АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхана

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

 

 

 

Ғылыми кітапханадағы

2016 жылдың  30 мамыр мен 15маусым

аралығындағы тәжірибе бойынша

 

ЕСЕП

 

 

 

Кафедрадан белгіленген жетекші:                                          Жұманбаева А.М.

 

Орындаған:      АЖ 3-курс:                                                          Умбеталиев М.Б.

 

Қорытынды баға ___________

 

 

 

 

 

                                             Алматы 2016

Жоспары:

КІРІСПЕ. 3

  1. Негізгі бөлім

 1.1 Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхана…………………… 4

         1.2 Кабис бағдарламасы …….. ………… 5

         1.3 Ирбис бағдарламасы. 7

 

  1. Практикалық бөлім

  2.1 Кабис бағдарламасымен жұмыс істеу барысы…………………… 4

          2.2 Ирбис бағдарламасымен жұмыс істеу барысы …….. ………… 5

2.3 Кабис пен Ирбис бағдарламасының айырмашылықтары мен  ұқсас — тықтықтары……………………………………………………………………………………….. 2.4 Электронды каталогты қолдану…………………………………………………….

Қорытынды………………………………………………………………………… ………………15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                КІРІСПЕ

Тәжірибе бұл – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен 30 мамыр – 15 маусым  аралығында ақпараттық жүйелер мамандығының студенті Қойланова Балнұр Полатқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасына жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарымыз – кітапхананы қазіргі заман талабына сай, ондағы кітапханашылар мен студенттерге ыңғайлы болу үшін, барлық мәліметтерді ақпарат түрінде сақтау. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

— кітапханадағы  белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

— әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

— кітапханада белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;

— кітапханада болған барлық іс-шараларға қатысу.

Келесі тәжірибе есебі негізгі  2 бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы,  Кабис және Ирбис бағдарламалары туралы сипаттадым. Практикалық бөлімде тәжірибе кезінде жасаған жұмыстарымды көрсеттім.

Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі Әл-Фараби кітапханасының директоры Туенбаева К.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

 1.1 Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхана

 

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасы 1934 жылы университеттің құрылуымен қатар жұмыс істей бастады. ҚазҰУ кітапханасының барлық қызметі университеттің оқу және ғылыми үдерістеріне сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуге, нәтижелілігіне, ұстанымының мықты болуына, университеттің имиджіне және инновациялық деңгейінің беделді болуына, элиталық ЖОО кітапханаларының қызметін көрсету деңгейіне сәйкес бағытталған.

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – студенттер мен магистранттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық болып табылады. Ғылыми кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен 16-19 ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған.      Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі ҚР бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі болып табылады. Кітап қорында 2 млн. астам басылымдар сақталған. Жыл сайын 50-60 мың данадан астам басылымдармен толықтырылады. Оқырмандар – 20 мыңнан астам адамды қамтиды, бұл – тек студенттер ғана емес, сонымен бірге, оқытушы –профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер, қосымша оқытушы персоналдар мен университеттің басқа да категорияларындағы қызметкерлер.

    Залдардағы отырғызу орындарының саны – 1192. Кітапхана жыл сайын 900 мыңнан аса келушілерді тіркейді. 2 млн. данадан астам кітаптар, журналдар мен газеттер   беріледі.

    Жыл сайын қазақстандық және ресейлік 850 атаудан астам мерзімді басылымдарын жаздырып алады. Ғылыми кітапхана кітапханалық-библиографиялық процестерді аутоматтандыру деңгейі бойынша алдыңғы қатардағы орында.

      Ғылыми кітапхана – ғаламтор желісінде өзінің электронды каталогын алғашқы орналастырушылардың бірі ретінде Қазақстан Веб-сайтының тарихына енді. Ғылыми кітапхана жетістіктері оқырмандарға қызмет көрсету, еңбек ұйымдастыру және жаңа технологияларды игеру сапасы бойынша бірнеше рет түрлі дипломдармен марапатталды (ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясының дипломы, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының грамоталары т.б.) 

 

 

 

    Ғылыми кітапхананың міндеті – студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамын Отандық және әлемдік ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, дәстүрлі және электрондық түрде. Университеттің білім беру ісі мен оқу процесіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тұрақты түрде қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Жеке тұлғалардың рухани дамуына, оларды патриоттық, достық сезім және халықтар арасында өзара келісім мен үйлесімділік орнатуға тәрбиелейді. Ғылыми кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалынған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары,  элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді.  Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады.

 

1.2 Кабис бағдарламасы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Ғылыми кітапханасы өте үлкен және онда кітаптар саны өте көп, сондықтан оларды сақтауға, іздеп табуға  және ол жайында ақпарат алуға ыңғайлы болу үшін арнайы құрастырылған программа бар. Ол- КАБИС(Казахстанская автоматизированная  библиотечно информационная система) деп аталады.

Бұл бағдарламаны «Kazakh Soft» «Казах Софт» компаниясы шығарған. Жүйенің негізгі ерекшелік сипаттамасы — жылдам меңгеру мүмкіндігі, интерфейстің ыңғайлылығы, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі, (АРІ) бағдарламалық интерфейсінің жүйелілігі, код сенімділігі, әкімшіліктендіру мен жұмыс жасаудың қарапайымдылығы.

Ғылыми кітапхана  Кабиспен жұмыс жасап келгеніне бірнеше жылдар болды. Бірақ қазіргі ақпараттық жүйенің дамуына байланысты Кабиспен жұмыс жасау тиімсіз болып қалды. Ғылыми кітапхана 2016 бастап Ирбис бағдарламасын қолданыла бастады. Барлық Кабистегі ақпараттарды Ирбиске көшіріп жатыр. Себебі заман талабына сай Ирбис бағдарламасымен жұмыс жасау тиімді және өте ыңғайлы.

                            1.3 Ирбис бағдарламасы  

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы 2016 жылдан бастап кітаптарды және басқада ақпараттарды сақтауға, іздеп табуға  және ол жайында ақпарат алуға ыңғайлы болу үшін арнайы құрастырылған программа – Ирбис программасын қолдана бастады. Жүйенің негізгі ерекшелік сипаттамасы — жылдам меңгеру мүмкіндігі, интерфейстің ыңғайлылығы, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі, (АРІ) бағдарламалық интерфейсінің жүйелілігі, код сенімділігі, әкімшіліктендіру мен жұмыс жасаудың қарапайымдылығы.

 

Ирбис программасы Кабис бағдарламасына өте ұқсас. Ирбис пен кітаптарды немесе қандайда ақпараттарды іздеу үшін әрбір қолданушының жеке логині мен паролі болу керек. Бірақта қазір Кабистегі ақпараттар толық көшірілмеген  Ирбис программасына. Сондықтан қазірде  ғылыми кітапханаға келген ізденушілер Кабисті қолдану үстінде.

 

 

 

 

 

  1. Практикалық бөлім

2.1 Кабис бағдарламасымен жұмыс істеу барысы

 

КАБИС-тің терезе беті

     Мұнда оның терезесінің беті көрсетілген. Жоғары жағында әртүрлі функцияларды орындайтын тез қол жетімді панел мен  авторы мен кітап аты бойынша іздеуіш(поиск) орналасқан. Бұл программа өте жақсы қорғалған. Ол тек кітапхана қызметкерлеріне қол жетімді.

 

Яғни, бізге керек кітапты оның авторы арқылы немесе кітап аты арқылы және түйінді сөз арқылы ғана іздей аламыз.

Көріп тұрғандарыңыздай мұнда әр түрлі бағыттағы кітаптар жеке-жеке сақталады. Суретте авторы бойынша іздеу көрсетілген.

Егер сіз қалаған кітабыңызды авторы немесе кітап аты бойынша таба алмасаңыз, түйінді сөз арқылы ауқымды түрдегі іздеуге көшуге болады.

Көріп тұрғаныңыздай Кабиспен жұмыс жасау қиын емес. Ғылыми кітапханага келген әрбір ізденуші Кабиспен пайдалана  алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ирбис бағдарламасымен жұмыс істеу барысы

Ирбис программасында жұмыс жасау үшін жетекшіміз бізге әрқайсысымызға жеке логин мен пароль бөліп берді. Сол логин мен пароль арқылы Ирбистегі Кабистен көшірілген ақпараттардың қателерімен жұмыс жасадық.

 

Ирбис терезе бетінен SBO базасын таңдаймыз.

Бастапқы беттен келесі көрсетілген командаларды таңдаймыз.

 

Тізімдердің ішінен ASP42 –Аналогическое описание статьи(полное) таңдаймыз.

 

MFN-ге жетекшіміз бөліп берген тапсырманың  номерін жазамыз.

 

Негізгі бетте тұрған  Дублетностьтегі  қателермен жұмыс жасаймыз.

 

Автордың атын, фамилиясын жеке жолдарға орналастырамыз.

 

 

Автордың атын, фамилиясын әр жолға жазып сақтағанда төмендегі суретте кқрсетілгендей өзгереді.

 

Енді заглавие жолында тұрған автордың атын өшіреміз.

Келесі біз Издание деп тұрған жолға F2батырмасын басып, келесі амалдарды орындаймыз.

 

 

 

Обозначениеге қарап мәліметтің газет не журнал не көп томды кітаппа соны белгілейміз.

Егер номер бойынша берілсе онда ол журнал болып табылады. Ал егер дата бойынша берілсе газет болып табылады.

Негізгі терезе бетінен «Коды» бөліміне кіріп, текстің тілін және мемлекетін таңдаймыз.

 

Страна деген жолға F2 батырмасы арқылы кіріп, ключ деген жерге Казахстан деп жазамыз.

Нәтижесі төмендегі суретте көрсетілгендей болады.  

Енді келесі «Систематизация» бөліміне кіреміз.

 

Сосын төменде кқрсетілген жолдағы кілтті сөздер тізбегі берілген, соны әрбәр жолға орналастырамыз.

 

 

Енді осы жасаған жұмысымызды сақтап қоямыз.

Нәтижесәі төмендегідей болады.

 

Кейбір кездерде «Заглавие» жолында автордың аты емес сұхбаттасушы не әңгімелесуші деп кездеседі.

Сол кезде «Основное БО» бөліміне кіреміз.

«Основное заглавие» деген жолға F2 батырмасы арқылы кіріп, сұх. / әңг. аты-жөнін жазамыз.

 

 

 

 

Кейде суретте көрсетілгендей жағдай кездесіп жатады.

« Заглавие» жолындағы автордың атын өшіріп тастаймыз, жоғарыда көрсетілген қателерді дұрыстаймыз.

 

 

Сосын « Заглавие» жолындағы тексті копировать етіп алып, Кабис програмасына барып «Заглавие» деген жерге вставить етеміз.

 

Сол кезде төменде суретте көрсетілгендей ақпаратты көшіріп аламыз.

Келесі  амалдарды суретте көрсетілгендей орындаймыз.

 

Осылай  Ирбис программасына көшірілген мәліметтердің қателерімен жоғарыда көрсетілгендей командалармен  орындап, қателерді түзедік.

 

 

 

 

2.3 Кабис пен Ирбис бағдарламасының айырмашылықтары мен  ұқсастықтықтары

 Кабис пен Ирбис бағдарламасының айырмашылықтары: Кабисте біз тек кітап авторы және кітаптың аты арқылы іздей аламыз. Ал Ирбисте кітаптың аты, авторы, оның датасы арқылы және кілттік сөзі және т.б. арқылы іздеуге болады.

Кабис пен Ирбис бағдарламасының  ұқсастықтықтары: кітаптарды және басқада ақпараттарды сақтауға, іздеп табуға  және ол жайында ақпарат алуға ыңғайлы. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Электронды каталогты қолдану.

  Кез келген қолданушы kaznu.kz сайтына кіріп электронды каталог арқылы кітаптарды, мақалаларды не т.б. өзіне қажет ақпараттарды іздеуге болады.

 

Электронды каталогта Кабис не Ирбис программалары арқылы ізделінеді.

 

 

Көрсетілген амалдар бойынша біз осылай электронды каталогты қолдана аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

     2016 жылы 30 мамырдан  бастап  15 маусым  уақыт аралығында өндірістік тәжірибені әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасында өттік. Іс-тәжірибенің алғашқы күні кітапхананың қызметімен, күн тәртібімен, кітапхананың  тыныс-тіршілігімен, ақпараттық жүйелердің жұмыс тәртібімен, техникалық қауіпсіздіктермен таныстық.

  Теориялық білімдерімізді пайдалана отырып, кітапхананың ақпараттық жүйелерімен, жаңа ақпараттық технологиялармен, заманауи технологиялық әдістерімен іс жүзінде көріп қана емес, сонымен бірге тәжірибе жұмыстар барысында бақылап, меңгеріп қолдандық.

   Мен тәжірибеге берілген 13 күн ішінде, механика-математика факультетінде 3 жыл бойы алған білімімді дұрыс қолданып қана қоймай оны шыңдай білдім деген көзқарастамын.

  Тәжірибе уақыты менің жадымда тек қана берілген тапсырмаларды орындаумен шектелмей, көптеген қызықтарымен есте қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Лебедев. А. Windows 7 және MS Office 2010.
  2. Чекмарев А. Windows 7 Руководство администратора, 2010.
  3. Зозуля Ю. Windows 7 на 100%. – – 472 с.