АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Экономика және бизенс факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Димплом жұмысы

Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

 

Орындаған  курс студенті ____________________________ Туктубаев А.С.

 

Ғылыми жетекші ____________________________ Арзаева М.Ж.
э.ғ.к. доцент

Норма бақылаушы ____________________________ Арзаева М.Ж.
э.ғ.к. доцент

Кафедра меңгерушісінің
міндетін атқарушы ____________________________ Арзаева М.Ж.
рұқсатымен қорғауға жіберілді
э.ғ.к. доцент

Алматы, 9

Реферат
Банктік жүйе  нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құралдарының бірі болып табылады. Банктердің дамуы және тауар өндірісі немесе айналысы тарихи жағдаймен алғанда қатар жүріп отырады, бірбірімен тығыз байланыста болады.
Мемлекеттің несие жүйесінде комерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әртүрлі саласында жанжақты әрекет етеді.
Лизингтік операцияларды жүргізу қазіргі несиелеу жүйесінің құрылымдық элементінің бірі болып табылады. Лизингтік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондайақ лизингтік процесті ұйымдастыру қағидаларын және тәртібін белгілейді. Лизингтік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және лизинг процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Лизингтік саясат, банк қызметкеінің бүгінгі таңда лизингтеуге болатын экономика секторын дұрыс шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен лизинг алушылардың төлем қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Лизингтік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкке лизингтік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады. Біздің мемлекетімізде банктің лизингтік саясаты дами бара экономикалық қатынастарды, дәлірек айтсақ банкпен немесе еншілес компаниясымен клиент арасындағы қатынасты дамытып келе жатыр. Лизингтік саясат банк қызметінде тәуекелді басқарудың негізі болып келеді.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” деген мағынаны береді.Лизинг экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:а) машина – техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:а) банк қызметінің жаңа формасы ретінде көрінеді;б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Глоссарий

Лизинг беруші — бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісімшарт негізінде лизингке алушыға беретін келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ. Нақты айтқанда, бұл тұлға лизинг мүлкін иемденуші (заңды иесі).
Лизинг алушы – лизингтік келісімшарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы заңды немесе жеке тұлға. Яғни, лизинг мүлкін шарт бойынша қабылдап және оны пайдаланушы тұлға (экономикалық жеке меншік иесі).
Сатушы (мүлік жеткізуші) – бұл алып-сату шарты бойынша келісілген уақытында өзінің шығарған мүлкін лизинг берушіге сататын және оған немесе тікелей лизинг алушыға лизинг мүлкін тапсырушы жеке немесе заңды тұлға. Ескертетін жағдай, біздің заңнама бойынша мүлік шығарушы лизинг беруші тұлға бола алмайды. Бірақ бұл халықаралық тәжірибемен сәйкес емес, сондықтан біздің ойымызша бұл заңнама өзгертілгені дұрыс.
Инвестор (несие беруші) – бұл лизинг мүлкін алуға қаржы инвестициясын (несие түрінде) беруші тұлға.
Кепілдік беруші – бұл лизинг беруші немесе лизинг алушының міндеттемелеріне кепілдік беруші тұлға.
Делдал – бұл лизинг берушінің шартпен бекітілген тапсырмасы бойынша керекті құрал-жабдықты жасаушыны тауып, онымен сатып алу (жеткізу) шартын дайындаушы тұлға.
Сақтандырушы – бұл сақтандыру ұйымы, лизинг алушының болашақ кәсіпкерлік тәуекелділігін лизинг мүлкінің бұзылуынан, жоғалуынан, жетіспеуінен сақтандырушы.
Қаржылық лизинг  лизингберуші сатушыдан алынған мүлкін және лизингтік келісімшартына сәйкес кәсіпкерлік мақсаттарға лизингалушыға белгілі бір төлем және белгілі бір шарттарға сәйкес кемінде үш жыл көлемінде уақытша иеленуге және қолдануға берілетін инвестициялық қызметтің түрі
Лизинг келісімшарты  лизингберуші мен лизингалушы арасындағы келісіп жасалынған, олардың құқығы мен міндеттерін айқындайтын келісімшарт.
Бағалаушы  кепілдікке берілетін немесе лизингке алынатын мүлікті бағалаушы маман.
Маркетолог  лизингалушылардың сұраныстарын пайдаланатын, болашақ мәлімдеушілерді, мүлік сатушыларды тарту мақсатында жұмыс атқаратын компания маманы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………….. 5

I Тарау. Лизинг: мәні, ұғымы және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері……………………………………………………………………………….. 7
1.1 Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны……………………….. 7
1.2 Лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері……………. 11

II Тарау. Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі және оның қазіргі кездегі жағдайын талдау………………………………………………….. 22
2.1 Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі…………………….. 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау……………………………………. 28

III Тарау. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………………. 67

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………… 79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………. 82

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс тақырыбы -«Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моралдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.
Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны, оның экономикалық мәні және мазмұны мен түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктеріне олардың атқаратын қызметтері туралы, Қазақстан Республикасына лизинг келген жылдары мен нарығымздағы компаниялар, Үкіметтің лизингтік операцияларды дамытуға бағытталған нормативтіқұқықтық актілердің қабылдау мен Салық кодексіне жеңілтпе ретіндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеніне жеке – жеке тоқталамыз.
Екінші бөлімде, лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі оның ішінде лизингтік операциялардың сипаттамасы, кемшіліктері мен бірбірінен айырмашылықтарына жеке тоқталамыз. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдауы қарастырылады. Яғни лизинг беруші мен алушы, жабдықтаушы мен жалға беруші және банк пен кәсіпорындар арасындағы келісімшартты білдіреді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары, яғни лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері мен Қазакстан экономикасында лизингтің алатын орны, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері мен лизинг келешегі қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Тарау. Лизинг: мәні, ұғымы және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері

1.1 Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны

Лизинг экономикалық құбылыс ретінде және ғылыми зерттеулердің объектісі ретінде көптен бері экономист ғалымдар мен мамандардың назарында жүр. Лизингтің негізін, формасын, түрлерін және функцияларын зерттеу қажеттілігі оның кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудағы маңыздылығы. Бұл мәселелерді анықтау әсіресе лизингтік операцияларды жүргізу кезеңдерінде лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін дұрыс пайдалану үшін қажет.
Ағылшын термині «jeasing», «jessor» және «jesse» (лизинг шартының қатысушылары) көп жағдайда «жал,жалгерлік» деп аударылады. Дегенмен әлі күнге дейін «Лизинг» термининің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруді білдіреді. Оған екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Сонымен лизинг дегеніміз – бұл құрал-жабдықтарды, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде пайда болатын қаржы-экономикалық және құқықтық қатынастар. Яғни бір заңды немесе жеке тұлға (болашақ лизинг алушы, мүлікті пайдаланушы) екінші бір тұлғаға (лизингтік компания) қажетті құрал-жабдықты алуға және оны ақылы пайдалануға ұсыныс жасайды. Лизинг өнеркәсіптік компаниялардың жай сатып алу кезінде сөзсіз жұмсалатын ақшалай қаражатты бір жолы едәуір жұмсамай-ақ қажетті құрал-жабдық алуына мүмкіндік береді. Лизинг банктің дәстүрлі несиелендіруіне балама болып табылады. Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Өмірдегі пайда болатын көп құбылыстар сияқты лизингтің де өзіне тән шығу тарихы бар. Тарих көрсеткендей лизингтік операциялар ежелден белгілі. Бірақ бұл мәселеде әлі күнге дейін қалыптасқан нақты тұжырым жоқ. Бір топ ғалымдардың пікірі бойынша лизинг — шумер халқының экономикалық қатынастарынан бастау алатын қаржыландырудың ең көне түрі болып есептеледі.
Бұдан басқа да шет ел ғалымдарының жұмыстарында ерте ғасыр ғалымы Аристотельдің (б.з.д. 383-322ж.ж.) «Риторика» атты еңбегінде «байлықтың өрісі мүлікті өз меншігіңде ұстағанда емес, оны пайдаланғанда» деп атап көрсетеді. Яғни, лизингтің басты мағынасы мынада: пайда табу үшін мүлік немесе құрал тек өз меншігіңде болу міндетті емес, оны пайдалану құқығына ие болсаң да жеткілікті.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропада лизинг нарығы дамып келеді.
Сонымен бірге лизингтік қатынастар бұдан басқа да өркениеттерде (ерте грек, египет, рим) болғаны мәлім болып отыр.
Осы келтірілген мәліметтерге қарамастан кейбір ғалымдар лизинг жаңа жас құбылыс, оның шығу тарихы АҚШ-нан басталады деп көрсетеді. Бұл тұжырымдарын 1877ж. «Белл» атты Американ телефон компаниясының өз құрал-жабдықтарын уақытша пайдалануға бергендігімен негіздейді».
XXғасырдың 60 жылдары қаржы лизингісінің концепциясы әлемнің көптеген индустриалды дамыған елдерінде кеңінен дами бастады және осы жылдардан бастап лизингтік қатынастар халықаралық негізде жүре бастады. Бірақ 70-ші жылдардың басына дейін халықаралық лизингтік қатынастар әлі де болса жақсы даму қарқынында болмады. Оның басты себептері мыналар болды: лизингкке байланысты халықаралық заң, салық, кеден және ақша қатынастарының бір жүйеде болмауы. Тек, 70-ші жылдардың ортасынан бастап «Юнидура» ұйымы осы кедергілерді шеше бастағаннан кейін лизингтік қатынастар халықаралық сипат ала бастады. Оған қабылданған «Халықаралық қаржылық лизинг туралы» Конвенциясы өзінің септігін тигізді. Осы Конвенцияның арқасында лизингтік қатынастар дүние жүзінде бір қалыпқа келіп жүргізіле бастады.
Қазіргі кезде лизингтің даму барысы көптеген елдерде жоғарғы қарқын үстінде. Соңғы отыз жылдықта лизингкке деген қызығушылық және оны пайдалану барысы үлкен деңгейге көтеріліп, дүние жүзінде инвестиция тартудың негізгі құралына айналып, оның көмегімен жабдықтардың 30-35% қаржыландырады.
Лизингтің кең түрде даму нәтижесі және оған деген қызығушылық 90-шы жылдардың басында лизингтің Қазақстанға да келуіне әсер етті. Алғашқы уақытта лизингтік істер банк жүйесінен басталды. Көптеген банктер өзіне жаңа салада лизинг алушы ретінде қалыптасты. Банктердің лизингтік істермен айналысуына байланысты мемлекеттік құжаттар да дайындала басталды.
Лизинг бойынша күрделі жұмыстар 1997 жылдың аяғында басталды. Бірақ лизинг туралы үкіметтің шешімдері мен қаулыларының қаржы саласының Қазақстандағы жаңа түрі болғандықтан жиі өзгеріп отырғаны лизингтік компанияларға көп қиындық әкелді және бұл саланың қарқынды дамуына тежеу жасап отырды.
Осы да басқа да қиындықтарға қарамастан лизингтік қатынастар Қазақстанда өзінің өміршең екендігін танытты. Қазіргі уақытта Қазақстанда лизинг берушілердің келесі түрлері қалыптасқан:
1. лизингтік жұмыспен айналысатын коммерциялық банктер және ірі
банктердің құрамына кіретін лизингтік компаниялар. Бұлар үлкен көлемде тұрақты лизингтік қызмет көрсетеді. Олардың қатарына жататын лизингтік компаниялар: АҚ «Альянс лизинг» (АҚ «Альянс Банк»), АҚ «АТФ -Лизинг» (АҚ «АТФБанк»), АҚ «БТА-Лизинг» (АҚ «Банк Туран Алем), АҚ «Валют-Транзит Банк», « «Нур-Инвест Лизингктік компаниясы» ЖШС (Нур Банк), «Таиб Казахский Банк» ЖАҚ, АҚ «Темир-лизинг» (АҚ «Темир Банк»), «Центр-Лизинг» ЖШС (АҚ «Банк Центр Кредит»), АҚ Цесна Банк, АҚ Халық- Лизинг» (АҚ «Халық Банк»);
2. салалық және өндірістік ретінде құрылған лизингтік компаниялар. Олар
әр-түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындарды қамтамасыз етеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ауыр машина жасау, көлік және т. б. Бұл лизингтік компанияларға жататындар: АҚ «Астана Финанс», АҚ «Казагрофинанс», «Каспийский Лизинг» ЖШС (Бұрынғы Агромаш Лизинг);
3. бюджет арқылы толық немесе жартылай қаржыландыратын мемлекеттің қатысуымен құрылған жартылай коммерциялық лизингтік компаниялар. Сонымен қатар, бюджеттен көмек алушы аймақтық ұйымдар. Бұлар негізінен шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін ұйымдастырылған лизингтік құрылымдар. Мысалы, АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»:
4. сауда компаниялардың құрған лизингтік компаниялары. Бұлардың қызметі: сауда құрал-жабдықтары, ұйым техникалары, көлік және т. б. Мысалы, «Вираж-Лизинг» ЖШС.
Лизингтің Қазақстандағы аз уақыт ішіндегі даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады:
1. 1989 — 1992 жж. — лизингтің басталу кезеңі, 120 банк және 20 лизингтік компания;
2. 1993 — 1994 жж. — экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты лизингтік бизнестің қолдау таппау кезеңі;
3. 1995 — 2000 жж. – инновацияның бір түрі ретінде лизингтің көтерілу кезеңі;
4. 2001 — осы уақытқа дейін – лизингкке мемлекеттік қолдау және ынталандыру жүргізу кезеңі, лизинг туралы нормативтік — құқықтық шешімдер мен қаулылар қабылдау.
Дегенмен Қазақстандағы лизингтік сектордың даму барысы оның әлеуетіне сәйкес болмады. Лизингке деген қаржылық ресурстардың шектеулі болуы, лизингке беру уақытының қысқа мерзімділігі, лизинг тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер, салық және амортизациялық жеңілдіктерінің болмауы, лизингтің дамуына үлкен кедергі болды.
Бұл кемшіліктер мен қателіктер әрине лизинг идеясына үлкен нұқсан келтірді. Сондықтан 1999-2001жж. Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасы іске алынды. Бұл бағдарлама екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде (1999ж.) лизингке байланысты заңдарды реттеу қолға алынды, бірақ құжаттардың уақыт талабына сәйкес болмауы алға қойған мақсаттарды орындауға жеткізген жоқ. Екінші кезеңде (2000-2001жж.) 5.06.2000ж. 26 баптан тұратын «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы қабылданды. Кейіннен лизингтік қатынастардың тұрақты қалыптасуына үлкен түрткі болған осы Заң болып есептеледі. Сонымен қатар, «Салық салу мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Оның шеңберінде лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.
Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан «Инвестициялар туралы» Заң мен салық кодексінің 138-140 баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті табыс салығы және мүлікке деген салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталды. Жоғарда айтылған «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңына қажетті түзетулер енгізілді.
Осылайша Республикада лизинг бойынша заңдылық нақты жұмыс жасай бастады. Негізінде лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап Қазақстан экономикасында өзінің тұрақты орнын алды.

1.2 Лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері

Лизингті экономикалық құбылыс ретінде терең түсіну және оның Отандық кәсіпкерлікті дамытудағы маңызын жан-жақты талдау лизингтің тиімді дамуына үлкен әсерін тигізеді. Соның ішінде лизингтің нысандарын және түрлерін зерттеу және талдау лизингті Отандық практикада тиімді қолдануда өте қажет.
Қазақстандық заңнамалықта лизингтің екі нысаны бар: ішкі және сыртқы лизинг.
Ішкі лизингті жүргізу жағдайында лизингі беруші, лизингті алушы және сатушы (мүлік жеткізуші) ҚР-ның резиденттері болып саналады. Ішкі лизинг Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге келісімшарт арқылы берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде анықталады. Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады. Лизингтік мәміленің басқа қатысушыларына жататындар: инвестор (несие беруші), кепілдік беруші, делдал, сақтандырушы.
Сыртқы лизингті жүргізгенде лизингті беруші немесе лизингті алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайды.
Егер лизингті беруші ҚР-ның резиденті болса, яғни лизинг мүлкі ҚР-ның резидентінің меншігінде болса, онда халықаралық лизингтік келісімшарт Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Ал лизингті беруші ҚР-ның резиденті болмаса, яғни лизинг мүлкі ҚР-ның резиденті емес кәсіпкердің меншігінде болса,онда халықаралық лизингтік шарт сыртқы экономикалық қатынастар заңдарымен реттеледі.
Қазір дамыған елдердің шаруашылық практикасында лизингтің әр-түрі қолданылады. Лизингтік мүлікті пайдалану уақытына және осыған байланысты амортизация жағдайы бойынша келесілерге айырады:
— тұтас құнын төлеу арқылы лизинг алу, яғни мүліктің толық амортизациалануы негізінде. Бұл жағдайда, шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің нормативі бойынша жұмыс істеу мезгілімен сәйкес, яғни осы уақыт аралығында мүліктің толық құны өтеледі;
— бөлінбелі лизинг, яғни мүліктің толық емес амортизацияланбауы негізінде. Бұл жағдайда, шартта көрсетілгенген уақыт мүліктің нормативі бойынша жұмыс істеу мезгілінен аз, ал сол уақыт ішінде лизингтік мүліктің тек қалған бөлігі ғана өтеледі.
Шаруашылық тәжірибесінде лизингтің келесі түрлерін айырады: толық лизинг; жедел (оперативті-сервистік) лизинг; қаржы лизингі; қайтарылма лизинг; үлестік лизинг (үшінші тұлғаның қатысуымен); тікелей лизинг; сублизинг және сатуға көмек көрсету лизингі. ҚР-ның «Қаржы лизингі» Заңы лизингтің үш негізгі түрін реттейді: жедел, қаржы және қайтарылма (бұл негізінде қаржы лизингінің бір түрі).

Жалға беруші Өндіруші (Лизингтік компания)
Жалгер
1-жабдыққа өтініш; 2-жабдыққа төлем; 3 — жабдық; 4 -жалгерлік ақы;
5-келісімшарт уақыты біткен соң жабдықтың қайтарылуы.

Сурет 1 – Жедел (оперативті-сервистік) лизинг сызбанұсқасы

Жедел (оперативті-сервистік) лизинг – бұл көлік құралдарын, құрылыс техникасын, приборларды, апаратураны және басқа да техникалық құралдарды қысқа мерзімге (бір жылға дейін) келісімшарт арқылы жалға беру. Лизингтік шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің амортизациялық мерзімінен аз. Сондықтан жалгерлік төлем көрсетілген уақытта мүліктің толық құнын өтей алмайды, яғни лизингті бірнеше рет жалғастыруға мәжбүр болады. Аталған құралдардың пайдаланылғаннан кейін иесіне – лизингтік фирмаға (жалға беретін кәсіпорынға) қайтарылатыны жедел лизингтің ерекшелігі болып табылады.
Бұндай келісімшарттарда жалға берілетін мүлікке әртүрлі техникалық қызметтер көрсету қарастырылған, сондықтан жайшылықта сервистік лизинг деп те аталады. Көрсетілетін қызметтердің құны жалгерлік төлемге немесе жеке төлемге қосылады.
Жедел лизингтің, әсіресе жалгерге тиімді екені сөзсіз. Мысалы, қаржы қиыншылығы туғанда жалгер шартты ерте бұзып жалға алған мүлікті иесіне қайтарып береді. Шартты ерте бұзу құқығы ескі құрал-жабдықтан құтылуға және оларды жаңасына айырбастауға мүмкіндік береді.
Жедел лизингтің кемшіліктері: лизингтің басқа түрлеріне қарағанда жалгерлік төлемнің көптігі; аванс және алдын ала төлем жасау талабы; келісілген уақытты бұзғаны үшін айып төлеу; мүлік иесінің тәуекелдігіне байланысты жасалатын компенсациялық төлемдер.
Қаржы лизингі – бұл лизингтің кәдуілгі, ең көп қолданылатын нысаны; шарттардың орта мерзімділігімен сипатталады, бұл шарттарды іске асыру барысында мүліктің құны толық немесе оның көп бөлігі өтеледі. Лизингтің осы түрінде жалға алынған құрал-жабдықтардың толық амортизациясы жалға алушының енгізген төлемімен жабылады. Шарт бойынша жалдық қатынасты күні бұрын бұзуға болмайды, белгіленген уақытында келісілген төлемді өтеп отыру қажет, мүлікті орналыстыру және оны пайдалану үшін жасалатын қызметтерді жалға алушының өзі жасайды. Көп жағдайда шарт бойынша жалдық уақыт біткенде, жалгер пайдаланған мүлікті қалдық құны немесе жеңілдік бағамен өзіне иемденуіне болады.
Қаржы лизингтің жедел түрінен айырмашылығы, ол мүлік иесінің тәуекелдігін төмендетеді. Қаржы шарты көп жағдайда ұзақ мерзімді банк несиесіне ұқсас болып келеді, өйткені мүліктің толық құны өтеледі; төлем ақысы мүліктің құны мен пайдаланушының табысын қоса әр уақытта беріліп отырады; жасалған шарт өрескел бұзылғанда жалгерді банкрот деп жариялау құқығы және т.б.

Сурет 2 – Қаржы лизингі сызбанұсқасы (1)

Қаржы лизингі объектісіне жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат), сонымен қатар ұзақ мерзімді пайдалануға жататын өндіріс құралдары жатады. Қаржы лизингі басқа ұзақ мерзімді жалдың екі түрінің құрылу базасы болып есептеледі – қайтарылма және үлестік (үшінші жақтың қатысуымен).
Таза лизинг – мүлікке қызмет көрсету жұмыстарын лизингті алушы өз міндетіне алады, сондықтан мүлікке қызмет көрсету шығындары лизингтік төлемдер құрамына кірмейді. Таза лизингпен айналысатындар: банктер, сақтандыру компаниялары және басқа да лизингтік бизнеспен айналысатын қаржы ұйымдары.

Сурет3 – Қайтарылма лизинг сызбанұсқасы

Қайтарылма лизинг — екі келісімшарттан тұратын қаржы лизингінің бір түрі. Дайындалушы (иеленуші) мен жалға беруші бір адам болып табылатын лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның немесе жабдықтың иесі оларды лизингтік фирмаға сатады, бұл фирма кейіннен оларды тікелей бұрынғы иесіне қайта жалға береді. Сатып алушы ретінде көбіне коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар есептеледі. Осы операцияны жүргізу барысында тек мүлік иесі ғана ауысады, ал оны пайдаланушы бұрынғы орнында қалады, ол сонымен қатар қосымша қаржыға ие болады. Бұндай операциялар кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру және экономикалық тоқырау кезеңдерінде жиі пайдаланылады.

Сурет 4 – Тікелей лизинг сызбанұсқасы

Тікелей лизинг – бұл лизингте жалгер лизингтік фирмамен қажетті құралдарды сатып алуға және оған жалға өткізуге келісім жасайды. Көбіне жалдық келісім тікелей өндіруші фирмамен лизингтік шарт арқылы жасалады. Олар көбіне ірі фирмалар. Мысалы, автомобиль нарығындағы «Даймлер-Крайслер» және ВМW концерндері машиналарды дүниежүзінің көптеген елдеріне сатушы лизингтік компаниялардың құрылтайшылары.
Сатуға көмек көрсету лизингі – мүлік беруші (сатушы) және лизингтік компания арасында лизинг негізінде жасалған бөлек келісім бойынша мүлікті сату. Бұл келісімдердің әр түрі бар. Көптеген жағдайда мүлікті лизингке өткізу мәселелерін лизингтік компания шешеді. Бірақ кейде лизингтік компанияның атынан лизингтік келісімді мүлікті сатушының өзі де жасай береді.

Сурет 5 – Толық лизинг сызбанұсқасы

Толық лизинг – бұл мәмілеге кіретін қызметтер: жан-жақты техникалық қызмет көрсету жүйесі, жөндеу, сақтандыру, сонымен қатар жұмыскерлерді дайындау, маркетинг қызметі және реклама. Лизинг беруші мүлікке иегерлігін сақтай отырып мәміле біткенше мүлік салығын өтеп отырады. Лизинг беруші лизинг алушымен қашанда болмасын жұмыс істеуге мүдделі болғанымен бүкіл шарт уақатында мүліктің дұрыс пайдалануын қадағалап отырады. Лизингтің бұл түрінің басқалардан артықшылығы, оның лизинг берушінің мүлікті өткізгеннен кейін де жан-жақты қызмет көрсетуінде (мүмкін мүлікті өдірушінің қатысуымен).
Үлестік лизинг (үшінші жақтың қатысуымен) – қаржы лизингінің тағы бір түрі. Бұл мәміле үшінші жақтың – инвестордың (банк, сақтандыру немесе инвестициялық компания) қатысуымен жасалады. Бұл жағдайда лизингтік компания алдынала жасалған ұзақ мерзімді жалға алу келісімшарты бойынша мүліктің бір бөлігін қарызға алған ақша арқылы өтеп, оны өз меншігіне алады. Қарыздың кепілділігі ретінде жаңа алынған мүлік қойылады, ал жалдың қалған болашақ ақысы тікелей инвесторға төленеді. Бұл жерде құралдың амортизациясы мен борышты өтеу жағдайына байланысты лизингтік компанияға жеңілдік жасалады. Мұндай коммерциялық мәміле өте қымбат активтерді (табиғи ресурстар, кен орындары, осы салада қалданылатын машиналар мен құрал-жабдықтар) пайдалану барысында жасалады.
Сублизинг – бұл лизингтік қатынастардың ерекше түрі, лизингтік мүлікті пайдалану құқығы үшінші тұлғаға сублизингтік шарт жасау арқылы берілуі. Оның мәні–сублизинг жасаушы мүлікті лизинг берушіден лизинг шарты бойынша алады да оны сублизинг шарты мен лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді. ҚР «Қаржы лизингі» Заңы бойынша лизингтік ақы міндеттемелерін үшінші тұлғаға төлеуге болмайды. Лизинг мүлкін сублизингке бергенде лизингті берушінің жазбаша түрде рұқсаты керек.
Халықаралық сублизинг – халықаралық лизингтің бір түрі. Бұл лизингтің ерекшелігі, лизинг мүлкінің ҚР-ның кеденінен ішке және сыртқа өту жағдайы сублизингтік шартта көрсетілген уақытқа байланысты.
Сублизингте жалгерлік ақыны алуда негізгі жалгердің құқығы жоғары болады. Қабылданған шарт бойынша үшінші тұлға банкрот болса, онда жалгерлік ақыны негізгі жалгер алады.
Осы көрсетілген келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының түрлері болып саналады: жедел және қаржы лизингтерінің.
«Жылбысқы» лизинг – бұл лизинг түрінде мүлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру және басқа да операцияларды жасауға лизинг беруші (мүлікті жасап шығарушы) өз міндетіне алады. Қаржы ұйымдары және банктер қарамағында техникалық жөндеу орталығы болмағандықтан лизингтің бұл түрімен айналыспайды.
Мәміленің көлемі бойынша шаруашылық тәжірибесінде лизинг шағын, орта және ірі лизинг болып бөлінеді.
Шағын лизинг (400-800 мың теңге) көп елдерде жақсы дамыған. Бұл мәмілелер бойынша өндіріс процесіне кірмейтін мүліктер жатады: компьютерлер, оргтехникалар, телефон станциялары, сақтандыру жүйелері және т.б. ҚР-да шағын лизингтік мәмілелер әзірше өзінің қарқынды дамуын таппай отыр. Лизингтік компаниялар ұйымдастыру жұмыстарының көлемі орта лизингтерімен бірдей болғасын және түсетін пайданың аздығына байланысты шағын мәмілелермен айналыспайды. Керісінше дамыған елдерде шағын мәмілелер лизинг саласының үлкен көлемін құрайды. Бұның мәнісі мынада, шағын мәмілелерде бизнеске келетін қауіп төмен және пайда нормасы жоғары деңгейде.
Орта лизинг (1,0 – 10,0 млн. теңге) көлеміндегі мүліктерді қамтиды: мини-заудтар, технологиялық жабдықтар және т.б. Лизингтің бұл түрінде лизингтік компаниялар лизинг алушыларды көп жағдайда өз банктерінің филиалдары арқылы таңдап алып жұмыс жүргізеді.
Ірі лизингілік мәмілелер (10,0 млн. тенгеден жоғары) бағасы қымбат мүліктермен байланысты: ұшақтар, кемелер, энергетика жабдықтары және т. б. Лизингтің бұл түрі Қазақстанда өз дамуын таппай отыр, себебі үлкен қаражатты және келісімдердің ұзақ уақытқа созылуына байланысты тиімсіз деп саналуында. Сондықтан қазіргі кезде орта лизингтің дамуы басқаларға қарағанда жоғары болып тұр.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің Отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
— лизинг беруші(жалға беруші);
— лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:
— лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
— лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
— қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарып алаалатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
— банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
— толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;
— таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.
Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.
Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тарау. Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі және оның қазіргі кездегі жағдайын талдау

2.1 Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі

«АТФЛизинг» АҚң мүлікті лизингке беру процедуралары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес құрастырылған, Лизингтік компанияның жұмысын ішкі құжаттар мен «АТФЛизинг» АҚң жарғысымен ұйымдастырылады.
Қаржылық лизинг жүрзілу процесіне тартылған, лизинг алушыларды тарту және ішінен іріктеу, «АТФ Лизинг» АҚ-ң маркетологтарымен және несиелік эксперттері арқылы жүзеге асырылады
Лизинг алушылар келесі шарттар бойынша таңдап алынады:
— Лизинг алушышың ағымдағы шаруашылығы болуы қажет, лизинг алуға неиетін білдірер алдында кемінде үзіліссіз 3 ай істеп тұрған;
— Өзінің шарушылығы жоқ болған жағдайда өзіндік капиталы проектті жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы қажет (аванстық төлемдерді төлеу, айнымалы капиталды қаржыландыру және басқа да щығыстарды жабу);
— Шаруашылықтың жаңа тармағын қаржыландырған жағдайда, жобаны орындау үшін өзіндік капиталын тексеруге арнагған мәлімдеме берер алдында кемінде үзіліссіз 3 ай істеп тұрған ағымдағы шаруашылық қажет (аванстық төлемдерді төлеу, айнымалы капиталды қаржыландыру және басқа да щығыстарды жабу);
— Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген болу қажет.
Бірінші кездесуде Лизингтік копманияның несиелік эксперті мәлімдеушіге қаржылық лизинг түрінде қаржыландыру шарттары мен сұраным беру және қарастыру процедураларын түсіндіреді. Несиелік эксперт Мәлімдеушінің қаржылық жағдайын және жобаны қардыландырудың пайдасын талдайды. Егер де болашақ лизинг алушын Лизингтік компанияның шарттарына сәйкес болған жағдайда, несиелік эксперт қаржылық лизинг өткізу үшін сұраным формасы береді және құжаттарды талап етеді (қосымша № ). Құжаттар тізімі лизинг компанияның көзқарасынша толықтырылып немесе өзгертіле алады.
Лизингілік бизнеске қатысушылардың өз-ара іс қимылдары және қатынастарының нақты мазмұны олардың жеке мүдделеріне байланысты.

Лизинг берушінің мүддесі:
• лизингілік маржа және тәуекелділікке байланысты сыйақы түріндегі таза табыс алу;
• лизинг алушының төлемдік қабілетсіздігіне байланысты тәуекелділікті төмендету;
• лизингі операциясының қорғалу жағдайын көтеру;
• өзінің бәсекелестік қабілеттілігін көтеру;
• қызмет көрсету салаларын ұлғайту;
• несие қаржысының деңгейін көтеру;
• сырттан тартылатын ресурстық базаны кеңейту;
• банк арқылы өтетін қосымша ақша ағымдарынжинақтау.
Лизинг алушының мүддесі:
• лизинг саласына жаңа мүлік объектілерін келтіру;
• өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды, мүліктерді және қазіргі заман технологияларын бөліктеп төлеу арқылы алып және оларды тездетіп пайдалану;
• лизинг бойынша берілетін салық жеңілдіктеріне байланысты қаражат жыйынтықтарын үнемдеу;
• лизингтік төлемдер механизмінің икемділігін қамтамасыз ету;
• өндірісті техникалық жарақтандыру үшін керек бастапқы капиталдың қажеттілігін төмендету;
• пайдадан алынатын салықты және салық шығындарын төмендету;
• әкімшілік шығындарын азайту;
• негізгі құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозу қаупін лизинг берушіге аудару;
• еңбек өнімділігін арттыру;
• өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту;
• лизинг шартын жасау тәртібін ықшамдау;
• ақша ағымдарын жоспарлауды оңтайландыру;
• ағымдағы капитал айналымын қысқарту және өндірісті кеңейтуге арналған капитал айналымын молайту;
• экономикалық еркіндікті кеңейту.
Тасымалдаушының мүддесі:
• өнімді пайдаланушылардың қатарын кеңейту және осыған сәйкес табысты молайту;
• шығарылған өнімнің кемшіліктерін жедел табу;
• шығарылатын өнім үлгілерін тездетіп ауыстыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру;
• төлем-төлемеу қаупін дер кезінде шешу;
• лизинг алушылармен көп жылдық қарым-қатынаста болу.
Инвестордың мүддесі: несие және лизинг затының мақсатқа сай
пайдалануын қатаң қадағалауда ұстап отырып пайыздық табыс табу;
Кепіл берушінің мүддесі:
• кепіл бергені үшін сыйақы алу;
• кепілдікке байланысты тәуекелдікті азайту.
Делдал мүддесі: агенттік функцияны жасағаны үшін сыйақы алу;
Сақтандырушының мүддесі: сақтандыру тәуекелдігін неғұрлым азайту нәтижесінде сақтандыру сыйақысын алу.
Лизинг операциясына қатысушылардығ жалпы мүддесі:
• өздерінің бәсекеге жарамдылық дәрежелерін жоғарылату;
• бизнес және капиталды пайдалану пайдалану салаларын ұлғайту;
• лизингтік бизнесте кездесетін қауып-қатерлерді неғұрлым азайту.

Сурет 8- Лизингілік операцияға қатысушылардың өз-ара іс қимылы

С ы з б а н ұ с қ а н ы ң о п е р а ц и я л ы қ м а з м ұ н ы
1. Лизинг мүлкін жеткізуге өтініш.
2. Өтініш жасаушыға берілген кепілдік шарты.
3. Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты.
4. Лизинг берушінің инвесторға беретін кепілі.
5. Лизинг затын жеткізу туралы лизинг берушімен келісім шарттың коммерциялық дайындауын жасауды делдалға тапсырған шарт.
6. Лизинг берушінің несиелендіру (қаржыландыру) шарты.
7. Мүлікті сақтандыру шарты және лизинг берушінің лизинг алушыға деген азаматтық жауапкершілігі.
8. Жеткізуші және лизинг беруші арасындағы лизинг заты бойынша сатып алу-сату шарты.
9. Жеткізуші, лизинг алушы және лизинг беруші қол қойған мүлікті пайдалануға алу-тапсыру Акті.
10. Лизинг затына пайдалану кезеңінде көрсететін сервистік
қызмет жөніндегі шарт.
Сонымен лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал болып табылады.
Әрине, лизингтік келісімнің өзіне тән кемшіліктері де бар. Жоғарыда айтылғандай, лизинг беруші үшін мүліктердің моральдық жағынан тез тозу және лизингтік төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері бар. Ал, лизинг алушы үшін лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары болуы мүмкін. Бірақ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі лизингтік бизнестің тез қарқынымен өсуіне әкеледі. Міне осындай жағдайлар лизингтік қатынастардың кемшілік жақтарын жауып кетеді.

Жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуге сұраным беру тәртібі
1. Несиелік сараптамашы жобаның қаржылық сараптамасының екі жақты қол қоюын қамтамасыз етеді. Жобаның қаржылық сараптамасы үшін комиссияны азайтуға немесе мүлдем болдырмауға президенттің құқығы бар.
2. Мәлімдеуші берілген тізімге сүйене отырып, қаржылық лизинг өткізу үшін керекті құжаттардың барлығын тапсырады. Құжаттардың түпнұсқасы алыпжіберу актісі бойынша несиелік сарапшымен алынады.
3. Жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуге сұраным қаржынесиелік бөлімді қадағалайтын Президент неменсе Вицепрезидент атынан жіберіледі, лизингтік компанияның несиелік сарапшыны жауапты болып анықтайтын қаржынесиелік бөлімнің басшысына келеді.
4. Болашақ лизинг алушының қаржылық лизинг өткізуге сұранымы «электрондық өтініштер журналында» тіркеледі, оның ішінде сұраным бойынша негізгі ақпарат сақталады: сұраным түскен күні, жауапты несиелік сарапшы, мәлімдеушінің атауы, лизингтік келісімнің қаржыландыру сомасы, лизинг затының атауы мен құны, жоба бойынша шешім.
5. Өтінушінің жобаны қарастыруға қажетті құжаттарды тапсыратын күні несиелік маман өтініш негізінде құжаттарды қаржылық лизинг өткізу үшін жібереді:
 Лизинг компаниясының заң бөліміне (құрылтайшы құжаттардың заңды сараптамасын өткізу үшін, өтінушінің кепіл затына қосымша құқығын айқындайтын құжаттар қажет). Қажетті құжаттарды заң бажетті құжаттарды заң бөлімі айқындайды;
 Лизинг затының техникалық және бағамдық сараптамасын өткізу үшін компания логистигіне;
 Белгіленген тізім бойынша қауіпсіздік маманына.
6. Заң бөлімінің мамыны несиелік маманнан құжаттарды алғаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде оған жетіспейтін құжаттар немесе ескертулер туралы ақпарат беру тиіс.
7. Несиелік маман Өтінуші⁄Кепіл берушімен жетіспейтін құжаттар жөнінде хабарласып, оның заң бөліміне түсуін қамтамасыз етеді.

Мәлімдеушінің қаржылық жағдайы мен жоба талдауының реті
1. Мәлімдеушінің қаржылық жағдайы мен жоба талдауының реті сараптама өткізу үшін комиссия төленгеннен кейін және толық құжаттарды тапсырғаннан кейін басталады.
2. Несиелік маман мәлімдеушінің жұмыс орнына немесе шаруашылық иесінің нақты тұратын жеріне барып, жоба мен қаржылық жағдайына талдау жасайды. Несиелік маман аймақтық өтініштерді қарастыру барысында шаруашылқ иесінің жұмыс орнына бармаған жағдайда, өтінушінің жоба және қаржылық жағдайын бар құжаттар негізінде сонымен қатар телефон және электрондық байланыс арқылы жасайды.
3. Мәлімдеуші шаруашылығы мен тәуелділікті бағалау үшін несиелік маман керекті және расталған ақпараттар үшін жауапты.
4. Лизинг компаниясының несиелік маманы жоба сараптамасын келесі талаптарға сай жүргізеді:
 Мәлімдеушінің несиелік тарихы;
 Еншілес компаниялармен байланысф және олардың қаржылық жағдайын бағалау;
 Мәлімдеушінің қаржылық жағдайы;
 Жоба болашағы;
 Жоба бойынша тәуелділікті бағалау;
 Жобаның және мәлімдеуші мен еншілес компаниялардың қаржылық жағдайына бақылау жасау мүмкіндігі
5 Несиелік маман несиелік комитетке жобаға байланысты барлық қорытындыларды жинақтайды.
6. Жоба сараптамасы жүргізілу барысында алынған қорытындылар негізінде несие комитетінің мүшелеріне ұсыныс құрастырылады (қосымша №), орындаушының қолы қойылып, қаржынесиелік бөлім бастығымен және осы бөлімді қадағалаушы вицепрезидентпен келісіліп, компания президентіне танысу үшін жіберіледі.
7. Мәлімдеушінің шаруашылық орнына барғаннан кейін және барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін ұсынысты рәсімдеу мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.
8. Мәлімдеуші өз еркімен қаржылық лизингті рәсімдеуден бас тартқан жағдайда, несиелік маман қаржылық лизинг өткізу өтінішінен басқа барлық тапсырылған құжаттарын қайтарады. Несиелік маманның өзі құрастырған және жинақтаған ақпараттары өтінушіге берілмейді.
9. Егер де несиелік маман мәлімдеушінің қаржылық жағдайымен жоба сараптамасының нәтижелеріне сүйене отырып, қаржылық лизинг беруден бас тартқан жағдайда, несиелік маман жоба негізінде бас тартудың себептерін көрсетіп меморандум құрастырады. Қаржынесиелік бөлімі бастығымен келісіліп қол қойдырады. Жоба бойынша меморандум және жинақталған құжаттар несиелік маманда  жылға дейін сақталады, одан кейін лизинг компаниясының мұрағатына жіберіледі.

Жобаның рискменеджермен келісілуі
1. Ұсыныстар лизинг компаниясының қажетті қорытындыларымен бірге несиелік маманмен электрондық пошта арқылы несиелік комитетке шығарар алдында  жұмыс сағаты бұрын рискменеджерге жіберілуі тиіс, егер де жоба несиелік комитетінің өкілетінде болмаса, ұсыныс барлық қорытындылармен  күн бұрын жіберіледі.
2. Егер де жоба несиелік комитеттің өкілетінде болмаса, рискменеджер жоба қаржыландыру шарттарымен келіспеген жағдайда жазбаша қорытынды дайындайды.

 

 

Жобаны өкілетті органмен бекіту тәртібі
1. Жобаның құрылтайшы органмен бекіту⁄бекітпеуі оның қаржылық лизинг, заң бөлімінің қорытындысы, қауіпсіздік маманы, рискменеджер ұсыныстары өкілетінің негізінде жасалады
2. Қаржылық лизинг мен басқа бөлімдер қорытынжылары туралы ұсыныстардың өкілетті органның хатшысына уақытында несиелік маман арқылы беріледі.
3. Несиелік маман және заң бөлімінің маманы жобаны өкілетті органға қаралуына жіберіледі. Несилік маман заң бөлімінің маманына құрылтайшы органға жобаның ұсынылатын күнін және уақытын алдынала хабарлайды.
4. Жобаны құрылтайшы органмен бекітілген жағдайда несиелік комитеттің хатшысы өкілетті орган отырысының хаттама көшірмесіне қол қойып, несиелік маманға жібереді.

2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау

Қазақстандағы лизингтің дамуы көп қырымен Еуропадағы лизингтің қалыптасуына ұқсас. Қазақстандағы алғашқы лизингтік компаниялар да Еуропадағы секілді каржыландыру жобасы бар банк қарамағында пайда болды. Лизингтік компаниялардың негізгі клиенттері даму барысында банктің корпоративтік клиенттері болды. Бүгінгі күні Қазақстанда жергілікті банк компанияларының қарамағында 15 лизингтік компания жұмыс істейді, сонымен бірге, халық шаруашылығына көмек көрсетуге арналған Үкімет құрған мамандандырылған лизингтік компания бар. Мұндай лизингтік компаниялардың пайда болуы реалды лизингтік индустрияның қалыптасуына әсер етеді және Республикадағы ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл компаниялардың лизингтік қызметінің негізгі тұтынушылары-жылу, энергетика, өндірісі, металлургия, транспорт, сауда, халық шаруашылығы. Құрал-жабдықтарды жабдықтаушы Қазақстандық өнеркәсіптермен бірге, шетелдік және Ресейлік жабдықтар. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа лизингтік компаниялардың қалыптасуына деген қызығушылықтың артуы көрінуде.
Қазақстандық лизингтік компаниялардың көзқарастары бойынша 2000 жылға дейін Қазақстандағы лизинг жаңадан туылған кездегі қалпында болып келді. Азаматтық кодексте лизингтік қатынастарды қамтамасыз ететін заңдылық және лизинг туралы арнайы заңның қабылдануын талап етті. Бұл оқиғаны күтуге 2 жыл уақыт керек болды, Қазақстан Республикасында 1999 жылы 1 шілдеде Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімі қабылданды, мұнда мүліктік қарыз келісімінің түрлері секілді, лизингке байанысты көптеген сұрақтары көрініс тапты. Ресей Азаматтық кодексынан (АК) Қазақстан АК-нің айырмашылығы лизингке жер де берілетін болды, бұл әрине Қазақстанда қозғалмайтын мүлік лизингінің дамуына әсер етеді.
Егер пост-советтік кеңестіктегі басқа елдермен салыстырсақ, Қазақстан Республикасының салық Заңы лизингке жақсы әсерін тигізетінін байқай аламыз: соңғы жылдары нарықта лизинг қызметінің динамикалық дамуына әсер еткен жеңілдіктер қабылданды. Оны келесі кестеден көруге болады.
Кесте 1
Орта Азия мемлекеттерінің лизингтік операцияны қаржыландыру көлемі (млн.долл.)
Мемлекет атауы 2006ж 2007ж
Қазақстан 87 170
Қырғызстан 60 88
Өзбекстан 4 2
Тәжікстан 9 4
Көзі: Халықаралық Қаржы Корпорациясының 2007 ж. мәліметтері бойынша

Жоғарыда көрсетілген кесте бойынша сурет төменде келтірілген

 

2007 – 2008 ж.ж. Қазақстанда лизинг қатынастарының өсу тенденциясы байқалса, жылдық өсу қарқыны 51% өсіп, 170 млн. долл. құрады, Өзбекстандағы лизинг бизнесінің өсу қарқыны 75% өсіп, жыл соңында 88 млн. долл. тең болды. Ал Қырғызстан мен Тәжікстандағы лизинг бизнесінің жағдайын талдайтын болсақ, онда 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда, бұл қатынастар бәсеңдей түскенін байқай аламыз. Бұл елдегі тұрақсыз саяси жағдай мен несиелеудегі жоғары тәуекелділік факторларының әсерінен қалыптасқан жағдай деген ойдамыз.
Лизингтік қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ету міндетті түрде керек, бірақ лизинг даму шарты жеткіліксіз. лизингтік сектордың қалыптасуы — жұмыс істеуді қажет ететін экономикалық шарттарға тәуелді және алғашқы кезекте кіші және орта кәсіпкерлікті инвестициялауды қаржылық институттардың мүмкіндіктері.
Қазақстан үшін экономикалық өсуде соңғы үш жылда жоғары қарқын көрсетілген, кәсіпкерлік құру мен инвестиция тартудың негізгі механизімінің бірі лизинг болу керек, бұған оның барлық жетістіктері бар. Лизинг дамуының оптималды шарты Қазақстанда жергілікті өнеркәсіп пен инвестиция көлемін лизингтен ортақ дүниежүзілік пропорцияға дейін әкелді. Алайда Қазақстандағы лизинг секторының өсуі бүгінгі күні оның потенциалымен саластыруға келмейді. Оның себебі — қаржы ресурстарына шектеулік, сонымен бірге лизинг механизімі арқылы кіші және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көп инвестиция қажет етеді.
Дамыған елдерде ортақ көлемде инвестицияларда лизинг үлесі негізгі капиталдың 20-30%, ал дамушы елдерде 5-15% құрайды. Егер ортақ көлемді инвестицияда лизинг 4% дәрежесіне дейін өссе, онда болашақ 3-4 жылда лизинг нарығы көлемінің көрсеткіші 650 млн АҚШ долларын құрайды. Егер ЕҚКДБ болжамына сәйкес бұл көрсеткіш 10% жетсе лизинг 1,4 млрд АҚШ долларының көлемінде болады. Лизинг индустриясының даму динамикасын жақсарту үшін, және үлкен пайдалылығын көру үшін, лизинг операцияларын қадағалап отыратын заң жүйесіне кейбір түзетулер енгізуге тура келеді. Еліміздегі лизингтің дамуына әсер ететін заң базасын құру, барлық өндіріс секторының дамуына себепті болады, қосымша жұмыс орындары мен бюджетке түсетін салықтардың көбеюінен басқа, Қазақстан экономикасының шикізат экспортынан тәуелсіздігін қамтамасыз ете алады.
Қоғамдағы және кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің деңгейіне және елдегі лизингтік қатынастардың даму сатысына байланысты жалпы экономика салаларындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы лизингтік қатынастардың ұйымдастыру формаларын анықтау мүмкіндігі туады. Осы формалардың бірі лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастыру болып табылады. Мұндай жағдайда лизингтік қатынастар тікелей банктер немесе банктердің еншілес лизингтік компаниялары арқылы ұйымдастырылады.
Жалпы банктік тәжірибеде коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы несиелік қатынастар әртүрлі формаларда құрылуы мүмкін:
1.Банктер лизингтік компанияларға олардың жүргізетін әрбір операциялары бойынша клиенттің төлем және несиелік қабілеттілігіне толық талдау жасалғаннан кейін кепілдендірілген несиелер береді және мұндай несиенің мерзімі әдетте лизингтік келісімшарттың мерзімімен толық сәйкес келеді.
2.Банктер лизингтік компанияларға кез-келген қарыз алушыларға берілетін сияқты кепілдендірілмеген қарапайым банктік несиелер береді.
Осыған байланысты тәжірибеде банктік капиталдың лизингтік бизнесіне қатысуының екі әдісі кездеседі:
1. тікелей әдіс;
2. жанама әдіс.
Көптеген лизингтік компаниялар өз қызметтерін іске асырудың алғашқы кездерінде ақша қаражаттарын жинақтаудың сыртқы көздеріне, соның ішінде әсіресе банктік несиеге көп мөлшерде тәуелді болады. Мұндай жағдай бүгінгі таңда шетелдік тәжірибеде толық түрде дәленденген. Мысалы, шетелдердегі лизингтік компаниялардың жалпы ресурстарының ішіндегі банктік несиесінің үлесі 75%- ке дейін жетеді. [1,406]
Лизингтік компаниялардың өз қызметтерін жүзеге асыру барысында сырттан тартылған қаражаттарды, яғни банктік несиені көп мөлшерде пайдалануы ақша формасында лизингтік компанияға берілетін банктік несие мен тауар формасында лизинг алушыға берілетін несиенің ерекше бір формасы болып табылатын лизингтің арасындағы өзара тығыз байланысты куәландырады. Яғни, несиенің бір формадан басқа бір формаға ауысуы көрінеді.
Сонымен бірге лизингтік фирманың банктік несиені көп мөлшерде пайдалануы сол фирманы қаржыландырудың осы түріне неғұрлым көп тәуелді етеді. Сондықтан банктер мен лизингтік фирмалардың қызметтері бір-біріне байланысты болады. Міне, осындай жағдайларда лизингтік фирманың қызметінің тиімділігі банктен несие алу мүмкіндігіне, қарыздық өсімақының өзгеру деңгейіне және банктік саясаттың анықтаған тағы басқа жалпы белгілеріне тәуелді болады.
Бүгінгі таңда еліміздегі отандық лизингтік компаниялардың сырттан қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады. Оны коммерциялық банктерден экономика сапаларына бөлінген лизингтік операцияларды қаржыландыруға арналған сомалар көлемінен көруге болады.

Кесте 2
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды қаржыландыруы (млн.долл)

2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл
Лизингтік операцияларды қаржыландыру, долл 47,3 85,1 50
Лизингтік мәмілелер саны 120 440 370
Көзі: Халықаралық Қаржы компаниясының 2008 жылғы мәліметтері

Осы кесте бойынша мәліметтерді 2-ші суреттен көруге болады.

Көзі: Жиналған мәліметтер негізінде құрастырылған.
Осы суреттен көріп отырғанымыздай, 2008 жылғы мәліметтер бойынша еліміздің коммерциялық банктерінен бөлінген лизингтік қаржыландырудың өсу динамикасының болуы саяси тұрақ емес, экономиканың өсу тенденциясы, өндірістің жандандырылуы сияқты факторлары ықпал етті деген ойдамыз. Қазіргі уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының жоғырлауы еліміздің экономикалық өсуіне әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, лизингтік операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі танда лизингтік компаниялардың коммерциялық қызметінде және Отандық лизингтік нарықтың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығын артуда. Мұндай жағдай лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Лизингтік компаниялардың несиелік қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, коммерциялық банктер лизингтік операциялардың көлеміне, бағытталуына және оның нақты түрлерінің дамуына әсер етуге мүмкіндіктер алады.
Коммерциялық банктер лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды ұйымдастыру кезінде несиелеудің банкте қабылданған жалпы тәртіптерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Сондықтан да мұндай несиелік операцияларды клиенттерге несие беру бойынша қарапайым активті операциялар ретінде де қарастыруы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда лизингтік компаниялар үшін несиені беру және оны өтеудің ерекше механизмін жасауды да қарастырады. Яғни, лизингтік компанияларға берілетін несиелер бойынша баға белгілеудің және олардың төлем қабілеттілігін анықтаудың ерекше қағидалары керсетілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік опреациялардың дамуы лизинг шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды сату үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Ал, коммерциялық банктер айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан, лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Соңғы жылдарда мемлекет банктерінің нақты секторды, соның ішінде кіші бизнес пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойыша қызметін жандандыруға бағытталған көптеген түрлі шаралар қабылдап отыр. Бұл мәселелерді шешудегі салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің арқасында кәсіпорындар, кепілдік мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық қайта қаруландыру үшін қажетті қаржылық және материалдық көмекті ала алады.
Бірақ, екінші деңгейлі банктер лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда әлі де болса, ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер өзінің несиелік саясатын ескеретін көп жоспарлы қызметін атқарып отыр, оның құрамына қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді.
Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік қызметпен байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің түрлі салаларындағы лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын процедуралары болмағандықтан, банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес стандарттарын жасауға және оларда өзінің қатысуының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді. Лизингтік мәмілелерді жүргізу әлі де көптеген қосымша формалдылықтармен түйіндескен. Солардың ішінде, жылжымалы мүліктің қаржылық лизинг келісімшартын мемлекеттік тіркеу туралы талаптар, егер сатып алынатын жабдық шетелден әкелінсе, оның сертификаттау және стандарттау бойынша шарттарын орындау, есепке алудағы лизинг нысанының дұрыс айқындалу мәселесі жатыр. Лизингтік қатынастардың (тура және жанама) қатысушылар тобы да едәуір, олардың адалдылығынан және төлем қабілеттіліктерінен міндеттер тізбегінің орындалуы тәуелді. Бірақ, құжаттарды рәсімдеудегі көптеген қиындықтарға қарамастан, өндірушілер лизингтік мәмілелерге қатысуға мүдделі.
Республика коммерциялық банктерінің лизингтік несиелеу белсенділігі жетерліктей жоғары және тұрақты ұлғаю тенденциясы бар. Банктермен берілетін несиелердің үлкен бөлігі экономиканың өнеркәсіп және сауда сияқты салаларына түсіп отыр. Олардың экономикадағы несиелердің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2006 жылдың аяғына сәйкесінше 33,4% және 29,8% құрап отыр. Кіші бизнес субъектілеріне осы күнге берілген несиелер үлесі 23,5%. Кәсіпорындардың айналым құралдарын толықтыруға ұсынылған несиелердің үлес салмағы 2006-2008ж.ж. үшін сәйкесінше 61,5%, 66,4% және 63,5% жоғары.

Көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мәліметтері негізінде құрастырылған.

Сурет 3 Коммерциялық банктердің лизингті қаржыландыру бойынша портфелінің құрылымы(пайызбен)

Осы сурет бойынша лизинг құралдарына берілген қаржының экономика салаларына бөлінуі үлеспен көретілген. Яғни 2007 жылдың өзінде көлік құралдарына 67% бөлген. Менің есептеуімше, оның себебі, қалалық қоғамдық көлік құралдарының көбісі лизинг мәмілелері арқылы жаңартылуынан. Мысалы, Қытай және Венгрия автобустары, Корей Республикасының такси көліктері, Ресей жеңіл көліктері және т.б.
23% өндірістік кәсіпкерлікпен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдерінің тапсырысы бойынша өндірістік құрал-жабдыққа бөлінді.
Қаржы Министрлігінің мәліметтері бойынша, кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға 800 млрд. теңгеден (6,5 млрд. АҚШ долл) кем емес инвестициялар қажет, бұл былтырғы жылда банктермен берілген несиелердің көлемінен екі есе артық. Өндірістік кәсіпорындарда жабдықтың тозу дәрежесі 40—70 % және одан жоғары мәнді құрайды. Жыл сайын республикада негізгі өндірістік қорлардың 0,8—1,2 % ғана жаңартылады, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіштер 6—8 % құрайды. Негізгі капиталға инвестициялардың едәуір бөлігі кәсіпорынның жеке және тартылған құралдар есебінен қаржыландырылады.
Қозғалмайтын мүлік, ауыл шаруашылығы құралдары және басқа да шараларға 2 – 5% бөлінді. Суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейлі банктер осы салаларды қаржыландыруға аса ынтасын танытып тұрған жоқ.
Еліміздің банк жүйесі жақын жылдары экономиканың несиелердегі қажеттілігін толығымен қанағаттандыра алмайды. Қалыпты қайта өндіру процессін қамтамасыз етуге жететін банк жүйесінің капиталы ЖІӨ 6—7% құрауы тиіс. Басқа да кедергілер бар: көптеген кәсіпорындардың қаржылық қызметіндегі айқындылықтың болмауы, олардың менеджментінің төмен деңгейі, кредиторлар құқығын қорғаудың сенімді жүйесінің болмауы және т.б. Несиелік операциялардың банктер үшін жоғары тәуекелділігі мүмкін қарыз алушы туралы оның несие қабілеттілігін дұрыс бағалауға көмектесетін, толық және шынайы мәліметтерді заңды алу мүмкіндігінің болмауына байланысты.
Банктердің инвестициялық белсенділігі барлық кәсіпорындардың қаржылық есеп пен есеп беру бойынша халықаралық стандарттарға өтуге, олардың іскерлік және қаржылық беделін, бұл ұйымдардың меншік иелерін және менеджерлерін танудың тиімді жүйесін құруға белгілі бір дәрежеде әсер ете алады.
Кредиторлар мен қарыз алушылардың өзара ашықтылығының шарты мемлекеттің мүмкін қарыз алушылары туралы шынайы мәліметтерді жинайтын және мүдделі тұлғаларға ұсынатын несиелік бюроның маңызы жоғары.
Банктер лизингтік операциялардың жүргізілуіне тікелей немесе олармен құрылатын еншілес компаниялар («АТФ-лизинг», «Халық-лизинг» және басқалары) арқылы қатысады. 2007 жылғы жағдайы бойынша екінші деңгейлі банктердің қаржылық лизинг шегінде клиенттерге ұсынылған сомалар бойынша баланстық шоттарындағы қалдықтар 20,7 млрд. теңгені құрады.
Лизингті қаржылық құрал ретінде пайдалану экономиканың және әлеуметтік саясаттың көртеген даму мәселелерін шешуге көмектесетініне қарамастан, бүгінгі күнде лизинг, қаржылық лизингті қоса, Қазақстанда жеткіліксіз сұраныста қалып отыр. Негізгі себебі – лизингтік қызмет көрсетудің отандық нарықтың құқықтық, институционалдық және ұйымдастырулық-техникалық сипаттағы шешілмеген мәселелері бар. Тежеуші факторларға, бірінші кезекте, лизингтік мәмілелердің асырудың заң негізінің жеткіліксіздігін жатқызуға болады, өйткені «Қаржылық лизинг туралы» Заң, Азаматтық, Салық және Кедендік Кодекстер нақтылануы тиіс. Сонымен қатар, лизингтік қызмет көрсетулер нарығының қазіргі заманғы инфрақұрымының болмауы, оның ішінде қажетті ақпаратты алудың шектеулігі, күрделі лизингтік операцияларды халықаралық деңгейде жүргізуде қазіргі заманғы технологиялардың жетіспеушілігі. Қазақстан «Қаржылық лизинг туралы» 1998 жылғы халықаралық конвенцияға әлі қосылған жоқ. Нарықта жоғары тәуекелдер бар, жоғары бастапқы жарна мен ресурс құны кезіндегі қаржыландыру мерзімдері шектелген. Лизингтік инвестициялық жоба тиімділігін оперативті бағалаудың әдістемесі жоқ. Лизингтік компаниялар әр түрлі өндірушілердің және республика аймақтарының жабдықтарға және технологияларға тапшылығын жетерліктей толық зерттемейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, лизингтік операциялар барлық қатысушыларға құрастырылуы жоғары сапалы күрделі бизнес-жоспар болғанда ғана, тиімді әрі тартымды болады.
Шетелдік тәжірибені ескерсек, оперативті лизинг келешекте маңызды рөлге ие болуы тиіс. Бұл жағдайда лизинг алушы жабдықты оның иесіне лизинг біткеннен кейін қайтарып береді, ал лизинг берушіге негізгі кіріс жабдықты екіншілік нарықта өткізгеннен түседі. Лизингтік операциялардың секьюритизациясы, бағалы қағаздардың лизинг келісімшарттары негізінде эмиссиясы, жеткізушілер тарапынан үлестік қаржыландыру, сонымен қатар лизингтік операциялар жүруі тиіс.
Лизинг қатысушылары арасында тәуекелді үлестіретін келісімшарттық механизмдерін, синдицирленген несиелеуді – тәуекелдерді банктер арасында бөлуді, қатысушылар міндеттерін қамтамасыз етудің сақтандыру принциптерін пайдалану тиімді деп есептелінеді.
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде несиелік және іскерлік тәуекелді әртараптандырудың оптималды нұсқаларының бірі лизингтік операцияларды қиылыстырылған тауарлы-ақша схемасын жүргізу болып табылады. Мұнда инвестор ретінде лизингтің үш субъектісі болады: өндіруші, банк, лизинг алушы. Мемлекеттің авиациялық салада және ауыл шаруашылығында лизинг механизмін пайдалану лизингтің дамуына едәуір қарқын беруі мүмкін.
Лизинг қызметіндегі сақтандыру туралы айтсақ, келесі жағдайларды қысқаша атап өтуіміз тиіс. Сақтандыру еркін негізде жүргізіледі және егер мұндай шарт тиісті келісімшартта қарастырылса, лизинг қатысушылары үшін сақтандыру міндетті түрде болады. Лизингтік мәмілені жасасқан кезде (немесе оны қамтамасыз етуде), оны келесі тәуекелдерден сақтандыру қорғанысын қолдануды қарастыруға болады: мүліктік тәуекелдер; қаржылық тәуекелдер; саяси тәуекелдер; азаматтық және мамандық жауапкершіліктердің алуан түрлерімен байланысты тәуекелдер; персоналдың, басшылықтың, акционерлердің өмірімен және денсаулығымен байланысты тәуекелдер; интеллектуалды меншік нысанымен байланысты тәуекелдер; маркетингтік стратегиясының кемшіліктерімен байланысты тәуекелдер; әкімшілік бассыздықпен немесе криминалды әрекеттермен байланысты тәуекелдер.
Атап өту керек, сақтандыру ұйымының (сақтандыру нарығы инфрақұрылымының дамымағандығынан) сақтандырудың осы түрлерін жүргізу технологияларымен байланысты өзінің мәселелері де бар. Сақтандыруға, сақтандыру келісімшартының әрекет ету мерзімінде мониторинг тәуекелін ұйымдастыруға, оптималды сақтандыру тарифтерін анықтауға және сақтандыру жағдайы болғанда сақтандыру төлемдерінің тәртібін сақтандырушымен келісуге тиесілі тәуекел факторларын бағалаудағы қиындықтар туралы сөз болып отыр.
Сақтандырудың айтылған түрлерін жүргізуге құқық пен лизингтік операциялардың асырылуына лицензиялар іс жүзінде барлық сақтандыру ұйымдарында және екінші деңгейдегі банктерде бар. Қазақстанның Ұлттық Банкі бақылау органы ретінде банктер мен сақтандыру компанияларының оперативті, соның ішінді лизингпен байланысты мәмілелер бойынша қызметіне кірісуге құқығы жоқ. Бірақ, қаржы ағымдарын оптимизациялау және несиелеу механизмдерінің әрі қарай дамуы мен олардың ашықтылығын қамтамасыз ету және төлем жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық банк лизинг мәселелерін талдауда қатысуға дайын.
Қазіргі уақытта ҚР-да коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жүргізу үшін зандылықты база құрылған, яғни, «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің 1995 жылғы 31тамыздағы заңды күші бар жарлығына сәйкес банктердің ҚР-ның ҰБ-ң арнайы лицензиясы негізінде лизингтік операцияларды жүргізуге құқықтары бар. Соған байланысты біз «банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін біліктілік деңгейі неғұрлым жоғары ұйым болып табылады» деген пікірге толығымен қосыламыз. Себебі, кез-келген заңды тұлғалар үшін лизингтік қызметті жүргізу кезіндегі қаржылық тәуекелділіктің деңгейі өте жоғары екендігі белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» Заңның 42-бабында көрсетілген пруденциялдық нормативтерге және т.б. нормаларға сәйкес коммерциялық банктер ҚР-ның ҰБ-ң қатаң бақылауында болатындықтан, олар лизингтік операциялар жүргізу үшін қолайлы ұйым болып саналады.
Сонымен, жалпы тәжірибеде коммерциялық банктер лизингтік компанияларға қарыз беруші ретінде емес, тікелей лизинг беруші ретінде көріну арқылы, банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының тікелей әдісін қолдануға болады. Яғни, бұл әдіс лизингтік келісімдерді қаржыландыру үшін бос ақша қаражаттарын іздестіру мәселелерін жеңілдетеді.
Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларындағы лизингтік қызмет үлесінің жоғарылауы банктік құрылымнан еншілес лизингтік компанияларды бөліп шығару қажеттілігіне алып келеді. Бұл лизингтік қызмет эволюциясының одан әрі қарай тереңдеуін көрсетеді. Еншілес лизингтік компаниялар үшін лизингтік қызмет бір ғана қызмет түрі болып табылады. Сондықтан лизингтік келісімдерді ұйымдастыру жеңілдейді, себебі, бірдей типтегі контрактілер саны көбейеді.
Лизингтік процестердің ұйымдастырылудың мұндай құрылымында коммерциялық банк өзінің еншілес лизингтік компаниясына лизингтік келісімдерді жүзеге асыру үшін тек несиелік ресурстар ғана береді. Ал, лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті басқа мәселелердің барлығымен, яғни, тауар өндіруші зауыттармен сатып алу-сату контрактілерін бекіту, сервистік қызмет көрсету және т.б. сұрақтармен еншілес лизингтік компания айналысады. Банктердің еншілес лизингтік компаниялары барлық елдердің лизингтік қызметтер нарығында негізгі роль атқаратын неғұрлым ірі сегмент болып табылады.
Сонымен, лизингтік компаниялардың қызметіндегі жаңа сфералар оның ұйымдастырушылық құрылымының күрделіленуіне әкеліп соғады. Осы жерде лизингтік компаниялардың ұйымдастырушылық құрылымы нарық талаптарын ескере отырып, лизингтік бизнестегі прогресті қамтамасыз етуге ұмтылуы қажет деген жалпы қағида көрінеді.
Коммерциялық банктер үшін лизингтік операциялардың тартымдылығы осы операцияны іске асыру кезінде нақты материалдық қамтамасыз етудің бар екендігімен түсіндіріледі. Сонымен бірге, лизингтік бизнестің дамуы коммерциялық банктерге өз операцияларының санын ұлғайтуға, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға, клиенттер санын көбейтуге, клиенттермен серіктестік қатынастардың дәстүрлі байланыстарын тереңдетуге және өзара тиімді байланыстар орнатуға мүмкіндіктер береді.
Банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің тереңдеуі жағдайында коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды іске асыруы лизингтік нарықтағы банктік әсер ету сферасын ұлғайтудың тиімді әдісі болып табылады. Коммерциялық банктер мүліктерді сатып алуға өз қаражаттарын сата отырып және сол арқылы лизинг беруші қызметін атқара отырып, еліміздегі негізгі қорларды жаңарту стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруға, лизингтік бизнестің даму бағыттарын анықтауға, лизингтік нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға өз үлесін қосады.
Банктер үшін лизингтік операцияның артықшылығы оның жеткілікті деңгейдегі жоғары рентабельділігінен көрінеді. Яғни, лизингтік төлемдер арқылы банк коммиссиондық ақы түріндегі табыстың жаңа көзін иеленеді. Сонымен бірге, лизингтік операция тәуекелділігі өте жоғары банктік операциялар қатарына жатады. Лизингтің негізгі түрлерінің бірі, оперативті лизинг кезінде банк тәуекелділігі жоғарылайды. Себебі, бір лизингтік келісім-
шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, сол құрылғыға деген сұраныс болмаған жағдайда, лизинг объектісінің қалдық құнының өте көп бөлігінің орнын толтыру қажеттілігі туады. Сондықтан банктік тәуекелділік тұрғысынан алып қарағанда лизинг беруші-банктің экономикалық қызығушылығына қаржылық лизинг жоғары деңгейде жауап береді.
Сонымен қорыта айтқанда, лизинг берушінің қызметін атқара отырып коммерциялық банктер лизингтік қатынастардың дамуының негізгі приоритетті бағыттарын анықтайды. Осы бағыттарды анықтау кезінде бүгінгі күні, олар ең алдымен халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға және сапасы өте жоғары халық тұтынатын тауарларды шығаруды ұйымдастыруға арналған лизинг объектілеріне көп көңіл бөлулері қажет деп ойлаймыз.
Лизингтің операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық банктердің тізімі. «Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен елдің жетекші банктері құрған лизингтік компаниялардың саны тез өсті. Осылай, 2000 жылдың тамызынан 2007 жылдың мамырына дейінгі уақытта 9 коммерциялық банктің лизингтік компаниялары құрылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының нарығында 20 лизингтік компаниялар ресми тіркеліп, олардың 15 белсенді жұмыс жасауда. Астана қаласында 4 лизингтік компания (Астана финанс, Астық лизингтік компаниясы, Қазагрофинанс және Агромашлизинг), Қарағанды қаласында 1 (Қарағанды лизинг компаниясы) және Алматыда 10 (Центрлизинг, Альфа-лизинг, Нұр-инвест, Халық лизинг, Темірлизинг, Казтранслизинг, Альянс лизинг, БТА лизинг, АТФ-лизинг және Медикал лизин групп) лизингтік компаниялар жұмыс істеуде.
КазАгроФинанс – ауыл шаруашылығын қаржыландыру үшін құрылған мемлекеттік компания. Қаржыландыру көзі төмен пайыздық қойыдыммен (2 % — 3 %) және жылдық 5% — 6% қамтамасыз ететін, лизингтік төлемдері жыл сайын өтелетін мерзімі жеті жылға дейін, ресурстарды ұсынатын мемлкеттік бюджет болып табылады. Лизинг алушыларға қойылатын жетерліктей қатаң талаптар мен Ауыл Шаруашылық Министрлігімен және басқа мекемелермен келісуді қажет ететін бюрократтық шаралар машиналарды жеткізуде қиындықтарды туғызады.
Қарағандылық Лизингтік Компания облыстың іскерлерін қолдау үшін негізделген. Берілген компания Қарағанды облысының Әкімшілігі жанындағы Іскерлікті Дамытудың Жеке қорымен құрылған. Компанияның басты мақсаты кіші және орта бизнесті қолдау болып табылады.
Астықты Лизингтік Компания Қазақстан Республикасының Астық Одағымен жұмыс істейтін жеке тұлғалармен құрылған. Алдымен бұл компания ҚР Халық Банкіне жатқызылған. Қызметінің басты мақсаты – ауыл шаруышылығының өндірушілерін қаржыландыру.
Мемлекет қолдауынсыз және ауыл шаруашылық техникасының лизингі ғана үшін емес құрылған бірінші лизингтік компания «БТА Лизинг» АҚ болып табылады. «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін 2000 жылдың шілдесінде Тұран Әлем Банкі лизингтік компанияны құрды.
Бұл банкке АТФ Банк, Нұр Банк, Халық Банк және басқалары ерді. Қазақстанның лизингтік нарығында берілген уақытта коммерциялық банктермен де-юре және де-факто ашылған 8 лизингтік компания бар. ТАИБ Қазақ Банкі де лизингтік операцияларды іске асырады. Әдетте лизингтік компаниялар атауларында банктердің аты болады:
2001 жылдың қазанында және 2002 жылдың ақпанында Алматыда мүдделі жақтардың қатысуымен қаржылық лизинг бойынша конференция өткізілді. 2001 жылдың қазанында лизингтік компанияларда Қазақстандық Лизингтік Ассоциацияны құру туралы бастама жасалып, қолдау тапты. ТМД-Лизинг (ТМД елдерінің Лизингтік Ассоциация Конференциясы) берілген идеяны қолдап, ұлттық ассоциацияға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Өкінішке орай, Қазақстандық Лизингтік Ассоциация Республикадағы лизингтік нарықтың дамуына еш әсер етпеді. 2004 жылы Ассоциация өз қызметтін тоқтатты.
2002 жылдың қаңтарында Құрылыс ісі бойынша Комитеттің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы лизингті дамыту бойынша Ассоциация «Казстройлизинг» құрылды.
Ассоциацияның негізгі мақсаты оның мүшелерін құрылыс техникасына және жабдығына қажеттілігін лизинг бойынша қанағаттандыру болып табылады, бұл құрылыс техникасы мен жабдығының тозуының үлкен пайызымен байланысты. Қазіргі кезде Ассоциация шешуге тырысып отырған басты мәселе техника мен жабдықты сатып алуға құралдарды іздестіру болып табылады, бұл үшін техника қажеттіліктері және құрылыс жабдығын жеткізушілері туралы мәліметтердің ақпараттық базасы құрылды.
Лизингтік схема бойынша жұмысты жандандыру үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Лизингтік конференциясына кіру туралы өтініш жасалды, бұл конференцияның құрамына толық мүшелері ретінде 76 зауыт пен машина жасау кәсіпорындары, Ресей Федерациясының, Беларус Республикасы мен Украинаның лизингтік Ассоциациялары кіреді.
Республиканың құрылыс кешенінде Лизингтік Ассоциация өз күштерін лизингтің дамуы үшін тиімді қолдау жасауға жұмылдыратын, ашық коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Ассоциация мүшесі Ассоциацияның жарғылық құжаттарының талаптарына сай мүшелік жарналарды төлеген, кез-келген заңды және жеке тұлға бола алады.

Кесте 3

Коммерциялық банктердің лизингтік еншілес компаниялар тізімі
№ Компанияның аталуы Тіркелу уақыты Банк
1 «Альянс Лизинг» АҚ Тамыз, 2002 «Альянс Банк» АҚ
2 «БТА Лизинг» АҚ Тамыз, 2000 «Банк ТуранАлем» АҚ
3 «Халық Лизинг» АҚ Қазан, 2000 «Қазақстанның Халық Банкі» (Халық Банк)
4 «Центр Лизинг» ЖШС Қаңтар, 2002 «Банк Центр Кредит» АҚ
5 «ЛК «Нур Инвест» ЖШС 2000 «Нур Банк» АҚ
6 «Темір Лизинг» АҚ қыркүйек, 2002 «Темир Банк» АҚ
7 «АТФ Лизинг» АҚ Қараша, 2000 «АТФ Банк» АҚ
8 «Альфа Лизинг Компаниясы» ЖШС Тамыз, 2004 Ресейлік Альфа Банк
Көзі: Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігінің мәліметтері негізінде құрылған

«Казстройлизинг» Ассоциациясының мүшелері болып табылатын, құрылыс ұйымдарына құрылыс техникасы мен жабдықты сатуды іске асыруда қаржылық әріптесі бүгінгі күнде «БТА Лизинг» АҚ болып табылады.
2004 жыл лизингтік нарықтың дамуы бойынша белсенділіктің өсуімен белгіленген. Мысалы, лизингтік компаниялардың және лизингті дамыту бойынша Топтың қызметінің арқасында лизинг мәселелеріне қатысты салық заңына өзгертулер енгізілді, сонымен қатар «Қаржылық лизинг туралы» Заңға да өзгертулер енді.
Лизинг саласында Халықаралық Қаржылық Корпорация (ХҚК) 20 жылдан аса жұмыс істейді. Осы уақыттың ішінде ауыспалы периодтағы экономикасы мен дамыған лизингтік нарығы бар елдердің жартысы өздерінің лизингтік компаниялары үшін ХҚК-дан инвестициялар алды. ХҚК үкіметтерге инвесторлар мен техникалық әріптестерді іздестіріп, лизингтік заң бойынша мәселелерде техникалық көмекті және жаңа лизингтік компанияларға инвестициялаужы қиыстыратын, лизингтің дамуына қолдау көрсетеді.
Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі (ЮСАИД) және Халықаралық қаржылық корпорация (ХҚК) 2004 жылдың қазанында Қазақстанда лизингті дамытуға бағытталған Жобаны жасап шығарды. Жобаның мақсаты ҚР лизинг дамуы үшін қолайлы құқықтық және экономикалық шарттар құру болып табылды. Жобаның кеңесшілері Республиканың лизингтік нарығының мониторингін іске асырады, мемлекеттік мекемелермен және лизингтік мәміленің барлық қатысушыларымен тығыз ынтымақтастықта болады, лизингте мүдделілігін білдірген, лизингтік компанияларға, кәсіпкерлерге, банктерге жабдық жеткізушілерге техникалық қолдау көрсетеді және семинарлар өткізеді. 2005 жылдың 20 сәуірінде берілген жобаның қолдауымен «Қазақстандағы Лизинг» конференциясы Алматы қаласының әкімшілігінің кіші және орта бизнес Департаментімен ұйымдастырылды. Берілген конференцияда лизингтік компаниялар мен бір коммерциялық банктің өкілдері өздерінің лизингтік компаниялары, қаржыландыру шарттары туралы ақпаратты ұсынды және конференция қатысушыларының – кіші және орта бизнестің, бизнес ассоциациясының және мемлекеттік билік өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Халықаралық Қаржылық Корпорациясының (ХҚК) Қазақстандағы лизингті дамыту Жобасының мәліметтері бойынша лизингтік қызметтер нарығының көлемі 2004 жылда 84 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2002 жылдың көрсеткішінен шамамен төрт есе артық. Бұл – елдің негізгі капиталына иевестициялардың жалпы көлеміне қатынасы бойынша 1% шамасында. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5%-ды, ал дамыған елдерде – 15-20%, немесе 30%-дың өзін құрайды.
Лизингтік қызметтер көлемінің өсуімен қатар сапалық өзгерістер байқалып отыр, әсіресе, лизингке берілетін мүліктің салалық дифференциалдануы байқалып отыр. Ауыл шаруашылық емес мүліктің, бірінші кезекте көлік құралының үлесі арта бастады.
Лизинг алушылардың салалық құрылымы негізінен ел экономикасының неғұрлым тез дамып отырған салаларды айқындайды. Бұл – құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі мен шикізат өндіру саласы.
Сонымен қатар, ХҚК мәліметтері бойынша, лизингке берілетін мүліктің 50%-ын көлік құралдарына (автомобильдер, жүк және жолаушы тасымалдау көлігі, «доңғалақты» әртүрлі арнайы техника) келеді. Олар мәміленің жетекші нысаны болып табылады. Көптеген салалық мәмілелердің шегінде де екенін нарық операторлары растап отыр. «БТА-Лизинг» АҚ Президенті Л. Асабаева пікірінше, бұл тенденцияға келесі объективті факторлар әсер ететінін айтты: тез қайтарымдылық, жоғары өтімділік, көлік құралдары бойынша мамандарға қойылатын талаптардың қарапайымдылығы және басқа да факторлар. Бұл факторлар соңғы 3 жыл ішінде құрылған лизингтік компаниялар үшін өзекті, өткені олар көбінесе банк ресурстарымен жұмыс істейді. Сондықтан «банктік» лизингтік құрылымдардың лизинг портфелінде транспорттық мүліктің үлесі едәуір жоғары.
Дегенмен басқа компаниялар тобы ауыл шаруашылығы техникасы саласында мамандануда. Мысалы, «Астана-Финанс» АҚ Несие департаментінің басқарушысы Ж.Ниязбекованың айтуынша, компанияның лизинг портфелінің құрамында 90% үлесті ауыл шаруашылығы техникасы иемденуде, 5% — автомобильдер үлесіне, 5% — жабдықтар үлесіне (негізінен құрылыс компаниялары үшін) тиеді. Бұл компания саясатымен және тартылған қаражат құрылымымен байланысты. Мысалы, компания 2004 жылы ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында Банкгезельшафт Берлин жалпы сомасы 8,5 млн. евроға тең қарыз тартты («Казагрофинанс» мәліметтері бойынша).

Көзі: жиналған мәліметтер негізінде автормен құрастырылған.

Сурет 4. Коммерциялық банктердің лизингтік қызметіне есептейтін орташа пайыздық қойылымдар

«Центрлизинг «
Лизингтік қаржыландырудың базалық жағдайы:
• келісім шарттың минималды соммасы- 35000 $.
• лизингтің мерзімі- 37 айдан 7 жылға дейін.
• лизингтің ставкасы- жылдық 17 ден 23 %-ға дейін
• аванстық төлем-30% лизинг құралының құнынан.
• Лизинг құралын сақтандыру — міндетті, (лизинг алушының шотынын).
Компания лизингтің жобаларын барлық салада қаржыландырады. Центр лизинг компаниясы жеңілдіктермен қаржыландыруға мүмкіндігі бар: құрал-жабдықтар, авто және арнайы техника. Оңтүстік Кореядан (жылдық 12%).
Қаржыландыру Кореяның экспорт — импорт банкісімен жүзеге асырылады. Лизинг құралы импорт болғанда да қаржыландырылады. Мұндай жағдайда лизингтің ставкасы 12% (жылдық) лизингтің мерзімі 3 айдан 5 айға дейін, минимальды салым соммасы 300-500 мың $ құрайды.
«Альфа-лизинг»
Лизингтің қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Қаржыландыру мерзімі- 36 айдан 60 айға дейін.
• Аванстық төлем-30% лизинг құралының құнынан.
• Лизингкті қаржыландыру соммасына сыйақы- 12 ден 18% дейін (жылына).
• Жобалы қатыстыру мерзімі — 3 аптаға дейін.
• Төлем шотын ашу «Альфа-Банк»АҚ ЕБ.
Компанияда лизингтік келісім шарттар сақтандырылады.
«Нұр-инвест»
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• сыйақы ставкасы қаржыландыруға байланысты жүзеге асырылады.
• қаржыландыру мерзімі 1 -7 ж. дейін
• лизинг объектісінің құны минимум 5000$.
• аванстық төлем -30% лизинг құралының құнынан.
• Жобаны қарастыру мерзімі 2 апта, ал
­ 1 ай — Халықаралық қаржы иниституттардың қатысуымен болған жағдайда.
Нұр-Инвест Жапония, Үндістан және Қытайдың қаржы ұйымдарымен жұмыс жасауда.
«Халық лизинг»
Жарғылық қоры 150 млн. теңге.
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Лизинг мерзімі- 37 айдан 6- жылға дейін.
• Сыйақы ставкасы-15-18%.
• Аванстық төлемді қажет етпейді.
• Лизингтік төлемдер: ай сайын, тоқсан сайын және жарты жыл сайын төленуін қарастырады.
• Құжаттарды қарастыру мерзімі 2-4 апта.
• 50000 АҚШ долл. дейін қаржылатындыратын жобалар қарастырылмайды.
«Темірлизинг «
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• лизинг мерзімі- 1 -5 ж.
• лизинг құрылымының құны- 10000$
• лизинг бойынша сыйақы-16-23%
• жобаны қаржыландыру- 50-300 мың $
• аванстық төлем- 15 %
«Темірлизинг» АҚ Қазақстан территориясында жүзеге асырылатын жобаларға қызмет көрсетеді.
«Альянс лизинг»
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• лизинг мерзімі- 12 айдан 5 ж. дейін
• лизинг ставкасы- 18-25 % номиналды ставка 13% (жылдық).
• лизингті төлемдер — ай сайын
• аванстық төлем- 20-30%
• келісім шарттың минимальды соммасы — 50000$, егер 50000$ аз болса %-қ қойылым көбейеді, аймақтар үшін — 10000$
• лизинг объектісін міндетті сақтандыру
• лизинг келісім шартын міндетті тіркеу 20 күнде
• жобаны қарастыру мерзімі- 2-3 апта
«АТФ лизинг»
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Лизинг келісім шарттары бойынша: 3-5 жыл.
­ кіші жобалар 100000 $ дейін, 37 ай.
­ орта және ірі жобалар — 5 жыл
• сыйақы ставкасы – 16-18% жылдық.
• лизинг төлемдерін төлеу.
«Медикал лизинг групп»
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Лизинг мерзімі — 5 жыл.
• Лизингтің минимальды ставкасы- 23 % (жылдық)
• Орта жылдық ставка- 10%
• Лизингтің төлем – ай сайын
• Қаржыландыру минималды соммасы- 5000$
• Лизинг келісім шарты бойынша, аванстық төлем-20% лизинг құрылымының бағасынан.
• Жобаны құрастырылу мерзімі- 1 -2 апта
• Экспертиза өткізген комиссия- 0,3% лизинг құрылымының бағасынан.
Қазіргі жағдайда «Медикал лизинг групп» келесі бағытта жұмыс жасауда:
• медициналық құрал- жабдықтарды ұсыну.
• техникалық сервис.
• Фармацептикалық тауарларды ұсыну.
Жоғарыда айтылған мәліметтер негізінде екінші деңгейлі банктердің лизингтік операциялар бойынша есептейтін орташа сыйақы мөлшерін келесі суреттен көруге болады.
«АТФ-Лизинг» АҚ нарықта белсенді жұмыс жасауда және экономикалық мына салаларда қызмет көрсетеді:
• көлік құралдары
• құрылыс
• ауыл шаруашылығы
• медицина
• тауар өндірісі
• мұнай және газ өндіру
• химия өнеркәсібі
«АТФ-Лизинг» АҚ отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қатынаста. Солардың ішінде: «BORUSAN MAKINA», «Caterpillar», «Volvo», «ISKRA» — Жапония медициналық құралдарды жабдықтаушы. Сонымен қатар, «Audi», және «Wolkswagen» компаниялары, «Pressta»- жол құрылыс жабдықтарды өндіруші, «Alcon ladorafories,» «Liebherr», «АвтоКраз»- холдингтік компаниясы, «Камаз — Сервис» және т.б.
«АТФ-Лизинг» АҚ-нан лизинг алудың тұтынушы үшін қолайлы жақтары:
• Лизингке жаңа құрал-жабдықтарды ала отырып, өндіріс қуатын көбейтеді.
• 100% кепілдікті қажет етпейді
• Сатып алынатын жабдық құнының 90%-ына дейін қаржыландырады.
• Мүлік «АТФ-Лизинг» балансында көрсетіледі.
• Лизингтік келісімшарттың мерзімі 1 жыл және одан жоғары.
• Лизинг сыйақылары.
• Лизинг құралы ҚҚС салығынан босатылады, егер ҚР Үкіметінде бекітілген айналым қорлары импортты лизингке алған жағдайда.
• Лизинг алушының мүлікке құқығы толық қорғалады.
«АТФ-Лизинг» АҚ лизинг алу үшін алдын-ала қойылатын талаптар:
• Мерзімі – бір жылдан жоғары.
• Сыйақы қойылымы – 16-18% аралығында.
• Аванстық төлем – 40-50% аралығында лизинг құралының бағасына байланысты.
• Жобаның минималды сомасы – 10 000 АҚШ долл.
«АТФ-Лизинг» АҚ-нан лизинг алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
• Лизингтік құрал-жабдық алуға өтініш беру.
• Лизинг алушының анкетасы.
• Құжаттар.
• Жобаның қысқаша түсінігі.
Екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияны жүргізудегі ерекшеліктерді түсіну үшін біз республикамыздың алдыңғы қатарлы банктердің бірі «АТФ Банк» АҚ-ы мысалға алдық. «АТФ-Лизинг» АҚ-ның лизинг келісімшартын жүзеге асыру механизмін сызбадан көруге болады:
Лизинг беруші. 2006 ж. «АТФ Банкі» АҚ-ы өзінің еншілес «АТФ-Лизинг» компаниясын құрады. Қазіргі таңда «АТФ-Лизинг» компаниясы өзінің капиталы және ЕҚҚД банкісімен 5млн. АҚШ долл. желісі бар ірі компаниялардың бірі. Оның жарғылық капиталы – 2 млн. АҚШ долл. («Туран Әлем Банкі» АҚ-ң 45%, Жапондық «Orix» компаниясының 35%, «Orix Пакистан» 10
Лизинг алушы. 2002 жылдың 24 наурызында мемлекеттік тіркеуден өткен орта кәсіпкерлікпен айналысатын компания. Толық атауы «ҚазТехТрейд» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. Жарғылық қоры 110 мың теңге (Садықов А.Ш. 50%, Розыева А.Я. 50% қатысуымен).

 

 

 

 

 

Сызба 5.“АТФ-Лизинг” АҚ-ның лизинг келісімшартын жүзеге асыру механизмі:
1. «ҚазТехТрейд» ЖШС «АТФ-Лизинг» АҚ қызметімен және лизингтік операция талаптарымен танысты.
Жабдықтаушы. Қытай мемлекетндегі құрал-жабдықтар өндіретін завод.
Лизинг объектісі. Минералды су құю құралы.
Лизинг мәміле кезіндегі құжаттар.
• Қаржы лизингі туралы үшжақты келісімшарт және оған қосымша ретінде төлемдер графигі; Төлемдер графигі кейін сыйақы мен ҚҚС есептеуге негіз болады.
• Лизинг объектісіне қатысты шот-фактура мен шығыс накладнойлары; лизинг алушы шот-фактура негізінде ҚҚС есептесе, шығын накладнойлары негізінде лизинг объектісін баланстағы активтерге енгізеді (негізгі құрал ретінде), ал негізгі қарыз бойынша лизингтік төлемдерді баланстағы міндеттемелерде көрсетеді.
• Қабылдау-тапсыру акті; Акт арқылы Лизинг алушы «ҚазТехТрейд» ЖШС жаңа құралдың сапасы мен құрылымы жайлы ақпарат алады.
Лизинг талаптары: «ҚазТехТрейд» ЖШС құны 6 858,40 АҚШ долл. тең құрал-жабдықты қаржылық лизингке алу туралы келісімшартқа қол қойды. Лизинг алу мерзімі 3,5 жыл. Сыйақы қойылымы – жылдық 18%.
2. «ҚазТехТрейд» ЖШС және «АТФ-Лизинг» АҚ шетел жабдықтаушысымен мәміле жасасты.
3. Келісім Несие комитетінде талқыланды. Онда қарыз алушы компанияның қаржылық жағдайы, қызмет ететін бизнесінің болуы, оның алғалы жатқан құралда жұмыс істеу тәжірибесінің орын алуы, лизинг объектісінің өтімділігі, лизинг компаниясы қатысуының үлесі зерттеліп, талқыланды.
Яғни лизинг алушы «ҚазТехТрейд» ЖШС-тің есеп беру формалары №1,№2, №3 арқылы қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинастырылды. Оны келесі кестеден көруге болады.
Кесте 4
Қарыз алушы заңды тұлғаның төлем қабілеттігін бағалау көрсеткіштері
(мың теңге)
Коэффициенттер Есептеу тәсілдері 2006 2007
Таза айналым капиталы ағымд. активтер-ағымд. Міндеттемелер 12 151 396 25 851 245
Жалпы өтімділік коэффициенті ағымд. активтер/ағымд. міндеттемелер 3,45 3,24
Мерзімді өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары/ ағымд. міндеттемелер 0,05 0,07
Аралық өтімділік коэффициенті ағымд. активтер -ТМЗ/ ағымд. міндеттемелер 3,27 2,72
Интервал көлемі ағымд. активтер / (өзіндік құны/365) 184 248
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші
Төлемқабілеттілік коэффициенті менш. кап /балансвалютасы 0,01 0,03
Иммобилизация коэффициенті қарызактивтері/ ағымд. активтер 0,11 0,18
Активтерді басқару тиімділігі
ТМЗ айналымдылығы өзіндік құны/ ТМЗ 38,5 9,1
ТМЗ айналымдылығы, күнмен 365/ТМЗайналымд. 9 40
Дебиторлық қарыз айналымдылығы сауда айналымд./ деб.қарыз 3,9 2,6
Дебиторлық қарыз айналымдылығы, күнмен 365 / дебит.қарыз айналымд. 95 140
Кредиторлық қарыз айналымдылығы өзіндік құны / кредит. Қарыз 7,0 4,8
Кредиторлық қарыз айналымдылығы, күнмен 365 / кредит.қарыз айналымд. 52 75
Таза айналым каптиалының айналымдылығы жалпы түсім/ жұмыс кап. 3,1 2,3
Барлық активтердің айналымдылығы жалпы түсім / жалпы активтер 1,96 1,36
Пайдалылық коэффициенті
Таза табыс маржасы Таза табыс/ сауда айналымд. 0,5% 0,3%
Көзі: «ҚазТехТрейд» ЖШС-тің ұсынған мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.

«ҚазТехТрейд» ЖШС-тің қаржылық жағдайы бағаланып, оның Қазақстан аумағында 2005 жылдан бері сусындар шығару нарығында қызмет ету тәжірибесі ескерілді.
Соған қоса, лизинг объектісінің қызмет ету мерзімі, қуаттылығы, нарықтағы артықшылықтары, брэнд және басқа да факторлар есепке алынды, мәміле бойынша лизинг құны мен нарықтағы нақты баға арасындағы ауытқушылықтар тексерілді.
Лизинг компаниясының қатысу үлесі 50% құрағандықтан, тәуекел көлемі едәуір азайды.
Сөйтіп, «АТФ-Лизинг» АҚ-ның Несие комитеті Лизинг алушы «ҚазТехТрейд» ЖШС бектітілген мерзім ішінде лизингтік төлемдерді қамтамасыз еуге қабілетті деген шешімге келіп, лизингтік мәмілені қаржыландыруға ұйғарды.
4. «ҚазТехТрейд» ЖШС, «АТФ-Лизинг» АҚ және шетел жабдықтаушысы арасында қаржы лизингі туралы үш жақты келісімшартқа, «АТФ-Лизинг» АҚ және шетел жабдықтаушысы арасында құралды сату-сатып алу туралы екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт 2005 жылдың 19 қаңтар күні жасалды (мәміле жасасқан мерзімде валюта бағамы: 1$=141.36 теңгені құрады). Аталған келісімшарттар ерекшеліктерін келесі сызбадан көруге болады:

Қаржы лизингі туралы келісімшарты Сату-сатып алу туралы келісімшарты
Қатысушылары: үш жақты екі жақты
Қарастыратын мәселелер: аннуитет мөлшері құны мен есеп айырысу тәртбі
Лизинг берушінің қатысу үлесі жеткізу шарттары (Incoterms-2000 бойынша)
сыйақы мөлшерін есептеу жабдықты уақытында жеткізу міндеттері
төлемдерді жүзеге асыру мерзімі жинау бойынша міндеттер

Сызба 6 Қаржы лизингі мен сату-сатып алу келісімшарттары арасындағы өзгешеліктер

5. «ҚазТехТрейд» ЖШС құрал үшін «АТФ-Лизинг» АҚ лизинг құнының 50%, яғни 3429,20 долл. тең алғашқы лизингтік төлем төледі.
6. «АТФ-Лизинг» АҚ Жабдықтаушыға сату-сатып алу келісімшартында көрсетілген көлемі 6 858,40 долл. тең лизинг құралының құнын төледі.
7. Жабдықтаушы Қытай мемлекетінен жабдықты Қазақстандағы «ҚазТехТрейд» ЖШС-не жеткізеді. Жеткізу бойынша шығындарды төлеушіні келісімшарт анықтады. Құрал Лизинг алушыға шығыс накладнойлары мен қабылдау-тапсыру актіне сәйкес 2005 жылдың 5 ақпанында тапсырылды.
Лизинг алушы Лизинг компаниясына лизинг объектісі үшін аннуитетті, ай сайынғы төлемдерді график бойынша төлей бастады. Ай сайынғы төлем келесі формуламен есептелді:
Графикті келесі кестеден көруге болады.

 

 

Кесте 5
Лизингтік төлемдерді төлеу графигі
(доллармен)

Төлемдер Төлем мерзімі Пайыздарды өтеу Негізгі қарызды өтеу Толық лизингтік төлем Қалған сомасы
аванс 22,01,05 0 3429,2 3429,2 3429,2
1 19,02,05 53,34 121,19 174,53 3254,67
2 23,03,05 64,32 110,21 174,53 3080,14
3 22,04,05 49,74 124,79 174,53 2905,61
4 19,05,05 47,8 126,73 174,53 2731,08
5 24,06,05 57,29 117,24 174,53 2556,55
6 21,07,05 44,01 130,52 174,53 2382,02
,,, ,,, ,,, ,,, ,,, ,,,
,,, ,,, ,,, ,,, ,,, ,,,
,,, ,,, ,,, ,,, ,,, ,,,
Келтірілген график бойынша лизингтік келісімшарт мерзімі ішінде «ҚазТехТрейд» ЖШС-тің барлық шығындарын есептеуге болады. Ол келесі формуламен анықталған:

А=а*m+p=174.53*42+3429.20=10 759,46
Оны 6-шы кестеден көре аламыз.
Ескерте кететін жай, Лизингтік төлемдер график бойынша іске асырылмаса, лизинг беруші жабдықты алып, оны екіншілік нарықта сатуға құқығы бар. Егер клиент лизингтік төлемдерді графикке сәйкес уақытылы жүргізсе және келісімшартта көрсетілген соманы толық өтесе, жабдыққа меншік құқығы клиентке өтеді. Жабдықты пайдалану кезінде алынған барлық кірістер пен пайда клиент меншігі болып есептелінеді. Лизинг алушы Қазақстан Республикасы аумағында алғашқы рет пайдалануға берілген лизинг объектісіне бір жыл ішінде екі еселенген нормадағы амортизацияны есептуге құқылы. Лизингтік төлемдердің бәрі шегерілімге жатқызылады да, КТС есептегенде салық салу базасына қосылмайды.

Лизингтік операциялар есебі.
Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.
Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.
Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:
— Негізгі құралды алу:
Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал – жабдықтар»
Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».
— Алынған негізгі құралдар үшін төлем:
Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша
ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:
Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»
Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал – жабдықтар».
Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»
1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»
Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»
4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».
Егер лизинг алушы өз қаржысы есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды.
Бұл кезде келесі бухглтерлік жазба жасалады:
Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар»
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».
Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:
а) Лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»
1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».
ә) Лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қапына келтіру бойынша:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».
Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай – ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:
а) Есептен сыйақы сомасына:
Дт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»
1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»
Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»
1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».
ә) Негізгі борыш сомасына:
Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».
б) Негізгі борыш сомасы бойынша Ұлттық банктің нрмативтік – құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мжбүрлі шығын сомасына:
Дт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
Кт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)».
Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».
Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»
1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар».
б) Негізгі борыш сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».
в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына:
Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»
Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».
Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:
а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг беруші аталған лизинг затын қабылдау — өткізу акті бойынша қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;
ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»
1653 «Компьютерлік қондырғылар»
1654 «Басқа да негізгі құралдар»
1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»
1658 «Көліктік құралдар»
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».
Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты тоық амортизацияланбаса, онда лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.
Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде,изинг берушімен келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар есебінен қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасын лизинг алушы өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
а) Негізгі борыш сомасына:
Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»
Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»;
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».
Сол кезекте кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Дт 4305 «Басқа банктерге банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»
4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі сыйақы алуға байланысты кірістер»
Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»
1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар».
б) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:
Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
ә) Сыйақы сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 4305 «Басқа банктерге банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»
Кт 4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі сыйақы алуға байланысты кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
б) Негізгі борыш сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
Қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу келесі жылы жүргізілетін болса, ағымды жылда мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
а) Айып, өсімақы немесе тұрақсыздық жне сыйақы сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
ә) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) қаржы боған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
б) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) қаржы жеткіліксіз боған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
Лизинг алушы банкіде операциялар келесі ретпен жүргізіледі:
Жасалған лизинг келісіміне сәйкес, лизинг алушыға лизинг заты барлық нәрселерімен және тиісті құжаттар беріледі. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»
Кт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»
2227 «Алынған қаржы лизингі».
Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы лизинг бойынша сыйақы сыйақы қосады және келесі бухгалтерлік жазбаны жүргізеді:
Дт 5057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақыны төлеумен байланысты шығындар»
5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар»
Кт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар».
Егер лизинг алушы өзінің меншікті қаржылары есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды, бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер».
Лизинг келісімімен құралған төлемдерді мерзімінде төлегенде, лизинг алушы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:
а) лизинг бойынша есептелген сыйақыны өтеу бойынша:
Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
ә) лизинг затын алу, жеткізу және лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша:
Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»
2227 «Алынған қаржы лизингі».
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Тозу құны банктің есеп саясатына сәйкес есептеледі. Егер жалдау мерзімінің соңында меншік құқы лизинг алушыға өтетініне толық сенімділік болмаса, өте қысқа екі кезеңнің бірінде активке тозу құны есептеледі: жалдау мерзімі немесе оны тиімді қолдану мерзімінде бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 5784 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар»
Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».
Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемді, сондай – ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
а) Есептелген сыйақының сомасына:
Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»
Кт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар».
ә) Негізгі борыш сомасына:
Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»
2227 «Алынған қаржы лизингі»
Кт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»
2225 «Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі».
Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде:
а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:
Дт 5900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)»
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».
ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Дт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
б) Негізгі борыш сомасына:
Дт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады, егер лизинг толық амортизацияланбаса, онда лизинг аушы аталған лизинг затын қабылдап — өткізу акті бойынша реттейді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
— Есепелген амортизация сомасына:
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал – жабдықтар»
— Қалдық құнына:
Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»
2227 «Алынған қаржы лизингі»
Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал – жабдықтар».
Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушының лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі. Бұл кезде лизинг алушыға лизинг затының құнын негізгі құралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
— Қалдық құн сомасына:
Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»
1653 «Компьютерлік қондырғылар»
1654 «Басқа да негізгі құралдар»
1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»
1658 «Көліктік құралдар»
Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал – жабдықтар».
— Есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Кт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация»
1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
1694 «Өзге негізгі қрал жабдықтар бойынша есептелген амортизация».
Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затын қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде жазба жасалады:
а) Лизинг затының баланстық құнына:
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»
Қосалқы лизингке жолдаған лизинг заты құнының есебі үшін жеке дербес шот:
Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар».
Лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша 1655 шотта жеке дербес шоттар ашылады.
ә) Есептелген амортизация сомасына:
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».
1695 шотта қосалқы лизингке жолданған әрбір лизинг заты бойынша жеке дербес шоттар ашылады.
Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы қосалқы лизинг бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асырады. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 4801 «Жал бойынша кірістер».
Сонымен қатар 1860/1 шотында лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.
Лизинг алушы қосалқы лизингке жолданған лизинг заты бойынша есептелген кірістерді өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына қосалқы лизинг бойынша төлемдерді кешіктірген кезде келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:
Дт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
Сонымен қатар, 1860/2 шотта қосалқы лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдері бар әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.
Сол уақытта лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасын (егер бұл қосалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жасалады:
Дт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)».
1860/3 шотында әрбір клиент бойынша айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық есептелетін жеке дербес шоттар ашылып, мынадай жазба жүргізіледі:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
— Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Кт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
— Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына.
Лизинг затын қосалқы лизингке алған клиентпен қосалқы лизинг келісімшарттарын орындауда келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
а) Баланстық құн сомасына:
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»
Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар».
Қосалқы лизингке берілген лизинг затының құнын есептеуге арналған жеке дербес шот;
ә) Есептелген амортизация сомасына:
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Қосалқы лизингке берілген лизинг затының амортизациясын есептеуге арналған жеке дербес шот;
Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».
Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелмесе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
а) Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына:
Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)»
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Дт 4801 «Жал бойынша кірістер»
Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
Клиентпен мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелсе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер». Бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

 

 

 

III Тарау. Қазақстан лизингік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары

Бұл тарауда лизинггік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту, лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып лизингтік қатынастарды басқару мәселелері мен Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің нақты жолдарын көрсету болмақ .
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайданалу қажеттіліктерін айтып қана қоймай, сонымен бірге, осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да ете көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты, еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар. Ол келесі 7-суретте көрсетілген.

ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ БАСҚАРУ

МЕГАДЕНГЕЙ

МАКРОДЕНГЕЙЕИ
МЕДИАДЕНГЕЕЙ
МИКРОДЕҢГЕЙ \ 4

Халықаралық
ұйымдар деңгейінде
басқару
Мемлекеттік деңгейде басқару

Лизингке беруші субъектілер деңгейінде басқару

Лизинг алушы субъектілер денгейінде

Лизингтік
қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар беру арқылы лизингтік қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасау
Тұрақты құқықтық базаны жасау арқылы, лизингтік қатынастардың
дамуын ынталандыру
Лизингтік
қатынастардың
тиімді моделін
қалыптастыру Лизинг объектісін пайдалану арқылы қажетті тиімділікке қол жеткізу
Сурет 7 – Лизингтік қатынастарды басқару деңгейлері
Әртүрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралык агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизинпік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мегадеңгейде басқаруда маңызды роль аткарады. ҚР-да халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы лизинггі дамыту бойынша жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизинггік қатынастарды реттейтін заңдылыктарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына жәнс Парламентке ұсыныстар беру, қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы Жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаменті мен бірлесе отырып, Орталык Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мегадеңгейде басқаруды дамыу үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет.
Лизингтік қатынастарды баскарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін, ең алдымен мемлекет макродейгейлік қатынастарды реттеуші ретінде маңызды роль атқаруы керек. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі. Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қагидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалынған талдаулар, көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни, бүгінгі күні мемлекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жеткілікті деңгейде реттеулер жүргізіп отырған жоқ. Сондықтан да, біз қазіргі таңда ҚР-дағы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде баскарудың кейбір тетіктерін сапалык жағынан келесідей бағыттар бойынша дамыту қажет екендігін ұсынамыз:
1) лизингтік қатынастарды әртүрлі келісім-шартты қатынастардың
элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік-
психологиялык аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық (түсіндірмелік) нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизинггік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін «төменгі» деңгейдегі, яғни әдістемелік нұсқаулар жасап, оларды қолданысқа енгізу керек.
2) ҚР-да лизинггік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құкықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек. Бұл жерде ең алдымен «қаржылық лизинг» түсінігінен белгілі-бір ерекшеліктері бар «оперативті лизинг» деп аталатын жаңа тетікті колдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі туралы айта кеткен жөн. Себебі, шетелдік тәжірнбе көрсетіп отырғандай, кейбір объектілерді, әсіресе, құрылысты жүргізуге қажетті
құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизингке қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді. Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек. Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін жәнс реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет,
3. соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизинке беру тәжірибесін дамыту болып отыр. Жалпы бұл норма «Қаржылық лизинг туралы’ ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан, қазіргі кезде бұл нарық жүмыс істемей отыр.
Сондықтан да, бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі, елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы, біздің ойымызша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізеді.
4. лизннгке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында, олардң қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет. Ол үшін «Қаржылык лизинг туралы» ҚР-ның Занының 10-бабына өзгертулер енгізу керек. Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға» мүмкіндіктер береді.
Сондықтан мемлекет тарапынан лизинггік қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай түзетулер мен толықтырулар енгізу еліміздегі лизинггік кызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді.
Лизингтік қатынастарды іске асыру нәтижесін ең соңғы тұтынушы лизингке алушы болып табылады.Олар лизингтік қатынастарды тиімді түрде басқаруға қатыса отырып, қосымша экономикалық тиімділіктер алуды көздейді. Бүгінгі күні Қазақстанда лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде лизингке алушылар белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде, яғни лизингке беруші субъектілердің ұсынған қызметтерін тек «тұтынушылар» ретінде ғана көрінуде. Біздің ойымызша, лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу кезінде лизингке алушылардың іс-әрекеттері келесідей тетіктерге бағытталуы керек:
— өз иелігіне пайдалануға алынатын мүлік құнының, оптимальды мөлшерін қамтамасыз ету үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді түрде қатысу;
— лизингке алушылар өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне сәйкес,
өздерінің есептік саясаттарын дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін пайдалану есебінен өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердіц негізделінген бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ала алады.
Сонымен, лизингтік қатынастарды басқару деңгейлерін кешенді түрде пайдалану лизинітік қатынастарды бекіту кезіндегі тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктср береді. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділікті басқару үдерісі бір-бірімен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады.
Тәуекелділік түрлерін жіктеудің бір ерекшелігі лизингтік қатынастардың лизингтік келісімге катысушы субъектілер арасындагы серіктестік қатынастар ретіндегі экономикалык мәнін ашуға мүмкіндіктер беретін серіктестік тәуекелділігімен толықтырудың енгізілуі болып табылады. Лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрамында тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылуы керек. Сонымен, лизинггік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескеру арқылы лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторлар ескерілу керек:
— бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлым көп болуы (лизингтік компания, лизингке алушы, жеткізуші, сақтандыру компаниясы, кредитор және лизингтік келісімге т.б. жанама қатысушылар);
— лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы (3 жылдан жоғары);
— лизингтік қатынастардың сипатының көптүрлі болуы.
Осы айтылғандарга сүйене отырып, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді баскару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлганың негізгі қызметі болып табылуы керек деген қорытынды жасауға болады.
Еліміздегі лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы ұсынылады. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі. Ол үшін лизингтік компания инвестициялык жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет.
Яғни, олар лизингке алушылардың тәуелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет.Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі-бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгсі болып табылады. Сондықтан осы көрсетілген стратегияға оған әсер ететін әртүрлі себептерге, факторларға байланысты әртүрлі өзгерістер енгізуге болады.Мысалы, құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі-бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін.
Бүгінгі күні лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіруге әсер ететін факторлардың бірі қаржыландыру мәселелері болып табылады. Себебі, ҚР-ғы лизингтік келісімдерді қаржыландырудың негізгі көзі коммерциялық банктердің несиелері болып табылуда. Яғни, бұдан лизинг – бұл қаржылық қызметтің бір түрі бола отырып, қазіргі кезде еліміздегі банктік индустрияның даму деңгейіне тәуелді болып отырғанын көреміз. Ал, коммерциялық банктер лизингтік компанияларды қаржыландыру кезінде ҚР ҰБ-нің белгілеген шектеуін сактауға міндетті; яғни қаржыландыру банктің өзіндік капиталының 10% мөлшерінен аспауы керек. Міне, осы талап казіргі кезде лизингтік қатынастарды басқару тетіктерінің дамуына кедергі жасап отырган негізгі факторлардың бірі болып табылады. Осы мәселені шешудің ең тиімді жолы шетел инвестицияларын тарту болып саналады. Ал, шетел инвестияларын тартуға кедергі болып отырган мәселелердін бірі лизингтік компаниялардың қызметтерінің «ашықтылығыңың жоқтығымен» байланысты. Яғни, ҚР-да жұмыс істеп жатқан лизингтік компаниялардың көбісі өздерінің қызметтерін іске асыру барысында халықаралық стандарттарға сай аудит жүргізіп отыруды көздемейді. Соған байланысты шетелдік кредиторлар мен инвесторлар отандық лизингтік компанияларды қаржыландырудан бас тартады. Ол үшін біздің ойымызша, ең алдымен ҚР-ның «Қаржылық лизинг туралы» заңына «Бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп беру» және «Лизинггік компаниялардың қызметін аудиторлық тексеру» деп аталатын тараулар енгізген жөн. Бұндай толықтыруларды енгізу лизингтік компаниялардың қызметтеріндегі ашықтылықты көрсетуге және оларға халықаралық қаржылық ұйымдардан және шетелдік инвесторлардан қосымша қаржылық ресурстар тартуға зор мүмкіндіктер берер еді деп ойлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамытуға еліміздегі барлық кәсіпорындардың,соның ішінде лизингтік компаниялардың қаржылық және қорытынды есептің халыкаралық стандарттарына көшуі де әсер етуі мүмкін.
Қазақстандағы лизингтік қатынастардың дамуына кедергі жасап отырған кейбір мәселелерді шешудің келесідей нақты тетіктері ұсынылады:
1.Лизингтік келісімдерге қатысушы негізгі субъектілердің бірі инвесторлардың (кредиторлардың)құқықтарының жеткіліксіздігі. Осы мәселені шешу үшін лизингтік жобаларға немесе лизингтік компаниялардың қызметтеріне өз ақша қаражаттарын салатын инвесторларға (кредиторларға) белгілі-бір жеңілдіктер берілу қажет. Себебі, бүгінгі күні лизингтік компанияларды салык төлеудсн толық босатқан күннің өзінде де, лизингтік қызметтер нарығындағы қазіргі жағдайды жақсартуға қол жеткізе алмаймыз, өйткені лизингтік жобаларды қаржыландыру үшін қажетті өзіндік ақша қаражаттары лизингтік компанияларда жоқ немесе жеткіліксіз. Сондықтан да алдымен қазіргі кезде еліміздегі лизингтік келісімдерге инвестор ретінде қатысып отырған субъектілердің бірі коммерциялық банктерді белсендіру және ынталандыру мақсаттарын көздеу қажет. Ол ушін:
— банктер үшін белгіленетін міндетті резервтік талап көлемінен лизингтік опсрацияларға бағытталатын несиелік ресурстардың көлемін шегеру немесе міндетті резервтік норманы лизингтік операцияларға бағытталған несиелік ресурстар көлеміне, қыскартуға мүмкіндік беретін норма белгілеу қажет. Себебі, әдетте лизинг ретінде берілетін мүліктердің өтімділік деңгейлері жогары болатындықтан, олар банктік резервтерді қамтамасыз ете алады;
— коммерциялық банктердің лизингтік консорциумдарын құру. Сол арқылы лизингтік жобаларды бірлесіп несиелеу сызбаларын жасау және іске асыру қажет,
2. Клиенттерді лизингтік операциялардың мәні туралы таныстыру жұмыстарының әлсіздігі және лизингтік компаниялардағы менеджмент деңгейінің төменділігі. Ол үшін білікті кадрлар дайындайтын және лизингтік компаниялардың кызметтері мен лизингтік қатынастардың артықшылықтары туралы жарнамалық қызметтермен айналысатьн арнайы құрылым құру қажет.
Сонымен, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру және оларды пайдалану бойынша жоғарыда көрсетілген шараларды орындау арқылы кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорын жаңартуға, отандық өндіріске инвестициялар тарту, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттіліктерін жоғарылатуға, шағын және орта бизнес салаларындағы кәсіпкерлікті белсендіруге, қазіргі заман талаптарына жауап беретін және кымбат бағалы құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктерінің жоғарылауына өте аз уақыт аралығында қол жеткізуге болады.
Лизингтік бизнестердің ерекшелігі – құрал- жабдықтарды жалға алу және мерзім ұзартылып сатып алу арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі (көп жағдайда лизинг мерзімі аяқталысымен) болып табылады.
Қазіргі кезде, Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты.
Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды.
Лизингтік бизнес – қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моралдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды. Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден,егер құрылғыларды лизингке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағнда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін сенімді несие тарихы болмаса.Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзіміне жалға береді.Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік бизнес стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағынын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың қандай айырмашылықтары бар?
Біріншіден, мәміле нысаны лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды.
Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен (1-20жыл) аз және салықтық амортизация мерзіміне (3-7жыл) жақын.
Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарту немесе қалдық құнымен сатып ала алады.
Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме, не лизингтік компания болып табылады.
Жылдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жыл төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары жіне құрал-жабдықтың сипаты мен келісім шартмерзіміне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтік бизнестің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түседі. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың көлемі 6млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырады.
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың тозғанын және алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы-экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің одан әрі дамуына көмектеседі,лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатандықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып негізгі құралдардың жаңартылуын тездететеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық қызметтер нарығын кеғейтеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарлауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуге банктік несиеге балама болып табылады. Сонымен қоса, макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта қарыз беруші рейтінгін төмендетпейді, өйткені халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған елдерде сонымен бірге, дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табуда.
Шетелдік саясат пен отандық тәжірибе негізгі өндірістік құралдарды қалыптастыруда лизингтік әдістің жоғары тиімділігін көрсетеді.Дегенмен, дамыған елдерде экономистердің есептеуінше лизинг есебінен осы операциялардың даму деңгейіне байланысты негізгі құрал-жабдықтар инвестициясына қажетті қаржылардың 6-20 пайызы жылдық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Лизинг бойынша лизингтік компания немесе коммерциялық банк қазіргі заманға сай жабдықтар, машиналар мен механизмдерді жалға береді. Ал олар мүлікті пайлалануына қарай берешегін біртіндеп төлейді.
Лизингтік операциялар кәсіпорын қожалықтарының да банктің де коммерциялық мүдделеріне сай екі жақ үшін де тиімді болып табылады. Шаруа қожалығы келісім шарт жасаса отырып өзін бір мезгілде бірден ірі қаржылық шығын жұмсаудан босата алады. Жалға алушы банктің лизингтік қызметін пайдалана отырып жаңа техника алумен бірге ақпараттық, экономикалық, конъюнктуралық,болжамдық қызметтерін де пайдалана алады. Сонымен бірге банк шаруа қожалықтарына нарықтық бағалаумен бірге өнім өндіру, оны өндіруді ұйымдастыру мен өткізу процестерінде басқа да қосымша қызметтер көрсетеді.
Шаруа қожалықтарына банктің ұзақ мерзімді несиесіне қарағанда лизингтің артықшылығы мына жағдайлардан көрінеді. Біріншіден, жалға алған мүлікті пайдаланудан түскен пайда сомасынан есептелетін лизингтік төлем және оған аренда ақысы болғандықтан салық салынбайды. Екіншіден, жалға алушыға жалға алу ақысын төлеу мерзімін таңдауда жеңілдіктер қаралған.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моралдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.
Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, қазіргі өндірісте 70-80 пайыз тозған құрылғылар пайдалануда. Соған қарамастан жылына бар болғаны өндірістің негізгі фондысының 0,8-1,2 пайызы ғана жаңартылып отырады, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіштер 6-8 пайыз құрайды.
Мұндай жағдайлардың қалыптасуының негізгі себебі өндірісте инвестицияның жетіспеушілігі болып табылады. Өндіріс бір қалыпты жұмыс істеп отыруы үшін стандартты жағдайларда негізгі құралдар моральдық тозуы және табиғи ескерулеріне байланысты үздіксіз жаңартылып отыру қажет. Инвестициялық процесс және ғылыми-техникалық прогресс өндірісті жоғары техникалық деңгейде қолдап отырады.
Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдердің бәсекелестік қабілеттігінің төмендігіне байланысты олардың қолында өзіндік қаржы ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылуы тиіс. Өйткені лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал екендігін дүние жүзілік нарықтық экономикада тиімді көрсетті. Яғни көптеген қазақстандық кәсіпкерлер үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер осы лизинг арқылы шешілуі мүмкін.
бағыттылған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың неғұрлым сенімді механизмі болып табылады.
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бірге коммерциялық банктер несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелдіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттарын күннен-күнге күшейтуде. Көптеген өндіріс орындарының қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты олардың қаражаттарды талап ететін инвестициялық жобаларды жартылай қаржыландыру үшін де өзіндік қаражаттарды жинақтаудың мүмкіндіктері жоқ.
Міне, осындай мәселелерге байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қаржы қажеттіліктерін тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның ішінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін лизинг арқылы шешуге болады.
Қазақстанда лизингтік қызмет рыногы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде лизингтік мәмілелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Казагрофинанс» лизинг компаниясына тиеді. Ол ауылдағы әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу үшін Қазақстанның агро-азық-түлік бағдарламасының шеңберінде үкіметтің бастамасымен құрылған болатын.
Коммерциялық банктер лизингімен өздерінің арнайы құрылған еншілес компаниялары арқылы айналысуды лайық көреді. Бүгінгі таңда республикамызда жиырмаға тарта лизинг компаниялары жұмыс істейді, оның 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары, олардың еліміздегі жалпы лизинг көлеміндегі үлесі 51%, ал, 26%-ы «Казагрофинанс» лизинг компаниясының үлесінде.
2004 жылы Қазақстандағы жалпы инвестициялар көлеміндегі лизинг үлесі 1% төңірегінде болды. Бұл, әлі де болса тым аз, дегенмен, 2003 жылдың көрсеткішімен салыстарғанда, төрт есе ұлғайған өсім бар. Сонымен қатар негізгі капиталдағы инвестициялар құрамында лизинг үлесі басқа елдермен салыстырғанда өте төмен. Бұл көрсеткіш: дамыған елдерде – 20-30%, өтпелі экономика елдерінде – 10-20%, Ресейде – 5-7% .
Лизингілер мемлекеттің қолдауымен, негізінен ауыл шарушылығы құрылымдарына тракторлар мен комбайындарды, басқа да ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын сатып алуға көптеп беріле бастады. Оның мерзімі де инвестицияның бұл түрін пайдаланушылар үшін, едәуір жеңілдіктер береді. Атап айтқанда, 3-7 жылға дейін алуға болады. Лизингте берілген мүліктердің жалпы құрылымында жол-құрылыс техникалары екінші орын алады. Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандығы және «Астана-жаңа қала» еркін экономикалық аймақ шегінде құрылыстың қарышты дамуы. Соңғы жылдары кәсіпкерлер лизингтің пайдасы мен артықшылықтарын түсіне бастады. Оған, 2002жылы-291, ал 2003жылы-722 лизинг мәмлелері жасалғаны және оның орташа мөлшері 169 мың доллар құрағаны дәлел. 2004 жылы лизингіге берілген жалпы мүліктердің 47 пайызын ауыл шаруашылығы техникалары құрады. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникаларының 60 пайызын «Казагрофинанс» АҚ беріп отыр. International Finance Corporatjon мамандарының мәліметтері бойынша, 2003жылы лизинг көлемі 85 млн. долларға, 2004 жылы 260 млн. жеткен.
«Казагрофинанстың» қолдауымен фермерлерге төрт пайыздан алты пайызға дейінгі жылдық өсіммен үш жылдан жеті жылға дейін ауыл шаруашылығы техникалары берілді. «Казагрофинанстың» лизнгісінің арзан болуы мемлекеттің қолдау көрсетуінің нәтижесінде болып отыр. Бюджеттік көтермелеудің арқасында республикамыздың 700-ден астам шаруа қожалықтары 5,3 мыңнан астам агротехникаларға ие болды. «Казагрофинанс» енді өнімді өңдеп ұқсататын кәсіпорындарға лизингтік қолдау көрсетуде.
Лизингтің артықшылықтарын шығыс қазақстандық фермерлер дұрыс бағалай білді. Үкіметтің ауылды өркендетуге бөлген 3,5млрд.тен. қаржысының 1,2 млрд. тенгеден астамын олар лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жұмсады.Төрт жылдың ішінде лизинг бойынша алынған техникалар бойынша бірде-бір шағым түскен жоқ. «Казагрофинанстың» Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы да фермерлердің өтініштерін ескере отырып, лизинг бойынша төлем мерзімін 8 жылға дейін үзартып, несиелік лизингтің пайыз өсімін 3-4пайыз шамасына келтірді. Ал 2005 жылы негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жабдықтарға сұраныс көбейіп, лизинг портфелі 1млрд. тен. асып түсті.

Бұл мәселені тек шетелдік инвестиция әкелу арқылы ғана шешуге болады. 2003жылы Қазақстандық екі компания 13млн. АҚШ доллар көлемінде шет елдік несие алып лизингтік қызмет көрсетті. Қазақстанның халықаралық лизингтік ассоциация құрамына өтуіне байланысты, келтірілген мысал шет елдік қаржыландыру көздерін кеңінен пайдалану керек екендігін көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ

Лизингті қаржылық құрал ретінде пайдалану экономиканың және әлеуметтік саясаттың көптеген даму мәселелерін шешуге көмектесетініне қарамастан, бүгінгі күнде лизинг, қаржылық лизингті қоса, Қазақстанда жеткіліксіз сұраныста қалып отыр. Негізгі себебі – лизингтік қызмет көрсетудің отандық нарықтың құқықтық, институционалдық және ұйымдастырулық-техникалық сипаттағы шешілмеген мәселелері бар. Тежеуші факторларға, бірінші кезекте, лизингтік мәмілелердің асырудың заң негізінің жеткіліксіздігін жатқызуға болады, өйткені «Қаржылық лизинг туралы» Заң, Азаматтық, Салық және Кедендік Кодекстер нақтылануы тиіс. Сонымен қатар, лизингтік қызмет көрсетулер нарығының қазіргі заманғы инфрақұрымының болмауы, оның ішінде қажетті ақпаратты алудың шектеулігі, күрделі лизингтік операцияларды халықаралық деңгейде жүргізуде қазіргі заманғы технологиялардың жетіспеушілігі. Қазақстан «Қаржылық лизинг туралы» 1998 жылғы халықаралық конвенцияға әлі қосылған жоқ. Нарықта жоғары тәуекелдер бар, жоғары бастапқы жарна мен ресурс құны кезіндегі қаржыландыру мерзімдері шектелген. Лизингтік инвестициялық жоба тиімділігін оперативті бағалаудың әдістемесі жоқ. Лизингтік компаниялар әр түрлі өндірушілердің және республика аймақтарының жабдықтарға және технологияларға тапшылығын жетерліктей толық зерттемейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, лизингтік операциялар барлық қатысушыларға құрастырылуы жоғары сапалы күрделі бизнес-жоспар болғанда ғана, тиімді әрі тартымды болады.
Шетелдік тәжірибені ескерсек, оперативті лизинг келешекте маңызды рөлге ие болуы тиіс. Бұл жағдайда лизинг алушы жабдықты оның иесіне лизинг біткеннен кейін қайтарып береді, ал лизинг берушіге негізгі кіріс жабдықты екіншілік нарықта өткізгеннен түседі. Лизингтік операциялардың секьюритизациясы, бағалы қағаздардың лизинг келісімшарттары негізінде эмиссиясы, жеткізушілер тарапынан үлестік қаржыландыру, сонымен қатар лизингтік операциялар жүруі тиіс.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойып отырғанда, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандык өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандык өндірісті, сол арқылы отандык өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалык факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 70-80%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандык өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің Ұлттық Банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттындыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, менің ойымша, лизингтік қатынастар негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинггік қатынастар экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық кызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылык құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалык қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 2% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктерді және Қазакстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Ерте ғасыр ғалымы Аристотельдің (б.з.д. 383-322ж.ж.) «Риторика» атты еңбегінде «байлықтың өрісі мүлікті өз меншігіңде ұстағанда емес, оны пайдаланғанда» деп атап көрсеткендей лизингтің басты мағынасы: пайда табу үшін мүлік немесе құрал тек өз меншігіңде болу міндетті емес, оны пайдалану құқығына ие болсаң да жеткілікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есеп беру туралы». Қазақстан Республикасының Заңы. (26.06.2002 ж.).
2. «Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, № 2732.
3. «Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік үсынымдары». 1996 ж.
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 12 маусым 2001 ж. №209-11.
5. «Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік ессп бас шоттар жоспарын пайдалану бойынша нүсқау». Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымсн 18 қараша 1996 ж. № 6 қаулымен бекітілген.
6. «Методические рекомендации о порядке выдачи доверенности на получение ТМЗ и отпуска их по доверенности» Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымен 18 қараша 1998 ж. № 46 бұйрығымен бекітілген.
7. «Аудит предприятия». Москва, 1995. Издательство «Дело».
8. Міржақыпова. Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы. 2003 ж.
9. Сагадиев К.А., Смагулов А.С., Мырзахметов А.И. Лизинг в Казахстане: теория и практика. Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 202 с.
10. магулов А.С. Лизинги и рейтинг. Практикум: Учебное пособие / Под общей редакцией академика К.А. Сагадиева). Алматы: Агроунивеситет, 2000. -169 с.
11. Смагулов А.С. Лизинговый договор. Серия в помощь фермеру и предпринимателю // Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 29 с.
12. Ошакбаев Р. Как приобрести технику в лизинг? – Алматы: Агроинформ, 2002. №1. –с.3.
13. Кабдуллина Ж. Актуальные вопросы финансового лизинга // Предприниматель и право, 2003. №10.
14. Лизинг: экономические, правовые и организационные основы. Учеб. пособие для Вузов / Под ред. проф. А.М. Тавасиева, проф. Н.М. Коршунова. 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-Дана, 2004. – 320 с.
15. Міржақыпова Д.Р. «Банктегі бухгалтерлік есеп»
16. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие.  Алматы: Қазақ Университеті 
17. Калкабаева Г. Новые подходы к определению возможности предоставления банковского кредита ⁄⁄ Қаржықаражат. 2002. — №2
Интернетсілтемелер:
18. www.kase.kz
19. www.afn.kz
20. www.rfca.kz