударымдар жасалды

811

634

(әлеуметтiк

салық субшоты)

4

Өнiмдi буып-тую, орау үшiн ыдыс материалдары жұмсалды.

811

204,206

5

Жабдықтаүшылардан жарнама, қойманы күзету, комиссиондық және басқа да шығыстар үшiн жасалған шот-фактурасы қабылданды:

-жабдықтаүшылардың көрсеткен қызметі үшiн

-ҚҚС сомасына (16%)

811

331

671

671

6

Қойманы жалға бергенi үшiн, жалға сомасы есептелiнедi:

-жалға төлемi үшiн

-ҚҚС сомасына

811

331

687

687

7

Сату процесiнде қолданған негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизациясы

811

111-116

131-134

8

Құжатгармен дәлелденген,тауарды сатумен байланысты басқа да шығыстары өтелдi 811 Шотының дебетi бойынша айналымньп жиыны

811

333,451

9

Есептiк кезеңнiң соңында (жыл соңында) есепке алынған  шығыстар жиынтык табыс (зиян) шотына есегiтен шыгарылды

571

811

 

Жоғарыда келтiрiлген жазбалардың нәтижесi бойынша 811 шоты жабылады. 811 шотында жарнама шығыстары, материалдар болуы мүмкiн ( қалам, қаламсап, сия, бояу, қағаздар т.б.) яғни, материалдануы және материалданбауы мүмкiн (радио, телевизор арқылы немесе баспа-газет, журнал арқылы). Жарнамаға берiлген материалдар 2МЕК аспаса, онда оларға ҚҚС салынбайды.

Тауарды бағалау есептiк бағаны таңңау болып табылады, яғни бағаның көмегiмен тауып кiрiстеледi және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдалануы мүмкiн. Есептiк бағаны таңңау шаруалық жүргiзүшi субъектiнiң есептiк саясатында тiркеледi, ол шаруашылық жүргiзүшi субъектiнiң бiрыңғай тауарларына қатысты үйлестiру керек.

Сатып алынған құны өзiне: сатып алу құнын, баж салынған комиссиондық марапаттауын: жабдықтаүшыларға, делдал ұйымдарға төлейтiндiгiн төлемдерiн: транспорттық дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен тiкелей байланысты шығыстарын енгiзедi. Сауда жеңiлдiктерiн, артық төленген сомаларын және басқа да осы тәрiздес түзетулерiн, әкелiнген шығындарды анықтау кезiнде шегерiледi. Көтерме сауда кәсiпорындарында тауардың сатып алынған құны , әдетте есептiк баға ретiнде бола алады.

Сату бағасы — бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынүшыға сатылатын бағасы. Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кiредi:

— сатып алынған құны — бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы- транспорттық накладнойы, кедендiк декларациясы) тауардың жабдық сатып алынған құны ;

— акциз — бұл тек кейбiр тауар түрлерiне белгiленедi: алкоголь өнiмдерiне және темекi бұйымдарына, жеңiл автомобильдерге, зергерлiк бұйымдарға және т.б.; Акциздiң мөлшерлемесiн өкiмет белгiлейдi, проценттiк деңгейде тауардың құнына бөлiп немесе натуралды түрде оның физикалық көлемiне бөлiп анықтайды , ал алкогольдiк өнiмдер бойынша акциздiң мөлшерлемесi оның құрамындағы спиртке тәуелдi етiп белгiленуi мүмкiн;

— қосылған құн салығыы — келесi мөлшерлеме бойынша әр түрлi тауар түрлерiне белгiленедi: нолдiк пайызы бойынша — экспортталған тауарлар, 16%-барлық тауар түрлерi бойынша (ҚҚС — босатылғандардан басқасы);

— сауда үстемесi — бұл бөлшек сауда кәсiпорындарына шығысын жабу үшiн және сату операциясының табыс алуға үстеме.

Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндерi тауарды сауда үстемесi бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескередi. Бұл жауапты тұлғаның жауапкершiлiгiнен туындайды, егер де тауар жетiспей қалған жағдайда, сол тауарды өтеуге тура келедi.

Келiп түскен тауарды есепке алу айтарлқтай қиындық туғызбайды. Өйткенi келiскен тауардың әрбiр партиясы тиесiлi құжаттармен рәсiмделедi. (шоттармен, тауарлы-транспортты накладноймен т.б. құжаттармен). Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткенi әрбiр босатылған тауар үшiн тиесiлi құжаттар жазылады. Қиындық тек бөлшек сауда магазиндерiнде сату барысында пайда болады. Бұның басты себебi: сатып алынған тауардың соммасы тек бақылау-кассалық машинасынан алынған  чек берiледi, бiрақ бiр күнде қанша тауар сатып алынған  бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлiмет көрiнбей қалады.

Көптеген бөлшек сауда кәсiпорындарында тауар есебiн ұйымдастырудың күрделi жағдайынан алшақ болуы үшін тауардың сату бағасы бойынша сомасын пайдаланады. Өйткенi сатылған тауарды есептiк бағасы бойынша сомасын жеңiл анықтауға мүмкiндiк бередi, ол үшiн бүкiл сомадан чек бойынша жиынтык сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсiм болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез-келген кезеңде анықтау мүмкiндiгi туады. Бұл тәсiл тек қана көтерiлген саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсiпорындарда штрих кодтарының көмегiмен жүзеге асыруға болады. Штрихтiк кодтар әдетте, он үш саннан тұрады, оның алғашқы екеуi өнiмдi- дайындаүшы (немесе өнiмдi сатүшы) мемлекетiн көрсетедi; Келесi бесеуi өнiмдi әзiрлеушi-кәсiпорынды, одан кейiнгi бесеуi тауарға сипаттама бередi (атауы, мөлшерi т.б.) және ең соңғы бiреуi бақылаүшы болып саналады.

Магазинге тауар келiп түскен кезден оның атауы айрықша белгiсi, саны және сатып алынған  бағасы туралы атқпарат көшiрме қондырғысының арқасыда компьютердiң жадында сақталынады. Одан әрi қарай тауарды сату кезiнде компьютер қандай тауардың қандай санда ( мөлшерде) сатылғаны туралы мәлiметтi тiркейдi, осының негiзiнде, сатылған тауардың сатып алынған құнын анықтайды.  Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми құжатталмаса немесе компьютерге тiркелмесе, онда ол түралы мәлiметтердi түгелдеудiң көмегiмен алынады.

Бөлшек кәсiпорындарында бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың ерекшелiктерi. Бөлшек саудадағы тауарлардың 222-шi «Алынған тауарлар» шотында жүргiзiледi, оған мынадай субшоттар ашылады: 222/1 субшоты —  «Бөлшек сауда кәсiпорындарының қоймаларындағы тауарлар», онда бөлшек сауда кәсiпорындары қоймаларындағы сақталып тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнiм және материалдар есебi сияқты санына және құнына қарай, сатып алу бағалары бойынша жүргiзiледi.

222/2 субшоты — « Бөлшек саудада сату үшiн, алынған, сатып алынған тауарлар» онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатүшылардың, бөлiм меңгерүшiлерiнiң )  жауапкершiлiктерiнде тұрған тауарларды есепке алады. Есепке алу, сату бағалары бойынша жүргiзiледi. Есепке алу сол тауардың құны бойынша жүргiзiледi.

222/З субшоты — «Тауардың үстеме бағасы». Бұл субшотта сату үшiн берiлген тауарлардың барлық түрi (тауар топтары бойынша сараланып) белгiленген мөлшердегi үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның нәтижесiнде сатуға берiлген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып түседi. Тауарлар сатылғаннан кейiн тауардың үстеме баға қызылмен жазылып , олардың құнын кемiтедi; үстеме баға кәсiпорынның тауарларды сатқаннан тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгiленген үлгi бойынша есептен шығарады.

222/4 субшоты — «Тауар бағасына қосылған құн салығы». Бұл субшотта сатуға берiлген тауар бағасына енгiзiлген ҚҚС сомасын көрсетедi. Тауар бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС қосылады да, сөйтiп ол тауардың сатылу құнын құрайды  (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар тұтынүшыларға және басқада сатып алүшыларға сатылады.

Тауарлар сатылғаннан кейiн тауар бағасы ҚҚС сомасынан «тазартылады», яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшiн ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС жалпы табыстан есептелiнедi де, тауарлар түскен және кiрiстелген кезде шегерiмге койылған (331 -шоттың дебетi) сомаларды алып тастағаннан кейiн қалғаны бюджетке аударылады.

Сөйтiп, 222/3 және 222/4 субшотары тек тауардың сатылу құнын қалыптастыруға арналған, яғни көмекшi қызмет атқарады және олардың дербес арналымы жоқ. Бiрақ көмекшi қызметсiз бөлшек сауда кәсiпорындары сатылған тауардың түсiмiне бақылау жасаудан айырылады, сондықтан да сатүшы да, сатып алүшы да тауардың сатылатынын бағасын бiлуге мүдделi.

Сонымен қоса, көмекшi субшоттар жүйесiн қолдану синтетикалык есептiң дұрыс жүргiзiлуiне өз септiгiн тигiзедi, яғни халыкқа сатылған тауардың мөлшерiн арналымын, үстемiнiң есептеу тәртiбiн, нарық бағасын анықтауға көмектеседi.

Қазақстан Республикасында әрекет етiп тұрған заңмен сәйкәс, бухгалтерлiк есепте де, салық есебiнде де есептеу әдiсі пайдаланады, соған сәйкәс тауар сатып алүшыға босатылысымен, оның төлем мерзiмiне қарамастан тауардың сатылған кезеңi болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсiпорындарында тауардың сатылған кезеңi болып, қолма-қол ақша түскен кезең саналады, өйткенi онсыз тауар босатылмайды.

Сонымен бухгалтерлiк есепте тауардың сатылған кезеңi, магазиннiң бас кассасына ақша келiп түскен кезеңiнен бастап 451 шоттың дебетiнде, 702 және 633 шоттардың кредитiнде көрiнiс табады.

Тауарды есептен шығару сатүшының есеп беруiнiң негiзiнде жасалады, онда тауардың сатылған құнының бiрыңғай қағидасына сай етiп көрсетiледi.

Көтерме саудасындағы тауарлардың операциясының есебі.  Көтерме саудасындағы кәсiпорындарының бөлшек сауда кәсiпорындарынан айырмашылығы : онда тауардың есебi сатып алынған бағасы бойынша жүредi, сондықтан тауар қозғалысы  бойынша операциясын бухгалтерлiк есептiң шоттарында көрсету сызбасы (схемасы) бiршама қарапайым болып келедi.

р/н

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Жабдық келiп түскен тауар қоймаға кiрiстеледi.

ҚҚС сомасына (16 %)

222

331

671

671

2

Тауар сатып алүшыга сатылды:

-табысы қалыптасқан (қосылған) келiсiм шарттық құнына

301

301

702

633

3

Сатып алынған  тауардың сатылған бағасын есептен шығарылды.

802

222

4

Келiп түскен тауардың шот- фактурасы төлендi

671

441

5

Олардың сатып алған тауардың шоттарын сатып алүшылар төледi.

441

301

 

Көтерме сауда кәсiпорнында тауардың аналитикалық есебi оның қоймасы мен бухгалтериясында жүредi.

Көтерме сауданың екi түрi бар: қоймадан (қоймалық айналым) және транзиттiк (транзиттiк айналым).

Сауда ұйымының қоймасын тауар сатылған жағдайда өзi жабдық есептеседi, тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алүшыға жәнелтедi және одан өзi төлемiн өндiрiп алады.

Транзитгiк жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсiпорынның қоймасына түспейдi, ол тiкелей соңғы сатып алүшыға бағытталады. Транзиттiк жолымен есеп айырысуға көтерме кәсiпорны қатысуы да мүмкін.

Көтерме сауда кәсiпорыннан, әдетте, тауарды сатып алүшыға жөнелту жазба келiсiм-шартының негiзiнде жүзеге асырылады, онда жеткiзiп берудiң барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы т.б.).

Келiсiм — шарт бойынша берiлетiн тапсырмалардың операцияларының  есебi. Келiсiм — шарт бойынша бiр жағы (сенетiн, сенген) өз атынан операция жасаса, ал екiншi (сенiмдi, сенiм) жағы операцияны өз атынан заңды екендiгiн анықтайды. Мәмле бойынша сенетiн (сенген) жақтың  жасаған құқығы мен мiндеттемесi тiкелей сенiмдiлiктiң жағдайынан шығады.

Сенген жақ сенiмдi бiлдiрген жақ оған берген тапсырмасына сейкес барлық мiндеттеменi орындауы тиiс, ол мiндеттеме нақты заңды және жүзеге асырылатын болып келгенi жөн. Сенген жак сенiм бiлдiрген жақтың берген тапсырмасынан ауытқыған жағдайда, мiндеттi түрде сенiм бiлдiрген жаққа хабарлауы керек; ол егер де сенiм білдірген жақтың мүддесiне қайшы  келмесе, онда ол оның ондай әрекетiне қарсылық бiлдiрмеуi мүмкiн. Сенген жақ басқа үшiншi жаққа сенiм артуына болады, бiрақ ол үшiн бiрiншi сенiм берген жақ жазбаша түрiнде берiлген келiсiмi болуы керек.

Сенiм берген жақ сенген жағына оның жасаған шығынын және марапаттау төлемiн жасайды.

Ендi бiз осымен байланысты шоттар корреспенденциясын қарастырып  көрейiк.

р/н

Шаруашылык операңияның мазмуны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

 

Сенген жақ операциялары

 

 

1

Жауапты сақтауға сенiм берiлген жақта алынған тауардың сомасы (сату бағасы бойынша)

002

«Жауапты сақтауға алынған тауарлар»

 

2

Берiлген тапсырманы орындаумен байланьгсты шығыстардың жиынтыгы.

811

681, 634 671, 333

3

Ай бойында сенiм берген жақтың атына тауарды алып-сату келiсiм шарты жасалған (бұл арадағы келтiрiлген барлық сомасы шартты сипатқа ие). Сенiм берүшiге шоты ұсынылған:

— марапаттау сомасына

— келiсiм- шарт тапсырмасы бойынша жасалған (жасаған) шығынын өтеудiң (компенсаңиялаудың) сомасына

-ҚҚС сомасына (16%).

301

701

701

633

4

Сенiм берген жак атынан сатып алүшының коймасынан тауар босатылды.

002

«Жауапты сақтауға алынған тауарлар»

5

Сенiм берген жақ ұсынылған шоты өтеледі

441,451

301

 

Сенiм берүшi жақтың операциясы

 

 

1

Сенген жақтың мәлiметiне сүйене отырып, сол сенген жақтың қоймасынан тауар босатылды:

-тауардың нақты өзiндiк құнына

-келiсiм-шарттың құнына

-ҚҚС сомасына (16%).

801

301

301

222

702

633

2

Сенген жақтың келiсiм шарты бойынша тапсырманы орындау қызметі көрсетiлдi:

-марапаттау сомасына

-келiсiм-шарт бойынша тапсырманы орындау барысында жасалған шығысы өтелдi.

-ҚҚС сомасына (16%).

811

811

331

671

671

671

3

Сенген жақ ұсынылған шотты төлендi

671

441,451

 

Комиссиондық магазиндер, әдетте, жеке тұлғалардан комиссиялық жағдайда алынған  тауарларды сатумен айналысады. Бұл кезде комитент пен комиссионерлердiң арасында комиссиондық келiсiм — шарт жасалынады. Мүлiктi комиссияға қабылдау кезiнде өткiзүшi жеке төл құжатын ұсынады. Егер азамат жеке еңбек қызметiмен шұғылданатын болса, онда төлқұжатпен бiрге патентiн де ұсынады. Комиссияға өткiзiлген мүлiктiң бағасы өткiзүшiмен келiсiп жасалынады. Ескiден келе жаткан (антикварлық) мүлiктердi эксперт-мамандардың қатысуымен бағалайды. Конфискацияланған мүлiктердiң бағасын анықтау үшiн де эксперт-мамандар  шақырылады.

Мүлiктi комиссияға қабылдаған кезде тауартану маманы екi данада жазылған түбiртегiн бередi, оған тауартану маманы мен комитент қол қояды. Мүлiктердiң бiр ғана түрiн қабылдаған кезде ол тек түбiртекпен және комитенттiк карточкамен рәсiмделедi. Оның керi жағына сатуға қабылданған мүлiктiң атауы мен саны көрсетiледi.

Комиссиондық келiсiмнiң және түбiртектiң керi жағында мынадай реквизиттер болуы тиiс: бұйымның сатылатын күнi, төленетiн сомасы және комитентке төленетiн күнi; директордың, бас бухгалтердiң және кассирдiң қолы бiрақ бұлар мүлiк сатылғаннан кейiн толтырылады. Түбiртек пен комиссиондық келiсiмдi тауартану маманы жазып, қабылданған мүлiк реестрiне (тiзiмiне) тiркейдi.

Тауартану маманы жазып берген түбiртек пен комиссиондық келiсiм қабылданған мүлiк реестрiне (тiзiмiне) тiркелiп (яғни, жазылып) қояды. Тiзiм екi данада жасалады: түбiртек бойынша да және комиссиондық келiсiм бойынша да. Тiзiмде қабылданған мүлiктiң бағасы бойынша құны шығарылады. Түбiртек пен комиссиондық келiсiмнiң бiрiншi данасы комитентке берiледi, ал екiншiсi реестрмен бiрге сақталады.

Тауартану маманы комиссияға қабылданған мүлiктi материалды жауапты тұлғаға реестрмен қоса бередi. Материалды жауапты тұлга мүлiктi қабылдап алып, реестрдiң екi данасына да қол кояды. Реестрдiң (тiзiмнiң) бiрiнашi данасын қосымшасымен бiрге тауарды есеп беруiне қосып қояды және ол сақтау және тексеру үшiн бухгалтерияға берiледi, ал екiншi данасы материалды жауапты тұлғаның өзiнде қалады.

Тауардың жазба қағазына (ярлыкқа) комитент пен магазиннiң тауартану маманы қол қояды, ал комиссиялық жолмен бағаланатын тауарларға комиссия мүшесiнiң барлығы қол қояды. Тауардың жазба қағазына (ярлыгы) комиссияның қабылдаған мүлкiне (сағат, моншақ, түйреуiш т.б. ) бағасы көрсетiлген қағаздарды жапсырады.

Комитенттен сату үшiн қабылданған тауарларды комиссионерлер қабылдап алған кезеңнен бастап, сатқанға дейін 004 «Комиссияда қабылданған тауарлар» деп аталатын баланстан тыс шоттар есепке алынады. Комиссия қабылдаған тауарлардың аналитикалық есебi тауарлардың түрi бойынша келiсiм — шартта көрсетiлген бағасымен жүредi.

Р/С

Шаруашыльж операңияларынын ма3м

Шотгар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Келiсiм-шартта қарастырылғандай, комиссияға қабылданған тауарларды кәсiпорын-комиссионер қабылдады

004 «Комиссияда қабылданған (консигнацияға) тауарлар»

2

Келiсiм-шартта қаралған тауарды жеткiзу, түсiрумен байланысты шығыстарын комиссионер өз мойнына алады (ҚҚС қоспай)

811 «Комиссия қабылдаған, тауарларды сатумен байланысты шығыстары, 2 субшоты»

671,681, 634

«Әлеуметтiк салық» субшоты

 

3

Шартта белгiленген бағасы бойынша комиссияда қабылданған тауарды сатқаны үшiн ақша қаражаты толығымен кассаға (есеп айырысу шотына) келiп түстi.

451,441

301

4

Сатқаннан түскен табыс анықталады

301

702

5

Комитентке берiлетiн сомасы.

802

687

6

Комитентке берiлген сомадан, табыс көзiнен жеке табыс салығы ұсталды (Салық Кодексiнiң 145 бабының мөлшерлемесi бойынша)

687

634 «Жеке табыс» субшоты

7

Комиссияға қабылданған тауарды комитенттiң сатқаны үшiн қарызы аударылды.

687

441,451

8

ҚҚС сомасы бюджетке аударылды

633

441

9

Табыс көзiнен ұсталған жеке табыс салығының сомасы бюджетке аударылды.

634 «Жеке табыс салығы» субшоты

441

 

10

Сатылған тауар баланстың тыс шотқа есептен шығарылды.

 

 

004 «Комиссияда қабылданған, (консигнацияға) тауарлар»

11

Сатылған тауарлар бойынша шығысы мен табысы жыл соңында жиынтық табыс шотына есептен шығарылды:

Табыс

Шығыс

702

571

571

571

811

802

 

 

Комиссиондық магазиндер басқа да ұйымдар сияқты тауар қозғалысының есеп беруiн жасайды. Есеп берумен қоса: түбiршектер, комиссиондық келiсiмдер, тауар чектерi, қайтарылмаған мүлiктердiң тiзiмдемесi (ведомосы), тауардың сомасы, атауы, түрлерi, актiлер және т.б. бiрге тапсырылады.

 

  • Жөнелтiлген өнiм, көрсетiлген қызмет орындалған жұмыспен байланысты және басқа да сату шығындарының есебiн жүргiзу

Өнiмдi сату сауда барысында келiсiм шартқа сәйкәс жүргiзiледi. Дайын өнiмдi сату келiсiм шартында жабдық және өнiм бойынша маңызды көрсеткiштердi, бағасын жеңiлдiктердi, есеп айырысу тәртiбiн, ҚҚС-ның сомасын және басқа да реквизиттердi көрсетедi. Халық тәжiрибеде келiсiм – шартқа қосымша кепiлдiктер мен шығынды қайтару жолдарын және тағы басқа көрсетедi.

Кәсiпорында өнiмдi (қызметтi, жұмысты) сату келесiдей жүргiзiледi.

— ҚҚС сомасына ұлғайған, еркiн бағалар және тарифтер бойынша;

— өткiзу бағаларын бекiткенде Франко көрсетiлу керек, яғни жол шығыны, тауарды жеткiзу кiмнiң есебiнен төлем жүргiзiлу керек. Франко-станция-бұл жабдықтаүшының есебiнен тауарды жеткiзу және ол өзiндiк құнының құрамына кiредi.

Дайын өнiмдi жөнелту кәсiпорынның маркетингтiк бөлiмiмен жүзеге асырылады.

Қаржы бөлiмiнде немесе бухгалтерияда мұндай операцияларды жүзеге асыру үшiн төлем талап құжаттары қажет.

 Төлем — талап құжаты сатып алүшының аты, орны, келiсiм-шарт номерi, жөнелту түрi, келiсiм бойынша төлем сомасы, қосымша төленетiн ыдыстар мен таралар, транспорттық тарифтер, ҚҚС сомасы көрсетiледi.

Төлем талап – құжаты жабдықтаүшымен берiлiп, тауарды өткiзгеннен кейiнгi 1 күн iшiнде 1 көшiрмесi банкке берiлу керек. Ал екiншiсi төлем жүргiзiлу үшiн сатып алүшыға берiлу керек.

Төлем талаптағы берiлгендердi есеп Ведомостiне күнделiктi тiркеп отыру керек. Ведомостта төлем мерзiмi, номерi, талаптары, жабдық аты, жөнелтiлген тауарлардың көлемi, түрi көрсетiлу керек. Ведомостта дайын өнiмнiң құны өткiзу және есеп құны бойынша көрсетiледi. №16 ведомостта тауарды жөнелту бойынша пайда көрсетiлсе, ал №17 ведомостта төлем бойынша анықталған пайда көрсетiледi.

Жөнелту бойынша жедел есеп маркетинг бөлiмiнде арнайы кiтаптар мен журналдарда жүргiзiледi. Ал ЭВМ қолдану барысында — күнделiктi құралатын файлдар жүргiзiледi. Дайын өнiмдi кәсiпорын территориясынан шығарған кезде кәсiпорын өкiлдерi арқылы тауарды шығару пропусктерi берiледi. Ол пропусктерге кәсiпорын басшысымен бас бухгалтер қол қояды.   Пропуск ретiнде арнайы рұқсат жазбалары бар тауарлы-транспорттық накладнойлар, счет фактуралар қолданылады.

Егер де дайын өнiм сатып алүшыға қоймадан немесе дайын өнiмнiң сақтаудың  басқа орнынан тiкелей жiберiлсе, онда сатып алүшы тауарды түсiру түралы келiсiм — шарт бойынша көрсетуге мiндетгi.

Бухгалтерлiк есепте өнiмнiң меншiк құқығы сатып алүшыға өткен күнiнен бастап тауар сатылды деп есептеледi.

Тауар жеткiзу шарттары мен тәртiбi сатып алу-сату шарттарының аса маңызды элементтерiнiң бiрi болып табылады. Сату шарттарын жасаса отырып, тауар жеткiзу жөнiндегi шығындарды талаптардың қайсысы  көтеретiнiн анықтаудың маңызы бар.

Тауар жеткiзу жөнiндегi қызметтерге салық салу талаптарының тауар жеткiзу жөнiндегi мiндеттерiне және көлiк қызметін көрсету шартының түрiне қарай әр түрлi болады. Тасымалдау шарты мен көлiк экспедициясы шарты қызмет көрсету шарттарының негұрлым кең тараған шарттары болып табылады.

ҚР АК 689 — бабына сәйкес жүк тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаүшы) өзiне екiншi тарап жөнелтүшi сенiп тапсырған жүктi арнайы орнына жеткiзiп, жүктi қабылдап алуға уәкiлеттi адамға (алүшыға) беруге мiндеттеледi, жөнелтүшi жүк тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкәс ақы төлеуге мiндеттеледi. Заң бойынша немесе лицензия негiзiнде жүк тасымалдауды жүзеге асыру құқығы берiлген коммерциялық ұйым немесе жеке кәсiпкер ғана тасымалдаүшы бола алады.

Берiлген тауарларды көлiк ұйымдарынан алған жағдайда сатып алүшы тауарлардың көлiк және жөнелтпе құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сай келуiн тексеруге, сондай-ақ қолданыстағы ,заңдарда белгіленген  ережелердi сақтай отырып, бұл тауарларды көлiк ұйымдарынан қабылдауға мiндеттi.

Көлiк экспедициясы шарты бойынша ҚР АК 708- бабына сәйкәс бiр тарап (экспедитор) сыйлық үшiн және екiншi тараптық (жөнелтүшi- клиенттiң немесе жүк алүшының) есебiнен тасымалдауға байланысты экспедиция шартымен белгеленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе ұйымдатыруға, соның iшiнде атынан немесе клиенттiң атынан жүк тасымалдау шартын жасауға мiндеттеледi. Экспедиция шарты бойынша экспедитор тасымалдаүшы мен клиенттiң (жүк жөнелтүшiмен жүк алүшының) арасында делдал ретiнде жұмыс атқарады.

Егер экспедитор өз атынан әрекет жасаса, онда экспедиция шартына комиссия шартын реттейтiн ережелер қолданылады, ал егер экспедитор клиенттiң атынан әрекет жасаса, онда тапсырма шартының ережелерi қолданылады, ал егер экспедитор клиенттiң атынан әрекет жасаса, онда тапсырма шартының ережелерi қолданылады. Экспедитордың өз атынан әрекет жасауына қарай ҚҚС салынатын айналымды айқындауда елеулi түрде айырмашылықтар болады.

Мәселен, егер экспедитор клиенттiң атынан, яғни тапсырма шарты бойынша әрекет жасаса, онда тасымалдау шартының тараптары тасымалдаүшы мен клиент болады. Тапсырма шартының мәнi сенiмгер ретiндегi экспедитордың заңдық iс әрекеттерi болып табылады. Тапсырма шартында көзделген заңдық iс-әрекеттердi жасау құқығына клиент экспедиторға сенiмхат беруге мiндеттi.

ҚР АК 850-бабына сәйкес клиент экспедиторға, оның iс әрекеттерiне ақша ретiнде сыйақы төлеуге тиiс, ол шартта көзделуге тиiс. Тапсырма шарты бойынша экспедитордың қызметіне ақы төлеу ретiндегi айырманы және клиенттiң мүддесi үшiн ол шығарған, сыйлық төлеуден бөлек өтелетiн шығындарды да анықтау қажет.

Экспедитор клиенттiң атынан және соның есебiнен заңдық iс-әрекеттер жасайды және клиенттiң нұсқауларына сәйкес өзiне берiлген тапсырманы орындауға мiндеттi.

Демек, егер клиент экспедиторға тасымалдау шартын үшiншi тұлғамен жасасуды тапсырса, онда тапсырма шартында клиент жүктiң атауын, санын, бағасын, сапасын, жеткiзу мерзiмiн, арналым орнын және соған сәйкес осындай шартты жасасу тапсырылатын басқа да талаптарды анық көрсетуi керек.

Тасымалдаушылармен шарт жасақан кезде клиенттiң сенiмгерi ретiнде экспедиторда ешқандай құқықтар мен мiндеттер туындамайды. Мүлiктiң салдар (үшiншi тұлғамен тасымалдау шартының орындалмауы, ойдағыдай орындалмауы) түгелдей клиентке жүктеледi. Бұл жағдайда клиент кiнарат-талабын, ақы талабын тасымалдау шарты бойынша көлiк ұйымына қоя алады. Көлiк ұйымының, егер клиент шартты орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса, клиентке кiнарат-талабын, ақы талабын қоюға құқы бар. Тасымалдау шарты бойынша клиент те, тасымалдаушы да экспедиторға ешқандай кiнарат-талап қоя алмайды. Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент экспедиторға кiнарат талап қоя алады.

Сөйтiп, экспедитор тасымалдау шартында тарап болып табылмайды, ол сенiмхат бойынша ғана клиенттiң атынан әрекет жасайды, демек, көлiк қызметтерiн алушы болып табылмайды. Демек, тасымалдаушы шот-фактураны тасымалдау шартының тарабы ретiнде тiкелей клиентке ұсынады. Тапсырма шарты бойынша әрекет ететiн экспедитордың ҚҚС салынатын айналымы клиент төлейтiн сыйақы болып табылады, экспедитор клиенттiң мекен жайына тап сол үшiн шот-фактура жазып беруге тиiс.

Ал егер экспедитор өз атынан, яғни комиссия шарты бойынша әрекет ететiн болса, онда тасымалдау шартында экспедитор құқықтар мен мiндеттерге ие болып, шарттың тарабына айналады. Яғни, экспедитор көлiк қызметтерін алушыға айналады. Және де тасымалдаушы шот-фактураны тiкелей экспедиторға ұсынуға тиiс.

Экспедиторда өз атынан әрекет жасаған кезде салық салынатын айналымды анықтау үшiн Салық кодексiнiң 217- бабының екi жақты  түсiндiрілетін  5—тармағын басшылыққа  алу қажет.

Салык кодексiнiң 217-бабы 5-тармағының неғұрлым кеңейтiлген түсiнiктемесi бойынша (бұдан әрi мәтiн бойынша жалпыға бiрдей қабылданған түсiнiктеме), үшiншi тұлгалар үшiн алдын ала ақша төлеуге байланысты қызмет көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерi тек қана (ал мәтiнде «тек қана» деген сөздер жоқ) комиссиялық сыйақы болып табылады. Яғни экспедитор өз атынан әрекет жасаған кезде оның салық салынатын айналымы комиссиялық сыйақы ғана болады.

Әр түрлi жағдайларда тауар жеткiзудi есепке алуға және салық салуға талдау жасау үшiн , айталық сатушы ретiнде А ұйымы сатып алушы ретiнде Б ұйымымен сатып алу-сату шартын жасасты. Ұйымдардың екеуi де ҚҚС төлеушiлер болып табылады. Іс жүзiнде тараптардың мiндеттерiне және көлiк қызметін көрсету түрiне қарай тауар жеткiзудiң көптеген  нұсқалары  болуы мүмкiн. Солардың iшiндегi неғұрлым бiр үлгiдегiсiн қарастырайық

1-нұсқа

Шарт тараптарына сәйкес тауарларды жеткiзу жөнiндегi мiндет А ұйымына және соның есебiнен жүктеледi. Тауар жеткiзу тасымалдау немесе көлiк экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

1.1. Тасымалдау шарты бойынша жеткiзу А ұйымы көлiк ұйымымен (коммерциялық ұйыммен немесе жеке кәсiпкермен) тасымалдау шартын жасасады. Бұл жағдайда А ұйымы көлiк қызметін алушы болып табылады. Егер көлiк ұйымы — ҚҚС төлеушi болса, онда ол тасымалдау құнына шот-фактура ұсынуға мiндеттi. А ұйымы осы шот фактураның негiзiнде ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы. Егер көлiк ұйымы ҚҚС төлеушi болмаса, онда ол А ұйымына «ҚҚС –сыз» деген белгi қойып шот-фактура жазып бередi. Бұл жағдайда А ұйымы тасымалдың толық құнын өзiндiк құнға енгiзедi.

1.2. Экспедитор тапсырма шарты бойынша клиенттiң атынан әрекет ететiн көлiк экспедициясының шарты бойынша А ұйымы экспедитормен көлiк экспедициясы шартын жасасады, ол бойынша экспедитор А ұйымының атынан және соның есебiнен әрекет етедi. Бұл жағдайда экспедитор А ұйымынан берiлген сенiмхат бойынша әрекет етiп, көлiк ұйымымен тасымалдау шартын жасасады. А ұйымымен көлiк ұйымы осы шарттардың тараптары болып табылады. Бұл жағдайда экспедитор тасымалдау шартының тарабы болып табылмайды. Осы шарт бойынша А ұйымы қызмет көрсетулерге ие болады. Демек, көлiк ұйымы А ұйымына шот-фактура ұсынуға мiндеттi, соның негiзiнде А ұйымы ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы болады. А ұйымы экспедиторға сыйақы төлеуге тиiс. Егер экспедитор ҚҚС төлеушiсi болса, А ұйымына ҚҚС — тан сыйақы сомасына шот-фактура ұсынуға мiндеттi. А ұйымы осы шот-фактураның негiзiнде сыйақы бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы.

1.3. Экспедитор автордың түсiнiктемесiн қолдана отырып , комиссия шарты бойынша әрекет ететiн көлiкэкспедициясының шарты бойынша А ұйымы экспедитормен көлiк экспедициясы шартын жасасады, ол бойынша экспедитор А ұйымының атынан және соның есебiнен әрекет етедi. Бұл жағдайда экспедитор өз атынан әрекет етiп, көлiк ұйымымен тасымалдау шартын жасасады. А ұйымымен осы шарттың тараптары болып табылады. Осы шарт бойынша экспедитор қызмет көрсетулерге ие болады. Демек, көлiк ұйымы экспедиторға шот-фактура ұсынуға мiндеттi, соның негiзiнде экспедитор ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы болады. Егер экспедитор ҚҚС төлеушi болса, А ұйымына тасымалдау сомасына шот-фактура ұсынуға мiндеттi. А ұйымы осы шот фактураның негiзiнде тасымалдау жөнiндегi ҚҚС  сомасын есепке жатқызуға құқылы.

1.4. Экспедитор жалпыға түсiнiктеменi қолдана отырып, өз атынан тапсырма шарты бойынша әрекет ететiн көлік экспедициясының шарты бойынша Бұл жағдайда салық салынатын айналым мөлшерiн анықтаудың 1,3 -нұсқадан айырмашылығы — бұл нұсқада экспедитордың комиссиялық сыйақысы ғана салық салынатын айналым болып табылады.

Жоғарыда қаралған үш жағдайда көлiк ұйымы немесе экспедитор ҚҚС төлеушi табылатын -табылмайтынына қарамастан , А ұйымы Б ұйымына жеткiзу жөнiнде нақты қызмет көрсетедi, осыған байланысты жеткiзу құны  А ұйымында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаға қосылады. Демек, А ұйымы Б ұйымына тауар жеткiзу жөнiндегi қызметтерi үшiн шот-фактура ұсынуға не өткiзiлетiн тауарларға шот-фактураларда тасымалдау құны мен ҚҚС сомасын көрсетуге, не көлiк шығындарын өткiзiлетiн тауарлардың құнына енгiзуге мiндеттi. Б ұйымы осы шот фактураның негiзiнде ҚҚС сомасын есепке жатқызуға  құқылы.

Экспедиторлар өз қызметін тасымалдау шарттарын жасасумен шектеп қоймайтынын атап көрсету қажет. Экспедиторлар сондай-ак клиенттерге экспорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге де ресмилiктердi орындау, жүктiң саны мен сапасын тексеру, сондай-ақ өзге де операциялар мен қызметтердi орындау сияқты қызметтердің кең аукымын көрсетедi. Экспедитордың қосымша қызметтері экспедитор тапсырма немесе комиссия шарты бойынша әрекет ететiн-етпейтiнiне қарамастан оның салықк салынатын айналымы болып табылады. Және де осы қызметьтерi үшiн экспедитор, егер ҚҚС төлеушi болса, клиентке шот-фактура ұсынуға мiндеттi.

А ұйымының бухгалтерлiк есебiнде осындай тауар жеткiзу мынадай жазбалармен көрсетiледi:

ДТ

КТ

Операцияның мазмұны

811

671

тасымалдауатыдан немесе экспедитордан, егер ол өз атынан әрекет етсе, тасымалдау тң шот-фактура кабылданды

331

671

ҚҚС сомасына

811

671

экспедитордың сыйақы сомасына, егер ол клиентгiң атынан әрекет етсе, шот-фактура к

331

671

ҚҚС сомасына

301

701

жеткiзу сомасына Б ұйымының шот фактурасы усынылды.

301

633

ҚҚС сомасына

 

2-нұсқа

Сатып алу-сату шарттарының талаптарына сәйкес Б ұйымына дейiн тауарларды жеткiзу жөнiндегi мiндет оның атынан, бiрақ Б ұйымының есебiнен А ұйымына жеткiзiледi. Тауарды жеткiзу тасымалдау немесе көлiк экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Бұл жағдайда А ұйымы өз атынан, бiрақ Б ұймының есебiнен әрекет етедi. Яғни А ұйымы өз атынан не тасымалдау шартын, не көлiк экспедициясы шартын жасасады. Б ұйымы жеткiзгенi үшiн А ұйымының есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы ақы төлейдi, ол, өз кезегiнде, тасымалдағаны үшiн немесе экспедиторға ақы төлейдi. Тасымалдау немесе көлiк экспедициясы шартында А ұйымы өз атынан әрекет ететiндiктен, шарттың тарабы болып табылады. Демек, А ұйымы көлiк қызметін алушы да болып табылады. Онда тасымалдаушы немесе экспедитор А ұйымына шот-фактура ұсынуға мiндеттi, ол өз кезегiнде Б ұйымына шот-фактура ұсынады.

Көрiп отырғанымыздай, А ұйымының салық салынатын айналымының, екiншi нұсқада жеткiзу Б ұйымының есебiнен жүзеге асырылатындығына қарамастан,     1 және 2 нұсқалардағыдан айырмашылығы жоқ. Екi нұсқада да А ұйымының өз атынан әрекет етуi және шарттың тарабы, яғни жүк жөнелтушi — клиент болуы салық салуды айқындайтын болып табылады.

Әдетте, бұл жағдайларда сатушы жеткiзудi ұйымдастыру жөнiнде өтеусiз қызмет көрсетедi. Ал егер А ұйымының сатып алу-сату шартында жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтер сыйақы көрсетiлетiн болса, онда бұл қызметтер А ұйымының салық салынатын айналымы болады, оған шот фактура жазылып берiлуге тиiс.

Бұл нұсқадағы бухгалтерлiк есепте көрсету 1 –нұсқадағы жеткiзуге ұқсас болады.

3-нұсқа

Сатып алу—сату шартының талаптарына сәйкес Б ұйымы тауарды А ұйымының қоймасынан өзi әкетедi, яғни «өзi әкету арқылы»

3.1. Жеткзу шарты бойынша

Б ұйымы көлiк ұйымымен тасымалдау шартын жасасады, ол (егер ҚҚС төлеушісi болса) Б ұйымына шот—фактура ұсынуға мiндеттi. Осы шоттың негiзiнде Б ұйымының ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

3.2. Экспедитор тапсырма шарты бойынша әрекет ететiн көлік экспедициясының шарты бойынша

Бұл жағдайда Б ұйымы тасымалдау шарты тарабы (клиент) болып табылады. Демек, көлiк ұйымы тiкелей Б ұйымына шот-фактура ұсынуға мiндеттi.

3.3. Экспедитор автордың түсiнiктемесiн қолдана отырып, комиссия шарты бойынша әрекет ететiн көлiк экспедиңиясының шарты бойынша

Б ұйымы экспедитормен шарт жасасады. Экспедитор өз атынан әркет етiп, көлiк ұйымымен тасымалдау шартын жасасады, ол бойынша экспедитор тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулерге ие болады. Көлiк ұйымы экспедиторға шот-фактура ұсынады, ол, өз кезегiнде, Б ұйымына шот фактура ұсынады.

3.4. Экспедитор жалпыга бiрдей түсiнiктеменi қолдана отырып, өз атынан тапсырма шарты бойынша әрекет ететiн көлiк экспедициясының шарты бойынша.

Бұл жағдайда салық салынатын айналым мөлшерiн анықтау 3.3-нұсқадан айырмашылығы — бұл нұсқада экспедитордың комиссиялық сыйакысы ғана салық салынатын айналым болып табылады.

Б ұйымының бухгалтерлiк есебiнде бұл нұсқа тауар жеткiзу мынадай жазбалармен көрсетiледi:

Д -т

К-т

Операцияның мазмұны

811

671

Тасымалдаушыдан немесе экспедитордан, егер ол өз атынан әрекет етсе, тасымалдау құнына шот-фактура қабылданды.

331

671

ҚҚС сомасына

811

671

экспедитордың сыйақы сомасына, егер ол клиенттiң атынан әрекет етсе, шот-фактура қабылданды

331

671

ҚҚС сомасына

 

4-нұсқа

Сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес Б ұйымына дейiн тауарларды жеткiзу жөнiндегi мiндет оның атынан, бiрақ Б ұйымының есебiнен А ұйымына жүктеледi. Тауарды жеткiзу тасымалдау немесе көлiк экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Бұл жағдайда Б   ұйымы тасымалдау немесе    көлiк экспедициясы шартының тарабы болады, өйткенi А ұйымы тапсырма шарты бойынша, яғни Б ұйымының атынан сенiмхат бойьшша әрекет етедi. Салық және бухгалтерлiк есеп 3-нұсқаға ұксас.

 

5-нұсқа

Шарт талаптарына сәйкәс А ұйымы тауарды Б ұйымына өз көлiгiмен жеткiзедi.

Бұл жағдайда А ұйымының көлiк қызметтерi, сатып алу сату шарттарының талаптарына қарай, не тауардың бағасына қосылады, не жеке ережемен көрсетiледi. Бiрiншi жағдайда шот-фактурада бұл қызметтер, тауардың бағасына «кiргендiктен», бөлiп көрсетiлмейдi. Екiншi жағдайда шот фактурада көлiк қызметтерi жеке жолмен көрсетiледi, бұл әсiресе өткiзiлу ҚҚС-нан босатылған тауарды жеткiзген кезде қажет.

А ұйымының бухгалтерлiк есебiнде тауар жеткiзу мынадай жазбалармен көрсетiледi:

Д -т

К-т

               Операцияның мазмұны

301

701

егер көлiк қызметтерi бөлек көрсетiлсе, жеткiзу құнына

301

633

ҚҚС сомасына

301

702

егер көлiк қызметтері тауардың құнына енгiзiлсе, тауардың құнына

301

633

ҚҚС сомасына

6ұсқа

Шарт талаптарына сәйкес Б ұйымы тауарды А ұйымына өз көлiгiмен «өзi әкету арқылы» жеткiзедi.

Бұл жағдайда көлiк шығындары салық салынатын айналым болмайды, өйткенi қызмет көрсету жөнiндегi айналым болып табылмайды. Б ұйымы бұл шығындарды өзiндiк құнға енгiзедi.

Сатып алу—сату шарттары бойынша тауар жеткiзудiң неғұрлым бiр үлгiдегi алты нұсқасы қарастырылды. Іс жүзiнде тауар жеткiзуге байланысты басқа да көптеген жағдайлар туындайды.

Бизнестiң дамуына байланысты кез-келген кәсiпорын рыноктар өзiнiң тауарларыменқызметтерін өткiзуге мүдделi, және де бұл iсте жарнама басты аспап болып табылады. Жарнамаға жұмсалатын шығын туралы айтпас бұрын жарнама деген ұғымды анықтап алайық өйткенi соңғы кезде кәсiпорын жарнамаға жұмсалатын шығындарға оған әрдайым тiкелей қатысы бар шығындарды жатқыза бермейдi.

Қазіргі кезде «Жарнама туралы» заңның жобасы Республика Парламентiнiң қарауында жатыр. Заң шығарушылар барлық тараптарда: жарнама берушiлердiң, жарнама жасаушылардың, жарнама өнiмдерiн таратушылар мен тұтынүшылардың мүдделерiн ескередi және жарнама саласында туындайтын құқықтық қатынастарға айқындық енгiзедi деп үмiттенемiз.

Қолданыстағы салық заңдары жарнамаға дәлме—дәл айқындама  бермейдi. Экономикалық сөздiкке жүгiнсек, жарнама дегенiмiз әлеуеттiк клиенттердiң арасында өткiзудi ұлғайту мақсатындағы форма, оның тауарларымен қызметтерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарын арнаулы баспа басылымдарын, плакаттарды пайдалану болып табылатын байқаймыз. Жарнамалық жарияланымдар, ақпаратты материалдар, баспасөз хабарламалары, каталогтар, жарнамалық фильмдер, тауар белгiлерi және тағы басқа жарнаманың негiзгi құралдары болып табылады. Бұдан басқа жарнамаларыдың алуан түрлерi болады: олар көлiктегi жарнама, сыртқы жарнама, жарнамалық кәде сыйлар және басқа да. Соңғы кезде көптеген  бухгалтерлердi жарнаманың кейбiр түрлерiне жұмсалған шығындарына салық салу мәселесi алаңдатады.

Ең алдымен жарнаманы таза киiмге, яғни жарнамалық мақсатқа арнайы жасалған жарнамалық өнiмдi шартты түрде айқындайық та, оны жоғарыда аталып өткен осы санатқа жатқызайық бұл орайда кәде сыйлар — бұл, әдетте, жарнама берушi мен жарнамаланып отырған тауар жайында (фирманың логотипi бар автоқаламдар, үстелге қоятын, қабырғаға iлінетiн күнтiзбелiктер, күнделiктер және тағы басқалар) кәделiк мақсаттағы кiшiгiрiм заттар екенiн анықтап аламыз. Егер мұндай жарнаманың салық салуы жайында айтар болсақ ҚР Салық кодексiнiң 235 — бабына сәйкес жұмыстар, қызметтер үшiн қосылған құнға салынатын салық есепке жатқызылады. Жарнамаға жұмсалатын шығындар жылдық табыс алумен байланысты болғандықтан, ҚР Салык кодексiнiң 91 -бабына сәйкес, ондай шығындар шегерiлуге тиiс. Іс жүзiнде iрi фирмалар жарнамаға жұмсалатын шығындарды өткiзу көлемiнен порценттiк шама бойынша өз саясаты арқылы айкындайды.

Жарнама жүргiзудiң оларды есепке алудың және салық салудың кейбiр әдiстерiн нақты счеттар арқылы қарастырайық.

1. Кәсiпорын өз тауарлары теледидар арқылы жарнамалайды. Жарнамалық роликте фирмамен оның тауарлары жайында ақпарат берiледi. Бұл жағдайда жарнама берушiге теледидар ұсынған шығындар шегерiмге жатқызылатын шығындар болып табылады, және бухгалтерлiк есепте былай көрсетілетін болады:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

811

671

Есеп шот акцептелген           

331

671

Есепке жатқызуға ҚҚС сомасына

 

2. Кәсiпорын жарналык кедесi ретiнде блокноттар сатылады, соган байланысты блокнаттарга кәсiпорынның логотипiмен оны мекен жайы жазылды. Бухгалтерлiк есепте бұл былай керсетiлген:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

206

671

Блокноттар сатып алынды

331

671

есепке жатқызылатын ҚҚС сомасына

206

671

Логотип пен мекен-жайды жазу жөнiндегi қызметтердiң құнына

331

671

есепке жатқызуға ҚҚС сомасына

Өзiнiң әлеуеттi клиенттерiне немесе бизнес бойынша серiктестiктерге берген жағдайда бұл блокноттарды шегерiмге жатқан шығындардың есебiнен жаңа құн бойынша есептен шығарамыз және бухгалтерлiк есепте мынадай операциялармен көрсетiледi:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

811

206

блокноттың құны

Егер блокноттың жаңа құны 2АЕК-тен асатын болса, онда мынадай жазбалар жазылады:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

811

206

кұнды есептен шығару

811

633

ҚҚС сомасына

Соңғы кезде өнiмдi жарнамалаудың тағы да бiр әдiсi әйгiлi болды.

3. Кәсiпорын фирмалық белгiсi бар киiм тiгедi. Және де, шарт бойынша киiмнiң бiр тобын сатушыға жiбере отырып тағы да жиырма киiмнiң жарнамалық өнiм ретiнде тегiн жiбередi. Бұл әжептеуiр пайдалы, өйткенi Салық кодексiнiң 3 тармағына сәйкес бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатқа беру не сыйлау ҚҚС бойынша салық салынатын айналым болып табылмайды. Салық кодексiнiң осы ережесiн пайдалана отырып тағы да көбiрек өнiм сыйлауға болады. Мұндай өнiмдi жарнама деп санауға бола ма деген сұрақ туындайды. Осы өнiмдi шығаратын жүк құжат  немесе қабылдау беру актi-сi бойынша жарнама таратушыға тауарды беру фактiсi, бiздiң ойымызша, жарнама болып табылады, өйткенi бұл арада екi тарап бар: ол жарнама берушi мен жарнама таратушы. Сатушы үшiн мұндай беру не сыйлау табыс болып табылады. Ал егер тауарды, бiздің жағдайымызда бiр дана киiмдi, есептен шығаруға тiкелей тауарды тұтынушыға жарнама ретiнде қарайтын болсақ онда бұл жарнамалық өнiм емес, бұл тұтыну болып табылады. Бәлкiм мұндай бір әдiсi өтеусiз беру ретiнде қарау әдiлiрек болар едi. Онда Салық кодексiнiң 237 — бабының 2 тармағына сәйкес тауарларды өтеусiз беруге ҚҚС салынады. Ал өтеусiз беру жөнiндегi шығындарды қалай шегерiмге жатқызуға болады?

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

4. Жарнама берушi компания жарнамалық акцияларды өткiзу үшiн тауарлардың өз дистрибюторларына бередi. Бұл жағдайда фирманың жарнама өнiмдi (сынама түрiнде) беруi жарнамалық мақсатта тарату үшiн ақы төленбей жүргiзiледi.

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

206, 222

727

алынған тауардың сомасына

811

206, 222

тұтынушыға жарнаманы берген кезде

Дистрибьютерден тауарларды өз мақсатына пайдалануды растайтын құжаттар ұсыну фактiсi бойынша жарнама берушi — компанияда:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

821

206, 222

дистрибьютерге берiлетiн тауарлар (сынамалар) сомасына

Аталған жарнамалық акция басқа әдiспен-тапсыру шарты бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда дистрибюторде

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

002

 

алынган тауардың сомасына

Жарнама берушi — компанияда:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

811

206

дистрибьюторге берiлген тауарлар (сынамалар) сомасына

Егер сатүшы бөтен тауарды жарнамалаушы-таратушы ретiнде әрекет жасаған жағдайда, тауарды беру бiздiң пiкiрiмiзше шегерiмге жатқызыла алмайды және ондай беру ҚҚС бойынша салық салынатын айналым болып табылады. Бұл жағдайда «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодекстiң 104 және 236—баптарын басшылыққа алған жөн.

 

 

5. Тауарларды жарнамалау кейде сату орындарында жүргiзiледi. Сондықтан тауар жарнама ретiнде дүкендердiң жайма сөрелерiне, сөрелерге, жаймаларға қойылады. Бұл жағдайда осы жарнамалық тауар акт бойынша есептен шығарылып, тауар сомасы кәсiпорынның шегерiмiне жатқызылуға тиiс. ҚҚС бойынша салық салынатын айналым, егер өнiм бiрлiгiнiң құны 2 АЕК-тен асса, туындауы мүмкiн.

Өнiмдi жарнамалаудың соңғы кезде әжептеуiр әйгiлi болып жүрген тағы бiр әдiсi бар. Супермаркетке кiрген кезде көпшiлiгiміз қандай да болсын бiр фирма өз өнiмiн сатуды ұулғайту мақсатында сатып алушыларға жарнамалық акцияға қатысуды ұсынатынын көрiп жүрмiз.

 

6. Егер сатып алушының фирманың сатып алынған 5 бөтелке сусынынан 5 заттаңба әкелсе, онда ол жүлде алады. Мұндай әдiс жақсы жұмыс iстейдi, сатып алушы жүлде алады, сатушыда сату көлемi ұлғаяды. Сигарет өткiзушi компания ойын өткiзедi: егер олардың өнiмдерiн тұтынүшы сигареттiң 3 қорабын әкелсе, онда ол оттық және т.б. ұта алады

Екi жағдайда да таратылатын жүлделер, жарнамалық мақсатарда таратылғанымен, жарнамалық өнiм болып табылмайды. Мысалдарда келтiрiлген жарнамалық акцияларды ойын ретiнде, ал ойын нәтижесiнде алынған  жүлделердi ұтыс ретiнде бағалау керек. Бұл жағдайда ұтыс сомасына 146-баптың 2 — тармағындағы ставка бойынша — 15% мөлшерiнде салық салынуға тиiс  Бухгалтерлiк есеп бойынша бұл былайша көрiнiс табады:

Д-к

К-т

Операцияның мазмұны

222

671

жүлде ретiнде тауар сатып алынған

331

671

өтелетiн ҚҚС

222

331

берiлетiн жүлденiң құнына ҚҚС

821 /ш

222

жүлденi есептеп шығару

821/ш

634

табыс салығы 15%

 

 

 

 

 

3 БӨЛIМ. КӘСIПОРЫНДАРЫ ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ЦИКІЛІНІҢ АУДИТI  

                   МЕН  КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

 

    3.1 Кәсiпорын жұмысын бақылау қажетілігі.

Кәсiпорында аудиторлық тексеру мақсаты — ол, кәсiпорын шаруашылығы туралы құралған мәлiметтiң дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтiп басқару барысында қолданылатын мәлiметтiң шындығын, дұрыстығын қамтамассыз. Сонымен қатар кәсiпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде бiздiң елiмiзде есеп саясатының орындалуына немесе өзгерiс болса, оның себебiн орынды немесе орынсыз екенiне аудиторлықк анықтама жасау. Тексеру (аудит) тобы өзiнiң iрi мақсатын iске асыру үшiн жүйелi түрде бухгалтерлiк есеп жұмысына, iшкi бақылау жұмысына үздiксiз тексеру жүргiзiп отырады.

Тексеру қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, ақпарат құрылымын, бухгалтерлiк есеп жұмысын ғана тексерiп қана қоймай  басқа да көптеген  экономикалық қызметтер көрсетедi. Олар шаруашылық субъектiлерiнiң кәсiпкершiлiктерiне экономикалық талдау жасап, оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгiлеу, маркетинг зерттеуiн жүргiзу, басқа жұмысына түсiнiктеме беру тағы басқа  сол сияқты қызметтер. Яғни, iшкi тексеру тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетедi. Сонымен қатар,  iшкi тексеру торабы сол кәсiпорын құрылымының бiр бөлiмi болып саналады.

Кәсiпорын шаруашылығында аудит тобы iшкi бақылаушы болып қана қоймай ол есеп саясатының орындалуын бақылап баға берiп отыратын сарапшы ролiн атқарады.

Iшкi тексеру кәсiпорын саласына басқарушылық жұмысын жүргiзуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған «Ереже» талабына сәйкәс жүргiзiледi. Аудит ережесiнде оның құрылымы аудитордың қызметкерлiк аудит стандарты құжаттары, тексеру ережесi, әдiстемелiк жұмысының жағдайына байланысты болады.

Iшкi тексеру өз кезегінде «контракт» келісім-шарты мiндетiн атқарып отырады. Себебi, ол iшкi тексеру тобының бiр жағынан кәсiпорын басшыларының құқы мен мiндетi анықталған. Осы iшкi тексеру жағдайында оның негiзгi мақсаты, жұмыс көлемi, iшкi бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершiлiгi белгiленген.

«Восход» ААҚ АФ-да негiзiнен iшкi аудит қызметі жүзеге аскан. Iшкi аудит ережесiн дайындауға акционерлiк қоғамның жауапты қызметкерлерi қатысады. Бiрiншiден өндiрiстiк директоры, бас бухгалтер және оның көмекшiсi, бас инжинер, бас технолог тексеру комиссиясының бастығы.

Ішкi аудит тобының тәуелсiздiгiн тексеру комиссиясының және директордың нақты келiсiм, билiк жасап, оның құқы мен өкiлдiгiн анықтап бекiтумен кепiлдiк алады.

«Восход» ААҚ АФ-да тексерудiң негiзгi объектiсi болып — қаржы ақпараты өндiрiс процесi және компьютер жүйесi. Себебi, кәсiпорынның негiзгi шығындары осы көрсетiлген  шаруашылыққа тиiстi. Оның iшiнде өндiрiс барысының шығыны, әсiресе материал шығыны, өндiрiс қызметкерлеріне  еңбек ақы шығыны, табиғи және өндiрiстiк қосалқы шығын, iшкi аудитi және басқа да қызметтердi ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсiпорын және олардың басшысы үшiн арнайы тексеру немесе iшкi бақылау барысын ұйымдастыру аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет.

Жалпы аудит жан-жак көптеген  бак және тексеру к атк мiндеттi. iшкi тексеру, тексеру жасаумен катар барлық бухгалтерлiк к д’трыс жазылуын, екiмшiлiк тертiптiң орындалуын, кабылданган директивтiк шешiмнiң және кәсiпорын бойынша шыгарылган буйрыктың орындалуын кадагалап тексерiп отыруга мiндеттi. Осымен к тугелдеу процесiн жургiзу және оның нәтижесiн глыгарып баскврүшыльж мелiметiн талдау арк жалпы шаруашылык даму жолын карастырады.

Тексеру, яғни iшкi аудит алдымен жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның iшiнде шаруашылық iс әрекеттерiне оперативтiк, жедел бақылау — тексерудi жетiлдiру, әсiресе сату барысы, өндiрiс шығыны көзiн қарастыру мәселелерiмен айналысады.

Негiзiнде аудиттiң мақсаты мен мiндетi оның құрылымы және iшкi тексеру тобының құрамы тапсырушы кәсiпорынның талабына сәйкес анықталады.

Тексеру тобы кәсiпорынның және филиалдарының қаржылық акпаратын нақты,  жүйенi тексерiп отырады. Олар, сол кәсіпорыннның құрамында  және еңбеқақыны сол жерден алып отырғандықтан өзiнiң қызметі мен кәсiпорын сенiмiн ақталауға мiндеттi. Ішкi тексеру қызметi, оның берген кеңесi, ұсынысы кәсiпорынның қаржылық жағдайының, кәсiпкерлiгiнiң тұрактылығын, тиянақтылығын қамтамасыз етедi.

Тексеру қызметi өз қызметін талапқа сай орындап, оның ролiн көтеру үшiн ол тек қана кәсiпорынның басшылық талабына сай қызмет жасауға мiндеттi.

Кәсiпорынның iшкi аудитi жалпы үлкен көлемдi қызмет атқарады. Оның iшiнде кәсiпорын мүлкiн тиiмдi пайдалануды тексеру, жұмысшылар күнiн, еңбекақы төлемiнiң тиiмдiлiгiн бақылау. Сонымен қатар iшкi аудит жұмысы өндiрiс шығынын және дайын өнiмдi сату процесiн тексеру. Материалдық және еңбек шығындарына талдау жасап, оның тиiмдi, орынды болғанын анықтап, тозу сомасы және сату, басқалар бойынша шығындарын есептеу, оның шығысқа шығарылу есебiнiң дұрыстығын тексередi. Бұл тексерулер «Восход» ААҚ АФ-ның экономикасында ерекше орын алады, себебi, жоғарыда аталған шығындар өндiрiс өнiмiнiң өзiндiк құнының  негiзiн қалайтын элементтер. Олардың дұрыс есептелуiн тексеру арқылы өндiрiс өнiмiнiң өзiндiк құнының дұрыс анықталғанын, оны сату бағасымен салыстыру арқылы пайда сомасының мөлшерiн дұрыс анықтауға болады. Сондықтан да аудит туралы басылымдарда, ғылыми зерттеулерде iшкi тексеру — негiзiнде оперативтiк iшкi бақылау тексеру деп тегiн айтпаса керек. Өйткенi тек қана iшкi бақылау, тексеру арқылы өндiрiс шығынына нақты өндiрiс саласында бақылау жүргiзiлiп, iс жүзiнде тексеру жасап жауапкершiлiгi мамандарға тiкелей үкiм беріледі және жiберiлген кемшiлiктер оперативтiк түрде түзетiледi. Содан кейiн әрбiр өндiрiс бөлiмiнiң басшысына, өндiрiс шығынының дұрыс есептелуiне жауапкершiлiк бекiтiледi.

Кәсiпорынның iшкi тексеру қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушылармен есеп айырысу, бөлек операциялары, қаржы, салық,  әлеуметтiк

Қамсыздандыру мекемелерiмен, дебиторлармен, кредиторлармен есептесу процесi тексерiледi. Осы орайда құнды қағаз әрекеттерiнiң ерекше дамуына сәйкес iшкi аудит қызметiнде құнды қағаз биржасындағы оның бағасының толқуы соған сәйкес құнды қағаз пакетiн сатып алу немесе сату барысына жүйелi бақылау жасап, кәсiпкерге өзiнiң ұсынысын жасап отырады. Бұл өз бетiнше ерекше экономикалық iзденiс болып табылады.

Әрине, кәсiпорындағы iшкi тексерудiң күнделiктi жұмысы — ол кәсiпорындағы бухгалтерлiк есептiң ұйымдастыруын, күнделiктi дұрыс жүргiзiлуiн, материалдармен және мамандармен қамтамассыз етуiн бақылап  тексерiп отыру.

Тексерудiң жаңа бiр ағымы ол, кәсiпорында басқару жұмысының құндылығын, тиiмдiлiгiн анықтау. Осы тұрғыдан кәсiпорынның басқару жүйесi, қызметкерлердiң мiндетiн бөлу, олардың жауапкершiлiгiне талдау жасап, басқару құрылымын жақсарту, жетiлдiру мақсатымен өздерiнiң ұсынысын жасайды.

Қоғамның тексеру қызметі кәсiпорын шаруашылығын жан-жақты түгел қамтиды. Өндiрiстiк бригада, цех, жеке бөлiмдер шаруашылығынан бастап олардың мемлекет заңын, нормативтiк құжаттар талабын қалай  орындалатынына бақылау жасап, өндiрiс технологиясына талдау жасайды. Сондықтан да iшкi аудиттi бақылау, тексеру барысында кәсiпорын шаруашылығындағы қандай толқу өзгерiстер болса да уақтылы анықталып, оның түзелту немесе өзгерiс енгiзу жолдары қарастырылады. Соның нәтижесiнде кәсiпорын шаруашылық — қаржылық жағдайын жақсартуға арналған, оған есер тигiзетiн факторларды пайдалану жолы қарастырылады.

Тексеру қызметі күнделiктi жүйелi жұмыс жүргiзу нәтижесiнде кәсiпорын басшыларына, тапсырушыларға кәсiпорын қызметiн басқаруға өндiрiс барысының тиiмдiлiгiн арттыруға қажетті анықтамалармен, мәлiметтер мен қамтамасыз етедi.

 

   3.2 Өнiмдi өткiзумен байланысты сауда шығындарын тексеру

Аудиттiң негiзгi мақсаты шаруашылық субъектiсiнiң бухгалтерлiк есебiн тексеру болғандықтан, оның мәлiмет негiзi — бухгалтерлiк есеп және топталған мазмұндағы қортынды есебi болады. Осы орайда мәлiмет көзi ретiнде есеп кестелерi ерекше орын алады, себебi, қандай есеп болса да есеп көрсеткiштерi есеп жасау үшiн есеп кестелерi арқылы бiр жүйеге келтiрiледi.

Есеп берудегi элементердің бiрi болып, қаржылық көрсеткiшпен тiкелей байланысты шығындар. Шығындар — дегенiмiз — бұл активтердiң азайып, мiндеттемелердiң көбеюi. Сәйкес шығындарды қалыптастырмай,  кәсiпорын пайда табуы мүмкiн емес. Ал табыс таппай, кәсiпорынның дамуы мүмкiн емес.

Мына шығындар бойынша шығындар анықталады, меншiкті басқарумен байланысты, тауарлы -материалдық қорларды сатумен байланысты орындалған жұмыс және көрсетiлген қызметіне байланысты зияндар.

Шығындардың жалпы көлемi бойынша маңызды рольдi өндiрiс пен сату шығындары алады. Сату шығындарына:

  • сауда бөлiмi жұмысшыларының еңбекақы аударымдары, мүлiктi сақтандыру бойынша шығындар, iс-сапар шығындары негiзгi құралды қамтамассыз ету бойынша амортизациялық аударымдар мен шығындар;
  • өнiмдi орау және станцияға дейiн тиеу, жөнелту шығындары комиссиондық аударымдар, тауарларды қоймада сақтау шығындары;
  • жарнаманы көрмелердi, ярмаркаларды ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады;

Аудитор алдымен кәсiпорынның тексеруiн бастамас бұрын, оның есеп саясатымен танысады.

Сату шығындарының есебi бойынша тексеру жүргiзе отырып, аудитор есеп саясатында мына төмендегiлердi қарастыру керек:

  • шығындар әдiсiнiң тұрақтылығын және олардың нормативтi құжаттарға сәйкестiгiн;
  • есептi кезең бойынша шығындардың дұрыстығын;
  • сату шығындарының дұрыс есептелуiн;
  • амортизаңиялық аударымдарды дұрыс есептеудi;
  • обьекттер бойынша шығын соммаларының дұрыс бөлiнуiн;

 

 

 

 

Сату бойынша операцияларды және iшкi шаруашылық

жағдайларды тексеру, жалпы мақсаттар

3.2.2 — кесте.

Iшкi шаруашылық тексерудiң максаттары

Шешушi iшкi шаруашылық тексеру жағдайлары

Бақылау жағдайларының тесттерiн жалпылау

Маңыздылығы бойынша шаруашылық операцияларды тексеруді жалпылау

Есептелген сату көлемi нақты клиентке, нақты өтемдi (жеткiзудi) көрсетедi.

Есептелген сату көлемi, клиенттердiң тапсырысы бойынша расталған транспорттық  құжаттары арқылы анықталады.

Сату бойынша счет — фактуралардың көшiрмелерiн тексеру.

Сату журналдарын, бас кiтапты және дебиторлық қарыздар бойынша талдамалық ведомостi (iрі және ерекше сомалар бойынша) тексеру.

 

Шамамен номерленген счет — фактуралар бойынша есеп жүзеге асырылады.

Счет — фактүралардың дәл нөмерленгендiгiн тексеру.

Регистрлар мен счет- фактуралардың көшiрмесiн, транспорттық  құжатардағы жазбаларды салыстыру.

 

Ай сайын клиентке есеп берулермен салыстырылған өзара есеп айырысулар мен счеттардың төлеуi қажеттiлiгiнiң түсiнiктемесi жiберiледi.

Есеп берулердiң жiберiлгендiгi мен өзара есеп айырысулардың салыстырғандығын қадағалау.

Транспорттық құжаттар мен ТМҚ-ның жөнелтуi бойынша күнделiктi есептегi берiлгендердi салыстыру. Сату журналдарындағы тапсырыстар мен рұқсаттардың жазбаларын тексеру.

Сату операциялары  бойынша рұқсаттардың нақты сәйкестiгiн тексеру.

Сәйкес процедураларда  нақты немесе жалпы рұқсат  3 негiзгi жағдай  бойынша көрсетiлу керек анықтау;

3 негiзгi жағдай бойынша нақты құжаттарды тексеру.

Талдамалы ведомосттің, кредиттік айналымын, дебиторлық нақты көздерi бойынша салыстытру.

 

Кепiлдiк беру; Тауарларды жөнелту. Шарттар мен бағаларды анықтау;

 

Сату бойынша счет фактуралардағы бағаларды келiсiлген баға тiзiмдерi немесе келiсiм шарттағы бағалармен салыстыру.

Сату операцияларының көрсетiлуiнiң толықтығын тексеру 

Транспорттық құжаттар номерленген және олар бойынша сәйкес есеп жүргiзiледi.

Транспорттық құжаттардың номерлерiнiң сәйкестiгiн тексеру.

Транспорттық құжаттар- бойынша жазбаларды счет фактуралары берiлгендер және сату журналындағы, ведомосттағы берiлгендер бойынша салыстыру.

 

 

Номерленген счет- фактуралар және олар бойынша сәйкес есептер жүргiзiледi.

Счет-фактуралардың номерлердiң сәйкәстiгiн тексеру.

 

Жiберiлген тауар сомалары мен тiркелген сомаларды тексеру.

Тәуелсiз тұлғамен дайындалған счет- фактураның тiркелуiн тексеру.

Ішкi шаруашылық бақылаудан құжаттың жалғандығын тексеруi.

Счет-фактуралар бойынша қайта есептеу. Счет-фактураларды жазбаларды сату журналындағы жазбалармен салыстыру.

 

Операциялардың дұрыстығын тексеру.

Счеттар жоспарын қолдану

Счеттар жоспарларының дәлдiгiн тексеру

Әр жағдай бойынша счет фактурадағы жағдайларды транспорттық құжат берiлгендерiмен, клиент тапсырмаларымен және тiзiмдерiмен салыстыру

 

Ішкi шаруашылық қадағалау мен растау.

Сәйкәс құжаттардағы iшкi шаруашылық операцияларды тексеру.

Категория бойынша шаруашылық операциялардың дұрыс бөлiнуiн растайтын құжаттарды тексеру.

Операциялардың уақтында тiркелуiн тексеру.

Көрсетудi талап ететiн процедуралар, оларды орындағаннан кейiнгi уақыт аралығында тез арада тiркеу керек.

Кез-келген уақытта нақты көрсетiлмеген операциялар мен фактураланбаған құжаттарды тексеру.

Сату операциялары  бойынша тіркелген мерзiмдердi, транспорттық құжат мерзiмдерiмен салыстыру.

 

 

Құжаттардағы тексерудi жүзеге асырылғандығы туралы белгiлердiң нақтылығын тексеру

 

Қосымша жазбалардағы операциялардың дұрыс көрсетiлуiн тексеру (соммалау мен жалпылау).

Сату бойынша журналға және дебиторлық қарыздар ведомостiне енгiзiлген жазбалардағы мiндеттемелердiң бөлiнуi.

Процедураларды         қадағалау.

Журналдағы белгілерді қортындылау және олардың Бас кiтапқа дебиторлық қарыз журналына көшiрілуiн қадағалау.

 

Клиентке ай сайын есеп берудi жөнелту.

Клиентке есеп берудiң жөнелтуiн қадағалау.

 

 

Iшкi шаруашылықты тексеру

Тексерудiң iшкi шаруашылық жүйесiнiң нақтылығын тексеру.

 

 

Шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есеп жүйесiн және оларға қатысты тексеру процедураларын қарастыра отырып, аудитор, бiрiншi кезекте кәсiпорын шығындарының тiркелгендiгiне, жалпы соммасына көңiл бөледi. Тексерудің мақсаты — құжат айналымының толық дәлдiгi.

Iшкi аудиттiң әр жүйесiне сәйкес бақылау жағдайларының тесттерi құрылған.

3.2.2-шi кестеге көңіл аударатын болса кестедегi бақылау жағдайының тестi iшкi аудитпен тiкелей байланысты.

Маңыздылығы бойынша шаруашылық операцияларын тексеру

Маңыздылығы бойынша шарушылық операцияларды тексеруге қатысты шешiмдердi қабылдағанда, әрбiр аудиттiң белгiлi бiр процедуралары қолданылады.

3.2.2 — кестеде маңыздылығы бойынша тексеру, бiріншi бағанадағы берiлгендердiң мақсаттарымен байланысты. Бұл кестедегi мақсаттарға қатысты берiлген шаруашылық операциялардағы ақшалай ауытқуларды анықтау үшiн ұйымдастырылған.

3.2.2- кестедегi бағаналардың өзара байланысытылығын түсiну қажет. Бiрiншi бағанада iшкi шаруашылық тексеру мен шаруашылық операцияларды тексерудiң мақсаты көрсетiлген. Кез-келген шаруашылық операциялар үшiн мақсаты бiрдей, бiрақ сату циклi немесе шаруашылық операцияның басқа түрi үшiн нақты мақсаттар түрлi болуы мүмкiн. Екiншi бағанада iшкi аудитттiң әр мақсаты үшiн iшкi шаруашылық тексеру жағдайларының мысалы келтiрiлген. Кез-келген тексеру жағдайлары бiр немесе одан да көп мақсатқа байланысты болған маңызды әдетте тексеру тесттерi үшiншi бағанада iшкi шаруашылық тексеру жүйесiнiң берiлгендерiмен байланысты. Ал төртiншi бағанада, маңыздылығы бойынша шаруашылық операциялар бiрiншi бағанадағы көзделген мақсаты жүзеге асырылғандығы туралы аудиторлық куәландырулар көрсетiледi.

3.2.2-шi кестенiң құрамындағы акпараттар берiлген нақты жағдайлардағы мақсатқа жету үшiн, аудиторларға аудиторлық бағдараламалар құруға көмектеседi.

Берiлген нақты жағдайларға бiршама жақын аудит процедуралары құрылғаннан соң, олар орындалуы тиiс.

Өнiмдi (қызметті , жұмысты) өткiзумен байланысты шығындардың аудиторлық процедуралары:

1) Бастапқы құжаттардағы сомалар мен келiсiм шарттағы сомаларды салыстыру. 811 счет бойынша шығындардың дұрыс және өз уақтында көрсетiлуi.

2) Өнiмдi (қызметтi, жұмысты) сату бойынша шығындардың уақтында және дұрыс көрсетiлуiн тексеру;

3) Сатып алушылардың келiсiм — шарттарында көрсетiлген өнiмдi жөнелту тәртiбiмен танысу;

4) Экспорттық немесе импорттық операцияларды жасау кезiндегi сату шығындарының шетелдiк валюта бойынша, есепте дұрыс көрсетiлуiн тексеру.

5) Тауарды (қызметтi, жұмысты) сату көлемiнен құн салығын, акциз салығын және басқа да салықтардың дұрыс есептелуiн тексеру.

6) Өнiмдi (қызметтi, жұмысты) сату бойынша қаржылық нәтиженi анықтаудың дұрыстығын тексеру («Дайын өнiм», «Тауарлар», «Жолдағы тауарлар», «Шығындар», «Өнiмнiң өзiндiк құны» және басқа да бөлiмшелердiң тексеру барысында қолдану).

Маңыздылығы бойынша сауда операцияларын тексеру қажеттiлiгi және сату циклындағы сәйкес процедуралар, айтарлықтай күрделi мiндеттердiң бiрi болып табылады. Маңыздылығы бойынша тексеру 3.2.2 кестедегi көрсетiлген мәлiметтер арқылы талданады.

Есептелген сату көлемiнiң орны шындығында да қалыптасқан. Бұл мақсат бойынша, аудиторды 2 түрлi ауытқудың пайда болуы толғандыруы мүмкiн: 1) журналда шын мәнiсiнде жүзеге аспаған сату көлемi тiркелуi мүмкiн немесе клиен ойдан шығарып тiркеуi мүмкiн. )Әдетте аудитор iшкi шаруашылық тексеруде, тексерудiң әлсiз жақтары көрiнген кезде «сату циклiн» тереңiнен тексередi. Сондықтан да берiлген жағдайда тексеру сипаты «Әлсiз жақтардың» көрiнуiне байланысты. Аудитор кемшiлiктердi шығара отырып, сату журналындағы жазбалар мен басқа да куәландыратын құжаттардағы жазбаларды салыстырады. Тағы бiр жалған операцияларды аудиторлаудың тиiмдi әдiсi, талдамалық есептегi дебиторлық қарыздардың бастапқы құжаттарындағы жазбалармен салыстыру. Егер де дебиторлық қарыз бойынша пайда түссе немесе оларға қатысты тауарлар қайтарылса онда бастағы сату процесi шын мәнiнде болған. Егер де ондағы сомалар күдiктi қарыздар ретiнде есептен шығарылса немесе аудит жүргiзу кезiнде әдеттегiнше бұл сомалар теленбесе, онда транспорттық құжаттар мен клиент тапсырыстарын қарастыра отырып, тереңiрек тексеру жүргiзу қажет.

Әдетте сату операциялары бойынша аудиторлық тексеру жүргiзген кезде, тауарлардың (қызметтердiң, жұмыстардың) бағалары немесе құндары маңызды орын алады. Мұндай жағдайда аудитор жолдағы жәнелтiлген тауарлар құны мен құжаттардағы тауар бағаларын салыстыру арқылы iсiн жүзеге асырады.

Iшкi тексерудегi тиiмді бағалаудың негiзгi мақсаты — тауарды (қызметтi, жұмысты) сату кезiндегi аудиторлық тексерудiң қорытынды бағдарламаларын өндеу. Бұл мақсат бойынша аудитордың iшкi аудит барысында төмендегiдей сауалнама құру арқылы ақпарат жинауына болады:

 

Өнiмдi (қызметтi, жұмысты) және басқа да сату бойынша iшкi аудиттi бағалау үшiн арналған сауалнама.

3.2.3-шi кесте.

 

Тестілеудiң сұрақтары мен бағыттары

Жауаптар

Ескерту

Жауап жоқ

ия

жоқ

1

Персоналдармен есеп айырысу бойынша тауарды сату қадағалана ма?

 

 

 

 

2

Нақты өнiмдi сату кезiндегi счет фактуралар саны шектеулi ме?

 

 

 

 

3

Нөмерленген транспорттық накладнойлар немесе жөнелту мен байланысты басқа да құжаттар толтырылады ма?

 

 

 

 

4

Толык сату бойынша счет-фактура бланкiлерi номерленген бе?

 

 

 

 

5

Әр счет-фактура номерлерi тексерiле ме?

 

 

 

 

6

Транспорттық накладнойлардың номерлерi тексерiле ме?

 

 

 

 

7

Келiсулер, келiсiм шартгар бойынша сату мерзiмi мен сату бағалары негiзделе ме?

 

 

 

 

8

Өзiндiк құннан төмен сату құны бекiтiле ме?

 

 

 

 

9

Жөнелтiлген тауарлар көлемi мен счет фактурадағы берiлгендер салыстырыла  ма?

 

 

 

 

10

Тауарлы құжаттар, оның iшiнде тауарлардың жалпы сомасы, тауар көлемi, бағасы тексерiле ме?

 

 

 

 

11

Өнiмдi (қызметті, жұмысты) сату бойынша бастапқы талдамалық және синтетикалық есептердегi берiлгендердiң сәйкестiгi тексерiле ме?

 

 

 

 

12

Дайын өнiм және оларды сату бойынша жiктелу бар ма?

 

 

 

 

13

Өнiмдi (қызметті, жұмысты) сату бойынша есеп саясаты бар ма?

 

 

 

 

14

Счет-фактураларда тауарларды жәнелткен күн тiркеле ме?

 

 

 

 

Аудитор өзiнiң жұмысын жүзеге асыру барысында № 11,14 журнал ордерлерiнiң және ведомосттардың дұрыстығын тексеру керек.

Жоғарыда аталған құжаттардың барлығы бiр-бiрiмен байланысты, сондықтан да олар бойынша жөнелтiлген тауарлардың өзiндiк құны толық және уақтында көрсетiлуiн, өзiндiк құнының дұрыс есептелуiн, коммерциялық шығындардың дұрыстығы мен құрамын, өнiмнiң және қызметтің, жұмыстың әр түрi бойынша сату кезiндегi қаржылық нәтижелердiң дұрыстығын тексерiп, оларды салыстыру керек.

Тексерудiң қортынды кезеңiнде өнiмдi (қызметті, жұмысты) сату бойынша талдамалық есептiң берiлгендерi мен синтетикалық есеп берiлгендерiнiң сәйкестiгiн аудитор қарастырады. (Бас кiтап пен журнал ордерлердегi сомалардың сәйкестiгiн).

Аудитор аудиторлық тексеру нәтижесi туралы аудитор есебiн жасайды. Оны тапсырушыға аудит белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өткiзуi қажет. «Восход» ААҚ АФ-ның ревизиялық тексеруi бiткеннен кейiн акционерлiк қоғамның құрылтай жиналысында тексеру нәтижесi талқыланады.

Аудитор қортындысында аудитор тексеруiнiң жалпы көлемi, мазмұны келтiрiлiп, оның құқылық жағы Қазақстан стандартына сүйене отырып жүргiзiлетiндiгi көрсетiледi. Қорытындыда келтiрілген мәлiмет қаржы есебiнде жiберiлген қате немесе кемшiлiктердi бөлу мүмкiндiгiн, аудит күдiгi қандай мөлшерде зиянды болатынын қарастырады. Аудитор қорытындысында сонымен қатар субъектiнiң қаржы есебiнiң дұрыстығын, оның мемлекет заңына, нормативтiк құжаттар талабына сәйкес жасалғанын көрсетедi.

Сонымен қатар аудитор кәсiпорынның қаржылық жағдайы туралы өз пiкiрiн ұсынады.

Қорытынды бойынша жалпы аудитор өз ойын толық ұсынып, кемшiлiктерiмен кәсiпорын ерекшелiктерiн көрсетедi.

 

3.3 Кәсiпорындағы өндiрiс пен сауда операцияларын талдау, олармен  

      байланысты шығындарды тиiмдi пайдалаудың жолдары

Өнiмдi өндiру мен сату көлемi өзара байланысты көрсеткiштер болып табылады.

Кәсiпорындағы өнiмдi өндiру мен сату көлемiнiң өсу қарқыны олардың сапасының жоғарылауы, шығын, пайда көлемiне, тиiмдiлiкке тiкелей әсер етедi. Сондықтан да берiлген көрсеткiштердi талдаудың маңызы зор.

Өнiмдi өндiру мен сатуды талдау кезiнде негiзгi ақпарат көздерi болып, кәсiпорынның жоспарлы-кестелерi, №1 1-п формасындағы (жылдық) есеп беру «өнiм бойынша есеп беру», №1 1-п (тоқсандық) формасындағы «Тауардың әр түрi бойынша есеп беру», №2 формасындағы «Табыстар мен шығыстар туралы есеп беру!, №16 ведомость «Дайын өнiмнiң қозғалысы оларды жөнелту мен сату» және т.б. табылады.

Өндiрiстiк өнiмдi сату мен өндiру көлемi натуралды, шартты — натуралды , еңбектiк және құндық түрде көрiнуi мүмкін өндiрiлген өнiм көлемiнiң жалпылама көрсеткiштерi құндық бағасының көлемiмен алынады. Өндiрiс көлемiнiң негiзгi көрсеткiштерi тауарлық және жалпы өнiм

Жалпы өнiм — бұл барлық өндiрiлген және қорындалған жұмыстардың құны. Бұл қозғалыстағы және салыстырмалы бағада көрiнедi

Тауарлық өнiм — бұл жалпы өнiмнен ерекшелiгi , оның құрамына аяқталмаған өндiрiс қалдықтары мен iшкi шаруашылық айналым кiрмейдi.

Көптеген  кәсiпорындарда жалпы өнiмнiң құрамында iшкi шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндiрiс, болмаса, онда ол тауарлық өнiммен сәйкес келедi.

Өнiмдi сату көлемi — сатып алушыға өнiмдi жөнелтуi бойынша анықталады. Ол салыстырмалы, жоспарлы қозғалыстағы бағалар бойынша көрiнулерi мүмкiн. Өнімді сату өндiрiс пен тұтынушының байланыстырушысы болып табылады

Өнiмдi сату мен өндiру көлемiнiң негiзгi ақпарат көзi болып №1-п «Өнiмдi (қызметті, жұмысты) өндiру мен жөнелту» формасы болып табылады. Өнiмдi өндiру мен сатуды «Восход» АҚ-ның 2004-2006 жылғы мәлiметтерiне қарап талдау жасауға болады.

Өнiмдi өндiру мен өнiмдi сату. 2005 жыл.

 3.3.1 -кесте

 

Көрсеткiштер

 

Өткен жылдың

нақты орындалуы

(2002)

Есептi  кезең (2003)

 

Жоспардың

Орындалуы

жоспар

нақты

о/о

Абсо-люттік

А

1

2

3

4

5

1.Тауарлықөнім көлемi

 

 

 

 

 

-қозғалыстағы бағалар

7646,0

2373,0

2373,0

100,0

0

-салыстырмалы

бағада

126669,0

2373,0

2373,0

100,0

0

2.Өнімді сату көлемі:

 

 

 

 

 

 

-қозғалыстағы бағалар

42333

18482,0

18482,0

100,0

0

-салыстырмалы бағалар

42333

18482,0

18482,0

100,0

0

 

3.3. 1 кестенiң мелiметтерi бойынша мынадай қорытынды жасауға болады. Кәсiпорын есептi кезеңде (2003ж) тауарды 2373,0 мың тенге көлемiнде (қозғалыстағы бойынша) өндiрдi, ал сату көлемi 18482,0 тенге көлемiнде жүргiзiлген. Жоспардың орындалуы 100%-ке тең, ешқандай ауытқу байқалып отырған жоқ өйткенi кәсiпорын тауар өндiрiсiн тек келiсiм шарт арқылы ғана жургiзедi. Яғни клиент қанша көлемде тапсырыс берсе, кәсiпорын сонша көлемде тауар өндiрiп, сонша көлемде шығын жұмсап, пайда табады. Өткен жылмен салыстырғанда, есептi жылы (2003ж) тауарлық өнiм көлемi қозғалыстағы баға бойынша — 5273,0 мың теңгеге, (2003ж- 2002) ал сату көлемi — 13851,0 мың теңгеге, салыстырмалы бағада есептi жылы (2003ж) тауарлық өнiм көлемi — 10296,0 теңгеге, өнiмдi сату көлемi — 5273,0 мың теңгеге азайған.

Яғни есептi жылы тауарлық өндiру 31%-ке, ал өнiмдi сату 43 %-ке азайған. Мұның себебi есептi жылы (2003ж) тауар өндiруге тапсырыс аз көлемде болған.

3.3.2 кесте.

         Тауар өндiру және өнiмдi сату

 

Көрсеткіштер

өткен

жылдың

нақты

мәiметi

Есептi кезең

(2004)

Жосапардың орындалуы

жоспар

нақты

%

 

Абсолюттік

ауытқу

А

1

2

3

4

5

1.Тауардың өнім көлемі

 

 

 

 

 

-қозғалыстағы бағаларда

2373,0

69819,0

69819,0

100,0

0

-салыстырмалы

бағаларда

2373,0

71348,0

71348,0

100,0

0

2.Өнімді сату

көлемі

 

 

 

 

 

 

 

-қозғалыстағы

бағаларда

18482,0

83324,0

83324,0

100,0

0

-салыстырмалы бағаларда

18482,0

83324,0

83324,0

100,0

0

 

3.3.2 кестенің мәлiметтері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады. 2004 жылы тауарды өндiру 2003 жылға қарағанда қозғалыстағы баға бойынша 67446,0 мың теңгеге немесе 29,4%-ке тауарды сату 64842,0 мың теңге немесе 4,5%-ке көбейген. Ал салыстырмалы баға бойынша 2004 жылы тауарды өндiру көлемi 68975,0 мың теңгеге немесе 30%-ке, ал сату көлемi қозғалыстағы бағадағыдай 4,5 %-ке көбейген. Жоспардың орындалуы өндiру бойынша және сату бойынша 100%-ке тең. 2004 жылы тауар өндiрiсi мен тауарды сату көлемiнiң көбею себебi. “Восход” ААҚ АФ осы жылдары тендердi жеңiп, тауарға деген тапсырыстар көп болған.

Өнiмнiң өзiндiк құнын талдау

Кәсiпорынның қызыметін сипаттайтын маңызды көрсеткiштердiң бiрi өнiмнiң ( қызметтің, жұмыстың) өзiндiк өндiрiс кұны болып табылады. Өнiмнiң өзiндiк құнының деңгейiнен кәсiпорынның қаржылық нәтижесi, өндiрiстiң өсуi, шаруашылық субъектiлерiнiң қаржы жағдайына байланысты болады.

Өнiмнiң өзiндiк құны дегенiмiз — сатуға және өнеркәсiптiк өндiрiске кеткен шығындардың ақшалай көрiнiсi.

Өнiмнiң өзiндiк құнын талдауды «Восход» АҚ бойынша мына динамикалық көрсеткiштерден көруге болады.

 

 

 

Өнiмнiң өзiндiк құнының динамикалык көрсеткіші

3.3.3. кестесі

Көрсеткiштер

2004ж

2005ж

2006ж

2004-ден 2005 ге

2006-тен 2005 -ге

2006-тен 2004 ге

+/-

%

+/-

%

+/-

%

1. Қозғалыстары баға бойынша тауарлық өнiм көлемi мың, теңге

7646,0

2373,0

83992,0

-5273

31,0

-81619,0

3539,4

76346,0

1098,5

2.Өнiмнiң өзiндiк құны  мың, теңге

47296

22738

83046,0

-24558

48,0

80772,2

3652,3

3575,0

175,5

3. 1 өнiмге шаққандағы өнiмнiң өзiндiк құны, мың теңге

0,6

0,95

0,988

0,35

158,3

0,03

35,4

0,388

164,6

 

3.3.3 кестенiң көрсеткiштерi бойынша, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда өнiмнiң өзiндiк құны — 2455,8 мын теңгеге (48,0%) кемiдi, ал 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда, өнiмнiң өзiндiк құны +80772,0 теңгеге көбейген. Жалпы алғанда 2004 жылмен 2006 жылдардың аралығында өнiмнiң өзiндiк құнының деңгейі 175,5%-тi құрады.

2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1 өнiмге шақандағы өнiмнiң өзiндiк құны 0,35 мың теңгеге көбейген. Ал 2006 жылы өнiмнiң өзiндiк құны 0,03 мың теңгеге көбейген.

Жалпы алғанда 2006 және 2005 1 жылы 1 өнiмге шаққандағы өнiмнiң өзiндiк құны 0,388 мың теңгеге көбейген. Мұның өзi, яғни өнiмнiң өзiндiк құнының көбеюi кәсiпорынға керi есерiн тигiзедi. Кәсiпорын өзiнiң пайда деңгейiн арттыру үшiн, өнiмнiң өзiндiк құнын төмендеуiне ұмтылу керек

 

 

3.3.4 кесте

ААҚ АФ-сы бойынша 2005-2006 жылдардағы өнiмдi (қызметті ,

жұмысты) сату бойынша шығындары.

 

2004 жыл

2003 жыл

Жыл басындағы ТМҚ:

а) өндiрiстiк материалдар

б) аяқталмаған өндiрiс

в) дайын өнiм, тауарлар

 

32385500

61140

7798336

 

28063293

 

9664475

1 Барлығы

40244976

37727768

Жыл аяғындағы ТМҚ:

а) аяқталмаған өндiрiс

б) өндiрiстiк материалдар

в) дайын өнiм тауарлар

 

115476

31983653

7866438

 

61140

32385500

7798336

2 Барлығы

39965567

40244976

Сатып алынған  материалдар жұмыс пен қызмет оның iшiнде:

а) сатып алынған шикiзат пен материалдар, жартылай фабрикаттар (201-205)

б) әрi қарай сатуға арналған тауарлар (222)

в) отын мен жылу энергиясы (203) г) электроэнергия

д) транспорттық шығындар (волга)

е) байланыс бойынша шығындар

ж) аудиторлық қызмет бойынша шығындар

з) маркетинг бойынша шығындар

и) жалдық төлем шығындары

к) басқа да шығындар

 

 

68914858

668703

433892

1875950

600

503084

137250

2549524

 

 

10310738

1342083

300779

1633651

172961

411884

12003

33634

2186306

3 Барлығы

75255892

16231675

4. Еңбекақы бойынша шығындар

14092711

4211473

5. Сатылған өнiмдердiң (қызметтiк, жұмыстық) өзiндiк құнына кірген басқа да шығындар, оның iшiнде:

1629389

  777502

а) iс-сапар шығындары

б) өкiметтiк шығындар

в) алдағы кезең шығындары  (343)

791914

64865

772610

724733

51220

1549

7. Барлығы (Iжол — 2жол) + 3 -тең 6 жол аралағындағы сомалар

91257401

18703442

8. Жөндеу шығындарының құрамына кiрген, ТМҚ –ның құны

3186771

1849431

9. Кәсiпкерлiк қызмет мақсатында қолданылған ТМҚ құны

257938

74141

10. Өнiмдi (қызметтi, жұмысты) сату бойынша шығындары (7жол—8жол 9жол)

87813022

16779850

 

3.3.5 кесте.

 «Восход» ААҚ АФ-сы бойынша 2004 жылғы өнiмдi (қызметтi,жмысты) сату бойынша шығындар

Жыл басындағы ТМҚ:

а) өндiрiстiк материалдар

б) аяқталмаған өндiрiс

в) дайын өнiм, тауарлар

 

 

38772871

2107032

15925965

1 Барлығы

 

54805868

Жыл аяғындағы ТМҚ:

а) аяқталмаған өндiрiс

б) өндiрiстiк материалдар

в) дайын өнiм тауарлар

 

 

28063293

 

9664,475

2 Барлығы

 

37727768

Сатып алынған  материалдар жұмыс пен қызмет оның iшiнде:

а) сатып алынған шикiзат пен материалдар, жартылай фабрикаттар (201-205)

б) әрi қарай сатуға арналған тауарлар (222)

в) отын мен жылу энергиясы (203) г) электроэнергия

д) транспорттық шығындар (волга)

е) байланыс бойынша шығындар

ж) аудиторлық қызмет бойынша шығындар

з) маркетинг бойынша шығындар

и) жалдық төлем шығындары

к) басқа да шығындар

 

 

 

3989616

4277419

 

79535

1856772

439020

258305

45952

1975268

3 Барлығы

 

12921887

4. Еңбекақы бойынша шығындар

 

7077463

5,6 Сатылған өнiмдердiң (қызметтiк, жұмыстық) өзiндiк құнына кірген басқа да шығындар, оның iшiнде:

 

187526

7. Барлығы (Iжол — 2жол) + 3 -тең 6 жол аралағындағы сомалар

 

37264976

8. Жөндеу шығындарының құрамына кiрген, ТМҚ –ның құны

 

144279

9. Өнiмдi (қызметтi, жұмысты) сату бойынша шығындары (7жол—8жол 9жол)

 

37120697

 

3.3.4 және 3.3.5 кестелердiң көрсеткiштерiн қортындылайтын болсақ өнiмдi ( жұмысты) сату шығындары 2004 жылы 37120697 теңгенi құраған, ал 2005 жылы бұл көрсеткiш 20340847 теңге кемiп, яғни 16779850 теңге құраған ал 2004 жылы бұл шығындар 87813022 теңгеге өскен. Шығындардың өсу себебi алдыңғы жылға қарағанда 2006 жылы өнiмге тапсырыс көп болған.

2005 жылы басқа жылдармен салыстырғанда сату шығындарының кему себебi, осы жылдары тауар өнiмi өте аз өндiрiлген. Демек, сату шығындарының аз жұмсалу себебi де өскен. Ал 2006 жылы кәсiпорын тендердi жеңiп шығып тауар өндiрiсi және сату шығындары соған сәйкес бiрден өскен.

Нарықтық қатынастар мен техникалық прогрестiң дамуы, елiмiздiң экономикасын басқаруда оның iшiнде ақпаратпен қамтамасыз етудiң маңызды кезi болып табылатын бухгалтерлiк есеп жүйесiне жоғары мiндеттерi талап етедi. Есеп құжаттарында көрiнетiн бухгалтерлiк ақпарат  сапалы әрi тиiмдi болуы керек.

Кәсiпорынның ( ААҚ АФ) бухгалтерлiк есебi мен өндiрiс процесiн талдай келе менiң бiрқатар ұсыныстарым бар. Кәсiпорын тауар өткiзудi ынталандыру үшiн:

— өндiрген өнiмдерiн кең көлемде жарнамалау қажет;

— өнiмдi өткiзумен байланысты қызметтерді (жұмыстарды) дұрыс ұйымдастыру керек. Атап айтқанда, тұтынушыға тауарды уақтында жеткiзу, сатып алуға мүмкiндiгiнше тауарды буып-түюдiң өзi де зор ықпал етедi.

«Восход» ААҚ АФ қазір электрондық тiгiн машинасымен жұмыс iстеуде. Халықаралық стандарттар бойынша казiргi кезде тiгiн өндiрiсiнде бесiншi дәрежелi стандарттармен жұмыс iстеу тиiмдi. Мұның өзi жұмыстың, қызметтің , тауардың сапалылығын арттырады. Тауардың сапалылығының әлемдiк нарықта маңызы зор. Сондықтан да кәсiпорын жұмысын тиiмдi жүргiзу үшiн осындай станоктарды өндiрiске енгiзу қажет.

Өнiм сапасының жоғарылығы, өнiм өндiрудi ынталандырып, кәсiпорын қызметiн дамытып пайдасын арттырып, оны одан әрi өркендетудiң бiрден-бiр көзi болып табылады.

 

 

 

           Қорытынды

Жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi бойынша мынадай қортынды жасауға болады:

Дайын өнiмдi (жұмыстарды, қызметтерді) сатумен байланысты кәсiпорын шығыстарына : кәсiпорын шығыстарына өнiм ыдыстарына және өнiм ыдысқа салынбай және буып-түйiлмей босатылуы да мүмкiн, немесе қоймаға көрсетiлген өнiмнiң өзiндқ құнының құрамында ыдыс құнының енгiзiлуi де мүмкiн. Егер өнiмдi ыдысқа салу өнiмдi өнімді қоймаға тапсыруға дейiн өндiрiс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнына енгiзедi, өнiмдi жөнелтiлетiн станцияға тасымалдау, оны көлiк құралдарына арту бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе жасасқан шарттар бойынша өткiзушi ұйымдарға өнiмдi өткiзгенi үшiн төленетiн шығындар; өнiмдi өткiзетiн жерлерде сақтауға арналған қоймалардың күтiп ұсталынуы; сатушылардың және басқа да қызметкерлердің еңбекақысы мен аударымдары; өткiзушiге және басқа делдал ұйымдарға төленетiн комиссиялық алымдар; өнiмдi сатуға байланысты басқа да шығындар жатады. Сату шығындары өнiмнiң өзiндiк құны кiретiн болғандықтан кәсiпорын өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн сипаттайтын көрсеткiштердiң бiрi болып табылады.

Өнiмнiң өзiндiк құны — бұл кәсiпорынның өндiрiс процесiне кеткен ақшалай шығындары. Жалпы экономикалық көрсеткiш сияқты өнiмнiң өзiндiк құнында да кәсiпорын қызметінің барлық жақтары көрiнедi: өндiрiстi технологиямен жабдық деңгейi және технологиялық процестердi игеру; еңбектi және өндiрiстi ұйымдастыру деңгейi; өндiрiстiк қорларды қолдану деңгейi; шығындарды тиiмдi қолдану.

Экономиканың барлық саласы кәсiпорындардың иелерi мен еңбек ұжымдары шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бесекеге жарамды өнiмдерiн өндiруге, оның сапасын көтеруге, өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделi.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiсi «Восход» ААҚ болғандықтан, сол қоғам бойынша өнiмдi өткiзумен байланысты шығындарының бухгалтерлiк есебiн, өндiрiстi, сатуды, жалпы кәсiпорын жағдайын жақсартудың жолдары қарастырылған. Атап айтқанда:

— өнiмдi өткiзудi ынталандыру үшiн жарнаманың қажеттiгi;

— дайын өнiмнiң қоймада қалдықтарды азайту үшiн өткiзумен байланысты қызметтердi (жұмыстарды) дұрыс ұйымдастыру;

— халықаралық стандартқа сай жаңа үлгiдегi технологияларды, яғни тiгiн машиналарын қолдану;

— өндiрiс процесiн қатаң қадағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.

Назарбаев Н.А. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы, 28 ақпан 2007 жыл, Астана қ..

2.

Назарбаев Н.А. Қазақстан — 2030 «Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы». Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.

3.         

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi. Алматы «Юрист» 2003.

4.         

Бухгалтерлiк есептiң Қазақстандық стандарттары және әдiстемелiк ұсынымдары / / Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк Есеп әдiстемесi және Аудит Департаментi.

5.         

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер» Кодексi

6.         

Қазақстан Республикасындағы Бухгалтерлiк Есеп пен Аудиттi дамыту мен жетiлдiрудi 2001 — 2003 жылдарға арналған Мемлекеттiк Бағдарламасы. //Бухгалтер бюллетенi 2001 – 17 – 2б

7.         

Шот-фактураларды қолдану тәртiбi туралы ҚР Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiнiң 14.06.2004 №ДМ -2-1-12/4745 хаты / /Бухгалтер бюллетенi — 2004 №25 — 5 б.

8.         

Шот-фактураның нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы. ҚР Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiнiң 2003 жыл 14 шiлдедегi №712 бұйрығы. //Бухгалтер бюллетенi — 2004 — №23 — 9 б.

9.         

Әбдiхалықов Т.Ә. Бухгалтерлiк Есепте қолданылатын құжаттар. Аудит және Бухгалтерлiк Есеп, оқу құралы — Алматы «Қазақ Университетi» 2003-75б.

10.    

Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк есеп жүйесiн жетiлдiру және бухгалтерлер қоғамдастығы.//Бухгалтерлiк есеп және аудит-2002-№2–5б.

11.    

Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк есеп теориясы. Алматы 1992 – 115 б.

12.    

Баймуханова С.Б, Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлiк есеп, оқу құралы. Алматы «Қазақ Университетi» 2004 — 85 б.

13.    

Ержанов М.С. Аудит теориясы және практикасы. Алматы 1994 — 52 б.

14.    

Дюсенбаев К.Ш, Егембердиева С.Т, Дюсенбаева З.К. Қаржылық есеп берудiң аудитi және талдауы. Алматы 2003- 111 б.

15.    

Радостовец В.К., Ғабдулин Т.Ғ., Радостовец В.В, Шмидт О.И. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп. Алматы 2005 — 421 б.

16.    

Радостовец В.К. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп. Алматы, «Центраудит Қазақстан» 2001-114 б.

17.    

Сулейменов С.О. Тауарды жеткiзу / / Бухгалтер бюллетенi 2004-№33-3 б.

18.    

Сулейменов С.О. Жарнамаға жұмсалатын шығындарға салық салудың ерекшелiктерi. / / Бухгалтер бюллетенi 2005- №37- 7 б.

19.    

Шеремет А.Д Сайфуллин Р.С. Қаржылык талдау методикасы. Мәскеу «Инфарм» 1995-53 б.

20.    

Шишкин А.К,      Мекриков В.А, Дышкаид М.А. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп талдау және аудит. Мәскеу «ЮНИТИ» 1996 — 42 б.

21.    

Хожаназаров К.А.        Маркетинг негiздерi. Алматы «Экономика» 1996 -421 б

22.    

Чернова Н.М. Тауарды сату // Бухгалтер бюллетенi 2002 — №24 — 10 б.

«Восход» ААҚ — ның бухгалтерлiк есеп құжаттары.