ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА КОЛЛЕДЖІ
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе жөніндегі
Е С Е П
Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 3 курс студенті – СЕРГЕЙ САБИНА
Тәжірибе орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданының Салық басқармасы
Тәжірибе өткен мерзім «______» «_______» 20 ж.
Өндірістік есепті тапсыру мерзімі «______» «_______» 20 ж.
Тәжірибе жетекшісі: э.ғ.к., аға оқытушы Алманиязова Қуаныш
Тәжірибе есебі қорғалды «______» «_______» 20 ж.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
- ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІ
- САЛЫҚТАРДЫ МӘЖБҮРЛІ ӨНДІРІП АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- АКЦИЗДІК ТАУАРЛАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ЖАСАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
- САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
- ҚР САЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
- КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ
- ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІПТЕРІ
- ЖАНАМА САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕПТЕСУ
- ЖЕР САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІПТЕРІ
- КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ
- МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР МЕН АЛЫМДАР
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Кез-келген өркениетті елдің экономикалық-әлеуметтік дауында салықтар мен міндетті төлемдердің алатын орны өте жоғары. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі бола отырып, ол халықшаруашылығы саласының, экономиканың, жалпы қоғамның тұрақты болуына және оның барған сайын дамуында қозғаушы күш ретінде қызмет атқарады. Еліміздің салық салу жүйесі Қазақстан Республикасы экономикасының ынталандырушы және реттеуші жүйесінің бiрi болып табылады.
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың экономикалық мәні — шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (әріқарай ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрдетөлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму таихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттіліктеріне қарай бейімделіп өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктемелер берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген. Осы аталған мәсіелелер тұрғысынан алғанда жоғарғы орнын бітіруші болашақ «Есеп және аудит» бағыты бойынша мамандар ҚР-ның салық жүйесінің қалыптасу тарихын, оның құрылымын, салық саясатын, салық салу механизімін, салықтық органдардың құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдардың есептелу тәртіптері мен олар бойынша заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу әдістерін толығымен білуге және меңгеуге тиісті. Сол мақсатпен мен өзімнің диплом алдындағы өндірістік тәжірибемді Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасында өткіздім.
- САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық Басқармасынан және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен турады. Салық қызметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқармасының салық полициясы басқармасынан, облыстардағы, Алматы және Байқоңыр қалаларындағы салық полицияларынан тұратын салық полициясы органы жұмыс істейді.
Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті, ал оның орынбасарлары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды.
Облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық комитеті басқармасы және бөлімдері бастығын және мемлекеттік салық комитетінің басқарма бастықтарын Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы тағайындайды.
Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органдары орталык, және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақиарат алмасады Мемлекеттік өкімет органдар Қазақстан Республикасьшың салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөшндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылык, пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
— салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
— заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
— салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:
1) салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төленуіне бақылау жасау;
2) салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін уақтылы алу;
3) салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
4) салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сөйкес шаралар қолдану;
5) салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салык, полициясының бөлімшелерімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
6) мәліметтер құпиясын сақтау.
Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын, декларция мен бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;
2) ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар , ауызша және жазбаша түсініктеме алуға;
3) салық полициясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;
4) өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе турған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланылатын кез келген өндірістік, қойма, сауда, және басқа да үй-жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;
5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;
6) салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде, салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданың бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге;
8) қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындаш ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.
Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында оларды заң қорғайды және республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті түрде жеке сақтандырылуға тиіс.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
1) уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
2) мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
3) белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
4) атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
5) салық заңдарын, салык, төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.
- АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Казақ КСР Қаржы Министрлігінің №112 қаулысы бойынша 16 наурыздын 1990 жылдарында “Қалалылық Мемлекеттік Салық Инспекциясы” құрылды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің басты мемлекеттік инспекциясы негізінде жұмыс жасады. 1991 жылы қаңтардың 9-да КазақКСР-дың министрлігінің №520 қаулысы бойынша Салық Инспекциясы Қаржы Министрлігінің құрамынан шығып тәуелсіздік мемлекеттік басқару органы мәртебесіне ие болды. Ал 1992 жылдың 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің №963 жарғысы бойынша және осы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №59 бұйрығымен бас Салық Инспекциясы 1992 жылы қарашаның 11-де Қаржы Министрлігінің №151 бұйрығы бойынша қайтадан Қаржы Министрлігінің құрлымыны енді. 1996 жылы 27 қаңтардан бастап 12 желтоқсан аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік Салық Инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Басты Мемлекеттік Салық Инспекция атауына өзгертілді.
Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы Алмалы ауданының салық инспекциясы 12 желтоқсан 1996 жылдан 1997 жылдың 18 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Салық комитеті және 18 желтоқсан 1997 жылдан бастап 12 қазан 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі негізінде “Алматы қаласының салық басқармасының мемлекеттік мекемесі” болып табылады.
1998 жылыдн 12 қазанынан келесі жылдың 24 наурыз 2000 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер министрлігнің Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті болып табылады. Ал 27 наурыздын 2000 жылынан бастап қайтадан Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті 1 шілде де 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық департаментіне өзгертіледі.
Тарихи мәліметтер мен кіріспе тізімдемелері 1990-2003 ж.ж. №1 бойынша Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынып жасалынған.
1 кесте – Алмалы ауданының экономикалық көрсеткіштері
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
|
АУДАННЫҢ АУМАҒЫ |
шаршы км |
53 |
53 |
|
ТҰРҒЫНДАР САНЫ, соның ішінде: а) экономикалы белсенді тұрғындар б) экономикалы белсенді еместер |
мың адам
мың адам |
167,3
85,5 44,7 |
168,6
88,6 34,5 |
|
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ |
млн. теңге |
25688,8 |
28765,6 |
2 кесте – Алмалы ауданы бойынша өнеркәсіп көрсеткіштері
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
1 |
Бар өнеркәсіптегі өнеркәсіп өнімінің көлемі, соның ішінде |
млн. теңге |
46441,1 |
76030,2 |
2 |
50 адамнан көп адам саны бар кәсіпорындар бойынша |
млн. теңге |
30171,0 |
50996,5 |
3 |
Барлық өнеркәсіп бойынша көлем индексі сонымен қоса 50-ден аса адамымен бірге |
%
% |
121,5
118,7 |
130,2
128,8 |
3 кесте – Алмалы ауданы бойынша шағын кәсіпкерлік көрсеткіштері
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
1 |
Салық комитетінің мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің барлық субъектісі, қызмет ететіні қатысушы адамдар саны |
бір.
бір. адам |
12928
8480 21979 |
20457
14354 35100 |
2 |
Бюджетке түсетіні |
млрд. теңге |
10,2 |
14,0 |
3 |
Салықтардан түсетін үлес салмағы |
% |
23 |
30 |
4 кесте – Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік меншік көрсеткіштері
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
|
Мемлекет жекеменшігіндегі нысандар саны, соның ішінде: а) коммуналды жекеменшік б) республикалық жекеменшік |
бір.
бір. бір. |
159
104 55 |
155
141 14 |
|
БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ САНЫ |
бір. |
2 |
5 |
5 кесте – Алмалы ауданы бойынша иелік етуші нысандар
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
1 |
Иелік етуші нысандар саны, сонын ішінде заңды тұлға ұйымының пішінінде: — МК, соның ішінде қазыналық: — АҚ — Шаруашылық серіктестігі — БК |
бір.
бір. бір. бір. бір. бір. |
8043
117 14 261 7214 437 |
7334
115 12 233 6691 283 |
6 кесте – Алмалы ауданы бойынша мемекеттік бюджетке салықтық түсімдер
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
1 |
Мемлекеттік қазынаға жиналғаны – барлығы, соның ішінде: — жергілікті — республикалық |
млн. теңге
млн. теңге млн. теңге |
33611
16995 16616 |
46458
20736 25722 |
2 |
Болжамның орындалғаны |
% |
113,6 |
111,7 |
3 |
Бюджетке салымдар бойынша түспегені (01 қаңтарға) |
млн. теңге |
305,5 |
279,2 |
|
Барлық шығын |
млн. теңге |
2081,8 |
3285,4 |
7 кесте – Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының өзара есеп айрысу көрсеткіштері
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
өлшем бірліктері |
2008 ж. |
2009 ж. |
1 |
Дебиторлық қарыз соның ішінде мерзімі өткені |
млрд. теңге млрд. теңге |
89,2 0,5 |
135,6 2,2 |
2 |
Міндетті қарыздар соның ішінде мерзімі өткені |
млрд. теңге млрд. теңге |
194,6 1,9 |
265,1 0,9 |
3 |
Жалақы қарызы соның ішінде мерзімі өткені |
млн. теңге млн. теңге |
0 0 |
66,0 0 |
Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып, соның негізінде жұмыс ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық инспекциясының да өзіне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда, ережелерде аталмыш ұйымның қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.
Әрбір салық комитетінің басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
- Талдау және болжау бөлімі.
- Төлемдерді есепке алу.
- Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.
Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.
Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және қалалық, аудандық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.
Мемлекеттік және аймақтық деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық мониторингін жүргізу.
Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын жасау.
Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау.
Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен заң актілерінің тиімділігін анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.
Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып Қазақстан Республикасының Салық Комитеті жұмыс тәжірибесін қорыту.
Басқарма болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқу динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.
Есепке алу бөлімі — бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады. Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады. Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және аймақтық деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады. Қазақстан Республикасының мемкеттік бюджетте салық 1995-2001 жылдың бірінші жартысына дейін есептелген. 1995 жылы жалпы салықтан түсім 105170 млн. Теңге құраса 2010 жылдың І-жартысына дейін 28668086 млн. Теңге құрап отыр.
Әр жылда осы түсім бойынша өзгерістер мен ауытқулар 1 кестеде көрсетілген.
Ал салық бюджеттің түсімінің қанша бөлігін құрайтынына келсек 1995 жылы 64,4 пайыз екен. Әрине әр жылда әр қалай. Бүгінгі таңға дейін салық бюджеттің 89,4 пайызын құрап отыр.
Алмалы аудандық салық басқармасының барлық бөлімдері өз жұмыстарын Президентінің Заңдық күші бар “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер” жарлығы бойынша қызмет атқарады. Барлық бөлімдер қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық күші бар жарлықтарды, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімдерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министірлігінің басқа да нормативті актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
1) Аудандық салық төлеушілер бөлімі.
Салық төлеушілерге кеңес береді (декларацияны толтыру, тіркеу формалары және т.б.) декларацияларды қабылдайды, жобаланатын табыс туралы анықтамаларды және есеп айырысуларды жүзеге асырады. Визуалды бақылауды (барлық граффалардың дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың, мөрдің және т.б) бірінші математикалық логикалық,яғни айқын қателерді тексереді мысалы: салықтың табыстан көп болуы сияқты қателерді тексереді және дұрыс толтырылған құжаттарды ақпараттық жабдықтау бөліміне береді.
2) Ақпараттық жабдықтау бөлімі.
Ақпараттық жабдықтау бөлімін бөлім бастығы басқарады, ол жұмысты ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттерді және сол бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін белгілейді. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
— Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
— қызметкерлердің Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесімен сонымен қатар ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, ҚҚС АЖ көмекші ақпартаттық жүйелерімен жұмыс жасауға үйрету;
— аудандық әкімшіліктендіру деңгейінде ақпараттық жүйелер туралы арнайы анықтамалық оқулықтар беруді ұйымдастыру, бақылау қажет;
— салық комитетінің техникалық және ақпараттық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау;
— ағымдағы есептердің орындалуын: сальдоны есептеу, өсімдердің өсуін, қажетті ақпараттарды құруға, көмекші программалардың файлдарын жүктеуге міндетті;
— Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігінің тапсырмасы бойынша тапсырылатын бір рет орындалатын ақпараттардың уақытысында орындалуын қамтамасыз ету;
— техникалық оқуларды өткізу;
— бюджетке уақытысында төленбеген 1-ші есеп беру бойынша айлық есеп берудің орындалуын қамтамасыз ету;
— бюджетке төленетін міндетті төлемдердің соммасы жайлы есеп беру кәсіпорынның түріне байланысты, жеке тұлғалардың экономикалық іс-әрекетіне байланысты дайындалады;
«Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасысының ережесін” және «Жемқорлықпен күрес» жайлы Қазақстан Республикасының заңының орындауға міндетті.
Аудандық салық комитеттердің қолданатын программасы, ол Қазақстан Республикасының интерленген салық ақпараттық жүйесі (ИСАЖ). Ол Қазақстан Республикасының салық органдары мен салық төлеушілері арасында қолданатын біріккен ақпараттық ортасы. Қазақстан Республикасының ИСАЖ жүйесінің негізінен ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігімен, Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін байланыстыру ортасы болып табылады.
ИСАЖ негізгі басылымдылықтары болып мыналар табылады: салық төлеушілердің мемелекеттік реестрлерін бір орталықтан жүргізу, яғни салық төлеушілерді тіркеу, есептен шығару, салық төлеушілер жайлы қосымша мәліметтер енгізу, автоматты түрде жеке есеп айырысу шоттарын ашу.
ИСАЖ бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: салық төлеушілерді тіркеу қажетті құжаттарды қабылдау, алынған мәліметтерді сақтау, салық төлеушілерге регистрациялық нөмір беру және тіркелгені жайлы растау құжатын береді.Аудандық деңгейде тіркелу жайлы өтініш қабылданып республикалық деңгейге жіберіледі, республикалық деңгейде жеке шоттарды жүргізу декларациялардың өңделуін штрафтардың есептелуін, салық төлеушілердің артық төлеген төлемдерін қайтарады. Салық төлеушілердің жеке шоттары туралы мәліметтер Астана, Алматы қалаларында облыстық деңгейдегі мәліметтер, мәліметтерді тіркеудің соңғы қорытындылары жүзеге асады, содан кейін салық төлеушілерге тіркеу нөмері (СТН) беріліп мәліметтер базасында сақталады.Салықтық әкімшілік етудің негізгі есебі ол: салық операцияларын жоспарлау, орындалуын бақылау, генерациялау болып табылады. Негізгі атқаратын функциясы құжаттар айналысын автоматтандыру, тексеру қорытындыларын өңдеу, хабарламалар генерациясын автоматтандыру.
- Құқытық жабдықтау бөлімі.
— аудандық салық комитетінің экономикалық-бақылау жоспарын жасауға қатысады және оның кезекпен орындалуын қамтамасыз етеді;
— белгіленген заңдарға сәйкес аудандық салық комитетінің құқық қорғау және басқа мемлекеттік мекемелерде ұсыну міндеті жүктеледі;
— аудандық салық комитетінің талап ету жұмыстарын ұйымдастыруға жүргізуін міндетті;
— салық төлеушілермен салық комитетінің арасында болатын түсінбеушіліктерде шешімдерін табуға міндетті;
— мемлекет мұра ретінде берген мүліктерді бағалауға, сақтауға, есеп беруді жүзеге асырады;
— аудандық салық комитетінің басқа бөлімдерін қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі орындаулуын бақылайды, басқа мекемелерге жіберілетін түсініктеме түріндегі хаттардың, шешімдердің дұрыстығын тексереді;
— салық төлеушілер арасында нормативті құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
4 Іс-құжаттардың айналысы және кадрлар жұмысын ұйымдастыру.
Бұл бөлім өз жұмысын басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, басқа бөлімдерге жүктелетін функционалдық міндеттерді қызметкерлерінің қызметтерін белгілейді.
Бөлімге ұйымдастыру жұмыстары бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
— тоқсандық, жылдық жоспарлардың өнделуін және экономикалық-бақылау жұмыстарының өз уақытысында орындалуын бақылау;
салық комитетінің жұмыстарын жақсарту — әрбір бөлім бойынша олардың функционалдық міндеттер шеңберін анықтау;
— аудандық салық комитетінің басқармасына салық комитетінің жұмысын жақсарту жайлы ұсыныстар жасау;
— басқарманың ағымдағы және қорытынды ақпараттарды уақытысында алуын бақылау;
— жоғарғы органдардың сұранымдарына уақытылы жауап қайтарылуын бақылау;
— қалалық салық комитетінің жоспарлы кеңестерінің хаттамаларын құрастыру;
— салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіретін семинарлар,кеңестер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Кадрлар жұмысы бойынша:
— барлық қызметкерлердің дербес ісін жүргізуге, яғни дербес кітапшаларын толтырады;
— жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кезекті демалыс және т.б бұйрықтар шығарады;
— комиссиялар кеңесін өткізуді ұйымдастыру мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясын өткізу;
— қызметкерлердің істеген жылына байланысты еңбек стажын белгілеу;
— қызметкерлер бойынша статистикалық есеп беруді дайындау.
Архив жұмыстары бойынша:
— салық төлеушілердің құқытық істері жөніндегі құжаттардың уақытылы жиналуына;
— салық төлеушілердің сұранысы бойынша басқа аудандық салық комитетіне ауысуына байланысты қосымша құжаттарды тағайындау.
Іс-қағаздары бойынша:
— бөлім басқармаларына хаттардың уақытысында тапсырылуын орындау;
— телефонограмма, факс бойынша жіберілетін хабарлардың жауапты қызметкерлерге уақытысында тапсырылуын қамтамасыз ету.
- ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ
Негізгі атқаратын қызметтері заңды тұлғалардың есептіліктерін қабылдау, арнайы салық режимі бойынша тіркеу карточкаларын беру, қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған салық төлеушілерді есепке алу немесе есептен шығарып тастау, белгіленген мерзім бойынша қағаз түрінде, почта арқылы салық есептілігін қабылдау, әр салық есептілігін мәліметтер базасында тіркеу екі рет тіркеу нөмерінің берілмеуін жібермеу.Тоқсандық есептілік бойынша салық төлеушілердің жеке есеп айырысу шоттарын түгендеу белгіленген мерзімі бойынша есептілік тапсырмаған кәсіпорындардың есеп айырысу шоттарын жабу және бұндай мәліметтерді өндіріп алу бөліміне береді. Заңды тұлғалар бөлімі басқа бөлімдер сияқты өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша жүзеге асырады.
Бөлім жұмысы Қазакстан Республикасының «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша» Кодекспен, Қаржы министірлігі салық департаментінің нормативтік актілерімен, салықтық есеп-қисапты өңдеу бөлімі жұмысының жағдайымен басқарылады.
Бөлім бастығы міндеттері:
- Бөлім жұмысын жалпы басқару, ұйымдастыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
- Салық басқармасы Төрағасының хаттамалық тапсырмаларын, Салық басқарма Төрағасының орынбасарларының тапсырмаларын уақтылы және лайықты орындалуын қамтамасыз ету;
- Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;
- Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;
- Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;
- Салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын жүргізу;
- Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға қатысу;
- Басқарма басшылығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да құжаттарды дайындау;
- Бөлім қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына және қызметтік тәртіпті сақтауына бақылау;
- Бөлімнің Жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды лайықты және дер кезінде орындауына ұдайы бақылау;
- Бөлім қызметкерлерін дайындау және кәсіби деңгейін арттыру;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Алмастыратын инспектор-бас салық инспектор.
Бас маман-бас салық инспекторының міндеттері:
- Бөлім бастығының тапсырмаларын уақтылы және тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету;
- Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;
- Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;
- Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;
- Мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің салған сұрауына жауап беру;
- Мемлекеттік органдар және салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын жүргізу;
- Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға қатысу;
- Бөлім бастығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да құжаттарды дайындау;
- Бюджет түсімінің болжамының орындалуы туралы апта сайынғы есептілікті құрастыру;
- Камералдық бақылау, ЖК әңгімелесу және консультация беру;
- Дербес есепшоттарды жүргізуге бақылау жүргізу;
- 911.00 формалы өтініштерді қабылдау мен өңдеу және патенттерді беру;
- Салық есептілігі формаларын қабылдау, тіркеу және енгізу. Қабылданған және ҚСЕ-ке енгізілген саны бойынша мәліметтерді ұсыну;
- Табыстары туралы анықтамаларды беру;
- Салық басқарманың басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Болжаулы деректердің орындалуы туралы мерзімді есептілікті құрастыру;
- Бөлім бастығы болмаған кезде оның міндеттерін атқару;
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және құқық бұзушылық табылған сәттен бастап заңнамада белгіленген мерзімде іс бойынша барлық материалдармен қоса қаулыны ресімдеу үшін заң бөліміне жіберу.
- Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау және 103101 БЖК орындалуы бойынша талдау жасау;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Алмастыратын инспектор — бас салық инспектор.
Егер де кәсіпорындар тексерілетін құжаттарды толығымен ұсынбаса, тексеруге қарсы болған жағдайда қаржы полициясына хабарлайды. Бөлімге негізгі топтар бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
— шаруашылық субъектілердің камералды тексерулерін жүзеге асырады;
-2 Н формасындағы есептілікке қажетті мәліметтерді талдау.
— әкімшілік жазаға тартылатын салық төлеушілердің хаттамаларын құқықтық бөлімге беру;
— акт-сверкалар бойынша жеке есеп айырысу шоттарындағы төленбеген салықтардың толық төленуін тексеру;
— құқық бөліміне заңға қайшы келген құжаттарды беру;
— Салық Кодексіне сәйкес келмейтін инспекторлардың іс-әрекеттері жайлы заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап оны тексеру;
— техникалқ тексеруді қамтамасыз ету тобы бойынша орындалатын іс-әрекеттер;
— бұрын болған тексерулер жайлы мәліметтер ұсыну;
— жеңілдіктер берілген кәсіпорындар жайлы мәліметтер ұсыну;
— тексерілетін кәсіпорынның активі,банктегі есеп айырысу шоты, сауда нүктелері жайлы ақпарат дайындау;
— Алматы қаласының кедендік басқармасына, қалалық жер ресурстар комитетіне, жылжымайтын мүлікті бағалау басқармасына және де басқа да мекемелерде лицезияларының бар болуы жайлы сұраныс жіберу;
— кәсіпорындардың кассалық аппаратары бар ма? бар болса, салық комитетінде тіркелген бе? тіркелсе оның тұрақты есеп беруін және кассалық тәртібін тексереді.
Заңды және жеке кәсіпкерлердің кіріс және шығыс карточкалары
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІ
Алмалы ауданы салық басқармасының жеке тұлғалармен қызмет ету бөлімі жеке тұлғалардың салық комитетіне ұсынған декларациялардың айқындығын тексереді, 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, шетел азаматтары болса немесе шетелде табыс тапқан жеке тұлғалардың салық төлемдерінің дұрыс есептелуін қадағалайды. Сонымен қатар жеке тұлғаларға салынатын салықтардың мезгілінде бюджетке түсіп отыруын қамтамасыз ету. Инспекторлар өздеріне белгіленген аумағы бойынша салық жинауды жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңына және жылы қабылданған Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне 01.01.2009 жылынан бастап енгізілген өзгерісіне сәйкес жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттәк тіркеуден өту үшін салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарына келесі құжаттар тапсырылады.
Уәкілетті тіркеу органымен бекітілген жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін өтініш.
Сурет құжатты рәсімдеу мезетінде өтініш берушінің жасына сәйкес болу керек. Компьютерлік сканермен,үлгілеу әдісімен дайындалған бейнелерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жеке кәсіпкердің тұрақты мекен жайын растайтын құжат.
Жеке кәсіпкердің тұрақты мекен жайын растайтын құжат азаматтардың үй кітапшасы немесе жылжымайтын мүлікке немесе оны пайдалануға меншік құқығы бар екенін растайтын құжат болып табылады.
Егер өтініш беруші кәмелеттік жасқа толмаған болса жоғарыдағы аталған құжаттарға қосымша екі бірдей ата анасының,асырап алушының немесе қамқоршының келісімі қажет,егер мұндай келісім блмаған жағдайда кәмелетке толмағанды толығымен қабілетті деп хабарландыру туралы соттың шешімі қажет.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу алымы төленгенін дәлелдейтін құжат(тіркеу алымы төлегенін дәлелдейтін квитанциясы).
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуі қызметі салық органдарымен тегін жүзеге асырылады,айырмашылығы;
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алымы,алымды төлеу күнінде қолданыстағы екі еселенген айлық есепті көрсеткіші (әрі қарай АЕК)(2009 жылы -2 546 теңге (1 273 (АЕК)х2).
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу куәліктің көшірме нұсқасын алу үшін айлық есептік көрсеткіштен АЕК тен жирма бес пайыз құрайды немесе 1413 теңге.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алымы және кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге құжаттарды немесе куәліктің көшірме нұсқасын алуға өтінішті беруден бұрын төленеді.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алым төлеушілері болып табылмайды ,яғни жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу алымын төлеуінен босатылады.
Шаруа қожалықтары Бірінші,екінші және үшінші топтағы мүгедектер
Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
1) дара кәсіпкерлер үшiн:
— дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
— салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;
Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi.
Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.
Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі.
Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.
Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.
Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.
Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 429-баптарында аталған талаптарға сай келмеуі патент беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейінше, патент жарамсыз болады.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсiпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салықтық өтiнiшті табыс етеді.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерікті түрде тоқтату кезінде салықтық өтініш патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:
1) шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде: арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті;
егер нақты табысы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;
2) осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодексте белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.
Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:
1) патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде — жеке табыс салығы;
2) «Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.
Іс жүзінде алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабында белгіленген шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Дара кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзімі өткенге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi — торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын жолы — боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы — ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт — қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.
Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпті дербес таңдауға құқылы.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.
Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы беріледі.
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.
Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен:
— салық есептілігі үшін – қағаз жеткізгіште;
— мониторинг бойынша есептілік үшін – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде.
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікке қолданылмайды.
Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.
Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Рұқсат құжатын беруші орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.
Төлемақы төлеушiлер декларацияны, осы баптың 3 және5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Салық органы, мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша ұзартады.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тіркелу есебі орны бойынша салық органына екі дана етіп береді. Салықтық өтінішінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін ұзартуға салықтық өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:
1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;
3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілгін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
- САЛЫҚТАРДЫ МӘЖБҮРЛІ ӨНДІРІП АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінде атқарылған қызметтер Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне байланысты мынадай жұмыстар атқарады:
Кодекстің 614-бабы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.
Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.
Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиiс.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеуді жүргiзедi.
Бұл ретте, мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасаған жағдайда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың шағым жасалған сомалары шегінде оның мүлкіне билiк етуiне шектеу жүргізеді. Мұндай шектеу салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараушы салық қызметі органы шешім шығарғанға дейін немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің күшін толық жоятын сот актісі заңды күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
Мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.
Салық төлеуші (салық агенті) мүлікке билiк етудi шектеу туралы шешімді алудан бас тартқан не оның лауазымды адамдары орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, шешім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу қажеттігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды бір мезгілде хабардар ете отырып, почта бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі .
Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға мүмкін болатын мүлікке ғана қатысты жүргізіледі.
Салық төлеушiнiң (салық агентінің) қаржы лизингiне не кепiлге берiлген (алынған) билiк етуi шектелген мүлкiн лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы аяқталғанға дейiн салық органының алып қоюына тыйым салынады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салық органы мүлiкке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күшi жойылғанға дейiн шарттың талаптарын өзгертуіне (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуына, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруіне) тыйым салынады.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған күнгі салық төлеушiнiң (салық агентінің) дербес шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге (салық агентінің) мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершілік туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсi жасалады.
Билiк етуі шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң (салық агентінің) бухгалтерлiк есепке алу деректерiнiң негiзiнде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетiле отырып жүргiзiледi. Қазақстан
Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн есепте белгіленген құн нарықтық құн болып табылады.
Билiк етуі шектелген мүлiк тiзiмдемесi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.
Мүлік тiзiмдемесінің актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi (салық агенті) мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшiрмелерiн танысу үшін табыс етуге мiндеттi. Мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.
Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен мүлік тізімдемесінің актісін салық органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.
Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.
Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті.
Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.
Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің күшін жояды.
2007.26.07. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi — дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi (салық агенті) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда — дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi.
Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.
Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегiн өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуы туралы хабарлама жiбередi.
Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.
Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды.
Салық төлеушi (салық агенті) салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды.
Салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;
2) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың салық төлеушiнің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;
5) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
6) салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.
Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi дебитордың банк шоттарына шығарады.
Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 615-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.
Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.
Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды.
Салық төлеушiнiң (салық агентінің) теңгемен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу салық төлеушiнiң (салық агентінің) шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде жүргізіледі.
Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.
Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу шотына клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.
Салық органы оған салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiм шығарған салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкiмдi орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкiмдi салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.
8 кесте — Өндіріп алу бөлімінің мәжбүрлеп алу тәсілдеріне кіргізілген өзгерістер |
|
||||||
|
|
|
|||||
2008 ж |
2009 ж |
|
|||||
Айыппұл |
айыппұл |
|
|||||
5 жұмыс күн ішінде — инкассалық өкім тапсырылуы керек |
5 жұмыс күні ішінде — шотқа өкім |
|
|||||
10 жұмыс күн ішінде — дебитор тізімі |
кассаға өкім |
|
|||||
30 жұмыс күн ішінде — шотқа өкім |
10 жұмыс күні ішінде — дебитор тізімі |
|
|||||
40 жұмыс күн ішінде — мүлікке билік жұмыстары жүргізіледі |
мүлікке билік |
|
|||||
|
15 жұмыс күні ішінде — дебиторлардың барлық |
|
|||||
|
шоттарына инкассалық өкім қою |
|
|||||
|
|
|
|||||
|
9 Банк шоттарындағы операцияларды тоқтата тұру |
|
|||||
|
|
|
2008 |
2009 |
Ескерту |
||
|
1 |
Шотқа өкім |
5 жұмыс күні |
30 жұмыс күні |
2008 ж тек салық төлемдерін төлей алды
|
||
|
|
|
|
|
2009 ж салық төлемдерін зейнетақы қорларына, |
||
|
|
|
|
|
сақтандыру қорларына аудара алады |
||
|
2 |
Кассаға өкім |
5 жұмыс күні |
қолма — қол ақша лы |
1 жұмыс күн ішінде түскен қаржы бюджетке |
||
|
|
|
|
Арқылы алу |
банк мекемелеріне төленеді |
||
|
3 |
Дебитор тізімін беру
|
10 жұмыс күні
|
10 жұмыс күні
|
Хабарлама
|
||
|
4
|
Мүлікке билік ету
|
10 жұмыс күні
|
40 жұмыс күні
|
мәжбүрлі түрде құжат балансы арқылы мүлікке қарыз
|
||
|
5
|
Инкассалық өкім
|
15 жұмыс күні
|
5 жұмыс күні
|
|
||
|
6
|
Инкассалық дебиторлық шот |
|
|
|
||
|
7
|
Шектелген мүлікті аукциондарда сату |
Сот
|
аукционда сату
|
|
||
6 АКЦИЗДІК ТАУАРЛАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ЖАСАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Акциздерді Әкімшіліктендіру бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер.
Бұл Ереже Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының акцизді әкімшіліктеу бөлімі (бұдан әрі Бөлім) жұмысын ұйымдастыру және қызметі бойынша бірыңғай талаптарын анықтап, оның қызметкерлерінің мәртебесін белгілейді. Бөлім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі Министрлік) Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі Басқарма) болып табылады.
Бөлім өз қызметінде 2001 ж. 12.06. №209-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (бұдан әрі Кодекс), Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Комитет туралы Ережені, Министрліктің бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдері және сілтемелерін, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім өз қызметін Министрліктің басқа да салық органдарымен бірлесе атқарады.
- Бөлімнің негізгі мақсаты:
Уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.
Салық басқармасына ұсынылған декларациялар мен есептеулердің нақтылығын деректі (тақырыптық), дұрыс саналынғанын, толықтылығын дер кезінде төленгенін және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің акцизін тексерулерді жүзеге асыру.
Салық төлеуші жасаған операцияда салықтық есептікте дұрыс көрсетілуі туралы салықтық тексеру кезінде аталған тұлғаларға байланысты қосымша акпарат алу қажеттілігі туындаса үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру жүргізу.
Акциз төлеушілерге қатысты карсы тексерулер жүргізу.
Түскен арыздар мен шағымдар және көрсетулер бойынша жанама салық саласында салық заңнамасын орындау мәселелері бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді зерттеу және тексеру.
Бөлім қызметкерлері салық төлеушілердің құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғауға міндетті.
- Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік міндеттері:
Штаттық кестеге сәйкес бөлім қызметкерлерінің саны — 9 адам:
Бөлім қызметкерлері Министрліктің салық органдарының лауазымды тұлғалары болып табылады, Кодексте көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттер оларға қатысты.
Бөлім өз жұмысын басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып ағымдағы және перспективтік жоспар негізінде ұйымдастырады:
Бөлім қызметкері Комитетке, Министрлікке және Әкім аппаратына ұсыну үшін баяндамалар, анықтамалар және ақпарат әзірлеуге атсалысады;
Салық заңнамасын және есептік түрлерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге атсалысады;
Кодекске сәйкес, салық төлеушілерді тексеру кезінде іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық белгілері анықталған заң бұзу фактілері бойынша материалдарын қаржы полиция органдарына жолдау;
Бөлім құзыры шеңберіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат-хабар алмасу;
Оларға берілген құқық шеңберінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес құзырын жүргізу, қызметтік және орындау тәртібін сақтау, заңнамамен белгіленген құпияны сақтау, сонымен қатар Кодесте және «мелекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңында белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Бөлімді Басқарма төрағасы тағайындаған бөлім бастығы жетекшілік етеді, жұмыстан босататын да ол. Басқа бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және орнынан алу туралы шешімдерді бөлім бастығы ұсынады.
Бөлім бастығы лауазымына жоғары экономикалық білімі бар және мамандығы бойынша практикалық тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.
Бөлім бастығы жоқ кезде (іс сапар, демалыс, ауырып қалғанда) оның міндеттерін Басқарма бастығы тағайындаған бөлім қызметкері атқарады.
Бөлім бастығы тікелей бөлім бастығының құзырына ғана жататын құқықтардан басқа кейбір құқықтарды қол астындағы лауазымды тұлғаларға жұктеуге құқылы.
Бөлім қызметкерлері міндеттері шеңбері квалификация талаптарына сәйкес белгіленеді.
Уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен
регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
— бақылау-экономикалық жұмыс жоспарын орындау жөнінде жалпы жетекшіліті және бақылауды жүзеге асырады;
— бөлім қызметкерлерінің міндеттер шеңберін мен құзырын анықтайды;
— Басқарма Төрағасы бекітетін Бөлім туралы Ережені әзірлейді;
— Басқарма басшылығына бөлімнің жауапты қызметкерлері лауазымына тағайындау және орнынан алып тастау туралы; сонымен қатар оларды марапаттау және тәртіптік жазалау туралы ұсыныстар әзірлейді;
— басшылықтың қарауына бөлім құзыры шеңберіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
— белгіленген тәртіп бойынша бөлім құзырына енетін Басқарма төралқасының, Басқарма төрағасы және оның орынбасары өткізетін мәжілістеріне қатысады;
— бөлім қызметкерлері қажет болғанда бірінің жұмысын бірі атқаратынды белгілейді;
— бөлімнің жұмыс және салықтық тексеру жоспарын жасайды;
— басшылықтың тапсырмасын дер кезде және сапалы орындалуын ұйымдастырады;
— бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқулар ұйымдастырады;
— салық заңнамасын орындау саласында салық төлеушілерден және азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды қарайды;
— ұсынылатын ақпараттың дер кезділігі мен сапасы үшін жауапты;
— өз жұмысында салық салу мәселелері бойынша және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алады;
— Кодекске сәйкес салық төлеуші туралы мәліметтердің құпиялығын қатаң сақтайды;
— салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;
— мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
— өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;
— салық төлеушіге қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, ҚР салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге;
— Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті;
— уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асыру;
— салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
- САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды немесе жеке тұлғалар мемплекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
- Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
- Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
- Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.
- Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
- Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
- Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар.
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру — әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
- Ақпаратты алу.
- Ақпаратты түрлендіру.
- Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:
- Ақпаратты жинау және тіркеу;
- ақпаратты өткізу;
- машиналық тасығыштарды дайындау;
- ақпаратты өңдеу;
- ұйымдастыру техникасы.
Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады.
10 кесте — Техникалық құралдар кешені
Техникалық құралдар атауы |
Физикалық модуль |
Сипаттамалары |
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 |
Процессор Зерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор Перне тақтасы Тышқан |
Іntel, 2.4MHz
512Mb 80Gb 19 дюймдік 105 батырмалы 2 баспалы |
Принтер |
Принтер |
HP LaserJet |
Факс – модем |
Факс – модем |
Sony – 42S |
Телефон |
Телефон |
Panasonіk |
Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және – немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.
Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:
- мәліметтерді басқаруда;
- мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
- деректі программалық әдістерін;
- дискретті программалар әдістерін;
- үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды
орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшелік-теріне қарай бөлуге болады.
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.
11 кесте Бағдарлмалық жабдықтау жүйесі
Тип |
Атауы |
Мүмкіндіктері |
Жалпы программалық жабдықтау |
||
ОЖ |
Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 |
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау. |
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0 MS Offіce XP |
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы. |
|
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal |
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау. |
|
Арнаулы программалық жабдықтау. |
||
ҚПП |
Delphі 7 |
Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау. |
МББЖ |
Paradox 7 |
Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау. |
Қорғау |
||
ОЖ паролі |
Желіге енуді бақылайды. |
|
МББЖ паролі |
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды. |
|
Вирусқа қарсы программа |
Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі. |
Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. «Есепке алу және талдауң ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
— типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
— мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:
— математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану;
— ҚПП көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
— қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
— алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.
Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
— ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
— ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
— өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
— есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
— қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
— программаның орындауы жолына бақылау енгізу.
Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет. Мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы.
Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:
— парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;
— белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
— пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
— техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
— техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
— техниклық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
— шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
— санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
— әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну).
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың экономикалық мәні — шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (әріқарай ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрдетөлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму таихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттіліктеріне қарай бейімделіп өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктемелер берілген. Мәселен, Салық кодексінде “Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар” деп атап көрсетілген.
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып nабылады.
- салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
- салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- салық – ақшалай нысанда бөлінеді;
- салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
- салық – баламасыз сипатта болады;
- салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
- салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық;
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік ақпарат мемлекетке тиесілі ақша сомасынөндірмейді Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
- Салық — ақшалай нысанда бөлінеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
- бірінші, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
- екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсізалуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
- Салық – баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызмеике төлем төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
- Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Яғни, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелеріарасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мысалға, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқығынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттіліктерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 — бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, — деп жазылған [1].
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі салық белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Алым – қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін төленетін міндетті жарна.
Төлемақы – қайтарылатын және баламалы төлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Төлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келген тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектлерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрінде алынатын алым.
Мемлекеттік баж – құқықтық маңызы бар қызметтерді жүзеге асырғаны үшін және соған мемлекеттік органдар немесе құзырлы тұлғаға өкілеттілік құжаттарды беру кезінде алынатын – міндетті төлемақы. Немесе баж дегеніміз, мемлекеттік қызметтің орнына құқықтық маңызы бар қызметтерді қолданғаны үшін алынатын міндетті төлемақылардың бір түрі.
Кедендік баждар – кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде алынатын төлемдер.
«Салық» категориясы өзінің болмысында мәжбүрлі төлемақы болып табылады, ал «алым» көлемі өтініш берушіге көрсеткен қызметі үшін мемлекеттік органның батқан шығынының орнын толтыратын өтемақылық сипаты бар. Басқа сөзбен айтқанда, салықты төлшеуші салық төлеу мүмкіндігі болған кезде, алымның көлемі қызметтің бағасымен үйлеседі. Мысалы, Қазақстанда ҚР-ның нарығындағы тауарларды сатуға құқық алу үшін алым төлеушілер, бекітілген ставкасына сәйкес базардағы орналасқан аумағының әрбір шаршы метріне төлейді. Салықтар мен алымдардың негізгі айырмашылықтары мынада: алым біржолғы төлем; ал салықтар тұрақты түрде және ұзақ уақыт алынады, салықтың тағы бір белгісі қайтарымсыз және балмасыз (экономикалық критерий); алым салыстырмалы түрде баламалы төлемақы болып табылады. Салық «жай ғана» төленеді, ал алым – мемлекеттік органдардың салық төлеушінің пайдасы үшін жасаған қандай да бір қызметі үшін төленеді. Тұлғаның мемлекетке қатысты салық төлеуге байланысты қарым-қатынасы төлем субъектісі үшін мәжбүрлі сипатқа ие. Ал, тұлғаның мемлекетке алым төлеуге орай қарым-қатынасы өзі үшін ерікті сипатқа ие, өйткені, алым төлеуге міндеттейтін іспен мемлекетке барудың өзі еркін түрде жүзеге асырылады [2] .
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
— реттеушілік;
— фискалдық;
— қайта бөлу.
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін толтыра отырып, экономикада әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 2000 жылы – 59,7%, 2005 жылы – 66,6%, 2007 жылы – 74%, 2008 жылы – 68%, 2009 жылы – 70% болды [3].
Бұл негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атап көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементтері — бұл мемлекеттің заң актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру тәртіптері.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
— салық субъектісі;
— салық салынушы;
— салық объектісі;
— салық базасы;
— салық салу бірлігі;
— салық ставкасы;
— салық жеңілдіктері;
— салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
— салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары;
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол — заң бойынша салық төлеу міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер (салықтың ең соңғы, нақты төлеушісі), яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Салық төлеушіге салық төлеу міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл, жағдай, оқиға). Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
— табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық және жеке табыс салығы жатады;
— тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын біріктіреді;
— капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.
Салық салудың өлшем бірлігі – салық базасын сандық тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық салу ауқымының өлшем бірлігі. Мысалы, автокөлік двигателінің қуаты көлік құралдарына салынатын салық ауқымы болып табылады, ал қуат ат күші, киловатт өлшемінде көрсетілуі мүмкін; алаң — жер салығының ауқымы болып табылады, бұл ір елде түрлі өлшемде: гектар, акр, шаршы метр өлшемдерінде көрсетіледі; бензинге акцизді есептеу кезінде литр, баррель, галлон қолданылады.
Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне абсолютті сомада немесе процентпен белгіленетін салықтық есептеу мөлшері.
Салық салу практикасында ставкалар тұрақты және процентті болып бөлінеді.
Тұрақты ставкалар – табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне).
Проценттік ставкалар – салық базасына қарай алынатын табыстың мөлшеріне байланысты салық өлшем бірлігіне салынады.
Проценттік ставканың 3 түрі бар:
— үйлесімді;
— прогрессивті;
— регрессивті.
Үйлесімді салық ставкалары – салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей проценттік қатынаста іс-әрекет етеді.
Прогрессивті ставкалар – салық салынатын табыстың артуына сәйкес өсіп отыратын салық ставкалары. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Мұндай ставкалар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
Регрессивті ставкалар – табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
— салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
— табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асырауындағы жандарға, мүгедектерге – жеке табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан-корпорациялық табыс салығы бойынша және т.б.);
— салық салынатын табыстың құрамына енбейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, жеке табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
— салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық ставкасын төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша берешекті есептен шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеу мерзімі мен тәртібі – заңмен белгіленген әдістер мен салықты бюджетке аудару шаралары. Салық төлеу тәртібі салықты бюджетке түсіру шараларын тәртіпке келтіру үшін белгіленеді.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері — Салық кодексінің жалпы бөлімінде берілген.
Салықтық бақылау – салық қызметі органдарының салық заңының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауды білдіреді.
Салық заңын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, салық заңын бұзу ауыртпалығына қарай үлестік не еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.
Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты азайтты, бұл процеске реттемелеуді енгізді. Салық салудың кейінгі даму барысында принциптердің тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:
- Қарапайымдылық принципі. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына шарттар орындалуы қажет:
— салық түрлері өте көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
— бір салық түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;
— салық салуобъектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі барынша жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;
— салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екенін дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше аз болғаны дұрыс;
— салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ыңғайлы.
- Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік принципі – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
Көлденең әділеттілік принципі – тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керек. Салық төлеушілер белгілі бір табыс не қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.
- Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде, олардың мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген салық ставкаларымен салыстырылып отырылуы қажет.
- Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
- Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
- Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.
Салық төлеуші салық заңына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздің салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекет салық саясатын — салық саласындағы шаралар жүйесінің оның нақтылы кезеңіндегі әэлеуметтік — экономикалық мақсаттар мен міндеттерге қарай әзірленген зкономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі. Мемлекеттік ақпарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
Сонымен, салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мысалға, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады. Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқығынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдалану болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа да жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Мемлекет салық саясатын — салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Жалпы салық ұғымымен салық жүйесі ұғымымен тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салык заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексі қабылданды. 2008-2010 жылдар аралығында Салық Кодексіне біршама толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды жэне баска да міндетті төлемдерді білгілейді. Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазакстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжат болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылатын (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әртүрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар [5] :
— салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
— салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
— салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
— салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:
— салық салу объектілері бойынша;
— салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
— пайдалану тәртібі бойынша;
— объектінің экономикалық белгісі бойынша;
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен алынатын салықтар. Тікелей салықтардың ең соңғы төлеушісі (салық салынушы) болып мүліктің (табыстың) иесі табылады. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.б.) салынады. Жеке тікелей салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – бағаға не тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады. Жанама салық салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Жанама салықтар салық салу объектісіне қарай былайша бөлінеді: жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады; әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады;
Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.
Кедендік баж – экспортты-импортты операциялар жасау кезінде тауарлар мен қызметтерге салынады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай салықтар жалпымемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Жалпымемлекеттік салықтар – барлық элементтері мемлекеттің заңдарымен анықталатын және сол елді жалпыға бірдей біртұтас қолданылатын салықтар. Бұл салықтарды бекітіп, жүзеге асыратын – Парламент. Бұл салықтар ірі деңгейдегі бюджеттерге бөлініп отырады.
Жергілікті салықтар – мемлекеттің заңдарына сәйкес жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын салықтар. Олар жергілікті деңгейде қабылданған шешім негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл салықтар толығымен жергілікті бюджетке түсіп отырады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың нысаналы мақсаты болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты [6].
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1998 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.
Республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Бұл заң салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі жыл сайынғы халыққа жолдауында Елбасы салық органдарына салық заңын қайта дайындауды тапсырды. Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2008 жылдың 10 желтоқсанында қабылданды.
Қазақстанның қазіргі салық жүйесі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен реттеледі. Аталған құжат мемлекет пен салық төлеушілер арасында сапалы жаңа қатынастарды реттемелейді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.
Салық кодексінің құрылымы үш үлкен бөліктен құралады:
- Жалпы;
- Ерекше;
- Салықтық әкімшілдендіру.
Жалпы бөлім – бұл салық заңдылығының «конституциясы». Онда салық заңдылығының қалыптасу принциптері айқын анықталған, заңда болған өзгерістер тек бюджеттің қабылдануымен ғана күшіне енетін қатаң принциптер енгізілген, ал өзгерістер тек қана – күнтізбелік жыл басталуымен ғана енгізіледі.
Ерекше бөлімінде мемлекет тұрақтылыққа және салық салу әдістемесі және базасы бөлігінде қолданыстағы салық заңдылығының сабақтастығына қол жеткізуге тырысатындығын көруге болады.
Салықтық әкімшілендіру бөлімінде іс жүргізу мәселелері анықталады.
Жаңа Салық кодексінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді топтастыру төлемдердің экономикалық мәні негізінде: салықтар, алымдар, төлемақылар, баждар түрінде жүзеге асырылады.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- Салықтар:корпорациялық табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; акциздер; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; мүлік салығы; ойын бизнесіне салынатын салық; тіркелген салық; бірыңғай жер салығы.
- Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баждар;
тіркеу алымдары; автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым; аукциондардан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым; телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
- Төлемақылар: жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы; жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы; кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті (департаменті) мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
- ҚР САЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
Салық саясаты — мемлекеттің салық саласында жүргізіп отырған іс-шараларының жиынтығы. Оның басты қажеттілігі салықтардың мәні мен атқаратын қызметтерінен келіп шығады және жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жинақтап, бюджет арқылы қайта бөліп, жалпымемлекеттік қажеттіліктерге жұмсауында көрінеді. Салық саясатының мән-мазмұнын ашудың бастапқы алғышарты – салықтық қатынастар, ал оның негізі – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың арасындағы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша қатынастары болып табылады.
Салық саясаты қоғамның дамуының, саяси құрылымы мен ахуалының әр кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекет салық саясатын – алға қойған экономикалық саясатына сәйкес, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және нақты даму кезеңінің басқа да мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жүргізеді.
Нарықтық экономикалы мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты болып мемлекеттің бюджетінің кіріс бөлімін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету табылады. Салық саясатының басты субъектісі — мемлекет.
Қаржы-салықтық қатынастар жүйесінде әр салық белгілі бір функцияны атқарады және нақты сипаттамасы болады. Сонымен қатар, жалпы алғанда олар бір-бірімен өзара байланысты және салықтық қатынастардың жүйесінің жиынтығын білдіреді. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатыса отырып, салықтар шаруашылық субъектілердің экономикалық қызметіне әсер етіп, экономикалық өсуге, тауарлар мен өнімдердің сапасын жақсартуға ынталындыруы керек.
Экономикада және мемлекеттің салық саясатында мемлекеттің өндіріске әсер етуінде салықтық ынталындыру жүйесі үлкен маңызға ие. Салық механизмінің мазмұнын ашатын әртүрлі ынталандыру тетіктері табыстар мен қорларды қалыптастыруды қолданылуы мүмкін.
Салықтық ынталындыру тетіктерін, нормалар мен нормативтерді жасап шығару, салық ставкаларын қолданумен байланысты билік органдарының қызметінің негізін салушы принципі болып – экономикалық процесстердің өзгерісін уақтылы есепке алып отыру мен оларға уақытында әсер ету болып табылады. Салықтар арқылы шаруашылық субъектілердің қолында қалатын ақшалай табыстардың мөлшері, төлемқабілеттілігі қамтамасыз етіледі, рентабельділік деңгейі реттеледі, яғни оларға мемлекет тарапынан бірдей талаптар қойылады.
Салық саясаты салық саласындағы жүргізіліп отырған іс-шаралар жүйесін білдіреді. Салық саясатының мазмұны мен мақсаттары қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты.
Салық саясатының міндеттері:
— мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
— жалпы ел экономикасын жақсартуға және реттеуге жағдай жасау;
— нарықтық қатынастар процесінде туындайтын халықтың табыстары арасындағы теңсіздікті барынша азайту;
— экономикалық заңдарға сәйкестендіру;
— нарықтық реформаларды тездетуге ықпал ететін шешімдерді салықтық
қолдау және макроэкономикалық тұрақтандыру;
— салық салу базасы мен қаржы ресурстарын мобилизациялау көздерін, оның құрамы, құрылымы, өсуінің мүмкін резервтерін анықтау. Сонымен қатар, мұнда қаржы ресурстарының көлемі айқындалып, мемлекет пен шаруашылық субъектілердің табыстары арасындағы оптималды және баланстанған қатынас анықталады;
— экономиканың құрылымдық қайта құру процесстерін, оны жақсартудың басым бағыттарын дамытуды, экономиканы тұрақтындыру және оның тиімді дамуының негізін құруға ынталандыру;
— сәйкес нормативтік актілер түрінде мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырудың салықтық механизмін жасап шығару.
Салық саясаты экономикалық реттеудің ең маңызды құралдарының бірі, экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржы-несиелік негізі болып табылады. Мемлекет салық саясатын нарықтың теріс құбылыстарына әсер етудің белгілі бір реттеуіші ретінде қолданады. Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мен салық саясаты экономиканы басқарудың қуатты құралы болып табылады. Бүкіл экономиканың тиімді қызмет етуі салық саясатының қаншалықты дұрыс жүргізілуіне байланысты [8].
Салықтарды қолдану басқарудың экономикалық тәсілдерінің бірі және жалпымемлекеттік мүдделердің кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың коммерциялық мүдделерінің өзара байланысын, олардың ведомстволық, меншік пен ұйымдастыру-құқықтық формаларына тәуелсіз түрде қамтамасыз ету болып табылады.
Салықтар арқылы кәсіпкерлер мен барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың республикалық және жергілікті бюджеттермен, банктермен, сонымен қатар жоғары тұрған ұйымдармен өзара қарым-қатынасы анықталады.
Салықтардың көмегімен сыртқы экономикалық қызмет, шетел инвестицияларын тартуды қоса, реттеледі, кәсіпорындардың шаруашылық табысы мен пайдасы қалыптасады. Салықтар арқылы мемлекет өзінің қоғамдық функцияларын орындауға қажет ресурстарды қалыптастырады. Әлеуметтік шығындар да салықтар есебінен қаржыландырылады, олар табыстардың бөлінуін өзгертіп отырады. Салық салу жүйесі адамдар арасында табыстардың соңғы бөлінуін айқындайды.
Шаруашылық жүргізудің теориясы мен практикасы салық саясатына бірқатар талаптар қояды. Оларға:
— қоғамдық дамудың заңдылықтарына сәйкес ғылыми көзқарастарды сақтау;
— салық саясатының тиімді базасы болып табылатын экономикалық теория және қаржы ғылымдарының тұжырымдамаларын ескеру;
— қоғамның нақты тарихи жағдайлары мен кезеңдерінің даму ерекшеліктерін, мемлекеттің ішкі жағдайы мен халықаралық жағдайдың ерекшеліктерін, мемлекеттің іс жүзіндегі экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеру;
— шаруашылық және қаржылық құрылымдардың өткен тәжірибиесін, жаңа үрдістер мен прогрессивті құбылыстарды, әлемдік тәжірибиені жан-жақты оқып-үйрену;
— мемлекеттегі нақты экономикалық жағдайда іс-шараларда салық салу тәсілдерін пайдаланудың көпнұсқалы есептеулерінде барлық факторларды ескеру;
— салық саясатының концепциясын жасап шығаруда нәтижелерді болжамдау;
— салық саясатында қайтара алмай қалатын өзгерістерге жол бермейтін салықтық іс-шаралардың салдарларын алдын-ала көре білу;
— шаруашылық субъектілердің қызметіне қолайлы жағдай жасау;
— экономикадығы іс-жағдайлар, мемлекеттің объективті мүмкіндіктері мен қаржы потенциалы туралы кең ауқымды және дұрыс ақпаратты пайдалану;
— математикалық модельдеу мен электронды-есептеу техникаларын жан-жақты қолдану.
Салық саясатының негіздері әрбір қаржы (бюджет) жылында әр жылғы бюджетті қабылдауда қаланады және оны іске асыру қажетті заңдық және нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты.
Нақты мәселелер мен мақсат-міндеттерді шешуде салық саясатының көпқырлылығы мен кең ауқымы: бағалар, несиеге деген проценттік ставкалары, жалақы деңгейі және т.б. секілді экономиканы басқарудың басқа да элементтерімен тығыз байланысын қалыптастырып, салықтарды маңызды жалпыэкономикалық категориялардың қатарына қояды.
Салық саясаты – мемлекетпен салық саласында жүргізіп отырған іс-шаралар жиынтығы. Кезеңнің ұзақтығы мен шешілетін міндеттердің сипатына қарай салық саясаты салық стратегиясы мен тактикасына бөлінеді. Салық стратегиясы салық саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағытын қамтиды және ірі масштабты мақсат-міндеттерді шешуді көздейді. Салық тактикасы салық жүйесі мен салық механизміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жақын арадағы міндеттерді шешуге бағытталады.
Көлемі мен әсер ету өрісіне қарай салық саясаты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі салық саясаты бір мемлекеттік немесе аймақтың ішіндегі жүргізіліп, ішкі мәселелерді шешуді қарастырады. Сыртқы салық саясаты екіжақты салық салуды болдырмауға, әртүрлі елдердің салық жүйелерін унификациялауға жақындатуға бағытталады.
Экономикалық циклдың кезеңіне байланысты ол шектеуші немесе ынталандырушы болуы мүмкін. Шектеуші салық саясаты экономикалық көтерілу кезінде шектен тыс сұраныстың әсерінен болатын инфляцияны болдырмау мақсатында жүргізіледі. Ынталандырушы салық саясаты қоғамдық өндірістің төмендеп кетуі, жұмыссыздықтың едәуір жоғары деңгейі жағдайында жүргізіледі.
Дискрециондық емес салық саясаты үкіметтің шешіміне тәуелсіз автоматты түрде жүргізіледі. Мұндай саясат өзін-өзі реттеу режимінде жұмыс істейтін «тұрақтандырушы» механизмдердің жұмыс істеуіне байланысты [9].
Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясаты өндіріс құрылымын, халықтың табыстарының деңгейін өзгерту, аймақтарды экономикалық дамыту мақсатында ЖІӨ қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нақты мәселелер мен мақсат-міндеттерді шешуде салық саясатының көпқырлылығы мен кең ауқымы: бағалар, несиеге деген проценттік ставкалары, жалақы деңгейі және т.б. секілді экономиканы басқарудың басқа да элементтерімен тығыз байланысын қалыптастырып, салықтарды маңызды жалпыэкономикалық категориялардың қатарына қояды.
Салық саясаты негізгі үш типке бөлінеді [10] :
Бірінші тип – максималды салықтар саясаты. Бірақ мұндай саясатта салықтардың жоғарылауы кәсіпкерлік қызметке деген мотивацияны төмендетіп, мемлекеттік табыстардың күтіліп отырған өсімін бермейді. ЖІӨ-дегі салықтардың шекті ставкасы көптеген факторларға байланысты. Шетелдік ғалымдардың еңбектерінде салық ставкасы ЖІӨ-нің 50% аспауы қажет деген қорытынды жасалады.
Екінші типі – оптималды салықтар саясаты. Ол қолайлы салықтық жағдай туғыза отырып, кәсіпкерлік пен шағын бизнестің дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлікке салық салуды максималды азайту әлеуметтік бағдарламаларды шектеуге алып келеді, себебі мемлекеттік кірістер қысқарып кетеді.
Үшінші тип – салық салудың жоғары деңгейін көздейтін, бірақ едәуір мемлекеттік әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін саясат. Бюджеттің кірістері әртүрлі әлеуметтік қорларды ұлғайтуға бағытталады.
Әдетте, тиімді экономикада салық саясаттарының барлық типтері табысты түрде үйлестіріледі.
Сонымен, мемлекеттің салық саясаты мен салық механизмі көрнекті ірі экономистермен жасалып шығарылады. Оның дұрыстығы практикамен тексеріледі. Егер салық саясаты қолдау таппаса және оны жүзеге асыру теріс нәтижелер әкелетін болса, онда оны жаңасымен ауыстырады.
- КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арсында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады.
Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктерді ескеріп Салық Кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған. Салық заңдылықтарының нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету, салық төлеушінің қолдануын жеңілдету, салық тәртібін сақтау деңгейін жоғарлату мақсатында Салық Кодексінде нормативтік-құқықтық актілерінің біргеше ережелері біріктірілген, яғни Салық Кодексінде бұрынғы салық заңдылығындай, салықтың төлеушілері, салық салу объектісі, жылдық жиынтық табысты қалыптастыру әдістемесі, оны кейін түзету мүмкіндіктері, шығындарды шегеріске жатқызу, сол сияқты табысты анықтау, залады көшіру құқығы және бюджетке төлеуге жататын салықты есептеу жолдары анықталған.
Табыс салғының бұрынғы есептеу әдісін сақтай отырып, жылдық жиынтық табыс пен салықтық шегерістердің құрамын қайта қарау жолымен корпорациялық табыс салығы бойынша салық ауыртпалығын төмендету ұсынылған. Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Содай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады. Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.
Реттелетін салықтар – қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.
Бекітілетін салықтар – тек бір бюджетке түсетін салықтар.
Заңды тұлға дегеніміз ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге ҚР ҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Резидент заңды тұлға – ҚР-ң заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.
Резидент емес заңды тұлға – ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.
Табыс салығының салық салу объектілері болып: салық салынатын табыс; төлем көзінен салық салынатын табыс; ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық жылы ішінде салық төлеушінің ҚР-да және одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстарынан тұрады. Резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.
Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері жатады, соның ішінде:
- Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс;
- Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жататын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
- Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;
- Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
- Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
- Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
- Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың баланстық құнынан асып түсуінен алынатын табыстар;
- Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
- Өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
- Дивидендтер;
- Сыйақылар;
- Ұтыстар;
- Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардын артығы қамтылады.
- Түзетілген ЖЖТ-тан салық салынатын табысты анықтау үшін шегерістер жасалады.
Салықтық шегерістер – заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің ЖЖТ-ты алуға байланысты шығындары. Оған өткізілген тауар,қызмет, жұмыс бойынша шығындар және басқа да шығындар, оның ішінде:
— тауарлық-материалдық қорлар бойынша;
— тіркелген активтер;
— еңбекке ақы төлеу;
— Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;
— сыйақы бойынша;
— теріс бағамдық айырма бойынша;
— әлеуметтік төлемдрге жұмсалған шығыстар бойынша;
— сақтандыру сыйақылар бойынша;
— тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша;
— бюджеттен төленген салықтар бойынша;
— басқа да шығыстар бойынша шегерімге жатады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға:
- Дивидендтер;
- ҚР ҰБ лицензиясы бар банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
- Ұтыстар;
- Резидент емес тұлғалардың ҚР-ғы көздерден алған табыстар;
- Резидент банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, лизинг берушілерге және борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға төленетін сыйақылар;
- Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы жатады.
Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылады.
Салық төлеушінің салық салынатын табысы 20%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысы 10%-дық ставка бойынша салық салуға жатады.
Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
ҚР-да тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.
Салық салынатын табысты түзету. Салық төлеушінің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың үш процент шегінде мынадай шығыстар алып тастауға тиіс:
- Әлеуметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;
- Коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік;
- Жеке тұлғаларға ҚР заңдарына сәйкес берілген атаулы әлеуметтік көмек;
- Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілер салық салынатын табысты мүгедектің еңбегіне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасынан 50% мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.
Салық төлеушілер салық салынатын табысты 3 жылдан артық мерзімге берілген негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасына, кейіннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
Салық төлеушінің амортизациялық аударымдарды есептен шығаруға заңға сәйкес жүргізілген, пайдалануға алғаш енгізілген тіркелген активтерді 3 жылдық кезеңге аяқталғанға дейін өткізген жағдайда жасалған қосымша шегерім сомасы салық төлеушінің тіркелген активтерді өткізген салық кезеңіндегі салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.
Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн белгiленген ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады. Салық төлеушiлер белгіленген мерзімде аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi.
Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi [16]. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.
Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы.
Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады. Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
Арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.
Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.
Есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.
Корпорациялык табыс салығы. Корпорациялық табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 «Төленетін корпорациялық табыс салығы»» деген пассивтік шотта жүреді.
Корпорациялық табыс салығын есептеген кезде 7710 шоты дебеттетеліп, 3110 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңына бір рет есептелінеді. Корпарациялық табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 3110 шоты дебеттеліп, 1060 шоты кредиттеледі. 7710 шотының дебеті бойынша және 3110/1 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 5430 шоты дебеттеліп, 7710 кредиттеледі.
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтардың есебі үшін 3110/1 «Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттарымен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимарат-тарды) сату кезіндегі құнын сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкер-лік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінд хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі алық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.
Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтар болады.
Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.
Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындагы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындагы айырмашылықтар.
Тұрақты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:
— жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абонементтерді алу, спорт кұрал-жаблықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жаткызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;
— бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;
— нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;
— қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;
— марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;
— несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, 2 еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді;
— сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығыска жаткызылады, ал салық есебінде — ол шегеруте жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;
— кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде ееептелнеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды;
— және басқа да шығыстары.
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезенде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға: материалдық емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар (Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін);
— бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;
— 15 % -дан асқан сомасы негізгі кұралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады, бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды;
— бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде өсім есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабымаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;
— салық бойынша шығыстар (корпоративтік табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде шегерімге тек салық алынады;
— теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады.
Салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер койылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықтайды:
Салық салынатын табыстың сомасынан 50 % алынады, ал ол жылдық жиынтық табыс пен оң бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан шығады.
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдердің іздестіру барысында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады.
Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе, уақытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік ееепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.
Халықаралық тәжірибеде жалпы кабылдаған пікір бойынша табыстан алына-тын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.
Есептік уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотында көрініс табады.
Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес олар өзіне мынаны енгізеді:
— салық салынатын төлеуге табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған сәйкес есептелінеді;
— уақытша айырманың салықтық әффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады;
— кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы шотта көрініс табады.
Кейінге қалдырылған табыс салығының сомасын есептеу (есепке алу) үшін әрбір уақытша айырма бойынша жеке аналитикалық (талдамалы) негіздеме жүргізіледі. Аналитикалық тізімдеменің есебі негізінде келесі нысанда жасалады. Уақытша айырмасының сомасының белгісін (таңбасын) салық салынатын табысқа тигізетін әсеріне қарап анықтайды, өйткені олар салық салынатын табысты азайтуы да, көбейтуі де мүмкін. Біздің мысалда бірінші жолдағы уақытша айырманы «-» таңбасымен белгілеген, өйткені салық есебіндегі қосьшша шегерімдер салық салынатын табысты азайтқан. Екінші және үшінші жолдағы таңбасын (яғни, жөндеуге кеткен шығыстар мен салықтар) «+» белгілеген, өйткені салық есебінде барлық шығыстар таныла бермейді, бухгалтерлік есепте олар тұтастай көрініс тапқанымен, нәтижесінде, салық салынатын табыс салығы жоғары болған, бухгалтерлік есептегісіне қарағанда.
Сондықтан таңбаны дұрыс қою үшін, әр уақытта салық есебін бухгалтерлік есептің мәліметтерімен салыстырып отыру керек. Егерде жойылған кезде, онда оған қарама қарсы таңбасы қойылады да, оған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады, демек 4310 шоты дебеттеліп, 3110 шоты кредиттеледі. 4310 бойынша көп кредиттік қалдық қалады, демек ол келешекте төленетін салықтың міндеттемесін көрсетеді. Сонымен қоса, оның дебеттік сальдосы да болуы мүмкін, егер де күні бұрын төлем жасалса. Бұл кезде оң айырма қалыптасады және ондағы салық эффектісі 4310 шоттың дебеті және 7710 шоттың кредиті бойыша көрініс табады. Егер де бұндай дебеттік сальдо күмән туғызатын болса, онда олар шығын ретіңде танылады, демек ол 7710 шотының дебеті мен 4310 шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған табыс салығын көрсету үшін оларды кысқа және ұзақ мерзімділігі бойынша жіктейді. Кейінге қалдырылған салықты жіктеу активтердің немесе міндеттемелердің негізінде жүзеге асады. Егер де уақытша айырма тауарлық-материалдық қорларға қатысты болса, онда ол қысқа мерзімді болып есептелінеді, ал егер де ол негізгі құралдарға қатысты болса, онда ол ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Егер де уақытша айырмасын активтермен де, міндеттемелермен де байланыстыруға болмаса, онда олардың жойылатын уақытын негізге алады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде көрсетілгендей кәсіпкерлік қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды алдагы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.
Салық төлемдері бойынша алған үнем мына жағдайларды қоспағанда таза табысқа енеді:
- Салық төлемдері бойынша алынған үнем келесі есептік кезенде өтелуі күмәнді болса және ол кезде алынатын табыс зиянды жабуға жеткіліксіз болса, онда бұндай зияндар есепке жатқызылмайды.
- Салық төлемдері бойынша алынған үнем 4310 шоттын кредиттік сальдосынан асып кетсе, онда бұндай зияңцар зачетқа жатқызылмайды.
Келешек табыс салығының есебінен өтелетін табыс салық сомасы есепте жеке көрсетіледі, яғни 4310 шоты бойынша жеке субшоты ашылады.
Қаржылық есеп беруде мына төмендегі ақпараттар ашып көрсетілуге тиіс: әдеттегі қызметінен түскен табысына қатысты теленетін салық телемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); елеулі қателіктеріне түзетулермен, сондай-ақ есеп саясатының өзгеруімен байланысты төленетін салық төлемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); төтенше жагдайларға жататын салық төлемі (салық төлемі бойынша үнем); қайта бағаланған активтерге жататын салық тиімділіктері; салықтөлемі мен бухгалтерлік кіріс арасындағы қатынасқа ықпал ететін турақты айырмашылыктары және осы сияқты басқа да факторлары, бұл есепті кезеңде колданылып жүрген салық мөлшерлемесімен (ставкаларымен) түсіндірілмейтін болса. Жеке табыс салығы — жеке тұлғалардан алынатын салықтардың ішіндегі ең негізгісі. Бұл салықтан бюджетке түскен түсімдер барлық салықтық түсімдердің 11 пайызын құрайды. Жеке табыс салығының түскен түсім толығымен жергілікті бюджетке түсіп, сол аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге жұмсалады.
- ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ
Жеке табыс салығы — тікелей салық болып табылады, оның ішінде жеке тікелей салық, өйткені жеке салықтарда тек табыс қана есептелінбейді. Сонымен қатар салық төлеушінің қаржылық жағдайы ескеріледі. Жеке табыс салығының ерекшелігі болып жеке тұлға ретінде салық төлеушілерді белгілеу болып табылады.
Жеке табыс салығын төлеушілеріне есепті жылда табыс табатын резидент және резидент емес жеке тұлғалар жатады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға ҚР-ның азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар жатады.
Жеке табыс салығының салық салу обьектілері болып табылады:
- төлем кезінде салық салынатын табыстар;
- төлем кезінде салық салынбайтын табыстар.
Сол сияқты жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын 156-бабынан оқисыздар.
Жеке тұлғалардың төлем кезінде салық салынатын табыстарына:
- Қызметкерлердің табысы;
- Бір жолғы төлемдерден алынатын табыс;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
- Дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс.
- Стипендиялар,
- Жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша табысы жатады.
Қызметкердің жұмыс беруші есептеген белгіленген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.
Қызметкердің заттай нысанда алған табысына: заттай нысандағы еңбекақы; қызметкер алған тауарлар , қызмекердің мүддесін көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусіз негізле көрсетілген жұмыстар; қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар құнын жұмыс берушінің төлеуі жатады.
Қызметкердің материалдық пайда түрінде алған табысы мыналарды қамтиды :
- Қызметкерге сатылатын тауарлар құны мен осы тауарды сатып алу бағасы немес олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма,
- Жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оның алдындағы қарызының не міндеттемесінің сомасын есептеп шығару;
- Жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің мүліктік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары,
- Жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің өз қызметіне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.
Қызметкерлердің төлем кезінде салық салынатын табысынан анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатқызылады:
- ҚР заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгіленген ең төменгі айлық жалақы мөлшеріндегі сома:
- Асырауындағы адам пайда болғаннан қызметкердің асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі айлық жалақы мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына — отбасы мүшесіне қолданылады. Салық төлеушіге берілген осы шегерім жасау құқығы өзі берген өтінішінің және салық төлеуші табыс еткен растаушы құжаттардың негізінде жұмыс берушінің бірінен алатын табыстары бойынша беріледі;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларына ҚР-ның заңдарында белгіленген мөлшерде (10%) төленетін міндетті зейнетақы жарналары;
- Тиісті салық жылына арналған айлық есепті көрсеткіштің 10 еселеген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізілген ерікті зейнетақы жарналары;
- Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйақылары;
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде ҚР резидентті жеке тұлға ҚР аумағында тұрғын үйді жөндеу , салу не сатып алу үшін алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығының біртұтас ставкасы 10 пайызы енгізілді.
Салық төлеушілер табыстар туралы декларация не табыстары мен мүліктері мәліметтерді салық органдарына салық заңдылығына сәйкес есепті жылдан кейінгі салық жылының 31 наурызына дейін тапсырады. Төлем көзі бойынша табыс салығын салық төлеушінің қызмет ететін жұмыс орындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді. Салық агенттер жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізіледі. Салық агенттері төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Салық агенті төлем көзінен салық салынатын және төленетін табыстарға қатысты жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты әрбір тоқсан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15- нен кешіктірмей салық органдарына табыс етеді.
Қызметкерлердің жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу ұлғаюы нәтижесімен ай сайын жүргізіледі. Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде салық агенті нақты жұмыс істеген кезең үшін алынған табысты негізге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеуді жүргізуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге міндетті.
Жеке табыс салығы бойынша декларация салық органдарына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.
Жеке табыс салығы бойынша ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу есебі 3120 «Жеке табыс салығы» шотында жүргізіледі. Жеке табыс салығының есептелуіне дебет 3350 кредит 3120 және оның бюджетке аударылуына дебет 3120 кредит 1030 бухгалтерлік жазу береді.
- ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІПТЕРІ
Әлеуметгік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі 3150 «Әлеуметтік салық» деп аталатын шотында жүреді. Жұмысшылардың келесі табыс түрлері бойынша еңбек ақы қорына әлеуметтік салық салынбайды:
— мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен гранттарға, төлем-дерге;
— ҚР Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;
— конкурстық, спортгық жарыста жүлделі орыңдары үшін берілетін сый-лықтарға;
— кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан кезде жұмыс берушілерге төлеген компенсацияларына;
— пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
— жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған жарнасына;
— тікелей әлеуметтік көмек, жәрдем ақы және компенсация мемлекет-тік бюджет қаржысынан төленетіндерге;
— әскер төлемдердің барлық түріне;
— қоғамдық жұмыстарға;
— мемлекеттік бюджетгің қаржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;
— заңмен белгіленген деңгейде қызмет бойынша берілген іс-сапар шығыс-тарының компенсацияларына;
— босану мен екіқабаттылық бойынша жәрдем ақыға;
— белгіленген мемлекеттік стипендияға;
— берілген арнайы киімдердің кұнына;
— сақтандыру сыйлығына;
— қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;
— тағы басқаларына.
Әлеуметтік салық ставкасы салық салынатын базадан, яғни жұмыс берушінің еңбек ақы қорынан 2009 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 11%. Ол ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметгік салық ұсталмайтын сомасы, яғни 2009 жылы 4 % әлеуметтік сақтандыру сомасы (2010 дылдың бірінші қаңтарынан бастап 5 % әлеуметтік сақтандыру сомасы) шегеріліп, қалған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.
- ЖАНАМА САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕПТЕСУ
Қосылған құн салығы. Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы — қосылған құн салығы болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нөтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады жөне салықты төлеуді сатып алушыға аударады.
ҚҚС — тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Бұл салықтың ерекшелігі — оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.
Өз маңыздылығы жағынан ҚҚС-әмбебап салық. Ол тауардың сатылу бағасына енгізіледі және бұрын тауарды әкелушіге төленген қосылған құн салығы сомасын алып тастап, оны бюджетке аударады. Сондай-ақ, ҚҚС берілген өндірістік кезендегі тауарға қосылған құнды ғана қозғайды. ҚҚС нақты салық болып табылады. Оның төленуі жасалынған келісім шарттың сипатымен ғана анықталады да, салық субъектісінің қаржылық жағдайын есепке алмайды.
ҚҚС мемлекет мүддесін ойлайды. Мемлекет оның көмегімен таза табысты алу мүмкіндігі үшін сауда және өндіріс делдаддарынан сол таза табыстың бір бөлігін алып отырады. Қалған барлық жанама салықтар тәрізді ҚҚС фискалдық рол атқарады, оның енгізілуі барысында мемлекетік бюджеттің табыс көзінің сенімді жөне тиімді түрімен қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Ол бюджеттік қаржының инфляциялық құнсыздануын тоқтатудың тиімді қүралы болып табылады, өйткені ол салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады. Қосылған қүн салығының көмегімен тұтыну аумағы реттеледі жөне оның өндірісі дамыған еддерде қолданылу мақсаты «экономиканың қызып кетуін» болдырмас үшін төлем қабілеті мен сұранысты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Сөйтіп, ққс артық өндіру дағдарысымен күресудің сенімді құралы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетігі бола алады. Мұнымен қоса, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде ққс, әдеттегідей, тауарлардың барлық түрлерін қамтитын жалпы шара ретінде енгізілген. ҚҚС-ның экономикалық мазмұнындағы басқа маңызды бір сәт, оған жоғары салықтық тәртіп, өзін-өзі реттеу, өндірістік шығындар салығынан автоматты түрде босану тән.
Тұтынымға салынатын салық пен өткізуге салынатын салықтан гөрі, ҚҚС қолайлы, өйткені:
— олардан бас тарту қиын;
— олармен байланысты экономикалық заң бұзушылық сирек кездеседі;
— табыс табуға деген ынтаны аз төмендетеді;
— тауар тапшылығы болмаған кезде, оны алмастыратын тауарларды
қосқанда, олар тұтынушыларға тандау мүмкіндігін береді.
ҚҚС-ғын қолданушы елдер бірнеше мақсатты ескереді:
— мемлекеттік кірістердің кепілдігін жоғарылату (қамтамасыз ету);
— салық ауыртпалығын соңғы түтынушыға аудару;
— салықты төлеуден жалтарушыларға бақылауды күшейту;
— өндірістік циклдің әр кезеңінде табыс алудың мүмкіндігі.
Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлер, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар, қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
Қосылған құн салығының салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.
ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару. Кез-келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік көсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.
ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ққс салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ққс бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жүмыс күнінен кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған ққс бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап ққс төлеушіге айналады. Тұлғаны ққс бойынша есепке қойған кезде, оның есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша ққс сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
ҚҚС бойынша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік ҚҚС төлеушіде сақталады. ҚҚС бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс. Егер ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық кезендегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге қүқылы. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ққс бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметі тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі 6 айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Тұлға ҚҚс бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап ққс төлеуші болуын тоқтатады.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді. Қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналымнан 12 %.
ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.
ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:
— шот-фактураның реттік номірі мен толтырылған күні;
— тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ққс бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
— өткізілетін тауарлардың атауы;
— салық салынатын айналымның мөлшері;
— ҚҚС ставкасы;
— ҚҚС бойынша есепке алынған тауарлар құны көрсетуге тиіс.
Шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады жөне берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша болек көрсетіледі. (Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауар өткізу жағдайларын). Тауарлар құны және ққс сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды аткаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша кұнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген кызметтерді кабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де КҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 1420 шоты дебеттеліп, 1250, 3310, 3210 шоттары кредиттеледі.
ҚҚС есептеу кезінде 1210, 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің» шоты дебеттеледі де, 3110 «Қосылған салығы» шоты кредиттеледі. Содан 1210 шотының кредитінен 3110 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады және оған дебет 3110 «Қосылған құн салығы» кредит 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары» шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.
Акциздер. Жанама салықтардың бір түрі акциз салығы болып табылады. Ол 2008 жылы мемлекеттік бюджет кірісінің небәрі 1,7 пайызын ғана құрады.
Акциз латынның «ассiido» деген сөзі, кесіп алу, кесіп тастау деген мағынаны білдіреді, яғни тұтынудың бір бөлігін «кесіп алады». Мемлекет акциздерді қазыналық кірісті молайту үшін, жекелеген тауарлар түрлерін пайдалануды шектеу үшін және осы мақсатты үйлестіру үшін енгізеді.
Акциз – тауардың бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жеке жанама салық болып табылады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне еш ықпал етпейді, себебі салықтың ақырғы төлеушісі болып акцизделетін тауардың тұтынушысы табылады. Акцизделетін тауарлар тізіміне бірінші қажеттіліктегі өнімдер болып табылмайтын тауарлар енгізілген (алкогольді өнімдер, темекі бұйымдары, жеңіл көліктер және т.б.), яғни акциздер ерекше қасиеттеріне қарай бағасы монополиялы түрде жоғары және сұранысы тұрақты тауарларға салынады. Сондай-ақ тауар өндірушілер алған үстеме пайданы мемлекеттік бюджеттің кірісіне алу үшін жоғары рентабельді (сән-салтанат) тауарларына салынады.
Акциз тек тауарларға ғана емес, сол сияқты кейбір қызмет түрлеріне салынады, бұл жағдайда салық тарифке енеді. Акциз Қазақстан Республикасында өндірілген және оның аумағына импортталған акцизделетін тауарларға және ойын бизнесі мен лотерея ұйымдастыру мен өткізуге салынады. Акциздің басқа жанама салықтардан ерекшелігі сол, ол жоғары табысы бар тұлғаларға салынады.
Әйтсе де, акцизді тек «байлардың салығы» деп атауымыз дұрыс емес, себебі темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді тек ауқатты адамдар ғана тұтынбайды, екіншіден акциз белгілі бір қызметтерге де салынады. Сондай-ақ, элиталы тауарлардың барлығы акцизделетін тауар болып табылмайды.
Бүгінде Қазақстанда акцизделетін тауарлар мен қызметтің келесі түрлері қолданылады:
— спирттің барлық түрлері;
— алкоголь өнімі;
— темекі бұйымдары;
— құрамындағы этил спиртінің 0,5 проценттен аспайтын сыра;
— бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
— жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
— шикі мұнай, газ конденсаты.
Акциздерді сипаттай келе, олардың қалыптасуы мен мемлекетпен алынуы түрлі нысанда жүргізіледі:
— шикізат бойынша – тек дайын өнім бір шикізаттан дайындалған жағдайда ғана қолданылады;
— жартылай фабрикаттар бойынша – технологиялық процестің дамуына байланысты, дайын өнім әртүрлі шикізаттан өндірілгендіктен, шикізаттан емес жартылай фабрикаттан салық алынады;
— жабдықтың қуатына қарай – акциз алудың барынша прогрессивті нысаны, себебі салық пайдаланылатын жабдықтың қуатының есебіне байланысты;
— дайын өнім бойынша – салық тауардың әрбір түрлері (сән-салтанат бұйымдары, аяқ киім, мата және т.б.) бойынша бөлек белгіленеді.
Төмендегілер акциз төлеушілер болып саналады.
— ҚР аумағына акцизделетін тауарлар шығаратын;
— акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын;
— ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
— егер ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;
— ҚР аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді Акциздер халыққа арналған жоғары рентабельді өнімдер мен тауарларға белгіленеді. Акциз алынатын тауарларға, әдетте, мынадай ортақ белгілер тән: оларға деген сұраныс халық табысының деңгейіне тікелей байланысты емес.
Мемлекет бұл салықтарды сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, сол сияқты мемлекеттік бюджетті толтыру үшін пайдаланады.
Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолютті сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (100%) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғарғы және ең төмен шектерін ҚР-ның Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.
ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайтылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкалары тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді және жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, ал оның мөлшері ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
Акциз сомасын есептеу – белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей бюджетке аударылуға жатады. Акцизге қатысты күнтізбелік ай-салық кезеңі болып табылады.
Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық кезеңдерінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті. Импортталатын тауарларға акциздер ҚР кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.
Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоты дебеттеліп, 3140 «Акциз» деп аталатын шоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3110 дебеттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.
- ЖЕР ЖӘНЕ МҮЛІК САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІПТЕРІ
Жер салығы. ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.
Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.
Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.
Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:
- ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
- елді мекен жерлеріне;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге;
- орман қорының жерлеріне;
- су қорының жерлеріне;
- запастағы жерлерге бөлінеді;
Жердің мынадай сипаттары:
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
- Орман қорының жерлері;
- Су қорының жерлері;
- Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
Бонитет балы — топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
Жер салығын есептеуге негіз болып:
- меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
- жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері табылады.
Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:
— бірыңғай жер салығын төлеушілер;
— мемлекеттік мекемелер;
— уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
— тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
— тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
— діни бірлестіктер.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады.
Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:
— елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;
— ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;
— ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері;
— жалға берілген үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады:
Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Жер салығының ставкалары салық салнатын жер учаскесінің орналасқан жеріне және аумағына байланысты ҚР салық Кодесінде (54 тарауда) көрсетілген [1, 149 б].
Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.
Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.
Жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге тиіс.
Жер салығы бойынша бюджетпен ұйымдар 3160 шот арқылы есеп айырысу жүргізеді. Салықты есептегенде дебет 7210 кредит 3160 және оны бюджетке төлегенде дебет 3160 кредит 1030 бухгалтерлік жазуын береді.
Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Мүлікке салынатын салық. Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
— жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
— дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді. Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Әрбір салық төлеуші заңды ұйым немесе жеке кәсіпкер салықты өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады. Есептелген салыққа 7210 шоты дебеттеліп, 3180 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.
- КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ
Бұл салық тікелей нақты салық болып табылады. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.
Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.
Мыналар көлік салығын төлеушілер қатарына жатпайды:
1) ҚР Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, атап айтсақ:
— двигатель көлемі 2500 текше см-ге дейінгі бір жеңіл автокөлік;
— двигатель қуаты 100 га егістік жерге 1000 кВт мөлшердегі жүк автокөлігі.
2) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер;
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар.
ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.
Мына көлік құралдары көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:
— жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
— мамандандырылған медициналық көлік құралдары.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары ҚР Салық кодесінде (58 тарау) белгіленген [1, 160 б].
Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен есептеледі:
- беретін тарап үшін:
— салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
— салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
2) алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.
Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
1) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;
2) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.
Алу кезінде ҚР-нда есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.
Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.
Салық төлеуші-заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, 3170 «Көлік құралдарына салынатын салықтар» деп шоты кредиттеледі.
- МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР МЕН АЛЫМДАР
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің төлейтін салықтарының бірі және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің жоғары үлесін құрайтын салықтар ойын бизнесіне салықтар мен тіркелген салықтар болып табылады.
Ойын бизнесі салығының төлеушілері болып казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар табылады.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
— ойын үстеліне – айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
— ойын автоматына — айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
— тотализатор кассасына — айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
— тотализатордың электронды кассасына — айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
— букмекер кеңсесінің кассасына — айына айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
— букмекер кеңсесінің электронды кассасына — айына айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Ойын бизнесі салығын есептеу әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:
1) казино қызметінен — айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматтары залы қызметінен — айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор қызметінен — айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;
4) букмекер кеңсесі қызметінен — айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін құрайды.
Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға 15 проценттік ставканы (корпоративтік табыс салығы) қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
Ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
Тіркелген салық.
Тіркелген салықты төлеушілер болып:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар табылады.
Бильярд үстелi — торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
Ойын жолы — боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
Ұтыссыз ойын автоматы — ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
Карт — қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.
Тіркелген салықтың салық салу объектілеріне келесілер жатады:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi.
11 кесте — тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері
Рет №
|
Салық салу объектісінің атауы
|
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
12 |
2. |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
18 |
3. |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
83 |
5. |
Карт |
2 |
12 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |
25 |
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектiлерi айдың 15-іне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, өндірістік тәжірибе бойынша есепті аяқтай келе және жалпы Салық басқармасында өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша төмендегідей ұсыныстар мен тұжырымдамаларға келіп отырмыз.
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың экономикалық мәні — шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (әріқарай ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрдетөлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму таихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттіліктеріне қарай бейімделіп өзгерістерге ұшырап отырады.
Жүргізілген ғылыми жұмыстың нәтижесі бойынша біз бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу операцияларының есебін жетілдіруге байланысты төмендегідей ұсыныстар жасаймыз:
1) Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер. Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі салық белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Алым – қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін төленетін міндетті жарна.
Төлемақы – қайтарылатын және эквивалентті төлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Төлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келген тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектлерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрде алынатын алым.
Өндірістік тәжірибе кезінде мен ҚР-ның салық заңнамасымен, ҚР салық жүйесі және салық салу механизмімен, салық басқармасы бөлімінің құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен; есепке тұрған салық төлеушілердің салық салу обьектілерімен тізімімен, заңды тұлғалармен тапсырылатын декларациялар, басқа да есептер мен қаржылық есеп беру материалдарымен, декларацияны қабылдау тәртібімен, заңды тұлғалардың есебімен, патенттерімен, заңды, хаттар, өтініштер және наразылықтарды қарау тәртібімен, СТТН, патент және лицензия беру тәртібімен; салық төлеушіні есепке алу тәртібімен, оларды тіркеу кітабымен, есепке беру түрлері мен бланкалық материалдармен; карточкалар ашу және тұлғалық шоттар, төлем тапсырмалары, квитанциялар және т.б. құжаттарды толтыру тәртібімен таныстым.
Жалпы дипломдық жұмыс алдындағы өндірістік тәжірибенің болашақ мамандар үшін берер үлесі өте жоғары деп санаймыз.