АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Азаматтық құқық мерзімдерінің түсінігі мен түрлері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

 

 

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТI

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

 

Алматы — 2009

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………                                                                                                         

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ……………………………………………………     

1.1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері, жіктелуі……    

1.2. Мерзімдерді есептеу және оның заңдылығының мәні……………………….            

1.3. Азаматтық құқықтық міндеттемелерді орындау мерзімдері……………..   

1.4. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы……………………………                  

ІІ. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ………………..

2.1. Талап қою мерзімінің ұғымы, олардың азаматтық құқықтағы ролі………. 

2.2. Талап қою мерзімінің өту түрлері және оны қалпына келтіру…………..

2.3. Талап қоюды қамтамасыз ету мерзімдері…………………………………………….                                    

ІІІ. СОТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІН ҚОЛДАНУЫ………………………………………………………………………………………

3.1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдері………………………………………………………… 

3.2. Соттардың азаматтық іс жүргізу мерзімдерін қолдануы……………………….       

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………..                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жазғалы отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы – «Азаматтық құқық мерзімдерінің түсінігі мен түрлері» – демек осы тақырып төңірегінде сөз қозғамастан бұрын жалпы азаматтық құқық деген пән, ғылым, құқықтық салаға анықтама яки алғы сөз айтып, айтқалы отырған мәселелерге бастама салып кетсем.

Жалпы азаматтық құқық өте кең әрі көлемді ұғым, оны жоғарыда аталғандай сан қилы жағынан қарастыруымыз мүмкін. Азаматтық құқық негізі қалағалы көп уақыт, ғасырлар өтті деуге болады. баршаға мәлім осы негіз ретінде «Рим жеке құқығы» қарастырылады. Осыдан сан ғасырлар бұрын өркениеттік даму жағынан алдынғы орындардан көрініп келе жатқан мемлекеттердің бірі Рим империясы. Рим империясында осындай ұлы бастама яғни, азаматтық құқыққа негіз болған. «Рим жеке құқығы» пайда болып, қалыптасып дамуы өте маңызды тарихи оқиға ретінде белгілі. Рим құқығы шамамен мың жыл, б.з.д. 450-ші жылдан б.з. кейін 350-ші жыл аралығында дамыған. Corpusjuris Civilis, ремжерден, кодекс және новеллалардан тұрды.

Азаматтық құқық қазіргі кезеңде барлық салаларда өзінің қолдану аясын белгілейді. Оны біз маңызы жағынан жоғары орындарға қойыпқарастырғанымыз жөн. КСРО кезінде толық заңды – Азаматтық құқық институты болды, — деуге дәтім бара алмайды. Осы сөзіме дәлел ретінде, әр саланың субъектілері, қарастыратын қатынас түрлері бар, ал ол кезде көптеген қазіргі қолдануда бар ұғымдар болған емес (кәсіпкер, жеке меншік т.б.) және ол уақыттың реттеу тәсілі сол уақыттың тән қасиеті, императивті яғни «вертикальды» жоғарыдан төмен жүзеге асырылатын. Осы секілді мысалдар көптеп орын алғаны сөзсіз. Әрине осының бәрі азаматтық құқықтың даму дәрежесін жоғарылатпады. Қуанышқа орай тәуелсіздік алғаны,  азаматтық құқық саласында айтарлықтай жетістіктер көп, оны өзіміздің бауырлас ТМД елдерімен салыстыра отырып айқын түсінеміз. Алғаш бастаған сөзімнен ауытқулар болғанымен, осының бәрін неге жазбасқа?

Азаматтық құқық заң ғылымдарының ішіндегі ең универсалды әрі ең кең тарағаны, деп ойлауыма негіз бар деп ойлаймын. Мұның айғағы әр іс-әрекет істеу барысындағы туындайтын қатынастың көбін Азаматтық құқық реттейді. Оған біз күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы көз жеткізе аламыз. Осымен кіріспе бөлімді тәмамдап, азаматтық құқықты жүйелі, әрі дұрыс анықтап, басқа құқықтық салалар жүйесіндегі орны туралы айтамын. Келесі кезекте азаматтық құқықтың ұғымын айқындауға тура келеді.

Азаматтық құқық – ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы, ол азаматтардың арасындағы жеке қатынастарды: мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың арасындағы мүлік туралы, сондай-ақ мүліктік емес те қатынастарды реттейтін нормаларды қамтиды. Құқықтың басқа салаларынан азаматтық құқық өзінің тақырыбымен ерекшеленеді.

Азаматтық құқық – құқықтың саласы, оның нормалары тауар-ақша қатынастарын және соларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Заңдарда қаралған жағдайларда азаматтық құқық өзге де жеке мүліктік емес, мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау сияқты, қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық меншік құқығының мазмұнын бекітеді, сатып алу мен сатуды, басқа мәмілелерді, жеткізіп беру, құрылыс мердігерлік қатынастарын, әртүрлі міндеттемелерге байланысты тараптардың арақатынастарын, авторлық, мұрагерлік және өнертапқыштық қатынастарды тәртіптейді. Осы қатынастарды реттеуде азаматтық құқықтағы мерзімнің алар орны ерекше. өйткені азаматтық нормативтік-құқықтық актілердің әрекеттілік шегін белгілеу, құқық нормаларын дұрыс іске асыруға қажет. Себебі, қандай нормативті актілер болмасын, белгілі уақытта белгілі кеңістікте, белгілі адамдардың тәртібін реттеуге шығарылады. Бұл мәселенің үлкен маңызы барлығы құқық қорғау органдарының құзыретті органдарының қызметіне байланысты.

Нормативтік-құқытық актілер өз әрекетін күшіне кірген мезгілден бастайды. Көптеген елдерде, нормативтік актілердің күшіне кіруіне арналған тәртіптері бар.

  1. Актіні өз күшіне кіруі, құқықтық-шығармашылық органның қабылдаған уақытынан басталады.
  2. Акт өзінің күшіне жарияланғаннан кейін, белгілі уақыт өткеннен кейін кіреді. Мысалы, біздің мемлекетте заңды актілер өз кеңістігімізде, оларды баспада жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін ғана күшіне кіреді.
  3. Нормативтік-құқықтық актінің өз күшіне кіруі, сол қабылданған актінің өзінде қоса көрсетіледі, не болмаса оны күшіне келтіру туралы арнайы акт жарияланады.

Нормативтік-құқықтық актілердің күшіне кіруінің маңыздылығын сонда, сол кезден бастап олардың ұйғарымдары орындалуы қажет. Жаңа нормативтік-құқықтық актілер өзінің әрекетін тек өзінің күшіне кіргеннен кейінгі қатынастарға таратады. Оның кері күші жоқ. Бұл принциптің ерекшелігі, нормативті актілердің ұйғарымдары, оны басып шыққанға дейінгі пайда болған қатынастарға таралмайды деген мағынаны береді. Мұндай жағдай, азаматтардың құқықтарымен, міндеттерін қамтамасыз етуге ең сенімді кепіл болады.

Қорыта айтқанда, азаматтық құқықтағы мерзімдерді қолдану жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес, өзіндік қатынастарын жүзеге асыруда үлкен маңызға ие. Бұл тақырып бойынша әдебиеттер жоқтың қасы, сондықтан бітіру жұмысымызды азаматтық құқық мерзімінің теориялық жағынан ғана емес практикалық жағынан қалай қолданылатынын қарастырдық. Яғни талап қою мерзімі басталғаннан азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына түсетін ескере отырып азаматтық құқықтағы мерзіммен қатар азаматтық іс жүргізу мерзімдерін салыстыра қарадық.

Бұл қазіргі нарықтық экономикалық замандағы ең өзекті актуальды тақырыптардың бірі деп есептеймін. өйткені бұл кезең шарттық қатынастармен жүзеге асатын елеулі кезең болып саналады. Сондықтан жасалынған шарттардың мерзімдерінің заң бойынша реттелуі ең басты міндет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ

    ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ.

 

1.1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері, жіктелуі.

 

Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Мерзімнің маңызы – оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әртүрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім – бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. мерзімді әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады.[1] бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.[2]

Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңды мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.

Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі. Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дгеніміз заңдық факт болып табылады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орны ерекше. Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын, өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді. Уақыттың кезеңдері объективті түрде, яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан, оқиғалар қатарына жатады.

Азаматтық құқықтағы мерзімді әртүрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзейтін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.

өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі – бұл осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі. Оны әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.);

2) субъектвтік құқықтардың қолданылу мерзімі – бұл осы уақыт аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

3) тыйым салатын мерзім – бөл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, «Нотариат туралы» 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;

4) кепілдік мерзім – сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандартта немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей алады. кепілДік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;

5) шағымдану мерзімі – заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуы міндетті;

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі – шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;

7) азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.

Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық құқықтың онымен шектес басқа салалардың бөліп қарауға мүмкіндік береді.бірақ та азаматтық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодексі (1994 ж.) қабылданғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді. Айталық, Қазақ КСР Азаматтық кодексі (1963 ж.) бойынша отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ колхоздардағы өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар тиісінше заңдармен реттелініп келді. Ендігі жерде Азаматтық кодекстің1-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтық құқық 1-баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналымдағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуге ағаттықтар кеткен кезде қолданылады.

Азаматтық және еңбек құқықтарының аражігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасау мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жарғыда айтып өткендей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында анық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында № 10 қаулысын қабылдады. Бұл қаулы «Моральдік зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдануы туралы» деп аталады.оның 5-тармағында былай делінген: «Еңбек туралы заңдарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедектікке, кәсіби ауруға ұшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы.[3]

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орны ерекше. Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын, өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді.

 

1.2. Мерзімдерді есептеу және оның заңдылығының мәні.

 

ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. Мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Күнтізбелік күн дегеніміз – бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз – бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.с.с.). Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жарияланған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтеме соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін.

Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі. Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолдану мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады.[4]

Жылдармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы ондай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбелік мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.

Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұндай жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан – үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.

Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келісі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мерке, ажлпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күнжұмыс істемейтін күн болып есептеледі. Мысалы 25 желтоқсан көптеген шетелдік көомпаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімінің аяқталатын күні болып есептеледі.

Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.

Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатын сағатта аяқталады. Мұндай қатынастарда мерзімнің соңғы күні осы ұйымдардағы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы 24-сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жөнелтілген деп есептеледі.

Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар. Заңға сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Заңда мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ, бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік кұн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиғалар дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және т.б.).

Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас тарту шешім алуға құқылы.

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді, мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған күннен бастап мұрагерлердің құқығы пайда болады және сол сәттен бастап мұраны иелену немесе одан бас тарту құқығына ие және т.б.

Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді. Дейтұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.

Заңға сәйкес уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.

Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептец мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.[5]

Заңда уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің аяқталуы былайша тұжырымдалған:

1) жылдармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады;

2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі.

3) айлармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі;

4) апталармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді.

Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын,  өйткені, мұндай ұйымдар мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмысы күні бітпесе де операцияларын белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды,айталық, нотариалдық кеңсе депозитке ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.

Азаматтық құқық қатынасының негізі. Азаматтық заңдылықта құқық қатынасы өздігінен пайда болмайды, өзгермейді, тоқтатылмайды. Ол үшін құқықтық нормалар мен қарастырылған жағдайлар, яғни азаматтық заңдық айғақтар (құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынасы) болуы қажет. Заңдық айғақтар құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынасын байланыстырады. Заңды айғақсыз азаматтық құқық қатынасы бекітілмейді, өзгертілмейд, тоқтатылмайды. Мысалы, азаматтық заңдылықтарда жалға беру (аренда) немесе жалға алу құқық қатынастарының бекітілуі, өзгертілуі, тоқтатылуы Азаматтық кодексте қарастырылады. Ол үшін жалға алу шарты бекітілуі керек және бұл шарт сатып алу – сату құқық қатынастары бойынша өзгертілуі мүмкін. Шарттың негізін келісім бойынша өзгертеді. Оны Азаматтық кодекс бойынша заңдық негіздерге байланысты жалға беруші мерзімінен бұрын талап етуі мүмкін. Заңды айғақтар азаматтық құқық қатынастары негізінде болады,с ол бойынша бекітіледі, өзгертіледі, тоқтатылады, олар азаматтық құқық қатынастарының негізі деп аталады.[6]

Азаматтық құқық қатынасы негіздерінің түрлері. Оның негізі ретінде бір ғана заңдық айғақ болуы мүмкін. Мысалы, сату, сатып алу міндеттемесінде сатушы мен сатып алушы арасында шарт жасалуы, соның негізі деп аталады. Ол жай заңдық айғақ деп аталады. Азаматтық заңдылықтар негізінде екі кейде одан да көп заңды айғақтар бір уақытта пайда болуы мүмкін. Мысалы, тұрғын жайдың міндеттемесін белгілеу үшін үй басқарушы органдардан ордер берілуі керек және тұрғын үйді жалдау шарты бекітілуі керек. Бұл жерде құқық қатынастары күрделі заңды айғақ деп аталады.

Азаматтық құқықтағы заңды айғақтардың жіктелуі. Азаматтық құқықта заңды айғақтар түріне қарай оқиға және іс-әрекет деп екіге бөлінеді. мысалы, кездейсоқ жағдайлар, адамның өмірге келуі, қайтыс болуы, белгілі бір уақыттың аяқталуы, бұлар адамның еркімен болмайды, еркінен тыс болатын жағдайлар, яғни ол оқиға деп аталады. Ал, іс-әрекет адамның еркімен болады. Мысалы, шарт жасасу, міндеттемені орындау, шығарманы құру, мұрагерлікті қабылдау, т.б. Б¦л жерде оқиға тек табиғат күшімен ғана болмайды, ол адамның іс-әрекетімен де болады. мәселен, өрт шығудыңсебебі – жану, ол да құқық бұзушының іс-әрекетімен болуы мүмкін. Бірақ оның себебіне қарамастан өрт – әрқашан да оқиға болып есептеледі.

Азаматтық құқықта заңды айғақтар адамдардың іс-әрекетінен құралады.

Әрекет – заңды, заңсыз деп екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекет заңдық және басқа да нормативтік актілердің талаптарына қарама-қайшылық келтіреді. Сондықтан заңсыз іс-әрекеттерге санкция қолданады. Яғни, іс-әрекет басқа адамға зиян келтіретін болса, келтірілген зиянды өтеу міндеттеледі.

Заңды іс-әрекетті азаматтық заңдылықтарға сәйкес жасайды. Заңды іс-әрекеттер мәніне қарай заңды қылық және заңды акті деп екіге бөлінеді. заңды қылық дегеніміз азаматтық құқықтық салдарына тәуелсіз, байланыссыз түрде пайда болады, ол кейде адамның өзінің іс-әрекетімен жүзеге асады. Мысалы, жоғалған затты тауып алған жағдайда, оны иесіне қайтару міндеттемесі болады.

Заңды іс-әрекеттен заңды актінің айырмашылығы – ол құқықтық іс-әрекет, яғни сәйкес келетін заңды іс-әрекет жасалған немесе жасалатын кезде пайда болады. Заңды актілерге – әкімшілік актілер және мәмілелер жатады. Әкімшілік акті – әкімшілік құқықтың ниетпен жасалады. Әкімшілік акті тек әкімшілік құқықтық актілер бойынша ғана жүзеге аспайды, ол азаматтық құқықтық салдары да кірістіреді. Мысалы, жергілікті әкімшілік органы тұрған үйге ордер беретін болса, ол тұрғын үй мекемесімен құқықтық қатынасқа түседі, яғни, тұрғын үйді жалдау шарты арқылы тұрғын үй мекемесімен шартқа отырады.

Әкімшілік актіден мәміленің айырмашылығы – ол азаматтық құқықтық салдар мақсатына ғана құрылады. Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекет, азаматтық құқық пен міндеттердің пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы. Мәмілеге: сату – сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, аренда, қарыз, конкурстық хабарлау, мұрагерлік, т.б. жатады.

Әкімшілік акті мен мәміле арасындағы айырмашылық: 1) әкімшілік акті тек мемлекеттік орган мен жергілікті басқару органы арқылы жүзеге асады, мәміле азаматтық құқық субъектілерімен жүзеге асады. 2) әкімшілік актіде нақты, айқын әкімшілік құқықтық салдар пайда болады, азаматтық құқықтық қатынастарға бағытталады, ал мәміледе азаматтық құқықтық салдардың шектелуі болады. 3) әкімшілік актіні жасайтын орган азаматтық құқықтық қатынастарға бағытталғанмен өзігінден азаматтық құқық қатынастарын құрамайды. Ал, мәміле жасаушылар осы қатынастардың қатысушылары болып саналады. Азаматтық құқықта заңдық айғақ былай жіктеледі.

  1. Оқиға және іс-әрекет.
  2. Заңды және заңсыз іс-әрекет.
  3. Заңды қылық және заңды акт.
  4. Әкімшілік акті және мәміле.

Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымынан бұл – құқыққа қабілетті адамдар арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп шығады. Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді. Алайда мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі бір құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл –оның пайда болуының қажетті абстрактілік алғышарттары ғана.

Құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.

Мұндай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды. өзіндік адрес иесі жоқ құқықтық нормадан өзгеше, заңдық факті қашан да дербес бағытты болады. Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға болады.

Сонымен, заңдық факті дегеніміз – заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

Құқықтық қатынастар субъектілерінің  еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылатындықтан, олар өздері үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді түзе алады, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады. Мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей аталмаған, оған тыйым да салынбаған. Сондықтан бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттер туғыза алады.[7]

Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай заңдық фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар.

Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсініміз. Олар заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін. Заңды іс-әрекеттер өзара құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Бұлар мәмілелер, оның ішінде – шарттар.

Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталғанымен, заңдарда белгіленген ережелерге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер (мысалы, үй тұрғызу, кітап жазу, өнертабыстық жасау) орынды заңдық фактілер болуы мүмкін.

‡шінші тұлғалардың іс-әрекеттері бойынша да құқықтық қатынастар тууы мүмкін. Әдетте бұл – әкімшілік акт (мысалы, меншік иесі-мемлкеттік мүлікті бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беру). Соттың құқық белгілейтін шешімдері де осындай актілерге жатады. Заңдық фактілердің бұл түрінің ерекшелігі – олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы азаматтық-құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар олардың қатысушылары болып саналмайды.

Азаматтық-құқықтық қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз, яғни заңда тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуы да мүмкін. Мұнда, әдетте, іс-әрекеттер жасайтын субъектілер үшін ұнамсыз болғанымен, осыған қарамастан, оларға басқа тұлғалардың келтірген залалын ретке келтіру міндетін жүктейтін құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы, бөтен мүлікті бүлдіру не онызаңсыз ұстап қалу.

Заңда оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Мұнда, ең алдымен, табиғи фактілерді атау керек (адам өлімі, жанып кеткен сақтандырылған мүліктің құнын төлеу міндетін туғызатын найзағайдан өрт шығуы, табиғат апаттары және т.с.с.). Басқа адамдардың іс-әрекеттері құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін объективті оқиға болуы мүмкін (мысалы, бөгде адамның үйді қасақана өртеуі өрт қоюшының жәбірленуші үй иесімен құқықтық қатынасы үшін заңсыз әрекет және үй иесінің сақтандыру компаниясымен құқықтық қатынасы үшін – оқиға болып табылады).

Заңдық фактілердің ерекше түрі – мерзімдер оқиғаларға жуықтайды.

Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткілікті. Мәселен, бөгде мүлікті бүлдіру кінәлыға залалдың орнын толтыру міндетін туғызады. Басқаша жағдайларда, фактілердің белгілі бір жиынтығы болғанда ғана құқықтық нәтижеге қол жетеді. Мысалы сатып алу-сату шартын жасасып, іс жүзінде затты беретін – бір мезгілде немесе бірінен соң бірі жасалатын екі әрекеттің нәтижесінде сатып алушыда сатып алатын сатып алатын затқа меншік құқығы пайда болады. кейде үш, төрт, бес және одан да көп заңдық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы заңдық салдар туады. Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.

Заңдық күй деп аталатын жағдайды заңдық фактілердің ерекше санатына жатқызуға болады. Бір реттік актілерді жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды заңдық күй деп түсіну керек. Мысалы, қайтыс болған адаммен жақын туыстық байланыс – мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу негіздерінің бірі.

Заңдық күйдің заңдық факті ретінде маңызды ерекшелігі бар: ол құқықтық қатынастарды өз бетінше туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бұл мақсат тек басқа фактілердің қосымша  пайда болуынан жүзеге асады. Демек, заңдық күй едәуір күрделі фактілік құрамның элементі бола алады.

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді болумен қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлінуі мүмкін. Заңдық фактілердің құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады. мұның алғашқысы бұрын мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян келтіру) болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімнің өтуі, шарттың бұзылуы) – заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. ‡шіншісі – қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себепші болады.

Заңды фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал етеді. Көптеген жағдайларда мүмкін болатын құқықтық салдардың мазмұнын заң айқындап береді. Мысалы, зиян келтіру оны келтірушінің заңмен белгіленген залалдың орнын толтыру міндетін туғызады. Зиян келтіру фактісі заңның нақты заңдық қатынастағы ұйғарымдарын тек жүзеге асырады. Мұндай заңдық фактілерді құқықты бағыттаушы фактілер деп атайды. Бұлардан өзгеше, құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер құқықтық қатынастардың тууына себепші болып қана қоймастан, сонымен қатар заңда белгіленген шекарада олардың мазмұнын айқындауға да жәрдемдеседі. Мысалы, мүлікті сату жөніндегі құқықтық қатынастардың мазмұны заң нормаларына ғана емес, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы арасындағы шарттың талаптарына да байланысты. Құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер бұл қасиеттері жөнінен құқықтық нормаларға ұқсайды, бірақ одан мәнді айырмашылығы – құқықтық қатынастардың мазмұнын жалпылай емес, жеке-дара анықтайды.

Заңдық фактілердің барлығынан мәміле мен әкімшілік актілерді ғана құқықты қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әлбетте, олар құқықтық қатынастардың мазмұнын белгілі бір шектерде ғана, ол императивтік ұйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына қайшы келмейтін шектерде ғана анықтай алады.

Азаматтық құқықтың кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін міндетті тіркеу секілді заңдық фактілер түрінің ерекше маңызы бар. тіркеу өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бірақ бұлолардың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын аяқтайды. Құқықтың өзі тіркеуге жетпей тұрып-ақ қорғауға мұқтаж болады, бірақ ол тіркелмейінше, мұндай құқықты иеліктен айыру мүмкін емес. Осыған дейін қажет болатын заңдық фактілердің барлығы жиналғанда, тіпті құқығын беруші адам оны тіркеуге қарсылық білдіретін жағдайдың өзінде де құқықты тіркеу оны иеленушінің бір жақты талап етуі бойынша жүргізілуі тиіс.      

 

1.3. Азаматтық құқықтық міндеттемелерді орындау мерзімдері.

 

Азаматтық құқықтағы міндеттемелердің жекелеген түрлері бойынша мерзімнің атқаратын ролі өте зор. Мысалы, сатушының тауар беру міндетін орындау мерзімі алып қарасақ, осыған көз жеткізуге болады.

Сатушы сатып алушыға тауарды беру міндетін орындау мерзімі шартта белгіленеді, ал егер шартта мерзімді белгілеуге мүмкін болмаса, заңда көзделген ережелерге сәйкес белгіленеді.

Егер мерзімі бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделілігі жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындау талабымен жасалды деп танылады.

Сатушының мұндай шартты онда белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып алушының келісуінсіз орындауға құқығы жоқ.

Заң актілерінде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөліп орындау жағдайлары (шатты орындаудың аралық мерзімдері) белгіленуі мүмкін.

Сонымен, сатушының негізгі міндеті сатып алу-сатудың нысаны болып саналатын тауарды шартта көрсетілген мерзім ішінде сатып алушыға өткізу болып есептеледі, ал шартта мерзім белгіленбеген жағдайда, мерзімсіз міндеттемелердің орындалуы туралы ережелерге сай шешілуі керек.

Жеткізілім шартының сатып алу-сату шарттарының басқа түрлерінен төмендегідей ерекшеліктері бар:

Тауар берушінің сатып алушыға тауар беруі шартта келісілген мерзімде өтуі керек. Тауар беру мерзімі жеткізілім шартының маңызды талаптарының біріне айналады.

Тауар жеткізілімі шарты бір жылға, бір жылдан астам мерзімге (ұзақ мерзімді шарт) немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де мерзімге жасалуы мүмкін.

Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады.

Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға немесе неғұрлым ұзақ мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге арналған тиісті талаптар тараптардың келісу тәртібімен белгіленуге тиіс. шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісінше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген мерзімге жасалған болып танылады.

Егер тараптар шарттың қолданылу мерзімі ішінде тауарлардың жекелеген топтармен жеткізілімін көздеген болса және онда жекелеген топтардың жеткізілімі мерзімдері белгіленбесе, заң актілерінен, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, тауарлар ай сайын біркелкі топтармен жеткізіліп отыруға тиіс.

Шартта тауар жеткізілімі кезеңдерін айқындаумен қатар, тауарлар жеткізілімі (онкүндік, тәуліктік, сағаттық және т.б.) кестесі белгіленуі мүмкін.

Тауарлардың мерзімінен бұрын жеткізілімі сатып алушының келісуімен жүргізілуі мүмкін.

Мерзімінен бұрын берілген және сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесі кезеңде берілуге тиіс тауарлар санының есебіне енгізіледі.

Тауар беруші сатып алушыға немесе шартта сатып алушы жөнелтуі туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар беруші тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетілген алушыларға тиеп-жөнелтуді жүзеге асырады.

Тиеп жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушіге жіберу мерзімі шартта белгіленеді. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жіберу мерзімі көзделмесе, ол жеткізілім кезеңі басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей тауар берушіге жіберілуге тиіс.[8]

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгіленген мерзімде табыс етілмеуі тауар берушіге шартты орындаудан бас тартуға құқық береді.

Сатып алушы тауар жеткізілімі шартына сәйкес берілген тауар қабылдауды қамтамасыз ететін барлық қажетті іс-әрекетті жасауға міндетті.

Сатып алушы қабылдаған тауар заң актілерінде, тауар жеткізілімі шартында немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген мерзімде қаралуға тиіс.

Сатып алушы сол мерзімде заң актілерінде, шартта немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген тәртіппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессіздіктері немесе кемшіліктері туралы тауар берушіге жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті.

Азаматтық құқықтағы мерзімдер ішінде сатып алу-сату шарты бойынша тауардың жарамдылық мерзімі де үлкен маңызға ие.

Заңдарда, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарында немесе басқа да міндетті ережелерде бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі жарамдылық мерзімі деп танылады, сондай-ақ тауарда оның жарамдылық мерзімі көрсетілген жағдайлар белгіленуі мүмкін.

Сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзімі біткенге дейін олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге міндетті.

Тауардың жарамдылық мерзімі оның дайындалған күнінен бастап есептелетін, осы мерзім ішінде тауар пайдалануға жарамды болатын уақыт кезеңімен, не ол басталғанға дейін тауар пайдалануға жарамды болатын күнмен белгіленеді.

Шартта сатушының тауар сапасына кепілдік беруі көзделген жағдайда сатушы шартта белгіленген белгілі бір уақыт кезеңі (кепілдік мерзім) ішінде сатып алушыға заңда көзделген талаптарға сәйкес келуге тиісті тауар беруге міндетті.

Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөліктеріне де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады.

Кепілді мерзім, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды.

Егер сатып алушының сатушыға байланысты мән-жайлар бойынша шартта кепілді мерзім белгіленген тауарды пайдалану мүмкіндігі болмаса, сатушы тиісті мән-жайларды жойғанға дейін кепілді мерзім өтпей тұрады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, заңда белгіленген тәртіп бойынша сатып алушыға тауардың кемішіліктері туралы хабарланған жағдайда, кепілді мерзім тауар ондағы байқалған кемшіліктер себепті пайдаланыла алмаған уақытқа ұзартылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілді мерзім негізгі бұйымға берілген кепілді мерзімге тең болып есептеледі және негізгің бұйымға берілген кепілді мерзіммен бір мезгілде өте бастайды.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды (жинақтаушы бұйымды) алмастырған кезде кепілді мерзім қайтадан басталады.

Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауар кемшіліктері заңда белгіленген мерзімде анықталған жағдайда сатып алушы оның кемшіліктеріне байланысты талаптар қоюға құқылы.

Егер тауарға кепілді мерзім немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер қисынды мерзімде, бірақ тауардың сатып алушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер заң актілерінде неме шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, сатып алушы тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоя алады. Тасымалдануға немесе почта арқылы жөнелтілуге тиісті тауардың кемшіліктерін анықтауға арналған мерзім тауардың жеткізілетін жерінде алынған күннен бастап есептеледі.

Егер тауарға кепілді мерзім белгіленсе, сатып алушы кепілді мерзім ішінде тауардың кемшіліктерін тапқан кезде тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоюға құқылы.

Шарттың формасына ортақ талап – мерзімі бір жылдан көп болса – жазбаша форма, ал егер тараптардың бірі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ, шарт жазбаша жасалады. Шарттың тіркелуі қажеттілігі ортақ тәртіп болып есептеледі, өзгеше жағдайлар заңмен бекітіледі.

Заңда жалдаудың не қысқа, не ұзақ мерзімдері белгіленбейді, мерзім мәселесін шешуді тараптардың құзырына қалдырады. Дегенмен, жалдаудың жекелеген түрлері мен мүліктің жекелеген түрлерін жалдаудың ең ұзақ мерзімдері заңда бекітілген.

Мүлікті жалдау шарты нақты анықталған мерзімге жасалуы мүмкін. Қаз. ҚСР-ң Азаматтық кодексімен, жалға берілетін мүлік түріне қарамастан мүліктік жалдаудың мерзімі 10 жылдан аспауы тиістігі қарастырылған еді. ҚР АК аренданың ақырғы мерзімін тек оның бөлек түрлері үшін немесе бөлек мүлік арендасы үшін қарастырады. Айтынлғандай жердің арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ғана жасалуы мүмкін.

Мүлік жалдау шарты нақты анықталмаған мерзімге жасалуы мүмкін, бұл үшін ол күшінде болып келетін мерзім шартта көрсетілмейді. Нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартында әрбір тарап, шарт қозғалмайтын мүлік жөнінде болғанда екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, ал шарт қозғалатын мүлік жөнінде болғанда бір ай бұрын ескертіп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. өзгеше тәртіп заң актілерімен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін. Мысалы шартта тараптар нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартын бір жақты тәртіпте бұруға тыйым салуы мүмкін.

Егер мүлікті жалдаудың ақырғы мерзімі заңнамада қарастырылса, ал шарттың өзі нақты анықталмаған мерзімге жасалса, мүлікті жалдаудың ақырғы мерзімі өтуімен ол күші өзімен өзі жоғалтады. Яғни, мүлікті жалдау шартының мерзімі заңнама бойынша қарастырылған ең үлкен (ақырғы) мерзімнен асып кетсе де шарт бәрібір заңнамалық мерзімнен аспайтын (оған тең) мерзімге жасалған болып саналады.

Ал, прокат шарты бір жылға дейін шектелген мерзімге жасалады. Жалға алушының мүлікті жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлікті жалға алу шартын белгісіз мерзімге жаңарту туралы ережелер прокат, көлік құралын экипажымен жалдау шартына қатысты қолданылмайды. Жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Азаматтық құқықтағы тағы бір міндеттеменің жекелеген түрі мердігерлік болып табылады. мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс-әрекетінің) уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлі шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жүмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де көзделуі мүмкін.

Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытыл кіріспесе де осы нәтиже орын алады.[9]

Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердігерлік шартында жұмысты бөліп-бөліп орындау қарастырылса, онда шартта әр орындалатын бөліктің мерзімдері көрсетілуі тиіс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргізілуі мүмкін.

Ал, тұрғын үйді қосымша жалға беруге жол беріліп қана қоймайды, сонымен қатар оған жалдау да көрсетіледі. Мысалы, егер жалға алушы өзіне сақталатын уақытша бос тұрған тұрғын үйге ешкімді тұрғызбаса онда үш айлық мерзім өткеннен кейін жалға беруші оны жалға алушының келісімімен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзімнің шегінде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы. Жалға беруші тұрғын үйді қосымша жалға берген кезде өқосымша жалдау мерзімі жалдаушы мен оның отбасы мүшелері мерзімінен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкін. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерінің қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы. Қосымша жалдаушылар немесе уақытша тұрғандар тұрғын үйді босатудан бас тартқан жағдайда оларға жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берілместен шығарылуға тиіс.

Егер тұрғын үйді жалға алушының өзі қосымша жалға берсе онда қосымша жалдау шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалдау шартын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жалпы ережелер қолданылуға тиіс.

Жалпы тұрғын үйді жалға алушының орнына жалға берушінің қосымша жалға беруіне қатысты норманың қазіргі тарихи жағдайларға сәйкес келмейтіндігін атап өткен жөн болар. Бұл норма тұрғын үйге деген тапшылық қатты сезілген уақыттағы тұрғын үй нарығының қалыптасу кезеңіне баытталған. Сондай-ақ тұрғын үйді қосымша жалға беру оның мемлекеттік тұрғын үйді заттық-құқықтық иеленуінен байланысты құқықтық мүдделеріне және тұрғын үйге деген азаматтар құқықтарының сақталуына кері әсер етеді.

Бірақ, мемлекеттік тұрғын үй азаматқа тұрғын үйге деген аса қажеттілігін қанағаттандыру үшін берілетінін ойдан шығармауымыз керек. Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінде тұрғын үйді жалдау қатынастарының ерекшелігі болып оның мерзімсіз сипаты табылғанмен, мұндай тұрғын үйді азамат үшін мерзімсіз сақтау, егер ол онда тұрмайтын жағдайда, және сонымен бірге жалға алушының заттық құқықтарын қолдау мемлекеттік тұрғын үйді берудің заңдық дәлелдемелерімен қайшылыққа түседі, сондықтан ол уақыты жағынан шектелген.

Жалға алушы немесе оның отбасы мүшелері уақытша болмаған кезде (берілген тұрғын үй-жайда тұрмауы) оларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады.

Егер жалға алушы немесе оның отбасы мүшелері алты айдан артық уақыт болмаса, оларға тұрғын үйді сақтау мерзімі ұзартылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының нормаларының мағынасы бойынша тұрғын үйді сақтау мерзімін ұзарту туралы жалға алушының немесе отбасы мүшесінің арызы жалға беруші болып табылатын органмен қарастырылады. Жалға алушы мен жалға беруші арасында келісімге қол жеткізілмесе, дау сот қарауына берілуі мүмкін.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй азаматтар үшін заңнамада басқа тікелей көзделген жағдайларда ұзақ мерзімдерге сақталады. Соның ішінде, тұрғын үйге деген құқық мына жағдайларда сақталады:

— Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде немесе Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде – қызмет мерзімі ішінде;

— мерзімді еңбек шарты (келісім шарт) бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде – бүкіл жұмыс істеген уақыты ішінде;

— қызметтік іс-сапар бойынша стажировадан өту үшін, республиканың дипломатиялық, консулдық мекемелерінде жұмыс істеу үшін және заңнамада көзделген басқа да негіздер бойынша шетелге кеткенде – шетелде болған уақыты ішінде;

— оқуға кеткенде – оқу уақыты ішінде;

— балаларды балалар мекемесіне тәрбиелеуге орналастырғанда – олардың осы мекемеде болған бүкіл уақыты ішінде, туысқандарның немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында – балаларға кәмелетке толғанға дейін;

— қорғаншы (қамқоршы) міндеттерін орындауға байланысты  кеткенде бұл міндеттерді тоқтатқанға дейінгі барлық уақытта;

— емделуге кеткенде – емделуде болған уақыты ішінде;

— қамауда болған не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкіндігінен айыратын өзге де жазалау шаралары кезінде – қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзімі ішінде. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге деген құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкімімен көзделуі мүмкін.

Жоғарыда аталған барлық жағдайларда тұрғын үйді пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға оқуына аяқтаған күннен, қарулы күштер қатарынан қайтарылған күннен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күннен және т.с.с. бастап алты ай бойы сақталады.

Сонымен қатар, жалға алушы тұлғаны (оның отбасы мүшелерін) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді көзделген мерзімдерден артық пайдалану құқығынан айырылды деп тану өздігінен жүзеге аспайды. Мұндай тану үшін арнайы сот тәртібі көзделген. Талапкер болып кейбір жағдайларда тұрғын үйді оған мұқтаж тұлғаға беруге мүдделі болатын жалға беруші – коммуналды орган шығады және өзінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үйді пайдаланудағы құқықтық белгісіздікті жою және басқа мақсаттарда өзі жоқ жалға алушымен тұрғын үй жайда тұрған жалға алушының отбасы мүшелері (бұрынғы мүшелері) де қоюы мүмкін.

Ал, айырбас шарты бойынша тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті. Түсініспеушіліктер туындағанда заң ережелері қолданылуы керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міндеттеменің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әртүрлі мерзімде орындалады.

Жоғарыдағыларға қарай отырып, кез келген жеке міндеттемелердің яғни шарттардың орындалуы, іске асуы олардың мерзімімен тығыз байланысты екенін көрдік. Жалпы айтқанда азаматтық құқықтық қатынастарды мерзімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан азаматтық құқықтағы мерзімнің ғылымда да, теорияда да, практикада да алатын орны өте жоғары.

 

1.4. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы.

 

  1. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген. Оның 4-бабының 4-тармағына сәйкес, барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар деп жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы Қазақстан Республикасы Заңында Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында және ресми басылымдар болып табылатын «Егемен Қазақстан», «Қазақстанская правда», «Заң», «Юридическая газета» газеттерінде жарияланады.

  1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде:

1) Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы ‡кіметінің қаулылары – олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін, егер актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, күнтізбелік он күн өткен соң;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның палаталарының қаулылары – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет жарияланған күнінен бастап;

3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары – олар қабылданған күнінен бастап;

4) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы ‡кіметінің құрамына енетіндерінің де, енбейтіндерінің де, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы ¦лттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.[10]

Нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерін, тарауларын, баптарын күшіне енгізудің тұтас алғанда бүкіл акт үшін белгіленгенінен өзгеше мерзімдері көрсетілуі мүмкін.

Егер заңдардың өзінде оларды күшіне енгізудің өзгеше тәртібі белгіленбесе, азаматтық заңдар өздері жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді. Азаматтық заңды күшіне енгізудің арнаулы тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) күшіне енгізу туралы» 1994 жылғы 27 жетоқсандағы қаулысында көзделген. Бұл қаулыда оны күшіне енгізу уақыты, яғни 1995 жылғы 1 наурыздан бастап деп көзделген.

  1. Заңда заңдардың кері күші болмайтыны және олар күшіне енгізілгеннен кейін пайда болатын қатынастарға қолданылатыны туралы ереже белгіленген. Азаматтық заң актілерінің ол күшіне енгізігенге дейін пайда болған қатынастарға заңдық күші бұл онда тікелей көзделген жағдайларда қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы» қаулысын мысалға келтіруге болады, және заңды күшіне енгізуге дейін пайда болған құқық қатынастарына да қолданылады деп белгіленген.

Заңда азаматтық заң актісі күшіне енгізігенге дейін пайда болған қатынстар бойынша ол оны күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған құқықтар мен міндеттерге қолданылады деген ереже белгіленген. Мәселен, заңда тараптар үшін шарт жасалғаннан кейін заңдарда шарт жасалған кезде қолданылғаннан гөрі өзгеше міндетті ережелер көзделсе, жасалған шарт ол шарттар жасалмастан бұрын пайда болған қатынастарға қолданылады делінген. Бұл жағдайда тиісінше «pacta sunt servanda» — «шарттар орындалуға тиіс» деген принципке сүйенетін ереже қолданылады.[11]

  1. Азаматтық-құқықтық нормативтік актінің күшіне ену кезімен қатар оның қолданылуын тоқтату кезінің де маңызы зор. Көптеген жағдайларда азаматтық-құқықтық нормативтік актілер бұрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік актінің қабылданылуы нәтижесінде өз күшін жояды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) күшіне енгізу туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен «Меншік туралы», «Кәсіпорындар туралы», «Кепіл туралы» заңдардың күші жойылды деп танылды.
  2. Азаматтық заңдардың кеңістікте және адамдар тобы бойынша қолданылуы. Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Алайда азаматтық-құқықтық нормативтік акт шығарған орган сол актінің қолданылу аумағын шектеуі мүмкін.
  3. Азаматтық заңдар адамдардың тобы бойынша да нақ осылайша қолданылады. Атап айтқанда, азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына қолданылады. Азаматтық кодексінде шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар нақ сондай құқықтарды сатып алуға құқықты емес және заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді орындауға міндетті.

Кейде нормативтік актінің өзінде оның барша жұртқа емес, белгілі бір адамдар тобына ғана қолданылатыны белгіленеді. Мысалы, «Шетелдік инвестициялар туралы» заң шетелдік инвесторларға қолданылады, оларға мыналар жатқызылады: шетелдік заңды тұлғалар; өздері азаматтығында тұратын немесе тұрақты тұрғылықты жері деп санайтын елде шаруашылық қызметін жүргізу үшін тіркелген жағдайда шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары; шет мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.

Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар. Заңға сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

 

2.1. Талап қою мерзімінің ұғымы, олардың азаматтық құқықтағы ролі.

 

Бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталған.

«Мерзім» ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы, қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ескеру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескеруі белгіленген 1991 ж. Негіздерге иелену мерзімі туралы норма енгізілген. Бұл мысалдардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде мерзімнің соттың қатысуынсыз-ақ құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын көреміз.

Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысында ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:

— азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқындық және жүйелілік енгізеді);

— соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;

— шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.

Талап қою мерзімі институты – азаматтық құқықтың көне институттарының бірі. Ол Қазақ КСР Азаматтық кодексінде де бар болатын. Қазақ КСР АК-ның 75-бабы талап қою мерзімін «құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша құқық қорғау мерзімі» ретінде анықтады. Бұл анықтамада талап қою субъектісіне тікелей нұсқау бар. ол құқығы бұзылған адам ғана бола алады. РФ Азаматтық кодексінің 195-бабында талап қою мерзімі ұғымы «бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім» ретінде түсіндіріледі. АК-ның 177-бабы өзгеше анықтама береді: «Талап қою – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі». Бұл анықтамадан талап ету мерзімінің адамның субъективтік құқығының ғана емес, сонымен бірге, қолданыстағы заңдар ұйығарымының бұзылуымен де байланысты екені көрінеді. Талап қою мерзімінің анықтамасында адам құқығының бұзылуынан басқа, заңның қорғауындағы мүдде де көрсетілген. Талап қою мерзімінің өтуі талапты қою емес, қанағаттандыру құқығын жояды.

 АК-ның 177-бабындағы «талап қою мерзімі» ұғымында РФ Азаматтық кодексінің 195-бабында берілген ұғымынан өзгеше, бұзылған құқықты қорғау мерзімі ретінде талап қою мерзімінің функциясы атап көрсетілмейді. Егер талаптың негізділігі жеткіліксіз болса, онда талап қою мерзімінің аяқталмағанына қарамастан, талапты қанағаттандырудан бас тартуға болады.

Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. сондықтан «талап қою мерзімі» ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау болмайды. Сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтініші бойынша ғана қолданады.[12]

Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі заңда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды. Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі – бұл осы уақыт шегінде қойылған талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі.

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.

Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша 6 айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді.

Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзім белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты қою мерзімінің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талаптар бойыншаталап қою мерзімі өткенде қосымша талап бойынша (тұрақсыздың айыбын өндіру туралы, кепіл болушының жауапкершілігі туралы және т.б.) талап қою мерзімі де аяқталады. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Егер уәкілетті адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине, қорғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән-жайы бойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалатын сәттен басталады. Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді.

Кейбір мысалдар келтірейік:

1) кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған күннен бастап кепіл болушыға немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі белгіленген;

2) заңда көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады;

3) жекешелендіру процесі барысында жасалған сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі шартқа қол қойылған күннен басталады.

Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты аудару) талап қою мерзімімен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды.

Сонымен, талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезеңі. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап қою мерзімі азаматтық құқықтық категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектінің құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті.

Талап қою мерзімі институты азаматтық құқық қатынастарының қатысушылырына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасайды.

өкілетті тұлға өз міндеттемесін дұрыс атқармайтын борышқорды бақылау үшін өз мүмкіндігін күшейтуге ықпал жасайды.

Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және оларды тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.

Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қысқартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ, өйткені талап қою мерзімінің ережелері заңда көрсетілген, яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.Талап қоюдың жалпы мерзімі азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамына қарамастан үш жыл көлемінде белгіленген. Сонымен қатар, міндеттеменің жекелеген түрлері үшін заң құжаттарында талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері де белгіленуі мүмкін. Мәселен, заңда көрсетілгендей, үлесті сатып алудың басым құқығы бұзылған жағдайда, талап қою мерзімі үш ай шеңберінде анықталған.

Талап қою мерзімінің уақыты және оны реттеу тәртібі заңмен белгіленеді. Талап қою мерзімін реттейтін нормалар міндетті сипатқа ие болғандықтан, бұл тараптардың өзара келісімімен өзгертілмейді.

Талап қою мерзімін дұрыс пайдалану үшін оның бастапқы кезеңін анықтауымыз қажет. Заңда толық қамтылғандай, талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер бойынша талап қою мерзімі олардың мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы міндеттемені орындау үшін жеңілдік мерзімі берілсе, онда талап мерзімін есептеу аталған мерзім аяқталғаннан кейін басталады. Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі заңда нақты көрсетілгендей талап қою мерзімі мен оның есептеу тәртібін өзгертуге жол бермейді. Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы тоқтатылуы, ұзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.

Талап қою мерзімінің тоқтатылуы – талап қоюға кедергі келтіретін жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт. Мерзімді тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап, талап қою мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалға бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса – талап мерзіміне дейін ұзартылады.

 

2.2. Талап қою мерзімінің өту түрлері, оны қалпына келтіру.

 

Талап қою мерзімі көптеген жағдайларда басталысымен үздіксіз өтеді. Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюына кедергі жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта болады және талап қою мерзімін тоқтата тұру, үзу немесе қалпына келтіру үшін негіз болады.[13]

Талапты қою мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың мәні бұзылған құқықты қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген талап қою мерзіміне есептелмейді. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұратын негіздердің қатарына мыналар жатады:

— бой бермейтін (тежеусіз) күш – бұл осы жағдайларда ойда болмаған және болмай қоймайтын, төтенше мән-жайлар. Бой бермейтін күш немесе кездейсоқ мән-жайлар (су басу, жер сілкіну ғана емес, сондай-ақ тәртіпсіздіктер, азамат соғыстары, ереуілдер) – бұлар көліктің, байланыстың және т.с.с. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар;

— ҚР Президенті жариялаған міндеттемелердің осы түрін орындауды кейінге қалдыру (мораторий). Мораторийдің бой бермейтін күштен айырмашылығы – ол талап қоюға заңдық (нақты емес) кедергілер жасайды. Бұл жағдайда Президент өзінің шешімімен міндеттемелердің орындалу мерзімін кейінге жылжытады, осы арқылы қолданыстағы талап ету құқығын борышқорға мәжбүрлеп орындатуды белгілі бір кезеңге доғара тұрады;

Жалпы мораторийдің барлық іс-әрекеттерге қатысы бар.

Жеке мораторий жекелеген іс-әрекеттерге ғана қатысты жарияланады;

3) талапкердің немесе жауапкердің соғыс жағдайына көшірілген Қарулы Күштер құрамында болуы. Талапкерді немесе жауапкерді қамтитын соғыс жағдайлары талап қоюды қиындптп түседі. Алайда Қарулы Күштерге әскер қатарына немесе әскери жындарға жай шақырумен талап қою мерзімі тоқтатылмайды;

4) әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілінің болмауы. 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілі – ата-аналары, ал қалған жағдайларда – қамқоршылары болады;

5) тиісті қатынастарды реттейтін заңдардың немесе өзге де құқықтық актілердің қолданылуын тоқтату. Заңның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді құзыретті мемлекет органы қабылдауы мүмкін, ол іс жүзінде нормативтік актінің күшін жоймастан, белгілі бір төтенше жағдайлар орын алған кезеңде оның қолданылуын тежейді.

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жодануына байланысты, зейнетақы төлемдерді тағайындалғанға және/немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзімінің өтуі, егер көрсетілген мән-жайлар талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса – талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса – талап мерзіміне дейін ұзартылады.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған мән-жайлар басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін және оның жаңадан басталатынын білдіреді.

Заң талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті талапкердің немесе жауапкердің ерікті іс-әрекеттерімен байланыстырады.талап қою мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:

— белгіленген тәртіппен талап қою;

— міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағанын дәлелдейтін әрекеттер жасауы.

Бұл мән-жайлардың біріншісі заңның талаптарына толық сәйкестікте сотқа шағымдануды, яғни ведомстваға қарсылықты, сотқа дейінгі реттеуді, әрекетке қабілетті адамның талап қоюын және т.с.с. сақтай отырып шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің бұзылуы талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.

Талап қою, әдетте, дауды мәніне қарай шешуге және соттың шешімін шығаруға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінен-өзі қажет болмай қалады.

Ал егер дау шешілмей, өндірістегі іс тоқтатылмаса, талап қою мерзімі бұдан былай да өзінің маңызын сақтап қала береді. Сонымен қатар, сотқа талап қою мерзімінің ең соңғы кезеңінде талап қойлатын жағдайларда болуы мүмкін, және егер үзіліс қолданылмаса, онда талап қою мерзімі істі тыңдауға дайындау барысында-ақ өтіп кеткен болар еді.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілістің екінші негізі – бұл адамның борышты мойындауын білдіретін іс-әрекеттерді жасауы, ол қысқаша түрде борышты мойындау деп аталады. Ол ауызша немесе жазбаша түрде жасалған борышты мойындау жолымен және әдетте борышты ішінара төлеуден тұратын борышқордың іс-әрекеттерімен жасалуы мүмкін. Борышты мойындаудың, алайда, өтіп жатқан талап қою мерзімі шегінде ғана мерзімді үзетін маңызы болады. Талап қою мерзімі өткен соң борышты ішінара төлеу талап қою мерзімінің өтуінде үзіліс туғыза алмайды.

Азаматтық кодексте талап қою мерзімін қалпына келтіру мәселесі ерекше реттелген. Егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және үзілу негіздері заңда дәлме-дәл көрсетілген болса, онда өткізіп алған талап қою мерзімін қалпына келтіру үшін мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерінің болуын анықтау қажет. АК-ның 185-бабы былай деп көрсетеді: «Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Қалпына келтіру тек азаматтарға қатысты жүзеге асырылады. Оның үстіне, талап қою мерзімінің соңғы алты айы ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса – талап мерзімінің өтуі кезінде танылады».[14]

Талап қою мерзімі біткеннен кейін міндетін атқарған борышкердің немесе өзге міндетті адамның тіпті сол міндетті атқарған кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмесе де, аталған адамның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

Талап қою мерзімі мыналарға қолданылмайды:

— заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға. Бұл құқықтарды қорғаудан бас тарту жеке адамның қоғамдағы маңызын кемітуге әкеп соққан болар еді;

— салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына. Банктер салымшылардың ұйғарымын орындаудан бас тартатын жағдайда салымдарды беруге мәжбүрлеу туралы талаптар тууы мүмкін. Мұның кез келген салымшыларға және банктердің кез келген түрлеріне қатысы бар;

— азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға. Алайда талап қою мерзім: өткеннен кейін қойылған талаптар талап қоярдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім үшін қанағаттандырылады. Зиянның орнын толтыру міндеті жәбірленушінің бүкіл өмірі бойында сақталады;

— егер меншік иесінің немесе өзге заңды иенің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (теріске шығаратын талап жағдайында), кез келген құқық бұзушылықты жою туралы талабына;

— заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа да тараптарға қолданылмайды.    

 

2.3. Талап қоюды қамтамасыз ету мерзімдері.

 

Талап қою дегеніміз талап арыз бойынша азамат немесе заңды тұлға өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін сотқа талап-арыз беру арқылы қалпына келтіру болып табылады. Бұл бір нақты мерзімдер аралығында жүзеге асады. Талап-арыз берілгеннен бастап сот талап қоюды қамтамасыз ете бастайды.

Талап- арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының атауығ оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ егер арызды оның өкілі берсе өкілдік атауы мен мекен-жайы; 3) жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквзиттері; 4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; 6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 7) бұл заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер; 8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.

Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себетерін негіздеу болуға тиіс; арызға әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

Талап арызға: 1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; 2) мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат; 3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; 4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; 5) бұл даулардың осы санаты үшін заңдармен немесе шартпен белгіленген болса, жауапкермен дауды реттеудің сотқа дейінгі (талаптық) тәртібін сақтауды растайтын құжаттар; 6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; 7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтінімі және, егер ола талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.

Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы. Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Судья талап арызды қабылдаудан, егер: 1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса; 2) сот тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады.

Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Судья талап арызды, егер: 1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібімен сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;  2) істі осы соттың соттауына жатпаса; 3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; 4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса; 5) осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол талаптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса; 6) коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе; 7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.

Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскеннен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.

Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Судья талап арыз заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.

Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамдарға хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған күннен бастап есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. СОТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІН ҚОЛДАНУЫ.

 

3.1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдері.

 

Енді іс жүргізу мерзіміне келсек. Сот мерзімі азаматтық іс басталғаннан бастап, сот шешімі шыққанға дейінгі кезең. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 10 тарауы 123-128-баптар аралығында іс жүргізу мерзімі туралы көрсетілген.

”Жалпы іс жүргізу мерзімі дегеніміз азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасындағы субъектілердің заң немесе сот белгілеген құқықты және міндетті әрекеттерін орындауға  белгіленген уақыт жиынтығы”.[15]

Мысалы: талап арызды қабылдау мерзімі, азаматтық істі дайындау, істі қарау, көрсетілген мерзімде істі орындамау заң бұзушылықпен бірдей.

Іс жүргізу мерзімінің екі түрі бар:

  1. Заң белгілеген мерзім. Іс әрекет заң белгілеген мерзім ішінде бітуі тиіс.
  2. Сот немесе судья тағайындаған мерзім. Егер белгілі бір іс жүргізу мерзімі заңда бекітілмесе, сот арқылы белгіленеді.

Заң белгілеген мерзім  императивтік сипаттар жүзеге асырылады. Тараптармен сот арқылы мерзім өзгертілмейді. Бұл мерзім сот ісінің бітуін, сот отырысының хатшысы, сот орындаушыларымен тараптарға тән. Бұл мерзімге мыналар кіреді:

  • Талап арызды қабылдау (152-бап 1-т);
  • Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімі (167-бап, 348-бап 1-т);
  • Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері (177- бап, 349-бап, 372-бап, 395-бап 2-т);
  • Қосымша шешім (231-бап 2-т);
  • Шешімді түсіндіру (232-бап 1-т);
  • Хаттама жасау (257-бап 5-т)
  • Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау. Осы көрсетілгендерді белгілі бір мерзім ішінде орындауға сот және судья міндетті. Сот отырысының хатшысы сот отырысына қатысушылардың келуін тексеру , хаттама жасауға міндетті.

Сонымен қатар тараптардың соның ішінде борышкердің сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 күн мерзім ішінде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы, сырттай шешімге шағым жасау, 334-бап 3-тармақ, 344-бап 4-тармақ және 388-бап 1 және 2-тармақтары бойынша наразылық беру мерзімдері.

Сот немесе судья тағайындаған мерзім – сот арқылы мерзім ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім сот арқылы сот отырысыа қатысушыларға сонымен қатарсот отырысына қатыспаған тараптарға қолданылады. Бұл мерзім және мынадай жағдайларда қолданылады: егер талапкердің талап арызында кемшіліктер болса,  сол дәлелдемені талап еткен жағдайда және сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күнен бастап 5 күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарландыруға міндетті.

Іс жүргізу әрекеттерге жасау құқығы заңда белгіленген немесе сот тағайындаған мерзімнің аяқталуымен жойылады. Іс жүргізу мерзімдері аяқталғаннан кейін берілген құжаттармен шағымдарды, егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, сот істі қараусыз қалдырады және оларды берген адамға қайтарылады.

Іс жүргізу мерзімінің бітуі іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды.

Іс жүргізу  мерзімдерін есептеу. Мерзімдер болған оқиға көрсетіле отырып, күнтізбелік күнмен, айлармен, жылдармен не сол кезеңмен есептеледі, яғни сот отырысына белгіленген мерзімде келуі тиіс (тараптар, сот отырысына қатысушылар).

Іс жүргізу мерзімінің аяқталуы. Есептелген іс мерзімінің ең кейінгі күні яғни сол күнгі 24 сағат есептеледі. Егер мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні, одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу – бұл дегеніміз егер азаматтардың өлгені жағдайда, тараптардың қызметті командировкада болуы, жауаптар жоғалып кеткен жағдайда.

Іс жүргізу мерзімін ұзарту – сот немесе судья арқылы тағайындалады. Тараптардың сұранысы (сот отырысына қатысатын), прокурордың өтініші бойынша тағайындалады. Сонымен қатар процессуалды әрекеттер белгілі бір себептерге байланысты ұзартылуы. Егер де сот іс жүргізу мерзімін ұзарту жөн деп санамаса, бұл жағдайда жеке шағым мен наразылық білдіруге болады.

Іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру – іс жүргізу мерзімі заң бойынша қалпына келтіріледі, егер сот белгілі бір себептер болдыдеген жағдайда, іс жүргізу мерзімін қалпына келтіруі туралы өтінішті сол істі жүргізге сотқа беріледі.

Өтінішпен бірге мерзімнің өткені туралы құжаттаржа болуы тиіс. Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

Азаматтың істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде кешіктірілмей жеткізілуге тиіс. Ал айрықша күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Азаматтық іс сотқа талап арыз түскен сәттен бастап 2 ай мерзім ішінде қаралып шешім шығарылуы тиіс. Сот І-сатыда талап арыз түскен сәттен бастап, шешім шыққанға дейінгі кезеңі мерзім болып табылады.

  1. Азаматтық істер жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес сот талап арызды 5 күн ішінде қарап шығып, оған азаматтық іс қорғау керек екендігін көрсетеді.
  2. Істі сот талқылауына жіберу жалпы талап арыз түскен сәттен бастап мерзімді есептемеу керек, ал істі сот талқылауына жіберген сәттен бастап есептеуі тиіс, бұл ҚазССР Азаматтық істер жүргізу кодексінің 106-бабының 2-ші және 3-ші тармақтарында көрсетілген.

Азаматтық іс жүргізу кодексінде мерзімнің қысқартылуы категориялары көрсетіледі:

  1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауы беру күні түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
  2. Сот арызды он күн мерзімде қарайды.
  3. Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың, прокуррдың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар болмаған жағдайда да тыңдай алады.
  4. Сот прокурордың арызын он күн мерзімде қарайды.
  5. Азаматты мәжбүрлеу тәртібімен психиатриялық стационарға жатқызу туралы арызды іс қозғалған кезден бастап бес күн ішінде қарайды. Егер психиатриялық мекеме өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық хал-жайы оған психиатриялық мекеме үйінде жүргізілген сот отырысына жеке қатысуға мүмкіндік беретін болса, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке қатысуға құқығы бар.[16]

Ұзақ мерзімді қаралатын азаматтық істерді, заң белгілейді, сот қызметіне байланысты. Олар төмендегідей:

  1. Судья арыз қабылданғаннан кейін іс қозғалғаны туралы арыз берушінің есебіне жергілікті газетте жарияланым беру туралы ұйғарым шығарады.
  2. Судья арыз беруші есебінен жергілікті газетте жарияланым беру туралы да ұйғарым шығарады.

Жарияланымда:

  • құжаттың жоғалуы туралы арыз келіп түскен соттың атауы;
  • арыз берген адамды көрсету және оның мекен-жайы;
  • құжаттың атауы мен ерекше белгілері;
  • жоғалғаны туралы мәлімделген құжатты ұстаушыға жарияланым шыққан кұннен бастап 3 ай мерзімде сотқа осы құжатқа өз құқықтары туралы арыз беруге жасалған ұсыныс болуға тиіс.
  1. Судья арыз қабылдағаннан кейін іс қозғалғаны туралы арыз берушінің есебінен жергілікті газетте жарияланым беру туралы ұйғарым шығарады.
  2. азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болған деп жариялау туралы арыз келіп түскен соттың атауы;
  3. арыз берушінің атауы және оның тұрғылықты жері;
  4. жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен соңғы жұмыс орны;
  5. азаматтың жүрген жерін білетін адамдарға жарияланым берілген күннен бастап 3 ай мерзімде сотқа ол туралы хабарлауды ұсыну.

Өтініш бойынша сот бұйрығының шығу мерзімі:

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай салаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сотқа өтініш түскеннен кейін үш күн мерзім ішінде сот бұйрығы шығарылады.

Апелляциялық сатыда сотта істі қарау мерзімі істің қаралуы белгіленген соң жиырма күн мерзім ішінде қаралуы тиіс. Іс жүргізу заңы бойынша істі қарау мерзімі төмендегідей:

Аудандық және оған теңестірілген соттарға мүліктік дауға байланысты, тараптары заңды тұлға және жеке тұлға болып табылатын кәсіпкерлік қызметімен айналысатын 5000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі істерге наразылық, шағым жасалған істерді қарауы.

Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі оның түскен бір айдан кешіктірмей қарауға тиіс.

Азаматтық іс жүргізу құқығында қадағалау сатысында істің қаралатын уақыты оның басталуына дейінгі 14 күннен кешіктірмей және қорытынды келіп түскен кезден бастап 30 күннен кешіктірмей белгіленеді.

 

3.2. Соттардың азаматтық іс жүргізу мерзімдерін қолдануы.

 

Жалпы сот алдында істі қараған кезде заңдылықты сақтау, істі мерзімінде қарау деген талаптар қай уақытта болмасын өзекті болған, бола да береді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы да өз жұмысында бұл талаптарды басты мақсат деп санайды. өйткені, сот алдында үлкенді-кішілі даумен келген адам, сол даудың әділ әрі тезірек шешілуін қалайды. Сондықтан, аудандық соттардағы судьялар да, қаладағы азаматтық істер жөніндегі алқа судьялары да бұл мәселені ешуақытта қаперінен шығарған емес.

Істерді қарау мерзімі бұзылып жатады. Оған кінәлі бір ғана судья немесе талапкер, болмаса жауапкер деп кесіп айтуға болмайды. Алайда, мұның бәрі бір-бірінің әрекетін тежейтін кертартпалықтан туады. Ең алдымен, судьялардан бастасақ, ол өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмайды. Судья бір істі қарауға алды делік, бірақ іс қаралатын мерзімді куәлар мен жауапкерлерген уақытында хабарламайды. Ал, іс болса кейінге қалдырылады. Сөйтіп, бір істің үстіне бір іс қосылады. Кейде немқұрайдылыққа салына ма, әлде бір іс болмаса, бір істі қараймын дей ме екен, әне-міне бітіремін деген оймен істі қарау мерзімін созып алады. Сонымен, екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді демекші істің қарау уақыты созылып кетеді. Бұл дегеніңіз судьяның өз жұмысына салғырттық танытуы. Егер судья уақытында іспен танысып, сол іске байланысты хаттар мен жеделхаттарды мезгілінде жіберіп, әрі сол хабарламаның хат иелерінің қолына тиген-тимегенін қадағалап отырса, істің қаралу мерзімі де бұзылмас еді. Ал енді, істердің мерзімін бақылауға алып, оны нақты екі-үш ай мерзіммен қысып шектеп қоюдың керегі жоқ деген пікірге өз басым қосыламын. Алайда, оның бәрі біздер үшін дұрыс емес болар деп ойлаймын. Неге десеңіз, біздің негізгі заңымыз – Конституция Франция Конституциясына лайықталып жасалған деп жүр ғой. Бұл көшіріп алынған деген емес, сол Конституциядағы адам құқығын қорғаудағы айтылған басты нәрселер біздің Конституциямызда көрсетілген. Сол сияқты Еуропада, мысалы Францияның өзінде азаматтық істерді қарау мерзімі белгіленбеген. Ал егер, судья бір істі қарайтын болса, арызды қабылдаған соң, мерзімін өзінің уақытына байланысты, қарауындағы істердің санына, салмағына қарап тағайындайды. Біз мұндай дәрежеге жеткен жоқпыз. Жоғарғы сот төрағасының баяндамасында соңғы үш жылдың ішіндегі қаралып жатқан азаматтық істер ауқымы мен саны өсіп, күрделеніп келе жатқаны айтылды. Міне, сондықтан істің уақытында қаралуын қадағаламаса, бұған тиісті талап қоймаса, әр судья өз жұмысын дұрыс ұйымдастырмаса, ертеңгі күні былыққа батып қалуымыз кәдік. Ал, істердің өсуіне келсек, ол — өмір талабы. Жалпы соңғы 3-4 жылдың ішінде азаматтық істер жыл сайын 2-3 мыңға өсіп келеді. өйткені, бұрынғыдай істі шешіп беретін партия, әкімшілік жоқ. Сондықтан, жұртшылыққа сотқа жүгінуге тура келеді және халық мұны түсіне бастады. Заңды тұлғалар немесе жеке адамдар арасындағы дау-дамайды сот шешуі керк. Аталмыш мәселе Конституцияда көрсетіліп, заң жүзінде солай шешілген. Бұл – халықтың сотқа деген сенімінің артып келе жатқандығының айғағы.

Тағы бір айтайын дегенім, күннен-күнге азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы, азаматтар мен мемлекеттік құрылым, мемлекеттік құрылым мен заңды тұлғалар арасындағы даулар да өсуде. Осының бәрі жоғары-төмен сабылып, разы қуалай бермей, өркениетті елдердегі сияқты нақты сот арқылы, сот алдында бетпе-бет кездесіп, кімге қояр талабы бар, сол талабы негізді ме, жоқ па дауға кесім айтатын шешілу орнына жетпей жатады. Бұл, әрине, азаматтық істердің өсуі мен көбеюіне әкеп соғады. Жоғарғы сот төрағасы 2003 жылдың қорытындысы бойынша алдағы уақытта жүзеге асырылатын келелі мәселелерді көрсетіп берді. Арнайы қаулы да қабылданды. Сондағы айтатын дегенім, біздерде әлі де сотты мамандандырудың жалғаса бергені дұрыс.

Есіңізде болар, алдымен Алматы қаласы мен Қарағандыда, кейін барлық облыстарда экономикалық сот құрылғаны. Енді, сол сияқты Алматы мен Астанада әкімшілік сот жасақталды. Келешекте, тіпті үстіміздегі жылы осындай соттар барлық облыста құрылып қалар деген үміт бар. соңғы кездегі халықаралық қарым-қатынас, шетелдік азаматтардың құқығы қорғау, жасөспірімдер, отбасылық дауларға қатысты істерді бөлек қарау сияқты мәселелер жиі көтерілуде. Ол үшін 1-2 жылда сот ұйымдарына, сот деңгейін арттыруға қанша қаражат, қанша судья, маман, хатшы керектігін сараптан өткізу керек. Сонда ғана келешекте өзге елдердегі тәрізді тұрақты норманы бекітіп, соған байланысты судьялар қарайтын істер санын белгілеп, жұмыс сапасын көтеруге болар. Сол кезде істі қарау мерзімін алып тастаған жөн де шығар. Айтып өткеніміздей, соңғы жылдары, азаматтық істер саны өсу үстінде. Жекелеген облыстарда азаматтық істер деңгейі соңғы 3-4 жылдың ішінде екі есеге өсіп кеткен кездер де болды. Бұл –заңды құбылыс.

Азаматтық істер арасында күрделі істер жиі кездеседі. Мәселен, бір үлкен кәсіпорын банкротқа ұшырады делік. Сол банкротқа ұшыраған кәсіпорында мыңдаған адам жұмыс істейді. Олардың ішінде еңбекке жарамсызы бар, жұмыс барысында зақым алған мүгедек жандар бар, соған байланысты бар қаражатты естептеп, алдағы уақытта оларға қосымша қандай төлем төленуі керек, кәсіпорынның басқа мекемеге беретін берешегі мен алатын алашағы сарапқа салынып, осының бәрі есепке алынады. Бұл жылдар бойы кәсіпорынның қалыпты жұмыс істей алмағандығынан туындаған мәселе. Бұл, бір. Екіншіден, кейбір мекемелер банктен мезгілінде қайтарамын деп несие алады да, қайтара алмай қалады. Содан дүниемүлік тоқтамға алынады, не болмаса сатылады. Бұл да дау туғызады, әрі ұжымға кері әсерін тигізеді. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де кездесетін жағдай. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, судьяларымыз осы төңіректегі заңдарды тереңірек оқып, кәсіби деңгейін талапқа сай көтере білуі қажет.[17]

Азаматтық істерді күрделі деуіміздің тағы бір себебі – шыққан заңдардың жиі өзгеруі. Біздің Конституциядан кейінгі күнделікті пайдаланып келе жатқан заңдарымыздың бірі – Азаматтық іс жүргізу кодексі. Сол кодекстің өзіне жылына 2-3 рет күрделі өзгертулер енгізіледі. Ал, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Салық кодексін назарға алар болсақ, оларға да әр тоқсан сайын өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатады. Бұл өзгерістер мен толықтырулар судьяның дер кезінде заңнамаларға көңіл бөліп, танысып отыруын талап етеді. Олай болмаған жағдайда судьяның іс бойынша ескі заң нормаларын басшылыққа алуы мүмкін, болмаса керісінше азаматтық іс бұдан 2-3 жыл бұрын болып, сол кездің заңымен реттелуі керек болса, дауды жаңа заңдағы енгізілген өзгерістерді негізге алып, қарайды. Бұл да іске кері әсерін тигізіп, қосымша қиындықтар туғызады. Мұндай қиындықты болдырмау мақсатында, Жоғарғы сот тарапынан барлық облыстарға компьятерлер бөлініп, оған әркім іздеген заңын қиналмай тауып алуы үшін, жаңадан шыққан заңдардың қазақша-орысша мәтіні енгізіліп қойылған. Және бір айта кетерлік нәрсе, елімізде судьялардың кәсіби деңгейін көтеру тұрғысында. Сот академиясы құрылғаны белгілі.

Сот әділдігін атқарудың сапасын жақсарту, біліктілікті көтеру мақсатында қалалық сотта екі алқа, яғни азаматтық істер және қылмыстық істер жөніндегі алқай ай сайын екі рет жиналып, күнделікті өмірде болып жатқан сот тәжірибесіне байланысты жинақталған материалды талықайды. Бұл судьялар тарапынан болатын кемішіліктердің алдын алуға және кеткен ағаттықтардың қайталанбауына көп көмегін тигізеді. Оның үстіне, Алматы қалалық сотында әр айда бір күн нақты бекітіліп, семинар-сабақ өтеді. Онда жаңа заңдар, Жоғарғы сот қаулылары талқыланып, өз тәжірибесіндегі олқылықтар сараланып жатады.

Сот төрелігінің әділеттілігі кадр мәселесіне келіп тіреледі. Кадр мәселесіндегі жұмысты жетілдірудің бір жолын жоғарыда айтып өттім. Екінші жолы, жалпы Сот академиясыболашақта өз мәртебесіне лайықталып, тек сот тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар, теориялық тұрғыдағы даулы мәселелер бойынша судьялардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етсе дейміз. Себебі, қазіргі судья студент кезде алған теориялық білімін уақыт өте келе ұмыта бастайды. Кейде күнделікті жұмыс пен қаралатын істердің көптігінен қолға кітап ұстауға мұрша келмейді. Ал, академияға барып, 2-3 аптадай оқып, тағылымдамадан өтіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Конституцияға сәйкес судьялық қызметке жасы 25-ке толған, жоғары білімді, сотталмаған, арнайы біліктілік алқасының сынынан сүрінбеген, аудандық, қалалық соттарда үш айдан бір жылға дейін тәжірибеден өткен, жан-дүниесі таза азамат тағайындалады. Бірақ, өмір болған соң онда да олқылықтар кездесіп қалып жатады. Ол біліктілік алқасынан өтіп келген ұл-қыздардың компьютермен жұмыс барысында жіберіп алатын қателіктер. Ал, сот жұмысындағы тәжірибе, адамдармен тіл табысу, өзін-өзі ұстай білу қабілеті уақыт өте келе өзі қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бірі негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.[18]

Азаматтық құқықтағы мерзімдердің және реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні пен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Заңда көрсетілгендей, азаматтық заңдармен, тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны – мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастардың бәріне азаматтық құқықтағы мерзім қолданылады.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әбден шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады және осылардың бәрі азаматтық құқық міндеттемелерді орындау мерзімдерімен жүзеге асады.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыорйына, қадір-қаситіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатырастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ақ Ата заңымызда «азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» айта келе, «азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады»  және «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген.

Заңның күші төрт «өлшемде» мерзіміне, кеңістікке, пәніне, субъектілерге байланысты жүзеге асырылады.

Азаматтық заңның мерзімдегі күші екі бағытта жүүзеге асырылады. 1) Заң қолма-қол басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады; 2) Егер заңда бұрын пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады деген қағида болса, заңның кері күші болуы мүмкін. Заңның кері күші болуы өте сирек кездеседі. Жауапкершілік белгілейтін немесе оны ауырлататын заңның кері күші болмайды. Егер іс-әрекет жасалғанда оған жауапкершілік заңда беліленбеген болса, ешкім ол үшін жауапқа тартылмайды. Заң шығаратын орган, әдетте, заңмен бірге күшіне енгізу тәртібі туралы қаулы қабылдайды. Заңның жүзеге асырылуы тоқтатылса, ол күшін жойған болып есептеледі. Ол мынадай жағдайларда күшін жояды: көрсетілген мерзім өтсе; күші жойылғаны туралы акті қабылданса; іс жүзінде күшіндегі заңның орнына басқа заң қабылданса.

Жоғарыдағылардың негізіне қарай отырып, азаматтық құқықтағы мерзімдермен оларды қорғау мерзімдері, яғни талап қою мерзімінің заңдылығының мәні мен азаматтық құқықтағы ролі өте жоғары екенін білдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Нормативтік актілер.

 

  1. Республикалық референдумде қабылданған ҚР Конституциясы 30.08.95. 7.10.1998 және 21 мамыр 2007 ж өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген. Алматы ТОО «Баспа» 2007.
  2. ҚР Азаматтық Кодексi (жалпы бөлiм) 01.09.1999. 7.01.2003. өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.Алматы. Жетi Жарғы . 2003.
  3. ҚР Азаматтық Кодексi (ерекше бөлiм) 1.07.1999.10.07.2003. №483-ІІ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген. Алматы .Жеты Жарғы. 2003.
  4. ҚР Азаматтық Iс Жүргiзу Кодексi 13.07.1999. 08.07.2005 жылғы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген. Алматы. Жеты Жарғы.2005.
  5. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы заңы. 24 наурыз 1998 ж.
  6. ҚР «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі. 12 маусым 2001. Алматы: Норма-К, 2002.
  7. ҚР «Мемлекеттік тіркеу туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы. 29.10.2002.

 

  1. Арнайы әдебиеттер.

 

  1. Басин Ю.Г. «Общие положение Гражданского кодексе РК», Т. 1, Алматы: Әділет-пресс, 1996, 6-7-беттер.
  2. Басин Ю.Г. Принципы гражданского права РК //Гражданский кодекст РК – толкование и комментирование. Общая часть. Выпуск. 1.Алматы, 1996, 3-бет.
  3. Базарбаев Б. Жаңа азаматтық кодекстегі талап қою туралы ереже.Тураби, 1996.
  4. Бужинскас Г.П. ”Процессуальные сроки в гражданском судопроизводстве” М.:1987.
  5. Сулейменов М.К. БасинЮ.Г. Комментарий гражданского кодекса, І-том. Алматы. 2000
  6. Гражданское право, учебное пособие (часть общая), Алматы: Дәнекер, 1999 ж.
  7. Гражданское право. Том 1. Учебник. Алматы: КазГЮА, 2000 ж.
  8. «Гражданское право» Суханов Е.А., т. 1, М., «Бек» 1994, 18-бет.
  9. Ғ.А. Жайлин. Азаматтық құқық. (Жалпы бөлім) І-ІІ-том. Алматы, 2003.
  10. Ғ.М. Төлеуғалиев. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. 1 том. Алматы: Жеті жарғы, 2001 жыл.
  11. Егоров И.Д. Гражданское право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. Т. 1, М., Проспект, 1998. 85-бет.
  12. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) книга 1. Алматы: Жеті жарғы, 1998 ж.
  13. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан-2030, Алматы. Білім, 1997 ж.
  14. Казахстанское правда. 1998, 28 марта.
  15. Ведомости парламента Республики Казахстан. 1997 ж. №5.

 

[1] Гражданское право. Учебник для вузов. Ч 1. М., 1998, 252-бет.

[2] Грибанов В.П. Сроки В гражданском праве. М., 1967.

[3] Ғ.М. Тлеуғалиев. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. 1 том. Алматы: Жеті жарғы, 2001 жыл.

[4] Ғ. Төлеуғалиев ҚР Азаматтық құқығы. І-том. ҚазМЗА, 2001.

[5] Грибанов В.П. Сроки в гражданском праве. – М., 1967.

[6] Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) книга 1. Алматы: Жеті жарғы, 1998 ж.

[7] Ведомости парламента Республики Казахстан. 1997 ж. №5. Ст. 55.

[8] Ғ.А: Жайлин. Азаматтық құқық. (ерекше бөлім). ІІ-том. Алматы, 2003.

[9] Гражданкское право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. – М. 1997.

[10] Мемлекет жєне құқық теориясы. Сапарғалиев Ғ. Алматы, 2000.

[11] Комментарий части первой Гражданского кодекса Республикой Федерации для предпринимателей.  – М.: Фонд «Правовая культура», 1995, с.36.

[12] Ведомости парламента Республики Казахстан. 1997 ж. №5. Ст. 55.

[13] Басин Ю.Г. «Общие положение Гражданского кодексе РК», Т. 1, Алматы: Єділет-пресс, 1996, 6-7-беттер.

[14] Гражданское право, учебное пособие (часть общая), Алматы: Дәнекер, 1999 ж.

[15] Бужинскас Г.П. ”Процесвуальные сроки в гражданском судопроизводстве” М.:1987.

[16]” Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі” А. 2000ж.

[17] Азаматтық істерді қарау мерзімі қолдану//Заң газеті, 2004 апрель.

[18] Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан-2030, Алматы. Білім, 1997 ж.