АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру

Реферат

 

Диплом жұмысының тақырыбы: « Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру».

Диплом жұмысы бір-бірімен тығыз байланысқан әрі логикалық негізде құрылған кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Қазақстан Республикасы бойынша кісі өлтірудің жалпы түсінігі, күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы, жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің әлеуметтік және психологиялық мәні жөнінде жазылған.

Екінші тарауда жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің құрамы, яғни, объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы, субъектісі, сондай-ақ, жәбірленушінің іс-әрекетінің маңызы кең көлемде қарастырылған.

Үшінші тарауда физиологиялық аффект жағдайының патологиялық аффект жағдайынан айырмашылығы, шектеулі сана ұғымының маңызы, қылмысты саралау және заңнаманы жетілдіру мәселелері жан-жақты әрі жүйелі түрде талқыланған. Жұмыстың жалпы көлемі 49 бет.

Бітіру жұмысын жазу барысында құқықтық нормативтік актілер, арнайы әдебиеттер, әдістемелік әдебиеттер, ресми құжаттар қолданылған.

Бітіру жұмысында Қазақстан және ТМД ғалымдарының ғылыми-зерттеу еңбектері кең көлемде пайдаланылды.

 

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………..3-6

I-тарау  Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс,оның құқықтық және психологиялық сипаттмасы

1.1. ҚР қылмыстық құқығы бойынша кісі өлтірудің жалпы түсінігі……………………………………………………………………………………………..7-9

1.2. Күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтірудің құқықтық

сипаттамсы……………………………………………………………………………………..9-13

1.3. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің әлеуметтік және психологиялық мәні ……………………………………………………………………..13-20

ΙΙ-тарау   Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың құрамы

2.1. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің объектісі……………………21-22

2.2. ( Әрекеттің, салдардың) объективтік жағы (себепті байланыс)……23-36

2.3. Қылмыстың субъективтік жағы………………………………………………..36-43

2.4. Аффект жағдайында жасалған қылмыс субъектісі……………………..43-50

2.5. Жәбірленушінің іс-әрекетінің маңызы………………………………………50-53

ΙΙΙ-тарау Физиологиялық аффект жағдайында жасалған қылмыстардың шектес қылмыстар құрамынан айырмашылығы

3.1. Физиологиялық аффект жағдайының патологиялық аффект жағдайынан айырмашылығы………………………………………………………….54-56

3.2. Шектеулі сана ұғымының маңызы……………………………………………56-58

3.3. Қылмысты саралау және заңнаманы жетілдіру мәселесі…………….58-61

Қорытынды…………………………………………………………………………………..62-65

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………..66-69

 

 

Кіріспе

 

ҚР қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді. Онда бірқатар өзгертулер мен жаңалықтар, оның ішінде қасақана кісі өлтіру қылмыстары сияқты қылмыстың санаттарына да енгізілген.

         Қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормалар күшінің тиімділігі көбіне қылмыстың ауырлататын және жеңілдететін жағдайларын дұрыс ажырататын соттық репрессияны қолданудың тиімділігі мен өткірлігіне байланысты болып келеді.

         Мұндай қауіпті және аса ауыр қылмыстарға қарсы күрес құқық қорғау

органдарының басты мақсаттары болып табылады. Атап айтсақ, мұндағы маңызды роль Қылмыстық Заңға тиесілі. Қылмыстық Заң ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары  бар қылмыстарды өзара шектеулерді енгізеді. Мұндай шектеулер ҚР Конституциясымен бекітілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі принциптеріне жауап береді, сонымен қатар  жаңа Қылмыстық кодексте белгіленген жазаны тағайындау кезінде әділеттік принципіне жауап береді, бұл принципке сәйкес тұлғаға қатысты қолданлатын жаза қоғамдық қауіпті қылмыстың сипаты мен дәрежесіне, оның жасалу жағдайларына және кінәлінің жеке тұлғасына сәйкес келуі тиіс.

         Осыны ескере отырып, ҚР қылмыстық кодексі жеңілдететін жағдайлар кезінде жасалған қасақана кісі өлтірудің түрлерін белгілейді. Олардың бірі жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру болып табылады.

         Қылмыстық құқықтағы жан күйзелісі туралы мәселе көптеген ғалымдар-криминалистерді қызықтырған. Оның кейбір аспектілерін  А.Н.Ағыбаев, Е.Алауханов, М.Нәрікбаев, Р.Нұртаев, Р.Ахметов, Н.И.Загородников, С.В.Бородин, Ю.И.Ляпунов, М.К.Аниянцев, В.И.Ткаченко және басқа да авторлар қарастырған. Аталған ғалымдардың жұмыстарына ғылыми негізделген және тәжірибеде пайдалы тұжырымдамалар енгізілген, алайда, дей тұрғанмен, қазіргі уақытта жаңа заңнаманы ескере отырып, одан әрі ғылыми өңдеуді талап ететін пікірталастағы бірқатар аспектілер орын алып отыр. Бұл  мәселені Т.Г.Шавгулидзе, И.П.Портнов, М.И.Дубинин және В.В.Сидоров кешенді қарастыру үстінде. Алайда, осы зерттеулердің салмақты жағымды рөліне қарамастан, ондағы айтылған көптеген талқылаулар қосымша талдауды, ал пікірталасқа айналған кейбір теориялық ережелер – қазіргі заман талаптарына және ҚР жаңа Қылмыстық кодексіне сай келетін, одан әрі тереңдетіліп зерттелген аргументтерді талап етеді.

         Кінәлі адамның кризистік жағдай кезіндегі және ондай болмаған кездегі мінез-құлқына жан күйзелісінің әсері туралы мәселе түпкілікті зерттеуді талап етеді.

         Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстағы іс-әрекеттің  және кінәнің ниеттілігі бұрынғыша теориялық және тәжірибелік қызығушылықты тудырып келеді.

         Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың виктимологиялық аспектілері қосымша зерттеуледі талап етеді.

Автор дипломдық жұмыстың тақырыбын осыларға негізделе отарып таңдаған. Дипломдық жұмыстың мақсаты – қолданыстағы  қылмыстық-құқықтық нормалардың қылмыс құрамын зерттеу және талдау, жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс үшін жауапкершілік мәселесінің виктимологиялық апектілері болып табылады. Осының негізінде автор белглі бір тұжырымдамалар жасауға және қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша теориялық және тәжірибелік сипаттағы ұсыныстар енгізуге талпынады.

Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаттарын өзара байланысқан міндеттердің кешенін жүзеге асыру жолымен шешеді, мұндай міндеттердің қатарына:

  • кісі өлтіру ұғымын барлық қасақана жасалатын кісі өлтіру үшін топтық түсінік ретінде қарастыру;
  • жан күйзелісінің табиғаты, оның кінәлі адамның зияткерлік-ерік күшіне ықпал ету қасиеттері мен механизмі туралы қалыптасқан қазіргі заманғы психология ережелерін ескере отырып, сондай-ақ жаңа қылмыстық заңнаманы ескере отырып зерттеуге асынған қылмыс құрамының элементтері мен белгілерін талдау;
  • жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың әлеуметтік және психологиялық табиғатын зерттеу;
  • адамдар арасындағы дау-жанжалдарды, сондай-ақ ондағы қылмыстық мінез-құлық көрсеткен жәбірленушінің рөлін талдау;
  • физиологиялық жан күйзелісінің табиғатын қарастыруға алынған қылмыстың субъективтік және объективтік жақтарына әсер ететін жағдай ретінде талдау;
  • жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Автор зерттеудің салыстырмалы-құқықтық, психологиялық , статистикалық, әлеуметтік және техникалық-заңды әдістерін және арнайы әдістемелерді: сауалнама, сұхбат алу, норматитік-құқықтық материалды талдау арқылы алдына қойылған мақсаттарға жетуге талпынған.

         Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады:  1 тарау: жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс, оның құқықтық және психологиялық сипаттамасы;     2 тарау: кенеттен пайда болған күшті рухани толқу жағдайында қылмыстың құрамы;  3 тарау: физиологиялық жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмстардың аралас құрамды қылмыстардан айырмашылығы.

         Бірінші тарауда автор алғашқы тұжырымдамасы адам өмірінің бастапқы және сқңғы кезеңдерін нақты анықтау болып табылатын « кісі өлтірудің» түсінігін қарастырады. Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың әлеуметтік және психологиялық табиғаты жан-жақты көрсетілген.

 

Зерттелінген жұмыстың екінші тарауында жан күйзелісінің табиғаты, оның адамның сана-сезімі мен ерік күшіне ықпал ету қасиеттері мен механизмі туралы қалыптасқан қазіргі заманғы психология ережелерін ескере отырып, зерттеуге асынған қылмыс құрамының элементтері мен белгілеріне талдау жасалған. Сонымен қатар жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстағы жәбірленушінің мінез-құлқының мәні анықталған.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында автор жан күйзелісінің психологиялық табиғатын ашқан, оның патололгиялық жан күйзелісі жағдайдан айырмашылығын көрсеткен. Қарастырылып жатқан қылмыстың біліктілігі кезінде пайда блатын мәселелер зерделенген және жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, зерттеуге алынған қылмыс жан күйзелісі жағдайында жасалғандықтан, оған қатысты шектеулі есі барлық сияқты құқықтық санатқа талдау жүргізілген. Осыған орай, осы аталған санатты қылмыстық заңға аффекті жағдайында кісі өлтіру жасаған тұлғаларға қатысты енгізу ұсынылған. Осы сұрақтарды қарастыру қорытындылары бойынша автор зерттеу жұмыстың қорытындылау бөлімінде  белгілі бір тұжырымдамаларға келіп, бірқатар ұсыныстар берілген. Осы жұмыс және оның қорытындылары Алматы облысының Жамбыл аудандық соттарымен қарастырылған нақты қлмыстық істерді зерттеуге негізделген (барлығы 50 қылмыстық іс зерттелген). Сондай-ақ, бұл жұмыста нақты қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер мен кінәлі адамдардың жеке тұлғалары туралы тергеу материалдарын зерттеу кезінде алынған нақты деректер келтірілген (барлығы – 102 тұлға зерделенген).

Дипломдық жұмыс заңнамалық материалдарға және Т.Г.Шавгулидзе, В.В.Сидоров, С.В.Бородин, В.Н.Кудрявцев, В.И.Ткаченко және т.б. сияқты ғалымдардың басылып шығарылған түсініктемелері мен жұмыстарына сүйенген.     

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау. Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс, оның құқықтық және психологиялық сипаттамасы

1.1. Қазақстан республикасы қылмыстық құқығы бойынша кісі өлтірудің жалпы түсінігі

Адам өмірі әлеуметтік қазынаның негізін құрайтын табиғаттан берілген аса маңызды байлық  болып табылады. Адам өміріне қатысты қылмыстар жасау кезінде қайта қалпына келтіруге немесе орнын басуға жатпайтын салдар туындайды: өмір қайта берілмейді. Құдайдың бірінші уағызына басқа адамның өміріне қол тигізбе делінген. Бұл адам өміріне қарсы қылмыстардың ерекше қоғамдық қауіптілікті көрсетеді. Дәл осындай қылмыстарға кісі өлтіру қылмысы жатады. Қоғамдық өмірдің тарихында кісі өлтіру ең ежелгі қылмыстардың бірі болып табылады. Құқық тарихындағы аты әйгілі тарихшы И.А.Малиновский атап көрсеткендей, өмірге қарсы жасалған қылмыстардың тарихы жалпы жасалған қылмыстардың тарихына біршама сәйкес келеді. Мұндай жағдай барлық халықтардың құқық тарихында орын алған. Бұл жайт орыс құқығында да орын тепкен.

Кісі өлтіру қоғамдағы аса ауыр қылмыстардың бірі болып табылады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл қылмыстың ерекше қоғамдық қауіптілігі ол адам байлығының ең құнды байлығына қол сұғады, ал оның салдарынан пайда болған залалға тең балама жоқ. Осы уақытқа дейін ҚР заңнамасында кісі өлтірудің түсінігі берілмеген. Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР жаңа ҚК өз күшіне енгеннен  бастап кісі өлтірудің түсінігі  ҚК 96 бабына енгізілген, ондағы 1 б. кісі өлтіру дегеніміз басқа адамға өлімді қасақана келтіру деп берілген. Алғашқыда қарағанда, мұны енгізудің еш қажеттілігі жоқ сияқты болып көрінеді, себебі кісі өлтірудің түсінігі өздігінен анық. Алайда, бұл түсінік қылмыстың тұрмыстық мағынадағы мәнін ашпады және заңды табиғатын аша

алмады. Қылмыстық-құқықтық мағынада қылмыстың түсінігі өте тар, себебі кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу үшін осы қылмыстың жасалғанын куәландыратын бірқатар белгілердің бар болуы қажет, ал қылмыстық заң күші бар салалардан тыс жерде кісі өлтіру деп басқа адамның өмірін қылмыстық жолмен алумен қатар,басқа тұлғаға қатысты өзге де іс-әрекеттердің жасалуын түсінуге болатын. Мұның бәрі заң дәрежесінде кісі өлтірудің нақты түсінігін анықтауға әкеп соқтырады, нәтижесінде бұл мәселеден туындайтын көптеген бәсекелестік аспектілерді түсінуге мүмкіндік берді.

Биологиялық көзқарастан, адам өмірі заттың, жылудың, азықтың үздіксіз алмасуы және бөлінуі екені баршаға мәлім. Осы өмірлік маыздық функциялардың тоқтауынан адам өмірі де тоқтатылады. Қылмыстық-құқықтық мағынада адам туылғаннан бастап пайда болып, ол өлгенге дейін бар болады. Қылмыстық құқық ғылымында өмірдің басталу сәті деп – физиололгиялық туудың басталуын айтамыз, өзгеше айтқанда, босану кезінде ұрықтың дүниеге келуі дегенді білдіреді, мұндай көзқарас адам өмірінен оның дүниеге келу сәтінде-ақ айыруға болатындығын негіздейді. Сондықтан да нәрестені осы сәтті және кейініректе өмірінен айыру кісі өлтіру болып табылады. Физиологиялық босану кезінде нәресте басының пайда болу жайтының пайда болу жайтының маңызды құқықтық мәні бар. Дәл осы уақыт көптеген ғалымдармен адам өмірінің бастамасы деп танылады. Мұндай көзқарастарды ұстанатындардың қатарында ҚК бойынша жаңа оқулықтың авторлары да бар.

Бұл мәселеге мұндай көзқараспен қарау орынды-ақ.

Ал адам өмірінің соңғы сәті және оның өлімі туралы сұрақтар осы уақытқа дейін едәуір зор пікірталастар тудыруда.

Адам өмірінің соңғы сәті деп – жүрек қағысы тоқтағаннан кейін адам миының қабықшаларында қайталанбас процестер пайда болатын, биологиялық өлімді түсіндіретін, қазіргі заманда басымдылыққа тән және жаңа медицина деректеріне негізделген көзқарас болып табылады. Адамның биологиялық өлімі дегеніміз – жүрек қызметі аяқталған, ірі қантамырлардағы тамыр соғысының жоғалуы, тынысалу тоқталған, орталық жүйке жүйесінің функциясы жойылған кездегі организмнің біржолата өлуі болып табылады.

Енді «кісі өлтіру» ұғымына тоқталайық. Ұзақ жылдар бойы қылмыстық құқық ғылымында кісі өлтіру түсінігінің қандай анықтамасы ең дұрыс екендігін анықтау жөніндегі пікірталастар орын алып келген.

Қазіргі таңда тіпті Қылмыстық Заңның өзі «кісі өлтіру» сөзін қалай түсіну керектігін айқындаған. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде 1 тараудың «Өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыс» атты 1 бөлімінде 96 бап бар, онда мынадай анықтама берілген: «Кісі өлтіру, яғни басқа адамның өмірін қасақана айыру…» (ҚР ҚК 96 б. 1 т.).

 

1.2. Күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы

ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабында жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыстық-құқықтық норма ҚК Ерекше бөліміндегі «Өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыс» атты 1 тараудың «тұлғаға қарсы қылмыстар» атты бөлімде орналасқан.

ҚК 1 бөлімінде қарастырылған тұлғаға қарсы барлық қылмыстар бір объектіге ғана қатысты жасалады, ол қылмыстық-құқықтық теорияда тектік объект деген атауға ие – бұл дегеніміз тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын адам және азамат ретінде қорғайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді. ҚК 1 тараудағы қылмыстардың көрініс объектісі деп биологиялық мағынадағы адамның өмірі мен денсаулығын айтамыз.

Жан күйзеліс жағдайында жасалған кісі өлтірудің тікелей объектісі биологиялық жағдай ретіндегі адам өмірі болып табылады. Жәбірленушінің құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылығының салдарынан кенеттен пайда болған күштіі рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтіру, әдетте, өмірге қарсы жасалған қылмыстардың аса қауіпті емес түрлеріне жатқызылады.

Мұндай жағдайларда жауапкершілікті жеңілдететін негіздемені ең алдымен жәбірленушінің теріс (құқықтық емес немесе адамгершіліке жат қылығының) мінезқұлқы және нәтижесінде пайда болған кінәлінің күшті рухани толқу жағдайы болып табылады. Психологияда мұндай адамның психикасының жағдайы физиологиялық аффект деген атауға ие.

Физиологиялық жан күйзелісі көңіл-күйдің жоғары дәрежеде жүзеге асырылуы ретінде сипатталады. Ол адам психикасын қалыпты жағдайдан шығарады, сана-сезімдік зияткерлік қызметін тежейді, белгілі бір шамада адамның мінез-құлқындағы  таңдау сәтін бұзады, өзін-өзі бақылауды қиындатады, адамның өз қимылының салдарын нақты және жан-жақты баға беру мүмкіндігін жояды.

Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру төмендегі белгілі бір шарттар болғанда ғана жеңілдететін жағдайларда жасалған деп танылады:

  • күшті рухани толқу және қылмыс жасау туралы ой кенеттен пайда болуы тиіс;
  • олар жәбірленушінің құққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылығының салдарынан туындайды.

 Кінәлі адамның күшті рухани толқу жағдайын тудыратын жәбірленуші             тарапынан болған теріс қылығы дегеніміз: а) зорлық; б) кемсітушілік; в) ауыр қорлаушылық; г) жәбірленушінің құқыққа қарсы басқа да әрекеттері (әрекетсіздігі); д) жәбірленушінің адамгершілікке жат әрекеттері (әрекетсіздігі); е) жәбірленушінің жүйелі түрде жасалған құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылығы.

Жәбірленуші тарапынан болатын зорлау физикалық (мысалы, соққылар, жәбірленушілік, денсаулыққа ауыртпалықтың әртүрлі дәрежесіндегі зиян келтіру, құқықа қарсы сипаттағы күштеп бостандықты шектеу, (зорлау) немесе психологиялық (денсаулыққа және өмірге қауіп төндіру) сипатта болуы мүмкін.Жан күйзелісі жағдайында тудыратын зорлық-зомбылық құқыққа қарсы сипатта болуы тиіс.

Жан күйзелісі жағдайына себеп болатын кемсітушілік ұғымы кінәліні кекету, мазақтау дегенді білдіреді. Кемсіту адамның  психикасын терең жаралай отырып, ол да адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді, алайда ол әрқашан жағымсыз түрде келетін ауыр қорлаудан гөрі әдепті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Адамның бойында күшті рухани толқуды тудыруы мүмкін ауыр қорлау дегеніміз — әдепсіз түрде жүзеге асырылған адамның қадір-қасиетін қасақана түсіру дегенді білдіреді. Қандай қорлауды ауыр дәрежелі екендігі туралы сұрақ – істің нақты жағдайларын ескере отырып, әрбір жеке жағдайларда  шешілетін фактінің сұрағы.

Жәбірленушінің басқа да құқықа қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) ұғымы зорлыққа, қорлауға немесе кемсітуге жатпайтын, бірақ кінәлінің және өзге де тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу дегенді білдіреді. Бұл еркөкірек, дөрекі озбырлық, ата-ананың көз алдында баланы көлік құралының басып кетуі, бопсалау – кінәлі адамның немесе оның жақын туыстарының атына кір келтіретін қандай да бір мәліметтерді жариялау, қызметтік борыштан бас тарту, бәле-жала, мүлікке зиян келтіру немесе оны жою, лауазымдық құзыреттілікті шегінен тыс пайдалану, ірі сомадағы қарызды қайтармау және т.б. болуы мүмкін.

ҚР Қылмыстық Кодексіне (105 бабына) қарағанда ҚР ҚК 98 бабында жәбірленушінің мұндай әрекеттері кінәлі немесе оның жақын туыстары үшін ауыр салдар әкелгені немесе әкелуі мүмкін деген нұсқаулар көрсетілмеген. Осылайша, 98 баптың қолданылу аясы кеңейе түсті. Бұл дегеніміз мұндай салдар ауыр болып қана қоймай, әр алуан болып келуі мүмкін; 98 бапта мұндай сілтеменің болмауы кінәлінің өзі үшін де, сондай-ақ оның жақын туыстары үшін де қандай да бір салдардың болмайтындығын білдіруі мүмкін еді. Басқаша айтқанда, жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетінен туындайтын салдар кез-келген түрде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін. Кез-келген салдардың туындауы немесе олардың тіптен болмауы қарастырылып жатқан жағдайда заңды мәні жоқ және олар ҚР ҚК 98 бабының біліктілік белгілері болып табылмайды.

Егер кінәлі адамға жан күйзелісі жағдайында бір рет қана жасалған зорлық-зомбылық немесе қорлаудың салдарынан туындаған болса, онда кінәліге қатысты жалпы қандай да бір зорлық-зомбылық, қорлау және басқа құқыққа қарсы әрекеттердің жасалғандығы немесе жасалмағандығы медицина қызметкерлері, нәтижесінде сот өкілдері істің жиынтығының барлық жағдайларын талдай отырып анықтайды.

Бірақ медицина қызметкерлері жан күйзелісі жағдайын ұзақ мерзім бойы психологияны жаралайтын жағдайдың нәтижесінде пайда болғандығын анықтай алмайды. Мұндай жағдайларда психолог-мамандардың білімдері қажет.

Жағдайды әрдайым психологияны жаралайды деп есептей беруге болмайды, тек кінәлі адамның психикасына бұрыс ықпалын тигізген, оның терең күйзелістік жағдайға, стреске ұшыраған кездегі жағдайды ғана психологияны жаралайтын жағдай деп тануға болады. Ұзақ мерзім бойы психологияны жаралайтын жағдай кезіндегі кінәлі адамдағы барлық көңіл-күйлік толқулар, реніштер жинақталып, шамадан тыс шыққанда олар жан күйзелісі жарылыс түрінде жүзеге асырылады.

ҚК 98 бабында ҚР 1959 жылы қабылданған ҚК 105 бабында болмаған екінші бөлім енгізілген. Мұндай жаңалық қоғамдық қауіпті қылмыстар көлемінің нақты ұлғаюына жауап бере алады. Осы қылмыстың біліктілік түрі  (98 б. 2 б.) жан күйзелісі жағдайында екі немесе одан да көп адамдардың өлтірілуі болған жағдайларда орын тебеді. Мұндағы сөз бір мезгілде бірнеше кісі өлімі болғанда және аз уақыт ішінде болғандығы және кінәлі адамның жалғыз қасақаналық ойы туралы сөз қозғап отыр. Болған қылмыстық іс бірінші және одан кейінгі қылмыстардың жасалуына қандай себеп болғандығына қарамастан, ҚК 98 б. 2 б. бойынша бағаланады. Ең алдымен, бұл кісі өлтірулер әрбір жәбірленушіге құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылықтарынан туындаған физиологиялық жан күйзелісі жағдайында жасалуы тиіс. Бір адамның жан күйзелісі жағдайда өлтірілуі және басқа адамның өміріне қол сұғу ҚР ҚК 98 б. 2 б. қарастырылған  аяқталған қылмыс деп қарастырыла алмайды.

Жазалау түріне келетін болсақ, жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіргені үшін жазаның жеңілдетілуі күман тудыратындығын айтқан жоқ. 1959 жылы қабылданған ҚК 105 бабы бойынша ол 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру, ал 98 баптың 1 бөлімі бойынша тек қана 3 жыл бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған.

 

1.3. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің әлеуметтік және психологиялық мәні

Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің әлеуметтік мәні осы қылмыстық істі жасауға итермелеген себептер мен шарттардың астарында жатыр.

Нақты өмірлік жағдайдың себептері мен шарттарының кінәлі адамның қылмыстық жазаланатын әрекетіне ықпалы зор, яғни олар осы адамның қылмыс жасар алдындағы оның қоғамға қарсы көзқарастарының қалыптасуы, талпынысы, әдеттері, өмір сүру жағдайларының жиынтығы.

Әрбір өмілік жағдай объективтік мазмұнға ие, яғни өмірде болған жағдайы әрбір адамға тән көзқарастарға, тәжірибеге, бейімділіктерге және т.б. байланысты субъекті жасайды және оған субъективтік ән беріледі. Объективтік мән және субъективтік мән араларында біршама айырмашылықтар болуы мүмкін, алайда адам сол кездегі орын алған жағдай туралы кзқарастарына сәйкес өзі сол жағдайға субъективтік мән бере отырып, өзіндік шешім қабылдайды.

Адамның күнделікті және экстремалды жағдайларда іс-әрекеті әр түрлі болады. Сондықтан да, қылмыстық нәтижеге әкеп соқтырған оның әрекеттерін бағалай отырып, оның алдын ала мұндай салдардың болатындығын білгендігін немесе білмегендігін анықтау қажет.

Нақты қылмыстардың жасалуының себептерінің дұрыс ұғыну үшін нақты өмірлік жағдайдың бір түрі – шиеленіскен жағдай қарастыру қажет. Ол дегеніміз – бір-біріне қарама-қайшы қызығушлықтардың, көзқарастардың, талпыныстардың қақтығысуы, күресудің күрделі түрлерінің пайда болуын себеп болатын дау-дамайлар.

Жан күйзелісінің жағдайын және қылмысты жасауға себеп болып табылатын шиеленіскен жағдайға талдау жасау арқылы осы жағдайды сипаттайтын жағымсыз сыртқы жағдайлар және басқа да жағдайлар адамның психикасына, сана-сезіміне және еркіне шешуші ықпалын тигізе отырып, қылмыстық әрекетті таңдау алдында едәуір роль атқарады.

Нақты өмірлік жағдай  жәбірленушінің құқыққа қарсы қылықтарынан туындаған кенеттен пайда болған күшті рухани толқудың нәтижесінде адамға қарсы қылмыс жасау кезінде ерекше рольге ие болады. Шиеленіскен жағдайда адам әдетте өз іс-әрекетін нақты әрі жан-жақты ойлауға, оның сәйкес адамгершілік принциптері мен түсініктерді салыстыруға мүмкіндігі болмайды.мұндай жағдайлар сол сәтте орнаған жағдайға тікелей жауап беретін адамгершілік толқудың пайда болуына себеп болып табылады. Аталған толқулар кенеттен пайда болып, өздерін тек сәйкес жағдайлар орын тепкенде ғана сезіне бастайды. Сондықтан да олар шиеленіскен жағдайларда адамға тек бағыт-бағдар беріп қана қояды. Бірақ олар теріс әрекеттік себебі болуы да мүмкін. Алайда ең күйзеліскен  жағдай кезінде де субъектінің әрекеті ерікті болып табылады, олар іс-әрекетті таңдай отырып, шешім қабылдаудың бірнеше кезеңдерінен өтеді, яғни оның адамгершілік және құқықтық жауапкершілігі үшін негіздеме бар деген сөз. Егер адамның күйзелістік жағдайы мен күшті рухани толқуы өзді-өзіне жауап бере алмайтындай, өз әрекеттерін басқара алмайтындай жағдайда өте жоғары болса, онда ол есі дұрыс емес деп танылады, ал ондай жағдайда кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Адамның әрекеті, оның ішінде құқыққа қарсы әрекеті, сыртқы факторлармен адамның ішкі және қадір-қасиеті арасындағы қарым-қатынастың нәтижесі болып табылады. өз кезегінде, оған бұрын орын алған әлеуметтік ортаның сыртқы факторға әсер етуінен  пайда болған және қылмыстың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына бұрыс әсерін тигізетін жағымсыз жағдайлар, сондай-ақ жағдайдағы қылмыстың жасалуы үшін құрамында объектілік мүмкіндігі бар қылмыстық ойдың туындауына септігін тигізетін ерекшеліктер жатады.

Ішкі факторлар дегеніміз — әлеуметтік теріс көзқарастар, қызығушылықтар, қарым-қатынастар, бағыт-бағдарлар. Тек ішкі факторлар ғана нәтижесінде нақты қылмыстың жасалуына себеп бола алады.

Алайда, кейбір авторлар қылмыстық әрекеттердің себептері туралы сөз қозғағанда, олар шешуші рольді шиеленіскен жағдай атқарады, оны қылмыстық әрекеттің себебі деп тану қажет, ал мұндай жағдайда адамның қоғамға қарсы бағыттылығы қылмыстың тікелей себебі болып табылмайды деп есептейді.

Осылайша, қылмыстық әрекеттің себептері туралы мәселеге тоқталатын болсақ, қылмыс дегеніміз екі факторлардың: әлеуметтік сыртқы ортаның және қылмыскердің жеке басының ішкі қасиеттерінен құралған факторлардың өзара қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Алайда, осы факторлардың бірі себеп тудыратын фактор сияқты өмірлік жағдайларда да кездесіп жатады. Бұл тезистің ашық мысалы ретінде жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірі ьолып табылады, мұндағы маңызды рольді кінәлі адамның және жәбірленушінің арасындағы қылмысқы дейінгі шиеленістік жағдай атқарады.

Сондай-ақ адамның көңіл-күйі де шиеленіскен (стрестік) жағдайларда ерекше мәнге ие болады. Себебі адамның сыртқы ортаның қандай да бі құбылысына реакциясы, белгілі бір жағдайлардың оның әрекеттері белгілі бі дәрежеде оның сыртқы ортаға көңіл-күйлік жауап беруге байланысты болып келеді.

Психикалық қысымның жағдайлары адам әрекетінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Стрестік жағдайындағы физиологиялық жан күйзелісі адамның зияткерлік қабілетін тежейді, ал оның динамикалық сәттері адам әрекетінің толық мағыналығын кемітеді.

Көңіл-күйлік қысымының ролі басқа жайттарда да пайда болады. Егер адамға алдын ала  көңіл-күйлік күйзелу ол жоспарларға жұмыстың жағдайларын алдын ала бағалауға мүмкіндік берсе, онда көңіл-күйлік стресс алдын ала көңіл-күйлік жоспарларды бұзатын фактор ретінде роль атқарады, яғни ол жоспарланған қызметтің барлық схемасын бұзады деген сөз. Мұндай жағдайларда әрекеттердің қандай да бір нұсқасын қате таңдау көңіл-күйлік стрестің салдары болып табылады.

Кенеттен пайда болған күшті рухани толқу кезіндегі қылмыстың психологиялық мәнділігі мұндағы қылмыстық акті психология тарапынан тұрақты әрекетке қарама-қайшы болып есептелетін тұрақты өткінші көңіл-күйлік сипатқа ие болуында.

Өткінші мінез-құлыққа қарағанда кенеттік мінез-құлық белгілі бір амалдың реттілігін сақтамайды және өзара қарама-қайшы болып келеді.

Жан күйзелісінің жағдайында кісі өлтіру адамның көңіл-күйіне тікелей байланысты, себебі қылмыстық әрекет жасаудың негізінде адамның көңіл-күйі жатыр – оның қатты рухани толқуда болуы. Мұндай жағдайда қылмыскер кенеттік шешім қабылдайды, өйткені уақыттың тығыз болуы, жағдайдан шығудың жолдарын қарастыру, оларды салмақтау мүмкіндігінің жоқтығы кезіндегі орын алған күйзеліс жағдайда бұл шешімдер кенеттен, ойланбастан қабылданады. Мұндай адамдар үшін қылмысты жасау олар үшін өмірлік апат болып есептеледі.

Әр-алуан дереккөздерің кейбір деректеге сүйенсек, жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру қылмысының 50 % — нан астамында сол жан күйзелісі жағдайына себеп болған кінәлі адамдаы ұзақ уақыт бойы жүйке жүйені жаралайтын жағдайлар блып табылады. Мұндай жағдайлар адамды жан күйзелісі жағдайына итермелейді, ал оның сыртқа шығуына жәбірленушінің кезекті немесе қайталанбалы зорлық-зомбылығы, ауыр кемсітуі немесе өзге де құқыққа  қарсы әрекеттері  себепші болуы мүмкін. Бұл кезде адамның жүйке жүйесінің қабықшасында сақталып келе жатқан күштің әлсіретіп, жан күйзелісі жағдайының пайда болуына септігін тигізетін жүйке жүйені тоздыратын факторлар қатты әсер етеді. Психологтардың пікірлері бойынша ұзақ уақыт бойы созылған, бұрыс сипаттағы немесе ұдайы қайталанып тұратын жағымсыз жағдайлар тіпті сау жүйке жүйені қоздырып, өзіне берік, сенімді адамда да қалыпты жағдайдан шығарып жібере алады. Егер жәбірленуші жан күйзелісі жағдайы пайда болғанға дейін белгілі бір мерзім аралығында құқыққа қарсы әрекетін жалғастырып келген  болса, онда  тікелей себептің сипаты мен маңыздылығын бағалау кезінде  ол кінәлі адамның жалпы мінез-құлқы зерттеледі.

Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің психологиялық табиғатына (мәніне) тоқталатын болсақ, сол жан күйзелісінің өзінің психологиялық мәнін, мұндай күйзелістік жағдайдың жалпы адамның сана-сезімі мен мінез-құлқы қалай әсер ететіндігін түсіну қажет. Осыларды түсінген жағдайда ғана қоғамдық қауіпті сипатқа ие адамзат әрекетінің актісі болып табылатын жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру қылмысының мәнін түсінуге болады.

Психикалық процестер  мен жағдайладың ерекше сыныбын субъектінің өмірлік қызметін жүзеге асыруға арналған сыртқы және ішкі жағдайлардың маңыздылығын анықтау жолымен оның белсенділігін реттеу функциясын атқаратын көңіл-күй құрайды. Психологияда көңіл-күйге көңіл-күйдің өзін, сезімдерді және жан күйзелісі жағдайын жатқызады.

Қызметтің ішкі реттегіштерінің бірі болып табылатын жан күйзелісі жағдайы субъектіге ықпал еткен объекті мен жағдайларды білдіреді.

Сондықтан адамдағы жпн күйзелісінің пайда болуы бағалау сәттерімен, болған уақиғаға жеке көзқараспен қарау байланысты болып келеді.

Өзінің психологиялық құрылымы бойынша жан күйзелісі күрделі психологиялық процесс болып табылады. «Жан күйзелісі дегеніміз – адамның бойына тез тарайтын, сана-сезімнің едәуір өзгеруімен, әрекеттерін бақылау еркінің бұзылуымен (ұстамдылығының жойылуымен), сондай-ақ бүкіл организмнің өмірлік қызметінің өзгеруімен сипатталатын ықпалы зор көңіл-күйлік прцесс болып табылады ».

С.Л.Рубенштейн өзінің жұмыстарында осы көңіл-күйлік жағдайға баға бере отырып, оған мынадай анықтама берген: «Жан күйзелісі дегніміз – дене бойымен жылдам және ауқымды таралатын көңіл-күйлік процесс ретінде сипатталатын сана-сезімдік ерікке бағынбайтын жағдай болып табылады».

Жан күйзелісінің ең маңызды қасиеттерінің бірі – адамның сана-сезімне, оның бүкіл психикалық қызметіне әсер ете ету қасиеті.

Жан күйзелісі үшін адамның сана-сезімінің тарылуы, жан күйзелісін тудыратын күйгелектік күйге ауысуы тән. Сана-сезімдегі бұл өзгерістер жанды жарақаттайтын жағдайлармен, азумен байланысты жан күйзелетіндей көп уайымдау мен толғану кезінде пайда болады.

Психологияда жан күйзелісінің бірінші кезеңінде әрбір адам, тіпті ересек адам ғана емес, сондай-ақ жас бала да ұстамды бола алады., өзін-өзі бақылай біле алады. Одан кейінгі кезеңдерде адам жиі ерік бақылауын жоғалта бастайды, есепке беріксіз және ойланбастан әрекеттер жасайды. Жүйке жүйесі сау адамдарда бұл кезеңдер дөрекі тәртіпсіздігі немесе мас болған кездері байқауға болады: мұндай адам ауыр жан күйзелісінде болмайды, олар тек өздеріне осындай жағдайда болуға мүмкіндік береді, сондықтан да ол жасаған қылмысы үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекетер жалпы толқудың салдарынан пайда болады, олар адмның бақылауында болмай, одан жұлқынып шығады.

Жан күйзелісінің психолгиялық санаты осы жағдайда себепкер болатын жағдайлардың және факторлардың талдауы жатады. Олардың қатарына адамның жеке басының қасиеттері мен ерекшеліктері, оның жүйке жүйесінің қасиеттері, организмі уақытша әлсірететін жан күйзелістік жағдайлар мен фактролар жатады.

Жан күйзелісінің пайда болу ерекшеліктерін психологиялық зерттеу кезінде жан күйзелістік жағдайдың 3 түрінің бар деген қорытындыға келді:

а) организмге әсер ететін күйгелектік өте күшті, мақсат-міндеттер аса ауыр және адам олармен күресуге күші жойылып, сәйкес реакциямен жауап беруден қалады;

б) тұлғаның қандай да бір тенденциясы әлеуметтік нормаларға, ережелерге және жеке басының білімдеріне қарама-қайшы келетін сыртқы тыйымдардың нәтижесінде анықтала алмайды;

в) тұлғаның әрекетінде бір-біріне қарама-қайшы екі тенденция қақтығысуы.

Осы айтылған жағдайларда жан күйзелісінің пайда болуының негізінде шиеленісу механизмі жатыр. Шиеленістік жан күйзелісінің жағдайында аса маңызды сипаттамаларының бірі болғандықтан, ол жағдайдың маңыздылығына жеке баға берумен, нақты адам үшін оның мәнділігімен анықталады.

Жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттер адам үшін қандай да бір субъективтік маңызы бар біртұтас жауап беру реакциясы болып табылады. Мұндай жағдайларда күрделі әрекеттер қызметі бұзылып, автоматтандырылған тенденцияға ие стереотипті әрекеттер пайда болуы тән. Қозғағыш қоздырушы, ретсіз әрекеттер, ондағы автоматизмнің бар болуы жан күйзелісінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Атыс қаруын қолдана отырып кісі өлтіру қылмысы жасалған кезде автоматизмнің ар болуы туралы атыстардың бірнеше рет қайталануы, олардың арасындағы уақыттың тым аздығы куәландыруы мүмкін. Сондай заңдылықтар суық қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстарға да тән. Пышақпен жаралау санның көптігі әрекеттердегі автоматизмнің бар екендігін дәлелдейді.

Жан күйзелісі жағдайына тән (диагностикалық ) белгілерді қарастыра отырып, осы көңіл-күйлік, тез таралатын жағдайдың барлық күрделілігіне қарамастан, адам жан күйзелісі пайда болатын кезеңінде жан күйзелісін болдырмауы мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Күшті рухани толқу кезінде қылмыс жасаудан бас тарту мүмкіндігі осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің негіздемесі болып табылады.

Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде қорытындыға келуге болады. Кенеттен пайда болған күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтіру үшін жаза тағайындау мыналармен негізделеді:

а) жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттер адам меңгере алатын әрекеттердің қатарына жата алмайды (бұл жайт психологтармен ғылымда дәлелденген);

б) психологиялық жағдай ретінде жан күйзелісі адамның сана-сезімдік бақылауын толық жоймайды, тек оны шектейді.

Қылмыстық құқық теориясынан мәлім болғандай, қылмыстық жауапкершілік адамның қылмыс жасау сәтіндегі еріктік іс-әрекетімен, оның қоршаған ортаға сана-сезіммен қарау негізіндегі өз қимылдары мен ірекеттерін дұрыс реттей алу мүмкіндігімен байланысты. Алайда қылмыстық жауапкершілік субъекті өзінің іс-қимылдарына еріктікті қосып алу мүмкіндігіне ие болу сияқты импульсивтік (көңіл-күйлік) іс-қимылдарымен де байланысты болуы мүмкін. Адамның осындай іс-қимылдарына жан күйзелісі кезінде жасалған кісі өлтіру жатады.

Жан күйзелісі жағдайындакісі өлтіру тұрмыстық қылмыс деп аталатын қылмыстарға жатады. Көптеген жағдайларда мұндай қылмыстар уақыт өте жүйке жүйені  тоздыратын және тікелей стрестік жағдайға әкеп соқтыратын, ал егескен жақтар – жиі қасіретке шалдығатын қызбалы даулы жағдайлар сипатына ие отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардың қанағаттандырылмағандығының негізінде «жетіліп» келеді.

Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру өз мәні бойынша әлеуметтік құбылыс болып табылады, және ол да басқа қоғамдық қауіпті қылмыстар секілді жоғарыда мәнін ашуға тырысқан, өзіндік әлеуметтік себептерге ие.

 

 

 

 

 

 

 

2 тарау. Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың құрамы

 

2.1. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіудің объектісі

Жоғарыда атап көрсетілгендей, кез келген кісі өлтірудің, оның ішінде жан күйзелісі кезіндегі кісі өлтірудің объектісі адам өмірі болып табылады. Алайда, қарастырылып жатқан жағдайда қол сұғушылықтың объектісі кез келген адамның өмірі емес, қылмыстық әрекет құраындағы маңызды рольді атқаратын адамның өмірі болып табылады. Қылмыстық Заң (ҚР ҚК 98 б.) мұндай рольді жағдай қылмыс жасау кезінде кінәліде «орынды» жан күйзелісі жағдайына себепші болған ретіндегі жәбірленушінің іс-қимылдарына береді, сондай-ақ бұл заң кез-келген басқа қылмыстық істерге қарағанда жәбірленушінің өзінің жеке қадір-қасиеттерін тереңірек зерттеуге міндеттейді. Дәл осы субъектінің өміріне кінәлі қол сұғады, оны өлтіреді.

Осы қылмыс жасалатын жан күйзелісі тікелей жәбірленушінің белгілі бір құқыққа немесе адамгершілікке жат қылықтарымен: зорлық-зомбылықпен, қорлаумен, немесе адамгершілікке жат әрекетпен (әрекетсіздікпен), сонымен қатар тікелей жәбірленушінің жүйелі түрде жасаған құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылықтарының салдарынан туындаған ұзақ уақыт бойы психиканы жаралайтын жағдаймен байланыстырылады. Мұндай әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жәбірленуші жасауы тиіс, жәбірленушінің дәл осындай әрекеттері (әрекетсіздіктері) қарастырып жатқан қылмыстағы кінәлі адамға жан күйзелісіне себепші болуының қажетті шарты болып табылады.

Кінәлі адамның оның өміріне қол сұғуынан жәбірленуші болып табылатын адамның әрекеттері (әрекетсізіктері) заңның мағынасы бойынша әр-алуан емес, біріншіден, кінәлі адамда жан күйзелісін тудыра алатын күшті қоздырғыш, екіншіден, пайда болған жан күйзелісінің өкінішті сипатын куәландыратын құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жатпауы, үшіншіден, жан күйзелісін тудыра алатын тікелей себепші ретінде және осындай жағдайда қылмыстың жасалуына түрткі бола алатын жағдайлардың болуы қажет.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қарастырылып жатқан қылсыста өзінің қасиеттері бойынша немесе белгілі бір тұжырымдамалардың негізінде алынған кез-келген жәбірленуші емес, кінәлі адамға қатысты өзінің белгілі бір іс-әрекеттері үшін қылмыстық қол сұғушылықтың жәбірленушісі болып табылатын субъект деген қорытындыға келуге болады.

Дәл осы жәбірленуші, атап айтсақ, оның құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылықтары, кінәлі адамда жан күйзелісін тудыруының нәтижесінде өзінің өліміне әкеп соқтырады.

Осылайша, жағдай реттілігінің әрбір буынын, ондағы жәбірленушінің іс-қимылдары түрткі рольді атқаратын жағдайдың мән-жайын анықтауға болады. Мұндай буынынның бірінші кезеңінде жәбірленушінің құқыққа қарсы (адамгершілікке жат) әрекеттері немесе әрекетсіздіктері, одан кейін олардан туындаған кінәлі адамның жан күйзелістік жағдайы (одан әрі кінәлі адамның жан күйзеліснің әсерінен туындаған себеп, мақсат, қасақаналық өрбиді) және одан кейін қылмыстық қол сұғушылықтың соңғы кезеңі (шешімі) – нәтижесінде жәбірленушіні мерт қылған кінәлі адамның жауапты  әрекеттері анықталады.

Мұндай жағдайлардағы жәбірленушінің сәйкес қылығы қылмыскер кінәсінің дәрежесін төмендетеді, себебі ол кінәлі адамда жан күйзелістік жағдайына себепші болып, оны кісі өлтіруге итермелейді.

Басқаша айтқанда, өлтірілген адам қарастырылып жатқан жағдайда өзінің өрескел және арандатушылық қылықтарының құрбаны болып отыр.

Қорытындылай келе, ҚР ҚК 98 б. қарастырылған қылмыс қол сұғушылық объектісі ретінде — өмірге қарсы жасалған басқа қылмыстардағы объектілердің табиғатымен ұқсас, алайда қылмыскер қастандық жасаған адам және сол қастандықтың нәтижесінде сол адамның (басқаша айтқанда жәбірленушінің) өлтірілуі басқа жәбірленушілердің санаттарынан, оның өзі құқыққа қарсы (немесе адамгершілік жат) қылықтарымен қылмыстық қол сұғушылыққа себепші болуымен өзгешеленетіндігін атап кеткен жөн.

 

2.2. (Әрекеттің, садардың) объективтік жағы (себепті байланыс)

Кісі өлтірудің, басқа да қылмыстық әрекеттер сияқты, әртүрлі көзқараспен қарастыруға болады. Себебі кісі өлтіру – адамзат мінез-құлқының актісі, ал оның психологиялық талдауы толық заңды және біршама күрделі  процесс болып табылады – осы адамның қасиеттерінің басқаға әсері ретінде кісі өлтірудің зерделеу, қылмыскердің себептері мен мақсаттарын ашу. Атап айтсақ, қылмыстық мінез-құлықтың ішкі, субъективтік жағы зерттеледі, оның тікелей себептері  анықталады.

Осы сұрақтарды түпкіліктей зерттей отырып, маңызды жайттардың бірі – кісі өлтірудің сыртқы, объективтік жағына басты назар ударылатын аспекті болып табылатындығын  атап кеткен жөн.

Адамзаттың сыртқы мінез-құлқының  кез-келген актісі сияқты кісі өлтіру белгілі бір психикалық-физикалық біртұтастықты құрайды. Оның субъективтік, психологиялық мәні болып қана қоймай, сондай-ақ ол қоршаған ортада өзгерістер келтіретін субъектінің мінез-құлқының сыртқы объективтілік түрлері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі арқылы сыртқа көрінеді.

Кісі өлтірудің объективтік жағы – адам өміріне қоғамдық қауіпті және құқыққа қарсы қол сұғушылықты сыртқы жағынан, субъектінің  қылыстық әрекеті басталатын және қылмыстық қорытынды (жәбірленушінің өлуімен) аяқталатын жағдайлар мен құбылыстардың реттілігі тарапынан қарау процесі болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағын зерделеу кезінде мынадай аспектілерді қарастыру қажет:

а) субъектінің қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі);

б) қылмыстық салдар (нәтиже);

в) әрекет пен қылмыстық нәтиженің арасындағы себептік байланыс;

г) қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралы.

Осы сұрақтарды жан күйзелісі кезінде жасалған қылмысқа қатысты қарастырайық.

Жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыстың объективтік жағы оның белсенді іс-қимылдар жасалуымен ерекшеленеді.

Пайда болған және жылдам жүзеге асырылатын жан күйзелісіне әрқашан оқталу қажет ететінділігімен және ол адамның қалыпты психикалық жағдайында болмайтындығымен түсіндіріледі. Осылайша, жан күйзелісі кезінде әрекет етпей кісі өлтіру мүмкін емес, себебі жан күйзелісінің пихологиялық табиғаты кез келген жағдайда «іс-әрекеттердегі оқталуды» талап етеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде адам жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыстық әрекеттердің табиғаты мен механизмін толығырақ қарастыру қажет. Бірақ ең алдымен қылмыстық құқық теорияындағы қылмыстық әрекет дегеніміз не деген сұраққа жауап беру керек. Э.Ф.Побегайло қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстық әрекетке былай анықтама береді: «қылмыстық әрекет дегеніміз – қылмыскердің сана-сезімінің бақылауында болатын және осы адамның дене қимылдарынан тыс жүзеге асырылатын адамның сыртқы мінез-құлқының қоғамдық қауіпті актісі болып табылады».

Адамзаттың кез-келген іс-әрекеті секілді қылмыстық іс-әрекеттер де белгілі бір себептерден туындайды және белгілі бір мақсаттарға бағытталған.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық әрекеттің бастапқы және соңғы сәті деп белгілеу қабылданған. Қылмыстық әрекеттер: сана-сезімнен тыс физикалық дене қимылы, қоғамдық қауіптілік және құқыққа қарсылық деген үш белгілер болғанда ғана сол сәттен бастап басталады деп шешілген. Қылмыстық әрекеттің соңғы сәті қылмыстық нәтиженің болуымен немесе жоғарыда аталған қылмыстық әрекет белгілерінің ең болмаса біреуінің болмағандығымен анықталады.

Жан күйзелісінің кенеттен пайда болуы сияқты қасиеті туралы айтатын болсақ, мұндай кенеттілік қылмыскердің жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыстық әрекеттерге таралмауы мүмкін. Жан күйзелісі пайда болған кездегі кенеттілікті жәбірленушінің бұрыс қылықтарына дереу жауап беру деп қарастыру дұрыс емес. Жан күйзелісі мен кісі өлтіру сәтінің арасында уақыт аралығы болуы мүмкін, бірақ бұл уақыт аралығындағы мерзімде кінәлі адамда жан күйзеліс жағдайы сақталуы мүмкін. Кенеттілік қылмыстық әрекеттердің басталуын емес, жан күйзелісін сипаттайтын біртұтас маңызды белгілердің бірі болып табылады. Зерттеуге алынған санаттағы қылмыстық істерді талдау жұмыстары, барлық қылмыстардың 30 %-ын кінәлі адам тікелей жан күйзелісінің ықпалында болған кезде қылмыс жасау алдында әртүрлі әрекеттер жасағандығын көрсетті. Мысалы кісі өлтірер алдында қылмыскер қылмыстың құралын алу үшін өзінің пәтеріне немесе көршілес бөлмеге қарай жүгіреді, жәбірленушінің ізіне түсіп, үйіне баса көктеп кіреді, оқ атады және т.б.

Жан күйзелісі кезінде жасалатын әрекеттердің сипаттамасы туралы айтатын болсақ, бұл сұрақ бойынша ғалмдар арасында еш пікір жоқ. Кейбір авторлар қарастырылып жатқан әрекеттер толық түсінуге жататын, ерікті (бағытталған) сипатқа ие деп пайымдайды. Олардағы импульсивтіктің бар екендігін жоққа шығарады. Бұл көзқарасты жақтаушылары кінәлі адам жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыстың қылмыстың нәтиженің болуын алдын ала білумен қатар, оған қол жеткізу үшін өзінің еркін бағыттайтындығын да айтады. Олар бұл сұрақ бойынша өзінің көзқарастарын адам жан күйзелісінің бастапқы сатысында және алатындығына негіздейді.

Психологтар жан күйзелісінің ықпалындағы адамда күрделі әрекеттері бұзылып, стереотиптік әрекеттері жылдамырақ болатындығын атап көрсеткен. әрекеттердегі қозғағыш түрткі, ретсіздік және олардағы автоматизмнің болуы жан күйзелісінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Жан күйзелісі жағдайында кінәлі адам қылмыстық мақсатқа жету үшін біршама қарсылықтарды жеңуге қабілетті, қолына түскен заттарға жармасады, егер олар болмаса, онда денеге қолымен, аяғымен көптеген ретсіз соққылар жасайды, «ренжіткен» адамды «құр қолмен» қылғындырып өлтіруге де дайын, ондайға шамасыжетпесе оны тістелейді.

Мысалы, В.В.Сидоров өзінің жұмысында келтірілген статистикалық зерттеулердің деректеріне сүйенсек, қарастырылып жатқан қылмыстың 15%-да кінәлі адамның әрекеттері ерекше толқу және қатты ашулану кезінде жасалатын әрекеттер деп есептеу қажет. Осы сұрақ бойынша мұпндай түсініктемені ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы берді.

2007 жылы Алматы қалалық соты өз шешімінде С.В.Паршинцевтің әрекетін жан күйзелісі кезінде жасалған әрекет деген дұрыс біліктілік берген. Алдын ала тергеу жұмыстары кезінде С.В.Паршинцев Молочнюктің кемсітулеріне жауап ретінде күшті рухани толқуда (жан күйзелісінде болып) болып, оны балтамен кемінде үш рет басынан ұрып, одан кейін Молочнюкті өзінен итеріп тастап, оның басына балтамен 26 рет, мойнына кемінде 8 рет, қолдарына кемінде 5 рет ұрып-соққан. Паршинцевтің әрекеттері ерекше қатыгездік сипатында болса да, сот оның әрекеттеріне жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыс деген дұрыс шешім шығарды.

Осылайша, жан күйзелісі кезінде кісі өлтіру белсенді құқыққа қарсы әрекеттер арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай әрекеттер, әдетте, импульсивтік, ретсіз сипатта болады, яғни сол әрекетті жасаған адамның көңіл-күйіне байланысты, көбіне, ерекше қатыгездікпен жасалатындығымен анықталады.

Адамның қылмыстық әрекеттері қылмыстық нәтижеге әкеледі – қылмыстық объективтік жағындағы келесі буын.

Жалпылама түрде бұл жағдайды зиянды қылмыстық салдар қоғамдық құндылықтарды бұзуға, адамдарға зиян келтіруге бағытталған деп айтуға болады.

Қылмыстық салдар өзінің сипаттамасы бойынша әр-алуан. Олардың арасындағы ең көп тараған түрі – материалдық зиян келтіру болып табылады. Оған қоса адамзат құрбандары да орын алады. Өзінің физикалық табиғаты бойынша материалдақ салдар сыртқы өмірді бұзумен немесе зиян келтірумен байланысты.

Қылмыстық салдар дегеніміз – қылмыстық заңмен қарастырылған қол сұғу объектісіне – заңмен күзетілетін қоғамдық қатынастар мен олардың қатысушыларына жасалған қылмыстық әрекеттен (әрекетсіздіктен) туындайтын материалдық (материалдық емес) зиян болып табылады.

Жан күйзелісі кезінде қылмысты жасау кезіндегі қылмыстық нәтиже адамның өлімі болып табылады. Осы жағдайда қол сұғудың объектісі адамның өмір сүру негізі болып табылатын адам өмірі ғана емес, сонай-ақ адам көзі тірісі кезіндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сондықтан қылмыстық заң биололгиялық құбылыс ретінде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық құндылық ретінде адам өмірін күзетеді.

Кісі өлтірудің объективтік жағының міндетті түрдегі белгісі – қылмыстық әрекеттер мен пайда болған қоғамдық қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс.

Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру кезінде жәбірленушінің құқыққа қарсы (адамгершілікке жат) әрекеттері (әрекетсіздіктері) кінәлі адамда жан күйзелісінің пайда боолуының қажетті шарты болып табылады. Бұл дегеніміз, шынайылықта болған нақты жағдайлар кезінде мұндай шарт сәйкес нәтиженің пайда болуы үшін қажет етеді, онсыз бұл нәтиже болмайтын еді.

Кінәлі адамның жан күйзелісінің жағдайы және одан кейінгі әрекеттері жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетіне жауапты реакциясы болып табылады. Сондықтан соңғысы басқа адамның, яғни жәбірленушінің өміріне қылмыстық қол сұғушылық жасауға себепші болатын қылмыскердегі жан күйзелісі пайда болуы үшін қажетті шарт. Жәбірленушінің кінәлі адамға немесе оның жақындарына қатысты құқыққа қарсы әрекеттері (әрекетсіздіктері) болмаса (қылмыс құрамының құрылымдық элементі ретінде) жан күйзелісі де болмайды, яғни сқңғысының әсерінен жасалатын қылмыстық әрекеттерде болмайды дегенді білдіреді. Осылайша қарастырылып жатқан қылмыста жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекеттері (әрекетсіздіктері) ғана қоршаған шынайылықтың кез-келген әрекеттері немесе құбылыстары емес, жан күйзелісін тудыру үшін қажетті шар болып табылады. Алайда, жәбірленушінің ҚР ҚК 98 бабында қарастырылған ретінде кез-келген әрекеттері (әрекетсіздігі) кінәлі адамда жан күйзелісін тудыруы мүмкін бе деген сұрақ пайда болады? Бұл сұраққа жауап қылмыстық заңда берілген, онда жәбірленушінің тек құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат әрекеттері туралы айтылған. Бұдан шығатыны, егер жәбірленуші кінәлі адамға немесе оның жақындарына қатысты толық құқылы (немесе адамгершілікке жататын) әрекеттер жасаса, онда (ҚР ҚК 98 б.) қылмыстың «арнайы» құрамы ретінде жан күйзелісі туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Кінәлі адамда жан күйзелістік жағдай жәбірленушінің құққа қарсы (адамгершілікке жат) әрекеттерімен ғана пайда болмайды, ол сондай-ақ соңғысының қате әрекеттерінен де туындауы мүмкін. Мысалы, автокөліктің қағуының нәтижесінде көз алдында баласы қайтыс болған әке жан күйзелісі жағдайында сол автокөлік жүргізушісін өлтіреді, бірақ бұл көлік жүргізушісі жол жүру ережелерін бұбаған, яғни өзін заңды ұстаған. Егер әке мұндай жан күйзелісінің жағдайында кісі өлтірген болса да, бұл жағдай жәбірленушінің заң талап ететін құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан болған жоқ, олар құқыққа қарсы немесе адамгершіліке жат сипатта болуы тиіс, сондықтан баланың әкесінің әрекеті ҚР ҚК 98 б. бойынша емес жеңілдететін жағдайлары жоқ кісі өлтіру болып бағалануы тиіс. ¹Олар қылмыстық заңға жәбірленушінің заңға және адамгершілікке жат мінез-құлығын, сондай-ақ, өзге де мінез-құлығын кескіндейтін, жалпы кешірімдік сипатты қамтитын жалпы қалыптаманы енгізуді ұсынады. Заңға мұндай жалпылама қалыптама енгізген жағдайда, аталмыш қылмыс тым жалпылама, кеңейтілген сипатқа ие болып, ҚР 98 бабын жәбірленушінің кез-келген іс-әрекеті қайткен күнде де «кешірімді сипатқа» келіп саятындықтан, мұндай ұсыныспен келісе қоюға болар ме екен. Қылмыстық құқықта белгілі бір нақты құбылыстардың бұлай өріс алуына еш жол беруге болмайды

____________________

¹Қар.: Қатты жан толқынысы жағдайында жүзеге асырылған адам өміріне жауапкершілік. Заң ғылымы дәрежесі дис. Автореферат.- М., 1995.- 8 Б.  

Сондықтан да, Қылмыстық Кодекс аффект жағдайының туындауына қажетті шарт ретінде жәбірленушінің заңға қайшы және адамгершілікке жат қылығын бекітеді. Жәбірленушінің тек осындай ахуалдығы мінез-құлығы ғана ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен көзделген қылмыс құрамының элементі ретінде аффекті ахуалына алып келеді. Олай болмаған жағдайда, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабы қолданылмайды.

Заң аффект ахуалының туындауына негізгі және бірден-бір қажетті себеп ретінде жәбірленушінің тарабынан жасалған күш қолдану, зорлық-зомбылық дәл аталып көрсетіледі. Зорлы-зомбылық жасау арқылы күш қоданып, өктемдік көрсету жәбірленушінің іс-әрекетінің заңға қайшылығы болып табылады. Алайда, қажетті қорғаныс мақсатында, қылмыскерді қолға түсіру үстінде немесе аса қажеттілікпен, заңды қызметті орындау мақсатында берілген бұйрықты орындау барысында қолданылған күш көрсету бұған жатпайды. Мұндай жағдайларда жәбірленушінің теріс іс-әрекетін талап ететін, ҚР ҚК 98 бабын қолдану дұрыс емес. Бұл жағдай толығымен жәбірленушінің басқа әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты.

Күш қолдану – кінәліні аффекті ахуалына жетелейтін еә кең таралған себеп. Сот тәжірибесінің талдауы аффект ахуалында жасалған адам өлтіру қылмысының 70% осы аталған күш көрсетудің нәтижесінде орын алғанын көрсетеді.

Жәбірленушінің  тарбынан жасалған күш қолдану, зорлық жасау заңға қайшы болуы тиіс. Алайда, кінәлі мұндай жағдайларда қорғану мұқтаждығына әрекет етпеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, жасалынған іс-әрекет қорғануға мұқтаж болу ережелеріне сай құқықтық бағаланады. Мұндай жағдайда, айыпты әдетте жәбірленуші күш көрсетіп болғанна кейін, өзіне қауіп төнбейтін сәтте әрекет етеді. Дегенмен, айыпты жәбірленуші тарапынан болған зорлықтан туындаған аффект ахуалын түскен күйде әрекет етуі тиіс.

Айыптының аффект жағдайы жәбірленушінің тарапынан болған қорлау әрекетіне қарсы туындауы мүмкін. Қорлау мысқылдауды, ар-намысына тиіп, мазақтауды білдіреді. Адамның психикасына терең зиян келтіретін, арсыздықпен жасалатын қорлаудың масқаралаудан айырмашылығы, ол адам жанын біртіндеп жейтін , балағат сөздерсіз-ақ, оның ар-намысын таптайтын ұятсыз әрекет. Мысалы, адамның дене кемістігін немесе басқа да кемшілігін айтып мазақтап, қорлау секілді. Кекесінді мазақтап, намысты таптау ұзақ уақытқа созылуы ықтимал.

         Аффект жағдайына әкеп соқтыратын жауыздықпен қорлау деп, адамның ар-намысына тию, ұятсыз қылық көрсету арқылы адамның жеке басына ңұқсан келтіруді айтамыз. Қорлап, мазақтаудың қайсысын ауыр деп есептейміз – бұл әрбір істің барлық мән-жайларын ескере отырып, белгілі жағдайдағы нақты фактілерге қарай шешілетін мәселе. Туыстық, ұлттық, діни құндылықты сезімдерді қорлау осыған жатады. Мазақтап, қорлаудың ауырлығына баға беруде кінәлінің жеке басына тұлға ретінде қадір-қасиеттері ерекшеліктері де ескеріледі (денсаулығығның нашарлығы, психикалық жағдайы, жүкті болуы т.б.).

Жәбірленушінің өзге де бұрыс әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) зорлық-зомбылық, қорлап, мазақтау болмаса да, кінәлінің құқы мен заңды мүддесіне нұқсан келтіретін, дөрекі сипаттағы мінез-құлығын айтуға болады. Бұл күш қолдану нәтижесінде болғанымен, адамның денсаулығына зиян келтіру, өзімшілдік, қорқыту, жала жабу, айыптау, мүлікке зақым келтіру, құртып жою, лауазымын асыра сілтеп қолдану, лауазымдық құзіретін пайдалану, үлкен сома қарыз ақшаны қайтармау т.б. жатады.

Жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қайшы немесе адамгершілікке жат әрекеті кінәлінің психикасына ұзақ уақыт теріс әсер ету арқылы, оның жанын үлкен дертке бөлеп, соңында аффект жағдайына әкеп соқтыратындай жағдай туындауы мүмкін. Кінәлінің психикасына ұзақ уақыт бұлай теріс әсер ету, жәбірленушінің кінәліге қарсы теріс қылығын қайта жалғастыра беруі аффектінің күшеюіне, нәтижесінде, кінәлі тіпті болмашы себепке бола аффекті жағдайында жәбірленушіге қарсы әрекет етуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, аффектінің туындауына кезекті немесе қайта-қайта күш қолдану, мазақтау, қролау, ауыр дәрежеде масқаралау немесе жәбірленушінің басқа да адмгершілікке жат әркееті ҚР ҚК 98 бабына сәйкес қарастырылады. Адам психикасын ұзақ уақыт бойы жаралайтын әрекеттер, оған қорлық көрсету, ұрыс-керісті шешу салдарының шиеленуіне алып келеді, бұл адам миының тежеу қабатына кері ықпалын тигізіп, аффект жағдайының туындауын одан әрі жеңілдете түседі. Психологтардың пікірі бойынша, адам психикасын нақ осы ұзақ уақыт бойы қорлау адамның осыған дейін сап-сау жүйке жүйесіне, сонымен қатар, рухы мықты жандардың жүйкесіне де үлкен залалын тигізеді.²   Жәбірленушінің өзге де бұрыс әрекеттері (әрекетсіздігі) белгілі біру уақыт бойы аффекті жағдайы туғанға дейін үздіксіз жалғаса беретін мұндай жағдайда, бұл ахуалдың туындауына алып келген мән-

жайларға салиқалы, әділетті баға беру үшін жәбірленушінің кінәліге қатысты осыған дейінгі жасаған іс-әрекетімен бағаланады.

Жәбірленушінің айыптыға немесе оның жақындарына қатысты әрекеті ғана емес, сонымен бірге, әрекетсіздігі де заңға қайшы болуы мүмкін. ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінде көрсетілген, аффект жағдайының жәбірленушінің

кінәліге қарсы күш қолдануы, мазақтауы, қорлауы, қатты қорлауы секіәлді теріс әрекеттерінен туындау жағдайы тәжірибеде жиі ұшырасқанымен, ҚазақССР-нің Қылмыстық Кодексінде бұл мән-жай көрсетілмеген. Жәбірленушінің әрекетсіздігі де аффект ахуалына әкеліп соқтыратынын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, медициналық қызметкердің өзіне қажетті медициналық көмек көрсетуден бас тартуы себепті, айыпты аффект ахуалына түсіп, медицина қызметкерін өлтірген жағдайы да белгілі. Алайда, жәбірленушінің теріс әрекетімен қатар, оның әрекетсіздігі де теріс (немесе адамгершілікке жат) болуы тиіс.

Жоғарыда келтірілген мысалда медициналық қызметкердің әрекетсіздігі сол нақты жағдайда, егер ол өзінің білімін, біліктілігін, тәжірибесін, денсаулығын ескере отырып, сол

_____________________

²Қар.: Ольшевская О. Эмоцияның ролі және маңызы.- Минск, Белорусь, 1968.- 71 Б.

әрекетсіздікке барған болса, медициналық қызметкердің бұл әрекетсіздігі заңға қайшы болып табылады. 

Сонымен айыптының аффект халіне ұшырауына ұшырауына бірден-бір себеп жәбірленушінің оған қатысты теріс немесе адамгершілікке жат қылығы (әрекеті немесе әрекетсіздігі).

Қазіргі әрекет етуші заң сондай-ақ, айырты немесе оның жақындары үшін жәбірленушінің заңға қайшы қылығының салдарлары туралы ештеңе айтпайды. Қазақ ССР-нің Қылмыстық Кодексінде мұндай әрекет айыпты немесе оның жақындары үшін белгілі бір ауыр салдарды тудыратыны жайлы айтылған болатын.

Заңда мұндай жағдайдың жоқтығы, мұндай салдарлардың не әртүрлі болатынын (сипаты жағынан ауыр болып қана қоймай), не олардың тым болмайтынын көрсетеді. Басқаша айтанын болсақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 қолдану үшін айыптығы немесе оның жақындарына қандай да бір салдарлар туындады ма, немесе жоқ па (соңғы нұсқа тәжірибе сирек кездесетін болғанымен, жәбірленушінің кез келген теріс әрекеті немесе әрекетсіздігі, қайткен күнде де айыптының немесе оның жақындарының денсаулығына, яғни атап айтар болсақ, дене зақымына, немесе психикасының зақымдалуына әкеледі), қазіргі кезде заңи маңызға ие емес.

Сот тәжірибесінде аффект, онан соң, сол аффектінің әсерінен орын алатын қылмыс жәбірленушінің кінәліні мазақтауының, қорлауының, күш қолдануының артынан ғана емес, біраз уақыт өткеннен соң, айыптыға қарсы жәбірленуші заңға қайшы немесе адамгершілікке жат жасаған қылығы мәлім болған кезде, яғни, айыпты жәбірленушінің бұл қылығын жан-тәнімен түйсінген кезде тууы мүмкін. Мұндай жағдаймен сипатталатын қылмыс, айыпты адам жәбірленушінің бұл әрекеттерін үшінші тұлға арқылы немесе жәбірленушінің мазақтауы мен қорлануының құрбаны болған тұлға арқылы білген кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларға баға берген кезде аффект ахуалы аадм миының осы сезімдерге сәйкес қызмет ететін құрылымын тітіркендіруші талшықтарынан туатынын ұмытпаған жөн. Жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жат қылығымен бірге, ол туралы алынған ақпараттар да жүйкені тітіркендіруші болып табылады. ҚР ҚК 88 бабын біліктеуде, әсіресе, айыпты мен жәбірленушінің арасында болған қақтығыстың, ұрыс-керістің арты қылмысқа әкеліп соқтырғанын дұрыс біліктеу үшін осы қақтығыстың, ұрыс-керістің тууына себеп болған адамды анықтау қажет. Егер осы қақтығысқа, дау-дамай, ұрыс-керіс,  төбелеске айыпты себепші болса, жәбірленушінің мұндай ахуалда қарсы жасаған әрекеті 98 баппен көзделген аффекті жағдайына әкелетін заңға қайшы әрекет деп біліктеуге лайықты деп табылмайды. Мұндай жағдайдағы жәбірленушінің әрекеті «ақталатын» аффекті емес және ҚР  Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен талап етілетін бірден-бір тікелей себеп ретінде қарастырылмайды. Осыған байланысты, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер алқасының Әуезов аудандық сотының үкімін бұзуы әділетті деп табылады. Н. Және С. Арасындағы ұрысқа кімнің себеп болғанын анықтамағаны себепті соттың үкімі бұзылды. Істің материалдарынан анықталғаны жәбірленуші Н. бірінші болып С.-қа қарсы пышақ алып ұмтылмаған. Ал, С. «Н.-ның қолынан Н.-ның өзі әкелген пышағын тартып алып, осы пышақты Н.-ның көкірегінің тұсына үш рет тыққан,… осылай жәбірленушіні өлтірген³». Бұл жағдайда, аудандық сот ұрыстың осылай шиеленісуіне ұрысқа қатысушылардың қайсысының негізгі себепші екенін анықтамаған. Үкім шығаруда заңды қолданудағы осындай олқылық бұл үкімнің бұзылуына негізгі дәйек.

Жәбірленушінің заңға қарсы теріс қылығына айыптының жауап ретіндегі қарсы әрекетінің туу уақытын қарастырған жөн. қылмыстық құқық теориясында аффект ахуалындағы қылмыс кездейсоқ, осы әрекетті туғызатын жағдайға қарсы

_____________________

 

3Қар.: Алматы облыстық сотының мұрағаты 2006 жыл., №22-2098-06 қылмыстық іс.

жасалады деп есептеледі. Айыптының қарсы қылығын мұндай жағдайда жәбірленушінің теріс қылығына жасаған қарсы жауабы деп табуға болады.

Аффектіні туғызатын мән-жайлар мен қылмыстық әрекеттің арасында өтетін уақыт ҚазақССР 105 бабын қолдануды жоққа шығарады (ҚазақССР 105 бабын ҚР ҚК 98 бабына сәйкес)4. Алайда, жоғарыда айтып өткендей, тәжірибеде айыптының жәбірленушіні өлтірмесбұрын басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыратыны анықталған. Мұндай әрекеттердің қылмыстық-құқұқтық маңыздылығы туралы ғалымдардың пікірлері әрқалай. Кейбір криминалистер айыптының жәбірленушіні өлтіргенге дейін белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруы айыптының аффекті ахуалында болмағанын, сол себепті ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабына сәйкес біліктелуін жоққо шығарады5. В:В.Сидоров бұл туралы басқа пікірді ұсынады. Айыптының қылмысты тікелей жүзеге асырғанға дейін белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруы аффектіге, одан соң адам өлтіруге дейін біраз уақыт өтеді; мұндай жағдайда, аса ұзақ уақытты алмайтын, ал қылмыс аффект ахуалында жасалатын уақыт ішінде ойластырылып, орындалуы (бірнеше минуттан аспайтын) керек6  

Жалпы ережелер бойынша, осылайша, аффект жағдайында адам өлтіру жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жат қылығына қарсы (тікелей) жауап ретіндегі әрекет. Алайда, айыптының жәбірленушіні көрсеткен әрекетке қарсы біраз уақыт өткеннен соң ғана баруы аффекті ахуалын жоққа шығармайды.   

Жәбірленушінің өзін ренжіткені үшін айыптының оны өлтіргенге дейінгі іс-әрекеті аффектінің жоқтығын білдірмейді. Мысалы, В. Және К.-ның ұрысып қалуының нәтижесінде, жәбірленуші К. В.-ның намысына тиіп, қорлайды, В. оған

жауап ретінде К.-ның бетінен жұдырықпен соғады. «Осыдан соң В. көрші бөлмеге жүгіріп барып, шифонердің артында тұрған «Иж-57» деген аңшы қрауын алып, залға қайта кіріп келеді. Осы кезде жәбірленуші К.-ның тарабынан көрсетілген

_____________________

4Қар.: ҚР Жоғарғы Сотының бюллетені, 1998.-№2.-6Б. КСРО Жоғарғы Сотының бюллетені 1974.-№1.-9Б.

5Қар.: Шаргородскйй М.Д. Жеке тұлғаға жасалған қылмысқа жауапкершілік.-Л., 1953.-28 Б.28.

 6Қар.: В.В. Сидоров. Жұм. Жарғы. 54 Б.

зорлыққа қарсы аффекті халіндегі В. қаруды К.-ның ішіне тақап, өлтіру мақсатында оны атып жібереді»7. Осы мысалдан көретініміздей, К.-ны өлтірмес бұрын В. бірнеше әрекеттер жасаған (көрші бөлмеге барған, қаруды алған, қарумен қайтып оралған т.б.), бірақ, бұл әрекеттердің барлығын В. К.-ның өзіне көрсеткен зорлығына қарсы аффект халінде жасаған.

Қарастырылып отырған қылмыстық істер бойынша қылмыстың болған орнын, уақытын, әрекетін, құралын, қылмысты жасау жағдайын анықтау, объективті тараптың міндетті сипаттарынан басқа (қылмыстық әрекет, қылмыстың нәтижесі, олардың арасындағы себепті байланыс) ерекше дәлелдік мінездемеге ие. Қарастырылып отырған санаттағы әрбір іс бойынша бұл мән-жайлардың жан-жақты және толық талдануы осы қылмыстың заңды маңызының болуын анықтауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, айыптының аффектілік халін, немесе, керісінше, мұндай ахуалдың болуын жоққа шығаруға мүмкіндік береді.

Осы санат бойынша қылмыстық істерді талдау көрсеткендей, аффект ахуалында адам өлтіруде қылмыстық әрекетті жасаудың «өзіндік» белгілі бі орындары бар. Мұндай қылмыс айыптының немесе жәбірленушінің тұрғылықты мекен-жайында, немесе олардың таныс, туыстарының мекен-жайында жасалады. Мұндай мән-жайлар осы өлімнің жанұялық-тұрмыстық саладағы әлеуметтік болмысынан шығады. Басқаша айтар болсақ, адамдардың өзара қарым-қатынасының тұлғалақ саласы субъектілерге жеке қарым-қатынастарды және олардың арасында туа қалған дау-дамайды шешу орнына меңзейді. Мұндай қылмыс түрлерін қоғамдық орындарда жүзеге асыру тән емес.

Қылмыс түрінің осы санаты бойынша қылмыстық істерді талдау, аффект жағдайында жасалатын адам өлтіру қылмысы көбіне кешкі және түнгі уақытта, мереке алдында немесе мереке күндері, жалақы алу немесе туған күн қарсаында жүзеге асатынын көрсетеді.

Айыптының аффект ахуалын анықтауда жәбірленушіні өлтіруді белгілі мән-

_____________________

7Қар.: Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының мұрағаты 2006 жыл. №22-66-06 қылмыстық іс.

жайларының мәні зор. Осыған дейін бірнеше рет айтып кеткеніміздей, аффект қылмыс құрамының конструктивті бөлігі ретінде ұрыс-керіс, қақтығыс, дау-дамайдан шығады. өріс алған мұндай ұрыс-керіс барысында жәбірленушінің заңсыз жасаған, адамгершілікке жат әрекеттерінің маңызы зор. Қан қызбалығы

әбден шапшыпкөтерілген, психикасы бұзылып, жанын ашу кернеген осындай афект ахуалында қылмыстық әрекетке жол беріледі.

Қылмыстық іс-әрекетке бару құралы немесе оның бұйымы ретінде адам өлтіруге рнайы көзделмеген, тұрмыстық құрал-жабдықтар, атап айтқанда: пышақ

(оқиғаның 35%, олардың ішінде: ұсталық — 18%, асханалық — 11%, етік жөндеуге

арналған — 4%, темір қалбырларды ашуға арналған — 2%, біз — 2%), аңшы қаруы — 2%, сондай-ақ, балта, ашқыш, тас, таяқ, галстук, шалбар белдігі, әртүрлі темір бұйымдары пайдаланылады. Осы оқиғалардың жартысынан көбісінде айыпты қолындағы кез-келген бұйыммен қылмыстық әрекетке барғаны анықталған, оқиғаның 13% — жәбірленушінің қолынан тартып алған, қалған жағдайларда қылмыс кез-келген, қолына түскен нәрсемен жасалған. Мұндай мәліметтер айыптыны қаруды қолдану сипаты мен әрекеті басқа да объективті әрекеттермен қатар айыптының психикалық халін және аффект ахуалын өзіндік дәлелдеуші себептер ретінде көрсетіледі.

 

2.3. Қылмыстың субъективті жағы

Зерттеліп отырған қылмыстың объективті жағымен қоса, аффекті қылмыстың субъективті жағынан да әсер етеді. Қарастырылып отырған жағдайларда аффект қылмыстың субъективтік жағының жалпы маңызын, сипатын және басқа ерекшеліктерін, сондай-ақ, оның себебі, мақсаты және ниеті сынды құрамдас бөліктерін анықтайды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен көзделген қылмыстық кінәнің маңызы мен деңгейі жәбірленушінің теріс әрекетінен (әрекетсіздігінен) туындаған аффект ахуалы көбіне айыптының барлық іс-әрекетіне ықпал ететіндіктен, айыптының аффекті ахуалының туындау сәтіндегі ерекшеліктерімен шартталады және оның қылмыстық ниетін, сипатын, ерекшеліктерін іске асырғанаға дейінгі орын алған дайлы жағдайдың ерекшелігіне байланысты болады. өлтірудің нысаналау аффект халімен тығыз байланысты, бұл қылмыстық құқықтық теориясында «аффект ахуалы» деп атауға негіз болды. Соңғы әрекет аффект ахуалында орын алады, демек, кездейсоқ жасалады. Аффект ахуалының кездейсоқ туатыны секілді қылмыс та кездейсоқ туады және дереу жасалады – «лезде» немесе «сол сәтте» болмаса да, аффект халінде, сол аффект халінен аылғанша жүзеге асырылады. Осылайша, аффект халі қылмыстық ниеттің қалыптасуын және оның жүзеге асуын сүйемелдейді. Қылмыс жасаудың себебі мен ниетінің қалыптасуы әрдайым кездейсоқ, жылдам, денені лезде билеп алатын аффект ахуалындай көзді-ашып жұмған сәтте болмаса да, міндетті түрде жәбірленушінің заңсыз  және адамгершілікке жат әрекетін іле бере іске асады. Айыптының психологиялық әрекеті (мотивациясы, мақсатты таңдау әрекеті, шешім қабылдауы) мұндай жағдайда ешқандай «салқынқанды қасақана ниеттен немесе дайындықтың салдарынан» болмайды. Я. Костарчук-Грушкова айтатынындай «ниетті әрекет» сақынқанды ниеттің нәтижесі емес, ал, «іс жүзіндегі әрекет» сөзсіз, қатты толқудың салдарынан болады8. Алдын-ала ойластырылған өлімнің

артында болжамды аффект жасырынып жататын болса, мұндай қылмыс ҚР

Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен біліктелмейді. Аффект ниетінің 

айрықшалықты ерекшелігі, ол үздіксіз, шарықтаған шегіне жеткен сезімге бой алдырудың нәтижесінде болады және мәжбүрлік сипатқа ие. Сананы өзгерте отыра және айыпты тұлғаның ерік-күшін күрт сындыра отыра, аффект, сыртқы себептердің ықпалына және даулы жағдайға өзіндік қарсы сезім ретінде пайда болып, оны шешуге және оған қарсы әрекет етуге «мәжбүрлейді».

Аффект жағдайында жасаған қылмыстық әрекеттің жауапкершілігін

_____________________

Қар.: Сидоров В.В. Жұм. Жарғысы.-76 Б.

жұмсартуға өзін-өзі бақылаудың әлсіреуінен, түйсінудің шектелуінен туған аффект жағдайы негіз болады. Бұл ретте, аффект ниеті мән-жайларды жұмсартуға өзінен-өзі, өз бетінше емес, «ақталатын» аффект ахуалында ойластырылып, орындалған қылмыстың субъективті тарабының бөлшегі ретінде негіз болады. Осылайша, бұл ниеттің аффектілік сипаты және оған әкеліп соқтырған мән-жайлар шешуші маңызға ие.

Қылмыстық құқық теориясында тікелей аффект ықпалында туындаған ниеттің айрықша табиғаты туралы түрлі деректер мен бағыттар жоқ. Қарастырылып отырған адам өлімінің аффект ниетінде жасалатыны туралы ережелер әдебиетте жалпылама танылған. Алайда, аффект жағдайында  жасалатын өлімге қандай ниет тән деген сұраққа қылмыстық-құқықтық әдебиетте әлі күнге дейін жауап жоқ, себебі, бұл жайында ғалымдардың пікірі әрқалай және әрбір бағыт психологиялық көзқарас бойынша жеткілікті деңгейде дәлелденген.

Аффект ахуалында жасалатын өлім тікелей немесе қосымша ниетте жасалатыны туралы пікілер әрқалай болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі барлық бағытты негізгі 4 бағытқа жатқызуға болады.

Бірінші пікірді ұстанатын авторлар аффект халіндегі өлім тікелей аффект ниетінде жүзеге асырылады дейді. Бұл пікірді ұстанатын ғалымдардың қатарына В.В.Сидоровты жатқызамыз. Оның пікірі бойынша «айыпты аффект ахуалында өзінің әрекетінің қоғамға қауіп төндіретінін түсінеді, белгілі бір әрекетке бару үшін ол ерік-күшін жұмсап, жәбірленушіге тигізетін зиянын түсініп қана қоймайды, сондай-ақ, оған бар жан-тәнімен зиян тигізуді қалайды. Олай болмаса, аффект халінде қылмыс жасаушы тұлғаның қылығын түсіндіре қою қиын. Алайда, бұл зиян жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына нұқсан келтіруге бағытталған түпкілікті нәтижеге қатысты нақты берілмейді». Сидоров мұндай жағдайда аффект ниеті тікелей, беймәлім немесе нақтыланбаған ниет сипатына ие деп санайды9.

_____________________

9Қар.: Сидоров Б.В. Жұм. Жарғысы 78-79 Б.

Екінші пікірге жүгінуші авторлар бірінші пікірге түбегейлі қарсы, қарастыылып отырған адам өлімін тікелей де, сондай-ақ, жанама да ниетпен жасауға болады деп санайды. Мұндай пікірді В.И.Ткаченко10, Т.Ткаченко11

ұстанады. Мысалы, В.И.Ткаченко «мақсат етіп, оны ойлай оны қалау секілді ерік –күш үрдісінің  құрамдас бөлігі болып табылады.

Егер әрекет жасағанда адам ойында мақсатты елестету болмаса, әрекет тікелей ниетте жасалмайды. Сонымен бірге, аффект жағдайында сана шектеледі. Адам өз әрекетіне нашар жауап береді. Егер ол өз әрекетіне әзер жауап беретін болса, ал, әрекетінің соңынан туатын салдарына жауап беретін халі тіпті шамалы. Әрине, әрекетінің салдарын әзер ұғынатын жанның әрекетінің жүзеге аспағаны жөн. Мұнан көретініміз, 98 баппен көзделген қылмыс тек жанама ниетте ғана жасалады деп есептеген жөн».

Үшінші бағытты аффект жағдайында өлім тікелей және жанама ниетте жасалады деген пікірді ұстанатын ғалымдар құрайды. Бұл пікір аса кең таралған пікір болып саналады. Бұл пікірді Ресейдің Қылмыстық Құқы бойынша А.И.Рагордың мәтінімен жазылған жаңа оқулықтың авторлары ұстанады12. Қарастырылып отырған өлімнің белгілі бір ниетке сай жүзеге асырылуы мүмкіндігі ҚР Қылмыстық Кодексінің  Комментарийінде (1993 ж.)13 айтылған. С.В.Бородин14  де осындай пікірде. Осы мәселе бойынша мұндай көзқарас, жалпы ресми болып табылады.

Аффект халіндегі адам өліміне апаратын әрекет туралы соңғы бағыт төмендегідей мағынаға ие. Айыптының өзінің әрекетіне деген қатынасы, жәбірленушінің дене зақымына алып келетін мақсаттағы тікелей ниетіне байланысты жүзеге асады. Бұл, аффекті ахуалындағы айыпты «өзін ренжітушіні»

_____________________

10Қар.: В.И.Ткаченко. қатты толқу үстіндегі адам өлтіруді және денеге зақым келтіруді біліктеу. Криминалистика мәселелері, 1964.-№12.-49 Б.

11Қар.: Т.Ткаченко. Аффект жағдайында жасалған адам өмірі мен оның денсаулығына қарсы жасалған қылмысқа жауапкершілік. Заңнама, 1996ж.-№7.-31 Б.

12Қар.: Ресей Қылмыстық Құқы. Ерекше бөлім: Проф. А.И.Рагордың мәтін. Оқулығы- М., Триада Лтд,- 1996.-30 Б.

13Қар.: ҚР ҚК Комментарий. Ю.И.Скуратов,В.М.Лебедев,жаупты ред.-М., Норма.-1996ж.-213 Б.

15Қар.: Бородин С.В. Адам өліміне жауапкершілік ҚР құқы бойынша біліктілік және жазалау.-М., Заңгер.-1994ж.-19 Б.

қайткен күнде де жазалау нниетінде әрекет етеді. Мұндай жағдайда айыпты өзінің

мақсатын орындау үшін айтарлықтай кедергілерді жеңуі тиіс – ол қайткен күнде жәбірленушіге зиян келтіріп, одан кегін алуы керек. Қатты толқу үстінде аффект жағдайындағы айыпты белгілі күрт «әрекетпен серпілуі» тиіс, дәл осы сәтте айыпты жәбірленушіге қандай зиян келтіретіні туралы анық ойламайды, ал оның соңы не болатынын тіпті ойлайтындай халде емес. Оның әрекеті «аффектілік серпілісте», айыпты ойына алған ниетін іске асыру арқылы жеңілдеп, өзін ренжіткен адамды соққылып, оған қарсы әрекетпен жауап қайтарып, ләззат алғысы келеді. Басқаша айтар болсақ, жәбірленушіге залал келтіру арқылы айыпты аффект халінде өзін ренжіткен адамнан кегін алып, жанының жай тапқанын қалайды, ол сол сәтте бойын билеп алған «залымдықтан» басқа ештеңені ойламайды, тек кек алуды ғана ойлайды. Мұндай жағдай айыптының жаны залымдық пен ашу-ызаға толы болады.

Алайда, айыпты өзінің әрекетінің соңы неге апаратыны еш ойламайды. Ол өзінің әрекетінің сипатына, ашу-ыза үстінде өзін ренжіткен адамға қатысты қандай әрекетке барғанына жауап бере алмайды, ал, бұл әрекетінің соңының неге апарып соқтыратыны  туралы тіпті ойлайтын жағдайда емес. Аффект жағдайында айыпты кейін не болатынын еш ойламайды, ол ең бастысы өзін ренжіткен адамға қарсы соққы беруді, одан кегін алуды, оған қарсы соққы беруді ғана ойлайды. Жәбірленушінің өлгенін мақсат етіп тұту мүмкіндігі туралы айту дұрыс бола

қоймас еді. Сондықтан да, әрекетінің салдарына қатысты айыптының ниеті

жанама деп айтқан жөн болар еді. Бұл мәселе туралы Н.В.Лысак та осындай пікірде. Ол «аффект ахуалының әсері, оның ықпалынан жасалатын іс-әрекет, айыпты көбінесе өзінің іс-әрекетіне салдарын көру қабілетінен жұрдай болады. Оның санасы тек іс-әрекетке бағытталады, ал сол іс-әрекетінің салдарын ойламайды, оған бәрібір. Айыптының бар ойы өзін ренжіткен адамды өлтіріп, нәтижеге жету емес одан кек алу, оған қарсы әрекет ету»15

_____________________

15Қар.: Лысак Н.В. Жұм. жарғысы 11 Б.

Айыптының жәбірленушіні өлтіру мақсатын көздемейтінін айыптының көбіне аффект жағдайынан арылған кездегі ахуалы куәландырады. Мұндай жағдайда, қылмыс жасаған тұлға өкініштен өзегі өртеніп, жаны қиналып, терең уайым-қайғыға батады. Мысалы, кейбір деректер бойынша айыпты ҚР ҚК 98 бабымен көзделген қылмысты жасағаннан кейін болған оқиғаның жәбірленушіні аяу сезіміне ұласатынын (30%), оған көмек бермек болып талпынатынын (26%), болған оқиға туралы милиция органына хабарлайтынын (29%) немесе қорқыныш пен үрей сезімінен, не болғанына есеп бермей, оқиға болған жерден тұра қашқанын (50% астам) т.б.16  көрсетеді.

Алайда, егер айыпты жәбірленушіні өлтіргісі келсе, осы мақсатқа, аффект халінде ұмтылса, ол жәбірленушіні өлтіргеннен кейін, іс-әрекетін аяқтағаннан соң жәбірленушіні құтқаруға тырыспас еді, болған нәрсеге өкінбес еді.

Осылайша, аффект халінде адам өлтіру жанама ниетке ие, себебі, нақ осы ниет түрі айыптының жәбірленушінің лімі түріндегі салдарына оның қатынасын анықтайды: айыпты қылмыстық іс-әрекетінің салдарын ойлағысы келмейді, оған бәрібір.

Айыптының психикалық ахуалы қылмыс жасалу кезіндегі ниетіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, аффект өлімінің мотиві мен мақсатын да анықтайды.

Қарастырылып отырған қылмыстың мотиві кездейсоқ, тұрақсыз, шапшаң сипатқа ие. Айыптының оны түйсіну барысы астарлы, даулы жағдайды бейнелейтін, оның сұранысымен шектеулі. Мұндай жағдайдағы мотив кездейсоқ пайда болып, сол сәтте оның қарқыны мен іске асуына айтарлықтай ықпалын тигізетін ниет туады.

Аффект жағдайындағы адам өлтірудің басым мотиві «өзін жәбірлеген, ренжіткен, қорлаған адамға қасақана залымдық жасау» болып табылады17.

_____________________

16Қар.: Сидоров В.В. Жұм. Жарғысы 84 Б.

17Қар.: Орыс тілінің сөздігі. Д.Н.Ушаковтың мәтіні.-2Т. – М., 1938.-193 Б.       

Кек алу мотиві айыпты мен жәбірленушінің арасында орын алған даулы жағдайдан өршиді, ол дауды дұрыс шеше алмаудың нәтижесінен туады. Бұл мотив сыртқы салдардың әсерінен туындайды, бірақ, бұл себеп, адамның әрекетінің мотві болып табылмайды. Алайда, кек алу мотві қызбалықтан туғанымен, қарастырылып отырған жағдайда ол кешірімді сипатқа ие, себебі ол жәбірленушінің бұрыс әрекетінен, оның салдарынан туған аффект жағдайымен түсіндіріледі.

Мұндай жағдайда айыптының ахуалының құқықтық және психологиялық маңызы айрықша. Оның психологиялық болмысы ерекше және писхология

ғылымында мұндай жағдайда «физиологиялық аффекті» деп атаймыз. Қылмыстық істердің қарастырылып отырған санатындағы аффекті ұғымы негізгі ұғым болып табылады, себебі, нақ осы эмоциялық ахуал айыптының интеллектуалдық және ерік-күштік сезімдік жағдайына бағыт береді, сонымен қатар, соңғысының қылмыс жасау үстіндегі мотивін, мақсатын, ниетін айшықтайды. Сол себепті де, қылмыс жасау кезіндегі аффект жағдайын анықтау осы санаттағы істер бойынша шешуші маңызға ие.

Адамның басқа да әрқилы психикалық жай-күйі іспетті қатты толқу үстіндегі аффект ахуалы адамның сыртқы іс-әрекетіне де тән. Аффекті күйіндегі адамның сыртқы келбетіне де белгілі бір сипат тән, психологтар бұл жадайды жеткілікті деңгейде зерттей білген. Дәл осы себептерге байланысты айыптының адам өлтіру үстіндегі аффектілік жай-күйін анықтау үшін мамандардың атап айтқанда, психологтарың көмегіне жүгінеміз. Аффект – психологиялық санат, оның күрделі жағдайларға байланысты диогностикасы аффектілік халдің туындауын, дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым өкілдерінің ғана қолынан келеді. Аффектінің ықпалынан болатын қылмыстық әрекеттер, сонымен қатар, оның тууына алып келетін айрықша себептері мен шарттарына ие (оларға: аффектогендік жағдай, айыптының жеке басының ерекшеліктері, оның аффектілік қызбалыққа  бейімділігі жатады). Осы қасиеттердің барлығының негізінде білікті баға  беру арнайы психологиялық ілімді қолдануды талап етеді, сондықтан да, аффекті жағдайын ғылыми негізделген түрде талдау сот-психологиялық сараптаманың міндеті. Осы себепті, қарастырылып отырған санаттағы істер бойынша сот-психиатриялық емес, сот-психологиялық сараптама жүргізген дұрыс, себебі, психиатриядан айырмашылығы, психология – адамның сау психикасын зерттейді. Алайда, тергеу органдарында немесе сотта айыптының психикасына байланысты қандай да бір күдік-күмән бар болатын болса немесе айыптының психикасында қандай да бір ауытқушылықтар болған жағдайда, бұл қылмыстық іс бойынша айыптының жеке тұлғасына қатысты кешендік психолого-психиатриялық сараптама жүргізген дұрыс.

 

2.4. Аффект жағдайында жасалған қылмыс субъектісі

Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасауы себепті қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын тұлға кез келген қылмыстың, сонымен бірге, аффект халінде адам өлтіудің субъектісі болып табылады.

Қылмыс субъектісі мынадай сипаттарға ие болуы тиіс:

  • тек жеке тұлға ғана, яғни, адам ғана субъекті болады;
  • жүйкесі сау адам;
  • Заңмен белгіленген жасқа жеткен тұлға. Қылмыстың барлық

субъектілерінің бұл анағұрлым маңызды және негізгі сипаттары қылмыстың жалпы субъектісінің ғылыми ұғымын құрайды.субъектінің мұндай жалпы сипаттары қылмыстың барлық құрамдас бөліктеріне міндетті және кез келген қылмыстық жазалау іс-әрекетін біліктеуге қажетті болып табылады.

ҚР Қылмыстық Коддексінің 98 бабымен көзделген қылмыс субъектілері осындай сипаттарға ие болуы тиіс.

Аффектілік халде қылмыс жасау жауапкершілігі заңмен 16 жас деп белгіленген18, ҚазақССР-ның бұрынғы Қылмыстық Кодексі бойынша мұндай

_____________________ 

18Қар.: ҚР Қылмыстық Кодексі

қылмысқа 14 жастан бастап жауапкершілікті болатын.

Қарастырылып отырған қылмыстың анағұрлым маңызды сипаты айыптының есті болу санаты. ҚР қылмыстық құқы бойынша ақыл-есті адам ғана жауапкершілікке тартылады және жазаланады.

Есті адам қылмыс ітеу үстінде өзінің іс-әректін түйсініп, әрекетіне жетекшілік ете алады.

Ақыл-есіне нұқсан келген тұлға қоғамға қауіпті әрекет жасау үстінде оның сипатына баға бере алмайды және әректінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігіне бағалай алмайды, психикалық халінің зардап шегуі себепті, немесе ақыл-есінің кемшілігі, жүйкесінің уақытша жұқауы немесе психикалық дертінің кесірінен ол өзінің әрекетіне жетекшілік ете алмайды. Мұндай тұлға заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды19 .

Жеке тұлға физиологиялық аффектінің әсерінен қылмыс жасайтындықтан, аффект психиканың уақытша бұзылуы болып табылмайды, афект ахуалы қалыпты психикалық барыстың психологиялық даму заңына сай жүреді және сананың шектелуіне патологиялық емес, физиологиялық механизміне сай жүеді; ол тұлғаның ақыл-естілігін де жоққа шығармайды. Сондықтан да, аффект халіне адам өлтіруші тұлғаны міндетті түрде ақыл есінен айрылған тұлға деп таныған дұрыс емес, ол қылмыстық іс-әрекетіне қарай жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Алайда, аффект жағдайындағы адам өлтірушіні ақыл-есі орнында деп тану үшін аффектінің табиғатын терең зерттеу керек. Аффектінің маңызды және басты сипаттамаларының бірі оның адамның өзінің іс-әрекетін түйсініп, жетекшілік ету қабілетіне ықпал етуін зерттеу болып табылады. Аффектілік жағдайда сана шектеліп, ол аффект сезіміне бой алдырады. Аффектілік халде жасалатын іс-әрекет сипаты туралы да осыны айтуға болады. Мұндай іс-әрекеттер жүйесіз, аласұрған сезімнің әсерінен жүзеге асады, бейтәртіпте,

_____________________

19Қар.: ҚР Қылмыстық Кодексі

ретсіз «адам бұл қылмыстық іс-әрекеттерді жанұшыра, аласұра орындайды», «адамның санасынан емес, сезімінен шығады» жүреді»20. Адам бұл әрекетке автоматтық серпіліс күйінде, аффект қысымымен, ерік-күшінен тыс, санасын бақыламастан орындайды. Аффект халіндегі іс-әрекет көбіне санасыз, түйсіксіз, тым қызу сезіммен жүзеге асырылады.

Мұнан көретініміз, аффект жағдайында адам өлтіруші тұлға өзінің іс-әрекетіне есеп берместен, іс-әрекетіне жетекшілік етпестен қимылдайды. Айыптының осындай қылмыс жасау үстінде санасының шектелуінің кесірінен өзінің нақ осы сәттегі іс-қимылының қоғамға қаншалықты қауіпті екенін пайымдамайды. Аффект қысымы көтерілген кезде айыптының ойлау қабілеті тежеліп, керісінше, теріс әрекетінің қарқыны үдей түседі. Мұндай күйде ол қалыпты, сергек кезде еш ойламайтын шешім қабылдауға бейімдігі күшейіп, осындай аффект күйінде қылмысты оңай жасайды.

Осы мән-жайлардың негізінде, айыпты тұлғаны қарастырылып отырған қылмысты жасауда заң талап ететіндей, саналы тұлға деп айтатындай дәрежеде болмайды.

Айрықша аралық психикалық халдегі аффект жағдайындағы айыпты тұлға қылмыс жасау үстіндегі өзінің іс-әрекеті есеп бере алмайтындай, оның салдарларын тіпті ойлай алмайтын, іс-әрекеттің салдарына жетекшілік ету ахуалы тым нашарлайтын аралық психикалық халге түсетіні белгілі. Заңи және психологиялық әдебиетте адам психикасының мұндай ахуалын ойлау қабілеті шектеулі (ішінара немесе төмендетілген) деп айтуға болады.

Осындай күйде, ақыл-есі кірелі-шығалы аралық сипатқа ие аффект жағдайындағы тұлға да, қылмысқа 16 жасында барған жеткіншек тұлға да, адам өлтіру қылмысының субъекті болып табыла алады. Осыған байланысты, «сананың шектеулі» ұғымын зерттелетін қылмыс құрамына қарай заңды деңгейде қолданған жөн болар еді.

_____________________

20Қар.: Ситковская О.Д. Аффектіні сот-психологиялық сараптамасы.-М., 1983.-23 Б.

Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың барлық құрамдарына тән қылмыс субъектісінің сипаттарын ғана емес, жазалануы тиіс нақты қылмыстық іс-әрекет жасаған, қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін де зерттейді. Қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу нақты қылмыскердің себептері мен салдарларын тереңірек ұғынуға көмектеседі.

Аффект халіндегі адамның мінез-қылығы оған тән бола қоймаса да, алайда, оның бойынан кейде оның жеке тұлғасы, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тән ерекшеліктері көрініп жатады.

Даулы жағдай, оның әсерінен орын алған аффекті орасан күшті эмоциялық қуаттың ғана емес, оның соқыр «күшінің» ерік алуына, сонымен қатар, кейбір жасырын кері қасиеттері мен жеке тұлғасының ерекшеліктерінің бақылаудан тыс, адамилық және әлеуметтік сипатты жүйесімен сүйемелделетін, өзіндік қоздырғыш ретінде әрекет етеді.

Әдетте, аффект жағдайында адам өлтіру іс-әрекетіне барған тұлғаның бойынан оның қалыпты кездегі мінезінен аса байқала бермейтін қасиетке ие. Алайда, аффект қысымының әсерінен оның бұл ерекшелікті қасиеттері айқын көріне түседі. Оларға мынадай мінез-қылықтарды жатқызамыз: кекшілдік, қаталдық, менменшілдік, өзімшілдік, дау-дамайды күш көрсетумен шешу, өін-өзі ұстай алмау, қызбалық т.б.

Психологиялық әдебиетте адамның даулы жағдайдағы мынадай негізгі мінездері айрықшаланады:

  • «қызба», бұл тип аса қызбалықпен, шамшылдықпен, жоғары қысымдылықпен сипатталады;
  • «қорқақ», ол оқиғаның барысынан өзін алып қашуға ұмтылумен бейнеленеді;
  • «тежеу», іс-әрекетінің толық тежелуімен сипатталады;
  • «бақылаудан тыс, озбырлық», сезімі тұрақсыз, іс-әрекеті аласұрған күйде, санасыз, бақылаудан тыс, озбыр әрекетке бейім. Мұндай тип өзіне өзі бақылау жасай алмайтын, көпшілік адамдар бейтарап қатынаста болатын, айналасындағы оқиғаларға озбыр қатынас жасаумен айрықшаланады. Мұндай тұлғалар өзін-өзі бақылау сезімі қатты дамыған адамдарға қарағанда, өзін бақылау қабілетінің тұрақсыз, төмендеу болуы себепті, қатты кездейсоқ тітіргендіргіштің ықпалымен әрекет етеді.

Озбырлық – бақылаудан тыс мінезге аффектілік адам өлтіруге барған тұлғаларды жатқызуға болады.

Алайда, көбіне, қылмыскердің жеке тұлғасының аталып өткен кері қасиеттері аффект жағдайында адам өлтірген көптеген қылмыскерлерге  тән емес. Зерттеліп отырған санаттағы қылмыстық істерді зерттеуден көретініміздей, негізінен – бұл мінезі жағымды жандар болып келеді.

Қылмыскердің жеке тұлғасын зерттейтін криминология  ғылымында «кездейсоқ қылмыскер» деп аталатын қылмыскерлердің түрі айрықша қарастырылады. Ғалымдар мұндай қылмыстық санаттағы тұлғалардың болмысын әрқалай анықтайды. Алайда, бұл мәселемен соңғы жылдары Филимонов В.Д. тереңірек айналысып, кездейсоқ қылмыскер – «бұл өзінің мінезіне жат, өткен оқиғалардың санасына уақытша белсенді орнауының ықпалынан, немесе мән-жайлардың кездейсоқ өзгеруінің ықпалынан, өмірінің күрт нашарлауының, келеңсіз оқиғалардың ұзақ уақыт орын алуының әсерінен қылмысқа барған тұлғалар»21 деп атап өтеді.

Кездейсоқ қылмыскерлер санатының болуын психологтар да мойындайды. Мысалы Ковалев А.Г. криминалдық әрекеттің ықпал етіп, жұғуы деңгейін негізге ала отыра, үш қылмыс тобын атап өтеді: жаһандық, парциалдық, криминалдық қылмыс алды. Бұл ретте, ол қылмыс жасаған қылмыскерлердің барлығының осы аталған топтарға кіре бермейтінін атап өтеді. Қылмыс мән-жайлардың салдарынан жасалып жатады. Мұндай қылмыс

_____________________

21Қар.: Филимонов В.Д. Жекеленген қылмыскерлер санатының қоғамға қауіптілігі және оның қылмыстық-құқықтық маңызы.-Томск., ТМУ.-1973.-97 Б.

түрлері «әлеуметтік қауіпті және жазаланатын болғанымен, мұндай қылмысқа барған жандарды қылмысты топқа жатқызу аса дұрыс болмас еді»22.

Алайда, кездейсоқ қылмыскерді дұрыс анықтауда адамның санасын емес, объективті жағдайда және осы жағдайдың кінәлінің мінез-қылығына әсер етуін негіз етіп алатын анықтаулар анағұрлым дұрыс болған болар еді. Мұндай анықтауларды Лейкин Н.С., Дагель П.С. өз жұмыстарында береді. Олар мән-жайлардың кездейсоқ келеңсіз орын алуынан және тым даулы жағдайда жасалатын іс-әрекетке бару арқылы қылмыс жасайтын қылмыс иелерін кездейсоқ қылмыскерлер санатына жатқызады23.

Жоғарыда аталған мән-жайлардың негізі, аффект жағдайында адам өлтіруге барған тұлғаларды кездейсоқ қылмыскерлер санатына жатқызуға болатынын көрсетеді.

Өз кезегінде, кездейсоқ қылмыскерлер озбыр және намысқой болып бөлінеді.

Кездейсоқ озбыр қылмыскерлерге санасы адамдарға қарсы тұрақты антисоциалды қондырғыларға ие емес, келеңсіз жағдайдың нәтижесінде әрекет етуші қылмыскерлерді жатқызамыз.

Кездейсоқ озбырлардың ішінен аффект жағдайында қылмыс жасайтын кездейсоқ қылмыскерлер айрықшаланады. Қылмыскерлердің бұл санаты өзін-өзі ұстай алмайтын, сыртқы тітіркендіргіштерге тым сезімтал келетін, сыртқы жағдайларға әрқалай қарайтын қылмыскерлер. Өзінің сезіміне бой алдырып алатын, бұл адамдар кейін өздері қатты өкінетін қылмыстарға барып жатады. Аффекті жағдайында жасалатын көптеген қылмыстар осы адамдарға «тән»24.

Кездейсоқ емес қылмыскерлер де өздерін өздері ұстау қасиетіне ие

болмай жатады. Алайда, олардың соңғылары өзін ұстағылары келмейді,

_____________________

22Қар.: Ковалев А.Г. Құқық бұзушыларды түзетудің психологиялық негіздері.-М., 1968.-51 Б.

23Қар.: Дагель П.С. Кеңес Қылмыстық Кодексіндегі қылмыскердің жеке тұлғасы туралы ілім.-Владивосток, 1970.-35 Б.

24Қар.: Голик Ю.В. Кездейсоқ қылмыскер.-Томск, ТМУ, 1984.-27 Б.

заңға бағынғылары келмейді. Ал, өзін-өзі ұстай алмайтын кездейсоқ қылмыскер көп жағдайларда, ішкі себептермен емес, өмірдің сыртқы мән-жайларынан морт сынып жатады.

Кездейсоқ емес қылмыскердің өзін-өзі ұстай алмауы жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік кері бағытынан көрінетін болса, ал, кездейсоқ қылмыскер көбіне жеке тұлғаның сезімдік, ерік-күш ерекшеліктеріне қатысты, кездейсоқ жағдайға ғана тән. Белгілі бір жағдай қылмыскерге өзін немесе оның жақын адамдарын сыйламау, қорлау секілді көрінеді.

«Ақтаулы» аффект жағдайының ықпалынан жасалатын қылмыс, айыпты тұлғаның міне-қылығының мотивіне тән болмайтыны мәлім. Мұндай жағдайда қылмыскердің жеке басы оның әрқилы, күрделі сипаттарға ие, бір басында қарама-қайшы қасиеттердің жеткілікті екенін көрсетеді, олардың ішінде өздігінен антисоциалды жеке тұлға болып табылмайтын, жеке басының қасиеті оның қылмысқы жетелейтін мінез-қылығын кескіндеуде маңызы зор.

Қлмыстық істерді талдау барысында аффект жағдайында адам өлтірген қылмыскердің белсенді өмір сүрмейтіні, олардың интеллектуалды, білім деңгейлерінің төмен болатыны, өмірге деген қызығушылықтары болмайтыны және ұмтылатын арман-мақсаттары шектеулі болып келетіні, яғни, әлеуметтік-психологиялық жақтан алып қарағанда нашар, жұпыны өмір сүретін топ өкілдері екенін анықтаған.

Түрлі ғалымдар жүргізген әртүрлі зерттеулердің нәтижелері бойынша, аффекті халінде адам өлтірген қылмыскер ер азаматтардың үлестік саны осы санаттағы әйел-қылмыскерлерден жоғары болып келеді. Мысалы, В.В.Сидоровтың25  еңбегінен көретініміздей, осындай қылмыстық  жауапкершілікке 89,3% азаматтар тартылған, осы қылмыстың 10,7% әйелдердің еншісінде. Сидоров бұл фактіні ер азаматтардың әйелдерге қарағанда аффект халінде тым қызба, өздеріне қарсы көрсетілген ренішке

_____________________

25Қар.: Сидоров В.В. Жұм. Жарғысы 110 Б.

төтеп бере алмайтын, ар-намысын таптауға аса сезімтал, даулы жайды

ішімдіктің ықпалымен шешуге әуес болып келетінін дәлелдеген.

Айыптылардың үштен бірі – осы санаттағы қарастырылатын қылмыскер ер азаматтардың жүйелі түрде ішімдікке әуес болып кеетіні, ал 63% — қылмысты мас күйлерінде жасаған.

Ал, әйелдер, мұндай қылмысқа көбіне, тұрмыстық-жанұялық келеңсіздіктердің әсерінен, жүйкелерінің ұзақ уақыт жұқаруы әсерінен баратыны анықталған. Мұндай жағдайда жасалатын қылмыс түрінің (70%) әйелдердің өз ерлері, ал, (17 %)  олардың нақсүйерлері жәбірленушілер болып табылады.

Ер азаматтар жасаған қылмыс түрлеріне олардың (ер адамдардың) психикасына ұзақ уақыт нұқсан келтіру себебі тән емес.

 

2.5. Жәбірленушінің іс-әрекетінің маңызы

Аффекті ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен көзделген қылмыс құрамының бөлшегі ретінде жәбірленушінің заңға қарсы, адамгершілікке жат әрекетіне байланысты: күш көрсету, қорлау, мазақтау, басқа да заңға қарсы әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ, жәбірленушінің жүйелі түрде жасалған теріс, адамгершілікке жат қылығынан туындайды.

Заңды ұғым бойынша жәбірленушінің әрекеті (әрекетсіздігі):

  • тітіркендіргіш мән-жайлар аффект жағдайын туғызатындай өте күшті болады;
  • орын алған аффект жағдайының кешірімді сипатын көрсететіндей, оған қарсы жасалған іс-әрекеттің заңға тым қайшылықты, адамгершілікке жат болады;
  • тікелей аффекті жағдайына апаратындай, осы жағдайда адам өлтіруге баратындай мән-жайлар тиіс.

Мұндай жағдайда жәбірленушінің әрекеті (әрекетсіздігі) айыптының организміне, миына, жеке басына, адамгершілік, психикалық және оның сыртқы тітіркендіргішке деген қатынасына, мінез-қылығына, басқа да ерекшелігіне байланысты болатын – онң өзін-өзі басқару, бақылау жүйесіне тікелей әсер ететін «қосылу механизмі» болып табылады. Әрбір адам өзінің жеке басының мінез-қылығына қарай сыртқы объективтік фактрларды әрқалай қабылдайды. Аффект жағдайында әрекет ету туралы қорытынды жәбірленушінің нақты кері әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) және кінәлінің субъективті қасиеттеріне баға беру, жәбірленушінің адамды өтіру сәтіндегі көрсеткен залымдығына қарсы әрекетін кешенді зерттеулердің нәтижесінде ғана жасалады.

Жәбірленушінің аффект ахуалын тудыратын теріс әрекетінің түрлері жоғарыда қарастырылды.

Алайда, қарастырылып отырған қылмыстың тікелей себебі ретінде көбінесе жәбірленушінің кездейсоқ, айыптының психикасына өте күшті әсер ететін теріс әрекеттері (әрекетсіздігі емес) қарастырылады.

Себебі, психологтардың атап өтетіндей, болжамды жағдай мен шынайы жағдайдың арасында қарама-қайшылық аса күшті сезімнің билеуіне, яғни, аффект ахуалының тууына жағдай жасайтын шарттың бірі болып табылады.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабы бойынша аффект жағдайындағы адам өлтіру қылмысын біліктеуде осы аффект жағдайына әкеліп соқтырған бастапқы дауды кім бастады деген мәселенің маңызы зор. Әсіресе, бұл жағдай жәбірленушінің өліміне кінәлі мен жәбірленушінің арасында орын алған ұрыс-керістен туған болса аса маңызды болып табылады. Бұл ретте, міндетті түрде осы адам қанының төгілуіне алып келген сұмдық дауды бастаған адамды анықтау керек. Егер дау-дамай кінәлінің бастамасымен өршісе, ұрыс-керіс кінәлінің теріс әрекетінің кесірінен ұлғайған болса, жәбірленушінің әрекеті теріс болып табылмайды және аффект жағдайының тууына лайықты негіз болып табылады.

Дауды ушықтыру айыптының қасақана жасаған іс-әрекеттерінен көрінетін болса, мұндай дауды бастаған айыпты өзінің жасаған теріс іс-әрекеттерінің әсерінен жәбірленушінің психологиясына әсер еткенін ұғынып, енді ол жәбірленушінің тарапынан өзіне қарсы іс-әрекетті тосады. Мұндай жағдайда жәбірленушінің оған қарсы жасаған іс-әрекеті айыптыны «ақтайтын» аффект жағдайын тудырмайды, сондықтан да, мұндай күйде әдейі жасалған қылмыс ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабында көрсетілгендей, айыптыны жәбірленушінің өлтіруге жетелеген, оны тікелей аффект жағдайына түсірген, тікелей себеп ретінде қарастырылмауы керек.

Жүргізілген талдаулардың барысында жәбірленушінің қылмыстың болмысындағы ролі туралы айта келе, оның даулы жағдайдың өршуіне бірден-бір себеп болған виктимді әрекеттеріне көрінетін теріс қасиеттерінің басымдылығын атап өткен жөн. жәбірленушінің мінезінің нашарлығы, ішімдік ішуге әуестігі, қоғамдық әлеуметтік өмір салтына қарсы мінез-қылығы қылмыстық актінің орындалуына апаратын бірден-бір жол.

Аудандық соттар қарастырған қылмыстық істерді талдау барысында қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің 86% олардың қызмет орындарынан, тұрмыстық ортасынан теріс мінездеме берілгені анықталған. Жәбірленушілердің 82% маскүнемдер. Адам өлтіру кезінде жәбірленушілердің 88% мас халде болғаны, ал, 21% — бұрын сотталғаны немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны да анықталған.

Жәбірленушілердің жалпы санаының 28% жуық мөлшері әйелдердің виктимділігімен дәлелденген. Әйелдерге қарсы жасалған мұндай қылмысқа сол әйелдердің өзінің осы қылмысқа жетелейтін жеңілтек мінез-құлықтары, теріс әрекеттеріне байланысты (жұбайының көзіне шөп салу, жанұя алдындағы міндеттерін орындамау т.б.).

Осыдан бұрын айтып өткеніміздей, аффект жағдайындағы адам өлтірудің көбі дерлік жанұялық-тұрмыстық ортада, жұбайларына, некелестеріне, туыстарына, көршілеріне қарсы жасалады.

Қарастырылып отырған қылмыстың 96% жанұялық-тұрмыстық ұрыс-керістің кесірінен жасалған. Бұл қылмыс бойынша жәбірленушілер айыптының жақсы танысы (85% жуығы), оның ішінде, 49,7%  — жұбайы және некелесі; 30,3%-туысы; 15% -көршісі.

Жалпы, айыпты мен жәбірленуші жеке тұлғаларын салыстырып қарайтын болсақ, жәбірленушіге қарағанда кінәлі көбіне жағымды тұлға болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тарау. Физиологиялық аффект жағдайында жасалған қылмыстардың шектес қылмыстар құрамынан айырмашылығы     

 

3.1. Физиологиялық аффект жағдайының патологиялық аффект жағдайынан айырмашылығы

Аффект жағдайының табиғатын, демек, осы жағдай үстінде жасалған адам өлімінің болмысын терең зеттеп, түсіну үшін адамның физиологиялық сипаты оның психикалық құбылыстардан көрінетін, іс-әрекеттермен қатар қарастырған жөн.

Аффект психологияда және психиатрияда физиологияда және патологияда болып бөлінеді. Оларды бұлай бөлу осы аффект ахуалының кімде пайда болуынан емес, аффект сипаттарының қаншалықты көрінуінде, адамның ақыл-есі орнында ма, санасы жайында ма, немесе ауытқыған ба, қылмысқа барған айыптының жүйкесі қажыған ба, т.б. патологиялық аффект ахуалын физиологиялық аффект ахуалынан айыратын белгілеріне байланысты. Аффект жағдайының бұл екі түрі е негізгі үш кезеңмен дамиды: даярлық кезең, аффект әрекетінің белсенді (қатты қозып, жарылу) кезең және қорытында кезең. Аффект жағдайының бұл екі түрі сырттай ұқсастықтарға толы болғанымен, аффект ахуалының тууын және оның ары қарай дамуын бейнелейтін тылсым механизм түрлері жеткілікті.

Сонымен, алғашқы кезең – даярлық кезеңнен бастаймыз. Патологиялық аффект кездейсоқ күшті тітіркендіргішке жауап ретінде туады, ал, кейбір жағдайларда – себепсіз пайда болып жатады. Ал, физиологиялық аффект күшті тітіркендіргішке жауап ретінде немесе аффект сезімінің оталуының нәтижесінде ғана пайда болады. Патологиялық аффект жағжайының өршіп, шегінен шыққан, жарылысты кезеңі ретінде сананың тым қарауытып, кек алу сезімі шарықтап, айыптының бүкіл өне-бойын жәбірленушіге деген өкпе, реніш, ашу-ыза, кек билеген кезін айтамыз. Бандиттерді, шпиондарды, түрлі жауларын ұстау әдетте, адам өміріне үлкен қауіп төндіретін, оларды аңдап, бақылауды жоққа шығармайтын үлкен қорқыныш-үреймен, алаңдаушылыққа байланысты. Ал, физмологиялық аффект ахуалында патологиялық аффект ахуалындағыдай оқиғаларды көз алдына елестетіп, ой-қиялға еркіндік беру тән емес, бұл ретте,сана шынайы болған оқиғадан туған сезімге шоғырланып, шектеле түседі.

Қорытынды кезеңіне келетін болсақ, бұл кезеңде патологиялық аффект жағдайы адамның жүйке жүйесінің жұқаруына, яғни ішкі қысымға, күш-қуатының жұмсалуына байланысты болады. Физиологиялық аффект жағдайына мұндай қалжырау, бейқамданып, әбден қалжырау күйі тән емес. Физиологиялық аффект жағдайына жеңілдеу, уайымдап, қайғыру, баяулық тән.

Сонымен, патологиялық аффект жағдайы психиканың қысқа уақытқа бұзылуын білдіреді, мұндай күйге әдетте адамның өз өмірін ішінара немесе тлық ұмыту күйі, санасының толық тұмшалану халі тән26 .

Физиологиялық аффект ахуалы психиканың уақытша бұзылуы болып табылмайды, оның туындауы психикалық дертке байланысты емес, бұл жағдайдың етек алуы қалпты психикалық үрдістің психологиялық даму заңымен анықталады. Бұл ретте, сананың таралуына патологиялық емес, физиологиялық механизм жатады27.

Тұлғаның физиологиялық аффект жағдайында жасаған заңға қайшы қылмыстық әрекеттерінің естілігіне осы тұлғаның қылмыс жасаған сәттегі оның ерік-күшінің белгілі бір әрекетті еркін таңдау мүмкіндігі қылмысқа алғышарт болып табылады. «Аффект жағдайындағы мінез-құлық ерік-күшке бағынудың барлық негізгі сипаттарын сақтағанымен, оның еркіндігі қатты шектеледі. Аффект жағдайындағы ерік-күш тұлғаның осы жасаған әрекетіне, оның ерік-күшінің қаншалықты сипатта іске асуына қарай, қылмыстық жауапкершілігінің субъективтік алғышарты ретінде қызмет етеді.

_____________________

26Қар.: Ситковская О.Д. Жұм. Жарғысы. 27 Б.

27Қар.: Психиатрия. М.В. Корнинаның., Н.Д.Лакосинаның., А.Е.Личконың мәтінімен жазылған оқулық.-М.: Медицина, 1995.-100 Б.

Физиологиялық аффект жағдайы, сонымен бірге, өзінің іс-әрекетіне, мінез-құлығына баға беретіндей, оны түйсінетіндей және дені сау адамның адамның сезімдік барысының қалыпты ағысы шегінде жетекшілік ете алатындай дәрежесн сақтайды. Сырт қарағанда қазба, автоматты түрде жасалған әрекет болып көрінгенімен, аффект жағдайында жасалатын әрекет өзінің саналы, ерік-күшке ие негізін сақтай береді және ерік-күшке ие қалыпта жасалған іс-әрекет актілеріне жататын негізге ие»28.

Сондықтан да, физиологиялық аффект жағдайында қылмыс жасаған тұлға, ақыл-есі орнында деп есептеледі, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

3.2. Шектеулі сана ұғымының маңызы

Жоғары аталып кеткендей, сананың толық болуы дегеніміз, қоғамға қауіпті әрекет істеуші тұлғаның, мұндай әрекет істеу үстінде өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын және оның қоғамға қауіптілігін толық түсініп, өзінің іс-әрекетіне жетекшілік ете алуы29. Заң ҚР қылмыстық Кодексінің 98 бабымен көзделген аффект жағдайында жасалған қылмыстың субъектісін саналы тұлға деп табады.

Адамның аффект жағдайында жасайтын әрекетінің басты ерекшелігі, бұл әрекеттердің тікелей сезімдік-эмоциялық күйде жасалуы. Бұл өте күшті, аса жылдам өршитін, көзді ашып-жұмғанша жүзеге асатын, саналы ойлау, ерік-күшке бой ұсыну секілді қабілетті тұмшалап тастайтын, қоршаған ортаны дұрыс тану және құбылыстарды объективті пайымдау сынды қасиеттердің күрт доғарылуына әкелетін ауыр жағдай. Аффект жағдайында эмоциялық қысым адамның психикасына және организмін үлкен өзгерістерге ұшыратады.

Аффект жағдайының негізгі сипаты ретінде психологтар санының

_____________________

28Қар.: Сидоров В.В. Жұм.Жарғысы. 37 Б.

29Қар.: ҚР Қылмыстық құқы. Жалпы бөлімі. Оқулық. 2002.- 20 Б.

өзгеріске ұшырауын, түйсік аясының тарылуын атайды.

Аффект «санасының ойлау қабілетін тежейді, қызбалық сезім адамның іс-әрекетінен асып кетеді»30.

Аффект жағдайында сананың қызметінің тежелуі оның толық шектелуіне алып келеді. Субъекті мұндай күйде эмоциялық сезімге ерік беріп, шынайы өмірді түйсіну қабілетінен айрылады. «Мұндай күйде сана айрықша өзгеріп, мінез-құлық нашарлатып, адам өз іс-әрекетіне толық есеп беру қабілетінен айрылып, іс-әрекетін бақылаудан қалады»31. Аффект жағдайындағы іс-әрекеттің тағы бір ерекшелігі адамның өзінің меншікті санасын бақылауының қиындауы. Павлов И.П. аффект жағдайын адамның инстинктивті немесе сөзсіз рефлекторлы іс-әрекетке байланысты психикалық жағдайы деп есептеледі.

Өз іс-әрекетін түйсініп-бақылау қабілеті нашарлаған, аффект жағдайына тап болған адамды қылмыстық құқық талап ететіндей, саналы адам деп айтуға бола ма? Жоқ, жоғарыда жан-жақты бейнеленген мұндай адамды саналы адам деп ойлаймын. Санасы бұзылмаған қалыпты адам өзінің іс-әрекетіне толық есеп бере алады, іс-әрекетіне жетекшілік етеді, ал, аффект жағдайына душар болған адам, мұндай қалыпты адамға қадір-қасиеттерден айырылады.

Әдебиетте шектелуі сана санатын аффект жағдайындағы қылмысқа енгізу мәселе қойылмаған. Дегенмен де, нақ осы сананың шектелуі тұлғаның аффекті жағдайында болуын толық сипаттайды. Кінәлі аффект халінде қылмыстық іс-әрекет жасау үстінде өзінің іс-әрекетінің маңызын түсінбейді, ал, оған жетекшілік етуге ешқандай мұршасы жоқ.

Психикасы аса қатты бұзылмаған, психикалық аномалияның табиғаты және аффект жағдайындағы психологиялық болмыстың арасында айтарлқтай айырмашылықтар бар екенін ұмытпаған жөн. Осы себепті де, психикалық

аномалиясы бар адамдарға жаза ретінде медициналық шаралар

_____________________ 

30Қар.: Рубинштейн С.Л. жалпы психология негіздері.- М.: Учпедгиз, 1946.-395 Б.

31Қар.: Сидоров В.В. Жұм. Жарғысы. 26 Б.

қолданылмайды, себебі, аффект психикалық дертке шалдығуды білдірмейді, бұл дені сау адамның қалыпты психикалық күйі.

 

3.3. Қылмысты саралау және заңнаманы жетілдіру мәселелері

ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен көзделген қылмысты саралау белгілі бір қиындықтарға ұшырап жатады, қылмыстық статистикадан қылмыстық істердің осы санатын зерттеу статистикасы осыны дәлелдейді. Осы мәліметтерге сәйкес, аффект жағдайында адам өлтірген қылмыскерлерге қатысты оқиғаның  26,2% ҚазақССР Қылмыстық Кодексінің 89 бабы бойынша айып тағылған (ҚР ҚК 98 бабы), ал, іс-әрекетті қате саралаудың 62,2% халық сотының үкімімен түзетілген, ал, 11,6% жағдайда үкімде жол берілген мұндай қателіктерді жоғары сот инстанциясының түзетуіне тура келген32.

Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысын саралау мәселесі осы қылмысты қылмыстың басқа құрамдарынан дұрыс бөлуге, атап айтқанда, ҚР Қылмыстық Кодекстің 96 бабын, 98 бабын дұрыс бөле білуге байланысты.

Кінәлінің әрекетін Қылмыстық Кодексінің 98 бабы бойынша саралау үшін, аффект жағдайы жәбірленушінің нақты заңсыз әрекетінен (адамгершілікке жат) немесе әрекетсіздігінен тууы қажет; яғни, ҚР ҚК 98 бабын қолдану үшін жәбірленуші кінәліге немесе оның жақындарына шын мәнінде күш көрсетуі, қорлауы, мазақтауы немесе заңға қайшы әрекет жасауы тиіс. Жәбірленушінің тарапынан жасалған әрекет (әрекетсіздік) заңға қайшы келмесе, кінәлінің психикасын, жеке басын қорлай қоятындай дәрежеде болмаса, кінәлінің аффект жағдайы Қылмыстық Кодексінің 98 бабын құрайтын элемент болып табылмайды. Кінәлінің жәбірленушіге қатысты ісәрекеті, тіпті аффект жағдайында бірінші жасалған болса да, ҚР Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 1 бөлімі бойынша, яғни жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру қылмысы болып сараланады (егер кінәлінің әрекетінде қажетті қорғану немесе

_____________________

32Қар.: ҚР құқықтық статистика мәліметі. А-2004

оның кінәсін ауырлататын белгілері болмаса). Сондай-ақ, ұрыстың басын айыпты бастаған болса да, ал, жәбірленушінің әрекеті заңға қайшы деп табылмайды және аффект жағдайының тууына жеткілікті негізгі ие деп есептеледі. Жәбірленушінің мұндай жағдайдағы әрекеті «ақталатын» аффект жағдайын туғызады және ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен көрсетілген себеп ретінде қарастырылмайды. Мысалы, қорғануға мұқтаждықты туғызатын, қылмыскерді ұстау, өте қажетті немесе заңды қызмет барысында бұйрық орындау қажеттілігінен қолданылға кш көрсету шарасы бұған жатпайды.

Қажетті қорғаныс жағдайында басталған (немесе оны асыра қолдану) аффект жағдайындағы қылмысқа ұласып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен саралауды талап етеді. Сондай-ақ, тәжірибеде дауды бастаған тараптың өктемдігі қорғаныстық әрекеттегі немесе басқа тұлғаның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, аффект жағдайының тууна бейімделіп, расында да аффект жағдайын туғызады, осылайша қажетті қорғаныс әрекетінің шектен шығып кетуіне әкеледі.

Бұл мән-жайлардың барлығы қылмыстың құрамдарын бөлідің күрделілігін көрсетеді, сондықтан да, заңи әдебиетінде бұл мәселеге аса үлкен мән беріледі және қазіргі кезде бұл мәселені ғалымдар жеткілікті деңгейде зерттеген.

Ең алдымен, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабының 1 бөлімін және 99 бабын осы қылмыстың жасалу себебінен бастап бөлген жөн.

Шектен шыққан деңгейдегі қажетті қорғаныс әрекетіне байланысты қылмыста ол міндетті шарт ретінде болатын болса да, ал, жәбірленуші тарапынан болатын өктемдік – аффект жағдайында болатын адам өлімінің ең кең тараған себебі. Сондықтан да, кінәлінің жәбірленушіге қарсы жауап ретіндегі әрекетінің мақсатын дұрыс анықтауда негізгі роль ойнамаса да, бұл қылмысқа тиянақты және терең баға беруде аса маңызды. Күш көрсетудің өзі аффект жағдайындағы қылмыстың себеі ретінде және қорғаныс күйін туғызатын жағдай ретінде өзінің сипатымен, бағытымен, қарқынымен айрықшаланады. Егер, бірінші жағдайда жәбірленуші күш қолдану арқылы кінәлінің намысының тию, оны қорлау, соққыға жығу, шапалақпен ұруға ұмтылатын болса, екінші жағдайда сипаты және қарқындылық деңгейі жағынан бұл өктемдік ретінде қарастырылады. Мұнан көретінімізді, айыптының аффект жағдайындағы жәбірленушіге қарсы жасаған жауап ретіндегі іс-әрекеті жәбірленушіні ұрып-соғып, оған дене зақымын келтірумен сипатталады. Мұндай жағдайларда кінәлінің жәбірленушіге жауап ретіндегі әрекеті мәжбүрлі сипатқа ие, бірақ, осы әрекет тығырықтан шығаратын жалғыз жол дегенді білдірмейді, қорғану қажеттілігінен туған іс-әрекетті жүзеге асырушы айыпты өзінің жеке басының немесе өзге де мүдделерін қорғау мақсатында әрекет етеді, ал, мұндай күрделі жағдайдың тууына себеп болған күш көрсетушіге жасалатын қарсы әрекет қорғауды қамтамасыз ететін құрал болып табылады.

Қылмыстық әрекетті саралауда туатын мәселелер көбіне белгілі бір қылмыстық құқықтың аса сауатты талқыланбауынан, заңның жеткілікті деңгейде сауатты жазылмауынан орын алып жатады. Сол себепті, заңгерлер Қылмыстық Заңды жазуда бұл нормаларды аса жетік, іс жүзінде қолдануда сауатты болуын қадағалаулары міндетті. Алайда, заңгерлердің заңды практикада жүргізетін қызметкерлердің, сот және тергеудің қолдануына ыңғайлы болуына ұмтылу, заң нормасын кең аялы ортада тиімді тілде болуына ұмтылу жағымды емес, керісінше, осы нормалардың дұрыс және бірыңғай қолданылуын қиындата түседі. Қылмыстық-құқықтық норманы осылайша оңайлатуға ұмтылу белгілі психологиялық ұғым-тәжірибелік қызметкерлердің аффект ұғымының бұрыс талқылауына алып келеді. Осыған байланысты, физиологиялық аффект осы психикалық жағдайға тән типтік сипаттарға тән қасиеттерге ие болғанымен, нақты психологиялық ұғымды білдіргенімен, қылмыстық құқық пен сот тәжірибесі теориясында физиологиялық аффект ұғымын біркелкі бермейді. Физиологялық аффект ұғымы психологияда осы саланың атақты ғалымдарымен жақсы әзірленген.

Сонымен бірге, қылмыстық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде осы кезге дейін «аффект», «қатты күйзеліс», «қатты қайғыру», «кездейсоқ туған жан күйзелісі» деген терминдерді ұшыратуға болады. В.В.Сидоров «Мұндай терминологиялық тәртіпсіздік – сот және тергеу қызметкерлерінің салақтығы мен салғырттығы ғана емес, сонымен қатар, олардың қылмыстық құқықта аффект жағдайының ролін жетік білмеуі»33 дейді.

Сонымен бірге, көптеген криминалистер «жан күйзелісі», «аффект» деген ұғымдарды бірдей талқылайды34.

В.В.Сидоров бұл ұғымдар өзара ұқсас болғанымен, бірдей емес деп атап өтеді. Адамның жан толқынысы, күйзелісінің деңгейі жарқын, айшықты болып көрінгенімен, ол дара сезім, бірақ, аффект халінің ең негізгі белгісі емес. Аффект жағдайының негізгі айрықшалық сипаты оның адамның санасының және еркіне ықпалы.

Осыған байланысты, қылмыстық-құқықтық нормадан аффект жағдайында жасалған адам өліміне қатысты қылмысты білдіретін термин «кездейсоқ туған қатты жан күйзелісі», оған «аффект» (нұсқа: «физиологиялық аффект») деген сөздерін қоса қалдру қажет. Бұл терминологиялық тәртіпсіздікті жойып, осы қылмыстық-құқықтық норманың дұрыс қолдануына алып келеді.

 

 

 

 

 

 

_____________________

 

33Қар.: Сидоров В.В. Жұм. Жарғысы. 40 Б.

34Қар.: Ткаченко В.И. Қатты жан кйзелісі түрлері және олардың қылмыстық-құқықтық маңызы. Казан Университеті, 1978.-40 Б.

Қорытынды

Қазақстана 1997 жылы қабылданған, 1998 жылғы 1 қаңтардағы заңды күшіне енген ҚР Жаңа Қылмыстық Кодексі жеңілдетілген мән-жайларда қасақана жасалған адам өлімі түрлерін айрықшалайды. Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысы солардың бірі болып табылады.

Осы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық болмысы қылмыстық әрекеттің себептері мен шарттарынан көрінеді. Аффект жағдайында адам өлтірудің себебі нақты өмірлік жағдайдың, дәлірек айтқанда, кінәлі мен жәбірленушінің арасында орын алған даудың нәтижесі. Мұндай дау ұзаққа созылып, белгілі бір жағдайларда ұзақ уақыт айыптының психикасын қорлау формасында жүруі де, сонымен бірге, жәбірленушінің кінәлінің немесе оның жақындарына адамгершілікке жат, заңға қайшы бір реттік әрекет етуге баруы да себеп болады (қорлау, күш көрсету, мазақтау, ар-намысына тию, т.б.). Басқа сөзбен айтар болсақ, қылмыстық іс-әрекетке даулы жағдайдың механизмі негіз болады. Қарастырылып отырған қылмыс эмоциялық кейіпке ие,себебі, бұл қылмыс жалпы тек теріс сана-сезімінің теріс әсерінен ғана жасалады. Айыпты қылмыс жасау үстінде сезімге бой алдырып, тек сезім күшімен ғана шешім қабылдап, әрекет етеді. Оның бойын бұл сәтте ашу-ыза кернеп, ар-намысы тапталып, жәбірленушінің өзін бұлай қорлағанға шыдай алмай, жәбірленушіден «кек» алуды ғана ойлайды (кек алу мотивіне беріледі). Мұндай жағдайда кінәлі транзитті емес шешім қабылдайды, себебі, адам өлтіру туралы шешім қабылдау кездейсоқ пайда болатын, ауыр жағдайда туады, бұл сәтте болған оқиғаны таразылап отыруға субъективтік мүмкіндік жоқ. Аффект халін тудыратын тітіркендіргіштерге тәуелді аффект жағдайы ерекше эмоциялық жағдай ретінде адамның санасына тек теріс ықпал етеді. Сананың бұлай өзгеруі жеке адамның тұлға ретінде мүмкіндіктерінің толық төмендеуінен, сыртқы жағжайды дәл бағалау қабілетінің жойылуынан көрінеді, сананың осылай шектелуіне нәтижесінде адам өзінің іс-әрекетіне есеп беру қабілетінен жұрдай болады, рационалды, тәртіпті әрекет ету қабілетінен ұшты-күйлі айырылады. Аффект жағдайы адамды өзінің іс-әрекетіне мән беріп, өзін-өзі бақылау, іс-әрекетін басқару секілді қадір-қасиетінен жұрдай етеді.

Қарастырылып отырған қылмыстық-құқықтық нормада ерекше эмоциялық жағдай ретінде аффект (ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабы) осы қылмыс құрамының мәнін, сипатын, себебін, басқа да барлық элементтерін анықтаушы негізгі буын болып табылады. Аффект халінің адамға ықпалы қылмыстың субъективтік жағынан көрінеді, аффект қылмыстық әрекетінің сипатын, болмысын, мақсатын анықтайды. Сондықтан да, адам өлтіру кезінде айыптының аффект жағдайында болуы осы санаттағы істер үшін шешуші маңызға ие. Адам өліміне әкелген қылмыстық іс-әрекеттердің аффект жағдайында жасалғанын немесе қылмыстық істе аффект мән-жайларының жоқтығын анықтап, дәлелдеу – сот-психиатриялық емес (сот тәжірибесінде көретініміздей), сот-психологиялық сараптаманың міндеті.

Өзінің заңға қайшы теріс әрекеттерімен жеке тұлға ретінде айыпты адамды аффект жағдайында адам өлтіруге жетелеген жәбірленуші аффект жағайында адам өлтіру қылмысының объекті болып табылады. Мұндай жағдайда, жәбірленуші өзінің теріс қылығының құрбаны болып табылады, себебі, ол айыптыны осы қылмысқа өзі жетеледі, оның заңға қайшы әрекеті (әрекетсіздігі) аффект жағдайында адам өлтірудің тікелей себебі.

Қарастырылып отырған қылмыстың объективті жағына тағы да сол аффект ықпал етеді. Осы қылмыстың объективті жағының ерекшелігі оның тек белсенді әрекет жолымен ғана жасалатынында. Белгілі бір себептерімен туатын және жылдам өршитін бұл аффект халіне әрдайым серпіліс қажет, аффект жағдайындағы айыпты осы серпілісті өз іс-әрекетімен іс жүзіне асырады. Аффект халінің қайсы бір түрі болмасын, сабырлы, тыныштық қалыптан аулақ. Аффект жағдайында жасалған әрекеттерінің көбіне аса қаталдығы да осы себептермен түсіндіріледі. Жәбірленушіні үсті-үстіне тоқтаусыз соққыға жығу, оны жақындарының немесе туған-туыстарының алдына толассыз ұрып-соғу, ауыр жарақаттау, денесін зақымдау секілді іс-әрекеті аффект жағайындағы  адамның әрекетінің аса қаталдығын дәлелейді. Егер кінәлі мұндай аса қатал, жауыздық әрекетті аффект күйінде жасаған болса, оның әрекетін ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабымен саралау қажет.

Айыптының аффект жағдайында адам өлтіру іс-әрекетін жүзеге асыруға шешім қабылдауы оның тұла бойын, психикасын билеген күшті сезімдермен күрделілене түскен, сана-сезімі мен ерік-күшін толық билеп алған, аффект жағдайындағы мақсаттық ниетімен іске асырылады. Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының ерекшелігі ол негізінен жанама нақты емес мақсатта жасалады. Мұнда тікелей жәбірленушінің өліміне қол жеткізу мақсаты болмайды, сол себепті де, жәбірленушіні өлтіру көзделмейді. Айыптыға мұндай жағдайда іс-әрекетінің нәтижесі бәрібір болады, бойын «аффект» билеп алған ол өз әрекетімен жәбірленушінің өмірін қиятынын, қан төгілетінін  еш ойламайды. Айыптының басты мақсаты өзін қатты ренжіткен жәбірленушіні өлтіру емес, оны әбден ұрып-соққылау. Мұндай жағдайларда салдарлардың емес, іс-әрекеттің мақсаты басым болады («аффект серпілісі»). Сананы әбден тұмшалап, бүркеп алатын, аффект халінің әрекеті субъектінің көбіне өзінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын-ала көріп білмеуіне алып келеді. Оның санасы тек іс-қимыл, әрекетке бағытталады, оның санасы бұл іс-қимыл, әрекетінің соңы неге апаратыны туралы ол еш ойламайды, оған бұл іс-әрекетінің салдары бәрібір, бұл жанама мақсатты ниетке тән.

Қарастырылып отырған қылмыстың субъекті туралы айта отыра, айыптының адам өлтіруді еш қаламайтыны, осы себепті де ол «кездейсоқ қылмыскерге» айналатыны, оның әрекетінің мәжбүрлі, сыртқы келеңсіз мән-жайларға тәуелді болатыны да қоса атап көрсетіп кеткен артық болмас еді. Айыптының қылмыс жасауды мақсат тұтпауын, жәбірленушіні өлтіруді тіпті қаламауын анықтайтын сол айыптының аффект халінен арылған кездегі ахуалы міндетті түрде терең зерттеулерді қажет етеді. Талдап отырған қылмыстың болмысындағы жәбірленушінің ролі туралы айта келе, оның даулы жағдайларда виктимдік мінезге бейімдігін, айыптыны қылмысқа итермелейтін, заңға қайшы, адамгершіліке жат қылық жасайтын, теріс мінездерін атап айтуға болады. Жәбірленушінің мінезінің нашар болуы, ішімдікке әуесігі, қоғамға жат өмір сүруі, қылмыстың жасалуына себеп болуы, айыптыны өзіне қарсы жасалатын қылмыстық актіге итермелейді.

Қылмыстық істерді талдауда, аффект жағдайында жасалатын қылмыстық  іс-әрекеттің нәтижесінде адам өлтіру оқиғаларының көбі дерлік айыптымен тұрмыстық-жанұялық ортада, жұбайлық, бұрынғы жұбайлық, некелестік, туысқандық қатынастағы адамдардың арасында болады.

Автор қазіргі кезде әрекет етуші қылмыстық-құқықтық нормаға бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. Біріншіден, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабын «кездейсоқ туатын күшті дерт» деген ұғымды алып тастауды, ал, «аффект» ұғымын қалдыруды ұсынады, себебі, бірінші ұғым аффект халінің тек бір ғана жағын сипаттайды. Соңғы ұғымның басты айрықшалық сипаты оның адам санасына тікелей әсер етуі. Екіншіден, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабына жәбірленушінің заңға қайшы іс-әрекеті бағытталатын белгілі тұлғалардың шеңберін енгізуді ұсынады. Үшіншіден, айыптының қоғамға қауіптілік деңгейін ескере отыра, ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабына сәйкес тағайындалатын жазаны 3 түрге бөлуді ұсынады:

а) психиканы ұзақ уақыт бойы зақымдаудан туатын аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысы;

ә) жәбірленушінің тарапынан көрсетілген қорлықтың, ауыр жан, тән жарасын салудың нәтижесінде оған қарсы жүзеге асырылатын қылмыстық іс-әрекеттермен адам өлтіру;

б) аффект жағдайында жасалатын қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде екі немесе одан көп адам өлтіру.

Сондай-ақ, қазіргі кезде әрекет етуші Қылмыстық Кодексінің қарастырылып отырған қылмысқа сай «шектеулі сана» санатын енгізген дұрыс деп табылады.

Ресми құжаттар

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А.-1995 ж.
  2. ҚР Қылмыстық Кодексі. 1997 ж.
  3. ҚазақССР Қылмыстық Кодексі. 1959 ж.
  4. ҚР Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. А.-2004 ж.

 

Арнайы әдебиеттер

  1. Курс советского уголовного права. Учебник. / Под ред. Пионтковского А.А. – Т.5. – М., 1971. – 345с.
  2. Лунц Д.Р. Проблема невменяемости. Судебная психиатрия. Учебник / Под ред. Морозова Т.В. – М.: Медицина. – 1965. – 358с.
  3. Общая психология. Учебник / Под ред. Петровского А.В. – М.: Просвещение, 1976. – 547с.
  4. Психиатрия. Учебник / Под ред. Коркина М., Лакосина Н.Д. – М.: Медицина, 1995. – 326с.
  5. Психология. Учебник / Под ред. Костюка Г.С. – Киев, 1968. – 425с.
  6. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Лекция в 2-х т. – М., 1994. – 361с.
  7. Уголовное право России. Общая часть. Учебник. / Под ред. Здравомыслова В.В. – М.: Юрист, 1996. – 480с.
  8. Уголовное право России. Особенная часть. Учебник. / Под ред. Рарога А.И. – М.: Триада Лтд, 1996. – 480с.
  9. Уголовное право. Особенная часть. / Под ред. А.Н.Агыбаева, Г.И.Баймурзина. Каз Университет. -2005г.

 

 

 

Әдістемелік әдебиеттер

  1. Антонян Ю.М. Роль конкретной жизненной ситуации в совершении преступления. Учебное пособие. – М., 1973. – 145с.
  2. Антонян Ю.М., Бородин С.В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987. – 217с.
  3. Антонян Ю.М., Гульдан В.В. Криминальная патопсихология. – М.: Наука, 1991. – 243с.
  4. Бородин С.В. Квалификация преступлении против жизни. – М.: 1977. – 289с.
  5. Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по российскому праву. – М.: Юрист, 1994. – 179с.
  6. Голик Ю.В. Случайый преступник. – Томск, 1984. – 243с.
  7. Дагель П.С. Учение о личности преступника в советском уголовном праве. – Владивосток, 1970. – 328с.
  8. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. – Воронеж, 1974. – 175с.
  9. Загородников Н.И., Игнатов А.Н. Преступления против личности – М., 1962. – 168с.
  10. Зелинский А.Ф. Осознанное и неосознанное в преступном поведении. – Харьков, 1986. – 96с.
  11. Карпец И.И. О понятиях вменяемости и невменяемости в проблеме борьбы с преступностью. Сборник научных трудов. / Под ред. Морозова Т.В. – 1984. – 312с.
  12. Коржанский Н.И. Предмет преступления. – Волгоград, 1988. – 174с.
  13. Кудрявцев В.Н. О структуре индивидуального преступного поведения. – М.: Юридическая литература, 1968. – 253с.
  14. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. – М.: Юридическая литература, 1969. – 23с.
  15. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. – М.: 1968. – 175с.
  16. Кудявцев И.А. Ограниченная вменяемость. / Государство и право. – 1995. — № – с.21-27
  17. Лысак Н.В. Ответственность за убийство, совершенное в состоянии сильного душевного волнения. Автореф. дис. д-ра юрид. наук. – М., 1995. – 31с.
  18. Ольшевская О. Роль и значение эмоций. – Минск, Белорусь, 1968. – 115с.
  19. Побегайло Э.Ф. Умышленное убийство и борьба с ними. – Воронеж, 1965. – 97с.
  20. Потерпевший от преступлении. Учебное пособие. / Под ред. Дагеля. – Владивосток, 1974. – 118с.
  21. Рарог А.И. Вина в советском уголовном праве. Учебное пособие. / Под ред. Здравомыслова В.В. – Саратовский Университет, 1987. – 146с.
  22. Рогачевский Л.А. Эмоции и преступления. М., 1976. – 74с.
  23. Сидоров Б.В. Аффект . Его уголовно-правовое и криминологическое значение. – Казанский Университет, 1978. – 248с.
  24. Ситковская О.Д. Судебно-психологическая экспертиза аффекта. Методическое пособие / Под ред. Ратинова А.Р. – М., 1983. – 84с.
  25. Ткаченко В.И. Квалификация убийств и телесных повреждении в состояний сильного душевного волнения. / Вопросы криминалистики. 1964. — № 12. – с.42-47
  26. Ткаченко В.И. Для установления сильного душевного волнения необходимо проведения экспертизы. / Советская юстиция, 1971 — №5. – с.34-39
  27. Ткаченко В.И. Разграничение преступления при превышении пределов необходимой обороны от преступления, совершенного в состоянии аффекта. / Социалистическая законность, 1973. — №9. – с.63-64
  28. Ткаченко В.И. Ответственность за преступления против жизни и здоровья, совершенные в состоянии аффекта. / Законность, 1996. — №7. – с.14-17
  29. Ткаченко В.И. Уголовно-правовое значение аффекта. / Законность, 1995. — №10. – с.5-9
  30. Тарарухин С.В. Преступное поведение: социальные и психологические черты. – М.: Юридическая литература, 1974. – 324с.
  31. Филановский И.Г. Социально-психологическое отношение субъекта к преступлению. – Ленинградский Университет, 1970. – 68с.
  32. Филимонов В.Д. Общественная опасность отдельных категорий преступников и ее уголовно-правовое значение. – Томск, 1973. – 254с.
  33. Харазишвили В.В. Вопросы мотива поведения преступника в советском праве. – Тбилиси, 1964. – 310с.
  34. Шавгулидзе Т.Г. Аффект и уголовная ответственность. – 287с.
  35. Шаргородский М.Д. Ответственность за преступления против личности. – Л., 1953. – 286с.
  36. Шишков С.Н., Сафуанов Ф.С. Влияние психических аномалий на способность быть субъектом уголовной ответственности и субъектом отбывания наказания. / Государство и право, 1994. — №2.- с.26-31
  37. А.Н. Агыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім / Жеті Жарғы. 2007ж.
  38. А.Н. Агыбаев Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім / Жеті Жарғы. 2007ж.