АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Волейболшы қыздарды жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолдану негізінде техникалық даярлау, 2015 — 66

 

«Волейболшы қыздарды жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолдану негізінде техникалық даярлау»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..6

 

І.- тарау 1.1.Волейболшылардың оқу-жаттығу процесін біркелкілендір

     етін  тренажер қондырғылары……………………………………………………………..8

1.1.Волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау………………………………………..8

1.2.Зертеулердің міндеттері, әдістері және ұйымдастырылуы………………………13

1.3. Негізгі ұғымдар……………………………………………………………………………………22

1.4.Шабуылдағы топтық іс-қимылдар…………………………………………………………34

1.5. Қорғаныс тәсілі …………………………………………………………………………………..41

 

II-тарау Жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолдана отырып, допты қабылдау- беру техникасын жетілдіру процесін оптималдандыру. ……….46 

2.1.Жаңа тренажерлік қондырғылар……………………………………………………..46

2.2.Салыстырмалы педагогикалық эксперимент зерттеудің ұйымдастырылуы

      мен әдістемесі……………………………………………………………………………………….59

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..65

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………………68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Кеңес волейболының халықаралық аренадағы табыстары жалпыға мәлім. КСРО ерлер және әйелдер құрама командалары – Еуропаның, әлемнің, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары, көптеген өзге де халықаралық жарыстардың жеңімпаздары.

 Зерттеудің өзектілігі. Осы жетістіктеріне қарамастан, елдің құрама командаларында осы күнге дейін ойыншылардың техникалық даярлығында айтарлықтай ақаулар кездесіп отырады. Мәселен, В.А.Тюрин әр ойыншының серігіне пас беруге қабілетті бола бермейтіндігін және елдің құрама командасының өзінде де жаттықтырушыларға волейболшы қыздарды жоғарыдан доп берген кезде қолдарын қою секілді негізгі тәсілге үйретуге тура келетінін атап көрсеткен болатын.

Техникалық даярлықтағы осындай ақаулар бізде оқытудың, үйретудің бірыңғай мектебі жоқ екендігінен, ал жалпы қабылданған әдістемеде техниканың бөлшектеріне операция бойынша бақылаудың қамтамасыз етілмейтіндігінен туындайды. Сондықтан осыларды жаттықтырушылар спортшылардың дербес ерекшеліктеріне жатқызатын, эталонды техникадан үлкен ауытқулар пайда болады. Кемшіліктерді түзетуге және техникалық даярлықтың тиімділігін арттыруға қимылдарды орындау барысы бойынша тұрақты кері байланысты ұйымдастыру көмектесуге тиіс. Осы талаптарға спортшыға оның қимыл-қозғалыстарының сапасы туралы белгі беретін тренажер қондырғылары жауап береді. Демек, жаңа тренажер қондырғыларын жасау әрқашан да оқу-жаттығу процесінің тиімділігінің арттырылуын қамтамасыз ететін өзекті бағыттардың бірі болып табылады.

Гипотеза. Соққы жасау теориясы тұрғысынан екі серпімді дененің соққы жасау іс-әрекеттері ретінде волейболшының қолының доппен өзара әрекеттесуін қарастыра отырып:

а) олардың құрылымдық айырмашылықтарына қарамастан, ойынның негізгі техникалық тәсілдерін (қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазаларының бірқатар кинематикалық және динамикалық сипаттамаларының көрсеткіштерінің жақын мәндері бойынша) жеке топтарға біріктіруге болады;

ә) техникалық тәсілдер тобының бірі допты екі қолмен қабылдау-беру бола алады;

б) қабылдау-беру сипаттамаларының кейбір мәндерін техниканы жетілдіру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа тренажер қондырғыларын жасап шығару үшін қолдануға болады деп болжанды.

Жұмыстың мақсаты. Қабылданған гипотезаға сәйкес, жұмыстың мақсаты жасап шығарылған жаңа тренажер қондырғыларын және оларды қолдану әдістемесін пайдалану негізінде білікті волейболшы қыздарда қос қолмен қабылдау-беру техникасын одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Ғылыми жаңашылдығы. Осы жұмыста спорт шеберлері және жаңадан шұғылданушылар орындаған волейболдың негізгі техникалық тәсілдерін жылдамдықпен киноға түсіру нәтижелерін жүргізілген биомеханикалық және факторлық талдау негізінде қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің факторлық құрылымы және соққылардың динамикалық сипаттамаларының кейбір көрсеткіштерінің сандық мәндері алғаш рет анықталды.

Біз «Спорт снарядтарына жанасу уақытын тіркеуге арналған қондырғыны» (1 қосымша) және жаттығу жағдайларында қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің уақыты туралы шұғыл ақпарат алу үшін оны пайдалану әдістемесін жасап шығардық.

Қондырғыны спорттың әр түрлерінде соққыларды орындаған кезде өзара әрекеттесу фазасын зерттеу үшін қолдануға болады.

Жаңа тренажер қондырғыларының жүйесі және допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру үшін оны қолдану әдістемесі алғаш рет жасап шығарылып, эксперименттік түрде тексерілді.

Практикалық маңыздылығы. Жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолданудың жасап шығарылған әдістемесін енгізу волейболшы қыздардың допты қабылдау-беруді орындаудың тиімділігін арттыру есебінен техникалық даярлық жөніндегі оқу-жаттығу процесін ұтымды етуімізге мүмкіндік береді. Әдістеме Алматы қаласының екі әйелдер командасының жаттығу процесінде қолданылды. Бірінші команда – Қазақтың спорт және туризм академиясының командасы, екіншісі – «Алматиночка» Қазақстан біріншілігінің «Б» класында өнер көрсететін командасы. Бұл волейболшы қыздардың допты қабылдау-беруді орындау тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, мұны зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу актілері дәлелдеп берді (2 қосымша, 3 қосымша). Жаңа тренажер қондырғыларының жүйесі біліктілігі әр түрлі волейболшы қыздарды даярлауда қолданыла алады. Жасап шығарылған тренажер қондырғыларын жаппай жасап шығару олардың қолданылу аясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Волейболшылардың оқу-жаттығу процесін

біркелкілендіретін тренажер қондырғылары.

 

  • Волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау.

 

Тренажер сөзі ағылшынның train деген сөзінен шыққан, аударғанда бұл тәрбиелеу, үйрету, жаттықтыру дегенді білдіреді. Тренажер деп жұмыс дағдыларын жасап шығаруға, механизмдерді басқаруды жасап шығаруға және жетілдіруге арналған оқу-жаттықтыру құрылғысы аталады.

В.Л.Уткиннің анықтамасы бойынша, дене шынықтыру мен спортта тренажер деп адамды қимыл іс-әрекеттеріне оқытудың тиімділігін арттыратын кез келген техникалық құрылғы аталады.

Спортта қолданылатын барлық тренажерлерді автор міндеті бойынша және құрылымы бойынша жіктейді. Міндеті бойынша тренажерлер дене қасиеттерін даярлауға, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық даярлауға арналған болып бөлінеді. Құрылымы бойынша тренажерлер кері байланысты және кері байланыссыз болып бөлінеді. Кері байланысы бар тренажерлер шұғыл ақпаратсыз және шұғыл ақпаратпен деп, ал соңғылары бір контурлы және көп контурлы болып бөлінеді. Қазіргі таңда осы жіктемені, біздің пікірімізше, тренажер қондырғыларының кешендерінің, сонымен қатар экспресс-ақпараты бар тренажерлердің пайда болуына байланысты толықтыру қажет.

Жіктемеде келтірілген тренажерлердің алуан түрлерінің ішінен, тренажерлердің құрастырылуына тоқталмай-ақ, оларды волейболда қолданудың бірнеше мысалын ғана келтіре кетейік.

Мәселен, волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау үшін бірқатар қарапайым тренажерлер қолданылады: секіргіштікті дамытуға арналған еңіс рама; балтыр-табан буындарын бекітуге және аяқ бұлшық еттерін дамытуға арналған балтыр-табан колодкалары; секіргіштікті және секіру төзімділігін арттыруға арналған секіру тумбасы және секіру экспандері; арқа мен қарынның бұлшық еттерінің күшін дамытуға арналған еңіс тақтай және т.б.

А.Г.Фурманов спортшының кейбір дене қасиеттерін және жаттыққандығын анықтауға арналған құрал-тренажерді жасап шығарды. Сигнал берілген соң спортшы волейболға тән бірқатар іс-әрекетті жасай отырып, алға қарай жылжи бастауға тиіс, бұл кезде құрал-тренажердің пультінде спортшы бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақыт, оның ішінде реакция уақыты, бастапқы жылдамдық пен ойын нормативінің уақыты көрсетіліп, жазылып отырады.

Волейболдағы техникалық даярлыққа арналған тренажердің мысалы болып допты ұстағыш қызмет ете алады. Ол шабуылдаушы соққыларға оқыту және оларды жетілдіру үшін қолданылады. Екпіндеп келу мен итерілуді орындай отырып, шабуылдаушы оптималды биіктікте ұстағышта бекітілген допқа секірудің жоғарғы нүктесінде соққы жасайды.

Волейболшыларды тактикалық даярлауға арналған тренажерлер айтарлықтай азырақ жасап шығарылған. Тренажерлердің осы тобынан О.П.Топышев, Г.Н.Ромашин, А.П.Гольцов жасап шығарған, волейболшылардың болжамдық қабілеттерін бағалауға және жаттықтыруға арналған құрылғыны келтіруімізге болады. Осы қондырғының көмегімен қорғаушы міндеттерін атқарушы ойыншылар шабуылдаушының қолы доппен жанасқан сәтке дейін соққының бағытын анықтап, болжамдау жөніндегі қабылданған шешімге байланысты құрылғының лампочкаларының бірін қосуға тиіс. Бұл болжамның шабуылдаушы орындаған тапсырмамен дұрыстығын салыстыруға, сонымен қатар шабуылдаушы соққы жасаған сәтке дейін болжау уақытын анықтауға мүмкіндік береді. Шабуылдаушы ойыншыға біртіндеп күрделендіре отырып, белгілі бір бағдарламаны белгілей отырып, болжам жасау қабілеттерін, сонымен қатар қорғаушылардың тактикалық дағдыларын меңгеру процесін басқаруға болады.

Психологиялық даярлық үшін негізінен алғанда тренажерлер емес, спортшылардың кейбір психологиялық сипаттамаларын бақылайтын аспаптар қолданылады. Мәселен, көшірілмелі психологиялық зертханаларда треморды, зейіннің көлемін, теппинг-тесті, күрделі қимыл-қозғалыс реакциясын, қарқындылықты, көңіл аударуды, зейіннің бөлінуін және ауыстырылуын, кеңістіктегі елестетуді және т.б. анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар аспаптар қолданылады. Осы аспаптардың барлығы кез келген спорт түрінде спортшыларға арналған ортақ аспаптар болып табылады.

Біздің пікірімізше, болашақтағы жуырда, сірә, волейболдың ерекшелігін ескеретін, психологиялыққа арналған арнайы тренажерлердің пайда болатындығын да күтуіміз керек.

Спортшыларды теориялық даярлау үшін сонымен қатар спорттың барлық түрлері үшін унификацияланған аспаптар да қолданылады. Спорттың нақтылы түріне қатысты дифференциациялау негізінен алғанда тиісті бағдарламаларды құрастырған кезде жүзеге асырылады. Осыған тән мысал болып «КИСИ-5» машинасы табылады. Білімдерді бақылау барысында спортшыларға сұрақтар сериясы ұсынылады, осылардың әрқайсысына 2-4 жауап бар болып, олардың біреуі ғана қойылған сұраққа жауап береді.

Кері байланысы жоқ тренажерлерге доптарды лақтыруға арналған құрылғыны жатқызуымыз керек. Ол допты белгіленген жылдамдықпен және категориямен көп мәрте лақтыруға мүмкіндік береді. Бұл допты қабылдау-беру техникасына үйретуге және оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы құрылғының жылдам атқыштығы минутына 6-8 допты құрайды.

Алайда спорттық жаттығудағы келешек, спорттағы бірқатар мамандар осыған басты назар аударатындықтан, кері байланысы бар тренажерлерге тиесілі болып отыр.

Кері байланысы бар, бірақ шұғыл ақпараты жоқ тренажерлердің мысалы болып спорттың көптеген түрлерінде қолданылатын бейнемагнитофондар табылады. Бейнемагнитофондардың кейбір маркалары «стоп-кадр» мен бейнелердің баяу көрсетілуін орындауға мүмкіндік береді. Бейнежазбаның арқасында жекелеген спортшылардың техниканың бөлшектерін орындауын және команданың тұтастай техникалық іс-әрекеттерді орындауын мұқият және объективті талдау мүмкін болады. В.С.Фарфелдің зерттеулерімен шұғыл ақпараттың спортшының санасына қимыл-қозғалыстың сандық және сапалық сипаттамаларын жеткізуге, сонымен қатар оларға тілдік ақпаратты тіптен ең тәжірибелі жаттықтырушының кәдімгі беру әдістері кезінде қол жеткізілмейтін дәл де нәзік түзетулер енгізуге мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.

Бір контурлы, кері байланысы және шұғыл ақпараты бар тренажердің мысалы болып допқа қол буынының алақан бөлігінің жанасуын бекітетін П.А.Антоновичтің /8/ тренажері қызмет ете алады, ал алақан бөлігінің жанасуы қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде техникалық қате болып табылады. Егер лампочка жанбаса, қате жоқ деген сөз.

Құрастырылуы бойынша ең күрделі болып кері байланысы және шұғыл ақпараты бар, көпконтурлы басқару принципіне негізделген көпконтурлы тренажерлер табылады. Бұл тренажерлер спортшыларда бірқатар көрсеткіштерді бақылайтын, кері байланыстың бірнеше, бір мезгілде әрекет жасайтын контурларын қолдануды қарастырады.

Волейбол бойынша қол жеткізетін әдебиеттен біз мұндай тренажерлерді кездестірмедік. Бізді қызықтырып отырған допты қабылдау-беру техникасын үйретуде және жетілдіруде қолданылатын, әдебиетте кездесетін тренажерлерді қарастырып шығайық. Бұл тренажерлер көптеген авторлардың, мысалы, А.В.Ивойловтың, А.Н.Якушевтің; А.Ивойловтың; тең авторлармен бірге Ю.Д.Железняктың, Л.Н.Слупскийдің және басқалардың еңбектерінде келтірілген.

Алпысыншы жылдары ұсынылатын тренажерлерден допты қабылдау-берудің дәлдігін жетілдіруге бағытталған тренажерлер көбіне көп ұсынылады. Оларға ұсынған маяктар: Маяк-1 мен Маяк-2 жатқызылады. Маяк-1-дің биіктігі бойынша реттеліп отыратын екі баскетбол сақинасы бар. Маяк-2-де горизонталь кеңістікте де, вертикаль кеңістікте де болуы мүмкін шеңбері бар. Шеңбердің биіктігі де реттеліп отырады. Олардың көмегімен волейболшылар, доппен сақинаға немесе шеңберге дәл тиюге тырыса отырып, әр түрлі қалыптан және әр түрлі қашықтықтан допты қабылдау-беру дәлдігін жетілдіріп отырады.

Қос қолмен жоғары жақтан дәл доп беру дағдыларын қалыптастыруға арналған тренажерлердің жеңілдетілген конструкцияларын Ю.Д.Железняк, Ю.Н.Клещев суреттеп берген болатын. Бұл тордың ұялары арқылы өткізілген сырықта орналасқан шеңбер. Шеңбер тікелей торға бекітілуі мүмкін, бұл пайдаланған кезде анағұрлым қолайлырақ келеді. Авторлар сонымен қатар 3-4 метр биіктікте қабырғада орнатылатын немесе салынатын қалқан-нысаналарды ұсынады. Допты нысанаға қабылдау-беруді орындай отырып, волейболшыға, нысананың ортасынан алысырақ кете отырып, жанында салынған сандарға қарау қажет. Осылайша, волейболшыларда допты қабылдау-берудің дәлдігінен өзге перифериялық көру қасиеті де дамиды.

В.В.Мерзляков пен В.П.Пелипак авторлардың есептеуінше, тек жаттығу үшін емес, сонымен бірге ойын техникасы бойынша нормативтер тапсыру үшін қолданылуы мүмкін, биіктігі реттелетін ауыстырылмалы сақиналарды ұсынды.

Кейінірек Г.Н.Россо, А.Г.Фурманов допты беруге үйретуге арналған құрылғыны ұсынды. Ол волейболдағы екінші доп беруді оқыту және жетілдіру үшін қолданылады. Алға қойылған мақсатқа байланысты, байланыстырушы екінші доп беруді орындап, допты секторларға бөлінген ағаш шеңберге (ату нысанасы түріндегі) түсіруге тиіс. Доппен қандай да бір секторға тиген кезде тиісті лампочка жанады.

Тренажерлердің басқа бір тобы допты қабылдау-беру техникасын оқыту және жетілдіру үшін арналған. Бұл, негізінен алғанда, жаңадан үйренушілерге доппен өзара әрекеттескен сәтте қолдардың доппен түйісу нүктесін анықтауға көмектесетін аспалы доптар. Ойыншы алдымен бір орнында, кейіннен қозғалыста допты тиісті бағытта қабылдау-беруді орындауға тиіс.

Сонымен қатар асылған доптарға арналған арнайы құрылғыы да ұсынылған. Ол тек қана айырмашылығы, доптар осылар бойынша сақиналар орын ауыстыруы мүмкін арнайы кронштейнге асылған, аспалы доптардың модернизациясы болып табылады. Сақиналарға жіңішке арқанмен доптар асылған.

Серіппелі доп. Ойыншы үш резеңке амортизаторлардың кедергісін жеңе отырып, әр түрлі дене қалпында допты қабылдау-беруді жүзеге асырады.

Құламалы доп. Допты қабылдау-беруді орындай отырып, волейболшы кез келген тәсілмен металл түтіктің екінші ұшындағы амортизатордың резеңкесін кез келген тәсілмен тартады. Содан соң доп кері қарай қайтып келеді (құлайды). Осы тренажердің өзге бір түр тармағы болып түтіктің екінші ұшын жеңіл атлетика ядросына бекіту болып табылады, бұл кезде доп өз салмағының күші есебінен құлайды.

Қабырғалы қалқан. Допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру үшін де, спортшының жылдамдығын, ептілігін, қозғалғыштығын дамыту үшін де қолданылады. Қабырғалы қалқанға лақтырған кезде доптың ең күтпеген бағытта ұшуы мүмкін. Ал спортшының міндеті допты қабылдау-беруді орындаудан тұрады.

Олар допты қабылдау-беруді орындаған кезде кері байланысты қажетті шамада қамтамасыз етпегендіктен, осы тренажерлер практика сұраныстарын толығымен қанағттандыра бермеді. Сондықтан А.Г.Фурманов доп берудің соңғы фазасында шынтақтардың толық созылуы туралы белгі беретін тренажер жасап шығарды.

Тренажерлерді пайдалану әдістемесін талдай отырып, кей көздерде авторлардың жаттықтырушыларға оларды өз қалаулары бойынша пайдалану құқығын бере отырып, тренажерлерді суреттеумен шектеліп қоятындығы атай кеткен жөн.

Өзге бір көздерде әр тренажер үшін оны пайдалану үшін жаттығулар тізімі ұсынылады, мәселен. Осы жаттығуларды іріктеп алу принципі тренажерлерді қолдану мақсаттарына негізделеді. Допты қабылдау-беруді үйреткен және жетілдірген кезде тренажерлерді қолдану мақсаты болып қолдар мен аяқтарды дұрыс қою мен олардың дұрыс жұмыс істеуі, қол буындары мен саусақтардың бұлшық ет топтарын күшейту және сабақтардың тығыздығын арттыру болып табылады. Жаттығуларда орындалу дәлдігін бағалай отырып, әр түрлі бастапқы қалыптардан қайталаулардың көп саны (50-100 рет) қарастырылады. Сөз жоқ, әдістемені баяндау тренажерлерді қолдануға құнды толықтыру болып табылады және жаттықтырушыларға үйрету мен жетілдірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қарастырылған көздерден ерекшелік болып А.Г.Фурмановтың оқу құралы табылады, мұнда волейболшылардың бағдарланған үйретілуінде қолданылатын бірнеше тренажер көрсетілген. өкінішке орай, автор техникалық тәсілдерді жетілдіру бағдарламасын келтірмеген, алайда солай бола тұрса да, техникадағы ақауды түзету үшін допты қабылдау-беру үшін ұсынылып отырған бағдарламаны қолдану өте пайдалы болуы мүмкін.

Допты қабылдау-берулерді жетілдіру үшін тренажерлерді қолданудың мақсатқа лайықтылығы күмән тудырмайды және, Ю.Д.Железняктың есептеуінше, олар волейболшыларды көпжылдық даярлау жүйесінде үлкен орын алуға тиіс. Онымен қоймай, В.М.Зациорскийдің пікірінше, кері байланысы және  шұғыл ақпараты бар тренажерлерге зор болашақ тиесілі. Спортшылардың дене қасиеттерін даярлау әдістемесінде спортшының жүріс-тұрысын басқарудан шұғыл жаттықтыру әсерін тікелей басқаруға көшу қарастырылуда, мұның өзі ниет етіп отырған нәтижені бағдарлауға мүмкіндік береді. Айтылғандардың барлығы, сірә, спортшылардың техникалық даярлығын жетілдіруге де, оның ішінде, волейболдағы допты қабылдау-беру техникасын жетілдіруге де толық шамада жатқызылуы мүмкін.

Әдебиет мәліметтерін талдай отырып, көптеген дәрежеде соққылардың ең көп практикалық маңызы бар техникада зерттелгендігін атай кету керек. Олар техниканы үйрету және жетілдіру процесін басқарумен байланысты болғандықтан, олар да спорт практикасы үшін айтарлықтай маңызға ие болып отырғанымен, спортта соққы жасау қимылдары азырақ зерттелген.

Спорттағы, жекелей алғанда волейболдағы соққыларды одан әрі зерттеу және оларды басқару үшін, басқа әдістермен табу мүмкін болмаған құбылыстардың заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік беретін, қазіргі ғылыми танымның ең алдыңғы қатарлы әдісі ретінде жүйелік-құрылымдық амалды қолданған жөн.

Көптеген мамандардың пікірінше, қимыл-қозғалыстың жетекші құрылымы болып өзіне қимыл-қозғалыстың энергетикалық сипаттамаларын қосатын динамикалық құрылым табылады. Алайда зерттеушілер соққы теориясын салыстырмалы түрде аз қолданады, соққылардың энергетикалық сипаттамаларының сандық мәліметтеріне тиісті көңіл бөлмейді, бұл, біздің пікірімізше, қимыл-қозғалыс құрылымын көбірек ашып, оларды басқару процесін одан әрі танып білуге мүмкіндік берер еді. Осының барлығы спорттық техникаға үйрету мен оны жетілдіруге ықпалын тигізетін болады.

Сабақтағы үйлестіру жөніндегі ең алуан түрлі жұмыс жұмысқа қабілеттілікті және материалдың меңгерілуін арттыра түсетіндігі белгілі болып отырғандықтан, қос қолмен төменнен қабылдау және үстіден беру техникасын үйрету мен жетілдіруді бір мезгілде жүргізген мақсатқа лайықты болып келеді.

Шұғыл ақпараты бар тренажерлердің үлкен ролін мамандар үнемі атап көрсететіндігіне қарамастан, допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру барысында бірқатар тренажерлер, бірақ та негізінен алғанда кері байланыссыз және шұғыл ақпаратсыз тренажерлер қолданылады. Және де онымен қоймай, техниканы үйрету мен жетілдірудегі прогрессивтік бағыт техникалық тәсілдерді орындаған кездегі бұлшық ет ішілік және бұлшық ет аралық үйлестіру туралы мәліметтерді қамтамасыз ету мүмкіндігінен көрініс табады. Осы міндетті жүзеге асыруды қамтамасыз ету техникалық тәсілдердің арнайы кешенін жасап шығару және пайдалану, ал атап айтар болсақ оқу-жаттығу процесін басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы тренажерлерді жасау арқылы мүмкін болады.

 

  • Зерттеулердің міндеттері, әдістері және ұйымдастырылуы

 

 Зерттеулердің міндеттері

Алға қойылған гипотезаны тексеру үшін жұмыстың алдында келесі міндеттер қойылған болатын:

  1. Соққы теориясы тұрғысынан алғанда негізгі техникалық тәсілдері спорт шеберлері және жаңадан шұғылданушылар орындаған кездегі қолдардың доппен өзара әреекттесу фазаларының кейбір кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын талдауды жүргізу.
  2. Біліктілігі әртүрлі волейболшы қыздарда жаттықтыру жүргізген жағдайларда доп беру тәсілдерін орындау тиімділігінің қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақытына байланыстылығын зерттеу.
  3. Жүйелік-құрылымдық амалдың негізінде жаңа тренажерлік қондырғылар құру, оларды білікті волейболшы қыздарда допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру үшін пайдалану әдістемесін жасап шығару және эксперименталды түрде тексеру.

 Зерттеулердің әдістері

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін біз төменде баяндалған бірқатар зерттеу әдістерін қолдандық.

  1. Әдебиет көздерін талдау және жалпылау.
  2. Жылдамдықпен киноға түсіру және оның нәтижелерін биомеханикалық талдау.
  3. Құрал-аспаптық әдістемені қолдана отырып тестілеу.
  4. Ойындағы іс-әрекетке педагогикалық бақылау жасау.
  5. Сауалнама жүргізу.
  6. Зертханалық педагогикалық эксперимент.
  7. Салыстырмалы педагогикалық эксперимент.
  8. Математикалық өңдеу әдістері.

Бірінші міндет жылдамдықпен киноға түсіруді қолдана отырып шешілді. 1982 жылы шығарылған, №720111, объектив Р03-3М №714867 СКС-1М-16 жылдамдықпен кино түсіру камерасы қолданылды. Камера негізінен алғанда түсіру нысанының орын ауыстыру алаңы қатаң шектелген техникадағы жылдам өтетін оқиғаларды түсіруге арналған. Камера камера пленкамен жабдықталмаған кезде бағыттау процесінен кейін стационарлы түрде бекітіледі. Камераны пленкамен жабдықтағаннан кейін кескін іздегіштің қалқаны жабылуға тиіс, олай болмаған жағдайда пленка іш жағынан бүлдіріліп алынады. Осылайша түсірген кезде кескін іздегіш жабық тұрады және оператор нысанды көрмей, яғни соқыр күйінде барлық процесті түсіріп алады. Мұнда оператор түсіріп жатқан кезде кадр шекараларын міндетті түрде көріп тұруға тиіс болатын, қолдардың доппен өзара әрекеттесуін жылдамдықпен киноға түсіріп алу үшін біз СКС-1М-16 камерасын біршама түр өзгерту ісін жүзеге асырдық. Кескін іздегішке қатарластырып, квадрат тесіктері бар екі пластина түріндегі екінші кескін іздегіш жасалды. Пластиналар 9 м қашықтықтағы кеңістіктегі кадр алаңы кескін іздестіргіш арқылы көрінетін ауданмен дәл келетіндей етіп, камераның оптикалық осіне параллель орнатылды. Түсірген кезде кадрлардың шекараларын көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзіндік диоптрлік көздегіш алынды.

Камераның негізгі техникалық мәліметтері:

— түсіру жиілігі – 150ден 4000 кадр/сек дейін;

— қолданылатын пленка – стандартты, 16 мм;

— кадрдың өлшемі 7,5х10,4 мм;

— бобинаның сыйымдылығы – 30 м;

— пленканы тасымалдау ұзақтығы – 1,5 с-тан 25 с дейін;

— электрқозғалтқыш әмбебап, 30 В-тан 127 В айнымалы ток және 10 В-тан 120 В дейінгі тұрақты ток;

— уақытты белгілеушінің (кадрлар жиілігін есептеушінің) неон               лампасы – типі МН-7, кернеу 127 В айнымалы ток, жиілігі 50 Гц.

Объектив:

  • фокустық қашықтығы 50 мм;
  • салыстырмалы тесік 1:2;
  • алаңның ортасындағы шешуші қабілет – 25 штрих/мм, алаңның шетіндегі шешуші қабілет – 15 штрих/мм.

СКС-1М-16 камерасының габариттік өлшемдері: ұзындығы 382 мм; ені 280 мм; биіктігі 354 мм. Тіремесімен бірге камераның салмағы 15,5 кг.

Бес негізгі волейболдың техникалық тәсілдерінің қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазасы ғана жылдамдықпен түсіруге ұшырады:

  1. Допты қос қолмен жоғарыдан беру.
  2. Допты қос қолмен төменнен қабылдап алу.
  3. Жоғарыдан тік беру.
  4. Тік шабуылдаушы соққы.
  5. Бірлі блоктау.

Түсіріліп алынған пленка биомеханикалық талдауға ұшырады /120/. Бұл мақсатта біз «Школьный» түріндегі проекторды қолдандық, оның көмегімен бейне сынып тақтасына 1:4 ауқымда проекцияланып, өлшеулер жүргізілді.

Бейненің ауқымын бақылау әр кадрда болатын екі перпендикуляр өлшем планкаларының проекцияларының ұзындығы бойынша жүзеге асырылды. Өлшем планкаларындағы рискалардың нақтылы ұзындығы 10 см құрайды, ал проекцияда ол 2,5 см құрады. Сынып тақтасында алдын ала екі перпендикуляр сызық сызылды. Бұл сызықтар өлшем планкаларының проекциясымен үйлестіріліп, осылайша координаталар басының екі ось – абсцисса және ордината осьтері бойынша үйлесімі қамтамасыз етілді. Массалар орталықтары: қол буындарының (доп беруді, шабуылдаушы соққыны, блокты және қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде), иық маңының (төменнен қос қолдап доп қабылдауды орындаған кезде) масса орталықтары, сонымен қатар доп салмағының орталығы тиісті проекциялар бойынша тақтаға бормен түсіріліп отырды. Пленканы жылжытып және кадрлардың санын есептей отырып, қолдар доппен өзара әрекеттескен кезде кадрға тоқталып, координаталар бастауын үйлестірдік, қолдар доппен өзара әрекеттескенге (жанасқанға) дейін жеке-жеке доп салмағының орталығы және қол буындарының масса орталығы өткен жолды (см-мен) өлшедік. Өзара әрекеттесу кезінде және одан кейін де дәл осылайша жасадық. Бұл ретте уақыт белгілеуіш қалдырған, пленканың перфорацияларының біріндегі күңгірт сызықтар бойынша осы сәттегі түсіру кадрларының жиілігін анықтадық. Уақыт белгілеуіш токтың жиілігі 50 Гц болған кезде секундына 100 жарқыл беретін неон лампа болып табылады. Одан келген жарық пленкаға келіп түсіп, перфорациялардың бірі бойынша түсіру кадрынан тысқары жерде ені 0,8 мм болатын, шеттің ұзына бойына жолақ қалдырады. Біреуінің бастауынан екіншісінің бастауына дейінгі екі белгілер (кадрлардағы) арасындағы қашықтық өткен уақытты анықтайды. Бір белгінің бастауынан екіншісінің бастауына дейінгі уақыт аралығы 1/100 с құрайтын болғандықтан, егер мысалы бір белгінің бастауынан екіншісінің бастауына дейін 5 кадр өтетін болса, түсіру жиілігі 1/100: 5 = 1/500 с құрайды, яғни  түсіру 500 кадр/с жиілікпен жүргізілген.

Жанасу сәтіне дейін, жанасқан кезде және одан кейін өткен уақытты анықтау үшін есептелген кадрлардың санын түсіру жиілігіне бөлу қажет болды. Нәтиже үтірден кейінгі үшінші белгіге дейін есептелді. Проекция ауқымын ескере отырып, доп пен қолдар өткен жол былайша есептелді: өтілген жолдың см-мен өлшенген қашықтығын 4-ке көбейтіп, туындыны 100-ге бөлдік, метрмен көрсетілген жолды алдық. Соққыға дейінгі доптың Vм, қолдың (қолдардың) Vp сызықтық жылдамдықтарын, сонымен қатар соққыдан кейінгі тиісті Им мен Ир мәндерін әдеттегідей, нәтижені 0,001-ге дейін дөңгелете отырып, тиісті өткен жолды уақытқа бөле отырып анықтадық.  Қалпына келу коэффициенті К, соққы уақытындағы қолдар мен доптың кинетикалық энергиясының қосынды шығындалуы Тпот, қолдардың (қолдың) кинетикалық энергиясының допқа берілу тиімділігінің коэффициенті ŋ 1 тарауда келтірілген тиісті (5), (4), (7) формулалар бойынша есептеп шығарылды. Бұл ретте қолдың «белсенді салмағы» деп аталатын, біздің есептеулерімізде қол буындары салмағы мен иық маңы салмағының қосындысын құрады. Бұл массалар В.М.Зациорский, А.С.Аруин, В.Н.Селуянов дененің салмағының геометриясын анықтаудың радиоизотопты әдісінің негізінде шығарылған формулалар бойынша анықталды. Әйелдердің денесінің сегменттерінің массаларын – инерциялық сипаттамаларын дененің ұзындығы (X2) және салмағы (X1) бойынша анықтау үшін төмендегі түрдегі регрессия теңдеуі қолданылды:

У = Во + В1Х1 + В2Х2.    (9)

Мұндағы у – қол буынының (иық маңының салмағы), кг;

Во; В12 – әр сегмент үшін сан көптеген тәжірибелердің негізінде шығарылған коэффициенттер.

С.Л.Фетисованың зерттеулерінің мәліметтері бойынша, механикалық тұрғыдан алғанда допқа ұшудың ең үлкен жылдамдығын беру үшін соққыштың (қолдың) салмағы 1,5-2 кг-нан аспауға тиіс. Сондықтан өзіміздің есептеулерімізде қолдың соққылы (белсенді) салмағы деп біз тек қана 1,4 кг-нан аспайтын қол буындары салмағы мен иық маңы салмағының қосындысын есептедік.

Жаңадан шұғылданушылардағы және спорт шеберлеріндегі алынған көрсеткіштердің айырмашылығының растығы Вилкоксон-Манн-Уитни критерийін қолдана отырып жүргізілді.

Факторлық талдау негізгі компоненттер әдісі бойынша жүргізілді /66,102,161/. Барлық есептеулер «Фортран» тіліндегі бағдарлама бойынша ЕС-1022 электронды есептеу машинасында орындалды.

Екінші міндет құралдық әдістемені қолдана отырып тестілеу әдісімен және педагогикалық бақылаумен шешілді.

Құралдық әдістемені қолдана отырып тестілеу.

Жылдамдықта киноға түсіруді қолдана отырып спорттағы соққыларды зерттеген кезде уақыттық сипаттамаларды тіркеудің бірқатар кемшіліктері бар. Мысалы, жылдамдықта киноға түсіру шұғыл ақпаратты қамтамасыз ете, сонымен қатар соқтығысу фазасында снарядпен (доппен) тікелей өзара әрекеттесетін соққыштық бөліктерінің құрылымын аша алмайды.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында біз «Спорт снарядтарының жанасу уақытын тіркеуге арналған құрылғыны» жасап шығардық (1 қосымша).

Волейболға қатысты алғанда құрылғы:

  • Ток өткізетін желімнің қабатымен жабылған волейбол добынан;
  • Саусақтардың ұшынан шынтақ буынына дейін қолдың алақан жағы бойынша сымтемірлік түйіспелерден және крагалы қолғаптан;
  • Тіркегіштерден — Н-327-5 типті екі бес арналы өздігінен жазатын аспаптан (әр саусаққа бір арнадан);
  • Құрылғыға арналған қоректендіру блогынан – 4,5 В батарейкадан (тіркегіштер 220 В желіден қоректенеді);
  • Спортшы беліне киетін белдікте бекітілген ажыратқышы бар байланыстырғыш сымнан тұрады.

Құрылғының жұмыс істеу принципі 4,5 В электр тізбегін қолдармен өзара әрекеттескен сәттегі доптағы ток өткізгіш желімнің қабаты арқылы волейболшының қолында тұйықтаудан тұрады. Контакт тұйықталған кезде Н-327-5 өздігінен жазатын аспаптардың тілдері ауытқиды. Доп қолдан ұшып кеткеннен-ақ тізбек ажыратылады, тілдері бастапқы қалпына оралады. Осылайша қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде әр саусақтың доппен өзара әрекеттесуі туралы шұғыл ақпаратты алып отырдық. Төменнен қос қолдап допты қабылдауды орындаған кезде де дәл осылай болады. Бұл кезде, алақандардағы сымтемір контактілерінің кездейсоқ тұйықталуын болдырмау үшін қол буындарының біріне алдын ала целлофаннан жасалған қапшық кигізіледі. аталған құрылғыны пайдалану қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазасындағы қимылдың анатомиялық құрылымын ашуға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда қимылдың қарқыны мен фрғағын анықтауға болады.

Волейбол добын жабуға арналған ток өткізгіш желім былайша дайындалады. 1:10 пропорцияда ВФ-2 желімімен ұнтақ тәріздес графит араластырылды. Одан соң кисточканың көмегімен дайындалған желім тігістері толатындай етіп допқа тегіс қабатпен жағылды. Одан соң желімді кептіріп, кейін осылайша жабуды доптың бетінде 3 см қашықтықта өлшенген кедергі 10 кОм жеткенше қайталап отырдық. Краснодар қаласының өлшеу аспаптары заводының қолданылатын Н-327-5 аспаптарының келесідей негізгі сипаттамалары бар:

  • Жазбадағы арналардың саны – 5;
  • Диаграмма лентасының жалпы ені, мм – 240;
  • Диаграмма лентасының қозғалыс жылдамдығы, мм/с – 1; 2; 5; 10; 25; 50;125; 250;
  • Аспаптың қоректенуі – 50 Гц желі, кернеу 220 В.

Құрылғыны пайдаланудың жасап шығарылған әдістемесі:

  1. Сыналушының киінуін (қолғап және белдік киюді);
  2. Өздігінен жазатын аспаптардың лентасындағы белгіні – арнаның жоғарыдан доп беруді орнаған кезде қолдардың әрбір саусағына немесе тәсілді төменнен орындаған кезде иық маңының бөлігіне сәйкестігі;
  3. Көмекшіге өздігінен жазатын аспаптардың лента тарту механизмінің қосылу және ажырау сәті туралы нұсқау беруді;
  4. Жалпы алғанда құрылғы жұмысын сынап көруді қарастырады.

Қолдардың доппен өзара әрекеттесу (жанасу) уақытын есептеу былайша жүргізілді. Штангенциркулмен 0,1 мм дәлдікке дейін ауытқудың басынан аяғына дейін Н-327-5 өздігінен жазатын аспаптарының он арнасының әр тілінің ауытқуы өлшеніп отырды. Бұл жоғарыдан қос қолмен доп беруді орындаған кезде қол саусақтарының және төменнен қос қолмен қабылдауды орындаған кезде иық маңы бөліктерінің доппен өзара әрекеттесу уақытына сәйкес келді. Өздігінен жазу аспабының лентасының тартылу жылдамдығы тұрақты болғандықтан, өзара әрекеттесу уақытын есептеп шығару үшін тілдің мм-мен көрсетілген ауытқу жолын лентаның тартылу жылдамдығына (125 мм/с) бөліп, секундпен көрсетілген уақытты алдық. Есептеулер үтірден кейінгі үшінші белгіге дейін жүргізілді.

Доп ұшуының жылдамдығы мен траекториясының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арнайы катапульта қолданылды. Оны алдын ала сынақтан өткізу соққы жасау механизміндегі серіппенің қатаң дозаланып тартылуы есебінен доптардың ұшуының айтарлықтай жоғары тұрақтылығын көрсетіп берді.

Мысалы, бір орыннан №5 аймаққа, яғни 17 м-ге доп берулерді орындаған кездегі ақаулық барлық жақтарға  +0,7 м аспады, бұл 4% құрайды, ал доптарды 5-ші аймақтан  2-ші аймаққа 7 метрге катапульттеген кезде                        +0,3 м аспады – 4,2%. Біздің пікірімізше қабылдау-беруді орындау сапасының көрсеткіші болып табылатын, қолдардың доппен өзара әрекеттесу (жанасу) уақытынан өзге, олардың жаттығу процесіндегі тиімділігі, сонымен қатар қолғаптардың іс-әрекеттертер тиімділігіне әсері үлкен қызығушылық тудырды. Осы мақсатта біз ойын жағдайларына мейлінше жақындастырылған екі тестті (бақылау жаттығуларын) жасап шығардық.

Бірінші тестте қос қолмен жоғарыдан дәлдікке екінші доп беру орындалды. Доп катапультамен 5 аймақтан 2 және 3 аймақ арасындағы алаңға жіберілді. Допты катапульта соққан кезде сыналушы шабуыл сызығының (1 аймақ) артынан жүгіріп шығып, диаметрі 80 см «маяк» сақинасына екінші доп беруді орындауға тиіс. Сақина горизонталь кеңістікте, 4 аймақтағы тордың деңгейінде орналасқан (сақинаның ортасы бүйір сызықтан 1,5 м және ортаңғы сызықтан 0,5 м жерде). Сақинаға доп түсіру 3 баллмен, сақинаны жанай отырып түсіруц – 2 баллмен, сақинаға тиіп, оған доп түсірмеу – 1 боллмен және мүлт кету – 0 баллмен бағаланды.

Екінші доп беруді орындайтын жерді таңдауды біздер байланыстырушы ойыншы тұрған негізгі аймақты ескере отырып жасадық. Катапультамен доп жіберілген 5 аймақ байланыстырушы ойыншыдан ең қашықтағы аймақ ретінде таңдап алынды. Бірінші доп беруден кейінгі доптың әдеттегі жылдамдығы 6-8 м/сек құрайды. Біз орташа жылдамдықты – 7 м/сек таңдап алдық, оны катапульта қамтамасыз етеді.

Екінші жаттығуда катапульте орындаған доп беруден доп екі қолмен төменгі жақтан қабылданып алды. Доп 5 аймаққа жіберіледі, мұнда сыналушы оны қабылдап, тордың үстіңгі шетінің деңгейінде тартылған бау арқылы оны 2 және 3 аймақ арасындағы аралыққа жеткізуге тиіс. Алаңда диаметрлері, 1,2 және 3 м болатын 3 концентрациялық шеңбер сызылды. Шеңбердің ортасы 2 және 3 аймақтардың арасында, бүйір сызықтан үш метр және ортаңғы сызықтан бір жарым метр жерде орналасты. Доп беруді қабылдаған кезде доппен диаметрі 1 м шеңберге тию 3 баллмен, 2 м диаметрлі шеңберге – 2 баллмен, диаметрі 3 м шеңберге тию – 1 баллмен және мүлт кету – 0 баллмен бағаланды.

Доп беруді қабылдағаннан кейін допты оған жақын қашықтыққа қарағанда, ең алыс қашықтықтан байланыстырушы ойыншыға дәл жеткізу қиынырақ келеді, сондықтан осы жаттығуды орындаған кезде 5 аймақ таңдап алынды.

С.Л.Фетисованың мәліметтері бойынша, қорғаныс аймағына жіберген кездегі доптың ұшу жылдамдығы орташа алғанда 16 м/с құрайды. Осыны басшылыққа ала отырып, доп беретін орында орналасқан катапультаның соққыш механизмінің серіппесін қатаң дозалай отырып тарту арқылы біз осы жылдамдықты бердік. Бақылау жаттығуларындағы допты қабылдау-беруді орындау тиімділігі баллдарды максималды мүмкін болатын жинаудан пайыздармен есептелді.

Волейболшылардың техникалық даярлығын анықтау үшін осындай тесттерді Ю.Д.Железняк  және А.Г.Фурманов  ұсынған болатын.

Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу корреляциялық талдауды және қатар қалыпты бөлінген кезде қолданылатын Стьюдент t критерийін қолдана отырып жүргізілді.

Ойын іс-әрекеттеріне педагогикалық бақылау жасау. Ол 1 дәрежелі волейболшы қыздардың жарыс жағдайларында допты қабылдау-беруді орындау тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілді. Бақылау кезінде М.Е.Амалин мен О.С.Шилов  ұсынған әмбебап әдіс қолданылды. Допты қос қолмен төменнен қабылдау және қос қолмен жоғарыдан беру тәсілінің тиімділігі жазылып отырды.

Үшінші міндетті шешу үшін біздер: сауалнама жасау әдісін, зертханалық педагогикалық экспериментті және салыстырмалы педагогикалық экспериментті пайдаландық.

Сауалнама жасау. Волейбол жөніндегі жаттықтырушылардан допты қабылдау-беруді орындау тиімділігін арттыру үшін қолданылатын тренажерлер туралы мәліметтер алу, сонымен қатар оларды жасау үшін жаңа тренажерлерге қойылатын талаптарды анықтау мақсатында біз арнайы сауалнама жасап шығардық (5 қосымша).

Сауалнама мәліметтерін математикалық өңдеу конкордация коэффициентін есептей отырып, сараптамалық бағалаулар әдісімен жүргізілді.

Зертханалық педагогикалық экспериментте волейболшы қыздардың допты қабылдау-берудегі техникалық даярлығы анықталды, осының нәтижелері бойынша екі біртекті топ – эксперименттік және бақылау топтары құрылды. Жасап шығарылған тесттер валидтілік пен сенімділікке тексерілді.

Тесттердің валидтілігі дәл бір сол волейболшы қыздарда педагогикалық бақылау нәтижелері бойынша және зертханалық эксперимент нәтижелері бойынша қабылдау-берудің екі тәсілінің тиімділігі арасындағы корреляция коэффициенттерін есептеу шығару арқылы тексерілді /11/.

Сенімділікке тесттерді тексеру ішкі тұрақтылықты, яғни тесттің тұрақтылығын сипаттайтын тәсіл бойынша жүргізілді.  Барлық сыналушылардың тесттерді қолғапсыз орындау барлық тақ және жұп әрекеттерінің нәтижелері өзара салыстырылды.

Салыстырмалы педагогикалық эксперимент. Ол екі әдістемені салыстыру мақсатында жүргізілді. Оқуға ыңғайлы болу үшін пэ IV тарауда баяндалған.

Зерттеулерді ұйымдастыру

 Сыналушылар

Жылдамдықта киноға түсіруді жүргізген кезде сыналушылар ретінде 7 адам болды, оның 3 – ҚР-ның спорт шеберлері және 4 – жаңадан шұғылданушылар. Екі шеберді қоспағанда, олардың барлығы – Алматы қаласының Спорт және Туризм академиясының студенттері (1 кесте).

Құралдық әдістемені қолдана отырып, тестілеу кезінде сыналушылар ретінде 20 қыз алынды – олардың барлығы Алматы қаласының Спорт және Туризм академиясының студенттері. Көркем гимнастикаға маманданған 10 қыз (волейболды жаңадан үйренушілер) бірінші топты құрады. Екінші топқа бірінші спорт дәрежесі бар, волейболға маманданған 10 қыз енді. Екі топтағы да сыналушылардың жасы 18 жастан 22 жасқа дейін.

1 кесте

Жылдамдықпен киноға түсіруге қатысушылар туралы мәліметтер

Сына-лушы-лар

Білік тілігі

Бойы (cм)

Сал- мағы (кг)

Салмағы (кг)

Орындалған техникалық тәсіл

Қол буыны

Иық маңы

С-а

 

 

П-а

П-а

Л-а

 

А-а

К-е

Р-я

ЕССШ

 

 

СШ

СШ

Разрядсыз

 

— “ –

— “ –

— “ —

175

 

 

178

174

170

 

177

177

170

 

73

 

 

76

76

59

 

71

76

73

0,358

 

 

0,369

0,361

0,324

 

0,359

0,367

0,348

1,004

 

 

1,032

1,031

0,877

 

0,987

1,032

1,003

Астыдан қабылдау, бірлі блок қою, жоғарғы тік беру.

Шабуылдаушы соққы.

Жоғарыдан беру.

Жоғарыдан беру. Жоғарғы тік беру.

Бірлі блок қою.

Төменнен қабылдап алу.

Тік шабуылдаушы соққы.

 

Педагогикалық бақылау волейбол бойынша Алматы қаласының Спорт және Туризм академиясының студенттер қыздар құрама командасының ойыншыларына тікелей жарыстарда жүргізілді. Команданың құрамы 12 адам, оның ішінде: спорт шеберлігіне үміткер – 2 адам, 1 разряд – 10 адам. Спортшылардың жасы 19-дан 22 жасқа дейін. Ойындарға 10 адам қатысты.

Сауалнама жүргізу барысына бірінші лигалардың әйелдер және ерлер құрама командаларының 11 жаттықтырушысы қатысты. Орташа жасы 39 жас, волейбол жөніндегі жаттықтырушы болып жұмыс істеудің орташа стажы – 22 жыл. Осылардың ішіндегі үш адам Қазақстан Республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие.

Зертханалық педагогикалық эксперимент 20 адам құрамдағы волейболға маманданған Шымкент қаласының ХҚТУШИ  студенттер қыздарымен ұйымдастырылды. Олардың ішінде: спорт шеберлігіне үміткер -2 адам, 1 дәреже – 17 адам, 2 дәреже – 1 адам. Жастары 18-ден 23 жасқа дейін.

Зерттеулерге барлығы 68 адам қатысты.

 Зерттеулерді жүргізу

Жылдамдықпен киноға түсіру 2010 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласындағы ХҚТУШИ спорт залында жүргізілді.

Түсіруге даярлаған кезде сыналушылардың қол буындарына және иық маңына, қолдың бетінде салмақ орталықтары проекцияланатын нүктелерде лейкопластырьдан жасалған, диаметрі 2 см қара шеңберлер желімделді.

Байқап көрген 3-5 әрекеттен кейін камераға ұзындығы 30 м кассета салынып, техникалық тәсілдерді түсіру жүргізілді. Бір кассета 18-20 с экспонацияланды, одан кейін СКС-1М-16 камерасын қайта зарядтау жүргізілді. Біз жүргізген камераны модернизациялаудың арқасында түсірген кезде кадрдың шекараларын көру мүмкіндігі пайда болды. Кадрға тек спортшы қыздардың қолдары, доп және бір біріне перпендикуляр, арнайы жасалған екі өлшегіш планка түсіп отырды. Планкалар техникалық тәсілдерді орындауға кедергі келтірмей, спортшы қыздың артындағы қараңғы фонда бекітілді. Сыналушылар бір біріне кезекпе кезек көмектесіп отырды, яғни доптарды әртүрлі жылдамдықтармен лақтырды, доптарды беріп отырды және т.с. Шабуылдаушы соққы сыналушының өзінің допты аспанға әуелетуімен жүргізіліп отырды. Түсірулер әрқайсысы 500 вт төрт лампамен қосымша жарықтандыра отырып, залда күндізгі уақытта жүргізіліп отырды. Камера сыналушыдан 9 м қашықтықта, қара фонның кеңістігіне қатаң перпендикуляр орнатылды. Сыналушылар барлық кезеңде камераға қатысты бүйірлерімен орналасты, яғни барлық түсірулер профильге жүргізілді. Тік шабуылдаушы соққыларды және блок қоюды түсірген кезде жылдамдықпен түсіретін камера арнайы арбамен, соққы жасаған сәтте қолдармен және доппен бір кеңістікте болатындай етіп, волейбол торының жоғарғы деңгейінен жоғарырақ орналасты. Жылдамдықпен түсіретін камераның кадрлар жиілігі барлық бес техникалық тәсілді орындаған кезде 200 к/с-дан 500 к/с-ға дейін ауытқып отырды.бұл ауытқулар түсірудің әртүрлі жағдайларында камераның электр моторына екпін берумен туындайды. Барлығы 900 м кинопленка түсірілді. Құралдық әдістемені қолдана отырып тестілеу 2009 жылғы қарашада Қазақтың спорт және туризм академиясының спорттық ойындар залында жүргізілді. Ол екі топ үшін де бірдей жағдайларда, тәуліктің бір уақытында жүргізілді.

Әдеттегі дене қыздырудан және 2-3 байқап көру әрекеттерінен кейін әрбір қатысушы екі тестті де үш рет, алдымен «қолғапсыз», содан кейін «қолғаппен» орындады. Катапультаға және екі өздігінен жазатын аспапқа қызмет көрсететін көмекшілер арнайы нұсқаудан өткен эксперименттік топтардағы қыздар болды.

Тестілеудің нәтижелері арнайы жасалған хаттамаға енгізілді. Қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты мен доп беру тәсілдерін орындаудың тиімділігі арасындағы корреляция коэффициенттерін (p) есептеген кезде барлық 20 сыналушының нәтижелері ескерілді. Педагогикалық бақылау 2009 жылдың қараша-желтоқсанында қала біріншілігі жарыстарында және Студент күніне арналған жарыста жүзеге асырылды. Барлығы бес ойын қарастырылды. Төменнен қабылдау-беру және жоғарыдан қос қолмен беру тәсілдерін орындаудың тиімділігі ойындарға қатысушы барлық команда волейболшы қыздарнда техникалық хаттамада жазылып отырды. Доп қабылдау-берудің әр тәсілі үшін бес ойынның нәтижелері бойынша орташа тиімділік шығарылды.

Бірінші лига әйелдер командаларының, сонымен қатар бірінші лига ерлер командаларының жаттықтырушыларына сауалнама қою 2010 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде Шымкент қаласындағы жарыстарда жүргізілді. Әр жаттықтырушыға сауалнама дербес, байыпты, жұмыстан бос жағдайда берілді. Бұл ретте, мамандардың ұсынысы бойынша психологиялық фактор ескерілді, атап айтар болсақ: жаттықтырушыларға сауалнама оның командасының ойыны басталғанша және жеңіліп қалған ойыннан кейін берілмеді.

 

1.3. Негізгі ұғымдар

Ойын тәсілі – бұл команданың спорттық сайысын жеке, топтық және командалық іс-қимылдар көмегімен ұйымдастыру болып табылады.

Тәсілдің негізгі міндеті – ойынды белгілі бір қарсыласының қарсы нақты жағдайда жүргізудің құралдары, түрлері мен әдістерін анықтау болып саналады.

Ойын тәсілі ойыншылардың әдістік шеберлігі деңгейімен анықталады.оның дамуындағы басты қозғаушы күш шабуыл мен қорғаныс арасындағы күрес болып табылады. Шабуылдың тиімді жаңа әдістері мен құралдарын табу қорғаныстың да тиімді құралдары мен әдістерін табуды талап етеді.

Ойынды жүргізу құралдары барлық амалдар мен олардың орындалу әдістері болып есептеледі.

Ойынды жүргізу әдістері деп ойыншылардың қарсыласымен сайыста қолданылатын жеке, топтық және командалық іс-қимылдарын атаймыз.

Жеке іс-қимылдар – бұл ойыншының аталған ойын сәтінде белгілі бір тәсілдік міндетті шешуге бағытталған іс-әрекеті.

Топтық іс-қимылдар – нақты міндетті атқаратын екі немесе бірнеше ойыншылардың өзара қарым-қатынасы.

Командалық іс-қимылдар – бұл командадағы барлық ойыншылардың қорғаныс пен шабуылдағы белгілі бір міндетті орындауға бағытталған өзара қарым-қатынасы.

Ойын жүйесі – ойыншылардың қызметі мен олардың алаңда орналасуына негізделген іс-қимылдарын ұйымдастыру.

Тәсілдік айла-шарғы – бұл ойыншылардың шабуылға немесе бақылауға арналған шарттардың бірін құруға бағытталған өзара қарым-қатынасы.

Ойынды жүргізу түрлері – бұл ойынды жүргізудің белгілі бір ырғағы мен стилінде, ауысу мен үзілістің тәсілінде, ойын тәртібін сақтауда, белсенді күрес жүргізуде, т.б. көрінетін команданың іс-қимылының көріну сипаты.

Ойын тәртібі – бұл әрбір ойыншыны команданың іс-әрекетіне бағындыру, бүкіл ойын мен турнир бойына қойылған міндеттерді дәл орындауға ұмтылу, тапсырмаға сәйкес бір іс-қимылдан келесі іс-әрекетке ауыса білуі мен жинақылығын сақтау.

Заманауй волейболда шабуылдағы тәсілдік іс-қимылдарды анықтайтын жаңа терминдер пайда болды, олардың мәні мынадай.

«Қарапайым». Бұл термин күрделі жағдайда доп беретін ойыншы жақын тұрған әріптесіне айла-шарғысыз, жоғары ұшу аймағымен допты беруі тиіс екенін білдіреді. Бұл сәттер шабуылшы ойыншылар тәсілдік айла-шарғыны ұйымдастыруға қатысып үлгермей немесе доп беруші ойыншының өзі қолайсыз жағдайда қалып, не болмаса доптың орны айла-шарғыны іске асыруға тиімсіз болған түрлі  жағдайларда  туындайды.

Бірінші екпінмен. Бұлай аталуына ойыншының айла-шарғыны бірінші болып бастауы (немесе бірінші екпіндегі ойыншы) себеп болады. Әрине, ол төменнен доп беруге бірінші болып барады, себебі келесі ойыншы да төменнен доп беруі мүмкін, бірақ бірінші ойыншыдан кейін кіріседі.

Екінші екпінмен. Бұ айла-шарғыны іске асыруға барлық қалған ойыншылар бірінші ойыншыдан кейін кіріседі. Мұнда екіқадамдық, үшқадамдық және төртқадамдық айла-шарғы түрлерін қарастыруға болады, оған алдыңғы сызықтың барлық үш ойыншысы мен артқы сызықтағы ойыншы қатыса алады. Әр ойыншы  өз аймағында және әріптесінің аймағында ойнап, екінші, үшінші және төртінші қадамдармен немесе келесі бір ойыншымен бірлесе, іс-әрекеттің бағыты мен орындалар сәтін білдіріп, кез-келген бағытқа  доп соға алады.

Бір екпінмен. Бұл жағдайда ұру үшін алға шығумен қатар бір немесе түрлі аймақтарда екі немесе үш шабуылшы секіруі мүмкін.

Аймақ. Аймақтағы әрбір шабуылшы үшін қолайлы орынды анықтайды. «Аймақ» ұғымы да бір аймақта екі (үш) шабуылшы қатысатын белгілі бір тәсілдік айла-шарғыға жатады.

Ұшу.  Шабуылшы доп бергенге лейін секіріп, тордан асыра доп беруші пайда болған сәтте допты ұратын 3-аймақтағы көптеген жағдайларда тік немесе сәл жазық жолмен төменнен доп беру соққыларына қатысты айтылады.

Көздеу. Бұл термин аймақтан аймаққа немесе аймақ арқылы орындалып, тордың жанынан төменнен жылдам доп беру соққысын білдіреді. 

Жартылай көздеу – бір жарым метр шамасындағы биіктікте тордың жанынан

үдемелі доп беру соққысы. Аймақтан аймаққа немесе аймақ арқылы доп берілуі мүмкін. Доптың ұшу жылдамдығы жылдам доп беруден төменірек, ал ұшу жолы біршама жоғары болады.

         «Толқын» және «тізбек» — біркелкі тәсілдік айла-шарғылар, бір-бірінен айырмашылығы шабуылшы ойыншылардың орналасуына қарай ерекшеленеді. Әдетте, нақты айла-шарғыға екі шабуылшы қатысады. Олардың бірі соққыға бірінші екпінмен шығады. Бірінші ойыншы секіріп, төмен түсе бастаған сәтте екінші ойыншы секіре бастайды. Әдетте, олар бір-бірінен бір-бір жарым метр шамасында секіреді. Олардың бірі допты ұруы мүмкін. Егер доп ұруды екінші шабуылшы орындаса, ол жағдайда бірінші ойыншы доп ұрғанда қалт кеткендей сезіледі.

         «Толқын» — бұл екі шабуылшы бір аймақта соққыны тордың жанында орындаған ойын сәті.

         «Тізбек». Бұл тәсілдік айла-шарғыны екі шабуылшы да доп соғу үшін торға қиылыса бір аймаққа бірінен кейін бірі шыққанда қолднады. Бірінші шабуылшы екінші шабуылшыға қалқан болады. Сондықтан бұл айла-шарғыны «қалқан» деп те атайды. Мұнда егер допты екінші ойыншы ұратын болса, онда допты алаңның түкпіріне бағыттайды.

         «Қиылысу». Бұл айла-шарғыда шабуылшылардың доп ұруға шыққан жолдары қиылысады.

«Тікелей қиылысу». Оны доп соғу үшін алға доп беретін ойыншының алдында тұрған ойыншы бірінші болып шығып, ал екінші ойыншы оның жолымен қиылысатын кезде орындайды.  Екінші шабуылшы бақылаушының  алдында да және одан кейін де тұра береді.

Кері «қиылысу» доп ұруға бірінші болып бастапқыда доп берушінің арт жағында тұрып, бірақ оның алдында ойнайтын шабуылшы шыққанда орындалады. Екінші болып доп соғуға бақылаушының алдында тұрған шабуылшы біріншінің жолына қиылыса шығады. Тік және кері «қиылысу» айла-шарғыларын доп беруші ойыншының алдында және оның артында тұрып орындауға болады.

Кіші «қиылысу». Мұнда шабуылға аралас аймақтардағы ойыншылар қатысады.

Үлкен «қиылысу». Шабуылдағы бұл тәсілдік айла-шарғыда аймақтан тыс тұрған ойыншылар қатысады (2 және 4 аймақтар).

Еселенген  «қиылысу». Бұл тәсілдік айла-шарғыда алдыңғы сызықтың барлық үш ойыншысы шабуылға қатысып, олардың ең соңғысы доп соғуда бірінші мен екінші шабуылшының жолын қиып өтеді.

«Морита». Бірінші рет жапон ойыншысы Морита 1969 жылы ГДР-де өткен Әлем кубогінде көрсеткен соққы.

Екінші секіру немесе «морита» доп беретін ойыншының алдында немесе оның артында тұрып доп ұрғанда орындалады. Шабуылшы жүгіріп кетіп, секірер алдында жартылай отырып, төменнен доп ұру алдында секіретіндей қалып көрсетіп, аяқтарын бүгеді, бірақ соңғы сәтте қимылын баяулатады. Ұратын допты шамамен бір метр биіктікте береді. Сосын қайтадан жоғары көтеріліп (секіру), допты ұрады.

Оралу. Мұнда шабуыл соққысын бақылаушының алдында және оның артында орындайды. Шабуылшы доп беретін ойыншының алдында тұрып, доп ұратын кезде оның артына шығады, сосын бақылаушының алдына шығып, доп соғады. Және керісінше, шабуылшы бақылаушының артында тұрса, доп соғу үшін оның алдына шығады, сосын өз орнына қайта оралып, доп ұрады.

Еселенген оралу. Бұл жағдайда шабуылдаушы ойыншы екі рет орнына қайта оралады. Бақылаушының алдында тұрған ол доп ұру үшін оның артына ауысып, сол сәтте қайта келіп, доп ұрады. Және керісінше, шабуылшы бақылаушының артында тұрып, доп соғу үшін оның алдына шығады, сосын доп беруші ойыншының алдына шығып,сол сәтте доп ұрады.

Финт. Бұл тәсілдік айла-шарғыны шабуылшы бақылаушының алдында тұрып, соның алдында доп ұруға ұмтылып, сол сәтте доп беруші ойыншыға финт жасап, оның артынан доп ұрады. Және керісінше, шабуылшы бақылаушының артында тұрып, оның артынан доп ұруға ұмтылып, бірақ сол мезетте финт жасап, доп беруші ойыншының алдынан доп соғады.

«Дужка».  Бұл жағдайда шабуыл соққысын тордың орталығында орындайды, онда ойыншы бақылаушыдан шамамен бір жарым метр алға шығады. Соққыдан доптың ұшу жолы бақылаушы мен шабуылшының арасында шағын доға жасайды, дәлірек айтқанда соққыны доп беруші жағынан төменнен доп берумен орындайды. Кейде мұндай айла-шарғыны «Меннен!» (бұл бұйрықты бақылаушы ойыншы береді), «Маған!» (мұнда шабуылшы бақылаушының жанында секіреді) деп атайды.

Түрлі ойын жағдайларында  әрбір ойыншының өзара әрекетімен осы тәсілдік амалдардың барлығын көрсетудің өзіндік жолы бар.

Ойыншылардың қызметі

Команданың іс-қимылын ұйымдастыру үшін ойыншылар арасындағы қызметті дұрыс бөлу қажет.

Әрбір ойыншыны қалыптастыру екі бағыт бойынша жүреді: ойынның әмбебап дағдыларынды жетілдіру және жекелеген қызметтерді орындауға тән дағдыларды жетілдіру. Бұл дағдылар өзара тығыз байланысты.

Заманауй командада қызметті былайша бөледі: шабуылшы (бірінші және екінші екпіндегі) және байланыстырушы ойыншылар.

Бірінші екпіндегі шабуылшылар – бұл әрине, тұрақты және нәтижелі соққылар иесі. Әдетте ол төменнен доп беру шабуылында ойнайды.

Бірінші екпіндегі шабуылшыға орталық тосқауылшының қызметі жүктеледі. Дара тосқауылда ол басқа ойыншылар тәрізді нақты қарсылас шабуылшысына қарсы тапсырма бойынша ойнайды.

Бірінші екпіндегі шабуылшының қызметі біріншіден, барлық аймақтарда түрлі доп берумен әртүрлі шабуыл соққыларына, сондай-ақ оның дайындық деңгейінің біршама артуына байланысты кеңейеді.

Екінші екпіндегі шабуылшы дайындығы әмбебап ойыншы, яғни дене дамуы жан-жақты, ширақ, тез бағдарлағыш, тәсілдік ойлау деңгейі жоғары болуы тиіс. Оның барлық аймақтағы шабуыл соққылары көптеген күрделі тәсілдік айла-шарғыларға толы болады.

Тосқауыл барысында екінші екпіндегі шабуылшыға артқы немесе орталық тосқауылшы қызметі жүктеледі. Олардың қызметі шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын жетілдірумен кеңейеді.

Байланыстырушы ойыншының командалық іс-қимылдарды, атап айтқанда, шабуыл әрекетінде ұйымдастырушылық қабілеті болып, әдістік дайындығы жан-жақты және түрлі жағдайларда екінші доп беруді меңгеруі тиіс. Көру бағдары жақсы дамыған, ойын жағдайын тез бағдарлай білетін, сараптай алатын, ұстамды және тиянақты байланыстырушы ойыншы айла-шарғылық ойындарды ұйымдастыруы тиіс.

Оның шабуылдағы негізгі міндеттері: әрбір шабуылшының ерекшелігін ескеріп, қарапайым және күрделі айла-шарғы үшін беретін допты дұрыс бағыттауы тиіс; тосқауылшы қарсыласының орналасуына қарай айла-шарғыны дұрыс ұйымдастыру; берілген допты қабылдаумен қатар, ойын барысында да соққы үшін доп беруде артқы сызықтан (түрлі аймақтан) тиімді шығып, қарсы шабуылда бастама көтеруі тиіс.

Қорғаныс іс-қимылдарында байланыстырушы ойыншыларға мына міндеттер жүктеледі: тосқауылда дара және топтық тосқауылды меңгеріп, сақтану мен шабуыл соққыларын қабылдауда ширақ және жылдам болуы; егер қажет жағдайда артқы сызықта іс-қимыл ауқымын өз бақылауына алып, команданың жарыстық рухын көтеріп, қорғаныста дәл ойнауы тиіс.

Ойыншылар қызметін тұрақты жетілдіру қажеттігі, бірінші кезекте, жан-жақты дайындықты талап ететін ойын ерекшелігімен анықталады.

 Команданы топтастыру

Команданы топтастыру әрбір ойыншының жеке ойынының күшті жақтарынақарай ойыншыларды іріктеп және оларды атқаратын қызметіне сәйкес аймақтар мен сызықтарға бастапқы тұрағын тиімді орналастыруды қамтамасыз етеді (4-1, 3-6, 2-5 аймақтары).

Топтастыру кезінде сөрелік алты ойыншымен қатар солардың қызметін қайталап атқаруға қабілетті ойыншылар кіретін бүкіл команданың құрамы анықталады.

Команданың сөрелік алты ойыншысын топтастырудың бірнеше нұсқалары бар. Соңғы кезде іс-тәжірибеде екі нұсқа кең таралған:

  • төрт шабуылшы мен екі байланыстырушы (4-2);
  • бес шабуылшы мен бір байланыстырушы (5-1).

4-2 топтастыру нұсқасы қызметі бірдей ойыншыларды (екі байланыстырушы, екі

көмекші шабуылшы, екі негізгі шабуылшы) қарама-қарсы аймақтарға орналастыруды қарастырады. Мұнда байланыстырушы ойыншылар бастапқы орналастыруда негізі және көмекші шабуылшылармен қатар орналасуы мүмкін (3-6, 2-5, 4-1 аймақтарда).

         5-1 нұсқасында байланыстырушы ойыншы команданың бастапқы орналасуында  кез-келген аймақта тұруы мүмкін. Мұнда мүмкіндігінше, оның қарама-қарсы аймағында екінші доп беруді орындайтын шабуылшы ойыншы тұруы қажет.

 Тәсілдің жіктелуі

         Волейболдың ойын тәсілін шабуыл және қорғаныс тәсілі деп бөледі, сондай-ақ ұйымдастыру принципіне қарай ойыншылардың іс-қимылдарын мынадай топтарға бөледі: жеке, топтық және командалық (23-сурет).

         Бұл топтардың әрқайсысы түрлерге бөлінеді. Мысалы, шабуылдағы жеке іс-қимылдар екі түрге бөлінеді: добы бар ойыншының іс-қимылы және добы жоқ ойыншының іс-қимылы. Ойын әрекетінің нақты мазмұнына қарай түрлер жүйелер мен әдістерге бөлінеді. Мысалы, алдыңғы сызық ойыншысының екінші доп беру шабуылындағы ойын жүйесі немесе артқы сызық ойыншысының екінші доп берумен шыққан шабуылындағы ойын жүйесі. Орындалу барысы ерекше жекелеген әдістер нұсқалар мен айла-шарғыларға бөлінеді.

 

 Шабуыл тәсілі

         Ойын ерекшелігін өзара тығыз байланысты байланысты болғанмен шартты түрде қорғаныс пен шабуылға бөледі. Қорғаныстың әрбір амалы қарсы шабуыл (мысалы, тосқауыл) немесе шабуыл мен қарсы шабуылдың дайындығы (берілген допты, шабуыл соққыларын қабылдау) болып табылады.

         Шабуыл әрекетінің басты мақсаты доптың қарсылас алаңына тиюі немесе қарсылас команданың ойыншысы әдістік қате жіберуі болып саналады. Команда белсенді шабуыл әрекеті арқылы ойын бастамасын өз қолына алып, қарсыласын өзіне қолайсыз жоспар жасауға мәжбүрлеп, рухани күш алады.

 Шабуылдағы жеке іс-қимыл

         Ойыншының жеке әрекеті команда әрекетін жекелеп көрсету болып табылады. Олар доппен және допсыз орындалатын іс-қимылдарды қарастырады.

Допсыз іс-қимыл

         Бұған тастаған допты (бірінші доп беру, шабуылға дайындық), екінші доп беруді (шабуылды дамыту) және шабуыл соққысын (шабуылды аяқтау) қабылдау орынын таңдау жатады. Бұл әрекет бүкіл ойын барысында тұрақты болады.

         Екінші доп беру орнын таңдау былай атқарылады:

  1. Алдыңғы сызықтағы доп беретін ойыншыны жақсы орын таңдауы үшін шабуыл аймағына ауыстыру.
  2. Артқы сызық ойыншысының алдыңғы сызық ойыншысының әсерінен мақсатты шығуы, бұл амалды берілген допты қабылдауда пайдаланады.
  3. Артқы сызық ойыншысының аймақтан шығуы, оны берілген допты қабылдағанда және ойын барысындағы қыздыруда пайдаланады.
  4. Шығып, ұстап қалу. Шығуды қайталайтын бұл амалды доп көзделген орыннан ауытқып кеткенде пайдаланады.

Екінші доп беру үшін орынды таңдағанда ойыншы мынаны есте ұстауы керек:

  1. Ойыншының орны 2-аймақта тор мен бүйірлік сызықтан 1,5-2 м, 3-аймақта тордан 3м арақашықтықта болуы тиіс.
  2. Артқы сызықтан шығатын ойыншы жанында тұрған әріптесіне доп қабылдау кезінде кедергі болмауы керек. Қарсыласы тастаған допқа немесе шабуыл соққысында қарсы жүгірмеуі керек.
  3. Допты ұру үшін екінші доп беруді орындайтын ойыншы доптың тасталғаннан кейінгі қабылдау кезіндегі немесе шабуыл соққысының жолы мен бағытын анықтап алмай, кілт ауыспауы керек.

Шабуыл соққысы үшін орын таңдауда допсыз ойыншының іс-қимылы мына

жағдайларда анықталады:  бастапқы қалып,  бастапқы тұрысқа келу, алдын ала ауысу немесе орын ауыстыру және ұру үшін алға шығу.

         Бастапқы тұрысты таңдағанда әр ойыншы өзіне қолайлы орын таңдайды, мысалы, 4-аймақта ойластырылған тәсілдік айла-шарғыға байланысты үшметрлік сызықта немесе оның алдындағы алаңның бүйірлік сызығында. Бұдан кейін де ыңғайлы іс-қимыл жасауы үшін ойыншы әдетте, біршама артқа және солға ауысады. Соққы үшін алға ұмтылу үш бағытта жүреді: 3-аймақта тікелей тордың ортасына, 3 және 4-аймақтар арасында немесе тордың шетінде, жарты метр шамасында, яғни шектеуден (антенна) метр арақашықтықта орналасады.

2-аймақтағы ойыншы бүйір сызықтан біршама алыс тұрып, сәл артқа ойысады. 3-аймақтан, 3 және 2 аймақтар аралығында және тордың жиегінен шабуылға шығады. Соққы беру үшін 4-аймаққа да ауысуы мүмкін.

3-аймақта шабуылшы ойыншы тұруы мүмкін:

— бүйір сызығынан біркелкі арақашықтықта шабуылдың үшметрлік сызығында тұруы мүмкін;

— орталықтан оңға қарай үшметрлік сызықта;

— орталықтан солға қарай үшметрлік сызықта;

— тордан 1-2 метр аралықта 3-аймақта.

3-аймақтың ойыншысы соққы беруі үшін 4 немесе 2- аймаққа шығуы тиіс жағдайлар да кездеседі. Онда ол шамамен бүйір сызығынан 1,5 м немесе соған сәйкес оңға қарай алаң ортасынан үшметрлік сызықтан солға қарай алыс орналасады.

3-аймақтағы шабуыола ойыншылар торға елеусіз бұрыш жасай отырып соққыға шығады. Егер ойыншы доп берушінің артынан 2 немесе 4 аймаққа шығып доп ұратын болса, 23 сурет.

 

онда ол доп соғуға шығу үшін қолайлы жерге алдын ала ауысуды «ілмек» тәрізді артқа, алға-оңға және солға қарай орындайды.

Егер ойыншы бастапқы қалыпта «жартылай тебілу» қалпында тұрса, онда доп тастау сәтінде ол сәл артқа шегінеді.

Соққыға шығу барысында ойыншылар мына ережелерді сақтауы керек:

  • қарсыласына шынайы шабуыл қаупін төндіру;
  • қарсыласының тосқауылшы ойыншыларын басқа аймақтарға ауысып, алдарқату;
  • кез-келген сәтте доп соғуға дайын болу;
  • ұйымдастырылған тәсілдік айла-шарғының белгілі бір екпіні мен ырғағына бағынып, топтаманы бұзбау.

 

Доппен орындалатын іс-қимылдар

Бұған шабуыл амал-әдістерін таңдау және оны дер кезінде, әрі тиімді пайдалану.

Ойыншы қарсыласына қауіп төндіріп, оған доп тастау әдісін өзгертумен

психологиялық әсер етіп, қорғаныс жүйесін дәл, күшті, дыбыссыз, алдамшы және т.б. түрлі соққылармен бұзып, сол сияқты соққыға екінші доп берудің жылдамдығы мен бағытын өзгертіп, оны шатастыруы мүмкін.

Доп тастауды тәсілдік санамен орындау қарсыласының амалын қиындатып, оның шабуыл әрекетін ұйымдастыруын бұзады. Кейде доп тастау командаға жедел ұпай әкеледі.  Бұл жоғарыдан тікелей, күшпен жоғары бүйірден, дәл және көзделген жоғары тікелей жоғары тікелей, жоспарлы доп тастау мен «шам» тәрізді  доп тастау түрлерімен дәл әрі күшті орындалады.

Доп тастау тәсілі қарсылас команда ойынының ерекшелігіне қарай құрылады.

Бірінші нақты мысалдар келтіреміз.

1-мысал. Қарсылас команданың артқы сызығының ойыншысы екінші доп беру үшін торға қарай шығады делік. Берілетін допты алға шығатын ойыншы аймағына немесе  ойыншы алға шығатын алдыңғы сызық ойыншысының аймағына бағыттаған дұрыс.

2-мысал. Ойыншылар күшті бүйірлік немесе тікелей берілген допты қабылдағанда қалыптағыға қарағанда алысырақ орналасады. Бұл жағдайда шабуыл аймағына тікелей дәлдеп артқы сызыққа күшті бүйірлік доп тастауларды кезектестіріп отырған дұрыс.

3-мысал. Қарсылас бірінші доп беруден және артқа шегінумен шабуылда ойнайды. Оның  бірінші доп беруін беткі сызыққа күшті және дәл доп тастаумен қиындату керек.

4-мысал. Қарсылас командада доп тастауы әлсіз ойыншы бар делік. Тасталатын допты үнемі сол ойыншының аймағына бағыттау керек.

5-мысал. Егер команда негізінен төменнен тасталатын доп қабылдауды пайдаланатын болса, онда доптың жазық ұшу жолымен, қарсыласының артқы сызықтағы ойыншысының кеуде деңгейіне көзделген доп тастауды жиі қолдану керек; егер жоғарыдан доп қабылдаса, онда жоспарлы немесе күшпен доп тастау дұрыс саналады.

Жазғы алаңдарда ойнағанда қарсыласына мүмкіндігінше тастаған допты қабылдауын қиындататын метеожағдайларды ескеру қажет.

Қарсыласының тасталған допты қабылдауда  көптеген орналасу түрлерінде, әсіресе ойыншылар басқа аймақтарға ауысып барып немесе ауысып келген жағдайда дәлдікке арналған доп тастаулар, атап айтқанда шабуылшыға немесе екінші доп беруді орындаған ойыншы жаққа доп лақтырған дұрыс.

Ойын жағдайын дұрыс бағалағанда ғана доп беруді дұрыс орындауға болады. Бұл ойыншының тәсілдік ойлауына байланысты: оның ұғымталдығы, аталған ойын сәтіндегі шабуылшының мүмкіндігін білуі мен тапқырлығы, шешімталдығы. Доп беретін ойыншыға қойылатын басты талап тек аймаққа жай доп беріп қана қоймай, әр кезде допты айла-шарғымен беруге ұмтылуы болып табылады.

Дұрыс тәсілдік шешім қабылдау үшін бірнеше факторларды ескеру қажет:

  1. Доптың ұшу жолының биіктігіне (биік, орташа, төмен), жылдамдығына

(жартылай көздеу, көздеу), қашықтығына (ұзақ – аймақ арқылы, қысқа – аймақтан аймаққа, қысқарған – бір аймақта), шабуыл соққыларының сипаты (қарапайым, ұшып немесе жүгіріп төменнен доп беру), сол сияқты алаңдатушы доп беру әрекеттері арқылы доп берудің барлық түрлерін игеру.

  1. Аталған кездесудегі шабуылшы ойыншылардың нәтижелілігі.
  2. Тосқауылшы, атап айтқанда, әлсіз қарсыласының орналасуы.
  3. Шабуылшының қайсысы шабуылға қолайлы орында тұр және қандай доп беру ең қолайлысы.
  4. Доп беруші мен шабуылшының арасындағы қашықтық.
  5. Доп беру (тордың жанында немесе алаңның түкпірінен) қалай және қай бұрыштан орындалады.
  6. Доп беруші ойыншы қиын және қолайсыз жағдайларда тұрған орны доп ұруға қолайлы, өзіне жақын шабуылшыға доп беруі керек екені туралы заңдылықты ұмытпауы тиіс. Алаң түкпірінен доп бергенде (4 м және одан жоғары) допты барынша қатты соғуды емес, оны аймаққа қарай бағыттауды ойлағаны жөн.
  7. Бір шабуылшыға ойнамауы керек.
  8. Шабуылшының нақты ойынын ескеру.
  9. Саналы тәуекелден қорықпауы керек.
  10. Аталған тәсілдік айла-шарғыда шабуылшының қимыл екпінін ескеру керек.
  11. Доп бергенде өз іс-қимылдарын қиындатпауы керек, мысалы, жағдай талап етпегенде кезде секіру.

Осының барлығы бірінші доп беруден соққы және шегініп доп ұруда доп беруде өте

маңызды. Әдетте тез ұру үшін доп беруді қарсы шабуылдарда қолданады, егер тастау күрделі болса, тасталған допты қабылдауда сирек  пайдаланылады. Берілетін допты кез-келген бағытқа бағыттайды: 4, 2 және 3.

         Артқа шегіну – бұл секірудегі доп беру, бірақ ол бірінші доп берумен шабуыл соққысын орындаудың құрамдас бөлігі. Шегінудің мақсаты – шабуылшыларды тосқауылсыз, бір тосқауылға немесе ұйымдаспаған тосқауылға қарсы шабуылдау, сол сияқты күтпеген шабуыл үшін жағдай тудыру. Егер соққыны бейнелеу сенімді болып, доп беру соңғы сәтте ғана орындалса, шегінумен нәтижеге жетуге болады.

         Алаңдатушы іс-қимылдармен доп беру немесе жасырын доп берулер жеке тәсілдік іс-қимылдар болып табылады. Ойыншы барлық алдын алу қимылдарымен доп беру белгілі бір аймаққа бағытталғанын көрсетіп, ал соңғы сәтте допты бас арқылы қарсы жаққа бағыттауы керек немесе қарсыласына жақын тұрған әріптесіне доп беретіндей түсінік қалыптастырып, өзі кенеттен тордың жиегіне алыстан доп беруді орындауы керек және т.б.

         Шабуыл соққыларын орындауда жеке тәсілдер шабуылшы тосқауылшымен жекпе-жекте қалғанда немесе ол іс-қимылдарды аяқтау үшін қажетті құралдар мен әдістерді таңдау керек сәттерде маңызды саналады.

         Шешім қабылдау мен оны орындауда ең бастысы ойыншының әдістік шебрлігі, оның өз команда ойыншылары мен қарсылас команда ойыншыларының барлық іс-қимылдарын сәтте бағалай білуі, барлығын көре білуі болып табылады. Сондай-ақ тосқауылшылар алаңның белгілі бір аймағын немесе ойластырылған соққының бағытын жапқанда, ал шабуылшы басқа аймаққа соққы беруді орындағанда ойыншының қарсылас тосқауылынан өту іскерлігі де маңызды болады.

         Бұл сияқты жағдайларда әдетте ауыстырумен және қисық ұрумен түрлі соққыларды пайдаланады.

         Бірінші (тосқауыл), екінші (сақтандыру), үшінші (артқы сызықтағы қорғаныс) сызықтағы қарсыласының қорғанысын шашырату үшін шабуылшылар күшті соққыларды дыбыссыз және жалған соққылармен тордан алыс доп берумен, жақын және алыс соққылармен, дәл соққылармен үйлестіре пайдаланады.

         Тосқауыл бойынша соққыларды доп алаңның шетіне кенеттен ұшатындай етіп ұрып, тосқауылшы ойыншылардың қолынан жоғары ұшқан соққыны қабылдап, қорғаушылардың бірімен орын таңдаудағы іс-қимылымен соққы бағытын кілт өзгертіп, екі қолмен сермеп және оң немесе сол қолды кезектестіріп ұру әдісін білуі қажет.

         Әрбір шабуылшы жоғары, орта, төмен, тік, жартылай көздеп, көздеп және т.б. сияқты түрлі доп берумен ұру әдістерін қолдануға ұмтылып, кенеттен соққымен жалғасатын секіре доп беруді бейнелеу сияқты тәсілдік амалды пайдалана білуі тиіс.

         Допты кездейсоқ қарсылас жағынан келгенде оны қарсы ұрғанда дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Егер қарсыласы тосқауылды ұйымдастырып үлгермесе, соққыны тез іске асыруы керек, өйткені ойыншылар қорғанысқа дайын емес болады. Егер тосқауыл қойып үлгерген болса, онда допты әріптесінің біріне лақтырған дұрыс.

         Шабуыл соққыларын орындағанда барлық айтылған жеке іс-қимылдар барысында көп жағдайда ойынның, тіпті бүкіл кездесу бойына әсер етуі мүмкін ең шешуші ойын сәттерінде саналы тәуекелдің тәсілдік ережесін есте ұстауы қажет.

         Өзі доп тастағандағы тәуекел – жартылай тәуекел, ал қарсыласы доп тастағандағы тәуекел – жеңіліс болып табылады.

                          1.4.    Шабуылдағы топтық іс-қимылдар

         Олар команданың алдына қойған міндеттерінің бөлігін шешетін екі немесе бірнеше ойыншының өзара іс-әрекетін қарастырады.

         Команданы жалпы қабылданған бөлу бойынша артқы және алдыңғы сызыққа ойыншыларды орналастыру сәтінде ішкі сызықтар мен сызықтар арасындағы ойыншылардың өзара әрекеті көрінеді. Олардың іс-қимылдары допқа қол тигізу санымен бірге (үш рұқсат етілген ережелермен немесе тосқауылды есептемегенде екі тәсілдік ойлаумен) ойыншы шабуыл соққыларын орындайтын аймақпен де анықталады.

         Олардың өзара іс-қимылдары мынадай:

  • Допты (доп беруді немесе соққыны) қабылдаған ойыншы оны шабуылшыға екінші доп беруді орындайтын алдыңғы сызық ойыншысына бағыттайды. Бұл доп беретін алдыңғы сызық ойыншысымен допты қабылдайтын ойыншының өзара қарым-қатынасы.
  • Кез-келген ойыншы қабылданған допты екінші доп беру үшін шабуыл аймағының алдыңғы сызығына бағыттайды, оны артқы сызықтан шығатын ойыншы орындайды. Бұл артқы сызықтан шығатын ойыншы мен доп қабылдаған ойыншының өзара қарым-қатынасы.
  • Допты ұру үшін беретін ойыншы шабуылшы ойыншымен немесе керісінше өзара қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайда шабуыл соққыларын екінші немесе бірінші доп беруден орындағауға болады.
  • Шабуылшы ойыншылар өз аймағында және әріптесінің аймағында өзара қарым-қатынаста болады.

Ойыншылардың бұндай топтық өзара қарым-қатынасы белгілі бір тәсілдік айла-

шарғыларда атқарылады: берілген допты қабылдау мен ойын барысында орындалатын алдын ала үйренген және келісілген іс-қимылдарда.

         Мысал үшін қарапайым нұсқаларды аламыз:

  • Алаңның сол бөлігінің ойыншыларының бірі (егер ол 3-аймақ ойыншысынан солға қарай орналасса, 4, 5 және 6 аймақтар) тордың жанында тұрған 3-аймақтың ойыншысына берілетін допты бағыттайды. 3-аймақтың ойыншысы 4- аймақтың ойыншысына шабуыл соққысы үшін лақтырады немесе 2-аймақ ойыншысына бастан асыра лақтырады.
  • Алаңның оң бөлігінің ойыншыларының бірі (2,1 және 6 аймақтар) 2-аймақ ойыншысына соққы үшін доп беретін немесе 4-аймақ ойыншысына бастан асыра артқа лақтыратын 3-аймақ ойыншысына берілетін допты бағыттайды.
  • Ойыншылардың бірі допты 2 (4) – аймаққа бағыттады, тордың жанында тұрған ойыншы 3, 4 (2)-аймаққа ұру үшін допты бағыттайды.
  • Команда ойыншыларының бірі бірінші доп беруді 3-аймаққа жақын, 2 (4)-аймақтағы әріптесіне бағыттайды. 2 (4)-аймақтағы ойыншы соққы үшін допты оның артынан жүгіріп келіп, соққыны орындайтын 3-аймақ шабуылшысының басынан асыра артқа доп береді.

Соққыға бірінші доп берумен ойынды жүргізгендегі тәсілдік айла-шарғылар былай құрылады:

  • соққы үшін берілетін доптың дәлдігі;
  • 4, 3, 2 – аймақтарындағы бірінші доп берумен соққыны орындай білу және оны шегінумен үйлестіру;
  • Кез-келген бағытта кез-келген аймақта шегінуді орындай білу;
  • Соққыны жүгіріп келіп және орнында орындай білу.

Бұндай айла-шарғыларды екі-үш ойыншылардың өзара әрекеті барысында іске

асырады. Онда ең бастысы – күтпеген шабуыл. Мысалдар келтірейік.

         Бірінші доп беру соққыны орындау үшін 4-аймақ ойыншысына бағытталады, ол шабуыл соққысын орындайды. Егер қарсыласы тосқауылды құрып үлгермесе, онда 4-аймақтың шабуылшылары аяқтаушы соққы үшін 3, 2 және 4-аймаққа допты лақтырады, ол орынға келесі ойыншы ауыса алады.

         Соққы үшін бірінші доп беру 2-аймақтың ойыншысына бағытталғанда осындай айла-шарғылар ойнатылады.

  • бірінші доп беру тез соққы үшін 2-аймақ ойыншысына бағытталады, ол аяқтау соққысы үшін допты арттан жүгіріп жеткен 3-аймақ ойыншысына бастан асыра лақтырады.
  • 3-аймақ ойыншысы тордың жанында тұрады. Бірінші доп беру оған тез соққы беру үшін оң жағынан бағытталады. 3-аймақ шабуылшысы орнынан бұрылып не 2-аймақ ойыншысына алға не 4-аймақ ойыншысына артқа соққы беруді орындайды.

Артқы сызықтан шығатын ойыншы орындайтын соққы үшін екінші доп берудегі

тәсілдік айла-шарғыларға мысал келтіреміз. Мұнда доп беру үшін 1, 6 және 5–аймақтың ойыншысы шығады.

         Артқы сызық ойыншысының алға шығуының екі әдісі бар: ойыншының артынан және аймақтан.

         Ойыншының арт жағынан шыққан кеде ойыншы доп қабылдауға қатыспауы керек. Бұлай шығуды мақсатты деп атайды. Ол тасталған допты қабылдауға қатыспауы тиіс.

         Аймақтан шыққанда ойыншы өз аймағына орналасып, жағдайға қарай тасталған допты қабылдағанда және шабуыл алдындағы ойындарға қатысады. Егер доп оған қарай ұшса, ол бірінші доп беруді алдыңғы сызық ойыншысына немесе келесі шыққан ойыншыға бағыттайды: егер олай болмаса, торға араласып, екінші доп беруді орындайды. Сондықтан да шығудың бұл әдісі шабуыл алдындағы ойындарда және қарсыласының доп тастау бағытына қарай қолданылады: егер доп тастау алаңның сол бөлігіне бағытталса, онда ойыншы 1 және 6-аймақтан, ал оң жақтан шықса, онда 5 және 6 – аймақтан шығады.

         Қандайда бір тәсілдік айла-шарғыны құрудың принциптік сызбасы бірдей.

  • Соққыға екінші доп беру үшін 1 (6, 5)-аймақ ойыншысы шығады. Әрбір шабуылшы өз аймағында ойнайды (4, 3, 2). Айла-шарғының ерекшелігі соққыға доп берудің түрлеріне, шабуылшылардың қимыл бағыты мен екпініне құрылады. Ойын жоғары және орта доп берумен, бүкіл тор ұзындығына кең ұшып (қапталдан шабуылдайды), 3-аймақта төмен доп беруден немесе доп ұшқанда, тікелей немесе жартылай көздеп және көздеп доп берумен, бастан асыра артқа доп берумен және т.б. жүргізілуі мүмкін.
  • 1 (6, 5)-аймақ ойыншысы соққыға екінші доп беру үшін алға шығады. Шабуылшылар өз аймағында, әріптесінің аймағында және ойыншылардың қиылыса ауысуымен ойнайды. Бұл айла-шарғының бірнешесін «крест», «толқын», «тізбек», «аймақ»,  «оралу», «көздеу» және т.б.

Шабуылды аяқтау үшін кез-келген тәсілдік айла-шарғыларда ойыншылардың біріне жағдай жасау керек. Сондықтан ойыншыларды допты тікелей ойнатушылар мен осыған көмектесетіндер деп бөледі. Мысалы, доп беру үшін 1 немесе 6 аймақтың ойыншысы шығады. 3-аймақ шабуылшысы тез ауысып, ұшқан допты ұру үшін секіреді, 2-аймақ ойыншысы да оның аймағына жылжып, бірақ одан сәл кейінірек 3-аймақ ойыншысының жолымен қиылысып,оның сол жағына қарай секіреді. 4-аймақ ойыншсы тордың шетін жартылай көздеп  және көздеп (жылдам) доп берумен шабуылдайды. Бұл шабуылды «крест» деп атайды (шабуылшы ойыншылардың қиылыса қозғалуы айтылады 24-сурет).

«Толқын», «тізбек» және т.б. айла-шарғыларды қалқанмен тордың жанында және

алаңның түкпірінде орындайды.

24-сурет

 

Ойыншылардың өзара әрекетін жетілдіріп және тәсілдік айла-шарғыларды іске асыра отырып, негізгі принциптерді ұстануы қажет:

  • команда үшін орындалу әдісі бойынша қиындық келтіретін немесе үйренбеген тәсілдік айла-шарғыларды пайдалануға болмайды;
  • барлық тәсілдік айла-шарғылар нақты ойын жағдайына негізделуі керек.

 Шабуылдағы командалық іс-қимылдар

         Шабуылдың нәтижелілігі ойыншылардың жеке әдістік және тәсілдік дайындығымен қатар топтардың нақты өзара қарым-қатынасы мен бүкіл команда іс-әрекетінің бірлігі мен үйлесімділігіне байланысты болады.

         Егер шабуыл алдыңғы сызық ойыншысының екінші доп беруімен жүргізілетін болса, шабуылдың бастапқы орналастыру нұсқасы мен одан ары дамуы соққы үшін қай аймақтан доп берілгеніне байланысты анықталады.

         Егер ойын бірінші доп берумен және шегінумен басталса, шабуыл нұсқалары соққыға бірінші доп беру бағытымен анықталады. Сонымен қатар ойынды жүргізудің бұл әдісі сирек, тек қолайлы жағдайларда ғана, яғни ойын барысында доп қарсылас жағынан өтіп немесе оны ойнатуда қарсыласы қарапайым доп тастауды қолданған жағдайда пайдаланылады.

         Артқы сызықтан шығатын ойыншы екінші доп берумен ойын жүргізу жүйесінде бастапқы орналастыру мен одан ары дамыту нұсқалары ойыншы шығатын және беру үшін доп бағытталатын аймаққа байланысты болады.

         Алдыңғы сызық ойыншысының екінші доп беруімен шабуылдауда дайындығы әртүрлі командалар үшін ең қолайлы әрі ыңғайлы амал шабуыл әдісі болып табылады. Оны аяқтауға алдыңғы сызықтың екі ойыншысы ғана қатысады, өйткені үшінші ойыншы екінші доп беруді орындайды. Бұл команданың шабуыл әрекетінің тиімділігін төмендетеді, себебі ойынның айла-шарғылық қасиетін қысқартып, қарсыласына топтық тосқауыл мен алаңдағы қорғанысты ұйымдастыруы жеңіл болады.

         Мұнда да айла-шарғылар түрлері бар. Мысалы, екінші доп беруді орындайтын ойыншы 2-аймақта тұрады. 4 және 3-аймақ ойыншылары шабуылда болады. Бірінші қол тигізумен допты 2-аймаққа бағыттайды. 3-аймақ шабуылшысы өз аймағында төменгі доп беруге тез алға шығады. Доп беруге дайындалған ойыншы доп соққысына топтық тосқауыл жасалатынын көреді. Онда соңғы сәтте ол 4-аймақ шабуылшысына тез допты (жартылай көздеу мен көздеу) бағыттайды, ол айла-шарғыны аяқтайды.

         Алдыңғы сызық ойыншысының бірінші доп беруімен және шегінуімен шабуылдау ең белсенді әдіс, бірақ ол басқаларынан сирек қолданылады, себебі соққыға доп беру үнемі мүмкін бола бермейді. Сондықтан ойыншылардың сәттік мүмкіндікті пайдаланып, осындай соққылар жасауына жағдай жасау керек. Доп беру биік болмау керек. Егер доп соққысы 4 немесе 2 аймаққа бағытталса, онда ол торға қашық жерден, бүйір сызығынан бір жарым метр қашықтықта өтуі керек, немесе керісінше жағдайда соққыны және шегінуді орындау қиын болады.

         Бірінші доп берумен шабуылдау қаупін түрлі аймақтарда кезектестіріп жүргізген дұрыс (4, 2, 3). Шабуыл соққыларын жай және үдемелі жүгіріп келумен орындайды. Қадамдап немесе орнында бұрылып немесе бұрылмай соққы беру өте тиімді. Оны шегіне доп соғумен кезектестіреді.

         Кейде қатарынан екі рет шегіну де мүмкін: шабуылшы қарсы келген допты ұруды бейнелейді (өтпелі) және оны әріптесіне лақтырады, ол допты келесі шабуылшыға лақтырады. Шегінуді барлық аймақтан, барлық бағыттарда, кез-келген арақашықтықта түрлі биіктіктер мен түрлі жылдамдықта орындауға болады.

         Ойынның осы әдісінде туындайтын бірнеше жағдайларды талдаймыз.

         Шабуыл алдындағы кезең. Доп тор арқылы 2-аймақ ойыншысына беріледі. 3-аймақ шабуылшысы тордан шегініп үлгереді. 2-аймақ ойыншысы тез соққы үшін допты лақтырады (тез әрі биік емес). Ол секіріп, сермейді, бірақ қарсыласының тосқауылға дайын еместігін байқайды. Онда соңғы сәтте ол допты 4-аймақ шабуылшысына бастан асыра лақтырады, ол айла-шарғыны аяқтайды.

         Күрделі емес доп тастау амалдары. Шабуылшы ойыншылардың (немесе байланыстырушы) бірі доп беретіндей болып, 3-аймақта тордан бір метр қашықтықта тұрады. Ойыншы секіре доп беруді бейнелеп, кенеттен допқа соққы береді.

         Артқы сызықтан шығатын ойыншының екінші доп беруден шабуылдау жүйесі өте нәтижелі, өйткені тордың жанындағы үш ойыншы қарсыласына үнемі қауіп төндіреді. Ол барынша күрделі, өткір және қызықты тәсілдік айла-шарғыларды қолдануға мүмкіндік береді.

         Шабуылшылар түрлі доп берумен өз аймақтарында және қиылыса ауысумен соққы бергенде өте нәтижелі болады. Байланыстырушы ойыншы тосқауылшы қарсыласының іс-қимылдарын ескеріп, допты ойнатуы тиіс.

         Бұл жүйенің бірнеше тәсілдік айла-шарғы түрлерін мысалға келтіреміз.

  • Доп 5-аймақта қабылданып, 6-аймақ ойыншысы шыққан 3-аймаққа бағытталды. 4 және 2 аймақ шабуылшылары төменнен доп беру соққысын орындау үшін тордың ортасына шығады. Қарсыласы онда топтық тосқауыл ұйымдастырады. Бақылаушы ойыншы допты 4-аймақ ойыншысына береді, одан 3-аймақ шабуылшысы соққыны орындайды (25-сурет).
  • Допты 1-аймақ ойыншысы екінші доп беру үшін шығатын 2-аймаққа бағыттайды. 2-аймақтың шабуылшысы төменгі доп берумен соққы беру үшін 3-аймаққа шығады, ол ойыншы соңғы сәтке дейін өз ниетін білдірмейді. 4-аймаққа тағы бір шабуылшы қауіп төндіреді. Доп беретін ойыншы бастапқыда қарсыласына өз жанында төменнен доп беруді орындайтындай қалып білдіріп, сосын 4-аймаққа тордың шетіне қарай ұзақ доп беретінін бейнелейді. Кенеттен ол допты 3-аймаққа төмен доп берумен соққыға шығатын – «тізбек» — 2-аймақ шабуылшысының арқасына бағыттайды (26-сурет).
  • Шабуыл да алдыңғы нұсқадағыдай жасалады, бірақ соңғы сәтте 3-аймақтың шабуылшысы соқыны орындау үшін 2-аймаққа ауысады («крест» айла-шарғысы), ал доп беруші допты тез 4-аймаққа тордың шетіне бағыттайды (27-сурет).

 

 

1.5. Қорғаныс тәсілі

     Қорғаныс әрекетінің мақсаты – қарсылас шабуылын әлсірету. Ең бастысы – допты өз

алаңына түсіріп алмау, әдістік қате жібермеу болып табылады.

         Мұнда команда мынандай міндеттерді орындайды:

  • қарсыласына доп тастаумен ұпай алуға мүмкіндік бермеу;
  • бәсекелесінің шабуыл соққыларын орындауға кедергі келтіру;
  • доптың алаңның өз жартысына түсуіне жол бермеу және қарсы шабуыл үшін мүмкіндік жасау;
  • тосқауыл мен сақтандыруда тұрақты белсенді іс-қимылдар және қорғаныста қарсыласының шабуылын шашырату.

Команданың белсенді қорғаныс әрекеті қарсыласының шабуыл нәтижелілігін бұзады.

Қорғаныс іс-қимылдарын ұйымдастырудың жалпы сызбасын алдын ала белгілеп, оны

команда ойыншыларының дайындығы мен қарсылас тәсілдерінің ерекшелігіне байланысты құрады.

         Қорғаныстағы ойын шабуылдағыдай жеке, топтық және командалық әрекеттерден құрылады.

 Қорғаныстағы жеке әрекеттер

         Қорғаныстағы ойыншылардың жеке іс-қимылдары тікелей доппен орындалатын іс-қимылдардың өтетін орнын, дайындығынқарастырады. Бұндай іс-қимылдарға тасталған допты қабылдау (оны бірінші доп беру ретіндегі шабуыл тәсіліне де жатқызуға болады), тосқауыл мен шабуыл соққыларын қабылдау және сақтандыру орнын таңдау жатады.

Тасталған допты қабылдаудағы допсыз орындалатын іс-қимылдар

         Ойыншы тасталатын допты  қабылдау үшін орын таңдағанда бірінші кезекте, орналасудың жалпы сызбасын ескеріп, қолайлы тұрысты таңдайды. Ол жанында тұрған ойыншылардың іс-қимылдарына қысым көрсетпеуі керек. Ол алдағы доп қабылдау үшін орын ауыстырумен байланысты доптың мүмкін болатын ұшу жолы мен бағытын алдын ала болжай білуі тиіс.

         Тасталатын допты қабылдау орнын таңдағанда өз іс-қимылдарының шартты аймағын есте ұстау қажет, дегенмен де қалыптағыдан тыс қимыл жасау керек. Мысалы, қарсыласы тордан 3-5 м алшақ ауданға доп тастады. 5-аймақ ойыншысы тасталатын допты қабылдағанда одан 5 м шамасында тұрды. Егер қарсыласы доп тастау үшін беткі сызыққа өтсе, онда 5-аймақ ойыншысы соған сәйкес артқа қарай орын ауыстырп, тордан 7-8 м шамасында тұрады.

Тосқауыл орнын таңдаудағы допсыз орындалатын іс-қимылдар

         Бұл іс-қимылдар былай анықталады:

  • ойыншылардың тәсілдік сауаттылығымен;
  • қарсылас шабуылшысына қарсы аймақтағы қадағалаушының бастапқы қалпымен;
  • қарсылас ойынының тәсілдік айла-шарғы түрлерін анықтауға байланысты орын таңдауды жалғастырумен;
  • бірінші доп беру бағытталатын аймақпен;
  • соққы үшін доп беру бағытталатын аймақ;
  • шабуылшы қарсыласын аймақта кездестіру және оның орын ауыстыру мүмкіндігі;
  • доп беру жолы мен соққының мүмкін болған тию нүктесі;
  • соққының ойластырылған бағытымен;
  • ссекіру алдындағы орынды нақтылаумен;
  • шабуыл соққыларын орындайтын ойыншының жеке ерекшелігін білумен.

Осының барлығын ескеріп, тосқауылшы қарапйым соққыларда допқа қарсы (немесе

соққы беретін орынға), қиғаш соққыларда және соққы 4-аймақта орндалғанда доптың сол жағына, 2-аймақтан орындалса, оң жағына қарай орналасуы керек.

 

Шабуыл соққыларын қабылдағандағы допсыз

орындалатын іс-қимылдар

Ойыншыларда, әсіресе,  ішкі түйсік, алаңның кез-келген аймағында шабуыл соққысын

қабылдау үшін орын таңдай білу іскерлігі жақсы дамыған болуы тиіс.

Шабуыл соққыларының болжанған бағытын анықтап, соған қарай шығатын орынды

таңдаған қорғаушы үнемі қозғалыста болады. Ойыншының орын ауыстыруы, доп қабылдау орнын таңдау мен оған шығу көп жағдайда бастапқы тұрыс пен қарсылас шабуылшылардың іс-әрекетін тани білу іскерлігіне байланысты болады. Ал бұл үшін ойын жағдайын дұрыс бағалай білу өте маңызды.

         Қорғаныстағы орын таңдаудағы жеке тәсілдік іс-қимылдар ойын тәжірибесін жинақтаумен жетілдіріледі. Ол былайша анықталады:

  • жинақталған тәжірибемен және түрлі ойындар мен әртүрлі шабуыл соққыларын орындауды талдаумен;
  • нақты қарсыласын және оның күрделенген жағдайдағы мүмкіндігін білумен (ол нені, қалай қолданады);
  • соққыға доп берудің сапасын тез анықтай білумен.
  •  

Қорғаныстағы доппен орындалатын іс-қимылдар

Оған жеке тосқауылдағы іс-қимылдар, өзін-өзі сақтандыру немесе тосқауылдан кейінгі доп беру, доп тастау мен шабуыл соққыларын қабылдаудың белгілі әдістері, сол сияқты қарсыласына қарсы тосқауыл жатады.

Тосқауыл қорғаныстың ең тиімді әдісі.

Жалаң тосқауылды мына жағдайларда жиі қолданады:

  • үш қарсылас шабуылшысы қауіп төндіретін күрделі және жылдам тәсілдік айла-шарғыда;
  • қарсыласының бірінші доп беруімен және шегінуімен шабуыл жасауында;
  • күтпеген қарсы соққыда.

Жалаң тосқауыл құрудың екі әдісі – жылжымалы (ұстап қалушы) және аймақтық

түрлерін қарастырамыз. Аймақтық тосқауылда ойыншы соққының бір ғана бағытын, яғни алаң аймағын жабады. Жылжымалы тосқауылда ол әрбір жағдайда шабуыл соққыларының доп беруі мен қарсыласының әрекеті бойынша анықтап, ақиқат бағытын жабуға ұмтылады.

Көп жағдайда дер кезінде секіру тосқауылдың сапасын анықтайды. Орташа және биік

доп берудің көптеген соққыларда тосқауылшы соққының бағытын жабу үшін шабуылшы секірісінен кейін секіреді. Ол бұны сермеу сәтінде және соққыға шабуыл жасалатын қол қимылы сәтінде орындалады, себебі тосқауылшы бұл сәтте секіруге дайын болады. Төменнен тік және көздеп доп беру соққыларында тосқауылшы шабуылшымен бірге секіруі тиіс. Тордан алыс доп беру соққыларымен бүйір соққысында әдеттегіден кешірек секіреді.

         Тосқауылшы секіруді әрдайым бар күшімен орындауға тиіс емес.

         Бұл мынаған байланысты:

         — тосқауылшының бойы мен шабуылшының секірісі;

— доп берудің тордан биіктігі және алшақтығы;

— торға қарағанда соққының биіктігі;

— шабуылшының соққы бағыты (ол қандай соққыларды жиі пайдаланады – тіксызықты және ауыстырумен);

—  тосқауылшының өзінің бойы мен секіру биіктігі.

Кейде тосқауыл барысында қатарынан екі рет секіруге тура келеді. Мысалы, қарсыласы бірінші доп берумен және шегінумен ойнағанда. Онда тосқауылшы бір рет соққыға жылдам секіреді, екінші рет шегінумен жасалатын соққыға секіреді.

Тосқауыл қоюда ең бастысы — шабуылшы қарсыласының іс-қимылын қадағалауы тиіс, сонда тосқауыл нәтижелі болады.

Тосқауыл үшін тор үстіне қолды шабуыл соққысының алдында соңғы сәтте шығару керек. Қолды алдын ала көтеру шабуылшыға тосқауылшының ниетін сездіріп қояды, сол арқылы оның шабуылдағы әрекетін жеңілдетеді.

Қолды көтеру бағыты мен саусақтардың орналасуы доптың тордан қаншалықты алыс кетуіне байланысты. Торға жақын доп берумен шабуыл соққыларын жүргізгенде  саусақпен қарсы соққы жасалатындай етіп, қолды тор арқылы допқа қарай белсенді өткізу керек. Алыс доп берумен соққы жасағанда (шамамен 1-1,5 м) қолды тордың жанында барынша созу керек.

Тосқауылшы қолының тұрысы (әсіресе, саусақтары) соққының ұзақтығына байланысты болады. Жүрістен соққы бергенде қолды допқа қарсы қояды: алақандар бірдей жазықтықта жатады. 4 және 2 аймақтан қиғаш соққыға тосқауыл қойғанда қолды солға қарай (оңға қарай) жіберіп, сол (оң) алақанын допқа қарсы жазады. 4-аймақтан солға қарай 1-2 аймақтардан шыққан ауысу соққыларын тосқауылдағанда тосқауылшы қолды доптың оң жағына шығарып, сол алақанды допқа қарсы қояды, оң қолды допқа қарсы сәл бұрады.

Қарсылас команданың тастаған добын қабылдаудың сапасына қарай тосқауылшы шабуыл соққысы келуі мүмкін аймақты  анықтайды. Шабуылшы ойыншының іс-әрекеті бойынша аяқтаушы соққының аймағын алдын ала білу керек.

Сонымен, тосқауылшының тәсілдік шеберлігі шабуыл соққының аймағы мен бағытын алдын ала  болжап, туындаған жағдайға, сондай-ақ  шабуылшының жеке ерекшеліктерін, өз мүмкіндігін, өз команда қорғаушысының мүмкіндігін ескеріпжұмыс жасай білу іскерлегіне құрылады.

Қорғаныстағы жеке тәсілдік іс-қимылдарына тосқауыл қойғаннан кейінгі өзін-өзі сақтандыру жатады. Тосқауылдан шыққан доп тосқауылшы жағында қол созым қашықтықта тұрса, ол өзіндік сақтандыруға ұмтылады.

Тасталатын доп пен шабуыл соққысын қабыдаудағы ойыншының тәсілдік іс-қимылдарына допты қабылдау әдісін таңдау, аймақты анықтау, команданың алдағы іс-қимылмен байланысты допты қабылдау бағыты мен допты байланыстырушы ойыншының аймағындағы алдыңғы сызыққа дәл жеткізу жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІ-тарау. ЖАҢА ТРЕНАЖЕР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ДОПТЫ ҚАБЫЛДАУ-БЕРУ ТЕХНИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ПРОЦЕСІН ОПТИМАЛДАНДЫРУ

 

2.1.Жаңа тренажерлік қондырғылар.

 

Допты қабылдау-беру техникасын жетілдірудің тиімділігін арттыру мақсатында үш жаңа тренажерлік қондырғы жасап шығарылып, даярланып, сынақтан өткізілді:

  1. «Лотоктар».
  2. «Волейболшыларға арналған тренажар» (а.с. №886918 – 6 қосымша).
  3. «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажер».

Екінші тренажердің тең авторы С.В.Сумеркин, үшінші тренажердің тең авторы – В.А.Кудряшов болып табылады. Автор оларға алғыс айтуды өзінің жағымды парызы деп санайды.

Әр тренажердің конструкциясын негіздеуге толығырақ тоқталайық.

Бірінші «Лотки» тренажері доп беруден және шабуылдаушы соққылардан екі қолмен төменнен допты қабылдау техникасын жетілдіру үшін арналған. Оны жасап шығарған кезде тренажерлер:

  1. Допты қабылдаудың жоғары дәлдігін (көбіне көп К қалпына келтіру коэффициентімен түсіндірілетін).
  2. Дұрыс бастапқы қалыпты қабылдауды.
  3. Қолдар қимылының эталонды кинематикалық құрылымын (оның ішінде Ир-ді де).
  4. Бір мезгілде дене қасиеттерін дамыту мүмкіндігін, яғни үйлескен әсер етулер әдісін қамтамасыз етуге тиіс деп есептеген, жаттықтырушылар айтқан талаптар ескерілген болатын.

Онымен қоса,1 фактор бойынша қабылдау-берулердің екі тәсілі үшін де ең көп факторлық салмақтармен жалпы көрсеткіштер ескерілді (7,8 – Ир; К) Тренажер волейболшының қолына кигізілетін, органикалық әйнектен жасалған екі қатты лотоктар түрінде орындалған. Әрбір лоток қолды үш жақтан қамтып тұрады, бұл ретте лотоктардың ашық бөлігі жоғары қарай орналасқан.

Лотоктар қолдарға ашық жағынан екі ұшында да орналасқан баулардың көмегімен бекітіледі. Лотоктар екі қолдың да шынтақ буындарын қатты бекітіп тұрады, бұл қос қолмен допты төменнен қабылдаудың рационалды техникасының қажетті шарты болып табылады. Лотоктарды ойластырып шығарғанда біз, мысалға, жүзу бойынша тренажерлерде кеңінен қолданылатын, қимыл-қозғалыс еркіндігін мәжбүрлеп шектеу принципін

қолдандық /80/. Осы принципті қолдану допты төменнен қос қолдап

қабылдау техникасының өрескел бұзылуын, оның ішінде допты бүгілген шынтақ буындарымен қабылдауды жоюға мүмкіндік береді.

Біліктілігі жоғары спортшылар үшін лотоктар қосымша жолдан тайдырар фактор болып табылады және бір мезгілде осының шамасы қол буыны маңындағы баулармен бекітіліп отыратын, иық маңының көбірек супинациясына ықпал етеді.

Өздігінше күш түсіру болып табыла отырып, лотоктар қолдың күшінің дамуына әсер етеді (4 талап).

Тренажер келесідей қолданылады: волейболшы серігінің көмегімен лотоктарды қолдарына киіп, созылған шынтақ буындарын және иық маңдарының максималды супинация шамасын қатаң бекіте отырады, одан кейін жаттытырушы (немесе серігі) әр түрлі соққылармен допты ойыншыға бағыттап соғады, ал ойыншының міндеті допты астыңғы жағынан қос қолмен қабылдау және оны жаттықтырушыға жеткізу.

Бұл ретте лотоктар бастапқы дұрыс қалыптың қабылдануына ықпал етеді (2 талап), иықтардың тұрақты супинациясының есебінен доптың ұшуының жылдамдығы мен траекториясына, демек, допты қабылдау дәлдігіне де әсер ететін қалпына келтірудің тұрақтырақ коэффициенті қамтамасыз етіледі (1 талап).

Созылған шынтақ буындармен қозғалыс жасау барлық жұмыс фазасы бойында да, соңғы фазада да – қолдардың қажетті жылдамдықтарын – соққыдан кейінгі Ир –ды жасап шығаруға ықпал ете отырып, допқа ілескен кезеңде доп қолдан ыршып кеткенде де қамтамасыз етіледі (3 талап).

Екінші тренажер – «Волейболшыларға арналған тренажер» үстінен де, астынан да қос қолмен допты қабылдау-беру техникасын жетілдіруге арналған.

Оны жасап шығарған кезде жаттықтырушылар көрсеткен көптеген талаптар ескерілген болатын:

  1. Допқа дер кезінде шығу.
  2. Допты қабылдау-беруді орындау сапасын бақылау (қате жіберілді ме, жоқ па).
  3. Дұрыс бастапқы қалып.
  4. Жұмыс фазасындағы эталонды кинематикалық және басқа да қозғалыс құрылымдары.
  5. Допқа жанасу уақытын бақылау.
  6. Бір мезгілде дене қасиеттерін дамыту мүмкіндігі.

Сонымен қатар III фактор бойынша қабылдау-берулердің екі тәсілі үшін де ең көп факторлық салмақпен жалпы көрсеткіш 3 – tв (қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты) да ескерілді (13 кесте).

Егер допты қабылдау-беру дәлдігі тиімділік шамасы болып табылса, онда кідірістің, яғни қатенің бар-жоқтығына себепші болатын, доппен өзара әрекеттесу уақытын, біздің пікірімізше, тәсілдерді орындау сапасының көрсеткіші ретінде қарастыруымызға болады.

Осыған байланысты тренажерді жасап шығару жөніндегі міндет болып алғаш рет жаттығу жағдайларында қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты бойынша қабылдау-берулерді орындау сапасын бақылау шарты табылды.

Жоғарыда аталып өткеніндей, волейболда қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің (жанасуының) «шекті» уақыты, яғни осыдан асып кету қате болып саналатын уақыт әлі белгіленбеген. Сондықтан «шекті» уақытты белгілегішті жасап шығарған кезде біз III тарауда баяндалған зерттеулердің нәтижелерін ескердік, мұнда допты қабылдау-беруді спорт шеберлері және жаңадан үйренушілер орындаған кезде қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты 13-90 мс аралығында ауытқығаны атап өтілген болатын.

Осы мәліметтердің негізінде біз «шекті» уақытты белгілегіш диапазонын 30-дан 90 мс дейін белгіледік, бұл кезде төменнен қабылдауды орындаған кездегі төменгі шектің және жоғарыдан беруді орындаған кездегі жоғарғы шектің артып кетуін біз кідіріс, яғни қателік деп есептедік. «Волейболшыларға арналған тренажер» жоғарыда суреттелген «Спорт снарядтарына жанасу уақытын тіркеуге арналған құрылғының» негізінде жасап шығарылған.

Спортшымен кері байланыстың маңыздылығын ескере отырып, ол тренажерде екі арна бойынша қолданылды. «Волейболшыларға арналған тренажердің» жалпы түрі 1 фотосуретте көрсетілген; қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде тренажерді қолдану фрагменті – 2 фотосуретте көрсетілген.

Тренажер құрамына: 1) БФ-2 желімінің және ұнтақ графиттің негізінде дайындалған ток өткізетін желім қабатымен жабылған волейбол добы; 2) «қолғаптарда» сымдар түрінде бекітілген контактылық датчик; 3) уақыт өлшегіш; 4) уақыт релесі; 5) қолдардың доппен өзара әрекеттесу индикаторы; 6) өзара әрекеттесудің шекті уақытын белгілегіш; 7) шекті уақыттың асып кеткендігінің дыбыспен белгі бергіші; 8) қосатын сымдар.

Құрамына қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақытының индикаторын – 5 қосатын уақыт өлшегіш – 3 ретінде біз Львов радиоэлектронды аппаратура заводының №120085 электромиорефлексо-метрін (ЭМР-0,1) қолдандық.

ЭМР-0,1-дің негізгі техникалық сипаттамалары:

  1. Аспап 1-ден бастап 9999 мс дейінгі диапазондағы қозғалыс реакцияларын өлшейді.
  2. Қозғалыс реакциясының ұзақтығын өлшегендегі салыстырмалы ақаулық 10-нан 9999 мс дейінгі диапазонда +0,2%, 1-ден бастап 10 мс дейінгі диапазонда +2%.
  3. Аспап II қорғаныс сыныбы үшін ОСТ 64-1-203-75 салалық стандартына сәйкес электр қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырады.
  4. Аспаптың қоректенуі номиналды кернеуі 220 В, жиілігі 50+0,5 Гц айнымалы ток желісінен жүзеге асырылады.
  5. Аспап тұтынатын қуат 60 ВА аспайды.
  6. Қосалқы бөлшектерсіз және құрылғыларсыз аспаптың салмағы 13 кг аспайды.
  7. Аспаптың габариттік өлшемдері 370 x 360 x 200 мм-ден аспайды.

«Волейболшыларға арналған тренажер» былайша пайдаланылады. Волейболшы «қолғап» киеді, осының артқы жағында байланыстырғыш сымдардың кабелі бекітілген белдік тағады және соңғыларын ЭМР-0,1 аспабына қосып, оны желіге қосады. Бұл кездегі «қолғаптардың» контактылы датчигінің сымдарындағы кернеу 3 вольттан аспайды. Төменнен қос қолмен қабылдауларды орындау үшін бір қолдың буындарына, қысатын білезіктің контактыларының алдын ала тұйықталуы болмас үшін, целлофан қап кию қажет. Тренажер жұмысқа дайын. «Спорттық снарядтарға жанасу уақытын тіркеуге арналған құрылғыдағыдай», жаттықтырушы немесе серігі жіберген ток өткізгіш допқа жанасқан кезде доп пен контактылы датчик арқылы электр тізбегі тұйықталады (3 вольт). Тұйықталғаннан кейін есептегіш қабылдау-берулерді орындаған кезде доптың қолдармен өзара әрекеттесу (жанасу) уақытын жазып алады. Егер бұл кезде есептегіш индикаторы көрсетіп тұрған, жанасудың нақтылы уақыты жаттықтырушы уақыт белгілегіштің көмегімен алдын ала белгілеген шекті уақытқа, мысалы, төменнен қабылдаған кезде – 50 мс тең болса немесе одан асып түссе, дыбыс сигналы допты қабылдаған кезде жол берілген қате сигналын береді. Ойыншы мен жаттықтырушы допқа жанасу уақытын көріп үлгеруі үшін, уақыт релесі сандық индикатордың көрсетілімдерін 2 с дейін ұстап қалады, осыдан кейін индикатор көрсетілімдерін «0»-ге түсіру жүреді де, индикатор жұмысқа қайтадан дайын болады. Осылайша, спортшымен екі арна: дыбыстық және көзбен көретін арна бойынша, қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазасының уақыттық сипаттамасы бойынша экспресс-ақпаратты қамтамасыз ететін кері байланыс жүзеге асырылады. Қабылдау-беру қиындығын біртіндеп арттыра отырып, доптың ұшу жылдамдығы мен бағытын жаттықтырушы өз бетінше реттеп отырады. Волейболшы кері байланыстардың негізінде, тікелей жаттығуды орындау барысында, доптарды қатесіз қабылдайтындай етіп кинематикалық және динамикалық сипаттамаларды дифференциациялай отырып, өз қимылдарына түзетулер енгізе алады.

Одан әрі жаттықтырушы, тиісінше «шекті» уақыт белгілегішті қайта қоса отырып, қабылдау-беру тәсілдерінің орындалу шарттарын күрделендіре түседі. Осылайша, шұғыл жаттығу әсерін басқарудағы икемділікке қол жеткізіледі, техниканың бағдарланған жетілдірілуі жүзеге асырылады. Қабылдау-беру техникасын жетілдірумен қатар, тренажер волейболдан төрешілерді даярлау үшін, жекелей алар болсақ, оларда «уақыт сезімін», төрешілік жасаған кезде өте маңызды болып келетін, қабылдау-беруді орындаған кездегі доптың кідірісі сезімін жасап шығару үшін қолданыла алады. Бұл дәл сол кезде болашақта «шекті» уақытты ресми белгілеуге келуге мүмкіндік береді.

Екі арна бойынша кері байланыстың болуы ойыншыны допқа мүмкіндігінше тезірек шығуға және дұрыс бастапқы қалып алуға мәжбүрлейді, олай болмаған жағдайда, әдетте, доптың кідірісі, яғни қате орын алады (жаттықтырушылар айтқан 1 және 3 талаптар). Бүкіл қозғалыстың эталондық құрылымдарын және оның ішінде жұмыс фазасын орындау қабылдау-берулердің (4 талап) сапасының қажеттігін (қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты бойынша) талап етеді.

Тренажер көзбен көру арнасы бойынша – индикатор сандарымен допқа жанасу уақытын бақылауды, сонымен қатар қатенің бар-жоқтығы туралы дыбыс арнасы бойынша қабылдау-беруді орындау сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етеді, бұл 2 және 5 талаптарды қанағаттандырады және III фактор бойынша 3 – (tв) қабылдау-беру үшін жалпы көрсеткішті ескереді (13 кесте).

Жоғарыда айтылып кеткеніндей, білікті волейболшылар жоғарыдан доп берулерді орындаған кездегі өзіндік жолдан тайдырушы фактор бола отырып, «қолғаптар» дәл сол кезде үйлескен әсер етулер әдісі бойынша әсер ете отырып және қолдардың күшінің дамуына ықпал ете отырып (жаттықтырушылардың 6 талабы), кейбір күш түсірулер болып қызмет атқарады.

Үшінші тренажер – «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажер» волейболда допты қабылдау-беру тәсілдерінің техникасын үйрету мен жетілдіру үшін қызмет етеді. Тренажерді жасап шығарған кезде біз:

  1. Допты қабылдау-берулерді орындаудың жоғары дәлдігін;
  2. Допқа дер кезінде шығуды;
  3. Дұрыс бастапқы қалып қабылдауды;
  4. Жұмыс фазасындағы қозғалыстың эталонды кинематикалық, динамикалық және өзге де құрылымдарын;
  5. Бір мезгілде, яғни үйлескен әсерлер әдісі бойынша дене қасиеттерін дамытуды қамтамасыз ету қажет деп есептеген жаттықтырушылардың талаптарын ескердік.

I және II факторлар бойынша ең көп факторлық салмақтармен қабылдау-беру үшін 8-К (қалпына келу коэффициенті) және 5 – Vв (қолдардың доппен бірлескен орын ауыстыруының жылдамдығы) жалпы көрсеткіштері де ескерілді (13 кесте).

Жасап шығарылған «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажердің» жалпы түрі 3 фотосуретте көрсетілген.

 

 

 

 

Тренажер мыналарды қосады: 1) тренажердің тұрақтылығына арналған негіз; 2) раманың биіктігін реттеп отыру мүмкіндігі бар тік бағана; 3) оған тор керілген рама; 4) осылардың көмегімен рама кронштейнге бекітілген топсалар; 5) бағанаға бекітілген топсаның кронштейні; 6) рамадан және кронштейннен басқару тұтқасына арнайы тростар; 7) басқару тұтқасы; 8) бұрылудың белгіленген бұрыштарының шкаласы бар секторлар; 9) сектор мен басқару тұтқасы бекітілген үстел. Секторлар горизонталь да, вертикаль да жазықтықтарда әрбір 50 сайын «0»-ден (тор спортшыға қатаң түрде тік және фронтальды тұрғанда) 200-қа дейін екі жаққа да раманың бұрылуының бекітілген бұрыштарына ие. Оған бекітілген екі секторы, екі тұтқасы бар үстел басқару пульті болып табылады. Торы бар рама тұтқалардың көмегімен басқарылатын тростардың тартылуын босаңсытқан кезде тордың нольдік бастапқы қалыпқа келуі үшін қызмет ететін үш серіппемен жабдықталған. Тартуға жұмыс істейтін екі серіппе оның екі жағынан, кронштейннен рамаға дейін горизонталь осьте бекітілген. Айналдыруға жұмыс істейтін үшінші серіппе вертикаль бағанаға киілген, бұл ретте серіппенің бір ұшы кронштейнге, ал екінші ұшы – бағанаға бекітілген. Тростың керілуін босаңсытқан кезде серіппе торы бар раманы нольдік қалыпқа қайтарады немесе одан әрі екінші жаққа бұрады, бірақ, бастапқы екі серіппеден өзгешелігі, горизонталь жазықтықта бұрады.

Допты қабылдау-беру техникасын жетілдіруге арналған тренажер келесідей қолданылады. Бастапқы қалпында торы бар рама волейболшыға қатысты қатаң вертикаль және фронтальды тұрады. Басқару тұтқалары бұл кезде тиісті секторларда «О» қалпында тұрады. Басқару пультінде жаттықтырушы немесе ойыншының серігі отырады. Волейболшы 2-5 метр қашықтықтан қос қолмен жоғарыдан немесе төменнен тәсілдерімен допты торға беруді және оны қабылдауды орындай бастайды. Жаттықтырушы тұтқаларды градустардың кез келген санына бұра отырып, торды бір жазықтықта немесе бірден екінші жазықтықта белгіленген бұрышқа бұратын тростардың керілуін өзгертеді. Спортшы бұл кезде допты жоғалтпастан және оның кідіруіне жол берместен, кез келген тәсілмен допты қабылдау-беруді орындауын жалғастыра беруге тиіс. Техниканы жетілдірумен бір мезгілде спортшыда жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік және қандай да бір шамада күш секілді қасиеттер дамиды (жаттықтырушылардың 5 талабы).

Допты жоғалтпастан және оны кідіртпестен, мүмкіндігінше көбірек уақыт тренажерде жұмыс істеу үшін спортшыға допты мейлінше дәл (торы бар раманың ортасына) беріп отыру керек, бұл жаттықтырушылардың 1 талабына сәйкес келеді.

Бұған тек қана өз қимылдарын кинематикалық және динамикалық сипаттамалар бойынша, оның ішінде, қолдардың доппен бірлесе орын ауыстыру жылдамдығы – Vв және қалпына келу коэффициенті – К бойынша қатаң дифференциациялай отырып қол жеткізуге болады (4 талап).

Торды бұру бағдарламалары сан көптеген болуы мүмкін – жазықтықтардың біріндегі қарапайымнан бастап күрделі – бір мезгілде екі жазықтықта. Торды басқарудың алдын ала жасап шығарылған бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, жаттықтырушы допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру шарттарын, жағдайларын күрделендіре түсу мүмкіндігіне ие болып келеді. Өзінің алдыңғы іс-әрекеттерінің нәтижелері туралы ақпараттың негізінде одан арғы іс-әрекеттер үшін шешімді өзі қабылдайтындықтан, волейболшы автобасқарылатын эксперимент әдісін жүзеге асырады. Мәселен, егер волейболшы допты жоғарыдан беру тәсілімен доппен жанасқан кезде қозғалмай тұрған тордың ортасына қатты жіберсе, немесе егер де тор қандай да бір, горизонталь немесе вертикаль, ал кейде екі жазықтықтарда да бірден доппен жанасқанға дейін белгілі бір бұрышқа бұрылса, демек, доптың қайда және қандай қашықтыққа серпілетіндігін мүмкіндігінше жылдамырақ дәл тауып, допқа дәл кезінде шығу керек және т.с. Тренажерде белгіленетін бағдарлама ойыншыны кезекті тәсілдің амалын таңдап алуға, допқа дер кезінде шығуға, дұрыс бастапқы қалып алуға, допты торға берудің жылдамдығы мен бағыты туралы мәселені шешуге мәжбүрлейді (2 және 3 талаптар).

«Доппен спорттық ойындарға арналған тренажерде» допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру ойын жағдайларына айтарлықтай дәрежеде сәйкес келеді, өйткені бұл кезде жылдам өзгеретін жағдай қалыптасады, мұның өзі ойыншыны максималды дәлдікпен және уақыт тапшылығында қабылдау-берудің алуан түрлі тәсілдерін пайдалануға итермелейді.

Әрбір тренажерді апробациялау және жалпы жалпы әдістемені жасап шығару барысында бізге бірқатар жеке міндеттерді шешу, атап айтар болсақ:

1) тренажерлерді пайдалану реттілігін анықтау;

2) оларды қолдану ұзақтығын дәлдеу;

3) әрбір тренажерде жаттығу жағдайларын күрделендіру тәсілін таңдап алу;

4) допты қабылдау-беруді орындаудың дәлдік критерийін анықтау;

5) тренажерлерді қолдана отырып, сабақтарды ұйымдастыру тәсілін таңдап алу қажет болды.

Жасап шығарылған тренажерлерді қолдана отырып, көп жаттыққаннан кейін бұл міндеттерді біз табысты түрде шештік.

Тренажерлерді пайдаланудың реттілігі негізіне допты қабылдау-беруді орындау жағдайларын біртіндеп күрделендіру, сонымен қатар бір тренажердің екінші тренажерге бірізді өзара көмектесу принципі қойылды. Мысалы, бірінші тренажерде волейболшы қыздар тек қана қос қолмен төменнен қабылдауды орындайды. Екінші тренажерде енді төменнен қабылдау да, жоғарыдан қос қолмен доп беру де орындалады, бұл ретте бірінші тренажерде жетілдірілетін дағдылар дәл осы дағдыларды екінші тренажерде жетілдіруге көмегін береді. Алайда, доптың кідіріс табуымен байланысты қателер көрсетіліп отыратындықтан, жаттығуларды орындау жағдайлары бірінші тренажерге қарағанда күрделірек бола бастайды. Үшінші тренажерде волейболшы қыздар допты қабылдау-беруді енді ойын жағдайларына жақындастырылған жадайларда, барлық мүмкін болатын тәсілдермен орындайды. Бұл ретте алғашқы екі тренажерлерде жетілдірілетін дағдылар дағдылардың үшінші тренажерде жетілдірілуіне көмегін береді.

Бір жаттығу сабағында әр спортшының барлық үш тренажерді пайдалану ұзақтығы, жаттығу жоспарын бұзбау үшін, 30-35 минуттан аспауы қажет екендігі анықталды. Әрбір тренажерде жаттығуларды орындау әрекеттері аарсындағы интервал 5-10 с көп болмауы керек, өйткені А.Н.Першиннің /113/ мәліметтері бойынша, тренажер қондырғыларын пайдаланудың осы режимі максималды дәлдікті алу тұрғысынан алғанда ең тиімді болып келеді.

Әрбір тренажерді апробациялау барысында алғашқы екі тренажердегі жаттығу жағдайларын күрделендіру:

а) серігі жіберетін доптың ұшу жылдамдығын (алдамшы соққылар —                 5-7 м/с бастап, доп берулер мен шабуылдаушы соққылар — 16 м/с дейін),

ә) серіктер арасындағы қашықтықты (4 м-ден 8 м дейін),

б) диаметрі 50 см шеңберде тұрған серігі шеңберден шықпай-ақ допты ұстап алатындай етіп (қатарынан 3-тен 5-ке дейін рет) орындалған допты беру – қабылдау санын арттыру арқылы жүзеге асырылуы керек екендігі анықталды.

Екінші тренажерде жаттығу жағдайларын күрделендіру, онымен қоймай, «шекті» уақытты белгілегішті қайта қосу арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Волейболшы қыздардың дербес даярлығына қарай, қос қолмен төменнен қабылдауды орындаған кезде 40 мс-ден 30 мс-ге дейін, ал қос қолмен жоғарыдан беруді орындаған кезде – 70 мс-ден 80 мс-ге дейін. Бұл ретте төменнен қос қолмен қабылдап алуды орындаған кезде дыбыс сигналының болуы жол берілген қателікті, доптың кідіріс табуын білдіреді. Жоғарыдан қос қолмен доп беруді орындаған кезде, керісінше, дыбыс сигналының болмауы қатені білдіреді, яғни спортшы доп беруді жұмсақ емес, қатты орындайды, бұл жаңадан үйренушіге тән. Алайда, эталонды техникаға сәйкес келетін, қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің жоғарғы шегі 90 мс-мен шектелді. Бұл, қос қолмен жоғарыдан жұмсақ доп беру дағдыларын жетілдіре отырып, допты ұстап алу мен лақтыру шегіндегі айқын кідіртуді болдырмау үшін жасалды.

Үшінші тренажерде допты қабылдау-берулерді барлық тәсілдермен, допты кідіртусіз және жоғалтусыз орындау қажет, бұл ретте торы бар раманың бұрылу бағдарламасы, тордың алдымен горизонталь жазықтықта, ал одан кейін вертикаль жазықтықта және екі жазықтықта да бірге бұрылу бұрышының шамасы бойынша біртіндеп күрделене түсуі керек.

Тордың бұрылу бұрышы мен бағытының өзгеруіне қарай доптың қайту жылдамдығы мен бағыты өзгереді. Осылайша доптың ұшу жылдамдығы мен траекториясы бойынша жаттығуды орындау жағдайлары күрделене түседі. Онымен қоймай, тордың бұрылуының әрбір келесі бағдарламасымен, допқа дәл шығу үшін, қабылдау-беру тәсілін таңдау үшін, бастапқы қалып қабылдау және таңдап алынған тәсілмен одан кейінгі қабылдау-беруді орындау үшін, доптың кері ұшу жылдамдығы мен бағытын дәл табу қиынырақ бола бастайды.

Әрбір тренажерде жаттығуларды орындаудың дәлдік критерийі тапсырмаларды алдымен 3, одан соң 4 және 5 рет қатесіз және допты жоғалтусыз орындау болуға тиіс екендігі анықталды.

Жаттығулар барысында сонымен қатар барлық тренажерлерде серіктер қабылдау-беруді орындау техникасын өзара жетілдіруді жүзеге асыра отырып, жұппен жаттығуға тиіс екендігі де анықталды. Бұл спортшылардың қызығушылығын арттырады, бір бірімен жарысуларына ықпал етеді.

Тренажерлерді апробациялау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде біз оларды пайдалану әдістемесін жасап шығардық, ол келесі шағын тарауда баяндалған.

Жаңа тренажер қондырғыларын қос қолмен қабылдау-беру техникасын

жетілдіру үшін қолдану әдістемесі

Тренажер қондырғыларын пайдаланудың жасап шығарылған әдістемесі мыналарды қосады:

  1. Сабақтарда тренажерлерді қолданудың белгілі бір реттілігін қарастыратын шеңберлік жаттығу – алдымен бірінші тренажер – «Лотоктар», одан кейін екінші – «Волейболшыларға арналған тренажер» және одан әрі үшінші – «Доппен спорт ойындарына арналған тренажер». Әр тренажерде волейболшы қыздар дағдыларды өзара жетілдіруді жүзеге асыра отырып, серігімен жұпта жаттығуға тиіс. Алдымен әрбір спортшы тапсырманы 3 рет қатарынан, одан әрі, шеберліктің шыңдалуына қарай – 4 және 5 рет қатарынан, допты кідіртпей және жоғалтусыз орындауға тиіс. 1 және 2 тренажерлерді қолданған кезде серіктер арасындағы қашықтық біртіндеп ұлғая түсуге (8 м дейін) тиіс, сондай-ақ қабылдау-беруді орындау үшін жіберілетін доптың ұшу жылдамдығы да (20 м/с және одан да көп) артуға тиіс. Тапсырманы орындап шығып, серіктер рольдерімен алмасуға тиіс (біреуі допты береді, ал екіншісі алғашқы екі тренажерде қабылдау-беруді орындайды, үшінші тренажерде – бірі тордың белгіленген бағдарлама бойынша бұрылуын басқарады, екіншісі кез келген тәсілмен қабылдау-берулерді орындайды). Бірінші тренажерден екінші тренажерге ауысу тек әрбір спортшы алға қойылған міндетті орындағаннан – жаттығуды 3-5 рет қатарынан қатесіз орындағаннан кейін ғана жүргізілуге тиіс. Олардың орындарын спортшылардың өзге жұбы келіп басады және т.с. Егер жұптардың бірі тапсырманы ертерек орындап, келесі тренажер бос болмаса, онда волейболшы қыздар тағы да кезекпе-кезек тапсырманы орындауға тиіс.
  2. Іс-әрекетті орындаған кезде максималды жылдамдық пен дәлдікті қарастыратын әдістемелік тәсіл. Ол «Лотоктар» тренажерінде және ішінара (дәлдік бойынша) «Доппен спорт ойындарына арналған тренажерде» қолданылуға тиіс. Жаттықтырушы немесе ойыншының серігі, еденге сызылған, диаметрі 50 см шеңбердің ішінде тұрып, тірек жағдайында тұрып, шабуылдаушы соққылар жасайды. Лотоктар тағылған немесе «қолғап» киген волейболшы қыз 4-8 м қашықтықта жаттықтырушы допты шеңберден шықпастан ұстап ала алатындай етіп, қос қолмен төменнен доп қабылдауды орындауға тиіс. Серігі шабуылдаушы соққымен жіберілетін доптардың жылдамдығын 20 м/с және одан да көпке арттыруға тиіс.
  3. «Волейболшыларға арналған тренажерде» төменнен және жоғарыдан тәсілімен қабылдау-берулерді орындаған кезде қолдың доппен өзара әрекеттесуі фазасында эталонды техниканың белгіленген уақыттық бадарларын сақтау. Жүргізілген зерттеулердің негізінде біз, спорт шеберлерінің техникасын негізге ала отырып, бірінші дәрежедегі спортшыларға арналған екі уақыттық бағдарды бөліп көрсеттік. Қос қолмен төменнен қабылдауды орындаған кезде – 30 мс, яғни «шекті» уақытты белгілегіш осы бөлікке қойылуы тиіс, және егер доппен өзара әрекеттесу уақыты 30 мс тең немесе одан көп болса, онда қате сигналы естіледі. Қайта қосқыштың көмегімен уақыт белгілегіш алдымен 40 мс-ға, ал одан соң 30 мс-ға қойылуға тиіс.

Қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде «шекті» уақыт уақыт белгілегіштің қайта қосқышымен 70 мс болып белгіленуге тиіс. Мұнда керісінше, егер доп беру қысқа, қатты болса, онда дыбыс сигналы болмайды және бұл қате істелген деп есептеледі. Ал егер сигнал болса, қате жоқ деген сөз. Уақыт белгілегіш алдымен 70 мс-ға, кейін 80 мс-ға қойылуға тиіс. Алайда индикатор сандары бойынша бақыланатын, қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің максималды уақыты 90 мс аспауы керек.

Кері байланыстың дыбыстық және көру арналарын қолдана отырып, допты кідіріссіз қабылдауға және диаметрі 50 см шеңберде тұрған серігіне допты жеткізуге тырыса отырып, спортшы өзінің іс-әрекеттеріне тікелей қабылдау-беруді орындау барысында түзетулер енгізіп отыруға тиіс (кинематикалық және динамикалық сипаттамалар бойынша).

  1. «Доппен спорт ойындарына арналған тренажерде» күрделілікті біртіндеп арттырып жасап шығарылған 12 бағдарламаны орындау (7 қосымшаны қараңыз).

Алғашқы үш бағдарлама торы бар раманың тек горизонталь жазықтықта (раманың өзі қатаң вертикаль орналасқан кезде тренажердің вертикаль осінің айналасында) айналуын қарастырады. Ойыншының серігі немесе жаттықтырушы дәл бағдарлама бойынша екі-үш доп беруді орындағаннан кейін торы бар раманы айналдыруға тиіс, ал волейболшы қыз қатеге және допты жоғалтуға жол бермей, кез келген тәсілмен қабылдау-юерулерді орындауға тиіс.

Одан кейінгі үш бағдарлама (4,5,6) торы бар раманың тек вертикаль жазықтықта (раманың горизонталь рамасының айналасында) айналуына есептелген. Бұл ретте «жоғары» түсінігі раманың төменгі шеті ойыншыға жоғары бұрылады, ал «төмен» түсінігі раманың жоғарғы шеті, дәл осылайша допты қабылдау-беруді орындап жатқан ойыншыға қарай жүре отырып, төмен қарай бұрылады дегенді білдіреді.

Одан кейінгі бағдарламалар (7-ден 12 дейін) күрделірек, өйткені торы бар раманың енді екі кеңістікте бір мезгілде айналуын қарастырады.

Бұл ретте он екінші бағдарлама – ерікті, яғни жаттықтырушы немесе ойыншының серігі торы бар раманы хаостық ретпен бұруды жүзеге асырады (кемінде 15-20 қайта қосу). Әр жаттығуда спортшы кем дегенде үш рет есеп бойынша кезекті бағдарламаны орындауға, ал барлық 11-ін меңгерген кезде – ерікті бағдарламаны үш рет орындауға тиіс.

  1. Тренажерлердің әрқайсысында тапсырмаларды орындаған кезде әрекеттер арасындағы қатаң (5-10 с көп емес) интервалдарды ұстау.

Барлық үш тренажерді жұбымен өтіп, волейболшы қыздар жаттығудың ағымдағы тапсырмасына қайтадан кіріседі.

Нәтижесінде тренажер қондырғыларын аталған әдістеме бойынша пайдаланудың:

  • Іс-әрекеттерді максималды жылдам әрі дәл орындауға;
  • қабылдау-беру техникасын бағдарламалық-басқарылатын жетілдіруді жүзеге асыруға (екінші және үшінші тренажерлерде);
  • оның дербес мүмкіндіктерін максималды пайдалану мақсатында әр волейболшыға жеке қарауға;
  • спортшы қыздарда жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті, икемділікті, күшті, сонымен қатар антиципацияны дамытуға;
  • әрбір допты қабылдау-беруді жетілдіру процесінің ағымдағы бақылауын жүзеге асыруға;
  • шұғыл жаттығу әсерін басқаруға мүмкіндік беретіндігін атай кетуіміз керек.

Ұсынылып отырған әдістеме бойынша жасап шығарылған тренажер қондырғыларын пайдалану тиімділігі салыстырмалы экспериментте тексерілді, оның ұйымдастырылуы мен әдістемесі төменде баяндалған.

 

2.2.Салыстырмалы педагогикалық эксперимент

зерттеудің ұйымдастырылуы мен әдістемесі

 

Салыстырмалы педагогикалық эксперимент зертханалық педагогикалық экспериментке (II тарау) қатысқан дәл сол волейболшы қыздармен – ҚазСТА құрама командасымен (20 адам) жүргізілді. Эксперимент 2008 жылғы ақпаннан маусымға дейін, жарыс кезеңінің 5 айында жүргізілді. Жаттығулар институт залында, аптасына 3 рет 3 сағаттан өткізілді. Барлығы 41 сабақ өткізілді.

Команда өзіне барлық даярлық түрлерін қосатын жылдық жоспарға сәйкес жаттықты, бұл ретте әр жаттығуда техникалық даярлыққа уақыттың 30%-дан кем емес бөлігі, ал тренажерлерде қабылдау–беру техникасын жетілдіруге кемінде 30-35 минут бөлініп отырды. Екі топ та – бақылау және эксперименттік (әрқайсысында 10 адамнан) – бүкіл эксперимент бойы, бір команданы көрсете отырып, жұмыстың бірдей көлемін орындады. Әр жаттығуда, тиісті дене қыздырудан кейін, екі топтан да екі адамнан қос қолмен допты қабылдау-беру техникасын жетілдіре бастады, ал қалғандары жаттығу жоспары бойынша айналысты. Тапсырманы орындап шығып, жұптар екінші, одан кейін үшінші тренажерге ауысып, одан кейін ортақ жұмыста қайтып келіп отырды. Олардың тренажерлердегі орнын келесі жұптар алып отырды және т.с.

Эксперименттік топтағы жұптар доп беру-қабылдау техникасын жаңа тренажер қондырлығларын және жоғарыда баяндалған оларды қолдану әдістемесін пайдалана отырып жетілдірді. Дәл осы уақытта бақылау тобындағы жұптар допты қабылдау-беру техникасын белгілі тренажерлерді: а) аспалы допты; ә) құлайтын допты; б) қабырғадағы нысананы – жалпы қабылданған әдістеме бойынша пайдалана отырып жетілдірді /52/. Бұл тренажерлер аталған ретпен, шеңберлік жаттығу әдісімен қолданылды.

Эксперименттің соңында екі топ та оларды біртектіге бөлу жүргізілген дәл сол тесттер бойынша тестіленді.

Алынған нәтижелерді өңдеу қатар қалыпты бөлінген кездегі Стьюдент t критерийін қолдана отырып жүргізілді /146/.

Салыстырмалы педагогикалық эксперименттің нәтижелері әрі қарай баяндалып отыр.

Эксперименттің нәтижелері.

Бақылау тексттерін орындау тиімділігінің динамикасын талдау ең айтарлықтай алға жылжулардың эксперименттік топта болғандығын куәландырып отыр (14 кесте).

4 кесте

Тесттерді орындау тиімділігінің салыстырмалы талдауы (%-бен)

Топтар

Статисти-калық көрсеткіш-тер

Қабылдау-беру тәсілдері, тесттер

I төменнен қабылдау

II жоғарыдан қабылдау

бастапқы

Х1, Х2

ақырғы

Х5, Х6

бастапқы

Х3, Х4

ақырғы

Х7, Х8

Эксперименттік   xl                  44,7             71,0              36,7         46,3

                             SΔ                             4,539                            2,65

                             t                                    5,8                             3,648

                             P                               <0,001                            <0,1    

бақылау                xl                  46,3          51,3              38,0         36,3

                             SΔ                                 4,451                            3,416

                             t                                    1,123                             0,488

                             P                                >0,005                            > 0,05    

           

 

Математикалық өңдеу мәліметтері бойынша тиімділіктің өсімінің маңыздылығының жоғарырақ деңгейі (26,3%) допты төменнен қабылдауды орындаған кезде эксперименттік топта байқалды.

Қос қолмен допты жоғарыдан беруді орындаған кезде тиімділіктің өсімі 9,6% құрады.Бақылау тобында екі тестті орындаған кезде де тиімділіктің анық өсімі байқалмады.Сондықтан эксперименттің соңында (15 кесте) бұрынырақта бірдей даярланған топтар қабылдау-берулерді орындау тиімділігі бойынша бір бірінен статистикалық анық ерекшелене бастады.

5 кесте

Салыстырмалы педагогикалық экспериментті жүргізгеннен кейінгі

тесттерді орындау тиімділігі (%-бен)

топтар

Статисти-калық көрсеткіш-тер

Топтар

Эксперименттік

Х5, Х2

бақылау

Х6, Х8

I    қос қолмен      xl                              71,0                           51,3

төменнен             SΔ                                               5,944

қабылдау               t                                                 3,308

                             P                                                 <0,01                           

II  қос қолмен       xl                              46,3                            36,3

жоғарыдан беру  SΔ                                                4,761

                             t                                                  2,25

                             P                                               > 0,05    

 

Айырмашылықтардың маңыздылығының жоғарырақ деңгейі қос қолмен төменнен қабылдауды орындаған кезде байқалды. Эксперименттік топ тиімділік бойынша бақылау тобын 19,7%-ға басып озды.

Қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде топтар арасындағы айырмашылық біршама азырақ болды және 10% құрады.

  • Алынған нәтижелерді талқылау

Жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, допты қабылдау-беруді орындау сапасы тек эксперименттік топта ғана айтарлықтай жақсарды. Тренажерлер екі топта да қолданылғанына қарамастан, допты қабылдау-берулердің тиімділігінің тек эксперименттік топта жақсаруының шешуші факторы не болып табылғандығы қызығушылық тудырады.

Жасап шығарылған әдістемені қолданудың білікті волейболшы қыздардың оқу-жаттығу процесін көп шамада белсенді еткендігі айдан анық болып отыр.

Біліктілігі жоғары спортшыларда көбінесе нәтижелердің қол жеткізілген деңгейде тұрақтануы жиі байқалатындықтан, допты қабылдау-беру техникасының тиімділігінің осы өсімі білікті волейболшылар үшін ерекше маңызды мәнге ие болып отыр /46/. Сірә, бақылау тобында да допты қабылдау-беруді орындаған кезде тиімділіктің тұрақтануы орын алды, бқл анық өзгерістердің болмауынан көрініс тапты.

Келтірілген фактілер топтарда қолданылған әдістемелер жаттығу әсері бойынша айтарлықтай ерекшеленді деп есептеуге мүмкіндік береді.

Тренажерлерді жүйелік-құрылымдық тәсіл тұрғысынан қарастыра отырып, жасап шығарылған жаңа қондырғылар жүйе болып табылады деп болдауымызға негіз бар. Кез келген жүйенің келесі белгілермен: құрамымен, құрылымымен (байланыстарымен) және қасиеттерімен сипатталатындығы белгілі /19,20,73,84,126/.

Тренажер қондырғыларын осы белгілер бойынша талдауды жүргіземіз. Олардың әрқайсысы бүкіл жүйенің бірыңғай мақсатына – допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру тиімділігін арттыруға қызмет ететіндіктен, жаңа тренажер қондырғылары жүйенің құрамы болып табылады.

Бірінші тренажер – «Лотоктар» — суппинацияланған иық маңының дұрыс қалпын қамтамасыз етеді. Білікті спортшылар үшін допты қабылдаған кезде иық маңының осындай қалпының маңызын В.Качарава /76/ ең мақсатқа лайықты ретінде атап кеткен болатын.

Допты төменнен қабылдаған кездегі қолдардың дұрыс қойылуы екінші тренажерде («Волейболшыларға арналған тренажер») қолдар жұмыс істегендегі ұтымды техниканы қамтамасыз етеді.

Осы тренажерде қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде «қолғаппен» жаттығу екінші доп беруді орындау жағдайларын күрделендіре түседі, техниканы одан әрі жетілдіруді жеңілдететін, кедергіге тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Осылайша, «Волейболшыларға арналған тренажер» үшінші тренажердегі күрделілігі арта түсетін бағдарламаны меңгеруді жеңілдететін саты секілді болып табылады.

Үшінші тренажерде («Доппен спорт ойындарына арналған тренажер») допты қабылдау-беру жағдайлары, ойын жағдайына жақындап келіп, күрделене түседі. Беріліп отырған бағдарламалар тапсырмалардың біртіндеп күрделенуіне жадай жасайды және волейболшы қыздан, доптың тордан серпілуінің жылдамдығына және бағытына байланысты, одан арғы іс-әрекеттерді дәл табуды (антиципация) талап етеді.

Қазіргі таңда жалпы алғанда білікті спортшыларда жекелей алғанда волейболшыларда антиципацияны дамытуға зор мән беріледі. Мәселен, А.П.Тиминнің мәліметтері бойынша, доптың ұшуына білікті волейболшылардың 51% бағдар алады. «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажер» осы қабілетті көбірек дәрежеде дамытады, бұл тренажердің зор жетістігі болып табылады. Волейболшы қыздардың болжамдық қабілеттерін жаттықтыруды бағалау үшін біз арнайы құрылғы жасап шығардық /142/б онда бұдан арғы уақытта антиципацияны дамытуға арналған тренажердің тиімділігін баалауға, сонымен қатар осы қабілетті жаттықтыруға болады.

Екінші және үшінші тренажер үшін күрделенетін бағдарламалар жасау оқу-жаттықтыру процесінің тиімділігін арттыратын ретінде бағдарламалық оқытудың қазіргі талаптарын қанағаттандырып отыр.

Жүйенің екінші белгісі ретінде, тренажерлерде байланыстардың болуын қарастыра отырып, үш тренажердің әрқайсысының жаттықтырушылар айтқан көптеген жалпы талаптарын жүзеге асыратындығын атай кеткеніміз жөн. Факторлық талдау нәтижелері бойынша анықталған, қабылдау-беру тобы үшін ең факторлы салмақтары бар жалпы көрсеткіштердің (Up; k; Vв және tв) бір бірімен тығыз байланысқандығын және бір біріне себепші болатындығын ескеру керек. Мысалы, қалпына келу коэффициенті (К) соққыдан кейінгі қолдардың жылдамдығына (Up) байланысты, ол қолдардың доппен бірлесе орын ауыстыру жылдамдығына (Vв) байланысты, бұл өз кезегінде қолдардың доппен өзара әсерлесу (жанасу) уақытына (tв) тікелей әсер етеді. Үш тренажердің әрқайсысы допты қабылдау-беруге арналған бір-екі жалпы көрсеткішке бағыт ала отырып жасап шығарылған.

Осыдан барып тренажерлерге ішкі байланыстар тән екендігі келіп шығады. Онымен қоймай, брінші және екінші реттік деп аталатын байланыстар да бар. Бірінші реттік байланыстар – бұл функциялық тұрғыдан бір біріне қажетті байланыстар. Олар тренажерлердің құрамын баяндаған кезде келтіріліп кетті. Тренажерлерді (оларды тізіп көрсету ретімен) пайдаланудың қатаң, қисынды реттілігі қарапайымнан күрделіге деген принципті жүзеге асырады. Бұл өзімізге белгілі болып отырғанындай, жүйенің іс-әрекетін айтарлықтай дәрежеде жақсартатын екінші реттік байланыстардың болуына себепші.

Осылайша, бірінші тренажер екіншісіне ықпал етеді, ал олардың                            екеуі – үшіншісіне жәрдем береді, яғни аталған байланыстар өзара көмектесу сипатына ие, бұл жүйелер үшін тән болып табылады.

Топтардағы допты қабылдау-беруді орындау техникасындағы айырмашылықтар эксперименттен кейін білікті волейболшы қыздарды даярлау сапасын айтарлықтай арттырудан көрініс тапқан жаңа тренажерлерде ғана қасиеттің болуын анықтайтын критерий болып табылады. Демек, біздің қолымызда үш жаңа тренажерлерде жүйелерге тән барлық талаптардың барлығы туралы дәлел бар, бұл бізге оларды тренажер қондырғыларының жүйесі деп есептеуге негіз береді.

Жүйенің тиімділігінің артуы сонымен қатар екінші тренажердің жаттығуларды орындаған кезде спортшыны екі арна (көзбен көру және есту) бойынша кері байланыспен қамтамасыз ететіндігімен де түсіндіріледі.

Олар тек құрамға ғана ие болып, байланыстар мен қасиеттерге ие болмағандықтан, жаттығуларында бақылау тобының спортшылары қолданған үш белгілі тренажер жүйе болып табылмайды, соңғысы салыстырмалы педагогикалық экспериментте бақылау тобында допты қабылдау-беру тиімділігінің төмендеуімен және өсімнің статистикалық анық еместігімен расталды. Белгілі болып отырған тренажерлермен салыстырғанда, жаңа тренажер қондырғылары жүйесінің және оны қолдану әдістемесінің артықшылықтарын, сірә, жүйе мен оның методикасының:

— допты қабылдау-беру техникасын жетілдіруді бағдарлауға;

— кері байланыс сигналдары бойынша қимылдардың сипаттамаларын түзетіп отыруға;

— жаттығуларды орындау шарттарын біртіндеп күрделендіруге;

— жаттығулардың орындалу жағдайларын ойын жағдайына көбірек дәрежеде жақындастыруға;

— антиципацияны, сонымен қатар дене қасиеттерін: жылдамдықты, күшті, ептілікті және төзімділікті дамытуға көбірек жәрдемдесуге мүмкіндік беретіндіктерімен түсіндіруге болар.

Эксперименттік топта қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кездегі тиімділік өсімімен салыстырғанда қос қолмен төменнен қабылдауды орындағандағы тиімділіктің көбірек өсімін (16,7%-ға), сірә, сол кезде басқа екі тренажер допты қабылдау-берудің екі тәсілін де жетілдіруге қызмет еткенде, бірінші «Лотоктар» тренажері тек осы мақсатқа қызмет еткендіктен, волейболшылардың допты қабылдауға көбірек жаттыққандығымен түсіндіруге болар.

Осы фактіні сонымен қатар төменнен қабылдаумен салыстырғанда, қос қолмен жоғарыдан беру қимылының күрделірек құрылымымен де түсіндіруге болады, сондықтан екінші берулердің техникасын жетілдірген кезде қимылдардың қайта құрылуы да күрделірек және азырақ тиімділікпен жүзеге асырылған.

Допты қабылдау-беруді орындау тиімділігінің артуы команданың 2009 жылғы спорт нәтижелеріне оңды әсерін тигізді. Алматы қаласындағы барлық жарыстарда, өлкенің жоғары оқу орындары арасындағы «Буревестник» ЕСҚ біріншілігінде, Алматы қаласы біріншілігінде ҚазСТА қыздар құрамасы бірқатар I,II,III орындарды жеңіп алып, өткен спорт маусымына қарағанда анағұрлым табыстырақ өнер көрсетті.

Осылайша, аталған жасалып шығарылған әдістемені қолдану, білікті волейболшылардың допты қабылдау-беруді орындауының тиімділігін арттыра отырып, оқу-жаттығу процесін жақсартады. Мұны И.П.Ратовтың спорттың алуан түрлері үшін жасап шығарылатын тренажер қондырғыларының жаңа кешендерін қолданудың жоғары тиімділігі туралы пікірі де растап отыр.

Эксперименттік топ жаттығуларының жағдайын жасап шығарылған әдістеме бойынша жаңа қондырғылар жүйесін пайдалану есебінен күрделендірілун И.П.Павловтың «ештеме де қозғалыссыз, икемсіз қалмайды, бәріне де әрқашан қол жеткізуге болады, бәрі де жақсы жағына өзгереді, тек тиісті жағдайлар жүзеге асырылса болғаны» дегені туралы ойы тағы бір рет дәлелдеп берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Жүргізілген зерттеулер волейболдың қазірде бар техникалық тәсілдерінің құрылымдық айырмашылықтарына қарамастан, волейболшы қыздардың қолдарының өзара әрекеттесу фазаларында техниканы меңгеру деңгейін сипаттайтын ортақ белгілердің бар екендігі туралы қабылданған гипотезаны растап берді. Спорт шеберлерінде ортақ белгілер :

а) кинематикалық және динамикалық сипаттама көрсеткіштерінің рангтерінің жапсарлас жұптарының саны бойынша: тік шабуылдаушы соққыда және жоғарғы тік доп беруде 8 жұп, допты қабылдау-берулерде 4 жұп;

ә) рангтердің жұптық артықшылықтарының матрицасы бойынша: допты қабылдау-беруде бірінші және екінші рангтер;

б) үш фактордың әрқайсысында ең үлкен факторлық салмақ көрсеткіштері бойынша: соққыдан кейінгі қолдардың сызықтық жылдамдығында (-0,740-тан – 0,882-ге дейін), қалпына келу коэффициентінде (-0,762-ден 0,936-ға дейін), қолдар мен доптың бірлескен қозғалысының сызықтық жылдамдығында (-0,730-дан 0,930-ға дейін), қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақытында (-0Ю767-ден 0,963-ке дейін) – допты қабылдау-беру үшін;

в) қарастырылып отырған техникалық тәсілдердің құрылымы бойынша: мақсаты, үлгісі, субъектісі, операциясы және іс-әрекет процесі бойынша анықталды.

Осыған байланысты негізгі техникалық тәсілдерді үш топқа біріктірген мақсатқа лайықты болып келеді:

Бірінші топ – тура шабуылдаушы соққы және жоғарғы тік беру;

Екінші топ – допты қабылдау-берулер;

Үшінші топ – бірлі блок қою.

  1. Факторлық талдау волейболшы қыздар қолдар доппен өзара әрекеттесу фазасында негізгі техникалық тәсілдерді орындаған кезде негізгі фактор болып энергетикалық фактордың табылатындығын көрсетіп берді (таңдаманың жалпы дисперсиясының 33,5%-ы). Маңыздылығы бойынша екінші фактор — техникалық-энергетикалық (26,4%), үшінші – техникалық (21,5%) фактор.
  2. Доп қабылдау-беру тиімділігін арттыру қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақытының өзгеруімен ілесе жүреді: қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде бірінші дәрежелі волейболшыларда (78 мс) жаңадан шұғылданушыларға қарағанда (48 мс) қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты анық көбірек. Тиімділік тиісінше 69% және 19% құрады. Қос қолмен астыңғы жақтан допты қабылдауды орындаған кезде өзара әрекеттесудің орташа уақыты бірінші дәрежелі спортшыларда (20 мс) жаңадан үйренушілерге қарағанда (30 мс) анық азырақ. Тиімділік тиісінше 50% және 38% құрады.
  3. Білікті волейболшыларда допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру тиімділігін арттыру мақсатында жаңа тренажер қондырғыларының жүйесі жасап шығарылды: «Лотоктар» — қос қолмен төменнен қабылдауды орындауға арналған, «Волейболшыларға арналған тренажер» — төменнен қабылдауды және қос қолмен жоғарыдан беруді орындауға арналған, «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажер» — қабылдау-берудің барлық тәсілдерін орындауға арналған.
  4. Допты қабылдау-берулерді орындаған кезде қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазасын оптималдандыруға ; дербес келуді жүзеге асыруға және шұғыл жаттығу әсерін басқаруға мүмкіндік беретін, тренажер қондырғыларын білікті волейболшыларды техникалық жетілдірудің тұтас барысында пайдаланудың әдістемесі жасап шығарылды. Осы әдістеме тренажерлерді жаттығу сабақтарының негізгі бөлімінің басында белгілі бір реттілікпен қолданылатын өзара жәрдемдесетін құралдар жүйесі ретінде пайдалануды қарастырады.
  5. Салыстырмалы педагогикалық эксперименттің нәтижелері жасап шығарылған әдістемені қолданудың жоғары тиімділігін растап берді. Эксперименттік топта қос қолмен астыңғы жақтан қабылдау-беруді орындаған кездегі тиімділік 44,7%-дан 71%-ға дейін анық артты, ал қос қолмен жоғарғы жақтан доп беруді орындаған кездегі тиімділік 36,7%-дан 46,3%-ға дейін анық артты. Бақылау тобында допты қабылдау-беруді орындау тиімділігінің нақты өзгерісі байқалмады. Эксперименттің соңында топтар арасындағы допты қабылдау-беруді орындау тиімділігі бойынша айырмашылықтар статистикалық анық бола бастады.

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР

  1. Оқу-жаттығу процесінде волейболшы қыздардың доппен өзара әрекеттесу фазасында техникалық тәсілдердің үш тобының бөліп көрсетілгенен ескеру қажет: біріншісі – тікелей шабуылдаушы соққы және жоғарыдан тік беру, екіншісі – допты қабылдау-берулер, үшіншісі – бірлі блок қою. Осы топтар топ шеңберінде дағдыларды бір тәсілдерден екіншілеріне оңды көшіруді пайдалануды ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл әр топта жаттығудың тиісті бірдей тәсілдері мен әдістерін әр топта қолдану есебінен, техникалық тәсілдерді жетілдіруге шығындалатын уақытты қысқартады. Қолдар мен доптың өзара әрекеттесу фазасында спортшылардың техникалық шеберліктерінің өсуі үшін ең маңызды көрсеткіштер болып қимылдың динамикалық сипаттамалары, оның ішінде жекелей алатын болсақ техниканы жетілдіру барысында қалыптасатын күштерді сезінуден көрінісін табатын энергетикалық және күштік сипаттамалары табылады. Сондықтан жаттығуларда волейболшы қыздардың эталонды техникасына және дербес ерекшеліктеріне адекватты, қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің күш жігерінің дәрежесі мен уақыт бөліктерін сезінуге ең көп көңіл бөлген жөн.
  2. 1 дәрежелі волейболшы қыздарда допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру үшін жаңа тренажер қондырғыларының жүйесін қолдану әдістемесі мыналарды қосады:

2.1. Тренажерлерді белгілі бір реттілікпен қолдану: 1 – «Лотоктар» «Лотоктар» — қос қолмен төменнен қабылдауды орындауға арналған.                          2 — «Волейболшыларға арналған тренажер» — төменнен қабылдауды және қос қолмен жоғарыдан беруді орындауға арналған. 3 — «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажер» — қабылдау-берудің барлық тәсілдерін орындауға арналған. Барлық тренажерларда волейболшы қыздар, техниканы өзара жетілдіруді жүзеге асыра отырып, жұптарда жаттығуға тиіс.

2.2. Бірінші тренажерде допты қабылдауды орындау максималды жылдам және дәл (биіктік және траектория бағыты бойынша) жүзеге асырылуға тиіс.

2.3. Екінші тренажерде волейболшы қыздар қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің эталонды техникасын игеруге біртіндеп әкелетін, уақыттық көрсеткіштердің белгіленген бағдарламасын сақтауға тиіс. Қос қолмен төменнен қабылдап алуға арналған уақыт аралығы 30 мс-тен аз болуға, ал қос қолмен жоғарыдан доп беруге арналған уақыт аралығы – 90 мс-тен аспауға тиіс.

2.4. Үшінші тренажерде тапсырмалардың күрделілігін доптың берілу бағыты мен траекториясы бойынша біртіндеп арттыра отырып, 12 бағдарламаны орындау, сонымен қатар доптың тордан кері серпілуінің бағытын және жылдамдығын дәл біле білуді орындау қажет.

2.5. Әр тренажерде тапсырмалар орындаған кездегі әрекеттер арасындағы интервалдар 5-10 с аспауға тиіс (А.Н.Першин бойынша, 1979).

Аталған әдістемені жаттығудың жылдық циклының даярлық және жарысқа қатысу кезеңдерінде, сабақтың негізгі бөлігінің басында 30 минут бойы қолданған жөн. 41 cабақ бірінші дәрежелі волейболшы қыздардың қос қолмен жоғарыдан доп беру мен төменнен доп қабылдауды орындау тиімділігін орташа алғанда тиісінше 9%-ға және 26%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

  1. Допты қабылдау-берудің негізгі фазасын орындаған кезде волейболшылардың техникалық даярлығының көрсеткіші болып қолдың доппен өзара әрекеттесуінің орташа уақыты (мс) қызмет ете алады.

Тәсіл

Cпорт шебері және 1 дәреже

Жаңадан үйренушілер

Қос қолмен жоғарыдан беру                               (доптың ұшу жылдамдығы 7 м/с болғанда)

Төменнен қос қолмен қабылдау                               (доптың ұшу жылдамдығы 16 м/с болғанда)

78+8

 

20+3

48+7

 

30+4

 

Бұл уақытты өлшеуге, сонымен қатар спорт шеберлері техникасын ескере, «Волейболшыларға арналған тренажерді» пайдалана отырып аталған уақыт аралықтарының сезімін қалыптастыруға болады.

  1. «Волейболшыларға арналған тренажерді» оларда осыдан асып кету қате болып есептелетін «шекті» уақыт сезімін жасап шығару мақсатында, волейболдан төрешілерді даярлаған кезде де қолдану ұсынылады. Бұл үшін «шекті» уақытты қайта қосқыш 30-90 мс диапазонда әр түрлі қалыптарға қойылады және спортшы допты қабылдау-беруді нақтылы орындаған кезде уақыт бөліктерінің жаңғыртылу дәлдігі туралы есту және көру шұғыл ақпараты қолданылады.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Агашин Ф.К. Управление теннисной ракеткой. — Теория и практика физической культуры, 1967, № I, с. 18.
  2. Агашин Ф.К. Теоретическое и экспериментальное исследова­ние управления ударными действиями теннисистов и обоснование совершенствования методики его тренировки: Автореф. дис. … канд. пед. наук — М, 1967, — 23 с.
  3. Агашин Ф.К. Биомеханика ударных движении. – М.: Физкуль­тура и спорт., 1977, — 207с. с ил.
  4. Айрапетъянц Л.Р. Динамика тренировочных и соревнователь­ных нагрузок высококвалифицированных волейболистов в годичном цикле подготовки; Автореф. дис. .. канд. пед. наук. – М., 1981. -22 с.
  5. Алиханов С.И. Исследование нападающих ударов в волейбо­ле методом акселерографии. — Теория и практика физ. культуры, 1969, №5, с. 71-73.
  6. 6. Амалин М.В. Исследование вопроса тактической подготовки волейболистов-мастеров; Автореф. дис. … канд. пед, наук, — Тар­ту, 1973. — 22 с.
  7. Амалин M.Е., Шилов О.C. Методика оценки соревнователь-
    ной деятельности в спортивных играх. Теория и практика физ.
    культуры, 1980, № 9, с. 19-22.
  8. Антонович П. Прибор для тренировки верхней передачи мяча. — Спортивные игры, 1964, № 9, с. 27.
  9. Аруин А.С, Зациорский В,М., Райцин Л.М. Биомеханические
    свойства мышц нижних конечностей. — Теория и практика физической
    культуры, 1977, №9, с. 8-I
  10. Ахмеров Э.К. Исследование приспособительной изменчиво­сти движений и совершенствование методики обучения нападающему удару в волейболе. — Автореф. дис. … канд. пед. наук. М., 1978. — 28с.
  11. Ашмарин Б.Л. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании: (пособие для студентов, аспирантов и преподавателей институтов физической культуры). – М.: Физкультура и спорт, 1978. — 223с. с ил.
  12. Бартониетц К. Биомеханический анализ ударных действии в
    некоторых: видах спорта: Автореф. дис. … канд. пед. наук. – М.,
    — 22с.
  13. Бирюков Б.В., Геллер E.С. Кибернетика в гуманитарных
    науках. – М.: Наука, 1973. — 382 с.
  14. Беляев А.В. Исследование тренировочных и соревновательных нагрузок в волейболе: Автореф. дис. … канд. пед. наук. —
    M., 1974. — 28с.
  15. Беляев Н.А. Экспериментальное исследование специальной
    выносливости волейболистов: Автореф. дис. …канд. пед. наук. —
    М., 1975. — 29с.
  16. Берг А.И. Кибернетику — на службу коммунизму. — В кн.:
    Кибернетику — на службу коммунизму. М-Л., 1961, т. I, с. 7-33.
  17. Бернштейн Н.А. Исследования по биодинамике ходьбы, бе­га, прыжка — М.: Физкультура и спорт, I940. 310 с. с ил.
  18. Бернштейн Н.А. О построении движений. — М,: Медгиз,
    — 255с. с ил.
  19. Берталанфи Л. Общая теория системы — обзор проблем и
    результатов. — Системные исследования: Ежегодник. М.: Наука,
    1969, с. 30-54.
  20. Берталанфи Л. Общая теория систем — критический обзор,
    — В кн.: Исследования по общей теории систем. – M.: 1969, с. 23-