ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика» факультеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары
«Экономикалық теория» мамандығы
Алматы 2006
ЖОСПАР
Кіріспе………………………………………………………………………….. .. 3
- Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
- Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, құрылымы…………… 5
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері……………………………. 19
- Кәсіпкерлік – нарық қатынастарының негізі
2.1 Кәсіпкерліктің қызмет атқару жағдайлары, олардың ұйымдастыру – экономикалық формалары………..…………………………………………. 23
2.2 Сақтандыру қызметі – кәсіпкерліктің түрі ретінде……………………….. 28
2.3 Қазақстанның сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру»
Сақтандыру компаниясының кәсіпкерлік орны және оның дамубағыты… 38
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және
болашағы
- Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік аренадағы
оның даму деңгейі…………………………………………………………… 46
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің проблемалары және
кәсіпкерліктің дамуы………….…………………………………………….. 55
3.3 Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі……………………. 60
Қорытынды………………………………………………………………………. 71
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………… 73
Қосымша…………………………………………………………………………… 76
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек»[1, 4б.].
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің, барлық экономиканың негізгі буыны – бұл кәсіпорындар. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да жасалған. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға немесе өткізуге кеткен шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Сол сияқты Бизнес – жоспарлар, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент, есеп жүргізу – бухгалтерия іске араласады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол нарықтық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын, өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең сонында көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса, болашақта өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.
Бұл жұмыста халық шаруашылығының негізгі буыны кәсіпорындардың өндірістік әрекеттерінің проблемалары, кәсіпкерліктің дамуы баяндалады. Сондай-ақ, өтпелі экономиканың қалыптасуы негізінде, жаңадан пайда болып жатқан әр түрлі меншік формалары мен нарық жағдайына, өндірістің әлеуметтік- экономикалық проблемаларына сүйенеді. Осыған байланысты тақырыптың мақсаты:
- Кәсіпкерлік, оның қалыптасуы, мәні, мазмұны және түрлері;
- Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық негізін зерттеу;
- Кәсіпкерлікті ұйымдастыру – экономикалық формалары;
- ҚР-дағы халық шаруашылығының бастапқы буындарының пайда болуы және даму процестері;
- Сақтандыру – кәсіпкерлік қызметтің түрін айқындау;
- Қазақстан Республикасының сақтандыу нарығының даму тенденциялары;
- Кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін қорыту;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары болып табылады.
- Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері.
Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің мәнін анынтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нактылау қажет ашып және айқындалған орынды.
Кәсіпкерлігік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:
- Азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
- Дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
- өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі;
- меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
- өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
- нарықтық экономианың пайда болуы және тағы басқалары.
Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің өнімі болып табылады.
«Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік табыс» эволюциясының барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады. ХIV ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды шаруашылықтың тауарлы-ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне мүмкіндік тұғызады.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға (саяси экономияға), неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектеептер мен ілімдердің алуан түрімен сипатталады. Хроникалық ретпен әр түрлі мемлекеттерде экономикалық ойдың даму тарихына экскурсия жүргізіп, «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік пайда (табыс)» терминдерінің эволюциясын қарастыруға талпынайық (Қосымша А).
Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман, Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады. Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды.
Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.
Француз тілінен таралған «кәсіпкерлік» (enttrepeneur) ұғымын экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.
Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы – табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты қабілеттілік болуы тиіс.
Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) «кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім» десе, В.Зомбарт (1863-1947) кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі оңға басылады деп түсіндіреді.
Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет.[2. 245б.] Қолайлы мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан тиімділігі жоғары аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлік қауіптер, есептелінетін және есептелімейтін формаларда көрінетін, екі бөлікке бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп. Екіншісі – белгісіздік. Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса, онда белгісіздік, өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты. Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық, пайданы алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы, қоршаған ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен толықтырылды [3. 214б]. Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді. Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін, инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары отандық ғалымдардың және ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады [4. 485б].
Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-зерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, «кәсіпкер»(enterpmeneur) категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді:
- кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік;
- кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;
- кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;
- кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке; т.б.
- кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;
- кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы;
- кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.
Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына (өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады. Ол:
- сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;
- бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;
- өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге;
- берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға;
- халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті [5. 465б.].
«Кәсіпкер» түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, «кәсіпкерлік» анықтамасын нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып, сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыру-құқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыру-құқықтық формалары арнайы қабылданған нормативті-құқықтық актілермен бекітіледі. Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын инновациялық процесс.
Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет. Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік процесстегі шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды[6. 258б.]. Басқа ғалымдар иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана емес,сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт белгісін «ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына көмектесудің» факторы ретінде кең түрде қарастырады [7.538б.]. Осының нәтижесінде нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет:
«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы».
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен, капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде[8. 294б.].
Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:
- Қазақстанның азаматтары;
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).
Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсеңділігі және іскерлігі. Белсеңділік және іскерлік – адамның адамның еркін өмір сүру түрі. Белсеңділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсеңді,іскер болар екен? Өздерініз ойланызшы: холерик пе, сангвиник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда белсеңділік өте азғантай энергетикалық шығыннан шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін бару мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсеңділік (ішкі себептермен пайда болған, сартқы әсерлерден болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсеңділік (қайғы-қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсеңділік. Адамдардың белсеңділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, аудандық т.б. болып бөлінеді.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы,1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы, XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.[9.348б.]
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп, қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Барлық күш қуатын жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін экономикалық қызметі. Ал кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.[10.66б.]
Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
- Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнасы;
- Өнім, қызметкерден түскен түсіммен пайда;
- Құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
- Инвестиция және бюджеттік дотация;
- Қайырымдылық жарнама;
- Мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
- Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
- Мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу:
Кәсіпорынның функционалдық механизмі. Нарық жағдайында кәсіпорынның әлуеметтік-экономикалық рольі өзгереді: негізгі талап – пайда табу; көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту; банкроттықты болдырмау т.б.
Өндіріс процесіндегі басты элемент таңдап алынған технология варианты. Тек қана таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология екі көрсеткішпен: өндірілетін өнім бағасымен және оның сапасымен тығыз байланысты.
Пайда – кәсіпорынның басты мақсаты. Кәсіпорыннан басты мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім қызмет бәсекелестікте жеңілдетіп, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе, ол банкрот болуы мүмкін. Таза пайда формуласы. Таза пайда = жалпы түсім алу өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары.
Ал жалпы түсім: W=∑NiCi
i=1
Ni — өндірілген өнім саны;
Ci — өнімнің бағасы;
n – тауар түрлерінің саны;
i — нақты тауар түрі;
Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді еркін қолдануы керек: а) баға тағайындау; б) шығындарды жасақтау; в) өнім көлемін анықтау; г) өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау[11.22б.].
Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса (несостоятельный), яғни несие төмендерді қайыра алмаса, ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынадай қолдану мүмкін: қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру санкциясын бақылаумен немесе арбитраж сотының қаулысымен шешім қабылданады; бейбіт келісім – несие беруші мен беріжақтық арасында төлемді кейінгі мерзімге қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды. Бережақ кәсіпорынның мүмкін болуы мынадай кезекпен жасалады:
- Арбитражға және конкурспен басқарған орган еңбегіне төлем;
- Азаматтарға денсаулығына зиян келтіргені үшін берешек;
- Жұмысшыларға еңбек ақы;
- Бюджетке немесе бюджет сыртындағы төлемдер;
- Кәсіпорын мүлкінде үлесі бар кәсіпорын мүшелеріне;
- Басқа меншіктілерге;
- Басқа қалған талаптарға төлем төлеу.
Пайда табу үшін жұмысты неден бастау керек деген сұраққа жауап беріп көрейік. Қандай болмасын өндірісті бастау үшін ақша керек. Оған ресурстар алынады: ғимараттар, жабдықтар, шикізаттар және жұмысшылар жалдау. Кәсіпкердің басты мақсаты жұмсаған қаржысына қосымша өнім алу. Саяси экономикада бізге таныс формула: өндіріс құралдары
Ақша –Тауар , … Ө …Т1 …А1
Ақша – бастапқы авансталған қаржы;
Тауар – оған сатып алынған өндіріс құралдары, жұмыс күші;
Ө — өндіріс процесі;
А1 – жаңа тауарларды сатқаннан түскен ақша. Ол:
А1 =А + ▲а,
▲а – қосымша құн, жұмыс күшін қанағаннан түскен құн.
Ол социализмге қоғам пайдасына, ал капитализмде – меншік иелеріне тиеді. Біріне бірі қымбатқа сатқаннан қоғамға қосымша байлық жоқ. Онда біреуі жейді, екіншісі желінеді. Қосымша құн қайдан пайда болады? Жұмысшыны қанаудан, яғни тауар құны ауыспалы капиталдан.
V + m бұл таза өнім, жаңадан жасақталған құн, ондағы V – ауыспалы капитал. Жұмыс күшінің құны (қажетті уақыт), m – қосымша құн, жұмыс күшінің қосымша уақыт ішінде қоғам үшін жасақталған құн. Жұмыс құны қажетті уақыт, қосымша болып екіге бөлінеді. Капиталистік экономикада қосымша құн пайыз, өсім кәсіпкерлік пайдаға бөлінеді[12.89б.]. Пайданы өсіруге ықпал жасайтын факторлар:
- Еңбек өнімділігін өсіру;
- Прогрессивті техника мен жаңа технологияны өндіріске енгізу;
- Өндірістік шығындарды азайту;
- Өндірістік қатынастар жүйесі;
- Қосымша өсімнің өсуі;
- Нарық бағасының қолайлы ауытқуы.
Кәсіпкердің жұмысының нәтижесін рентабельділік деңгейі арқылы бағалауға болады. Пайданы бөлу. Бірінші қор жинау. Қор жиналып, өндірісті ұдайы ұлғалмалы өндірістік жағдайға келтіру керек (C+V+m). Тек жай ұдайы өндіріс, ол тек қана шығындарды жабады, пайда болмайды (C+V). Ал егер зиянмен аяқталса, онда (C±V), яғни еңбек ақы да түгел төленбейді. Екінші қор жинау бөлігі резерв қорына жинақталады.
Сурет – 1.
Кәсіпорынның нарықты модельі:
4 — блок
7 — блок
6 – блок 1 –блок 6 — блок
|
||||||
|
|
|||||
2 – блок 3 – блок
Ресурс Ресурс
шығындары нәтижелері
5 — блок
|
Модель бірнеше блоктан тұрады:
1 – блок кәсіпорынның міндетті ресурстарын өзгерту;
2 – блок кірістердегі еңбек-ресурстары материалдық, қаржылық шығындар;
3 – блок шығыстағы ресурстар (өзгертілген) даиын өнім, өндіріс қалдықтары, пайда, ақша қаражаттары;
4 – блок әлеуметтік орта, оңдағы кәсіпорын, мемлекеттік муниципалдық органдардың заңды өзара қимылы;
5 – блок табиғи орта – табиғи ресурстарды пайдалану: қазба байлық, ауа, су т.б.
6 – блок нарықпен байланыс: маркетинг, сонымен бірге бұл блок кірістегі (2 — блок), шығыстағы (3 — блок) блоктармен өзара байланысты;
7 – блок ресурстардың кірістегі және шығыстағы ара қатынасы кәсіпорынның экономикалық жұмысын бағалайды[13. 336б.].
Осы жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауына байланысты кәсіпорын пайда немесе зиян шегетін болады. Кәсіпорынның рентабельді жұмыс істеуі немесе тек қана шығынды жабатын деңгейде істеуі тікелей ресурстарды пайдалануымен нарықтық сұранысы баға деңгейімен байланысты.
Кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігі мынадай көрсеткіштермен анықталады:
- Өндірілген өнімнің еңбек сиымдылығы = орташа жұмысшылар саны (еңбек сағаты) / жалпы және таза өнім мөлшері.
- Қор қайтарымы = жалпы немесе таза өнім өндірістік қордың орташа жылдық қоры.
- Қор сиымдылығы = негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны / жалпы немесе таза өнім.
- Материал қайтарымы = жалпы немесе таза өнім көлемі / ағымдағы материалдық шығындар.
- Материал сиымдылығы = ағымдағы материалдық шығындар / жалпы немесе таза өнім.
- Кәсіпорынның пайдасы = сатылған өнімнен түсім және өнімнің толық өзіндік құнынан айырмасы.
- Кәсіпорынның рентабельділік нормасы = Пайда / негізгі қор айналым қоры х 100%.
Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніммен иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады.
Сапа дегеніміз – тұтыну қажеттілігін қанағаттандырудағы өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Қандай да болмасын өнім өзінің қасиеттік жиынтығын құрайды: сенімділік, эстетикалық қасиеттері, қауіпсіздік, экологиялық тазалық. Тұтынушылар сапалы өнім сатып алуға ынталанады, себебі: қажеттілігін толық қанағаттандырады, пайдалану шығындарын азайтады және т.б. Мысал ретінде «Адидас», «Тайота», «Фольксваген» фирмаларының тауарларын алуға болады. Өнімнің сапасы еңбектің, еңбек заттарының, еңбек құралдарының, басқарудың, жалпы өндіріс сферасының сапасының нәтижесі.
Көпшілік экономистердің пікірі бойынша кәсіпорын мына принциптерге сүйеніп, дамуы керек:
- Сапа кәсіпорының барлық функцияларын қамтитын үздіксіз процесс;
- Өнімнің сапасын арттыру кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің ынталылығына байланысты;
- Сапа бұл жаңа техниканы, технологияны қолдану;
- Сапаны тікелей басқару керек, өндірісті, қаржыны, құрал-жабдықты басқару тәрізді.
Кәсіпорын өз қызметін, міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.
Шын мәнінде кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерләк пайда[14.187б.].
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалса, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар құрылған, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылған.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканы жеке меншік экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл-ой парасатты жұмысқа негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етті.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеттілік қаражаты бар топты құру үшін, бірінші білім керек, екінші үкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын іскер азаматтар болуы тиіс.[15.235б.]
Экономиканың қай саласы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызметтер көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Кәсіпорын құрылымы:
- Негізгі өндіріс
- Көмекші өндіріс бөлімшесі
- Қызмет көрсету, жанама және қосалқы бөлімшесі
- Басқарушылық қызмет және бөлімшесі
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
- Ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
- Белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
- Мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
- Мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
- Кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілік формасына негізделеді;
- Шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
- Оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелер және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшілік, әміршілік-экономикалық жағдайда мына тәсілмен жұмыс істейді:
Бұл тәсілде ең негізгісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындар өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
|
|
|
Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөнінде жағдай түбірінен өзгереді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама-қарсы басқа тәсілде жұмыс істейді:
Бұл тәсілде негізгісі сатып алушылардың сұрауларын, нарық сиымдылығын, бәсекелес өнімдер сапалылығын және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарды үйрену қажет[16.46б.].
Экономикалық ресурс – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары; әр түрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қатысатын алуан түрлі еңбектер: жер және қазба байлықтар. Олар екі категорияға бөлінеді:
- Материалдық ресурстар – жер, оның табиғи байлығы және капитал;
- Адам ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер –деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады:жыртылған жер, жайылымдар, ормандар, минералдар мен мұнай т.б.кең байлықтары, су ресурстары.
Капитал немесе “инвестициялық ресурс” – барлық өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика-зауыттар, қойма, тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді. Тауарлар екіге бөлінеді:
- Инвестициялық тауарлар (капитал) — олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді;
- Тұтыну тауарлары – қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады.
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Ол адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттілігін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланты. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек:
- Кәсіпкерлік барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістік қозғаушы күші, себебі істеген ісінің пайда беретініне сенеді.
- Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешемдерді өз қолына алады және кәсіпорынның іс бағытын айқындайды.
- Кәсіпкер – бұл жаңашыл коммерциялық негізінде жаңа тауар өндіруді жаңа технологияны енгізу бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін адам.
- Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам. Тәуекелге бару үшін істелетін істі талдап, қорытындысында не болатының білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады[17.58б.].
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Ресурстарға төлем. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі:
- Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады;
- Жер, су бергеніне рента алады;
- Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады;
- Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, зияны да болуы мүмкін.
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік — өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
|
Сурет — 2
Өндірістік кәсіпкерлік — бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету асырылады.Тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы басқаларға бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікпен айналасу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану болашақ тұтынушылармен байланысу сонымен қаиаршикізат, материалар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.
Келесі кезең өндіріс факторлары: а) негізгі өндірістік қорлар, ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) өндірістік айналым қоры; еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөнінде жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар келешекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасмен және пайдалану мерзімінен бөлінеді.
Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз –бірінші кезегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады[18.25б.].
Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады.
Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы,тәжірибелілігі жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
Қажетті ақпарат –ресурстары қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
Финанс қаржыларының керек мөолшерін анықтау.
Жалпы ақшаның қажеттік көлемін мынандай формуламен шығаруға болады:
Аж=A1+A2+A3+A4+…AN
Аж — жалпы керекті қаражаттар;
А1- жалпы қоры;
А2- айналым қоры;
А3- құрал жабдықтар;
А3- ақпратқа т.б интелектуалды қызметке төлем;
А4-басқа мекемелерді атқарған жұмысына төлем т.б.
Бастапқы капитал а) жиналған қор; б) несиеге ақша алу.
Өндірістік істің қорытындысы. Сатудан түскен түсімнен өндірісте және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда = жалпы түсім алу өндіріс және комерциялық шығындар, яғни пайда бұл салық төленгенде дейінгі пайда. Барлық салықтар, айыптар мен баждарды, төлегеннен кейін қалған пайда –таза пайда деп деп аталады. Кәсіпкерліктің финанс жағдайы бағалау үшін рентебельдік деңгейін шығарады.
Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер Х100%
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік –тәуекелдік бизнес. Ол технологиялық жаналықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы комерцияландыруға,әсіресе ғылым сайымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғары технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәукелділік, тиімділікке кепілділік болмау мүмкін.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен, сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұнда шарттар бойынша төлемді мерізім уақыт өткенен кейін келісімге бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астағыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- Сауда –сатық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- Тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді
- Баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар зжөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарларды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан турады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу –сату операцияларымен байланысты. Өндірісті кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, бірінші тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істердіұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Коммерциядық келісімдер бағдарламасы:
- Сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау;
- Ғимарраттар, қоймалар, ұсақ сауда үй сатып алу немесе жолдау;
- Тауар сатып алу, сату;
- Тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және оны уақытында пайыз ставкасымен қайтару;
- Жоспарлауға керекті ақпараттарды табу, жасақтау;
- Тұтынушыларға тауар сатып ақшасын алу;
- Финанс органдырына салық және басқа төлемдер мерізіміне төлеу.
Қаржылық кәсіпкерлігіне негізімен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есептелінеді: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерліктің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар – қаржы активтері болып саналады.
Коммерциялық банкілер – бұл финанс – кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қайрады. Банкіде активті және пассивті операциялар болады. Қор биржалары- бағалық қағаздар нарығы. Ол капиталдың қорзғаласын жеделдетеді және активтердің реалдық құнын анықтамайды.
Кеңес берушілік кәсіпкерлік бұл ой нарығының бір бөлігі онда мынандай жұмыстар істеледі, финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау белсенді маркетинг тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағыттану туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі[19.102б.]. Консультация ( кеңес беру ) әдістері:
- экспертік кеңес беру –мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
- Процестік кеңес беру –кәсіпорынның маманы клиетпен белсенді түрде қарым – қатынаста болады, оны өз ойы айтуына ынталандырады, клиетпен бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді;
- оқулық кеңес беру – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б.
- Кәсіпкерлік – нарық қатынастарының негізі
2.1 Кәсіпкерліктің қызмет атқару жағдайлары, олардың ұйымдастыру – экономикалық формалары
Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Экономиканың осы сферасының дамуы бір-бірінен оңашаланған көптеген ұсақ жеке кәсіпорындардың пайда болуымен басталды.
Қазақстан нарығында барлық кәсіпорынды бірнеше топқа бөлуге болады:
1.Жеке ( жеке меншік ) кәсіпондар— бір ғана иесі және жалдамалы жұмыскерлердің саны шектеусіз кәсіпорындар.
- Серіктестік кәсіпорындар – белгілі бір пропорция бойынша, өз капиталдарын, өз үлесін алып тұруға келісім жасап, осы кәсіпорынның иесіне айналатын кәсіпкерлердің бірлестігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестік жайлы және Мемлекттік кәсіпорын Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктігісінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- Жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- Толық,барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- Жауапкершілік шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті –аралас жаукершілік (біреудің толық мүлікімен және басқаның салынған салымымен);
- Қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
- Өндіріс және тұтыну кооперативті;
- Консортциумдар;
- Акционерлік қоғамдар;
- Корпорациялар— ол адам осы кәсіпорындарға өз қаржысын орналастырған және кәсіпорын әрекетіне байланысты мәселелерді шешуге араласуға құқығы барлығын білдіретін акция иесі және корпорациялардың барлық әрекеттеріне белгілі бір үлес қоса алатыны негзінде кәсіпорынды ұжымдық иеленуге атсалысады, әрбір акция оның иесіне бір дауыс құқығын береді.
- Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорын –акция пакетіне үкімет иелік ететін немесе әкімшіл -әміршіл экономикалық үкімет балансындағы кәсіпорындар иелік жасайтын корпорациялар. Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса,ол кәсіпорын қазыналық болып есептеледі яғни біріншісі шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екішісі –оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп; қазыналық –толық емес шаруашылық есеп.
Кесте- 1
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдар блок түрлерінің артықшылығы мен олқылығы :
Кәсіпкерліктің түрлері |
Артықшылығы |
Кемшілігі |
Бір тұлғалы жекеленген шаруашылық |
Ұйымдастырудағы қаапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі, қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі. |
Капиталды тартудағы көптеген қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі. |
Серіктестіктер |
Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестерімен келісу кезіндегі шектеулілігі. |
Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрінің тұрақсыздығы. |
Акционерлік қоғамдар |
Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. |
Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі. |
Қайнар көзі:Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжамартов Ү.С. “Жалпы экономикалық теория” Актөбе 2004ж. 297б.
Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде меншік пен кәсіпорындардың алуан түрлері мен формаларының барлығы бірдей заң жүзінде орнықпағанымен, дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен мемлекеттік меншікке негізделетін және төмендегідей формаларда жұмыс жасайтын түрлері бар:
- Мемлекеттік бюджетте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар несие негізінде коммерциялық қызметпен айналысатын мемлекеттік-бюджеттік кәсіпорындар;
- Шаруашылық есеп, өзін өзі басқару негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар.
- Мемелекеттік – жалгерлік кәсіпорындар, оның бір бөлімшесін немесе басқа мүліктерін сондағы еңбек ұжымының өзі жалға алған жағдайда құрылады. Жалға беру –мүліктерді (құрал –жабдықтарды) шарт бойынша белгілі бір төлем үшін уақытша басқа субьектілерге (кәсіпорындар, ұжымдар, жеке адамдар ) пайдалануға беру.
- Кооперативтік кәсіпорындар –бұл жаңа түрлі кооперативтер. Олар жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланып, тауар шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін өзі басқару және өзін өзі қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастыру.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмысты қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпорын кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма » ұғымы боламалап қараймыз. Рас, олардың бір-біріне өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұғымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- Азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- Ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін.
Кооперативті кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайдалық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- Акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- Құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарда енеді[20.223б.].
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша класификациялау қажет:
Кесте — 2
Кәсіпкерлік классификациясы
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша |
Шаруашылық қызметінің сипатына қарай |
Салалық қызметі бойынша |
Меншік нысаны бойынша |
КартельдерСиндикаттар (Консорциумдар) Трестер Концерндер Концерн-конгломераттар Холдинг-компаниялар Акционерлік қоғамдар (корпорациялар) Кооперативтер Серіктестіктер |
Өндірістік Саудалық Делдалдық Банктік Сақтандырулық Инвестициялық Инновациялық Инженеригтік Венчурлық (тәуекелділік) Консалтингтік Аудиторлық Трастолдық
|
Өнеркәсіп Ауыл шаруашылығы Сауда Байланыс Көлік Қаржы несиелік Мәдениет Өнер Білім Ғылым Денсаулық сақтау Тұрғын үй шаруашылығы
|
МемлекеттікҚазыналық Ұжымдық Жалгерлік Кооперативтік Акционерлік Жекелеген аралас(біріккен) Мемлекеттік кооперативтікпен бірге Ұжымдық жекемен бірге Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
Қайнар көзі: Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы 2003ж. 67б.
Ұсақ кәсіпорындардың ірілену процесі ірі нарықтық құрылымдардың пайда болуына әкелді – картель, концерн, трест, корпорация.
Венчурлық бизнес – ол мемлекеттің бақылауымен қауіптік деңгейі жоғары инвестициялық жобаларды іске асыру, сонымен бірге ірі компаниялар жағынан қаржыландыру мен бақылау жағдайында шағын кәсіпорындар күшімен ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.Венчурлық бизнес кәсіпорындарға азшығындармен және едәуір қысқа мерзімде инновациялық әзірлемелерді енгізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол кәсіпорындарға персонал біліктілігі, ғылыми-техникалық ақпаратқа, тәжірибелі жабдыққа қол жетімділігі бойынша қосымша талаптар қояды.[21. 440б.]
Ірі компания (франчайзер немесе франшизер) және шағын кәсіпорындар (франчайзи) тобы арасындағы серіктестіктің бір формасы ретінде франчайзинг болып табылады. Франчайзинг бір сауда белгісімен жұмыс істейтін, бірдей кәсіпорындардың кең жүйесін құруды қарастырады. Осы жүйе шеңберінде, «ноу-хауға» ие және өндірістің материалдық ресурстарының негізгі жетекшісі, берілген бизнестің негізгі ұйымдастырушысы ретінде ірі корпорация қызмет етеді. Мысалы, «Дженарал Моторс» америка компаниясы, оның жүйесінде 11мың делдал бар. Қарастырылған қызмет сферасында көпшілікке танымал лидер «Макдоналдс» корпорациясы, «Холидей-Инн» қонақ үй бизнесі, көлікті жалға беру агенттігі «Херц», фотопленкаларды сату мен өндеу компаниясы «Кодак», техникалық қызмет станциялары «Экссон» т.б.[22. 25б.]
Субмердігерлік – тұтынушылар талабының үнемі өзгеруінен дайын өнімді өндіруге жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар үнемі өзгереді, сондықтан ірі корпорациялардың көпшілігі жинақтаушы детальдарды дербес өндірмей, олардың өндірісін шағын кәсіпорындарға беруді тиімді деп санайды.
Лизинг – ірі корпорациялар белгілі шарттарда өндірістік жабдықты шағын кәсіпорындарға жалға бере алады. Лизинг шарттарымен берілген мүлік заң түрінде оны толық сатып алуға дейін немесе лизинг берушіге қайтаруға дейін ірі корпорацияның меншігінде қалады. Кәсіпорын банкрот болған жағдайда бұл мүлікке басқа да кредиторлар тарапынан талап қойылмайды.
Қазіргі таңда Франчайзингтің бірнеше түрі бар: іскерлік, өндірістік және сауда. Іскерлік франчайзинг шағын фирманы ұйымдастыруға құқықты сатуды білдіреді, ол аналық корпорацияның атын алады және сол қызметті тандайды. Өндірістік франчайзинг, аналық компаниядан сатып алынған шикізат пен материалдарды пайдаланумен өнімді, тауарларды өндіру және өткізуге құқықты сатуды қарастыады. Сауда франчайзингі, басты компанияның сауда белгісімен тауарларды сату құқықты сатып алудан тұрады, олар тауарды сатып алады және бөлшек саудамен өткізеді.
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.
Қазақстан Республикасында қолданып жүрген заңдар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңды тұлға құрмай тұрып, азаматтық- құқықтық қытынастардың, әсіресе шетелдік заңды тұлғалармен қатынаста белсенді қатысушысы болуы белгілі дережеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық –құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұнда шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа суъектілірінің еңбек материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай-ақ оңтайлыраң еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік берді[23.52б.].
2.2 Сақтандыру қызметі – кәсіпкерліктің түрі ретінде
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етті.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 жылы 1 қаңтарда Республикада 208,4 мың заңды тұлға тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсіпорынды құрайды, орта кәсіпорындар 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсіпкерлік субъектілері жалпы санының 93,9 %-ін құрайды.
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті күніне 8,7%-ті құрайды.
Кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 жылы 16,2%-ті құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсіпкерлік 25%-ті береді.
Заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістерінің артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7%-ті құрады.
Кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары өзгерген жоқ. Белсеңді заңды тұлғалар – шағын кәсіпкелік субъектілерінің жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданылатын бұйымдар саласы – 40,5%-і басым жағдайды илеленген, шағын кәсіпкерлік саласында белсеңді халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%).
2003 жылы көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ-нен 22,6%-ті құрады,әйтсе де 1992 жылы 1998 кезенінде аталған көрсеткіш 30-38%-ке дейінгі аралықта бағаланды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлер қос бухгалтерлік жүргізе отырып, астыртын өндіріспен және жалған мәмілелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерін салықтардан жасыруға тырысады[24. 19б.].
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметінің түрлері көп, солардың ішінен қаржылық кәсіпкерліктің бірі сақтандыру.Қазіргі экономикада сақтандырудың маңызы мен орның ашу үшін эномикалық институтардың талдауынсыз айту мүмкін емес. Тәуекел мен экономикалық жүйедегі белгісіздік, сақтандыру институтарының қалыптасуы мен дамуына әсер етеді. Бірақ нарықтық экономикадағы сақтандыру компанияларының орнын бағалау үшін тәуекелді ғана зерттеу аз. Тәуекел категориясы тек қана сақтандыру қызметінің тарихи қалыптасу негізін түсіндіреді. Кәсіпкерліктің ұйымдық формаларының кеңеюіне байланысты және ақпаратты талдау әдістерінің өсуі, т.б. сақтандыру қызметіне байланысты экономикалық құбылыстардың болуы, осы экономикалық қызмет түрінің нарықтық экономика институттарының ажырамас бөлігі.[25.6б.]
Сақтандыру дегеніміз – кәсіпкерлік қызметтің бір түрі, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Ал сақтандыру қызметі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.[26.3б.]
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногында 37 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 3 — өмірді сақтандыру бойынша, 4 – Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен ), 12 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарының аудитін жүргізуге лицензиялары бар 36 аудиторлық ұйым лицензиялық қызметті жүзеге асырды.
Кесте – 3
Сақтандыру секторының институционалды құрылымы
Сақтандыру секторының институционалды құрылымы |
01.01.2005. |
01.01.2006. |
Сақтандыру ұйымдарының саны , оның ішінде |
36 |
37 |
Резидент еместердің қатысуымен |
6 |
4 |
өмірді сақтандыру бойынша |
2 |
3 |
Сақтандыру брокерлерінің саны |
8 |
12 |
Актуарийлер саны |
27 |
30 |
Сақтандыру ұйымында аудит жүргізу құқығына лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың саны |
34 |
36 |
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 35б.
Сақтандыру ұйымдарының меншік капиталдарының өсуіне байланысты жауапкершілік пен сақтандыру сыйақыларының көлемінің ұлғаюы өзіндік, ұстап қалуы – бәсекелестікке қарсы тұруға мүмкіндік береді. 2005 жылы сақтандыу сыйақыларының көлемі Жалпы Ішкі Өнімде (ЖІӨ) — 0,91%-ті берді, ал меншік капиталына қатынаста ЖІӨ — 0,61%-ті құрады. Қалай дегенімен, дамыған және кейбір дамушы елдермен Қазақстанның бұл көрсеткіштерін салыстыруға болмайды. Әлемдегі дамушы елдер тобы сақтандыру сыйақылар көрсеткіші ЖІӨ — нің 9,12% құрады.[27.35б.]
Кесте — 4
Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері
|
01.01.2004. |
01.01.2005. |
01.01.2006 |
1 |
2 |
3 |
4 |
ЖІӨ, млрд.тенге |
4449,8 |
5542,0 |
7300 |
ЖІӨ сақтандыру сыйақы қатынасына, % |
0,65 |
0,72 |
0,91 |
ЖІӨ меншік капиталына қатынасы, % |
0,30 |
0,53 |
0,61 |
ЖІӨ актив қатынасы, % |
0,47 |
0,80 |
1,00 |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақыларының қатынасы, тенге |
1931 |
2665 |
4475 |
Қайнар көзі:Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 35б.
Есепті күнге 31 сақтандыру ұйымы “Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры ” АҚ -ның қатысушылары болып табылады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының есепті меншікті капиталының мөлшері 35 897,7 млн. теңге болды, бұл өткен жылдың осындай күнімен (01.12.2005 ж . – 24 053,4 млн. теңге ) салыстырғанда 49,2 %-ке көп болды. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 сақтандыру ұйымы меншікті капитал жеткіліктілігінің пруденциалды нормативтерін орындамады.
Кесте — 5
млн. тенге
Қаржы көрсеткіштері
Қаржы көрсеткіштері |
1.01.2005. |
1.01.2006. |
1.01.2005 жылмен салыстыр-дағы өзгеріс , %-пен
|
Жиынтық активтер |
44 094,7 |
73 346,3 |
66,3
|
Міндеттемелер |
14 506,6 |
28 086,5 |
93,6
|
Оның ішінде таза сақтандыру резервтері |
8 150,7 |
21 010,5 |
157,8 |
Басқа да міндеттемелер |
6 355,9 |
7 076,0 |
11,3
|
Меншікті капитал (баланс бойынша ) |
29 588,1 |
45 259,8 |
53,0 |
Қайнар көзі: Рынок страхования. январь 2006 года. «Развитие страхового рынка Казахстана» 38стр,
Есепті күнге «жалпы сақтандыру » саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру ұйымдарының жиынтық төленген жарғылық капиталы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының жиынтық төленген жарғылық капиталының 7,4%-і болды. Есепті күнге «өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместердің қатысуымен қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары болған жоқ (Қосымша Ә).
Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2006 жылғы 1 қаңтарда 73 346,3 млн. теңге болды, бұл 2005 жылғы 1 қаңтардағы осындай көрсеткіштен 66,3%-ке көп, оның ішінде:
Кесте — 7
млн . тенге
Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі
Активтер |
1.01.2005. |
1.01.2006. |
1.01.2005 жылмен салыстырғандағы өзгеріс, %-пен
|
||
Сомасы |
% |
Сомасы |
% |
||
Ақша |
1 565,5 |
3,6 |
3 798,6 |
5,2 |
142,6 |
Орналастырылған салымдар |
7 075,9 |
16,0 |
12 907,9 |
17,6 |
82,4
|
Бағалы қағаздар |
24 656,2 |
55,9 |
36 883,4 |
50,3 |
49,6 |
Сақтанушылардан және делдалдардан Алынатын сақтандыру сыйлықақы |
3 594,3 |
8,1 |
5 181,4 |
7,1 |
44,2 |
Негізгі қаражат |
1 747,9 |
4,0 |
1 553,0 |
2,1 |
-11,2 |
Материалдық емес активтер |
55,4 |
0,1 |
164,6 |
0,2 |
197,1 |
Басқа дебиторлық берешек |
1 831,8 |
4,2 |
3 219,0 |
4,4 |
75,7 |
Басқа активтер |
3 567,7 |
8,1 |
9 638,4 |
13,1 |
170,2 |
Активтер жиынтығы |
44 094,7 |
100 |
73 346,3 |
100,0 |
66,3 |
Қайнар көзі: Рынок страхования. январь 2006 года. «Развитие страхового рынка Казахстана» 38стр,
2005 жылы сақтандыру ұйымдарының инвестициялық портфелі құрылымында ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі 51,2%-тен 38,2%-ке дейін кемісе, ал ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар үлесі 28,1%-тен 37,7%-ке дейін, ал екінші деңгейдегі банктердегі салымдар 20,7%-тен 23,4%-ке дейін өсті. (Қосымша Б)
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының міндеттемелер сомасы өткен жылдағы осындай күнмен салыстырғанда 93,6%-ке өсе отырып, 28 086,5 млн. теңге болды.Есепті күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша (қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып) қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған сақтандыру резервтерінің көлемі 21 010,5 млн. теңге болды, бұл 2005 жылғы 1қаңтарда қалыптасқан резервтер көлемінен 157,8%-ке артық. Есепті күндегі қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі 11 073,8 млн. теңге болды.
Кесте — 8
Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері
|
01.01.2004. |
01.01.2005. |
01.01.2006. |
ЖІӨ , млрд . теңге |
4 449,8 |
5 542,0 |
7 300 |
Сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ -ге қатынасы, %-пен |
0,65 |
0,72 |
0,91 |
Меншікті капиталдың ЖІӨ -ге қатынасы , %-пен |
0,30 |
0,53 |
0,61 |
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы , %-те |
0,47 |
0,80 |
1,00
|
Сақтандыру сыйлықақы-ның халықтың жан басына шаққандағы қатынасы,теңгемен |
1 931 |
2 665 |
4 475 |
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 35б.
2005 жылғы сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 27 145,0 млн.теңгеге ұлғайды және 2004 жылғы жиналған көлемнен 67,9%- ке көп болып , 67 123,1млн . теңге болды .
Кесте — 9
Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі
млн . теңге
Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі |
01.01.2005. |
01.01.2006.
|
1.01.2005 ж . салыстыр-ғы өзгеріс, %-пен
|
|
Сомасы |
%
|
|||
Барлығы , оның ішінде мыналар бойынша : |
39 978,1 |
67 123,1 |
100,0 |
67,9
|
Міндетті сақтандыру |
4 446,2 |
12 950,9 |
19,3 |
2,9 есе |
Ерікті жеке сақтандыру |
4 546,3 |
7 831,0 |
11,7 |
72,2
|
Ерікті мүліктік сақтандыру |
30 985,6 |
46 341,1 |
69,0 |
49,6 |
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 37б.
Кестені қарағанда 2006 жылғы 1 қаңтарда міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 2,9 %-ке өскені көрінеді . Ерікті жеке сақтандыру бойынша ұлғаю — 72,2%-ті , ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 49,6%-ті құрады.
Кесте – 10
Түскен сақтандыру сыйақыларының құрылымы
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 37б.
2005 жылғы сақтандыру сыныптары жөнінде келіп түскен сақтандыру сыйлықақыларының құрылымына қатысты мынаны айта кетуге болады:
міндетті сақтандырудағы — сақтандыру сыйлықақылары түсімінің — 46,5%-і (6025,2 млн. теңге) еңбек (қызмет) міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердің өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушінің азаматтық–құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру жөніндегі түсімге келсе, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша түсім 37,4% (4 838,5 млн.теңге) болып келсе, өсімдік шаруашылығын сақтандыру бойынша – 7,1% (918,7 млн.теңге), қызметі үшінші тұлғаларға зиян кетіру қаупімен байланысты объект иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша 5,4 % (695,8 млн. теңге)болды.
ерікті жеке сақтандырудағы — сақтандыру сыйлықақылары түсімінің — 47,4%-і(3 711,0 млн.теңге ) жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру жөнінде түскен түсімге келсе, 33,2%-і (2 602,4 млн.теңге) медициналық сақтандыру бойынша ,17,8%-і (1 391,3 млн.теңге ) өмірді сақтандыру бойынша болып келеді.
ерікті мүліктік сақтандырудағы — сақтандыру сыйлықақылары түсімінің -33,3%-і (15 440,0 млн. теңге) мүлікті сақтандыру бойынша түскен түсімге, зиян келтіргені үшін азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша – 23,2%-і(10 761,0 млн.теңге), шарт бойынша азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөнінде 13,6%-і (6 314,3 млн. теңге), ал жүктерді сақтандыру бойынша — 9,5% (4 406,5млн.теңге) және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша 9,4% (4 373,9 млн.теңге)болып келеді. (Қосымша В)
Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру
сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алады :
Кесте — 11
Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуі
млн . теңге
Сақтандыру салалары бойынша Сақтандыру сыйлықақыларының түсуі |
1.01.2005. |
1.01.2006. |
1.01.2005ж . салыстыр-ғы өзгеріс, %-пен |
||
Сомасы |
% |
Сомасы |
% |
||
Сақтандыру салалары бойынша Барлығы
|
39 978,1 |
100 |
67 123,1 |
100,0 |
67,9
|
Өмірді сақтандыру |
661,9 |
1,7 |
1 432,5 |
2,1 |
116,4
|
Жалпы сақтандыру |
39 316,2 |
98,3 |
65 690,6 |
97,9 |
67,1 |
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 38б.
2005 жылғы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1432,5 млн.теңге болды, бұл 2004 жылға қарағанда 116,4%-ке көп. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сыйлықақылардағы үлесі есепті күні 2005 жылғы 1 қаңтардағы 1,7%-ке қарсы 2,1% болды.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2005 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 65 690,6 млн.теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 67,1%-ке артық. «Жалпы сақтандыру » саласында негізгі үлес алатын сақтандыру сыныптары арасында мынадай сыныптарды айтуға болады :
«мүлікті сақтандыру » сыныбы – 23,5% (15 440,0 млн. теңге);
«зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру » сыныбы–16,4 % (10 761,0 млн. теңге);
“шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру ” сыныбы -9,6% (6 314,3 млн. теңге);
“еңбек (қызмет) міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердің өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушінің азаматтық–құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру» сыныпы-9,2% (6 025,2 млн. теңге);
“көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру «сыныбы – 7,4% (4 838,5 млн. теңге).
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен есепті күндермен
салыстырғанда үлесіне сақтандыру сыйлықақыларын жинау бойынша 52,7% келетін негізгі 5 сақтандыру компаниялары -көшбасшыларының арасында бірқатар өзгерістер байқалды. Олардың ішінде:
«Еуразия » СК ” АҚ -ы -17,2%;
“Казахинстрах ” КИС ” АҚ ” –.10,7%;
«Алматы халықаралық сақтандыру тобы ”- СК ” ААҚ – 8,8%;
“Казкоммерц -Полис “ СК ” АҚ — 8,2%;
“AТФ полис ” СК “ АҚ –7,8%.
ҚР резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру компанияларының 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 18,5% (12 420,4 млн. теңге) болып отыр. (Қосымша Г)
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 26 652,5млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 39,7 %-і болды.Бұл ретте резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының
жиынтық көлемінің 35,2%-і берілді .
Кесте — 12
млн . теңге
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары |
1.01.2005 |
1.01.2006 |
||
Сомасы |
Жиынтық Сыйақы-дағы Үлесі, %-пен
|
Сомасы |
Жиынтық Сыйақы- дағы үлесі, %-пен
|
|
Қайта сақтандыруға берілген барлығы , оның Ішінде |
18 724,0 |
46,8 |
26 652,5 |
39,7
|
Резидент еместерге |
17 118,7 |
42,8 |
23 629,8 |
35,2 |
Резиденттерге |
1 605,3 |
4,0 |
3 022,7 |
4,5 |
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 37б.
01.01.2006 ж. қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының құрылымы:Швеция — 14,2%; Ұлыбритания — 14,2%; Ресей Федерациясы — 20,3%; басқа елдер — 8,7%; Бермуда аралдары — 2,9%; Франция — 3,9%; Германия — 4,4%; Швейцария — 6,4%; Қазақстан — 11,3%; Америка Құрама Штаттары — 13,7%.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында негізгі үлесті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар — 93,2% құрады. Міндетті сақтандыру бойынша -5,9%, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 0,9% болды.
2005 жылы жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59,7%-ке арта отырып, 10 769,8 млн.теңге болды. Сонымен бірге, қайта сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру жөніндегі өтемақы есебінен сақтандыру төлемдерінің үлесі 21,5% (2 315, 9 млн. теңге) болып отыр.
Кесте – 13
Сақтандыру төлемдері
млн. теңге
Сақтандыру төлемдері |
1.01.2005. |
1.01.2006. |
1.01.2005ж. салыс-дағы өзгеріс, %-пен
|
|
Сомасы |
% |
|||
Барлығы, оның ішінде мыналар бойынша: |
6 742,5 |
10 769,8 |
100,0 |
59,7 |
Міндетті сақтандыру |
2 839,1 |
3 328,0 |
30,9 |
17,2 |
Ерікті жеке сақтандыру |
1 265,5 |
1 677,8 |
15,6 |
32,6
|
Ерікті мүліктік сақтандыру |
2 637,9 |
5 764,0 |
53,5 |
118,5 |
Қайнар көзі: Рынок страхования. январь 2006 года. «Развитие страхового рынка Казахстана» 38стр,
1.01.2006 жылғы жағдай бойынша сақтандырудың сыныптары бойынша жасалған сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айта кетуге болады :
міндетті сақтандыруда — көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша төлемдер 95,6% (3 182,2 млн. теңге) болды ;
ерікті жеке сақтандыруда — сақтандыру төлемдерінің 82,5% (1 385,0 млн. теңге) — медициналық сақтандыру төлемдеріне келеді, жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру бойынша 12,4 % (207,6 млн. теңге) және 4,5% (76,3 млн. теңге) — өмірді сақтандыру бойынша келеді.ерікті мүліктік сақтандыруда — сақтандыру төлемдерінің 38,3 % (2 208,8 млн.теңге ) мүлікті сақтандыру бойынша, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша 23,9 % (1 376,7 млн. теңге), 19,5% (1 123,2 млн. теңге) — автомобиль көлігін сақтандыру бойынша келеді(Қосымша Е).
2005 жылы жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы бойынша
сақтандыру төлемдерінің мейлінше көп көлемі көлік құралдары иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақталып, төлемдердің жиынтық сомасының 29,5%-і болды. Сақтандырудың осы сыныбы бойынша (сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы) шығын коэффициенті 2005 жылғы 1 қаңтардағы 73,7%-ке қарсы 65,8% болды. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті сақтандыру жөнінде тұтас алғанда шығын коэффициенті 2005 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 63,9%-тен кеміп, 25,7% болды. Бұл бәрінен бұрын, міндетті сақтандырудың жаңа түрлерінің пайда болуымен және олар бойынша түскен сақтандыру сыйлықақылары түсімінің серпінді өсуімен негізделді.
Ерікті жеке сақтандыру сыныбы бойынша шығын коэффициенті өткен жылғы осындай күндегі 27,8%-ке қарсы тиісінше 21,4% болды.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша шығын коэффициенті ұлғайды және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5%-ке қарсы 12,4% болды.Жалпы алғанда, есепті күнге шығын коэффициенті 16,0% болды[28.38б.].
Кесте — 14
Шығын коэффициенті
Сақтандыру қызметінің түрлері |
Шығын коэффиценті, %-пен
|
|
|
1.01.2005. |
1.01.2006. |
Барлығы, оның ішінде : |
16,9 |
16,0 |
Міндетті сақтандыру бойынша |
63,9 |
25,7 |
Ерікті жеке сақтандыру бойынша |
27,8 |
21,4 |
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша |
8,5 |
12,4 |
Қайнар көзі: Рынок страхования. январь 2006 года. «Развитие страхового рынка Казахстана» 38стр,
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дамуына әсер етуші факторлар
Позитивті:
- Қазақстан Республикасы экономикасының жалпы өсуі;
- Республикадағы халық ауқаттылығынаң өсуі;
- БСҰ-на кіру үшін Қазақстан Республикасының дайындығы:
- Халықтың өзінің мүліктік тәуекелін қорғау қажеттілігінің өсуі;
- Ипотекалық несиелеудің өсуі;
- Міндетті сақтандыру түрлерін енгізу;
- Сақтандыру ұйымдарының капиталының өсуі;
- Сақтандыруға жаңа технологияларды енгізу және дамыту;
- Сақтандыру қызметтерінің инфрақұрылымын дамыту;
Негативті:
- Жергілікті сақтандыру ұйымдарының тәуекелділік шығындарын ұстап қалу үлесінің өсуі.
- Қазақстанның сақтандыру нарығында брокер-резидент еместердің жоқтығы,бұл сақтандыру нарығындағы және оның субъектілеріне барлық төрт брокер-резиденттердің монопольды әсерінің өсуі;
- Сақтандыру нарығында ірі кэптивті компаниялардың пайда болуы;
- Жоғары деңгейлі мамандардың жетіспеушілігі.
2.3 Қазақстанның сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» Сақтандыру компаниясының кәсіпкерлік орны және оның даму бағыты
Акционерлік Қоғам «Шетелдік сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» 1994 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №1658-ші жарлығымен құрылған. Үкімет тарапынан қамсыздандырушы болып, Қаржы министрлігі компанияның жарғылық капиталына 3 миллион тенге және 1 миллион АҚШ долларын салған. Қатысушының заңды статусы мен аты «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Акционерлік Қоғамы.
Тіркеуден өткен орны: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 69
Адресі және негізгі қызмет көрсету орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 26А.
06 маусымда «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының қайта ұйымдастырылып, оның құрылымына ААҚ «Өндірістік сақтандыру тобы» кірді. Бұл қайта ұйымдастырылудың мақсаты — «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясыныі меншікті капитал деңгейінің өсуі. Қазақстан Республикасының территориясында осы компанияның 15 филиалы, жалпы персонал саны 220 адам және 1000-нан аса сақтандыру агенттері жұмыс істейді. Лицензия №
- Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия. 2006 жылдың 31 қаңтарынан сериясы ОС №11-8⁄1
- Ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия. 2006 жылдың 31 қаңтарынан сериясы ДОС №11-8⁄1
Қайта сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия. 2003 жылдың 31 желтоқсаннан сериясы ПД №11-1⁄1 Мемлекеттік органдармен келісілген, белгілі бір сақтандыру түріне сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес сақтандыру ережелерінің болуы:
- АҚ «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Директорлар Кеңесімен бекітілген, ерікті мүлікті сақтандыру ережелері 14.11.2003ж. №16 протокол және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен 30.12.2003ж. келісілген.
- АҚ «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Директорлар Кеңесімен бекітілген, ерікті келтірілген зияндар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ережелері 14.11.2003ж. №16 протокол және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен 30.12.2003ж. келісілген.
- АҚ «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Директорлар Кеңесімен бекітілген, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру ережелері 14.11.2003ж. №16 протокол және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен 30.12.2003ж. келісілген.
1995 жылдан бастап, сақтандыру нарығында жұмыс істеу тәжірибесі, мунайгаз секторында жұмыс істеу тәжірибесін қоса алғанда – 10 жылдан асты.
Қаржы ресурстарын (ақша құралдары, несие т.б.) туралы ақпарат, «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясы несие ресурстары ешқашан тартылған емес. Бұл компанияның өзінің ақша құралдары және өз борыштарын ақтауға жеткілікті эквиваленттері жетеді. «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясы жоғары өтімді активтеріне (ақша құралдары мен оның эквиваленті) иелік етеді, олар «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының Мемлекеттік Бағала қағаздар (Евроноттар) меншік құқығы негізінде, Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар, жылдам салымдар, ағымдағы есепшоттағы ақшалар, ағымдағы картшоттағы ақшалар, кассадағы ақшалар.
Жарғылық және меншікті капиталдың минималды көлемі. «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының жарғылық капиталы- 540 010 000 тенге. «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының меншікті капиталы баланстан- 2 048 268 000 тенге. Активтерінің құны, баланстан- 3 979 774 000 тенге
Соңғы бес жыл ішіндегі потенциалды жеткізушілерге жыл сайынғы қызмет көрсету көлемі, теңгемен алғанда:
2001 жылы – 2 967 281 000
2002 жылы – 4 413 301 000
2003 жылы – 5 750 385 000
2004 жылы – 6 446 291 000
2005 жылы – 7 100 000 000
«Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясы Халықаралық брокерлармен, қайта сақтандыру компанияларымен: AON Group, EOS RISQ, Marsh Ltd, Heath Lambert Group, HSBC Insurance Brokers Ltd, LIovds″s Svndicates, Partner Re, Zurich Re Company, ARIG Re, Ингосстрах және т.б.мен жұмыс істейді. Халықаралық сақтандыру нарығында өзара қарым-қатынастың болуы, халықаралық тәжірибені пайдаланып жрәне клиенттерге барлық сақтандыру түрлері бойынша қызметті әлемдік деңгейде көрсетуге септігін тигізуде.
Акционерлік қоғам «Шетелдік сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандырудың» мынандай сақтандыру түрлеріне лицензиясы бар:
Міндетті сақтандыру:
- Ауыл шаруашылық өндірісі;
- Соттарды сақтандыру және олардың мүлкін;
- Автомобиль көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Тасымалдаушының пасажирлер алдыңдағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Аудитор және аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Туроператор және турагенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Үшінші тұлғаларға келтірілген залалдар үшін объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Қызмет барысында қызметкердің өміріне және денсаулығына келтірілген залалдар үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Ерікті жеке сақтандыру:
- Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
- Медициналық;
Ерікті мүліктік сақтандыру:
- Автокөлік транспорты;
- Темір жол транспорты;
- Әуе транспорты;
- Су транспорты;
- Жүктерді сақтандыру;
- Мүлікті сақтандыру;
- Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- Автомобиль көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Темір жол транспорт иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Әуе жол транспорт иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Су жол транспорт иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Тасымалдаушының пасажирлер алдыңдағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- Келтірілген залалдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;[29.3б.]
Кесте -15
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының сақтандыру сыйақыларының сақтандыру класстары бойынша түсуі (01.01.2006)
мың теңге
Қайнар көзі: «Қазақшетсақтандыру» компаниясының сайты: office@halyk—kis.kz
Кестеден көрініп тұрғандай, ҚШС-дың сақтандыру портфельінің үлкен бөлігін ерікті мүлікті сақтандыру – 79,63%.
01.10.2005жылы ҚШС-дың сақтандыру портфельінің үлесі нарық портфельінің үлесімен салыстырғанда 12%. Ал 2003 жылы 20%, 2004 жылы 16%.
Міндетті сақтандыруда нарық класстарымен салыстырғанда 5,97% төмен. Ары қарай дамыту және сақтандыру қызметінің қауіпті объектілердің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ұсыныстары, ҚШС үлесі 6,67% және 1,65% құрады.
Ерікті жеке сақтандыру классындағы үлесі нарық классымен салыстырғанда – 10,12%. Бұл жерде сақтандыру сыйақыларын жинау болашақта өседі, өйткені сақтандыру өнімдерінің ассортименті жақсаруы жазатайым жағдайлардан сақтандыру үлесінен 9,75%.
Ерікті мүліктік сақтандыру классынан нарық классымен салыстырғанда 14,15% үлесті құрайды. Бұл класс бойынша сақтандыру портфельінің жақсаруы сақтандыру қызметінің келесі класстары бойынша жүзеге асады: автокөлікті сақтандыру, жүкті, келісім бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және келтірілген зияндар үшін үшінші тұлғаларға азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. (Қосымша Е)
Кесте — 16
“Қазақшетсақтандыру” компаниясының ерікті мүлікті сақтандырудан түскен сыйақылары
мың теңге
Қайнар көзі: «Қазақшетсақтандыру» компаниясының сайты: office@halyk—kis.kz
Өткен жылдың аналогтық кезеңімен салыстырғанда брутто-сыйақыларының өсуі 21% болды. Мүлікті және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру үлесі 56,3% ҚШС-дың сақтандыру портфельінің барлық брутто-сыйақыларынан 62%-ке өскен, ал автокөлікті сақтандыру үлесі 87%-ке ұлғайды. Ал жүкті сақтандыру үлесі едәуір төмендеді.
Сақтандырудың барлық түрінен үлкен келісім-шарттарда міндеттіліктің(сақтандыру сомасы) төмен екенін көреміз, өйткені ірі келісім-шарттар қайта сақтандыруға берілген. ҚШС-дың шығындарын талдағанда осы көрсеткіштің былтырғы жылмен салыстырғанда барлық сақтандыру түрлерінен төмендегенін көреміз. Бірақ, нарықтық көрсеткіштермен салыстырғанда бұрыңғыдай жоғары, мүлікті сақтандыру мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру класстарын ескермегенде. Резервтерді талдауда сақтандыру төлемдері мен нарықтық көрсеткіштерінің қатынасы жақсы корреляцияны көрсетіп тұр.
Сақтандыру тарифтерін талдауда 40% пайдаланылған тарифтер бекітілген базалық тарифтергесәйкестігін көрсетеді. Ал 30%-і пайдаланылған тариф базалықтан жоғары. 10%-тен азы базалық тарифтен төмен, соған қарамастан өз тәуекелін жаба алады.
“Халық Банктің” мүлкін сақтандырудан сақтандыру сыйақыларын жинау динамикасы өсуде, ол ҚШС-дың сыйақы портфельінің 25%-ін құрайды.
ҚШС-тың негізгі қаржылық көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 30%-ке өсті, бұл өсім жалпы сақтандыру нарығының көрсеткішінің өсуіне алып келді.[30.19б.]
ҚШС-дың міндетті сақтандырудың барлық түрінен үлесі төмен. Жоғары потенциалды міндетті сақтандыру түрлерінде қауіпті объект иелері және жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыруда, әсіресе қажетті заң шыққаннан кейін. Жақын болашақта міндетті экологиялық тәуекелді сақтандыру ауқымды дамуы күтілуде.
Медициналық сақтандыру мен жазатайым жағдайдан сақтандыруды дамытуда үлкен резерв бар. Медициналық қызмет көрсету бойынша ҚШС-дың инфрақұрылымын жақсарту қажет.
Ерікті мүліктік сақтандыру түрлері бойынша ҚШС алдыда, нарықтық көрсеткіштердің әуе транспортын сақтандыру және әуе тасымалдаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда 70% құрайды. Бірақ, нарықпен салыстырғанда ҚШС осы сақтандыру түрлері бойынша үлесі аз. Қаржы тәуекелін сақтандыруды дамыту қажеттілігі туып отыр, әсіресе «Халық» тобын қолдауда негізінен кәсіпкерлік тәуекелділік пен келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруда.
Жылдан жылға сақтандырылып келе жатқан клиенттерге сапалы түрде қатынасты өзгерту, оларға жаңа қызмет түрін ұсыну, қызметті неғұрлым төмен тарифпен көрсету, «фиделизация» жолымен жүру – яғни, тұрақты клиенттерді ұстап қалу.
Сақтандыру қызметін көрсетуде ғана емес, сонымен қатар сақтандыру жағдайы болған кезді бақылау.
Маркетингтік және бренч-маркетингтік зерттеулердің қажеттілігі.
Жалпылай алғанда, сақтандыру нарығы ірі заңды тұлғалардан құралған және ірі сақтандыру компаниялары арасында өзара бөлінген, олар түрлі қаржылық топтардың қызығушылықтарын көрсетеді.
ҚШС-дың алдағы уақыттағы дамуы негізінен шағын және орта кәсіпкерлікті және халықты сақтандыруға бағытталған. Сапалы сақтандыру қызметін көрсетуге кең ассортимент ұсынылады.
Жаңа типтегі компания ретінде – барлық халықаралық сапа стандарт талаптарына жауап бере алатындай, ҚШС-да реинженериг міндетті түрде жүргізу қажет, компанияның бизнес процесін қазіргі технологиялар негізінде құру, имиджін қалыптастыру.
Компанияның мақсаттары:
- 2007-2009 жылдарға «Қазақшетсақтандыру» АҚ даму стратегиясын жасау;
- ТМД және Қазақстан нарығында көшбасшы орнына жету стратегиясын жасау;
- «Қазақшетсақтандыру» компаниясының халықаралық сапа стандарттарына жауап беретін, жаңа типтегі компания имиджін қалыптастыру.
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының қазіргі уақыттағы міндеттеріне жаңа типтегі компанияны құру үшін, технологиялық және материалдық базаны қалыптастыру. Ол үшін:
- сақтандырудың қазіргі технологияларын оқыту мен енгізу;
- ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандартына кіру үшін «Қазақшетсақтандыру» компаниясының бизнес процесін құру;
- «Халық» тобының кросс-сату қызметін ұйымдастыру мақсатында қарапайым, әрі қолжететін тапсырысқа жауап беретін өнім сызығын жасау және енгізу;
- қазіргі сақтандыру технологияларына сай келетін, программалық қамсыздандыруды енгізу;
- «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қызметкерлерін мотивациялау жүйесін жасау;
- капитализацияны өсіру.
Бірінші тапсырма — сақтандырудың қазіргі технологияларын оқыту мен енгізу массалық сатуды ұйымдастыру қажет, яғни сақтандыру қызметін сатудың негізгі жолы IT-технолгиялар потенциалын есепке алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы компаниялардың өз қызметі мен товарларды массалық сатуда пайдаланатын: интернет, мобильді байланыс, банкомат және т.б.
Шығыс Еуропа, Тынық мухиты аумағындағы дамыған елдердің сақтандыру компанияларының жұмыс істеу тәжірибесін алу(Қазақстандағы халықаралық қаржы институттары мен халықаралық брокерлар өкілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану).
Дайын сақтандыру өнімдерін енгізу немесе сатып алу.
Екінші тапсырма — ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандартына кіру үшін «Қазақшетсақтандыру» компаниясының бизнес процесін құру. Бизнес процесті ұйымдастыру үшін:
тұтынушы қажеттілігіне бағытталу, басшының ұмтылысы, адамдарды тарту, процестік әдіс, менеджментке жүйелік қарау, компания қазметінің үнемі жоғарылауы, тиімділікті жоғарылату, дәлелге негізделген шешімдерді қабылдау, жеткізушілермен екі жақты тиімді қатынаста болу. Мыналар ол үшін қажет: сапа менеджменті, басшы жауапкершілігі, іс-қағаздарды сапалы толтыру, ресурс менеджменті, өнім шығару, сатып алу, өлшеу, талдау, жақсарту.
Үшінші тапсырма — «Халық» тобының кросс-сату қызметін ұйымдастыру мақсатында қарапайым, әрі қолжететін тапсырысқа жауап беретін өнім сызығын жасау және енгізу үшін «Қазақшетсақтандыру» компаниясы «Халық» тобының ажырамас бөлігі екенін позициялау. «Халық» компаниясының қаржы институттар тобының техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін өзара интеграция үшін пайдалану. «Халық» компаниялар тобына қаржылық қызметтерді тұтынушыларға көрсетуге жалпы категориялар мен белгілерді анықтау. «Халық» компаниялар тобынын клиенттерге қызмет көрсету үшін универсалды менеджерлер институтын құруға қатысу. «Халық» компаниялар тобынын клиенттеріне 20 қарапайым, әрі қол жетерлік сақтандыру өнімдерін дайындау.
Төртінші тапсырма — қазіргі сақтандыру технологияларына сай келетін, программалық қамсыздандыруды енгізу үшін «Premia» прграммалық қамсыздандыруды енгізу және «Халық» тобының клиенттеріне қызмет көрсету үшін біркелкі база жасау. Массалық сатуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану. Басқару есептілігін енгізу, классификатор, кодификатор әдісін негізгі және көмекші бизнес-процесте пайдалану, клиент типін, персонал категориясын, дистрибьютер каналын, шығын мен кірістің құрылымдық бөлімдерін және т.б. енгізу. Статистикалық есептілік қазіргі бақылау органдарының талаптарына жауап беретін, сонымен қатар ERP – шешім — бюджетті жоспарлау мен талдауда ретроспективтік және перспективтік көрсеткіштер сақтандыру шешімін қабылдаудағы ақпараттық-аналитикалық мүмкіндіктер. CRM – клиенттермен қатынасты басқаруды қарастыру.
Бесінші тапсырма — «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қызметкерлерін мотивациялау жүйесін жасау үшін әрбір қызметкерлерге қазіргі дизайнға сай персоналды техникалық инфрақұрылым жасау. «Қазақшетсақтандырудың» қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін жасау, яғни front – back – office есебімен бөлу. Қызметкерлердің инновациялық ұсыныстарын (табысты жоғарылату, жұмысты тиімді орындау) мотивациялау. Білім деңгейін, квалификациясын, жаңа мамандықтарды меңгерген қызметкерлерді мотивациялау жүйесін жасау. Жұмыс қорытындысын марапаттау, мысалы «жыл андеррайтері», «жыл менеджері», «жыл филиал директоры» және т.б. «ҚШС-дың қызметкерлеріне әлеуметтік пакет» жасау.
Алтыншы тапсырма — капитализацияны өсіру үшін андеррайтинг қабылдайтын тәуекел жүйесін енгізу, қайта сақтандыруда облигаторлық экцедент саясатын пайдалану, 2006 жылы таза табысты компанияның өзінің ұстап қалуынан 1200 млн.теңгеге жеткізу.[31.29б.]
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және болашағы
3.1 Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік
аренадағы оның даму деңгейі
Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқықтық актілер негізінде іске асылылады. Қабылданған нормативті-құқықтық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде Республикадағы кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады:
- 1987 – 2001 жылдардың аралығы кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны он есе дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдерін бастан кешірді; еліміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде сипаттауға болады.
- 2002 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен институттардың тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіпкерлікті дамытудың белгілі теоретикалық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік Республика экономикасын гүлдендіретін басты тетіктердің бірі екенін көрсетті. Мұнымен қоса кәсіпкерліктің қолданатын формалары мен түрлері алуан түрлі. Екінші кезеңнің басталуы, атап айтқанда 2002 жылдан бастап, «Қазақстан Руспубликасының 2002-2004 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын» қабылдауға байланысты, кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылды.
- Экономикасы дамыған елдердегі кәсіпкерліктің дамуында қол жеткен әлеуметтік-экономикалық параметрлеріне сәйкес, мәні инновациялық процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады.
Сөйтіп, кәсіпкерліктің дамуының әрбір кезеңіне, қызметтің осы түрін қалыптастыратын, өзінің факторлары мен нәтижелері тән. Кәсіпкеріктің даму кезеңдері қосымшада көрсетілген. Кәсіпкеріктің дамуынын әр кезеңіндегі өзгешеліктерді қарастырайық.
Экономиканың осы секторының дамуының бірінші кезеңі, 1987 жылдан бастап, он төрт жыл уақыт аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында Республика бұған дейін болып көрмеген қарқынмен елде кәсіпкерләктә қалыптастырды. Бұған бірінші кезекте нормативті-құқықтық базаны құру ықпал етті. (Кесте — 5)
1987 жылы Қазақстандағы кәсіпкерліктің пайда болу жылы болып саналады, осы кезде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) Үкіметі «Жеке еңбек қызметі туралы» заңды қабылдады.
Кесте – 17
ҚР-дағы кәсіпкерлікті бірінші кезеңде реттеудің қабылданған негізгі
нормативті-құқықтық актілердің тізімі
№ |
Құжаттардың аталуы |
Бекітілу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
1 |
“Жеке еңбек туралы” КСРО заңы |
19.11.1986ж. |
2 |
“КСРО-да коопериция туралы” КСРО заңы |
01.07.1989ж. |
3 |
“КСРО-да меншік туралы ” КСРО заңы |
01.03.1990ж. |
4 |
“Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы” Қазақстан КСР заңы |
11.12.1990ж. |
5 |
“КСРО-да кәсіпорындар туралы” КСРО заңы |
01.01.1991ж. |
6 |
“1992-1994 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы” |
05.05.1992ж. |
7 |
“Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” Қазақстан Республикасының заңы |
04.07.1992ж. |
8 |
“1995-1996 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы ” |
10.07.1994ж. |
9 |
“Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі” |
27.12.1994ж. |
10 |
“Шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауды күшейту және дамытуды белсеңдету шаралары туралы” ҚР-ның Президентінің Үкімі |
06.03.1997ж. |
11 |
“Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің төменгі мөлшері туралы” ҚР-ның Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы |
08.04.1997ж. |
12 |
“ Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер бөліктерін несиеге сату бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және жүргізу туралы” ереже |
17.04.1997ж. |
13 |
“Болашақта меншікке беру құқығымен кәсіпкерлік субъектілерне қолданылмайтын өндірістік бөлмелерді және объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарда офистік бөлмелерді беру жөнінен тендерлерді жүргізу туралы” ережелер (және де шағын кәсіпкерліктің кәсіпкерлеріне аяқталмаған құрылыстың мемлекеттік объектілерін беру жөнінде) |
17.04.1997ж. |
1 |
2 |
3 |
14 |
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы” ҚР-ның Үкіметінің қаулысы |
26.04.1997ж. |
15 |
“Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызды және аймақтық бағдарламалары туралы” ҚР Президентінің үкімі |
07.06.1997ж. |
16 |
“Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР заңы |
19.06.1997ж. |
17 |
“Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР заңы |
19.06.1997ж. |
18 |
“Шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы” ҚР заңы |
31.03.1998ж. |
19 |
“Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы” |
31.12.1998ж. |
20 |
“Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігі туралы қаулы” ҚР Президентінің үкімі |
15.11.1999ж. |
21 |
“Қаржылық лизинг туралы” ҚР заңы |
05.06.2000ж. |
22 |
“Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудегі коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде пайдалану мәселелері туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы |
07.07.2000ж. |
23 |
“Қазақстан Республикасында қолөнершілікті дамыту концепциясы туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы |
11.07.2000ж. |
24 |
“Шағын кәсіпкерлік жөніндегі Республиканың ақпаратты-көрмелік орталығы” жабық акционерлік қоғамның құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы |
17.10.2000ж. |
25 |
“Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы” |
07.05.2001ж. |
Ескерту: Кесте автормен құрылған.
Бұл заңға сәйкес меншіктік немесе заемдік қаржыларды тарту есебінен пайданы және табысты алуды көздейтін жеке меншік, әр түрлі бастамалар рұқсат етілді. Республика аумағында негізінен қызмет көрсету сферасында әрекет ететін, кооперативтер пайда болды: коммуналды-тұрғын үй шаруашылығында, тұрмыстық қызмет көрсетуде, медицина сферасында және т.б.
Қазақстан экономикасында мемлекеттік емес сектордың қалыптасуы 1989 жылдың 1 шілдесінде “КСРО-да кооперация туралы” заңның енуімен нығайды. Ол кооперативтердің шаруашылық жүргізу формаларын еркін пайымдады. Заң жұмыс істеді, оны Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың даму динамикасы көрсетті. Бұл қозғалыстың жандануы 1990 жылға келеді, ол кезде кооператив саны 15 мың бірлікке теңесті, жұмысшылар саны 300 мыңнан асты. Кооперативтік ұйымдардың көбісі құрылыста 31,4 %, 12% астамы көпшілік тұтыну тауарларын өндіруге, оныншы бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Кооперативтер тауарлар мен өнімдердің ¼ бөлігін өндірді.[32.7б.] Әрі қарай 1990жылдың 1-наурызында “КСРО-да меншік заңы” қабылданды. Бұл заңның арқасында кәсіпкерлер құқықтары жерге, оның қойнауына, ғимарат, құрылыс, өсімдік және жануар әлемін, бағалы қағаздарды және т.б. меншік ретінде иелену құқықтары кеңейді. 1990жылдың 11-желтоқсанында қабылданған “Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы” Қазақстан КСР заңы бұл құжаттқа негізгі толықтыру болып табылады. Ал 1991жылы “КСРО-да кәсіпорындар туралы” КСРО заңы қабылданды, ол сондай-ақ әр түрлі меншік формаларында кәсіпорындарды ұйымдастырудың жалпы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтады.
Сонымен, 1987жылдан бастап 1991жылға дейін кәсіпкерліктің еркіндігін шектейтін бірінші заңдар қабылданған болатын. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болуымен, 1991 жылдың желтоқсанынан бастап өз тәжірибесін және өзінің нарықтық реформаларының бағдарламаларын пайдалана отырып, елдегі кәсіпкерлікті дамытуды жалғастырды.
Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы экономикалық дағдарыс, өндірістік байланыстардың бұзылуы, көптеген кәсіпорындардың тоқтауы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өзгермелі инфляция және т.б. жағдайлар болды. Қалыптасқан қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет кәсіпкерлік проблемаларымен айналысуда. Осы уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясы жас республикадағы кәсіпкерліктің құқықтық негізі болды. 1992 жылы ҚР Үкіметі «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заң қабылдады. Содан кейін, 1995 жылдың 1 наурызында күшіне енген, ҚР-ның Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік қызметпен тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар меншіктің барлық формаларының заңды тұлғалары айналыса алады деп көрсетілген.
Уақыттың осы аралығында кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру жөнінен жүргізілген реформалар кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылды:
I-кезең (1991-1992 жылдар) — қызмет көрсету аумағында жүргізілді(сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру т.б.);
II-кезең (1993-1995 жылдар) — өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында және ауыл шаруашылығында;
III-кезең (1996-1998 жылдар) — бұл Қазақстан экономикасында жеке секторды орнықтыру;
IV-кезең (1999-2000 жылдар) – жекешелендірілген мемлекеттік мүлікті есепке алуды, басқару тиімділігін одан әрі жетілдіру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету. Республикада 1991-2000жылдар аралығында мемлекеттік меншіктің 34,5 мыңнан астам объектілері жекешелендірілді[33.170б.].
Кәсіпкерліктің дамуының екінші кезеңінде кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базасының жетілдірілуі жалғастырылуда.
Кесте — 18
Екінші кезеңде кәсіпкерлікті реттеудегі ҚР-да қабылданған негізгі
нормативті-құқықтық актілердің тізімі
№ |
Құжаттардың аталуы |
Бекіту мерзімі |
1 |
ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы |
28.03.2002 жыл |
2 |
ҚР “Инновациялық қызметі туралы” заңы |
03.07.2002 жыл |
3 |
ҚР “Кешенді кәсіпкерлік лицензиялары (франчайзинг) туралы” заңы |
24.07.2002 жыл |
4 |
ҚР шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
29.12.2003 жыл |
Бірінші кезеңде кәсіпкерліктің болашақтары мен міндеттері нормативті-құқықтық актілерімен, өзіндік проблемелар құрамында жеке қарастырылды, сондықтан бірін-бірі алмастырушы құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар, қағидалар экономиканың осы секторын орташа нәтижелерге әкелді, ал оның дамуының басында айда болған, проблемалар өткен он бес жыл уақыт аралығының өткендігіне қарамастан кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатындығын атап өту қажет.
2002 жылдың бірінші жартысында Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері қарастырылған, Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Н.А.Назарбаев “…біз көп жыл бойы шағын және орташа бизнесті, шикізаттық емес салаларды дамыту, импортты алмастыру, қосымша құнды көтеру, жаңа шектерді енгізу қажеттілігі туралы айтудамыз, бірақ бұл сферадағы жетістіктер әліде көп емес” деп айтып өтті. [34.3б.]
Кәсіпкерліктің екінші кезеңінде инновациялық процестермен, жаңа өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін, жаңа технологиялар, ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері және т.б. тығыз байланыстырылды. Инновациялық дамудың 2001-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасына, инновациялық жобаларды енгізу бюджеттен қаржыларды бөлуге, 03.07.2002 жылы “Инновациялық қызмет туралы” заңды бекітуіне қарамастан, Республикадағы инновациялық кәсіпкерлік дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Менің ойымша Республикадағы кәсіпкерліктің дамуының бұл кезеңіне негізінен иммитациялық кәсіпкерлік тән, яғни жаңашылдардың жаңалықтарын белсеңді түрде пайдалану.
Республикада кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-үлгілерді енгізу тенденциясы байқалды. Оларға франчайзингтң жатқызуға болады. Қазіргі уақытта франчайзинг әлемдік кәсіпкерліктің әйгілі түрлерінің бірі болып табылады және Германия, Франция, Австрия, АҚШ және т.б. әлемнің 80 елдерінде кеңінен қолданылады. Қазақстанда халықаралық франчайзингті ұтымды қолданудың жеке мысалдары бар. Бұл – Coca cola, Pepci, Xerox, Kodak, Zepter, Hamle және т.б. Берілген бизнес-үлгісі ТМД жеке елдерімен салыстырғанда бұған дейін Қазақстанда кеңінен қолданылмаған атап өту қажет. Елде франчайзингтік қатынастарды кең тарату үшін “Кешенді кәсіпкерлік лицензиялар (франчайзинг) туралы” заң қабылданды, ол келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: елдегі өндірісті дамыту, халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру, жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы тауарлармен толтыру.
Кәсіпкерліктің дамуының үшінші кезеңінде нормативті-құқықтық актілерін әрі қарай жетілдіру мен оларды орындауды бақылауды күшейту, инфрақұрылымды және оны пайдалану тиімділігін көтеру, қаржылы-несиелік және инвестициялық қолдау, өңірлік деңгейде мамандарды дайындау мен үйрету процесі жалғасады. Ал үшінші кезеңнен күтілген нәтижелер – бәсекеге қабәлетті өнім мен қызметтерге деген халықтың сұранымын толық қанағаттандыру, жаңа жұмыс орындарын ұсыну, шынайы бәсекелестік ортаны отандық кәсіпкерлер арасында ғана емес сонымен бірге алыс және таяу шет ел кәсіпкерлерімен құру, меншік иелерінің көпшілік тобын әрі қарай қалыптастыру, елдің экспорттық потенциалын көтеру, шағын кәсіпорындар ірі және оташа кәсіпрындарды құру үшін негіз болады және де кәсіпкерлікке иммитациялық қызметімен бірге инновациялық қызмет қолдау алады.
Шағын кәсіпкерлік дамуының әлемдік тәжиребесіне ғылыми шолу жасау оның басты екі экономикалық ерекшелігін атауға мүмкіндік береді: а) өндірісті ұйымдастыру нарықтың сұранысына сай жүргізілетендіктен, шағын кәсіпкер соңғы тұтынушыға лайықтап қана өнім шығарады: ә) шағын бәсәкелестік ортада қозғаушы күш рөлін атқарады. Сондай – ақ оның неғұрлым көбірек жиынтығы ірі бизнеспен де бәсекелесе алады екен. Мысалы, АҚШ-тағы 1965-1985 ж аралығындағы шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуы мәліметтеріне талдау жасаған Фю Дракер «Америкадағы басқарудағы экономикасында (ірі компаниялардың менежерлері билігін жүргізген кезең )кәсіпкерлердің екінші сатыға жылжығанын, мұның өзі АҚШ тарихында бұрын соңды кездеспеген революция » екендігін атап көрсеткен.
Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі.
БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95%-ке артық. Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60%-тен астамы келеді, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ке жетеді.
Рыноктық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә. Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше “жұмсақ” жағдайлар құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирмаішілік процесті үнемі ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары:
- жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетімділікті жеңілдету;
- рынок капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, рыноктық және жеңілдікті кредитті ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдікпен кредит беру) қол жетімділікті жеңілдету;
- кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік-желілік ұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселесі бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.
Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер – бұл Италия, АҚШ, Германия, Жапония, Корея, Дания, Мексика, Чили, Бразилия. Бірқатар дамыған және дамушы елдерде кластаерлік-желілік ұстанымға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыруды мысалға келтіремін.
- Италия. Бірінші рет кластерлік-желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлік-желілік ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның бастау алатын “үшінші Италия” деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 70 жылдардың соңында “бірінші” және “екінші” Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді, елдің солтүстік-шығыс және орталық бөлігі экономиклық өсудің жоғары түрін көрсетті. Негізінен кәсіпорындар әрекет ететін (тоқыма және былғары өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз өндірісі) бірқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты, “үшінші Италияның” кәсіпкерлік кластерлері өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, кәсіпкерлік кластерлері өндірістік процеске инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты.
- АҚШ. ЖҰӨ-нің 50%-нен астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшінің 2⁄3 астамы кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші роль атқарады. Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым – АҚШ шағын бизнес әкімшілігі( 1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету – қызметтің мәні.
- Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі барлық компаниялар санының 99,6%-ін, ЖІӨ-нің 55%-ін және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80%-ін құрайды. Кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі құрылды. Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары:
- ШОБ-ті жаңғыру үшін кредиттер мен жеңілдікті кредиттерге кепілдік беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетімділікті жеңілдету (20 жылға 1,05%-тік ставкамен);
- Бизнес-инкубаторлар құру, салық салу және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелері бойынша қысқа мерзімді негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесін құру;
- Техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;
- Жаңа әзірлемелерді коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми орта, бизнес және үкімет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;
- Пайыздық төлем ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлік жобаларға мемлекеттің қатысуы және зерттеу кәсіпорындары үшін патенттік төлемдерді төмендету.
Жапонияда зерттеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші ролді технопарктер алады.70% шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл ретте, 58%-і жоғары технологиялы өнімдер өндіруге бағытталған.
- Германия. Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі бағыты- бұл мынадай нарықтық тетіктерге:
- Мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;
- Тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі тиіс;
- Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап – кредитке қабілеттілікке тірек болады.
- Корея. Барлық компаниялардың 99,5%-ін құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Соның ішінде шағын компаниялардың үлесі 97% құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзі болып табылады, өйткені онла елдің экономикалық белсеңдң халқының 87%-і жұмыспен қамтылған (10 млн.астам). Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне елдің ЖІӨ-нің жартысы және оңтүстіккореялық экспорттың 43%-і тиесілі.
- Израиль. Қолдау инфақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың 2⁄3-ін құрайды, 1⁄4- кәсіпкердің салған қаражаты. Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда жаңа инновациялық жобалар жасалады.
Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдында шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндетті қойылған елдерде жақсы дамыған.
Ғылыми-өнеркәсіпкік парктер болашақтағы технополистердің – технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзірлемелері қалаларының қазіргі үлгілреі болып табылады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді дамыту басымдылығының стратегиясы – бұл жоғары технологиялық деңгейдің өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында ілгерілендіру.
Технополистер ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан-жақты дамыған, жаңа қоғамы құрылады.[23.58б.]
Нарық экономикасы жеткілікті дамыған елдердің өзінде соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділік артып отыр. Кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған адамдар бизнесті, әдетте өзінің жекеменшік жекеменшік ісімен бастаған. Айталық АҚШ-та 1950ж орташа есеппен 130 жылдары -600, осы ғасырдың алғашқы жылдары-900 мыңға жеткен.
Кәсіпкерліктің жедел дамуына жоғары сапалы технологиялардың көбеюі де, қоғамдағы және жеке адамдар арасындағы объективті қажеттілік те қатты әсерін тигізуде. Болашағы зор көптеген идеялар көбіне шағын фирмаларда дүниеге келіп, жаңа технология негізінде өндіріске қосылып жатады. Мәселен, жаңашыл идеялар АҚШ-тың ірі компанияларынан гөрі шағын фирмасында 2,5 есе көбірек туындайды екен.
Нарықтың дамуына байланысты тауарлы ақша қатынастарына негізделген нарық жүйесі шағын кәсіпорындардың дамуы мен толықуын тынымсыз талап етеді. Былайша айтқанда,нарық экономикасының ең қысқа түсінігін кәсіпкерлік экономикасы ретінде қарастыру керек. Сол себептен, кәсіпкерліктің саналуан түрлері мен нысандарының дамуынсыз толыққанды экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.
3.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің
проблемалары және кәсіпкерліктің дамуы
Қысқы мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам еліне шағынданған болатын. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылған болатын. Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ол оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, Республикада кәсіпкерліктің даму тарихы не бары 15 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың алты мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қамтыған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қойылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жыл, 1994-1996 жыл, 1999-2000 жыл, 2001-2002 жыл, 2005-2006 жыл) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтары шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік қажетті жағдайларды жасады.
Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңінің күрделі және әрқашан жағымды емес әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасты. Түрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына кедергі жасады. Прблемалар экономиканың жалпы дағдарысының жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына, қазіргі менеджмент пен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты болды. Социологиялық сұрақ-жауапқа сай АҚШ-та бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу, бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел экономикасы жағдайы туралы сұрақ-5, капиталға қол жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті аталмаған.
Ресейде керісінше, негізгі шектер бизнес шеңберінен тыс орналасқан: сұраққа жауап берген кәсіпкерлердің 90-% олардың бизнесті дамыту жолындағы басты кедергі ретінде мемлекеттің салық саясатын, 80-% дұрыс заң жоқтығын, 67-% капиталға қол жеткізудің аса қиындығын, 66-% банк жүйесінің тұрақсыздығын, 55-% өкімет құрылымдарындағы сыбайластықты атайды.
Ресейдегі сияқты Қазақстанда бірінші орында салық саясаты, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші орында несие саясаты, содан кейін сату, шикізатпен қамтамасыз ету проблемалары соңғы орында мемлекеттік органдармен өзара әрекеті тұр.[35.56б.]
Кәсіпкерлік қызметінің табыс критерийіне болып, кәсіпорынның жеткілікті пайда және табыс табу қабілеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне тура келеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы төрт жыл ішінде – 51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде – 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:
- Экономикалық факторлар – 47,4%;
- Қаржылық қиыншылықтар – 38,4%;
- Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы – 7,1%;
- Кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы – 3,4%;
- Басқалар – 3,7%
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен өндіріс технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Кәсіпорынды банкрот болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:
- Стратегиялық сипаттағы қателіктер;
- Жалпы менеджмент проблемалары;
- Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.
Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігуі,басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқталуын да қосады.
Егер кәсіпорын тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда ол сәтсіз кәсіпорын қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқталуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастырады:
- Банкротқа ұшыраумен байланысты;
- Алдағы залалдардың алдын алу мақсатымен;
- Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты.
Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуі ең басынан жаңа кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылу сипатына ие болды. Бірақ бүгін сол құрылған кәсіпорындардың азы ғана пайданы және құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғаның айта кету керек.
Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:
- әлеуметтік-экономикалық;
- саяси;
- құқықтық;
- психологиялық;
- кадрлық;
- ұйымдастырушылық;
Әлеуметтік-экономикалық факторларға демонополиялау қарқынының төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздері, коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру жүйесінің болмауы сияқты факторлар жатады. Саяси факторларға кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігін, бюрократиялық аппарат кедергісін жатқызуға болады. Әлеуметтік сауалнама бойынша кәсіпкерлердің көпшілігі, реформаны республикалық министрліктер мен жергілікті билік органдары ұстап отыр деп есептейді. Құқық мазмұнындағы факторларға бірінші кезекте салық жүйесінің жетілмегендігі және нормативті құқықтық базадағы қарама-қайшылықтар жатады. Заң базасында жиі болатын өзгерістер ертеңгі күнге деген сенімсіздікті тудырады, осыдан барып ұзақ мерзімді болашақ емес, бір күндік пайдаға бағдарланушылық орын алады. Өткір бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болу мақсатында кәсіпкерлік құрылымдардың құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа кәсіпорындардың салаға кіруіне тосқауыл болып отыр.[36.102б.]
Құнның бәрі мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек қажеттілігін көрсетеді.
Қажетті нарықтың құрылымдарымен өзара байланыстарды құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды. Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды шешуге тура келеді.
Біріншіден, экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік жүйесін қирату кезінде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңес беру фирмалары мен басқа мекемелер түріндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру.
Үшіншіден, кәсіпкерліктің уәждік базасын құру үшін экономика әрекет етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.
Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді ұмытуға болмайды.
Осылардың барлығынан Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың орны ерекше екенін байқаймыз. Себебі, ол өз қызметін стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады, кәсіпкерліктің дамуы ұлттық байлықтың маңызды бөлігін құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бір қатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектілерінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құның кредиттерге айналдыруға мәжбүр.
Кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.
Осы сабаптенде біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болып қалуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.
Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіру кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі.
Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезінде сыртқы және ішк ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы – бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-несие ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметінің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерге қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.
Көптеген өнірлерде кәсіпкерлердің биліктігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда, кәсіпкерлік бизнес үшін инженер-техник және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады. Кәсіпкерлікте туындаған осындай проблемаларды шешу үшін,және кәсіпкерлікті одан әрі дамып жетілуі үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
- Кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру;
- Кәсіпкерліктің несие ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының тиімділігін арттыру;
- Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңайландыру;
- Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру;
- Кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
- Кәсіпорындарға арнайы кадрлар дайындау.[37.21б.]
Қазақстан кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрылудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайында дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерліктің қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметтері туралы» заңы алғаш рет ресмиленді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды бір шама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсеңділікке жағдай жасады.
3.3 Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі
Экономикалық саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интелектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамашылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар жене тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайыұйым Шағын Бизнес Әкімшілігі бар; Жапонияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөнінде ассоциация құрған,Канадада бизнесті дамытудың федералды банкті арқылы кәсіпкерлерді несиемен және кепілдемемен қамтамасыз етеді,
Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ҚР-ның Президентінің бастамасымен 5 заң, зандық күші бар 7 жарғы, бірнеше бағдарламалар қабылданған:1999-2000,2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау туралы.
Дегенмен, оған қажетті жағдайлардың біртіндеп қалыптасып келе жатқанына қарамастан, шағын кәсіпкерлікті баяу қарқынды және қиын түрде дамып келеді. Қазіргі кезде нарықтық экономиканың ерекшке секторы ретінде шағын кәсіпкерлік қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды.
Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы шешетін өзекті мәсәлелерінің бірі. Бұл тұлғыда негізгі мақсат-шағын кәсіпкеліктің экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.
ҚР-ның аса нараз аударып жатқан аясы кәсіпкерлікті дамыту мен оны басқару және материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын шешу қажеттігі. Ол мемлекеттің көмегі керек:
1-ден, құқықтық реттеудің түрлері мен шегін белгілеу;
2-ден, кәсікерліктің қарқыны өсіру мәселесі;
3-ден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;
4-ден, бақылау органдарының кәсіпкерлік субьектілірін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдеу.[38.268б.]
Сондықтан бұл мәселе ҚР-ның Президентінің «Қазақстан — 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты — оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдылықтар:
- мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс- қимылы;
- несиелендіру тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;
- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылым дамыту;
Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілері санының өсуі; жаңа жұмыс орындарының құрылуы; шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы; нақты бәсекелестік орта құру; қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр.
Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудағы ынталандыру мақсатында 2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданған /07.05.2001 ж/. Бұл бағдарлама шағын бизнесті қолдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттігінің негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсат –шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамаыссыз етуін белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру. Бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 22%-ке дейін өседі деп болжам жасайды.
ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетік шараларының бірі «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР-ның Президентінің Жарлығы /06.03.1997 ж./. Бұл жарлық бойынша :
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның Экономика және Сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және Сауда Министірлігіне жүктелген );
- шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылады;
- мемлекеттік тексеруші органдар саны азайтылады;
- екінші деңгейлі банктердің минималды көлеммен несиелендіру бекітілді.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекетік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті болып саналады. Оның құрамында 2 сараптау кеңесі бар:
Біріншісі –нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кісіпкерлік құрылымының өкілдерінен тұрады;
Екіншісі – кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық , министірлік өкілдерінен тұрады;
Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан келіп, экономикалық негіз ретінде заңдар мен құқықтық –нормативтік құжаттармен қатар қаржылай, салықтық инвестициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Соның бірі –ақша несие саясаты, оның кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуына ықпал өте жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселе қозғалғанда несие меселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі.
Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несие жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда шағын кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жүйесі жүзеге асырылған. Мысалы, Казкомерцбанк жеке тұлғаларға 500доллардан жоғары көлемде және 12 айдан асатын уақытқа белгілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар Европалық Қайта Құру мен Даму Банкі ҚР-ның шағын бизнесті қолдау Қорымен бірлесе отырып шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл бағдарламаның мақсаты – шағын және орта кәсіпорындарға қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету. Несиелік линия көлемі 775 млн. долл. және несиенің үш түрін беруді ұсынады:
- micro (10 мың долларға дейін )-бұл теңгемен, шетел валютасымен де 12 айға дейін беріледі;
- large-micro(10- нан 30 мың долл. дейін ) шетел валютасымен 12 айға дейін;
- small(30-нан 125 мың долл.дейін / шетел валютасымен 30 айға дейін; ал теңгемен 12 айға дейін беріледі.
Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыс аққарады: «Казкоммерцбанк », «Банкцентркредит», «Тұран Алем Банк »және т.б.
Жалпы шағын кәсіпорындарға несите берушілердің 37%-коммерцияляқ банктер, 21%-жеке қарыз берушілер(достары,туыстары), 18%-шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау Қоры;12 %-Ұлттық Банк қаражаттары құрайды.
Тағы бір маңзды мәселе шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау ретінде 2002 жылы 27 желтоқсанда ҚР-ның Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мараторий жариялау туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулысы сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003жылдың 1 қаңтар мен 1қазаны аралығында кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтата тұрады. Тек төрт түрлі жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:
- Салық қызметі тексеруі, бұл тексеру жүргізудің негізгі салық төлеушінің өтініші болып табылады. Яғни аталмыш тексеру салық төлеушінің мүддесін заң жүзінде қорғауға бағытталады.
- Заңдарға сәйкес, қылмыстық іске және әкімшілік құқық бұзушылыққа тоқтауыл қою мақсатында тексеру.
- Мемлекетіміздің конституциялық құрылысы, қоғамдық тәртіп,адам құқығы мен бостандығына қарсы құқық бұзушылыққа бағытталған іс-әрекеттерді әшкерлеу мақсатындажүргізілетін тексеру.
- Халықтың санитарлық –эпидемиологиялық жағдайы туралы заңнамалардың талабын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді анықтау бағытында жүргізілетін тексеру.
Аталған қаулы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еркін жұмыс атқаруына мүмкіншілік тудырып отыр деуге болады.
Сонымен бізге 2003жылы сәуірде ҚР Президентінің Қазақстан халқыны өсу және дамыту бағдарламасы ретінде Жолдауды жарияланды, яғни 2004 жылға арналған кезекті және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы бағдарламасы. Бұл тұрғыда экономиканы дамыту негізінде негізгі 4 бағыт аталынған :
- аграрлық;
- индустриалды-инновациялы;
- инфроқұрылымдық;
- әлеуметтік.
Осы бағдарламаға сәйкес мемлекет 2003-2005 ж.ж. ауыл экономикасына 150 млрд. Теңгені жұмсауды жоспарлады. Сонымен қатар 2004-2005 ж.ж. жыл сайын бұл сомма 10 млрд. теңгеге көбейіп отырды. Мұндағы негізгі тапсырма 2000 жылмен салыстырғанда Жалпы Ішкі Өнімді 3,5 есе көбейту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жеке сектордың дамуын ынталандыратын кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру. Кәсіпкерлік пен ғылыми – техникалық салалардың өзара қарым-қатынастарының тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық Қор құрылады.
Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерліктің осындай мемлекеттік қолдауларға ие болуына байланысты оны басқарудың көп деңгейлі жүйесін көрсетуге болады.
ҚР-дағы кәсіпкерлікті басқарудың көп деңгейлі жүйесі мемелекеттік қолдау жүйесінің құрылымы үш деңгейде қалыптасады: республикалық, аймақтық, жергілікті.
Әрбір деңгей өзіндік жүйе құрып, үш блокқа бөлінеді:
- концептуалды — бағдарламалық;
- ұйымдық – ресурстық;
- функционалдық.
Концептуалды – бағдарламалық блок шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсаттарын, әдістерін, принциптерін, тұжырымдамалары мен бағдарламаларын қамтиды.
Ұйымдық – ресурстық бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ тиісті ресурстармен және мамандармен қамтамасыз етілген инфрақұрылым нысандарын біріктіреді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау іс шараларын республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейде ұйымдастыру бағыттарын мақсатты түрде қол жеткізуге арналған бағдарламалар негізінде қалыптастыру қажет.[39.22б.]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халқын жолдауында «…өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік IТ-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.
Үкіметті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет».
Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы басымдықтары тұрғысынан «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған» Бағдарламасының басты мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметін барынша кеңейту және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
«Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған» Бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламада баяндалған жеделдетілген шараларды іске асыру үшін 2005 жылы республикалық бюджеттен 11181,12 млн. теңге, 2006 жылы – 10215,12 млн. теңге, 2007 жылы – 10000,0 млн. теңге бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін аталған бағытта мынадай міндеттерді іске асыру көзделуде:
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;
Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою;
Шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту;
Мемлекетке бейінді емес функцияларды рыноктық ортаға, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру;
Кластерлік-желілік ұстаным негізінде тіршілікке қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құру және қамтамасыз ету;
Инновациялық экономикаға кәсіпкерліктің қатысуы.
Жоғарыда аталған міндеттер мынадай негізгі шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:
2006 жылы:
- Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттің және акционерлік компаниялардың бейінді емес функцияларына талдау жүргізу және шағын және орта кәсіпкерлікке беру;
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
2007 жылы:
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;
- Мемлекеттің жеке секторымен өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясын жасауды аяқтау.
Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық модельін әзірлеу шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа стратегиясына және мемлекет пен бизнестің өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшуді білдіруі қажет. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін мемлекеттің бұдан әрі қолданатын шаралары (нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, салық салу, кредит беру, инфрақұрылымды дамыту және т.б.) осы ұстанымды іске асыру тұрғысынан және осы экономикалық модель шеңберінде қолданылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезенінде мемлекеттің негізгі ролі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиіс.
Кәсіпкрлікті қолдаудың инфрақұрылымы – бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс-тіршілігіне орта мен жағдайжы қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау саласында көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетіктері қалыптасқан.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
Қаржы институттары;
Қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары;
Халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрінеді: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның өңірлік бөлімшелері; лизингтік компаниялар; микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының» негізгі мақсаты — өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану.
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлімшелері бар. Қордың несие портфельі өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Азия Даму Банкі қарыздары есебінен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚҚДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуі күтілуде.
Қордың қаражаты шағын кәсіпкерліктің қалыптасу процесінде оң роль атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.
Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аиалған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд.теңгені құрайды. Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39%, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5%, қызметтер мен көлік саласында — 23% келеді. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы Республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Қордың проблемалары: оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі.
Микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихын, рентабельді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсіпкерлер үшін өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебінен кредит беруді жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттік қатынастар жүйесі деңгейін мемлекет тарапынан аз реттелуші болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушілердің нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдерді ескере отырып, аталған операциялардың қызметі басқа басқа кредиттік мекемелердің қызметімен салыстырғанда көлемі көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары өз қызметінде микрокредиттер берумен қатар өз тәуекелдерін төмендету үшін әлеуетті қарыз алушыларды шағын бизнесті жүргізу жөнінде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық міндеттерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсеңді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистикалық тізілімі мәліметтері бойынша микрокредиттік ұйымдардың саны 2005 жылы 1 қаңтарда 177 бірлікті құрады, олардың нақты жұмыс істейтіндері 40,7% (72 бірлік) құрайды, уақытша бостары – 10,2%(18 бірлік), бір ұйым тарау процесінде, қалғандары қалыптасу сатысында. Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдарының проблемалары – осы уақытқа дейін микрокредит беру жүйесінің дамуын тежейтін негізгі факторлар микрокредит беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаларды, әлеуетті инвесторлар үшін аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауы.
Қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерінде әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсіпкерлік ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып табылады.
Қазақстандық Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлі жас. Қазіргі ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың ішінде тіркелген және кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыруда жеткілікті тәжірибе жинақталған жоқ, мемлекеттік органдар үшін де, нысаналы аудиторлар үшін де байсалды әріптестердік имидж құрған жоқ.
Сондықтан үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бір-бірімен байланыссыз әрекет етеді, олардың қызметі бір біріне қайшы келеді. Қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың едәуір бөлігі шетелдік және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшін бәсекелеседі, осыған байланысты олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты проблемалары мен қажеттіліктеріне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзірлейді және іске асырады.
Қазіргі уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғанда мемлекет мүддесінің жүйесіне жалғауға қабілетті барабар үкіметтік емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, ҮЕҰ-ның қызметі қалың бұқарада нақты жобаға бекітусіз және міндеттердің нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелерді шешуге тіреледі, жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әріптес ретінде қарамайды және шешім қабылдаудың нақты прцесіне тартпайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубаторлар мен инновациялық орталықтар қызмет етеді. Олардың мүлдем барлығы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша қалыптасу кезенінде.
Бизнес-инкубаторлар — өз алаңдарына арнайы жеңілдік жағдайда жекелеген шағын кәсіпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлік және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететін құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негізгі мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсіпорындардың орнықты қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.
Негізінен жоғары оқу орындарының базасында немесе ғылыми-зерттеу институтарының базасында осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін пайдалану және технопарк аумағында орналасқан инновациялық кәсіпорындарды құру және дамыту арқылы әзірленген технологияларды коммерциализациялау мақсатында құрылған технопарктер бар.
Көптеген бизнес-инкубаторлар инфрақұрылымның аталған нысанын құру тұжырымдамасының халықаралық практикасына сәйкес емес: офистік және өндірістік үй-жай ұсынумен заңды тұлғаны ұйымдастырумен шектеледі және өзінің нақты міндетін әлсіз орындайды не мүлде орындамайды:
- бизнес-инкубаторлардың менеджерлері мен ұйымдастырушыларының теориялық және практикалық даярлығының әлсіздігіне;
- биліктің жергілікті органдары тарапынан бизнес-инкубаторларды түсіну мен қажетті қолдаудың болмауына;
- қаржы қаражаты мен ақпараттың болмауына әкеліп соғады.
Технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдар тарапынан қолдауды қажет етеді.
Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары, шағын және орта кәсіпкерлік құрылудың бірінші кезеңінде бірқатар проблемалармен түйіседі, олар: шағын және орта кәсіпкерлікті тіркеу куәлігін қалай алу, қандай салық режимін таңдау, қаржыландыру мәселесі бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезенде негізгі рөл консалтингтік компанияларға берілетін болады. Консалтингтік компаниялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетеді:
- құқықтық қамтамасыз ету;
- аудит және бухгалтерия;
- маркетингтік зерттеулер;
- бизнес-жоспарлау;
- салық заңнамасы;
- кедендік рәсімдер және т.б.
Консалтингтік компаниялардың қызметтері қымбат және әрбір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің оларды пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Консалтингтік қызметтер рыногы тіпті ірі қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңірлерде мүлдем дерлік жоқ.
Бүгінгі күнде қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістік және ақпараттық қолдау көрсететін Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам аккредиттелген шетелдік халықаралық ұйымдар әрекет етуде. Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдік қорлардың өкілдіктері іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қолдаудың шетелдік институттары арасындағы тиімді кері байланысты қолдайтын бірыңғай орган жоқ. Көптеген шетелдік ұйымдар үшін олардың жұмыстарының басты нәтижесі тапсырыс берушіге бөлінген қаражатты “игеру” нәтижелері туралы сындарлы есеп болып табылатыны практикаға айналды(бұл ретте тапсырыс берушіден басқа ешкімге жұмыстардың нәтижелері ұсынылмайды, орындалатын жұмыстар туралы тек органдар, яғни қандайда бір жоба оған қатысты іске асырылса ғана ақпарат алады). Қазақстанда түрлі шетелдік және халықаралық институттар бастамашы болған қайталанатын жобаларды халықаралық ұйымдар жиі іске асырады.
Құрамына мемлекеттік органдар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін Қазақстан Республикасының Үкіметі касынан 2002 жылы Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия концультациялық-кеңес орган болып табылады және оның шешімі ұжымдық сипат алады. 2002-2003 жылдары мемлекеттік органдар жанынан құрамына олардың қызметкерлері және кәсіпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіретін Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесі құрылды. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипат алады.
Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия мен Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесінің негізг міндеттері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негізгі проблема – бұл қатысушылар арасында өзара іс-әрекетті бастайтын және ұйымдастыратын бірыңғай үйлестіруші орган немесе институттың болмауы.
Экономиканы және әкімшілік кедергілерді төрешілдіктен арылту жөніндегі негізгі күш салулар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін, барынша аз реттеуші аясын құруға бағытталатын болады.
Экономиканы бюрократизациясыздандыру саласында. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң жобасында кәсіпкерлік қызметті реттеу, оын мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары, кәсіпкерлік проблемалары жөнінде консультациялық-кеңесші мәселелері, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және жою тетіктері, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде жауапты мемлекеттік органдардың құзіретті және билікті бизнес – қоғамдастықпен өзара іс-әрекеті нақты көрсетілетін болады.
Әкімшілік кедергілерді жою саласында мемлекеттің бюрократиялық жүйесінің негізін рұқсат беру жүйесі құрайды. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет түрлерін мемлекеттік реттеудің рұқсат беру жүйесін нақты регламенттеу үшін:
Мемлекеттік монополия терминін айқындау;
«Лицензия туралы» жаңа заң әзірленіп, лицензияланатын қызмет тізімін ұсыну;
лицензиялық тәртіптің қажетті қол жетімділігн қамтамасыз ету;
олардың үнемділігін қамтамасыз ететін біліктілік таалптарын жеңілдету.
Сертификаттау саласында қауіпсіздіктердің көрсеткіштері тұрғысына ғана өнімнің, жұмыстардың(процестердің) және қызметтердің Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ережесі бойынша халықаралық заңнама негізінде сертификаттау процессі жүзеге асырылатын болады.
Аккредиттеу саласында рәсімді тек ерікті сипатта және оны мемлекеттік емес, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады, ал оның бөлігі лицензиялау санатына беріледі.
Мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік кедергілерді алып тастау үшін сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) жеткізуге кәсіпкерлік субъектілерін барынша тарту жұмысы жалғастырылады.
Кәсіпкерлік қызметіне еркіндік құқығының кепілділігін іске асыру мемлекеттен ғана емес, кәсіпкерлердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де байланысты. Әрбір іскер қазақстандық ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға ұмтылуда.
2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегияны тиімді іске асыру және оған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көбірек қатысуы мақсатында инновациялық жобаларды іске асырудың алғы шарты негізінен отандық және шетелдік ғылым әлеуетін пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім құруды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі жаңа инновациялық жүйе болады.
Жаңа инновациялық жүйе ғылыми әлеуетті дамытады, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, берілетін гранттар түрлерін кеңейту және венчурлық қорларды құру бөлігінде қаржы инфрақұрылымдарының элементтерін және т етіктерін дамытуда.
Технологиялық бизнес-инкубаторларды – технологиялық инновацияларды құратын және іске асыратын және оларға консалтингтік, заңгерлік, лизингтік және өзге де қызметтер көрсететін арнаулы пысықталған жеке және заңды тұлғаларды өз алаңдарында белгілі бір мерзімге орналастыратын құрылымдар құрылуда.
Коммерциялық тиім жағынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа иехнологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулік және тәжірибелі конструкторлық әзірлемелердің гранттарын беру жүйесін қайта қаралуда:
- шағын гранттар – ғылыми зерттеулік және тәжірибелік конструкторлық әзірлемелерді өткізу үшін 7,2 млн. тенгеден кем емес сомаға тартылатын;
- жоба алдыңдағы гранттар құжаттардың толық пакетін дайындау үшін (ТЭН, бизнес-жоспар т.б.) 650 мың теңгеден кем емес;
- үлкен гранттар – зерттеулерді аяқтау және пайдалы модельге немесе ойлап шығаруға жеткізу үшін 33млн.теңгеден кем емес;
- патенттеу үшін гранттар – шетелдегі патентті рәсімдеу үшін 13,2 млн.теңгеден кем емес.
2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі Бағдарлама шеңберінде ұлттық технологиялық парктерді, ақпараттық аймақтарды, ядролық технологиялар мен биотехнологиялар аймақтарын, жаңа материалдар паркін, мұнай-химиялық технопаркті құру көзделуде.
Қорытынды
Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ».[40.4б.]
Тұтастай алғанда тәуелсіз жылдары кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда. Дамыған отын-энергетикалық, кен–металлургиялық және көлік коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резертері баршылық.
Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.
Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 70 пайыздан астамы шығарылады.
Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындары тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады.
2005 жылғы қаңтардың басында 208,4 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, бұл 2004 жылғы сәйкес күнге қарағанда 13,5пайызға көп. Республикадағы шағын кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7 пайызға ұлғайып, 524,6 мың адамға жеткен. 2005 жылғы қаңтарда өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағы деңгейден 11,9 пайызға артық.
Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласында бірқатар түбейгелі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.
Қ.Р. Президентінің және Үкіметінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен нормативті-заңды құжаттарын, экономикасы дамыған елдер мен отандық кәсіпкер жұмысының тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар әйгілі ғалым-экономистердің зерттеулерінің негізінде диплом жұмысында келесі қорытындыларды тұжырымдадық:
- Кәсіпкерліктің теориялық негізіндерін зерттеу негізінде кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыстарын тектілік түсініктері дәлелденді. Ғалым-экономисттердің еңбектерін жалпылау және Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерліктің осы формасының ұғымдық аппараты айқындалды.
- Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау Қазақстанның ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы сферасының ролін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.
- Кәсіпкерліктің бір түрі – қаржылық кәсіпкерліктің бөлімі сақтандыру қызметі. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары. Нарықтағы сақтандыру компанияларының орнын бағаланылды. Сақтандыру нарығынын дамуына әсер ететін факторлардың мәні ашылды.
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының кәсіпкерлік орны мен баму бағыты айқындалды. Сақтандыру қызметінің түрлері, топтары, класстарының жіктелімі берілді.
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігі, мемлекеттік қолдау, салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру, несие ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету, нормативті құқықтық базаны жетілдіру кәсіпкерлерге көмек беру немесе жеңілдіктер тағайындау мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаларының тиімділігі айқындалды.
Осы экономикалық қызмет формасымен айналысуды ұйғарған кәсіпкерлік функцияларды орындауға әркімнің кәсіпқой біліктілігі керек, ал оған алдағы практикадан жинақталған барлық мәліметтерді тиімді игеру, яғни тек қана білім, теориялық дайындық арқылы жетуге болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Егемен Қазақстан. 2 наурыз 2006жыл 4-бет;
- Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М.1992год 245с.
- Найт Ф. Риск, неопределенность и прибыль Thesis. –1994 год –Выпуск 5.-214с.
- Кирцнер И. Конкуренция и предпринимательтво. Экономика. М., 2001 год-494с.
- Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег Антология экономической классики. М. Эконов, 1992 год-Т2-. 485с.
- David C. Mc. Clelland, The Achieving Society (Princetion, N.J.; Van Nostranal. 1961).
- Макконел К., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика в двух томах. Таллин, 1995год-Т 1.-538с.
- Колесникова Л.А. Формирование государственной системы развития предпринимательства в переходной эконоки (вопросы теории, метологии и практики): докторская диссертация. М, 2001год- 294с.
- Демин А.И. Информационная модель экономики. Макромедель. М., 1996год-348 с.
- Кошанов Е. Инновация и рыночная экономика Каржы-Каражат.1999 год-№5.-66 с.
- Кабалина В. Инновация на постсоветских промышленных предприятиях Вопросы экономики. 2001 год.-№7.19-22с.
12.Қазақстан Республикасының заңы «Инновациялық қызмет туралы » Заң газеті. 2002 жыл №30, 31- шілде 4-бет.
- Блинов А.О. Малое Предпринимательство: организационные и правовые основы деятельности. М.: Ось –89, 1998 год-336с.
- Чепуренко А.Ю. Предпринимательский класс в возрождающийся в России.- М.: Мир России, 1993. –478 с.
- Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүсінов Б.А, Байжамартов Ү.С, Комягин Б.И «Жалпы экономикалық теория » Ақтөбе –2004 жыл, 145-бет.
- Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы» Алматы-2004жыл
- Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш «Кәсіпкерлік негіздері » Орал 2001жыл.
- Жолдасбаев Т.Ө «Кәсіпорын экономикасы » Алматы –2002 жыл.
- Дауранов И., Курбанова Г., Рудецких А., Шишкина А. Малый бизнес Казахстана: тенденции и проблемы развития. Алматы: РГП «Институт экономичских исследований», 2002 год 167с.
- Малый бизнес в России: Аналитическое пособие. М.: КОНСЭКО, 1998год -223с.
- Скрополис Николас К. Управление малым бизнесом. Пер. с анг.-М.: Дело, 1997год -440с.
- Мейірбеков. «Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері ». «Ә.ғ.к» ғылымт дәрежесін алу үшін ұсынған кандидаттық дисертациясы. Алматы 2002 жыл.
- Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005- 2007 жылдары арналған бағдарламасы. Юрист – ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2006 жыл 39-бет.
- Матхов Т.В. «Страховые компании не институцианальные инвесторы на рынке капилов ». Страховое дело, сентябрь 2005год. 9с.
- Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126 II Заңы. Юрист – ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2006 жыл, 4-бет.
- «Этапы капитализации страховых органов», Рынок страхования, март 2006год.
- «Развитие страхового рынка Казахстана», Рынок страхования, январь 2006год.
- Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы (2006 жылғы 1 қантар) Интернет сайты:www.afn.kz
- «Қазақшетсақтандыру» компаниясы туралы қысқаша мағлұматтар. Интернет сайты: office@halyk-kis.kz
- «Қазақшетсақтандыру» компаниясының 2005 жылға арналған бизнес-жоспары. Интернет сайты: office@halyk-kis.kz
- «Қазақшетсақтандыру» компаниясының 2006 жылға арналған бизнес-жоспары. Интернет сайты: office@halyk-kis.kz
- Мухаметханов Б. Основной движущей силой пеемен в Казахстане, как и во всех государствах с переходной экономикой может стать только собственник. Панорама- 1995. №38. 30. 09. – 7с.
- Приватизация и развитие новых форм хозяйствования Казахстан:1991-2001 годы. Информационно – аналитический сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2002- 170-174с.
- Назарбаев Н.А. Все наши усилия направлены на повышение блогасостояния народа// Мысль.- 2002. №9 – 3с.
- Афанасьев В. Анатомия малого бизнеса. Россиская экономика.- 1994 год №2 – 56с.
- Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Яновская О.А., Бикетова Е.Б., Асангалиева Р., Абдуллина З.Г., Даирова Р. Предпринемательство В Республике Казахстан. Алматы, Экономика, 1999год-102с.
- Дауранов И. «Государственная поддержке малого и среднего бизнеса в современных условиях». Вестник предпринимателя № 2-3, 2005год- 20с.
- Токсанова А. Развитие систем управления малым бизнесом в Республике Казахстан: Докторская диссертация. Кокшетау, 2000 год – 268с.
- Какимжанов З. Поддержка малого бизнеса – приоритетная сфера государственной политики. Малый и средний бизнес Казахстана № 1. 2002 год – 22с.
- «Қазақстан –көшірмесіз реформалар» 4.7.2003, Регнум. Ру, мақаланың кең нұсқасы «Ресей бизнес-газетінде» 2003жылғы 10 маусым
- Аташева Д.О. «Шағын кәсіпкерлік: тәжірибесі, өзекті мәселелері және дамуын кешенді бағалау» диссертация. Тараз 2004жыл. 102-бет.
Қосымша А
«Кәсіпкерлік», «кәсіпкер», «кәсіпкерлік пайда немесе табыс» терминдерінің эволюциясы.
Ілімдер,мектептер, бағыттар жүйесі |
Жариялану жылы |
Экономикалық бағыттар, мектептер, теориялардың негізін қалаулар |
Экономикалық көзқарастар, бағыттар, мектептер, теориялардың негізгі қағмдалары |
1 |
2 |
3 |
4 |
Классикалық саяси экономия. Меркантилизм саудагер, көпес –кәсіпкерліктің бірінші тұжырымдамалары ) |
1615 |
Антуан де Монкретьен (Montchr, etien A de.) |
-көпес- кәсіпкердің сауда қызметі- бұл елге байлықты тартатын насос; -кәсіпкелік қызметтен алатын пайда пайда- бұл сыртқы саудадан түсетін ақшалай формадағы жиналымы немесе бағалы метелдар мен тастарды шығару |
— |
1669-1683 |
Ж.Б.Кольбер (Сolber J.B.) |
-кәсіпкер- әнеркәсіпші функциялары өз кәсіпорына салымдарды ұлғайтудан, жаңа технологияны және техникалық құралдарды қолданудан, өндірісті ұлғайтудан және өнім сапасын жақсартудан, бағаларды төмендетуден, өткізу нарықтпрын кеңейтуден тұрады. Өнеркәсіптік тауарларды импорттау нәтижесінде ел байлығының жинақталуы қамтамасыз етіледі. |
|
1725 |
Ричард Кантильон (Cantillon R) |
-кәсіпкер түсінігін алғашқы болып енгізді (француз тілінен аудармасы «делдал»); -кәсіпкерлер –бұл кәпестер, қолөнершілер, фермерлер, қарақшылар; -кәсіпкерлік табыс өнім бағаларының арасындағы айырмашылық пен анықталады: арзан бағамен сатып алу және едәуір жоғары бағамен қайта сату; -кәсіпкер қауіп жағдайларының әрекет етеді, өйкені ол алдын –ала өзінің болашақ табысын білмейді; -кәсәпкер істегі капиталдыдың меншік иесі болыу міндетті емес |
Классикалық саяси экономия. Физиократизм (табиғатты басқару) |
1756 |
Франсуа Кенэ (Quesnay F.) |
-кәсіпкер – бұл жер иесі, сауда және өнеркәсіптің негізгі қозғаушы күші бола отыр, өз еңбегімен мемлекттің ілгері дамуына ықпал етеді; -кәсіпкер өндірісті ұйымдастыру үшін белгілі экономикалық ресуртарға ие болуы керек, жаңа әдістерді енгізу мен өз өнімі үшін өткізу нарықтарын іздестіруі қажет; -жер және оған салынған жер иелерінің еңбегі таза өнім көздері (қазіргі тұсітінікте ұлттық табыс ) болып табылады |
|
1766 |
Анн Робер Тюрго (Turgot A.R.J) |
-кәсіпкер (капиталист)- қоғамды өзінің даму жолында алға қарай жылжыту үшін барлық қалған азаматтарға аванстар беретін, капиталды және сәйкес ақпараты бар адам; — таза өзім тек жай табиғат сыйлығы емес, ол жер иесімен меншіктелген, егін шаруашылығындағы жұмыскердің өнімді еңбегінің нәтижесі; пайда, кәсіпкер – капиталис-пеналынатын табыстың дербес түрі ретінде таза өнімнің бөлігі болып табылыды |
|
1767 |
Николас Бауде |
-кәсіпкер –жаңалықтарға, инновациялық менеджментке бейімді адам; -кәсіпкер түбінде меншік иесінен ерекшеленеді. Меншік иесінің капиталы бар, ал кәсіпкер, капиталды меншікті иесінен қарызға алып, өз қаупі мен тәукеліне бел буып өндірістік процесті ұйымдастыруға болады |
|
1797 |
Карно Бодо |
-кәсіпкер кәсіпкелік іске жеке жауапкершілік алады; -оның белгілі ой өрісі бар; өз кәсіпорының қызметін іскерлікпен ұйымдастырады, жоспарлайды, бақылайды |
Экономикалық жүйе |
1776 |
Адам Смит |
-капиталист, жер иесі- бұл еңбек бөлінісінің артықшылықта-рын ұтымды пайдаланатын, өндірісті жоспарлайтын, ұйымдастыра-тын кәсіпкерлер (меншік иелері) және «елеусіз қол » олардың еркіне және ойына тәуелсіз ең жақсы нәтижелерге бағыттайды; -капиталистің кәсіпкерлік табысы- бұл материалдарды және төленген жалайқыны шегергендегі жұмысшылар- мен құрылған құнның бөлігі; -жер иесінің кәсіпкерлік табысы –бұл өндірілген өнімнен жұмысшылар еңбегін шегерумен анықталатын рента |
|
1803,1823 |
Жан Батист Сэй |
-кәсіпкер тәуекел мен белгісіздік жағдайларында жұмыс істейді және капиталиспен түбейгулі ерекшеленеді; -кәсңпкерлердің негізгі функциясы –бұл үш факторды еңбек, капитал және жерді дұрыс үйлетіру. Егер факторлардың белгілі кобинациясы кәсіпкерге табылса аз, әкелсе, онда ол факторларды жаңа комбинацияда нарықтық кеңістіктің едәуір табысы сегменттеріне ауыстырады; -өз еңбегіне сұранымды қамтамасыз етуде оның моральдык және кәсіби қасиеттерінің белгілі жинағы бар; -кәсіпкер табысы капитал табысынан өзгешеленеді. Кәсіпкер табысы жалақыны, капитал табысын (егер ол онда болса ) және тәуекелділік ұшін қосымша төлемдерді қамтиды |
Неокклассака-лық теория (маржинализм) |
1826 |
Иоган Генрих Тюнен |
-кәсіпкерлік тәуекелділік ауыртпалығы көтеру фынкцияласы болып табылады, және де тәуекелділік болжанбайды, оған сақтануға болмайды; -кәсіпкер пайдасы, жалпы пайдадан инвестициялан- ған капитал пайызын, басқару төлемі мен сақтандыру жарнасын шегергенде, алынатын қалдық табыс ретінде анықталады |
Неоклассика-лық теория (австриялық мекиеп ) |
1871 |
Карл Менгер |
-тәукелдер кәсіпкер жұмысында сирек құбылыс, бірақ егер олар болсада, оның қызметінде үлкен роль атқармайды; -шешімдерді қабылдау үшін кәсіпкер ақараттарды жинауы тиіс, өндіретің тиімді вариантын таңдау мақсатымен сәйкес есепиеулер жұргізуі; кәсіорын мақсаттарына ең көп жауап беретін өнімді таңдау және өндірістік процестің жүргізілүін ұтымды басқару керек. |
Экономикалық жүйе |
1890 |
Альфред Маршалл |
-кәсіпкерлік –бұл жекелеген кәсіпорындар шеңберінде алынған өндіріс факторларының комбинациясы; -кәсіпкер тәуекелділікті және бизнестің табысты болуы ұшін жауапкершілікті алуымен менеджерден ерекшеленеді; -кәсіпкер –бұл жаңа өнім мен қызметтерді өндірумен айналысатын, өндірістің жаңа тәсілдерін енгізетін, өткізудің жаңа нарықтары мен шикізаттың көздерін игеруші, қоғамның салалық құрылымын өзгертуші жаңашыл; -капиталлистер (фабрикант –саудагерлер ), «индустрия капитандары», «директорлар», негіз салушылар (делдеалдар ) кәсіпкерлер болаалады. Капитал иесі әлі кәсіпкер емес; -капиталистер өз жұмысын саалы орындауға ұмтылады, оларға кәсіби жаукершілік, «жаңа жеңістер», «творчество-лық қуаныш» тілегі тән, сыртқы ортадағы кедергілерді үнемі жеңеді; -кәсіпкер үшін өндіріс табыстарының өсуімен немесе шығындардың төмендеуімен байланысты, кәсіпкерлік табыс стимул болып табылады. |
Кейнсиаство |
1936 |
Джон Мейнард Кейнс |
-кәсіпкерлік белгілі мемлекеттік шаралармен реттелуі керек; -кәсіпкелік тәуекелділік, өзіне сенімділік, оптимизм, жарқындық сияқты дербес сипаттамалар-дың болуымен байланысты; -кәсіпкер –бұл шаруа адамының әлеуметтік- психологиялық типі, табысты екі бөлікке: тұтыну және жинақтауға дұрыс жатқызу қабілеті соншалықты тән; -кәсіпкердің негізгі мінездемелері: сақтық, үнемшілдік, жақсыға ұмтылу, тәуелсіздік, іскерлік, тәкапарлық, сарандық |
Неолиберализм |
1921 |
Френк Хайнеман Найт |
-кәсіпкерлік қауіп және белгісіздік ауыртпалығы-мен, өндірістің негізгі өлшемдерін анықтаумен және кәсіпкерлік пайданы алу мақсатындағы айырбаспен байланысты; -кәсіпкерлік пайда – бұл күткен және жүзеге асырылған түсімдер арасындағы қарастырылма-ған айырмашылық; -кәсіпкердің ерекше дербес қасиеттері, сонның ішінде сенуі болуы тиіс. |
|
1961 |
Давид Макклеланд |
-кәсіпкер пайдаға арқа сүйеуі, қоршаған ортадағы болашақ өзгерістерді көре білуі тиіс,жігерлі, қабылданған шешімдердің салдарына жауап бере алатындай болуы керек. |
|
1964 |
Питер Друкер |
-кәсіпкерлік -бұл жаңалық; -кәсіпкер – бұл жаңалықтарды максималды пайдасымен қолданатын адам; -кәсіпкер фунциясы бизнесті дамытудың қолайлы мүмкіндіктерін іздестіруден тұрады |
|
1967 |
Фридрик фон Хайек |
-кәсіпкелік екі ережеге негізделген: бөтен меншікті иеленуден бас тарту және өзіне алынған міндеттемелерді орындау; -кәсіпкер –алда, батыл, «ережеле бойынша» бәсекелестік күресті жүргізетін адам |
|
1975 |
И.Кирцнер |
-кәсіпкерлік толық емес ақпарат жағдайыда, өндірілетін өнім немесе қызметке сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған әр қашан өзгеретін нарықтық жағдайда әрекет етеді; -кәсіпкердің пайданы алудағы пайда болған мүмкіндіктерге жоғары сезімталдығы бар; -кәсіпкер–алыпсатарлық келісімдермен айналысатын адам,өнімді өндіруші және арзан өзіңді игеру жағдайында өнімді тұтынушы; -кәсіпкерлік функция тауарларды арзан бағамен сатып алып және едәуір жоғары бағамен сату айырмасына,қолданылған ресурстар және дайын өнім бағаларының айырмасына негізделген |
|
1990 |
К..Макконелл С.Брю |
-кәсіпкер-бұлкәсіпорында жаңа өңімді немесе қызметті өндіруді ұйыдастыруға, жаңа технологиялардың және өндірісті ұйымдастыру-дың жаңа формалары еңгізуге ұмтылатын, өз капиталы мен немесе акционерлер капиталымен, уақытпен, беделімен әр қашан тәуекелділікке бел буатын жаңашыл |
|
1997 |
Л. А.Колесникова |
-кәсіпкерлік толық емес ақпарат жағдайында, өндірілетін өнім немесе қызметке сұраныс мен ұсынымы сәйкессіздігімен қамтылған, әр қашан өзгеретін нарықтық жағдайда әрекет етеді. Бұл процесс олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің кешенің қанағаттандырудағы кәсіпорынның негізін салушылар мен жетекшілерінің мүмкіндіктерін максимализациялауға жету мақсатында оларды қалыптастыру-дың микро және макро ортасымен жеке және ұжымдық әрекетесуде жүзеге асырылады. |
Қосымша Ә
|
Қосымша Б
|
|
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
|
Қосымша Е