АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике Оқу практикасы С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

4

1

Қазақстан Республикасының зауыттары

6

1.1

АҚ «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты»

8

1.2

Алматы ауыр машина жасау зауыты

10

2

Кескішленталы станок

13

2.1

Кескішленталы JWBS-9X станогы

14

2.2

Порталды көлденең кескішленталы GZ.AA30.4035 станогы

15

 

Қорытынды

17

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

18

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адамзат пайда болғалы адам мен техника бір – бірімен тығыз байланыста. Техниканың пайда болуының алғы шарты – табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақсаты – адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру және жақсарту. Техниканың жалпы мәні ХІХ ғасырда өзгерді. Бұл кезеңдерде механикалық машиналар келіп, олар адамзат қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады. Техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте – бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти  бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады.

Қазіргі заман талабына сай ғылыми техникалық прогресті және әлеуметтік мәселелерді тез шешуіміз керек. Осы себептен де ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамып келе жатқан негізгі – негізгі салаларын қолға алу дұрыс. Себебі, бізді дамытатын да, атымызды шығаратын да, байытатын да осы салалар. Мұндай салалардың бірі машина жасау саласы болып саналады. Машина жасау саласын дамытудың негізі көздері – электротехника өнеркәсібін, микроэлектроника, станок жасау, есептеу техникасы мен прибор жасау және айтылғандардың бәрін автоматтандыру болып саналады. Машинаның техникалық сипаттамасының жоғарлауы мен олардың қызметінің көбейуі, олар құрамдас тетіктер мен құрам бірліктерінің сандарында көбейуіне, физико – механикалық қасиеті жоғары, материалдарымен ауыстыруына әкеледі.

Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36÷40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау – 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі «Дженерал Моторс«, «Форд Мотор«, «Дженерал Электрик» (АҚШ), «Даймлер-Крайслер«, «Сименс» (ГФР), «Мицубиси«, «Тойота Мотор» (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған.

Республикадағы машина жасауды дамыту жөніндегі бағдарлама негізінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.

Машина жасау кешені – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару – жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Ғылымда көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа  индустриялдық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие.

Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт бар. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс – өнеркәсіп кешені құрамынд  50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару – жарақ және оқ дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери – теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару – жарақ зымыран техникаларының микро сызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Қазақстан да қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені, дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы, Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық.

Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп ауылшаруашылығын, соның ішінде, мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымызбен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналармен қамтамасыз ету өте маңызды.

Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасының өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгерту қажет [1].

 

 

1 Қазақстан Республикасының  зауыттары

 

  1. Қазақстандағы ең алғаш құрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.
  2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны — Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта — теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.
  3. Құны 20 млн. долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік корей филиалы «Дженерал Моторс»Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты — жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 — «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс (1.1-суретте көрсетілген – Өскемендегі «Азия-Авто» зауыты) [1].

 

 

1.1-сурет – Өскемендегі «Азия-Авто» зауыты

 

  1. Қазақстанда барлығы 30-дай әр-түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады (1.2-суретте көрсетілген – Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауыты).

 

 

1.2 — сурет – Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауыты

 

  1. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (қой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.
  2. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері — алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар — ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда.
  3. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролық зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша қарудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта қорғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.
  4. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандықтар және шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды (1.3-суретте көрсетілген – ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловозы).

 

 

1.3-сурет – ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловозы

 

 

1.1 АҚ «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты»

 

АҚ  «Киров атындағы машина жасау зауыты» 1942 жылы негізі қаланды және ТМД территориясы мен Балтық елдерінде жылу қозғалтқышты торпеданы бірден-бір өндіруші болып табылады. АҚ «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» Қазақстан республикасының ең ірі машинажасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы уақытында № 175-шi С.М. Киров атындағы көлік жасау зауыты Махачкаладан Алматыға көшкен болатын.

Кәсіпорын өзінің қызметінің кезеңдері ішінде торпеданың 20 түрі мен су асты және су үсті кемелеріне арналған кеме гидравликасының 150- түрлерінен астам бұйымдарын игерді. Торпеда дайындаудың толық технологиялық кезеңін орналастырады: әзірленгендерді алу, бөлшектерді дайындау, жинау, тәжірибеден өткізу және дайын бұйымның сапасын бақылауға дейін.

Кәсіпорынның сонымен қатар тәжірибелі мамандардың шығарылатын өнімнің сапасына ғылыми-зерттеу, құрылымдық жұмыстары, метрологиялық сараптама, зертханалық бақылау және сапалық талдау жұмыстарын орындайтын құрылымдаулық бюросы (ҚБ), бас технолог бөлімі (БТБ) және зертханалық-талдау орталығы (ЗТО) бар.

Өнімнің негізгі түрлері: теңіздік суасты қару жарақтары; кеме гидравликасының бұйымдары; қазандықтың жану үрдісін автоматты басқаруының кемелік жүйесі; темір жолға арналған қосымша бөлшектер; кен өндіруші өнеркәсібі мен мұнай газ кешеніне арналған бұйым.

Зауыттың аумағы 34 гектарды құрайды. 26 цех құрастырылған, 2,5 мың бiрлiк жабдықтары орнатылынған. Әскери өнiмдерден басқа, халық тұтынатын тауарларды шығарды: өтектер, керогаздар, столға қоятын газды тақталар, ет тартқыш, шәйнектер, сейфтер, орындықтар және тағы басқа. Кәсіпорында өндірістің келесі көріністері: ұсталық, құю, металл өңдеу, өндіріс резеңке техникалық бұйымының, серіппелердің, қатайту өндірісі де бұйымның сынақтары үшін зертханада бар. Зауыт теңiз су асты қаруларын, Қазан жануын процесстiң кеме гидравлигiнiң бұйымы, автоматты басқарудың кеме жүйелерiн өндiруде. Кен өндiру өнеркәсiбі және мұнайлы-газды кешен үшiн темiр жол, бұйымдар үшiн қосалқы бөлшектердiң шығарылымын жасауда. КСРО таралуынан кейін зауыт 8 мемлекет кіретін Варшавдық келісімнен айырылды, оған кіретіндер: КСРО, Румыня, Болгария, Польша, ГДР, Чехословакия, Венгрия және Албания. 90-жылдары С.М. Киров атындағы зауыттың қиын кезеңдері басталды. Жұмыс бiрақ қиын жылдарда да тiптi тоқтамады. Торпедалар және қорғаныс үшін әскери жабдықтар өндiрiсімен қатар, бiр уақытта азаматтық өнiмдi меңгере бастады. Ескерткiштер үшiн бұйымдардың құюы меңгерілді. Алматылықтар назарына Республика Алаңындаңы Алтын Адам және Абылай хан ескерткішін, астаналықтарға — Томирис ханшайым ескерткiштерін  ұсынды. Зауыттың қазіргі сипаттамасы мәз емес.10 мың жұмысшылардан тек 600 адам қалды. Олардың iшiндегі көпшілігі зейнет жасындағылар. Зауытта жас мамандар да бар, бiрақ олар онша көп емес. 2003 жылы С.М.Киров атындағы көлік жасау зауытының мемлекеттiк акциялар пакетi «ҰК Қазақстан инжиниринг» серіктестігіне тапсырылды. (1.4-суретте көрсетілген – Киров атындағы зауыттағы өндірістік жұмыс цехі).

 

 

1.4 – сурет – Киров атындағы зауыттағы өндірістік жұмыс цехі

1.2 Алматы ауыр машина жасау зауыты

 

Алматы ауыр машина жасау зауыты — металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды. 1942 жылдың наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. Кәсіпорында кейін негізгі өндірістік және қосалқы цехтар салынды. Өндіріс тұйық технологиялық циклмен ұйымдасқан, ол металлургиялық құю жұмыстарынан басталып, құрастыру және өңдеумен аяқталады. Прокат жабдықтарын, созу стандарын және басқа да металл өнімдерін шығарады. Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған стандар, детальпрокат стандары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермик. және химиялық жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды. 1992 ж. “Алматы ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 ж. ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

Прокат жабдықтары мен металлургия кәсіпорындарына созу станогын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 жылы көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехты негізінде құрылды (1.5-суретте көрсетілген – Алматы ауыр машина жасау зауыты).

 

 

1.5 — сурет– Алматы ауыр машина жасау зауыты

 

 

Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған станоктар, детальпрокат станоктары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермикалық және химиялық жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды (1.6-суретте көрсетілген – ААМЖЗ).

 

 

1.6 — суретте – ААМЖЗ

 

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Серік Шакирбаевтің айтуынша, құны 500 мың АҚШ доллары тұртатын екі қондырғы әлемдік нарықта, соның ішінде ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие.«Біз Алматы ауыр машина жасау зауытының өнімдерін жоғары бағалаймыз. Өйткені, оның сапасы өте жоғары. Соған қарамастан, өнімнің бағасы Ресейге қарағанда едәуір арзан», — деп атап өтті «Ижевск механика зауыты» АҚ-ның бас технологы Рамиль Хисматуллин шара барысында. Алматы ауыр машина жасау зауыты республикамыздағы жетекші өнідірістік орын болып табылады. Зауыт ұзақ жылдан бері халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өнімдер шығарып келеді. Зауыт әлем бойынша сым темір өңдеу станын шығарудың ірі үштігіне кірді.Алматы ауыр машина жасау зауыты – металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын.

Зауыт бүгінгі күнге дейін ырғақты әрі тұрақты жұмыс істеп келеді. Зауыттың жалақы немесе зейнетақы төлемдері бойынша берешегі жоқ. Зауыт ай сайын 141 млн теңгенің өнімдерін өндіреді». Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААМЖЗ) республикамыздағы жетекші өнідірістік орын болып табылады. Зауыт ұзақ жылдан бері халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өнімдер шығарып келеді. Зауыт әлем бойынша сым темір өңдеу станын шығарудың ірі үштігіне кірді. Бүгінде зауыттың өнімдері ондаған жақын және алыс шетелге жетістікпен экспортқа шығарылуда (1.7 — суретте көрсетілген – ААМЖЗ).

 

 

1.7 — сурет – ААМЖЗ

 

1992 жылы “Алматы ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 жылы ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Кәсіпорында кейін негізгі өндірістік және қосалқы цехтар салынды. Өндіріс тұйық технологиялық циклмен ұйымдасқан, ол металлургиялық құю жұмыстарынан басталып, құрастыру және өңдеумен аяқталады. Прокат жабдықтарын, созу стандарын және басқа да металл өнімдерін шығарады.

 

2 Кескішленталы станок

 

Кескішленталы станок ара арқылы әртүрлі заттарды кесуге арналған (металдар, тастар, ағаш, т.б.). Бұл ара шексіз лента түрінде жалғанған, сондықтан кескішленталы станок деп аталады. Барлық ленталы станоктардың аралары екі дөңгелекшеге бекітілген: соның бір дөңгелекшесі айналдырғыш болып табылады (қозғалтқыштан хабар келіп, айналып тұрады), екіншісі қысып тартып тұрады (ара айналу барысында ара шығып кетпес үшін керек). Дөңгелекшелер мықты қаңқаға бекітілген, оны кескіш рама деп атайды. Кескіш раманың орналасу орнына байланысты станоктар вертикалды, горизонталды және көлбеу рамалы болып бөлінеді.

Кез-келген кескішленталы станоктың негізгі жұмыс элементі сақина таспалы лента болып табылады. Барлық кескішленталы станоктардың қаңқалары стандартты түрде болат темірден жасалса, оның кескіш тістері құрылымы жағынын да, оларды жасайтын материалдары да алуан түрлі болады. Тау-тасты кесу үшін алмастан жасалған тістерді қолданады, ал ағаш кесу үшін көміртекті болат қолданылады.

Темір-металдан жасалған дайындамаларды кесу үшін кеңінен биметалды ленталы ара қолданылады: оның негізі жұмсақ және майысқыш келеді, бірақ тістің ұштары тез кескіш қатты болат темірден жасалады. Кескішленталы станок негізгі параметрін анықтайтын оның лентасының калыңдығы, биіктігі және созғандағы ұзындығы, кейде әрбір тісшелердің көлемі де рөл тигізуі мүмкін.

Кескішленталы станоктың көп түрі болғандықтан, олар үшін әртүрлі ұзындықтағы ленталы аралар қажет болып табылады. Ленталы аралар орам түрінде шығады, кейіннен оны керекті көлемде кесіп қайта оны жалғайды (2.1 – суретте көрсетілген – Кескішленталы станок)[2].

 

 

2.1 – сурет – Кескішленталы станок

 

2.1 Кескішленталы JWBS-9X станогы

 

Кескішленталы JWBS-9X станогы – бойлық бойымен, көлденеңінен және қиғашынан ағаш дайындамаларды, ДСП және ДВП ағаштарын кесу үшін пайдалынылатын модел болып табылады. Белдікті ауыстырма арқасында бұл станок шусыз жұмыс істейді және жұмыс істеушіге ыңғайсыздық туғызбайды. Дайындаманың оңтайлы қалыңдығы — 20 мм деп санауға болады, бiрақ 80 мм дейігі қалыңдықтағы бөлшектерді кесуге техникалық параметрі жетеді. Машина жұмыс істеуге қарапайым және арнайы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді.

Кескішленталы JWBS-9X станогын дұрыс пайдалану әдісі.

Станок қатты пластиктер мен орман өнімдерін жəне басқа да ағаш өнімдерін аралау үшін құрастырылған.

Осы станокта басқа материалдарды өңдеуге болмайды. Кейбір жағдайларда бұны тек компания өкілдерімен кеңескеннен кейін ғана жүзеге асыруға болады.

Металл дайындамаларды өңдеуге тыйым салынады.

Дайындама қауіпсіз бекітілген жəне орнатылған болуы керек.

Станокты дұрыс пайдалану үшін осы нұсқаулықтың ережелерін сақтау қажет.

Станокты тек оның жұмысы, техникалық қызмет көрсетуі жəне мүмкін болар қауіп қатерлер туралы ескертілген тұлғалар қолдануға рұқсат етіледі.

Станокты пайдалануға белгіленген жас мөлшерінен кіші тұлғалар жіберілмейді.

Станокты тек техникалық дұрыс жағдайында қолданған жөн. Станокта жұмыс жасаған кезде барлық қорғаныс заттары мен қақпақтар бекітілуі керек.

Осы нұсқаулықта қамтылған қауіпсіздік бойынша талаптар мен мемлекеттік ережелерге қосымша, ағаш өңдейтін станоктармен жұмысқа қатысты қабылданған жалпы ережелермен де танысқан жөн.

Тауар талаптарға сай қолданылмаған жағдайда өндіруші жауапкершіліктен бас тартады жəне оны тек қана тұтынушыға береді.

Станокта жұмыс істеу.

Дұрыс жұмыс жағдайы. Станокқа қарама қарсы аралау бағытында тұрған жөн.

Дайындаманы өңдеу:

– қолдарыңызды дайындама үстіне кесу аймағынан шеткі жағына орналастырыңыз;

– дайындаманы ленталы кенептің бағытына қарай қозғаңыз жəне дайындаманы айналдыра отырып кесу сызығының бойымен жүргізіңіз;

– дайындаманы тоқтамастан алдыға қарай жылжытыңыз; кесуді бір ғана қимылмен аяқтаңыз.

– дайындаманы кері тартпаңыз, себебі аралау кенебі бағыттаушылардан тайып кетуі мүмкін.

– ұзын жəне жалпақ дайындамаларды станокқа орналастыру үшін аунақшалы тіректер қолданыңыз [3].

2.2 – суретте көрсетілген – Cтаноктың сипаттамасы.

 

 

2.2 – сурет – Cтаноктың сипаттамасы

 

A – Кенептің созылуын реттейтін тұтқа.

B – Үстіңгі бақылау терезесі.

C – Кенептің үстіңгі бағыттаушысының реттегіш тұтқасы.

D – Жарықшам.

E – Араның жоғарғы қорғаныс қоршауы.

F – Тірек.

G – Ленталы кенеп.

H – Көлбеу шкаласы.

I – Кенепті тарту иінтірегі.

J – Үстел.

K – Ара жүрісін реттеу тұтқасы.

L – Кенеп бағыттаушысының бекіткіші.

M – Қосу / сөндіру тетігі.

 

 

2.2 Порталды көлденең кескішленталы GZ.AA30.4035 станогы

 

Порталды көлденең кескішлеталы GZ.AA30.4035 станогы аса ірі және де тот баспайтын болатты, түсті металдарды қақ ортасынан кесуге арналған станок болып табылады. Кросс-арқалықтар арқылы екі баған қатаң бір-бірімен қосылған. Кесу аймағына және артқы көлденең ара жақтаудың ұсыну екі цилиндр синхрондалған гидравликалық диск арқылы жүзеге асырылады. Алдыңғы және артқы гидравликалық қысқыш тістеуіштерді жабдықталған. Мата өмірін жақсарту үшін бірегей инженерлік технология жасалған, берік жүзді нұсқаулықтары қойылған. Тазалау мата электр щеткамен жүзеге асырылады. Техникалық сипаттамасына келсек оның максимал қиылысатын тікбұрышы 350/350×400 мм болып келеді, ленталы арасының ұзындығы 1.1x34x4115 мм, араның айналу жылдамдығы 18/40/70 м/мин, басты қозғалтқышының күші 3 кВт, гидравликалық сорғышының қуаты 0,55 кВт. Кескішлеталы GZ.AA30.4035 станогының өлшеміне келсек 2200x1480x1100 мм, ал массасы болса 125 кг болып келеді. (2.3 – суретте көрсетілген – Порталды көлденең кескішлеталы GZ.AA30.4035 станогы) [4].

 

 

2.3 – сурет – Порталды көлденең кескішлеталы GZ.AA30.4035 станогы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқу практикасына біз С.М.Киров атындағы машина жасау зауытына бардық. Осы зауыттың тарихымен таныстық, ішінде болып оның ішкі құрылысын көрдік. Түр-түрлі станоктармен, мамандармен таныстық. Қазіргі кезде Киров зауыты соғыс кезінде шығарған торпеда және әскери жабдықты шығарумен айналыспайды.

Бұл практикалық жұмыста, мен кескішленталы станокпен жұмыс істеу туралы ақпараттар жинастырдым және станокпен толық таныстым. Бұл станоктың көптеген түрі бар және солардың ең маңыздысы дегендерімен толығырақ танысуға тырыстым. Темір-металдан жасалған дайындамаларды кесу үшін кеңінен биметалды ленталы ара қолданылады: оның негізі жұмсақ және майысқыш келеді, бірақ тістің ұштары тез кескіш қатты болат темірден жасалады. Кескішленталы станок негізгі параметрін анықтайтын оның лентасының калыңдығы, биіктігі және созғандағы ұзындығы, кейде әрбір тісшелердің көлемі де рөл тигізуі мүмкін. Станокпен қалай жұмыс ісеу керектігін, қауіпсіздік ережелерін, оқыс жағдайда не істеу керектігін үйрендім. Бұл станок әртүрлі металл, ағаш дайындамаларды және тағыда басқа жыныстарды кесетін болып бөлінеді. Станокты тек оның жұмысы,  техникалық қызмет көрсетуі жəне мүмкін болар қауіп қатерлер туралы ескертілген тұлғалар қолдануға рұқсат етіледі. Станокты пайдалануға белгіленген жас мөлшерінен кіші тұлғалар жіберілмейді. Өзіме болашақ алып шығар мамандығыма керек көптеген ақпарат алдым. Кескішленталы станоктың әр нәрсесінің сипаттамасын ізденіп таптым.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Осы сайттан алынды: http://kk.wikipedia.org/wiki
  2. Осы сайттан алынды: http://ib-gr.ru/categories.php?id=40
  3. Осы сайттан алынды: http://www.jettools.ru/woodworking/bandsaws/ /ug/JWBS-9X_ug.pdf
  4. Осы сайттан алынды: http://www.korvet.su/Lentochnaja-pila-JET-JWBS-9X.html