АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы

 

«Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………. 7

 

1 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ…………………. 9

1.1 Спортшының дене қабілетінің даярлығы ……………………………………………… 10

1.2 Спортшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік         негіздері……………………………………………………………………………………………….16

1.3 Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі………………………….. 18

 

2   ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. 41

2.1 Зерттеудің міндеттері …………………………………………………………………………… 41

2.2 Жас волейболшылардың жарыстағы қозғалыс   белсенділігінің ерекшеліктері және дене қасиеттерінің  даярлығының құрылымы…………                                 48

2.3 Жас волейболшылардың дене қасиеттерін сипаттау……………………………….53

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….. 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………… 65

 

КІРІСПЕ

 

Спорттық жаттығу өзіне даярлықтың негізгі бөлімдерін немесе салыстырмалы түрде дербес қырларын: техникалық, дене қасиеттері, тактикалық, психологиялық, теориялық және интегралдық қырларын қосады [9,13,28].

Осындай құрылым спорттық шеберліктің құрамдас бөліктері туралы түсінікті ретке келтіреді, оларды жетілдіру тәсілдері мен әдістерін, спорттық жетілдірілу процесін басқару мен бақылау жүйесін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте даярлықтың қырларының әрқайсысының оның басқа қырларының жетілгендік дәрежесіне байланысты болатындығын, олармен анықталатындығы және, өз кезегінде, олардың деңгейін анықтайтындығын ескерген жөн болады [11,23,45,].

Зертеудің өзектілігі.Волейболдағы жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің, қасиеттерінің көрініс табуы айтарлықтай алуан түрлі, сондықтан олардың әрқайсысын дамыту мен тиімді жетілдіру тиісті ғылыми негіздеуді талап етеді. Басқа да спорттық ойындардағы секілді, волейбол ойнау барысында қарсыластардың күтпеген әрекетеріне жылдам жауап қайтару, ойынның жекелеген техникалық тәсілдерін орындаған кезде жоғары жылдамдық қасиеттерін көрсету, бағыт-бағдар алу жылдамдығы, уақыттың қатаң тапшылығы жағдайларында орын ауыстырулардың, шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттердің қажеттілігі, командадағы серіктерімен күрделі өзара әрекеттесу мәселелері үнемі туындап отырады. Онымен қоймай, волейболдағы жарыс ережелерінің соңғы өзгерістері ойынның анағұрлым қарқынды болуын қарастырады [42,40]. Бұл, ақыр соңында, арнайы дене қабілеттерін даярлау процесін күрделендіре түседі және даярлаудың спортшыға профильдік дене қасиеттерін дамытудың айтарлықтай жоғары көрсеткіштеріне ие болуға және олардың жүзеге асырылуын ойын техникасымен әрі өзара байланыста қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдістемесін жасап шығару қажеттігін тудырады [50,17].

Волейболшылардың арнайы дене қабілеттерінің даярлығының қырларын зерттеуге айтарлықтай көп жұмыстар арналған [5,17,18,41,37 және т.б.], алайда осы саладағы ғылыми зерттеулер негізінен алғанда волейболдағы спорттық жетістіктерге әртүрлі шамада әсер ететін даярлықтың немесе қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жекелеген қырларын зерттеуге бағытталған. Мысалы, бірқатар авторлар [10,37,47,45] жылдамдық көрсеткіштерін зерттеген,жұмыстарда волейболшылардың күш қабілеттері туралы мәліметтер келтірілген, сонымен қатар секіргіштіктің, төзімділіктің әр түрлерінің, координациялық қабілеттердің көрсеткіштері де зерттелді [50,19]. Іріктеп алу, жаттығу әдістемесі мәселелеріне және басқа да аспекттерге белгілі бір көңіл аударылды [5,3,23,27,].

Алайда қолда бар мәліметтерді бір жүйеге келтіру және пайдалану, олардың фрагменттігіне орай, мүмкін болмай отыр. Онымен қоймай, орындалған зерттеулердің көпшілігі өткен жүзжылдықтың 70-80-ші жылдарына жатады және біліктілігі жоғары ересек спортшылардың контингентін тарта отырып жүргізілген.

Әдістемелік материалдар мен практикалық тәжірибені талдау көрсетіп отырғанындай, жас волейбошылардың дене қабілеттерін даярлау негізінен алғанда, кей кездері жарыс әрекетінің спецификасын ескермей және дене қабілеттерін дамытудағы жаттығудың әдістері мен тәсілдерін ұтымды пайдаланбай, сауықтыру және жалпы білім беру міндеттерін шешуге тірек артады.

Баяндалған жайттарға орай, жас волейбошылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымын зерттеу және осы негізде дене қабілеті қасиеттерін дамыту процесін оптималдандыру жолдарын қалыптастыру өте өзекті мәселе болып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне себепші болды.

Жұмыстың мақсаты – жас волейбошылардың дене қабілеттерінің даярлығын арттыруға бағытталған жаттығу процесін жетілдіру.

Зерттеу нысаны – жас волейбошылардың жарыс әрекеті және жаттығу процесі.

Зерттеу тақырыбы – дене қабілеті даярлығының құрылымы және жас волейбошылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін анықтайтын дене қабілеттерін дамыту әдістемесі.

Гипотеза: жаттығу процесін дене қабілеті даярлығының құрылымын сипаттайтын дене қабілеттерімен өзара байланыс негізінде бағдарламалау дене қабілеті даярлығын оптималдандыруға және жас волейбошылардың жарыс әрекеттерінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп болжанды.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы педагогикалық тәсілдер мен әдістерді жас волейбошылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін арттыру үшін мақсатты бағыттай отырып қолдануға мүмкіндік беретін ұсыныстарды жасап шығарудан тұрады.

 

 

 

 

 

 

1 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТТЕРІ

 

Спортшыны жетілдірудің нақтылы кезеңіндегі жаттықтыру процесінің мақсаты мен міндеттерін қою тиісті спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін нақтылы спортшыға қандай қабілеттер мен қасиеттер, сонымен қатар олардың дамуының қандай деңгейі қажет екендігін анық, ең жақсысы сандық көрсетуге негізінде мүмкін болады [9,26,30].

Арнайы әдебиетті талдау спорттағы жетістіктер деңгейі техникалық, дене қабілеттері, психологиялық және тактикалық даярлыққа байланысты болып келеді деп пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте белгіленген нәтижені көрсету үшін даярлықтың аталған қырларының дамуының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың спорттық мамандану мақсаты болып табылатын, бұлшық ет әрекетінің нақтылы түріндегі интегралдық көрініс табуын қамтамасыз ету де маңызды болып келеді. Даярлықты осылайша түсіну спорттық жетістіктердің құрамдас бөліктері туралы салыстырмалы түрде анық түсініктерді құруға көмектеседі, спорттық жетілдірудің жетекші бағыттарын анықтауға, спортшы организміне әсер ету әдістері мен тәсілдерін бір жүйеге келтіруге ықпал етеді.

Сонымен бірге спорттың дамуының қазіргі кезеңінде спортшылардың даярлығының құрылымын анықтау үшін жалғыз логикалық қорытындылар мен салыстырмалы түсініктер жеткіліксіз бола бастады. Спорттық жетістіктердің деңгейін анықтайтын негізгі қасиеттер мен қабілеттерді анық та дәл анықтау, олардың спортшының мамандануына, сонымен қатар оның жасы мен біліктілігіне байланысты ролін анықтау қажет, бұған әрбір нақтылы спортшыдағы осы қасиеттер мен қабілеттердің даму дәрежесін сандық бағалау әдістемесі жәрдемін бере алады.

Алайда бұл міндеттер спорттың алуан түрлеріндегі даярлықтың құрылымы техникалық, тактикалық, дене қасиеттері даярлығы секілді түсініктердің негізінде ғана талданатын болған кезге дейін толыққанды шешіле алмайды. Бұл даярлықтың бір де бір қырының таза күйінде көрініс таппайтындығымен және өлшене, ескеріле алмайтындығымен түсіндіріледі.

Эксперименттік зерттеулерде қандай да бір спорт түрінің ұтымды техникасын меңгерудің қимыл-қозғалыс қасиеттерінің: күштің, жылдамдықтың, икемділіктің, ептілік пен төзімділіктің тиісінше дамуынсыз мүмкін болмайтындығы сан мәрте расталып шыққан. Аталған қасиеттердің даму деңгейі қимыл-қозғалыстардың ұтымды түрін, алуан түрлі фазалардағы күш салудың оған адекватты дәрежесін, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруді, қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу жылдамдығын, оның тұрақтылығын және өзгеріп отырған жағдайларға бейімделгіштігін анықтап отырады. Екінші жағынан алатын болсақ, күш, жылдамдықтың даму деңгейі, егер олар берік техникалық негізге: қимыл-қозғалыс әрекеттерінің пішіні бойынша ұтымды және үйлестіруші құрылымына, үнемді техникасына негізделмесе, функционалдық жүйелердің мүмкіндіктері өздігінен өзі спортшыға жылдамдық мүмкіндіктерінің де, төзімділіктің де көрініс табуын қамтамасыз ете алмайды [41,47,51].

Осылайша, спорттық жаттығу барысында келесідей негізгі міндеттер шешімін табуға тиіс: таңдап алынған спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеру; қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіру және организмнің жарыс жаттығуларының табысты орындалуын дәне жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілуін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерінің мүмкіндіктерін арттыру; қажетті моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу; арнайы психикалық даярлықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету; табысты жаттығу және жарыс әрекеті үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық тәжірибені иемдену.

 

1.1 Спортшының дене қабілетінің даярлығы

 

Спорттық жаттықтырудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын дене қабілеті даярлығы қимыл-қозғалыс қабілеттерін – күшті, жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті, координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған. Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Кейбір мамандар сонымен қатар қосалқы даярлықты бөліп көрсетуді ұсынады [50, 48, 46, 52].

Жалпы дене қабілеті даярлығының ұтымды ұйымдастырылған процесі алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және бір мезгілде пропорционалды дамуына бағытталған. Дене қабілеті даярлығының жоғарғы көрсеткіштері дене қабілеттерін дамыту, спортшылардың даярлығының өзге қырларын – техникалық, тактикалық, психологиялық даярлықты жетілдірумен тиімді жұмыс істеу үшін функционалдық іргетас болып қызмет атқарады.

Жалпы дене қабілеті даярлығының нәтижесінде спортшы иемденген функционалдық потенциал спорттың қандай да болсын түрінде табысты жетілу үшін қажетті алғышарт қана болып табылады, бірақ өздігінен өзі, мақсатты бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығынсыз жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды.

Қосалқы дене қабілеті даярлығы жалпы дене қабілеті даярлығының негізінде құрылады және спортшының арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстың үлкен көлемін тиімді орындау үшін қажетті арнайы негіз жасап береді. Осындай даярлық әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Бұл кезде жүйке-бұлшық ет координациясы жақсарады, спортшылардың үлкен күш түсулерді бастан өткеруге және олардан кейін тиімді түрде қалпына келу қабілеттері жетілдіріле түседі [7].

Арнайы дене дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің спецификасы, болады деп күтілетін жарыс әрекетінің ерекшеліктері қоятын талаптарға сәйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған кезде осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. Жекелей алатын болсақ, жарыс әрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық еттер топтары мен олардың антагонистері басым әсер етуге ұшырап отыруға тиіс[6,15,34, 51,].

Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына әсер етумен шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің динамикалық және кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір дәрежеде жарыс әрекетінің негізгі элементтеріне сәйкес келетін жаттығуларды іріктеп алу қажет.

Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі көріністерінің саны орасан зор болғандықтан, олардың әрқайсысын жетілдіру де дифференциацияланған әдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда қарсыластың күтпеген әрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген техникалық тәсілдерді орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін көрсету, жылдам бағыт-бағдар алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың қатаң тапшылығы, қарсыластар тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен және қарсыластармен күрделі топтық өзара әрекеттесу жағдайларында шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді қабылдау қажеттігі жиі туындап отырады.

Дене қабілеті даярлығы әдістемесіне дифференциацияланған тұрғыдан қарау спорттың әр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттеріне – жылдамдыққа және күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады.

Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді. Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті даярлығының деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механихмдері туралы танымдар айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда және жарыста күш түсуді зерттеу нәтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың қандай жаттығуларды орындайтындығын және олардың неге әсер ететіндігін ескере отырып қарауға мүмкіндік берді [18, 17, 15 және т.б.]. мысалы, қысқа қашықтықтарға жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта шабуылдаушы және қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді және т.с. зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза таңдамалы жетілдірудің көп жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның ішінде дене қабілеті даярлығының жетілдірілуіне әсер етіледі. Сондықтан дене қабілеті даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін: жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті (координациялық қабілеттерді) жетілдіру мәселелеріне бөлу қабылданған. Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым талаптар мен кейбір қосымша белгілер бойынша топтастыруға негізделгендігімен де түсіндіріледі [23, 15].

Бұл ретте жекелеген дене қабілеті қасиеттері ең тиімдірек жетілетін белгілі бір жағдайлар да бар екендігі атап көрсетіледі. Мұнда маңызды рольді  бұлшық ет қызметінің организмнің энергетикалық ресурстарының басым күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға шоғырлануына және таңдамалы қайта бөлінуіне, пластикалық процестердің реттелуіне және организмнің қарқынды бұлшық ет қызметіне, әрекетіне ұзақ мерзімді бейімделуінің құрылымдық негізін қалыптастыруға ықпал ететін гормондық ретке келуін қайта құру ойнайды [6,10,25,].

Дене қасиеттеріне теориялық қарау спорттық ғылым мен спорттық практикадағы көптеген ашық мәселелерді көрсетеді. Дене қасиеттеріне іріктеуде, спорттық бағдар алу мен мамандануда орталық орын бөлінетіндігіне қарамастан, біржақты қараудан бойды аулақ ұстаған жөн.

Дене қасиеттерін бағалау жас ойыншының жалпы потенциалдарын бағалау мен болжаудың ажырамастай бөлігі болып табылғанда ғана оптималды болып табылады. Белгілі бір дене қасиеттерінің негізгі бағалаулары көбінесе ойындардың эволюциясымен, сонымен қатар дәлелсіз асыра бағалаулармен және арнайы жаттығудың жекелеген үлгілерімен әуестеніп кетумен байланыстырылып отырды. Мысалы, күшті арттыру мақсатында штангамен жасалатын жаттығуларда адекватты емес (жоғары) күш түсірулер беріліп отырды. өзге теріс әсерлер кезінде ойыншы өзінің икемділігін нашарлатып алды, ал жылдамдық қасиеттерін дамыту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына ықпал етті және техникалық дағдылардың жетілдірілуін күрделендіре түсті. Бұрынырақта орын алған, техникаға біржақты акцент жасау, екі команда ойыншыларының «тең» техникасы кезінде дене қабілеттерінің даярлығы жақсырақ болған қарсылас жеңіп шығатындығы түсінікті болғанда орнынан қозғала бастады. Даярлау кезінде күшті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады, алайда жуық арада техникалық және күш даярлығы тең екі команда кездескен кезде жылдамырақ ойыншылары бар және жылдамырақ ойнайтын команда жеңіп шығатыны анықталды. Сондықтан қазіргі заманның жаттықтырушысы әрбір дене қабілеті қасиетін оқшау емес, басқа қасиеттермен өзара байланыста қарастыруға тиіс.

Әдебиетте және практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай саны қолданылады, мұның өзі қазіргі бар жіктемелердің әрқайсысын тым үлкен етіп жіберуде. Осылардың барлығына да қарамастан, жіктемелер жеткіліксіз болып қалуда, өйткені спорттың барлық түрлері үшін спецификалы талаптардың барлығын қамти алмай отыр.

Негізгі дене және қозғалыс қасиеттері деп біз барлық спорт ойындарының ажырамас бөлігі ретіндегі жылдамдықты, күшті, жылдамдық-күш көріністерін, осы қасиеттің үшеуі де әртүрлі және өзгеріп отыратын құрамдас бөліктер ретінде көрініс табатын қимылдарды орындау үшін қажетті шарт болып табылатындықтан, қимыл әрекеттеріндегі ептілік пен координацияны, сонымен қатар төзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің  пікірімен келісіп, төзімділік шын мәнісінде уақыт функциясындағы жылдамдық немесе күш болып қана табылатындықтан, екі қасиетті ғана: жылдамдық пен күшті бөліп көрсетуге де болады. Дәл сол кезде өзге дене қасиеттері, икемділік, ептілік және басқалары әлде негізгі дене қасиеттерінің туындылары, әлде негізгі дене қасиеттерінің кешендері болып табылады, әлде мүлдем дене қасиеттеріне емес, нейрофизикалық қасиеттерге (мысалы, қозғалысты үйлестіру) жатады деген пікір онша ақталмаған болып отыр. В.К.Бальсевичтің [15] және басқа да авторлардың мәліметтері, әсіресе шұғылданушылардың соматикалық типін және даму нұсқасын ескере отырып,  нақтылы қасиетті бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін көрсетіп берді.

Дипломдық жұмыста автор дене қабілеттерін тәрбиелеудің қазіргі теориясы мен әдісінде қабылданған терминологияны ұстанада [2, 8, 18 және т.б.]. «Дене қасиеттері» және «қимыл қасиеттері» терминдерін автор маңызы бірдей ретінде қолданады. «Дене қабілеттерін тәрбиелеу» термині дене қабілеттері жаттығуларын адамның дене қабілеттерін (қозғалыс) дамыту үшін пайдаланудың бағытталған педагогикалық процесін белгілеу үшін қолданылады.

Күш қабілеттерінің маңызы

Күш қабілеттері – бұл осылардың негізінде «күш» түсінігі жатқан, адамның белгілі бір қозғалыс әрекетіндегі алуан түрлі көріністерінің кешені. Күш адамның бұлшық еттеріне күш салудың есебінен сыртқы кедергіні жеңе білу немесе оған қарсы әрекет жасау қабілеті ретінде анықталады [33, 26,  және т.б.].

Іс жүзінде спорттың барлық түрлеріндегі жетістіктер күш қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болып келеді. Алайда спорттың әр түрі және нақтылы спорт түрі күштің динамометриялық көрсеткіштерімен, көрініс табатын күш салулардың қуатымен, жарыс әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті күш салуды ұстап тұру уақытымен сипатталатын жекелеген күш қабілеттерінің дамуындағы белгілі бір ара қатынасты да талап етеді [3, 10, 46, 17]. Күш қабілеттерін өзіндік күштік, жылдамдық-күштік және күштік төзімділік етіп бөлу қабылданған. Кейбір авторлар күштік ептілікті де бөліп көрсетеді [10,16].

 

Жылдамдық қабілеттерінің көрініс табуы

Спортшының оның жылдамдық қабілеттерін тікелей анықтайтын дене қасиеттерін сипаттау үшін негізінен алғанда жалпылаушы «жылдамдық» термині қолданылды. Соңғы онжылдықтарда «жылдамдық қабілеттері» термині жиірек қолданыла бастады. Бұл жылдамдықтың көрініс табуының нақтылы түрлерін зерттеулердің олардың айтарлықтай айырмашылықтарын тауып отырғандығымен түсіндіріледі.

Жылдамдық – бұл адамның қозғалудың жылдамдық сипаттамаларын, сонымен қатар қозғалу реакцияларының уақытын тікелей анықтайтын морфофункционалдық қасиеттерінің кешені [17].

Әртүрлі спорттық жаттығулардың нәтижелілігін анықтайтын жылдамдық қасиеттері келесі көрсеткіштердің көмегімен бағалана алады [15, 16, 19]:

  • спецификалық реакциялардың уақыты;
  • арнайы-даярлық немесе жарыс жаттығуларындағы максималды жылдамдыққа қол жеткізу уақыты;
  • дәл осы жаттығулардағы максималды жылдамдықтардың деңгейі.

Волейболда жылдамдық қасиеттерінің тежелу жылдамдығы секілді спецификалы көрініс табуы қолданылады, бұл лезде тоқтау және қозғалысты басқа бағытта бастау қажеттігімен байланысты болып келеді.

Төзімділіктің спецификалылығы

Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жүйесінде төзімділік өзінің құрылымы, өлшеу тәсілі және даму әдістемесі бойынша адамның өзге де қимыл-қозғалыс қабілеттерімен салыстырғанда ең көп құрамдас бөлікті болып табылады.

Төзімділіктің жоғары деңгейі іс жүзінде бір старт, жүгіру немесе ойын процесінде де, спорттың жекелеген түрлерінде ұзақ уақыт жалғасатын барлық жарыс процесінде де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін, сонымен қатар ұзақтығы бойынша алуан түрлі циклдарда тұтас жаттықтыру процесін тиімді жүргізу мақсатында жоғары жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін спорттың барлық түрлерінде қажет.

Жаттығу және жарысу қызметіндегі, әрекетіндегі төзімділіктің жоғары деңгейі арта түсетін шаршап-шалдығуды жеңіп шығуға ықпал етеді. Сондықтан спортшының төзімділігін көбінесе артып келе жатқан шаршап-шалдығуға қарсы тұру қабілеттілігі ретінде анықтайды [21,15 және т.б.].

Спортшының арнайы төзімділігі осылардың ара қатынасы әртүрлі спорт түрлерінде, оның ішінде волейболда да спецификалы болып келетін, жекелеген құрамдас бөліктерден тұратын, құрылымы бойынша күрделі қимыл-қозғалыс қасиеті болып табылады.

Сондықтан спортшының арнайы төзімділігі спорттың таңдап алынған түрінде нәтижеге қол жеткізу үшін функционалдық мүмкіндіктерді максималды шоғырландырған кезде, спецификалы жарыс әрекеті жағдайларында шаршап-шалдығуға қарсы тұру қабілеті болып табылады. Алайда, әсіресе ұзаққа созылатын жаттығу әрекеттері жағдайларында, негізгі бұлшық ет топтарының көпшілігі көбінесе майлардың ыдырауы есебінен өтетін аэробты энергиямен қамтамасыз етілу режимінде әрекет жасаған кезде, жоғары жұмысқа қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында спортшылар жалпы төзімділік деп аталатынға ие болуға тиіс. Ол оргнизмнің әрекеттің алуан түрлерінде төзімділіктің көрініс табуының спецификалы емес негізін құрайтын функционалдық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып энергиямен қамтамасыз етудің аэробты жүйесінің мүмкіндіктері, функционалдық және биомеханикалық үнемділік табылады [26,23,50,15].

 

Спортпен шұғылданған кездегі иілгіштік және оның түр тармақтары

Иілгіштік деп буындардағы қозғалғыштықты түсіну қабылданған [46, 47, 51, 17]. Ол қимыл-қозғалыстарды үлкен амплитудамен орындау қабілетінен көрініс табады. Иілгіштіктің күрделірек анықтамасын Л.П.Матвеев  ұсынған – бұл дене құрылымдарының, негізінен алғанда дене буындарының қозғалыс амплитудаларының шектерін анықтайтын бұлшық ет және байланыстырғыш құрылымдарының серпімді созылғыштығының қасиеті. В.Н.Платоновтың  пікірінше, «иілгіштік» термині бүкіл дененің буындарындағы қосынды қозғалғыштықты бағалау үшін қолдануға жарамды. Ал енді жекелеген буындар туралы сөз болып отырған кезде, олардағы қозғалғыштық туралы, мысалы, балтыр – табан буындарындағы, иық буындарындағы және т.с. қозғалғыштық туралы сөз айтқан дұрысырақ болады.

Спортшылардың қимыл-қозғалыс қасиеттерінің кешенінде иілгіштік жоғары орын алып жатады, ал спорттың көптеген түрлерінде спорттық нәтиже күш және жылдамдық қасиеттерінен кем емес дәрежеде иілгіштік деңгейіне байланысты болып келеді.

Иілгіштік негізінен алғанда бұлшық еттер мен байланыстардың созылғыштық қасиетерімен, буындардың құрылысымен, сонымен қатар бұлшық ет тонустарының жүйкелік ретке келтірілуімен анықталады. Қозғалыс амплитудалары сонымен қатар антагонист бұлшық еттердің жиырылуымен де шектеледі [21].

Көрініс табу тәсілі бойынша бірқатар шетелдік мамандар иілгіштікті динамикалық және статикалық деп бөледі [17]. Динамикалық иілгіштік қозғалыстардан, статикалық – дене қалпынан көрініс табады. Иілгіштіктің осындай жіктемесі статикалық жаттығулардың көмегімен алынған иілгіштіктің динамикалық жаттығуларда қаншалықты жақсы көрініс табатындығы туралы сұраққа жауап беруді қарастырады. Әр түрлі буындардағы қозғалғыштықтың көрініс табуы бір бірімен корреляцияланбайды. Бұл дегеніміз спортшыда балтыр-табан буынындағы қозғалғыштық тамаша болып, мәселен, шынтақ буынындағы қозғалғыштығы орташа болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Координациялық қабілеттердің ролі

Волейболшылардың спорттық жаттығуында координациялық қабілеттердің даму мәселесі дене қасиеттерін, ең алдымен ептілік секілділерінін тәрбиелеу мен қозғалыс әрекеттерін, мысалы, бағыт-бағдар алу мен ырғақтық қабілеттер арқылы басқару мүмкіндігі арасында аралық, шекаралық секілді орын алып жатады [12, 15, 17,].

Спорттық ойындарда, оның ішінде волейболда да, болуы мүмкін және аяқ астынан туындайтын жағдайларда жүзеге асырылатын әрекет көлемі айтарлықтай арта түсті. Бұл тапқырлықтың, реакция жылдамдығының, зейін концентрациясы мен көңілді басқаға аудару қабілетінің, қимылдардың уақыттық, кеңістіктік, динамикалық дәлдігінің және олардың биомеханикалық ұтымдылығының көрініс табуын талап етеді. Атап көрсетілген қасиеттер немесе қабілеттер дене қабілеттерін тәрбиелеу теориясында ептілікпен – адамның жаңа қимыл-қозғалыс әрекеттерін жылдам, шұғыл, мақсатқа лайықты, яғни ең ұтымды меңгеруге, өзгеріп отыратын жағдайларда қимыл-қозғалыс міндеттерін табысты шешуге қабілеттілігімен байланыстырылады. Ептілік – осының даму деңгейі көптеген факторлармен анықталатын күрделі, кешенді қозғалыс қасиеті. Қыртыстық жүйке процестерінің жоғары дамыған, «бұлшық ет сезімі» деп аталатын және иілгіштік қасиеттерінің ең көп маңызы бар. Координациялық байланыстардың қалыптасу шұғылдығы және бір қондырғылар мен реакциялардан өзгелеріне көшудің жылдамдығы иілгіштіктің көрініс табу дәрежесіне байланысты болып келеді [167, 175, 174, 195 және т.б.].

 

1.2 Спортшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері

 

Күштің дамуы денсаулықты нығайту және ұстап отыру үшін жалпы дене қабілеті даярлығы, дене тұрқының пішіндерін жетілдіру, адамның бұлшық еттерінің барлық топтарының күшін дамыту және негізгі жарыс жаттығуларын орындаған кезде ең көп маңызға ие болатын бұлшық ет топтарыныңкүш қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығы барысында жүзеге асырыла алады. Осы бағыттардың әрқайсысында осыларды осы ұстанымға қарай шешу қажет болатын, күш пен міндеттерді дамытуға ұстанымды анықтайтын нақтылы мақсат қойылады. Осыған байланысты күшті тәрбиелеудің белгілі бір әдістері мен тәсілдері іріктеп алынады.

Спорттық жаттығуда қолданылатын, күшті дамыту тәсілдерін шартты түрде барлық спорт түрлері үшін ортаққа және спорттың жекелеген түрлері үшін спецификалы деп бөлуге болады.

Ортақ күш бағытындағы тәсілдер:

  1. Сыртқы заттардың: штанганың, жиналмалы гантельдердің, іші толтырылған қаптардың, серігінің салмағын және т.б. салмағын жеңумен байланысты жаттығулар;
  2. Өз денесінің салмағынан ауырлатылған жаттығулар;

а) бұлшық етке күш түсу өз денесінің салмағының есебінен жасалады (салбырап тұрып тартылу, тіреліп жатып итерілу, тіреліп, салбырап тұрып тепе-теңдікті ұстап тұру);

ә) өз денесінің салмағы қосымша тіректі пайдалану есебінен азаяды;

б) өз денесінің салмағы сыртқы заттардың салмағымен арта түседі;

в) бұларда өз денесінің салмағы еркін құлаған дененің инерциясы есебінен арта түсетін соққылы жаттығулар (секіру жаттығулары, сонымен қатар алға және жоғары секірулердің комбинациялары).

  1. Жалпы түрдегі тренажер қондырғыларын пайдаланумен байланысты жаттығулар.
  2. Изометриялық режимдегі статикалық жаттығулар:

а) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдалана отырып, ерік-жігер күш салуларының есебінен жасалады (алуан түрлі тіректер, ұстап тұрулар, қарсы әрекеттер және т.с.);

б) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдаланусыз, ерік-жігер күш салуларының есебінен жасалады.

Жаттығудағы әсер етудің күшке бағытталғандығы бұлшық еттерге күш түсірудің жағдайларымен, шарттарымен қиындатылған жарыс және арнайы-даярлық жаттығуларын қолдана отырып қамтамасыз етіледі. Мұндайларға спецификалы күш бағытындағы келесі тәсілдерді жатқызуға болады:

  1. Сыртқы ортаның жағдайларымен жасалатын күш түсулерді пайдалана отырып жасалатын жарыс жаттығулары – тауға қарай, терең қар бойынша, бос құм бойынша, желге қарсы жүгіру және орын ауыстыру және т.с.
  2. Күш түсірумен, оның ішінде ауыр снарядтармен жасалатын жарысу және арнайы-даярлық жаттығулары.
  3. Серпімді заттардың – эспандерлердің, резеңке жгуттардың, серпімді доптардың және т.с. кедергілерін жеңе отырып жасалатын жаттығулар.
  4. Серігінің қарсы әрекет жасауымен жасалатын жаттығулар.
  5. Секіру жаттығулары.
  6. Арнайы күш тренажерлерінде жасалатын жаттығулар.

Күшті тәрбиелеу әдістерін шартты түрде төрт топқа біріктіруге болады. Бірінші топ – шекті емес күш салуларды қолдана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері. Екінші топ — шекті және шектіге жуық күш салуларды қолдана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері. Үшінші топ – дененің статикалық қалпын пайдалана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері және төртінші топ – күш қабілеттерін тәрбиелеудің спецификалы емес әдістері.

Жылдамдық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері

Қарапайым қимыл реакцияларының жылдамдығын дамытуға жарыстың старттық фазасында немесе оның барысында белгілі бір белгіге немесе сигналдық мәні бар жағдайға алдын ала анықталған әрекетпен сол сәтте жауап беруді талапт ететін спорт түрлерінде үнемі көңіл аударылып отырады. Мұндайларға волейболдағы доп беру немесе шабуылдаушы соққы жасау, старттық ату, төрешінің ысқырығы және т.б. жатады.

Қарапайым қимыл реакцияларының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесінің негізі болып кенеттен туындайтын, бірақ алдын ала белгіленген тітіркендіргішке, реакция берудің мейлінше аз уақытын ұстана отырып, қайталама реакция беру табылады. Әдетте реакция беру оқшау емес, нақтылы бағытталған қозғалыс әрекетінің немесе оның элементінің (старт, шабуылдаушы немесе қорғаныс әрекеті, ойын әрекеттерінің элементтері және т.с.) құрамында көрініс табады. Таңдап алынған спорт түрінде жаттығудың бастапқы кезеңдерінде қарапайым реакциялар уақытының белгілі бір дәрежеге дейін қысқаруына жылдамдық қасиеттерінің көрініс табуының қарапайым және күрделі түрлерін қосатын жаттығулар ықпал етуі мүмкін. Бұл әртүрлі спорт түрлері өкілдерінде оны тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде спринтерлік жаттығулардың, қозғалмалы және спорттық ойындардың қолданылуын ақтайды. Бұл ретте, егер спортшы осы қасиеттің көрініс табуының максимумын талап етпейтін спорт түрінде маманданса, қарапайым қимыл реакциясының жылдамдығының даму дәрежесі көбінесе спортшыға жеткілікті болып келеді [37,49,10].

 

1.3 Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі

        

Жіктеу – бұл ұқсас белгілері негізінде топтар бойынша іс-қимылдың бірыңғай амалдары мен әдістерін бөлу болып табылады.

Ойын әдістері іс-қимылдарын ұйымдастырудың белгілері бойынша оны екі бөлімге бөледі: шабуыл әдісі мен қорғаныс әдісі. Өз кезегінде бұл бөлімдердің өзі екі топтан тұрады: ауысу әдісі мен допты иемдену әдісі (қарсы тұру әдісі). Әр топ бірнеше амалдардан құралады: ауысу әдіснде төрт топ бар (сөрелік тұрыс, жүру, жүгіру, серпілу), шабуыл әдісінде үш топ бар (доп тастау, доп беру, шабуыл соққысы), қорғаныс әдісінде екі топ (доп қабылдау, тосқауыл) бар.

Әдістік амалдар – бұл құрылымы бойынша ұқсас және біркелкі міндеттерді шешуге бағытталған тиімді іс-қимылдар жүйесі. Әрбір әдістік амал  іс-қимылдың орындалу сипаты бойынша бір-бірінен ерекшеленетін іс-әрекет әдісін қарастырады. Бұл деңгейде негізгі жіктеуші белгілер: соққы қимылдарына қатысатын екі қолдар,  допты ұратын қол саусақтарының орыны, ойыншының торға қарай орналасуы және т.б. әдістердің көптүрлілігі әдістердің сипаттарын жекелей қарастырып, әдісті орындау шартының түрлі амалдарына қарай қимылдарды сипаттайды, яғни: тірекке қатынасы, аталған амал орындалар алдындағы доп беру орындары және т.б. Әдістердің нұсқалары доптың нәтижелік ұшу жолының белгілері бойынша әдістік амаладың орындалу ерекшелігін сипаттайтын, жіктеудің қорытынды деңгейі: ұшу бағыты, ұшу ерекшелігі және т.б. Бұл деңгей амалдардың тәсілдік орындалу ерекшелігін сипаттайды.

Жіктеудің әр деңгейінің белгілері бойынша мүмкіншіліктерді пішіндік таңдау әдісін пайдалана отырып, барлық әдістік амалдардың толық  тізімін алуға болады, бұл оқу-жаттығу барысы үшін өте маңызды. Демек, жылдық айналымның сатылары мен кезеңдері бойынша түрлі қызметтегі ойыншылардың әдістік дайындығын бағдарлау мүмкіндігі туындайды, дайындықтың басқа жақтарымен (дене, тәсілдік) әдістік дайындықтың өзара байланысы көрінеді.

Әрбір әдістік амал іс-қимыл жүйесін қарастырады, яғни өзара тығыз байланысты (жүйе құрылымы) бөліктерден (жүйе құрамы) құралған бір бүтін дүние болып саналады. Әдістерді  зерттеудің жүйелік-құрылымдық амалы жүйе құрамы мен оның құрылымын талдауды қарастырады: кинематикалық (уақыт пен кеңістікіс-ұимылдың өзара әрекеті), динамикалық (белсенді және реактивті күштердің пайда болуы және олардың өзара қарым-қатынасы), фазалық  (іс-қимылдың жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті мен бірізділігі) және т.б.  Фаза — бұл белгілі бір шегі бар, айқын міндетті атқаратын іс-қимылдың уақыт  бойынша жасалу жүйесі. Волейболдың әдістік амалдарын қарастыратын біркелкі іс-қимылдарда дайындық, негізгі (жұмыс кезеңі) және қорытынды кезең болып бөлінеді. Бастапқы қалыппен бірге ол әр амалдың іс-қимыл құрамын құрайды.

Бастапқы қалыптың негізгі міндеті (мұнда, сөрелік тұрыс туралы) келесі ауысуға  барынша дайындық жасау болып табылады.

Сөрелік тұрыс аяқты тізеден бүгу  төмен (жамбас пен тізе арасындағы бұрыш кем дегенде 90º), жоғары (135º-тан жоғары) және орта (90-135º) болып бөлінеді. Дайындық кезеңінде іс-қимыл аталған әдістік амалдың маңызды міндетін іске асыру үшін жақсы жағдай тудыруға бағытталған. Ойыншы ұшқан доппен ұшырасу нүктесіне ауысады және кездескендегі соғу қимылын орындау үшін лайықты қалыпқа (жұмысшы қалпына) келеді.

Негізгі (жұмысшы) кезеңінде іс-қимыл әдістік амалдардың маңызды міндеттерін жүзеге асыруға, яғни ойыншының доппен кездескендегі соғу қимылымен өзара үйлесуіне бағытталған.

Қорытынды кезеңдегі  әдістік амалдарды орындау аяқталып, ойыншы жаңа қимылдарға көшеді.

Кез-келген кезең одан да кіші бөліктерге, яғни кіші кезеңдерге бөлінеді (мысалы, әдістік амалдардың дайындық кезеңіндегі жүгіріп келу мен секіру – «шабуыл соққысы»).

Волейболшының іс-қимылы сыртқы ортаның белсенді ықпалы арқылы өтеді, себебі көп жағдайда бұндай ықпалдар бұзушы әсер ретінде болып, әдістік амалдардың орындалу нәтижесін нашарлатады (сапасы, дәлдігі, т.б.). Яғни  шектен тыс шудың әсері нәтижені 10 %-ға, нашар түскен жарық 20%-ға, ойыншының шаршағаны 40%-ға, қозғалыс екпінін өзгерту 26%-ға нашарлатады, т.б. ойыншының шеберлігі жетілген сайын бұзушы ықпалдардың әсері азаяды. әдістік амалдарды орындау тұрақтылығы, сол арқылы нәтиженің  тұрақтылығы әрбір амалдың негізгі (жұмысшы) кезеңнің орындалуымен байланысады (негізгі сипаттардың өзгермелі коэффициенті – 11-13%).  Кез-келген әдістік амалдың дайындық кезеңінің негізгі міндеттерінің бірі аталған амалдың ойынның  өзгермелі жағдайларына бейімделуі болып табылады, осыған байланысты оның өзгеру деңгейі өте жоғары (негізгі сипаттардың өзгермелі коэффициенті – 51-54%).

Бұл сәттердің барлығын әдістік амалдарды оқыту мен оны жетілдіру барысында ескеру қажет.

 Ауысу әдісі

         Кез-келген әдістік амалды атқаратын кезде волейболшы алаңда орын ауыстырады. Бұндай орын ауыстырудың негізгі мақсаты — әдістік амалдарды орындау үшін орын таңдау. Ауысу әдісі сөрелік тұрыс пен ауысудың түрлі әдістерін қарастырады.

Сөрелік тұрыс. Оның міндеті – ауысуға барынша дайындық. Егер ойыншы қимылды бастауға жеңіл болатын қалыптағы тұрақсыз қалыпқа келгенде бұл мүмкін болады. Қажетті тұрысты орындау үшін шағын тірек алаңы мен аяқты тізеден сәл бүгу керек. Ол қимыл басында бір аяқпен тіректен тебілуді орындап, дененің ЖСО-ғын тірек шегінен тез шығарып және күш салмастан кез-келген жағына тез орын ауыстыруды бастауы қажет.

 

 

Орнықты  тұрыс – бір аяқты (көп жағдайда күшті қолға қарсы жақтағы аяқты) екіншісінің алдына қояды. Ойыншы денесінің ЖСО тірек алаңының ортасына, екі аяқтың ортасына қойылады, қол шынтақтан бүгіліп, алға ұмтылған.

2-сурет

 

Негізгі тұрыс – екі аяқ бір деңгейде тұрып, табандар бір-бірінен 20-30 см қашықтықта қатар қойылған. Ойыншы денесіні ЖСО тірек орталығына ауысып, дене салмағы тізеден бүгілген екі аяққа түседі. Тұлға алға сәл еңкейген, шынтақтан бүгілген қол кеудеден алға ұмтылған (2-сурет).

Орнықсыз тұрыс  — екі аяқ негізгі тұрысқа бара-бар бір деңгейде орналасқан. Ойыншы не аяқ ұшына, не табанымен толық тұрады; алайда соңғы айтылған жағдайда дене салмағы екі аяқтың да алдыңғы үштен бір бөлігіне түсуі мүмкін. Аяқ тізеден бүгілген, қолдар шынтақтан   бүгіліп, алға ұмтылған.

 Белгілі бір қалыпта тұрып, ойыншы ауысуға дейін қозғалмай тұруы мүмкін немесе екі аяғына кезек салмақ салып, тіпті екі аяқпен секіріп, орнында қозғалып тұруы мүмкін, осының барлығы аяқтың бұлшықетінің іс-қимылын белсендіріп, ауысуды тез бастауға көмектеседі. Бұндай тұрыстарды тұрыстық және қозғалыстық деп атайды.

 

Сөрелік тұрыстардың ерекшеліктері мыналар:

  • сөрелік тұрыс қалпынан кез-келген жаққа қозғала бастаған барлық жағдайда қарапайым қалыпқа қарағанда, дәл, әрі тез қимыл атқаруға болады;
  • сөрелік тұрыс қалпынан бастағанға қарағанда қозғалыстық тұрыс қалпынан қимылды бастау тез болады;
  • тұрыстың ерекшелігіне қарамастан қапталға қарай қозғалу жылдамдығы сатылық сипатта жүреді: алға-солға — оңға-артқа;
  • негізгі тұрыс ең тиімдісі саналады (тұрыстық, қозғалыстық).

Түрлі әдістік амалдарды орындау барысында түрлі ойын жағдайларында сөрелік

тұрыстың  барлық түрлері пайдаланылады.

         Ауысу. Алаңда ауысу жүру, жүгіру, секірумен орындалады.

         Жүру – ойыншы бүгілген қадаммен ауысады. Қарапайым  қадамға қарағанда мұнда тізеден жартылай бүгілген аяқты алға жібереді. Бұл дененің ЖСО-ң тік қалыпта тербелуін болдырмауға және  әдістік амалдарды орындау үшін бастапқы қалыпқа тез келуге көмектеседі. Қарапайым қадаммен қоса біріздіжәне қайшылау қадамын қолданған дұрыс.

         Жүгіру сөрелік шапшаңдық алумен, жақынараға ауысумен, бағыттар мен аялдаулардың күрт алмасуымен сипатталады. Оны да жақынараға күрт ауысқанда шапшаңдығын сақтауға көмектесетін жартылай бүгілген қадаммен орындайды. Соңғы жүгіру қадамы ұзындығы бойынша шағын болып, шабуыл соққысындағы секірмелі қадамға ұқсас алға ұмтылған аяғымен тежеліп аяқталады. Бұл ауысқаннан кейін бұрылуға немесе оның бағытын күрт өзгертуге  мүмкіндік береді.

         Қарғу (секіру) – тірексіз кезеңде кең қадамдау. әрине, қарғу қадамдап немесе жүгірумен бірге жасалады. Ауысуды тез тоқтату үшін қарғумен аяқтайды.

Допты иемдену әдісі

Доп тастау

         Доп тастау допты ойынға қосатын әдістік амал. Доп тастаудағы жекелеген әдістер амалының айырмашылығына қарамастан олардың орындалу  қимылдарында бірқатар заңдылықтар бар. Доп тастар алдында ойыншы орнықты тұрып, сол аяғының алдына бір қадам алшақтықта оң аяғын қояды. Тізеден бүгілген аяқтарын шамамен иық деңгейінде орналастырады. Ал дене тік оське 45 º бұрыш жасайды, сол иық оң иықтың алдына шығады, бұл келесі соққы қимылына үлкен ықпал береді. Төменнен доп тастағанда кеуде сәл алға еңкейеді, биіктен доп тастағанда кеуде тік қалпын сақтайды. Дене салмағы екі аяққа тең түседі,  ойыншы денесінің ЖДС-ы тірек алаңының ортасына түседі. Сол қол шынтақтан бүгіліп, шынтақ кеудеден алшақ тұрады, ал саусақтар сол аяқтың ұшының деңгейінде тұрады. Оң қол сермеуге дайындалады.

         Доп тастаудағы маңызды нәрсе — допты лақтыра білу. әдістегі көптеген қателер осы доп лақтыруда кетеді және ол келесі допты соғу қимылдарына әсер етеді. Жақсы соққыны орындау үшін мына жағдайларды сақтау қажет:

  • төменнен жоғары берілген доптың ұшу жолы тік ұшуға ұқсайды, ол үшін лақтырған кезде саусақ барлық қалпында тірекпен қатар болуы тиіс;
  • доп лақтыруды қолдың толқынды қимылымен жылдамдығын бірте-бірте үдетіп орындау қажет, яғни бұл лақтырылған доптың ұшу жолы мен биіктігін дұрыс реттеуге көмектеседі.

Сермеу қолды алдағы соққы қимылына тиісті жазыққа артқа қарай жіберіп

орындалады, мұнда оң иықты қаттырақ артқа жібереді. Сермеумен бірге ойыншы дене салмағын артта тұрған аяғына жібереді, дененің  ЖДО-сының  жобасы  тіректің артқы шегіне ауысады. Екі аяқ та тізеден бүгіледі, ал артқы аяқты қаттырақ бүгеді. Сосын аз ғана үзіліс жасалады.

Негізгі кезеңде ойыншы соқыға қарсы қозғалады, ол денені денені тік осьті айнала бұрып, оң иықты алға жібере орындалады. Осыдан кейін ойынға аяқтар қосылады: тізеден бүгілген аяқтар ойыншының денесін жоғары көтереді, оны сәл алға жіберіп және бұрылу қимылымен  қатар ұратын қолға бастапқы жылдамдық береді. Сосын оң қолды ойынға қосады:  сермеу қимылымен доппен кездесетін орынға жетеді. Қолды жіберумен бірге дене салмағын алда тұрған аяққа түсіреді, ал дене ЖДО-ң жобасы тіректің алдыңғы шегіне түсіріледі.

Допты соғу қимылын доп алға-жоғары қатты ұшатындай етіп саусаққа күш сала орындайды. Саусақтар допты толық қамтып, оның шығып кетпеуін қамтамасыз етуі керек, қол мен білек соғу кезінде бірегей иінтірек құрайды.

Допты лақтыру, сермеу және соғу қимылдарының орындалу сәті үйлесімді келеді. Бұндай үйлесімнің үш түрі бар. Бірінші жағдайда ойыншы алдымен допты лақтырып, сосын сермеп, допты ұрады. Бұндай үйлесім жағңадан бастаған ойыншыларға тән және тиімді емес. Екінші жағдайда ойыншы алдымен сермеп, сосын допты лақтырып, допты соғады. Бұндай үйлесім дәл доп тастауда және кейбір жоспарлы доп тастауда орындалады. Үшінші жағдайда доп лақтыру мен сермеуді бір мезгілде орындап, сосын допты соғады. Бұндай үйлесім үйлестіру жағынан өте күрделі, бірақ ұйымдастыру жағынан тиімді.  Доп ұшқаннан кейін қол қимылын жалғастырып, оны лақтыру бағытына қарай созады; ал аяқтар тік қалпын сақтайды. Доптың ұшу бағытын бақылау үшін көз, созылған қолдың саусақтары мен тордың жоғарғы жиегі санада тік сызық құратындай амал пайдаланған дұрыс. Қорытынды кезеңде қолды түсірумен бірге жаңа қимылдарға тез өту үшін алаңда қадам жасауға болады. Доп тастаудың төрт әдісі  бар.

Төменнен тік доп тастау. Мұнда допты соғу ойыншы торға қарап тұрғанда иық буынының осінен төмен  орындалады. Допты бастан жоғары 0,5 м биіктікке дейін алға қарай лақтырады. Сермеуді  тірекпен қиылысқан жазықтықта артқа және сәл жоғары орындайды. Соққы бел деңгейінде оң қолдың сермеу қимылымен арттан-төмен-алға қарай жасалады және допты төменнен-артынан лақтырады. Ұрғаннан кейін қолды доп тастаған бағытына қарай созып, сосын осы қалыпта белгілейді (3-сурет).

Төменгі бүйірден доп тастау.  Допты торға қырымен тұрып, иық буыны белдеуінен төмен ұрады.  Бұл доп тастауды орындаудың екі түрі бар. Жай түрінде сермеуді тірекке шамамен 45 º бұрыш жасай иіліп, төмен-артқа жазықтық бағытында орындайды. Бұл жерде оң иық артқа жіберіле түсіріледі. Соққыны оң қолдың арттан-оңға-алға қарай сермеуімен орындалады, қолды доптың астына ұратын орын бел деңгейінде болатындай етіп қояды. Допты бүйірден-төмен қарай қолмен күш сала ұрады. Ұрғаннан кейін қолды доп тастау бағытына қарай созып, осы қалыпты тіркейді (4-сурет). Екінші нұсқасы «Доп тастауды тәсілдік орындаудағы әдістік ерекшеліктер» бөлімінде сипатталады.

Жоғарыдан тік доп тастау. Допты торға бетімен қарап тұрып иық белдеуінен жоғары тұстан ұрады. Допты бастан жоғары алға қарай шамамен 1,5 м биіктікте тастайды. Сермеуді жоғары-алға қарай орындайды, қолды көтереді және шынтақтан бүгіп, бастан асыра көтереді. Шынтақ буынынан бүгілген (иық-білек) бұрыш 90 º-тан кем болмауы тиіс. Сермегенде кеуде мен бел бөлігі де бүгіледі, оң иық  артқа шалқаяды. Допты соққанда оң қолды шынтақ буынынан бүгіп, көтереді және оны сермей жоғары жіберіп,оң иықты да жоғары көтереді.  Сермеу қимылын жалғастырған ойыншы қолды доппен ұшырасатын орынға қарай алға ұмсындыра жібереді (созылған қолдың иілу бұрышы шамамен 80 º). Допты алға және жоғары ұшуы үшін артынан және сәл төменнен ұрады (5-сурет).

Жоғары бүйірден доп тастау. Допты торға қарай қырымен тұрып, иық буыны белдеуінен жоғары ұрады. Допты бастан жоғары болуы үшін шамамен 1,5 м биіктікте лақтырады. Сермеуді оң иықты едәуір төмен түсіріп және дене салмағын артқа жіберген кезде оң аяқты бүгіп, төмен-артқа қарай орындайды. Соққы кезінде оң қолды сермей доға тәрізді артқа-жоғары жібереді; мұнда оң иықты жоғары көтеріп, сол иықты орнында қалдырады. Ойыншы қолын қозғалтуды жалғастырып, алдындағы (созылған қолдың иілу бұрышы шамамен 80º) допты қолмен ұрғаннан кейін доп алға-жоғары ұшатындай етіп, артынан ұрады (6-сурет).

 

 

Доп тастауды орындаудағы әдістік ерекшеліктер

(доп тастау түрлері)

Доп тастау түрлері, оларды тәсілдік орындаудағы ерекшеліктерін білу үшін нәтижесін көрсететін жолының өлшемдерімен анықталады: доптың ұшу жолының биіктігімен (биік, қарапайым), ұшу ерекшелігімен (айналып, айналмай) және т.б.

Заманауй ойында доп тастауды белсенді шабуыл ретінде пайдалануға болады. Бұндай жағдайлардағы тәсілдік міндет дәл, жылдам, жоспарлы доп тастауды орындап, қарсыласының тәсілдік іс-қимылдарын қиындатып немесе тікелей ұпай салу болып табылады. Дәл доп тастауды орындағанда төменгі тік доп тастауды, жай доп тастау түрін төменнен тік лақтырып және жоғары доп тастау түрін допты айналдыра пайдалануға болады. Бұндай доп тастауды дұрыс орындау үшін қажет:

  • сермеу құлашын азайту, допты лақтыру алдында алдын ала сермеуді пайдалануға болады;
  • дене салмағын соққы қимылында қолдың қозғалыс жолының ұзындығын ұлғайту;
  • қол саусақтарының бағыттаушы қызметін пайдалану, онда қол допты жібергенге дейін тұрақты қалпын сақтауы тиіс;
  • қолды көмекші қимылдармен алға созу.

Жылдам доп тастауда мынадай нұсқалар орындалады: допты айналдыра жоғарыдан

тік доп тастау, орнынан және ауысудан кейін жоғары бүйірден. Алғашқы екеуін дұрыс орындау үшін мыналар маңызды:

  • соққының үдеу алу жолы салмақты болу үшін қолды барынша сермеу;
  • соққы қимылдарына біртіндеп аяқ, кеуде мен қол бұлшықеттерінің негізгі топтарын қосу;
  • ұрған сәтінде жылдамдығы қатты болуы үшін қол қимылының жылдамдығын біртіндеп және толқынды үдету.

Жоғары бүйірден доп тастау үшін алдын ала ауысудан кейін бір немесе екі рет қадам

жасау қажет. Бұлай ауысудың негізгі міндеті соққы күшін арттыру және сол арқылы доптың ұшу жылдамдығын   арттыру болып табылады.

         Бұлай доп тастауды дұрыс орындаудың шарттары:

  • ауысуды соңғы қадаммен сермеуге тән бастапқы қалыпқа келу арқылы аяқтау;
  • соңғы қадамда аяқты қоюмен бірге оң қолды сермеу үшін артқа жіберу қажет;
  • допты ауысу алдында немесе соңғы қадамда лақтыру қажет.

Доп тастағандағы доптың ұшу жолы биік болуы үшін ашық алаңда төменгі бүйірден

доп тастаудың түрлерін пайдалануға болады. Доп тастауды орындар алдында ойыншы торға оң қырымен тұрып, оң аяғын алға қояды. Допты оң қол мен кеудеге біршама жақын лақтырады (қолдың созылу ұзындығынан аз). Ол оң қолын төмен-артқа жазықтығында, қиылысқан тіректе сермейді. Дене салмағы тізеден бүгілген қатар екі аяғына түсіреді. Соққы кезінде оң қолды артқа-төмен-алға-жоғары қарай сермеп, ойыншы допты дәл бел деңгейінде ұруға бейімдейді. Соққыны доп ұрғаннан кейін алға-артқа айналатындай етіп басбармақ жағынан алақанның қырымен доптың жартысынан тордан алысқа төменнен тез әрі күрт қимылмен орындайды.  Бұл жерде екі аяқтың  да  тізесін тіктейді. Допты ұрғаннан кейін қол тоқтағанға дейін жоғары көтеріледі, көмекші қимылдардың құлашы аз (7-сурет). 

7-сурет

 

         Доп айналмай ұшатын доп тастаулар жоспарлы доп тастау деп аталады. Жоспарлы доп тастау жоғары тік әдісімен орындалып, құрылымы жағынан олар доп айналатын жоғары тік  доп тастаудан ерекшеленеді. Алайда мұнда келесі шарттарды сақтау өте маңызды:

         — доп  лақтыру биіктігін азайтып, айналмай түсетіндей етіп лақтырады;

         — сермеуде қимыл құлашын біршама азайту қажет, бұл ұрғанда доптың көздеген орынға дәл тиюін қамтамасыз етеді.

         Допты әдетте жұдырықпен немесе жазық бойымен күш сала ұрады, бұл допты айналдырмайды.  Ұрғанда доп алғашқы жоғары ұшу жылдамдығын алуы тиіс (кем дегенде 17м/с), керісінше жағдайда ол жоспарланбайды. Сондықтан соққы қимылы өте тез әрі күрт жасалуы тиіс.  Соққы кезінде бірінші жағдайда, қол қимылы күрт тежеледі, яғни ол сәтте тоқтайды, екінші жағдайда да осылай күрт тежеледі, бірақ көмекші қимылдар аз жылдамдықпен орындалады. Барлық жағдайда қолдың доппен жанасуы аз уақыт болуы тиіс

Жоғары бүйірден доп тастау да жоспарлы ретінде қолданылуы мүмкін. Қимыл құрылысы жағынан бұл нұсқа жай түрден ерекшеленбейді, тек допты соғуды орындау шарттарын сақтау керек. Сонымен жоспарлы доп тастауды орындау доп ұрудың ерекшеліктері мен әдістерінің құрылымдық айырмашылықтарын анықтайды.

Доп беру

Доп беруді орындағандағы ойыншының доппен өзара әрекеті мыналарды қарастырады:

  • допты қабылдау; міндеті — кез-келген жағдайда допты ойында қалдыру;
  • доп беру; мақсаты – белгілі бір орынға немесе белгілі бір әріптесіне бағыттау.

Әрине, бұндай өзара әрекетті бүтін әдістік амал деп қарастыруға болады. Алайда

жаттықтыру жұмысында допты қабылдау мен беруді ойынның белгілі бір сәттерінде (шабуыл мен қорғаныс) тұрған ағымдық міндеттерді анықтайтын жекелеген әдістік амалдар ретінде қарастырады.

         Доп беру (тәсілдік орындауда екінші доп беру ретінде) — әдісті амал, оның көмегімен  допты шабуыл соққысын атқару үшін тордың жоғары жиегінен жоғары бағыттайды. Доп беруді орындаудың екі түрлі әдісі (екі қолмен жоғарыдан және бір қолмен жоғарыдан) және көптеген түрлері бар.

         Екі қолмен жоғарыдан доп беру. Доп беруді орындау алдында ойыншы дайындық тұрысына келеді: бір аяғы екінші аяғының алдында, алда тұрған аяғына тіреледі. Егер әріптесінен сол жағынан доп береді деп күтсе, онда алға оң аяғын қояды немесе керісінше. Доппен кездесетін орынға қадамдап немесе жүгіріп ауысады. Мұнда тез сөреге тұрып, жолдың алғашқы үштен бір бөлігінде қимыл жылдамдығын арттырып және доппен ұшырасатын орынды дәл таңдау үшін біртіндеп тежелу маңызды. Соңғы қадамды тежелу қадамы ретінде орындайды: табандарды бір-біріне қатар, бір деңгейде қойған дұрыс, бұл доп бергенде дұрыс дәлдеуге көмектеседі. Бастапқы қалыпта аяқтар тізеден бүгіліп (тізе буынындағы бұрыш 90º-тан кем емес), қол шынтақтан бүгіліп, көтерілген, қол басбармақтары қас деңгейінде тұратындай етіп алдында ұмтылған. Екі қолдың да басбармағы мен  сұқ саусағы үшбұрыш құрайды ол арқылы ойыншы жақындап келе жатқан допты жақсы бақылайды. Қол саусақтары шегенделген,  қажет жағдайда үлкен шөміш тәріздес қалыпқа келеді.

         Доп жақындаған кезде қарсы қимылды аяғын тізеден бүгіп бастайды. Сәлден соң қол қимылы қосылады: олар шынтақ буынынан бүгіліп, доп бергенде оның ұшуына жалпы бағыт береді. Бұл білезік буыны белдеуінің иық буыны белдеуіне қатысына қарай тік сызықты қозғалыспен атқарылады. Қарсы соққы беру кезінде аяқты тез әрі күрт созып, соған лайық қолды да жайымен жазады. Қол саусақтары доп бергендегі доптың ұшу бағытын реттей отырып, саусақтардың жазылған қалпын сақтайды, мұнда алақан доп бергендегі доптың қозғалу бағытына қиылыса орналасады. Соққы қимылында саусақтар сәл ғана түрткендей қалыпта болады. Соққы кезінде саусақтар түрлі қызмет атқарады: басбармақтар кері тебілудің негізгі күші мен қозғалыстағы допты ұстау қызметін қабылдайды, сұқ саусақ және одан сәл бәсеңдеу ортаңғы саусақ қолдың негізгі соққы беруші қызметін орындайды, ал аты жоқ саусақ  пен шынашақ допты қапталдағы бағытта ұстап, оның ұшу бағытын реттейді.

         Доп ұшқаннан кейін аяқ пен қолтоқтағанға немесе үзіліске дейін толық тіктеліп-жазылады; бұл қалыпта қолды көмекші қимылдардан кейін тіркеуге болады (8-сурет).

         Секіре доп беруді доп биік және ойыншыдан аса ұшып бара жатқанда қолданады. Жүгіріп келіп секіру де шабуыл соққысында қолданылады (келесіні қараңыз). Секіре көтерілгенде қолды жай доп беруге қарағанда  саусақтары ойыншының басынан жоғары тұратындай етіп көтереді. Қарсы соққы қимылы қолдың белсенді жұмысымен атқарылады, кеуде мен аяқ аз қатысады: бұндай доп берулер қысқа және мезеттік болуы мүмкін. Соққы қимылын денені ең жоғары секіру нүктесіне жеткізіп орындау ең тиімдісі болып табылады (9-сурет).

         Бір қолмен жоғарыдан доп беру. Оны тек секіріп және қысқа орындайды. Жүгіріп келу мен секіру шабуыл соққысындағыдай орындалады. Секіру кезінде оң (сол) қолды бастан асыра көтеріп, сагиттальді белдеуге жеткізеді. Шынтақ жоғары көтеріліп, алға бағытталады. Қол алақаны алға қарай бастан асыра көтеріледі, саусақтар біршама бүгіліп, басбармақ  оймақ тәріздес қалып алып, оған күш түсіріледі. Саусақтар жоғарыда, допқа бағытталған. Қолды шынтақтан жазып, оған иық буынын аз қатыстырып, соққы қимылын орындайды. Саусақпен допты қамтып, допты көмекші қимылсыз ұрады (10-сурет).

 

Тәсілдік орындаудағы доп беру әдістерінің

ерекшеліктері (доп беру түрлері)

         Заманауй ойында доп беру қорғаныс пен шабуылды іс-қимылдарын байланыстыратын шабуылдың маңызды құрамдас бөлігі. Мұндағы маңызды әдістік міндет шабуылдағы ойыншының шабуыл соққысын орындау кезіндегі іс-қимылдарына оңтайлы жағдай тудыруды қамтамасыз ету және бұл үшін дәл, жылдам, кезектестіріп және бағыты, арақашықтығы, биіктігі  бойынша алаңдату қимылдарын қолданып доп беру әдістерін пайдалану болып табылады.

         Доп беруді доптың ұшу жылдадығына қарай баяу (10 м/с-қа дейін), үдемелі (16 м/с-қа дейін), жылдам (16 м/с-тан аса) деп бөледі. Доптың ұшу жылдадығын арттыру үшін жоғарыдан екі қолмен доп беру әдісімен орындалатын, үдемелі және жылдам доп беру әдістерін қолданады. Доптың ұшу жылдамдығын арттыру түрлері:

  • бастапқы қалып- ең жоғары тұрыс, аяқты тізеден аз бүгеді (140º шамасында); қол саусақтарының қалпы доп беру ұзақтығына байланысты, бірақ барлық жағдайларда олар баяу доп беруге қарағанда төмен тұрады;
  • соққыны тез әрі белсенді қол қимылымен орындайды, мұнда екі қол да бір мезетте тіктеледі.

 Мұнда көмекші қимылдар жоқ, сондықтан бұл доп берулер дәл бола бермейді.

Дәл доп беруді орындау үшін екі қолмен жоғарыдан доп беріп орындалатын баяу доп

берудің барлық түрлерін пайдаланады. Бұлай доп беруді дұрыс орындаудың шарттары:

  • доптың астына дәл әрі дұрыс шығу;
  • қолдың баяу қимылына қарай аяқтың белсенді әрі тез қозғалуы;
  • доп берудегі доптың ұшу бағытындағы көмекші қимылдарды белсенді орындау.

Доп беруді бағыты мен ұзақтығына қарай кезектестіру шабуыл үшін тордың барлық

ойын бөлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Алға қарай доп беру бұның алдында қарастырылған.

11-сурет

 

    Артқа доп беру. Оны бір аяқты (әдетте сол аяқты) екінші аяқтың алдына қою қалпымен орындаған дұрыс. Бастапқы қалыпта қолды саусақтар бастан жоғары болатындай етіп көтереді (дәлірек айтқанда, дененің ЖДО-нан жоғары). Соққы қимылында алдымен аяқты тізеден жазады. Ойыншы кеуде және бел бөлігінде бір мезетте бүгіледі. Сосын қолдарды іске қосады: оларды шынтақтан толық жазып, жоғары көтереді. Доп беру бағытындағы қажетті ұшу

бұрышы қол қимылымен емес, бүгілу шамасымен беріліп, реттеледі (11-сурет).

         Ұзақтан, қысқа, қысқартылған доп берулер. Доп беру ұзақтығына қарай былайша жіктеледі: аймақ арқылы бағытталған ұзақтан доп беру (мысалы, 2-аймақтан 4-аймаққа), көршілес аймаққа бағытталған қысқа доп беру  (мысалы, 3-аймақтан 4-аймаққа), өз аймағына бағытталған қысқартылған доп беру (мысалы, 2-аймақтан 2-аймаққа). Қысқа қашықтықтан доп беру жоғарыда айтылды, доптың ұшу бұрышы 75±3º-ты құрайды. Ұзақтан доп берудегі бастапқы қалыпта қолды алға қарай біршама төмен жібереді, демек, басбармақтар ойыншы мұрынының деңгейінде тұрады. Соққы қимылын орындағанда аяқты жазу жылдамдығы жоғары болады, тез әрі қуатты қол қимылы қажет. Доптың ұшу бұрышы 67±2º-ты құрайды.

         Қысқартылған доп берудегі бастапқы қалыпта қолды жоғары көтеріп, басбармақ ойыншының маңдай тұсында тұрады. Доп беруді өте жоғары тұрыстан орындайды, аяқты аз бүгеді., доптың ұшу бұрышы 85±2º-ты құрайды.

         Күтпеген шабуыл қимылы әсеріне жеткізу үшін доп беру биіктігін кезектестіріп, алаңдатушы амалдар қолдану қажет.

         Жоғары, орта, төмен доп беру. Биіктігі бойынша доп беруді мынадай түрлерге бөледі: төмен – доптың ұшу жолының тордан ең жоғары биіктігі 1 м-ге дейін, орташа – 2 м-ге дейін, жоғары – 2 м-ден жоғары. Доптың ұшу жолының биіктігі соққы қимылының орындалу жылдамдығымен және жұмыс қалпында алдын ала жартылай (аяқтың тізеден бүгілуі) отыру шамасымен реттеледі. Допты жоғары беру қажет болған сайын соққы алдында соған сәйкес төмен түсіп, соққы қимылын тез орындау қажет.

         Алаңдатушы іс-қимылдармен доп беру. Қарсыласын алдағы шабуыл туралы ақпараттан адастыру үшін доп беретін ойыншының алдарқату амалдарының бірі. Қарсылас үшін ең ақпаратты дайындық кезеңі басқа бір әдістен, ал негізгі кезеңі келесі бір әдістен алынады.

Алдымен тәжірибеде «алдау» (откидка) деген атпен белгілі доп беру мысалын келтіреміз. Дайындық кезеңінде ойыншы тікелей шабуыл соққысына тән барлық жүгіріп келу, секіру, сермеу қимылдарын орындайды. Алайда қолын сермеу кезіне тіркемейді. Ұшудың жоғары нүктесінде ойыншы кеудесін торға қиылыстыра бұрады, сонымен бір мезетте қолын бастан асыра көтереді және оң қолын секіре доп тастағандағыдай бастапқы қалыпқа келтіреді. Сосын допты әріптесіне береді. Сонымен, алаңдатушы қимылдармен доп беру әрекетін былай көрсетуге болады:

  • басқа әдістік амалдың (мысалы, шабуыл әрекетінің) немесе осы әдістік амалдың басқа түрінің (мысалы, қалауынша артқа доп беруді орындап, ал барлық дайындық іс-қимылдарын алға доп беру әрекетіндегідей орындау) дайындық әрекеттерін орындау;
  • қажетті доп беруді орындауға тән бастапқы қалыпты қабылдау (мысалы, секіруден екі қолмен жоғарыдан доп беру немесе екі қолмен жоғарыдан артқа доп беру);
  • өз әріптесіне доп беруді орындау.

 

Шабуыл соққысы

         Шабуыл соққысы қарсылас жағына қарай тордың жоғары жиегінен биік тұстан бір қолмен доп ұруды қарастыратын шабуылдың әдістік амалы.  Оның екі әдісі    (тікелей және бүйірлік) мен  көптеген түрлері бар.

Тікелей шабуыл соққысы (12-сурет). Тікелей шабуыл соққысында қимылды сагиттальді жазықтықта орындайды. Бастапқы қалып доп беруді орындағандағы тұрысқа сәйкес. Дайындық кезеңіне жүгіріп келу, сермеу, секіру кіреді. Жүгіріп келу іс-қимылдың қажетті көлденең жылдамдығына жету мен оны секіру кезінде барынша қолдану қызметін атқарады.

Жүгіріп келу ұзақтығы – 2-4 м (үш қадам). Бірінші қадам шағын, қимыл жылдамдығы аз. Ол жүгіріп келудің жалпы бағытын анықтайды.  Екінші қадам  жүгіріп келу  бағытын  дұрыстайды.  Қадам ұзындығы өскен, оны орындауға жұмсалатын уақыт азайып, қозғалыс жлдамдығы артады. Үшінші қадамда жүгіріп келудің көлденең жылдамдығы секірудің тік жылдамдығына ұласады. Қадам ұзындығы шағын, дененің ЖДО-сы біршама төмендейді, қозғалыс жылдамдығы өсе түскен. Соңғы қадамды әдетте қарғып (секіріп) орындайды: 

12-сурет

 

аяқты (көп жағдайда, оң аяқты) алға соза жіберіп,  өкшеге қояды, табаны жазық. Оң аяқ тірекке тек осылай қатаң қоюда  тежелу әсері байқалады. Ойыншы соңғы қадамында келесі аяғымен тіректен тебіліп, аз уақыт аралығынан кейін оны оң аяққа қояды.

Тірексіз қалыптағы дене бөліктерінің қимылдарын үйлестіру үшін тебілген кездегі табанның орналасуы өте маңызды. Оларды аяқтың ұшымен ішке бұрыңқырап немесе қатар қою өте тиімді. Жүгіріп келу ұзындығын азайтқанда және екі қадамнан жүгіріп келуге ауысқанда екінші және үшінші қадамды, ал бір қадамнан жүгіріп келуде тек үшінші секіру қадамын орындайды.

Секіру қадамымен бірге екі қолды да артқа жібереді. Тебілу кезінде қозғалысты бірінші кезекте доға бойымен арттан-төмен-алға қозғалағн қол бастайды. Бұл сермеу қимылы саусақтар бастан асыра көтерілгенде қолды кілт тоқтатумен аяқталады.

Дененің ЖДО-сы тіректің артында тұрғанда барып, аяқтар тебілу қимылын іске қосады; ол бұл жағдайда барлық буындарда тіктелген. Секіру биіктігі қолдың сермеу қимылы мен жүгіріп келгеннен кейін аяқтың тізеден бүгілу шамасына байланысты. Алайда бұл бұрыш 90º-тан кем болмауы тиіс.

Аяқтың тіректен ажыраған сәтінен бастап ойыншы денесі жоғары және сәл алға қозғалады, бұл – ұшу кезеңі. Көлденең сырғуды болдырмау үшін аяқтың тіректен ажыраған сәтінде кеуденің жоғары бөлігін артқа жіберу керек. Бұндай қимыл белгілі мөлшерде дене ЖДО-сы айналасындағы дене салмағын анықтап,  қарама-қарсы көлденең құраушы күш жағына бағытталған біршама айналымдық сәт құрайды.  Бұл дененің ұшу жолының ұзындығын азайтуға көмектеседі. 

Оң қолдың көтерілуімен бір мезетте жоғары-артқа сермейді. Сонымен дайындық кезеңіндегі қол қимылы соққы салмағының үдеу алу жолын арттыратын созылмалы күш салу мен сермеуден құралады. Бұл екі бөлікті қимыл бағытын ауыстыру арасындағы шағын үзіліс бөліп тұрады. Сермегенде білекті бастан асыра жіберіп, қол алақандарын жоғары көтеріп, оң иығын артқа жібереді. Шынтақты көтеру биіктігі  ойыншының жекелеген ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ кез-келген шынтақ иық буыны белдеуінен жоғары болуы тиіс. Ойыншылар көп жағдайда «садақ» қалпында болады, яғни кеуде мен бел бөлігінде бүгіліп, аяқты тізеден бүгіп, аяқтың басын артқа жібереді. Сол қол сермеу кезінде белсенді қимыл жасайды: оны қапталға жібереді, соның нәтижесінде үлкен кеуде бұлшықеті созылады.

Соққы қимылы денені тік ось бойымен бұрып, алға жіберіп, оң иықты көтеруден басталады. Бұл қимыл жұмысқа сәл кейін кірісетін қолға бастапқы жылдамдық береді. Оны шынтақтан тіктеп, жоғары созып, сол арқылы допты ұрудың қажетті биіктігін қамтамасыз етеді. Қолды допқа қамшылау әдісімен жоғары бүйірден (қолдың иілу бұрышы 75º-тан кем емес) еркін қояды. Мұнда иықты алға жіберіп, қолды доппен біргеалға-төмен жылжытып, қолды білезіктен бүгеді. Допты саусақпен сырғып кетуден сақтап, алға-төмен бағыттайды. Сосын иықты тағы да алға және төмен жібереді, олар алға-төмен қозғалған  тіректің ролін атқарады. Қол қимылының жылдамдығы толқынды ұлғайып, ұру сәтінде ол жоғары көрсеткішке жетеді.

Соққыдағы тиімді амалдар:

  • иекті түсіру, ол ойыншы кеудесінің алдыңғы жағындағы бұлшықет топтарын жиыратын мойын-тоникалық  рефлекстердің әсерін пайдалануға көмектеседі;
  • соққы кезінде тыныс шығару, ол соққыны тез орындауға көмектеседі, себебі бірқатар бұлшықеттер тынысалу қызметінен жаңылысуы мүмкін.

Соққыны орындағаннан кейін ойыншы төмен түсіп, аяғын тізе буынынан тіктейді.

Шабуыл соққыларының түрлері екінші доп беру сипаттары мен анықталады және

оның бірнеше ерекшеліктері бар. Ұзындығына қарай бөлінетін доп берулерде  (ұзын, қысқа, қысқартылған) шабуыл соққыларын орындау кезіндегі іс-қимыл сипаттары бірдей, тек доптың ұшу уақытының ұлғаюымен жүгіріп келудің екпінді-ырғақты құрылымы өзгереді: жүгіріп келудің бірінші және екінші қадамын орындау уақыты артады, шабуылшы ойыншының қимылы доп берумен үйлесуі  жақсарады. Доп беру тәжірибесінде биіктігіне қарай жоғары және орташа – баяу, ал төменгілері – үдемелі және жылдам болып келеді. Жоғары (орташа) баяу доп берумен шабуыл соққыларын орындау әдісі туралы жазылды. Төменгі жылдам доп берумен шабуыл соққысы үшін мыналар тән:

  • 1-2 қадамға дейін жүгіріп келу ұзындығын азайту;
  • жүгіріп келу соңында аяқты аз бүгу нәтижесінде өте тез тебілу;
  • артқа жіберген кездегі шынтақтан қолдың аз бүгілуі мен сермеу құлашының аздығы;
  • соққыдан кейінгі қолдың көмекші қимылдарының азаюы.

Тордан алыс доп берумен (1 м-ден аса) шабуыл соққысын орындаудың бірнеше ерекшеліктері бар:

  • соққы орыны созылған қолмен анықталады, иілу бұрышы 80º — 85º;
  • қолды соққы қимылында жүргізумен бірге ойыншы бел-жамбас буынынан бүгіледі;
  • соққы қимылында қолды тордың жоғары жиегі бағытымен жүргізеді.

Бүйірден шабуыл соққысы. Заманауй  ойында шабуыл соққылары өте сирек.

Жүгіріп келу тікелей шабуыл соққысындағы жүгіріп келуден ерекшеленбейді, тек оны торға сүйір бұрыш жасай, кейде қатар тұрып орындайды. Кері тебілу де осы сипатталғанға ұқсас.  Ұшу кезінде сермеуді жоғары бүйірден доп берудегідей етіп орындайды: қолды төменге-қапталға жіберіп, сол қолды жоғары көтереді, кеудені ұратын қол жаққа қарай иеді. Соққы қимылын жоғары бүйірден доп берудегідей етіп орындайды. Ол денені тік ось бойымен бұрып, оң иықты алға жіберуден және оң қолдың допты төменнен-арттан-жоғары-алға сермеуімен басталады, ал соққыны саусақпен жоғарыдан-бүйірден орындайды. Содан кейін денені бұру, иық пен қолды алға-төмен қозғалуы инерция бойынша жүргізіледі.  Соққы аяқталысымен ойыны екі аяғына қонады (13-сурет).

13-сурет

 

Тәсілдік орындау кезінде шабуыл соққыларының әдістік

ерекшеліктері (шабуыл соққысының түрлері)

         Заманауй ойындарда шабуыл соққылары – ұпайға саналатын немесе доп тастауға мүмкіндік беретін негізгі шабуыл құралы. Бұл жағдайда қарсылас тосқауылына қарсы күрес үшін дәл, жылдам және ерекше шабуыл соққылары көмегімен жеңіске жету жалпы тәсілдік міндет болып табылады. Доптың ұшу бағыты бойынша шабуыл соққыларын ойын барысындағы жүрістен болатын соққылар (ойыншының жүгіріп келу бағыты соққыдан кейінгі доптың ұшу бағытына сәйкес келеді) және қолды ауыстырып немесе кеудені бұрып соққы беру (доптың ұшу бағыты жүгіріп келу бағытына сәйкес келмейді) деп екіге бөледі. Соққыдан кейінгі доптың ұшу жылдамдығына қарай оларды баяу (10м/с-қа дейін), үдемелі (16 м/с-қа дейін) және жылдам (16 м/с-тан аса) деп бөледі.

         Шабуыл соққысын дәлдікпен орындауда тіке үдемелі соққыларды жиі пайдаланады (оларды саусақпен ұру деп аталады).

         Үдемелі шабуыл соққылары. Соққылардың дайындық кезеңінің құрылымы (жүгіріп келу, секіру, сермеу) айтылған жылдам соққының құрылымына ұқсас келеді. Соққы қимылдарында қолды шынтақтан бүгіп, жоғары көтереді. Соққылардың өзін қолды шынтақтан тіктеп, сонымен бірге қолдың басын қамшылау қимылымен орындалады. Допты ұрғаннан кейін қол қимылын тез тежеп, ол тоқтайды; көмекші қимылдар аз.

         Доптың ұшу жылдамдығын артыру үшін шабуыл соққыларының тік, жүріс барысынан жылдам, бүйірлік түрлерін пайдаланады. Мұнда сермеу құлашы ұлғайып, тұлға кеуде мен бел бөлігінде иіліп («садақ қалпы»), аяқтар тізеден бүгіледі, соққы қимылдарының құлашы үлкен.

         Ойында (әсіресе жоғары немесе ересек санаттағы командалар үшін) дәл және жылдам шабуыл соққылары ойдағыдай нәтиже бермеуі де мүмкін, себебі қарсылас жағы торда сенімді қорғаныс-тосқауыл ұйымдастырады. Сондықтан тосқауылға қарсы күрес түрлерін пайдаланады.:

  • тосқауылдан жоғары соққылар – жүрістен, тіке үдемелі;
  • тосқауылға жақын соққылар – кеудені бұрып, тіке жылдам және қолды ауыстырып тіке үдемелі шабуыл соққылары;
  • тосқауылдан жоғары алдау – жүрістен тіке, баяу соққы;
  • аутқа кетумен тосқауылды ұру – жүрістен тіке, жылдам және бүйірлік соққылар.

Кеуде тұлғасын бұрып орындалатын шабуыл соққылары. Соққыны орындаудың

үш сатысы бар (14-сурет):

1-саты – қрапайым соққыда орындалатын дайындық қимылдарын (жүгіріп келу, секіру, сермеу). Олардың ерекшеліктері: ойыншы оңға қарай ауысып ұрғанда допты соққы аймағының оң жағында қалдырады (ол ойыншыға дейін жетпейді); соққы аймағы сагиттальді ось пен алға-жоғары созылған оңқолдың арасында болады; солға қарай ұрғаннан кейін доп соққы аймағының сол жағында болуы тиіс (ойыншы оны сәл босатады);

         2-саты – денені оңға немесе солға бұрады;

         3-саты – шабуыл соққысын жүгіріп келу бағытын жалғастырумен сәйкес келмейтін жаңа бағытқа қарай жүру бойынша орындау.

         Қолды ауыстырып шабуыл соққысы. Мұндағы шабуыл соққысында жүрістен соққы беруге ұқсайды. Қолды оңға қарай ауыстырып соққы беруде саусақ доптың сол жағында жататындай етіп доға бойымен солға-алға жүргізеді. Сонымен қатар саусақты жазады; оң қолдың басбармағын түсіреді, оң иықты сәл көтереді, сол иықты түсіреді. Допты ұрғаннан кейін қолды сәл түсіріп, доптың ұшуына бағыт береді (15-сурет).

         Тік осьтен солға ауыстырғандағы соққы қимылында қолды саусақтар доптың жоғары және сол жағында жататындай етіп шағын доға бойымен алға-оңға қозғалады. Сонымен бірге саусақтарды жұмылдырып, басбармақты жоғары көтереді. Қол қимылымен бірге сол иықты сәл алға жібереді. Допты ұрғаннан кейін қолды алға-төмен түсіреді.

 

14-сурет                                           15-сурет

         Баяу соққылар (алдау). Кейде ойында допты торға жақын бағыттап, қауіпсіздендірілмеген аймаққа немесе тосқауылдан асыра тастау қажет болады. Тосқауылдан жоғары алдауда жүрістен тіке, баяу соққыны пайдаланады. Барлық дайындық іс-қимылдарын қарапайым шабуыл соққыларындағыдай етіп орындайды. Соққы қимылында үдемелі шабуыл соққыларындай етіп қолдың орнын ауыстырады: сәл бүгіп, тікелей көтеріп, шынтақ алға шығыңқы тұрады, қолды шынтақтан жазып, саусақ араларын «оймақ» тәрізді етіп допты ұрады (бір қолмен жоғарыдан доп беру үлгісімен). Тосқауылға жақын алдауда қолды оңға немесе солға ауыстыратын  баяу шабуыл соққыларын пайдаланады.

 Орын ауыстыру әдісі

Қорғаныстағы орын ауыстыру әдісі сөрелік тұрысты, жүру, жүгіру, қарғуды қарастырады. Ол шабуылдағы орын ауыстыруға ұқсас келеді.

Допты қабылдау

Қорғаныстың қарсыластың шабуыл әрекетінен кейін допты ойында қалдыруына мүмкіндік беретін әдістік амалы болып табылады. Оны үш әдіспен іске асырады: жоғарыдан екі қолмен, төменнен екі қолмен, төменнен бір қолмен.

Екі қолмен жоғарыдан допты қабылдау. әдетте доптың ұшу жылдамдығы өз әріптесіне бірінші доп беруге қарағанда қарсыласының  шабуыл әрекетінде жоғары болады. Бұл жоғарыдан екі қолмен допты қабылдаудың ерекшелігін көрсетеді. Ауысқаннан кейін аяқты бірінің алдына бірін қояды. Егер доп беруде допты ойыншының сол жағына бағыттау қажет болса, оң аяғын алға қояды және керісінше. Қолды алға жібергенде қолдың басы бет деңгейінде тұруы керек. Қол саусақтарына күш салады. Бұл жоғары жылдамдықпен ұшқан доп соққысынан кері тебілуге байланысты. Соққы қимылында жалпы құрылым сақталады, бірақ аяқ пен қол қимылының құлашы аз, қимыл ширақ. Көмекші қимылдар аз.

Бұндай амалдарды орнында, ауысқаннан кейін немесе доп ойыншыға тікелей немесе жанынан төмен ұшқанда арқаға және жамбасқа қарай шалқалай құлап орындауға болады.

Арқаға шалқая құлап допты қабылдағанда (16-сурет) ойыншы ауысқаннан кейін соңғы қадаммен жартылай отыру қалпына келеді, бір аяғын (әдетте сол аяғын) сәл алға қояды. Сонымен бірге қолды бет деңгейіне дейін көтереді. Соққы қимылын жоғарыдан екі қолмен доп берудегідей орындалады. Ұрғанда ойыншы иықты сәл артқа жіберіп, бүгіледі. Сол арқылы дене салмағы дене ЖДО-сы арқылы айналасына тең бөлінеді және тепе-теңдік бұзылады. Ұрғаннан кейін ойыншы артта тұрған аяғының өкшесіне отырып, кеуде бөлігімен иіліп, жинақталады, басты иіп, біртіндеп аунай артқа құлайды. Қол бұрынғы қалпын сақтайды.

Жамбасқа құлап доп қабылдауда (17-сурет) ойыншы алдын ала ауысқаннан кейін соңғы қадамда құлау қалпына келеді, бір аяғы тізеден бүгіліп, екіншісін қапталға қарай созады. Сонымен бірге қолын бет деңгейіне көтереді. Соққы кезіндегі қалпы жоғарыда айтылғандағыдай. Ұрғаннан кейін ойыншы өкшесіне отырып, кеудені созылған аяғына қарай бұрып, біртіндеп алаңға түсіп, оған жамбасымен, бүгілген аяғымен және арқасымен түседі. Аунап түскеннен кейін ойыншы аяғын сермеп тұрады және келесі іс-қимылдар үшін бастапқы қалыпқа келеді.

Арқа мен жамбасқа қарай аунағанда иық арқылы да аунауға болады. Бұл үшін тез тұрып және бастапқы қалыпқа келуге мүмкіндік беретін қимыл инерциясын пайдаланады.

Төменнен екі қолмен доп қабылдау. Бұл заманауй ойындағы доп қабылдаудың негізгі әдісі. Доппен кездесетін орынға қадамдап, қарғып немесе жүгіріп жетеді. Соңғы тежелу қадамында қолды алға созып, оған күш түсіріп, саусақтарды жұдырық етіп түюге де болады. Бір аяқты екіншісінің алдына қойған дұрыс; мұнда дененің ЖДО-сы төмен түседі, аяқтар тізеден бүгіледі, кеуде сәл иіледі. Қолды доптың ұшу жолына қиылыстыра қойған дұрыс. Доп жағында қарсы алу қимылын аяқтан бастайды: аяқты тізеден тіктеп, ойыншының денесі алға-жоғары көтеріледі (шамамен бұрыш 20º). Аяқты тез әрі қуатты тіктейді, ол қол қимылына бастапқы жылдамдық береді. Қолды жұмықа кешірек қосады, оның қозғалу жылдамдығы елеусіз өседі. Допты білекпен ұрады. Доппен түйісу уақыты өте аз, сондықтан көмекші қимылдардың доптың ұшу бағытын қадағалауға тигізер әсері мол. Мұнда аяқты толық тіктеп, қолды алға созады.

Бір қолмен төменнен доп қабылдау.  Допты бұлай қабылдау доп ойыншыдан алыс ұшқанда алдын ала ауысып немесе құлап орындалады. Доп жақындағанда алақан оның жолына бөгет жасауы керек. Соққы қимылына тек қол қатысады, ал аяқтар қатыспайды. Қол саусақтары қысылып, жұдырықталған; жұдырықпен немесе алақанымен ұруға болады (19-сурет). Бұл амалды доп ойыншыдан алыс ұшқанда орын ауысып немесе жамбасқа, кеудеге, арқаға құлағаннан кейін және орнында орындауға болады.

Арқаға және жамбасқа құлаумен амалды орындағандағы қимыл жоғарыда айтылғандарға ұқсас орындалады, допты бір қолмен доп қабылдағандағыдай етіп ұрады. Ойыншы кеудеге құлап допты қабылдағанда соңғы қадаммен  алға құлап, алда тұрған оң аяқпен кілт тебіліп, кеудені төмен-алға, қолды алға жібереді (20-сурет). Артта тұрған аяқпен тебіліп, тізеден бүгіп, алға сермейді. Ұшқан допты алақанның қырымен төменнен жоғарыға қарай ұрады.

Ұрғаннан кейін екі қолды да алға жіберіп, иық ендігінен кең екі қапталға түсіреді. Сонымен бірге сермеу қимылымен тізеден бүгіліп, алда тұрған аяқты жоғары көтереді.

         Кеудені кеуде және бел бөлігінен иіп, басты артқа шалқайтады. Бұдан кейін қолды тірекке қойып, біртіндеп дене қимылының инерциясын тежеп, шынтақтан бүгеді. Ойыншы кеудемен түсіп, ішімен және жамбасымен аунайды.

         Допты қабылдау мен құлауды орындағаннан кейін ойыншы тұрып, бастапқы қалыпқа келеді.

 

Тәсілдік орындаудағы допты қабылдау

әдістерінің ерекшеліктері (қабылдау түрлері)

         Заманауй ойында допты қабылдау команданың қорғаныс әрекетінің, әсіресе, қарсыласының тастаған добын қабылдаудағы жетекші элемент. Оны дербес екі бөлікке бөледі:

  • Доп қабылдау, оның негізгі міндеті – допты қабылдап, қарсыласының шабуыл әрекетінен кейін оны ойында қалдыру.
  • Қабылдағаннан кейін допты беру (бірінші доп беру), оның негізгі міндеті — өз әріптесіне допты мүмкіндігінше дәл беру.

Сонымен, доп қабылдаудың жалпы тәсілдік міндеті – допты қарсыласының шабуыл

әрекетінен кейін ойында қалдыру және оны шабуылды дамыту үшін әріптесіне бағыттау болып табыладыв. Тәсілдік міндетті орындауда мыналар жиі кездеседі:

 

  • қарсыласы тастаған допты қабылдап, оны ары қарай алдыңғы сызыққа беру (белгілі бір әріптесіне немесе орынға беру); бұл жағдайда допты екі қолмен жоғарыдан, екі қолмен төменнен бағыттап берілген допты қабылдаған дұрыс;
  • допты қарсыласының шабуыл соққысынан қабылдау; мұнда негізгі міндет допты «көтеру» болып табылады; сондықтан оны екі қолмен төменнен, екі қолмен жоғарыдан жамбасқа, арқаға немесе кеудеге құлап, бір қолмен төменнен бағыттаусыз-ақ қабылдаған дұрыс;
  • тосқауылды өзіндік қауіпсіздендіруде доп қабылдау; мұнда оны екі қолмен немесе бір қолмен төмененнен бағыттап доп берусіз-ақ қабылдаған дұрыс.

 Бағыттап берген допты қабылдау. Тәжірибеде екі қолмен жоғарыдан доп қабылдау

сирек кездеседі. Көп жағдайда допты екі қолмен төменнен қабылдайды. Оның ұшу бағытын кеуде қимылымен реттейді. Яғни қажет жағдайда допты қабылдап, оны алға қарай бергенде кеуденің алға иілуін сақтайды. Егер допты өзінің үстінен бағыттау керек болса, онда тұлғаның тік қалпын сақтайды. Артқа доп бергенде ойыншы кеуде мен бел бөлігінде артқа сәл шалқайып, иықты артқа жібереді. Ұшу жолының биіктігін аяқты алдын ала жартылай отырып бүгу көлемімен реттейді.

Тосқауыл

Тосқауыл – қорғаныстың әдістік амалы, оның көмегімен қарсыласының доп тастауы немесе шабуыл соққысынан кейін ұшқан доптың жолын бөгейді. Оны көп жағдайда орнын ауыстырғаннан кейін орындайды. Ойыншы торға бетімен қарап тұрады, аяқтар иық деңгейінде, тізеден бүгіліп, қатар тұрады, табандар да қатар орналасады. Қолдар шынтақтан бүгілген, саусақ кеуде алдында (21-сурет). Доппен кездеседі деп белгіленген орынға 2 м-ге дейінгі қашықтықта қарғып, 2-3 м-де жалғаспалы қадаммен 3 м-ден асқасын кәдімгі жүгірумен орын ауыстырып, сосын торға қарай бетімен бұрылады.

Соңғы қадамды қарғып түсіп және тежелу қадамымен орындайды (шабуыл соққысына жүгіріп келгендей етіп). Егер шабуыл соққысында тежелу тобыққа тиесілі болса, ал тосқауылда тежелу қимылы табанның ішкі қырымен жасалады.

Жүгіріп орын ауыстырған соң ойыншы алдын ала торға бұрылып, сосын тежелу қимылын орындайды. Келесі аяғын иық деңгейіне қойып, сосын жартылай отырып, сонымен бірге шынтағын сәл түсіреді.

Секіру кезінде қимылға алдымен қол, сосын аяқ қосылады. Тіректен ажыраған ойыншы қолын тордан шынтақтан бүккен қалпында өткізеді. Білек торға қарай сәл бүгіледі, қол саусақтарының арасы ашық және оған күш салады, алақандар торға параллель (22-сурет). Тор жанындағы тосқауылда тор жиегіне жақын бір қолдың алақаны бұрыш жасай иіледі, бұл сондай-ақ ауыстырумен ұрған соққыларды тосқауылдауда да қолданылады. Доп жақындағанда қолдарды шынтақтан бүгіп, алға- жоғары қозғалтады. Сонымен бірге саусақтарды білезік буынынан иіп, саусақтарды алға-төмен қозғалтады. Допты ұрғанда саусақтар соққыны кері итеріп, допты қарсылас жағына алға-төмен қарай бағыттайды. Тосқауылды аяқтағаннан кейін саусақтарды жоғары көтеріп, ойыншы төмен түседі және бүгілген аяқтарымен қонады.

Тосқауылдың маңызды элементтері секіру мен қолды тор үстіне қою үшін орын мен уақытты дұрыс таңдау болып табылады. Шабуыл соққыларына қарсы тосқауылды орындағанда орынды тосқауылшы шабуылдаған ойыншының жүгіріп келу сызығын ойша жалғастырып орналастыратындай етіп таңдалады. Әдетте, қолды ауыстырып жасаған шабуыл соққыларды тосқауылдауды топтық тәсілмен орындайды: бұл жағдайда секіру орнын соққыны жүрістен тосқауылдаушы ойыншы таңдайды, ал келесі ойыншы оған «жабыса» тұрады. Тастаған допқа қарсы тосқауылдыорындағанда тосқауылшы ойыншы орынды былай таңдайды, яғни соққымен доп тастаған ойыншының қолы сол орынға қарай бағытталатындай етіп таңдалады.

Тосқауылшы ойыншының секіру уақытын таңдауы шабуылшы немесе доп

тастаушы ойыншының іс-қимылымен анықтылады. Нақты бағдарлар мыналар:

  • торға жақын бағытталған доп берумен жылдам соққы бергенде – шабуылдаушы ойыншы қолын сермегенде қолын тік қойып қиылысу;
  • тордан алыс доп берумен жылдам соққы бергенде – шабуыл ойыншы қолының соққы қимылдарының басы;
  • төменнен үдемелі доп берумен жылдам соққы бергенде («метр» — жартылай дәлдеу) – шабуылшы ойыншы тебілгенде тіректен аяқты ажырату немесе қолды бастан асыру сәті;
  • жылдам доп берумен жылдам соққы бергенде (ұшу, дәлдеу) – шабуылшы ойыншымен бір мезетте;
  • бүйірден шабуылшы соққыда – шабуылшы ойыншының қолының соққы қимылын бастауы;
  • доп тастауда – доптың торға жақындауы (шамамен, шабуыл сызығына).

Шабуыл соққысына қарсы тосқауылшының секіруін бастауына арналған барлық

бағдарлар егер шабуылшы мен тосқауылшының бойының ұзындығы бірдей болғанда тиімді болады. Бойы төмен тосқауылшы ойыншыға ертерек, ал бойы ұзын ойыншыға сәл кешірек секіру керек. Кез-келген жекелеген жағдайларда бұндай түзетулерді ойын жағдайы мен шабуылшы ойыншының жеке ерекшеліктерінен тыс ендіру қажет.

Тосқауылдың тәсілдік орындалуындағы

 әдістік ерекшеліктер (тосқауыл түрлері)

         Заманауй ойында тосқауылды тиімді қолдану команда ойынының әсерлілігін анықтыйды. Бұл қорғаныстың маңызды әдістік амалы. Оның тәсілдік міндеті қарсылас команданың шабуыл әрекетіне қарсы бірінші қорғаныс тізбегін қамтамасыз ету болып табылады.

         Тәсілдік міндеттерді жекелей шешу түрлері туралы:

  • команданың әлсіз тұстарын қорғау (бос орынды, доп қабылдау әдісі әлсіз ойыншыны, т.б.); бұл аймақтық тосқауыл, мұнда жылжымалы тосқауыл түрлерін қолданған дұрыс;
  • қарсыласының шабуыл соққысын бейтараптандыру, сол арқылы бүкіл алаңды қорғау, сол арқылы допты тұтып қалу тосқауылы, мұнда да жылжымалы тосқауыл түрлерін қолданған жөн.

Жылжымалы тосқауыл. Жылжымалы тосқауыл қозғалыссыз тосқауылға ұқсайды.

Қол тордан асырылғаннан кейін оны доптың қорғаныста ойнап жатқан команданың алаңына қарай жолын бөгеу үшін ұшу жолының бағытына байланысты оңға немесе солға ауыстыруға болады.

 

 

2 ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

 

2.1 Зерттеудің міндеттері

 

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін осы жұмыста келесідей міндеттер шешілді:

  1. Жас волейбошылардың жарыс ойындарындағы қимыл белсенділігінің сипатын анықтау.
  2. Дене қасиеттерінің даярлығының деңгейін және жас волейбошылардың тиімді жарыс әрекеттеріне ықпал ететін жетекші дене қасиеттерін анықтау.
  3. Жас волейбошылардың дене қасиеттерінің даярлығының құрылымын зерттеу.
  4. Жаттығудың даярлық кезеңіндегі жас волейбошылардың дене қасиеттерінің даярлығын бағдарлаудың алгоритмін жасап шығару .

Зерттеу әдістері

Жұмыста алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері қолданылды:

  1. әдебиет көздерін талдау және жалпыландыру;
  2. антропометрия;
  3. зерттеудің педагогикалық әдістері;
  4. эксперттік бағалай отырып, педагогикалық бақылаулар;
  5. математикалық статистика әдістері.

Ғылыми әдебиетті талдау және жалпылау

Теориялық зерттеу барысында спортшыларды даярлаудың жалпы теориясы мен әдістемесі саласындағы, оның ішінде волейболдағы ғылыми зерттеулердің мәліметтері және мамандардың практикалық қызметінің тәжірибесі талданды. Негізгі назар спортшылардың даярлануының құрылымына, жас волейболшылардың дене қасиеттерін дамыту әдістемесіне, сонымен қатар қолда бар зерттеулердің нақтылы нәтижелеріне аударылды. Одан әрі жасап шығаруды және ғылыми негіздеуді талап ететін мәселелерді анықтауға ерекше көңіл бөлінді.

Антропометрия

Антропометриялық өлшеулер өлшеулер техникасына қойылатын қазіргі талаптарға сәйкес жүзеге асырылды [14]. Бойды өлшеуге арналған және басқа құрылғылар калибрленді және зерттеу бағдарламасының процесінде ауытқуларға ұшырамады. Дене салмағын өлшеу дәлдігі – 0,5 кг; дене ұзындығын өлшеу дәлдігі – 0,1 см [10,17].

Жылдамдық қабілеттерін анықтау әдістері

Дыбыс сигналына қарапайым қозғалыс реакциясының уақыты ЭМР-01 типті электромиорефлексометрден және екі түйіспелі датчиктен тұратын құрылғының көмегімен өлшенді. Сыналушы құрылғының алдына орналасты. Бірінші датчик берген дыбыс сигналынан кейін сыналушы секундомерді тоқтататын екінші датчикке қолын тигізді және реакция уақытын өлшеді. Сынақ үш мәрте жүргізілді. Миллисекундпен үш әрекеттен орташа арифметикалық мән анықталды.

Дыбыс сигналына қарапайым қозғалыс реакциясының уақытын анықтаумен жүргізілген эксперименттің барысында сыналушыларға өз реакциясының уақытына өз бағасын беру тапсырмасы қойылды. Осы мақсатта сыналушылар алдымен реакция беру уақытын айтты, одан кейін бұл уақыт миллисекундомер көрсетілімдерімен дәлдеп тексерілді. Сынақ үш мәрте жүргізілді. Жете бағаламаған жағдайда нәтиже «-« белгісімен, асыра бағалаған кезде – «+» белгісімен жазылды.

Сонымен қатар келесі әрекетке көшуді тосу уақытын түрлендіре отырып, дыбыс сигналына қарапайым қозғалыс реакциясының уақыты да тіркелді. Осы мақсатта стимулды тосу уақыты түрлендіріліп отырды: сигнал мен стимул арасындағы уақыт аралығы 3,4 және 5 секунд құрады. Осы жағдайлардағы реакция уақытының абсолюттік шамасы волейболшылардың жылдамдық мүмкіндіктерін сипаттады.

Жарық сигналына реакция беру уақытын анықтау ЭМР-01 типті электромиорефлексометрден және екі түйіспелі датчиктен тұратын құрылғының көмегімен өлшенді. Сыналушы құрылғының алдына орналасты. Бірінші датчиктің көмегімен жарық сигналы берілді, екінші датчикпен секундомер тоқтатылып отырды. Сынақ үш мәрте жүргізілді. Үш әрекеттен орташа арифметикалық мән анықталды.

Қозғалып келе жатқан нысанға реакция беру уақыты ЭМР-01 типті электромиорефлексометрдің көмегімен анықталды. Сыналушыға миллисекундомерді 3 с белгіде тоқтату тапсырмасы берілді. Сынақ үш мәрте жүргізілді. Жете бағаламау «-« белгісімен, асыра бағалау «+» белгісімен жазылды.

Қолмен жалғызданған (бір мәрте) қозғалыс жасау уақытын өлшеу. Осы өлшеулерді жүргізу үшін ЭМР-01 типті электромиорефлексометр және түйіспелі пластиналар мен қуыс құлақ түріндегі екі датчик қолданылды. Сигнал бойынша сыналушы қуыс құлақпен бірінші датчикке жанасып, секундомерді іске қосты. Одан соң сыналушы бірінші датчиктен 50 м қашықтықта тұрған екінші датчикке қуыс құлақпен жанасып, секундомерді тоқтатты. Аталған тест келесі ретпен қолмен жылдам қозғалыс орындауға қабілеттілікті сипаттады: а) «оңнан»-«солға» — оң қолмен, ә) сол қолмен – «оңға», б) «оңнан» — «солға» — оң қолмен, в) «»оңнан» — «солға» — сол қолмен, г) оң қолмен – «тура», д) сол қолмен – «тура».

Қарқынды (қозғалыстар жиілігін) өлшеу -теппинг-тест

Осы өлшеуді жүргізу үшін сандық индикатордан және телеграф кілтінен тұратын құрылғы қолданылды. Сыналушы 10 с бойы өзі үшін максималды қарқынмен телеграф кілтінде қолының ұшымен қозғалыстар орындады. Сандық индикаторда қозғалыстардың саны фиксацияланып отырды.

Қозғалыстар қарқынын басқаруға деген қабілеттілік сандық индикатордан, 12 квадраты бар теппинг-платформаның және қуыс құлақтың көмегімен анықталды. 5 с бойы сыналушы қуыс құлақпен кезекпе-кезек квадраттарға жанасып отырды. Ол алдын ала, бірінші квадратта өзі үшін максималды қарқынмен соққы жасаудан, екінші квадратта қарқынды екі есе азайтудан, үшінші квадратта қайтадан максималды қарқынмен соққы жасаудан және т.с. тұратын тапсырма алды. Әрбір квадратта жасалған соққылар саны есепке алынды.

Сонымен қатар волейболшылардың максималды қарқынды ұстап тұру мүмкіндігі де анықталды. Теппин-платформасы бар құрылғы қолданылды. Сыналушы 10 с бойы қуыс құлақпен кезекпе кезек теппинг-платформаның барлық квадраттарына жанасты. Барлық квадраттар бойынша жанасулардың максималды және минималды сандары арасындағы айырма есепке алынды.

Қысқа қашықтықтарға жүгіру уақытын өлшеу

3 м, 6 м және 9 м жүгіру уақыты ИС-ВИ фотодатчиктерінің және электронды секундомердің көмегімен өлшенді.

«9-3-6-3-9» тесті. Волейболшы волейбол алаңының бет жақ сызығынан старт қабылдап, өз алаңындағы шабуылдау сызығының ортаңғы сызығына, одан кейін алаңның қарама-қарсы жағындағы шабуылдау сызығына, ортаңғы сызыққа қолын тигізіп, старт қабылдаған жерге қарама қарсы бет жақ сызыққа қарай максималды жылдамдықпен орын ауыстырды. Жүгіру уақыты секундпен тіркеліп отырды.

«5х6 м» жүгіру тесті. Беткейлік сызықтан старт қабылдап, шабуылдау сызығына дейін және, кезекпе-кезек белгі таңбаға қолымен жанаса отырып, кері қарай жүгіру. Жүгіру уақыты секундпен тіркеліп отырды.

 Күш және жылдамдық-күш қабілеттерін анықтау әдістері

Күш және жылдамдық күш қабілеттері алуан түрлі бақылау жаттығуларында тестілеу нәтижелерінің негізінде анықталды.

. Аяқтардың бұлшық еттерінің күшін анықтауға арналған тесттер

а) 20 с бойы екі аяқпен отырып-тұру, отырып-тұру саны есептелді;

ә) 20 с бойы отырудан секіру, секірулер саны есептелді;

б) бір орыннан жоғары қарай секіру, секірудің биіктігі жоғары қарай созылған қолмен тұрған қалыпта бекітілген нәтиже мен жанасқан жері арасындағы айырма бойынша анықталды;

в) екі аяқпен итеріле отырып, бір орнынан үш мәрте секіру;

г) 9 метрлік белгіге дейін бір аяқпен секіріп бару;

д) 9 метрлік белгіге дейін екі аяқпен секіріп бару;

е) 18 метрлік белгіге дейін бір аяқтан екінші аяққа секіру (секіре отырып жүгіру).

 Иық белдеуінің бұлшық еттерінің күшін анықтауға арналған тесттер

а) 10 с бойы тіреле жатып, қолдарды бүгу және жазу (реттер саны);

ә) түрнекте тартылу (реттер саны);

2.2.4.3. Қарын пресінің бұлшық еттерінің күшін анықтауға арналған тест

а) 10 с бойы арқасында жатқан қалыптан денені түзу отырғанша көтеру (қолдары бастың артында) (реттер саны).

 Бұлшық еттердің әртүрлі топтарының динамометриясы

Бұлшық еттердің жекелеген топтарының күшін зерттеуге арналған зерттеулерде полидинамометрия әдісі кең қолданыс тапты [10]. Алайда оны қолдану арнайы жабдықтың және тіркейтін аппаратураның болуымен байланысты болып келеді. Сондықтан аталмыш зерттеуде өлшеулердің стандартты шарттарын, жағдайларын сақтауға мүмкіндік беретін және зерттеуді өлшеу дәлдігі үшін еш зиян келтірмей, оқу-жаттығу сабақтары өткізілетін орында жүргізуге мүмкіндік беретін, Б.М.Рыбалконың [53] модификацияланған әдістемесі қолданылды. Онымен қоймай, осы әдістеменің конструктивтік басымдылықтары оның ықшамдығынан да тұрады.

Иықты, иық маңын, балтырды, жамбасты, денені және табанды бүккіштер мен жазғыштардың күші өлшенді. Шкала бөлінуі 500 гг болатын, В.А.Абалаков құрастырған сақиналы типті динамометр қолданылды [1]. Өлшеулерді жүргізген кезде келесі ережелер сақталды: сыналушының денесі өлшеніп отырғанды қоспағанда, бұлшық еттердің барлық топтарының қозғалысын болдырмайтындай етіп бекітілді, бастапқы қалыптағы аяқ – қолдың буын бұрышы 900 болуы қадағаланды. Әрбір өлшеуде динамометрдің бауы аяқ-қолдың дистальдық бөлігін қамтыды, бау сырғып кетпес үшін арнайы бекіткіш қолданылды. Әр бұлшық ет тобында 3 өлшеу жүргізілді. Одан кейінгі есептеулер үшін ең жақсы әрекеттің нәтижесі алынды. Шаршап-шалдығудың өлшеу нәтижелеріне әсерін болдырмау үшін, жекелеген әрекеттер аралығында қалпына келу және жұмысты қайтара орындау үшін жеткілікті болатын демалыс аралықтары беріліп отырды [50,51,27].

Әрбір тестілеудің алдында (әсіресе тестілер арасында көп уақыт өткенде) динамометрді ұсыныстарға сәйкес эталонды салмақ бойынша калибрлеу жүргізіліп отырды [17].

Иілгіштікті анықтауға рналған тесттер

Арнайы әдебиеттің [9,22,17] мәліметтеріне сәйкес, иілгіштікті күрделі қасиет ретінде түсіну оның жалпы сипаттама түрінде болып отырмай, белгілі бір қозғалыстардағы нақтылы буын үшін спецификалы екендігін куәландырып отыр. Экспериментке қатысқан жас волейболшылардың иілгіштігі келесі жаттығулардың нәтижелері бойынша анықталды:

  • Орындықта тұрған қалпы денені алға қарай ию. Аяқтарды тізе буындарында бүкпей, мүмкін болғанынша алға қарай төменірек иілу керек болды. Бұл кезде қолдың саусақтары орындыққа бекітілген сызғыш бойымен сырғанайды. Сызықтың сантиметрмен берілген шкаласы болды.
  • Арқасында жатып, табандары жұмылған, қолдары бастың екі жағында да иық деңгейінде тірекке тірелген қалыптан сыналушы, қолдары мен аяқтарын максималды жақындастырып, «көпірге» көтеріледі. Нәтиже сантиметрмен, алақандар мен табандар арасындағы қашықтықты өлшеу арқылы анықталды.
  • Негізгі тұрған қалыптан сыналушы қолдарымен үстінен қамтып, гимнастикалық таяқты төменде ұстап тұрады. Таяқ денемен жанасқанға дейін жоғары – артқа орын ауыстырады, одан кейін бастапқы қалпына қайтарылады. Бұл кезде қолдар жазылған. Нәтиже қолдардың ұштары арасындағы сантиметрмен көрсетілген қашықтық бойынша анықталды.

Төзімділікті анықтауға арналған тесттер

Сыналушылардың төзімділігі келесі тест тапсырмаларындағы нәтижелер бойынша анықталды:

а) таңба салынған белгіге дейін жете отырып, бір орыннан қос аяқты итере отырып секірулер саны. Белгіленген биіктікке екі мәрте жетпей қалу секірулер санын есептеуді тоқтату үшін негіз болып табылды;

ә) 1 минут бойы жамбасты жоғары көтере отырып бір орында жүгіру. Қарқын максималды. Жүгіргеннен кейін сыналушылар таңба салынған белгіге дейін жете отырып, үш секіруді орындады. Секіру биіктігі төмендегенге дейінгі секірулер саны анықталды;

б) «Шырша» тесті – беткей сызықтың ортасынан бастап біртіндеп іші толтырылған доптармен белгіленген 7 белгінің әрқайсысына, қолмен жанаса отырып және бастапқы қалыпқа қайта орала отырып жүгіру. Секундпен жүгіру уақыты тіркеліп отырды.

Координациялық қабілеттіліктерді анықтауға арналған тесттер

  • Іші толтырылған үш доп шабуылдау сызығында орнатылған: бірінші және үшінші доптар – бүйір сызықтан 1 м қашықтықта, екіншісі – ортасында. Торға перпендикуляр, 2-3 және 3-4 аймақтары арасына тордың маңында екі орындық орнатылған. Тіреле отыру қалпынан 1 аймақтан старт алып, алға қарай домалау, бірінші іші толтырылған допқа жүйтку, допты алу, шабуылдаушы соққы жасау үшін екпіндей келу және допты қос қолмен тор арқылы шабуылдау аймағына лақтыру, орындықтың астынан өту, екінші допқа қарай жүйтку және әрі қарай тесттің басындағыдай әрекеттер. Үшінші допты тор арқылы лақтырғаннан кейін волейболшы құлауды орындап, беткей сызыққа дейін арқасын артқа беріп жүгіре отырып, мәреге жетеді. Уақыт секундпен тіркеледі.
  • Ортаңғы сызықтан 80-100 см қашықтықта және волейболшының жоғары қарай максималды секіруінің 80% биіктігінде жоғары жіп тартылады. 6 аймақта, алаңның қарама-қарсы бөлігінде өлшемі 1х1 нысана орнатылады. Осы кезде кедергілерден өте отырып, ойыншы теннис добын 10 рет нысанаға лақтырады. Дәл тиюлер саны бағаланады.

Педагогикалық бақылаулар

Педагогикалық бақылаулар жасөспірімдер командаларының қатысуымен әртүрлі дәрежедегі ресми ойындар жағдайларында жүзеге асырылды. Бақылаулардың нәтижелері арнайы жасап шығарылған хаттамаға енгізіліп отырды (1 кесте).

Педагогикалық бақылаулардың мәліметтері орташа арифметикалық шаманы, орташа арифметикалық шаманың қатесін және әр көрсеткіштің көрсеткіштердің қосынды санынан пайызын есептей отырып, математикалық статистика әдістерімен өңделді.

 

 

1 кесте

Жас волейболшылардың жарыстардағы қозғалыс белсенділігін педагогикалық бақылау хаттамасы

№ р.с.

Көрсеткіштер

Х

+m

%

1.

«Белсенді» фазаның ұзақтығы (с)

 

 

 

2.

Бір партиядағы «белсенді» фазалардың саны

 

 

 

3.

Үш партиядағы «белсенді» фазалардың саны

 

 

 

4.

Бес партиядағы «белсенді» фазалардың саны

 

 

 

5.

Бір партиядағы секірулер саны

 

 

 

6.

Үш партиядағы секірулер саны

 

 

 

7.

Бес партиядағы секірулер саны

 

 

 

8.

Бір партиядағы орын ауыстырулар, құлаулар саны

 

 

 

9.

Үш партиядағы орын ауыстырулар, құлаулар саны

 

 

 

10.

Бес партиядағы орын ауыстырулар, құлаулар саны

 

 

 

 

Педагогикалық эксперимент

Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес екі түрдегі: констатациялаушы және табиғи ашық педагогикалық эксперименттер жүргізілді [14].

Констатациялаушы педагогикалық эксперимент барысында жылдамдық, күш, жылдамдық-күш, және координациялық қабілеттерін, иілгіштігін және төзімділігін тестілеу нәтижелері бойынша жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлық деңгейі анықталды. Корреляциялық және факторлық талдаулармен жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығының құрылымы анықталды, ол жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау процесінің мазмұнына және жүзеге асырылуына бағдарламалық әдісті жасап шығару үшін негіз болып табылды.

Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлауды бағдарламалауды эксперименттік түрде апробациялау табиғи ашық педагогикалық экспериментте жүзеге асырылды. Экспериментке қатысушылардың барлығына зерттеудің міндеті мен мазмұны туралы хабарланды, ал эксперимент барысында олар эвристикалық нұсқау алып отырды [31]. Қозғалыс белсенділігі сыналушылардың қандай да бір қозғалыс тапсырмасындағы жеке бас жетістіктерін салыстыру негізінде вербальды ынталандырумен стимулданып отырды.

Дене қасиеттерін даярлау процесін жетілдірудің жасап шығарылған бағдарламасының тиімділігі тексерілген топтардағы бақыланушы көрсеткіштердің өсімін және жарыс жағдайларындағы қозғалыс әрекеттерінің тиімділігін салыстырумен анықталды.

Математикалық статистика әдісі

Зерттеу нәтижелерін өңдеу келесі көрсеткіштерді: көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәнін (Х), орташа арифметикалық көрсеткіштің стандарттық қатесін (+m), вариация коэффициентін (V), Бранэ-Пирсон корреляция коэффициентін (r), Стьюдент критерийінің “t” орташа арифметикалық шамалары арасындағы айырмашылықтардың растығын есептеп шығумен жүргізілді. Іріктемелер арасындағы айырмашылықтардың растығын талдау үшін 95% маңыздылық деңгейі қабылданды (P<0,05) [34,14]. Сыналушылардың көптеген тапсырмалардағы нәтижелері бақыланбайтын факторлардың азғантай санының жиынтық әсерінің жиыны болып табылатындығы белгілі. Жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығының құрылымы жас волейболшылардың жылдамдық, жылдамдық-күш және координациялық көрсеткіштерін, сонымен қатар күш, төзімділік және иілгіштік көрсеткіштерін факторлық талдаумен анықталды. Факторлық талдау осы айнымалылардың көп санының факторлардың азғантай санынан байланысын көруге мүмкіндік береді [40,32,21]. Эксперименттік мәліметтерді өңдеген кездегі факторлық талдаудың міндеті факторлық салмақтардың маңызын, сонымен қатар әр фактордың таңдаманың жалпы вариациясына (жалпыланған дисперсияға) әсер ету үлесін бағалаудан тұрады. Осы жұмыста алынған эксперименттік мәліметтер, референттік осьтерді одан кейін варимакс-критерий бойынша айналдыра отырып, негізгі құрамдас бөліктер әдісімен факторлық талдауға ұшыратылды [18]. Математикалық статистиканың аталған әдістері стандартты компьютерлік “STATISTICA” бағдарламалары бойынша жүзеге асырылды.

Зерттеулерді ұйымдастыру

Зерттеулерге бірінші спорт дәрежесі және спорт шеберлігіне кандидат атағы бар, жасы 16-17-дегі 96 волейболшы қатысты. Зерттеулер үш кезеңмен жүргізілді.

Бірінші кезеңде зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік және арнайы әдебиет зерделенді және талданды. Талдаудың негізінде жас волейболшылардың жарыс ойындарындағы дене қасиеттерінің даярлығын және қозғалу белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер жинағы анықталды. Бұл көрсеткіштер педагогикалық бақылауларда констатациялаушы педагогикалық экспериментке қатысушылардың қозғалыс қасиеттерін және қабілеттерін тестілеген кезде пайдаланылды.

Екінші кезеңде педагогикалық констатациялаушы эксперимент жүргізіліп, оның барысында жарыс ойындарын педагогикалық бақылау, 72 жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығын тестілеу жүргізілді. Констатациялаушы эксперименттің нәтижелерінің негізінде спортшылардың жарыстағы әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ететін дене қасиеттері арасындағы байланыс және дене қасиеттері даярлығының құрылымы анықталды.

Үшінші кезеңде дене қасиеттерін даярлауды бағдарламалаудың алгоритмі жасап шығарылды, 24 жас волейболшылардың қатысуымен табиғи ашық педагогикалық эксперимент жүргізілді, алынған мәліметтер талданды, диплом жұмысы рәсімделді.

 

2.2 Жас волейболшылардың жарыстардағы қозғалыс белсенділігінің ерекшеліктері және дене қасиеттерінің өзара байланысы, дене қасиеттерінің даярлығының құрылымы

 

Спортшылардың оның ішінде волейболшылардың даярлығын зерттеуде қандай да бір қасиеттің даму дәрежесін сандық бағаламайынша, ниет етілген нәтижелерге қол жеткізу мүмкін еместігі көрсетілген [5,9,22,50,]. Онымен қоса, спорт түрінің ұтымды техникасын меңгеру негізгі қозғалыс қасиеттерінің: күштің, жылдамдықтың, иілгіштіктің, төзімділіктің, координациялық мүмкіндіктердің тиісінше дамуынсыз мүмкін еместігі дәлелденген.

Атап көрсетілген дене қасиеттерінің даму деңгейі көбіне көп қозғалыстардың ұтымды түрін, олардың фазаларындағы күш салудың оған адекватты деңгейін, техникалық дағдыны меңгерудің жылдамдығын, оның өзгеріп отырған жағдайлардағы тұрақтылығы мен вариативтілігін анықтайды. Егер олар берік техникалық негізге – түрі бойынша ұтымды және тиімді техникаға негізделмесе, екінші жағынан алар болсақ, негізгі функционалдық жүйелердің мүмкіндіктерінің, жылдамдықтың, күштің даму деңгейі өзінен өзі спортшыға жылдамдық мүмкіндіктерінің де, күш мүмкіндіктерінің немесе төзімділігінің де көрініс табуын қамтамасыз етпейді [39,38,43,].

Демек, спорттық жаттықтыру міндеттерінің қатарында ең маңыздыларының бірі болып дене қасиеттерін жетілдіру және организмнің спорттың нақтылы түріндегі жарыс әрекеттерінің талаптарының табысты орындалуын қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерінің мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.

Жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың қимыл белсенділігінің көрсеткіштері

Зерттеулердің бірінші кезеңінде жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың қимыл белсенділігіне педагогикалық бақылаулар жүргізілді. Ойыншылардың амплуасы есепке алынбады. Бақылаулардың мәліметтері 2 кестеде көрсетілген.

Келтірілген мәліметтер жас волейболшылардың жарыс ойындары кезінде алуан түрлі әрекеттердің: секірулердің, орын ауыстырулардың, құлаулардың айтарлықтай көлемін орындайтындығын көрсетіп отыр. Мәселен, партиялар санының үштен беске дейін көбеюіне қарай, ойыншылардың белсенділігі де, секірулердің саны да, әсіресе шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді орындау қажеттілігімен байланысты орын ауыстырулар мен құлаулардың саны да арта түседі.

2 кесте

Жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың қимыл белсенділігінің кейбір көрсеткіштері (n=72)

№ р.с.

Көрсеткіштер

Х

+m

%

CV%

1.

«Белсенді» фазаның ұзақтығы (с)

8,3

0,04

1,1

4,1

2.

Бір партиядағы «белсенді» фазалардың саны

58,2

0,76

7,8

11,7

3.

Үш партиядағы «белсенді» фазалардың саны

168,2

3,05

22,5

15,4

4.

Бес партиядағы «белсенді» фазалардың саны

209,9

16,29

28,2

65,8

5.

Бір партиядағы секірулер саны

26,0

0,37

3,5

12,1

6.

Үш партиядағы секірулер саны

58,0

1,72

7,8

25,1

7.

Бес партиядағы секірулер саны

96,0

6,06

12,8

53,5

8.

Бір партиядағы орын ауыстырулар, құлаулар саны

14,0

1,03

1,8

12,4

9.

Үш партиядағы орын ауыстырулар, құлаулар саны

38,0

1,32

5,1

29,4

10.

Бес партиядағы орын ауыстырулар, құлаулар саны

69,0

3,03

9,3

37,2

 

 Жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың кейбір қимыл әрекеттерінің пайыздық қатынасы (көрсеткіштердің белгіленуі 2 кестеге сәйкес келеді).

2 кестеден  көрініп тұрғанындай, «белсенді фазалар», басқа көрсеткіштер – секіру, орын ауыстырулар мен құлаулар секілді көрсеткіштер секілді бес партиядан тұратын ойындарда ең ұзақ болады. Бұл бес партиядағы ойынның ұзаққа созылуымен, бұған сәйкес доп беруді жоғалтып алу доп беру құқығын ойнаусыз, қарсыласқа ұпай беруге алып келетін қазіргі жарыс ережелерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Алайда вариация коэффициенттері бір және үш партиядағы белсенділік көрсеткіштері және бір партиядағы секірулер саны төмен және орташа деңгейде вариацияланып отыратындығын көрсетеді. Осы көрсеткіштердің вариация коэффициенттері 20%-дан аспайды. Қалған көрсеткіштердің вариациясы айтарлықтай жоғары – 25,1%-дан 65,8%-ға дейін. Осы көрсеткіштердің вариативтілігіне ұзаққа созылатын ойын барысында белгілі бір функциялар атқаратын ойыншылардың амплуасы, сонымен қатар олардың алаңда орналасқан орны әсер етеді деп болжауымызға болады. Сонымен бірге, бес партиядан тұратын ойындардағы ойыншылардың белсенділігі, бір партиядағы белсенділікпен салыстырғанда, 3 еседен аса өседі Жас волейболшылар бес партияда орындайтын секірулердің саны 369,2%-ға артады, ал орын ауыстырулар мен құлаулардың өсімі 500% жуық құрайды (бір партиядағы 14,0-ден бес партиядан тұратын ойындағы 69,5-ке дейін).

Жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың қимыл белсенділігінің анықталған ерекшеліктері олардың дене қасиеттерінің даярлығына айтарлықтай көңіл бөлу қажеттігі туралы пікір айтуымызға мүмкіндік береді.

Жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығы мәселелері бойынша әдеби көздерді ретроспективалы талдау және педагогикалық бақылау нәтижелері негізінде жас волейболшылардың жарыс әрекетінде техникалық тәсілдерді орындау үшін қажетті болатын, ойынның негізгі техникалық тәсілдері мен дене қасиеттерінің тізімі анықталды.  Бірқатар мамандардың пікірі бойынша [12,41,8,15,10, 13,], жас волейболшылардың негізгі техникалық тәсілдерді орындауы келесі дене қасиеттерімен қамтамасыз етіледі:

— допты ойынға берулер: дайындық фазасында – ептілік пен иілгіштік; негізгі фазада – иық белдеуінің, дененің, қолдың бұлшық еттері; бірлі-жарым қимылдың жылдамдығы;

— допты серігіне берулер: дайындық фазасында – орын ауыстырулардың жылдамдығы, аяқтың бұлшық еттерінің күші, ептілік; негізгі фазада – аяқтардың, қолдардың, білезіктердің бұлшық еттерінің күші, ептілік;

— шабуылдаушы соққылар: дайындық фазасында – орын ауыстырулардың жылдамдығы, аяқтардың, дененің бұлшық еттерінің күші, ептілік, иілгіштік; негізгі фазада – иық белдеуінің, қолдың, қарынның бұлшық еттерінің күші, қолдың бірлі-жарым қимылының жылдамдығы, ептілік; қорытынды фазада – жерге түскен және амортизацияланған кездегі жұмыстың режимінде көрініс табатын аяқтардың бұлшық еттерінің күші;

— допты қабылдап алулар: дайындық фазасында: орын ауыстырулардағы жылдамдық, аяқтың бұлшық еттерінің күші, ептілік; негізгі фазада – аяқтың, иық белдігінің, қолдың бұлшық еттерінің күші, ептілік;

— блок: дайындық фазасында – орын ауыстырудағы жылдамдық, аяқтардың бұлшық еттерінің күші, секіргіштік; негізгі фазада – иық белдігінің, қолдардың, қол буындарының бұлшық еттерінің күші, ептілік; қорытынды фазада — жерге түскен және амортизацияланған кездегі жұмыстың режимінде көрініс табатын аяқтардың бұлшық еттерінің күші.

Көрсетілген мәліметтерді талдай отырып, жас волейболшыларға техникалық тәсілдерді орындаған кезде келесі дене қасиеттері қажет деп қорытындылауымызға болады:

— ептілік – допты ойынға берген, допты басқа ойыншыға берген, шабуылдаушы соққыларды, допты қабылдап алуды және блокты орындаған кезде, яғни бұл дене қасиеті ойынның барлық тәсілдерін орындау үшін қажет;

— жылдамдық – доп берулерді, шабуылдаушы соққыларды, допты қабылдауды және блокты орындаған кезде (ойыншы орын ауыстыра отырып жүзеге асырады), шабуылдаушы соққыда соққы жасау қимылын орындаған кезде (бірлі қимылдың жылдамдығында жүзеге асырылады);

— жекелеген бұлшық ет топтарының күші – барлық техникалық тәсілдерді орындаған кезде, бұл ретте аяқтардың, иық белдеуінің, қолдар мен қол буындарының бұлшық еттерінің күші маңызға ие болады;

— секіргіштік – секіріп барып доп берулерді, шабуылдаушы соққыларды, блокты орындаған кезде;

— иілгіштік – доп берулерді, шабуылдаушы соққыларды орындаған кезде.

Техникалық тәсілдер фазаларында дене қасиеттері былайша көрініс табады:

— дайындық фазаларында: ептілік, орын ауыстыруларда жүзеге асырылатын жылдамдық, жекелеген бұлшық ет топтарының күші, секіргіштік, иілгіштік;

— негізгі (жұмыс) фазаларында – жекелеген бұлшық ет топтарының күші, бірлі қимылда жүзеге асырылатын жылдамдық, ептілік;

— қорытынды фазаларда – аяқтардың бұлшық еттерінің күші.

Волейболда техникалық тәсілдерді орындаудың жүргізілген талдауының негізінде ойында техникалық тәсілдердің тиімді орындалуын қамтамасыз ететін волейболшының негізгі дене қасиеттері ептілік; жекелеген бұлшық ет топтарының күші; орын ауыстыруларда және бірлі қимылда жүзеге асырылатын жылдамдық; секіргіштік және иілгіштік болып табылатындығы анықталды.

Бұл ретте бірқатар авторлар жоғарғы спорттық нәтижелерге жетудің қимыл техникасын меңгерусіз мүмкін еместігін атап көрсетеді. Осыған байланысты, авторлардың атап көрсетуінше, спортшылардың жеткілікті дене қасиеттерінің даярлығы аясында техникалық шеберлікті арттыру мәселесі, әсіресе спорттың техникалық тұрғыдан қиын түрлерінде өзекті болған және болып қалуда да.

Келтірілген мәліметтер техникалық даярлық пен дене қасиеттері даярлығының органикалық өзара байланысы спорттық жетілудің негізгі принципі болып табылады және дене қасиеттерін мақсатты тәрбиелеу бір мезгілде спорттық техниканың жетілуіне ықпал етуден тұрады деп болжауға негіз береді. Спортшыардың спорттық шеберлігін арттыруға осылайша қарау ең ұтымды болып табылады және В.М.Дьячковский  жасап шығарған және ғылыми негіздеген, үйлесімді әсер ету әдісінің принципті негізін құрайды.

Үйлесімді әсер ету әдісінің тиімділігін арнайы дене қасиеттерін даярлау тәсілдері негізгі қимылдармен тек сыртқы ұқсастыққа ғана ие болмай, жаттығу жаттықтыруларындағы бұлшық еттердің күш салу режимі жас волейболшылардың қимылдау техникасының негізгі фазаларындағы бұлшық еттер жұмысының режиміне толығымен сәйкес келген жағдайда ғана көзбен көруімізге болатындығы еш күмән тудырмайды.

Осы мәселенің шешімі, оның ішінде жаттығу жаттығуларын дұрыс таңдау, оларды орындау әдістемесін анықтау және т.б. көбіне көп спорттық техниканы терең білуге ғана емес, негізгі дене қасиеттерін және олардың әрбір нақты жағдайда көрініс табу сипатын, сонымен қатар олардың даму әдістемесін дәл анықтай білуге байланысты болып келеді.

Спорттық техниканы спортшының дене қасиеттерінің даму деңгейімен байланыста қарастыра отырып, техникалық әрекеттерді спорттық әрекеттің қиын жағдайларында, оның ішінде волейболда меңгеру және толықанды қолдану дене қасиеттерінің дамуының тиісті деңгейінсіз мүмкін болмайтындығын атай кетуіміз керек, бұл ретте тіптен техниканы мүлтіксіз меңгеру дене қасиеттерінің даярлығындағы кемшіліктерді өтей алмайды. Бұл биомеханикалық мақсатқа лайықты қимыл дағдысының тек қана үйренуші дене қасиеттері дамуының белгілі бір деңгейіне ие болған жағдайда ғана қалыптаса және жетілдіріле алады. Жоғары дамыған дене қасиеттері қазіргі техника үшін қажетті «құрылыс материалы» болуға тиіс, бұл техника өз кезегінде спортшының қимылдау потенциалын жүзеге асыру үшін ең жақсы жағдайлар жасауға тиіс. Сондықтан дене қасиеттерін даярлауды ойын техникасының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру қажет.

Дене қасиеттері мүмкіндіктерінің прогрессивті дамуының волейболды ойнаудың техникалық тәсілдерін жылдам үренуге тек қана жас волейболшыларды үйретудің бастапқы кезеңінде ғана маңызды емес, одан кейін де спорттық шеберлікті арттырудың қажетті шарты болып табылады. Волейболшыларды даярлау қимыл дағдыларының қалыптасуының, дағдыларды меңгерудің өзара байланыстарының және дене қасиеттерінің даму деңгейінің заңдылықтарына негізделген. Бірқатар авторлардың зерттеулері [16, 12, 11, 32,] ойын техникасы мен дене қасиеттерін даярлау арасында тікелей байланыс бар екендігін көрсетіп отыр. Волейболшылардың дене қасиеттерін арнайы даярлауда ерекше орынды авторлар жылдамдық-күш дааярлығына бөліп, бұл ретте осы қасиеттердің өзара әрекеттесуі волейболшылардың техникасында зор маңызға ие екендігін және онда жееткші роль ойнайтындығын атап көрсетеді (шабуылдаушы соққы, доп беру және т.б.).

Кейбір авторлар акробатикамен айналысудың доппен ойнау техникасын жылдамырақ меңгеруге және одан әрі табысты түрде жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап көрсетеді. Техникалық жетілу буындардағы қозғалғыштыққа, реакцияның жылдамдығына, ептілікке, жылдамдыққа және т.б. байланысты болып келеді. Ал енді шабуылдаушы соққы секілді техникалық тәсілді орындау қимылды үйлестіре білуді және кеңістікте бағыт-бағдар ала білуді талап етеді.

Көрсетілген мәліметтерден көрініп тұрғанындай, дене қасиеттерін даярлау техникалық, тактикалық және психологиялық даярлықпен тығыз байланысқан. Ол техникалық тәсілдер мен дағдыларды жылдамырақ меңгеруге және берігірек нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, белгілі бір дене қасиеттерін дамыту және волейболдың техникалық тәсілдерін жетілдіру үшін орындалу сипаты мен құрылымы бойынша қандай да бір тәсілмен немесе оның жекелеген элементтерімен ұқсас арнайы жаттығуларды қолдану қажет.

Алынған мәліметтер спорттық даярлықтың негізгі жақтарының (дене қасиеттерінің даяпрлығы, техникалық және тактикалық даярлық) тығыз өзара байланысын және тікелейи өзара тәуелділігін көрсетіп отыр. Бір жағынан деен қасиеттерінің жетілгендігі белгілі бір дәрежеде техника мен тактиканы дамыту үшін алғышарт болып табылатындығы, екінші жағынан, жаттығу барысында техника мен тактиканың әсерінің арқасында атлетикалық құрамдас бөліктің де жетілетіндігі атап көрсетіледі. Сонымен қатар жоғарғы спорттық шеберлік кезеңінде атлетикалық жаттығудың негізгі міндеті арнайы дене қасиеттерін ойыншылардың мақсаттық функциясы мен мамандануына сәйкес дербес жақсартудан тұратындығы туралы ойлар айтылуда. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, ойыншылардың атлетикалық ерекшеліктері техника мен тактиканы меңгеру және одан әрі табысты дамыту, сонымен қатар жетілдіру үшін алғышарт болып табылады. Волейболшылардың күшін дамыту үшін өзінің құрылымы бойынша ойындағы әрекеттерге және техникалық тәсілдерге жақын, волейболдың техникалық тәсілдерін орындаған кезде негізгі күш түсуді көтеретін бұлшық ет топтарын дамытуға бағытталған жаттығуларды қолдану ұсынылады.

Зерттеулер жылдамдық-күш даярлығы бойынша арнайы жаттығулардың жалпы және арнайы жылдамдық-күш қасиеттерінің айтарлықтай дамуына, волейбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерінің меңгерілуіне және бұрынырақта меңгерілген техникалық тәсілдердің жетілдірілуіне ықпал ететіндігін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар волейболшылардың дене қасиеттерін олар техникалық тәсілге барлық параметрлер бойынша сәйкес келетіндей, яғни оларға сырт түрінен ғана емес, құрылымы бойынша да сай келетіндей етіп тәрбиелеу үшін де жаттығу жаттықтыруларын іріктеп, таңдап алу ұсынылады. Бұл ретте олар аталған жағдайда маңызды болып отырған бұлшық ет топтарына тек қана дифференциацияланған әсер беріп қана қоймай, волейболшыда өзінің күш-жігерін қандай да бір техникалық тәсілдің ең маңызды элементіне немесе фазасына шоғырландыра білуді де дағдыландырады.

Тараудың мазмұнын түйіндей келе, қимыл қасиеттерін техникалық жетілдірумен өзара байланыста дамыту мәселелеріне спорттың өзге түрлерінде айтарлықтай көп көңіл бөлінгендігін [19,27,51,11,46 және т.б.] және оларды жетілдірудің әдістерінің ғылыми негізделгендігін атай кету керек. Алайда волейбол туралы бұлай айтуымызға болмайды. Волейбол бойынша әдеби басылымдарда жас волейболшылардың дене қасиеттері мен қимыл дағдыларының (спорттық техникасының) өзара байланысының сандық, мөлшерлік шамасы туралы мәліметтер кездеспейді, оларда тек эксперименттік мәліметтермен расталмаған жекелеген ой-пікірлер ғана бар. Аталған аспектті зерттеу, дене қасиеттерін даярлау процесін спорттық техниканы жетілдірумен бірлікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, спорттық педагогика үшін айтарлықтай қызғылықты болып келеді.

 

 

2.3 Жас волейболшылардың дене қасиеттерін сипаттау

 

Жоғарыда волейболшылардың техникалық әрекеттерді орындауының табыстылығының тұтас қимыл әрекеттерінде де, фазалар мен элементтерде де көрініс табатын белгілі біл дене қасиеттерімен қамтамасыз етілетіндігі көрсетілген болатын. Алайда жас волейболшылардың даярлығын басқару үшін шұғылданушылардың дене қасиеттерінің даярлығының нақтылы деңгейі қандай екендігі туралы ақпаратқа ие болу керек.

Иркутск қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сабақтарында даярлықтың дайындық кезеңінде жаттықтыру процесіне педагогикалық бақылаулар жүргізілді. Оқу-жаттығу топтарына 16-17 жасар жас волейболшылар кірді. Сабақтар әрқайсысының ұзақтығы 2 сағ болып, аптасына 5 рет жүргізілді.

Педагогикалық бақылаулар кезеңінде сабақтар Ресей Федерациясының БМЖСМ арналған волейбол бойынша бағдарламаға сәйкес жүргізілді:

Дене қасиеттерін даярлаудың жалпы міндеттері:

а) денсаулықты нығайту, дене қасиеттерінің дамуына жәрдемдесу;

ә) негізгі қимыл қасиеттерін – жылдамдықты, күшті, төзімділікті, иілгіштікті, координациялық қабілеттерді дамыту;

б) өмірлік маңызы бар қимыл дағдыларын және жүгірудегі, секірулердегі, лақтырулардағы, акробатикадағы және т.б. жетілдіру;

в) тірек-қимыл аппаратын, сондай-ақ арнайы тапсырмаларды орындағанда және ойында волейболда негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық ет топтарын нығайту болып табылды.

Жылдамдық пен күшті, төзімділікті, иілгіштік пен жүруде, жүгіруде, секірулерде, лақтыруларда орындалған координациялық қабілеттерді дамытуға арналған жаттығулар орындалды. Сонымен қатар жіліншік-табан, тізе, иық және білезік буындарының, бұлшық еттердің және т.б. белгілі бір топтарының байланыстарын нығайтуға арналған жаттығулар да орындалды.

Арнайы дене қасиеттерін даярлаудың міндеттері:

а) волейбол үшін спецификалы қимыл қабілеттерін (жылдамдық-күш қасиеттерін, жылдамдық мүмкіндіктерін, төзімділікті) дамыту;

ә) ойын техникасын меңгеру үшін қажетті арнайы координациялық қабілеттерді дамыту;

б) волейболшылардың тактикалық әрекеттерінің табыстылығын қамтамасыз ететін қасиеттерді (орын ауыстыру шапшаңдығы, секіргіштік) дамыту болып табылды.

Арнайы дене қасиеттерін даярлаудың негізгі тәсілдері волейбол ойыны үшін спецификалы дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік берген арнайы-даярлық жаттығулары болды. Оларға: қимыл реакцияларының және бағыт алудың жылдамдығын, бақылағыштықты, жауап әрекеттері мен орын ауыстырулардың жылдамдығын, секіргіштікті, статикалық қалыптан қозғалысқа және жылдам орын ауыстырғаннан кейін тоқтап қалуға жылдам көшу ептілігін, ойынның негізгі техникалық тәсілдерін орындауға қатысатын бұлшық еттердің күшін және қысқаруының жылдамдығын дамытуға арналған жаттығулар жатты. Сонымен қатар іші толтырылған, баскетбол, теннис доптарымен, скакалкамен, резеңке амортизаторлармен акробатикалық жаттығулар, арнайы іріктеп алынған ойындар мен эстафеталар қолданылды.

Күшті және жылдамдық-күш қасиеттерін дамыту үшін жалпы қабылданған әдістер мен әртүрлі авторлар жасап шығарған, күшке бағытталған күш салуларды нормалау қолданылды [45, 51, 16, 18].

Жылдамдықты дамытқан кезде көбінесе қайталама әдісі қолданылды. Жаттығулар шектіге жақын, максималды және одан асып түсетін жылдамдықпен орындалды. Көзбен көретін сигналға жауап беру тапсырмалары және жекелеген қимылдар мен тапсырмалардың жылдамдығына тапсырмалар, доп жылдамдығын арттыра отырып, доптың аяқ астынан пайда болуымен, қашықтықты қысқартумен байланысты болып келген жаттығулар орындалды.

Зерттеу нәтижелерін талдау

Аталған зерттеуде алға қойылған міндеттерді орындау, біздің пікірімізше, жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлаудың проблемалық аспекттері үшін маңызға ие.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер бұрынырақта да белгілі болған мәліметтерді растауға және жас волейболшылардың дене қасиеттерінің дамуының, жарыс әрекетіндегі қимыл белсенділігінің даму деңгейі және дене қасиеттері даярлығының құрылымы туралы ғылыми түсініктерді кеңейте түсуге мүмкіндік берді [37,36,48,45 және т.б.] Осымен қатар, біздің зерттеуіміздің нәтижелерінің негізінде және жоғарыда аталған проблемалық мәселелерді шешудің негізінде жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығы процесін бағдарламалауды іс жүзінде апробациялау мүмкін болды.

Алайда, Ресейде және шет елдерде жарияланған ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау көрсетіп отырғанындай, ғылыми зерттеулер мен әдістемелік нұсқаулардың көпшілігі ересек волейболшыларға, және де әдетте білікті волейболшыларға қатысты болып келеді. Жас волейболшылардың дене қасиеттерін зерттеу жылдамдық, күш, төзімділік және координациялық мүмкіндіктер көрсеткіштерінің даму деңгейін анықтаудан тұрды. Спорттың алуан түрлеріндегі, оның ішінде волейболдағы спортшылардың дене қасиеттерінің даму деңгейін және құрылымын зерттеу ғалымдар мен мамандар үшін тұрақты қызығушылық тудыруда. Бұл спорттық жетістіктердің өсуімен және осы қасиеттерді дамыту мен жетілдірудің тиімді әдістерін іздестірумен байланысты болып отыр. Алайда, әдебиет көздерін ретроспективалық талдау көрсетіп отырғанындай, көбіне көп бұл жұмыстар жалпы теориялық тұрғыда жасалған, олардың практикада қолданылуы қиынға соғады. Жүзу [19,27,29,28 және т.б.] велосипед спорты [25,26], жеңіл атлетика [31,33,] секілді және т.б. көбінесе циклдік спорт түрлерінде аталған мәселе жақсырақ зерттелген.  Ал енді жас волейболшылардың дене қасиеттерінің деңгейін зерттеулер өте аз, ал жарияланымдарда бар материалдар [35,27,38,] өте шашыраңқы, бұл жарияланған мәліметтерді жүйеге келтіруді және пайдалануды қиындата түседі.

Жас волейболшылардың дене қасиеттерінің біз жасап отырған мәселесі бойынша зерттеулердің қатарында осыларда аталған мәселемен байланысты бірқатар мәселе фрагментарлы қарастырылатын шамалы жұмыстар, оның ішінде Н.Е.Александрованың, В.П.Пелипактың, Ю.Д.Железняктың, А.Н.Касаткиннің және басқа авторлардың еңбектері бар. Мысалы, Н.Е.Александрованың диссертациялық жұмысында және бірқатар басқа да жарияланымдарында соматотипологиялық сипаттамалардың негізінде жас волейболшыларды спорттық іріктеп алудың критерийлері қарастырылады [5,3,4,]. Қимыл әрекетінің жас ерекшеліктері бойынша әдістемелік нұсқауларды қос авторлармен бірге В.П.Пелипак жасап шығарды [35]. Жаттықтырушыларға арналған оқу құралын Ю.Д.Железняк жасап шығарған. Әртүрлі жылдары А.Н.Касаткин мен Г.Максименконың, К.И.Магомедов пен В.И.Кущтың жұмыстары жарияланған, бұларда жас волейболшыларды жаттықтыру мәселелері қарастырылған. В.М.Сероштан [15] жас волейболшылардың спорттық-педагогикалық шеберлігін оперативті педагогикалық бақылауға қатысы бар диссертациялық жұмыс орындаған. Әртүрлі жылдары, техника элементтері мен бастапқы жаттығуды суреттей отырып, волейбол ойынын танымал етуге бағытталған бірқатар жұмыстар басып шығарылған [8, 13, 11, 14, 18 және т.б.]. Атап өтілген және басқа да жұмыстар, сирек жағдайларды қоспағанда [3,4,5,], өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында басылып шыққан.

Ғылыми және әдістемелік жұмыстардың ішінен жас волейболшылардың даярлығының құрылымын жасап шығаруға қатысы барлары табылмады. Осыны басшылыққа ала отырып, жас волейболшылардың даярлық құрылымы мәселесін және дене қасиеттерін дамытудың әдістемесін ғылыми негіздеудің қажеттігі өзекті және айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар болып көрінеді. Аталған мәселелер бойынша білімдер жас волейболшылардың оқу-жаттығу процесінің мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ой елегінен өткізуге педагогикалық амал, тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында констатациялаушы және табиғи ашық педагогикалық эксперименттер жүргізілді. Констатциялаушы экспериментте алынған мәліметтер жас волейболшылардың жарыс ойындарындағы қимыл белсенділігін анықтауға, жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даму деңгейін зерттеуге, волейболшылардың жарыстағы әрекеттерін қамтамасыз ететін, ең маңызды физиологиялық қасиеттері мен қимыл қабілеттерін анықтауға, олардың дене қасиеттері даярлығының құрылымын анықтауға мүмкіндік берді. Констатациялаушы эксперименттің нәтижелері дене қасиеттерін даярлау процесін бағдарламалаудың алгоритмін жасап шығаруға және ғылыми негіздеуге, табиғи ашық педагогикалық экспериментте жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығын жетілдірудің әдістері мен тәсілдерін пайдалануға негіз болып қызмет етті.

Жас волейболшылардың жылдамдық қабілеттерінің деңгейі зерттеуге қатысқан спортшылар әдеби мәліметтерге сәйкес келетін нәтижелер көрсетті деп айтуымызға мүмкіндік береді [18,15,17]. Барлық тест тапсырмалары жылдамдық қасиеттерін тестілеу туралы фундаменталдық теориялық түсініктерді ескере отырып іріктеп алынды [47,33,15] және реакция жылдамдығының, бірлі-жарым қимылдың шапшаңдығының қимылдардың максималды мүмкін болатын жиілігінде көрініс табуымен негізделді. Алынған нәтижелерді талдау көрсетіп отырғанындай, жол қозғалысы жылдамдық мүмкіндіктерінің жеткілікті деңгейіне ие. Зерттеу барысында алынған мәліметтерді қолдану мүмкіндігін талдай отырып, жылдамдық қабілеттерінің (шапшаңдықтың) көрініс табуы жасқа да байланысты екендігін ескеру қажет [49]. мәселен, қимыл реакциясының уақыты 13-14 жасқа қарай ересектердің көрсеткіштеріне жақындайды, ал 15-16 жастан бастап осы көрсеткіштің шамасы төмендей бастайды, бұл волейболшылар үшін маңызды болып табылатын осы қасиетті дамытуға және сақтауға акценттелген көңіл қою қажеттілігін тудырады. Осылардың негізінде қарапайым және күрделі қимыл реакцияларының латентті уақыты жатқан жылдамдық қасиеттерінің өсімі айтарлықтай дәрежеде жаттығудың қолданылатын тәсілдеріне байланысты болып келеді. Жаспен өзара байланысты қимылдар жиілігінің көрсеткіштері де осылайша көрініс табады, бұл ретте волейболшының осы қасиетінің ең көп өсімі 15-16 жасқа қарай байқалады, ал одан кейінгі жас кезеңдерінде тіптен жылдамдық өсу қарқындарының толық тұрақтануына дейін баяулау жүреді. Жылдамдық қасиеттері жас волейболшылардың арнайы даярлығының аса маңызды факторларының бірі болып табылатындығын ескере отырып, олардың дамуына жаттығу процесінің барысында үнемі назар аударып отыру керек.

Оның көрініс табуының сан көптеген санын ескере отырып, бұлшық еттердің күшін анықтау көпжақты болып келеді. Бұл барлық дерлік спорт түрлеріндегі жетістіктердің күш қабілеттерінің деңгейіне байланыстылығымен түсіндіріледі.

Ғылыми зерттеулерде және арнайы әдістемелік әдебиетте жекелеген бұлшық ет топтарының да, олардың көпшілігінің де күш мәліметтері келтіріледі. әртүрлі авторлар бұлшық еттердің 18-ден 24-ке дейін тобын зерттеген [54,17]. Біздің зерттеуімізде, салыстырмалы күштің шамасын есептей отырып, дененің екі бөлігінің де 20 бұлшық ет топтарының күші өлшенді. Дененің аттас буындарында оң және сол жақта орналасқан жекелеген бұлшық ет топтарының салыстырмалы күшінің көрсеткіштері арасында, жамбас пен балтырды жазғыштарды қоспағанда, анық айырмашылықтар ттабылмады. Осы бұлшық еттердің оң жақтағы күші сол жақтағыға қарағанда анық жоғары болып шықты. Полидинамометрия нәтижелері дененің бір бөлігінің бұлшық еттер тобының күшін, ал жамбас пен балтырда ең күшті, көбінесе итерілетін аяқтың күшін өлшеуді ұсынуға мүмкіндік береді. Жазғыштар мен бүккіштердің салыстырмалы күшінің деңгейіндегі, сонымен корреляциялық байланыстардың қосынды күшпен тығыздығындағы айтарлықтай айырмашылықтар волейбол ойынының техникалық тәсілдерінің көпшілігінің спортшы денесіндегі жекелеген буындардағы жазатын қимылдар кезінде орындалатындығымен түсіндіріледі, ал бұл, өз кезегінде, жазатын бұлшық еттердің күшінің дамуына ықпал етеді [27,32]. Функциялық әртүрлі бұлшық ет топтарының салыстырмалы күш көрсеткіштерінің өзара және қосынды көрсеткішпен анықталған корреляциялық өзара байланыстары олардың негізгілерін, жетекшілерін анықтауға мүмкіндік берді. Салыстырмалы күштің шамасы бойынша осындай болып иықтың, жамбастың, дененің, балтырдың бұлшық ет  топтары және табанның бүккіштері болып шықты.

Иілгіштік, төзімділік және координациялық қабілеттер көрсеткіштерінің шамасы волейболшылардың 16-17 жасы үшін нормативтік талаптар деңгейінде тұр.

Жас волейболшылардың даярлығының әртүрлі жақтарын зерттеу барысында бұлшық ет топтарының күшінің деңгейі мен жылдамдық пен күш қабілеттерінің көрсеткіштері, негізгі бұлшық ет топтарының күші мен дене қасиеттерінің даму көрсеткіштері, жылдамдық пен күш көрсетіштері арасындағы, негізгі бұлшық ет топтарының қосынды күші мен жылдамдық пен күш мүмкіндіктерінің көрсеткіштері арасындағы жұптық корреляция коэффициенттері есептеп шығарылды.

Адамның дене қасиеттерінің дамуы адамның дене күшінің қорын айтарлықтай дәрежеде анықтайтын, организмнің морфофункционалдық қасиеттерінің кешені ретінде анықталады [5,20 және т.б.]. жасөспірімдер мен бозбалаларға қатысты дене қасиеттерінің дамуы өсіп келе жатқан организмнің құрылымдық-функционалдық қасиеттерінің қалыптасу процесі ретінде түсініледі және негізінен алғанда антропометриялық көрсеткіштерге негізделеді. Іріктеу нәтижесінде волейболшылардың спорттық шеберлігінің өсуіне қарай, спорттық жетілуді дербес антропометриялық көрсеткіштері аталған спорт түрінің спецификалық талаптарына көбірек дәрежеде сәйкес келетін волейболшылар жалғастыратындықтан, волейболшылардың спорттық даярлығының теориясы мен практикасы үшін дене бітімі ерекшеліктерінің дене қасиеттері мен қимыл қабілеттерінің даму деңгейіне әсерін анықтау маңызды болыпт табылады. Осындай көрсеткіштердің қатарына волейболда бұларға көп маңыз берілетін дене салмағы мен ұзындығы жатады. Бұл спортшылардың даярлығының әртүрлі жақтарымен: физикалық, техникалық, тактикалық және т.с. даярлығымен байланысты. Бойшаң волейболшылар көптеген техникалық тәсілдерді орындаған кезде бойы аласалау волейболшылардың алдында басымдылыққа ие. Алайда бойдағы басымдық көбінесе дене салмағының да көбірек болуымен астасады, бұл күште де басым болуды анықтайды. Біздің зерттеулерімізде алынған мәліметтер бойынша, жас волейболшылардың денелерінің ұзындығы бұлшық еттердің жекелеген топтарының бір де бір дерлік күш көрсеткіштерімен анық корреляциялық байланысқа ие емес. Бойдың ұзындығының өзара байланысы жылдамдық қабілеттерін көрсетуді талап ететін тест тапсырмаларындағы нәтижелерден көрінісін табады. Мысалы, 3 м және 6 м жүгіру уақыты бойдың ұзындығымен орташа байланысқан, ал 9 м, «9-3-6-3-9» метрге және «5х6» метрге жүгіру нәтижелері бойдың ұзындығынан әлсіз тәуелсіздікпен анықталады. Жүгіру қашықтығының артуымен және тапсырманың күрделенуімен бойдың ұзындығының жас волейболшылардың жылдамдық қабілеттерімен өзара байланысының тығыздығы азаяды деп пайымдауымызға болады.

Бұлшық еттердің әртүрлі топтарының салыстырмалы күш көрсеткіштерінен дене салмағымен орташа және орташадан жоғары теріс көрсеткіштерге иық, жамбас, дене жазғыштары күшінің көрсеткіштері және табанның бүккіштерінің күштері, 11 бұлшық ет топтарының қосынды күші ие. Бұл дене салмағы мен волейболшылардың жекелеген бұлшық ет топтарының күш мүмкіндіктерін бағалағанда да ескерілуге тиіс күш арасындағы теріс тәуелділіктің белгілі заңдылығын растайды. Тек қана осы қасиеттерді дамыту мен жетілдіру әдістері мен тәсілдерін таңдап алу ғана емес, волейболшылардың қимыл әрекеттерінің техникасын меңгеруінің және оны жетілдірудің табыстылығы бұлшық еттердің әртүрлі топтарының күші шапшаңдық пен жылдамдық қабілеттері көрсеткіштеріне қалайша әсер етеді деген сұраққа берілген жауаптан тұрады. Волейболшылардың 3 м, 6 м және      9 м жүгіру уақытының шартталуы осы қашықтықтарға жүгіру нәтижелерінің он бір бұлшық ет топтарының қосынды күшіне қарағанда, табанның бүккіштерінің,  салыстырмалы күші көрсеткіштерімен өзара байланыстардан көрініс табады. Қашықтық артқан сайын байланыстың тығыздығы арта түседі. бірақ қимыл бағытын өзгерте жүгіруде және қашықтық артқан сайын дәл сол бұлшық ет топтарының күшінің корреляция коэффициенттерінің шамасы төмендейді. Мұны «9-3-6-3-9» метрге және «5х6» метрге жүгіру нәтижелеріне аталған бұлшық ет топтарының салыстырмалы күшінің даму деңгейі ғана емес, волейболшылардың координациялық қабілеттері де әсер ететіндігімен түсіндіруге болады. Шапшаңдықтың теппинг-тестте анықталған қимыл жиілігі секілді көрсеткіші қолдардың антагонистерінің күшімен әлсіз тығыздық деңгейінде анық өзара байланысқан. Бұл жүзеге асырудың өзге механизмдерімен анықталатын, локальды қимылды жиі орындау қабілеттілігінің спецификалылығы туралы куәландырады.

Жылдамдық-күш даярлығын сипаттайтын тесттер мен жас волейболшылардың жылдамдық-күш қабілеттерін анықтайтын, салыстырмалы «таза» жылдамдық қабілеттерінің көрсеткіштері арасындағы өзара байланыстарды қарастыру теориялық және практикалық тұрғыдан қызықты болып табылады. Мысалы, старттық реакция уақыты секіру жаттығуларындағы нәтижелермен өзара байланысқан. Бұл секіру жаттығуларындағы жылдамдық-күш қабілеттерінің жүгіру тапсырмаларындағы нәтижелерге өзара әсерлері үшін де тән. Жылдамдықты көрсетудің қолмен бір қимыл жасау уақыты және қимылдардың жиілігі секілді элементарлы түрлерінің көрсеткіштері жылдамдық-күш сипатындағы жаттығулардағы нәтижелермен байланыспаған. Жас волейболшылардың жылдамдық-күш мүмкіндіктерімен статистикалық байланыспаған, күш төзімділігімен анықталатын жаттығулардағы нәтижелер жеке блок болып бөлек көрінеді. Жылдамдық – күш бағытындағы тест тапсырмаларындағы нәтижелер мен тапсырманың орындалуы уақытпен шектелмеген тесттердің нәтижелері арасындағы 32 корреляция коэффициенттерінің бір де бірі маңыздылықтың шекаралық шамаларына жетпейді. Бұл секіру жаттығуларының орындалуын қамтамасыз ететін бұлшық еттердің волейбол ойнаған кезде негізгі күш түсуді көтеретіндігімен және бір жылдамдық режимінде жұмыс істейтіндігімен, ал осы бұлшық ет топтарының жылдамдық мүмкіндіктерінің волейболшы шабуылдаушы соққыны немесе блок қоюды, секіріп барып доп беруді орындаған кезде олардың жиырылу шапшаңдығымен анықталуымен түсіндіріледі.

Жас волейболшылардың жылдамдық-күш қабілеттерін дамытуға және жетілдіруге бағытталған дене қасиеттерінің даярлануы көбірек шамада секіргіштікті арттыруға бағытталуға тиіс деп ұйғаруымызға болады.

В.М.Зациорский атап көрсеткеніндей, дене қасиеттері құрылымы проблемасы практикада қолданылатын дене жаттығуларының көп саны мен олардың өзара әсер етуінің күрделілігі әртүрлі қимыл-қозғалыс тапсырмалары арасындағы барлық алуан түрлілікті қысыңқы түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін қандай да бір ортақ тәсілді іздестіруге итермелейтіндігінен тұрады. Дене қасиеттерін тәрбиелеу теориясында мұны дене қасиеттері, яғни адамның тиісінше деңгейде алуан түрлі қимылдардың көп санымен көрініс табатын қимыл мүмкіндіктерінің жақтары туралы түсінікті енгізумен жасап шығаруға әрекет жасалды. «Дене қасиеттері» немесе «қимыл қасиеттері» термині отандық әдебиетте өткен ғасырдың 50-ші жылдарында бекініп қалды және тең мағыналы түсініктер, синонимдер ретінде қолданылды [82,83]. Алайда дене қасиеттерінің құрылымы туралы мәселе көбіне көп бұлдыр болып қалды. Біздің көзқарасымыз бойынша және басқа мамандардың пікірі бойынша [82,175,10,50 және т.б.], негізгі болып жекелеген дене қасиеттерінің (мысалы, жылдамдықтың, төзімділіктің және т.с.) құрылымы қандай деген сұрақ табылады.

Факторлық талдаумен өңдеуге әртүрлі дәрежеде өзара байланысқан, жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығының 42 көрсеткіші енгізілген болатын. Констатациялаушы эксперименттің мәліметтерін статистикалық өңдеу нәтижесінде жас волейболшылардың даярлығының құрылымы осылардың әрқайсысы жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығының әртүрлі қырларын анықтайтын бірқатар факторлармен  қалыптасатын бес фактормен анықталатындығы белгіленді. Оларға: «секіруге даярлық», «жалпы күш даярлығы», «шапшаңдықтың кешенді түрлері», «қолдардың және иық белдеуінің бұлшық еттерінің күш төзімділігі, аяқтардың бұлшық еттерінің жылдамдық төзімділігі» және «қимыл координациясы» жатады.

Анықталған факторлар және жас волейболшылардың дене қасиеттері мен қимыл қабілеттері арасындағы корреляциялық өзара байланыстар оларды бұлардың жаттығу және жарыс әрекетінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құрылымға және көрсеткіштерге сәйкес дифференциациялауға мүмкіндік берді. Мысалы, жалпылама көрсеткіштерге алты қимл қабілеттері жатқызылған, осыларды практикалық жүзеге асыру жеке көрсеткіштерді сипаттайтын, нақтылы анықталған жаттығулар мен тесттерде қамтамасыз етіледі.

Спорттық даярлық қырларын оптималдандыру жолдарын жасап шығару және жетілдіру үнемі ғалымдардың, мамандардың және практикалық қызметкерлердің назарында болды. Осы бағыттағы зерттеулердегі проблемалық аспекттерді шешу көбінесе эмпирикалық жолмен жинақталған, жаттығу нәтижесіне әртүрлі үйлесімде орындалатын жаттығулардың олардың қайталану санын, көлемін және күш салу қарқындылығын өзгерткен кезінде әсер етуі туралы білімдерге тірек артты. Жинақталған білімдердің жиынтығы спорттық даярлықтың көпжылдық процесінде жаттықтырушы мен спортшының бірлескен жұмысын жоспарлау үшін алға апарушы база болды. Осындай тәсіл, көзқарас жаттықтырушының сынау мен қателер әдісімен алынған жеке тәжірибесіне, оның интунициясына тірек артты, бұл алға қойылған мақсат жолында жаттықтырушы мен спортшының уақыт, күш-жігерді көп шығындау мүмкіндігін жоққа шығарды.

Осы зерттеуде жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау процесі оны бағдарламалау негізінде құрылды. Бағдарламалаудың негізінде констатациялаушы экспериментте алынған, жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығының деңгейі туралы мәліметтер жатты. Бағдарламаның алгоритмін жасап шығару үшін негіз болып жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығын басымырақ анықтайтын факторлар қызмет етті. Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау процесін бағдарламалауды практикалық апробациялау жас волейболшыларды жаттықтырудың дайындық кезеңінде жүргізілді, ал оны қолдану тиімділігі табиғи ашық экспериментте анықталды. Жасап шығарылған жаттығу сабақтары кезінде жас волейболшылардың, даярлықтың дәстүрлі схемасы бойынша шұғылданатын волейболшылардан өзгешелігі, барлық қимыл тесттерінде және тапсырмаларында дерлік нәтижелерін арттыру қолынан келді. 3 м жүгіру нәтижелерінің бұған қатысы жоқ, бұл бақылау тобының волейболшыларына да тән. Бұл қысқа қашықтықтарға жүгіруде көрініс табатын, жылдамдықты арттырудың белгілі қиындықтарымен түсіндіріледі, ал 3 м секілді қашықтықта нәтижені эксперимент кезінде арттыру өте қиынға соғады.

Дене қасиеттері даярлығының қимыл әрекеттерінің тиімділігіне әсері тәжірибе топтарының волейболшылары арасындағы жарыс ойындарында анықталды. Экспериментті топ волейболшыларының сәтті орындаған қорғаныс және шабуылдаушы техникалық тәсілдерінің саны бақылау тобындағы ойыншылардың осындай көрсеткіштерінен асып түсті. Дене қасиеттерінің даярлығын тестілеу нәтижелері және жарыстағы ойындардың қорытындысы бойынша бақылау тобының спортшыларымен салыстырғанда, эксперименттік топ волейболшыларының жылдамдық-күш және координациялық мүмкіндіктерінің даму деңгейіндегі басымдылығы оларға тиімділіктері жылдамдық-күш және координациялық қабілеттерге тікелей байланысты болып келетін техникалық тәсілдерді сапалырақ орындауға мүмкіндік берді деп тұжырымдауымызға болады.

Осылайша, жалпы алғанда зерттеуде анықталған дене қасиеттерінің, қимыл белсенділігінің ерекшеліктері және жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығы процесін бағдарламалау нәтижелерінің қисынды түсіндірмесі бар және спорттық даярлық туралы ғылыми-әдістемелік ережелермен алшақтамайды депи ұйғаруымызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Әдебиет көздерін ретроспективалық талдау өткен ғасырдың 70-90-шы жылдары орындалған зерттеулердің негізінен алғанда дене қасиеттерінің даярлығының да, шұғылданушылардың дене қасиеттерінің даму деңгейінің де жекелеген аспекттерін зерттеуге бағытталғандығын, фрагментарлы сипатқа ие екендігін және волейболдың жарыс ережелерінің эволюциясын ескермейтіндігін анықтауға мүмкіндік берді. Қарастырылған зерттеулердің нәтижелерін практикада қолдану әртүрлі дене қасиеттері арасындағы өзара байланыс туралы ғылыми негізделген мәліметтердің жеткіліксіздігімен, дене қасиеттерінің даярлығы туралы білімнің болмауымен шектеледі. Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау процесі негізінен алғанда балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебінің волейбол бойынша бағдарламасына негізделеді.
  2. Жасөспірімдер командаларының бірінші спорт дәрежесі және спорт шеберлігіне кандидат деңгейіндегі ойыншыларының жарыстардағы қимыл белсенділігінің динамикасы ойындардағы партиялар санына байланысты болып келеді. Бес партиядан тұратын ойындарда белсенділік, секірулер саны, сонымен қатар орын ауыстырулар мен құлаулар саны айтарлықтай өсе түседі. Мысалы, бір партиямен салыстырғанда, ойыншылардың бес партиядағы белсенді фазалар уақыты 3 еседен аса өсе түседі. жас волейболшылар бес партияда орындайтын секірулер саны 369,2%-ға артады, ал орын ауыстырулар мен құлаулардың өсімі 500% жуық құрайды (бір партиядағы 14,0-ден бес партиядағы 69,0-ге дейін).
  3. Жас волейболшылардың жекелеген дене қасиеттерінің даму деңгейі көрсеткіштері арасындағы корреляциялық өзара байланыстар сипаты және маңыздылық деңгейі бойынша әртүрлі. Дене салмағы қысқа қашықтықтарға жүгіруде жылдамдық қабілеттеріне әсер етпейді (P>0,05), дәл сол кезде дененің ұзындығы осы қашықтықтарға жүгіру нәтижелерімен орташа өзара байланысқан (P<0,05 болған кезде r = 0,294-тен r = 0,389-ға дейін). Жылдамдықтың элементарлы формаларының қимыл жиілігі және қолмен жалғыз қозғалыс уақыты секілді көрсеткіштері, сонымен қатар оларды орындаудың уақытымен шектелмеген қимылдау тапсырмаларындағы күш төзімділігі көрсеткіштері волейболшылардың жылдамдық-күш мүмкіндіктерімен байланысты емес, жас волейболшылардың спецификалы қимыл қабілеттерін көрсетеді. Олардың арасындағы корреляция коэффициенттерінің шамалары r = 0,023-тен r=0,217 дейін өзгереді және статистикалық маңызды деңгйеге дейін жетпейді.
  4. Жас волейболшылардың күш даярлығының ерекшеліктері аяқтардың бұлшық ет топтарының жазғыштарының салыстырмалы күшінің антагонистерден басым болуынан көрініс табады. Жас волейболшылардың салыстырмалы күшінің даму деңгейін көбірек дәрежеде анықтайтын бұлшық ет топтарына иық маңы мен иықтың, балтырдың, жамбастың, дененің жазғыштары және табанның бүккіштері жатады. Сол жақта және оң жақта орналасқан, дененің функционалды бір бағытталған бұлшық ет топтарының күштері арасында көпшілік жағдайда анық айырмашылықтар табылмады.
  5. Жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығының құрылымы:

— секіруге даярланғандық;

— жалпы күштік даярлық;

— жылдамдықтың көрініс табуының кешенді түрі;

— иық белдеуі бұлшық еттерінің күштік төзімділігі, аяқтардың бұлшық еттерінің жылдамдыққа төзімділігі;

— қозғалыс координациясы ретінде интерпретацияланған бес фактормен анықталады.

  1. Корреляциялық және факторлық талдаудың нәтижелері жас волейболшылардың дене қасиеттерінің және қимыл қабілеттерінің жалпылама және бірлі-жарым көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Жалпылама көрсеткіштерге:

а) күш қабілеттері және күш төзімділігі;

ә) жылдамдық қабілеттері;

б) жылдамдық-күш қабілеттері;

в) иілгіштік;

г) күш және жылдамдық төзімділігі;

д) координацияланғыштық жатады.

Бірлі – жарым көрсеткіштер тобын дене қасиеттері даярлығының деңгейімен қамтамасыз етілетін жаттығулар мен қимыл тапсырмаларындағы нәтижелер құрады.

  1. Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлауды бағдарламалауды жүзеге асыру эксперименттік топта келесі көрсеткіштердің өсімімен сипатталады:
  • секіру жаттығуларындағы нәтижелердің артуымен (P<0,01);
  • балтыр мен жамбастың, табанның бүккіштерінің 114б9%-135%-ға өсімімен;
  • өз денесінің салмағын жеңумен жасалатын жаттығулардағы күш төзімділігі көрсеткіштерінің артуымен (121,3-123,2%);
  • 20 с жүрелей отыру мен секірулердегі жылдамдық-күш қабілеттерінің артуымен (125,8-129,6%);
  • Координациялық қабілеттердің жақсаруымен (P<0,05).

Осылардағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан анық болмаған 3 м жүгірудегі нәтижелер бұған кірмейді.

Бақылау тобында дене қасиеттері даярлығының 12 көрсеткішінен тек артауында (50%) ғана анық өсім байқалды. Осы топтың волейболшыларында жамбас пен балтырдың жазғыштарының салыстырмалы күшінің, тартылулар санының, жүгірудегі нәтижелердің артуының  өсімі статистикалық анық емес (P>0,05), ал бір орыннан үш мәрте секіру нәтижелерінің өсімі тек қана айырмашылықтардың анықтығына статистикалық тенденцияға ғана ие (P<0,01).

  1. Бақылау тобының волейболшыларымен жарыс ойындарында эксперименттік топтың ойыншылары орташа алғанда доп берулер мен шабуылдаушы соққыларға блок қоюды орташа алғанда көбірек орындаған (P<0,05), ал допты серігіне беру, шабуылдаушы соққы жасау және доп қабылдау санындағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды емес (P>0,05). Алайда эксперименттік топтың волейболшыларында шабуылдаушы соққылардың, допты қабылдап алудың және блок қоюдың тиімділігі анық жоғарырақ (P<0,05).
  2. Жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығын бағдарламалау теориялық және практикалық негіздемелердің болуын, белгілі бір алгоритмді жасап шығаруды және педагогикалық әсер етудің оптималды мазмұнын таңдауды қарастырады. Бағдарламалау алгоритмінің құрамында бірқатар дәйекті операциялар бар: даярлау кезеңінің мақсатын және міндеттерін анықтау; дене қасиеттері дамуын бағалау; жарыс әрекетінің ерекшеліктерін есепке алу, ескеру; дене қасиеттері даярлығын диагностикалау; спорттық нәтижеге әсер ететін факторларды анықтау; жаттығудағы күш салуларды бақылау, бағалау және түзету. Жаттығу процесінің бағыт-бағдары жарыс әрекеті мен даярлық құрылымының бірлігі мен өзара байланысы принциптерін, жоғарғы жетістіктерге бағытталғандық пен тереңдете мамандану принциптерін жүзеге асыруға акценттелуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Абалаков В.А. Приборы для динамометрических и динамографических исследований. — Матер. Всесоюз. конференции по изобретательству и применению различной аппаратуры в области спорта,- М.: Физкультура и спорт, 1966, — С, 31
  2. Айринянц A.M. Волейбол. — М., Физкультура и спорт, 1976. — 230 с.
  3. Александрова Н.Е. Соматотолологические характеристики волейболистов на этапе спортивного совершенствования. // XXI научная конференция студентов и молодых ученых, Мосспортакадемия: тезисы докладов. — Малаховка, 1997, — С. 97-98.
  4. Александрова Н.Е. Тенденции развития волейбола и морфо-функциональные показатели волейболистов. // ХХII научная конференция
    студентов и молодых ученых. Мосспортакадемия: тезисы докладов. — Малаховка, 1998. – С. 48 -50.
  5. Александрова Н.Е. Критерии спортивного отбора волейболистов на основе их соматотипологических характеристик. Автореф. дис. …канд. пед. наук. — Малаховка, 1999. — 23 с.
  6. Анохин П.К. Очерки по физиологии функциональных систем. —
    М.: Медицина, 1975. -440 с.
  7. Анохин П.К. Узловые вопросы теории функциональной систе­мы. — М.: Наука, 1980 -196 с.
  8. Апанасенко Г.Л. Эволюция биоэнергетики и здоровье человека. — С-Птб, МГП «Петрополис», 1992, — 123 с.
  9. Аршавский И.А. К проблеме обоснования критериев нормы индивидуального развития в связи с характерными особенностями функционирования скелетной мускулатуры // Медицинские проблемы физ. культуры. — Киев, 1971. — Вып. 1. — С. 5-9.
  10. Астранд П.О. Факторы, обусловливающие выносливость спортсмена // Наука в олимпийском спорте. — 1994. -№1.-С. 43-47.
  11. Ахмеров Э.К. Механографический метод регистрации кинематических характеристик разбега и прыжка волейболиста. // Теория и прак­тика физической культуры, 1970. — № 4, — С. 66-68.
  12. Ахмеров Э.К. Вариативность и стабильность характеристик движений в подготовительном цикле нападающего удара в волейболе //
    Тезисы IV научно-методической конференции по вопросам спортивной
    тренировки. – Таллинн, 1972. — С. 115-117.
  13. Ахметжанов Т.А. Факторы, определяющие эффективность деятельности волейболистов в процессе игры. Автореф. дис. … канд. пед. на­ук, — М.: ГЦОЛИФК, 1986, — 23 с.
  14. Ашмарии Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании, — М: Физкультура и спорт, 1978. — 223 с,
  15. Бальсевич В.К. Методические принципы исследований по
    проблеме отбора и спортивной ориентации //Теория и практика физ. культуры. – 1980. №1. – с.31-34.
  16. Бальсевич В.К., Запорожанов В.А. Физическая активность человека. — Киев: Здоров’я, 1987. — 224 с.
  17. Беляев A.В. Исследование тренировочных и соревновательных
    нагрузок в волейболе; Автореф. дис. … канд. пед. наук. — М.: 1975, — 26 с.

I8. Беляев М.А. Экспериментальное исследование специальной выносливости волейболиста: Автореф. дис … канд. пед. наук, — М; 1975 -29 с.

  1. Берестецкая И. Ю. Методика технической подготовки пловцов с
    учетом возрастных особенностей формирования двигательной функции;
    Автореф. дис. … канд. пед. наук, — Киев: 1987, — 24 с.
  2. Бернштейн Н.А. Очерки по физиологии движения и физиологии активности — М.: Медицина, 1966. — 349 с.

21.Ю.Д. Железняк “Юный волейболист”, Учебное пособие для тренеров. Москва. Физкультура и спорт, 1988 год.

 22.Н.К. Коробейников, А.А.Михеев, Н.Г. Николаенко “Физическое воспитание”, Учебное пособие для средних специальных учебных заведений. Высшая школа 1984 г.

23.Волейбол. Пер. с нем. Под общ. Ред. М. Фидлер. – М.: Физкультура и спорт, 1972

 24.Железняк Ю.Д. 120 уроков по волейболу. – М: Физкультура и спорт, 1965

25.Мондозолевский Г.Г. Щедрость игрока.–М.: Физкультура и спорт, 1984

26.Основы волейбола./Сост. О.Чехов. М.: Физкультура и спорт, 1979

27.Правдин В.А. и др.Волейбол–игра для всех–М.:Физкультура и спорт, 1966

28Спортивные игры; Учеб. для студентов пед. ин-тов по спец. № 2114 «Физ. воспитание» / В.Д. Ковалева. – М.: Просвещение, 1988

29.Фурманов А.Г., Болдырев Д.М. Волейбол. – М.: Физкультура и спорт, 1983.

30.Айриянц А.Г. «Волейбол», — М.:ФиС, 1976.

31.Амалин М.Е. «Тактика волейбола», — М.:ФиС, 1972.

32.Ахмеров Э.К. «Волейбол для начинающих», — Мн.: «Полыня», 1985.

33.«Спортивные игры» под ред. Н.П.Воробьева, М., «Просвещение», 1975.

34.Голомазов В.А. «Волейбол в школе», — М.: «Просвещение», 1976.

35.Губенко Л.Я. «Организация и судейство соревнований по волейболу», — М.:ФиС, 1988.

36.Железняк Ю.Д., Клещев Ю.Н., Чехов О.С. «Подготовка юных волейболистов», — М.:ФиС, 1967.

37.Железняк Ю.Д., Служский Л.Н. «Волейбол в школе», — М.: «Просвещение», 1989.

38.Клещев Ю,Н., Фурманов А.Г. «Юный волейболист», — М.:ФиС, 1979.

39.Ковалев В.Д. «Спортивные игры», — М.: «Просвещение», 1988.

40.Оинума С. «Уроки волейбола», М.:ФиС, 1985.

41.Осколкова В.А. «Волейбол», — М.:ФиС, 1959.

42.Фетисова С.Л. «Биомеханическое исследование подач в волейболе и методика их совершенствования», — Л., 1974.

43.Фидлер М. «Волейбол», — М.:ФиС, 1972.

44.Фурманов А.Г. «Начальное обучение волейболистов», — Мн., 1976.

45.Фурманов А.Г. «Волейбол», — М.:ФиС, 1983.

46.Фурманов А.Г. «Студенческий волейбол», — Мн.:Выш.школа, 1983.

47.фурманов А.Г. «Играй в мини-волейбол», — М.: «Советский спорт», 1983.

48.Волейбол. Пер. с нем. Под общ. Ред. М. Фидлер. — М.: Физкультура и спорт, 1972

49.Железняк Ю.Д. 120 уроков по волейболу. — М: Физкультура и спорт, 1965

50.Мондозолевский Г.Г. Щедрость игрока. — М.: Физкультура и спорт, 1984.