ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қаржы» кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
Компанияның ақша айналымын басқару
050509– «Қаржы» мамандығы бойынша
Алматы, 2011
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
«Қаржы» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындауға берілген
ТАПСЫРМА
Студент Ф07К3 тобының студенті Байназаров А .Е.
Жұмыстың тақырыбы: «Компанияның ақша айналымын басқару»
№ _________ «_____» ________________________бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі «_____»_________________________
Жұмысты бастыуға деген мәліметтер ______________________________
_________________________________________________________________
Диплом жұмысында қаралатын сұрақтардың тізімі немесе диплом жұмысының қысқа мазмұны:
а) компанияның ақша айналымдарын басқарудың теориялық негіздері ретінде компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны және компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері теориялық тұрғыда қарастыру;
б) «Аура Қазақстан»ЖШС-нің ақша айналымдарының қозғалысын талдау барысында, шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымына талдау, сонымен қатар ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарына, ақша айналымын қалыптастырудағы табыстылығына зерттеу жүргізу;
в) компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру жолдарын қарастыру
Диплом жұмысына дайындық
Кесте
№ |
Тарау аттары, қарастырылған сұрақтар тізімі |
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі |
Ескертпелер |
1 |
Әдебиеттерді іріктеу және талдау. Негізгі көздер бойынша библиография құру. |
|
|
2 |
Ғылыми жетекшімен келісе отырып диплом жұмысының жоспарын тұзу (құрастыру) |
|
|
3 |
1- тарауды тексеру. |
|
|
4 |
Тәжірибелік материалдарды жинақтау және талдау. |
|
|
5 |
Ұсыныстар мен нәтижелер бойынша ғылыми жетекшімен келісу. |
|
|
6 |
Диплом жұмысына қойылған ескертпелер бойынша толықтырулар жасалып, кафедраға соңғы нәтижені тапсыру |
|
|
7 |
Пікір және Сын-пікірмен танысу |
|
|
8 |
Пікір және Сын-пікірді есепке ала отырып жұмысты қорғауға дайындықтың аяқталуы |
|
|
Тапсырманы беру мерзімі ________________________________________
«Қаржы » кафедрасы
Кафедра меңгерушісі _________________________________ Арзаева М.Ж.
э.ғ.к., доцент
Ғылыми жетекші ___________________________________ Ахметов А.А.
оқытушы
Тапсырманы орындауға қабылдаған
Студент ____________________________________________ Байназаров А.Е.
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………5
- КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ …………………………………………………………………………8
- Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны…………………………………………………………………………………………………………8
1.2 Компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері…………………………….18
- «АУРА ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-НІҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНТАЛДАУ…………………………………………………………………………..25
2.1 «Аура Қазақстан» ЖШС-нің шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымын талдау………………………………………………………25
2.2 «Аура Қазақстан» ЖШС-нің ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарын талдау…………………………………………………………………………..32
2.3 Компанияның ақша айналымын қалыптастырудағы «Аура Қазақстан» ЖШС-нің табыстылығын зерттеу………………………………………………………………….42
- КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУМӘСЕЛЕЛЕРІ…………………………………………………………….52
3.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың оңтайлы әдістері………………….52
3.2 Компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру…………………………………………………………………………………59
Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..75
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………..78
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Нарық жағдайында қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық экономикалық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып танылады. Қазақстанда нарық қатынастарының дамуы компанияның қызметін, соның ішінде қаржы ағымдарының қозғалысы саласын басқарудағы нарықтық қаржы құралдарын қолдану қажеттілігін анықтады. Отандық және шетелдік ғалымдардың қаржыны басқару туралы еңбектерінде «қаржылық ағымдары» түсінігі кездеспейді. Қолданыстағы анықтамалардың ешқайсы аталған категорияның спецификасын сипаттамайды, тек автордың жуықтауын білдіреді. Компанияның қаржылық ресурстары — қаржылық міндеттерді орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі. Қаржы ресурстарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі — компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: меншік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері — тартылған меншік қаржы ресурстарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі – қарыз қаражаттары болып табылады. Бұл кезеңде қаржы ресурстарын қалыптастырудың екі барынша маңызды мәселелері байқалады, бұл несие мен қарыздарды тартудың жоғары пайыздары мен қарыз және меншік капиталдың ара қатынасы.
Қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық және шетелдік әдебиеттерде кеңінен таралған. Стратегия мен тактика жалпы қаржыны басқару мәселелері оның ішінде қаржылық ағымдарды басқару бойынша жалпы теория мен методология Бланк И.А., Балабанов И.Т., Тренев Н.Н, Құлпыбаев С.Қ, Өсербайұлы С.Ө., және тағы басқаларының еңбектерінде зерттелген. Бірақ нақты салалар бойынша қаржылық ағымдар мәселелері өте аз зерттелген. Бұл мәселені зерттеудің жетіспеушілігі мен өзектілігі «қаржылық ағымдар», «қаржы саясаты», ақша ағымдарының қозғалысын анықтау көрсеткіштерін талдау осы тақырыпты зерттеудің негізі болып табылады.
Қаржылық ағымдарды басқару санды және сапалы сипаттағы мақсатты бағыттарды қуру мен қабылдау мен оған жетудегі тиімді жолдарын анықтау үдерісін білдіреді. Қандай да болсын басқару оған қажетті ресурстарды, олардың қаншалықты қандай мөлшерде қажеттілігін анықтау мәселелерін шешудегі мәселені бағалауды білдіреді.
Бүгінгі компаниялардың қаржылық ағымдарын басқару қаржы ресурстарын, бірінші кезекте ақшалай ресурстарын басқару мен байланысты.
Компанияның қаржылық ағымдарын басқару қойылған мақсаттарға жету ғана емес, сонымен қатар компанияның басқарушы аппаратының қызметіне баға беруге мүмкіншілік етеді.
Компанияның төлемқабілетсіздігінің алдын алу және дамуының негізгі көздерінің қалыптастыру мақсатында қаржылық ағымдарын басқарудың қажеттілігі экономикалық дамудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Қаржылық ағымдарды басқару тиімділігіне компанияның басшылары, оның акционерлері, партнерлары, қаржы-несие ұйымдары, мемлекеттік бақылау органдары көңіл бөледі.
Сонымен жоғарыда айтылғанның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігінде күмән жоқ екендігін дәлелдейді.
Бүгінгі күні компанияның қаржылық ағымдары концепциясы қаржылық басқарудың жеке дербес объектісі ретінде қаржы менеджметінің негізгі мәселелерінің бірі болып отандық және шетелдік әдебиеттерде көрініс таба бастады. Бұл концепцияның қолданбалы аспектілері қаржы активтерінің қалдықтарын басқару, қаржы ресурстарын қалыптастыруды басқару мен компанияға банкроттық қаупі төнген кездегі дағдарысқа қарсы басқару мәселелерінің құрамында қарастырылатын. Компанияның қаржылық ағымдары барлық түрлері мен нысандарында қаржы менеджментінің маңызды дербес объектісі болып теориялық және тәжірибелік ұсыныстарды тереңдете қарастыруды талап етеді. Ол компанияның дамуы мен қаржылық қызметінің қорытынды нәтижесінің қалыптасу барысындағы ақша ағымдарын басқару кезіндегі ролімен анықталады. Компания үшін қаржылық ағымдарын басқару қажеттілігі жағынан мыналарды танылтады:
- айналым капиталын басқару (қолма-қол қаражаттардағы және босалқы қорлардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерін бағалау);
- күрделі салымдардың уақыт параметрлерін жоспарлау;
- күрділі салымдарды жоспарлау;
- компанияның экономикалық өсуін басқару.
Компанияның тиімді ұйымдастырылған қаржылық ағымдары оның «қаржылық сауықтылығының» маңызды симптомы болып, жалпы қаржы шаруашылық қызметінің жоғары нәтижедегі қорытындыларға жетудің алғы шарты болып табылады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты компанияның қаржылық ағымдары мен олардың компанияның қаржы шаруашылық қызметіндегі ролін зерттеу.
Қойылған мақсатқа сай келесідей мәселелер туындайды:
- компанияның қаржылық ағымдарын басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
- қаржылық ағымдардың экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау;
- қаржылық ағымдарды басқару негіздерін анықтау;
- зерттеу объектісінің мәліметтері бойынша қаржылық ағымдардың қозғалысын талдау;
- зерттеу негізінде қаржылық ағымдарды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының объектісі «Аура Қазақстан» ЖШС-нің қаржылық ағымдары.
Диплом жұмысының пәні болып компанияның қаржылық ағымдары табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып қаржы және экономикалық талдау саласындағы отандық және шетелдік экономисттердің еңбектері қарастырылды.
Дипломдық жұмыста теориялық талдау, жүйелік көзқарас, топтау, жалпылау, салыстыру, функционалдық сыныптау және графикалық суреттеу әдістемелері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы, кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, компанияның ақша айналымдарын басқарудың теориялық негіздері ретінде компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны және компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері теориялық тұрғыда қарастырылған.
Екінші тарауда, «Аура Қазақстан»ЖШС-нің ақша айналымдарының қозғалысын талдау барысында, шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымына талдау жүргізілген, сонымен қатар ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарына, ақша айналымын қалыптастырудағы табыстылығына зерттеу жүргізілді.
Үшінші тарауда, компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру жолдары қарастырылған.
- КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
Компанияларда қаржыны басқарудың объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материялдық емес игіліктер.[1, 45б]
Қаржыны басқару уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Жалпы қаржыны басқару ілгеріде баяндалған қағидаттарға негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты, жоспарларды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді бақылауды кіріктіреді. Қаржы басқаруды жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, компаниялардың қызметін мемлекеттік реттеудің заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, компаниялардың қаржыны басқару шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Компаниялардың қаржыны басқару жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, компаниялардың қаржыны басқаруы әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджирлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Компаниялардың қаржыны басқару мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау;
Компаниялардың қаржысын басқаруда маңызды объект ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Компаниялардың қаржысын басқаруда ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның «уақытша құнының» барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу − күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау − пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет.
Қаржыларды басқару келесі функцияларды атқарады:
- өндірістік немесе компания қаражаттарының айналымын ақшалай ресурстар көздерімен, ақшалай ағымдарын қалыптасуымен қамтамасыз ету. Шаруашылық және қаржылық қызмет үдерісінде компания толық көлемде және теңдестірілген меншікті, тартылған және қарыздық көздермен қамтамасыз етілуі қажет. Қаржыларды басқару үдерісінде ақшалай ағымдар қалыптасады және компанияның даму және меншік иесінің табысын арттыру мақсаттарына сәйкес негізгі және айналым капитал құрамында көрініс табады, қаржылық нарықта ақшалай қаражаттарды орналастырудың оңтайлану және рационализациялау сұрақтары шешіледі.
- бөлу немесе компанияның ақшалай ресурстарын пайдалану және бөлу, ақшалай ағымдарының қалыптасу функциясы. Бұл функцияның орындалу үдерісінде компанияның капитал немесе мүлкінің құнын, меншік иесінің табысын арттыру немесе оны сақтау үшін қаражаттарды, есептер, төлемдер мен аударымдарды аванстау мен инвестициялау нұсқауларын таңдауда, шаруашылық жүргізуші басқа субъектілермен қатынастарды таңдауда компанияда бар қаржылық ресурстарды пайдаланудың рационализациясы сұрақтары шешіледі.
- бақылау функциясы. Берілген функцияның мазмұны кәіспорын ресурстарынынң айналымын түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы нақты бақылау мүмкіндігіне негізделеді. Қаржылық көрсеткіштер мәндерінің өзгерістерін сандық бақылау қаржылық жағдайды, капитал мөлшерін, оның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін, сонымен қатар меншік иесінің табыс көлемінің өсімін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялау және қаржыландыру үдерістерін бақылау көмегімен болашаққа қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану мен оларды сақтау және түрлі факторларды есепке ала отырып, капитал құны мен оның құрылымын бағалау жүзеге асырылады.[2, 86б]
Компаниядағы қаржыны басқару үдерісі өзімен бірге компания экономикасын жалпы басқаруының негізігі бөлігін құрайды және ол келесі кезеңдер арқылы жүреді: талдау, жоспарлау, орындау, түзету, бақылау.
Компанияның қаржылық механизмі келесі элементтерді қамтиды: қаржылық әдістер, қаржы құралдары (тетіктер), нормативтік қамтамасыз ету, құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржылық механизм құрамында құралдар мен әдістердің өзара қатынасында қазіргі кездегі тәжірибеде тауарлық және қор нарығының дамуына байланысты белгілі өзгерістер туындады. Сонымен, қор нарығында қаржылық құралдарға екі контрагент арасында кез келген келісімшарт жатады, оның нәтижесінде бір серіктесте қаржылық актив пайда болса, екіншісінде үлестік және қарыздық сипаттағы қаржылық міндеттеме пайда болады. Мұнда қаржылық құралдар бірінші және екінші деңгейлі болып сипатталады. Олардың біріншісіне несиелер мен қарыздар, акциялар мен корпоративтік облигациялар, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және т.б. жатады. Екінші деңгейлі қаржылық құралдарға келесілер жатады: қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактілер, пайыздық және валюталық своптер және т.б. Екінші деңгейлі қаржылық құрал (дериватив) екі негізгі «туынды» сипатына ие:
- оның негізіне белгілі бір базисті актив енгізілген (тауар, акция, облигация, вексель, валюта, қор индексі және т.б.);
- оның бағасы базистік активтің құны негізінде анықталады.
Көптеген қаржылық құралдар мен операциялардың негізіне бағалы қағаздар (мемлекеттік және корпоративтік акциялар мен облигациялар) жатқызылған. Бұдан басқа, бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар) болып бөлінеді. Олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің реттеу мен бақылау объектісі болып табылады.
Тәжірибеде компанияның қаржылық механизмнің бірлік жүйесінен жеке элементтерінің жойылуын болдырмау маңызды. Бұл шартты ескермеу шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық теңдігін жоғалтуға әкеледі.
Сурет 1. Қаржыны басқару механизмі
Дерек көзі: Управление финансами. Учебник/ под ред. Володин А.А. – М: Инфра-М, 2006г.-246с
Бүгінгі күні компанияның қаржылық ағымдарын басқаруға көптеген көңіл бөлінуде, бұл жолда белгілі прогресске жеткен. Ағымдық тәсіл компанияның оперативтік және стратегиялық жоспарлауының негізгі элементі болып танылады. Үнемдеу тек салықтық жоспарлау кезінде ғана болмай, қаржы қаражаттарының бос қалдықтарын оңтайландыру мен компанияның дамуының ұзақ мерзімді дамуын ескеру арқылы жүзеге асырылады. Ағымдық схемалар арқылы компанияның жұмысы еш қиынсыздықсыз жүйелеуге беріледі де сандық мағынаға ие болады. Логистикалық көзқарас бойынша ағымға келесідей анықтама беріледі: ағым – бір бүтін болып қабылданатын, бір интервалда үдеріс ретінде өмір сүретін, белгілі уақыт ұзақтығында абсолютті көрсеткіштермен өлшенетін объектілер жиынтығы.[1, 302б]
Отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде көбінде «қаржылық ағымдар» анықтамасы кездеспейді. Бұл анықтама берілген категорияның айрықшалығын білдірмейді, тек жеке автордың көзқарасын сипаттайды.
Қаржылық ресурстар, олардың түсуі мен жұмсалуы, артылуы мен жетіспеуі туралы сөз басталса, негізінде ақшалай қорлардың құрылуы мен пайдаланылуы туралы айтылады. Олар ақша қаражаттарының ерекшеленген бөлігі, мақсатты бағыты бар және қызмет етудің еркіндігі бар болып қарастырылады.
Ақшалай қорлар қоғамдық өнімнің құрамындағы мақсатты бөліктерді салыстырмалы негіздеу мен бөліп қарастыру мен негізделген. Көптеген зерттеушілер барлық ақшалай массаның айналымы мен оның активтерде орналасуын ауқымдайтын ақша ағымдары мен қаржылық ағымдарын теңдестіріп қарастырады.
Компания қаржысының бірегей түсінігі болмағандықтан ақша ағымдары мен қаржылық ағымдарын теңдестіріп қарастыру туындаған.
Компания қаржылары ақша нысанындағы кеңейтілген ұдайы өндіріс үрдісінің негізгі жақтарын көрсетеді және экономикалық заңдардың талаптарына сай оның жүзеге асырылуына ықпал етеді. Олар ұлттық шаруашылықтың әрі қарай дамуына қажетті жинақтар мен ақша кірістерін қолдану мен бөлу үшін қолданады. Бұл даму экономиканың түбегейлі өзгерістерінің мықты құралы, ұлттық шаруашлықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық құралы болып табылатын жақсы және төзімді шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржысына орнатуынсыз мәні жоқ. Олар басқа өндірістік қатынастармен ұлттық шаруашылықтың төменгі звеноларын басқарудағы шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ету жиынтығында өз алдына өндірістік қатынастарды негіздейді.
Ұлттық щаруашылықтың әрбір саласының қаржысы берілген саладағы техника-экономикалық негізінен шығатын, үлкен айырмашылығы бар. Сондай-ақ, шаруашылық ету субьектілерінің қаржы ұйымдарының негізгі қағидалары мен мәні бірдей. Яғни, біріңғай экономикалық заңдармен және шаруашылық етудің жалпы қағидаларымен шартталған. Шаруашылық ету субьектілерінің бастапқы звеносына барлығын біріктіру қажеттілігін және мүмкіндіктерін алдынала анықтайды.
Компания қаржысы мәні мен сыртқы формаларын көрсетеді. Негізгі құнды категориясы – қаржылық ретінде анықтайтын сыртқы қаржыларының мазмұны мәні ретінде сипатталады. Қаржының айқындау формасы және мәні өзара байланысты. Бірақ олардың тұрақтылығының дәрежесі бірдей емес. Қаржының айқындау формасы мәніне қарағанда тез және жиі өзгеретініне тартылған. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің компания нысандарымен арақатынасы бірталай өзгерген және жетілдірілген: олар көп арналы төлемдерден кірісінен салық салу табысына содан соң, табыс салығына трансформацияланған.
Шаруашылық қажеттіліктерін қаржыландыруға бюджеттен кері қозғалыс құралы негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен алмастырылған; компания ішінде ақша құралы қозғалысының нысаны, оның бөлімшелерінің яғни, әкімшіліктерінің және жұмысшыларының арасы өзгереді. Демек, бұл арақатынас эквивалентті сипатқа ие және коммерциялық негізге аударылады. Қаржылық ресурстардың құрылымында, қалыптастыру және оларды қолдануға бағытталған әдістерінде өзгерістер болып жатыр. Сонымен қатар, қаржы мәні өзгеріссіз болып табылады. Ол жалпы өзгерістік қатынастармен ғана емес, сондай-ақ олардың даму деңгейімен, шаруашылық , әлеуметтік және мәдени құрылыстағы мемлекеттің ролімен және масштабымен алдын-ала анықтайды. Қаржылық қатынас – бұл ең алдымен бөлу қатынасы болып табылады. Бөлу жүйесі өзгерістерге тап болады. Яғни, бұл жүйедегі қайта құрудағы күшеюінде, бөлу қатанастарының жеке ролінде және өндірісті тиімді ынталандырудағы қаржылардың қажетті тұрақтылығы бар. Қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу әдістерінің және нысандарының, қаржылық қатынасының мемлекеттің бюджет пен несиелік жүйемен нарықтық дамуының қатынасының үдерісінде өзгеруі, шаруашылық механизмінің ғылыми-техникалық прогресті күшейтуде жетілдіруі, көзделген даму бағдарламасын іске асыруда, өндірістік қоғамдық еңбекті ұлғайтуда және өндірістің өсуінің қарқынында қаржыларды және бөлу қатынастарының ынталандыру ролін жоғарлату мақсаты бар.
Компанияынның иелігіндегі барлық ақша қаражаттары қаржы ресурстарын танылтады, олар өндірісті дамытуға, өндірістік емес салалрдың объектілерін ұстауға, тұтынуға, сонымен қатар резервтер құруға жұмсалады. Өндірістік-сауда үдерісінде пайдаланылатын қаржы ресурстары (шикізат, тауарлар, еңбек құралдарын, жұмысшы күшін және басқа да өндіріс элементтерін сатып алу) ақшалай нысандағы капиталды білдіреді.
Сонымен, компанияның шаруашылық қызметі үдерісінде біз тек ақша қаражаттары мен емес капиталмен істі боламыз. Компанияның қызметінің нәтижесінде ақшалай ағымының жиынтығынан ерекше нысан — қаржылық ағым бөлініп шығады. Ол, компанияның қаржылық ресурстарының құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді. [2,7б.]
Компаниялар қаржысы түсінігі арқылы «қаржылық ағымдар» түсінігін анықтаймыз, ол белгілі уақыт үзіндісі аралығындағы ақшалай нысандағы капиталдың қалыптасуы мен пайдаланылуы мен байланысты және оны пайдалану нәтижесінен таза пайдаға ие болумен байланысты қаржылық ресурстар қозғалыстарының жиынтығы.
Қаржылық ағымдарға әсер етуші бір қатар факторлар мен шектеулерді ұмытуға болмайды.
Қаржылық ағымдарға әсер етуші шектеулер: сыртқы және ішкі қаржылық қатынастар. Қаржылық ағымдар компанияның сыртқы қатынастарымен қатар ішкі сипаттағы қатынастарын сипаттайды.
Сыртқы шектеулер:
- компанияның тікелей қатысушылары мен қаржы нарығы инфрақұрылымының мекемелері (коммерциялық банктер, қор және валюта биржалары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар мен компаниялар және т.с.с.);
- операциялық қызмет бойынша тауар нарығы инфрақұрылымының мекемелері (шикізат және материалдармен жабдықтаушылар, негізгі және материалдық емес активтер сатушыларымен, дайын өнімді сатып алушылар мен, тауар биржалары мен және т.с.с.);
- өндірістік инфрақұрылымының органдарымен (көлік компанияларымен, байланыс мемкемелерімен және т.с.с.);
- және тағы басқалармен.
Ішкі шектеулер:
— басшы және еншілес компаниялар араларындағы;
— түрлі құрылымдық бөлімшелер араларындағы («жауапкершілік орталықтары»);
— компаниялар мен олардың құрылтайшылары, жұмысшылары араларында және тағы басқалар.
Меншікті капиталды қалыптастыру мен бөлу, пайдалану мен байланысты шектеулер. Компанияның қаржылық ағымдарының негізін меншік құқығы негізіндегі иелігіндегі ақшалай активтерінің қозғалысы құрайды, яғни ақшалай нысандағы меншікті капитал. Бұл сападығы меншікті капитал кеңінен қарастырылған түрде ертеден жинақталған босалқы қор ретінде сипатталады. Басқаша айтқанда, қаржылық ағымдар ақшалай нысандағы компания капиталының мөлшері ретінде оның ақшалай активтерінің босалқы қоры көлемімен сипатталады. Қаржылық ағымның капиталды қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен жоғарғы дәрежедегі байланысы капитал айналымы, капитал құны мен құрылымы және тағы басқа да аспектілерді есепке алуды қаржылық ағымдарды басқару үдерісінде қажет етеді.
Түрлі нысандағы несиелерді пайдалануды шектеу. Компанияның ақшалай қаражаттарының қозғалысы ссудалық капиталды пайдаланумен үздіксіз байланыста. Бұл байланыс, қазіргі кездегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында несие нысанында ссудалық капиталды тартумен байланысты.
Бұл байланыс, компанияның ақщалай ресурстарындағы қажеттілікті қанағаттандырудың негізгі маңызды көзі болып танылады. Компанияның операциялық және инвестициялық қызметтері қаншалықты жоғары деңгейде қаржыландырылса да меншікті капитал рентабелдігінің жедел өсуін қамтамасыз ету үшін несиелік ақшалай ресурстарын тарту қажет.
Несие компанияның қызметінің қорлар айналымдылығының үзіліссіз болуын қолдау, өндірістік үдеріске қызмет ету, өндірілген өнімді өткізу, тауарлар алу мен инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет. Компания несиенің түрлі нысандарын (банктік, лизингтік, облигациялық және т.б.) пайдаланушы болып табылады. Несие қандай нысанда болсын тартылса, оны алумен, оған қызмет етумен, қайтарумен байланысты компанияның қаржылық ағымдарының оң және теріс көрстеткіштері болып олардың жиынын көбейтеді.
Басқаша айтқанда, компанияның тартқан несиесі компанияның қаржылық ағымдарының көлемі мен құрылымына, олардың жеделдігіне (ақшалай активтер айналысының жылдамдығы), сонымен қатар олардың жеке түрлерінің теңділігіне белсенді әсерін тигізеді.
Компанияның қаржылық ағымдарын тиімді басқару ссудалық капиталдың ерекшеліктері мен нысандарын, несие нарығында пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуын, және елдегі несиелік жүйенің ұйымдастырылу айрықшалықтарын талап етеді.
Жеке активтерінің трансформациялануымен байланысты шектеулер. Компанияның пайдалануындағы ақшалай активтері үзіліссіз қозғалыста болады, ол олардың түрлері мен нысандарының әрқашанда өзгеріп отыруымен сипатталады. Мұндай қозғалыс пен трансформация үдерісі экономикалық теорияда «активтер айналымдылығы» терминімен сипатталып, қайталанбалы циклдерден тұрады. Компания қорларының айналымы ақшалай формада немесе өндіріске қажетті шикізаттар, материалдар және тағы басқа өндірістік қажеттіліктерді пайдаланудан басталады. Мұны кейде 1-ші кезең деп те атайды.
2-ші кезеңде өндіріс құралдарын және материалдарды пайдаланып бастаған кездегі қатынастар. Олар жаңа өнім шығаруға бастайды және бұл кезеңде өнім құны өндірістік құнынан тауарлы құнға өтеді.
3-ші кезең компанияның жалпы шығарған өнімдерін сатудан туынайтын және ақшалай табыс алады. Бұл аралықта өндірілген құн тауарлы формадан ақшалай формаға өтеді. Яғни, өндірісте ұдайы ұлғаймалы өндіріс қалыптасады. Бұл бастапқы айналым жасаған активтер үстеме активтерді қалыптастырады. Бұл өз кезегінде компания пайдасын қалыптастырады. [3,393 б]
Ұдайы өндiрiс өндiрiстiк капиталды пайдалану негiзiнде жүредi. Осы үдерісте өнеркәсiп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндiрiстiк үдерістi осыған қатынасатын өнеркәсiптiк капиталдың функционалдық формаларының өзгеруi бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:
А – Т … Ө … Т1 – А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А – Т …
Өндiрiс факторлары нарығында тауар формасын алған өндiрiс факторларына ақша капиталы жұмсалады. Сөйтiп, ақша капиталы өндiргiш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндiрiске жағдайлар жасау:
… Ө …
Өндiрiс үдерісiнде өндiргiш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме құн өндiру функциясын атқарады:
… Т1 – А1
Тауарларға сiңген үстеме құн, оны нарықта өткiзген соң, кәсiпкердiң қарамағына түседi. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функциясы – үстеме құнды өткiзу және сату.
Капиталдың iр формадан екiншi формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетiп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейдi:
d = A1 – A
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзiлмей қайталанып жүрiп отыратын жеке акт емес үдеріс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айнылымы мен оның ауыспалы айналымы бiр-бiрiмен тура келмейдi. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесiнде кәсiпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бiр бөлшегi қайтып келедi, барлық капиталдық құн өз иесiне өзiнiң бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасады деп есептеледi.
Капиталдың әр түрлi элементтерiнiң айналымы бiрдей жүрмейдi. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негiзгi және айнымалы болып бөлiнедi.
Айналым активтерінің айналым циклы келесідей негізгі стадиялардан тұрады:
- компанияның ақшалай активтерінің шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттарға айналу стадиясы;
- шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттардың дайын өнім босалқы қорларына айналуы;
- дайын өнім босалқы қорларының дебиторлық борышқа айналуы (тауарды қарызға беру);
- дебиторлық борыштың ақшалай активтерге айналу стадиясы (дебиторлар қарыздарын өтегенде).
Сонымен, айналым активтері айналыстың толық өту үдерісінде кезегімен материалдық, қаржылық және ақшалай түрлерге трансформацияланады.
Айналымнан тыс операциялық активтерінің айналым циклы келесідей негізгі стадиялардан тұрады:
- ақшалай активтердің өндірістік немесе материалдық емес активтерге айналуы (сәйкес еңбек құралдары мен басқада күрдклі активтерді сатып алу үдерісі);
- өндірілетін өнім құнына амортизацияланатын өндірістік негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің құнын біртіндеп көшіру стадиясы;
- дайын өнім құрамындағы өндірістік негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің құнын ақшалай активтерге айналдыру (дайын өнімді сату).
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 (IAS) Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартымен сипатталады. Бұл стандарттың мақсаты ұйымның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетті.
Қаржылық ағымдардың айрықша табиғаты ақша ағымдарының табығатынан ерекше болады. Кәдімгі ақша ағымы бірегей эквиваленттерді айырбастау акты, сатушыда тауарды нысанда, ал сатып алушыда ақшалай нысанда сипатталған. Қаржылық ағым болса эквивалентсіз, шығарылған сома ештеңемен қалпына келтірілмейді. Ақша сомасын алушы оған ие болады, ал төлеуші бұл сомаға құқығын толық жоғалтады. Сонымен, қарапайым (бір актылы) қаржылық ағымдар өзінің экономикалық табиғаты бойынша қалыптасу көздерін қалпына келтірмейді және орнын толықтырмайды. Кейбір авторлар пікірі бойынша, қаржылық ағымдар өндірілген ЖҰӨ-ді өсірмейді, және ол өнідріс саласына қызмет көрсететін ақша ағымдарынан негізгі айрықшалықтары деп есептеледі. Мұнымен келіспеуге болады, себебі, қаржылық ағымдар өзіне ақша мен альтернативті айналым құралдарының қоғалысы (бартер, векселдер және басқа да ақшалай суррогаттар). Сонымен, «қаржылық ағымдар» «ақша ағымдары» түсінігіне қарағанда кең ұғым.
Ақша қаражатының қозғалысы (Cash Flow) жоспарының көмегімен кәсіпкер өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады. Түсім есептері туралы есептен ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады. Шығындарға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен ақшаны есептейді.
1.2 Компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері
Компаниялар қаржысы қандай да болсын мемлекет пен шаруашылық субъектінің қаржы жүйесі, себебі материалдық өндірісте жиынтық қоғамдық өнім бен ұлттық табыс қалыптасып алғашқы бөлініске түседі.
Қаржылық және шаруашылық қызметтің барлық операциялары қаражаттардың қозғалысымен жүргізіледі – олардың түсуі мен жұмсалынуы. Бұл үзіліссіз үдеріс «ағым» түсінігімен анықталады.
Қаржылық ағым уақыт ұзақтығында компанияның қаржы-шаруашылық қызметімен жұмылдырылатын бөлінген және төленген қаржылық қаражаттар жиынтығы. Басқаша айтқанда, қаржылық ағым – ол компанияның материалдық, ақпараттық, және басқа да ағымдарымен байланысты қаржы ресурстарының бағытталған қозғалысы.
Қаржылық ағым – ол экономикалық субъектілер араларындағы қаржы ресурстарының ақшалай және ақша суррогаттары нысанындағы қозғалысы.
Бұл категорияның екіжүзді сипатын белгілеуге болады. Бір жағынан, қаржылық ағымдар бөлу құралы ретінде екендігі объективті, екінші жағынан — қаржылық ресурстар қозғалысының нақты нысаны ретінде болады.
Қаржы ағымдарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі — компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: меншік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері — тартылған меншік қаржы ағымдарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі – қарыз қаражаттары болып табылады .
Кәсіпкерлік капитал пайда табу және фирманы басқару құқықтарын алу мақсатында әр түрлі фирмаларға салынған (инвестицияланған) капитал болып табылады.
Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемділік шарттарымен қарызға берілген ақша капиталы. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда ссудалық капитал фирмаға салынбайды, пайыздар алу мақсатында уақытша пайдалануға беріледі. Бизнестің бұл түрімен арнайы мамандандырылған несие-қаржы институттары (банктер, несие одақтары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар мен тағы басқалар) айналысады.
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар өзара тығыз байланысты. Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы айтарлықтай диверсификацияланған, яғни қызмет түрлері бойынша да, кеңістікте де шоғырланған. Бүгінгі таңда диверсификация нарық шаруашылығын және оның құржылық жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бірақ диверсификацияны тереңдету қаржы ағындары мен капиталдың шиеленісуіне, қаржы тәжірибесінде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтуге сөзсіз алып келеді, ол компанияның қаржылық жұмысын айтарлықтай қиындатады. [19.7]
Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері: табыс, амортизация, бағалы қағаздарды шығару, несие беру және қаржылық лизинг.
Пайда жалпы мағынада компания табысының оның шығындарынан асып түсуі ретінде түсінілетін компания қызметінің ақырғы қаржылық нәтижесі болып табылады. Пайда — жалпы табысты алумен байланысты компанияның қаржы ағымдарының негізгі көзі. Компанияның жалпы табысы – бұл материалдық шығындарды есептей отырып, яғни еңбекке ақы төлеу мен пайдадан тұратын өнімді өткізуден түсетін (жұмыстар, қызметтер) түсімдер.
Ақырғы қаржылық нәтижесі (пайда немесе зиян) өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) өткізудің қаржылық нәтижесінен, негізгі қорлар мен компанияның басқа мүлкінен және өткізуден тыс операциялар бойынша шығындар сомасына қысқартылған осы операциялардан алынған табыстан жинақталады.
Өнімді өткізуден (қызметтер, жұмыстан) түсетін пайда (зиян) ҚҚС мен акциздерді қоспастан қолданыстағы бағалармен және өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындармен бірге өткізуден алынған түсім арасындағы айырмашылық ретінде белгіленеді.
Экспорттау қызметімен айналысатын компаниялар пайданы есептеу кезінде өнімді өткізуден түскен пайдадан экономикалық тарифтерді алып тастайды. Компанияның жалпы (жиынтық) пайдасының екінші құрамдас бөлігі – негізгі құралдар мен басқа мүлікті өткізуден түскен пайда болып табылады.
Кесте 1
Меншікті құн, компанияның жалпы табысы мен пайдасының арасындағы байланыс
Материалдық шығындар |
Жалпы табыс |
||
Еңбекке ақы төлеу |
Пайда |
||
Меншік құн |
Таза пайда |
Пайдаға салынатын салық |
|
Өткізуден түскен түсімдер |
|||
Дерек көзі: Ковалев В.В. Финансы организаций (предприятий) Издательство «ТК Велби Проспект», 2008 год, 352 с.[6] |
Жалпы пайданың үшінші бір құрамдас бөлігі — өткізумен байланысты емес операциялардан, яғни негізгі қызмет түрімен: мүлікті жалға беру, компанияың бағалы қағаздары бойынша табыс алуы, төленген айыппұлдардан алынған айыппұлдар сомасының асып түсуі, бірлескен қызметтен алынатын пайда, есептік жылда белгіленген өткен жылдардың пайдасымен және т.б. тікелей байланысты емес операциялардан түсетін пайда болып табылады. Компания жұмысының тиімділігін арттыру үшін өнімді өндіру мен өткізу көлемі резервтерінің артуын, өнімнің меншік құнының төмендеуін, пайданың өсуін анықтаудың маңызы ерекше.
Пайданы көбейту резервтерін іздестірудің негізгі бағыттарын белгілеу үшін оны алуға ықпал ететін факторлар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Сыртқы факторлар табиғат жағдайлары, бағаны, тарифтерді, пайыздарды, салық ставкалары мен жеңілдіктерді, айыппұл шараларын мемлекеттік реттеу және т.б. жатады. Бұл факторлар компанияның қызметіне байланысты болмайды, бірақ пайда көлеміне айтарлықтай әсер етеді.
Ішкі факторлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржы ағымдарының болуы мен оларды пайдалануды білдіреді. Өз кезегінде олардың өздері экстенсивті және интенсивті факторларға бөлінеді. Экстенсивті факторлар пайданы алу үдерісіне сандық өлшемдер: еңбек заттары мен құралдарының, қаржы ағымдарының көлемі, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақыты, қызметкерлердің саны, жұмыс уақытының қоры және т.б. арқылы ықпал етеді.
Интенсивті факторлар пайдану алу үдерісіне «сапалық» өлшемдер: құрал-жабдықтардың өнімділігі мен оның сапасы, материалдың алдыңғы қатарлы түрлерін пайдалану мен оларды өңдеу технологиясын жетілдіру, айналым құралдарының айналымдылығын күшейту, қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен біліктілігін арттыруы, өнімнің еңбек пен материалды көп қажет етуін азайту, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және қаржы ресурстарын барынша тиімді пайдалану және т.б. арқылы ықпал етеді.
Өндірістік емес факторларға, мысалы, жабдықтау-тұрмыстық және табиғатты қорғау қызметтері, еңбек ету мен тұрмыстың әлеуметтік жағдайлары және т.б. жатады.
Компания қаржы-экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде бұл факторлардың барлығы өзара тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Өнімнің меншік құн мөлшеріне «тікелей» әсер ету, демек, пайда материалдық ресурстар қаншалықты тиімді және үнемді пайдалатындығымен байланысты болады — өйткені меншік құн құрылымындағы материалдық шығындар үлесі әдетте 60-90% арасында ауытқып отырады.
Пайда компанияның кеңейтілген өндіріс пен әлеуметтік даму жөніндегі шығындарды бөлуге арналған компанияның негізгі қаржылық ағымдарының бірі болып табылады.
Жалпы алғанда компанияның пайдасы жинақтау қорына, тұтыну қорына, резервтік қорға және құрылтайшылардың (акционерлердің) арасында таратуға бөлінеді. Жинақтау және тұтыну қорлары – бұл арнайы мақсаттағы қорлар. Олар құрылтай құжаттарында белгіленгежағдайда құрылады.
Жинақтау қоры өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды сатып алу мен салуға және қайтарымдық сипаттағы басқа да капиталдық салымдарға пайдаланылады. Жинақтау қорының бір бөлігі қайтарымсыз сипатта жұмсалады. Есеп айырысу шотының актив балансында есептелінген жұмсалынған ақша қаражатының орнына осы қаражатпен құрылған басқа мүліктің эквиваленттік құны пайда болады.
Сонымен бірге жинақтау қорының есебінен қайтарымсыз сипаттағы шығындар: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, табиғатты қорғау шараларына, бағалы қағаздарды шығару және т.б. жұмсалатын шығындар қаржыландырылады. Тұтыну қоры қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық ынталандыру: өндірістік қызметпен байланысты емес сыйақылар беру, сапар, емделу ақысын төлеу, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған дәрі-дәрмектерге ақы төлеу үшін жұмсалады.
Резервтік қор табиғат апаты салдарынан болған күтпеген шығындар мен баланстық зиянды жабуға арналған. Ол Акционерлік қоғам, кооператив, шетел инвестициялары бар компаниялар үшін міндетті болып келеді. Акционерлік қоғам резервтік қорға эммисиялық шығындарды, яғни акцияларды номиналдық құннан жоғары баға бойынша өткізуден алынған сату және номиналдық құнының арасындағы айырым сомасын да кіргізеді.
«Амортизация» термині сөзбе сөз мағынада негізгі қорлардың мәңгілігі, олардың тозуды өткере білу, қалпына келу қабілетін білдіреді.
Амортизация үдерісі негізгі қорлардың қызмет ету кезеңінде олардың құнын бөліктер бойынша өндірілетін өнім мен жұмсалған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін осы құнды одан әрі пайдалануға өткізуді білдіреді. Амортизация – бұл шаруашылық иерархиясының барлық сатысындағы қарапайым және кеңейтілген өндіру мен ғылыми-техникалық дамудың маңызды кезі болып табылады.
Амортизациялық аударымдар (негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызы) өнімнің өтуіне қарай амортизациялық қор деп аталатын арнайы қорда жинақталады. Бұл амортизациялық қор (жинақталған ақша сомасы) негізгі құралдардың тозған элементтерінің орнына жаңа заттық элементтерді сатып алуға жұмсалады, яғни негізгі қорлар қалпына келтіріледі.
Өнім құнына берілетін өлшем біріншіден, негізгі қорлардың бастапқы құнымен анықталады. Екіншіден, бұл өлшем негізгі құралдардың түрі ретінде белгіленеді, себебі, мысалы, өнеркәсіпте ғимараттың нормативтік қызмет ету мерзімі 30-50 жыл, ал машина мен құрал-жабдықтардың нормативтік қызмет ету мерзімі 3-5 жылдан 15-20 жылға дейін. Үшіншіден, өнімге берілетін негізгі қорлардың құн өлшемі өндірістің салалық ерекшеліктеріне де байланысты болады.
Амортизациялық аударымдар көлемі негізгі қорлардың нормативтік қызмет мерзімін есептей отырып, олардың бастапқы (баланстық) құнынан амортизация нормалары бойынша анықталады. Амортизация нормасы – негізгі қорлардың құнын жылына пайызбен қайтару болып табылады. Амотизацияны аударудың үш әдісі бар: теңдей есептеу (басымдық көрсетуші); орындалған жұмыс көлеміне; жылдамдатылған амортизация.
Қазақстан экономикасында, әдетте, тепе-тең (желілік) амортизация әдісі қолданылады, яғни жыл сайын өнімнің құнына негізгі қорлар құнының бірдей бөлігі енгізіледі.
Амортизацияны осылай есептеу әдісі өте қарапайым, көрнекі және белгілі бір дәрежеде құнды ауыстыру үдерісін ескереді.
Шаруашылық етудің маңызды әдістерінің бірі эмиссия, яғни бағалы қағаздарды шығару болып табылады. Бағалы қағаздарды шығаратын тұлғаның бастамасы және сол тұлғаның атынан әрекет ететін шаруашылық агенті эмитент деп аталады.
Бағалы қағаздар мынадай мақсаттарда шығарылады:
1) меншік белгілері бойынша компания нысанының өзгеруі;
2) жаңа компания құру және ол үшін қажетті капитал-ақша қаражаттарын тарту;
3) бағалы қағаздарды сату арқылы қосымша ақша қаражаттарын тарту.
Акция оның меншік иесінің компанияың жиынтық капиталында өзінің үлесі бар екендігін және компанияның қызмет қорытыныдысына сәйкес акциялар бойынша бөлінетін кәсіпорнның белгілі бір бөлігіне құқығы бар екенін куәландырады. Бұл акциялар бойынша табыс бекітілген деген сөз.
Облигация оны сатып алушы эмитенттің кредиторы болғандығын куәландыратын несиелік куәлік болып табылады. Облигация иегері банктік пайызбен салыстырылатын облигациялар бойынша белгілі бір табыстарды алуға құқылы болады. Сондықтан да облигиялар бойынша табыс бекітілген сипатта болады, бірақ компанияның шаруашылық қызметінің қорытындыларына тәуелді болмайды.
Акциялардың барлық иелері инвесторлар, компания капиталына ақша қаражаттарын салушылар деп аталады. Олардың ішінде ішкі инвесторларды – Акционерлік қоғамның құрылтайшылары және сыртқы инвесторлар – Акционерлік қоғам акцияларын бағалы қағаздар нарығында сатып алушыларды ажыратады. Облигациялардың иелері инвесторлар болып табылмайды, олар Акционерлік қоғамның кредиторлары ғана.
Қарыздық қаржы ресурстарын тартудың негізгі әдісі банктер мен басқа заңды және жеке тұлғалардан несиелер алу болып табылады .
Компания ақша қаражаттарының сыртқы көздерін пайдалана отырып, артық ақша қаражаттары бар және оларды тиісті шарттар бойынша (белгілі бір төлемақы үшін және белгілі бір мерзімге) беруге дайын басқа шаруашылық етуші субъектілерге – тікелей қаржыландыруға тікелей жүгіне алады не болмаса қаржылық делдалдардың қызметтерін пайдалана алады.
Қаржылық делдалдар көптеген субъектілердің артық ақша қаражаттарын жинауға (шоғырландыруға), оларды сақтауға (ағымдағы пайдалануды болдырмауға) және кәсіпкерлік қосымша саласына (яғни инвестициялауға) бағыттауға мүмкіндік береді.
Қаржы делдалдарының қарапайым мысалы банктер, қаржы компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру қоғамдары бола алады. Қалыпты экономика қаржылық делдалдардың дамыған жүйесінсіз қызмет ете алмайды.
Компания қызметін қаржыландыру құралдары оларды беру қажеттілігі мен мерзімдеріне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді қаржаттар компанияның ағымдағы қажеттіліктерін жабуға (ақы төлеу) үшін пайдаланылады, мысалы, жалақы төлеу, шикізат, материалдарға ақы төлеу және ағымдағы басқа шығындар. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік жабдықтарға, жылжымайтын мүлікке ақы төлеуге, ұзақ мерзім кезеңіне (мысалы, жаңа цехты салумен, жаңа жинау желісін іске қосумен, өндірістің жаңа түрін игерумен байланысты) инвестициялар салу (өндірістік капитал салымдары) үшін қолданылады.
Коммерциялық несие – бір шаруашылық етуші субъектінің екіншісінің төлем мерзімін ұзартуы. Коммерциялық несиенің түрі – аванс, алдын ала төлем жасау, тауарлар мен қызметтердің ақысын ұзартып және бөліп-бөліп төлеу. Ашық шот — коммерциялық несие берудің «вексельсіз» түрі, өзара жеткізілімдерді жүзеге асыратын, яғни әр түрлі мәмілелер бойынша тұрақты контрагенттер болып табылатын кәсіпкерлер арасындағы есеп айырысу қатынастарының ерекше түрі. Компаниялар бір бірінің арасын несие беру жолын ашып, соның шеңберінде өзара жеткізілімдерді жүзеге асырады. Инвестициялық салық несиесі – мемлекеттік билік органдары немесе салық органдары беретін салық төлемдерінің мерзімін ұзарту болып табылады.
Несиенің қажеттігі және оның мөлшері туралы нақты ұсынысты компанияның қаржылық қызметі (бөлімі) дайындайды. Ал қаржы қызметі компания қызметінің ағымдағы және болашақта күтілетін қаржылық нәтижелерін басшылыққа алады.
Лизинг – бұл лизингтік компания арнайы сатып алатын және оның меншігінде қалатын, бірақ кәсіпкерлерге жалға берілетін жылжитын және жылжымайтын мүлікті орналастыру жөніндегі операциялар. Лизинг жалға берудің бір түрі ғана емес, сонымен бірге қаржыландыру түрі. Бүгінде іс жүзінде барлық елдердегі капитал салымдарын қаржыландыру құралдарының бір түрі болып табылады.
Қазақстанда толық өтелетін қаржылық лизинг кеңінен таралған. Келісім-шарттың бүкіл әрекет ету кезеңінде мүлік толығымен амортизацияланады және лизинг беруші лизингтік төлемдер есебінен оның құнын немесе оның үлкен бөлігін қайтара алады.
Қаржылық жалға беру шартында лизингтік төлемдедің мөлшері мен түрі, енгізу мерзімі, сақтандыру шарттары және т.б. келісіледі. Лизинг мерзімі біткен кезде компания – лизинг алушы құрал-жабдықты жабдықтардың белгілі бір құнымен белгіленетін баға бойынша сатып алуға мүмкіндік алады.
Тәжірибеде амортизациялық кезеңнің 70-тен 80%-ын құрайтын мерзімге лизингтік келісім-шарттарды жасасу кеңінен таралған. Лизинг лизингтік келісім-шарттың барлық қатысушыларына тиімді болып келеді. Компания — өнім өндіруші лизингтік компаниялармен ұзақ мерзімді байланыстарды орната отырып, өнімді өткізу нарығын кеңейтеді; компания – лизинг алушы бір уақытта екі мәселені бірден шешеді: құрал-жабдықтарды алу мен қаржыландыру және оны ірі қаржы ресурстарын жұмылдырмастан және несие алмастан пайдалану, ол компанияның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнбестен қарыз және меншік қорлардың ара қатынасын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан лизингтік операциялар шағын және орта көлемдегі компаниялар арасында кеңінен таралған. Жаңа өндіріс түрлерін ұйымдастыру кезінде лизинг қажетті құрал-жабдықтар қорын үлкен бастапқы инвестицияларсыз құруға мүмкіндік береді.
Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнімнің меншік құнына кіргізіледі, ол салық салынатын пайда мен төленетін салықтар сомасын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Лизингке берілетін мүлік лизинг берушінің балансында болады да, ол осыдан туындайтын барлық міндеттемелермен бірге меншік құқығын өзіне қалдырады.
Амортизациялық аударымдарды да өзі есептейді. Егер тараптардың келісімімен лизинг шартында жылдамдатылған амортизацияны қолдану қарастырылса, лизингтік компаниялар құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарының бір бөлігін жабдықтарды пайдаланудың алғашқы жылдарында-ақ қайтарып алуларына мүмкіндік туады.
Бұл іс жүзінде жалға берушінің де салық ауыртпалығының азайғанын білдіреді.
Лизингтік компаниялар әдеттегі несие беруге қарағанда едәуір төмен тәуекелділікпен мүлікті лизингке беруден қажетті табысты алып отырады.
Сонымен, ақша айналымы уақыт ұзақтығында компанияның қаржы-шаруашылық қызметімен жұмылдырылатын бөлінген және төленген қаржылық қаражаттар жиынтығы. Басқаша айтқанда, ақша айналымы – ол компанияның материалдық, ақпараттық, және басқа да ағымдарымен байланысты қаржы ресурстарының бағытталған қозғалысы. Ақша айналымы – ол экономикалық субъектілер араларындағы қаржы ресурстарының ақшалай және ақша суррогаттары нысанындағы қозғалысы. Ақша айналымының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандарттық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі — компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: меншік және қарыз құралдарына бөлінеді.
- «АУРА ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-НІҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 «Аура Қазақстан» ЖШС-нің шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымын талдау
Аура-Казахстан» ЖШС Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған.
Аура-Казахстан» ЖШС-нің негізгі мақсаты таза пайда табу. Қойылған мақсатына жету үшін Серіктестік келесідей қызмет түрлерін жүргізеді:
- Сауда саттық және сауда делдалдық қызмет;
- Делдалдық қызмет көрсету;
- Дилерлік және дистрибьюторлық қызмет;
- Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Аура-Казахстан» ЖШС Қазақстан нарығында су тазалаушы өнімдерін ұсынушы дистрибюторлық компания. Компания су тазалауы бойынша жаңа технологиялық Reverse Osmosis System құрылғысын ұсынады Бұл мембраналы тазартқыш құрылғы Кері Осмос әдісі бойынша жоғары сапалы су дайындауға арналған.
Aura Cebilon фильтірлеу жүйесі:
- саты: «Қалдықты» суды механикалық тазалаудың картриджді фильтрі.
- саты: «Гранулалы көмір» (Carbon).
- саты: «Престелген көмір» (Block carbon).
- саты: мембрана «FILMTEC membranes».
- саты: «Carbon» ағынды картриджі
Компанияның капиталының құрамына қалыптасу көздеріне байланысты меншік капиталы мен қарыз капиталы жатады, ал жұмсалу бағытына қарай негізгі капитал және айналым капиталы болып бөлінеді. Құрылымы деп осы аталған капиталдардың қосынды сомасындағы жеке үлестерін айтамыз. Қалыптасу көздері бірінші кезекте меншік қаражаттарына қалыптасады, ол жарғы капиталы мен пайда, екінші кезекте қарыз қаражаттары.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 2-аналитикалық кесте құрылады
Кесте 2
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж активтерінің құрамы мен құрылымы
Активтер |
2008 жыл |
Үлесі (%) |
2009 жыл |
Үлесі (%) |
2010 жыл |
Үлесі (%) |
Қысқа мерзімді активтер |
221 348 |
32,83 |
333 048 |
45,61 |
290 461 |
44,48 |
Ұзақ мезімді активтер |
452 788 |
67,16 |
397 191 |
54,39 |
362 423 |
55,51 |
БАЛАНС |
674 136 |
100 |
730 239 |
100 |
652 884 |
100 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
2 кесте мәліметтері негізінде кәсіпорынның активіндегі негізгі капитал мен айналым капиталының құрамы мен құрылымы туралы ақпаратты көруге болады. Мұнда, 2008 жылмен салыстырғанда қысқа мерзімді активтер үлесі 32,83%, 2009 жылы 45,61% -дейін өскен, ол 12,78 пунктке өсті. Кәсіпорынның айналыстағы активтерінің үлесі жоғары, яғни айналым капиталы негізгі капиталға қарағанда басым. Негізігі капиталдың үлесі жоғары болуы, кәсіпорынның жылжымайтын мүлікпен айналысатынын сипаттайды. Негізігі капиталдың үлесі 2008 жылы 67,16% құрады, ал 2009 жылы 54,39%, 2010 жылы 55,51% болды.
Сурет 2. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж активтер құрылымы
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
Қысқа мерзімді активтер құрамында жоғары үлеске ие «босалқы қорлар», олардың үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 48,98%- дан 14,26 пунктке түсіп 34,72% болды, 2010 жылы негізгі капитал үлесі 15,89 пунктке өсті де 50,61% құрады.
Кесте 3
«Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж айналым капиталының құрамы мен құрылымы
Қысқа мерзімді активтер |
2008ж |
Үлесі % |
2009ж |
Үлесі % |
2010ж |
Үлесі % |
Ақшалай қаражаттар және олардың эквиваленттері, оның ішінде |
10 237 |
5,22 |
56 508 |
16,96 |
5 795 |
1,99 |
Кассадағы қолма-қол ақша |
10 237 |
5,22 |
56 508 |
16,96 |
5 795 |
1,99 |
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар, соның ішінде. |
77 252 |
39,41 |
128 764 |
38,66 |
124 777 |
42,95 |
Дебиторлық борыштар |
80 032 |
40,83 |
131 789 |
39,57 |
127 792 |
43,99 |
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер |
— 2 780 |
— 1,41 |
— 3025 |
— 0,9 |
— 3015 |
— 1,03 |
Босалқы қорлар, соның ішінде |
96 007 |
48,98 |
115 640 |
34,72 |
147 009 |
50,61 |
Материалдар |
94 881 |
48,41 |
114 525 |
34,38 |
144 343 |
49,69 |
Дайын өнім |
1 126 |
0,57 |
1 115 |
0,33 |
2 756 |
0,94 |
Ағымдағы салықтық активтер |
4 837 |
2,46 |
6 566 |
1,97 |
7 183 |
2,47 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер, соның ішінде. |
7 653 |
3,93 |
25 570 |
7,67 |
5 607 |
1,93 |
Берілген қысқа мерзімді аванстар |
3 646 |
1,86 |
24 575 |
7,37 |
3 288 |
1,13 |
Есеп берудегі сомалар |
2 558 |
1,3 |
|
|
887 |
0,3 |
Болашақ кезең шығындары |
540 |
0,27 |
995 |
0,3 |
1 432 |
0,49 |
Айналым капиталының жиынтығы |
195 986 |
100 |
333 048 |
100 |
290 461 |
100 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
3 кесте мәліметтері қысқа мерзімді активтер құрамындағы баптардың үлестері мен сомалары туралы мәлімдейді. Мұнда ең жоғары үлес салмақты болып босалқы қорлар танылады. 2008 жылы, 96 007 мың тенге құрап, үлесі – 48,98%, ал 2009 жылы 115 640 мың тенге 34,72% болды. 2010 жылы босалқы қорлар 147 009 мың. тенге, үлесі 50,61% болды. Босалқы қорлар үлесінің өсуі байқалады.
Босалқы қорлардың ішінде «Материалдық активтер» 94 881 мың теңге мөлшерінде 48,41% үлесінде болды, 2009 жылы 114 525 мың теңге көлемінде 34,38% құрады, бұл жылы «Материалдық активтер» үлесі 14,03%-ға төмендеді. 2010 жылы Материалдар 144 343 мың теңгені құрап, үлесі 49,69%- ға дейін 15,31 пунктқа өскен.
Ақшалай қаражаттар үлесі де маңызды, олар 2008 жылы 10 237 мың тенге болып үлесі 5,22%, ал 2009 жылы үлесі 16,96% болып 56 508 мың тенгені құрады. Үлесі 11,74 пунктке өсті. 2010 жылы үлесі 9,75 % төмендеп 5 795мың тенге болды.
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар үлестері 2008 жылы 77252 мың теңгені құрады, 2009 жылы 128764 мың теңге молшері мен 38,66% үлесті құрады. Кысқа мерзімді дебиторлық міндеттемелер кәсіпорынның абсолютті өтімді активтеріне жатады.
- суретте, «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қысқа мерзіміді активтерінің құрылымы суреттелген, мұнда босалқы қорлар және дебиторлық борыштар басымдылығы айқын.
Сурет 3. «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қысқа мерзіміді активтерінің құрылымы
Дерек көзі: «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
4 кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері 2009 жылы 195 986 мың тенгеден 333 048 мың тенгеге дейін +137 062 мың тенге өсіммен өзгерді. 2010 жылы 290461 мың теңгеге дейін төмендеді, өзгеріс — 42 587 мың тенге болды.
Кесте 4
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қысқа мерзіміді активтерінің құрамының өзгеруі
Қысқа мерзімді активтер |
2008ж |
2009ж |
Өзгерістер 2008-2009жж |
2010ж |
Өзгерістер 2009-2010жж |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ақшалай қаражаттар және олардың эквиваленттері |
10 237 |
56 508 |
+46 271 |
5 795 |
— 50 713 |
4 кесте жалғасы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Кассадағы қолма-қол ақша |
10 237 |
56 508 |
+46 271 |
5 795 |
— 50 713 |
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар, соның ішінде. |
77 252 |
128 764 |
+51 512 |
124 777 |
— 2 987 |
Дебиторлық борыштар |
80 032 |
131 789 |
+51 757 |
127 792 |
— 3 997 |
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер |
— 2 780 |
— 3025 |
— 245 |
— 3015 |
+10 |
Босалқы қорлар, соның ішінде |
96 007 |
115 640 |
+19 633 |
147 009 |
+31 369 |
Материалдар |
94 881 |
114 525 |
+49 644 |
144 343 |
+29 818 |
Дайын өнім |
1 126 |
1 115 |
— 11 |
2 756 |
+1 641 |
Ағымдағы салықтық активтер |
4 837 |
6 566 |
+1 729 |
7 183 |
+617 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер, соның ішінде. |
7 653 |
25 570 |
+17 917 |
5 607 |
— 7 653 |
Берілген қысқа мерзімді аванстар |
3 646 |
24 575 |
+20 929 |
3 288 |
— 3 646 |
Есеп берудегі сомалар |
2 558 |
|
— 2 558 |
887 |
+887 |
Болашақ кезең шығындары |
540 |
995 |
+455 |
1 432 |
+437 |
Айналым капиталының жиынтығы |
195 986 |
333 048 |
+137 062 |
290 461 |
— 42 587 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Осы 4 кестеде, ақша қаражаттары бойынша 2008 жылмен 2009 жылды салыстырғанда өсім сомасы +13288 мың тенгеге өсіп 31128 мың тенге болды. 2010 жылы ақша қаражаттары 20722 мың.тенге төмендеп 10406 мың тенгені құрады.
Қысқа мерзімді дебиторлық міндеттемелер 2009 жылы +51 512 мың тенгеге өсіп 128 764 мың.тенге құрады, ал 2010 жылы — 2 987 мың.тенгеге төмендеп нәтижесінде 124 777 мың тенге болды.
Босалқы қорлар 2008 жылы 96 007 мың теңгені құрап +19 633 мың.тенгеге өсті де 2009 жылы – 147 009 мың.тенгені құрады, ал 2010 жылы +31 369 мың.тенгеге өсіп 147 009 мың.тенге болды.
Ағымдағы салықтық активтер +1 729 мың.тенгеге өсіп 2009 жылы 6 566 мың.тенге болды да, 2010 жылы +617 мың теңгеге өсіп 7 183 мың тенге болды.
Болашақ кезең шығындары 2008 жылы 540 мың теңгені құрап +455 мың.тенгеге өсті де 2009 жылы – 995 мың.тенгені құрады, ал 2010 жылы +437 мың.тенгеге өсіп 1 432 мың.тенге болды.
Басқа да қысқа мерзімді активтер 2008 жылы 7 653 мың теңгені құрап +17 917 мың.тенгеге өсті де 2009 жылы – 25 570 мың.тенгені құрады, ал 2010 жылы — 7 653 мың.тенгеге төмендеп 5 607 мың.тенге болды.
5 кесте мәліметтері «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010 жж негізгі капиталының құрамы мен құрылымын сипаттайды.
Кесте 5
«Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010 жж. негізгі капиталының құрамы мен құрылымы
Ұзақ мезімді активтер |
2008ж |
Үлесі, (%) |
2009ж |
Үлесі, (%) |
2010ж |
Үлесі, (%) |
Негізгі құралдар |
452 648 |
99,96 |
397 067 |
99,96 |
362 316 |
99,97 |
Материалдық емес активтер |
140 |
0,04 |
124 |
0,04 |
107 |
0,03 |
Негізгі капитал жиынтығы |
452 788 |
100 |
397 191 |
100 |
362 423 |
100 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Мұнда, 2009 жылы негізгі капиталдағы негізгі құралдар үлесі 99,96 % болып 2008 жылмен салыстырғанда өзгермеген.
2010 жылы алдағы жылмен салыстырғанда негізгі құралдардаң негізгі капиталдағы үлесі 0,01 пунктке өсіп 99,97 % болды.
Материалдық емес активтер жылы негізгі капиталдағы үлесі өте төмен деңгейде 2008 жылы — 0,04 %, ал 2009 жылыда осы деңгейде болып өзгерусіз – 0,04 % құрады, 2010 жылы – 0,03 % болды. Бұл кәсіпорынның материалдық емес активтермен қамтылуының төмен деңгейде екендігін білдіреді
Сурет 4. «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж негізгі капиталының құрылымы
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
4 суретте, «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж негізгі капиталының құрылымы көрініс тапқан. Ұзақ мерзімді активтерде негізгі құралдар жоғары деңгейлі дәрежеде екендігі мәлім, ал материалдық емес активтедің үлесі тіпті көрінбейді. Ұзақ мерзімді активтердегі өзгерістер 6- кестеде негізделіп көрстетілген.
Кесте 6
«Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж негізгі капитал құрамының өзгерісі
Ұзақ мезімді активтер |
Өзгерістер 2008- 2009жж |
Өзгерістер 2009- 2010жж |
||
Мың тенге |
% |
Мың тенге |
% |
|
Негізгі құралдар |
— 55 581 |
-12,27 |
— 34 751 |
-8,75 |
Материалдық емес активтер |
— 16 |
-11,43 |
— 17 |
-13,71 |
Негізгі капитал жиынтығы |
— 55 597 |
-12,28 |
— 34 768 |
-8,75 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Ұзақ мерзімді активтер 2008 жылы 452 788 мың.тенге болған, ал 2009 жылы 397 191 мың.тенге болып, төмендегені байқалады, мұнда өзгерістер – теріс нәтижелі 55 597 мың.тенге, немесе -12,28 % болған. 2010 жылы ұзақ мезімді активтер 362 423 мың.тенге болып — 34 768 мың.тенгеге, яғни — 8,75 % төмендеген.
Сонымен «Аура-Казахстан» ЖШС-нің қаржылық есебінде жүргізілген негізгі және айналым капиталдарының қозғалысын талдау барысында мынадай тұжырым жасауға болады:
— «Аура-Казахстан » ЖШС-нің активтер құрамында ұзақ мерзімді активтер үлесі басым, ол компанияның айналыстан гөрі басымырақ жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметпен айналысуының белгісі;
— қысқа мерзімді активтерде жоғары үлесті болып босалқы қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық борыштар танылды, ол айналымдылықты төмендететіндігін сипаттайды;
— ұзақ мерзімді активтерде көп мөлшерлі болып негізгі құралдар көрінеді, ал материалдық емес активтер мүлде төмен. Кәсіпорынның осы мәліметке көңіл бөлуі қажет.
2.2 «Аура Қазақстан» ЖШС-нің ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарын талдау
Қарыз көздерін қалыптастырудың бұрыс жолы корпорацияның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін, себебі, кредиторлардың талаптары корпорация қызметінің қаржылық-шаруашылық қорытындыларынан тәуелсіз қанағаттандырылуы тиіс.
Қарыз капиталын қолдану, бір жағынан, корпорация иелері үшін өте тиімді болуы мүмкін, себебі өндіріс көлемін, табысты көбейтуге, рентабельділікті өсіруге меншікті капитал түріндегі өте тапшы қаржылық ресурсты қосымша салусыз қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сондықтан, қаржы менеджері алдында екі өзара қарсы келетін мәселе тұрады – қарыз капиталын тартуда қаржылық тәуелсіздікті критикалық жоғалтуды қалай болдырмау керек және сонымен қатар меншік капиталының рентабельділігін өсіру керек [11]
Сонымен, кәсіпорынға қатынасы бойынша меншікті және қарыз капиталды бөліп көрсетуге болады. Меншікті капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады. Қарыз капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар кіреді.
Кесте 7
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж меншік және қарыз капиталдарының пассивтегі үлесітік қатынастары
Пассивы |
2008ж |
Үлесі, (%) |
2009ж |
Үлесі, (%) |
2010ж |
Үлесі, (%) |
Қысқа мерзімді міндеттемелер |
209 301 |
31,04 |
358 443 |
49,08 |
281 134 |
43,06 |
Ұзақ мезімді міндеттемелер |
14 805 |
2,20 |
7 520 |
1,03 |
4 236 |
0,65 |
Міндеттемелер жиынтығы |
224 106 |
33,24 |
365 963 |
50,11 |
285 370 |
43,71 |
Капитал |
450 030 |
67,76 |
364 276 |
49,89 |
367 514 |
56,29 |
БАЛАНС |
674 136 |
100 |
730 239 |
100 |
652 884 |
100 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
7 кесте «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж меншік және қарыз капиталдарының пассивтегі үлесітік қатынастарын сипаттайды.
2008 жылы қаржыландыру көздеріндегі меншік капиталы 450 030мың теңгені құрап үлесі 67,76 % болды.
2009 жылы бұл көрсеткіш 364 276мың теңге болып үлесі 49,89 % болды, айналысқа қарыз көздерін тартқаны туралы мәлімдейді. Және де осы жылы кәсіпорынның қарыз капиталына тәуелді болғандығы байқалады. Кәсіпорын билігін жоғалта жаздаған.
2010 жылы меншік капиталының үлесі 6,4 % өсіп 56,29 % құрады.
Қарыз капиталы бойынша мынаны мәлімдеуге болады:
2008 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 224 106 мың теңгені құрап, үлесі 33,24 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 209 301 мың теңге болып үлесі 31,04% құрады.
2009 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 365 963 мың теңгені құрап, үлесі 50,11 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 358 443 мың теңге болып үлесі 49,08% құрады.
2010 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 285 370 мың теңгені құрап, үлесі 43,71 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 281 134 мың теңге болып үлесі 43,06 % құрады.
Сурет 5. «Аура-Казахстан » ЖШС-нің 2008-2010жж қаржыландыру көздерінің құрылымы
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
5 Суретте кәсіпорынның қызметін қаржыландырудағы негізгі көздерінің талдау кезеңіндегі диаграммамен ұсынылған құрылымы мен құрамының өзгерісі суреттелген.
8 кестеде қысқа мерзімді міндеттемелердегі элементтерінің үлестері талданған.
Кесте 8
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж. қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы
Қысқа мерзімді міндеттемелер
|
2008ж |
Үлесі, (%) |
2009ж |
Үлесі, (%) |
2010ж |
Үлесі, (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, соның ішінде |
23 000 |
10,98 |
52 154 |
14,55 |
20 000 |
7,11 |
Банктік заемдар |
23 000 |
10,98 |
52 154 |
14,55 |
20 000 |
7,11 |
Салықтар бойынша міндеттемелер |
7 272 |
3,48 |
37 890 |
10,57 |
21 305 |
7,57 |
8 кесте жалғасы |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Басқа да салықтар мен міндетті алымдар бойынша міндеттемелер |
4 637 |
2,21 |
11 352 |
3,16 |
4 422 |
1,57 |
Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар |
78 048 |
37,28 |
120 312 |
33,56 |
147 764 |
52,55 |
Басқа да кредиторлық борыштар, соның ішінде |
96 344 |
46,03 |
136 735 |
38,14 |
87 643 |
31,17 |
Алынған аванстар |
70 377 |
33,62 |
104 091 |
29,03 |
73 062 |
25,98 |
Персоналмен есеп айырысу бойынша міндеттемелер |
23 963 |
11,44 |
261 166 |
72,86 |
7 192 |
2,55 |
Есеп беру бойынша міндеттемелер |
— |
— |
383 |
0,1 |
— |
— |
Үлескерлік табыстар мен дивидендтер бойынша есеп айырысу |
1 840 |
0,87 |
1 840 |
0,51 |
1 840 |
0,65 |
Басқа да міндеттемелер |
164 |
0,07 |
83 |
0,002 |
1 377 |
0,48 |
Жүйе ішіндегі міндеттемелер |
— |
— |
4 172 |
1,16 |
4 172 |
1,48 |
Жиыны |
209 301 |
100 |
358 443 |
100 |
281 134 |
100 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Мұнда, 2008 жылы жоғары үлес салмақты «Басқа да кредиторлық борыштар» болды, олар 96344 мың теңгені құрап үлесі 46,03% болды, бұл баптың үлесі 2009 жылы және 2010 жылдары төмендеді де, үлестері сәйкесінше 38,14% және 31,14% құрады. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер 2008 жылы 23 000мың теңге болып үлесі 10,98 % болды да, 2009 жылы – 14,55% жалпы сомасы 52 154 мың.тенге. 2010 жылы 20 000мың теңге болып үлесі 7,11 % болды.
Салықтық міндеттемелер үлесі 2008 жылы – 3,48% жалпы сомасы 7272 мың теңге болған, 2009 жылы – 10,57 % жалпы сомасы 37 890 мың теңге, 2010 жылы 21 305 болып үлесі тек 7,57 % құрады.
Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар сомасы 2008 жылы 78 048 мың.тенге болды да, 2009 жылы 120 312 мың.тенгені құраған, 2010 жылы 147 764 мың.тенге болды. Бұл өсу үрдісі төменде келтіріліп қарастырылған.
Үлескерлік табыстар мен дивидендтер бойынша есеп айырысу сомасы 2008 жылы 1 840 мың.тенге болды да, 2009 және 2010 жылдары еш өзгеріссіз, бірақ та үлестері шамалы азайғаны байқалады.
Сурет 6. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымының 2008-2010жж. өзгерісі
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010 жж қаржылық есебі негізінде құрылды
Алдында қарастырылған 7 кестедегі мәліметтер негізінде құрастырылған графикалық нысандағы 6 суретте «Аура-Казахстан» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымының 2008-2010жж. өзгерісі суреттелген.
9 кесте мәліметтері негізінде, «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қысқа мерзімді міндеттемелерінің ақшалай және пайыздық өзгерісін талдауға болады.
Кесте 9
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қысқа мерзімді міндеттемелерінің өзгерісі
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, соның ішінде |
Өзгерістер (+,-) 2008-2009гг. |
Өзгерістер (+,-) 2009-2010гг |
||
мың тенге |
% |
мың тенге |
% |
|
1 |
2 |
3 |
2 |
3 |
Банктік заемдар |
+29 154 |
+126,76 |
— 32 154 |
-6,28 |
Салықтар бойынша міндеттемелер |
+30 618 |
+421,04 |
— 16 585 |
-43,77 |
Басқа да салықтар мен міндетті алымдар бойынша міндеттемелер |
+6 715 |
+144,81 |
— 6 930 |
61,05 |
Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар |
+42 264 |
+54,15 |
+27 452 |
+22,82 |
Басқа да кредиторлық борыштар, соның ішінде |
+40 391 |
+41,92 |
— 49 092 |
-35,90 |
9 кесте жалғасы |
||||
1 |
2 |
3 |
2 |
3 |
Алынған аванстар |
+33 714 |
47,90 |
— 31 029 |
-29,80 |
Персоналмен есеп айырысу бойынша міндеттемелер |
+237 203 |
+989,87 |
— 253 974 |
-97,25 |
Есеп беру бойынша міндеттемелер |
+383 |
+100 |
— 383 |
-100 |
Үлескерлік табыстар мен дивидендтер бойынша есеп айырысу |
— 81 |
— 49,39 |
+1 294 |
+1559,04 |
Басқа да міндеттемелер |
+4 172 |
+100 |
-4172 |
-100 |
Жүйе ішіндегі міндеттемелер |
+149 142 |
+71,25 |
— 77 309 |
— 21,57 |
Жиыны |
+40 391 |
+41,92 |
— 49 092 |
-35,90 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
2009 жылы қысқа мерзімді міндеттемелердің барлығы 2009 жылы 41,25%, сомамен +40 391 мың тенгеге өскен. Қысқа мерзімді міндеттемелердің барлығы бойынша өсім байқалды, тек басқа да міндеттемелерден басқасы, онда төмендеу сомасы 81 мың теңгені құрап, азаю пайызы 49,39 % болды. Персоналмен есеп айырысу бойынша міндеттемелер басқа көрсеткіштермен салыстырғанда көп есе өскен 989,87 %, немесе 33714 мың теңгеге. Бұл бап көрсеткіші 2010 жылы керісінше төмендеген, — 253 974 мың теңгеге, немесе — 97,25 %-ға. Салықтар бойынша міндеттемелер 2009 жылы 421,04 %, немесе 30618 мың тенгеге өскен, ал 2010 жылы – 16585 мың теңгеге, немесе 43,77 пайызға төмендеген. Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар бойынша міндеттемелер 2009 жылы +54,15 %, немесе +42 264 мың тенгеге өскен, ал 2010 жылы – +27 452 мың теңгеге, немесе +22,82 пайызға өскен. Басқа да кредиторлық борыштар бойынша міндеттемелер 2009 жылы +41,92 %, немесе +40 391 мың тенгеге өскен, ал 2010 жылы –49 092 мың теңгеге, немесе -35,90 пайызға төмендеген. Үлескерлік табыстар мен дивидендтер бойынша есеп айырысу 2009 жылы – 81 мың теңгеге, немесе — 49,39 пайызға төмендеген. Ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы бойынша ақпараттар келесі 10 кестеде ұсынылған.
Кесте 10
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж. Ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы
|
2008ж |
Үлесі, (%) |
2009ж |
Үлесі, (%) |
2010ж |
Үлесі, (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер |
4 237 |
28,61 |
4 237 |
56,34 |
4 236 |
100 |
10 кесте жалғасы |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер |
10 568 |
71,39 |
3 283 |
43,66 |
0 |
0 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиынтығы |
14 805 |
100 |
7 520 |
100 |
4 236 |
100 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Ұзақ мезімді міндеттемелер құрамы мен құрылымы 9 кестеде мәлімденген. Мұнда, «кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер» сомасы 2008 жылы 4 237мың теңгені құрап, үлесі 28,61% құрады, 2009 жылы бұл көрсеткіш сол қалпында болғанымен үлестік қатынасы жоғарлаған, себебі басқа да «ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасы» азайған.
Бұл жылы «кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер» 56,34 % құрады. 2010 жылы бұл бап бойынша үлес салмағы толығымен 100 пайызды құрады.
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер 2008 жылы 10568 мың теңгені құрап, үлесі 71,39 % құрады, 2009 жылы 3283 мың теңге болып үлесі 43,66 % құрады. 2010 жылы «Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер» нөлге тең болды.
Сурет 7. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымының 2008-2010жж. өзгерісі
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010 жж қаржылық есебі негізінде құрылды
7 Суретте «Аура-Казахстан» ЖШС-нің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құрамы кесіндісінде ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құрылымының 2008-2010жж. өзгерісі суреттелген. Мұнда, ұзақ мерзімді міндеттемелер басым үлесте екендігі байқалатыны күмәнсіз.
Ал 2010 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелер құрамы тек «кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер» сомасынан тұрады да жалпы ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасының төмендегені айқын.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 2008 жылдан бастап азаюда, ол кәсіпорынның қарыздарының сомалары төмендегенін сипаттағандықтан «Аура-Казахстан» ЖШС-нің ұзақ мерзімді қарыз көздерінен тәуелсіз бола бастағаны өте жақсы көрсеткіш.
Кесте 11
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж ұзақ мерзімді міндеттемелерінің өзгерісі
Ұзақ мезімді міндеттемелер |
Өзгерістер (+,-) 2008-2009гг. |
Өзгерістер (+,-) 2009-2010гг |
||
мың тенге |
% |
мың тенге |
% |
|
Кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер |
0 |
0 |
-1 |
-0,02 |
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер |
-7285 |
-68,93 |
-3283 |
-43,65 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиынтығы |
-7285 |
-49,21 |
-3284 |
-43,67 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010 жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Кесте 11, «Аура-Казахстан» ЖШС-де кейінге қалдырған салықтық міндеттемелері бойынша өзгеріс 2008 жылы болмаған ал 2009 жылы олар 1 мың.тенгеге азайғанын білдіреді.
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша 2008 жылғы азаю сомасы 7285 мың немесе 68,93% болды, ал 2010 жылы бұл бап бойынша өзгерістер азаю жағына қарай болған, ол -3284 мың теңгені, немесе -43,67 % құрады.
Кесте 12
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж. меншік капиталының құрамы
Капитал |
2008г. |
2009г |
2010г |
Жарғылық капитал |
20 371 |
20 371 |
20 371 |
Резервтер |
396 453 |
396 453 |
396 453 |
Резервтік капитал |
3 056 |
3 056 |
3 056 |
Қайта бағалау резервтері |
393 397 |
393 397 |
393 397 |
Бөлінбеген табыс (орыны жабылмаған залал) соның ішінде |
33 206 |
— 52 548 |
— 49 310 |
Ағымдағы кезең табыстары |
9 046 |
— 85 754 |
3 239 |
Капитал жиынтығы |
450 030 |
364 276 |
367 514 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010 жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Меншікті капитал 12 кестемен «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж. меншік капиталының құрамында бөлінбеген пайда 2008 жылы 33206 мың теңге болып, 2009 жылы теріс нәтижелі болып 52548 мың теңгені құрады.
Резервтер 2008-2010 жылдары — 396 453 мың теңге көлемінде өзгеріссіз болды.
Жарғылық капитал мен Резервтік капитал, Қайта бағалау резервтері еш өзгеріссіз бір қалыпта ұсталуда.
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж. меншік капиталының құрамы мен құрылымының өзгеруі 11 суретте сипатталған.
Сурет 8. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж меншік капиталының құрылымы
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
13 кесте мәліметтері меншік капиталының құрамында болған өзгерістерді талдайды.
Кесте 13
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж меншік капиталы құрамының өзгерістері
Капитал
|
Өзгерістер (+,-) 2008-2009гг. |
Өзгерістер (+,-) 2009-2010гг |
||
мың тенге |
% |
мың тенге |
% |
|
Жарғылық капитал |
0 |
0 |
0 |
0 |
Резервтер |
0 |
0 |
0 |
0 |
Резервтік капитал |
0 |
0 |
0 |
0 |
Қайта бағалау резервтері |
0 |
0 |
0 |
0 |
Бөлінбеген табыс (орыны жабылмаған залал) соның ішінде |
— 85 754 |
— 258,25 |
— 101 858 |
-193,84 |
Ағымдағы кезең табыстары |
— 94 800 |
-1047,98 |
88 993 |
+103,78 |
Капитал жиынтығы |
-85754 |
-19,05 |
+3238 |
+0,89 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Мұнда, «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж жарғылық капиталы бір қарыпта екендігі байқалады, ол сол деңгейде 20 371 мың теңге мөлшерінде болды.
Резервтер 2008 жылы 396 453 мың.тенге болған, кейіннен өзгерістер байқалмайды.
Бөлінбеген пайда, нақты айтқанда залал сомасының азаюы 2009 жылы — 85 754 мың.тенге болды, 2010 жылы бұл бап бойынша азаю — 101 858 мың тенге болды, ол -193,84 %-ды құрады.
Жоғарыдағы «Аура-Казахстан» ЖШС-нің ақпараттары негізінде жүргізілген кәсіпорынның қызметін қаржыландырудағы қарыз және меншік капиталының жағдайын талдау бойынша келесідей тұжырым жасауға болады:
— «Аура-Казахстан» ЖШС-нің қарыз және меншік капиталының құрылымы оңтайлы, себебі оның құрамында меншік капиталының үлесі 50 пайыздан аспайды, қаржылық левередж қажетті деңгейде.
2008 жылы қаржыландыру көздеріндегі меншік капиталы 450 030мың теңгені құрап үлесі 67,76 % болды.
2009 жылы бұл көрсеткіш 364 276мың теңге болып үлесі 49,89 % болды, айналысқа қарыз көздерін тартқаны туралы мәлімдейді. Және де осы жылы кәсіпорынның қарыз капиталына тәуелді болғандығы байқалады. Кәсіпорын билігін жоғалта жаздаған.
2010 жылы меншік капиталының үлесі 6,4 % өсіп 56,29 % құрады.
Қарыз капиталы бойынша мынаны мәлімдеуге болады:
2008 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 224 106 мың теңгені құрап, үлесі 33,24 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 209 301 мың теңге болып үлесі 31,04% құрады.
2009 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 365 963 мың теңгені құрап, үлесі 50,11 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 358 443 мың теңге болып үлесі 49,08% құрады.
2010 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 285 370 мың теңгені құрап, үлесі 43,71 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 281 134 мың теңге болып үлесі 43,06 % құрады.
— Қарыз капиталы құрамында не қысқа не ұзақ мерзімді міндеттемелер орын таппаған, бұл екі жақты деп айтса болады. Меншік капиталы жеткілікті болған кәсіпорын меншік капиталының рентабелдігін өсіру үшін қарыз капиталын тартуына болады.
2.3 Компанияның ақша айналымын қалыптастырудағы «Аура Қазақстан» ЖШС-нің табыстылығын зерттеу
Компанияның ақша айналымын талдау үшін оның табыстар мен шығыстарын талдауда қажеттілік туындайды, сондықтан қаржылық есептін табыстар мен шығыстары және ақша қозғалыстарының кірістері мен шығыстарын кәсіпорынның қызмет түрлерінің кесіндісінде қарастырамыз
Кесте 14
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің табыстар мен шығыстарының 2008-2010жж. жағдайы
|
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2008-2009жж өзгерісі |
2009-2010жж өзгерісі |
||
мың тенге |
% |
мың тенге |
% |
||||
Өнімді өткізуден, қызмет көрсетуден табыс |
239992 |
148894 |
383255 |
-91098 |
-37,96 |
234361 |
157,40 |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны |
122448 |
82952 |
283980 |
-39496 |
-32,26 |
201028 |
242,34 |
Жалпы пайда |
117544 |
65942 |
99275 |
-51602 |
-43,90 |
33333 |
50,55 |
Әкімшілік шығыстар |
28611 |
18106 |
37185 |
-10505 |
-36,72 |
19079 |
105,37 |
Қаржыландыруға шығындар |
16936 |
14894 |
6711 |
-2042 |
-12,06 |
-8183 |
-54,94 |
Жалғастырылған қызмет бойынша Пайда (залал) |
71997 |
32942 |
55379 |
-39055 |
-54,25 |
22437 |
68,11 |
Салық салынатын табыс (залал) |
71997 |
32942 |
55379 |
-39055 |
-54,25 |
22437 |
68,11 |
Үлескерлер үлестерін шегергенге дейінгі табыс (залал) жиынтығы |
71997 |
32942 |
55379 |
-39055 |
-54,25 |
22437 |
68,11 |
Қорытынды пайда (залал) |
71997 |
32942 |
55379 |
-39055 |
-54,25 |
22437 |
68,11 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
14 кесте мәліметтері бойынша Өнімді өткізуден, қызмет көрсетуден табыс 2008 жылы 239992 мың теңгені құраған, 2009 жылы -91098 мың теңгеге (37,96%) төмендеп, 148894 мың теңгені құрады. 2010 жылы 157,40% өскен , яғни 234361 мың теңгеге.
Жалпы пайда 2008 жылы 117544 мың теңгені құраған, 2009 жылы -51602 мың теңгеге (- 43,90%) төмендеп, 65942 мың теңгені құрады. 2010 жылы 50,55%, яғни 33333 мың теңгеге өскен. Жалғастырылған қызмет бойынша Пайда (залал) 2008 жылы 71997 мың теңгені құраған, 2009 жылы -39055 мың теңгеге (-54,25%) төмендеп, 32942 мың теңгені құрады. 2010 жылы 68,11%, яғни 22437 мың теңгеге өскен. Салық салынатын табыс (залал), Үлескерлер үлестерін шегергенге дейінгі табыс (залал) жиынтығы мен Қорытынды пайда (залал) сомалары Жалғастырылған қызмет бойынша Пайда (залал) сомасымен бірдей. Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны 2008 жылы 122448 мың теңгені құраған, 2009 жылы -39496 мың теңгеге (-32,26%) төмендеп, 82952 мың теңгені құрады. 2010 жылы 242,34%, яғни 201028 мың теңгеге өскен. Әкімшілік шығыстар 2008 жылы 28611 мың теңгені құраған, 2009 жылы -10505 мың теңгеге (-36,72%) төмендеп, 18106 мың теңгені құрады. 2010 жылы 105,37%, яғни 19079 мың теңгеге өскен. Қаржыландыруға шығында 2008 жылы 16936 мың теңгені құраған, 2009 жылы -2042 мың теңгеге (-12,06%) төмендеп, 14894 мың теңгені құрады. 2010 жылы -54,94 %, яғни -8183 мың теңгеге азайған.
Сурет 9. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің табыстар мен шығыстар көрсеткіштерінің 2008-2010 жж өзгеру динамикасы
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
9 суретте, «Аура-Казахстан» ЖШС-нің қаржылық нәтижелерін және ақша айналымын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеру динамикасы графикалық түрде қарастырылған. Мұнда, 2008 жылығы көрсеткіштер 2009 жыл көрсеткіштері мен салыстырғанда әлде қайда жоғары. 2010 жылы қайтадан өсу қарқыны басталғаны мәлім.
15 кестеде кәсіпорынның ақша айналымын сипаттайтын «Аура-Казахстан» ЖШС-нің ақша қаражаттарының ағынының өзгерістері қарастырылған.
Кесте 15
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің операциялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынының өзгерістерін талдау
|
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2008-2009жж өзгерісі |
2009-2010жж өзгерісі |
||
мың тенге |
% |
Тыс. тенге |
% |
||||
Ақша қаражаттарының түсімі, барлығы |
318173 |
134666 |
505011 |
-183507 |
-57,68 |
370345 |
275,01 |
Тауарлар мен қызметтер өткізу |
187288 |
133610 |
445836 |
-53678 |
-28,66 |
312226 |
233,68 |
Алынған аванстар |
82370 |
0 |
0 |
-82370 |
-100 |
0 |
0 |
Басқа да түсімдер |
48515 |
1057 |
59175 |
-47458 |
-97,82 |
58118 |
5498,39 |
Ақша қаражаттарының шығындары, барлығы |
266961 |
103327 |
447312 |
-163634 |
-61,30 |
343985 |
332,91 |
Тауарлар мен қызмет үшін жабдықтаушыларға төлемдер |
120770 |
42742 |
313221 |
-78028 |
-64,61 |
270479 |
632,82 |
Берілген аванстар |
60106 |
15431 |
53168 |
-44675 |
-74,33 |
37737 |
244,55 |
Еңбек ақы төлемдері |
47061 |
19599 |
42611 |
-27462 |
-58,35 |
23012 |
117,41 |
Займдар бойынша сый ақы төлеу |
17116 |
17709 |
19121 |
593 |
3,46 |
1412 |
7,97 |
Бюджетке басқа да төлемдер |
20398 |
3414 |
14043 |
-16984 |
-83,26 |
10629 |
311,34 |
Басқалай төлемдер |
1510 |
4432 |
5148 |
2922 |
193,51 |
716 |
16,16 |
Операциялық қызметтен түскен таза ақша айналымы |
51212 |
31339 |
57699 |
-19873 |
-38,81 |
26360 |
84,11 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
15 кесте мәліметтері бойынша Ақша қаражаттарының түсімі, барлығы 2008 жылы 318173 мың теңгені құраған, 2009 жылы -183507 мың теңгеге (-57,68%) төмендеп, 134666 мың теңгені құрады. 2010 жылы 275,01%, яғни 370345 мың теңгеге өскен. Ақша қаражаттарының шығындары, барлығы 2008 жылы 266961 мың теңгені құраған, 2009 жылы -163634 мың теңгеге (-61,30%) төмендеп, 103327 мың теңгені құрады. 2010 жылы 332,91%, яғни 343985 мың теңгеге өскен. Ақша қаражаттарының шығындары, барлығы 2008 жылы 266961 мың теңгені құраған, 2009 жылы -163634 мың теңгеге (-61,30%) төмендеп, 103327 мың теңгені құрады. 2010 жылы 332,91%, яғни 343985 мың теңгеге өскен. Тауарлар мен қызмет үшін жабдықтаушыларға төлемдер шығындары, барлығы 2008 жылы 120770 мың теңгені құраған, 2009 жылы -78028 мың теңгеге (-64,%) төмендеп, 42742 мың теңгені құрады. 2010 жылы 632,82%, яғни 270479 мың теңгеге өскен. Берілген аванстар шығындары, барлығы 2008 жылы 60106 мың теңгені құраған, 2009 жылы -44675 мың теңгеге (-74,33%) төмендеп, 15431 мың теңгені құрады. 2010 жылы 244,55%, яғни 37737 мың теңгеге өскен. Займдар бойынша сый ақы төлеу шығындары, барлығы 2008 жылы 17116 мың теңгені құраған, 2009 жылы 593 мың теңгеге (3,46%) өсіп, 15431 мың теңгені құрады. 2010 жылы 7,97%, яғни 1412 мың теңгеге өскен. Еңбек ақы төлемдері бойынша шығындары, барлығы 2008 жылы 47061 мың теңгені құраған, 2009 жылы -27462 мың теңгеге (-58,35%) төмендеп, 19599 мың теңгені құрады. 2010 жылы 117,41%, яғни 23012 мың теңгеге өскен. Операциялық қызметтен түскен таза ақша айналымы 2008 жылы 51212 мың теңгені құраған, 2009 жылы -19873 мың теңгеге (-38,81%) төмендеп, 31339 мың теңгені құрады. 2010 жылы 84,11%, яғни 26360 мың теңгеге өскен. Азаюға Тауарлар мен қызметтер өткізу және Алынған аванстардың сәйкесінше -28,66% және -100% төмендеуі әсерін тигізген. Ол тұтынушылар тауарлар бойынша төлемдерін үақытылы төлемеуіне байланысты.
Сурет 10. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің операциялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынының өзгерістері
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
10 суретте, операциялық қызмет бойынша ақшалай кірістер мен шығыстар қозғалысы суреттелген. 2010 жылы ақшалай қаражаттардың өсімі байқалады.
16 кестеде, кәсіпорынның инвестициялық қызметінен түсетін ақшалай қаражаттармен инвестициялық қызметке жұмсалатын қаражаттардың қозғалысы ұсынылған.
Кесте 16
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынының 2008-2010жж өзгерістерін талдау
|
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2008-2009жж өзгерісі |
2009-2010жж өзгерісі |
||
мың тенге |
% |
мың тенге |
% |
||||
Ақша қаражаттарының шығындары, барлығы |
550 |
0 |
0 |
-550 |
-100 |
0 |
0 |
Негізгі құралдарды сатып алу |
550 |
0 |
0 |
-550 |
-100 |
0 |
0 |
Инвестициялық қызметтен түскен таза ақша айналымы |
-550 |
0 |
0 |
-550 |
-100 |
0 |
0 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
11 кесте ақпараттары негізінде мынадай тұжырым жасауға болады, инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынынында қозғалыс тек негізгі құралдарды сатып алу шығындарымен сипатталады. Инвестициялық қызметтен түскен таза ақша айналымы тек 2008 жылы 500 мың теңге мөлшерінде байқалады.
17 кестеде кәсіпорынның қаржылық қызметі бойынша ақша қозғалысының ақпараттары қарастырылған.
Кесте 17
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынының 2008-2010жж өзгерістерін талдау
|
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2008-2009жж өзгерісі |
2009-2010жж өзгерісі |
||
мың тенге |
% |
мың тенге |
% |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Ақша қаражаттарының түсімі, барлығы |
32581 |
2200 |
0 |
-30381 |
-93,25 |
-2200 |
-100,00 |
17 кесте жалғасы |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Займдар алу |
32581 |
2200 |
0 |
-30381 |
-93,25 |
-2200 |
-100,00 |
Ақша қаражаттарының шығындары, барлығы |
98466 |
32674 |
58620 |
-65792 |
-66,82 |
25946 |
79,41 |
Заемдарды өтеу |
54251 |
32674 |
58620 |
-21577 |
-39,77 |
25946 |
79,41 |
Басқа да |
44216 |
0 |
0 |
-44216 |
-100,00 |
0 |
0 |
Қаржылық қызметтен түскен таза ақша |
-65885 |
-30474 |
-58620 |
-30381 |
-93,25 |
-2200 |
-100,00 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
17 кесте мәліметтері бойынша Ақша қаражаттарының түсімі, барлығы 2008 жылы 32581 мың теңгені құраған, 2009 жылы -30381 мың теңгеге (-93,25%) төмендеп, 2200 мың теңгені құрады. 2010 жылы түсімдер мүлдем болмаған.
Ақша қаражаттарының түсімі Займдар алу элементтерінен тұрады, сондықтан қортынды сомасы заемдар көрсеткішімен тең.
Ақша қаражаттарының шығындары, барлығы 2008 жылы 98466 мың теңгені құраған, 2009 жылы -65792 мың теңгеге (-66,82%) төмендеп, 32674 мың теңгені құрады. 2010 жылы 79,41%, яғни 25946 мың теңгеге өскен.
Заемдарды өтеу шығындары, барлығы 2008 жылы 54251 мың теңгені құраған, 2009 жылы -21577 мың теңгеге (-39,77%) төмендеп, 32674 мың теңгені құрады. 2010 жылы 79,41%, яғни 25946 мың теңгеге өскен.
Басқа да шығындары, барлығы 2008 жылы 44216 мың теңгені құраған, 2009 және 2010 жылдары мүлдем болмаған, сондықтан 2009 жылы 100%, яғни -44216 мың теңгеге азайған.
Қаржылық қызметтен түскен таза ақша барлығы 2008 жылы -65885 мың теңгені құраған, 2009 жылы -30381 мың теңгеге (-93,25%) төмендеп, -30474 мың теңгені құрады. 2010 жылы -100%, яғни -2200 мың теңгеге азайған. Бұл теріс нәтиженің болуы кәсіпорынның ақшалай кірістері шығстарын жаппайтындығынан болған нәтиже.
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес кәсіпорынның қызметі бойынша ақша айналымы операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден қалыптасады, сондықтан жоғарыда жеке қызмет түрлері бойынша болған ақша айналымының қортындыларын біріктіре қарстыруға келесі аналитикалық кесте ұсынылады.
18 кестеде кәсіпорынның жалпы ақша қозғалысының ақпараттары қарастырылған.
Кесте 18
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің ақша айналымының 2008-2010жж қозғалысы
|
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2008-2009жж өзгерісі |
2009-2010жж өзгерісі |
||
мың тенге |
%
|
мың тенге |
%
|
||||
Операциялық қызметтен түскен таза ақша айналымы |
51212 |
31339 |
57699 |
-19873 |
-38,81 |
26360 |
84,11 |
Инвестициялық қызметтен түскен таза ақша айналымы |
-550 |
0 |
0 |
550 |
-100,00 |
0 |
0 |
Қаржылық қызметтен түскен таза ақша |
-65885 |
-30474 |
-58620 |
35411 |
-53,75 |
-28146 |
92,36 |
Ақша қаражаттарының өсімі (+) /азаюы (-) |
-15223 |
866 |
-921 |
16089 |
-105,69 |
-1787 |
-206,35 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Операциялық қызметтен түскен таза ақша айналымы 2008 жылы 51212 мың теңгені құраған, 2009 жылы -19873 мың теңгеге (-38,81%) төмендеп, 31339 мың теңгені құрады. 2010 жылы 84,11%, яғни 26360 мың теңгеге өскен.
Азаюға Тауарлар мен қызметтер өткізу және Алынған аванстардың сәйкесінше -28,66% және -100% төмендеуі әсерін тигізген. Ол тұтынушылар тауарлар бойынша төлемдерін үақытылы төлемеуіне байланысты.
Инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынынында қозғалыс тек негізгі құралдарды сатып алу шығындарымен сипатталады. Инвестициялық қызметтен түскен таза ақша айналымы тек 2008 жылы 500 мың теңге мөлшерінде байқалады.
Қаржылық қызметтен түскен таза ақша барлығы 2008 жылы -65885 мың теңгені құраған, 2009 жылы -105,69 мың теңгеге (-93,25%) төмендеп, -30474 мың теңгені құрады. 2010 жылы -100%, яғни -2200 мың теңгеге азайған.
Бұл теріс нәтиженің болуы кәсіпорынның ақшалай кірістері шығстарын жаппайтындығынан болған нәтиже.
Ақша қаражаттарының өсімі (+) /азаюы (-)2008 жылы -15223 мың теңгені құраған, 2009 жылы 16089 мың теңгеге (105,69%) төмендеп, 866 мың теңгені құрады. 2010 жылы 206,35, яғни -1787 мың теңгеге өскен.
Ақша айналымының азаюы Инвестициялық және Қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының таза ағыны сомаларының азайуымен байланысты.
Сурет 11. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж ақша айналымының элементтері
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды
11 суретте ақша ағындарының өзгерістері графикалық көріністе ұсынылған, мұнда «Аура-Казахстан» ЖШС-нің есеп беру кезеңінің соңындағы ақша қаражаттары мен эквиваленттері аса өзгермеген. Сонымен қатар инвестициялық қызмет бойынша таза ақша айналымы тұрақты, бірақ ол көрсеткіштер теріс таңбалы осьта орналасқанын ескеретін болсақ жағдайы нашар. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің ақша айналымын толық талдау үшін дебиторлық және кредиторлық борыштар бойынша келесіде талдау жүргізген жөн.(Кесте 19)
Кесте 19
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің дебиторлық және кредиторлық борыштарын талдау
Көрсеткіштер |
Есептеу әдісі |
2008г |
2009г |
2010г |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Дебиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті, К обор.дз |
Өнімді өткізуден түскен түсім/дебиторлық борыштың орташа құны |
3,11 |
1,16 |
3,07 |
19 кесте жалғасы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Күндермен белгіленген дебиторлық борыштар айналымдылығы, К обор.дз дн. |
Күнтізбелік күндер саны/К обор.дз |
115,88 |
310,34 |
117,21 |
Кредиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті, К обор.к з |
(өткізілген өнімді шығаруға кеткен шығындар – жыл басындағы босалқа қор + жыл соңындағы босалқа қор)/ кредиторлық борыштың орташа құны |
0,34 |
0,96 |
0,92 |
Күндермен белгіленген кредиторлық борыштар айналымдылығы, К обор. Кз дн |
Күнтізбелік күндер саны /К обор. Кз
|
1058,82 |
375 |
391 |
Дерек көзі: «Аура-Казахстан» ЖШС-нің 2008-2010жж қаржылық есебі негізінде құрылды |
Дебиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті, кезең ішінде Дебиторлық борыштар шамамен қанша рет ақша қаражаттарына айналатынын көрсетеді. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің дебиторлық борыштары жылына 1 немесе 3 рет аралығында ақша қаражаттарына айналып отырады
Кредиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті, кезең ішінде кәсіпорыннан талап етілген есептері бойынша есеп айырысу үшін қанша айналым жасау керектігін білдіреді. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің алдында талап етілген есептері бойынша есеп айырысу үшін 2008-2009 жылдар аралығында 0,34 немесе 0,99 айналым жасау керек болған. Яғни кәсіпорынның дебиторлық борыштарынан ақша айналымы кредиторлық борыштарын өтеуге уақытылы түсіп отырады.
- . КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың оңтайлы әдістері
- Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе ақша қаражатын басқару жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі. Кәсіпорын жұмыс барысында әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем қабілеттілік деңгейін анықтайды, операциялық кезеңнің мерзіміне әсер етеді, сондай-ақ белгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.
Кәсіпорынның салым ақшаларын қалыптастыру түрлі себептермен байланысты, олардың негіздері оның қалдық ақша қаражатының жіктелуінде.
Операциялық ақша активтерінің қалдығын қалыптастырудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық жұмыстарымен байланысты, ағымдағы төлемді қамтамасыз етуді қалыптастырады: шикізаттар, материалдар және жартылай фабрикаттарды сатып алуға; еңбек ақыға, салық төлеміне; басқа мекемелредің көрсеткен қызметтің төлеміне және т.б. Бұл қалдық ақша активтерінің құрамының негізгісі болып есептеледі.
Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы негізінен нарықтағы дайын өнімдер конъюктурасының нашарлауына байланысты және операциялық жұмыстан ақша қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін қалыптастыруға қажет. Қалдықтың бұл түрінің қалыптасуы кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық міндеттемелерді төлеуге қажет. Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне белгілі мөлшерде кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу мүмкіншілігі әсер ететді.
Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттерінде қолайлы конъюктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімджі қаржы салуды қалыптастырады.
Қалдықтың бұл түрі нысаналықпен тек сол уақытта қалыптастырылады, егер де ақша салымдарының қалыптасуы қажеттігін толық қағаттандыратын болса.
Қазіргі еліміздің экономикасының дамуы жағдайына байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерінің бұл түрін қалыптасытыруға мүмкіншілігі жоқ.
Өтемдік ақша активтерінің қалдығы – негізінен банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу қызметін көрсетуге және оған басқадай қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады. Ол – азаймайтын ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банктен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек. Мұндай қалдық ақша активтерін құру банктен кәсіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.
Қаралған қалдық ақша активтерінің түрлері тек кәсіпорынның өз салым ақшасын қалыптастырудың экономикалық уәжін сипаттайды. Айталық, сақтандыру ақша активтерінің қалдығын қолданбайтын кезеңіне оны инвестициялық мақсатқа пайдлануға болады немесе кәспорынның қатарлас өтемдік қалдық ақша ретінде қарауға болады.
Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша атиквтерін, пайдаланбаған кезеңде – оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады. Бірақта, әр аталған уәж есепке алынуы керек.
Қаржылық менеджментінің ақша активтерін басқару үдерісіндегі негізгі мақсаты мен бірге ақша активтерін басқару үдерісіндегі маңызды мәселенің бірі – уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Ақша салымын жинақтау және кәсіпорынның төлем қабілеттігін басқару оның ақша активтерін келесі элементтерге бөлінеді:
- Ұлттық валютамен ақша активтері,
- Шетел валютасымен ақша активтері,
- өтімділігі жоғары қаржы бөлу түрінде ақша активтерінің қорлары.
Кәсіпорынның ақша активтерінің құрамын қаржылық менеджменттің көзқарасымен сипаттай отырып, атап кететін жай, мұндағы трактат бухгалтерллік есептен кең. Бухгалтерлік есепте қысқа мерзімді қаражат бөлу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп объектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін қор түрінде орналастыруды қарайды, өйткені ол кез келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға қажет болуы мүмкін.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсатына сай, ақша активтерін басқару үдерісінде, оны басқаруға сәйкес саясат қалыптастырылады. Осы саясатты қалыптастыру үдерісінде есепке алатыны, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы көп мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажетілігін анықтайды, яғни кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.
Басқа жағынан қарағанда, ескеретін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақты лы құнынан айрылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарыда сақтау кезінде өз құнынан айрылады, осыған байланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді. Осы аталған қарам-қайшылықты талап ақша активін басқару саясатын жасаған кезде ескерілуі тиіс. Соныменен, ақша активтерін басқару саясаты – кәсіпорынның айналымды активтерін жалпы басқару саясатының бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиындық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәспорынға тұрақты төлемқабілеттігі қамтамасыз етіледі.
Өткен кезеңдегі кәсіпорынның ақша активтерін талдау. Бұл талдаудың негізгі мақсаты – орташа қалдық ақша активрінің деңгейін және сомасын бағалау, кәсіпорынның төлемдік қабілегін қамтамасыз ету және оны пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Талдаудың бірінші кезеңінде ақша активтерінің айналым капиталына қатысу деңгейін және оның өткен кезеңдегі серпіні бағаланады. Бағалау – айналым капиталындағы ақша активтерінің қатысу коэффициентін анықтау негізінде іске асады, ол төмендегі формула арқылы есептелінеді:
АКаак=ААк/ААс (10)
АКаак – айналым капиталындағы ақша активтерінің қатысу коэффициенті,
ААк — қаралған кезеңдегі кәсіпорынның жиынтық ақша активтерінің орташа қалдығы,
ААс – кәсіпорынның қаралған кезеңдегі айналым активтерінің орташа сомасы.
Талдаудың екінші кезеңінде – қаралған кезеңдегі ақша активтерінің айналым саны және орташа айналым кезеңі анықталады. Мұндай талдау ақша активтерінің, кәсіпорынның жалпы операциялық циклінің ұзақтығының ролін сипаттау үшін жасалынады.
Кәсіпорынның ақша активтерін басқару саясатын жасау келесі негізгі кезеңдерден тұрады (Сурет 12).
1. Операциялық ақша активтерінің қалдығы |
2. Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы |
||
|
Кәсіпорын салым ақшалырының түрлері |
|
|
3. Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы |
4. Өтемдік ақша активтерінің қалдығы |
||
Сурет 12. Кәсіпорынның шетел банктеріндегі салым ақшаларының негізгі түрлері
Дерек көзі: Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. [7]
Ақша активтерінің орташа айналым кезеңі келесі формула арқылы есептелінеді:
Аак=Аа/Ас (11)
Аак – ақша активтерін орташа айналым кезеңі, күн,
Аа – қаралған кезеңдегі кәсіпорынның жиынтық орташа қалдық ақша атиквтері,
Ас – қаралған кезеңдегі өнімдерді сатудың бір күндік айналым сомасы.
Келтірілген формулада айналымдағы ақша активтерінің орташа кезеңі – кәсіпорынның жалпы операциялық циклінің ұзақтығын анықтау үшін қолданылады.
Талдаудың үшінші кезеңінде – кәсіпорынның абсолютті төлемқабілеттігінің деңгейі анықталады. Ол үшін абсолюттік төлем қабілеттік коэффициенті есептелінеді.
Талдаудың төртінші кезеңінде – қалдық бос ақша активтерін қысқа мерзімді қаржыға жұмсау деңгейі есептеліп және қысқа мерзімді қаржы жұмсаудың рентабельдік коэффициенті анықталады.
Бос ақша активтерін қысқа мерзімді қаржы жұмсау деңгейі келесі формула арқылы анықталады:
Қаажд =(ҚМҚж х 100)/ЖААқ (12)
Қаажд – бос қалдық ақша активтерін қысқа мерзімді қаржыға жұмсау деңгейі, пайыз,
ҚМҚж – қаралған кезеңдегі орташа қалдық ақша активтері түріндегі қысқа мерзімді қаржы жұмсау түрінде,
ЖААқ – кәсіпорынның қаралған кезеңдегі жинақы ақша активтерінің орташа қалдығы.
Қысқа мерзімдегі қаржыны жұмсаудың рентабельдік коэффициенті келесі формуламен есептелінеді:
ҚҚСРк =П/ҚМҚЖ (13)
ҚҚСРк – қысқа мерзімді қаржы жұмсаудың рентабельдік коэффициенті,
П – кәсіпорынның қысқа мерзімді бос ақша активтерін инвестициялауда алынған пайда сомасы,
ҚМҚЖ – қаралған кезеңдегі қысқа мерзімді қаржы жұмсаудың орташа қалдық ақша активтері.
Жасалған талдау нәтижесі кәсіпорынның ақша басқару саясатының жекелеген параметрлерін жасау үдерісінде қолданылады.
Кәсіпорынның орташа қалдық ақша активтерін оңтайландыру
Мұндай оңтайландыру алдағы кезеңге қалған қалдықтың жекелеген түрлерінің қажетті мөлшерін есептеу арқылы жасалынады. Операциялық қалдық ақша активтерінің қажеттілігі, олардың ағымдағы шаруашылық жұмысын орындауға барынша азайған қажетті сомасына сипаттайды.
АаОс =Аак/Аас (14)
АаОс – кәсіпорынның жоспарланған ақша активтерінің операциялық қалдық сомасы,
Аак – кәсіпорынның операциялық жұмысының жоспарлы ақша айналымының көлемі,
Аас – жоспарлы кезеңдегі орташа қалдық ақша активтерінің айналым саны.
Операциялық қалдық ақша активтерінің жоспарлы сомасын есептеуді, есеп беру көрсеткіштерінің негізіне жасауға болады, егер де талдау үдерісінде ол өз уақытында кәсіпорынның операциялық жұмыстарымен байланысты барлық төлемдерді төлеп отырса.
Бұл жағдайда келесі формула арқылы шығарылады:
Аажс =Аанс + (Жкаа— Аанк) /Ааас (15)
Аажс – кәсіпорынның операциялық қалдық ақша активтерінің жоспарлы сомасы,
Аанс – кәсіпорынның өткен кезеңдегі операциялық қалдық ақша активтерінің нақтылы орташа сомасы,
Жкаа – кәсіпорынның операциялық жұмысының жоспарлы көлемдегі ақша айналымы,
Аанк – кәсіпорынның өткен кезеңдегі операциялық жұмысының ақша айналысының нақтылы көлемі,
Ааас – жоспарлы кезеңдегі орташа қалдық ақша активтерінің айналым саны.
Сақтандыру қалдық ақша активтеріне қажеттілік операциялық қалдық соманы есептеу негізінде және ксәпорынға жекелеген айларда өткен жылығы ақша қаражаттары коэффициентінің бірқалыпты түспеуі негізінде анықталады.
Сақтандыру қалдық ақша активтерінің жоспарлы сомасын есептеуге келесі формула қолданылады:
Аасс =Аақ +Ақтк (16)
Аасс – кәсіпорынның қалдық ақша активтерін сақтандырудың жоспарлы сомасы,
Аақ – кәсіпорынның операциялық қалдық ақша атиквтерінің жоспарлы сомасы,
Ақтк – есепті кезеңдегі кәсіпорынға ақша қаражаттарының түсуінің коэффициент вариациясы.
Өтемдік қалдық ақша активтеріне қажеттілік банкпен қызмет көрсетуге жасалған келісімде белгілі мөлшерге жоспарланады. Егер де кәсіпорынға қызмет көрсететін банктің келісімде мұндай талап көрсетілмесе, онда аталған қалдық ақша активтері кәсіпорынға жоспарланбайды.
Инвестициялық қалдық ақша активтеріне қажеттілік кәсіпорынның қалдық ақша активтерінің басқа түрлеріне қажеттігі толық қамтамасыз етілгеннен кейін ғана, қаржы мүмкіншілігін болса ғана жоспарланбайды. Өйткені, ақша активтерінің бұл бөлігі сақтау кезінде өзінің құнын жоғалтпайды. Бұл бөлік ақша активтерін қалыптастырудың критериясы операциялық активтердің рентабельдігімен салыстырғанда қысқа мерзімді инвестициядан жоғарғы рентабельдік коэффициентін қаматамсыз етуді талап етеді.
Жоспарлы кезеңдегі орташа қалдық ақша активтерінің жалпы мөлшері оның қажетті есептеген жекелеген түрлерінің жиынтығы арқылы анықталады:
АаОс =ОҚаас +СҚаас +ӨҚаас +ИҚаас (17)
АаОс – жоспарлы кезеңдегі кәсіпрынның ақша активтер орташа сомасы,
ОҚаас – жоспарлы кезеңдегі операциялық қалдық ақша активтерінің орташа сомасы,
СҚаас – жоспарлы кезеңдегі сақтандыру қалдық ақша активтерінің орташа соамсы,
ӨҚаас – жоспарлы кезеңдегі компенсациялық қалдық ақша активтерінің орташа сомасы,
ИҚаас – инвестициялық қалдық ақша активтерінің сомасы.
Соңғы үш қалдық ақша активтерінің – белгілі жағдайда бір-бірін ауыстыра алатын жайын есепке ала отырып, кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігінің қиыншылығы болған жағдайда оған жалпы қажеттілік сәйкестеліп қысқарады.
Шет ел қаржы менеджменті практикасында орташа қалдық активтерін анықтаудың күрделі үлгілері кездеседі. Олардың ішіндегі кең қолданылатындары Баумоль және Миллер-Орр үлгілері.
Ұлттық және шетел валютасындағы орташа қалдық ақша активтерін жіктеу
Мұндай жіктеу тек қана шетелдер сыртқы эконмикасында жұмыс істейтін кәсіпорындарда орындалады. Жіктеудің негізгі мақсаты – жалпы ақша активтеріне оңтайландыратын қажетіліктен олардың валюталық бөлігін бөліп, кәсіпорынның валюталық қорын қалыптасытыурды қамтамасыз ету. Мұндай жіктеудің негізі – жалпы ішкі және сыртқы экономикалық операциялық үдерісті орындауға жоспарланған ақша қаражаты.
Кесте 20
Кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз етуші ақша активтерінің негізгі элементтерінің құрамы
Ұлттық валютамен ақша активтері |
Шетел валютасымен ақша активтері |
Қысқа мерзімді қаржы бөлу түріндже ақша активтерінің қоры |
Кассадағы ақша қаражаты |
Кассадағы валюта қаражаты |
Қысқа мерзімді ақша аспап түріндегі қор активтері |
Есеп шоттағы ақша қаражаты |
Валюта шотындағы қаражат |
Қысқа мерзімді қор асабы түріндегң қор активтері |
Арнаулы есеп шоттағы ақша қаражаты |
Арнайы шоттағы валюта қаражаты |
— |
Жолдағы ақша қаражаты |
Жолдағы валюта қаражаты |
— |
Дерек көзі: Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. [7] |
Орташа қалдық ақша активтерін тиімді реттеу түрін таңдау
Мұндай реттеу кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Орташа қалдық ақша активтерін реттеудің негізгі әдісі – болуға тиісті төлем ағымдарын үйлестіру. Мұндай үйлестіру келесі кезеңдерде орындалады.
Бірінші кезеңде – қаражаттың жоспарлы түсімі және шығыны негізінде алдағы тоқсандағы кәсіпорынның қалдық ақша активтерінің жекелеген он күндік бойынша ауытқуы зерттеледі.
Қалдық ақша активтерінің өзгерме ауқымын анықтау үдерісінде олардың жоспарлы кезеңдегі мағынасы белгіленеді:
- ақша активтерінің барынша азайған қалдығы,
- ақша актвтерінің барынша көбейген қалдығы,
- орташа қалдық ақша активтері.
Екінші кезеңде он күндіктегі ақша қаражатын ұстау мерзімін реттейді (олардың түсімімен байланыстылықты), мұның өзі қалдық ақша активтерінің әрбір ай, тқсан және жыл бойына барынша азаюына ықпал етеді.
Уақытша бос қалдық ақша активтерін рентабельді пайдалануды қаматамасыз ету
Бұл ақша активтерін басқару саясатын қалыптасытур кезеңінде, оларды сақтау үдерісіндегі жоғалу деңгейін кеміту шаралары жасалынады.
Мұндай шаралардың негізгілеріне жататындар:
- кәсіпорынмен есеп жасауға қызмет көрсететін, ақша активерінің қалдығын сақату жайын банкпен келісу,
- сақтандыруды және инвестициялық қалдықақша активтерін уақытша сақтауға қысқа мерзімді ақша құралдарын инвестициялауды пайдалану,
- қорды және бос ақша активтерін инвестициялауға жоғарғы табыстықор құралдарын пайдалану.
Кәсіпорындардың ақша активтеріне тиімді бақылау жүйесін құру
Мұндай бақылау объектісі ретінде кәсіпорынның ағымдағы төлемін қамтамасыз ететін қалдық ақша активтерінің жиынтық деңгейі, сонымен қатар кәсіпорынның тиімді қалыптастырған қысқа мерзімді қаржылық салым портфелінің деңгейі қаралады.
Ақша активтері кәсіпорынның қаржылық міндеттемесі бойынша төлем қабілеттігін қамтамасыз ету үдерісінде белсенді роль атқарады:
- шұғыл жұмыс міндеті (орындалу мерзімі 1 айға дейін) және қысқа мерзімді (орындалу 3айға дейін),
- ағымдағы міндеттемелер (орындалу мерзімі 1 жылға дейін),
- басқадай айналым активерінің түрлерімен қамтамасыз етіледі.
- кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз етуде қалдық ақша активтерінің жинақы деңгейін бақылау келесі критерийлерге сүйенеді:
- Шұғыл міндеттеме (орындалу мерзімі 1 айға дейін) < қалдық ақша активтері;
- Қысқа мерзімді міндеттемелері (орындалу мерзімі 3 айға дейін) < қалдық ақша активтері + дебиторлық қарыз мөлшері
Кәсіпорынның қалыптастырылған қысқа мерзімді қаржы салу портфелінің тиімділік деңгейін бақылау келесі критерийлерге сүйенеді:
- Портфельдің және жекелеген оның құралдарының табыс деңгейі > орташа нарықтық табыс деңгейі;
- Портфельдің және жекелеген оның құралдарынының табыс деңгейі> елдегі инфляция қарқыны
Ақша активтерін бақылау жүйесі кәсіпорынның жалпы қаржысын бақылау жүйесімен интеграцияда болуы тиіс.
3.2 Компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру
Бұл кезеңде қаржы ресурстарын қалыптастырудың екі барынша маңызды мәселелері байқалады, бұл несие мен қарыздарды тартудың жоғары пайыздары мен қарыз және меншік капиталдың ара қатынасы.
Меншік және қарыз қаражаттарының қорытынды қатынасы қандай болуы керек, қаржы ғылымының теоретиктерінің күш-жігерлеріне қарамастан бұл мәселенің әлі күнге дейін нақты жауабы жоқ. Өткен ғасырдың орта шегінде қаржы жөніндегі екі американдық мамандар Мертон Миллер мен Франко Модильянның (соңында Нобель сыйлығының лауреаты болған) құрған үлгілерінің біріне сәйкес фирма құнын барыншы жоғарылату үшін (бұл қаржылық менеджменттің ақырғы мақсаты болып табылады) капиталдағы қарыз үлесін 100%-ға дейін жеткізген дұрыс.
Егер алынған пайда пайыздарды төлеуге жетпейтін болса, екінші компанияға меншік капиталына жоғарылатылған табыстылықты қамтамасыз етіп келген қаржылық тұтқа енді оған үлкен шығындар әкеледі. Пайыздарды төлеуге ақша қаражаттары жетіспеген жағдайда банкроттық рәсімі орындалуы мүмкін. Фирманы тарату туралы шешімді қабылдау бизнестен күтілетін ақша ағымдары активтерді сатудан түсетін ақша сомасынан аз болатындығын білдіреді. Банкроттық өзінен өзі компания құнын өзгертпейді, ол қалған ақшаны алу үшін кредиторлар (ең алдымен) және меншік иелерін (екінші кезекте) «кезекке тұрғызу» рәсімі ғана. Компанияның құны осы рәсімдерді жүзеге асырумен байланысты — әкімшілік, сот және активтерді мәжбүрлі түрде сатудан болған шығындар есебінен ғана төмендейді. Банкроттықтан болатын зиян шегу қаупін кредиторлар талап етілетін табыстылық өсімімен орын толтырады. Қарыз капиталына деген баға күрт артады да – тұтқаның әсері нөлге жетеді. Тәжірибе дәлелдегендей: қаржылық тұтқа мәні жоғары бола отырып, фирманың іскерлік белсенділігі төмендеген кезеңде ол өзінің нарықтағы үлесін капитал құрылымы консервативті болып келетін бәсекелестерге береді (бұл жерде консервативтілік қарыз қаражаттарының шамалы ғана үлесі болытындығын білдіреді).
Менеджердің міндеті табыстылық пен тәуекелділіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін қаржы тұтқасының бір орташа компромистік мәнін — демек, компанияның максималды құнын табу болып табылады.
Алайда, капитал құрылымы қандай да бір мифтік «нормамен» емес, бизнес динамикасымен — өткізу мен пайда көлемінің өсуімен, салынған капиталдың табыстылығы және осы табыстылықтың стандартты ауытқуымен анықталуы тиіс. Сонымен бірге, капитал құрылымы (дивиденттік саясат секілді) компанияның негізгі өнімінің өмірлік циклінің кезеңдеріне сәйкес келуі тиіс: «Өмірлік циклмен ары жүрген сайын, капиталдағы қарыз соғұрлым жоғары болады. Қаржылық тұтқа әдетте өседі, дивиденттер үлесі де өседі. Пайыздық шығындарды жабу коэффициенті (бұл пайданың пайыздар мен салықтарды төлегенге, EBIT дейін пайыздарды төлеуге кететін шығындарға қатынасы) әдетте төмен түседі. Тиімділік әлсірейді, free cash flow — өседі».
Көптеген сарапшылар тиімді құрылымды тапқан кезде қаржылық икемділікті ұстап тұру қажеттігін және қаржылық қиыншылықтар немесе компания нарықта бағаланбаған жағдайда «қарыздық қуат» деп аталатын қор – резервтің болуын ұсынады.
Қалай болғанда да капитал құрылымын оңтайландырудың көптеген әдістерінің кез келгенін пайдаланған кезде кепіл берілген нәтижелердің болмағанда бұл үдеріс қаржылық директор үшін өз өнерін көрсетудің әдісіне айналады.
Қаржылық ресурстарды қалыптастырудағы екінші проблемалық сәт коммерциялық банктердің жоғарғы пайыз ставкалары болып табылады.
Кәсіпорынның ағымдағы қаржылық тұрақтылығын төмендететін мәселе ағымдағы өндірісті қамтамасыз етуге қажетті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі болып табылады. Кәсіпорынның дамуына кедергі келтіретін негізгі саңылауларға бір жағынан сатып алушылардың төлемдерді төлемеуі, екінші жағынан – жеткізілген өнім үшін есеп айырысуларда ақшалай құрамдас бөліктің үлкен үлесінің болуы жатады.
Соңғы жылдарда қаржылық ресурстар көзінің құрылымында өзгерістер болды. Негізгі шаруашылық қызметтен алынған табыстың төмендеуінен болған шығындардың орнын толтыру көптеген саларда негізгі қызмет түрлері бойынша операциялардан түсетін түсімдер есебінен үлеске бөліне бастады, ол шетелдік өткізу нарығына және валютамен жүргізілетін операцияларға күшейтілген түрде бейімделумен, қаржылық алып сату нарығына белсенді түрде шығумен, «табиғи айырбас» мәмілелері және өзара есеп айырысу тәжірибесінің кеңеюімен, шоттардың бір бөлігін еншілес құрылымдар арқылы аударумен және т.б. түсіндіріледі. Қысқа мерзімнің ішінде бұл қайнар көз экономиканың көптеген салаларының жиынтық қаржы ресурстарын қалыптастыру кезінде маңыздылығы жағынан екінші орынға шықты, ал құрылыс пен жекелеген өнеркәсіп салалары үшін – басымдық танытып отыр. Басқа түсімдердің кенеттен өсіп кетуі — жалпы теріс құбылыс. Ол қаржылық ресурстарды қалыптастыру кезіндегі алдын ала болжай алмаушылықтың күшеюін, мүмкін болатын көлемдерді нақты есептеулердің төмендеуін, ақша қаражаттарын «толығымен алмау» қаупінің артуын көрсетеді.
Кредиторлық және дебиторлық қарыздар арасындағы қатынас нашарлады. Мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздар жалпы өнеркәсіп бойынша осы түрдегі қарыздардың жартысын құрайды. Мерзімі өтіп кеткен қарыздардың осылайша жоғары болуы экономикалық жағынан өнеркәсіпті, оның салалық құрылымын, қалыпты ұдайы өндірісті қалпына келтірудің қаржылық ресурстарының жалпы, әрі айтарлықтай дәрежеде қысқаруын білдіреді. Кредиторлық және дебиторлық қарыздар қатынасы, сондай-ақ тұрақты беталыстың мерзімі өтіп кеткен қарыздардың жалпы сомасындағы өсіміне деген қатынасы көрсеткішінің теріс динамикасының негізгі себебі негізгі өндірістік қорлардың табиғи қысқаруы мен бұзылуы, көп жағдайда олардың кеңейтілген ұдайы өндірісінің ғана емес, сонымен бірге қарапайым түрініңде қысқаруы болып табылады. Нәтижесінде — өндірісті қаржыландырудың меншік көздерінің қысқаруымен қатар жүретін, өндіріс көлемі күрт төмендейді.
Қысқартылған көлемде ұдайы өндірісті жүзеге асыру (негізінен қарыз қаржаттарының есебінен) нәтижесінде банктік несиелеу кезінде қалыптасатын қарыздарға қызмет көрсету шығындары артады. Бұлардың барлығы өнеркәсіптік кешендегі ұдайы өндіріс процесіне қызмет көрсететін қаржылық жағдайдың айтарлықтай бұзылуын көрсетеді.
Жеткізушілер мен басқа кредиторлардың қарыздарын кәсіпорынның меншік айналым құралдарына және банктің жетіспейтін қысқа мерзімді несиелеріне орналастыру беталысы байқалуда. Кәсіпорындар кредиторлық қарыздардың аталған көздерін орналастыруға қызығушылық танытып отыр, оны пайдалану банктік несиелерге қарағанда арзандау түседі.
Экономиканың барлық салалары депрессиялық даму фазасында болған жағдайда шаруашылық белсенділік нақты секторда сыртқы инвестициялардың, оның ішінде бюджеттен келетін ағымдар негізінде жандануы мүмкін. Алайда, соңғы жылдары өкіметтің бюджеттің табыс бөлігін қалыптастыру процесін қалыпқа келтіруге деген сәтсіз ұмтылыстары салдарынан экономикалық бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру кейінге қалдырылды. Егер саланы бюджеттік қолдаудың қысқаруы нарықтық өзгерістердің мәнімен формальді түрде келісілетін болса, онда қаржы құралдарын жұмылдыру әдісі ретіндегі несиелеуден толығымен бас тарту қалыпты нарықтық экономиканың даму заңдылықтарына қайшы келеді.
Өндірістік сала соңғы алты жылдың ішінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырады: іс жүзінде айналым капиталы таратылған, инвестициялардың бес рет қысқаруы өндірістің екі рет құлдырауымен қатар жүрді.
Өндірістік капитал салымдарының негізгі бөлігі кәсіпорынның ішкі қаржаттары, ең алдымен амортизация есебінен жүзеге асырылады, ал негізгі және айналым капиталына салынатын салымдар жинақтар есебінен ең төменгі деңгейде қалып отыр. Қазіргі уақытта ішкі жинақтардың үлкен бөлігі экономикаға салынбайды. Дәл осы мәселені шешу нақты сала кәсіпорындарының ссудалардың пайыздық ставкаларын төмендетудің және капиталдың өндіріске ағуының түбегейлі шарты болып табылады.
Инвестициялық белсенділік үшін амортизациялық қорды пайдалануды ретке келтірудің маңызы ерекше. Қазіргі уақытта амортизациялық аударымдардың ірі ақша сомалары заңдармен белгіленген тәртіпке қарамастан мақсатына қарай пайдаланылмайды. Олар тұтыну мақсатында жұмсалады, жоғары пайызбен коммерциялық банктерге орналастырылады және т.б. Болашақта амортизацияның барлық нормалары жоғары болып, кейбір қажеттіліктер туындаған жағдайда жылдамдатылған амортизацияға түрленуі тиіс.
Елімізде жылдамдатылған амортизация механизмінің кең тарамауын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Амортизация егер құрал-жабдақтар бос тұрып қалса, меншік құнды ауырлатады. Бір жағынан, амортизацияның қарапайым әдістерін қолдану кәсіпорын пайдасына салықтарды көптеп аударуға алып келетін болса, екінші жағынан – амортизацияның жылдамдатылған әдістері пайданы қолдан төмендетеді де, инвесторлар, кредиторлар мен басқа да кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты пайдаланушыларды шатастыруы мүмкін. Кейбір кәсіпорындар жылдамдатылған амортизация әдістерін қолданбайды, сонымен бірге меншік құнды төмендету және соның салдары ретінде өнімнің бәсекелестік күрестегі бағасын төмендету мақсатында амортизацияның қарапайы әдістерінің нормаларын да қысқартуға тырысады.
Жылдамдатылған амортизация ең алдымен динамикалық, ауыр қарыздары жоқ және негізгі қорларға ешқандай жеңілдіктерсіз инвестициялар сала алатын фирмалардың шектелген тобы үшін маңызды. Амортизация мүмкіндіктерін асыра пайдалануға болмайды: амортизациялық кестелер қалыпты банк немесе коммерциялық несиелерге орналастырылған акциялар түріндегі сырттан келетін қаражаттарды алмастыра алмайды. Амортизацияның жылдамдатылған әдістері өздігінен инвестициялар салудың ынтылындыру құралы болмайды, олар инвестицияларды салып қойған кәсіпорындарды ғана көтермелейді де, соның негізінде өнеркәсіптің қайта жандану үдерісінің катализаторына айналады.
Қаржы ресурстарын жұмылдырудың мүмкін болатын көздері:
- бағдарламаларды жүзеге асыруға берілетін кепілді несиелер: банк кәіспорынға мемлекеттік органның кепілімен несие береді не болмаса мемлекеттік органға мақсатты несиелерді бөледі, ал мемлекеттік орган оларды бағдарламаны жүзеге асыруға, акцияларды сатып алуға пайдаланады;
- корпоративтік бағалы қағаздар нарығын, атап айтқанда екінші нарықты дамыту.
Өндірістік саланы қаржылық сауықтырудың негізгі әдістері:
— қорлардың мақсатты арналымына қарай амортизациялық аударымдарды қалыптастыру мен пайдалану үшін қаржы, заңдық есептеу-бақылау жағдайларын құру;
— капиталдың материалдық өндірістен шетелге өтіп кетпеуін болдырмау; таза пайданы (салықты төлеуден қалатын) экономиканың жекешелендірілген және мемлекеттік салаларындағы уақытша инвестициялық бақылау режимін енгізу арқылы капитализациялау есебінен жинақтау нормаларын арттыру;
— халықтың теңге және валюта түріндегі жинақтарын оларды ары қарай нақты өнеркәсіптік және қаржылық капиталға айналдыру үшін шоғырландыру;
— ірі батыстық трансұлттық корпорацияларға айналуға қабілетті (қарыз қаражаттарының қайтарымдылығына кепіл беру шартымен) ірі қаржылық-өнеркәсіп топтарын құру жағдайында банктік және өнеркәсіптік капиталдарды біріктірудегі кедергілерді алып тастау;
— жекешелендірілген кәсіпорындардың, еңбек ұжымдарының, басқару номенклатурасы, сырттағы ұстаушылардың акцияларын, сонымен бірге федералдық және аймақтық билік органдарына тиесілі ірі акциялар пакетін сатудан түскен пайданы капитализациялауды қамтамасыз ету;
— кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын олардың жеткізушілер, бюджеттік жүйе – кәсіпорындар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындауларын мемлекеттік қадағалау жүйесін құру арқылы жақсарту шараларын қабылдау болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген әлеуметтік және экономикалық, кешенді және нақты бағдарлама, экономика дамуының кез келген ғылыми болжамы қажетті қаржылық ресурстар мен олардың қалыптасу көздерінің есептерімен бекітілуі тиіс, бұл олардың нақтылығы мен тұрақтылығына кепілдік береді. Және бұл жүргізілетін қаржы саясатымен байланысты болып келеді. Қаржы саясаты қаржы ресурстарын жұмылдыру түрлері мен әдістерінің, оларды елдің қаржылық заңдарының негізінде бөлу мен пайдалану жүйесінде көрінетіндігімен келісеміз.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдастырудың табыс әкелетін қызмет түрлері секілді басымдылығы болуы тиіс. Өнеркәсіптік кәсіпорында қаржы ресурстарын қалыптастыру механизмі өндірістік, ұйымдастырушылық, басқарушылық шешімдердің өзара әрекет етуі кезіндегі көптеген факторларға және әрбір кәсіпорынның қаржылық саясатына тәуелді болып келеді. Экономистердің тұжырымдауынша, кәсіпорынның ресурстарды сатып алуға бағытталған ақша қаражаттары оның өндірістік шығындарына кіреді, сондықтан да кәсіпорын ресурстарды барынша көп табыс алуға мүмкіндік беретіндей мөлшерде және үйлесуімділікте пайдалануға ұмтылады. Кейін келе олардың тиімділігі жағынан бағаланатын қаржылық ресурстарды қалыптастырудың нақты көздерін таңдау мен белгілеу тұрақты қалыптасқан мәселе болып отыр.
Қандай ресурстарды қалыптастыру керектігіне қарай қаржыландыру көздеріне беталыс әдісін таңдаумен байланысты болып келеді, мысалы, ақша қаражаттары – банктердің несиелері; ақша эквиваленттері – бағалы қағаздар; негізгі құралдар – лизинг және т.б.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда қаржыландыру көздерін қалыптастырудың дәстүрлі түрлерін ғана емес, сонымен бірге өндіріс көлемін арттыру және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, сондай-ақ өзінің экспорттық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен кеңейту мақсатында үлкен көлемде қазіргі заманғы және альтернативті әдістерді пайдаланған жөн.
Экономика дамуының осы кезеңінде көптеген кәсіпорындар өздерін қаржыландыру үшін қаржы ресурстарынан тапшылық көреді. Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігінің негізгі өндірістік қорлары да толық табиғи тозу сатысында тұр, моральдік жағынан ескірген. Осыған байланысты өндірістік әлеуетті жаңарту, жаңғырту, қайта жарақтау мен қайта құру көккейкесті мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорындарға қаржы ресурстарын қалыптастырудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану керек. Лизинг, бағалы қағаздарды шығару, факторинг, форфрейтинг және инвестициялар секілді олардың кейбіреулеріне тоқталып өтейік.
Лизинг кәсіпорынның ресурстық әлеуетін қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі болып табылады және онда жалға беру қатынастары, кепілмен несиелік қаржыландыру элементтері, борыштық міндеттемелер бойынша есеп айырысу және басқа да қаржылық механизмдер қамтылған. Лизинг шаруашылық қызметті қаржыландырудың бір түрі және негізінен кәсіпорынның ұзақ мерзімті активтерді жаңарту мен толықтыруға ақша қаражаттары жетіспеген жағдайда қолданылады. Ол кәсіпорындарға бір жолғы шығындарсыз едәуір қажетті өндіріс құралдарын алуға, сондай-ақ негізгі қорлардың тозуымен байланысты болатын зиянды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында елдегі лизингтік қатынастарды жетілдіру жөнінде орасан жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты 2000 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң қаржылық лизинг барысында туындайтын қатынастарды реттейді және лизингтік қызмет негізінде инвестицияларды тартуға, оның ішінде әр түрлі шаруашылық етуші субъектілердің қаржылық ресурстарын толықтыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарының негізгі өндірістік қорлары қаржы ресурстарын толықтырудың едәуір ашық, тиімді жолдарын іздестіре отырып, нақты жаңартуды талап етеді. Қаржыландырудың осындай көздерінің бірі лизинг болып табылады.
Лизингтің әр алуан түрлері бар: жедел, қаржылық, қайтарымды, компенсациялық, жаңартылатын лизинг, жылжымайтын мүлік лизингі, «стандарт» лизингі, «жеткізушіге берілетін» лизинг және ақша қаражаттарын тарта отырып, берілетін лизинг, т.б.
Банк және банктік емес мекемелер, өздерінің лизингтік компаниялары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар, арнайы мамандандырылған лизингтік компаниялар (олардың лизингтік қызметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензия береді), сондай-ақ лизингтік қызметті лицензиясыз лизинг беруші ретінде жүзеге асыратын басқа да жеке және заңды тұлғалар лизинг берушілер бола алады. Осымен Қазақстандағы лизингтік қатынастар саласы кеңейтілген.
Бүгінде арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары көрсететін маңызды қаржы қызметтерінің бірі өнеркәсіптік және қаржылық лизинг болып табылады. Лизингтің маңыздылығы әр түрлі шаруашылық етуші субъектілер мен жеке кәсіпкерлердің қаржылық-шаруашылық қызметі үшін қажетті негізгі құралдармен (ғимарат, құрылыстар, көлік құралдары, машиналар, құрал-жабдықтар және т.б.) үзіліссіз қамтамасыз етуден тұрады. Сөзсіз барлық техника мен құрал-жабдықтар пайдалану дәрежесіне қарай тозып, ҒТП жаппай жылдамдату кезеңінде моральдік жағынан ескіріп, арнайы машиналарды, техника мен құрал-жабдықтарды жаңарту мен толықтыру қажеттігі туындайды. Бұл мәселені жүзеге асырудың маңызды құралы өнеркәсіптік лизинг болып келеді.
Негізгі құралдар көбіне компания активтерінің негізгі бөлігін құрайды, сондықтан да оның қаржылық жағдайын көрсетуде маңызы ерекше. Соныменбірге шығындардыактив немесе шығыстарретінде белгілеу компанияның қызмет нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін.
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті 60%-ға дейінгі орта деңгейде болуы кәсіпорынның шешім қабылдауын талап етеді.
Лизингтік операциялардың қалыптасқан тәжірибесі мен лизинг субъектілерінің арасындағы қатынастарды ескере отырып, ҚР-дағы лизингтік қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу негізінде кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартуға арналған қаржылық қызмет түрлерінің мынадай артықшылықтары анықталған:
- Тозған және табиғи ескірген өндірістік қорларды ұзақ мерзімді негізде жаңарту;
- Ақша қаражаттарының бір уақыттағы ағымынсыз әр түрлі ұзақ мерзімді актвтерді сатып алу;
- Жеңілдігі бар негізде лизингтік өнімді алу;
- Инвестициялық бағдарлама тәртібінде лизингті пайдалану кезіндегі салық преференциялары;
- Лизингтің алуан түрлерінің болуы;
- Банк бөлімшелерінің, басқа қаржылық-несие институттарының, сондай-ақ арнайы мамандандырылған лизингтік компаниялардың лизингті беруі;
- Лизингтік операциялар кезінде кепілдік қамтамасыз ету құралы болып табылатын активтердің кең түрлері.
Қазіргі заман жағдайларында Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының құралдары да кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері бола алады. ҚР-да дамып келе жатқан бағалы қағаздар нарығы кәсіпорынды қаржыландыру үшін үлкен әлеуетке ие.
Облигацияларды шығарудың бірқатар артықшылықтары бар: облигациялық қарыздар әдетте банк несиелеріне қарағанда арзан болып келеді, облигациялық займдарды шығару кәсіпорынға үлкен қаражаттарды тартуға мүмкіндік береді; облигацияларды шығару қарапайым акцияларды шығаруға қарағанда кәсіпорынға бақылау жасауды толығымен немесе ішінара жоғалту қаупінің тууымен байланысты болмайды.
Облигацияларды шығару жайында айтқанда облигацияны барлық кәсіпорындар шығара алмайтындығын ескере кеткен жөн. Бүгінгі таңда облигациялық займдарды қаржы нарығында орналастырудың барлық талаптарына сай келеді: қаржыландыру көлемі жеткілікті, облигациялар эмитенті (оларды жария түрде орналастырған кезде) сол уақытта табысты болуы, «табиғи» ақша түсімдерінің жоғарғы пайызын иемденуі тиіс, облигациялар эмитенті болашақ инвесторлар арасында кеңінен танымал болуы тиіс .
Тәжірибе көрсеткендей облигациялық займдарды шығару кәсіпорындарға өздерінің негізгі және айналым активтерін арттыруда біршама артықшылықтар береді.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруда бағалы қағаздардың, атап айтқанда корпоративтік облигациялық займдардың маңызы ерекше. Соңғы кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығын реттеу саласында «Акционерлік қоғамдар туралы» және «ҚР-ның кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары әзірленген болатын. Бұл құжаттарды қабылдау акциялардың қосымша бағалы қағаздар нарығында айналу тәртібін жеңілдетуге; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін нақтылауға және ҚР-дағы акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару аспектілерін реттеуге мүмкіндік береді.
ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың жүргізіліп отырған саясаты бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен оның қатысушылары санының артуына кең жол ашатындығына сеніміміз мол.
Осылайша, қазіргі уақытта кәсіпорындарға корпортивтік бағалы қағаздарды шығарудың мәнісі бар, себебі олар кәсіпорын активтерінің ең жоғары таратылымдылығы ретінде қаржы ресурстарын қалыптастыруға ықпал етпек.
Нарық жағдайында қаржы тәжірибесінде «факторинг» деп аталатын қызметтер кешені кеңінен таралған, (сөзбе сөз мағынасында) яғни банктің немесе арнайы факторингтік компанияның клиенттің төлемдік талаптарын сатып алуы. Осылайша, олар делдалдық міндеттерді мойнына алып, белгілі бір комиссиялық ақылар үшін (коммерциялық несиелеумен салыстырғанда) қосымша қызметтерді көрсетеді. Бұл кәсіпорындарға тартылымы едәуір аз активтерді едәуір таратылымды актвитерге ауыстыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта қаржы бөлімінің қаржылық қызметтердің осы бір саласына назар аударғаны жөн.
Қазіргі заман жағдайларында факторингтік операциялар саласы компания-клиенттің бухгалтерлік шоттарын жүргізу, өнімді тасымалдау және оны өткізу, сақтандыру және т.б. қамти отырып, біршама кеңеюде. Факторингтік қызметтерді көрсететін қаржы институттары клиенттерді есеп айырысудың едәуір тиімді түрлеріне өту мүмкіндіктері туралы хабарлап, клиенттерге өздерінің декларацияларын толтырған кезде қолданыстағы салық жеңілдіктерін барынша толық пайдалануға көмектеседі, сенім білдірілген қызметтерді көрсетеді және т.б. Олар сондай-ақ ірі трансұлттық корпорацияларға халықаралық операциялар бойынша ағымдағы есеп айырысуларға кешенді түрде қызмет көрсетеді: төлемдерді жинау, талаптарды жабу, жалақы төлеу және т.б. Осы операциялар бойынша ақша түсімдері мен шығындар бірыңғай баланста берілуі мүмкін (клиент таңдаған валютаға қайта есептеу).
Кәсіпорынның дебиторлық қарыздарын барынша жылдам жабу және оны едәуір таратылымды активке айналдыруда факторингтің маңызы ерекше.
Факторинг мәміленің барлық қатысушыларына экономикалық жағынан тиімді. Кәсіпорын үшін (клиент-жеткізуші) – бұл тауарлардың ақысын уақытында төлеуге деген сенімділігін, несие тәуекелделігін сақтандыру. Факторингтік компания немесе банк үшін — комиссиялық сыйақыларды алу болып табылады.
Форфейтинг факторинг секілді банк (форфсайтер) сатып алушының қарыздық талаптарының орнына өз клиентінің (жеткізушінің) тауарлық жеткізілідеріне ақы төлейді. Форфейтинг кезінде жол берудің пәні сыртқы сауда операциялары бойынша қарыздық талаптар болып табылады (яғни экспортерлердің импортерлерге қоятын талаптары).
Форфейтерлеу – бұл халықаралық сауданы қаржыландырудағы альтернативтік тәсілдердің бір түрі болып табылады, ол форфсайтердің (коммерциялық банктің немесе қаржыландыру жөніндегі арнайы мамандандырылған компанияның) төлем жасалмаған жағдайда экспортерге кері талап қою құқығын қоспағанда экспорттық талаптарды сатып алуын білдіреді.
Өкінішке орай, қаржы қызметтерінің бұл түрлері (факторинг, форфейтин, т.б.) коммерциялық банктер мен басқа да арнайы мамандандырылған несие-қаржы институттарының арасында кеңінен таралмай отырғандығын айтуға тура келеді. Қаржы нарығының дамуына байланысты қаржы қызметтерінің бұл салаларына тұтынушылар тарапынан сұраныс болатындығына қарамастан, өз кезегінде оларды ұсыну қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезде қәсіпорын бай табиғи-шикізат әлеуеті, біліктілігі жоғары кадрлар құрамы бола отырып, қаржы активтерін қалыптастырудың қазіргі заманғы түрлі әдістерін пайдалана отырып, олардың күннен күнге артып отырған өсімінің саясатын жүргізу қажет. Сондықтан да, кәсіпорынның қаржы қызметтеріне қаржылық ресурстарды қалыптастыру кезінде қаржы нарығының субъектілері көрсететін қызметтердің кең ауқымын пайдалануы тиіс.
Минералды-шикізат қорына бай және Азия аймағында айтарлықтай ауыл шаруашылық әлеует пен стратегиялық жағдайға ие ел ретінде Қазақстан шетел инвесторлары үшін еркін капиталды орналастырудың қолайлы саласы болып табылады. Басым салаларда шетелдік инвесторлар үшін белгіленген жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі отын-энергетикалық, металлургия және тау-кен өндірісі кешеніне капитал ағымының кедергісіз келуіне белгілі бір жағдайлар жасайды. Экономиканы қаржы ресурстарымен шетелдік қамтамасызетуі кәсіпорындарға қаражаттарды жаңа өндіріске уақытында салуға, қажет болған жағдайда әрекет ететін кәсіпорынды кеңейту мен техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеулерді, әзірлемелерді қаржыландыруға және оларды қолданысқа енгізуге және т.б. мүмкіндік береді.
Салынған капиталға пайда аудару – инвестициялық шешімдердің басты белігісі болса, — ол өнеркәсіптік инвестиция жағдайында жалғыз болып табылмайды, себебі (егер тек қаржы табыстарын есептейтін болсақ) қаржы ресурстары облигацияларға, бағалы қағаздар және т.б. да салынуы мүмкін.
Осылайша, капиталды салу отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жаңа қызмет түрі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге жоспарлық экономика кезінде мұндай міндет тіпті болмаған еді, нарықтық қатынастар жағдайында капиталды қандай да бір жобаға тиімді сала білу кез келген саладағы кәсіпорындар мен фирмалардың дамуы мен өмірлік тұрақтылығынының шешуші шарттары болып табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттыру үшін ішкі және шетелдік инвестицияларды тартуға сенудің қажеті жоқ деген пікірде бар. Осы пікірмен оларды пайдалана отырып, кәсіпорындар осындай қымбат ресурстардың «бағасын» біледі деген бөлігімен келісуге болады. Демек, өндірісті жөнімен инвестициялау мен толық есептеулер негізінде ғана қаржы ресурстарының тиімділігі жайында айтуға болады.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің маңызды және едәуір өзгермелі бөлігі болып табылады. Біздің ойымызша, қалыпты қызмет ететін экономикадағы инвестициялар кәсіпорындар деңгейінде өздерін ақтауы тиіс. Осыған байланысты олардың қызмет сатыларына қарай: инвестицияларды жобалау, енгізу мен игеру сатысында инвестициялардың тиімділігін арттыру резервтерін бөліп алуға болады.
Жобалау сатысында ол мынадай резервтер: инвестициялық нарық мониторингін жүргізу; инвестициялық климат үшін қолайлы жағдайлар жасау; халықаралық стандарттарға сай келетін инвестициялық жобаларды әзірлеу; инвестициялық бағдарламаларға әр түрлі (мемлекеттік, аймақтық және т.б.) сатыларда қатысу; инвестициялық жобаларды таңдау кезінде инновациялық процестерге бейімделу; жобалау барысындағы халықаралық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет объектілерін таңдаудың тиімді әдістері болып табылады.
Енгізу кезінде мыналар резервтер болып табылады: үлгі шартты жасау; қаржыландыру көздерін белгілеу; ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи түрдегі грантты алу; инвестициялық преференцияларды алу; қабылданатын инвестициялық шешімдердің маркетингтік негізделуін күшейту және жобаны жылдамырақ игеру мақсатында іс-шаралар кешені әзірлеу.
Игеру сатысында мынадай резервтер: инвестициялардың құқық режимдерін орындау; инвестициялық салық несиесін алу; кәсіпорындағы шығындарды басқару мен бақылау тиімділігін арттыру; инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаржы қызметтерінің кең тараған түрлерін қолдану және инвестициялық қызмет барысында қаржылық нарық құралдарын пайдалану болып табылады.
Республика экономикасын қалыптастыру кезеңінде инвестициялық қызметті орталықтандырмау байқалады: қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік қаражаттары.
Қаржы менеджменті теориясында келесідей екі түсінікті ажыратып қарастырады, олар коммерциялық ұйымның капиталының құрылымы мен қаржылық ағымдар құрылымы. «Қаржылық ағымдар құрылым» термині, коммерциялық ұйымның қызметін қаржыландыруды бүтіндей қарастырады, басқа сөзбен айтқанда, қысқа мерзімді құралдарды қосқанда, барлық құрал көздерінің құрылымы. Екінші термин болса, құрал көздерінің тар ауқымына арналған – ұзақ мерзімді пассивтер (меншікті құрал көздері мен ұзақ мерзімді қарыз капиталы). Компанияның ұзақ мерзімді тәртіптегі шешім қабылдау саясаты қарастырылу себепті, алдағы уақытта капитал құрылымы ғана қарастырылады.
Капитал құрылымын басқару мүмкіншілігі мен мақсаттылығы сұрағын шешудің екі негізгі бағыты бар:
а) дәстүрлі;
б) Модильяни-Миллер теориясы.
Бірінші бағытты ұстанушылардың айтуынша, фирма капиталының құны — капиталдың құрылымына тәуелді; ал екінші бағытты ұстанушылардың пікірі бойынша, фирманың нарықтық бағасын max –лайтын, WACC көрсеткішін min –лайтын, оптималды капитал құрылымы бар. Сонымен қатар, келесідей аргументтер келтірілген.
Капиталдың орташа есептелген бағасы, оның құрамдас бөліктеріне тәуелді. Бұл бөліктер, жалпы екі түрге бөлінеді – меншікті және қарыз капиталы. Бұл көрсеткіш көздерінің бағасы, капитал құрылымына тәуелді түрде өзгеріп отырады. Сонымен қатар, өзгеру жылдамдықтары әр түрлі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, акционерлер қарыз құралының қалыпты өсуі кезінде, яғни қаржы тәуекелінің біршама өсуі кезінде, табысты ұлғайтуға бірден талаптар жасамайды. Бірақ, белгілі-бір қауіпсіздік шегінен асқанда, акционерлер тәуекелдің орнын жабу үшін жоғары табыстылықты талап етеді. Компания басында тек меншікті капиталды қолданады (ke), уақыт өткеннен кейін ол арзақ қарыз құралдарын қолдануға тырысады және фирманың жалпы капитализациялау деңгейі өседі, немесе WACC көрсеткіші өседі, уақыт өте келе фирма қарыз капиталын қолдануды өсіреді. Және WACC көрсеткіші min –ды мәнге ие болатын нүкте капиталдың оптималды құрылымы болады (13 сурет.).
Капитал ke
құны
WACC
kd
WACCmin Қарыз
капиталының
Оптимум үлесі
нүктесі
Сурет 13. Капиталдың құрылымы мен құнының арасындағы байланысқа дәстүрлі көз-қарас.
Дерек көзі: Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. [7]
Екінші бағытты ұстанушылардың пікірі бойынша керісінше – кейбір шарттар орындалғанда фирманың нарықтық құны мен капиталдың құны, капиталдың құрылымына тәуелді емес. Яғни, онда оларды оңтайландыруға болмайды, және капитал құрылымын өзгерту арқылы фирманың нарықтық құнын өсіруге болмайды. Бұл соңғы бекітпені кейде «принцип пирога» деп те атайды: пирогты әртүрлі бөлуге болады, бірақ оның көлемі ешқалай өзгермейді.
Модильяни мен Миллер әдісі. Өз көз-қарастарын негіздегенде Модильяни мен Миллер бірталай шектеулерді еңгізді, оның ішінде:
- Инвесторлардың рационалдығы, капитал нарығының тиімділігі, мәліметтердің тегін болуы, трансакциялық шығындардың болмауы;
- Компания міндеттемелердің тек екі үлгісін ғана эмиссиялайды: тәуекелсіз ставкалармен міндеттемелер және акциялар (тәуекелді капитал);
- жеке тұлғалар тәуекелсіз ставкалар бойынша ссуда — займдық операцияларды жүргізе алады;
- банкроттықпен байланысты шығындар жоқ;
- барлық компаниялар бір тәуекел тобында деп есептеледі;
- күтілетін ақша ағымдары мерзімсіз аннуитет деп танылады. (яғни, табыс өлшемі болжандайды);
- салық жоқ.
Бұл шектеулердің кей бірін ғажайып елес деп атауға болады. Бірақта кейінгі зерттеулер көрсеткендей, бұл шектеулер негізгі қорытындыларға елеулі әсер етпейді.
Модильяни мен Миллер ұсынған негізгі тұжырымдамалар.
Заңды және жеке тұлғалардың табысына салық салынбау шартында Модильяни – Миллер теориясының логикасы
Келесі белгілерді еңгіземіз:
Vu – қаржылық тәуелсіз U компаниясының нарықтық құны. (яғни, қарыз капиталын қолданбайды);
Vg – қаржылық тәуелді G компаниясының нарықтық құны;
E – компаниясының меншікті капиталының нарықтық құны;
D – компаниясының қарыз капиталының нарықтық құны;
NOI – таза операциялық пайда (% мен салықтарды шегергенге дейінгі пайда);
σNOI – NOI-дың орташа квадраттық ауытқуы, тәуекел мінездемесі ретінде;
keu – U компаниясының «меншікті капиталы» көзінің құны.
keg – G компаниясының «меншікті капиталы» көзінің құны;
keu – «қарыз капиталы» көзінің құны.
Жоғарыдағы шарттар негізінде Модильяни мен Миллер келесі екі бекітпені дәлелдеді.
Бекітпе 1. Компанияның нарықтық құны капиталдың құрылымына тәуелді емес және оның операциялық пайдасын капитализациялау арқылы анықталады.
V u = Vg = NOI (4)
keu
Бекітпе 2. Қаржылық тәуелді компанияның меншікті капиталының құны, оған ұқсас қаржылық тәуелсіз компанияның меншікті капиталы + тәуекелге төленетін сыйақыға тең. Яғни, қаржылық леверидж шегінде айырмаға тең.
keg = keu + тәуекелге төленетін сыйақы = keu (keu – ked) * D/E (5)
Осы екі бекітпе көрсеткендей, арзан қарыз құралдарын тарту арқылы компанияның нарықтық құнын көтеруге болмайды. Себебі арзан қарыз құралдарын тартқанда, компанияның тәуекелділік деңгейі жоғарылайды, яғни меншікті капитал құнының да тәуекелі жоғарылайды.
Бірінші бекітпені дәлелдеу үшін Модильяни мен Миллер, арбитраждық негіздеу тәсілін қолданды. Бұл тәсілді мысалмен қарастырамыз.
Модильяни мен Миллер бойынша, U мен L компанияларының нарықтық құндары әр түрлі болмауы керек, себебі олар бір тәуекел сыныбында және табыстары бір. Олардың құндарының теңесуі, инвесторлардың арбитраждық операциялары нәтижесінде, келесі схема бойынша пайда болады.
Арбитраждық операциялар нәтижесінде U компаниясы-ның акцияларына сұраныс артады, ал ол акциялардың бағасының өсуіне және L компаниясының акциясына сұраныстың төмендеуіне әсер етеді. Бұл үдеріс, компаниялардың нарықтық құны теңеспейінше жүзеге аса береді.
Келесі бекітпені қарастырсақ, онда салықтың болмауы себепті. Қаржылық тәуелді компанияның меншікті капиталы келесі формуламен есептеледі.
keg = NOI – kd * D (6)
E
V = E + D ескере отырып және (6.3) формуласын қолдана отырып, кеесіні шығарамыз:
NOI = keu * (E + D) (7)
NOI мәнін (6) формуласына қоя отырып, қажет (5) формуласын аламыз.
Бекітпелердің нәтижесінде, WACC мәнінің тұрақты екенін көре аламыз. Шынындада, егер компания сыртқы қаржы көздерін тартпаса, онда WACC = keu. Сонымен, капитал құрылымының өзгеруі, WACC мәнінің өзгеруіне еш әсеретпейді. Бекітпе дәлелденді.
Салық болмаған жағдайда, фирманың нарықтық құны, капитал құны мен қаражат көздерінің арасындағы тәуелділік (14 пен 15 сур.) – де көрсетілген.
Капитал ke
құны WACC
kd
Қарыз капиталының үлесі
Сурет 14. Модильяни – Миллер теориясына сай, салық болмаған жағдайда капиталдың құрылымы мен құнының арасындағы тәуелділік
Дерек көзі: Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. [7]
Заңды және жеке тұлғалардың табысына салықты ескеру шартында Модильяни – Миллер теориясының логикасы салық салыну жағдайын ескерген жағдайда, капитал құрылымы компанияның нарықтық құнына әсер ететінің атап, жаңа бекітпелер ұсынды. Бұл бекітпелер қайта екеу болды.
Нарықтық
бағалау
компания бағасы
қарыз капиталын
бағалау
меншікті капиталды
бағалау
Қаржылық леверидж
деңгейі
Сурет 15. Салық болмаған жағдайда, фирманың нарықтық құны мен қаражат көздерінің құрылымы арасындағы байланыс.
Дерек көзі: Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. [7]
Бекітпе 1. Қаржылық тәуелді компанияның нарықтық құны, тәуекелі бойынша оған ұқсас қаржылық тәуелсіз компанияның нарықтық құны + пайдаға салық ставкасы * қарыз капиталының құнына тең.
Vg = Vu + Tc * D (8)
бұнда, Vu мәні қарыздық қаржыландыру болмаған жағдайда келесі формуламен анықталады:
E = Vu = NO I × (1 — Tc) × keu (9)
Бекітпе 2. Қаржылық тәуелді компанияның капиталының құны қаржылық тәуелсіз компанияның капитал құны + тәуекелге сыйақыға тең.
Keg = keu + тәуекелге сыйақы = keu + (keu — kd) * D/E * (1 –Tc) (10)
Бірінші бекітпенің дәлелдемесі.
Шартта көрсетілгендей U және G компаниялары қаржы көздерінің құрылымы жағынан болмаса, барлық басқа қаржылық параметрлер бойынша тең. Яғни, олардың NOI мен σNOI мәндері бірдей.
U және G компанияларының инвесторлары арасында бөлінетін ақша ағымдары келесіге тең.
CFU = NOI * (1 – Tc) (11)
CFG = (NOI – kd * D) * (1 – Tc) + kd * D (12)
Түрлендірулер нәтижесінде келесі формуланы аламыз:
CFG = CFU + Tc * kd * D (13)
Формуладағы соңғы элементтердің көбейтіндісі G компаниясының салықтарының төмендеуі нәтижесіндегі инвесторының табысы болады.
U компаниясының нарықтық құны, акционерлік капитал бағасы бойынша оның таза пайдасын капитализациялау арқылы табылады:
VU=CFU:keu=[NOI*(1-Tc)]: keu (14)
G компаниясының нарықтық құнын табу үшін, оның құрамдас бөліктері бойынша ақша ағымын капитализациялау керек. Модильяни мен Миллер бойынша, фирмалар бір тәуекел сыныбында болу себепті, G компаниясының түсімдері keu ставкасы бойынша капитализациялануы керек. Сонымен G компаниясының нарықтық құны келесі формуламен анықталады:
VG = NOI * (1 – Tc) + Tc*kd*D = VU + Tc*D (15)
keu kd
Бірінші бекітпе дәлелденді.
Екінші бекітпенің дәлелдемесі
G компаниясының меншікті капиталының нарықтық құны келесі формуламен есептеледі.
E = (NOI – kd × D) × (1 – Tc) /keg, (16)
14 формуладан алынған алынғанды қоя отырып, және VG = E+D, екенін ескере отырып келесі формуланы аламыз.
keg = keu + (keu – kd) × (1 – Tc) × D/E (17)
Екінші бекітпе дәлелденді.
Бекітпелердің дәлелдемелерінен шыға отырып, қаржылық леверидж өскен сайын қаржылық тәуелді компанияның капиталын тартуға кеткен шығындардың орташа шамасы төмендейді. Шынындада, қарыз капиталының қатысуы салықты есептеумен жүзеге асуы тиіс. Онда ол келесі формуламен анықталады.
WACC = keu – keu × Tc × D/ E+D (18)
Келтірілген формуладан көріп тұрғанымыздай, құрал көздерінің ішінде қарыз капиталы пайда болғанда, онымен бірге салық жүктемесі болады. Ал ол капиталдың орташа құнының төмендеуіне әкеледі, ал қаржылық леверидждің өсуі WACC –тың азаюына әкеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Аура-Казахстан» ЖШС-нің ақпараттары негізінде жүргізілген кәсіпорынның қызметін қаржыландырудағы қарыз және меншік капиталының жағдайын талдау бойынша келесідей тұжырым жасауға болады:
— «Аура-Казахстан» ЖШС-нің қарыз және меншік капиталының құрылымы оңтайлы, себебі оның құрамында меншік капиталының үлесі 50 пайыздан аспайды, қаржылық левередж қажетті деңгейде.
2008 жылы қаржыландыру көздеріндегі меншік капиталы 450 030мың теңгені құрап үлесі 67,76 % болды.
2009 жылы бұл көрсеткіш 364 276мың теңге болып үлесі 49,89 % болды, айналысқа қарыз көздерін тартқаны туралы мәлімдейді. Және де осы жылы кәсіпорынның қарыз капиталына тәуелді болғандығы байқалады. Кәсіпорын билігін жоғалта жаздаған.
2010 жылы меншік капиталының үлесі 6,4 % өсіп 56,29 % құрады.
Қарыз капиталы бойынша мынаны мәлімдеуге болады:
2008 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 224 106 мың теңгені құрап, үлесі 33,24 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 209 301 мың теңге болып үлесі 31,04% құрады.
2009 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 365 963 мың теңгені құрап, үлесі 50,11 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 358 443 мың теңге болып үлесі 49,08% құрады.
2010 жылы қарыз капиталының мөлшері жалпы қаржыландыру көздерінде 285 370 мың теңгені құрап, үлесі 43,71 пайызды құраған. Мұнда, қысқа мерзімді міндеттемелер 281 134 мың теңге болып үлесі 43,06 % құрады.
— Қарыз капиталы құрамында не қысқа не ұзақ мерзімді міндеттемелер орын таппаған, бұл екі жақты деп айтса болады. Меншік капиталы жеткілікті болған кәсіпорын меншік капиталының рентабелдігін өсіру үшін қарыз капиталын тартуына болады.
Компанияның ақша айналымын талдау үшін оның табыстар мен шығыстарын талдауда қажеттілік туындайды, сондықтан қаржылық есептін табыстар мен шығыстары және ақша қозғалыстарының кірістері мен шығыстарын кәсіпорынның қызмет түрлерінің кесіндісінде қарастырамыз
Операциялық қызметтен түскен таза ақша айналымы 2008 жылы 51212 мың теңгені құраған, 2009 жылы -19873 мың теңгеге (-38,81%) төмендеп, 31339 мың теңгені құрады. 2010 жылы 84,11%, яғни 26360 мың теңгеге өскен.
Азаюға Тауарлар мен қызметтер өткізу және Алынған аванстардың сәйкесінше -28,66% және -100% төмендеуі әсерін тигізген. Ол тұтынушылар тауарлар бойынша төлемдерін үақытылы төлемеуіне байланысты.
Инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының ағынынында қозғалыс тек негізгі құралдарды сатып алу шығындарымен сипатталады. Инвестициялық қызметтен түскен таза ақша айналымы тек 2008 жылы 500 мың теңге мөлшерінде байқалады.
Қаржылық қызметтен түскен таза ақша барлығы 2008 жылы -65885 мың теңгені құраған, 2009 жылы -105,69 мың теңгеге (-93,25%) төмендеп, -30474 мың теңгені құрады. 2010 жылы -100%, яғни -2200 мың теңгеге азайған.
Бұл теріс нәтиженің болуы кәсіпорынның ақшалай кірістері шығстарын жаппайтындығынан болған нәтиже.
Ақша қаражаттарының өсімі (+) /азаюы (-)2008 жылы -15223 мың теңгені құраған, 2009 жылы 16089 мың теңгеге (105,69%) төмендеп, 866 мың теңгені құрады. 2010 жылы 206,35, яғни -1787 мың теңгеге өскен.
Ақша айналымының азаюы Инвестициялық және Қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының таза ағыны сомаларының азайуымен байланысты.
Дебиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті, кезең ішінде Дебиторлық борыштар шамамен қанша рет ақша қаражаттарына айналатынын көрсетеді. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің дебиторлық борыштары жылына 1 немесе 3 рет аралығында ақша қаражаттарына айналып отырады
Кредиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті, кезең ішінде кәсіпорыннан талап етілген есептері бойынша есеп айырысу үшін қанша айналым жасау керектігін білдіреді. «Аура-Казахстан» ЖШС-нің алдында талап етілген есептері бойынша есеп айырысу үшін 2008-2009 жылдар аралығында 0,34 немесе 0,99 айналым жасау керек болған. Яғни кәсіпорынның дебиторлық борыштарынан ақша айналымы кредиторлық борыштарын өтеуге уақытылы түсіп отырады.
Экономиканың бүгінгі даму кезеңінде қандай да болсын кәсіпорында ақшалай ағымдарды болжау қажеттілігі туындайды. Себебі кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жоспарлары мен шаруашылық операциялары оларға қажетті ақшалай ағымдардың болжамымен байланыста болады.
Сондықтан, кәсіпорында ақшалай ағымдарды болжауды жүргізу маңызы күшее түсуде.
Кәсіпорынның қаржылық ағымдарын басқаруын жетілдіру мақсатында келсідей үлгілерді қолдану ұсынлады:
Факторинг мәміленің барлық қатысушыларына экономикалық жағынан тиімді. Кәсіпорын үшін (клиент-жеткізуші) – бұл тауарлардың ақысын уақытында төлеуге деген сенімділігін, несие тәуекелделігін сақтандыру. Факторингтік компания немесе банк үшін — комиссиялық сыйақыларды алу болып табылады.
Форфейтинг факторинг секілді банк (форфсайтер) сатып алушының қарыздық талаптарының орнына өз клиентінің (жеткізушінің) тауарлық жеткізілідеріне ақы төлейді. Форфейтинг кезінде жол берудің пәні сыртқы сауда операциялары бойынша қарыздық талаптар болып табылады (яғни экспортерлердің импортерлерге қоятын талаптары).Форфейтрлеу – бұл халықаралық сауданы қаржыландырудағы альтернативтік тәсілдердің бір түрі болып табылады, ол форфсайтердің (коммерциялық банктің немесе қаржыландыру жөніндегі арнайы мамандандырылған компанияның) төлем жасалмаған жағдайда экспортерге кері талап қою құқығын қоспағанда экспорттық талаптарды сатып алуын білдіреді.
Өкінішке орай, қаржы қызметтерінің бұл түрлері (факторинг, форфейтин, т.б.) коммерциялық банктер мен басқа да арнайы мамандандырылған несие-қаржы институттарының арасында кеңінен таралмай отырғандығын айтуға тура келеді. Қаржы нарығының дамуына байланысты қаржы қызметтерінің бұл салаларына тұтынушылар тарапынан сұраныс болатындығына қарамастан, өз кезегінде оларды ұсыну қажеттігі туындайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Современный словарь по логике/Под ред. Юрчука В.В. -М.: Современное слово, 1999. — С. 483.
- Финансы: Учебник для ВУЗов/ Под ред. Проф. Л.А. Дробозиной. — М.: ЮНИТИ, 2001. — 527 с.
- Бочаров В.В. Корпоративные финансы. — СПб: Питер, 2002. – 544 с.
- Бертонеш М., Найт Р. Управление денежными потоками. -СПб.: Питер, 2004. — 204с
- Управление финансами. Учебник/ под ред. Володин А.А. – М: Инфра-М, 2006г.-246с
- Ковалев В.В. Финансы организаций (предприятий) Издательство «ТК Велби Проспект», 2008 год, 352 с.
- Чухланцев Д. Управление финансовыми потоками компании. М.: Юнити, 2002. — 184 с.
- Шевченко О.А. Место бюджета движения денежных средств в системе управления организацией // Финансовый менеджмент. — № 4. -С. 36.
- Өсербайұлы С. Корпоративтік қаржы. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті. 2004ж.
- Ермекбаева Б.Ж., Купешова Б.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие. Алматы, 2007.
- Бочаров В.В., Леонтьев В.Е.. Корпоративные финансы; СПб. Издательский дом «Питер», 2006.
- Жуйриков К.К.,Раимов С.Р. Корпоративные финансы; Алматинская академия экономики и статистики,
- Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., «Финансы предприятий», М. Издательский дом «ИНФРА-М», 2005.
- Павлова Л.Н., «Финансы предприятий», М. Издательское объединение «ЮНИТИ», 2006.
- Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. – М.: Финансы и статистика. 2008.
- Мельников В.Д. Основы Финансов: Учебник.- Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.
- Методические рекомендации по применению международного стандарта бухгалтерского учета № 33 «Прибыль на акцию» 24.01.2005
- Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2005
- Сатмурзаев А.А. Бухгалтерский учет на современном предприятии. Алматы: Экономика, 2005.
- Финансовый менеджмент. Уч. для ВУЗов Поляк Г.В., И.А., Акадия Т.А. Краева Под ред. Проф. Г.Б. Поляка – М: Финансы, Юнити, 2007.
- Финансовый менеджмент. Учебно- практическое руководство. Рук.Авт.Колл. к.э.н., доц. Е.Е.Стоянова.-М.: Перспектива, 2008.
- Моляков. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства, 2007.
- Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2003.
- Аскарова Ж.А «Бизнесті бағалау». Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті- 2006.
- «Банкроттық туралы» № 67-1 ҚР-ның Заңы 21.01.2007 жыл.
- «Акционерлік қоғам туралы» ҚР-ның Заңы 13 мамыр 2006 жыл № 415-II
- «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 30 қараша 2006 жыл.
- Насырова М.Р., Тоқсанбай С.Р., Құлпыбаев С.Қ., Гуляева С.П., «Современный экономический русско-казахский толковый словарь справочник» — «Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік анықтамалық». – Алматы: 2003 жыл.