«Ауаны ластау қылмысының құқықтық сипаттамасы»
тақырыбы бойынша дипломдық жұмысына
Сын пікір
Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері – атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі.
Бүгінгі таңда экология мәселелері өзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін көздеп отыр.
Дегенмен де бұл жұмыстың кемшіліктері жоқ емес, олар төмендегідей:
- Дипломдық жұмыс орындаушы, жұмысты жазу барысында тәжірибелік материалдарды аз қолданған.
Бірақ, жоғарыда көрсетілген сын ескертпелер жұмыстың құндылығын төмендетпейді және дипломдық жұмыс жоғарғы бағаға лайық деп есептеймін.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….6
1 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының объектісі…………………………9
1.2 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының субъектісі………………………22
2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының объективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері……………………………………………………………………….41
2.2 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының субъективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері…………………………………………..…………….53
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ……………………………65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері – атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі. Табиғат қазынасы – шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен шығармауымыз, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған.
Мемлекетімізде атқарылып жатқан экологиялық саясатқа байланысты әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың мақсаты мемлекеттік маңызды шешімдерде және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев бекіткен 2030 –жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясының “Экология және табиғи ресурстар стратегиясы” бөлімінде көрініс тапқан. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян. Еліміз өз егемендігі мен тәуелсіздігін жария етіп, бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындап, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Табиғи байлықтарға қатысты халқымыз айрықша құқықтарға ие бола отырып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға және еліміздің әл-ауқатын арттыру мақсатында қажетті негіздерді қалыптастырды. Еліміздің, шынында да демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуы және оның ең қымбат қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандықтары деп Конституциямызда көзделген [1,4б.].
Бүгінгі таңда экология мәселелері өзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін көздеп отыр. Бұған дәлел, Ата Заңымыздың 31-бабында көзделгендей, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар екендігі айқындалған. Елбасының Қазақстан халқына ұзақ мерзімді Жолдауында төртінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты деп атап көрсетілген. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
- ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру;
- нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;
- темекі мен алкоголды тұтынуды қысқарту;
- әйел мен баланың денсаулығын жақсарту;
- тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту делінген [2,13б.].
1993 жылдан 2000 жылға дейін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негізінен өндіріс құлдырауының есебінен 5,1 млн тоннадан 3,2 млн тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 – 3,4 млн тонна деңгейінде тұрақтандыруға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманы жаппай енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мұндай тетіктерді одан әрі жетілдіру 2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді [3,5б.].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экологиялық жүйеде қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қалыптасқан табиғат объектісі-“атмосфералық ауаның” ластануының мәселелері әрқашанда қозғалып, қазіргі таңда өзекті де даулы әңгімеге айналып отыр. Осы мәселені монографиялық деңгейде зерттеп, өз еңбектерін жарыққа шығарған ТМД атақты ғалым-заңгерлері М.М. Бринчук, Т.А. Бушуева, Е.В. Виноградова, Р.Х. Габитов, С.Б. Гавриш, П.С. Дагель, О.П. Дубовик, А.Э. Жалинский, Э.Н. Жевлаков, О.С. Колбасов, Ю.И. Ляпунов, Н.И. Малышко, Г.И. Осипов, А.М. Плешаков, В.В. Петров, П.В. Повелицина, В.Д. Пакутин және т.б. Қазақстандық ғалымдар Е.О. Алауханов, А.Н. Ағыбаев, Н.М. Әбдіров, Д.Л. Байделдінов, С.Б. Байсалов, А.Е. Еренов, Ү.С. Жекебаев, Е.І.Қайыржанов, Ә.Х. Меңдіғұлов, Н.Б. Мухитдинов, М.С. Нәрікбаев, Е.Н. Нұрғалиева, Р.Т. Нұртаев, Е.Ә. Оңғарбаев, А.С. Стамқұлов, К.А. Шайбеков құқықтық аспектілерін жетілдіріп және қылмыстық-құқықтық аспектілерін жетілдіруде заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің «Экологические преступления: понятие и виды, квалификация» атты докторлық диссертациясы және С.М. Құстаулетовтың «Уголовно-правовая и криминологическая характеристика засорения, загрязнения и истощения вод, порчи земли и загрязнения атмосферы» атты кандидаттық диссертациясы және заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л. Байделдіновтың атмосфералық ауаның экологиялық-құқықтық қорғалуы туралы монографиялық деңгейдегі зерттеуі осы ғылыми тақырыпты қозғауға өз септігін тигізді. Алайда, атмосфераны ластау қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларын, қылмыстық жауаптылық проблемаларын қарастыратын, жаза мәселелеріне қатысты, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жетілдіруге байланысты тиянақты ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстары еліміз тәуелсіздік алғалы жүргізілмеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – атмосфераны ластаудың қылмыстық-құқықтық аспектілерін және криминологиялық элементтерін зерттеу, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде оның маңыздылығын арттыру жолын қарастыру және оны жетілдіру мәселелерін анықтауды мақсат тұтады.
Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер туындайды:
— Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабымен көзделген атмосфераны ластау қылмысының жекелеген белгілерін ашу;
— Экологиялық қылмыс ұғымын заңды түрде бекітуге талпыныс жасау;
— Экологиялық қылмыстылық ұғымына және оның элементтеріне (затына) түсінік беру мен оның белгілерін айқындау;
— Экологиялық қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімді айрықша шаралар кешенін құқық қорғау органдарына ұсынумен байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу;
— Қылмыстық заңнама тұрғысынан атмосфераны ластау қылмысының қоғамдық қауіптілігін талдау және оны айқындау;
— Зерттеліп отырған процестің заңдылықтары мен үрдістерін анықтау;
— Экологиялық қылмыстарды, оның ішінде атмосфераны ластауды ескерту және алдын алу шараларын іздеу және осы тараптағы ұсыныстарды енгізу, сондай-ақ себептілік кешен ұғымын анықтау мен қарастыру;
— Атмосфераны ластаудан қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың кейбір аспектілерін жетілдіру бағыттарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер, теориялық негізін қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан отандық ғалымдардың еңбектері қалады. Тақырыпты зерттеу барысында, жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық-материалистік заңдарын, логикалық, салыстырмалы, жүйелі әдістерін басшылыққа алып, жеке ғылыми -әлеуметтік және психологиялық, сондай-ақ жеке ғылыми әдістерге соның ішінде, сауалнамалық сұрау жүргізу әдістеріне жүгіндік. Деректік эмпирикалық материалдың аздығына байланысты зерттеудің әдістемесі негізі сондай-ақ гипотеза, анализ, синтез, индукция, дедукция сияқты теориялық әдістерден құралады.
Зерттеудің объектісі мен заты. Зерттеудің объектісі – атмосфераны ластағаны үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық заңнама нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 282-бабымен жауаптылық көзделген норманың қылмыстық–құқықтық белгілері мен оның криминологиялық сипаттамасының аспектілері осы ғылыми зерттеудің заты болып табылады.
- АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының обьектісі
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстармен тиімді күресу үшін құқықтық негіз болып табылатын табиғатты қорғау нормаларының кең ауқымды жүйесін қамтиды. Құқықтық қорғау объектісінің біртектілігі мен маңыздылығына сүйене отырып, Қазақстанның қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесінде экологиялық қылмыстардың құрамын анықтайтын нормалар топталған жеке тарауға бөлінді. Алайда, Қылмыстық кодекс «Экологиялық қылмыс» деген ұғымның нормативтік анықтамасын бермейді. Ал бұл ұғымның тұжырымы іс жүзінде жүзеге асырылатын көптеген мақсаттарға қол жеткізу үшін өте маңызды. Экологиялық қылмыстың жалпы түсінігіне бірқатар белгілерге тән түрлік мағынасы жатады. Әдебиетте қылмыстық заңда көрсетілгендей, қылмыстың жалпы белгілеріне сәйкес, қол сұғушылықтардың анықтамалары берілген. Әдетте, олар қылмыстық іс-әрекет объектісінің анықтамасымен байланысты немесе одан туындайды .
1980 жылы В.Д. Пакутин ғылыми әдебиетке енгізген «Экологиялық қылмыс» терминін табиғатты қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдануын талдаған 1972 жылғы КСРО – ның «Жоғарғы сот Пленумында О. С. Колбасов алғаш рет «Экологиялық құқық бұзушылық» деп қолданған еді. Бұл мәселе «Мемлекетті экологиялық тазартудың шұғыл шаралары туралы» (1989ж.) КСРО – ның Жоғарғы Кеңесінің Қаулысында да қозғалды, бірақ шешілмеді. Әр түрлі қылмыстардың ұғымын заңды анықтау қажетсіз дегенге қарсылықтардың туындайтын біле тұрып, ерекшелігіне ғалымдар мен тәжірибешілер күмәнданып, көптеген жылдар бойы талдау жүргізілгеннен кейін әскери қылмыстарға қатысты даулы сұрақтар өзінің теориялық шешімін тапқанмен, заң шығарушы әскери қызметке қарсы қылмыстар тарауында әскери қылмыс (ҚР ҚК 366-бабы) ұғымын қарауды мүмкін деп ойлады. Осыған қоса, мүлікке қарсы қылмыстардың маңызды түрлік белгілерін анықтау үшін ҚР ҚК 175- бабындағы ескертуде «ұрлық» ұғымына анықтама берілген. Экологиялық қылмыстардың ерекшеліктерін және олардың ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормалар жүйесінде орын тапқанын ескере отырып, экологиялық қылмыс ұғымын заңды тұрғыда бекіту қажет деп ойлаймыз. Анықтаманы беру кезінде біз барлық экологиялық қылмыстарға бланкетті диспозициялар тән екенін ескердік. Бұл дегеніміз – іс — әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыстық нормалардан басқа да құқықтық нормаларға жүгіну қажет. Экологиялық қылмыс құрамдарының анализі ҚР ҚК экологиялық қылмыстар деп саралауға мүмкіндік беретін табиғи объектілерге зиян келтіру нәтижесі қоғамдық қауіпті салдарға әкеп соқтыруы міндетті деп көрсетті.
Солайша мысалы, ҚР ҚК 282-бабы («Атмосфераны ластау») бойынша қылмысты саралау кезінде мыналарды қолдану қажет: ҚР «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі, ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, 1997 жылғы ҚР «Қауіпсіздік туралы» заңы және тағы басқалар. Дұрыс саралау үшін төменгі шарттардың болуы қажет:
— Іс-әрекет белгілі бір нормативтік табиғатты қорғау туралы актінің нормаларын бұзу керек;
— Іс-әрекет жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балықтар қорына, орман немесе ауылшаруашылығына, адамның денсаулығына немесе өміріне зиян келтіруі керек.
Құқыққа қайшылық және жазаланушылық белгілері қосымша регламентацияны қажет етпейді, себебі бұл белгілер кез келген қылмысқа міндетті түрде тән болады. Дәл сондай белгілер экологиялық қылмыстардың басқа құрамдарында да болуы тиіс.
Е.В. Овчаренконың көзқарасы бойынша, экологиялық қылмыс болып табиғатты қорғауға байланысты заңнама нормаларын бұзатын және кез келген табиғи объектіге зиян келтіретін қылмыстық іс-әрекет саналады. Біздің ойымызша, бұл анықтамамен келісу қажет–ақ, себебі ол бүгінгі күндегі құқықтық сана мен құқық түсінушілікке сай келеді.
Әрбір қылмыс әр түрлі жағдайлармен және фактілермен қосарлана жүреді. Кейбіреулерінде қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болса, басқаларында ол кездеспейді. Қылмыстық-құқықтық мағынаға қылмыс құрамының сәйкес белгілері бар әрекет саралауға маңызды. Қылмыстық істің фактілік жағдайларын анықтағаннан кейін қылмыстық-құқықтық норманы таңдау керек. Бұл салыстыру қылмыс құрамының барлық элементтері бойынша жүзеге асырылады. Ортақ ереже бойынша саралау процесі қылмыс объектісін анықтаудан басталады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады. В.Г. Смирновтың пікірі бойынша “Құқықтық тәртіп шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың өзінше бір құқықтық қабаты ретінде қылмыс және басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұрғыдан келгенде, ол қылмыстық –құқықтық қорғау объектісіне енуі тиіс.
Отандық жетекші ғалымдардың бірі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов қылмыс объектісінің материалдық және формалдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса, формалдық жағы ол мүддені жауып, бүркемелеп тұрған құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ, сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”-деп атап тоқталады. Демек, оның ойынша қылмыстың объектісін анықтау үшін кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталу керек. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі, екіншіден, қандай құқықтық норма бұзылды?. «Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі қажет, әйтпесе, ол қылмыс объектісі болмайды» . Н.И.Коржанский нормативистік теорияға өз қарсылығын білдіріп, төмендегі негіздерді ұсынды: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық қатынастарға, кейбір жыныстық қатынастар қоғамдық тәртіпке қол сұғады, екіншіден, қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір сүреді.
“Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда қарсылықты профессор А.В. Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылысы ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да профессор А.В. Наумов қоғамдық қатынастар идеясынан бас тартып, XIX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және әлеуметтік мектептерінде іргесі қаланған құқықтық игіліктер теориясына оралуға шақырады [4, 664б.]. Десек те, Н.И. Коржанскийдің пікірі бойынша, адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды екендігін түсіну мүмкін болмай қалады. Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлдем бас тартуға болмайды, өйткені, айталық әрекетсіздік арқылы жасалатын, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру қылмыстарының адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын, егер қоғамдық қатынастар жүктелетін міндеттер болмаса, қайдан туындағанын қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар арқылы жүктелетін міндеттер жауап береді. Көрнекті ғалым, профессор А.Н. Ағыбаевтың пікірінше, “Қылмыстың объектісі деп сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз” деп тұжырымдаған [5, 320б.] Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше. Осыған орай, қылмыстық құқық бойынша, қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды. Қылмыстық заңмен қол суғұшылықтардан корғалатын қатынастардың тізбегі Қылмыстық Кодекстің міндеттерін айқындайтын 2- бабында атап көрсетілген. Кез келген қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғалмайды. Мысалы жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынастар отбасылық құқық нормаларымен қорғалады, қарыз беруші мен борышқор арасындағы қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, жұмыс беруші мен еңбекшінің арасындағы еңбек қатынастары Еңбек туралы заңдармен қорғалады. Сондықтанда, қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп келтіретін немесе қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстың объектісі ретінде танылады. Қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың өзі тарихи өзгермелі сипатта болып отырады. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып танылатына байланысты артуы немесе кемуі мүмкін. Мысалы, бұрын қылмыс қатарында болмаған компьютерлік ақпаратқа кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚР ҚР227-бап) жаңа заң бойынша қылмыс, ал бұрын қылмыс болып саналатын екі немесе көп әйел алушылық, алып сатарлық жаңа заң бойынша қылмыс емес, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға жатпайды. Сондықтанда, ҚР ҚК 2-бабыбының 2-бөлігінде (осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті, қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады деп көзделген). Мұның өзі қолданылып жүрген қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың жалпы объектісі болып танылғанын көрсетеді. Қылмыс объектісіне қол сұғуға қатысты мәселеге Н.И. Коржанскийдің жеке монографиясы арналған, қылмыс объектісінің жалпы сұрақтарына байланысты Н.Д. Дурманов, Н.И. Загородников, Н.Д. Шаргородский, А.А. Пионтковский, Я.М. Брайниннің, ал арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және т.б.
Отандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржановтың еңбектері және оның бірқатар ізденушілерінің зерттеулері арналып жарық көрген, отандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.О. Алауханов “Қылмыс объектісі дегеніміз- қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан зиян шегетін құндылық” деп пайымдайды [6, 272б.]. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтан да қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық та, тәжірибелік те маңызы ерекше, қылмыстың объектісін дұрыс анықтау қылмысты саралау барысында ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға үлкен септігін тигізеді, себебі қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне әрқашанда өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады.
Кеңестік заң әдебиетінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмыстық іс-
әрекеттерден қылмыстық заң арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар деп анықталды. Дегенмен, бұл көзқарас абсолютті даусыз деп мойындала алмайды, себебі қызмет пен байланыс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар ретіндегі қоғамдық қатынастар деп түсіндірілетін қылмыс объектісінің теориясы жүзеге аспайды. Бұл «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» ретінде адамды марксистік қабылдауды негізге ала отырып, кеңестік қылмыстық құқық ғылымында тұлғаға қарсы қылмыстың объектісі–адамның өмірі, денсаулығы, намыс пен абыройы, қадір–қасиеті емес, бұл құндылықтар жөніндегі қоғамдық қатынастар болды, яғни адам қылмыстық-құқықтық нормалардың қорғауына биологиялық түр ретінде емес, белгілі бір әлеуметтік құндылықтардың иесі ретінде қойылды. Табиғатты қорғау қоғамдық қатынастардың призмасы арқылы жанама түрде, белгілі бір мүддені қорғау ретінде жүзеге асырылады. Қылмыс объектісін осылай ұғу абсолюттік құндылықтардың дәрежесін түсіретіндігі анық, сол себептен бұл ұғым әмбепап болып саналмайды. Қылмыстық құқықтың классикалық мектебінің шеңберіндегі өткен ғасырдың соңында пайда болған қылмыс объектісінің теориясына қайта оралу мүмкін болып табылады.
Құқықпен қорғалатын өмірлік мүдде деп қылмыс объектісін анықтай отырып, төңкеріске дейінгі ресейлік қылмыстық құқықтың ірі өкілі Н.С. Таганцев қылмысты «Белгілі мемлекетте, белгілі кезде норма арқылы қорғалатын өмір мүддесіне қарсы іс-әрекет үшін басқа шаралардың болмауынан, мемлекет қылмыскерді жазалауға мәжбүрлейтін әрекеттер» деп анықтады. Сонымен, қылмыс объектісі деп қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған және қылмыстық заң қорғайтын мүддені санаған дұрыс болады. Бұл мүдделердің маңыздылығы мен елеулілігі мемлекет осы «мүддені» қорғауға қолданылған шаралар арқылы анықталады.
Қылмыс объектісі туралы ілімде объектілерді топтастыру маңызды орын алады. 1938 жылы В.Д. Меньшагиннің ұсынысы бойынша, объектілерді жалпы, тектік, тікелейге бөлу таралған. Үш деңгейге бөлуге – Ерекше бөлім –Ерекше бөлімнің тарауы–қылмыс құрамы–қорғау объектісін үш деңгейлік бөлу сәйкес келеді: жалпы объект, тектік объект, тікелей объект». Алайда, бұл мәселе бойынша бір ғана көзқарас бар деп айтуға болмайды. Қазіргі кезде объектілерді жалпы, тектік, тікелейге бөлу көзқарасын көпшілік мойындайды, бірақ 60-жылдардың басында объектілердің бұл үштігі тек қана тұлғаға қарсы қылмыстарға пайдаланылды. Дегенмен, бұл бөлу соңғы болып табылады ма?
Қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыс объектілерінің жаңа топтастырылуын іздеу қажет емес, себебі құқықты жүзеге асыру және құқықты қолданудағы барлық негізгі мәселелерді шешу осы үштік арқылы жүргізіледі. Бірақ, қазіргі кезде ҚР ҚК Ерекше бөлімінің құрылымының өзгеруі себебінен зерттеуші алдында тағы бір объектінің бар болуын анықтау қажеттілігі туады. Жаңа Қылмыстық кодекстің құрамында бөлімдер ғана емес, сонымен бірге тараулардың болуы шарт болғандықтан, қылмыстың объектісінің бөлігі бола тұрып, бөлім ішінде қылмыстарды тарауларға бөлу үшін негіз болатын объектінің тағы бір түрін қолдану дұрыс болады. Бұл идеяны көптеген ғалымдар қолдайды, мысалы, В. Я. Таций бұл идеяда «Тәжірибелік мағынасы бар және ол белгілі бір қылмыстар топтарының жүйесін құру кезінде пайдаланыла алады», деп есептейді. Л. Л. Кругликов «Тігінен» топтастыру объектілердің төрт категориясын қамту керек деді: жалпы, тектік, түрлік (топтық) және тікелей. Біріншісінен басқаларда үш мағына бар: біріншіден, қатынастар мен объектілерге қол сұғушылық болғанда, заң шығарушыға оның қоғамдық қауіптілігінің сипатын анықтауға мүмкіндік береді, екіншіден, жауапкершілікке әкеліп соқтыратын қылмыстар мен нормалардың ғылыми және заң шығарушы классификациясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, үшіншіден, ортақ объективті талаптарға бағынатын белгілі анықталған жүйе бойынша заң шығарушы материалды реттеуге негіз болады».
Ауаны қылмыстық ластау туралы айтқанда, қылмыстың жалпы объектісіне тоқталмаймыз, себебі ол барлық қылмыстарда бірдей болады және қылмыстық құқықтың міндеттеріне сәйкес келетін, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделердің жиынтығы арқылы анықталады. Топтық объект жалпының бөлігі бола тұрып, қылмыстардың біркелкі тобы және қол сұғылатын біркелкі мүдделер тобы болып есептеледі. Топтық объект Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тарауларға бөлінуінде негізге алынған. Барлық экологиялық қылмыстардың топтық объектісі деп экологиялық қауіпсіздік пен экологиялық құқықтық тәртіпті санауға болады, себебі қауіпсіздік және оны қамтамасыз ету туралы жалпы ұғым 1998 жылы «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында берілген. Ол «Тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өте маңызды мүдделеріне қауіп төнген кездегі экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар жүйесі» болып табылады. Экологиялық қауіпсіздікті әлеуметтіктің (ортақ қауіпсіздіктің) құрамдас бөлігі деп есептеуге болады. «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзгеде әсерлер салдарынан туындайтын қауіпқатерден қорғалуының жайкүйі» [7, 3б.].
Бұрын өз күшінде болған КССР Қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыс үшін жауапкершілік туралы арнайы бөлімнің болмауына қарамастан, қылмыстық құқық теориясында бұл қылмыстардың топтық объектісі жөнінде белсенді даулар жүрді. Бұл даулар көбінесе топтық және тікелей объектінің талдауына байланысты болды. Бірақ, экологиялық қылмыстардың топтық объектісі табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану туралы қатынастар (экологиялық құрылымдардың көбі «Шаруашылық қылмыстар» деген 6- тарауда көрсетілген), қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік (КССР – дің ҚК 223, 230 баптары) туралы қатынастар да бола алады, яғни Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір тарауының шеңберінде екінші қосымша объект туралы сөз қозғау тиіс болды, бірақ пайдасы болмады. Әрине, барлық экологиялық қылмыстар үшін белгілі тікелей объектіні алдын–ала білу арқылы бұл жағдайдан шығуға мүмкін еді, бірақ онда барлық экологиялық қылмыстарда ортақ тікелей объектінің болуымен байланысты тағы бір қиындық туа алды, яғни, балық аулау кәсібімен заңсыз айналысқанда (КССР – дің ҚК 163-бабы) континенталды шельф туралы заңды және радиоактивті материалдарды сақтау мен қолданудың ережелерін бұзған кезінде қылмыскер қылмыстық-құқықтық қорғаудың сол бір тікелей объектісіне қол сұғушы еді, ал бұл дұрыс деп саналмайды.
Заң шығарушымен бір бөлімге жинақталған барлық қылмыстарда топтық объект болады. Белгілі топтар бойынша бір бөлім шеңберінде қылмыстарды бөлу тұрақты белгілер негізінде өту керек. Жалпы объектінің құрамдас бөлігі ретінде түрлік объектінің негізі болады. Солайша, мысалы, ресейлік авторлардың Қылмыстық құқық оқулықтарында Ерекше бөлім шеңберінде халық денсаулығы, компьютерлік мәліметтермен жұмыс кезіндегі қоғамдық тәртіп, экологиялық құқықтық тәртіп пен экологиялық қауіпсіздік сияқты түрлік объектілер қарастырылады [8, 792б.].
Объектінің ішінде түрлікті бөле тұрып, экологиялық қылмыстардың объектісіне байланысты болған даулар түрлік объектіге қатысты екенін айтуға болады. Қылмыстық құқық теориясында экологиялық қылмыстардың объектісіне экологиялық құқықтық тәртіп деп қарастыруға болатын табиғи ресурстарды қолдану жүйесі жатады деген көзқарас айтылды. Бірақ, қылмыс жасалғанда кейбір ережелер (белгілі бір қызметті реттейтін нормативтік актілер) бұзылды деген сөз қоғамдық өзін-өзі ұстау тәртібі рұқсат етілгеннің шекарасынан шықты және ережелерде көрсетілген тәртіпке сай келмейтінін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыстық қол сұғушылық заңмен қорғалатын белгілі бір мүддеге қарсы емес, құқықтық бұйрыққа қарсы жасалады. Экологиялық құқықтық тәртіп дегеніміз – табиғи байлықтарды қолдану және қорғаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі, яғни ережелерде, бұйрықтарда заңды бекітілген табиғатты пайдалану қатынастары. Б.А. Бушуева мен П.С. Дагель экологиялық қылмыстың объектісі ұғымын сараптай отырып, оны «Адамзат қоғамының өмір сүруі мен қызметінің негізі ретіндегі қоршаған ортаға байланысты адамдар арасындағы кәдімгі қатынастар» деп анықтады. Айтылған қоғамдық қатынастар «адам – қоршаған орта» жүйесінің қызмет етуін растайды, соның ішіне табиғи ресурстарды пайдалануды да, табиғатты сақтау мен қорғау үшін бағытталған адамның табиғатқа ықпалы да жатқызылады».
Табиғатты қорғаудағы қылмыстық қол сұғушылықтар табиғи ресурстарды ұтымды қолдану (сақтау, өндіру, жақсарту) көзқарасынан талқыланады. ҚР–нда табиғатты қорғаудың заң шығаруы белгілі табиғи объектілерді, орман массивтерін, ауа, су, жануарлар дүниесін сақтау мақсатымен шаруашылық иелерінің және табиғат ресурстарын басқа тұтынушылардың құқықтарын шектеуден құрылды.
Бүгінгі күнге дейін іс жүзінде қылмыстық құқық теориясында ресурстарды сақтау басымдылығы туралы көзқарас негізгі, басты болып келеді. Бұл көзқарас, біздің ойымызша, бірнеше себептерден дұрыс емес болып саналады:
— біріншіден, табиғи байлықтарды тиімді, ұтымды пайдалану олардың белгілі шаруашылықтық мүдделерге бағынуын білдіреді. Осылайша табиғатты қорғау іс жүзінде екінші орынға жылжиды немесе жай ресми мәлімделеді. Мұны экологиялық қылмыстардың ресми статистикасында бірінші орынды «браконьерлік іс» алатынынан көрінеді. Жауапкершілік туралы нормалар табиғи ресурстарды заңсыз қолданған қылмыстар кезінде пайдаланылады да, табиғи ортаға және экологиялық қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін жауапкершілік туралы нормалар қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары болғанына қарамастан, кей кездерде ғана қолданылады.
— екіншіден, табиғатты қорғау заң шығарудың бүкіл тарихында табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану нормативтік актілердің төмен сапасы, келісімге келмеушілік себептерінен қамтамасыз етілмеді. Мысалы, су мен ауаны ластау үшін жауапкершілік туралы КССР ҚК 223-бабы (1960ж.) іс жүзінде аз қолданылғаны, ол негізделген диспозициялардың және кейбір салалық нормалардың нақты тұжырымдалмағанымен түсіндіріледі. Бұл баптың сирек пайдаланылатынының тағы бір себебі – заң бұл экологиялық қылмысты тұрақты нормативтермен, дәлірек айтқанда, ауа сапасының критерийі ретіндегі зиянды қосындылардың шекті рұқсатты концентрацияларымен (ШРК) байланыстырады [9, 26б.].
Алайда, бұл көзқарас ауаның токсикологиялық жағдайын толық көрсетпейді. Біріншіден, бірқатар өте зиянды заттардың себебінен ШРК әлі күнге дейін анықталмады, ал мамандардың есептеуі бойынша бір қосындының ШРК-сын анықтау үшін бір – екі жыл жұмыс және көп материалдық шығын қажет болады. Екіншіден, бақылаушы органдар ауа үлгілеріндегі зиянды қосындылардың аз мөлшеріне ғана зерттеулер жүргізе алады. Талдау табиғатты қорғаудың заңнама нормалары сирек емес, бір–біріне қарама – қайшы келетінін, нақты тұжырымдардың болмауын, керексіз шектеулердің болуын, өзінің іс-әрекеттер, қызмет аясына кірмейтін қоғамдық қатынастарды реттейтінін көрсетті [10, 53 б.].
Экологиялық қылмыстардың түрлік объектісі ұғымын дамыта отырып, В.В. Петровтың экологиялық қылмыстардың түрлік объектісі деп «табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану адам және тағы басқа тірі ағзалар үшін сапалы, жағымды табиғи ортаны сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қылмыстық заңмен қорғалған кешенді қоғамдық қатынастар» деген көзқарас дұрыс деп санауға болмайды, себебі бұл көзқарасты қабылдасақ, біз жағымсыз табиғи ортаны қолдану бойынша қатынастарды құқық реттемейді дегенді мойындаймыз. Бұл жағдайда адам үшін жайлы емес Арктика және Антарктиканың табиғаты немесе ғарыш қалай қолданылады?
Экологиялық қылмыстардың мәні туралы соңғы кезде басқа да пікірлер жүр. Дәлірек, талданып жатқан іс — әрекеттердің объектісі «қызметтің тікелей негізі ретінде қоршаған ортаны пайдалану және тағы басқа әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша адамның өмір қызметін қамтамасыз ету үшін ұтымды орындалуын қажет ететін фактілік қоғамдық қатынастардың күрделі, біртұтас кешені, олардың құқықтық формасының және материалдық субаппараты деп анықталады. Бұл күрделі және кейбір қатынастарда даулы анықтама объектісі ретінде қоршаған ортаны қолдау бойынша адамның тиімді өмір қызметін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастар, дейді, мүмкін бұл көзқарас табиғатты тұтынумен байланысты қылмыстың объектісі туралы Т.А. Бушуева, П.С. Дагель, В.Д. Пакутин тарапынан білдірілген көзқарастарының орнын басушылық пен трансформациясының нәтижесі болып келеді.
Бұрынғы қылмыстық заң қорғаған экология саласындағы әлеуметтік құндылықтардың иерархиясын ескере отырып, бұл туралы білдірілген ойларды талдай тұрып, өмір сүру ортасымен байланыстағы адам мен қоғамның тиімді өмір қызметі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ететін қоғамдық экологиялық қатынастар бұрын айтылған қылмыстардың объектісі болып саналады деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, бұл – қолайлы қоршаған ортаға құқық туралы қатынастар. Денсаулық пен аман – саулықтары үшін жағымды қоршаған табиғи ортаға әрбір адамның құқығы бар екені ұсынылған құқықтық принциптерде көрсетілді, қоршаған орта мен даму бойынша Халықаралық комиссияның баяндамасында бұл идея орын алды. Бұл идея экологиялық қатынастарды кең мағынада реттейтін Қазақстан Республикасы бірқатар заңдарын жасау кезінде қолданылды. Бұл мәселені қарастыру кезінде мемлекеттік, халықаралық және экологиялық құқық бойынша әдебиетте басқа да ұғымдар кездесетінін байқауға болады: қолайлы табиғи жағдайларда өмір сүруге құқық, қоршаған ортаның жағымды жағдайда болуына құқығы, қауіпсіз қоршаған ортаға құқық және бұл ұғымның синонимдері деп қарастыруға болатын тағы басқа ұғымдар [11, 134б.].
Біздің ойымызша, қолайлы қоршаған табиғи ортаға байланысты құқық мазмұны өте кең ауқымды. Ол адамдардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуға, мемлекеттік органдар өз шешімдерін негіздейтін және қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістер туралы ақпараттарға қол жеткізу, бұзылған құқықтар мен шаруашылық–экономикалық шешімдердің тура немесе жанама ықпалынан экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды қалпына келтіру үшін және өтемақыға байланысты сотқа жүгіну құқығы және т.б..
Әрине, қолайлы қоршаған ортаға құқықты қамтамасыз ету қажеттігін қабылдай отырып, экологияны адам мен қоғамға жағымсыз әсерден қорғау деп қана қарастырсақ, бұл проблеманың ауқымы қысқарады. Атақты ғалым-заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л.Бәйделдіновтың көзқарасын қолдай отырып, біздің пайымдауымызша да, адам тек қана табиғаттың бөлшегі, ал қоғам оның әлеуметтік құрамдасы. Биологиялық түр ретіндегі адамның тірі қалуын табиғатты ластау мәселесінен жасанды бөлу мүмкін емес. Бұл екеуі бөлек мәселе емес, ортақ болып саналады. Арнайы әдебиетте жиі кездесетін және қылмыстық-құқықтық ұғымда тұрақтанған «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау» және тағы басқа ұғымдар нақты проблеманың мәнін дұрыс ұқпауды білдіреді [12,210б.].
Экологиялық қылмыстық-құқықтық нормалар табиғатты қорғауға бағытталуы тиіс, ал адамды қорғау жанама түрде өту керек, себебі біз табиғатты қорғай тұрып, әрине, адамды да қауіпті қатерлерден қорғаймыз. Заң шығарушы экологиялық баптардың диспозицияларында жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балық қорларына және т.б. зиян келтіру салдарын алдын ала біле тұрып, осы жолмен жүрді делінеді, ал адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіру күшейтілген және ерекше күшейтілген құрам деп анықталалады [13, 324б.]
Осылайша, біздің пайымдауымызша, қылмыстық-құқықтық нормалардың қорғауында тек қана адамдар емес, барлық табиғи орта болады деп айтуға болады. Айтылған көзқарасты қолдайтын аргумент келесі бола алады: экологиялық қылмыстар тарауы заңнама түрінде алдын ала қарастырылды, егер адам қауіпсіздігі туралы айтылса, бұл нормалар тұлғаға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік тарауында өз орнын таба алушы еді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, экологиялық қылмыстардың, дәлірек айтқанда, атмосфераны қылмыстық ластаудың топтық объектісі деп табиғи орта мен оның барлық компоненттерін қамтитын бір – бірімен байланысты мүдделердің кешені деп анықталатын экологиялық қауіпсіздік, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтуға болады.
Біркелкі жалпылықтың нормативтік массивтен бөліну негізіне қол сұғушылықтың объектісі алыну тиіс деген қылмыстық құқық теориясы мен заңнама тәжірибесінде тұрақталған пікір тектік объект бойынша нормаларды жүйелеудің негізі болып табылады. Бұл жүйелеу қылмыстың әлеуметтік мәнін анықтайтын белгіге негізделеді. Түрлік объектінің болуы қол сұғушылықтардың объектісі бойынша біркелкі қылмыстардан маңызы және мәні бойынша жақын мүдделерге қауіп төндіретін іс-әрекеттер тобын бөлуге жағдай жасайды [14,792б.]. Мұндай мүдделерге экологиялық мүдделер жатқызыла алады, бұл оларды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жеке тарауға бөлінуіне негіз болады. Топтастыру негізіне қылмыс заты, сапалы қасиетін құрайтын тұрақты белгі және топтастырылған құбылыстардың ерекшелігі жатқызылады.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, экологиялық қылмыс құрамдарының қылмыс заты ретінде қарастырыла алады:
- табиғи экологиялық жүйелер, орман, өсімдіктер, жануарлар дүниесі, микроағзалар, генетикалық қор. Бұларға қол сұққанда қылмыскер биоэкологиялық мүдделерге қол сұғады (ҚР ҚК 280-бап. Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы; ҚР ҚК 287-бап. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу; ҚР ҚК 288-бап. Заңсыз аңшылық; ҚР ҚК 289-бап. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу; ҚР ҚК 291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу; ҚР ҚК 292- бап. Ормандарды жою немесе зақымдау);
- жер, оның қойнаулары, жерүсті мен жерасты сулары, жердің озон қабаты, атмосфера, табиғи ландшафттар. Бұл жағдайда геоэкологиялық мүдделер туралы сөз айтылуда (ҚР ҚК 281-бап. Суларды ластау, бітеу және сарқу; ҚР ҚК 282-бап. Атмосфераны ластау; ҚР ҚК 283-бап. Теңіз аясын ластау; ҚР ҚК 284-бап. ҚР құрылықтық шельфі туралы және ҚР айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы; ҚР ҚК 285-бап. Жерді бүлдіру; ҚР ҚК 286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу);
- егер қылмыс заты кешенді болса, онда бұл қылмысты биосфералық деп атау дұрыс болады (ҚР ҚК 277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы; ҚР ҚК 278-бап. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы; ҚР ҚК 279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы; ҚР ҚК 293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы; ҚР ҚК 294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау)[15].
Біздің ойымызша, Е.В. Овчаренконың экологиялық қылмыстарды биоэкологиялық, геоэкологиялық және биосфералыққа бөлу туралы жіктелуі ғылыми логика тұрғысынан қарағанда кемшіліктерсіз болып келсе, тәжірибешілер үшін қолайлы емес, себебі оған «жасанды» тән. В.В. Петров ұсынған басқа жіктеу қылмыстық заңнамада орын алған өзгерістер себебінен уақыт тексерісінен өте алмады. Ол – қылмыстарды құрамдары бойынша, негізділерге (қылмыстық қол сұғушылық объектісі табиғи объект болатын құрамдар –КССР ҚК 161, 163, 165, 223-баптары және тағы басқа), аралас (анықталған жағдайларда ғана экологиялық функцияларды орындайтындар – КССР ҚК 167, 199-баптары осыған қоймаларды, жерді өзінен — өзі иемдену жатады) және қосымша (белгілі жағдайларда экологиялық сипаттамаға ие болады, мысалы: билігін шектен тыс қолдану, т.б.). Бұл топтастыру бұрын күшінде болған заң шығару үшін жараса, қазір оның қолданылуы мүмкін емес.
Біз барлық экологиялық қылмыстарды төмендегілерге тікелей қол сұғушылыққа байланысты топтастыруды ұсынамыз:
- Экологиялық қауіпсіздікке қылмыстық қолсұғушылықтар;
- Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар;
- Халықаралық келісімдер және басқа мемлекеттердің табиғи ортасына зиян келтіру. Біздің көзқарасымыз бойынша, табиғатты қорғау саласындағы халықаралық келісімдерді бұзу ҚР ҚК ауқымынан шығады.
Бар топтастыруларды талдау қылмыстық құқық ғылымында кейбір авторлардың қылмыстық-құқықтық концепцияларды «жаңаша» құрастыру әуесі кеңестік қылмыстық-құқықтық мектебінің ең жақсы жетістіктерін мойындамауға әкелетіндігін байқауға мүмкіндік береді. Қылмыстарды табиғи – ресурстық және табиғатты қорғаушы деп бөлу ең түсінікті болып көрінеді. Экологиялық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстардың заты – табиғи ресурстар, табиғатты қорғау қылмыстарының заты – жалпы табиғи орта, оның құрамдас бөліктері. ҚР ҚК 11-тарауында көрсетілген қылмыстарды келесілерге бөлуге болады:
- экологиялық тәртіпке қол сұғатын қылмыстар – табиғи-ресурстық және браконьерлік;
- экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар – табиғатты қорғау.
Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі табиғи ресурстық қылмыстарына мыналарды жатқызуға болады: ҚР ҚК 277-бап.(Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы); ҚР ҚК 278-бап. (Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы); ҚР ҚК 279-бап. (Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы); ҚР ҚК 280-бап.(Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін ережелердің бұзылуы); ҚР ҚК 284-бап.(Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономиалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы); ҚР ҚК 286-бап.(Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу); ҚР ҚК 289-бап.(Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу); ҚР ҚК 290-бап.(Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер); ҚР ҚК 293-бап.(Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы); ҚР ҚК 294-бап.(Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау)
Браконьерлік қылмыстарға жатқызуға болады: ҚР ҚК 287-бап.(Су жануарлар мен өсімдіктерін заңсыз алу); ҚР ҚК 288-бап.(Заңсыз аңшылық), ҚР ҚК 291-бап. (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу).
Табиғатты қорғау қылмыстарына келесілерді жатқызуға болады: ҚР ҚК 281-бап (Суларды ластау, бүлдіру және сарқу), ҚР ҚК 282-бап (Атмосфераны ластау), ҚР ҚК 283-бап. (Теңіз аясын ластау), ҚР ҚК 285-бап (Жерді бүлдіру).
Экологиялық қылмыстарға олардың бір тікелей объектіге қол сұғу жағдайы тән. Осындай жағдайларда қылмыстардың қай топқа жататынын анықтайтын негізгі тікелей объект қылмыстық-құқықтық нормалар диспозициясында анықталатын қосымша тікелей объектіні және қол сұғушылықтың факультативті тікелей объектіні қылмыстық құқық теориясында бөлуге болады. Мысалы: ҚР ҚК 281-бабында көрсетілген қылмыстың негізгі тікелей объектісі экологиялық қауіпсіздік болады. Бірақ, қылмыскер бұл қылмысты жасағанда жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, орман және ауыл шаруашылыққа көп зиян келтіреді де экологиялық құқықтық тәртіпке қол сұғады. Бұл қылмыстың қосымша тікелей объектісі жеке тұлға да бола алады. Осы қылмыстың факультативті тікелей объектісіне тоқталсам, баптың диспозициясында, мысалы, мүліктік зиян келтіру туралы айтылмаса да, мүлік те бұл қылмыстың қосымша немесе факультативті объектісі бола алады.
Қылмыс объектісін сипаттағанда, қылмыс заты ұғымына да сипаттама беру қажет. Бұл жерде «белгілі объектіге қол сұғушылық жасай отырып, қылмыскер әсер ететін сыртқы дүниенің материалдық заттары» туралы айту керек. Көптеген ғалымдар қылмыс заты ретінде қоғамдық қатынастардың материалдық, заттай жағын көрсетеді. Зат–нақты зат, ал объект осы зат жөніндегі әлеуметтік қатынас. Қылмыс арқылы барлық уақытта объектіге зиян келтіріледі және бұл зиянды қалпына келтіруге немесе жоюға мүмкіндік бола бермейді, ал қылмыс заты көбіне қол сұғушылықтан жойылмайды, бүлдірілмейді, олай болған күнде оны қалпына келтіруге болады. Дегенмен де, бұл авторларға қарсылығымызды білдіре отырып, атмосфералық ауа бір орнында қатып тұратын табиғи газдардың қоспасы емес, ол үнемі қозғалыста екендігін естен шығармауымыз қажет-ақ.
Атмосфераны қылмыстық ластаудың заты деп атмосфералық ауаны санау керек болады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заң оны «қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті» деп анықтайды.
Қылмыс заты –кез келген қылмыс объектісінің қажетті, бірақ міндетті емес элементі, оған ықпал жасай отырып, қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіреді. Алайда, бірқатар авторлар, мысалға, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов затсыз қылмыс болмайды, кез келген қылмыстың заты болады деген де тұжырымдар айтады.
Қылмыстың бұл затына қосымша сипаттама беру қажет. Қарастырылып отырған қылмыстың заты туралы сөйлегенде заң шығарушының нақты анықтама бермегенін айту керек. Солайша 282-баптың атында атмосфера туралы айтылса, баптың диспозициясында салдарды сипаттағанда ауаны ластау туралы айтылады. Қылмыстық құқықтың теориясы қылмыс болуының негізгі шарты қол сұғушылық объектісіне зиян келтіру дейді, егер қылмыс затсыз түріне жатпаса, объектіге зиян затқа әсер ету жолымен тигізіледі, қылмыскер өзіне де зиян келтіреді. Мүмкін «атмосфера» мен «ауа» ұғымдарын қосуға болмайтын шығар. Біздің ойымызша, бұл қателік техникалық категориясына жатады және 282-баптың аталуына өзгерістер енгізу арқылы түзеле алады («атмосфераны ластау» деген баптың аталуын «атмосфералық ауаны ластауға» ауыстыру ұсынылады). Ауаны ластаудың жағдайларын зерттеу, ластау процесіне болжам жасау, атмосфералық ауа сапасының өзгеруіне болжам жасау, ластанған жерлерін табу, олардың көлеміне баға беру, ластайтын қосындылардың қозғалыс заңдылықтарын зерттеу табиғи орталарды фондық ластаудың мониторингінің негізгі мақсаттарына жатады, себебі атмосфералық ауаны ластау локальды процесс болмағандықтан, бүкіл табиғи ортаның, үстірт сулардың, жер қабаттарының, ормандардың, фаунаның ластануына әкеледі. Атмосфералық ауаны ластауды екі топқа – техногендік және табиғи деп бөлуге болатын әр түрлі факторлар ықпал етеді. Техногендік факторлар дегеніміз – қоршаған ортаға ластаушы қосындыларды шығарудың қайнар көздері. Ауа сапасының төмендеуінің және оның ластануының басқа себебі – химиялық құрамының өзгеруіне әкелетін әуе горизонтының жасанды емес аэродинамикалық талаптарының өзгеруі бола алады.
Ғалымдар арасында атмосфералық ауаның жоғарғы шекарасы және меншік нысанына қатыстылығы туралы сұрақ осы күнге дейін даулы болып қала береді. Атмосфералық ауаны үлкен мөлшерде ластау белгілі қауіпті төндіреді, себебі бақылау және тазарту мүмкін ауаның үстірт қабаттарға қарағанда атмосфераның жоғарғы қабаттары іс жүзінде тазартылмайды және қалдықтар орнына айналады. Ластануы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін атмосфералық ауаның жоғарғы шекарасын анықтау критерийі ретінде континенттер үшін 10000 метрге жуықты құрайтын бұлттар қабатының таралуының орташа биіктігін қабылдау дұрыс болады[16, 288б.].
Сонымен, біздің ойымызша, табиғатты қорғау қылмыстық заңнамасында (анықтамалардың біртексіздігі, ұғымдардың ортақ жүйесінің болмауы, нақты көрсетілген мемлекеттік тұжырымдаманың болмауы және тағы басқалар) бар заңнамалық проблемалар сот және тергеу тәжірибесінде бұл категория істерінің болмау жағдайларының қалыптасуында басым рөл атқарады, ал бұл осы қылмыс объектісінің анықтамасын беруге қиын болуымен байланысты екеніне көңіл бөлу қажет.
- Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының субъектісі
Қылмыс субъектісі болып, қылмыстық құқық бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл қабілеттілік екі жағдайда бұзылады:
- Егер тұлға белгілі бір жасқа жетпесе (Жалпы ереже бойынша 16 жас, бірақ ҚР-ның ҚК-ң 15-бабы 2-тармақта белгіленген тізім бойынша, кейбір қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі тұлға 14 жасқа толғанда жазаға тартылуы мүмкін. Бір де бір экологиялық қылмыс бұл тізімге енген жоқ, сондықтан атмосфераны ластауға байланысты қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған уақытта 16 жасқа толған тұлға тартылуы мүмкін.
- Сот тұлғаны есі дұрыс емес деп таныса, ол үшін екі критерийдің бар болуы керек – медициналық (созылмалы психикалық немесе уақытша психикалық ауытқушылықты, кемақылдық пен басқа да психиканың ауру жағдайының бар болуын болжайды) және заңды (іс — жүзінде мінез — құлқын тану және өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін және оны басқаруға мүмкіндігінің жоқтығын болжайтын) бар болуы шарт.
Қылмыс субъектісін сипаттағанда оның жауаптылығын анықтау және оған жаза тағайындау үшін қылмыскердің жеке басының белгілері маңызды рөл атқарады. “Қылмыс субъектісі” мен “қылмыскердің жеке басы” бір біріне жақын болғанымен, бірдей емес ұғымдар. Негізінен, “қылмыскердің жеке басы” ұғымы криминология ғылымының еншісінде, ал “қылмыс субъектісі” қылмыстық құқық ғылымында зерттеледі. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз-қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың жеке қатынастардың жиынтығы. Оған адамның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық, т.б.); оның өнегелік –саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллектілік, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, т.б.); оның демографиялық және жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық жағдайы); оның өмірбаяны мен өмірлік тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және т.б. қасиеттер кіреді. Бұдан ойға түйетініміз, “қылмыс субъектісі” ұғымы “қылмыскердің жеке басы” ұғымынан тар аспектіде қарастырылады, соңғысының ұғымы-кең.
ҚР-ның ҚК 15-бабында регламенттелгендей қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болуы мүмкін. ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылы маусымның 18 жұлдызында қабылданған № 1 нормативтік қаулысында: «Кез келген жеке тұлға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, соларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мен мемлекеттік емес, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамдар экологиялық қылмыстар субъектілері болуы мүмкін деп көзделген». Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда, еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса, жауаптылыққа тартылады. 1968 жылы жарық көрген М.Д. Шаргородский мен Н.А. Беляевтің қылмыстық құқық оқулығында былай делінген: “Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайда қылмыстық жазаның мақсаттары түзеу және жаңадан қылмыс істеуден алдын алу сияқты өзінің алдына қойған мақсатына жетпейді”. Алайда, теориялық жағынан, қылмыстық құқықта заңды тұлғаның жауапкершілік мәселесі дау-дамайлы болып табылады.
Экологиялық қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық–құқықтық санкциялар экологиялық зиянды өндіріс қызметінің барлық жұмысшыларына (тек қана нақты жеке тұлғаларға емес) экономикалық пайдасыз болуы керек. Одан басқа, лауазымды тұлғаларға айыппұл санкциялары бұзылған экологиялық балансты орнына келтіруге ықпал ете алмайды, себебі өндірілетін сомалар өте аз. Заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдар осы функцияларды орындауы мүмкін болар еді. “Айыппұл” санкциясын әкімшілік құқық шеңберінде шешу жиі ұсынылады: алайда, ҚР мамандандырылған прокуратурасының жүйесіндегі табиғатты қорғау прокурорлары әкімшілік құқық бұзушылық іс жүзіндегі сараптама айыппұл сомасы соңғы айда жұмысшылардың жалақы соммасын жоғарылатпағанын көрсетті. Көптеген жағдайларда 200- ден 500 теңге айлық есептік көрсеткішке дейінгі сома туралы айтылады, бұл табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Егер әкімшілік және азаматтық құқықта заңды тұлғалардың жауапкершілігі дәйекті болса, оны неге қылмыстық құқыққа қолданбасқа? Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық процесте заңдылық деңгейі әкімшілік және азаматтыққа қарағанда жоғары. Мұндай жағдайда экологиялық қылмыстан жәбірленушінің құқығын басқа сот формасына қарағанда көбірек сенімді қорғалады. Сонымен қатар, қылмыс мәселесі жөніндегі Еуропалық кеңес еуропалық мемлекеттердің заң шығарушыларына заңды тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің субъектісі деп тануды ұсынғанын ескеру қажет. Бұл ұсыныс бірнеше елдердің заңдарында іске асырылған (мысалы, Ұлыбритания , Франция және басқалар). Нью-Йорк штатының (АҚШ) қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыс үшін корпорациялардың (басқа да заңды тұлғалардың) қылмыстық жауапкершілігін қарастырады. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бұрын да тәжірибеден өткенін еске сала кету қажет мысалы, фашистік қылмыскерлерді айыптау бойынша Нюрнберг процесі кезінде Халықаралық Трибунал тек жеке тұлғаларды ғана емес, бүкіл партияларды, тіпті, елді қылмыскер деп жариялады. Бостандығынан айыру түріндегі Чернобыль трагедиясының бірнеше нақты кінәлілерді жазалау табиғатты қорғау деп айтуға болмайды. Заңды тұлғаларды экологиялық қылмыстың субъектісі ретінде анықтаудың пайдалылығы жөнінде айтуға мүмкіндік беретін тағы бір жағдай бар. Нарықтық қатынастарға көшу, меншік нысанының көбеюі, кәсіпкерліктің дамуы қылмыстық жауаптылық нысанының жандандыруын талап етеді. Жекелеген ғалым-заңгерлер және тәжірибелік қызметкерлер заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттілігі туралы қорытындыға келеді.
Бұл мәселені қарастыра келе біз «заңды тұлға қылмыстың субъектісі болып табылада ма?» деген сұраққа жауап іздейміз. Қай жауаптылықты алып қарасақ та барлығында тұлғаның жауаптылығы басым. Сонымен қатар Кеңес Одағының ғалым-заңгерлерінің көпшілігі «қылмыстың субъектісі тек қана жеке тұлға танылады»,-дейді. Осыны құптаған ғалым Н.И. Загородников «қылмыстық жауаптылық әрқашан нақты тұлғамен байланысты, ол басқа адамдарға, ата-анаға, қамқоршыға, ерлі-зайыптыларға және қоғамдық ұйымдарға, заңды тұлғаларға берілмейді»,-дейді . Сонымен қатар С.Г. Келина және В.Н. Кудрявцев былай деп жазады: «қылмыс – ол қауым немесе ұжыммен жасалатын емес, нақты тұлғамен – индивидпен жасалатын әрекет (әрекетсіздік). Тұлға тек өзінің жеке әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келтірген зияны шегінде ғана қылмыстық жауап береді. Қылмыс үшін жаза жекелік сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған тұлға ғана таралады.
Жалпы құқық елдерінде, яғни Ұлыбритания, АҚШ, т.б. мемлекеттерде заңды тұлға «artificial person» деп аталады. Оны сөзбе сөз аударса «жасанды тұлға» немесе «person at low» — «заң бойынша тұлға». Сондықтан олар тек азаматтық айналымда ғана жауаптылыққа тартылады, дейді. Қылмыстық жаза бұл жерде жұмыс атқармайды. Сондықтан заңды тұлғаларға қатысты, жазаның құрамдас бөлігі болып табылатын жеке тұлғаның негізгі игіліктерін шектеу немесе айыру сияқты репрессивті қызметі жүзеге асырылмайды (өмір, ар, ұят, бостандық). Бұл контекст бойынша заңды тұлғаларда репутация бар, оны қылмыстық жаза ретінде алып қоюға немесе шектеуге болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жобасын дайындау кезінде 18-тарауда былай делінді: «Заңды тұлға қылмыстық заңда көрсетілген мынандай қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады:
- Белгілі бір қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған, заңда тікелей бекітілген міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау;
- Жарияланған мақсатына немесе құрылтай құжатына сәйкессіз қызметті жүзеге асыру.
Құқық қолданушылық тәжірибесін талдай келе, құқық қорғау органдары қызметкерлері осы заңды тұлғаның кінәсін дәлелдеуде, әрекеттігін (әрекетсіздігін) саралауда немесе іс қозғауда бірқатар қиыншылықтарға кездеседі. Бұл әрине қоғамдық қауіпті әрекеттердің жаңа түріне байланысты. Мұндай әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) белгілері қолданыстағы заңдарда толығымен ашылмаған. Нәтижесінде осындай көптеген әрекеттер жазасыз қалып, «көлеңкелі капиталдың» өсуіне, заң күшінің төмендеуіне әкеледі.
Қазіргі кезде мемлекеттік лауазымды тұлғалармен қылмыстылық қатыгезденіп, ұйымдастырылып, қаруланып және сыбайлас жемқорлыққа ұштасып жатыр. Қоғамға қауіпті әрекеттердің көптеген жаңа нысандары шығып, қолданыстағы заң нормаларын айналып өтіп жатыр. Бұған себеп тек қана құқық идеологиясындағы, саясаттағы, экономикадағы дағдарыс емес, құқық қорғау органдарының әлсіреуі, заң нормаларының ескіруі. Әрекет етіп отырған қылмыстық заңнама әдеттегі қылмыстарға бағытталған, яғни осы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстық құқықтың кейбір теоретиктері заңды тұлғаны қылмыстың субъектісі ретінде ҚК-ке кіргізуге түбегейлі қарсы. Олардың пікірі бойынша заңды тұлғаға кінә концепциясы мен жазаның мақсаттары қолданылмайды.
ҚР ҚК жобасының бірі ретінде заңды тұлғаларға келесідей жазалар түрін бекіткен:
- Қосымша жаза ретінде — белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу және мүлкін тәркілеу болуы мүмкін;
- Негізгі жаза ретінде айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу, заңды тұлғаны жою (ликвидация).
Заңды тұлғаларға ағылшын заңнамасы бойынша зиян келтіргені үшін және заңмен бекітілген міндеттері мен билігін теріс пайдаланғаны үшін, әрекетсіздік көрсеткені үшін айыппұл жазаларын қолданған [17, 113б.].
Заңды күшіне енген ҚР азаматтық кодексінің 1-тарауы, 35-бабы, 3-бөлігінде заңды тұлғаның түсінігі берілген. Онда, заңды тұлға-меншік шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер немесе жауапкер бола алатын ұйым. Олар коммерциялық және коммерциялық емес болып екіге бөлінеді. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, кәсіпорындар – олар коммерциялық ұйымдар болып табылса, діни бірлестіктер, кәсіптік одақтар, мекемелер, қоғамдық қорлар – олар коммерциялық емес ұйымдарға жатады.
1810 жылғы Наполеондік классикалық кодекстің орнына келген, 1992 жылы шілдеде қабылданған Францияның жаңа қылмыстық кодексінде заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы көрсетілген. 1992 жылы Франция Қылмыстық заңына сәйкес заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі арнайы, шартталған және қосымша болып табылады. Заңды тұлғаға айыппұлмен қатар мүліктік сипаттағы басқа да шаралар қолданған: тәркілеудің әр түрі, тұрғындардан салым алуға, чектер беруге, тыйым салу, заңды тұлғаның бір немесе одан да көп бөлімшелерін жабу, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу, лицензиясынан айыру т.б. Заңды тұлғаға санкция Қылмыстық кодекстің 2-тарауының 1-тармағында белгіленген. Олар үш негізгі топқа және категорияға бөлінеді. Қылмыстық санкция (peines criminelles) – қылмыс жасағаны үшін қолданған атқарушылық санкция, (peines correctionelles)- 1-бөлімде көрсетілген теріс қылықтарды жасағанда қолданылатын бұзушылықтар үшін санкция, (peines contreventionelles) – 2-бөлімде көрсетілген қылмыстар үшін.
Қылмыстық және қылмыстық-атқарушылық санкцияларға:
- Айыппұл – заңды тұлғалардан өндіріп алынатын айыппұлдың ең жоғарғы сомасы 5 еселенген айыппұл мөлшері болып табылады,
- Ликвидация – белгілі бір қылмыстық әрекеттерді жасау үшін өзінің алдында жарияланған мақсаттарынан ауытқып кеткені үшін;
- Тыйым салу – қоғамдық немесе кәсіби қызмет түрлерінің бірін немесе бәрін тікелей не жанама 6 жыл мерзімге немесе мүлдем жүзеге асырмау;
- Жабу – қылмыс жасағаны үшін кәсіпорын, мекемелердің бәрін немесе бірін 5жыл не оданда көп жылдарға;
- Айыру – мемлекеттік ұйымдармен мәмілелер жасау құқығынан 5 жыл немесе мүлдем айыру;
- Тәркілеу – қылмыс жасау құралы болып табылатын немесе қылмыс жасау арқылы алынған мүлікті не құралды;
- Жариялау – заңды тұлғаға қатысты сот шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен).
АҚШ-та қазіргі күнде әрекет етіп отырған заңнамаларында және оның кейбір штаттарының заңнамаларында корпорациялар белгілі бір шектерде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Федералды қылмыстық заңнамалар корпорацияларды көбіне мынандай әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартқан: адам өміріне қауіпті және зиянды өнімдерді тұтынуға шығарғаны үшін, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін және қаржы аясындағы заңдарды бұзғаны үшін т.б. Бұл заңнамаларды бір топқа жинақтасақ, нақты төмендегідей типтегі заңды актілерді бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартады екен. Олар:
- Треске қарсы заңнама;
- Жалған жарнама хабар жариялауға қарсы заңнама;
- Еңбек қатынастары туралы ұлттық заңнамаға қарсы;
- Авторлық, патенттік және тауар белгілері туралы заңдарға қарсы;
Трестерге қарсы заңнама бәсекелестікке қатысушылардың сонымен қатар экономикалық жүйені реттеуші ретінде еркін бәсекелестік институтын және тұтынушыларды қорғауға және демократиялық институттарды – монополия қолындағы шексіз байып кетуден қорғау. Мысалы, әлемдік масштабта бағдарламаларымен қамтамасыз ету өндірісімен айналысатын алып компьютерлік «Microsoft» корпорациясының соттық ісін 78 күн қараған федералдық судья Томас Джексон треске қарсы шерман заңының 1 және 2- баптарын бұзғаны үшін кінәлі деп тапты. Нақтырақ айтқанда, «Microsoft» корпорациясы ондаған жылдар бойы компьютерлік нарықта өзінің монополиялық билігін сақтау үшін талан-тараждық және бәсекелестікке қарсы әрекеттер жасаған. Осы үшін судья Джексон Microsoft корпорациясын екі корпорацияға бөлу туралы бұйрық шығарды.
Жалпы құқық елдерінде заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылық институты ондаған жылдар бойы әрекет етіп келеді. Осы елдердің қылмыстық құқығында аталмыш институтқа байланысты қанағаттанарлық немесе бір шешімге келетін жауап алатындай уақыт болды. Мұнда XIXғ. ортасында экономикалық даму нәтижесінде корпорациялардың рөлі үлкен маңызға айналып, кейбір жағдайларда оларды соттар қылмыстық жауаптылыққа тарта бастады. Заңды тұлғалар әрине, жеке тұлғалар – бастық, басқару кеңес қызметкерлері, т.б. қызметкерлері арқылы жұмыс істейді. Бұл жерде түсінбеушілік нақты кім қылмыстық әрекетті (әрекетсіздікті) жасайды, егер заңды тұлға жасаса, оның заңда және сот тәжірибесінде осы қылмыс үшін жауаптылық қалай бөлінеді. Яғни мәселе, қылмыс субъектісінің қылмыстық-құқықтық мәртебесі, себепті байланысы және кінәсі тұсында өрбіді.
Ағылшын ғалымдарының айтуынша, егер корпорация құқықтарын жүзеге асыруды бақылайтын және осы құқықтарды жүзеге асыруда қамтамасыз ететін тұлғалармен жасалған әрекет корпорациямен жасалған деп танылады. 1915 жылы Лорд Халдейн былай деген: корпорацияның өзінің санасы және денесі жоқ жасанды тұлға болған осы сана және дене қимылдары арқылы әрқашанда жеке тұлға әрекет етуі керек. Осыдан келіп жауаптылық субститутивті және тікелей деп қарастырылады. Субститутивті жауаптылыққа – ол заңды тұлға ішіндегі жеке тұлғалардың, ал тікелей – корпорация өзі тартылады. Ағылшын сот тәжірибесінде корпорация мүшелерін немесе оның қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы еш уақытта қиыншылық туғызған жоқ. Мәселе корпорация өзінің қылмыстық жауаптылығы шегінің мүмкіндігі. XIXғ. Ортасында корпорация міндетін оның басшысымен немесе жалданушысымен орындамағанда корпорация жауапкершілікке тартылған. Оған мысал, Evan and Co.Ltd.v.LCC компаниясы мынандай қылмысы үшін жауаптылыққа тартылған: дүкен иесі дүкенді бір күндері уақытынан бұрын жабу керек болғанда, жаппаған, мұндай әрекетсіздігімен ол «дүкен туралы» заңына сәйкес міндеттерді орындамаған.
Германияда заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы тек қана жалпы бөлімнің нормаларында көрініс тапқан (14-б. және 75-б.). 14-бап, бірінші тарауда орналасқан, онда жазаланушылық қағидасы, 2-бөлігінде «әрекет», 75-бап 7-тарауда орналасқан (қылмыс құралдарын алып қою және мүлікті тәркілеу). Ерекше бөлімде заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы ештеңе айтылмаған. 14-баптың мағынасына, мәніне келетін болсақ, қылмыс заңды тұлғамен оның өкілі (өкілетті тұлға, мүшесі) арқылы жасалса, онда қылмыстық жауаптылыққа заңды тұлға да, оның өкілі де тартылады.
Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту сұрағы социалистік бағыттағы мемлекеттерде де болды. Бірінші болып Қытайда пайда болды. ҚДР-да «Заңды тұлға қылмыс субъектісі болып табылу мүмкін бе?» деген сұрағы көп уақыт бойы шешімін таппады. Қытай қылмыстық құқығының әдеттік теориясы жағынан заңды тұлғаларды қылмыстың субъектісі ретінде танылу мүмкіндігін бұрыс деп тапты. Бұл көзқарас тек теорияда ғана айтылмай, 1974 жылы ҚДР ҚК-нде де орын тапты. Тек 1988 жылы 2-қаңтарда ҚДР-ның ВСНП сыбайлас жемқорлықпен күрес, контрабанда туралы қаулыларымен социалистік елдердің құқық шығармашылық тәжірибесінде бірінші рет заңды тұлға экономикалық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылықты бекітті. Қытайда ұжымның қылмыстық жауаптылығы екі нысанда жүргізілді: тікелей кінәлі тұлғаға кәдімгі жауаптылық (бас бостандығынан айыру), ал барлық ұжымға ақшалай айыппұл ретіндегі жауаптылық көзделген.
Жалпы айтқанда, заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын бекіту туралы заңнаманың дамуындағы тенденциялар халықаралық форумдарда орын алды. 1953 жылы Римде өткен қылмыстық құқық бойынша халықаралық 6-Конгресте заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту және оларға қарсы жазалау шараларын қолдану мүмкіндігі туралы айтылған. Ал 1985 жылы қылмыстылықты алдын алу бойнша БҰҰ 7-Конгресінде заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы ережені ұлттық заңнамаға енгізу қажеттілігі туралы тілектер айтылды.
Ұлттық заңнамаға заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы ережені енгізу – бұл заңнамалық техникалық ғана емес, сонымен қатар құқық теориясының да мәселесі. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын заңнамалық рәсімдеуде олармен жасалатын қылмыстың ерекшелігін еске алу керек. Заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жалпы негіз заңда бекітілген қылмысты жасау болып табылады. Қылмыстық заңда заңды тұлға қандай жағдайда, қандай қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылатыны жөнінде жазылуы керек. Осы тұста Әділет Министрлігінде тыңдалып, пысықталған “Экономикалық қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке’’ тарту туралы заңның жобасы жария талқылаудан өтіп, логикалық тұжырымға келмеді. Аталған заң жобасының “тағдыры’’ белгісіз, дегенмен қоғам қайта оралып, беделді ғалымдардың белсенді қатысуымен шешілетіндігіне күмәніміз жоқ.
Көп жағдайда заңды тұлғалар өзінің заңды өкілі ретінде жеке тұлғалармен бірігіп қылмыс жасайды. Бұл жағдайда тек осы ұйыммен тығыз байланыстағы, яғни оның ішкі және сыртқы қызметіне өкілдік жасау үшін құқық қабілеттілікке ие тұлғаның кінәсы заңды тұлға кінәсымен алмастырылады,-дейді отандық ғалым С.С. Молдабаев . Заңды тұлға тәртібінен көрінетін оның еркін білдіруі, егер оның атынан уәкілетті тұлғалар әрекет етсе, заңды тұлға еркін білдіру деп танылады. Қылмыстық заң заңды тұлға арқылы жасалған қылмысты тек әрекетпен ғана байланыстырып қоймай, сонымен қатар ауыр салдарын да байланыстыруы анықталуы керек. Қоғамның алға жылжуы, ғылыми-техниканың дамуы және әлеуметтік прогресс бізді көптеген дағдылы әрекеттерден бас тартуға мәжбүр етеді. Осы себептен алдымызға біз күтпеген сұрақтар келіп жатады. Олар қанша қиын болса да жауап беру қажет. Қылмыстық құқық аясында осындай күрделі де қиын сұрақтардың бірі-заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы екендігі мойындаймыз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қылмыстық құқықтың классикалық қағидасы болып кінәлының жеке жауаптылығы табылады, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық әрекетті жасаған, есі дұрыс, белгілі бір жасқа толған жеке тұлға. Бірақ соңғы жылдары заңды тұлғаға қатысты көзқарас өзгерді. Ол өзінің бастауын фашистік Германия басшылары мен ұлтшылдық ұйымдарының үстінен қозғалған Нюрнберг процесінен алады. Онда мемлекет және ұйымдары халықаралық қылмыстардың субъектісі болып табылады және жасаған қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады деген ойлар айтылған. 1973 жылы Еуропалық кеңестің қылмыстылық мәселесі жөніндегі комитеті Кеңес мүшелері елдерінің Парламенттеріне заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тануды ұсынды. 1985 жылы бұл ұсыныс БҰҰ қылмыстылықты алдын алу бойынша 7-Конгресінде бекітілді. Бірқатар мемлекеттерде (Англия, Франция) мұндай ұсыныстар жүзеге асырылды.
Бұл ұсынысты, әзірше, біздің әкімшілік құқық жүзеге асырады. 1997 жылы шілденің он бесінші жұлдызында қабылданған “ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңында әкімшілік-құқықтық санкциялар тек азаматтар мен лауазымды тұлғаларға қолданылмай, тікелей экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған ұйымдарға, кәсіпорындарға да қолданылатыны туралы айтылған. Бұл мәселе бойынша қылмыстық құқық үндемей үнсіздік сақтауда. АҚШ-та заңды тұлға қылмыстың субъектісі болып табылып, 300 мың долларға дейін айыппұл тағайындалуы мүмкін. Қазір біздегі әрекет етіп отырған заңнама бойынша заңды тұлғалардың заңсыз қызметі заңды жауапкершілігі әкімшілік, азаматтық, кеден, салық т.б. қылмыстық құқықтан өзге де құқық салаларында көзделген.
Нарықтық экономика елдерінің қылмыстық құқығында заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы сұрағы туындауы кездейсоқтық емес. Қазіргі кездегі жекешелендірудің, меншік қатынастардың алға басуы, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындарының көбеюі, олардың арасындағы бәсекелестіктерге көңіл бөлсек, заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе бізде де өз шешімін табар еді. Нарық және нарықтық қатынастар заңды тұлғаларды шарушылық-экономикалық қылмыстары үшін жауаптылыққа тартуға әкеледі. Ұйымның қылмыстық жауаптылығын мойындамайтын (Н.Ф. Кузнецова, М.И. Баланов, Л.Д. Ерманов, Т.В. Кондромова, Л.К. Савюк, т.б.) авторлар кеңестік доктриналық көзқараста болып келесі жағдайларға көңіл бөледі:
- Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын бекіту қылмыстық құқықтың классикалық қағидасына сәйкес келмейді және белгілі бір институттар ашу қажеттілігін туындатады, қылмыстық жауаптылыққа тек қана қылмыс құрамы бар, қасақана немесе абайсызда жасаған кінәлі тұлғалар тартылады. Сонымен қатар, заңды тұлға өзі жасаған әрекетіне жауап бере алатын және басқара алатын қабілеті болуын талап етеді.
- Егер бұл институтты қылмыстық құқыққа енгізсек, онда олардың жауаптылығын күшейту керек, ал бұл шаруашылық айналымда мүліктік және басқару қатынастары саласы шегінде ғана жүзеге асырылады. Осындай жауаптылығы бар елдерде құқық қорғау органдары заңды тұлғаларға қатысты қылмыстық заңды жүзеге асыруда материалдық және процессуалдық қиыншылықтарға кездеседі.
Ал заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын заңнамаға енгізуді жақтайтын ресейлік ғалымдар (С.Г. Келина, А.В. Наумов, Б.В. Волженкин, А.С. Никифоров, В.С. Устинов, С.Н. Никулин және т.б. көрнекті ғалымдар) бұл институттың қажеттілігін бірнеше себептермен түсіндіреді:
-біріншіден, шаруашылық қызметте мемлекеттік монополия жағдайында өмір сүретін заңды тұлғалардың қылмыстық «иммунитеті» бүгінгі таңда еліміздің экономикалық жағдайына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің негізгі субъектісі болып заңды тұлғалар табылады және олардың қызметтері заңмен қорғалатын объектілерге, соның ішінде қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге көп мөлшерлі қолсұғушылықтармен, қоршаған ортаға келтіретін зиянмен байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, басқа да заңнамаларды бұзумен келтірілген елеулі зиян (мысалы, салық төлеуден жалтару, сапасыз тауарларды сату, банктік алаяқтылық т.б.) нақты жеке тұлғаның қызметінен қоғамдық қауіптілігі бойынша едәуір асып түседі. Ал сол ұйымдарға азаматтық және әкімшілік заңнама шегінде қолданылатын айыппұл ретіндегі санкция, олармен келтірілген зиян мөлшеріне сай келмейді.
— екіншіден, олар әкімшілік құқық пен қылмыстық құқық байланысын айтып кетеді. Әкімшілік құқықта әр түрлі құқық бұзушылықтар (сапасыз құрылыс жолдарын салу және т.б.) үшін ұйымның жауаптылығы көрсетілетін нормалары бар. Сондай-ақ қылмыспен жазаланатын әрекет пен әкімшілік құқық бұзушылықтың арасындағы шекті анықтасақ, әкімшілік құқық бұзушылық белгілі бір жағдайларда қылмысқа дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл шектік негізіне әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты бойынша анықталады. Заңды тұлғаның құқыққа қайшы қызметінде қолданылатын жоғарыда көрсетілгендей, сапалы және мөлшері сипаттамасын «қылмыс» түсінігінде ашып қарастыруға болады.
— үшіншіден, ұжымдық субъектілердің жекеленген элементтері қазіргі әрекет етіп отырған қылмыстық заңнамада бар (қылмыстық қауымдастықпен жасалатын қылмыстар). Қазіргі Қылмыстық кодекс бұл «ұйыммен» жасаған қылмыс үшін оның қатысушылары жауапқа тартылады деген норма бекітілген. Сонда жаңа Қылмыстық Кодекс бойынша заңсыз «ұйым» қылмыс жасаудың субъектісі болып табылады да, қылмыстық жауапкершіліктің субъектісі болмайды. Егер «ұйымдар» қылмыстық жауаптылықтың субъектісі болып жатса, неге заңды тұлғалар танылмайды?
Айтылған ойларды тұжырымдасақ, шаруашылық айналымның жеке секторларға бағыт алуы заңнамалардың соның ішінде қылмыстық заңдардың жаңа жағдайларға, өзгеріске бейімделуін талап етеді. Ұйымның құқыққа қайшы қызметімен келтірілген көп мөлшерлі зардап-зияны және сонымен байланысты қоғамдық қауіптілігі, бұл қызметті қылмыс ретінде анықтау керек екендігін айғақтайды. Заңды тұлғалардың жауаптылығын бекітетін салаларда олармен келтірілген зиян мөлшерімен тіптен сәйкес келмейді. Қылмыстық жаза арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және ұйымдардың жауаптылығын күшейту қажеттілігі туралы Қазақстандағы қылмыстылықтың жағдайы куәландырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалардың жауаптылығы институты аймақтық және халықаралық деңгейде, шетел қылмыстық заңнамаларында бөлшектеніп әзірленген фактісі үлкен маңызға ие.
Кейбір жағдайларда салдарлардың қоғамдық қауіптілігі дәрежесі мен сипаты, ауырлығы әкімшілік құқықпен шешілетін сұрақтар шегінен шығып жатса, біздің көзқарасымыз бойынша, қылмыстық құқық көмекке келуі керек. Мұндай мәселелер есірткі, қару-жарақ сатумен, терроризмді қаржыландыруда және т.б. кездесіп жатады. Заңды тұлғаның «қылмыстық қызметі» түсінігін талдайтын болсақ, оның ең алдымен құқық субъектілік табиғатын ашып алу керек. Заңды тұлғалардың еркі оның алқалық органдарының шешімдерінде көрініс табады, олар заңды тұлғаның атынан белгілі бір құқықтарға ие болып, міндеттемелер арқаланады. Яғни құқықтың субъектісі болып заңды тұлға табылады, ал субъектінің қызметі тек қана құрылымдық бөлімнің қызметі арқылы жүзеге асырылады. Осыдан кейін заңды тұлға қызметінің мазмұнына байланысты жауаптылық туындайды. Заңды тұлғаның қылмыстық құқыққа жауаптылығын енгізу идеясын ұстанатын ғалымдар көп болса да, ол ешқандай заңи нысанда көрініс таппай отыр. Мысалы, С.Г. Келина былай дейді: «Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығының негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген зиянды келтірген (не зиян келтіру үшін әрекеттер жасаған) және оның мүддесіне қатысты кінәлі түрде жасаған әрекеті (әрекетсіздігі) табылады».
Б.В. Волженкин заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығының негіздерін теріске шығарады. Ол жеке тұлғаның қызметі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алатын белгілі бір жағдайларды қарастыру керек деген ойды ұсынады. Мұндай жағдайларға:
- заңды тұлға санкцияланған әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасаса;
- заңды тұлға мүддесіне қатысты әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаса;
Заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасымен жасалған қылмыстық әрекет.
Сонымен қатар заңды тұлғаның «кінәлілігі» әр түрлі пікір-талас туғызып отыр. Отандық қылмыстық құқықтың ірі өкілі, беделді ғалым, заң ғылымдарынынң докторы, профессор Ү.С.Жекебаевтың пікірінше, заңды тұлғалардың «психикалық қатынасы» оның уәкілетті өкілдерінің қасақаналығы мен абайсыздығынан көрінеді. Басқа авторлардың ойларынша, тұлға тәртібінің субъектілік мазмұнын сипаттайтын, құрам белгілерінің абстрактілі субъектісімен байланыстырудың қажеттілігі жоқ. Одан да жаңа субъектіге қатысты құрамды шектеу барлығынан да қарапайым жол, дейді. Сонымен қатар жеке тұлғаға қатысты кінәлілік қағидасына тиіспейді [18, 223б.].
Нарықтық экономикаға көшу, шаруашылық қызметінің және жеке меншік секторының қарқынды дамуында капиталдың шоғырлануы бойынша заңды тұлғалар үлкен рөлге ие болғандықтан оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттілігі туындайды. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, заңды тұлғаларды экономикалық, экологиялық, қоғамдық қауіпсіздікке және бейбітшілікке, адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылыққа тартуға дейді және біз де бұл оймен толық келісеміз.
Заңды тұлғаларды қосымша жауаптылыққа және кейбір жағдайларда толық (өзіндік) жауаптылыққа тартуға болады. Қосымша жауаптылық ретінде – заңды тұлғаның қызметі үшін оның басшысының жауаптылығын тану. Қоғамға зардап әкелетін және одан пайда табатын — заңды тұлға, ал басқару органы оның мүддесіне қызмет жасайды (Мысалы, кәсіпкерлік немесе банктік қызметті заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауаптылық көзделсе). Яғни мұнда басқару органының шешімі толығымен заңды тұлға үшін салдар туғызып отыр (мәміле жасаудан заңсыз пайда алу сияқты, лицензиясыз немесе оның талаптарын бұза отырып өз қызметтерін жүзеге асыру сияқты, тіркелусіз жүзеге асырған қызметінен ешқандай салықтар төлемеуден азаматтың, мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне зиян келтіру). Ал қазіргі ҚК бойынша мұндай қылмыстар үшін нақты бір жеке тұлғаны жауапқа тартамыз, айрықша жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Ол қандай жағдайлар? Егер де қылмыстық заң қорғайтын объектілерге зиян келтіретін басқару шешімді алқалы түрде қабылдаса, мұнда нақты жеке тұлғаның кінәсін белгілеу мүмкін емес (көпшілікпен жасырын дауыс берілсе).
Айтылған ойларды, пікірлерді жүйелей келе заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктерді берейік:
Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығының негізі болып қоғамдық мүддеге елеулі зиян келтірумен байланысты, оның органдарының (уәкілетті өкілдерінің) қылмыстық қызметі, құқыққа қайшы әрекеттері немесе әрекетсіздіктері табылады.
Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы басқару шешімін шығаруға байланысты екі түрге бөлінеді:
- өзіндік (жеке тұлғадан тәуелсіз);
- қосымша (жеке тұлғалармен бірге).
Айтылған мәселелерді қортындылай келе, ҚК-ке заңды тұлғаның жауаптылығына байланысты жаңа бап енгізсе, төмендегідей нормалар өмірге келер еді. Ол жаңа қылмыстық жауаптылықтың алғышарттары:
- жеке тұлға заңды тұлғаның қызметі үшін жауаптылыққа тартылады, егер ол заңды тұлғаның атынан және оның мүддесіне өзінің лауазымды құзіреті шегінде әрекет ету;
- қылмыстық заңда көрсетілген жағдайда қылмыстық жауаптылық субъектісі болып жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да табу;
- қылмыстық жауаптылыққа тартылатын заңды тұлғалар болып азаматтық заңда көрсетілген заңды тұлғалың белгілері бар, шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, кәсіпорындар, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, мекемелер т.б. заңды қол сұғу. Сондықтан заңды тұлғаның осындай әрекеттеріне көзді жұмып отырмай қандай да бір шаралар қолдану керек. Ал ол шаралар тек қылмыстық — құқықтық ғана бола алады –деп пайымдаймыз. Кейбір шетелдердің қылмыстық заңнамаларында заңды тұлға қылмыстық жауаптылығының орын алуы қоғам және адамдар үшін ешқандай кері әсері жоқтығы жоғарыда айтылып өтілді. Сондықтан біздің заңнамада орын алса біз үшін, яғни адамдар, сонымен қатар мемлекет үшін келтіретін зияны болмас. Бұл жауаптылықты енгізе салысымен, мұндай қылмыстардың саны соттың қарауында көбейіп кетпесе де, алдын алу шарасы ретінде қызмет ете беретіні күмән тудырмайды.
Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретінде танылу мәселесі заң шығарушы деңгейде 1991 жылдан бері қарастырылып келе жатыр. ҚР-ның ҚК жобасын алдын ала қарастырылған кезде бұл мәселе жағымды шешілген еді, бірақ жобаны талқылап, дауыс берген кезде осы ереже өтпей қалды, сөйтіп ҚРның жаңа ҚК-сі бұл қатынаста ескі позицияда қалды. Соған қарамастан, бұл берілген мәселенің түбегейлі шешілгендігін білдірмейді, себебі мақсатқа сәйкес келуден басқа мәселені шешудің қажеттілігі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне енуімен байланысты осы халықаралық ұйым нұсқаған ережелермен келісілген шешім қабылдауға міндетті екендігінен туындап отыр.
1997 жылы шілденің 15 жұлдызында қабылданған ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында атмосфералық ауаны қорғау қызметін реттейтін нақты экономикалық шаралар қамтылмаған. Сондықтан да заңның жүзеге асырылу механизмі ластаушылардың жауапкершілігі шаралары әкімшілік тәртіпте ғана құрылады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заңының бұзылу нәтижесінде келтірілген залалдың орнын толтыру мәселелері тәжірибеде қарастырылмаған. Осылайша, атмосфералық ауаны ластайтын құқық бұзушыларды залалдың орнын толтыруға байланысты қылмыстық ізге түсу жағдайлары өте аз кездеседі. Шығыс Қазақстан облысында ауданаралық табиғат қорғау прокуратурасымен “УКСЦК” акционерлік қоғамымен атмосфералық ауаны ластау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау прецеденті тіркелген. Бұл іс айыпталушыларға әкімшілік айыппұл тағайындалумен аяқталды. Бірақ осы саладағы арнайы құқықтық шараларының болуы, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және экологиялық құқық бұзушылықтармен жұмыс істеу үшін соттың мүмкіндіктерін жеңілдетуге әрекет ететіні айдан анық.
Қылмыс субъектісін сипаттауды аяқтай келе , “арнайы субъектіге” тоқтала кету жөн, ол қылмыстық құқық теориясында міндетті белгілерден басқа (жас, есі дұрыстық ) тағы қандай да бір қосымша белгілерге ие адам болып танылады.
Егер қылмыстық заң нормаларында өзінің қызмет бабын пайдаланып кінәлінің қылмыс жасауы экологиялық қылмыстардың саралаушы белгісі ретінде қарастырылса, онда жауаптылық экологиялық қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін ҚР ҚК тиісті бабы (баптың бөлігі) бойынша ғана туындайды. Кейбір қылмыстар үшін қылмыстың субъектісі болуға есі дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы қажет. Мысалы, сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты қате есептеу қылмысының (ҚР ҚК 147-бап) субъектісі болып тек қана осы бапта арнайы көрсетілен – арнаулы адамдар ғана бола алады. Мемлекеттік құпияны жария ету (ҚР ҚК 172-бап) субъектісі болып тек сол құпия сеніп тапсырылған адам танылады. Еңбек туралы заңдарды бұзудың (ҚР ҚК 148-бап) субъектісі болып лауазымды адамдар танылады. Қарастырылып отырған қылмыс құрамының ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды арнаулы, атағы, лауазымы, белгілері жоқ кез келген адам істей алмайды. Жоғарыда айтылған сайлау комиссиясының мүшелері, лауазымды адамдар немесе дәрігерлік атақтар, арнаулы белгілерді көрсетеді. Сонымен, қылмыстың арнаулы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгісімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша-арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. Жаңа Қылмыстық Кодексте қылмыстың арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық құқық нормаларының диспозицияларында көрсетілген. Арнаулы субъект түсінігін бөліп қарастырсақ, белгілі бір адамдар шеңберіне мемлекет міндеттер жүктейді, оны санаулы түрде орындамау немесе тиісінше орындамау ауыр салдар туғызуы мүмкін. Осы қылмыстың арнайы субъектісі орнына әр түрлі ғалымдар өздерінше анықтама береді. Бірақ кейбіреулерінің анықтамасы арнайы субъект мәнін толық ашпайды.
Аталып отырған мәселені тереңірек зерттеген отандық ғалым
С.С. Молдабаев арнаулы субъектіні мынадай белгілері бойынша топтастырады:
- тұлғаның мемлекеттік–құқықтық жағдайын сипаттайтын белгі (шетел тұлғалары немсе азаматтығы жоқ тұлға);
- кәсіби жағдайын сипаттайтын белгі;
- лауазымды жағдайын сипаттайтын белгі;
- демографиялық белгі – жынысы, жасы, туысқандық қатынасы
[19, 156б.]. П.С. Дагельдің пікірі бойынша, қылмыстың арнайы субъектісінің белгісі қылмыс субъектісі болып табылатын тұлғалардың шеңберін шектейді, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық аясын да шектейді. Ол субъект белгілерін төрт үлкен топқа бөледі:
- субъектінің құқықтық жағдайын сипаттайтын белгі (шетелдік, әскери адам, жазасын өтеуші тұлға т.б.);
- субъектінің қызметін немесе кәсібін сипаттайтын белгі (жұмыскер, дәрігер, директор, бас инженер, жүргізуші);
- кінәлі тұлғаның тәндік (физический) қасиетін сипаттайтын белгі (ер адам, венерологиялық ауру мен ауыратын тұлға, кәмелетке толған).
Осы сұраққа байланысты басқа да көзқарастар бар, соларды қысқаша талдап көрелік. Әдебиеттерде қылмыстың арнайы субъектісі бойынша қылмыстардың жіктелуі орын алған. Мұндай қылмыстар белгілерінің үш тобын көрсетеді:
- тұлғаның әлеуметтік мәртебесін, құқықтық жағдайын сипаттайтын белгі. Оған, азаматтардың азаматтығы, лауазымдық жағдайы, істелген жұмысының сипаты, сот процесінің қатысушысы немесе сотталған, соттылығы бар, аса қауіпті рецидивист;
- тұлғаның физиологиялық және демографиялқ қасиеттерін сипаттайтын белгі – жыныс, жас, денсаулық жағдайы;
- субъектінің жәбірленушімен және өзара қатынасын сипаттайтын белгі – туысқандық, қызметтік және басқа да қатынастар.
Профессор Е.І. Қайыржанов мынадай жіктелуі ұсынады:
- жынысы бойынша – орындаушы тек қана 18 жасқа толған;
- әскери адам — тек қана әскери қылмыстарды жасаушы;
- кәсіби міндетіне байланысты – ішкі істер қызметкерлері, медиктер т.б. (куә, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы);
- басқа тұлғаларға қатысты жүктелген міндеттер бойынша (қауіпті жағдайда қалдыру, балаларды тәрбиелеуден немесе қамтамасыз етуден жалтару);
- атқарылған жұмыс сипатына байланысты (мемлекеттік құпияны жария ету, мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту);
- тұлғаның лауазымдық жағдайы бойынша (билікті теріс пайдалану немесе өкілеттігін асыра пайдалану);
- меншікке қатысы бойынша тұлғаның белгілі бір жағдайы (меншікті қорғауда ұқыпсыз қарау);
- жәбірленушіге қатысты тұлғаның (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу).
Кейбір жағдайларда заң шығарушылық арнаулы субъектісі бар қылмыстық құқықтық нормалары жеке тұлғаларға біріктірілген, сондай-ақ ҚК Ерекше бөлімінің нақты нормаларында арнаулы субъектінің белгілерін көрсеткен. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген: 13-тарау– мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар және 16-тарау – әскери қылмыстар. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды тек қана мемлекеттік органның лауазым иесі немесе қызметшісі болып тағайындалған адамдар ғана қызмет бабын пайдалану арқылы істей алады. Бұл санатқа жатпайтын адамдар қызмет бабындағы қылмыстардың объективтік жағының белгілерін орындауы мүмкін емес. Әскери қылмыстардың субъектісі болып тек қана әскери қызметшілер, әскери қызмет атқаруға міндеттілер ғана саналады. Кейде арнаулы субъектінің белгісі ҚК Ерекше бөлімінің нақты нормаларында көрсетілгенмен, ондай белгіні заңды грамматикалық, логикалық, жүйелі түсіндірудің негізінде анықтауға болады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 118-бабы, науқасқа көмек көрсетпегені үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген. Ол «заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның» деп көрсетілген. Тиісті заң немесе ереже бойынша барлық медицина және дәріхана қызметкерлері, дәрігер, акушер, фельдшер, медбикелер адамдарға кез келген жерде жәрдем көрсетуге міндетті. Заңды түсіндіру жолымен біз бұл жерде қылмыстың арнаулы субъектісіне тән белгіні анықтаймыз. Кейбір нормалар бойынша қылмыстың арнайы субъектісін анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе қызметкерлерге тән сипаттаманы береді. Мысалы ҚК Ерекше бөлімінің 15-тарауы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың бірнеше нормалары әділсоттылыққа қоса осы органның лауазымды адамдарының анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья істейтін қылмыстары туралы көрсетіп, олардың қылмыстық жауаптылығын белгілеген. Қылмыстық құқықтың жалпы ережесі бойынша қылмыстың субъектісі болып ҚР азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар танылады. Арнаулы субъект қылмысқа бірге қатысып істегенде оның орындаушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект болады.
Профессор А.Н. Ағыбаев арнайы субъектіні мынадай белгілері арқылы топтастырады:
- мемлекеттік құқықтық жағдай бойынша–ҚР азаматы, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар (ҚР ҚК 165-166 бб.);
- демографиялық белгілері бойынша – кінәлінің жынысына қарай: еркек (120-б.), әйел (121-б.), жас мөлшері (ҚР ҚК 131,132-бб.);
- отбасылық туыстық қатынастары бойынша – ата-аналар (ҚР ҚК 136-б.), жұбайлар (ҚР ҚК 140-б.), қамқоршы немесе қорғаншы (ҚР ҚК 139-б.), денсаулық жағдайы- ВИЧ, ЖҚТБ, соз ауруымен ауыратын адамдар (ҚР ҚК 115-116 б.);
- әскери міндетке қатысы жөніндегі міндетті әскери қызметке шақырушылық (ҚР ҚК 326-б.), әскери қызметкерлер және әскери қызмет атқаруға міндеттілер (ҚР ҚК366-393-б.);
- қызмет жағдайы жөніндегі адамдар (ҚР ҚК 307-316 б.)
- арнаулы мемлекеттік жүйеде лауазымдық жағдайына байланысты қызмет атқаратындар – прокурор, судья (ҚР ҚК 339, 365 б.)
- кәсіби міндетіне қарай — дәрігер (ҚР ҚК 144-б.), медицина қызметкерлері;
- атқарған қызметінің немесе жұмысының мәніне қарай және жұмыс бабын өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік құпияны жариялау (ҚР ҚК 172-б.), теміржол, су, кеме және әуе көлігі қызметкерлері (ҚР ҚК 295-б.), сайлау комиссиясының мүшесі (ҚР ҚК 147-б.), сауда қызметкерлері (ҚР ҚК 223-б.);
- азаматтың мемлекет алдындағы борыштық міндетіне қарай;
- адамның жәбірленуші жөніндегі ерекше жағдайларына байланысты жәбірленушіге қамқорлық жасауға міндетті адам (ҚР ҚК 119-б.), жәбірленушінің сол адамға материалдық және басқа тәуелді болуы (ҚР ҚК 102-б.);
- адамның бұрынғы істеген қоғамға жат әрекетін (әрекетсіздігі) сипаттайтын белгілері бойынша бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі (ҚР ҚК 96-б. 2-бөлігі, 2-т.), бұрын сотталған адам (ҚР ҚК 117-б.3-бөлігі).
Бұл мәселеге қатысты дұрыс көзқарасты білдірген отандық ғалым, профессор Р. Орымбаевтың пікірін айтуға болады. Ол «жалпы субъектінің түсінігінде ҚК-тің нақты нормаларымен бекітілген маңызды белгілері (есі дұрыстық және жасы) болу керек. Сондай-ақ қылмыстың субъектісі – ол есі дұрыс, белгілі бір жасқа толған және ҚК-тің Ерекше бөлімінің нақты нормаларымен бекітілген белгілері бар тұлға [20,155б.]. Одан кейін ол қылмыстың арнайы субъектісіне түсінік берді. Бірақ онымен келісе алмаймыз. Бұл мәселені шешу үшін арнайы субъектінің бір белгісі ретінде лауазымды тұлға түсінігінің мазмұнын ашуға тоқталамыз. Әлеуметтік өмірдің өзгеруі, қоғамның саяси және экономикалық жүйесінің қайта құрылуы, демократизациялау процесі лауазымдық қылмыс пен лауазымдық тұлға түсінігін қайта қарау мәселесін басқа мәселелермен қатар өзекті етті.
Мұнда даулы сұрақ мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктердің қызметкерлерін лауазымды тұлға ретінде тану. Жаңа экономикалық саясат көптеген кооперативтер, серіктестіктер және акционерлік қоғамдардың пайда болуына әкелді.
Жалпы мемлекеттік міндеттерді орындайтын ұйымдар мен бірлестіктерге А.Н. Трайнин үлкен нарықта қызмет ететін шаруашылық есептік кәсіпорын және мемлекеттік билік жоспарымен реттелетін және қатаң жүзеге асырылатын құрылыс шаруашылығын жатқызады.
1925 жылы РСФСР қылмыстық құқығы оқулығының 1-басылымында А.Н. Трайнин былай деп жазды: «Лауазымды тұлғалар қатарына мемлекеттік органда қандайда бір қызмет атқаратын, заңмен жүктелген мемлекеттік функцияны орындайтын субъектілерді жатқызды. Оның пікірі бойынша, жалпы ережеге қатысты кәсіподақ аппаратына жататын азаматтар, кооперация қызметкерлері лауазымды тұлға деп саналмайды. Ол тек мемлекеттің тапсырысы бойынша белгілі бір бұқаралық-құқықтық қызметті орындағаннан кейін ғана лауазымды тұлға ретінде саналады. А.Н.Трайнин оқулығының келесі басылымында осы көзқарасын қалыптастырып бекітті. Онда «Қоғамдық ұйым бұқаралық-құқықтық функцияны жүзеге асырса және оны нақты орындаса сонда ғана оны лауазымды тұлға ретінде таниды»,-дейді.
В.С. Орлованың монографиясында осы мәселеге байланысты былай делінген: «Кеңестік қылмыстық құқықта ерекше ұғым — қылмыстың арнайы субъектісі түсінігінің болуы адамдардың тек қана белгілі бір қызметімен байланысты жасалатын қылмыстың кейбір түрлерінің ерекшелігімен шатастырады, яғни осы тұлғаларға заңмен жүктелген белгілі бір міндеттерді орындауға байланысты». Бұл анықтамада ұғымның екі жағы айтылады: қызмет сипаты және тұлғаға міндет жүктеу сипаты. Арнайы субъектіні тек осы екі белгі ғана сипаттамайды. Мысалы, бұл анықтамада кінәлінің демографиялық қасиеті белгісі есепке алынбаған. Оның көзқарасы А.А. Пионтковскийдің пікірімен сынға ұшырады. Оның пікірі бойынша, лауазымды тұлға болып қоғамдық ұйымдардың аппаратына кіретін қызметкерлер табылады (кәсіподақтар, кооперация, тұрғын үй шаруашылығы). Тек жалпы мемлекеттік міндеттерді орындайтын кооперативтік бірлестіктердің адамдары лауазымды тұлға ретінде қарастырылмайды, сонымен қатар діни ұйымдарға жататын тұлғалар да саналмайды, өйткені олар мемлекеттік міндетті атқармайды.Пионтковскийдің осы еңбегінде жалпы ереже бойынша партиялық аппаратқа кіретін адамдарды лауазымды тұлға ретінде қарастырмаған. Ұйымдарды, мекемелерді және кәсіпорындарды «мемлекеттендіруде» қылмыстық заңнама оған әсер етпей қоймады.
1959-1962 жылдар аралығында қабылданған республикалар қылмыстық кодекстерінде лауазымды қылмыстардың субъектісі ретінде лауазымды тұлғалардың анықтамасында былай делінді: қандайда бір мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорында, мекемеде, ұйымда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындаумен байланысты қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды тұлғалар деп саналды [21,880б.].
Сол кезде Қазақстанда әрекет ететін ҚК-дегі лауазымды тұлға түсінігі, республикада соттық–тергеу тәжірибесінде біршама қиыншылықтарға әкелді. Ондай қиыншылықтар мынадан байқалды: мемлекеттік немесе қоғамдық мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қарапайым жұмыскерлерін басқару органдарының қызметкерлерінен айырмашылығын ажыратуда еді. Осындай қателіктерден ҚазССР сот органдарымен лауазымды тұлға ретінде қойшы, аспазшы, слесарь, жүргізуші сотталған. Сондықтан осы лауазымды тұлғалар шеңберін шектеу негізінде Қазақ ССР ҚК-нің 143-бабына, 1982 жылы 19-сәуірде және 19 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес президиумының Жарлығымен өзгерістер енгізді. Ол Жарлыққа сәйкес лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық мекеме, кәсіпорын және ұйымның әкімшілік-шаруашылық міндетті орындаумен байланысты немесе осы міндеттерді арнайы өкілеттік бойынша тұрақты немесе уақытша жүзеге асыратын тұлғалар саналды.
АҚШ, Жапония, ФРГ, Швейцария, Голландия, Австрия, Грецияның қылмыстық кодекстерінің Жалпы бөлімінде қоғамдық немесе мемлекеттік қызмет бойынша кінәліге берілген құқықтар мен өкілеттіктерді пайдалана отырып жасаса қылмыстың субъектісі ретінде «бұқаралық лауазымдық тұлға», «бұқаралық тұлға деп таныған».
Тәжірибеде қылмыстың арнайы субъектісі белгілерін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл белгілердің жоқ болуы жауапкершіліктің де болмауына әкеледі. Сондықтан соттар кінәлінің барлық қылмыстық белгілерін және тұлғалық белгілерін, оның қызметтік жағдайын дұрыс тексеруі қажет.
Сонымен, арнайы субъектінің белгілері – ол қылмыс құрамының қосымша белгілері. Оның мәні қылмыс құрамы элементтерін сипаттайтын факультативті белгі ретінде мыналардан көрініс табады:
- Осыз қылмыс құрамы болмайтын, қылмыс құрамының конструктивті белгісі ретінде. Мысалы, (ҚР ҚК 218-бабы.) бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуда тек қана бухгалтер немесе басшы, кәсіпкер субъект ретінде таныла алады. Егер бұл әрекеттер басқа қызметкерлермен жасалса қылмыс құрамы болмайды.
- Қылмыс құрамын құрайтын ауырлататын жағдай белгісі ретінде. Мысалы, егер тұтынушыларды алдау алдында осы әрекеті үшін соттылығы бар адам жасаса, онда бұл әрекет ҚР ҚК 223-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен сараланады.
- Ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар ретінде жазаны жекелендіру үшін маңызы зор. Мысалы, ҚР ҚК 54-бабының 1-бөлігінің «н» тармағында ауырлататын жағдайлар ретінде адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасау.
Сонымен, біздің ойымызша, қолданыста жүрген қылмыстық заңдағы арнаулы субъектілердің барлық белгілерін жинақтап, оларды үш топқа бөлуге болады:
- Субъектінің құқықтық жағдайы мен әлеуметтік рөлін сипаттайтын белгілер:
— азаматтық белгісі;
— адамның қызметтік жағдайы-лауазымды тұлғалар, ұйымның жетекшісі, өкімет өкілі, сот, прокурор, тергеуші және т.б.;
— адамның атқаратын жұмысының сипаты, қызмет түрі, кәсіби мамандығы –көлік жүргізушілері, дәрігер, т.б.;
— әскери қызметке қатыстылығы;
— сот процесіне қатысушы немесе сотталған-куәгер, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы және т.б.;
— адамның соттылығы;
- Субъектінің физиологиялық және демографиялық қасиеттеріне сипаттайтын белгілер:
— субъектінің жасы-18 жас,
— субъектінің жынысы –ер адам не әйел адам,
— денсаулық жағдайы;
- Субъектінің жәбірленушімен немесе өзге де адамдармен қатынасын сипаттайтын белгілер:
— туыстық қатынастар,
— қызметтік немесе өзге де тәуелділік.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының атмосфераны қылмыстық түрде ластаған адамға тән қосымша қандай да бір белгілер туралы айтуға рұқсат бермейді. Сондықтан да, егер берілген қылмыс арнайы субъектімен жасалған жағдайда (мәселен, лауазымды адаммен жасалса) онда екі немесе одан көп қылмыстың жиынтығы жөнінде сөз болу керек. Лауазымды қызметкерлер арасында ауаны қылмыстық түрде ластаудың субъектілері болып, кәсіпорын басшылары, олардың орынбасарлары, бас инженерлер, бас технологтар және басқа да бас мамандар, цех, смена басшылары, технологиялық процестің дұрыс жүргізілуі үшін, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды сақтау үшін, яғни атмосфералық ауаға қалдықтарды тастауды реттеуге сәйкес нормативтер үшін жауап беретін және тазартушы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын тазарту үшін тікелей жауап беретін шеберлер және басқа да адамдар. Сонымен қатар тазартушы құрылғылары жоқ немесе пайдасыз тазартушы құрылғылары бар объекттілерді, агрегатты, цехты, кәсіпорынды эксплуатацияға қабылдаған адамдар. Бұл жерде қоршаған ортаға залал келтіруде жанама қасақаналықтың болғаны дәлелденуі керек, берілген жағдайда көбінесе қылмыстық жауапкершілік туындамайды, себебі абайсыз кінә нысаны болады. Оған қоса, берілген қылмыс субъектілері болып тікелей потенциалдық ластаушылар мен жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Мәселен, мұнай мен газды тасымалдау жасайтын станцияларда жұмыс істейтін адамдар, көлік құралдарының жүргізушілері , авиаторлар және басқа адамдар.
Қарастырып отырған заң нормасының бұзылуы, әкімшілік, азаматтық және мүліктік жауапкершілікке тарту істеріне талдау жүргізу барысында көбіне, заңды тұлғалардың құқыққа қайшы әрі қоғамға қауіпті әрекеттерінің немесе әрекетсіздіктерінің нысанында жүзеге асады. Жеке тұлғалар мен арнайы субъектілер атмосфераны ластағаны үшін жауапкершілікке тартылуға міндетті, ал заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту еліміздің қылмыстық заңдарында көзделмегендіктен, бұл көкейкесті проблемаға мемлекеттік органдар қайта оралып, әділетті де негізді шешімін тапса, көптеген мәселелер айқындалар еді деп есептейміз.
2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының объективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері
Қандай да бір қылмысты сипаттаған кезде, заңнамашы ең алдымен жасалған қылмыстың қоғам үшін қауіпті дәрежесінің бар болуының маңызды көрсеткіші болып табылатын объективтік жағын сипаттайды. Адамның өмір сүруі әрқашанда қандай да бір әрекеттермен, яғни белгілі бір әлеуметтік қатынастарға байланысты табиғи ортаға не қоғамдық ортаға белсенді араласуымен көрінеді, өзінің белсенділігін білдіре отырып, жеке тұлға қандай да бір оқиғаның пайда болуын тездетуге, өзгертуге, болдырмауға тырысады. Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігі дәрежесін белгілеуде, қылмыстарды саралауда объективтік жақтың маңызы зор. Осы мәселеге орай жекелеген ғалымдардың пікірлеріне жүгінсек, мысалы: профессор С.Рахметовтың ойынша, қылмыстың объективтік жағы дегеніміз-қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белсенді түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі.
Профессорлар М.Д. Шаргородский мен А.Н.Беляевтың пікірінше, қылмыстың объективтік жағы қоғамға қауіпті зардаптың және белгілі жағдайда анықталған уақыт, орын және қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін көріністің сыртқы жағдайы десе, профессор Ғ.Сапарғалиевтың көзқарасы бойынша, қылмыстың объективтік жағы, яғни қылмыстың сыртқы көрінісі-қылмыстың құрамына кіретін ұғымның, біріншіден, қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі, екіншіден, әрекет немесе әрекетсіздік арқылы туатын қоғамға қауіпті нәтиже, соңғысы әрекет немесе әрекетсіздікпен зардаптың тууына себепті байланыс белгілерінің жиынтығы деп пайымдайды [22,11].
Қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге зиян келтіретін қылмыстық заңмен көзделінген қоғам үшін қауіпті әрекетінде жатыр. Қылмыстың объективтік жағы сыртқы дүниенің құбылыстары мен оқиғаларына адамның белсенді араласуы арқылы құқықтық міндеттер жүктелген кезде араласудан бас тарту арқылы адамның ойлаған мақсатын әрекет жүзінде іске асыруы. Қылмыстық құқықтық мағынада іс-әрекеттің құқықтық белгілері бар, олар қоғамға қауіптілік және құқыққа қайшылық тудырады. Іс-әрекет нақты, саналы, ерікті түрде жасалынған жағдайда ғана қылмыстық сипатқа ие болады. Адамның әрекеті оның еркінің сыртқы көрінісі, ол саналы түрде және белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалуы тиіс. Әрекеттің сипаты адамның еркімен жасалған болса ғана оның кінәсі туралы мәселе туындайды. Қылмыстық іс-әрекет әрекет немесе әрекетсіздік түрінде орын алады. Әрекет адамның белсенді іс-қимылы және қоғамға қауіпті іс-әрекетінің кең тараған түрі [23,35б.].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстардың басым көпшілігі осы белсенді әрекетпен жасалады. Атмосфераны ластау құрамы объективтік жағынан келесі әрекеттер нысанында жасалуы мүмкін: атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзу, егер бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеліп соғуына ұласу. Аталған құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеттер адамның денсаулығына зиян келтірген жағдайларда, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғанда, кәнілі тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қарастырылып отырған қылмыстың конструкциясы материалды болғандықтан, қоғамға қауіпті әрекет пен туындаған қоғамға қауіпті зардап арасындағы себепті байланысты анықтау керек.
Жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды заттың түсуі шығарынды деп танылады, олар мемлекеттік стандарттармен белгіленген. Әрекетсіздік – қоғамға қауіпті іс-әрекеттің бір түрі, алайда, әрекетке қарағанда, әрекетсіздік адамның белгілі бір әрекетті жасауға міндетті немесе оны жасауға мүмкіндігі бола тұра, сол әрекетті жасамау нысанындағы бәсең, енжар әрекеті. Әрекетсіздік қылмыстық заңға қайшы болса ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады, яғни әрекет жасау міндеттілігі қылмыстық заң нормалары талаптарынан туындауы тиіс және қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарты ретінде адамның заңда жүктелген міндеттерді орындамауы және орындауға мүмкіндігінің болуы табылады. Нақты әрекеттерді жасау міндеттері адамға заң тарапынан, кәсіби немесе қызметтік жағдайынан жүктелуі мүмкін. Бұл кездерде, атмосфераны ластаушы кінәлі тұлғалар тарапынан әрекетсіздік сипаты жиірек кездесетіні әкімшілік істерге талдау бойынша субъектілердің заңсыз әрекеттерінен анық байқалып отырғандығын аңғарып отырмыз.
Сонымен бірге, қылмыстық әрекеттің объективтік жағының сипаттарына құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік, қоғам үшін қауіпті салдарын, әрекет пен салдар арасындағы себепті байланысын, қылмыс жасаған орнын, әдісін, құралдарын, жағдайын жатқызады [24, 253б.].
Табиғи жағдайларда ауаның химиялық құрамы табиғи процестермен реттеледі. Ауаға кіретін және одан шығатын химиялық элементтер арасындағы тепе–теңдік автоматты түрде ұсынылады. Кейбір микроэлементтердің аномальды конценрациялары тек жеке, маңызсыз учаскелерде байқалады. Табиғи процестердегі өзгерістерге ауаның табиғи қасиеттерін күрт өзгертетін адамның шаруашылық әрекеттері қатты әсер етеді. Ауаның химиялық құрамының антропогенді өзгеруі өнеркәсіп пен ауылшаруашылық қалдықтарындағы ластаушы заттардың көп мөлшерде атмосфераға түсуімен айқындалады. Олар ауаның табиғи құрамын өзгертіп, азот, фосфор, түрлі металдар мен т.б. қоспалардың концентрациясын арттырады, ал бұл ауа сапасын төмендетеді.
Ауа сапасы – адам өмір сүруіне қажеттілігін анықтайтын құрам мен қасиеттерінің сипаттамасы. Ауаның ластануы мен пайдаланылу түрінің дәрежесіне байланысты оның сапасын сипаттау үшін жеткілікті көрсеткіш саны мен жиынтығы өзгеруі мүмкін. Заң атмосфералық ауа сапасын «оның атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық сапа нормативтеріне сәйкестік дәрежесін көрсететін атмосфералық ауаның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттердің жиынтығы».
Ауа сапасы екі нормативпен өлшенеді: экологиялық және гигиеналық:
— атмосфералық ауаның гигиеналық сапа нормативі – атмосфералық ауадағы (ластаушы) заттардың бар болуының максималды рұқсат етілетін шегін айқындайтын атмосфералық ауа сапасының критерийі, осы критерий бойынша, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсер болмайды;
— атмосфералық ауаның экологиялық сапа нормативі – атмосфералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың бар болуының максималды рұқсат етілетін шегін айқындайтын атмосфералық ауа сапасының критерийі бойынша және осы критерий бойынша қоршаған табиғи ортаға зиянды әсер етілмейді».
Ауа сапасының өзгеруі келесі заңнамалық анықталған нысандарда өтуі мүмкін:
— атмосфералық ауаның ластануы – зиянды (ластаушы) заттардың мемлекет бекіткен атмосфералық ауаның гигиеналық және экологиялық сапа нормативтерінен асып түсетін концентрацияларда атмосфералық ауаға енуі немесе онда пайда болуы;
— атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету – атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық т.б. қасиеттерін өзгертетін шу, вибрациялар, ионды сәуле шығару, температуралық және басқа физикалық факторлардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Атмосфераға шығарындыларды құқықтық тұрғыда реттейтін төмендегі көрсетілгендей мемлекеттік стандарттар бекітілген:
- ГОСТ 17.2.3.01-86 –Табиғатты қорғау. Атмосфера. “Тұрғылықты жерлердің ауа сапасын бақылау ережелері”. Аталған стандарт қазіргі таңдағы және құрылу үстіндегі тұрғылықты жерлер аумағындағы ауа сапасын бақылау ережелеріне тарайды, сонымен қатар ол өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағының ауа сапасын бақылау ережелеріне тарамайды. Стандарт СТ СЭВ 1425-79 сәйкестеліп жасалынған. Стандарт келесі бөлімдерден тұрады:
- бақылаудың ұйымдастырылуы;
- бақылау орындарының орналасуы және сапасы;
- бақылау бағдарламасы мен мерзімі;
- үлгілерді алу;
- атмосфераның ластану сипаттамасы.
- ГОСТ 17.2.4.02-81–Табиғатты қорғау. Атмосфера. “Ластаушы заттарды анықтау әдістеріне жалпы талаптар”. Аталған стандарт атмосфералық ауадағы ластаушы заттарды анықтау әдістеріне қойылатын жалпы талаптарды бекітеді. Оның негізінде атмосфералық ауадағы ластаушы заттарды анықтаудың нақты әдістеріне мемлекеттік стандарттар жасалады. Бұл стандарт автоматты бақылау жабдықтарын немесе саймандарын қолданумен байланысты әдістердің жалпы талаптарына таралмайды. Стандарт СТ СЭВ 2598-80 сәйкестелген. Әдістер атмосферадағы зиянды заттардың жиі кездесетін құрамдарына таңдап алынуы қажет, мысалы күкірт диоксиді, аммиак, көмірқышқыл газы, күкірт сутегісі, азот оксиді, СО2, H2О және өзге де зиянды қалдықтарға таңдап алынуы және осы заттардың ауада 0,8 ШРК –ПДК мөлшерінде болуы қажет. Әдіс дұрыстығы +-25 пайыздан аспауы қажет, сонымен қатар ластаушы заттар шоғырында 0,8 –10 ПДК шегінде болуы қажет.
- ГОСТ 17.2.4.05-83–Табиғатты қорғау. Атмосфера. “Шаңның өлшенген бөліктерін анықтаудың гравиметрикалық әдісі”. Аталған стандарт 0,04-10 мг/м3 диапазонындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық –қорғау кеңістігі мен тұрғылықты жерлер ауасындағы өлшенген шаңның бір реттік және орташа тәуліктік концентрациясын анықтаудың гравиметриялық әдісін анықтайды. СТ СЭВ 3846-82 сәйкестелген. Бұл әдіс мәні арнайы фильтрлерден ауаның өтуі барысында ұсталған шаңның өлшенген бөліктерінің массасын анықтаудан тұрады. Ол келесі бөлімдерден:
- үлгілерді алу;
- аппаратура;
- өлшеуді өткізу;
- нәтижелерді шығару.
- МЕСТ2.4.03-81-Табиғатты қорғау. Атмосфера. «Аммиакты анықтаудың индофенолды әдісі». Стандарт СТ СЭВ 2599-80 сәйкестелген. Аталған стандарт 0,1-1,0 мг/м3. Диапазонындағы атмосфералық ауадағы бір күндік және орташа аммиак концентрациясын анықтаудың индофенолды әдісін бекітеді. Әдіс аммиактың гипохлоритпен және фенолмен натрий нитропрусидінің қатысуындағы индофенол түзілу қабілеттілігіне негізделген. Аммиакты анықтау барысында бұл реакцияға хош иісті аминдер мен формальдегид кедергі келтіреді. Ол келесі бөлімдерден тұрады:
- үлгілерді алу;
- аппаратура;
- материалдар мен реактивтер;
- талдауға дайындық;
- талдау өткізу;
- нәтижелерді шығару.
- МЕСТ 17.2.6.01-86-Табиғатты қорғау. Атмосфера. «Жергілікті жерлерде ауаның мөлшерін есепке алу үшін қолданылатын жабдықтар». Аталған стандарт жергілікті жерлердегі ауаның мөлшерін келешектегі лабораторлық талдау үшін таралады. Жергілікті жерлердегі ауаның сапасын бақылау мен қадағалау үшін қолданылатын аспираторларға қойылатын жалпы техникалық талаптарды бекітеді. Бұл аспираторлар өнеркәсіп орындарының және де ғылыми – зерттеу жұмыстарының қызметі үшін таралмайды.
- МЕСТ 17.2.6.02-85–«Атмосфераның ластануын бақылау үшін автоматтандырылған газоанализаторлар». Стандарт СТ СЭВ 5172-85 сәйкестелген. Аталған стандарт автоматтандырылған газоанализаторларға таралады. Бұл газоанализаторлар қалалардағы және өзге де тұрғылықты жерлерде атмосфераның ластануын бақылауға және оның ластану деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Бұл стандарт лабораториялық және дистанционды ғылыми зерттеулерге арналған газоанализаторларға таралмайды. Аталған стандартта газоанализаторлардың жіктелуі, оларға қойылатын техникалық талаптар көрсетілген, атмосфералық ауадағы ластаушы заттарды анықтаудың жалпы талаптарды бекітеді. Аталған стандарт негізінде атмосфералық ауадағы ластаушы заттарды анықтаудың нақты әдістеріне мемлекеттік стандарттар жасалуы қажет.
- ГОСТ 17.2.1.03-84-Табиғатты қорғау. Атмосфера. «Ластауды бақылаудың анықтамалары мен терминдері». Аталған стандарт атмосфераны ластауды бақылау аясындағы ұғымдар мен анықтамаларды ғылымда, техникада қолданылатын терминдерді белгілейді. Бекітілген терминдер барлық түрдегі құжаттама, ғылыми, техникалық, оқу-анықтамалық әдебиеттерде қолданылуға міндетті. Әрбір ұғым үшін термин бекітілген. Синоним – терминдерді қолдануға рұқсат берілген. Қолданылуға жатпайтын терминдер стандартта рұқсат етілмеген деп көзделген.
- ГОСТ 17.2.3.02-78 -Табиғатты қорғау. Атмосфера «Өнеркәсіптік ұйымдармен тасталатын зиянды қалдықтарды бекіту ережесі». Аталған стандарт атмосфераға өнеркәсіптік кәсіпорындармен тасталуға жол берілетін зиянды заттар қалдықтарын белгілеудің ережесін анықтайды. Осы стандарт негізінде министрліктер салалық стандарттар мен өзге де салалық ерекшеліктерді есепке ала отырып зиянды заттар мөлшерін реттейтін нормативті-техникалық құжаттамаларды әзірлейді. Стандарт келесі бөлімдерден тұрады:
- жалпы талаптар;
- ПДВ бекіту барысындағы атмосфералық ауаның сапалық критерийлері;
- ПДВ бекіту;
- ПДВ сақталуын бақылау.
Жоғарыда аталған стандарттар КСРО комитеттерімен жасалып бекітілген, ҚР стандарттау комитетімен қабылданған және Республикамыздың барлық аумағына таралады [25,108-109б].
Баптың диспозициясында, сонымен бірге, «ауаның табиғи қасиеттерінің басқаша өзгеруі» деген ұғым бар, мұның ешқандай заңнамалық анықтамасы жоқ, алайда, ғылыми-техникалық алға басудың үнемі өсуін ескерген кездебұл керекті нәрсе, өйткені не ластау, не жанды физикалық әсер ету болып табылмайтын әрекеттің қандай бір түрі атмосфералық ауа сапасын елеулі бұзып, қылмыстық заңының қолданылу шеңберінен тыс қалуы мүмкін.
Объективтік жақтың келесі белгісі – қоғам үшін қауіпті салдарды сипаттаудың алдында кейбір теоретикалық ойлар қозғаған жөн. Кеңес дәуіріндегі қылмыстық құқық теориясындағы үстем етуші пікірлердің біреуі бойынша: «Қылмыс қоғам үшін қауіпті әрекет ретіндегі негізі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғушылықта жатыр». Қол сұғушылық ретінде осы қатынастарға зиян келтіру немесе зиян келтіру мүмкіндігі деп түсіну керек. Солайша, А.А. Пиантковский қылмыстық нәтиже ретінде «тұлғаның әрекет етуіне әрекетсіздік ықпалымен болатын, қылмыстық заңда көзделген қоршаған ортадағы өзгерістерді түсінуге болады», деп ойлады. Осы қылмыстық салдар тікелей немесе жанама түрде заң қорғайтын объектілердің біреуіне зиян келтіреді, ең кеміндезиян келтіру қауіптілігін тудырады. Басқа ғалымдар да қол сұғу ұғымын осылай түсінеді. Бірақ, кейбір авторлар қоғамдық қатынастарға зиян келтірмейтін қылмыстар болмайды, деген көзқарасты ұсынады. Алғашқы болып осындай пікірді ұсынған А.Н.Трайнин «әрбір қылмыстың объектісі жаза қолдану арқылы қылмыстық заң қорғайтын және жазаға ұшырау қаупінен қорықпайтын қылмыскер қол сұғатын қоғамдық қатынастар болып табылады, деп ойлайды. Қол сұғу әрдайым белгілі нысанда және мөлшерде объектіге зиян келтіру, зиян келтірмейтін қол сұғушылық болмайды. Қылмыстық заң объектісін зияннан қорғайды. Қол сұғудың объектісіне келтірілген зиян нысаны мен ауқымына қарамастан, әр бір қылмыстың қажетті элемент құрайтын салдар болады». Бұл көзқарасты В. Г. Смирнов және т.б. қолдайды, Н.Ф. Кузнецова «қол сұғу объектісіндегі өзгерістер екі түрде болады дейді: қоғамдық қатынастарға фактілік зиян келтіру… түрінде, қауіпті тудыру, фактілік зиян келтіруге реалды мүмкіндік тудыру түрінде», яғни осындай зиян келтірудің шынайы мүмкіндігін қол сұғу объектісіндегі қоғамға зиянды өзгерістерге жатқызуға болады.
Көзқарастардың әр түрлі болуы кез келген қылмыстағы салдарды қажет белгі деп мойындау керектігіне байланысты дәстүрлі даулардан екенін ескерту қажет. Атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарудан болдырмаған зиянның мөлшерін жоғары бағалау бір ірі қайнар көз үшін немесе бағаланушы қайнар көздердің топтары үшін де, сонымен бірге, жалпы аймақ үшін де бола алады.
Жалпы аумақ үшін болдырмаған зиянның көтермелі бағалауы (немесе алды алынған зиянның болжамдық ауқымын бағалауы) кезінде бағаланушы қайнар көздердің тобы ретінде ортақ қайнар көз деп қарастырылатын қаладағы, аймақтағы қайнар көздері санала алады. Бұл жағдайларда алды алынған зиянның мөлшерін анықтау үшін ҚР-ның бекітілген стандарттарға сәйкес негізгі экономикалық аудандары үшін зиянның экономикалық бағасының орташа есептеу көрсеткіштерін атмосфералық ластаудың массасының бірлігі қолдану ұсынылды.
Оқиға болған жерді қарау хаттамаларында, түсініктемелерде, жауап алу хаттамаларында, рапорттарда, хабарламаларда, қарарларда, қызметтік хаттарда және ластанған ауаның бақылаушы өлшеу құжаттарында міндетті түрде болуы тиіс осы көрсеткіштердің анықтамалары қылмыстық істі бастау процедурасын күрделі, кейде мүмкіндігін жояды, себебі, бір салдардың болуын бірден ізін суытпай анықтау қажет, ал ауаны ластау туралы фактілер көп жағдайда анықталмайды да, бақылаушы органдар олар туралы өте кеш біледі [26,42б.].
Зиянды салдарды бекітуде қылмыстық-құқықтық, криминалистикалық мағына бар. Бұл салдар ауаны ластайтын заттардың қасиеттеріне, санына, концентрациясына, гидрометереологиялық факторлардың әсер ету ұзақтығына, жануарлардың, өсімдіктердің, балықтардың бұл қосындыларды қабылдауына, ластау қайнар көзінің күшіне және т. б. тәуелді.
Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзғандығы үшін келтірілген зиянды толтыру қызметі бойынша 2003 жылды 2002 жылмен салыстырғандағы талап-арыздық негізгі көрсеткіштер динамикасы Қазақстан Республикасының сот органдарына қарауға 2003 жылы — 461 іс ал, 2002 жылы –371 іс қарауға берілген болатын, бұдан аңғаратынымыз, азаматтардың, ұйымдардың жыл сайын сотқа шағымдану фактілерінің көбеюі; оның 351-і талапкерлердің пайдасына шешілген, 101 іс соттың қарауы сатысында, 9 іс бойынша соттардың істі қанағаттандыруға жатпайтындығы туралы шешім шығарылған. Прокуратура органдары 8 қылмыстық іс қозғаған. Сот және құқық қорғау органдарында облыстар бойынша істерді қарау кестесі 5 қосымшада көрсетілген.
Ауадағы зиянды қосындылардың нормативтерінен асыру – әрбіреуі ШРК нормаларын бұзбайтын кәсіпорындар–ластаушылардың бүкіл қалдықтары арқылы болады, сондықтан ешқандай қылмыстық немесе басқа жауапкершілік туралы айтуға болмайды.
Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс пен туындаған салдар арасында себепті байланыс болғанда тартылады дегенді жоғарыда айтқан болатынбыз. Қарастырылып отырған қылмыс құрамының конструкциясы бойынша материалдық екендігін негізге алып, материалдық құрамдағы қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарты болып оның жасаған іс-әрекеті мен осы іс-әрекет нәтижесінде туындаған зиянды зардап арасындағы себепті байланыстың болуы табылады.
ҚР Жоғарғы Сотының “Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжірибесі туралы ” Қаулысында:“Жасалған әрекет пен басталған зиянды зардаптардың арасындағы себептік байланыстарды анықтау мұндай зардаптар өзге факторлардан, оның ішінде жаратылыстық-табиғаттық факторлардан туындады ма, олар жасалған құқық бұзушылыққа қатыссыз басталған, сондай-ақ жаратылыстану-табиғаттық факторлар басталған зиянды салдардың сипаты мен көлеміне қандай дәрежеде әсер етті деген мәселені айқындауды көздейді.”-делінген [27,2б.]. Себепті байланыстың болу объективтілігі тергеу және сот органдары тұлғаның іс — әрекеті мен салдардың арасында оның болуын немесе болмауын анықтау міндеттігін білдіреді. Себептік байланысты анықтай отырып, оның бірқатар белгілерді қамтуы міндетті түрде қажет, ал оларға қылмыстық-құқықтық ғылым мыналарды жатқызады: әрекеттілік (міндетті түрде басталу тиіс салдарды себеп тудырады), барлығына ортақтылық (себептік құбылыстардың мүмкіндігі болмауын анықтаушы), қажеттілік (яғни байланыс кездейсоқ сипатта болмауы тиіс), объективтілігі (ол шынайы болуы тиіс). Себепті байланыс-бұл құбылыстардың өзара байланысы, бір құбылыс екінші құбылыстың пайда болуына себеп болады.
Қылмыстың объективтік жағының белгілерінің келесі тобының талдауын бастасақ, қылмыстық құқық теориясы бойынша, қылмыс құрамының белгілерін қажетті және факультативтіге бөлу қылмыс құрамы туралы жалпы оқу ауқымында ғана алғышартты және дұрыс екеніне назар аудару қажет. Егер қылмыстың нақты бір құрамы туралы айтылып жатса, оның кез келген белгісі ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің қылмыстық-құқықтық нормасының диспозициясымен көзделген кез келген түрі бола тұрып, бұл нақты қылмыс құрамының қажетті белгісі болады.
А.Н.Трайнин кезінде «құрамның барлық элементтерін диспозициялар қамтымайтын жағдайлар көп» деген ойын білдірді. Кейін В.Н. Кудрявцев бұл ойды объективтік жаққа қатысты дамытты. «Қылмыстың объективтік жағының белгілері қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында құрамның басқа элементтерінен гөрі жақсы түсіндірілгенімен, толық анықталмайды».
Қылмыстық-құқықтық теорияда қылмыстың жасалған орны дәстүр бойынша факультативті белгілерге жатады. Осы арқылы ол қылмыстық-құқықтық бағаға түсетін қылмыс жасалғанда жеке жағдайларда ғана қылмыстық-құқықтық мәнге ие болатынынан көрінеді. Бірақ, бұл белгі ҚР қылмыстық заңнамасында бұрын да, қазір де маңызды рөл атқарады. Қылмыс жасаған орын ұғымын анықтағанда, бұл ұғым кең ауқымды және көп мағыналы екенін ескерту қажет. С.И. Ожегов өзінің орыс тілінің сөздігінде «орында», «бірдеме болатын бір кеңістік» деп анықтайды. Бұл ұғымның құқықтық және өзіне тән заңдық белгілерін көрсетуге міндетті екенін ескере отырып, қылмыс жасаған орынды қылмыстың объективтік жағы жасалынған кеңістік бөлігі деп айтуға болады.
Іс — әрекеттің қылмыстық сипатын анықтауға орынның әсері көптеген экологиялық қылмыстар мысалында көрінеді. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 287-бабы), заңсыз аңшылық (ҚР ҚК 288-бабы) қылмыстың бұл түрлері белгілі аумақтарда жасалса, қылмыстық деп мойындалады, сондықтан оларды осы шекаралардан тыс жерлерде жасауда (басқа шарттар орындау арқылы) ешқандай қылмыстық жауапкершілікке негіз болмайды. Жануарлардың өмір сүру ортасына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жағдайына әсер ете алатын шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде орындауға тиіс талаптардың бірі – жануарлардың өмір сүру ортасын, көбею жағдайларын, жануарлар миграциясының жолдарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс [28,342б.]. Мысалы, егер жануарлар дүниесін қолдану оның сақталуы мен көбеюіне зиян келтірсе, ол белгілі аумақта шектеулі немесе толығымен тоқтатылуы тиіс.
Осыған қатысты П.Ф. Повелицина экологиялық баптарда бар қылмыстың кеңістік мезгілдік белгілері: «елдің белгілі аумағының ерекшеліктеріне және осы жердегі ауланып жатқан құс немесе аңның түріне, олардың өмір сүру жағдайларына, көбею кездеріне, қоныстануына және т.б. байланысты анықталады»-деді. Басқаша айтқанда, қарастырылып жатқан іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі (құқыққа қарсы болуы) олардың белгілі аумақта табиғи процестерді қорғау жағдайында жасалалуынан көрінеді.
Қылмыс жасалған орын қылмыс құрамының басқа белгілерімен функционалды түрде байланысты. Қылмыс объектісінің белгілеріне қатысты бұл мынадан көрінеді: бұл іс-әрекет оған нақты жағдайларда ғана залал келтіруі мүмкін. Қылмыс жасаған орын мен қылмыс заты арасында белгілі бір байланыс бар, өйткені бұл жағдайда кеңістік сипаттамасы және топографиялық белгілері бар зат туралы айтылуда. Жасалған қылмыс заты мен орнының диалектикалық байланысында үлкен дәлелдеуші мағына бар екенін ескерту қажет: көп жағдайда қылмыс орнында болмай, оның затына әсер етуге болмайды.
«Жасалынып жатқан іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі іс-әрекеттің орны мен мезгілінің нақты жағдайларда қоғам үшін зиянды нәтиже жасайтынымен анықталады» деп айтқан академик В.Кудрявцевтің пікірін қолдап, қылмыс құрамы үшін қылмыс жасау орны іс-әрекеттің заңды бағасына белгілі әсер ететінін айта аламыз.
Қарастырылып жатқан қылмыстық істердің ерекшелігі мынада – зиянды салдар қылмыс жасаған жерде емес, басқа жерде бола алады. Осыған байланысты, қылмыс орнына зиян салдар болған аумақты ғана емес, өндірістік те, басқа да, аумақ бола алатын қылмысқа қарсы іс -әрекет жасалған белгілі бір жерді де жатқызуға болады.
Көрсетілген жерлердің бір-бірінен алыс болуы және ластанған аумақтардың көлемі зиянды заттардың қасиеттері мен мөлшеріне ғана емес, гидрометеорологиялық жағдайға (күштер, жел бағыты, ауа температурасы және т. б.), жер рельефіне, ластаушы қайнар көздердің қабілеттеріне тәуелді. Заң шығарушы атмосфералық ауаны қорғау туралы заңда «физикалық көзі толық немесе ішінара бір мемлекеттің ұлттық юрисдикциясындағы аумақтың шегінде орналасқан және теріс ықпалы басқа мемлекеттің юрисдикциясындағы аумақта байқалатын атмосфералық ауаның ластануы – атмосфералық ауаны трансшекаралық ластау» деген арнайы ұғымды бекітті [29.]. Ауаны трансшекаралық ластау мәселесінің күрделілігі соншалықты – арнайы ведомствоаралық жұмыс тобының құрылуын қажет етеді. Ауаны трансшекаралық ластау мәселелері бойынша ведомствоаралық эксперттердің жұмыс тобы мүдделі министрліктер, ведомстволар, қызметтер, ғылыми мекемелер мен халықаралық орталықтар атынан ресми түрде қызмет ететін ғалымдар мен мамандардан құрылады, ал халықаралық орталықтар 1979 жылғы үлкен аралықтарға ауаны трансшекаралық ластау туралы Конвенция, оның хаттамалары, жаңа хаттамаларға жаңа негізгі міндеттер бойынша ұсыныстар, қорытындыларды дайындау және олар бойынша кеңестер шеңберінде қызмет етеді.
Ластау қайнар көзі стационарлы болса, қылмыстық істің орны нақты кәсіпорын (бөлімі, белгілі жері), яғни негізгі өндіру қызметі жүзеге асырылатын аумақ болады. Ал егер ластау қайнар көзі қозғалмалы болса, онда қылмыс жасалған орны болып қосымша өндіру қызметі жүргізілетін кез келген аумақ та, жасалған қылмыстың салдары анықталған орны да табылады. Қылмыстың орын алған жерін анықтағанда, әдетте, орналасуы (қала, мемлекет және т.б.) туралы мәліметтер, объектілерді сипаттау үшін жердің әлеуметтік–экономикалық қатысы көрсетіледі.
Қылмыс жасау уақыты ұғымын анықтауды бастағанда жекеше түрде де, істің басқа жағдайлармен жиынтығында да қылмыстың негізгі объективтік қасиеті бола отырып, жеке ол қылмыстың қылмыстық-құқықтық бағасына, оның саралануына көп әсер етеді [30,11б.].
ҚР ҚК 282-бабы бойынша, қылмыс жасалып болған уақыты болып қоғамға қауіпті салдардың басталу кезі саналады, бұл салдар қылмыстың жасалғаннан кейін белгілі бір уақыт өткен соң бастала алады, сондықтан кейбір ғалымдардың қылмыс жасау уақыты деп іс-әрекеттің жасалу уақытын санайды. Басқалардың көзқарастары бойынша, қылмыс жасау уақыты болып салдардың басталу кезі саналады. Үшіншілер, бұл кінәлінің іс-әрекетінің нәтижесінің басталуы деп пайымдайды.
Қазіргі кезде заң шығарушы бұл сұрақты нақты анықтады. Қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік жүзеге асырылған уақыт зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп саналады. Қылмыс жасалу уақытын оның басталуын, барысын, аяқталуын сипаттай отырып даралайды немесе дараландырады.
Атмосфералық ауаны қылмыстық ластау туралы істерге қатысты бұл элемент бір-бірімен байланысты, әсер етуші төмендегі құрамдас бөліктерін қамтиды:
- атмосфералық ауаға зиянды заттарды шығаруға құқыққа қарсы істің жасалу уақыты;
- зиянды салдардың туу уақыты: минуттармен, сағаттармен, айлармен, жылдармен анықталады және оның бірінші элементі (құқыққа қарсы әрекеттердің жасалу уақыты) өндіру операциялары тұрғысынан, мысалы, ауаны тазарту процесінде және т.б. өндірістік процестер тұрғысынан сипатталуы мүмкін.
Зиянды заттарды ауаға тастау уақыты апат, өрт, техникалық немесе тазарту құрал-жабдықтарының істен шығу кезіндегідей кездейсоқ сипатта болуы мүмкін. Бұл санаттағы қылмыстық істерді қозғаудың тағы бір күрделілігі құқыққа қарсы әрекеттің жасалу уақыты мен залалды нәтиженің орын алу уақыт арасындағы, әсіресе, зиянды қалдықтың көлемі мен сипаты, атмосфералық ауа жағдайы, адамдар денсаулығының жағдайы, жануарлар, балық, өсімдіктер дүниесінің қоры және басқа да факторлар сияқты алшақ салдардың орын алу арасында біраз уақыт өтеді.
Атмосфераны қылмыстық ластаудың жасалу жағдайын сипаттай отырып, қылмыстың осы белгісінің маңыздылығы мен мәні анық екенін ескеру керек. Осыған байланысты, «Қылмыстың жасалған жағдайы оның жасалу орнын, уақытын және басқа да шарттарын қамтиды», деп айтқан профессор В.Н. Кудрявцевтың пікірі дұрыс деп пайымдаймыз. Қылмыстық заңнама қылмыстың көптеген басқа белгілеріне қатысты қылмыстың жасалу жағдайының мәнін ашып көрсетпейді, ол туралы анықтама бермейді.
Жағдайды зерттеуде қылмыстық құқық теориясында кездесетін қарама- қайшылықтарға қарамастан, жағдай – ішкі және сыртқы белгілерін шарттастыратын элементтер қатарынан қалыптасқан жүйелік құрылым екені даусыз. Жағдайдың элементі ретіндегі қылмысты жасау орны мен уақытына қатысты мәселе диалектика ережелерінен шығады, ол бойынша кеңістік және уақыт – материяның атрибуттары болып табылады. Кеңістік уақыттық сипатсыз материалдық объект болмайды.
Философиялық аспектте материалдық объект сыртында немесе жанында болатын кеңістік пен уақыт туралы айтудың мағынасы жоқ. Материалдық объектіні дара түрде анықтауға мүмкіндік беретін шекара түрлерінің бірі – кеңістіктік – уақыттық шекаралар болып табылатыны диалектикада белгіленген. Осындай шекаралардың қалыптасуы арқылы қылмыс жасаудың бірнеше объективтік жағдайларының нақтылануы жүзеге асырылады.
Қылмыстық-құқықтық теорияда оны жақтаушылар жағдай ешқандай қауіпсіздік әрекетке әсер ете алмайтынына сенімді деген көзқарас күдік туғызады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, «қоғамдық қауіпті қызмет жасау жағдайы, орны, уақыты криминализацияның объективті критерийі ретінде қарастырылмайды, себебі бұл факторлар қоғамдық қауіптілік себебі емес, қоғамдық қауіптілік әрекеті немесе әрекетсіздігі кезінде пайда болатын шарттар дейді. Бұл авторларға қарсылық білдіре отырып, әрекет етуші отандық қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының бірі – қылмыстық жауапкершілік пен жазалау тек қылмыс жасағаны үшін болуы яғни, қылмыстық қоғамдық қауіпті әрекет үшін екеніне назар аудару қажет. Өйткені, қоғамдық қауіптілік – қылмыстың қажетті шарты, себебі, іс-әрекеттің жасалу жағдайының қылмыстық-құқықтық мағынасы – қылмыстың осы сипатына қаншалықты дәрежеде ықпал ететіндігімен анықталады. Қоғамдық қауіптілік әрекетін қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру қабілеттілігімен анықталады.
Алайда, зиянды салдардың бұл жағдайда орын алуы әрекет пен оның жасалу жағдайының бірлескен әрекетімен шарттасады. Ауаның ластануы қылмыстық деп басқа да шарттармен бірге белгілі кеңістіктік–уақыттық шекараларда жүзеге асса, олар объективтік процестерге байланысты бекітіледі. Әрекеттің қоғамдық қауіпті болып қалыптасуына жағдайдың ықпалын былай түсінуге болады. Әрекет жасалу нәтижесінде шынайы қоғамдық қауіпті салдар туындайды. Жағдай әрекеттің өнегелілігі мен әлеуметтік бағалануын шарттастырады, оның негізінде оған тән заңды құбылыс жүргізіледі.
Қылмыстың объективтік жақтарының белгілері туралы айтқанда, қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақытын жинақтағанда, қылмыстық әрекет жүзеге асырылатын және дамитын объект пәндік шарт рөліне енеді. Олар оны сырт жағынан сипаттап, қылмыс қандай объективтік жағдайларда жүзеге асырылғанын куәландырады. Қоғамдық қауіпті әрекеттердің сипаттамасы үшін қылмыс жасаудың тәсілдері мен құралдарының басқа маңызы зор.
Экологиялық қылмыс жасауда әрекеттің қылмысты болып қалыптасуының тағы бір жолын көрсетуге болады. Оның мәні – экологиялық қылмыстар жасағанда, қылмыстық әрекет бірнеше объективті қалыптасқан және арнайы қолайлы құрылған қоғамдық жағдайда қарама-қарсы жаққа ауыстыруға қабілетті.
Алайда, экологиялық қылмыспен күресу тәжірибесінде кінәлі тұлғаны жағдайдың өзгеру салдарынан қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатылатындығы жиі кездеседі. Жағдайдың өзгеруі қылмыстық істің тоқтатылуының негізі болмауы тиіс, себебі қоршаған ортаға келтірілген зиян жеткілікті әрі елеулі болатындығы қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің инспекциялық бөлімдерінің инспекторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы жөніндегі мәліметтерден аңғаруға болады.
Қылмыс жасау тәсілі объективтік жақтың белгісі ретінде қылмыстық заңда жиі қолданылады және оның қалыптасуы қылмыстық-құқықтық бағалауға ықпал етеді. Қылмыстық жүріс – тұрыста қылмыс жасау тәсілі нақты әрекет жасауда спецификалық әдістер қолданылумен сипатталады. Қылмыс жасау тәсілі қылмыстың міндетті белгілер қатарына енгізу үшін ол тек қана әрекеттің объективтік сипаттамасы ғана жеткіліксіз, қоғамдық қауіптілік белгілі бір маңызды әсер ету қабілеттеріне ие болу тиіс; қылмыстық емес іс-әрекеттердің басқалардан бөлінуі негізінде болу керек. Қылмыстарды жасау тәсілдерін сипаттау кезінде заңнамашы терминдердің әр түрлерін (заңгерлік, бағалаушы, барлығы қолданатын) пайдаланатынын ескере отырып, бұл қылмысты жасау кездегі іс-әрекет спецификалық тәсілдермен жасалады және қылмыстарды саралауға маңызды әсер етеді деп айтуға болады.
Қорыта келе, атмосфералық ауаны ластау – әр түрлі қосындылардың түсуі арқылы физикалық, химиялық немесе биологиялық қасиеттерінің өзгеру процесі, ал бұл табиғатқа зиянды әсер ете алады. Ауаны ластайтын зат – деп, атмосфералық ауа сапасының нормаларының бұзылуына әкелетін кез келген қоспа санала алады. Бірақ, заң ластаушы зат ұғымында «атмосфералық ауада бар және белгілі концентрацияда адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық немесе биологиялық затты немесе осындай заттардың қоспаларын түсінеді». Қылмыстық құқықтың қайнар көзі Қылмыстық заңнан басқа заң бола алмайтынын еске түсіру қажет, себебі берілген түсіндіру іс-әрекетті ҚР ҚК 282-бабының 1 бөлігі бойынша саралау кезінде қолданыла алмайды, өйткені заңнамашы баптың диспозициясында салдарды көрсетпеген.
Атмосфералық ауаны ластаудың табиғи да, техникалық та сипаттағы себептері бар. Ауаны ластаудың қайнар көзі болып қосындылар, микроағзалар немесе жылу саналады. Қоршаған ортаға ең көп зиянды мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары, тау-кен және жылу энергетикасы мекемелерінің зиянды қызметі, адамның тұрмыстық немесе өндірістік қызметінің қалдықтары тигізеді, көліктердің шығарындылары адамдардың денсаулығына кері зардаптарын күн санап өсіріп келеді. Қазіргі кезде жағдай, тіптен ушығып отыр, себебі, индустрияландыру, қала және елді мекендер санының көбеюі, ауыл шаруашылық өндірісін химияландыру және қарқындандыру атмосфералық ауа ластануының күрт өсуіне алып келеді.
Атмосфералық ауаға, сонымен қатар, адам және жануарлар денсаулығына түрлі радиоактивті қалдықтар зор қауіп төндіреді. Радиациялық қауіпсіздік өз алдына жеке проблема ретінде, біз қарастырып отырған тақырыптан алшақ жатыр, дегенмен де, жартылай ыдырау кезеңі ұзақ радиоактивті элементтер атмосфералық ауа сапасы үшін қауіпті, мысалы, стронций – 90 немесе цезий – 137.
Біздіңше, атмосфераны ластау құрамының объективтік жағы қылмыстық заң нормасының диспозициясында көзделген, қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығынан құралған қылмыстық әрекеттер мен әрекетсіздіктердің, қоғамға қауіпті зардаптың және себепті байланыстың жиынтығынан құралатын белгілердің жиынтығы. Бұдан туындайтыны: атмофераны ластау құрамының обьективтік жағы, қорытындылай келе, әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалатын, қоғамға қауіпті зардап пен әрекет арасындағы себепті байланысты анықтауды қажет етеді.
2.2 Атмосфераны ластау құрамының субъективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері
Бұл тарауды жазудағы мақсат қылмыс жасаған тұлғаның өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне психикалық қатынасын анықтау, бұған құқық бұзушының мінез-құлқы мен қылмыс жасау кезіндегі жағдайын бағалап және талдау арқылы қол жеткізуге болады. Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік-бұл дененің қимылы немесе дене қимылының болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субъектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кезеңдегі сезімдері – бұлардың бәрі қылмыстың субъективтік жағын құрайды.
Қылмыстың субъективтік жағын анықтау, қиын себебі кінәлінің психикасында өтетін процестермен сипатталады және ол адамның сезім мүшелерімен қабылданбайды. П.С. Дагель: “Қылмыстың субъективтік жағы деп – негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмысты істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады” деп анықтаған. Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғы туралы мәселені анықтауға, ішкі мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік–бұл дене қимылының болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субъектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері –бұлардың бәрі қылмыстың субъективтік жағын құрайды.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын ашу үшін келесі заңи белгілер қажет, олар: кінә, ниет, мақсат және сезім.
Қылмыстың объективтік жағы қылмысты саралауда өзара ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызса, қылмыстың субъективтік жағы қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғын анықтауда көрініс табады, оның ішкі мәнін, мазмұнын толық білдіреді. Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстарды дұрыс саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды рөл атқарады. Сол себепті де атмосфераны ластау құрамының субъективтік жағын мұқият талдау қажет.
Азаматтық құқықта жасаған әрекетінде кінә болмаса да, қоршаған ортаға келтірілген зиян өтеледі, ал қылмыстық жауапкершілік тек қана қылмыскер әрекетінде кінә болған кезде ғана туындайды. Қылмыстық құқықтық ғылым бойынша жасаған әрекеті үшін жеке тұлға толық жауапкершілікке тартылуы керек, бірақ өз еркімен толық игере отырып, түсініп, шешім қабылдап жасаған болу міндетті шарт.
Қылмыстың субъективтік жақтарын кінәнің қылмыс жасаудағы ниет пен мақсат нышандарын дұрыс анықтаудың қылмысты саралауда маңызы зор, ол қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық еместен айырып алуға, қылмысты дұрыс саралауға, объективтік жағынан ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға, жазаны жеке даралау мен саралауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңда орын қылмыс құрамдарының кейбіреулерінде кінә нысаны тікелей көзделіп, оның белгілерінің элементтері сипатталады. Мысалға алар болсақ, денсаулыққа қасақана зиян келтіру (ҚР ҚК 103-бабында), жалған банкроттық(ҚР ҚК 216-бабында), бөтеннің мүлкін абайсызда жою мен бүлдіру(ҚР ҚК 188-бабына), т.б. Тұлғаны кінәлі деп тану- ол әрекетті қасақана немесе абайсызда жасады деп тану. Кінәнің қылмыстық құқықтық қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә- қылмыстық әрекеттің немесе әрекетсіздіктің ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкімімен мемлекет атынан әшкереленетін, сәйкес нысандарымен анықталатын, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы. Психикалық қатынас заңдық түсінік емес, ол жеке адам психологиясы пәніне кіретін ұғым. Сондықтан, қылмыстық құқық ғылымында психологиялық қатынас түсінігінің мазмұны психология ғылымының зерттеген категорияларына, ережелеріне, сүйеніп анықталады. Адамның өзіне тән психикалық белгілеріне –адам қызметінің, хал-ахуалының, қатынасының қасиеттері (темперамент, мінез-құлық, ерік және б.т.) жатады. Кінә, жоғарыда аталғандай, субъектінің белгілі бір қылмыстық әрекетінде көрсеткен психикалық қатынасы болса, кінәнің мазмұны деген- сана, ерік, сезім, ниет пен мақсат сияқты психологиялық элементтер жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Кінә нысаны-кінәнің мазмұнын құрайтын элементтердің өзара бір-бірімен және қылмыстың объективтік белгілері мен байланысы мен ұйымдастырылу әдістері, яғни кінәнің нысаны кінәлі адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетке және оның зардаптарына деген қатынасын куәландыратын интеллектуалдық және еріктілік кезеңдердің белгілері бір сәйкес келуін заңда қарастыру. ҚР ҚК 20 және 21 баптарында заң шығарушы кінәнің нысанын анықтауға екі психологиялық элемент қолданады: 1. Интеллектуалдық-ұғыну, алдын ала болжап білу; 2. Еріктілік-тілеу, зардаптардың орын алуына жол беру, зардаптарды тойтаруға әрекет етпеу [31, 106-107б].
Заң мен тәжірибе жүзінде ең жиі кездесетін кінәнің қасақаналық нысаны. Қылмыскердің іс-әрекеттеріндегі нақты ниет экологиялық қылмыстардың кейбір құрамдарында бар болуын мойындауға болады, атмосфераны қылмыстық ластау кезінде кінәні тура ниет нысанында екенін мойындау мүмкін емес. Әдетте, атмосфераның ластау кезде қылмыскер өзінің іс әрекетінен зиянды салдардың басталу мүмкіндігін біледі, іс-әрекетінің қоғамға зиянды екенін сезеді, бірақ онда жануарлар дүниесіне, балық қорларына, тоған немесе ауыл шаруашылыққа зиян келтіру мақсаты болмайды. Ал егер осындай салдардың болуын тілесе, іс-әрекетті ҚР-ның ҚК 171-бабы бойынша диверсия деп саралау мүмкіндігі туралы айтуға болады. Себебі бұл баптың диспозициясында көзделген іс-әрекеттің нысанының бірі — “халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін объектілердің категориясын жоюға немесе зиян келтіруге бағытталған іс-әрекеттер, ал заң атмосфералық ауаны осы категорияға жатқызды. Бұл жағдайда саралаудың дұрыстығы туралы сұрақты шешу үшін қылмыс жасаудың мақсатын ескеру қажет, себебі диверсия жасау кезінде міндетті саралаушы белгінің бірі тікелей бағытталған қасақаналық болып табылады және арнайы мақсат туралы сөз қозғауға болады. Әдетте, атмосфералық ауаны қылмыстық ластаудың мақсаты өндіріс қалдықтарынан, зиянды заттардан және т. б. құтылу қажеттігі болып табылады. Ауаны қылмыстық ластау жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін, яғни егер тұлға өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Атмосфералық ауаны ластаушы тұлғалардың қылмыстық қызметіндегі абайсызда кінәлі болу формасына тоқталсақ, бұл санаттағы қылмыстар қылмыскер салдардың болмайтынына үміттенгенімен немесе бұл салдардың болатынын білуі керек болғанымен, білмегендігінен жасалады. ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы №1 Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Нормативтік қаулысында: Заң бұзушы келтірген экологиялық зиян әдейі немесе абайсызда жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) нәтижесінде келтірілген зиян екендігіне қарамастан, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына, “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңының 86-бабына, “Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану жөнінде заңнаманы бұзумен келтірілген зиян мөлшерінің орнын толтыруды бекіту туралы” ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына және “Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың бұзылу нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтырудың жеке мәселелерін бекіту туралы” ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі № 1186 қаулысына сәйкес және зиян келтірілген сәттегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген шығынның көлемін есептеу әдісі мен такса негізінде, ал олар болмаған жағдайда –келтірілген зиян қоршаған ортаның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығын бойынша есептеледі және кінәлі адам оның орнын толық көлемде толтыруына жатады [32,105б.].
Абайсыздан жасалған әрекет ол Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. ҚР-ның ҚК-ң 19-бабының 4 тармағы жағдайында көрсетілген, бұл ҚР-ң ҚК-ң 282-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетін көптеген әрекеттерді декриминализациялайды. Жалпы, қазір құбылмалы жағдай байқалып жатыр.
Барлық сұрақтарға жауап беру үшін ҚР-ның ҚК-нің 282-бабының диспозициясына кінәнің абайсыз нысанына байланысты нұсқау кіргізу керек. Соттық тәжірибе дәлелдейтіндей, экологиялық қылмыстар өте жиі қызметтік ережелерді бұзу нәтижесінде жасалады, ал табиғи объектілерге зиян келтіру, әдетте, қылмыстардың жиынтығы түрінде сараланады.[33, 17 б.].
Кінәнің абайсыз нысаны туралы ҚР-ның ҚК 282-бабының 3 бөлігінде (адам өлімі болса) айтылған, бірақ бұл жағдайда ҚР-ң ҚК-ң 22-бабы бойынша, тұлға ниетімен қамтылмаған жасалынған қылмыстық істің салдарына абайсыздық жасау туралы айтылады. “Жалпы осындай қылмыс қасақана жасалынды деп мойындалады” ҚР-ң ҚК-ң 22-бабына сәйкес. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар деп қылмыс құрамының субъективтік жағының екіге бөлінуін сипаттайтын екі жеке кінә нысандарының қатар келуі. Мұнда субъектінің жасаған қоғамға қауіпті әрекеті қасақаналықпен, ал одан туындайтын қоғамға қауіпті зардап абайсыздық кінә нысанымен сипатталады. 282-баптың 3-бөлігінде:-“осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адамның абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер” делінген, көріп отырғанымыздай, кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар белгілі бір қылмыстың қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлары ретінде танылып отыр. Атмосфераны ластау құрамының субъективтік жағының ерекшеліктері сонда, субъектінің психикалық қатынасы қылмыстың негізгі құрамына қатысты тікелей немесе жанама қасақаналықты, ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын белгіні құрайтын қылмыс зардабына қатысты менмендік немесе немқұрайдылық түріндегі абайсыздықты құрайды. Заңда көрсетілгендей, тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана қылмыстардың қатарына жатқызылады. Себебі, қылмыстың негізгі құрамын құрайтын қоғамға қауіпті әрекетке деген субъектінің психикалық қатынасы белгілі бір қылмысты қасақана не абайсыз деп тану кезінде алынады [34,7-8б].
Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективтік жағын, олардың ойы бойынша, ниет пен мақсатты қамтитын кінәмен теңестіреді. Бірақ бұл оймен келісу қиын, себебі кінәні талдау кінәлінің қылмысты неге және не үшін жасаған деген сұрақтарға жауап бермейді. Қылмыстық іс жүргізудің процессуалдық заңнама дәлелдеу пәнін құрайтын жағдайлар ішіндегі ниеттерді дәлелдеуді талап етеді. Қылмысты жасаудағы кінә сипатынан басқа ҚР Жоғарғы Соты Пленумының “Сот үкімі туралы” қаулысында қылмыс ниеттері мен мақсаттарын нақты анықтауды талап етті.
Тергеу және соттық қызметте кінә нысаны мен түрін анықтаумен қатар, міндетті болып қылмысты жасау ниетін анықтау табылады. Қылмыстың ниеті дегеніміз – белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууы.
Алайда, табиғатты қорғау жөніндегі құқық қорғау қызметінің теориясы мен тәжірибесін зерттеу қылмыс жасаудың осы түрінің, оның ниетінің, заңдық және криминологиялық мәні теориясының өңделуі жеткіліксіз екенін айғақтайды. Табиғат объектілеріне қылмыстық қол сұғушылық түрлі ниетпенен іске асырылуы мүмкін. Олардың кеңінен тарағандары: іс мүддесін жалған түсіну, экологиялық көрсеткіштерді жоғарлатуға тырысу, қоғам мүддесін елемеу, экономикалық мүдденің экологиялық мүддеден басым болуы. Қазіргі заңнама ауаны қылмыстық ластаудың ниеттерін көрсетпейді. Одан басқа, ҚР-ның ҚК-ң 54-бабында көрсетілген бір де бір жағдай (жазаны ауырлататын мән – жайлар) жауапкершілікті ауырлататын ниет есебінде қарастырылмау керек. Кейбір ниеттерді (мысалы: пайдакүнемдік немесе бұзақылық) ҚР-ның ҚК 282- бабының диспозициясына немесе жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізіміне енгізу қажет. 1959 жылғы қылмыстық заңнама негіздері ҚК-ң 39 бабында жазаны ауырлататын мән-жайлар қылмысты пайдакүнемдікпен немесе басқа да ниетпен жасауының бар болуы уақыт сынағынан өтті. Қылмысты саралауда қылмыстың ниеті жаза тағайындауды даралау үшін қажет мән-жай болып саналады [35, 13б].
Ниетті білмей тұрып, адам неге басқа мақсатқа емес, неліктен қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұқты деген мәселені білу мүмкін емес. Қылмыстың мақсаты болып тұлға қылмыс жасаған уақытта қол жеткізуге тырысу нәтижесі табылады. Мақсат – қылмыс жасай отырып, адамның қол жеткізуге ұмтылатын нәтижені тілеуі. Қылмыстық әрекетті жасау адам белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағыттала отырып, белгілі бір ниетті басшылыққа алады. Сонда ниет пен мақсат арасында ішкі байланыс бар деген сөз.
Атмосфераны ластау қылмыс жасалуының мақсаты заңда белгіленбеген, сондықтан ол қылмысты саралауға ықпал етпейді. Теоретикалық болжау жасағанда, ол жағдайды ауырлату ретінде жазаны тағайындауға ықпал етуі мүмкін. ҚР-ның ҚК 54-бабы 1 бөлігі “е” тармақшасында қылмысты басқа бір қылмысты жасыру мақсатында жасау немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасау қарастырылады. Ұқсас мақсаттар ҚР ның ҚК-ң 282-бабында қарастырылғандай әрекетті жасау үстінде жиі кездеседі. Қылмыстың ниеті- қажеттілік пен мүдделермен сипатталған сезімінің оянуынан адамды қылмыс жасауға итермелейтін және қылмыс жасау кезінде адам басшылыққа алатын адамның саналы ішкі түрткісі. Ниет пен мақсат психологиялық категориялар ретінде бір бірімен тығыз байланысты. Адамның кез келген әрекеті белгілі бір ниеттермен және мақсаттармен жасалады. Ниет субъектіні мақсатқа жеткізетін ішкі итеруші күш болып табылады.
Алайда, ниет пен мақсат бір-біріне тең сәйкес ұғымдар емес, олар жасалатын іс-әрекетке деген кінәлінің психикалық қатынасын әртүрлі сипаттайды. Егер ниетке қатысты адам не үшін қоғамға қауіпті әрекетті жасады деген сұрақ қойылса, ал мақсатқа қатысты-кінәлі адам неге ұмтылады деген сұрақ қойылады, яғни мақсат – әрекеттің бағыттылығын анықтайтын категория.
Қылмыстың субъективтік жағынан эмоция ерекше орын алады, эмоция арқылы қылмыс жасауға байланысты тұлғаның уайымдап, мазасыздануы анықталады. Олар ниетпен тығыз байланысты және ауаны ластау үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән — жайлар және ҚР-ның ҚК-ң 53-бабында қарастырылғандай, жазаны жеңілдететін мән- жайлар енгізілуі мүмкін. Сот кез келген эмоцияны, ниет пен мақсатты жазаны жеңілдету мақсаты ретінде назарға алуы мүмкін, егер бұл құқыққа сай деп танылса.
Қылмыстың субъективтік жағының осыншама тапшы сипаттамасы кез келген қылмыстық әрекеттің қажетті белгісі болғандықтан, себептермен түсіндіріледі.
Ең алдымен, тікелей қасақана немесе қылмыстық жеңілтектікпен салыстырудағы сипаттауда ғана белгілерін сипаттау кінәнің бір түрін ғана жанама мақсаттың белгілерін сипаттағанда теоретикалық және практикалық қызығушылықты білдіруі қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды қысқартады.
ҚР-ның ҚК-ң 282-бабында бұл қылмысты жасау барысында эмоция, қылмыс мақсаттарын, ниеттерін көрсететін диспозицияның жоқтығы оларды міндетті, сараланған белгілер қатарынан шығарады, олардың жазаны жеңілдету үшін маңыздылығы да зор емес, себебі сот тәжірибесін сараптай келе, қылмыстың осы түрін жасаған кінәлі тұлғаларға онсыз да айыппұл түріндегі жеңіл жазалар қолданылатынынан көруге болады. Егер бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылса, шартты түрде айыптау институты қолданылады, сондықтан қылмыстық жазаны жеңілдету жағдайын қосымша іздестіру қажеттігі өзекті емес. 2002 жылы 15 тамыздағы ҚР-ң Жоғарғы Сотының нормативті “Сот үкімі туралы” № 19 қаулысы ниеттер мен қылмыс жасау мақсаттарын соттар мен тергеу органдарының міндетті анықтауы ҚР –ның ҚК-ң 161-бабында көзделген ауаны экоцидпен қылмыстық ластауды шектеу туралы шешім қабылдау кезінде белгілі бір роль атқарады, бұл қылмысты жасағанда қылмыскер Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне және қорғану қабілеттігіне нұқсан келтіру үшін экологиялық қылмыстарда диверсиялар жасауды көздейді. Бұл жағдайларда қылмыстық іс-әрекеттердің объективтік жағының белгілерін талдау жасалған іс-әрекетті ҚР-ның ҚК-ң белгілі бір бабына саралауға мүмкіндік бермейді.
Қылмыстық жазаланатын әрекеттерді әкімшілік теріс қылықтан ажырату мақсатында экологиялық құқық бұзушылық құрамын сипаттайтын барлық мән-жайларды анықтауға, атап айтқанда, оның жасалу әдісіне, құқыққа қайшы жасалған әрекеттің салдарларына, келтірілген зиянның немесе шыққан шағынның мөлшеріне, өзге де мән-жайларға, егер кінәлі адамның әрекеті бір мезгілде қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік заңдардың күшін қолдануға жататындығын ескере отырып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыс ретінде қарастырыла алмайтынына ерекше назар аударған жөн-деп Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында көзделген.
Сонымен, осы мәселені зерттеуді түсіндіретін маңызды мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282-бабында қарастырылғандай, қылмыстың субъективтік жағының спецификалық аймақтық белгісінің жоқтығы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзаттың өмір сүруі үшін және жердегі өмір үшін атмосфера маңызын бағалау өте қиын, өйткені жер планетасында атмосфералық ауа кеңістігі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің болуы мен сақталып қалуына, яғни өмірді, тіршілікті қамтамасыз етеді. Атмосфералық ауаның экологиялық тазалығы – экологиялық жүйенің тепе-теңдігін сақтаудың негізі.
Көптеген шетел мемлекеттері атмосфералық ауаның жағдайына көп көңіл бөледі. Жеке айтатын болсақ, АҚШ-та 1970 жылы Таза ауа туралы арнайы заң қабылданды. Онда қорғасын, хлор, көміртегі оксиді, озон, күкірттің екі оксиді және азоттың екі оксиді сияқты кәдімгі ластаушылардың болу шегі бекітілген. АҚШ көрсетілген нормативтік акті қабылданған кезден бастап бүгінгі күнге дейінгі осындай құқық бұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік бар. Атмосфералық ауаны ластағаны үшін қылмыстық жазаның жоғарғы шегі жеке штаттарды заң шығарушылардың өзі белгілейтін – 40 жыл бас бостандығынан айыруға тең. АҚШ-та өз елінің ауа бассейінің қорғау проблемасын қаншалықты күрделі қабылдап отырғанын, осыдан байқап білуге болады. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандық заң шығарушылар экологиялық бұзушылықтарды жасайтын және тек қана атмосфералық ауа қатынасына байланысты емес қылмыстар — табиғи ресурстарды, табиғи ортаны қорғау аясындағы құқық бұзушылықтарды, толығымен алғанда бүкіл мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қорғау мен сақтауға байланысты құқық бұзушыларға нақты анықталған қатаң шаралары бар нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қабылдауы керек.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының прокуратурасының жүйесінде арнайы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратураларының құзыретін кеңейте түсіп, қатаң түрде шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне қадағалауды жүргізу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Түрлі экологиялық қылмыстар тексеру қорытындылары бойынша прокуратура тарапынан көтерілген істер алдын ала тергеу шараларын жүргізу мақсатында тиісті органдарға жолданады. Тергеу саласының мамандары болса, экологиялық қылмыстардың қыр-сырын жетік білмегендіктен істі терең зерттеп, жүргізе алмайды.Сондықтан да алдағы уақытта мұндай қылмыстарды тергеуді мамандандырылған экология прокуратурасының құзырына берсек, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
Болашақ ұрпағымыз үшін табиғи байлығымызды, оның ұқыпты пайдаланылуы мен құқықтық қорғалуының негіздерін қалыптастыру мақсатында, әсіресе, атмосфералық ауаның қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретіндегі заңды түрде қорғаудың тетігін бекітуіміз қажет. Сондықтанда атмосфералық ауаны қорғау, оның ластануын ең төменгі деңгейге жеткізуді қамтамасыз ету әр саналы азамат есінен шықпауы керек. Осы шараларды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру, сондай-ақ мектеп, жанұя қабырғаларында насихаттау іс-әрекеттері маңызды орынға ие. Жас шағынан, бала кезінен қоршаған ортаны ластамауға, қорғауға және ұқыпты пайдалануға негізгі түсініктер қалыптасса, келешекте экология мүдделеріне қатысты заңбұзушылықтарға жол берілмейтіндігіне сенеміз. Сонымен, туған табиғатты бүлдірмей, оны көздің қарашығындай сақтау әрбір саналы азаматтың қасиетті міндетіне айналуы тиіс деген ойдамыз.
Үкіметте «Міндетті түрде экологиялық сақтандыру туралы» Заң жобасы қарастырылғаннан кейін сақтандыру жарнасын минималды мөлшерде негіздеу бөлімінде толықтыру және заң жобалары жұмыстарының жоспарына сәйкес, ол заң шығару органы -Парламентте шұғыл арада қабылдануы керек.
Қоршаған ортаға қауіп туғызатын кәсіпорындарды, ұйымдарды, өндірістерді және заттарды міндетті түрде экологиялық сақтандыруды халықаралық тәжірибені ескере отырып, жүзеге асыру экологиялық аудит қызметінсіз мүмкін емес. Осы мақсатпен «Экологиялық аудит туралы» Заң жобасын жасау керек, ол мемлекеттік органдар тарапынан қазіргі таңда қызу талқыға түсіп отыр. Өндіріс қалдықтарын қолдану және тұтыну саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу үшін Үкіметтің осы жылғы заң жобалары жұмыстарының жоспарына өндіріс қалдықтарын және тұтыну сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және оны үстіміздегі жылдың соңына дейін Парламентке ұсыну керек.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында орталық атқарушы органдардың құзыреті шеңберін анықтау мақсатында “ҚР Заң актілеріне қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын әзірлеу бүгінгі күннің заңды талабы болса керек және экологиялық қылмыс ұғымын “ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңында бекіту қажет деп есептейміз.
Салық кодексіне сәйкес, ҚР “Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жоспарланып жатыр.Осы жұмысты жүйелеу үшін беделді ғалым — заңгерлер мен эколог — заңгерлердің бірлескен отырыстарын, ғылыми конференцияларын республикалық деңгейде ұйымдастыру мен жүргізу шараларының үнемі өткізілуі осы бағыттағы игі бастама болар еді. Заңнаманы реформалау нормативтік құқықтық актілердің санын көбейтуге емес, экологиялық заң нормаларын жүйелендіру және олардың әрекет етуін жоғарылатуға бағытталуы керек. Мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың пікірін негізге ала отырып, Экологиялық кодекстің негіздерін қалыптастыруға атсалысып және оны тез арада ҚР Парламентіне ұсынып қабылдау керек.
Нарықтық экономикада адам өмірі мен қызметінің біртіндеп жақсаруына, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жазалау күшінің жоғарылауына ұмтылу – бұл екеуі бірігіп құрайтын, бірақ бір-бірінен бөлініп қылмыстылықпен күресте дұрыс нәтижеге әкеле алмайтын шектеулер. Олардың бір-бірімен тиімді бірігуінің, үйлесімінің маңызы зор. Ол үшін объективті эмпирикалық және аналитикалық негіз, экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық алғышарттар, дамыған тәжірибелік және әдістемелік база керек. Құқық қорғау органдары қоғамдық–саяси, экономикалық, әлеуметтік негізде орын алатын себептермен емес, ол қылмыстық әрекеттер нәтижелерімен айналысып отыр. Егер құқық қорғау органдарының күштерін заң шығарушылық, экономикалық және басқа да әдістермен қолдамаса, онда қылмыстың жасалуы үшін барлық негіздер сақталады. Мемлекеттік шаралар құқық қорғау құрылымдарына көмек көрсету үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамды заңсыздықтан және тәртіпсіздіктен құтқару үшін керек.
Соңғы кезде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық деңгейде ғана емес, сондай-ақ әр бір мемлекет үшін аса қажеттілік. Осыған орай, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері барлық мемлекеттердің заңнамаларында орын алды. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл- халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында әр бір адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар екені белгіленді. 1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық заңның міндеттерінің бірі ретінде қоршаған ортаны қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау деп анықталды. Дегенмен де, қылмыстық заңнаманың анализі және оны қолдану тәжірибесі, қоршаған ортаны және оның жеке компоненттерін ластау үшін қылмыстық жауаптылықты құқықтық реттеу және заңмен көзделген шараларды жүзеге асыру ауылы әлі де болса алыста отырғаны туралы айтуға негіз болады.
Заң шығарушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жеке тарауына экологиялық қылмыстарды бөліп шығарғаны негізді. Бірақ сонымен бірге осы қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі арасында сәйкестілік орын алмаған, өйткені осы баптармен экологиялық қылмыстардың көбі ауырлығы онша емес қылмыстар санатына жататыны санкциялармен анықталған. Экологиялық қылмыстық-құқықтық нормаламен қорғалатын мүдделерге мән берілмеуі, сондай-ақ осы нормалардың диспозицияларында конструктивті жетіспеушіліктерімен бірге және құқық қолданушы тәжірибенің жетіспеушілігі, экологиялық қылмыстық-құқықтық нормалардың ішіндегі көпшілігі, соның ішінде атмосфераны ластау үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282-ші бабы тәжірибеде қолданылмайтынын көрсетеді. Бұл негізінен құқық қорғау органдарының осындай қылмыстар түрлерін саралау кезінде қиыншылықтарға тап болатынымен байланысты. Осындай жағдай мынадай себептермен түсіндіріледі:
- табиғатты қорғауды реттейтін көптеген нормативтік актілерге құқық қолданушының назар аударуын міндеттейтін осы нормалар диспозицияларының бланкеттілігі;
- экологиялық қылмыстарға қатысты түсініктер мен негізгі терминдердің біртұтас түсіндірілуінің жоқтығы;
- экологиялық қылмыстардың теориялық моделін құрастырудың қажеттілігі;
- жасалған әрекетті саралауға әсер ететін көптеген белгілердің біртұтас талқылауының жоқтығы;
- азаматтардың экологиялық сауатсыздығы мен төмен мәдениеті.
Осы кезеңге дейін ғалымдар нақты қылмыстардың құрамдарын зерттеуге тоқталмай, осы қылмыстар санаттарын жалпы құбылыс ретінде қарастыруына негізгі көңілді бөлген. Көбінесе экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелері оларды басқа қылмыстармен салыстыру жағынан сипатталған. Осыған нақты экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелерінің теориялық жағынан дамытылуы бірқатар маңызды мәселелермен ерекшеленеді. Ал ғылыми еңбектерде орын алған ережелер кейде қарама-қайшы келеді. Осы күнге дейін жүргізілген ғылыми зерттеулердің жарық көргені туралы фактілері соңғы орын алып отырған жоқ және олар, әрине, соңғы жылдардың өзгерістерін ескермейді, яғни: қоғамдық қатынастардың қайта құрылуы, әлеуметтік құндылықтардың өзгелерімен ауыстырылуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы және тағы басқа. Жүргізген зерттеудің қорытындысын шығара отырып келесі ойға тоқтауға болады: ауаны қылмыстық ластаумен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалары, бүгінгі күнде қылмыстардың осы түрімен байланысты сұрақтардың көбі теориялық дамытылуы мен негізделуі жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Теориялық базаны құру үшін еңбек авторымен келесілері жасалды:
1.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282-бабының диспозициясының бланкеттілігін ескере отырып, қажетті болып табылатын ауаны қорғауды реттейтін табиғатты қорғау заңнамасын біртұтас жүйеге келтірілуі. Зерттеудің маңызды қорытындысы ретінде экологиялық қылмыстардың қолсұғушылықтың тікелей объектісін құрайтын қылмыс затына байланысты жаңа саралауын ұсынуын санауға болады. Экологиялық қылмыстардың тарау ішіндегі топтарға бөлінуін қолсұғушылықтың тікелей объектісіне байланысты жүзеге асырылуы ұсынылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11 тарауында біріктірілген барлық қылмыстарды келесілерге бөлу ұсынылады:
- экологиялық құқықтық тәртіпке қолсұғатын қылмыстар: табиғи ресурстық, браконьерлік;
- экологиялық қауіпсіздікке қолсұғатын қылмыстар, табиғи қорғаушылық.
2.Зерттелетін қылмыстың затына нақты анықтама берілді.
3.Осы қылмыстың объективтік жағын қалыптастыратын белгілерге талдау жасалынды, яғни әрекет немесе әрекетсіздік, келтірілген зиян, келтірілген қоғамдық қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс. Қылмысты саралауға уақыт, орын, құрал, жағдай, атмосфераны ластаудың жасалу тәсілінің әсері анықталды.
4.Осы қылмыстық әрекеттің жасалуына әсер ететін қылмыстың белгілеріне кінәнің абайсыздық нысанын және пайдакүнемдік ниетті қосуды ұсынылуының негізділігі.
5.Экологиялық қылмыстардың субъектісі ретінде заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың негізділігі танылды және талдау жасалынды.
6.Белгілі бір уақыт аралығында нақты аумақта жасалған экологиялық қылмыстардың жиынтығынан құралатын әлеуметтік құқықтық құбылыс ретінде экологиялық қылмыстылыққа жаңа түсінік берілді және оның криминологиялық сипаттамасы айқындалды.
7.Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны ластаудан қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен жетілдіру мәселелері анықталды.
Жүргізілген зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жұмыста орын алған ережелер мен қорытындылар келесіде қолданылуы мүмкін:
- қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізу кезіндегі нормашығармашылық қызметте;
- құқық қорғау органдарының құқық қолданушылық қызметінде;
- экологиялық қылмыстар, оның ішінде, атмосфераны ластау үшін және басқа экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелерін алғашқы дамытылуы үшін – ғылыми зерттеу жұмыстарында;
— оқу процесінде «ҚР Қылмыстық құқығы», «Криминология», «ҚР Экологиялық құқығы» курстарын оқу кезінде және білім алу процестерінде.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы,1995ж.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан 1997ж., 11 қазан.
- Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған // Егемен Қазақстан, 10 желтоқсан, 2003ж.
- Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы /А.В.Наумов; Н.О.Дулатбеков.-Астана:Фолиант, 2001.-664б.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім:Оқулық.-Алматы:Жеті Жарғы, 1999.-320б.
- Алауханов Е., Үмбеталиев С., Рахметов С. Қылмыс құрамы. Алматы: Жеті жарғы, 2001.-272б.
- ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңы. 1998 ж.
- Уголовное право РК. Особенная часть: учебник для вузов/Под.ред. И.И.Рогова, С.М.Рахметова.-Алматы:Жеті жарғы, 2003.-792б.
- Құстаулетов С.М. Уголовно-правовая и криминологическая характеристика загрязнения, истощения и засорения вод, загрязнение атмосферы и порчи земли. Автореф. …канд. юрид.наук. Караганда,2000г.-26б.
- Борчашвили И.Ш. Экологические преступления: понятие, виды, квалификация. Автореф. …д.ю.н. Караганда, 1999г.-53б.
- Виноградов С.В. Международное право и охрана воздуха. Наука, 1987г.-134б.
- Байделдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. Алматы., Жеті-Жарғы. 1995г – 210б.
- Уголовное право. Особенная часть: Учебник/ Под.ред. Н.И.Ветрова, Ю.И. Ляпунова. М.: Новый юрист. 19-768б.
- Уголовное право РК. Особенная часть:Учебник/ Под ред.И.И. Рогова, С.М.Рахметова. Алматы:Жеті жарғы, 2003.-792б.
- ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң. 15.07.1997.
- Под ред. профессоров Л.Д.Гаухмана и С.В.Максимова. Уголовное право. Общая часть.М.: Форум, 2003г.-288б.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Заңгер,Алматы 1997ж,.-113б.
- Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алматы, 1987г – 223б.
- Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве РК.Монография.- Алматы: ТОО “Аян Эдет”, 1998.-156б.
- Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. Алма-ата, “Наука”, 1977.-155б.
- Уголовное право России. Часть Особенная:Учебник/ Под ред. Л.Л.Кругликова.-2-е изд., перераб. и доп.-М.:Волтерс Клувер,2004.-880б.
- Сапарғалиев Ғ.С. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 1995.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2001.-352б.
- Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы – Алматы, 2003 – 253б.
- Кенжегалиев А., Базарбаев Е.О. О состоянии атмосферного воздуха г. Атырау. // Тезисы докладов 3-ей республиканской научно-технической конференции “Научно-технический прогресс и экология Западного Казахстана”. Атырау, 1994г, 108-109б.
- Уголовное право РК. В 2-х частях. Особенная часть: Учебник/ Под ред. И.Ш. Борчашвили, С.М.Рахметова.-Алматы: Данекер, 2002.-426б.
- ҚР Жоғарғы Сотының И 16 қаулысы. 22.12.2000.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім:Оқулық.-Өңделіп, толықтырылған, 2-басылымы.-Алматы:Жеті жарғы, 2003.-560б.
- ҚР атмосфералық ауаны қорғау туралы Заңы. 11.03.2002.
- Маликова А.Ш. ҚР қылмыстық құқындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы. з.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясына автореферат, Алматы, 2003.-33б.
- Ветров Н.И., Ляпунов Ю.И. Уголовное право. Общая часть. Особенная часть. Учебник. М., 2002. 504б.
- ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстары үшін жауаптылық жөнідегі заңнаманы қолдануы туралы» Нормативтік қаулысы. 18.06.2004.
- ҚР Жоғарғы Сотының И 18 қаулысы. 13.01.2003.
- Оңғарбаев Е.Ә. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Оқулық /Е.Ә.Оңғарбаев, А.А.Смағұлов.-Қарағанды:Болашақ-Баспа, 2005.-248б.
- Дулатбеков Н.О. ҚР Қылмыстық жаза тағайындау (теория және практика мәселелері): монография. – Астана: «Фолиант», 2002ж. – 446б.