ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ
Студент
Салық салу ісі – кәсіпорындардың бюджетпен қатынасы ретінде тақырыбында жазылған диплом жұмысы кіріспеден, Үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады. Диплом жұмысында кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарының реті, оның ішінде корпаративті табыс салығының алыну ерекшеліктері талданып, салық төлеу ісіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық іс — әрекеттері жан – жақты зерттелген. Сонымен қатар шет елдік салық жүйесі туралы мәліметтерді пайдалана отырып шет елдің салық жүйесінің рекшеліктері, шет елдік кәсіпорындар мен ұйымдарға салық салудың тәтібі туралы зерттеулер жүргізілген. Жалпы дипломдық жұмыс қойылған барлық талаптарға сай келеді және жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.
РЕЦЕНЗИЯ
Бітірушінің дипломдық жұмысына ________________________________
Жұмыстың тақырыбы Салық салу ісі – кәсіпорындардың бюджетпен қатынасы ретінде.
Пікірдің мазмұны Студент ________________________________«Салық салу ісі кәсіпорындардың бюджетпен қатынасы ретінде» тақырыбына диплом жұмысын жазды. Диплом жұмысы 3 нгізгі бөлімнен кіріспеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Дипломдық жұмыста ҚР-ның қазіргі жағдайындағы кәсіпорылдар мен ұйымдарға салық салудың қажеттіліктері, тәртібі және маңызы көрсетіліп, олардың бюджетке төлейтін салықтарына әртүрлі талдаулар жасалынған. Жалпы нарыққа өту жағдайындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарына салынатын салықтардың мәселелі жақтары да қарастырылған. Диплом жұмысы жалпы дипломдық жұмыстарды жазу талаптары мен міндеттеріне жауап береді, сондықтан да осы жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ————————————————————-
1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ, КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ———————————————— 1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері——————————————- 1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері————
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ———————————-
2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау———————————- 2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау————-
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ—————————————————-
3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде—————————————————
ҚОРЫТЫНДЫ——————————————————
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР—————————— |
|
Кіріспе
Бюджетке әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардан төленетін салық түсімдерінің нарықты экономика жағдайындағы маңызы ерекше. Кәсіпорындар әртүрлі салалар бойынша өнімдерді өндіріп, қызметтерді көрсетумен қатар мемлекеттік бюджетке салықтар төлеу арқылы мемлекет қаржысының көлемінің артуына маңызды үлес қосады. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор /2,3/. Өйткені, кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарына тікелей әсер етеді. Белгілі уақыт мезетіндегі ағымдағы қаржы нәтижелерін көрсетудің маңызды белгісі ол — кәсіпорын табысы болып табылады. Пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәліметтер кәсіпорындардың салықтық және қаржылық есептерінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Табыс кәсіпорын қызметінде маңызды мәселелелердің бірі, яғни кәсіпорынның табыстылығы өзін-өзі қаржыландыру, ұдайы өндіру, еңбек ұжымдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын табысының есебінен мемлекеттік бюджет, яғни салық органдарының және басқа да кәсіпорындар, субъектілер алдындағы міндеттемелер орындалып отырады. Сондықтан да табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік қаржы қызметтерін бағалаудағы, корпоративті табыс көлемінің артуындағы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорындардың іскерлігінің және қаржы тұрақтылығының дәрежесін сипаттайды. Табыстылық көрсеткіштері арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейі және кәсіпорын активтеріне салымдардың тиімділігі анықталады. Жалпы салықтық қатынастар тауар-ақша қатынастарынан маңызды ерекшеленіп отырып, кәсіпорындармен тікелей ақша қатынастарын орнатады, және мемлекеттің салық қызметі үшін кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсы болуы және салықтық міндеттемелерінен уақытында әрі толық құтылуы бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы өте өзекті мәселе /3/. Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты рөл атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Сондықтан мемлекет алдында салық механизмін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған.
Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағфн және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей бүкіл дамыған мемлекеттердегі салықтық реттеу — несие-қаржылық реттеумен бірігіп отырып нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуы арқылы мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады.
Қазақстанда 1991 жылға дейін экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болағаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді, содан бері салық қызметі үнемі жетілдіріліп отыр.
Қәзір Қазақстанда кәсіпкерлік қозғалысын дамытуды және шағын бизнестің өсуіне қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу рәсімін оңайлатуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1999-2004 жылдардағы соңғы кездерде бюджет табыстары табыстардың орындалуы болжамдалған жоспарларынан артық. Жылдан жылға табыстардың орындалуы экономикалық жағдайымыздың өркендеуінің көрсеткіші. Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі.
Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.
1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ MEH МАҢЫЗЫ, КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІН ДЕП САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері
Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде төленетін міндетті төлемдер.
Салықтар — шаруашылық жүргізуші субъектілердің, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы қатынасын мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын күрделі экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада; салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен кәсіпорындардың, халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді /5,7/ Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар — мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Жалпы салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
— реттеушілік;
— фискалдық;
— қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі қызметтерімен қатар салықтардың қосымша ынталандыру, бақылау қызметтерін де атап көрсетуге болады.
Реттеушілік қызметі — салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Салық субьекті (салық төлеуші) дегеніміз — заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі — табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналымы және т. б.
Салық көзі — салық салынатын табыс. Салық ставкалары тұрақты немесе процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкілер салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады. Процентік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады. Жалпы салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын салық салынбайтын төменгі мөлшер, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. Ал салық төлеу мерзімі -салық төленетін уақыт,
Салық төлеу тәртібі — белгіленген мерзімде салықты төленген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді. Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай тәртіппен іске асырады:
а) бірінші кезеңде барлық реттеулікке салынатын салық төленеді, сонан соң акциздер және баж салығы;
ә) екінші кезеңде жерлікті салықтар мен алымдар;
б) үшінші кезеңде басқа салықтар мен алымдар.
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі. Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық комитетінің нормативтік актілері. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану шартын ішкі республикалық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады. Салық салу ісі Қазақстан Республикасы Салық комитеті және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық Комитеттері мен бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті, ал оның орынбасарлары және салық басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Салық салу ісінде салық қызметі органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті. Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
— салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
— заңдардың, салық салу мәселелері жөніндегі басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу /7,8/;
— салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық, заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төленуіне бақылау жасау. Салық төлеушілер мен салық салынатын обьектілердің есебін уақтылы алуы, салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның жәнс басқа құжаттардың, нысандарын әзірлеу.
Салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақытылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолданылады. Салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды қаржы полициясының бөлімішелерімен біргіп іздестіруді жүзеге асырылады.
Салық салу ісінде салық төлеуші — заңды және жеке тұлғалар өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
— уақытылы салық Комитетінде тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
— салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп күжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
— белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
— атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
— салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға. ҚР заңдарына сай ҚР-дағы салық төлеушілер мынандай құқықтарға ие:
— салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
— жүргізілген тексерулер актілерімен танысуға;
— салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актілері жөніндегі түсіндірмелерді ұсыну заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
— салық салуға қатыссыз деп саналатын ақпарат пен құжаттарды тапсырмауға күқы бар.
Жалпы мемлекеттегі салық салу ісін жетілдіру үшін салық қызметіне байланысты әртүрлі қағидалар жүзеге асырылуы тиіс, олар қарапайымдылық және салыстыру қағидалары. Қарапайымдылық қағидасы бойынша бюджеттің кіріс көзін құрау және салықтар мен төлемдердің тиімді түсуі дұрыс әрі толық қамтамасыз етіледі. Жалпы салық жүйесі азаматтар үшін қарапайым да айқын болуы қажет, салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы керек. Бұл үшін салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек және белгілі бір салықтың түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет. Салық салу объектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі мейлінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс. Салық жүйесінде әділеттілік қағидалары тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік қағидалары дегеніміз — салық ставкасы, салық мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізінде белгіленуі қажеттігін қарастырады, салық ставкасының шегі аса жоғары болмағаны жөн, себебі мүндай жағдайда салық төлеушіні табыс табуға ынтасы төмен — деп, табыс азайюы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азаяды. Көлденең әділеттілік принципі дегеніміз, тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектігін қарастырады. Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесе қызмет түрінен, мүлкінен бірдей мөлшерде салық төлеу тиіс. Салыстыру қағидалары бойынша, салық ставкаларын бекіткен кезде ол ставкалар мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген ставкалармен салыстырылып, солардьң деңгейінде белгіленуі тиімді. Себебі, шектен тыс жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға әсер етеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика экономикасына қаржыларын салуына л кедергі болуы мүмкін. Ал, салық ставкаларының басқа елдерде қолданалып жүрген ставкалардан едәуір төмен болуы, алдымен, мемлекет бюджетінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал жасауы ықтимал. Қорыта айтқанда салық төлеу мерзімі, әдісі, салық мөлшері салық төлеушіге айқын да, дәлелді болуы керек. Салық төлеу мерзімі, салықты есептеу әдісі, төлеу тәртібі салық төлеушіге барынша ыңғайлы болғаны қолайлы.
Салық салудың үш түрлі тәсілі бар: касдатрлық, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табыс табу көзінен. Кадастрлық тәсіл бойынша салық салу объектісін тіркеу арқылы, одан түсетін табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады. Мысалы: жер салығы, мүлік салығы, сияқты салықтар.
Декларация бойынша салық, салық төлеушінің декларацияларда көрсеткен табыс көлеміне байланысты және онда көрсетілген шегерістер мен жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.
Үшінші тәсіл, яғни табыс көзі бойынша салық, салық төлеуші қызмет ететін жұмыс орнындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді. Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығын салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Ел экономикасында бұрын болмаған жаңа ірі құбылыстар накты жүзеге асырылуда, оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі, шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи қадам болып есептеледі.
Осы бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.
Салық туралы қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: жалпы мемлекеттік салықтар; міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тағы да басқа салықтардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Салық немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің немесе олардың дебиторлорының шоттарынан салық айыппұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде, егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келісетін болса, өндіріп алынады.
Салықтар, айыппұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамасыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, салық төлеушінің мүлкін тәркілеуге құқылы. Берешек өтелген жағдайда мүлікті тәркілеу туралы шешім жойылады. Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың әрбірі халықаралық салық салудың тәртібін енгізу болып табылады.
Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сай, одан әрі қарай өзгеріп, дамуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылдың 21-желтоқсанында қабылданған Заң күші бар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.
Енгізген өзгерістер мен толықтырулардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
— салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төменгі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген;
— арнайы экономикалық аймақтарда тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар, табыс салығын 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;
— заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындары шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақы жұмсалған шығындарға салық салынады;
— жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Үкіметі мен келсімге тұрар алдында Бас салық комитетінде салықтық зерттелуден өтулері тиіс.
Біз тек енгізілген өзгерістердің басты-бастыларын атап кеттік. Ал барлық өзгеріс, толықтырулармен жоғарыда көрсетілген құжат арқылы кеңірек танысуға болады.
Салық жүйесінің бір орнында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикалық дамыған елдердің тәжіриберелін талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатыны сөзсіз. Жаңа салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетелдік дамыған және озық үлгілерді жинақтай отырып, өзіндік жүйелі бағыттарға сай қызмет етуде. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген шектен тыс қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған салықтық ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады [10]:
а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті, мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі — фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл кызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы ырқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы көбірек болып отыр, яғни экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
— салық салу объектісіне байланысты;
— қолданылуына қарай;
— салық салу органына байланысты;
— экономикалық ерекшелігіне байланысты;
— салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді. Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады. Жалпы салықтар заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, т. б. Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады. Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мына салықтар кіреді: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, т. б. Ал тұтынуға салынатын салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді. Дербес салықтар салық төлеушінің салық төлейтін объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы жатады.
Мемлекеттік бюджет жүйесіндегі салықтардың экономикалық мәні -мемлекеттік бюджет жүйесінің кіріс бөлігіндегі қаржылық түсімдердің деңгейі арқылы көрінеді. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық функцияларын толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржыны қажетсінеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі — өзінің құрамы жағынан бірнеше құрамдас бөліктерден тұратын күрделі үлгі.
Салық жүйесі құрамдас бөліктерінің құрамы мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т. б. салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Салық салу механизмі әр мемлекеттің өз ішкі экономикалық және құрылымдық жағдайына байланысты ерешеленеді. Европалық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдерде салық салу жүйесі өте күрделі болып келеді. Бір салықтың әртүрлі мемлекеттердегі рөлі де әртүрлі болып келеді. Мысалы, Франция мемлекетінің бюджетінің кіріс көзінде жанама салықтар 62% алады, ал Нидерланд мемлекетінде ол тк 41% алады. Европада ең негізгі салықтардың қатарына пайда салықтары жатады /5/. Бұл салықтардың ставкілернің көлемі 10%-тен 52%-ке дейін тараған. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетінде ставканың прогрессивті әдісі пайда көлеміне қарай 25-тен 35%-ке дейін қолданылады.
Европалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің көбінде жеке тікелей салықтардың негізгісі болып — жеке тұлғалардың табыс салығы жатады. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің көбінде бұл табыс салығының прогрессивті ставка жүйесі қолданылады.
Европалық экономикалық қоғамдастыққа екі реттік салық салуды болдырмау үшін қоғамдастық тұлғаның басқа мемлекеттерде төленген салықты өз мемлекетіне келген тұлғалардан қайта ұсталмауы керек.
Европалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегі салықтардың үйлесімділігі жайлы сөз қозғалғанда бірінші европалық мемлекеттердің фискалды саясатының басты элементінің бірі — қосылған құнға салынатын салық.
1970 жылдың ортасынан бастап қосылған құнға салынатын салық европалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің салық жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып қалыптасты. Қазіргі кезде қосылған құн салығ Европалық экономикалық коғамдастыққа мүше мемлекеттердің салықтық үйлесімділігінің бір мысалы болып табылады /6/. 1991 жылы жазда Европалық экономикалық қоғамдстыққа қосылған күн салығының 15%-дық минималды ставкасын белгілеуді ұйымдастырд. Бұған дейін қосылған құн салығының ставкасы 9-дан 19%-ке дейін әрекет ететін.
Германияның салық салу жүйесі 1990 жылы 25 шілдеде қабылданған заңға сәйкес әрекет етеді.
Бұл заң бойынша салықтар федералды және жергілікті трлерге бөлінеді. Федералды салықтарға келесілер жатады: акциздер, кеден баж салығы, капитал қозғалысына салық, сақтандыру салығы, жеке тұлғаның табыс салығы және қосылған құн салығы.
Жергілікті салықтарға: мүлік салығы, жер учаскесін иелену салығы, көлік құралдар салығы, сыра салығы, жер салығы, шіркеу салығы және жергілікті сатудан ұсталынатын салық.
Мемлекеттік бюджеттің табыстарын және мәселелерін бөлу федерациямен жергілікті органдармен ерікті түрде жүргізіледі және бюджетті жоспарлаумен қолдану қызметтері де өз қаулылары бойынша жүзеге асырылады.
Германияда қолөнер кәсіпорындары кәсіпшілік салықтардан босатылған, табыс салығының ставкасы жеңілдетілген, кіші кәсіпорындар егер айналымы 25 мың маркадан аспайтын болса, айналымнан төленетін салықтарды төлемейді.
Франция мемлекетінде салықтр мемлекеттік және жергілікті салыққа бөлінеді. Орталық бюджеттің бюджеттік түсімдерінің 95%-на дейінгі мөлшерде қосылған құн салығы, жеке тұлғаның табыс салығы, акционерлік қоғамдарға салынатын салық, кейбір тауарларға салынатын акциз салығы.
Жоғарыда көрсетілген салықтар ішінде ең енгізгілерінің бірі — қосылған құнға салынатын салық болып табылады. Бұл салықтың стандартты ставкасы -18,6%.
Жоғарылатылған ставка 22% жеңіл автомобиль, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы мех тауарларға белгіленеді /7/.
Келесі салық — акционерлік қоғамдрға салынатын салық. Бұл акционерлік қоғам ретінде тіркелген кәсіпорындар, мекемелер, фирмаларға салынады. Бұл салықтың ставкасы Франция территориясында орналасқан барлық акционерлік қоғамдарға бірдей мөлшерде белгіленген салық ставкасы — 34%.
Жеке тұлғалардың табыс салығы Франция мемлекетінде прогрессивті әдіспен 0%-дан 56%-ға дейін салынады.
Жергілікті салықтардың ішінде келесі салықтар ең негізгі салықтарға жатады: құрылыс салынған учаскіге салық, құрылыс салынбаған учаскелердің жер салығы, тұрғын үй салығы, проффессионалдық салық.
Ұлыбританияда салық салу 300 жылдан бәрі әрекет етуде. Мысалы, 1964 жылдың өзінде бұл мемлекетте гербтік алым пайда болды. Бұл салық ең алғашқы салық түрі болып табылады. 1780 жылдан бастап, бұл мемлекетте мұра салығы салына бастады, ал табыс салығы — 1842 жылы пайда болды.
Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізген 1973 жылы болған салық реформасы болды.
Ұлыбритания салық салу жүйесі келесідей салық топтарынан құралған:
1) Орталық салықтар;
2) Жергілікті салықтар.
Салықтар мемлекеттік бюджеттің табыстарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің 64%-ын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, корпорация пайдасына салынатын салықтың үлес салмағы — 19%.
Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесінің ең негізгі салығы болып жеке тұлғалардың табыс салығы, корпорация пайдасына салынатын салық, қосылған құнға салынатын салық, акциз салықтары болып табылады. Жеке тұлғалардың табыс салығының минималды ставкасы 60%, ал корпорация пайдасына салынатын салық ставкасы — 33%.
Ұлыбритания шағын кәсіпорындарға және тәуекелі жоғары инвестициялық салымдарға бағытталған кәсіпорындарға табыс салығының ставкасын азайтқан. Мысалы, жалпыға белгіленген табыс салығы 33% болса, жеңілдетілген ставка 24%. Сонымен қоса біріккен шағын кәсіпорындарға қаржылық процестерді барынша қарапайымдатуға тырысқан, жеке табыс салығның ставкасын да төмендеткен /8/.
Қосылған құнға салынатын салық, акциздер мен кедендік баж салықтарын жинаудың барлық мәселелерін кеден басқармасы мойнына алған.
Салық түсімдері Италияның мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі есептеледі (80%-дан көбеірек). Мемлекеттегі 1988 жылғы салық реформасы алынатын салық түрлеріне маңызды өзгерістер енгізді, яғни үш негізгі салық түрін қозғады:
— жеке тұлғалардың табыс салығы;
— заңды тұлғалардың табыс салығы;
— жергілікті салық (жеке және заңды тұлғалардан).
Италияда қосылған құн салығы дифференциялық ставка бойынша алынады. Қазіргі кезде олар бесеу: жеңілдетілген ставка 2% (бірінші кажетті тауарларға: нан, сүт, және басқа азық-түлік өнімдеріне), негізгі ставка 9% (кең көлемді өнеркәсіп бұйымдарға, оның ішінде тоқымашылық заттарға, азық-түлік және спирт ішімдіктері, ресторан арқылы сатылатын заттарға), екі жоғарылатылған ставка 18% (бензин және мұнай өнімдеріне) және 38% (сәнді заттарға: зергерлік бұйымдар, спортавтомашиналарына), сондай-ақ нөлдік ставка, ол экспорт тауарлары мен қызметтеріне. Италияда 2 салық түрін ғана шағын бизнестегілер төлейді және ол табыстың 17 пайызын құрайды.
Жапония салық салу жүйесі өзінің спецификалық ерекшеліктерімен, бірнеше өзгешеліктерімен АҚШ және Батыс Европа елдерінің салық салу жүйелерінен ерешелінеді. Жапонияда мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар қызмет көрсетеді. Салық бойынша салықтық түсімдердің 64%-ы мемлекеттік салықтар есебінен, ал қалғаны жергілікті салықтар есебінен құралады.
Жапонияда бірқатар басқа елдермен салыстырғанда салықтық емес түсімдердің үлесі едәуір жоғары. Мемлекеттік бюджетте салықтар 84%-ды және салықтық емес түсімдер 16%-ды құрайды, жергілікті басқарма органдары бюджеттерінің төрттен біріне дейін салықтық емес түсімдерге ие болады.
Жапонияда 25 мемлекеттік және 30 жергілікті салықтар бар. Оларды ірі үш топқа классификациялауға болады /9/.
Бірінші — заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын тікелей салықтар. Екінші — тікелей мүлік салығы. Үшінші — тікелей және жанама тұтыну салықтары. Бюджеттің негізін тікелей салықтар құрайды.
Жапонияда шағын бизнестің дамуының өз спецификасы бар. Алып корпорациялардың қасында шағын бизнес экономиканың бастапқы элементі болып саналады. Елдің 40 млн-ға жуық адамы (барлық жұмыс істеушілердің 80 пайызы) 7 млн-ға жақын шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейді. өндірістік өнімдердің 60 пайызы шағын және орта бизнеске жатады. Тігін, аяқ киім, галантерея өндіріс салаларының ішінде шағын бизнес тіпті кең тараған. Жапония шағын бизесіне тән субреттік жүйе қанат жайған, онда шағын бизнес үлкен корпорациялардан машина өндірішу, авиа құрылыс және басқалардан тапсырыс алын оны орындаумен айналысады. Шағын және орта бизнесті реттеудің және ынталандырудың төрт орталығы бар:
- Орталық үкімет;
- Жергілікті билік органдары;
- Ірі бизнес;
- Өздігінен біріккен шағын бизнес бірлестіктері.
Шағын бизнесті қолдаудың орталық үкімет бағыты бойынша сыртқы сауда және өндіріс министрлігінің құрамындағы шағын кәсіпорындар Басқармасы айналысады. Орталық үкіметпен қатар жергілікті басқару органдары да шағын бизнесті реттеу және ынталандыру үшін заем беру, несие кепілдігі, салық жеңілдіктері, кадрларды оқыту және ақпараттарды алуға еркін рұқсат беру шараларын атқарады. Бұдан басқа оларға тіпті қайтарымсыз қаржылай көмектер беріледі, тек, ғылыми-техникалық бағдарламаларды ойлап тауып, жүзеге асырса болғаны. Ол бағдарламалар мынадай болса:
— өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатса,
— Тамақ және өндіріс технологиясын жаңартса;
— Университеттермен және мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарымен бірге жаңа техника-технологияны ойлап тапса.
Қысқасы Жапония елі шағын және орта бизнесті техника-технология салаларынан ғылыми жаңалықтар ашуға көп ынталандыратындардың бірі болып табылады.
Біз жоғарыда бір қатар дамыған елдердің салық салу тәжірибесімен таныс болмақ. Оларда салық салу механизмі мемлекеттің өз ішкі сипаты бойынша қалыптастырылған және ұзақ тарихи сипатқа ие.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті /10/. Бюджеттің басты кіріс дөздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа салық салу ісі дамып келе жатыр және біршама болса да, нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейілінше жақындатылған.
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері.
Салық жүйесінде кәсіпорын қызметінің маңызы ерекше, өйткені бюджетке төленетін салықтардың ерекше маңызды бөлігін кәсіпорындардың төлейтін салықтары құрайды. Осыған байланысты кәсіпорын қызметіндегі қаржылық нәтижелердің және кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштерінің кәсіпорын қызметіндегі маңызының зор екендігін байқаймыз. Ал салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңыздылығының зор екендігі және кәсіпорындардың салық қызметінің алдындағы міндеттемелерінің мәні мен ерекшеліктері осы бөлімде кеңінен қозғалады. Кәсіпорындарға салық салуды қоғамдағы өндірістік қажеттіліктерге сай келеді, және кәсіпорындарға салық салудың экономикалық маңызы зор. Келесі суретте кәсіпорындар мен ұйымдардың салық салудың экономикалық қағидалары көрсетілген (сурет 1).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың салық салудың экономикалық қағидалары
Ескерту: сурет әдебиеттердің көмегімен авторлармен жасалынған.
Сурет 1
Сонымен кәсіпорындарға салық салудың экономикалық қағидаларына сүйенер болсақ, онда ең алдымен салық салу ісі кәсіпорындардың экономикалық қаржылық саясатына сай болуы қажет.
Кез-келген ел, мемлекет нақты көлемдегі материалды-қаржылық қорларға ие болғаннан соң ғана өмір сүріп, өзінің әртүрлі бағыттағы қызметтерін жүзеге асыра алады. Мемлекеттің ақша құралдарын мемлекеттік бюджетте шоғырландыруының көптеген әдістері бар. Осы әдістердің ішіндегі ең маңыздысы және қажеттісі-салықтар. Кәсіпорындардағы салықтарды жинаудың көптеген түрлері, арнайы салық жинау саласындағы мемлекеттік қызметтері бар және оларға салынатын салықтардың көптеген түрлері бар. Жалпы өндірістік салада салық жүйесіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың төлейтін салықтарының рөлі мен маңызы ерекше.
Жалпы өндірісті ерекше дамытуды көздейтін дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері, салық төлеушітабысының 35-40 проценті, мөлшері аралығында болса, онда үлғаймайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Яғни бұдан байқайтынымыз кәсіпорындар қызметіне салық салу кезінде ең бастысы сол кәсіпорындардың әрі қарай тоқтап қалмай жұмыс жүргізулеріне ерекше мән беруіміз қажет.
Кәсіпорындар салық субъектілері ретінде бюджетке ауқымды қаржы қорларын жинақтайды және ел экономикасында жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың экономикалық қызметтердегі салықтық қатынастарына терең зерттеу және анықтау осы ақша қатынастарын басқа экономикалық қатынастардан маңызды түрде ерекшелейді. Ол үшін біздер ең алдымен, салықтық және тауар-ақша қатынастарының өзара қатынастарына терең мағына береміз.
Салықтық қатынастар тауар-ақша қатынастарынан былайша маңызды ерекшеленеді:
1) тауар-ақша қатынастары алмастыру сенімді ұдайы өндірістің айрықша кезеңінде ал салықтың қатынастар — бөлу кезеңінде пайда болады;
2) тауар-ақша қатынастары А-Т және Т-А процесі арқылы тауар және ақша деген негізгі 2 объектіге ие болса, салықтық қатынастардыңөз объектісі болып — кәсіпорындардың өндірген өнімдері табылады. Алайда қазіргі экономика үшін ақша формасындағы салықтар тән. Сондықтан да салықтық қатынастар ақша қатынастары түрінде көрінеді.
3) Тауар-ақша қатынастары, кез-келген бөлек алмасу қатынастары ретінде көрінеді, ал салықтық қатынастар — эквивалентті емес, яғни құнның ақшалай формасының бір бағытты қозғалысын көрсетеді.
4) Тауар-ақша қатынастары экономикалық теңдіктің қатынасы ретінде-көрінеді. Ал, экономикалық теңсіздікте алмастырудың эквивалентін құндауды қамтамасыз ету қиын.
5) Тауар-ақша қатынастарының субъектісі болып — шаруашылық субъектілері табылады, олардың біреуі — сатушы түрінде, ал екіншілері — сатып алушы түрінде көрінеді. Ал салықтық қатынастардың субъектілері түрінде мемлекет көрінеді (жалпы немесе өкілетті орган түрінде).
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі. Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық комитетінің нормативтік актілері.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
1) өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
2) өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
3) өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Мемлекеттік бюджет табыстары мен шығыстарын талдау нәтижесі соңғы кездердегі салықтық түсімдер деңгейінің жоғары екндігін көрсеттеді (кесте 1)
Кесте 1
Мемлекеттік бюджетте бюджеттік жүйе деңгейі бойынша табыстар мен
шығыстарды бөлу
Көрсеткіштер |
2003 |
||
|
Млн. теңге |
Мем-бюджет тен % |
|
Республикалық бюджет |
|
|
|
Түсімдер |
722034 |
70,6 |
|
Салық түсімдер |
603396 |
63,7 |
|
Салықтан тыс түсімдер |
39348 |
87,8 |
|
Капиталмен жасалған операциялардан түскен табыс |
6256 |
50,0 |
|
Алынған ресми трансферттер |
57630 |
|
|
Кредиттерді қайтару |
15405 |
87,1 |
|
Кредит беру есепке алынған шығыстар |
773893 |
72,4 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету |
44066 |
67,5 |
|
Қорғаныс |
40435 |
85,2 |
|
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік |
73822 |
80,6 |
|
Білім беру |
23241 |
15,6 |
|
Денсаулық сақтау |
19105 |
21,3 |
|
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек |
202043 |
84,5 |
|
Түрғын үй-комуналдық шаруашылық |
10321 |
29,9 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
12879 |
38,1 |
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану |
8486 |
100,0 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау |
43030 |
91,2 |
|
Өнеркәсіп және құрылыс |
1395 |
35,8 |
|
Көлік және байланыс |
59663 |
72,4 |
|
өзгелер |
68345 |
79,1 |
|
Борышты өтеуге қызмет көрсету |
34338 |
96,9 |
|
Ресми трансферттер |
93630 |
749,2 |
|
Кредит беру |
39084 |
94,3 |
|
Жергілікті бюджет |
|
|
|
Түсімдер |
486298 |
47,6 |
|
Салық түсімдер |
343855 |
36,3 |
|
Салықтан тыс түсімдер |
5575 |
12,4 |
|
Капиталмен жасалған операциялардан түскен |
6245 |
50,0 |
|
табыс |
|
|
|
Алынған ресми трансферттер |
122926 |
|
|
Кредиттерді қайтару |
7696 |
43,5 |
|
Кредит беру есепке алынған шығыстар |
479992 |
44,9 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету |
21220 |
32,5 |
|
Қорғаныс |
7153 |
15,1 |
|
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік |
17771 |
19,4 |
|
Білім беру |
130976 |
87,9 |
|
Денсаулық сақтау |
74111 |
82,5 |
|
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек |
40145 |
16,8 |
|
Тұрғын үй-комуналдық шаруашылық |
34544 |
100,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
20910 |
61,9 |
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану |
783 |
9,2 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау |
7036 |
14,9 |
|
Өнеркәсіп және құрылыс |
2501 |
64,2 |
|
Көлік және байланыс |
25887 |
31,4 |
|
өзгелер |
30973 |
35,8 |
|
Борышты өтеуге қызмет көрсету |
1170 |
3,3 |
|
Ресми трансферттер |
57650 |
461,3 |
|
Кредит беру |
7162 |
17,3 |
|
Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған:
Келесі кестеден Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінен кәсіпорындар мен үщлмдардың салықтарының деңгейінің ерекше маңыздылығын байқаймыз (кесте 2). U
Кесте 2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті Жалпы ішкі өнімге пайызбен
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
|
Түсімдер |
19,8 |
23,0 |
23,0 |
21,7 |
23,0 |
|
Салық түсімдері |
16,4 |
20,2 |
19,6 |
19,9 |
21,3 |
|
одан: |
|
|
|
|
|
|
Корпорациялық табыс салығы |
2,7 |
6,3 |
5,2 |
5,5 |
6,1 |
|
Қосылған құн салығы |
4,4 |
4,4 |
4,9 |
4,7 |
5,2 |
|
акциздер |
0,8 |
0,7 |
0,7 |
0,7 |
0,6 |
|
Жеке табыс салығы |
1,8 |
2,0 |
2,1 |
2,0 |
2,1 |
|
Мүлік салығы |
0,8 |
0,6 |
0,6 |
0,6 |
0,6 |
|
Жер салығы |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
0,1 |
0,1 |
|
әлеуметтік салық |
3,5 |
3,8 |
3,8 |
3,6 |
3,5 |
|
Салықтан тыс түсімдер |
1,3 |
1,5 |
2,2 |
1,2 |
1,0 |
|
Капиталмен жасалған операциялардан |
1,8 |
0,9 |
0,8 |
0,3 |
0,3 |
|
түскен табыстар |
|
|
|
|
|
|
Алынған ресми трансферттер |
0,1 |
0,1 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Кредитті қайтару |
0,1 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
|
Кредит беру есепке алынған шығыстар |
23,2 |
23,2 |
23,4 |
22,1 |
24,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету |
1,4 |
1,4 |
1,5 |
1,2 |
1,5 |
|
Қорғаныс |
0,9 |
0,8 |
1,0 |
1,0 |
1,1 |
|
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік |
1,6 |
1,8 |
2,0 |
2,1 |
2,1 |
|
Білім беру |
3,9 |
3,3 |
3,2 |
3,2 |
3,3 |
|
Денсаулық сақтау |
2,2 |
2,1 |
1,9 |
1,9 |
2,0 |
|
; элеуметтік қамсыздандыру және элеуметтік көмек |
7,9 |
6,6 |
5,7 |
5,3 |
5,4 |
|
Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ДЕП ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау
Кез-келген кәсіпорын үшін оның дамуы мен тиімді қызмет етуі кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштеріне тығыз байланысты. Ал кәсіпорынның қызметінің негізгі көрсеткіші ең алдымен олардың табатын табыстарына тығыз байланысты.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Өндірістік, өткізу, жабдықтау және қаржылық қызмет салаларынан кәсіпорындардың қаржы нәтижелері туралы көрсеткіштер жүйесі аяқталған ақшалай бағалауға ие болып отыр. Қаржы нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштері қаржы нәтижелері туралы есепте айқын беріледі.
Қаржы нәтижелері көрсеткіштері кәсіпорын шаруашылығының абсолютті тиімділігін көрсетеді. Белгілі уақыт мезетіндегі ағымдағы қаржы нәтижелерін көрсетудің маңызды формасы кәсіпорын табысы болып табылады. Бүкіл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәліметтер қаржылық есептің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақстандық есеп стандарттары бойынша бұл мәліметтер «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде» қамтылған. Табыстылықтың өзін-өзі қаржыландыру, ұдайы өндіру, еңбек үжымдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Табыстың есебінен банк, бюджет, басқа субъектілер алдындағы міндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік қаржы қызметтерін бағалаудағы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігінің және қаржы тұрақтылығының дәрежесін сипаттайды. Табыстылық көрсеткіштері арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейі және кәсіпорын активтеріне салымдардың тиімділігі анықталады.
«Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп» №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес осы есепте міндетті түрде қамтылуға тиіс көрсеткіштер жүйесі бар:
- өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен кіріс. Мүнда дайыы өнімді, меншікті жартылай фабрикаттарды, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін, сатып алынған бұйымдарды, өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес сипаттағы, құрылыс, ғылыми-зерттеу, және басқа да жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түскен кірістер көрсетіледі. Кіріс өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім ретінде анықталады (ҚҚС және акцизсіз).
- өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны. Мұнда есептік кезеңде өткізілген өнімнің өзіндік құнына енгізілген шығындар сомасы көрсетіледі.
- Жалпы пайда (кіріс) — есептік кезеңде кәсіпорынмен алынған кіріс. Ол өнім өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
- Кезең шығындары. Мұнда келесі шығындар көрініс табады:
а) жалпы және әкімшілік шығындар, яғни кәсіпорында басқарумен және жалпы өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығындар;
ә) өткізу бойынша шығындар — маркетинг және өнімді өткізу бойынша басқа да шығындар;
- Негізгі қызметтен түскен кіріс негізгі қызметтен түскен кірістер мен болған зияндарды көрсетеді.
- Негізгі емес қызметтен түскен кіріс — негізгі қызметпен байланысты емес операцияларды іске асыру нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (зиян) — курстық айырмашылықтар, құнды қағаздар бойынша дивидентер, жалгерлік ақылар, экономикалық санкциялар, айыппүлдар түрінде төленген және алынған сомалар.
- Корпоративтік табыс салығы. Өз қызметінен пайда табатын барлық заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуге міндетті.
- Салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен алынған кіріс (зиян).
- Төтенше жағдайлардан алынатын кіріс (зиян)- стихиялық, табиғи апаттардан алынған кірістер мен зияндар.
- Таза кіріс (зиян) есеп беру кезеңінде алынған қорытынды кірісті (зиянды) көрсетеді. Ол негізгі қызметтен алынған кіріс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерінің талдаудың теориялык базасы, меншік формасына қарамастан, барлық кәсіпорындар үшін нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың шаруашылық механизмін біріңғай моделі қабылданған. Ол, нарықтық экономика жағдайында әрекет ететін барлық кәсіпорындардың мақсатының, қаржы нәтижелері көрсеткіштерінің, салық салу жүйесінің біртұтастығын көрсетеді.
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қызметінің қаржы нәтижелерін қалыптастыру әртүрлі салықтық есептеулерді қамтиды. Ол үшін өнім өткізуден түскен жалпы кірісті анықтау, өнім өткізуден түскен табысты анықтау. Сонымен қатар жалпы баланстық пайданы анықтау да кәсіпорын қызметі үшін аса маңызды. Бұл пайда негізгі, қаржы және басқа қызметтерден түскен пайдалардың алгебралық қосындысы ретінде анықталады. Баланстық пайда кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіш. Кәсіпорынның өзіне қалатын, немесе таза кірісті анықтау да ерекше. Таза кіріс баланстың пайдадан салықтарды алу арқылы анықталады. Салық салу мақсатында кіріс салық заңдылықтарына, стандарттарына сәйкес түзетіледі.
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының шаруашылық қызметінің жалпы сипаттамасын таза кіріс мөлшерімен қаржы жағдайы көрсеткіштері береді. Көп пайда алу ғана маңызды емес, оны дұрыс пайдалануды да білу қажет.
Кәсіпорынның қызметінің қаржы нәтижелері есептік кезеңдегі меншікті капитал көлемінің өзгеруінен көрініс табады. Кәсіпорынның меншікті капиталды үздіксіз өсіруді қамтамасыз ету қабілеттілігі қаржы нәтижелері көрсеткіштер жүйесі арқылы бағаланады. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштері бухгалтерлік есеп берудің №2 формасында келтіріледі. Оларға жататындар: өткізуден болған кіріс (зиян); бөлінбеген кіріс (зиян). №2 форманың мәліметтері бойынша келесі қаржы нәтижелерінің көрсеткіштері есептеп шығарылуы мүмкін: қаржы және басқа да операциялардан болған кіріс (зиян), салық салынғанға дейінгі кіріс, салық салынғаннан кейінгі кіріс. №2 форманың барлық аталған көрсеткіштері бойынша өткен жылғы мәліметтер де келтіріледі. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойьшызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың кайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында аныкталған. Жарлықты» 13-бабында былай делінген: «Табыстар — бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелер орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму кезі.
Кәсіпорын қызмтетерінің және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субьектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
- Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
- Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
- Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рөл атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
- Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы түтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субьектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторларының әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
- табыстың өсу резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның даму перспективаларын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
- табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші нақты көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың күны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Кәсіпорын табысының құрылымында ёң үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір өсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей калуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты — заттық нысандағы өнімдір өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сатамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорына ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтау, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар :
- Біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
- Екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
- Үшіншіден, түтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуіне оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы — материалды шығындар бөлігінде өзіндік кұнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мүнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сүранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатңп алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсу есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сүраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және түтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады. 3 кестеде Табыс ААҚ кәсіпорынның қаржылық нәтижелері көрсетіліп отыр. Біздің мысалымызда күрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3
Кәсіпорындардың жалпы табыстарының ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ |
Көрсеткіштер |
Сомасы, Мың теңге |
Жоспарлы табысқа % -бен |
1. |
Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі |
+9888 |
+ 4,3 |
2. |
Келісілген бағалар деңгейінің өсуі |
+ 3562 |
+77,7 |
3. |
өнімді өткізу көлемінің артуы |
+ 20204 |
+ 4,1 |
4. |
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер |
-662 |
— 12,7 |
|
Жиыны: |
+ 3254 |
+73,4 |
Ескерту: Мәліметтер Табыс ЖШС жылдық есебі бойынша жасалған
Кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын көрсеткіштері бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны т.с.с факторларда өзгерістер көп. Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1) өткізілген өнімнің өндірістік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады. Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. ;
Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Салықтық есептеулерді жүргізу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлемінде ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделіқ өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 4,1%-ға асыра орындады.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) «Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
2) «Өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер ету соммасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 561 өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 2003 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық ғана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс. Жалпы қәзіргі таңда ҚР-ның әртүрлі өңірлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары айтарлықтай өсіп отыр (кесте 4).
Кесте 4
Өңірлер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы (млн. теңге)
|
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Қазақстан Республикасы |
101508 |
422046 |
353803 |
512044 |
750783 |
Ақмола |
-5941 |
-3996 |
507 |
-3442 |
2616 |
Ақтөбе |
2222 |
18768 |
24624 |
48816 |
83874 |
Алматы |
-3473 |
670 |
2505 |
4219 |
6243 |
Атырау |
44029 |
142493 |
127125 |
127963 |
182834 |
Шығыс Қазақстан |
5486 |
12630 |
13318 |
7228 |
12367 |
Жамбыл |
-2968 |
-5445 |
-1311 |
-1134 |
5502 |
Батыс Қазақстан |
-2307 |
3387 |
1448 |
1908 |
5440 |
Қарағанды |
10095 |
78232 |
55743 |
88607 |
115129 |
Қостанай |
7228 |
2410 |
4707 |
4794 |
15810 |
Қызылорда |
6180 |
29191 |
39489 |
43729 |
70754 |
Маңғыстау |
25558 |
61775 |
28085 |
77224 |
89886 |
Павлодар |
6428 |
3889 |
2812 |
-3615 |
9738 |
Солтүстік Қазақстан |
201 |
1881 |
211 |
-4517 |
-1129 |
Оңтүстік Қазақстан |
7853 |
19030 |
4529 |
12606 |
15363 |
Астана қаласы |
8117 |
41703 |
10983 |
64882 |
102649 |
Алматы қаласы |
-7200 |
15428 |
39028 |
42776 |
33707 |
Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.
Сонымен қатар кәсіпорындардың бюджетке төлеген салықтарынан басқа сол міндеттемелерді орындамайтын субьектцгердің бар екендігін де атап өтуіміз қажет. Келесі кестеде экономикалық қызметтің негізгі түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджет алдындағы берешектері көрсетілген (кесте 5).
Кесте 5
Экономикалық қызметтің негізгі түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың берешегі
(жыл аяғына, млн. теңге)
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
|||
Міндеттемелер бойынша барлық берешек |
1954934 |
2014066 |
2233442 |
2890692 |
3272881 |
|||
Одан: мерзімі өткен |
518922 |
357402 |
259722 |
207320 |
177354 |
|||
Міндеттемелер бойынша жалпы берешектен: |
|
|
|
|
|
|||
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша |
451688 |
465597 |
462847 |
522727 |
664696 |
|||
Бюджетке жіберілетін салықтар және басқа міндетті төлем бойынша |
157265 |
156861 |
107108 |
124010 |
144627 |
|||
Банктердің қарыздары бойынша |
183911 |
194694 |
348797 |
519908 |
753602 |
|||
банктен тыс мекемелердің қарыздары бойынша |
664021 |
641610 |
689963 |
855574 |
852136 |
|||
Кәсіпорынның қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге арналған қаражатты беру бойынша берешегі |
32131 |
36024 |
26337 |
28460 |
31907 |
|||
Дебиторлық берешек |
699457 |
735617 |
770502 |
1107848 |
1398632 |
|||
Одан: мерзімі өткен |
313718 |
192997 |
139496 |
130521 |
104960 |
|||
Жалпы дебиторлық берешектен: |
|
|
|
|
|
|||
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі |
475884 |
424083 |
383967 |
525254 |
681153 |
|||
Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.
Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдардан төленетін салықтарды талдаулар бойынша көрсеткіштер салықтардың өсуінің әсерінен бюджеттің әртүрлі салаларына бөлінетін шығындардың өсуін, яғни халыққа бөлінетін қаржы деңгейлерінің артуын көрсетеді (кесте 6).
Кесте 6
Облыстық бюджет және аудандық, қалалық бюджеттер арасында шығындардың бөлінуі (%)
|
01.01.2C |
301 жыл |
01.01.2C |
302 жыл |
01.01.2 |
303 жыл |
01.01.2 |
004 жыл |
||||||||
Шығындар |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бюджет |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бюджет |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бюджет |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бтоджет |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
*1 |
6 |
7 |
8 |
9 |
||||||||
Іалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
57,8 |
42,2 |
78,6 |
21,4 |
49,8 |
50,2 |
35,5 |
64,5 |
||||||||
Қорғаныс |
100 |
0 |
98,7 |
1,3 |
9,8 |
8,2 |
96,1 |
3,9 |
||||||||
Қоғамдық тәртіп жөне қауіпсіздік |
73,5 |
26,5 |
74,4 |
25,6 |
92,1 |
7,9 |
96,6 |
3,4 |
||||||||
Клім беру |
29,2 |
70,8 |
21,4 |
78,6 |
17,2 |
82,8 |
37,4 |
62,6 |
||||||||
Денсаулық сақтау |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||
Элеуметтік сақтандыру және қатамасыздандыру |
66,7 |
33,3 |
66,3 |
33,7 |
60,5 |
39,5 |
75,8 |
24,2 |
||||||||
Тұрғын коммуналдық кызмет |
9,8 |
90,2 |
81,1 |
18,9 |
0 |
100 |
64,9 |
35,1 |
||||||||
Мәдениет саласында қызметті және демалысты |
56 |
44 |
69,4 |
30,6 |
37,4 |
62,6 |
58,7 |
41,3 |
||||||||
Ауыл шаруашылық, су және орман шаруашылығы, балық, аңшылық |
68,9 |
31,1 |
71,1 |
28,9 |
27,9 |
72,1 |
50,7 |
49,3 |
||||||||
Пайдалы қазбажәне іаукен өнеркәсібі |
— |
— |
24,7 |
75,3 |
300 |
0 |
100 |
0 |
||||||||
ІКөлікжәне |
0 |
100 |
100 |
0 |
100 |
0 |
100 |
0 |
||||||||
байланыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
Экономикалық қызметпен байланысты |
0 |
100 |
100 |
0 |
100 |
0 |
100 |
0 |
|
|||||||
Негізгі топтарға ендірілмеген шығындар |
99,9 |
0,1 |
100 |
0 |
17,8 |
82,2 |
52 |
48 |
|
|||||||
Барлық шығындар |
44,8 |
55,2 |
47,5 |
52,5 |
37,8 |
62,2 |
63,2 |
36,8 |
|
|||||||
Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.
Олардың есепті жылы алынған бюджеттік табыстары өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кестені ұсынамыз (кесте 7).
Кесте 7
Кәсіпорынның жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына әсерін тигізетін факторларды анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылға |
Есепті жылғы |
1. |
Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен |
557516 |
468020 |
2. |
өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құны |
116827 |
116478 |
3. |
Жалпы табыс (1 қатар — 2қатар) |
30689 |
31542 |
4. |
Баға индексі |
1,00 |
1,05 |
5. |
өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
245253 |
255257 |
Ескерту: Мәліметтер Табыс ЖШС жылдық есебі бойынша жасалған
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
- Бағаның өсуі табысқа калай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымшы табыс 12763 мың теңгені құрайды.
- Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнімді өткізудеи түскен табыс 2,8%-ке ((31542/30689*100=102,8); 102,8-100 = 2,8) көбейді. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі есебінен жалпы табыстың 853 мың теңге көп алынуына әсер етті. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады.
- Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392]-22075 =(0,7699-0,8482>22075 =-0,0783-22075 =-1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын табьютың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады. Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.
Табыстылықтың келесі абсолютті көцреткіші — негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі кызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сырткы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айналмалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады. ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда «директ-костинг» жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған.
Кәсіпорындардың әнеркәсіптік фирмалардың табыстары туралы көп сатылы зерттеулер негізгі келесі көрсеткіштерді бөліп көрсетуге әкелді:
— Өнімді өткізуден түскен табыс
— Айнымалы шығындар
— Маржиналды табыс
— Тұрақты шығындар
— Негізгі қызметтен алынған табыс
Маржиналды табыс — бұл өнімді өткізуден түскен табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма. Екінші жағынан, ол — тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасын көрсетеді. Бұл жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, оның есепті жіктеу үшін маңызы зор.
1) өнім бірлігінің бағасы;
2) Өнімнің бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар;
3) тұрақты шығындар.
Өткізілген өнім бірлігінің бағасының төмендеуі нақты өлшемдегі өткізу көлемінің көбеюінің қажеттілігін анықтайды, яғни шығындарды өтеу үшін орнын толтыру нүктесінің көтерілуін анықтайды.
Егер қарастырылып отырған мысалда бағаны 24 теңгеден 21 теңгеге дейін төмендетсе, онда орнын толтыру нүктесі 37 500 бірлікке () тең болады.
10 мыңнан 70 мың бірлікке дейін мүмкін болатын өткізудің релеванттық интервалын сақтау кезінде қауіпсіздік аймағы тарылады және 40 мың емес, 32,5 мың бірлікті құрайды (70 000 — 37 500), яғни өткізу кезінде кәсіпорын тек 37501 бірліктен бастап негізгі қызметтен табыс алады. Бағаның өсуі орнын толтыру нүктесіне кері әсерін тигізеді. Ол зиянсыздық деңгейін төмендетеді. Мысалы, егер кәсіпорын өнім бірлігін 29 теңгеден сатса, яғни 5 теңгеге немесе 20,8%-ға әсіресе, онда өндірістің қауіпті көлемі 22 500 бірлікті құрайды. Басқаша айтқанда, егер өзгермейтін шығындар кезінде бағаны 5 теңгеге кетерсе кәсіпорын 7500 бұйымға аз сатады. Өнім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындардың өзгеруі мен ендіріс көлемінің қауіпті нүктесі тікелей өзара байланысты: осы шығындардың өсуі «Өлі нүктенің» көтерілуіне әкеледі. Егер қарастарылып отырған мысалда енім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар 9 теңгенің орнына 12 теңгені құраса, яғни 33,3 %-ға өссе, онда өндірістің қауіпті көлемі 37500 бірлікке тең болады.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтык экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Жалпы кәсіпорындардың табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтері;
2) өнімдер;
3) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады. Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі — табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетік көрсететін өлшеуіш;
- табыс болжау әдісі;
- шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиалдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті кәлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Жалпы әрбір кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты олардың табыстарының салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстары әртүрлі сипагта көрінеді. Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал телемінің өсуіне байланысты тұрақты шығындардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтауға болады. Келесі кестеде өнеркәсіп кәсіпорындарының салық салынғанға дейінгі жиынтық табысы керсетілген (кесте 8).
Кесте 8
Өнеркәсіп кәсіпорындарының салық салынғанға дейінгі жиынтық табысы (залалы)
(млн. теңге)
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Кен өндіру енеркәсібі |
84494 |
254888 |
22407] |
290376 |
424349 |
Шикі мұнай және табиғи газ өндіру |
79359 |
246688 |
204122 |
267822 |
381062 |
Кен өндіру өеркәсібі, энергетикаға арналған материалдар өндіруден басқа |
7426 |
7187 |
13111 |
16463 |
34389 |
Темір кендерін өндіру |
7695 |
5257 |
8233 |
14820 |
28961 |
Түсті металл кендерін өндіру |
-799 |
3819 |
4449 |
1450 |
1108 |
Кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары |
530 |
-1890 |
429 |
193 |
4320 |
Өңдеу өнеркәсібі |
64282 |
128243 |
90170 |
124321 |
167844 |
Тамақ өнімдерін өндіру, сусындар мен темекіні қоса |
-5912 |
449 |
3359 |
3193 |
8073 |
Тамақ өнімдерін өндіру, сусындарды қоса |
-5595 |
-229 |
2780 |
237 |
4721 |
Темекі өнімдерін өндіру |
-317 |
677 |
579 |
2956 |
3351 |
Тоқыма және тігін өнеркәсібі |
-857 |
16 |
-84 |
-760 |
-230 |
Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар өнімдер және аяқкиім өндіру |
-59 |
-47 |
29 |
-29 |
-63 |
Сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндіру |
-19 |
-9 |
13 |
55 |
33 |
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі: |
|
|
|
|
|
Баспа ісі |
94 |
1282 |
-165 |
736 |
362 |
Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру |
7453 |
20522 |
9378 |
14554 |
18871 |
Химия өнеркәсібі |
-1956 |
-3734 |
-3758 |
-1393 |
-2430 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру |
-2048 |
-230 |
-228 |
-526 |
4 |
Металға жатпайтын өзге де минералдық өнімдерді өндіру |
-2125 |
-290 |
1545 |
1240 |
3359 |
Металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру |
70985 |
109371 |
77176 |
104904 |
136723 |
Металлургия өнеркәсібі |
72151 |
109134 |
76898 |
104484 |
136356 |
Қара металлургия (ЕСҮС) |
26624 |
31979 |
13300 |
34644 |
68235 |
Түсті металдар өндіру |
30174 |
72705 |
66103 |
69891 |
68017 |
Дайын металл бұйымдарын өндіру |
-1166 |
237 |
278 |
419 |
367 |
Машиналар мен жабдықтар өндіру |
-1073 |
-326 |
472 |
-477 |
-759 |
Электр жабдықтардың, электрондық және оптикалық жабдықтарды өндіру |
-431 |
292 |
359 |
732 |
834 |
Көлік құралдары мен жабдықтарын өндіру |
156 |
644 |
1985 |
2061 |
3308 |
Өнеркәсіптің өзге де салалары |
74 |
303 |
89 |
31 |
-241 |
Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу |
І59213 |
-24966 |
-15471 |
-13610 |
-4178 |
Ескерту: мәліметтер ҚР статистикалық бюллетенінен алынған.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану шартын ішкі рсспубликалық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халыкаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды рөл атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша катаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Акгивтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. Кәсіпорын активтерінің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсілорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, кестеде берілген мәліметтермен сипатталады (кесте 9).
Кесте 9
Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі , %
№ |
Көрсеткіштер |
өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқуы (+,-) |
1. |
Таза табыс, мың теңге |
13187 |
-13059 |
-26246 |
2. |
Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы) |
182963 |
425973 |
+243010 |
3. |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капиал), % |
0,07
|
* |
* |
Ескерту: Мәліметтер Табыс ААҚ жылдық есебі бойынша жасалған
Кәсіпорындар қызметінде бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз,яғни оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.
Өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып таста)’ аркылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл екі фактордың жиынтыә әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99+4,02=+1,03).
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмүнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі — (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын корсетеді. Осыған қарағанда, неғүрлым кәсіпорын кеңейген сайын жәие оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді карастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:
1) кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі -өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2) жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін: Жалпы активтердің табыстылық деңгейі — өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы — активтер айналымдылығы. Шынында:
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарыпың әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылык деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз.
Авансталған капиталдың (жалпы активтер — баланс валютасы) табыстылық деңгейіндегі болған ауытқуға, активтер айналымдылығы мен өнімді өткізу табыстылығы коэффициентінің өзгерісінің тигізетін ықпалы (кесте 10).
Кесте 10
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсерм ететін факторлары
№
|
Көрсеткіштер
|
2003
|
2004
|
өткен жылға қарағандағы ауытқуы |
Оның ішінде коэффициенттер өзгерісі есебінен |
|
сату табыстылығы |
активтердің айналымдылығы |
|||||
A |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Таза табыс, мың теңге |
13187 |
-13059 |
-26246 |
X |
X |
2. |
өткізуден түскен табыс |
30689 |
31542 |
+853 |
X |
X |
3. |
Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге |
182963 |
425973 |
+243010 |
X |
X |
4. |
Жалпы активтердің (авансталған капитал) табыс-тылық деңгейі, % (1 қатар: 3қ-100) |
0,07 |
* |
* |
* |
* |
5. |
өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті % (1 өқатар: 2қ-100) |
5,12 |
* |
* |
X |
X |
6. |
Активтердің Айналымдылық коэффициенті (2қ : 3қ) |
0,17 |
0,07 |
-0,10 |
X |
X |
Ескерту: Мәліметтер Табыс ААҚ жылдық есебі бойынша жасалған
Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін
(Ду) аламыз.
Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылғы активтер табыстылығы деңгейінің қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін еселтейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:
1) өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі;
2) жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі. Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Факторды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзіерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Осылайша жалпы активтердің табыстылык деңгейі (авансталі ан капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті ( жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді. Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы актнвтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді. Мұндағы: Та — ағымдағы активтердің орташа көлемі. Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың табыстылы коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Дәл осы көрсеткіш биржада акщюнерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және макала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі бәсекелестігі жене табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады. Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылык көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Көрсеткіштерге байланысты меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (1) сату көлемінің табыстылығын (2) барлық активтердің айналымдылығына (3) (жиынтық авансталған, жалпы капитал), меншік иелерінің табысының жалпы табыстағы салыстырмалгы үлесіне (4) және қаржылы құрылым көрсеткіштеріне көбейткенге тең.
Кәсіпорындарда көбінесе мына көрсеткіштерді көбірек пайдаланады.
Д ч — таза табыс;
Д N — өнімді өткізуден алынған табыс;
A — активтер құны;
С к — меншікті (акционерлік) капитал.
Кәсіпорпын қызметіндегі осындай тәуелділіктерді зерттеу, қызмет нәтижесін жақсарту үшін кәсіпорынның қаржы тетіктерін пайдалану мүмкіндігін және қаржылық жағдайын бағалауда үлкен дәлелдеуші күштерге ие болады. Яғни, басқа да осындай жағдайларда, акционерлік капиталдың қайтарымдылығы, жиынтық капиталдың құрамындағы қарыз қаражаттарыньщ үлесі көбейген кезде өседі.
Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффициентін (ставкасын) өсіру мақсатында, әрине қарыздарға (несиеге) назар аударсты: қаржылық оқулықта мұны «тетік нәтижесі» деп атайды.
Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс-әрекеті екі і егізгі элементтің ықпалында болады. Бірінші жағдайда — бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының (рентебельділігінің) нормасына байла иысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.
Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық молшерлемесі (76), таза табыстың (салық теленгеннен кейін) активтердің калпы массасына қатынасы ретінде анықталады.
Негізінде, мысалы кәсіпорынның жаңа қарыздары бомаған жағдайда, берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға тең өндіріс табыстылығына ие болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған байланысты, кәсіпкер, құньі төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қарыз капиталы мен тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл жағдайға назар аударуы мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтық үнемділік байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт нормасы болып табылмайды (біздің мысалымызда 10 пайыз), себебі берілген норма салықтық үнем үлесіне қысқарады.
Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50%-ға тең болса, онда 10%-дың келісім-шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5%- а тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:
10% * (1 – 0,5) = 5%-ға тең.
Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельділігі) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бүндай арақатынас негізінде, қарыз көбейген сайын қарыз міндеттемелерінің табыстылық мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандай тетік нәтижесі математикалық формуласыида (44) көрсетілуі мүмкін, оның жеңілдетілген нұсқасы келесідей түрде болады:
Кәсіпорын қызметінде ДА— активтер (капитал) т; быстылығы;
ЭР — эксплуатациялық табыс (салықтар мен пайыздарды төлегенге дейін);
П — ссудалар бойынша келісім-шартта көрсетілген жылдық пайыз мөлшерлемесі; Сң — салық салу мөлшерлемесі; Д — қарыз міндеттемелері;
Ск — инвестицияланған меншікті капитал ерекше рол атқарады.
Екінші капитал экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Берілген формула бойыншда егер салық төленгеннен кейінгі инвестицияланған капитал активтернің табыстылық коэффициенті мен салық төленгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағаыда аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіғе кері әсер етеді деп бағаланады. Меншікті капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін «тетік нәтижесінің» формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.
Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығын салықтар мен алымдар, салық залу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске алуына мүмкіндік туғызады. Ел экономикасында бұрын болмаған жаңа ірі құбылыстар нақты жүзеге асырылуда, оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі, шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи қадам болып есептеледі.
Осы бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікгі басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мел міндеттері айқын бекітілді /20.21/. Салық туралы қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: жалпы Mемлекеттік салықтар; міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салықтар негізін пайдаға салынатын ггын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тағы да басқа салықтардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Салық немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің немесе олардың дебиторлорының шоттарынан салық айыппұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келісетін болса, өндіріп алынады.
Салықтар, айыппұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамасыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, салық төлеушінің мүлкін тәркілеуге құқылы. Берешек өтелген жағдайда мүлікті тәркілеу туралы шешім жойылады. Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың әрбірі халықаралық салық салудың тәртібін енгізу болып табылады [26.27].
Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сай, одан әрі қарай өзгеріп, дамуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1:}95-жылдың 21-желтоқсанында қабылданған Заң күші бар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.
Енгізген өзгерістер мен толықтырулардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
— салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төмеигі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген;
— арнайы экономикалық аймақтарда тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар, табыс салығын 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;
— заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындар шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақы жұмсалған шығындарға салық салынады;
— жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Үкіметі мен келсімге тұрар алдында Бас салық комитетінде салықтық зерттелуден өтулері тиіс.
Біз тек енгізілген өзгерістердің басты-бастыларын атап кеттік. Ал барлық өзгеріс, толықтырулармен жоғарыда көрсетілген құжат арқылы кеңірек танысуға болады.
Салық жүйесінің бір орнында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикалық дамыған елдердің тәжірибере талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатыны сөзсіз. Жаңа салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетелдік дамыған және озық үлгілерді жинақтай отырып, өзіндік жүйелі бағыттарға сайақы шет етуде.
Мемлекеттік бюджет бұл — орталықтандырылған ақша қорын құру барысындағы мемлекет және барлық меншік формасыкдағы субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар (кесте 11).
Кесте 11
ААҚ «Табыс» кәсіпорынның 2003-2004 жылдық қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Бірлік өлшемі |
Өткен жыл |
Есептегі жыл |
Ауытқуы (+,-) |
Өсу карлыны % |
1.Өткізуден (сатудан) түскен табыс |
мың.тг. |
357349 |
268020 |
-89329 |
75% |
2.Өнімнің өзіндік құны |
мың.тг. |
308046 |
236478 |
-71568 |
77% |
З.Жалпы табыс |
мың.тг. |
49303 |
31542 |
-17761 |
63% |
4.Кезеңдік шығындар |
мың.тг. |
36908 |
44746 |
7838 |
122% |
5.Салық алынғанға дейінгі табыс |
мың.тг. |
12395 |
-13204 |
-25599 |
: 06% |
Сонымен мемлекеттік бюджет арқылы орталықтандырылған ақша қоры құрылып, қолданылады.
Мемлекеттік бюджет құрылу барысында төрт сатыдан өтеді:
- Бюджеттің толықтылығы
- Бюджеттің бірлігі
- Бюджеттің нақтылығы немесе айқындағы
- Бюджеттің шынайылығы
Бірінші сатыда — бюджеттің және салықтың заңдылықтарға сай бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне барлық табыстар мен шығындар түгел енгізілуі қажет.
Екінші сатыда — бюджеттің құрылу процесінің бір белгіленген түрі бойынша, бір бюджеттік құжат бойынша жүргізілуі қажет.
Үшінші сатыда — бюджеттің барлық кіріс және шығыс операциялары толық негізделген және дұрыс жүргізілуі қажет.
Төртінші сатыда — бюджеттің ашық түрде талданып, мемлекеттік заң органдарымен бекітілуі қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасыныда бюджет жобасын орындаумен 2003 жылдан бастап — бюджеттік жоспарлау және экономика Министірлігі айналысады.
Қазіргі таңда бюджеттің кірісін және шығысын есептеу барысында келесідей әдістер қолданылады:
- автоматты әдіс.
- мажорация және минорация әдісі.
- бағалау әдісі.
Автоматты әдіс барысында алдынғы жылғы кіріс және шығыс қортындысы келер жылғы бюджеттік кезеңге енгізіледі.
Мажорация және Минорация әдісінде — 10-15 жылдың динамикалық қатарын статистикалық өңдеуден өткізіледі. Ауытқулар, түрлі даму тенденциялар анықталап, анықталған көрсеткіштер негізінде бюджеттің бір бөлік кіріс және шығыс баптары коррекцияланады, талданады.
Бағалау әдісі нақты коньюнктураны зерттеу барысында қолданады. Бұл әдіс барысында бюджет жобасын құрушылар келіп түсер түсімдерді және шығындар өзгерісін анықтауға тырысады.
Осы әдістерді қолдана отырып толық бекітілген бюджет орындалуға беріледі. Бюджеттің кассалық орындалуы екі әдіс арқылы жүзеге асырылады қазыналық және банктік әдіспен.
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін млықтарын және олардың өзгерістерін талдау
Сонымен бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы – мемлекеттік бюджет жүйесін құрайды. Жалпы Қазақстан Республикасы бюджеттік құрлымы екі сатыда тұрады:
- Республикалық бюджет
- Жергілікті бюджеттер
Қазақстанда жаңа Салық кодексінің қабылдауына байланысты елімізде бір мезгілде есептің ек түрін, яғни бухгалтерлік және салықтық есепті енгізу қажеттілігі пайда болды. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының, бірі -кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижесі мен өнімнің өзіндік құнын анықтау болса, ал салықтық есеп — салық салынатын табыстар есептеуге арналған.
Кәсіпорындардың қызметінде сальіқтық есеппен бухгалтірлік есеп өздеріне тән айырмашылықтарына қарамастан бір-бірімен өте тығыз байланыста, өйткені ағымды төлемдерді табыс салығы бойынша заңды тұлғалар бухгалтерлік есеп көрсеткіштері бойынша құралған қаржылық нәтижелеріне сүйене отырып шығарды, бірақ соңғы салықтық есеп салық есебінің көрсеткіштері негізінде шығарылады.
Салық есебінің негізгі мақсаты — алынатын соммалардың ұлғаюы емес, ол салықты есептеудің дұрыстығын бақылау болып табылады.
Көп жағдайларда салық салаларын есептеу кезінде бухгалтерлік және салық есебінің көрсеткіштер арасында теріс айырма пайда болады. яғни салық саласы едәуір келмейді. Бұл амортизациялық аударымдарды есептеудегі ерекшеліктен болады, яғни салық есебінде амортизация нормасы бухгалтерлік есепте көрсетілген нормалардан біршама артады.
Бухгалтерлік және салық есебінің арасындағы айырма — заңды тұлғалардың өзінің қызметкерлеріне көрсететін материалдық және әлеуметтік игіліктерінің сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеріске жатқызуға әкеледі. Өндірістің негізгі құралдарын жаңартуда және техникалық қайта жабдықтау қажеттілігіне қарамастан бұл шегеріс кәсіпорындарды өзінің қызметкерлерін материалды қолдауына ынталандырады.
Салық заңдылықтары мен жылдық жиынтық табыстан шегеріске толығымен жылдық төлемдер бойынша шығындар жатқызылғандығы, бұрын бұл шығындар — жалға берілген негізгі құралдарға амортизациялық аударымдар қаралған. Бұл шегерістер істің мазмұны бойынша жылдық жиынтық табысы, яғни салық саласын азайтатын жасырын салық жеңілдіктері болып табылады.Сол уақытта салық есебі шегерістердің кейбір түрлеріне шектеулерді ендіреді. Мысалға: ремонтқа шығындар 10 процент мөлшерінде құндық баланс топтарынан шегеріледі.
Салық төлеушілерге ұсынылған ең негізгі салық жеңілдіктерінің бірі болып кәсіпкерлік қызметтен бес жыл мерзімге берілетін шығынды ауыстыру құқы және оларды жылдық жиынтық табыс есебінен қту болып табылады.
Салық төлеушілер мен бұл деңілдіктерді қолдану өзіндік айналым қаражаттарының екі есе ұлғайған көлеміне айтарлықтай әсері тигізеді. Сонымен қатар сол кезде заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша Сюджтке көптеген шығындар әкеледі (кесте 12).
Кесте 12
Бухгалтерлік және салықтық есеп түрлерінің салыстырмалы айрамашылығы
№ |
Көрсеткіштер |
Бухгалтерлік есеп |
Салықтық есеп |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Негізгі заңдылық актілер |
«бухгалтерлік есеп туралы» заң, Қазақстандық бухгалтерлік eесп стандарты (БЕС) |
Салық кодексі, салық органының жалпы ережелері |
2 |
Мақсаты |
Кәсіпорын мен ұйымдардың экономикалық жағдайы туралы ақпарат алу |
Салық салуға қажетті ақпаратт алу |
3 |
Ақпаратты қолданушы |
Кәсіпорын басшылары инвесторлар, банктер, сатып алушылар, жабдықтаушылар, басқа да кредиторлар мемлекеттік органдар |
Салық органдары |
4 |
Операцияны көрсету тәсілі |
Бас шот жоспарға сәйкес синтетикалық шоттардағы екі жақты жазу жүйесі |
Екі жақты жазу әдісінсіз, аналптикалық көрсеткіштердің арнайы регирсторларда толтыру |
5 |
Есеп әдісі |
Есепке алу әдісі |
Есепке алу әдісі |
6 |
Есеп беру түрлері |
Бухгалтерлік баланс, |
Салық деклара чия жоне |
|
|
қаржы шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру |
есеп айырысулар |
7 |
Есеп беру кезеңі |
Жылына бір реттен аземес |
Ай, тоқсан, жыл |
Ескерту: сурет әдебиеттердің көмегімен авторлармен жасалынған
Бір жағынан бұл көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардь: тұрақсыз қаржылық жағдайының нәтижесі болды, олардың көпшілігі шығынды болып келеді.
Екінші жағынан психологиялық факторды да ескерту қажет. Нақтырақ айтсақ потенциалды салық төлеушілері салықтардың төлеушіге қалай қарайтыны ескерту қажеттілігі қазіргі кезде халық үшін маңызды міндет болып қалыптаспады және заңды тұлғалардың көпшілігі табыстарды азайтып көрсетуге, шығындарды көбейтіп көрсетуге тырысады. Бұған табыс салығының есептелуінің әдістемесінің өзі ықпалын тигізеді. Бұған дәлел болып келесілер табылады:
Қазіргі кезде заңды тұлғалардан салықтың есептелу механизмі келесі түрде көрсетіледі:
ЖЖТ-Ш = ССТ
Мұндағы: ЖЖТ — жылдық жиынтық табыс ТТТ — шегерістер салысы ССТ — салық салынатын табьі£.
ССТ — СС = ТТ
Мұндағы: СС — бюджетке түсуге тиісті салық саласы.
ТТ — салықты төлеуден кейін заңды тұлғалардың өзінде қалатын таза табыс.
ЖЖТ-пен шегерістер саласы арасындағы айырма-салықты төлеуден кейін кәсіпорын мен ұйымдардың иелігінде, кәсіпорын мен ұйымдадардың өзінің қарастырылуы бойынша шығындалатын таза табыс қалады.
Кез-келген салық төлеушінің өз алдына қойған мақсаты бюджетке неғұрлым аз салықты төлеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету оңай емес, оған мына әдіспен жетуге болады. ЖЖТ-тық суммалық мөлшерінің азайтылуы кезінде және шегерістердің суммалық мөлшерінің біркелкі көбейтілуі кезінде салық салынатын табыстың азаюы пайда болады, яғни табыс салығының сомасы да азайтылады.
Мынадай қорытындыны жасауға болады: табыс салығының әрекет етуші механизмі табыстардың емес, шығыстардың өсуін ынталандырады, өйткені салық төлеушіге шығындарды көбейту тиімді болғандықтан және оның салдары болып табыс салығының төлемеу тиімділігі болып табылад.
Заңды тұлғалардың табыс салығының салық салу объектісін анықтаудың соңғы қорытынды сатысы болып жылдық жиынтық табыстан шегерістерді шығару болып табылады.
Жылдық жиынтық табыстан оны алуға байланысты барлық шығындар, яғни еңбекке ақы төлеу қызметкерлерге материалдық және әлеуметтік игіліктерді беру жөніндегі міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті зейнетақы жинақ қорларына аударым шығындарды жатады. Бұл шығындар бойынша шегерістер заңдылықпен белгіленген нормаларға сай жасалынады және кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарды алумен байланысты шығындарды дәлелдейтін құжаттар нақты бар жағдайды ғана шегерістер жасалынады.
- Алынған несиелер бойынша сыйақыларға шегерістерді жасау. Банктер және басқа ұйымдар берген кредит үшін алынған процент нақты
мөлшері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық банкі белгіленген қайта қаржыландыру ставкісі есебінен айқындалып, осы ставканың 50%-не көбейтілген процент сомасы шегінде, ал шетелдік валютамен кредит үшін процент Лондон банкаралық рыногының қолданылатын 100%-ке көбейтілген ставкілер шегінде шегеріледі.
- Күмәнді талаптар бойынша шегерім жасауда салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметтен алынған жылдық жиынтық табысқа кіргізілген өнімді, қызметті, жұмысты өткізудегі күмәнді талаптарды шегеріс жасауға құқы бар және егер де төлеушінің резидент емесетен алатын күмәнді талаптарды 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда салық төлеуші шегеріс жасауға құқылы.
- Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерістер, сақтандыру қызметімен айналысатын заңды тұлғаның сақтандыру резервтік қорларына аударымдарын шегеріс жасауға құқы бар және де жер қойнауын пайдаланумен айналысатын заңды тұлғалардың резервтік қорларға жасалынатын аударымдары шегеріске жатады.
- Табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибе конструкторлық жұмыстарына жасалынған шығыстар шегеріске жатады, бірақ бұған негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа шығындар кірмейді.
- Амортизациялық аударымдар және негізгі құрал-жабдықтар бойынша шегерістер жасау.
Амортизацияны есептеудің объектісі болып өндірісте пайдаланылатын және тозуға ұшыраған негізгі құралдар болып табылады.
Өндірісте пайдаланылатын және тозығы жеткен негізгі құрал жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар шегерілуге жатады.
Амортизациялауға жататын негізгі құрал жабдықтарға, мыналар кірмейді:
а) жер;
б) тауарлы-материалдық қорлар;
в) ағымдағы жылғы табысқа салық салу белгіленген кезде құны толығымен шегерілетін мүлік.
Амортизацияға жататын негізгі құрал-жабдықтар амортизациялаудың мынандай шекті нормалары мен топтарға бөлінеді (кесте 13).
Кесте 13
№ |
Мүліктің атауы |
Амортизациялық шекті формасы процент есебінен |
1 |
Компьютерлер, шекті құрылғылар және деректердә өңдеу жөніндегі жабдықтар |
30 |
2 |
Труба құбырлары, мүнай-газ құбырлары, пайдалы қазбларды өндіру мен өңдеу үшін пайдаланылатын жабдықтар, машиналармен тетіктер |
25 |
3 |
Жолдарда пайдалануға арналған авторактар техникасы, арнайы аспаптар, құрал-саймандар мен керек-жарақтар |
20 |
4 |
Жеңіл автомобильдер: такси Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы: Жүк автобильдері, автобустар, арнаулы автомобильдер мен автотіркемелер. Машиналар мен жабдықтар өнеркәсіптің барлық салалары, құю өндірісі үшін: ұста-пресс жабдықтары, электрондық жабдықтары, ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары. Офиске арналған жиһаздар. |
15 |
5 |
Басқа топтарға енгізілмеген амортизациялық активтер |
10 |
6 |
Темір жол, теңіз және көлік құралдары. Қуат машиналары мен жабдықтары, жыл-техникалық жабдықтар, трубиналық жабдықтар, электр двигательдері және дизель генераторлары. Электр тарату және байланыс құрылғылары. |
8 |
7 |
Үйлер, ғимараттар, құрылыстар |
7 |
Ескерту: сурет әдебиеттердің көмегімен авторлармен жасалынған
Салық төлеушілер өздерінің қалаулары бойынша кез-келген салық жылында амортизацияның өзге нормаларын қолдана алады, бірақ бұл шекті формалардан аспауы қажет.
Әрбір топ бойынша амортизацияға аударым салық салынатын жыл алдындағы топтың баланыстық құнына қарай есептеледі. Үйлер, ғимараттар және құрылыстар бойынша амортизация әрбір құрылысқа жеке есептеледі.
Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекемен арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрамай Қазақстан Республикасынан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары -резидент емес салық төлеуші болып табылады.
Резидент емес салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысы дегеніміз -Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары алған табыс.
Салық мақсаттарына «тұрақты мекеме» термині шетелдік заңды тұлғаның бюджетпен есеп айырысу тәртібін анықтау үшін қолданады. Бұл термин резидент еместер жүзеге асыратын қатысу және контрактілердің қажетті деңгейін анықтайды, бұлар оны Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс салығын төлеуге тартуға мүмкіндік береді.
Тұрақты мекеме — уәкілдік берген тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті толық немесе төлеушінің сол арқылы кәсіпкерлік қызметті толық немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орын.
Тұрақты қызмет орны дегеніміз — бөлімше; офис; фабрика; шеберхана; шахта немесе газ бүрғылау, көмір кешені немесе табиғат ресурстарын өндірудің кез-келген орны. Егер кәсіпкерлік қызметін бас кәсіпорыннан нүсқау алатын және өз жұмысы үшін одан сыйақы алатн уәделк беріммен тұлға жүргізілсе осындай уәделік берілген тұлғаның қызметі тұрақты мекеме құруға әкеледі.
Егер шетелдік заңды тұлғаға тәуелсіз мәртебесі агент қызмет көрсетсе, осы агенттің қызметі шетелдік заңды тұлғаның тұрақты мекемесін құрмайды.
Тәуелсіз мәртебесі бар агент деп — өзінің әдеттегі қызметі аясында іс-әрекет тұлғадан тәуелсіз тұлға.
Егер шетелдік заңды тұлға тұрақты мекеме құрмай, тұрақты негізде қызмет көрсетпесе, салық төлем кезінде ұсталады.
Егер Қазақстанда тұрақты мекеме көрсеткен қызметтері үшін табыстары тұрақты мекеменің шотына соқпай Қазақстан Республикасынан тысқары жерге аударылса, бұл табыстарға төлем көзінен салық ұсталынады.
Тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші көзделген тәртіщіен тұрақты мекемеге байланысты Қазақстандық көздерден табысы бойынша табыс салығын төлейді.
Қазақстандық көздерден алынатын табыс дегеніміз мыналар:
— Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатудан пайда болатын табыс;
— Қазақстанның тұрақты мекемесі немесе резидентті табысынан сатудан түсетін дивиденттер нысанындағы табыстар;
— Резидендтерден немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар адамнан алынған, егер бұл адамның берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, проценттер нысанындағы табыс;
— Қазақстан Республикасында құқықтар мен мүліктік пайдалану құқығын жүзеге асыр, пайдалану немесе беру кезінде пайда болатын роялти нысанындағы табыс;
— Қазақстанда түрған жылжымайтын мүлікпен алынатын табыс;
— Резиденттің мүлікті сатудан түсірген өзге табыстары;
— Зейнетақы, егер оны резидент төлейтін болса;
— Қазақстан Республикасында сақтандыру немесе тәуекелді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру көлемдері санындағы табыс;
— Қазақстан Республикасымен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыста немесе тасымалдағы телекоммуникациялық немесе көлік қызметін көрсетуден алынатын табыс.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздк алған жылдар ішінде Қазақстанның бюджет жүйесі түпкілікті өзгертілді. Инфляциялық процестердің ұстамлығын реттеу, өндіріс өсімін реттеу және мемлекеттік бюджет дифицитін төмендету мақсатында жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1992 жылы бағалардың ымрашылдануы, 1993 жылы Ұлттық валютаның айналсқа шығуы, жекеменшік құқығын қолдау, инфляциялық процесс осының барлғы соңғы жылдардағы мемлекеттік бюджеттегі өзгешеліктер мінзедемесін алдын-ала айқындайды.
2000 жылы Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 2000 жылы түсімдер программасында анықталғандай 7,4 пайыз жоғары дәрежеде орындалған. 2000 жылы мемлекеттік бюджетттің тапшылығы 3,3 млрд. теңге сомасында анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айқын төмендеді және жалпы Ұлттық өнім көлемінің 0,1 пайыз құрады. Сонымен бірге, түсім көлемі (598 млрд. теңге) және шығын көлемі (602 млрд. теңге) жалпы Ұлттық өнімде бірдей үлес — 23 пайыз шамасында құрады. 2001 жылы басында мемлекеттік бюджет кіріс бөлігі шығыс бөлігінен артқаны байқалды. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің берілгендеріне сәйкес 1.07.2001 жыл жағдайда байланысты бюджет профициті 47,5 млрд. теңге сомасында құрылды және ол берілген кезең ішінде жалпы Ұлттық өнім көлемінің 3,3 пайыз құрайды. 2000 жылы кезеңдегі берілгендермен салыстырғанда түсім көлемі 41,1 пайызға көбейіп, 375,1 млрд. теңгені құрады және несиелеу есебінен шығыстар 327,6 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын құрылымындағы сапалы өзгерістер ішінде 1995 жылы салық базасының реттелуімен байланысты болған салық түсімдерінің жоғарлағанын, кәсіпорынның каржылық жағдайының жақсарғанын, кәсіпорынның бюджетпен уақытылы есеп айырысуының дәлелі болып табылады.
Сот тәртібімен не соттан тарату рәсімдерін өткізумен борышкерді банкрот деп жариалауға оның дәрменсіздігі негіз болып табылады. Дәрменсіз факторын анықтау кезінде борышкердің орындау мерзімі жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан міндеттемелері ескерілуге тиіс.
Кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсідерін өткізу туралы қабілетсіздігі негіз болып табылады. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі. Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсмдерін өткізу туралы уәкілетті органға арыз беріп өтініш жасауына оның дәрменсіздігі негіз болып табылады.
Әдейі және жалған банкроттық. Әдейі банкроттық — борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер — заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі.
Жалған банкроттық — кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көріну өзінің жалған өтініш жасауы.
Борышкер мүлікінің иесі (ол уәкілдік берген орган), заңды тұлға -борышкердің құрылтайшысы немесе лауазымды адамдарды борышкерді әдейі төлем қабілетсіздігі жеткізгені үшін дәрменсіз борышкер кредиторлар алдында өзіне тиесілі мүлікпен субсидиялық жауапқа тартылады. Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкерді төлем қабілетсіздігіне әдейі жеткізгені үшін оның мүлікінің меншік иесіне шығындарды өтейді.
Егер банкроттықты тану туралы өтінішті борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толык көлемінде қанағаттандыруға мүмкіндігі болған кезде берсе кредиторлар борышкерден осы арқылы келтірілген шығындарды өтеуін талап етуге құқылы.
Заңды тұлғалардан алынатын салық үлесі 31,2 пайызға ұлғайды. Салық түсімдері құрылымында қосылған құн салығының салық үлесі тұрақты әрі жоғары болып табылады және ол 22 пайыз құрайды. Дербес салық жүйесі үшін 14 жыл деген көп мерзім емес. Дегенмен, осы уақыттың ішінде ол жүйе ретінде қалыптасып үлгерді. Сонымен салықты уақтылы төлемеген заңды тұлғаларды банкрот деп тану арқылы салық берешегін өндіріп алу жолдары бар.
Салық кодексіне көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салқ органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құкықтық актілерінен тұрады.
Банкроттықты тану. Банкроттықты борышкердің сотқа берген өтініші негізінде сот белгілейді. Банкроттық кредиторлардың немесе «Банкроттық туралы» Заңмен уәкілдік берілген өзге адамдардың сотқа берген өтініші негізінде мәжбүр етіп белгіленеді. Осы Заңда белгіленген жағдайларда борышкер өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті. Егер кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз ел айлық есептік көрсеткіштен кем болмаса банкроттық туралы істерді сот қарайды. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 49-бабының 1 -ші тармағында белгіленген тәртіппен тарату туралы шешім қабылданған заңды тұлға мүлкінің құны кридиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болса, мүндай заңды тұлға «Банкроттық туралы «Заңда белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен не соттан тыс тәртіппен таратылуға тиіс.
Мүлікті қайтару және борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану.
Борышкердің өзін банкрот деп танылғанға дейін не соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғанға дейін жасаған мәмілелері мынадай жағдайларда:
- Азаматтық заңдарда көзделген негіздер болғанда;
- Егер борышкердің жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмілесі банкроттық туралы іс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бір кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтініші бойынша;
З.Заң актілерінде көзделген өзге негіздер болған кезде жарамсыз деп танылуға тиіс.
Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің басталмасына дейінгі екі жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындалуын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларнан едәуір төмен бағалармен не кредитторлардың мүдделеріне нүқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы жоғарыда көзделгендерден басқа, заң актілерінде көзделген негіздер бойынша борышкердің мүлкін үшінші тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға жеке азаматтың заңдарда көзделген, борышкердің мүлікін қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.
Мүліктің жоғалуына, бұлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты жоғарыда көзделген жағдайларда мүлікті талап ету мүмкін болмаған кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары борышкердің алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде өтеу жөнінде жауапты болады.
Банкроттық туралы істерді соттар борышкердің заңға сәйкес белгіленетін тұрған жері бойынша қарайды.
Оңалтуды және конкурсты басқарушылар. Оңалту рәсімін, конкурстық істі жүргізу не соттан тыс тарату рәсімін өткізу кезеңінде банкроттық рәсімдерін, оңалту рәсімін және соттан тыс тарату рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін дәрменсіз борышкердің барлық органдары оны басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару міндеттеріне оңалтуды не конкурсты басқарушыға беріледі. Оңалтуды және конкурсты басқарушы борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет етеді.
Оңалтуды, конкурсты басқарушылардң тағайындаудың тәртібімен ережелері, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар олардң күқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақы алуға құқығы, дәрменсіз борышкердің істері мен мүлкін басқару жөндеу өкілеттік көлемі Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңымен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитеті олармен жасасқан келісімімен реттеледі.
Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға — жеке кәсіпкер оңалтуды конкурстық басқарушылар болып тағайындалады. Жеке кәсіпкерлердің оның ішінде шаруа қожалықтарынң және табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстеме монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем монополиялық жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарьщ субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша тиісті облыс әкімімен келісім бойынша тағайындалады.
Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етіп тағайындауға болмайды:
- Борышкер немесе кредиторлар әкімшілігінің лауазымды адамы;
- Бұрын банкрот деп танылған кәсіпорынның басшысы;
- Егер шаруашылық серіктестік акционерлік қоғам некооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері кооператив мүшелері.
Жұбайы, тікелей өзінен тараған және шыққан тегі бойынша туыстары, сондай-ақ борышкер немесе кредиторлар әкімшілігінің лауазымды адамдарының туған аға інілерімен апа сіңлілері.
Оңалтуды және конкурсты басқарушылар мынадай жағдайларда аталған міндеттерді жүзеге асыруға тағайындалғандағы сияқты тәртіппен:
- өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаса немесе тиісті дәрежеде орындамаса, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіретін не басқараларға артықшылқ беретін әрекеттер жасаса, басшыны жұмыстан шығаруға негіз болып табылатын өзге де әрекеттер жасаса;
- лицензиялау туралы заңдарда көзделген негіздер бойынша лицензия қайтарып алынса не оның қолданылуы уақытша тоқтатылса;
- өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын болса, борышкердің істерімен мүлкін басқарудан шектелуі тиіс.
Кредиторлар талаптарының тізілімі. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттанттыс тарату рәсіміне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптардың тізімі жасалады. Кредиторлар талаптарының тізіміне кредиторларнң даусыз болып табылатын талаптары кіреді. Мыналар:
— борышкерден аөқша соммаларын өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе күшіне енгізілген атқарушы құжаттар барларға қатысты;
— борышкер мойындаған не өзіне қойылған талаптар бойынша белігленген мерзімде қарсылығын мәлімдеген талаптар даусыз болып табылады;
Банкроттық рәсімдерін немесе соттан тыс тарату рәсімін енгізгеннен кейін кредиторлардың талаптарын негізгі деп тануды тиесінше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады.
Бюджеттік жүйе мемлекеттік қаржы саясаттың жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады. Қазақстан Республикасында қазыналық жүйе енгізілген. Қазыналық басқармада кірістерді қабылдап, шығыстарды жүзеге асырып, қалдық қалған жағдайда банктегі арнайы шоттарға өткізіледі.
Осы кезге дейінгі келтірілген мәліметтерде Қазақстан Республикасындағы бюджеттің құрылымындағы салықтардың рөлі анықталып, деңгейлі көрсетілген.
Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығын салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің үлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Ел экономикасында бұрын болмаған жаңа ірі құбылыстар нақты жүзеге асырылуда, оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі, шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи қадам болып есептеледі.
Осы бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді [20.21].
Салық туралы қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: жалпы мемлекеттік салықтар; міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тағы да басқа салықтардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Салық немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің немесе олардың дебиторлорының шоттарынан салық айыппұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде, егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келісетін болса, өндіріп алынады.
Салықтар, айыппұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамасыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларьіның шотында қаражат болмаған жағдайда, салық төлеушінің мүлкін тәркілеуге құқылы. Берешек өтелген жағдайда мүлікті тәркілеу туралы шешім жойылады. Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың әрбірі халықаралық салық салудың тәртібін енгізу болып табылады [26.27].
Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сай, одан әрі қарай өзгеріп, дамуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылдың 21-желтоқсанында қабылданған Заң күші бар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.
Енгізген өзгерістер мен толықтырулардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
— салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төменгі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген;
— арнайы экономикалық аймақтарда тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар, табыс салығын 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;
— заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындары шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақы жұмсалған шығындарға салық салынады;
— жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Үкіметі мен келсімге түрар алдында Бас салық комитетінде салықтық зерттелуден өтулері тиіс.
Біз тек енгізілген өзгерістердің басты-бастыларын атап кеттік. Ал барлық өзгеріс, толықтырулармен жоғарыда көрсетілген құжат арқылы кеңірек танысуға болады. Салық жүйесінің бір орнында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер экономикалық дамыған елдердің тәжіриберелін талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. Салық жүйесінде басты орынды сальщтардың түрлері алатыны сөзсіз. Жаңа салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетелдік дамыған және озық үлгілерді жинақтай отырып, өзіндік жүйелі бағыттарға сай қызмет етуде.
Мемлекеттік бюджет бұл — орталықтандырылған ақша қорын құру барысындағы мемлекет және барлық меншік формасындағы субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар.
Мемлекеттік бюджет арқылы орталықтандырылған ақша қоры құрылып, қолданылады.
Мемлекеттік бюджет құрылу барысында төрт сатыдан өтеді:
- Бюджеттің толықтылығы
- Бюджеттің бірлігі
- Бюджеттің нақтылығы немесе айқындағы
- Бюджеттің шынайылығы
Бірінші сатыда — бюджеттің және салықтың заңдылықтарға сай бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне барлық табыстар мен шығындар түгел енгізілуі қажет.
Екінші сатыда — бюджеттің құрылу процесінің бір белгіленген түрі бойынша, бір бюджеттік құжат бойынша жүргізілуі қажет.
Үшінші сатыда — бюджеттің барлық кіріс және шығыс операциялары толық негізделген және дұрыс жүргізілуі қажет.
Төртінші сатыда — бюджеттің ашық түрде талданып, мемлекеттік заң органдарымен бекітілуі қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасында бюджет жобасын орындаумен 2003 жылдан бастап — бюджеттік жоспарлау және экономика Министірлігі айналысады.
Қазіргі таңда бюджеттің кірісін және шығысын есептеу барысында келесідей әдістер қолданылады:
- автоматты әдіс.
- мажорация және минорация әдісі.
- бағалау әдісі.
Автоматты әдіс барысында алдынғы жылғы кіріс және шығыс қортындысы келер жылғы бюджеттік кезеңге енгізіледі.
Мажорация және Минорация әдісінде — 10-15 жылдың динаминалық қатарын статистикалық өңдеуден өткізіледі. Ауытқулар, түрлі даму теңденциялар анықталап, анықталған көрсеткіштер негізінде бюджеттің бір бөлік кіріс және шығыс баптары коррекцияланады, талданады.
Бағалау әдісі нақты коньюнктураны зерттеу барысында қолданады. Бұл әдіс барысында бюджет жобасын құрушылар келіп түсер түсімдерді және шығындар өзгерісін анықтауға тырысады.
Осы әдістерді қолдана отырып толық бекітілген бюджет орындалуға беріледі. Бюджеттің кассалық орындалуы екі әдіс арқылы жүзеге асырылады -қазыналық және банктік әдіспен.
Бюджеттің барлық түрлернің жиынтығы — мемлекеттік бюджет жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасы бюджеттік құрлымы екі сатыдан тұрады:
- Республикалық бюджет
- Жергілікті бюджеттер
Бюджеттік жүйе мемлекеттік қаржы саясаттың жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады. Қазақстан Республикасында қазыналық жүйе енгізілген. Қазыналық басқармада кірістерді қабылдап, шығыстарды жүзеге асырып, қалдық қалған жағдайда банктегі арнайы шоттарға өткізіледі.
Меншікті капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететін Жак Ришар мен Дюпонның формуласына келетін болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебі активтер құнының меншікті капиталға қатынасымен () анықталатын соңғы көбейткіш авансталған (жиынтық, жалпы) капиталдың құрылымын сипаттамайды, ол жиынтық капиталдың меншікті капиталдан қанша есеге көп екенін көрсетеді. Бұл формулалардан меншікті табыстылық коэффициентінің осы қатынасқа тура пропорционалды тәуелділігін көруге болады: ол неғұрлым жоғары болса, меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесі соғұрлым көп болады. Бірақ, жиынтық және меншікті капиталдың арақатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия) коэффициентімен шектелуі тиіс, оның мөлшері 0,5-тен кем болмауы тиіс (2). Олай болмаған жағдайларда кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтып алуы мүмкін. Біздің ойымызша, меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдау үшін жоғарыда аталған меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесінің формуласы сондай-ақ «тетік нәтижесінің» формуласы жеткілікті болады.
Біз жиынтық капиталдың (авансталған, жалпы) табыстылық коэффициенті мен меншікті капиталдың табыстылық коэффициентінің өзара байланысын анықтау қажет деп ойлаймыз. Осы мақсатпен қаржылық талдау тәжірибесінде келесі формуланы қолдануды ұсынамыз:
Мұнда: — авансталған капитал құрылымын сипаттайды, оның мөлшері 1- ге тең, ал — қатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия) коэффициентінің деңгейін көрсетеді. Кәсіпорын активтернінің табыстылығы — бұл өнімді өткізуден алынған табыстылық пен () меншікті капиталдың айналымдылық коэффициентінің () көбейтіндісінің нәтижесі және кәсіпорынның тәуелсіздік коэффициенті болып табылады. Тәуелсіздік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, активтердің табыстылық коэффициентінің деңгейі соғұрлым көп болады, себебі соңғысы капиталдың қаржылық құрылымына тура пропорционалды тәуелді.
Табыстылықтың маңызды салыстармалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны, сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негізгі құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейін талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған факторлық талдау әдістемесі, көрсеткіштің алғашқы формуласын, табыстылық деңгейін қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру және өндірісті интенсивтендірудің барлык сапалы сипаттамасы бойынша жіктеуді қарастырады. Кәсіпорындар қызметіндегі маңызды көрсеткіштер;
— өткізілген өнімнщ еңбекақы сыиымдылығы;
— өткізілген өнімнің материал сыйымдылығы;
— өткізілген өнімнің амортизация сыйымдылығы;
негізгі өндірістік қорлар бойынша өнімнің қор сыйымдылығы;
— айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор сыйымдылығы (айналым қаражаттарының бекіту коэффициенті);
таза табыс;
— негізгі құралдардың орташа құны;
— материалдық айналым қаражаттарының орташа қалдықтары;
— өткізілген өнімнің (сатудың) табыстылық деңгейі;
— толық өзіндік құн бойынша өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым төмен болса), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Жекеленген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады (кесте 14).
Кесте 14
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші көрсеткіштер
1. |
Таза табыс, мың тг. |
2. |
өткізуден алынған табыс (түсім) (акциз және қосымша құн салығынсыз), мың тг. |
3. |
Негізгі қорлардың жылдық орташа құны, мың тг. |
4. |
Материалды айналым қаражаттарының орташа жылдық қалдықтары, мың тг. |
5. |
өндірістік қорлардың жылдық орташа құны (3 қатар+4 қатар), мың тг. |
6. |
өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 қатар:2 қатар) |
7. |
өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табыс өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 қатар: 2қатар),тг. |
8. |
өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі (1 қатар: 5 қатар*100% |
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 6 %-ды құрады.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің (рентабельділігі) өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:
1) өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы көрсеткіштің 2,82 пунктке өсуіне әкеледі;
2) қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 1,27 пунктке төмендеуіне әкелді мұндағы материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің 0,02 пунктке өсуіне әкеледі. Осылайша факторлар бойынша өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 1,57 пунктті құрайды, ол өткен жылғы мәліметтермен салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.
Өнім бірлігінің табыстылығы, жекелеген өнімдерді өндіру мен өткізудің, өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш коммерциялық құпия болып табылады және де ол, басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылады.
Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бір көрсеткіші — бұл өткізілген өнімнің табыстылығы. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін көрсетеді.
Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.
Жекелеген өнімдер табыстылығының сату көлемінің жалпы табыстылығына әсер ету бағасын, Новосибирск Мемлекеттік экономика және басқару академиясының ғалымдары ұсынған талдау әдістемесін қолдану арқылы белгілеуге болады (9), ол бойынша талдау келесі жүйеде жүргізіледі:
1) жалпы өткізу көлеміндегі әрбір өнім түрінің үлес салмағы анықталады;
2) өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығының жеке көрсеткіштері есептеледі;
3) жеке бұйымдар табыстылығының, оның орташа деңгейіне ықпалы, барлық өткізілген өнімдер үшін, жеке табыстылықты жалпы өткізу көлеміндегі бұйымдардың үлесіне көбейту арқылы анықталады;
4) шығарылатын бұйымның жеке табыстылығының өзгеруімен байланысты ықпал, есепті кезең табыстылығы мен базистік кезең табыстылығы арасындағы айырманы есепті кезеңдегі бұйым үлесіне көбейту арқылы анықталады;
5) құрылымдық фактордың тигізетін ықпалы, базистік кезеңдегі табыстылықты, есепті кезең мен базистік кезеңдегі бұйымдардың үлес салмақтарының арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.
Талдау жүргізудегі негізгі ақпарат базасы — бухгалтерлік есептің мәліметтері болғандықтан, талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша шығындардың аналитикалық есебін жүргізу барысында ғана мүмкін болады. Мүндай талдау өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа жекелеген өнімдерді өндіру мен сатудың тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельділігінің) өзгеруіне өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Бұл факторлардың әсері тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі.
Жеке бұйымның табыстылығын арттырудың негізгі фактор оны шығарудың өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша өзгеру себептерін талдауға басты назар аударылуы тиіс, сонымен бірге баға қалыптасуының дұрыстығын зерттеуге де көңіл бөлінеді.
Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақша қаражаттарының таза ағымының құйылуы негізінде есептеледі. Мысалы,
Соңғы көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлар, қарыз беруші және акционерлер алдында қолма-қол ақша қаражаттарымен өз міндеттемелерін орындауы жөнінде мәлімет береді. Қолма-қол ақшалардың ағымы негізінде есептелетін табыстылық нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Оның артықшылығы бар, себебі ақша ағымдарымен жүргізілетін операциялар өндірістің қарқынды түрінің маңызды белгісі және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық «кінәратсыздығының» басты нышаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі (салық кодексі) және тексеруге №515-3003 03.05.2005 жылы берілген нұсқама негізінде, біз, Шымкент қаласы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас маманы Сарсенбаев Б. Және осы бөлімнің жетекші маманы Жаманбай Ә., «Табыс» ЖШС-де, серіктестік директоры Г.Балабековтың СТН-і 555110304863 қатысуымен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуінің дұрыстығын, уақытылы және толық төленгендігі туралы құжаттық тексеру жүргізіледі.
Тексеру 01.03.2005 жылы басталып 15.05.2005 жылы аяқталды.
Салық төлеушінің мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Б.Батыр көшесі, 227 үй.
«Табыс» ЖШС ОҚО Әділет басқармасында 2 ақпан 2002 жылы 16007-1958-ЖШС санымен тіркелген.
Салық комитетінде салық төлеуші ретінде 2 ақпан 2002 жылдан 582100021595 СТН-ен есепте тұрады.
Меншік түрі: жекеменшік жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Серіктестіктің «Казкоммерцбанкіі» ААҚ ШФ 004467930 санды есеп шоты ашылған.
Тексеру барысында келесі құжаттар қолданылады:
— салықтар мен төлемдердің декларациялары мен есептеулері;
— бас және кассалық кітаптар;
— журнал-ордерлер мен ведомостар;
— бухгалтерлік және банкілік құжаттар;
— жарғы және басқа да заңдылық құжаттар.
Серіктестіктің жарғылық қызметі: көтерме түтыну сауда-саттық және коммерциялық қызметтер. Лицензиялық қызмет түрлерімен айналыспаған.
Тексеру аралығында серіктестіктің салық ауыртпалығы ол (мың теңге) Тауар (жұмыс, қызмет) айналмы көлемі (мың теңге)
Бюджетке есептелген салықтар мен басқа да міндеттер төлемдер сомасы (мың теңге)
Ауыртпалық коэффициенті олар ;
-Тауар (жұмыс, қызмет) айналмы көлемі
-Бюджетке есептелген салықтар мен басқа да міндеттер төлемдер сомасы (мың теңге)
Келесі кестеде серіктестіктің құрылу тәртібі мен құрылтайшылар көрсетілген.
Кесте 15
ЖШС-ің жарғылық қорының нақтылай құрылымы
(мың теңге)
№ |
Құрылтайшы ҚР резиденті |
Жарғы жарнасы сомасы (мың теңге) |
Жарғы қорына пайыздық қатынасы, % |
1 |
Каратаев К |
66,2 |
100 |
Сайрам Салық комитетінің есеп беруі 2004 ж
Келесі кестеде тексеру кезеңіне .2005 ж) бюджет төлемдері бойынша көрсеткіштер берілген (кесте 16)
Кесте 16
Тексеру кезеңіне .2005 ж) бюджет төлемдері бойынша көрсеткіштер
(мың теңге)
Төлем коды |
Төлем түрі |
Алашақ (+) |
Берешек (-) |
000010 102201 105101 101201 103101 104101 |
ЗЖҚ КТС ҚҚС ЖТС Әлеуметтік салығы Мүлік салығы |
3,9 0,1 |
3,8 4,1 18,7 |
*Сайрам Салық комитетінің есеп беруі 2004 ж
Салық төлеушінің Салық Комитетіне 2004 жылға табыс еткен салық декларациясында жылдық жиынтық табыс 205000 мың теңге, барлық шегерімдер 101,0 мың теңге, берілген жеңілдіктер (-) мен өткізілген шығындарды (-) есептегенде салық салынатын табыс көлемі 402,0 мың теңге, есептелген корпорациялық табыс салығы 118,0 мың теңге көрсетілген/24/.
Тексеру барысында анықталғаны, 2004 жылдың жылдық жиынтық табысы 10703,0 мың теңгені, барлық шегерімдері 10130,0 мың теңгені, берілген жеңілдіктер (-) мен өткізілген шығндарды (-) есептегенде салық салынатын табыс сомасы 573,0 мың теңгені, есептелген табыс салығы 171,9 мың теңгені құрады немесе бюджетке қосымша 13,9 мың теңге табыс салығы есептелінді.
Айырманың шығу себебі: 2004 жылдың шегеріміне 46,0 мың теңге жал шығыны сомасы дәлелденетін құжаттарсыз негізсіз апарылған.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 46 бабының тармағына сйкес қосымша есептелген табыс салығының төлеу мерзімі өтіп кеткен әр күніне, 0,2 мың теңге өсімпұл есептелінеді.
Серіктестіктің Салық Комитетіне 2004 жылға табыс еткен декларациялары бойынша салық салынатын айналым 12102,9 мың теңге, есептелген ҚҚС -1712,5 мың теңге, шегеріс айналымы 10633,8 мың теңге, шегеріске жатқызылған ҚҚС сомасы -1701,4 мың теңге, бюджетке төленуге тиіс ҚҚС 11,1 теңге көрсетілген. Тексеру барысында анықталғаны, 2004 жылғы ҚҚС салынатын жалпы айналым 10702,9 мың теңгені, есептелген ҚҚС 1712,5 мың теңгені, шегеріс айналымы 10601,0 мың теңгені, бюджетке төленуге тиіс ҚҚС 16,4 мың теңгені құрады немесе бюджетке қосымша 5,3 мың теңге ҚҚС есептелінді.
Айырманың шығу себебі: 2004 жылы шегеріске 32,8 мың теңге (ҚҚС — 5,2 мың теңге) ішкі рыноктан алынған тауар (жұмыс, қызмет) күны дәлелденетін кұжаттарсыз негізсіз апарылған.
ҚР САлық кодексінің 46 бабының 3 тармағына сәйкес қосымша есептелген ҚҚС төлеу мерзімінің өтіп кеткен әр күніне, барлығы 0,2 мың теңге өсімпұл есептелінеді.
Салық төлеушінің Салық Комитетіне 2005 жылдың 1 — тоқсанына табыс еткен декларациясы бойынша ҚҚС салынатын жалпы айналым 1880,5 мың теңге, есептелген ҚҚС 300,9 мың теңге, шегеріс айналымы 1107,9 мың теңге, шегеріске жатқызылған ҚҚС 177,3 мың теңге бюджетке төленуі тиіс ҚҚС 123,6 мың теңге көрсетілген /24/.
Тексеру барысында анықталғаны, 2005 жылдың 1 — тоқсанында ҚҚС салынатын жалпы айналым 1880,5 мың теңгені, есептелген ҚҚС 300,9 мың теңгені. Шегеріс айналымы 1017,2 мың теңгені шегеріске жатқылылған ҚҚС 163,0 мың тенгені, бюджетке төленуі тиіс ҚҚС 137,9 мың теңгені құрады немесе бюджетке қосымша 14,3 мың теңге ҚҚС есептелінеді.
Айырманың шығу себебі: шегеріске ішкі рыноктан алынған 90,7 мың теңге тауар (қызмет, жұмыс) құны (ҚҚС — 14,3 мың теңге) дәлелденетін құжаттарсыз негізсіз апарылған.
ҚР Салық кодексінің 46 бабының 3 тармағына сәйкес салық сомасының төлеу мерзімі өтіп кеткен әр күніне, барлығы 0,4 мың теңге өсімпұл есептелінеді.
Серіктістіктің Салық Комитетіне 2004 жылға табыс еткен есептеулері бойынша есептелген салық салынатын төлем көзі 166,1 мың теңге, үлес салмағы бойынша бюджетке төленуі тиіс жеке табыс салығы 8,2 мың теңге көрсетілген.
Салық төлеушінің Салық Комитетіне 2005 жылдың 1 — тоқсанына табыс еткен есептеуі бойынша есептелген салық салынатын төлем көзі 99,0 мың теңге, үлес салмағы бойынша бюджетке төленуі тиіс жеке табыс салығы 4,0 мың теңге көрсетілген /25/.
Тексеру барысында қателіктер мен ауытқулар анықталмады.
Серіктестіктің салық комитетіне 2004 жылға табыс еткен декларациялары бойынша әлеуметтік салық салынатын еңбек ақы қоры 187,2 мың теңге, есептелген салық сомасы 39,3 мың теңге.
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ — КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ
3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде
Бағалар стратегиясын үлгілеу түрлі жағдайлардан шығады. Көптеген мемлекеттерде үлгілеу қаржылы бағалармен басқару жүйесі ғана құрастырылмайды, өндірістік бағдарламалардың нақты мөлшерлері де белгіленеді. Үлгілеу арқылы нарық жағдайының талдауы жүргізіледі және мүмкін болатын нарық өзгерістеріне икемді жағымдық жүйесі жасалады. Бағаның қалптасуындағы үлгілеудің басында нарық бәсекелестер бағасын талдау керек. Кәсіпорындар өзінің стартегиясын шығындық бағалар және орташа нарықтық бағаны байқау негізінде құрастырады. Нарықта көптеген ұсақ сатушылар болады. Бірақ ірі кәсіпорындар жеке клиенттерді өнімнің сапасымен, сервиспен, бағалардың тартымды болуымен қызықтырады. Осы себептен баға қалыптасу стратегиясын құру кәсіпорындар үшін қажетті болуға тиісті, себебі бұның негізінде сұранысты, шығындарды, пайданы алдын ала болжауға болады. Әсіресе бағаны үлгілеу ассортименті дамыған кәсіпорындар үшін өте қажет, олар алдын ала болашақ мерзімге бағаның өзгерісін есептеуге тиісті.
Кәсіпорын табыстарын көбейту әдісі ретінде бағалар стратегиясын үлгілеудің үш кезеңдері бар: жабу сомалары әдісі арқылы бағаны есептеу; баға сызбаларын есептеу және сызу; тік және көлденең дифференциялдық өзара байланысты бағалар жүйесін есептеу. Бұл кезеңдер кәсіпорын үшін тиімді болады, себебі көлденең дифференциациялау нарықтың түрлі сегменттерінде тауардың бір түріне түрлі бағалар ұсынады, ал тік дифференциациялауда шығындар мен пайданың бар сомасы тауар түрлері бойынша түрлі мөлшерде таратылады, нәтижесінде пайданы олар ғана әкеледі, ал «иттер» өндірістен шығарылады немесе қосымша клиентті тартады және кәсіпорынның анықталған имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде жабу сомасы ғана есептелмейді, сонымен қатар нақты мерзімдермен байланысты біртіндеп, өз уақытында шығындарды жабуға мүмкіндік береді және кәсіпорынға өтімділіктің барлық түрлері мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін сомаларды есептеуді талап тетеді. Жабу әдісін қолданған жағдайда тұрақты шығындар пайда болу орындары бойынша қалыптасады, ал пайда тауардың әр түрлері бойынша таратылады.
Бұнда алдын ала табыстылық емес, нақты өткізулер нәтижесінде ғана калькуляциялау және пайда есептеледі.
Нарықтық бағаның қалыптасуында жабу сомасы әдісінің жетістіктері аралық қорытындылар арқылы кәсіпорын қызметінің нәтижелерін және тұрақты жиындарды талдау мүмкіншілігінің бар болуы. Әсіресе қуаттылықтардың өзгеруінде жабу сомалары негізінде күтілетін ақшалай түсімнің және түрлі деңгейлердегі жабу сомалар туралы мәліметтер негізінде пайданың жоспарлануы маңызды болып табылады.
Есептеу тәртібі өндіріске сүйене отырып, оның қорытындыларына, нарықтық бағаларына әсер ету нәтижесінде пайда алуды қамтамасыз етеді. Шығындардың тұрақты есебі кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің тиімділігіне оңтайлы әсер етеді Көптеген мемлекеттерде осы әдіс өндірістік бағдарламамен бағалармен басқару үшін қолданылады.
Түрлі жағдайдларда үлгілеу кәсіпорын мақсаттарын өзгертуді іске асырады және шаруашылық аймақтың мүмкін болатын өзгерістерін алдын ала көруді қамтамасыз етеді. Нарық бағаларын өңдеу жағдайында шығындарды жабу әдісін қолдану арқылы кәсіпорын тауарларды төмен баға бойынша өткізіп, бүның нәтижесінде нарықтың басым бөлігін жаулап алу мүмкіндігі туады. Бұл әдістің кемшілігі: сатып алушылардың төмен бағаға қалыптасып алуынан тауарлар бағасын жоғарылату қиындық туғызуы мүмкін.
Жабу сомасы әдісін қолдану өнім бірлігінің бағасын төмендетіп, нарықтағы салмақты кеңейтеді және әр түрлі табыс деңгейлерімен сатып алушылар санын көбейтеді.
Сондықтан: бағаларды үлгілеу Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін жақсартады. Ол кәсіпорын үшін жаңа сатып алушыларды тартып, болжанған тауар айналымын жоғарылатып, пайданы өсіруге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің бұл пікіріне біз де қосыламыз.
Кәсіпорын пайдасымен (табысымен) басқаруда оңтайлы стратегияны таңдауда кәсіпорын дамуын болжау үшін маржиналдық табыс, өнім бірлігіне келетін маржиналдық табыс, залалсыздық көлемі, қауіпсіздік жиегі, маржиналдық табыс коэффициенті, қауіпсіздік аймағы, операциялық түтқаның күші, тұрақтылық қоры деген көрсеткіштер қолданады. Өнім шығару және табыс алу бойынша шаруашылық қызметтегі өндіріс факторлар қосылуының үздіксіз қайталанып отырған үдерісі экономикалық жеке бөлшектелген субъектілерінің шегінде жекешеленген қайта өндірісінің үдерісін сипаттайды. Қайта өндірісті іске асырудың маңызды элементі болып капитал айналымы табылады, яғни ақшалай, өндіріс және тауарлық нысандардың жүйелі ауысуы негізінде өндіріс және айналым салалары арқылы өндіріс факторлар құнының қозғалысы. Кәсіпорында капитал бір уақытта осы үш нысандарда да, яғни ақшалай ресурстарда, шикізат пен құрал-жабдықта, дайын өнімде іске асырылады.
Капитал айналымының кезеңдерін мына үлгі бойынша көрсетуге болады:
онда
Д — алғашқы авансталған капитал;
Т- тауар;
П — өндіріс;
PC — жұмыс күші;
СП — өндіріс құралдары;
Т/ — өндрістік өнім;ъ
Д/ — алғашқыда авансталған көбейген капитал;
1,2,3 — айналымның жеке кезеңдері (1 — өндіріс жағдайының қалыптасуы;
2 — тауарларды жасау факторларының қосылуы;
3 — тауарларды өткізу мен табыс алу).
Капитал айналымының үдерісін бағалауда «капитал айналымы» деген ұғым қолданады. Капитал айналымы дегеніміз капиталдың айналымының үн кезеңінен өтуі, бұл үздіксіз қайталана беретін үдеріс. Капитал айналымының жылдамдығы өсе беретін болса бұл маржиналдық табысқа және кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң жағынан әсер етеді. Маржиналдық табыстың капитал табыстылығының деңгейіне әсер үлігісі төменде көрсетілген (сурет 2).
Маржиналдық табыстың капитал табыстылығына әсер ету үлгісі
Сурет 2
Сонымен қатар айналым уақыты деген ұғым бар; бұл бастапқы ақшалай нысанға айналым, өндіріс және қайта айналым өндіріс және қайта айналм салалары арқылы ресурстардың қайтып келетін уақыты (кезеңі); айналым уақыты өндіріс уақытынан және айналым уақытынан тұрады. Маржиналдық табысты көбейту үшін, табыс пен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін айналым уақытын төмендету бойынша шаралар қолдану керек.
Капитал айналымын көлем бойынша сипаттау үшін (айналымның жылдамдығы» деген көрсеткіш қолданады. Айналым жылдамдығы ресурстар айналымының бір жыл ағымында іске асырылатын санымен өлшенеді. Айналымдар саны мына үлгі бойынша анықталады:
N = O/t, онда
N — бір жылдағы айналымдар саны;
О — қабылданған уақыт бірлігі (мысалы, бір жыл = 12 ай);
t — ресурстар айналымының уақыты.
Яғни айналым жылдамдығы айналым уақыты арқылы есептеле алады.
Кәсіпорынның капиталы тиімді пайдалынылып оған пайда әкелуге тиісті. Оның табыстылғн жылдан жылға көбейтуге тиісті кәсіпорын басшылығы шаралар қолдану керек. Бұны маржиналдық табыс негізінде бақылау жүргізу арқылы іске асыруға болады. Капитал табыстылығының деңгейі өткізулердің табыстылығынан және айналмының қарқындылығынан тәуелді. Осы екі факторлардың шамалары өскен сайын қорытындылық нәтиженің мөлшері де өсе түседі. Кәсіпорынның ауыспалы, тұрақты шығындарының, ақшалай активтеріның, айналым және негізгі қорларының айналым жылдамдығы өсетін болса, ал айналым кезеңі қысқаратын болса, бұл кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына әсери етеді. Маржиналдық табыс әдісте негізінде кәсіпкерлік қызметі нәтижелерінің тиімділігін жоғарылату жолдары төменде көрсетіледі, оның ішінде өндіріс көлемдерін оңтайландыру, өндіріс шығындарын азайту, ресурстар айналымының жылдамдығын жоғарылату; бүны сұраныс пен ұсынысты зерттеу арқылы, негізгі өндірістік қорларды және айналым қаражаттарын тиімді пайдалану, өндірістік үдерістің оңтайлы нұсқасын, кәсіпкерлік менеджменттің тиімділігін жоғарылату арқылы іске асыруға болады.
Тәжірибеде шешімді қабылдау әс әрекеттердің бәсекелестік баламал нұсқасының бір қатарн салыстырмалық бағалау және ұйымның мақсаттарына жоғары деңгейдесәйкес келетін ең оңтайлы нұсқасын таңдау болып табылады. Дұрыс басқарушылық шешімді қабылдаудың алдында кәсіпорын қызметінің маңызды бағытн және мақсатын анықтау қажет. Дұрыс шешімді қабылдау үшін барлық баламалы нұсқалар бойынша болашақ шығындар арқылы ақпарат болуға тиісті.
Маржиналдық табыс бойынша ақпаратты қолдану негізінде көптеген оперативтік пеы перспективтік мақсаттар шешіледі:
— залалсыздық нүктені анықтау;
— өнім шығысын жоспарлау;
— бағаны анықтау бойынша шешімдерді қабылдау;
— күрделі салымдар жөнінде шешімдер қабылдау;
— өнімнің жаңа түрлерін игерудің тиімділігі туралы шешім қабылдау.
Кәсіпорынның маржиналдық табысқа байлансты негізгі стратегиялары
Сурет 3
Кеңейтілген өндіріске жағдай жасау үшін кәсіпорынға осы стратегиялардың бірін таңдауға мүмкіндік бар.
Кесте 17 і
Стратегия |
Залалсыздың нүкте, кг |
Тұрақтылық қоры, кг |
Пайданың (табыстың) өсуі, теңге |
Таңдау |
1. Бастапқы жағасым |
182951 |
129012 |
— |
— |
2.Өткізу бғаны 10%-ке өсіру |
149576 |
162387 |
+9312159 |
+ |
3.Өзгеретін шығындарды 10%-ке төмендету |
162896 |
149067 |
+5138091 |
— |
4.Тұрақты шығындарды 10%-ке азайту |
164656 |
147307 |
+2447501 |
— |
5.Өткізу көлемін 10%-ке көбейту |
182951 |
160208,3 |
-4173441 |
— |
Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі мақалаларда бәсекелестік артқшылық, табыс потенциалы, табыс факторы, шешуші компетенция, нарықтағы позиция сияқты түсініктер жиі-жиі талқыланып жүр. Бірақ та оларға нақты бағалау берілмеген. Осыған байланысты стартегиялық факторы сияқты түсініктер бір-бірінен ажыратылып көрсетілуі тиіс. Бәсекелестік артықшылықыты жаулап алу және сақтау кәсіпорынды стратегиялық басқарудың шешуші функциясы болып табылатындығы мәлім. Әсіресе толық нарықтарда артықшылыққа қол жеткізу маңызды, ол жерлердегі сұранысты көптеген жабдықтаушылар қанағаттандырады.
Соңғы зерттеулер нәтижесі кәсіпорындардың мақсатты жүйесіндегі бәсекелестік қабілеттің басым жағдайын анық көрсетеді. Бұл салыстырмалы бісекелік позиция және кәсіпорынның нарықтық табысы арасындағы эмпитикалық дәлелденген байланыспен дәлелденеді. Бұл жұмыстағы бәсекелестік қатынастарды талдау шаруашылық облыс деңгейінде жүргізіледі. Тұтыну нарықтарында бұл деңгей тауар маркасы деңгейімен теңестіріледі. Тауар маркаларының бәсекелік позициясын бағалау кәсіпорынның өзінің және бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарын салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорынға жоғары жетістіктерді қамтамасыз етуші факторлар табыстың страгтегиялық факторлары түсінігімен байланыстырылады. Олардың қалыптасуының басты алғышарты мынада, яғни кәсіпорын ұзақ мерзім ішінде бәсекелесуші жабдықтаушыларымен салыстырғанда тауар өндіруші ретіндегі өз артықшылықтарын анықтауы және сақтап түруы тиіс. Сонымен кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтық міндеттемелерінің маңыздылығы ерекше және оларға көптеген факторлар әсер етеді.
Қорытынды
Кез-келген мемлекетте кәоіпорын табыстарының көп бөлігін әрине кәсіпорындар мен ұйымдар төлейді. Ал кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады, яғни кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Кәсіпорын есептегі жылды айтарлықтай қомақты табыспен аяқтаса, сол жылы кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтық міндеттемелері де көбейеді. Алайда салық саясатының негізгі бағыттары бойынша бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Салықтық заңдылықтар бойынша оның қандай факторлардың есебінен кұрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, кәсіпорынның алдағы уақыттардағы салық органдарына төлейтін жағдайларын білу әлдеқайда маңызды болып табылады. Арнайы салықтық әдебиеттерде табыстылық көрсеткіштері деңгейінің өзгеруіне әсер етуші фокторларға және оларды есептеуге қатысты әртүрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және салық мөлшерлерін дұрыс есептеу мемлекет үшін де кәсіпорындар үшін де аса маңызды болып табылады.
Кәсіпорындардың өндірістік қорларының табыстылық деңгейінің (рентабельділігі) өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері міндетті түрде салықтық қатынастарға әсер етеді. Сондықтан да өткізілген өнімнің әр теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы тауар бойынша төленетін салықтық көрсеткіштердің де өсуіне әкеледі. Кәсіпорындардың табыстылық деңгейінің төмендеуіне олардың төлйтін салықтарының мөлшерін де төмендетеді.
«Табыс» ААҚ қаржы нәтижелері мен бюджетке төлейтін төлемдерін талдай келе біз кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлату және бюджетке төлейтін төлемдерін арттыру үшін ең алдымен қаржы нәтижелеріне терең талдау жүргізіп, пайданың өсу резервтерін есептеу қажет және табыстылықты жоғарлатудың негізгі резерві — өндірістік ақау мен ысырапты азайту, болдырмау қажет деп есептейміз. Сонымен қатар қәзіргі таңдағы кәсіпорындар мен ұйымдардың салықтық қатынастарын жетілдіру үшін ең алдымен салықтық есеп-айырысулар ісінде бірте-бірте жаңа технологияны өндіріске толық енгізу қажет деп есептейміз.
Қолданылған әдебиеттер
- Айтаханов Қ. Басты міндет — ел экономикасын сауықтыру // Қаржы-қаражат.-2003.-К 7.- 3-96.
- Аудит и налогооблажение -2001 N1-12.
- Бабкина С. Новая налоговая политика; Финансы Казакстана 1999-N6.
- Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергілікті салықтар
- Бухгалтерлік бюллетені, 2001ж, 1999ж №1-12
- Гражданский кодекс РК- Алматы — Қаржы-Қаражат.
- Дуканич Л.В. «Налоги и налогообложение» Ростов-не-Дону Феникс 2003г.
- Деловой мир Казахстана-2001г. N3, c 20-22.
- «Дамуды, бір кепілі салық» Заң және заман 2001 ж. N4 47-516.
- Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, ЮКЗЭ, 1999 ж.
- Ерманова А.А. Налоговая система: оценочные критерии развития и совершенствования.-Караганда, 1999.-ІЗЗс.
- Егеменді Қазахстан «Салық және бюджетке түсетін басқа міндетті төлемдер туралы Салық кодексіні» жобасы», 2001.2 қараша.
- Қаражан С. Дамудың бір кепілі салық // Заң және заман.-2003.- N 4.-476.
- Налоговое законодательство РК. /Изд «Қаржы-қаражат»-1997г.
- Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикасы сандарда
- Салыққа сауатты көзқарас керек. Зерде №3 2001ж.
- Салық жинауда салақтық болмасын. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
- Статистикалық анықтамалық.-Шымкент, 2001 ж.
- «О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями» 1 января 2001 г. Алматы
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: Салық Кодексі.-Алматы: Юрист,2003.-230 б.
- «Салық және бюджет саясаты» Қазақстан XXI ғасырға жол 2001 ж. №2 :
- Салық-халық несібесі Егеменді Қазақстан, 200ІЖ.1 қазан
- «Салық бюджетті» Қайнар көзі» Заң газеті 2001 жыл шілде.
- Ильясов К.К., Идрисова Е.К. Налоги развитых зарубежных государств.-Алматы:Қаржы-қаражат, 1997.-35 с.»
- Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету Алматы: «Қаржы-қаражат» 1997г.
- Заңды тұлғаларға салық салудың оңайлатылған жүйесі туралы нұсқау // Заң.- 3.-16-196.
- Ермекбаев Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 1997.-1346.
- Мән берілер мәселелер- Салық қызметі туралы, «Қаржы-қаражат» 2001ж. №24-276.
- Юткина «Налоги и налогооблажения». Москва, Учебник М, Инфра М 1999 г.
- А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г.ТОО Баспа.
- А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы «Жеті жарғы» 1998г.
- Экономика и право Казахстана 2001-6 6 стр. Налоговая политика.
- «Мемлекеттік бюджет саясаты» Заң газеті. 1999 жыл 3 желтоқсан.
- Экономикалық теория: Оқулық/ Я.І. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова Алматы: Қазақ университеті, 1999.-2806.
- Худяков А.И. Налоговая система РК.-Алматы, 1998.-212 6.
- Худяков А.И. Налоговое право РК-Алматы: Жеті Жарғы ,1998.-185
Стр.
- ҚР Президентінің заң күші бар Бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлығы, 26 желтоқсан, 1995 ж, №2732.
- Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет жайлы 1993 ж. бекітілген Қазақстан Республикасының заңы. №7 бухгалтерлік есеп стандарты.