АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Авторлық құқық субъектілері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ…………………………………………………………………………………………….

 

1-ТАРАУ.  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ…………………………. 

1.1  Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі……………………………………….

1.2  Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері……………………….

 

2-ТАРАУ.  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ…..

2.1. Автор, тең автор…………………………………………………………………………….

2.2. Мұрагерлер мен құқық мирасқорлар………………………………………….

 

3-ТАРАУ.  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДIҢ ТIЗIМI…………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

       Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге  жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол   тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық  болар едi.   Сонымен бiрге менiңше  осы қарастырылатын мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар едi. XXI ғасырдың басында   ғылыми-техникалық прогресстiң өте қарқынды iлгерлеп дамуы  авторлық құқықтың жаңа  объектiлерi мен субъектiлерiн  өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде  тек интернет жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде  өз шешiмiн таппаған қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.

     Мiне бүгiнде бiздер осы жайларға және өзге де мәселелерге  жете мән берер болсақ  Қазақстанда авторлық құқық саласын  үнемi әрi үздiксiз жетiлдiрiу қажеттiлiгiн аңғару  қиын емес деп бiлемiн.

      Сондай-ақ мен өзiмнiң  дипломдық  жұмысымда  Қазақстан Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектiлерi болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы  теориялық  тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың  мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын қорғауға байланысты қазiргi кезде тәжрибеде  жиi кездесетiн  өзектi теориялық және тәжрибелiк мәнi бар сұрақтарды   қарастырылады.

       Мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда ең алдымен авторлық құқықтың субъектiлерiнiң түсiнiгi мен түрлерiн  қарастыра келiп авторлардың құқықтарын қорғау мәселесiне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкiндiгiнше тереңрек қарастыруды өзiме мақсат етiп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында авторлық құқықтық қатнастарды реттейтiн заңнамаларға теориялық тұрғыдан  сараптама  жасап кеткiм келедi  әрi  сонымен бiрге шетелдердегi авторлық құқықтарды қорғау мәселелерiнеде бiраз  талдау жасап кетудi жөн деп шештiм.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТАРАУ.  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

1.1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі.

 

Авторлық құқықтың субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады[1]. Қазақстандық заңнамаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты – туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т.б. туындайды.

Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор – туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тұлға («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 4-бабы).

Сөздіктерде «автор» түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер беріледі.

«Автор – тудырушы, құрастырушы, жазушы… Авторлық – жағдай, міндет немесе жазушының іс-әрекеті»[2].

«Автор (латын тілінен – au (c) tor) – кез келген туындының, ғылыми зерттеудің, өнер табыстың және т.б. тудырушысы»[3].

«Автор – туындыны тудырушы тұлға»[4].

Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес. («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 9-бабы).

Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар: «Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді»[5].

Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде «автор – шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы» танылады[6].

Мәні бойынша субъектілерді «алғашқы және туынды» деп бөлу дұрыс деп саналады. Заңда кездесетін «туынды шығармалар» терминінің бар болуына байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін. («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 12-бабында).

Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С.А.Муромцевтің[7], В.В.Спасовичтің[8], И.Г.Табашниковтың[9], К.П.Победоносцевтің[10] және басқаларының еңбектері арналған.

И.Г.Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады.

Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып «одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп» табылады.

Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.

К.П.Победоносцевтің «Азаматтық құқық курсында», «Құқық иеленуші» рубрикасында («иеленуші» мағынада «осы құқыққа иеленуші» табылады) келесідей түсіндірме беріледі: «Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі, яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін»[11]. Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет.

Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша «өндіруші – сабақтас құқықтардың ғана субъектісі». («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар

туралы» ҚР Заңының 38-бабы «Фонограмма жасаушының құқықтары»)[12].

Г.Ф.Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға, көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады.

Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып «әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да» табылады[13].

Көркем туындыларға құқықтың субъектісі — «туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі немесе гравері». Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды[14].

Сонымен, музыкалық туындының субъектісі — «музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер»[15]. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация туралы сөз болып отыр.

А.А.Пиленконың пікірінше, авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана жеке тұлға табылады, ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы, яғни әртүрлі қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың құқықтары өтуіне негізделеді. Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға қатысты айуға да болады. Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып, олардың әртүрлі ережелер, жарғылар, нұсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай-ақ пайдалануға құқылы[16].

Г.Ф.Шершеневич пікірі бойынша, «авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады»[17]. Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г.Ф.Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды, яғни «шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін»[18]. Олар – тудырушы, продюсерлер, әдеби агенттер және т.б.

Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады (авторлар).

Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т.б. байланысты емес.

Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін, егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.

Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған[19].

Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъекті мүдделері жөнінде ерекше қорғалуды көздеп отыр, яғни туындыны жасаушының, автордың өзінің авторлық құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады. Мұрагер – мирасқорға қатысты заңмен көзделетін авторлық-құқықтық қорғау уақытына байланысты шектеулі сипатқа ие (автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл)[20].

Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар) танылады. Оларды құқықмирасқорлар дейді. Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық

құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер, мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т.б.) саналады.

Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда, сипаты бойынша туынды болып келеді, өйткені олар автордан өтеді.

Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді. Заң мен өсиет бойынша мұрагерге туындыны жариялау, қайта жаңғырту және тарату құқығы, сыйақы алу құқығы тиесілі. Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың көлемінде ғана емес, сондай-ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады. Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім ішінде әрекет етеді.

ҚР АК-нің 497-бабына сай, туындыны шығару, көпшілік алдында орындау және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Әр жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші болып табылмайды, ал тек қана жеке құқықтарға ие болады.

Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады. Бұл жерде заң авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр. (АК-тің 496-бабы). Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы қабылданады.

Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды.

Азаматтық Кодекс энциклопедия, газеттер, журналдар, ғылыми еңбектердің жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер) пайдалануға құқығын (479-бап); кино-телестудиялар үшін – тұтасымен фильмді пайдалану құқығын (480-бап); эфирлік хабар тарату ұйымдары үшін – олардың бағдарламаларын басқа ұйымдарға тарату, жазу және қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын, сондай-ақ телебағдарламаларды көпшілік алдында қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын (480-бап) танып отыр. Бірақ, бұл құқықтар заңмен авторлық деп аталмайды.

Осындай ұстаным заңда авторлық құқықтарды шығармашылық ұжымның мүшелеріне – сценарий авторын біріктіретін, сазгер, суретші, режиссер-қоюшы, оператор және өзге шығармашылық қызметкерлеріне бекітуге негіз бола алады. Өйткені, қатаң түрде алып қарайтын болсақ, кез келген жағдайда туынды нақты азаматтардың шығармашылық еңбегімен туындайды, ал заңды тұлғалар авторлар (тудырушылар) ретінде емес, олардың туындыларды пайдалану барысында тек авторлық құқықтық қатынастардың субъектілері ғана болуы мүмкін.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы авторлық құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:

  • автор (4-бап);
  • аудиовизуалдық туындылардың авторлары (13-бап);
  • жұмысберуші (14-бап);
  • мұрагерлер (29-бап);
  • авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (43-бап);
  • өзге тұлғалар.

Жекелеген авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың субъектілері табылуы мүмкін – орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 36-бабының 1-бөлігі).

Сонымен, авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға үш элемент кіреді:

  • туындыны тудыру барысындағы автордың шығармашылық еңбегі;
  • туындыны тудыратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың, немесе авторлық құқықта шартты түрде «заңды тұлға» түсінігіне біріктірілетін авторлардың тобының бар болуы;
  • бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтарды заңмен танудың бар болуы.

Осы үш жағдайлардың барлығының сәйкес келуі ғана авторлық құқықтың субъектісінің пайда болуына әкеліп соғады.

Авторлық заңнама мен азаматтық кодекстің ережелерінен шыға отырып, «авторлық құқықтың субъектісі» түсінігі «автор» түсінігінен кең екенін көруге болады. Өйткені, авторлық құқықтарды (туындыны пайдалану үшін айрықша құқықтар) автордан басқа өзге тұлғалар да иелене алады (мысалы, еңбек шарты бойынша автордың өз міндеттерін орындау тәртібінде туындыны тудыру жағдайында жұмысберуші нақты құқықтық қатынастарға байланысты қатысушысы болып табылатын автор).

 

 

1.2. Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері.

 

Автордың құқықтары әрқашанда авторлық құқықтың өзге субъектілерінен кең. Авторлық құқықтың субъектілерінің ішінен авторға ғана тән туындыны кез келген нысан мен тәсілде пайдалануға айрықша құқықтар тиесілі. («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 16-бабында бекітілген «мүліктік құқықтар»). Сондай-ақ, Заңның 15-бабындағы автордың жеке мүліктік емес құқықтары тән. Авторлық құқықтың қалған субъектілері туындыға қатысты мүліктік құқықтарды тек алып жүруші ғана болып табылады. Туындыны тудырушы тұлғадан жеке мүліктік емес құқықтардың бөлінбестік қағидасы Заңның 15-бабының 3-бөлігінде келесідей үлгіде орын тапқан: «Автордың мүліктік құқықтарына қарамастан, оның мүліктік емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөніндегі айрықша құқықтарын біреуге берген жағдайда да сақтап қалады».

Жеке мүліктік емес құқықтарға («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 15-бабының 1және 2 бөліктеріне сәйкес) мыналар жатады:

  • авторлық құқық (туындының авторы ретінде танылу құқығы);
  • есімі аталу құқығы (туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік есімін) көрсету талап ету немесе есімін көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық);
  • автордың беделін қорғау құқығы (туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделіне нұқсан келтіре алатын басқа да кез келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы);
  • кері қайтарып алу құқығы (бұрын қабылданған шешімнен пайдаланушыға келтірілген зиян, соның ішінде оның айырылып қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімнен бас тартуға құқығы бар).

Авторлық құқықтарды иелену мүмкіндігі өз алдына азаматтардың құқыққабілеттілік элементін білдіреді. ҚР АК-нің 14-бабы «Құқыққабілеттіліктің негізгі мазмұны» азаматтардың иеленетін құқықтарының ішінде, сонымен қатар «өнертабысқа, әдебиет, ғылым және өнер туындыларына, өзге санаткерлік қызметтің нәтижелеріне санаткерлік меншік құқығын» бекітеді. Бұл жалпы – азаматтық құқықтық мүмкіндік әркіммен танылады. Заңмен әркімнің шығармашылық еңбектерін дамытуға тиым салынбаған. Бұл жерде авторлық құқық үшін нәтиже қағидасы, заңды тану мен санаткерлік еңбек нәтижелеріне құқықты қорғау орын алып отыр.

Азамат қандай да болсын жағдайда авторлық құқықтарды, жеке мүліктік емес құқықтарды иелену мүмкіндігінен айырылмауы тиіс.

Авторлық құқықтың субъектілері болып ҚР АК-нің 2-бабында реттелген азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары табылады. Азаматтық заңнамамен авторлық құқықтық қатынастырдың субъектілерінің құқықтық жағдайы, пайда болу негіздері, өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ санаткерлік меншікке құқықтарды тану, бекіту және қорғау тәртібі, авторлық құқықтарды және санаткерлік қызметтің өзге нәтижелерін қорғау тәсілдері анықталады.

Авторлық құқықтық қатынастар – азаматтық құқықтың қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық аясынан тыс орналасқан авторлардың басқа құқықтың субъектілерімен өзге қатынастары таратылуы бойынша аса кең емес. Плагиатпен байланысты туындайтын және процесте сәйкесінше іспен қаралатын қатынастар қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізуде бар.

Субъектілер арасындағы авторлық-құқықтың қатынастар ҚР АК-нің 2-бабында көзделген азаматтық заңнаманың принциптеріне сай құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ТАРАУ.  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

 

2.1  Автор, тең авторлар.

 

А.  (1) Жалпы ережелер.

Авторлық құқықпен реттелетін қатынастарда алғашқы мәселелердің бірі болып осындай құқықтың субъектісі кім болатындығы табылады. Автор болып өзінің шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға табылады. Туындыны жасаушысы болып жынысына, жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан, кез келген жеке тұлға танылады. Тудырушыда авторлық құқықтар туындының объективтік нысанда шығарылу сәтінен бастап туындайды. Соның ішінде ол туындының жарияланғандығы, толық аяқталғандығы немесе нобай мен үлгіде көрініс тапқандығы ескерілмейді. Тұлғаны автор деп тану үшін туындының нысаны, мақсаты мен құндылығы әсер етпейді. Авторға қандай да болсын шарттылықтың сақталуы, біреудің келісімі немесе қандай да болмасын шарттың қажеті жоқ.

Авторлар болып тек қана біртума туындылардың жасаушылары танылмайды, сонымен қатар туынды (тәуелді) шығармаларды жасаушылар табылады. Олар көбінесе аудармалардың, өңдеулердің, бейнелеу өнерінің және т.б. тудырушылары болып келеді. Сонымен қатар, бұл тұлғаларда авторлық құқықтар пайда болу үшін біртума туындының заңмен қорғалатындығы, не қорғалмайтындығы маңызды емес.

 

(2) Кәмелетке толмаған және әрекетқабілеттілігі жоқ авторлардың қорғалуы.

Шығармашылық туындылар көбінесе кәмелетке толмаған немесе заңмен бекітілген тәртіпте әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалармен туады. Мысалы, Надя Рушева өзінің 17 жасында 11 мыңға жуық суреттер салды. Оның өмірі шегінде жұмыстарының 15 көрмесі өтті, соның ішінде шетелдерде де. Ника Турбинаның алғашқы поэзиялық жинағы оған 8 жас болғанда шыққан. Осындай мысалдар тәжірибеде өте көп кездеседі.

 Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларда авторлық құқықтардың туындауы ғылымда да, тәжірибеде де жоққа шығарылмайды. Осы мүмкіндіктің өзі азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына енеді, ал соңғысы жасына, денсаулығына байланысты емес. Бұл абстрактілі мүмкіндікті нақты субъективтік авторлық құқыққа айналдыру үшін заңды факті қажет. Осындай фактінің ролін ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау атқарады, яғни фактілік сипаттағы әрекет, ал мәміле емес. Фактілік әрекеттер әрекет қабілетсіз тұлғалармен жасалатындықтан, нақты субъективтік авторлық құқықтар жасына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан пайда болады. Сондықтан, авторлық құқықтың пайда болған туындыға қатысты авторлары болып кәмелетке толмағандардың өзі және әрекет қабілетсіз тұлғалар табылады.

Кәмелетке толмаған автордың авторлық-құқықтың қатынастардағы құқықтық мәртебесі жалпы азаматтық нормалармен анықталады. (ҚР АК-нің 23-бабы). Біріншіден, кәмелетке толмағандар үшін (яғни, 14 жасқа дейін) мәмілелерді ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Бұл жерде мәміле кәмелетке толмағанның атынан жасалады. Екіншіден, кәмелетке толмаған жеке өзі мәмілелер жасай алады: тұрмыстық ұсақ. Олардың қатарына шығармашылық еңбек үшін қажетті құралдарды, материалдарды (дискета, бояу, негативті шығаруға беру) сатып алу мәмілері жатады.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мәртебесі АК-пен анықталады.

Кәмелетке толмаған жеке дербес өзі құқылы:

  • өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне (соның ішінде авторлық шарттардан туындайтын) билік етуге;
  • ғылым, әдебиет, өнер туындылары авторларының құқықтарын жүзеге асыруға;
  • жарналар енгізуге және оларға билік етуге.

Бұл мәселе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңымен реттелмеген. Өйткені, кәмелетке толмаған автор тәжірибе жоқтығынан басқа тұлғалармен алданып қалуы мүмкін. Сондықтан, олардың құқықтарын қорғауды заң жүзінде іске асыру қажет деп ойлаймын.

Шығармашылық процесс әрқашанда ерікті және рационалды. Мысалға, түсінде мерзімді кестені ашқан Д.И.Менделеевпен болған әйгілі жағдай. Гетенің айтуы бойынша «біздің барлық адал тілектеріміз санадан тыс сәтте іске асады». П.И.Чайковский болса, шығармашылық интуицияның еріктен тыс сипатын көрсеткен[21].

Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат атынан мәмілелерді оның қорғаншысы жүзеге асырады. Бұл императивті норма авторлық-құқықтық қатынастарда, соның ішінде авторлық шартты жасаумен, өзгертумен, бұзумен қолданылады.

Егер азамат ішімдік заттарды немесе наркотикалық заттарды қолданып, өзінің отбасын ауыр жағдайға әкелетіндей болса, онда сот оның әрекет қабілеттілігін шектей алады. Осындай шешім арқылы оған қамқоршы тағайындалады.

Әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекет қабілетсіз тұлғалардың авторлық құқықтары басқа азаматтардікі сияқты толық сақталады. Негізгі айырмашылығы болып авторлық сыйақыны алуда, табысын және өзге де кіріс көздерін алуда табылады. Өйткені, олар мәмілені өзінің қамқоршысының келісімімен жүргізеді.

 

 

 

(3) Заңды тұлғалардың авторлық құқықтары.

Жеке тұлғалармен қатар авторлық құқықтарды заңды тұлғалар да иеленеді. Қазақстан заңнамасы бойынша заңды тұлғалар ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқықтарын қорғай алады. Егер заңды тұлғалар туындыны тудырушылардың құқықмирасқорлары болып табылса, онда олардың авторлық құқықтарды алып жүрулерінде күмән болмайды. Сөйтіп, заңды тұлғалар автормен шарт бойынша жеке авторлық өкілеттіктерге ие бола алады. Сонымен қатар, қызметтік туындыны орындау барысында және де автордың өсиеті бойынша авторлық құқықтар заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Осы жағдайлардың барлығында да заңды тұлғалар туынды шығармалардың иеленушілері болып табылады. Өйткені, олар алғашында автордың өзінде туындаған еді, бірақ кейіннен заңда көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаға өтті.

Заңда тұлғалар бастапқы авторлық құқықтардың иеленушілері бола ала ма деген мәселе көптеген жылдар бойы кеңестік дәуірде авторлық құқық ғылымының даулы мәселесі болды. Көптеген ғалымдар кеңестік авторлық құқықтың ережелеріне сүйене отырып, соған сәйкес ғылыми жинақтарға, сөздіктерге, энциклопедиялық басылымдарға, журналдарға, кинофильмдерге авторлық құқықтар оларды жарыққа шығарушы ұйымдарда пайда болады деп ойлады. Сәйкесінше заңды тұлғалардың авторлық құқықтары олардың шығармашылық қызметінің нәтижесінде пайда болады. Бұл жеке авторлардың дербес туындыларын біртұтас бүтінге біріктіру үшін қажет[22]. Өзгеше айтқанда, заңды тұлғалар бастапқы авторлық құқықтың толық иеленушілері болып саналады. Бұл өзінің көрінісін авторлық заңнамада тікелей тапты.

Басқа ғалымдардың пікірлерінше, заңды тұлғалар өзінің табиғаты бойынша бастапқы авторлық құқықтың субъектілері бола алмайды. Олар мынаған негізделді: жаңа туындыны жасауды, тудыруды тек қана тірі адамдар жүзеге асырады. Сондықтан, заңды тұлғаның туындының жасалуына қалай да болса әсер етуіне қарамастан, туындының жеке өзі дербес жеке тұлғалардың ісі болып табылады.

Нақты жеке тұлғалармен қамтылмайтын заңды тұлғаның кез келген ерекше шығармашылық қызметін бөліп көрсету мүмкін емес. Тек қана заңды тұлғаның ұйымдастырушылық қызметі жөнінде, жеке тұлғалар үшін олармен материалдық базаның құрылуы туралы айту орынды. Бірақ, көрсетілген әрекеттер бастапқы авторлық құқықтың заңды тұлғаларда тану үшін негіз болып табылмайды[23]. Сондықтан, олардың көзқарастары бойынша кейбір заңды тұлғалардың бастапқы авторлық құқықтарды иеленуі белгілі бір мақсаттарды көздейтін заң шығарушылық тәсіл ретінде ғана сипат болып табылады. Сөйтіп, заңды тұлғаның алғашқы авторлық құқықтарының конструкциясы құқықтық белгісіздікті жоюға мүмкіндік берді. Барлық туындыларға авторлық құқықтың иеленушілерінің жоқтығына қарай қолданылады. Осы берілген түсініктеме көпшілік алдында сенімге қонады. Көбінесе көпшіліктің көптеген шеңбері, сонымен қоса белгісіз болса онда авторлық құқықтық қорғалудың бір тұлғасын алға қояды. Негізінде, бұл тұлға (киностудия, ғылыми-зерттеу ұйымы, баспа және т.б.) туындының тек шартта түрдегі авторы болып табылуы мүмкін. Өйткені, олардың нақты тудырушылары болып жеке дербес тұлғалар танылады. Осындай заңды тәсіл жоғарыда аталғандарға сай ақталып шықты.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы осындай заң конструкциясынан бас тартты. Авторлар ретінде туындыны тудырушылардың шығармашылық қызметін пайдаланатын жеке тұлғалар ғана танылады. Осындай ұстаным істің мән-жайын өзгертеді, бірақ ол іс жүзінде қалай асырылатындығы келешекте айқын болады.

 

 

(4) Шетел авторлары.

Авторлық құқықтың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары ғана танылмайды, сонымен қатар шетел азаматтары да субъект бола алады. Егер де қазақстандық авторлардың туындылары оларды жариялау немесе өзге объективті нысанда шығарылуына қарамастан қорғалса, онда шетел азаматтарының туындыларын қорғау заңда бекітілген бірқатар талаптарға сай тәртіпте жүзеге асырылады. Ең алдымен шетелдік авторлардың авторлық құқықтары жарияланған не жарияланбаған, бірақ ҚР-нан тыс жерлерде қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға танылады және қорғалады. («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы).

Бұл жерде шетел азаматтарының авторлығының құқықтық жағдайы қазақстандық авторлардың құқықтық жағдайынан ешқандай сипаты бойынша ажыратылмайды. Көрсетілген ереже аумақтық принципті анықтайды. Бұл принцип авторлық заңнамаға белгілі және маңызды халықаралық конвенциялармен бекітілген.

Егер шетелдік автордың туындысы ҚР-ның территориясынан тыс жерде жарыққа шықса немесе объективті нысанда өмір сүрсе, онда біздің елімізде авторлық құқықты қорғау ҚР халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады. Сөйтіп, Авторлық құқық туралы Бүкіләлемдік Конвенциясына сай Қазақстан Республикасының территориясында Конвенцияға қатысушыларының барлық туындылары, сонымен қатар олардың территорияларында алғаш рет жарияланған туындылар қорғалады. Тек қана, олар 27 шілде 1973 жылдан кейін жарияланса болды. Өйткені КСРО сол жылы Конвенцияға қосылды.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы авторлық заңнамаға жаңадан ережені енгізді. Ол бойынша туынды ҚР-да жарияланған болып есептеледі, егер ол ҚР-нан тыс өзінің жарық көруінен 30 күннен соң ҚР-ның территориясында жарияланса (5-баптың 2-тармағы).

Бұл ереженің тек жарияланған туындыларға қатысты қолданылатындығын айта кету керек. Шетелдік автордың Қазақстанда туындыны 30 күн ішінде жариялауы өзге тәсілмен жүзеге асырылса, онда мұндай туынды ҚР-да алғаш жарияланған деп танылмайды.

 

(5) Құрама шығармалардың субъектілері.

Авторлық құқықтың субъектісі болып жинақтың құрастырушысы танылады. Авторлық құқық туралы заңның терминологиясына сай құрастырушы деп құрама туындылардың авторлары саналады.

Құрастырушының өзі құрама туындыға енгізілген әрбір туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Бұл құрастырушының әрбір автормен сәйкесінше авторлық шартты жасауының міндеттілігін білдіреді. Жалпы ереже бойынша авторлық шарт жазбаша түрде жасалуы қажет. Ақпарат құралдарында туындыларды пайдалану туралы авторлық шарт жазбаша және ауызша нысанда жасала беріледі.

Егер авторлық шартты өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгізілген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. Авторлық құқық туралы заңның бұл нормасы диспозитивті екені көрініп тұр, өйткені онда егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе деп көрсетілген[24].

Құрастырушының авторлық құқығының ерекшелігі – ол оның авторлық құқығы өздерінің құрама туындыларын құру үшін сол материалдарды дербес таңдау мен орналастыруды жүзеге асыруда басқа тұлғаларға кедергі келтірмеуінде болып отыр. Келтірілген ереже арқылы құрастырушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі болып оның материалды таңдау немесе орналастыруға авторлық жүйе табылатындығын түсінуге болады. Құрастырушының авторлық құқығы жинаққа енгізілген туындыларға таралмайды.

Құрама туындыларға қатысты айрықша құқықтардың белгілі бір кешені

жеке тұлға да, заңды тұлға да болып табыла алатын баспада пайда болады.

Құрастырушының еңбегі оның туындысы ұйымдастыру, өңдеу, жүйелеу немесе қайта жаңғырту процесінде көрінеді. Мәтіндік дайындығы бар әдеби туындылардың жинағын құрастыру барысында құрастырушы жинаққа таңдалған материалдарды енгізу үшін белгілі бір зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Жинақтар авторлық құқықтың пәні болып табылмайтын туындылардан тұруы мүмкін: заңдар, сот шешімдері, өзге ресми құжаттар, халық шығармашылық туындылары. Осы аталған туындылардан дайындалған жинақтарды жасаған тұлғаға авторлық құқық тиесілі болады, егер де ол оларды жеке өзі өңдесе немесе жүйелесе.

АК-тің 485-бабына сәйкес аударма – авторлық құқықтың жеке объектісі, ал оны тудырушы тұлға авторлық құқықтың субъектісі болып табылады. Аудармашы жасалған аудармасына бірқатар өкілеттіктерді иеленеді: өзінің атын белгілеуге, жариялауға, жаңғыртуға және туындыны таратуға, авторлық сыйақы алуға және т.б.

Аударма үшін оның біртума туындысының авторының келісімі қажет. Автор және аудармашы жеке объектілерге авторлық құқықты пайдаланады (біртума туынды және жасалған аударма). Аударманы пайдалану аудармашының келісімі арқылы жүзеге асады.

Аударма – бұл біртумалық туындыны жазбаша немесе ауызша түрде басқа тілге көшіру. Аударма біртума туындыны нақты оның мазмұны мен стилистикалық-жанрлық ерекшелігіне сай беру керек.

Өңдеу өз алдына туынды шығарма болып саналады. Ол туындының негізінде, оны шығармашылық міндетіне сай қайта құру жолымен жасалады. Сөйтіп, белгілі автордың драмалық туындысының негізінде сценарист көпшілік алдында орындауға арналған жаңа туындыны жасайды. Сонымен қоса, ол туынды тақырыбының алдында біртума туынды автордың атын және оның туындысының аталуын көрсетеді. Өңдеушінің есімі жауапкершілік туралы мәліметтерінде көрсетіледі.

Аннотация басу аппаратының өзгермейтін бір атрибуты болып табылады. Онда туындының, оның мағынасы мен мәнінің тематикалық мазмұны қысқаша сипатталады. Аннотация авторының міндеті болып оның туындысының атқаратын мақсаттарын шектеулі түрде көрсету табылады.

Реферат деп пайдаланушыға туындының мақсатқа келетіндігін, оған ашатын фактілі негіз танылады. Рефератталатын туынды туралы мәліметтерде автордың аты-жөні, атауы, орны мен шығу жылы, көлемі және т.б. көрсетіледі.

Резюме – бұл туындыны қысқа түрде беру. Рефераттан айырмашылығы – бұнда қорытынды ойлар анық көрсетіледі: туындының жаңалығы туралы тұжырым. Рефератты сипаттағы мәліметтер басында шықса, ал резюме мәтіннен кейін орын алады. Осы жерде аудармашылар, баспашылар, суретшілер, фотографтар, әсемдеушілер өздерінің есімдерін орналастыруға құқылы.

Туынды шығармалардың авторларына олармен жасалған аудармаларға, өңдеулерге, аранжировкаларға және өзгелеріне авторлық құқықтар тиесілі. Бұл құқықтар өңдеуге түскен туындының авторының құқықтарын сақтаған жағдайда ғана танылады.

Аударма немесе өзге де өңдеуді жүзеге асыру үшін авторлық шарт жасалуы тиіс. Оның бір тарабы болып туынды авторы, ал екіншісі – аудармашы табылады.

Қоғам игілігіне арналған туындылар автордың мұрагерлерімен шартты жасамай-ақ шығармашылық өңдеудің объектісі болып танылуы мүмкін. Өйткені, қайта өңдеу жедел сипаттағы мүліктік құқықтарға жатады.

(6) Қызметтік міндеттерді орындау тәртібімен жасалған туындылардың авторлары. Қызметтік міндеттерді орындау тәртібімен жасалған туындыларға авторлық құқық авторға тиесілі, ал оны пайдалануға айрықша құқық – жұмыс берушіге.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 15-бабында аталған автордың мүліктік емес жеке туындылары авторға тиесілі және оның атында сақталады.

Қызметтік туындыны пайдалануға жұмыс берушінің айрықша құқықтарын бекітетін норма диспозитивті болып табылады, яғни ол жұмыс беруші мен жұмысшы – автор шартының талаптарында көрсетілмеуіне қарамастан әрекет етеді.

А.П.Сергеевтің айтуы бойынша, «үстем етуші доктринаға сәйкес автормен туындыны жариялау дайындығы туралы мәселені шешу мүмкіндігі сақталады деп есептейді, өйткені ол сондай рұқсат беруі керек. Егер ол рұқсат бермесе, еңбектік міндеттер бұзылды деп саналады[25].

Еңбектік қатынастардың фактісі өз алдына автормен жасалған осы уақыттағы барлық туындылардың қызметтік болады дегенді білдірмейді.

Қызметтік туындыларға қызметтік тапсырманы немесе қызметтік міндеттерді орындау тәртібінде пайда болған туындылар жатады.

Қызметтік туындыларға қызметтік тапсырманы немесе қызметтік міндеттерді орындау тәртібінде пайда болған туындылар жатады.

Қызметтік тапсырманы немесе қызметтік міндеттерді орындау тәртібінде құрылмаған туындылар қызметтік деп танылмайды және оған жалпы құқықтық режим таралады. Бұл жерде авторға мүліктік емес жеке құқықтар мен мүліктік құқықтардың барлық кешені беріледі.

Қызметтік тапсырма тәртібінде құрылған туындыға жұмысберушінің айрықша құқықтарды пайдалануы уақытына қарай шектелмеген. Жұмыс берушінің айрықша құқығын он жыл мерзімге шектейтін норма, Э.П.Гавриловтың пікірінше «жұмысшы мен жұмыс берушінің мүдделерінің арасындағы саналы баланс» құру үшін қажет болып табылады[26].

Қызметтік міндеттерді орындау барысында туған туындының авторына авторлардың басқа санаттары сияқты оның мүліктік құқықтарына қарамастан мүліктік емес жеке құқықтар тиесілі болады және туындыны пайдалануға айрықша құқықтарды басқа біреуге беру кезінде де сақталады.

 

Б.  Тең авторлар.

  • Тең авторлықтың пайда болу шарттары.

Екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлескен еңбегімен туған туындыға авторлық құқыққа тең авторлар да ие бола алады. Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-бөлігі).

Ең алдымен тең авторлық туралы айтқанда мына мәселеге көңіл бөлу керек: ол туынды бір ұжымның бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде жасалғанында. Осындай ұжымдық туындыға, егер ол біртұтас бүтінді құраған жағдайда жасалса күмән келтірілмейді (мысалы, бірнеше тұлғалармен туған роман немесе картина).

Егер туындының жеке бөліктері жеке мағына берсе және олар дербес қолданылса (мысалы, әндегі өлең мен музыка, оқулық тараулары), онда бұл жағдайда мәселе қиындауы мүмкін. Ұжымдық туынды жеке авторлардың туындыларды қарапайым механикалық қосу нәтижесінде жасалуы мүмкін еместігі түсінікті. Туынды бір бүтін ретінде көпшілік назарына қонымды қабылдануы үшін олардың ішкі нысаны мен мазмұнының өзара байланысы бар болуы қажет. Өзге сөздермен айтқанда ұжымдық туындының кез келген бөлігінің өзгертілуі немесе жойылуы сәйкесінше бір бүтін ретінде туындыны қолданудың мүмкін еместігін немесе басқа бөліктерінің өзгертілуіне әкеліп соғуы керек. Мысалы, азаматтық құқық бойынша оқулықтың кез келген бір тарауын, соның ішінде мәмілелерге, заңды тұлғаларға, ескіру мерзіміне және т.б. арналғанын жою, аталған оқулықтың өзінің қызметтерін атқаруға мүмкіндігі бар аяқталған, ұжымдық туынды ретінде қарастырылуына күмән келтіреді. Тура осылайша опера мәтінің өзгертілуі сәйкесінше либреттоның өзгертілуіне әкеліп соғады. Керісінше, кітаптан иллюстрацияларды алу жарияланған туындының әдеби құндылығына әсер етпейді. Өйткені, оған келтірілген иллюстрация мен мәтін өзінің бар жиынтығында біртұтас туындыны құрамайды. Сондықтан, жазушы мен суретші бұл жағдайда тең авторлар болып табылмайды. Қалған барлық құрама туындылар туралы дәл осыны айтуға болады, мысалы жинақтар мен журналдар туралы.

Бірнеше тұлғалардың бірлескен еңбегі шығармашылық сипатта болуы керек. Шығармашылық қызметтің нәтижесінде ғана қорғалуға жататын объектілер ретінде танылатын әдебиет, ғылым және өнер туындылары пайда болады.

Тең авторлардың бірлескен еңбегі әртүрлі жүруі мүмкін. Олар шығармашылық процесті біріктіреді және бірге жұмыс істейді. Мысалға, Кукрыникс суретшілері Петров пен Ильф сияқты. Басқалары туындының жоспарын, құрылымын жасайды, шығармашылық ұжымның әрбір қатысушысына қатысты сол орындайтын бөлігін анықтайды. Содан кейін, олардың барлығын біріктіреді, өзгертеді және редакцияға береді. Тең автор жұмысқа кез келген кезеңде кірісе алады. Жұмысқа кірісу сәті авторлық үшін анықтаушы болып табылмайды. Авторлардың жеке ерекшеліктері, олардың жұмыстарының мәнері маңыздырақ болып келеді.

Тең авторлықтың пайда болуының міндетті екінші шарты болып туындының бірнеше тұлғалардың бірлескен шығармашылық еңбегі мен жасалуы табылады. Бұл жерде еңбектің бірлескен сипаты деп еңбектің бірлескен процесі емес, ал бірлесіп жеткен нәтиже түсініледі. Тең авторлар туындымен басынан бастап аяғына дейін жұмыс жасауы мүмкін; олардың әрқайсысы туындының кез келген ерекшеленген бөлігін тудыруы мүмкін; олардың біреуі екіншісінің еңбегін бітіріп беруі де мүмкін және т.б. Туындыны жасау барысында олардың қандай нысанда еңбек еткендері емес, ал туындының олардың бірлескен еңбектерінің нәтижесі болып табылатыны маңызды.

Бұған мысал ретінде ҚР-ның Жоғарғы Сотымен қаралған істі айтуға болады. К., Т. мен М.-ға «Молодая гвардия» баспасымен жарыққа шыққан «Дабыл» атты повесінің тең авторы деп тану туралы талап қояды. К.-ның талап арызын Қызылорда облыстық соты қанағаттандырмады. ҚР-ның Жоғарғы Соты талапкердің апелляциялық шағымы бойынша істі қарап, Қызылорда облыстық сотының шешімін күшінде қалдырып, шағымды қанағаттандырмады. Жоғарғы Соттың анықтауы бойынша талапкер жауапкер Т.-ның туындымен жұмыс жасауы жөнінде детальді түрде хабардар болған. Талапкер болса, жауапкер Т. қолданған кеңестерді берген. Бірақ повесть жазуда талапкердің бұл әрекеті жеткілікті болып табылмайды. Кітапта жарыққа шығарғанға дейін жауапкерде де, талапкерде де ұжымдық туынды жасауға ынталары болмаған[27].

Басқа да жағдайларда туындымен жұмыс жасау барысында шығармашылық еңбектің бірлесуі жоқ болуы да мүмкін. Бір тұлға өзінің қызметтік міндеттеріне қарай немесе өзге де негіздер бойынша туындыны жасаушыға көмек көрсетсе, бірақ оның еңбегінің нәтижелері туындыда тікелей көрініс таппаған жағдайда бірлескен шығармашылық еңбек жоқ. Сөйтіп, редактордың еңбегінің шығармашылық сипаты мен пайдалалығына ешкім күмән келтіре алмайды. Бірақ, егер редактор өзінің міндеттерінің шегінен шықпаса, ол тең авторлыққа таласа алмайды. Редактор автордың туындысын жақсартуға, оның жекелеген кемшіліктерін түзетуге, қайталануларды алып тастауға көмектесуі тиіс. Бірақ, редактормен келісілетін немесе келісілмейтін барлық түзетулер автордың өзінен енгізіледі.

Тең авторлықтың маңызды шарты болып тең авторлардың қосатын үлестерінің шығармашылық сипаты табылады. Жоғарғы Сот Пленумының ұйғарымы бойынша «тең автор болып танылу үшін техникалық көмек көрсеткен тұлғалардың жүгінуіне негіз табылмайды». Сондықтан, тең авторлыққа қатысты дауларды шешу барысында сот алдында тұратын негізгі мәселе болып тең авторлардың қосқан үлестерінің сипатын анықтау табылады. Көптеген жағдайларда бұл мәселені шешу өте қиынға соғады. «Атақты адамдардың» еске алулары негізінде туған туындыларға авторлықты анықтау бойынша көп даулар туады. Тәжірибеде бұл туындылар жарыққа шыққанда еске алушы автордың есімімен жүзеге асады. Бұл көпшіліктің туындыны қабылдауына үлкен қамтамасыз етеді, бірақ автордың үлесін дұрыс көрінісін тапқанын бейнелемейді. Егер әңгіме айтушы өзінің өмірбаянының фактілері туралы жазушыға хабарласа, соның негізінде соңғысы көркем бейнелердің жүйесін жасаса және айтылған тарихи фактілерді біртұтас туындыға біріктірсе, онда авторлық құқықтың субъектісі болып көркем туындыны тудырушы табылу қажет. Осы бойынша сот тәжірибесінде жүріп жатқан іс бар. Оған мынаны айтуға болады. Е. өзінің бай оқиғаларға толы өмірін еске алу арқылы әдеби туындыға айналдырмақшы болды. Бірақ, ол өзінің ойын жалғыз өзі жаңғырта алмайды да, әдебиетші С.-мен қызметтесе бастады. Е. мен С. жүйелі түрде екі жыл ішінде айына 2-3 рет кездесіп отырады және Е. С.-ға өзінің өмірінің эпизодтарын әңгімелеп береді. Осы әңгімелерді пайдалана отырып, С. «Накануне» атты роман жазады. Е. тең авторлыққа және оған қаламақының тең жартысына дауласады. Бұл іс сот инстанцияларымен бірнеше рет қаралады, ақырында Е.-ның талап арызы қайтарылады. Өйткені, бұл жерде Е. көркем туындыны жасау барысында өзінің еске алуларына әдеби нысан бермеді, туындының жобасын жасауда қатыспады, ал тек өз өмірінің жекелеген эпизодтары мен фактілерінің әңгімешісі ғана болды.

Керісінше, егер тұлға әңгімешінің еске алуларына ештеңе қоспай, тек қана техникалық және редакторлық жұмыстарды орындаса, онда әңгімеші туындының авторы болып танылады.

Сөйтіп, қорытындылай келетін болсақ тең авторлық келесідей белгілермен сипатталады екен. Олар:

  • бірнеше тұлғалардың бірлескен еңбектері;
  • ұжымдық туындыны жасау;
  • туындымен жұмыс жасаған барлық тұлғалардағы авторлық құқықтың бар болуы.

Сонымен қатар, туындының тең авторлары деп бір немесе бірнеше тұлғаларды тану үшін тең авторлықтың пайда болуы туралы келісімнің бар болуы қажет. Бұл жерде келісім ретінде туындымен шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған авторлардың өзара ерік білдірулерін түсіну қажет. Ол кез келген нысанда және туындымен жұмыс істеудің кез келген сатысында болуы мүмкін. Сонымен қатар, келісімнің пәні болып аяқталған туындыны толықтыру да табылуы мүмкін. Бұл жерде тек қана тең авторлықтың ерікті түрде болуы және ешкімнің де заңмен қорғалатын авторлық құқықтарын бұзбауы маңызды.

Тең авторлық туралы келісімді туындымен жұмыс істеу барысында тең авторлық пайда болу үшін бірлескен шығармашылық еңбектің керегі жоқ деп түсінуге болмайды. Бір ғана келісімнің негізінде тең авторлық тууы мүмкін емес. Бірақ осы келісім туралы АК-те және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңында мүлдем айтылмаған.

 

  • Ұжымдық туындыға авторлық құқықтарды жүзеге асыру.

Ұжымдық туындыға авторлық құқықтар барлық тең авторлардың туындыға қосқан шығармашылық үлесі мен сипатына қарамастан соларға тиесілі болады. Тең авторлардың құқықтарын заң бірлескен деп сипаттайды («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-бөлігі). Өйткені, бұл авторлық құқық ғылымында қалыптасқан тең авторлардың құқығын «бөлінбейтін құқық» ретіндегі түсінікке сай келеді[28].

Осыдан маңызды тәжірибелік қорытынды шығып отыр. Ұжымдық туындыны пайдалану жөніндегі мәселе барлық жағдайларда барлық тең авторлармен бірлесе, өзара келісім негізінде шешіледі. Егер осы мәселені шешуде тең авторлар бір келісімге келе алмаса, онда ол соттың шешілуіне беріледі. Туындыны бірлесіп басқару қағидасы ешқандай кедергіге әкелмейді, тең авторлардың авторлық құқықтарын жүзеге асырудың өзге тәртібін бекітетін өзара келісім жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, тең авторлар авторлық құқықтарды жүзеге асыруды авторлардың біреуіне тапсыруы мүмкін, авторлық сыйақыны бөлу қағидалары туралы келісуі мүмкін, тең авторлардың есімдерін белгілеу кезектілігі туралы анықтап алуы да мүмкін. Авторлық заңнама тең авторлардың келісімдеріне қатысты ешқандай ережелерді бекітпейді, сөйтіп бұл мәселені шешуді толығымен тараптардың қарауына береді. Заң әдебиеттерінде дауларды тудырмау үшін осындай келісімдерді жазбаша түрде, немесе тең авторлармен толтырылатын жеке құжат түрінде, немесе тең авторлар мен олардың туындыларын пайдаланушы ұйым арасында жасалған авторлық шарттың арнайы оговоркасы түрінде жасау көзделеді. Көбінесе тәжірибеде осындай келісімдер авторлық сыйақыны бөлудің тәртібі мен тең авторлардың есімдерін белгілеу тәртібін анықтайды. Тең авторлардың келісімі өзінің заңдық табиғаты бойынша құқықпен қолдану тәртібі туралы шарттардың бір түрі болып табылады. Көбінесе ол мүлікті пайдалану тәртібі туралы меншік иесінің шарттарына ұқсайды. Э.П.Гаврилов туындыны пайдалану жөніндегі тең авторлардың келісімі бірлескен қызмет туралы шарт болып табылады дейді[29].

Егер тең авторлармен туындыны пайдалану туралы ешқандай келісім жасалмаған жағдайда, барлық құқықтар өзара келісім арқылы жүзеге асырылады. Жеке алсақ, тең авторлар сыйақыға тең құқықтарды иеленеді, олардың есімдері алфавиттік тәртіпке көрсетіледі және т.б. Егер тең авторлардың туындысы тұтас бөлінбейтін бүтінді құраса, онда тең авторлардың бірде біреуі туындыны пайдалануды жеткіліксіз негіздерсіз тиым салуға құқығы жоқ.

 

(3)  Тең авторлықтың түрлері.

Заң ұжымдық туындының екі түрін көрсетеді және соған сәйкес тең авторлықтың екі түрі – бөлінетін және бөлінбейтін тең авторлық туындайды. Бөлінбейтін тең авторлықта екі немесе одан да көп тең авторлармен жасалған туынды дербес мағынаға ие бола алмайтын бөлімдердің тұтас бірлігін құрайды. Осындай туындылар көбінесе әдебиетте (И.Ильф пен Е.Петровтың романдары), өнерде (И.Репиннің және И.Айвазовскийдің «Пушкин в Крыму» суреті), ғылымда (Б.Антимонов пен Е.Флейшицтің «Авторлық құқық» монографиясы) және тағыда соған сәйкес кездеседі. Бөлінбейтін тең авторлықта туындыны жасау барысында қатысқан тұлғалардың шығармашылық қызметтерінің нәтижелері авторлық құқықтың тұтас объектісі қатарынан іс жүзінде ерекшелене алмайды. Бұл жағдайда тең авторларға авторлық құқық толығымен туындыға беріледі. Тең авторлардың жауапкершілігі нормативті түрде реттелмеген.

Бөлінетін тең авторлықта ұжымдық туынды жеке мағынаға ие бола алатын бөлімдерден тұрады және бұл бөлімдердің қай тең автормен жасалғаны белгілі болады. Тең авторлықтың мысалы ретінде музыкалық-драмалық туынды, оқулық немесе ұжымдық монография танылады. Сонымен қатар, оларға әнді (музыка мен өлеңдік мәтін), операны (музыка мен либретто), кітапты (мәтін мен суреттер) жатқызуға болады. Бұл жағдайда тең авторлық бөлек болады, өйткені туындының әрбір бөлігі дербес әдеби, ғылыми немесе көркем мағынаға ие болады. Осындай ұжымдық туындының бөлігінің авторы оған авторлық құқықты иелене және оны қалған бөліктерінен жеке пайдалана алады.

Тең авторлықты бөлінетін және бөлінбейтін деп ажыратудың үлкен тәжірибелік маңызы бар. Тең авторлықты бөлінбейтін деп тану туындыны жеке бөліктеріне де, тұтасына да авторлық құқықтарды бірлесе жүзеге асыруды білдіреді. Әрбір тең авторда өзінің қарауы бойынша билік жүргізетін дербес объектісі бұл жағдайда болмайды. Егер тең авторлық бөлінбейтін болса, онда ережеге сәйкес бір авторлық шарт туындыларды жасаушылармен жасалады. Сонымен қоса, егер тең авторлардың біреуі туынды жасау бойынша өзінің міндеттемелерін бұзса, онда тең авторлардың барлығы да жауаптылыққа тартылады.

Бөлінетін тең авторлықта ұжымдық туындыны пайдалану тұтасымен алғанда барлық тең авторлардың өзара келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Бірақ, әрбір тең автор басқа тең авторлардың келісімінсіз туындыдағы өз бөлігіне билік жүргізуге құқылы. Тең авторлар туындыдағы өз бөліктеріне үшін жауап береді және басқа тең авторлармен міндеттемелер бұзылғаны үшін жауапкершілікке тартылмайды. Әрбір тең автормен жеке авторлық шарт жасалады, ал тең авторлармен жасалған ұжымдық туындының бөліктері олардың есімдерімен белгіленеді.

Бөлінетін тең авторлықтан туындыны бірлесіп пайдалануды ажырата білу қажет. Мысалға, жазушы мен суретші кітаптың иллюстрациялармен толықтырылуына қарамастан тең авторлар бола алмайды, егер де бұл жерде балалар үшін арналған арнайы кітап-суреттер туралы сөз болмаса. Керісінше, түсіндірме мәтіні бар фото очерктер, суреттер мен карикатуралар тұтас туындыны құрайды және сондықтан сурет пен мәтін әртүрлі тұлғалармен жасалса, онда олар тең авторлар деп танылады.

Әртүрлі авторлармен жасалған туындыларды біріктіру нәтижесінде авторлық құқықтың жаңа объектісі пайда болады, яғни бірлескен шығармашылықты еңбектің болмауына байланысты тең авторлық туындамайды. Мысалға, энциклопедиялық сөздік, журнал, ғылыми жинақ және т.б. өз алдарына материалды іріктеу мен жүйелеу бойынша шығармашылық еңбектің нәтижесі ретінде жаңа туындыларды білдіреді. Бірақ, жинаққа немесе журналға біріктірілген туындылардың авторлары тең авторлар болып табылмайды, өйткені жаңа шығармашылық туынды басқа тұлғалардың шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде жарыққа шығады.

Сонымен қоса, жаңа шығармашылықты дербес туынды жасау үшін біреудің жарияланған туындысын заңмен белгіленген жағдайда пайдалану тең авторлықтың туындауына әкелмейді. Сөйтіп, роман авторы мен оның негізінде жасалған сценарий авторы тең авторлар болып табылмайды. Бұл жағдайда өзінің тең авторлыққа құқығын дәлелдегісі келетін тұлғалардың талаптары сот органдарымен қанағаттандырылмайды. Мысалы, заң әдебиеттерінде Р.-дың мұрагерлерінің «Севастопольский вальс» атты әйгілі музыкалық комедияның мәтінінің авторлары Г. мен А.-ға қойған талап арыздары бойынша іс бар. Оның мазмұны мынадай. Ақын Р. «Севастопольский вальс» атты әйгілі әннің мәтінің авторы болған. Сонан кейін дәл сондай атаудағы музыкалық комедия жасалады, сонымен қоса оның мәтінінде әннің қайырмасы бірнеше рет қайталанады және ол ішінара жауапкерлермен өзгертіледі. Осыған негізделе отырып, Р.-ның мұрагерлері өздерін музыкалық комедия мәтінің тең авторлары ретінде тануды талап етеді. Қстің мән-жайларын сот қарап шығып, бұл жағдайда екі түрлі шығармашылықты дербес туындылар жөнінде сөз болып отыр деп, сот осы негізде талап арызды қанағаттандырмаған. 

 

 

2.2. Мұрагерлер мен құқық мирасқорлар.

 

(1)  Мұрагерлер.

Авторлық құқықтың субъектілері болып автор қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері табылады. Жалпы ережеге сай авторлық құқықтарды мұраға алу заң бойынша немесе өсиет бойынша жүзеге асырылады. Авторлық құқықтарды мұрагерлердің заң бойынша мұраға алуды заңды мұрагерлердің қатарына енетін азаматтар ғана иелене алады. Егер қайтыс болған автордың заңды мұрагерлері болмаса және өсиет қалдырмаса, онда оның авторлық құқықтары өзге мұралықтан мемлекетке өтпейді, ал тоқтатылады. Өсиет бойынша авторлық құқықтарды мұраға беру кез келген азаматтарға оның азаматтығы мен қайтыс болған автормен туыстық қатынастардың бар болуына қарамастан жүзеге асырылады.

Авторлық құқықтың теориясында мұрагерлер авторлық құқықтың туынды алып жүрушілері ретінде қарастырылады. Олардың авторлық құқықтары туындыны тудыру күшіне орай емес, ал өзге заңды фактілердің негізінде, соның ішінде нақтырақ: мұраны ашуда, заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер қатарына енгенде, мұрагерлермен мұраны қабылдауда туындайды.

Әрекет етуші заңнамада – авторлық та, мұрагерлік те – мұрагерлердің авторлық құқықтарының нақты мазмұнын ашып көрсетпейтінін айта кету жөн. Сондықтан, нақты ережелерді заңның көптеген нормаларын талқылау арқылы, сонымен қоса қалыптасқан сот пен нотариалды тәжірибесінің анализі арқылы шығаруға келеді. Авторлық құқықтарды мұраға алудың ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.

Авторлық құқық мұра бойынша беріледі («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 29-бабының 1-бөлігі) және жалпы ереже бойынша автордың қайтыс болған кезінен бастап 50 жыл бойы әрекет етеді.

Мұрагерлік құқық автордың айрықша мүліктік құқықтарына қатысты туындайды.

Мұрагерлік объектісі болып авторлыққа, автордың есіміне, автордың беделін қорғауға құқықтар табылмайды. Бірақ аталған құқықтар мерзімсіз қорғалады және авторлық құқық туралы Заң авторға келесідей өкілеттіктер береді.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 28-бабының 3-бөлігіне сай өсиетті орындаушы тағайындайтын тәртіп бойынша автор өзі қайтыс болғаннан кейін өзінің авторлық құқығын, есімінің құқығын және өзінің беделін сақтау құқығын қорғауды жүктейтін адамды көрсетуге құқылы. Ол адам өз өкілеттігін өмір бойы атқарады.

Мүліктік құқықтар туралы нұсқаулар қалдырмай отырып, автор қайтыс болғаннан кейін авторлыққа, есімімен беделін қорғауға қатысты өсиеттік нұсқау қалдыра ала ма деген мәселе туындайды. Біздің көзқарасымыз бойынша бұған кері заңды көрсетулер жоқ.

Егер автор өсиетте осындай тұлғаны көрсетпесе, онда бұл өкілеттіктерді кез келген мерзіммен шексіз түрде мұрагерлер жүзеге асырады.

Осындай тұлға автормен тағайындалмауы мүмкін, немесе тағайындалған азамат қайтыс болса не мұрагерлер жоқ болса, немесе мұрагерлер мұрагерлік құқықтардан бас тартса және автордың құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді орындаудан шеттелсе.

Мұрагерлік құқықтың жалпы ережелерінен шыға отырып, авторлық құқықтың субъектілерінің ішінен екі топты бөліп көрсетуге болады: өсиет бойынша мұрагерлер мен заң бойынша мұрагерлер.

Өз кезегінде өсиет бойынша мұрагерлердің өздері тағы да екі топқа бөлінеді:

  • белгілі бір отбасылық-туыстық байланысы бар мұрагерлер, олардың сол байланыс арқылы өсиеттің жоқ болуына қарамастан-ақ мұрагерлікке құқықтары болады (заңды мұрагерлер);
  • өзге мұрагерлер (бірінші топқа кірмейтін, яғни өсиетші-автор үшін бөтен тұлғалар). Бөтен тұлғалар деп өсиет бойынша мұрагерлердің қатарына кіргізу үшін заңды маңызды болып табылатын отбасылы-туыстық қатынастардың жоқтығы түсініледі. Кез келген туыстық мұрагерлердің қатарына ену үшін негіз болып табылмайды. Заң бойынша бірінен кейін бірі туған емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, әпкелері, тәтелері, енелері, күйеу балалары және т.б. мұралыққа ие бола алмайды (яғни, өсиет жоқ болған жағдайда).

Заң бойынша да, өсиет бойынша да өсиет қалдырушыны заңға қайшы әрекеттер арқылы өздеріне мұраны қалдыруға мүмкіндік жасаған тұлғалар ешқандай да автордың мүліктік құқықтарына құқықты иелене алмайды. Бұл фактілер өздерінің растығын табуы қажет – заңды күшіне енген айыптау үкімі. Айыптау өсиет қалдырушыны өлтірді деп те, өлтіруге қастандық жасалды деп те келтірілуі мүмкін. Кез келген жағдайда бұл жерде өсиет қалдырушының өміріне қарсы қылмыс жасалды деп түсініледі.

Мұрагермен жасалған немесе онымен ұйымдастырылған, яғни қасақана қылмыс күшейтілген жағдайлардың ішінде кісі өлтіру үшін жауаптылықты көздейді. Жауапкершілікті ауырлататын осындай белгі болып пайда алу мақсатымен кісі өлтіру де табылады. Бұл жерде көбінесе конфликтілі қатынастар жоқ болып табылмайтын мұрагерлік даулар туралы сөз болып отыр.

Егер мүліктік авторлық құқықтардың тағдырлары толығымен анықталған заңды өсиет болса, онда бұл құқықтар өсиетке сәйкес құқықмирасқорларға өтеді[30].

Өсиет авторлық (әдеби) немесе жалпы, қарапайым болуы мүмкін. Ол үшін мынандай формула жеткілікті: «Менің барлық мүлкім, ол қай жерде орналасқаны мен жасалғанына қарамастан, мен өсиет етемін…».

Мүліктік авторлық құқықтардың тағдыры бекітілген өсиет мүмкін болады, сонымен қатар анықтаушы немесе орындаушы да белгіленуі мүмкін.

Орындаушы (жан бұйырушы) тұлға болып оған өсиетті орындау міндеті қойылған адам табылады. Ол өсиетте анықталған автордың соңғы еркін орындаушысы. Оған мұралық мүліктің қорғалуы жөніндегі қамқоршылық, оны қолсұғушылықтан қамтамасыз ету, өзге құқықбұзушылықтардан сақтау жүктеледі. Қажет болған жағдайда орындаушы өзара әрекеттесу үшін құқық қорғау органдарына, әлемдік төрешіге, жалпы юрисдикциялық сотқа, билік, басқару, өзін өзі басқарудың өкілетті органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінуге құқылы.

Егер өсиет әрекетке қабілетсіз тұлғамен қалдырылса және ол факт заңды күшіне енген сот шешімімен бекітілсе, онда белгілі бір салдар туындайды.

  1. Өзге өсиет бар болған жағдайда және оның шындығы дауланбаса немесе даулануы мүмкін болса, бірақ өсиетті жарамсыз деп тану туралы талапты сот қайтарса, онда мұрагердің өзінің құқықтарын иеленуінің құқықтың негізі болып кейінгі немесе соңғы өсиет табылады.
  2. Жарамсыз деп танылған өсиеттен басқа өзге өсиет жоқ болса, онда мұралық қатынас заң бойынша жүзеге асырылады.

Өсиет бойынша мұрагерлік заң бойынша емес мұрагерлік дегенді білдірмейді. Бірақ «заң бойынша мұраға алу» – мұрагерлердің бірінші кезектегі қатарына кімдер кіреді және олардың арасындағы үлестер қалай бөлінетіне байланысты заң нормаларының мәселелері бойынша анықтаудан шығады.

Бірінші кезектегі мұрагерлерге мыналар кіреді:

  • балалары (соның ішінде асырап алынғандар), өсиет беруші қайтыс болғаннан кейін туған өсиет қалдырушының баласы;
  • жұбайы (зайыбы);
  • ата-аналары.

Егер ата-ана ата-аналық құқығынан айрылған болса, онда ол баламен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтарынан айырылады. Соған сәйкес, осындай ата-ана бала қайтыс болғаннан кейін мұрагер бола алмайды. Егер де ата-аналық құқығынан айырылған азамат қайтыс болған жағдайда оның балалары мүліктік құқықтарды иеленеді. Соған сәйкес, ата-аналық құқығынан айырылған тұлғалардың балалары одан қалған мүлікті мұраға ала алады. Сонымен қатар, міндетті мұрагерлер санаттары бар.

Заң бойынша міндетті мұрагерлер – олар 18 жасқа дейінгі балалар немесе өсиет қалдырушының еңбекке қабілетсіз балалары (соның ішінде асырап алынғандар), сондай-ақ еңбекке қабілетсіз жұбайы (зайыбы), ата-аналары (асырап алушылары) мен қайтыс болушының өмір бойы асыраушылары.

Өсиет қалдырушы – автордың немерелеріне қатысты ұсыну құқығы әрекет етеді. Заң бойынша немерелер мұрагерлер болып табылады, егер мұраны ашу уақытына қарай ата-аналарының біреуі тірі болмаса. Немерелер арасында мұраның үлесі тең бөлінеді.

Автордан кейінгі мүліктік құқықтарды мұраға алу жалпы азаматтық ережелермен реттеледі.

Мұраға алу заң бойынша және өсиет бойынша жүзеге асырылады. Егер өсиет жоқ болса, онда мұраға алу заң бойынша іске асады.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес авторлық құқық автордың өмірінің барлық шегінде және ол қайтыс болғаннан кейін 50 жыл бойы әрекет етеді. Бұл автордың қайтыс болғанынан кейінгі мүліктік авторлық құқықтарының әрекет етуінің жалпы мерзімі. Осы 50 жыл ішінде мұра мұрагерлік құқыққа иеленген адамнан қайтыс болған үшінші тұлғаға өтуі мүмкін.

Мысалы, Р. автор О.-ның пайдасына өсиет қалдырды. Р.-дың қайтыс болғанынан 15 жылдан кейін оның заңды мұрагері Н. қалған мерзімге мүліктік авторлық құқықтарды иеленеді (яғни, 35 жылға).

Егер туынды тең авторлықта жасалса, онда 50 жыл мерзімі ең соңғы автордың қайтыс болған күнінен бастап есептеледі.

Автордың қайтыс болғанынан кейін алғаш рет жарыққа шығарылған туындыларға қатысты құқықтарды нақтылап алу қажет. Бұл жағдайда авторлық жарыққа алғаш рет шыққан кезден 50 жыл мерзім ішінде әрекет етеді.

 

 

 

(2)  Құқықмирасқорлар.

Авторлық – бұл шексіз мерзімдегі құқық. Автордың мәртебесі туындыны жарияланғандағына, оны жариялау уақытына қарамастан, сондай-ақ объектімен жұмыс жасау аяқталғанына қарамастан тәуелді болып табылмайды.

Автордың мәртебесі объектіні (қолжазба, картина) басқа тұлғаның иеленуіне байланысты жойылған болып есептелмейді.

Автормен жасалған туындыға құқықтардан айыру үшін заңды негіздер жоқ. Бұл жерде құқықбұзушылық ретінде заң бойынша сараланатын әрекеттер туралы сөз болып отырған жоқ. Бірақ, соңғы реттерде заң авторлық құқықтың субъектісін емес, ал құқықбұзушылықтың субъектісі туралы айтып отыр. Плагиатор – авторлық құқықтың субъектісі емес, ал қылмыстық құқықбұзушылықтың субъектісі болып табылады.

Автордың мәртебесін қорғауда қоғам мүдделі болып отыр. ҚР-ның ҚК авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануды қылмыс ретінде қарастырады, егер ол ірі мөлшерде зиян келтірсе. «Интеллектуалдық ұрлықты», яғни жасалмай қалған ретінде қылмыстық әрекет ретінде саралауға болмайды, оны бөтеннің туындысына құқықты иеленуге мүмкіндік деп түсіну қажет. К.Паустовский осыған байланысты мысал келтіреді[31]. Біреу Л.Н.Толстой қайтыс болғаннан кейін оның «Власть тьмы» атты кітабы онымен жазылып, Л.Н.Толстойға жіберілгендігі туралы дауласады. Ал, ол болса Л.Н.Толстой оны иеленіп алып, өзінің атымен шығарды дейді.

Бұл жерде бөтеннің құқығын қылмыстық даулар болып отырғандығы көзге анық көрініп тұр. Яғни, құқықтың субъектісіне қатысты көрінеу адал емес тәртіп көрініс табуда. Өзінің авторлығын даулаушы тұлғаның әрекетіндегі қоғамдық қауіпті сипаты шын автордың тірі болмау мән-жайынан көрінеді. Сол арқылы тұлға көрінеу әрекетпен авторлыққа таласады.

Авторлықты шынайылығымен анықтау мүмкін емес жағдайлар да белгілі. Олар өздерінің авторлығын бекіту үшін ешқандай да әрекеттерді, мүмкіндіктерді қолданумен байланысты өзара қатынастарды қалыптастырмайды. Бірақ, мәселе қайтыс болғаннан кейін туындайды және әрбір жеке авторларға туындылар жазылады.

ҚР АК-нің 116-бабының 4-тармағына сай автор болу құқығы және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар заң құжаттарында белгіленген реттерді қоспағанда, басқа әдіспен берілмейді және ауыспайды. Бұл ережені жоятын кез келген ереже жарамсыз болып табылады.

ҚР-ның АК әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтарға қорғаншылықпен байланысты мүлікті сенімгерлікпен басқару институтын енгізеді (44 тарау, 883-895 баптар). Сенімгерлікпен басқару объектілерінің қатарына «материалдық заттармен қатар, құқықтар соның ішінде айрықша құқықтар да жатады[32].

Авторлық-құқықтық заңнамада сенімгерлікпен басқару институты реттелмеген. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге қатысты оны қолдану мүмкіндігі болуы мүмкін, яғни кез келген жағдайда мүлікті сенімгерлікпен басқаруда қорғаншылық немесе патронаж тағайындалуы мүмкін. Соңғысы әрекет қабілетті тұлғаның өзімен ғана сұралуы (арызы) мүмкін. Өйткені, ол өзінің денсаулық жағдайына байланысты немесе мүлікті басқару бойынша өзінің құқықтарын жүзеге асыруды, міндеттерін орындауды дербес өзі атқара алмау себебімен қиындық көреді. Сондықтан авторлық құқыққа байланысты бұл азаматтық құқықтың заң нормаларының жалпы ережелерін қолдануға болады. Бірақ, бұл жерде айтып кететін мәселе – ол келешекте осы авторлық құқыққа қатысты мүлікті сенімгерлікпен басқару институтын енгізу керектігі болып отыр.

 

Сенімгерлікпен басқарушы өз атынан шарттар мен өзге де мәмілелерді жасай алады. Бірақ, сонымен қоса басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсетуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

3-ТАРАУ.  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Жалпы түсініктер мен ережелер. Әдебиет, ғылым және өнер туындыларының авторына мынандай құқықтар тиесілі: авторлыққа құқық, есімге құқық, туындыны жариялауға және өзге де пайдалануға құқық, туындының қолсұғылмаушылығына, сыйақы алуға, яғни АК-тің 475-бабында көзделген барлық құқықтарды иелене алады.

Сондықтан да, авторлық құқық субъектілерінің құқықтарын қорғау туралы айтқанда, авторлардың жеке және мүліктік мүдделері жөнінде айта кету жөн. Авторлық құқықпен қамтамасыз етілген мүдделерді қорғау үшін азаматтық және қылмыстық нормалармен қатар, әкімшілік құқықпен де қорғалады.

Санаткерлік меншік заңмен қорғалады және әрбір азаматқа шығармашылықтың әрбір түрінің бостандығы кепілденеді.

Заңдық және әлеуметтік кепілдіктің ішінде аса маңызды орынды сот қорғауы алады. Бұл құқыққа ҚР-ның Конституциясымен кепілдік берілген. Кез келген субъект білікті заң көмегін ала алады және ол кейбір жағдайларда ол көмек ақысыз түрде көрсетілуі мүмкін.

Интеллектуалдық потенциалды көбейтуде, авторлардың құқықтарын қорғауда мемлекет пен қоғамның мүдделілігі авторларға ұсынылған құқықтық режимнен көрінеді. Сот қорғауында бұл жағдай мынадан көрініс табады: өйткені, авторлық қатынастардан шығатын дауда талапқоюшы сот шығындарын төлеуден босатылады. Осындай жеңілдік сонау 1920 жылдан бастап қалыптасқан, әлі де күшін жоймаған болып есептеледі. Авторлардың құқықтарын соттық қорғау сапасы – негізгі мәселе. Авторлардың құқықтық жағынан жеткіліксіз қорғалуы құқық қолданушы қызметтің кемшілігімен байланысты деп айтуға болмайды. Өйткені, заңнамадан құқық қолдану сапасының тәуелділігі мен байланысы әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі де жалпыға белгілі. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 49-бабына сәйкес, айрықша құқықтардың иелері олардың бұзылғаны жағдайда талап етуге құқылы: құқықтарды тануға; бұзылған құқықты қалпына келтіруге; әрекеттерді жоюға; сондай-ақ, заңда көзделген заң нормаларына сай зиянның орнын толтыру мен өндіріп алуға. Авторлық құқықты қорғау, оны даулы жағдайда сотқа талап арызбен жүгіну арқылы тану – авторлық құқықтық қорғаудың дәстүрлі тәсілдерінің бірі. Құқығы дауланған және бұзылған авторды қанағаттандыру үшін құқықтарды тану жеткіліксіз болуы мүмкін. Автордың құқығын қорғау қалыптасқан жағдайды қалпына келтіруден де туындайды.

Құқықтарды қорғаудың соттық нысанының ерекше мағынасынан шыға отырып, авторлық құқықтың қорғау нысаны ретінде соттық және соттық емес деп шартты түрде бөлуге болады. Жалпы алғанда, арнайы баспада жарияланатын сот тәжірибесінің болмауы, авторлық құқықтарды қорғау жөніндегі істердің азаматтық істермен салыстырғанда аз болуы кездейсоқ емес. Авторлық құқық бұзылған жағдайда сотқа жүгінудің дайындық деңгейін төмендететін, сотқа жүгінуді қиындататын дәстүрлі факторларды атайық:

  • Авторлық заңнаманың күрделігі;
  • Авторлық құқық нормаларына толық түсініктеменің жоқ болуы;
  • Соттар мен судьялардың мамандығының жоқ болуы;
  • Авторлық құқықтарды сотпен қорғаудың нақты фактілері туралы кең ақпараттың жоқ болуы;
  • Талапқоюшыны мемлекеттік баж төлеуден босатудан басқа, заң көмегін көрсетуге байланысты ақымен, мамандарды тартумен, өзге сот шығындарымен байланысты қаржылық шығыстардың қажеттігі.

Авторлық құқықтарды қорғау шараларын екі бөліп көрсетуге болады:

  • автордың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау шаралары;
  • автордың мүліктік құқықтарын қорғау шаралары.

Осылай бөліп көрсетудің шарты болып сол және өзге де шаралардың бірлесе қолдануында табылып отыр. Мысалға, нақты бір туындыға қатысты авторлықты тану туралы талап арыз бен бұл туындыны заңсыз қолданумен байланысты зиянның орнын толтыру.

Авторлық-құқықтық қорғауда авторлық құқықтың бұзылу фактісі жасалған және құқықбұзушылықты ескерту тәртібі түріндегі шаралар қолданылуы мүмкін. Жауапкершілік шаралары құқықбұзушылық сипатына сай болуы қажет. Егер бұзушылық қылмыстық сипатта болса, онда соған сәйкес процедураларды сақтаумен және қылмыстық процесс шеңберіндегі қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылады.

Сот шешімін баспасөз құралдарында жариялау өте құнды болып табылады. Сот шешімінен потенциалды пайдаланушылар ақпарат алады: зиянның неде екендігін, сондай-ақ заңсыз шығарылған баспаның қауіпті сипатын, оның ерекше белгілерін, функционалдық кемшіліктерін көруге болады. Құқықиеленушіде қылмыстық іс жүргізушілік заңмен кепілденген азаматтық талап арызды қылмыстық істе беруге мүмкіндігі бар. Қылмыстан материалдық зардап шеккен тұлға қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде материалдық жауапкершілікке ие болатын айыпталушыға оның әрекеттері үшін қылмыстық іспен бірлесе қарастырылатын азаматтық талап арыз бере алады. Азаматтық талап арызға қылмыстық іс бойынша мемлекеттік баж салынбайды. Талап арыз қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап берілуі мүмкін. Дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерімен жүзеге асырылады, яғни бұзылған авторлық құқығының иесіне дәлелдемелерді жинау жүктелмеген. Субъектілердің құқықтары мен мүдделері әрқашанда келісушілікті талап етеді. Авторлық және өзге азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларының теңдігінің аксиомасы болып табылатын, яғни басқа субъектінің құқығын бұзуға әкеліп соғатындай автордың құқығын қорғауға жол берілмейді. Субъект авторлық құқықты қорғау тәсілдерін таңдау құқығын реалды түрде басқаруы тиіс, яғни құқықбұзушылықтың құрамының маңыздысына, жауапкердің мүліктік жағдайына, құқық-бұзушылықтың сипатына және фактілерге көңіл аударуы қажет. Қорғау авторлық және сабақтас құқықтардың кез келген бұзылған жағдайында ұсынылуы тиіс. Әдетте, авторлық құқықтың бұзылуы рұқсатсыз пайдалану фактісінің өзінде болады (мысалға, жаңғырту, орындау радио немесе телевидение бойынша, сондай-ақ рұқсатсыз көпшілік назарына жеткізудің басқа да тәсілдері; плагиат; автордың рұқсатынсыз туынды шығармаларды пайдалану және т.б.). Автордың жеке мүліктік емес құқықтары қорғалатын елдерде авторлық құқықтың бұзылуы болып туындының өзгеріске ұшырауы, авторлықта көрсетпеуі және т.б. табылуы мүмкін[33].

Авторлық құқықты соттың қорғау тәсілдерін қолданудың кең таралғанына қарамастан, авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңда, өзге де заңдарда көзделмеген қорғау тәсілі де бар. Ол – авторлық құқықтардың бұзылғаны туралы бұқаралық жариялау. Осындай жариялаудың ежелгі дәстүрі қалыптасқан[34]. Авторлық құқықтың субъектілерінің айрықша құқықтар туралы, сондай-ақ дайындалып жатқан немесе жасалған контрафакция фактілері туралы, автордың құқығын қорғау үшін елеулі өзге де заңды фактілер жөнінде бұқаралық жариялымдары олардың құқықмирасқорлары мен баспашыларының және жоғарыда аталған субъектілерге тиесілі құқықтың қорғау нысаны ретін қарастырылады. Бұл соттың емес қорғау нысаны, оның басқаларға қарағанда өз ерекшелігі мен жаңалығының бар болуымен қатар тиімді болып келеді. Жоғарыда аталған осы нысанның қорғауы жеткіліксіз болса, онда авторлық құқықтың субъектісі сотта істі қарау кезінде іс бойынша дәлелдемелер ретінде құқық бұзушы қарсылық келтірді, заңсыз қызметті тоқтату туралы құқық субъектісінің негізгі талабын орындамады және т.б. деп сілтеме жасай алады. Бұл өндіріп алу мөлшеріне әсерін тигізді қажет, егер автор 49-баптың нормасын қолдануды шешсе.

Айрықша авторлық және сабақтас құқықтардың иелері «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 49-бабының 1 бөлігінің 5 тармақшасына сай зиянның орнын толтырудың орнына бұзушыдан компенсация төлеуді талап ете алады.

Заң компенсация мөлшерін көрсетіп кетеді, ол еңбек ақының 10 нан 50 мыңға дейінгі минималды көрсеткіші. Соттың істі қарау кезінде нақты бір іс бойынша бұл мөлшер қалай анықталады? Сот қарауы жай ғана процесс емес, ол заңды критерийлерге негізделеді. Олар құқықбұзушылықтың сипаты мен салдарын компенсациялаудың адекваттығымен, кінәнің ескерілуімен, жауакердің мүліктік жағдайымен жасалуы мүмкін. Авторлық құқықтарды қылмыстық-құқықтық қорғау құралдарын дәстүрлі түрде плагиатпен байланыстырады. Сондай-ақ, бұл жерде туынды ғылым, әдебиет және өнердің қай аясына жататындығы, оның қасиеттері, ол автормен жарияланды ма деген мәселелер ескерілмейді.

Авторлық құқықты қорғаудың ең күрделі, қанағаттандырарлық шешімге келмейтін мәселе болып контрафакцияны ескерту мен қорғау мәселесі табылады. Бұл мәселенің авторлық құқық аясындағы білікті зерттеушілердің басты назарында болуына қарамастан оның тәжірибелік шешімі әлі күнге дейін қалыптаспаған. Бұл жерде авторлық құқықтың өмірінің тәжірибелік аясына, ғылыми ойдың қозғалысына жағымды әсер мен қол жеткізілген позитивті ғылыми нәтижені айтып кету жөн болар еді. Бұл Муролщевтің, Победоносцевтің, Шершеневичтің, Спасовичтің және өзге юристердің еңбегіне сай қалыптасты. Бұны бір шегі деп атауға болады. Екінші шегі – қазіргі жағдайға зерттеулер мен шешімдердің әсер етуі. Мәселенің қазіргі жағдайы мынандай болып отыр: авторлық құқықта контрафакцияның күрделі мәселе ретінде қалыптаспауы мен оның шешіммен арасындағы байланысының алшақтығы болып отыр. Сонымен қатар, «сабақтас» деп аталатын құқықтардың дамуымен де мәселе күрделеніп отыр.

Контрафакция – бұл біреудің туындысын тарату және жаңғырту жолымен авторлық құқықты бұзу. Бұл терминнің тағы бір түсінігі – ол «жасанды»[35].

Контрафакция түсінігінің мағынасы эволюциядан өтті: алдымен, Г.Ф.Шершеневичтің айтуынша бұл термин ретінде тек біреудің туындысын толығымен қайта басу ғана табылды. Аталған құқықбұзушылықтың белгілері мыналар:

  • Контрафакцияға кінәлі субъект аталған туындыға авторлық құқықтың субъектісі болып табылмайды және бұған автордың келісімі немесе рұқсатын иеленбейді.
  • «Жазаға әкеліп соғатын құқықбұзушылықтың әрекеті әдеби туындыны қоғам арасында тарату мүмкіндігін көрсете отырып оның тудырушысына мүліктік зиян келтірумен ұштасады»[36].
  • Контрафакцияның пайдалық мақсаты – аталған құқықбұзушылықтың міндетті белгісі емес.
  • Контрафакция заңмен көзделген жағдайдағы жаңғырту мөлшерінің асып түсуі, туынды түсініксіз, өзгертулермен берілгені кезінде де болады[37].

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңында: «Контрафактілік даналар» түсінігі берілген, ал оның өзінің түсінігі көрсетілмеген. Бұндай түсініктің заңда жоқ болуы келешекте біршама қиындықтар туғызуы мүмкін және меніңше, бұл кемшіліктің орнын толтыру керек деп ойлаймын. Өйткені, заңда берілген контрафактілік даналардың түсінігі жеткіліксіз болып отыр: «Контрафактілік болып авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуға әкеліп соғатын туынды мен фонограммаларды жасау немесе тарату даналары табылады». Бұл жерде мәні бойынша құқықбұзушылықтың салдары айтылған, ал қандай әрекеттердің нәтижесінде авторлық құқықтың бұзылуы жөнінде ештеңе көрсетілмеген.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 49-бабында көрсетілгендей айрықша авторлық және сабақтас құқықтардың иелері бұзушылардан мыналарды талап ете алады:

  • құқықтарды тану;
  • құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру;
  • құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттерді тыю;
  • айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
  • құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндіріп алу;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі ең төменгі мөлшері, ал ЭЕМ-га арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзған кезде жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі ең төменгі мөлшері сомасында өтем төлеу;
  • олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар.

Авторлық және сабақтас құқықтар табиғаты бойынша субъективтік азаматтық құқықтар болып табылады. Сондықтан оларды қорғауды жүзеге асыру субъективтік азаматтық құқықтарды қорғау үшін қолданылатын барлық тәсілдер көмегімен де іске асырылады. Осындай тәсілдердің қатарынан құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту туралы; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы; моральдық зиянның өтемін төлету туралы және т.б. талап етуді атауға болады. (ҚР АК-нің 9-бабы).

Авторлық құқықты қорғау органдары. Авторлық құқықтарды қорғаудың сот тәртібімен қорғау нысаны кеңінен тараған. Оның негізін талап қою өндірісі құрайды.

Талап арызда автордың қандай құқықтары (жеке мүліктік емес немесе мүліктік) бұзылғаны көрсетіледі. Мүліктік емес сипаттағы талап арыздар автордың жеке құқықтарын қайта қалпына келтірумен, ал мүліктік сипаттағы – авторлық сыйақы немесе шығындарды өндіріп алумен байланысты. Сонымен қатар, мүліктік емес және мүліктік құқықтарды қалпына келтіру туралы талап арыздар кездесуі мүмкін[38].

Мүліктік құқықтардың бұзылуы автордың жеке құқықтарына қатысты болмайды. Ол туындыны ұйымның заңды пайдалануы кезінде, сондай-ақ шартсыз пайдалануда мүмкін. Бірінші жағдайда төменнен көзделген сыйақыны тағайындау, сыйақыны төлеу мерзімі мен тәртібін сақтамау туралы сөз болып отыр; ал екіншісінде – авторға тиесілі қаламақыны төлеуден ұйымның бас тартуы туралы.

Автордың құқықтары елдің аумағында және одан тыс жерлерде 1990 жылға дейін. Авторлық құқықтар бойынша Бүкіләлемдік агенттікпен (ВААП) қорғалып келді. Ол 1973 жылы шығармашылықтың одақтардың бастамасы бойынша құрылған. ВААП авторлардың және олардың құқықмирасқорларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, олардың өкілдіктерін қамтамасыз етті, бұзылған құқықтарын қалпына

келтіру немесе алдын алу шараларын жасау бойынша қажетті шараларды қабылдады. Ол әкімшілік және сот органдарында авторлардың істерін жүргізді, авторлық сыйақыны жинау мен төлеу бойынша функцияларды атқарды.

Сонымен қоса, ВААП шетелдік әріптестермен шарттар жасау монополиясына ие болды. Фактілі түрде ол авторлық қатынастар аясында мемлекеттік басқару органының функциясын атқарды.

Халықаралық аяда авторлық құқықтарды қорғау. Авторлық құқықтарды қорғау аясында халықаралық қорғаудың да маңызы зор. Халықаралық қорғаудың негізін ең алдымен ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды. Туындының пайда болған жерінде туынды ұлттық заңнама негізінде қорғалады. Өзге сөзбен айтсақ, конвенция мақсаты – шетелдіктердің авторлық құқықтарын қорғау. Қшкі авторлық құқық нормаларының мазмұнын анықтау әрбір қатысушы – мемлекеттің құзіретіне жатады[39]. Сонымен, авторлық құқық туралы конвенцияны жасау ұлттық заңнаманың компромисс нәтижесі болып табылады.

Ең алғашқы конвенция болып 1886 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясы табылады. Конвенцияның алғашқы мәтініне 1896, 1908, 1914, 1928, 1948, 1967 және 1971 жылдары арнайы дипломатиялық конференцияларда өзгертулер енгізілген. Берн Конвенциясына кез келген мемлекет қосыла алады. Оның негізгі үш принципі де қалыптасқан:

  • «ұлттық режим» принципі;
  • «жедел қорғау» принципі;
  • тәуелсіздік принципі.

Бұл конвенцияның негізгі мақсаты әдеби және көркем туындылардың авторларының құқықтарын қорғаудың тиімді және біртұтас жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ, бұл конвенцияда жауапкершілік мәселелері қарастырылмаса да санкциялар (арест, өндіріп алу) көзделген.

Авторлық құқықты халықаралық аяда қорғаудағы екінші конвенция болып 1892 жылғы Авторлық құқық туралы Бүкіләлемдік конвенция табылады. Ол 1955 жылы 16 қыркүйекте күшіне енді. Бұл конвенция ашық сипатқа ие. Оған қосылу үшін ЮНЕСКО-ның Бас директорынан сәйкес құжатты алу жолымен жүзеге асырылады. Париж Конференциясында қайта қарау бойынша 1971 жылы жаңа мәтіні пайда болды. Бүкіләлемдік Конвенциянның ерекшелігі – ол заңды тұлғалармен қатар, халықаралық ұйымдардың авторлық құқықтарын қорғайды. Туындыны қорғаудың ең төменгі мөлшері конвенция бойынша автордың өмір бойы және 25 жыл ол қайтыс болғаннан кейін, яғни Берн Конвенциясына қарағанда 2 есе төмен.

1961 жылы әртіс орындаушылардың, фонограмма мен хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы Рим Конвенциясы қабылданды. Бұл Конвенция да ұлттық режим қағидасына сүйенеді және қорғаудың міндетті ең төменгі мөлшеріне кепілдік береді. Сөйтіп, 7-бабына сай әртістердің тиым салу құқығы көзделген.

1971 жылы Женевада фонограмма өндірушілердің мүдделерін осы фонограммаларды заңсыз жаңғыртудан қорғау туралы Конвенцияға қол қойылды. Бұл Конвенцияның қабылдануына Рим Конвенциясы сабақтас құқықтардың субъектілерінің құқықтарын қорғауға тиімсіз болып табылады. Осының нәтижесінде жаппай заңсыз фонограммалар көбейіп, ол фонограмма жасаушылардың экономикалық мүдделеріне кері әсерін тигізді. Бұл Женева Конвенциясының басты ерекшелігі – ол «ұлттық режим» қағидасынан бас тартып отыр.

1974 жылы Брюсселде спутник арқылы берілетін сигнал бағдарламаларын тарату туралы Конвенция қабылданды. Оның Преамбуласында авторлардың, әртіс орындаушылардың, фонограмма жасаушылар мен хабар тарату ұйымдарының мүдделерін қорғаудың халықаралық жүйесін құру туралы тілек білдірілген.

КСРО ыдырағаннан кейін, одақтас республикаларға ортақ болған авторлық құқықты қорғау жүйесі де жойылып кетті. Соған сәйкес, ТМД елдері арасында біртұтас құқықтық база құру қажет болады. 1993 жылы 23 қыркүйекте Мәскеуде ТМД елдерінің 11 мүше мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан Республикасы авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау аясындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы жоғарыда аталған халықаралық Конвенцияларға қосылған.

Қазақстан тәуелсіз жас мемлекет ретінде ашық және халықаралық ынтымақтастық пен интеграцияға ұмтылуда.

Соттық және нотариалдық қорғау нысандары. Сонымен, авторлық құқық субъектілерінің құқықтарын қорғауға қайта оралсақ, оларды қорғау шараларын екіге бөліп көрсетуге болады:

  • жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау шаралары;
  • мүліктік құқықтарды қорғаудың шаралары.

Авторлық-құқықтық қорғау шараларын тағы да келесідей топтастыруға болады:

а) құқықбұзушылықты ескерту тәртібімен қолданылатын шаралар;

ә) авторлық құқықтарды бұзу фактісі жасалғаннан кейін қолданылатын шаралар.

Авторлықты тану үшін заңдық фактілердің маңызы жоғары болып келеді. Тәжірибеде заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтаудың екі тәсілі белгілі: соттық және нотариалдық.

Сот мүдделі тұлғаның арызы бойынша осындай фактіні анықтау туралы іс ерекше тәртіпте, яғни даусыз өндіріспен қарастырылады. Сот заңдық фактілерді анықтайды, егер тиісті құжаттарды өзге тәртіпте алу мүмкін болмаса.

Авторлық құқықтарды нотариалды қорғау белгілі бір мағынаға ие болмайды және сот қорғауына қарағанда тар болып келеді. Нотариаттың авторлық құқықтарды қорғау маңызы келесі белгілі бір нотариалдық әрекеттерге сай міндеттерді орындаудан көрінеді:

  • заң бойынша немесе өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлікті беру;
  • өсиетті куәландыру;
  • мұралық авторлық құқықтарды қорғау шараларын қабылдау;
  • келешек соттық істер бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
  • заңдық маңызы бар фактілерді куәландыру;
  • автордың арыздарын басқа тұлғалар мен ұйымдарға беру;
  • авторлық шарттарды, сондай-ақ оларға өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы келісімдерді куәландыру.

Алғашқы үш міндет өзара байланысты болады. Сонымен қоса, келесідей жалпы нотариалдық нысандар бар. Олар мүдделі тұлғаға немесе авторлық құқықтың субъектісіне оларға не керек, соны таңдап алуға мүмкіндік береді:

  • Автор авторлықты растайтын құжат немесе арыз жазады және оның арыздағы қолы нотариалды түрде куәландырылуға жатады.
  • Бұл фактіні басқа тұлға растай алады және ол да нотариуспен қолы куәландырылады.
  • Автор өзінің өсиетінде өзінің авторлық туындысына немесе шығарма жинағына құқық туралы нұсқау жазады. Өсиет нотариуста куәландырылады.
  • Мұрагердің арызында көрсету мен өсиетке сай мұраға құқық туралы куәлікте авторлық туындының атауы берілуі және мұраға өтетін айрықша құқықтар көрсетілуі мүмкін.
  • Нотариус арызды беру әрекетін жүзеге асырады.
  • Сонымен, нотариус келешекте пайда болуы мүмкін іс үшін дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді орындайды.

Тағы бір нотариалдық әрекет – нотариус оған ұсынылған құжаттың уақытын куәландырылады.

Қазіргі уақытта, ғылыми техникалық революция өзінің шырқау шегіне жетіп отыр. Соның бір нәтижесі ретінде интернетті атауға болады. Бірақ, бұл вебсайттың өзінде де бұзушылықтар болып жатыр. Мысалға, Ұлыбританияда Shetland Times htd-ның Dr. Jonathan Wills пен Zetnews htd-қа қарсы істе жауапкер талапқоюшының сілтемелерін пайдаланған. Соның нәтижесінде талапқоюшы өзінің сайтындағы жарнамаларды жүзеге асыру қиындықтары туады. Сот талапқоюшының талаптарын заңды деп тауып, жауапкерге сілтемелерінің алдында белгілі бір түсіндірмелерді қосуды міндеттеді. Оған қоса жасөспірімдер интернеттік алаяқтылықпен де айналысуда. Оның дәлелі ретінде, мынандай іс бар. 18 жасқа толмаған хакер сайттарды ауыстырып, оларды қайтадан иелеріне беру үшін ақы сұраған. Міне, осындай құқықбұзушылықтар толып жатыр.

Сондықтан да, авторлардың құқықтарын қорғау өте қажет болып отыр. Оған қоса, авторлық құқық аясындағы құқықтарды қорғау туралы шаралар мен жауапкершілік көзделген.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Сонымен  дипломдық жұмысымды қортындылай келе  мен төмендегiдей тұжырым жасағым келедi: жалпы авторлық құқықтың субъектiлерi азаматтық айналымның құқықтық дәрежесi тең  аса маңызды субъектiлерiнiң бiрi болып табылады және бұл  субъектiлердiң басқа құқық субъектiлерiне  қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi болады олар жайлы бiздер осы жұмыста толықрақ қарастырып өттiк.

      Ал авторлық құқықтың субъектiлерiне қатысты  өзектi мәселеллерге келер болсақ  Қазақстанда авторлық құқық саласын  үнемi әрi үздiксiз жетiлдiрiудi әлi де болса қажет деп бiлемiз.

       Сонымен, жалпы теориялық тұрғыдан айтар болсақ авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына себеп болған  тұлғалар табылады. Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады.     

Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Ал құқықтық тұрғыдан, сипаттар болсақ,  яғни

 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  авторлық құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін белгiлейдi:

  1. автор (4-бап);
  2. аудиовизуалдық туындылардың авторлары (13-бап);
  3. жұмысберуші (14-бап);
  4. мұрагерлер (29-бап);
  5. авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (43-бап);
  6. өзге тұлғалар.

Тағы бiр атап өтетiн жай ол- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың субъектілерде  танылады.

Оларға орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары жатады.

 Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар) танылады.

Оларды құқықмирасқорлар дейді.

Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық

құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер, мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т.б.) саналады.

Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін, егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.

Ғалымдардың пікірлерінше, заңды тұлғалар өзінің табиғаты бойынша бастапқы авторлық құқықтың субъектілері бола алмайды. Олар мынаған негізделді: жаңа туындыны жасауды, тудыруды тек қана жеке тұлғалар, яғни адамдар жүзеге асырады.

Тағы бiр айта кетерлiк жай ол- Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша  авторлық құқықтың субъектiлерi болып танылатын құқық  субъектiлерi  сан түрлi   өзiндiк ерекше сипатқа ие болуында.   Олар жалпы  менiң дипломдық жұмысымның негiзгi бөлiмiнде  толығырақ қарастырып кеткен болатынмын.

     Қазiргi кезде авторлардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын қорғауға байланысты  әлi де сан алуан құықтық реттеу мен тианақтауды қажет ететiн жағдайлар бар.

     Әсiресе  тәжрибеде жиi кездесетiн жайларға авторлар құқығының бұзылуы, яғни  оның еңбектерiн  рұхсатсыз пайдалану және заңсыз көбейту мен тарату түрiнде көп көрнiс табады.

     Оған қарсы Қазақстан заңдарында  белгiленген  шаралар тиiмдi әрi жеткiлiктi  болмай отыр сондықтанда менiң ойысша осы салада заң нормаларында белгiленген құқықтық шараларды практика жүзiнде iске асыру механизмiн жетiлдiру өте керек деп бiлемiн.

 Сондықтанда осы сала бойынша Қазақстанның ғалым-заңгерлерi мен авторлар құқығын  қорғау органдары үшiн әлiде үлкен iзденiстер жасап, авторлар құқығын қорғауды жаңаша жетiлдiрiп жақсарта тұрууы қажет  деп ойлаймыз.     

       Жалпы  қазiргi кезеңде  ұлттық құқық жүйелерiнде қарастырылған авторлар құқығын қорғау мен жүзеге асыру мәселесi құқықтық тұрғыдан жеткiлiктi денгейде қамтылған деп санағанның өзiнде  тәжрибе барысында оларды iске асырыу кезiнде  сан қилы  күтпеген қиындықтарға кездеседi.

     Қазiр тәулелсiз Қазқстанның тарихында тұңғыш рет авторлық құқық  жеке құқық саласы ретiнде ендi ғана қалыптасып өзiнiң даму кезеңiн бастан  кешiруде, сол себептенде осы айтылған мәселелердiң  бәрi көп уақытөтпей  болашақта өз шешiмiн толығымен табады деп үмiттенемiз.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

Нормативтiк актiлер

 

  1. Конституция Республики Казахстан, от 30 августа 1995 года с изменениями и дополнениями, внесенными Законом Республики Казахстан “О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан” от 7 октября 1998 года.// Юридическая газета. 1998г. 14 октября;

 

  1. Гражданский кодекс Республики Казахстан/ общая часть/ от 27 декабря 1994 г / с изменениями и дополнениями от 18.12.2000 год./
  2. Гражданский кодекс Республики Казахстан /особенная часть

 от 1 июля 1999 г с изменениями и дополнениями от 18.12.2000 год./

 

Әдебиеттер

 

  1. Амфитеатров.П.Н. Право наследования личной собственности.М 1996 г.

2.Антимонов.Б.С.,Советское наследственное право.М,1955 г.

  1. БарщевскийМ.Ю. Наследственное право: учебное пособие,М.1996 г.
  2. БаллюзекЛ.Ф. Народные обычаи в книге: Материалы по казахскому обычному праву.Алматы 1998 г.

5.Братусь С.Н. Советское гражданское право М.1984 г.

  1. Власов Ю.Н.Наследование по закону и по завещанию.М.2001 г. 7.Гражданский Кодекс Республики Казахстан /Особенная часть/

    Комментарии . ответ.ред.М.К.Сулейменов,  2-х томах.    

     Ю.Г.Басин.Алматы,2000 г.

  1. Гражданское право // Под ред. А.П. Сергеева и Ю.К. Толстого.   

     М., 2000 г.  Т. 3.  с. 143.

  1. Гордон М.В. Наследование по закону и по завещанию.М.1967 г. 4.

10.Гражданское право.Учебник часть 3-я под. Ред. А.П.Сергеева,   

    Ю.К.Толстого.М,1997 г.

11.Гражданское прцессуальное право РК.Баймолдина.Учебник.1 кнга Алматы,2001 г.

 

[1] Гражданское право // Под ред.  А.П. Сергеева и Ю.К. Толстого.  М., 2000 г.  Т. 3.  с. 143.

[2] Даль В.  Толковый словарь живого великорусского языка.  В 4-х Т.  М., 1956 г. Т. 1. с. 4.

[3] Словарь иностранных слов.  Изд. 8-е.  М., 1981 г.  с. 13.

[4] Словарь современного русского литературного языка.  Т. 1. с.72.

[5] Гаврилов Э.П.  Вступительная статья. // Закон об авторском праве и смежных правах.  М., 1993 г. с. XII.

[6] Гаврилов Э.П.  Советское авторское право.  М., 1984 г.  с. 114-116.

[7] См.: Муромцев С.А.  Авторское право. // Юридический вестник. 1879 г. ғ 3.

[8] См.: Спасович В.В.  Права авторские и контрафакция.  СПБ., 1865 г.

[9] См.: Табашников И.Г.  Литературная, музыкальная и художественная собственность. СПБ., 1878 г. 

[10] См.: Победоносцев К.П.  Курс гражданского права.  Ч.1.  СПБ.,  1973 г.

[11] Табашников И.Г.  Литературная, музыкальная и художественная собственность.  Т.1.  с. 509.

[12] Победоносцев К.П.  Курс гражданского права.  с. 574.

[13] Шершеневич Г.Ф.  Учебник русского гражданского права. (по изд. 1907 года) / Вступительная статья Е.А.Суханова.  М., 1995 г.  с. 255.

[14] Шершеневич Г.Ф.  Учебник русского гражданского права. М., 1995 г.  с. 259.

[15] Шершеневич Г.Ф.  Учебник русского гражданского права. М.,  1995 г.  с. 260.  

[16] См.:  Пиленко А.А.  Новый закон об авторском праве.  СПБ., 1914 г.  с. 89.

[17] Шершеневич Г.Ф.  Авторское право на литературные произведения.  Казань, 1891 г.  с. 130.

[18] Шершеневич Г.Ф.  Авторское право на литературные произведения.  Казань, 1891 г.  с. 130.

[19] Серебровский В.И.  Вопросы советского авторского права.  М., 1956 г.

[20] Кейбір елдердің заңнамаларында бұл мерзімнің 70 жылға дейін ұзартылу бағыты анықталып отыр.  

[21] См. об этом:  Грузенберг С.О.  Гений и творчество. Основы теории и психология творчества. Л., 1924 г.  с. 176-177.

[22] Райгородский Н.А.  Юридическое лицо как субъект авторского права.  Л., 1957 г.  с. 207.

[23] Гордон М.В.  Советское авторское право.  М., 1955 г. с. 49-50;  Гаврилов Э.П.  Советское авторское право. М., 1985 г. с. 125-132.

[24] «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 11-бабының 3 абзацы.

[25] Сергеев А.П.  Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации.  М., 1996 г. с. 158.

[26] Советское государство и право. 1995 г. ғ 11.

[27] Камышев В.Г.  Право авторов литературных произведений. М., 1972 г.  с. 108.

[28] Антимонов Б.С., Флейшиц Е.А.  Авторскре право.  с. 68.

[29] Гаврилов Э.П.  Советское авторское право.  с. 124.

[30] Гаврилов Э.П.  Советское авторское право.  с. 125.

[31] Паустовский К.  Собрание сочинений в 6-ти томах. М., 1957 г. Т.1.  с. 643.

[32] Дозорцев В.А. Доверительное управление имуществом // Комментарий к ГК РФ. Часть ҚҚ (глава-53). М., 1996 г.  с. 539.

[33] Тимм В.Ф.  О позаимствовании портретов и рисунков из «Русского художественного листка» – Русский художник Бисток – 1862 г. ғ 1. Январь 1.

[34] Глоссарий, ғ 31. с. 134.

[35] Словарь иностранных слов.  с. 256.

[36] Шершеневич Г.Ф. Авторское право на литературные произведения.  с. 279.

[37] Шершеневич Г.Ф. Указ. соч.  с. 283.

[38] ГПК РК.  ст. 126.

[39] Богуславский М.М. Вопросы авторского права в международных отношениях. М., 1973 г.  с. 126.