АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелер

ЖОСПАР

 

  КІРІСПЕ

 

  1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ.

1.1.Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі.

1.2.Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелерге тән ерекшеліктер.

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.

2.1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлерін топтастыру.

2.2.Халықаралық тауарларды сатып алу – сату шарты сыртқы экономикалық мәміленің негізгі түрі ретіде.

2.3.Қазақсан Реснубликасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлері.     

 

  1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕНІ РЕТТЕУ ТҮРЛЕРІ.

3.1. Сыртқы экономикалық мәмілелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің коллизиялық нормалары арқылы реттеу.

3.2. Сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданылатын халықаралық сауда арбитражы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

Кіріспе

 

    Қазақстан Республикасының территориясындағы шаруашылық субъектілердің сыртқы нарыққа шығуы, шетел инвесторларын Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін тарту және сыртқы экономикалық қатынастардың кеңеюінен сыртқы экономикалық проблемаларды кеңінен зерттеу қажет. Қазіргі кезде сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асуының бірден бір нысаны ретінде, сыртқы экономикалық мәмілелерді қарастырамыз. Сонымен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін, ең алдымен сыртқы экономикалық операцияларды реттейтін ұлттық заң шығару бағасын дамыту және ұлттық заңнаманы халықаралық жеке құқықтың нормаларымен бекітілген халықаралық шарттар мен келісімдер арқылы шиеленістіру қажет.

    Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық құқықтық қызмет базасын дамыту және ұлттық заңнаманың нормаларына халықаралық жеке құқықтың принціптерін қолдану үшін сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық механизімдерін, шетел заңнамасының нормаларын және сыртқы экономикалық мәміле жөніндегі халықаралық конвенциялар мен келісімдерді толық зерттеу қажет.

    Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық мәміле жөнінде бірнеше қазақстандық авторлардың ғылыми жұмыстары бар екенін айта кетуіміз керек. Осы ғылыми жұмыстар ретінде Г.Д.Ахмадиеваның «Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық контрактілерді құқықтық реттеу» және Г.Б.Испаеваның «Халықаралық тауарларды сатып алу – сату шартына қолданылатын құқық» деген еңбектерін айтсақ болады.

   Сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты жоғарыда көрсетілген сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы, осы диплом жұмысымның тақырыбын алуға себеп болды. Көрсетілген Г.Д.Ахмадиеваның және Г.Б.Испаеваның еңбектерін өзімнің диплом жұмысымның негізі ретінде қолдандым, сонымен бірге осы жұмысымның теориялық негізі ретінде Ю.Г.Басиннің, У.Э.Батлердің, М.М.Богуславскидің, И.С.Гринконың, И.С.Зыкиның, В.А.Мусинаның, М.Г.Розенбергтің, В.С.Садиковтың, М.А.Сарсенбаевтің, В.А.Томсиннің, К.Шмитгоффтың және т.б. ғалымдардың еңбектерін пайдаландым.

     Осы диплом жұмысымда сыртқы экономикалық мәміленің, сыртқы экономикалық қызметтің және сыртқы экономикалық мәмілелер түрлерінің құқықтық реттеу проблемалары зерттелген және сыртқы экономикалық мәмілемен сыртқы экономикалық операциялардың құқықтық реттеу аспектілері қарастырылған.

      Сыртқы экономикалық мәмілелердің механизімі халықаралық деңгейде заңды түрде реттеледі, сонымен қатар басқа мемлекеттерде сыртқы экономикалық мәміленің механизімдеріне арналған арнайы заңнамалар бар, ал біздің Республика шеңберінде сыртқы экономикалық мәміленің механизімдерінің заңдық негізі жоқ. Осыған байланысты бұл тақырыпты жан жақты зерттеу бүгінгі күні аса өзекті болып отыр.   

      Диплом жұмысымның басты мақсаты сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерін түсіндіру, шетел заңнамасының ұлттық нормаларын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларымен салыстыру және сыртқы экономикалық мәмілені қарастыратын халықаралық конвенциялар мен келісімнің нормаларын қолдану болып келеді. Сонымен бірге өзімнің диплом жұмысымда сыртқы экономикалық мәміле проблемаларын шешетін халықаралық конвенциялар мен келісімдерге Қазақстан Республикасының қосылу жағдайлары қарастырылған.

    Диплом жұмысын жазу кезінде азаматтық құқық және халықарылық жеке құқық  бойынша қазақстандық, рессейлік және шетел авторларының ғылыми жұмыстарын қолдана отырып, сыртқы экономикалық мәміле жөнінде халықаралық конвенциялар мен келісімдердің және шет мемлекеттердің құқықтық нормаларын салыстыру жүргізілді. Осы жұмысымда Еуропалық Кеңестің, БҰҰ Комиссиясының (ЮНИСТРАЛ), жеке құқықты унификациялаудың Халықаралық Институтының (УНИДРУА), Дүниежүзілік Сауда Ұйымының және Халықаралық Сауда Палатасының нормативтік құқықтық актілері қолданылды және сыртқы экономикалық мәміле анықтау кезінде халықаралық жеке құқық әдебиеттерін басшылыққа алдым.

    Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің әрекеттерін зерттей келе:

  • сыртқы экономикалық мәміле мен оның құқықтық ерекшелігін анықтадым;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерді топтастыру мәселелерін қарастырдым;
  • сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлеріне анализ жүргіздім;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудің коллизиялық мәселелерін көрсеттім;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды халықаралық сауда арбитражының шеңберінде шешілу жағдайларын қарастырып кеттім.

     Сонымен диплом жұмысымда мына жағдайлар қаралады:

  • Сыртқы экономикалық мәміле. Сыртқы экономикалық мәміле бұл — бір немесе екі және онан да көп тараптар арасындағы, тауарды экспорттауға және импорттауға бағытталған сатып алу – сату шарты болып келеді. Ал Рессейлік ғалымдар Л.А.Лунс пен М.М.Богуславский сыртқы сауда мәмілелерге қатысушылардың кем дегенде біреуі шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға болып табылатын және тауарды шетелге шығару немесе тауарды шетелден кіргізу операцияларын жатқызатын болса, О.Н.Садиков сытқы сауда мәмілесіне қатысушыларының біреуі шетел азаматы болу керек және мәміленің пәні сыртқы сауда операцияларына бағытталу керек.
  • Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшелігі. Сыртқы экономикалық мәмілеге мемлекеттік емес реттеу нысанын және шетел құқығын қолдану, сонымен бірге сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру мүмкіндігі сыртқы экономикалық мәміленің басты құқықтық ерекшелігі болып келеді.
  • Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері. Қазіргі таңда сыртқы экономикалық қатынастар даму салдарынан сыртқы экономикалық мәмілелердің көптеген жаңа түрлері пайда бола бастады. Сол себептен сыртқы экономикалық қатынастардың шаруашылық субъектілерін анықтау үшін сыртқы экономикалық мәмілелер  біржақты және көпжақты, жай және шартпен жасалған, ақылы және ақысыз, реалды және консенсуалды, алдын-ала жасалатын, биржалық, импортты және экспортты мәмілелер болып топтастырылады.
  • Сыртқы экономикалық мәмілелерді топтастыру кезінде азаматтық құқықтың нормалары басшылыққа алынады. Сонымен сыртқы экономикалық мәміленің басты құқықтық реттеу құралы азаматтық құқықтың нормалары екенін айта кету қажет;
  • Халықаралық тауарларды сатып алу – сату шарты. Халықаралық сатып алу –сату шарты 1980 ж БҰҰ Халықаралық тауарларды сатып алу-сату Конвенциясы бойынша реттелетіні туралы ескеру қажет. Сыртқы экономикалық мәміленің басты түрі халықаралық тауарларды сатып алу – сату шарты болып келеді. Осы халықаралық тауарларды сатып алу – сату шартын банктік операцияға байланысты сыртқы экономикалық мәміленің басты түрі ретінде лизинг, факторинг және форфейтинг мәмілелері қарастырады;
  • Коллизиялық нормалар. Сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің коллизиялық нормалары қолданылады және осы коллизиялық нормалар сыртқы экономикалық мәмәлелерді анықтаудың негізі болып табылады. Сыртқы экономикалық мәмілелерді анықтау кезінде тараптар коллизиялық норманың «тараптардың автономды ерекшелігі» принціпін басшылыққа ала отырып, коллизиялық жалғауларды қолдану құқығына ие болады ;
  • Сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды реттеу. Сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды арбитраждың қарауына беру туралы тараптар арасында алдын ала келісім жасалады.Сыртқы экономикалық дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру тараптар үшін өте қолайлы, әрі тиімді.

  Диплом жұмысым кіріспеден, жеті бөлімшені құрайтын негізгі үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

   Осы жұмыстың бірінші бөлімінде сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігін анықтайтын отандық және шетелдік заңгерлердің көзқарастары және сыртқы экономикалық мәмілелердің құқықтық ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен сыртқы экономикалық мәмілелерге байланысты қазақстандық, шетелдік заңнаманың нормалары мен халықаралық конвенциялардың нормалары арасында салыстыру жүргізілді.

   Екінші бөлімде сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлерін топтастыру, сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерін теориялық және заңнамалық өңдеу және сыртқы экономикалық мәміленің негізгі түрі ретінде халықаралық тауарларды сатып алу – сату шарты сияқты сұрақтар зерттелген.

   Үшінші бөлімде сыртқы экономикалық мәмілелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы және Коллизиялық нормалары арқылы реттеу мәселелері, сонымен бірге сыртқы экономикалық дауларды халықаралық арбитражда қарастыру жағдайлары көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен  ерекшелігі.

 

  • Қазақстан республикасындағы сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі

 

Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық мәселесін зерттеу үшін сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты ұлттық заңнама мен халықаралық келісімдерді салыстыру, қазақстан кәсіпкерлері мен шетелдік серіктестері арасындағы шарт қатынастарын кеңейту және шетел инвесторларын Қазақстан Республикасының экономикасы мен экономикалық қатынастарын дамыту үшін тарту қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Теориялық көз қарас бойынша сыртқы экономикалық мәмілелердің механизімдері үлкен қызығушылық туғызуда, себебі Қазақстан Республикасының доктринасында осы мәселе жөнінде арнайы заңи зерттеулер жүргізілмеген және халықаралық жеке құқық бұл мәселенің толық зерттелуін қажет етеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қызметтің аспектілерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен қабылданған заңдардың көптігіне қарамастан (мысалы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі қабылданбастан бұрын қолданылған 1991ж КСРО Кеңесі мен Республикалардың Азаматтық заңнамасының 74-170 бб, және 1964ж Қазақ КСРО-ның Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімінің 224-565бб.), сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты мәселелерді зерттеу Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту үшін өте қажет.

Қазақстанның заңнамасында сыртқы экономикалық мәміле жөнінде арнайы анықтама берілмеген. Сонымен қоса сыртқы экономикалық мәмілелерге таралатын халықаралық құқық нормаларын қабылдау және сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты халықаралық конвенциялар мен халықаралық сауда ұйымының нормаларына қосылу ұлттық заңнаманы дамыту үшін қажет. Тәжірибенің көрсетуі бойынша қазіргі кездегі нарықтың өсуі сыртқы экономикалық сатып алу-сату шарттардың қолдану аясын кеңейтті. Сол себептен сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлері қолданыла бастады. Мысалы: лизинг, факторинг, форфейтинг және т.б. Қазіргі таңда жоғарыдағы мәміле түрлері теориялық және заңнамалық зерттеу қажеттілік туғызады. Бұл проблемаға Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері мен ТМД мемлекеттерінің серіктестері  арасындағы келісім шарттары жатқызылады, ал бұрын бұл мәмілелр өз алдында тек қана ішкі мәміле ретінде қарастырылған [1].

Жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасының заңдарында сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі берілмеген, сол себептен оны нормативті және доктриналды анықтау қажет. Ерекше жағдай ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 153б 3т-да сыртқы экономикалық мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеледі деп көрсетілген [2]. Осыған орай Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде сыртқы экономикалық мәміленің айтарлықтай   қатал   регламентациясы   сақталмаса  да,  жалпы  алғанда, сол мәміленің

__________________________________________________________________________

  1. Г.Д.Ахмадиева. Правовое регулирование внешне экономических контрактов РК.Алматы 1996. ст-14.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімі.

нақты  түсінігі  анықталмаған.  Әрине, мұндай жағдай өз алдында ішкі мәміледен сыртқы экономикалық мәмілелердің өзара құқықтық ерекшеліктерін анықтап, айыру кезінде көптеген қиыншылықтар туғызуда.

Мәмілені сыртқы экономикалық деп тану үшін шетел құқығын қолдану өте маңызды. Мысалға бұрын әрекет еткен  1991ж ССР кеңесі мен Республикалардың негізгі Азаматтық заңнамасының 166 б сәйкес сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын құқықтар мен міндеттемелер тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі деп көрсетілген [1]. Дәлірек айтсақ, тараптар сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде тараптар шетел құқығын таңдауға және сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын дауды тараптар шетелдік арбитраждың  қарауына беруге құқығы бар. Қатысушылардың арасында қолданылатын құқық туралы келісім болмаған жағдайда, қатысушылар коллизиялық норманы таңдауға мүмкіндігі бар және осы мәселе сыртқы экономикалық мәмілені анықтау үшін қажет. Негізгі заңның 166 б-да мәміленің мәтініне шешуші маңызы бар және мәміленің атқарылуын жүзеге асыратын тараптардың тұрғылықты тұратын жерінің немесе басты қызмет көрсететін жердің құқығын қолданылады деп көрсетілген. Егер келісімде өзгеше көрсетілмесе осы Негізгі заңның 165 б 2т-да тараптардың мәмілеге қатысты туындайтын құқықтары мен міндеттері мәміле жасаған жердің құқығы бойынша анықталады. Негізгі заңның 166 б-да көрсетілген жағдайлар, тек қана сыртқы экономикалық мәмілелрге қатысты қолданылған.

Мәмілені сыртқы экономикалық деп танылуы қатысушы тараптарға шетел мемлекетінің құқығымен қоса, халықаралық конвенциялардың нормаларын қолдануға мүмкіндік береді. Ал, иерархиясына келетін болсақ, халықаралық конвенциялардың нормалары ұтттық заңнаманың нормаларынан жоғары тұруы мүмкін (Мысалы: Қазақстанның заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың нормалары ұлттық заңнаманың нормаларынан үстемдігі жоғары). Айта кететін болсақ конвенциялардың нормалары ішкі мәмілелерге қатысты қолданылмайды.

Жоғарыда айтып кеткендей қазақстанның заң әдебиеттерінде бұл мәселе зерттелмеген, ал Рессейдің заң әдебиеттерінде сыртқы экономикалық мәмілені анықтаудың жолдары мен дифинициялары бар, мысалға: «сыртқы сауда мәмілесі», «халықаралық сауда шарты», «халықаралық сауда контрактісі», «халықаралық сауда мәмілелері», «сыртқы экономикалық шарт» және «сыртқы экономикалық операциялар». Бұл жерден біз «мәміле», «шарт», «контракті» және «операциялар» деген терминдердің қолданылғанын көріп тұрмыз және осы операциялардың халықаралық сауда , сыртқы сауда, сыртқы экономикалық қызметтегі қолдану аясы көрсетілген. Осыған байланысты сыртқы экономикалық мәмілені шарт, контракті және операция арасындағы арақатынасының түсінігін салыстыру керек.

      Мәміленің «шарт» пен «контракті» арасындағы арақатынасын қарастыра отырып, біз мәміленің түсінігі шарт пен контрактіге қарағанда кең екенін көреміз. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147 б сәйкес мәміле деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері жатады деп көрсетілген [2]. Мәмілелер   біржақтың,

__________________________________________________________________________

  1. Основ граданского законодательства Союза ССР и Республик 1991 г. Ст-166.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы Бөлімінің 147 бабы.

екіжақтың немесе көпжақтың еркін білдіреді (Қазақстан Республикасының Азаматтық

Кодексінің 148 б.). Екіжақтың немесе көпжақтың еркін білдіретін мәмілелер шарт болып танылады. Дәлірек айтсақ шарт пен контрактінің түсінігі мәміленің түсінігімен бір, сонымен қатар әр-бір шарт (контракті) мәміле болып танылады, бірақ біржақты мәмілелер шарт (контракті) болып табылмайды.

Кеңестік құқық доктриналарында ұзақ уақыт бойы «сыртқы сауда мәмілелері» мен «сыртқы экономикалық мәміле » деген түсініктері бөлек көрсетілмеген. Сыртқы сауда мәмілесі ұғымы 1961ж негізгі азаматтық заңнамада (146 б. 5б 2т), 1964ж РСФСР-ң азаматтық кодексінде (42б 2т, 66 б, 17 б, 564 б, 565 б 2т, 566 б) және 1964ж Қазақ КСРО-ң Азаматтық Кодексінде (44 б 5т, 561 б 2т) қолданылған. 1991ж Кеңес КСРО мен Республикалардың негізгі азаматтық заңнамасында (164-166 бб), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (153 б 3т) және Рессей Федерациясының Азаматтық Кодексінде (162 б3т) «сыртқы экономикалық мәміле» деген термин енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгендей Рессейдің құқықтық доктриналарында «сыртқы сауда мәміле» мен «сыртқы экономикалық мәміле» деген түсініктер бөлінбеген. Л.А.Лунс пен М.М.Богуславский сыртқы сауда мәмілелерге қатысушылардың кем дегенде біреуі шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға болып табылатын және тауарды шетелге шығару, тауарды шетелден кіргізу операцияларын жатқызатын болса [1], ал О.Н.Садиков сыртқы сауда мәмілесінңің екі белгісін көрсетеді: біріншіден, қатысушылардың біреуі шетел азаматы болу керек; екіншіден, мәміленің пәні сыртқы сауда операциялары болып табылады.

Мысалға алатын болсақ В.А.Мусин мұндай мәмілелерге – азаматтық құқықтар мен міндеттемелердің пайда болуына, өзгерілуіне және тоқтатылуына әкеп соқтыратын шетел азаматтарымен коммерциялық мақсатта жасалған халықаралық сауда мәмілелерін жатқызады.

    Айталық Шмиттгофф мұндай мәмілелерге тауарды экспорттауға байланысты немесе бір мемлекеттен басқа мемлекетке қызмет көрсету үшін жасалатын халықаралық мәмілелерді жатқызады. Шмиттгофф мәмілелерді екі түрге бөледі:

1) тауарды сатып алу-сату  шартына негізделген мәмілелер;

2) шетелде қызмет көрсетуге байланысты мәмілелер, мысалы: басқа мемлекетте объектілерді салу [2].

    Дратта халықаралық мәмілелерді ішкі мәмілелерден бірнеше бағыттар бойынша айырады:

  • халықаралық мәмілелер ішкі мәмілелерге қарағанда күрделі;
  • тараптар өз алдында үлкен тәуекелге барады, сол себептерден қосымша заңи тәсілдерді қолданады ( СИФ, ФОБ талаптарына сәйкес тасымалдау және т.б.);
  • айналымға үлкен ақша массасы тартылады;
  • халықаралық мәмілелерді қарастыру тәртібі ішкі мәмілелерді қарастырудан өзгеше, өйткені мәмілелерді реттеу мәселесіне келгенде халықаралық мәмілелерге байланысты

қай құқықты қолданатыны туралы сұрақтар басшылыққа алынады.

   Кейбір   шетел   елдерінде халықаралық жеке    құқық   пен   сыртқы    экономикалық

__________________________________________________________________________

  1. .Богуславскии М.М Международное частное право М-1998
  2. Шмиттгоффь. Экспорт: право ипрактика международной торговли.

мәмілелерге байланысты арнайы заңдар қабылданған, мысалға: Қытай Халық

Республикасының 1985ж Халықаралық шаруашылық шарты туралы заңы Австрияда (1978ж);  Халықаралық жеке құқық туралы заңы Турцияда (1985ж), Румынияда (1992ж), Швейцарияда (1987ж), Польшада (1965ж) және т.б. Қытай Халық Республикасының Халықаралық шаруашылық шарты туралы заң төмендегідей мәселелерді қарастырды: шартты бекіту, шартты орындау, орындамағаны үшін жауапкершілік, дауларды қарастыру тәртібі және т.б.

    Біздің заңнамада сыртқы экономикалық мәмілелерге байланысты осындай заңды қабылдау қолайсыз болар еді, себебі осы заң азаматтық құқықтың жалпы нормаларын қайталауы мүмкін. Біздің ойымызша азаматтық құықтық актілерде немесе халықаралық жеке құқықтың заңдарында сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшеліктерін бекіту және осы мәмілелердің ерекше белгілерін реттеу өте қолайлы болар еді.

     Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі сауда және азаматтық құқықтардың ұлттық жинақтарында бөлінбеген. Ал жеке құқықтың дуалистік жүйесі бар елдерде (сауда құқығы азаматтық құқықтан бөлініп шыққан елдер): Францияда, Германияда, Бельгияда, Испанияда және т.б . сауда мәмілесі мен коммерциялық мәміленің түсініктері қарастырылған. Мысалға.: Германияның Сауда Жинағында коммерсанттың барлық мәмілелері сауда мәмілелеріне жатқызылады деп көрсетілген (Германияның Сауда Жинағының 343б). Ал Францияның Сауда Кодексінде мазмұны бойынша сауда мәмілелеріне жататын мәмілелердің тізімі көрсетілмеген. Осы жерге қосып айтатын болсақ негоцианттар, саудагерлер және банкирлер арасындағы мәмілелерді сауда мәмілелеріне жатқызуға болады. Сауда мәмілелері азаматтық құқықтың жалпы нормаларымен қоса, сауда кодексінің және сауда актілерінің нормаларына бағынады. Жеке құқық бірыңғай жүйесі бар елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Нидерланды) заңдарында тек қана азаматтық кодификациялар ғана әрекет етеді және азаматтық құқық пен сауда құқығы аясында біркелкі тәртіпті қолдану тәжірибесі сақталған. Осы кодификациялауды кәсіп түрі ретінде шаруашылық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін реттейтін нормалар бар. Мысалға алатын болсақ 1979ж тауарды сату туралы ағылшын заңында саудагерге арналған «кәсіби қызмет тәртібі » туралы арнайы ережелер жинағы берілген.

     Бірыңғай Сауда Кодексінің әрекет етуіне қарамастан АҚШ сауда және азаматтық құқықтың нормаларын жинақтау тәжірибесін ұстанады. АҚШ-тың көптеген штаттарында Азаматтық кодекстің жоқ болуынан, оларда тек қана жеке азаматтық-құқықтық  мәселелерді реттейтін заңдар әрекет етеді және Бірыңғай Сауда Кодексін азаматтық кодекс ретінде қарастыруға да болады.

     Батыс Еуропа елдерінде сыртқы экономикалық мәмілелерінен туындаған проблемаларды әр түрлі халықаралық конвенцияларға қосылу арқылы шешеді. Мысалы 1980ж Халықаралық сату-сатып алу шарты туралы Конвенциясы, 1980ж Халықаралық қаржы лизінгі туралы БҰҰ Конвенциясы және т.б.

    Осы конвенциялар сыртқы экономикалық мәмілелерінің ерекше белгісі ретінде тараптардың коммерциялық мекемелері әр түрлі жерде орнатылуын қарастырады. Жоғарыда көрсетілген конвенцияларда коммерциялық мекеменің түсінігі ашылмаған. Ал заң әдебиеттерін алатын болсақ , арнайы операцияларды жүзеге асыратын тұрақты жер ретінде коммерциялық мекме қарастырылған. Егер тараптардың бірден көп коммерциялық мекемесі болған жағдайда, оның коммерциялық мекемесі шарт жасасу кезінде немесе оған дейін қатысушыларға белгілі болған және шартқа немесе оның орындалуына тығыз байланысты жер болын табылады (1980ж Халықаралық Тауарларды сатып алу-сату туралы БҰҰ Конвенциясының 10б). Аталған Конвенцияға мүше мемлекеттер Конвенцияның нормаларымен бірге ұлттың құқықтық нормаларын қолдануға мүмкіндіктері бар, себебі Конвенцияны бекіту кезінде көптеген мемлекеттер өздеріне қолайлы Конвенцияның ережелерін қолдану туралы мәміледе арнайы сілтеме жасайды

     1980 ж БҰҰ Конвенциясының 1 б сәйкес, осы конвенция тараптардың коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекеттерде орналаласқанда қолданылады:

  • егер осы мемлекеттер Келісуші мемлекеттер болса;
  • егер халықаралық жеке құқықтың нормаларына сай Келісуші мемлекеттің құқығын қолдану туралы көрсетілсе [1].

Конвенция осы бабының нормасын қарастыру кезінде мынандай жағдаларды қарастырамыз                                                                                                                                        

  • сатып алу-сату шартының тараптары әр түрлі мемлекетке болса, бірақ олардың коммерциялық мекемелері бір мемлекетте орналасса — Конвенция қолданылмайды;
  • сатып алу-сату шартының тараптары әр түрлі мемлекетте орналасса да, бірақ олар Конвенция нормаларының орнына Конвенцияға мүше мемлекеттің ішкі құқығының нормаларын қолдануы туралы ескерілетін болса – осы Конвенцияның нормаларының орнына мемлекеттің ішкі құқық нормалары қолданылады
  • шарт тараптарының коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекеттерде орналасса да, бірақ қарастырылып отырған дау Конвенцияға мүше емес мемлекетте қарастырылатын болса, осы мемлекеттің коллизиялық нормалары Конвенцияға мүше емес үшінші мемлекеттің ұлттық заңына сілтеме жасаса –Конвенция қолданылмайды;
  • шарт тараптары Конвенцияға мүше емес мемлекеттерге жатса, бірақ халықаралық жеке құқықтың нормаларына сәйкес шартқа байланысты Конвенцияға қатысушы үшінші мемлекеттің сот құқығы қолданылса – Конвенция осындай шартқа қолданылады;

    Қазіргі таңда мәміле жөнінде отандық доктринаға осы Конвенцияның нормалары әсер тигізіп жатқанын айтып кету қажет. Мысалға: И.С.Зыкина мен О.И.Дегтяреваның ғылыми жұмыстарында сыртқы экономикалық мәміленің анықтамасы 1980ж БҰҰ Вена Конвенциясының негізгі принціптеріне сәйкес жазылған [2],[3]. Осы Конвенцияның принціптері 1988ж БҰҰ Халықаралық қаржы аренасы (лизингі) мен Халықаралық қаржы өкілдігі (факторингі) туралы Конвенцияларына да қатысты қолданынылған. Осыған байланысты тараптардың коммерциялық мекемелері әр түрлі

мемлекетте орналасуы  туралы  принціпі  сыртқы  экономикалық  шарттың  ерекше  белгісі ретінде байланыстардағы басқа да шарт түрлеріне қатысты қолданылады.

    Ал Рессейдің заң әдебиеттерінде көптеген авторлар жоғарыда көрсетілген принціп түрімен келіспейді. Мысалға: В.А.Мусин осы принціп түрін — өз қызметін бірнеше

мемлекеттің территориясында жүзеге асыратын Транс Ұлттық Корпорацияларға (ТҰК)

__________________________________________________________________________

  1. Венская Конвенция ООН о договорах международной купли – пордажи товаров 1980 г. Ст-1.
  2. Зыкин И.С.Внешне экономические операции: право и практика. Меж.отн.М-1994г. Ст-72.
  3. Дегтярева О.И. Организация и техника внешне торговых операций. М-1992г. Ст-6.

қатысты қолданылмайтынын көрсетеді [1]. Егер ТҰК екі дочерлік компаниялары

үшінші мемлекетте өзара шарт жасаса ,осы шарт Конвенция бойынша   сыртқы экономикалық (халықаралық) деп танылмайды, себебі Транс Ұлттық Корпорациялардың коммерциялық мекемелері бір мемлекеттің территориясында орнатылған. Шынына келетін болсақ шетел мемлекеттерінің компанияларына бұл принціпті сақтау үлкен қиыншылық туғызады, себебі компаниялардың жарғысы бір мемлекетте тіркелген болса, оның басқармасы басқа жерде орналасса, ал өзінің коммерциялық қызметін басқа бірнеше мемлекеттерде жүзеге асыруы мүмкін. Осындай белгілер, тек қана шетел мемлекеттеріне ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінің коммерциялық фирмаларына тән.

  Сытқы экономикалық шарттарды мемлекеттің ішкі құқығымен анықтау кезінде Конвенциядағы  коммерциялық мекеме деп берілген ұғым Қазақстанның заңнамасында өзгеше екенін ескеру қажет. 1980ж Конвенцияда – арнайы операцияларды жүзеге асыратын тұрақты жер коммерциялық мекеме деп көрсетілген, ал Қазақстанның заңнамасында коммерциялық мекеме деген ұғым жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде коммерциялық мекеме орны коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың түрлері берілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 34б сәйкес өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін ұйым коммерциялық ұйым болып, ал мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алған таза табысын қатысушыларына үлестіретін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады деп көрсетілген. Осы жерге қосып айтатын болсақ Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті немесе арнайы операцияларды  жүзеге асыратын тұрақты жер деген ұғым берілмеген. Оның орнына қазақстанның заңнамасында заңды тұлғаның тұрған жері деген ұғым қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 39 б.1т сәйкес заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып саналады деп көрсетілген. Контрагенттің (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның) құқықтық статусы контагент құрылған жердің немесе азаматтық кәсіпкерлік қызметі тіркелген елдің заңнамасы бойынша анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_________________________________________________________________________

  1. Мусин В.А. Международные торговые контракты. Л .ЛГУ-1986.

1.2. Қазақстан Республикасындағы сыртқы эконномикалық мәмілелерге тән ерекшеліктер.

 

     Мәмілені сыртқы экономикалық мәміле категориясына жатқызылуы, осы мәміле түрінің құқықтық ерекшеліктеріменен санасу қажет. Өзінің белгісі бойынша, сонымен қатар мазмұны мен пәні (тауарларды сатып алу — сату, қызмет көрсету және т.б) бойынша сыртқы экономикалық мәміле ішкі мәмілеге қарағанда күрделі. Себебі осындай мәмілелердің тараптары әр түрлі мемлекеттердің контрагенттері ретінде қарастырылады және ішкі мәмілеге қарағанда  сыртқы экономикалық мәмілелердің тараптары осы мәміленің атқарылуына қосымша әрекеттерді талап етеді, мысалы: экспорттық немесе импорттық лицензияларды алу, осындай мәмілелерді өкілетті органдарда тіркеу, кеден баждарын төлеу, одан да күрделі коммерциялық төлемдерді жүзеге асыру, FOB, CIF бойынша тауарларды сатып алу-сатудың базистік талаптарын қолдану және т.б. Осындай мәмілені жасағанда тараптар отырған мәміленің нақты түрін және одан шығатын құқықтар мен міндеттемелерді, сонымен қатар осы мәміленің құқықтық режимінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшеліктеріне тән келесідей негізгі белгілерді бөліп көрсетуге болады: 1) сыртқы экономикалық мәмілені жасасудың ерекшеліктері; 2) мәмілелерді реттеудің мемлекеттік емес нысандарын қолдану; 3) шетел құқығын қолдану мүмкіндігі; 4) сыртқы экономикалық мәміле бойынша пайда болған дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру мүмкіндігі;

  1) Сыртқы экономикалық мәміленің жасасудың ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық мәмілелердің нысаны бойынша, қолданбалы құқық бойынша және тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша туындайтын сұрақтар 1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімінің, 2003 жылы қабылданған Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңының, 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларыменен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 152 б-бы кәсіпкерлік қызметті асыру барысында мәмілелердің жазбаша нысанын сақталуын талап етеді, сонымен қатар 153 б 3т-сы сыртқы экономикалық мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады [1].

      Қазақстан заңнамаларының нормалары Рессей заңнамаларының нормаларымен салыстырғанда Рессей Федерациясының Азаматтық кодексінің 161 б-да мәміленің жай жазбаша түрі және 162 б-да мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау салдары көрсетілген және біздің Азаматтық кодекстің 152 б нормалармен бірдей. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Рессей Федерациясының нормалары хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттармен жазбаша түрде жасалған мәмілеге  теңестірілуін таниды.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімінің 7 бөлімі Халықаралық жеке құқыққа арналған 1104 б 2т-на сәйкес қатысушылардың кем дегенде   біреуі    Қазақстан    Республикасының   заңды   тұлғасы    немесе    Қазақстан

Республикасының       азаматы    болып    табылатын    сыртқы   экономикалық   мәміле

________________________________________________________________________

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы Бөлімінің 153 б.

 

мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады.

      Сыртқы экономикалық мәміленің нысаны мәміле бойынша әріптестерінің мүдделері үшін керек, өйткені мәміленің ауызша нысанда мәміленің өзінің болуын дәлелдеу керек және бұл сыртқы экономикалық айналымның тұрақтылығына себеп болады. Бірақ 153 б 3т-ң нормалары, яғни сыртқы экономикалық мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Бұл жағдай адал емес контрагенттермен қолданылады және олар шарт бойынша өз міндеттерін атқарылмауына әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 153 б 2т-на сәйкес мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Сыртқы экономикалық мәмілелерден дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан  айырмайды. Сонымен тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзгеше, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдемелермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

     Шетел мемлекеттерінің заңдарына және халықаралық конвенцияларға көңіл аударатын болсақ сыртқы экономикалық мәміленің жазбаша нысанын тараптар өздері белгілейді.

     Шетел мемлекеттерінің заңдары сатып алу-сату шартының нысанын ерікті түрде таңдау принціпін ұстанады. Шарттың жазбаша түрі тек қана қозғалмайтын мүлікті сату туралы шарттарға қолданылады.

     Германияда және Швейцарияда осындай шарттар жазбаша түрде нотариятта куәландырылғаннан кейін ғана жасалады. Мәміленің түрлеріде жазбаша да, ауызша да түрлері қолданылууы мүмкін. Мысалы: Англияда сатып алу-сату шарты тауардың бағасына қарамастан ауызша нысанда бекітіледі. Белгілі бір жағдайларда ауызша шарттар жазбаша шарттарға қарағанда үлкен үстемдікке ие.

     АҚШ-тың заңнамасында сатып алу-сату шартының ауызша түрі қолданылады, егер мәміленің соммасы 500 доллардан аспаса.

     1980 ж Халықаралық тауарларды сатып алу-сату шарты туралы Вена Конвенциясының 11 б сәйкес сатып алу-сату шарты жазбаша нысанда жасалуын талап етпейді. Бұл шарт әр түрі әдістермен, куәгерлік айғақтарды қоса расталуы мүмкін.

      Сыртқы мәміленің нысанының қатал регламентациясынан гөрі қазақстанның заңнамасында шаруашылық субъектілердің арнайы лицензияларының және мәмілелердің арнайы тіркеуін өткізу сұрақтары қарастырылған.

     2) Сыртқы экономикалық мәмілелердің мемлекеттік емес реттеу  нысандарын қолдану. Кейде заң әдебиеттерінде сыртқы экономикалық мәмілелердің қүқықтық ерекшеліктері ретінде мәмілені жасасу кезінде пайда болатын тәуекелге қарсы қосымша заң кепілдіктері болады. Осындай кепілдіктерге, мысал ретінде, CIF, FOB, КАФ, ФРАНКО жән т.б. ИНКОТЕРМС жағдайлары бола алады.

    Бірақ бұл жағдайды сыртқы экономикалық мәмілелердің құқықтық ерекшеліктеріне жатқызуға  мүмкіндік жоқ, себебі «ИНКОТЕРМС» сауда терминін түсіндіру туралы Халықаралық ережелер болып табылады және олар тек халықаралық сауда келісім-шарттарға қолданылады, бірақ ол сыртқы экономикалық мәмілелердің барлық түрлеріне қатысты қолданылмайды.

    Мемлекеттік емес реттеу нысанына әдептер, әдет-ғұрып, жүріс-тұрыс ережелері, бірыңғай ережелер жиынтығы жатады. 1980 ж БҰҰ Конвенциясының   9 б сәйкес мәміленің тараптары, олар келіскен әдет-ғұрып және өзара қарым-қатынаста орнатқан тәжірибемен байланысты. Егер тараптар бұл туралы келіспесе, халықаралық саудада танымал және олар білген, я білуі тииіс әдет-ғұрыптарды шартқа қолданылуын білдірген.

    Сауда әдеттері АҚШ-тың Бірыңғай Сауда Кодексінде айқындалған, онда олар «мәмілеге байланысты белгілі бір жерде (кәсіпте немесе саудада) іскерлік қатынастардың жиі сақталу әдісі мен тәжірибесі» деп көрсетілген (БСК АҚШ 1-205(3)). АҚШ  БСК-не сәйкес «кез келген сауда және кәсіп саласындағы сауда әдеттері келісімге нақты мағынаны беру керек және оның талаптарын анықтауы және толықтыруы тиіс. Осы Кодексте, іскерлік қатынастар құқықтарының қайнар көзі ретінде қарастырылады.

    Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қатынастар саласында әдет-ғұрып құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрініс табады, онда «азаматтық қатынастар әдет-ғұрыппен реттеліне алады, егер олар Қазақстан Республикасының территориясында әрекет етуші заңнамаларға қарама-қайшы келмейтін болса, сондай-ақ 1084 б 1т шетелдік элементпен шиеленістірілген азаматтық құқықтық қатынастарға қолданылуға тиісті құқық танылған халықаралық әдет-ғұрыптардың негізінде анықталады». Бірақ Қазақстанның заңнамаларында «әдет-ғұрып» және «іскерлік әдет-ғұрыптары» деген ұғымдар анықталмаған. Іскерлік айналымның әдет-ғұрпына мысал ретінде, жасасып отырған мәмілені  мөрмен бекітуді көрсетуге болады. Азаматтық Кодекстің 152 б 3т заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту, сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделген, бірақ Қазақстан Республикасында ондай талаптар әлі қойылмаған. Оған тек бір ғана императивтік норма бар, ол Азаматтық Кодекстің 33 б 2т көрсетілген, яғни заңды тұлғаның өз атауы жауылған мөрі болады. Бірақ 152 б мәмілені мөрмен бекітуді міндеттемейді, ол тек қана екі жақтың қол қоюын талап етеді

    Мемлекеттік емес реттеудің нысандарына: «ИНКОТЕРМС-2000», 1993 ж «Құжатталған аккредитив жинақталған тәжірибесі мен әдептері», 1978ж «Инкассо бойынша сауда құжаттары туралы жинақталған ережелері жатады және олар халықаралық банктік әдет-ғұрыпы мен әдеттердің жинағы айқындайды.

     Жоғарыда көрсетіліп кеткен Халықаралық Сауда Палатасының (ХСП) басып шығарылған сауда терминдерінің жинақтарымен қоса БҰҰ Еуропа Экономикалық комиссиясының және БҰҰ Халықаралық Сауда құқығы (ЮНИСТРАЛ) комиссиясының жинақтарын айтып кетуге болады. Сыртқы экономикалық мәмілеге байланысты дауларды ad-hoc арбитражына беруге болады. Біздің ойымызша, осы мемлекеттік емес реттеу тәсілдерін қолдану сыртқы экономикалық мәмілелердің ерекше белгісіне тән.

 3) Шетел құқығын қолдану мүмкіндігі немесе тараптардың келісімімен құқық таңдау. Келесі сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшелігі, шетел құқығын таңдау мүмкіндігі болып келеді. Мәміле жасасу кезінде, тараптар өз алдында қолданылатын құқық жайында алдын-ала келісуі өте маңызды. Кейбір елдерде колданылатын құықты таңдау мүмкіндігі тараптардың абсолютті еркіндігі принціпі немесе шарт локализациялау принціпі деп аталады. Көрсетілген абсолютті еркіндік принціпі Германия мен ҚХР әрекет етеді. Егер шарт локализациялау принціпіне келетін болсақ, онда тараптар тек мәмілеге қатысты принціпті таңдайды және осы принціп АҚШ құқығында қолданылады. АҚШ-тың Бірыңғай Сауда Кодексінің 105 б 1т былай деп көрсетілген «Егер тараптардың құқықтары мен міндеттері осы штаттың немесе  басқа штататың, мемлекеттің құқығымен анықталатын болса және шарт осы штатқа немесе басқа штатқа, мемлекетке қатысты болса, онда тараптар құқық таңдауға құқылы.». Ал Германияда қолданылатын құқықты таңдау туралы  келісім болмаған жағдайда, тараптар осы шартқа тығыз байланысы бар мемлекеттің құқығы қолданылады (1986 ж Халықаралық жеке құқықтың жаңа реттелуі туралы заңының 28 б) және осы жағдай ҚХР қолданылады.

     Қазақстанда  (сонымен бірге Рессейде) сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты құқық қолдану, тараптардың абсолютті еркіндік принціпіне негізделген. Қазақстанның заңнамасында сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты тараптардың келісімімен  қолданатын құқық жөніндегі ереже «Қазақстан Республикасының инвестиция туралы заңында» көрініс тапқан. Осы заңның 24 б 4т-да былай делінген: Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе келісімдерінде өзгеше көрсетілмесе, шетел инвесторлары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе азаматы арасындағы жасалған мәміле Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі. Тараптардың құқық таңдау еркіндігі туралы норма Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімінің «Халықаралық жеке құқық» бөлімінде көрініс тапқан.  Мысалы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіннің 1112 б 1т-2 т-на сәйкес  Егер Қазақстан Республикасың заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі және шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шарқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады . Сонымен бірге Азаматтық Кодекстің 1084 б шетелдік азаматтардың немесе шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен, не өзге де шетелдік элемент шиеленістірілген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиісті құқық Азаматтық Кодекстің, өзге де заң актілердің, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негізінде анықталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің Ерекше  бөлімінің Халықаралық жеке құқық бөлімінің нормалары халықаралық конвенциялардың қолданылатын құқық туралы принціптерімен сай.

      Көрсетілген жағдайлардың бәрін ескере отыры, мәмілеге қатысушы тараптардың шетел құқығын таңдау мүмкіндігі  сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшелігі болып табылады және сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық режимдерін ішкі мәміленің құқықтық режимдерінен айыруға мүмкіндік береді.

 4)Сыртқы экономикалық мәміле бойынша дауды Халықаралық Арбитраждың қарауына беру мүмкіндігі. Ендігі сыртқы экономикалық мәміленің ерекшелігі Халықаралық Арбитражды таңдау мүмкіндігі болып табылады. Мәміле бекіту кезінде, туындаған дауды тараптар өздерінің мемлекетіндегі сыртқы саудалық арбитражда қарауға, ad-hoc арбитражында шешуге және үшінші елдің арбитраждық сотын таңдауға және істі осы арбитраждардың қарауына беруге алдын-ала келісе алады.

       Қазақстан Республикасының инвестиция туралы заңына сәйкес – инвестициялық даулар келіссөздер жүргізу арқылы немесе  инвестициялық дауларды шешу туралы алдын-ала келіскен тәсілдерді қолдану арқылы (егер осы тәсілдер үш ай ішінде қолданылмаған болса) шешіледі. Осыған байланысты туындаған дауды шетел инвесторларының келісімімен, жазбаша түрде арбитраждық органдарға беру мүмкіндігін «Қазақстан Республикасының инвестиция туралы заңы» қарастырады.:

  • ИКСИД Конвенциясына сәйкес инвестийиялық дауларды реттейтін Халықаралық Орталыққа беру, егер ол осы Конвенцияға мүше болса;
  • Егер инвесторлаушы мемлекет осы Конвенцияға мүше емес болған жағдайда, іс осы Орталықтың қосымша мекемесіне беріледі;
  • Стокгольмдегі Халықаралық Сауда Палатасының Арбитраждық институтына беріледі;
  • Егер шетел инвесторы істі көрсетілген арбитраждардың қарауына беруге қарсы болған жағдайда, тараптар істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот органдардың қарауына беруге құқығы бар.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері.

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрін топтастыру.

 

   Заң әдебиеттерінде сыртқы экономикалық мәмілелердің топтастырылуы берілмеген. Мысалға О.Н.Садиковты алатын болсақ, ол сыртқы экономикалық мәмілелерді мынандай негізгі үш топқа бөліп қарастырды:

  • сыртқы сауда сатып алу-сату шарты;
  • сыртқы сауда мендігерлік шарты;
  • халықаралық жүктерді тасымалдау шарты [1].

     Сонымен бірге В.А.Томсин  де сыртқы экономикалық мәмілелерді үш топқа бөледі:

  • сыртқы сауда сатып алу-сату шарты;
  • қарама-қарсы тасымалдау туралы Халықаралық шарт,
  • сауда контрагенттерінің келісімдері [2].

     Ал И.С.Гринко сыртқы экономикалық мәмілелерді сатып алу-сату және тауарларды айырбастау мәмілелеріне бөледі. Сонымен бірге И.С.Гринко мәмілелерді бартерлік мәмілелерге, кері сатып алу мәмілелеріне, компенсациялық мәмілелерге, компенсациялық негіздегі кең маштабты операцияларға және шикі зат операцияларына топтастырады [3].

     Сыртқы экономикалық мәмілелерді біз көптеген белгілер арқылы топтастырамыз. Соның ішінде мәмілелерді азаматтық құқықтың белгілері арқылы топтастырамыз.

  • Сыртқы экономикалық мәмілелер біржақты және көпжақты мәмілелер болып бөлінеді. Мысалға: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 148 б 1т сәйкес, мәмілелер біржақты және көпжақты (шарттар) болуы мүмкін және осы баптың 2т-3т біржақты және көпжақты мәміленің анықтамасы берілген: заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін біртараптың еркін білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп есептеледі, ал шарт жасасу үшін екі тараптын (екіжақты мәміле) не үш немесе оданда көп тараптын еркін (көпжақты мәмілелер) келісілген ерік білдіруі қажет. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 378 б сәйкес-екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Егер көпжақты мәмілелерді айтатын болсақ, оларға халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартын, компенсациялық мәмілелерді инжирингілік мәмілелерді жатқызамыз.
  • Сыртқы экономикалық мәмілелерді жай және шартпен жасалған мәмілелер деп қарастырамыз.Жай мәмілелерде тараптардың құқықтары мен міндеттері мәміле жасасу кезінде немесе мәміле жасасу кезінен біраз уақыт өткеннен кейін ғана пайда болады, ал шартпен жасалған мәмілелерде құқықтар мен міндеттердің

____________________________________________________________________

  1. Позднеков В.С, Садиков О.Н. Правовое регулирование отношений по внешней торговле СССР.Меж. отн. 1985г. Ч 1-2. ст420-450.
  2. Томсин В.А. Внешне торговые сделки: практические рекомендаций по составлению контрактов. М-94
  3. Гринко И.С. Внешне торговые сделки. Сумы-1994г. Ст-8,17,18.

пайда болуы шартқа   байланысты   болады.   Осы   шартпен   жасалған    мәмілелер      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 150 б қарастырылған. Бұл бапқа сәйкес шартпен жасалған мәмілелерді екі топқа бөлуге болады:1) кейінге қалдырылған шартпен жасалған мәмілелер; және 2) кейін күші жойылатын шартпен жасалған мәміле; Көрсетілген 150 б 1т 2т толық тоқта кететін болсақ: 1т-да – егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайларға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылған шартпен жасалды деп есептеледі; 2т-да – егер тараптар құқықтары мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайларға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Ал осы баптын 3т-да шарттын басталу-басталмау жағдайлары көрсетілген. Бұл тарауға сай — егер шарттың тиімсіз болатын тарап шарттын басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады. Егер шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады [1].

  • Сыртқы экономикалық мәмілелер ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы және ақысыз мәмілелердің түрін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 384 б-да қарастырылған. Осы баптын 1тармақшасына сәйкес — шарт бойынша тарап өз міндеттерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Ал 2-тармақша бойынша — бір тарап екінші тараптан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұстауды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Ақылы шарттарға сыртқы экономикалық мәмілелердің көптеген түрлері жатады, мысалы: халықаралық сатып алу-сату шарты, сыртқы сауда мендігерлік шарты, жүктерді тасымалдау шарты және т.б. Ал ақысыз шарттарға сыйға тарту шартын жатқыза аламыз.
  • Сыртқы экономикалық мәмілелерді реалды және консенсуалды шарттарға топтастырамыз. Реалды мәмілелерге біз сыйға тарту шартын, заем шартын және сақтандыру шартын жатқызамыз. Ал консенсуалды шарттарға халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартын, тасымалдау шартын және басқа да шарттарды жатқызамыз. Сонымен қоса консенсуалды мәмілелерге  опциондық, фьючерлік және форвардтық мәмілелерді жатқызуға болады [2].

      Коммерциялық тәжірибесі дамыған батыс елдерінде осындай мәмілелер тиісті нормативтік актілермен және қадағалау үшін комиссияларымен реттеледі. Мысалға Германияны алатын болсақ осындай мәмілелерді жасасу тәртібі Сауда Кодексімен және 1989 ж «биржа және биржалық қызмет туралы заңымен» реттеледі. Сонымен қатар АҚШ-тың фючерлік мәмілелерге байланысты Сауда Комиссиясы (CFTC) және Фючеллік Мәмілелердің Ұлттық Бірлестігі (NFA) көрсетілген мәмілелердің жасалу мен орындалу тәртібін қадағалайды және жүзеге асыру тәртібін қамтамасыз етеді. Сонымен форварттық мәміле деп болашақта затты (тауарды, акцияларды, облигацияларды және валюталарды) жеткізу туралы тараптардың келісімі болып табылады. Форварттық мәмілелер   тараптарға болашақта  затты   белгіленген  күні  

_______________________________________________________________________

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 150 бабы. Алматы-2003ж.
  2. Ахмадиева Г.Д. Правовое Регулирование внешне экономических контрактов в РК. Алматы-1996ж. ст-63-64.

жеткізіп   беру  туралы ескертеді. Форварттық мәмілелер сатып алушыны немесе жабдықтаушыны болашақтағы бағаның тиімсіз  өсуінен  сақтандыру   үшін   жасалады.   Осы   форварттық мәміледен бірінші тарап екінші тараптың келісімімен ғана бас тарта алады.

    Фючерлік мәміленің ұғымы форварттық мәміленің ұғымымен бір, бірақ фючерлік мәмілелер биржада жасалады және мәміледе көрсетілген баға болашақта өзгеруі мүмкін. Мәміле жасасу кезінде, сатушы тарап тауарды мәміле жасасқан уақытта белгіленген бағамен ғана сатуға, ал сатып алушы тарап белгілі бір тауарды сол белгіленген бағамен сатып алуға міндеттеледі.

      Опциондық мәмілелер бойынша бір тарап белгілі бір уақыт ішінде, белгіленген бағамен затты (тауарды, акцияны, облигацияны, валютаны) қабылдау немесе жіберу құқығына ие болса, екінші тарап контрагенттің талабы бойынша бірінші тараптың құқықтарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және затты белгіленген бағамен қабылдау немесе жіберу міндеттерін өз мойнына алады. Осы опциондық мәмілелердің  ішінен екі түрін айтып кетуге болады:1) колл-опциондық (сатып алу мәмілесі), 2) пут-опциондық (сату мәмілелері). Колл-опциондық мәміле бойынша опцион ұстаушы опцион сатушыдан белгіленген бағамен мәміле объектісін сатып алу құқығына ие болады, ал опцион сатушы опцион ұстаушының талабы бойынша, мәміленің объектісін сатуға міндеттеледі. Пут-опцион мәмілесі бойынша опцион ұстаушы немесе матушы белгіленген бағамен және белгіленген уақытта мәміленің объектісін сату құқығына ие болады.

  • Сыртқы экономикалық мәмілелерге алдын-ала жасалатын мәмілелерді жатқызуға болады. Алдын-ала жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 390 б қарастырылған. Осы бапта алдын-ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шарт көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негізгі шарт) жасасуға міндеттенеді. Алдын ала жасалатын шарт үшін заңдарға белгіленген нысанда, ал негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс. Көрсетілген баптың 4 тармақшасына сәйкес – алдын ала жасалатын шартта тараптар негізгі шарттың жасасуға міндеттенетін мерзімін көрсетеді. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзім белгіленбесе, олар көзделген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бір жыл ішінде жасасуға тиіс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңнамада немесе өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды екінші тарапқа өтетуге міндеттенеді. Алдын ала жасалатын шартта көзделген міндеттемелер, егер тараптар негізгі шартта жасасуға тиіс мерзім бекіткенге дейін ол жасалмаса не тараптаң бірі екінші тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жібермесе, тоқтатылады. Сонымен қатар ниеттер туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңды зардаптарға әкеліп соқтырмайды деп осы баптың 7 тармақшасында көрсетілген.
  • Мәміленің негізгі түрі ретінде биржалық мәмілелерді айтуға болады және Азаматтық Кодекстің 156 б қарастырылған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа да мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда  және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасалады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 156 б 1т). Тәртіп бойынша биржалық мәмілелер делдалдар арқылы жасалады және биржалық мәмілелер делдалдардың жазбаларымен рәсімделуі мүмкін, әрі биржада тіркелуге тиіс. Сонымен бірге жалпы тәртіп бойынша жасалған мәмілелер «жарамды және жарамсыз мәмілелер туралы жалпы заңнаманың» ережелеріне бағынады. Биржалық мәмілелерді жасасуға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешімімен сотта дау айтылуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 156 б 5т). Осы биржалық мәмілелерді жасасу тәртібі мен ерекшеліктері заң актілерімен (ең алдымен 1995ж 7 сәуірдегі «сауда биржалары туралы заңымен», 1997ж 5 наурыздағы «бағалы қағаздар нарығы туралы заңмен» және «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарды мәмілемен тіркеу туралы заңды күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен) және биржа жарғысымен реттеледі.
  • Сыртқы экономикалық мәмілелер импортты және экспортты мәмілелер түріне бөлінеді. Экспортты мәмілелер деп шетелге тауар шығару немесе сату және шетел контрагентіне осы тауарды жеткізу мақсатында жасалатын мәмілелерді айтамыз. Ал импорттық мәмілелерге мемлекеттің ішкі нарығының тұтынушыларына тауарды өткізу мақсатында шетелде тауар өндірушімен өндірілген тауарларды сатып алу және кіргізуге байланысты мәмілелерді жатқызамыз [1]. Осындай мәмілелердің көп тараған түрі  реэкспортты және реимпортты мәмілелер болып келеді. Реэкспортты мәмілелер деп реэкспорттаушы мемлекетке шетелден алдында кіргізілген тауарды осы тауарды реэкспорттаушы мемлекетте қайта өңдеуден өтпеген тауарды шетелге шығару операцияларына байланысты мәмілелерді жатқызамыз. Дәлірек айтатын болсақ тауарды шетелден кіргізіп, оны үшінші мемлекетке шығаратын мемлекет реэкспортаушы болып танылады. Осы жерде реэкспорттар екі сыртқы сауда шартымен жасасу керек: бірінші шарт бойынша ол тауарды сатып алады, ал екінші шарт бойынша тауарды үшінші мемлекетке сатады. Реимпортты мәмілеге келетін болсақ, шетелге алдында шығарылған отандық тауарларды реимпорттаушы мемлекетке қайта кіргізу операцияларына байланысты мәмілелерді жатқызамыз. Дәлірек айтсақ реимпортау операцияларымынандай жағдайларда туындацуы мүмкін: сатып алушы брак тауар мен аукционда сатылмаған тауарды қайта кіргізуге және концигнациондық склаттарда өткізілмеген тауарларды қайтару операцияларын жатқызамыз [2].

    Көрсетілгеннің бәрін қорыта келетін болсақ:

  • сыртқы экономикалық мәмілелердің көптігі оны топтастыру қажеттілігін                      туғызады;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерді топтастыру кезінде азаматтық құқықтың нормаларын қолдану өте маңызды;
  • азаматтық құқықтың ноппмаларын қолдана отырып, біз сыртқы экономикалық

______________________________________________________________________

  1. Гринко И.С. Внешне торговые сделки. Сумы-1994г. Ст-17,18.
  2. Ахмадиева Г.Д. Правовое Регулирование внешне экономических контрактов в РК. Алматы-1996ж. ст-71

мәмілелерді біржақты мәмілелер немесе шарттар, жай және шартпен жасалған 

мәмілелер,   ақылы  және   ақысыз   мәмілелер,   алдын  ала  жасалатын  мәмілелер

және биржалық мәмілелер деп топтастырамыз;

  • шетелден тауар кіргізу-шығару операциялары сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты болғандықтан, біз сыртқы экономикалық мәмілелерді импортты және экспорты мәмілелерге бөлеміз;
  • импорттау және экспорттау операцияларында тауарды қайта кіргізу немесе қайта шығару операциялары болған жағдайларда, біз осы операциялардя реимпорттау және реэкспорттау мәмілелері ретінде қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Халықаралық тауарларды сатып алу-сату шарты сыртқы экономикалық мәміленің негізгі түрі ретінде.

    

      Халықаралық тауарларды сатып алу-сату шарты сыртқы экономикалық мәміленің бір түрі ретінде қарастырылады және осы мәміленің түрі жаңа сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

      Сыртқы экономикалық мәмілелердегі халықаралық тауарлаларды сатып алу-сату шартына ғана  тән ерекшеліктері болады. Рессейдің заң әдебиеттерінде халықаралық тауарларды сатып алу –сату шарттары мәселесі жөнінде көптеген зерттеулер бар. Бұл зеттеулерге сай мемлекеттің экономикасын монополизациялау кезеңінде сыртқы экономикалық қызмет сыртқы сауда арқылы жүзеге асырылған. Нарықтық қатынастардың дамуы салдарынан экономикада сыртқы қызметті жүзеге асыратын сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлері пайда бола бастады:  банктік қызмет көрсету шарты, лицензиялық, конценссиондық мәмілелері және мендігерлік мәмілелері.Осы мәмілелердің пайда болу салдарынан халықаралық сатып алу-сату шарты, сыртқы экономикалық мәміленің ең танымал және дәстүрлі түрі болып қалады.

     Қазіргі таңда халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартының реттелуі жаңа кезеңмен өзгешеленеді: сыртқы сауданы жүзеге асырудағы мемлекеттік монополизімнің жойылуы, нарықтық қатынастардың дамуы, мемлекеттік емес реттеу түрлерін қолдану мүмкіндігі, халықаралық сауда әдет-ғұрпы, коммерциялық мәмілелердің халықаралық қағидалары, халықаралық сатып алу-сату шартының элементі бар аралас және біріккен мәмілелерді жасасу арқылы қиын операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі, сыртқы сауда мәмілелердің жаңа түрлерінің пайда болуы, халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартын реттейтін халықаралық нориаларды тану және осы мәселе жөнінде халықаралық конвенцияларға қосылу мәселелері халықаралық тауларларды сатып алу-сату шартын реттеуге үлкен әсерін тигізді.

      М.М.Богуславскидің пікірі бойынша, ол сыртқы экономикалық мәмілелерге- мәмілеге қатысушы тараптардың кем дегенде біреуі шетел азаматы немесе заңды тұлғасы болып табылатын, шетелден тауар кіргізу және шетелден тауар шығару операцияларын жатқызады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық мәмілелерге тауарды сатып алу-сату шартын, сонымен бірге мендігерлік шартын және әр түрлі фирмалар мен ұйымдар арасындағы жасалатын комиссиялық және басқа да шарттарды жатқызады. Сонымен сыртқы экономикалық мәмілелердің ең көп тараған түрі болып сыртқы саудалық сатып алу-сату шартын таниды [1].

     О.И.Дегтярева халықаралық сауда мәмілелерін – коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекетте орнатылған және тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету операцияларына байланыстыекі немесе одан да көп тараптар арасындағы шарт ретінде анықтайды [2]. Көрсетілген анықтамамен И.С.Зыкин, Г.К.Дмитриева, И.С.Гринко және т.б авторлар келіседі. Коммерциялық мекемелері әр түрлі елде орналасу концепциясы 1980 ж БҰҰ Халықаралық тауарларды сатып алу-сату Конвенциясының нормасында көрсетілген. Халықаралық тауарларды сатып алу-сату концепциясын анықтай отырып, мынандай белгілерді қарастырады:

__________________________________________________________________________

  1. Богуславский М.М. Международное частное право. Учебник.-Меж.отн. М -1994г . ст-200.
  2. Дегтярева О.И. Организация и техника внешне торговых операций. М-1992г. Ст-6.
  • Коммерциялық мекемелері  әр түрлі  мемлекетте  орналасуы  (конвенцияның 1- ші

бабы);

  • Саудагердің басты қызметі ретінде тауарды жеткізу және құжаттарды жіберу, ал сатып алушының басты міндеті тауар ақысын төлеу және тауарды қабылдап алу қарастырылған;
  • Шарттың объектісі жылжымайтын мүлік болып табылады (ковенцияның 2 б);

     Сонымен халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартын біз басты қызмет орны контрагенттері тіркелген жермен анықталатын коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекетте орнатылған және тауарды шетелге шығару және шетелге кіргізу операцияларына байланысты контрагенттер арасындағы шарт ретінде анықтаймыз.

            Халықаралық сатып алу-сату шартын жасау үшін тараптар арасында келісімге қол жеткізу керек. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 393-ші бабында былай көрсетілген: тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап ететін нысанда қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Мысалға: Австриялық «Тepi » мекемесі мен Қазақстанның «Ледекс -Қазақстан » Акционерлік Қоғамы арасындағы істі қарастырса болады. Австриялық  «Тepi » мекемесінің талап арызына «Ледекс -Қазақстан » Акционерлік Қоғамы қарсы талап қойды. Осы қарсы талап бойынша Қазақстанның Акционерлік Қоғамы «Тepi » мен «Ледекс -Қазақстан » арасында жасалған шарттың заңды күші жоқ деп тануды келесі жағдай ретінде талап етті: 1) «Тepi » мен «Ледекс -Қазақстан » арасындағы жасасқан шарт нақты шарт емес, тек ниет білдіру; 2) осы шартта елеулі келісімге қол жеткізілмеген, тараптар тері шикі затын жеткізу туралы алдын-ала шартқа қол қойған болатын. Осыған байланысты  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 390 б 7-ші тармақшасына сәйкес егер ниет туралы хаттамада (ниет туралы шартта) тараптың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық — құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңды зардаптарға әкеліп соқтырады. Талапкер жауапкерден жеткізілмеген тауардың ақысын талап етеді. Бірақ, жауапкер  осы талапты жоққа шығармаса да, шартты жарамсыз деп тануын талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы арбитраждық соты жауапкердің қарсы талап арызын негізсіз деп таниды, себебі жауапкерге шарт бойынша 70% ақшаны алдын ала төлеген болатын, ал жауапкер осы шарт бойынша тауарды уақытында жеткізуге келісімін берген және тараптар арасында шарт жасалды деп танылған. Осыған байланысты Қазақстан Ркспубликасының Жоғарға Арбиитраждық Соты жауапкердің қарсы-талап арызын кері қайтарып, талапкерге келтірген шығынды және алдын ала төленген ақыны өтетті .

      1980 ж БҰҰ Вена Конвенцияның 25 б сәйкес мынандай жағдайларда шарт деп саналады, егер тараптар алдын ала келтіретін зардап жағдайларын күтпеген жағдайды қоспағанда, соңғы тарап шарт бойынша өзінің заңды құқықтарынан зиян келтіру салдарынан айрылған жағдайларды жатқызады.

     Қазақстанның заңнамасына сай егер тараптардың біреу шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасау кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 401 б 2т).Осы мәселе жөнінде арбитраждық тәжірибедегі істі мысал ретінде аламыс. Тасымалдау шартын орындамаған үшін қазақстанның сыртқы сауда компаниясына қарсы шетел компаниясының талап-арызын қарастырсақ болады. Осы істе үшінші тарап болып, тасымалдау шартының тауарын өндіретін қазақстанның өндірістік зауыты болып келеді. Осы тараптар арасында жасалған мәмілеге сәйкес, жауапкердің шотына мәміле бойынша тауардың бірінші партиясы үшін шетел талапкер компаниясымен алдын ала ақы төленген болатын. Соған орай талапкер жауапкерге ақшаның төленгені туралы арнайы құжат ұсынған болатын, осы құжатқа сай жауапкер талапкерден алған ақшаны үшінші тарап өндірістік зауттың өндірістік қажеттіліктеріне алынған несиені өтегені туралы көрсетілген. Бірақ тауар дер кезінде жеткізілмеген, сол себептен шетел тарапы осы жағдайды мәміленің бұзуы деп есептеді және алдын ала төлеген ақшаны өтеуін талап етті. Ал жауапкер мен үшінші жақ талапкердің талап-арызын орындаудан бас тартты. Жауапкер талап-арыздан бас тарту себебін, алған қаржыны үшінші жақтың қарызын өтеу үшін жұсағанын, ал үшінші жақ алдын ала төленген ақының оған жетпегенін ескертті. Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, арбитраждық сот осы істі тек қана талапкер мен жауапкер арасында іс деп орнатты. Ал үшінші жақ мәмілеге сәйкес тек қана тауарды жіберуге міндетті болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің  363 б сай үшінші жақтардың  борышқор алдындағы өз міндеттеріне қатысты әрекетті не әрекетсіздігі міндеттемені бұзудың себебі болғанда да борышқор несиені берушінің алдында жауап береді. Осы іске сай талапкер осы  мәмілені Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің  401 және 404 баптарына сай жарамсыз деп тануға құқылы және жасалған мәміле бойынша тасымалдауды жүзеге асырмау шартты орындалмаған деп есептеледі. Сол жауапкерден талапкерге және сотқа келтірілген шығынды өтеуін талап етті.

          Қазіргі таңда  халықаралық тауарларды сатып алу – сату шарттарын жасасу кезінде ИНКОТЕРМС 2000-ды қолдану өте маңызды (сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық ережелері). ИНКОТЕРМС 2000 сауда терминдерін түсіндіретін халықаралық ережелері жинақталған ең маңызды құжат ретінде қарастырамыз. Мәлімелерді жасасу кезінде ИНКОТЕРМС ережелерін сілтеме  ретінде қолданады. Кейбір елдерде ИНКОТЕРМС-тің ережелері сілтемесіз әрекет етеді (мысалы : Чехияда, Польшада ), ал кейбір елдерде ИНКОТЕРМС заңнамамен бекітілген (АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексінде, Испанияда  импорттық мәмілелер заңында , ал Иракта барлық сыртқы сауда мәмілелеріне байланысты заңнамаларында бекітілген ). ИНКОТЕРМС сауда әдет-ғұрып  негізінде сауда терминдерін талқылау үшін жасалған. ИНКОТЕРМС-ті Халықаралық Сауда Палатасы 1953 жылы » Trade Terms» (сауда әдет-ғұрпы) баспасынан айыру қажет. ИНКОТЕРМС 2000 –ның 13 сауда терминдерін түсіндіру барлық тауар түрлеріне қолданылады.

            Халықаралық тауарларды сатып алу – сату шарттарын жасасу кезінде форс-мажорлық мән –жайларға ерекше мән бөлу қажет. Француз тілінен «форс — мажор» деген сөз  төтенше және анықталмаған жағдайды білдіреді. Ал кейбір мәмілерде форс – мажорлы жағдайлар қарсы тұруға болмайтың мән -жайлар ретінде қарастырылады. Алайда, 1980 жылғы БҰҰ Халықаралық тауарларды сатып алу–сату туралы Вена Конвенциясында форс-мажорлы жағдайлардың орнына «қадағалаудан тыс мән- жайлар»  термині қолданылады. Сонымен осы Конвенцияның  79 б 1 т-на сәйкес тараптар өз қадағалауынан тыс мән- жайлар салдарын дәлелдеген жағдайда, әрбір өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмайды деп көрсетілген. Форс-мажорлы  жағдайлар пайда болу салдарынан  тарап өзінің мәміле бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда басқа тарапты осы мән-жайлар туралы ескертуге міндетті. Мәміле жасасу кезінде осындай жағдайлар әрекет етсе  мәміленің орындалу мерзімі белгілі бір уақытқа ұзартылады. Егер осындай форс – мажорлы мән-жайлардың аяқталмау  салдарынан шарт орындалу мерзімі аяқталса, онда әрбір тарап осы мәмілені бұзуға және басқа тарапты мәмілені бұзу туралы ескертуге міндетті. Осыған байланысты коммерциялық тәжрибедегі форс-мажорлы мән-жайлар, тарапты мәміледегі міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатудың негізінің бірі болып табылады. Алайда форс-мажорлы мән-жайларға табиғи апаттарды, соғысты, әр түрлі соғыс операцияларын, өртті, экспорттауға немесе импорттауға рұқсат бермеу және басқа да операцияларды жатқызуға болады. Қазақстанның заңнамасында форс-мажорлы мән-жайлардың толық түсінігі анықталмаған, бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 359 б 2т форс-мажорлы  мән-жайлар көрсетілген. Осы бапқа сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамағанын немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтің күштің, яғни осы жағдайлар кездегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың ( дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауапкершілікті көтереді. Опдай мән-жайларға, атап айтқанда, міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.

       Қазақстанның заңнамасында форс-мажорлы мән-жайлар тізімі нақты анықталмағандықтан, тараптар шатр жасасу кезінде форс-мажорлы мән-жайларға не кіретінін нақты және анық анықтап алу қажет. Дәлірек айтсақ қандай мән-жайлар мен әрекеттер жататынын анықтау. Егер тараптар мәміле жасасу кезінде, жауапкершіліктен босатудың негізі ретінде тек бой бермейтін күш немесе тойтаруға болмайтын мән-жайлар деп қана нұсқау жасаса, онда келесі бір тарап форс-мажорлы мән-жайларға алдынғы тараптың заңнамасына жатпайтын мән-жайларды жатқызуы мүмкін. Көрсетілген түсініспеушіліктін алдын алу үшін, тараптар шарт жасасу кезінде төтенше жағдайлардың  нақты тізімін алдын ала анықтап алу қажет. Жоғарыда айтып кеткен табиғи апаттар, соғыс, әр түрлі соғыс операциялары, өрт, экспорттауға немесе импорттауға рұқсат бермеу және басқа да операциялар салдарынан өздерінің міндеттерін толық немес жартылай орындай алмаса, тарптар мәміле орындалу мерзімін ұзартады. Егер осы мән-жайлар үш айдан асатын болса, тараптар мәміле орындау міндетінен бас тарта алады.

      Халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартын қарастыру кезінде халықаралық конвенциялардың нормаларына, осы мәміле жөніндегі келісімдерге және шетелдік заңнаманың нормаларына сілтеме жасау қажет. 1980 ж БҰҰ  Вена Конвенциясында және шетелдік заңнамалардың нормаларында «алдын-ала құқық бұзушылықты болжамдау» концепциясы қарастырылған. Бұл концепция ағылшын-американдық құқықтан алынған болатын [1]. АҚШ-тың Бірыңғай сауда Кодексінің 609 б 2т-сы шарт орындаудан бас тартқан кезде, жәбірленуші тарап мәміле мерзімі өткенге дейін құқықтық қорғанудың әр түрлі тәсілдерін қолдану мүмкіндігі көрсетілген.  Бірыңғай Сауда Кодексінің 609 б 2т сәйкес сатып алушы сатушының мәмілені орындайтыны

туралы күмән келтіруін сезсе, онда сатып алушы сатушыдан қосымша кепілдік

__________________________________________________________________________

  1. Единообразный Торговый Кодекс США. 1969г.

құжаттарын тіркеуін талап ете алады. Нақтырақ айтсақ бірінші тарап  рекламация жариялайды.  Егер  сатушы  ескертілген   рекламацияға     отыз күн    ішінде   шарттың орындалуына кепілдік бермеуі, шарттың орындауыннан бас тарту болып есептеледі. Осыған байланысты кепілдік мәселесін қарастыру кезінде  АҚШ-тың  Бірыңғай  сауда

Кодексі халықаралық суда ғұрыптарына сілтеме жасайды.Кейбір жағдайларда кепілдік ауызша нысанда, ал кейбір жағдайда жазбаша нысанда жасалуы мүмкін.

       Сонымен мәміле бұзуды алдын-ала болжау мәселесі 1980 ж БҰҰ Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясының 1 бөлімінің 5 тарауында қарастырылған. Осы Конвенцияның 71 б сәйкес  мәміле жасасқаннан кейін бірінші тарапқа  екінші тарап өзі міндеттерін орындай алмау жағдайлары белгілі болғанда, бірінші тарап мәмілені тоқтата тұруға құқылы. Осы баптың 3 тармақшасында мәмілені тоқтатқан тарап тез арада рекламация жармялауға міндетті. Егер екінші тарап кепілдік берген жағдайда , рекламация жариялаған тарап  мәмілені тез арада қайта күшіне енгізу қажет. Осы мәмілені алдын ала бұзуды болжау концепциясы Қазақстан кәсіпкерлерінің коммерциялық тәжірибесінде қолдану өте пайдалы, әрі қажет. Себебі бұл концепцияны қолдану арқылы кәсіпкерлер бағаның өсуін бақылап, нарықтық экономиканың басқа да өзгерістеріне жеңіл түрде төтеп бере алады, сонымен қатар мәміленің алдын ала бұзуына жол бермеуге мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қазақстан Республикссындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлері.

 

  Сыртқы экономикалық қатынастардағы Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің дамуы, коммерциялық тәжірибедегі сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Осындай мәмілелердің түрлеріне банктік қызметтегі (қаржы лизингі, факторинг, форфейтинг) мәмілелер, лицензиялық қызметтегі франшизинг мәмілелері, концессиондық келісімдер, мұнай және газ индустриясындағы бірлескен қызмет туралы мәмілелер жатады. Көрсетілген мәмілелер түрлері дамыған шетел мемлекеттерінде сәтті қолданысқа ие және осы мәмілелердің қолданудың теоретикалық базасы өте жақсы өңделген. Қазақстанның заң әдебиеттерінде осы мәмілені теоретикалық проблемаларына қатысты арнайы зеттеулер жүргізіліп жатыр. Біздің тәжірибеде осы мәмілелердің түрін қолдану тәсілі батыс елдердің тәжірибесінен мүлдем өзгеше. Сол себептен осы мәмілелердің түрін дамыту қазіргі таңда өте қажет. Осы мәмілелердің түрлері «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде», «Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде» және    «Қазақстан Республикасының банк және банктік қызмет туралы заңында» көрініс тапқан. Жоғарыда көрсетілген жаңа мәмілелердің ішінен лизинг, факторинг және форфейтинг мәмілелеріне анықтама беріп өтемін.

Лизинг. Халықаралық сауда тәжірибесінде ғұрыптық сыртқы экономикалық мәмілелермен қоса, соңғы он жылдықтың ішінде әлемдік экономиканы дамығанын көрсететін сыртқы экономикалық қатынастарда жаңа мәміле түрлері пайда бола бастады.

       Қазіргі таңда әр түрлі елдердің кәсіпкерлік қызметтегі шаруашылық субъектілерді жүзеге асыратын халықаралық қаржы лизингі қолданылады. Қаржы лизингі 50 жылдардың басында АҚШ-та, 60 жылдарда Батыс Еуропада қолданылды және ХХ ғасырдың басындағы 80 жылдан бастап қазіргі заман экономикасының салаларында кеңістіктік өңдеуді тарады.

        Қаржы лизингі шарттар тәжірибесінде аренданың (мүлікті жалдау) институтының ерекше түрі ретінде қалыптасты. Кейбір елдердің заңнамасында лизинг- аренданың ерекше түрі ретінде, өз ақшасына алған мүлікті басқа тұлғаға арендаға беру және осы қызмет түрінен ( арендалық төлем ретінде ) пайда табу мақсатында жасалған коммерциялық қызметті ретінде қарастырылады.

       Қазіргі таңда халықаралық қаржы лизингінің құқықтық реттелуі нормаларға негізделеді және оларды екі категорияға бөлуге болады: 1) Халықаралық шарттарды унификациялау құқығының тәртібі негізінде құрылған унификациялау нормалары; 2) халықаралық лизингіне қатысушылардың ұлттық нормалары, сонымен қоса коллизиялық нормалар және ұлттық заңнаманың жалпы ережелеріне бөлінеді.

       Осы лизинг операцияларының халықаралық сауда тәжірибесінде дамуы лизинг туралы көптеген елдердің ұлттық заңнамасын үйлестіруге әкеп соқтырды. Соның салдарынан 1988 ж 28 мамыр күні Оттавада Халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА  Конвенциясы қабылданды. Оттавада Конвенциясының 3 б сәйкес осы Конвенцияның нормалары лизингберуші мен лизингалушының коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекетте орнатылған лизингке қатысушыларға қатысты қолданады.

       Оттавада Конвенциясына сәйкес қаржы лизингі екі шарт түрімен жасалады:

  • лизингалушы мен арнайы таңдалған лизинг беруші мен жіберуші арасындағы сатып алу-сату шарты;
  • лизинг алушы мезгілді төлемдердің орнына жабдықтар пайдалану негізінде жасалған лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг шарты.

       Лизинг жалға беруден (аренда) айырмашылығы-жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

       Лизинг сәйкесзі «to lease» ағылшын етістігінен аударылған «жалға беру» дегенді білдіреді.  Лизинг-бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құралдарды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

        Банкттердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

       Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

  • Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтелумен сипатталады.
  • Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық аммортизациялық төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады [1].

       Қаржы лизингі ең алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар «салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер төлеу» туралы Жарлығында көрініс тапқан және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімінің 29 тарауында бекітілген. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар «салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Салық Кодексі деп аталады.

      Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 74 б сай қаржы лизингі Қазақстанның заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру егер ол мынандай талаптардың біріне сай келсе: [2]

  • мүлікті лизинг алушының меншігіне беру және лизинг алушыға мүлікті тіркелген бағамен алу жөніндегі құқық берілуі лизинг шартына айқындалса;
  • қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызметінің 75 % -нен асса;
  • қаржы лизингінің  барлық мерзімі үшін лизинг төмендегілердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 %-нен

_____________________________________________________________________________________________________

1..Мақыш. Банктік қызмет 202-203 беттер.

  1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 74 бабы.

асса, ол қаржы лизингі болып табылады.

Осы лизингтердің  отандық және халықаралық  тәжірибеде  қолдынылатын мынандай

түрлері бар:

      Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

      Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

     Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөленеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

      Лизинг операцияларының техникалары 1 және 2 схемаларында көрсетілген.

 

 

Лизинг операциясының техникасы  (1 схема)

 

 

 

 

 

  • құрал-жабдыққа тапсырсс беру;
  • құрал-жабдық үшін төлем;
  • құрал-жабдықты жеткізу;
  • лизинг төлемдер.[1 ]

 

       Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын операция деп атайды.

      Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушіден

     __________________________________________________________________________

  1. Мақыш. Банктік іс. 203бет.
  2. Ахмадиева Г.Д. Правовое Регулирование внешне экономических контрактов в РК. Алматы-1996ж. ст-109.

ұзақ мерзімді несие алады. Мұндай лизингтік төлемдер мен құрал-жабтықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып танылады.

                           Лизинг операциясының техникасы  (2 схема)

 

 

 

.

  • Банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім шарт жасалып, несие берілнді;
  • Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтауға төленеді;
  • Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
  • Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім шарт жасалады;
  • Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
  • Лизинг алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
  • Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді;

      Мұндай лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

 

                            ЛТ = АА +НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

 

мұндағы,

 

     ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

     АА – ағымдағы жылдағы аммортизациялық аударымдар сомасы;

     НТ – лизинг берушінің несиелік ресурстары пайдаланғаны үшін төлемі;

     КТ –лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

     ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

     Амортизациялық аударымдар (АА) соммасының формуласы:

 

                                        БҚ х На

                           АА= ____________

                                           100

 

мұндағы,

 

                БҚ – мүліктің баланстық құны;

                На  — амортизациялау нормасы, (%) .

 

     Несиелік ресурс үшін төлем ( НТ) формуласы:

 

                                          НР х Нс

                             НТ=_____________ ,

                                              100

мұндағы,

 

                НР- лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

                НС- несие үшін сыйақы мөлшері.

 

 

 

Несиелік ресурс ( НР) шамасының анықталу формуласы:

 

                                              Қб – Қа

                    НР = __________ ,

                                     2

мұдағы,

 

                      Қб – мүліктің жыл басындағы құны;

                      Қа  — мүліктің жыл аясындағы құны.

 

      Комисиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

 

                                              НР х Қс

                                КТ= ___________ ,

                                                 100    

 

мұндағы,

 

                Қс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

 

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

 

                ҚТ=  Ші  + Шқ  + Шж + Шб,

мұндағы,

               Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

                     Шқ  — көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

               Шж -банктің жарнасына кеткен шығыстар;

               Шб – басқа да шығыстар.

       Лизингтің артылықшылықтары  мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі — оның қарапайым ссудалардан мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

  • лизинг көмегімен кепілге беретін мүлікі жоқ, сол себептен ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Мынандай жол арқылы жүзеге асады: лизингтік мәміле жасалған мерзімі бойынша,   лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалып, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпопын тздестіруге келеді);
  • лизинг 100 %-ға  дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ  жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан кейін лизинг бойынша алған қолайлы, себебі бұл жерде мүлік кепіл ретінде болады;
  • құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтін, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;
  • несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсаты пайдаланушыны ешқандай да қадағалау болмайды.

  Лизинг операциялары тән кемшіліктер мыналар:

  • жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылуына (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
  • ұйымдастырудың  күрделілігі;
  • лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингктік мәмілелер. Лизинг мәмілелері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 565 б қарастырылған. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш мәміле жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ; 3) лизинг алушы мен банк арасында [1].

      Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контагенттінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуы тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

      Іс жүргізуде кез келген лизингтік мәміле мынадай элеметтерді қамтуға тиіс: объектісі; жалдау мерзімі; лизингке алу мерзімі; лизингке берушінің меншіктік құқығы; тәуекелдер;   жауапкершілік;    техникалық     кепіл-хат;    құрал-жабдықтарды

__________________________________________________________________________

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 565бабы.

пайдалану; күту, жөндеу және жаңарту; зиян; қолайсыз жағдайлар, сақтандыру; лизингтік төлемдер, комиссиялар; төлемді кешіргені үшін пеня; сатып алу   мүмкіндігі;

мәміле       бұзу     шартың    құрал —  жабдықты    қайтару;   салықтар,   баждар;    жаңа міндеттемелердің пайда болуы; тараптардың қосымша құқықтары; даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру; кешіктірі шарты ( мәміле кепілдеме алуына байланысты күшіне енеді және т.б.); қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысылға: баланс); тараптардың қолдары; тараптардың орналасқан жері; қосымша (материялдық және т.б. сипаттама); қалдық құнын кепілдеу; банктердің кепілдемесі.

       Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық өнімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жұзеге асырылады. 

Факторинг. Факторинг қаржы лизингі сияқты банктік қызметте қолданылатын мәміленің және комерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметтің бір түрі болып табылады. Факторинг мәмілесінің түрі англо-саксондық елдерде ең алғашқы рет пайда болды. Факторинг алғашқык кезде ХІХ ғасырдың аяқ кезінде 1889 жылы Англияда және кейіннен АҚШ-та ең алғаш қолданылды. Қазіргі таңда факторинг өнеркәсібі  жағынан дамыған Батыс Еуропа елдеріндерінің банктік қызметтерінде кең тараған және қазақстанның банктік қызметінде үлкен қолданысқа ие.

      Батыс елдерінде факторинг операцияларын арнайы мамандырылған корпорациялар жүзеге асырады және банктік операциялардың ең танымал түрі болып танылады. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынандай: Еуропада -56 %, Америкада –30 %, Азиы және Тынық мұхит жағалауындағы елдерде — 13 % және Африкада 1 %.

      Шетел факторингі – бұл ұқсас және компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.

       Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

       Факторинг клиенттің айналам капиталын несиелеумен  ұштасатын, сауда-комиссиондық операциялардың бір түрі. Бұл жерде факторинг компания клиентінің шотын 90 %-ға  дейін төлеу шартымен сатып алады.

       Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпыны келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде  төлемдердің сақталу мерзіміне басты көңіл аударылады. Факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзіміне байланысты мәсілелерді шешуге бағытталады.

      Факторинг – жабдықтаушы–клиенттің  жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын  (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Сонымен қатар  қазақстанның банк және банктік қызмет туралы заңының 3 бабына сәйкес – банктік қызмет қатарына факторинг операциялары жатады .

      Нарық экономикасы дамыған елдерде факторинг компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

     Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) — өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаняисымен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
  3. Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма.

     Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 3 схемада көрсетілген.

 

Факторинг ұйымдастыру сызбасы ( 3 схема)

    

     Факторинг компания

  (банктің факторинг бөлімі)

 

 

 

 

          Өнімді төлеу                                                                        Құжаттарды төлеу

 

       
       

 

 

 

 

 

               Төлем құжаттарын                                      Төлем қабілетін

                  сатып-алу                                                                (несиелік қабілетін)

                                                                                              талдау

 

 

 

         Жабдықтаушы                   Тауарды жабдықтау                Сатып алушы

 

 

      Факторинг мәмілесі жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізілген. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі бірінші-екінші апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілген барлық шот-фактураны тапсырады. Әр бір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

     Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынандай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура соммасынан берілген мөлшерде                     (әдетте, 1.5 – 2.5%) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия соммасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімге несиелер нарығы) мөлшерлемеден 1 – 2 %-дай жоғары болып келеді.

      Факторинг операцияларының жүзеге асырылуы негізіне факторинг туралы мәміле жатады.Онда факторинг операциясының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сомма, өтеу сый ақысының мөлшері, факторинг мәмілесін бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да мәмілелер.

     Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындамай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайларда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық дауапты болып табылады.

     Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шекткулі (конфедиенциялды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиенің сақтандыру және т.б. қамтитын клиеттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады.Бұл жүйе клиент – кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

  Соңғы жылдары шектеулі факторингте біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент-сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операциялары жасағаны үшін клиенттер банкке мәміледе көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.

  Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығынлда дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейінен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90 жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиісімділігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияларға салғырттық танытуда.

  Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 жылы Халықаралық факторинг туралы Конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген мәміле төлемде берілгендердің кемде екеуін қамтуға тиіс:

  • аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  • төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
  • борышқордан ақшалай қаржы алу;
  • жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары. Факторинг операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін бактерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялар түрлері 4-ші схемада көрсетіледі.

    Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
  • бюджеттік мекемелердің қойылатын талаптары бойынша;
  • банктік несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілеттіліксіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша.

  Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілеттеріне үздіксіз бақылауды білдіреді.

 

Факторингтік операциялар (Схема 4)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингке берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етеді. Жабық факторингте берешекке факторингтік келісім шарттың болуы туралы айтып жеткізеді.

  Форфейтинг. Форфейтинг пен факторинг опе,рациялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтары қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты юолса, ал форфейтингте несие беру мерзімі не бары 6 айды құрайды.

  Форфейтинг сөзі француз тілінде “a forfait”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Фофейтинг тауарды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндетемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

  Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

    Форфейтинг — бұл форфейтордың, яғни коммерциялық бактің немесе арнайы компанияның экспорттерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы. 

    Фофейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруі тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенменде импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлға) табады. Осы жерде басты мән берілетін мыналар: банк несисінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

  Форфейтинг мәмілесінде 3 қатысушы болады:

  1. экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. форфейтор, яғни мәмілеі қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

 Форфейтор мәмілесі 5 схемада берілген.

 

Форфейтор мәмілесінің техникасы  (схема 5)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • мәмілеге қатысушылар арасында келісім – шарт жасалады;
  • тауарларды несиеге береді;
  • аудармалы вексельді (5 — 6 жылға) жасып береді;
  • аудармалы вексельді қайта сатады;
  • аудармалы вексельді есепке алып, оның 70 % — дай мөлшерінде банк ссуда береді;
  • мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;
  • вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

    Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экпортердың өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор — банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдің беруін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

     Форфейтинг механизімін мынандай екі мәміле түрінде пайдаланады:

  1. Қаржы мәмілесінде — орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
  2. Экспорттық мәміле бойынша — шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

    Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейін аралықты құрайды, кей жағдайларда  — 7 жыл.

    Экспортер үшін форфейтингтің мынандай артықшылықтары бар:

  • вексельді форфейтор-банк сатып алғаннан кейін, экпортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешкді;
  • уақытын кешіктіріп төлеугу берген операцияның қолма-қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердың өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарды жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;
  • пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;
  • құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдылығы;
  • форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс табады.

    Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдерінде алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция маңызды болғанмен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты және т.с.с.

    Форфейтингтеуге әдетте, сауда тратталары (аударма векселі) немесе жай вексельдер қабылданады.

    Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:

  • еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР — Лодондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);
  • импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0.5 — тен 6 %-ға дейін жылдық мөлшерінде аутқиды;
  • несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0.5 %-ға дейін жылдық);
  • міндеттеме үшін алынатын комиссия (1 — 1.5 % жылдық).

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сыртқы эконыомикалық мәмілелердің реттеу түрлері.

 

  • Сыртқы экономикалық мәмілелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің коллизиялық нормалары арқылы реттеу.

 

    Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу кезінде коллизиялық мәселеге көп көңіл бөлу қажет, дәлірек айтсақ шетел элементі шиеленістірілген азаматтық құқықтық қатынастарға нақты құқығын қолдануды анықтайтын норма. Сонымен  коллизиялық норма белгілі бір мемелекеттің халықаралық элементі шиеленістірілген ішкі норма. Коллизиялық нормаларды топтастыру әр түрлі негіздер арқылы және коллизиялық жалғаулардың нысандары арқылы  жүзеге асады:

  • біржақты, қай елдің құқығы қолданылатыны туралы мәмәледе нақты айтылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіміне енгізілген қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміленің нысаны Қазақстан Республикасының құқығына бағынады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1104 б 4т). Осындай нормалар Азаматтық Кодексітің 1106 б 2т, 1111б 2т, 1116 б, 1119б, 1123 б және басқада баптарда көрсетілген.
  • екіжақты, нақты бір елдің құқығын атамайды, тек қана қай елдің құқығын қолдануға болатынын тұжырымдайды. Осы екіжақты нормалардың көп тараған түрі «жапсырма формулалары » деп аталады. Екіжақты нормаларға көп мысал келтіруге болады, себебі Азаматтық Кодекстегі коллизиялық нормалардың көпшілігі екіжақты болып келеді.

    Сонымен  коллизиялық нормаларды қарастыру кезінде, ең алдымен «тараптардың автономды еркіндігі» принціпіне көп көңіл бөлу қажет. Қазіргі жүз жылдықтың екінші жартысында тараптардың автономды еркіндік принціпі коллизиялық нормалардың бастамасы ретінде қарастыруға болады. Бұл норма еуропа континентінде ғана емес, сонымен бірге батыс елдерінде үлкен қолданысқа ие. Алайда1990 жылы Халықаралық құқықтың институты «тараптардың автономды еркіндігі» принціпін Халықаралық жеке құқықтың бастапқы принціптердің бірі екенін анықтаған. Автономды еркіндік принціпі көтеген халықаралық конвенцияларда бекітілген. Мысалы: Бустаманте Кодексінде, 1980 ж Халықаралық тауарларды сатып алу-сату Конвенциясында, 1994 ж Халықаралық конвенцияларға қолданылатын құқық жөніндегі Америкааралық Конвенцияда және Еуропа Одаққа мүше елдердің заңнамаларында көрініс тапқан. [1]. Отандық доктрина мен тәжірибеде автономды еркіндік принціпі коллизиялық құқықтың қайнар көзі ретінде емес, коллизиялық нормалардың бірі ретінде қарастырылады [2]. Халықаралық жеке құқықта осы принціп тараптардың дербес түрде белгілі бір елдің құқығын таңдауды білдіреді [3]. Осыған байланысты сыртқы экономикалық мәміленің тараптарры дербес түрде қай елдің құқығымен мәмілелерді реттейті туралы алдын ала келісуі қажет. Аталған келісімнің болмау себебі үлкен қиыншылықтарды туғызуы мүмкін.

__________________________________________________________________________   

  1. Звеков Международное часное право. Ст-285
  2. Л.А.Лунц. Международное часное право. Юр лит-1970. ст 203.
  3. Г.Б. Испаева. Право, подлежащее прменению к международным договорам купли – продажи товаров. Алматы-1999. ст21.

 Сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты проблемаларды шешу кезінде ұлттық заңнаманың принціптеріне  үлкен көңіл бөлу қажет. Сол себептен осы принціпті ұлттық заңнаманың коллизиялық нормалардың ең басты принціпі ретінде қарастыру жөн. Тараптардың автономды еркіндігі принціпі шетел элементі шиеленістірілген принціптерге қатысты қолданылады. Сонымен осы принціп коллизиялық нормалардың жалғауы ретінде қарастырылады. Бұл принціп Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 1112 бабына сәйкес – егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшін де, оның жекелеген бөліктері үшін де қолданылатын құқықты таңдай алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1112 б 3т). Осы баптың 4 тармақшасына сай шарттын тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шарт қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасы тараптардың келісімі болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық мәселесін қарастырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1113 б сай шарт тараптарының қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа:

  • сатып алу-сату шартында — сатушы;
  • сыйға тарту шартында сыйға тартушы;
  • мүлікті жалға (арендаға) беру шартында — арендаға беруші немесе жалға беруші;
  • мүлікті тегін пайдалану шартында — несие беруші;
  • мендігерлік шартында — мендігер;
  • тасымалдау шартында — тасымалдаушы;
  • көлік экспедициясы шартында — экспедитор;
  • қарыз немесе өзге де кредит шартында — кредит беруші;
  • тапсырма шартында — сенім білдірген адам;

10) комиссияның шартында — комиссионер ;

11) сақтау шартында — сақтаушы;

12) сақтандыру шартында — сақтандырушы;

13) тапсырма беру шартында — тапсырма беруші;

14) кепілге беру шартында — кепілге салушы;

15) айрықша құқықты пайдалану туралы лицензиялық шартта — лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жері немесе қызмет орны бар елдің құқығы қолданылады [1].

   Халықаралық жеке құқықта «жапсырма формулалары» деп аталатын жалғаулардың әрекет ететіні туралы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз және осы жалғаулар құқық таңдау тәсілі болатыны туралы ескеруіміз қажет. Осы жапсырма формулалары Азаматтық Кодексте кеңінен қолданады және осы жапсырма формулаларын атап кету қажет деп ойлаймын.

  • Жеке тұғанын жеке заңы « lex personalis » және оның екі нұсқауы қолданылады:
  • ұлттық заң « lex nationalist» немесе азаматтық заң « lex patriae». Азаматтық Кодекс

________________________________________________________________________

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі . Алматы-2003. 1113 бабының 1 тарм.
  • бойынша бұл жеке тұлғанын негізгі жеке заңы деп саналады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1094 б 1т). Тұрақты тұратын елдің құқығы «lex domicilii» Азаматтық кодекс бойынша бұл жалғау азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады. Азаматтық заң ретінде «lex patriae» мәмілеге қатысушыларды ұлттық заңнамасы қолданылады. Осы жерде ұлттық заңнама мәміле тараптарымен тығыз байланысты және өте жақсы таныс құқық болып саналады. Жеке тұлғаның жеке заңы «lex personalis » Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1094 бабында көрініс тапқан. Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады. Адамның  екі немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады. Ал азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдің құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады. Егер баспана берген елге келетің болсақ, баспана берген елдің құқығы босқының жеке заңы болып саналады. 

         Жеке тұлғаның жеке заңы « lex personalis », азаматтық  заңы « lex patriae» және ұлттық « lex national» заңдарын қолдану тараптары үшін өте оңай және қолайлы болуы мүмкін. Бірақ мәмілеге қатысушы тараптар әр түрлі елдің азаматты болған жағдайда осы заңды қолдану қиыншылықтар туғызады және тараптар арасында ұлттық заңды таңдау кезінде көптеген түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Сонымен сыртқы экономикалық мәміле біржақты болғанда осы жалғауды қолдану өте оңай болып келеді. Егер сыртқы экономикалық мәмілелер көпжақты болған кезде тараптар осы мәселе жайында келісуі қажет.

2) Азаматтық – құқықтық қатынастардың тараптарымен таңдалған заң «lex voluntatis». Осы жалғау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1112 б көрініс тапқан. Осы Азаматтық Кодексінің 1112 б сай егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Айталықтай осы жағдайда тараптардың автономды еркіндігі принціпі ретінде қарастырамыз.

      «Lex voluntatis»  бойынша мәміленің тараптары сыртқы экономикалық мәмілені жасасу кезінде, алдын ала қолданылатың құқық туралы келісуі қажет. Егер осы келісімнің болмауы басқа коллизиялық нормалардың жалғауын қолдануға әкеп соқтырады. Менің ойынша осы жалғау сыртқы экономикалық мәміленің тараптары үшін өте қолайлы болар еді. [1]

3) Келесі коллизиялық нормалардың жалғауы ретінде акт жасасқан жердің заңын « lex loci actus» қарастыра кетуге болады. « Lex loci actus» -ты қолдану аясына қарай әр түрлі түсіндіруге болады:

—  мәміле жасасқан жердің заңы «lex loci contractus»;

—  мәміле орындалатың жердің заңы «lex loc solutionisi»;

—  зиян келтірілген жердің заңы «lex loci delicti commssi»;

—  мәміленің нысанын анықтайтың мәміле жасақан жердің заңы «locus regit formam actum».

     Мәміле жасасқан жердің заңы «lex loci contractus»  көне заманнан келе жатқан әдет-ғұрыптық қағида болып табылады. Осы заңның құндылығы, әрбір мәміленің жасасатын жерінің болуы болып келеді.  Сонымен қоса мәміленің жасасу жері мәміленің тараптары үшін ортақ және осы жағдай тараптарды теңестіреді.  Мәміленің

 

  1. Комментарии Гражданскому Кодексу Республики Казахстан.

нысаны мәміле жасақан жермен анықталған жағдайда осы принцип мәміленің нысанымен қоса , оның  мәтінің реттейді және осы реттеу қолданылатың құқықтың біртұтастығын қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1094 б 3т сай жеке адамның мәмелерімен зиян келтіру салдарынан пайда болатың міндеттемелерге қатысты азаматтық әрекет қабілеттілігі мәміле жасалған елдің құқығы бойынша анықталады. Осы принциптің қолданылуының қиыншылық туғызу салдарлары болуы мүмкін . Бұл жерде сыртқы экономикалық мәміле жасасу жерін анықтау қиыншылық туғызады, себебі  контрагенттер сыртқы экономикалық мәміле жасасу кезінде тікелей өздері қатыспайды. Кей жағдайларда мәміле хат, факс және басқада байланыс заттарын алмасу арқылы жасалуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда мәміле қатыспаушылар арасында   жасалады.

     Л.А.Лунстың «lex loci contractus»  қатысушылар арасында жасалса, осы принципті қолдану үлкен қиыншылықтарға әкеп соқтырады деп тұжырымдайды.

      Ағылышындық құқық бойынша хат алмасу арқылы жасасқан мәміле – тұлғамен оферта алған жерде, акцепт жіберген кезде мәміле жасалды және заңды деп саналады. Қазіргі таңда  «lex loci contractus»  принціпін биржада, аукциондарда және конкурстарда жасалған мәмілелер үшін қолданылады [1].

     Мәміле орындалатын жердің заңы «lex loc solutionis» туралы принціпін екі отандық ғалымдар К.Савиньи мен Баттиффоль шығарған. Савиньидің доктринасы өткен ғасырдың жартысында өндірілген болатын. Савиньи әр бір құқық бұзушылықтың әлемде өзінің орны болады, оны тек тауып дұрыс анықтау  қажет  деп тұжырымдайды. Савиньи осы жерде  «lex loc solutionis»-ті анықтау қажет екенін көрсетеді. Сонымен мәміленің орындалуы мәміле жасасудың соңғы мақсаты болып табылады, сол себептен мәміленің орындалатын жері оның әрекет етуші пункті ретінде қарастырылуы қажет [2]. 

       Осындай позицияны француз ғалымы Баттиффоль ұстанады және оның тұжырымдауы бойынша әр бір мәміленің мәні, оның орындалуында болып табылады [3]. Баттиффольдің көз қарасын  қорындылай келе Алжирлік Иссад ғалымның еңбектерін қарастырамыз. Иссадтың айтуы бойынша «шарттың орындалу жері шарттың әрекет етуінің тәжрибиесі ретінде тараптар үшін маңызы бар және контрогенттердің басты мақсаты өз бетінше шарт жасасу ғана емес, оны өзара орындау болып табылады» [4].

3) Зиян келтірілген жердің заңы   «lex loci delicti commssi»  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1117 б көрініс тапқан. Осы баптың бірінші тармағына сай зиян келтіру салдарынан туындайтың міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттемелер зиян өтеу туралы талап ету үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзгеде мән-жай орындалған елдің құқығы бойынша анықталады. Ал шетелде зиян келтіру салдарынан туындайтың міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер,  егер   тараптар  сол  бір  мемілекеттің  азаматтары немесе заңды  тұлғалары

__________________________________________________________________________

 

  1. Испаева Г.Б. Право, подлежащее прменению к международным договорам купли – продажи товаров. Алматы-1999.ст-66.
  2. Вольф. Международное часное право. М-1948ж  ст 461-462.
  3. Batiffol H. Lagarde P. Droit International Law.p-231    
  4. Иссад  Международное  часное  право 1989.ст-188.

 

болса,   сол  мемілекеттің  құқығы  бойынша  анықталады.    Егер  іс-әрекеттер  немесе               

зиянды өтеу туралы талап етуге негіз болған өзге де  мән-жай Қазақстан Республикасының  заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шет ел құқығы қолданылады.

4)  Мәміленің нысанын анықтайтың мәміле жасақан жердің заңы «locus regit formam actum» Азаматтық Кодекстің 1104 б көрсетілген. Осы бапқа сай мәміленің нысаны ол жасасқан жердің құқығына бағынады. Алайда шет елде жасалған мәмілені, егер  Қазақстан Республикасының құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Қатысушылардың кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының азаматты болып табылатын сыртқы экономикалық мәміленің жасалған жеріне қарамастан жазбаша нысанда жасалады.

5) Сатушы елінің заңы «lex venditoris». Қазақстан Республикасының заңдамасы бойынша   «lex venditoris» шарт тараптарының қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болған кезде қолданылады.[1]

       Исбаеваның пікірі бойынша «lex venditoris» сатып алу – сату шартында сатушының заңы, оның басты қызмет атқаратың жердің заңы болып саналады. Сатып алу –сату шартында сатып алушының міндеті тек қана тауар соммасын төлеу болғандықтан, бұл жерде басты міндеттеме сатушыға жүктеледі. [2]. Сатушының басты міндетті сатып алушының меншігіне тауарды жеткізумен қоса тәуекелділікпен жауапкершілікке тартылады.

         «lex venditoris» принципі 1955 жылы және 1986 жылы халықаралық сатып алу – сату шартындағы жылжымайтың материалдық заттарға қолданылатың құқық туралы Гаага Конвенциясында  көрініс тапқан. Осы 1955 ж Гааага Конвенциясында Халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартына байланысты тараптар қолданылатын құқық туралы алдын ала келіспеген жағдайда, осы мәмілеге сатушының тұрақты жерінің заңы қолданылады. Дәлірек айтсақ осы іс сатушының ішкі заңымен реттеледі.

    1986ж Халақаралық тауарларға қолданылатын құқық туралы Конвенцияның 8 б сай тараптар арасында қолданылатын құқық жайында келісім болмаған жағдайда, осы сатып алу-сату шартына мәміле жасасу кезіндегі сатушының коммерциялық мекемесі орналасқан елдің заңы қолданылады. Кейбір жағдайларда сатып алу–сату шарты мәмілеге тығыз байланысты елдің құқығы қолданылады.

6) Қызметті жүзеге асыратын жердің заңын «lex loci activity» қарастырып кетсе болады. Қазақстанның заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік құқық және әрекет қабілеттілігіне альтернативті жалғау ретінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1095 бабында жеке адамның жеке кәсіпкер болуға және соған байланысты құқықтар мен міндеттемелердің болуға қабілеті жеке адам, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген елдің құқығы бойынша анықталады. Тіркелген елі болмаған жағдайда жеке кәсіпкерлік жүзеге асыратын негізгі орнындағы елдің құқығы қолданылажы.

7) Мәмәле тығыз байланысты елдің заңын қолдану принціпі «lex cause» контрактілік

__________________________________________________________________________

  1. Комментарий Гражданскому Кодексу Республики Казахстан. Алматы. Жеті-жарғы 2000. ст-736.
  2. Испаева Г.Б. Право, подлежащее прменению к международным договорам купли – продажи товаров. Алматы-1999. ст- 68.

құқықпен тығыз  байланысты  болғандықтан,  осы  ережені  «law of the contract,  Proper

law of the contract» деп атайды. Осы принціп Қазақстан Республикасының Азаматтық

Кодексінің 1084 б 2т көрініс тапқан. Шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар орындауды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, шарттың шешіміне тығыз байланысты елдің құқығы қолданылады. Ал 1084 б 2т сәйкес егер қолдануға тиісті құқықты анықтау мүмкін болмаса, шетелдік елемент шиеленістірілген азаматтық-құқықтық қатынастар мен неғұрлым тығыз байланысты құқығы қолданылады.

     Қазақстанның заңнамасында көрсетілген  «lex cause» принціпі Германияның заңнамасымен бір. 1986 ж Халықаралық жеке құқықтың жаңа реттелуі туралы Германия заңынын 28 б сай мәмілеге қатысушы тараптар арасындағы қолданылатын құқық туралы келісім болмаған жағдайда, мәмілеге тығыз байланысты елдің құқығы қолданылады.

    Австрияның Халықаралық жеке құқық туралы заңының 1-ші тарауы «тығыз байланысты принціп» деп аталады және осы принціпке сай жеке құқықта шетел элементі шиеліністірілген қатынастары мәмілеге тығыз байланысты елдің юрисдикциясымен реттеледі.

8) Сот елінің заңы «lex fori», нақты айтсақ дау қарастырылатын елдің заңы. Қазіргі таңда біздің Азаматтық Кодексімізде осы принціп түрі кеңінен таралған. Дәлірек айтсақ осы принціпке сай сот немесе мемлекеттік орган сыртқы экономикалықпроблемаларды шешу кезінде, осы қатынастардың ішінде шетел элементінің бар екендігіне қарамастан өз елінің заңын басшылыққа алуға міндетті. Мысалы: шетел элементі шиеленістірілген істі қарастыру кезінде, сот өз елінің құқығын қолданады деп көптеген елдердің азаматтық іс жүргізу құқықтарында танылған [1]. Бұл принціптін түрін қолдану мәмілеге қатысушы тараптар арасында түсініспеушілікке алып келуі мүмкін.

    Жоғарыда көрсетіліп кеткен коллизиялық жалғаулар сыртқы экономикалық мәмілелердің түріне кеңінен қолданылады және осы коллизиялық жалғаулар арқылы  сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысушы тараптар мәміледен туындайтын проблемаларды қай елдің құқығымен шешетіні туралы мәміледе арнайы сілтеме жасайды. Сонымен коллизиялық нормалардың қайнар көзі, әрі ең маңыздысы болып тараптардың автономды еркіндік принціп болып халықаралық жеке құқықпен танылған және осы принціп арқылы коллизиялық жалғаулар әрекет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

__________________________________________________________________________

  1. Богуславскии М.М Международное часное право М-1998 . ст-84.

3.2 Сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданылатын халықаралық сауда арбитраждары.

 

     Халықаралық экономикалық сауда қатынастарына байланысты мәміле орындау кезінде тараптар арасында түсініспеушіліктер немесе даулар туындау мүмкін. Осындай даулар мәміле міндеттерін орындамау және мәміледе алдын ала қарастырылған мән-жайлардың немесе сілтемелердің болмау салдарынан туындауы мүмкін. 

     Сыртқы сауда тәжірибесі көрсеткендей көбінесе осындай даулар өзара келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар арасындағы даулар келіссөздер арқылы шешілмесе, онда осындай даулар үштік немесе арбитраждық соттың қарауына жіберіледі. Әдетте тараптар дау мәселесі бойынша бірыңғай келісімге келмесе, онда мәміледе осы  істі үштік арбитраждың қарауына жіберу туралы арнайы сілтеме енгізіледі.

      Сыртқы сауда қатынастарынан туындайтын даулар екі түрге бөлінеді: біріншіден, мемлекеттер арасында туындайтын даулар . Осындай даулар тауарды жеткізу туралы үкіметаралық келісімнің міндеттерін орындамау салдарынан туындауы мүмкін . Бұл даулар арнайы келіссөздер немесе үштік сот арқылы шешіледі, ал кей жағдайларда делдалдар (үшінші тарап) арқылы шешіледі.

   Сыртқы экономикалық қатынастардан туындайтын  дауларды шешу кезінде БҰҰ-  ның Халықаралық сотына жүгінуге болады. Әрине БҰҰ-ның Халықаралық Сотын үштік соттан айыру қажет, себебі үштік соттар шаруашылық ұйымдар арасындағы және тараптар келісіміне негізделген азаматтық-құқықтық субъектілер арасындағыістерді шешеді.

    Сыртқы экономикалық мәміленің мәтінінде арбитраж туралы сілтеме көрсетілмеген жағдайда, онда тараптар  дау туған кезде істі жауапкердің немесе мүлкі орналасқан елдің мемлекеттік  (жалпы сотар) соттарының қарауына жіберуге міндетті [1].

      Осының бәрін ескере отырып, мемлекеттік соттар (жалпы сотар) арбитраждық соттар екеуі әр түрлі екенін  ескеруіміз қажет. Сол себептен халықаралық шаруашылық даулардың механизімдерін шешетін арбитражды ішкі шаруашылық дауларды шешетін органдардан айыруымыз керек. Егер шетелдік  арбитражға Халықаралық сауда арбитражын жатқызсақ, онда ішкі сотқа Қазақстан Республикасының шаруашылық дауларын шешетін алқа мен экономикалық дауларды шешетін соттарды жатқызамыз.

     Халықаралық арбитраж жалпы арбитраждан қарағанда көп үстемдікке ие. Біріншіден, сыртқы сауда қатынастарына қатысушы  тараптар үшін тартымды болып келеді; дауға қатысушы тараптар өзара келісім арқылы өздеріне қажетті арбитражды және істі қарай алатын арбитрларды таңдау мүмкіндіктеріне ие болады.Осындай дауларда арбитрларды таңдау да өте қолайлы, себебі арбитрлар сыртқы сауда дауларын қарау үшін арнайы мамандандырылған. Арбитрларға тән келесідей белгілер бар: кәсіптілік, тәуелсіздік және әділдік.. Халықаралық арбитражда дауға байланысты істі қарау кезінде, қатысушы тараптармен бір-бір арбитр таңдалады, осы арбитрлар суперарбитрді және форумның төрағасын таңдайды. Ал ішкі соттарда тараптар судья таңдау мүмкіндігіне ие болмайды.

   Екіншіден,  Халықаралық   арбитраждарда  дауға байланысты іс жеңіл   түрде    және

 

  1. Сатсенбаев М.А. Международное частное право. Ст-523.

қысқа мерзімде қаралады. Сонымен қатар ішкі соттарда істі қарастыру кезінде көптеген мән-жайларға үлкен көңіл бөлінеді.

   Үшіншіден, халықаралық арбитраждарда іс қарастыру шығыны ішкі соттардан қарағанда азырақ.

    Төртіншіден, арбитраждық соттарда іс  қарастыру процесі жабық түрде өтеді және осы жағдай оның құпиялығын қамтамасыз етеді.

     Қазіргі таңда сыртқы сауда арбитраждары екі түрге бөлінеді: институттық арбитраждар орталықтары ( арбитраждық соттар, алқалар, ұлттық сауда палаталарын мен биржаларындағы комиссиялар және кәсіпкерлер ассоциациялары) және жеке дауды қарастыру үшін құрылған «ad-hoc» арбитражы.  

     Институттық арбитраждар. Арбитраждық іс қарауына байланысты дауласушы тараптарға көмек көрсету үшін құрылған және әр уақытта әрекет ететін арнайы мамандандырылған орган болып келеді. Осы орган ұсынылған арбитрлар тізімін жүргізеді және керек жағдайда басқарма қызметін жүзеге асырады. Институционалды арбитраждың ережесі бойынша, арбитрлар өз қызметін регламен негізінде жүзеге асырады және өздерінің қызмет атқару тәртібі мен ережелері болады.

     Қазіргі таңда танымал арбитраждық  институттар болып төмендегілер келеді: Халықаралық Сауда Палатасының Халықаралық Коммерциялық  Арбиртажы (Парижде), Лондондық Халықаралық Арбитраждық Соты, Стокгольмдағы Сауда Палатасының Арбитраждық Институты, Германияның Арбитраждық Институты, Американың Арбитраждық Ассоцияциясы және Рессей Федерациясының Сауда Өндірістік Палатасының Халықаралық Коммерциялық Арбитраждық соты. Ал Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық дауларды шешетін және ардайым әрекет ететін негізгі үштік соты болып Шаруашылық іс бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының алқасы және Қазақстан Республикасының Сауда — Өндірістік Палатасының Арбитраждық Комиссиясы саналады.

     Ad-hoc арбитраждық соты нақты және  жалғыз істерді қарастыру үшін құрылған арбитраждық трибунал болып танылады. Аd-hoc арбитражын жүргізу кезінде, тараптар  дауды шешу процедурасын таңдауға байланысты шектелмеген дербестікке ие болады. Сонымен бірге, тараптар  пайда болған дауды басқа бір арбитраждық институттық органының регламентімен қарастыруға құқылы. Осымен қоса аd-hoc арбитражының тағы бір ерекшелігін айтып кету қажет. Бірыңғай мақсатпен арбитрлардың процесуалдық қызметін жүзеге асыру үшін БҰҰ қамқорлығымен арнайы үш регламент қабылданды:

  • 1966 ж қабылданған БҰҰ-ның Еуропа Экономикалық Комиссиясының Арбитраждық регламенті;
  • 1966 ж Азия мен Таяу Шығыс үшін қабылданған БҰҰ-ң Экономикалық Комиссиясының Халықаралық Коммерциялық Арбитражының регламенті;
  • 1976 ж Халықаралық сауда құқығы үшін қабылданған БҰҰ Комиссиясының арбитраждық регламенті.

     Жоғарыда көрсетілген құжаттар аd-hoc арбитражының іс жүргізу тәртібінің үйлестірілген ережелері болып келеді және ол өзіне тән факультативті ерекшеліктерге ие болады. Дәлірек айтсақ осы құжаттар, тараптармен  мәміледе арнайы сілтеме жасағанда ғана қолданылады. Осы құжаттардың ішінде 1976 ж БҰҰ-ң Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған ЮНИСТРАЛ-дың арбитраждық регламенті жақсы танымал және үлкен қолданысқа ие.

    Көрсетілген барлық регламенттерге сай аd-hoc арбитражында үш арбитр сайланады: бір бірден талапкер мен жауапкерге, ал осы сайланған арбитрлар суперарбитрды тағайындайды.

    Жалпы нормаларға сай, халықаралық коммерциялық арбитраждың соттары  тараптардың жазбаша келісімінің негізінде дауды қарастыру құқығына ие болады. Осыған байланысты тараптар арасында істі арбитраждың қарауына беру туралы келісім болған жағдайда ғана, арбитр іс қарау құқығына ие болады.Сонымен тараптар арсындағы арбитраждық келісімнің екі  түрі әрекет етеді:

  • егер тараптар арасындағы алдында пайда болған дауда үштік соттың қарауына беру туралы арбитраждың келісімі болған жағдайда, осы келісім үштік жазба (compromis) деп аталады;
  • егер болашақта пайда болу мүмкін дауды арбитраждың қарауына беру шарты арбитраждық сілтеме (compromissiove) деп аталады.

     Әдетте тараптар арбитраждық келісімде келесідей мәселе жөнінде келіседі: дауды шешудің тәсілін таңдау; дауды қарастыратын арбитраж; сотың регламентін немесе белгілі бір елдің материалдық құқығын пайдалану; дауды қарастырудың жері мен тілі; арбитраждың санымен және арбитрларды таңдау тәсілі жөнінде. Мысал ретінде әр түрлі елдің заңгерлерімен зерттелетін Лондонның үштік сотынның регламентін  белгілеп кетуге болады. Бұл регламент 1985 ж қабылданып, оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы регламентке сай, арбитраждық істі қарастыру кезінде тараптар өз қалауы бойынша ағылшын құқығының нормаларын, не басқа елдің ұлттық құқықтық нормасын қолдану және Англия территориясынан тыс жерде арбитраждық істі жүргізу, сонымен бірге арбитраждық істі ағылшын тілінен басқа тіл арқылы жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған. Лондондық үштік соттың арбитрларының 2/3 басқа мемлекеттерден тағайындалады. Сол себептен Лондондың үштік сотының регламенті бойынша тараптар арбитраждық істі Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, қазақ немесе орыс тілінде және Астанада, не Алматыда қарастырылуын таңдай алады.

      1976 ж Халықаралық сауда құқығы үшін қабылданған БҰҰ-ң комиссиясының бекіткен арбитраждық регламентінің құқықтық нормаларына сай тараптар арбитраждық дауды қарастыру кезінде мәміледе көрсетілген мән-жайларды, халықаралық құқықтың әдет-ғұрыптарын, сонымен қоса істі қарастыратын елдің құқықтық нормаларын басшылыққа алу қажет. Егер мәміледе арбитраждық істі қарастыратын елдің құқығы анықталмаған жағдайда, арбитрлар осы іске қатысты деп таныған елдің коллизиялық нормаларын қолдана алады.

     Сыртқы экономикалық мәміледен тараптар арасында туындайтын дауды арбитраждың қарауына беру туралы мәміледе арнайы параграф бар, осы параграфқа бойынша істі қарастыру тәртібі мен арбитраждың шешімі екі тарап үшін міндетті және осы жерде арбитраждың шешіміне қайта шағымдануға болмайтындығы көрсетілген.

    Халықаралық сауда тәжірибесінде арбитраждың шешімдерін орындамау жағдайлары кездескендіктен 20 жылдардың екінші жартысында мемлекеттермен арнайы келісімдер қабылданған болатын. Осындай келісімдерге Еуропа елдеріне және келісімнің тараптары үшін маңызды орын алатын 1923 ж Абитраждық келісім туралы Женева хаттамасы мен 1927 ж Арбитраждың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы Женева Конвенцияларын жатқызуға болады. Қазіргі таңда осы конвенциялар мен хаттамалардың күші жойылғандықтан, 1958 ж Шетел арбитражының шешімдерін тану және жүзеге асыру туралы Нью – Йорк Конвенциясы қабылданды. Шетел арбитраждарының шешімдерінің тараптармен орындалмау салдарынан мемлекеттер арасында көптеген қиыншылықтарға әкеп соқтырды. Сол себептен 1958 ж Нью – Йорк Конвенциясы шетел арбитраждарының шешімдерін тану мен жүзеге асырудың кепілі ретінде танылды. 1958 ж Нью – Йорк Конвенциясының 1 б сай осы Конвенция даудың шешімін тану мен жүзеге асырылуын талап еткен тараптардың мемлекетінен тыс, басқа мемлекеттің территориясында арбитраждың шығарған қаулысын тану және асыруға қатысты қолданылады. Бұл Конвенция мемлекеттің территориясынан тыс шығарған шешімдерге ғана емес, сонымен бірге арбитраждың шешіміне  қатысты процессуалдық тәртібі қолданылған елге қатысты қолданылады.

     Конвенцияның  3 б сай әр бір келісуші мемлекет арбитраждың шешімін міндетті деп таниды және арбитраждың шешімін жүзеге асырылуын сұраған мемлекет, өзінің  процессуалдық нормаларына сай арбитраждың шешімдерін жүзеге асырады. Арбитраждың шешімі жергілікті сотың шешімі арқылы акзеватура негізінде хүзеге асады [1]. Бұл Конвенцияның 4 б-да шешімнің танылуын және жүзеге асырылуын сұраған тарап арбитраждың шешімінің тану және  жүзеге асыру үшін куәландырылған арбитраждың шешімін немесе оның көшірмесін ұсынуға міндетті [2 ].

       Нью – Йорк Конвенциясының 5 б сәйкес арбитраждың шешімі қарсы бағытталған тараптың   өтініші бойынша және осы тарап төмендегідей дәлелдемелерді ұсынған жағдайда, арбитраждың шешімдерін орындаудан бас тарта алады:

  • егер қолданған заңға қатысты, олар әрекет — қабілетсіз деп танылған жағдайда және шешім шығарылған елдің заңы бойынша шешім заңсыз болып танылса;
  • егер қарсы талап бойынша арбитраждың тергеуі туралы ескертпесе;
  • егер мәміледегі арбитраждық сілтеме немесе арбитраждық келісімге жатпайтын және қарастырмайтын мән-жайларға байланысты шешім шығарылған болса;
  • егер тараптар арасындағы келісімге және арбитраждық іс орын алған елдің заңына арбитраж органының құрамы немесе арбитраждық процеске сәйкес өтпесе;
  • егер шешім тараптар үшін міндетті болмаса.

      Арбитраждың шешімін орындаудан келесідей мән-жайларға байланысты бас тартуға болады:

  • егер шешім мәжбүрлі түрде орындалу керек елдің заңы бойынша, қарастырылып отырған дау арбитраждың объектісі бола алмаса;
  • егер шешімнің орындалуы жария тәртіпке қарсы келсе.

      Сыртқы экономикалық дауларды қарастыру кезінде 1961 ж Сыртқы Сауда Арбитражы туралы Еуропа Конвенциясын қарастырып кетсе болады. Осы Конвенцияның 1 б сай – Конвенция сыртқы сауда операциясын жүзеге асыру салдарынан туындайтын дауды арбитраждық тәртіп бойынша  немесе мәміле жасасу кезінде жеке және заңды тұлғалардың тұрақты жері әр түрлі мемлекетте орналасқан болса  қолданылады.  Бұл Конвенцияның  2 б 1т-да  заңды  тұлғаға  қолданатын ұлттық

құқық бойынша, егер ол жария құқықтың заңды тұлғасы болып қарастырылған

__________________________________________________________________________

  1. М.Г.Розенберг Контрак международной купли – продажи . Современная практика заключения , разрешения споров. ст-684.
  2. Образцы договоров с коментарием международного коммерческого арбитража . Минск-1997 ст 589.

жағдайда  ол арбитраждық   келісім  жасасу  мүмкіндігіне  ие   болады.   Арбитраждық

келісімнің тараптарының қалауы бойынша:

1) дауды тұрақты арбитраждық органның қарауына беру мүмкіндігінеие болады және осы себеп бойынша дау осы органның регламенті арқылы қарастырылады;

2) қарастырылып отырған дау аd-hocарбитражының қарауына беруді қарастыра алады.

  1961 ж Сыртқы Сауда Арбитражы туралы Еуропа Конвенциясының  7 б-да тараптар арбитраждың шешіміне қатысты қолдана алатын құқықты өз қалауы бойынша орната алады деп көрсетілген.

  Еуропа Конвенциясы БҰҰ шеңберінде қабылданған болатын және Конвенция сыртқы экономикалық қатынастарда Халықаралық Сауда Арбитражының тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлкен маңыз атқарады. Бұл Конвенция БҰҰ-ның Экономикалық Комиссиясының қамқоршылығымен Еуропа елдері үшін қабылданған болатын. Кейін 1966 ж БҰҰ Конвенциясына арбитраждың регламенттері толықтырылды.

  Көп жақты Конвенцияларға мысал ретінде 1975 ж Халықаралық Сауда Арбитражы таралы Америкааралық Конвенцияны айтуға болады. Бірақ осы Конвенцияның қолдану аясына қарай  аймақтық болғандықтан, ол так американдықтарға ғана қатысты қолданады.

  Сонымен КСРО Еуропа Конвенциясына қатысушы болғандықтан, осы Конвенция Қазақстан Республикасына қатысты қолданылады.Сол себептен 1995 ж Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша Қазақстан 1958 ж Шетел Арбитражының шешімдерін тану және жүзеге асыру туралы Нью – Йорк Конвенциясына және 1961 ж Сыртқы Сауда Арбитражы туралы Еуропа Конвенциясына мүше болды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы басқа да халықаралық сауда дауларын реттейтін конвенцияларға қосылу әрекеттерін жүзеге асырып жатыр.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 Сыртқы экономикалық мәмілелердегі коллизиялық мәселесі деген диплом жұмысымды жаза келе, ең алдымен сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігін анықтыдым. Сыртқы экономикалық мәміле бұл бір немесе екі, не одан да көп контрагенттер арасындағы, олардың басты қызмет орны әр түрлі мемлекеттерде орналасқан және тауарды экспорттауға және импорттауға арналған сатып алу — сату шарты. Сонымен мәмілені сыртқы экономикалық деп тану үшін шетел құқығын қолдану өте маңызды. Мысалға бұрын әрекет еткен  1991ж ССР кеңесі мен Республикалардың негізгі Азаматтық заңнамасының 166 б сәйкес сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын құқықтар мен міндеттемелер тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі деп көрсетілген. Дәлірек айтсақ, тараптар сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде шетел құқығын таңдауға және сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын дауды шетелдік арбитраждың  қарауына беруге құқығы бар. Қатысушылардың арасында қолданылатын құқық туралы келісім болмаған жағдайда, қатысушылар коллизиялық норманы таңдауға мүмкіндігі бар және осы мәселе сыртқы экономикалық мәмілені анықтау үшін қажет.

   Сыртқы экономикалық мәмілелердің жасасу ерекшеліктері, сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудің мемлекеттік емес нысандарын, шетел құқығын қолдану және сыртқы экономикалық дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру сияқты сыртқы экономикалық мәмілелердің белгілері қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында сыртқы экономикалық мәміленің анықтамасын енгізу қажеттілігін туғызады. Себебі сыртқы экономикалық мәмілелер Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастарын дамытуда үлке орын алады, сондықтан осы жағдай сыртқы экономикалық мәмілелердің анықтамасын Қазақстан Республикасы заңды түрде бекітуге міндетті.

    Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлерін топтастыру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде берілген. Сыртқы экономикалық мәмілелерді көптеген белгілер арқылы топтастыруға болады. Соның ішінде сыртқы экономикалық  мәмілелер азаматтық құқықтың белгілері арқылы топтастырылады. Азаматтық құқықтық белгілер бойынша сыртқы экономикалық мәмілелер  біржақты және көпжақты, жай және шартпен жасалған, ақылы және ақысыз, реалды және консенсуалды, алдын-ала жасалатын, биржалық, импортты және экспортты мәмілелер болып топтастырылады.Сыртқы экономикалық мәмілелер жазбаша нысанда жасалады және осы жазбаша нысанды сақтамау мәміленің жарамсыз болуына әкеледі деп Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексінің 153 б 3т көрсетілген. Осындай қарама қайшылықтардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерін нақты зерттеу қажет.

    Қазақстан Республикасының «Банк және банктік қызмет туралы заңында» сыртқы экономикалық лизингтік операцияларды толық анықтау және өзгертулер енгізу қажеттілігі тууда, себебі осы заң лизингтік операцияның орнына жалпы аренданы анықтайды және осы лизингтік операция сыртқы экономикалық мәміленің бір түрі  ретінде танылады.

   Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөліміндегі сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлеріне толықтырулар енгізу қажет. Сыртқы экономикалық мәмілелердің факторинг және форфейтинг түрлері банктік операцияның негізгі түрі ретінде Қазақстан Республикасында танылады. Сондықтан осы мәмілелердің жаңа түрлерін қазақстандық ғалымдарға жан – жақты зеттеу керек.

   Қазіргі таңда сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде коллизиялық нормаларға көп көңіл бөлу қажет.Тараптар сыртқы экономикалық мәміле жасасу кезінде алдын ала қолданылатын елдің коллизиялық нормаларына сілтеме жасайды. Біздің Азаматтық Кодексіміздің 1112 б 1т сай егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптар келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Сонымен сыртқы экономикалық мәмілелердің басты реттеу құралы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің коллизиялық нормалары болып танылады.

    Сыртқы экономикалық мәмілелердің тағы бір ерекше белгісі ретінде сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру мүмкіндігі  болып табылады. Осыған байланысты тараптар мәміле жасасу кезінде қолданатын құқық туралы және сыртқы экономикалық мәмілелерден туындаған дауды халықаралық арбитраждың қарауына беру мәселелері туралы арнайы сілтеме жасайды. Сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын дауларды Халықаралық Сауда Палатасының Халықаралық Коммерциялық  Арбиртажы (Парижде), Лондондық Халықаралық Арбитраждық Соты, Стокгольмдағы Сауда Палатасының Арбитраждық Институты, Германияның Арбитраждық Институты, Американың Арбитраждық Ассоцияциясы және Рессей Федерациясының Сауда Өндірістік Палатасының Халықаралық Коммерциялық Арбитраждық соттары қарастырады. Ал Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық дауларды шешетін және ардайым әрекет ететін негізгі үштік соты болып Шаруашылық іс бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының алқасы және Қазақстан Республикасының Сауда — Өндірістік Палатасының Арбитраждық Комиссиясы саналады.

Осы сыртқы экономикалық мәмілелерді реттейтін 1958 ж Шетел арбитражының шешімдерін тану және жүзеге асыру туралы Нью – Йорк Конвенциясы, 1961 ж Сыртқы Сауда Арбитражы туралы Еуропа Конвенциясын және 1976 ж Халықаралық сауда құқығы үшін қабылданған БҰҰ Комиссиясының арбитраждық регламенті қабылданды.

   Сыртқы экономикалық мәмілелер тараптар келісімі арқылы және белгілі бір тараптың ұлттық нормасына сай немесе халықаралық әдет – ғұрып негізінде жасалуы мүмкін  [1]. Әрине сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде халықаралық әдет – ғұрыптар басшылыққа алынады.

     Сонымен сыртқы экономикалық мәмілелердегі коллизиялық мәселе атты диплом жұмысымды қорыта келе: сыртқы экономикалық мәмілелер халықаралық жеке құқықтың бір саласы және сыртқы экономикалық мәмілелер  халықаралық жеке құқықпен реттелетіні туралы ұмытпауымыз керек.Сонымен әр бір халықаралық жеке

 

 

 

_____________________________________________________________

  1. Г.Б.Испаева Право подлежащее применению к жеждународным договорам купли – продажи товаров. Алматы 1999. ст-33

құқық ол мемлекеттің шетел элементі шиеленіскен нормасы. Ал шетел элементі шиеленіскен норманы коллизиялық нормалар деп атайды. Коллизиялық нормалар әр уақытта   қарастырылатын  істі басқа мемлекеттің   нормасына  сілтеме жасайды.  Осы

коллизиялық нормалар арқылы Қазақстан Республикасы көптеген біржақты, екіжақты және     көпжақты     сыртқы     экономикалық     мәмілелерін     реттейді.  Коллизиялық

нормаларды қолдану кезінде тараптар қай елдің құқығын және қай коллизиялық жалғауды қолдану туралы алдын ала келіседі. Сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауды шешу кезінде тараптар « lex patriae», « lex personalis »,  « lex nationalist»,  «lex voluntatis», «lex patriae», «lex loci contractus», «lex loc solutionisi»,  «lex loci delicti commssi»,  «lex venditoris», «lex fori» және «lex cause» коллизиялық жалғауларын қолданады. Әрине бұл коллизиялық жалғаулар сыртқы экономикалық дауларды шешу кезінде үлкен орын алады. Сол себептен осы мәселеге көп заңи және ғылыми көңіл бөлу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

І. Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері.

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж 30 тамыз. Алматы: Жеті Жарғы 2005.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі .Алматы. Жеті Жарғы 1993.
  3. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі.
  4. Қазақстан Республикасының Банк және банктік қызмет туралы заңы.

 

ІІ. КСРО, Рессей Федерациясының және Халықаралық конвенциялар мен келісімдардің нормативтік актілері.

 

  1. Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991 г.
  2. Гражданский Кодекс Российской Федерации. М-2005 г.
  3. Конвенция о праве, применимом к международной купле – продаже товаров (Гаага, 1955г). Розенберг М.Г. Контракт международной купли – продажи. Совреиенная практика заключения, разрешение споров. М-1996 г. С. 204-208.
  4. Конвенция о признании и приведении в исполнение иностранных арбитражных решении (Нью-Йорк, 1958г). Розенберг М.Г. Контракт международной купли – продажи. Совреиенная практика заключения, разрешение споров. М-1996 г. С. 576-583.
  5. Конвенция о праве, применимом к договорам международной купли – продажи товаров (Гаага, 1986г). Розенберг М.Г. Контракт международной купли – продажи. Совреиенная практика заключения, разрешение споров. М-1996г. С. 209-220.
  6. Принцыпы международных коммерческих договоров (Принципы УНИДРУА). Розенберг М.Г. Контракт международной купли – продажи. Совреиенная практика заключения, разрешение споров. М-1996 г. С.431-463.
  7. Европейская Конвенция о внешне торговом арбитраже1961г. Сборник международных договоров и других документов, применимых при заключении и исполнении внешнеэкономических контрактов. М-1991. С.143-147.
  8. Арбитражный Регламент Европейской экономической комиссии ООН (1966). Розенберг М.Г. Контракт международной купли – продажи. Современная практика заключения, разрешение споров. М-1996 г. С. 622-632

 

ІІІ. Арнайы әдебиеттер.

 

  1. Ахмадиева Г.Д. Правовое регулирование внешнеэкономических контрактов в РК. Алматы-1996г.
  2. Басин Ю.Г. Недействительность сделок по Гражданскому Кодексу Республики Казахстан. Алматы-2004г7
  3. Богуславский М.М. Международное частное право.Учебник Меж. отн. М-1994 г.
  4. Венская Конвенция о догорах международной купли – продажи товаров. Комментарий. Юр.лит. М-1994 г.
  5. Внешнеторговые сделки. Составитель Гринко И.С. Сумы-1994 г.
  6. Дегтярева О.И. Организация и техника внешне торговых операций. М- 1992 г.
  7. Единообразный Торговый Кодекс США. М-1969 г.
  8. Ефимов Л.Г. Банковское право. М-1994 г.
  9. Зенин И.А. Гражданское и торговое право капиталастических стран. МГУ. М-1992г.
  10. Зыкин И.С. Внешнеэкономические операции: право и практика. М-1994 г.
  11. Зыкин И.С. Договор во внешнеэкономической деятельности. М-1990г.
  12. Зыкин И.С.  Обычай и обыкновения в международной торговле. М-1983 г.
  13. Испаева Г.Б. Право, подлежащее применению к международным договорам купли-продажи товаров. Алматы-1999 г.
  14. Иссад М. Международное частное право. М-1989 г.
  15. Лебедев С.Н. Международный арбитраж и проблема защиты иностранных   инвестиций. В. сб. Правовые проблемы иностранных инвестиций в СССР. М-1991.
  16. Лунц Л.А. Курс международного частного права. М-1975.
  17. Лунц Л.А. Внешне торговая купля – продажа.  М-1972 г.
  18. Мақыш А.Б. Банктік іс. Алматы-2003 ж.
  19. Международное частное право. Учебник пособие п/р  Г.К.Дмитриевой. М-1993 г.
  20. Мусин В.А. Международные торговые контракты. Л. ЛГУ.-1986 г.
  21. Правовое регулирование внешнеэкономической торговли. П/р Богуславского М. М-1991 г.
  22. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности. Учебник и практическое пособие. Ч.1-2. Под. Ред. М.А.Сарсенбаева. Алматы-1995 г.
  23. Рамзайцев Д.Ф. Договор купли – продажи во внешней торговле СССР. 1961.
  24. Розенберг М.Г. Контракт международной купли – продажи. Совреиенная практика заключения, разрешение споров. М-1996 г.
  25. Моисеева О.Г.  Гражданско-правовая ответственность в английском праве. Историко – правовой анализ. Автореферат. Екатеринбург-1995 г.
  26. Сарсенбаев М.А. Международное частное право. М-1999 г.