«ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………3
І-тарау. Дене тәрбиесінің ЖОО-да дамуы
1.1. Жоғары оқу орындарында оқу пәні және ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы……………………………………………………………………………………………………5
1.2. Дене тәрбиесі ЖОО-дағы оқу – тәрбие процесіннің бір бөлігі ретінде………………………………………………………………………………………………………….11
ІІ-тарау. Ғылыми — зерттеу жұмыстарының әдістемесі мен ұйымдастырылуы
2.1. Ғылыми зерттеу кезеңдері мен ұйымдастырылуы……………………………………20
2.2. Зерттеу әдістері………………………………………………………………………………………21
2.3. Ғылыми жұмыс түрлері………………………………………………………………………….26
2.4. Оқу жаттықтыру процесін материалды-техникалық жабдықтау………………27
ІІІ-тарау. Педагогика ғылымы
3.1. Педагогика ғылымы туралы жалпы түсінік……………………………………………..31
3.2. Педагогика ғылымының міндеттері………………………………………………………..32
3.3. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері………………………………………………..34
3.4. Педагогика тарихына қысқаша шолу………………………………………………………35
3.5. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің дамуы……………………………………38
3.6. Қазақстанда жоғары педагогиқалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы…………………………………………………………………………………………………………..41
3.7. Педагогика ғылымының қоғамдағы әлеуметтік ролі………………………………..51
3.8. Жоғары мектеп педагогикасы…………………………………………………………………55
Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..57
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………………………………58
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесі оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО-ның жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1929 жылдан бастап енгізілді. Осы бір ұйымдастырылуы жағыннан күрделі пәнді бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамту сол кезден қолға алынды.Оның құрылымы мен мазмұны тек 1937 жылы барлық жоғары орындары үшін біріңғай оқу бағдарламасы мен белгіленді. Алайда, Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі Жапониямен соғыс оның қалыптасуы мен дамуын ұзақ уақытқа кідіртті, тек жеңістен кейін ғана жалғасын тапты.
Дене тәрбиесі бойынша соғыстан кейінгі алғашқы оқу бағдарламасы 1951жылы дайындалып, қабылданды, бірақ ЖОО-ның ерекшелігі мен әртүрлі мамандануына сәйкес негізгі қолдануға ие бола алмайды.Одан кейін 1955,1963,1957 жылдарда «Жоғары оқу орындарындағы студенттер дене тәрбиесін ұйымдастыру – педагогикалық негіздері»тақырыбынағы кандидаттық диссертацияда талдау жасалынды.
Оқу процесінің ұйымдастыру-әдістемелік негіздері, әсіресе,одақтас республикалардың жоғары білім беру министрліктерінде, соның ішінде Қазақстанда да 1959 жылы әскери және дене дайындығы бөлімдері құрылғаннан кейін қалыптасып, дамуда. Қазақстанда дене тәрбиесінен басқа жоғары оқу орындарында шеберлігі жоғарғы спортшылардың көпшілігін дайындауға септігін тигізген Республикалық студенттер ойндары дәстүрге айналып, кең қанат жая бастады. Олардың көпшілігі Дүниежүзілік универсиадалардың, Бүкілодақтық студенттер ойындарының және КСРО Халықтары Спартакиадасынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Мұның барі оқытушы-профессорлар құрамы мен ЖОО басшыларының дене тәртиесін мойындап, оны дамытуға ұмтылысын көрсетті. Осындай психологиялық-педагогикалық процесс оңайлықпен келген жоқ. Өкінішке қарай, бірқатар себептерге байланысты сонғы жылдары жағымсыз реңге ие болды, бұл туралы алдағы тарауларда айтылады.
ЖОО-ғы дене тәрбиесінің дамуы мен жетілуінде, өзінің беттерінде әдістемелік және ғылыми мазмұндағы проблемалық мақалардың көптеген сандары жариялаған негізгі ғылыми-теориялық журнал – «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасының» орны бөлек.
Журнал беттерінде, белсенді авторлар мен теоретиктердің бірі М.Я.Виленский жоғарғы оқу орындары студентері дене тәрбиесінің ғылыми-әдістемелік тұрғыда қалыптасуы мен дамуын кезең-кезеңімен көрсетеді.Соғыстан кейінгі кезеңнің бірінші сатысында дене тәрбиесі шапшаң қарқынмен дамыды, бүкілодақтық деп аталатын ғылыми-әдістемелік жиындар мен конференциялар өткізіле бастады.
Зерттелу деңгейі. Бұрынғы КСРО-ның жоғарғы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі процесінің мазмұны мен оны жетілдіру, көп жылдар бойы, дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің нормалық негізі ретінде ГПГО кешенімен анықталды. Дегенмен де, жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері де студент жастарды кешенді түрде тәрбиелеуді негіздеу жөнінде ізденістер жүргізуді, бұның барлығы «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы» жұрналында, аймақтық Бүкілодақтық ғылыми-практикалық Бүкілодақтық лар мен семинарларда оқтын-оқтын көрініс тапты.
Дене тәрбиесі мәселесі бойынша өткізілген Бүкілодақтық конференция 28,2 %-і оқу процесін жетілдіру, 23 %-і оны дәрігерлік тұрғыдан негіздеу, 15,4%-і кәсіби қолданбалы дене дайындығы, 17,9 % студенттердің спорттық шеберлігі мәселелеріне, ұсынылған баяндамалардың 52 %-і сол кездегі кезеңнен танымал ГТО кешеннің нормативтерін орындауға студенттерді дайындаудың ұйымдастыру — әдістемелік негіздеріне арналған екен.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Кейбір жоғарғы оқу орындарында (Ленинград, Мәскеу, Қазақ Мемлекеттік Университеті мен басқада жоғарғы оқу орындарыда) студенттердің дене тәрбиесі жөніндегі зертханалары мен әдістемелік кабинеттері ашыла бастады. Мұның өзі оқытушылар құрамынның ғылыми-зерттеу жұмыстарына септігін тигізді.
Осы оқулықтың авторлары, дене тәрбие қозғалысының мамандары ретінде, Қазақстан Республикасының және бұрынғы Қазақ КСР-нің жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі бойынша проблемалық зертханалардың бірде-бірінің құрылмағандығын, нашар жарақтандырылған әдістемелік кабинеттердің өз жұмысын тоқтатқандығына амалсыз өкініш білдіреді. Шамасы,бұл ретте басты себеп осы бір ерекше педагогикалық процестің ғылыми негізделуінің әлсіздігі болар. Республиканың ЖОО-да бірнеше кандидаттық диссертация дайындалады, дене тәрбиесі кафедраларының ғылыми мүмкіндігі өте төмен. Мұның басты себебі дене тәрбиесі оқу бағдарламаларының теориялық тарауының жеткіліксізділігі, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоқтың қасы, оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстардың саны өте аз.
Зертету объектісі. КСРО Жоғары және орта білім министрлігінің әскери және дене тәрбиесі дайындығы бөлімінің басшылығымен елдің түрлі аймақтарындаға ЖОО жетекші мамандарының күш жұмсауы дене тәрбиесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтуға себепші болады. Көп жылғы ізденістердан кейін дене тәрбиесі бойынша оқу және әдістемелік құралдар, бағдарламалық және сабақтар тыс процестердің түрліше аспектілерінен ұсыныстар мен тапсырмалар шыға бастады. Олал оқу пәнінің түрлері мен құрамдарының әр түрлі екендігін көрсетеді және оқу процесінің тиімділігін арттыруды іздестіруге, дене тәрбиесі және спортпен сабақтан тыс шұғылдану мен оның әдістеріне, ГТО кешенінің нормативтерін студенттердің меңгеруі мен оны тапсыруға дайындалу әдістеріне арналған. Бұл ретте денсаулық жағдайы мен дене дамуында ауытқушылығы бар және спорт секциялары мен спорттық жетілу оқу бөлімдерінде шұғылданатын студентердің оқу процесін ұйымдастыруға жоғарылаған талап қойылады.
М.Я.Виленскийдің көптеген жарияланымдарының арасынан ең елеулісі, біздің көзқарасымыз бойынша «Жоғары мектепке оқыту процесін ғылыми негізде ұйымдастырудағы дене тәрбиесі», «Пепагогикалық мамандықтардағы студенттердің дене тәрбиесінің кәсіби бағыттары».
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.
І-тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖОО-ДА ДАМУЫ
- Жоғары оқу орындарында оқу пәні және ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы
Студенттер дене тәрбиесінің маңызды бөлімі кәсіби-қолданбалы дене дайындығы екендігі белгілі. Оның ғылыми-теориялық негізін салушы Мәскеудің жерге орналастыру институтының кафедра менгерушісі В.И.Ильинич. 1967 жылдың өзінде В.И.Ильинич бұрынғы КСРО-ның Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі ЖОО дене тәрбиесі кафедраларының менгерушісілерімен бірігіп, «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» атты алғашқы әдістемелік құралды дайындап, баспадан шығарды, кейін 1970 жылдың өзінде В.И.Ильинич және А.Е.Козлов « Кырғызстанның ауыл шаруашылық оқу орындары студенттері мен оқушылардың кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» жұмысын жариялады.Екі жұмыста кейіннен жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы (КҚДД) жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарды.ЖОО студенттері КҚДД-ның негізін салушы дене тәрбиесінің қаралып отырған бағыттардың теориялық бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми негіздері бойынша көптеген проблемалық мақалаларды жариялап,оны қазіргі уақытта жоғарғы білім беру мен дене тәрбиесі мамандарының үлкен сұранысына ие болып отырған «ЖОО Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» оқу құралы (1978ж.) ретінде ұсынды.
Одақта ЖОО Студенттердің дене тәрбиесі бойынша алғашқы докторлық диссертация дәл КҚДД-ға арналып, «Жоғары оқу орындарында халық шаруашылығы мамандарын даярлаудың (елдің ауылшарушылық ЖОО үлгісінде) кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» тақырыбында В.И.Ильинич қорғады.
«Техникалық ЖОО студенттердің кәсіби-қолданбалы ЖОО дайындығы» оқу құралын жазған Р.Т.Раевский техникалық ЖОО Студенттердің КҚДД-ны негіздеуге үлкен үлес қосты. Аталған авторлар елдің әртүрлі ЖОО-ның дене тәрбиесі оқытушылардың осы мәселе бойынша ғылыми ізденуіне көмектесті.Олардың бірі өз істерін оқушылардың күн режіміндегі дене шынықтыру – сауықтыру шараларын ұйымдастырылып, өткізуге бейім болашақ пен мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық дайындығын іздестіруге арнаса, екіншілері әртүрлі мамандықтар үшін қажетті дене қасиеттерін, қозғалыс дағдылларын, арнайы білім мен дағдыларды дамытуға себепші болатын дене жаттығуларын іздестіруді жалғастырды.
Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығын алғашқы диссертациялық зерттеулер дене тәрбиесінің көлемді және көп қырлы функцияларын ашып көрсетті.Мысалы, Ю.П.Бобылев және Д.А.Валеев өз зерттеулерін болашақ сызушылар мен мұнай-газ саласы мамандарының КҚДД-ын эксперименталды негіздеуге арнаған, В.Д.Воронин жаратылыстану-жағрафия факультеті студенттерінің кәсіби дайындық жүйесінде спорттық бағдарлауды пайдалану жөніндегі негіздерді ұсынады. Гидрометеоролог студенттердің дене тәрбиесінің қолданбалы бағытын эксперименталды негіздеуге И.Л.Гончар өз жүйесін арнады, А.И.Гаралис рдиоэлектроника және автоматика факультетіндегі оқу процесінің кәсіби-қолданбалы бағытына назар аударған, Е.П.Гук болашақ оташы –дәрігерлердің арнайы дане дайындығын ғылыми тұрғыдан негіздеді.
Соңғы 15-20 жыл ішінде болашақ кәсіби қызметке дайындауда дене тәрбиесі ме спорт құралдарын пайдалану жөніндегі ғылыми ізденістер бұрынғыдан гөрі белсенді бола бастады. Мұны Г.Д.Ивановтың зерттеулері дәлелдеп отыр,ол дене тәрбиесінің анықталып отырған сегіз ғылыми бағытының КҚДД-ның 1990жылы бірінші орынға шыққандығын көрсетті. Сондықтан дисертант дене тәбиесінің проблемаларын осы ғылыми бағытта қарауды бастады. Қазақ КСР-інде 1977-1978жылдары аталған автор дайындаған алғашқы «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» мен ЖОО-ы үшін «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы» оқу әдістемелік құралы жұмыстың мазмұны ҚазМУ студенттерінің контингентімен мамандықтарымен топтары үшін негізделген: далалық (биологтар, жағрафия мамандары); физиктер, химиктер математиктер; заң мамандықтары, гуманитарлық (тарихшылар журналистер, филологтар). Кейінгі жылдары Қазақстанда В.И.Ильинич пен З.И.Локтионованың авторлығымен дайындалған «Қазақстан малшыларының кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы», Өскемен жол құрылысы инстутында «Жол құрылысы» мамандығы бойынша тағы да әдістемелік ұсыныстар жарияланды. Аталған оқу орындарының В.И.Ильинич пен З.И.Локтионованың кафедрасының меңгерушісі М.Ф.Жақсылықовтың ұсынысы бойынша Өскеменде 1990жылы «Студенттер мен оқушы жастардың үздіксіз кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы» тақырыбында бірінші рет аймақтық ғылыми — әдістемелік конференция өзкізілді. Оның материалдарында Қазақстанның, Мәскеудің, Ленинградтың, Орскінің Фрунзе мен Ташкенттің ЖОО дене тәрбиесі кафедралары оқытушыларының 56 хабар – жаңалықтары жарияланды. Конференция ЖОО студенттерінің болашақ кәсіби қызметінде дене тәрбиесінің рөлін тағыда атап көрсетті және оны енгізудің төмендегідей көкейкесті және тиімді бағыттарын анықтап берді:
- Мектепке дейінгі тәрбиемен болашақ пән мұғалімдерінің факультеттері студенттерінің кәсіби – педагогикалық.
- Болашақ кәсіби қызметті қоса алғанда, студенттердің дене – психикалық жағынан (дене-психикалық қасиеттерді, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді дамыту).
- Жоғарғы курс студенттерінің дене туралы білімінің жүйесін дайындап, оны өмірге енгізу (дене тәрбиесі және ЕҒНҰ, еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасы ережелері).
- Педагогикалық және өндірістік практиканың құрлымына ҒЗЖ-ы мен СҒЗЖ-на, таңдаған мамандығы бойынша курстың және дипломдық жұмыстардың мазмұнына дене тәрбиесінің пән аралық байланысын енгізіп, жетілдіру.
- Гуманитарлық факультеттердің студенттеріне спорттық терминологиялық білімдердің кейбір көлемі мен дене тәрбиесін насихаттау формаларын баспасөз, теледидар, радио арқылы қалыптастыру.
- ЖОО-ны бітірушілердің өндірістік қызмет орындарында қолданбалы бағыттағы сауықтыру шараларын ұйымдастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
- Келісім-шарт негізінде өндіріске дене шынықтырудағы енгізу (дене жаттығулардың мақсатты-бағыты кешендерін, сауықтыру шараларын дайындап, енгізу, тренажерлерді пайдалану, дене тәрбиесі құралдарының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін анықтау жөніндегі ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру).
Қарап отырған мәселе бойынша Қазақстар Республикасындағы көкейкесті мәселе «мұнайшы-студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы» тақырыбында алғашқы кандидаттық диссертация дайындалып, Қазақ спорт және туризм академиясында ашылған дессертациялық кеңесте қорғалады. Оның авторлары Н.О.Ордабаев көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде, көтеген педагогикалық экспериметтердің негізінде «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау, мұнай және газ кен орындарын дайындау мен пайдалану» мамандықтары бойынша мұнай факультеті студенттерінің КҚДД-ның құрлымы мен мазмұнын дайындап, ғылыми түрде негіздеді. Зерттеулерде мұнайша мамандығындағы студенттердің оқу және болашақ еңбек қызметіне сипаттама берілген және алғаш рет бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдерінің ЖОО-да алғаш рет дене тәрбиесінің сынақ талаптары жалғасып, аталған мамандықтардың біліктілік сипаттамасына енгізілгендігін қуанышпен атап өткен жөн.
Жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесінің қалыптасуымен дамуын талдай отырып, елдің әртүрлі аймақтарында педагогикалық осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жетпісінші жылдардан кейін айтарлықтай жанданғанын , пінді зерттеудің және оның жеке адамды тәрбиелеудегі ролі мен жоғары білімді мамандар дайындаудағы орны кеңейгендігін атап өту керек.
Студенттердіңдене тәрбиесінің ғылыми зерттеу пәні ретінде қарастыру, 1954 жылы мен 1988жылдың арасындағы кезеңде «Дене тәрбиесімен спорт» құрылымда бұл соңғы орында болып, КСРО-да орындалған диссертациялардың жалпы санының 4,04% -ін құрағандығын көрсетті. Жоғарыда айтылып өткендей, студенттер дене тәрбиесінің анықталған сегіз ғылыми бағдарының ішінде КҚДД-бірінші орында, екінші орында – жүйені дәрігерлікбиологиялық тұрғыдан негіздеу (18,1%), үшінші орында- студенттердің жұмыс қабілеттілігі мен оқу-еңбек белсенділігін артыру үшін дене тәрбиесі мен спорт құралдарын пайдалану (14%), студентердің спорттық шеберлігін арттыру мәселесі бойынша зерттеулердің 9,4 %-і орындалған, дене тәрбиесі коммунистік тәрбиеннің құрамдас бөлігі ретінде 9,2% құраған, зерттеулердің небәра 0,6% ғылыми ақпараттарды, оқу-спорт құрал –жабдықтарын дайындап, жетілдіруге бағытталған.
Жалпы одақ деңгейінде 1989жылы Мәскеуде өткен «Студенттердің жеке тұлғасының дене тәрбиесі» тақырыбындағы сонғы конференциялардың бірінде дене тәрбиесінің түрліше аспектілердің қаралды. Атап айтқанда, медицина профессора А.ЧВ.Чоговадзе студенттер денсаулығының қанағаттанғысыз жағдайда екендігін дабыл қағып отыр, ЖОО- да оқыған барлық жолдар ішінде олардың қозғалыс белсенділігін арттыру қажеттігін атап көрсетті.
Жалпы одақ бойынша жалпы одақтық базалық оқу бағдарламасының мақсаттарын, міндеттері мен норматывтік талаптарын нақтылау және қайта қарау қажеттілігін көрсеткен профессорВ.И.Ильинич «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы» журналында проблемалық мақала жариялады.
Дене тәрбиесінің көп жақтылығы, оның студенттердің ақыл-ой қабілетіне дене қасиеттерін дамыту мен дене жұмыс қабілеттілігін қамтамассыз етуге, бос уақытты тиімді пайдалануға, әлеуметтік тұрғыда белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруға жағымды әсеретумен ерекшеленеді.
Кейбір авторлар студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысындағы,оның ішінде жатақханалар мен спорттық-сауықтыру лагері жағдайындағы дене тәрбиесінің рөлінде басымдық беруде. Студенттерді адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған зерттеулер көрініс беруде,кейбір жұмыстарда студенттердің дене тәрбиесіне көзқарасының себептері ашылып, көрсетілген.
Диссертациялық зертеулер тақырыбы сан-саналы және дене тәрбиесі мен студенттер қауымының көптеген мәселелерін қамтиды. Яғни,мысалы Э.А.Адамович Орал орман техникасы студентердің дене тәрбиесі дайындығы проблемасын зерттесе, Н.Н.Баев техникалық ЖОО-ғы дене тәрбиесінің тәрбиелік аспектілерін негіздейді. В.Г.Булате дене тәрбиесін музикалық-ырғақты дайындықтың құралы есебінде қарастырады, Б.М.Гзовский баскетболдың үлгісінде оқу процесіне спорттық бағыт береді,М.И.Жумабакис студенттердің дене жұмыс қабілетінің өзгерістері мен оның бағыттарын негіздейді. Педагогикалық ЖОО студенттердің дене тәрбиесіне дифференциалдық тұрғыдан келуді И.П.Лопатин ашып көрсетуде, Р.Я.Янсонның диссертациялық зерттеулері арнайы оқу бөліміндегі сабақ әдістерін дайындауға бағытталған.
Шетелдік авторлар да қоғамдағы дене тәрбиесі мәселесін және ондағы спорттың алатын орнын қарастыруда.Болгарлық авторлар С.Талова мен Е.Ценева дене тәрбиесі просесіндегі студенттердің белсенділігі мен оқу-спорт қызметінің себептерін зерттеуде. АҚШ-тың университеттері мен колледждерінде дене тәрбиесінің қойылуы зерттелуде, неміс студенттерінің спортқа көзқарасы, дененің жалпы және үйлесімділік қабілеттерінің өзара іс-әрекеті ашылып көрсетілуде.
С.Кгизеннің диссертациясында университеттік педагогика мен АҚШ спорты педагогикасының іс-қимылы, дене тәрбиесінің барысында қоғамдық белсенділікті қалыптастыру, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі мен спорттын рөлі қарастырылуда.
Қазақстанның ЖОО-да алғашқы диссертациялық зерттеу Н.Н.Пересветовтың үлесінде және ол ауылшаруашылығы ЖОО студенттердің дене тәрбиесіне бойынша сабақтар режімін негіздеуге арналған. Қазақстар РеспубликасынныңЖОО-ғы абитуриенттер мен студенттердің дене дайындығы тез төмендеп, қанағаттанғысыз денгейге жеткен, ол көкейкесті мәселеге айналып, жағдайы асқынған студент жастардың дене дмуы мен дене тәрбиесі дайындығы мәселесін А.Р.Жамалов қарастыруда. Бұны дене тәрбиесі мамандарының кейінгі зерттеулері мазасыздықпен ашып көрсетуде, бұл мәселеге Қазақ Ұлттық университеттінде және республиканың өзге де ЖОО-да көптен бері назар аударуда.
Оқушы жастар арасындаға дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының арасында ұлттық әдеп-ғұрыптар мен дәстүрлер К.С.Әбішевтің, Т.Ж.Бекпатшаевтың және Б.М.Досқараевтың диссертациялық зерттеу тақырыбына айналды. Педагогикалық ЖОО қоғамдық дене шынықтыру кадрларын дайындау және дене тәрбиесі құралдары арқылы тәрбие жұмысына болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастыру жүйесін кандидаттық және Қазақстанда бірінші докторлық диссертациясында О.А.Аяшев (Шымкент қаласы) ғылыми түрде негіздеді. Шымкент химия – технология институты дене тәрбиесі кафедрасынның меңгерушісі Б.Н.Беглов студент-спортшылардың спорттық-этикалық және адамгершілік біліміннің мазмұнын .түрлері мен әдістерін зерттеді.Дене тәрбиесінен басқа ЖОО-ға жоғары жетістіктер спорттының педагокиклық және ұйымдастыру негіздерін республикадағы белгілі маман, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Т.М.Досмұхамбетов дайындап, ғылыми түрде негіздеді.Автор Үкімет қаулыларына сүйене отырып, дене тәрбиесінің басқа,ЖОО-ғы спорттың жоғалтылған позицияларын атап, бұл мәселені шешудің төмендегідей ұйымдастыру жөлдарын ұсынады:
- Оқу кезеңінде дене тәрбиесі бойынша міндетті сабақтарды жылына кемі 450 сағат көлемңмен қамтамасыз ету.
- Курс, факультет, топтар, жатақханалар, кулубтар арасындағы жарыстардың саның барынша көбейтіп, жанғырту;
- Таза ауада дене жаттығулармен шұғылдану үшін қажетті инфрақұрылымды жасау;
- Негізі дене қасиеттерінің дамуын бағалаумен дене дайындығы жөнінен дифференциялық сынақтарды енгізу;
- Тиісті спорт ғимараттары мен маманданған жаттықтырушылар құрамы бар ЖОО-ның бзасында ЖОО-дың аралық спортық жетілдіру топтарын ашу;
- Спорттың басымырақ дамуын және қоғамда салауатты өмір салты қағидаларын орнықтыруды қамтамасыз ететін тұтас норматифтік-құқықтық жүйені дайындау;
- Жастар дене тәрбиесінің барлық түріне спорттың кәсіби-қолданбалы түрлерін енгізудің шарттары мен мазмұнын жетілдіру;
- ЖОО-да заңды дербес спорт клубтарының жұмысын жанжандыру;
- «Спорт – баршаға» атты жаңа құрылым Қазақстанның шаруашылық қауымдастығын ашу;
- Суденттер арасындағы әлемдік чемпионаттар мен дүние жүзілік қысқы және жазғы универсиадаларға Қазақстан Республикасының спортшы-студенттерін қатыстыру мен дайындауға қажетті қаржы бөлу;
Көптеген жылдар бойы Г.Д.Ивановтың біршама жарияланымдары мен диссертациялық зерттеулерінде жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған кейбір мәселелер көтерілген.
Әрине,оқушы жастардың денсаулығы мен дене дайындығының іргетасы мектептегі жылдарда қалыптасады, бірақ осы көрсеткіштер денгейі жыл өткен сайын төмендеуде.Осы фактілерге мазасызданған Т.Б.Абаев, Т.Ш.Қуанышев және Қ.А.Құланов дене тәрбиесінің қойылуын, оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану арқылы жақсартудағы мектеп пен ЖОО-ның өзара байланысы мәселесін қорғайды.
Қазақстар Республикасының дене шынықтыру қозғалысын жетілдірудің ұйымдастыру – педагогикалық факторы мен әдістерін анықтауға осы оқулықтың авторы өзінің көп жылдық зерттеулерін арнады, онда педагогикалық ЖОО –ғы дене тәрбиесі маңызды орынға ие.
Оның басшылығымен және белсенді қатысумен Ильяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде мақсатты бағдарлама дайындалып, өмірге енгізілді.
Ол Қазақстан мектептеріндегі пән мұғалімдердің арасында дене тәрбиесіне қарсылармен және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын тәрбиелеу факторы есебінде селқос қарайтындардың көп екендігін анықтаған зерттеулер нәтижелерінде негізделген болатын.
Оның негізгі міндеттері:
- Мектептегі педагогикалық практика студенттерді дайындаудағы дене тәрбиесі және педагогика кафедраларының біріккен қызметі мен өзара іс-әрекетін басқару;
- ЖОО-ғы студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының дене тәрбиесіне деген бағалы көзқарасы мен түсінігі;
- Дене тәрбиесі сабақтарының құрамына, дене тәрбиесі мен спорт құралдары және басқалар арқылы мектептегі болашақ тәрбие жұмысына студенттерді даярлау мақсатында олардың арнай дайындығын енгізу.
Шығыс Қазақстан университетінде Н.Е.Мананков сол жылдары жұмыс атқарған ГТО кешендердің нормасын орындауға студенттерді даярлауға байланысты дене тәрбиесінің педгогикалық әсерін ғылыми түрде негіздеді, осы оқу орында мәні студенттердің ақыл-ой және дене жұмыс қабіеттеріне дифференцияланған жүктемелердің әсерін зерттеуден тұратын В.П.Русановтың кандидаттық диссертациясы дайындалды.
А.Ф.Матвиенко студенттердің спорттық клубы арқылы жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырды. А.П.Пакин дене тәрбиесі құралдары арқылы ЖОО студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруды ғылыми түрде негіздеді.
Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы Н.В.Пак Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесіне тарихи шолу жасады,О.П.Петров дене шынықтыру- спорттық сабақтармен студенттердің айналасу себепберін қалыптстыру мәселесін қарастырды, студенттердің белсенді режімінің көрсеткіштерімен өзара байланысын негіздеді.
Дене тәрбиесі – бұл,ең елдымен, спорттың әр түрінен сан-саналы дене жаттығуларының көбі пайдаланатын практикалық пән. Оқу процесінің қойылуында көптеген онжылдықтар бойы студенттер қозғалыс режімі бойынша үш топқа бөлінеді:спортпен айналысатын студенттер; жалпы қабылданған оқу бағдарламасы мен оның нормативтерін меңгерген студенттер; денсаулық жағдайында ауытқушылығы және дене бітімінің дамуы жеткіліксіз студенттер.
Бұл сабақтардың ұйымдастырылуы мен әдістері елеулі айырмашылықтарға ие, көптеген айрықша ерекшеліктері спорттың әр түрін студенттердің меңгеру кезінде көрінеді.Сонымен қатар, сабақтардың ерекшелігі студенттердің контингентіне байланысты болмайды, сондай-ақ ЖОО-ның орналасқан климаттық – географиялық жағдайларына, спорттық базаның бар, жоқтығына және студенттер кафедрасынның оқытушы-профессор құрамына байланысты болмақ.
Осыған байланысты, көптеген жылдар бойы, мамандар дене тәрбиесі бойынша оқу процесінің тиімділігін арттырудың әдістерін іздестіруде.Бұл ізденістер қоғам өмірінің өзгерістеріне, студенттер денсаулығы жағдайы мен олардың дене дайындығының төменденуіне байланысты.Қазіргі кезеңде Қазақстар Республикасындағы алғашқы оқу бағдарламасының шығуына байланысты ізденісті жалғастыру қажет.
Дене тәрбиесінің оқу процесі бірінші және екінші курстарда жүзеге асырылуы, сексенінші жылдардан кейін оны үшінші – төртінші курстарда (Қазвқтың көлік және байланыс академиясында) енгізді.
Мысалы, Э.О.Авакян және Л.В.Хайкин өздерінің әдістемелік құралдарын Ереван және Мәскеу ЖОО студенттерінің төрт курсындағы дене тәрбиесінің оқу процесіне арналған, студенттер жатақханасындағы сауықтыру және спорттық-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру әдістеріне Рига қаласын Х.Я.Бечер мен М.М.Боросовтың, сондай-ақ Мәскеуден М.Я.Виленский мен И.Г.Берднуковтің еңбектері ұсынылған. Әр түрлі саладағы ЖОО-ғы арнайы дәрігерлік топтың студенттермен жүргізілген сабақты әдістемелік жағынан негіздеуге тұрақты және үнемі назар аударылуда. Студенттерінің негізгі құрамынның дене тәрбиесі оқу процесін әдістемелік тұрғыдан іздестіру үнемі жалғасуда, интернационалдық тәрбие мен дене тәрбиесінің теориялық негіздерін менгерілуге назар аударылуда.
Қарастырылып орырылған мәселе бойынша әдебиеттерді қысқаша талдау, дене тәрбиесі оқу және қоғамдық құбылыс ретінде көп қырлы педагогикалық мүмкіндіктерке ие екендігін көрсетеді. Мұның өзі ЖОО-ғы оқу-тәрбие процесінде дене тәрбиесімен спорт құралдарын пайдлана отырып, мамандарды даярлау тиімтілігін арттырудың жетілдірілген және бұқааралқтүрлерін іздестіру қажеттігін көрсетеді.
1.2. Дене тәрбиесі ЖОО-дағы оқу – тәрбие процесіннің
бір бөлігі ретінде
ЖОО-дағы қазігі оқу- тәрбие процесі көп қырлы және мазмұнды жағынан күрделі сонымен қатар оқытушы- профессорлар құрамы мен студенттердің педагогикалық өзара іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асырылады.
Ол тұтас жүйе ретінде көптеген формалардан тұрады. Олардың ішіндегі негізгісі:дәрістік (лекциялық) сабақтар, зертханалық, семинарлық, практикалық сабақтар, консультатциялық, сынақтар, емтихандар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау мен қорғау, педагогикалық және практикалық және т.б.
ЖОО студенттерінің оқу –тәрбие қызметінің негізгі түрлеріне оқу, танымдық, тәрбиелік, ақыл-ой, оқу -өндірістік, қоғамдық, интернатцоналдық, еңбек, ғылыми-зерттеу жұмыстары және басқалар жатады.
Олардың табыстылығы түрлі жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша бағдарламалық материалдарды студенттердің меңгеру қабілеттілігіне негізделген. Мұның өзі дене тәрбиесі процесімен қамтамасыз етілетін, студенттер ағзасынның функционалды және психофизологиялық мүмкіндіктерінің көрінуін талап етеді.
Зерттеулер көрсеткендей, ол адамның мақсаты- бағыты белсенді қызметінің түрі ретінде төмендегідей жалпы педагогикалық қызмет түрлерінің қызмет істеуіне жағымды әсер етеді.
Қызметтің жалпы педагогикалық түрлеріне ең анық байқалатыны ой қызметі, оны оңтайландынуда күш-қуат мүмкіндіктері және қозғалыс жежімдерімен қамтамасыз етілетін студентер ағзасының психикалық көрсеткіштері (ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі мен зейіннің тұрақтылығы) маңызды және бұл ғылыми зерттеулермен дәледенген.
Қазіргі оқу-тәрбие процесінде студенттердің ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің орнықтылығының қамтамасыз ету мәселесі айрықша көкейкесті проблемаға айналып. Оны қазіргі уақытта жаппай шешу негізінен дене тәрбиесі құралдары арқылы мүмкін болмақ. Студентер ағзасының қалыпқа келтірудің өзге құралдары жоқ деуге болады, өйткені студентердің бұрынғы профилакторийлері мен санаторийлері өз жұмыстарын тоқтатты.ЖОО-дағы «Дене тарбиесі» пәнінің айрықша және күрделі міндетті «отбасы – бала бақша-мектеп» схемасы бойынша қалыптасқан аз қозғалыс нәтижесінде денсаулық жағдайымен дене дамуындағы жетіспеушіліктерді түзетуден және жартылай жоюдан тұрады.
Кейде өте күрделі климаттық- географиялық және тұрмыстық жағдайда жүргізілетін оқу-өндірістік практиканың талаптарына дене қасиеттерінің тиісті денгейін студенттерде қалыптастыруды жоғары оқу орындарындағы бірде-бір пән қамтамасыз ете алмайды. Тек бұған дене тәрбиесі құралдарының қоры арқылы жетуге болады (жалпы дамытатын, арнайы және қолданбалы дене жаттығулары,спорттың әр түрінен жаттығулар).
Бұдан басқа, дене тәрбиесінің барысында студент ағзаны шынықтыру және өз жағдайын психолгиялық жағынан реттеуді менгере алады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналасу шыдамдылық, күш, жылдамдық секілді дене қасиеттерін дамытуға көмектесіп қоймайды, сондай-ақ адам мінезінің жағымды ерекшеліктерін тәрбиелеуге тиімді әсер етеді. Дене жаттығуларымен айналасу барысында, әсіресе спорттық жаттығуда (адамның күнделікті өмірі мен оның белсенді өндірісттік қызметті үшін қажетті) қалыптасады.
Дене тәрбиесі қызметінің көрсетілген жалпы педагогикалық түрлерімен өзара байланысты пәннің арнай- педагогикалық функциялары арқылы жүзеге асырады. Бұл бәрінен бұрын, студенттер ағзасынның функционалдық дамуы мен дене дайындығын қамтамасыз еретін қозғалыс функциясы, сондай-ақ жалпы дамытатын және қолданбалы маңызға (жүзу, жүгіру,шанғы дайындығы және басқалар) түрлі қозғалыс қимылдарын менгеру.
Студенттер түрлі спорт түрлеріне айналысқанда, жоғары оқу орнындағы және одан тыс жерлерде жарысқа қатысу нәтижесінде студенттерде ең жоғары қозғалыс режімі қалыптасады.
Студенттердің оқу-жаттығу процесі мен жарыстық қызметі биологиялық белсенділік пен кейінгі еңбек көрсеткіштеріне тиімді көмектеседі. Спортпен шұғылданатын Студенттер дің дене дайындығы денгейі негізгі және арнайы оқу бөлімдерінің студенттерімен салыстырғанда елеулі жоғары,бұл далалық – оқу және өндірістік практиканы өткізу кезінде ерекше байқалады.
Спорттағы жоғарғы жетістіктер, көп уақытты алатын қазігі кездегі жаттығу процестеріне байланысты, мұның өзі студенттің таңдап алған мамандығының оқу процесімен байланысты тиісті ұйымдастыру жұмыстарын талап етеді. Спортпен шұғылдану барысында оның теориялық негіздері танып-білінеді, онсыз нәтиже мен жоғары разрядтарға жету күрделі болмақ. Жаттығушыдан ақпараттарды алумен байланысты және арнайы әдебиеттерді оқу арқылы білім алу – танымдық қасиеттерді арттырады.
Спорттың көптеген түрлері (мәнерлеп сырғанау, гимнастиканың түрлері және басқалар) күрделі, олармен айналасқанда қозғалыстың өте жақсы үйлесімділігі мен қимылды есте сақтау біліктілігі қажет, осыларды қалыптастыру ақпараттарды жылдам меңгеруді қамтамасыз ететін жалпы есте сақтау қабілетін жетілдіреді.
Студенттердің дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыру дене тәрбиесі кафедрасы жұмысының маңызды бөлігі болып табылады, оның барысында денені сауықтыру, тынықтыру және қалпына келтіру (төмендеген дене мүшелері мен жұмыс қабеттілігін қалпына келтіру, нервке –психикаға түскен ауырлық пен денсаулық жағдайындағы ауытқушылықты жою) міндеттері шешіледі.
ЖОО-дағы дене тәрбиесі процесі студенттердің дәрігерлік тексеруден өтуімен және оларды негізгі, дайындық, арнайы медициналық топтарға бөлумен басталады. Көптеген студенттер алғаш рет өз ағзасының антропоментірлік және функционалдық көрсеткіштері оың дене дамуы денгейі туралы кеңірек түсінік алады.
Дене тәрбиесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудың екінші бастапқы кезеңі оқу бағдарламасында қарастырылған бақылау сынақтарын студенттердің орындауынан тұрады. Сөйтіп, студент өз ағзасының, денесінің дамуының мен медициналық жағдайын толық танып біледі. Кейіннен бұл танымдық процесс дайындықтың дене, техникалық және өзге де түрлерімен тұратын дене тәрбиесінің теориялық негіздерімен практикалық сабақтарды әдістерді меңгерудегі танымдық қызметке ұласады.
Денсаулық жағдайында уақытша немесе созылмалы ауытқушылығы бар студенттер дене тәрбиесінің оқу бағдарламасына сәйкес бақылау сынақтарын орындауда тартылмайды және спорттық жарыстарға қатысуға жіберілмейді. Мұндай студенттерге денсаулықты нығайту және денені дамыту мен дайындық денгейін арттыруды мақсат еткен дене жаттығулары арқылы жету міндеті қойылады.
Негізгі және арнайы оқу бөлімдеріндегі дене тәрбиесі процесі бойынша сесестрлік сынақтардың құрамдас бөлігі болып табылатын нормативтік қызметтерге негізделген.Спортпен айналысатын студенттер үшін қызметтің осы түрі республика көлемінде үшінші разрядты спорт шеберіне дейінгі спорттық жіктемені нормативтерімен ынталандырылады.
ЖОО-дағы дене тәрбиесі мен спорттың маңыздылығын одан әрі көтеру көп жағдайда дене тәрбиесі мамандарына қатысты. Олар студенттер мен профессор – оқытушылар құрамын дене жаттығуларымен белсенді түрде шұғылдануға шақырып қана қоймай, сондай-ақ, ең басты фактілермен және ғылыми негіздер,жалпы оқу-тәрбие процесінде оның қажеттілігін дәлелдеп, түсіндіруі тиіс.
Дене тәрбиесі кафедрасының оқтушылары мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары өте маңызды, бірақ проблемалық болып табылады.Бұл ретте жоғары оқу орнына түскен мектеп бітірушілердің және көп жылдық оқу барысында денсаулық жағдайы мен дене тәрбиесі дайындығының деңгейін зерттеу өте маңызды болып табылады. Мысалы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің негізгі контингенті қыздар,олардың денсаулық жағдайы дәрігерлік тексеру қорытындысына сәйкес, әсіресе соңғы жылдары, сайын төмендеуде.Мұның өзі дене тәрбиесі мен жалпы оқу-тәрбие процесінің кез келген түрін ұйымдастыруды қиындатады.
Әртүрлі жастағы адамның маңызды дене қасиетінің көрсеткіші – шыдамдылық.Бұл бақылау сынағымен анықталады (1000 м-ге кростық жүгіріс), бүл өте төмен болып жүр, ал көптеген студент қыздардың осы қиындықты жүріп өтетіндей мүмкіндігі жоқ.
Жоғары оқу орнындағы «Дене тәрбиесі» пәні салыстырмалы түрде жаңа пән ретінде, ол пайда болған сәттен бастап оған жоғары білім құрылымында екінші және жартылай формалды орын берілді.Бұл фрагментті төмендегідей факторлармен түсіндіруге болар:
- Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі мамандарының болмауымен;
- Оның теориясы мен әдістемесінің болмауымен;
- Бұрыннан келе жатқын және теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделген ЖОО-ның өзге пәндермен (жалпы педагогика. Математика,физика, химия және басқалар) салыстырғанда оның мазмұнының әдеттен тыс болуымен.
- Оқу пәні ретінде дене тәрбиесінің қызметі кеңейді, қазіргі кезде көптеген өзге де оқу пәндеріне қатысты төмендегідей тақырыптарды біріктіретін оның теориялық бөлімдері қалыптасты.
- Дене тәрбиесінің жаратылыстану-ғылыми негіздері.
- Салауатты өмір салтының негіздері;
- Дене тәрбиесі құралдары арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін қалыптастыру;
- Болашақ мамандардың кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы;
- Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудағы дене тәрбиесі.
Кейбір мамандар дене тәрбиесі мен спорт құралдарын пайдалану мәселелерінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне ерекше маңыз береді.
Жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру – сауықтыру қызметінің дағдылары мен белгілі бір білім беретін студенттер кәсіби жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін әртүрлі дене тәрбиесі құралдарын пайдалануда, өз денсаулығын өз балаларының және қамқорлығына алған мектептегі оқушылардың денсаулығын нығайтуда қиындық көретіндігін іс-тәжірибие дәлелдеп отыр. Олардың көпшілігі дене тәрбиесі мен спорттың жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы алатын орнын жалпы көлемде ғана түсінеді, бірақ бұл ретте денетәбиесінің көптеген және түрлі формалары мен құралдарын тәрбие жұмысында қолданудың ұйымдастыру- әдістемелік дағдылардың пайдалануға толық сенімді бола алмайды.
Педагогикалық жоғары оқу орындары дене тәрбиесі кафедрасының өкілдері шығарған оқу құралдары осы мәселені көтерген. Олар дене тәрбиесінің процесінде студентердің белгілі бір білімдер мен дағдыларды меңгеруі қажет деп есептейді. Бұл бәрінен бұрын, команда беру біліктілігі, сапты басқару, қозғалыс ойындары, гигиеналық гимнастика мен дене шынықтыру үзілістерін және т.б.өткізу.
Алынған теориялық білімдерді практикалық сабақтарды баянды ету процесін ұйымдастыру қажет (студенттердің сабақта немесе оның кіріспе – дайындық бөлімінде қозғалыс ойындарын өткізуі және т.б.).
Дене тәрбиесі құралдары арқылы жалпы білім беретін пәндердің болашақ мұғалімдерін шешуде біз төмендегілерді іске асыру керек деп есептейміз.
- Дене тәрбиесі бойынша оқу бағдарламаларының теориялық бөлімдерін оқытуды жақсарту.
- Практикалық сабақтар, әңгімелесу және бақылау жмыстарын жазу барысында (практикалық сабақтардан уақытша босатылғандар үшін) алынған бөлімдерді міндетті түрде баянды ету үшін сынақ өткізу тиімді.
Осыған байланысты дене тәрбиесі оқытушыларыныңүй тапсырмасын дайындалған конспектісін және оны іс жүзінде асыруды бағалауы маңызды педагогикалық тәсіл болып табылады.
Гуманитарлық мамандықтардың оқу-тәрбие процесінің ең маңызды бөлімдерінің бірі мектептегі педагогикалық практика болып табылады. Оның құрылымында практиканттың дене шынықтыру- спорттық қызметі бойынша бөлім болу тиіс.Педагогикалық ЖОО-ның өкілдерімен әңгімелесу барысында бұған жартылай назар аударылатындығын байқадық.
Мұның себептерінің бірі, біздің көз қарасымыз бойынша педагогика және дене тәрбиесі кафедраларының өз ара біріккен шығармашылық іс-әректінің жоқтығынан. Осындай іс-әректтің болмауы және студенттермен түсінік жұмыстарының жеткіліксіз жүргізілуі жалпы білім беретін мектептегі пән мұғалімдерінің денетәрбиесіне жағымсыз көз қарасын қалыптастыруға әкеледі (біздің зерттеген әлеуметтік зертеулерімізден). Дене тәрбиесі бойынша оқу бағдарламасында қарастырғанмен мектеп мұғалімдерінің дене мәдениеті төменгі денгейде, осы себепті бұрынғыға қарағанда, қазіргі уақытта студенттердің қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып, дене тәрбиесінің кез-келген құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
Психологиялық ЖОО-да білім беру жүйесінің болашақ қызметкерінің жеке салауатты өмір салтын қалыптастыруды ғана емес, сондай-ақ тәрбие жұмысында, әсіресе жалпы білім беретін мектепте оның мүмкіндіктерін пайдалану біліктілігін маңызды деп санау керек.
Таңдап алынған мамандықтың өзге пәндерден дене тәбиесінің теориясын біршама оқыту оның білім беру маңызын және студенттердің білімді игеруге деген көз қарасын төмендетеді. Егер болашақ мұғалімдер үшін негізгі нәрсе дене тәрбиесі құралдары арқылы кәсіби-педагогикалық дайындық болса, ал болашақ өндіріс мамандары үшін кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы мен денені жетілдіру өте маңыздырақ. Егер денені жетілдіру туралы айтар болсақ, онда оны арнайы педагогикалық деп атаған жөн. Ол жеке адамды дамытудың жалпы педагогикалық қағидаларына сүйенгенмен де, өзінің өзгеше құрылымы мен мазмұнына ие. Дайындықтың осы түрлері: жалпы, арнайы.техникалық, жарыстық болып бөлінеді, бұларда дене қасиеттерінен басқа да ерік – моральдық және тұлғаның психикалық қасиеттерімен мінез-құлқының ерекшелігі (табандылық, еңбексүйгіштік) жетілдіреді. Бұларды оқу тәрбие процесінің маңызды компоненттерідеп есептеуге болады. Бұнан басқа денені жетілдіру барысында және жарыстық қызметте студенттер атауларды, дене қасиеттерін және ағзаның негізгі функцияларын ( жүрек-қан тмырлары, тыныс алу, тірек-қозғалыс аппараттары ) дамыту әдістерін қосымша танып, біле алады. Бұл ретте, егер жаратылыстану-гуманитарлық жоғары оқу орындарының оқу жоспарында адам функциясын қарастыратын оқу пәндері бар болса ( физиология, анатомия, биология) ал инженерлік – техникалық ЖОО-да оның жоқ екендігін атап өткен жөн. Осыған байланысты денетәрбиесі маңызды қолданбалы және білімдік мәнге ие.
Дегенменде,дене тәрбиесі процесінде ЖОО студенттерінің дене шынықтыру білімінің қойылуы жеткілікті ғылыми-әдістемелік негізге ие еместігін атап өткен жөн. Оқытушылар өткізетін әңгімелер,кейбір ЖОО-дағы дәрістік сабақтар дене тәрбиесінің педагогикалық мәнін толық ашып бере алмайды, мұның өзі өзге пәндерден профессор – оқытушылар құрамының жіберіліп алған қателіктерінің нәтижесі болып табылады. Бұл әсіресе, инженерлік – техникалық ЖОО-да байқалады, онда болашақ өндіріс түрлеріне байланысты студенттерінің дене дайындығы педагогикалық ЖОО-мен салыстырғанда әлде қайда сапалырақ жүзеге асырылуы керек. Дегенмен де жекелеген ЖОО-да дене тәрбиесінің теориялық тарауларында белгілі бір денгейде көңіл аударылуда(Білім министрлігінің ЖОО туралы жылдық есебінен мәліметтері бойынша). Білімді бағалаудың зерттеу сырқаттығы бойынша дне шынықтырудан босатылғандар үшін бақылай жұмыстарын жазу, дене жаттығулары кешенін құрастыру секілді кейбір түрлері іс тәжірбиеге енгізілуде, бірақ мазмұнды құрылымы, оны міндеттілігі мен оқу жылдары ішіндегі үздіксіздігі жоқ.
Әдебиеттерді талдау жалпы жоғары оқу орындарында тән пән есебінде дене әрбиесінің пән аралық байланысын ғылымы негіздеу мақсатындағы диссертациялық зерттеулердің жоқтығын қөрсетеді.
Студенттердің денсаулығын, функционалдық және дене дайындығы сақтау жөніндегі өзінің ерекше міндеттері шеше отырып, дене тәрбиесі ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің тұрақтылығын арттыру мен нерв-психикалық күйзелісті түсіруге көмектеседі. Нәтижесінде, ол студенттер оқып үйренетін жалпы білім беретін және арнайы пәндердің оқу процесін қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі және әсіресе спорттық қызмет, бұдан басқа оқу-тәрбие процесінің өзге де көптеген міндеттерін (адамгершілік, эстетикалық) шешеді. Мұның өзі оның жалпы педагогикалық маңызын одан әрі арттырады.Сөйтіп дене тәрбиесінің пән аралық байланыстарын жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процеснің тарауларымен теориялық тұрғыдан негіздеу қажеттілігі туралы қорытынды жасуға болады.
- Гуманитарлық жоғары оқу орындарындағы педагогика мен педагогикалық практикамен дене тәрбиесінің байланысы:
— дене тәрбиесі құралдары арқылы педагогикалық қызметке студенттердің біріккен бағдарламасын дайындау;
— мектепке дейінгі мекемелер мен мектептегі педагогикалық практикаға басшылық жасауға дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының қатысуы.
- Инженерлік-техникалық жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің «Ғылыми зерттеу негіздері», «Эргономика», «Еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау», «Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру» пәндерімен төмендегілер арқылы байланысы: бағдарламалық оқу материалдарына дене тәрбиесінің теориялық аспектілерін енгізу;
— жоғары курс студенттері үшін аталған пәндер арқылы таңдап алған мамандығының ерекшелігін бейнелейтін дене тәрбиесі бойынша арнайы семинар дайындау;
— жоғары курс студенттері үшін оқу және өндірістік практикамен байланыстағы кәсіби-қолданбалы дене дайындығының жүйесін жасау.
Кафедра оқытушыларының басшьшығымен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы дене тәрбиесінің рөлі елеулі болуы мүмкін, бірақ бұған тиянақты тұрғыдан келуге болады. Бұл ретте дене тәрбиесі және өзге де кафедра оқытушыларының ғылыми жұмыстарды дайындауда студенттерге басшылық жасаудағы творчестволық бірлігі туралы айтылып отыр. Өкінішке орай, бұл жұмыс, қазіргі кезде практикаға айналмай отыр. Қазіргі уақытта студенттердің дене тәрбиесі мен спортқа деген ұмтылысын жоғары білім беру жүйесіндегі қаржы және өзге де проблемалардың салдарынан елеулі түрде төмендеді, тұтастай алғанда қоғамда дене тәрбиесінің рөлі төмендеуде.
Осыған байланысты жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің алдына халық шаруашылығының және білім беру саласының болашақ мамандарын қалыптастыру міндеттері басым бағыт ретінде қойылып отыр.
Дене тәрбиесінің іс-тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дене тәрбиесіне студенттердің қажеттілігін ең тиімді және тұрақты түрде қалыптастыру спортпен шұғылдану барысында жүзеге асырылады, бірақ Қазақстанның дене тәрбиесінен басқа ЖОО-да ондай студенттер 2 3%-ды ғана құрайды.
Студенттердің дене тәрбиесі жөніндегі білімнің жаңа формаларын дайындау, оларды ЖОО-ның оқу-тәрбие жұмысында іске асыру арқылы халық шаруашылығы мен білім беру саласының болашақ мамандары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, алдағы кәсіби қызметте дене тәрбиесі құралдарын пайдалану біліктілігімен, іскерліктерімен және дағдылармен қаруландыру қарастырылуда.
Шамасы, жоғары оқу орындарын бітірушілерді жұмыс орны бойынша қоғамдық дене шынықтыру қызметіне белсенді түрде қатыстырмай, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтары өкілдерінің салауатты өмір салтын, олардың дене тәрбиесіне деген оң көзқарасын қалыптастыру проблемасын шешу өте күрделі болатын түрі бар.
Біз ұсынып отырған теориялық-әдістемелік тұжырымдама дене тәрбиесінің ЖОО-дағы рөлі мен орны туралы, оның пәнаралық байланысы, оқу пәндерін дене тәрбиесінің қоғамдағы дамуымен, ЖОО-ны бітірушілердің болашақ кәсіби қызметімен үйлестіру туралы қалыптасқан түсінікті елеулі түрде өзгерте алады.
Таңдаған кез-келген мамандықты өз мәнінде меңгеру студенттердің денсаулық, дене тәрбиесі дайьшдығы мен жұмыс қабілетінің әртүрлі (ақыл-ой, зейін мен дененің орнықтылығы) жақсы болмаса мүмкін болмайды, бұл негізінен дене тәрбиесі арқылы қамтамасыз етіледі (М.А.Булыгин, 1987).
Студент еңбегі ойлауға қатысты, ол әсіресе емтихан сессиясының және мемлекеттік емтихан алдындағы немесе диплом жұмысын дайьшдап, қорғаумен байланысты нерв-психикалық күйзеліспен қосарлана жүреді. Бұл студент қызметінің жалпы сипаттамасы ғана, сонымен қатар түрлі мамандықты меңгерумен байланысты айрықша ерекшеліктері де бар, ал олар өте көп. Мысалы, болашақ химиктер, физиктер, қолданбалы математиканың мамандары, программистер және т.с.с. көптеген сағаттар бойы аппаратуралармен, аспаптармен және химикаттармен шұғылданып зертхана (лаборатория) жағдайында болады. Олардың еңбегі зейінді көп шоғырландырумен, көз анализаторларының қиналуымен, сондай-ақ мойынның, арқаның, иық белдеуі еттерінің және өзге де ет топтарының статикалық күйзелісімен қоса жүреді. Бұдан басқа студенттер тез шаршауға себеп болатын бірқалыптылықка, шуыл тітіркендіргіштеріне лазерьлік сәулеге, өзге де кедергілерге ұшырай отырып, ұзақ уақыт бойы жұмыс қалпында еріксіздеу болады (отырған, тұрған, жартылай бүгіліп). Оқу процесінің ең шаршататын түрі күн сайын 4 -6 сағаттан артық бірнеше жыл бойғы студенттерді қозғалыс белсенділігінен жалпы айыратын дәрістік (лекциялық) және семинар сабақтары болып табьшады. Тіпті денесі жақсы дамыған студенттердің өзі бұл жағдайда қиындықты бастан өткізіп, жылдам шаршайды, бұл зерттеулерде көрсетілген. Денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар және дене тәрбиесі дайындығы төмен (арнайы дәрігерлік топ) студенттер жылдам және үлкен дәрежеде шаршайды.
Оқу күннің, аптаның, семестрдің соңында зейіннің көлемі, есте сақтау барлық студенттерде, дене дайындығы жеткіліксіз студенттерде өте елеулі түрде төмендейді. Студенттердің сабақ үлгерімі мен олардың дене дайындығының арасында өзара тығыз байланыс бар екендігін зерттеулер көрсетіп отыр.
ЖОО-дағы оқу барысында студенттердің қозғалыс белсенділігі азайып, жоғары курстарда ақыл-ой қызметінің көлемі өседі. Бұл жағымсыз нәтижеге әкеп соқтыратын ең басты себептердің бірі:
ЖОО-ға түскендегіден гөрі, бітірушілердің денсаулық жағдайы мен дене дайындығының деңгейі төмен болады (спортпен шұғылданушыларды қоспағанда). Дене жаттығуларымен үздіксіз айналысу, ЖОО-дағы дене шынықтыру-спорттық шараларға қатысу орталық нерв жүйесінің бір жұмыстан екінші қызметке оңтайлы ауысуына себепші болады, мұның өзі денсаулық пен дене психикалық қасиеттердің сақталуына жәрдемдеседі.
Біз қарастырып отырған еңбектің ерекше жағдайларында жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін, бәрінен бұрын студенттердің денесіне жан-жақты дамыту, зейін мен шыдамдылықты жетілдіру, шаңданудың, шуылдың, дірілдің, газданудың жағымсыз әсерлеріне ағзаның қарсылығы мен тұрақтылығын арттыру қажет.
ІІ-тарау. ҒЫЛЫМИ — ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1. Ғылыми зерттеу кезеңдері мен ұйымдастырылуы
(баскетбол ойыны негізінде)
Барлық ғылыми зерттеулер, оның ішінде баскетболдағы педагогикалық зерттеу мынадай бірізділікпен жүргізілуі тиіс: мәселені қойып, тақырыпты таңдау, әдеби қайнар көздерді талдау негізінде сұрақтың жайын зерттеу, зерттеу міндеттерін анықтап, әдістерін таңдау, бақылау мен тәжірибе жүргізу әдістері көмегімен материалдар жинақтау, зерттеу нәтижелерін сараптау, іліми ережелерді( қорытындылау) және іс — тәжірибелік ұсыныстарды қалыпқа түсіру.
Тақырыпты таңдағанда зерттеушінің жеке басының бейімділігін, қабілетін, білім деңгейін ескеру қажет. Тақырыпты түбегейлі таңдауға аталған мәселені әзірлеуде жеткен деңгейі мен заманауй ғылымның ілімдік көзқарастары ықпал етеді.
Ғылыми жетекшісі немесе кеңес берушісі бастаушы зерттеушіні бақылап, бағыт береді, мәселе мен нақты тақырыпты таңдауда дұрыс анықтауға көмектеседі.
Жұмыс тақырыбын жекелеген зерттеу міндеттері нақтылайды. Міндет аз болып, олардың логикалық бірізділігі мен өзара байланысы болуы шарт. Әрбір міндет тақырыбының белгілі бір жағын ашады, оның нәтижесі жұмыс қорытындысында келтіріледі.
Тақырыпты таңдап, зерттеу міндеттерін нақтылаған соң, жұмысқа ат беру қажет. Ол орындалатын зерттеудің мәні мен мазмұнын дәл бейнелейтін тиянақты болуы тиіс. Зерттеу барысында аты өзгеруі мүмкін.
Ғылыми зерттеудің келесі сатысы әдеби талдауға және іс — тәжірибелік жинақтауды жалпылауға кіретін мәселесінің жайын зерттеу болып табылады.
Зерттеудің бастапқы сатысында әдебиеттерді зерттеу іліми мәліметтермен танысып, зерттеу әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы әдебиеттерді оқу іліми білімін тереңдетіп, кеңейтеді, жұмыс барысында туындаған сұрақтарға жауап береді, алынған нәтижелерді және қорытындыларды бұрын алынған мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Әдеби қайнар көздерді зерттеу әдебиеттерді іріктеуден басталады. Әдебиетті дұрыс таңдауға басшылардың жазбасы мен жүйелендіруін беретін библиография құру көмектеседі.
Сұрақтың жайын зерттеудің ажырамас бөлігі педагогикалық тәжірибені жалпылау болып табылады. «Педагогикалық тәжірибе» деп кең көлемде оқыту мен тәрбиелеу іс — тәжірибесін, ал мұқият қарағанда педагогтың ұзақ жылғы шығармашылық жұмысы нәтижесінде жинаған шеберлігін түсінеміз.
Тәжірибені жалпылаудың негізгі әдістері мыналар:
- спорт жұмыстарын жоспарлау мен есепке алудың ағымдағы және мұрағат құжаттарын зерттеу;
- әңгімелесу мен сұрақ — жауап;
- сауалнама;
- конференцияда, пленумда, жаттықтырушылар кеңесінде, семинарында, т.б. сөйлеген сөздерінің таспасы;
- жарыс немесе оқу — жаттықтыру сабақтарының барысын падагогикалық бақылау;
- баскетболшы дайындығының түрлі жақтарының көрсеткіштері мен нәтижелерін жинап, жүйеге түсіру;
- баскетболшылар мен жаттықтырушылардың оқу — жаттықтыру жұмыстары мен жарыс мәселелерінің кең шеңберіне жарық түсіретін күнделіктерін зерттеу.
- Педагогикалық тәжірибені жалпылау барысында алынған мәліметтер дербес мәнге ие болып, келесі тәжірибелік жұмысқа қосымша материал болуы мүмкін және тәжірибелік зерттеуді табысты жүргізуге көмектеседі.
2.2. Зерттеу әдістері
Ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланады.
- Материалистік диалектика әдісі. Олар марксистік диалектикаға сүйеніп, ақиқатты ғылыми тануда жалпы әдістемелік болып табылады. Педагогикалық ғылыми зерттеулерде ақиқатты нақты зерттеу, құбылысты, өзара байланыс пен дамуды зерттеу, т.б. тәрізді материалистік диалектиканың талаптары іске асырылуы тиіс. Түсіндіре айтқанда философиялық принциптер мен әдістер кез — келген ғылымда, оның ішінде спортта ақиқат танудың ортақ жолын көрсетеді.
- Ғылымның кең шеңберіне тән ортақ әдістер:
- логикалық (талдау, жинақтау, индукция, дедукция, т.б.);
- бақылау;
- сауалнама.
- Спортқа жақын ғылымдарда пайдаланылатын жеке әдістер (үлгілеу, сынақ алу, болжау, т.б.).
- Арнайы әдістер мен әдістемелер (хронометрлеу, қимылды талдауды көрсету әдісі, т.б.).
Аталған әдіс топтары өзара байланысты. Жалпы әдістемелік негізінде жеке әдістер қолданылады, оның ішінде спорт саласында әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, т.б. тәрізді аралас ғылым әдістері кеңінен пайдаланылады, олар спорттағы заңдылықтарды барынша жан — жақты, объективті (нысанады) түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан баскетбол саласындағы педагогикалық зерттеулердің көпшілігіне кешенді әдістер қолдану тән. Мысалы, баскетболшының оқу — жаттықтыру барысында пайдаланатын жүктемені зерттеу үшін бақылау мен хронометрия әдісі, жүктеме бағытын анықтау үшін пульс өлшеу әдісін, жүктеменің қимыл және психика саласына әсерін анықтау үшін жарықтың өшіп — жану жиілігі мен электротерлік қарсылығын анықтау әдісі қолданылады.
Қандай да бір мәселені зерттеу әдістемесі кешенді әдістерді қолдану ұсынады. Мысалы, баскетболшының дене дайындығын зерттеу әдістемесі сынақ алу, полидинамометрия, тензаметрия, антрополитрия, т.б. әдістерін қарастырады. Баскетболда түрлі әдістемелерді қолданудың бірнеше мысалдарын келтіреміз.
Антропометрия — дене дамуын зерттеу әдісі, баскетбол үшін бұл әдістің маңызы зор, өйткені ойыншының бойы өсуі мен оның өзгеруі дәрежелі ойыншыны дайындауда басшы рольдердің бірін атқарады. Антропометрияда дене дамуының негізгі белгілерінің мөлшерін анықтайды: дененің салмағы мен ұзындығы, мойын, сан, мықын, иық көлемі, білезік күші, тұрыстық күші, спирометрия. Антропометриялық зерттеуге, сондай-ақ, соматоскопия жатады; ол кеуде қуысының пішіні, бұлшықеттің дамуы, май бөлінуі, аяқ пен табан пішіні т.б.
Гониометрия — оның көмегімен буындардың қозғалғыштығы мен ондағы қимыл құлашын анықтайтын әдіс.
Полидинамометрия — оның көмегімен бұлшықет топтарының күштік мүмкіндіктерінің топографиялық бейнесін құруға болатын әдіс. Баскетболшылардың бұлшықет топтарының күшін анықтау үшін динамометрдің қолмен өлшенетін, тұрыстық, әмбебеп және күш өлшеуішінің қабырғасы түрлері қолданыста кең тараған.
Бұл баскетболшы бұлшықетінің күшін анықтау әдістері. Доп беруді орындағанда арнайы күшті қолдану үшін соққылы динамометр қолданылады. Секіру, доп беру және де басқа әдіс амалдарының күшін анықтағанда тензометрлік құрылғы пайдаланылады. Мысалы, секіру күшін анықтау үшін баскетболшының аяқ киіміне тензометрлік ұлтан салынады.
Ойыншылардың жылдамдық сапасын анықтау үшін секундомер қолданады (хронометр, жылдамдық өлшегіш, приставкасы бар милисекундомер, мәрелік фото қондырғысы мен басқа құрылғылар); секіргіштікті анықтау үшін — В.М. Абалаковтың лента тартқыш қондырғысы, жазба хронографы бар электробайланысты платформа(ұшу кезеңінің уақыты анықталады), «қисық» экран, сондай-ақ, басқа да арнайы жасалған аспаптар қолданылады.
Баскетболшының ептілігін, икемділігін, төзімділігі мен басқа да сапаларын анықтау үшін арнайы сынап байқау тесттерін пайдаланады. Тест әдісі баскетболшының бүкіл дене сапасы кешенін қамтиды. Бұған қоса, олардың көмегімен түрлі дәрежедегі, яғни жасөспірімдерден бастап, елдің құрамасындағы баскетболшыларға дейінгі ойыншылардың әдіс — тәсілдік дайындық деңгейін анықтауға болады. Баскетболшының арнайы дене сапаларының даму деңгейін түрлі техникалық құралдар көмегімен де тексереді. Баскетболшының жаттықтыру әдістерін жетілдіру міндеттерін шешу үшін қазіргі кезеңде ағзаның жүктемеге жауап назары туралы кең көлемдегі, жан — жақты ақпаратты алу қажеті, яғни баскетболшының қызметтік дайындығын зерттеу қажет, себебі жоғары спорт нәтижелеріне жету жүрек — тамыр және тынысалу жүйелерінің даму деңгейіне, тірек — қимыл аппараты мен жүйке жүйесінің жағдайына тікелей байланысты болады.
Арнайы жұмыста ағзадағы қызметтік өзгерістер туралы қосымша мәліметтерді биохимиялық әдіс арқылы алуға болады, ол қышқылдық — сілтілік тепе — теңдіктің, қандағы сілті қорының, артериалды қанның оттегімен қанығуы деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.
Ойынның әдісі мен тәсілдік зерттеуде кешенді әдістері пайдаланылады, олар — суретке түсіру, киноға түсіру киноциклография, т.б., соңынан биомеханикалық талдау жүргізіледі. Қазіргі кезде жұмыста бейнтаспаға жазу кең қолданылып жүр, оның көмегімен баскетболшының кез — келген қимылын таспаға жазып алып, сосын жазбаны кез — келген жылдамдықта көріп, оны талдауға болады.
Электрография әдісі бұлшықет биоөрістен тіркеуге мүмкіндік береді. Олар арқылы бұлшықеттің аталған қимыл сәтіндегі белсенділік деңгейі туралы пікір қорытып, сол сияқты жаңадан бастаушы мен спорт шеберінің қимылдары арасындағы сапалық айырмашылықты, қимылдың ішкі құрылымын анықтауға болады.
Баскетболшыларды тәсілдік дайындау, ойыншыларды топтау мен олардың командадағы ойынпаздығының мәселелері психология мен социометрия әдісі арқылы шешіледі, олар ұжымдағы өзара қатынастың құрылымын, топтық ақпаратты анықтауға көмектеседі.
Жұмыста қандай әдіс қолданбасын, тәжірибе жүзінде алынған материал математикалық статистика әдісі көмегімен сұрыпталуы тиіс.
Зерттеу әдістерін таңдау жұмыс міндеттерінен әрбір нақты жағдайларда олардың дұрыстығымен, зерттеушінің техникалық мүмкіндіктерінен айқындалады. Бірақ кез — келген жағдайда таңдаған әдістеме былай болуы тиіс:
- тиімді және барынша жан — жақты ғылыми материал алуды қамтамасыз ету;
- сенімді әрі түсінікті (көп дүркін зерттеулер, жеке нәтижелер, түрлі континентте түрлі зерттеушілердің зерттеуі);
- үнемді;
- қарапайым және қауіпсіз;
- ғылыми сиымды (құбылыстың ақиқат жағдайын сипаттауға көмектесетін көп ақпарат беру);
педагогика көптеген әдістер ішінде мына әдістер кең қолданылады.
Бақылау әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау — бұл табиғи оқу — жаттықтыру немесе жарыс барысына зерттеушінің қатысуын аспаптар көмегімен немесе сезім мүшелерімен атқарылатын, зерттелетін құбылыстардың сандық және сапалық сипатын жоспарлы және жүйелі дұрыс қабылдау.
Педагогикалық бақылау — бұл ғылыми ақпарат алудың басты әдістерінің бірі. Ғылыми бақылауға таңдау бағыты, зерттеудің сәйкес мақсаты, жүйелілігі мен жоспарлылығы тән. Сондықтан оны жүргізуге мұқият дайындалу қажет. Бақылауға дайындыққа мыналар кіреді:
- бақылау міндеттері мен жоспарын анықтау;
- бақылау нысанын таңдау;
- бақылауды жүргізу әдісін анықтау;
- алынған мәліметтерді талдау әдісін анықтау.
Баскетболдағы бақылау былай жіктеледі:
1) Оқу барысын ұйымдастыру түрлері мен нысаны бойынша жеке, топтық және командалық бақылау.
2)Ғылыми жұмыстың ұзақтығы бойынша (ұзақ, қысқа және дискретті бақылау(үзбелі бақылау).
3) Бақылау нәтижелерін тіркеу әдістері бойынша (бейнелеу, аспаптық, өзіндік бақылау).
4) Бақылау нәтижелерін жазу әдісі мен түрлері бойынша (сандық, индекстік, кестелік, фотоға, киноға түсіру, дыбыстық, теледидарлық, социолографиялық, жиынтық амалдық).
Спорттық жаттықтыру іс — тәжірибесінде бақылауды жүргізу үшін көбінесе түрлі жобаларды, хаттама мен кестені, алдын ала арнайы шартты белгілермен есеп картасын пайдаланады.
Мысал ретінде баскетболшының жарыс қимылын шабуылда да қорғаныста да бақылау хаттамасын келтіреміз.
Минутка картасы
Спортқа техникалық құралдар ендірумен байланысты қазіргі кезде педагогикалық бақылау көбінесе фотокинобейнеаппараттары мен басқа да аспаптар көмегімен жүргізіледі, олар жан — жақты және сан алуан ақпараттарды көптеп алуға көмектеседі.
Тәжірибе әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау ғылыми дәйектер алу мен оқу — жаттықтыру барысын орнықтыруы, іс — тәжірибе мен ілімдегі ережелерді дәлелдеп немесе теріске шығару үшін қажетті амалдар мен әдістердің әсерлілігін анықтау үшін жүргізіледі. Тәжірибелеп жаңа болжамдармен теориялар жасауға әкеледі. Баскетболдағы мәселелердің шешімін табуда педагогикалық тәжірибе жаттықтыру құралдары мен әдістерін, әдіс — тәсілдерді жетілдіру амалдарын тиімді етуге байланысты нақты сауалдарды шешу үшін қолданылады.
Тәжірибе — педагогикалық бақылауға қарағанда терең әрі тиімді әдіс, ол мынаған жол ашады:
- бақыланған құбылысты кез — келген жағдайда бірнеше рет қайталау;
- жеке түрде бақылау мүмкін емес құбылыстар мен процестерді таза түрінде зерттеу;
- бұрын жүргізілген зерттеулерді сондай жағдай тудырып тексеру.
Зертханалық әдіс педагогикалық тәжірибе жүргізуден ерекшеленеді, ол сыналушының сыртқы қимылын ғана емес, ағзаның жасырын физиологиялық реакцияларын да ескереді. Бұндай көптеген түрлер зертханалық тәжірибемен байланысып, зерттелген процестің бірі немесе бірнеше жақтарын бөліп шығарады. Табиғи тәжірибеде баскетболшының немесе команданың қимылын жұмыс жағдайында зерттейді.
Тәжірибе жүргізу үшін мыналар қажет:
- Жұмыстық болжамын дұрыс қалыптастырып, дұрыс міндеттер қою үшін ілім мен іс — тәжірибедегі сұрақтың жағдайын алдын ала мұқият зерттеу.
- Уақыт пен күшті аз шығындап, ақпарат алу үшін тәжірибе жүргізудің жан-жақты толық жоспарын құру. Күткен нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін жағдайларды ескеріп, оларды жою шараларын қолдану (мысалы, зерттеушілер санын дәл анықтау).
- Зерттеудің әрбір элементінің мазмұны мен бірізділігін бөлшектеп әзірлеу.
- Зерттелетін процеске жүйелі бақылау жүргізу. Дәйектерді дәл сипаттау.
- Өзінің зертеу мәліметтерін бұрынғы зерттеулермен салыстыру. Анықталған дәйектерді замануй ғылым тұрғысынан түсіндіру.
- Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге сыни тұрғыдан қарау. Мәліметтерді бірнеше рет тексеріп, оларды талдап, мүмкін болса, математикалық сараптау жүргізу.
Бұған қоса, тәжірибе жүргізгенде зерттеушілердің біртектес тобын таңдап алып, тәжірибе шартын теңестіріп, тәжірибе соңына дейін зерттеушілердің толық құрамын сақтап, сыртқы әсерлер ықпалын түгелдей жою қажет. Тіркеу әдісі дәл және сенімді, ал қондырғы барлық зерттеушілер үшін бірдей болуы тиіс.
Бақылау сынақтары немесе тест алу баскетболшылары даярлау іс-тәжірибесіне терең еніп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің маңызды және іскер әдістерінің бірі болып табылады. Олардың көмегімен баскетболшылардың жаттықтырылуы мен дене жұмыс қабілетінің, дайындық барысындағы спорт нәтижелерінің өзгерісі мен психикалық және қимыл сапаларын дамыту деңгейін, сонымен қатар көп жылдар бойы әдіс амалдарын меңгеру, оның тұрақтылығы мен әсерлігінің дәрежесі, жаттықтыруды жоспарлау жүйесіндегі мүлт кету дарынды спортшыларды іріктеу жүйесін қолданылатын оқу әдістері мен құралдарының жетістігі мен кемшіліктерін анықтайды.
Баскетболшының іс-қимыл әрекеті дене мүмкіндіктерінің кешенді пайда болуымен сипатталады, осыған байланысты бақылау сынақтарын әзірлеп, жүргізгенде мына талаптарды қатаң сақтау қажет:
- Тестті орындауда дәл математикалық өрнектеу мүмкіндігі мен статистикалық сараптау үшін алынған нәтижелердің жеткілікті болуы;
- Орындау шартының тұрақтылығы мен өзгермеуі;
- Тесті орындау жағдайын ойынға, нақты ойын жағдайын және ойын әрекеті тәртібін үлгілеуге дейін жеткізу;
- Тесттің қойылған міндетке жақындығы, тест көрсеткіші мен соған сәйкес ойын көрсеткіштері арасындағы жеткілікті байланыс;
- Ойыншы мүмкіндігін барынша көрсетуге жағдай жасау;
- Тесті орындау қорытындысын толық талдау.
Тіркеу әдісі мен алынған мәліметтерді сараптау. Зерттелген мәселе бойынша тәжірибелік мәліметтерді жинау жоспарлы ойластырылған және ғылыми негізделген болуы шарт. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпарат логикалық жүйелеуге ұшырап (топтастыру, жіктеу), көмегімен жасақталуы тиіс.
Аяқтаушы саты сәйкес математикалық-статистикалық әдістерді пайдаланып, статистикалық материалды талдау болып табылады. Нәтижелерді сандық талдау спорттағы түрлі құбылыстар заңдылығын анықтап, жинақталған материалдардағы шамалардың өзгеру мөлшерін айқындап, сандық айырмашылық сенімділігін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
2.3. Ғылыми жұмыс түрлері
Ғылыми жұмыстардың нәтижелері реферат, ғылыми мақала, диссертация, көмекші құрал, монография түрлерінде шығарылуы мүмкін. Жұмыстың бағдар беретін жоспары мынадай бірізділікпен берілген.
- Титулды парақ. Титулдық парақта жұмыстың орындалған ғылыми мекемесінің аты, жұмыс авторының аты мен фамилиясы, жұмысты жазған жылы мен қаласы көрсетіледі. Осында ғылыми жетекшінің немесе кеңес берушісінің фамилиясы, ғылыми атағымен және қызметімен (бар болса) қоса көрсетіледі.
- Тарауға бөлу. Оны ашық күйде берген дұрыс. Жұмыс бөліктері оның маңыздылығы мен бір-біріне бағыныштылығына қарай көрсетіледі, аталған бөлім басталатын беттің нөмірі жазылады.
- Кіріспе. Онда тақырып негіздемесі, жұмыстың сипаты, мазмұны мен қызметі беріледі.
- І тарау-сұрақтар жағдайы. Жұмыстың бұл бөлігі әдеби қайнар көздер мен замануй іс-тәжірибе бойынша сұрақтар жайын қарастырады. Отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттерімен жұмыс негізінде әдебиетке шолу жасалады, онда мәселенің тарихы баяндалып, сонымен қатар сыни талдау жасалады, жекелеген авторлардың пікірлері келтіріледі, талас тудырған немесе ашылмаған мәселелер ашылады. Жұмыстың бұл бөлігі тәжірибе мен заманауй іс-тәжірибені зерттеу мен жалпылау негізінде қалыптасады.
ІІ тарау – зерттеу міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы. Жұмыстың міндеттері келтіріліп, олардың шешілуіне көмектесетін әдістер туралы айтылады. Әдістемелер мен аппаратуралардың сипаты толық беріледі. Жұмыстың ұйымдастырылуы көрсетіледі (зерттеушілердің континенті, олардың дәрежесі, жасы, антрометрикалық мәліметтері, жұмыс мерзімі, тәжірибенің жүргізілетін орны, т.б.).
ІІІ тарау — өзіндік мәліметтер мен педагогикалық тәжірибе. Дәйектік материал нақты кесте, график түрінде жинақы беріледі. Алынған зерттеу нәтижелерін жазғанда оларды әдеби мәліметтермен тығыз байланыстырып, түсіндіріп, негіздеу қажет.
- Қорытынды, ұсыныстар.
- Библиография
Ғылыми құндылығы бар жұмыстар журналда мақала түрінде жазылуы мүмкін.
Ғылыми мақала (көлемі 10-30бет)- зерттеудің негізгі нәтижелерінің мазмұны (қысқаша мазмұны, тәжірибелік бөлімі мен қорытынды). Кең мазмұндалса, материал толық берілмейді, негізгі қорытындылар мен ұсыныстар келтіріледі (әдістемелік мақала).
Тезистер – зерттеу міндеттерін, әдістерін, ұйымдастырылуы мен нәтижелерін қысқаша баяндау. Сосын тұжырым жасалады. Тезис көлемі баспаға басылғанда 2-3бет.
Реферат – аталған тақырып бойынша негізгі ережелерді қысқаша мазмұндау (5-20 бет).
Оқу құралы мәселелерді кең көлемде қамтып, баскетбол туралы зерттелген мәселе бойынша толық мәлімет береді. Оқу құралы аталған мәселе еңбектері бойынша қолда бар материалдардан, ғылыми жұмыс нәтижелерінде алынған қорытындылар мен ұсыныстар келтіріліп құрастырылады. Материал көпшілікке ортақ, еш дәлелсіз беріледі (оқу құралының маңызына қарай көлемі әртүрлі).
Диссертация – ғылым кандидатының немесе докторының ғылыми дәрежеге ізденісіне арналған ғылыми еңбек. Онда зерттеудің жан-жақты әдістері көмегімен алынған материал келтіріліп, зерттеу нәтижелері тәжірибеге маңызды тұжырымдар беріледі.
Монография – бір мәселені жан-жақты қамтыған құнды еңбек. Көкейтесті тақырыптар жөніндегі монография диссертация ретінде қорғауға ұсынылуы мүмкін (10-20 бет).
2.4. Оқу жаттықтыру процесін материалды-техникалық жабдықтау
Жаттықтыру процесіне арнайы жабдықтар, тренажерлар, тіркеу аппаратуралары мен көрсетілім аппаратттары тәрізді түрлі техникалық құралдар кең еніп келеді.
Жақсы материалдық-техникалық база жаттықтыру барысын жеке тұлғаландыруға, оның қарқынын арттырып, ойыншылардың түрлі сапаларын дамытуды жылдамдату мен арнайы құрал-жабдытар көмегімен олардың дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Материалдық-техникалық құралдар өздерінің мақсатына қарай үш топқа бөлінеді:
- аспаптар, жабдықтар, тренажерлар;
- тіркеу құрылғылары;
- көрсету құрылғылары.
Аспаптар, жабдықтар мен тренажерлар нақты сапа мен дағдыны қалыптастыру үшін қолданылады. Мысалы, күшті дамыту үшін түрлі эспандерлер мен тренажерларды кең қолданады. Жалпы және арнайы дайындыққа арналған күшті әмбебап тренажерлардың бірнеше құрастырған түрлері бар.
1-сурет. Күштің әмбебап тренажеры
Арнайы әмбебап тренажерда түрлі бұлшықет топтарына арналған жүктеме маятникті қолдану принципімен беріледі (1-сурет). Тренажер бағанының көлденең осінде екі тік бағыттаушы (маятник), иінтірек жүйесі, спортшыға арналған орындық орналасқан. Иінтірекке әсер ету арқылы спортшы маятникті тік қалыптан барынша мүмкін сермеумен шығарады.
Маятниктер өз салмағының әсерінен (оны қосымша тартылу көмегімен өзгертуге болады) бастапқы қалыпқа келуге тырысады. Тренажер жүктеменің көлемі мен қарқынын дәл мөлшермен, бұлшықеттің көптеген түрлі топтарына жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Күштің пайда болу сипаты өзгермелі.
2-сурет. Күштің әмбебап тренажеры
Келесі күштік әмбебап тренажер айналу салмағының инерциясын (2-сурет) қолданады. Ол арнайы дабылға байланған жіпті тартқанда туындайды. Жіпті қайтарудың арнайы қондырғысы бар, ол жаттығуды көп дүркін қайталауға мүмкіндік береді. Жұмыс өзгермелі тәртіппен жүргізіледі және бұлшықеттің түрлі топтарына ықпал етуге мүмкіндік береді.
3-сурет. Секіргіштік пен жетілдіруді дамытуға арналған тренажерлар
Секіргіштікті дамыту мен доп салуды жетілдіру үшін ГЦОЛИФК-те өлшегіш тренажер жасайды. Аспап үш блоктан тұрады: байланысатын платформа, басқару пульті мен тіркеу қондырғысы (3-сурет) зерттелуші байланысатын алаңға қол тигізіп, белгі шамын жағады, сосын секіруді орындап, допты жабу үшін қажетті уақытты тіркейтін тіркегішті тоқтатады. Сосын екінші шам жанады, т.б. Автоматты тәртіпте бірізді белгі (шам жануы) жиілігін 0-ден 3 с-қа дейін өзгертуге болады. Қайталау дене саны шектелмейді. Тренажер дене сапасы мен қимыл дағдыларын дамытуға көмектеседі.
4-сурет. Ауысу шапшаңдығын дамыту тренажерлары
Қорғанысқа ауысу шапшаңдығына жаттығу мен допты түсіріп алу дағдысын жетілдіру үшін Е.М.Моисеев-С.А.Порливскийдің тренажерін пайдалануға болады. Ол байланысатын үш алаңнан құралған, бірақ олар басқару блогы мен уақыт тіркегіштігінің тік бағанына көлденең орналасқан (4-сурет). Байланыс алаңдарын баскетбол алаңының кез-келген жеріне бір-бірінен кез-келген ара-қашықтықта қоюға болады. Белгі шамдары автоматты түрде жанады. Байланыс алаңдарының орнын өзгертіп қорғаушылардың, шабуылшылардың және орталық ойыншылардың ойын әрекеттерін үлгілеуге болады. Тренажер өлшеу үшін де, жаттықтыру мақсатында да қолданылуы мүмкін.
Жеке немесе топтап секіруден қолды жоғары көтеруде жоғары биіктікті бағалау үшін баскетбол қалқанына бекітілген сенсорлық алаңнан байланыс алаңынан және тіркеу блогынан құралған (5-сурет). Спортшы туынды әдіспен серпілігі, байланыс алаңынан жоғары созылған қолымен қалқандағы сенсорлық жамылғыға қол тигізеді. Тіркеуіш блокта ұшу кезі мен секіруде қолды барынша көтеру биіктігі тіркеледі. Дәл тигізудің жоғарғы биіктігі сенсорлық алаңның ірі индикаторында бейнеленеді, ол спортшыға өз қимылдарының сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Тіркеуіш аппаратурасы спортшы ағзасының қызмет жағдайындағы сапа мен дағдының дамуындағы өзгерісті өлшеу үшін және жаттықтыру мен жарыс барысының түрлі көрсеткіштерін тіркеуге арналған. Мысалы, күшті өлшеу үшін білезік, арқа және әмбебап күш өлшемдері қабырғаларын өлшеу үшін қолданады.
Тіркеуіш құрылғы көмегімен спортшы мен жаттықтырушы дайындығын тиімділігі туралы, нақты тиімділігі туралы ақпарат алады. Олардың көмегімен жаттықтырушы өзінде жаттықтыру барысында туындаған қызықты ойларын тіркей алады.
Көрсету құрылғылары (бейне таспалар, кинопроектор, тақта-үлгілер) қимылдың үлгілерін тәсілдік әрекеттерді ұйымдастыру мен қимыл және іскерліктің үздік үлгілерін зерттеуге көмектеседі.
5-сурет. Секіргенде қолды барынша жоғары көтеруді бағалау аспабы
Сабақ басталғанға дейін барлық қарастырылған техникалық құралдардың конспекті жоспарының жағдайын дайындап, тексеру керек. Жаттықтыру барысында жаттықтырушы белгілі бір техникалық құралдық кемділігіне тексеріп, сәйкес қорытынды жасау керек.
ІІІ-тарау. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ
3.1. Педагогика ғылымы туралы жалпы түсінік
Педагогика гректің «пайс» — балалар, «эгейн» — баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан.
Ертедегі Грецияда өзінің қожайынының баласын қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.
Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.
Педагогика оқулықтарында, жекеленген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика ғылымына берілген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика — тәрбие туралы ғылым.
Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар.
Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:
- Тәрбие — аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.;
Тәрбие белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс: жас ұрпақтың рухани, дене күштерін дамыту;
Тәрбие — қоғамдық тарихи құбылыс. Жалпы және мәңгілік категория.
- Білім беру – ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.
Білім — адамның дамуына жағдай тудыратын арнайы ұйымдастырылған ішкі жағдайлар жүйесі.
- Оқыmу — оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі, білім берудің негізгі жолы.
- Даму — адамның физикалық және рухани күш-жігерінің сандық және сапалы жағынан тізбектеле, яғни бірізді өзгеруінің обекгивті процесі.
3.2. Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогика ғылымының міндеті — зерттеу жүргізу, ал мектептің, жоғары мектептің міндеті — оқушылар мен студенттерге тәрбие мен білім беру.
Педагогика ғылымының басты міндеті — білім, тәрбие беру мен сол жүйелердің заңдылықтарын ашу, анықтау, инновациялық процестердің теориялық, әдіснамалық негіздерін айқындау, жасал шығару және іс-тәжірибе мен зерттеу жұмыстарының байланыста болуын қадағалау.
Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамавдықтардың мемлекетгік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық тандауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.
Жалпы қорытындылай келе, педагогика ғылымының міндеттерін тұрақты және уақытша деп топтастыруға болады. Бұның ішінде тұрақты міндеттерге мыналар жатады:
- Білім, тәрбие беру, оқыту жүйесі мен сол жүйелерді басқарудың негізгі заңдылықтарын айқындау;
- Педагогикалық іс-әрекетті зерттеу, оқып, үйрену, жалпылау.
- Білім беру, тәрбие беру, оқыту жүйелерінің жаңа әдіс-тәсіл, құралдарын ойластыру.
- Таяу уақыттағы және болашақтағы білім жүйесіне болжам жасау.
- Зертгау жұмыстарының нәтижелерін іс-тәжірибеге енгізу.
Педагогика ғылымының жүйесі
Қазіргі кезде педагогика ғылымын төрбие туралы ғылымдардың жүйесі деп атауға болады.
Педагогика ғылымы өзінің бастауын философия ғылымынан, соның ішінде философия ғылымының тәрбие мәселелерімен айналысатын бөлімдерінен алады.
- Жалпы педагогика — тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
- Педагогика тарихы — тарихтың әрбір кезеніндегі педагогикалық идеялар мен тәрбиенің сипатын, мазмұнын зерттейді.
- Жас ерекшелік педагогикасы — адамның әрбір жас кезеңіндегі тәрбие ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда мектепке дейінгі, орта мектеп, орта арнаулы білім, кәсіптік білім беру, ересектер педагогикасы (андрогогика) болып, жас кезендерге сай тұлғаға тәрбие және білім беру процестерінің заңдылықтарын, айырмашылықтарын, ерекшеліктерін зерттейді.
- Арнайы педагогика — дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерге тәрбие мен білім берудің теориялық негіздерін, қағидалары мен әдіс-тәсілдерін және құралдарын анықтайды. Арайы педагогика төмендегіше жіктеледі; сурдопедагогика — саңырау; олигофренопедагогика — ақыл-ой кемістігі бар; тифлопедагогика — соқыр немесе көзі нашар көретіндер; логопедия — тіл, яғни сөйлеу кемістігі бар балалар мен ересектерге тәрбие мен білім берудің заңдылықтарын зерттейді.
- Салыстырмалы педагогика — әртүрлі елдердегі білім және тәрбие мекемелерінің дамуы мен жұмыс істеу жүйелерін салыстыра отырып, зерттеу жүргізеді.
- Әртүрлі пәндерді оқытудың әдісі — белгілі бір немесе нақты пәндерді оқытудың жекеленген, арнайы заңдылықтарын зерттейді.
- Кәсіптік педагогика — белгілі бір кәсіптің немесе белгілі бір мамандықтың заңдылықтарын зерттейді, теориялық тұрғыдан негіздейді, тәрбие мен білім берудін қағидаларын, технологиясын анықтайды.
- Әлеуметтік педагогика — мұның мазмұнына мектептен, т.б. тыс берілетін тәрбие мен білімнің теориялық және қолданбалы заңдылықтары кіреді.
- Еңбекпен тузету қолопияларындағы білім беру мен тәрбие — қылмыстық іс жасаған, қамауда отырған тұлғаларды қайта тәрбиелеудің теориялық негіздемесі мен оны іс жүзінде қолданудың заңдылықтарын зерттейді.
- Емдеу ісінің педагогикасы — денсаулығы нашар балаларға тәрбие, білім беру жүйелеріндегі педагогтардың іс-әрекеттерінің мазмұнын анықтайды.
Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
- 1. Психология — адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейді, ал педагогика жеке тұлғаның дамуын басқаратын заңдарды анықтайды, жасайды.
- Физиология — тұлғаның дамуының физикалық және психикалық механизмдерін басқаруды ұғыну үшін организмнің тіршілік етуінің заңдылықтарын (тұтас алғанда және жекеленген органның) білу өте маңызды. Жоғары нерв жүйесінін заңдылықтарын білу педагогика ғылымына тұлғаның даму, білім алу технологиясы мен оның дамуының тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
- Философия — педагогикалық білімнің дамуының нақты бір кезеңіндегі тәрбие мен білім берудің мақсатын анықтап, ойластырудың негізгі базасы болып табылады. Таным теориясы оқу-танымдық іс-әрекет пен оны баскару механизмдерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге тәрбие мен оқыту, білім беру процесін зерттеуде кибернетика ғылымы қосымша мүмкіндіктер ашуда. Кибернетикалық мәліметтердің көмегімен педагогика ғылымы оқыту процесінің заңдылықтарын айқындап, анықтап бере алады.
Педагогикалық зерттеу жұмыстарында юриспруденция, экономика, информатика, статистика, тарих, этнология, этнография және көптеген техника ғылымдарының маңызы зор.
3.3. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері
Ғылымның міндеті — зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшелінеді. Зерттеу жұмыстарының да , осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерешеліктері бар. Атап айтсақ, физик немесе химик жасаған зерттеу жұмысын бірнеше рет қайталап жасаса да, белгілі бір нәтижені алуы мүмкін, алады да. Ал педагог-зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашан да ал.а алмайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірқатар шарттар орындалуы тиіс:
— белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы;
— белгілі жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі;
— зерттелінушінің ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру.
Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық тұрғыдан бақылау, зерттеу мақсатындағы әңгіме, мектеп қүжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, әлеуметтік зерттеу әдістері (анкета, рейтинг), математикалык статистиканың әдістері, педагогикалық идеяларға теориялық тұрғыдан талдау жасау және т.б.
Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский, және Песталоццийлар қолданған.
Мұндай дәстүрлі әдістерге жататындар:
Байқау, тәжірибені зерттеу, мектеп құжаттарына талдау жасау, әңгіме және оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, зерттеу.
- Бақылау (байқау) әдісі — жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі, жоспарда бақылаудың мақсаты, міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат т.б.), жүргізу әдісі нақты көрсетіледі. Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық тұрғыдан бақылау жасау — бұл кез-келген педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде қолданылады.
- Тәжірибені зерттеу — бұл үйымдастырылған түрдегі танымдық іс-әрекет. Бұл әдістің көмегімен нақты мәселерді шешудің жолдары талдаудан өтеді және архив құжаттарын зерттеу әдістерімен тығыз байланыста болады.
- Мектеп құжаттары — ең негізгі және мәліметтер алудың қайнар көздері болып табылады.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, яғни жазба жұмыстарын, (шығармаларын, реферат, есептері, т.б.), қолөнерлері және т.с.с.
- Зерттеу мақсатындағы әңгіме — зерттеуші әңгіме барысында пікірлерді біліп, жинайды. Әңгіме — күрделі әдістер қатарына жатады, оған белгілі бір талаптар қойылады.
- Педагогикалық эксперимент — (эксперимент латынның «тәжірибе» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан) бұл әдіс бүкіл класс оқушыларын, топты, бүкіл мектеп оқушыларын қамти алады. Эксперимент ұзаққа созылуы да немесе қысқа мерзімде де жүргізілуі мүмкін. Педагогикалық эксперименттің мәні — мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерін арнайы ұйымдастыруда. Бақылау және табиғи эксперимент болып бөлінеді.
- Педагогикалық тест.
- Анкета — бұл жаппай түрде, белгілі бір сауалдар беру арқылы мәліметтер, ақпараттар жинау.
Тұтас педагогикалық процесс
Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз — оқытушылар мен тындаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруші белсенді іс-әрекеттері.
Тұтас педагогикалық процесс 3 кезеңнен тұрады:
- Дайындық кезеңі — мұнда педагогикалық процестің жүруіне қажетті жағдайлар жасалады.
- Негізгі кезең — мұнда мақсат пен міндет анықталады және педагогикалық процестің басқа процестермен байланыстары қамтамасыз етіледі.
- Қорытынды кезең — қол жеткен нәтижелерге талдау жасалынады.
Тұтас педагогикалық процестің компоненттері:
- 1. Педагог-оқытушы — ол объект және субъект болады. Субъект ретінде арнаулы педагогикалық білім алады және өзінің диалектикалық көзқарасын қалыптастырады, ал объект ретінде өз білімін, тәрбиесін үздіксіз арттырып отырады.
- Тыңдаушы-оқушы — объект ретінде педагогикалық мақсатқа сай дамып, қалыптасады. Ал, субъект ретінде өз талабын, өз мүддесін қанағаттандыруға тырысады.
- Педагогикалық процестің мазмұны — бұл талдау жасаудың нәтижесінде нақтыланады.
- Ұйымдастыру, басқару комплексі — мұның негізі оқытушының оқыту, тәрбиелеу процесінде қолданатын тиімді әдісі мен формалары.
- Педагогикалық диогностика — педагогикалық процестің жай-күйін анықтау.
- Педагогикалық процестің тиімділігінің критерийі — бұл процеспен психология, педагогика ғылымдары шұғылданады, ал нақты критерий — ізденушінің білім алуға деген көзқарасы, қарым-қатынасы және білімінің сапасы.
3.4. Педагогика тарихына қысқаша шолу
Тәрбие адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті, ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтын әдет-ғұрпымен танысты. Алғашқы дәуірде балалар ортақ болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ.
Алғашқы қоғам тапсыз бодды, сондықтан тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының өзгеріп, рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала бастағанын көрсетеді.
Алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекет пайда болды, ертедегі мәдениет дамыды, алғашқы мемлекеттер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді. Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізідді.
Құл иеленушілердің 7 жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды.қыз балалар үйде тәрбиеленді. Африкада мектептерді жеке адамдар ашып, бұларды оқытқаны үшін ақы алатын болды.
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары — Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер қалдырды. Платон тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады.
Ертедегі Грециядағы педагогиканың негізін салушы болып Сократ саналады. Сократ өзінің оқушыларьш диалог құрастыра білуге, логикалық тұрғыдан ойлай білуге үйретті. Сократтың ең негізгі әдісі — оқытудың сұрақ-жауап жүйесі.
Сократтың оқушысы, философ Платон оқушыларға лекция оқи отырып, өзінің жеке мектебін ашты. Бұл мектеп өз кезегінде «платон академиясы» деген атқа ие бодды. Академия сөзі мифтегі батыр Академаның құрметіне айтылған.
Платокың оқушысы, грек философы және ғалымы Аристотель өзінің «лицей» (ликей) деп аталатын мектебін ашты. Ол философия, психология, физика, биология этика және педагогикадан трактаттар жазды. Оның негізгі әңгімесі ең алдымен адамның жалпы мәдениеті туралы болды. Ол педагогикаға кептеген өзгерістер, жаңалықтар енгізді. Атап айтқанда, жас ерекшелігіне қарай жіктеу, тәрбиені мемлекеттің нығаюының негізгі құралы және мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен семьядағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады.
Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады. Аристотель мынадай кезеңге бөлді: 0-7; 7-14; 14-21. Ол тәрбиенің әр түрлі салаларының пайда болуын жақтаған.
Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Квинтиллиан болды. Ол «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Ол балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады, тілін дамытуға ерекше мән берді.
Қайта өрлеу дәуірінде қала дамыды.(ХIV-ХVІ ғасырларда) капиталисттік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы туды, дамыды.
XVII ғасыр педагогикасы
XVII ғасырдың басында ерекше ғылым ретінде педагогика философиялық ілімдер жүйесінен бөлініп шықты.
Ағылшын философы және жаратылыстанушы Ф.Бэкон 1623 жылы «Ғылымның ұлғаюы мен рөлі» деген трактат жазды. Онда ол ғылымдарды шамалап жіктей отыра, ғылымның жекеленген білімі ретінде педагогиканы атап өтті.
Осы кезеңдерде чехтың атақты көрнекті педагогы Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактика» деген еңбегін жазды.
Ол балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге аса көңіл бөле отырып, «Ана мектебі» деген кітабында отбасы тәрбиесі жайлы өз көзқарасын білдірді.
Чехтың атақты педагогы, гуманист-ойшылы, философы осы күнге дейін өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жоймаған педагогикалық жүйенің негізін қалады. Оның «Ұлы дидактика» еңбегі Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті, сондықтан: «мектептің мақсаты — ақылды адамды тәрбиелеу, бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы — жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру»- деп, көрсетті.
Оның ойынша адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады.
Сонымен бірге ол езінің «Ұлы дидактикасында» төрт дидактикалық сұрақтарга жауап берді:
- Қалай жақсы оқып, тәуір оқуға болады.
- Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
- Оқыту мен оқудың негізділігі.
- Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
Мұнымен қоса оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптарды атап көрсетті:
- Оқытуға қолайлы уақытты тавдау;
- Оқушыларды сабақ оқытуға ынталандыру;
- Материалды біртіндеп күрделендіру;
- Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту;
- Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау;
- Бала табиғатын ескеріп отыру;
- Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше, сыртқы сезімдерді де қатыстырып отыру.
Коменский «Ұлы дидактикасында» жаңа дидактикалық принциптерді анықтады. Олар оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай кешіп отыратын негізгі ережесін құрды.
Коменский батыл түрде педагогикага жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол «тәрбиенің Галилейі» деген әділ атаққа ие болды.
3.5. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің дамуы
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
Шоқан Уәлиханов — қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, езілушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды. Шоқан орыстың XIX ғасырдағы озат ойшылдары, революционер-демократтары Белинскийй, Чернышевский, Добролюбовтар-дың идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздардың дәрежесіне көтеріле алған жоқ.
Шоқан — қазақ халқының шын мәнісіндегі тұңғыш ғалымы, оның ғылыми жұмысқа құмарлығы және икемділігі кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бола бастайды. Бұған Г.Н. Потаниннің мына сөздері дөлел бола алады: «14-15 жастағы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп қарайтын. Шоқан ол көзде аса көп оқитын. Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабілетін әсірді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс филологиясы жөніндегі пікірлері бізді тан қалдыратын».
Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырды. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И. Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уәлиханов шығыс тану әлемінің үстінен қүйрықты жүлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқаннын. мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті».
Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылыми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.
Ол мұсылман мектептерінің орнына, «ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ жансыз схоластика болмайтын мектептер ашуды талап етті.
Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы, «Записка» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады деген пікір айтады. Бірақ, Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші ролін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске жетуі материалдық емір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық багыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын-жазушысы Ыбырай Алтынсарин орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады. Өзінің алған білімін туған халқына тарту еткен Ыбырай Алтынсарин XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды.
Ыбырай Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының бұрынғы Обаған (қазіргі Затабол) ауданында 1841 жылы 20 қазаңда дүниеге келді. Ыбырайдың жас ксзіиде әкесі Алтынсары қайтыс болады да, бала атасы Балғожаның қолында есіп, тәрбие алады. Балғожа оны Орынборда ашылатын болып ұйғарылған жеті жылдық мектепке алдын ала жаздырып қояды. 1850 жылғы тамыз айының 22 күні 9 жасар немересі Ыбырайды Орынбор қаласындағы сол жеті жылдық мектепке оқуға түсіреді.
Бұл — қазақ феодалдарының балалары үшін олардың ішінен патша өкіметіне сенімді чиновниктер даярлап шығару мақсатына арналып ашылған мектеп еді, сонымен бірге ол қазақ даласында орыс тілінде оқытатын тұңғыш мектеп болып саналатын.
Мектеп бітіргеннен кейін Ыбырай халық ағарту жұмысын таңдады. Бірақ, оның ағарту саласында істесем деген мақсаты бірден орындалмады. Өйткені, гоі көзде қазақ даласында ашылған даяр тұрған мектеп әлі жоқ та еді. Ыбырай амалсыздан Орынбордың облыстық басқару мекемесіне тілмаштық қызметке қалдырылды. Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер ролінің айрықша зор екенін ескертті. Ол өзінің бір хатында: «Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны скяқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат кәремін…»
XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы прогресшіл орыс педагогтарына ортақ болған емірлік және өзекті мәселе — бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны және білім шебері туралы мәселе еді.
Бастауыш орьгс халық мектебінің оқу мазмұнын шешуде бірін-бірі толықтырып, осы проблеманы шешуге негіз болған бастауы мектеп жөніндегі үш ірі қайраткердің көзқарасы бар, олардың үшеуі де бастауыш мектеп білімінің көлемін сөз бен теориялық түрде ғана топшыламай, өздерінің бастауыш мектептерге арналған оқулықтары арқылы да дәлелдеген болатын.
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Абай — қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушысы, сонымен бірге ұлы ойшыл.
Абай дүние тануда материалистік тұрғыды болды. Абай түсінігінде, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді. Біздің сеніміміз, қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат, шындық өмірдің сәулесі ғана. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,- дейді Абай.
Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы, әлі кемеліне келіп жетпеген болса да, диалектиқалық еді: ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда алып қарастырады.
Өз шығармаларының басым көпшілігінде — поэзиясында да, ғақлия сөздерінде де Абай қазақ халқын білімге, мәдениетке шақырды. «Жан құмары дүниеде немене екен?»-дейді де, «білмекке құмарлық»,-деп жауап береді.
Абай өзінің 40 жасқа келгенде (1885) жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дейтін өлеңінде жас кезінде ғылымның пайдасын көре-тұра ескермей, ал ер жеткен соң ғылым қолына түспей, мезгілінен кешігіп қалғандығына өкініш білдіреді.
Абай қазақ балаларының интернатты мектептерде оқып жүргеніне қатты қуанады. «Интернатта оқып жүр» (1886) деген өлеңінде қазақ балаларының шариғатқа емес, ғылымға, орыс жазуына үйрететін мектептерде оқыл жүргендеріне қуана отырып, олардың ата-аналарының өз балаларын мәдениетке үйренсін демей, шен алсын, шекпен кисін дейтін тілектеріне реніш білдіреді.
Абай жастарды орыс ғылымын үйренуге шақырады: «Орысша оқу керек, хикмет те (арабша өнер-білім, ғажайып деген мағынада), мал да, өнер де, ғылым да — бәрі орыста зор».
Абай оқыту процесінде ақыл-ойды дамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен қиялдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең танып білуге мүмкіндік береді. Ақылды адам заттар мен құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой корытындыларын жасай алады.
Ұлы ақын қараңғы түндегі жарық жұлдыз тәрізді, надандыққа, түнекке және мәдениетсіздікке қарсы күресті. Бірақ патриархалдықтың, тағылық, мешеуліктің ғасырлар бойына келе жатқан надандық дәстүрін жеңу жалғыз-жарым адамның қолынан келмейтіні белгілі. Сонда да олар сепкен ұрық текке кетпейді.
Арманы — ұлы орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық қатынасты күшейту, қазақ жастарын орыс тіліне, орыс мәдениетіне үйрету, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбилеу болған ұлы ағартушы ақынның бұл сөздерінің маңызы бүгінгі біздің заманымызда да айрықша зор.
3.6. Қазақстанда жоғары педагогиқалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда оқу орындарының негізгі түрлермен қатар өтпелі сипаттағы кейбір оқу орындары ұйымдасқан болатынды. Соңдай оқу орындарының қатарына халық ағарту иституттарын (ИНО), 3 жылдық педагогикалық курстарды және т.б. оқу орындарын жатқызуға болады.
Халық ағарту иституттары мектептер мен мектептен тыс мекемелер және халық ағару орындары үшін орталықтандырылған мамандарды даярлауды іске асыратын 3-4 жылдық оқу мерзімді, жан-жақты мамандық беретін оқу орындары болып табылады.
Қазақстанда 1921 жылы 4 халық ағарту институты жұмыс істеді, оның ішінде 3 оқу орны бұрынғы Қазақ Республикасының астанасы болған Орынбор қаласында орналасты, біреуі — Семейде жұмыс істеді.
1920 жылы Орынбор қаласында Қазақтың халық ағарту иституты (КИНО) ұйымдастырылды, ол 1925 жылы сол кездегі Қазақ Республикасының астанасы — Қызылорда қаласына көшірілді.
Қазақстанда педагогикалық білім беруді дамыту ісінде Қазақтың Орынборда ашылған халық ағарту институты ерекше үлес қосты. Орынбор Қазақ республикасының астанасы болып тұрғанда қазақ интеллигенциясының едәуір бөлігі сонда топтасқаны белгілі. Олар Орынборда сол кезде ұйымдастырылған Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының жұмысына да белсене араласты. Ахмет Байтұрсынов осы қоғамның құрметті мүшесі, әрі басқарушысы болады. Осы қоғамның мүшелері қатарына одан да басқа Молдағали Жолдыбаев, Міржақып Дулатов, Александр Васильевич Затаевич, Михаил Павлович Баталов, Қайролла Қаратаев, Назипа Құлжанова, Сәкен Сейфуллин, Елдес Омаров т.б. жұмыс істеді. Олар қазақтың халық ағарту иститутының жұмысына белсене араласты. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Әлімхан Ермеков, Молдағали Жолдыбаев, Сейдазым Қадірбаев, М.Мурзин, Елдес Омаров секілді қазақтық бір топ зиялылары дәріс берді.
Республика мектептері үшін мұғалім кадрларын даярлауда 1920 жылы ашылған Семей халық ағарту иституты ерекше роль атқарады. Семей халыққа білім беру иституты жоғарғы білім беру педагогикалық оқу орны ретінде өз алдына I және II сатылы мектептерге ағарту қызметкерлерін, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер үшін тәрбиешілер, сонымен қатар еңбектен мектеп нұсқаушыларын даярлау мақсатын көздеді. Кейінен практикалық иститутқа айналды.
Қазақстанда 20-жылдардың бас кезінде халық ағарту иституттары I және II сатылы мектептерге мұғалім кадрларын даярлау мақсатында ұйымдасқанымен, олар жоғары оқу орныдары сияқты өз қызметін атқара алмады, олардың кейбіреулерінің ғұмыры ұзақ болмады.
Дей тұрғанымен, Қазақстанда халық ағарту иституттары халыққа білім беру ісі мен педагогикалық кадрларды, онын ішінде ұлттық кадрларды, даярлауда ереше рөл атқарады. Халық ағарту инситуттары өтпелі сипаттағы оқу орындары болумен қатар және Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының қабырғасында алғашқы жылдар жемісті еңбек еткендердің ішінде қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Халел Досмұхамедов, Санжар Асфендияров, Ораз Жандосон, Молдағали Жолдыбаев, Құдайберген Жұбанов және т.б. болды.
Олардың күш жігерімен студент жастарды оқытумен тәрбиелеудің озық дәстүрі қалыптасты.
Қазақтың Абай атындағы жоғарғы педагогикалық иститутының ашылуы республиканың көптеген жоғары оқу орындарының өз отауларын тігуіне бірден-бір жол ашып берді. Иститут тарихының даңқты беттерінен орын алған, өзіндік із қалдырған әр жылдарда бітірген түлектерінің ішінен қазак халқының көптеген зиялыларының есімі бүгінде үлкен мақтанышпен еске алынады.
Архив материалдары дәлелдегендей 20-жылдары кеңес мектебін құруда біршама жағымды тәжірибе анықталды. Республикада ұлттық ғылыми-педагогикалық кадрлар қалыптасты. Педагогикалық оқу орындары мен ұлт мектептеріне арнап оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар жасауда Ахмет Байтүрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бекейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмүхамедов, Нәзипа Құлжанова, Сөкен Сифуллин, Ә.Сәтпаев т.б. белсене ат салысты.
Қарастырын отырған кезеңде алғаш рет қазақ тілінде жарық керген Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» және Жүсіпбек Аймауытовтың «Психалогия» оқулықтары Республикада педагогика-психология ғылымын дамытуда ерекше оқиға болып табылады. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазудағы мақсаты туралы былай деп жазды: «Қазақтың қаны бір, жаны бір қолбасшысы — мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне бага беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жұлдызымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері. Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылдым. Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл алыңдар».
20-жылдары педагог-теоретиктеріміз бен практиктеріміздің шығармашылық ізденістері қазақ мекетептерінде көптеген демократиялық сипаттағы қадамдар жасалды, әсіресе білім берудің мазмұнын анықтауға, оқу жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге бағытталады.
Қазақ АКСР-нің құрылуы, Халық ағарту коммиссарияты мен оның жанында академиялық орталықтың ұйымдасуы, халық ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістер қарастырын отырған кезеңде республикада жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуына саяси-әлеуметтік және педагогикалық алғышарттар жасады, Республикада жоғары педагогикалық мектепті құруға берік негіз қаланды.
1928 жылы қазақ ғылымының қара шаңырағы атанған Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының бастау алған жоғарғы педагогикалық мектептің 30-жылдардың бас көзінде белгілі жүйесі қалыптасты.
30-жыддардың бас көзінде Қазақстаңца мұғалім кадрларын даярлауда елеулі табыстарға қол жеггі. Мұғалімдердің саны мен олардың сапалық деңгейі артты. Мұғалімдердің санының өсуіне байланысты, олардың әлеуметтік құрамы да өзгереді. Бұл бағыттағы елеулі жүргізілген жұмыстарға қарамастан, Қазақстан РСФСР-мен салыстырғаңда орташа сауыттылықтан көп артта қалған болатын ерекше мемлекеттік мәні бар шаралардың бірі — 1931 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР үкіметі 1930-31 оқу жылынан бастап, «Қазақстанды жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы» декретке қол қойды.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу және жеті жылдық мектепті дамыту, мүгалім кадрларын, әсіресе ауыл мектептері үшін даярлауды арттыруды талап emmi. Қазақстанның кейбір аудандарында 30-60 пайызға дейін мұғалімдер жетіспеді. Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді іске асыруда республика жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары белсене қатысты.
30-жылдардың бас көзінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы қарарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құруды және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін анықтап берді.
Қазақстан жоғары мектебінің 1931-1940 жылдарда іс тәжірибесін зерттеуде және теориялық-әдіснамалық тұрғыдан байымдауда және бұл кезеңде қалыптасқан тәжірибені жинақтауда тарихи-педагогикалық еңбектер басшылыққа алынды (Х.Әбжанов, Ш.Әлжанов, Қ.Б.Бержанов, П.П.Блонский, А.С.Бубнов, К.И.Васшт.ьев, Р.Б.Вендровская, А.С.Выгодский, Қ.Жаманбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Т.Жүргенов, С.Қалиев, К.К.Қүнантева, М.Қозыбаев, А.П.Қолмаков, И.Б.Мадин, Р.Г.Лемберг, К.Нұрпейісов, Г.П.Паначин, Т.С.Садықов, Ә.И.Сембаев, Р.Б.Сүлейменов, М.Татинов, Г.М.Храпченков және т.б.)
Педагогикалық оқу орындарының білім беру мазмұнын жетілдіруде КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1932 жылғы 19 қыркүйектегі «Жоғарғы мектеп пен техникум бағдарламалары мен режим туралы» қаулысы ерекше роль атқарды.
Бұл қаулыдан кейін барлық оқу орындары басшыларының, кафедраларының, профессор-оқытушыларының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жауапкершілігі мен қүқы арттырылады, институттарда тәртіп күшейтілді, жоғары оқу орындар мен техникумдардың біріңғай типтік жарғысы енгізілді.
Республикада алғаш ұйымдасқан Қазақ педагогикалық иституты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне жолдама берді. Бірақ та республикада бір ғана педагогикалық жоғары оқу орны мұғалім кадрларын даярлау мәселесін шеше алмады. Сол себептен де 30-жылдардың бас кезінде бірнеше педагогикалық институт ашылды.
Студенттердің әлеуметтік құрамын жақсарту мақсатында педагогикалық инситуттардың жанынан арнаулы жұмысшы факультеттері ұйымдасты. Жұмысшы факультеттерін бітіргендердің саны 1931 жылы институтқа қабылданғандардың 11,5 пайызы болса, 1932 жылы инситутқа қабылдаиғандар саны 16,8 процентін құралы.
1934 жылы Алматыда Қазақтың мемлекеттік университетінің ашылуы қазақ халқының өміріндегі ерекше оқига болды. Оның негізгі мақсаты — Республика және арнаулы оқу орындары үшін жоғары білімді ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау. Университет өз жұмысын бастағанда 5 профессор, 10 доцент және 10 ассистент, барлығы 25 оқытушы-профессор құрамымен жұмыс істеді. Алғашқы ұйымдасқанда институт физика-математика және биология факультетері болса, кейінен оларға химия және филология факулыеттері қосылады. Университеттің тұңғыш ректоры болып, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері Ф.И.Оликов жұмыс істеді.
Қазақ университеті алғаш ұйымдасқан кезінде Москва университетінен белгілі ғалымдар И.Д.Молюков, Д.В.Сокольский, Қазан университетінен профессор К.Д.Персидский, басқа жоғары оқу орындарының профессорлар А.И.Бартенев, П.Н.Мишенко, В.П.Литвинов т.б. жұмысқа келді. Университет қабырғасында қазақ әдебиетінің классигі, заманымыздың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтың, ғұлама ғылым, Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті, академик Қаныш Сатпаевтің және басқа да республиканың ғылымы мен мәдениеті саласындағы көрнекті қайраткерлер еңбек етті.
Егер де 20 жылдардың аяғында Қазақстанды бір ғана Абай атындағы Қазақтың педагогикалық, ниституты жұмыс істесе, 30-жылдардың бас кезінде Орал, Семей педагогикалық институттары, Қазақ мемлекеттік университеті шаңырақ көтерді, 30-жыддардың екінші жартысында Қызылорда педагогикалық институты және облыс орталықтарында Алматыда, Ақтөбеде, Семейде, Оралда, Петрапавлда, Шымкентте, Қарагандыда Мұғалімдер инситуттары ашылды.
1937 жылғы оқу жоспарында педагогика-психология цикіліндегі пәндерінің сағат саны арттырылды. 1937жылғы оқу жоспарынан бастап, педагогика және психология пәндері бойынша курстан курсқа көшіру және институтты бітіру мемлекеттік емтихандар енгізілді.
1936 жылы тамыздың 31-нен қыркүйектің 2-не дейін педагогикалық институттардың педагогика және психология кафедрасы меңгерушілердің РСФСР халық ағарту Коммиссариатында педагогикалық институттар мен техникумдардың педагогикалық пәндер бағдарламаларын талқылау жөнінде кеңесі өткізілді. Педагогика пәні бағдарламасы (Пинкевич, Пистрак, Каменев) Педагогика тарихы бағдарламасын А.П.Пинкевич пен Е.Н.Медынский құрастырды. Бұл кеңеске Қазақстаннан Профессор Ш.Әлжанов қатысып, республикада педагогикалық ой-пікірдің дамуы туралы өз ойын ортаға салды.
30-жылдарда педагогикалық институтарға арналған психология пәнінің бағдарламасы профессорлар С.Рубинштейн мен К.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. 1935 жылы профессор Ш.Әлжановтың «Марксистік педагогика» оқу құралы баспадан шықты. Кейбір әдіснамалық кемшіліктерге қарамастан, оны педагогикалық институт-тардың студенттері оқу құралы ретінде пайдаланды.
Ғылыми зерттеу институтының бірінші директоры болып,-республиканың белгілі педагог-ғалымы профессор Ш.Әлжанов жұмыс істеді. Ш.Әлжанов 1932 жылдан 1938 жылға дейін КазПИ-де алғашында педагогика және педология, ал кейінен педагогика және псңхология кафедрасын басқарды. Ол кафедра меңгерушілігі мен жаңа ұйымдасқан ғылыми-зерттеу институтының директорлығы қызметін қатар атқарды.
Республикада жоғары педагогикалық білім беру мен педагогика ғылымының даму -тарихына соғысқа дейінгі жылдарда өзіндік іс қалдырған көрнекті ғалымдарымыз Раиса Григорьевна Лемберг, Телеген Тәжібаев есімдерімен қатар педагогика ғылымы саласында педагогикадан кавдидаттық диссертациялар қорғаған Ш. Қоқымбаев пен С. Қожахметовтар.
1944 жылы 21 маусымда КСРО Халық Комссиялары Кеңесі «Мектепте оқытудың сапасын арттыру туралың арнаулы қаулы қабылдады. Соғыстың қиын жағдайында жалпыға бірдей білім беру үшін және мектептерде оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру жұмысы одан әрі жалғасты.
Соғыс жылдарында республика Халық ағарту комисса-риатын белгілі ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, КСРО педагогикалық ғылым академиясынын корреспондент-мүшесі Әбдіхамит Сембаев басқарды. Ол жоғары педогогикалық мекгепті ұйымдастыруда оның басы-қасында болып, көптеген проблемаларын шешуде біршама жұмыстар атқарды. Соғыс жылдары ерекше назарда болған мәселе педагогикалық оқу орындарының жүйесін сол деңгейде сақтау ғана емес, сонымен қатар жаңа оқу орындарын ашу кезделді.
Республика Халық ағарту комиссариаты жүйесі бойынша соғыс жылдары жоғары педагогикалық оқу орндарының саны 13-тен 15-ке жетті, оның ішінде 1 университет, 6 педагогикалық және мұғалімдер институты жұмыс істеді.
Соғыс жылдары Алматы қаласында шет тілдер мұғалімдер институты 1941 жылы қайтадан ашылды. Ол 1944 жылы педагогикалық институтка айналды.
1944 жылы Қазақтың қыздар педагогикалық институты алғаш рет шаңырақ көтерді. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Дене шынықтыру институты ашыдды.
Ұлы отан соғыс жылдарының алғашқы күндері уақытша жабылып қалған Семей мен Орал мұғалімдер институттары қайта қалпына келтілірді.
Соғыс жылдарында жоғары педагогикалық. оқу орындарының жұмысында шешуші роль атқарған профессор-оқытушы құрамын ерекше атаған жөн. Бүкіл респрублика Халық ағарту комиссариаты жүйесі бойынша 1941 жылы 501 адам жұмыс істеді: оның ішінде 17 профессор, 5 ғылым докторы, 61 доцент, 46 ғылым кандидаты бодды.
Сонымен қатар жоғары педагогикалық оқу орындары майдан мен тылға материалдық жағынан көмек беруде игі істерді атқарды. Осының бәрі майдан мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесіп, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін күшейтті.
Бүкіл одақтық жоғары мектеп комитеті мен Қазакдың Халық ағарту комиссариатының үсынуымен республика жоғары оқу орындары ғылыми-зерттеу жұмысын қайта құруға ерекше мән берді. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары қайта қаралып, қорғаныс және халық шаруашылық мәні бар тақырыптарға ерекше мөн берілді.
1942 жьиіы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында және С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде асперантұра қайта ашылды. Халық ағарту комиссарианты жүйесі бойынша бір жылдың ішінде 30-дан астам адам кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты сту-денттерге дәріс беруге Алматыға эвакуациямен келген атақты ғалымдарды кеңінен тартты. Олардың қатарында орыс тілінен академик И.Н.Мещанинов, физикадан академик В.Г.Фесенко сабақ берсе, КСРО Ғылым Академиясының корроспондент-мүшесі В.И.Чернышев орыс тілі кафедрасын басқарады, КСРО ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Н.И.Баранский экономиқалық география кафедрасының меңгерушісі болса, ғылым докторлары, профессорлар А.А.Глаголев, П.М. Рубинштейн, Н.Ф.Бельчиков, Ц.А.Фридман, Д.И.Макеев, Г.АКапиев кафедра меңгерушілер қызметін атқарды.
Қазақстанға қоныс аударған ғылыми-зерттеу институтары мен жоғары оқу орныдары ерекше қорғаныс және халық шаруашылық мәні бар орасан зор жұмыс атқарады.
Қазақстан жоғары педагогикалық мектебі сұрапыл соғыстың ауыр кезеңінде ауыр сыннан сүрінбей өтті. Оған дәлел болын табылатын жоғары және орта мектепте білім алған түлекгер майдан мен тылда ерен ерліктің үлгісін көрсете бідді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс кеңес адамдарының орасан зор рухани өрлеуін туғызып, респуфшка халық шаруашылы-ғының, ғылымының, мәдениетінің сипатын езгертті.
40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде «ұлтшылдықпен» айыпталып, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ішінде республика жоғары мектебінің көрнекті ғалымдары, қазақ зиялыларының бетке ұстар өкілдері Ермүқан Бекмаханов, Ахмет Жүбанов, Смет Кеңесбаев, Қажым Жұмалиев, Бек Сулейменов, Мүқаметжан Қаратаев т.б. болды. Коп жылдар бұл «салқын» академик, Қазақстан ғылым академиасының тұңғыш президенті Қаныш Сөтпаев пен ғүлама ғалым, дарынды жазушы Мүхтар Әуезовты де шалды.
Олар Қазақстанды тастап, басқа жаққа кетуге мәжбүр болды. Әрине, әділет жеңді. Олар ақталып, 1954 жылы жарияланған амнистиядан кейін елге оралды. Ғылыми жұмыстарын одан әрі жалғастырды.
Республика алғаш рет психолг-маман кадрларын даярлауда белгілі ғалым Төлеген Тәжібаевтің еңбегі ерекше еді. Бірақ та логика және психология бөлімі бар болғаны 1951-53 жылдардың арасында 3 рет өз түлектеріне жолдама берді. Бұл ксзеңде жоғары педагогикалық мектептің екі жүйесі қалыптасты: Педагогикалық және мұғалімдер институттары.
1952 жылдан бастап, мұғалімдер институтары педагогикалық институттарға айнала бастады. Демек, орта мектептердің 5-10 сыныптарға мұғалім даярлау жүйесінің бірыңғай жүйесі қалыптасты.
Сонымен, 1954-55 оқу жыл басында республикада 10 педагогикалық және 3 мұғалімдер институітары жұмыс істесе, 1955-56 оқу жылынан бастап, педагогикалық институттардың саны 13-ке жетті. Педагогикалық институттарда оқитын студенттердің саны 1940 жылмен салыстырғанды 2-2,5 есе артты.
Республикада педагогика-психология ғылымдарын дамытуда 40-жылдардың аяқ кезінде жүргізілген ғылыми-ұйымдастыру шараларының атқарған ролі орасан зор болды. 1948 жылдан бастап, Қазақтың Абай атындағы педагогшсалық институтында Бүкіл одақтық Жоғары Аттестациялық, Коммиссияның шешімімен педагогика ғылымдары бойынша диссертациялар қоргауга қабылдау қщы берілді.
Қазақтың Абай атындағы педагогақалық институты мен Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетіңце психология мамандығы бойынша асперантұра ашылды. Педагогикалық институттарды ғылыми жұмысты дамытуда «Ғылыми жинақтар» шығару ерекше роль атқарады. Ғылыми жинақтар Гурьев, Ссмей, Орал педагогикалық институт-тарында жарық көрді.
Сонымен, согыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда педагогика-психология ғылымдары жедел қарк^шмен дамыды. Педагогика және мұғалімдер институттары соғыстан кейінгі жылдарда оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілмеді. Әсіресе, мұғалімдер институтынын жағдайы ете қиын бодды. Себебі олар иедагогикалық институттардың оқу бағдарлама-сымен жұмыс істеуге тұра келді.
Сонымен қатар 50-жылдардың ішінде оқу багдарламасының мазмунын жетілдіруге және болашақ щгалімнің ғылыми-теориялық және кәсіби деңгейін арттыруга арналган бірнешв байщау қадамдар жасалды. Жалпы оқу жоспары мен багдарламаларында болашақ устаздар кэсіби-педагогикалық жагынан даярлауга жете мән берілді. Педагогика, психология, әдістеме пәндері және педагогикалық практика сағаттары арттырылды. Бірақ та педагогика-психология цикіліндегі пәндер университеттредің оқу жоспарында өзінің тиісті орнын ала аямады. Оның сағат саны сан рет езгеріске ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары педагогикалық институттар мен университеттредің студентеріне арналған педагогика және психология оқулықтары жарық көрді. Бұл оқулықтар орыс тілінде шығарылды. Қазақ тілінде алғашқы аударма оқулықтар пайдаланылды. Педагогика және психологиядан алғашқы қазақ тіліндегі оқулықтар 60-70 жылдары дүниеге келді.
Бұл қарастырып отырган кезең педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерін кәсіптік-педагогикалық даярлауды жетіддіруде жаңа кезең болып табылады. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық-психологиялық даярлаудың мазмұнын жетілдіру бірден бір өзекті проблема болып күн тәртібіне қойылды.
60-жылдардың ортасынан бастап, бұрынғы одақтық педагогикалық білім беру проблемалары белсенді зерттеліп, талқылана бастады. Бұл проблеманы талКылауда предагогика ғылымының көрнекті ғалымдары проблемалық мақалалармен пікіралысты.(Н.В.Александров,С:И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, Н.К.Гончаров, А.Е.Дмитриев, Н.В.Кузьмина, Н.ККузьмин, М.Қүдайқұлов, Р.Г.Лемберг, И.Т.Огородников, А.В. Петровский, А.И.Пискунов, В.К.Розов, А.В.Сластенин, Н.Д.Хмель, Г.А.Уманов).
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде республика педагогикалық институттарында «Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектептері үшін», «Физика, электротехника және машинатану», «Биология және ауыл шаруашылық негіздері», т.б. кең профильді мамандықтар ашылды
60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардын бас кезінде педагогикалық институттардың оқу жоспарына белгілі езгерістер енгізілді.
Әлеуметтік және ғылыми-техниқалық прогреске сәйкес жоғары педагогикалық білім берудің мазмұны бірізді жаңарып отырды.
Педагогикалық циклдегі пәндердің құрылымы мен логикалық оқыту жүйесі өзгерді; теориялық сағат саны артты, «Педагогикаға кіріспе», «Жас физиологиясы», «Жас және педагогикалық психология» курстары енгізідді.
80-жылдардың бас кезінде мектеп реформасын іске асыру педагогикалық оқу орындарының оқу жоспары мен бағдарламасын одан әрі жетілдіру, оның мазмұнын мектеп талаптарына сәйкес келтіруді және болашақ ұстаздьгң жалпы ғылыми, психологиялық-педагогикалық және практиқалық даярлығын жақсартуды қажет етті.
Республика педагогикалық жоғары оқу орындарында барлық оқу-тәрбие процесін «педагогикаландыру», арнаулы пәндерді оқытудың кәсіби педагогикалық бағытттылыгын арттыру, оқу жоспарына «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Оқушыларға кәсіптік бағдар беру» атты қосымша пөндерді енгізу, арнаулы курстар мен факультативтерді кеңейту, бірінші курстан бастап, үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру іске асты. Бұл бағытта республика педагогикалық институттарында біршама тәжірибе жинақталды.
Студенттердің практиқалық даярлыгын жетілдіруге ерекше мән берілді. 1984-85 оқу жылынан бастап, барлық факультет-терде педагогикалық практика енгізілді.
Қазіргі кезде кезде болашақ мұғалім даярлау жүйесінде қалыптасқан саяси-идеялық тәрбие жұмысының маман даярлаудын. барлық мерзіміне арналған перспективалық жоспарын жасау, қоғамдық-саяси практика, қоғамдық мамандық беретін факультеттер, педагогикалық, студенттік құрылыс отрядтары сияқты студенттермен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізудің кезінде қалыптасқан тиівді түрлерін жаңа нарық талаптарына сай ұйымдастырса нүр үстіне нүр болар еді.
Қазақтың Абай атындағы педагогиалық институтының ледагогика кафедрасының мүшелері профессор Р.Г.Лемберттің жетекшілігімен кешенді тақырыппен айналысты. Оның ғылыми жетекшілігімен «Мектептегі оқыту әдістері», «Сабақтың психологиялық мәселелері», «Оқушылардың білімі мен ептілігін есепке алу» тақырыптарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты мен Қазақтың мемлекеттік университеті педагогика және психология кафедралары республикамыздағы педагогака және психология ғылымының қалыптасып, дами түсуіне ықпал жасаған ғылыми орталықққа айналды.
Академик Т. Тэжібаев — тұңгыш рет республика педагогика ғылымы саласында докторлық, диссертация қоргаган белгілі ғалым. Оның Қазақстанда халық ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің даму тарихына арналған, әр жылдары жарық көрген монографиялық еңбектері жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында педагогикалық ой-пікірдің теориясы мен тарихына арналган көкейкесті проблемаларды зерттеуге негіз болды.
60-жылдары республика жоғары оқу орындарында республикаға танымал, педагогика тарихы саласында көрнекті ғалымдар Ә.І.Сембаев «Қазақстанда кеңес мектебінің даму тарихы», Қ.Б. Бержанов «Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы» тақырыптарында-педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дережесін алу үшін диссертация қорғады.
Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының профессоры Г.А.Уманов «Қиын балаларды тәрбиелеу» проблемаларына арналған бірнеше еңбектерге ғылыми жетекшілік етті. Бұл проблемамен Г.А. Умановтың жетекшілігімен аспиранттармен, оқытушылармен қатар студенттер де айналысты.
Осы институттың жоғары мектеп педагогикасы проблсмасы бойынша профессор Н.Д. Хмелъдің жетекшілгімен комплексті ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Оған республика жоғары оқу орындары оқытушылары мен аспиранттары кеңінен қатыстырылды.
Қазақтың Абай атыңдағы педагогикалық институтында профессор М.А.Қүдайқұловтың жетекшілігімен техниқалық құралдар мен программалап оқытудың физик-студенттері кәсіптік-педагогикалық даярлау жүйесі жасалып, зерттеу жұмысы жүргізілді.
Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдардың ғылыми-зерттеу институтында КСРО Педагогикалық ғылым академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты қазақ филиалында, республиканың педагогикалық институттары мен университеттерінің 24 педагогика және психология кафедраларында тек қана диссертациялық тұрғыдан педагогика-психология ғылымдары-ның 16 бағыты бойынша 200-ден астам тақырып зерттелді.
Республика жоғары педагогикалық оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысы кандидаттык және докторлық диссертациялар қорғау бағытында да іске асты. 60-80 жылдары республика жоғары педагогикалық оқу орындарында педагогика-психология ғылмдарының әртүрлі проблемала-рынан 250-ге тарта кандидаттық және ондаған докторлық диссертациялар қоргалды.
60-80 жылдары ресттублика жоғары педагогикалық оқу орнында жұмыс істейтін ғалымдарымыздың педагогика институттары мен университеттері студенттеріне арналған психология, педагогика тарихы, педагогикадан алғашқы қазақ тіліндегі оқулықтар жарық көрді: Мәселен, А.Темірбеков пен С.Балаубаевтың «Психология» оқулығы (Алматы, 19б6ж), Қ.Жарықбаевтың «Жалпы психология» аударма оқулығы (Алматы, 1980ж), М.Мүқановтың «Жас және педагогикалық психология» (Алматы, 1978ж), Қ.Бержанов пен С.Мусиннің «Педагогикатарихы» (Алматы, 1986ж.) оқулықтарын жоғары педагогикалық оқу орындарының кдзақ аудиториялары студенттері кеңінен пайдаланды.
1995 жылдан бастап, республиканың барлық жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихыкан» мемлекеттік емтихан енгізілді. Жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты туралы құжаттың мазмұны әлеуметтік-гуманитарлық циклдегі пәндерді оқыту жүйесін жаңа деңгейге көтеруді жүзеге асыруы, оқытуды кең гуманитарлануды қамтамасыз етуді, терең ғылыми білімді әлемдік және отандық мәдени жетістіктерді тиянақты меңгеруге негізделген болуды кездейді. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру түжырымдама-сының қабылдануы жоғары оқу орындарында гуманитарлық циклдегі пәндердің ролін арттыруда бұл құжаттың мәні орасан зор болды.
Республика жоғары оқу орындарында басты проблема-лардың бірі — қазақ тілінде оқулық және оқу құралдарын шығару. Бұл багытта республика жоғары оқу орындарының тарапынан біршама игі істер атқарылды. Қазақ тілінде оқу-әдістемелік материалдар даярлауда және басын шығаруда Алматының Абай атындағы мемлекеттік университеті педагогика кафедрасының іс-тәжірибесі туралы кафедра меңгерушісі, профессор Г.А.Умановтың хабарламасын Білім министрлігінің алқасында (31 шілде 1992 жылы) тындап, мақұлдап және оны республика жоғары оқу орындарында кеңінен тарату жөнінде үсынылды.
Қазақ тілінде жарық көрген еңбектердің ішінде педагогика теориясы курсынан 32 баспа табақ көлемінде лекциялар циклі институт оқытушылары мен студенттердщ пайдалануы үшін өте ыңғайлы түрде жеке кітапша түріндегі оқу құралы жарық көрді. Педагогикадан педагогикалық оқу орындарына арналған оқу бағдарламалары шығарылды. Педагогиканың әртүрлі тарауларынан 10 оқу филыңері даярланды. («Сабақ», «Оқыту әдістері», «Эстетиқалық тәрбие» (т.б).
Сонымен қатар педагогика теориясының өте күрделі тарауларынан, «Қиын балалар және олармен жұмыс» (профессор Л.К.Керимов), «Қазақтың ұлттық өнері құралдары арқылы оқушыларга эстетиқалық тәрбие беру» (проф. С.А.Ұзақбаева), «Оқушылардың әлеуметтік белсенділігн тәрбиелеу» (проф. Б.И.Мүқанова) және т.б. оқу-әдістемелік құралдары баспадан шықты.
Қазақ тілінде оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарды дайындауда және баспадан басып шығаруда Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің профессоры Қ.Жарықбаев пен Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары ғылыми-зерттеу институтының профессоры С.Қалиевтің еңбектері өзіндік орын алады. Олардың құрастыруымен алғаш рет 1994 жылы «Қазақ тәлімдік ой-пікір антологиясы», 1995 жылы «Қазақтың төлім-тәрбиесі», профессор Қ.Жарықбаевтың басшылығымен «Әдеп және жантану» еңбектері баспадан шыкты.
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін кешенді түрде зерттеу, жоғары педагогикалық білім берудің әр тарихи кезеңде қалыптасқан іс-тәжірибесі мен даму ерекшеліктерін ашып көрсету, республиканың жекеленген оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудағы ролі, жоғары педагогикалық мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше мән беру, жоғары педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оның ғылыми негіздерін жасау, үздіксіз білім беру жүйесівде мұғалім кадрларын даярлауды жетілдіру, қазіргі көп сатылы білім беру жағдайывда мұғалім кадрларын даярлаудың ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселер бүгінгі күнгі педагогика ғылымының өзекті мәселелері болып саналады. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында: «Мүгалімдердің біліктілігін негурлым сапалы деңгейге көтеру, білім беру жуйесінің қызметкерлерін қайта даярлау жөніндегі республиқалық және аймақтық шституттардың материалдық-техниқалық базасын ныгайту қажет.
Келешекте мугалім мамандыгы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамапдықтардың бірі болуы керек.Әрине, мугалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек.
…бул жоғары оқу орындары мамандар даярлаудың, соныц ішінде мемлекеттік қызмет ушін де мамандар даярлаудың эталонына айналуга тиіс.
Соңгысы. Елімізге болашаща қулаш сермейтін Білім берудің жаңа мемлекеттік багдарламасы керек «, — деп атап көрсеткен.
( Астана, 2004. 19 наурыз)
3.7. Педагогика ғылымының қоғамдағы әлеуметтік ролі
Жалпы педагогика ғылымының қоғамдық маңыздылығы оны жалпы орта білім, жоғары білім, үздіксіз білім беруді ғылыми-әдіснамалық, әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, білім берудін, тиімділігі мен сапасын арттыру, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының негізгі өзекті багыты мвн проблемалары мыналар:
- Жалпы білім берудің, тәрбиелеудің нақты педагоги-қалық, қоғамдық түжырымдамалары мен технологиясын айқындау.
- Білім берудің әлеуметтік, экономиқалық және педагоги-қалық аспектілеріне болжам жасау және іс-тәжірибеге ғылыми тұрғыңан талдау жасау.
- Жеке тұлғаның даму болашағына анықтама беру.
- Зерттеудің әдіснамасы мен әдістерін дамыту.
- Білім беру жүйесін демократияландыру және ізгілендіру.
- Саяси-адамгершіліктік тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, азаматты қалыптастыру.
- Білім берудің компоненттерін өндеу, мазмұнын қайтадан қарау, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды эксперименттік тексеруден өткізу.
- Ұлттық мәдени, сана-сезімді қалыптастыру.
- Білім беру процесін оптималдандыру.
- Өздігінен білім алудың тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру және жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеу.
- Мұғалім және оқытушы-профессорлар құрамының білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру.
Ең озекті әдіснамалық мәселелер
- Педагогикалық іс-әрекеттің, тәрбие мен білім берудің мәнін ашу;
- Үздіксіз білім беру мен тәрбиенің диалектиқалық байланысы;
- Білім беру мазмұнының әлеуметтік, философиялық, психологиялық және педагогикалық негізі;
- Педагогикалық тұрғыдан ойлау, оның диалектикаеы мен логикасы;
- Әлеуметтік-педагогикалық қарама-қайшылық — қозғаушы күш екендігі.
Кез-келген ғылымның әдіснамалық объектісі — бүкіл ғылыми-танымдық іс-әрекет болып табылады.
Ғылыми әдіснаманың пәні — білім, оны іс жүзінде пайдалану әдіс-тәсілі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы — білім, тәрбие және жеке тұлға дамуынын таным процесі.
Педагогиканың әдіснамалық объектісі — тәрбие, білім және жеке тұлға дамуының танымдық құбылыстары, ал пәні жан-жақты жетілген, ізгілікті, адамгершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің заңдылықтары.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты — оқу процесінің, тәрбиенің, жеке тулға дамуының обьективті заңдылықтарын анықтау, ашу, оны оқу-тәрбие жұмысында мақсатты турде, саналы түрде қолдана білу.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері
- Ғылымның пәні мен сол ғылыми құбылыстардың танымдық логикасын анықтау.
- Жалпы зерттеудің ерекшеліктері, сол ғылым төңірегіндегі зерттеушінің зерттеу жұмысына дайындығы.
- Сын және өзара сын.
Жоғарыда көрсетілген негізгі мәселелердің бірінші тобына ғылымның пәні, жүйесі, бірлігі, өзара байланысы, басқа ғылымдармен байланысы, маңызы мен мәні және сол зерттеулердің әдісі мен әдіснамалық негізін жетілдіру жатады.
Зерттеу жұмысының логикасы, ягни қисыны төмендегідей:
- Теориялық, эксперименттік зерттеулердің қызметі мен сипатын анықтау.
- Зерттеу мәселелері мен ғылыми болжамдарды негіздеу.
- Зерттеулердегі ғынымк фактілерді анықтау.
- Зерттеу материалдарын жинақтау және қорытындылау.
Зерттеу жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарттары мыналар:
- Өзскті, яғни көкейкесті мәселелерді реттеп, іріктеу.
- Зерттеу жұмысынын бағыттылығы.
- Зерттеу жұмысының объектісін анықтау.
- Зерттеу жұмысында кешенді әдістерді қолдану.
- Ғылыми жаңалықтар ашу.
Педагогиктық зерттеудің 3 деңгейі болады:
- Эмпириқалық, двңгей — ғылымның жаңа фактілерін анықтап, соның негізінде заңдылықтардың жасалынуы.
- Теориялық деңгей — мұнда бұрынғы факгілерді түсіндіруге қажетті жалпы педагогикалық заңдылықтар анықталады.
- Әдіснамалық деңгей — мұнда алдыңғы екі деңгей негізінде педагогикалық зертеулердің жалпы қағидалары мен әдістері анықталады.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер
Қандайда да болсын ғылымның зерттейтін пәні ғана емсс, алға қойып отырған міндеттерді шешуге көмектесетін зерттеу әдістері де болады.
Педагогикалық зерттеу әдістерін байыту мен дамыту ғылым дамуының маңызды факторы болын табылады.
Бір кездері зерттеу әдістері философиялық, әлеуметтік және ойша құрылымның негізінде жасалып, педагогикалық идеялар атақты ойшылдардың щығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде көрінген. Алайда, теориялық қызметті практиқалық іс-тәжірибемен үштастырып жүргізуді ғалымдар дамыта түсті.
Жалпы педагогикалық зерттеу әдістерін бірнеше топқа бөледі:
- 1. Жалпы.
- Жалпы ғылыми.
- Арнайы әдістер.
Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз — жалпы құбылыстарды зерттеу мен әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған әдіс-төсілдер мен операциялардың жиынтығы.
Жалпы әдіс — жалпы және әмбебап сипатқа ие болады. Сондықтан бұл әдіс әртүрлі ғылым салаларында қолданылады. Ғылыми түжырымдау процесіне бағыт бере отырып, кез келген ғылыми зерттеу жұмысында әдіснамалық міндетті орывдайды.
Жалпы әдіс 2-ге бөлінеді:
Жалпы ғылыми. Бұл барлық немесе бірқатар ғылым саласында қолданылатын әдістер. Оған экелеримент, математиқалық әдістер және т.б. жатады. Арнайы нақты ғылыми.
Жалпы ғылыми әдіс ~ барлық немесе бір қатар ғылым саласында қодданылады. Бұған эксперимент және математи-қалық әдістер жатады.
Ғылыми зертеудің қисынына сәйкес бұл әдістерді нақты ғылыми мөселені зерттеу барысында қолданылатын реттілік бойынша қарастыру қажет, яғни ең алдымен әдеби қайнар кездерде:
— мөселенің қаніиалықты қарастырылғандығын анықтау;
— қиын және шешілмеген мәселелерді бөліп алу;
— тәжірибе және практика нәтижелерімсн танысу;
— өзгерістер енгізу;
— тиімділігін тексеру;
— эксперимент жүргізу;
— нөтижелерді жинақтау және қорытындылау.
Егер жоғарыда көрсетілген зерттеу жұмысының тиімділігі дәлелденілетін болса, овда оны іс-тәжірибеге ендірудің әртүрлі жолдары қолданылады. Оған мынадай әдістер жатады:
/. Әдебиетпен жұмыс жасау әдгстері.
- Қалыптасу устіндегі тәжірибені зерттеу әдістері.
- Эксперимент.
- Зерттеу нәтижелерін енгізу.
Әдебиетпен жұмыс жасау әдістері
Ең аэдымен мәселеге байланысты әдебиеттердің тізімін жасау, яғни:
— Қазақстан Республикасынын, заңдылықтарымен әртүрлі қүқүқтық құжаттарының;
— атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің сол мөселе бойынша еңбектердің;
— сол мәселе бойынша жүргізілген жалпы және арнайы жұмыстардың;
— архив құжаттары мен тарихи, ғылыми материалдардың;
— мерзімдік ақпарат, баспасөз құралдарының;
— мектеп, жоғары мектеп, жалпы ғылыми еңбектер жайлы көркем әдебиеттердің;
— зерттелініп отырған ғылым саласының басқа ғылым салаларымен байланысы жайлы материалдардың;
— анықтамалық педагогикалық өдебиеттер,яғни педагогикалық энциклопедиялар, сөздіктер , т.б.
— шет елдердегі жоғары мектеп мәселелерін жете зерттеу мен жоғары білім беру тәжірибесі жайлы ғылыми-педагогикалық, әдеби кітаптар, мақалалардың;
— энциклопедия, сөздікгердің т.с.с.
— жоғары мектеп дидактикасына сай оқулықтар, әдістемелік көмекші құралдар, нүсқаулардың және т.б.
— шетелдердегі жоғары мектеп мәселелері және жоғары білім тәжірибесі жайлы кітаптар мен мақалалар және басқа басылымдардың, т.с.с.
Әдебиеттермен ж$мыс жасау барысында турлі жазып алу жұмыстары жургізіледі. Атап айтқанда:
- Библиография — бұл зерттелініп жатқан мәселемен байланысты жұмыс үшін таңдалынып алған әдеби қайнар кездердің тізімі, мұнда ең алдымен зерттеу жұмысының жалпы бағыты, автордың танымалдылығы және баспадан шыққан жылы ескерілуі қажет.
- Аннотация — яғни кітап немесе мақала мазмұны туралы қысқаша жазба, мұнда зерттелініп жатқан мөселе туралы жалпы мағлүматтар береді.
- Реферат — қайнар кездердің негізгі мазмұнының ықшамды түрде берілуі
- Конспект — кітап немесе мақала мазмұны жайлы толық жазып алу. Жазу барысывда негізгі идеялар мен тезистерді талдау іске асырылады.
Тәжірибені зерттеу әдістері
Тәжірибені зертшеу әдістері — бұған бақылау, әңгіме, анкета, интервью әдістері жатады.
- 1. Бақылаудт, қалыпты жағдайда құбылыстарды кдбылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау жоспар бойынша жүргізіледі, жоспарда бақылаудың мақсаты, міндсті, обьеюісі, жүргізу әдісі және техникасы көрсетілуі тиіс.
Ғылыми бақылау — зерттелінетін құбылысты дұрыс және дәлдікпен жазыл алуды талап етеді. Сондықтан бұл бақы-лаудың нәтижесі зерттеушінің шеберлігіне, қабілетіне, жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты болады.
Педагогикалық бақылау — белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі болып табылады.
Педагогикалық бақылау жаппай және ішінара болып екіге бөлінеді.
- Әңгіме әдісі — бұл бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтыру арқылы сипатталады. Әңгіме әдісінің ерекше бір түрі интервью алу, ол еркін формада өтеді, дөйектілікті талап етеді.
- Анкета әдісі — бұл деректерді жинап алуға көмектеседі. Бұл әдістің құндылығы зерттеушіге зерттелген мәселелерді қорытып жинақтауды жеңілдету үшін көптеген материалдардың көзі болып табылады.
- Педагогикалық эксперимент — эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Егер экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, оны табиги эксперимент деп, ал зерттеушінің үсынысы бойынша, екінші бір адам жүргізсе оны жанама экстримент деп атайды.
Табиги эксперимент — оқу процесін бүзбай проблемаларды зерттеу үшін оқу аудиторияларында әдеттегі жағдайда жүргізілетін эксперимент.
Арнаулы экспвримент — зерттеу жұмысының мазмұнын, формасын, принциптерін, әдістерін жаңадан жасау үшін жүргізіледі.
Математиқалық, әдіс — жалпы зерттеу жұмысының арасындағы бір-бірімен байланыстылықты анықтауға мүмкіндік береді, тіркеу, кесте құру, график болып бөлінеді.
Зерттеу нәтижелерін енгізу жолдары
Аяқталған зерттеу жұмысындағы ең маңызды буыны — ол зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу. Ол белгілі бір реттілікпен жүзеге асырылады. Практикада қодцанылады жоне таратылады.
3.8. Жоғары мектеп педагогикасы
XXI-XX ғасырларда жоғары білімге талдау жасау өзекті мәселелердін. бірі болып табылды. Жоғары білім беру орта ғасырда басталды.
1530 жылы құрылған жоғары оқу орнының 62-сі әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында Европадағы базалық оқу орны болып табылатын Париж университеті (XII ғасыр) және қазіргі кездегі Сорбонна университеті.
Университеттердің жұмыс мазмұнына қарай әртүрлі моделдері болды, бірінде студенттер басқарса, екінші бірінде оқытушылар басқарып, автономиялық қағидалар үсынылды.
Орта гасырда Германияда құрылған университеттің маңызы зор болды. Онда алғаш рет оның құрылымдық бөлігі ретівде аспирантұра мен докторантұра алынды, яғни ең алғаш рет оқыту мен білім берудің бөлігі ретінде аспирантұра мен докторантұра алынды, яғни ең алғаш рет оқыту мен ғылыми жұмыс біріктіріліп, негізгі маңызды функциясына айналды.
АҚШ-та жоғары білім беру қарқынды дамыды, себебі оған Конгресстің тікелей көмегі }лен ықпалы болды. (жер бөлу, әлеуметтік және қаржы мәселелері т.б.)
IX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдыің басында Европа елдері мен АҚШ-та жоғары білім беру жүйесінің даму деңгейлері әртүрлі болды.
Ұлыбританияда XIX ғасырдың аяғында 23 млн. адамға 4 университеттен болса, 3 млн. адамы бар Огайо штатывда 37 жоғары білім беру мекемелері болды.
1910 жылы АҚПІ-та 1000 университет пен қолледж болды, овда 300.000 студент білім алды.
1900 жылдары аналитиктердің, яғни сарапшылардың талдауы бойынша, АҚШ орта білім алғандардың барлығына жоғары білім беруге дайын болған.
1980 жылдардың басында Батыс Европа мен АҚІП-та жалпы жоғары білім беру құрылымына жүргізілген реформалар аяқталып,жаңа реформалар толқыны басталды. Дж.Буш өзінің жаңа концепциясын: «Америка — 2000: білім берудің стратегиясы» деп атады.
Жоғары мектеп реформасының нэтижесінде 1960-1970 жыддары езара тәжірибе алмасу, жоғары білім беруді жетілдіру арқылы әлемдік сапалық стандарттарға қол жеткізді.
Қазақстан, Ресей және т.б. ТМД елдері мен орталық, Шығыс Европа елдеріндегі жоғары білім беру жүйесінде реформа 1980 жылдардың аяғында жаңа экономиқалық-әлеуметтік, қаржылық күйзеліс пен саяси тұрақсыздық жағдайына тұра келді.
Бүкіл әлем бойынша АҚШ студенттері саны жагынан бірінші орында, атап айтқанда 14 млн., оның ішінде 1,7 млн. магистр, философия докторы, мұнда әр жылы 350 мың магистр, 40 мың философия докторын дайындаған.
ФРГ-де 243 жоғары мектеп, онда 1,5 мшн. студент білім алады. Сонымен бірге 121 академиялық оқу орындары, яғни университеттер, технологиялық университеттер, техноло-гаялық және педагогикалық институттар мен академия.
Қорытынды
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының негізгі өзекті бағыты мвн проблемалары мыналар:
- Жалпы білім берудің, тәрбиелеудің нақты педагогикалық, қоғамдық тұжырымдамалары мен технологиясын айқындау.
- Білім берудің әлеуметтік, экономикалық және педагогикалық аспектілеріне болжам жасау және іс-тәжірибеге ғылыми тұрғыдан талдау жасау.
- Жеке тұлғаның даму болашағына анықтама беру.
- Зерттеудің әдіснамасы мен әдістерін дамыту.
- Білім беру жүйесін демократияландыру және ізгілендіру.
- Саяси-адамгершіліктік тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, азаматты қалыптастыру.
- Білім берудің компоненттерін өндеу, мазмұнын қайтадан қарау, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды эксперименттік тексеруден өткізу.
- Ұлттық мәдени, сана-сезімді қалыптастыру.
- Білім беру процесін оптималдандыру.
- Өздігінен білім алудың тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру және жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеу.
- Мұғалім және оқытушы-профессорлар құрамының білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Теория и методика физического воспитания / Под общ.ред. Л.И.Матвеева и А Д.Новикора. -М.: ФИС, 1976, т, 1-11.
- Гандельеман А.Б., Смирнов Д.М. Физическое воспитание детей школьного возраста. — М.: Просвешсние, 1986.
- Теория и методика физической культури / Под ред. В.М.Шияна, — М.: Просвещение, 1988.
- Шитикова Г.Ф. Методы контроля эффективностм педагогического процесса на уроках физического воспитания: Учебное пособие. — СПб., 1997.
- Теория к методики физического воспитания /Под ред. Б.А.Ашмарина, -М.: Просвещение, 199
- Президентские тесты Республики Казахстан. — Алматы, 1997.
- Иванков Ч.Т. Теоретические основы методики физического воспитания. -М.: «Инсан», 2000.
- Холодов Ж.К., Кузнеуов B.C. Теория и методика физического воспитания и спорта: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. -М.: Издательский центр «Академия», 2000.
- Теория и методика физической культуры: Учебник / Под ред. проф. Ю.Ф.Курамшина. — 2-е изд., испр. — М.: Советский спорт. 2004. — 464 с.
- Матвеев Л.И. Теория и методика физической культуры. -М: ФиС. 1991. -543 с.
- Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі (Оқу құралы). -Алматы: «Әлем». 2000. 80 бет.
- Педагогика. Дәріс курс. — Алматы: «Нұрлы Әлем», 2 — 368 бет.
- Педагогика: Учебник для институттов физической культуры (Под ред. В.В.Белорусовой и Н.Н.Решетень) – 2-ое изд., доп. и перераб.-М.: ФиС, 01986. -288с.
- Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. /Аударған Успанов K.C./. — Алматы: «Ғылым», 2002. — 170 бет.
- Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. — Алматы, «Мектеп», 1987. — 207 бет.
- Белорусова В.В. и др. Основы профессионально-педагогического мастерства преподавателя (тренера). — Л .:ГДОИФК, 1988.
- Вайндорф-Сысоева М.Е., Крившенко Л.П. Педагогика: Пособие для сдачи экзамена. — М.: Юрайт-Издат., 2005. — 239 с.- (Хочу все сдать!).
- Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. (Оқу құралы). — Алматы: «Санат», 1995. -302 бет.
- Жумашева С. С. Основы педагогических знаний: Учебное пособие для студентов специальности «Физическая культура и спорт». — Алматы: Казахская академия спорта и туризма. 2001. — 58 с.
- Деркач А.А., Исасв А.А. Педагогика и психология деятельности организатора детского спорта. — М.: «Просвещение», 1985.
- Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. — Астана, 1999. — 378 б.
- Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. — Алматы, 1998. — 168 б.
- Методика воспитательной работы: Учебное пособие (под ред. Л.Рувинского). — М.: «Просвещение», 1989.
- Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. — Алматы: «Мектеп», 1986.
- Синица И.В. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. — Алматы: «Мектеп», 1987.
- Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для высших учебных заведеиий (И.А. Зязюн и др.). — М: «Просвсшечие», 1989. 302 с.
- Тер-Ованесян А.А. Педагогические основы физического воспитания. -М: Физкультура и спорт, 1978. — 206 с.
- Ақпаев Т.А., Адамбекова М.І., Тастанов Ә.ж. Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдің және әдістемелік негіздері. –Алматы: «Өнер», 2003.
- Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбек. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан, 2004.
- К.Адамбеков, А.Кульназаров, С.Касымбекова. Формирование основ физической культуры учащейся молодежи. –Алматы, 2004.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1998, 240 бет.
- Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР// Sport, 2000, №1, 4-11 қаңтар.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001- 2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
- Адамбеков К.І. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
- Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. Авторефераты. М., 1993, 55 б.
- Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
- Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
- Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
- Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
- Құланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
- Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері, п.ғ.к.дисс.авторефераты. -Алматы, 1992. 1-20 беттер.
- Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағыи және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері п.ғ.к. дисс. авторефарты. М., 1968. 22 бет.
- Қаражанов Б.Қ. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1992. 1-85 беттер.
- Филин В.П. Мектеп жасындағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1970.
- Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1990. 25 б.
- Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1995. 23 б.
- Садирметова Ж.Б. жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиеле, п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1996.
- Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика: М., 1974. 135 б.
- Зациорский В.М. Спортшының дене сапасын / Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966ж. 200 б.
- Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт. М., 1966.
- Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу, п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1946
- Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы (Тәрбиенің теориялық және әдістемелік зерттеулері), п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1968.
- Годик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы», 1965. №7.
- Зациорский М.И. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері // Дене тәрбиесі және спорт, 1966. 200 бет.
- Ионов Л.П., Черняков Г.И. Жүгіру жылдамдығы, қадамның ұзындығы мен басу жиілігіне байланысты // «Жеңіл атлетика», 1968. №5.
- Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы, «Санат», 2000, 72 б.
- Бальсевич В.К., Запорожнов В.А. Адамның дене белсенділігі. Денсаулық. Киев, 1987. 23 б.
- В.В.Белорусов, И.Н.Решетников. Педагогика. М., Дене тәрбиесі және спорт, 288 б.
- Адамбеков Қ.І., Хлыстов М.С. Дене дайындығының негіздері. Алматы, 2002. 1-112 б.
- Сухарев А.Г. Оқушылардың денсаулық жағдайы және оны қалыптастыру факторлары. Гигиена және санитария. 1982. №5, 70-72б.
- Бережков Л.Ф., Рубинская И.Д. Халықтың денсаулық жағдайын жаппай зерттеудің көрсеткіштері. Балалардың денсаулығын қорғау. 1974, №7. 121-144.
- Филиппович В.И. Дене тәрбиесі процесі кезіндегі қозғалыс қызметінің дамуы // Советтік педагогика. 1967, №5. 23-30 б.
- Беляев Д.К. Генетика, қоғам жеке адам. // Коммунист. 1987, №7. 90-97б.
- Тәнекеев М.Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. // Алматы, 1982. 44 б.
- төлегенов Ж.М. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытудың кейбір проблемалары. Дене мәдениеті мен спортты бақылау проблемалары. Ал маты, 1979.
- Баясевич В.К., Гришко В.В., Захаров Л.С., Попов В.В. // Қазіргі кезеңдегі спорттық және ұйымдастырушылық шарттары. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1981, №43-45 б.
- Тастанов Ә.Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі, п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 2003.
- Антропова М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттілігі және денсаулық жағдайлары. М., 1967 ж. 251 б.
- В.Л.Марищук, Ю.М.Блудов, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серова. Спорттағы психологиялық болжамдық әдістемесі. Просвещение. М., 1984. 106 б.
- О.А.Аяшев, Дене тәрбиесі құралдары арқылы болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби дайындығын қалыптастыру: Докторлық диссертацияның авторефераттары.
- Т.М.Досмұхамбетов. Студент дене тәрбиесі, спорт: Монография, Алматы 1997.
- Д.Д.Иванов.Дене тәрбиесінің құралдары мен түрлері арқылы ЖОО-ғы оқу тәрбие процесін жандандыру: Докторлық диссертацияның авторефераттары. Л.1991.
- Г.Д.Иванов. ЖОО-ғы оқу-тәрбие процесін белсенді жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар:Қазақ КСР Жоғары білім министрлігі.1987.24 бет.
- М.Я.Виленский. Дене тәрбиесіне студенттердің себепті-бағалы көзқарасы және оны бағытты қалыптастыру жолдары.(ТНПФК,1994).