АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті бағалау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҒАЛАУ

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті бағалау»

Жұмыстың көлемі: 78 бет.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымша материалдардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты сынды мәселелер қарастырылады. Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады. 1 тарау «Инвестицияның теориялық негіздері», 2 тарау «Қазақстан Республикасының іс-әрекетін бағалау» тақырыптарына бөлінген. Қорытынды бөлімде жұмысқа жалпы талдау, анализ жасалған.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетін бағалау жолдарын, өзекті мәселелерін, теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді басты бағытқа алуға болады:

  • Инвестиция ұғымына теориялық түсініктеме бере отырып, оның негізгі критерийлерін ашу;
  • Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы экономикалық процестердегі инвестицияның алатын орны ерекше, осы мәселені мүмкіндігінше дәлелдеу;
  • Өндірістегі инвестициялық мәселелер мазмұнын ашу;
  • Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы жолдауында айтқандай, біз ҚР-сы нарықтық экономикаға толықтай көшіпболдық, енді алдағы мақсат жедел экономикалық, әлеуметтік-саяси жедел жаңару жолына көшу. Осы бағытта Ұлттық экономиканы инвестициялаудың алатын орны өте жоғары болғандықтан, оның өзекті қырларын басым бағыт етіп алу алға қойған басты мақсаттардың бірі болып табылады.

Тірек сөздер: инвестиция,  экономика, акция, облигация, актив, шоттар, макроэкономика, ноу-хау, тауар, экспорт, импорт, стратегия, элемент, фактор, технология, капитал, сфера, бюджет, механизм, инновация, ипотека.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………..3-5

 

 

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………..

1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі……6-20

1.2 Инвестициялардың экономикалық мәні және түрлері………….20-33

 

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

     ІС – ӘРЕКЕТІН БАҒАЛАУ……………………………………………………..

2.1 Өндірістің инвестициялық мәселелерін талдау…………………..34-45

2.2 Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері………….45-60

      2.3 Қазақстан Республикасының инвестицияларының даму                            

              перспективалары……………………………………………………………….60-69

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..70-72

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….73-74

ҚОСЫМША…………………………………………………………………………75-78                                                         

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Инвестиция — экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа  шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттың дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингттің жаңа формаларының жедел түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан басына шакқандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кірген.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) былай дейді:

«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық

экономикасын құрдық».

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: ҚР-ғы инвестициялық іс-әрекетті бағалау жолдарын, өзекті мәселелерін, теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді басты бағытқа алуға болады:

  • Біріншіден, инвестиция ұғымына теорилық түсініктеме бере отырып, оның негізгі критерийлерін ашу;
  • Қазіргі таңдағы ҚР-ғы экономикалық процестердегі инвестицияның алатын орны ерекше, осы мәселені мүмкіндігінше дәлелдеу;
  • Өндірістегі инвестициялық мәселелер мазмұнын ашу;
  • Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы жолдауында айтқандай, «біз ҚР-сы нарықтық экономикаға толықтай көшіп болдық, енді алдағы мақсат жедел экономикалық, әлеуметтік-саяси жедел жаңару жолына көшу». Осы бағытта Ұлттық экономиканы инвестициялаудың алатын орны өте жоғары болғандықтан, оның өзекті қырларын басым бағыт етіп алу менің алға қойған басты мақсаттарымның бірі болып табылады;

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады. Жұмыстың 1-бөлімінде инвестициялардың теориялық негіздері қарастырылады. Нақтырақ айтсақ, инвестицияның мазмұнына, жіктелуіне, экономикалық мәніне және түрлеріне жалпылама теориялық мағлұмат беру болып табылады.

Ал 2-бөлімінде ҚР-ғы инвестициялық іс-әрекетті бағалау жайлы қарастырылады. Өндірістің инвестициялық мәселелерін талдау, Ұлттық экономиканы инвестициялаудың  мәселелері және Қазақстан Республикасының инвестицияларының даму перспективаларын қарастыру мақсаты қойылған.

Қорытынды бөлімде жұмысқа жалпы талдау, анализ жасалады. Алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу, импорт, экспорт, шикізат көздерін тиімді пайдалану мәселелеріне қысқаша экономикалық тоқтам жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі

 

 

Инвестиция — экономикалық стратегияның маңызды элементі. Қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда. Республика экономикасын дамыту тек мемлекет жағынан ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты.

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады. Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен, ал өндірістік ақпараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістермен толықтырылмай кәсіпорын, өндіріс қызметтерінің жүзеге асуы екіталай. Сондықтан да қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инвестициялар көлемін ұлғайту көзделген. Жалпы инвестициялық саясаттың мақсаты — тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және қайтару механизмдерін жасау болса, ал міндеті — өнеркәсіпті және ғылымды көп керек ететін салаларға инвестициялар тарту.

Бүгінгі танда республикамызда экономикалық тұрақты өсімнің көзі ретінде инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Инвестициялық ресурстарға ақша қаражатын салудың барлық экономикалық қайнар көздері жатады. Олар елдегі өнеркәсіп, кәсіпорындарының қызметінің жүруіне, экономиканың барлық салаларының дамуына тікелей әсер етеді.

Ішкі қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту және қолайлы инвестициялық хал-ахуалды қалыптастыру басты бағыт болуда. Экономикаға шетел инвестициясын тарту өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициялар өндірістік аппаратты жаңа ғылыми-технологиялық негізде қайта құрып, тауар және қызмет өндірісінің дамуын жеделдетеді. Мұндай жетістіктерге инвестицияны экономикаға ұтымды тарта білгенде және тартылған инвестицияны тиімді таратып, үлестіре білгенде ғана қол жеткізуге болады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында шетел инвестицияларын тарту стратегиясы ұзақ мерзімді мақсат ретіне танылып назардан тыс қалмаған./1, 12 б./

Инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады. Сонымен қатар өнеркәсіптің жаңа салаларының негізін құрап, олардың дамуына жағдай жасайды. Аймақтағы шетел инвестициясы негізінде құрылған жаңа өнеркәсіптік бағыт жаңа салалардың дамуының шешуші факторы және қозғаушы күші болуы ықтимал. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық өсуіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады. Сонымен бірге әлеуметтік қажетті шығындарды азайтады. Қосымша жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, сондай-ақ инвестор кейбір әлеуметтік шығындарды өз мойнына алады. Мысалы, медициналық сақтандыру шығындарын айтуға болады. Сонымен қатар жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың азаюы жанама түрде психикалық аурулар, қылмыс сияқты қоғамның әлеуметтік дерттерін азайтуға септігін тигізеді. Инвестицияны тарту артта қалған депрессиялы аудандардың дамуына жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық    дамудың    маңызды    шарты    болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетіледі.

Елімізде минералды-шикізаттар ресурстарына бай аймақтарда капиталды қажет ететін кен өндіру, қайта өндеу кәсіпорындарына базисті ресурстар жинайтын жаңа ережені енгізуде ыңғайлы жағдайлар жасалды. Ресурс жинайтын технологияны өнеркәсіптік базалық саласына енгізу ғылымды қажет ететін өнеркәсіпті және жоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін құрды.

Инвестициялар өндірістік ақпаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріс пен кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті шетел капиталын ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады.

Нәтижесінде шетел инвестициясын мақсатты бағытталған әсері Қазақстанда құрылымдық саясат экономикалық, энергетикалық және азық-түлік, көлік саясатын қамтамасыз етуге, сонымен қатар минералды шикізат ресурстарын пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркәсібінің стратегиялық маңызды саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды шикізат ресурстарын қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды.

Қазіргі таңда өндіріс пен қызмет көрсетулер сфераларының дамуында және оларды инвестициялауда әлі де көптеген кемшіліктер байқалады. Әрбір қызмет көрсету сфераларында, әрбір кәсіпорында инвестициялық қиындықтарды жену құралдары мен жаңа жолдарды іздеу және қаржылай ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. Әлеуметтік-мәдени салаларда бұл мәселелерді шешу бюджет есебінен қаржыландыру үлесінің өсуімен және қайырымдылықпен (меценат) байланысты.

Қызмет көрсету сфераларындағы инвестицияның ролі, ол сол қызметті көрсету кәсіпорындарында айқын көрнеді. Мысалы, байланыс және көлік кәсіпорындарының жоғары инвестициялық белсенділігі үшін үнемі қаралды жаңарту, қызметті жетілдіру, жаңа қызметті игеру, персоналды оқыту сияқты мәселелер шешімін табу инвестициясыз мүмкін емес. Ізінше байланыс және көлік кәсіпорындары бәсекелестік қабілеттілігін көтеру, олардың нарықтық қатынастағы орнын бекіте кеңейту көбінесе инвестицияны жұмылдыруына байланысты болады. Егер қызмет көрсету салаларына инвестицияны тарту, тартылған қаражатты мақсатты пайдалану жүзеге асқан жағдайда, ол еліміздегі халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың бір кезі болатыны сөзсіз. Экономикамызда болып жатқан өзгерістер инвестициялық тетіктің барлық жақтарымен жанасуда. Әсіресе, инвестицияның білім, ғылым, денсаулық, т.б. әлеуметтік салаларға әсері зор. Өндірістік пен әлеуметтік саланы көтеру, елдің жағдайын жақсарту — экономиканы дамытудың негізгі мақсаты./2, 54 б./

Өндіріс пен әлеуметтік салаларды жеткіліксіз қаржыландыру, оның материалдық — техникалық базасының нашарлауы тек қана рухани және интеллектуалдық мүмкіншіліктерді құлдыратып қана қоймайды, ол тікелей экономикалық шығындарға соқтырады. Себебі, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тек қана білім жүйесі 33%-ға дейін үлес қосса, ал ғылымның жетістіктері барлық дамыған елдердің экономикаық гүлденуін қамтамасыз ететіні белгілі жәйт. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының халықтың әл-аухатына тікелей әсері мол. Сондықтан да елімізде әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алуда. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.

Инвестиция — бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы экономика саласындағы күрделі салым үлесін өткізу. Инвестиция қызметінің басты мақсаты — кәсіпорын кірісі мен пайызы. Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда жинақталған таза кіріс бөлігі табылады. Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс (өзін-өзі қаржыландыру) шотында және саудалық капитал рыногында жұмылдырады. Инвестиция көзі амортизациялық аударым болып табылатын негізгі капиталды жаңарту.

Инвестиция өзінің бағыттары немесе сатып алу мақсаты бойынша қаржы инвестиция мен нақты инвестиция болып екіге бөлінеді.

Қаржы инвестиция — бұл құнды қағаздарға жұмсалынған қаржылар.

Нақты инвестиция — өнеркәсіптің негізгі капиталына және материалдық-өндірістік қорлар өсіміне жұмсау.

Технологиялық құрылым инвестициясы шығын мен негізгі капиталдың актив элементтері арақатынасы мен оның пассивтік элементтері анықталады.

Қаржы инвестициясы келесі категорияларда иелену мерзіміне байланысты жіктеледі:

  • қысқа мерзімді несие – 1 жылға дейін иелену;
  • ұзақ мерзімді инвестиция — иелену мерзімі 1 жылдан астам. Қозғалмайтын мүлік (жер, үй) иеленуші субъект бұл инвестицияны ұзақ мерзімді несиеге жатқызады.

Қаржылық инвестицияны сатып алған кезде, ол оны сату құнымен, оған қоса сатып алған кездегі шығын (делдалдық сыйақы мен банктік қызмет көрсету сый ақысы) құны бағаланады. Қаржылық инвестиция құны бойынша сатып алуға пайыздар, дивиденттер, сатып алғанға дейінгі уақыт есебі, есепте сатып алу құны көрсетіледі. Сатып алу құны мен құнды-құнды қағаздар инвестициясын өтеу құны арасындағы айырмашылықты инвестор иемдену мерзімінде өтейді. Қысқа мерзімді инвестиция бухгалтерлік баланста есептелінеді: ағымдағы құны, сатып алу құны мен ағымдағы құнын арзандатылған баға бойынша. Егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу құны мен ағымдағы құнының арзандатылған құны немесе баланстық құнының анықтығы немесе толығымен жиынтық қаржының негізінде немесе бөлек инвестиция негізінде есептелінсе. Кіріс немесе шығын қысқа мерзімді қаржы инвестициясының ағымдағы құны өзгерісінен алынған есеп беру мерзімінде беріледі, олар пайда болған кезден басталады.

Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы бухгалтерлік баланста: қайта бағалау есебінің құны, сатып алу мен ағымдағы құнның арзан бағасы бойынша есептеледі. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қайта бағалау үшін қайта бағалау дүркінділігі мен ұзақ мерзімді инвестицияның бір түрін қайта бағалауды анықтау. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясынын қайта бағалау сомасына меншік капиталын көбейтуге қатысты. Инвестиция құнын төмендетуге сол инвестицияны бағалауға дейінгі сомасы енгізіледі. Бағалауға дейінгі сомасы жоқтығынан (жетіспеушілігінен) және сол инвестиция құны шығынға қатысты болады. Бағалауға дейінгі инвестиция шығын өтемінен кейінгі меншік капиталының көбеюіне қатысты. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы құнынын қайтымсыз төмендетілуі әр инвестицияға бөлек анықталады және есептеледі. Инвесторланған субъектісі инвестордың үлес мөлшері мен қауіптің алуан түрлеріне көңіл аударған жағдайда қабылданады.

Қаржы инвестициясының істен шығуында сатудан алынған кіріспен баланстық құн, шығынды шегеру (делдалдық, диллерлік қызмет көрсету) шығыс пен кіріске кірмеді.

Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қысқа мерзімдіге аударуға байланысты:

  • егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу мен ағымдағы құнының арзан бағасы болса, ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу мен баланстық құнының арзан бағасы бойынша. Егер инвестиция ерте қайта бағаланса, онда (қайта бағалау сомасы кіріс немесе бөлінбеген кіріс) оларды қайта бағалау аудару сомасы кезінде есептен шығарылуы керек;
  • баланстық сома, егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы ағымдағы құн бойынша есептелсе.

Қайта бағалаудың ерте енгізілген сомасы бұл инвестиция бойынша кіріс болып беріледі.

Керісінше, ұзақ мерзімді категорияға қысқа мерзімді қаржы инвестициясын аудару:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

  • сатып алу мен ағымдағы құны арзан баға бойынша;
  • ағымдағы құн, егер олар ертедегі осы құн бойынша көрсетілсе.

Кіріске: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы бойынша жалгерлік төлем мен дивиденттер, роялти, проценттер түріндегі инвестициядағы кіріс, қысқа мерзімді қаржы инвестициясы шегерілініп шыққан қаржы нәтижесі кіреді. Инвестицияның тиімділігі актив элементтері үлесі өскен жағдайда артады. Инвестициялар — экономика дамуының қарқынын орнықты және жоғары қамтамасыз етудің керекті факторы.

Шетел инвестициялары — бұл мүліктік инвестицияның барлық түрі және олар құқылы болу, сонымен кіріс алу мақсатында өнеркәсіп қызметіндегі объект инвесторлармен салынған меншік.

Қазақстан Республикасының шетел инвесторлары ретінде: шетелдік заңды тұлға, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлға, шетелде тұрақты жері бар ҚР-ның азаматы, шетел мемлекеті, халықаралық ұйымдары көрсете алады.

ҚР территориясында:

  • шетел кәсіпорындары — шетел қатысуымен жасалған кәсіпорын, ҚР заңдарына сәйкес, шетел инвесторына толық жататын;
  • бірлескен кәсіпорын — шетел қатысуымен жасалған кәсіпорын, ҚР заңдарына сәйкес, мүлік бөлігі (акция, үлес) жартысы шетел инвесторына жататын.

Шетел инвестицияларының есебі синтетикалық шотта ішкі инвестицияның аналитикалық есебінде құрылады немесе керісінше. Еншілестік инвестициясына есеп беру, тәуелді және бірлесіп бақыланған шаруашылық серіктестігі. Инвестиция есебі 14 бөлімде «Инвестиция» жүргізіледі, оған қоса келесі синтетикалық шоттар: 141 «Еншілес серіктестерді инвестициялау», 142 «Тәуелді серіктестерді инвестициялау», 143 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаны инвестициялау», 144 «Басқа инвестициялар».

Берілген өнімнің шоттары бірлесіп бақыланатын заңды тұлға, еншілес, тәуелді серіктестіктің үлестік жарнасы мен акцияларындағы инвестициялық қозғалыс пен ақпараттың болуының бір ыңғайлануына арналған. 141-144 шоттар активті, күрделі болып табылады. Аналитикалық есеп инвестицияланған (және оның түрі) кәсіпорын және онын түрлері бойынша жүргізіледі. Инвестиция есебінде келесі әдістер қолданылады:

Үлес қосу әдісі — әдіс есебі, тәуелді шаруашылық серіктестігінін таза активтер өзгерісіндегі инвестор үлесінің мөлшерін мойындауы бойынша оның саласы кейінгі өсуі (кему) сатып алу құны бойынша сатып алған мезеті көрсетілетін инвестициялар.

Кіріс сияқты қаржы — шаруашылық қызмет қорытындысы туралы есеп беруі тәуелді шаруашылық серіктестігі таза кірістің инвестор үлесі өзгергенін көрсетеді.

Таза шығын үлесі мен таза кіріс үлесі тең болған жағдайда ғана тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісіне өз үлесін қатыстырып бейнелегенде (пайда) қайта инвестор пайда болады.

Құн әдісі — есептеу әдісі, инвестицияны сатып алу мезетінде сатып алу құнын бейнелеу. Инвестициядағы кіріс сатып алған мезгілден кейін пайда болған тәсілді шаруашылық серіктестігінің таза кіріс қорының жалпы сапасындағы қаралған дивиденттер мөлшері бойынша инвесторлар қаржылық-шаруашылық қызметі шешімі туралы есеп беруін мойындайды.

Инвестиция сатып алу құн әдісі бойынша есептеледі, инвестицияланған кәсіпорын ұзақ мерзімді шектеу шарты бойынша қозғалады, өйткені оның кірісті инвесторға беру қабілетін біршама төмендетеді.

Күрделі шектеулер қоятын себептер санына келесілер қатысты дивиденттер үлестірме саясатына араластыру болатын қандай да бір реттелген орган қадағалауға болатын кәсіпорын; кәсіпорын өз қызметін шетелде (жүргізіледі) жүргізе алады, өйткені шетелде дивиденттерді аударуға шектеу қойылған және валюта курсы тез түсіп кете алады. Сонымен қатар, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің пайда болуына саяси жағдайына қарсы тұра алады; қарыз туралы келісімі қарастырылған дивиденттерді төлеуді шектеу күші бой көрсете алады. Тәуелді шаруашылық серіктестігі шоғырландырма қаржы есептемесі үлес қосу әдісі бойынша; тәуелді шаруашылық серіктестігі ұзақ мерзімді шектеудің қатаң шартында қозғалуы бойынша есептеледі. Екінші жағдайда олар құн әдісі бойынша есептелуі керек. Қабылданған саяси есеп ұзақ мерзімді инвестиция есебі бойынша қатысты инвестициялар есептелуі керек, ал тәуелді шаруашылық серіктестігі бастапқы мерзімдегі тәуелді шаруашылық серіктестігіне қатысты емес. Бөлек қаржы есептемесін құрушы, инвесторлар, өз инвестицияларының тәуелді шаруашылық серіктестігі сияқты ақпарат көрсету керек./3, 24 б./

Шоғырландырма қаржы есептемесі инвестордың қаржы есептемесін құрмайды, сондықтан олар: үлес қосу әдісі мен құн әдісі, сатып алу құны мен қайта бағалау есеп құны немесе ұзақ мерзімді есеп бойынша саяси есепті қабылдауға қатысты сатып алу мен ағымдағы құн арзан бағасы бойынша есептелінеді.

Қаржы инвестициясы есебі. Қаржы инвестиция есебі 40 бөлім Қаржы инвестициясы шоттары бойынша жүргізіледі, оған 401-шот «Акциялар», 402 «Облигациялар», 403 Басқалары кіреді.

401-403 шоттар активті, күрделі, негізгі. Дебет бойынша бұл шоттар ай басы мен соңындағы қаржы жұмсау қалдықтары, инвестицияның өсуі бойынша операциялар, ал кредит бойынша қаржы инвестицияның кему операциялары жазылады.

Қаржы инвестиция шоты бойынша аналитикалық есеп түрлері: түрі мен объекті инвестициясы жүргізіледі.

401 шоты «Акциялар» басқа кәсіпорын, банк және тағы басқалардан акция сатып алуға жұмсалған сала есептелінеді.

Акция — бұл құнды қағаз, дивиденд түрінде оның иесінің кіріс бөлігін алуға құқығын беру, акционерлік қоғам капиталына белгілі бір соманы салғанын куәландіру. Акцияны сатып алу кезінде байланыстырылатын (корреспонденцияланған) шот дебеттің 401 «Акция және кредиттің» 671 «Өнім берушілер және мердігерлермен есеп айырысу», 687 «Басқалары», 641 «Еншілес серіктестік борышы», 642 «Тәуелді серіктестік борышы», 643 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға борышы және сатып алынған акциялардың сатып алу құны» бойынша құрылады.

402 шотта «Облигациялар» сатып алу құны бойынша басқа ұқсас құнды қағаздар мен мемлекеттік және жергілікті займдар пайыздық облигацияларда қаржы инвестициясы қозғалысы мен ақшалай есептелінеді.

Облигация — бұл тіркелген пайыз көлемімен оның иесіне атаулы құнын өтеуге міндеттемесін растайтын құнды қағаз. Облигацияның келесі түрлерін бөледі: мемлекеттік және жеке меншік (коммерциялық банктер, акционерлік қоғам мен шығарылған), атаулы және ұсынушыға; пайыздық және пайызсыз, еркін айналатын және айналым шеңбері шектелген.

Облигациялар келесі деректемелерді ұстауы керек: атаулары, фирмалық мазмұндама мен (орналасқан жері) эмитент (ақша шығарушы) орналасқан жері (мемлекет, кәсіпорын, ұйым, облигация айналымын шығарушылар); фирма атауы немесе сатып алушы аты (немесе қысқа жазба) және облигация (сатып алушы) ұсынушыға жазылды деген; атау құны, пайыз мөлшері, өтеу құны мен пайыз төлемі; шығарған орны мен күні.

Облигация сатып алу кезінде дебеттік шоттар 402 «Облигация» және «Кредиттік шоттар» 687, 431, 441, 451.

Облигацияларды сатып алу мүмкіндігі екіге бөлінеді:     

  1. Атауға қарағанда құны үлкен
  2. Атауға қарағанда құны аз.

Нақты мен атау құны арасындағы айырмашылық өзара амортизациялануы керек. Өйткені өтеу мерзімі жақындағанда нақты құн мен атаулы құн облигациялары тең болуы керек.

Облигацияларды сатып алу кезіндегі атауға қарағанда құн үлкен. Егер сатып алу құны мен олардың номиналды жоғары құнды бағасы ұқсас, онда әрбір есептеген кезде, сатып алған кездегі мен нақтылы құн арасындағы есептеп шығару айырмашылығы шығады. Бұл операциялар келесі шоттарда бейне табады:

Депозиттік сертификат — депозитті алуда салымшының куәландыру құқығы, ақшалай қаражатты депозитке салу несие мекемесінің жазбаша куәлігі. Депозиттік сертификаттар банк салымшысы мен делдалдарға біраз пайызды жоғалту арқылы сатуға болады. Депозиттік сертификаттың экономикалық мәні ол рыноктың құрал және кредиттік ресурстық мультипликаторы ретінде қолданылады.

Депозиттер — банкке бос ақша қаражатын салу. Мерзімді депозиттерді, талап ету депозиттерді, шартты депозиттерге бөледі.

Бона — бұл бөлек мекеме мен кәсіпорын, мемлекеттік қазынашылық шығарған борышқорлық міндеттеме. Боналар сатып алу мен сату құралдары ретінде қолданылуы мүмкін. Олар жасанды ақшалар ролін орындайды.

Қазыналық вексельдер — бұл мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттеме түрі; бұл ешқандай пайыздық купонын алмайды.

Қазынашылық ноталар — қазынашылық эмиссия тәртібі шығарған ақшаның алуан түрі.

Ұсынылған займдар — белгілі бір пайызбен кепілдік бойынша алынған ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді заем.

403 шот бойынша аналитикалық есептін корреспонденцияланған шоты төменде көрсетілген: аналитикалық есеп 403 шот бойынша қаржы жұмсау түрлері мен аналитикалық есеп ведомосы пайда болады.

Инвестицияны түгендеу мен қайта бағалау, есептемеде ашу, түгендеу жүргізу мемлекеттік және жергілікті займдар нақты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестиция ақшасын көрсетеді.

Түгендеу кезінде құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер, заңға сәйкес шығарылған құнды қағаздар) нақты ақшасы; құнды қағаздар балансында есептелген шын құны белгіленеді; кұнды қағаздарды сақтау; құнды қағаз бойынша кіріс алудың толықтығы мен уақыттылығы. Құнды қағаздарды сақтаған кезде кәсіпорын түгендеу бір мезгілде міндеттемелік түгендеумен жүргізіледі. Құнды қағаздарды түгендеу бөлек эмитент актіде көрсетілген: аты, сериясы, нөмірі, нақты бағасы, өтім құны мен жалпы сомасы арқылы жүргізіледі. Әр құнды қағаз деректемесі берілген жазбалармен (реестр, кітап) тексеріледі. Құндылықтар мен бланктер, құжаттар қатаң есептеме түрінде түгендеу.

Қаржы инвестициясы бейнелеуінен қорытынды инвестиция табады, түгендеу кезінде банкротқа ұшыраған немесе өткізілген кәсіпорын инвестициясы шығуы мүмкін.

Инвестицияны қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қайта бағалау үшін қайта бағалау дүркінділігін анықтап алу қажет және де ұзақ мерзімді инвестицияны бір түрін қайта бағалау керек.

Ұзақ мерзімді бағалауға дейінгі сала өз капиталының өсуіне қатысты болады. Сол бір инвестицияның бағалауға дейінгі саласы жоқтығынан (жетіспеушілігінен) оның төмендетілген құны шығынға қатысты болады. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы құны төмендетілуі қайтымсыз болса онда осы инвестицияның баланстық құны қайта қаралуы керек. Бұндай құн төмендету әр инвестицияға бөлек анықталады және есептеледі. Инвесторланған субъектідегі инвестор үлесі мөлшері мен қауіптілігі алуан түрлі жағдайды қабылдайды. Төменде инвестицияны қайта бағалау бойынша берілген корреспонденцияланған шоттар көрсетілген: инвестицияны ашу есептемесі. Шаруашылық субъектінің қаржы есептемесін ашу керек: баланстық құн, кіріс. Кіріске қосылған соманы ашу: пайыз, роялти, дивиденд, шығыс пен кіріс.

Инвестициялар деп — өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларынын кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді: ақшалай және күрделі (капиталды) болып./4, 87 б./ Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштык, бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі. Төменгі кесте 1 қаржы емес активтерге тартылған инвестициялар көрсетілген.

 

Кесте 1- Қаржы емес активтерге инвестициялар

 

 

2002

2003

млн. теңге

үлес салмағы

млн. теңге

үлес салмағы

Қаржы емес активтерге инвестилар

соның ішінде:

Негізгі капиталға инвестициялар

одан:

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен – күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар

Материалдық айналым құралдары-ның қорларын толықтыруға ин-вестициялар

Басқа да қаржы емес активтерге инвестициялар

752645

 

 

595663

 

 

43013

 

 

153526

 

3456

100.0

 

 

79.1

 

 

5.7

 

 

20.4

 

0.5

1158148

 

 

943398

 

 

85657

 

 

207067

 

7683

100.0

 

 

81.4

 

 

7.4

 

 

17.9

 

0.7

 

*Қайнар көзі:  Краткий статистический ежегодник – 2004г.

 

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:

— бағалы қағазды ұсынушыға — құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.

—  атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

— ордерлік бағалы қағаз — ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар — пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар — эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық вексельдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.

Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие, олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

Нарықта болатын бағалы қағаздар — биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар — бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару көзінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, ЖАҚ акцияларын сатып алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, вексельдер, сертификаттар, т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылығы).

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және кайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін./5, 45 б./

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс. Инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип — өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивидендтер мен пайыздар алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның түрлерін, атап айтқаңда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен керсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, мұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші дивидендтерімен пайыздар есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.

Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие. Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпынды жасап қана қоймай, алдына-ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді, ал мерзімі шектелмеген коржынның уақыты шектеліп белгіленбейді. Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды./6, 25 б./

Инвестиция — экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестициялардың мақсаты: жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өңдірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Инвестициялық қызметтің негізгі объектісі айналым қаражаты деп түсінетін кейбір Қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пікірді қабылдайды.     Бұл экономистер инвестицияның күрделі қаржыдан басты айырмашылығы инвестицияларды қамту негізі капиталға салынған қаражат салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын есептейді. Егер ағымдағы өндірістің белгілі-бір бөлігі негізгі капитал көлемін көбейту ісінде пайдаланылатын болса, инвестициялар кеңінен орын алады. Біздің пікірімізше, жеткілікті түрде  толық әрі айқын болмағанымен де, мына келесі анықтаманы негізге алуға болады.

Инвестиция деп – капиталды толассыз түрде, ұдайы жаңартып, оны қолдап, сүйемелдеп көлемін ұлғайтып отыруға жұмсалатын  ақша қаражаттарының шығындары деген мәнге ие.

Инвестициялық қызметтің объектілерін және инвестициялаудың түрлерін келесі  сурет-1 арқылы көруге болады. (Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И., Иностранный капитал и инвестиции: вопросы и теории, практики привлечения и использования// Алматы: Факсинформ, 1997-с.27-165)

 

 

 

Инвестициялық қызмет

объектілері

  

           
   
 
     
 
     

 

 

Негізгі қорлар

 

Бағалы қағаздар, акциялар, вексельдер, облигациялар

 

Несие беру және қаржы-ландыру т.б.

 

Ғылыми-техникалық өнім

Күрделі құрылыс аясы

 

Қаржы капиталының айналыс аясы

 

 

Инновациялық орта

 
   

 

 

 

Заңды тұлғалар

 

Резиденттер

 

 

Жеке тұлғалар

Резидент еместер

 

 

Кәсіпорындар  

                                                 

Банктер

Сауықтыру ұйымдары

 

Инвестициялық қорлар

 

Зейнетақы қорлары

 

және тағы басқалары

 

 

Сурет 1 — Инвестициялық қызмет объектілері және инвестициялау     нысандары                               

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады./7, 15 б./

  • Инвестициялардың экономикалық мәні және түрлері

 

 

Мемлекеттер экономикасындағы  инвестициялары. «Инвестициялар» түсінігі — көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық түрлері бар:

  • ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;
  • соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады;
  • мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады;
  • осы процестің әлеуметтік-экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.

Экономикада «капитал» түсінігі синоним ретінде қолданылады. Бұл мағынада, халықаралық экономикалық қатынастардың формасы ретінде халықаралық капитал қозғалысы динамикалық категория қызметін атқарады. Халықаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен байланысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік, саудалық займдар бойынша пайыздар және жер өсімі.

Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвесторлар арқылы екі формада болады:

— кәсіпкерлік капипал;

— саудалық капитал.

Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген саласына салынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бағалы қағаздарды немесе қор құндылықтарын сатып алу және сату; шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен филиалдарды құру, аралас типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар.

Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену құқығының болуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда инвестицияланған капиталдың қолданылуына бақылау жүргізудің белгілі дәрежесі айқындалған.

Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей инвестициялар шетелдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және инвестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.

Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір тарылады және оның айрықша құзыреті пайданың белгілі бөлігін алумен шектеледі. Тікелей және портфельдік шетелдік инвестицияларды шектеудің маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты түрде белгіленген.

Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып есептеледі және алып-сатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар экономиканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді./8, 78 б./

Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік пайыздан артық болатын, капиталдың тұрақты табысын алу мақсатын көздейді. Тікелей инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді. Олар: капиталға кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық бағыттары бойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар (сауда, инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, ғылыми-техникалық қызмет көрсету).

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.

Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тең күшеюі арқылы жүріп отырды. Жиынтық капитал 1999 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1996 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі 1999 жылы 325 млрд. долларға жетті, яғни 90-жылдармен салыстырғанда 3,5 есе өсті.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, инвестициялық ресурстардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.

Осылайша, 1995-1999 жылдары әлемдік экспорт 1,5 есеге өсті, өзгеріссіз бағалар бойынша ол ЖІӨ-нің өсу қарқынынан 2-3 есе көп болды. Шетелдік тікелей инвестициялардың сомасының ұлғаюы шетелдік капиталдың қатысуымен жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақталған жүйесі 250 мың филиалдан тұратын 40 мың Трансұлттық Корпорациялар әлемдік экспорттың 2/3-і қозғалысын басқарды, олардың жартысы ішкі фирмалық жеткізулерді құрады.

Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері: ғылыми-техникалық революция жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуші факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде. 60-80-жылдары өндіріс пен сыртқы саудаға қарағанда капитал ағымы өте жоғары қарқынмен дамыды.

Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 66 млрд. доллар болса, онда 80-жылдары олар 8 есеге өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған елдер экономикасын инвестициялауға дамушы елдер экономикасынан шығатын шетел капиталының қозғалу векторларын түбегейлі өзгертті. Бұл бәсекелестік күресті қатаң жүргізудің негізі болып табылады. Осы мезетте жаңа халықаралық экономикалық жағдайды қалыптастыру бойынша іс-қимылдар белсенді түрде жүріп жатты. Бұл құбылыс сөзсіз, үйлестіру императивтерін, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін туындатты.

Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған кезең былайда ерекшеленеді, яғни капиталды шетке шығарудағы күштердің өзгерісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Салыстыру үшін төмендегідей мысал келтіруге болады:

Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында Ұлыбритания капиталының ірі экспортеры болды, оның үлесінде жалпы көлемнің 40%-дан астамы болды, ал АҚШ үлесі 20%-дан аз ғана асты. 1960 жылдың басында күштердің арақатынасы сәйкесінше 20% және 55% болды.

АҚШ-тың алдыңғы қатарлы рөлі 60-жылдардың ортасына дейін байқалды, бірақ та осы уақытқа дейін АҚШ-тағы шетел активтерінің барлық түрлері едәуір көп болды.

Сонымен бірге, соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-тың инвестицияландыруының басты формасы ретінде мемлекеттік және жеке меншік саудалық капитал экспортында АҚШ елеулі үлес алады және олар көп жағдайда дамушы мемлекеттер әлеміне бағытталады. Бұл жердегі мақсат сол елдерде американдық ықпал ету орбитасын енгізу.

Сөзсіз түрде мынаны атап өту керек, яғни шетелдік жеке меншік инвестициялардың ірі формаларының бірі ретінде тікелей шетел инвестициялары қарастырылды. Бұл кезде статистикалық мәліметтер көрсеткендей, кәсіпорындар мен тікелей объектілердің акцияларының басым көпшілігі американдық капиталдың толық меншігінде болады.

Бұл американдық корпорацияларға, бәсекелестерге қарағанда өте жоғары көрсеткіштерге ие болуға мүмкіндік береді, ал алынатын пайдалардың басым көпшілігі елдің төлем балансындағы пассивтің белгілі бір үлесінің орнын толтырады және шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстарды толықтырады.

Енгізілген американдық капитал дамушы елдердің жұмысшылары мен қызметкерлерінің мынадай санын тұтынады, яғни оның шамасы АҚШ-тағы өндеу салаларының жартысына жуығын құрайды.

АҚШ капиталды шетке шығарудан мынадай экономикалық тиімділік алады, яғни АҚШ-тан шығатын капитал көлемімен салыстырғанда әлемдік нарықтағы тауарлар қозғалысы 5 есеге көп болады.

Біздің ойымызша, шетелдегі американдық кәсіпорындар кешенін АҚШ-тың екінші экономикасы деп есептеу өте дұрыс. Елдердің қаржылық ресурстарын капиталды тартушы елдер үкіметінің басқару және ынталандыру тәжірибесінің жеткіліксіздігі ықпал етеді.

Импорттық капиталды қабылдау, сонымен бірге оларды тарту стратегиясына деген мемлекеттердің позитивтік қатынастары мынаған ықпал етті, яғни американдық капитал халық шаруашылығының жетекші салаларының 25%-дан астамын құрайды.

Сонымен бірге, Батыс Еуропадағы АҚШ-тың тікелей инвестицияларының аймақтық кесіндісі барлық инвестициялардың 40%-на жуық болады. Осы кезде олар дамыған өндірістік инфрақұрылымы бар, өнеркәсіптік өндірістің жоғары деңгейі бар және қолайлы инвестициялық климаты бар өнімді өткізудің сыйымды нарықтарын іздестіреді.

Американдық капиталды қолдану жүйесінің салалық палитрасы сан қырлы: коммуникация, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия, дәрі-дәрмек, мұнай химиясы, әскери өнеркәсіптік салалары.

Әлемдік аренада 60-жылдардың соңында күштерді орналастыру күрт өзгерді, ол төмендегі сәттермен анықталды.

Көптеген дамыған елдерде энергия ресурстары болмады да, белгілі бір шикізаттық тәуелділікте болды. Сонымен бірге 60-жылдары доллар бағамының төмендеуі орын алды, Батыс-Еуропалық және Жапондық кәсіпорындардың мүмкіндігін арттыру жеделдетілді, ол әлемдік аренада американдық капиталдың жағдайының нашарлауына әкеліп соқты.

70-жылдардың басына қарай көптеген американдық өндірістер Батыс Еуропадағы өз қызметін тапты және 80-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың тікелей инвестицияларының өсу қарқыны Батыс-Еуропалық және Жапондық капиталдар ағымынан артта қалды.

Сонымен бірге айта кететін жайт, американдық капитал негізінде құрылған көптеген дамушы елдер экономикасы ЖИЕ және мұнайды экспорттаушы мемлекеттер тобын туындатты, олардың өз елдерінен капиталды шығарудың маңызды себептері бар.

Капиталдың күшті экспортерларының бірі ретінде Жапония ерекше орын алады, ол әлемде бұрын болмаған ұзақ мерзімдік салымдар құнын жинақтады. Егер 60-жылдары тікелей инвестициялардағы Жапонияның үлесі 0,5%-ды құраса, 1985 жылы ол 10-11%-ға жетті.

Соның арасында, Жапонияның өз капиталын орналастырудың негізгі аймақтары — бірінші ретте дамушы елдер, соның ішінде ЖИЕ болып табылды. Бірақ, дамыған әлемдегі оның үлесінің кеңейгендігін атап өтпеуге болмайды.

1985 жылы Жапония мен АҚШ-тың тікелей инвестициялары 10 млрд. доллардан асты, ол жалпы көлемнің 1/4-не тең, Жапон капиталының шетке шығарылуының мұндай қарқыны «АҚШ — Жапония — Батыс Еуропа» үшбұрышында өткір қақтығыстарды туындатты.

70-жылдардың басына қарай тікелей инвестициялар 725 млрд. долларға жетті, қазіргі кезде Жапония капиталдың өте белсенді экспортеры бола отырып, шетел тауарларына «ашық есіктер» саясатын жүргізбей отыр. Өйткені, соғыстан кейінгі Жапония өзінің даму моделіне АҚШ-қа әскери тәуелділігі жағдайыңа жетті, АҚШ пен Батыс Еуропаның ықпалы әсерінен Жапония капитал импортын ырықтандыруға тырысуда.

1980 жылғы Жапондық мысал, ауыл шаруашылығы, мұнай және газ өнеркәсібіне шетел инвестицияларын енгізуге толық тыйым салуды көрсетіп отыр. Экспансия құралдарының күрделі байланысуында ТҮК өзінің енгізілу аймағын едәуір кеңейтті. Бұл тікелей американдық инвестициялардың интенсивті өсуін көрсетеді.

Шетелдерден капиталдың ағылып келуіндегі түбегейлі өзгеріс 1984 жылы болды, яғни осы кезде АҚШ-тың күшті ықпалымен шетелдің қаржылық ұйымдарының енуі үшін жағдайлар жасады. Осылайша, қысқа мерзімдік капиталдың импорты және ұзақ мерзімдік капиталдың экспорты ырықтандырылды.

Капиталдың әлемдік экспортында Батыс Еуропа ерекше орынды алған және алып отыр, оған үш масштабты фактор ықпал етті:

—    екінші дүние жүзілік соғысты қаржыландыру;

— Ұлыбритания, Франция, Голландия және Бельгия капиталы ұмтылатын Азия мен Африка территориясында отарлау режимінің болуы, Батыс-Еуропа интеграциясының күшеюі.

Соғыстың аяқталуы және ықпал ету сферасы Батыс-Еуропалық капиталдың инвестициялық байланыстарындағы күрделі өзгерістерді туындатты.

Еуропалық Одақ елдеріндегі сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру процесі Еуропалық компаниялардың елеулі қаржылық ресурстарының, сонымен бірге долларлық резервтердің үлкен сомаларының жинақталу жағдайларында жүрді.

70-жылдардың ортасынан бастап Еуропаның өнеркәсіптік саясаты    бірқатар    құрылымдық    проблемаларды    шешуге мүмкіндік берді. Олар өнімнің техникалық деңгейі, ғылыми салаларының өсуі негізінде капитал экспортын интенсификациялауға мүмкіндік береді.

АҚШ-тың, сонымен бірге Жапонияның экономикасы басымды бағыт болып табылады. Дегенмен, Еуропа терең энергетикалық және шикізаттық тәуелділікте бола отырып, өз мүдделерінің сферасында үшінші дүние елдерінің қазба өнеркәсібін сақтауы тиіс. Соғыстан кейінгі Еуропада елдердің дамуы әр түрлі жылдамдықтарында болды. Бұрын топ жарып, алда жүретін Ұлыбритания, Франция, Бельгия сияқты елдер дамудың жоғары қарқыны бар елдерге, соның ішінде Германияға өз позициясын ұсынуға мәжбүр болды. Соғыстан кейін, күйреген Германияға 1948 жылы дамыған мемлекеттердің қатарына кіру үшін 10 жылдай уақыт қажет болды. Германдық капиталды талқылау нәтижесі, егер 1946 жылы оның бастапқы деңгейі нөлдік капиталмен анықталса, ал 1985 жылы тікелей инвестициялар бойынша ол ірі экспортерлар арасында 4  орынға көтерілгенін көрсетті. Капиталдың салынған жері бойынша Швейцария мен Голландия едәуір өзгерістерді жүзеге асырды.

80-90-жылдарда Канада елеулі инвестор болып отыр, ол шетел инвестициялары ағымының масштабы мен географиясын арттырды. Оның айырықша белгілерінің бірі мынау: шетелдердегі Канадалық банктер өз кәсіпорындарына және капиталды қабылдайтын елдер кәсіпорындарына несиелік қызмет көрсетеді. Көптеген шетел фирмаларының жарғылық қорларына Канадалық капиталдың қатысуы айқын көрсетілген. Осылайша, әлемнің саяси картасының басым бөлігі Жапония, Батыс- Еуропа және Солтүстік Америка банктерінің қатаң бәсекелестіктерімен толықтырылған. Осы елдердің банктік жүйелері шетелдегі тармақталған жүйені тормен орап тастады. Тармақталған жүйенің едәуір бөлігі халықаралық валюталық-қаржылық орталықтарға негізделген. Олардың дамуының қазіргі таңдағы кезеңінің ерекшелігі мынада: яғни банктік институттар шетелдегі белгілі бір банктерді сатып алуда. Бұл құбылыста араб елдерінің қаржы институттары ерекше рөлде. Бәсекедегі маңызды рөлді 1978 жылғы АҚШ-тың федералдық заңы ойнады. Мынаны зор сенімділікпен атап өтуге болады, яғни осы заңды қабылдау — барлық шетел банктерінің ынтымақтастығы тенденциясын күшейте отырып, бәсекелестік күреске жаңа импульс берді. Олардың американдық экономикаға, сонымен қатар, Азия-Тынық мұхиты (АТМ), Шығыс Еуропа, ТМД елдеріне де белгілі бір дәрежеде алдын-ала үйлестірлген басып кірулерін жүзеге асырғандарын айырықша атап өткен жөн./9, 78 б./

Дамушы елдердің инвестициялық саясаты: 70-жылдардың басында-ақ көптеген экономистер Чили өнеркәсібінің әлемдік деңгейден артта қалғандығын анықтады. Чилидің экономикалық саясатындағы күрт өзгерістер елеулі болды және жоспарлық модельдің орнына реттелетін модельдер қолданылды. Осылайша, Чилидегі реформалардың бірінші кезеңі сыртқы саудамен салыстырғанда капитал нарығын қажетті ырықтандырумен қамтамасыз етпеді. Мұның дәлелі ретінде мыналар қарастырылады: 70-жылдары ұсақ кәсіпкерлерге, инвесторларға, фермерлерге бұрын-соңды жеңілдікпен берілген қарыздар (преференциалдық займдар) жүйесі едәуір тартылды. Дегенмен, капитал нарығын ырықтандыру жолындағы кейбір қадамдардың болып жатқандығын атап өту керек. Оған елдегі масштабты жекешелендіру ықпал етті, ол коммерциялық банктердің кезеңдік жекешелендірілуіне өз әсерін тигізді. Пайыздық мөлшерлемелер, банктік депозиттердің шарттары мемлекеттік бақылау шеңберінен шыға бастады, ал елде туындап жатқан жаңа қаржылық институттар іскерлік белсенділікті күшейтуге мүмкіндік алды. Шетелдік банктер белгілі бір жеңілдетілген шарттарға ие болды және шектеулер тізімі едәуір қысқарды. Осы кезде мемлекет ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларына іріктелген қолдау жасады. Бірақ бұл кезең елге келіп жатқан инвестициялық ағым 60-жылдар деңгейіне жетпей тұрды. Саудалық ырықтандыру бірқатар жағдайлар жасағаннан кейін, реформаның екінші кезеңінде инвестициялар деңгейінде біртіндеп даму (өсу) байқалды. Өзіміз білетіндей, бюджеттік тапшылық белгілі бір деңгейде тұрды, ал инфляция қарқындары бақылау аймағында болды, инвестиция көлемі маңызды фактор болып табылды. Бірақ өсіп бара жатқан қарыздық міндеттемелер реформалардың осы кезеңінде жылына 1 млрд. долларға жетті және 1989 жылы жиынтық қарыз ағымдағы жылдың жалпы ұлттың өнімнің (ЖҰӨ) 80%-на жуық болды. Бұрын айтылғандай, Чилиде елеулі күрделі салымдарды талап етпейтін модель қолданылған еді және тиісінше, шетел капиталы ағымын белсенді жүргізу 80-жылдардың аяғында дами бастады. Елдің экспорттық саясаты күрделі салымдар қажеттілігінің белгілі құрылымын алдын ала анықтады және экспортқа бағытталған өндіріс саласында жұмыс істейтін инвесторларды марапаттау (қолдау) жүйесін, яғни қосымша жеңілдіктер мен кепілдемелер беру жүйесін енгізу қажеттілігіне бағыттады./9, 85 б./

Негізгі капиталды қайта жаңарту ісіндегі алатын орны тұрғысынан қарағанда, инвестициялардың  атқарар рөльдері мына төмендегідей қалыппен сараланып бөлінеді: жалпы немесе бүтіндей инвестициялар, негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция, істен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция. Экономикалық әдебиеттерде инвестицияның қалыптасуына әсер ететін факторларға сәйкес оларды туынды, индукциялы және автономды деп бөледі. Инвестицияның түрлерін және оны негізгі белгілері бойынша жіктелуін   сурет 2-де көруге болады.  (Рузавин Г.И., Мартынов В.Г., Курс рыночной экономики // М: ЮНИТИ, 1994,-с. 116)

 

Инвестициялардың түрлері

 

Инвестиция-лаудың объек-тілеріне әсер ету дәрежесіне байланысты

 

 

Мақсатты бағытталуына байланысты

 

Негізгі ка-питалды жаңартуда-ғы роліне байланысты

 

Меншік нысанына байланысты қалыптасу көздері

Тікелей инвестициялар

 

Материалдық активтерге жұмсалған инвестициялар

 

Жалпы инвести-циялар

 

Мемлекеттік инвестиция-лар

 

Портфельдік инвестициялар

 

Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар

 

Таза ин-вестиция-лар

 

Жекеменшік инвестиция-лар

 

Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар

 

Жарам-сыздықтың орнын тол-тыратын инвести-циялар

 

Шетел инвестиция-лары

 

Сурет 2 – Инвестицияларды негізгі белгілері бойынша жіктеу

 

Шетел инвесторларды өз капиталын экономиканың кез келген саласына енгізу мүмкіндігін алды, ал пайданы шетелге аудару белгілі бір дәрежеде шектелді. Инвесторлар құрылып жатқан валюталық нарықтық толық құқылы субъектісі болуға мүмкіндік алды, сонымен бірге 10 жыл ішінде кепілденген тұрақты салық салу жүйесіне ие болды. Ол елге келетін инвестициялар көлемінің белгілі бір дәрежеде өсуіне мүмкіндік берді, олар реформаның бірінші кезеңімен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды. Тікелей инвестициялармен қатар шетел бағалы қағаздар нарығыда жұмыс істеуге мүмкіндік алды және олардың 1994 жылғы арақатынасы 2,6-2,0 млрд. доллар болды./10, 48 б./

Жаңа индустриялық елдер (ЖИЕ) экономикасындағы шетел инвестициялары. Азия елдерінің өнеркәсібің гүлденген елдерге айналдырған факторлардың бірі — оларға шетел капиталының құйылуы. ЖИЕ-нің индустрияландыру процесі үш кезеңге бөлінеді және оның өзіндік ерекшеліктері бар:

— импортты алмастыратын стратегияны дамыту;

— экспорттық потенциал мен базалық салаларды құру;

— ғылыми салаларды дамыту;

Импортты алмастыратын салалардың даму саясатын жүзеге асыру (50-жылдардың ортасы мен аяғы) валюталық қаржыларды үнемдеу және ішкі рынокты тұтыну тауарларымен толтыруды көздейді. Индустрияландырудың келесі кезеңі (60-жылдар аяғы) халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістермен және дамыған елдер экономикасындағы құрылымдық қайта құрулармен сәйкес келеді. Осы кезеңдегі дамушы елдердің саясаты жаппай тұтыну өнімдерін шығаратын салаларды дамытуға бағытталған. Бұл саясат қазіргі танда халықаралық еңбек бөлінісінде елдердің мамандануын анықтайтын салаларды құруға мүмкіндік береді.

ЖИЕ-ге дамыған елдердің нарықтарын толтыруға арналған жаппай өнімді өндіруші рөлін бекіту  70-жылдардың аяғыңда және 80-жылдардың басында ғылымды қажет ететін салаларды дамыту мен өзіндік ғылыми-техникалық базаны құру ісіне өтуді туындатты. Бұл кезеңнің негізгі қасиеті — ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылыстық жұмыстардың дамуына мемлекеттік және жекеменшік салымдардың өсуі.

1980-1987 жылдар кезеңінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылыстық жұмыстарға қажетті шығыңдар ЖҰӨ-де 0,6%-дан 2,2%-ға өсті, 1991 жылы олар 3%-ға тең болды, ал 2001 жылы оларды ЖҰӨ-де 5%-ға дейін жеткізу жоспарланды. Осы кезеңде электрондық және электротехникалық өнеркәсіп, металл өңдеу, автомобильдік, химиялық, авиациялық және аэрокосмостық өнеркәсіптер өте жедел қарқынмен дамыды. Жоғары технологиялық тауарларды өндіруге қайта бағдарлану жүріп жатыр. Бұл қайта бағдарлану ЖҰӨ-нің даму қарқынын төмендегі деңгейге  жеткізуге  мүмкіндік  берді:  Малайзия  —  9,94%, Таиланд — 10%.

1990 жылы Корея, Сингапур, Гонгконг, Тайвань сияқты «төрт айдаһардың» жиынтық ЖҰӨ-і 505 млрд. долларға тең болды.

1960 жылдарға дейін Оңтүстік Корея, АҚШ көмегі есебінен өмір сүрді, оның көлемі 50-жылдарды ЖҰӨ-нің 6%-нан 14%-на дейін өзгеріп отырды. Бұл кезенде өнеркәсіптің дамуы импорт-алмастырушы сипатта болды.

60-жылдардың басынан бастап Оңтүстік Корея дамудың экспортқа бағытталған стратегиясын жүзеге асыруға кірісті. Мөлшерлеме дайын өнеркәсіптік өнімнің экспортына жасалды, бұл күрделі ресурстары жоқ және ауыл шаруашылығы бар елдерге тән құбылыс. Шетел капиталын тарту кезінде экспорттық өндірісті құру көзделеді. Шетел капиталын нысаналы және тиімді колдану «Сеулдық экономикалық ғажайып құпияларының бірі» болып табылады. Кредитолардың кең пейілділігі стратегиялық ойлармен және еңбек ақының аздаған шығындарымен түсіндіріледі.

1963-1969 жылдар аралығында шетел капиталы ішкі күрделі салымдардың 44%-ын қамтамасыз етті. 1972-1976 жылдары Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік қарыздар үлесі 3 есе, ал жеке меншік несиелер 2,5 есе ұлғайды. АҚШ пен Жапониядан алынатын мемлекеттік қарыздар өте тиімді жағдайларда ұсынылды: 1-3% және жеңілдік мерзімі 9 жылдан жоғары. Жапондық қарыздардың өте тартымдылығы арқасында, 1967-1978 жылдары Жапонияның Оңтүстік Кореяға ұсынатын қарыздық қаржыларының жалпы сомасындағы мемлекеттік қарыздар 21%-ға және жеке меншік күрделі қаржылар 21,5% -ға тең үлесті алды.

Шетел капиталының келіп түсуінің белгілі бір формалары өзгеріп отырады. 80-жылдардың ортасында Жапония, АҚШ және бір қатар қаржы ұйымдарынан (Даму мен қайта құрудың халықаралық банкі, Дамудың Азиялық банкі), ХВҚ алынған мемлекеттік қарыздар 13 млрд. долларға жуық болды, олардың 70%-ы инфрақұрылымды қаржыландыруға жұмсалады. Жеке меншік несиелер өте қысқа мерзімге және қатаң шарттар негізінде берілді, олар өндірісті кеңейтуге және ағымдағы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге бағытталды. Несиелік капиталдық экспорт өте маңызды болды және ол күрделі қаржылардың негізгі формасы болды.

1980-1985 жылдар аралығында қаржылық құралдардың жалпы ағымы 100 млрд. долларға жуық болды. Жинақталудың қайнар көзі ретіндегі тікелей инвестициялар шетелдік қарыздармен салыстырғанда өте қарапайым орынды алып тұрды. Осылайша, 1981 жылы шетел қарыздары — 32,500 млн. долларға жуық, ал тікелей инвестициялар көлемі — 1758 млн. долларға тең болды.

1981 жылға дейін тікелей Жапондық инвестициялардың жалпы санының 55%-ы Оңтүстік Кореяның үлесінде болды.

1981 жылдың аяғына таман тікелей шетел инвестицияларының жалпы санының 1%-ы қазба өнеркәсібіне, 75%-ы өңдеуші өнеркәсіпке және 24%-ы қызмет көрсету саласына салынды. Бұл «Сеулдық ғажайыптың» кұраушылары инвестициялык саясат ерекшеліктерінен туындап отыр: елдің материалдық құндылықтарының 70%-ы сыртқы айырбас арналарына тартылды, іс жүзінде ол Тайвань мен Нидерландыдан кейінгі үшінші орынды қамтамасыз етеді;

Оңтүстік Кореядағы өндіріс Батыс технологиясы мен менеджметіне негізделді, оның өзі Американдық және Жапондық фирмалардың тікелей бақылауында болды. 30 жыл ішінде Корея экономикасына 10000-ға жуық шетел технологиясы импортталды, ал өнімнің Кореялық үлгілерін жасау шетелдік «ноу-хауды» және тікелей санкцияланған қарыз алуды қолдану арқылы ақыл-ой потециалын тартуды талап етті.

 Оңтүстік Кореяның инвестициялық саясаты экономиканың өте жабық типін қалыптастырды, жалпы активтегі шетел капиталы бар біріккен кәсіпорынның үлесі 2% көлемінде тербеліп отырды, осы көрсеткіш Сингапурда- 25%-ға, ал Гонконгте- 15%-ға тең болды.

Оңтүстік Кореяға шетелдік салымдардың өте қатаң және шатысқан регламенттеуі тән. Тізім саны 100-ден асатын ауыл және орман шаруашылығы, қаржы сферасы, сақтандыру, көтерме сауда, байланыс және тағы басқалар сияқты салалар өз күшін сақтап қалды.

1997 жылғы экономиканы ырықтандыру процесіне Сыртқы сауда ұйымының араласуы салдарынан 67 сала жабық күйінде қалды. Шетел инвесторлары үшін Кореялық компаниялар акцияларының үлесі (сатып алуға арналған) 15%-дан аспайды.

Оңтүстік Кореядағы сияқты барлық Азиялық ЖИЕ-де несиелік капиталдың экспорты мемлекеттік немесе жеке меншік жолдар бойынша жеңілдетілген және коммерциалык шарттар негізінде жүзеге асырылды. ЖИЕ үшін несиелік капиталдың ірі доноры — АҚШ пен Жапония болды. Оңтүстік Кореяда — Американдық көмектің 51%-ы, ал Тайваньда — 23%-ы шоғырланған. Барлық Жапондық несиелер мен қарыздардың 85%-ға жуығы ЖИЕ-дің үлесінде, соның ішінде: Таиланд — 44%, Малайзия — 21 %, Оңтүстік Корея — 18%.

1986 жылы Азиялық ЖИЕ Ұлыбританиядан жалпы сомасы 166 млн. доллар қарыз бен несие алды, олардың 91%-ы Малайзияның үлесінде болды. 1986 жылғы халықаралық ұйымдар тарапынан Оңтүстік Корея 8,9 млрд. доллар, Таиланд — 6,2 млрд. доллар, Малайзия — 3,3 млрд. доллар болатын несие мен қарыз алды. ЖИЕ экономикасына кәсіпкерлік капитал салатын жетекші инвестор — АҚШ болып табылады. Қазба өнеркәсібі (негізінен мұнай шығару), өңдеуші өнеркәсіп және қызметтер саласы — американдық капиталды салудың басымды салалары болып табылады.

1981 жылдың аяғында таман барлық ЖИЕ-дегі күрделі қаржылар көлемі 26,5 млрд. долларға тең болды, олардың 36,2%-і Азиялық ЖИЕ-дің үлесінде болды. Кәсіпкерлік капиталды шығарудың екінші орнын Жапония алды. 1987жылдың басында ЖИЕ-ге салынған күрделі қаржылар көлемі 11,3 млрд. долларға тең болды. Өңдеуші және шикізат өнеркәсіптері — Жапондық Трансұлттық корпорациялар үшін басым салалар болып табылады. Тікелей инвестициялар көлемі бойынша Ұлыбритания үшінші орын алады.

80-жылдардың ортасында күрделі қаржылар 5,3 млрд-қа тең болды, ағылшын ТҮК-ның күрделі қаржыларының көп бөлігі (52,5%) өңдеуші өнеркәсіпке (химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, кызметтер саласы мен сауда) бағытталған. 1987 жылдың аяғында Азиялық ЖИЕ экономикасындағы тікелей инвестициялар көлемі 29,3 млрд. долларды құрады.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы (ОША) Қытай капиталының рөлін ерекше атап өту керек. Капитал салу үшін жедел және тиімді қайтарымдылықты беретін салаларды мұқият тыңдай отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі ЖҰӨ-нің 60%-ға жуығын Қытай кәсіпкерлері өндіреді. Бұл кездегі экономикалық дамудың айырықша құбылыстарының бірі — қытайлық үш этникалық ошақтарының (Гонконг, Синапур, Тайвань) атқарған рөлі, сонымен бірге, осы ошақтардан тыс жерлерде өмір сүретін Қытай диаспорасы болып табылады.

Ұлттық экономиканың қытайлыққа қарсы бағытталуына жауап бере отырып, жеке меншік фирмаларды, акционерлік компанияларды қолдануға мөлшерлеме жасайды. Қытайларға тән ерекше қасиет (үнемділік, ұқыптылық, есептілік) Қытай капиталының орасан ұдайы өндірісін дамытты, ол елдердің бүтіндей өнеркәсіп салаларын өзіне бағындырды. Көптеген қытай зертеушілердің айтуынша, жетекшілер экономиканы саясаттан жоғары етіп қойған, ал идеология саясат мүддесіне тәуелді болып келеді. Қытайлық бизнестің дәстүрлі белгісі — Қытай қауымының өзі. Халықтық нығаюдың жоғары деңгейі, қауым ішіндегі байланыстар және іскерлік мүдделердің тоғысуы рулық қауымнан тыс жерлерге таралады. Салынған елдегі Қытайлық капиталдың қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі — жергілікті қытайлық емес биліктің іскерлік белсенділігіне әсер ету немесе бағындыру ниеті (мақсаты) болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, салынған елдегі қытайлық капитал, мысалы, Индонезияда үкімет шараларын ашық түрде менсінбейді. Өйткені капиталдың қызметі бір орталықтың біртұтас басқаруымен жеңілдетіледі, ол қызметті сауда өнеркәсіптік палаталар табысты орындайды. 70-жылдардың ортасында олардың саны Малайзияда -479, Филиппинда — 368, Сингапурда — 179, Таиландта — 59 болды.

Оңтүстік-Шығыс Азия нарығындағы өз позициясын нығайту мақсатында қытайлық компаниялар тікелей мемлекеттік құрылымдармен және жергілікті капиталмен ынтымақтасады. Экономикасы өтпелі кезендегі елдердің капитал тарту саясаты.

Шығыс Еуропа елдерінің дамудың жаңа моделіне көшу тұжырымдамасы өз күштеріне сену және шетел капиталын белсенді тарту идеяларына сүйену еді. Соңғы 10-жылдық тәжірибесі көрсеткендей, оны енгізудің әлеуметтік-экономикалық салдары сан алуан болып келеді. Оның позитивті аспектілеріне мыналар жатады:

— экономикалық дамуына ықпал ету;

— жұмыспен қамтамасыз ету;

— жаңа технологиялар базасына көшу;

— білікті мамандарды дайындау.

Өз ресурстарының жеткіліксіздігі әсерінен бүкіл экономиканы реформалау үшін Шығыс Еуропа мемлекеттері шетел капиталын импорттап алуға мәжбүр болды. Капиталдың өсуінің жоғары қарқындары 90-жылдардан бастап белгіленді, 1990 жылға қатысты келесі 5 жылға қойылған инвестициялар көлемі 43 есеге ұлғайды және бірнеше млрд. долларға жетті.

Инвесторлардың өз капиталын салу мынадай себептерге байланысты болды:

— тауарлар мен қызметтер нарығының толығуы;

— білікті жұмысшы күші, шикізат пен энергия ресурстарының төменгі құны.

Бұл шетел инвесторларына инвестициялар мен тұтыну тауарларын өткізуді кеңейтуге мүмкіндік берді, аймақтың ыңғайлы географиялық жағдайы елеулі түрде оның ұйымдастыруы мен техникасын жеңілдетті.

Дамыған елдер халықтың қоршаған ортаны қорғау нормаларын қатаңдатуға қатысты ұлғайып бара жатқан белсенділігін ескере отырып, дамушы елдер территориясындағы бірінші реттік қайта жасау өндірістерінің көбін қайта орналастыру қажет болып отыр.

Қабылдаушы жақтың шарттары есебінен пайданы жоғарылатудың және технологиялық өндірістер құрылымын үйлестірудің қолайлы мүмкіндіктері жасалды.

Бірақ шетел инвестицияларының барлық формаларының ішінде Шығыс Еуропа капиталдың тікелей салынуына көңіл аударды. Өйткені, бұл форма бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелділікті жойды, қаржыландыру шарасын жеңілдетті және капиталды тарту мен пайдалану шығындарын төмендетті. Сонымен бірге Шығыс Еуропаға тартылған барлық тікелей инвестицияның 90%-ға жуығы Венгрия, Польша мен Чехияның үлесінде, бұл жерлерде бір тұрғынға шаққанда инвестицияланатын капитал сомасы тиісінше 692 доллар, 342 доллар, және 142 доллар болды. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш бірнеше ондаған долларды ғана құрайды.

Капиталды тартудың мұндай сандық параметрлері төмендегідей:

— әлеуметтік және саяси жағдайдың тұрақтылығы;

— жекешелендіру процесінің үлкен демократиялығы;

— «ашық есік» саясатын ертерек қолдану;

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендіру қарқыны төмен, экономика мен саяси жағдайдың тұрақсыздығын туындататын тәуелділіктердің болуы бар елдерде (Болгария, Словакия, Румыния) капиталдың динамикалық ағымының болуы мүмкін емес. Шетел капиталы ағымының елдік векторы ең алдымен Батыс Еуропа елдеріне сүйенеді, ал олардың 1/3-і ғана АҚШ-тың үлесінде. Шығыс және Орталық Еуропа, Ресей бұл кезде елеусіз параметрлерге ие. Шетел капиталын басқарудың институционалдық құрылымы көп қырлы және онда маңызды рөлді халықаралық қаржылық ұйымдар атқарады./11, 48 б./

Сонымен бірге, Шығыс Еуропадағы капитал ағымының барлық көлемін елдер бойынша бөлудің маңызды ерекшеліктері бар. Мысалы, Венгрияда — АҚШ капиталы, ал Чехия мен Болгарияда Германия капиталының үлесі мол. Еуропадағы шетел капиталын тартудың төмендегідей ерекшеліктері бар:

— салалық құрылым бойынша шетелдік салымдарды пайдалану палитрасы әр алуан;

— алғашқы жылдары қаржылар өнеркәсіптің дәстүрлі салаларына салынды;

— өңдеуші өнеркәсіп сферасына капиталды орналастырудың жоғары үлес салмағы;

— халық шаруашылығының жоғары технологиялық салаларына тікелей шетел инвестицияларын арттыру тенденциясы;

— өңдеуші өнеркәсіптегі капиталдың жоғары үлесі, көлік өндірісінің (жеңіл, жүк, көліктері, автобустар), сонымен бірге телебайланыс, сауда және қаржылық секторы;

— жердің сауда айналымына кіру проблемасы, сонымен бірге оны алу шарасы ауыл шаруашылығы сияқты салаға мұқият, көңіл аударудан алыстатты.

Өзіміз білетіндей, шетел капиталы белгілі бір елге әр түрлі исолмен тартылады, бірақ Еуропада бірлескен кәсіпорын (БК) құру сияқты жол кеңінен таралған. Өйткені,   жаңа  бизнес  инвесторға  маңызды  қосымша шығындарсыз өндірісті жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Мүнда жинақталған тәжірибе мен серіктестік іскерлік байланыстарда негізгі құралдар болып табылады./12, 25 б./

Бірақ бірлескен кәсіпорындардың 50%-дан астамы шетел капиталын 100%-дық тарту объектісі (үлесті сатып алу есебінен толық меншіктеу) болып табылады.

Әсіресе соңғы формалар Болгария, Венгрия және Румыния сияқты елдерде кеңінен таралған.

Салыстырмалы түрдегі аз уақытқа қарамастан, капиталды тарту процесі ұлттық экономика параметрлерінде маңызды түрде көрініс тапты:

—  жекешелендіру процесін жеңілдетті;

—  бәсекелестік ортаны қалыптастырды;

— өндірістердің халықаралық бірлесуіне елдердің қатысу дәрежесін арттырды;

Осылайша, тарихи қысқа мерзімдерде автомобиль, компьютерлік жүйелер өндірісі және тағы басқалар едәуір өсті:

— банктік және сақтандыру жүйелерін реформалау белсенді түрде жүрді;

—   көптеген елдер шетелдерге тауар шығаруда өз орнын кеңейтті.

Шетел капиталдарын тарту салдарынан туындайтын негативті параметрлер санынан мыналарды атап өту керек:

— елдің экспорттық саясатын инвестор елдің ішкі нарығындағы мақсаттарға бұру;

— Шығыс Еуропа елдері территориясындағы жоғары рентабельсіз, прогрессивті емес дәстүрлі салаларды қайта орналастыру;

—   елдің сауда баланысындағы пассивтің ұлғаюы;

—   экономикалық өсу қарқыны — тікелей шетел инвесторларын тартуға тура байланысты болмайды./13, 78 б./ Қазіргі кезде Қазақстандағы инвестициялардың түрлері келесі кесте 2-де көрсетілген. Қосымша Г-де инвестицияның тағы бірнеше түрлері көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

Кесте 2.  Казақстан Республикасындағы инвестициялардың түрлері

 

 

 

Инвестициялардың түрлері

Қазіргі инвестициялар

Алдағы уақыттағы инвестициялар

Біріккен кәсіпорындар

44.0

32.0

Жаңа еншілес компаниялар

16.0

24.0

Саудалық байланыстар (дистрибью-торлар/жабдықтаушылар)

12.0

12.0

Жергілікті компанияларға инвестиця

8.0.

8.0

Бірігу

4.0

0.0

Портфельдік инвестициялар

4.0

4.0

Басқалары

12.0

20.0

 

*Қайнар көзі: Ақпараттық бюллютень

 

 

 

 

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ 

ІС-ӘРЕКЕТІН БАҒАЛАУ

 

2.1 Өндірістің инвестициялық жағдайын талдау

 

 

Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі — әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат — макроэкономикалық, салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады./14, 54 б./

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі («А» тобы), ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз — қоғамның табиғи-шикізат, материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған мәселені шешуді тездетудің негізі әрдайым аз шығын жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құрылымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі — макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық басымдылықтарды ғылыми негіздеу болып табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымының тиімді жағдайын анықтау — экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Болашақтағы салалық өзгерістерді негіздеуде ескерілетін маңызды фактор — жиынтық сұраныс құрылымы жайлы болжамды мәліметтер. Олар ішкі қорлар мен импортты алмастыратын өндірісті ұйымдастыру есебінен тиісті жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді. Әлемдік тәжірибе, басқа елдерден алынатын ресурстар экономикалық егемендікті нығайтуға септігін тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр. Ал, егерде мәселе азық-түлік өнімдеріне деген сұранысты өтеу жөнінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады./15, 27 б./

Дағдарысты жағдайдан шығу жөне экономиканы дамыту — ұлттық табыстағы өндірістік қор жинау үдесін арттыруға байланысты. Ал бұл, өз кезегінде, әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажет етеді. Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген пікірлер бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу, біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте интеллектуалдық ұмтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.

Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен өндіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлеуметін арттыру — шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

Егер әлемдік шаруашылық байланыстарда өз орнымызды таппасақ, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселесі назарға алынбаса, онда құрылымдык саясат ғылыми негізделген болмайды. Аталған жағдайда «өз орнымызды табу» дегеніміз экспортқа бағытталған салаларды дамыту, ал «еңбек бөлінісіне қатысу» — маманданған салалардың пайда болуы мен дамуын білдіреді./16, 68 б./

Бұл жерде біз халық шаруашылығы салалық құрылымының тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі факторларына ғана тоқталдық. Сондай-ақ, ең алдымен елдің өндіргіш күштерін орналастыруды оңтайландыру мәселесін қамтитын халық шаруашылығының аймақтық құрылымын тиімді ету ісі де маңызды екендігін атап өту керек. Бұл тұста, экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын оңтайландыруда шешуші рөл атқаратын екі факторды бөліп қарастыруға болады. Мәселе табиғи қорларды тиімді игеруде және қоғамдық өндіріс пен халықтың өмір сүру деңгейінің тиімділігін арттыруға қол жеткізуде болып отыр.

Алайда, халық шаруашылығының аймақтық құрылымын ғылыми негіздеуде ерекше сипаттағы факторлар да ескеріледі. Атап айтқанда, әр түрлі аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін теңестіру қажеттігі жөнінде, өйткені, егерде аймақаралық ауытқулар деңгейі жоғары болса, әлеуметтік шиеленісу мәселелері күшейе түседі.

Аталған жағдайдан аймақтық құрылымды қалыптастырудың келесі факторы — жергілікті халықтың жұмыспен қамтылу коэффициентінің мөлшерін арттыру арқылы экономикалық жөне әлеуметтік тиімділікке қол жеткізудің жалпы мемлекеттік мүдделілігі туындайды. Аймақтық жұмыспен қамтылудың әртүрлілігін талдау және есепке алу әрқашанда мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда бастапқы негіз болуы шарт. Бұл мәселе біздің республикамыздың жағдайында өте өзекті болып отыр. Себебі, материалдық өндірістің аса маңызды салаларында аймақтық ерекшеліктерді ескерместен әкімшілік әдістермен жекешелендіру шараларын жүзеге асыру түптеп келгенде жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың ауылдан қалаға көшуін күшейтіп, экономиканың аграрлық секторының материалдық-техникалық және ғылыми-интеллектуалдық базасының құлдырауына алып келді./17, 63 б./

Халық шаруашылығы аймақтық құрылымының өзгерісі көбінесе республиканың әкімшілік аумақтары мен ірілендірілген аудандарының ол әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенділік қағидасына байланысты. Аталған қағида аймақтық құрылымды қалыптастырудың маңызды факторларының бірі. Жоғарыда мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

—    мемлекеттік   бюджеттік   қорларды   пайдалану арқылы;

— ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

—  шетелдік инвестицияларды тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын тандап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету — мемлекеттің инвестициялық саясаттың негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де ескеріледі. Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер, объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта жөне ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді./18, 89 б./

Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалық және аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау — халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. Өз тәжірибемізде өзге елдердің экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағдайда механизмдер құрамы мен басымдылығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы жағдайына тәуелді екенін байқатты. Егерде бұл бағыттар мақсатты міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін «бағытты» шамалы ғана өзгертуді талап ететін болса жақсы. Мұндай жағдайда халық шаруашылығының төменгі бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды болар еді. Ал егер, ел экономикасында құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық өзгерістердің тиімсіз бағытталып қалыптасатын болса — бұл мүлдем басқа жағдай. Қазақстанда бүгін екі түрлі жағдай да орын алып отыр.

Осылайша, қазіргі кезеңде республика экономикасындағы құрылымдық дағдарысты жою үшін тұтастай мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатының бағытын айтарлықтай өзгеру қажет және оны ауыл шаруашылығы мен аграрлық өнеркәсіптік инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық рөлін қалпына келтіруге бағыттау керек./19, 3 б./ Құрылыс кешеніне де осындай көзқарас қажет. Осыдан келіп экономикадағы құрылымдық өзгерістерді реттеудің механизмдері арасында бюджеттік қаржыландыру, несие бөлу және салық салу басымды болып табылады.

Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметі құрылымдық мәселелерді қамтуы тиіс:

— дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлеуметті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

— ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту;

— негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

—  халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету;

— экономиканың  аграрлық  секторының  дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым жасауға болады: мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес. Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін түпкілікті ұғыну қажет. Ал, олардың шешімі — тұтастай алғанда мемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты. Енді осы саясатты іске асырудың негізгі механизмдері қандай?  деген сауалға жауап беріп көрейік./20, 12 б./

Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары. Онда әлеуметтік-экономикалық ғылыми-техникалық, ұйымдық-құқықтық сипаттағы шаралар жеткілікті түрде нақтыланады. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бағдарламалық көрсеткіштер басымды салалар мен аймақтардың барынша қарқынды дамуы үшін тиісті жағдайлар жасау жөніндегі барлық шараларды қормен қамтамасыз ету барысын да қамтиды. Бұл жерде мәселе ең алдымен қаржы ресурстары туралы болып отыр, өйткені оларды анықтау кезінде сала ішіндегі (аймақтық) резервтері ескеріледі.

Құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі — басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу — жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырылып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), сондай-ақ инновациалық қызметке, әсіресе жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады.

Мұндай қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі мен салықтық несие бөлу арқылы да ынталандыруы шарт. Бірақ, бұл механизм егер де басымды салалар бойынша таңдап алынған инвестициалық жобаларға жеңілдікпен несие бөлінсе ғана тиімді нәтиже береді. Осыған байланысты, қарастырылған инвестициалық жобаларды жеңілдікпен несиелеу қызметін атқаратын банктер (әсіресе коммерциалық) моральдық және материалдық қолдау табатындай жағдай жасалса — бұл аса маңызды шара болар еді./21, 9 б./

Егер отандық және шетелдік инвесторлар басымды салалар объектілеріне көңіл бөлсе ғана салықтық жеңілдіктер жасалуы керек. Бірінші кезекте ішкі (отандық) несие қорларын қолдануға көңіл бөлу қажет, өйткені шетелдік несиелер, жоғарыда атап өтілгеніндей, нәтижесінде мемлекетке 2-3 есе қымбатқа түседі. Ерекше атап өтетін тағы да бір мәселе, жеңілдікпен салық салу — қалдықсыз және экономикалық жағынан тиімді технологияларды қолдануға негізделген инвестициалық жобаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін инвесторларға қолданылуы тиіс.

Егер кәсіпорындар мен инвестициалық жобаларды шикізатпен, техникамен, құрал-жабдықтармен, импорт есебінен қамтамасыз ету көзделген болса, онда басымды салалардың (аймақтар) барынша қарқынды дамуы үшін жеңілдікпен кедендік алымдар алуды ұйымдастырудың да маңызы бар. Алайда импортты алмастыратын отандық өнім өндірісі көп жағдайда өте тиімді екенін тағы да атап өткен жөн. Нақтылы осы мақсатта басымды салалар мен өндірістер жүйесінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру механизмдерін барынша батыл түрде қолдану керек./22, 22 б./

Қорыта келе, айтарымыз, жоғарыда аталған механизмдер ұзақ мерзімге бағытталған тиісті заңды-құқықтық негізін жасаған жағдайда ғана тиімді ықпал ете алады. Осы негіздің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізу (Қазақстандағыдай) инвестициялық процестердің баяулауына және құрылымды құрайтын салалар инвестициялық жобаларының іске аспауына алып келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл әсіресе, әріптестерімен шаруашылық мәселелерін шешу кезінде өте сақтықпен қарау қағидасын ұстанатын шетелдік инвесторларға қатысты. Заңдардың тұрақсыздығы-күрделі, құрылымды құраушы өндірістер туралы шешім қабылдауда отандық инвесторларды да алшақтатады. Өйткені бұл жерде үлкен тәуекелге баруға тура келеді.

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:

  • үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың пайызымен қайтарылуын талап етеді).

Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:

  • тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
  • донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
  • елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
  • тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді./23, 3 б./

Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

  • біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
  • шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
  • акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
  • банктік мекемелерді инвестициялау.

Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда: біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.

2003 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.

Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады. Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты. Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді./24, 18 б./ Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды.

Олар мыналар:

  1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді. Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.
  2. Шетелдік тікелей инвестициялар құрылымында үлкен үлесті — несиелер, займдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қиындап бара жатыр. Соның   салдарынан   фирмааралық   қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде коммерциялық несиелеу кеңейтілуде.
  3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар сомасының 20%-дан асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан кейінгі процесі бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз ағылып кетуіне әкеліп соғады. Соңғылар тікелей де, жанама да табыстардың елден негізсіз «шығып кетуіне» ықпал етеді.
  4. Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау теріс жағдайларға әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше орынды дивидендтер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елеулі бөлігін құрайды. Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көлемінің өтуі кезінде экспорттық валюталық түсім пропорционалды дәрежеде өспейді.
  5. Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларымен салыстырғанда, тікелей инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.
  6. Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар міндеттемелер шеңберін орындауға қабілетсіз болып келеді, тиісінше ол төлем балансына, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы жағдайына әсер етеді. Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жағдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын қысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады. Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
  7. Ақпараттық нарықтардың құрылмағандығы — шетелдік басқаруға өту шарасының шектен тыс жабық түрде жүретіндігін алдын ала айқындайды, ол көптеген келісімдерді бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты болуы мүмкін емес.

Нәтижесінде, 1996 жылғы қарыздарды өтеу, еңбек ақыны дер кезінде төлеу, зауыттар жұмысының ырғақтылығы, экспортты ұлғайту сияқты көрсеткіштері — 1995 жылдың объектілерді шетел инвесторларының     басқаруына     жаппай     беру көрсеткіштерінен едәуір төмен болды./25, 11 б./

Сонымен, біз «инвестиция» деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес құндылықтарына тікелей және жанама  түрде  салынған инвестициялық ресурстарды түсінеміз.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгілі-бір бөлігі күрделі қаржының көлемімен бірдей. Осыған орай, біз ол көрсеткішті бұдан былайғы уақытта негізгі капиталға салынған инвестиция немесе күрделі қаржы деп айтуымызға болады. инвестицияның қандай түрлері болмасын капитал әлемінде әрқайсысының атқарар рөлі әрқилы болғанымен де, олардың еліміздің экономикасын өркендетудегі маңызы зор. Инвестициялау процесінің сызбасы келесі сурет 3-те көрсетілген. (Рузавин Г.И., Мартынов В.Г.,  Курс рыночной экономики // М: ЮНИТИ, 1994.-с. 41-116).

 

 

Инвес-тиция түрлері

Материалды активтерге жұмсалған инвестициялар

Қаржылық активтерге жұмсалған инвестиция-лар

Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар

Инвес-тиция-лау объек-тілері

Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар

Акциялар, мем. және корпоративтік облигациялар, т.б. бағалы қа-ғаздар

Патенттер, лицензия-лар, сауда белгілері, ғылыми-техникалық өнімдер т.б.

Білім беру, денсау-лық сақтау, мәдениет шарала-ры және т.б.

Инвес-тиция-ны қолда-ну ая-сы

Экономикалық нақты сек-торы

Қаржылық банктік орта

Инновация-лық орта

Әлеумет-тік орта

Инвес-тиция-ны қолда-нудағы мақсат

Жаңа материалдық актив-терді ұлғайту

Іске аспай қалған мате-риалдық активтердің орнын толтыру

Материалдық активтердің тиімділігін арттыру

Бос ақша қа-ражаттарын инвестицияға айналдыру

Материал-дық актив-тердің ҒТ деңгейін са-пасын және бәсекелес-тік қабіле-тін арттыру

Білім бе-ру дең-гейін, денсау-лық сақ-таудың сапасын артты-рып, қор-шаған ортаны қорғау

Инвес-тиция-лаудың түпкі-лікті мақса-ты

Материалды байлық пен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың көлемін ұлғайту

             

 

 

Сурет 3 — Инвестициялау процесінің сызбасы

 

 

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

Бұл жағдайды Ұлттық Банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде Ұлттық Банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық   жағдайының   қажетті   деңгейде   болмауы   себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.

Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

Бесінші — жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

Алтыншы — тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.

Көптеген экономистер мемлекеттік басқаруды аз талап ететін саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар Қазақстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктері жағдайында инвестициялық белсенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану мемлекет тарапынан талап етіліп отыр (бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді бюджеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған сыртқы экономикалық саясатты (СЭС) жүргізу, өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді түрде байланыстыру және т.б.) /26, 26 б./

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кеңістік өзінің терең нарықтық өзгерістері сатысына енуде жоғары инвестициялык белсенділікті танытты. ІЖӨ құрылымында негізгі капиталға инвестиция салудың үлесі 30-40%-дан асты. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың мұндай сапалы сипаттамасы жоқ.

Ұзаққа созылған өндірістік құлдырау,  инфляцияның жоғары деңгейі — инвестициялың сұраныс жолындағы тежегіштер болды. Бұл жағдайда талдау көрсетіп отырғандай, инвестициялардың төмендеу динамикасы 1990 жылғы деңгейге қарасты  ІЖӨ-нің төмендеуі динамикасынан  бірнеше есеге көбейіп отыр.

Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін алғашқы себептер қатарына мыналар жатады: бюджеттік саясаттың қатандығы және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал. Айналым капиталының инфляциялық құнсыздануы, экономикалық байланыстардың үзілуі, несиелерді берудегі шынайы емес шарттар, жекешелендіру саясаты нәтижесіндегі ауыр төлемдік дағдарыс — жаппай банкротқа ұшырау және халық шаруашылығының барлық салаларының қаржылық жағдайының нашарлауына әкелді. Мұндай жағдайларда инвестициялық құлдырау материалдардың да, өндіріс кұралдарының да тікелей пропорционалды түрде қысқаруына әкеліп соқты. /27, 68 б./

КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен құрал-жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде канағаттандыра алды. Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өүтемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестерінің кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 2001-2003 жылдарда Қазақстанға шетел инвестициялары 6,2 млрд. доллар көлемінде тартылды.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады. Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:

  • реформалаудың бірінші кезеңі — инвестициялық жекешелендіру корының (ИЖҚ)  қалыптасуына  және  капиталды үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады.
  • екінші кезең — жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акциялардың мемлекеттік пакеттерінің 80%-ға дейінгі шетелдік инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің    төленбеуі    және    отандық    тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары қат-қабат жүріп отырды.
  • үшінші кезең — жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің   рөлін    «тереңірек»    өтті; нәтижесінде инвестициялық саясатың Аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.

Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы «өсу нүктесі» болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты «өсу локомотивінен» «тежеу локомотивіне» айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.

Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда.

Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.

Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр./28, 6 б./

 

2.2 Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері

 

 

Экономикалық инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын жөне қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді./29, 5 б./

Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырады. Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өңдіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз — заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.

Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырылады:

а)    күрделі құрылыс;

ә)    инновациялық сфера;

б)    қаржы капиталын пайдалану сферасы;

в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасыңда (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).

Инвестициялардың күрделі қаржылардың тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады./30, 18 б./

Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары ж.б.), айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б.) айналым қорларынан тұрады.

Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе — инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықту керек.

Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезендегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі:

Бұл жерде:

Sd — дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

mt — ақшаның келешектегі құны;

a —   пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;

п  —  ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны./31, 13 б./

Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельділік денгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді, яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.

Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық (мемлекеттік) деңгейде де қолдануға болады. Соңғы он жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған (95,3 пайыздан 13,3 пайызға дейін), керісінше, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған (2,9 пайыздан 84,6 пайызға дейін). Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жекеменшікке өткендігі себеп болып отыр.

Енді қаржыландыру қайнар  көздері бойынша негізгі капиталға инвестицияларды бөлу көрсеткіштерін қарастырайық. Ол төменгі кесте 3-те көрсетілген.

 

Кесте 3 — Қаржыландыру қайнар көздері бойынша негізгі капиталға инвестицияларды бөлу

 

 

2004 жылғы қаңтар-қыркүйек

 

Анықтама: 2003 ж %

млн. теңге

нәтижеге %

Барлығы

Соның ішінде қаржы-ландыру есебінен:

бюджет қорлары

олардың ішінен:

республикалық

жергілікті

кәсіпорын, ұйымдар және тұрғындар есе-бінен

шетел инвестициялары

1530628

 

 

186359

 

141144

45215

 

 

998439

345830

100.0

 

 

12.2

 

9.2

3.0

 

 

65.2

22.6

100.0

 

 

12.4

 

7.7

4.7

 

 

65.9

21.7

 

*Қайнар көзі: Краткий статистический ежегодник Казахстана, 2004

 

2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестицияның өсімін 2003 жылмен салыстырғанда Республиканың 13 аймағында тіркелген болатын. Ең үлкен өсім Қостанай облысында – 1.3 есе, Атырау, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында – 1.2 есе, Астана қаласында – 1.4 есе, Алматы қаласында – 1.2 есе екендері байқалды. 2003 жылмен салыстыра отырып, инвестиция көлемінің азаюын мына облыстарды байқалды: Жамбыл облысы – 1.9 есе, Батыс-Қазақстан облысы – 1.7, Қызылорда облысы – 1.4 есе. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға инвестицияларды салудың қайнар көздері болып мыналар табылады: меншік қорлары – 65.2%, шетел инвестициялары – 22.6% және бюджет қорлары – 12.2%-ды құрап отыр. Келесі кесте 4-те барлық аймақ бойынша негізгі капиталға инвестицияны игеру берілген.

 

Кесте 4 —  Аймақ бойынша инвестицияларды тарту

 

Аймақ бойынша негізгі капиталға инвестицияны игеру

 

Қаңтар-мамыр 2004 ж.

Қаңтар-мамыр 2004 ж.

2003 қаңтар-мамырға,

%

млн. теңге

Республикалық көлемдегі аймақ үлесі,%

Қазақстан Республикасы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс-Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Батыс-Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Солтүстік-Қазақстан облысы

Оңтүстік-Қазақстан облысы

Астана қаласы

Алматы қаласы

 

391882

2483

33431

13823

128376

11806

4349

 

28869

17471

8312

10359

22965

6605

 

1826

 

6781

49375

45051

 

100.0

0.6

8.5

3.5

32.8

3.0

1.1

 

7.4

4.5

2.1

2.6

5.9

1.7

 

0.5

 

1.7

12.6

11.5

 

109.7

107.2

96.8

127.2

120.3

110.3

164.1

 

64.0

121.6

142.5

60.0

121.0

133.6

 

92.0

 

107.3

182.3

98.6

 

*Қайнар көзі: Статистический ежегодник, 2004г.

 

Шетел инвестицияларында жетекші орындарды Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарылатуға ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық т.б. кедергі болуда.

Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды./32, 31 б./ Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізгі болып саналады. Осы қағиданы басшылыққа алу, яғни инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен, жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.

Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы — ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, біржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасыңдағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.

Біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады. Осыған байланысты, экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Тәжірибе көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялау жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді, әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған жоқ және де, шетелдік инвесторлар негізінен өнеркәсіптің өндіруші салаларына көңіл бөлуде, ол республика халық шаруашылығы құрылымының біржақты дамуын сақтайды, әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан, шетелдік инвесторлардың қатысумен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару негізінде, елдің экспорттық мүміндіктерін жоғарылату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп келгенде, республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына айналдырмау керек.

Маңызды қағидалардың бірі — елдердің инвестициялық келісімдері мен инвестициялық жобалардың ашық, жариялылық негізде болуы. Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштері және жүзеге асыру механизмдері келісуші жақтарға алдын ала белгілі болуы шарт және де қоғамдық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Бұл жерде сөз мемлекеттік құпияны құрайтын нысандар туралы болып отырған жоқ.

Егер қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса, шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып, олардың қолайлысын таңдап алу үшін қажет.  Тікелей инвестициялау — шетел инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түрі болып есептеледі. Ол адрестілігімен және өндірістік сфераға бағытталуымен ерекшеленеді. Ол халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық интеграция үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді, біріккен кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интеллектуалдық потенциалын өзара байытады. /33, 45 б./ Қабылдаушы елдерде жаңа құрылыс, болмаса жекешелендіру (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды сатып алу) негізінде шетелдік кәсіпорын құру — осы форманың бір түрі. Бірақ, шетелдік инвестицияларды тартудың бұл формасы халық шаруашылығының аумақтық, салалық құрылымын тиімді өзгерту, оның шикізаттық бағытын жою және экономика мен өнеркәсіптің негізгі салаласын техникалық қайта жарақтандыру үшін қолданылуы тиіс.

Соңғы көздері, өндіргіш қондырғыларды және экологиялық таза технологияларды жалға алу лизингттік операциялар, жекелеген жұмыс түрлерін атқару жөнінде келісім жасау сияқты халықаралық экономикалық қатынастардың аса күрделі емес формасы да қолданылуда. Бұндай лизингттік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік пайда ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық үрдісті жеделдетуге мүмкіндік береді.

Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер, елдің өз несие қорымен салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін.

Шетелдік инвестицияларды тартудың келесі бір формасы — концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі  концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелері, жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайлары және т.б. көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісім-шарттарын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айрылу қаупі туындайды./34, 54 б./

Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей, мемлекеттің инвестициялық жобаларды бағалауы ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды тарту формаларын таңдауы да стратегиялық мақсаттар мен жоспарлардың шеңберінде жатыр. Бұл шетел капиталының құйылымын ынталандыру мен тиімді пайдалану — ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық жолдары екендігін көрсетеді. Осы стратегияға сәйкес, барлық каналдар бойынша тартылатын шетел инвестициялары көбінесе төменгі екі бағытта пайдаланылуы тиіс:

а) алдымен — капиталды, содан кейін — еңбекті, содан соң — ғылымды көп керек ететін салаларды дамыту;

ә) шетелдік инвесторлардың қаржыларын экономиканың жеке меншік секторына бағдарлау.

Шетелдік инвесторлардың қызметі мен тартылған инвестициялық қорларды тиімді пайдалануға ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси, институционалдық т.б. жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге осы жағдайлардың жетіспеушіліне, құқықтық негіздердің жиі өзгертілуіне, инвестициялық қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына, экономикалық басқару органдарының тізімі мен құзырының жиі өзгертілуіне, билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына т.б. байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға немесе бекітілген келісім-шарттардан біржақты пайда көздеуге мәжбүр.

Сол себептен, біздің ойымызша, мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей болғаны жөн:

— шетел инвесторларына кепілдік беретін құқықтық, қаржылық, сақтандырушылық т.б. механизмдерді жетілдіру;

— олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілген міндеттемелерін толық орындауын бақылау;

— басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;

— отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлеуметті жоғарылатуға қаржы жұмсауын  ынталандыратын  механизмдерді  әзірлеу және іс жүзінде қолдану;

— басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған аудандардың (қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату, несие беру;

— экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды   және жеке тұлғаларға материалдық-техникалық, қаржы-бюджеттік, салықтық, несиелік т.б қолдау жасау.

Жоғарыда айтылған мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізгі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталады.

Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің құрылымдық саясатын іске асырудың негізін инвестициялық-құрылыс кешені құрайды. Осы кешеннің қазіргі кездегі дамуын талдап-зерттейтін болсақ, онда төмендегідей зандылықтардың қалыптасқанын байқаймыз:

—     мемлекеттік күрделі қаржы көлемінің, әсіресе, өндірістік сфераға  төмендеуі;

—   инфляцияға және бағаның қарқының жіберілуіне байланысты, жалпы күрделі қаржы көлемінде өтелімдік төлемдер үлесінің азаюы;

—     құрылыс  өндірісінің  негізгі  қорларын  ұдайы өндіріп отыруға қаржы жетіспеушілігі салдарынан, олардың тозу деңгейінің жоғарылауы;

—  экономиканы нарықтық қатынастарға бейімдеу реформалары   тыңғылықты зерттеусіз, асығыс жүргізілуі себебінен қаржыландыру көздерін жоғалтып алған құрылыс объектілерінде аяқталмаған өндіріс көлемінің өте жоғары болуы;

—      халық шаруашылығының материалдық, ғылыми-техникалық және технологиялық негіздерін жаңарту үрдісіне шетелдік инвестицияларды тарту мен ынталандырудың нормативтік-құқықтық негіздерінің тұрақсыз және әлсіз болуы.

Жоғарыда айтылған тенденцияларды жою үшін, мемлекеттің қазіргі инвестициялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру үрдісіне жаңа көзқарастар керек.

 Біріншіден, инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымдық өзгерістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыруда болып отыр.

Екіншіден, осы саясатты жүзеге асыру механизмі күрделі қаржы көздерінің жүйесі сан-салалы, өрі кәсіпорындардың өз қаржыларын пайдалануды ынталандыру артықшылықпен жүргізілетінін қамтамасыз ететіндей болып құрылғаны дұрыс. Осындай механизм шетелдік технологиялық инвестицияларды тартуды ынталандыру үшін де қажет.

Үшіншіден, халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек.

Төртіншіден, басыңқы салалар мен өндірістерді қаржыландыру Республиканың экспортық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізілуі тиіс.

Жоғарыда керсетілген шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі тиіс. Осы жоспарлардың құрамында, ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалармен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады.

Осы бағдарламаларды жүзеге асыру — халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі — құрылыс саласының арқасында ғана мүмкін болады. Бұл саланың индустриалдық негізін құрылыс жұмыстарын кешенді түрде жүргізетін құрылыс-монтаж ұйымдары құрайды. Қазіргі кезде бұл саланы басқаруда, меншік түрлерінің өзгеруіне, нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, нарықтық инфрақұрылым институттарын құруға, құрылыс өндірісінің көлемінің өсуін экономикалық ынталандыру тетіктері мен тиісті индикаторлардың енгізілуіне байланысты түпкілікті өзгерістер жүріп жатыр.

Инвестициялық-құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары басқару-ұйымдастыру сипатындағы шараларды жүзеге асырудан басталады. Олардың қатарына төмендегідей шаралар жатады:

—   құрылыс кешенін қаржыландыруды орталықсыздандыру;

— құрылыс  ұйымдарының материалдық-техникалық, қаржылық мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;

— құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер мен оны жүргізуші мердігерлердің өзара байланыстарына әкімшілік араласу шараларын қолдануды жою;

— мердігерлік сауда (тендер) жүйесін қалыптастыру;

— құрылыс өндірісін басқаруды орталықсыздандыру арқылы құрылыс ұйымдарына меншік түрлерін таңдау мен жұмыс түрі бойынша мамандандырылуына толық еркіндік беру./35, 36 б./ Дегенмен, қазіргі кездегі осы саланың дамуын зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жүргізіліп отырған моно-полияны жою, жекешелендіру, саланы реформалау үрістері кедергісіз, ауыртпалықсыз және жан-жақты болмай отыр. Әсіресе, төменгі құрылыс ұйымдары өздерінің материалдық-техникалық базасы, ұйымдық құрылымы, мамандандырылуы, қаржылық мүмкіндіктері жағынан қатты ерекшеленеді. Сол себепті, жоғарыда аталған үрдіс осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс. Кесте 5-те инвестициялық және құрылыс қызметінің соңғы жылдар бойынша негізгі көрсеткіштері берілген.

 

 

Кесте 5- Инвестициялық және құрылыс қызметі

 

Инвестициялық және құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

2001

2002

2003

2004

Қаржы емес активтерге инвестициялар, млн. теңге

соның ішінде:

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

соның ішінде:

Құрылыс-монтаждық жұмыстар

Құрал-жабдықтар, инструменттер, инвентарь

Басқа да капиталдық шығындар

Негізгі қорларды қызметке енгізу

Құрылыс қатарларының келісім бойынша жасалған жұмыс көлемі, млн.теңге

Жалпы білім беру мектептерін, оқу орындарын қызметке енгізу

Мектепке дейінгі мекеме орындары

Емханаларды қызметке енгізу

Амбулаторлы-поликлиникалық мекемелерді қызметке енгізу

 

1158148

 

 

943398

 

251950

 

376832

314616

385356

 

 

253690

 

21889

 

162

248

 

475

 

1307249

 

 

1099986

 

420060

 

350916

329010

411918

 

 

388977

 

12418

 

50

1214

 

2792

 

1472341

 

 

1327864

 

590078

 

358965

378821

600426

 

 

424994

 

25496

 

270

995

 

1473

 

1547652

 

 

1530628

 

683997

 

602524

244107

625027

 

 

490011

 

19249

 

805

 

1863

 

*Қайнар көзі: Краткий статистический справочник Республики Казахстан, 2005г.

 

Құрылыс кешенінің дамуын реформалауда мемлекеттің атқаратын   ролі — ол жоғарыда аталған үрдістердің нормативтік-құқықтық базасын құру. Бұл жұмыс, негізінен, екі бағытта жүргізіледі:

а)  заңдар, жарлықтар, қаулылар мен басқа да құқықтық актілерді қабылдау. Олар құрылыс өндірісіңде шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын реттейді, ойын тәртібін бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік, экономикалық санкцияларды анықтайды;

ә) экономикалық индикаторлар құрамын, мемлекеттік реттеу механизмдерін (салық және несие мөлшерлемесінің деңгейін, бағаны т.б.) белгілеу;

Сонымен қатар, мемлекет республиканың ішкі құрылыс нарығын қорғау шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарына шетелдік фирмалармен қатар, Қазақстандық құрылыс-монтаж ұйымдарының (мердігерлердің) міндетті түрде қатысуымен өткізілетін құрылыс тендерлерін жүйелі түрде ұйымдастыру, жекелеген құрылыс материалдарын экспорттау-импорттау барысында лицензиялық, кедендік реттеулерді қолдану, республика аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде шетелдік фирмалармен жасалған келісімдердің міндетті шарты ретінде Қазақстандық мамандандырылған жұмысшы кадрларды пайдалануды белгілеу т.б. шаралар жатады.

Құрылыстық сауда-тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары ретінде төмендегілерді атауға болады:

— мердігерлік конкурс пен сауда-тендердің тандап алынған түрі инвестордың инвестициялық-құрылыс қызметіне және мүмкіндіктеріне сай болуы;

— үміткер-мердігерлердің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу нысандарына, қайда орналасқанына қарамастан, оларға тең құқық беру;

—  конкурс барысында ешбір үміткер-мердігерге өзінің монополиялық мүмкіндіктерін пайдалануына жол бермеу;

—   мердігерлік   конкурстың   міндетті   шарттарын орындамағаны үшін үміткерлердің жауапкершілігін қамтамасыз ету, т.б.

Нарық қатынастарының кеңеюі жағдайында инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет тарапыпан құрылатын тендерлік және мемлекеттік сараптау комитеттері де жоғары рөл атқарады. Егер олардың алғашқысы конкурстар мен мердігерлік тендерлерге қатысушылардың ұсыныстарын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін барлық факторларды ескеретін болса, ал мемлекеттік сараптау жүйесі мемлекет үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық ұтымдылық тұрғысынан осы ұсыныстар жобасының үстінен бақылау жүргізеді.

Дегенмен, мемлекеттік сараптаудан өтпеген жобалар бойынша құрылыс жүріп жатқан объектілер саны әлі де көп. Құрылыс жүріп жатқан объектілерде бекітілген жобалық шешімдерді бұзу фактілері де кездеседі. Осы жағдайлар, орталықта жене жергілікгі жерлерде (облыстарда) кәсіпорындарға (фирмаларға) жобалау, құрылыс-монтаждау, архитекторлық-құқықтық бақылау жұмыстарып жүргізуге құқық беретін арнаулы лицензиялау қызметін ұйымдастыруға қажеттілік туғызды.

Сонымен қатар мемлекет венчурлық бизнестің нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру негіздерін қалыптастырады. Венчурлық бизнестің мақсаты — жаңа технологиялар мен венчурлық (тәуекелділік) капитал негізінде өнімнің жаңа түрлерін өндіруді құру мен игеру, негізгі қорларды жеделдетілген өтелім мен жабдықтарды (қондырғыларды) жылдам жаңарту қағидасын жүзеге асыру, шығарылатын өнімнің жоғары бәсекелестігінің арқасында қаржылық табыстарға қол жеткізу болып табылады.

Дегенмен, инвестициялық-құрылыс кешенінде экномиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектісі ретінде макрокөрсеткіштер саналады. Олардың қатарына күрделі қаржы көлемі мен құрылымын (ұдайы өндірістік, технологиялық, салалық, аумақтық), оларды қалыптастыру көздерінің параметрлерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін т.б. жатқызуға болады.

Соңғы кездері күрделі қаржы көлемінде өтелімдік төлемдердің үлесі төмендеуде, себебі оны есептеу базасы әлсіз (негізгі қорлардың тозу деңгейінің жоғарылығы) және де олардың бір бөлігін инфляция «жеп» қойып отыр. Осыған байланысты, үкімет халық шаруашылығы салаларының негізгі қорларының қарапайым және ұдайы өндірілуін қаржыландыруды ұлғайту шараларын іздестіруге мәжбүр болып отыр.  Әрине, бұл істегі ең негізгі бағыт — жеке меншік секторындағы кәсіпорындардың өз қаржыларының рөлін жоғарылату.

Күрделі қаржы көлемін қалыптастыру көздерінде экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларындағы қызмет нәтижесінде және де үй шаруашылығынан тапқан қаржыларының да рөлі жоғарылауы тиіс. Бұл жағдайда, үкімет үшін өндірістік сфера салаларын бюджеттік қаржыландыруда қатал саясат ұстауына мүмкіндік туар еді. Егер мемлекет кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың іскерлік белсенділігін көтеру үшін шаралар қолданатын болса, онда үкімет шешімдері негізінде мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымы әлеуметтік салалар пайдасына өзгертіледі деп күтуге болады. Сондықтан, макродеңгейдегі мемлекеттің реттеушілік рөлі республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын қай бағытта пайдалануды анықтауда айқын байқалады. Ал, егер мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымын қарайтын болсақ, онда, соңғы кездері басыңқы салалардың үлесінің жоғарылағанын көреміз. Сөз отын-энергетикалық және металлургиялық кешендер салалары туралы болып отыр.

Күрделі қаржының аймақтық құрылымын талдауда үш нәрсеге көңіл бөлу қажет — жергілікті бюджеттердің (облыстық, қалалық, аудандық) кірістері мен маңызының жоғарылауы, әлеуметтік-шаруашылық жағынан артта қалған республика облыстары мен аудандарын артықшылықпен дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру және жекелеген аймақтардың табиғи-экономикалық әлеуметін толық пайдалану.

Ғылыми-технологиялық және индустриалдық жағынан жоғары дамыған аймақтарда мемлекет нарықтық инфрақұрылымның дамуын жеделдетуге, шетелдік инвестицияларды тартуға, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің инновациялық қызметін жандандыруға, бірлескен кәсіпорындар құруға жағдай жасауға тырысады.

Табиғи байлығымен және экспорттық әлеуметімен ерекшелінетін аймақтардың дамуына мемлекет алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларды және ақша капиталын тартуды ынталандыру механизмдерін қалыптастыру арқылы реттеушілік әсер етеді. Бұл жерде мемлекет екі мақсатты көздейді:

а)  табиғи-шикізаттық қорларды тереңірек өңдеу мен кешенді игеру;

ә) өңделген өнімнің әлем нарығындағы бәсекелестігін жоғарылату; Ауыл шаруашылығы дамыған аймақтарда, экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің ішінде, алдыңғы қатарда ауылды кіші индустриялаңдыруды ынталандыру шараларының жүйесін енгізу тұрады. Бұл шара ауыл шаруашылығы өндірісінің тауарлылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге жергілікті еңбек ресурстарының жұмыс бастылығы деңгейін жоғарылатады.

Күрделі қаржыны ұтымды пайдалану тұрғысынан, оның технологиялық кұрылымын сипаттайтын көрсеткіштер динамикасын талдау маңызды орын алады. Ол төменде көрсетілген шығындардың көлемдерінің өзара қатынасын есептеу нәтижесінде анықталады:

—  құрылыс-монтаж жұмыстары, олар негізгі қорлардың ынжық бөлімін құрайды;

— жабдықтарды (техника түрлері, технологиялық желілер т.б.) сатып алу және орнату, олар негізгі қорлардың белсенді бөлімін құрайды;

— басқа жұмыс түрлері (жобалау-ізденіс қызметі, қосалқы және уақытша қондырғылардың құрылысын жүргізу т.б,).

Қазақстанда, соңғы 30-35 жылдар аралығында, өндірістік қорлардың белсенді бөлігін құруға жұмсалған шығындардың үлесі өскені  байқалады (37-39%), дегенмен, күрделі қаржының өте үлкен бөлігі (шамамен 50%), аяқталмаған құрылыс көлемінің жоғары болуына байланысты, құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесіне тиеді. Сондықтан, барлық қаржыландыру көздері есебінен құрылған күрделі қаржыны ертеректе басталған құрылыстарды, әсіресе өндірістік маңыздағы, аяқтауға жұмсау, қазіргі кезде күрделі қаржыны орынды пайдалану бағыттарының бірі болып есептеледі.

Күрделі қаржының көлемін, құрылымдық көрсеткіштерін, тиімділік деңгейін нақтылауда баға саясатының алатын орны зор. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде инвестициялық қызмет сферасында мемлекеттік билік органдары тағайындайтын, сондықтан барлық инвесторлар мен құрылыс өндірісіне қатысушылар үшін міндетті болып табылатын тұрақты (тіркелген) бағаларды қолдану шеңбері болғаны жөн. Мемлекет осы бағалар жүйесін қолдану арқылы мемлекеттік күрделі қаржыны ұтымды пайдалануға, өндірістік қуаттар мен әлеуметтік сфера нысандарын іске қосуды жеделдетуге, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған өзінің бақылаушылық функциясын жүзеге асырады.

Ал, реттелмелі бағаларға келсек, оларды ырқына жіберу үрдісі осы бағалардың жоғарғы жене төменгі деңгейін белгілеумен шектеледі. Басқа жағдайларда, нарық заңына сәйкес, мердігерлік жұмыстар бойынша сауда-тендерлерге қатысушылардың бәсекелестігінен, осы жұмыстарға деген сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасынан туындайтын еркін бағалар қолданылады.

Инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет игілігінде қаржылық реттеудің несиелік, салықтық тетіктерінің де бар екенін естен шығармау керек, әсіресе олардың ынталандыру функциясын кеңінен қолдануға көңіл бөлінуі тиіс.

Жоғарыда аталған механизмдердің барлығын бір мақсатқа қол жеткізуге жұмылдырып, өзара байланыстырып отыратын, инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын мемлекеттік реттеудің ең басты, негізгі механизмі ретінде жоспарлауды айтуға болады.

Нарық жағдайында орталық жалпы экономикалық мемлекеттік басқару органдарының осы кешеннің тиімді дамуын қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері төмендегілер болып саналады:

— ұзақ және қысқа мерзімдерге инвестициялық-құрылымдық  саясатты  қалыптастыру жөнінде тиісті басқару органдарына ұсыныстарды әзірлеу;

— кешенді бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;

— күрделі қаржының жалпы көлемі мен құрылымын және мемлекеттік инвестициялардың көлемін анықтау;

— мемлекеттік және муниципалдық маңызы бар объектілердің тізімін қалыптастыру және олардың инвестициялық-құрылыс қызметін көрсетуші субъектілердің арасына конкурстық негізгі орналастыру;

— инвестициялық қызметті реттеу;

— республика және оның аймақтары бойынша инвестициялық қызметтің ағымдағы жағдайың және нәтижелерін талдау.

Жоғарыда жазылған жайттар инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын жоспарлауға жалпы методологиялық көзқарастар, сонымен қатар, күрделі құрылыс саласының негізгі көрсеткіштерін нақтылау әдістемесін де білген жөн. Күрделі құрылыстың өндірістік қызметін сипаттаушы негізгі көрсеткіштер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1) күрделі қаржы және мердігерлік жұмыстар көлемдері;

2) өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу;

3) дайын құрылыс өнімі (құрылыс-монтаж ұйымдары үшін);

Өндірістік бағдарламаны негіздеу үшін, жоғарыда аталған көрсеткіштерден басқа, аяқталмаған құрылыс көлемі, сыбағалы күрделі қаржы және оның тиімділігі, т.б. көрсеткіштер қолданылады.

Күрделі құрылыс жоспарының жобасын әзірлеуде, алдымен барлық қаржыландыру көздері бойынша жұмсалатын күрделі қаржының жалпы көлемі (салалар мен облыстар бойынша бөлінген) анықталады. Басқа көрсеткіштердің деңгейін анықтау үшін баланстық және техникалық-экономикалық есептеулер әдістері қолданылады. Олардың негізгілері болып төмендегілер саналады:

— негізгі қорлар, қондырғылар, өндірістік қуаттар және күрделі қаржы баланстары;

— жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалык қайта жарақтандыру, реконструкциялау және кеңейту жоспарлары;

— құрылыс   материалдарының   негізгі   түрлерінің баланстары;

— күрделі қаржының технологиялық құрылымының есептері;

— сыбағалы күрделі қаржы нормативтері және басқа да нормативтер;

— кәсіпорындар мен ғимараттар құрылысының ұзақтығы мен заделінің нормалары (мөлшерлері)./36, 16 б./

Күрделі қаржы көлемі мен оны пайдалану бағыттарына бөлу жоспары өнім және қызмет көлемінің жоспарлы өсуін қамтамасыз ету кажеттіліктеріне сәйкес жасалады. Материалдық өндіріс салаларын дамытуға жұмсалатын күрделі қаржыларға жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңа кәсіпорындар мен объектілерді салуға кететін шығындар жатады.

Жоспарда көзделген күрделі қаржы көлемі, материалдық өндіріс салалары бойынша, төмеңдегілерді қамтамасыз етуі тиіс:

а) жұмыс істеп тұрған, жалпы мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындарды қолдау;

е) жаңа қуаттар мен объектілерді іске қосу;

б) жоспарлы кезеңнің аяғында нормативті құрылыс заделін құру;

в) құрылыс сметасына енгізілмеген машиналар мен қондырғыларды сатып алу.

Егер, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар оларды қайта техникалық жарақтандыру мен реконструкциялау шараларын жүзеге асырғанда да берілген өнім түрі бойынша жоспарда көрсетілген өсім көлемін өндіруді қамтамасыз ете алмаса және қаржыландыру көздері анықталса, сонда ғана жаңа кәсіпорын салуға қаржы бөлінуі тиіс. Ол үшін өнімнің өсім көлемінің және іске қосылатын қуаттардың бірліктеріне жұмсалатын сыбағалық күрделі қаржы, жұмыс істеп тұрған қуаттарды қолдау, қор қайтарымы сияқты көрсеткіштер мен нормативтер қолданылады. Жоспарлы кезеңге арналған сыбағалық күрделі қаржы нормативтері болмаған жағдайда, күрделі қаржыға қажеттілік көлемі экстраполитивтік әдіспен есептелуі мүмкін, яғни осы   көрсеткіштің өткен мерзімдерде қалыптасқан нақты және күтулі көлемі негізінде (ішкі салалық құрылымның өзгеруін ескере отырып). Сонымен қатар, күрделі қаржының қажеттілік көлемін қор қайтару немесе қор сыйымдылығы көрсеткіштері негізінде, оларға жоспарлы кезеңде әсер ететін факторларды ескере отырып, ірілей есептеуге де болады.

Күрделі қаржыға жалпы қажеттілік өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы объектілер бойынша жұмсалынатын күрделі қаржылардың қосындысы ретінде анықталады.

Күрделі қаржының технологиялық құрылымын жоспарлауда есептелетін құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мердігерлік құрылыс жұмыстары жоспарын дайындауға негіз болып табылады. Қондырғылар мен басқа да белсеңді қорларға күрделі қаржы бөлу — күрделі құрылысты машина жасау салаларын өңдіріс жоспарларымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жаңадан басталатын құрылыстар бойынша күрделі қаржының технологиялық құрылымын есептеуде жобалық-сметалық құжаттар, техникалық-экономикалық негіздеулер қолданылады.

Макродеңгейде құрылыс кешенінің екінші маңызды көрсеткіші ретінде өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу көлемін айтуға болады. Ол құрылыс өндірісінің ақырғы нәтижесін көрсетеді. Жоспарлы кезеңде өндіріс қуаттарының қажетті іске қосу көлемі өндіріс қуаттарының жоспарлық балансы негізінде есептелінеді.

Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды іске қосу жоспары құндық және натуралдық өлшемде жасалынады. Негізгі қорларды іске қосу жөнінде тапсырыстар көлемі іске қосылатын объектілерін (кәсіпорын, цех т.б.) сметалық құны негізінде анықталынады. Негізгі қорлардың құнын ұлғайтпайтын шығыңдар негізгі қорларды іске қосу жоспарына енгізілмейді.

Толық қалпына келтіру құны бойынша негізгі қорлардың балансының да маңызы зор. Осы баланстың мәліметтері бойынша өңдірістік қорлардың орташа жылдық мөлшері анықталады. Мемлекеттік тұрғыдан қарағанда, берілген күрделі қаржы көлемі өндірістік қорлардың белгілі өсім көлемін қамтамасыз етуі тиіс және соған сәйкес, аяқталмаған құрылыс көлемін шектейді. Негізгі өндірістік қорлар динамикасын өнім өндіру динамикасымен салыстыру — оларды пайдалану тиімділігін талдау үшін де қажет. Сонымен қатар,  күрделі қаржы балансының да маңызы зор.

Қаржыны ыдыратып алмау үшін, объектілердің дайындық деңгейі бойынша күрделі қаржының құрылымын дұрыс белгілеу қажет. Күрделі құрылыстың аяқталуы өндірістік қуаттарды дер кезінде іске қосуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, күрделі қаржы балансын талдау, аяқталмаған құрылыс объектілерінің дайындық деңгейін анықтауды талап етеді. Кейбір жағдайларда, қаржылардың шашылу деңгейі жоғарылауына қарамастан, аяқталмаған құрылыс көлемінің қысқаруы байқалады. Ал, кейбір жағдайларда аяқталмаған құрылыс көлемінің үлғаюы заделдің ұлғаюымен байланысты болмайды, ол жұмыс істеп тұрған, бірақ әр түрлі кемшіліктерге байланысты тапсырыс беруші қабылдамаған объектілердің есебінен қалыптасуы мүмкін. Титулдық тізімдер күрделі қаржы мен аяқталмаған құрылыс көлемдерінің қатынасын анықтау ғана емес, сонымен бірге, задел құрамы мен оның дайындық деңгейін талдауға да мүмкіндік береді.

Инвестициялық-құрылыс кешенін ұйымдастыру мен экономикалық басқару механизмдерін жетілдіру, түптеп келгенде, инвестициялық қызмет пен құрылыс өндірісінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, осы кешеннің тиімділігін есептеу әдістемесіне қысқаша тоқталып өтейік.

Күрделі қаржының тиімділігін есептеу халық шаруашылығы, оның салалары, жекелеген ведомстволар, шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындар және құрылыс объектілері бойынша жүргізіледі.

Стратегиялық жоспарлау шеңберінде бұл есептеулер халық шаруашылығының, оның салаларының даму болжамдарына, ұзақ мерзімдік кешенді салааралық бағдарламаларға негізделуі тиіс. Олар, кешенді мақсатты бағдарламалар әзірлеген кезде және өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру жөнінде жекелеген техникалық-экономикалық нақтылаулар жасалғанда да жүргізіледі. Мақсатты кешенді бағдарламалар, жекелеген жобаланушы (құрылысы жүргізілуші) кәсіпорындар объектілер бойынша — жобалық жылдық өнім шығару құны мен жылдық өнім шығарудың өзіндік құнының (С) айырмасының құрылыстың (объектінің) сметалық құнына немесе сол шараны жүзеге асыруға жұмсалған шығындар көлеміне (К) қатынасы ретінде.

Күрделі қаржының тиімділігін сипаттайтын және бір көрсеткіш ретінде, жұмсалған күрделі қаржы көлемінің табыстың өсіміне немесе өзіндік құнның төмендеуі салдарынан алынған үнемге қатысы бойынша есептелетін күрделі қаржының өтелу мерзімі (Т) көрсеткішін атауға болады:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Жоғарыда көрсетілген есептеулерде, күрделі қаржының тиімділігіне төмендегі факторлардың әсер ететінін ескеру қажет:

— өнімнің еңбек шығындылығы, қор шығындылығы мен материал шығындылығының өзгеруі жене тиісті қорларының үнемделуі;

— күрделі қаржының салалық, ұдайы өндірістік, технологиялық құрылымындағы қозғалыстар;

—   құрылыстың сметалық құнының өзгеруі;

—  құрылыс жүргізу мерзімі мен жобалық іске қосылатын қуаттарды игеру мерзімінің қысқаруы;

— өнімнің сапасының жоғарылауы.

Кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру, құрылысты жүргізу вариантын және құрылыс жобаларының тиімдісін тандау үшін күрделі қаржының салыстырмалы экономикалық тиімділігі көрсеткішін есептейді. Бұл көрсеткіштің негізіне келтірілген шығындардың минимумы алынған. Әр вариант бойынша келтірілген шығындар салыстырмалы тиімділік нормативіне (Ен = 0,12) сәйкес бірыңғай жылдық мөлшерге келтірілген ағымдағы шығындар (өзіндік құн) (С) мен күрделі қаржының (К) қосындысы арқылы аңықталады.

Күрделі қаржының көлемдік-құрылымдық көрсеткіштерін анықтау және экономикалық тиімділігін нақтылау үшін жүргізілген есептеулер нәтижесінде жоспарлы кезенде олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін, жалпы өндіріс тиімділігін арттыратын шешімдер табылуы тиіс./37, 33 б./ Жалпы алғанда, инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуының тиімділігі әрқашан орталық басқару органдарының назарында болуы керек, өйткені ұлттық табысты бөлу, қайта бөлу мәселелерін дұрыс шешу, көбінесе осы көрсеткіштің деңгейіне байланысты.

 

2.3 Қазақстан Республикасының инвестицияларының даму перспективалары

 

 

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, катаң орталықтандырылған қайнар көзге  КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі, ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.

Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға емес, аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның   негізгі   бөлігі   өндірістік   салаға   бағытталынды. Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды, бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес. Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. /38, 54 б./

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы» Заң (1991 ж.); «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже» (1993 ж.); «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992 ж.); «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996 ж.); «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР-ның Заңы (наурыз 1997 ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады, жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикаға инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бірқатар негізгі кемшіліктерін анықтады. Олар мыналар: шетел инвесторларымен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы; несиелер бөлу, әсіресе, алғашқы кезеңде, оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамасыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу; Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; шетел несиелерін беру мен олардың мақсатты қолдануын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтың инфрақұрылымның жетілмегендігі; нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлердің жетіспеушілігі./39, 16 б./

Инфрақұрылымға салынған капиталдағы инвестицияның экономикалық өсуі мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді. Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық ресурстардың 70%-зы өндірістік инфрақұрлымның кәсіпорындары мен объектілерін қолдауға бағытталады. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталынады.

2003 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің, агроөнеркәсіптік кешеннің өндеуші салаларының, машина жасаудың құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.

Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

  1. Жоспарлау;
  2. Бағдарламалау;
  3. Бюджетті дайындау;
  4. Орындау.

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты нашар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі неғізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат — жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:

—  бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;

— инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.

Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелердің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң (28 ақпан 1997 ж.) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі — инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

—  инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

—   жеңілдіктер   мен   артықшылықтар   жүйесін   белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы  жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

— Қазакстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты — экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

—  жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;

— жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

—  отандық тауар өндірушілерді мемлекетік қолдау мен ынталандыру;

—  экспортқа бейімделген және  импортты  алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

—  ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

—  менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;

—  жаңа жұмыс орындарын құру;

—  жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

—  өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

—  қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудын шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР-ның берген кепілдері, сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол: ҚР-на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру; инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңды дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдың сәуір айының 5 жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасының басым секторларының тізімі жөнінде Жарлық шығарды. Бұл секторларға жататындар:

— өндірістік  инфрақұрылым.   (жолдар,   көлік,   көпірлер, электр  және  жылу  станциялары,  телебайланыс  топтары);

— өндеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды, өндіріс құралдарын өндіру);

—  Астана қаласының объектілері;

— тұрғын үй,  әлеуметтік сала мен туризм  объектілері (денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, туризм объектісі);

—  ауыл шаруашылығы;

Негізгі капиталға инвестициялар 10%-ға өсті. 2004 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 320.1 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың қаңтар-қыркүйегіменсалыстырғанда 10%-ға өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымында өнеркәсіп (52.7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (16.4%), көлік және байланыс (16.2%) ең басым салалар болып қалып отыр.

Қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік құрылымында көлемнің жартысынан астамын (50.7%) Республиканың батыс өңірлерінің кәсіпорындары (Атырау облысы – 29.7%, Ақтөбе – 9.0%, Батыс-Қазақстан – 6.5%, Маңғыстау – 5.5%) игерді. Алматы мен Астана қалаларының үлесі 13%-ға жуық. Кесте 6-да 2004 жылдың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі экономика салалары бойынша көрсетілген. Ал аймақ бойынша негізгі капиталға инвестицияларды игеру және қаржыландыру қайнар көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар А және Б   қосымшаларында көрсетілген.

 

Кесте 6 — 2004 жылғы қаңтар-қыркүйектегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі экономика салалары бойынша

 

 

2004 жылғы қаң-тар-қыркүйек

Анықтама: 2003 ж.қаңтар-қыркүй-ек

млн. теңге

2003 ж. қаңтар-қыркүй-екке %-бен

млн. теңге

2002 ж. қаңтар-қыркүй-екке %-бен

Барлығы

   соның ішінде

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

Балық аулау, балық өсіру

Өнеркәсіп

   кен өндіру өнеркәсібі

   өңдеу өнеркәсібі

   электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу

Құрылыс

Сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды, және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

Көлік және байланыс

Қаржы қызметі

Жылжымайтын мүлік пен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға  қызмет көрсету

Мемлекеттік басқару

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету

Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету

920125

 

 

20405

0.5

484646

370819

82650

 

31177

11488

 

 

20557

4196

149550

2002

 

 

150726

26447

14837

 

8894

 

26377

110.0

 

 

203.7

97.5

92.7

125.1

 

99.9

105.3

 

 

144.6

125.4

96.1

26.6

 

 

236.7

102.0

97.4

 

88.6

 

112.6

729621

 

 

8998

13

433565

349082

57765

 

26718

9468

 

 

12471

2834

135769

6329

 

 

55236

22683

13466

 

8430

 

20359

110.1

 

 

104.8

94.8

91.6

99.0

 

148.1

94.9

 

 

104.5

106.9

195.1

136.4

 

 

151.4

133.5

133.5

 

90.8

 

90.3

 

*Қайнар көзі: Статистикалық баспасөз бюллютені, №4, Алматы-2004

 

Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген, ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.  Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары. Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі — шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады. Әрине кез келген стратегияның құндылығы түпкі ойында емес, сәтті жүзеге асырылуында. Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбінде шетел инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторларға саяси кепілдер беруді болжайды. Өкінішке орай, жақын болашақта ішкі ресурстарға сенуге болмайды.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады. Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет. Бұл қағидалар:

  • экономикалық мақсатқа сәйкестілік — ол сол немесе басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар   шарттарының   тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады;
  • әлеуметтік экономикалық тиімділік;
  • кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл кағида: шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділіп, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмыс бастылығын арттыруды пайымдайды;
  • экономикалық-экологиялық қауіпсіздік;  
  • егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен   пайдалануға,   қоршаған   ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мумкіндік бермеуі тию. Бұл қағиданы қолдану   ұлттық   ресурстардың   жекелеген   түрлерше (мысалы, жер) шетел капиталының еркін кіруін шектеу  қажет;
  • шетел инвестицияларын    тарту    барысында өзара тиімділік қағидасы;
  • бірде бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне  пайдасыз  болатын  серіктестікке  кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;
  • экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан кұрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сондықтан Республикада 2003 жылға дейінгі кезеңге тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды өндірістердің тізімі бекітілген. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының,   фирмаларының инвестицияларына  олардың   экономикалық   жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орыны, экономиканың нақты  сфералары  мен  салаларындағы  жетекші  жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс:
  • Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі:
  • осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын,  кәсіпорындарын  жеткілікті   хабарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;
  • ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерікшеліктері бар;
  • экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді./40, 25 б./

Аталған   қағидалар   инвестиция   тартуды   басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын  жалпы алғанда және өтпелі  кезеңде  реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын  реконструкциялау,  құрылымын  өзгерту,   жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар елде бұл процесті басқару барысында онын дамуының стратегиясын анықтаушы және тартымды күші бар бірқатар глобальды факторларды ескеру қажет. Мұнда ең бірінші, республиканың қуатты потенциалы туралы сөз болуы тиіс. Біздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. Осы салаларды дамыту мен оларды басқарудың тиімділігін арттыру мемлекеттің ерекше назар аударуын талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын минералды шикізаттың потенциалды құндылығы — 8,7 триллион долларға бағаланады. Минералды шикізат кешеніндегі реформалауға сәйкес зандар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу қағидаларының негізінде жүргізіледі.

Келесі фактор, Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің қуатты әлеуметінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына экспорттау мүмкіндіктері болып табылады.

Үшіншіден, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясының басымдылықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай құбырларын, магистралды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминалдары, әуежайлар құрылысы. Басқаша айтқанда — бұл дамыған байланыс торабын құру.

Төртіншіден, адам ресурстарына капитал салу. Қазақстанның тұрғын халқының білім алу деңгейінің жетіктігі әрқашан оның интеллектуалдық әлеуметінің айрықша белгісі болатын. Бұл фактор республиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуметін қалыптастыру мен жеке тұлғаны дамытуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді инвестициялар болып табылатындығы бұрыннан есептеліп келуде. Инвестициялық қызметті басқаруда жоғарыда келтірілген қағидаларды тиімді және саналы қолдану, сондай-ақ, елдің потенциалды мүмкіндіктерін барынша ескеру, шетелдік және отандық инвестициялар үшін де қолайлы, тартымды атмосфера жасайды. Қосымша В-де негізгі капиталға сала бойынша инвестицияларды тарту көрсетілген.

Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары. Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

— экпорттық несиелер;

— инвестициялық және тауарлық;

— дамуға ресми көмек;

— қаржылық және техникалық;

— инвестициялар;

— тікелей және портфельдік.

Кредитор (несие беруші) — елден тауарларды  немесе қызметтерді  сатып  алу  шарты  бар  экспорттық  несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие — дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

Дамытуға ресми көмек мемлекетке үкімет аралық деңгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде — әр түрлі салаларда қызмет көрсету, оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

—  тікелей;

—  портфельдік.

Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы-қаражат салу.

Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес; үшіншіден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіруге, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы қатарлы әдістеріне бағытталынады. Соңында олар республика экономикасының әлемдік интеграциясына, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына тікелей ықпалық көрсетеді.

Барлық сфералар мен салаларда қолданатын тікелей инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) болып табылады. Қабылдаушы жақтың табысы өнімнің өз үлесінен, роялтиден (нақты тұрақты төлемдер; марапаттау болып табылады) және шетел серіктесінің табысына салығынан құралады.

Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім бөлінісі («Продакшн-ширинг») атқарады. Бұл нысан экспорттық салалар мен өзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалар мен өндірістерде біршама шектелген, бұл теңгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.

Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу./41, 45 б./ Сондай-ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырлар салу (трубопровод) геологиялық барлау және басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары (өндірісті ағымдық басқару) бола алады.

Бұрын айтылғандай, тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада қабылдануда, бұл олардың көбеюі үшін шынайы мүмкшдіктер береді.

Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялық қарыздар мен несиелер бола алады.

Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының негізі бағыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс, бұл басымдылықтар республикада ресми түрде белгіленген.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру, экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өңдірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану, қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру, өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда — бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге қызметтермен шұғылдануына мүмкіндік беру.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуы тиіс.

Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру, инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету, инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарту.

Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай-ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырлар салу (трубопровод) геологиялық барлау және басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары (өндірісті ағымдық басқару) болдыру болып табылады.

Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру құрамына шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау, жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен, әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдылықтарына сәйкестігін алдын-ала міндетті сарапшылдаудан кейін, жарыс негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру, халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады. Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді.

Экономикалық жағдайдың ауырлығы халық шаруашылығының бірқатар салаларын, ең алдымен қор құрайтын салалар үшін аман қалудың қиын жағдайларын туғызды. Экономикалық тұрғыда аман қалу үшін қазба өнеркәсібі саласы аз шығынды болғандықтан, ішкі де, сыртқы да инвестицияларды тарту үшін өте басымды болды.

Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялармен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.

Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингттің жаңа формаларының жедел түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.

Жұмысты нақты қорытындылай келе, инвестицияға теориялық негіз беретін болсақ, ол экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор. Ал экономикалық мәні жағынан инвестиция – бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындағы экономика саласындағы күрделі салым үлесін өткізу деп атайды.

ҚР-сы инвестициялық іс-әрекетін бағалау мәселелерінен келіп шығатын қысқаша анализ төмендегідей мақсаттарда өз жалғасын табуы тиіс. Ең алдымен аса маңызды ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі — әсіресе экономиканы басқарудың жоғары деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері түсінігіне, инвестициялық қызмет, жүзеге асыру сфераларына қысқаша қорытынды жасап көрелік. Экономикалық инвестиция түсінігіне  анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға  жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, анциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, оны қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.

Экономиканың өнімді өңдеу секторын инвестициялаудың бағыттары көздері басым бағыттары  тәуелсіз даму жолында мынадай сипатқа ие. Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталықтандырылған қайнар көзге КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі, ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2005 18 ақпан.
  2. 2. Арсланова Р. Лившиц В. Принципы оценки инвестиционных проектов в разных системах хозяйствования // Инвестиции в России, 1995, № 1-2. с.54-65
  3. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций. Пер. с англ. — 2-е изд., перераб. и доп. — М: Интерэксперт ИНФРА-М:, 1995. с. 24-31
  4. 4. Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной деятельности предприятий. -М.: Финансы и статистика, 1998. с. 87-95
  5. 5. Идрисов А.Б. Планирование и анализ эффективности инвестиций. М.: с. 45-63
  6. 6. Кочович Е., Финансовая математика: Теория и практика финансово-банковских расчетов. — М.: Финансы и статистика, 1994. с. 25-35
  7. 7. Кузнецова О.А., Лившиц В.Н., Структура капитала. Анализ методов её учёта при оценке    инвестиционных    проектов    // Экономико-математические методы, 1995. Т 31, вып. 4. с. 15-20
  8. 8. Ливсиц И.В., Косов В.В., Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа: Учебн. справ. пособие. — М.: Бек, 1996. с. 78-90
  9. 9. Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. М.: АО «Консалтбанкир», 1993. с. 48-50
  10. 10. Управление проектами., В.Д. Шариро, Л.М. Немчин, С.Е. Никешин. Спб: 2-3, 1996. с. 25-31
  11. 11. Холт Р.Н., Баренс С.Б. Планирование инвестиций. — М.: Дело ЛТД, 1994. с. 78-95
  12. 12. Четыркин Е.М. Методы финансовых и коммерческих расчетов. — М., 1995. с. 54-60
  13. Оспанов М.Т. и др. Иностранный капитал и инвестиции. — Алматы: Факсинформ, 1997. с. 27-165
  14. Хусаинов Б.Д. Прямые  иностранные  инвестиции:   глобальные   и региональные тенденции 90-х годов. // Известия МОН РК, HAH PK. Серия общественных наук, 2001, №3 с. 68-74
  15. 1 Ашимбаев Т.А., Государственное регулирование перехода к рыночным отношениям. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алматы, 1993. №2. с. 63-69
  16. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. – М:, Дашков и К, 2000. с. 89-96
  17. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря. с. 3-5
  18. Деловая неделя. 1997. №12, с. 12-15
  19. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Японии // Российский экономический журнал. 1992. №10. с. 9-14
  20. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Университет «Туран», 1999. с. 22-26
  21. Заявление Кабинета Министров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля. с. 3
  22. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Промышленно-финансовые механизмы регулирования экономики. — Алматы: Экономика, 1998. с. 18-20

23.Казахстан 1991-2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK пo статистике. — Алматы: Экономика, 1998, с. 11-16

24.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы — Алматы: Бастау, 1998. с. 26-29

  1. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предпринимательства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000. с. 68-75
  2. Ливщиц А., Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1. с. 6-9
  3. Лю Гогуань. Регулирование китайской экономики и судьба реформы // Вопросы экономики. 1989. № 10. с. 5-9
  4. Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. — Алматы: Дәуір, 1998. с. 18-21
  5. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы: Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 1998. с. 13-18
  6. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учебное посо-бие / Под.ред. Т.Г. Морозовой и А.В. Пикульша. — М.: ЮНИТИ, 2000, с. 56-69
  7. Қажанбаев С. Инвестицияларға негізгі салалар. Ақиқат, 2000 ж. №6
  8. Рыночная экономика: 200 терминов. М.: Политиздат, 1991. С. 45-50
  9. Сансызбаева Г.Н. Система социальной защиты населения и ее проблемы. — Алматы: Экономика, 1998. С. 54-60

34.Стратегическое планирование / Под.ред.  Э.А. Уткина,- М. ТАНДЕМ, 1998. С. 36-40

  1. Ашимбаев Т.А., Экономика Казахстана на пути к рынку. – Алматы: Казахстан, 1999, С. 168

36.Хамитов Е.Н., Инвестиции в реальный сектор экономики: Про-блемы оценки и развития. — Алматы: Экономика, 2000. С. 33-38

  1. Чабанов С., Австриский путъ к рынку // Социалистический труд. 1999, С. 54-61
  2. Черныш В.Г., Прогнозирование и планирование в условиях рынка. -М., 1999. С. 16-25
  3. Әшімахун А.Н., ел экономикасына инвестиция тартудағы кейбір кедергілер. Саясат 2001 ж. № 6, 25-26 бб.
  4. Иванов И.Л., Рогов С.М., Воспроизводство основных фондов и его инвестиционные источники // Экономист, 2000 г. № 7, С. 20-30
  5. Нурланова Н.К., Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. – Алматы, 1998 г., С. 45-70

Қосымша  А

Инвестиция

 

Аймақ бойынша негізгі капиталға инвестицияны игеру

 

Қаңтар-мамыр 2004 ж.

Қаңтар-мамыр 2004 ж.

2003 қаңтар-мамырға,

%

млн. теңге

Республикалық көлемдегі аймақ үлесі,%

Қазақстан Республикасы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс-Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Батыс-Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Солтүстік-Қазақстан облысы

Оңтүстік-Қазақстан облысы

Астана қаласы

Алматы қаласы

 

391882

2483

33431

13823

128376

11806

4349

 

28869

17471

8312

10359

22965

6605

 

1826

 

6781

49375

45051

 

100.0

0.6

8.5

3.5

32.8

3.0

1.1

 

7.4

4.5

2.1

2.6

5.9

1.7

 

0.5

 

1.7

12.6

11.5

 

109.7

107.2

96.8

127.2

120.3

110.3

164.1

 

64.0

121.6

142.5

60.0

121.0

133.6

 

92.0

 

107.3

182.3

98.6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  Б

 

Қаржыландыру қайнар көзі бойынша негізгі капиталға инвестициялар

 

 

Қаңтар-мамыр 2004 ж. 

млн. теңге

Соның ішінде

Респуб-ликалық бюджет

Жергілік-ті бюджет

Кәсіпорын-ның және ұйымның өзіндік қаражаттары

Шетел

Инвести-циялары

Қазақстан Республикасы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс-Қазақстан обл.

Жамбыл облысы

Батыс-Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Солтүстік-Қазақстан облысы

Оңтүстік-Қазақстан облысы

Астана қаласы

Алматы қаласы

 

 

 

 

 

 

 

391882

2483

33431

13823

128376

 

11806

4349

 

28869

 

17471

8312

 

10359

 

22965

6605

 

1826

 

6781

49375

45051

 

 

 

26129

171

1285

1281

2089

 

566

1221

 

103

 

193

696

 

1363

 

303

296

 

33

 

516

13353

2660

 

 

 

 

 

 

 

8334

126

334

902

854

 

247

192

 

289

 

169

508

 

381

 

237

9

 

80

 

990

2499

517

 

 

237748

2157

26620

11525

51221

 

10938

2936

 

6274

 

13715

7108

 

4533

 

19124

5859

 

1698

 

4685

28075

41010

 

119941

29

5192

115

74212

 

55

 

 

22203

 

3394

 

 

4082

 

3301

441

 

15

 

590

5448

864

 

 

 

Қосымша  В

Негізгі капиталға сала бойынша инвестициялар

 

 

2000

2001

2003

Мұнай шығару өндірісі

Б

45.8

143.4

275.4

В

33.2

65.3

71.4

Темір рудаларын шығару

Б

4367

1696

6219

В

3.2

0.7

1.6

Түрлі-түсті рудаларды шығару

Б

9350

4641

5724

В

6.8

2.1

1.5

Мұнайды қайта өңдей өнеркәсібі

Б

1612

536

4775

В

1.2

0.2

1.2

Химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсібі

Б

560

1855

3901

В

0.4

0.8

1.0

Жеңіл өнеркәсібі

Б

48

963

410

В

0.0

0.4

0.1

Тамақ өнеркәсібі

Б

4730

10368

11733

В

3.4

4.8

3.0

Құрылыс

Б

2089

277

1806

В

1.5

0.1

0.5

Қара металлургия

Б

4367

3238

2666

В

3.2

1.5

2.0

Түсті металлургия

Б

9350

19570

29535

В

6.8

8.9

7.7

Машинақұрылысы

Б

389

2400

2950

В

0.3

1.1

0.8

Электр қуатты, газды, суды өндіру және бөліп тарату

Б

5613

19526

17505

В

4.1

8.9

4.5

Б — негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

В — %-дағы негізгі капиталға инвестициялар өндірістің негізгі капиталына

      салынатын инвестицияларға ара-қатынасы

 

Қосымша  Г

 

Инвестиция түрлері

 

Территориялық иелігіне байланысты

 

—         Халықаралық;

—         Ұлттық;

 

Меншік формаларына байланысты

 

—         Мемлекеттік;

—         Жеке (корпоративтік, индивидуалдық);

 

Капитал қосымшасының саласы

 

—         Нақты;

—         Қаржылық;

—         Материалды емес активтер;

 

 

Капитал формалары

 

—         Физикалық;

—         Ақшалай;

 

Мерзіміне байланысты салымдар

 

—         Қысқа мерзімді;

—         Орта мерзімді;

—         Ұзақ мерзімді;

Мақсатына байланысты салымдар

 

—         Тікелей;

—         Портфельдік;

 

Функционалдық формасына және пайдалану сипатына

 

—         Кәсіпкерлігіне байланысты;

—         Ссудалығына байланысты;