ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМНЫҢ ТИIМДI ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ
Алматы — 2010
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ……………………………………………………………………………………….3-4
I-БӨЛIМ. АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМ-АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ
СУБЪЕКТIСI…………………………………………………………………………
1.1. Акционерлiк қоғамның даму тарихы……………………………………5-13
1.2. Қазақстан Республикасында акционерлiк қоғамның
құқықтық реттелуi……………………………………………………………..13-16
II-БӨЛIМ. АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТIНДЕ………………….
2.1. Акционерлiк қоғамның түсiнiгi, белгiлерi және түрлерi.
Қоғам акциялары………………………………………………………………….17-27
2.2. Акционерлiк қоғамды құру, қайта ұйымдастыру
және тарату. Қоғамды басқару……………………………………………..27-42
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………….43-44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТIК
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕР ТIЗIМI………………………………………………45-46
КIРIСПЕ
Кеңес мемлекетi өмiр сүрiп отырған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәнi туралы алуан түрлi пiкiрлер кең таралған болатын. Негiзiнен алғанда заңды тұлғалар – мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер зерттеу объектiсi болды, мұны экономикада мемлекеттiк меншiктiң үстемдiк етуiмен түсiндiруге болатын.
ХIХ ғасырда АҚШ жоғарғы сот судьясы Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы: “Корпорация дегенiмiз – бұл көрiнбейтiн, сезiлмейтiн және заң жүзiнде ғана өмiр сүретiн жасанды құрылым” қалыптасқан, бұл анықтама АҚШ-тың теориясы мен практикасында өзiнiң маңызды орнын алған.
Академик А.А. Венедиктов “ұжым iлiмiнiң” авторы. Бұл ғалымның айтуынша мемлекеттiк заңды тұлғаның артында екi ұжым тұрады деген: а) мемлекет атынан барлық халық, б) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң ұжымы.
Сөйтiп заңды тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнiнде әртүрлi пiкiрлер атылған және де бұл орайда авторлар түрлi белгiлерге жүгiнедi. Оның бiрiнде бұл адамдар заңды мүддесi үшiн әрекет етедi, екiншiден адамдардың әрекетi осы институтпен (саламен) реттеледi, үшiншiсiнде адамдардың әрекетi заңды тұлғалардың әрекетiмен көрiнедi, ол кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәселелердi жасауда, оның еркi танылады.
Заңды тұлға туралы iлiмде осындай әр қилы пiкiрлер кездесуiнiң өзi оның күрделi құқықтық құбылыс екендiгiн анық дәлелдей түседi.
Сонымен КСРО мемлекеттерiнiң жоспарлы экономикасының кетуi, Қазақстан Республикасының нарықтық-экономикалық формацияға өтуi кезiнде, құқықтық мемлекеттi қалыптастыру процесiнiң жалпы жүйесiнде өтпелi кезең ретiнде түсiндiрiлетiн қазiргi уақыт құқықтық қызметiң кез-келген саласында көрiнiс тауып отырған серпiнiмен Акционерлiк қоғамның да- заңды тұлға ретiнде орны ерекше. Экономикаға белгiлi бiр қаражат тартуды, бәсекелестiктiң нығаюы, кәсiпкерлiк тәуекелдiң өсуi Акционерлiк қоғамдардың дамып жетiлуiне жол ашып отыр.
Акционерлiк қоғам-коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сарынынан өткен барынша дамыған нысаны болып табылады.
Соңғы жылдардағы әлеуметтiк-саяси және экономикалық өзгерiстер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттiгiн туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистiк түсiнiктегi категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнымен толығуының арасында қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.
Шамамен 1990 жылдардағы заңдар жүйесi осы заманғы тенденцияларды объективтi түрде бейнелей алмады, ең жоғарғы байлық ретiнде адамның, қалыптасып келе жатқан қатынастар жүйесiндегi оның орны, құқық субъектiлерiнiң, яғни акционерлiк қоғамдардың, мемлекеттiң ролiн анықтайтын белгiлер құқықтық мемлекеттегi басым бағыттарды белгiлейтiн әлемдiк үлгiлерге жауап бермейдi деген ойлар болған.
Осыған байланысты бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер, сонымен қатар жаңа заңдарда осы заманға сәйкестендiрiлiп жаңа құқық нормалары пайда бола бастады. М: ҚР-ның Азаматтық Кодексi, Акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн нормалар қабылданды.
Нарықтық экономиканың қарқынды даму сатысында Акционерлiк қоғамның тиiмдi ұйымдық-құқықтық нысанын теориялық және тәжiрибелiк маңыздылығы шеңберiнде танып бiлу, зерттеу бүгiнгi күнi ғалымдарымыздың көзқарасынан тыс қалмаған өзектi мәселелердiң бiрi.
Сондықтан да менiң бiтiру жұмысымда Акционерлiк қоғамдардың құқықтың субъектiсi ретiнде құқықтық жағдайын, дамуын, құқықтық реттелуiн, акционерлiк қоғам түсiнiгi, ерекшелiктерi жайында жан-жақты қарастыруға тырысамын.
Бiтiру жұмысы Қазақстандық және алыс-жақын шет мемлекеттер ғалымдардың ғылыми еңбектерiне және Қазақстанның құқықтық базасына негiзделе отырып, теория және тәжiрибе арақатынасы бойынша ғылыми, логикалық, сараптау, анализдеу әдiстерi негiзiнде орындалды.
I БӨЛIМ. АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМ-АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТIСI.
1.1. Акционерлiк қоғамның даму тарихы
Өндiрiстiк процестiң, қоғамдық комбинациясының сапасы жағынан жаңа сатысы болып (еңбектiң қоғамдық бөлiнiсi, өндiрiстiң мамандануы – бiр жағынан, еңбектiң корпорациясы, өндiрiстiң интеграциясы адамзат тiршiлiгiнiң басқа салалармен өндiрiс – басқа жағынан) Рим имеприясының кезеңi болып табылады.
Рим державасы аумағының кеңеюi, көршi мемлекеттердi (Греция, Корсики, Сардини, Сицилияның елеулi бөлiгi және т.б.) жаулап алуы басқа халықтармен сауданың дамуы, шаруашылық қызметiнiң кеңеюi (флот құрылысы, әскери жабдықтау, қоғамдық жұмыстар) Рим құқығының дамуына әкелдi. Шаруашылық қажеттiлiктерi сауда айналымына жеке тұлғалардың мүлкiнен оқшау мүлiктi енгiзу сияқты техниканың әдiсiн өмiрге әкелдi. Бастапқыда бұлар дiни мақсаттағы одақтар болды (Sodalitates, collegia, sodalica), оларға ХII кесте заңдары заңға қайшы келмеген жағдайда өздерi үшiн жарғы жасау құқығын бердi. Сондай-ақ олар қолөнершiлердiң кәсiби одағы (tobrorum, pistorum) болды. Республика кезеңiнде оларға магистрлар қарамағындағы қызметшiлердiң корпорациясы (collegia, apparitorum) өзара көмек көрсету бiрлестiктерi, мысалы жерлер корпорациялары (collegia, funeraticia) қосылды1.
Сауда серiктестiгi институтының негiзiнде Рим құқығының серiктестiк шарты (societas) жатыр. Осы шарт бойынша екi немесе одан да көп тұлғалар рұқсат етiлген ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрiгедi. Шартқа қатысу мүлiкпен (мүлiктiк салыммен) немесе жеке қызметiмен жүзеге асырылды. Сыртқы қатынастарға бiр ғана тұлға қатысса да болды. Ортақ iстi жүргiзуден болған пайда мен шығын қатысушылар арасында шартта көзделген, ал егер көрсетiлмесе теңдей бөлiнiп отырды.
Қатысушылары өздерiнiң бүкiл мүлкiн емес, тек оның бiр бөлiгiн бiрiктiрген. Серiктестiктер неғұрлым кең тарады. Олар қазiргi серiктестiктердiң қалыптасуына да үлкен рөл атқарды.
Рим құқығындағы серiктесiтiк шарты шарттық мiндеттемелiк құқықтық қатынасты тудыратын заңи фактi болып табылады. Қазiргi құқықта оның жай серiктестiкпен кейбiр ұқсастықтары бар.
Заңды тұлғаның материалдық-құқықтық дамуы қиын және бiр қалыпсыз жүрдi.
Корпорация – жеке құқықта жеке тұлғамен тең қарастырылды. Оларда мүлiктiк және бiраз мүлiктiк емес жеке құқықтар бар деп танылды. Корпорацияның заңи тiршiлiгi үшiн одан жекелеген мүшелердiң шығуы маңызды болмады. Бұл жай заңды тұлғаның, жай корпорацияның ғана емес, тура акционерлiк қоғамның қағидасы болып табылады. Корпорацияның мүлкi оның мүшелерiнiң мүлкiнен оқшауланады және оның мүшелерiне емес, құқықтың ерекше субъектiсi ретiнде оған тиесiлi болады. Корпорацияның және оның мүшелерiнiң жауапкершiлiктерi ажыратылады.
Император Август кезiнде қалыптасқан корпорацияны сенат рұқсаты мен құру және осындай рұқсат болған жағдайда ғана заңды (collegium licitum) деп танудың жалпы тәртiбi бойынша заңды тұлғаларды құру және мемлекттiк тiркеудiң қазiргi тәртiбiне жақынырақ.
Сонымен қатар жалпы ереже бойынша корпорация өсиет бойынша мүлiктi иелене алмады. Оның өкiлi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiктi корпорация емес сол өкiлдiң өзi көтердi. Рим заңгерлерi корпорацияның құқық қабiлеттiгi туралы аяқталған iлiм жасамады.
Сондай-ақ Рим құқығы бұл – заң нормаларының жүйесi, сонымен бiрге сот және әкiмшiлiк прецеденттер жүйесi екендiгiн естен шығармаған жөн.
Не десекте, осы Рим жеке құқығы акционерлiк қоғамның қалыптасу және даму жолында алғашқы қадамды жасады1.
Бiрқатар зерттеушiлердiң пiкiрiнше акционерлiк қоғамның қалыпатасуына белгiлi бiр үлестi орта ғасырлар қосты. Осы кезең үшiн көпестер қызметiнiң пәнi бойынша сауда Гильдияларын құру тән.
Ежелгi Римдегi сияқты Гильдиялар да қаржы құралдарды неғұрлым iрi шаруашылық мақсаттарға қол жеткiзу және жекелеген көпестердiң тәуекелiн шектеу үшiн уақытша бiрiктiрдi.
Гильдияларға бiрлескен қызметтiң жалпы жағдайына негiзделген қатысушыларының ортақ жауапкершiлiгi тән болды.
Гильдиялардың дамуы 3 негiзгi бағыттар бойынша жүрдi. Бiрiншiсi және неғұрлым маңызы аздауы – ХII ғасырдағы Францияның оңтүстiгiндегi мукомольды бiрлестiктер. Олар үлестiк негiзде құрылды. Үлестер еркiн оқшауланды. Қызметтi жоғарғы және бақылау органы – үлес иелерiнiң жалпы жиналысы құрған үлес иелерiмен сайланған басқарма органы басқарды. Оларға ХII ғасырда Германиядағы тау серiктестiктерi жақын.
Серiктесттiкке қатысу құқығына ие болу үшiн еркiн оқшауланатын, бiрақ жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылған Кукусты (үлестi) сатып алу тиiс едi. Пайлардың (үлестiң) саны үлкен (100-н астам) болды. Олардың иелерi мәселелердi көпшiлiк даусымен шешетiн жалпы жиналыс құрды2.
Кукстар саудасы және өндiрiсiтiң ерекшелiктерiмен байланысты бағалардың ауытқып тұруы бiр жағынан биржаға дейiнгi деп атауға болатын ерекше делдалдар мен сауданың ерекше шартының пайда болуына, ал келесi жағынан – алаяқтықтың жойылуы және оған байланысты мемлекеттiң араласуына әкеп соқты. Үкiмет жаза шараларын ғана қолданып қойған жоқ, тау серiктестiктерiне өздерiнiң өкiлдерiн бақылау үшiн жiберiп отырды.
Крестiлiк жорықтар мен теңiз саудасының маңызы бiрнеше жүз жылға созылды. Кеменi бiрiгiп алу және пайдалану мақсатында теңiз серiктестiктерi (Rhederei) құрылды. Басты құндылық кемеде болды. Кеме жасауды шешкен және серiктестiктi ұйымдастырушы болған тұлға кеменiң құны, үлес саны мен мөлшерiн анықтайтын, оның көлемiн жариялай отырып серiктестiкке қатысу үшiн басқа тұлғаларды шақырады. Серiктестiктiң барлық үлестерiн әр түрлi тұлғалар алған сәттен бастап ол құрылды деп танылады. Осы сәттен бастап өзiне алған мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк туады. Серiктестiктiң басшысы болып оны құрушы-қатысушылардың жиналысына есеп беретiн патрон болды. Кеменi пайдалану шығындардың жұмсалуын талап етедi. Осы шығындардың орнын толтыру мәселесiн жиналыс шешкен. Қазiргi акционерлiк қоғамның қажеттi құрамдас бөлiгi болып табылатын бақылау органының функциясын жазба жүргiзушi орындаған.
Акционерлiк қоғам шарықтау шегiне Генуяда жеткен, Италияндық мемлекеттiк несие берушiлердiң бiрлестiгi – маондар (maonae немесе montes – арабтың maounah – бiрлескен көмек, кәсiпорын) болды. Елеулi әскери және т.с.с. шығындар, мемлекеттiк шаруашылықтың тарауы, мемлекеттiң жеке тұлғаларға iрi көлемде қарыздар болуына әкелдi. Мемлекет өз мiндеттемелерiн орындай алмағандықтан несие берушiлердiң бiрлестiгiне сауда мақсатында серiктестiкке бiрiккен, өздерiнiң несие берушi алдындағы қарызды өтеу есебiнен түскен кiрiстi жинау және қарыздарын басқару құқығын беруге мәжбүрлi болды. Бұндай бiрлестiк капиталындағы үлес Loca деп аталды. Loca-ға меншiк құқығы арнайы маондар кiтабында тiркелетiн. Осы кiтапқа белгiленген жазбаны енгiзiп және үлес (пай) меншiк иесiнiң келiсiмiмен басқа тұлғаларға беруге болатын. Маонды қатысушылары сайлаған адам басқарды, онымен қатар кiрiстердi жинайтын, 5 адамнан тұратын кеңес сайланды. Қатысушылардың жиналысы жылына бiр рет және пайданы бөлу туралы шешiмдi қабылдайтын. Осындай бiрлестiк туралы ең алғаш рет – хиоское 1346 ж. жария болған1.
Акционерлiк қоғам тарихында екi Ост-Индiлiк компаниялар: Ағылшындық және Голландиялық танымал. Теңiз экспедицияларын жабдықтаушы екi компанияның бiрiгуi нәтижесiнде пайда болған (1594-1596 ж.ж.). Compagnie nan Verre Голландиялық компанияның негiзiн салушы болды.
Алғашында оның құрамында 10 қатысушы болды, ал 2 жылдың iшiнде бұл көрсеткiш 2 есеге өстi (18). Нәтижесiнде Голландиялық үкiметтiң бастамасымен 1602 жылы Compagniе nan Verre компаниясының негiзiнде бiрнеше компаниялардың қосылуы нәтижесiнде – бiрiккен Ост-Индiлiк компания құрылды. Компанияның қызметi 6,5 млн. флоринмен есептелген. Соңынан бұл компанияның капиталы белгiлi бiр тең үлестерге бөлiндi. Әрбiр акцияның құны 500 флорин және бұл акция еркiн айналымда болды. Акцияның басқа тұлғаның меншiгiне өтудi 2 жақтың мәмлесiнiң негiзiнде, кiтапқа жазба енгiзу арқылы директор жүзеге асыратын. Бұл компанияның қызметi акционерлiк қоғам тарихында ерекше орын алды, өйткенi осы кезде акциялар пайда болды (actiе in de compagnie) алайда Голландиялық “Акционист” терминi кейiннен XVI ғасырда француз терминi “акционермен” ығыстырылады, бiр тұлғаға тиесiлi капиталдағы минималды үлес мөлшерi анықталды, акцияның еркiн айналым принципi сияқты жаңалықтар пайда болған1.
Англияда акционерлiк қоғамның пайда болуы, сол Голландиядағыдай экономикалық алғы шарттар негiзiнде пайда болды. Англияның Ост-Индилiк компанияны құру үкiмет бастамасымен емес, жеке тұлғалардың бастамасымен жүзеге асырылды. Алғашында (1599-1600ж.ж.) бұл компания Голландиялық бәсекелестерiне төтеп беру мақсатымен құрылған серiктестiктердiң одағы болды.
Акционерлiк қоғамның капиталы 1 млн. 703 мың фунт ст. құрады, ал акциялар 50 ф.ст. тұрды. Кейiнен оның құны 100 ф.ст. дейiн өстi.
500 ф.ст.тұратын акциялар иесiне дауыс беру құқығын, ал 2 мың ф.ст. директор болып сайлануға құқық бердi. Сайлау көпшiлiк дауыспен жүргiзiлдi. Алғашқыда бiр дауыс бiр акцияға емес, бiр қатысушыға тиесiлi болды2. Акционерлердi жалпы жиналысы кезектi және кезектен тыс жүргiзiлетiн. Бұл компания 1782 жылға дейiн өмiр сүрiп және басқа да компаниялардың дамуына өзiнiң зор үлесiн қосты. (Африкалық компания, Оңтүстiк-Америкалық компания, Оңтүстiк қоғам және т.б.).
XVII ғасырда акционерлiк қоғам кең етек алып тарады. 1843 ж. Англияда 994 акционерлiк қоғам, ал 1844 жылдан 1856 жылдар аралығында 4409 акционерлiк қоғам тiркелген.
Акционерлiк қоғамның дамуындағы маңызды рөл Францияға тиесiлi. XVII ғасырдағы теңiз экспедицияларының толық күйреуi, Батыс-Индия компаниясы – тек 50 жыл (1628 ж. құрылған), Шығыс-Индия компаниясы – 20 жыл (1664 ж.) және т.б. Әрбiр компания арнайы үкiмет актiсiмен құрылатын, және акционерлiк қоғамның қызметiн құқықтық реттейтiн нормалар болған жоқ. Үкiмет бұндай компаниялардың қызметiн бақылауда ұстады. Әрбiр компанияда мемлекеттiң агентi болды. Кейбiр компаниялардың жалпы жиналысына корольдiң өзi қатысатын.
ХIII ғасырлардың өзiнде Францияда қызмет еткен акционерлiк қоғамдар 1673 жылы қабылданған сауда кодексiнде көрiнiс таппаған, өйткенi сол кездегi құқық жүйесi жария және жеке болып бөлiндi. Акционерлiк қоғамдар жария құқық жүйесiнде болған.
Өндiрiстiң тез дамуы, Напалеонның әскери және саяси жетiстiктерi, рыноктың кеңеюi, осы факторлар нәтижесiнде акционерлiк қоғам туралы құқық нормалары дүниеге келдi. 1801 жыл 3-сәуiрде жаңа сауда кодексiн құрастыруға жетi адамнан тұратын комиссия құрылды, және бұл кодекс 1808 жылдың 1 қаңтарынан күшiне ендi. Акционерлiк қоғамның құқықтық жағдайы заңдастырылды. Акционерлiк қоғам 2 нысанда – акционерлiк серiктестiк және акционерлiк команидиттiкте (сенiм) құрылған. Акционерлiк серiктестiктер бұрынғыдай Үкiмет рұқсаты негiзiнде құрылатын болды, ал акционерлiк командиттер (сенiм) керiсiнше қатаң мемлекеттiк бақылаудан және үкiмет рұқсатынан айырылды. Осыған орай акционерлiк қоғам жария құқықтан жеке құқыққа ауысты.
1856 ж. 18 шiлдеде команидиттiк комапаниялар туралы заң қабылданып, командиттiк компанияларды құру үшiн бүкiл жарғылық капиталының ¼ төлеуге мiндеттедi және осыдан кейiн компания тiркелiп, акция шығару, оны орналастыру тек акцияның 2/3 құнын төлегеннен кейiн ғана мүмкiн болды.
1863 жылы 23 мамырда қабылданған заңға сәйкес азаматтық құқықтық қатынасқа акционерлiк қоғамның жаңа түрiн алып келдi, ол – жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (societes a responsabilite limitee) болды. Жарғылық капиталы (20 млн. фр.дейiн) кiшiгiрiм мөлшерде болатын заңды тұлғалар әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз құрылуы мүмкiн болды.
Басқа елдерге қарағанда Германияда акционерлiк қоғамдар өте кеш пайда болды. Акционерлiк қоғамды құқықтық-ұйымдық нысан ретiнде тек XVII ғасырдың 2-i жартысында банкiлiк қызметте, және XVIII ғасырда сақтандыру iсiнде қолдана бастады, ал ауыр өнеркәсiпте тек ХIХ ғасырда пайдаланды. Кедендiк одақ құрылуы мен жағдай күрт өзгердi, және заңдардың бiркелкiлiгiн талап еттi. Нәтижесiнде 1838 жылы Пруссияда “темiр жол кәсiпорындары” туралы заң қабылданды, ондағы баптардың басым көпшiлiгi акционерлiк қоғамға арналған болатын. Ал 1843 жылы “Акционерлiк қоғамдар туралы” заң қабылданды, мұндай заң Австрияда 1852 жылы шықты. Бұл заңдарда жарғылық капиталдың құрастырылуына, жарғының мазмұны, есептiң жүргiзiлуiне, жылдық баланс бойынша есептiлiкке көңiл бөлiнген1.
1861 жылы “Общегерманского торгового уложения” заңы қабылданды, кейiннен бұл заңды Герман империясының қаулысымен бүкiл Герман территориясына жалпыға мiндеттi жасады. Заңның ең маңыздысы ол жария құқықпен жеке құқықты, материалдық құқықпен процессуалдық құқықты толығымен ажыратты. Бұл сауда кодексi акционерлiк қоғамды жеке құқыққа жатқызып, оның құрылуы мен қызметiн құқықтық реттеудi жүзеге асырды. 1884 шiлдеде қабылданған заң акционерлiк қоғамды тiркеу үшiн жарғылық капиталдың толық көлемде төленуiн талап еттi, акция құнының ең төменгi мөлшерiн көтердi, акционердiң акцияларды төлеудегi жауапкершiлiгiн анықтады, құрылтайшыларға түсiнiк бердi, оларды акционерлерге толық және нақты ақпарат беруге мiндеттедi, құрылтайшылардың қызметiне бақылаудың жаңа түрiн енгiздi. Акционерлiк қоғамның органдары мен олардың құзiретiне көп көңiл бөлiнген, директорлар кеңесi, акционерлердiң жалпы жиналысы, ревизиялық комиссия қызметiн реттейтiн нормалар қарастырылған.
XVIIIғасырда акционерлiк қоғамдар Америкаға ене бастады. Негiзiнен Ағылшындық акционерлiк қоғамдар болған. Жергiлiктi акционерлiк қоғамдардың дамуына саяси және экономикалық факторлар кедергi келтiрдi. АҚШ-та ХIХ ғасырдың ортасына дейiн акционерлiк қоғамды құру рұқсат ету әдiсiмен жүргiзiлдi.
Акционерлiк қоғамды құруға рұқсатты штаттың заң шығарушы органдары бердi, тағы бiр әдiсi – федералдық органдардың акционерлiк қоғамның жарғысын бекiтуi. Содан кейiн акционерлiк қоғамды құрудың рұқсат етушiлiк әдiсiн акционерлiк қоғамды тiркеушi әдiсiне ауыстырылды.
ХIХ ғасырдың аяғында өндiрiс мөлшерi ұлғайып, iрi компаниялардың маңыздылығы өстi. Сондықтан да АҚШ-тың экономикалық жағдайы құқықтық еркiндiктi талап еттi.Нәтижесiнде жарғылық капиталдың шектелуi мөлшерi алынып тасталды, акционерлiк қоғамның акияларды шығаруға байланысты қаржылық мүмкiншiлiктерi ұлғайды, компанияны басқаруға директорлар кеңесi мен атқарушы органға кең (мол) құзыреттер берiлдi. Әртүрлi Штатарда акционерлiк қоғамдарға жеңiлдiктер болған. Кейiннен сот органдарының прецеденттерi мен заңға түсiнiк беруi арқасында акционарлiк қоғамдар универсалды құқық қабiлеттiлiкке және кiрiс түсiретiн қызметтiң кез келген түрiмен айналысуға мүмкiншiлiкке ие болды.
Ресей мемлекетiнде ең алғаш акционерлiк қоғамдар, корпорациялар туралы нормативтiк құқықтық акт 1807 жылы пайда болды1.
Ғалымдардың айтуынша Ресей мемлекетi акционерлiк қоғамды ұйымдық-құқықтық нысан ретiнде Европа елдерiнiң тәжiрибесi негiзiнде өзiнiң құқық жүйесiне енгiздi деген пiкiр қалыптасқан. Ресей мемлекетiнде алғаш құрылған акционерлiк қоғам ретiнде 24 ақпан 1757 жылы құрылған “Константинополде сауда жасайтын компанияны” тану болды.
Компанияның капиталы 200 үлестен, үлестердi акция деп атайтын және акция құны 500 рублмен есептелетiн қаржыдан тұрған. Акционерлiк қоғамды басқаруды директорлар яғни құрылтайшылары басқарды, және жылдық қаржылық жағдайы туралы есеп беретiн және т.б. Бұл компания 1762 жылға дейiн жұмыс iстеп келдi. Кейiннен 1758 ж. “Компания Персидского торга” 1762 жылы – Акционерный эмиссионный банк, 1798 – Российско-Американская компания және т.б. құрылуы нәтижесiнде Ресей қоғамында акционерлiк қоғам өз орнын алды. Бұл кездерi акционерлiк қоғамды құру екi жолмен жүрдi: Үкiмет қаулысы негiзiнде және тұлғалардың бастамасы мен.
Ал 1913 ж. Ресей мемлекетiнде 2 мыңға жуық акционерлiк қоғамдар болған. олардың 383-шi 21%-тi өздерiнiң акцияларын биржа арқылы орналастырған, және жарғылық капиаталының мөлшерi 50 мың рублдан астам болған2.
Ал егер жарғылық капиталы 500 мыңнан аз болса, онда ол акционерлiк қоғамның акцияларына биржаға жол берiлмеген.
I Дүниежүзiлiк соғыс нәтижесiнде қалыптасқан статистикаға жүгiнсек, бұл көрсеткiш – 1914 ж. тамыз айына дейiн, орташа есеппен алғанда айына 31 акционерлiк қоғам қайта құрылған, ал келесi 10 айда бұл көрсеткiш 22 акционерлiк қоғам құрылғандығын айқындап отыр. Кейбiр деректер бойынша 1914 жылдың қаңтар-шiлде айлары аралығында орташа мөлшермен алғанда жарғылық капиталы 27 млн. рубль құрайтын 20 акционерлiк қоғамдар, ал тамыз-желтоқсан аралығында жарғылық капиталы 14 млн. рубльдi құрайтын 7 акционерлiк қоғамдар құрылған.1
1917 ж. 10 наурызда Уақытша Үкiмет қабылдаған қаулы бойынша, бұрын акционерлiк қоғамдардың қызметiн шектеп және реттеп отырған барлық заң актiлерi күшiн жойды. Сауда және өнеркәсiп министрлiгiне акционерлiк қоғамдардың жарғыларын қалыптастыру және өзгерту құқығы берiлдi. 1917 жылғы 22 наурыздағы қаулы бұл министрлiктiң құзiретiн одан әрi ұлғайта түстi, ендi министр акционерлiк қоғамның жарғылық капиталын алғашқы жарияланған жарғылық капиталдың екi еселенген мөлшерiне ұлғайтуға рұқсат беруге құқылы болды. Саяси жағдайлардың ауырлығының өзiнде-ақ, 1917 ж. қыркүйек айында Жарғылық капитал 1960 млн. құрайтын 734 акционерлiк қоғам құрылған. Ал 1917 жылдың Қараша айында жарғылық капиталы 6040 млн. құрайтын 2850 әртүрлi сауда-өндiрiсiтiк акционерлiк компаниялар қызмет еткен2.
1917 жылдың 14 желтоқсан айында Орталық Атқарушы Комитеттiң қабылдаған декретi бойынша ресей мемлекетiндегi банкiлiк iс мемлекеттiң монополиясы болып табылды, ал акционерлiк және өз де коммерциялық өзге де банктер мен кредиттiк мекемелер национализацияланды және мемлекеттiк банк құрамына ендi. 1917 желтоқсан айының екiншi жартысында Халықтық шаруашылықтың Жоғарғы кеңесiмен Декреттiң жаңа жобасы даярланды. Бұл жобаның 1 тарауы акционерлiк қоғамдарды национализациялануға бағытталған болды. Бұл Ереже бойынша жарғылық капиталы 1 млн-нан астам рубль құрайтын акционерлiк қоғамдар және үлестiк серiктестiктер мемлекеттiк ұйымдарға қайта құрылуы тиiс едi, бiрақ бұл жоба қабылданбаса да, бұл ережедегi нормалар басқа нормативтiк актiлерде көрiнiс тапты. Мысалы: 1917 ж. 23 желтоқсанда “Купондар мен дивиденттер бойынша төлем төлеудi тоқтату туралы” уақытша қабылданған нормаға сәйкес бағалы қағаздармен жасалатын барлық мәмiлелерге тиым салынды3.
1918 ж. 18 сәуiр айында “акциялар, облигацияларды тiркеу туралы” ереже қабылданды. Бұл нормативтiк акт бойынша тек атаулы бағалы қағаздардың заңды күшi болды және олар РСФСР-дың Халықтық банкiсiнiң тiркеу кiтабында мiндеттi тiркеудi талап еттi. Национализациялау туралы нормативтiк актiлерге сәйкес осындай тiркеудi өткен акциялардың иелерi болашақта акция бойынша төлем алуға мүмкiншiлiктерi болды 4.
1922 ж. 11 қарашада РСФСР-дың Азаматтық кодексi қабылданды және де 1923 ж. 1 қаңтарынан күшiне ендi. Х тараудың “серiктестiк” 5 бөлiмi “Акционерлiк қоғам” деп аталып және 45 баптан тұрды. Кодекс акционерлiк қоғамды серiктестiктiң бiр түрi ретiнде қарастырды. Азаматтық кодекс бойынша акционерлiк қоғамды құру 4 элементтен тұрды:
- Жарғыны қабылдау,
2) Капиталды қалыптастыру: а) акцияларды орналастыру
б) акцияларды төлеу
3) Акционерлердiң жалпы жиналысының бiрiншi екi жиналысын шақыру, 4) Қоғамды тiркеу.
Азаматтық кодекстiң 324 б. сәйкес құрылтайшыларының саны 5-тен кем болмауға тиiс едi.
Акционерлiк қоғамды құру барысында акционерлердiң жалпы жиналысы екi рет өткiзiлетiн: алдын-ала (предворительное) және құрушы (учредительное).
Алдын-ала (предворительное) акционерлердiң жиналысы негiзiгi капиталдың ¼ бөлiгi қалыптасқан сәттен бастап шақырылатын және акционерлiк қоғамның құрылуы жөнiнде есептi тыңдайтын, құрылтайшылардың есебiн тексеретiн коммисияны сайлайтын болған. Осыдан кейiн 7 күннен бұрын емес және 1 айдан кешiктiрмей акционерлердiң құрушы (учредительное) жиналысы өткiзiлетiн. Бұл жиналыста құрылтайшылардың есебiн тексеруге сайланған комиссияның есебi: тыңдалып, акционерлiк қоғамның құрылғандығы немесе құрылмағандығы туралы қаулы шығарылатын, ревизиялық комиссия және басқа да органдар құрылатын. Содан соң акционерлiк қоғам басқармасы тiркеу туралы өтiнiштi өкiлеттi органға ұсынатын. Өтiнiш пен қатар акционерлiк қоғамның Үкiметпен бекiтiлген жарғысы, акционерлердiң тiзiмi, акционерлердiң алдын ала (предварительное) және құрушы (учредительное) жиналысындағы хаттамаларының көшiрмелерi және т.б. құжаттар берiлетiн. Акционерлердiң жалпы жиналысы, басқарма, ревизиялық комиссия және кеңес акционерлiк қоғамның органдары болып саналды.
1922 жылғы РСФСР-дiң Азаматтық кодексi акционерлiк қоғамды құқықтық реттеудiң ең басты қайнар көзi болып табылды және 1925 ж. басында Ресейдегi 150 акционерлiк қоғамдардың пайда болуы мен қызметiнiң тұрақты базасы (платформасы) болды. 1927 жылы 17 тамызда Азаматтық кодекске көмекшi нормативтiк акт ретiнде “Акционерлiк қоғамдар” туралы ереже қабылданды. Ол мемлекеттiк акционерлiк қоғамдардың заңи табиғатын анықтап көрсетiп бердi. Сол ережеге сәйкес акционерлiк қоғамдардың негiзгi мақсаты белгiлi бiр капиталды қалыптасытыру емес, белгiлi бiр шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып табылды. Олардың акциялары тек тауар ретiнде орналастырылып, биржа арқылы орналастырылған жоқ және белiгiлi бiр үлес рөлiн атқарды.
Акционерлiк қоғамдар сол кездегi халықтық шаруышылықтың қалыптасуы және қарқымды дамуына, өндiрiстiк күштiң ұлғаюына бағытталған белгiлi бiр қаражаттарды орталықтандыруда үлкен және маңызды рөл атқарады1.
Содан бiрте-бiрте акционерлiк қоғамдардың автономиясы жоғалып, мемлекет тарапынан қатаң реттеушiлiкке және жоспарға тап болды. 20 жылдардың аяғы 30 жылдардың басында акционерлiк қоғамдар мемлекеттiк ұйымдарға қайта құрылды. Содан соң көп жылдар бойына ұмытылып қалды да оның КСРО мемлекеттерiнде дамуына жол жоқ болды.
1.2. ҚР-да Акционерлiк қоғамның құқықтық реттелуi
Қазiргi заманымыздың өзгеруiне байланысты яғни Қазақстан Республикасының өзiнiң егемендiгiн алуы, КСРО-ның құлдырауы, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикалық формацияға көшуi кезiнде акционерлiк қоғамдардың орны өте зор. Осы акционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының ең бiрiнiшi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бiрi – 19 маусым 1990 №590 КСРО министрлер кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген “Акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi қоғамдар туралы” ереже. Бұл ереже акционерлiк қоғамды түрлерге бөлген жоқ және акционерлiк қоғамның құқықтық жағдайын толығымен реттей алмағандықтан, 21 маусым 1991 жылы “Шаруашылық серiктестiктер және акционерлiк қоғамдар туралы” Қазақ ССР-ның заңы, 2 мамыр 1995 ж. “Шаруашылық серiктестiктер туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы.
1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан республикасы Азаматтық кодексiнiң жалпы бөлiмi қабылданып сол кезде Акционерлiк қоғамның құқықтық реттелуiн қамтамасыз етті.1
21 маусым 1991 жылғы «Шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ ССР-інің заңы шаруашылық серіктестіктердің келесі түрлерін көрсеткен болатын:
— Толық серіктестік
— Сенім серіктестігі
— Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
— Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
— Акционерлік қоғамдар
Ең қызық жері осы Қазақ ССР-інің заңымен қатар Қазақстан Республикасының территориясындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жоғарыда аталып өткен 19 маусым 1990 жылғы «Акционерлік қоғамдар және жауаркершілігі шектеулі қоғамдар туралы» КСРО-ның ережесі де реттеді. Сонымен акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы екі нормативтік құқықтық актімен реттелінетін болды, бірақ бұл актілердің айырмашылығы болды. Біріншіден- заңды тұлғалардың атауы әртүрлі болды (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жауапкершілігі шектеулі қоғамдар). Екіншіден- КСРО-лық ереже бойынша мұндай заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 50 мың рубльден кем болмауға тиіс еді, ал Қазақстандық заң бойынша 10 мың рубльдан аз болмауға тиіс болған. Үшіншіден- жауапкершілігі шектеулі қоғамдардың ең жоғарғы органы «қатысушылардың жиналысы», жауапкершілігі шектеулі серіктестікте «кеңес» немесе «басқарма» деп аталған. Қазақстандық заң ең жоғарғы органның құрамына еңбек ұжымының кемінде бір өкілін қатыстыруға міндеттеген. Тағы бір ерекшелігі- егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, онда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы үлесінің көлеміне қарамастан кеңесте (басқармада) бір дауысқа ие болатын, ал КСРО-лық ережеде үлесінің көлеміне пропорционал дауысты иеленген. Бірақ мұндай жағдайлар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» 1991 ж. 16 желтоқсанда заңның қабылдануымен тоқтатылды.
12 сәуір 1993 жылы «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңына өзгірістер мен толықтырулар енгізілді. Бұдан былай акционерлік қоғам- бір құрылтайшымен құрылуы мүмкін еді. Сонымен қатар « Алтын — Акция» ұғымы енгізілді, жалпы ережелер бойынша акцияны төлеуден акционерлердің босатылу мүмкіншілігі жоққа шықты, енді олардың акцияларды төлеу міндеті болып табылды.1
1993 жылы 13 тамызда “ҚР-ның инвестициялық қорларымен акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарды шығару мен тiркеу тәртiбi: туралы” Қаржы министрлiгiнiң нұсқауы шықты. Бұл нормативтiк акт акцияларды орналастырудың жабық (жеке) және ашық (жария) нысандарын қарастырды. Акцияларды орналастырудың жабық нысаны бойынша акциялар алдын ала белгiлi, мөлшерi шектеулi адамдар (50 инвесторға дейiн) тобы арасында орналастырылған. Ал ашық орналастыруда ешқандай шектеулер қойылмаған. Әрине, бұндай норма акционерлiк қоғамның түрлерiн ажыратқан жоқ.
Азаматтық кодекстiң жалпы бөлiмi қабылданғанан кейiн акционерлiк қоғамдарды ашық және жабық нысанда құрылуы мүмкiн екендiгiн көрсеттi.
Содан соң 1998 жылы 10 шiлдеде “Акционерлiк қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң акционерлiк қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта құру және тарату тәртiбiн, акционермен үшiншi тұлғалардың құқықтарын, мiндеттерiн, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жағдайларын қоғамның органдары мен лауазымды адамдардың өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн анықтады.
Осы заң бойынша – өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылды. Акционерлiк қоғамдар – ашық және жабық үлгiлерiнде құрылды, ал қазiргi әрекет етiп отырған заңда мұндай нысандар жоқ. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның аталуы сондай-ақ қоғамның үлгiсiне қарай “ашық акционерлiк қоғам” немесе “жабық акционерлiк қоғам” деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуы тиіс еді. Қоғам осындай фирманың атауымен мемлекеттік тіркеуден өткен еді.2
Акциялар белгіленген тәртіппен өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылған қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылды. Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс еді. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері олар қоғамның басқа акционерлеріне, олар бас тартқан жағдайда – қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті болған.
Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады. Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзім ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынылған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаға сатуға хақылы.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иелiктен айыруға құқылы қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық қоғам акцияларды жабық, жеке және ашық әдіспен орналастыруға құқылы. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында акциялар бағалатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есептік көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлердің саны бес жүзден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады. Халықтық қоғамның белгілеріне сәкес келетін қоғам күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін отыз күннің ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті. Ал, қазіргі заңда бұл айлық есептік көрсеткіш 1000000-ға тең.1
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері: жабық акционерлік қоғам үшін – айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшері ашық акционерлік қоғам үшін — айлық есептік көрсеткіш 500 еселенген мөлшері, ал 2003 жылы қабылданған заңда 50000 еселенген айлық есептік көрсеткіш белгіленген.
Жабық қоғамның жарияланған ең төмен жарғылық капиталын қоғам мемлекеттік тірекеуден өтетін кезге қарай төленуге, ал ашық қоғамның жариянанған ең төмен жарғылық капиталының жирма бес проценті қоғам мемлекеттік тіркеуден өтетін кезге қарай төленуге тиіс болған. Қазіргі заңға сәйкес акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс болып табылған.
Бұл заңның 30 бабына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғам өзінің бұрын шығарылған акцияларын бөлшектеуге не топтастыруға құқылы. Акцияларды бөлшектеу (сплит) немесе топтастыру қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының мөлшерін өзгертуге әкеп соқтырмауға тиіс болған. Акцияларды бөлшектеу олардың атаулы құнын сайма-сай кемітумен бір мезгілде шығарылған акциялардың жалпы санын көбейту жолымен жүргізілген. Акцияларды бөлшектеу (қосу) немесе топтастыру акционерлердің құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмауға тиіс.1 Ал қазіргі заңда акция бөлiнбейтін игілік болып табылады.2
31 бапқа сәйкес қоғам бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының немесе директорлар кеңесінің шешімі бойынша варанттар және туынды бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруды жүзеге асыруға хақылы делінген, ал кейінгi заңда мұндай бап көрсетілмеген. 26 бапқа сәйкес – қоғамның акциялары мынадай тәсілдермен:
- Жабық. Яғни қоғам құрылтайлары және осы заңға сәйкес алдын ала белгіленген тұлғалар тобы арасында.
- Жекеше. Яғни, белгiлi инвесторлар арасында
- Ашық. Яғни бағалы қағаздар туралы заңдарға сәкес аукцион өткізу және сату жолымен тұлғалардың шексіз тобы арасында орналастырылады.
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 жылғы 10 шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол Азаматтық Кодекстің көптеген ережелерімен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық тұрде Ұлттық Банктың өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлер қоғамдар туралы заңның қабылдануына байланысты Азаматтық Кодекске енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, содан Акциорнерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды.
Бүгінде күшін жайған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын ақсақтататын, заң техникасының талаптарына сай келмей отыр, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сәл түзетілген ағылшын-американдық моделін дәстүрлі континенттік кодификациялау жүйесіне ат үсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз-қарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен құқықтық ой-пікірлердің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.
Сөйтіп 2003 ж. 16 мамырында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, акционерлiк қоғамның құқықтық жағдайын, құрылуы, қызметi, қайта ұйымдастыру және таратылу тәртібі, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралардың акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін оның лауазымды адамдарының өкілеттігін , сайлау тәртібін және жауапкершілігін белгілеуге бағытталған нормалардан тұрады.
ІІ БӨЛІМ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ – ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1. Акционерлік қоғамның түсінігі, белгілері және түрлері. Қоғам акциялары
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР Азаматтық Кодекіснің 33 бабында көрсетілген. «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады». Осы ресми заңды тұлғаның анықтамасынан кез-келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. 1 Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері оның міедеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
Акционерлік қоғамға тән белгілер:
-ұйымдық бірлік белгісі индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді.
-мүліктік оқшауланушылық белгісі бұл белгі заңды тұлғаның іргелі белгісі болып табылады. Акционерлік қоғамның белгілі бір мүлікке меншік құқығын айқындайтын белгі, яғни өзінде оқшаулануға бөлек мүлкі, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болады.
-дербес мүліктік жауапкершілік белгісі. Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен толық көлемде жауап беретіндігін көрсетеді. Бұл белгі Азаматтың Кодекстің 44 бабында былайша көрініс тапқан: «Әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматық-құқықтың жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы жауап бермейді». Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген. Бұған қоса, заңды тұлға құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін.
-азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету белгісі. Заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды иелену, міндеттер атқару болып табылады.
-сотта талапкер және жауапкер болу белгісі. Бұл белгіге сәйкес заңды тұлға өзінің бұзылған мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары бойынша талапкер және жауапкер болу мүмкіншілігін анықтайтын белгі.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында комерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.1
Осы анықтамаға сәйкес Акционерлік қоғамды коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлуге болады. Коммерциялық емес ұйым болып – «Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылардың арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады».2 Бұл ұйымдар белгілі бір ортақ мүдде мақсатқа жету үшін құрылады. Ал коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты кіріс түсіру болып табылады және алынған таза кірісті қатысушыларының арасында бөледі.
Өз капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1 000 000 еселенген мөлшеріндей болатын, акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады.3 Бұл анықтамаға орай акционерлік қоғам және халықтық акционерлік қоғам деп шартты түрде бөлуге болады.
Қоғам таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда), өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған, акционерлер саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айырылады.
Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргiзедi. Сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айырылды деп тану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Уәкілетті орган болып Ұлттық банк танылады.
Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін девиденттер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады.1
Қоғам жай акциялар немесе артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. Акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ. Акция бөлінбейді. Егер акция меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда девидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің, жай акциялардың меншік иелері – акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын-ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді. Бұл ережеден бірнеше өзгешелік бар. Егер:
- Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, шектеудің кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
- Қоғам акционерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату мәселені қараса;
- Артықшылықты акция бойынша девиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап, үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Құрылтай жиналысы немесе акционердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және девидендтер алуға қатыспайтын «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады.
«Алтын акция» куәландырған вето құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Қоғам акционерінің:
- Қоғамды басқаруға қатысу;
- Дивидендтер алуға;
- Сауал салынғаннан кейін 30 күн ішінде қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға
- Қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дауласуға
- Тіркеушіден немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға
- Қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне
- Заңда белгіленген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
Заң акционерлердің ішінен ірі акционерлерді бөліп көрсетеді. Басқа акционерлермен салыстырғанда, ірі акционердің құқықтары көп болады. ірі акционер дегеніміз – бұл акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп (халықтық қоғамда – бес және одан да көп) процентін қолында ұстайтын және өзара жасалған келісімдердің негізінде әрекет ететін акционер немесе бірнеше акционер. Ірі акционердің сондай-ақ:
- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
- Директорлар кеңесінде заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;
- Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
- Өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
Қоғамның жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Қоғам акционерлерінің міндеттері:
- Акцияларды төлеуге
- Осы акционерге тиесілі акцияларды тіркеуші мен нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлауға
- Қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге.
Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру ниеті бар қоғам оларды сатқанға дейін отыз күн ішінде жазбаша хабар жіберу немесе баспасөз басылымында жариялау арқылы өз акционерлеріне тең жағдайлармен, өздерінде бар акцияларға барабар, бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген баға бойынша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті. Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетін акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.
Қоғам жариялаған акциялардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу үшін оның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған акциялар санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қоғамның жарияланған акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды табыс етуге міндетті. Егер қоғамның жарғысында бұл мәселе акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылмаса, қоғамның акцияларын оның жарияланған акциялары саны шегінде орналастыру туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:
- Еркін нысанда жазылған өтініш
- Құрылтай жиналысы жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы немесе акционерлердің жалпы жиналысының жарияланған акцияларды шығару проспектісіне өзгерістерді тіркеу туралы хаттамасының көшірмесі.
- Акционерлік қоғам жарғысының көшірмесі
- Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
- Акционерлік қоғамның статистикалық карточкасының көшірмесі
- Акциялар шығару проспектісінің екі данасы
- Акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастыратын жарияланған акциялар төленгенін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Қоғам акцияларын олардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуден кейін орналастыруға құқылы.
Акцияларды орналастыру аукциондар, жазылым арқылы жүзеге асырылады. Халықтық акционерлік қоғам өз акцияларын жазылым арқылы орналастыруға құқығы жоқ.
Қоғамның жазылым арқылы орналастыратын акциялары директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы бойынша сатылуға тиіс, бұл орайда акцияларды орналастыру бағасы осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алушы барлық тұлғалар үшін бірыңғай болуға тиіс.
Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркелген кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды инвестордың шек қойылмаған тобы арасында орналастырғанға дейін мемлекеттік тілде және орыс тілінде баспасөз басылымдарына эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.1
Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімін жасауды, жүргізуді жене сақтауды қоғамның тіркеушісі ғана жүзеге асыра алады, ол қоғамның және оның аффилиирленген тұлталарының аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімін жасау, жүргізу жене сақтау, сондай-ақ ол бойынша уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленеді.
Қоғам өз акциялары шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс етілгенге дейін қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жасау, жүргізу жене сақтау жөніндегі қызмет керсету туралы қоғамның тіркеушісімен шарт жасасуға міндетті.
Орналастырылатын акция толық төленгенге дейін қоғамның осы акцияны қоғам акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі оны сатып алушының шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
Қоғам уәкілетті органға қоғамның жарияланған акцияларын толық орналастырғанға дейін не оларды толық орналастырғаннан кейін әрбір алты айдың (есепті жарты жылдық аяқталғаннан кейін бір ай ішінде) қорытындылары бойынша өз акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп беруге міндетті. Қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. Егер қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның, оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады. Қоғамға өзінің жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастырған кезде оларды өзі сатып алуына жол берілмейді.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша девидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігі мен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді. Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс.
Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен және ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол беріледі.
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен және (немесе) акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді.
Орналастырылмаған немесе қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша дивидендтер есептелмейді және төленбейді.
Қоғамның жай жене артықшылықты акциялары бойынша:
Өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нетижесінде теріс болса; .
егер қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сейкес төлем қабілетсіздігі немесе дерменсіздік белгілеріне сәйкес келсе не аталған белгілер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде пайда болса;
егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса, дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Акционер қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.
Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасын және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсiмпұл төленеді.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер есептемейді және төлемейді.
Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз– бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Егер қоғамның жарғысында көзделсе, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсанның немесе жарты жылдықтың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның аталған органдары қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдап, оны қабылдаған күнінен бастап, он күн ішінде баспасөз басылымында міндетті түрде жариялауға құқылы. Жай акциялар бойынша девидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл шешім баспасөз басылымында жарияланады. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу арқылы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл шешім баспасөз басылымында жариялануға тиіс. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiмде мынадай мәліметтер:
- Қоғамның атауы, орналасқан жері, банк және өзге де реквизиттері;
- Бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері
- Дивидендтер төлеудің басталатын датасы.
- Дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны болуға тиіс.
Акционерлік қоғамдар туралы заңының 22 бабы 5 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленеді. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейін оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішіндегі қоғам баспасөз басылымында Акционерлік қоғамдар туралы заңы 23 бабы 3 тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында тізіп келтірілген мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлей сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
Акционерлердің қоғам акцияларын сатуына, қоғамның кедергі жасауына болмайды. Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сату туралы жазбаша келісімін алған жағдайда сатып алу туралы ұсынысты жариялаған тұлға акцияларды отыз күн ішінде төлеуге тиіс.
Опцион- дегеніміз белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін опционда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады.
Қоғам Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес мынадай талаптар сақталған жағдайда, қоғам шығаратын акцияларды сатып алуына опциондар жасауға құқылы:
- қоғамның осындай опциондар нысанасы болып табылатын акцияларының саны қоғамның жарияланған және орналастырылған акцияларының саны арасындағы айырмадан аспауға тиіс.
- Халықтық акционерлік қоғамның, қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санының бір және одан да көп проценті болатын мөлшердегі қоғам акциялары нысанасы болып табылатын опциондар жасасуы акционерлердің жалпы жиналысының рұқсаты мен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар опциондар жасаса алмайды.
Айырбасталатын бағалы қағаз дегеніміз акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы.
Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында мұндай шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.
Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi.
Қоғамның бағалы қағаздарын кепiлге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерi мен шектеуге немесе алып тастауға болмайды. Егер кепiл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердiң дауыс беруге және өзi кепiлге салған акция бойынша дивиденттер алуға құқығы болады.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесе отырып сатып алғысы келетін тұлға бұл туралы қоғамға және уәкілетті органға ол белгілеген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада сатып алынатын акциялардың саны, болжамды сатып алу бағалы қағаздар туралы мәліметтер және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге де мәліметтер болуға тиіс1.
Акционерлердің қоғам акцияларын сатуына қоғамның кедергі жасауға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларын сатқысы келетін тұлғаға қоғамның оларды қоғамның өзінің немесе үшінші тұлғалардың ұсынылған бағадан жоғары баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың саны, базасы және акцияларды үшінші тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың реквизиттері туралы мәліметтер болуға тиіс.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесе отырып сатып алған тұлға сатып алған күннен бастап отыз күн ішінде қалған акционерлерге қоғамның оларға тиесілі акцияларын сатуға ұсынысты баспасөз басылымында жариялауға міндетті. Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде оларды сату туралы ұсынысты қабылдауға құқылы.
Акционерлерге оларға тиесілі акцияларды сату туралы ұсыныста аттарын (атауларын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), оларға тиесілі акциялардың санын қоса алғанда, қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін сатып алған тұлға және оның аффилиирленген тұлғалары туралы акцияларды сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер болуға тиіс.
Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сату туралы жазбаша келісімін алған жағдайда сатып алу туралы ұсынысты жариялаған тұлға акцияларды отыз күн ішінде төлеуге міндетті.
Акцияларды сатып алудың аталған тәртібі сақталмаған жағдайда қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін иеленуші тұлға (тұлғалар) өзімен (өздерімен) аффилиирленбеген тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз процентінен асатын акцияларының оған (оларға) тиесілі бір бөлігін иеліктен шығаруға міндетті.
Қоғамның өзіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсынысқа жауап ретінде өтініш берген акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның акцияларды сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Орналастырылған акцияларды сатып алу қоғамның бастамасы бойынша оларды кейіннен сату немесе Қазақстан Республикасының заңдарына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда акционердің келісімімен жүргізілуі мүмкін.
Егер Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның сатып алуы директорлар кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Қоғамның:
1) акционерлердің бірінші жалпы жиналысын өткізгенге дейін;
2) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бекітілгенге дейін;
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде қоғамның өз капиталының мөлшері Заңда белгіленген ең төменгі жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болса;
4) егер акцияларды сатып алу кезінде қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабілетсіздігі не дәрменсіздігі белгілеріне сәйкес келсе не аталған белгілер қоғамда оның барлық талап етілетін немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесінде пайда болса;
5) егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырған акцияларының саны олардың жалпы санынан бір процент асатын болса, ол өз акционерлеріне осындай сатып алу туралы хабарлауға міндетті.
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзі сатып алатын акциялардың түрлері, саны, бағасы, мерзімі туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәліметтер болуға тиіс және ол баспасөз басылымында жариялануға тиіс.
Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғамның сатып алуы мүмкін акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады1.
Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды қоғам акционерінің талап етуі бойынша жүргізуге тиіс, акционер бұл талапты акционерлердің жалпы жиналысы:
1) қоғамды қайта ұйымдастыру (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердің жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
2) қоғамның ірі мәміле немесе мүдделі тұлғалардың қатысуымен мәмеле жасасуы (егер акционер осындай шешім қабылдау туралы мәселе қаралған акционерлердің жалпы жиналысына қатысып, оны қабылдауға қарсы дауыс берсе);
3) қоғамның жарғысына осы акционерге тиесілі акциялар бойынша құқықтарды шектейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жөнінде шешімдер қабылдаған жағдайда қоюы мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде акционер өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы талап қоюға құқылы.
Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялардың санынан артық болған жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегін қоғамның жарияланған акциялары есебінен өтеу, егер жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегін төлеу мерзімі үш айдан астам өтіп кетсе, ҚР-ның мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органы қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеткізу мақсатында:
- ҚР-ның салық заңдарына сәйкес қоғамның жарияланған акцияларына билік етуін шектеу туралы шешім қабылдауға;
- Қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейіннен оларды орналастыру арқылы өтеткізу туралы талап-арызбен жүгінуге құқылы.1
2.2 Акционерлік қоғамды құру, қайта ұйымдастыру және тарату.
Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.2
Заңды тұлғаның құрылтайшысы – меншік иесінің саналы ерікті қызметі, заңды тұлғалар құрылуының қажетті алғы шарты болып табылады3. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.4
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметін, жергілікті атқарушы органдарын, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық Банкісін қоспағанда, ҚР-дің мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтай құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
- Қоғамды құру туралы шемім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді.
- Құрылтай шартын жасайды.
- Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капитал мөлшерін белгілейді.
- Жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді.
- Шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды.
- Қоғамның тіркеушісін таңдайды
- Мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды.
- Қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін ҚР-ның заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді.
- Қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды.
- Қоғамның жарғысын бекітеді.
Құрылтай жиналысының шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары қол қоюға тиісті хаттамамен рәсімделеді.
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Бір қатысушы құрған акционерлік қоғамның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс.1
Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен міндеттерін қоғамның құрылуы сатысында ғана реттейді. Сондықтан құрылтай шартының қоғам құру жөніндегі әрекеті қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап және оның барлық құрылтайшыларының құрылтай шартында белгіленген міндеттемелерін орындаған соң тоқтатылады. 2
Қоғамның құрылтай шартында:
- Қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшы) туралы мәліметтер, соның ішінде: жеке тұлғаларға қатысты-аты, азаматтығы, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
Заңды тұлғаларға қатысты-оның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер.
2) Қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі.
3) Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, оны төлеудің мерзімдері мен тәртібі.
4) Акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акциялар саны, түрлері және нақтылы құны.
5) Оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары.
6) Қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттерін белгілеу.
7) Қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны.
8) Қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба.
Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Қоғамның жарғысы өзінің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды. Жарғыға қоғам құрылтайшыларының уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс және ол нотариаттық куәландыруға жатады.
Қоғамның жарғысында:
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы.
2) қоғамның атқарушы органы орналасқан жер.
3) қоғамның жарияланған акцияларының саны, түрлері және акционерлердің құқықтары туралы мәліметтер, соның ішінде қоғамның артықшылықты акционерлермен куәландырылған құқықтарының көлемі және олар бойынша дивидендтердің кепілдік берілген мөлшері.
4) құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны.
5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті.
6) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі.
7) қоғам акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі.
8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен басқа да талаптар.
9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы.
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінде болады.1
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акциялары олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторларға заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады.
Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту акционерлердің жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен акцияларды шығару және орналастыру арқылы жол беріледі. Акционерлік қоғамның құқық қабілеттілігі дегеніміз – бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада:
— заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды.
— заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
— жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені кез-келген мүдделі адам құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдар мен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.
Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша арыз беріледі және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылып үш дана етіп берілетін құрылтай құжаттары қоса тапсырылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігін және статистикалық карточкасын береді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса тіркеліп өтініш қоса берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
Акционерлік қоғамды тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар:
- тіркеу туралы өтініш.
- жарғы
- құрылтай жиналысының хаттамасы
- тұрған жерін растайтын құжат
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.1
Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың шешімі бойынша, сондай-ақ заңда тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.2
Екі немесе бірнеше қоғамның өз қызметін тоқтатып, бірігуі туралы шарттың негізінде және өткізу актілеріне сәйкес өзінің бүкіл мүлкін, құқықтарын және міндеттерін беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп танылады[3].
Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзінің бүкіл мүлкін, құқықтары мен міндеттерін бере отырып, өз қызметін тоқтатуы қоғамның бөлінуі деп танылады. Бұл орайда бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөліну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады. Қоғамдардың бірігуі туралы шартта бірігуге қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер, олардың бухгалтерлік баланстарының деректері болуға, сондай-ақ бірігу тәртібі мен талаптары, атап айтқанда бірігуге тартылған қоғамдардың акцияларын құрылатын қоғамның акцияларына айырбастау тәртібі көзделуге тиіс.
Бірігуге қатысатын әрбір қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бірігу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісі мен бірігу туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ бірігу туралы шартта және өткізу актісіне қол қоюға уәкілетті адамдарды белгілейді.
Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғам акционерлерінің бірігу туралы шартта белгіленген мерзімде өткізілетін жалпы жиналысы жүзеге асырады. Жаңадан пайда болған қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру мен өткізу тәртібіне байланысты ерекшеліктер бірігу туралы шартта айқындалады.
Қоғамның бірігуіне қатысушылардың әрқайсысы өзінің барлық кредиторларына бірігу туралы жазбаша хабарламалар жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарландыру беруге міндетті.
Қосылу туралы шарттың негізінде және өткізу актісіне сәйкес қосылатын қоғамның бүкіл мүлкін, құқықтары мен міндеттерін басқа қоғамға бере отырып өз қызметін тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады.
Қосылатын қоғамның директорлар кеңесі қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісі мен қосылу женіндегі шартты бекіту туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
Қоғамдардың қосылуы туралы шартта қосылуға қатысатын қоғамдардың әр қатысушысының атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер, олардың бухгалтерлік баланстарының деректері болуға, сондай-ақ қосылу тәртібі мен талаптары, атап айтқанда, қосылатын қоғамның акцияларын қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларына айырбастау тәртібі көзделуге тиіс.
Қосылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісі мен қосылу жөніндегі шартты бекіту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ қосылу туралы шарт пен өткізу актісіне қол қоюға уәкілетті адамдарды белгілейді.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесі өзіне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, қосылу жөніндегі шартты және еткізу актісін бекіту туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының шешуіне еңгізеді.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды, заңда белгіленген тәртіппен өткізу актісі мен қосылу туралы шартты бекітеді, сондай-ақ қосылу туралы шарт пен өткізу актісіне қол қоюға уәкілетті адамдарды белгілейді.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы шешім қажет болған жағдайда, оны қосылу жүзеге асырылатын, қоғамның акционерлері мен қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы қабылдайды.
Қосылатын қоғам өзінің барлық кредиторларына қосылу туралы жазбаша хабарламалар жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарландыру беруге міндетті. Хабарламаға өткізу актісі, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын. Қоғамның атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның бөліну нысанында қайта ұйымдастырылуы, жаңа қоғамдар құру, қайта ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастау тәртібі туралы және бөліну балансын бекіту туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
Қоғамның бөлінуі туралы акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешім қайта ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастау тәртібін белгілеуге тиіс. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның кез келген акционеріне оған тиесілі акцияларды жаңадан құрылатын қоғамдардың акциясына айырбастау нәтижесінде берілетін құқықтардың қайта құрылатын қоғамның жарғысымен оған берілетін құқықтармен салыстырғанда төмендетуге немесе шектеуге болмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы бөліну туралы шешімді қабылдаған кезден бастап, қоғам осы шешім туралы кредиторларға шешім қабылданғаннан кейін туындайтын міндеттемелер жөнінде хабарлауға міндетті.
Акционерлердің жалпы жиналысы бөліну туралы шешімді қабылдаған күннен бастап екі ай мерзімде қоғам өзінің барлық кредиторларына бөліну туралы жазбаша хабарламалар жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарландыру беруге міндетті. Хабарламаға бөлу балансы, сондай-ақ жаңадан құрылатын әрбір қоғамның атауын, орналасқан жері туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Қоғамның бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметін тоқтатпай оның мүлкінің құқықтары мен міндеттерінің бір бөлігі бөліну балансына сәйкес бір немесе бірнеше қоғамға беріле отырып олардың құрылуы қоғамның бөлініп шығуы деп танылады.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның бөлініп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы туралы бөлініп шығу тәртібі мен талаптары, бөліну балансы туралы және жаңа қоғамды құру туралы мәселелерді акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, жаңа қоғамдар құру және қайта ұымдастырылатын қоғам акционерлеріне тиесілі акцияларды құрылатын қоғамның акцияларына айырбастау тәртібі туралы және бөліну балансын бекіту туралы шешім қабылдайды.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлеріне тиесілі акцияларды айырбастау Заңның 84-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге, асырылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы бөлініп шығу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап екі ай мерзімде қоғам өзінің барлық кредиторларына бөлініп шығу туралы жазбаша хабарламалар жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарландыру беруге міндетті. Хабарламаға бөліну балансы, сондай-ақ жаңадан құрылатын әрбір қоғамның атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер қоса тіркеледi.
Қоғам бөлініп шыққан кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның құқықтары мен міндеттері бөліну балансына сәйкес құрылған қоғамға ауысады.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқытары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес соларға ауысады.
Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, қоғамның акцияларын шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың салымдарына немесе өндірістік кооператив мүшелерінің пайларына айырбастау тәртібі туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, қоғамның акцияларын шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың салымдарына немесе өндірістік кооператив мүшелерінің пайларына айырбастау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.
Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды.
Қоғамды қайта құру кезінде қатысушының шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлесі (өндірістік кооперативтегі пайы) оған тиесілі акциялардың қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынасы негізінде айқындалады.
Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында межбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының Заңның 84 және 85-баптарында кездеген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады.1
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотта ұсынуы мүмкін.
Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.
Тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.
Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:
1) бірінші кезекте — Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
2) екінші кезекте — артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
3) үшінші кезекте — жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
4) төртінші кезекте — артықшылықты акциялардың құнын өтеу;
5) бесінші кезекте — жай акциялардың құнын өтеу.
Қалған мүлік барлық акция иелерінің арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
Әрбір кезектің талаптары алғашқы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Егер таратылатын қоғамның мүлкі есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеуге және артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған мүлік түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
Акционерлік қоғамның қызметі оның органдары арқылы жүзеге асырылады.
- Жоғарғы орган – акционерледің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда – сол акционер).
- Басқару органы – директорлар кеңесі.
- Атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға. Халықтық акционерлік қоғамда атқарушы орган тек алқалы болуға тиіс.
- Өзге де органдар (акционерлік қоғамдар туралы заңының 33 бабы 1 тармағы).
Қоғам жарғысында ішкі аудит қызметін құру көзделуі мүмкін. Халықтық акционерлік қоғамдарда ішкі аудит қызметінің болуы міндетті. Барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда қоғамның жарғысында қоғамды директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның жылдық қаржы есептілігі бекітіледі, өткен қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері белгіленеді. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне:
- Қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту.
- Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату.
- Қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешім қабылдау.
- Есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.
- Директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау.
- Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.
- Жылдық қаржы есептілігін бекіту.
- Акционерлік қоғамдар туралы заңында белгіленген өзге де жағдайлар.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
- Директорлар кеңесінің.
- Ірі акционерлердің бастамасы бойынша шақырылады. Ерікті түрде таратылу процессіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
- Атқарушы орган.
- Өзімен жасалған шартқа сәйкес тіркеушісі.
- Директорлар кеңесі.
- Қоғамды тарату комиссиясы жүзеге асырады.
Қоғамның органдары акционерлерлің жылдық жалпы жиналысын шақырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерлерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.1
Ірі акционерлердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап қоғамның атқарушы органының орналасқан жеріне тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады. Директорлар кеңесі аталған талапты алған күннен бастап он күн ішінде шешім қабылдауға және осы талапты қойған тұлғаға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жіберуге міндетті. Қойылған талапқа сәйкес акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылған жағдайда директорлар кеңесі жалпы жиналыстың күн тәртібін өз қалауы бойынша кез-келген мәселелерiмен толықтыруға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн мен уақыт оған қатысу құқығы бар адамдардың неғұрлым көпшілігі жиналысқа қатыса алатындай етіп белгіленуге тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысы атқарушы орган орналасқан жердегі елді мекенде өткізілуге тиіс.
Акционерлерге («алтын акция» иесіне) алда жалпы жиналыс өткізілетін туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей (халықтың акционерлік қоғамда – күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей) ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында – күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарландыру баспасөз басылымында жариялануға және (немесе) акционердің («алтын акция» иесінің) назарына оған жазбаша хабар жіберу арқылы жеткізілуге тиіс.
Белгiленген мерзімдерді есептеу хабарландыру баспасөз басылымында жарияланған не почтамен жөнелтілген күннен бастап жүргізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаны баспасөз басылымынан өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша таратуға жол беріледі.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарландыруда:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) жиналысты шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлері жалпы жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт, сондай-ақ егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні және уақыты;
4) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;.
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
7) егер бұл қоғам инвестициялық жекешелендіру қоры болса немесе инвестициялық жекешелендіру қорын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылса қордың толық атауы және оған берілген лицензияның нөмірі болуға тиіс.1
Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізуді акционерлердің бастапқы (болмай қалған) жалпы жиналысы белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте тағайындауға болмайды.
Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысы белгіленген жерде өткізілуге тиіс.
Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы күн тәртібінің акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысының күн тәртібінен айырмашылығы болмауға тиіс.
«Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттері 2000ж. 14 ақпанда Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық комиссиясының №560 қаулысы бойынша акционерлік қоғам акционерлеріне арналған мәліметтер жарияланатын ресми баспасөз басылымы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін директорлар кеңесі жасайды және онда талқылауға ұсынылатын мәселелердің нақты тұжырымдалған толық тізбесі болуға тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі толықтырылатыны қоғам акционерлерінің жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей хабарланған жағдайда ірі акционер немесе директорлар кеңесі күн тәртібін толықтыруы мүмкін. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарда осы мәселелер бойынша негізделген шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат болуға тиіс.
Есеп комиссиясы акционер саны жүз және одан да көп қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында сайланады. Есеп комиссиясы үш адамнан кем болмауға тиіс.
Есеп комиссиясы:
- Жалпы жиналысқа келген адамдардың өкілеттігін тексеру.
- Жиналысқа қатысушыларды тіркейді.
- Акционерлердің жалпы жиналысында қаралған мәселелер бойынша дауыстарды санайды және дауыс берудің қорытындысын шығарады.
- Заңда көрсетілген басқа да әрекеттер.
Акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша жеке өзі немесе өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы.
Акционерлік қоғамда міндетті түрде директорлар кеңесі құрылады. Ол акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Қоғамның директорлар кеңесінің айрықша құзіретіне мынадай мәселелер жатады:
1) қоғам қызметінің басым бағыттарын белгілеу.
2) Акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау.
3) Қоғамның акцияларын орналастыру және олардың жарияланған акциялардың саны шегінде орналастыру бағасы туралы шешім қабылдау.
4) Қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім және т.б.
Директорлар кеңесінің мүшелерін жылдық жалпы жиналыс сайлайды. Директор кеңесінің сандық құрамы кем дегенде үш (халықтық акционерлік қоғамда – кем дегенде бес) адам болуға тиіс. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы оның мүшелерінің арасынан сайланады. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша директорлар кеңесінің кез-келген мүшесінің өкілеттігі кез келген негіз бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Директорлар кеңесінің төрағасы директор кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарын жүргізеді.
Директорлар кеңесінің отырысы оның төрағасының немесе атқарушы органның бастамасы бойынша не:
1) директорлар кеңесінің кез-келген мүшесінің.
2) қоғамның ішкі аудит қызметінің.
3) қоғамға аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның.
4) ірі акционерлердің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның күнделікті қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Атқарушы орган заң актілерімен және қоғамның жарғысымен басқа органдардың және қоғамның лауазымды адамдарының қызіретіне жатқызылмаған кез-келген қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Қоғамның қаржы – шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін мүшелерінің саны кемінде үшеу болатын ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді.
Қоғамның аффирленген (қосымша) тұлғасы – шешімді тікелей немесе жанама айқындауға және акционерлік қоғам қабылдайтын шешімге, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілген өкілеттер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) сондай-ақ өзіне қатысты акционерлік қоғамның осындай құқығы бар кез-келген тұлға.
Ірі мәміле қоғамның тағдырына әсер ете алатындықтан заң шығарушылар оны жетілдіру жөнінде бірқатар талаптар қояды.
Мыналар: 1) нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес (халықтың акционерлік қоғамда он) және одан да көп проценті болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен айыратын мәміле немесе өзара байланысты мәмлелердің жиынтығы.
2) нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алу немесе орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес (халықтың акционерлік қоғамда — он) және одан да көп проценті мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы.
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле ірі мәміле деп танылады.
Қоғамның ірі мәмілені жасауы туралы шешімді директолар кеңесі қабылдайды. Қоғамның ірі мәміле жасасу туралы шешімін бекітуді акционерлердің жалпы жиналысы жүзеге асырады.
Ірі мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актісіне сәйкес белгіленеді.
Егер нарықтық құнын белгілеу қажет болатын мүлік ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде осындай бағалы қағаздармен мәмілелердің осындай рынокта қалыптасқан бағасы немесе осындай бағалы қағаздарға сұраным мен ұсынымның бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлік қоғамның өз акциялары болса, олардың нарықтық құнын белгілеу кезінде қоғамның өзіндік капиталының мөлшері де, қоғамның даму жоспарларына сәйкес оның өзгеру перспективасы мен нарықтық құнды белгілейтін адам маңызды деп санайтын өзге факторлар да есепке алынады.1
Акционерлердің жалпы жиналысына ірі мәмілені жасасу туралы шешімді бекітуге қажетті ақпаратты (құжаттардың қосымшаларымен бірге) атқарушы орган табыс етеді.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаған қоғам кредиторлары мен акционерлеріне хабарлау мақсатында қоғам акционерлердің жалпы жиналысы ірі мәмілені жасасу туралы шешімді бекіткеннен кейін бес күн ішінде мәміле туралы хабарды баспасөз басылымында жариялауға міндетті.
Ірі мәміле жасасу туралы шешімге қарсы дауыс берген акционер өзіне тиесілі акцияларды қоғамның Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуын талап етуге құқылы.
Қоғамның аффилиирленген тұлғалары, сондай-ақ солардың аффилиирленген тұлғалары, егер олар:
1) мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
2) мәміле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғалары болса, қоғамның мәміле жасасуына мүдделі тұлғалары (бұдан әрі — мүдделі тұлғалар) деп танылады.
Жасалуына қоғам мүдделі болатын, акционердің қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы жөніндегі, қоғамның орналастырылған өз акцияларын өзі сатып алуы жөніндегі, сондай-ақ қоғамды Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру мәміле болып табылмайды.1
Аталған тұлғалар:
1) олардың мәміле тараптары екендігі немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатындығы туралы;
2) өздерімен аффилиирленген заңды тұлғалар туралы, оның ішінде дербес немесе өздерінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) он және одан да көп процентін немесе халықтық акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп процентін иеленетін заңды тұлғалар туралы және органдарында өздері қызмет атқаратын заңды тұлғалар туралы;
3) өздері мүдделі тұлғалар болып танылуы мүмкін, өздеріне белгілі жасалған немесе ықтимал мәмілелер туралы ақпаратты директорлар кеңесінің назарына жеткізуге міндетті.
Мүдделілік болуына орай қоғамның мәмілелерді жасасуы туралы шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Мүдделілік болуына орай қоғамның мәмілелерді жасасуы туралы шешімді бекітуді акционерлердің жалпы жиналысы оның жасалуына мүдделі емес акционерлердің көпшілік даусымен қабылдайды. Бұл орайда акционерлердің жалпы жиналысына мұндай мәмілені бекіту туралы негізделген шешім қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттардың қосымшаларымен бірге) беріледі.2
Ірі мәмілені және мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау мүдделі тұлғалардың талап арызы бойынша сот тәртібімен бұл мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Мәміле жасасудың Заңда көзделген тәртібіне қойылатын талаптарын бұза отырып қоғаммен мәміле жасалуына мүдделі тұлға қоғам алдында өзінің қоғамға келтірген залалы мөлшерінде жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ортақ болады.
Қоғамның қаржылық есептілігі қоғамның бухгалтерлік балансын, кірістер мен шығыстар туралы есебін, ақша қозғалысы туралы есепті және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдарына сәйкес өзге де есептілікті қамтиды.
Атқарушы орган жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшін өткен жылға жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.
Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
Қоғам жыл сайын баспасөз басылымында уәкілетті орган белгілеген мерзімде жылдық қаржылық есептілікті жариялап отыруға міндетті.1
Халықтық акционерлік қоғам тоқсандық қаржылық есептілікті уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге және баспасөз басылымында жариялауға міндетті.
Халықтық акционерлік қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жылдық жалпы жиналысы бекіткеннен кейін оны он күн ішінде уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Халықтың акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есептілікті табыс ету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.Қоғам жылдың қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
Қоғамға аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледi. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен келтірілген бітіру жұмысының негізінде келесідей қорытынды шығаруға болады:
- Акционерлiк қоғам-коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сарынынан өткен барынша дамыған нысаны болып табылады.
- Акционерлiк қоғамның қызметiнiң құқықтық реттелуi, дамуы сонау Рим империясы кезiнде, яғни, Рим құқығында көрiнiс тапқан. Рим құқығында серiктестiк шарты негiзiнде екi немесе одан да көп тұлғалар рұқсат етiлген ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрiккен болатын. Шартқа қатысу мүлiкпен (мүлiктiк салыммен) немесе жеке қызметiмен жүзеге асырылды. Ортақ iстi жүргiзуден түскен кiрiстердi және шығындарды қатысушылар арасында шартта көзделген тәртiппен немесе теңдей бөлiп отырған. Рим құқығындағы серiктестiк шарты шарттық мiндеттемелiк құқықтық қатынасты тудыратын заңи фактi болып табылады. Қазiргi құқықта оның жай серiктестiкпен кейбiр ұқсастықтары бар.
- Акционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының ең бiрiнiшi нормативтiк актiлерiнiң бiрi – 19 маусым 1990 жылы №590 КСРО министрлер кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген “Акционерлiк қоғамдар және жауапкершiлiгi шектеулi қоғамдар туралы” ереже. Бұдан кейiн көптеген нормативтiк актiлер шыққан. “Акционерлiк қоғамдар туралы” ҚР-ның 1998 жылғы 10 шiлдеде қабылданған, бiрақ қазiр күшiн жойған заңына сәйкес Акционерлiк қоғамдар ашық және жабық қоғам болып бөлiнген, ал қазiргi “Акционерлiк қоғамдар туралы” ҚР-ның 2003 жылғы 16 маусымда қабылданған заңы бойынша мұндай нормалар жоқ, яғни Акционерлiк қоғамдар ашық және жабық қоғам ретiнде қарастырылмаған.
- “Акционерлiк қоғамдар туралы” ҚР-ның 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңы бойынша қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қоғам өзiнiң бұрын шығарылған акцияларын бөлшектеуге не топтастыруға құқылы болған. Ал қазiргi ҚР-ның “Акционерлiк қоғамдар туралы” 2003 жылғы 16 маусымдағы заңның 12 бабының 3 тармағына сәйкес – Акция бөлiнбейтiн игiлiк болып табылады.
- Заңды тұлғаның құрылтайшысы – меншiк иесiнiң саналы, ерiктi қызметi, заңды тұлғалар құрылуының қажеттi алғы шарты болып табылады.
- Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен мiндеттерiн қоғамның құрылуы сатысында ғана реттейтiн құжат болып табылады.
- Акционерлiк қоғамның қызметi оның органдары арқылы жүзге асырылады. Жоғарғы орган – акционерлердiң жалпы жиналысы, басқару органы – директорлар кеңесi.
Атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгленген атқарушы орган қызметiн жеке-дара жүзеге асыратын тұлға. заң өзге де органдардың қызметiне тыйым салмайды, ол яғни әртүрлi комитеттер, алқалы органдар т.б. болуы мүмкiн.
- Акционерлік қоғамның белгілі бір мәміле жасалуы кезінде, осы мәміле ірі мәміле болып табылама, жоқ па? анықтау үшін:
— бұл мәміленің категориясын анықтау қажет, яғни белгілі бір мүлікті иелену немесе иеліктен шығаруға байланысты мәміле ма жоқ па?
— өзара байланысты мәмілелер бойынша құнын анықтау қажет.
— Акционерлік қоғам активтерінің 25% астам болатындығын анықтап алу үшін қажет.
- Акционерлік қоғамды корпоративті басқарудың деңгейін көтеру керек. Мысалы: мамандардың айтуы бойынша 1900-1999 жылдар аралығында АҚШ-та мыңдаған акционерлік компаниялардың басқару деңгейі жоғары болғандықтан, олардың акцияларының құны орташа есеппен 8,5% өскен.
- Акционерлік қоғамдар туралы заңның 15 бабы 1т. 2т. сәйкес «акционерге сәйкес тиесілі акцияларды тіркеуші мен нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлауға» акционер міндеті болып табылады. Бірақ көп жағдайларда акционерлер бұл міндеттерін орындамай және қоғам жұмысына араласпайды, яғни акционерлердің жалпы жиналысына қатыспайды. Он күн ішінде келтіруге тиіс мәліметтерді бермеген жағдайда заң акционерге жауапкершілік түрін анықтамайды және туғызбайды, бұл өз кезегінде акционерлік қоғамға біраз қиыншылықтар туғызады. Сондықтанға бұндай әрекеттерге белгілі бір жауапкершілік енгізу керек деп ойлаймын.
Ал, жалпы алғанда Акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер осы заманға талаптарға сай келеді деген тұжырымға келуге және акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін нормалардың дамуы экономиканың ілгері басуына, қоғамның өркениеттілігіне, мемлекеттің тұрақтылығына, жұмыссыздықтың азаюына алып келеді деген сенімім мол.
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.09.1995ж. Өзгертулер мен толықтырулармен. – 1998 ж. 07 қазан.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы және ерекше бөлім. Өзгертулер мен толықтыруларымен. «Жеті Жарғы», 2005.
- ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы. 2003ж. 16 мамыр.
- ҚР-ның «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңы 2003ж. 2-шілде.
- «Заңды тұлғалы мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. 1995ж. 17-сәуір. №2198.
- «Заңды тұлғалы мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР әділет министрлігінің ережесі. 23-сәуір. 1999ж. №66.
- ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы. 1998ж. 10-шілде. (Салыстыру үшін).
- ҚР-ның «Коммерциялық емес ұйымдары туралы» заңы. 2001ж. 16 қаңтар.
- Гражданское право. Том І под ред. Сулейменова М.К. Басин Ю.Г. Алматы, 2000.
- Акционерное права учебник. В.В.Долинская. Москва 1997ж.
- Гражданское право под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. Москва, 1997ж.
- ҚР-ның Азаматтық құқығы І том. Төлеуғалиев Ғ.И. 2001ж. Алматы, «Дәнекер».
- «Акционерное общество» учебник. Могилевский С.Д. Москва, 2000ж.
- Басин Ю.Г. Юридические лица по ГК РК. Алматы, 1996ж.
- Сулейменов, Покровский, Кудяков, Жакенов. «Право и предпринимательства в РК». Алматы, 1994ж.
- Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в РК. Алматы, 1997ж.
- Климкин С.И. «Регистрация юридических лиц журнал. «Юрист» 2003ж. №6.
- Диденко А., Нестерова Е. «Порядок установления место нахождения отсутствующих акционеров и выплата им дивидендов» «Юрист» журналы 2003ж. №7.
- Ж.Б.Микаев. «Еще раз о правовом положений акционерных обществ с участием государства» «Юрист» журналы. 2003ж. №12.
- «Крупная сделка 2» «Юрист» журналы. 2003ж. №8.
- Гражданский кодекс Республики Казахстан (комментарий) под. ред. Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Алматы, «Жеті Жарғы», 1998 ж.
- «Советское Гражданское право» часть первая. отв. ред. В.А.Рязенцев. Москва, 1986 ж.
- «Гражданское право Казахской ССР» учебное пособие. Часть. І. Под. ред. Басин Ю.Г. Издательство «Мектеп», 1978 ж.
- «Советское Гражданское право» ІІ томах. Под. ред. О.А.Красавчикова. Москва, 1968.
- Гражданское и торговое право капиталистических стран. Под. ред. Васильева Е.А. Москва, 1993.
1 Акционерное право-учебник В.В.Долинская 27 бет.
1 Акционерная право. Учебник. – Долинская В.В. 28-29 беттер.
2 Акционерное право. учебник В.В.Долинская. 30-бет.
1 Акционерное право. Учебник. В.В.Долинская. 32-бет.
1 Акционерное право. Учебник. В.В.Долинская. 35-бет.
2 Акционерное право. Учебник. В.В.Долинская. 38-бет.
1 Акционерное право. Учебник. В.В.Долинская. 44-бет.
1 Акционерное право. учебник. Долинская В.В. 48-бет.
2 Акционерное право. учебник В.В.Долинская. 67-бет.
1 Акционерное право. учебник В.В.Долинская. 68-бет.
2 Акционерное право. учебник В.В.Долинская. 70-бет.
3 Акционерное право. учебник В.В.Долинская. 71-бет.
4 Акционерное право. учебник В.В.Долинская. 71-бет.
1 Акционерное право. учебник В.В.Долинская 78 бет
1 С.И. Климкин. Правовые формы предпринимательства в РК. 1998 93 б.
1 С.И. Климкин. Правовые формы предпринимательства в РК. 1997 14-16 бб.
2 [1] Акционерлік қоғамдар туралы (98 ж.) заң, 4 бап.
1 Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы, (2003) 4 бап.
.
1 Акционерлік қоғамдар туралы (98 ж.) заң, 30 бап.
2 Акционерлік қоғамдар туралыҚР-ның заңы, (2003) 12 бап 3 т.
1 ҚР Азаматтық Кодексінің 85-бабы. І т.
1 ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңының 3 б. 3 т.
2 ҚР-ның Коммерциялық емес ұйымдары заңының 2-б.
3 ҚР-ның Акционерлік қоғамдар туралы заңының 4-б., 1т.
1 ҚР Азаматтық Кодексінің 139-б., 1 т.
1 ҚР-ның Бағалы қағаздар рыногы туралы заңының 22-б., 2т.
1 Акционерлiк қоғамдар туралы заңның (2003 ж) 25 б.
1 Акционерлiк қоғамдар туралы (2003 ж) заңның 26 б.
1 Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32 б. 1 т.
2 ҚР-ның азаматтық кодексінің 40 б.
3 Гражданское право том 1 Под. ред. Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. 119-120 бб.
4 ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңының 5 б. 1 т.
1 ҚР-ның азаматтық кодексінің 87 б.
2 Гражданское право том 1. Под. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю. 151-152 бб.
1 ҚР-ның Акционерлік қоғамдар туралы заңының 10-бабы.
1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң
2 ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 45 бабы.
[3] Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы 82б.
1 ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңының 88 б. 2 т.
1 Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы 37-бабы.
1 ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңының 41 б.
1 Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы 69-бабы.
1 Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы 71-бабы.
2 Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы 73-бабы.
1 Акционерлік қоғамдар туралы ҚР-ның заңы 76-бабы.