Ф.4.5-001-32
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік Университеті
«Заңтану және халықаралық қатынастар» институты
«Кеден ісі» кафедрасы
Есеп беру
Оқу іс-тәжірибесі бойынша
«050304 – Кеден ісі»
Тақырып: «Әуежай Шымкент» кеден бекетінің құрылымы және қызметі
Есеп берудің
бағасы_________________
(бағасы, уақыты)
Комиссия Орындаған:
_______________________ Студент ЮМ-06-4к
(қолы, аты-жөні) Шалғынбаев С.Н.
(қолы, аты-жөні, тобы)
_______________________ Жетекшісі: аға оқытушы
(қолы, аты-жөні) Досыбекова Г.Қ. (қолы, аты-жөні)
Шымкент 2008
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
ІІ. Тарифтік емес есептеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық және т.б.)
ІІІ. Бекеттің құрылымы мен жұмысын зерттеу
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өзін тәуелсіз, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды. Егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті сақтау, дамыту барысында басты бағыттарының бірі заң шараларының қабылдануын қолға алды. Солардың ішінде кеден жүйесінің алатын орны ерекше болғандықтан кеден заңдары арқылы қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін оның орны мен рөлін ерекшелеу маңызды.
Кеден ісі саласында осы күнге дейін көптеген заң актілері қабылданды. Соңғы уақытта, яғни 2003 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының Парсламентімен қабылданған Кеден Кодексінің орны бас кеден заңдарының ішінде ерекше. Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуді экспорт-импорт тауарларды өткізуде әлемдік тәжірибе мен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді, тиімді жүргізуге жол ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, темір жол, әуе кеңістігі, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрылымдарын да дамытуда.
Қазақстан Республикасының 2003 жылы 1 мамырда қабылданған кеден кодексі тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылауды қолға алды. Тарифтік емес шектеулердің техникалық шаралары т.б. кедендік шараларды сапалы да заң нормалары негізінде жүргізуде.
Бұл негізгі есеп беру жұмысының негізгі құрылымы мен алдына қойған мақсаты тауарлар импорты мен экспорты кезіндегі валюталық және тарифтік емес шектеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық және т.б.). Мұнда негізгі мәселелердің бірі «Әуежай Шымкент» кеден бекетінің құрылымы және жұмысын зерттеу.
І. Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Реслубликасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады. Өзге іс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі);
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтімдерін халықарапық почта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады.
Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетгі орган айқындайтын тәртіппен тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлап отырады;
3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.
- Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады.
- Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды.
- Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.
- Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.
Кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған ақпараттың жасырындығын сақтауға міндетті.
Кеден заңы Қазақстандық кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелерді қарастырады.
Кеден бақылауының құрамдас бөлігі ретінде валюта бақылауы ұлттық банктің бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оған кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
1997 жылы 23 мамырда Кеден комитетінің келісімі бойынша Ұлттық Банктің қаулысымен экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру жөніндегі ереже қабылданды.
Ресейде кеден органдары 1994 жылдан бастап-ақ мәмілелер құжатын бақылайды, ал Қазақстанда көрсетілген ереже кеден рәсімдеуін аяқтағанға дейін экспорт және импорт мәмілелерінің құжаттарын рәсімдеу тәртібін және кеден рәсімдеуінен кейін осыған ұқсас тәртіпті реттейді.
Экспорттық-импорттық валюта бақылауын енгізу кеден органдарына өткізілетін экспорттық-импорттық валюта операцияларының әрекет етуші құқыққа сәйкестігін тексеру, төлемдердің негізділігін, экспорттық-импорттық операциялар бойынша есептің толықтығы мен объективтілігін тексеру бойынша қосымша қызметтер жүктейді.
Кеден органдары экспорт бойынша әрбір экспорттық келісім-шарт бойынша тауарлар экспортынан түскен валюта түсімдерін бақылау құжаттарының жиынтығынан тұратын іс-құжаттар жинағы (досье) мен импорт бойынша әрбір импорттық келісім-шарт бойынша өнімдер импортында шетел валютасын пайдалануды бақылау құжаттарының жиынтығынан тұратын іс-құжаттар жинағы (досье) қалыптастырады. Экспорт бойынша құжат және импорт бойынша құжат экспортымен және сәйкесінше импортымен банкте немесе келісім импортына байланысты кеден органдарында толтырылады.
Бүгінгі таңда валюталық бақылауда қойылатын талаптардың арта түскендігін кеден қызметінің экономика және қаржы саласында біліктендірілген мамандарды таңдап алуда жаңа әдіс-амалдар қажет.
Мемлекет валюталық бақылаудан басқа малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және бақылаудың т. б. түрлерін қарастырады.
1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының заңымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың қағидалары мен құқықтық негізі анықталған. Мұндағы фитосанитарлық қорғау дегенміз – республиканың өсімдік ресурстарын және өсімдік текті өнімдерді басқа мемлекеттерден тасып әкелуден, сондай-ақ республиканың карантиндік объектілерінің күшпен кіруінен қорғауға, олардың таралуы жағдайында – олардың таралу ошақтарын жергіліктендіру мен жоюға бағытталған мемлекет шараларының жүйесін қарастыратын құқықтық режим.
ІІ. Тарифтік емес есептеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық және т.б.)
Тарифтік емес реттеудің ең төтенше шарасы кедендік блокада мен эмбарго болып табылады.
Кедендік блакада-кедендік ресімдеуді тоқтатып қою, кеден қоймаларында тауарларды ұстап тұру т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Мұндай шаралар мақсаты – блакада жасалатын мемлекттермен сыртқы экономикалық байланытарды бұзу болып табылады.
Эмбарго – белгілі бір нақты елдердің экспорты мен импортына тиым салу. Эмбарго халқаралық практикада танымал амалсыз шара. Мұның да ашық және бүркемеленген деген түрлері бар. Тауарлардың сипатына немесе қауіпсіздігіне, сапасын бақылауға негізделген шектеулерді бейтарифтік ретеудің техникалық шаралары деп атайды. Техникалық шараларды жүзеге асыру барысында тауардың оралымына, символикасына, маркировкасына, этикеткасына көп көңіл бөлінеді.
Техникалық реттеу шараларының түрлері:
— адамдар мен жануарлардың өмірімен денсаулығын қорғау мақсатында енгізілетін санитарлық реттеулер.
— өсімдіктерді қорғауға бағытталған фитосанитарлық реттеу;
— қоршаған орта мен табиғатты қорғауға байланысты реттеу шаралары;
— ұлттық қауіпсіздікке бағытталған шаралар;
— алаяқтылыққа қарсы шаралар.
Техникалық шараларға өнімнің белгілі бір талаптарға сәйкестігі жатады:
— тауарлардың маркировкасы, ондағы мәліметтер (шыққан елі, салмағы, қауіпті жүктерге қойылатын арнайы белгілер);
— тұтынушыларға арналған этикеткадагы мәліметтер;
— қораптауға қойылатын талаптар (орау материалдары мен әдісі).
— карантин және инспекцияға қажетті бақылау;
— өнім компаненттері, пайдалану мерзімі, сақтау әдістері.
Қазіргі кездегі техникалық реттеулер:
— қоршаған ортаны ластайтын материалдар мен шикізат тауарларының импортын шектеу немесе тиым салу;
— пайдаланылуы ауаны ластайтын көлік құралдары мен өндіріс құрал-жабдықтарына протокционистік шара қолдану. Бұған Батыс Европа елдерінде 1996 ж. бастап ұшақтардың даусына, жүк көліктеріне олардың түтін шығаруына қатал нормалардың белгілеуі мысал бола алады.
Бейтарифтік шектеулер – бұл ішкі нарыққа шетел өнімдерінің кіруіне кедергі жасаудағы шектеу сипатындағы кешенді шаралар. Бұл шарттардың мақсаты — тауарлар импорттайтын елдердің бәсекелесу жағдайын күшейту ғана емсс, сонымен бірге, ұлттық өнеркәсіпті, халықтың денсаулығын және өмірін, қоршаған ортаны, дінді, ұлттық қауіпсіздікті қорғау. Қосымша бейтарифтік шектеулер экспорт операцияларында қолданылады, бұл жерде де мақсат ұлттық нарықты қорғау.
Қазіргі кезде халықаралық шеңберде 300-дей бейтарифтік шектеулер түрлері бар. Ең көп тараған классификациялық әдіс тікелей немесе жанама сыртқы сауданы реттейді және бірнеше топқа бөлінеді. Тарифтік шара, паратарифтік шара, бағаны бақылау шарасы, қаржылық шара, автоматтық лицензиялау шарасы, сандық бақылау шара, монополиялық шара, техникалық шара.
Халықаралық тәжірибеде бейтарифтік шектеу шараларында импорттық өнімдерге әдейі арналған талаптар қойылады. Олар: қоршаған ортаның қауіпсіздігі және экологиясы. Бұлардың рөлі қазіргі кезде алға қойылуда. Біріншісі, қоршаған ортаны ластайтын материалдар мен импорттық өнімдерді шектеу немесе оларға тыйым салу (химиялық өнімдер, күкірті бар тас көмір және мұнай). Екіншісі, протекциялық шараларды кеңейтуге қойылатын талаптар. Олар: қолдануда атмосфераны және ауданы ластайтын өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, көлік, т.б. өнімдердің түрлері.
Мысалы, осыған байланысты 1992 жылы Батыс Еуропа елдерінде ұшақ пен жүк көліктерінің ұшу деңгейінің нормасына қатаң қадағалау қойды, автокөліктерге газ шығармау үшін қондырғылар, мұнай танкерлеріне (суға мұнай кетпеу үшін) әдейі арналған қондырғылар орналастырды.
Үшінші, өнімнің сапасына байланысты. Ол тұтынушылардың мүддесін қорғайды, тауардың ақаулығына байланысты және тұрмыста қолдануында зиян келтіруін сақтайды. Бұл тұрмыс қажетіндегі электро-техника, медициналық дәрі-дәрмектер, құралдар-жабдықтар, балалардың тауарлары, азық-түлік және т.б. Тұтынушыларға тауарды қолданғанда этикеткасында жазылған хабарламасы болуы қажет және қаншалықты тәуекелдікке бара алатынын алдын ала білуі керек.
Мысалы, АҚШ-та шығатын өнімдердің сыртында суға тисе өшпейтін, ағылшын тілінде жазылған түсініктемесі болады. Жаңадан қойылатын талаптардың ішінде көптеген өнімдердің екінші рет өңдеуден өткенін көрсететін белгісі тұрады. Осыған байланысты, арнайы «экологиялық белгісі», нақты «рәміздері (символ)» көрсетіледі («жасыл дельфин», «аққу», т.б.). Бұндай қойылған талаптарды мемлекет тарапынан қадағалайтын ұйымдар болады.
Көптеген елдерде арнайы санитарлы-ветеринарлық орындар қызмет етеді. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін, азық-түлік, парфюмерия, тағы басқа өнімдерге қосылатын химиялық бояулар мен әр түрлі қоспа, үйлесімділіктің қолданылуын қадағалайды. Ұлттық және фирмалық стандарттардың айырмашылығын, өнімнің шығу жүйесін, оларға баға беру жұмыстарын мемлекет импорттық өнімге бейтарифтік шектеу жүргізу арқылы ұлттық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды.
Бұндай шаралар дүниежүзілік сауда өнімінің 1/3-ін қамтиды. Мысалы, АҚШ шетел компанияларын, Америка автомобиль рыногын қамтамасыз ететіндерге, атап айтқанда жапондықтарға, Америка өндірісінде қолданылатын бөлшектерді кеңейтуге және хабарландыру жүйесінде, жұмысшы күші мен қызмет керсетуде өздерінің қатысуын міндеттейді.
Мысалы, Мексика өзінің телевизиялық технологиясы болмаса да, Американың импорттайтын телевизор нарығының 70%-ін төмен бағамен қамтамасыз етеді. Оның себебі мынада: түсті киноскопқа кеден салығын салудан босатылған. Бұл шараны АҚШ демпингке қарсы Жапония, Корея, Сингапур, және Канада елдеріне қолданған. Батыс мемлекеттердің демпингке, кінәлілерге қоятын айыбы үлкен қауіп туғызады.
Біріншіден, осындай экспортерлердің алдына сандық шектеу шаралары қойылады. Атап айтқанда, Ресейге қойылатын көптеген айыптар – демпингтік шикізат өнімдері. Демпингке карсы кінәлау әдетте отаңдық ұлттық өңдірушілердін, нақты өніміне қойылатын шектеуі.
Әлемдік нарықтағы еріксіз бәсекелесу әдісі де көптеген елде қатаң айыпталады. Оған нарық тәртібін бұзушы ретінде өзінің шартына еріксіз артуы, тұтынушы мен қамтамасыз етушінің нарықты бөлудегі ауыз бірлігі т.б. жатады. Көптеген елдер бәсекені қорғау шарасына монополияға қарсы реттеу актісі қолданылады.
Бейтарифтік шектеу шараларына жататындар: кеден ұйымдарының қоятын талаптары. Яғни тауарларды шекарадан өткізу кезіндегі қойылатын тіркеу қағаздары. Олар бірнешеу болады: біріншіден, тауарды тіркеу және көлік құралын шешу мәселесі. Яғни кеден декларациясын толтырғанға дейінгі уақыт.
Бұл тіркеу құжаттары елдің заңды актісі ретінде және халықаралық нақты құжат ретінде жүреді. Халықаралық қағида бойынша кеден ұйымдарының жұмыстары ыңғайлы, сондай-ақ барлық елдердің өнімдері мен көлік құралдарына қойылатын талаптар бірдей болуы керек. Сыртқы саудаға қосымша кедергілер жасалмауы тиіс.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау.
- Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.
- Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу көзделмесе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге тиісінше аталған аумаққа қайтарылуға жатады.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам не тасымалдаушы жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жібереді.
ІІІ. Бекеттің құрылымы мен жұмысын зерттеу
Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізген соң өзінің жер аумағында шектесетін елдермен келісе отырып шекара жүйесін құрды. Шекаралы аймақтарға далалы жер, су, әуе шекаралары жатқызылды. Әрбір шектесетін мемлекеттермен біздің жерден тысқары жатқан елдермен қарым-қатынас жасау үшін сауда-экономикалық байланыс т.б. салалар бойынша өткізу кеден бектетерімен пункттері құрылды. Қазақстан Республикасы бойынша жүзден аса үлкенді кішілі кеден бекеттері жұмыс жасайды. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ірі кеден бекеттерінің бірі. «Әуежай-Шымкент» кеден бекеті құрылымы қызмет жасауда.
«Әуежай-Шымкент» кеден бекеті әуе кеңістігі юойынша Оңтүстік қазақстан облысына әкелінетін импорт тауарларымен шығарылатын тауларларды өткізуге бақылау жасайтын бірден бір кеден бекеті болып табылады. Бұл кеден бекетіне көбінесе Европа елдері, сонымен қатар Түркия, Иран, Араб мемлекеттерінен және көршілес ТМД республикаларынан Ресей, Тәжікстан т.б. жерлерден импорт тауарлары әкелінеді. Жоғарыда аталған елдерге экспорт өнімдері де шығарылады. Бұл бекет арқылы жеке тұлғаларда өтеді. «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің негізгі қызметі бұл бекет арқылы әрбір жеке тұлғаны оның қол жүгін алып өтетін тауарларын Қазақстан Республикасының кеден заңдарына халықаралық шарттарға сәйкестігін тексеру және кеден баждары мен алымдарын жинау. Өткен тауарлардың құжаттарының дұрыстығын тексеру. Бұл кеден бақылау аймағында жиырмаға жуық кеден қызметкерлерімен мамандары жұмыс жасайды.
Қорытынды
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуді экспорт-импорт тауарларды өткізуде әлемдік тәжірибе мен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді, тиімді жүргізуге жол ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, темір жол, әуе кеңістігі, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрылымдарын да дамытуда.
Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Көптеген елдерде арнайы санитарлы-ветеринарлық орындар қызмет етеді. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін, азық-түлік, парфюмерия, тағы басқа өнімдерге қосылатын химиялық бояулар мен әр түрлі қоспа, үйлесімділіктің қолданылуын қадағалайды. Ұлттық және фирмалық стандарттардың айырмашылығын, өнімнің шығу жүйесін, оларға баға беру жұмыстарын мемлекет импорттық өнімге бейтарифтік шектеу жүргізу арқылы ұлттық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды.
«Әуежай-Шымкент» кеден бекеті әуе кеңістігі юойынша Оңтүстік қазақстан облысына әкелінетін импорт тауарларымен шығарылатын тауларларды өткізуге бақылау жасайтын бірден бір кеден бекеті болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж.
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003ж. 1 мамыр.
- Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантины» туралы Заңы. 1999ж. 11 ақпан.
- Драганов В.Г. «Основы таможенного дела». Москва. 1998г.
- С.Т.Әлібеков. Қазақстанның кеден құқығы. Алматы. 2002ж.
- Сәрсенбаев М.А. «Таможенное право». Алматы, 1998г.
- Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы. 2000ж.
- Д.Б.Назарбекова., З.М.Мырзабекова. «Кеден ісі экуономикасы». Шымкент. 2002ж.
- Некрасов. «Основы таможенного дела РК». 2005г.