АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Экономика және бизнес факультет

 

Экономикалық теория кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМ жұмысы

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

 

 

 Орындаған

4 курс  студенті             _____________________      Акимова Ф.Б.                                          

 

 

Ғылыми жетекші

э.ғ.д., профессор            _____________________     Жатқанбаев Е.Б.       

                                                    ( қолы, күні )

 

Норма бақылаушы

оқытушы                        _____________________       Садуллаева А.П.

                                                     ( қолы, күні )

 

 

 

Кафедра меңгерушісімен

қорғауға жіберілді,

э.ғ.д., профессор                ___________________        Әубәкірова Ж.Я.    

                                                   ( қолы, күні )

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

3

1

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

 

 

7

 

1.1

 

Шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық тұжырымдамасы

 

 

 

7

 

1.2

 

 

Шағын кәсіпкерлік қызметінің мазмұны және қажеттілігі

 

 

16

 

1.3

 

Шағын кәсіпкерліктің қызметін стратегиялық қалыптастыруының құқықтық аспектісі

 

 

 

25

2

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

 

36

 

2.1

 

Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау

 

 

 

36

 

2.2

 

Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау

 

 

 

38

3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

 

52

 

3.1

 

 

Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық  жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары

 

 

 

52

 

3.2

 

Шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесі

 

 

 

55

 

ҚОРЫТЫНДЫ

58

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

60

        ҚОСЫМШАЛАР

 

 

КІРІСПЕ

 

Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.

Шағын кәсіпкерліктің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.

 Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі:

 1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;

 2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;

 3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.

Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде  орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету  мәселесін шешуге көмектеседі.

Экономикалық теорияда «кәсіпкерлік» түсінігін өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р.Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам.  Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды.  Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруіне тура келеді.

А.Маршалл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиімді деп есептеген.  Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуында Й.Шумпетердің «тиімді монополия» концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер- экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші. Сондай-ақ, Й.Шумпетер классиктерге қарағанда кәсіпкерліктің жаңашылдық қызметін капиталистің қызметінен бөліп көрсетеді. Капиталистің қызметі: кәсіпкер барлық уақытта таза күйінде қандай да бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәуекелге бармайды. Кәсіпкер ол менеджер емес,оның міндеті – жасаған жаңалығын жүзеге асыру және оның экономикалық дамуына септігін тигізу. Кәсіпкер – бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам.   Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері — кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында»  кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді[1-8б].

«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерінің экономикалық мазмұнының тарихи қалыптасуын зерттеуге ТМД елдерінің В.Автономов, В.М.Воробьев, Л.Колесникова, С.К.Никитина және т.б. еңбектері үлес қосты. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде ресейлік кәсіпкерліктің даму тәжірибесінің негізіндегі тұжырымдары ұсынылған.

 Қазақстан зерттеушілері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға ұмтылыс білдірді. Олардың ішінде О.Ж.Әлиев, Р.Т.Дуламбаева, Б.А.Жакупова және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. «Кәсіпкер» термині туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі теориялар мен тұжырымдамалардың генезисіне О.Ж.Әлиев зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсетті. Кәсіпкерлік — кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұдттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады:  кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады. Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі улкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке келеді.

2009 жылда республикада 741 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік тіркелді. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен  қамтылғандардың саны – 1.8  млн. адамды құрады[2].

Қазакстан Республикасы Президенінің 2001 жылғы 7-мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында  «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бекітілуі еліміздегі шағын кәсіпкерліктің  дамуында маңызды қадам болды. Оның басты мақсаты — Шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының  серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк  қолдау саясатын жетiлдiру.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқандалған және олар мыналар:

— Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

— Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелерінің рөлін күшейту;   

— Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;

— Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріннің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Бүгінгі күні бағдарламалар жүзеге асырылып  жатыр деуге болады, әйтсе де бұл процесс баяу қозғалуда, себебі оған кері әсерін тигізіп, аяқ асты шалыс қылып отырған кедергілер баршылық. Олардың қатарында кәсіпкерлік қызметтің жеткілікті дәрежеде құқықтық реттелмеуі, қабылданған заңнамалардың іс жүзінде жүзеге аспауы, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік қорғалмауы, қаржылық жағдайдың сын көтермеуі тәріздес факторлар да кездеседі, айта берсем мұндай кедергілердің әлі елу шақтысын санамалап шығуымыз болады. Әйтсе де, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайтын болсақ, сайып келгенде аталмыш кедергілер туындауына себеп болып отырған күрделі фактор – ол кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тұрғыда қолдаудың жеткіліксіздігі.

Жұмысымның басты мақсаты Қазақтандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау, оны  бағалау және соның негізінде шағын кәсіпкерлік қызметінің даму мәселелерін қарастыру болып табылады.

Осы қойылған мақсаттарға байланысты төмендегідей мәселелер қозғалды:

— Қазақстан еспубликасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау;

— Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау;

— Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық  жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары;

Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік негіздер – Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті  реттеу мәселелері жөніндегі  заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Елбасы бағдарламалары[4].

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақсан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметі құқықтық реттеу». Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлім «Қазіргі заманға сай шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық және әдістемелік негізі». Бұл бөлімде «кәсіпкерлік» терминінің эволюциясының калыптасуына, шетелдік, ТМД және қазақстандық ғалымдардың пікірлеріне, шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны мен қажеттілігіне, еліміздегі шағын кәсіпкерліктін стратегиялық қалыптасуының құқықтық аспектісіне жеке тоқталдым.

Екінші бөлімнің аты «Қазақтандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау және бағалау». Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау туралы, қазіргі замандағы құқықтық жағдайының бағалануы туралы жазылған.

Үшінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің даму проблемалары» деп аталады. Бұл бөлімде шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық  жағдаймен қамтамасыз етілу проблемаларын, сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесін қарастырдым.

 

 

 

 

 

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

 

1.1      Шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық тұжырымдамасы

 

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Егер «кәсіпкерлік» терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:

— 1723ж.: Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған;

— 1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;

—  1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;

— 1797ж.: К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;

— 1803ж.: Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;

— 1876ж.: Ф. Уокер, кәсіпкер —  ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;

— 1934ж.: И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;

— 1964ж.: П. Друкер, кәсіпкер —  белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;

— 1975ж.: А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.

Жоғары монополияландырылған бұрынғы одақтас республикалардың экономикасында бірінші дәрежеге ие болатын бәсекелестік ортаны қалыптастыруда шағын кәсіпорын елеулі үлес қосады. В.Афанасьевтің  пікірі бойынша “шағын кәсіпорын” өзінің табиғатынан монополияға қарсы, бұл оның әрекет етуінің әртүрлі аспектілерінен көрінеді, ол өзінің элементерінің көптігінен және олардың жоғары динамикалылығынан монополияға өте аз дәрежеде ырық береді. Екінші жағынан, тар шеңберде мамандану мен жаңа техниканы қолдануда шағын кәсіпкерлік бәсекеге ірі корпорациялардың монополиялық позициясын бұзатын байсалды сапада түседі. Нақ осы аталған сапа өнеркәсібі дамыған елдерде монополияның әлсіреуіне және тоқтап қалған техникалық прогрестің жылжуында елеулі роль атқарады. Батыс экономистерінің есебі бойынша “…белсенді бәсекелестік бөлу үшін, біртекті өнім шығарушылардың саны 8-15, ал кем дегенде 4-5” болу керек..

Кәсіпкерлік ұғымы жоғарыдағы сипаттамалардың өзінен көрініп тұрғандай өте күрделі ұғым болып табылады. Сондықтан да, әлемдік экономист ғалымдар да, заңгерлер де, саясаттанушылар да және т.б. мұның негізгі анықтамасын беруге ұмтылған болатын. Отандық заңгер ғалым Қ. Битеміров өзінің “Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері” атты зерттеуінде кәсіпкерлік қызметінің түсінігін беруге байланысты мынандай қорытындыға келеді:  “Кәсіпкерлік қызметтің түсінігін әзірлеу бірнеше кезеңнен өтіп, соңында жаңадан қабылданған ҚР азаматтық кодексінен көрініс тауып отыр. Осы жұмыста кәсіпкерліктің (оның ішінде шағын және орта) түсінігі шаруашылық қызметтің түсінігі арқылы ашылып көрсетілген, сонымен бірге мынандай келесідей кәсіпкерліккке тән ерекшеліктер: өз еркімен талаптану, пайда табуға тырысу, соны мақсат ете отырып қызмет атқару, дербестілік және тәуелділік арқылы сипатталу және т.б. айқындалған. Бұл жерде баса назар аударатын бір жәйт, кәсіпкерлердің тікелей-шаруашылық дербестігі. Ал дербестілік мүліктік ерекшеленуге байланысты болады, яғни жеке меншіктің арқасында немесе дербес мүліктік жауапкершіліктің болуы, өз атынан қызмет атқарып өзін-өзі реттеуі негізінде. Тәуелділіктің кәсіпкерлік қызмет аясынан орын алуы субъективтік және объективтік факторларға байланысты болады. Осыған орай кәсіпкерлік тәуелділіктің құрамдас элементтері мүліктік (кәдімгі) тәуелділік және коммерциялық тәуелділік болып саналады”[5, 122 б.]. Кәсіпкерлік қызметтің ұғымын беруге байланысты Ресейлік ғалымдардың да көптеген ізденістері баршылық. В.С. Белых кәсіпкерлік қызметін былай айқындайды: “Предпринимательская деятельность — вид хозяйственной активности индивидов, их объединений по производству, распределению, перераспределению и потреблению материальных благ в рамках товарно-денежного обмена, предпосылкой которой является владение, пользование и распоряжение данными благами для удовлетворения собственных и чужих материальных (финансовых) и духовных потребностей.

Однако предпринимательскую деятельность отличают от иных видов экономической деятельности специфические только для нее признаки. Их выделение предполагает раскрытие семантики разбираемого термина, анализ существующих теоретических воззрений на предпринимательскую активность, нормативной ее модели. При этом надо иметь в виду, что категория предпринимательской деятельности (предпринимательство) рассматривается в разных аспектах: организационном, экономическом, юридическом, психологическом и др.” [6, 129-132 б.]. Бұл анықтаманың өзі кәсіпкерлік қызметті әр түрлі аспектіде қарауға болатындығын көрсетіп тұр. Сонымен қатар,  кәсіпкерлік қызметін белгілі, белсенді қызмет тұрғысында да бағалау бар. Оны былай береді: “предпринимательская деятельность не сводится к простой совокупности действий, а состоит из связанных и последовательных предпринимательских мероприятий (действий), поступков направленных к единой цели. Основная цель предпринимательской деятельности (активности) – производство и предложение рынку такого товара, на который имеется спрос и который приносит прибыль” [7, 18 б.]. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті былай түсінеді: “предпринимательство как процесс создания чего-то нового, что обладает стоимостью, а предпринимателя как человека, который затрачивает на это все необходимое время и силы, берет на себя весь финансовый, психологический и социальный риск, получая в награду деньги и удовлетворение достигнутым” [8, 20 б.]. Тағы да бір ғалым Алан Хоскинг жеке кәсіпкердің түсінігіне негізінен көңіл бөле отыра, оны былай айқындауға ұмтылады: “Индивидуальным предпринимателем является лицо, которое ведет дело за свой счет, лично занимается управлением бизнесом и несет личную ответственность за обеспечение необходимыми средствами, самостоятельно принимает решения. Его вознаграждением является полученная в результате предпринимательской деятельности прибыль и чувство удовлетворения, которое он испытывает от занятия свободным предпринимательством. Но наряду с этим он должен принять на себя весь риск потерь в случае банкротства его предприятия” [9, 28 б.]. Ресейлік осы мәселемен айналысушы Т.В. Кашанина: “Кәсіпкерлікті шаурашылық субъектілерінің дербестігіне жеке ынталылығына, жауапкершілігіне, тәуекеліне және жаңашылдығыныа сүйенетін белсенді қызмет деп айқындайды” [10, 9 б.]. Экономист ғалым  А.В. Бусыгин: “кәсіпкерлікті — экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде түсінеді, яғни кәсіпкерлік жаңашылдық идеяға, жауапкершілікке, жеке белсенділікке сүйенетін мақсатты қызмет” [7, 15 б.] — деп түсіндіреді.  Экономист ғалымдардың ортасында да әр түрлі көзқарастар орнығып жатқандай. Бірінен-бірі өте отыра, кәсіпкерліктің толыққанды анықтамасын беруге ұмтылады. Осы жерде тағы да бір ғылыми әдебиеттерде берілген кәсіпкерлікке байланысты анықтамаларға тоқталып өтсек дейміз. М.Г. Лапусты “предпринимательство представляет собой свободное экономическое хозяйствование в различных сферах деятельности (кроме запрещенных законодательными актами), осуществляемое субъектами рыночных отношений в целях удовлетворения потребностей конкретных потребителей и общества в товарах (работах, услугах) и получения прибыли (дохода), необходимых для саморазвития собственного дела (предприятия) и обеспечения финансовых обязанностей перед бюджетами и другими хозяйствующими субъектами” [11, 26 б.], — деп кәсіпкерліктің тәжірибеде жүзеге асу қырларын да негізге алады. Ал, В.Я. Горфинкель, Г.Б. Поляк және  В.А. Швандар “кәсіпкерлікті жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет көрсету, сату-сатып алуға байланысты өзара пайдаға негізделген қызметі” [12, 11 б.], — деп түсінеді. Кәсіпкерліктің азаматтық құқықтық табиғатымен айналысушы В.В. Ровный: “кәсіпкерліктің заңдық тұрғыда берілген анақтамасын жеткілікті деп тани отыра, оның негізгі белгілерін айқындау керек” [13, 215 б.], — деп санайды. Кәсіпкерліктің жоғарыда экономикалық, құқықтық және психологиялық сипаттағы анықтамасына байланысты көзқарастарды саралап қарайтын болсақ, жалпы берілген анықтамалардың көбісі бір бағытты қамтитындығын аңғару қиын емес.

 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәнін, оның белгілері айқындайды. Енді сөз кезегін кәсіпкерлік қызметінің белгілеріне байланысты көзқарастарға бұрып көрейік. Әрине, бұл мәселеде де әр түрлі пікірлердің барын көруге болады.  Т.В. Кашанина: “кәсіпкерліктің негізгі белгілерін нақтылай түсуді жақтай оотыра, оған жаңашылдық сипаттағы белгі тән екендігін бөле айтып өтеді”[14, 226 б.]. Сонымен қатар, кәсіпкердің кәсіпқойлығын негізгі  белгі ретінде айқындайтындар да бар [15, 310 б.].  Құқықтық әдебиеттерде кәсіпкерліктің негізгі белгілерін тағы да басқа тұрғыда жіктеу де орын алады. В.В. Ровный “кәсіпкерліктің негізгі белгілерін міндетті және қосымша белгілер деп ажыратып көрсетіп, міндетті белгілерге пайда табуға бағытталған тәуекелді, ал қосымша белгілерге – жүйелілік, субъектінің дербестігін және мемлекеттік тіркеуді жатқызады” [16, 223 б.]. Бұл оймен В.А. Семеусов, А.А. Тюкавкин, А.А. Пахаруков, бұл оймен келіспейтіндіктерін білдіре отыра, кәсіпкерліктің негзгі белгілері туралы былай дейді: “нельзя делить признаки предпринимательской деятельности на обязательные и необязательные, хотя бы по той причине, что это может привнести значительный элемент субъективизма в анализ правового регулирования предпринимательской деятельности, что снизит в целом его научную и практическую значимость и создаст возможность  злоупотребления в правоприменительной практике” [17, 242 б.]. В.Ф. Попондопуло кәсіпкерліктің белгілерін жалпы және жеке белгілер деп бөле келе, мына мәселені ерекше астын сызып атап өтеді: “что признак государственной регистрации не является внутренне присущим самому понятию предпринимательской деятельности, это юридический (формальный, внешний) признак, требование, предъявляемое к предпринимательству со стороны законодателя” [18, 158 б.]. И.В. Ершова, Т.М. Иванова кәсіпкерлік қызметінің белгілерін мәнін көрсететін және формальдық сипатын білдіретін белгілер деп ажыратады [19, 179 б.]. Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызметінің белгілеріне байланысты көзқарастарды жүйелей келе, біз негізінен кәсіпкерліктің төмендегідей ерекше белгілеріне мән береміз.

Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда дербестікте жеке жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Бұл кәсіпкердің шартты түрде басқа субъектілерден мемлекеттік органдардан тәуелсіз қызмет атқаратындығын білдіреді. Өйткені, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметінің бағытын айқындауда және оны қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асыруда ешкімге тәуелді болмайды. Өз атынан дербес шешім қабылдайды.

Кәсіпкерліктің тағы бір айшықты белгісі жеке тәуекелге негізделетіндігінде В.А. Ойгензихт тәуекелдің психологиялық аспектісіне көңіл бөле отыра, оны былай түсіндіреді: “психическое отношение субъектов к результатам собственных действий или к поведению других лиц, а также к возможному результату объективного случая и случайно невозможных действий, выражающееся в осознанном допущении отрицательных, в том числе невозместимых, имущественных последствий и как детерминированный выбор деятельности, не исключающей достижения не желаемого результата и осуществляемой при сознательном допущении случайного результата и возможности связанного с этим возникновения отрицательных последствий”  [20, 67б.]. Бұл жерде тәуекелді былай түсіну кінә мен тәуекелдің арасындағы ажыратым белгілеріне теңдік қоюмен пара-пар болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметінің тағы бір тұрақты белгісі табыс табу болып табылады. Табыс мәселесі экономист ғалымдарды сан жылдар бойы ойландырып келе жатқан өте күрделі мәселе Дж. Ричард Хикс “құн және капитал” атты еңбегінде табыстың бірнеше түсінігін айқындайды. Ол былай дейді: “Сонымен, табыстың бірінші  анықтамасын беретін болсақ, онда табыс дегеніміз қазіргі бар күтулерге сәйкес болашақ түсімдердің жалпы құны (ақшамен есептегенде) бұрынғысынша сақталатын шарт негізінде уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмсауға болатын қаражаттың ең көп саны”[21, 257 б.]. Екіншіден, “табыс дегеніміз жеке адамның осы апта ішінде жұмсайтын және ол әрбір келесі апта ішінде жұмсалуын күтетін қаражаттың ең көп саны болады” [18, 258 б.]. Сонымен бірге, кәсіпкерлік пайда деген бар: “Кәсіпкерлік пайда-бұл барлық шығындарды жапқаннан кейінгі еркін қалатын қаражаттың бөлігі. Бұрынғы саяси экономияшылар кәсіпкерлік пайданы табыс пен кәсіпорын шығындарының айырмасы деп дәлелдеп келген. Бұл анықтама, әрине, үстірт жасалынған, бірақ одан бастау алуға болады. Шығындар деп бұл жерде кәсіпкердің өндіріспен байланысты барлық тікелей немесе жанама шығындарын айтамыз. Бұған кәсіпкердің еңбегі үшін төленетін тиісті ақы, оның иелігіне жататын жер телімі рентасы және тәуекел үшін берілетін сыйлық кіреді. Мен бұл шығындардын капиталға алынатын пайызды шығарып тастауды талап етпеймін. Ал шын мәнінде пайыз не- шығынға жатады, не-егер капитал кәсіпкердің меншігінде болса-еңбек ақы немесе рента сияқты есептеледі. Бұл біздің ұғымымызбен үндес болып болып отыр. Көптеген теоретиктер пайызды жалақымен және рентамен қатар қояды” [22, 369 б.]. Кәсіпкерлік қызметтен пайда табудың мәнін еліміздің белгілі заңгер ғалымы И.В. Амирханова да былай түсіндіреді: “Получение чистого дохода предпринимателем от своей деятельности спряжено, во-первых, с необходимостью удовлетворения интересов потребителей (посредством выполнения обязательств по удовлетворению спроса на товары, работы, услуги), а во-вторых, с необходимостью  удовлетворения интересов государства в получении фискальных подходов (посредством уплаты обязательных платежей предпринимателем). Определена необходимость введения различного правового режима производственного и потребительского участия предпринимателя в товарно-денежных отношениях. При этом необходимо сохранение разницы в правовом обеспечении потребительских интересов предпринимателей и собственно потребителей”[23, 331 б.]. Кәсіпкерліктің белгілерін саралай келгенде, мынандай қорытындыға еріксіз тоқталатындаймыз:

Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет дербес жүзеге асырылатын қызметтің түрі.

Екіншіден,  кәсіпкерлік қызмет мақсатты, жүйелі тұрғыда жүзеге асырылады.

Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің жеке тәуекеліне негізделеді.

Төртіншіден, кәсіпкерлік жүйелі табыс табуды мақсат етеді.

Бесіншіден, кәсіпкерлік қызметтің әрқашанда қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілігі болады. Осы жағдайда ғана кәсіпкерлік қоғамның қалыпты, тұрақты жұмыс істеуіне негіз болатын факторға айналады.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.

Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын, құқықтық режимнің екі  түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген, яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақ тарап заң жүзінде құқықты.

Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалатын әрекет (іс-қимыл) жөнінде арнайы нормативтік-құқықтық акті қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес [5, 34 б.].

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ, осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап құқылы. Патент бір мезгілде азаматың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады [24, 59 б.].

Кәсіпкерлік мәселесін айтқанда, біз меншіктен айналып кете алмаймыз. Өйткені, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудың басты себепшісі немесе факторы меншік болып табылады. Осы жерде меншік мәселесіне тоқталатын болсақ, меншік өте күрделі ұғымнан тұрады. Оның элементтері және жүктеу мәселесі де проблемалы. Біз бұл жерде, белгілі ғалым М.К. Сулейменовтың айтуы бойынша: “Ешқандай меншік нысаны  болмайды, тек меншіктің түсінігі және меншік құқығы ғана бар. Біздің құқықтық теория бойынша меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша пайдалану” [25, 74 б.], — деген ойына толығымен қосыламыз.

Сонда дәстүрді қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны үшке бөлінеді: мемлекеттік (республикалық және коммуналдық); ұжымдық (кооперативтік, арендалық, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б.); азаматтардың (өзіндік және жеке меншік). Қазіргі кезде меншіктің екі түрі көрсетілген: мемлекеттік және жеке меншік (мемлекеттік емес меншік). Жеке меншік азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі болып табылады. Ал қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктерінің меншіктерін қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншікке деп айта аламыз [5, 66 б.].

Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің басты көрінісі оның жеке меншікке негізделе отырып, ерікті және еркін сипатта жүзеге асырылуы.  Бірақ кәсіпкер ретінде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ қандай да заңды тұлға болмасын өздерінің жүріс-тұрыстарын реттейтін заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгіленген шеңберден шықпауға тиісті.

Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.

Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( ұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.

Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:

— жауапкершілік, тәуекел, инициатива;

— жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;

— құралдарды іске асыру еркіндігі;

— жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.

Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланысты еркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.

Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.

Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: инноваторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі — өндірілген өнім мен қызмет.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:

— жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;

— бизнес-жоспарды құру;

— қажетті ресурстарды іздеу;

— құрылған кәсіпорынды басқару.

Бұл аталған сатылар бір–бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде, барынша көп табыс келтіру — кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты – пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.

Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.

Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.

Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара – қатынасы жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет — әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.

Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:

— нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;

— тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;

— төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;

— бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;

— маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;

— табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.

 Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.

«Шағын бизнес» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):

— жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адмға дейін;

— активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;

— мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:

— толық серіктестік;

— сенім серіктестігі;

— жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

— қосымша жауапкершілікті серіктестік;

— өндірістік кооператив.

Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:

— белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;

— жаңа, яғнитаяудағанатіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;

— уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар [3].

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.     Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен  молығуына  және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Бұл туралы келесі тарауда нактылай түсемін.

 

 

1.2      Шағын кәсіпкерлік қызметінің мазмұны және қажеттілігі.

 

 Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық  фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды  кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының  60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады.  Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен  келісім арақатынастары арқасында жұмыс істейді.  Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы  монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың  32%, Италияда — 29%,    Францияда  — 21% құрады.

Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

Демек, шағын бизнестің ролі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

Шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес;

Шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді;

Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды;

Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60%    және жаңа жұмыс орындарының   70-80% келеді;

Атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар);

Шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі  бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.

Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

70-80ж дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік «бум» ғалымдар мен практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан – шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1990-2000ж) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай ролі бар.

Қазақстан жағдайында шағын кәсіпкерлікке анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын кәсіпкерлікке келесідей сипаттама беруге болады. Шағын кәсіпкерлік – бір немес бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие кәсіпорындардыайтады. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізіг стратегиялық шешімдер қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабыдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың өзара айыспалылығ байқалады. Шағын кәсіпкерлік қазіргі кезде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын, қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. «Американ экспресс» мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда.

Дәстүрлі түрде кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын кәсіпкерлік барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі кәсіпорындар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі – 64,5%, шаруа (фермер) қожалықтары – 25,6%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 9,5% құрады.

Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi.

 

Сурет 1. ШОК субъектілер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі [3]

 

Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.

Қазақстан Үкіметі де бизнеске ғана емес, барша қоғамға ауыртпалық түсіп отырған кезеңде шағын кәсіпкерлікті қолдады. Салықтық жеңілдіктер қамтылды, тексерістерге мораторийлар сценарийі жүзеге асты. Екінші деңгейлі банктердің бұрынғы екпіні қайтып, олар бизнеске кредит ұсыну қауқарынан айырылғанда, билік қаржы құралдарының ғана емес, солар арқылы кәсіпкерліктің де жағдайын ойлады. Қолжетімді несие жолдарын ашты.

2009 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерліктердің (ШОК) дамуын сипаттайтын негізгі индикаторлардың төмендеу үрдісі сақталуда. Өнім  шығарылымының индексі (тұрақты бағаларда) 89,1%-ға дейін төмендеді. Келесі қосымшадан ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерін байқауға болады. (Қосымша А)

Шағын кәсіпкерліктің келесі артықшылықтары – шағын кәсіпкерліктің экономикадағы динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында, сондай-ақ, басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілетілігі. Соңында шағын кәсіпорындардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

 

 

 

 

Сурет 2. 2010 жылғы 1 сәуірге ШОК белсенді субъектілерінің саны [3].

 

2009 жылғы қаңтардағы әр тұрғынға шаққандағы ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда 12,1 %-ға төмендеді. ШОК белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің халықтың жалпы санындағы 1000 адамға шаққандағы саны 6,1%-ға кеміді. ШОК жұмыспен қамтылғандардың халық-тың жалпы санындағы үлесі 6,3%-ға, экономи-калық белсенді халықтан үлесі 6,5%-ға азайды. 2010 жылғы қаңтар-сәуірде шағын және орта кәсіпкерліктегі  субъектілердің өнім шығарылы-мы 782,4 млрд. теңгені құрады.

 

Сурет 3. 2010 жылғы қаңтар-сәуірде ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы [3]

 

 

 

 

Сурет 4. Шағын кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны [3]

2008-2009 жылдары Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде мемлекет тарапынан 127 млрд. теңге бөлінді.  Былтырғы қазан айындағы жағдайға сәйкес, екінші деңгейлі банктер 2 мың 565 тапсырыс беруші арқылы 123 млрд. теңгеге қаржыландыру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде он мыңға жуық жұмыс орындары ашылыпты. Бизнес жүргізу үшін орын алып жүрген кедергілерді, әкімшілік, тексеруге қатысты тосқауылдарды жоюды қолға алды. Қазақстан Үкіметі жақын арада рұқсатнамалық рәсімдердің 35 пайызға жуық көлемін жоюды көздеп отыр. Бұл 340-тан астам әртүрлі рұқсатнама және 100-ден астам лицензия. Лицензиялық-рұқсатнамалық құжат айналымы жылына шамасы 880 бірлікке азаяды деп күтілуде. Аталмыш рәсімдерді қысқарту мен оңайлатуға бағытталған заң жобасы Үкіметке 2010 жылдың ақпан айында енгізілетін болады.

Осындай жүйелі шаралар нәтижесінде  кәсіпкерлік секторында дағдарыс кезеңінде тиімді нәтижелерге қол жеткізілді, шағын бизнес саласында «қан жүгірді». Жұртшылықтың жұмыспен қамтылуынан бастап, отандық тауар өндірушілер арасында өзара бәсекелестік те жандана бастады. Шағын және орта бизнес саласында жайлы жағдай қалыптастыру, іскерлік ортаны жақсартау шаралары Қазақстанның түрлі халықаралық рейтингтегі позициясының да нығаюына септігін тигізіпті. Мәселен,  Дүниежүзілік банктің жүргізген  жыл сайынғы «Doing Business — 2010» рейтингі нәтижесі  бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 70-тен 63-ші орынға көтерілген.

 

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

Cурет 5. ШОК субъектілерінің белсенді жұмыс істейтін сандарының өзгеруі  [3]

 

.Халықаралық менеджментті дамыту институтының Швейцарияда орналасқан Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы рейтингісінің 2009 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтеріліп, 36 — орынға жайғасыпты. Айта кетерлігі, Қазақстанның осы позициясы Ресейді (49 орын) 13 тармаққа, Украинаны (56 орын) 20 тармаққа артқа тастап, жетекші позицияға көтерген. Сондай ақ  Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша, Қазақстан  алдыңғы жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бар-жоғы бір позициясын жоғалтып, 67-орынға тұрақтаған. Дағдарыс кезеңіндегі жағдайдың салқыны болғандықтан бұндай рейтингте Ресей бірден 12 позицияға құлдырап, 51-ден 63 орынға төмендесе, Украина он позицияға сырғып, 72-ден 82-орынға дейін кеткен. Осындай халықаралық рейтинг көрсеткіштерінің өзі ақ дағдарысқа қарсы шаралардың қаншалықты тиімді болғанын, кәсіпкерлік ортаны қолдаудың жемісті атқарылғанын білдірсе керек. Бұндай жүйелі шаралардың нәтижесінде Үкімет былтырғы жылды оң қорытындымен өткерді десе болады. Яғни, дағдарысқа қарсы шара аясында шағын және орта бизнесті қолдауда түпкілікті нәтижелер орын алды. Ал ендігі жағдай қалай болмақ?! ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштеріне келесі қосымшада тоқталдым (Қосымша Ә)

 Жалпы, шағын және орта бизнес үшін ахуалды жақсарту Үкіметтің алдағы уақыттағы басым міндеттердің бірі болып қала береді. Дегенмен, бұған дейін Үкімет дағдарыстың кезеңінде бизнесті құлдыраудан, қызметін тоқтатып қалудан сақтау амалдары арқылы қолдаса, ендігі қолдаудың түрі де, мәні де басқа бағытта өрбитіні сөзсіз. Яғни былтыр, алдыңғы жылдары биліктің мойнында бизнесті құрдымға кетірмеу міндеті көбірек болса, ендігі күні бәсекелестік үшін сол бизнестің өзінің жауапкершілігі де арта түседі.

Сондықтан да, бизнесті үкіметтік қолдаудың шарасы    бәсекелестікті арттыра түсу мен өнімдердің экспортқа бағдарын арттыруға бағытталатыны сөзсіз. Өйткені, біріншіден Қазақстанның дағдарыс қаупін сейілтіп, Кедендік одақ секілді экономикалық қатынастың жаңа деңгейіне қадам басуы   қазақстандық тауар өндірушілерден соны талап етеді.

Екіншіден, соңғы уақытта баса назар аударылған  қазақстандық қамту шарасының өзі отандық бизнестен сапалы ғана емес, бағасы, қызметі бойынша тұтынушы көңілінен шығатын өнім үшін бәсекелестікті сұранады. 

Үшіншіден, өңдеу кәсіпорындарын құруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы биснесті қаржыландыруда биліктің қолдауы бұрынғыдан да арта түседі. Бұның өзі бизнестің қосымша мүмкіндіктерін қарастыруға ынталандыру болып табылады. 

Төртіншіден, Үдетілген индустриялық инновациялық бағдарламасы   ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашады. Бизнесті қолдаудың бұдан басқа шаралары жергілікті жерлерде жүзеге асуын жалғастырады. Мәселен, былтыр басталған «Жол картасы» бағдарламасы да өңірлерде тың бағдарға ие болады. Ендеше бұл да өңірлік кәсіпкерлік үшін үлкен мүмкіндік болып қала беретіні шындық. Түйіндей келгенде, алдағы уақытта шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралдары жүзеге асып, кәсіпкерлік сектор да өз жауапкершілігін көрсету үшін бәсекелестіктің жаңа деңгейіне қол соза бастайды

 

 

1.3 Шағын кәсіпкерліктің қызметін стратегиялық қалыптастыруының құқықтық аспектісі

 

Қазіргі кезеңде елімізде кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері қалыптасу үстінде. Кәсіпкерлік қызметтің конституциялық құқықтық негіздерінің аясы кең. Біз кәсіпкерлік қызметтің конституциялық – құқықтық негіздеріне тоқталмас бұрын, жалпы құқықтың қайнар көзін қалай түсіну керек деген, теориялық мәселеге тоқталып өтуіміз қажет. Себебі, әлі де болса, құқық теориясында құқықтың қайнар көзі белгілі талас тудыратын мәселенің қатарында [26, 43-57 бб.]. Сонда да, болса, құқықтың қайнар көзін біз былай қабылдаймыз: “Құқықтың қайнар көздері ғылыми әдебиетте екі түрлі мағынада (кең және арнайы) қолданылады. Кең мағынада бұл ұғымға құқықтық нормалардың пайда болуына әсерін тигізетін базистік факторлар жатады. Экономикалық қатынастардың пісіп-жетілуі, сөйтіп құқықтық тұрғыдан реттеуді талап етуі, әлеуметтік мүдделердің құқықтық мұқтаждық деңгейіне көтерілуі құқықтық талап-тілектердің, сұраныстардың өмірге келуі-мінеки осы айтылған құбылыстардың барлығы, құқықтың қайнар көздерінің кең мағынадағы мазмұны.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет еркіндігін конституциялық деңгейде тәртіптеу бірнеше кезеңді қамтыған болатын. Жалпы елімізде кәсіпкерлік ұғымы 1990 жылы 11 желтоқсанда қабылданған “Қазақ КСР-да шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заңында” көрініс тапқан болатын. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңында” жеке кәсіпкерлікті қорғаудың негіздері және тәртібі белгіленіп кәсіпкерлік аясындағы қатынастарды заңсыз бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік түрлері  белгіленді. Әрине,  бұл заңдар елімізде кәсіпкерлікті дамытуға елеулі үлес қосқанмен, кәспікерлікті адам құқығы мен бостандығының ажырамас көріністерінің бірі ретінде жоғары деңгейде көтере алмады. Соған қарамастан елімізде кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің конституциялық деңгейде танылуында маңызды роль атқарғандығын жоққа шығара алмаймыз.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің конституциялық тұрғыда танылып, бекуі, 28 қаңтар 1993 жылы қабылданған еліміздің бірінші Конституциясымен тікелей байланысты болып келеді. Бұл Конституцияның екінші бөлімінің 8 тарауы арнайы меншік және кәсіпкерлікке арналған болатын. Аталған Конституцияның 48 бабында мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік беретіндігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ететіндігі бекітілді. Сонымен қатар, шетел азаматтары мен заңды ұйымдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың кәсіпкерлік қызметі мемлекет қорғауында болатындығы айтылды. Әрине, шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еліміздің қорғауында болуы шетелдік компаниялардың Қазақстан өндірісіне дендеп енуіне жол ашуымен қатар, көптеген салықтық жеңілдіктер жасалды. Бұл, Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына белгілі дәрежеде кері әсер етті. Елімізде қордаланған капиталдың басқа елдің үлесінде кетіп, өз кәсіпкерлеріміздің құқықтық жағынан теңсіздікке ұшырауына, шетелдік компанияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының әлеуметтік тұрғыда тиісті деңгейде қорғалмауына жол ашқан болатын.

Ал, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциямыздың 26 бабының 4 тармағында әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқық берілгендігі көрсетілген болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26–бабының 4 тармақшасында мынандай талап белгіленген: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады” [28, 9 б.]. Қазақстан Республикасы Конституциясында кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне байланысты жоғарыдағы бір тараушаның ғана арналуы, негізгі заңның басты конституциялық бастау ретіндегі маңызын түсірмейді. Себебі, конституция, жалпы қоғамдық қатынастардың маңызды қырына байланысты негізгі ұстанымды белгілейтін саяси-құқықтық құжат. Конституцияда көрініс тапқан адам құқықтары мен бостандықтарына байланысты, сот төрелігіне байланысты, заңдылықтың талаптарын сақтауға байланысты, нормалардың барлығы, жалпы тұрғыдан алғанда, еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің өркендеуін қамтамасыз етуші нормалар болып табылады. Конституцияның кәсіпкерлік қызметке байланысты басты мақсаты кәсіпкерлік еркіндігінің мойындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан біз Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметті дамытудағы басты құқықтық нормативтік акті ретінде қабылдаймыз.

Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы Конституцияның қабылдануының бірнеше факторларын атап өте келе, белгілі ғалым                      С.С. Сартаев пен Л.Т. Назарқұлова, оның экономикалық себептеріне тоқтай келе, мынандай жағдайды атап өтеді: “1994 жылы 22-ші желтоқсанында “Казахстанская правда” газетінде бір топ кәсіпкерлердің Президент пен ҚР Жоғарғы Кеңесіне жақын арада жерге жеке меншік, мемлекеттік қостілділік, мемлекеттіліктің сипаты мәселелері бойынша бүкілхалықтық референдум өткізуді ұсынған хаты жарияланды. Хатқа, Қазақстанның жетекші коммерциялық ұйымдарының негізін қалаушылар қол қойды. Ең мәндісі, олардың бәрі жергілікті тұрақты ұлттың өкілдері еді.кәсіпкерлердің аталмыш хаты аса терең қоғамдық жаңғырық туғызды. Осы хаттың артынша оны ұлтшыл-традиционалистердің тым қатал айыптау пікірі пайда болды. “Егемен Қазақстан” газетінің 1994 жылдың 24 желтоқсанындағы санында қазақстандық жетекші ғалымдардың бір тобы кәсіпкерлерді осыншама асығыс ұсыныс жасағаны үшін айыптаған хаты жарияланды” [27, 94 б.]. Әрине, бұл жерде  кәсіпкерлердің басты мақсаты жерге жеке меншікті енгізу болып табылады. Жалпы кәсіпкерлік қай кезеңде болмасын пайда табудың негізгі құралы. Сондықтан да, кәсіпкерліктің мақсаты — пайда табу болып табылады. Жоғарыда айтылған пікірден түйеріміз, елімізге кәсіпкерлік еркіндігіне мүмкіндік жасайтын конституцияның қажет болғандығын аңғарамыз. Осы жағынан алып қарағанда, қолданыстағы конституция кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ете алған, әлі өзінің толық мүмкіндігін  сарпа қоймаған, негізгі заң болып табылады. Республика Конституциясында бекітілген кәсіпкерлік қызметті реттеуге бағытталған принциптер мен нормалар мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің өзге де салаларының кәсіпкерлікті реттеуге арналған нормаларының дамуына жол ашты. Бұл ретте азаматтық құқық саласының кәсіпкерлікті реттеуге байланысты нормаларының орнын ерекше атап өткен жөн.

Республика Конституциясында бекітілген кәсіпкерлік қызметті реттеуге бағытталған принциптер мен нормалар мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің өзге де салаларының кәсіпкерлікті реттеуге арналған нормаларының дамуына жол ашты. Бұл ретте азаматтық құқық саласының кәсіпкерлікті реттеуге байланысты нормаларының орнын ерекше атап өткен жөн.

Кесте 1

 

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері*

 

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері

 

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз

 

 

 

Конституциялық заңдар

 

 

 

Кодекстер

 

 

 

Жай заңдар

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары

 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімдері, қаулылары т.б.

 

*Ескерту: нормативтік құқықтық актілер негізінде автор құрған кесте.

Кәсіпкерлік қызметті конституциялық принциптер мен еркіндіктерге сай азаматтық құқықтық қатынастар саласында рететудің басты құралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық Кодексі еді. Бұл Азаматтық кодекс кезінде Қазақстанның экономикалық Конституциясы аталған. Шын мәнінде, Азаматтық кодекс нарықтық қатынастарды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуде басты роль атқарды. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің жалпы бөлімі 1995 жылы 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі-1999 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі — Азаматтық кодекс азаматтық құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін — жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі — қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық  — құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған қайшы келмеуін талап етеді, АК-ның  3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған [25, 46 б.]. Азаматтық кодекстің маңызы Ғ. Төлеуғалиевтің ойы бойынша, мынада: “Азаматтық кодекс меншіктің жеке және басқа түрлеріне байланысты қатынастарын бекіте түсуге ерекше мән берген. Шын мәнінде Кодекс бұл мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан келеді, яғни азаматтық құқықтық қатынастар қатысушылардың мәртебесін, мәміленің жалпы ережесін айқындайды, меншік құқығын алу мен қорғаудың жаңа тәсілдерін бекітеді, міндеттемелерді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін, шарттар мен тағы басқаларының озық түрлерін қарастырады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі бүгінгі заман талабына сай келеді” [29, 95 б.]. Бұл оймен келісе отыра, біз жалпы кәсіпкерлік қызметті дамытудың бірден-бір негізін қалаған. Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуының әдістерін және оның нысандарын белгілеген негізгі заңның бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметтің конституциялық нормаларға сай құқықтық кеңістігін қалыптастыруда елеулі орын алған келесі құжат 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған “Жеке кәсіпкерлік туралы” заң болып табылады. Бұл заң жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды. Заңға 7 шілде 2006 жылы өзгертулер енгізілген болатын “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заң 11 тараудан 51 баптан тұрады. Мәселенки, заңның бірінші тарауы жалпы ержелерге арналған. Мұнда заңда қолданылатын негізгі ұғым-түсініктер берілген. Оған тоқталатын болсақ, мынандай негізгі түсініктерді қамтиды:

1)бизнес-инкубатор – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға;

2) дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;

3)жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – Қазақстан  Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;

4)жеке кәсіпкерлік субъектілері —  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

5) жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;

6) индустриялық аймақ – коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан  Республикасының Жер кодексінде  және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;

7)  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін акредиттеу – кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемдерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;

8) жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы — өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инженеринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені;

9) келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабы —  мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың тексеру (бақылау) жүргізу фактісі туралы лауазымын, тегін және тексеру нысанын көрсете отырып, міндетті түрде белгі қою үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгідегі журнал;

10) коммерциялық құпия —  жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдалануы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат;

11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі —  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымының дербес – ұйымдық құқықтық нысаны;

12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жұмысын үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес (бұдан әрі сарапшылық кеңес) — жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерін және мүдделі  коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.

14) мемлекеттік бақылау — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік органдардың өздерінің  құзыреті шегінде бақылауы жөніндегі қызметі;

15) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары —  оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама  жасауды жүзеге асыратын тұлғалар” [32, 5-6 бб.]. Сонымен қатар, заңда жеке кәсіпкерлік субъектілер және олардың жұмыс істеу жағдайлары, мемлекеттік органдарды жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыреті, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құру және олардың нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасауға қатысуы, жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және тарату, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығы көрініс тапқан.

Кәсіпкерлікті дамытуда маңызды роль атқаратын тағы да бір құқықтық құжат — заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдің заң күші бар жарлығы болып табылады. Бұл заң 19 баптан тұрады. Заңда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты, тіркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар  мен өкілдіктер, тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыры, заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандарын белгілеп көрсететін, құқықтық актілерге: Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы заңы, өндірістік кооператив туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы заңы, шаруашылық серіктестіктері туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 22 сәуірдегі заңы жатады.

Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілері туралы 1998 жылдың 24 наурыздағы заңында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктері белгіленген. Сондықтан да бұл заңды еліміздегі кәсіпкерлік қызметін дамытудың құқықтық бастауы ретінде толық қабылдауға негіз бар. Заңның 14-1 бабында былай делінген:

“Орталық және жергілікті атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшін сараптама кеңестері арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп нәтижелері қамтылуға тиіс.

Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің ортақ пікірін білдіреді, ұсыныс сипатында болады және нормативтік құқықтық актінің жобасына оны мемлекеттік орган қабылдағанға дейін міндетті қосымша болып табылады.

Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен ретте нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерін негіздеп, жауап жібереді.

Жеке кәсіпкердің мүддесін нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізудің мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс.

Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.

Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкердің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың міндетті шарты болып табылады.

Жеке кәсіпкерлің мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобалары оларды тиісті органда немесе Сараптама кеңесінің отырысында қарағанға дейін, көпшіліктің қолы жетімді телекоммуникациялық жүйелердегі WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс” [33, 10 б.].

— «ҚР-да шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР  Заңы. 11.12.1990ж.;

— «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» ҚР Заңы. 4.07.1992ж

— «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Қазақстан Республикасының Заңы;

— 17.08.94ж. № 912 Қаулысымен Қазақстан Республикасында 1994-1996 ж.ж. кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралар жоспары;

— Үкіметтің 1996-98ж.ж. экономикалық реформаны тереңдету туралы жұмыс бағдарламасы;

— ҚР Президентінің 14.06.1996ж. «Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік кепілдігін іс жүзіне асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығы;

— 1997 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;

— Үкіметтің 14.03.1997ж. «Шағын кәсіпкерліктің Республикалық ақпараттық-көрмелік орталығын жасау туралы» №325 Қаулысы;

— «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысы;

— «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңы;

— «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 135-1 Заңы;

— Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы»;

— «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi келiсiм» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 2 желтоқсан N 1222;

— 1999 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы;

— «Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1999 жылғы 2 ақпан N 11;

— «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығы;

— «Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың
және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 755 қаулысы;

— «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 мамырдағы N 450 Қаулысы;

— «Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 Қаулысы;

— «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды.

Қазіргі кезде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік даму институты болып табылады. 10 жылдық даму кезеңін басынан өткізе отырып, Қор жүзеге асырылуы 2008 жылдан басталатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Концепциясын дайындады.

Жаңа Концепция мен шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты саясаттың басты міндеті Қазақстанда шағын және орта бизнестің бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, оның сапалы серпілісіне, осы саладағы өнімділік өсімі мен бәсекегеқабілеттілігіне жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстан Республикасының  жеке кәсіпкерлік туралы Заңының 20-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді. Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:

  • нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;
  • шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар;
  • шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;
  • жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;
  • ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ынталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық салада болсын, қоғамдық-саяси салада болсын қиындықтар бір жағынан – заң шығарушылық базанын жоқтығымен немесе онын жетілмеуінен болса, екінші жағынан – нақты заңды, бағдарламаның және  тағы басқа зандық күші бар актілерді жүзеге асырудың  нақты механизмін жетік зерттелмеуінен. Сондықтан келесі тарауда шағын кәсіпкерлік қызметтің құқықтық жағдайына тоқталмақпын.

 

 

 

2         ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

 

2.1      Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау

 

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық базасы даму үстінде. Кәсіпкерлік қызметтің конституциялық құқықтық негіздері кәсіпкердің экономикалық қызмет аясындағы мүддесін жүзеге асыруға  заңдық негіз болып табылатын конституциялық-құқықтық принциптер мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманың дамуын мынандай кезеңдерге бөліп көрсетуге болады.

 Бірінші кезең, 1990-1993 жылдар аралығы. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік экономикалық қызметтің бір түрі ретінде орныға бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бастау болып табылған заңдар жиынтығы қабылданды.

 Екінші кезең, Республиканың тұңғыш Конституциясы қызмет істеген уақыт аралығын қамтыды (28 қаңтар 1993 ж. – 30 тамыз 1995 ж.). Бұл кезеңде кәсіпкерлік қызметтің бір нысаны-жеке кәсіпкерлік қызмет конституциялық-құқықтық реттеу объектісіне айналады. Мемлекет жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды конституциялық-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етеді;

 Кәсіпкерліктің дамуының үшінші кезеңі, 1995 жылдан 1997 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде 1995 ж. Республика Конституциясы экономикалық конституция аталған азаматтық кодекс қабылданып, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық  нысандары туралы жеке-жеке заңнама қалыптастырылды. Қазақстан инвестиция тартудың тартымды аумағына айналды. Үлкен – үлкен бірлескен кәсіпорындар өмірге келіп, жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің құқықтық кеңістігі конституция нормаларынан өрбитін заңнамадан және заңға негізделген актілерден тұратын күрделі жүйе. Кәсіпкерлік қызмет мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі ауқымын қамтитын болғандықтан, бұл қызметтің де конституциялық–құқықтық негіздерден бастау алатын құқықтық аясы әркез жаңарып, түлеп отырады.

Кәсіпкерлікті әрқашанда мемлекет белгілі дәрежеде қолдап отыратындығы белгілі, Қазақстан жағдайында да мемлекет кәсіпкерлікті жүзеге асыратын кәсіпорындардың қызметіне және т.б заңды тұлғалардың қызметіне едәуір дәрежеде көңіл бөледі. Экономикасы қарқындыдамыған  Қытайда да, Үкімет кәсіпкерлік ісіне араласады және демеу көрсетіп отырады. Ол туралы Д.Тоқтасынұлы, оның ерекшелігі туралы былай дейді: “Үкіметтің функциясы басқару функциясынан және меншіктенуші, қаржы қосушы функциясынан тұрады. Меншіктенуші, қаржы қосымша ретінде мемлекет өз иелігіндегі мал-мүлікті басқаратын салалары қазыналық мүлік құқығы арқылы кәсіпорынның ішкі бөлігінен кәсіпорынның өндіріс басқару шешіміне ықпал жасайды. Басқарушы ретінде үкіметтің тиісті салалары бойынша кәсіпорынның іс-әрекетіне бақылау жүргізеді және оны басқарады.

Қытайда заң қатаң болады. Өйткені, олардың ұғымында заң бола тұра оған бойсынбау заң жоқпен тең, ол, тіпті, заң жасалмай тұрғаннан да сорақы болып көрінуі мүмкін. Өйткені,  заңның беделі түсті деген сөз-басқарушы болып отырған үкіметтің де беделі түсті деген сөз. Сондықтан, заң жасалған екен, үкімет істі заң бойынша табандылықпен жүргізіп, заңның беделін қорғау керек деп есептейді.

Барлық кәсіпорынға бірдей көзбен қарап, кәсіпорын бәсекесінің әділдігін қорғау керек. Бірақ, мынаған көңіл бөлген жөн: байлық көзін бөліп орналастыру барысында үкімет тиісті реттеу жұмысын жүргізгенде заңның беделін қорғау бірінші кезекке қойылуға тиісті. Үкімет заң бойынша іс жүргізеді. Егер үкіметтің реттеу әрекеті заңның  беделін түсіретін болса, онда қандай жағдайда болса да, оған жол бермейді” [34, 258 б.].  Қазақстанда бұрын кәсіпкерлікті қолдаумен және оны дамытумен айналысатын арнайы мемлекеттік орган болған болатын. Сол кезеңдерде кәсіпкерлікпен айналысушы заңды тұлғалар көбейіп, олардың қызметі жандана түсті. Оны Н.И. Ляпбаев келтірген мына деректерден көруге болады: “В апреле  1998 г. Указом Президента Н.А. Назарбаева было создано Агентство  по поддержке  малого бизнеса, что способствовало увеличению количества малых предприятий. Их число выросло с 11464 ед. в 1994 г. до 112500 на начало 1998, почти в десять раз. При этом в малом бизнесе значительно поднялась численность занятостях-с 5,2% от общего числа занятых в 1996 г. до 19% в  1998.

Объем вложенных малыми предприятиями средств на создание и воспроизводство основных фондов в 1997 г. возрос на 1,7 млрд. тенге, или на 1,25 % общего объема инвестиций в основной капитал республики”[35, 79 б.]. Қазіргі кезеңде Қазақстан жағдайында кәсіпкерлікті көтермелеумен, ұйымдастырумен айналысатын арнайы орган жоқ. Кәсіпкерлік ісін дамытуға бірнеше мемлекеттік органдар қатысады. Бұл біздің ойымызша, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіреді. Өйткені, әр түрлі органдар уақтылы шаралар қолдануда кедергілерге ұшырап жататын жағдайлар да бар. Сондықтан, біздің ойымызша қазіргі кезеңде Қазақстан жағдайында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға байланысты арнайы мемлекеттік орган құру қажет. Әрине, кәсіпкерлік ісін үйлестіруге байланыст Қазақстанда қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық қорлар  көптеп саналады. Солардың ірілерінің бірі, “Атамекен” екені белгілі. “Атамекен” қабылдаған шешімдер мемлекеттік органдарға да және кәсіпкерлік субъектілеріне де міндетті болып табылмайды. Тек ұсыныс ретінде беріледі. Ал, мемлекеттік органдардың шешімдері әрқашанда орындалуға жататын міндетті сипатымен ерекшеленеді.

Осы айтылған жағдайлардың барлығы Қазақстанда жеке, өз алдына дербес кәсіпкерлікті дамытушы органның құрылуын қажетсінетіндей.

 

 

2.2  Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау

 

Бүгінгі күні кәсіпкердің қызметін тексеруші мемлекеттік органдардың қатары өте үлкен. Кәсіпкерлікпен айналысу құқығын пайдалануға ниет еткен тұлға нақты жүзеге асыру мүмкіндігі өте аз. Себебі, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың тарапынан мақылдауын алу өте қиынға соғады. Тіпті ол өзінің қызметін ашқанмен де осы органдар кез келген уақытта қызметіне шек қоюға құқығы бар. Былайша айтқанда, адамның конституциялық құқығы жүзеге аспай отыр. Сондықтан, тексеруші органдардың қатарын азайтып, олардың құзыретін анықтайтын құжаттарға өзгерістер енгізу керек.

Кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыру негізінен белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандарға сүйенеді. (кесте-2)

Кесте 2

 

Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігінің ұйымдық-құқықтық нысандары*

 

Кәсіпкерлік қызметтің  еркіндігінің  ұйымдық-құқықтық нысандары

 

 

 

Коммерциялық ұйымдар

 

 

 

Коммерциялық емес ұйымдар

 

 

 

Заңды тұлға құрмай жүргізілетін жеке кәсіпкерлік

 

 

*Ескерту: нормативтік құқықтық актілер негізінде автор құрған кесте

Ұйымдық-құқықтық нысандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әр түрлі деңгейдегі коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысандар меншік түріне байланысты және қызметіне байланысты әр түрлі болып келеді.

Нарықтық қатынастарға аяқ басқан мемлекеттердің барлығы тұрақты экономикалық дамуға жол ашу үшін әрқашанда экономиканың негізгі көзі болып табылатын кәсіпкерлік ісін жүйелі бағытқа  негіздеп, жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет кәсіпкерлікті қолдап, ынталандырып отыруы қажет. Мұның барлығы мемлекет тарапынан, оның органдары тарапынан, жүйелі түрде қызмет атқаруды талап етеді. Қазіргі кезеңде елімізде кәсіпкерлік қызметті қолдаудың 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету  көрсетілген мақсаттарға көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебінен жүзеге асырылатын болады.

Осы бағдарламада баяндалған жеделдетілген шараларды іске асыру үшін 2005 жылы республикалық бюджеттен 11181,12 млн. теңге, 2006 жылы – 10215,12 млн. теңге, 2007 жылы – 10000,0 млн. теңге бөлінеді.

Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мөлшері белгіленген тәртіппен тиісті жылдың бюджетін қалыптастыру  және нақтылау кезінде жыл сайын нақтыланатын болады. Қазақстан Республикасының Президенті басшы болып, кәсіпкерлік саласын қолдауға ерекше  қамқорлық жасауда. Кәсіпкерлік саласының дамуы, елімізде орта тап мүшелерінің тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мемлекетте тұрақты орта топтың болуы, мемлекеттің қалыпты өмір сүруінің кепілі. Біз сөз етіп отырған, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламада, оны жүзеге асырудың мынандай кезеңдері белгіленді және оны атқарудың шаралары нақты көрініс тапты:

2005-2006 жылдары Қазақстан Республиканың бірқатар заңнамалық кесімдер әзірленеді және қабылданады:

2005 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйелендіру жөнінде шаралар қабылданады;

2005 жылы кластерлік – желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық моделі әзірленеді;

2005 жылы Үлкен қаржы маркеті құрылады;

2005 жылдың бастапқы кезеңінде аудан орталықтары мен шағын қалаларда 160 микрокредиттік ұйымдар құрылады;

2005-2006 жылдары мемлекет қатысатын кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың бейінді емес функцияларын нарықтық ортаға, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке кезең-кезеңімен беру жүргізіледі;

үш жыл ішінде орта бизнес субъектілеріне кредит беру 95 млрд. Теңгеге дейін ұлғаяды;

жалпы мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясы құрылады [36, 58 б.].

Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің негізін еліміздің үкіметі құрайтын болғандықтан, Үкіметке мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік дамуының  көптеген бағыттары бойынша, жүйелі шараларды жүзеге асыру жүктеледі. (кесте 3)

Кесте 3

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары*

 

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары

 

 

 

Кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау

 

 

 

Мемлекет тарапынан ғылыми-әдістемелік көмек беру

 

 

 

Қаржылық жеңілдіктер беру

 

 

 

Кәсіпкерлікті дамытудың нормативтік-құқықтың базасын жасау

 

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру

 

*Ескерту: нормативтік құқықтық актілер негізінде автор құрған кесте

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Президент белгілеген көптеген стратегиялық маңызы бар шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырып, оны өмірге енгізіп отырады. Сондай негізгі бағыттардың бірі,  кәсіпкерлік ісін мемлекет тарапынан қолдаудың стратегиялық бағыттарын айқындап, ол бойынша нақты шараларды жүргізу. Қазақстан Республикасындағы “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңға сәйкес, Үкімет  мынандай шараларды атқарады:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:

2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;

3)Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады және таратады;

4) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын сарапшылық кеңестердің қарауын ұйымдастырады;

5) мемлекеттік мұқтаждар үшін кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін (проценттік көріністегі)бекітеді;

6) шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады, мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету үшін арнайы қор құрады;

7) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру тәртібін айқындайды;

8) бәсекеге қабілетті салаларды құру мен жетілдіруді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды және олар шығаратын өнімнің сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;

9) бәсекелестіктің дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;

10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін кедергілерді жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді;

12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар өндіруді жеңілдету мақсатында ұлттық  даму институттарын құрады;

13) жекелеген салаларда жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасай отырып, осы салаларды тарифтік және тарифтік емес әдістермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергілерді жоюға шаралар қабылдайды;

15) жеке кәсіпкерлік субъектілерін келісімді бірлескен экспорттық саясатты жүргізуге ынталандырады;

16) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай –күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады;

17) сапа менеджментінің жүйесін өндіруді ынталандыру жолымен ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін артыруға жағдайлар жасайды;

18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердің аумағындағы мүдделереін қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;

19) жеке кәсіпкерлік субъектілердің персоналын көтермелейді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және жұмыс берушілердің бірлестіктерімен өзара әрекет етеді;

20) бәсекеге қабілетті салалар құру мақсатында жекелеген салаларды қолдау бағдарламаларын бекітеді;

21) саланың немесе кластерлердің проблемаларын шешу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландырады;

22) республиканың экономикасы үшін білікті кадрлар даярлау жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;

23) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігін жеке кәсіпкерлікке тарту жөнінде шаралар әзірлейді [32, 12 б.]. Сонымен қатар, Үкімет жеке кәсіпкерлік саласындағы жалпы үйлестіруді жүзеге асыратын орган болып табылады.

Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік қызметінің барлық бағыттарын мемлекет ерекше қолдауға кірісіп отыр. Бұл жергілікті жердегі шаруа (фермер) қожалықтарын қолдауда да, өзінің қомақты үлесін көрсетіп отыр. 1999 жылғы 31 наурыздағы “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заңның 6-бабында шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскесіне құқығы белгіленген. Осы бағытта шаруа (фермер) қожалықтарының мынандай мүмкіндіктері бар: “Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін-жеке меншік құқығымен немесе 49 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалу құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылымдар) осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру арқылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесіне жеке меншік құқығын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес айқындалатын  оның кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен не жеңілдетілген бағамен алуы мүмкін.

Жер учаскесін саытп алу соммасын төлеу жер учаскесіне жеке меншік құқығын алған тұлғаның жазбаша өтініші бйоынша он жыл мерзімге дейін ұзартылып жүргізілуі мүмкін.

Оралмандарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізі үшін жер учаскелерін беру уақытшажер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шауашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алуға басым құқықты пайдаланады.

Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін аталған оның ұйымдардың жерінен жер учаскелері беріледі, оларды кадастрлық бағалау шарушылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиіс.

Өздеріне тиесілі жер учаскелеріне құқықтарын, оның ішінде шартты жер үлестеріне құқықтарын шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын  ұйымдастыру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесін немесе пайын, жер учаскесін қоса алғанда, нақтылы бөліп шығаруға (бөлісуге) не өздерінің қалауы бойынша жер үлесінің немесе пайының құнын төлетіп алуға құқылы.

Үлесті немесе пайды нақтылы бөліп шығару (бөлісу) шаруашылық серкітестікке қатысушының немесе өндірістік кооператив мүшесінің талабы бойынша және шаруашылық серіктестіктің немесе өндірістік кооперативтің келісімімен жүзеге асырылады.

Шаруашылық серіктестікке қатысушының немесе өндірістік кооператив мүшесінің жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесі сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады.

Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығу және жер учаскесін бөліп шығару туралы өтініш ауыл шарушылығы ұйымына беріледі.

Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін үлес немесе пай есебіне нақтылы бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері шаурашылық серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісіммен айқындалады.

Құрылтай құжаттарында жер учаскесін бөліп шығару (бөлісу) тәртібі болмаған жағдайда, осы баптың 5-тармағының ережелері қолданылады.

Үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушыболып табылатын және шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін қатысушылар құрамынан шығатын азамттарға жер учаскелері үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысында бекітілген, үлестік меншіктегі (үлестік жер пайдаланудағы) жер учаскесін пайдалану тәртібіне сәйкес беріледі. Үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушыларды  жер учаскелерін пайдалану тәртібін бекіту жөніндегі алдағы жиналыс туралы хабардар ету оның өткізілетін күнінен кеміндебір ай бұрын жазбаша нысанда, қолхат алу арқылы жүргізіледі. Тиісінше хабарланған жағдайда, үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің кемінде елу проценті қатысқан кезде, жиналыс заңды деп есептеледі. Шешім жиналысқа қатысқан үлестік меншікке (үлестік жер пайдалаунға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің жай көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға жиналыста болған үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың немесе оладың өкілдерінің барлығы қол қояды.

Жер учаскесін пайдалану тәртібі болмаған кезде үлестік  меншікке (үлестік жер пайдалануға) мүдделі қатысушы жер үлесі (жер үлестері) есебіне жер учаскесін бөліп шығару ниеті туралы, оның болжамды орналасқан жерін көрсете отырып, үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың қаландарын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Жер учаскесінің орналасқан жері жөніндегі мәселеге келісу рәсімдерін өткізу арқылы не ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде шешілуі мүмкін. Жиналыс хабарланған кезден бастап бір ай ішінде өткізілуге тиіс және ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің кемінде елу проценті қатысқан жағдайда заңдыдеп еспетеледі. Шешім жиналысқа қатысқан үлестік меншікке (үлестік жер пайдалунға) қатысушалырдың немесе олардың өкілдерінің жай көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға жиналыста болған үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің барлығы қол қояды.

Егер тиісінше хабарланған күннен бастап бір ай ішінде үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардан қарсылық келіп түспесе, жер учаскесінің орналасқан жері туралы ұсыныс келісілген болып есептеледі.

Азаматтың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына  өтініші және бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері туралы қоса берілген келісілген материалдар осы Заңның 8-бабына сәйкес оған жер учаскесіне құқық беру үшін негіз болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азамттардың үй жанындағы жер учаскесі меншік құқығымен сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесінің құрамына кірмейді.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі” [37, 115-116 бб.]. Бұл шаралар да мемлекеттік қолдаудың бір түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік ісін қолдаумен қатар, осы бағытқа тікелей жауапты арнайы шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік (1998-1999 жж. аралығында) жұмыс атқарған болатын. Қазір бұл Агенттік жойылған. Сондықтан да, кәсіпкерлік ісін қолдау бірнеше органдардың құзыретіне берілді. Ал “Жеке кәсіпкерлік” туралы 31 қаңтар 2006 жылғы арнайы заңында, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орган, “уәкілетті орган” деген жалпы атаумен берілген.  Бұл органның кәсіпкерлік саласындағы өкілеттіктері төмендегідей:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті  дамытудың бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

3) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі  шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;

5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргізіледі;

6) жеке кәсіпкерлік қызмет саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

7) жеке кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

8) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септігін тигізеді;

9) шағын кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде  ұсыныстар әзірлейді;

10) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

11) жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

 12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін үйлестіреді;

13) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуы үшін жағдайлар жасайды;

14) инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде жағдайлар жасайды;

15) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастырады;

16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуы үшін жағдайлар жасайды;

17) жеке кәсіпкерлікті дамыту  саласында халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асырады;

18) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттайды;

19) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді [32, 13-14 бб.].

Қазақстанда, сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдауды жергілікті жерде жүзеге асыруды жергілікті өкілді органдармен қатар, атқарушы органдар жүзеге асырады.  Кәсіпкерлік туралы заңда бұл органдардың да қызметі нақты белгіленді. Жергілікті жердегі өкілді оргнадардың қатарына мәслихат та жататындығын білеміз. Мәслихаттар тиісті әкімдердің шағын кәсіпкерлікті жергілікті жерде қолдау туралы есептерін тыңдайды. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті дамыту туралы бағдарламаларды қабылдап, бекітеді. Былайша айтқанда, жергілікті өкілді органдар өздерінің өңірлерінде кәсіпкерлікті дамытудың стратегиясын айқындауға қатысатын орган болып табылады. Сонымен қатар, жергілікті әкімдер де, жеке кәсіпкерлікті дамытуға өздерінің құзыреті шеңберінде атсалыса алады. Жергілікті әкімдер атқарушы органның өкілі болғандықтан, жергілікті жерде жеке кәсіпкерлікті дамыту туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайлар жасайды, жергілікті жерлердегі кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын дайындап, оны жүзеге асырады, кәсіпкерлік мәселесі бойынша сарапшылық кеңестерді құрады. Кәсіпкерлікті дамыту туралы инфроқұрылымдық объектілерді құрып, қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфроқұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандарды дайындаумен және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлікті дамытудың басымдығына, шағын кәсіпкерлік мемлекеттік қолдаудың кешенділігіне, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бұл салада халықаралық  ынтымақтастық қағидаларына негізделіп жүзеге асады.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті  қолдау белгілі бір негізгі қағидаларды басшылыққа ала отыра, жүзеге асырылады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың принциптері төмендегідей:

— Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік дамытудың басымдығы;

— шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

— шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі;

— шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:

1) қаржылық қолдау көрсету;

2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;

3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;

4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;

5) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республиканың Үкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге асырылады.

Осы шарттар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:

1) мемлекеттік мұқтаждар үші тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;

2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;

3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;

4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;

5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдауды негізгі мақсаты қаржылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып әрекет ететін арнайы қор жүзеге асырады.

Қордың негізгі міндеттері:

1) жобалық қаржыландыру;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микрокредиттік ұйымдар желісін дамыту;

3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерден олар кредиттер алған кезде кепілдік беру жүйесін жасау;

4) қаржылық лизингті дамыту;

5) шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалгтингілеу;

6) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін өндіру жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді қор тартылған және өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар бірінші кезектегі тәртіппен беріледі.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:

1) кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;

2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;

3) инвестициялық және бизнес жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;

4)  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;

5) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

6)   шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;

7)   семинарлар, тренингтер өткізу;

8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;

9) шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады.

Бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.

Бизнес – инкубатордың міндеттері:

1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу;

2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды құрудың және олардың қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Сауда – делдалдық қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шарттарының талаптарын орындауын республикалық және коммуналдық меншікке иелікке иелік етуге уәкілетті тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады [34, 15-17 бб.]. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдауда тағы да басқа заңдық тұрғыда шаралар орын алған.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.

Мемлекет экономикасын дамытудың басты бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасынң құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларына:

— нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;

— шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;

— шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар;

— шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;

— жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;

— ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ынталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;

— шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді [32, 17-18 бб.].

Мемлекет тарапынан елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін басқа да шаралар қолданылады. Олардың қатарына, біздің ойымызша, маңызды болып табылатыны шағын кәсіпкерлікті оқу-әдістемелік  және ғылыми әдістемелік тұрғыда қолдау болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау олардың бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлікті оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау:

— жеке кәсіпкерлікті жүргізу мәселелері бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;

— жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдістемелік құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;

— өңірлерде ақпараттық, консалтингтік  орталықтар желісін құру;

— өңірлерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады [32, 18 б.].

Елімізде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

— жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;

— жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту;

— бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту үшін мемлекеттік органдардың  жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру, бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру, жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық  ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасауды; шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді; шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді; оңтайлы салық салу режимін белгілеуді; шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдауды; шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасауды; мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуді; жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Индустриялық аймақтардың міндеттері:

1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;

2) жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

3) өндіріс тиімділігін арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесінің нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертеді, не Қазақстан Республикасының  тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып-алу сату шартына не рұқсатқа қажетті инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын міндетті түрде қоса отырып, тұрғын үйді тұрғын емес үй-жай етіп қайта жабдықтауға рұқсат береді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады [32, 14-15 бб.].

Қорыта келгенде, айтарым, елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттің дамуына ықпал етуші негізгі факторлардың бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті, мемлекеттік қолдау бағыттындағы шараларды кешенді тұрғыда жүзеге асырғанда ғана, өзінің жемісін береді. Сондықтан да, елімізде тиісті органдарды жүйелі түрде,  жұмылдырып, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы, олардың қызметін үйлестіріп отыру қажет. Осыған сәйкес келесі бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің даму проблемаларын қарастырмақпын.

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

3.1      Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық  жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары

 

Еліміздегі шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отырған жәйт ол —  осы саланы реттеуге арналған заң нормаларының жетілмеуі. Бүгін қабылданған заңымыз ертеңгі күні экономикалық өзгерістерді реттеуге жарамай, айналымгнан ерте шығып қалуы Бір ғана «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңымыздың айналасында толастамай жатқан даулар баршылық. Қайсыбір кәсіпкерлік қатынасты реттеуге заңдар мен оларға бағынышты нормативтік құқықтық актілердің арасындағы қайшылықтарды да жиі аңғаруға болады.

Осы орайда, бүгінгі кәсіпкерлік қызметке қатысты Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған заңдарға қайшы келетін және құқықтық маңызы жөнінен ескірген нормаларды айқындау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тұрақты мониторингін жүргізу қажеттілігі туындап отыр.  Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу жұмыстарының нәтижесі бойынша заңнамалық актілерге мониторинг енгізу мүмкіндігі де талұылануы керек. Бұдан әрі мемлекеттік органдарың ғалымдарымен бірлесіп мониторингті іске асырудықамтамасыз ету туралы мәселелерді қарастыруы тиіс. Ал ең негізгісі, қазіргі кезде мемлекет басшысы белгіліген басымдылықтар  аясында мемлекетіміздің бұдан әрі саяси, экономикалық және әлеуметік реформалары үшін қажетті құқықтық базаны құру жөнінде күрделі талдау жүргізілуі тиіс. Тек сонда ғана ұлттық заңдарымыздың, оның ішінде кәсіпкерлік саласын реттеуге арналған заңдардың мәртебесі артып, мемлекеттің құқықтық реттеу механизмі қалыпмы жолға түседі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен кедергі келтіретін факт ол – қабылданған заңдық актілердің тікелей еместігінде, осыған сәйкес бұл заңдарды жүзеге асыру үшін қосымша заңдарды қабылдау керек. Ал, бұл қосымша заңдар, жиі өзгеріп немесе толықтырылып отырады. Қазіргі уақыттағы шагын кәсіпкерлік    қызметін дамуына құқықтық  жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары келесідей болады:

— Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың нормативтік-құқықтық базасының жетік дамымауы;

— Жеке құқықтық актілердің рыноктык экономиканың талаптары мен қағидаларына сай келмеуі;

— Заңға жиі енгізілетін  көптеген өзгерістер мен толықтырулар шағын кәсіпкеліктің тұрақты дамуына кедергі келтіреді;

— Заңдар нарықтағы өзгерістерді ескермей, болашаққа болжаусыз қабылданып отырады;

— Нормативтік-құқықтық актілер орындалуының толық бақыланбауы [38, 20б.].

Биылғы жылы ақпанның 26-да Президент жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің жалпы отырысы биыл бірінші рет ұйымдастырылды. Кеңестің көздегені ел экономикасының көсегесін көгертетін кәсіпкерлік саласын дамытып, оған кедергі келтіріп отырған кеселдердің көзін құрту.Қазір мәселен, бір дүкен ашам десеңіз сізге тиісті министрлікке 35 рет өтініш жазып, сосын 200-ден астам құжат толтыруыңыз керек. Әрине қалтаңыздың қалаңдығымен қатар бұл жерде жүйкеңіздің де жұқа болмағаны керек.

ҚР Президенті: «Мен бұндай кемшіліктерді жіпке тізе бергім келмейді. Себебі жылағың келеді. Яғни, тексеруші жақтың кәсіпкерлерге деген көзқарасы қазір сын көтермейді. Сот жүйесі де шағын бизнесті дамытуға мүдделі деп айта алмаймын. Өйткені, кәсіпкерлердің сотқа деген сенімдері әбден сейілген. Сондықтан мен Жолдауда айтқанымдай, шағын және орта кәсіпті қылмыстық құқайдан қорғап, бизнестегі көптеген дау-дамайды бейтарап соттар қарасын дегім келеді. Бұл шара құқық қорғау органдарының қолдарындағы шоқпарларын шошаңдата беруге тиым салады. Ал шағын және орта кәсіп секторын тек қана салық мекемелері тексеруі тиіс» Шағын және орта кәсіпкерлік қай елдің болмасын экономикасына елеулі үлес қосатын сала. Сондықтан оны қаржыландырып, қолдауды мемлекет өз мойнына алады. Мәселен, биылдан бастап Үкімет шағын бизнес өкілдері 12 пайыздық өсіммен алатын несиенің 5 пайызын мемлекет қайтарып, қалғанын кәсіпкердің өзі төлесін деген ұсыныс жасап отыр. Тың бастаманы қолдаған Мемлекет басшысы бұл жерде бизнес өкілдерінің де тиянақты жұмыс істеуін қатаң ескертті. Елбасы: «Бір жағынан бизнес те беталдан-беталды саясатқа арласпауы тиіс. Бұған тиым салынған. Банктерге саясатпен айналысу өте зиян. Себебі олар құмға сіңген судай жоқ болады. Бизнеспен айналыстың ба, тек қана өз ісіңді істе де жайыңа жүр. Саған мемлекет қолдау көрсетеді. Болды. Жоқ бізде мемлекет жағдай жасайды. Соның арқасында қор жинап қомданып алады да, одан әрі құтырады. Біздің елде олигархиялық капитализм болмайды. Мен оған жол бермеймін.»

Келесі жылы еліміз Кедендік Одақтың негізінде бірыңғай экономикалық кеңістікке кіреді. Осы тұста отандық өнім бәсекеге төтеп бере алмаса, басқа елдің экспанциясынан көз аша алмай қалуы мүмкін. Сондықтан, отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін олардың бір ғана одағын құрып, оның құзырын көтеру қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті жолдауында: «Атамекен» кәсіпкерлер форумы, сауда өнеркәсіп палатасы секілді бізде саны бар, сапасы жоқ бірлестіктер өте көп. Бұлардың бәрін бөлек-салақ қылмай бастарын қосып, бір қауымдастық немесе корпорация құру керек. Ол құрылым Үкіметпен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге заңнамалық және басқа да мәселелер бойынша көмектесетін орган болуы тиіс. Бұл мәселелерді түпкілікті шешу үшін Үкімет басшысына арнайы бір орынбасар тағайндау қажет. Ол адам тек кәсіпкерліктің дамуына көмектесіп, жауап беретін болады. «Бизнестің жол картасы» кәсіпорындардың еңсесін көтеріп қана қоймай, жаңа жобаларды жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс. Ал мемлекет шикізаттық емес сектордағы кәсіпорындар мен индустриялдық бағдарлама бойынша жұмыс істейтіндерге көмегін аямайды. Осы орайда неге біздің бизнес сектор инновацияға қатыспайды деген сұрақ туады. Қазір бүкіл әлемде инновациямен жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаншама қаржы тауып жатқанын білеміз. Бізде тың инновациялық жобалар жоқ емес. Бірақ соны іске асыруға құлықсызбыз». Бизнестің жол картасы» индустриялды саясаттың басты бағыттарының бірі. Сонықтан оған ұдайы қолдау көрсетілуі шарт. Ал өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерлік барымен базар болмай, инновацияға иек артуға әдеттенуі тиіс.  Елімізде шағын және орта кәсіпті нәсіп еткендердің қатары қазір 1,2 миллионнан асады. Елдегі жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігі де осы сектордың еншісінде. 2007 жылдан бәрі қазынаға дәл осы саладан 276 миллиард теңге құйылған. Сондықтан отандық экономиканың негізгі омартасы саналатын саланы қарқынды дамытуды мемлекет қашанда ұмыт қалдырмақ емес. Оның дәлелі ретінде Үкімет биылдың өзінде 144 жаңа кәсіпорынның тұсауын кесеміз деп отыр. Ал Президент жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің келесі отырысы алдағы жаз айларында өтеді [39, 20б.].

 

 

3.2      Шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесі

 

Қазақстанда білім беру стандарты бойынша жалпы орта білім беруде кәсіпкерлікті оқыту «қолданбалы экономика» пәнінің ішінде оқытылады. «қолданбалы экономика» пәні Білім беру стандарттында вариативтік бөлімде айтылған. Вариативтік  бөлім — Оқушылардың өзіндік зерттеушілікдағдыларын қалыптастыруға байланысты меңгеретін мектеп ұсынған арнайы таңдау курстары, оқу жоспары. Бұл оқу құралы жоғары сынып оқушыларына арналған. Бұл оқулықта кәсіпкерлікті  оқытуға келесідей тақырыптар бар: «Бизнес бастамасы», «Кәсіпкерлікті қаржыландыру».

«Бизнес бастамасы» тақырыбында қрастырылатын сұрақтар:

— Қалай кәсіпкер болуға болады;

— Шағын бизнесті бастау туралы;

— Жаңа істі ұйымдастырғандағы ұтыстар мен қауіп-қатерлер;

— Бизнесті ұйымдастыру түрлері;

—   Кәсіпкерлердің тұтынушы алдындағы жауапкершілігі[40, 20б.].

Мектеп оқушысына педагогикалық әсер ету әдістемесі де алуан түрлі. Тәрбие әдістемесінде мына алгоритмдік жолдарды қолану керек:

— Сендіру.

— Үлгі боларлық өнегені игеруге иландыру.

— Үйрену және оған жаттығу.

— Оқыту, көрсету.           

— Ынталандыру (мадақтау, жазалау, жарыс әдістері).

— Бақылау, бағалау.

Әдістемелік бұл жүйені болашақ кәсіпкер икемді, кәсіпкерлік қызметке қызығушылықпен қараса,  кажетіне үйлесімді қолдана білсе, әсерлі ықпал етіп, белсенділігінің арттырып мінез-құлқының өзгеруіне қол жеткізеді. Дер кезінде ретті қолданылған әдістемелік жүйе тұлғаны ынталандырып, сезімдік серпіліс туғызып, басқа адамдармен тіл табысуға итермелейди, рухани аңарудың жаңа арнасы кеңиді. Жайдары мінез, жақсы әрекеттен ляззат алып, көңіл күйіне серпіліс туып жақсылыққа умтылады. Ал, құрғақ үгіт, жаттанды өсиет адамды мезі етумен бірге жастарға кері әсер етіп қарама-қарсылық туғызуы да ықтимал.

Эликтивтік курстар (таңдауы бойынша курстар) — мазмұны оқушылардың жеке икемділіктері мен таңдауына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқу курстары, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне септігін тигізеді. Элективтік курстардың жиынтығы (таңдауы бойынша курстар) базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігін құрайды.

Бейіндік оқыту мазмұнының вариативтік компонентi оқушылардың таңдауы бойынша элективті курстар мен «Зерттеу және шығармашылық іс-әрекет негіздері» қолданбалы арнайы курсын қамтиды.

Оқу жоспарының вариативті бөліміндегі мектептік компонент:

1) білім беру мазмұнын кеңейтіп, тереңдету мақсатында білім беру мазмұнының базалық компонентіне кіретін оқу пәндерін оқытуға;

2) факультатив сабақтар, таңдау бойынша курстар, қолданбалы курстар арқылы жаңа оқу курстарын немесе таңдау сабақтарының модульдерін енгізуге бағытталған.

Вариативті бөлімдегі мектеп компонентінің мазмұны оқуға міндетті болып табылады.

Оқу жоспарының вариативті бөліміндегі оқушы компоненті білім беру процесінде тұлғалық бағдарды қамтамасыз етуші оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа әдістер мен тәсілдерді жүзеге асыруға бағытталған. (жеке және топпен консультациялар, белсенді іс-қимылдар арқылы жүргізілетін сабақтар). Вариативті бөлімдегі оқушы компонентінің мазмұны міндетті түрде оқуға  жатпайды.   Стандартқа сәйкес мектепте вариативті білімге мектепте кадр болуына байланысты 1.5 сағат бөлінген. Ал менің ойымша, бұл пәнді міндетті пәндер қатарында 1.5 сағат оқыту керек.

Мектеп кәсіпкерлікті оқытудың маңыздылығын айтатын болсам, күнделікті экономикалық өмірде адамдар шаруашылық, коммерциялық қызметтің көптеген түрімен шұғылданады: басқарушылық, өндірістік, коммерциялық, бақылаушылық және тағы басқа. Қоғамдық еңбек бөлісуі жағдайында адамдар шаруашылық қызметтің бір түрімен шұғылданып, соған маманданады. Біреулері қаржы саласын, екіншілері өндірісті немесе коммерцияны таңдап алса, үшіншілері басқару қызметін, төртіншілері кәсіпкерлік қызметін таңдап алып, қоғамға пайдалы еңбекпен шұғылданады.

Кәсіпкерлік қызмет адамдардың шаруашылық қызметтерінің ішіндегі ерекше қызметтерімен сипатталатын аса маңызды шаруашылық қызметтің бір түрі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен адамдар бертін келе шұғылдана бастады, яғни нарықтық қатынастар қалыптасып, нарықтық экономика өзінің қызметтерін атқара бастағаннан бері. Содан бері кәсіпкерлік қызмет және шаруашылық адамдарының кәсіпкерлік қабілеті нарықтық экономиканың маңызды факторына айналды. Әдетте өндіріс факторлары теориясында кәсіпкерлік қабілет төртінші фактор ретінде аталынады [41, 20б.].

Кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп  оқыту  барысында Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес арнайы курстар кәсіпкерлікті жүзеге асырудың жек нысандары қарастырылады. Оқыту барысында қарапайым құқықтық нысандарды оқытуға болады. Кәсіпкерлердің алдында осы арнайы курста қарастырылатын мәселелер бұл пәнде өте актуальді. Атап айтқанда кәсіпкерлікті бастау, оны жалғастыру барсында бұл мәселелер жиі кездеседі. Осыған сәйкес кәсіпкерлерге заң тұрғысынан кеңес беру бұл күнде аса қажет.

Нақты жағдайда кәсіпкерліктің қай нысаны ұтымды болатынын ажырата білу, құрылтай шартын жасау тәртібі мен оны жасау барысында қажет.  Бұл білімдер болашақ кәсіпкерлердін санын ғана емес cапасын да көбейтуге өз үлесін косады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Қазақсан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті құқықтық реттеу» тақырыбына жазған диплом жұмысымды қорытындыласам, Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.

  1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық базасы даму үстінде. Кәсіпкерлік қызметтің конституциялық құқықтық негіздері кәсіпкердің экономикалық қызмет аясындағы мүддесін жүзеге асыруға заңдық негіз болып табылатын конституциялық-құқықтық принциптер мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманың дамуын мынандай кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:

1) Бірінші кезең, 1990-1993 жылдар аралығы. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік экономикалық қызметтің бір түрі ретінде орныға бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бастау болып табылған заңдар жиынтығы қабылданды.

2) Екінші кезең, Республиканың тұңғыш Конституциясы қызмет істеген уақыт аралығын қамтыды (28 қаңтар 1993 ж. – 30 тамыз 1995 ж.). Бұл кезеңде кәсіпкерлік қызметтің бір нысаны-жеке кәсіпкерлік қызмет конституциялық-құқықтық реттеу объектісіне айналады. Мемлекет жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды конституциялық-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етеді;

3) Кәсіпкерліктің дамуының үшінші кезеңі, 1995 жылдан 1997 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде 1995 ж. Республика Конституциясы экономикалық конституция аталған азаматтық кодекс қабылданып, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық  нысандары туралы жеке-жеке заңнама қалыптастырылды. Қазақстан инвестиция тартудың тартымды аумағына айналды. Үлкен – үлкен бірлескен кәсіпорындар өмірге келіп, жұмыс істей бастады.

  1. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі Қазақстан Республикасындағы маңызды экономикалық құқықтардың жүйесіне жатады. Кәсіпкерлік қызмет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық құбылыстың көрінісінен тұратын әмбебап ұғымның жиынтығы. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі жеке тұлға мен заңды тұлғаның экономикалық қызмет аясындағы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, негізі пайда табуға сүйенетін, қоғам алдында белгілі бір әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған, әлеуметтік жауапкершілікке сүйенетін, экономикалық мүдделерді қанағаттандыруды негізге алатын конституциялық мүмкіндіктің өлшемі болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, сонымен қатар, экономикалық тұрғыдағы бәсекелестікке негізделетін жеке адамның творчестволық мүмкіндіктері және творчестволық аядағы еркіндігі жүзеге асатын жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін қанағаттандыруға бағытталған құқықтар мен бостандықтардың көрінісі де болып табылады.

Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі, оның қоғамдағы атқаратын рөлін айқындайтын басты фактор болып табылады. Сондықтан да, кәсіпкердің құқықтық мәртебесін белгілі дәрежеде конституциялық құқықтық нормативтер аясында қарастыруымыз қажет. Бұл кәсіпкердің қоғамдағы рөлін атқаруымен қатар, оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуші тетіктің бірі болып табылады.

  1. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыру негізінен белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандарға сүйенеді. Ұйымдық–құқықтық нысандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әр түрлі деңгейдегі коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысандар: өндірістік кооператив, әр түрлі серіктестіктер түрінде жүзеге асыра алады.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары әлі де болса, көп жағдайда бұзылып жатады. Сондықтан біздің ойымызша кәсіпкерлік ісінің, елімізде дамуы үшін кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау үшін мынандай шараларды жүзеге асыру қажет:

Біріншіден, кәсіпкерлік саласына байланысты заңнаманы жетілдіре түсу қажет, атап айтсақ “Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі” атты құқықтық акті қабылдау дұрыс сияқты. Осы құжатта кәсіпкердің құқықтық мәртебесін реттейтін барлық нормалады жүйелеп (жинақтап) болар еді.

Екіншіден, кәсіпкерлік аясындағы лизенцияланатын қызметтерді шектеп, нақтылау қажет;

Үшіншіден, кәсіпкерлік ісін бақылайтын органдардың тексеруіне шек қою қажет.

Міне, осындай т.б. іс-шараларды атқарған кезде ғана кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік туады.

Кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп  оқыту  барысында Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес арнайы курстар кәсіпкерлікті жүзеге асырудың жек нысандары қарастырылады.

Нақты жағдайда кәсіпкерліктің қай нысаны ұтымды болатынын ажырата білу, құрылтай шартын жасау тәртібі мен оны жасау барысында қажет.  Бұл білімдер болашақ кәсіпкерлердін санын ғана емес cапасын да көбейтуге өз үлесін косады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Под. Ред. Жатканбаева Е.Б.: «Малое предпринимательство»

— Алматы, 2001 г. – 8 б.

  1. Нурманалиева Г.А. «Қазақстан экономикасындағы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы». Қарағанды, Болашақ-Баспа 2010 ж.-7 б.
  2. stat.kz
  3. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы».
  4. Битеміров Қ.Т. ҚР кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері: — Алматы: 1998. – 135 б.
  5. Белых B.C. Предпринимательское право в системе права России // Правоведение. 2001. — №1. — С. 129-132.
  6. Бусыгин А.В. Предпринимательство. Основной курс: Учебник для вузов. — М.: ИНФРА-М, 1997. — 418 с.
  7. Хизрич Р., Питере М. Предпринимательство. — М., 1991. — Вып. — — 372 с.
  8. Хоскинг А. Курс предпринимательства. — М., 1993. – 364 с.
  9. Кашанина Т.В. Предпринимательство (правовые основы). — М.: Юрид. лит., 1994. – 252 с.
  10. Предпринимательство: Учебник / Под ред. М.Г. Лапусты. — М.: ИНФРА-M, 2001. – 326 с.
  11. Предпринимательство: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. Г.Б. Поляка, проф. В.А. Швандара. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999. – 325 с.
  12. Ровный В.В. Гражданско-правовая природа предпринимательства. — Иркутск: Изд-во Иркут. ун-та, — 1996. — 367 с.
  13. Кашанина Т.В. Корпоративное право (Право хозяйственных товариществ и обществ): Учебник для вузов. — М., 1999. – 337 с.
  14. Мартемьянов B.C. Хозяйственное право. Общие положения. Курс лекций. — М., 1994. – Т. – 450 с.
  15. Ровный В.В. Проблемы единства российского частного права. — Иркутск, 1999. – 562 с.
  16. Семеусов В.А., Тюкавкин А.А., Пахаруков А.А. Правовые проблемы предпринимателей (экономической) деятельности. — Иркутск: Изд-во ИГЭА, 2001. – 423 с.
  17. Попондопуло В.Ф. Правовой режим предпринимательства. — СПб.; 1994. – 264 с.
  18. Ершова И.В., Иванова Т.М. Предпринимательское право: Учебное пособие. — М.: Юриспруденция, 1999. – 322 с.
  19. Ойгензихт В.А. Категория риска в советском гражданском праве // Правоведение. — — №5. — С. 62-69.
  20. Хикс Дж.Р. Құн және капитал / Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық. Экономикалық өсу және бәсеке теориясы / Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин. – Алматы: Таймас, 2005. – Т.5. – 197-296 бб.
  21. Шуметер И.А. Экономикалық даму теориясы / Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық. Маркинтализм және кәсіпкерлік негіздері / Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин. – Алматы: Таймас, 2005. – Т.3. – 247-454 бб.
  22. Амирханова И.В. Гражданско-правовое обеспечение интересов предпринимателей: дисс.. д-ра юр.наук: — 12.00.03/12.00.06. – Алматы, 2005. – 370 с.
  23. Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы 2007 жылғы 11қаңтардың № 214-III Заңы // Справочная правовая система ЮРИСТ.
  24. Азаматтық құқық. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы. – 1.Т. – 2003. – 736 б.
  25. Марченко М.Н. Источники права: Учеб. пособие. – М.: Велби, изд-во Проспект, 2005. – 760 с.
  26. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет: (теориялық мәселелері, тарихи тағылымы). – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
  27. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Юрист, 2007.– 40 б.
  28. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. курс.– Алматы: Жеті жарғы, 2001. І- том. – 376 б.
  29. Сартаев С.С., Назарқұлова Л.Т. Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы: проблемалары мен болашағы. – Алматы, – 464 б.
  30. www.wikipedia.org.ru
  31. Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124-ІІІ Заңы // Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2006. – 268 б.
  32. Нормативтік құқықтық актілері туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Юрист, 2006. – 28 б.
  33. Тоқтасынұлы Д. Нарық жағдайындағы үкімет пен кәсіпорын арасындағы қатынстар // Адам құқықтарының халықаралық стандарттары және ұлттық заңдарды дамыту мәселелері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (1-2наурыз, 2001 ж.) / А.Е. Бектургановтың ред. басш. — Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 4.Б. – 253-259 бб.
  34. Ляпбаева Н.И. Роль предпринимательства в обществе и экономике // Саясат-Policy. Информационно – политический журнал. — Алматы: Білік, 2000. – №4-5 (59-60) сәуір-мамыр. — 78-80 бб.
  35. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы №450 Қаулысы // Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2006. – 268 б.
  36. Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы №214 // Қазақстан Республикасының шаурашылық субъектілері. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2007. – 124 б.
  37. КазЭУ хабаршысы-2003, «Проблемы малого бизнеса и их пути преодоления» Хамзин К.Х.
  38. egemen.kz
  39. «Қолданбалы экономика» Талдықорған 1997ж.-62 б.
  40. edu.gov.kz