АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дәлелдеме фактілері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ДӘЛЕЛДЕМЕ ФАКТІЛЕРІ

 

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………..…..

 

 

І ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕ ФАКТІЛЕРДІҢ БІР ТОБЫ………………….….

 

 

1.1 Дәлелдемелердің түсінігі, және қылмыстық іс жүргізудегі маңызы………

 

1.2 Дәлелдемелердің қайнар көздері………………………………………………………….

 

1.3  Дәлелдемелердің  жіктелуі …………………………………………………………………

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН ФАКТІЛЕР………………

 

 

2.1  Бекітілген дәлелдер –факт ретінде ………………………………………………………                       

 

2.2 Дәлелдеуді қажет етпейтін фактілердің бірі- әйгілі фактілер…………………

 

2.3  Отбасы құқығы дәлелдеуге қажет етпейді …………………………………………..

 

2.4 Дәлелдемеге баға беру ………………………………………………………………………..

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Алдын-ала болған тергеуде, соттың үкімінде сезілген, шындыққа сәйкес, анықталған нақты мәліметтерді қаулы еткен кезде, обьективті шындық анықталады деп есептеледі. Адамзат болған нәрсенің обьективті шындығын дұрыс көрсете білетіндігінің айғағы — қоғамдық ғылымның тарихи нығаюы. Қылмыстық іс жүргізуде сот процесі барысында шындықты анықтау бірінші және міндетті талап, онсыз әділ сот болмайды. Ең алдымен тергеуші  болған қылмыстың анық қанығына көз  жеткізуі  керек, яғни шындықты анықтауы қажет. Сондықтан да өмірдің басқа обьективті құбылыстары  секілді қылмыстың жағдайын анықтауға болады.

Дәлелдеу процесі дегеніміз — бір-бірін алмастыратын дәлелдемелердің элементтері: жинау, зерттеу, бағалау.  Дәлелдеу, процесстің ең ортасында тұрады. Қылмыстық іс жүргізудің әрбір  кезеңіне байланысты дәлелдеу процесінің мазмұны мен орны ерекше болады. Дәлелдеу процесі, қылмыстық іс жүргізудің негізгі құрамы болғандықтан,  құқықтық мәнге ие болады. Сол себептен дәлелдеу процесінің басқа іс-әрекеттердегі дәлелдемелерден айырмашылығы заңға байланысты. Сондықтан дәлелдеудің әр кезеңі заңға сәйкес (тінту, тергеу,қарап шығу).  Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау, сонымен қатар дәлелдерді жинаудың тәртібін сақтау — заңның принципін сақтау болып табылады.

Дипломдық жұмыс мақсаты: дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер, сондықтан бірінші тарауда дәлелдеме түсінігін көрсетеміз, екінші тарауда дәлелдеуге қажет етпейтін фактілерді анықтаймыз, оның ішіне әйгілі фактілер, отбасы құқығы кіреді.

Заң фактылары қашан дәлелдеулерде қажетсiнбейдi және олардың растау қойылған дәлелдермен болып есептеледi. Сотпен жалпыға мәлiм танылған айғақтарды дәлелдеулерге жатпайды.

Преюдициялы қойылған айғақтарды дәлелдеулерге жатпайды. Преюдиция — күнi бұрын шешiп қою. Егер оларда тұлғаның солдарын қатысса, азаматтық iске бiр-бiрдендерiн заңды күш сайысшы сот шешiм қойылған жағдай басқа азаматтық iстердiң есеп айырысуында қайта дәлелдемейдi ретiнде тұрлар ол.

 

 

 

І ТАРАУ ДӘЛЕЛДЕМЕ- ФАКТІЛЕРДІҢ БІР ТОБЫ

 

1.1 Дәлелдемелердің түсінігі, және қылмыстық іс жүргізудегі маңызы

 

Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз — шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын  негіздеу. Кең мағынасындағы «дәлелдеме» қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынасында — бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі1.

Сонымен, философиялык түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды: а)дәлелдеме—шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә) дәлелдеме — тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымьның екінші мағынасы тән, кылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі «дәлелдеу» терминімен белгіленеді.

«Дәлелдеме» ұғымының кылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай деп жазады: «…Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі фактілермен жұмыс істейді»2.

Әрі қарай А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді3:

1) соттық дәлелдемелер іс жүзіндегі деректерді білдіреді;

2) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;

3) соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық-іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.

Р. С. Белкиннін пікірі бойынша «жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде кызмет етеді.

Дәлелдеме — шындыққа көз жеткізудің құралы»4. Сонымен бірге «дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес»5.

Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланыска түскен кезде дәлелдеме — кылмыстык іс жүргізу кұқығыньң аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.

Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын занды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115-бабында былай деп жазылған: «Оньң негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстык кодексінде көзделген әрекеттердің, болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушынъң кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дүрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтьн занды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады».

Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:

— дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;

— дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;

— дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстык жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;

— мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;

—  жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.

Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар; іс жүргізудің хатгамалары және өзге де құжаттар жатады.                            

Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Төмендегідей үш көзқарас айқын аңғарылды.[3.21]

  1. Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл фактілер, ал екінші жағынан фактілердің көздері. Бұл ілім «дәлелдемені екі жақты түсіну» деген атақ алады.

Осы көзқарасты негіздей отырып М. С. Строгович былай деп жазған: «Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме, бұл, біріншіден, қылмыстың болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның кінәлілігі немесе осы адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы». Екіншіден, заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады және сол арқылы осы фактілер анықталады»1.

Негізінен М. С. Строговичтің көзқарасы өзінен бұрынғы А. Ривлин, С. Альперт және М. Бажановтың еңбектерімен үндес, олар факті

лерді ғана дәлелдемелер деп тану екі тарапты негізсіз қарама-қарсы қоюға әкеліп соғады деп тұжырымдады: «дәлелдеменің күрделі және сонымен бірге біртұтас ұғымын: іс жүзіндегі деректер мен осы іс жүзіндегі деректерді дәлелдеудің айла-амалдары арқылы алуды» айтып отыр2

  1. Демек, екінші көзқарас іс жүзіндегі деректерді және олардың іс жүргізу көздерінің бірлігіне сүйенді. Бұл көзқарасты М. К. Треушников, В. Я. Дорохов, М. А. Чельцов, П. А. Лупинская және басқа зерттеушілер қолдады.
  2. Іс жүргізу дәлелдемелерінің мәнісін ғылыми пайымдаудағы үшінші бағыты — дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу заңдары белгілеген көздерден алған іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде тану-дан тұрады. Дәлелдемелер мен олардың көздері өзара байланысты, бірақ сәйкес келмейді.

Ф. Н. Фаткулиннің пікірі бойынша: «іс жүзіндегі фактілерді олардың көздерінен ажыратуға, оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар табиғи түрде өзара байланысқан, өзара тығыз байланыста болады. Бірақ бұл аталған категориялардың әрқайсысының дербестігін жоққа шығармайтын диалектикалық байланыс».3 Бұл ой көптеген ғалымдардың еңбектерінен қолдау табады. Ішінара Е. А. Матвиенко былай деп жазған: «Заңда көзделген көздерден дәлелдеме деректерін алу — осы деректерді дәлелдеме ретінде пайдаланудың қажетті шарты. Бірақ бұдан дәлелдемелік мәлімет көзінің өзі дәлелдемеге айналмайды,оның табиғи құрамдас бөлігі бола алмайды»4

Үшінші көзқарасты нақтылай отырып Л. М. Карнеева былай деп атап өтті: «фактілердің өзі емес, фактілер туралы мәліметтер дәлелдемелер болып табылады. Дәлелдеуге қатыссыз, қарапайым жалпы түрдегі іс жүзіндегі деректер — объективті болмыстың фактілері, объективті шындық». Әрі қарай ол былай деп жазады: «Объективті болмыстың тергеушінің, судьяның, куәгердің немесе сарапшының, айыпталушының немесе сезіктінің санасынан көрініс тапқан фактілер дәлелдемелер болып табылады. Олар процесс барысында фактілер түрінде емес, фактілер түріндегі мәліметтер сипатында көрінеді, өйткені санада көрініс тапқан факті объективті шындық емес, пайымдаулар мен мәліметтер түріндегі бейне ғана»1.[10.22]

Л. М. Карнееваның, Ф. Н. Фаткулиннің және басқаларының көзқа-растары мынадай түсініктер бойынша дұрыс деп ойлаймын.

Дәлелдемелерді олардың көздерімен теңестіру:

— қылмыстық іс жүргізу заңына қайшы келеді;

— мазмұны бойынша (іске қатысы, сенімділігі және т.б.) дәлелдемелерді жіктеуге мүмкіндік қалдырмайды, мұның өзі істің мән-жайын дәлелдеу кезінде елеулі рөл атқарады.

— көздердің өзі олардың мазмұны мен ақпараттың құндылығын есепке алмастан адамды айыптау үшін негіз қызметін атқара алмай-ды, өйткені айыптау туралы шешім қабылдау үшін іс жүзіндегі негіз белгіленген көздерден алынған тікелей мәліметтер болып табылады.

Әділеттілік үшін мынаны айта кету керек: өз кезінде ЖоғарғыСот Пленумы «Сот үкімі туралы» 1969 жылғы 30 маусымдағы және «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» 1971 жылғы 16 наурыздағы қаулыларында соттардан қабылданатын шешімдерде олардың көздерін санамалап негіздеуді түсіндірді және талап етті.2

Сонымен, «дәлелдеме» категориясының мазмұны іс жүргізу мағынасында екі жағдайдан қалыптасады: 1) дәлелдеме — бүл іс жүзіндегі деректер; 2) іс жүзіндегі деректер өздерінің көздерімен тығыз байланыста болады, бірақ олармен сәйкес келмейді және дербес сипаты болады.

Л. М. Карнееваның пікіріне қайта оралсақ, дәлелдеме ретінде «іс жүзіндегі деректер» мәнін түсіну де бір ауыздылығымен ерекшеленбейді. Әдебиеттерде үш бағытты байқауға болады.

М. А. Чельцов, М. С. Строгович, Р. Г. Домбровский жақтайтын бірінші бағыт іс жүзіндегі деректерді фактілер ретінде ғана түсіндіреді.

Бұл түсінікке қарама-қайшы Л. Д. Кокорев, П. С. Элькинд, Ф. Н. Фат-куллин фактілер туралы мәліметтерді де, тергеуші және сот тікелей қабылдайтын дәлелдемелік фактілерді де іс жүзіндегі деректердің мазмұнына қосады.[2.33]

Және ақырында,  жоғарыда атап өткендей, Л. М. Карнеева фактілердің өзін емес, фактілер туралы мәліметтерді ғана іс жүзіндегі деректер деп түсінуді ұсынады.  Соңғы көзқарасты мынадай түсініктер бойынша қабылдауды дұрыс санадым.

  1. Қылмыстық сот ісін жүргізу шектерінен тыс қарапайым, жалпы түрдегі іс жүзіндегі деректер — өткен уақытта шын мәнінде орын ал-ған оқиғалар туралы ақпарат, яғни бұл объективті түрдегі шындық-тың өзіне тән көрінісі.

Мәселен, қылмыскер мүлік ұрлады делік. Факт ретінде ұрлық, біздің еркіміз бен санамыздан тыс өз алдына жеке тұрады.

Осы факті туралы тергеу органдарына белгілі болған сәттен бастап тергеушінің алдында, сөз жоқ, өткен уақыт бейнесін қалпына келтіру және оны іс жүргізушілік жолмен бекіту міндеті туындайды.

Өткен уақыттың бейнесі таным, яғни адам санасында көрініс табу жолымен қалпына келуі мүмкін. Бірақ осы өткен уақыт бейнесін тергеуші де сот та тікелей қабылдай алмайды. Бұл жерде ойша елестету ғана орын алуы мүмкін.

  1. Заттық айғақтар фактілер болып табылады деген пікір қате. Мәселе мынада, олар заттық әлемнің бұйымдары болып табылатындықтан қандай да бір фактінің орнына жүрмейді, бар болғаны өткен уақытта орын алған әрекеттің іздерін сақтайды.
  2. Қылмысқа байланысты фактілерді қабылдаған адамдардың жауаптары басқа ештеңе де емес, олар өздері қабылдаған оқиға ту-ралы мәліметтерді хабарлау ғана. Бұл жерде субъективті фактор да аз рөл ойнамайды (құлағының нашар естуі, көз жанарының әлсіздігі, мінез-құлқының ырықсыздығы. қорқыныш, қиялға берілу бейімділігі және т.т.). Мұның бәрі олар хабарлайтын мәліметтердің мазмұнына өз ізін қалдырады. Субъективтік факторлардың ықпалы, сондай-ақ бірыңғай фактілер және фактілер туралы мәліметтер ретінде түсінуге мүмкіндік бермейді (фактілер туралы мәліметтер фактілердің өздерімен сәйкес келмеуі мүмкін).[15.20]

 

 

 

 

1.2  Дәлелдемелердің қайнар көздері

 

Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нін 115-бабының 2-бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, айыпталушының жауап беруі, сарапшының корытындысы, заттық айғақтар, процессуалдык іс-кимыл хаттамалары және өзге де кұжаттар.

Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен пайдалануды түсіну керек.

«Көз» ұғымын кең ауқымды мағынада түсіндірудің құқықтық негізі бар. Мәселен, ҚІЖК-нің 116-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе сот мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген куәгердің және жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете алмайды. Бұл ереже көз- фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында сақтаушылар емес, оларда негізі қаланған ақпарат есептеледі.

Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың мәні негізінен тізбені кеңейту кажеттілігіне сүйенеді. Мәселен, П. П. Якимов дәлелдемелердің дербес көздері ретінде азаматтық талапкердін жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарын, олардың өкілдерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А. С. Ландо осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған айыпталушының занды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді.[17.51]

В. Д. Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды, өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың «алғашқы көздері», яғни олар табылған және алынған орын туралы айтуды орынды санайды.

Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға сыни талдау жасау П. П. Якимов пен А.С. Ландоның ұсыныстары ғылыми және практикалық мүдделілік туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге мүмкіндік береді. В. Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары да бар. Іс жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректермен ұсы-нылған, яғни дәледеме бола алатындай заттың қасиеттері деген Р. С. Белкин мен А. И. Винбергтің пайымдауы да дүрыс көрінеді. Сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерге қатысты айтатын болсақ, онда М. М. Михеенконың пікірі бойынша олар затгық айғақтар да, ерекше түрдегі дәлелдемелер де, дәлелдеудің тәсілдері де болып табылмайды. Бұл көзқарас Н. А. Селивановтың пайымдауымен сәйкес келеді, ол былай деп жазған болатын: «Затты заттық айғақ деп тану осы зат пен істің анықталған мән-жайы арасындағы байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы үлгілерге қатысты мұндай байланыс туралы айтудын, өзі артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес, тергеумен байланысты және оньң қылмыстық іске қатысына карамастан белгілі бір субъектіні немесе объектіні сипаттайды. Салыстырып қарауға кемектесе отырып, мәні жөнінен үлгілер таным кұралдары ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды заттық айғақтарды зерттеуді жүргізе отырып, сарапшы пайдаланатын құралдармен, құрылғылармен және басқа да тетіктермен, сондай-ақ, зерттеуші өзінің қорытындыларында негізге алатын әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми деректермен салыстыруға болады»1.[18.36]

Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстық іс жүргізу заңы іс жүргізушілік іс-қимыл хаттамаларын атайды. Бірақ қандай да бір нақты қимылды заң ескертпейді. Тергеу іс-кимылдарының хаттамалары дәлелдеме көздері болып табылатын тізбе бөлігіндегі ғалым-процесуалистер арасында әр түрлі көзқарас орын алған. В. Д. Арсеньев қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген кез келген тергеу іс-қимылының хаттамалары ішінара дәлелдеме көздері болып табылады деп ойлайды. Оған керісінше Ф. Н. Фаткуллин мен В. Я. Дорохов істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-қимылдарының хаттамалары ғана дәлелдеме көздері болып табылады деп есептейді. Мәселе мәнісін осылайша түсіну дәлелдеме мақсатына анағұрлым сәйкес келетін сияқты, өйткені жекелеген тергеу іс-қимылдарының қосымша сипаты ғана бар және тікелей дәлелдемелер жинақтау тәсілдерін кұрамайды (мәселен, мәйітті сойып көру оны қарауды және сот-медициналық сараптаманы жүргізу үшін қажетгі жағдайлар жасауға бағытталған). Өзінің көзқарасын жақтай отырьп, В. Я. Дорохов былай деп жазады: «Хаттамалардың дәлелдеу маңызы туралы мәселе дәлелдемелерді жинақтаудың, іс жүргізушілік тәсілдері болып табылатьн тергеу және сот іс-қимылының хаттамаларына қатысты ғана қойылуы мүмкін»1.

Сонымен, дәлелдемелер көздері ҚІЖК-де толық келтірілген және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды, мұның өзі тиісті емес көздерден және тиісті емес жолмен алынған дәлелдемелер қылмыстық процесте осы сипатында шыға алмайтындығы іс жүргізушілік құқығының ережесіне сәйкес     келеді.                 Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі

Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді іріктеудің бет алды сипаты болмайды. Іс жүргізушілік мағынасындағы белгілі бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық іс бойынша процеске тарту дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешуге негізделген. Дәлелдемелердің қатыстылығын олардың және дәлелденуге жататын жағдайлардың арасында қисынды байланыстың болуы деп түсіну қабылданған, осыған байланысты кылмыстық іс бойьшша белгілі бір фактілерді негіздеу немесе жоққа шығару үшін пайдаланылуы мүмкін3. Дәлелдемелердің қатыс-тылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді:

— дәлелдеменің, ізделетін фактімен байланысы;

— нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың, іс үшін маңызы;

— тап осы мән-жайды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы4

Дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысының маңызы мынадан көрінеді: осы өлшемге сүйене отырып, «тергеу мен сот кылмыстық істерді тергеу және қарау кезінде өздерінің қолынан өтетін іс жүзіндегі материалдардың «үйіндісінен» оларды дұрыс шешу үшін қажетті деректерді тандап ала алады»1.

Келесі екі өлшем өзара байланысты және бір құбылыстың әр түрлі жақтарын білдіреді.

Дәлелдемелердін, қатыстылығы туралы мәселені шешу үшін оларда бар ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін). Қатыстылық — дәлелдеменің мәнділігіне ықпал ететін ішкі қасиетінің белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің сыртқы көрінісі мынадай: ол істі басы артық акпаратсыз-ақ көптеген жағдайларды анықтауға қатысы бар материалдарды іске шоғырландыруға мүмкіндік береді.[25.66]

Дәлелдемелердің іске жіберілуі дегеніміз — көздерінің, олар алынған әдістер мен тәсілдердің зандылығы көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелердің жарамдылығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін іс жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп көрсету қабылданған:

— дәлелдеудің тиісті қатысушысы;

— заңда көзделген дәлелдеме көзі;

— заңға сәйкес тергеу іс-қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен) өткізудің тәртібі2.

Дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуі арасындағы арақатынасты айқындай отырып В. Д. Арсеньев былай деп жазады: «Егер қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің мазмұны олардың іске қатыстылығын көрсетсе, дәлелдемелердің іс жүргізу нысаны — олардың осы іс бойынша іске жіберілуін айқындайды

Дәлелдеудің тиісті қатысушысы туралы талап мазмұнының негізінде дәлелдеп көрсету айыпталушыға аударуға катысты кылмыстық іс жүргізуге тыйым салады. Алайда бұл айыпталушыдан басқасының бәрі де дәлелдеуі тиіс дегенді білдірмейді. Занда дәлелдеу функциясы тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға жүктеледі. Бұл сотқа дейінгі кезеңдерде тек осы

қатысушыларға ғана дәлелдемелерді мақсатты түрде жинауға және нақты іс бойынша оларды қылмыстық сот ісін жүргізуге тарту туралы мәселені шешуге кұқық берілгеңдігін білдіреді. Істі сот қарауы кезінде жинау және дәлелдемелерді істің материалдарына тігу мәселелерін сот шешеді.

Заңда көзделген дәлелдемелер көзі іс жүзінде қолда бар көздің ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің бірімен сәйкес келетіндігін білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын дәлелдеу үшін ҚІЖК-де санамаланған кез келген көздер пайдаланылуы мүмкін екендігін белгілейді. Алайда белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір көздерден анықталуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес қаза табуының себептерін анықтау, дене жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау, айыпталушының, куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау тиісті сот сараптамасьн жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда анықталатын фактілер дәлелдемелерінің бірден бір көздері сарапшылардың қорытындылары болады. Дәлелдемелердің көздеріне қатысты талаптардың осы категориясына адамның жасы туралы кұжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмән болған немесе АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу) кажетті құжаттары болмаған жағдайда сезіктінің, айьпталушының, жәбірленушінің жасьн анықтау кезінде жасалатын сарапшылар қорытындылары да жатады.

Заңда көзделгеніндей дәлелдемелерді алу тәсілі — іс жүргізушілік нысанының тағы бір міндетті элементі. Дәлелдемелерді жинау мақсатында анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот занда белгіленген тәртіппен куәгерлер, жәбірленушілер ретінде жауап алу үшін сарапшылар ретінде қорытынды беруі үшін кез келген адамды іске тартуға; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардан іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға жәрдемі тиетін заттарды, құжаттарды, сондай-ақ мәліметтерді талап етуге құқылы. Дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, корғаушы, айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.[28.11]

Бұл ереже дәлелдеу тәсілдерінің тізбесімен ұштаса келіп дәлелдеменің екі тәсілмен алынатындығын білдіреді: 1) тергеу істерін жүргізудің нәтижесінде; 2) соттың іс-қимыл жүргізуі нәтижесінде.

Дәлелдеме алудың басқа жолы жоқ. ҚІЖК-де тергеу және сот іс-қимылдарының тізбесі егжей-тегжейлі көрсетілген.

Дәлелдеме алуға жәрдемі тиген заңға сәйкес тергеу іс-қимылын жүргізу тәртібі — іске жіберілу категориясының маңызды элементі. Заң шығарушы тергеу іс-қимылын жүргізудің екі деңгейдегі тәртібін көздейді: а) жалпы; ә) жеке. Барлық тергеу іс-қимылдарына қатысы бар жалпы деңгей қылмыстық сот ісін жүргізуден туындайтын талаптарға негізделген. Осы деңгейге тергеу істерін хаттамалау, хаттамаларды жасаудың жалпы ережелері туралы талаптар жатады. Жеке деңгейдің жекелеген (нақты) тергеу іс-қимылын жүргізудің регламентіне катысы болады.

Сонымен, дәлелдеменің іске жіберілуі — оның факті туралы мәлімет көзі ретінде осы фактіні анықтаудың құралы бола алу қабілеті және осы тұрғыдағы түсінікте іске жіберілуі — іс жүргізу нысаны көрінісінің мәні.

Қолданылып жүрген заңда іске жіберілу категориясы жоққа шығару әдісімен шешіледі, оның мәнісі мынада: дәлелдемелер ретінде белгілі бір деректерді іске жіберуге болмайтындығы анықталатын белгілер регламенттеледі, ал іске жіберуге болмайтын өлшемдерге қайшы келмейтінін барлығын да іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде іске жіберуге болатындығын тану үшін негіз ретінде қарау керек». ҚІЖК 116-бабында: «Іс жүзіндегі деректер, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзумен…» деп атап көрсетілген. Жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы келмейтін барлық басқа деректер дәлелдемелер алудың процедуралық талаптары, іс материалдарына тігудің талаптары сақталған жағдайда дәлелдемелер деп танылады.

Іс үшін маңызы бар, іс жүзіндегі деректерді алу кезінде жол берілген ҚІЖК-нің талаптарын бұзу деп мыналар есептеледі:

— күш қолдану, қатер төндіру, алдап арбау, сол сияқты өзге де заңсыз іс-қимылдар;

— қылмыстық процеске қатысушы адамға түсіндірмеу немесе толық емес, сондай-ақ дұрыс емес түсіндіру салдарынан туындаған оның өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану;

— қатысы жоқ адамның тергеу іс-қимылын жүргізуі;

— қарсылық білдірілуі тиіс адамның іс жүргізуге қатысуы;

— іс жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу;

— іс жүзіндегі фактілердің белгісіз көзден не сот мәжілісі анықтауы мүмкін емес көзден алынуы;

—дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімдерге қайшы келетін әдістерді қолдану.[25.13]

Іс жүзіндегі деректерді, егер осы деректердің көздері қылмыстық іс материалдарының, тізімдемесіне енгізілмесе, кылмыстық ізге түсу органының айыптауын, сондай-ақ соттың үкімін және өзге де қорытынды шешімін негіздеу үшін пайдалануға заң тыйым салады. Осы айтылған тыйым салуды қолдану үшін төмендегі іс жүргізуде маңызы зор жағдайлар да ықпал етпейді:

—  сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінін және куәгердің жауаптарын ҚІЖК-нің барлық нұсқамаларын сақтай отырып алу, жауаптарды қолданылып жүрген процедуралық нұсқамаларға сәйкес хаттамаларда бекіту;

—  сарапшының өз қорытындысын қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысына сәйкес жүргізу негізінде жасауы, сараптаманың барлық белгіленген ережелерді сақтай отырып жасалуы;

— қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысына сәйкес заттық айғақтарды іске тігу және оларды тиісті процедура сақталған жолмен алу, осы әрекетке қатыстылығының белгілері болуы;

— тергеу және сот іс-кимылдарының қажетті хаттамаларын және өзге де құжаттарды тиісті түрде ресімдеу.

Сонымен, іс жүзіндегі деректердің заң белгілеген көздерін қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізбеу дәлелдемелерді іске жіберу мәселесін шешу кезінде оларға қойылатын талаптарды елеулі түрде бұзу деп қарау қажет.

Бұл бойынша, қаралып отырған зандылықты бүзудың табылу сатысына байланысты құқықтық салдары да болуға тиіс. Қылмыстық іс бойынша тізімдемеге қажетті материалдарды енгізбеуді анықтау органының бастығы анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 66-бабына сәйкес анықтаушыға осы тізімдемені қайта жасау туралы нұсқау беруге құқылы. Егер занды бұзушылықты айыптау қорытындысы немесе айыптау хаттамасы бар қылмыстық іс өзіне келіп түскен кезде прокурор анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 281—282-баптарына сәйкес материалдардың, тізімдемесін қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен бірге істі тергеушіге, анықтау органының басшысына кайтаруға құкылы. Егер заң бұзушылықты судья (сот) анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 300-бабының негізінде өзінің қаулысымен қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмеген дәлелдемелерді істің материалдарынан алып тастауға құқылы.[21.45]

Дәлелдемелер ретінде іс жүзіңдегі деректерді іске жіберуге болмайтындығын, сондай-ақ құқықтық күші жоқ екендігін танудың бастамашылары мыналар бола алады:

1) сот;

2) кылмыстық ізге түсу органдары;

3) тараптар.

Сот, қылмыстық ізге түсу органдары дәлелдемелердің құқыктық күші жоқ екенін және оларды айыптауды қалыптастыру кезінде пайдалануға болмайтындығын, сондай-ақ оларды алу кезінде занды бұзушылыққа жол берілгендігі анықталса дәлелдеу тақырыбының кез келген элементін дәлелдеуге жатпайтындығын тану туралы қаулы шығарады. Тараптар соттың немесе қылмыстық ізге түсу органдарының алдында өз өтініштерін мәлім етеді. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті адам қанағаттандыру туралы немесе бас тарту туралы қаулы шығарады. Тараптардың өтініші қанағаттандырылған жағдайда іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде тануға жол берілмейтіндігі туралы қорытындыны бекітетін дербес қаулы шығарылады.Дәлелдемелердің қатыстылығы ұғымына түрлі ғылыми мектептер түрлі мазмұн береді. Анағұрлым кең таралғаны мынадай көзқарастар болып табылады:

  1. Дәлелдемелердің қатыстылығының талаптар мен дәлелдеме-лерден көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізу заң нормаларында бекітілген ерекше құқықтық белгілері болады. Мәселенің мәнісін осылайша түсіну көзқарасын жақтай отырып Ц. М. Каз былай деп атап өтеді: «Дәлелдемелер ретінде іске қатысы бар фактілерді ғана пайдалану туралы заң талабы теорияда дәлелдемелердің қатыстылығы деп аталады»1.
  2. Дәлелдемелердің қатыстылығы олардың ізделетін фактілерді айғақтау қасиетімен анықталады. Мәселен, И. Б. Михайловская дәлелдемелердің қатыстылығы дегеніміз —олардың іс үшін маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама түрде анықтайтын қабілеттілігін білдіреді деп есептейді2.

Дәлелдемелердің қатыстылығы — дәлелдемелердің мазмұны мен дәлелдеу тақырыбына жататын жағдайлардың арасындағы байланыс деп түсіндіріледі. Мұндай байланыстың болуы зерттелетін оқиғаның іс жүзіндегі көрінісін дәлелдемелердің негізінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді1. Осындай көзқарасты Г. М. Миньковский де білдіреді және ол В. Д. Арсеньевтің анағұрлым ертеректегі пайымдауларымен сәйкес келеді.

Соңғы көзқарасқа қолдау білдіре отырып, Ф. Н. Фаткуллин былай деп жазады: «…Дәлелдемелер мен істің материалдық-құқықтық жағ-дайлары арасындағы объективті түрде бар себеп-тергеу, кеңістік-уақыт, тікелей, жанама түрде немесе кез келген басқа да нысанды байланыс расталған жағдайда, осы іс жүзіндегі деректер қатыстылық тұрғысынан танылады, мәнісі бойынша бағаланады және тиісті іс жүргізушілік қорытындылар мен іс бойынша шешімдердің негізіне алынады»2.

Үшінші көзқарас мынадай түсініктер бойынша қолайлы болып та-былады:

—  дәлелдемелердің қатыстылығы олардың іс үшін маңызы бар фактілерді анықтау қабілетін білдірмейді,өйткені дәлелдемелердің бәрі де зерттелетін фактіні анықтауға қабілетті емес (мәселен, сарапшылардың ықтимал немесе балама қорытындылары);

— дәлелдемелердің қатыстылығы үшін дәлелдемелер мен іс бо-йынша ізделетін фактілердің арасындағы кез келгені емес, тек қана қажетті, елеулі байланыстысы маңызды3;

— кездейсоқ, маңызы шамалы байланыс алдын ала тергеу орган-дары мен соттың билігінде бар іс жүзіндегі деректерді дәлелдеу күшінен айырады.

Әдебиетте дәлелдемелердің іске жіберілу категориясының мәні туралы мәселе түрліше қарастырылады.

Мәселен, Я. 0. Мотовиловкер былай деп есептейді: «сот ісін жүргізу нысандарының бәрі де бұлжытпай сақталуы тиіс деген қорытынды дәлелдемелер жинау кезінде кез келген бүрмалаушылық дәлелдеу тәсілін іске жіберілмейтіндей етеді деген ұғымды білдірмейді». Әрі қарай ол былай деп атап өтеді: «айтылғандар өзінің сипаты бойынша алынған деректердің сенімділігіне күмән туғызбайтын сот ісін жүргізудің нысандарын бұрмалаушылықтарға ғана қолданылмайды. Егер дәлелдемелерді жинау барысында алынған мәліметтердің сенімділігіне күмән сақталғанның өзінде олар өз өзінен дәлелдеу тәсілдерінің іске жіберілмейтіндігіне әкеліп соқпайды. Керісінше жағдайда барлық дәлелдеу тәсілдерін іске жіберілмейді деп тануға тура келген болар еді, өйткені іс жүзіндегі деректер алынатын және олар іс бойынша барлық қалған материалдармен жиынтық күйінде бағаланғанға дейін ешқандай күдік туғызбайтын дәлелдеу тәсілдері болмайды. Дәлелдеу тәсілінің іске жіберілмейтіндігі туралы мәселені шешкен кезде бұрмалау фактісінің өзі емес, заң нұсқауларына сәйкес дәлелдеу тәсілін іске жіберілмейтіндей ететін заң бұзушылыққа жол берілді деген мәселенің шешуші маңызы болады»1.[19.33]

Я. 0. Мотовиловкердің пайымдауларының ұнамды жағы мынадан көрінеді: іске жіберілетіндігінің (іске жіберілмейтіндігінің) өлшемі ретінде кез келген іс жүргізу нысанын бұзушылық емес, дәлелдеменің мәнісіне ықпал ететінін бөліп көрсететіні деуге болады. Шынында да егер тергеу іс-қимылының хаттамасында оны жүргізудің күні қойылса, бірақ оның басталуы мен аяқталуының уақыты көрсетілмесе (ҚІЖК-нің 203-бабы солай деп талап етеді), бірақ қалған барлық талаптар сақталса — бұл дәлелдемені іске жібермеу туралы қорытынды жасауымыз қажет пе?

Дәлелдемені іске жібермеу туралы мәселе теріс шешілген жағдайда ұйымдық-құқықтық салдар ретінде істі жүргізуден мұндай дәлелдемені алып тастау туралы ұсыныс туындайды. Осындай құқықтық жағдайларды талдай келіп И. И. Мухин мынадай қорытындыға келеді: «Іс жүргізушілік нысанды кез келген бұзу мұндай дәлелдеу тәсілін қылмыстық процесс шеңберінен тыс қалдыруға негіз ретінде қызмет істейді және бұл орайда жол берілген бұрмалаушылықтың деңгейі мен сипатының маңызы болмайды».

М. Л. Якуб осыған қарама қарсы пікір ұстанады. Оның көзқарасы бойынша іс жүргізушілік нысанды бұрмалаушылықтың кез келгені, олар мәнісі бойынша бағалағанға дейін дәлелдеме ретінде процестен алып тастауға негіз бола алмайды.

Проблема мәніне деген соңғы екі көзқараста мәселені шешпейді және негіз ретінде құбылыстың сыртқы белгілерін ғана алатын, оның ішкі қисыны мен құрылымын есепке алмайтын механистикалық теорияға бейім сипатын көрсетеді. Іс жүргізушілік нысандардың дәлелдемелердің мазмұнымен өзара байланысы оларды іске жіберу өлшемдері туралы мәселеге сараланған көзқарасты талап етеді. Және осы мағынада мен үшін Я. 0. Мотовиловкердің көзқарасы дұрыс, ол былай деп есептейді: 1) іске жіберілмейтіндігі заң мағынасынан тікелей туындайтын дәлелдемелер ғана өз өзінен жоққа шығарылуы мүмкін (мәселен, куәгердің, жәбірленушінің және т.б. субъективтік ой-пікірлеріне емес, сот-психиатриялық сараптаманың актісіне ғана сүйеніп, адамның психикалық ауруы фактісін анықтау мүмкіндігі); 2) іс жүргізушілік нысанның бузылуы орын алғандығына қарамастан, айыпталушының кінәсін ақтайтын немесе жеңілдететін мәліметтері бар дәлелдемелерге қатысты іске жіберілуі туралы мәселе тек қана оң шешілуі тиіс (керісінше жағдайда айыпталушының заңды мүдделері мен құқықтарына қысым жасайтын жағдай жасалады); 3) өзге жағдайларда дәлелдемені жоққа шығару фактілер туралы қолда бар мәліметтердің бүкіл жиынтығын бағалауға негізделуі тиіс.[18.25]

Процестен дәлелдемелерді алып тастаудың негіздері туралы ережені дамыта отырып, С. А. Шейфер жеткілікті түрде көңіл аударуға тұратын мынадай ой білдіреді: «қолданылатын танымдық тәсіл жеткілікті түрде тиімді болмаса. яғни ақпараттың өте аз мөлшерін бейнелеуді қамтамасыз етіп, оны іс жүзінде шындықты анықтау үшін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда дәлелдеме іске жіберілмейді деп танылуы мүмкін. Мәселен, іздерді қарап, кейін олардың сараптамалық зерттеуін жүргізудің орнына куәгерден ол байқаған іздердің көлемі мен белгілері туралы жауап алу, із қалдырған объектіге теңдестіруге негіз бола алмайды»1.

Іздестіру мақсатында иттерді пайдалану арқылы алынған ақпарат-тың екіұшты сипаты бар: 1) іске жіберілу көзқарасы турғысынан мұндай көзді пайдалану заңсыз; 2) практикалық көзқарас тұрғысынан мұндай ақпарат өте құнды болуы мүмкін. С. А. Шейфер дұрыс айтады: «іздестіру иті жүргізген адамдар мен заттарды іріктеу тергеушінің қолына оның көзқарасы бойынша маңызды мәліметтер беруі мүмкін. Алайда, оларды алу кезінде қолданылатын танымдық құралдардың бақылауға алынбайтындығы, «басқарылмайтындығы» бұл мәліметтерді қажетті кісі сендірерлік сипаттан айырады, мұның өзі оларды дәлелдемелер ретінде пайдалану мүмкіндігін жоққа шығарады. Әрине, бұл мұндай ақпаратты әр түрлі жорамалдар жасағанда, жауаптар беруі мүмкін адамдарды анықтауда пайдаланудың мүмкіндігі мен орындылығын жоққа шығармайды және т.б»2.[2.10]

«Дәлелдемелерді іске жіберу» термині әдебиетте бір мәнде түсіндірілмейді: бір жағынан іске жіберу дәлелдеме белгісі мен дәлелдеу ережесінің синтезі ретінде, екінші жағынан дәлелдеу қызметінің принципі ретінде (мәселен, А. Г. Прохоровтың көзқарасы) түсіндіріледі, үшіншілері осы терминнен іс жүргізушілік негіз іздейді (А. Г. Калпин). Осы көзқарастардың бәріне ортақ бір нәрсе бар, ол М. К. Треушников атап өткеніндей «барлық жағдайда да әңгіме іс жүргізушілік нысан тарапынан, яғни дәлелдеу тәсілі тарапынан дәлелдеменің сипаты туралы болып отыр»1.

Сарапшының ықтимал қорытындыларының да іске жіберілуі пікірталас туғызып келеді. Ю. К. Орлов былай деп жазады: «Өзінің логикалық табиғаты бойынша сарапшының ықтимал қорытынды-лары жанама түрдегі дәлелдемелерге ұқсас. Кез келген жанама дәлелдеме сияқты олар негізделетін кейбір ықтималдылық үлесімен ғана қуаттайды. Егер ықтимал қорытындылар қалыптастырудың субъектісінен басқа жаққа назар аударсақ, оларды қолдану арқылы дәлелдеудің логикалық схемасы кез келген жанама түрдегі дәлелдемелерге ұқсас»2.

 Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы

Қазакстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды, алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестіру қызметін мынадай органдар жүзеге асырады: а) ішкі істер органдары, ә) ұлттық кауіпсіздік органдары; б) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары; в) Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары; г) Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі (жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 6-бабы).

ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес (1-бөліктің 1—2-тармақтары) қылмыс белгілерін және оны жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар Жарлығында дамытылды. Мәселен, аталған Жарлықтың 10-бабында былай деп жазылған: «Жедел-іздестіру кызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кылмыстардың алдын алуға және ашуға, ішкі істер орган-дары жүйесінің кауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстык-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру орындарында режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға кұкылы ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрлігі белгілейді». Одан әрі аталған Жарлықтың 11-бабына (1-бөлім, 10-тармақ) сәйкес өздеріне уәкілеттік берілген қызмет адамдарының атынан ішкі істер органдары «қылмыстық істер бойынша сараптамалар және жедел-іздестіру материалдары бойынша қажетті зерттеу жүргізуге күкығы бар», талданып отырған баптьң 1-бөлімінің 14-тармағына сәйкес ішкі істер органдары «занда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандарды тартуға, дерек мәліметтерді жинау мен зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға күкығы бар».

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлтгық қауіпсіздік органдары туралы» Заң күші бар Жарлығында да жоғарыда айтылғанындай тиісінше регламент бар. Мәселен, осы Жарлықтың 13-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін «жалпы және арнаулы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге» құқығы бар.

Өзге де анықтау органдары қызметі регламентінің зандық тұрғыдағы көздерін талдау — олардың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру қүқығы жоғарыда келтірілгендерге ұқсас жалпы ережелер шектерінен шықпайтындығы туралы куәландырады. Соңдықтан, жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен процесуалдық емес ақпараттың арақатынасын анықтамас бұрын төмендегідей мәселелерде айқындалуы қажет:

— анықтау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру күқығы бар органдардан айырмашылығы;

— процессуалдық емес ақпараттың мәні.

.   1. Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу зандары анықтау органдарына мыналарды жатқызады:

— ішкі істер органдары;

— ұлттық қауіпсіздік органдары;

— әділет органдары;

— салық полициясының органдары;

— кеден органдары;

— әскери полиция органдары;

— шекара бөлімдерінің командирлері;

— әскери бөлімдердің командирлері;

—  Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;

— мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;

—  геологиялык барлау партияларының басшылары, теңіз кемелерінің капитандары1.

Сонымен, анықтау органдарының тізбесі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңмен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығы берілген органдар тізбесімен толық көлемде сәйкес келмейді. Бұдан мынадай қорытынды туындайды: анықтаудың кез келген органы жедел-іздестіру қызметін жүргізуге құқылы емес, сондай-ақ осындай құкығы бар әрбір орган анықтау органы болъп табылмайды. Мұны мысал арқылы түсіндіріп көрелік. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңньң 6-бабына сәйкес ішкі істер органдары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бірі болып табылады. Ішкі істер органдарының жүйесін мыналар кұрайды: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; оған бағынысты облыстардьң ішкі істер басқармалары және ішкі істер органдарының  қалалық, аудандык, қалалардағы аудандык, поселкелік бөлімшелері, сон-дай-ақ ерекше және режимдік объектілері; оқу орындары, мекемелер мен ұйымдары. Әрбір санамаланған субъектілердін кұрылымы — функциясы тұрғысынан кандай да бір қызметке, бір бағытқа бағдарланған негізгі және көмекші аппараттардың, бөлімшелердің (оперативті, тергеу, кадр және т.б.) күрделі жүйесін білдіреді. Ішкі істер органдары туралы Жарлықтың іріктейтін сипаты да осымен түсіндіріледі, оған сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құкылы ішкі істер органдары бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін ішкі істер министрлігі белгілейді.[13.21]

Осындай іріктеу сипаты жедел-іздестіру қызметімен айналысуға қүқығы бар басқа да органдарға тән. Мұндай органдардың қатарында, жоғарыда  атап өтілгеніндей, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 6-бабында ішкі істер органдары аталады, мұның өзі мұндай құқық тікелей жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін орындайтын бөлімшелерде болатынын көздейді. Бұл жағдай «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабының 3-бөлігінде бір мәні регламенттеледі, онда: «Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарыньң тізбесін жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдардың басшылары белгілейді» деп жазылған.

Талданып отырған жағдайда жедел-іздестіру кызметінің субъектілері болып табылатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі қазіргі уақытта анықтау органдарының қызметін атқармайды. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын анықтау органдары мен органдардың мұндай саралануы анықтау субъектілері мен жедел-іздестіру қызметінің, мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Ал шындығында жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздерінің тізбесі қылмыстык, сот ісін жүргізу мақсаггарынан тысқары жатыр, Мәселен, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңньң 10-бабы мұндай негіздер ретінде мыналарды көздейді:

а) қозғалған қылмыстық істің болуы;

ә) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен:

— әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған кұкык бұзушылық;

— жауап алу, тергеу және сот органдарынан немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;

— азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйіттердін, табылуы;

— шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалар;

б)  өздерінің қарауындағы қылмыстык, істер бойынша тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары;

в) құқықтык көмек беру туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары;

г) қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау ақпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар негіз болады.[12.14]

Сонымен, анықтау мақсатына жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен қол жеткізілуі мүмкін, бірақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру анықтау міндеттерін шешуге ғана бағытталмаған. Бұл орайда анықтау қылмыстың алдын ала тергеу нысаны ретінде түсіндіріледі, анықтау тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық іс жүргізу заңына негізделген қызметінен көрінеді, ол қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарауға және шешуге, кылмыстық істі қозғауға, ол бо-йынша тергеу жүргізуге, тергеушілердің тапсырмасы бойынша іздестіру және тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қылмыстарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған1. Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметінің мазмұнының маңызы аз емес. «Жедел-іздестіру кызметі туралы» Заңның 1-бабында белгіленгеніндей «жедел-іздестіру кызметі — азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен коғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар» өз кұзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Казақстан Республикасының басқа да зандары мен қалыптық кұжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару шараларының, ғылыми негізделген жүйесі».

Жедел-іздестіру қызметінің занды түрде бекітілген ұғымына түсінік беру оның дәстүрлі доктриналдық түсінігімен сәйкес келмейді. Мәселен, А. Н. Васильев жедел-іздестіру кызметінің мазмұнына мынадай үғым береді: белгілі бір адамдар мен объектілерді бақылау, жария және жария емес көздерден мәліметтер жинау, іздестіру, торуыл және бөгеттерді ұйымдас-тыру, іздестіру иттерін қолдану, қүжаттар мен үй-жайларды тексеру, кандай да бір оқиғаның куәгерлерін анықтау және т.б. жөніндегі арнайы іс-шаралар2. Проблемаға мүндай көзқарасты Р. С. Белкин де қолдайды. Ол былай деп түсіндіреді: «Жедел-іздестіру қызметі дегеніміз — процессуалдық емес анықтау органдарының  дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды анықтауға, қылмыскердің тұлғасы мен тұрғылықты орны, оның байланыстары туралы мәліметтер жинауға, объектілерді — дәлелдеу ақпаратының ықтимал иелерін белгілеу және олардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылы»3. Сонымен, дәстүрлі түсіндіру кезінде анықтау мен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілерінің тізбесі сәйкес келіп қана қоймайды, сонымен бірге жедел-іздестіру қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларының үғымдарын ішінара қосып жіберуге жол беріледі

Жоғарыда айтылғандардан мынадай корытынды туындайды: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бәріне де анықтау жүргізу кұқығы берілмеген, қылмыстық іс жүргізу заңында анықтау органдары ретінде тіркелгендері ғана осындай міндетті жүзеге асыра алады. Бұл жағдайдың қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттері үшін ғана алынатын іс жүргізушілік емес ақпаратты, әскери барлау, экономикалық және корғаныс әлеуетін нығайту мақсатында жиналатын өзге де іс жүргізушілік емес ақпараттан саралау қажеттілігіне байланысты маңызы бар.

«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңда (11-бап) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының тізбесі белгіленген. Мақсатына байланысты оларды іріктеу бет алды жүргізілмейді. Анықтау міндеттерін шешу үшін (қылмыстық, сот ісін жүргізудің) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес төмендегідей арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін:

а) ішкі істер органдары — сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде почта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; телефонмен және өзге де сөйлеулерді тыңдау; компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жаз-баларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге  техникалық кұралдарға кіру және оларды тексеру;

ә) ұлттық қауіпсіздік органдары — почта жөнелтілімдерін бақылау; байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел-іздестіру; телефонмен және өзге сөйлесулерді тындау; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлік жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды альп тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық кұралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; түрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық кұралдарға кіру және оларды тексеру.[20.58]

Басқа анықтау органдарына қатысты айтатын болсақ, оларға жалпы жедел-іздестіру шараларын жүргізу құқығы беріледі, олардың қатарына мыналар жатады:

— азаматтарға, қызмет адамдарына сүрақ қою, олардан ақпарат алу;

— азаматтармен жария және жария емес қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;

— қылмыстық ортаға қызметкерлерін енгізу;

— қылмыстық қызметті бейнелейтін мінез-құлық үлгілерін қолдану;

— кұпия кәсіпорындар мен ұйымдарды пайдалану;

— жеткізілімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру;

— арнайы техникалық құралдарды қолдану;

— есепке алу бойьшша мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар жөнінде анықтамалар жинау және тексеру;

— сынама мен үлгілерді зерттеу үшін іріктеп алу;

— бақылау мақсатындағы сатып алу;

— іздестіру иттерін колдану;

—-белгілері бойынша тұлғаларды іздестіру және теңдестіру;

—  заңға қарсы әрекеттерді табу, ресми емес тіркеу және іздерін алу, оларды алдын ала зерттеу;

— қылмыс жасап жатқан немесе жасаған адамдардың ізіне түсу және оны ұстау;

—  ұсталған адамдарды жеке тексеруді жүзеге асыру және олардың қылмыстық кызметке катысы болуы мүмкін заттары мен кұжаттарын алып кою, сондай-ак, тұрғын үй-жайларды, жұмыс және өзге де орындарды тексеру, көлік кұралдарын тексеру;

— қарулы қылмыскерлерді ұстау жөніндегі операцияларды жүргізу;

—  жедел қылмыстық есепке алу және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру.

Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарына қол жеткізу үшін жүргізілетін осы іс-шаралардың негізгі белгісі олардың процесуалдық емес сипатында.

Жоғарыда атап өтілгеніндей, дәлелдемелерді іске жіберудің өлшемі оларды алудың және қылмыстық іс материалдарына қосудың іс жүргізушілік нысандарын сақтау болып табылады. Бұл нені білдіреді? Жедел-іздестіру іс-шараларының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңында көзделген іс жүргізу жолымен алынған процессуалдық емес акпараттың өзін дәлелдемелерді іске жіберу талаптары сақталмаса дәлелдеуге пайдалануға болмайды. Бұл ереже «Жедел-іздестіру кызметі туралы» Заңның 14-бабында бекітілген, онда: «жедел-іздестіру қызметі үрдісінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөніндегі жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес олар тексерілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша айғақтар ретінде пайдаланылуы мүмкін» делінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар, оларды қылмыстық іс жүргізу зандарында көзделген нысанға келтірілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ешқандай құқықтың салдары болмайды, жеке және занды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін шектеу үшін негіз болып табылмайды.

Сонымен, жедел-іздестіру қызметі барысында алынған ақпаратты дәлелдемелер ретінде іске жіберудің анағұрлым маңызды өлшемдері зан, шығарушының көзқарасы тұрғысынан мыналар болып табылады:

1) мұндай ақпаратқа заңда көзделген іс жүргізу нысанын беру;

2)  тиісінше әйгілеуге жататын іс жүргізу емес ақпаратты «Жедел-іздестіру кызметі туралы» Занда көзделген жалпы және арнайы сипаттағы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу жолымен алу (11, 12-баптар)1.

Іс жүргізу яғни, дәлелдемелік және іс жүргізуге жатпайтын, яғни жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алынған ақпараттардың ара жігін айырудың өлшемдері ретінде мыналар алынады2:

— дәлелдемені (іс жүргізу ақпаратын) қылмыстық іс жүргізу заңы белгілеген көзден алу және іс жүргізу ақпараты емес өзге көздерден алу;

— дәлелдемелер тобынан іс жүргізу жолымен алынған ақпаратты алып тастау үшін құқықтық, негіздердің болуы.

 Екінші өлшемге қатысты айтсақ, бұл жерде белгілі бір түсінік беру қажет.

‘Жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының тізбесі толық болып табылады және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды. Анықтау органының тиісті түрде жүргізбеген жедел-іздестіру іс-шаралары, принципінде, оның барысында алынған іс жүргізушілік емес ақпаратты іс жүргізушілік жолмен дәлелдеуде пайдаланылуы мүмкін материалдар тобынан алып тасталады. Сірә, осы жагдайда, заң шығарушы, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің өкілеттігіне байланысты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын саралауды негіздеудің бірі ретінде есепке алған болар. Мәселен, ұлттық қауіпсіздік органдары сотталғандардың хат-хабарларына цензура жүргізу сияқты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кұқылы емес, ішкі істер органдары посылка және бандерольдер түріндегі ғана почта жөнелтілімдеріне бақылауды жүзеге асыруға қүқылы, ал ұлтгық қауіпсіздік органдары почта жөнелтілімдерінің кез келгеи түрін бақылауға ала алады және т.т.

Дәлелдемелер тобынан іс жүргізу жолымен алынған ақпаратты алып тастау үшін құқықтық негіздер болғанның өзінде ол іс жүргізуге жатпайтын ақпараттар тобына өтеді деген сөз емес1. Қылмыстық сот ісін жүргізуден алып тасталған ақпараттың тағдыры құқықтық негізге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.[21.96]

Дәлелдемелер сипатындағы ақпаратты алып тастаудың кұқықтық негіздері ретінде мыналар керінеді:

—  көзі белгісіз мәліметтерге негізделген дәлелдемелер ретінде қызмет ете алмайтын ережеге сәйкес;

— корғаушының (өкілдің) міндеттерін орындауына байланысты айыпталушыдан (сезіктіден) өзіне мәлім болған істің мән-жайы туралы куәгер ретінде айыпталушының (сезіктінің) қорғаушысынан (адвокаттан, кәсіподақ пен басқа да қоғамдық ұйымдардан) жауап алуға тыйым салу;

—  іс үшін маңызы бар құбылысты дұрыс қабылдауға дене және психикалык кемістіктеріне байланысты жай-күйі көтермейтін және олар туралы дұрыс жауап бере алмайтын адамдардан куәгерлер ретінде жауап алуға тыйым салу;

—  жеткілікті түрде анық немесе толық болмауы не қорытындының негізделмегендігі себептеріне байланысты сарапшы қорытындысын пайдаланудың мүмкін еместігі;

— сарапшылар арасындағы пікір алшақтығы жағдайында сараптама корытындысын пайдаланудың мүмкін еместігі;

— сот ісін жүргізуге қатысушылардың қарсылығын білдіруге әкеліп соғатын жағдайлардың бар болуы;

— өзінің келісімінсіз адамнан өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туысқандарына қарсы, сондай-ақ қызметкерлерінен, өзіне сенім білдіретін діндестеріне қарсы жауап алуға тыйым салу;

— дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы жасырын шағымдарды дәлелдемелерге емес, алдын ала тексеруден кейін қылмыстық іс қозғайтын себептерге ғана жатқызу.

Сонымен, іс жүргізушілік талаптарды сақтаса да аталған көздерден алынған ақпарат, ақпарат иегерінің іс жүргізушілік жағдайының ерекшелігіне байланысты заң белгілеген шектеулерге сәйкес дәлелдеме ретінде танылмайды.

Тұтас алғанда мұндай ақпаратты жедел-іздестіру мақсатында пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені шешу ол ақпаратты қылмыстық сот ісін жүргізуден шығарып тастау туралы құқықтық негіздердің сипатына байланысты болады. Психикалық ауытқудан зардап шегетін адамнан алынған ақпараттың жедел-іздестіру қызметі үшін маңызы болуы мүмкін емес.

Сонымен бірге Д. И. Бедняков атап көрсеткеніндей «дәлелдемелік және іс жүргізушілік ақпарат арасында еңсерілмейтін шекара жоқ, өйткені ол (іс жұргізушілік емес акпарат) заңда белгіленген жағдайларда іс жүргізушілік (дәлелдемелік) болуы мүмкін не кейбір іс жүргізушілік шешімдерді кабылдаған кезде және тергеу іс-қимылы тактикасында пайдаланылуы мүмкін»1.

«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заң тұрғысында заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің құқықтық күші жоқ деген ҚІЖК-нің ережелік түсіндіруі жаңа, қосымша сипат алды. Жоғарыда атап  көрсетілгендей «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 11, 12-баптарына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарына қол жеткізу үшін анықтау органдары алған жедел-іздестіру ақпараты заң белгілеген жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен ғана алынады, басқаша жолмен алуға болмайды. Тиісті түрге кереғар, яғни «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заң белгілемеген жолмен алынған іс жүргізушілік емес ақпарат оның заңсыздығына байланысты сот ісін жүргізудін, мақсаттарына да, жедел-іздестіру қызметінің мақсаттарына да пайдаланылмайды. ҚІЖК мен «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заң талаптарының біз қарастырып отырған бөлігіндегі арақатынасы дәлелдеме ақпаратының таби-ғатын екі жақты түсіндіретіндіктерімен сипатталады. Бір жағынан тек қана заңды дәлелдемелерді сот ісін жүргізуге тартудың қылмыстық іс жүргізу талабы олардың өтуінің бірыңғай іс жүргізушілік жолын білдіреді. Және осы мағынасында кез келген мүдделік білдірілетін іс жүргізуге жатпайтын ақпарат іс жүргізушілік нысан алған уақытқа дейін заңды деп танылмайды. Басқаша айтсақ, іс жүргізушілік түрде бекігенге дейін іс жүргізуге жатпайтын ақпарат дәлелдеу мақсаттары көзқарасы тұрғысынан заңсыз болып табылады. Екінші жағынан, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заң белгілегеніндей,жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде алынған іс жүргізуге жатпайтын ақпарат тікелей мағынасында заңды болып табылады, өйткені оны алу құқықтық нұсқамаларына сәйкес келеді. Қылмыстық процесс үшін бұл өте маңызды, өйткені «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заң қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің бірі болып табылады.

Сонымен бірге, бұл жерде қайшылық жоқ. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның көзқарасы бойынша заңсыз болып табылатын іс

жүргізуге жатпайтын ақпарат ресмилену, яғни процессуалдық нысан алу мүмкіндігін өз өзінен жоғалтады және жедел- іздестіру тұрғысы-нан да, қылмыстық іс жүргізу тұрғысынан да мағынасы болмағандық-тан жоққа шығарылуға жатады. «Жедел- іздестіру қызметі туралы» Заңның көзқарасы бойынша заңды болып табылатын іс жүргізуге жатпайтын ақпарат белгіленген тәртіппен ресмиленген және дәлелдеме мәртебесін алған уақытқа дейін ҚІЖК-нің көзқарасы бойынша өзінің «заңсыз» сипатын сақтап қалады. Демек, әңгіме іс жүргізу және іс жүргізуге жатпайтын ақпарат туралы емес,жедел-іздестіру ақпараты мен дәлелдемелер туралы болуға тиіс.

Біз үшін ҚІЖК-нің 116-бабының 4-бөлігіндегі тұжырымдаманың өзі біршама дәл емес сияқты: «Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдеме-лер заңдық күші жоқ деп танылады…» Егер «дәлелдеме» — осы тер-миннен туындайтын барлық салдарларымен бірге ерекшелігі бар аталым болып табылса, онда іс жүргізушілік көзқарас тұрғысынан заңсыз жолмен алынғанның, бәрі де дәлелдемелерге ешқандай қатысы жоқ. Қаралып отырған норманың мағынасы мынада: заңсыз жолмен алынған деректер дәлелдеме ретінде танылмайды. Керісінше жағдайда дәлелдеме заңды да болады, заңсыз да болады дегендей ой қалдырады. Бірақ бұл құқықтық қисынсыздық. Не дәлелдеме бар және ол заңның барлық талаптарына сәйкес келеді, не қандай да бір мәліметтер, деректер бар, бірақ олар дәлелдемелер болып табылмайды. Демек, заңсыз жолмен алынған дәлелдемелер туралы айтуға болмайды.[8.31]

 Техникалық  құралдарды  қолдана отырып, жедел-іздестру  жолымен  алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргзушілік шарттары

Жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен іс жүргізуге жатпайтын ақпараттың арақатынасы туралы мәселенің тәжірибелік үлкен маңызы бар. Әңгіме шығу тегі техникалық құралдарын қолдануға байланысты іс жүргізуге жатпайтын ақпарат туралы болғанда бұл проблеманың айрықша күрделілігі көзге түседі.

Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсатында техникалық құралдарды қолдану қылмыстық іс жүргізу құқығының әр түрлі көздерімен регламенттеледі. Мәселен, ішкі істер органдары туралы Жарлықтың 11-бабында ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін оларға жария және жария емес жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде азамат-тарды ерікті негізде бірлесіп жұмыс істеуге тарта отырып, іс жүзіндегі деректерді жинау және зертгеу үшін техникалық кұралдарды пайдалана отырып жүзеге асыруға; суретке түсіру, дыбыс жазу, кино ж:әне бейне түсірілім жүргізуге; анықтау барысында ғылыми-техникалық зерттеу жүргізуге құқығы бар екендігі айтылады.

Жалпы сипаттағы бұл нұсқама ҚІЖК-нің 129-бабында нақтыланады, ол бойынша қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тәртіппен сенімділігі тексерілген, кино-сурет түсірілім, дыбыс-бейне жазба жолымен алынған кез келген іс жүзіндегі деректер кылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Және әрі карай кылмыстық іс қозғалғанға дейін, сондай-ақ алдын ала тергеу немесе жедел-іздестіру іс-шараларь жүргізу ба-рысында кино-сурет түсірілімді және бейне, дыбыс бейне жазбаларды пайдалана отырып алынған іс жүзіндегі деректер дәлелдемелер болып табылатыны айтылады.

Телефонмен сөйлесуді және өзге де әңгімелерді тындауға қатысты айтатын болсақ, бұл іс-қимылды жүргізудің, процедурасын ҚІЖК-нің 237-бабы реттейді. Сонымен бірге заңда кино-сурет түсірілімдерді және бейне, дыбыс-бейне жазбаларды пайдалана отырь алынған жедел-іздестіру акпаратын дәлелдемелерге айналдырудың іс жүргізу қүралдарына байланысты бөлігінде кемшіліктер бар.

ҚІЖК-нің 237-бабынан мынадай қорытынды туындайды: аталған техникалық құралдарды қолдану аркылы акпараттың алынған уақытына қарамастан (кылмыстық іс козғалғанға дейін, алдын ала тергеу немесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында) бұл ақпаратгың сенімділігі айғақ адамдардың, ал қажетті жағдайларда — маманның қатысуымен дыбыс жазбаларын тындау арқылы қамтамасыз етіледі. Керісінше жағдайда мұндай ақпарат (іс жүзіндегі деректер) дәлелдеме ретінде танылмайды.

Мұнымен қатар ізделетін жедел-іздестіру ақпаратын анықтаушыға немесе тергеушіге берудің ұйымдық-процесуалдық шарттарының өзі туралы мәселе шешілмеген. Материалды беру процедурасын қылмыстык іс жүргізу заңы реттемейді, ал іс жүргізушілік көзқарас түрғысынан кызметтің аталған сипаты аса маңызды. Дәлелдемелерді сот ісін жүргізуге тартудың практикалық орындылығы, сондай-ак, ортақ кылмыстық іс жүргізу талаптарды есепке алу кино-сурет түсірілімдерді, бейне, дыбыс-бейне жазбаларды қолдану жолымен алынған ақпаратты жедел-іздестіру кызметкерінің тергеу органына беруінің мынадай тәртібін ұсынуға мүмкіндік береді.[16.32]

Жоғарыда аталған техникалық құралдарды қолдану арқылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге рұқсат берген жедел-іздестіру бөлімінің бастығы іс-шараларды өткізгеннен кейін орындаушыдан тиісті құжатты алады, оған алынған материалдар қоса тіркеледі. Материалдарды зерттеу жедел-іздестіру бөлімінің бастығына төмендегі екі шешімнің бірін қабылдауға құқық, береді: 1) материалдарды жедел-іздестіру есебіне алу-дың тиісті ісіне ғана жіберу; 2) материалдың түпнұсқаларын тергеушіге, ал олардың көшірмелерін жедел-іздестіру есепке алу ісіне жіберу.

Аталған материалдарды тергеушіге беру іс жүргізу жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Материалдарды беруді тіркейтін мұндай ұйымдық іс-жүргізу кұжаты ретінде оперативті кимылдайтын кызметкерлердің тергеушіге берген егжей-тегжейлі рапорты1 бола алады. Мұндай құжатта, дәстүрлі реквизиттермен катар мыналар көрсетілуге тиіс:

— техникалық құралдарды пайдаланудың мақсаты;

— техникалық құралдарды қолдануды жүзеге асыратын нақты адамдар2;

— техникалық құрал кашан, кай жерде, қандай жағдайларда колданылады;

— аппаратураның, алмастыру тетіктерінің түрі (объективтер, микрофондар) және таспалар, сондай-ақ бар болса олардың заводтық нөмірлері;

— техникалық құрал қолданылған адам (адамдар) туралы , кысқаша деректер;

— тіркелген ақпараттың қысқаша мазмұны. Қолданылған техникалық құралдың түріне байланысты рапортқа фонограммасы бар таспа, бейнетаспа, фото-киноматериалдар коса тіркеледі. Тиісті қосымшасы бар рапорт ілеспе хатпенен бірге тергеу бөлімі бастығының атына жіберіледі. Рапорт пен ілеспе хат көшірмелері оперативтік есепке алу ісінде сақта-лады.

 

1.3  Дәлелдемелердің  жіктелуі

 

Дәлелдемелерді жіктеудің1 теориялық та, практикалық та маңызы бар. Теориялық маңызы мынадан көрінеді: жіктеу зерттелетін объектілерге жүйелік көзқарастың негізі болып табылады. Қызмет ретінде дәлелдеу процесінің күрделілігі мен әр қилылығына, іс жүргізушілік дәлелдеуге тартылатын объектілердің шексіздігіне, сондай-ақ дәлелдемелер мен мазмұнының алуан түрлілігіне байланысты дәлелдемелерге қатысты бұл өте маңызды. Дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы туралы айта келіп А. А. Хмыров былай деп атап өтеді: (дәлелдемелерді жіктеу) «оларды жинаудың, зерттеудің және бағалаудың ерекшеліктерін алдын ала анықтайды, жекелеген дәлелдемелер түрлерінің іс жүргізушілік режимін, сондай-ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін, оларды дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі. Жіктеу істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге жәрдемдесуі тиіс және жинақталған дәлелдемелер жиынтығын бір жүйеге түсіруге, дәлелдеуге жататын іс жағдайларының қайсысы жеткілікті түрде толық анықталғанын, қайсысы әлі де анықталмағанын не косымша нақтылануға мұқтаж екенін білуге көмектеседі»2.

Әділеттілік үшін атап өту қажет, жоғарыда айтылғанындай зерттеу объектісінің көп қырлылығына байланысты кандай да бір негізі немесе белгісі бойынша дәлелдемелерді толық жіктеу мүмкін емес. Мынаны да есте ұстау керек: дәлелдемелерді жіктеу дәлелдемелердің қайсысы «жақсы» деген сұраққа жауап бермейді. Мәселені осылайша қою бірде бір дәлелдеменің күні бұрын анықталған күні болмайтындығы туралы қылмыстық іс жүргізушілік ережені мағынасынан айырады. Сонымен, дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы іс бойынша анықталған дәлелдемені бағалау кезінде соттың қорытынды ережелерінің сипатына қолданылмайды.

Дәстүрлі түрде қабыдданған жіктеу мынадай негіздер бойынша бөлуді қарастырады: 1) дәлелдемелер мен олардың көздерінің байланысы бойынша; 2) дәлелдемелердің сипаты бойынша; 3) дәлелдемелерді алу мен пайдаланудың сипаты бойынша.[14.36]

  1. Дәлелдемелер мен олардың көздерінің байланысы бойынша дәлелдемелер мынадай түрге бөлінеді: а) жеке және заттық; ә) әуел бастағы және іс жүргізу барысындағы; б) сапалы және сапасыз.

Жеке және затгық дәлелдемелер1 дәлелдемелік ақпараттың қалыптасу тетігін сипаттайды және осы тетіктің ақпаратты сақтаушысымен байланысын анықтайды. Егер ақпараттың көзі адам болса (айыпталушының, сезіктінің, куәгердің жауаптары, сарапшы қорытындысы), онда ол жеке дәлелдемелерге жатады. Егер ақпарат заттар мен құжаттарда болса, бұл орайда құжаттар адамдардың жауап беруін тіркемеуге тиіс, онда олар заттык дәлелдемелерге жатады.

Заттық айғақтар туралы айта отырып, Ф. Н. Фаткуллин былай деп көрсетеді: «Іс жүзіндегі ақпараттың сақтаушысы материаддық объектілер болып табылатын, ал ақпараттың өзі тілден тыс нысанда берілетін дәлелдемелер мен көздер заттық деп аталуы мүмкін. Мұндайлардың қатарына қылмыстық қызметтің құралдары мен өнімдері, қоғамдық қауіпті әрекеттің іздері бар заттар, қылмыстық жолмен болған кұндылықтар және т.б. жатады. Бұл жерде іс үшін маңызы бар жағдайлар туралы тиісті ақпарат қылмыстық істі тергеу және сотық қарау кезінде тікелей сезіммен кабылдауға болатын материалдық «іздер» мен накты фактілер түрінде сақталады және беріледі»2.

Дәлелдемелерді жеке және заттық деп бөлу олардың қалыптасуының негіздері мен тетіктерін саралаудан көрінеді. Мұндай саралау дәлелдемелерді жинаудың, зерттеудің және бағалаудың тиімді әдістемесі мен тактикасын жасау үшін кажет3.

Қаралып отырған негіз бойынша дәлелдемелерді жіктеуден туындайтын түрлі көзқарастарды талдай отырып, П. С. Элькинд «Дәлелдемелер теориясы» (1973) авторларына кейбір сын-пікірлер айтады: олар «дәлелдемелердің екінші түрін тек заттық айғақтарға әкеліп тірейді, біз мұнымен келісе алмаймыз, өйткені заттық айғақгар азаматтардан шықпайтын дәлелдеме компоненттерінің бірін құрайды. Мынаны да ескеру керек: тергеу және сот іс-қимылынын, хаттамалары белгілі бір адамдардан шыққан ақпаратты (мәселен, жауап алу хаттамасы) не заттар мен кұжат-тарда бар ақпаратты (мәселен, заттық айғақты қарау хаттамасы, тінту кезіңде табылған кұжатты көрсете отырып жасалған тінту хаттамасы және басқалары) куәландыра алады. Кез келген хаттамаға нақты адамдар қол қояды және осы формальды белгісі бойынша адамдардан шыққан дәледдемелерге жаткызуға болар еді, дегенмен шешуші рөлді оның мазмұны көрсетеді — ол адамдардан шыққан және заттар мен құжаттарда бар ақпаратты бекітеді»1.

Сонымен, дәлелдемелерді жеке және заттық деп бөлудің бар болғаны сыртқы формальды сипаты ғана бар және өзін қалыптастырудың тетігін қамтитын дәлелдеме табиғатын бейнелейді.

Бастапқы және туынды дәлелдемелер. Мұндай жіктеу Ф. Н. Фаткуллин атап көрсеткеніндей, «іс бойынша анықтауға жататын факті мен оның, бейнесі болып табылатын ақпарат арасындағы дәнекерлік деңгейінің белгісіне негізделеді»2.

Бастапқы дәлелдемелерге тікелей бастау көзден шыққан және акпарат сақтаушысы мен акпарат арасында қандай да бір аралық буын жок дәлелдемелер жатады. Мәселен, өзін кызықтырған фактіні тікелей қабылдаған куәгердің жауабы бастапкы дәлелдемелер болып табылады. Осы топқа барлық уақытта «дәлелдеу тақырыбының құрамдас материалдандырылған «бөліктері ретінде» затгық айғақтар да жатады»3.

Туынды дәлелдемелерге «анықтау, тергеу, сот органдары акпараттың екінші көзінен, «екінші колдан» (құжат көшірмесі, куәгердің тікелей тиісті оқиғаны бақылаған, басқа адамнан не естігені туралы жауап беруі және басқалары)»4 алған акпараты жатады.[14.47]

Дәлелдемелерді бастапқы және туынды деп бөлудің маңызы дәлелдеменің тікелей бастапқьі көзден қаншалықты деңгейге ұлғайғанын анықтаудың практикалык қажеттілігіне байланысты. Қашықтау деңгейі (дәнекерлік) елеулі болған сайын қате мәлімет алудың ықтималдығы ұлғая түседі.

Сонымен бірге туынды дәлелдеудің мәні туралы мәселеде белгілі бір күрделілік бар. В. Д. Арсеньев әділетті түрде атап өткеніндей, туынды дәлелдемелерді калыптастыру процесінің кездейсоқ, сондай-ақ жасанды сипаты болады. Қылмыстық процесті жүзеге асыратын адамның еркінен тыс орын алатынның бәрі де кездейсоқ сипатта болады (мәселен, тікелей куәгер мен өзге де адамдардың арасында істің мән-жайы туралы кез-дейсоқ пікір алмасу). Сот ісін жүргізуде туынды дәлелдемелерді сапалы түрде калыптастыру процесі де жүреді. Мәселен, «егер оқиғаның басы-қасында болған куәгер тергеушіге жауап берсе, соңғысы істі түпкілікті шешетін сотка қатысты жауап беріп (куәгер белгілі бір себептермен тікелей жауап беруге келе алмаса) туынды дәлелдеменің көзі ретінде шыға алады2. Осы себепке байланысты тікелей жауап алу, тінту жүргізу және өзге де іс-әрекет хаттамасы хаттамалардың өзінде тіркелген дәлел-демелерге қатысы жөнінен туынды болып табылады. Міне, осыны назарға ала отырып, С. В. Курылев құжаттарды жасауға «туынды, дәлелдемелерді туғызудың саналы түрде ұйымдастырылған процесі» деп сипаттама береді3.

Сапалы және сапасыз дәлелдемелер. Мұндай жіктеу «іс жүзінде ақпарат сақтаушының оны дүрыс қабылдау, сақтау және көз алдына келтіру қабілетін, қаадай да бір басқа себепке байланысты хабарланатын ақпараттың өңін айналдырмауды оньң нақтылығын, қарама-кайшы болмауын және тиісінше іс жүргізушілік ресімделуін»4 білдіреді.

Сонымен дәлелдеменің сапалық сипаты сыртқы белгілерді ғана емес, сонымен бірге ізделетін акпараттың мәнділігі мен мазмұнын да қамтиды. Сыртқы және ішкі сипаттамаларының жалпы іс жүргізушілік сипаттарға сәйкес келуі іс жүзінде мұндай ақпарат істің мән-жайын объективті түрде бейнелейді және өзінің сапалылығына байланысты іс бойынша корытын-ды ережелерді қалыптастыруда маңызы болады дегенді білдіреді.

  1. Сапалы дәлелдеме өзінін,сипаты бойьшша мынадай түрлерге бөлінеді: а) айыптау және ақтау; ә) тікелей және жанама.

Айыптау және ақтау дәледдемелері. Қаралып отырған жіктеу дәлелдеменің айыптау тақырыбына қатысын білдіреді.

Айыптауға заңға қайшы іс-әрекет жасаған адамнын кінәлілігін немесе адамның жауапкершілігін ауырлататын мән-жайды сөзсіз анықтайтын іс жүзіндегі деректер жатады. Ақтауға айыптауды жоққа шығаратын не адамның жауапкершілігін жұмсартатын мән-жайды анықтайтын дәлелдемелер жатады. Ақтау дәлелдемелерінін бір түріне алиби жатады.

«Дәлелдемелер теориясының» авторлары (1973 ж.) айыптау тақырыбына қатысы жөнінен дәлелдемелер «бейтарап» болуы мүмкін деген Р. Д. Рахуновтың тезисін сынға алады, А.И. Винберг дәлелдеменің «бейтараптығы» қылмыстық іс жүргізушілік заңның ережелеріне қайшы келеді деп есептейді, аталған заңға сәйкес іс жүзіндегі деректер қоғамның қауіпті әрекетінің, адамның кінәсінің және іс үшін маңызы бар өзге де жағдайлардың болғандығын немесе болмағандығын анықтау үшін негіз болып табылады. Яғни дәлелдеменің «бейтараптық,» қасиетін тану дәлелдемені іс жүргізушілік мағынасында жоққа шығаруға әкеліп соғады.

Дәлелдемені ақтауға және айыптауға жатқызудың құбылмалы сипаты бар. Қылмыстық сот ісін жүргізудің әр түрлі сатыларында белгілі бір ақпарат ақтау сипатында да, айыптау сипатында да көрінуі мүмкін.

Тікелей және жанама дәлелдемелер. Логикалық сипаттағы мұндай жіктеу дәлелденетін мән-жайды негіздеу процесінің құрылымьн білдіреді. Осы құрылымдық айырмашылығын негізге ала отырып, бірқатар зерттеушілер тікелей дәлелдемені — бір сатылыға, ал жанаманы — көп сатылыға жатқызады.

Ф. Н. Фаткуллиннің көрсеткені сиякты «дәлелдемелерді тікелей және жанама деп жіктеудің негізіне олардың белгілі бір адам жасаған (қысқаша іс бойынша басты факті деп атасақ) фактіге ғана қатысын алған анағұрлым орынды. Бұл орайда тікелей дәлелдемелер ретінде іс жүзіндегі деректер қызмет етеді, іс жүзіндегі деректер іс бойынша белгілі бір әрекетті жасаушы немесе жасамаушы ретінде нақты адамды тікелей және бір мәнді етіп көрсетеді. Мұндай белгілер қатарына жәбірленушінін, сезіктіні тануы, айыпталушының өзіне тағылған іс-әрекетті жасағандығын мойындауы, куәгерлердің нақ осы адамның іс-әрекет жасағандығы туралы мәліметтер беруі, осы адамның арамдық жасағандығы туралы сарапшының қорытындысы, айыпталушының алибиі және т.т. жатады. Жанама дәлелдемелер деп нақты іс жүзіндегі деректерді тану керек, ондай деректер тергеліп жатқан әрекетті жасаушыға тікелей қатысты емес, істің калған мән-жайларының жиынтығында ғана қылмысты ашуға, және кінәліні анықтауға жәрдемдеседі. Бұл, айталық, тас жол бойында жатқан мәйітті табу, мәйітті машинаның басып кеткен іздері, нақты машинадан адам басқандығының іздерін анықтау, кісіні басқан уақытта бір шамада осы тас жол бойымен машинаның жүру фактісі және т.т. Мұндай фактілердің бәрі және мәліметтер іс бойынша белгілі әрекетті белгілі бір адамның жасағандығы туралы қорытыңдыға әкеледі'».

Мұндай түсінік мәнісі бойынша дәлелдемелерді басты факт және дәлелдемелік факті деп бөлетін бұрын теорияда билік құрған тұжырымды дамыту болып табылады. Атап айтканда М. С. Строгович былай деп жазады: «Дәлелдемелер айыпталушы өзіне тағылған қылмысты жасағандығы туралы басқа фактіні немесе дәлелдемелік фактіні, яғни басты фактіге енбейтін, бірақ істің басқа да жағдайлары мен жиынтығында басты фактіні анықтау үшін қызмет ететін кандай да бір қосымша фактіні анықтауға байланысты тікелей және жанама дәлелдемелерге бөлінеді. Тікелей дәлелдеме басты фактіні анықтайды. Жанама дәлелдемені басты факті емес, дәлелдемелік факті аныктайды, соңғысы өз кезегінде басты фактінің дәлелдемесі болып табылады»2.[11.23]

Мұндай түсінікпен (оны А. И. Винберг, Г. М. Миньковский, Р. Д. Рахунов ұстанған болатын) В. Д. Арсеньев келіспейді, ол дәлелдемелерді тікелей және жанама деп бөлудің негізінде дәлелдеудің тәсілі жатыр деп есептейді. Ол тікелей былай деп түсіндіреді: «Логика дәлелдемелерді аталған түрлерге (тікелей және жанама Б. Т.) дәлелдеу тәсілі бойынша бөледі. Дәлелдемелерді тікелей және жанама деп бөлу дәлелдеу тәсілдеріне де, сондай-ақ дәлелдемелік фактілерге де қолданылады»3.

Дәлелдемелерді тікелей немесе жанама деп бөлуге қатысты П. С. Элькинд өзіндік бағыт ұстанады. Атап айтқанда, ол осындай бөлудің жіктеу өлшемдеріне мынаны жатқызады: «нақты адамның өзіне тағылған қылмысты жасауы, мұның өзі негізінен қылмыс құрамының субъектісі мен объектісіне байланысты»1. Дәлелдемелерді тікелей және жанама деп бөлу — іс бойынша барлық анықталған іс жүзіндегі деректердің жиынтығын ба-ғалау негізінде істі мәні бойынша шешу туралы талаптардың маңыздылығын кемітпейді. Тікелей дәлелдемелердің болуы жанама дәлелдердің «қажетсіздігін» білдірмейді. Оның үстіне ізделетін фактілер жанама дәлелдемелердің негізінде ғана дәлме-дәл анықталуы мүмкін. Соңғы жағдай жанама дәлелдемелерді өзара байланысы жоқ үзік-үзік мәліметтер ретінде қарауды жоққа шығарады, өйткені керісінше жағдайда әрекеттің логикалық дәлме-дәл өлшенген суретін кайта қалпына келтіруге болмайды.

Дәлелдемелердің дәстүрлі жіктелуі тұтас алғанға осы заманғы ғылымда да өзінің маңыздылығын сақтап қалып отыр. Ғылыми жетілдірулер негізінен жіктелетін объектілердің мазмұнына қатысты.

Мәселен, Ю. К. Орлов белгілі бір адамның қылмыстық заңда кездел-ген әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған фактісі туралы тікелей куәлан-дырған жағдайда тікелей дәлелдемелер ретінде есептеуді ұсынады. Оның ойынша мұндай түсінік беру практикада қалыптасқан термино-логияға да сәйкес келеді, практикалық терминологияда тікелей дәлепдемелер ретінде қандай да бір нақты адамның белгілі бір қылмыс жасағанын әшкерелейтін жағдай түсіндіріледі. Оның пікірі бойынша тікелей дәлелдемелерге қазіргі көзқарас жағдайында қарама-қайшы жағдай қалыптасады, оның бір мысалы мынадан көрінеді: толып жатқан тікелей дәлелдемелер болғанына қарамастан қылмыс жасаған адам анықталмағаны былай тұрсын, қандай да бір нақты адамға қатысты қандай да бір айғақ жоқ болып шығады2.[11.36]

Жанама дәлелдерге қатысты айтсақ, бұл жерде кең ауқымды алуан пікірлер орын алған. Мәселен, М. Е. Евгеньев жанама дәлелдерді қылмыс оқиғасының болғандығын немесе белгілі бір адамның оны жасаған кінәлілігін анықтауына байланысты жіктеуді ұсынды3. Бұл

көзқарасқа Г. М. Миньковский қарсылық білдірді, ол былай деп жазады: «Қылмыс оқиғасына жататын жанама дәлелдеме көпшілік жағдайларда сонымен бірге кінәліні де жанама түрде анықтайды (өйткені оқиға оның іс-әрекетінің нәтижесі) және керісінше»1.

Жанама дәлелдерді зерттеуде М. М. Гродзинский ерекше көзқарас ұстанады, ол жанама дәлелдемелер бірегей тұтас дүние болып та-былады және ішкі жіктеу жүргізілуі мүмкін емес деп есептейді.

Жанама дәлелдер мәнісінің көп қарсылығы XX ғасырдың 40-шы жылдарының ортасында кеңес ғылымында «айғақтар теориясы» де-ген ілімді дүниеге әкелді. Жанама дәлелдерді «айғақтар» терминімен белгілеудің этимологиялық негізі болды: айғақ әлдекімді әлденеде әшкерелейтін зат па, әлде жағдай ма? Өз кезегінде әшкерелеу өтірігін ашу дегенді білдіреді, ал өтірігін ашу, демек әлдекімнің әлденеде ұят қылығын ашу3. Сонымен айғақ дәлелденетін жағдайды тікелей анықтамайды, мұның өзі «айғақ» және «жанама дәлелдеме» терминдерін бір синонимдік қатарға қою себептерінің бірі ретінде қызмет етті.

Кезінде А. Я. Вышинский әділетті түрде атап өткен болатын: «Жанама дәлелдемелер туралы мәселе теориясында дәлелдемелер туралы ілімнің бірқатар маңызды проблемалары өзара байланысты, олар: айғақты құрайтындардың сенімділік проблемасы; үлкен және кіші алғышарттар арақатынасының проблемасы; айғақтардың түйісуі немесе үйлесуі проблемасы; жанама дәлелдемелер мен презумпция арасындағы қарым-қатынас проблемасы; сот дәлелдемелері ретінде айғақтардың сапасы мен маңызы проблемасы; жанама дәлелдемелерді жіктеу»».

Қазан төңкерісіне дейінгі құқықта жекелеген зерттеушілер жанама айғақтар маңыздылығын сандық өлшеуге де әрекеттеніп көрді. Мәселен, 1855 жылы А. Жиряев былай деп жазған болатын: «айғақтар әлсіз болса олардың саны көп болуға тиіс және керісінше, күшті болған сайын олардың саны аз болуы мүмкін»5. Дәлелдеме теориясын дамытудың сол кезеңдегі бірқатар ғалымдары айғақтар теориясын «айғақтарды арифметикалық есептеу теориясына» айналдыру мүмкіндігіне байланысты өз қауіптерін білдірді.

Осы ережені сынға ала отырып, А. Я. Вышинский былай деп атап көрсетті: «Жанама дәлелдемелер басқа да дәлелдермен байланысы бойынша іс жүргізу де аса маңызды болады. Бұл орайда жанама дәлелдемелердің өзара байланысы бір тізбектің буындары сияқты болуға тиіс; бір буын түсіп қалған жағдайда бүкіл тізбек тарқатылып жүре береді, айғақтар да және әрбір жеке дәлелдеме де маңызын жоғалтады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: біздің қолымызда бөлек-бөлек, бір-бірімен байланысы жоқ айғақтар үйіндісі емес, айғақтар жүйесі болуға тиіс»1. А. Я. Вышинскийдің осы қағидасы, біздің көзқарасымызша, әлі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.

Қазіргі көзқарас тұрғысынан А. А. Хмыров ұсынған жанама дәлелдерді жіктеу қызығушылық туғызды. Ол оларды функционал-дық белгісі бойынша тақырыптық және қосымша деп екіге бөледі. Өз кезегінде тақырыптық дәлелдеу тақырыбының құрылымдық элементтеріне байланысты топталады: а) қылмыс оқиғасы; ә) қылмыстың субъектісін және субъективтік жағын анықтайтын белгісі; б) қылмыстың өзге де жағдайлары. Қосымша дәлелдемелер: бағдар беретін және бақылау деп бөлінеді2. Бақылау дәлелдемелерінің жіктеу белгілерін, сондай-ақ А. И. Винберг, Г. М. Миньковский және А. А. Эйсман таныды.3

А. А. Хмыровтың жіктеуіне сүйене отырып осы проблемаға Ю. К. Орлов біршама өзгеше көзқарас ұсынады. Атап айтқанда, ол жіктеуді дәлелдемелердің негізгі және көмекші философиялық категорияларымен толықтыруды қажет деп санайды. Бұл орайда негізгі ретінде дербес дәлелдемелік маңызы бар дәлелдеме қарастырылады. КөмекшІ дәлелдемелерге істің мән-жайы және дәлелдеу фактілері туралы емес, басқа дәлелдемелерді алудың көзі мен тәсілі туралы ақпараты бар және оларды табу немесе тексеру үшін ғана пайдаланылатын дәлелдемелерді жатқызады (мәселен, бағдар беретін дәлелдеме; оқиғаның куәгері кім болғандығы туралы мәлімет; сарапшының жеке мүдделілігі туралы мәлімет және т.т.)».

Тарихи анықтама

«Ресей империясының қылмыстық және түзету жазалары туралы» Заң жинағының 463-бабына сәйкес (1845 ж.) сот тергеушісі не өзге де сот чиновнигінің «қылмыстық іс бойынша кінәлінің ақталуына қан-

дай да бір мүмкіндік бергендігі немесе сотталушыға қарсы айғақтар мен дәлелдемелердің күшін әлсіретуге әрекеттенгені» анықталатын болса жазалануға жатады (қызмет бабындағы тізіміне сөгіс енгізеді немесе қызмет бабындағы уақытын үш айдан бір жылға дейін қысқартады немесе қызметінен алады).[9.12]

Бұған қоса Заң жинағының 330-бабы тергеу жүргізуді қиындату мақсатында ресми қағаздарды немесе заттық айғақтарды ұрлағаны немесе жойғаны үшін жаза тағайындады. 330-бап қылмыс құрамы мұндай істі қылмыс жасауға қатысушы (жәрдем беруші) ретінде қарастырды.            

 

 

 

ІІ ТАРАУ ДӘЛЕЛДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН ФАКТІЛЕР

 

2.1  Бекітілген дәлелдер –факт ретінде

 

Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының кұрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, зандық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялык проблемаларды және т.т. қамтиды»1.

Қылмыстық іс жүргізу құкығындағы дәлелдеме теориясының, орнын белгілей келіп  Г. М. Миньковский былай деп жазады: «Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.

Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процестен оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеу теориясы да кылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан»2.

Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу кұқығы кұрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми-теориялык базасы болып табылады.

Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:

— таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;

— осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;

— қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;

—қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;

— дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудын, принциптері мен ережелері туралы;

— соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы3.

Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинаудың, зерттеудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек1.[7.25]

Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:

— дәледдеу құқығының тәсілдері мен құкықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында калыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;

— аталған құқықгық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;

— дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу қүқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;

— кылмыстық іс жүргізу кұқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;

— дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәледдеу қүқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады;

—дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының кұрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу қүқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу қүқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.

Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажетгігін өмірге әкелді. Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу құқығына айналды.

Ғылыми әдебиеттерде дәлелдеу теориясының мәні түрліше түсіндіріліп келді. Атап айтқанда М. Л. Шифман дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығы бір нәрсе деп есептеді. Ол былай деп жазады: «Қаралатын сот ісі үшін мәні болатын фактілерді дәлелдеу мен бағалаудың нормалар жүйесі, бірыңғай принциптері, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы дәлелдеме теориясы немесе дәлелдеу құқығы деп аталады»1. Дәлелдеу құқығының немесе дәлелдеме теориясының мәнін осылайша түсіну негізіне біздің кезқарасымызша, КСРО-ның соғыстан кейінгі кезеңіндегі іргелі еңбектердің бірінің авторы, академик А. Я. Вышинскийдің көзқарасы алынған. Ол 1946 жылдың өзінде былай деп жазған: «Дәлелдеме туралы ғылым немесе дәлелдеу құқығының теориясы, жалпы көпшілік мақұлдағандай, бүкіл сот құқығының басты, орталық теориясы болып табылады.

Бірқатар процессуалистер процессуалдық ғылымның осы бөлігіне айрықша мән беретіндігі соншалык, бүкіл процесті дәлелдемелермен пайдалану өнеріне әкеліп тірейді’7. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы мен дәлелдеме теориясының арасында генетикалық байланыстың бар екендігін тани отырып, А. Я. Вышинский сонымен бірге дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығының арасындағы айырмашылықты көрмеді, ол туралы оның «дәлелдеу құқығының теориясы» деген термині сөзімізді растайды.

«Дәлелдеу құқығының теориясы» термині осы заманғы ғылымда «дәлелдеме теориясы» мен «дәлелдеу құқығы» ұғымдарының араласуына жол бермейтін біршама өзге мағынада қолданылады. Мәселе мынада, құқықтағы кез келген бағыт фундаменталдық-теориялық және нормативтік-қолданбалы екі аспектінің өзара байланысын кездейді. Сонымен, дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі ретінде дәлелдеу құқығын бір мезгілде, бұрын айтылғанындай, екі аспект түрінде қарауға болады: 1) дәлелдеу құқығының теориясы; 2) дәлелдеме қүқығының нормалар жиынтығы. Бірыңғай әдістемелік ерекшелігі бар мұндай бөлу нормативті регламент түрінде көрінетін міндетті бөлігінен құқықтық нұсқамалармен әрдайым сәйкес келе бермейтін қорытынды ережелердің жүйесінен тұратын факультативті бөлігін ажыратуға мүмкіндік береді. Мұндай қарым-қатынас фундаменталдық-теориялық бөлігінің анағұрлым кең ауқымды мазмұнына байланысты заңды да. Міне, осы мағынада П. С. Элькиндтің: «кеңестік қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының жалпы міндеттерінен дәлелдеу құқығы теориясының (тақырыбының ерекшеліктерін айқындайтын) өзгеше міндеттері бөлінуі мүмкін»1.

 Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талал етеді.[17.32]

Танымның философиялык проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі, айналып келгенде «таным теориясы» аталған философиялык дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық-материалистік көзқарас жатыр. Бірден бір ғылыми әрі дұрыс маркстік-лениндік таным теориясын2 айқындаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратынына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану қажет,

Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы ғылыми тандауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.

Гносеология1 — жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысыңда түсіңдірілетін ғылыми-танымдық қызметтің кез келген саласында қолданылатын әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осындай әдістемелік кілт ретінде осы заманғы ғылыми-диалектикалық әдісті қолданады. А. Давлетов былай деп жазады: «Қылмыстык іс жұргізу танымында диалектикалық әдісті қолдану жалпы, философиялық және әсіресе қылмыстық іс жүргізу зандылықтарды дұрыс үйлестіре білуден тұрады. Таным қызметін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары философиялық категорияларды қылмыстық процессуалдык ұғымдарға айналдыратын призма сипатында көрінеді. Қылмыстык процессуалдык танымның белгілі бір мәселесін шешу тетігі мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиялык, алғышарттары алынады, сосын осы мәселеге қатысты нормативтік ережелері алынады, содан кейін философиялық негізге орныққан, бірақ ерекше (қылмыстык іс жүргізу) мазмұнымен толықтырылған жауап беріледі»2.

Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған «терезені» толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттерінің бірі. Теория — қылмыстық іс жүргізу күкығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қызметінің ажырамас бөлігін құрайтын таным процесі, ой кызметі, ішкі сенім және басқалары заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Нормативтік реттеу саласынан тыс қалатыннын бәрі де «құқьіқтық терезе» немесе «құқықтык, кеңістік» деп аталатындарды кұрайды. Олардың қүкықта болуы занды және сөзсіз. Оларды толықтыру әмбебап әдістемелік кілттің негізінде жүзеге асырылады, дәлелдеме теориясына қатысты кілт ретінде біз гносеологияны немесе таным теориясын қараймыз. Методоло-гияның осы аспектісін сипаттай келіп, А. П. Шептулин былай деп атап өтті: «танымның диалектикалық әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке әдістер арқылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық әдісі талаптарында дербес түрде пайдаланылуы мүмкін»3.

Сонымен бірге методологиялық негіздің әмбебаптығын сөзбе сөз түсінбеу керек. Методологияның негізгі ережелерін қолдану міндетті түрде таным саласының ерекшелігін ескере отырып түсіңдіруді көздейді. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыкқа қол жеткізудің ерекшелігі мынадан көрінеді: «бұл жерде таным объектісінің тақырыбы бізді қоршаған әлем емес және іші жекелеген құбылыстар мен оқиғалар да емес. Ғылым тақырыбынан бір ерекшелігі сот ісі бойьшша зерттеу тақырыбы барлық уақытта кылмыстық оқиғаны құрайтын және соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен шектеледі. Фактілерді зерттеудің ерекше әдістері, ерекше тәсілдері және осы қызмет жүзеге асыратын нысандар мен шарттардың ерекшелігі де осыдан. Алайда дәлелдеудің ерекшелігі қаншама елеулі болса да ол басқа ештеңе де емес, таным қызметінің бір түрі болып табылады, өйткені оның мақсаты шындықты айқындау»1.

Таным теориясы дәлелдеу теориясын зандармен және ойлау нысандарымен толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді2. Тап осы формальды логика «ұғым», «пайымдау», «ой қорытындысы», «анықтама», ұғымының қалыптасуының «ережесі не принциптері» және т.т. туралы түсінік береді. Сонымен, формальды логика танымның диалектикалық теориясының кұрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.

Таным теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәлелдеу жөніңдегі қызметтің ерекшелігін «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп көрсетеді.

Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шыңдықты анықтау процесінде калыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлдеқайда тар екенін айту кажет. Мәселе мынада, «формальды логика алынған қорытындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жоқ»3. Формальды логиканың осы шектеулілігі: 1) тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясының институттары мен категориялары есебінен; 2) іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, зерттеу және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар қызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады.[19.41]

Соңғы онжылдықтарда дәлелдеу теориясының мәнісіне анықтық енгізуге, оны анағұрлым нақты белгілеуге жекелеген әрекеттер жасалуда. Мәселен, А. А. Давлетов «дәлелдемелер теориясы» деген қылмыстық процестің ғылыми бөлімінің дәстүрлі атауы ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып түзетілуі және «қылмыстық іс жүргізу таным теориясы» деп аталуы мүмкін деп есептейді.

Заңдық таным тәсілдерінің гносеологиялық табиғатын және оның жұмыс істеуінің тетіктерін зерттеу А. С. Козловты мынадай ойға әкелді: құқық қорғау құқық қолдану қызметінің түрі ретінде юрисдикцияның білім беруде алатын маңызды орны юрисдикция пайдаланылатын дәлелдеме теориясын пайымдаудың орындылығына себепші болады1. А. С. Козловтың тұжырымдамасын қабылдаған жағдайда төмендегідей қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін «юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясы» —тектік сипаттағы анағұрлым кең ұғым; «қылмыстық іс жүргізу дәлелдеме теориясы» — түрлік сипаттағы ұғым және «юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясының» мазмұнына құрамдас элемент сипатында енеді.

Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы проблемаларын тал-дап жасау екі бағыт бойынша өрістеуде: 1) іс жүзінде методология-лық негізді жоққа шығаратын тар нормативті көзқарас; 2) қылмыстық сот ісін жүргізудің практикалық танымдық қызметінен қол үзуге әкелетін, таным теориясының категорияларын дәлелдемелерге және дәлелдеуге тікелей жүктеуге жеткізетін басы артық теорияландыру. Екі бағыт та таза күйінде зиянды. Методологиялық негіздеудің жеткіліксіздігі нормативтік базаны жасауға ықпал етеді және керісінше. Осыған байланысты Л. М. Карнеева былай деп атап өткен болатын: «…дәлелдеме теориясында ең болмаса оның негізгі ұғымдарын бейнелеуде қажетті жүйелілік пен анықтаудың болмауы өзімен бірге бірқатар зиянды салдарларға әкеліп соқтырады: оның әрі қарай дамуын тежейді, заңдарды жетілдіруге жәрдемдеспейтіні былай тұрсын, заңдарды қолданудың практикасына теріс ықпалын тигізеді.

 

2.2 Дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер

 

Бұрын қарастырылған iс бойынша заңды күш сайысшы сот қаулы қойылған жағдайлар сонымен бiрге сотпен жалпыға мәлiм танылған жағдайлар дәлелдеулерде қажетсiнбейдi. Сұрақтар бойынша сөзсiз соттың үкiм шығары қатынас тұлғаның әсерлерiнiң зардаптардың азаматтық-құқықтылары туралы iс қарастыратын сотқа қылмыстық iс бойынша сайысшы сот кесiмi заңды күшке сонымен бiргелерi, бұл әсерлердiң орындарын алды және тұлғаның мәлiметiмен олары болған.

Егер олар төрелiк сотпен рұқсат етiлген iстерде қатысса, дәлелдеу тиiстi емес және тұлғалармен таласа алмайды дәлелдеу тиiстi төрелiк соттың заңды күш сайысшы шешiм қойылған жағдайлар азаматтық iстiң қарастыру кезiнделерi. 2. Алақанның аясындай қабiлеттi азаматтың мойындауы туралы iстердiң қарастыруын iс жүргiзу ерекшелiктерi қандай ? Іс оның жанұясы, қамқорлықтың органы және қамқоршылық, психиатриялық және психоневрологиялық мекеменiң мүшелерiнiң арызының негiздесi қозғай алады; · егер азамат психиатриялық немесе психоневрологиялық мекемеге орналастырса, арыз азаматтың мәлiметiнiң тұрағының орын-орныменiне (қалалық ) аудан сотқа әпередi, бұл мекеменiң табылуын орын-орныменге;

Азаматтың психикалық күйiн анықтауға арналған сот-психиатриялық сараптаманың тағайындауы (азаматтың мойындауының жағдайларынан айырмашылыққа қабiлетi жоқ ) мiндеттi түрде емес · Сот арызды өздiң азаматы, мәлiмдеушi, прокурор, қамқорлықтың органының өкiлi және қамқоршылықтың қатысуымен қарайды · Мәлiмдеушi арыздың қарастыруымен сабақтас шығындардың төлеуiнен босайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 125-бабына сәйкес дәлелдемелер жинау тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу жолымен сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы процесінде жүргізіледі. Ол дегеніміз — заңды түрде қылмыстық істі дұрыс шешу үшін тергеушіге, сотқа нақты мәліметтерді табу керек. Дәлелдемелерді жинау ұғымы оларды табуды, бекітуді, және алуды  қамтиды.  Дәлелдеу процесінің ең қажетті элементі — дәлелдемелерді жинау. Заң  әдебиеттерінде дәлелдемелерді жинау ұғымы туралы түрлі пікір бар. А.Д.Ратинов пен Н.А.Якубович былай деп жазады:  Дәлелдемелер- тергеу органдары мен соттың іздеп тапқан фактілері.[22.15]

 А.И.Винберг  дәлелдемелерді жинауды фактілерді табу, сақтау, белгілеудің   жиынтығы      деп      есептейді.      Р.С.Белкин      соған      қосылады.  П. А. Лупинская   тергеуді   жүргізетін   тергеушінің   заңға сәйкес   дәлелдемелерді   тауып,   бекітуге бағытталған жұмысын дәлелдемелерді жинау деп есептейді.

Ф. Н. Фаткуллин      дәлелдемелерді  жинақтауға   деректерді       жинауды дайындауды қосады.   Ол былай жазады. Әрбір қылмыстық іс жүргізудің сатысында жаңадан дәлелдемелер табылып анықталып жатады, олар міндетті түрде  іс барысында бекітілуге жатады. Осыған орай тергеуші  әртүрлі тергеу іс-әрекеттерін жүргізеді. (Оқиға болған жерді қарау, куәлердан,  жәбірленушіден айыпталушыдан жауап алу және т.б).

 Э.С.Зелинсон былай деп жазады: дәлелдемелерді жинау- қылмыстық істе дәлел болатын фактілерді табу мен оларды іс жүргізу барысында заңға сәйкес бекіту болып табылады.

Дәлелдемелерді табу — дәлелдемелерді жинаудың ең бірінші керекті сатысы. Егер де іске қатысы бар нақты дәлелдемелер іс барысында табылып процессте бекітілсе, сол уақытта ол дәлелдемелерді табылды деп санауға болады. Егер де жұмыс барысында фактілер бекітілмесе, олар тек фактілер ретінде қалып кетеді.

Өйткені  ол  факті  тергеу органдарының  көзіне  түспесе,  сот пен тергеуді қызықтыратын мәселелерді шеше алмайды. Қылмыс  болған   жерде  тексеруде,   тінтуде,   айғақты   дәлелдерді көріп   шыққанда,   мәйітті   көргенде,   тергеу   жүргізгенде,   тергеу экспериментін өткізгенде, сараптама өткізгенде ғана дәлелдемелер табылады. Дәлелдемелер табылған соң олар бекітілуге жатады.

Дәлелдемелерді бекіту дегеніміз — заң ережесіне сай дәлелдемелерді түсіріп алу. Дәлелдемелерді бекітуге іс барысында дәлелдерді хаттамаға түсіру, суретке түсіру, іс құжаттарына тіркеу, жоспар құру, схема құру, бейнетаспаға жазып алу  жатады.

Жоғарыда айтылған тәсілдер заң ережесіне сай тіркелген болса, сонда ғана нақтылы мәліметтер дәлелдеме болып саналады. Егер де нақты мәліметтер, нақтылы бекітілмесе, іс жүргізу барысында, тергеу барысында олар не ұмытылып қалуы мүмкін, не маңызын жоғалтуы ықтимал.

Мысал ретінде адам өлтіру фактісі бойынша тіркелген қылмыстық істің мән -жайын алып қарастырып көрейік.[25.44]

Жұмыс барысы: 16/ХІ — 1992 жылы Арқалық қаласының демалыс саябағының күзетшісі  түнгі сағат 12-лер шамасында саябақтың ішінен әйел адамның мәйітін тауып алады. Мәйітті және оның төңірегін қарау барысында, 50 м қашықтықта арықтың ішінде жатқан бәкі табылған. Бәкінің сабында «П», «К» деген әріптер жазылған. Осы әріптер мен және  басқа да мәліметтердің  арқасында Петров К деген азамат қамауға алынады. Ол Андреева С.М.-ді өлтіргенін мойындады. (мәйіттің аты-жөні анықталған.)

 Алайда табылған екі бәкі, хаттамаға суреттеп (бұрын) жазылмаған. Сол себептен айыпталушы сол бәкісін бұрын жоғалтып алғанын, мүмкін сол саябақта түсіріп алған шығар, өйткені сол саябаққа ол жиі баратынын айтты. Куәгерлердің көзінше бәкіні көрсетіп хаттамаға түсірмеу себебінен, оның дәлелдемелік қажеті  болмай қалды. Бірақ      басқа дәлелдердің негізінде Петровтың кінәсі анықталды. Мұндағы  айтайын деген ойым табылған заттай дәлелдемелердің барлығы дер кезінде іс жүргізу хаттамасына суреттеліп жазылуы тиіс.                            

Дәлелдемеледі сақтаудың мәні өте зор. Керек уақытта сақталған дәлелдемелерді, не олардың қасиеттерін сот барысында, не тергеу барысында қолданады. Дәлелдемелерді сақтау мөлшерлері әр түрлі болады (дәлелдерді іс-қағаздардың ішінде сақтау), кей кезде техникалық криминалистік сақтау болады (дәлелдік мәні бар обьектерді тоқтатып қою, оларды қорғау қабыршықпен жазып тастау т.б.).

Дәлелдемелерді жинау үшін бірнеше процесуалдық шартты орындау қажет.

1-шарт. Дәлелдемелерді жинау үшін міндетті түрде катаң заңдылық сақталу керек. Заңға сәйкес болатын дәлелдемелерді жинау керек. Дәлелдемелерді заң бойынша   өкілетті   адам   жинайды.   Ол   дәлелдемелерді   жинау   үшін   олқылық  жібермеуі керек, сондай-ақ іске әділ қарауы тиіс.

2-шарт. Дәлелдеме деректері толық болу керек. Дәлелдемелер жинақталған кезде барлық жұмыс мұқият тексеріліп, тергеу органдарының көзінен таса калмау керек.

5-шарт.   Заң   бойынша,   дәлелдемелерді,   жинауға   нақты   уақыт   беріледі.  Сол уакыт мерзімінде дәлелдемелер жинақталып отыру -керек. Дәлелдемелерді жинау мерзімінің хроникалык шектеуі бар.

Дәлелдемелерді уақытылы тауып, уақытылы бекіту  керек. Егер де ол жұмыс күрделі  болмаса, оны сол мезетте тексеру керек.

4-шарт. Нақтылы деректердің шындық екені шарт болуы керек. Ол шартты орындау үшін дәлелдемелердің шындығын дәлелдейтін деректер табу керек, сол дәлелді анықтап беретін техникалық әдістерді қолдану керек. Дәлелдемелерді жинау заңға сүйене отырып жүргізіледі.

Дәлелдемелерді жинау үшін төмендегідей тергеу әрекеттері жүргізіледі:  көзбе-көз беттестіру, қарау, куәландыру, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану үшін көрсету, сараптама жүргізу және т.б.

 Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша әр процессуалдық іс — әрекеттің дәлелдемелерді  жинауда өзінің тәртібі болады.

Заң бойынша дәлелдеме жинайтын адамнан басқа ешкім де дәлелдеме   жинауға   құқығы   жоқ.  

Қылмыстың барлық мән-жайлары тергеу іс-құжаттарында жан-жақты зерттелуі тиіс. Ол  қысқа тұжырымдалған, болған оқиғаға байланысты  қылмыскердің жағымды,  жағымсыз жақтарын көрсетуі шарт.

Сонымен бірге бұл құжаттар қалың бұқараға тәлім-тәрбие беруімен бірге қылмысты іздестіру бөлімінің жұмысшының қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Заң мамандарының бірнеше рет талқылануынан өтпейінше бұл жұмыс заң тараптарына жауап бере алмайтыны өз-өзінен түсінікті, қылмысты іздестіру бөлімінің жұмысы процесуалдық мәліметтер жиналған соң, олардың әбден тексеруінен кейін  салыстармалы түрде тұжырымдамадан өтіп барып бірнеше рет сүзгіден өткізбейінше әккі қылмыскерлер өз қылмыстарын мойына ала қоймас.[27.12]

Әрине, бұл жұмыстар оңай емес екені анық. Қысқа уақыт ішінде қылмысты  айғақтап,  қылмыскерді жазалағанға  не жетсін.  Дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан түрады.

Дәлелдеугі қажет емес фактілердің бірі әйгілі фактілер, бәріне белгілі фактілер. Оған жататындар сел, қар басу, дауыл тағы да басқа әйгілі апатқа тең оқиғалар жатады.

Мысалы: Жер  сілкінісінің  кенеттен  пайда  болатын  және  қас   қағымда  өтеді.   Жер  сілкінісі  — бұл  жер  қыртысында   немесе   мантияның  үстіңгі  бөлігінде   кенеттен  болған  қозғалыс  пен  жаратылыс   нәтижесінде    пайда  болған,  елеулі    ауытқу   түрінде,  үлкен    қашықтыққа   таралатын    жер  асты   дүмпуі  мен  жер  астының   қозғалысы.  Сел – тау     өзенінің  өз  арналарынан  кенеттен  көтеріліп,  деңгейінің    күрт  өзгеруі  және  тау  жыныстары  бұзылуынан  болатын  қуатты  ағын.

Қар  көшкіні – бұл  қар  массасының  тау  беткейі  бойынша   төмен  қарай    жылдам   лықсуы.

Бұлардың барлығы табиғи апаттар әйгілі болып саналады, сондықтан оларға дәлелдеме қажет етпейді.

 

2.3  Отбасы құқығы дәлелдеуге қажет етпейді

 

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу жәнс баланы отбасы тәрбиесіне  қабылдаудың  басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы  қатынастарын  өзіңдік және соған байланысты мүліктік қатынастардың  яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Отбасы құқығыньң  пәнін құрайтын қоғамдык қатынастар өзіңдік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік жөне өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші ксзекге азаматтық құқықтың рстгейтін пәнін қүруы мүмкін. Бірақ, аталган қатынастардың басымдыгы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығьнда бірдсй смсс. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіднік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесс қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана рсетеледі .Бұған керісінше өзікдік қатынастарды рсттеу отбасы құқышның негізгі міндеті болыл табылады. Огбасы құқығының пәніне кірстін мүліктік қатынастар жеке адамньң құқықтары мен міндетгеріне 6айланысты болады. Отбасы құқыгының азаматгық құқықтан айырмашылыгы да, мінс. осында жатыр.

Сонымсн бірге жеке қатынастардың артықшылығы  жөніңдс сөз козғағанда мынаны ескерген жөн, бұл қатынастардың  барлығы бірдсй құқыктық реттеуге жатпайды. Пррфессор О. С. Иоффе атап көрсеткеңдсй, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда  нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді. [28.77]

Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да жеке
отбары қатыңастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала
асырап алу, бала асырап алушы мсн асырап алынушының арасын-
да өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда гана өз мақсаты-
на жетеді. Бұл ері-зайыптылардың, ата-аналар мсн балаларын
қорғаншылар мен қамқоршылардың жоне қамқорлыққа ал-
ғандардың арасындагы қатынасқа да тон нәрсе. Отбасылық қаты-
насқа қатысушылардың  өзара қарым-қатынасында жеке сенім
болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қаты-
настарды неке және отбасы туралы заң нормаларымсн құқыктық
реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.     

Отбасы құқығын зертгеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М.Ворожсйкин: «Өзіндік сенімгс ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмсн реттелуі керек деп жазды.

Қазақстан Рсспубликасы  отбасы құкығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының жылпы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы  болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда публиканың  Жоғарғы Кеңесі бекітксн неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.

«Неке және  отбасы туралы» Заң 7 бөлімнсн, 29 тараудан Көне 213-баптан тұрады.

Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы зандығылының негізі жасалып, осы заңмсн регтелетін қатынастар, неке отбасы қатынастарын реттеудің  негізгі принциптері белгіленеді.

«Неке» деп аталатын 2-бөлімдс некеге тұру, оны тірксу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы формалар топтастырылган. «Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мсн балалар туарлы құқықтары мен міндеттерінін негізі туралы, ата-аналарды туу ралы жазбалар кітабына жазу жайындалы, ата-аналардың  балаға

 байланысты құкықтары мсн міндеттері туралы, ата-аналық құкығьнан айыру жәнс шектеу жайында, бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау жәнс жарамсыз дсп тану жөніндегі баптардан тұрады.[4.85]

«Қорғаншылық және қамқорлық»  дегсн 4-бөлімдс қорған болу мен қамқоршылықтың міндетгері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мсн міндегтері,олардың өкілеттіктері анықталады , қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.

«Отбасы мүшелерінің алимснттік катынастары» дсгсн 5 бөлімде ата-аналардың балалары асырау жоне кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндсттері сөз болады, отбасының босқа да мүшелерінің алимснтік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ  алимент та ғайындау және оны төлсу тәртібі берілген.

«Азаматтық хал актілсрі» деп аталатын 6-бөлімдс азаматгық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.

Жетінші бөлімде шетелдіктср мен азаматтығы жоқ адамдарға
неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері
шешілген.  Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. «Неке жәнс отбасы туралы» Заңның 4-бабында көрсетілггніндей, неке жәнс отбасы туралы заңға (заңның өзінсн басқа) отбасы құқығьшың нормаларына  кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілсрі жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немссе республиканың  Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен .қамқоршылық көрсетуші органдар туралы ережелер) мен  нұсқаулар (мысалы, азаматгық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нұскаулыкжатады. Сонымен бірге осы Занда кейбір басқа актілері де атап көрсетілген. Айталық  165-бап азаматтық хал актілерің тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының Үкімсті бекітуге тиісті екені көрсетілген.

Неке-отбасы заңының дұрыс қолданылуына Республика
Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелср
де ықпал етеді.

Отбасы  құқығының  бастаулары жайлы айтқанда аталган сала құқығьның азаматтык құкыққа жақындығын атап өткен жөн .Осыдан шығатын қорытынды , заң неке отбасы зандарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматгық заңдар қолданылатынын (5-бап арнайы атап көрсетеді. Азаматтық Кодексті қоіщану заң ретіңде немесе құқык, ретінде д жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі  жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.

«Неке жәнс отбасы туралы» Заңнын, 3-бабы Қазақстан Республикасының, неке-отбасы заңдары мынадай принцнитерін негізделетінін белгілейді:

 -еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

 — ерлі-зайыптылардың отбасындағы кұқықтарының теңдігі;

 -отбасының ісіне кімнің болса да өз бетіншс араласуына жол
  берілмсушілік;  

 -отбасы ішіндегі мәселелсрді өзара келісіммен шешу;

— балаларды отбасыңда тәрбиелеуге басымдық беру, олардың
 өсіп-жетілуі мсн әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

— отбасының кәмелетке толмаған жөне еңбеккс қабілетсіз
  мүшелерінің құкықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

— отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асы-
руын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының
мүмкіндіктері.

Отбасы құқығы бойынша неке бұл «срлі-зайыптылар арасындағы мүлік жәнс мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымсн заңдарда белгілснген тәртіппен тараптардың ерікті жәнс толық . кслісімі жағдайында жасалған еркек псн әйслдің арасындагы тен, құқықты одақ» (Заңның 1-бабы).

Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз  оны азаматтық  хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппсн тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже  неке-отбасы заңдарының негіздерінін бірі болып табылады («Неке жәнс отбасы туралы» Заңының 2-бабының 3-тармағы).

Қазақстан аумағында колданылып жүргсн неке жәнс отбасы  туралы заңда некені міндетті түрдс тіркеу барлык кезде талап етілмеді, Мүндай ереже 1926 жылга дейін болды да, ксйін 1944 жылгы 8-шілдсдсгі ҚССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзіндс некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мүидай катынастагыларга біргс түрган ксздсрінің уаісыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымсн рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болган, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының жәнс балаларының мүддссі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімсн шсшіліп отырды.

Мемлекеттік жәнс қоғамдық. мүддслср тұрғысынан алғанда да, ерлі-зайыптылардын және олардың  балаларының жеке және мүліктік мүддесін қорғау жөнінен де некені тіркеу кажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Тіркеу  ксзіндс некені қию шарттарының  сақталғандығы тексеріледі.Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11-балтар) сақтау қажет. Аталған  шаррттарды оң (позитивгік), теріс (негативтік) деп алу қабылданған. Басқаша айтқанда. оңды жағы көбірек болып, теріс жаға болмаған жағдайда некеге тұруға болады. Оның  біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйслдің өзара ерікті кслісімі және олардың неке  жасына жетуі.»

Некеге тұратын ал адамдардьң өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретіндс еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр. етуінсн болатын неке одағына заң мән бермейтінін көрсетеді.

«Неке жәнс отбасы «туралы» Заңның 10-бабында белгіленгендей. еркектер мен әйелдердің неке жасы — 18. Ертеректе  Қазақ КСР-ініц неке және отбасы кодсксінің бабына сәйкес еркектердің неке жасы —18, әйелдердікі 17 деп белгіленген болатын.[6.25]

«Неке және отбасы туралы» Заңының 10-бабында азаматгық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды мемлекетгік тіркеу органдарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімгс төмеңдету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздсрінің жәнс олардың ата-аналарының, немесе қорганшылардың  келісімімен) көзделген.

Белгілснгсн неке жасьн кемітудің қажетгілігінс келетін болсақ, мұндай жағдай әдсіте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзіндс некеде  тұрғандар үшін әйелнің  аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады.

Некеге тұруга кедергі жасайтын колайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептерінің болатындығы «Неке жәнс отбасы туралы» Заңның 11-бабыңда қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына таратгагы адамдардың некеге тұруына тыйым салынады: і) біреуі болса да басқа тіркеліп некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей агга-‘сгі бойынша жонс озінсн тарайтын жақын туыстардың (ата-тегі ар мсн балалардың, атасының, әжссінін жонс нсмсрслсрінің), ата-акасы бір жоне ата-ачасы болск өкссі нсмесс анасы ортақ ағалы-інілілср мсн апалы-сіңілсрдің (аға-қарындастардың); 3) асырап алуічылар мен асырап ашкгаңдардың; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке кабілетсіз деп танылған адамдардың.

«Неке туралы» Заңның 24-бабы) жарамсыз деп танылады. Белгіленген заң тортібімен тіркелсе де, «отбасың қүру нистінсіз заңда беллснген тәртіппен жасалган жәнс срлі-зайыптылардың құқықтары мен міндсттерін туғызбайтын нске» (заңның 1-бабы) жалган нскс дсп танылады. Нскегс түру фактісінен көрінстініндей, жалған нскс ксйбіреулердің бас пайдасы үшін гана жасалады (мы-салы, қалада тірксуге түру үшін, армия к;атарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).

 

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар «Неке және отбасы туралы» Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз дсп тану туралы талап қоюга жұбайлар, прокурор, қорғаншы жонс қамқоршы органдар, сондай-ақ осы  некені тіркеу кезіндс құқығы бұзылган басқа да адамдар құқылы.

Некн жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылган неке кә-
мелетке толмаған адамның ата-анасының, қорғаншысының (қам-
қоршысының) және прокурордың талап қоюмен жарамсыз деп
танылады. Егер кәмелетке толмағандардың ісін қорғау кезінде
жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы
бойынша жарамсыз дсп танылады.

Заңныц некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетугс болады («Неке және отбасы туралы» Заңның 5-тарауы, 24-27-баптарьі).

Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізсді.

Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәттс заңга орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайды
жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, еріне
неке тұру кезінде басқа әйелімен некелескенін  сырған жағдайда,
істі сот қарағанға дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып
ажырасып үлгіре алады.

Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туғандығын ерлі-зайыптылардың барлық жеке жәнс мүліктіке құқығының, сондай-ак, «Неке жәнс отбасы туралы» Заңның 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық, салдарлардың жойылуына әкеледі.

Алайда некені жарамсыз деп тану осы  некенің қиылуы нәтижесінде туған немесе некені жарамсыз  кейінгі 270 күннің ішіндс туған балалардың  нұқсан келтірмейді, оған дәлелдеме қажет емес.

 

2.4  Дәлелдемелерді  бағалау

 

 «Қылмыстық    іс жүргізу   барысында    дәлелдемеге    баға    беру    — жеке    процестік  категория    деген    теорияны    дәлелдеу    үшін        жасалған»   дейді   С. В. Курылев.

 Дәлелдеу процесінің бір элементі болғандықтан дәлелдемеге баға беру процесі басқа элементтерден, жинау, зерттеу процестерінен айырмашылығы бар, бірақ басқа элементтерден бөліп тастауға болмайды.

 Дәлелдемелерді  бағалау төмендегі мәселелерді шешуден тұрады:

  1. Нақты мәліметті іс жүргізу     барысында    соттың    дәлелі     ретінде қолдануы.
  2. Дәлелдемелердің салыстырмалылығы, не дәлелдемелердің жиынтығы,  әрбір дәлелдемемен анықталады.
  3. Дәлелдемелердің бар болуын, мінезін, байланысын білу.
  4. Дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу  барысында пайдалану.
  5. Дәлелдемелердің анықтығын анықтау, абсолюттік шындықты анықтау.

Қылмыстық    іс жүргізу  барысында    дәлелдемеге    баға    беру    процесі    ең  маңыздысы болып табылады.

Заң  әдебиеттерінде  дәлелдемеге  баға  беру  процесі  туралы  бірнеше пікір бар.  П. К. Пашкеевич былай дейді:

«Дәлелдемеге баға беру дегеніміз — дәләлдеменің қаншама анық белгіленгенін анықтау, іспен, дәлелдемемен қандай байланыста тұрғанын анықтау, қандай фактінің жұмыс барысына маңызы бар, болған жағдайды белгілеуі  не әшкерелеуі «.

«Дәлелдемелерді бағалау дегеніміз — алдын ала болған тергеуде, болған жағдайды тексере отырып, практикалық жұмыста тексеріліп, тергеушіге жағдайдың болған болмағанын дәлелдеп, адамның кінәсі, не кінәсіз екенін біліп, жауапқа тарту туралы қорытындыға келу, сотқа жіберуге істің дайын екенін білдіреді.»-дейді Н. Я. Якубович. М.С.Строгович «Дәлелдемеге баға беру дегеніміз -дәлелдемелерді тексеруден,   қорытындылаудан,   қылмысты мойындаудан түрады» — дейді.

П. А. Лупинская мынадай анықтама береді: — «Дәлелдемеге баға беру дегеніміз — ол ой-сананын іс-әрекеті. Осы іс әрекет дәлелдеменің, болған жағдайын, мүмкіндігін, салыстырмалылығын, анықтығын, әрбір дәлелдеменің маңыздылығын, дәлелдемелердің жиынтығын көрсетеді.

Дәлелдемеге баға беру деген соттың зерттеуінде — ол логикалық процесс, ол дәлелдеменің мүмкіндігін, салыстырмалылығын көрсете отырып, олардың бір-бірімен байланысын маңызын көрсетеді , -дейді   Р. С. Белкин.

Н. С. Алексеев былай дейді: — «Дәлелдемеге баға беру деген-дәлелдеменің шындығын анықтау, ол логикалық ой-сана процессі, болған жағдайдың мәнін түсінетін процесс».

Дәлелдемеге баға беру деген түсінікке 1980 жылы шыққан «Совет қылмыстық процесі» деген оқулықта толык. анықтама беріледі: «Дәлелдемеге баға беру деген — ол соттың, айыптаушының тексеру жүргізетін кісінің ой-сана логикалық іс -әрекеті. Осы іс-әрекетте өзінің ішкі сеніміне сүйене отырып, болған жағдайды жан-жақты, мұқият тексере отырып, заңға құқыққа сүйене отырып, олар жағдайдың болу мүмкіндігіне, анықтығына, шындығына көз жетіп сенетін ой-сана.

Дәлелдемеге баға берумен дәлелдеу процессі аяқталады. Ол үкімді орындалуынан басқа қылмыстық процестін барлық кезенінде болады. Дәлелдемеге баға беру қылмыстық іс басталған кезде өзгеше болады.

Алдын-ала тексеру кезеңінде  және сот барысында дәлелдемеге баға берудің  маңызы зор.

Дәлелдемеге баға беру тергеуші мен сот жиналған, тексерілген, қаралған дәлелдемелерді тексере отырып, барлық жағдайлардың шындығын, анықтығын көзі жеткендігінен түрады.

Сот пен тергеуші осы жиналған, анықталған, дәлелденген материалдарға сүйене отырып, болған фактілерді, қылмыстың болған-болмағанын анықтайды.

Қылмыстық істің дұрыс баға беруі, болған жағдайға құқықтық баға беруге мүмкіншілік туғызады. Ол дегеніміз, тергеу жүргізетін тергеушіге нақты мәліметтер істі сотқа өткізуге, сотқа-қылмыстық істі шешуге мүмкіндік туғызады.

Тергеу   органдары   дәлелдемелерге   баға   беруі   алдын-ала   баға  беру болса, ал соттың бағасы соңғы баға деп есептеледі.

Дәлелдемеге баға беру маңызы тексерудің қандай уақытында,  тексеру уақытында ма, алдын-ала тергеуде ме, болғанына байланысты. Оның маңызы төмендегідей жағдайлармен анықталады:

а) баға беріліп жатқан дәлелдеменің санымен, баға беріліп жатқан хабардың көлемімен;

б)  баға беріліп жатқан хабардың толықтығымен;

в)  алдын-ала болған тергеудің әр кезеңінде жиналған дәлелдемелерге баға бере отырып, қылмыстық істі шешуінің маңызымен;

г)  соттың  тексеретін жұмысы үшін тергеушінің жүргізетін жұмыстың мәнімен, көлемімен анықталады.

Жоғарыда көрсетілген мәселеге байланысты тергеушіге мәлім болған нақты мәліметтердің жиынтығына баға берудің нақты мезгілін анықтап, төмендегі мәселелерді шешуге болады, қылмыстық іс бастауға шешім қабылдау, нақты адамды қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шараларын таңдап алу, істі жалғастыру не тоқтату.

Тергеуші  өзі  алдын-ала  болған  тергеуде  барлық жағдайды зерттеп   анықтауға   міндетті.

Соттың дәлелдемеге баға бергенінен, тергеушінің алдын-ала тергеуде дәлелдемеге баға бергенінің өзгешілігі болады, ол алдын-ала баға беру деп есептеледі. Егер де дәлелдемеге баға беруде қателік болса, қылмыстық істе жауапқа тарту туралы мәселелерде, бұлтартпау шарасын  қолдану мәселесі де  заң бұзушылық болады.[33.15]

Дәлелдемелерді тексеру, зерттеу соттың тергеуі де жұмыс барысындағы дәлелдемеге баға берумен қабаттас болады, бірақ, бұл баға беру, барлық дәлелдемелерді зерттегенше, процеске қатысушылардың барлық пікірлерін таңдап болғанша, сотталушының соңғы сөзін тыңдап болғанша мәжіліс бөлмесіне үкім шығаруға барғанша, дәлелдемелерге баға беру ретінде ғана қалады.

Мәжіліс бөлмесіне кеткеннен соң, сот тергеуінде тексеріліп, баға берілген дәлелдемелерге сүйене отырып, сот процесін қорытындылайды, дәлелдемеге баға беруді аяқтайды, негізгі мәселелер бойынша қорытындыға келеді.  Осымен дәлелдемелер процесі бірінші инстанция сотында аяқталады. Үкімді қайта қарау кезендерде дәлелдеу процесі қолданады, бірақ ол уақытта дәлелдеу процесі  жеткенше жағдайларға  байланысты шектеледі.

Бұл кезеңде дәлелдемелерді тексеру, баға беру бұл дәлелдемелердің негіздеуінің, заңдылығын тексеруден тұрады, ал егер де үкімді кайта қарау заңды күшіне енсе, сот органдарының шешімдерін тексереді. Сот дәлелдемелерді тексеріп, баға бере отырып, бірінші инстанциялық сот дәлелдемелерге қаншалықты дұрыс баға бере алғанын тексереді.

Үкімді орындау кезеңінде дәлелдеу процесі қолданбайды, себебі, бұл кезеңде қылмыстық іс барысында дәлелдемелерді жинақтап, тексеріп, баға берудің қажеттілігі жоқ. Сот қылмыстық іс барысында, дәлелдемелерді құжаттар ретінде қолданып баға береді және айыпталушының ауызша жауабы ретінде баға береді, бірақ бұл

дәлелдемелер жұмыс барысында мәні онша зор емес, қылмыстық оқиғаларды анықтау, оған қытысты адамдарды анықтау, оған беретін жаза шараларын, талас мәселелерді шешуге негіз ретінде қолданады.

Кейбір мәселелерді үкімді орындау үшін кедергі жасайды, кейде шартты мезгілінен бұрын босануына кедергі жасайды, үкімді орындауынын кейінге қалдыруына, жазаның бір түрін басқа түріне алмастыруына кедергі жасайтын мәселелер. Сол себептен үкімді орындау кезеңінде, дәлелдеу процесі, дәлелдемеге баға беру процесі қолданбайды.

Сот пен тергеу қорытындысы обьективтік жағдайлармен заңның талабына сай болуы қажет. Олар қатаң логикаға сай, келісілген және

жүйелі   болуы   керек.   Соттың  әр   шешімі   нақты,   анық  шешімдердегі  логика түрінде шығуы керек, нақты болған фактілерге сүйенуі   керек.

«Қандай да бір логикалық қате  қылмыстық  істің  шешімін  қабылдауда қателікке әкелуі мүмкін» — дейді  М. С. Строгович.

Қазақстан Республикасының Конституцияның 77 — бабында «Соттар тәуелсіз, олар Конституцияға ғана бағынады» – делінген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 25-ші бабына сәйкес. судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы дәлелдемелерді қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.  Сөйтіп, заң судьяның, прокурордың,  тергеуші мен анықтаушының дәлелдемелерге баға бергенде ішкі сезіміне кедергі жасамайды, бірақ дәлелдемелерге баға бергенде керекті, маңызды ережелердің сақталуын талап етеді.

И. Н. Мухин   өзінің  ғылыми жұмысында   былай   дейді:   -«Дәлелдемелерге   баға  беру» деген  анықтаушы, тергеуші, прокурор мен соттың  нақты логикалық формада заң мен құқықтық салаға, ішкі сезімге сүйене отырып, жан-жақты, толық, обьективті түрде барлық жағдайдың жиынтығын, дәлелдемелердің салыстырмалық, мүмкіндігін қарастыра келе, мәселені шешу үшін маңызы бар, дәлелдемелердің байланысын тексере отырып, атқаратын  ой-сана  іс-әрекеті.

И. Л. Петухин болса былай жазады: «Дәлелдемелерге баға беру — ол анықтаушы, тергеуші,  прокурор  мен  соттың осы ой-сана іс әрекетіне сүйеніп, дәлелдемелердің жиынтығын , дәлелдемелердің салыстырмалылығын, мүмкіндігін, анықтығын біле отырып, әр қайсысы өзінің  ішкі сезімі бойынша қорытынды беруі.

Осы айтылған тұлғалар қылмыстық істің әрбір кезеңінде атқаратын қызметі әр түрлі.

Менің ойымша, ішкі сезімге  ең дұрыс анықтаманы С.А.Альпетр берген. Ол былай дейді: «Ішкі сезім дегеніміз – анықтаушы, тергеуші, прокурор мен сотта, барлық болған жағдайда, барлық дәлелдемелерге, нақты мәліметтерге дұрыс баға беруіен қалыптасқан сенім.

Ішкі сезім анықтаушы, тергеуші, прокурор мен соттың байыпсыз сезімі. Осы сезім жан-жақты, сын көзбен, дәлелдемелер мен нақты мәліметтерді, тексерген кезде қалыптасады. Ішкі сезім әрбір дәлелдеменің зерттеуіне, барлық дәлелдемелердің жиынтығына, байланыса сүйенеді.  Айта кету керек, ешқандай бір дәлелдемелердің алдын-ала белгіленген күші болмайды. Бұл туралы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 25-бабының 2-бөлігінде атап көрсетілген. Оларға баға   берген  уақытта  ешқандай   пікірге   формальдық  ережелері   ішкі сезімге әсер етпеу керек.

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытындыға келуге болады: анықтаушы, тергеуші, прокурор мен соттың ішкі сезімі — дәлелдемеге баға беру принципі ретінде қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылады.  Олардың  ішкі сезімі дәлелдемеге баға берудің  принципі  ғана емес, ол осы бағаның нәтижесі, оның қорытындысы.

Іс жүргізу барысындағы барлық дәлелдемелерді, нақты мәліметтерге баға бере отырып, тергеу жүргізетін адамдар белгілі қорытындыға келеді. Бұл қорытындылар маңызы мен мазмұнына қарай әр түрлі бола алады.

Кейбір уақытта жан-жақты, толық жиналған дәлеледемелерге баға беріп, қылмыстың болғанын анықтап, осы қылмысты айыпталушы жасаған деген қорытындыға келеді.  Ендігі бір жағдайда, жан-жақты, толық жиналған дәлеледемелерге баға берген кезде қылмыстың болғанын, не болмағанын анықтайды, қылмыс болғанымен,  ол қылмысқа айыпталушының қатысы жоқ екенін анықтайды.

Бұл қорытынды дәлелдемелер арқылы анықталады. Бірақ бір дәлелдеме айыпталушыны кінәлі деп тапса, екінші бір дәлелдеме айыпталушыны кінәсіз деп табады. Екеуі де анық дәлелдемелер. Тағы да бір жағдай болуы мүмкін. Барлық дәлелдемелер жан-жақты, толық, мұқият тексеріліп шығып, оларға баға берілгеннен соң, қылмыстың болғаны анықталады, алайда, айыпталушының ол қылмысқа қатысы болуы да, болмауы да мүмкін.

 Дәлелдемеге баға берудегі заңның ролі.[6.25]

Заңды басшылыққа ала отырып, анықтаушы, тергеуші, прокурор мен сот дәлелдемелерге баға береді. Дәлелдемеге баға берудегі заңның ролі әртүрлі.

Кейбір кезде заң нормалары дәлелдемені жарамсыз етіп тастайды. Мысалы: егер нақты мәліметтер заңды көрсетілген деректерден алынбаса, не белгіленген тәртіп бұзылса, заң нормалары дәлелдемелерді жарамсыз деп табады.

Егер де дәлелдемелер жинау кезінде процесуалдық ережелер бұзылса, жиналған мәліметтердің анықтығына күмән туады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізудің тәртібі — мәліметтердің анықтығының кепілі.  

Дәлелдемеге баға беруде, заң талабының маңызы ерекше. Ол уақытта бірінші инстанциялық сот іс барысындағы дәлелдемелерді тоқтаусыз соттың істі қарауы кезеңінде зерттеп шығады.

Заң дәлелдемеге баға беруді  анықтаушы, тергеуші, прокурор мен соттың іс әрекетімен байланыстырады.  Алдын-ала тергеуде, соттың істі қарауында, үкімді кайта қараған кездерде процеске қатысушылар әрбір дәлелдеме, не дәлелдемелер жиынтығы, олардың маңызы туралы өз пікірін айта алады. Осы айтылған мәселелердің барлығы соңынан қорытынды жасаған уақытта ескеріледі және де олардың ішінде іс үшін өте маңызды фактілердің болуы әбден мүмкін.

 Жоғарыда атап өткендей,  заңның әрбір ережесін нақты орындау қажет. Себебі заңның ережесін орындау дәлелдемелерге дұрыс баға берудің шарты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Құқықтық мемлекетке, ҚР президентінің 2030 бағдарламасы бойынша, бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді, алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі, ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана — сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі, мемлекеттің егемендігін нығайтудың жемісі. Оның мәнісі — біздің қоғамдағы құқықтың рөлін арттыру. Оны мемлекет және  қоғамдық өмірде   негіз етіп қою. Өткен саяси өмірде, мемлекет мүддесі, халық мүддесінен, басым болған, ал казіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды.

Біздің мемлекетіміздің, ең маңызды міндеті — мемлекеттің азамат    алдындағы,    ал    азаматтың    мемлекет    алдындағы    құқығын қамтамасыз ету.

Біздің мемлекеттің, маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының, қадағалау органдарының, әділет және ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту. Еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың қолдау, қуаттауын пайдалана отырып, мемлекеттік органдар мемлекеттік меншікті, жеке адамның меншігін сақтау үшін барлық күш жігерін салу қажет. Қылмыспен қатаң күрес жүргізе отырып, құқық бұзушылықтың алдын — алу қажет, және де, құқық бұзушылықтың себептерін жою қажет.

Құқық қорғау органдары, заңды басшылыққа отырып  жасалған қылмыстарды тез арада әрі нақты түрде ашуы қажет.

Бұл үшін қылмыстық істің, алғы шарттарын жетік білу шарт, әйтпесе әрбір істің соңында, адам тағдыры тұр.  Дұрыс шешімін таппаған үкім, кінәсіз адамның жанын жазалап, орны толмас өкінішке ұрындырары хақ.

Қылмысты іздестіру және тексеру барысында, жазбаша топтамалар жинақталып обьективті түрде, кінәлі адамға қылмысын мойындатқан соң, ғана бұл қүжаттар үкім шығару үшін, сотқа тапсырылады.

Бұл  дәлелдемелермен мойындатылған қылмысқа қойылған жаза-қоғамызды жат қылмыстардан, арылту және әрбір азаматтың ар-ожданын тазарту шарт. Заң қызметкерлерінің білімді, терең ойлы жауапкершілігі мол, жаны мен қолы таза болса, қоғамның жат қылықтарынан арылтар еді.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Ароцклер Л.. «Использование данных криминалистики в судебном разбирательстве». М.,1964
  2. Арсеньев В.Д. » Вопросы общей теории судебных доказател ьств». М., 1964
  3. Белкин Р.С. «Собрание, исследование и оценка доказательств». М., 1966
  4. Белкин Р.С., Винберг А.И. «Криминалстика и доказывание».М.,1969
  5. Винберг А.И. «Криминалистика». М.,1973
  6. Дорохов В.Я., Николаев В.С. » Обоснованность приговора».М.,1959
  7. Жогин Н.Ф., Фаткуллин Ф.Н. » Возбуждение уголовного дела».М.,1961
  8. Горский Г.Ф., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. » Проблемы доказательств в уголовном прцессе».Воронеж,1978
  9. Каз И.М. » Пределы Доказывания в стадии возбуждения уголовного дела», Саратов.1979
  10. Лупинская П.А. » Доказывание в уголовном процессе».М.,1966
  11. Мухин И.И. » Обьективная истина и некоторые вопросы оценки доказательств при осущесвлении правосудия».Ленинград,1971

12.Пашкевич П.Ф. » Обективная истина в уголовном

судопроизвоства».М.,1961

ІЗ.Теория доказательсв в уголовном процессе» Коллектив авторов под ред. Томина А.А. М.,1975

  1. Фаткулин Ф.Н. «Общие проблемы процессуалного доказывания» Казань,1973
  2. Чельцов М.А «Уголовный процесс»,М.,1957

16 «Уголовный процесс» под. Ред. А.С.Алексеева.М.,1969

  1. Балакшин В. Истина в уголовном процессе .//Российская юстиция. 1998 №10
  2. Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголвном процессе. Гносеологическая и правовая природа.Саратов, 1981
  3. Васильев Л.М., Громов В.П. и др. Гарантии истины в советском судопроизводстве и ее критерии.Ростов-на-Дону, 1991
  4. Давлетов А.А. Уголовно-процессуальное познание.Екатеринбург, 1994

21.Демидов И. ОРД и уголовный процесс.// Законность.,М. 1993,№8 22. Кокорев Л.Д. Кузнецов Н.П. Уголовный процесс: доказательства и доказывание. Воронеж,1995

  1. Левченко О.В. Общеизвестные факты в уголовно-процессуалы-юм доказывании// Правоведение 1996,№ 6
  2. Лупинская П. Допустимость доказательств: пора обеспечить единство судебной практики // Российская юстиция 1998 ,№11
  3. Решетников И.В. Доказательственное право Англии и США.М.,1999
  4. Смородинова А., Зайцева С.,Громов Н., Соотношение доказательств и фактов в уголовном процессе // Российская юстиция 1998, №11
  5. Теория доказательств в советском уголовном процессе / Отв. ред. Жогин Н.В. М., 1972
  6. Францифиров Ю.В. Доказательства и доказывание по уголовному делу: проблемы теории и правового регулирования. Тольятти ,1998