Омиркулов Жанболат Байболатович
Палуандарды тестілеудің мазмұны және әдістері
Содержание и методы тестирования борцов
The content and methods of testing fighters
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
- ПАЛУАНДАРДЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері.
1.2. Оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
- ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2.Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру.
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру
- ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
3.4. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Жер жүзіне палуандықпен атын жайған… қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?
Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған.
Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. Соған байланысты шағым айтып келген адамдарға әжесі Айсары: «Өгізге мініп ойнап жүреді де, ол зорығып жатып қалса, лақтай көтеріп, иығына салып, үйге әкеледі. Өгіз көтеріп ойнайтын бала менің ұрғанымды елең қыла ма?» – дейтін көрінеді. Толағайлық күш-қуат тумысынан дарыған Қажымұқан осылайша бала күнінен ерекшеленіп, 12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне енеді. Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған ол Қызылжарда Масликов деген саудагерге жалданып, соның жұмысын істейді: малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып, алға аттап баспай, төрт аяқтап тұрып алады. Ыза кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп жібергенде, ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі.
Оны таудай маяның үстіне тастай салып, екінші атты шананың артына бос байлаған Қажымұқан дәу шананы өзі сүйреп, ауылға жеткізеді. Қабырғасы әлі қатпаған қаршадай ғана баланың жойқын күші маңайдағы үлкен-кішіні түгелдей таң-тамаша қалдырады. Қажымұқан 18 жасында Омбыға келіп, қалалық циркте өтіп жатқан күресті көреді. Сондай кезекті сайыстардың бірінде чемпионаттың күшті палуандарының бірі А.Злобин: «Көрермендер арасында күрескісі келетін адам бар ма?» – деп сұрайды. Ортаға Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде орыстың кәсіпқой палуаны жасөспірім баланы әрең жеңеді.
Осы белдесуден соң-ақ Қажымұқанның спорттағы үлкен жолы басталады. А.Злобин оған күрес мектебінде оқуға кеңес береді.
Оның ақылын құп алған Мұқан Петербургте «Ваня аға» деген атпен жұртшылық құрметіне бөленген И.Лебедевтің тәрбиесінде болып, француз күресі мен цирк өнерін ынты-шынтысымен беріле үйренеді, жалықпай жаттығады. Содан алты айдан кейін Одессаға барып, Ветлижинскийдің жекеменшік мектебіне түсіп, Еуропа мен Американың күрес түрлерін үйренеді. Күрес тәсілдерін жете меңгеріп, өз мүмкіндігін іштей шамалаған Қажымұқан тұңғыш рет Киевте күреске түсіп, Иван Заикин секілді екі-үш айтулы спортшыны жеңеді. Алайда орыстың атақты палуаны Иван Поддубныйдан ұтылып қалады.
Онымен артынша қайта белдесіп, жеңіске жетеді. Бірақ шешуші белдесуде Поддубный басымдау түседі де, Қажымұқан жүлделі екінші орынды иеленеді. Поддубныймен өмірлік достығы осы сәттен басталған Қажымұқан ол туралы: «Ондай адамды жер жүзінен кездестірген емеспін. Адам десең – адам, палуан десең – палуан, арыстан десең – арыстан еді», – деп үнемі айтып өткен деседі.
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақ күресі – ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.
1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашғабат қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар – кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер – орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар – бас балуан деп аталады.
Грек-рим күресі, классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
- ПАЛУАНДАРДЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері.
Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі.
Дзю-до (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол). 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері – кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, Әзірбайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі.
Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев, Арсен Хатип әлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А.Мұсабеков Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.
Қажымұқанның күрес өнеріндегі жеңісті жолы одан әрі қарай Париж, Лондон, Варшава, Гамбург, Стамбул, Рим, Прага, Вена, Мадрид, Одесса, Лодзь, Минск, Симферополь, Ялта, Орел, Вильнюс, Ковна, Бағдат, Дамаск топырағында жалғасады және 1905 жылға дейін-ақ палуан әлемнің 24 елінде болып үлгереді. Бірқатар деректерге сүйенсек, күш жағынан алып қарағанда Қажымұқанның теңдесі болмаған. «Оның алапат күшінен қарсылас палуандарының қорыққандығы соншалық, кейбірі тіпті чемпионаттан шығып қалуға мәжбүр болған.
Сол себепті де Қажымұқан көбінесе шын күрестен аласталып, шартты күрестің маңында пайдаланылған. Оған көнбей, шындай бастаған жағдайда «күрестің ережесін бұзды» деп, белдесуге қатысушылар тобынан шығарып отырған» деген де пікірлер бар. Осылайша, Қажымұқанның спорттық өмірбаянында әртүрлі жағдайлар кездеседі. Тіпті кейбір жекпе-жектері халқымыздың ұлы перзенті үшін шын мәніндегі өмір мен өлім айқасына айналған. Мысалы, бұған палуанның Саракики, Георг тәрізді басқа да көптеген қарсыласымен жекпе-жектері дәлел бола алады. Әсілі, жақсының бағасын білу де – зор қасиет.
Осы орайда, мейірбан халқымыз Қажымұқандай біртуар ұлын шексіз махаббатымен мейлінше аялай білген де. Ел-жұртының ыстық ықыласына тәнті болған палуанның Ә.Тәжібаевқа: «Мен Қажымұқан болғалы қазақ думаны қасымнан арылып көрген емес», – дегені бар.
Дегенмен күні кеше ғана күллі Алаш жұрты аялаған Қажымұқанға бүгінгі қауымның қырғи қабақ танытып қоятыны қынжылтады. Мысалы, ол туралы «Қажымұқан әлем чемпионы болмаған, тек халықаралық деңгейде күрескен» деп қызылкеңірдек болатындар да жетіп-артылады.
Бұл ретте олардың Қажымұқанның әлемнің 60-қа жуық елінде күш сынасып, алтын, күміс, қоласын қоса есептегенде, барлығы 48 медальды олжалағанын, сондай-ақ көптеген дүниежүзілік біріншілікке қатысып, «Азия, Африка чемпионы», «Әлем чемпионы» атақтарын бірнеше дүркін жеңіп алғандығын «естен шығарып» алатындары өкінішті. Бірақ ел не десе, о десін, Қажымұқан – әріден айтсақ, шын мәнінде, «Жер жүзінің балуаны», беріден айтсақ, күллі «Қазақ даласының батыры». Енді бірегей тұлға өмірінің былайғы жұртқа беймәлім беттеріне үңіліп көрелік…
Туған жері әлі нақтыланған жоқ.
Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұқан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген. Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тумасы» ретінде танитындар да бар. Бұған негіз болатын жайт – палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы Шілік ауылындағы ескі қорымда жатқандығы және сол маңайда Ернақтың жайлауы деген жайлаудың болғандығы.
Көнекөз қариялар Ернақтың баласы Мұңайтпастың Ақмола маңына қоныс аударуы ағайын арасындағы араздықтың салдары екендігін айтады. Бұл жөнінде палуанның ұлы Жанәбіл кезінде: «Шіліктегі Ақтөбе дейтін жерде Қызылшекпен деген қыпшақтар ауылы бар, түбіміз сол жақтан шықса керек. Әкеміз бір жасқа толар-толмаста ағайын арасында келіспеушілік туыпты. Мұңайтпас атамыз айтқанынан қайтпайтын бірбеткей адам екен. Ауылдағы ағайынға ренжіп қалған соң, «қыпшақтар тұратын Ақмолаға кетемін» деп жолға шығыпты.
Соңынан 40 жігіт қуып барып, басу айтып: «Өкпеңді қой, елге қайт. Көшті кейін қайтар», – десе: «Жарайды. Бірақ мына Қажымұқанымды жерге бір-ақ ұрып қарбызша жарамын. Сосын қайтамын» – депті. Барған 40 жігіт: «Онда жолың болсын!» – деп бата беріп, кері қайтыпты. Онда барған соң өкімет құжат берген, сөйтіп, сонда туылды деп жазылып кеткен», – деген түсінік беріпті. Алайда Астана маңындағы қыпшақтар палуанның өмір тарихын өздеріне жақын етіп таратады. Қалай болғанда да, Қажымұқанның нақты қайда туғаны жөнінде әлі түпкілікті байлам жасалған жоқ.
«Алаш» партиясына ақша аударған.
Жалшылықты тастап, кәсіби спорт жолына түскен Қажымұқан содан былайғы уақытта көбінесе туған жерінен жырақта жүреді. Қазақтың зиялы азаматтары көп шоғырланған Омбы мен Орынборда жиі болады. Міржақып Дулатовпен танысып, Алашорданың қайраткерлерімен араласады. Бұл ретте мәдениеттанушы Қалиәкпар Әміржанов:
– 1910-1937 жылдар аралығында Қажекеңнің Омбыда тұрақтап қалуы бекер емес. 1917 жылғы төңкерістен кейін қазақ зиялылары егемендік үшін күресуге бел шеше кіріскен.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың арасында Қажымұқан да жүрген. Қажымұқан алашордашылар жиналатын жер – Семейге де жиі барып тұрған, – дейді. Кейіннен алашордашылар жаппай қудаланғанда 1929 жылы Қажымұқан да ұсталып, түрмеге түседі. Сөйтіп, Новосибирскіде бес-алты ай жатып шығады.
Одан кейін де қудалау тыйылмағандықтан, тынышы кеткен палуан отбасын тастап, Омбыдан Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан аумағына кетуге мәжбүр болады. Бірақ қай елде қандай жағдайда жүрсе де, Қажымұқан құшақ жая қарсы алып, зор құрмет көрсеткен қарапайым халқын тамашаға кенелтіп, таңғажайып өнерін көрсетуден танбаған.
Сондай-ақ Алашорда қайраткерлерінен де ешқашан қол үзбеген. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың пікірінше, «Қажымұқан өзге елдерде жүрсе де, қазақтың зиялылары құрған «Алаш» партиясына бірнеше рет ақша аударған». Ұлт зиялыларының барлығы «халық жауы» атанып, жазалана бастаған уақытта палуан елден жырақта, негізінен шет мемлекеттерде жүргендіктен ғана аман қалған болуы мүмкін. Бір анығы, өмірінің сол бір кезеңі туралы Қажымұқан тірі кезінде ешкімге тіс жарып, ештеңе айтпаған…
Сенген адамына шық жуытпаған
Аты аңызға айналғаны соншалық, бүгінгі ұрпаққа ертегі батырындай болып елестейтін Қажымұқан бабамыздың сырт бейнесі де ерекше болғанға ұқсайды. Бұл ретте Қажекеңді спорт журналисі И.Д.Булгаков: «Ол Геркулес десе, дегендей екен. Бір қарағанда, ол адамнан гөрі, шойыннан құйған сом тұлғаға ұқсайтын сияқты, бойы ұзын және қанжырдай тартылған. Бұлт-бұлт ойнаған бұлшық еттері бір керемет!» – деп сипаттаса, жазушы Дихан Әбілев: «Жартас кеудесі жалғанның жартысындай, бұлшықты білектері дөңбектей, бура сан, піл сирақ денесіне лайық құж-құж құлақтары, жырым-жырым еріндері жартасқа түнеген қара бұлттай қалың қабағының астында жанған ошақтай қос жанарлы ұясы үлкен екі көзі, соқтала біткен сом бітімді мұрны – бәрі-бәрі ертегіден естіген дәулеріміз тәрізді қияпат береді», – деп суреттейді. Осыған қарап, жұртшылықтың Қажымұқанды тек қана «қара күш иесі» деп ойлайтыны рас. Шындығында, Қажекең ақындығы, әншілігі, сөзге ұсталығы бір басына жетіп-артылатын сан қырлы тұлға болыпты. Мәселен, Қажымұқан өмірін зерттеушілердің бірі, әдебиетші-ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Қазақтың қара сөзіне, ұтымды әзіліне Қажекеңнен ұста адамды сирек кездестірдім. Мақал-мәтелдерді, ел аузындағы шешендік сөздерді араластырып, орынды қолданатын. Әзіл үстінде біреуді сөзбен ұтып кетуге де ұста», – дейді. Сонымен бірге ол өте қазақы, мейлінше табиғи адам болған. Біреуге сеніп қалса, оған шық жуытпаған, ал өтірігін бір байқаған адамға ешқашан қайтып сенбеген. Батырларға тән аңғалдығы да басым Қажекең көңілді отырған кезінде жастық шағынан естелік айтып, қызықты әңгімелерімен айналасын серпілтіп отырған. Және ол кісінің құлаққа жағымды қоңыр даусы болған және көбінесе домбырасын қолына алып, ғашықтық әндерін, әсіресе Балуан Шолақтың «Ғалия», Біржан салдың «Жонып алды», Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әндерін айтқан. Осы орайда, Қажымұқан жайлы еңбек жазғандардың бірі, белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов: «Оның қолынан Қаратаудың үшқатынан жасаған кішкене сұр домбыра түспейтін. Күй емес, қоңырлата әдемі саз тартатын. Кейде оған қосылып, үңгірден шыққан дауыстай, күмбірлеген қоңыр үнмен ән салатын», – деп жазған.
«Қажымұқан әкем еді» деушілер көп болған
Қажымұқан ең алғаш рет 36 жасында үйленіпті. Алғашқы әйелі – өзі шын ұнатып қосылған және мұсылманша некесін қиып, «Бәтима» деп ат берген Надежда Чепковская. Палуанның бұл әйелден көрген баласы – Халиолла. Ал екінші әйелі – Ырыстыдан София, Рәшида, Әзия атты үш қызы болған. Үшінші әйелі – әмеңгерлікпен үйленген Мінәйімнен ұлы Айдархан туылады. Соңғы рет үйленгенде палуанның жасы – 75-те, ал әйелі Бибіжан 32 жаста болған көрінеді.
Бибіжаннан Жанәбіл атты ұл сүйген. Бұлар – палуан әйелдерінің жалпы жұртшылыққа белгілісі ғана. Негізі, бірқатар әңгімелерде Қажымұқанның көп әйел алғандығы айтылады. Мысалы, сондай әйелдерінің бірі ноғай қызы болған көрінеді және одан палуанның Мұхтар атты ұлы болса керек. Сол сияқты «Қажымұқан орыстан да, башқұрттан да, тіпті француздан да әйел алған» деген әңгіме бар. Бұлай дейтініміз, әр жылдарда палуанды «әкем еді…» деп әлемнің әр түкпірінен арнайы іздеп келгендер кейінгі жылдарға дейін толастамаған көрінеді. Мысалы, 1960 жылы Николаев деген палуан өзін «Қажымұқанның баласымын» деп жариялаған.
Сол сияқты Қажымұрат деген біреу «Қажымұқан әкем еді» деп, 1970 жылдары Башқұртстаннан келіпті. Ал «Караван» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі нөмірінде жарияланған мақалада Қажымұқанның немересі Шаттық Айдарханұлы 1996 жылы атасының Франциядағы «балаларынан» шақырту алғандықтарын, бірақ әкесі Айдарханның «буржуйларға барудан үзілді-кесілді бас тартқандығын» айтады.
Мұндай жағдайлар өте көп болған. Мүмкін, оның барлығы бірдей шындыққа жанаспайтын да шығар. Өз атын шығару үшін әркімнің Қажымұқан есімін пайдалануға тырысуы да мүмкін ғой. Ал енді «Қажымұқан неге көп әйел алған» десек, бұл жақсыдан ұрпақ алып қалуға тырысқан баяғы дәстүрдің көрінісі болуы мүмкін. Екінші жағынан, алты құрлыққа есімі аян Қажымұқандай атақты тұлғаға көрсеткен құрметі есебінде әрі онымен туыстық байланыс орнату мақсатында да жұртшылық түрлі әрекеттерге барған сыңайлы.
Үлкен қарны жіптіктей болып жиырылатын.
Қажымұқанның алып палуан ғана емес, сонымен бірге, ғажайып цирк әртісі ретінде де аса танымал болғаны анық. Ол небір қызық та қауіпті, қиын да таңқаларлық қойылымдармен көрермен алдына шыққан, цирк манеждерінде өнер көрсеткен. Жары Бәтима апайдың естелігіне сүйенсек, Қажымұқан қалыңдығы бір еліден жуан сом темірді мойнына галстук, беліне белбеу қылып орап, темірді қамырдай илесе, Парижде цирк алаңына мініп шыққан түйесін арқасына салып, қайта алып кеткен. 75 пұт жүк тиелген арбаны тісімен сүйреп, сахнаға шыққан. Адам баласына бітпеген алып кеудесіне 20 пұттық тас қойғызып, екі пұттық балғамен уаттырған, тақтайдың астына жатып, оның үстінен адам толы автокөлік жүргізген. Және бұл өнерлерінің бәрін Қажымұқан еш қиындықсыз-ақ көрсеткен. Орыстың атақты палуаны Иван Заикиннің «ғажап көпір» деп аталатын қиын нөмірін палуандар арасында тек Қажымұқан ғана орындай алыпты. Палуан өзін тірідей молаға салдырып, топырақ астында 30 минут жата алады екен. Бұл нөмірін ол 1936 жылы Қызылжар қаласында соңғы рет орындаған.
Өмірінің соңғы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан ауылында күн кешкен палуанды күш сынасып көрмек болып,іргелес елдерден арнайы іздеп келетін спортшылар да болыпты. Бірақ сол кезде жасы 74-75-ке келіп қалған Қажекеңе жергілікті басшылар: «Жасыңыз болса, ұлғайды. Сізді бүкіл әлем таниды. Қазақтың, бүкіл Кеңестер Одағының мақтанышысыз. Енді күресуді тоқтатыңыз. Қартайған шағыңызда жығылып қалсаңыз, барлық абыройдан айырылып қаламыз» деп қолқа салса керек. Содан кейін күресуді қойғанымен, Қажекеңнің өнерін көрсетуді өле-өлгенше тоқтатпағанын көзкөргендер бүгінде ерекше тебіреніспен айтады. Мысалы, Шілік ауылының тұрғыны Ихан Исаевтың: «Қажекең ауыл адамдарына өнер көрсетер алдында бойын сілкілеп кеп жіберетін. Қатты сілкігенде үлкен қарны жіптіктей болып жиырылып қалатын. Тіпті екі қолы мен екі аяғы да шымырланып кететін. Ал керілген мезетте мойны құрықтай болып шыға келеді. Бұлшық еттері білем-білем болып кететін. Палуан алаңға шыққанда тек спорттық үлгідегі киімімен, яғни қысқа іш киім және майкамен шығатын. Сондай кездерде еркектің үстінен тек қазақша тігілген кең дамбалды ғана көретін ауылдың әйелдері: «Ойбуй-й, ұят болды-ау, ұят болды-ау. Палуан осындай екен-ау!» – деп беттерін баса қоятын», – деп еске алғаны бар.
Ерлікпен тұйықталған тағылымды тағдыр.
Белгілі қаламгер Жанболат Аупбаев айтпақшы, «Қажымұқан ерлікпен өмір сүрді, ерлікпен ғұмыр кешті. Оның өмірі тек қана ерліктерден тұрды. Адамзат атаулының аңызға айналған алыбы өмірінің соңғы кезінде тағы бір ерлік жасады». Ұлы Отан соғысы басталып, ел басына күн туған қиын заманда белін бекем буған Қажекең ел аралап, өнер көрсетті. Сөйтіп, маңдай терімен жинаған қыруар қаржысының бір тиынын да шашау шығармастан майдан қорына қосты. Сөйтіп, қаһарлы Сталиннің өзін өтінішіне иліктіріп, болат құсты арнайы жасатқан Қажымұқан да, Аманкелді Иманов атын алған осынау қанатты сұңқармен жау шебін неше мәрте шабуылдаған қаһарман жас Қажытай Шалабаев та қазақ деген халықтың қайсар рухын, бекзат болмысын күллі дүниеге тағы бір рет паш етті. Өзінің шиеттей бала-шағасын, жеке мүддесін былай ысырып қойып, елдік мақсатқа дәл Қажымұқанша қызмет ету бұл маңайда бұрын-соңды ешкімнің қолынан келген емес. «Отанға пайдам тисе, еш арманым жоқ» деп білген ұлы тұлға «сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейтінін» осылайша дәлелдеді де. 1945 жылы Абайдың Семейде өткен 100 жылдық тойына баруының өзі Қажымұқанның жасы ұлғайған шағында да ел ішіндегі маңызды шаралардың ешқайсысынан сырт қалмағандығын көрсетсе керек. Араға 26 жыл салып сол жүз жасқа Қажымұқанның өзі де келді, әрине, палуан ол күнді көре алған жоқ.1948 жылы 12-тамызда атажұрты – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында дүние салды. Осы орайда «Өмірінің соңғы жылдарында палуан тұрмыста таршылық көріп, қиын жағдайда күн кешкен» деген әңгіме бар. Күш-қуаты қайтқан соң қауқарсыз қарияға айналып шыға келген қайран қарт күнкөрісінің қиындап кеткендігін айтып, тиісті мекемелерге бірнеше мәрте хат жолдаған. Бірақ бәрі жауапсыз қалған. Ең өкініштісі, ел-жұрты да біртуар тұлғасын өмірден өтісімен-ақ ұмытып үлгерген. Содан да болар, алты құрлықты даңқымен дүрілдеткен палуанның 100 жылдығы да, одан кейінгі мерейтойлары да лайықты дәрежеде аталып өткен емес. Сол сияқты өмірбаянының бұлыңғыр тұстарын зерттеп, зерделеу, жоғалып кеткен орден-медальдарын іздестіру, әлемдегі палуанның ізі қалған жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастыру, қайталанбас тұлғаның әдебиет пен кинодағы, бейнелеу өнеріндегі шынайы бейнесін жасау шаралары да шын мәнісінде қолға алынбай отыр.
Ұлы адамдардан кейде балалық пәктіктің де байқалатыны бар. Сол сияқты Қажекең де кезінде Сәбит Мұқанов пен Қалмақан Әбдіқадыровқа: «Мен туралы неге жазбайсыңдар?» деп орынды наз айтып: «Жалшыдан шығып, жер жүзіне палуандықпен атын жайған қазақта менен басқа кімің бар еді?!» – деп балаша бұртиған көрінеді. Шынымен де, бұл қазақтың төрткүл дүниеге түгел мәшһүр Қажымұқан сияқты арда азаматтары көп пе еді?! Тұлғаның қадіріне жетуді біз қашан үйренер екенбіз?!
Алда Қажымұқанның 140 жылдық мерейтойы келе жатыр. Айтулы даталар таянғанда ғана қыбырлайтын қазақ, бәлкім, осы жолы тағылымды бір іс тындырар…
Бiлгiм келген бiр сұрақ
Қажымұқан ұшағы қазір қайда?
Ұлы Отан соғысы кезінде Қажекеңнің қаржысымен Қазанда жасалған арнайы ұшақ қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа табыс етілген екен. Ұшақтың одан кейінгі тағдыры қалай болған? Ол қазір қайда?
Нұржігіт АМАНЖОЛОВ, Шымкент қаласы
Қажымұқан аманатын көзінің қарашығындай сақтаған Қ.Шалабаевтың айтуынша, ұшқыштық жеке кітапшасында оның соғыс кезінде аспанға 217 рет көтерілгені жазылыпты. Соның 70-тен астамы Қажымұқан ұшағының еншісіне тиген. Ұлы Жеңістің хабарын Курляндия майданында естіген ол Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысатын болған, бірақ сол күнгі ауа райы өте қолайсыз болғандықтан, Қызыл алаңдағы мерекеге әуе күштері ұшып шыға алмаған. Жеңіс парады аяқталғаннан кейін бір айдан соң әскер қатарынан босанған Қ.Шалабаев Қажымұқан ұшағын Иваново қаласының жанындағы Керпач деген елді мекендегі аэродромға өткізіпті.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Қажымұқан мұражайының директоры Ш.Жарқынбекұлы: «Қажекеңнің қаржысына жасалған ПО-2 ұшағы Мәскеудегі соғыс техникалары қойылған ашық аспан астындағы мұражайда тұр дегенді естідік. Бірақ анығын білмейміз», – дейді.
Күш атасының тұлғасы қандай болған?
Көне суреттердегі бейнесінен байқағаным, Қажымұқан алып тұлғалы кісі болғанға ұқсайды. Дене бітімінің нақты өлшемдері белгілі ме?
Айтжан НҰРҚАСЫМҰЛЫ, Талдықорған қаласы
Қажымұқан өмірін зерттеушілердің бірі, ғалым Ә.Қоңыратбаевтың жазбасына сүйенсек, Қажымұқанның 75 жасындағы дене бітімі, тұлғасы мынадай болған: таза салмағы – 174 кг, бойы –195 см (өз айтуы бойынша күресіп жүрген кезіндегі салмағы – 215 кг, бойы 200 см болған). Төбелігінен беліне дейін – 77 см, белінен аяғына дейін – 118 см, кеудесі – 146 см, кіндік тұсы – 173 см, жуан қара санының қалыңдығы – 71 см, сан жілігінің ұзындығы (жамбастан тізеге дейін) – 65 см, балтыр аумағы – 49 см. Балтырының ұзындығы – 58 см, табаны – 35 см, аяқ киімі шамамен 54-размер болған. Шалбарының белдігі – 220, жауырынының жалпақтығы – 60 см, қолтық еттің қалыңдығы – 50 см, жатқанда – 60 см, саусақ басынан білекке дейін – 25 см, ортаңғы саусақтың ұзындығы – 14 см, саусағының жуандығы – 10 см, білек жуандығы – 2,75 см, самайы – 9 см, жақ ұзындығы – 24 см, мұрын ұзындығы – 7 см, құлақтың айналасы – 10 см, үстіңгі еріннің ұзындығы – 10 см, бас аумағы – 65 см.
1.2. Оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, зейіні тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына денені дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа, жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесі жаттығулары амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
- Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
- Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
- Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
- Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
- Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.
Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек.
Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізуіне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының оқу жоспарын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
— бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;
— дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын жұмыста пайдалану;
— сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
— оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
— сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
— ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
— оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
— балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
— жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
1.3. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
— дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;
— жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
— негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;
— таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;
— сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;
— өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;
— тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;
— психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста — қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады.
Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
2-кесте – Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.
Балалар |
Жасы
|
|||||
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 |
|
Ер балалар |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз балалар |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.
Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді. Адамның жасқа байланысты тыныс алу жиілігі өзгеру кестесін қараңыз (3-кесте). (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
3-кесте — Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.
Жасы |
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет |
1 |
44 |
5 |
26 |
15-20 |
20 |
20-25 |
18 |
25-30 |
16 |
30-35 |
18 |
Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.
Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003) 4 кестеде беріп отырмыз.
4-кесте – Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)
Дене қасиеттері
|
Бір жылдағы орташа дамуы |
Жалпы дамуы |
||
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
|
Жылдамдық |
3,9 |
2,9 |
15,4 |
11,5 |
Күш |
15,8 |
18,4 |
79,0 |
92,0 |
Жалпы төзімділік |
3,3 |
2,1 |
13,0 |
8,4 |
Жылдамдық төзімділігі |
4,1 |
1,0 |
16,4 |
4,0 |
Күш төзімділігі |
9,4 |
3,3 |
37,5 |
13,1 |
Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
— дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
— қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
— дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
— өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
— тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды.
Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады. (5-кесте).
5-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты Қасиеттері |
Жылдық орташа дамуы
|
Жалпы дамуы |
||
жігіттер |
қыздар |
жігіттер |
қыздар |
|
Жылдамдық |
1,5 |
0,2 |
3,1 |
0,5 |
Күш |
14,0 |
9,0 |
28,0 |
18,0 |
Жалпы төзімділік |
2,1 |
0,7 |
6,4 |
2,1 |
Жылдамдық төзімділігі |
2,1 |
-0,6 |
6,3 |
-1,8 |
Күш төзімділігі |
8,5 |
-2,0 |
26,7 |
-6,0 |
1.5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
Мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі.
Үйірме сабақтары оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды.
Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.
Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек.
Мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.
Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», — деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.
- ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
Секіру жаттығулары: Назарларыңызда оңай 5 минуттық секіру жаттығуларының топтамасы. Бұл физикалық жаттығулар аяқ бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған. Балтырдан бастап жамбасқа дейінгі бұлшық еттерді шымыр қылуға көмектесетін жаттығуларды біліп жүріңіздер.
Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.
Дайындық бөлім: Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.
Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет).
Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет).
Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).
Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут).
Жай жүріп дем алып, дем шығару
Негізгі бөлім: Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу.Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.
Секіртпемен орындалатын жаттығулар: Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут). Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.
Қорытынды бөлім: Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут.
«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.
«Секіртпемен секіре түс», «Кім шапшаң» секіріп жетеді? Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.
«Кім ұзақ секіреді?» Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.
Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: қос аяқтап секіру, сыңар аяқтап, алма кезек секіру, аяқты қайшы қойып секіру, отырып секіру, екеулеп қол ұстасып секіру, көзді шарт жұмып секіру, теріс айналып тұрып секіру, қолды қайшы ұстап секіру.
Жүрелей секіру — ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.
Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек.
Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.
Серуендеу, дене Адамның ақыл-парасатын, ойын жетілдіреді.
Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда, өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына, ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді. Біз енді соған тоқталсақ.
Серуендеудің пайдасы. Шығыс медицинасы қашан-да «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі» деген қағиданы ұстанады. Иә, әрбір адам кешкілік жатар алдында ауа-райы қолайлы болса далаға шығып, жаяу жүріп қайтса, немесе белгілі бір уақыттарда саябақты, көшенің көрікті жерлерін аралап серуендеуді тұрақты түрде әдетіне айналдырса, ол оның денсаулығына өте пайдалы.
- Серуендеу уақыты. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік 6 шақырым, кешке ұйықтар алдында 6 шақырым табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады. Егерде мұндай серуендеуге уақыт жетіспесе, таңертең, кешке 30 минуттан серуендеп, 3 шақырым жаяу жүріп қайтқан дұрыс. Серуендегенде қатты жүрмей, ақырын адымдап, жан-жағыңдағы табиғат көріністерін, қала ғимараттарын, түрлі-түсті көше жарығын тамашалаған оңды әсер етеді.
- Серуендегенде тыныстау. Жылдың қай мезгілінде де далаға шығып серуендегенде ауызды жауып, танау арқылы терең тыныстаған дұрыс. Ауадағы магнит қуаты танаудың кілегей қабығында жиналып тұратындықтан, танаумен тыныстаған кезде ол ауамен өкпеге жылжып, денеге тарайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше, осынау магнит қуаты-адам жүйкесінің бірден-бір нәрі болып саналады. Және де таза ауада танаумен тыныстау-шаршаған, жұқарған жүйкенің шипалы емі.
- Серуендегі қимыл, тыныстау тәртібі. Далада серуендеп келе жатқанда бұғананы (ключица) барыншы ілгері ұмсындыра, көтере ұстаған жөн. Мойыныңыз түзеліп, басыңыз тіктелсе, омыртқаңыз да түзеледі. Бұл терең тыныстауға жақ-сы жол ашады. Мұндай жағдайда адам өкпесінің жоғарғы бөлігімен дем алады, ал өкпенің төменгі бөлігі өздігінен желдену мүмкіндігін иеленеді.
Тыныстаудың тиімді тағы бір әдісі мынандай: сол аяқтың адымын бір, екі, үш… деп алты адымға жеткізеді. Алдыңғы үш адымда тыныстайды да соңғы үш адымда тыныс шығарады. Тыныстау мен тыныс шығару арасында үзіліс жасалмайды. Бұл жаттығуды оң аяқтан бастап, тыныстану тәсілін жаңағыдай жасауға да болады. Адамдар өзінің жағдайына, қалауына қарай тыныстау мен тыныс шығару ырғағын төрт адымға түсіреді ме, әлде сегіз адымға көбейтеді ме, өзі біледі.
Егерде әрбір адам осынау серуенге шығу, тыныс алу тәртібін қатаң сақтап, далада, таза ауада қыдыруды әдетке айналдырса, екі-үш күннен соң ыңқыл-сыңқылдан арылады, таңертең ұйқыдан тұрғанында сергек сезінетін болады. Тек, есте болатын бір жағдай: серуендеуді бастаған алғашқы күндері көптен бері қалыптасып қалған тіршілік тынысының өзгеруіне байланысты адам-ның ұйқысы бұзылып, сәл тынышсыздануы мүмкін. Алайда екі-үш күннен кейін бәрі де қалпына келіп, жағ-дай жақсарады.
Біз енді дене шынықтыру туралы әңгіме қозғамас бұ-рын әрбір адам білуге тиісті денсаулық қағидасына тоқталсақ. Адамдардың серуенге шығуы да, дене шынықтырумен айналысуы да денсаулығын жақсарту үшін ғой. Сондықтан да денсаулық қағидасын білудің маңызы зор.
Денсаулық қағидалары:
«1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, Күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, Күннің шуағы өте қажет нәрсе.
- Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкіре-гіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнбісті боласың. Денеңді таза ұстап, жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
- Күннің шуағынан жылын-ған суға түс, шомылуға қолайлы уақыт — сәске мен намаздыгер (екінті) арасы. Тал түсте Күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып, терлеп тұрып суға түспе, әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір. Жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Өте жылы су, әсіресе, күнде жуынғанда адамның қанын тасытып, денесін босатып нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Денеңді таза ұстау үшін іш киімді жиі ауыстырып тұр.
- Ішкен, жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң тіс ауруының көбінен құтыласың. Күн сайын тісіңді мисуақпен (тіс тазалағыш) жақсылап тазала. Мисуақтың қылы тым қатты, не өте жұмсақ болмасын.
- Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (ойна, жүгір).
- Өте жылы киінбе, ба-сыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
- Денеңді тар киім, белбеу, түрлі баумен байлап қыспа.
- Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше зиянды болады.
- Киімің, әсіресе, шұлға-уың, байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп тастап, құрғақ киім ки.
- Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уытталған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза сықылды есірткіш нәрселерге жолама, шикі, шала піскен етті, жемісті жеме.
- Ерте жат, ерте тұр. Оянсымен төсектен тұрып кет.
- Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыс ұйықтай алмайды.
- Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалысы — ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады.
Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты — жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаға сегіз сағат, үлкен кісіге алты — жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) ішпе, әйтпесе диуана боласың».
Дене шынықтырудың пайдасы.
Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денсаулығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».
Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.
Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.
Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:
- Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
- Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақтылық, тежеу берушілік пайда болады.
- Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
- Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
- Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
- Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
- Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
- Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы «ми гимнастикасын» жасау өте пайдалы.
- Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді. 2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
- Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.
Ой еңбегі және дене шынықтыру.
Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғыл-данғанда ой қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады.
Дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері:
- Аяң. Адамның аяңдап (бірқалыпты) жүруі (бір орында тұрып жүруге де болады).
- Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желкеге қояды, сосын бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жанға қарай созады, содан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Ырғақ: 1-2 – керілу – тыныс алу; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу, дем шығару.
- Қол және иыққа арналған жаттығулар: а) жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ію және қайта жазу; ә) осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау; б) қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау; в) түзу қолды айналдыру; г) қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; д) бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де осы қимылдар бірнеше қайталанады; е) екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді.
- Дене тұлғасына арналған жаттығулар: гимнастиканы бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстайды, қолды мықынға немесе иыққа қояды: а) денені екі жаққа кезек бұру; ә) оң мен солға кезек иілу; б) алға иілу; в) екі аяққа кезек иілу; г) денені мықын арқылы ырғай қозғалу.
- Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындық-тың шетіне отырып, жиегінен ұстайды: а) тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады да, біртіндеп төмен түсіреді; ә) аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді; бір аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.
- Аяққа арналған жат-тығулар. Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып: а) аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі; ә) аяқтың ұшымен көтеріліп, содан соң төмен түсерде жартылай иіледі; б) бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды; в) бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады; г) қолмен таянып тұрып, аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғайды.
- Бүкіл дененің бұл-шық еттеріне арналған жаттығулар. Бұл жат-тығуларды әртүрлі қалыпта орындайды: а) аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуге тиіс), одан кейін бастапқы жағдайға қайта келеді; ә) аяқты алшақтау ұстап (екі қол белде), оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды; б) әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп, қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді; в) денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді, сосын бастапқы қалыпқа қайта келеді.
- Секірулер. Секірудің мынандай түрлері бар: а) аяқ бірге, қол белде; ә) сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру; б) аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; в) секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек аустырып қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау; г) әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру; д) әуелі екі аяқпен, сосын бір аяқпен секіру, сонан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.
2.2.Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар
Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек.
Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.Дала жарысының қауіпсіздік ережесі
Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған.
Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады.
Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады.
Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Содан кейін ғана брасс, болмаса баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс бағдарламасына — етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.
Қозғалмалы ойындар. Спорттың ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ.
Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді.
Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады.
Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді.
Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына кіреді.
Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды.
Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.
Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.
Секірудің мынадай варианттары бар: аяқ бірге, қол белде; сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді); аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау; әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру; әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.
Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.
1-2 минут аяңдау. Аянды тоқтатар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.
Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды. Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денені бұрғанда отырғанда, қолды созғанда дем шығарылып, қолды көтергенде, түрегелгенде, денені көтергенде, иілгенде терең тыныстаған жөн (тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс). Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу керек. Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырыл отыруға болады. Егер кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организмінің ерекшеліктерін ескергені жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиологиялық әсер етумен қатар, адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды. Сондықтан кейбір жаттығуларды орындау ұнайтын болса, оларды тұрақты түрде істеуге болады. Сонда оның тиімділігі артады.
Бірінші жаттығу: екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн; екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.
Екінші жаттығу: жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары шалқайтып, кеудені қайқайып көтеруге әрекет жасайды: етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта басты шалқайту арқылы кеудені аздап көтеру керек.
Жаттығу кезінде гантельді мүмкін болғанынша жоғарырақ көтереді. 0,5—1 кг-дық гантельден бастап, бірте-бірте оның салмағын 2 кг-ға дейін ұлғайтады. Пенсия жағасындағы адамға денені қозғалысқа келтіретін жаттығулардың барлық түрлерін күн сайын жасаған жөн: саусақ, шынтақ буыны, иық буыны, бас және жауырынды қозғалысқа келтіретін жаттығулар пайдалы.
Денені бұру, аяқты жан-жаққа «сілтеу», иілу, етпеттеп жатып «қайқаю» сияқты және тағы басқа қозғалыстарды қолданған жақсы. Егер таңертеңгілік гимнастиканың жаттығулар жүйесіне бұл қозғалыстардың ешқайсысы енгізілмеген болса, оларды қосымша кіргізген жөн. Алғашында қосымша жаттығулар негізгі жаттығуларды орындауға кететін уақыттың есебінен алынады, өйткені гимнастиканың жалпы мөлшері 10 минуттай аспауға тиіс.
Дене жаттыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны көбейтіліп, жалпы уақыт 15—20 минутқа дейін жеткізіледі. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау, қозғалысқа икемділіктерін арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып тұрғаны жөн.
Мектепке бармаған бүлдіршіндер үшін мұндағы ұсынылып отырған жаттығулардың кейбіреулері тым күрделі, сондықтан ең қарапайым, көп қайталанбайтын жаттығулар таңдап алып, олардың орындалуын тұрақты қадағалан отыруға болады.
Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу; допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау; 180 және 360 градусқа айналып барып, екі жаққа кезек секіру, екі аяққа алма-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын жасау, «жатқан күйде» қолды желкеге қарай жіберу, шалқадан жатып бір қырымен етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осындай екі-үш жаттығу таңертеңгі гимнастикада міндетті түрде орындалуға тиіс. Гимнастикамен ауасы тазартылған бөлмеле, ал жаз айларында таза ау ада, далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл болғаны дұрыс. Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек. (Шынығу мақаласын да қараңыз).
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес.
Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.
Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика — дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары — спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.
Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану деген сөз — адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі — гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
Гигиеналық гимнастика — денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика — негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады.
Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика — жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен — жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі — спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары — керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары — бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Спорттың акробатика — жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.
Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс.
Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро.
Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.
Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар.
Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау); 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м); белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30, 40 м); қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.
Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек.
Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді. Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.
Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.
Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.
Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.
Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.
Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек.
Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.
Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.
Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.
Дала жарысының қауіпсіздік ережесі: Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді. Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.
Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді. Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.
Жүзу. Жанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.
Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.
Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады. Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.
Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады. Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.
Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады.
Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды.
Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
- ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
— денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
— негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
— жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы — дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.
Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.
Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді. Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.
Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
- Ұйымдастыру жұмыстары.
- Оқу жұмыстары.
- Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі — сауықтыру шаралары.
- Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық — көпшілік жұмыстары.
- Үгіт-насихат жұмыстары.
- Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
- Шаруашылық жұмыстары.
6-кесте
№ р/с |
Негізгі бөлімдер, бөлімдердің жұмыс мазмұны |
Орындау уақыты |
Орындауға жауапты |
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын жасау және бекіту: — жалпы жылдық жоспар; — тоқсандық жоспар кестелері; — жылдық спорттық шаралардың күнтізбе жоспары |
Тамыз |
ДТ мұғалімі |
2 |
Мұғалімдер кеңесінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын өткізуді ақылдасу |
Тамыз |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
3 |
Бастауыш сынып мұғалімдері мен күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы семинар өткізу |
Тамыз |
ДТ мұғалімі |
4 |
Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу орындарын бөліп беру |
Қыркүйек |
ДТ мұғалімі |
5 |
Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу |
10 қыркүйекке дейін |
Сынып жетекшілері |
6
|
Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау |
10 қыркүйекке дейін |
ДТ мұғалімі |
2. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу |
Тұрақты |
ДТ мұғалімі |
2 |
Ашық сабақтар, семинарлар өткізу, әдістемелік бөлме ұйымдастыру, ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу |
Жыл бойы, тұрақты |
ДТ мұғалімі |
3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ — САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ |
|
||
1 |
Сабаққа дейінгі гимнастиканы өткізу |
Күнделікті |
Ұйымдастырушы нұсқаушылар |
2 |
Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу |
Күнделікті |
Ұйымдастырушы нұсқаушылар |
3 |
1-11 сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу |
Күнделікті |
Мұғалімдер, нұсқаушылар |
4 |
Ұзартылған күн топтарында жаттығулар мен ойындар өткізу |
Күнделікті |
Тәрбиешілер |
4 САБАҚТАН ТЫС СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Оқу жылының басталуына арналған дене тәрбиесі мейрамын өткізу |
Қыркүйек |
Әкімшілік ДТ мұғалімі |
2 |
Спорт секцияларындағы, үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
3 |
Мектеп Спартакиадасын өткізу |
Сәуір |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
4 |
Аудандық жарыстарға қатысу |
Жоспармен |
ДТ мұғалімі |
5 |
Спорттық жорықтар өткізу |
Маусым |
Әкімшілік,ДТ мұғ. |
6 |
Президенттік сынама жарыстарына дайындық және өткізу |
Жыл бойы |
Әкімшілік, ДТ мұғ. |
5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар мен марапат қағаздар, жоғары көрсеткіштер, «Мектепетің үздік спортшылары» көрмелері |
Қыркүйек |
ДТ мұғалімі |
2 |
Спорттық кештер, «спорттық көңілді тапқыштар», «спорттық білгіштер» сайыстарын өткізу |
Қараша Мамыр |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР: |
|||
1 |
Оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу |
Қыркүйек |
Дәрігер, әкімшілік, ДТ мұғалімі |
2 |
Арнайы дәрігерлік топтың денсаулығын бақылау |
Ай сайын |
Дәрігер |
3 |
Оқушыларды қорытынды дәрігерлік қараудан өткізу |
Мамыр |
Дәрігер,әкімшілік, ДТ мұғалімі |
7. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
2 |
Көрнекі құралдар дайындау |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жоспарлары.
Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
- Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
- Тоқсандық жоспар-кестесі.
- Әр сабақтың жоспары.
- Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген.
Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының … оқу жылына … тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (кестеде):
№ р/с |
Сабақ Міндеттері |
Сабақ бөлімдері |
Ескертулер |
||
Кіріспе |
Негізгі |
Қорытынды |
|
||
|
|
|
|
|
|
Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.
1-сабақ
- Міндеттері
- ____________________
- ____________________
- ____________________
2 Өткізілетін орын ____________________
3 Керек құрал-жабдықтар ______________
- Кіріспе бөлім- 12 минут
- Саптық жаттығулар.
- Жүру жаттығулары.
- Жүгіру жаттығулары.
- ЖДДЖ.
- Негізгі бөлім – 28 минут.
- Жаттығу
— Негізгі жаттығулар.
— Дайындық жаттығулары.
— Жетекші жаттығулар.
- Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
- Дене қасиетін дамыту жаттығулары.
III. Қорытынды бөлім – 5 минут.
- Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
- Баға қою.
- Үйге тапсырма.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз.
Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.
Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы.
Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады.
Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.
Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:
— мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;
— дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;
— мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;
— дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:
— спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;
— дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;
— мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын пайдалану.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:
— дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;
— өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;
— дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;
— өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;
— өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;
— мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;
— мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;
— дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;
— өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.
Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.
3.4. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ.
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі.
Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.
- Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы.Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.
2.Негізгі есепке алу түрі – ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.
- Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.
Есепке алу жүйесінде жоғарыда айтылған негізгі түрлерден басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады.
Негізгі есеп алу құжаты мектептің сынып жорналы болып есептеледі. Жорналда оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, өтілген сабақ міндеттері, үй тапсырмасы жазылады. Жорналдағы оқушылардың фамилиясы тұсына тек қана сабақта жоқ болса «ж» әрпі және сабақтағы алған бағасы қойылады. Қазір біздің мемлекеттің жалпы білім беру мектептерінде пайдаланып жүрген сынып жорналының мазмұнымен және оны жұмыс барысында қалай толтыру керек екенімен танысайық.
Сынып жорналының сол жақ беті
Пәннің аты…
№ |
Оқушының тегі, аты |
Айы, күні |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
Сынып жорналының оң жақ беті
Мұғалімнің тегі, аты-жөні…
Айы, күні |
Сабақта не өтілді? |
Үй тапсырмасы |
Мұғалімнің ескертпесі |
|
|
|
|
«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады.
Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т.б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.
Сынып жорналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:
Президенттік сынама – тест тапсыру туралы мағлұматтар
№ |
Оқушының тегі, аты
|
Д.Ш. дайындық деңгейі |
Белгі түрі және грамоталары |
Президенттік тесті тапсырған күні |
|
Президенттік деңгей |
Ұлттық деңгей |
||||
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Оқушылардың дене дайындығының көрсеткіштері
№ |
Оқушылардың тегі, аты |
Медициналық топ |
30-60-100 жүгіру |
Оқу жылының басында |
||||||
Қолының күші
|
Орнынан секіру |
Нығыздалған допты лақтыру |
Тартылу |
Дене дайындығының бағасы |
||||||
сол |
оң |
ұлдар |
қыздар |
|||||||
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындалған тізімі, жоспардың орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы,
Президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік. Сол құжаттардың тізімін, үлгі түрлерін төменде көрсетіп отырмыз.
Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарының тізімі.
- ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.
- Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04.01.2000 ж).
- Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.
- Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С.Т. Тайжанов, Ю.Г. Тілеуғалиев.
- Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.
II Жоспарлау құжаттары.
- Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
- Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.
- Тоқсандық жоспар-кестесі.
- Әр сабақтық жоспар.
- Жоспар-конспект.
- Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары.
III Мектептің дене тәрбиесі ұжымының құжаттары.
- Ережесі, құқықтары мен міндеттері.
- Кеңес құрамы.
- Отырыстарының жоспары.
- Кеңес отырыстарының хаттамалары.
- Оқу жылына арналған жоспары.
3.1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:
- Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер.
- Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.
- Спорт төрешілері.
- Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі.
3.2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:
- Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.
- Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.
- Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:
— мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер.
— мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер.
— жоспарлау құжаттары;
— жорналдары.
- Есепке алу құжаттары.
- Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері.
- Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
- Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі.
- Спорттық жарыстардың құжаттары:
— өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.
- Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:
— қатысқаны туралы жалпы кесте.
— құжаттары.
6.Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік көрсеткіштері кітабы.
- Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі.
- Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.
9.Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:
— мектеп директорының Президенттік сынама тапсыру комиссиясын бекіту туралы бұйрығы;
— Президенттік сынама көрсеткіштерін бағалау кестесі;
— 5,9,11 сынып оқушыларының сынақ түрлері мен нормалары;
— сынақтар және жарыс хаттамалары;
— Президенттік сынаманың қорытынды кестесі.
- Оқу құралдары мен жабдықтарының есеп тізімі.
- Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізуге рұқсат берілгендігі туралы акт.
- Спорттық снарядтардың тексеру сынағынан өткені туралы акт.
- Мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы құжат.
- Дәрігерлік-педагогикалық бақылау бойынша мектеп директорының бұйрығы.
VII. Дене тәрбиесі мен спортты көрнекі түрде насихаттау.
- Президенттік сынама стенді.
- Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектеп спортшылары стенді.
- Дене тәрбиесі сабағының сынақ жаттығуларының нормалары стенді.
- Салауатты өмір салты стенді.
- Спорт түрлерінің қауіпсіздік шаралары стенді.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
Поддубныймен өмірлік достығы осы сәттен басталған Қажымұқан ол туралы: «Ондай адамды жер жүзінен кездестірген емеспін. Адам десең – адам, палуан десең – палуан, арыстан десең – арыстан еді», – деп үнемі айтып өткен деседі.
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақ күресі – ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.
1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашғабат қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар – кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер – орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар – бас балуан деп аталады.
Грек-рим күресі, классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі.
Дзю-до (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол). 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері – кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, Әзірбайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі.
Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев, Арсен Хатип әлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А.Мұсабеков Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.
Қажымұқанның күрес өнеріндегі жеңісті жолы одан әрі қарай Париж, Лондон, Варшава, Гамбург, Стамбул, Рим, Прага, Вена, Мадрид, Одесса, Лодзь, Минск, Симферополь, Ялта, Орел, Вильнюс, Ковна, Бағдат, Дамаск топырағында жалғасады және 1905 жылға дейін-ақ палуан әлемнің 24 елінде болып үлгереді. Бірқатар деректерге сүйенсек, күш жағынан алып қарағанда Қажымұқанның теңдесі болмаған. «Оның алапат күшінен қарсылас палуандарының қорыққандығы соншалық, кейбірі тіпті чемпионаттан шығып қалуға мәжбүр болған.
Сол себепті де Қажымұқан көбінесе шын күрестен аласталып, шартты күрестің маңында пайдаланылған. Оған көнбей, шындай бастаған жағдайда «күрестің ережесін бұзды» деп, белдесуге қатысушылар тобынан шығарып отырған» деген де пікірлер бар. Осылайша, Қажымұқанның спорттық өмірбаянында әртүрлі жағдайлар кездеседі. Тіпті кейбір жекпе-жектері халқымыздың ұлы перзенті үшін шын мәніндегі өмір мен өлім айқасына айналған. Мысалы, бұған палуанның Саракики, Георг тәрізді басқа да көптеген қарсыласымен жекпе-жектері дәлел бола алады. Әсілі, жақсының бағасын білу де – зор қасиет.
Осы орайда, мейірбан халқымыз Қажымұқандай біртуар ұлын шексіз махаббатымен мейлінше аялай білген де. Ел-жұртының ыстық ықыласына тәнті болған палуанның Ә.Тәжібаевқа: «Мен Қажымұқан болғалы қазақ думаны қасымнан арылып көрген емес», – дегені бар.
Дегенмен күні кеше ғана күллі Алаш жұрты аялаған Қажымұқанға бүгінгі қауымның қырғи қабақ танытып қоятыны қынжылтады. Мысалы, ол туралы «Қажымұқан әлем чемпионы болмаған, тек халықаралық деңгейде күрескен» деп қызылкеңірдек болатындар да жетіп-артылады.
Бұл ретте олардың Қажымұқанның әлемнің 60-қа жуық елінде күш сынасып, алтын, күміс, қоласын қоса есептегенде, барлығы 48 медальды олжалағанын, сондай-ақ көптеген дүниежүзілік біріншілікке қатысып, «Азия, Африка чемпионы», «Әлем чемпионы» атақтарын бірнеше дүркін жеңіп алғандығын «естен шығарып» алатындары өкінішті. Бірақ ел не десе, о десін, Қажымұқан – әріден айтсақ, шын мәнінде, «Жер жүзінің балуаны», беріден айтсақ, күллі «Қазақ даласының батыры». Енді бірегей тұлға өмірінің былайғы жұртқа беймәлім беттеріне үңіліп көрелік…
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- Назарбаев Н. Ә. Барлық Қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі
2.Әбенбаев С. Оқушылардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру \\ Сынып жетекшісі
- Орманбекова Ұ. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру \\
- Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. «Педагогика» Алматы 2002, 6бет
- Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. Алматы 2004
6.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030», Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан., Алматы. 2012ж.
- Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984
8.Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.
9.Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.
10.Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
- Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.
- Бабанский Ю.К. Рациональная организация учебной деятельности — М.,1981, 7-б.2
- Мұханбетжанова Ә.М., Медешова А.Б. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру технологиясы., БҚМУ баспаханасы, 2004
- 14. Лошкарева Н.А. Формирование системы общих учебных умений и навыков школьников — М., 1982, 68 б.
- 15. Салимбаев О. Научные основы формирования общеучебных умений и навыков школьников в естественнонаучном образовании. 13.00.01-Общая педагогика. Автореф.дисс.к.п.н., — Алматы.1997.
- 1 Черешнева Г.Б. Формирование общеучебных умений как фактор успешного освоения учебной деятельности. //pimno.vspu.ru/raznoe/archiv/confSPP/sekcii/3s/c_3s_17.htm
- 17. Назарбаев Н. Ә. Барлық Қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі
18.Әбенбаев С. Оқушылардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру \\ Сынып жетекшісі
- Орманбекова Ұ. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру \\
- Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. «Педагогика» Алматы 2002, 6бет
- Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. Алматы 2004
22.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030», Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан., Алматы. 2012ж.
- Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984
24.Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.
Қосымша
Көпшілік-спорт және сауықтыру шараларының
жылдық күнтізбелік жоспары
№ р/с |
Өткізілетін шаралар |
Өткізілетін уақыты |
Қатысатын спортшылар |
Өткізуге жауапты адам |
|
|
|
|
|
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құрамы 200…- 200… оқу жылы
№ р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Жұмыс орны, оқитын сыныбы |
Кеңестегі орындайтын жұмысы |
Тұратын мекен-жайы
|
1 2
|
Аяғанов Медет Асылұлы Баянов Мұрат Датұлы |
Мектеп директоры, Дене тәрбиесі Мұғалімі |
Төраға Төраға орынбасары |
Абай д., 15-24 Арай, 23-45 |
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің отырыстарының жоспары
Тоқсан |
Айы, күні |
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер |
Орындалғаны туралы белгі |
I |
қыркүйек |
|
|
қазан
|
|
|
|
II |
қараша |
|
|
желтоқсан |
|
|
|
III |
қаңтар |
|
|
ақпан |
|
|
|
наурыз |
|
|
|
IV |
сәуір |
|
|
мамыр |
|
|
Қосымша
Дене тәрбиесі ұжымының … оқу жылына арналған жоспары
№ р/с |
Өткізілетін шаралар |
Өткізілетін уақыты |
Өткізуге жауапты адам |
Орындалғаны туралы белгі |
|
|
|
|
|
Сыныптар туралы жалпы мәліметтер … оқу жылы
Сын- ып |
Оқушы- лар саны |
Оның ішінде |
Спорт ұйым- дастырушы |
Жаттығатын мекемелер мен топтар |
Сабақтан боса-тылған |
|||||
Қыз- дар |
Ұл-дар
|
ЖДҚД |
мектеп секц. |
спорт мект. |
спорт мект. |
арн мед.т |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қоғамдық спорт нұсқаушылары
№ р/с |
Аты-жөні |
Оқитын сыныбы |
Кеңестегі орындалатын жұмысы |
Тұратын мекен-жайы, телефоны |
1. Волейбол спорты бойынша |
||||
1. |
Халелов Алмас |
11 |
Жаттықтыру жүргізеді |
Шәкәрім, 20-5 21-14-45 |
2. Шаңғы спорты бойынша |
||||
2. |
Абышов Думан |
10 |
Мектеп құрама командасына Жауапты |
Абылай, 9-15 42-13-27 |
3. Гимнастика түрлері бойынша |
||||
3. |
Акенов Азамат |
10 |
Сабаққа дейінгі гимнастиканы жүргізеді. |
Шоқан, 2-44 26-10-95 |
Қосымша
Қоғамдық спорт төрешілері
№ р/с |
Аты-жөні |
Оқитын сыныбы |
Қай спорт түрінен |
Тұратын мекен-жайы, телефоны |
1. |
Жеңісханов Әлібек |
11 |
Волейбол, шаңғы |
Сәкен, 13-19 |
|
|
|
|
|
Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі
№ р/с |
Аты-жөні
|
Сынып |
Спорт түрі |
Спорт мектебі |
Мекен-жайы, телефоны |
|
|
|
|
|
|
Мектептің спорттық секциялары туралы мәліметтер … оқу
жылы
№ р/с |
Спорт түрі
|
Жаттығушылар Саны |
Жаттықтыру өткізеді |
|
жаттықтырушы |
нұсқаушы |
|||
|
|
|
|
|
Мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер … оқу жылы
№ р/с |
ЖДД топтары (жастарына байлан-ы |
Жаттығушылар Саны |
Жаттықтыру өткізеді |
|
жаттықтырушы |
нұсқаушы |
|||
Қосымша
Бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының
көрсеткіштері
№ р/с |
Оқушының аты-жөні |
30 м |
Жүгіру 3*10
|
Орнынан ұзындыққа секіру |
6 мин жүгіру |
Допты желкеден алдыға лақтыру |
Қолдың қысу күші |
||||||
|
Айы |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс
дәптері 200… – 200… оқу жылы
№ р/с |
Аты-жөні |
Ұзындыққа секіру |
100 метрге жүгіру |
Ұ 2000 Қ 1000 |
Волей- бол |
Баскетбол |
Жалпы
|
|||||||||
|
|
К-ш |
баға |
К-ш |
баға |
К |
Б |
БАҒА |
БАҒА |
|||||||
|
|
1 |
2 |
А |
Қ |
1 |
2 |
А |
Қ |
А |
Қ |
А |
Қ |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: А — ағымдағы; Қ — қорытынды; К-ш – көрсеткіш; 1-тоқсан басында, 2-тоқсан аяғындағы көрсеткіш;
Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру
шараларының өткізілуін есепке алу кестесі
№ р/с |
Шаралар |
Қатысқан командалар |
Қатысушылар саны |
Өткізілу бағасы |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша
Мектеп құрама командасының … оқу жылында аудан,
қала жарыстарына қатысуы
№ р/с |
Спорттық жарыстар |
Өткізілу уақыты |
Қатысқан командалар |
Алған орындар |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
Мектептің жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткен спортшылары
- Жеңіл атлетика
№ р/с |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш көрсеткен оқушы |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш |
Қашан, қай жарыста көрсетті? |
Спорттық разряды |
Оқитын сыныбы |
Мекен-жайы, телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
- Гимнастика
№ р/с |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш көрсеткен оқушы |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш |
Қашан, қай жарыста көрсетті? |
Спорттық разряды |
Оқитын сыныбы |
Мекен-жайы, телефоны |
Спорттық дәреже (разрядтар) орындаған спортшылар тізімі
№ р/с |
Аты-жөні |
Сынып
|
Спорт түрі |
Спорт дәрежесі |
Қашан, қай жарыста көрсетті |
Мекен-жайы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|