Негізгі құралдардың есебі мен аудиті (ЖШС «Арай» мысалында)
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы………………
- Кәсіпорынның есеп саясаты………………………………………………..
- Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы…………………………………………………………………………
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау………………………………
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі……………………………………………..
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі……………………………….
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру…
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………
КІРІСПЕ
Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты — негізгі құралдар түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі обьектісі ЖШС «Арай» ұйымы болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде — негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы
ЖШС «Арай» Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына ағымдағы жылдың аяғына қарай көшуді жоспарлап отыр. Кәсіпорында жүргізіліп келе жатқан бухгалтерлік есеп жүйесі автоматтандырылған түрде 1С:Бухгалтерия 7.7-ші бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Ал осы жылы бухгалтерлік бағдарламаның 8.8-не көшу жоспарлануда. Жаңа бағдарламамен бірге жаңа стандарттарға өту қолайлы болып келетіні сөзсіз. Дегенмен, Қаржылық есептеменің халықаралық; стандарттарына көшу кәсіпорын үшін тиімді болатынына күмәнім жоқ. Оның қыр-сырына теріңірек тоқталып кетейін.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық стандарттардан артта қалған. Кәсіпорынның таза активтерінің нақты түрдегі бағалануын қамтамасыз етуге бағытталған Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына кіру қазақстандық кәсіпорындарға деген инвесторлардың сенімділігінің деңгейін жоғарлату үшін бірден-бір қажетті қадам. Бұл стандарттар кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты
оның мүліктері мен міндеттемелерінің нақты бейнесін алуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, қазақстандық бизнестің тұрпатына оңды әсерін тигізеді.
Инвестор, бірінші кезекте, белгілі бір кәсіпорынға салған салымдарының мүмкін болатын тәуекелі туралы толық түрде көрініс беретін ақпаратты алуға қызығушылық танытады. Көптеген кәсіпорындардың басқарушыларының пікірі бойынша Қаржылық Есептеменің халықаралық стандарттарына көшу инвесторлардың-сенімділігін арттырады.
Бірақ бұл мәселені талқылау барысында келесідей сауал туылады: қандай кәсіпорындар бірінші кезекте Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына өтулері керек. Қаржылық есептеменің
халықаралық стандарттарына қазақстандық немесе халықаралық қаржы нарығында қаражат алуды көздеп отырған немесе сол нарық арқылы қазіргі уақытта өз қызметін жүзеге асырып отырған кәсіпорындар көшу керек.
Капиталдың шетелдік нарығына шығуға бел буған қазақстандық кәсіпорындар тартылатын қарыздар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемеге ұшырауда. Бұл түсінікті, өйткені шетелдік қарыз берушілер қазақстандық қарызгерлердің қаржылық есептемесінің сенімді еместігімен байланысты туындайтын қосымша тәуекелдерден аулақ болуды қалайды. Ал Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған есептеме кәсіпорынның жағдайы туралы сенімдірек және объективтірек ақпарат береді. Сонымен, бұл шығындардың азаюы мен бәсеке қабілеттілікті күшейтуге алып келетін тартылатын капиталдың құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына шетелдік инвесторы бар немесе акциялары Қазақстаннан шеткей жатқан елдерде айналымда жүрген кәсіпорындар ғана қолданады.
Есептемені Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құру керек деп шешкен кәсіпорындарға біркатар ең тартымды факторлар әсер етті:
о іскерлік белсенділікті жақсартуға деген талпыныс (24%);
о нарықтың жаңа талаптарына сәйкес келу қажеттігі (18%);
о капиталдың халыкаралық нарығына шығудың мүмкіндігі (18%).
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған есептеменің аудитін жүргізудің қызметінің құны орташа есеппен алғанда қазақстандық стандарттар бойынша құрылғанынан 15-20%-ға жоғары болып келеді. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары бойынша аудиторлық-консультациялық қызмет көрсетіп жүрген компаниялардың саны санаулы. Кәсіпорындардағы есептемені жаңа стандарттарға сәйкес құра алатын қызметкерлердің саны да санаулы.
Бұл стандарттарға көшу барысында есептің электронды түрде жүргізіліп келе жатқан жүйесін түгелдей қайта құрудың қажеттігі туындайды. Халықаралық есептеме ақпараттың үлкен көлемін иемденеді әрі оны ашудың нақтылығын айғақтайды. Өзінің қаржылық есептемесін Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құратын кәсіпорындар өзінің бюджетіне трансформациялық шығындарды (қаржылық және кезең шығындарын) кіргізуі қажет. Әрбір кәсіпорын Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына көшу барысында ең басты мәселеге арнайы мамандандырылған қызметкерлердің жоқтығына келіп тіреледі. Сондықтан бухгалтер тек бухгалтерлік есеп ережелерін ғана емес, сонымен қатар арнайы қағидаларды меңгеруі қажет.
Халықаралық стандарттарға көшу нормативтік-құқықтық қүжаттардың, әдістемелік материалдардың жоғарғы кәсібилік деңгейімен қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты Қазақстанның білікті бухгалтерлерінің палатасы Қаржылық есептеме бойынша комитет құрды. Комитеттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға халықаралық стандарттарға жауап беретін қаржылық есептемені дайындауға көмек көрсету.
Енді Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары бойынша құрылған жұмысшы шоттар жоспарын айғақтауға бет бұрайын:
о жұмысшы шоттар жоспарындағы бухгалтерлік есептің топтамалық шоттары өтімділіктің төмендеуіне қарай орналасқан;
о жұмысшы шоттар жоспарындағы шоттардың нөмірі төрт таңбалы болып келеді.
Бірінші сан бөлімдерге қатысын білдірсе, екінші сан өтімділіктің төмендеуіне байланысты орналасқан бөлімшелерге қатысын білдіреді.
Үшінші сан топтамалық шоттардың тобына қатысын білдіреді. Ал төртінші санды топтамалық шоттардың өтімділік бойынша орналасу тәртібін орнату арқылы кәсіпорын өзі белгілейді.
Менің пікірімше, ЖШС «Арай» Қаржылық есептеменің
халықаралық стандарттарына көшуі оның қаржылық-шаруашылық кызметін, жалпы қаржылық жағдайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына бойынша құрылған жұмысшы шоттар жоспарын қолдану қолайлы болып келетіні сөзсіз.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік — кәсіпорын «Арай» Қазақстан Республикасының нарығында 1995 жылдан бері фармацевтикалық қызметпен айналысып келе жатқан ірі дистрибьюторлық кәсіпорын болып табылады. Негізгі қызметі дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыру. Бұл кәсіпорын дәрі-дәрмектердің 114 шетелдік және 100 отандық өндірушілерімен және жабдықтаушыларымен іскерлік қарым-қатынас орнатып үлгерді.
ЖШС «Арай» занды тұлға ретінде 13.09.1994жылы Қазақстан Республикасының Заң министрлігі берген №28465-1910-ЖШС занды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін көздейтін куәлік арқылы тіркелген.
ЖШС «Арай» міндетті лицензиялаудан өткен. Сол себептен ЖШС 2002 жылы Денсаулықты сақтау істері бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі фармацевтикалық қызметпен айналысуға берген мерзімі белгіленбеген лицензияға ие болып отыр. Кәсіпорынның Басшысы әрі Бас директоры Құлмаханова Шолпан Ковкенқызы.
ЖШС «Арай» занды тұлға болып табылатындықтан өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, «Шаруашылық серіктестіктер туралы» зандық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығының, басқа да заңнамалық және нормативтік актілердің, Жарғының және үлестік келісім-шарттың негізінде іске асырады. ЖШС «Арай» өзінің жеке меншігін, балансын, «Тұран Әлем», «Центр, Кредит» банкілерінде есеп айырысу шоттары мен валюталық шоттарын, кәсіпорынның атауы жазылған мөрі мен басқа да деректемелерді иемденуге құқығы бар.
ЖШС «Арай» өзінің қызметін толық шаруашылық есептің негізінде
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында келісім-шарттарды өз атынан бекітеді.
ЖШС «Арай» іргесі 13.03.1995 жылы қаланып, оның жарғылық капиталы 600 мың теңге көлемінде бекітілді. Үлес қосушылар өз үлестерін үлестік келісім-шартта белгіленген мөлшерде қосқан:
о ЖШС «Арай» Бас директоры Құлмаханова Ш.К. үлесі: кәсіпорынның жарғылық капиталының 90% құрайтын 500 мың теңгенің мүлкі және ақша қаражаттары;
о ГФР-ның азаматы Герберт Д. үлесі: жарғылық капиталдың 10% құрайтын 100 мың теңге.
Кәсіпорының қызметін ашып көрсететін негізгі үлестік құжат болып Шетелден дәрі-дәрмектерді сатып алу жарғысы (жалпы тауар көлемінің 10% құрайды) табылады.
ЖШС «Арай» қызметі Алматы, Астана қалаларын және Қазақстанның облыстық орталықтары мен аймақтарын қамтиды. Кәсіпорынның Астана, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Семей, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында орналасқан 9 филиалдары бар. Филиалдармен және аймақтармен бірге орнатылған тығыз байланыс қысқа мерзім ішінде Қазақстанның барлық қалаларына тауарларды жеткізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қызметінің басты мақсаты болып пайда табу табылады. Негізгі қызметі — дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды импорттау және оларды Қазақстанның ішкі нарығында өткізу. Сонымен, жарғыға сәйкес ЖШС «Арай» қызметі төмендегідей сипатқа ие:
- фармацевтикалық қызмет;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- дәріханалар желісін құру;
- сауда-саттық, делдалдық қызмет;
- маркетингтік және жарнамалық қызмет;
- көтерме-бөлшек сауда желісін ұйымдастыру;
- көліктік қызмет көрсету;
- заңмен шек қойылмаған қызметтің басқа да түрлері.
ЖШС «Арай» өндірістік емес фармацевтикалық сектордың барлық саласын қамтиды:
- кеден қоймалары мен уақытша сақтау коймаларын;
- Республиканың барлық облыстары бойынша дәрі-дәрмектің ірі
және ұсақ көтерме саудасын; - өзінің бөлшек саудасын, оның құрамына Алматы қаласында
орналасқан 9 дәріхана кіреді.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорынның 2001 жылы Алматы қаласында кұрылған ауданы 5000 шаршы метр болып келетін қоймасы, жоғарыда көзделіп кеткен Қазақстанның 9 қалаларында орналасқан филиалдары, маркетинг бөлімі, сертификаттау бөлімі, әкімшілік-басқарушылық және тағы да басқа бөлімдері бар.
Фармөнімдердің негізгі жабдықтаушылары — импорттық өндіруші елдер: Швейцария, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Үндістан, Түркия, Литва, Белоруссия, Ресей және тағы да басқалары. Қазақстан Республикасынан жабдықтаушылар болып табылатын өндіруші кәсіпорындар; «Химфарм» АҚ, ЖШС «Эйкос-фарм», ЖШС «Елдос-фарм» және тағы да басқалары. Сатып алынатын өнімдердің жалпы көлемінің 75%-ын импортталған дәрі-дәрмектер және тек 25%-ын ғана ішкі нарықтан сатып алынған дәрі-дәрмектер құрайды.
Бұл, біріншіден, Қазақстандағы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамымағанына байланысты. Сонда да, дәрі-дәрмектерге деген сұраныс өте жоғарғы деңгейде тұр. Дәрі-дәрмектерді, негізінен, Қазақстанның аумағында орналасқан дәріханалар, ауруханалар және жеке кәсіпкерлер сатып алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінің нәтижелілігін жоғарлатудың басты мәселесі болып кәсіби біліктілігі жоғары қызметкерлер табылады. Яғни, кәсіпорынның жеңісі оның қызметкерлерінің кәсібилігіне негізделген. Сондықтан кәсіпорынның
басқармасы дұрыс кадрлық саясатты жүргізуге бел буған. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері әкімшілік-басқарушылық, шаруа жөнінен қызмет көрсетушілік, фармацевтикалық және көмекші топтарға бөлінеді.
Дәріханалардың фармацевтикалық және көмекші қызметкерлерінің саны провизорлық қызметкерлер, орта фармацевтикалық және көмекші қызметкерлер үшін жеке түрде бекітілген штаттық нормативтер арқылы бекітілген.
- Провизорлық қызметкерлер құрамына провизор-технологтар,
провизор-талдамашылар, аға провизорлар, бөлімдердің жетекшілерінің
орынбасарлары кіреді. - Орта фармацевтикалық қызметкерлердің құрамына провизорлар,
провизор-талдамашылар, дәріханалар желісінің фармацевттері,
бөлімдердің жетекшілері кіреді. - Көмекші қызметкерлер: жүк таситын, тазалық сақтайтын
жұмыскерлер, көлік жүргізушілер.
Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымы мен ұйымдастырылуын жете түсіну үшін 1 -кестені қарастырайық.
Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымыңда 2006 жылы үлесі жағынан ең көп көлемді әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер (50%) алған. Бұл кәсіпорынның фармацевтикалық қызмет көрсету нарығының мүмкіндігінше басым бөлігін алуға талпынуымен байланысты.
Кесте 1
ЖШС «Арайдың» еңбек ресурстарының құрылымың талдау (адам).
Еңбек ресурстары |
2006 ж. |
2007 ж. |
Еңбек ресурстарының жалпы көлеміндегі үлес салмағы (%) |
|
2006 ж. |
2007 ж. |
|||
Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер: Бас директор |
1 |
1 |
|
|
Атқарушы директор |
1 |
1 |
|
|
Аймақтық директор |
1 |
4 |
|
|
Бас бухгалтер |
1 |
1 |
|
|
Бухгалтер |
3 |
3 |
|
|
Менеджер |
7 |
12 |
|
|
Сауда бөлімінің бастығы |
1 |
2 |
|
|
Бағдарламашы |
1 |
1 |
|
|
Кассир |
6 |
6 |
|
|
Өкіл |
11 |
15 |
|
|
Экспедитор |
2 |
5 |
|
|
Барлығы: |
34 |
51 |
50,0 |
36,7 |
Фармацевтикалық қызметкерлер: Бөлім жетекшісінің орынбасары |
1 |
1 |
|
|
Қойма жетекшісі-провизор |
3 |
6 |
|
|
Провизор-талдамашы |
1 |
4 |
|
|
Аға провизор |
1 |
17 |
|
|
Провизор |
6 |
4 |
|
|
Дәріхана желісінің фармацевті |
2 |
6 |
|
|
Барлығы: |
14 |
38 |
20,6 |
27,3 |
Шаруа жағынан қызмет көрсететін қызметкерлер: Тазалық сақтайтын жұмыскер |
2 |
15 |
|
|
Кір жуатын жұмыскер |
2 |
4 |
|
|
Еден жуатын жұмыскер |
5 |
8 |
|
|
Жүк таситын жұмыскер |
6 |
14 |
|
|
1
Көлік жүргізуші |
5 |
9 |
|
|
Барлығы: |
20 |
50 |
29,4 |
36,0 |
Еңбек ресурстарының барлығы: |
68 |
139 |
100 |
100 |
Осының нәтижесінде Қазақстанның аймақтарында кәсіпорынның өкілдіктерінің саны көбейді. Жұмысшы күшінің ресурстарынын, осы бөлігінің 2007жылы 36,7%-ға кемуі сату көлемінің ұлғаюынан және сәйкесінше, фармацевтикалық және шаруа жағынан қызмет көрсету қызметкерлерінің қосымша санының қажет болғандығынан орын алды.
ЖШС «Арай» негізгі күш болып фармацевтикалық қызметкерлер саналады. Сондықтан осы санаттың мөлшерінің кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жалпы санындағы өзгерісін міндеті түрде зерттеу қажет. Үлес салмағының өсуі (2007жылғы 20,6%-дан 2007 жылғы 27,3%-ға дейін, яғни 6,7%-ға) қызмет аясының кеңеюінің және айналымдардың өсуінің белгісі болып табылады.
Шаруа жағынан қызмет көрсету қызметкерлерінің үлес салмағы да өсті (2006жылғы 29,4%-дан 2007жылғы 36,0%-ға дейін, яғни 6,6%-ға). Бұл жаңа сауда орындарының ашылуына және сату көлемінің ұлғаюына байланысты.
Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үрдісі тауарлы-материалдық қорларсыз мүмкін емес. ЖШС-тің материалдық қорлары да қарастыруды талап етеді. Тауарлы-материалдық қорлардың құрамына төмендегілер кіреді.
- Ыдыс және ыдыстық заттар. Қолданылуының сипатына қарай ыдыстар үш түрге бөлінеді:
— Көпайналымды ыдыс. Бірнеше рет тауарды сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылады. Ыдыстың бұл түріне жататындар: әйнектен жасалғандар (балондар, бөтелкелер), ағаштан жасалғандар (жәшіктер, дүңгіршектер), металдан жасалғандар (битондар, бөшкелер) және қап түріндегі ыдыстық заттар.
— Шаруаға қажетті ыдыстар. Дәріхана ішінде шаруа ыдысы ретінде
қолданылатындықтан сатылмайды және жабдықтаушыларға
қайтарылмайды. Бұл ыдыстар қорларды сақтау үшін арналған және
олардың құрамына бидондар, балондар, металдан жасалған бөшкелер
кіреді.
— Бірайналымды ыдыс немесе қаптағыш материал. Тауарларды бір
рет қаптау үшін арналған. Сатуға немесе қайтаруға арналмағандықтан
актінің негізінде шығысқа шығарылады. Оның құрамына картоннан
жасалған жәшіктер мен қорабтар, өрілген кәрзеңкелер, қаптар кіреді.
- Көмекші материалдар. Дәрі-дәрмектерді өткізгенде, сонымен
қатар дәріханаішілік реттеуде әр түрлі көмекші материалдар
қолданылады. Олардың құрамына кіретіндер: этикеткалар, қағаздан
жасалған капсулалар, жіптер, рәзеңкеден жасалған қолғаптар, клей және
тағы да басқалары. - Шаруаға қажетті тауарлар. Шаруа жұмысына санитарлық киімді
жуу, еденді жуу, ыдыс-аяқтарды залалсыздандыру және тағы да
басқалары жатады. Осы мақсатта сабын, сода, кір жуатын ұнтақ,
хлорамин, нашатыр спирті және басқа да тауарлар пайдаланылады.
Кесте 2
ЖШС «Арай» тауарлы-материалдық қорлармен қамтамасыз етілуі
(мың теңгемен).
ТМҚ атауы |
2006 ж. |
2007 ж. |
Ауытқу (+,-) |
Сату үшін алынған тауарлар |
96 724,9 |
139356,2 |
42631,3 |
Шаруа жұмысына кажетті тауарлар |
12,4 |
18,2 |
5,8 |
Барлығы: |
96 737,3 |
139 374,4 |
42 637,1 |
2-кестенің мәліметтері бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестікте тауарлы-материалдық қорлардың өскенін (2006жылмен салыстырғанда 2007жылы 42637,1 мың теңгеге) байқауға болады. ТМҚ-
14
ды өсірудің тенденциясы байқалуда. Бұл жағдай материалдардың үлкен көлемін қажет етумен байланысты.
Тауарларды өткізу жұмысын жеткілікті деңгейде жүргізу үшін негізгі құралдарға деген қажеттілік туындайды. Дәріханаларға қатысы бар негізгі құралдар натуралдық-заттық сипаты жағынан келесідей топтарға жіктеледі:
- Үйлер мен ғимараттар барлық өндірістік және өндірістік емес
құрылыстар. - Машиналар мен жабдықтар — тоңазытқыштар, механикалық
машиналар, зертханалық жабдықтар, кассалық аппараттар және тағы да
басқалары. - Өндірістік және шаруаға қажетті жабдықтар — үстелдер, конвеер,
сейфтер және тағы да басқалары. - Көлік құралдары — автокөліктер және тағы да басқалары.
Иемделінуіне қарай негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған
болып бөлінеді. Ал қолданылуына қарай қолданыстағы, қосымша қорда
тұрған және қолданысқа енгізілмеген болып бөлінеді.
1.01.2006 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің жеке меншігінде тұрған негізгі құралдарын иемденеді. Олардың құрамына арнайы жабдықтар, жүк таситын және жеңіл көліктер, компьютерлер, жер, кеңсе жиьаздары және тағы да басқалар кіреді (кесте 3).
Кесте 3.
ЖШС «Арай» негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі (мың
теңгемен).
Негізгі құралдардың түрлері |
2006 ж. |
2007 ж. |
Ауытқуы |
1. Материалдық емес активтер |
|
|
|
1.1. Бастапқы құны |
57,5 |
160,9 |
103,4 |
1 .2. Есептелген тозу |
22,0 |
66,7 |
44,7 |
1.3. Қалдыққұны |
35,5 |
94,2 |
58,7 |
2. Негізгі құралдар |
|
|
|
2.1. Бастапқы құны |
3314,3 |
4613,2 |
1 298,9 |
2.2. Есептелген тозу |
194,3 |
526,1 |
331,8 |
2.3. Қалдық құны |
3 120,0 |
4 087,1 |
967,1 |
3 кестенің мәліметтері бойынша негізгі құралдардың көлемінің едәуір түрде ұлғаюы байқалуда. (2006 жылмен салыстырғанда 2007жылы 1 298,9 мың теңгеге). 2006 жылы ЖШС-тің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі жеткілікті деңгейде болған жоқ, оған қоса, олар әбден тозған болатын. Мұндай жағдай, әсіресе, машиналар мен жабдықтар сияқты негізгі құралдардың түрлеріне теріс нұқсанын келтірер еді.
Кез келген кәсіпорынның коммерциялық қызметінің мақсаты — табыс табу және сол табысты жылдан-жылға өсіріп отыру. ЖШС «Арай» қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері 4 кестеде келтірілген.
Кесте 4.
2006-2007жылдар аралығындағы ЖШС «Арай» қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау.
№ |
# Көрсеткіштер |
2006 ж. |
2007 ж. |
Абсолютт і |
% |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
Тауарларды сатудан түскен түсім (мың теңге) |
248563,1 |
534 946,0 |
286 382,9 |
115,21 |
3 |
Сатылған тауарлардың өзіндік құны (мың теңге) |
217585,6 |
448 979,2 |
231 393,6 |
106,35 |
4 |
Сатудан түскен табыс (мың теңге) |
30 977,5 |
85 966,8 |
54 989,3 |
177,5 |
5 |
Кезең шығыстары (мың теңге) |
24610,5 |
85 190,4 |
60 579,9 |
246,15 |
6 |
Салық салынғанға дейінгі табыс (мың теңге) |
6 367,0 |
776,4 |
-5 590,6 |
-87,8 |
7 |
Корпоративтік табыс салығы (мың теңге) |
1910,1 |
232,9 |
-1 677,2 |
-87,8 |
8 |
Таза табыс (мың теңге) |
4 456,9 |
543,5 |
-3913,4 |
-87,8 |
9 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың теңге) |
1 965,0 |
3 686,0 |
1 721,0 |
84,73 |
10 |
Мүліктің орташа жылдық құны (мың теңге) |
93261,4 |
201 722,8 |
108461,4 |
116,3 |
11 |
Меншікті капиталдың орташа жылдық көлемі (мың теңге) |
4 303,3 |
18397,8 |
14094,5 |
327,52 |
12 |
Қарыз капиталының орташа жылдық көлемі (мың теңге) |
3919,4 |
18 109,4 |
14 190,0 |
362,04 |
13 |
Қорлардың орташа жылдық көлемі (мың теңге) |
53 085,6 |
118063,5 |
64 977,9 |
122,4 |
14 |
Ақша қаражаттарынын орташа жылдық мөлшері (мың теңге) |
29012,0 |
/39 602,4 |
10590,4 |
36,5 |
15 |
Дебиторлық борыштың орташа жылдық мөлшері (мың теңге) |
9180,9 |
40 370,8 |
31 189,9 |
339,73 |
16 |
Кредиторлық борыштың орташа жылдық мөлшері (мың теңге) |
102630,2 |
165215,5 |
625 585,3 |
61 |
17 |
Орташа тізімдік жұмыс істейтін қызметкерлердің саны (адам) |
23 |
48 |
25 |
108,7 |
18 |
Қор қайтарымы (мың теңге) |
126,5 |
148,5 |
22,0 |
17,4 |
4-кестеден көрініп тұрғандай 2007жылдың соңына қарай кәсіпорынның қаржылық жағдайы келесідей болды:
- Жарғылық капитал — 600 мың теңге.
Кредиторлық борыш — 201 357 мың теңге. Дебиторлық борыш — 228 737 мың теңге.
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты
Есепке алуды және қайта есептеуді жүргізеді: мемлекеттік және жергілікті бюджетке және бюджеттен тыс қорларға, филиалдың қызметтеріне жалақыны, сондай-ақ басқа да қажетті төлемдерді, алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік жазба мәліметтері негізінде бухгалтерлік есепті дер кезінде жасауды, оны белгіленген тәртіпте қоғамға және тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақшаны және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсауды болдырмау, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзу жөніндегі шараларды қабылдайды. Ішкі шаруашылық резевтерді анықтау, жоғалтулар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуге қатысады. ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына қайшы операциялар бойынша құжаттардың орындалуын және рәсімделуін болдырмау жөніндегі шараларды қабылдауды жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайларында
кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.
Есепті халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктерін, спецификасын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техника мен технологиясын көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.
Қазақстан Республикасы ¥лттық комиссияның 1996 жылғы 12 қарашадағы №3 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен
18
қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.
Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті.
Есеп саясаты — бұл ұйымның есептік нұсқасың нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Яғни, зерттеліп отырған кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен мәнін арттыруда аса маңызды болмақ.
Көптеген ұйымдарда кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін негізгі құралдар құрайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және оның тартымдылығын бағалаған кезде негізгі құралдардың құрылымы мен көлемі туралы ақпараттың аса маңызы бар. 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2410 — «Негізгі құралдар»,
2420 — «Негізгі құралдардың амортизациясы».
Негізгі құралдар дегеніміз — материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру
үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі дегеніміз — сипаты және ұйымның қызметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас
активтердің бірлестігі. Мыналар:
- жер;
19
- үй және ғимараттар;
- машиналық құралдар;
- кемелер;
- ұшақтар;
- автокөліктік құралдар;
- жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиьаз бен жылжымалы мүлік;
- кеңсе жабдығы жекелеген түрлердің мысалдары болып табылады.
Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге бөлуге байланысты синтетикалық
шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай, оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындарды шоғырландыруға 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған. Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) -кәсіпорынның қаржылық жай-күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді. Мәселен, ЖШС «Арай» компаниясының басшылығы пайдаланушыларға қаржылық есептерді сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында ХҚЕС-на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс-шаралар жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
«ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілік» термині оның ХҚЕС-на айқын және сөзсіз сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық талаптарын қанағаттандыратыны туралы мэлімдеме және оған түсіндірме бар алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.
Осындай мәлімдеме жасау үшін ЖШС «Арай» компаниясының кең
20
көлемде алдын ала жұмыс жүргізу қажет болады.
ЖШС «Арай» компаниясы жұмысының кезеңдерін негізгі құралдарды есепке алу мысалымен қарастырайық, өйткені негізгі құралдарды есепке алу бухгалтерлік есептің аса күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады.
ЖШС «Арай» компаниясының мамандары мынадай алдын ала жұмыс жүргізеді:
-негізгі құралдарды есепке алуға қатысты компания қолданатын есепке алу принциптеріне талдау және бағалау жүргізіледі және олардың ХҚЕС-ндағы принциптерге сәйкестігі тестен өткізілді;
-жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде ЖШС «Арай» компаниясының Есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының ережелеріне сәйкес келтіру үшін белгілі бір оқиғаларға, операцияларға және мәмілелерге қатысты кәсіби пайымдаулар қал ыптастырыл ды;
-қалыптастырылған кәсіби пайымдаулар ескеріле отырып, компанияның ХҚЕС-дағы тиісті принциптерге сай келетін Есеп саясатының ережелері әзірленді.
Осыған байланысты іс жүзінде әрбір халықаралық стандарттың кәсіби пайымдауды пайдалануды болжайтынын айта кеткіміз келеді.
Бухгалтерлік есептің әдіскерлері шаруашылық жағжайын сипаттау үшін және шын мэнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін ол жөнінде кәсіби бухгалтердің әділ айтқан пайдалы пікірін «кәсіби пайымдау» деп түсінген жөн.
ЖШС «Арай» мамандары негізгі құралдарды есепке алуға қатысты қолданылатын есепке алу прициптеріне талдау жүргізді және оларды ХБЕС-дағы принциптерге сәйкестестен өткізді.
Бүгінгі күні Республикада ХҚЕС-ның ресми бекітілген мәтінінің жоқ екендігін ескере отырып, біз Қазақстан Републикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі әзірленген және ұсынған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын қолдану
21
жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз. Жоғарыда аталған ХБЕС-ын қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде көмек көрсету үшін әзірленгенін бірден айта кетеміз, олар шын мәнінде ХҚЕС-ның дэл өзі болып табылмайды және нормативтік-құқықтық актілер болып танылмайды.
Әдістемелік ұсынылымдардың мәтінін сіз 2006 жылғы «Справочник бухгалтера» анықтамалығының 1-нөмірінен таба аласыз. Негізгі құралдар объектілерін ХБЕС-на сәйкес есепке алудың және ҚБЕС-мен салыстырғандағы айырмашылықтарының негізгі болып саналатын аспектілеріне тоқтала кетуге тырысамың.
Негізгі құралдар ЖШС «Арайдың» барлық активтерінің едәуір бөлігін құрайды, сондықтан негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай-күйі туралы сенімді ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді._ХБЕС-да негізгі құралдарға мынадай анықтама беріледі: «Негізгі құралдар — бұл:
- компания тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызмет көрсету үшін,
басқа компанияларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін
пайдаланатын; - және оір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын
материалдық активтер».
16 ХҚЕС-на сәйкес, негізгі кұралдардың объектісі, компанияның активке байланысты болашақ экономикалық пайдалар алуы ықтималдықтың көп үлесімен расталған жағдайда, актив ретінде танылуы тиіс.
Болашақ экономикалық пайдалар алу компанияның:
-активке байланысты байлық алуына;
-өзіне тиісті тәуекелдер алатынына қатысты айқындаманы білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оны сатып алуға жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
16 ХҚЕС-да активті пайдаланудан болашақ экономикалық пайдалар алуға көңіл аударады, сондықтан да 6 «Негізгі құралдарды есепке алу» ҚБЕС
бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптерінен басты айырмашылығының болуымен сипатталады.
Активті танудың екінші міндетті шарты оның құнын сенімді бағалау, яғни активті сатып алуға жұмсалған нақты шығынды сенімді бағалау болып табылады.Осыған қоса айтатыным, қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар таратылуы мүмкін, өйткені үшінші тараптың пікірі жұмсалған шығынның сенімді дәлелі болып табылады. Осыны айқын түсіну үшін мынадай мысалды қарастырайық:
Қызметкерлердің жұмыс істеуіне және демалуына ыңғайлы жағдай жасау үшін ЖШС «Арай» тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттер сатып алды. Мынадай сауал туындайды: осындай объектілерді негізгі құралдар ретінде тануға бола ма?
Жоғарыда аталған объектілерді жіктеу кезінде компанияның бухгалтерлік қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін бағалау едәуір қиындық туғызады.
Мынаны ескерте кетемін, экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар объектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылуы:
- ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек, сол
сияқты басқа активтермен үйлестіріліп пайдаланылуы; - сатылуы немесе басқа активке ауыстырылуы;
- міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;
- ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Менің пікірімше, біріншіден, тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттер сатып алу бойынша операциялар компания үшін, атап айтқанда, активтердің туындауына немесе кәсіпорынның шығыстар жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау қажет.
Мүнда алдыңғы жоспарда біз басында айтып кеткен кәсіби пайымдау тұрады. Бухгалтердің активтерге енгізілген болашақ экономикалық пайданың компанияға келіп түсу ықтималдығының бар екенін айқындаған жөн.
ЖШС «Арай» компаниясының қаржы директоры тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттердің фирма қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау үшін ғана сатып алнғанын және алдағы уақытта компания басшыларында оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ екендігін түсіндірді. Атап айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты орындағанда, қызмет көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріп те пайдалануды жоспарламайды, сондай-ақ оларды сату немесе басқа активке айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айрысу шотына беру, ұйымның меншік иелері арасында бөлу ниеті жоқ.
Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі құралдарды, әдетте пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелмейтін болса, онда оларды кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ.
Осылайша, ЖШС «Арай» ыңғайлы еңбек жағдайын жасау үшін активтер сатып алуда тек қана шығын шекті.
Сондықтан қарастырылып отырған жағдайда ХҚЕС-ның мына ережесін қолданған жөн: егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оған жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
Алайда бұл жерде бухгалтерлерде мынадай сауал туындайды: Осындай объектілерді кәсіпорын ұзақ уақыт пайдалануды болжайтын болса, олардың талдау есебін жүргізуді және сақталуын бақылауды қалай ұйымдастырған жөн.
Дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары үшін компаниялардың:
-осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізу;
-оларды материалды жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;
-ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізу қажет.
16 ХҚЕС-да қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық қүндылықтар ретінде есепке алынып, олардың пайдалануына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны айқындалған.
Алайда, егер компания ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықты бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, компанияның басшылығы олардың негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені жөн.
Әдістемелік ұсынылымдарда жоғарыда көрсетілген 16 ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуға тиіс.
Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізде алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.
ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.
Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.
Осылайша негізгі құралдардың нақты құнына ол пайдалануға дайын болған кезде активті қалпына келтіруге дейін пайда болған барлық болмай қалмайтын шығындар кіреді.
Компания шығарған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу принциптері сияқты негізде айқындалады. Жоғарыда, барлық айтылғандарды ескере келе, 2400«Негізгі құралдарды есепке алу» ХҚЕС бойынша активті тану шартын негізгі өлшемдері бойынша ХБЕС-ның ережелеріне қайшы келмейді деп айқындауға болады.
1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз — кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондығылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканық барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар -деп өндірісте қызмет ететін,яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады.Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары
мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашы-лықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
-Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
-Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
-Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
-Көлік құралдары;
-Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған — деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтіннегізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындар жатады:
28
- алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау
шығындары; - тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
- орнатуға байланысты шығындар;
- архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби
қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активті шоттарда жүргізіледі:
2411-шот —жер;
2412-шот — үйлер мен ғимараттар;
2413-шот — машиналар мен жабдықтар;
2414-шот — көліктер құралдары;
2415-шот — компьтерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;
2416-шот — кеңсе жиьазы;
2417-шот-өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект -деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша
жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қоптпмасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық номер негізгі құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады. Мүндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
-Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
-Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
-Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
-Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
-Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
II Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ 2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қү-ралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші қорқайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар- тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз — субъектігі тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгілінген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.
Өндірістік
процеске қатысу сипатына қарай
Заттық
құрамына
қарай
Өндірістік
Өндірістік емес
Пайдалану
сипатына
қарай
Істеп тұрған
Істемей тұрған
Қор ретінде тұрған
1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша
пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мөлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
Жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемімен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.
Үйлер — халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әр бір түрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгелі бір қызметтерді орындау жолдымен өндіріс процессін жүзеге асыруға арнаған инженерлік құрылыс объектілер. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Қондырғылар — электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу
қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналды. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар — жылу және электр энергиясын өндіретін генератор машиналар, түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель машиналары.
Жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процессінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процесстерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар.
Есептеу техникасы — процесстерлі жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспапта.
Басқадай машиналармен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа құрал жабдық.
Көлік құралдары — адамдар мен жұктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық беімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өндеу үшін машиналарға бекітілген кесетін, соғатын және нығыз жайтын
еңбек құралдары. Басқа мүлік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымиалы және басқа материалды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
Шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары орындықтар, шкафтар, кілемдер. Дербес мәні бар әрбір объект — мүліктік объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатып өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланыатын малдар; өнім беретін мал — мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқлар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек малмүліктік объект болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар — ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы;
Басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен үлымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу самасының есепие дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есптелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор
қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі ұралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін еспеке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Жалпы негізгі құралдар — деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар есебі» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
«Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құрлдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары,аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқалары жатады.
Көлемінің үлкенді кішілігіне, бағасының азды көптілігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамыңда есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамыңда қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамыңда есептелінсе, ал сату үшін сатып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамыңда есептеледі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық қүндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандартында
негізгі құралдарды бағалаудың түрлері келесі 8 кестеде көрсетілген.
8 кесте
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
№ |
Атауы |
Мазмұны |
1. |
Өзіндік (бастапқы) құн |
Төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны. |
2. |
Амортизацияланушы (тозушы) құн |
Жойылу қүдын алып тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнның орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілтін басқа сома. |
3. |
Жойылу құны
|
Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома. |
4. |
Әділетті (сатып-өткізу) құн |
Бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома. |
5. |
Баланстық құн |
Жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құралдар) баланста есепке алынатын сома. |
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
-Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;
-Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
-Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;
-Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы қү-нына мыналар кіреді:
-Шотта көрсетілген сату бағасы;
-Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы; —- Сатып алу-сату қркаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу;
-Салықтар мен алымдар;
-Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар. Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
-Материалдар;
-Еңбекақы төлеу;
-Үстеме шығындардың тиісті үлесі;
-Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу;
-Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары.Құрылыс кезеңіне берілген кредиттер бойынша проценттер.
Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлетудің нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу №1 нысанындағы актімен рәсімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамыңда есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында НҚ құрамына шығарып тастау үшін пайдаланылады. Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ бірнеше объектілерін қабылдау-өткізуді рәсімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, қүндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданса, рұқсат етіледі. Акт рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттар мен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдеген кезде акт екі данада жасалады. НҚ басқа объектіге сатылған кезде акт үш данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі НҚ қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды «жас өсімдіктер» тобына есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді «пайдаланудағы өсімдіктер» тобына ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен рәсімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухгалтерияға тапсырылады.
Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман
өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды рәсімдеуде қолданылады.
Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға аустырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер,айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық номері, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілер көрсетіліп бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа үсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін көрсету арқылы жалпы санын жазады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2400 шоттарында жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2420 шоттары арналған.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленген пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіру мен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиын тығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретіде есепке алынады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құны:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайды мүлік жөніндегі агенттікке
төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі.
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар, тағы да басқалар еңгізіледі.
Алайда, құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бұліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және де негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбеқақы сомалар, еңбеқақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелінген пайыздар сомасы, зәңгерлерге архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысына жұмсалынған мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорын жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепке әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объектінің бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу құнымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің шығынның
қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: Кәсіпорындарда жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен бірге 500000 теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Субъектінің оларды сатып алу барысында төленген шығындарды 25000 теңге. Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 теңге.Жерді тазлау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 теңге. Осы мәліметтерді қорытатын болсақ, сатылып алынған жердің бастапқы құны 560000 теңгені құрайды. Кәсіпорында негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
- Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық
қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен
арадағы келісім бойынша. - Кәсіпорын негігі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда
немесе саитып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша. - Кәсіпорын негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке
адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша
немесе әексепттік жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны — бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралы нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны — бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілег негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны — негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны — бұл кез келген екі жақтың, яғни
негізгі құралдарды сатушымен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдарды бастапқы құндары тек мына жағдайларға ғана өзгертіледі:
- Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін
ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей
қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда
және бөлшектгенде. - ҚР үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта
бағалағанда.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу самасының есепие дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есптелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі ұралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Сол сияқты пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ.
Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол ушін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы — жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы
белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың белгілі бір уақыттағы құны сол кезде жасап шығаруға, өндіруге, салуға қажет болатын, жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды уақыт өте қайтадан бағалап тұрады. Негізгі құралдарды қайта бағалау ұкіметтің қауылысымен барлық жерде шаруашылық субъектілерінде белгілі бір күнде, мезгілде жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі салу, өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорында негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап олдарды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау жүргізілген кезінде кәсіпорындағы негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
2.3. Негізгі құралдардың түсу есебі
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табына ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құңдары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімі және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады.
Ал болжамдық жою құны негізінен кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2.0% дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екшшісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты тұлғаға бекітіп мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады (9 кесте):
Кесте 9
Негізгі құралдарды кіріске алу операциялары бойынша шоттар
корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операцияның |
Сома, мың |
Шоттар |
|
р\н |
мазмүлы |
теңге |
корреспонденциясы |
|
|
|
|
Дебет |
Кредит |
1. |
Негізгі құралдарды кәсіпорынның өз |
200000 |
2410 |
2410 |
|
ішінде орын ауыстыру |
|
|
|
2. |
Негізгі құралдар басқа заңды немесе |
|
|
|
|
жеке тұлғалардан алынды: |
|
|
|
|
келісім шарттық құнына |
150000 |
2410 |
3310 |
|
ҚҚС сомасына |
24000 |
1420 |
3310 |
3. |
Құрылтайшылардың жарғылық |
600000 |
2410 |
5020 |
|
капиталына салған негізгі құралдар |
|
|
|
4. |
Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді және бақыланатын кәсіпорындардан алынды: 1. баланстық құнына 2. ҚҚС сомасына (13%) 3. беруші жақтың есептеген тозу сомасы) |
250000 40000 100000 |
2410 1420 2410 |
6160 2420 2420 |
Жиыны (бастапқы құны) |
350000 |
X |
X |
|
5. |
Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді: 1. баланстық құнына 2. берілген күнге дейін есептелген тозу сомасына |
132000 28000 |
2410 2410 |
6160 2420 |
Барлығы (бастапқы құны) |
160000 |
X |
X |
|
6. |
Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды: 1. негізгі құралдардың әксперттік жолымен анықталған қалдық құнына 2. негізгі құралдардың әксперттік жолымен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына |
64000 18000 |
2410 2410 |
6160 2420 |
Барлығы |
82000 |
X |
X |
|
7. |
Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі құралдары: 1. негізгі өндіріс цехында 2. көмекші өндіріс цехында |
300000 200000 |
2410 2410 |
8110 8310 |
|
Барлығы |
500000 |
X |
X |
Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерін субъект ішінде орын аустыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Қүрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілері туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдарды сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарына беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен , кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол
азүута татаиътащалтан лссллиссия алдъшен опардад іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
— объектінің аты;
- объект қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- құрылыстың салынып біткен уақыты;
- амортизациялық аударым мөлшері;
— бастапқы құны;
— басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқркат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалары мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыста, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Д-т: Негізгі құралдар — шоты
К-т: Ақшалар — шоты;
Еншілес серіктестіктерге қарыз — шоты;
Қоюшы мердігерлермен есеп айырысу — шоты;
Төленбеген капитал — шоты;
Үкімет органдарының субъсидиялары — шоты;
деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланылып және оларға тозу сомасы есептелсе, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Д-т: Негізгі құрал — шоты
К-т: Негізгі құралдың тозуы — шоты
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егр бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календрлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі
Кәсіпорын қолданылып жүрган заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық
тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апатардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шарушылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара жойылады. Кәсіпорын балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа кәсіпорынға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамыңда бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапты тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлері баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механик, инженер-энергетиктер, инженер гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтер, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және тағы басқа мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілер мен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептері, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдалану
мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, әтаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналадың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және басқа да бар құжаттарды пайдаланады.
Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар — тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар — биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толық жоғалтқанда, сонай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.
Негізгі құрал-жабдықтарды толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің бірінші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтарды сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі.Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек
бекіткеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқатартылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуга болады.Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншісіне беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдар кәсіпорынның өз ішінде орын аустыру кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтарды бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің түрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғады. Негізгі құралдар шаруашылық іиінде орын ауыстырғанда 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға тде, талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясын 11 кестеде қарастырайық .
Кесте 11
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясы
|
Шаруашылық операцияның |
Сомас |
Шоттар |
|
|
мазмүды |
ы, теңге |
корреспонденциясы |
|
|
|
|
Дебет |
Кредит |
|
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Негізгі құралдарды есептен |
|
|
|
|
шығару актісінің негізінде |
|
|
|
|
өндіріс құрал-жабдықтары |
|
|
|
|
есептен шығарылды: |
349860 |
2420 |
2410 |
|
-объектінің пайдалану |
|
|
|
|
кезіндегі есептелген тозу |
5140 |
7410 |
2410 |
|
сомасына |
|
|
|
|
-объектінің баланстық |
|
|
|
|
құнына |
|
|
|
|
Жиынтығы |
355000 |
— |
— |
|
Объектіні бөлшектеу үшін |
|
|
|
• |
еңбек ақымен қоса аударымдар |
|
|
|
|
бірге есептелінді: |
|
|
|
|
-есептелген еңбек ақы |
13700 |
7410 |
3350 |
|
сомасы |
2590 |
6210 |
3150 |
|
-аударған әлеуметтік салық |
|
|
|
|
Тасымалдағаны үшін |
5500 |
6210 |
3310 |
• |
автокөлік шаруашылығының |
|
|
|
|
шоты акцептелді |
|
|
|
|
Негізгі құралды жоюдан |
18000 |
1310 |
6210 |
■ |
түскен материалдар кіріске |
|
|
|
|
алынды |
|
|
|
. |
Негізгі құралдар бір цехтан екіншісіне берілді |
300000 |
2410 |
2410 |
Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол «Негізгі құралдар» бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын өздерінің пайдалаунындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есптен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ү-рланғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бұліегенде шығарады. Сонымен қатар өздеріндегі меншігіндегі негізгі құралдары басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.
Негізгі құралдарды есептен шығару № 6 БЕС-да қаралған тәртіп бойынша жүрізіледі. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ -3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» және үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.
Бұл жоғары да айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
- объектінің салынып біткен уақыты;
- шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріске алынған уақыты;
- пайдалануға берілген уақыты;
- объектіні бастапқы құны;
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты;
көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;
- негізгі құралдардың істен шығару себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
- сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданатын шараларды іс актіге жазады.
Кәсіпорында негізгі негізгі құралдарды сатқаннан, бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады.
Кәсіпорында есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 7410 -«Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдарын есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына 2420-«Негізгі құралдардың тозуы» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.
Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: 1330-«Материалдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 6210-«Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар және де басқа да активтер» — деп аталалын 3 — бөлім және «Ақшалай қаржылар» — деп аталатын 4 — бөлім шоттары тиістілерінің дебетіне, «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған табыстар мен шыққан шығындар -«Жиынтық табыс» шотына апарылады.
Басқа кәсіпорында, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ — 1 «Қабылдау табыс ету актісі» екі дана етіліп толтырылады.
Оның беруеі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралды алушыға беріледі. Негізгі құралды және оның инвентарлық карточасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.
Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін алушыға берілген негізгі құралдарын бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат жолдауы керек. Бұл хат, яғни авизо төрт дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған субъектінің немесе заңды тұлғанын бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.
Сонымен басқа шаруашылық субъектілерге, заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау — табыс ету актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына негізделініп шығарылады.
КәсіпорАндарда негізгі куралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулар мен бірдей жазылады.
III Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру
Негізгі құралдардың нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.
Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізіші субъект өз бетінше жұйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде бір рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгелдеу жүргізіледі.
Мүліктік түгелдеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы техника жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтер мен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары беріліуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақталған немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа қүжаттардың нақты бар жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгелдеу төменде көрсетілген.
Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бүрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттарымен басқа техникалық құжаттарың бар
жоғын және олардың қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттардың тексеру қажет. Егерде құжаттары жоқ болса, оларды алдыртудв және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігі тексереді.
Негізгі құралдарды мүлікткі түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткішерін мүліктік тізімдерінде енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын бар-жоғын тексереді.
Сондай-ақ, субъектінің жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.
Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша — олардың қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін, көлемі, қабаттар саны салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені, жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдарды; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша — жолдардың түрлері, қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау әрекет етіп түрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.
Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынған, жасалған шығындардың қажыландырылған көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу
тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мқсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгенде,олардың: малдың нөмірі тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы және алғашқы құны көрсетіледі.Мал тұкымың сапасы туралы мәліметтеріне қарап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жанысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тіріндей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркелді.
Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген байқаса, онда оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен қатар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілген анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлеріне көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгелдеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік мерзімі, арналымы, қуатты және т.б. көрсеткіштерді жеке көрсетіледі.
Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктардың құндары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың мүліктік объектілеріне берілген реттік сандары ешқашан өзгермеуге тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді байАрай негізі құралдардың басқа тобына, яғни техникалық-өндірістік мақсатына сай емес топқа жазғанда немесе дұрыс болмаған анықталғанда ғана жүзеге асырылады.
Мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі
құралдар кәсіпорыннан уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.
Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келемейтін негізгі құрал-жабдықтар мүліктік түгелдеу тізімдерінде еңзілмейді. Мүліктік түгелдеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуынын себептерін көрсетіп, арнайы тізім жасайды.
Өз меншігіндегі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа кәсіпорынның аты; жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Мүлікткі тізімнің бір данасы кәсіпорындарға жіберіледі.
Мүліктік түгелдеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақта техникалық жағдайына қарап белгілейді.
Негізгі құралдардың есепке алынбаған объектілерінің баланстық құнына 2400 «Негізгі құралдар» бөлімінің шоттары дебеттеледі де, 6210 «активтердің шығуынан түсетін табыс» шоты кредиттеледі; тозу сомасына 2410 шоттары дебеттеледі және «Негізі құралдардың амортизациясы» бөлімінедегі 2420 шоттары кредиттеледі.
Негізгі құралдардың кем болып шығуына байланысты операциялар жоғарыда көрсетілген.
Мүліктік түгелдеу нәтижелері сол мүліктік түгелдеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс. Есепке алынбаған негізгі құралдарға жаңа мүліктік түгелдеу карточкалары толтырылады; кем шыққан негізгі құралдарбаланстан есептен шығарылады, ал оның карточкасы «Мұражай» бөліміне орналастырылады. Мүліктік түгелдеудің мәліметтері «Негізгі құралдарың мүліктік түгелдеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемелеріне» енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәлеметтерде алшақтықтар болған кезде. Салыстыру ведомосы төменлде келтірілген.
Кем немесе артық шыққандардың кінәлілері және себептері туралы мәліметтері жан-жақты келтірілген, сондай-ақ болашақта жағымсыз құбылыстардың алдын алу және кінәлілерге қатысты қолданатын шаралар бойынша көрсетілген мүліктік түгелдеу комиссиясының жасаған хаттамасы — ең басты құжат болып табылады.
Қазіргі номативті актілер мен кәсіпорын есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар нақтылы қолда бар негізгі құралдарды анықтау және оның дұрыс сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады.
«Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» (БЕС-24) бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес түгендеу жүргізу мерзімін кәсіпорын өзі белгілейді.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. НҚ түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
-Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, НҚ нақты қолда барын анықтау;
-Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы НҚ сақталуын бақылау;
-Жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалану жарамсыз НҚ объектілерін анықтау;
-НҚ артық немесе пайдаланылмайтын объектілері қайтадан бөлінуге немесе сатылуға тиіс;
-Машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін пайдалануды тексеру.
Есепті жылдағы түтендеудің санын, оларды жүргізу күндерін, олардың әрқайсысында тексерілген мүліктердің тізілімін, түгендеу жүргізу міндетті болған жағдайларды қоспағанда, шаруашылық субъектісі белгілейді.
Түгендеуді:
-жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен;
-кәсіпорын мүлкін жалға бергенде, өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізу міндетті.
Есепке қабылданбаған объектілер, оларды сипаттайтын деректер бухгалтерлік есептің тіркелімінде жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталмаған жағдайда, комиссия жетіспейтін, сондай-ақ осы объектілер бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштердің инвентарлық тізімдемеге және инвентарлық карточкаға қосады.
Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп, жүргізілуге тиіс.Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан салынғанын немесе сатып алынғанын, өндірістік шығындардың қаржылану көздерін анықтап, оны хаттамада көрсетуге тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемеге көшіріледі.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне инвентарлық номері, зауыттық номері тағы басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Түгендеу комиссиясы отырысының хаттамасының шаруашылық субъектісінің басшысы түгендеу аяқталғаннан кейінгі 10 күннен кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталган айда ескерілуге тиіс. Түгендеу нәтижесі 12 кестеде көрсетілген.
кесте12 Түгендеу кезіндегі негізгі құралдар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операцияның мазмұны |
Шоттар корреспонденция сы |
|
|
дебет |
кредит |
1. |
Ескерілмегені белгілі болған НҚ объектілерінің құны: |
|
|
а) |
тозу сомасына; |
2400 |
2420 |
ә) |
баланстық құнына; |
2400 |
6160 |
б) |
бұрын есептелген тозудың сомасына; |
2420 |
2400 |
в) |
баланстық құнына (кемшілік болғанда); |
3520 |
2400 |
г) |
егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот өтеп беруден бас тартса; |
7210 |
3520 |
2. |
Егер кінәлі адам анықталса немесе сот шешімі бойынша кінәлі болып танылса: |
|
|
ә) |
жетіспейтін НҚ объектілерінің нарықтық және баланстық құндарының арасында айырмашылыққа; |
2400 |
3520 |
Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
- негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
- өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
- шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган
құрамына ауыстырылғанда,т. б. жағдайларда.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:
- инвентарлық каточкалардың, инвентарлық
кітапшалардың, инвентарлық тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
— негізгі құралдардың төлқұжаттарыныңнемесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
— жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.
Егер ондай тиісті құжаттар болмаса негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің регисторларында немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілсе, онда ол қателерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде ьобъектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да бақа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында шаруашылық субъектісінің балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп регисторларында сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып толтырылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайын қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген қосымша жұмыстар түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті қүжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап оларды түгендеу тізіміне енгізу керек. Түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былай жазылады: артық шыққан, яғни бұрын есепке алынбаған негізгі құралдардың кіріске алынуына 2400 «Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 6160 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай
табыстар» шоты кредиттелінеді. Оларға анықталған тозу құны 2400бас шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Түгендеу барысында, жоғалған, бұлінген негізгі құралдарға жауапты адам табылып және ол адам төлейтін болған жағдайда төлейтін сома 2150 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың борышы» шотының дебетіне, 2400 бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті
Негізгі құралдар аудитінің мақсаты- негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі құралдардың сақтау, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:
- негізі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін:
- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншікті қатынасы және өндіріс үрдісін қатысу сипаты бойынша топталандығын;
— есепте негізгі құралдардың дұрыс болғандығын;
- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс опрацияларның
дұрыс көрсетліп құжатталғандығын; - есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есптеліп
қ үжаттал ған дығын: - негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланғанын;
- бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің
дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың тексеру бағыдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік — құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға анықтауға сондай — ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағыдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымың кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дәрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжирбиесіне сүйене отырып тест жасауы керек. Тесттің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа да мүдделі жақтарнан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін сауатты және түсінікті жасалу тиіс. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының алынып, техникалық турып талдап, бухгалтерлік есеп және қортындылар қаржылық есеп мәліметтерінің тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып таблады.
Кесте 13
Негізгі құралдардың аудиті ең бірінші бағдарлама құрудан басталады
Аудит бағдарламасы
№. |
Аудитордың іс-әрекетті |
Ақпараттар көзі |
Орын дау мерзі мі |
1 |
Баланс көрсеткіштерінің бас кітап деректерімен сәйкестігін тексеру |
Баланс, бас кітап |
|
2 |
Негізгі құралдардың синтезі және аналитикалық есептердің жүргізудін дұрыстығын тексеру |
Бас кітап, №12 және №10 журнал ордерлер,негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау сомалары есептеу жөніндегі жасалған |
|
|
|
кестелер, бастапқы құжаттар |
|
3 |
Негізгі құралдардың сақталу және пайдалану орындарындағы барын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру |
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу коммисиясын және материалға материалды жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі және басшысының бұйрығы. Материалды жауапты тұлғамен жасаған шарт, түгендеу тізімдері және салыстыру ведомстары түгендеу актілері, қабылдап тапсыру актілері негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкалары. Негізгі құралдардың түгендеу тізімі, түрған орны пайдалану бойынша карточкалары т.б. |
|
4 |
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру. |
Қабылдау, тапсыру актісі (ОС 1) жөнделген, реконструкцияланған және жетілдірілген объектілер қабылдау тапсыру актісі (ОС 2), негізгі құралдардың тізімнен шығару актісі (ОС 3), автокөлік құралдардың шығару актісі. (ОС 4) негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкасы. Негізгі құралдардың есебі бойынша |
|
|
|
түгендеу карточкаларының тізімге алу (ОС 10), негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы (ОС 12) жалдаған ұзақ мерзімге негізгі құралдардың есебінің карточкасы (ОС 12-а) негізгі құралдардың түгендеу тізімі, тұрған орны, пайдалануы бойынша(ОС 13) |
|
5 |
Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру |
Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б. |
|
6 |
Негізгі құралдардың бағалаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру • |
Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау, негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері, ОСІ, ОС2, ОС6 т.б. |
|
7 |
Негізгі құралдарды кіріске енгізулуінің дұрыстығын тексеру. |
Техникалық құжаттамалар ОСІ, ОС2, ОС6 т.б. №12 журнал ордерлер, бас кітап |
|
8 |
Негізгі құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру |
Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер нормативтік құжаттар №10 журнал ордерлер, бас кітап. |
|
9 |
Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының негізділігін және |
Есеп саясаты жөніндегі бұйрық жобалық сметалық |
|
|
оларда бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру. |
қркаттамалар (ақаулық ведомосі, сметалар т.б.) орындалған жұмыстың қабылдау тапсыру актілерін, мердігерлер мен шарттар, басқа да бастапқы құжаттар, «басқа да белгіленген шығындар» 686 шот аналитика есебінің деректері «негізгі құралдарды жөңдеу» атауы бірдей 934 және 945 шоттар шығынының деректері. |
|
10 |
Есептеудің және жалдау төлемі шоттарында көрсетілуін негізгі құралдардың жөніндегі операцияның дұрыстығын тексеру |
Жалдау шарттары, жалданған «Ұзақ мерзімге жалданған» негізгі құралдардың есебінің карточкасы ОС 12-а |
|
11 |
Негізгі құралдардың шығарылу есебін көрсетудің дұрыстығын тексеру |
ОС 1, ОС 3, ОС 4, ОС 6, шарттар ағымдағы түгендеу нәтижелері №12 журнал -ордерлер, бас кітап. |
|
12 |
Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебінің және есептелуінің дұрыстығын тексеру. |
Есептеу, төменгі ведомостары, салық жөніндегі есептеулер №5 және №8 журналдар, 331, 633 шоттар бойынша бас кітап |
|
Аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру
туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алыну көздерін анықтау тиіс. Сондай- ақ, аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:
— күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар жен
беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және
оны орнату);
заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;
- тауарлы — материалды құндылықтарға айырбастау (бартерлік
жолымен алынған негізгі құралдарға; - занды және жеке тұлғалардан төлем ақысыз тегін алынған жаңа
және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға; - құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде
алынған негізгі құралдарға; - түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) негізгі құралдарға;
— ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға.
Аудитор негізгі құралдардың келіп түсу кездеріне қарай дер кезінде
кіріске алу құжаттары толтырылып тіркелгендігіне көз жеткізу керек.
Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.
Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді негізгі құралдар-қозғалыстарын және техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін
(тозу, жарамдылық, шығысқа шығару, жаңарту коэффициенттерін) және олардың тиімді пайдаланылғандығын тындаумен аяқтау қажет.
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғандығын қорытындайтын көрсеткіш қор қайтымдылығы болып табылады. Аудитор бұл көрсеткіштердің зерттелгендігін, қор қайтымдылығы-жоғарылатуға бағытталған кешенді шаралар жасалып және оның жүзеге асырылғандығын тексеруі тиіс. Сондай-ақ, аудитор негізгі құралдарды пайдаланудың тәртібін бұзушылыққа және сыздыққа жол берілгендігін, өндірістік мақсат үшін сатып алынған шаруашылық мүліктерін және басқа да мүліктерді шаруашылықтың жұмыскерлеріне заңсыз жеке басына пайдалануға берілген жағдайдың орын алмағандығын анықтауға тиіс. Бұндай фактілер кездескен жағдайда мүліктерді пайдаланған тұлғалардан төлем ақы алынғандығын анықтау керек.
Аудитор негізгі құралдардың белсенді бөлігін пайдаланудын, тиімділігін әкстенсивті жолмен де, интенсивті (екпінді) жолмен де көтеру арқылы жететін талдауға ерекше назар аударуға міндетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты қорыта келгенде, еліміздің экономикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады. Оның ішінде еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесі — халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуі. Сондықтан қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Нарықтық әкономика жүйесінде бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар мен міндеттер күрделірек болып отыр. Өйткені бухгалтерлік есеп қазіргі экономиканы ұйымдастыру мен басқару, іскерлік, экономикадағы саясат пен шешім, стратегия мен тактиканы қабылдау ісіне мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып табылады.
Осыған байланысты біз ең алдымен бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерімен танысып, оны үйренуімізге мүмкіндік аламыз. Жалпы бухгалтерлік мамандықты игеру үшін алдымен бухгалтерлік есепте қолданылатын әдістерді білуіміз керек. Оның ішінде бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін, екі жақты жазуды, бухгалтерлік балансты тағы басқаларды жақсы білуіміз керек. Сонымен қатар негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін де білуіміз керек.
Негізінен негізгі құралдар айналымнан тыс активтерден құралады. Шаруашылық операциялар субъектілердің өмірінде болған фактілерді, кәсіпорын мүліктерінің, меншікті және сырт капиталдарының қозғалысына байланысты экономикалық оқиғаларды білдіреді. Бұл қозғалыста шаруашылық процестерін жүзеге асыру барысында кәсіпорынның жұмыс істеу негізін құрайды.
Шаруашылық процесті жалпы бір-бірімен тығыз байланысты еңбек құралдары (машина, жабдықтар) түрінде көруге болады.
Мұндағы еңбек құралдары үйлер мен құрылыстар, жүк тартатын және жұмыс машиналары, көлік және басқа да құралдар, бұлардың көмегімен өнім дайындалады, белгілі бір жұмыс атқарылады. Олар өндіріс процесінде өзінің бастапқы түрлерін өзгертпейді. Жаңадан жасалынған өнімге немесе атқарылған жұмысқа өз күндарын біртіндеп-біртіндеп (амортизация) түрінде сіңіріп отырады. Шаруашылықта олар өндірітің көптеген циклдары бойына, яғни бірнеше жыл бойы пайдаланылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорында дипломдық жұмыс келесі сұрақтармен көрінеді:
- кәсіпорынның есеп саясаты;
- методикалық және мекемелік бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды
есепте шығару есебі мен аудитін ұйымдастыру; - негізгі құралдар есебі;
— кәсіпорындағы негізгі құралдарды есептен шығару есебі мен аудитін
ұйымдастыру көрінеді.
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы -кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып есептеледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007-
жылдың 28-ші ақпанындағы № 234-ІП Қазақстан Республикасының
Заңы, - «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы
1998- жылғы 20-қараша (2006 ж. 5-мамырдағы өзгертулер мен
толықтырулармен № 139-1), - Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ¥лттық
комиссиясы бекіткен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен) - Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі 06.2001 жыл
№209-11 (өзгерістер мен толықтырулармен), - Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 18.09.2002 ж. №438
(№372 21.10.2003 ж. өзгертулермен), - «Аудит», под редакцией доктора экономических наук , профессора М. Юнити,ВИ.Подольского 2000г-560с,
- Андреев В.Д. Практически аудит, М. Экономика 1994г-500с.
- З.Н.Ажибаев , Аудит.Учебник, Алматы, Экономика, 2005.
- Әбдіқалықов Т.Ә, Сәтмурзаев А.А Шағын кәсіпорындарда
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, А.,ҚазМБА. 1996. - З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит, Оқулық,
А. 2006. - Байдәулетов М, Байдәулетов С.М. Аудит, А., Қазақ
университеті.2004-226 бет. - Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, А. 2005,
- Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления
финансами,А., Экономика. 2000ж-320 бет.
77
- Дюсембаев К.Ш ,Егембердиев С.К, Дюсембаев З.К, Аудит и анализ
финансовой Отчетности, А, Каржы — каражат. 1998ж. - Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 200ІЖ-378 бет. - Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Жантаева
Қаржылық есеп, А., Экономика. 200ІЖ-400 бет. - Ержанов М.С., Аудит-1. (Базовый учебник). Алматы, Бастау. 2005г.
- Коволев В.В, Волкова О.Н, Анализ хозяиственной деятельности
предпрятия, М., Сервис. 2000г-450с. - Козлова Г.Н, Бухгалтерский учет в организациях, М., Дело. 1999г-
520 - Кондраков Н. П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского
учета,ФБК-Пресс.1997г-450 с. - Кутер М.П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета , М.,
Финансы и статистика. 2000г-543 с. - Назарова В.Л, Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі
бухгалтерлік есеп. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж. - Родостовец В.К, Ғабдулин Т.Ғ, Родостовец В.В, Шмидт О.И,
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан- орталық аудиті тәуелсіз
аудиторлық компаниясы А., 2003ж-410 б. - Родостовец В.К, Шмидт О.Н, Теория и отраслевые особенности
бухгалтерского учета А., Центр аудит Казахстан. 2000г-310 с. - Сатмурзаев А.А, Укашев Б.Е, Аудиттің теориясы, А., ¥лағат
университеті. 1998ж - Төлегенов Ә.Т, Бухгалтерлік ақпарат жүйелері, А., Экономика.
2001ж-200б. - Тасмағамбетов Т.А, Омаров А.Ш, Әлібеков Б.А, Рабатов О. Ж,
Байболтаев Н.Ә, Родостовец В. К, Қаржы есебі, А., Дәуір 1998ж-390 б. - Укашев Б.Е, Әжібаев З.Ы, Бухгалтерлік есеп теориясы А., ¥лағат
университеті 1999ж-220 б.
- Хорнгрен Ч.Т, Фостер Дж.Бухгалтерский учет: управленческий
аспект: Пер. с англ. Под. Ред. Я.В. Соколова, М.,Финансы и
статистика. 2000г-416 с. - Бюллетень бухгалтера.№18(196), 2006 ж.
- Библиотека бухгалтера и предпринимаетеля № 14 (139), январь
2006г. - Бухгалтер бюллетені, №10,12,15, қаңтар, 2006 ж. БИКО.
- Әкономика и жизнь №12,14,15- 2006 г.