МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I-БӨЛІМ “КОНТАЛ” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ –ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
- “Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау
- “Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы
II-БӨЛІМ “КОНТАЛ” ЖАУАПКЕРШІЛІГ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСМТІГІНДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы. Демалыс ақысын төлеу
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі
III-БӨЛІМ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық салаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы. Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді. Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады. Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетеді. Алынған табыстың құрамы негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауына байланысты болып келеді. Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен байланысты мәселелер маңызды болып есептелінеді.
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
- Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
- Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
- Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
- Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
- Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
- Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты еңбек ақы төлеуде оның есебімен аудитін жүргізу. Зерттеудің объектісі “Контал” жауапкершілігі серіктестіктің жарғысы болып табылады. Жауакершілігі шектулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден 1998 жылы 12-ші мамырда өткен өзінің меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу, өндірістің негізгі түрі қызымет көрсету. Сонымен қатар серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада қызымет көрсету мен шұғылдана алады. Серіктестіктің 1-ші қаңтар 2005 жылғы қаржы – шаруашылық жағдайына тоқталсақ, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтен түскен жалпы табыс 1503452 мың теңге болған сатылған өніңнң өзіндік құны 1227685 мың теңге болып,жалпы табыс 275757 тенгені құраған,салық салынғанға дейінгі табыс тенге көлемінде есептеліп 60313 мың теңге, салық салынған салық 18094 мың теңге болған, салық салынғаннан кейінгі табыс 42239, төтенше жағдайдан алынған зиян 42117 мың теңге,таза табыс 102 мың теңге Жалпы балансымен қаржы шаруашылық жағдайын талдауда анықталғанындай кооперативтің рентабілдік денгейі төмен екендігін байқаймыз. [27. 1-3 беттер]
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық серіктестіктерде орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үрдістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты — кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Еңбек және еңбек ақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің міндеттеріне жататындар:
- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- шаруашылық жүргізуші субектінің әр бір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;
- белгіленген мерзімді еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызыметтің, өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы еңбек туралы» заңының 5 – ші бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен реттеледі.
Серіктестік дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Әр қызыметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызыметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салық пен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды. Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 71 — бабы) ең аз шамадағы еңбек ақы мөлшерінен төмен болмауы керек.
«Қазақстан Республикасы еңбек туралы» Заңының 13 бабына сәйкес қызыметкерлердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісім шарты сондай-ақ жұмысқа қабылданғаны жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.
1-бөлім “Контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау
1.1“Контал” жауапкершілігі серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сон дай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Казахстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бестапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.
Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтер лік шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО, ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б).
Төртінші кезең. Шаруашылық серіктестік қаржылық-шаруашалық қызметі талданады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнін басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№2 “Бухгалтер лік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қоғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады. [27. 1-2 бет]
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құралтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Серіктестіктердің шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп. тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бір інші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланс тар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуї тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтер мен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алу мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасмалдаудың, қайта сорталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыцс көрсетпеунен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай турін түгендеу (немесе түгелдеу) деп. атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу)- бұл бухгалтерлік есеп әдісінің бастр элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерінің салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, он барлық кәсіпорын жүргізіледі. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек сонын көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына арап екіге бөлінеді: толық және ішінара болады.
Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі турады есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы турады есеп және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудіңмақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегіқызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет, мысалға:
—инвесторлар — жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келекшектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
—кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
—жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
—сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
—қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзініің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктеріне мен төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент алып тұруын көздейді;
—Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сон дай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды.
—Жұртшылық – жұмыс орынын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді аймақты дамутуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағының бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесімен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарын қызметіне қажет ақпараттар мен қамтамасыз етуге өзге септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал . Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін апарат балып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру өзара байланысы, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі факт імен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал он сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субьект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуг тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беру де заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі- мың теңге. Жылдық есеғп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субьектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).[23. 491-492 беттер]
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив-бұл құндық бағасы бар субьекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттыр үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық ложа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуын немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпоынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін. Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу-хау”, гудвіл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуї мүкін. Шаруашылық жүргізуші субьекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген обьектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет.Субьекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субьект келісім – шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналалды (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
Меншік капиталы- бұл субьектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пасивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субьектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен батыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндемелердің азаюы, шығыс— бұл есептік мезеңде активтердің азаюы не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субьекттің табысы болып табылады, ал субьект иелеріне меншік капиталын таратып беру-шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субьект қызмет түрінде (өндірісіне) қаракп табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, аул шаруашылық қызметі бойынша және т.б, сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар – бұл субьектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық құндылықтардын, жалға беруде инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акцияф бойынша табыс және пайз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар — өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетімен байланысты шығындар, негізгі және негізіг емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жаңадан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары материалдық запастар, негізгі құралдар т.б) Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбеді және ол жеке элемент болып та саналмайды. [12. 492-496 беттер]
“ Контал” жауапкершілігі сетіктестігінің 1-қаңтар 0.1 0.1 2005 жылғы бухгалтерлік балансы.
Кесте -1
|
Қатар саны |
Жыл басына |
Жыл соңына |
Актив |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
|
Материалдық емес активтер |
|
|
274 |
Бастапқы құны |
10 |
|
|
Амортизациясы |
11 |
|
|
Қалдық құны |
12 |
|
274 |
Негізгі құралдар |
|
|
|
Бастапқы құны |
20 |
381176 |
412623 |
Амортизациясы |
21 |
100350 |
125643 |
Қалдық құны |
22 |
280826 |
286980 |
Аяқталмаған құрылыс |
30 |
151 |
|
Инвестиция |
40 |
|
|
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар |
50 |
|
|
Есепті жылдың (шығыны ) зияны |
60 |
|
|
|
70 |
|
|
Жиыны |
90 |
280977 |
287254 |
2. Ағымдағы активтер |
|
|
|
Тауарлы – материалдық қорлар |
|
|
|
Материалдар |
100 |
210815 |
735787 |
Аяқталмаған өндіріс |
101 |
|
|
Тауарлар |
102 |
211205 |
89788 |
Алдағы кезең шығыстары |
110 |
153654 |
153654 |
Басқалары |
120 |
|
|
Дебиторлық қарыздар |
|
616361 |
144894 |
Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің қарыздары |
130 |
|
|
Еншілес серістіктердің қарыздары |
140 |
|
|
Басқада дебиторлық қарыздар |
150 |
25152 |
205226 |
Осыдан : |
|
|
|
ҚҚС |
151 |
|
|
Алдағы кезең шығыстары |
160 |
|
|
Берілген аванстары |
170 |
|
|
Қаржылық инвестиция |
180 |
|
|
Ақша қаражаттары |
190 |
135690 |
299856 |
Осыдан: |
|
|
|
Есеп айырысу шотындағы ақшалар |
191 |
|
|
Жолдағы ақшалар |
200 |
|
|
Валюталық шоттағы ақшалар |
210 |
|
|
Басқада ағымд ағымдағы активтер |
220 |
|
|
Жиыны |
230 |
1541167 |
1629505 |
Барлығы |
240 |
18222144 |
1916759 |
|
|||
Пассив |
Қатар саны |
Жыл басына |
Жыл соңына |
1 |
2 |
3 |
4 |
1Меншікті капитал |
|
228012 |
228012 |
Материалдық емес активтер |
|
|
|
Жарғылық капитал |
300 |
3197 |
3127 |
|
310 |
|
|
|
320 |
|
|
Қосымша төленген капитал |
330 |
|
|
Қосымша төленбеген капитал |
340 |
|
|
Резервтік капитал |
350 |
|
|
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) |
|
1426 |
1528 |
Өткен жылдардағы |
360 |
|
|
Есепті жылдардағы |
370 |
|
|
|
380 |
|
|
Жиыны |
390 |
229438 |
229540 |
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
|
|
Ұзақ мерзімді несиелер |
400 |
161436 |
117408 |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және оның еншілес серікткстігі |
410 |
26942 |
20273 |
Мерзімі ұзартылған салықтар |
420 |
|
|
Жиыны |
430 |
188387 |
137681 |
3.Ағымдағы міндеттемелер |
|
|
|
Қысқа мерзімді несие |
440 |
1169205 |
1396441 |
Ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі |
|
108657 |
|
Вексель бойынша шотты төлеу |
450 |
138629 |
|
Салықтық қарыздар |
|
48792 |
|
ҚҚС |
451 |
|
|
Еншілес серіктіктестіктердің қарызы |
460 |
|
|
Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу |
470 |
|
|
Алынған аванстар |
480 |
|
|
Мердігерлермен есеп айырысу |
490 |
|
|
Қызыметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу |
500 |
|
|
Жұмысшыларға есептеліеген демалыс ақысы бойынша қарызы |
510 |
|
|
Басқада кредиторлық қарыздар |
520 |
10213 |
112429 |
Төленетін есептелінген шығындар |
530 |
26116 |
40668 |
|
|
|
|
Басқалары |
531 |
|
|
Жиыны |
540 |
1404328 |
1549538 |
Барлығы |
551 |
1822144 |
1916759 |
“Контал” ауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің 0.1.0.1.2005 жылғы қаржы –шаруашылық жағдайының нәтежиесі туралы есеп.
Көрсеткіштердің атауы |
Қатар саны |
Табыс |
Шығыс |
Сатылған өнімнен түскен табыс |
1 |
1503452 |
|
Сатылған өнімнен өзіндік құны |
2 |
|
1227685 |
Жалпы табыс |
3 |
257767 |
|
Кезең шығыстары, барлығы осыдан: |
4 |
|
215454 |
Жалпы әкімшілік шығындары |
5 |
|
34283 |
Сатумен байланысты шығыстар |
|
|
13938 |
Пайыздар бойынша шығыстар |
|
|
167223 |
Жалпы табыс |
|
60313 |
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
6 |
|
|
Салық салынғанға дейінгі табыс |
7 |
60313 |
|
Табыс көзінен алынатын салық |
8 |
18094 |
|
Салық салынғаннан кейінгі табыс |
9 |
42219 |
|
Төтенше жағдайдан шеккен зиян |
10 |
-42117 |
|
Таза табыс |
11 |
102 |
|
“Контал” ауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің 1- қаңтар 2005 жылғы балансында ұзақ мерзімді активтердің жыл басындағы қалдығы 280977 мың тенге, жыл соңындағы қалдығы 287254 мың тенге, қалдық құнының кемейуіне әсер еткен фактор тозу соммасының есептелгендігі. Ал ағымдағы актвтердің жыл басындағы соммасы 1541167 мың тенге, жыл соңына 1629505 мың тенгені құраған, бұған негізінен кооперативке келіп түскен тауарлы материалдық құндылықтар есебінен ұлғайған.
Меншікті капиталы жыл басына 229438 мың тенге, болып жыл соңына 229540 теңгені құраған бұның ұлғайуына бөлінбеген табыстың әсері тиген.
Енді біз “Контал” ауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің қаржы шаруашылық жағдайына тоқталатын болсақ , сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтен түскен жалпы табыс 1503452 мың теңге болған сатылған өніңнң өзіндік құны 1227685 мың теңге болып,жалпы табыс 275757 тенгені құраған,салық салынғанға дейінгі табыс тенге көлемінде есептеліп 60313 мың теңге, салық салынған салық 18094 мың теңге болған, салық салынғаннан кейінгі табыс 42239, төтенше жағдайдан алынған зиян 42117 мың теңге,таза табыс 102 мың теңге Жалпы балансымен қаржы шаруашылық жағдайын талдауда анықталғанындай кооперативтің рентабілдік денгейі төмен екендігін байқаймыз. [27. 1-3 беттер]
1.2“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.
Қазақстан Республикасының аймағындағы әрекет етіп тұрған барлық субьектілерге (Қазақстан Республикасының аймағындағы тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызыметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыдан басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жататындар:
Бірлескен кәсіпкерлік қызымет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен қатысуының негізінде және мүліктік пайларының мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Контал мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері зайда қаралған тәртіп пен қосымша міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болады.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір серіктестіктердің техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызыметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. [12. 7 бет]
Серіктестіктердің бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызыметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік – құқықтық құжаттарда бегіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынған жөн:
— кәсіпорын өз мүлкімен өзімен — өзі болушылығы (кәсіпорын өз баланссында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер балансттан тыс шоттарды есепке алынады);
— толасыз қызыметті (есеп саясатының мәселесі бойынша қандайда бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызыметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызымет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);
— есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);
— шаруашылық қызыметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызыметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызыметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпарат пен қаптастыру. Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын. Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызымет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады. Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының бір шама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір обьектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
— материалдардың есебі. өндіріске жатқызылатын (немесе өндіріске есептен шығарылатын). матералдық ресурстарының нақты өзіндік құнын анықтау тәсілі туралы шешім қабылдау қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдісін, фифо әдісін, лифо әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұқсастырылған) әдісін таңдайды. Шауашылық жүргізуші субьекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы – материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс;
— басқарушы есеп. Есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен қоса, оның есеп беру талабына сай келетін үйлестірілген регистрлері де жоқ, сондықтан оны ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсіпорын ол үшін шоттардың бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын қолдануына болдады. Бірақ ол кезде кәсіпорынның құрамы, құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі; [12. 11-12. бет]
— өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құынын калькуляциялау есебінің әдісі. Серіктестік калькуляциялаумен есеп обьектісін, шығындарды жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Серіктестік өзінің негізгі қызыметінің сипатына байланысты өзіндік құнның калькуляциялауы мен өндіріске кеткен әдістерінің бірін немесе бірінешеуінің үйлескен түрін таңдай алады.
Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шала фарикаттық немесе шала фабрикатсыз нұсқасымен жүргізілуі мүмкін.
— үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Серіктестік №7 тауарлы-материалдық запастардың бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс қызыметінің ерекшеліктері ескере отырып, қосымшалар мен өзгерістерді енгізуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқада осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалық мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне парапар (пропорцияоналды) етіп, тікелей материалдық шығыстарына парапар етіп, тікелей нақты еңбек ақы шығыстарына парапар етіп, немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалыға, бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффиценттері бойынша;
— мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу. Міндетті түгендеу мен қоса, құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектілігін, түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;
— бухгалтерлік есеп нысаны. Серіктестік бухгалтерлік есеп нысанын өзі таңдай алады, олардың тізімін және есеп регистірлерін, жүйелілігін, жасау техникасын өзара байланысын анықтайды;
— нақты (іс жүзінде) пайдаланатын шоттар жоспары. Серіктестік шоттардың бас жоспарын басшылыққа ала отырып, өздеріне пайдаланатын шоттарын іріктей алады, яғни оның құрамына кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызыметін және қаржылық жағдайын, мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді. Содан кейін синтетикаалық шоттарына тиісті суп шоттарының тізімін жасайды. Сонымен қатар, серіктестік аналитикалық есептерінің де толық номенклатуралық обьектілерін және олардың коттық белгілерін белгілейді. Бұл кезде басқарудың, талдауын, бақылаудың және есеп берудің мақсатын есекереді. Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшін, шоттардың бас жоспарына кәсіпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады. Бірақ ол жағдайда, ол шоттардың бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек;
— өндіріс ішіндегі есеп беру. Ішкі есеп беруді жүргізудің барлық мәселесін кәсіпорынның өзі шешеді, оның кезектілігін, есеп беру нысаны мен құрамын және есеп беру мерзімін, сондай-ақ потенциялды пайдаланушыларын, есепті жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды. Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлігі келесідей мәселелерді қарастырады:
— бухгалтерлік қызыметтің құрылымы мен ұйымдастырушылық нысаны. Серіктестік құрылымдық бөлімше ретінде, өзінде бухгалтерияны ұстау керекпе; жоқ, әлде келісім – шарттық негізде тиісті мамандарды жалдау керекпе; бухгалтерлік қызыметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек яғни есеп персоналдарының саны қандай болуы керек, қандай бөлімдер қажет (есеп айырысу, материалдық, өндірістік, жинақ бөлімдері), олардың бағыныштылығы қалай болуы керек деген мәселелерді өзі шешеді. Бірақ барлық жағдайда кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына қажетті жағдайларды жасалуы керек.
— есепті орталықтандыру деңгейі. Серіктестіктің нақты қызыметінің жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкін, ол кезде сетіктестіктің барлық бөлімшелері бір тұтас есептік жұмысқа біріктіріледі; ал орталықтандырылған жағдайда, серіктестіктің жекелеген құрылымдық бөлімшелері дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейінгі есеп жұмысының барлық цикілін толығын мен аяқтап, кәсіпорынға тек балансты жасауға тиісті мәліметтерді береді;
— ішкі өндірістік бақылау. Серіктестік ішкі өндірістік бақылау жүйесінің қандай болуын және олардың басты элементтерін анықтап, олардың ішінен алғашқы есептік құжаттарды жасап және рәсімдеп отыратын жауапты тұлғаларды белгілеп бөліп отыруын, олардың есеп қызыметінде дер кезінде берілуін және т.б. осы сияқты мәселелерін шешеді. Әр бір қызыметкерлердің жауап беретін аясы мен міндеттері айхындалады.
Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда серіктестік үшінде, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына беиімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары № БЕС жан-жақты берілген. Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа серіктестіктің мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс (яғни, мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызыметін жалғастыруда көздейтін болса, яғни өз қызыметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толасыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, серіктестік өзі таңдап алған бухтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелік қағидасын сақтағаны, ал егерде серіктестікте орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған (белгіленген) қағидасын ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа, мынадай талаптарды да ұстағаны жөн, атап айтқанда:
— шаруашылық қызыметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету;
— сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту (шығыстар) мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс, активтер мен табыстарға қарағанда;
— шаруашылық нысанының басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық қызыметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек, демек оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнында қамтуы керек;
— қайшылықсыз деп әр қилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің сәйкестілігін бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық, аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады;
— ұйымдылық (рационалдық) серіктестіктің көлемімен, оның қызымет масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлығын білдіреді.
Аталған қағидалар мен талаптар кез келген ксіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін құрайды. Егер де олар толығымен сақталмаса, оның бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және серіктестіктің мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін. [23.7 – 16 бет] Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Серіктестік активтердің меншікті капиталдың, міндеттемелердің және олармен жасалған шаруашылық операцияларының екі жақты жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары мен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізген. Серіктестік бухгалтерлік есеп 1.С. 7,7 “Бухгалтерия ” програмасы бойынша жұмыс істемейді, Ехсеl програмасы бойынша жұмыс істейді.
2-бөлім “Контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбекақы төлеудің есебі.
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі
“Контал” серіктестігінің шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыз-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадырлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білім және басқа белгілерін есепке алады. [23,350 бет]
Жұмыс беруші қабылдаған кезде ( заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады ) еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісім шарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады. Әдетте, жалақысының деңгейі жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім — шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының кемшіліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де келісім-шартқа “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңының 7,8 және 9 баптары еңгізілуі тиіс. [ 4.1-2-бет]
Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі мерзімге;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша
атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальды және минимальды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім – шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта көрсетілген күнннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден (қызметкерден) еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім-шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
“Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы қол қойған бұйрық (өкім) қызметкерге хабарланып, одан қол хат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкердіңөзінде сақталуы мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен азаматтық — құқықтық келісім-шарт (мердігерлікті, тапсырысты және қызмет көрсетуді және т.б) жасауына блады. Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау үшін жасалады. Азаматтық-құқықтық қатынаста қызметкер белгілі бір тапсырманы оындаған кезде сол ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынбайды. [13,15-23 бет]
Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық келісім-шартпен реттелуі мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу, жасау және орындау 04.07.92ж.№1514-ХІІ шыққан Қазақстан Республикасы “Ұжымдық келісім шарт туралы” заңымен анықталады. Бұл келісімшарт, жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген минималды еңбек ақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркелуі мүмкін. Одан басқа, ұжымдық келісім-шарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда өндіріс тапсырмаларын, еңбекақы төлеу жағдайын, үй-тұрмыстық және басқада.
Олардың қатарына:
-тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың
тізімі;
-еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және компенсация құқын
беретін жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
-жұмыс уақытының жиынтық (жалпы) есебін жүргізетін өндірістер,
цехтар, учаскелердің тізімі.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда ˝Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық (өкім)˝ қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы ( мастері) немесе “Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде “Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылармен қызмешілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау , жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу еңбек төлеі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру үшін “Жұмыс уақыты есебінің табелінде” жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсысдық парағы (листогы), мемлекеттік не қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар т.б) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады. [23,165]
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар : “Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері, цех, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі (қызмет орны), табельдік нөмірі тб. Жұмыс істеген немесе жұмыс істемеген уақытын белгілеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады.
“Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестік 13 шақты мақта шикізатын дайындайтын пунктері бар. Жұысшылар құрамы төмендегідей барлық жұмысшылар саны 240 адам:
- Әкімшілік бөлімі 32 адам.
- Өндірістік бригадирлер 33 адам
- Жөндеу цехы 27 адам
- Дайындаушылар 12 адам
- Электр цехында 15 адам
- Құрылыс бөлімінде 5 адам
- Призаводской 12 адам
- Гараж 34 адам
- Күзет 47 адам
- ПСО 8 адам
- кіші механизация бөлімі 13 адам
Контал кәсіпорнында бухгалтерлік есері 1с програмасымен
жүргізіледі. Серіктестіктің бухгалтерлік есеп ұлттық стандартар
негізінде ұйымдастырылған.
Жұмыс уақытының әріптік және сандық кодтары.
№
|
Шартты белгілері |
Код |
|
әріптік |
Сандық |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жұмыс сағаттары (күндері) |
Я |
01 |
2 |
Түңгі жұмыс сағаттары |
Н |
02 |
3 |
Кешкі жұмыс сағаттары |
ВЧ |
03 |
4 |
Мерзімнен тыс жұмыс сағаттары |
|
|
5 |
-кесімді қызметкер үшін |
С |
05 |
6 |
-мерзімді қызметкер үшін |
СП |
06 |
7 |
Кесімді қызметкердің толық сменалық мерзімді жұмысы |
Ц |
07 |
8 |
Қызмет бабындағы іссапарлары |
К |
10 |
9 |
Жыл сайыңғы демалыстар |
ОТ |
14 |
10 |
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы |
Б |
17 |
11 |
Екіқабат болуға және бала табуға байланысты берілетін демалыстар |
Р |
18 |
12 |
Қызметкердің кінәсінан болған толық сменалық кідірістер |
П |
20 |
13 |
Қызметкердің кінәсінан болған сменалық кідірістер |
В |
21 |
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық анықталады.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалды. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылармен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қайсаласыныда болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифтік әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде – жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффицентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдірісін (процесін) жүргізу кезінде анықталады.
Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қан кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге де сандық және сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.
Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептелініп төленетін еңбекақы түріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейіне және оларды тиімді пайдалануға, т.б байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау, механикаландырылған, автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техника мен технология өз әсерін тигізеді. Бұл айтылмағандардың іске асуы, яғни қолданылуы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.
Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмыстың орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер мен ақпараттар болуы қажет:
- орындалған жұмыстың аталуы;
- оның қабылданған уақыты яғни күні, айы, жылы;
- өндірілген өнімнің саны мен көлемі;
- өнімді өндіруге, жасап шығаруға және жұмысты орындауға кеткен уақыт;
- орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік нөмірі немесе бригаданың нөмірлері;
- цех бөлімшесінің шифрлары және оларға есептелген еңбекақы түрі.
Булар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы және қызметкерлермен есер-айырысу жүргізіліп, сонымен атар өндіріліп шығарылатын өнімдер мен істелген жұмыстар бойынша төлем сомаларының мөлшері анықталады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішінде:
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операция бойынша істелген жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен сапасына сәйкес жеке-жеке еңбекақы есептен және оны төлеу жүйесі. Бұл дүйе бойынша керекті мәліметтерді жеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмысына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.
- Өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемін ең соңғы операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі. Бұл жұйе бойынша бөлімшелер мен цехтардағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған қызметі мен орындалған жұмысына бір жолды және жинақтаушы құжаттар толтырылады.
— Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір жүйе – түгендеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке-жеке өндірген өнімінің, істеген жұмысының көлемінің санын анықтау үшін әр операциялардан кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмысы жүргізіледі.
Операцияла рбойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қаблылдап, санап алғаннан кейін, ол туралы ақпаратты мәліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі “кесімді жұмыс” наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшылар мен қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.
Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуі бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогресивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттың санын азайтуға болады. Кәсіпорындарда өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжыуы яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға аусуын бақылау үшін және олар үшін толтырылатын құжаттардың санын азайту мақсатында маршруттық қарталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериалы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшемелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық картоларда (карточка) бір тектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық үдерістерден өтіп қоймалы тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Кәсіпорының бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып шығарылған өнімнің сапасы мен саның тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл тауарлы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшемелерде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімнің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексері барысында анықталған ақау немесе келшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің нөмерін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшының кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнімнің санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық картрлар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.
Кәсіпорындарда көп жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген өнімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттардың саны азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің , істелген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу және төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін (ведомосін) қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін,
сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақыны төлеу нысаны (формасы) жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар еңбекақыны мөлшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін түріне көшті. Бұл жұмысшылар мен қызмтекерлерге мерзімде еңбекақы төлеу жағдайында да өнім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақытылы орындағаны және еңбек өнімділігін арттырғаны мүшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар, тағы басқалар беріледі.
Үздіксіз еңбек үдерістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында өнім өндіру есебінің инвентарлық жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша жұмыстың яғни сменаның соңында (аяғында) өндірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін әр операция бойынша өңделмей қалған детальдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Кәсіпорындарда жұмыс істейтін әрбір жұмысшының өндіріп шығарған өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өңдеу үшін алынған детальдар мен бұйымдардың санын қосып осы қосындыдан сменаны тапсырған уақыт барысында өңделмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азайту керек. Осының негізінде өндіріліп шығарылатын өнімдердің санын тиісті құжаттарға жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде әр түрлі себептермен өңдіріске керекті материалдық құндылықтардың, жабдықтардың дер кезінде болмауына байланысты жұмысты орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз, сапасы жағанан немесе физикалық, химиялық қасиеттермен талаптарға сай келмейтін материалдық-құндылықтарды пайдалануға тура келеді. Кейбір жағдайларда ондай материалдық-құндылықтарды пайдалану алдын ала өңдеуді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану істелетін жұмыстың белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына әсерін тигізеді. Бұған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады. Сондықтан да ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша еңбекақы есептеліп төленуі тиіс. Кәсіпорындағы жұмыстың былай ауытқуына қосымша төленетін еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжаттарын толтырылады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатын нарядтар мен алғашқы құжаттардың нөмірі жазылады. Егер әдетте техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық түскен) нарядтар толтырылады. Қосымша төлеу құжатында жоспарлардан тыс өңдеу операциясына төленуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де жазылып көрсетілуі тиіс.
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар
Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігі арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқана: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, ˝Еңбекақы төлеу туралы˝ ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін , “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастырумен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақасының деңгейі заңда белгіленген ең төмеңгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Іс жүзінде еңбек ақы ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу). [23,354 бет]
Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыты бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.
Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірлеген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана , ткм , килограмм тб) . Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:
Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді ;
Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Кесімді – прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады.Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді;
Жанама кесімді еңбек ақы төлемі . Мұнда қосалқы және басқада жұмысшылардың еңбек төлемі қызметін көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы процентімен анықталады ;
Еңбек ақы төлемінің аккортық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын-ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. [23,355бет]
Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды : міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбекерлердің) келісімінсіз : қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.
Серіктестікте еңбек ақы төлеу тізімдемесі бойынша итогы 8405175.00 т.
Ұсталынатындар:
Алимент 4300т
Пенсионный фонд 731899.6 т (10%)
В счет ЗРП 18200 т
Падаходный налог 350650 т
Ссуда ЗАГ 5000т.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады.Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнеақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтериядан олардың жеке есебі жүргізіледі. [23,356 бет]
Жинақ зейнеткерлік қорға міндетті зейнекерлік жарнасы еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және басқада табысынан 10% мөлшерде ұсталынады және оны жұмыс беруші атарған қорға аударады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түріндегі арыздары бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің еңбек төлемінен ұсталынған мүшелік жарналары тиісті кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы. Демалыс ақысын төлеу.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде істелген жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу
Қазақстан Республиксаның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлер думалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиісті. Ұйымның бұл уақыт аралығында (келесі екі апта ішінде) демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының 2 (екі) есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2 (екі) есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Мейрам күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақы төлемінің орнына сол жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлердің келісімімен, яғни олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демалыс беруге де болады. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытына еңбекақы төлеу тәртібі
Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрыңғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен жұмыстан босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына орташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстырылып (өзінің істеп жүрген жұмысынан төмен дәрежелі жұмысқа немесе тағы басқа) кейіннен бұрыңғы жұмысына қайта келтірілген жұмысшылар мен қызметкерлерге (еңбектің таласын қарайтын тиісті органдардың немесе заң органдарының шешімі бойынша) бұрыңғы еңбекақысы мен басқа жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған еңбекақысының арасындағы айырма сомасы төленеді. Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты үш ай мерзімнен аспауы керек.
Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. “Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы” туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтемге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10(он) күнтізбелік (календарлық) күннен аспауы қажет. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының біреуні немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Баланы ауруханада емдеген уақытта дәрігердің қорытындысы бойынша күтім қажет деп есептелген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы ата-анасының біреуіне немесе оны күтетін адамға беріледі. 3 (үш) жасқа толмаған ауырған баланың ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бәріне жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерге ауырған жанұя мүшесін күтімге алған уақытына да дәрігердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша заңда қаралған мөлшерде жәрдемақы төленеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздылығы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа еңбекақысының 100% (пайызы) мөлшерінде төленеді.
Кезекті демалыста немесе қосымша демалыста болған уақытында жұмысшылар мен қызметкерлер ауырып қалса, олардың ауырып қалған уақытына жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша жарамсыздылығы еңбек демалысы күні аяқталғаннан кейінде жалғасқан болса ол үшін берілетін жәрдемақы дәрігердің парақшасы бойынша жұмысшы немесе қызметкердің жұмысқа қосылатын күнінен бастап онда көрсетілген мерзімге төленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он еселігі шамасынан аспауы қажет.
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және балалы болуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы (куәлігі) бойынша төленетін төлем 126 күнтізбелік (календарлық) күнге, ал ядролық қарудың салдарынан апат аймақ болып есептелетін елді мекендерде тұратын әйелдерге 170 (184 егер қандайда бір қиыншылық, ауыр хал болған жағдайда) күнтізбелік (келендарлық) күнге беріледі. Бұл жағдайда берілетін жәрдемақы ай сайын айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорында жұмыс істеу немесе қызмет атқару барысында мертігуі, сондай-ақ кәсіптік сырқат алуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны жұмыс беруші жұмысшының жұмысқа жарамсыздығы басталған күннен жұмысқа қайта оралған, яғни сауыққан уақытына дейін төлейді немесе ондай жұмысшылар мен қызметкерлерге мүгедектік тобы белгіленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жалпы ұйымдарда әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмыста мертіккен (жарақат алған) жұмысшылар мен қызметкерлерге, жүкті немесе балалы болған әйелдерге тағы да басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы мөлшері үздіксіз еңбек стажының ұзақтығы қарамастан есептеліп төленеді. Ал басқа жағдайларда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу олардың үздіксіз еңбек стажына сәйкес мынадай ереже бойынша есептеледі.
- үздіксіз еңбек стажы 5 жылға жетпейтін жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбекақысының 60% мөлшерінде;
- үздіксіз еңбек стажы 5 жылдан артық, ал бірақ 8 жылдан кем жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбек ақысының 80% мөлшерінде;
- ал үздіксіз еңбек стажы 8 жыдлан артық жұмысшы қызметкерлерге орташа еңбек ақысының 100%имөлшерінде.
Барлық кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлер бұл белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін жұмысқа шыққан күні еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы дәрігерлік парақшасын ұйымның тиісті бөліміне (әдетте бухгалтерияға) тапсыруы тиіс. Осыдан кейін бұл парақшаның тиісті жерлері толтырылып, ол жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы есептеледі.
Кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді.
- өзіне берілген және басқа да міндеттерді атқарудан бас тартып өз денсаулығына зиян келтірілген, сондай-ақ өтірік ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге.Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған болса онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік ішіп мас болуы салдарынан болса;
— еңбекке уақытша жарамсыздығы қылмыс істеу салдарынан болған жағдайдағы зақымдануынан болса;
— өз бетінше емделген жұмысшы қызметкерлерге.
Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 “Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
126-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына ;
811-шоты “Тауарларды (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;
821-шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне есептелінген еңбек төлемінің сомаларына;
902-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
932-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” цехтар (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге есептелінген төлемінің сомаларына;
942-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” әлеуметтік салада қызмет көрсетумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;
952-шоты “Жұмысшылардың еңбек ақысы” ақау өнімдерді жөндеумен шұғылданатын жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына
Басшылықтағы тұлғалармен есепайырысудың есебі. Басшылықтағы тұлғалармен сеп айырысу үшін 682 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен
есептеседі (басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің мүшесі және ревизиондық комиссияның мүшесі және т.б.) Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821-шоты дебеттеледі де, 682 шоты кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 682 шоты дебеттеліп, 451 шоты кредиттеледі. [23,379]
“Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестік 681-шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне (902 , 922 , 942 , 126 , 821 , 950 , т.б.) жатқызылған сомасы есеп объектілеріне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етті.
Кәсіпорынның дайындау бөлімінің қызметкері жалақы есептеу бойынша Қаңтар 2005 жылғы кестесі:
№ |
Ф.И.О |
Должность |
Оклад |
Премия % |
Итого с премий |
Приме- чание |
1 |
Алжанов С |
Зам.директора по заг |
35000 |
50 |
52500 |
|
2 |
Досымбеков А |
Нач. Загатовки |
26700 |
50 |
40050 |
|
3 |
Аманов Т |
Нач. ПКС |
16700 |
50 |
25050 |
|
4 |
Орманов Қ |
Регион. Заведующий |
13400 |
50 |
20100 |
|
5 |
Сапаров Н |
Гл. Бухгалтер |
26700 |
50 |
40050 |
|
6 |
Қарабаев П |
Экономист |
20000 |
50 |
30000 |
|
7 |
Кан П.В |
Ст.бухгалтер по сырью |
20000 |
50 |
30000 |
|
8 |
Сулейменова А |
Расчетный бухгалтер |
18700 |
50 |
28050 |
|
9 |
Бейназаров С |
Материальный бухгалтер |
18700 |
50 |
28050 |
|
10 |
Тоқжанов З |
Сдатчик |
13400 |
50 |
20100 |
|
11 |
Мырзахметов р |
Бригадир ММ |
16700 |
50 |
25050 |
|
12 |
Нарымбетов Д |
Моторист |
12000 |
50 |
18000 |
|
13 |
Исатаев К |
Водитель ПСО |
15000 |
50 |
15000 |
|
Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 685 “Еңбеккерлерге демалыс бойынша қарыздарын есептеу” шотында жүреді. Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс шығындарына жатқызудуң бірқалыптылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудің жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерінің орташа ұзақтылығына байланысты боып келеді. Резервті құру кезінде 685 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі, 126, 811, 821, 902, 922, 932, 942, 952 . Ал, демалысты есептеген кезде 685 шот дебеттеліп, 681, 682, шоттары кредиттеледі .
Жылдық түгелдеу кезінде демалыстардың төлеміне арналған резервтің дұрыс жасалып, пайдаланылуын тексеру қажет.
Жыдық түгелдеу кезінде демалысқа төленетін резервтердің пайдалануын және оның дұрыс құрылуын тексеру керек. Түгелдеу барысында заңдарда ескерілген кезекті (жыл сайыңғы) және қосымша демалыстары үшін қызметкерлерге берілетін алдағы уақыттағы төлемге деген резерв қалдығы пайдаланылмаған (немесе пайдаланбаған) демалыс күндерінің саны-күндік сомасынан (орташа жалақыны есептеудің белгіленген әдісін ескере отырып) және әлеуметтік, зейнеткерлік қорға міндетті трде бөлінетін сомалардан құралады, сондықтан резервсомасы осы белгіленген төлемнің мөлшеріне сай анықталуы тиіс.
Нақты есептелінген резерв есеп беріп отырған жылғы желтоқсандағы есепті түгелдеу арқылы расталған сомадан асып кеткен жағдайда өндіріс шығындарының шоттары бойынша қысқарту жазбалары жазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығыдарының шоттары бойынша қысқарту жазбаларыжазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығындарына есептелетін қосымша қаражат қосу жөнінде толықтыру жазбалары жасалады.
Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін және бір жылғы жұмыс қорытындысы бойынша жыл сайын берілетін сыйақыларды төлеуге арналған резервтердің қалдықтары қызметкерлердің демалыстарының алдағы уақыттағы төлемдеріне арналған резервтер сияқты түгелденеді . Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл сайын берілетін сыйақылар есепті жыл өткеннен кейін төленсе, онда бұл ақыларды төлеуге арналған резерв туралы деректер есепті жылдан кейін келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалған баланста болмау да мүмкін
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың және әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да төлемдердіңсомасы 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шоттың дебеті және 681 “Қызметкерлермен еңбек бойынша есеп айырысу” , 682 Басшылардың еңбек ақысы” шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығына 681 және 682 шоттары дебеттеліп, 634 “Бюджетпен басқа да есеп айырысулар” шоты кредиттеледі.
Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 681-ші және 682-ші шоттардың дебеті бойынша көрініс табады және мына шоттадың кредитіне жазылады :
950 “Өндірістік ақау” шотында – еңбек төлемінің ұсталынған өндірістегі жарамсыз өнім сомалары;
333 “Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы” шотында – есеп беруге тиісті тұлғалардан ұсталынған сомалар; жетіспеушіліктер; ысыраптар мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі.
Қызметкерлерге аванс ретінде және өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретінде төленген еңбек төлемінің сомалары 451 және 441 шоттарының кредитінен 681 және 682 шоттарының дебетіне көшіріледі.
Өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретіндегі және қазіргі ай үшін берілетін аванс ретіндегі еңбек төлемі төлеу тізімдемелер бойынша төлейді , ол тізімдемеде төленуге тиісті сома, берілуге тиісті (3 күндік) мерзімі көрсетіледі. Оған басшы мен бас бухгалтер рұқсат етемін деп оның бұрыштамасына қол қойып бекітеді. Бекітілгеннен кейін тізімдеме төлем жасау үшін кассаға беріледі. Үш күндік мерзімде берілмеген жалақы депоненттеледі (завод оны сақтауға қабылдап алады).
Берілмеген жалақы сомаларын кассир тізімге жазады да, оны өзінің есебімен бірге бухгалтерияға өткізеді. [23,371 бет]
Жұмысшылар мен қызметшілердің қолдарында есеп айырысу кітапшасы болуы керек, ол кітапшаларға жұмыс істеп жүрген адам туралы мәліметтерден басқа, ай сайын есептелген еңбек ақысының төлемдері (яғни төленгендері), ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиесілі сомалар көрсетіледі, сондай-ақ оларды “Контал” жауапкершіліг шекетулі серіктестік заводының қызметкерлеріне қайтару уақыты кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді.
Есеп компьютерленген жағдайда, есеп айырысу кітапшаларының арасына есеп айырысу парақтарын немесе айырысу-төлеу тізімдемелерінің жазылған көшірмелерін салып кояды, яғни ол аталған жұмыстарды жүргізудің жолдарын жеңілдетеді.
Еңбек туралы күші бар заңдарға сәйкес еңбек төлемін ұжымдық шартпен бекітілген мерзімдерде, айына екі рет беріледі. Онда айдың бірінші жартысы үшін еңбек төлемі бойынша аванстық және аванссыз тәртіптер белгіленуі мүмкін. Есеп айырысудың аванстық тәртібінде жұмысшылар мен қызметшілерге жоспарлы аванс береді; түпкілікті есеп айырысу кезінде, айдың екінші жартысында еңбек ақы төлемін жасайды. Аванс мөлшерін ұжымдық шарт жасасқан кезде әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уақыты есебінің табелінен алынған нақты жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік төлем мөлшері бойынша қойылған еңбек төлемінен кем болмауы тиіс. Есеп айырысудың аванссыз түрінде жоспарлы аванстың орнына айдың бірінші жартысы үшін нақты өдірілген өнім (орындалған жұмыс) бойынша немесе нақты істелінген жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемі есептелінеді. Есеп айырысудың бірінші түрінің жұмысы аздау, сондықтан оны “Контал” жауапкершіліг шекетулі серіктестікте жиі қолданады.
Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есепайырысу үшін және жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерлерге “Дербес шот” немесе “Бет есеп” толтырады. Дербес шот немесе бет есебі өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтер, өндірімдермен орындалған жұмыстардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады.
Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығы. Әр бір серіктестіктің ай сайын бірнеше есеп айырысу-төлем тізімдемелері (цехтар, бөлімдер және кәсіпорын көрсететін қызметтері бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйістіру керек. Бұл үшін “Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы” деп аталатын әзірлік кестесін пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы қалдықтары ; есептелген, берілген, қайта есептелінген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың айдың аяғындағы берешегі, қалдықтары көрсетіледі. 681 және 682 шоттары бойынша Бас кітапқа жазылатын қалдықтарын алу ; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын жинақтау (бұл сомаларға 681 шоттың кредиті және 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шотының дебеті бойынша корреспонденттелген шоттардың негізінде жасалады); еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректерді алу; депонеттелген жалақыны дер кезінде, әрі толық бақылау; төлем көзінен ұсталатын , жеке табыс салығы бойынша есеп беруді жасау; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлінетін қаражат бойынша есеп беру; әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебін пайдаланады. [23,375]
3-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері
Нарық экономикасына көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар “Контал” жауапкершілігі шекетулі серіктестік бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін тадау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.
Бір орталықтан басқару, жоғарыдан жоспарлау кезеңінде тәуелсіз тексерудің қажеттілігі болады. өйткені, ол жұмысты ведомстволық жүйелер мен ведомствалық бақылаулар жасалады, есеп және есептілік жөніндегі жіберілген қателіктерді іздестіре отырып, оларды анықтаумен айналысты. Сонымен қатар жіберілген қателіктері үшін жазалау шараларын пайдаланды.
Нарық экономикасы экономикалық даму заңдарының қарым-қатынастарын, олардың еңбек өнімдерінің сату-алу арқылы жүргізілетіндігін анықтай отырып, оның ары қарай объективтік талабына сүйене отырып, қоғам мүшелерінің өзара дамуына әсерін тигізеді. Осыған орай нарық экономикасы кезеңінде нарық процесіне қатысушылардың талаптарын қамтамасыз ету белгілі бір ережеге сай жүргізілуі тиіс. Бұл
Осы айтылғандардың барлығы тұрақты түрде шыққан процес объективті түрде пайда болады.заңдарды, қаулыларды, уақтылы түрде бақылауды талап етеді. Сонымен қатар жекешелендіру процесіне көшу, басқару құрамының өзгеруі аудиттің дамуына әсер етті. Осы мәселелерді шешуде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің және басқадай экономикалық ақпараттардың атқаратын ролі өте зор. Осы ақпараттардың арқасында экономикалық шешімге келіп, субъектінің мүмкіндігін жорамалдап, олардың одан ары қарай дамуына көмектеседі.
Нарық экономикасына көшу кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар құрылады, бірлескен “Контал” жауапкершілігі шекетулі серіктестік комерциялық банктер, тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді.
Нарық экономикасының қатынастарында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы қажет. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек тәуелсіз аудитор ғана анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге (жеке адамдарға, фирмаларға, акционерлік қоғамдарға және т.б.) қызмет етеді, олардың келісімі немесе шақырылуы бойынша. Бұл қызмет тек қана ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі. Аудиторлық қызметтердің пайда болуына төмендегідей жағдайлар әсер етуі мүмкін:
- Серіктестік, бірлестік немесе кәсіпорынның операциялары сансыз көп және күрделі болуы мүмкін. Осыған орай қажетті ақпараттарды өз бетінше ала алмайтындықтан, олар аудиторлық қызметті керек етеді.
- Қаржы ақпаратын пайдаланушылар бірлестігін (кәсіпорынның) есеп көрсеткіштерін өз бетінше көруге рұқсаты болмайды. Сол себепті олар аудиторлық қызметке мұқтаж.
- Аудиторлар арқылы алынған ақпараттар, олардың толықтығы және анықтығы клиенттерге өте қажет. Осылар арқылы келешекте дұрыс шешімге келуге мүмкіндік туғызады.
Аудиторлар өздерінің қорытындысын пайдаланушыларға міндетті түрде айтуы қажет. Жалпы алғанда аудит көп ғасырлық тарихы бар ілім. Арнайы әдебиеттерде оның пайда болуы әртүрлі болып анықталады. “Контролинг” журналында аудиттің пайда болуы жөнінде былай делінген: “Тарихи жазуларға қарағанда , дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болуы мүмкін. Қытайлардың көне жазуы бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, оның міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүіктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған”. Осы айтылғандарды қорыта келсек, аудит көне заманда пайда болғандығы байқалады.
1773 жылы Шотландияның орталығы – Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардан есімі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде, Шотландияда ХІХ ғасырдың орта шеңінде пайда болған деген ұғымға келеді.
Аудиттің одан ары дамуына 1862 ж. Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен отчеттарын ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексерілуі қажет делінген. Бұл акционерлік қоғамның отчеттарына объективті баға беруді талап етілген және де Контал заводының қаржыларының нақты жағдайларын, оның шындығы жөнінде анық мәліметтерді белгілі уақытта алуына көмектескен.
Міне, осы айтылғандарға сүйенсек, аудиторлық қызмет нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде тезірек дамыған.
Америка Құрама штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 ж. Нью-Йорг штатының заңды органдары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.
Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние дүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 ж. Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған 1887 ж. АҚШ-та – дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда аудиторлар Институты құрылған т.б.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде тәуелсіз аудиторсыртқы қаржы бақылауының басты формалары болып есептелінеді.
Аудиторлық жұмыстың дамуы өте ірі трансұлттық аудиторлық кеңес фирмаларының құрылуына әсерін тигізді. [25,14 –16 бет]
Келтірілген кестеде қазіргі кездегі дүние жүзіндегі аудитор жөніндегі ең ірі фирмалар көрсетілген. Осыған қарасақ, аудиторлық қызметтің жоғары бағаланатындығы байқалады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, нарық экономикасы дамыған шет мемлекеттерде аудитжұмысы өзінің дамуымен қатар басқару жүйесіндегі алдыңғы формалардың бірі болып есептелінеді.
Аудит Қазақстан Республикасында жаңадан пайда бола басьады. 1990ж. Бірінші аудиторлық фирма құрылды. Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің 1990 ж. Ақпан айының 15-ші жұлдызындағы №60 қаулысына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан-аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 ж. Жылдан бастап бұл фирма өз бетінше бөлек ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.
Аудиторлық жұмыстың ары қарай дамуына 1993 ж. Қазан айының 18-ші жұлдызында шыққан “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет” туралы заңы әсерін тигізді. Бұл заң аудиторлық қызметпен байланысты қатынастарды реттеп отырады және оны Бухгалтерлік есептің стандарттарына, Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңға сәйкес қайтадан өңделіп, 1998 ж. Қараша айының 20-шы жұлдызында шықты.
Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шешу болып есептелінеді. [24,34-36 бет]
Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) отчеттарының дұрыстығын және олардың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.
Сайып келгенде, аудиттің міндеті – қаржы отчетын төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:
- отчеттардың дұрыстығын, анықтығын растау;
- тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың, қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;
- бухгалтерлік есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін және отчеттардың жасалуын , активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;
- өзінің негізгі және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектегі резервтерді анықтау.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективтітүрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.
Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты пайда болды:
- пайдаланушылардың өздеріне қажетті ақпаратты әкімшіліктер жағынан дұрыс мәліметтер бермеудің нәтижесіндепайда болған дау жайында;
- ақпараттың апалығы жөнінде қабылданған шешім-тәуелділігінің әсері;
- ақпаратты тексеру үшін арнаулы білімнің қажеттілігі;
- сапасын анықтауға ақпарат пайдаланушылардың мүмкіншілігінің жоқтығы.
Осы айтылған алдыңғы жағдайлар тәуелсіз экспорттің қызметтерінің қажеттілігін анықтады. Ол эксперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.
Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногінің үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әртүрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да, дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер жәнеде қарыз берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық операцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншілігі жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестік шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудиторлық қызметтер қаржылық есеп берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен ондағы қаржы-шарушылық қызметі нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, нарықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама
Жұмыскерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырсудың аудитінің міндеті күшіндегі еңбек және жалақы есебін жүргізу ережелерін тәртіптерінің сақталуын және бухгалтерлік есептің жағдайын сондай — ақ еңбек ақы бойынша жүргізіліп отырған есеп айырсулардың нормалары мен нармативтік құжаттардың талаптарына жауап беретіндігін анықтау болып табылады.
Аудитор шаруашылықтың есеп жүргізу саясатында қаралған еңбекақы есептеу есеп айырсу тәртіптерімен танысқаннан кейін, еңбекақы болйынша есеп айырсуларға аудторлық тексеру жүргізудің шараларын толық қамтитын болып мынадай мазмұнда бағдарлама жасайды:
- күшіндегі заң актілерінің баптарында қаралған жалақы төлеу есебінің жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру;
- бастапқы құжаттардың түп нұсқасын олардың жалақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру;
- мерзімді және кесімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбекақы есептеудің негізділігін тексеру;
- шаруашылықтың қолданыстағы сыйақы есептеу жүйесі бойынша жұмыс көлеміне және істеген уақытына қарай сыйақы есептеудің дұрыстығын және негізділігін тексру;
- уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдем ақы және әр түрлі қосымша ақы септеудің дұрыстығын тексеру;
- жалақыдан ұсталынған ұсталымдардың дұрыстығын тексеру;
- депоненттегі жалақыны тексеру;
- еңбекақы төлеу және есептеу бойынша, жасалған шоттарының корресподенцияларынның дұрыстығын тексеру;
- шруашылықтың жұмыскерлерімен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсудың есебін жүргізуде анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау.
Шаруашылық жүргізушінің шаруашылықтың еңбек ақы төқлеу бойынша қарыздары туралы ақпараттарды жинақтау үшін 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты қаралған. 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойынша аналитикалық есеп мәліметтері синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкес келмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Бұны осы шот бойынша қалдықты, есептеу төлеу ведмосындағы қортынды сомасымен салыстыру жолымен анықтайды. 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойынша мәліметтердің аналитикалық есеп пен сәйкесіздік жағдайы кездессе, аудитор оның есебін анықтап, анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беруге міндетті.
Еңбекақы бойынша есеп айырсуды аудиттеу кезінде ішкі бақыдлауыдң жағдайын және бухгалтерлік есепттің жүйесін зерттеу үшін тест жүргізу арқылы пысықтай түсуі керек.
Аудиторға тестің нәтижесі бойынша жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсуды талдаға бухгалтерлік есеп жүйесіне ішкі бақылаудың жағдайы туралы қортынды жасауға мүмкіндік алады.
Ішкі бақылаудың және бухгалтерлік есептің деңгейінің төмендігі, барлық есеп айырсу операцияларының нақыт құжатталғандығына 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойыншща мәліметтердің дұрыстығына күмән кеелтіреді.
Бұндай жағджайда аудитор бастапқы құжаттардың түп нұсқалығын олардың дұрыс толтырылғандығын, жалақы есептеу оын төлеу және басқа да еңбек ақы төлеуден түрлері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін зерттеу қажет. Аудитор бұл іс — әрекетті жүргізген ензінде орындалған жұыстардың есебі үшін жауапкершілікті лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылғандығын, барлық реквизиттердің дұрыс толтырғандығын, құжаттарында келсілмеген түзетулердің және тазартудың жоқтығын анықтайды.
Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырсуларды тексерген кезде аудитор анықтауға міндетті:
Шаруашылықта еңбекақы төлеудің қандай түрлері және жүйелері қолданылатын (кесімді, мерзімді, аккордты); жұмыскерге еңбекақы төлеу және ұжымдық еңбек шарты туралы ішкі ережелерінің сақталғанын; жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмыскердердің тізімдегі және орташа тізімдегі құрамы; еңбекақы төлеу бойынша жұмыскерлдермен есеп айырсудың есебін кім жүргізетінін (қызметі, білімі, бухгалтерлік стажы, туысқандық байланысы), осы участіктің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, пайдаланатынын, ол кімге бағынады, оның жұмысының сапасын кім тексеретінін.
Бастапқы құжаттарын зерттеген кезде айдитор жұмыс уақытының есебінің табелін және нарядтарды, оларға жалған тұлғаларға еніп кетпегендігін тексеруге міндетті. Ол үшін нарядты берілген күні бойынша нарядтағы және жұмыс уақытының есебінің табельдегі жұмысшылардың аты жөнін, жеке құрамының есебін мәліметтерімен салыстырып талдау жасауы қажет. Бұрын еңбекақы есептеуге негіз болған бастапқы құжаттар бойынша екінші рет есептелінбегендігіне бір тұлғаның есептеу төлем ведмостарына бірнеше рет қайталанбағына назар аудару қажет.
Әсіресе, шаруашылқтың тек құрамының тізімінде жоқ және шамалы уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған нарядтарға, сондай — ақ ақауды қалпына келтіру және төменгі сапада ораныдалған жұмыстарды қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға баса назар аударып, мұхият тексеру жүргізу қажет.
Әр бір жұмысқа қабылданған тұлғаға (тұрақты, уақытша, маусымдық) жеке карточка ашылып оған табельдік нөмір беріледі.. Шаруашылықтың төрағасының бұйрығының немесе өкімінің негізінде бухгалтер әрбір жұмыскерлерге бет ашып береді.
Осы ведомостың негізінде 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шотына және 63 “Бюджетпен есеп айырсулар” бөлімшесінің тисіті шоттарына тиісті жазулар жүзге асырылады. Ведомосқа шаруашылықтың басшысының және бас бухгалерінң қолы қойылып, біреулерге тиісті соманы, жұмыскерлердің атын жөнін, табельдік номерін көрсетіп төлем ведмостарына көшіріп жазып, ведмостарды нөмерлеп, олардың әрқайсына жеке жеке кассалық шығыс ордерлері бухгалтерінің басшының және бас бухгалтерінің қолдары қойғаннан кейін жалақы таратылады.
Бастапқы құжаттарын және есептеу- төлем ведмостарын тексерген кезде арифметикалық еңбек ақы есептеу тәртіптерімен ережелерінің дұрыс назар аудару қажет.
Аудиттің маңызды іс әрекетінің бірі әр түрлі жағдайлардағы байланысты еңбекақыны есептеу тәртіптерімен ережелерінің дұрыс сақталғандығына ішінара тексеру жүргізу болып табылады.
- кесімді, мерзімді, тарифтік қойылымдар, жалақы мөлешрі бойынша төлемдердің дұрыстығына, мерщзіміне қарай еңбек ақы төлеу кезінде шаруашылқтың жұмыскерлерінің, қызметкерлерінің штаттық кестедегі қаралған жалақы мөлшерінің сақталуын, еңбек келісімі бойынша еңбек ақы төлеудің нгізділігін, тарифтік қойылымдардың дұрыс қолдануын тексеру қажет, ал кесімді кезінде қолданылған шаралардың және нарықтардың жұмыс санының және сапсын орындау көрсеткіштерінің дұрыстығын, еңбекақы есептелген жұмыс көлемінің қаншалықты нақыт орындалғандығын, шаруашылқа кіріске алынған өндірілген өнімнің оның сапасына сәйкестілігін;
- шаруашылқты қолданылып жүрген сыйақы төлеу жүйесі бойынша кессімді жәнке мерзімді жұмысшылрағы есептелген сыйақының негізділігін. Сондай – ақ сыйақы және ынталандыру ақыларына ресми түрде қабылданған рұқсаты болуы керек;
- жұмыстың қалыпты жағдайдан аутқуына байланысты түнгі уақөыттағы жұмыстар үшін, мерзімінен тыс атқарылғанжұмыстар үшін жұмыскердердің кінәсінен болмаған өндірістегі уақытша кідірісті төлеу үшін ауыр және зиянды жұмыстар үшін демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстар үшін есептелінген қосымша ақының дұрыстығын.
Егер еңбекқа есептеу бойынша бастапқы құжаттарын тексерген кезде дұрыс есептелмеген едәуір кемшіліктерге жол берілсе, аудитор құжататрын тереңдетңп тексеру туралы шешім қабылдауға мінетті, өйткені еңбекақының дұрыс есептелуі, өнімнің өзіндік құнының және қаржылық нәтижесінің дұрыстығына әсер етеді. Практикада бухгалтерлер бастапқы құжатардың мәліметтері бет есептерде жеке ессептеу төлем ведмостарында көрсеткен кезде қате жіберу фактілері көптеп кездеседі.
Мұның нәтижесінде қаржылық нәтижені дұрыс анықтаудың мүмкіндігі төмендейді.
Аудитор қалыпты жұмыс жағдайының ауытқуына байланысты қосымша ақы есептеудің дұрыстығын тексерген кезде себеп болған жағдайларда анықтауға тиісті. Жұмыстың қалыпты жағдайы деп- жұмыс орны тапсырма нарядтарға, жолдама беттерге және бақса да құжатарына сайкес шикізатпен, материалдармен, жабдықтаушылармен, саймандармен толық қамтамасыз етілуін айтамыз.
Бұл айтылғандардың қатарына жұмыс орындарының жабықталуы, сақтандыру шаралыраның қаралғандығы және қалыпты жағдайда жұмыс істеуге басқа барлық мүмкіндікттің жасалғандығында назардан тыс қалмауы керек. Егер бұл жағдайлар орындалмаса, жұмысшыларға қосымша уақыт жұмысауға тура келеді. Сондықтан бұл уақыттарға және оны төлеуге қосымша есептеулер жасалды.
Бұрынғы құжаттарда қаралмаған қосымша технологиялық операциялар анықталған жағдайда, осы мақсат үшін кесімді жұмысқа жазылып, толтырылған нарядтар бойынша ессептелген еңбекақыларға жұмыстың нақты жағдайы жоспарланған мен, сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылған қосымша төлеу бетеріне тексеру жүргізіп, қосымша төлемдердің заңдыығына негізділіген назар аудару қажет.
Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан тыс уақыттарға қосымша еңбекақының дұрыстығына тексмеру жүргізгенде жұмыстың осындай түрлеріне жатқызылу тәртіптерін назар аударуға тиісті.
Анықталған ақауы бар өнімдерге акті жасап, онда ақаудың шығындары және шеккен зиян сомасы көрсетіледі.
Сонымен қатар, аудитор мереке күндері үшін жұмысқа еңбекақы төлеудің дұрыстығымен танысып, олардың талаптарға сайкестілігін анықтауға тиісті.
Мереке күндері жұмыстар үшін мынадай еңбекақы төлеу тәртіптерінің сақталғандығын анықтауға тиісті:
- кесінді жұмыстағы жұмысшыларға екі еселенген кесінді нарықтан кем емес;
- сағатпен және күндік тарифтік қойылыммен жұмыс істейтін жұмыскерлерге сағатына егер жұмыс уақыты айлық нормадан жоғары болған жағдайда немесе күндік қойылым мөлшерінен жоғары екі еседен кем емес, жұмыс айлық нариаттағы уақыттың көлемінен жоғары болған жағдайда халықты бір еселенген еңьекақынын көлемінде есептелгендігін.
Жұмыскерлердің келісімі бойынша ақшалай қосымша төлемдер еселенбей қалыпты төлем күйінде басқа күнге демалыс беру немесе кезекті еңбек демалысына қосу тәртіптерінің қолдану арқылы алмастырылуы мүмкін.
Егер жұмысшы мереке және түнгі уақытқа жиі кез келетін алмасуда жұмыс істесе, сәйкес келген нақты жұмыс істеген сағаты ғана екі еселеніп төленеді. Түнгі уақытта істеген жұмыс уақыты еселенбей, қолданыстағы норма бойынша төленеді. Мереке күндері, жұмыстан тыс істеген уақытқа қосымша төленбейді. Өйткені барлық сағаты екі еселенген көлемде төленетін болғандықтан, жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудитінің келесі кезеңі жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады.
Жұмыскерлердің жалақысынан заң актілеріне сәйкес мынадай ұсталымдар жүзеге асырылуы мүмкін: табыс салық, бұрын берілген аванстар, жұмыскерлердің шаруашылыққа келтірген материалды зиянын өндіруге, орындау беттері бойынша, өнімдердің ақауы үшін және басқа да ұсталымдар.
Табыс салық, 2001 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының “Салық кодексі” анықталған тәртіптерге сәйкес ұсынылады.
Орындау беттері бойынша, тек қана қолдағы бар беттер немесе жұмыскерлердің өзінің арызы бойынша ұсталғандығына назар аудару керек.
Жұмыскерлердің шаруашылыққа келтірілген материалдық зиянын өндіру үшін шаруашылықтың төрағасының бұйрығы немесе соттың шешімі бойынша ұсталынғандығын анықтау қажет.
Аудиторлық тексеру қортындысында елеулі ықпал ететін мынандай мәселені анықтау қажет.
- белгіленген мерзімде алмаған жалақыны сомасы дер кезінде депонетке жатқызылғанын;
- жұмысты қосып төленгендігін және талап етілмеген депоненттік борыш табыстың құрамына аударғандығын;
- күшіндегі заң актілерінде қаралған жұмыс істемеген уақытқа төлем жұмысқа уақытша қабілетсіздігі бойынша еңбек ақының дұрыс төленгенін;
- шығынның еңбек ақы төлеу қорына дұрыс жатқызылғандығын;
- кейбір төлемдердің өнімнің өзіндік құнына дұрыс жатқызылғаныны;
- аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізудің, жиынтық мәліметтерінің және қаржылық қортынды есеп үлгілерін толтырудың дұрыстығын;
- еңбек ақы қоры бойынша бухгалтерлік есеп коррсепонденцияларының дұрыс жазылғандығын. [194-201 беттер]
- Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау
Аудит жұмысы бір жүйеге клтірілген белгілі бір құжаттар арқылы жүргізілетін құжаттар арқылы сатылып жүргізілетін тиянақты жұмыс.
Аудит тоериясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:
Бірінші сатысы Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор ұйымдарды үшін жасау кезеңнен басталады. Аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудиті аудит жүргізгенен бұрын оның қаржы шаруашылығына толық зерттеу бастап, алдын ала өз пікірін тұжырымдайды. Сонымен қатар нақыт материалдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал жабдықтық жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық зерттейді.
Екінші сатысы. Алдын ала танысу. Аудитор ұймы шарт жасасқан шаруашылық субьектісі мен аудит жұмысын бастаудан бұрын оның қаржы шаруашылық жағдайымен танысу мен зерттеуден бастайд. Осы кезде аудитор субьектінің қаржы есебін басылымға шыққан көресткішерін сұрастырулар зерттеп ғана қоймай сол субьекті туралы әр түрлі жүргізеді. Яғни субьект шаруашылығы күрделі болса оны зерттеу, танысу процесі де күрделі болады. Аудит жұмысын сәтті, жедел, тиімді жүргізу қажет.
Үшінші сатысы: Аудит жұмысына бағдарлама.
Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама,жоспар жасауы қажет. Қазақстанның аудит стандарты (7-шілдесінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен. Аудит бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.
Аудитті орындау сатысында, аудит процесін жүргізу үшін ол тиімді әрі жайлы болуы үшін бағдарламада оның тақырыбын немесе обьектілерін тізбектеп атап көрсету орынды:
- негізгі құрал, материалдық емес активтер және күрделі шығындар аудиті;
- материалдар есебінің аудиті;
- өндіріс шығындарының аудиті;
- дайын өнім және оны сату процесінің аудиті;
- ақша қаржысының, есептеу процеснің, инвестициясының аудиті;
- әр түрлі қорлар, резервтер, қаржылық табыстылық көрсеткіштерінің аудиті.
Аудитор аудиторлық тексеру нәтижесі туралы есебін жасайды. Оны тапсырушыға шартында белгіленген мерзімінен кешіктірмей өткізуі қажет. Ол арнайы құжат “Қабылдау- өткізу актісі” арқылы орындалады. Негізінде аудит есебі қортынды Қазақстанның бесінші стандартында келтірілген “қаржы есебін тексерудің аудиторлық қортындысы” талабына сәйкес жасалынады.
Басқадай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы анықтама жазып берумен, сараптау қортындылары немес басқадай түрдегі актілермен анықталып тапсырылады.
Негізінде аудит есебінің мазмұнымен түрі арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет.Олар:
- есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әр бір есеп басқа есептерден өзінше бөлектеніп байқалатын болуы қажет;
- аудит есебінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің шектелуі анықталуы қажет;
- аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепте негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;
- аудит есебінде барлық тексерілген қаржылықты анықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі тиіс;
- есебінде аудитті құқылық негіз болатын за құжаттары, нормативті құжаттар көрсетілуі қажет;
- есебінің мазмұнында тұтынушылар үшін қажетті мәліметтер бухгалтерлік жәгне аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет;
- есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет.
Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит қортындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі анықталады.
Аудитор қортындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруін жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқықтық жағы Қазақстан стандарттарына сүйенен отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалы қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді мәлімет болады.
Аудит қортындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәлімсет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлдшерде зияныды болатынын қарастырады. Яғни ол көрсеткіштерді мәлімет тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:
- тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;
- бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;
- жалпы қаржы есебіне баға беру;
Аудит есебінің қортындлау бөлімінде аудит қортындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты субьектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оныңғ мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сайкес жасалғандығын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анывқтамалар, сараптау қортындылары арөқыл көрсетіледі.Қазақстандағы аудит стандартының талабына сәйкес аудит қортындысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі. . [24. 125-134 беттер]
«Контал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2003-204-2005 -2006 жылдардағы еңбекақы диаграмасын қарастыратын болсақ,2003 жылғы еңбекақысы 59млн 718 мың теңге, 2004- жылы 68млн 888 мың теңге, 2005- жылы 77 млн 128 ммың теңге, 2006- жылы 79 млн 424 мың теңгені құрап жылма –жыл еңбекақының өскенін байқаймыз яғни, 2003 жылды 2006 жылдың еңбекақысымен салыстыраитын болсақ,32,9 пайызға өскендігін байқаймыз.
Осының өзі еңбекерлдердің орташа еңбекақысы 24882 теңгеден 32417 теңгеге өскен.[27,4-6 беттер]
Қорытынды.
Қорыта келе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларына өзгеріс енгізілді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Жұмыс беруші қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды. Жеке еңбек келісім-шарты-жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орын, келісім шарттың мерзімі, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқада мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады және тараптардың жауапкершілігі міндеті, құқықтары белгіленеді.
Дегенмен де “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестік жұмысшылар және қызыметкерлер мен түзілген келісім-шартына “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс.
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әр түрлі ұсталымдар жасалады: міндетті зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін тағы басқа ұсталымдар ұсталады.
Өндіріс технологиясымен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқада жайларын компьютерлендіру деңгейінің әр түрлі әдістері қолданылады.
Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен көрсетілген қызыметтің есебі жөніндегі құжаттар тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 68 “Қызметкерлер мен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” үшін 682 “Лауазымды тұлғаларға қарыз” шоты арналған.
Кез келген деңгейдегі шаруашылықтарды басқару үшін, оған ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру керек. Экономиканы дамыту мен қызымет етудің жетекші категориясы болып жалғыз ағымдағы тапқан пайдасы ғана емес сондай-ақ оның стратегиясы да болған жөн. Бұл экономикаға мемлекеттің ықпалын және қызымет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызудың кезектегі және қажеттілігі келіп жеткендігін көрсетеді.
Сонымен жедел талдаудың талаптарына жауап бере алатын және экономикалық бұрыннан танымал әдістерді пайдаланады, атап айтсақ
- Ауытқуды талдау әдістерді;
- “Шығын-көлем –табыстарының ” ара қатынасы;
- зиян сыздықты талдау;
- жедел басқарушылық талдау — бұл ішкі ресурстардың ситуациялық процесін және жоспарлаудың қисынды өзгерістерін үйлесімін талдлау болып табылады:
Серіктестіктің шаруашылық қызметтеріндегі басты экономикалық көрсеткіштердің келесі тобы – шығыстар, көрсетілген қызыметтің көлемі және табыстар болып бөлінеді, осылардың ара қатынасын, яғни оптималды деңгейін сақтап, басқарудың ең тиімді деңгейін қалыптастыру керек.
Қаржылық жағдайын ескеріп және сонымен бірге қаржылық теңдігін сақтай отырып, көптеген басшылар бірінші кезекте тұрақты шығындарды қысқартуға барады және соның көмегімен рентабельділіктің дәрежесін анықтайды.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар қаржылық есебін талдау және тәуелсіз түрде экспорт жүргізуді жүзеге асырады. Нарықтық экономика кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар, бірлескен коммерциялық банктер, мемлекеттік кәсіпорындар тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді. Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлармен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақты мақсатпен шешу болып есептелінеді.
Нақты аудиторлық тексеру дегеніміз – натуралдық түрде тексеретін обьектінің көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттей оларды анықтау.
“Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестікте бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар жасаймын:
- Бухгалтерлік есеп жүйесін 1.С. 7,7 “Бухгалтерия” програмасына көшіру.
- Еңбеккерлермен есеп айырысуды карточка жүйесіне көшіру.
- Бюджетпен есеп айырысу жүйесін автоматтандыру.
Осы жоғарыда көрсетілген мәселелер толықтай шешімін табатын болса, бухгалтерлік есеп жүйесі өз дәрежесінде жүргізу мүмкіндігіне ие болады деген пікірдемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
- 12.95ж. № 2732-ші “Бухгалтерлік есеп жайлы” Заңды күші бар. ҚР Президентінің қаулысы- “Нормативтік актілер” №1, 1996ж
- Бас счеттар жоспары
- “Бухгалтерлік есеп стандарттары және оны әдістемелік нұсқаулар” Алматы-1999 ҚР. Қаржы министрлігі- Бух есеп және аудит әдістемесінің Департаменті
- Библиотека бухгалтера и предпринимателя № 17-18(83-84), 1997 ж қырқүйек
- “Бухгалтерлік есеп және аудит” №2, 2000ж. Ғылыми- практикалық журнал.
- Бухгалтер бюлетені. №1 (106), №2 (107) 2000ж. Қаңтар, №6 (111), №7(112) 2000. ақпан, №24 1997ж
- Дүйсембаев К.Ш. “Анализ финансового положение предприятия” 1998г. уч. пособие, Алматы “Экономика”
- Дүйсембаев К.Ш. “Аудит и анализ финансовый отчетности” Егемен Қазақстан 1998ж. 11 наурыз
- Қаржы — Қаражат 2000ж. №1-2 және 1999ж. №2
- ҚР-ның Президентінің “Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер жайлы” Заңды күші бар Қаулысы
- 1С: Предприятия 7.7. ІІ бөлімі –фирма “1С: предприятия
- Радостовец В.В., Шмидт О.И. “Бух учет на предприятиях” Алматы-97 НАК “Центраудит”
- Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”
- Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”
- “Организация финансового учета” под редакцией В. К. Радостовеца
- Скала В.И. Белкин А.И. “Сборник бухгалтерских проводок” учебное пособие
- Толпаков Ж.С. “Учет основных средств”
- Тасмағанбетов Т.А. “Қаржы есебі” Алматы — 98, ИД “LEM”
- Белкин А.И., Скала Н.В. “Сборник бухгалтерских проводок”, Алматы –1999, ИД “LEM”
- Русакова Е.А., Ибрагимов Н.А. “Учет основных средств”, москва –1990, “Финансы и статистика”
- Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Фининсовый анализ. Москва –1995г
- Баканов М.И. Шеремет А.д. Теория анализа хозяйственной деятельности. Москва –1987г.
- Радостовец В.К., Шмидт О.И. “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп” Алматы., 2000ж
- А.А. Сәтмырзаев Б.Е. Укашев., Аудит теориясы., Алматы-2000ж Республикалық баспа кабинеті.
- М.Байдаулетов С.М. Байдаулетов “Аудит” Алматы “Қазақ университеті”2004ж
- “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестіктің қаржы шаруашылық жағдайы туралы есебі
- “Контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 01.01.2005 жылғы бухгалтерлк балансы