АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жанама салықтар қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары

Реферат

 

         Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптастырды. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар — мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

          Бүгінгі таңда біздің қарастырып отырған мәселеміз өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжрибиесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болып табылады.

           Қазақстан Республикасында салық Қазақстан Республикасының салық кодексі негізінде өндіріліп алынады. Салық және салық салуды жүзеге асыратын және қадағалайтын негізгі орган салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі экономикалық және салықтық саясаттың құралы негізінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының нәтижелілігін жоғарлату үшін өз ықпалын тигізуі қажет.

           Еліміздің салық жүйесінің дамуы нәтижесінде бүгінгі таңда салықтардың он екі түрі бекітілген.

           Осылардың ішіндегі мемлекеттік бюджет түсімдерінің қомақты үлесін құрайтын салықтардың бірі – жанама салықтар болып келеді. Жанама салықтар бюджетке түсетін табыстың басты көздерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар күрделі, көпсатылы салық түрі болып келеді.

          Диплом жұмысының басты мақсаты – жанама салықтардың пайда болуы, дамуы мен оның қазірі кездегі мәселелерін, жетілдіру жолдарын қарастыру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:

  • Жанама салықтың қызметінің теориялық аспектілерін, олардың пайда болуын қарастыру;
  • Шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің ерекшеліктерін талдау;
  • Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін және бюджет табысын толтырудағы орнын талдау;
  • Жанама салықтардың бюджет табысын толтырудағы орнын (Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша) талдау;
  • Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері мен жетілдіру жолдарын  қарастыру.

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

Қаржы мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

 

 

              Актымбаева Жанна                                                                      студентіне

Жанама салықтар: қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары

«23»  12 . 2009 ж  № 4-2841  бұйрығымен бекітілді

 

 

 

 

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі « 24» 04.2010 ж.

 

Жұмыстың бастапқы мәліметтері Отандық және шет елдік ғалым экономисттердің  оқұ құралдары мен оқулықтары, Салық Кодексі

 

 

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:

 

а) Жанама салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері

б) Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін талдау және

 бюджет табысын толтырудағы орны

в) Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері

 

 

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмысын дайындау

ГРАФИГІ

 

Реттік

Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі

Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі

Ескертулер

1.

Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау

27.01.2010

 

2.

Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру

01.02.2010

Eкінші тарау бойынша маңызды мәселелерді белгілеу

3.

Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну

15.02.2010

Графиктері мен сызбалары қосымшаға кірістіру.

4.

Практикалық материалдарды және т.б. жинақтау, жүйелеу және талдау.

20.02.2010

статистикалық мәліметтеріне талдау жасау

5.

Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу.

05.03.2010

Графиктері талдаулармен толықтыру

6.

Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру). Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну.

25.03.2010

Методикалық нұсқауларға сай жұмысты өңдеу

7.

Рецензия мен пікірлермен танысу.

29.03.2010

Рецензенттің сын пікірімен танысу

8.

Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, қорғауға дайындықты анықтау.

30.03.2010

Презентацияны даярлау

 

Тапсырманың берілген күні    27.01.2010 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________________________Арзаева М.Ж.

                                                                               (қолы)

 

Жұмыс жетекшісі _________________________________Мустафина А.К.

                                                                                                     (қолы)

 

Тапсырманы орындауға алған студент _________________Актымбаева Ж.

                                                                                                     (қолы)

 

 

 

Мазмұны

 

 

    Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….6

 

  1. Жанама салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері

1.1 Жанама салықтардың мәні мен мазмұны………………………………………………..8

1.2 Жанама салықтардың дамуы………………………………………………………………..13

1.3 Шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің

       ерекшеліктері……………………………………………………………………………………..19

 

  1. Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін талдау және

     бюджет табысын толтырудағы орны.

2.1 ҚҚС есептелу механизімінің ерекшеліктерін талдау……………………………..29

2.2 Акциздің есептелу механизімін талдау…………………………………………………43

2.3  Алматы қаласы Бостандық ауданының бюджет табысын толтырудағы жанама салықтардың     орны ……………………………………………………………………50

 

III. Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері………………………………………..60

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………73

 

Қосымша …………………………………………………………………………………………………75

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        

          Қазақстан Республикасы XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз  “мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсетті. Сондықтан да болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр. Ол үшін елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру негізінде экономикалық жүйелердің тиімді қызмет етілуі болып табылады.

         Бүгінгі таңда біздің қарастырып отырған мәселеміз өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжрибиесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болып табылады. Қазіргі кезде бюджетке келіп түсетін түсімдердің 63,7 пайызын салықтық түсімдер құрап отыр. [1, 2б]

          Қазақстан Республикасында салық Қазақстан Республикасының салық кодексі негізінде өндіріліп алынады. Салық және салық салуды жүзеге асыратын және қадағалайтын негізгі орган салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі экономикалық және салықтық саясаттың құралы негізінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының нәтижелілігін жоғарлату үшін өз ықпалын тигізуі қажет.

         Салық жүйесі мемлекеттердің, мемлекет және салық төлеуші, мемлекет және аудандарды қаржымен қамтамасыз ететін салық төлеушілер, және осыған тығыз байланысы бар кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік ұйымдарды бір бірімен тығыз байланыстыратын күрделі әлеуметтік-экономикалық қатнастардың жиынтығы. Бұл қатнынастар неғұрлым тығыз болса соғұрлым мемлекеттің экономикалық саясатының нәтижелілігі жоғарылай түседі. Салық жүйесінің дамуы, оның дамыған елдердің стандарттарына сай болуы экономикалық өсуге, яғни жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнімнің өсуіне, мемлекетіміздің қаржылық жағдайын жақсартуға оны одан әрі дамытуға бірден бір ықпалын тигізуші құрал болып отыр. Салық жүйесінің дамуы яғни республикамыздағы салықтың терең зерттеліп оның әр бір түрін жекеше қарастырып, дамытуды қажет етеді.

       Жанама салықтар республикамыздағы салық жүйесінің елеулі бөлігін алып отыр. Жалпы статистикалық көрсеткіштерге қарайтын болсақ жанама салықтар корпаративті салықтардан кейінгі екінші орында тұр. Сол себепті бұл салықтың маңызы зор.

        Диплом жұмысының басты мақсаты – жанама салықтардың пайда болуы, дамуы мен оның қазірі кездегі мәселелері мен жетілдіру жолдарын қарастыру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:

  • Жанама салықтың қызметінің теориялық аспектілерін, олардың пайда болуын қарастыру;
  • Шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің ерекшеліктерін талдау;
  • Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін және бюджет табысын толтырудағы орнын талдау;
  • Жанама салықтардың бюджет табысын толтырудағы орны (Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша) талдау;
  • Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері мен жетілдіру жолдарын қарастыру.

         Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

        Диплом жұмысының бірінші бөлімінде жалпы салықтарға сипаттама, соның ішінде жанама салықтарға сипаттама, олардың пайда болуы мен дамуы және шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің ерекшеліктеріне талдау жасалынған.

       Екініші бөлімде қазіргі кездегі салықтардың есетелу механизімін талдау және бюджет табысын толтырудағы орны, соның ішінде қосылған құн салығы мен акциздердің есептелу механизіміне талдау жасаймыз. Сонымен қатар жанама салықтардың Бостандық ауданының бюджет табысын толтырудағы үлесіне талдау.

       Үшінші бөлімде жанама салықтардың қызмет ету мәселелері мен даму перспективаларына шолу жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I   Жанама салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері.

  • Жанама салықтардың мәні мен мазмұны

 

      Салықтар — дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан

белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізіуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатнастарын сипаттайтын экономикалық категория.

       Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізіуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатнастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізіуші субъектілермен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатнастарын көрсетеді.

      Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

   Жалпы салықтарды бірнеше белгілері немесе нышандары бойынша жіктеуге болады:

салық салудың объектісіне байланысты;

  • қолданылуына қарай;
  • салық салу органына байланысты;
  • экономикалық ерекшелігіне байланысты;
  • салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.

Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей немесе жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мыналар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
  • мүлік салығы;
  • жер салығы;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға саынатын салық.

 Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы, жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде оның қаржы жағдайын ескереді.

Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер.

Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып жіктеледі.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсаттарға жұмсалады. Оған корпоративтік табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б. жатады.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген нақты шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын жол қорын құруға жұмсалады.

Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.

Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына салықтар кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.

Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын төлеген кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес болып бөлінеді.

Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.

Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы жатады.

  Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан тұрады. Тікелей салықтар салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға жер салығы, мүлік салыңы, көлік құралдарына салынатын салық, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар –тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, тұтынушылармен төленеді.

  Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес экономикалық термин ретінде «тұтыну салығы» деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде  «жанама салықтар» ретінде айтылуда, қалай аталса да бұл салықтардың мәні мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.

  Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысы емес салықтар. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі нарықта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

   Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрлымына әсер етуі мүмкін.

   Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына қызметінің тарифіне қосылатындығына, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

 Жанама салықтар жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрлымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылғы болады, өйткені: олардан жалтару қиынырақ; олармен экономкалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтарың жасырымдылығын қамтамасыз етеді т.с.с

       Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регресифтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейтетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды.

         Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатының есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты — өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдануды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.

        Жанама салықтардың ішіндегі ең маңызды және ең күрделісі – 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Қазіргі кезде қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 23,1 пайызын құрайды. [2, 201б]

  Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді салық салушыға аударады. Салық салу объектісі материялдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.

         Бұл салықтың ерекшелігі мынада – оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – сома емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.    

         Қосылған құн салығын енгізу заң базасын елеулі түрде өзгентуді талап етеді. Атап айтқанда, тауарлармен көрсетілген қызметтерді жөнелту сияқты ұғымдарды нақтылай түсу қажеттілігін туғызады; мәселен, жөнелту сәтін, жүк тиеу сәті, тауарды жеткізу, тауарға ақы төлеу дегендей. Бұл қызметтердің қай түріне салық салуға болады, қай қызмет нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады, қосылғн құн салығы төлеу бойынша қандай жеңілдіктер ұсынылады. Бұл орайда бюджет мәселелері жөніндегі халықаралық валюта қоры басқармасының мамандары өтпелі экономикасы бар елдерге елеулі түрде техникалық  және консультациялық жәрдем көрсететін болады. Қосылған құн салығы оқшау алмай күллі салық жүйесі элементтерінің бірі ретінде  қарастыру керек. Қосылған құн салығы мемлекеттік кірістің өсуін қамтамасыз ететін бейтарап, тиімді салық ретінде енгізіледі. Ол кірістердің немесе жағдайлардың теңсіздігін түзетуге, орнын толтыруға арналмаған, бұл міндетті салық жүйесінің басқа элементтері бірінші кезекте жеке адам табысына салынатын прогрессивті салық атқарады. Сондықтанқосылған құн салығының қолданылуы жайында барлық салық жүйесінің қолданылуын есепке ала отырып айтуға болады.

        Қосылған құн салығының ролі сен орны бірқалыпты емес: тәжірибелер жүргізушілердің ойынша, бұл салық түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығының басым бөлігін  толтырады деп есептейді, ал аналитиктер ойы бұл салықтың тіпті жоғары фискалдығын, салық базасының дайындылығының жоқтың қасы  және пайыздық мөлшердің тіпті жоғары қарқындылығын көздейді. Қосылған құн салығы Қазақстан экономикасында өтпелі кезеңде тіпті тәуекелінің жоғары болуын көздейді, өйткені ол оның салық жүйесіндегі кемшіліктері мен қосылған құн салығының есептеудегі техниканың жетіспеушілігін қамтиды. Қосылған құн салығы тауарға деген сұранымды реттеп отырады. Бұл модель батыс экономикалық жүйелерінде үлкен роль атқарады. Бұл салық түрі дүние жүзінің 60 мемлекеттерінде салық жүйесінің құрама элементі болып табылады

  Қосылған құн салығы дүниежзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде қолданылады. Бұл салықтың артықшылығы:

  • біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;
  • екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығы ерекшеленеді;
  • үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.

    Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы француз ғалымы М. Лоре енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қаблетті салық ретінде бейнелейді. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналады. [ 3, 200 б]

       Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін есептелген ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғыда салық бойынша есепке алу механизмі көрінісін табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-тың салық салу объектілері болып есептеледі.  

       Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынандай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда)
  • Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
  • Заңды тұлғаның құрлымдық бөлімшелері;
  • Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ипорттайтын тұлғалар.

         Жанама салықтардың тағы бір түрі – акциз салығы. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монаполді түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.

        Акциздер көрсетілетін қызметтерге салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға сондай-ақ тізбесі анықталған қызмет түрлеріне акциз салынады. Акциз бюджет кірістерінің 2.7 пайызын құрайды. [4,251б] 

       Акциз салығы ешкімді де зорлап, мәжбүрлеп төлетуді талап етпейді. Акциз салығы әрқашанда елдің барлығын көрсетеді. Акциздер әмбебаптық және дара акциздер болып бөлінеді. Әмбебап акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайыз бен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Ал жеке дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және акцизделетін қызмет түрлері. Акциз салығын төлеушілер болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар;
  • акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
  • Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрлымдық бөлімшелері.

        Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл сайын ықшамдалып келеді. Қазіргі кезде, яғни 2009 жылғы Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне” сәйкес акцизделетін тауарлар спирттің барлық түрлері; алкоголь өнімі; құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра; темекі бұйымдары; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны; жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсаты акцизделетін тауарлар болып табылады.

 

1.2 Жанама салықтардың дамуы

 

   Нарықтық қатнастар жүйесіне ену отандық салық салу жүйесін құру қажеттілігін туғызады. Механикалық еліктеу мен нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің, сонымен қатар экономкасы транзитті мемлекеттердің салық жүйесін Қазақстан Республикасына көшіру қайта құрылған басқару жүйесі мен қадағалау құралдарының көрінісі ғана болатын еді. Сонымен қатар қайта құрудың қысқа мерзімдері басқа мемлекеттің салық салу жүйесін құру мен жұмыс атқару тәжірибиесін максималды есептеуді қажет етеді.

    Дүниежүзілік тәжірибеде бөлу қатнастарының эволюция процестерінде салық салу жүйесінің үш моделін бөліп көрсетуге болады. Оларға:

  • салық салу объектісі ретінде көбінесе табыстарды қарастыратын модель;
  • салық салу объектісі ретінде көбінесе шығыстарды қарастыратын модель;
  • табыстар мен шығыстардың қатнасы салық функциялары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;

      Бұл модельдер салық салу жүйелерінің эволюциясын көрсетеді. Салық жүйесінің даму динамикасы экономикасы тоқырау, салық базасы тар мемлекеттерде салық салу ретінде көбінесе шығындар қолданылады, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде – табыстар. Кәсіпкерліктен түскен табыстарға немесе халық табыстарына тікелей салық салық салынады. Үшінші модель экономиканың тұрақты даму теориясына әлдеқайда сай келеді. Салық салу жүйесіне қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайға сай уақытылы енгізілген тзетулер жанама және тікелей салықтар арасындағы тепе-теңдікті максималды орнату арқылы экономиканың тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік бюджетті қалыптасыру процесінде салық төлеушілер мен мемлекет мүдделерінің қосылуына алып келеді. Салық базасының қысқаруына және нақты салық формаларының оңтайлық мүмкіндігінің қысқаруына әкеліп соғатын экономикалық дағдарыс кезінде мүдделердің сәйкестігіне жету өте қйын.

     Жанама салықтардың құрамында ең маңыздысы қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салық басқа салықтармен салыстырғанда неғұрлым кейінірек пайда болған. Қазіргі тәжірибиеде бар салықтардың көпшілігі XIX ғасырда енгізілген болатын. Акциз, жер салығы сияқты сонымен қатар басқа да салық түрлері ертеден қолданылып келсе, қосылған құн салығы тек XXI ғасырдан бастап қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар қосылған құн өткен ғасырдың соңында статистикалық және аналитикалық мақсаттарда қолданылған болатын. Қосылған құн салығы жанама салықтың бір түрі болып табылады. Әдетте оның пайда болуын шығындардың өсу шегімен байланысты мемлекеттің табысты қажет етуімен түсіндіруге болады. Жанама салықтардың тарихында алғашқысы акциз болып табылады, ол тауарлардың бөлек түрлеріне салынатын болса, қосылған құн салығы оған қарамақайшы келеді. Ол әмбебап акциз болып табылды, себебі бұл салық түрі барлық тауарларға салынады. Қосылған құн салығы әр еле әр түрлі аталады. Мысалы: Канада және Жаңа Зеландия елдерінде “қызмет көрсетуге және тауарға салынатын салық” деп атаса,Жапония да “тұтынуға салығы” деп аталады. Бұл салық түрі шамамен 80 елде қолданылады. Тек АҚШ та ғана бұл салық түрі қолданыста жоқ. 80-жылдың аяғы мен 90-шы жылдардың баснда қосылған құн салығы Шығыс Европ елдерінде (Болгария, Венгрия, Польша, Чехия, Словакия, Румыния) және де кейбір ТМД елдерінде (Белорусия, Қазақстан) елдерінде енгізілді. Ал бастапқы болып қосылған құн салығын қолданысқа енгізген Франция мемлекеті. Айналымға салынатын салық пен салықты өндіріп алу әдістемелерін дамыту оның негізін салды. Бұл жүйелі үш кезеңді бастан кешірді. Бірінші кезең 1937жыл, айналымға салынатын салықтан біркелкі өндіріс салығына өту. Екінші кезең  1948 жыл, жеке-жеке төлем жүйесін енгізу, соған сәйкес әрбір өндіруші салқты сатылымнан түскен жалпы сомасымен байланысты төлеп отырды. Үшінші кезең 1954 жылды қамтыды. Бұл кезеңде салық жүйесінің тәжірибиесіне өндіріс салығының орнына қосылған құн салығын енгізді. Айналымға салынатын салық екі үлкен топтан тұрады: кумулятивті салық және бір жолғы ұстап қалу салығы. Осы екі салықтың қосындысынан қосылған құн салығы пайда болды. Кумулятивті салық әрбір операцияның жалпы сомасынан ұстап қалынады, яғни тауарды өндіру және айналымға жіберу кезіндегі әрбір операциядан еш кедергісіз алынып отырады. Және төмен ставкаға қарамастан біршама жинақ жасауға көмектеседі. Бір жолғы ұстап қалу салығы аты айтып тұрғандай тек бір рет қана алынады, яғни тауарды өндірген кезде, я болмаса тауарды айналымға жіберген кезде алынып отырады. [5,120б]

     Жалпы қосылған құн салығын француз экономисті М. Лоре қолданысқа енгізген болатын. Лоре қосылған құн салығын 1949 жылы ұсынған, бірақ Франция үкіметі бұл салықтың экономикалық мазмұнын талдап, гипертрофиялық экономика, өндірістің құлдырауы мен тауарлы аштықтың мінездемеленген сол тарихи кезеңде оны енгізудің маңызы жоқ деп шешті. Бірнеше жылдар өткен соң ғана  мемлекеттегі экономикалық жағдайы жақсарғаннан кейін қосылған құн салығы қайта қарастырылып енгізілді. Лоре сол кезеңде мемлекетте айналымнан алынатын салықты ауыстыра алатын қосылған құн салығының әсерінің үлгісін көрсетті. Мұндай қажеттілік айналым салығына сай қарқынды әсерін жою мақсатымен туындады. 1968 жылы Францияда осы салыққа толықтырулар жүргізілді. Бұған дейін салық таза күйінде қолданылып көрген жоқ. Бірақ, 1968 жылдан бастап салықтың тартылуы интенсивті қарқын алды. Оған әсер еткен 1967 жылдың сәуірінде  Европалық одаққа  кіретін мемлекеттерде қосылған құн салығын жанама салығы негізі түрінде енгізуді қабылдаған бірінші және үшінші Еуропалық Одақ Директивасы болды және енгізу мерзімі анықталды. Болашақта қауымдастыққа кіруге мүдделері бар мемлекеттерге қосылған құн салығы жүйесінің жұмыс істеуі міндетті болды. Қосылған құн салығын қолдану нұсқаулары төртінші Директивамен анықталды.

Салық базасын кеңейту мен өз бюджеттерін толтыру мақсатында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттері қосылған құн салығына сәйкес салық базаларының мөлшерлері келісілді. Қосылған құн салығынан 1 пайыз мөлшеріндегі жылдық аударымдар арқылы толтырылатын ортақ қаражат қорын құрды. Орташа алғанда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің бұл салықтан түсетін табыс бөлігі ортақ салық түсімдері де 15-17 немесе ЖЮ-дің 7 құрайды. Қосылған құн салығы мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру барысында қолданылады. [6,121б]

        Қосымша құн салық салуы –жанама салықтың маңызды формасы. Көп жағдайларда қосылған құн салығын Батыс Еуропалық интеграция процессінің дамуы мен орнатылуында алатын роліне көңіл бөліп Европалық Одақ мемлекеттерінде қосылған құн салығы Европалық Одақ бюджетін базасының табыс көзі болып табылады. Бұл мемлекеттерде салық мөлшерлемелері 5 пайыздан 33 пайызға дейін ауытқуда. Айналыс қосылған құн салығын қайта құру негізінде Францияда енгізілген қосылған құн салығы басқа мемлекеттерде өндіріс салығы ретінде қолданыла бастады. Қосылған құн салығы фискалды саясатты іске асыруда қолданылуына қарамастан, оған нақты ынталандыру функциялары да тән. Европа мемлекеттерінде негізгі капиталға инвестицияланған қаражаттар босатылады. Банктер, қаржы мекемелері,дәрігерлер мен қорғаушылар, тұрғынүйлерді зайымға беру салықтан босатылады. Қосылған құн салығы «нейтралды» салық болып табылады. Көптеген сырт мемлекеттердің үкіметтері бюджет дефицитын жабу ең алдымен қосылған құн салығынан түсетін түсімдердің көлемін ұлғайту арқылы жүргізеді. Себебі бұрын табыстарға прогрессивті түрде салық салу қорлану процессі мен қызмет белсенділігіне негативті түрде әсер етті. [7,122б]

       Еуропалық Одақ мемлекеттерінің салық жүйесін өзгертудің негізгі уәждеуі:

  • қосылған құн салығы жаңа техника арқылы салық операцияларын құжат айалым жүйесінің реттелуін және тез жүргізуге мүмкіндік береді;
  • ортақ нарыққа мемлекеттердің кіруіне қосылған құн салығын енгізу міндетті;
  • тауарлар мен қызметтрдің бір түріне салықтардың жеңілдік жағдайын жасау мақсатында қосылға құн салығын бөлшек сауда сатуларынан салық пен салыстырғанда әлдеқайда тиімді;
  • қосылған құн салығы бюджеттік түсімдерді әлдеқайда көтереді;
  • сонымен қатар, осы факторлардың ішінде саяси аргументтер болып – ортақ нарыққа кіру шарты болып табылады. Дәл осы аргумент еуропалық мемлекеттер арасына осы салықтың кең тарауына түрткі болады. Қазіргі кезде Еуропалық Одақ мүшелерінің барығы көрсетілген салықты енгізеді.

Мемлекеттердің қосылған құн салығына көшу макроэкономикалық тұрғыдағы ортақ нарық форма кезінде іске асырылады. Көші процесінің өзі мыналарды қажет етеді:

  • салық жүйесінің есебінің тиімділігі;
  • жанама салық жүйесінің түбегейлі талдауы;
  • шет мемлекеттерден жұмыс істеу стажы бар кәсіби мамадарды дайындау;
  • жаңа жүйеге көшу мерзімін анықтау;
  • әр сату операцияларына счет-фактура толтыру міндеттілігі;
  • ақпараттар мен құжаттарды өңдеуді автоматтандыру;
  • қосылған құн салығын есептеуді банк функциясына тіркеу;
  • кеден есебін компьютеризациялу.

   Қосылған құн салығын талдау еуропалық мемлекеттердің және басқа мемлекеттердің көбінде жанама салық салудың кең тарағанын көрсетті. Осы салықтың артықшылығы туралы сұрақ біртекті болып табылмайды. Қосылған құн салығына өту базасы болып табылатын жақсы дамыған жанама салық салу жүйесі  барлық елдерде бірдей емес. Бұл салық түріне көшу, өз есебінен шешімнің әбден қабылдандығын және үлкен дайындықтан өтуді қажет етеді. Мысал ретінде АҚШ мемлекетін алсақ болады. Бұл шешімді қабылдау үшін, олар 2 жыл бойы конгрессте дайындық жүргізді. Соңғы нәтиже шығарғанда, барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды салмақтағанда, АҚШ-қа бұл салық түрінің тиімсіздігін көрді. Мұндай шешімге Жапонияда келді.

      Қосылған құн салығының ролі мен орны бірқалыпты емес: тәжірибелер жүргізушілердің ойынша, бұл салық түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығының басым бөлігін  толтырады деп есептейді, ал аналитиктер ойы бұл салықтың тіпті жоғары фискалдығын, салық базасының дайындығының жоқтығының қасы  және пайыздық мөлшердің тіпті жоғары қарқындылығын көздейді. Қосылған құн салығы Қазақстан экономикасында өтпелі кезеңде тіпті тәуекелінің жоғары болуын көздейді, өйткені ол оның салық жүйесіндегі кемшіліктері мен қосылған құн салығының есептеудегі техниканың жетіспеушілігін қамтиды. Қосылған құн салығы тауарған деген сұранымды реттеп отырады. Бұл модель батыс экономикалық жүйелерінде үлкен роль атқарады. Бұл салық түрі дүние жүзінің 60 мемлекеттерінде салық жүйесінің құрама элементі болып табылады.

      Қазақстан Республикассында қосылған құн салығы 1992 жылы қаңтарында енгізілді. Советтік қоғам кезінде  жүріп жатқан процесстерге бұл салық түрінің енгізілуі, артынан із қалдырады. Нақ осы кезде  Қазақстан егемендігі туралы статус алған еді. Қаржы-Несие Кеңес үкіметінен мұра болып қалған қаржы-несие жүйесі нарықтық даму жолына түскен жас мемлекеттің талабына сай келмеді, себебі ол әкімшілік бұйрыққа негізделген болаьын. Сондықтан ең бірінші  заңдық актілердің, Республиканың жоғары кеңесімен қабылданған «Қазақстан Республикасының  салық жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» заңдарымен, қаржы жүйесі реформалары қоймай, сонымен қатар  дүниежүзілік тәжірибеде прогрессивті тенденцияларға қарсы сәйкес жаңа салық жүйесі қалыптасты. Жанама салықтың механизмін зерттеуде көп мүшелерде  Қазақстанның жанама салығының дамуын, әсіресе қосылған құн салығына көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл Қазақстан экономистердің қосылған құн салығына көз қарастары емес. Кей экономистер қосылған құн салығының бағаның өсуі мен «құнның натуралдық түсіндірмесіне  сүйенеді. Сонымен қатар 1996-1997 жж салықтың айналымынан қайтарылуы және салық кодексінің түзетулерді көздеді.                                                                                                           Қазақстанда қосылған құн салығын енгізу ұсынымының қысқаруына әкеп соқты және өз есебінен өнеркәсіптің құлауы біріншіден, келешекте ұсыныс бағасының жоғармалауына әкеледі, екіншіден сұранымның төмендеуіне және сатып алу қабілетінің  төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландыруға немесе қайта өндіруге қабілеттері төмендейді. Осыдан мемлекеттік бюджеттен көптеген қаржылық ресурстарды бөлу нәтижесінде дефицит пайда болды және жоғарғы қарқынды инфляцияға тура әкеп соқты. Бұдан біз өтей алмай кризисін, инвестициялық бағдарламалардың тоқтатылуы, өндірістік өнімнің, яғни экспорттың қысқартылуы және жұмыссыздықтың өсуін және тағы басқа ны көруге болады. ұл экономиклық сана жүйелерінің және бөлек компоненттердің балансының болмауынан туып отыр. Қосылған құн салығының қарсылығын білдірушілер үшін бұл өте күрделі католизатор болып табылады. Нақ осы жерде олар қосылған құн салығының табиғаты мен жұмыс жүргізу механизмін түсінбейді. Бюджетке неғұрлым қосылған құн салығынан көр түсім түскен сайын, соғұрлым ол экономикаға зиянын тигізеді. Әсіресе, қосылған құн салығы «қарсылығын білдірушілер» ойынша, жаңа жоғары қарқынды технологияға кері әсерін тигізуде. Техникамен қамтылмаған және артта қалған кәсіпорындарға қарағанда, өздері шығаратын өнімнің құны қосылған құн салығынан жоғары. Қазіргі кезде  жоғары қарқында кәсіпорындар үшін қосылған құн салығы пайдасыз болып отыр. Мониторлық саясат пен қосылған құн салығының арасында байланыс жоқ, өйткені инфляцияның болуы, қаржы ресурсының тыстани асып кетуінен оны өндіру үшін материалдың жоқтығынан болады. Осының негізінен қосылған құн салығын алып тастауды талап еткен , оның орнына, өндірісте өнімді шектеп шығаруды ұсынады. Экономика жүйесінің дамуындағы ең маңызды сәт болып айналымға салынатын салықтың орнына өндірілген қосылған құн салығы болды. Бұған әртүрлі әсерлер болды. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің түрлерінің көбеюіне әкелелі, шаруашылық серіктестерді дамытты, аралас өндіріс түрлерін құруға әкелді, осыған байланысты бұрынғы салықтың түрінің алынуы қиын болды. Делдалдық қызметтердің өсуі де әмбебеап салықты керек етті. Ол осы өсімнен мемлекеттік қазынаға тартуды керек етті.

      Жанама салықтардың келесі бір түрі акциз салығы болып табылады. Акцизді капитализімнің жаулап алуын жеңіп шыққан саықтардың бірі деп есептеуге болады. XVII ғасырда бұрын соңды болып көрмеген ғылыми техникалық көтерілістер болды. Соның негізінде өндіріске біршама өзгертулер енгізілген болатын, нәтижесінде өнеркәсіптік дағдарыс болды. Натуралды шаруашылық пен цехтық ұйымдасру кәсіптері жойылды. Мануфактураның жаппай таратылуы, өнеркәсіп өндірісінің ұдайы өсуі, тауар ақша қатнастарының дамуы, алғашқы банктердің пайда болуы сияқты экономикадағы және қоғамдағы төңкерістер мемлекеттің қазынаны толтыру үшін қосымша әдістер іздесіруіне әкеп соқты.

      Сол кезеңде киев княздары мен мәскеу чиновниктері бұл мәселені шешудің тек екі жолын қарастырған болатын. Біріншіден, тікелей салық салудың механизімін жетілдіру. Еіншіден, кеден баж салықтары мен әртүрлі жинақтардың пайда болып отыруы, соған сәйкес бұл жинақтар жылдан жылға көбейе түсті. Бұған мысал ретінде бірінші Петрдің кезіндегі балтаға, ағаш табытқа салынған салықтарды атап айтуға болады. Ендігі кезекте өнеркәсіп саласы кәсіптің басқа да түрлері мен натуралды шаруашылықты ығыстыра бастаған кезеңде билік басындағы чиновниктерге салықты кедей шаруаларға салғаннанда ірі өнеркәсіп иелеріне салған қолайлы болды.  Дәл осылай бұқаралық тұтыну өнімдеріне салынатын жанама салықтың бір түрі акциздер пайда болды. Тауар бағасы тауарларға салынған акциз салығының көлеміне байланысты тағайындалып отырды. [8,345б]

       Акциз сөзінің өзі латын тілінен аударғанда “accisum” “кесілген” деген мағынаны білдіреді. Ресей империясы кезінде акциз салығы табакқа (1839ж), қантқа (1848ж), тұзға (1862ж), дрожжиге (1866ж), керосинге (1872ж), жарық беретін мұнай майларына (1887ж), сіріңкеге (1888ж) енгізілді. Осылайша акциздер мемлекет бюджетіне тұрақты кірістер түсіріп отыратын бірден бір негізгі салық түріне айналды, ал тұрақты кірістің кепіл көзі акциз салығы салынатын өнеркәсіп өнімдері болып табылды. Ал ең көп табыс әкелетін өндіріс құрамында спирті бар сусындар. Революцияға дейінгі Ресейде акциз салығы арақ және шарап өнімдерімен қатар құрамында аз көлемде алкаголь бар сусындарға, яғни сыраның барлық түрлеріне, бал сыраға, ашытылған шарап өнімдеріне де салынды. Акциз салығынан босатылған өнімдер болып, шет елдерге шығарылатын спирт және шарап, жүзім шарабы, сірке суы, балды квас, жарық үшін қолданылатын спирт өнімдері табылды. [9,348б]

 

 

1.3 Шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу

механизімінің ерекшеліктері

 

      Алыс-жақын шет мемлекттердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасады. Салықтарының құрлымы мен олардың қолданылу аясы, есептелу және алыну механизмі, әр түрлі билік органдарының фискалдық өкілеттіктері және басқа салық саласындағы мәселелеріне байланысты шет мемлекттердің салық жүйелері бір бірінен айрықшаланады. Кейбір кезде салықтар әр түрлі елде әр түрлі аталғанымен де, олардың алыну механизімдері ұқсас болып келеді. Салық ақшалай немесе заттай түрде әділеттілік, теңдік тәрізді салық салу қағидалары негізінде құрылған салық ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немесе пайыз түрінде тағайындалуы мүмкін. Пайыздық ставкалар өз кезегінде пропорционалдық, прогрессивтік және регрессивтік болып жіктелінеді. Басым көпшілік елдерде қолданылатын салықтарға жеке тұлғалардың табысына салынатын салық, заңды тұлғаның табысына салынатын салық, мұра мен сыйға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салық, тұтыну салығы, әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар, айналымға салынатын салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы және тағы басқа жатады. Жанама салықтарға келетін болсақ, бұл салықтың құрамы әр елде әр түрлі. Бір елде жанама салыққа қосылған құн салығы мен акциз кіретін болса, кейбір елдерде тағы бірқатар салықтың түрлері кіріктірілген.

     Қосылған құн салығы жанама салықтың кеңінен тараған бір түрі болып табылады. Қосылған құн салығын есептеу барысында шет ел тәжірибиесінде негізінен төрт әдіс қолданылады:

  • Тура аддитивтік немесе бухгалтерлік әдіс;
  • Жанама аддитивтік;
  • Тура шегерім жасау әдісі;
  • Жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу әдісі.

Егер шартты түрде салық ставкасы Р деп белгілесек, онда төрт әдіс бойынша салықты есептеу формула түрінде мынандай көрініс береді:

  1. P (V+m) ҚҚСС;
  2. PV+Pm ҚҚСС;
  3. P(В-И) ҚҚСС;
  4. РВ – РИ ҚҚСС;

      Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, яғи пайданы анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның балансында жасалған мәмлелер жалпылама түрде көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді. Үшінші әдіс — өндірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біртұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана қолдануға болады.

     Тәжірибиеде негізінен төртінші әдіс көп тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте қолданылады, сондай-ақ шот фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы ақпар алып отыруға мүмкіндік туады.

      Қосылған құнға салынатын салық туралы декларациясында, әдетте, салық төлеушінің тіркеу номері, есеп беру мерзімі, қосылған құн салығының ставкасы, бюджетке төленуге тиіс сома, декларацияны толтырған тұлғаның аты-жөні, лауазымы көрсетіліп, қолы және декларацияның толтырылған мерзімі қолданылады. Қосылған құнға салынатын салықтан негізінен экспорттық операциялар, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрімек, кітап, газет-журнал өнімдері, пошта сақтандыру, жолаушы тасмалдау қызметтері босатылады. Осыған қарамастан әр елде әр салық әр түрлі салынады және есептелінеді.

      Ұлыбританияда жанама салықтарға қосылған құн салығы кіреді, ал акциз басқа салық түріне жатады. Қосылған құн салығы 1973 жылдың бірінші сәуірінде Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кіргеннен бастап енгізілді. Қосылған құнға салынатын салық 1983 жылы қабылданған Заң негізінде реттеледі. Бертін келе біршама өзгертіліп, толықтырылды. Қосылған құнға салынатын салық мемлекетік бюджеттің орта есеппен 17 – 20 пайызын құрайды және үлесі жағынан табыс салғынан кейінгі екінші орын алады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша объекті болып тауарлар (қызмет, жұмыс) өндірісінің әр бір кезеңіндегі қосылған құн табылады. Салық ставкасы – 17,5 пайыз. Азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрімектерге, импорт-экспорт тауарларына, тұрғын үй құрлысына, балалар киіміне, көлік тасмалына, пошта, жерлеу және қаржы қызметтеріне, сақтандыруға қосылған құнға салынатын салық салынбайды. [10,36 б]

     Салық төлеуші тоқсан сайын кей жағдайларда, яғни салық төлеушінің қалауы мен ай сайын салық декларациясын толтырып, төлеуге тиіс салық сомасын басқармаға аударып отырады. Салық декларациясы есепті тоқсан аяқталғаннан кейін, бір ай мерзім ішінде тапсырылуы тиіс.

      Акциздер алкаголь, темекі және жанар-жағар май өнімдеріне, көлік құралдарына салынады. Акциз спирт пен жанар-жағар май өнімдерінің тауар құнына қосымша пайыз түрінде белгіленеді. Алкаголь өнімдері мен көлік құралдарына салық сатвкасы 10-30 пайыз аралығында тағайындалған. [11,37б]

      Германияда қазіргі кезде 50 салық түрі бар. Солардың бірі – қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы Германияда ең негізгі  салықтардың бірі болып табылады. Бюджет кірсіндегі үлесі 28 – 30 пайызға жуық. Салық салу объектісі болып айналым саналады. Салық бюджетке түскен соң үш бюджет арасында бөлінеді. Салық екі түрлі ставкамен алынады: 7 пайыз – азық-түлік, газет, журнал, кітаптарға, ауылшаруашылығының өнімдеріне, жолаушы тасмалы қызметіне қолданылса, одан басқаларының барлығына 15 пайыздық ставка қолданылады. Аталмыш салықтан ауыл және орман шаруашылығының өнімдері, экспортқа шығарылған өнімдер босатылған. Акциздерге келетін болсақ, ол кофеге, қантқа мениралды майға, сыраға, арақ шарап, темекі өнімдеріне және тағы басқаға қолданылады. Бұл салық негізінен федералды бюджетке түседі, ал сырадан алынатын акциз сомасы жергілікті бюджетке түсіп отырады. [12,45б]

       Жанама салыққа басым көңіл бөлетін елдің бірі – Франция болып табылады. Жанама салықтардың бірі болып табылатын  қосылған құнға салынатын салық 1954 жылы Францияда енгізілгені бәрімізге мәлім. Қосылған құн салығын төлеу салық төлеушінің қаржылық жағдайына байланысты емес, жасалған операцияның сипатына байланысты анықталады. Салық салу объектісі болып тауар немесе қызметтің сату бағасы табылады. Бұған бөлшек сауда бағасынан басқа, алым, баж сомалары да кіреді. Негізгі салық ставкасы – 18,5 пайыз. Автокөлік, кинотауарлары, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы былғары өнімдеріне 22 пайыздық жоғарлатылған ставка қолданылады. Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдеріне, кітап, дәрі-дәрімектерге, сондай-ақ туристік қонақ үй, жүк және көлік тасмалы қызметтеріне 5,5 пайыздық төмендетілген ставка қолданылады. Аталмыш салық бойынша жекелеген салық жеңілдіктері қарастырылған. Экспорт операциялары қосылған құнға салынатын салықтан босатылған. Экспорт операциясының жасаған және қосыған құнға салынатын салықты төлеп қойған тұлғаның қосылған құн салығын өтеу құқығы бар. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауылшаруашылық өндірісі, жеке білім беру, емдеу, рухани салада қызметін көрсететін тұлғалар қосылған құнға салынатын салықтан босатылған. Қосылған құнға салынатын салық ай сайын декларация негізінде бюджетке төленеді. Сондай-ақ тауар айналымының көлеміне байланысты тоқсандық, жылдық салық төлеу кезеңдері де заң бойынша қарастырылған. [13,49б]

     Жанама салықтардың қатарында бұл салықтан басқа мұнай өнімдеріне ішкі салық, акциздер, тұтынуға салынатын салықтар, кеден баждары, туристік алым да елеулі орын алады. Тұтынуға салынатын салық алкаголь және темекі өнімдеріне бағалы металл бұйымдарына, электроэнергияға, теледидар жарнамаларына, қант және кондитер өнімдеріне, сыра және мениралды суларға, автокөліктер мен ұшу аппараттарының жекелеген түрлеріне 20,6 пайыздық ставкамен салынады. Туристік аймақта орналасқан кейбір аудандар мұнымен бірге туристік алымды да қолданады.

      Кеден баждарының негізгі мақсаты табыс алу емес, ішкі нарықты, ұлттық өнеркәсіпті, ауылшаруашылықты қорғау болып табылады. Кеден баждары импортталатын тауарлар мен ішкі нарықтағы тауарлардың бағасын теңестірудегі мемлекеттік экономикалық саясатты реттеудің басты құралдарының бірі болып саналады. Әдетте кеден баждары тауар бағасынан алынады, бірақ жекелеген жағдайларда, көлемі, салмағы, т.б алынады. Бұл негізінен темекі өнімдеріне, сусындарға, кинофильмдерге қолданылады. [14,50б] 

      Қосылған құнға салынатын салық Италияда 1973 жылы 1-ші қаңтардан бастап енгізілді. Қазіргі кезде аталмыш салық барлық жанама салықтың 65-70 пайызын құрауда. Қосылған құнға салынатын салық түскен табыс пен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмадан есептеледі. Салықты тұтынушы төлейді, бюджетке сатушы аударады. Қосылған құн салығын салу кезінде үш түрлі салық ставкасы қолданылады. 4 пайыздық ставка мемлекеттік кәсіпорындарға, 13,9 пайыздық ставка – азық-түлік өнімдеріне, бұдан басқаларының барлығы 19 пайыздық ставка қолданылады. Экспортқа шығарылған тауарлар, халықаралық қызмет және онымен байланысты операциялар, сондай-ақ сақтандыру операциялары, несие беру, пошта қызметі, жалдаудың коммерциялық емес түрлері, алтын және шетел валютасымен байланысты операциялар, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетке жұмсалатын шығындар аталмыш салықтан босатылған.

       Арнайы акциздер жанама салықтардың ішінде фискалдық маңызы бойынша екінші орында. Салық мұнай және мұнай өнімдері, алкагольді ішімдіктер, сыра, банан, құрлыс материалдары тәрізді жекелеген тауарлар түрлеріне ғана қолданылады. [15,61б]

      Жанама салықтар дамыған тағы бір мемлекет Швеция мемлекеті болып табылады. Швецияда қосылған құнға салынатын салық ел аумағында коммерциялық мақсатта жүргізілген барлық тауарлардың, қызметтердің саудасына салынады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салу объектісі бар компаниялар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке тұруы керек. Жылдық айналымы 200 мың кроннан кем тұлғалар қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Қосылған құнға салынатын салық азық-түлік өнімдеріне – 21, қонақ үй қызметіне 12 пайыздық, қалғандарына 25 пайыздық ставкамен салынады. Аталмыш салықты төлеуден экспорт операциялары, медециналық қызмет, сақтандыру, банк операциялары, пошта, кино өндірісі, мәдениет мекемелерінің қызметі босатылған. Швецияда тауар алған шетелдік туристер шекара бекеттерінде орналасқан арнайы агенттік арқылы қолма-қол ақша немесе шотқа аудару арқылы төлеген салықтарын қайтарып ала алады.

       Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепті кезең – екі ай. Салық декларациясы есепті кезең аяқталған соң, 35 күн ішінде тапсырылуы керек. Айналымы үлкен кәсіпорындар үшін салық кезеңі бір ай болып бекітілген. [16,67б]

       Қсылған құнға салынатын салық Швейцарияда 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Бұл салықтың заңдық негізін федералдық Конституция мен 1994 жылы 22 маусымда қабылданған қосылған құнға салынатын салық бойынша федералдық кеңес нұсқаулығы құрайды. Қосылған құнға салынатын салық өндірістің барлық кезеңдерінде, бөлуде, импортқа, отандық қызмет көрсету салаларына салынады. Швейцария заңнамасының өзіндік бір ерекшелігі – салықты салу барысында екі ұғым қолданылады: қосылған құнға салынатын салықтық айналым (нольдік ставкамен салынатын айналым) және салық салынатын айналымнан босатылған айналым. Нольдік ставкамен салық салынатын айналым бойынша жеке тұлға өтем ала алады. Оған мынандай қызмет түрлері жатады:

  • Экспорт операциялары;
  • Халықаралық көлік тасымалы;
  • Шет елде қолданылатын қызмет.

       Салық салынатын айналымнан босатылған айналымға мынандай қызмет түрлері жатады:

  • әлеуметтік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру саласында көрсетілетін қызмет;
  • биржадағы ойын;
  • мәдениет, білім, сақтандыру саласындағы қызмет;
  • қаржы саласындағы операциялар (меншікті басқару және коллекция жинаудан басқа);
  • ұсақ мерзімді лизинг;
  • ішкі пошта маркаларын сату.

      Қонақ үйлерге (пансиондарға) 3 пайыздық ставкамен, азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылық өнімдері, радио мен телекорпорацияның қызметі 2 пайыздық ставкамен, бұлардан басқаларының барлығына 6,5 пайыздық ставкамен салық салынады.

      Қосыған құнға салынатын салық Испания аумағындағы тауарлар мен қызметтер бойынша мәмілелерге салынады. Қосылған құнға салынатын салықты салу барысында Канар аралдары, Сеута, Мелилья – Испания аумағы болып есептелмейді, онда жергілікті сатудан алынатын салық алынады. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер үшін бұл аумаққа тауар жеткізу экспорт, ал сатып алу импорт болып есептеледі.

      Тауар, қызмет сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын кез келген кәсіпорын қослыған құнға салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Тауарды сату-сатып алу барысында анықталған қосылған құн салығының өсімі бюджетке төленуге жатады. Экспорт операциялары, медециналық қызметтер, білім беру, банк және қаржы қызметері, сақтандыру, жылжымайтын мүлікті қайта сату, қайырымдылық қызмет, пошта қызметі аталмыш салықты төлеуден босатылады. Азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрімектерге, газет, кітап, журнал өнімдеріне, мейрамхана, мейманхана, көлік тасымалы кәсіпорындарының қызметіне 4-7 пайыздық төмендетілген ставка қолданылса, сәндік бұйымдар мен автокөліктерге 28 пайыздық жоғарлатылған ставка қолданылады. Бұдан басқаларының барлығына 16 пайызбен қосылған құнға салынатын салық салынады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есеп жүргізу тәртібі сатылған және сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының шот-фактурасын жүргізуді талап етеді. Салық төлеушілер өздерінің айналым мөлшеріне сәйкес осы салық бойынша есеп құжатын толтырып, сәйкесінше анықталған салықты бюджетке аударады.

      Бейрезидент жеке тұлғалар төлеген қосылған құнға салынатын салығын дүкендерге берілетін арнайы шот-фактура негізінде қайтарып ала алады. [17,70б]

      Жапонияда жанама салықтардың бірі – сатудан алынатын салық 3 пайыздық ставкамен алынады және бюджеттің кірісінің 9 пайызын қамтамасыз етеді. Оны септеу барысында тауарлар мен қызметтердің құны келісім шарт бағасы бойынша анықталады.

      Қосылған құнға салынатын салық 1989 жылдан бастап қолданыла бастады. Қосылған құн салығын есептеу барысында төрт түрлі әдіс пайдаланылады:

  • тура немесе бухгалтерлік әдіс;
  • жанама әдіс;
  • тікелей шегеру әдісі;
  • жанама шегерім немесе шоттар бойынша есепке алу әдісі.

     Жапония тәжірибиесінде негізіен төртінші әдіс кеңінен қолданылады. [18,89б]

     Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. 1991 жылы 6 желтоқсандағы РСФСР Заңына сәйкес қосылған құнға слынатын салық 1992 жылы 1 қаңтарынан бастап Ресейдің барлық аумағында енгізілген. Қосылан құнға салынатын салықты мынандай жеке және заңы тұлғалар төлейді:

  • ұйымдар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар. Ресей заңнамасына сәйкес тауар өткізетін орын болып мына шарттар сақталған жағдайда Ресей аумағы танылады:
  1. Тауар Ресей аумағында орналасқан және ешқайда жөнелтілмейді;
  2. Тауар тиелген немесе жөнелтілген сәтінен бастап Ресей аумағында орналасқан.

     Заңды тұлға болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындар және де салық салуда оңайлатылан жүйеге көшкен шағын кәсіпорындар төлемейді.

Заң жүзінде салық кәсіпкерден алынады, бірақ шын мәнінде оның төлеушісі болып срңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу барысында құнында төленеді.

     Салық салу объектісі болып мыналар танылады:

— Ресей аумағында тауарларды өткізу, беру;

— жеке тұтынуы үшін құрлыс-монтаж жұмыстарын жасау;

— импорт операциялары.

    Салық базасы болып тауарлардың нарықтық құны алынады. Қосылған құнға салынатын салық үш түрлі ставкамен: нольдік, 10 және 20 пайыздық ставкамен алынады.

     Нольдік ставка:

  • Мұнай, табиғи газ өнімдерінен басқа экспорт операцияларына;
  • Ғарыш кеңістігіне байланысты жүргізілетін жұмыстар;
  • Бағалы металдардың Мемлекеттік қорына, Орталық банк пен екінші деңгейлі банктерге бағалы металдар өндіретін салық төлеушілер;
  • Диплматиялық қызметтегі шетелдік тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалардың және олардың отбасыларының жеке және ресми пайдалануына әкелген тауарларына, тағы басқаларда қолданылады.

    Мынандай салық салу объектілеріне 10 пайыздық ставкамен салық салынады:

  • Тірі салмақтағы мал, құс;
  • Деликатес, колбаса, консерві өнімдерінен басқа ет және ет өнімдері;
  • Жеміс-жидек негізінде жасалған балмұздақтан басқа, сүт және сүт тағамдары;
  • Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері;
  • өсімдің майы, маргарин және тағы басқа азық-түлік өнімдері;
  • балалар тауарлары;
  • мерзімді басылымдағы жарнамадан басқа баспа өнімдеріне;
  • отнадық және шетелдік дәрі-дәрімектер, медециналық бұйымдар.

     Бұдан басқа жағдайлардың барлығында 20 пайыздық  ставкамен қосылған құнға салынатын салық алынады. [19,95б]

      Егер салық төлеушінің бір тоқсандағы тауар өткізуден түсірген табысы 1 млн рубльден кем болса, онда салық әрбір есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 20-шы жұлдызына дейін, одан басқа жағдайлардың барлығында ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-шы жұлдызына дейін төленуі керек.

      Қосылған құнға салынатын салықты төлеуден мыналар босатылады:

  • тізімін Ресей үкіметі бекіткен медециналық қызметке аса қажет болып табылатын отандық және шетелдік дәрі-дәрімекер, құрал жабдықтар;
  • косметалогиялық және мемлекеттік ветеринарлық, санитарлы-эпидемиологиялық (бюджеттен қаржыланатын) қызметтен басқа медециналық қызмет көрсетулер;
  • халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және жергілікті органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп бағумен байланысты қызметтері;
  • мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, студиялары;
  • студенттердің, мектептердің және басқа да білім беру мекемелерінің, медециналық ұйымдардың, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің асханаларында жасалып, сонда өткізілетін азық-түлік өнімдері;
  • мұрағат мекемелерінің қызметері;
  • такси және маршрутты таксимен жолаушы тасымалы қызметі;
  • коллекциялық маркадан басқа пошта маркалары, маркаланған конверттер, ашық хаттар, лотореялық билеттер;
  • тізімін Ресей үкіметі бекіткен жерлеу, әдет-ғұрып қызметі және оған қажетті құрал жабдықтар;
  • коллекциялық монетадан басқа, Ресейдің немесе шет мемлекеттің валютасы болып табылатын бағалы металдан жасалған монеталар;
  • жарғылық капиталдағы үлесі; бағалы қағаздардағы, мерзімді мәмілелердегі (форворд, фьючерс, опционды қоса алғанда), кооперативтік және инвестициялық қорлардағы пайлар;
  • коммкрциялық емес білім беру мекемелерінің кеңес беру және жалға беру қызметтерінен басқа білім беру қызметтері:
  • мемлекет қорғауындағы тарихи ескерткіштерге, мәдени мұраларға, діни ұйымдардың пайдаланудағы діни ғимараттар мен құрылғыларға жүргізілген жөндеу-реставрациялық, қалпына келіру жұмыстары;
  • әскери қызметкерлерге тұрғын үй құрлысының мақсатты әлеуметтік- экономикалық бағдарламалыры аясында жүргізілген жұмыстар;
  • бажсыз сауда дүкеніне кеден режимі негізінде қойылған тауарлар;
  • мәдениет және өнер саласында қызмет көрсететін мекемелер, ондай мекемелерге: театр, кинотеатр, концерттік ұйымдар мен ұжымдар, цирк, театр және концерт кассалары, мұражай, көрме, мәдениет сарайы, үйі, клубы, мәдениет және демалыс саябағы, ұлттық университеттер, туристік, экскурсиялық бюродан басқа экскурсиялық бюро, қорықтар, ботаникалық бақтар мен зоопарктер, ұлттық, табиғи және ландшафтық саябақтар жатады.
  • Ресейдің әуе жайлары мен әуе кеңістігінде, әуе кемелерінеде көрсетілетін қызметтер;
  • дәріхана ұйымдарының дәрі-дәрімек жасау, оптиканың көзілдіріктерді (күн сәулесінен қорғайтыннан басқа) жасау және жөндеу, есту және қозғалу аппараттарын жөндеу жұмыстары;
  • инкассациядан басқа банктік операцияар;
  • сақтандыру, қайта сақтандыру және өзара сақтандыру операциялары;
  • орман өрттерін сөндіру жұмыстары және тағы басқа.

     Ресей салық заңнамасына сәйкес, акциздерді мынандай заңды және жеке тұлғалар төлейді:

    — ұйымдар;

    — жеке кәсіпкерлер;

    — Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар. [20,97б]

    Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:

     — коньяк спиртінен басқа этилді спирт;

     — құрамында 9 пайыздан артық этилді спирті бар спиртті өнімдер;

     — 270 мл аспайтын ыдысқа құйылған өкілетті федералдық органнан мемекеттік тіркеуден өткен парфюмерия-косметика өнімдері;

     — сыра;

     — медециналық мақсатта қолданылатыннан басқа спиртті өнімдер;

     — алкаголь және темекі өнімдері;

     — двигатель қуаты 112,5 квт-тан жоғары жеңіл автокөліктер мен мотациклдер;

     — дизельді отындар;

     — табиғи газ;

     — автомабиль бензині және т.б.

    Акцизделетін мениралды шикізатқа табиғи газ жатады.

     Дербес салық төлеуші болып табылмайтын құрлымдық бөлімшелердің акцизделетін тауарларды өзара беруі, салық төлеушілердің мұнай өнімдерін өткізу, табиғи газды өзінің технологиялық мақсаттары үшін пайдалануы және тағы басқа акциз салығын төлеуден босатылады.

     Акциз салығының ставкасы тұрақты немесе адвалорлық ставкамен әрбір акцизделетін тауар түрлері бойынша дербес тағайындалады.

     Салық кезеңі күнтізбелік ай болып саналады. Атап айтқанда, акцизделетін мениралды шикізат, мұнай өнімдері бойынша акциз салығы есепі айдың 25-не дейін төленуі қажет. Көтерме сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер акциз салығын есепті айдан кейінгі екінші айдың 25-не дейін, ал бөлшек сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін төленуі керек. [21,99б]

     Қосылған құнға салынатын салық Белорусияда 1992 жылдан бастап қолданылды. Мемлекеттік бюджет кірісінің басым бөлігін құрайды. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер болып меншіктің ұйымдық- құқықтық нысанынан тәуелсіз ел аумағына  тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер танылады.

      Салық салу объектісі болып салық салынатын айналым салынады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер аталмыш салықты қаржы қызметі, бағалы қағаздармен және жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялары бойынша айналымнан ған төлейді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден басқа шет мемлекеттерге экспортталатын тауарларға қосылған құнға салынатын салық салынбайды.

      Салық 20 пайыздық ставкамен алынады. Салық төлеу мерзімін Белорусияның Қаржы министрлігі белгілейді.

      Акциз салығын төлеушілер болып меншікті ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз ел аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұғалар мен жеке тұлғалар танылады.

      Акцизделетін таурларға мына тауар түрлері жатады:

  • спирт және спирт өнімдері;
  • алкагольді өнімдер;
  • арақ-шарап өнімдері;
  • сыра;
  • темекі өнімдері;
  • дизель өнімдері;
  • автокөлік өнімдері;
  • шикі мұнай;
  • бағалы тастар мен металдардан жасалған зергерлік бұйымдар тағы басқа.

     Салық салу объектісі болып мыналар саналады:

       — тауар өндірушілер үшін — өндірілген өнімді өткізуден түскен табысы;

       — импортерлер үшін – тауарлардың кеден құнына пайыз түріне акциз ставкасы бекітілген кеден құны.

      Акцизделетін тауарлардың тізімі, ставкалары, акциз маркалары және олардың таңбалану тәртібін Белорусияның Министрлер Кеңесі анықтап, Жоғарғы кеңес бекітеді.

      Салық ставкасы тауар өткізуден түскен табысқа (кедендік құнына) пайызбен немесе заттай мағынадағы тауарларға абсалюттік сомада белгіленеді. Акциз салығын төлеу мерзімі салық сомасының мөлшеріне байланысты болып келеді.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерде жасалған акцизделетін тауарларға салық отандық тауарларға қолданылатын тәртіппен салынады.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден басқа шет мемлекеттерге экспортталатын тауарларға акциз салығы салынбайды. [22,131б]

       Канадада қосылған құнға салынатын салық 1991 жылдан бастап енгізілді. Негізгі салық ставкасы – 7 пайыз. Азық түлік, медециналық препараттар мен жабдықтар, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтері салық  төлеуден босатылады. [23,245б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II   Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін талдау

                          және бюджет табысын толтырудағы орны.  

  • ҚҚС есептелу механизімінің ерекшеліктерін талдау

 

      Қосылған құн салығының негізгі салық салу обьектілері болып салық салынатын айналым, салық салынатын импорт табылады. Салық салынатын импорт және салық салынатын айналым.

Тауарларды өткізу бойынша айналым тауарға қатысты өткізу бойынша айналым болып бөлінеді. Оның ішінде:

  • Тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде: тауарды сатуды; тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды; тауар экспортын; тауарды тегін беруді; жарғылық капиталға жарна төлеуді; жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін.
  • тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және мүлікті қаржы лизингіне беруді;
  • комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;
  • қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойған мүлкін (тауарын) беруін;
  • кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткәзу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
  • бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір құрлымдық бөлімшесінің екінші құрлымық бөлімшесіне тауар жөнелтуін;
  • бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

  • мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік)

шартымен пайдалануды;

  • санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға

салым ретінде берілетін құқықтар беруді;

  • жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы еебінен жұмыстар

орындауын, қызметтер көрсетуін;

  • қосылған құн салығындербес төлеушілер болып табылатын бір заңды

тұлғаның құрлымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.

Мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:

  • бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды

жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;

  • тапсырысшының мердігерде дайын өнімді мердігердің дайындауды,

ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес “Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату” режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

  • қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
  • бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
  • шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды  көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге алып ету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес “Тауарларды уақытша алып кету” кеден режимімен рәсімделсе;
  • жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берілуге тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне беруі.

        Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:

  1. қосылған құн салығынан босатылған
  2. өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

       Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Тауарды өткізу орнына егер тауарды беруші, алушы немесе үшініші тұлға тасмалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын; басқа жағдайларда – тауарды алушыға беру орны.

Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып:

        Жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері; егер олар жылыжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты жүзеге асыратын орны; егер қызметтер мәдениет, өнер, білім, дене тәрбиесі немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердің нақты көрсетілетін орны; жұмыстарды, қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызмет орны; төменде көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызмет көрсететін) тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.

       Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып санаткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру жөніндегі; консультациялық, аудиторлық, инжинирингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерге; қызметкерлерді беру жөніндегі; жылжымалы мүлікті (көлік құралдарынан басқа) жалға беру жөніндегі қызметке; тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тұлға тартатын агенттің қызметтеріне; байланыс қызметіне байланысты орын табылмайды.

туризімді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге қатысты қолданылады

      Егер тауарларды өткізу басқа негізгі тауарларды өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарлар өткізілген жер осында й көмекші өткізу орны болып табылады. Мақсаты үшін, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызмет орны біреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланатын орын олар өткізілген орын болып есептеледі.

      Тауарды тиеп жөнелтілген күні тауар өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады. Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

       Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті берген кезде кепіл ұстаушы үшін мына күндердің бірі сату бойынша айналым жасау күні болып табылады:

  • кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепілге салынған мүлікті өндіріп алу процесінде жүргізілген сауда саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;
  • егер сауда саттық өтпеді деп жариаланса, кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн.

      Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бірге шот фактура жазылған немесе жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілген жағдайда басталады.

      Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты, үзіліссіз негізде өткізілетін болса, онда қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күн немесе әрбір төлемді (есеп айрысу нысанына қарамастан) алу күнінің қайсысы бірінші болса, сол күн өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні болып табылады.

       Қызметкерлерге жалақы есебінен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағадайда қызметкерлерге тауарлар берілген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетілген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

        Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алған күн айналым жасау күні болып табылады.

       Егер осы және трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемілекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады. Тауарларды тегін берген кезде, сондай ақ тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезінде олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның ішінде негізгі құралдардың) қалдығы, салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмау керек. Аталған тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшін баланстық құн болып табылады. Кепіл беруші кепілдік мүлікті берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, осы мүлікті кепілге беруден алынған заем қаражатының сомасы негізге алына отырып анықталады. Тауарды бөліп бөліп төлеу шарттары мен өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері шарт талаптары мен көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, жоғарыда аталғанға сәйкес анықталады. Үшінші тұлға үшін төлеуге байланысты қызметтер көрсетілген кезде салық салынаты айналымның мөлшеріне акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлері бойынша акциз сомалары енгізіледі. Оларды сатып алған кезде қосылған құн салығы есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

       Өткізілген тауарлардың қанадайда бір өзгеріске түскен жағадайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

       Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:

  1. тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
  2. мәміленің шарттары өзгерген;
  3. өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;
  4. өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
  5. айналымға енгізілген ыдырыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.

       Салық салу айналымның мөлшерін түзету қосымша шот фактурасының немесе осы аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

            Егер өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:

  • . күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң;
  • . банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімнен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде бюджетке жарна ретінде енгізілуге тиіс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.

     Өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін ақыны қосылған құн салығын төлеуші өзіне берілген құқығын пайдаланғаннан кейін алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшері ақы алынған сол салық кезеңінде аталған ақының құнына арттырылуға тиіс.

        Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағанда,  Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі.

         Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрлымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайыарнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзег асырылады. Егер осы аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрлымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.

            Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:

  1. тұлғаның атауы және оның деректемелері;
  2. салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу номері;
  3. тұлға қосылған құн салығын төлеуші болған күн көрсетіледі.

      Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң есеп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің нысаны мен оы беру тәртібін уәкілетті мемлекттік орган белгілейді. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған жөніндегі куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына тапсырылады. Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі ауыстырылады.

       Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықты өзін қосылған құн салығы бойынша  есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейігі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын әрекетсіз заңды тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушілердің мемлекттік тізілімнен алып тастаған күннен бастап қосылған құн салығы бойнша есептен шығарылуға тиіс.

        Қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушілер үшін міндетті құжат шот-фактура болып табылады. Қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта өзгеше белгіленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға шот-фактураны ресімдеуге міндетті.

   Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактурада:

  • қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;
  • қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.

   Егер өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, берілетін шот-фактура немесе басқа да құжат «ҚҚС-сыз» белгісімен жазылады. Қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:

  • шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттік нөмірі;
  • шот-фактураның толтырылған күні;
  • тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы;
  • өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;
  • тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірі;
  • өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі;
  • өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;
  • салық салынатын айналымның мөлшері;
  • қосылған құн салығының ставкасы;
  • қосылған құн салығының сомасы;
  • қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс.

  Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші немесе алушы болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі: тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайын; өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесін; тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірін көрсетеді. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі.

       Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде оны ұсынушының комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде — «комитент», комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде — «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, шот-фактура жазылады. Шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі бес күннен кешіктірілмей жазылады.

      Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ өткізуді, байланыс қызмет көрсетулерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер осындай өткізу кезінде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы. Тауарлар экспорт режимінде шығарылған жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады.

       Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура өнім берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылады.

       Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен өкілеттік берілген қызметкердің қолымен куәландырылуы мүмкін. Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен шот-фактура «шот-фактуралар үшін» деген арнайы деректемесі бар оның мөрімен куәландырылуы мүмкін. Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураларды заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің, оның ішінде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.

      Шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.

      Егер мұндай шот-фактураға өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы, қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиіс.

     Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері, сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.

     Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін бес күннен кешіктірілмей жазылады.

    Сыртқы сауда келісімшарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.

      Шот-фактура екі дана етіп жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға беріледі. Бұрын ұсынылған шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, қателерді түзету мақсатында бұрын ұсынылған шот-фактураның күші жойылады және түзетілген шот-фактура ұсынылады.

      Шот-фактураны ресімдеу есеп айырысу бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, халыққа коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшін банктер арқылы жүзеге асырылған; жолаушы тасымалдау жол билетімен, оның ішінде әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен ресімделген;  халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызмет көрсетулерді қолма-қол есеп айырысумен өткізген жағдайда сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі берілген кезінде талап етілмейді.

  Қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мүмкін болмаған кезде, қосылған құн салығын төлеуші ұсынушыға шот-фактураны ресімдеу талабымен жүгінуге құқылы, ал ұсынушы осы баптың ережелерін ескере отырып, осындай талапты орындауға міндетті. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері белгіленген.

      Комиссия шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады. Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерін ескере отырып, жазып береді, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге ұсынған шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге ұсынған шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжат. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.

      Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде көрсетіледі. Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.

       Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші қосымша шот-фактураны бір мезгілде мынадай шарттарға сай болған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші шот-фактураны осы бапта көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу айналымы жасалған күнінен бұрын жазып берілген, шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу айналымы жасалған күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған кезде жазып береді.

      Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

     Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады. тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.

     Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.

      Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады. Қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.

      Салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша аталған айналым белгілі ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.

     Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен алып өтетін тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

     Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

      Қосылған құн салығын төлеу кезінде салық декларациясы тапсырылады. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

     Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:

  • есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
  • есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген салық сомасы есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылған жағдайда, мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша оларға мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға жазылған құжаттардың тізілімін табыс етеді.

      Қосылған құн салығын төлеу мерзімі. Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.

      Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:

  • тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
  • шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шот-фактурасын немесе басқа да құжатты ұсынған болса;
  • тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
  • қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған болса қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

     қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша өнім берушілерге төлеуге жататын;

        қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;

      қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;

         есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімінің құнына келетін бөлігінде жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;

      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделіп, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;

      төлем құжатында немесе салық органы берген және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетілген;

       темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының — салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін жол жүру билетінде бөлек жазып көрсетілген;

        отырғызу талонының, электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда авиация көлігінде тасымалдаушының — салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек жазып көрсетілген;

      есеп айырысуы банктер арқылы жүргізілетін коммуналдық қызмет көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тізімдемесінде көрсетілген салық сомасы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген салық сомасы есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

      Мұндай құжатта: өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша «ҚҚС-сыз» деген белгі көрсетіледі; қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Қосылған құн салығы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады. Қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.

      Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, босатылған айналым мақсатында бұрын сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.

      Егер шот-фактураны жазу тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.

      Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы есепке жатқызылады.

     Қосылған құн салығы, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;  қонақ үй ретінде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;   негізгі құралдар ретінде сатып алынатын жеңіл автомобильдерді;  тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алумен байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды.

     Мүлікті (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өтеусіз негізде алған кезде, осындай мүлікті алған тұлға осындай мүлікті өтеусіз берген тұлғаның төлеуге тиісті қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.

  Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

  • салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
  • тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
  • табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
  • сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын болып танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
  • сот жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәміле деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша;
  • жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
  • бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.

    Тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерінің) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлінуін білдіреді.

     Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.

  • Қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі: тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы осы күні тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күні қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
  • негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай олардың баланстық құнына келетін сомаға барабар активтерді сатып алу күні қолданыстағы ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлігінде есепке жатқызылудан алып тасталады.

     Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету

      Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді болып танылса, есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.

     Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейін қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңіндегі есепке жатқызылуда қалпына келтірілуге жатады.

      Қосылған құн салығын төлеуші-өнім беруші банкрот деп танылған жағдайда, түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушіні-өнім берушіні Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.

     Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі

     Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша өнім берушіге төленуге тиіс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісімен есепке жатқызылады. Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдісі күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмеуге тиіс.

     Өткізу жөніндегі айналымдары салық салудан босатылатын объектілер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер есебін бөлек жүргізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабар әдісі пайдаланылады. Осыған сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезінде белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.

     Барабарлық әдіс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

      Бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезінде, қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшін алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізеді.  Есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттік ұйымдардың кепілдегі мүлікті (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.  Қаржы лизингіне мүлікті берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын лизинг берушінің мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдаланатын ислам банктерінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдісін қолдануға құқығы бар.

 

 

2.2 Акциздің есептелу механизімін талдау

 

      Акциз бойыша салық салу обьектісі – акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары (акцизделетін тауарларды өткізуі; акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі; алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі; жарғылық капиталға жарнасы; заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы; өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі; өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы; өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы); бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі; бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі; конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;  акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы акциз салынатын объект болып табылады.

    Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады. 

    Белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына,  этил спирті мен алкогол өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі (өндірушінің аталған өнімді өндіру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін; тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне), жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе, 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнім болса бұларға акциз салынбайды.

     Операция жасалған күн болып саналады:

  • Барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
  • Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Акцизделуге тиіс алыс-берістік тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (қайта өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Алыс-берістік тауарларынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Акцизделетін өнім, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін өнімді (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

     Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

       Салық базасы тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде айқындалады. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде айқындалады. Аталған құн осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығы енгізілместен өндіруші беретін бағалар бойынша айқындалады. Лотареяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотареяны ұйымдастырушы салық органында лотарея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгенне кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

     Спирттің барлық түріне және шарап материалына әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.

     Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі және шарап материалы үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеуді спирт пен шарап материалын алушы жүргізеді. Осы ережелер емдік және фармацевтік дәрі-дәрімек өндіру және медециналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрімек өндірушілер мен спирт акцизсіз алған мемлекеттік медециналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.

      Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.

     Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

      Акцизделетін өнімнің бүлінуі деп — тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы  түсініледі;

      Акцизделетін өнімнің жоғалуы деп — оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы түсініледі.

      Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

      Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізінде жүргізіледі. Маркада сауыттың көлемі белгіленбеген жағдайда бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалар боынша акцизді есептеу, акциздік маркалар жоғалған, бүлінген кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

    Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса, бүлінген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылданған жағдайларда акциз төленбейді:

      Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)  мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері

      Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

  • бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;
  • жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

     Көтерме саудада өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.

       Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына жоғарыда аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялары жатады:

  • бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және дара кәсіпкерлерге олардың өндірістік мұқтаждары үшін өткізу;
  • бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
  • өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану операциялары.

     Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына алпыс жұмыс күні ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:    

  • экспортталатын акцизделетін тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
  • акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар жүктің кедендік декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кеденді ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі бар жүктің толық кедендік декларациясы экспортты растау болып табылады;
  • Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелерін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен әкеткен жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
  • салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

   Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген жүктің кедендік декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.

   Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу расталмаған жағдайда, мұндай өткізу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен акциз салынуға тиіс.

   Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.  Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. [қосымша]

         Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

     Салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі. Осыған сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

  Салықтан шегерім жасау кезінде есептелген акциз сомасын белгілі бір белгіленген шегерімдерге азайтуға құқығы бар. Басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары шегерімге жатады.

 Мыналар шегерімге жатады.

  • акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
  • өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
  • алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары.

       Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.

      Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізінде есептелген акциз сомасына шегерім жасалады.  Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

  • акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
  • төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектері;
  • акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;
  • акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;
  • купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
  • өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі

     Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар, купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде), өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.

        Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты; төлем құжаттары немесе кедендік ресімдеу кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар; импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған жүктің кедендік декларациясы; купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде); өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

     Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы  алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы шарт; төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар; акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.

     Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.

     Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады. Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді. Шарап материалын және сыраны қоспағанда,  акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.

     Акциз төлеу салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша төлейді.

    Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелер, салық салуға байланысты объектілер үшін акциз  есептеу мен төлеу тәртібі

     Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша — акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады. Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

    Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер, салық салуға байланысты объектілер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің банк шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қиспаты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.

      Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады. Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етеді.

   Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде айқындалады. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық базасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын акцизделетін тауарлардың кедендік құны ретінде айқындалады.

    Импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төленеді. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді.

   Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз салынбайды.

   Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:

  • жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;
  • Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
  • шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
  • Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, «Еркін айналым үшін тауарлар шығару» режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кеден режимдері шеңберінде босатылатын акцизделетін тауарлар;
  • сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

 

 

2.3    Алматы қаласы Бостандық ауданының бюджет табысын толтырудағы жанама салықтардың   орны

 

       Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өзекті мәселердің бірі болып, салық ауыртпалығы саналады. Бұл мәселе, әсіресе, шаруашылық іс-әрекетпен айналысатын әртүрлі агенттерді толғандырады. Олар: мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, жалдамалы жұмысшылар.

    Сонымен қатар кейбір мамандардың ойынша Қазақстанда салық ауыртпалығының деңгейі жоғары болып табылмайды. Әдетте бұл жалпы ішкі өнімдегі салық ауыртпалығының үлесінің көрсеткішіне негізделеді. Қазақстан Республикасының бюджетінің салықтық түсімдерінің  жалпы ішкі өнімдегі үлесі жалпы алғанда 63.9 пайызды құрайды. [номерин жаз]

     Төмендегі 1 кестеде көріп отырғанымыздай, 2009 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет табыстарының орындалуын қарастырар болсақ, мемлекеттік бюджет кірістері 3 505 344 694 мың теңгені құрап отыр. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 529 065 782 мыңға кем және 13,1 пайызға кеміген. Бірақ 2009 жылдың мемлекет алдына қойылған жоспары орындалған. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 100,5%-ға атқарылуы немесе жоспардағы 3 489,4 млрд.теңгеде іс  жүзіндегі түсім 3 505,3 млрд.теңгені құрады. Кірістердің ішінде салықтық түсімдерді қарастырар болсақ, 2009 жылы салықтық түсімдер 2 228 681 798 мың теңгеге тең соманы құрап отыр, яғни кірістердің 63,9 пайызына тең. 2008 жылмен салыстырғанда 590 827 902 мыңға кем болып отыр, яғни 21 пайызға кеміген. Бірақ мемлекет жоспары орындалған. 2010 жылғы 1 қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер бойынша жоспары 104,8% орындалды немесе 101,4 млрд.теңгеге асыра орындалғаны байқалады. Салықтық емес түсімдер 26,8  млрд.теңгеге асыра орындалды немесе орындалу пайызы 124,5% құрады.

 

Кесте 1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы және өсу қарқыны, 2007-2009 жж.*

 

 

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2009 жыл

2007

жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

2009 жыл 2008 жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

мың.теңге

үлесі, %

мың.теңге

Үлесі,%

мың.теңге

Үлесі,%

Мемлекеттік бюджет кірістері

(оның ішінде):

2887838407

100

4034410700

100

3505344694

100

121,4

86,9

Салықтық түсімдер

2356 040 320

81,6

2819509700

69,9

2228681798

63,6

94,6

79

Салықтық емес түсімдер

531 798 087

18,4

1214900776

30,1

1276662896

36,4

240

105

*Кесте Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің статистикалық есептілік мәліметтері бойынша автормен құрастырылды.

 

 

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 25,9 млрд.теңгеге немесе 58,1% орындалмаған. Трансферттер түсімдері 92,7%-ға орындалды. 2009 жылдың кірістерін 2007 жылдың кірістерімен салыстыратын болсақ, 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 617 506 287 мыңға артық болып отыр, яғни 21,4 пайызға артық. Салықтық түсімдер бөлігінн қарастырар болсақ, олар 127 358 522 мыңға ке болып отыр, яғни 5,4 пайызға кем. Көріп отырғанымыздай 2007 жылы салықтық түсімдердің өскені, 2008 жылы салықтық түсімдердің артып, 2009 жылы салықтық түсімдердің кемігені байқалады. Бұл Жаңа Салық Кодексінде болған өзгерістермен және әлемдік дағдарыстың біздің мемлекетке де әсерін тигізгенін және соның салдарынан салықтық түсімдердің азайғанымен  түсіндіріледі.

2 кестедегі мәліметтерде мемлекеттік бюджеттің 2007-2009 жж. аралығындағы салықтық түсімдерінің барысын көре аламыз. Талдауға алынған жылдар аралығында еліміздегі салықтық түсімдер көлемінің жыл сайын ауытқып отырғанын байқаймыз.

2009 жылы Корпоративтік табыс салығы бойынша 659,8 млрд.теңге жоспарда бюджетке 643,7 млрд.теңге түсті немесе 97,6%. Жоспардың орындалмауы негізгі қуат тасымалдаушылар мен металдардың бағасы төмендеуіне байланысты, сондай-ақ бірқатар кәсіпорындарда аванстық төлемдердің қайта есептелуіне байланысты болған. 2008 жылғы фактімен салыстырғанда салықтық режимнің азаюы есебінен түсімдер 277,2 млрд. теңгеге төмендеді. Жалақыдан алынатын салықтар бойынша жоспарлар Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы шеңберінде жұмыс орындарын ашу бойынша іс-шаралардың іске асырылуына, сондай-ақ 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласының қызметкерлері жалақыларының 25%-ға көтерілуіне байланысты орындалды.

Осылайша, жеке табыс салығы бойынша жоспар 101,8%-ға орындалды немесе жоспарда 264,0 млрд.теңге болып, бюджетке 268,7 млрд.теңге түсті, әлеуметтік салық бойынша жоспар 102,3%-ға атқарылды, жоспарда 227,5 млрд.теңге болып, бюджетке 232,8 млрд.теңге түсті.

— мүлікке салынатын салық 85,9 млрд.теңге жоспарда бюджетке 91,9 млрд.теңге түсті, немесе 106,9%, салық салынатын базаның ұлғаюы есебінен бюджетке жоспардан 5,9 млрд.теңге түсті.

— іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 146,2 %-ға орындалды немесе жоспарланған 76,1 млрд.теңге сомада бюджетке 111,3 млрд.теңге түсті. Тәуекелділікті Басқару Жүйесінің (ТБЖ) қағидаттарын қолдану есебінен нөлдік мөлшерлеме бойынша  қосылған  құн  салығын сомасын  өтеуді төмендету есебінен. Салық төлеушілерден қосылған құн салығын қайтару туралы талапты қамтитын салықтық өтініштерді немесе декларацияларды алған кезде әр салық төлеушіні Тәуекелділікті Басқару Жүйесінің (ТБЖ) өлшемдері бойынша тестілейді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджеттен өтеу 266,4 млрд.теңгені құрады;

— импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша 391,0 млрд.теңге жоспарда іс жүзіндегі түсім 404,7 млрд.теңгені құрады немесе 103,5%-ға атқарылды. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша асыра орындалуға мыналар әсер етті.

        Салық салынатын импорт құрылымында неғұрлым көп үлес салмағын тауарлардың 73-тобы (қара металл бұйымдары) алады, салық салынатын импорттың жалпы көлемінде олардың үлесі 18,5% (3 942,8 млн. АҚШ доллары) құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% немесе 51,4 млн. АҚШ долларына артық. Тауарлардың бұл тобы бойынша 72,7 млрд.теңге сомада қосылған құн салығы төленді, бұл 2008 жылдың ұқсас кезеңінен 10%-ға немесе 6,6 млрд.теңгеге артық;

— іштегі өндірілетін тауарларға салынатын акциздер бойынша жоспар 104,7%-ға атқарылды немесе жоспардағы 37,1 млрд.теңгеде түсімдер 38,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:

— алкоголь өнімдеріне салынатын акциздер бойынша — жоспардағы 8,6 млрд.теңге кезінде түсімдер алкоголь өнімін сату көлемінің артуы себінен 9,2 млрд.теңгені немесе 107,5%-ды құрады;

— темекі өнімдеріне  салынатын  акциздер бойынша  орындалу  101,0%-ды құрады немесе жоспардағы 13,5 млрд.теңгеде темекі өнімдерін өндіру және сату көлемінің өсуі  есебінен  бюджетке  13,6  млрд. теңге    түсті;

— Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз бойынша атқарылу 100%-ды құрады немесе 0,02 млрд.теңге жоспарда бюджетке 0,02 млрд.теңге түсті.

Кесте 2

Қазақстан Республикасының 2007-2009 жж.-дағы мемлекеттік бюджетіндегі салықтық түсімдердің құрылымы*

 

 

 

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2009 жыл

2007

жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

2009 жыл 2008 жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

мың.теңге

 

үлесі, %

мың.теңге

 

Үлесі,%

мың.теңге

 

Үлесі,%

Салықтық түсімдер

2356040320

100

28195700

100

2228681798

100

94,6

79

Корпоративтік табыс салығы

758 300 702

32,2

92011566

32,6

64366828

28,9

84,9

69,9

Жеке табыс салығы

221 025 111

9,8

26735562

9,5

268724614

12

121,6

100,5

Әлеуметтік салық

295732 988

12,5

251221944

8,9

232839686

10,4

78,7

92,7

Меншікке салынатын салық

82931494

3,5

103332752

3,7

122972738

5,6

148,2

119

Қосылған құн салығы

629 278 898

26,7

640982808

22,7

515933 456

23,1

82

80,5

Акциздер

58 753 488

2,5

56528 023

2

57393 429

2,6

97,7

101,5

Басқада салықтар

282534312

12,8

552555679

20,6

355801725

17,4

126

64,4

*Кесте Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің статистикалық есептілік мәліметтері бойынша автормен құрастырылды.

                   

 

— бензинге және дизель отынына салынатын акциздер бойынша жоспар 106,4%-ға атқарылды немесе жоспардағы 15,0 млн.теңгеде мұнай өнімдерін  сату  көлемін  арттыру  есебінен іс  жүзінде  16,0  млрд. теңге түсті; 

— импортқа салынатын акциздер бойынша 17,3 млрд.теңге жоспарда іс жүзінде 18,6 млрд.теңге түсті немесе 107,2%-ға атқарылды. Жоспардың асыра орындалуының негізгі себебі 24 «темекі өнімдері» тобы бойынша,  сондай-ақ бір жолғы жеткізулері және аванстық төлемдері жүргізілген.

— табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша 171,8 млрд. теңге жоспарда бюджетке 201,2 млрд. теңге түсті, атқарылу  пайызы 117,1%-ды құрады.  Жоспардың асыра орындалуы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша 50,9  млрд. теңге жоспарда іс жүзінде 68,6 млрд. теңге немесе 134,8% түскен ірі түсімдер есебінен қалыптасты. Өндірудің іс жүзіндегі көлемі мен сату бағасына тәуелді өндірілген пайдалы қазбаларды сату көлемі анықтаушы фактор болып табылады.

       Мемлекеттік бюджетке келіп түскен түсімдердің 2008 жылғы көрсеткіштеріне байланысты мынандай тұжырымға келуге болады: 2008 жылы қосылған құн салығының мемлекеттік бюджеттегі үлесі 22,7 пайызды құрады, бұл көрсеткіш 2007 жылығы көрсеткішке қарағанда 4 пайызға кемігенін көрсетеді. 2007 жылы  қосылған құн салығынан түскен түсім  26,7 пайызды құраған болатын. Мемлекеттік бюджеттегі акциздердің үлесі 2007 жылы 2,5 пайызды құраған болса, 2009 жылы мемлекттік бюджетке түскен акциздің  үлесі  2,0 пайызға ғана тең болды. 2007 жылды 2008 жылмен салыстыратын болсақ акциз үлесі 2008 жылы 0,5 пайызға күрт төмендеген. Салықтық түсімдердің күрт төмендеуін бірнешесебептер мен түсіндіруе болады. Солардың бірі мемлекеттің акциз салығына және қосылған құн салығына байланысты енгізген өзгертулері. Мысалы, мемлекет акциз салығына байланысты нақтырақ айтатын болсақ 92 маркадағы бензинді сату кезінде олардың нарықтық бағасын барлық сатушылардан біркелкі болуын талап етуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. сурет Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері, 2007-2009жж*

 *Кесте Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің статистикалық есептілік мәліметтері бойынша автормен құрастырылды.

 

        1-суретте мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің 2007-2009жж үлесі қамтылған. Бұл көрсеткіш бойынша 2008 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер біріаз мөлшерде кеміген. Соның ішінде Корпоративті табыс салығы 2007 жылы 32,2 пйызды құраса 2008 жылы 32,6 пайызды көрсетті, яғни 2008 жылы алдыңғы жылға қарағанда 0,4 пайызға өскенін көруге болады. 2009 жылы 28,9 пайызды құрады бұл көрсеткіш 2008 жылға қарағанда 3,7 пайыза кем. Жеке табыс салығы 2007 жылы 9,8 пайыз болса, 2008 жылы 9,5 пайыз болды. Ал 2009 жылы 12 пайызды көрсетті. 2009 жылы жеке табыс салығы 2008 жылға қарағанда 2,5 пайызға артып отыр. әлеуметтік салық 2007 жылы 12,5 пайыз, 2008 жылы 8,9 пайыз, 2009 жылы 10,4 пайызға тең болды. Яғни 2008 жылы 3,6 пайызға кемісе, 2009 жылы 1,5 паызға артып отыр. Меншікке салынатын салықтар 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 0,2 пайызға өскен болатын болса, 2009 жылы 1,9 пайызға артты.  Қосылған құн салығы бойынша түскен түсім 2007 жылы 26,7 пайыз, 2008 жылы 22,7 пайыз, 2009 жылы 23,1 пайызды  құрап отыр. 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 4 пайызға кемісе, 2009 жылы бұл көрсеткіш 2008 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 0,4 пайызға жоғары.  Ал акциз салығы бойынша мемлекеттік бюджетке келіп түскен түсім 2007 жылы 2,5 пайызды көрсетті. Бұл 2008 жылға қарағанда 0,5 пайызға артық. 2009 жылы 2,6 пайызды құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға жоғары.

 

Кесте 3

Алматы қаласы бюджетіндегі 2007-2009жж.-дағы салықтардың үлесі *

 

 

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2009 жыл

2007

жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

2009 жыл 2008 жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

мың.теңге

үлесі, %

мың.теңге

Үлесі,%

мың.теңге

Үлесі,%

Алматы қаласы кірістері: (оның ішінде):

231278500

100

264 789 000

100

278336200

100

120,3

105,1

Салықтық түсімдер

149147100

64,5

160 763 000

60,7

148 884800

53,5

99,8

92,6

 Босандық ауданы бойынша салықтық түсімдер

312 44404

35,5

374 124 77

39,3

 33648122

46,5

 

 

107

90

*Кесте Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің және Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық Басқармасының статистикалық есептілік мәліметтері бойынша автормен құрастырылды.

                   

 

 

       3 кестеде Алматы қаласы бойынша салықтық түсімдердің  әр  жылда ауытқып  отырғанын  байқаймыз.  Бостандық  ауданы бойынша салықтық түсімдердің жыл сайын өскенін байқаймыз. Бостандық ауданы бойынша Салық Басқармасы салықтық түсімдер бойынша мемлекетік бюджет жоспарын 2007 жылы 97,8 пайызға орындаған, бірақ Алматы қаласының жоспарын 106,8 пайызға орындады. 2008 жылы Бостандық ауданы мемлекеттік бюджет жоспарын 124,1 пайызға орындады, яғни 24,1 пайызға артық орындаған. Ал Алматы қаласы бойынша бюджет 120,8 пайызға орындады. 2009 жылы Бостандық ауданы бойынша Салық Басқармасы салықтық түсімдер бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 105,5 пайызға орындап отыр. Алматы қаласының бюджет жоспары 100,4 пайызға атқарылып отыр.

 

Кесте 4

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық Басқармасында тікелей және жанама салықтардың түсу үлесі*

 

 

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2008 жыл 2007 жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

2009 жыл 2008 жылмен салыстырғандағы қатынасы,%

мың.теңге

үлесі, %

мың.теңге

Үлесі,%

мың.теңге

Үлесі,%

 Салықтық түсімдер, барлығы, оның ішінде

 31244404

100

37412477

100

33684122

100

 

83,5

105

Жанама салықтар

барлығы

1025557

13

1340 757

15

1124217

14,6

76,5

119

Тікелей салықтар

 30218847

87

36071720

85

32523905

85,4

83,8

110,9

* Кесте Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының н1 есептік көрсеткіштері мәләметтері  негізінде құрастырылған

 

                  4 кестеде Алматы қаласы Бостандық ауданының салық басқармасы бойынша салықтық түсімдердің жалпы көлемі көрсетілген. Жалпы салықтардың ішінде жанама салықтар бойынша түсімдер 2007 жылы 13 пайызды құраған. Тікелей салықтар бойынша түсімдер 87 пайызды көрсетті.  2008 жылығы көрсеткіш бойынша жанама салықтар 15 пайызды, тікелей салықтар 85 пайызды қамтыды. 2009 жылы жанама салықтар бойынша салықтық түсімнің көлемі 14,6 пайызды құраса, тікелей салықтар бойынша салықтық түсімнің көлемі 85,6 пайызды көрсетті. Үш жылды салыстыратын болсақ 2008 жылы жанама салықтардың көлемі де тікелей салықтардың көлемі де  2007 жылға қарағанда біршама өскен. 2009 жылға  келетін болсақ бұл жылы жанама салық пен тікелей салықтың  көлемі біршама төмендеп кеткен. 

Кесте 5

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық

Басқармасында жанама салықтардың құрлымы*

 

 

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2008жыл 2007 жыл мен салыстырғандағы қатынасы, %

2009жыл 2008 жыл мен салыстырғандағы қатынасы, %

мың.теңге

 

үлесі

мың.теңге

 

үлесі

мың.теңге

 

үлесі

Жанама салықтар

барлығы

1025557

100

 1340757

100

1124217

14,6

76,5

119

Қосылған құн салығы

947414

92

1223769

91

1082198

96

77,1

88,3

Акциз салығы

78143

8

116 988

9

42019

4

66,8

35,9

* Кесте Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының н1 есептік көрсеткіштері мәләметтері  негізінде құрастырылған.

 

       2007 жылғы статистикалық көрсеткіштер бойынша жанама салықтардың көлемі 1025557 мың теңгені көрсеткен, бірақ сол жылға 943911 мың тенге көлемінде түсім түсіру жоспарланған болатын, яғни 2007 жылғы жоспар 108.6 пайызға орындалды.

Соның ішінде қосылған құн салығына келетін болсақ 2007 жылға 86685 мың теңге жоспарланған, ал бюджетке түскен түсім көлемі 947414 мың теңгені құрады, бұл жоспарланған түсімнің 109 пайызға орындалғанын көрсетеді. Акцизден түскен түсім 78 143 мың теңгені құрады ал жоспарланған түсім көлемі 77026 мың теңгені көрсетті, бұл көрсеткіш бойынша жоспар 101 пайызға орындалды.

      2008 жылғы жылғы статистикалық көрсеткіштер бойынша жанама салықтардың көлемі 1340757 мың теңгені құрады, бірақ сол жылға 705438 мың тенге көлемінде түсім түсіру жоспарланған болатын, яғни 2008 жылғы жоспар 190 пайызға орындалып отыр. Соның ішінде қосылған құн салығы 1223769 мың теңгені құрады, ал жоспарланған көрсеткіш 650896 мың теңге болатын, яғни жоспар 188 пайызға орындалды. Акцизден түскен түсімнің көлемі 116 988 мың теңге, жоспарда 54542 мың теңге қарастырылды, жоспар 214 пайызға орындалып отыр.

2009 жылғы жағдайды алатын болсақ, бұл жылға 758391 мың теңге көлемінде түсім жоспарланды, ал нақты түсімнің көлемі  1124217 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жоспар 148.2 пайызға орындалғанын көрсетеді. Осының ішінде қоылған құн салығы бойынша 719828 мың теңгені жоспарлады, ал көрсеткіш 1 082 198 мың теңгені көрсетті, яғни жоспар 150 пайызға орындалды. Акциздер бойынша түсімдер 28563 мың теңгеге жоспарланды, бірақ жоспар 142 пайызға орындалып, түсім көлемі 42 019 мың теңгені құрады.

 

 

2.сурет Бостандық ауданы бойынша жанама салықтардан түскен               салықтық түсім*

*Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының н1 есептік көрсеткіштері мәләметтері  негізінде құрастырылған

 

2 суреттен Бостандық ауданы бойынша 2007-2009 жылдар аралығындағы жанама салықтардан түскен салықтық түсімдердің жалпы жағдайын көруге болады. 2007 жылғы көрсеткішпен 2008 жылғы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, 2008 жылы жанама салықтан түскен түсімнің көлемі 2007 жылға қарағанда 315200 мың теңгеге, яғни 76 пайызға өскен. Ал 2009 жылғы көрсеткіш 2008 жылға қарағанда 216540 мың теңгеге кемігенін көруге болады. Соның ішінде қосылған құн салығы бйынша түскен салықтық түсім 2008 жылы 2007 жылға қарағанда біршама өскен. 2009 жылы 2008 жылға қарағанда күрт төмендеген. Акциз бойынша келіп түсетін түсімнің көлемі 2008 жылы 2007 жылға қарағанда біршама өсіп, 2009 жылы 2008 жылға қараанда төмендеген.   Бұл ауытқудың себептері біршама, соның бірі салық ставкасының өзгеруі болып табылады. 2008 жылы қосылған құн салығының ставкасы 13 пайыз болған болса 2009 жылы салық ставкасын 1 пайызға төмендетті, яғни салық ставкасы 12 пайыз болды. Салық ставкасының төмендеуі салықтан бюджетке түсетін түсімнің біршама төмендеуіне алып келді. Тағы бір себеп негізінде әлемдік дағдарысты атап кетуге болады. Дағдарыс кезінде біршама ірі және кішігірім кәсіпорындар банкротқа ұшыраған болатын. Қосылған құн салығы бойынша келіп түсетін түсімдердің айтарлықтай көлемі құрлыс кәсіпкерлігінен. 2007-2008 жж құрлыс қарқынды өскен болатын. 2009 жылы дағдарыстың әсерінен біршама құрлыс компаниялары тоқтап қалған болатын, сол себептіде салықтық түсімнің көлемі біршама төмендеді. Дағдарысқа байланысты айтып кетер тағы бір жағдай дағдарыс кезінде бензин, дизтопливоның нарыққа шығуы да төмендеді. Акциз бойынша мемлекет біршама өзгерістер енгізген болатын. Соның бірі 92 маркалы бензиннің нарықтық бағасын барылық сатушылар үшін бір сатыда ұстап тұруын және осы бағадан не кем не артық болмауы қамтамасыз ету. Соның салдарынан бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерде азайып, салық көлемінің кемуіне алып келді. Салықтық түсімдердің бюджеке түсуін арттыру үшін салық органдары тарабынан тексеру іс шаралары жүргізілуі тиіс. Бұл тексерулердің саны 2009 жылы төмендеді. Оның бірден бір себебі республикалық салық органдары бұл тексерулерді жүргізілуіне тыйым салды, себебі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді үкімет тарабынан тексерулер көбейіп кетті және де тексеріс жүргізетін ұйымдардың саны да артып кеткен болатын. Салық түсімдерінің өзгерістеріне алып келетін тағы бір жағдай салықтан жалтару болып табылады. Нақтырақ айтатын болсақ салық салық обьектілерінің толығымен көрсетілмеуі, тексерулердің үстірт жүргізілуі тағы басқа себептер. Осыған байланысты Бостандық ауданының салық басқармасы өз алдына бірнеше міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Солардың бірі:

  • Бюджетке түсетін салықтық түсім көрсеткіштерін неғұрлым артуының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Салық және басқа да бюджетке түсетін төлемдердің болжамдық көрсеткішінің түсу серпінін талдау;
  • Бекітілген салықтардың болжамдық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Салық тесеру нәтижесін жоғарылату, тексерудің сапасы мен нәтижелілігін бақылауды жақсарту;
  • Келесі таңдау белгілерін енгізу: өткізу айналымы бойынша, салық жүктеме коэффициенті, ҚҚС есепке алу сомасының есептеу сомасынан көтерілуі;
  • Тексеру бойынша қосымша есептелген салық төлемдерін толық түсіруді қамтамасыз ететін шараларды өндіріп алу бөлімімен бірге қамтамасыз ету;
  • ҚҚС, КТС камералдық бақылау бойынша қойылған хабарламаларды жұмыспен өтеу және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III   Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері.

 

       Жанама салықтар бюджетке түсетін табыстың басты көздерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар күрделі, көпсатылы салық түрі болып келеді. Күрделілігіне қарамастан 2009 жылғы жағдайға қарағанда жанама салықтар бойынша біршама жетістіктерге жеттік және өз алдына болжанған жоспар орындалды деп есептеуге болады. Бірақ әлдеде салықтың бұл түрін дамытуда, жетілдіруде біршама мәселелер бар. Республикамыздың экономикасын дамыту негізінде салықтың бұл түрін біршама жетілдіру қажет.

Салық төлемдерінің ішінде ең күрделісі қосымша құн салығы. Қазір кәсіпкерлердің дәл осы салықты төлеуін Салық комитеті, Қаржы полициясы қатты бақылауда. Сот, құқық қорғау орындары дәл осы салықты төлеуден жалтарғандардың үстінен қылмыстық іс қозғап жатыр. Сондықтан қосымша құн салығын төлеу жүйесін мейлінше жетілдіріп, оңтайландыруымыз керек. Өздеріңіз білесіздер кез келген адам дүкеннен өзіне қажетті затын сатып алғанда оған түбіртек беріледі. Сол түбіртекке көз салсаңыз ақшаның біраз бөлігі қосымша құн салығы ретінде ұсталғаны тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Бұл дегеніміз кәсіпкер де, қарапайым адам да қосымша құн салығын төлеуші деген сөз. Қазір кәсіпкерлер салық органдарына әрбір сатушыдан қосымша құн салығын жинап, төлеумен әлек. Осылайша біз салық комитетінің штаттан тыс инспекторы міндетін атқаруға мәжбүр болып отырмыз. Бұдан кейін кәсіпкер үшін жайсыз жайттар туындай бастайды. Бүгінде қаржы полициясы қозғап жатқан қылмыстың бәрі осы қосымша құн салығынан шығып отыр. Сондықтан бұл мәселені оңтайлы шешу жолдарын салық органдары қарастыруы керек. Тұтынушылар қосымша құн салығын төлеймін деп басын ауыртқан емес. Осыдан кейін барып қосымша құн салығынан түсетін табыстың басым бөлігі көлеңкелі бизнестің дамуына жол ашып отыр. Еліміздің Ата Заңын парақтасақ, онда әрбір Қазақстан азаматының салықты уақытында төлеуі азаматтық парызы деген сөз тайға таңба басқандай анық жазылған.

      Қосылған құн салығы салықтық түсімдердің көп бөлігін қамтиды. Сол себепті қосылған құн салығы бойынша түсімді арттыру үшін қосымша резерв ретінде қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған салық төлеушілер мен жұмыс жасау қажет. Осының негізінде есептен шығарылған салық төлеушілерді (жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) анықтау қажет. Бұл тапсырманы келесі жоспар бойынша іске асыруға болады.

  • Салық органдары салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есептен шығару жөнінде шешім қабылдағаннан кейін, салық төлеушіге есептен шығарылған күннен бастап өндірісте қалған қалдық өнім туралы салық басқармасына мағлұмат беру жөнінде хабарлама жіберу. Бұл мақсатта хабарламаның бөлек түрін қарастыру немесе ИНИС РК бағдарламасы базасында бар хабарламаны қолдану;
  • Хабарламаға жауап алынған сәттен бастап, егер өнім қалдығы бар деген жауап келген жағдайда, салық төлеушіден қосылған құн салығы бойынша қалдық өнімге салық төлеу қажеттігін хабарлау;
  • Жіберілген хабарлама негізінде салық төлеуші қалдық өнімді есептеп, соған сәйкес салық органына қосылған құн салығы бойынша салықты төлеуге тиіс;
  • Салық төлеуші қалған өнім қалдығына сәйкес белгілі салық сомасын есептен шығарылған күнге дейін төлеуден бас тартқан жағдайда, тақырыптық тексеру жүргізу жөнінде шешім қабылданып, салық төлеушіні белгіленген салық сомасын төлеуге мәжбүр ету сонымен қатар салық төлеушіге қосымша пения және әкімшілік айыппұл төлеуге мәжбүрлеу.

Экспортты қолдаудың маңызды бағыттарының біріне, әсіресе биік дәрежелі өңдеуден өткен тауарлардың біріне, экспорттық қызметтің қайсыбір аспектілеріне қатысты салық салуды реттеу саласындағы процедуралық мәселелерді шешу жатады.

Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің негізін бағаның төмендігі мен сапаның жоғарылылығын үйлестіру құрастырып отырғандығы белгілі. Қазақстандық өңдеуші кәсіпорындардың өнімдеріне деген бағаның жоғары болуына банкілік несиелердің қымбатшылығы мен коммуналдық және транспорттық қызметтерден басқа, салық салудың қазіргі жүйесі, әсіресе қосылған құн салығы да әсер етіп отыр. Салық салудың қазіргі ҚҚС жүйесі өңдеуші кәсіпорындардың дамуын тежеп отыр, өңдеуші кәсіпорындардың көлеңкелі экономикадағы ресми мәлімделетіндермен салыстыруға болатын маңызды айналымдарын кетіруге ынталандырып отыруы, өндіріс жаңартуға және өнімнің сапалы жаңа түрлерін өндіруді қамтамасыз етуге арналған айналымдық қорлардың маңызды бөлігін бұрып әкетуге жетелеп отыр.

Кәсіпорындардың өндіріс қорларының физикалық және моральдық қартаюына байланысты үдей түсетін т. н. қосымша құнның жағымсыз әсері бар болып отыр. физикалық және моральдық тозған жабдықтау жағдайында өнім өңдеуге арналған әрбір операция көп шығынды талап етеді, ол өнімді қымбаттата түседі және оның экспортқа шығу мүмкіндігін пайдасыз етеді.

Тауарларды ҚҚС тазалау барлық шетелдік мемлекеттерде олардың бағалық сипат бойынша бәсекелік қабілетін арттыру мақсатында қолданылып отыр. Қазақстанда экспорттық операция жүргізудегі ҚҚС қайтаруда кездесетін барлық қиыншылықтар салдарынан әлемдік нарықтардағы тауарлардың бәсекелік қабілеті төмендейді.

Қосылған құн салығын қайтаруды тежеу экспортты дамытудағы негізгі кедергінің бірі болып табылады, ол кәсіпорындардың айналымдық қаражатын заңнамада белгіленген кезеңнен асып кететін бір кезеңге дейін тоқтатып қоюға мәжбүр етіп отыр, ол кәсіпорындар үшін жағымсыз болып отыр, олар үшін айналымдық қаражаттың болмауы экспортты тежеп отырған факторлардың бірі болып табылады. Сондай ақ салықтық әкімшілік ету сыртқы нарыққа ұсынылып отырған өнім бағасына, сонымен қоса оның бағалық сипат бойынша төмен болып саналатын бәсекелік қабілетіне де әсер етіп отыр.

Импортталған тауарларға қосылған құн салығын төлеуді кейінге қалдыру механизмінің кемелсіздігі, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерліктің салық төлеушілері үшін биік импорттық кедендік баж салықтармен қоса отандық кәсіпорындардың бәсекелік қабілетін төмендетіп отыр. Мысалы, дәрігерлік жабдықтар импорты қосылған құн салығын төлеуден босатылады, ал олардың қосалқы бөлшектерінің импортына қосылған құн салығы салынады және импорттық кедендік баж салықтарын төлеу қажет. Ақырында, елде өнім өндіргенше импорттық өнім сатып алу әлдеқайда пайдалы болып табылатын мынандай жағдай болып отыр. Импортталған тауарларға қосылған құн салығын төлемеу мәселесі тек қана салық төлеушінің жабдықтарды сатып алуын ғана емес, оған қоса қосалқы бөлшектерді де сатып алуды да ескеру керек, ол дегеніміз позициялар бойынша салық төлеушінің дебеттік сальдосын құрастырара алатын қосылған құн салығын төлеуді ескереді, себебі ол аквтивтерді капитализациялау мен сатып алу шығындарына жатады.

       Жаңа салық кодексі енгізілгеннен кейін жағдай біршама жөнделді. Әрине кез келген нәрсенің кемшіліктері бар. Жаңа салық кодексінің де бірқатар кемшіліктері бар. Сонымен қатар, жеңілдіктері де қарастырылған. 2009 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасы 13%-тен 12 %-ке дейін төмендеді. 2009 жылдан бастап «дебетті» сальдо деп аталатын, яғни тауар беруші төлеген қосылған құн салығының сомасының сатып алушы төлеген қосылға құн салық сомасынан асқанын қайтару туралы ереже енгізілді. Бұл шара салық төлеушінің тауар берушілерге төлеген, әсіресе негізгі құралдарды жаңғырту мен жаңарту кезеңінде төлеген қосылған құн салық нысанындағы айналым құралдарын тоқтатып қоюды жоюға бағытталған. Тіркеуге міндетті түрде қою кезінде қосылған құн салығы бойынша минималды айналым шегі жоғарылатылған болатын, бұл шағын бизнеске салықтық және әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде дебеттік сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толығынан енгізу көзделуде. Бұл жылды  қосылған құн салықтың классикалық жүйеге көшу және ол бойынша жеңілдіктердің бір бөлігін жою кезеңі ретінде айқындауға болады. Біріақ дәл қазіргі кезде бұл шара дами қойған жоқ және тек біртіндеп жұмыс істеуде. Сол себепті де бұл маңызы зор мәселе болып табылады. Қазақстанда шығарылмайтын жабыдықтар импортына қосылған құн салық бойынша жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталған, «еркін қалып» аумағынан елдің қалған аумақтарына өткізу қосылған құн салығынан босату да осындай мерзімге сақталатын болады. Салықтық әкімшілендіруді Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкестендіру жөніндегі міндетті салық төлеушілердің мүдделерін ескере отырып әкімшілендіруді жетілдіру арқылы шешілді. Осыған байланысты салық кодексіне салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілер барынша молынан енгізілді, салық рәсімдері оңайлатылды.

Жалпы Салық жүйесінің азаматтардың материалдық және әлеуметтік жағдайына екі жақты әсері бар: жағымды және жағымсыз.

       Жағымды жағы сол, заңды және жеке тұлғалар төлеген салықтар бюджет пен бюджеттік емес қорларға  жинақталып,  олар қайта бөлініп, көп бөлігі тұрғындардың кейбір бөлігіне (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, балаларға) жәрдемақы ретінде беріледі және халыққа түрлі қоғамдық қызметтер көрсетіледі.

      Жағымсыз жағы үш бөліктен тұрады. Біріншісі, табысы төмен жеке тұлғалардың салық төлеуі (жеке табыс салығы мен қосылған құн салығы) олардың материалдық жағдайына кері әсерін тигізеді, екіншісі, жеке кәсіпкерлердің салық ауыртпалығының жоғары болуы олардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген қызығушылығының төмендеуіне әкеледі, соңғысы, барлық коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар еңбек ақы қорынан салық төлейді, соның салдарынан олардың өз жұмысшыларына төлейтін еңбек ақысын қажет мөлшерде төлеу мүмкіндігі азаяды. Ең ірі салықтардың бірі қосылған құнға салынатын салықтың салыстырмалы түрдегі жоғарғы үлесі (50-60%) қызмет көрсету, сауда мен құрылыс саласында. Оған қосылған құн салығы бойынша салық мөлшерлемесінің бастапқы 16% -дан 12%-ға дейін төмендеуі, салық салынатын айналымның ең төменгі мөлшерінің 12000-нан 15000 айлық есептік көрсеткішке дейін жоғарылауы сияқты оң өзгерістер өз септігін тигізді. Қазіргі кезде жаңа салық кодексінің енуінің өзі дағдарыс кезінде халыққа экономикалық-өлеуметтік қолдау болып отыр.

      Жобада салық есебін жүргізу ұғымы мен тәртібін енгізу көзделіп отыр. Бұл салық салу объектілері туралы қосымшалар және салық есебі нысанындағы ақпараттың зор көлемін тұрақты түрде тапсырып отыру қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ салық есебінен басқа мемлекеттік органдардан алынуы мүмкін ақпарат алынып тасталатын болады.
      Есеп беру нысанының қысқартылуынан басқа, оларды ұсыну мерзімін ұзарту және біріздендіру, салық кезеңдерінің мөлшерін бір тоқсанға дейін ұлғайту, сондай-ақ қызметті тоқтата тұрған кезде септі ұсынбау мүмкіндігін беру көзделетін болады.

      Сондай-ақ кодекс салық төлеу және басқа да міндетті төлемдер үдерісінде ақпараттық технологияларды кеңінен енгізудің заңнамалық негізін салып отыр. Салық есебін электронды түрде берген кезде электронды төлем тапсырмасын қалыптастыру мүмкіндігі белгіленеді (қолданыстағы Салық кодексінде ондай мүмкіндік жоқ). Салық берешегінің сомасы туралы ақпаратты алу, төлеу үшін барлық деректемелерімен қоса төлем тапсырмасын беру, сондай-ақ бюджетке төленетін төлем есебіне қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша Web-киоскілердің және басқа да электронды құралдардың (интернет, банкоматтар) дамуы көзделуде.

     Жоба салықтық бақылаудың қолданыстағы әдістерін нақты регламенттеуін қамтиды, атап айтқанда, камералдық бақылаудың мақсаты мен тәртібін, тексерулерді жүргізу тәртібін айқындайды. Бұл ретте, жоба тәуекелдерді басқару жүйесіне (ТБЖ) көшуді көздейді, бұл салық қызметі органдарының назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыруға және қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба бірлескен қызметті, бірігуді, қосып алуды жүзеге асырған кезде салықтық міндеттемелерді орындаудың тәртібін нақты айқындауға бағытталған нормалар кешенін қамтиды. Бұл салық салуда осы заманғы бизнес құбылыстарды барынша толық көрсетуге мүмкіндік береді.

      Жанама салықтарды жетілдіру үшін тек қосылған құн салығына тоқтап кетуге болмайды. Сонымен қатар акциз салығы бойынша түсімдерді де жоғарлату қажет.

Дамыған елдерде акциз салығын жетілдіру арнайы объективті факторлардың әсерінен анықталады. Олардың қатарына өндірістік қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мемлекеттің салық салу жүйесі арқылы әсер етуін жатқызуға болады. Салық табысындағы тұтыну мен оларды алу мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық барлық салық жүйесін құрудың негізгісі болып табылады. Дамыған елдерде мемлекеттік шығындарды азайту жолдары және салық түсімдеріне қажеттілікті қысқарту бағыттары тұрақты іздестірілуде.

Қазіргі акциз сомасы акцизделетін өнімдердің салық салу саласында олардың іске асырылу әдістері мен шарттарын, міндеттері мен мақсаттарың, басты қағидаларын, ерекшеліктерін анықтайды. Акциз салығын жақсарту мақсатында біздің елде келесі міндеттер қойылған:

— темекі және алкогольді өнімдердің импорты мен өндірілуін бақылау ұйымдары;

— акциздерді толық және уақытында төлеу үшін күресті күшейту.

2009ж. Салық полициясы жүргізген іс шаралар нәтижесінде, бұқпа сауда саласында 6514 бұзушылық іс қаралды және акцизделетін өнімдердің заңсыз айналысының жалпы сомасы 893,3 млн.тг. 

Жасырын емес өндірілген алкогольді өнімдер өз бәсеке қабілеттілігін бұқпа сауда өнімдеріне байланысты жоғалуы ықтимал. Сонымен, 2009ж. салық органдары спирт және алкогольді өнімдерді шығарумен айналысатын 213 жасырын цехтарды анықтаған.

Бұл мәселелерді шешуде:

біріншіден, салық қызметімен ескерілмеген алкогольді өнімнің көлемін қысқарту арқылы салық жиналымын көбейтуге болады.

екіншіден, кемел емес алкогольді өнімді қайта өндіріс мәселесін шешу қажет.

Салық жиналымын жоғарлатуға бағытталған іс шаралардан басқа құқықтық сипаттағы іс шараларды дайындау қажет.

Алкогольді өнімдердің өндірілуін және айналымын бақылауды жақсарту бойынша бүгінгі күнде іс шаралар жеткіліксіз. Сондықтан алкогольді өнімді өндіру және өткізу үшін мемлекеттік монополияны енгізу қажет.

Қарастырылған мәселені шешу үшін 2009ж. алкогольді өнімнің айналымымен өндірілуін мемлекеттік бақылау бойынша Комитет құрылған болатын. Оның мақсаты Қазақстан Республикасының  аумағында алкогольді өндіруді өткізу және өндірумен айналысатын кәсіпорындарды бақылау.

Комитеттің қызмет ету кезінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі тірегі бақылау функциясына бағытталған болатын. Бұның пайда болған себебі, көп ұйымдар бұрынғы лицензиаттармен берілген лицензиялар бойынша жұмыс істейтіндігі. Бірақ, алкогольді өнімдерді барлық өндірушілер мен өткізушілерді бақылауға алу, Комитеттің дайындаған барлық нормативтік актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, жерлердегі жұмыстардың жағдайын бағалау қажет болды.

Қазіргі кезде басқару қызметін ақпараттар бойынша аналитикалық жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындады. Бұл жердегі ақпараттар мемлекеттік органдармен, ведомстволармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасының нормативтік актілермен заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалар қатынасына әртүрлі шаралар қолдану тиіс және де бақылау қажет.

Жоғары сапалы алкогольді өнімді өндіруді және өткізуді қамсыздандыру бойынша технологиялық бақылауды іске асыру керек.

Қазіргі кезде Алматы қаласы әкімінің шешімі бойынша құрамында 12 градустан көп этиль спирті бар алкогольді ішімдіктерді нарықта коммерциялық киоскілерде сатуға тиым салынады. Сондай-ақ оқу орындарында жұмыс уақыты кезінде тамақтанатын жерлерде алкогольді ішімдіктерді сатуға тиім салынды. 12 градустан жоғары спирттік ішімдіктер тек дүкендерде, мейрамханаларда, кафелерде сатылады.

Осы тұрғыда неге 11 градус немесе 13 градус емес ал 12 градус деген әділ сұрақ туады. Алматы қаласының санэпид басқарудың бастығы Виктор Меркердің ойы бойынша   «12%- бұл ең жоғары деңгей. Негізінен барлық уланулар құрамында 12% жоғары этил спирті бар спирттік ішімдіктерден болады. Жасанды арақтардың көп болуына байланысты олардың барлығын бақылау мүмкін емес, сондықтан спирттік ішімдіктерді сату жерлеріне байланысты шегерген. Қазірдің өзінде тәулік бойы бойы жұмыс істейтін дүкендер ашылуда онда спирттік ішімдіктерді сатады. Біздің басты талап олардың ауруханалармен бала-бақшаларға жақын орналаспауы керек.»

Салықтардан бас тарту мүмкіншіліктері тек заңнама деңгейінде жүрмей- сондай-ақ салық құрылымында жүргізіледі. Бұл заң шығарушылардың ойланбаған жұмысының нәтижесі деуге болады.

Мысал ретінде, сыртқы сауда операциясына жанама салық салу тәртібін қарастыруға болады. Сонымен, жалпы қабылданған әлемдегі тәжірибеге қарамастан,көп елдерде қосымша құнға салынатын салық тауарларды пайдалану жеріне байланысты емес, олардың өндірілетін жеріне байланысты болады.

Ұқсас жағдай жанама салықтың басқа түрі бойынша қалыптасты – акциз ТМД құрамына кіретін әрбір ел өзінің қарасы бойынша олардың ставкаларын бекітеді. Кейбір акцизделетін тауарлар, әсіресе бензин және басқа да отын түрлеріне сондай-ақ шарап материалдарына екі рет салынады. Бірінші өндіруші елде, екінші тұтынушы елде. Бұндай тәжірибе мемлекеттік салық жоғарылауына қиындатады. Егерде импорталатын шикізат бағасына салық та қосылатын болса, онда өндіруші үшін ол тиімсіз, себебі ол салық экспорт кезінде өтілуі тиіс. Бұның бәрі сәйкес елдердің заңнамаларына жаңылыс енгізеді,олардың қолданылуын қиындатады және салық төлеулшілер жағынан көптеген қиянаттарға әкеледі.

Сыртқы саудада қалыптасқан жері ұстанымдарын пайдалану, мемлекет аралық деңгейде келісілген салық саясатын жүргізуді қарастырады. Кез келген елдің ішкі нарығында бағаның ауытқуы болмауы үшін, импорт кезінде және ішкі өндіру кезінде салық бірдей ставкада болуы керек. Бірақ, бұны іс жүзіне асыру қиынға соқты, себебі әр елдің экономикалық бағыты мен құрылымы әр түрлі.

Салық әкімшілігінің сапасын жоғарылату, қаржы органдарының қызметін жетілдіру бағдарламасының маңызды бір міндеті ретінде акцизделетін тауарлар айналымы мен акциздердің түсімін толықтыруды қамтамасыз етуді бөліп көрсетуге болады.

Берілген міндеттемелерді қалыптастыру барысында келесі іс шараларды жүргізу қарастырылған:

— алкогольді өнімдердің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеуді күшейту бағдарламасын өткізу;

— алкогольді өнімдердің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы заңын қабылдау;

— акцизделетін мұнай өнімдерінің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеуді күшейту бағдарламасын қабылдау және өңдеу;

— акцизделетін өнімдер айналымы мен өндіріс баланстарының жүйесін енгізу және ұйымдастыру.

Алкогольді өнімдердің және этил спиртінің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеуді күшейту бойынша бағдарлама, нашар сапалы өнімдерден тұтынушыларды қорғауға негізделген.

Жасанды акциздер таңбасының заңсыз айналымымен тиімді күресуді жоғарылату мақсатында, акциз таңбаларының жиынын қорғау деңгейін өзгертіп және кезеңмен толтырып отыру қажет. Алкогольді және темекі өнімдеріне акциз таңбасының жаңа үлгісін енгізілуінің жиілілігі, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын шығаруға және шаралардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

— этил спиртінің құрамының көлеміне бағынышты алкогольді өнімдерге акциз ставкаларын орнату.

Сонымен, әлсіз алкогольді өнімдерді отандық өндірушілерді қолдау мақсатын да, акциз ставкаларын белгілеу қажет.

Мұнай өнімдерін өткізуді бақылау саласында акциздік саясаттың жетілдірілуі келесіні қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

  1. Мұнай өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпорындар мен дизель және бензин отындарын өндірушілерден түсетін салық көлемінің өсуін;
  2. Заңды түрде бензин және дизель отындарының көлеңкелі нарығын біртіндеп ығыстыру;
  3. Шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасына бақылау орнату;
  4. Мұнай өнімдерін отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін балағаттау үшін жанама баға беруді реттеу.

Акциздерді есептен шығару механизмінің кейбір жағдайын анықтау талап етіледі. Заңнаманы бірігіп пайымдау мақсатында, арқан балық және бекере балық жануарларына жататын балықтар түрлерін анық бөліп көрсету қажеттілігі туындайды.

Бұл мақсатта алкогольді өнімдердің импорты мен өндірілу Акциздік саясаттың жетілдірілуін республикада кезеңмен теке асыру керек. Экспортқа бағытталған кәсіпорындардан салықтың толық жиынын қамтамасыз көлемін есепке алу бойынша түбегейлі шараларды қабылдау керек.

        Қоғамдық экономикалық қатынастарының калыптасуы жағдайындай, салық саласында қателіктер мен тәжірбиелер әдісімен жүруге тура келеді. Мұнда есте сақтау керегі бұл  әр түрлі жақтарға қарай өзгеріп отыру, құрылғанда консервативті қатынастарға қарағанда неғүрлым қауіпті. Сонымен акциздер жүйесін жетілдіру үшін мына бағыттарды ұсынамыз

  1. Акциз салығының ставкаларына үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салық төлеушілердің назарлығын тудырады. Сондықтанда салық ставкалары салық заңдылығында орын алып тұрақты болу керек.
  2. Бензин мен дизель отынына салынатын акциздерді бақылау үшін автомобильге май құю стаңцияларына арнайы есептеуіш құралдарын орнатып, оны салық органдары тексеруі керек.
  3. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың акциз салықтарының қамтылу аймақтары өте ұқсас. Қазақстанда да жарнамалардың барлық түрлерін (теледидарлық, радиолық және тағы басқалар) осы акциз салығымен алу қажет. Сонымен әрбір азамат өзінің тұтыну мөлшеріне қарай салық төлеу қажет.

      Акциз бойынша салықтық түсімді неғұрлым көбейту үшін бірнеше шаралар қолдануға болады:

           — АЗС ті бақылауға байланысты, АЗС ті өндірудің көлемін төмендеткендерді қатаң бақылауға алу қажет. Бақылау барысында тақырыптық тексерулер жүргізу және хронометражды тексерулердің уақытын ұзаққа созу;

           -ГСМ ді өндіру немесе сақтау үшін мұнай базаларын жалға беру келісім шарттарына байланысты, ГСМ-нің бөлшек және көтерме саудасымен айналысатын салықтөлеушілерге сақтау базасында салық органдарымен куәләндырылған журнал жазбаларын жүргізу қажет. Бұл жазбаларда салықтөлеуші базаға алып келінген мұнай өнімдерінің көлемін және базадан тыс шығарылған өнімнің көлемін маркалары бойынша тіркеп отыру қажет.

           Әр декада сайын салық қызметкерлері базадағы өнім көлемін тіркелген мәліметтермен салыстырып, қалған қалдықты есепке алып отыру қажет. Бұл іс шаралар келесі параметрлер бойынша қадағалау жасауға мүмкіндікбереді:  

  • Біріншіден, келісім шартты алған салық төлеуші барлық өнімдері мұнай базасына тіркеу қажет, егер салықтөлеуші тіркелмесе, салықтөлеушінің ГСМ ді сатуға лицензияның болуы туралы сұрақ туындайды;
  • Екіншіден, бұл ұсыныс бір ай мерзім ішінде оң нәтиже берді, яғни ГСМ ді сату кезіндегі көлеңкелі нарықтың бірте бірте азаюына алып келеді;

              ГСМ бойынша түсімнің көлемін арттыру үшін бөлшек және   көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерліктерге:

  • Мұнай базаларын ГСМ ді есептейтін суммалық есеп машиналарын қоюға мәжбүр ету;
  • Кезең сайын жеке шоттарды тексеріп, декларациямен салыстырып отыру;
  • өнімді өткізу кезіндегі құжаттар бойынша құрама реестрлер құрастыру;
  • нұсқама жасалмас бұрын қалған қалдықты қадағалау;
  • ГСМ бойынша бөлшек және көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындарға хронометраждық тексерулер жүргізу;
  • Акциз бойынша төлемдерді декларациямен салыстыру;
  • Жолдама құжаттарға сатып алушы мен жабдықтаушы ұйымның телефон номері мәліметтерін енгізетін қосымша жолдар енгізу;
  • Мұнай өнімдерін тасымалдайтын темір жолдарда тексеріс жүргізу үшін рұқсаттың болуы.

       Акцизделетін өнімдердің ерекшелігін ескерумен, бизнес тарабының ұсыныстарын есепке ала отырып, акциздерді әкімшіліктендіруді жетілдіру бойынша және кәсіпкерлер көтерген мәселелерді шешу жөнінде мынадай нақты шаралар қарастыруға болады.

       Біріншіден, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заң белгіленген, алкоголь өнімі тізбесінен шарап ішімдіктерін алып тастауды, сондай-ақ темекi өнiмдерi мен құрамында темекi бар өзге де өнiмдердің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын енгізу;

       Екіншіден, импортталатын темекi өнiмдерi мен құрамында темекi бар өзге де өнiмдерге жиынтық төлемін енгізуді көздейтін «Акцизделетін өнімдердің жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемін бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірлеу;

       Үшіншіден, кәсіпкерлер ұсыныстары бойынша алкоголь өніміне арналған акциздердің ставкасын бiрiздендiру мәселесі жан-жақты қарастыру;

       Акциз салығы ешкімді де зорлап, мәжбүрлеп төлетуді талап етпейді. Акциз салығы әрқашанда елдің барлығын көрсетеді. Сондықтанда бұл салықты мүмкіндігінше қолданып мемлекеттің бюджетін толтырудың жан жақтарын қарастыру қажет. Жоғарыда біз ұсынған жарнамалар кейінгі жылдары өте көбейін кетті, егерде осы қызмет түрлерін акциз салығымен алсақ бюджет кірісінің өсе түсетіні сөзсіз.

      Қазіргі жағдайда қызмет етуші акциз салығының жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қоюға болмайтындығы анық. Себебі оны қайта құрудың кез келген шаралары, тауар өндірушілердің көңіліне қарай болса да, қаржылық тұрақтылыққа әсіресе салық саясатына сенімді өзгертуі мүмкін.

     Жоғарыда аталған ұсыныстар келесі нәтижені береді:

  • Акциз бойынша түсімнің жоғарлауы;
  • Акциздік нарықта ГСМ нің ресми емес өндірудің қарқыны төмендейді;
  • Мұнай базалары тек тіркеу куәлігін қажет еткен кәсіпкерлерге жалға беру туралы келісімшартты беруді тоқтатады.

      Тағы бір айтып кетер мәселе, қай кезде болмасын тексерістер көбінесе заңды тұлғаларға байланысты болады. Салық органдары көп жағдайда тек заңды тұлғаларды ғана тексереді,  жеке кәсіпкерлер аса көп көңіл бөлінбейді. Ал жеке кәсіпкерлер статистика бойынша шынай табысын жасыратындардың ішінде 70 пайызын алып отыр. Бұл айдан анық жағдай. Мысалы ретінде көлік жуу тұрақтарын алайық, Бостандық ауданы бойынша мұндай тұрақтардың саны 14. Бірақ салық органдарына берілген мәліметтерде тұрақ иелері барлық табысты минималды түрде көрсетіп отыр. Егер біз бұл тұрақтың көрсеткен минималды табысын бір айлық шығынымен осы шығынның ішінде тек жұмысшыларға төленетін жалақы мен жалға алу құнынымен ғана салыстыратын болсақ көрсеткіштер минусқа кетіп қалатыны анық. Бұл жағдайды дәлелдеу қиынға соқтырмайды. Бұл жерде мынандай ұсыныс жасауға болады, қалалық суқоймасымен бірлесе жұмыс жасау.  Нақтырақ айтатын болсақ бір автокөлікті жууға кеткен суды есепке алайық, осы мәліметтерді қалалық суқоймсы тіркесе салықтөлеушінің табысы туралы салық органына берген мәліметі жалған екеніне көз жеткізуге болады.

       Елде қандай да бір макроэкономикалық тұрақтылыққа жету жағдайында шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және экономиканың нақты секторын қолдау барысында салық ауыртпалығын төмендету мәселесі маңызды болып табылады. Осыған сәйкес біздің пікірімізше, келесі ұсынысты жасауға болады:

— қосылған құн салығының ставкасының біртіндеп төмендетілуін  қолдау арқылы нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдердегідей ұқсап белгілі тауарлар мен қызмет түрлері бойынша қосылған құн салығының ставкасын дифференциациялауға көшуді ұсынамыз. Сонда салық төлеушіге түсетін салық ауыртпалығының деңгейі біршама азаяды. Біздің ойымызша қосылған құн салығының салық ставкасын 6-10 пайызға дейін төмендету арқылы қол жеткізуімізге болады. Яғни, тұтыну құрылымын реттеу арқылы тұтынушылық сұранысты жоғарлату болып табылады. Ал, осының нәтижесінде сұранысты қанағаттандыру арқылы өндіріс құрылымын дамыту көзделеді.

— қосылған құн салығы бойынша екі жақты салық салудың мәселесін аяғына дейін шешу қажет. Ол үшін салықтық режимді орнататын шетел елдерімен жасалатын келісім-шарттың сапасын жақсарту керек. 

— қосылған құн салығын төлеуші тауарлар мен қызметтерді сатып алатын тұтынушы болғандықтан қосылған құн салығының орнына сатудан түсетін салықты енгізуді ұсынамыз немесе сатудан түскен салықты енгізбей-ақ сатушыны орнатылған салық ставкасын төлеуді айына бір рет емес, әрбір онкүндікте төлеуді жүргізетін болсақ қосылған құн салығының төлеу механизмінің айқын болуына әкеледі.

— қосылған құн салығын алудың механизмін қайта қарастыру қажет. Әсіресе, оның салық базасынан қосылған құнды құрамайтын барлық элементтерді шегеру қажет: Амортизациялық аударымдарды, акциздерді және кедендік алымдарды. Осыны енгізу арқылы салықтық түсімдердің үлесін көбейтуге болады.

— қолайлы инвестициялық климат жасау мақсатында және капитал құру барысында тікелей және жанама шығындарының сомаларын азайту үшін салық заңнамасымен импортталатын капиталдық тауарларға Қосылған құн салығын төлеуден босататын шектеулерді алып тастау қажет.

       Бүгінгі күнде салық ауыртпаларын біршама күшейту немесе бәсеңдету нақты емес. Салық ауыртпашылығының өсуі өндірістің тек қана жабылуына немесе оның көлеңкелі экономикаға кетуі, яғни салықтардың түсуін төмендеуіне әкелуі ықтимал.

        Жоғарыда ұсынылған ұсыныстар:

біріншіден, салықтардың дамуына неғұрлым тезірек әсерін тигізеді; екеіншіден, бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерді арттырады;

үшіншіден, салық бұзушылықтардың санын азайтады;

төртіншіден, республикамыздағы көлеңкелі бизнестің дамымауына жол бермейді;

бесіншіден, жоғарыда аталған мәселелер іске асырылса, республикамыздың экономикалық жағдайы да тұрақтандырылады.

Бүгінгі таңда, отандық өндірушіні нақты қолдау қажеттілігі туындады. Қорыта келгенде республика болашағы осыған тәуелді, себебі ауқымды ішкізаты бар меншік өндіруші базасыз елдің болашағы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

       Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптастырды. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар — мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең ңегізгі құралы болып табылатын салық жүйесі, ел экономикасын кайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

       Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер. 

       Еліміздің салық жүйеміздің дамуы нәтижесінде бүгінгі таңда салықтардың он екі түрі бекітілген. Атап кетсек, корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, жер салығы, акциздер, экспорт рента салығы, ойын бизнес салығы, тіркелген салық, әлеуметтік салық, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

       Осылардың ішіндегі мемлекеттік бюджет түсімдерінің қомақты үлесін құрайтын салықтардың бірі – жанама салықтар болып келеді. Жанама салықтар бюджетке түсетін табыстың басты көздерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар күрделі, көпсатылы салық түрі болып келеді. Күрделілігіне қарамастан 2009 жылғы жағдайға қарағанда жанама салықтар бойынша біршама жетістіктерге жеттік және өз алдына болжанған жоспар орындалды деп есептеуге болады. Бірақ әлдеде салықтың бұл түрін дамытуда, жетілдіруде біршама мәселелер бар. Республикамыздың экономикасын дамыту негізінде салықтың бұл түрін біршама жетілдіру қажет. Қосылған құн салығы дүние жүзінің қырықтан астам елінде соның ішінде Еуропа Экономикалық Одаққа мүше он жеті елінде пайдалынады, сонымен қатар көптеген елдердің бюджетінің үлесінің көп бөлігін осы салық құрайды.

       Сонымен жанама салықтарды жетілдіру үшін мына бағыттарды ұсынамыз:

        Біріншіден, қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған салықтөлеушілермен жұмыс жасау, яғни оларды қатаң бақылауға алу қажет;

        Екіншіден, жалған кәсіпорындарды анықтау және қосылған құн салығы бойынша табыстың көлемін жоғарлату үшін белгілі бір іс шаралар жүргізу қажет. Бастапқыда әр бір кәсіпкермен жеке кездесіп кейін тексерулер жүргізілуі тиіс. Тексеру іс шараларын қатаңдатып олардың санын, уақытын арттыру керек;

  Үшіншіден, Жасанды акциздер таңбасының заңсыз айналымымен тиімді күресуді жоғарылату мақсатында, акциз таңбаларының жиынын қорғау деңгейін өзгертіп және кезеңмен толтырып отыру қажет. Алкогольді және темекі өнімдеріне акциз таңбасының жаңа үлгісін енгізілуінің жиілілігі, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын шығаруға және шаралардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Этил спиртінің құрамының көлеміне бағынышты алкогольді өнімдерге акциз ставкаларын орнату. Сонымен, әлсіз алкогольді өнімдерді отандық өндірушілерді қолдау мақсатын да, акциз ставкаларын белгілеу қажет;

  Төртішіден, салық қызметімен ескерілмеген алкогольді өнімнің көлемін қысқарту арқылы салық жиналымын көбейтуге болады. Кемел емес алкогольді өнімді қайта өндіріс мәселесін шешу қажет. Салық жиналымын жоғарлатуға бағытталған іс шаралардан басқа құқықтық сипаттағы іс шараларды дайындау қажет.

         Бүгінгі күнде салық ауыртпаларын біршама күшейту немесе бәсеңдету нақты емес. Салық ауыртпашылығының өсуі өндірістің тек қана жабылуына немесе оның көлеңкелі экономикаға кетуі, яғни салықтардың түсуін төмендеуіне әкелуі ықтимал. Жоғарыда ұсынылған ұсыныстар  салықтардың дамуына неғұрлым тезірек әсерін тигізеді, бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерді арттырады, салық бұзушылықтардың санын азайтады, республикамыздағы көлеңкелі бизнестің дамымауына жол бермейді, жоғарыда аталған мәселелер іске асырылса, республикамыздың экономикалық жағдайы да тұрақтандырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл
  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

     (Салық кодексі), Алматы 2009 жыл

  1. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу. Оқу құралы. Алматы, 2003 жыл. /121-129б/
  2. Ермекбаева Б.Ж. Салық салу негіздері. Оқу құралы. Алматы, 2006 жыл. /52-60,б/
  3. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. Шет мемлекеттердің салықтары. Оқу құралы. Алматы, 2004 жыл. /4-133б/
  4. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. Салықтық жоспарлау және бақылау. Оқу құралы. Алматы, 2009 жыл. /36-41б/
  5. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу. Оқулық. Алматы,экономика 2006 жыл. /200-251б/
  6. Нурумов А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран. Учебное пособие. Сөздік-словарь 2005 жыл. /145-194б/
  7. Черник Д.Г., Починок А.П., Морозов В.П. Основы налоговой системы. Учебник. Москва, Финансы 2005 жыл. /96-142б/
  8. Анотология экономичской классики. 2 том. Москва, Экономика 2005-2006жж. /345б/. 2 том /348б/
  9. Э.К. Идрисова Налоги и налогообложение в Казахстане А., 2008 г. /26-32 б/
  10. Байдүйсенов А.Д. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер. Қаржы-Қаражат. №4. 2008ж / 32 б/
  11. Абдрасулұлы Р. Қосымша құн салығының Қазақстан экономикасында алатын рөлі. Экономика негіздері №3,2008 ж /3-4б/
  12. Жомартов Д. Некоторые изменения и дополнения в налоговом кодексе, касающейся налога на добаленную стоймость, введенных в действия. Экономика негіздері №2, 2007 ж /4-6б/
  13. Тынысбеков А. С. Салық ауыртпалығын өлшеудің теориялық аспектілері. Финансы. 2008 г. №4 (12) / 24-27 бет/
  14. Әбішев А. Отанымызда темекі түтіні болмасын. Егемен Қазақстан 11.2009жыл
  15. Егемен Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Дағдарыс арқылы жаңару мен даму атты Қазақстан халқына Жолдауы.  03.2009 ж
  16. Бәймен А. Акциз салығы неғұрлым көп болса, соғұрлым көлеңкелі бизнесте белең ала бастайды. Қаз Ақпарат. 30.12.2009жыл
  17. Ахметова Н. Акциздерді әкімшіліктендіру мәселелері. Апта-kz. 18.2010 жыл
  18. Ильченко Е.В. Проблнмные вопросы отнесения сумм налога на добавленную стоимость в зачет. Налоговый консультант № 9 қыркүйек 2009 жыл /46б/
  19. Джомартов А.К. Типичные ошибки налогоплательшиков при отнесении сумм НДС в зачет. № 9 қыркүйек  2009 жыл   /46б/ 
  20. Сарсенбаев М. О некоторых вопросах уплаты акциза. Деловая неделя. 2006 ж 29 қараша. /5 б/
  21. Сарсенбаев М. Акциз работает на бюджет. Каз. Правда. 2006 жыл. 26 желтоқсан /4 б/ 
  22. www.minfin.kz
  23. www.kz
  24. google.kz
  25. yandex.kz
  26. rambler.ru  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

    Акциз сомасын есептеу келесі кестеде көрсетілген ставкалар бойынша жүргізіледі:

 

Спирт барлық түрлері, темекі бұйымдары, жеңіл автомабильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомабильдерден басқа), шикі мұнай, газ конденсаты есептеуге арналған ставкалар

 

 

 

Рет №

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

 

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

600 теңге/

литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/

литр

3.

2208-ден

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

100% спирт

750 теңге/

литр

 

 

 

 

 

4.

2207-ден

80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері

60 теңге/

литр

5.

2208-ден

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт

75 теңге/

литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт

 500 теңге/

литр

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

100% спирт

 325 теңге/

литр

8

2208

 Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

100% спирт

170 теңге/

литр

9

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

35 теңге/

литр

10

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен

алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

170 теңге/

литр

11

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

20 теңге/

литр

12

2203 00

Сыра

26 теңге/

литр

13

2203 00-ден

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 процентттен аспайтын сыра

0 теңге/

литр

14

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1000 теңге/ 1000 дана

 

15

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

600 теңге/ 1000 дана

16

2402-ден

Сигариллдер

1200 теңге/ 1000 дана

17

2402-ден

Сигарлар

95 теңге/ дана

18

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі 

1220 теңге/

килограмм

19

2709 00-ден

Шикі мұнай, табиғи газ

конденсаты

0 теңге/ тонна

20

8702, 8703, 8704-тен

Двигателінің көлемі 3000 текше см-ден жоғары жеңіл автомобильдер

100 теңге/ текше см

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын есептеуге арналған ставкалар

 

Рет №

 

1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)

 

 

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-

2710 11590 0)

Дизель отыны

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

1

2

3

4

1

 Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2

 Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3

 Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

5000

600

4

 Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

5

Импорт

4500

540

 Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.