АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике «KEGOC» АҚ-ның жағдайын талдау

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

1 АҚ «KEGOC» корпорациясының қызметіне cипаттама

 

2 «KEGOC» АҚ-ның жағдайын талдау

 

3 «KEGOC.» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау және оны бағалау

 

4 Кәсіпорынның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

 

5 «KEGOC» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       КІРІСПЕ

 

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе оқу үрдісінің  бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және өнеркәсіп салалары мен әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар үшін мамандар дайындауда маңызды элемент болып табылады.

Экономистер мен басқарушылар – бұл  әртүрлі  экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.

Өндірістік тәжірибенің шешілген мәселелері:

— нарықтық қатынастарда қызмет ету шартында кәсіпорындағы экономикалық жұмыстардың қағидалары мен әдістерін терең үйрену және зерттеу;

— студенттердің мамандық бойынша жұмыстар үшін тәжірибелік білімдерді меңгеруі;

басқару жолдары мен әдістерін зерттеу, өндіріс тиімділігін және кәсіпорын жұмысының сапасын арттыруға әсерін зерттеу;

— өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу;

— негізгі өндірістік-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді және статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау;

— талдау және жоспарлаудың алдыңғы әдістерінің негізгілері болып табылатын кейбір есептерді өз бетінше орындау;

— жеке бөлімдердің тәжірибелік жұмыстарына белсенді қатысу.

          Корпорацияның қаржы тұрақтылығын  бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрістiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор.

Кәсіпорынның  қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында  қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның  сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы  үшін кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың  маңыздылығымен анықталады.

 

 

         

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 1997ж.11 шілде.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көш., 37.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі «АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды. 2008 жылдың 13 қазанынан «Қазына» Тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингінің «қосылуы арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» құрылды. Компания миссиясы

Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Қоғам Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы бола отырып, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу қызметін көрсету, оның техникалық қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау*;
  2. техникалық диспетчерлеу бойынша қызмет көрсету, нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс режімдерін орталықтан оралымды-диспетчерлік басқару;
  3. Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің (БЭЖ) жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету;
  4. электр энергиясын реттеу және резервтеу, электр энергиясының өндіру-тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;
  5. электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету*;
  6. электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;
  7. электр қуатының оралымды резервтерінің қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және реактивтік қуатын реттеу үшін, энергия жүйесін қорексіз күйден іске қосу жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алу*;
  8. электр энергиясы теңгермелі рыногының нақты уақыт пен жүйелік және қосалқы қызметтер рыногы режіміндегі жұмысын ұйымдастыру;
  9. қатарлас жұмыс істеу режимінің тұрақтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;
  10. біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру*;
  11. Ұлттық электр торабына шығу үшін теңдес шарттарды қамтамасыз ету*;
  12. Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме рыногына қатысушыларды коммерциялық және өзге де заңмен сақталатын құпияны құратын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету;
  13. электр станцияларындағы, қосалқы станциялардағы негізгі жабдықтардың, электр жеткізу желілерінің, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің жөндеуге шығарылуын және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуді келісу;
  14. гидроэлектр станцияларының жұмыс режімдерін олардың су-шаруашылық теңгерімдері мен Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесі жұмысының режімдерін ескере отырып әзірлеуге қатысу;
  15. электр энергиясы теңгерімдерінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асыру;
  16. Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінде нормативтік электр тогы жиілігін ұстап тұру мақсатында электр энергиясының шектес мемлекеттер энергожүйелерімен ағындарының шарттасу шамаларын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме рыногы жаба алмайтын теңгерімсіздік туындаған кезде технологиялық және өндірістік мұқтаждықтарға арналған электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;
  17. қайталанатын (шунтталатын) электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялар жобалары мен құрылысын келісу.

* электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін

Компания көрсететін қызметтер табиғи монополия саласына жатады.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның  қызмет түрлерімен  айналысуға арналған  мынадай лицензиялары бар:

1) электр энергиясын  жеткізу мен бөлу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж.23.06 № 000693, (лицензия беруші – ТМРА, қолдану мерзімі – бас). Осы лицензия 2010 жылы  қайта ресімделді (электр энергиясын  жеткізу мен бөлу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.19.11 № 003382);

2) электр желілері мен  қосалқы станцияларды  пайдалану жөніндегі  қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж.21.12 № 000041-0, (лицензия беруші – ТМРА, қолдану мерзімі – бас). Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделі (электр желілері мен  қосалқы станцияларды, қысыммен жұмыс істейтін  ыдыстар мен  құбырларды пайдалану,  энергетикалық жабдықтарды, қысыммен жұмыс істейтін  ыдыстар мен құбырларды жөндеу   жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.01 № 003399);

3) сәулет, қала құрылысы және  құрылыс қызметі саласында  жұмыс  (қызмет) түрлерімен  айналысуға арналған 2006ж.07.09 № 0001816 ГСЛ,  (лицензия беруші – Астана  қалалық  мемлекеттік  сәулет-құрылысты бақылау басқармасы, қолдану мерзімі – бас);

4) энергиямен жабдықтау мақсатында  электр энергиясын сатып алу жөніндегі  қызмет түрімен айналысуға арналған 2009ж.13.07 № 000495,  (лицензия беруші – ТМРА, қолдану мерзімі — бас). Осы лицензия лицензияланатын қызмет  түрі  атауының өзгеруіне байланысты 2009 жылы қайта ресімделді (электр энергиясынн қайта  сату мақсатында  сатып алу жөніндегі  қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.19.11 № 003383 лицензия);

5) энергетикалық жабдықтарды, 0,7 кг/см2  жоғары  қысыммен жұмыс істейтін  ыдыстар мен  құбырларды жөндеу жөніндегі  қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж.31.12 № 0004059, («жөндеуге» байланысты қосымша қызмет түрлері (құрал-жабдықтардың жай-күйіне диагностика жүргізу, техникалық құрылғының жөнделуін немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру,  элементтерін ауыстыру, зақымданғандарын жөндеу, жою), (лицензия беруші – ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті) Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделді (электр желілері мен қосалқы станцияларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен  құбырларды пайдалану,  энергетикалық жабдықтарды,  қысыммен жұмыс істейтін  ыдыстар мен  құбырларды жөндеу жөніндегі  қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.01.12 003399).

 Электр желілері

  1. 01.01. күнгі жағдай бойынша «KEGOC» АҚ балансында кернеуі 0,4–1150 кВ болатын 310 электр жеткізу желісі бар.

Тізбек бойынша ұзындығы 24501,90695 шақырымды құрайды, оның ішінде:

  1. 1150 кВ — 4 дана, ұзындығы 1421,225 км;
  2. 500 кВ — 42 дана, ұзындығы 6420,0855 км;
  3. 220 кВ -203 дана, ұзындығы 15966,57245 км;
  4. 110 кВ — 34 дана, ұзындығы 558,668 км;
  5. 35–0,4 кВ — 27 дана, ұзындығы 135,356 км.

 

Орындаушы директор

 

Әкімшілік сектор

(7 бірлік)

 

Құқықтық қызмет департаменті

(14 бірлік)

 

Орындаушы директор

 

 

 

Сурет 6 — «KEGOC.KZ» АҚ ұйымдастырушылық құрылымы /35/

 

Ұйымдастырушылық құрылымының басқаруын басқарудың сызықтық құрылымына жатқызуға болады, бұл құрылымның  иерархиялық типіне жатады. Ереже бойынша, осындай құрылымды үлкен емес кәсіпорындар қолданады.

2010 жылы «KEGOC.KZ»  АҚ -гі маркетинг және менеджмент саласындағы бенчмаркетинг, яғни бизнес дамуының жаңа бағытына бет бұрды. Ол өз ісін жақсырақ және өнімдірек етіп іске асыратын тиімді әдістер мен тәсілдерді іздеуге және зерттеуге байланысты. Бенчмаркетинг бизнестің көлеміне, бизнестің саласына және оның географиялық орналасуына байланыссыз іздеуге, бағалауға және ең тиімді мысалдардан үйренуге бағытталған жүйелік қызмет болып таблады. Бұл бізді жақсырақ ететін әдістерді табу, оны зерттеу, дамыту және сол жұмыс әдістерін қолдану өнері. Кәсіпорын қызметкерлерімен әзірлеген коцепциясы мен әдістері шығындарды төмендетуге, пайданы көтеруге және қызмет стратегиясын таңдауды оптимилизациялауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің принципі жақсыдан жақсыға деген мағынаны береді. Бенчмаркетинг процесінде алынған ең күшті құрылыс фирмаларының жұмыс әдістері туралы білім «KEGOC»  АҚ кәсіпорнының дамуына және оның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті маңызды ақпарат болып табылады Кәсіпорын жұмысшылары өздерінің тұрмыс тіршілігін және еңбек жағдайын жақсарту бойынша, кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің дамуы бойынша және жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету бойынша іс шараларды талқылайды. Енді кәсіпорынның кадрлар ағымын талдап өтейік. «KEGOC»  АҚ –нің кадрлар ағымы Кесте 2-де көрсетілген.

 

 

Кесте 2

«KEGOC»  АҚ кәсіпорнының кадрлар ағымы

Атаулары

2008

жыл

2009 жыл

2010 жыл

Ауытқу, 08/09

Ауытқу, 09/10

-;+

%

+;-

%

Жыл ішіндегі қызм-ң орт. тізімдік саны (сырттан келіп жұмыс істейтіндерді қоспағанда),  адам

135

128

114

-7

-20,0

-14

-50,0

Оның ішінде әйелдердің тізімдік саны

13

11

12

-2

-66,7

1

100,0

Жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны

135

114

16

-21

-60,0

-8

-57,1

Одан жаңа жұмысқа қабылданған қызметкерлер саны

135

12

 

-33

-94,3

-2

-100,0

Жұмыстан босатылғандар

114

19

14

-5

-35,7

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

а) еңбек тәртібін бұзғаны үшін

15

13

5

-2

-40,0

б) өз еркімен

19

16

9

-3

-33,3

Кадрлар ағымы, %

150

164

50

14

28,0

*Ақпарат көзі: кадр бөлімінің ағымдық құжаттары

 

Кесте 2-ден көріп отырғанымыздай, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда орташа жұмысшылар саны 7 адамға немесе 20 пайызға кеміп отыр, ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда орташа жұмысшылар саны 14 адамға кеміп 14 адамды құрап отыр. Жұмысшылар саныныың азаюына тапсырыс берушілердің жоқтығы себеп болып отыр.

Қорыта келгенде «KEGOC» АҚ кәсіпорнының кадрлар ағымын жақсартуды қажет етіп отыр, өйткені 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14-ке өсіп 64 пайызды құрап отыр. /35/

Кәсіпорын өздерінің қаржылық ресурстарын қолдануда, қаражаттарды жұмсау мен оларды мақсатты пайдалануда максималды үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджетпен, банктермен, жабдықтаушылармен және басқа да ұйымдармен есеп айырысуды уақытында жүзеге асырады.

 

2 «KEGOC.KZ» АҚ-ның жағдайын талдау

 

Кәсіпорынның өндірістік, сату, жабдықтау және қаржылық қызметінің әртүрлі жақтарының ақшалай нысандағы бағалауын қаржылық нәтижелер көрсеткішінің жүйесінен алады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің ең негізгі көрсеткіштері «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы» №100.31. формасында көрсетілген. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • тауарды өткізуден түскен табыс;
  • тауарлардың өзіндік құны;
  • жалпы табыс;
  • кезеңнің жалпы шығындары;
  • салық салынатын табыс;
  • таза табыс.

Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.

Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған  нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            

 

Кесте 3 «KEGOC»  АҚ -нің табыстары мен шығындарын талдау

Көрсеткіштер

2008жыл

2009жыл

2010жыл

Ауытқу, 2009/2008

Ауытку, 2010/2009

Абсолют

%

Абсолют

%

1

Тауарларды өткізуден түскен табыс

57705893

61817082

104447605

4111189

7,1

42630523

68,9

2

Өткізілген тауарлардың өзіндік құны

 

45504067

94685641

45504067

 

49181574

108,0

3

Жалпы табыс (шығын)

57705893

16313015

9761964

-41392878

-71,7

-6551051

-40,1

4

Жалпы кезең шығындары, оның ішінде:

57517715

15660216

9248210

-41857499

-72,7

-6412010

-40,9

 

а) жалпы және әкімшілдік шығындар;

13273319

5298051

4633607

-7975267,8

-60,1

-664444

-12,5

 

б) өткізу бойынша шығындар;

44244396

10362165

4614603

-33882231

-76,5

-5747562

-55,4

5

Негізгі қызметтен табыс (шығын)

188178

652799

513754

464621

246,9

-139045

-21,3

6

Нег. емес қыз-н табыс

 

 

 

 

 

 

 

7

Салыққа дейінгі әдеттегі қызмет бойынша табыс

188178

652799

513754

464621

246,9

-139045

-21,3

8

Корп-к табыс салығы бойынша шығындар

56453

195840

149305

139387

246,9

-46535

-23,7

9

Салық салынудан кейінгі табыс

131725

456959

364449

325234

246,9

-92510

-20,2

10

Төтенше жағдайдан түскен табыс (шығын)

 

 

 

 

 

 

 

11

Таза табыс

131725

456959

364449

325234

246,9

-92510

-20,2

*Ақпарат көзі: «KEGOC»  АҚ-ның 2011 жылдың 1қаңтарындағы жағдаймен алғандағы кірістері мен шығындары туралы есебі

 

№ 100.31. Формасындағы мәліметтерді пайдалана  отырып кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына талдау жүргізейік. Бұл мәліметтерді екінші кестеден көре аламыз.

3-ші кестеден көріп отырғанымыздай, таза табыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 325234 теңгеге немесе 247 %-ға өсіп, 456959 теңгені құрап отырғанын көре аламыз. Ал 2010 жылды 2008 жылмен салыстырғанда керісінше 92510 теңгеге немесе 20%-ға кеміп, 364449 теңгеге тең болған.

2009 жылдың таза табысының өсуіне тауарларды өткізуден түскен табыстың 4111189 теңгеге өсуі  себеп болып отыр. 2010 жылдың таза табысының 92510 теңгеге кемуіне өткізілген тауарлардың өзіндік құнының екі есеге өсуі әсерін тигізіп отыр.

Жалпы өнімді өткізуден түскен табыс екі жылда 46740812 теңгеге өсіп 2010 жылы 104447605 теңгені құрағанын және жалпы кезең шығындарының екі жылда 9248210 теңгеге  кемуін айтып кеткен жөн. Қорыта келгенде жалпы өнімді өткізуден түскен табыс пен жалпы кезең шығындарының осындай динамиксы кәсіпорын қызметінің оң жақтарын сипаттайды.

Нарықтық қатынастар кезінде өндірістің пайдалылық (шығындылық) деңгейін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштерінің ролі үлкен. Рентабелділік көрсеткіштері қаржылық нәтижелер мен кәсіпорын қызметі тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы болып табылады. Олар кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды.

Рентабелділік көрсеткіштері бұл кәсіпорын табысы мен пайдасының негізгі қалыптасу ортасының маңызды сипаттамалары. Осы себептен олр салыстырмалы талдау мен кәсіпрынның қаржылық жағдайын бағалаудың міндетті элеементтері болып тбылады. Өндірісті талдау кезінде рентабельділік көрсеткіштері баға қалыптастырудың және инвестициялық саясаттың инструменті ретінде қолданылады.

Рентабелділіктің негізгі көрсеткіштерін келесідей топтастыруға болады:

  1. Өнімнің рентабельділігі (басқару тиімділігін бағалау көрсеткіштері);
  2. Өндірістік қорлардың рентабельділігі;
  3. Кәсіпорын салымдарының рентабельділігі (шаруашылық қызметтің пайдалылығы).

Өнім рентабельділігі өткізілген өнім бірлігіне қанша пайда келетінін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің өсуі тұрақты өндірістік шығындар кезіндегі өнім бағасының өсуіне немесе тұрақты баға кезіндегі өндірістік шығындардың төмендеуінен болады. Өнімнің рентабельділік көрсеткіштері келесі көрсеткіштерден тұрады:

  1. Жалпы рентабельділік-бұл көрсеткіш баланстық пайданың өткізуден түскен табысқа қатынасы арқылы есептелінеді.
  2. Таза пайда бойынша сатудың рентабельділігі-бұл көрсеткіш таза табыс пен өткізуден түскен табысқа қатынасы арқылы есептелінеді/21,154/.

«KEGOC»  АҚ-ның өнім рентабельділігінің көрсеткіштері Кесте 3-те есептелінген. /35/

Кесте 4-ке негізделе отырып келесідей нәтижелерге келуге болады. Жалпы рентабельділік көрсеткіші 2008 жылы 0,33-ке тең болып, 2009 жылы 1,06-ға дейін, яғни 3,2 есе көбейді. Бұл дегеніміз 2009 жылғы өткізуден түскен табыстың әрбір теңгесі орта есеппен 1 тиын баланстық пайда әкелген. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге төмендеп 0,49-ды құрап отыр.

  

 

 

 

 

 

 

Кесте 4«KEGOC»  АҚ-ғы өнімінің рентабельділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2008  жыл

2009

жыл

2010     жыл

Ауытқу 2009/2008

Ауытқу 2010/2009

Абсолют

%

Абсолют

%

1

Тауарларды (жұмыс,қызмет) өткізуден түскен табыс

57705893

61817082

104447605

4111189

7,10

42630523

68,90

2

Салыққа дейінгі әдеттегі қызмет бойынша табыс

188178

652799

513754

464621

246,90

-139045

-21,30

3

Таза табыс

131725

456959

364449

325234

246,90

-92510

-20,20

Есептік көрсеткіштер

1

Жалпы рентабельділік

0,33

1,06

0,49

0,73

223,83

-0,56

-53,42

2

Таза табыс бойынша сатудың рентабельділігі

0,23

0,74

0,35

0,51

223,83

-0,39

-52,80

*Ақпарат көзі: «KEGOC»  АҚ-ның 2011 жылдың 1қаңтарындағы жағдаймен алғандағы ақша қозғалыстары туралы есебі

 

   Таза табыс бойынша сатудың рентабельділік көрсеткіші 2009 жылы 224 %-ға өсіп 0,74 тиынды құраған. Ал 2010 жылы болса 0,39 тиынға немесе 53 %-ға төмендеп 0,35 тиынды құрап отыр. Бұл 2010 жылы 2009 жылмен салыстрғанда өнімге деген сұраныстың төмендегенінен болып отыр. Бұл  өткізілген өнімнің әрбір теңгесіне 0,35 тиын таза пайда әкелетінін көрсетеді.

Кесте 4-те көріп отырғанымыздай, өнім рентабельділігінің екі көрсеткіші де өте төмен деңгейде. Ол кәсіпорынның өндірістік шығындарының жоғары болуын және басқару тиімділігінің төмендігіне байланысты болып отыр

Кәсіпорын салымдарының рентабельділігі — бұл кәсіпорынның барлық мүлкінің қолданылу тиімділігін көрсететін рентабельділік көрсеткіші. Оның негізгі бес көрсеткіші бар:

  1. Салымның жалпы рентабельділігі. Кәсіпорын мүлкінің бір теңгесіне баланстық табыстың қандай бөлігі келетінін көрсетеді, яғни мүлікті қолданудың тиімділігі.
  2. Таза табыс бойынша салымның рентабельділігі.
  3. Меншікті капиталдың рентабельділігі инвестицияланатын жеке ресурстар көлемі және оны қолданудан түскен пайда көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
  4. Ұзақ мерзімдік қаржылық салымдардың рентабельділігі кәсіпорынның басқа ұйымдар қызметіне салынған құралдардың тиімділігін көрсетеді.
  5. Перманенттік (үздіксіз) капиталдың рентабельділігі осы кәсіпорын қызметіне ұзақ мерзімге салынған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Кәсіпорын салымдарының рентабельділігі Кесте 5-те көрсетілген.

 

Кесте 5

«KEGOC.KZ»   АҚ-ғы салымдарының рентабельділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2008жыл

2009жыл

2010жыл

Ауытқу    2009/04

Ауыткқу   2010/05

Абсолют

%

Абсолют

%

1

Баланстық табыс

188178

652799

513754

464621

246,90

-139045

-21,30

2

Таза табыс

131725

456959

364449

325234

246,90

-92510

-20,20

3     

Мүліктің орташа құны

23444443

24830294

43334826

1385851

5,91

18504532

74,52

4

Меншікті капитал

3447749

1140924

1203327

-2306825

-66,91

62403

5,47

5

Тауарларды (жұмыс,қызмет) өткізуден түскен табыс

57705893

61817082

104447605

4111189

7,10

42630523

68,90

Есептік көрсеткіштер

1

Салымның жалпы рентабельділігі.

0,80

2,63

1,19

1,83

227,54

-1,44

-54,91

2

Таза табыс бойынша салымның рентабельділігі.

0,56

1,84

0,84

1,28

227,54

-1,00

-54,30

3

Меншікті капитал рентабельділігі.

3,82

40,05

30,29

36,23

948,31

-9,76

-24,38

4

Перманенттік капитал рентабельділігі.

3,82

40,05

30,29

36,23

948,31

-9,76

-24,38

         *Ақпарат көзі: «KEGOC.KZ»  АҚ-ның 2011 жылдың 1-қаңтарындағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебі

 

Кесте 5-ке көз салсақ, салымның жалпы рентабельділігі 2009 жылы 1,83-тиынға немесе 3,3 есеге көбейіп 2,63 тиынды құрап отыр. Ал 2010 жылы болса бұл көрсеткіш 55 %-ға төмендеп 1,19 тиынға жеткен. Бұл кәсіпорын мүлкінің 1 теңгесіне 2009 жылы баланстық пайданың 2,63 тиыны келсе, ал 2010 жылы ол 1,19-тиынға дейін төмендеген. Берілген көрсеткіштердің нәтижесі осы кәсіпорын үшін төмен деңгейде болып отыр. Бұған кәсіпорын активтерін тиімді қолданбауы себеп болып отыр.

Таза пайда бойынша салымның рентабельділігі 2009 жылы 1,84 тиынға дейін, яғни 227 пайызға өскен. Ал 2010 жылы 1 тиынға немесе 55 %-ға кеміп 0,84 тиынды құрап отыр. Мұндай нәтиже 2010 жылы кәсіпорын мүлкінің әрбір теңгесіне 0,84 тиын таза табыс келіп отырғанын білдіреді.

Меншікті капитал рентабельділігі 40 тиынға өсіп, 2010 жылы 30 тиынға дейін төмендеген.  Соңғы жылдары бұл көрсеткіш бойынша нәтиже айтарлықтай жоғарылаған, яғни жеке құралдарды өндіріске инвестициялау оң нәтиже беріп отыр. Перманенттік капиталдың рентабельділігі мен оның динамикасы меншікті капитал рентабельділігіне сәйкес. Бұған ұзақ мерзімді қарыздық құралдардың жоқтығы әсер етіп отыр.

Жалпы алғанда алғашқы екі көрсеткіш төмен деңгейде болып отыр. Бұл «KEGOC»  АҚ -нің құралдар салымының тиімсіз екенін көрсетеді. Қорыта келгенде рентабельділіктің барлық көрсеткіштері төмен деңгейде болғанмен олардың динамикасында өсім қарқыны байқалады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның барлық өндірістік – шаруашылық қызметін және оның қаржылық ресурстарының қолда болуын, орналастырылуын және қолданылуын қамтып көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезіндегі негізгі формасы болып баланс табылады. Күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес қазіргі кезде баланс нетто бағасында құрылады. Баланс нәтижесі кәсіпорын иелігінде болатын құралдар соммасына ұйғарымды бағасын береді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының құрылымы мен динамикасын зерттеу салыстырмалы аналитиклық баланс арқылы ыңғайлы.

Салыстырмалы аналитикалық балансты алғашқы баланстан өздерінің құрамымен баланс баптарының экономикалық мазмұны бойынша бір тектілерді біріктіріп және оның құрылымының, динамикасының және құрылымдық динамикасының көрсеткіштерін қосымша ретінде қосу жолымен алуға болады. Аналитикалық баланс ұйымның қаржылық жағдайының статистикасы мен динамикасын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді қамтиды. Бұл баланс өзінің тігінен және көлденең талдау көрсеткіштерін қосады.

Аналитикалық баланстан кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі сипаттамаларын алуға болады. Оларға жататындар:

1.Ұйым мүлкінің жалпы құны;

2.Айналымнан тыс құралдардың немесе жылжымайтын мүліктің құны;

3.Айналым құралдарының құны;

4.Материалдық айналым құралдарының құны;

5.Кәсіпорынның жеке құралдарының құны;

6.Қарыздық құралдардың құны;

7.Айналымдағы жеке құралдардың құны/22,101-107/.

Осы қосымшадағы активтер жағдайына көз салсақ, 2008 жылы кәсіпорын активтері 3348737 теңгеге, яғни оның мүлкінің 15,4 пайызға  өскенін байқай аламыз. Мұндай өсім активтер жиынтығының 90,1 пайызын құрайтын ағымдық активтердің 6424766 теңгеге немесе 39,6 %-ға  өсуінен болып отыр. Ал ағымдық активтердің өсуіне, оның 48,8 пайызын құрайтын тауарлы – материалдық босалқы қорлардың 1635143 теңгеге немесе 17,4 пайызға өсуі және дебиторлық берешектің 4790187 теңгеге немесе 70 пайызға өсуі себеп болып отыр. 2008 жылдың басында ақшалай қаражаттар 564 теңгеден 2007 жылдың аяғына  0 теңгеге дейін азайған.

Ұзақ мерзімді активтерге келетін болсақ 2008 жылдың аяғында активтер жиынтығының 9,8 пайызын құраған. Оның 25,5 пайызын құрайтын негізгі құрал-жабдықтар (тозуды шегергенде) 5561845 теңгеден 2485816 теңгеге дейін немесе 63,3 пайызға төмендеген. Себебі ғимараттар мен құрылыс статиясы 5000000 теңгеге кеміген. Бұл құбылыс 2008 жылдың аяғында осындай статияның болмауымен сипатталады. Негізгі құрал – жабдықтардың 86,5 пайызын құрайтын басқа да негізгі құрал – жабдықтар 1480680 теңгеге немесе 162 пайызға өскен. Сонымен қатар есептік жылдың басында 0-ге тең болған машиналар мен жабдықтар, есептік жылдың аяғында 374600 теңгеге өскен. Осылардың нәтижесінде 2008 жылы ұзақ мерзімді активтер кері нәтижемен шығып отыр,  яғни 3076029 теңгеге немесе 55,3 пайызға кеміген.

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылдағы активтердің ауытқуы кері нәтиже беріп отыр, яғни олар 577035 теңгеге немесе 3 пайызға кеміген бұған себеп болған ағымдағы активтердің кемуі. Оның негізгі бөлігін құрайтын дебиторлық берешектің  7261576 теңгеге немесе 62,7%-ға  және ағымдық активтердің 48,5 пайызын құрайтын тауарлы материалдық босалқы қорлардың  669373 теңгеге немесе 6,1%-ға кемуі себеп болып отыр. Ақшалай қаражаттар есептік жылдың басында 0-ге тең болса, ал 2009 жылдың аяғында 2929 теңгеге дейін өскен.

2008 жылдың активтерінің 40,8 пайызын құрайтын негізгі құрал-жабдықтар 2008 жылмен салыстырғанда оң нәтижемен шыққан, яғни олар 7350985 теңгеге немесе 396 пайызға өскен. Себебі есептік жылдың басымен салыстырғанда ғимараттар және құрылыс статиясы 9539056 теңгеге өскен. Басқа да негізгі құралдар 1359412 теңгеге немесе 56,8 пайызға кеміген, ал машиналар мен жабдықтар статиясы өзгеріссіз.

2010 жылдың активтері 2008 және 2009 жылдармен салыстырғанда айтарлықтай оң нәтижемен шыққан. 2010 жылы активтер 37586100 теңгеге немесе 153,2 пайызға өскен. Бұл өсім кәсіпорын мүлкінің 85,4 пайызын құрайтын ағымдық активтердің барлық статияларының өсуімен сипатталады. Олардың ішінде: тауарлы-материалдық босалқы қорлар 3661564 теңгеге немесе 35 пайызға, дебиторлық берешек 33425592 теңгеге немесе 775 пайызға,  ағымдағы кезеңдердің шығындары 1167000 теңгеге және ақшалай қаражаттар 80682 теңгеге немесе 28 есе өскен.

Ал 2010 жылдағы ұзақ мерзімді активтеріне келетін болсақ 2009 жылмен салыстырғанда теріс нәтиже беріп отыр. Мұндай нәтижеге негізгі құрал-жабдықтардың 748738 теңгеге немесе 7,6 пайызға кемуі әкеліп отыр. Ал негізгі құрал жабдықтардың кемуі, оның тозуына кететін құнының 829522 теңгеге немесе 74,6 пайызға өсуімен байланысты.

Меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығын талдар болсақ, 2008 жылы кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелер жиынтығы 3448737 теңгеге немесе 15,4 пайызға өскен. Мұндай өсім ағымдағы міндеттемелердің өсуімен байланысты. Әсіресе кридиторлық қарыздың 231340 теңгеге немесе 59 пайызға өсуімен байланысты, ал салықтар бойынша қарыздар 121234 теңгеге немесе 6,3 пайызға кеміген.

Меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығындағы меншікті капиталдың үлесі 26,8 пайыздан 4,25 пайызға дейін кеміп 1067061 теңгені құрап отыр. Мұндай төмендеудің себебі кридиторлық қарыздың 59 пайызға өсуі себеп болып отыр. Оның ішінде әсіресе жабдықтаушылар мен мердігерлер бойынша міндеттемелер 12125000 теңгеден 21815000 теңгеге дейін немесе 80 пайызға өскен. 2007 жылы бөлінбеген табыс 16 пайызға өсіп 960161 теңгені құрап отыр, ол меншікті капиталдың 90 пайызын құрайды. Сонымен қатар қосымша төленген капитал 98 пайызға төмендеп 106900 теңгені құрап отыр. Мұндада себеп болып кредиторлық қарыздың өсуі болып табылады.

Меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығының 2008 жылғы ауытқуы 2008 жылмен салыстырғанда теріс екенін көре аламыз. Оның ауытқуы –577035 теңгеге тең, яғни 2,3 пайызға кеміген. Оған меншікті капитал жиынтығының 95 пайызын құраған ағымдағы міндеттемелердің 724760 теңгеге немесе 3,1 пайызға төмендегені себеп болып отыр.

Ағымдық міндеттемелер құрамындағы салықтар боынша қарыздар статиясынан басқа статиялар теріс нәтижемен шыққан. Олардың ішінде: кредиторлық қарыз 1120784 теңгеге немесе 5,1 пайызға төмендеген, ал салықтар бойынша қарыздар 395994 теңгеге өскен.

2009 жылы меншікті капитал 1067061 теңгеден 1214786 теңгеге немесе 13,8 пайызға өскен. Мұндай жағдайға бөлінбеген табыстың 182125 теңгеге немесе 19 пайызға өсуі және баланста жарғылық капитал статиясының пайда болуы себеп болып отыр. Мұндай статияның есептік жылдың аяғындағы құны 72500 теңгеге тең, ал қосымша төленген капитал болса 106900 теңгеден 0-ге дейін кеміп отыр.

Баланс өтімділігін талдау мақсаты кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалай қажеттілігімен байланысты туындайды, яғни уақытылы және толық мөлшерде өздерінің барлық міндеттемелері бойынша есеп айырылыса алу мүмкіншілігі. Баланс өтімділігін талдау активтер бойынша құралдарды пассив бойынша міндеттемелерімен салыстыруға негізделген. Баланс өтімділігін талдау кесте 6 келтірілген. /35/

Меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығы 2010 жылы 37586100 теңгеге өскен. Мұның өсуіне ағымдағы міндеттемелердің 23326990 теңгеден 6093609 теңгеге немесе 61 пайызға себеп болып отыр. Ағымдағы міндеттемелер құрамының 79,6 пайызын құрайтын қарыз 27378817 теңгеге өсуі және қысқа мерзімді статиясы бойынша 11150349 теңгенің пайда болуы ағымдағы активтердің көбеюіне септігін тигізіп отыр, ал салықтар бойынша қарыздар керісінше кеміген.

 

 

 

 

Кесте 6                                  

Баланс өтімділігін талдау

Активтер

басы

аяғы

Меншікті капитал және міндеттемелер

басы

аяғы

Ауытқу, +;-

басы

аяғы

2007

1. Ең өтімді активтер

564

 

1. Ең асығыс міндеттемелер(П1)

15941638

24051750

-15941074

-24051750

2. Тез жүзеге асатын активтер

6782363

11572550

2. Қысқа мерзімдік пассивтер(П2)

 

 

6782363

11572550

3. Жәй жүзеге асатын активтер

9425302

11060445

3. Ұзақ мерзімдік пассивтер(П3)

 

 

9425302

11060445

4. Қиын жүзеге асатын активтер

5561845

2485816

4. Тұрақты пассивтер(П4)

5828436

1067061

-266591

1418755

Баланс

21770074

25118811

Баланс

21770074

25118811

 

 

2008

1. Ең өтімді активтер

 

2929

1. тез           міндетт-р (П1)

24051750

23326990

-24051750

-23324061

2. Тез жүзеге асатын активтер

11572550

4310974

2. Қысқа мерз-к пассивтер(П2)

 

 

11572550

4310974

3. Жай жүзеге асатын активтер

11060445

10391072

3. Ұзақ мерзімдік пассивтер(П3)

 

 

11060445

10391072

4. Қиын жүзеге асатын активтер

2485816

9836801

4. Тұрақты пассивтер(П4)

1067061

1214786

1418755

8622015

Баланс

25118811

24541776

Баланс

25118811

24541776

 

 

2009

1. Ең өтімді активтер

2929

83611

1. Ең асығыс  міндеттемелер(П1)

23326990

49785660

-23324061

-49702049

2. Тез жүзеге асатын активтер

4310974

37736566

2. Қысқа мерзімдік пассивтер(П2)

 

11150349

4310974

26586217

3. Жай жүзеге асатын активтер

10391072

15219636

3. Ұзақ мерзімдік пассивтер(П3)

 

 

10391072

15219636

4. Қиын жүзеге асатын активтер

9836801

9088063

4. Тұрақты пассивтер(П4)

1214786

1191867

8622015

7896196

Баланс

24541776

62127876

Баланс

24541776

62127876

 

 

 

2010 жылғы меншікті капитал 22919 теңгеге немесе 1,9 пайызға кеміп, меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығының 2 пайызын құрап отыр. Мұндай жағдайға бөлінбеген табыстың 22919 теңгеге кемуі себеп болып отыр, ал меншікті капиталдың басқа статияларында өзгеріс жоқ.

Баланс өтімділігі ұйымның активтерімен оның міндеттемелері мен жабылу деңгейімен анықталады. Оның ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келеді. Баланс өтімділігінен ақша құралдарына айналу үшін қажет уақыттың көлемі ретінде анықталатын активтердің өтімділігін ажырату қажет. Берілген активтер түрі ақшаға айналу үшін қажетті уақыт аз болған сайын, оның өтімділігі жоғары болады/23,70/.

Егер баланста келесі арақатынастар орын алса онда ол абсолютті өтімді болып саналады.

Төменде келтірілген арақатынастарға көңіл бөлсек «KEGOC»  АҚ  кәсіпорын балансының өтімділігі жеткіліксіз деп санауға болады.  А1 және П1 нәтижелерін салыстыру ағымдағы төлемдер мен түсімдердің қатынасын көрсетеді. Берілген кәсіпорында мұндай салыстыру абсолютті өтімді балансының шартына сәйкес келмейді, яғни жақын арада кәсіпорын өзінің төлем қабілеттілік жағдайын жақсарта ала алмайды.

 

Кесте 7.                           

Баланс өтімділігін талдау

АӨБ.

2008 жыл.

2009 жыл.

2010 жыл.

А1  П1

А1 < П1

А1 < П1

А1 < П1

А1 < П1

А1 < П1

А1 < П1

А2  П2

А2 > П2

А2 > П2

А2 > П2

А2 > П2

А2 > П2

А2 > П2

А3   П3

А3 > П3

А3 > П3

А3 > П3

А3 > П3

А3 > П3

А3 > П3

А4  П4

А4 < П4

А4 > П4

А4 > П4

А4 > П4

А4 > П4

А4 > П4

 

Өйткені, 2008 жылдың басындағы ең өтімді активтердің жетіспеушілігі  -15941074 теңгеден 3 жыл ішінде  — 49702029 теңгеге дейін өскен. Кәсіпорынның А4 және П4 көрсеткіштерінің қатынасы да абсолютті өтімді баланс шартына сәйкес келмейді.

Жоғарыдағы схема бойынша баланстың өтімділігін жуық нәтиже болып табылады. Төлем қабілеттілікті нақтырақ, әбден талдау қаржылық коэффиценттер арқылы жүзеге асырылады, біз оны толығырақ артынан қарастырамыз.

Айналымдылық коэффиценті өткізуден түскен түсімнің айналым құралдарының орташа құнына қатынасы арқылы, есептік кезеңдегі талданатын құралдардың айналым санын көрсетеді.

Айналым уақыты бір айналымның орташа ұзақтылығын күнмен көрсетеді. Ол құралдардың орташа құнының өткізуден түскен түсімге қатынасы мен талданатын кезеңдегі календарлық күннің санына көбейту арқылы есептелінеді. Айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштері Кесте 8-де келтірілген.

 

Кесте 8               

Айналым құралдарының айналымдылық коэффиценттері,

2008-2010 ж.ж

 

Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Ауытқу,%

2009/2008

2010/2009

1

Материалдық айналым құралдарының орташа құны, мың тг

10242,8

10725,7

12221,8

4,7

13,9

2

Дебиторлық берешектің орташа құны, мың тг

9177,4

7941,7

21023,7

-13,5

164,7

3

Айналым құралдарының орташа құны, мың тг

19420,6

18668,9

33872,3

-3,9

81,4

4

Тауарды(жұмыс пен қызметті) сатудан түскен табыс, мың тг

57705,8

61817,1

104447,6

7,1

69,0

Есептелінген көрсеткіштер

5

Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффиценті

5,6

5,8

8,5

2,3

48,3

6

Материалдық айналым құралдарының айналым уақыты, күн

64,8

63,3

42,7

-2,2

-32,6

7

Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффиценті

6,3

7,8

5,0

23,8

-36,2

8

Дебиторлық берешектің айналым уақыты, күн

58,0

46,9

73,5

-19,2

56,7

9

Айналым құралдарының айналымдылық коэффиценті

3,0

3,3

3,1

11,4

-6,9

10

Айналым құралдарының айналым уақыты, күн

122,8

110,2

118,4

-10,3

7,4

               

*Ақпарат көзі: «KEGOC»  АҚ-ның үш жылдық кірістері мен шығындары туралы есебі.

 

Кесте 7-нің талдауынан материалдық айналым құралдарының орташа құны 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 4,7 пайызға, ал 2010/05 ж.ж. ауытқу 13,9 пайызға өскенін көреміз. Бұл материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффицентінің сәйкес әр жылы 2,3 және 48,3 пайызға өзгеруіне әкелді. Сондай — ақ, осы кестенің талдауынан есептелінген көрсеткіштердің өсімін және азаюын байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

3 «KEGOC» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау және оны бағалау

 

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның шаруашылық қызметі және оның дамуы өзін-өзі қаржыландыру арқылы, ал жеке қаржылық ресурстардың жеткіліксіз болған жағдайда қарыздық құралдар арқылы жүзеге асады. Мұндай жағдайларда кәсіпорынның негізгі аналитикалық мінездемесі — оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады.

Қаржылық тұрақтылық бұл тұрақты төлем қабілеттілікті қамтамасыз ететін кәсіпорын шоттарының белгілі бір жағдайы. Белгілі бір шаруашылық операцияларының жүзеге асырылу нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгермей қалуы немесе нашарлауы немесе жақсарылуы мүмкін.

Күнделікті жасалатын шаруашылық операцияларының ағымы тұрақтылықтың бір типіне екіншісіне ауысуының себебі болып табылатын қаржылық тұрақтылықтың түрткісі секілді. Негізгі қорларға немесе өндірістік қорларға капитал салымдарын өтеу үшін құралдар көздерінің өзгеруінің шекті шегарасын білу кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруына және оның тұрақтылығына алып келетін шаруашылық операциялардың ағымын басқаруға мүмкіндік береді.

Қаржылық тұрақтылықты талдаудың міндеті активтер мен пассивтердің  құрылымы мен көлемін бағалау болып табылады. Бұл мынадай сұрақтарға жауап беру үшін қажет: қаншалықты ұйым қаржылық жағынан тәуелсіз, сонымен қатар бұл тәуелсіздік деңгейі төмендеп жатыр ма, әлде көтеріліп жатыр ма және оның активтері мен пассивтерінің жағдайы қаржылық – шаруашылық қызметтің мақсаттарына сай келе ме.

Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықты талдаудың әр түрлі әдістемелері қолданылады. Абсолюттік көрсеткіштер көмегімен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдайық. Қаржылық тұрақтылықты жинап көрсететін көрсеткіш болып құралдар көздерінің көлемі және қорлар мен шығындар көлемі арасындағы айырма түрінде анықталатын қорлар мен шығындардың құрылуы үшін қажет құралдар көздерінің артықшылығы немесе кемшілігі табылады.

Қорлар мен шығындардың құрылу көздерін сипаттау үшін әр түрлі көздер түрін көрсететін бірнеше көрсеткіштер қолданылады:

  • Жеке айналым құралдары;
  • Қорлар мен шығындардың құрылуының жеке және ұзақ мерзімдік қарыздық көздері немесе қызмет ететін капитал;
  • Құралдар мен шығындардың құрылу көздерінің жалпы көлемі.

Қаржылық ситуация түрінің үш компоненттік көрсеткіші Кесте 9-да көрсетілген.

 «KEGOC»  АҚ-ның қаржылық ситуациясының үш компоненттік көрсеткіші 2008, 2009 және 2010 жылдары S=0 тең. Нәтижесінде есептік кезеңнің басы мен аяғындағы қаржылық тұрақтылықты дағдарыстық деп есептеуге болады.

Кесте 9

Кәсіпорын қаражаттарының тұрақтылығын бағалау

Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

басы

соңы

басы

соңы

басы

соңы

1. Жалпы қорлар мен шығындар көлемі

9425302

11060445

11060445

10391072

10391072

15219636

2. Жеке айналым құрал жабдықтары

266591

-1418755

-1418755

-8622015

-8622015

-7896196

3. Қызмет ететін капитал

266591

-1418755

-1418755

-8622015

-8622015

-7896196

4.Қорлар мен шығындардың құрылу көздерінің жалпы көлемі

266591

-1418755

-1418755

-8622015

-8622015

3254153

 

1. Қж=ЖАҚ-ҚШ

-9158711

-12479200

-12479200

-19013087

-19013087

-23115832

 

2. Қт=ҚК-ҚШ

-9158711

-12479200

-12479200

-19013087

-19013087

-23115832

 

3. Қн=ҚШҚК-ҚШ

-9158711

-12479200

-12479200

-19013087

-19013087

-11965483

*Ақпарат көзі: «KEGOC»  АҚ-ның үш жылдық ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі

 

Үш компоненттік көрсеткіш кері нәтиже бергеннен кейін қаржылық тұрақтылықты талдау үшін салыстырмалы көрсеткіштерді қолданған жөн.

Тәуелсіздік кооэффиценті (меншікті капитал / меншікті капитал және міндеттемелер жиынтығы) 2008 жылдың басында ұсынылған нормадан әлде қайда төмен яғни 0,26. Бұл коэффицент кәсіпорын құралдарының жалпы соммасы ішінен жеке құралдар үлесінің төмен екендігін, яғни оның қаржылық тәуелділігі бар екендігін білдіреді. Бұл коэффицент 2008 жылдың аяғынан бастап 2010 жылдың басына дейін 0,49 көтерілген. Мұндай көтеріліс ұсынылған нормаға жақын болып отыр, бірақ тәуелсіздік коэффиценті 2010 жылдың аяғында 69 пайызға төмендеп 0,2 құрап отыр. Бұл көрсеткіш ұсынылған нормадан әлде қайда төмен мұндай көрсеткіш жеке құралдарға қарағанда қарыздық құралдардың көптігін біліреді. Қорыта келгенде, «Астанабайланысқұрылыс–1» АҚ-ның тәуелсіздік коэффиценті қанағаттанарлықсыз денгейде, яғни оның қарыздық құралдарға тәуелді екендігін көруге болады.

2008 жылы жеке және қарыздық құралдар қатынасының коэффиценті ((ұзақ мерзімдік міндеттемелер + ағымдағы міндеттемелер) / меншікті капитал) сегіз есе өсіп 22,5 құрап отыр, бұл дегеніміз кәсіпорынның жеке құралдар активтеріне салынған 1 теңгеге 22 теңге 50 тиын қарыздық құралдарды тартқанын көрсетеді. Ал 2009 жылы 15 пайызға төмендеп 19 теңге 20 тиынды құрап отыр. 2009 жылы бұл коэффиценттің құны 51 теңге 10 тиынға жетті, яғни бұл коэффицент ұсынылған нормадан 51 есе үлкен. Бұл көрсеткіштің мұндай қарқыны ағымдағы міндеттемелердің өсу себебінен болып отыр. Қарыздық құралдар өсуінің осындай тенденциясы «KEGOC.KZ»  АҚ кәсіпорнының тартылған құралдарға деген тәуелділігі бар екендігін білдіреді.

Жеке құралдардың маневрлік коэффиценті ((меншікті капитал -ұзақ мерзімдік активтер) / меншікті капитал) 2008 жылдың басында 0,045 тең болып, 3 жылда –6,6 дейін төмендеген. Ұсынылған 0,1 нормасы бойынша бұл коэффицент әлде қайда төмен. Мұндай көрсеткіш жеке құралдарды қолданудың өте төмен жинақылығының деңгейін сипаттайды.

Жеке құралдар мен қамтамасыз ету коэффиценті (меншікті капитал – ұзақ мерзімдік активтер) / ағымдағы активтер) 2008 жылдың басында 0,016 тең болып, үш жылда – 0,14 дейін төмендеген, ұсынылған 0,1 нормасы бойынша бұл коэффицент төмен болып отыр. Бұл коэффиценттің нәтижесі жеке құралдар есебінен алынған жеке айналым құралдар үлесінің төмен екендігін және кәсіпорынның тәуелсіз қызмет етуіне кедергі болатындығын көрсетеді.

Кәсіпорын мүлкінің құрамындағы негізгі құрал жабдықтар және материалдық айналым құрал жабдықтардың нақты құнының коэффиценті (негізгі құрал жабдықтар + материалдар + аяқталмаған өндіріс) / меншікті капитал және міндеттемелер)2008 жылы 0,68 ден 0,54 ке дейін немесе 20,5 пайызға төмендеген, ал 2009 жылы болса 51 пайызға өсіп 0,82 құрап отыр. 2010 жылы бұл коэффицент 0,37 ге дейін төмендеп кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Өйткені кәсіпорын мүлкінің жалпы соммасы ішінен өндірістік бағыттағы мүлік тек 37 пайызды ғана құрап отыр.

Кәсіпорын мүлкінің құрамындағы негізгі құрал жабдықтардың нақты құнының коэффицентін ( негізгі құрал  жабдықтар / меншікті капитал және міндеттемелер) 3 жылда 0,25 тен 0,15 ке дейін төмендеп отыр. Мұндай тенденция кәсіпорын мүлкінің жалпы соммасы ішіндегі негізгі құралдардың өте аз мөлшерде екенін көрсетіп отыр.

Кесте 10-да «KEGOC»  АҚ балансы мәліметтерінің нәтижесінен төлем қабілеттілікті сипаттайтын коэффиценттер мағынасы мынадай: абсолютті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның жақын арада ақша құралдары есебінен қысқа мерзімдік қарыздардың қандай бөлігін нақты өтей алатындығын көрсетеді.

Енді кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалауға көшелік.

Кәсіпорын өтімділігі дегеніміз бұл қарызға алынған қаражаттарды уақытылы қайтара алу мүмкіндігі немесе айналым құралдардың қалыпты қаржылық шаруашылық қызметіне қажет қолма-қол ақшаға айнала алу қабілеті /25, 23-25 бб/.

Кесте 10

«KEGOC»  АҚ -ның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

Норма

2008 жыл

Ауытқу, %

2009 жыл

Ауытқу, %

2010 жыл

Ауытқу,

%

басы

аяғы

басы

Аяғы

басы

аяғы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Тәуелсіздік коэффиценті

³0,5

0,26

0,42

61,5

0,42

0,49

16,7

0,49

0,2

-59,2

Жеке және қарыздық құралдар қатынасының коэффиценті

£1

2,7

22,5

733,3

22,5

19,2

-14,7

19,2

51,1

166,1

Жеке құралдардың маневрлік коэффиценті

³0,1

0,045

-1,3

-2988,9

-1,3

-7

438,5

-7

-6,6

-5,7

Жеке құралдармен қамтамасыз ету коэффиценті

³0,1

0,016

-0,062

-487,5

-0,062

-0,58

835,5

-0,58

-0,14

-75,9

Негізгі қаржылар және материалдық айналым қаржылардың нақты құнының коэффиценті

³0,5

0,68

0,54

-20,6

0,54

0,82

51,9

0,82

0,37

-54,9

Негізгі қаржылардың  нақты құнының коэффиценті

=>0,5

0,25

0,098

-60,8

0,098

0,4

308,2

0,4

0,15

-62,5

*Ақпарат көзі: «KEGOC»  АҚ-ның үш жылдық ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі

 

Баланс өтімділігін кешенді бағалау үшін кестеде көрсетілген формула арқылы өтімділіктің жалпы көрсеткішін қолдану қажет. Осы көрсеткіштің көмегімен өтімділік жағынан ұйымдағы қаржылық жағдайдың өзгеруін бағалау жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш бірнеше әлеуетті серіктестер арасынан ең сенімді серіктесті таңдауда қолданылады.

Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек қана ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын сипаттап қоймай, сонымен қатар аналитикалық ақпараттың әр түрлі сыртқы қолданушыларының қызығушылықтарына жауап береді. Мысалы шикізат пен материалдардың жабдықтаушылары абсолютті өтімділік коэффицентіне көбірек көңіл бөледі. Ал кәсіпорын акцияларын сатып алушылары мен иегерлері көбінесе ағымдық өтімділік коэффицент арқылы оның төлем қабілеттілігін бағалайды.

 

Кесте 11.

Кәсіпорының төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер атауы

Есептеу әдісі

Норма

2008 жыл

ауыт-қу

2009 жыл

ауыт-қу

2010 жыл

ауытқу

басы

аяғы

басы

аяғы

басы

аяғы

1.Өтімділіктін жалпы көрсеткіштер.

L1=(A1 + ½ A2 + 0.3 A3) / (П1 + ½ П2 + П3)

≥1

0,39

0,49

0,1

0,49

0,31

-0,18

0,31

0,76

0,45

2. Абсолютті өтімділік коэффиценті

L2=A1 / (П1 + П2)

≥0,2; 0,7

 

 

0

 

 

0

 

0,0015

0,0015

3. Өтеудің аралық коэффиценті

L3=(дебиторлық берешек + ақшалай қаражаттар + қысқа мерз-к қарж-қ инвес-р) /  (П1 + П2)

≥0,7

0,43

0,48

0,05

0,48

0,18

-0,3

0,18

0,62

0,44

4. Өтеудің жалпы ағымдық коэффиценті

L4=(ағымдағы активтер – ағымдағы кезең шығындары) / (П1 + П2)

≥2

1,01

0,94

-0,07

0,94

0,63

-0,31

0,63

0,85

0,22

5. Ағымдық өтімділік коэффиценті

L5=ағымдағы активтер / (ағымдағы мін-р – болашақтағы табыс – тұтыну қоры -б олашақ төлемдер қоры)

≥2

1,01

0,94

-0,07

0,94

0,63

-0,31

0,63

0,87

0,24

6. Жеке айн.құр-н қамтамасыз ету коэффиценті

L6=(меншікті капитал – ұзақ мерзімдік активтер) / ағымдағы активтер

≥0,1

0,016

 

-0,016

 

0,082

0,082

0,082

 

-0,082

7. Төлем қабілеттілікті  қалпына келтіру  коэффиценті

L7=((L5аяғы+6/12(L5аяғы – L5басы)) /         (L5 НОРМА(=2))

≥1

 

0,45

 

 

0,24

 

 

0,5

 

*Ақпарат көзі: «KEGOC»  АҚ-ның үш жылдық ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі

 

Кесте 11-ның талдауы «KEGOC»  АҚ  кәсіпорнының абсолюттік өтімділік коэффиценті  2008 жылдың басында 0,00035 құрап 2010 жылдың аяғына дейін 0,0015-ке дейін жеткенін көрсетеді. Ұсынылған нормасы 0,2-0,7 нормасы бойынша  бұл коэффицент әлдеқайда төмен болып отыр, яғни қажетті 20 % түгіл, ақша қаражаттары есебінен қысқа мерзімдік міндеттемелердің 1%-ында өтей алмаймыз.

Абсолюттік өтімділік коэффицентінің осындай тенденциясы жабдықтаушылар мен мердігерлер жағынан осы кәсіпорынға деген сенімсіздікті көрсетеді. Өйткені жабдықтаушылар мен мердігерлер бойынша қарыз кредиторлық қарыздың 98 %-ын құрайды.

Өтеудің аралық коэффиценті – бұл дебиторлармен есеп айырысу уақытында жүргізілген жағдайдағы кәсіпорынның болжанған төлем қабілеттілік мүмкіндігі. Өтеудің аралық коэффиценті 2008 жылы 0,43-тен 0,48-ге өскен. Бұған 2008 жылдағы дебиторлық берешектің 70 %-ға    өсуі себеп болып отыр. 2008 жылы бұл коэффицент 0,3-ке төмендеп 0,18-ді құрады.  Бірақ 2010 жылдың аяғында өтеудің аралық коэффиценті 0,62-ге дейін жетіп, ұсынылған 0,7 норманың 89 %-ын құрады. Яғни, егер, дебиторлық қарыздар төленген болса, онда «KEGOC»  АҚ  кәсіпорны өздерінің міндеттемелерінің 62 %-ын ғана өтей алады. Бірақ бұл коэффиценттің нәтижесі болжамды болып табылады. Өйткені қай уақытта және қандай мөлшерде дебиторлар өздерінің міндеттемелері бойынша есептесетіні белгісіз. 2009 жылдың аяғындағы мұндай көрсеткішті қанағаттанарлықсыз деп есептеуге болады. Өйткені бұл жағдайдың өзі одан әрі нашарлауы мүмкін. Себебі оған дебиторлық қарыздардың мерзімі, дебиторлардың төлем қабілеттілігі және банктерден құжат айналымының жылдамдығы сияқты факторлар әсер етеді.

Өтеудің жалпы ағымдық коэффиценті. Бұл көрсеткіш тек қана дебиторлармен уақытында есеп айырысу негізінде ғана емес, сонымен қатар қажет болған жағдайда басқа да материалдық айналым құралдарының элементтерін сату негізінде кәсіпорынның төлем қабілеттілік мүмкіндігін көрсетеді. Өтеудің жалпы ағымдық коэффиценті 2010 жылдың басында 1,01 болды. Үш жылда 0,85-ке дейін төмендеді. Мұндай нәтиже берілген 2 нормадан 2,35 есеге төмен. Бұл көрсеткіштің мағынасы мынада: егер кәсіпорын өздерінің барлық ағымдағы активтерін міндеттемелерін өтеуге жұмсаса, онда ол тек қана оның 87 %-ын ғана жаба алады. Мұндай тенденция кәсіпорын төлем қабілеттілігінің қанағаттанарлықсыз екендігін көрсетеді.

Ағымдық өтемділік коэффиценті. Кәсіпорынның айналым құралдарымен жалпы қамтмасыз етілгенін сипаттайды. Ағымдық өтемділік коэффиценті 2008-ші жылдың басында 1,01 ден 2009 жылдың аяғында 0,63-ке дейін төмендеген, ал 2010 жылдың аяғында 0,87 дейін өсті. Бұл көрсеткіштің мұндай нәтижесі қажет нормадан 2,3 есеге төмен екендігін, яғни бұл кәсіпорынның айналым құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмегенін көрсетеді.

Жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілу коэффиценті. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті жеке айналым құралдарының барын сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілу коэффиценті 2008 жылдың басында 0,016-ға тең болды, яғни белгіленген нормадан 6 есеге кем. 2009 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 0,082-ні құрап, белгіленген нормаға біршама жақындап қалды. Ал 2008 жылдың аяғымен 2010 жылдың аяғында бұл көрсеткіштің нәтижесі 0-ден төмен болған. Мұндай тенденция кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті жеке айналым құралдарының жеткіліксіз деңгейде қамтамасыз етілгенін дәлелдеп отыр.  /35/

 

 

4 Кәсіпорынның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

 

Жоғарыда айтылып өткен көрсеткіштердің барлығы белгіленген нормадан төмен деңгейде болып отыр. Жалпы, «KEGOC»  АҚ-ның  төлем қабілеттілігі туралы қорытындыны өтімділіктің жалпы көрсеткіші арқылы беруге болады. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші кәсіпорындағы қаржылық ситуацияның өзгеруін бағалауды жүргізеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың құнын құру барысында жүргізіледі. /9, 220 б/

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестелер  құрылады.

 

Кесте 12.

«KEGOC» АҚ-ның активтінің құрамы мен құрылымы, 2009ж.

 

Көрсеткіштер

01.01.2008ж.

01.01.2009ж.

Ауытқулар

Мың теңге

% үлесі

Мың теңге

% үле-

сі

(+,-)

мың теңге

% үлесі

1.Ұзақ мерзімді активтер

41473441

56,8

63188494

64,3

21715053

152,3

2. Ағымдағы активтер

31669070

43,2

34954383

35,7

3285313

110,3

2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары

211491

0,2

3951540

4,0

3740049

1868,4

2.2.Дебиторлық қарыздар

10319489

14,1

6242322

6,3

-4077167

60,4

2.3.Тауарлы-материалдық қорлар

6937076

9,4

6026349

6,1

-910727

86,8

Барлық активтер

73142511

100

98142877

100

25000366

134,6

*Ақпарат көзі– 2010 жылдағы аралығында «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық есептемесінен алынды.

 

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2009 жылы 01.01.2008 жылға қарағанда 25000366 мың теңгеге немесе 1,341 есе артқандығын көруге болады. Активтердің өсімі ұзақ мерзімді активтердің активтегі үлес салмағының 56,8%-дан 64,3%-ға дейін жоғарылауынан болған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен және өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

 

 

Кесте 13.

«KEGOC» АҚ-ның активтінің құрамы мен құрылымы, 2009ж.

Көрсеткіштер

01.01.2009ж.

01.01.2010ж.

Ауытқулар

Мың теңге

% үлесі

Мың теңге

% үле-

сі

(+,-)

мың теңге

% үлесі

1.Ұзақ мерзімді активтер

63188494

64,3

84535234

71,3

21346740

133,7

2. Ағымдағы активтер

34954383

35,7

33863540

28,7

1090843

96,8

2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары

3951540

4,0

14649246

12,3

10697706

370,7

2.2.Дебиторлық қарыздар

6242322

6,3

6930149

5,8

687827

111,0

2.3.Тауарлы-материалдық қорлар

6026349

6,1

5247679

4,4

-778670

87,0

Барлық активтер

98142877

100

118398774

100

20255897

120,6

*Ақпарат көзі – 2011 жылдағы аралығында «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық есептемесінен алынды.

 

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2010 жылы 01.01.2009 жылға қарағанда 20255897 мың теңгеге немесе 1,206 есе артқандығын көруге болады. Активтердің өсімі ұзақ мерзімді активтердің активтегі үлес салмағының 64,3%-дан 71,3%-ға дейін жоғарылауынан болған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен және өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

 

Кесте 14.

«KEGOC» АҚ-ның активтінің құрамы мен құрылымы, 2010ж.

 

Көрсеткіштер

01.01.2010ж.

01.01.2011ж.

Ауытқулар

Мың теңге

% үлесі

Мың теңге

% үле-

сі

(+,-)

мың теңге

% үлесі

1.Ұзақ мерзімді активтер

84535234

71,3

134099971

77,2

49564737

158,6

2. Ағымдағы активтер

33863540

28,7

39596600

22,8

5733060

116,9

2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары

14649246

12,3

4212277

2,4

-10436969

28,7

2.2.Дебиторлық қарыздар

6930149

5,8

8048172

4,6

1118023

116,1

1

2

3

4

5

6

7

2.3.Тауарлы-материалдық қорлар

5247679

4,4

4785406

2,7

-462273

91,1

Барлық активтер

118398774

100

173696571

100

55297797

146,7

*Ақпарат көзі – 2011 жылдағы аралығында «KEGOC.KZ» АҚ-ның  қаржылық есептемесінен алынды.

 

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2011 жылы 01.01.2010 жылға қарағанда 55297797 мың теңгеге немесе 1,467 есе артқандығын көруге болады. Активтердің өсімі ұзақ мерзімді активтердің активтегі үлес салмағының 71,3%-дан 77,2%-ға дейін жоғарылауынан болған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен және өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті 2010 жылы өткен 2009 жылмен салыстырғанда 55297797 мың теңгеге немесе 146,7%-ға артатындығын көруге болады. 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 75553694 мың теңгеге немесе 176,9 %-ға артатындығын көруге болады. Кәсіпорын активтерінің 2008-2010 жыдар аралығында жоғарылауы ұзақ мерзімді активтердің сәйкесінше 158,6 және 212,2 пайыздарға жоғарлау себебінен пайда болған. Сонымен қатар дебиторлық қарыз сомасы да 116,1 және 128,9 пайызға жоғарылаған. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің ұлғаюы оның өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсетеді.

Сонымен кәсіпорынның  балансында талданушы мерзім аяғына қарай ұзақ мерзімді активтер үлесі жоғарылап, ағымдағы активтер үлесінің  төмендеуін көреміз. Активтегі ағымдағы активтердің үлесінің төмендеуіне қарамастан ағымдағы активтердің сомасының жоғарылауы байқалады. «KEGOC.KZ» АҚ-ның ағымдағы активтерінің өсіміне әсер етуші факторларды 15 кесте мәліметтерінен анықтауға болады.

 

Кесте 15.

«KEGOC.KZ» АҚ-ның активтерінің құрамының

2008-2010 жылдардағы өзгерісі

Көрсеткіштер

2008ж.

2009ж

2010ж.

2010 ж. өзгерісі, салыстыру,%

2008ж

2009ж

1.Ұзақ мерзімді активтер

63188494

84535234

134099971

212,2

158,6

2. Ағымдағы активтер

34954383

33863540

39596600

113,2

116,9

2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары

3951540

14649246

4212277

106,5

28,7

2.2.Дебиторлық қарыздар

6242322

6930149

8048172

128,9

116,1

2.3.Тауарлы-материалдық қорлар

6026349

5247679

4785406

79,4

91,1

Барлық активтер

98142877

118398774

173696571

176,9

146,7

Ақпарат көзі – 2008-2010 жылдар аралығындағы «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық есептемесінен алынды.

 

2010 жылы «KEGOC» АҚ- ның ағымдағы активтерінің 5733060 мың теңге сомасында жоғарылауына келесі факторлар әсер еткен:

— таза табыстың 18821294 мың теңгеге жоғарылауы;

— несие бойынша міндеттемелердің 514,4 мың теңгеге жоғарылауы;

— несиелік қарыздардың 6738006 мың теңгеге жоғарылауы.

2009 жылы «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы активтерінің 1090843 мың теңге сомасында жоғарылауына келесі факторлар әсер еткен:

-таза табыстың  9859162 мың теңгеге жоғарылауы;

-несие бойынша міндеттемелердің 7922056 мың теңгеге  несиелік қарыздар сомасының 2015378 мың теңгеге жоғарылауы оң әсерін тигізген. 

   2008 жылы «интергаз Орталық Азия» АҚ- ның ағымдағы активтерінің 3285313 мың теңге сомада жоғарылаған. Ағымдағы активтердің ұлғаюы келесі факторлар әсер еткен:

   -таза табыстың 12273411 мың теңгеге ұлғаюы;

   — несие бойынша міндеттемелердің 21038495 мың теңгеге жоғарылауы оң әсерін тигізген.

 

Кесте 16.

«KEGOC» АҚ-ның  ағымдағы активтерінің өсіміне әсер етуші факторлар

 

Көрсеткіштер

2008ж.

2009ж

2010ж.

Мың теңге

% үлесі

Мың теңге

%

үлесі

мың теңге

% үлесі

1.Таза табыс

12273411

373,6

9859162

903,8

18821294

328,3

2.Амортизациялық аударымдар

 

 

 

 

 

 

3.Несие бойынша міндеттемелердің ұлғаюы

21038495

640,4

7922056

726,2

29492325

514,4

4.Меншікті  капиталдың өзгерісі

 

 

 

 

-115699

2,0

5.Күрделі салымдардың өзгерісі

 

 

 

 

 

 

6.Несиелік қарыздар

-8354403

-254,3

2015378

184,8

6738006

117,5

7.Материалдық емес активтер

83605

2,5

-429789

-39,4

-94263

1,6

8.Негізгі құралдар

-9125315

-277,8

-22079341

-2024,1

-32856415

-573,1

9.Өзге ұзақ мерзімді активтер

-12673343

-385,8

1162390

106,6

-16614059

-289,8

10.Өзге пассивтер

42863

1,3

459301

42,1

361871

6,3

11.Барлық өсім факторлары

33438374

1017,8

21418287

1963,5

55413496

966,6

12.Барлық төмендетуші факторлар

-30153061

-917,8

-22509130

-2063,5

-49680436

866,6

13.Ағымдағы активтердің өсімі

3285313

100

1090843

100

5733060

100

*Ақпарат көзі – 2008-2010 жылдар аралығындағы «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық есептемесінен алынды

 

   Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейген немесе қысқарғаны жайлы ақпарат береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі тәуекелдік және меншікті капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелермен әсерінен болуы мүмкін.  Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидеттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесі талдау кестелері құрылады.

2008 жылы «KEGOC» АҚ-ның  қаржы ресуртсарының құралу көздерінде меншікті капитал үлесі 62,4 %-дан 59,0 %-ға дейін төмендеген. Бірақ, кәсіпорындағы меншікті капитал үлесі қарыз капиталының пассивтегі үлесінен артық. Қарыз капиталының жыл басындағы пасиивтегі үлесі 37,6 % болса, жыл соңында 41%-ға дейін жоғарылаған. Меншікті капиталдың сомасы жыл соңында 12273411 мың теңгеге жоғарылаған.

Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістемеде кәсіпорындарды болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К≥0,5 қалыпты болып есептеледі. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

«KEGOC» АҚ-ның жалпы қаржыларының құрамы мен құрылымын талдау деректерінен кесте деректері бойынша кәсіпорынның жалпы қаржылар көлемі есепті 2010 жылы өткен 2009 жылмен салыстырғанда 552977797 мың теңгеге, ал 2008 жылмен салыстырғанда  75553694 мың теңгеге өскен. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтер көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 49564737 мың теңгеге жоғарылаған, 2008 жылмен салыстырғанда 92626560 мың теңгеге дейін жоғарылаған.

Ағымдық активтер көлемі талданып отырған 2010 жылы 5733060 мың теңгеге өскен. Ағымдық активтер ішінде тауарлы-материалдық қорлар көлемі есепті жылы қалған жылдармен салыстырғанда сәл төмендеген, ал ақшалай қаражат көлемі есепті жылы 2008 жылмен салыстырғанда 260737 мың теңгеге өскен.

Сонымен кәсіпорынның актив балансында талданушы мерзім аяғына қарай ұзақ мерзімді активтер үлесі жоғарылап, ағымдық активтер үлесі төмендегенін көреміз.

 

 

 

5 «KEGOC» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау

 

Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып маневрлілік коэффициенті табылады. Коэффициент еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін кәсіпорын меншікті капиталының қай бөлігі мобильді түрде екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі деңгейі кәсіпорын меншікті капиталының маңызды бөлігі қысқа уақыт аралығында қолма-қол ақша-қаражаттарына айналу мүмкіндігі жоқ, аз өтімді болып табылатын иммобильді сипаттағы құндылықтарға шоғырланғанын білдіреді.

Қаржылық тұрақтылық коэффиценттерінің динамикасы келесі 17 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 17.

Қаржылық тұрақтылық коэффиценттерінің динамикасы

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010ж.

1

2

3

4

5

1. меншікті капитал

мың теңге

57955541

67814703

86520298

2. ұзақ мерзімді міндеттемелер

мың теңге

32170596

37140314

72949713

3. қысқа мерзімді міндеттемелер

мың теңге

8016740

13443757

14226560

4. ағымдағы активтер

мың теңге

34954383

33863540

39596600

5. пассив

мың теңге

98142877

118398774

173696571

6. қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

бірліктер

0,590

0,573

0,499

7. маневрлілік коэффициенті

бірліктер

0,464

0,301

0,293

8. таза айналым капиталы

мың теңге

26937643

20419783

25370040

9. қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы коэффициенті

бірліктер

0,693

0,746

1,008

10. қаржылық тәуелділік коэффициенті

бірліктер

0,41

0,427

0,501

11. қаржыландыру коэффициенті

бірліктер

1,442

1,340

0,992

12. қаржылық тұрақтылық коэффициенті

бірліктер

0,918

0,886

0,918

*Ақпарат көзі– 2008-2010 жылдардағығы «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық есептемесінен алынды.

 

Қаржылық көзқарасы тұрғысынан маневрлілік коэффициент деңгейінің жоғары болуы кәсіпорын үшін тиімді: меншікті капитал мобильді, оның көп бөлігі айналым капиталына салынған.

Маневрлілік коэффициентінің өсуі кәсіпорынның нақты мүліктік құрылымы тұсында мүмкін болатын шекте жағымды болады. Егер коэффициент ұлғаюы айналымнан тыс активтер өсуіне қарағанда меншікті капитал өсуінің артып шығуымен жетілсе, онда бұл кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының өсуін нақты дәлелдйді.

Маневрлілік коэффициентінің жоғары мәні кәсіпорын қаржылық жағдайын жағымды етіп сипаттайды, бірақ көрсеткіштің тәжірибеде нақты бекітіліген қандай да бір қалыпты мән жоқ. Коэффициенттің қолайлы деңгейі үшін салыстырмалы мысал ретінде ≤ 0,5 мәнін алуға болады.

 немесе ,                          (8)

мұндағы, ДО – ұзақмерзімді міндеттемелер,

ДА – ұзақмерзімді активтер.

Қаржылық көрсеткішетр динамикасына  талдау жүргізіп отырған кәсіпорында маневрлеу коэффициенттің деңгейі 2008 жылы 0,464 бірлік, 2009 жылы 0,301 бірлік, 2010 жылы 0,293 бірлік құрады. Бұл көрсеткіш 2008 жылы жоғары мәнге ие болған, яғни таза айналым капиталының меншікті капиталдағы үлесі 2008 жылы  46,4 %-дан 2010 жылы 29,3 %-ға дейін төмендеген. Таза айналым капиталының меншікті капиталдағы үлесінің төмендеуі ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынының меншікті капиталдың өсу қарқынынан төмен болуы себебінен болған. /13, 312 б/

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі баланс валютасында меншікті қаражаттардың үлесін анықтайтын тәуелсіздік коэффициенті болып табылады:

 

 = ,                                                                    (9)

мұндағы, СК – меншікті капитал, мың теңге;

∑К – капиталдың жалпы сомасы, мың теңге.

Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің ұлғаюын, болашақта қаржылық қиыншылықтар тәуекелінің төмендеуін білдіреді.

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті 2008 жылы 0,59 бірлік, 2009 жылы 0,573 бірлік, 2010 жылы 0,499 бірлік. Қаржылық тәелсіздік коэффициентінің нормативтік деңгейі 0,60 бірлік құрайды.

Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын тәуелділік коэффициенті келесідей анықталады:

 

 =  немесе   = 1 — ,                                        (10)

Берілген коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Оның үлесі жоғарлаған сайын кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігі сәйкесінше ұлғаяды.

Тәуелсіздік коэффициентінің төмендеуі меншікті капиталдың пассивтегі үлесінің төмендеуінен туындаған. Меншікті капиталдың пассивтегі үлесі 2008 жылы 59 %-дан 2010 жылы 49,9%-ға дейін төмендеген. Тәуелсіздік коэффицентінің  төмендеуі әсерінен тәуелділік коэффиценті жоағрылаған.    

Тәуелділік коэффицентінің нормативтік деңгейі 0,40 бірлік құрайды. Тәуелділік коэффициентінің жоғарылауы қаржылық тәуелділікті жоғарылатады. Тәуелділік коэффиценттерінің пассивтегі үлесі 2008 жылы 41 %-дан 2010 жылы 50,1 %-ға дейін жоғарылаған, яғни қарыз капиталының пассивтегі үлесі жоғарылағандығын көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті болып табылады, оның формуласы:

 

= ,                                                         (11)

мұндағы, ЗК – қарыз капиталы, мың теңге.

Коэффициент кәсіпорынның қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар арқылы, және қай бөлігі қарыз қаражаттары арқылы қаржыландырылатынын көрсетеді. Оның мәні ≥ 1 болуы қажет.

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздардың пассивтегі үлесінің жоғарылауы себебінен қаржыландыру коэффицентінің мәні төмендеген.  2008 жылы қаржыландыру коэффиценті 1,442 бірлік құраса, 2009 жылы 1,340 бірлік және 2010 жылы 0,992 бірлік құраған. Сонымен меншікті капиталдың 2008 жылы және 2009 жылы ұзақ және қысқа мерзімді қарыздардан сәйкесінше 44,2 %-ға және 34%-ға артық болуын көрсетеді. Ал меншікті кпаиталдың үлесінің 2010 жылы төмендеуі әсерінен қаржыландыру коэффиценті 0,992 бірлік құрайды.

Инвестицияларды өтеу коэффициенті немесе қаржылық тұрақтылық коэффициенті кәсіпорын активтерінің жалпы соммасында меншікті капитал мен ұзақмерзімді міндеттемелер үлесін сипаттайды:

 

.                                                 (12)

Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффициентімен салыстырғанда жұмсақтау шектеулерге ие. Батыс тәжірибесінде берілген коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең, ал оның шекті мәні 0,75 болып табылады.

Ұзақ мерзімді активтерді қаржыландыру көзі ретінде кәсіпорын ұзақ мерзімді капиталды да пайдалануы мүмкін, сондықтан «KEGOC.KZ» АҚ қаржылық тұрақтылық коэффициенті 2009 жылы 0,886 бірліктен 2010 жылы 0,918 бірлікке дейін жоғарылаған.

Қарыз және меншікті қаражаттар арақатынас коэффициенті меншікті капиталдың 1 теңгесіне активтерге салынған қанша қарыз капиталы тартылғанын сипаттайды:

 

= .                                                         (13)

Бұл көрсеткіштің қалыпты шегі  ≤ 1.

     Қарастырылып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш келесі мәндерге ие:

2008 жылы-0,693 бірлік, 2009 жылы- 0,746 бірлік, 2010 жылы – 1,008 бірлік құрайды. Бұл көрсеткіштерден қарыз капиталының меншікті капиталдан 2010 жылы артық болғанын көреміз.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері деп тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу деңгейін көрсететін көрсеткіштерді айтамыз.

     Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткішті анықтайды:

  1. Меншікті айналым капиталы. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды, өткен кезеңмен салыстырғандағы оның ұлғаюы кәсіпорын қызметінің онан арғы дамуын дәлелдейді. Бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады: /26, 180 б/

 

=  –  = ,                                             (14)

мұндағы  Со.к. – меншікті айналым капиталы;

Да – ұзақ мерзімді активтер;

Ір.П – баланс пассивінің бірінші бөлімі;

Ір.А – баланс активінің бірінші бөлімі.

     Меншікті айналым капиталының сомасы:

2008 жылы: 57955541-63188494= — 5232953 мың теңге құрайды;

2009 жылы: 67814703-84535234= — 16720531 мың теңге құрайды;

2010 жылы: 86520298-134099971= — 47579673 мың теңге құрайды, яғни қарастырылып отырған 2008-2010 жылдар аралығында меншікті капитал ұзақ мерзімді активтерді толығымен қамтамасыз ете алмайды.

  1. ТМҚ-ның меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздері немесе перманентті айналым капиталы. Ол алдыңғы көрсеткіштің ұзақ мерзімді міндеттемелер соммасына ұлғаюымен анықталады, оның формуласы:

 

,                                                    (15)

 

мұндағы ДО – ұзақмерзімді міндеттемелер.

     Жоғарыда көрсетіліп өткен меншікті айналым қаражаттарына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелерді алды, яғни тауарлы- материалдық қорларды меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу немесе ТМҚ қаржыландырудың қалыпты көздері келесі соманы құрайды:

2008 жылы: — 5232953 + 32170596 =26937643 мың теңге;

2009 жылы: — 16720531 + 37140314 = 20419783 мың теңге;

2010 жылы: — 47579673 + 72949713 = 25370040 мың теңге

Сонымен, ұзақ мерзімді қарыздардың жоғарылауы себебінен 2008-2010 жылдар аралығында ТМҚ қаржыландырудың қалыпты көздері жоғарылаған.

 

  1. ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері келесі формулымен анықталады:

 

,                                                 (16)

 

мұндағы,  КК – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

     ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері келесі соманы құрайды:

2008 жылы: 26937643 +  8016740=34954383 мың теңге;

2009 жылы: 20419783 + 13443757= 33863540 мың теңге;

2010 жылы: 25370040 + 14226560 = 39596600 мың теңге.

     Осы аталған көрсеткіштердің  ТМҚ қаржыландырудың дәрежесі бойынша кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейлері анықталады. Қаржылық тұрақтылық деңгейлері келесі 4 типке бөлінеді:

  • абсолютті қаржылық тұрақтылық;
  • қалыпты қаржылық тұрақтылық;
  • тұрақсыз қаржылық тұрақтылық;
  • кризистік қаржылық жағдай.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті көрсеткіштер арқылы талдау нәтижелері арқылы келесі қорытынды жасауға болады:

  • 2008 жылы қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 2 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері қалыпты дәрежеде. Сондықтан 2008 жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты деген баға беруге болады.
  • 2009 жылы қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 2 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері қалыпты дәрежеде. Сондықтан 2008 жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты деген баға беруге болады.
  • 2010 жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты деңгейде. келеді, өйткені қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 2 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері қалыпты дәреже.

Қаржылық тұрақтылық жағдайдың қалыпты болуы кәсіпорынның қаржылық жағдайының қалыпты деңгейіне сәйкес келеді. Осыдан қаржылық тұрақтылығы, яғни кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі, меншікті қаражаттарды маневірлеу қабілеті, шаруашылық қызметтің қаржымен жеткілікті қамтамасыз етілуі деңгейі қалыпты екеіні көреміз.

Кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы оның жалпы қаржылық құрылымымен, сыртқы кредиторлармен және инвесторлармен қатынас деңгейіне байланысты. Қызметтің үрдісі барысында көптеген кәсіпорындар меншікті капиталмен бірге біршама қарыз қаражаттарының сомасынан тартады. Бірақ қарыз міндеттемелерінің едәуір ұлғаюы нәтижесінде, егер бірнеше кредитор бір уақытта өз қаражаттарын қайтаруды талап етсе, банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Ал қарастырылып отырған кәсіпорында — «KEGOC» АҚ-ның  қаржылық жағдайының қалыпты деңгейде екенін көреміз. /35/

Сонымен, «KEGOC» АҚ- ның қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізу нәтижесінде балансының өтімді емес, қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты екенін көреміз.

Кәсіпорынның өзін- өзі қаржыландыруы деп меншікті қаражат көздері есебінен қаржыландыруды айтады. Өзін- өзі қаржыландырудың тиімділігі мен оның деңгейі меншікті қаражат көздерінің үлес салмағына тәуелді болады. Кәсіпорынның өзін- өзі қаржыландыру деңгейі келесі формуламен анықталады:

 

K c = (П + А) / ( К+ З)                                             (17)

Мұндағы K c — өзін- өзі қаржыландыру коэффициенті;

                П – бөлінбеген таза табыс;

                А – амортизациялық аударымдар;

                К- ұзақ және қысқа мерзімді несиелер;

                З- несиелік қарыздар.

«KEGOC.KZ» АҚ-ның өзін- өзі қаржыландыру деңгейі  келесі 18 кестеде анықталған.

 

Кесте 18.

«KEGOC» АҚ-ның өзін- өзі қаржыландыру деңгейі

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

Ауытқу (+,-)

1.Бөлінбеген таза табыс, мың теңге

65415254

84236548

+18821294

2.Амортизациялық аударымдар, мың теңге

6108069

2708015

-3400054

3.Ұзақ және қысқа мерзімді несиелер, мың теңге

39823415

69315740

+29492325

4.Несиелік қарыздар,мың теңге

8538144

13705036

+5166892

5.Өзін-өзі қаржыландыру коэффиценті,бірліктер

1,478

1,047

-0,431

Ақпарат көзі: 2009-2010 жылдар аралығында «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

 

Өзін-өзі қаржыландыру коэффиценті 2010 жылы 1,047 бірлік құраған. Бұл көрсеткіш шаруашылық субъектінің өндірісті дамытуды қаржыландыруда меншікті қаражат көздері қарыздардан 1,047 есе артық екендігін көрсетеді. 2009 жылы бұл көрсеткіш 1,478 есе артық болған.

Сонымен, шаруашылық субъектөзінің өндірістік қызметін тек қана меншікті қаражат көздерімен ғана емес сонымен қатар қарыз капиталын да пайдалануы мүмкін. Өзін- өзі қаржыландыру принципі тек қана меншікті қаражат көздерін ғана құруда емес, сонымен қатар өзінің өндірістік қзметін икемді ұйымдастыруда жатыр.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     «KEGOC» АҚ-де тәжірибе өту кезінде көптеген өзім үшін жаңа ақпарат алдым; теориялық және тәжірибелік білім жүгін толтыру, келешек мамандық бойынша дағдылану,  ұжымда қызмет ету бойынша машықтану, қазіргі кезде өзекті болып табылатын экономикада шағын бизнесті дамыту, халыққа қызмет көрсету құрылымымен танысу, экономикалық қызметін жан-жақты талдау және оған байланысты орын алатын қызметтерді талдау – алдыма қойылған бар мақсаттарға қол жеткізе білдім.

АҚ «KEGOC» тәжірибеден өту барысында келесі қорытындылар жасалды. Компания нарықта кез келген  комплексте орталық орында тұр. Дәл осында ұлттық табыс қалыптасады. Нарықтық экономикаға бұрылу көптеген ұйымдастырушылық құқықтық кәсіпорындардың көбін бұған дайын еместігін көрсетті.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  бағалау үшін келесі көрсеткіштер маңызды болып келеді:  тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс; табыс; ақша қаражаттар ағыны. Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі, оның белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Егер, төлемсіздік орын алған жағдайда кәсіпорынның әр түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленеді. Егер ақша ағынының түсуі шығыннан жоғарыласа, онда кәсіпорын ағындағы және перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер кәсіпорын пайда табатын болса,  онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.

Осы мәселелерді қарастыру үшін АҚ «KEGOC» талданды. Қазіргі таңда кәсіпорын шығынды болып табылады. Себебі соңғы жылдардағы экономикалық жағдай, жоғары сапалы өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынатын ірі сауда орталықтарының көбеюі, бәсекелестік ортаның жоғары деңгейі. Кезең шығындарының көптігі АҚ «KEGOC» орталығының қаржылық сауықтыру шараларын жүргізуді талап етеді. АҚ «KEGOC» жақсы салық төлеуші, есеп дер кезінде өткізіледі.

 «KEGOC»АҚ-ның қаржылық жағдайын үш компоненттік көрсеткіш арқылы бағалау нәтижесі оның банкротқа жақын екенін және оның ақшалай құралдары, қысқа мерзімдік бағалы қағаздары және дебиторлық қарызы кредиторлық қарыздың өзінде өтей алмайтындығын көрсетті. Үш компоненттік көрсеткіш кері нәтиже бергеннен кейін қаржылық тұрақтылықты талдау үшін салыстырмалы көрсеткіштерді қолдандық.

Тәуелсіздік кооэфиценті кәсіпорын құралдарының жалпы соммасы ішінен жеке құралдар үлесінің төмен екендігін, яғни оның қаржылық тәуелділігі бар екендігін көрсетті. Бұл коэффицент 2008 жылдың аяғынан бастап 2010 жылдың басына дейін 0,49 көтерілген. Мұндай көтеріліс ұсынылған нормаға жақын болып отыр, бірақ тәуелсіздік коэффиценті 2010 жылдың аяғында 69 пайызға төмендеп 0,2 құраған. Бұл көрсеткіш ұсынылған нормадан әлде қайда төмен және мұндай көрсеткіш жеке құралдарға қарағанда қарыздық құралдардың көптігін білдіреді. Қорыта келгенде, «KEGOC» АҚ-ның тәуелсіздік коэффиценті қанағаттанарлықсыз деңгейде, яғни оның қарыздық құралдарға тәуелді екендігін көруге болады. /35/

 Жалпы «KEGOC» АҚ-ның  төлем қабілеттілігі туралы қорытындыны өтімділіктің жалпы көрсетікіші арқылы беруге болады. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші кәсіпорындағы қаржылық ситуацияның өзгеруін бағалауды жүргізеді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші 2008 жылы 0,39-дан 0,49-ға дейін өскен, ал 2009 жылы болса бұл көрсеткіш бойынша төмендеу байқалып отыр, яғни оның нәтижесі 0,31- ге тең. Бірақ 2010 жылы өтімділіктің жалпы көрсеткіші 2,5 есе өсіп 0,76-ны құраған. Мұндай нәтиже ұсынылған 1 нормадан 0,24-ке төмен, яғни егер кәсіпорын өздерінің абсолютті өтімді құралдарының 100 пайызын, тез жүзеге асатын активтерінің 50 пайызын және жәй жүзеге асатын активтерінің 30 пайызын жүзеге асырса, ол тек міндеттемелерінің 76 пайызын ғана жаба алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2007. – 448 бет.
  2. Экономика: Учебник. Под ред. А.С.Булатова. — М.: БЕК, 2007.
  3. Экономический рост предприятии РК. Сборник научных трудов. – Алматы: «Экономика», 2000.
  4. Ворст И., Ревентлоу П. Экономика фирмы: Учебник — М.: Высшая школа, 2009.
  5. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, — 2006 г.
  6. Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф.                          С.Ф. Покропывного. — К.: Из-во «Хвиля-Пресс», 2007г. 
  7. Движение основного капитала предприятии через амортизационный механизм // Финансы Казахстана – 2009 — №2 с.78-95.
  8. Жуйриков К.К. Финансы предприятии в условиях рынка // Банки Казахстана – 2010, № 7, с.34-40.
  9. Шокаманов Ю.К. Движение основных средств (фондов) // Финансы Казахстана – 2010 — №1-2 – с.75-86.
  10. Экономика предприятия: Учебник / Под общей редакцией проф., д.э.н. А.И. Руденко. — Минск, 2008г. 
  11. Сагидуллаева А.А. Повышение эффективности использования основных фондов в условиях рыночной экономики – 08.00.09.// Автореферат дисс. к.э.н. – Алматы, 2009 г.
  12. Баканов М.И. «Теория экономического анализа»: Учебник.: -М.: Финансы и статистика. 2009 г.
  13. В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2006. – 544 с.
  14. «Экономика и статистика фирм» Под ред. Ильенковой С.Д. —  М.: 2001.
  15. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. — Минск; ООО «Новое знание», 2006 г.
  16. Фишер С., Дорнбуш Р., Экономика: — М.: «Дело ЛТД», 2001. 864 с.
  17. Кошкарбаев К. Принципы управления финансовыми ресурсами предприятия // Финансы Казахстана – 2010, №36 — c.37-41.
  18. Грузинов В.П., Грибов В.Д. «Экономика предприятия». Учебное пособие. — М.:  МИК, 2004 г.
  19. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. – 252 бет.
  20. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
  21. Грузинов В.П. Экономика предприятия и предпринимательства — М.: СОФИТ, 2006 г.
  22. Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф. О.И. Волкова. — М.: ИНФРА-М, 2000 г.
  23. Раимбеков Ж.С. Основные аспекты управления оборотными средствами промышленности // Вестник университета А.Яссави – 2009 — №4 – с.120.
  24. Олейник А. Анализ организации: прикладные аспекты // Вопросы Экономики –2009 — №10, с.133-150.
  25. Кадамбаев Т.К. Управление имуществом в промышленности // Автореф. дисс. к. э. н. – Караганда, 2008 – 25с.
  26. Экономика предприятия: Учебник / Под редакцией проф. В.Я. Горфинкеля, проф. Е.М. Купрякова. — М.: ЮНИТИ, 2002 г. 
  27. Зарубина В.Р. Методы прогнозирования стоимости основных производственных фондов // Аль – Пари – 2009 – с.142-145.
  28. Карлик А.Е. и др. Управление экономикой предприятия. – М.: «Финансы и статистика», 1999 г.
  29. Карлин Т.Р. Маклин III Альберт Б. Анализ финансовых отчетов (на основе GAAP). – М., 2005 г.
  30. Нурсеитов Н. А., Нурсеитов А. А. Финансовый менеджмент. – А, 2005г.
  31. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. – А.,2004г. – 200 с.
  32. Назарбаев Н.А. «Қазақстан — 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл — ауқатының артуы» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. // «Егемен Қазақстан» 1997 ж. -11 қазан.
  33. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” // Егемен Қазақстан, — 2007ж. – 2 наурыз.
  34. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»:
    akorda.kz – Қазақстан Республикасы Елбасының ресми веб-сайты.
  35. «KZ» АҚ-ның 2008-2011 жылдардағы Жылдық Есебі.
  36. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
  37. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,

           № 3- 2011 г. 2-3 стр.