Оқу тәжірибесін өтудің күнтізбелік жоспары
Студент Тұрмыстық қызмет және Сервис-307 топ ІІІ курс
- Тәжірибе өту орны: Алматы қаласындағы «Инкассация сервис» ЖШС
- Мекеменің пошталық адресі: Алматы қаласы, Майлин көшесі 208-83
- Тәжірибе жетекшісі
мекемеден: Сұлтанова Б.С.
университеттен: Майлыбаев Ж.К.
№ |
Жұмыс орны |
Жұмыстың қысқаша мазмұны |
Күндер саны |
кезең |
1
|
Бухгалтерия
|
Есеп беру формалары ақпаратты компьютермен өңдеу техникасы мен технологиясын, процесін зерттеу. |
3
|
26.05 – 28.05
|
2
|
Жоспарлы-экономикалық бөлім |
Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін талдау әдістері мен тәсілдерін барлық негізгі құжаттардың үлгілерін жинақтау, оларды толтыру дұрыстығының деңгейін зерттеу.
|
4
|
29.05 – 03.06
|
3
|
Диспетчерлік бөлім
|
Бөлімнің жұмысыты ұйымдастыруды зерттеу.
|
1
|
04.06 – 05.06
|
4
|
Механикалық бөлім
|
Бөлім бойынша мамандардың жұмыс уақыты шығындарының құрылымын талдау.
|
1
|
05.06 – 06.06
|
5
|
Техниканы бақылау бөлімі |
Жұмыс орынын, олардың техникамен қамтамасыз етілу деңгейін бағалау |
1
|
06.06 – 07.06
|
Мазмұны.
Кіріспе
1 ЖШС Инкассация сервис туралы………………………………………………………5-6
2 Компанияның өндірістік- қаржылық жағдайын талдау……………………..7- 12
3 Істеген бөлімшесінің қызметі………………………………………………………… 13- 17
Қорытынды
Кіріспе
Мен Майлыбаев Жәнібек Құрбанайұлы Алматы қаласы « Инкассация Сервис» ЖШС кәсіпорнында “Кәсіпорынның өндірістік қаражатын талдау” бөлімінде 2008 жылдың 26 мамырдың жұлдызынан 7 маусым жұлдызы аралығында өндірістік тәжірибе жұмысымды өткіздім.
Осы танымдық тәжірибе барысында мен көптеген адамдармен жұмыс атқарып, жалпы кәсіпорын, оның ішінде тәжірибені өткізген бөлімнің жұмыс барысымен таныстым. Мен біршама жұмыстардың жасалу жолдарын өз көзімен көріп, іс жүзінде орындап отырдым. Маған тапсырған жұмыстарды атап өтер болсақ, кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған. Кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған, сонымен қатар негізгі қызмет бойынша жоғары тұрған ұйымдармен, қалалық қызметтермен хат алмасуды және қызметтік хат жазбаларды толтыру жолдарымен танысып, оларды іске асырдым.
“Инкассация Сервис”менің ойымша, беделі өте жоғары және маңызы зор мекемелердің бірі болып табылады
Және бір байқағаным, бұл мекемеде өте тәжірибелі де білікті, өз
мамандығының шебері саналатын қызметкерлер, әсіресе жас мамандар
жұмыс атқарады екен.
Кіріспе бөлімінде сіздерге қысқа түрде “Инкассация Сервис” кәсіпорнының қызметкерлерін таныстырып өтемін.
Мен, жоғарыда атап өткен «Инкассация Сервис» бөлімінде өндірістік тәжірибе жұмысымды өткіздім. Бөлім бастығы тәжірибелі маман, Шинибаев Ж.Т ерекше атап өткім келеді. Бұл кісі сабырлы да салмақты, адаммен жақсы қарым‑қатынас жасай алатын, өз ісіне шебер, жауапкершілігі мол, білікті маман.
Ендігі кезекте бөлімнің бас маманы саналатын Бармакова Гульнар Жумагазиевна ханымды атап өтпесем үлкен қателік жіберген болармын. Бұл кісі де салмақты, керек кезде жаныңнан табылатын, бөлім бастығына демеу, серпін беріп отыратын, нағыз өз ісінің маманы саналатын қызметкерлердің бірі.
Осы екі кісінің арқасында мен көптеген мағлұматтар алып, бөлім төңірегінде, оның қызметінде пайда болатын мәселелердің шешілу жолдарымен таныстым. Не жасарынды білмей қалған кезіңде ерінбей келіп, сабырлықпен сол мәселені түсіндіріп, жасалу жолдарына дейін көрсететін. Менің тәжірибеге келгенімді ұғынып, барлық жағынан көмектерін аянбай маған беріп отырды.
Менің өндірістік тәжірибе жұмысымды өткізген бөлім қызметкерлері жайында қысқаша мағлұмат осындай.
Негізгі бөлімде жалпы департамент (бөлім), оның құрылымы, жұмыс жоспары, міндеттері, атқаратын қызметтері туралы мәліметтер және жергілікті бюджеттің кіріс бөліміне талдау берілген.
1 ИНКАССАЦИЯ СЕРВИС ЖШС КӘСIПОРНЫ ТУРАЛЫ
мағлұмат
«Сейл Продакшн» ЖШС кәсiпорнының орналасқан жерi Алматы қаласы, Майлин көшесі 208-83
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнының негiзгi қызметi банктерге инкассациялық қызмете катысты материалдарды жабдыктау көрсету. .
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнының жалпы алаңы 7000 кв. м. және өзiнiң жеке өндiрiс алаңы мен цехы, қойма, офисы бар. Кәсiпорын көрсететін қызмет түріне сұраныс өте жоғары әрi тұрақты түрде болады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорыны тек Қазақстандағы ғана емес Орта Азиядағы әлемдiк стандартқа сай жұмыс iстейтiн кәсiпорын. Бұл кәсiпорын сапалы, элиталы және заман ағымына сай, соңғы технологияда қызмет көрсету үлкен серпiнде дамып келедi. Кәсiпорында әлемге танымал Орта Азия стилiне сай қызмет көрсетеді.
Кәсiпорында Италиядан әкелiнiп қондырылған «CELKO» қондырғысымен жұмыстар атқарылады, әр процестiң дұрыс атқарылуына жауапкершiлiкпен қаралады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнының кадрлық құрамына келер болсақ, мұнда жалпы жұмыскерлердiң саны 42, ал оның iшiндегi жұмысшылар саны 30 адамды, жоғары қызметшiлер 8 адамды құрайды
Қызметшiлер тобына әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмiнде 2 адам, қаржылық бөлiмде 2 адам, есептiк-бухгалтерлiк бөлiмде 2,және статистикалық мiндеттердi орындаумен 2 адам айналысады.
Жұмысшылар тобына құрылыс монтаж жұмыстарын, технологиялық жабдықтың монтажын жүзеге асыратын құрылыс механизмдерi мен жүк көтергiш көлiгiн басқарумен айналысатын қызметкерлер жатады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнында жұмысшылардың еңбекақы жағдайына келер болсақ, мұнда жұмыскерлер мен жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу үшiн еңбекақының кесiмдi және мерзiмдi нысаны қолданылады. Еңбекақы төлеудiң кесiмдi жүйесiнде жұмысшының еңбегiне бағалама бойынша оның өнiмiне байланысты ақы төленедi. Еңбекке ақы төлеудiң кесiмдi жүйесiнде кесiмдi бағалама ақыға белгiленген күнтiзбелiк мерзiмге немесе мерзiмiнен бұрын тапсырманы орындағаны үшiн сыйлықақы төленеді.
Сыйлықақы барлық жұмысшыға, сондай-ақ жұмыс iстеушiлерге де төленедi. Сыйлықақының мөлшерi еңбек ұжымының шартына немесе нормативтiк уақытты қысқартудың әрбiр процентiне наряд бойынша еңбекке кесiмдi ақы жөнiндегi қосымша келiсiмге сәйкес белгiленедi.
Ал еңбекақының мерзiмдi нормасы- еңбекке ақы төлеудiң нысаны, мұнда еңбекақының сомасы iс жүзiнде атқарылған уақыт үшiн есептелген тарифтiк стафка (жалақы) бойынша есептеледi. Еңбекке кесiмдi ақы төлеу өнiмдi көбейтуге ұмтылу кесiмдi ақы төлеу кезiнде өнiмнiң сапасын нашарлатуға, жұмыстың технологиялық режимдерi мен техника қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзуға, шикiзатты, материалдар мен энергия ресурстарын артық жұмсауға апарғанда қолданылады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсiпорнында маркетинг бөлiмi оның өндiрiс, басқару және жалпы мақсатқа жету жолына бағыт бередi. Кәсiпорында маркетингтiк қызметтердiң ең негiзгi құралдары болып тауар және баға саясаты, өткiзу және жылжыту саясаты болып табылады.
Маркетинг қызметiнiң негiзгi мәселесi маркетингтiк тауар саясатын әзiрлеу және жүргiзу болып табылады. Бұл саясаттың мақсаты жеке адамның сұранымдарын, талғамдарын, сатып алушылардың таңдауларын және нарықтағы өзгермелi жағдайға икемделудi есепке ала отырып, тауарды сатудың тиiмдi құрылымын қолдау.
Кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған. Кәсiпорынның сыртқы нарыққа табысты шығуы бағаны төмендету саясаты арқылы болуы мүмкiн.
Кәсiпорында баға белгiлеу саясаты шығындарға және бәсекелестердiң бағаларын есепке ала отырып қоятын қолайлы бағаларға бағытталған.Мұнда өнiмнiң үлестiрiлуi көбiнесе дистрибьюторлар арқылы жүзеге асырылады.
«Инкассация сервис» ЖШС-де өткiзудi ынталандыру жұмысында жеңiлдiк беру жүйесi қалыптасқан, ол өткiзiлген тауар көлемiне байланысты және мөлшерi әртүрлi 6 % дан 10 %-ға дейiн болады.
Өнiмдi жылжытудың құрамы және дамыған құралы тауар жарнамасы болып табылады. Жылжыту саясатында жарнамалық қызметтiң рөлi зор. Жарнамалық жұмыс арқылы кәсiпорындар тұтынушыларды қызықтырып, тауар өткiзу көлемiн көбейтедi. Кәсiпорында жарнама көбiнесе теледидар, газет, журналдар арқылы таратылады.
«Инкассация сервис» ЖШС –де қызмет көрсетудің елеулi үлесi (65,3 %) фирмалық дүкендерге, ал 22,8 % Астана, Атырау және т.б. қалаларындағы сауда өкiлдiктерiне тиедi, республикадағы өткiзу құрылымында қалған дүкендер 11,9 %-ға дейiн барады.
2 Компанияның өндірістік-қаржылық жағдайын
талдау
Нарықтық қатынастар жағдайында кәспорынның қаржылық жағдайы талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммер- циялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілік те болуымен байланысты. Кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсііпорынның сенімді болуын, тұрақтылығы және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Томенде көрсетiлген кестедегi көрсеткiштерге талдау жасап көрейiк.
- Кәсiпорында ең үлкен үлес салмақты қызмет көрсетуден түскен табыс алады, оның мөлшкрi өнiм өндiру деңгейiмен, оның сапасы- мен және басқа да факторлармен анықталады. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 96920587 мың теңгенi, ал 2007 жылы 23881922 мың теңгенi құрайды, яғни, 2007 жылы -73038665 мың теңгеге ауытқу байқалады.
- Кәсiпорындағы екiншi көрсеткiш ол- өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны 2006 жылы 83911112 мың теңгенi құрайды, ал 2007 жылы бұл 26,1 пайызға төмендеген, яғни 21886373 мың теңгенi көрсетедi.
1 кесте- «Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорынының техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер |
Өлш.бірл. |
2006 жыл |
2007 жыл |
Ауытқулар |
|
(+;-) |
% |
||||
Өткізілген өнімнен түскен табыс |
мың тг. |
96920587 |
23881922 |
-73038665 |
24,6 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
83911112 |
21886373 |
-62024739 |
26,1 |
Жалпы табыс |
мың тг. |
13009475 |
1995549 |
-11013926 |
15,3 |
Кезең шығындары |
мың тг. |
10994272 |
8056124 |
-2938148 |
73,2 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың тг. |
2015203 |
-6060575 |
-8075778 |
-3есе |
Негізгі емес қызмет- тен түскен табыс |
мың тг. |
17719 |
174501 |
156782 |
9,8есе |
Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс |
мың тг. |
2032922 |
-5886074 |
-7198996 |
-2,8есе |
Таза табыс |
мың тг. |
1423045,4 |
|
|
|
Сатылған өнімнің 1 тг. шаққандағы шығыны |
тт. |
0,97 |
1,25 |
0,28 |
128 |
Өнім тиімділігі |
% |
1,49 |
|
|
|
Сату тиімділігі |
% |
1,46 |
|
|
|
Өндіріс тиімділігі |
% |
0,47 |
|
|
|
Жұмыскерлер саны |
адам |
43 |
42 |
-1 |
97,6 |
о.і жұмысшылар саны |
адам |
31 |
30 |
-1 |
96,7 |
1 жұмыскердің еңбек өнімділігі |
мың тг. |
2253967,1 |
568617,2 |
-1685349,9 |
25,2 |
1 жұмысшының еңбек өнімділігі |
мың тг. |
3126470,5 |
796064,1 |
-2330406,4 |
25,4 |
Жұмыскердің еңбекақы қоры |
мың. тг. |
12962,1 |
16401,1 |
3439 |
126,5 |
о.і. жұмысшының еңбекақы қоры |
мың. тг. |
8182,1 |
9907,8 |
1712,7 |
121 |
|
|
|
|
3 кестенің жалғасы
|
|
1 жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы |
тт.. |
25120,3 |
32541,8 |
7421,6 |
129 |
1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы |
тг. |
21994,9 |
27521,6 |
5526,7 |
125 |
Негiзгi қорлардың орташа жылдық құны |
мың. тг. |
2995422 |
3233075 |
237653 |
108 |
Амортизация нормасы |
% |
4,9 |
25,1 |
20,2 |
5,2 есе |
Айналым қорларының орташа жылдық құны |
мың. тг. |
|
12832896 |
|
|
Қор қайтарымдылығы |
тг. |
32,3 |
7,38 |
-24,9 |
22,8 |
Қор сиымдылығы |
тг. |
0,03 |
0,13 |
0,1 |
111 |
Қор қарулануы |
тг. |
96626,5 |
107769,1 |
11142,6 |
3,7есе |
Амортизация сомасы |
мың. тг. |
147246 |
809018 |
661772 |
5,5 есе |
- Келесi көрсеткiш жалпы табыс. Олөнiмдi өткiзудiң қаржылық нәтижесiн бiлдiредi және негiзгi қызмет нәтижесiнде өнiмдi өтеiзуден түскен табыс пен өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны арасындағы айырма ретiнде анықталады. Жалпы табысқа әсер ететiн маңызды фактор өндiрiстiк өзiндiк құн, сондықтан оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi. Бұл көрсеткiш бiздiң кәсiпорында 2006 жылы 13009475 мың теңге болса, 2007 жылы 1995549 мың теңгеге ( 23881922-21886373) кемiген, яғни өнiмдi өткiзуден түскен табыстың кемуi есебiнен болып отыр.
- Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш- кезең шығындары. Бұларға басқару шығындары, әкiмшiлiк шығындар кiредi. Кезең шығындары жалпы табыстан негiзгi қызметтен түскен табысты шегергенге тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 10994272 мың теңгенi ( 13009475- 2015203) құрайды, ал 2007 жылы кезең шығындары төмендеген, яғни (1995549-( -6060575) 8056124 мың теңгенi көрсетедi.
- Негiзгi қызметтен түскен табыс жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма болып табылады. Негiзгi қызметтен түскен табыс- бұл сальдоланған қаржылық нәтиженi бiлдiредi. Жалпы табыс көлемi қаншалықты көп және өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнына кiрмейтiн тұрақты шығындарды бiлдiретiн кезең шығындары қаншалықты аз болса, негiзгi қызметтен түскен табыс соншалықты жоғары болады. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 2015203 теңгенi ( 13009475-10994272) көрсетедi, ал 2007 жылы төмен болып отыр, яғни ( 1995549-8056124) -6060575 мың теңгенi көрсетедi.
- Негiзгi емес қызметтен түскен табыс – бұл негiзгi емес қызметтен алынатын табыстар сомасы. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 17719 мың теңгенi құраған, 2007 жылы жоғарылаған, яғни 174501 мың теңгенi көрсетедi.
- Кәсiпорынның салық салғанға дейiнгi жиынтық табысы негiзгi және негiзгi емес қызметтен түскен табыстардың қосындысына тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 2032922 мың теңгенi (2015203+ 17719) көрсетедi, ал 2007 жылы төмендеген, яғни -7918996 мың теңгеге ауытқу байқалады.
- Кәсiпорындағы ендiгi көрсеткiшiмiз – таза табыс. «Таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 1423045,4 мың теңгенi құраған, ал 2007 жылы таза табыс болмаған.
- Сатылған өнiмнiң 1 теңгеге шаққандағы шығыны кәсiпорында өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны мен кезең шығындарының қосындысының сатудан түскен табысқа қатынасын көрсетедi. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 0,97 теңгенi , ал 2007 жылы 1,25 теңгенi көрсетедi, яғни 0,28 теңгеге ауытқу байқалады.
- Өнiм тиiмдiлiгi кәсiпорын қызметi тиiмдiлiгiнiң ең басты экономикалық көрсеткiшi болып табылады. Өнiм тиiмдiлiгiне өнiмнiң немесе шығаратын тауардың сапасы да едәуiр ықпал етедi, өйткенi жоғары сапалы өндiрiлетiн тауарларды көтерiңкi бағамен сата алады. Кәсiпорында өнiм тиiмдiлiгi таза табыстың өнiмнiң өзiндiк құнымен кезең шығындарының қосындысының қатынасына тең. Бұл көрсеткiш бiздiң кәсiпорында 2006 жылы 1,49 % -ды (1423045,4 /83911112+ +10994272) құраған, ал 2007 жылы таза табыстың болмауына байланысты болмаған.
- Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш- сату тиiмдiлiгi. Сату тиiмдiлiгi 2006 жылы 1,46 %-ды (1423045/ 96920587) көрсетедi, ал 2007 жылы бұл көрсеткiш те таза табыстың болмауына байланысты жоқ екенiн көремiз. Сату тиiмдiлiгi таза табыстың өткiзiлген өнiмнен түскен табысқа қатынасын көрсетедi.
- Өндiрiс тиiмдiлiгiнiң жеткiлiктi жоғары қарқынды және бiрiңғай өсуiн қамтамасыз ету мүмкiншiлiгi тек дамудың интенсивтi түрiне өтуге жағдай жасайды. Өндiрiстi жан-жақты интенсивтендiру – оның тиiмдiлiгiн арттырудың шешушi себебi. Кәсiпорында өндiрiс тиiмдiлiгi таза табыстың негiзгi қорлардың орташа жылдық құны мен айналым қорларының орташа жылдық құнының қосындысының қатынасына тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 0,47 % -ды көрсетедi, ал 2007 жылы таза табысқа байланысты бұл көрсеткiш болмаған.
- Кәсiпорында 2006 жылы барлық жұмыскерлер саны 43 адам, ал 2007 жылы 42 адам болған, яғни 1 адамға кемiген.
- Жұмыскерлердiң iшiнде жұмысшылар саны 2006 жылы 31 адам болған, ал 2007 жылы 1 адамға кемiдi, яғни 30 адамды құрайды.
- Өндiрiс тиiмдiлiгiнiң ең басты көрсеткiшi еңбек өнiмдiлiгi болып табылады, ол өндiрiс нәтижесiмен, жұмыс iстеушiлердiң орташа тiзiм санының арақатынасымен немесе еңбек сиымдылығымен, өнiм бiрлiгiне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенедi. Кәсiпорында 1 жұмыскердiң еңбек өнiмдiлiгi өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың жұмыскерлер санының қатынасына тең. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 2253967,1 мың теңгенi ( 96920587 / 43) көрсетедi, ал 2007 жылы кемiдi, (23881922 / 42) яғни 568617,2 мың теңгенi құрады.
- Кәсiпорында 1 жұмысшының еңбек өнiмдiлiгi өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың жұмысшылар санына қатынасын көрсетедi. Бұл көрсеткiш 2006 жылы кәсiпорында 3126470,5 мың теңгенi (96920587 / 31) құрайды, ал 2007 жылы бұл көрсеткiш кемiдi, яғни өткiзiлген өнiмнен түскен табысқа байланысты 796064,1 мың теңгенi ( 23881922 / 30 ) көрсетед.
- Кәсiпорында 1 жұмыскердiң еңбекақы қоры жұмыскердiң орташа айлық еңбекақы қорын жұмыскердiң санына көбейтiп, оның мыңға қатынасына тең. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 12962,1 мың теңгенi, ал 2007 жылы бұл 3439 мың теңгеге көбейген, яғни 16401,1 мың теңгенi көрсетедi.
- Кәсiпорында жұмыскерлердiң орташа айлық еңбекақы қоры 2006 жылы 8182,1 мың теңгенi, ал 2007 жылы 9907,8 мың теңгенi көрсетедi, яғни 121 %-ға жоғарылаған.
- Бiр жұмыскердiң орташа айлық еңбекақы қоры кәсiпорында жұмыскерлердiң еңбекақы қорының жұмыскерлер санының қатынасына және оның он екi ай мен мыңға көбейтiндiсiнiң қатынасына тең. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 25120,3 теңгенi ( 12962,1 / 43 /12 * 1000) құраған, ал 2007 жылы 32541,8 теңгенi ( 16401,1 /42 / 12* 1000) көрсетедi, яғни 129 %-ға өскен.
- Кәсiпорында 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы 2006 жылы 21994,9 теңге, ал 2007 жылы 17521,6 теңгенi көрсетедi, яғни 125 пайызға өскен.
- Кәсiпорында келесi көрсеткiш бұл- негiзгi қорлардың орташа жылдық құны . Негiзгi қор бұл- еңбек құралдары. Олар кәсiпорында ұзақ мерзiм қызмет жасап, өндiрiстiк процеске әлденеше рет қатысады, сонның өзiнде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бiрақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемiтедi. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 2995422 мың теңгенi, ал 2007 жылы 3233075 мың теңгенi көрсетедi, яғни 2007 жылы 108 %-ға өскен.
- Амортизация нормасы негiзгi қорлардың құнын өтеудегi жылдық процентi болып есептеледi. Ол экономикалық тұрғыдан негiзделiп, негiзгi қорлардың өз уақытында орнын толтырып туруы қажет. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 4,9 %-ды құраса, ал 2007 жылы 25,1 пайызды көрсетедi, яғни 2007 жылы амортизация нормасы 5,2 есеге жоғары болып тұр.
- Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш айналым қорларының орташа жылдық құны. Айналым қордың заттық мазмұны- еңбек заттары. Оның негiзгi қордан айырмашылығы сол- айналым қор өндiрiс процесiнде бiр рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетедi және өзiнiң бүкiл құнын пайда болған жаңа өнiмге қосады. Бұл көрсеткiш 2006 жылы болмаған, ал 2007 жылы 12832896 мың теңгенi көрсетедi.
- Кәсiпорында негiзгi қорларды тиiмдi пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткiш- қор қайтарымдылығы болып табылады. Қор қайтарымдылығы өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың негiзгi қорлардың орташа жылдық құнының қатынасына тең. Қор қайтарымдылығы көрсеткiшiнiң артуы негiзгi қорларды пайдалануды жақсартатынын көрсетедi. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 32,3 теңгенi, ал 2007 жылы 7,38 теңгенi құрайды, яғни 22,8 %-ға төмендеген.
- Қор қайтарымдылығына керi көрсеткiш – қор сиымдылығы, яғни бұл негiзгi қордың өткiзiлген өнiмнен түскен табыстың қатынасына тең. Қор сиымдылығы әрбiр өндiрiстiк учаскеде техниканы пайдаланудың қорытындылау көрсеткiшiне әсерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiш кәсiпорында 2006 жылы 0,03 теңгенi ( 2995422 / 96920587) көрсетедi, ал 2007 жылы бұл 4,3 есе өстi, яғни 0,13 теңгенi (3233175 / 23881922) құрап отыр.
- Кәсiпорындағы келесi көрсеткiш- қор қарулануы. Қор қарулануы негiзгi қордың орташа жылдық құнының жұмысшылардың санына қатынасын көрсетедi. Бұл көрсеткiш 2006 жылы 96626,5 мың теңгенi (2995422 / 31) көрсетедi, ал 2007 жылы 11 %-ға өстi, яғни 107769,1 теңгенi ( 3233075 / 30) көрсетедi.
- Амортизация сомасы 2006 жылы 147246 мың теңгенi көрсетедi. ал 2007 жылы 809018 мың теңгенi көрсетедi, яғни 661772 мың теңгеге ауытқу байқалады.
3 Істеген бөлімшенің қызметі
Қазақстанның БСҰ-ға өту мерзімі экономиканың тиімділігі мен сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейтуде маңызды роль атқаратыны анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару мен оның сапасы бойынша әлемдік тәжәрибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады.Қазақстанда өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отырады. Бұл министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс. Өндірісті стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялдық дамуының негізі болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Индустриялдық-иновациялық даму стратегиясын» жұзеге асыру барысындағы экономиканың өзгерістер, еліміздің БСҰ-ға кіру мәселелері осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжәрибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативті құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі- республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге асырылады.[3]
Қазіргі уақытта, осы айтылған іс-шараларды Қазақстан Республикасының Индустрия және Сауда министрлігі құрамындағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті, республика аймағында қолданбалы жұмыстарды іске асыратын «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын және құрамында маман метрологтар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелер 300-ден астам метрологиялық қызметтер бар. Олардың ішінде заттар мен материялдардың құрамы, стандарттық үлгілердің уақыты мен жиілігін, экологиялық, гидрохимиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерді жүзеге асыратын мамандандырылған қызметтер бар.
Аталған қызметтер мәліметі бойынша, қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 12832 кәсіпорынның тек қана 116-сы ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сапа басқару сертификатталған. Ендігі бар болғаны 94 кәсіпорын сапа жүйесін енгізуге дайындықтарын жалғастыруда. Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі комитет 13000 -нан астам халықаралық стандарттарға иелік етеді. Оның тек 288 -і, яғни 2,2 %-ы ғана отандық кәсіпорындар талабына сай келеді. Машина жасаумен айналысатын 1400 кәсіпорынның тек қана 14-і ИСО-9000 сериясының талаптарына сәйкес сапа жүйесімен сертификатталған. Бұл жағдай машина жасау саласының халықаралық бәсекеге жауап бере алмайтындығын көрсетеді. Қазақстанда құрылыс индустрияның құрылыс саласында қазіргі кезде 40 кәсіпорын сапа жүйесімен сертификатталған болып, бұл салада жағдай біршама дұрыс.
Елімізде 2005 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасы қабыоданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдік рынокқа шығуына жағдай жасау үшін өзіне стандарттау, сәйкестікті бағалау, акктедиттеу, сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау мен бақылау жөніндегі жұмыстарды жетілдіруді қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне Қазақстан Республикасының өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына жағдай жасау болып табылады.
Осы бағдарламаға сәйкес отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндірісте сапа менеджменті жүйесінің болуына тікелей байланысты болады. Республикада қазіргі уақытта ИСО стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін шамамен 116 кәсіпорын ғана сертификаттады, олардың ішінде нақты секторда тек әрбір салада 3-4 тен ғана болады.
Сапа менеджменті жүйелерін енгізуге кәсіпорындардың қызығушылықтарының төмендігінің негізгі себептерінің бірі сапа саласындағы саясатын әлсіз насихаттау мен ғылыми-әдістемелік базаның болмауы еді. Таяу жылдарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сертификаттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.
Қазіргі уақытта жалғастырылуы қажет өнеркәсіптің басым салаларындағы кәсіпорындарда 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемаларды талдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Отандық кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыру мақсатында Республикада «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» және «Қазақстанның ең үздік тауарлары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысына ізденуге конкурстар құрылды.
Сынақ қорын жабдықтау үшін өнімнің, шикізаттың және материалдардың әлеуетті қауіпті түрлеріне сертификаттық сынақтар жүргізу жөніндегі аккредиттелген сынақ орталықтары желісін құру және жетілдіру қажет.
Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізімдерінде тіркелген мамандар жоқ. Халықаралық және өңірлік ұйымдарда мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу қажет.[4]
Осылайша, қазіргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелері халықаралық талаптарға, соның ішінде саудада техникалық кедергілер мен санитарлық және фито-санитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің талаптарына және ТМД елдерінің еркін сауда аймағындағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдерге сәйкес келтірілмеген.
Төменде проблеманың күшті және әлсіз жақтары берілген.
Күшті жақтары:
- техникалық реттеу жүйесіне өту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін жүргізу;
- республика кәсіпорвндарында сапа менеджменті мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстарды насихаттамен қолдау жөнінде жұмыстар жүргізі;
- салаларда стандарттау жөніндегі қызметті жандандыру.
Мүмкіндіктер:
- жаңа нарықтық экономика мен халықаралық тәжәрибеге жауап беретін, өнімге, оның өндірілу процестеріне, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қойылатын міндетті және ұсынылатын талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелеріне көзқарасты енгізу:
- мемлекеттік стандарттар қорын ұлғайту, сондай-ақ үйлестірілген ұлттық стандарттар процестерін арттыру.
Әлсіз жақтары:
- Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің төмен проценті;
- Техникалық реттеу саласында біріңғай саясатты құруға кері әсер ететін мемлекеттік органдардың жекешелендірілгендігі;
- Халықаралық тізілімде тіркелген сарапшылардың болмауы;
- Өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын бақылау үшін сынақ қоры мен қазіргі заманғы жабдықтардың болмауы.
Күтілетін қауіптер:
- Әлемдік жаhандандыру процесінің шегінен тыс қалу қатері;
- Ғылым мен техниканың қазіргі уақыттағы талаптарына жауап беретін ақпараттар мен нормативтік тқұжаттардың болмауы;
- Республикалық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде ақпаратпен және нормативтік құжаттармен шұғыл алмасу үшін жағдайдың болмауы.
Бағдарламаның негізгі іс-шаралары халықаралық стандарттар салаларына енгізуге бағытталған, ол үшін:
- Республиканың кәсіпорындарында, салаларда стандарттау қызметтерін құру;
- Қазақстан Республикасы экономикасының басым салалары үшін дамыған шет елдердің халықаралық өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу,
- Экспортқа шығарылатын отандық өнім мен обьектілерге арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарды үйлестіруді жүргізу болжанып отыр.
Кез-келген өнімдерді шығарудан бұрын оны жасаушылар нормативтік және технологиялық құжаттармен, әдістемелермен және өлшеу, бақылау құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру «Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорнының басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бұл болашақта және жақын арада сөзсіз әртүрлі себептерге өндіргіш күштердің деңгейіне байланысты экономика дамуының жағдайымен алдына қойған тапсырмаларына байланысты одан да ары қарай өсуі ықтимал. «Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорнының алдына қойған негізгі тапсырмасы өндірілетін өнім сапасы мен көрсетілетін қызмет дәрежесін көтеру және сапаны жоғарылату мәселелерінің нақты шешілгеніне көз жеткізуге болады.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорнында өнім шығаруға әсер ететін бірнеше факторларды атап көрсетуге болады:
- Сыртқы факторлар — өнеркәсіптің нақты жұмыс істеуі үшін шикізаттардың болуы;
- Ішкі факторлар – кәсіпорында құрылыс материалдарын шығарудағы өндірістік технологиялық процестер әрине, өндіру барысында ұзақ мерзімді жоспарлардың дамуына сәйкес бұл факторларды бақылау және жетілдіру қажет.
«Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорнының негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстанда еуропалық сапаға сай шығарылған өнімдерін отандық тұтынушыларға ыңғайлы, басқа шетелдік фирмаларға қарағанда арзан бағамен сату. Жоғары білікті мамандар шығарылатын өнім сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етіп отырады.
Кәсіпорындағы негізгі міндеттердің бірі бәсекелестік қабілеті бар құрылыс өнімі өндірісін қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық алғышарт жасау болып табылады
«Инкассация сервис» ЖШС кәсіпорнында ақпараттың мынадай деңгейлері ерекшеленіп көрінеді:
- Сыртқы – нарықтық жағдайларда саланы дамытудың стратегиясын қалыптастыратын болжамдық, ғылыми-техникалық және инвестициялық құрфлыс өнімінің шетел өндірісшілері туралы мәліметтер әлемдік деңгейде жасалған контрактілер, ғылыми-техникалық әзірлемелер, жаңа патенттер, лицензиялары және т.б.
- Статистикалық есептілік – құрылыс кешені қызметінің ырғағы, саланың және нарықтық жағдайы немесе т.б. туралы ақпарат.
- Жаппай – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құрылыс кешені қызметін маркетингтік және насихаттық қамтамасыз ететін ақпарат.
- Өндірістік – саланың ағымдағы қызметі, өндірістік және инвестицмялық саладағы істің жай-күйі, нарықтық және биржалық бағалар, бәсекелестіктің мән-жайы, саланы дамытудың
ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуы және т.б. ақпарат.
Кәсіпорында құрылыс кешенінің жұмыс істеуін тиімді ақпараттық қолдауды ұйымдастыруды саланың құрылымдық бәлімшелерін локальді компьютор талаптарымен жарақтандырып, оларды одан ары салалық және мемлекеттік ақпарат жүйелеріне интеграциялап кезең-кезеңмен жүргізу керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Есеп Қорытындылай келе, мен осы екі апта аралығында өткізген танымдық тәжірибе жұмысымнан өзіме керекті білімді алып, оқу орнында алған білімімді толықтыра түстім. Осындай мүмкіндік берген сіздерге де алғысымды білдіремін. Өйткені өз мамандығымды және және жоғарғы оқу орнында алған білімімді іс жүзінде сезініп, оны қолдана білу өте үлкен жауапкершіліктің керек керек екендігім түсіндім.беру жұмысын орындау барысында біз сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті мен өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа — әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.
Өнім сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады. Өнімнің сапасын көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы кері байланысының маңызды элементі болып олардың сертификациялануы табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру және сертификациялау орталықтарын құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды. Есеп беру жұмысын орындау барысында біз өнімнің сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар ішкі факторлар секілді өндірілетін өнім көлеміне тікелей әсер етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:- өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне септесуі;- қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;- тұрақты болуы;- өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;- бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы; Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас — сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндім..Осындай тәжірибелі қызметкерлер ұжымымен иық тіресіп жұмыс атқарған қандай ғанибет десеңізші. .