Мазмұны
Кіріспе —
Ι-бөлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының теориалық негізі. +
1.1 Конституцияның мәні, мазмұны және негізгі принциптері. +
1.2. Конституциялық-Құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлерімен
ерекшеліктері. +
1.3 Қазақстан Республикасында Конституциялық Заңнаманың
қалыптасу кезеңдері. +
ΙΙ-бөлім. Қазақстан Республикасындағы нормалардың сақталуы мен жүзеге
асырылуының кепілдіктері. +
2.1. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы. +
2.2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз
(1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерімен). +
2.3. 1995 жылғы Конституцияда көрініс тапқан идеялардың ағымдағы
заңнамада жүзеге асуы. +
Қорытынды. —
Пайдаланылған әдебиеттер. +
Реферат
Бітіру жұмысының тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциясының даму тарихы.
Негізгі маңызды сөздер және дипломдық жұмысқа қолданған терминдер : Қазақстан Республикасының Конституциясы – заң актілерінің қайнар көзі, тәуелсіздік , тәуелділіксіз , демократия , заңға сүйенген мемлекет , азаматтардың құқықтары , азаматтардың бостандықтары , азаматтардың міндеттері , ҚР президенті, парламенті, үкіметі, заң шығаратын өкіметі, атқару өкімет, сот өкімет, мемлекет, конституция нормаларының орындау кепілдіктері, жергілікті мемлекеттік басқару органдары , жергілікті өзін-өзі басқару органдары , прокуратура , мемлекеттік органдар және т.б.
Бітіру жұмысы кіріспе, 2-бөлім, 6-тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Баста ҚР Конституциясы және оның ұғымы , теориялық негіздердің сұрақтары біріншіден қаралған. Заңгерлік қасиеттер, негізгі сызықтар, принциптер және функциясы, сонымен қатар сақтау кепілдіктері және Конституциялық нормалардың орындалуы қарастырылған .
Қазақстан Республикасының Конституциясы дамуының негізгі кезеңдерін талдау екінші бөлімде көрсетілген .
Қазақстан Республикасының конституциясының нормаларын түсіндіру сұрақтары қаралған.
Ι-бөлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының теориялық негізі.
- Конституцияның мәні, мазмұны және негізгі принциптері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгіледі. Адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың Конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық қүқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады, сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелген. Осыған орай, халық еңбекшілерден, жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзкарасқа негізделді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы «еңбекші» термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясында халық тұрғындардың бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, «халық» ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады.
Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Барлық қабаттарына қамқорлық керсетуі тиіс. Казақстан Республикасының Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құкықтарын шектемей конституциялық-қүқыктық катынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көп ұлтты коғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше құқыктық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер беріл-мейтіндігін білдіреді.
Назарбаев.Н.А Қазақстан 2030. Казахстанская правда от 11.10.1997
Мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттық нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.
Сөйтіп, халықты Казақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Казақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: «Біз, Казақстан халқы… осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады. Казақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің қарауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Казақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық кұрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің кұрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезендері – тұрақтылық. Ол — мемлекеттік кұрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
Қазақстан Республикасы Конституциясының кұрылтай тәртібін, ұлттық кұқықтық жүйені калыптастыру мен дамытудағы мейлінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін, азаматтар үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оның барлық нормативтік кағидаларының еш шүбәсіз танылатындығынан басқа ешбір нормативтік құкықтық акт Конституция нормаларын ескірген, өмір шындығына сай келмейтін деп және басқалай тани алмайды. Мұндай ерекше сипат тек Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайға назар аударып отырған себебіміз, Конституциялық қағидаларға атүсті айтылған сындар кейде жақсылық нышанындай есептеледі, Конституцияның қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты, өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Мұндай акциялар ескінің, кеңестік кезеңнің сарқыны, ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жеңіл енгізіле беретін. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясымен де осылай болды, айналып келгенде ол ешкімге қажеті жоқ жалаң нұсқаулық қүжатқа айналды. Конституцияның жекелеген нормалары уакыт сынына ұшырауы, өскелең қоғамдық қатынас талаптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой тумаса керек. Қоғамдық қатынас ылғи да қозғалыста, өзгерісте болады, сондықтан Конституциялық нормаларды өзгерту қажеттігі де туындайды. Мұндай процесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс. Нақ осындай қоғамда түбірлі өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл процестің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыны ескере отырып, өткеннен де сабақ алу керек. Конституцияның тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын қамтамасыз ету үшін мұндай қажеттілік туған жағдайда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт ретінде ресімдеу керек. Мұндай көзқарастың бірқатар сәтті жақтары бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және басқару нысандарымен, коғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрды. Екіншіден, аталған құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениеттің тарихи жадын бейнелейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Казақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістері аясында туды. Сондықтан ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді. Үшіншіден, ерекше құрылтайшылық сипаты мен тарихи мәні қасиетті акт ретінде азаматтардың Конституцияға деген құрмет сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпақтардың алдында оның беделін тұрақты көтеру үшін де маңызды. Бұл орайда, әлдеқашан ескірген қағидаларының аз еместігіне қарамастан, оның басты актілердің негізі болып отырған АҚШ Конституциясын еске алған жөн. Көптеген қағидаларынын тек тарихи танымдық қана мәні бар болса да, дінге сенушілер үшін бірнеше мың жылдар бойғы діни жазбалар қасиетті сенім сияқты есептеледі.
Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың коғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция: қоғамдық, экономикалық, ұйымдык, әлеуметтік, діни, жекелік кұрылыстың негіздерін анықтайды . Сондықтан мемлекет қана емес,
оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген зандардың кайсыбір жекелеген қоғамдық институттарға саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конституциялық кұрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін коғамдык бірлестіктер кұруға және олардың қызметіне тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес кұбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституцияны басшылыққа алады.
Конституция коғамдық катынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, коғам өмірінің барлык салаларын қамтымайды. Осыған байланысты методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге тоқтала кеткен жөн.
Кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі зан әдебиеттерінде құқықтық қатынастар құкықпен реттелетін қоғамдык қатынастар ретінде сипатталады. Құкықтанушылар осы теориялық қағиданың дұрыстығына күдік келтірген жоқ. Шамасы, бұлай болатыны социализм кезінде ешқандай жекелік болмады, ол танылмады. Барлығы да мемлекеттікі, қоғамдікі еді. Егер тереңдей ой жіберсек, онда социализм кезінде де мемлекеттік қана емес, сондай-ақ қоғамдық қатынастың да болғанын байқаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық қатынастарды реттейді деп саналып келді. Демек, құқықтың кейбір салаларында, айталық, мемлекеттік және әкімшілік құқықта қатынастардың мемлекеттік сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып койған болып шығады.
Капиталистік қатынасқа көшкен жағдайда, мемлекеттік сектормен бірге жеке сектор қалыптасқан және ең бастысы азаматтық қоғам және мемлекеттің енді бәрін қамтитын рөлі жойылған кезде қатынастарды екі топқа бөліп, бөлшектеу кажет тараптардың бірі ретінде мемлекет қатысатын қатынас, менің пікірімше, мұның қатарында мемлекеттік-құқықтық қатынастарды атауға болады. Бұлар, билікпен және саяси қүқықты бағындыру мен жүзеге асыруға қатысты қатынастар болып табылады деп ойлаймыз. Таза қоғамдық, мемлекеттік институттар қатыспайтын қатыныстар.
Бұлар құқықпен реттелетін таза қоғамдық қатынастар. Алайда, Конституция құқықтық негізді белгілейтіндіктен ол бұл қатынастарға тура араласады. Қазақстан Республикасы Конституциясының әрбір адамның қүқықтық субъектілігін танитын, міне осының мысалы болып табылады. Әр адамның, жеке-жеке азаматтардың кез келген бірлесуі құқықтық жағынан тікелей Конституция арқылы қорғалатындығы осының дәлелі. Құқық қорғау органдары, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, Конституцияға сүйеніп қана қоймайды, оны басшылыққа алады.
Сонымен бірге азаматтардан, олардың бірлестіктерінен, барлық коғамдық институттардан Конституцияға құрметпен карау талап етіледі. Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Казақстан халқының занды еркіне кол сұғу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1992 ж. №4, 65-6.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары.
Қүқықтық принциптер — тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған, бірақ мемлекеттің, оның органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін ұйымдастырудың белгілі бір бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық принциптер — Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституциялық принциптер қандай болса, конституциялық құрылыс та сондай немесе керісінше.
Конституциялық принциптер,түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы факторларды: әлем таныған халықаралық қүқық нормаларын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика Кон-ституциясында Қазақстан халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын талдау көрсеткендей, конституииялық принциптерді айтылу нысандарына қарай екі топқа Конституцияда айқындалған айқындалмаған конституциялық қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға республика қызметіне негіз болатындай принциптер мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу принципі жатады.
Бүл принциптердің нақ Қазақстан Республикасы Конституциясында көрінуінің себебі бар ма? Бүл сұраққа осы принциптердің қолданылу аясы белгілі бір деңгейде түсінік береді. Республика қызметі негіз боларлық принциптер бүкіл мемлекетке, оның бүкіл тетігіне, түтастай алғанда қоғамға, азаматтардың бірлестіктеріне ықпал етуі тиіс. Басқаша айтқанда, аталған барлык субъектілер өз қызметіне нақ осы принциптерді негіз етіп алулары керек. Аталған принциптердің азамат, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы бар. Сондықтан олардың Конституцияда айқын көрсетілуі рөлі мен беделінің көтерілуіне игі ықпал ете алады.
Конституция Қазакстан Республикасының қызметіне негіз боларлық принциптерді орнықтырады. Принциптерді қарастырмастан бүрын, «республика» ұғымының аталған тіркесте нені білдіретінін анықтап алу керек. Конституцияның кіріспесінде айтылғандай, Конституция мемлекеттің де, қоғамның да ең негізгі заңы болып табылады. Көптеген конституциялық нор-малардың мазмұны мен мәні де олардың қоғам өмірінің аса маңызды қырлары мен салаларын реттеуге арналғандығын көрсетеді. Нақ осы себептерге орай «Қазақстан Республикасы» аталған жағдайда мемлекет, оның органдары сияқты қоғам, оның институттары ұғымын да білдіреді. Тиісінше, Қазақстан Респуб-ликасы қызметіне негіз боларлык принциптер туралы конституциялык ереже Қазақстан мемлекетіне, оның органдарына және Қазақстан қоғамына, оның қоғамдық-саяси институттарына арналады.
Тихомиров.Ю.А. Действие закона. М..,1992. 17-бет.
Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай принципті нығайтудың қажеттігі мынада, әр түрлі объективтік және субъективтік факторларға байланысты қоғам әр түрлі қабаттарға, топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға және басқаларына бөлінеді. Мұндай бөліну әр түрлі әлеуметтік топтардың біріне-бірі сәйкес келмейтін әр түрлі дүниетанымдары, көзқарастары, идеялары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас қайшылығына, текетіреске, өзара күрес себептеріне түрткі болмауы тиіс. Басқа топтың, тектің, ұлттың, діннің, нәсілдің өкілдеріне төзбеушілік тек көзқарас қайшылығын ғана емес, сондай-ақ ушығушылықты, текетіресті, ашық қарсы тұрушылықты тудырады. Мұндай жағдай ушыққан жақтарға ғана емес, бүкіл қоғам үшін де қауіпті, оның қалыпты жұмысына, әр адамның тыныш өмір сүруіне кесел келтіреді.
Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Оған қоғамның, оның органдарының перманенттік қызметі арқылы қол жеткізіледі.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни, баска да ерекшеліктеріне қарамастан баршаның тең құқылығын нығайтуда, мемлекеттің аталған норма шығармашылық қызметінің маңызы айрықша. Мемлекеттік органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімді нығайтуға қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық-саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімді бұзуға бағыттал-ған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық-саяси бірлестіктердің жарғылары, ережелері тек өз жақтастарының идеяларын, көзқарастарын насихаттайтындай, бір топтың азаматтарын екінші топтың азаматтарына қарсы қоятындай мазмұнда болмауы тиіс. Жарғыларына мұндай ережелер енгізілген қоғамдық-саяси бірлестіктер тіркелмейді. Егер қоғамдық саяси бірлестіктер өзінің қызмет барысында қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған акциялар өткізсе, онда тиісті құқық қорғау органдары аркылы мұндай әрекеттердің жолы кесілуі тиіс. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңында: «Діни бірлестіктер заң талаптарын және құқық тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекет дін ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әр түрлі діни бірлестіктер арасын өзара тиімділік пен құрмет қатынастарын орнықтыруға міндетті деп жазылған. Мұндай қағидалар «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдарға да енгізілген.
Қоғамдық келісімді қолдау — мемлекеттің, оның органдарының ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси институттардың, тұтастай қоғамның да міндеті. Бұл орайда Қазақстан Республикасында жағдай қанағаттанарлықтай. Азаматтардың, олардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының сан мындаған ұсыныс тілектерін ескере отырып, жалпыұлттық келісім, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «1997 жылды жалпыұлттык келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Жарлық шығарды. Жалпыұлттық келісім жылын өткізуде саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол қойды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі — елде саяси тұрақтылықты орнату. Қоғамдық келісім сияқты, саяси тұрақтылық та мемлекеттің, қоғамның, олардың институттарының үздіксіз, ойластырып жүргізген жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Саяси тұрақтылық қоғамда саяси, құқықтық мұраттар және әлеуметтік-саяси құндылықтар бірлігі нәтижесінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси тұрақтылық үшін берік негіз қалайтын саяси-қүқықтық мұраттарды, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Алайда, мұндай факторлар саяси тұрақтылықты жеке өздері қамтамасыз ете алмайды. Саяси даму — идил-лиялық емес, стихиялық процесс. Саяси жанжалды тудыратын себептер аз емес.
Саяси жанжалда әлеуметтік факторлар жетекші орын алады. Ол топтардың, әлеуметтік қабаттардың арасындағы экономикалық мәртебенің алшақтығы. Мұндай текетірестік қалып бастауларын жанжалдасушы тараптардың қажетін, мүддесін қанағаттандыра алатындай экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру жолымен жоюға болады. Адамдардың әр түрлі әлеуметтік топтарының саяси мұраттарындағы алшақтық саяси жанжалдың тағы бір бастауларының бірі. Мұндай жанжалдар мемлекеттілікті реформалау, мемлекеттік құрылым жолдары туралы әр түрлі пікірлердің қақтығысуы нәтижесінде туады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы назарды мемлекеттіліктің ұлттық сипатына көбірек аударып, саяси жанжалдың тууына жол ашты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым саласында және мемлекеттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасады. Сондықтан Конституция осы процесте саяси жанжалдың тууына тосқауыл қойды.
Саяси жанжалды тудыратын себептердің енді бірі түпкі рухани құндылықтардағы, мәдени дамудың тарихи және көкейкесті мәселелерін бағалаудағы алшақтықтар. Мұның айқын көрінісінің бірі Республикада тіл мәртебесі мәселесі бойынша ұзаққа созылған айтыс және текетірес. Конституция және тіл туралы жаңа заң саяси жанжалды тудырған себептерді жойды. Алайда, оны тек тиісті мемлекеттік органдардың білікті ұйымдастырушылық және құқық қолданушылық қызметі ғана толық жоя алады. Қазақстанда қүрылған және түрақты жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар бұл іске игі ықпалын тигізуде.
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық бағытталуы тиіс. Экономиканың қоғамның гүлденуіндегі шешуші мәніне орай бұл негізгі принцип болып табылады. Осы принципті орнықтыра отырып, Конституция, біріншіден, мемлекеттің, қоғамның экономикасын дамытуда алатын орны мен жауапкершілігін атап көрсетеді. Мемлекет экономикалық процестерден сырттап, қоғамды нарықтық қатынастың бей-берекет толқынында қалдыра алмайды. Мемлекеттің жеке экономикалық қатынастар саласындағы қатал, байыпты да батыл реттеушілік қызметінсіз, сондай-ақ экономиканың мемлекеттік секторларын жан-жақты реттеп, қатал басқармайынша эконо-миканы дамыту мүмкін емес. Екіншіден, Конституция экономикалық қатынастарды жолға қойып, экономиканы дамытуда азаматтық қоғамның өзінің де алатын орнын мойындайды. Бұл конституциялық меншіктің екі нысанын: мемлекеттік және жеке меншікті Қазақстан экономикасының негізі ретінде мо-йындау туралы қағидасынан туындайды. Экономиканың жеке секторы оның субъектілері арқылы тек жеке мүддені ғана көздеп қоймай, сонымен бірге қоғамның экономикасын дамытуға да жауап беруі тиіс. Бүл игі ниет емес, конституциялық талап. Жұмысқа қабілетті әр адам өзінің жеке басы үшін ғана емес, ел экономикасының дамуы үшін де жауапты екендігін сезінуі
қажет.
Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы. 15.01.96 г.
Конституция Қазақстандық патриотизм принципін негізгі принциптердің бірі ретінде есептейді. Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін, оның өмірдің барлық салаларында саяси, экономикалық, мәдени салаларда табысқа жетуіне, оның қуатының, қорғаныс қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығаюына ықпал ететін идеясы, сезімі мен әрекеті. Қазақстандық патриотизм ол Қазақстанда сандаған жылдардан бері түратын әр ұлттың адамдарының мүдде бірлігін сезіну, бұл елдің тарихи өткеніне құрметпен қарау, жаңа мемлекет қүрып, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді қызмет. Қазақстандық патриотизм үлттық тарихқа, ұлттық әдет, дәстүрлерге селқос қарайтын үлттық тоғышарлықпен келіспейді.
Қазақстандық патриотизм жалған патриотизмге, өз үлтын бүрмалап көрсетушілікке, оны басқа ұлттарға қарсы қоюшылыққа төзбейді. Өйткені аталған принцип барлық ұлттардың және әлеуметтік топтардың өкілдерін бірлестіруге қызмет етеді, келісімпаздықпен (сепаратистікпен) сыйыспайды. Ұлтшылдықты, ұлттык өктемшілдікті, келісімпаздықты насихаттайтын күштер тарихи дамуға, мемлекеттегі барлық ұлттардың, топтардың және басқа әлеуметтік топтардың бірлесе қалыптасуы мен өркендеуіне қарсы күреседі. Қазақстандық патриотизм Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде бекітілетіндіктен мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар оны басшылыққа алулары тиіс.
Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принципі. Конституция мемлекет өмірі мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін қарастырған. Ол мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді халықтың өзінің республикалық референдум арқылы шешуі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 карашадағы Республикалық референдум туралы жарлығында бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылуы мүмкін мәселелер тізімі келтірілген. Бұл мәселелер Республика Конституциясында, конституциялық заңдарда, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңдарда қабылданған. Референдумға мемлекет өміріндегі шешілуге тиісті басқа да маңызды мәселелер шығарылады. Республикалық Референдум өткізу референдумға ерікті түрде қатысу және азаматтардың өз қалауын еркін айту жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардың жалпыға ортақ, тең және тікелей қатысу қүқық жариялылық принциптерге негізделеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы. 1992 ж. №4, 66-6.
Парламенттің қызметі демократиялық әдістер негізінде жүзеге асырылады. Оның Палаталарының құзыретіне жататын барлық мәселелер, тұтас алғанда, ашық қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституция мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді шешудің басқа жағдайларын да көздейді. Конституциялық Кеңес, Үкімет, орталық атқарушы органдар өз кызметтерінде демократиялық әдістерді кең қолданады.
Билік бөлу принципінің маңызды болатын себебі, ол мемлекеттің ұйымдастырылуын, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл принципті тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін ескеруді, кұқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Билік бөлу принципі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі құзыретін, олардың өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясында республикада мемлекеттік билік біртұтас,оның заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөліну және тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау принципіне сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген. Бүл биліктің әр тармағының өз құзыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді. Сонымен бірге ол билікті шоғырландыруды, бөлуді, монополиясыздықты білдіреді. Билікті бөлу, олардың бірде біреулерінің өкілеттігін шектемей, екіншісін өзіне бағындырмай әрқайсысы өзара түсіністікпен, өзара ынтымақтастықпен қызмет істеуі тиіс болған жағдайда Конституцияға сәйкес оның үш жағын өзара теңдестіруді де білдіреді. Мемлекеттік биліктің арғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін Казақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында іс жүргізуді шектеу принципімен ұштастыруды көздейді. Қазақстан Республикасы Конституциясына тән сипат, онда іс жүргізудің түпкі билігі Парламентке бекітілген. Басқаша айтқанда, Парламент, оның Палаталары Сенат және Мәжіліс — өз қызметін тек Конституияда көрсетілген өкілеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал Үкіметтің өкілеттігіне келсек, Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген. Оның Президенттің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің қонституциялық тұрғыда бекітілуін немен түсіндіруге болады. Біріншіден, ол жоғары өкілетті органның кеңестік конституциялармен және белгілі бір деңгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен бекітілген бүкіл билікті иелену қүқығынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден, тәуелсіз, егемен Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып, биліктің бөліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер, әлеуметтік топтар ықпал ететін жоғары өкілетті орган болып табылады. Ал бұл Парламент кызметінің саясиландырылуына, билік тармақтарының арасында қарама-карсылық тудыруға мүмкіндік жасауы мүмкін. Қазақстан Республикасы Парламентінің аз жылғы тәжірибесі, оның Палаталарының таза заң шығару қызметімен айналысатындығын көрсетті. Депутаттардың сөздерінен айқын саясат-тандырылған сарын байқалмайды. Олардын кейбір мұндай пікірлері қолдау таппауда. Бұл жақсы ма, жаман ба, оны уақыт көрсетеді. Кейбіреулер мұндай жағдай Парламент өкілеттігінің шектелгендігінен деп түсіндіруге тырысады, алайда, бұл басқа мәселе.
Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі билік бөлу принципінен тыс қалған сияқты көрінеді. Конституция нормаларын талдау билік бөлу жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз калады. Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қосылуы мүмкін емес; екіншіден, оның биліктің барлык үш тармағының қызметіне бірдей араласуына мүмкіндік беретіндей құқы бар; үшіншіден, оның өкілеттігі мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ете алады.
Қазақстанның конституциялық күрылысының қаз тұруының қазіргі өзіндік ерекше жағдайында билік бөлу принципін бекітіп, жүзеге асырудың маңызы айрықша. Ол биліктің бір тармағының екінші бір тармағынан жоғары тұруын, қоғамда бедел үстемдігін болдырмауға арналған. Тепе-тендік жүйесі мүмкін қателіктерден, тіпті билік тармақтары арасындағы қарама-қарсылықтан барынша арылуды көздейді. Бұл принципті жүзеге асыру үшін мемлекеттің барлық құрылымдарының қызметін тиімді және қолайлы ету, мемлекеттік басқару тетігі жұмысының тиімділігін күшейту қажет. Әрине, билік бөлу принципін барлық билік тармақтарының тәжірибесін байыту есебінен жетілдіруге болады. Судьялардың жұмысы принциптерін арнайы атау ол билік тармақтарының бірі болғандығы үшін ғана емес, сондай-ақ құқықтық мемлекетте азаматтардың құқын, бостандығын және занды мүдделерін қорғауда айрықша мәнге ие болатындығымен де маңызды.
Конституция нормаларын талдау онда көрсетілген, бірақ принцип ретінде бейнеленбеген құқықтық идеялардың ерекше тобын даралауға негіз жасайды. Сөз жоқ, олардың да маңызы зор. Тікелей атап көрсетілмегендіктен оларды екінші кезекке қоюдың жөні бола қояр ма екен. Конституцияны талдау негі-зінде калыптасатын осы принциптердің өзі осыған куә емес пе. Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі принципі жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституцияның үстемдігі принципі Ресей Федерациясы Конституциясындағы сияқты тікелей дараланбаған Қазақстан Ресубликасының бүкіл аумағында Конституцияның үстемдік принципі әр қилы әсер етеді. Ең алдымен ол Қазақстанда конституциялық құрылысты орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға ұмтылудан көрінеді. Конституцияның үстемдігін тану мемлекеттің Конституцияға, заңға бағыну идеясын білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында республика азаматтарының қоғам өмірінің барлық салаларындағы қызметі сәйкестендірілуі тиістігін білдіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі принципінде мемлекеттік қүрылымның біртұтас нысандары бейнеленеді. Біртұтас Қазақстан мемлекеті Конституциясының үстемдігі Республиканың барлық аумағында бірдей жүреді. Аумақтық тұтастық, оның бөлінбейтіндігі туралы қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының нақ осы үстемдігі принципіне негізделген. Сондықтан тұрғындардың жекелеген топтарының, жеке тұлғалардың аумақтық тұтастыққа карсы әрекет ету мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі принципін бұзу принципі ретінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші және нормаларының тікелей қолданылу принципінің мазмұны оның үстемдігі принципімен салыстырғанда басқашалау Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар, Қазақстан Республикасында кабылданатын зандар және басқа да құқықтық актілердің Қазақстан Конституциясына кайшы келмеуінің, жоғарыдан төменге дейінгі мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтар, олардың бірлестіктері Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясында онша дәл шешілмеген бір мәселені түсіндіре кетуге тура келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясын талдау заңдардың түрлері Конституцияның әрі конституциялық заңдар жай зандар туралы айтуға негіз қалайды. Сонымен бірге онда Конституцияға өзгерістер мен толыктыруларды тікелей енгізуі мүмкін нормативтік акт туралы айтылады. Конституцияда осы актінің нысаны туралы тура айтылмайды. Конституцияның Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін екендігі айтылады. Бұл мәселе бойынша Парламент шешім қабылдай алады. Шешім — нысан емес,нормативтік актілердің туыстық атауы. Конституцияның бұл мәселеге түсінік бермейді. Онда Парламенттің заңдар түрінде заң актілерін қабылдайтыны, әр Палатадан депутаттардың жалпы санының кем дегенде үштен екісі дауыс бергенде қабылданатын конституциялық заң туралы айтылады. Әр Палатадан депутаттардың жалпы санының кем дегенде төрттен үші Сенат қабылдаған жоба заңға айналады және он күннен кешіктірілмей Президенттің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес күннің ішінде қол қояды. Президенттің заңды қарауына, шын мәнінде, он бес-ақ күн берілген. Заңның конституциялығы туралы мәселені қарау үшін.Конституциялық Кеңеске бір айға дейінгі мерзім белгіленеді. Айтылғандардан, Парламент қабылдайтын барлық зандарды Президент қол қойғанға дейін қарауға Конституциялық Кеңестің күші жетпейді. Президент кол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің заңдардың Конституцияға сәйкестігін дау туған жағдайда ғана карайтындығын пысықтаған дұрыс.
Бұл арада тағы бір мәселе туындайды. Парламент Президенттің тыйым салуына төтеп берсе, Президент жеті күннің ішінде заңға қол қоюы тиіс. Ал егер Парламент Конституцияға қайшы заң қабылдаған болып шықса Президент не істей алады. Президенттің Конституциялық заң күші бар Президент туралы Жарлығында оның өкілеттігінің толық тізімі берілген. Онда заңның Конституцияға сәйкессіздігі туралы мәселе жөнінде Конституциялық Кеңеске жүгінуге Президенттің құқы жоқ. Президент Конституцияға сәйкес келмейтін заңға қол қоюы тиіс. Бұл ақылға сыймайтын жәйт. Президент туралы Жарлыққа, егер Президент Парламент екінші рет қабылдаған заңда Конституцияға сәйкес келмейтін қағидалар бар деп есептесе, оның Конституциялық Кеңеске жүгіну құқы туралы толықтыру енгізу керек.
Одан әрі, Конституциялық Кеңес Конституцияны қорғайды, бекітілгенше халықаралық келісім-шарттарды, сондай-ақ соттардың нормативтік актілердің Конституцияға қайшылығы жөніндегі жүгінулерін қарайды. Соңғы жағдайда әңгіме азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауы туралы болып отыр.
Айқындалмағандар қатарына демократиялык, централизм принципі де жатады. Әңгіме — атқарушы биліктің иерархиялық құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық, жергілікті атқарушы органдар Республиканың аткарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатты тиісті аумақтағы даму мүддесі мен тұтыну қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді. Централизм Президенттің облыстардың, қалалардың әкімдерін тағайындауларынан көрінеді.
Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана «Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира» от 1 марта 2006г.
1.2. Конституциялық-Құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлерімен ерекшеліктері
Оны басқа құқықтық нормалармен ұқсастығы қандай қүқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырған жөн.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқығы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құкықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Қүқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға болудің айтарлықтай мәні бар. Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құкық береді. Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, зандылық
пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
Міндеттеуші конституциялык нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердін, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
Баймаханов М.Т. Вайзберг Л.М. Котов А.К. Становление суверенитета
Республики Казахстан. Алматы. 1994 г.
Конституциялық-құқықтық нормалардың, оларды құкық саласының басқа құқықтық нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар.
Конституциялық-құқықтык нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқыктық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін нығайтумен, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялық нормаларды қорғау құқы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген. Материалдық және іс жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар өзіндік қырымен ерекшеленеді қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жүзеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ.. Бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деген сөз емес. Конституциялық кұқықтық нормалармен реттелетін коғамдық катынастар тобының қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Парламенттің заңдар кабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.
Указ Президента РК, имеющий силу Конституционного закона «О Конституционном Совете» от 29.12.95 г.
1.3 Қазақстан Республикасында Конституциялық Заңнаманың қалыптасу кезеңдері
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшем мен онша көп уакыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және
мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уакытта да көкейкесті проблема.
Қазақстанның жана конституциялық зандарының калыптасу тарихы Казақ КСР Конституциясына Казақ КСР-ның «Президенттің кызмет орнын белгілеу туралы» 1990 жылдың 24 сәуірдегі заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен бастау алады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің кызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық кайта кұруларды камтамасыз ету, конституциялық кұрылысты нығайту мақсатында белгіленеді. Одан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің президенттік басқару жүйесін қалыптастыру осы заңнан басталады.
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Ол жай «көздеушілік Декларация» емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болады. Декларацияда Қазақ КСР-ының басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара карым қатынас кұратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. 1937 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы, КСРО-ының басқа да тең құқылы республикаларымен бірге, ерікті түрде бірікті делінді. Ал Казақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ы КСРО құрамындағы тең құқылы республика деп атап көрсетілді. Декларация Қазақстанның егемендігін ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар арасындағы шарттың қажеттігі туралы конституциялық идеяны да жариялады.
Сонымен бірге Декларацияда: «Казақ КСР-ы ұлттық мемлекеттікті корғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар колданады» деп бірінші рет ұлттық мемлекеттілік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Казақстанда тұратын басқа ұлттардың тууы мен дамуы Казақ КСР-ының мемлекеттілігінің ең манызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді. «Ұлттық мемлекеттілік» және «Қазақ КСР-ының мемлекеттілігі» ұғымы — синонимдер емес, бұл ұғым — Қазақстанда мемлекеттілік сипатына екі түрлі көзқарастың көрінісі. Оның негізінде көп ұлтты Қазақстан жағдайында өзін-өзі саяси тану құқына деген әр түрлі түсінік жатты. Одан әрі көрінгендей, алдымен бірінші көзқарас, ал Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында екінші көзкарас конституцияланды.
Новые законы Республики Казахстан. Алматы, 1992 ж., 31-бет.
Декларация — Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялык саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске бүкіл билікті бекітті.
Заң шығару билігі Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болып белгіленді және жоғары басқарушы атқарушы билікті иеленді, яғни, атқарушы билік те Президенттің иелігінде болды. Жоғары Сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді. Қазақ КСР-ы Декларациясында бұрын болмаған егемен құқық — республиканың егемен кұкын және Конституциясын бұзатын зандарды және Одақтың жоғары органдарының басқа да актілерінің колданылуын өз аумағында тоқтату құқы орнықтырылды. Сондай-ақ өз аумағындағы және ғылыми-техникалық қуат Қазақ КСР-ының қатаң меншігінде екендігі жарияланды, яғни, Қазақстанның экономикасы, негізінен, КСРО экономикасынан бөлінді және енді КСРО-ның біртұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болмайтын болды. Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін таптық тұрғыдан анықтайтын көзқарас жоқ. Қазақ КСР Конституциясының «жүмысшы», шаруа», «интеллигенция» ұғымдары заңдардың нормаларынан шығып қалды. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің бастауы халық екендігі жарияланды. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында да орнықтырылды.
Қазақ КСР-ы халықаралық қатынас субъектісі ретінде дербес құкықты иеленді. КСРО Конституциясы және Казақ КСР-ының 1978 жылғы Кинституциясы бойынша Қазақстан халықаралық қатынастың дербес субъектісі бола алған жоқ. Қазақ КСР-ында Сыртқы істер министрлігі болғанмен, Қазақстан халықаралық аренаға дербес шыға алмады, халықаралық шарттарға отырған жоқ. Қазақ КСР Конституциясының сыртқы саясат қызметінде республика КСРО Конституциясы белгілеген сыртқы саясаттағы мақсаттарды, міндеттер мен принциптерді басшылыққа алды.
Қазақстанда тәуелсіздікті жарияламастан бір жылдан астам бұрын КСРО Конституциясындағы негізгі нормалардың қолданылуын тоқтатқан және дербес, тәуелсіз дамудың алғашқы қадамын жасаған конституциялык сипаттағы актілер кабылданды. Казақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген бірқатар зандар қабылданды. Ол — 1990 жылғы 20 қарашада кабылданған «Мемлекеттік билік пен басқарудың кұрылымын жетілдіру туралы» заң. Конституцияға Президенттің аткарушы және басқарушы биліктің басшысы болып табылатындығы, Министрлер Кеңесінің Министрлер Кабинеті болып қайта құрылатыны, Премьер-министрдің қызмет орны бекітілетіндігі туралы қағидалар енгізілді. Министрлер Кабинетін құру құқығы Президентке берілді, оны Жоғарғы Кеңес бекітті. Конституция Казақ КСР-ы КСРО-ның, оның барлық жоғары өкімет органдарының иелігіндегі мәселелерді шешуге қатысатындығы туралы қағидалармен толықтырылды. Бұл Казақ КСР-ының егемен құқын кеңейтуге жасалған тағы бір қадамы болды. 1991 жылдың 15ақпанында қабылданған, соған сәйкес Казақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізілген «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ы халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Заңның маңызды конституциялық мәні бар. Онда жергілікті өзін-өзі басқару, оның жүйелері ұғымы бірінші рет берілді. Бұл мәселенің маңызы зор және 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда әр қырынан шешілді. Заң жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестерін, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ жергілікті референдумды, жиналыстарды (жиындарды), азаматтардың конференцияларын қамтыды және іс жүзінде оларды таратып жіберуге дейін қолданылды.
«Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған «Қазақгың Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңнан басталады. Заң конституциялық деп аталмағанымен, Қазақ КСР Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізгендіктен, ол іс жүзінде сондай заң болды. Бұл заңның мәні мынада, мемлекеттік ұйымдардың идеологиялық негізі Республика атауынан алынып тасталды. Бұл заңның тағы бір мәні — бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы Республиканың көп ұлтты халқының «өзін-өзі тану принципіне негізделген демократиялык, тәуелсіз, бейбіт сүйгіш, құқықтық мемлекет құру талпынысына орай » Қазақ КСР-ы Казақстан Республикасы деп аталды. Мұнда ұлттың өзін-өзі тануы айтылмайды. Алайда, таңғаларлығы, бұл идея 1991 жылдың 16 желтоқсанында яғни, бар болғаны алты күннен кейін қабылданған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңда ескерілген жоқ. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Занда Жоғарғы Кеңестің «Қазақстан халқының еркін білдіре, қазақ ұлтының өзін-өзі тану құқын сендіре отырып.., Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялайтыны» айтылды. Осы конституциялық занда тәуелсіздік бірінші рет жарияланды, онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер біртұтас, азаматтық, аумақтык дербестік, мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Қазақстан әлемдік кауымдастыққа дербес мемлекет ретінде енді. Конституциялық заңның калыптасуының екінші кезеңдегі бір ерекшелігі, мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға кайшы келмегендіктен, Казақ КСР-ы Конституциясының нормалары, КСРО мен Казақ КСР-ының заңдары одан әрі қолданылды. Осы кезеңде Казақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. Айталық 1991 жылдың 20 желтоксанында кабылданған «Казақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заң КСРО азаматтығын, сондай-ақ қос азаматтық институтын таныған жоқ. Ол Қазақстан азаматтығын алудың жаңа негізін белгіледі және азаматтық туралы заңның конституциялық мәртебесі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен танылды. Бұл мән-жайды атап көрсеткен жөн, өйткені 1995 жылғы Конституция азаматтық туралы заңды енді конституциялық зандардың қатарына жатқызбайды.
Богданова Н.А. Конституционное право.Учебное пособие.4.1.М. 1994 г.
Мемлекеттік органдар жүйесіне 1992 жылғы 5 маусымдағы «Конституциялық сот туралы Заң елеулі өзгерістер енгізді. Бұл органның тағдыры өте күрделі болды. Конституциялық сотты 1993 жылғы Конституция танығанымен, екі жылдан сәл ғана астам уақыт өмір сүріп, 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейін-ақ тарих қойнауына кетті.
Бірінші және екінші кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялык зандары социалистік конституцияға тәуелді мемлекеттік ұйымдардың Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен дамыды. Бұлар заң шығарушылардың қамтылмасты камтимын деген нәтижесіз талпынысы еді. 1992 жылдың маусымына дейін Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер енгізілді. Одақтық Конституцияға негізделген, мықтап идеяландырылған Конституцияны ешқандай өзгеріс пен толықтыру жақсарта да, лайықтандыра да алмас еді. Әрине, заң шығарушылар мұны түсінді, сондықтан 1991 жылдың өзінде жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу жөнінде Конституциялық комиссия және жұмыс тобы кұрылды. Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары калыптасуының үшінші кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Конституцияны қабылдаудан басталады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем жаңаша белгілеген тарихи құқыктық акт болды. Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған конституциялық заңдардың көптеген құкықтық нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты, прокуратураны тану осының қатарына жатады.
Конституция 1978 жылғы Конституцияның кейбір қағидаларын қабылдады, айталық, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығарушы орган болып калды, бірақ енді бүкіл билікті иеленген орган ретінде танылған жоқ. Оның өкілеттік тізбесі конституциялық тұрғыдан белгіленді. Бірақ СОКП үстемдігі, біртұтас саяси партияның басшылығымен жұмыс істеу кезіндегі Жоғарғы Кеңестен ерекшелігі 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес заң тұрғысынан да, нақты істе де өзінің қызметін конституциялық құзыреті шеңберінде дербес жүргізе алатын болды. Жергілікті Кеңестер уәкілетті органдар ретінде сақталды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен бостандықтары негізінде Казақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында жарияланған кұкықтық қағидалар мен идеялар сақталды. Ол — барлық азаматтардың тең құқылығы, саяси құкық, еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, денсаулықты сақтау құқығы және басқалары. Азаматтардың тәуелсіз мемлекет кезеңіндегі негізгі жауапкершілігінің кеңестік кезеңдегі осындай жауапкершілігінен ешқандай ерекшелігі жоқ.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына бірқатар жаңа қағидалар енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы «өзін-өзі таныған қазақ ұлтының мемлекеттілік нысаны ретінде» жарияланды. Кіріспеде «қазақ мемлекеттілік» формуласы қолданылды. Бұл тек қазақ ұлтының өзін-өзі саяси танығандығын білдірді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік егемендік тек ұлттық егемендіктің жүзеге асуы ретінде танылды. Сонымен бірге Конституция » Қазақстан халқы Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатындығын» орнықгырды. Тиісінше, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттік егемендік негізіне ұлттық емес, халықтық егемендікті қабылдады. Бұл кайшылықты диалектикалық кайшылық деуге бола қоймас. Ол, менің пікірімше, 1993 жылғы Конституция кабылданар болса да ойдағыдай шешімін таппаған көзқарастардың екі саяси-құқықтық жүйесінің әлі де жалғасып келе жатқан текетіресінің көрінісі.
Конституцияда «зиялы және біртұтас мемлекет» деген ұғым бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік зиялылық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуінен көрінеді. Конституция мемлекеттің қандай да болсын бір дінге немесе атеизмге артықшылық бермейтіндігін жариялады. Саяси партияларды діни негізде құруға жол берілмеді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттерді көздемеуі тиіс. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қызметіне заңсыз араласуға жол берілмеді. Мемлекеттік кұрылым нысаны жағынан Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, оның аумағында саяси да, сондай-ақ мәдени автономиялар құруға да мүмкіндік берілмейді. Бұл тарихи тұрғыдан белгіленген және саяси-күқықтық жағынан өзін ақтады.
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының «тежемелі және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-қатынас жасайтыны» туралы кағиданы да жаңа қағида деп есептеуге болады. Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым салуға қатысты институттарын, Президенттің тыйым салуын еңсеруді, Президенттің қызметтен кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтас және оның әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен кетірілуін, Жоғарғы Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер Кабинетінің мүшесін лауазымынан алуды жатқызды. Бұдан көрінгендей, тежемелік және тепе-теңдік құралдарының жиынтығы билікті бөлу принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша комақты емес. Конституция оның нормаларын тікелей колдану туралы қағиданы орнықтырды. Конституция нормаларын тікелей колданудың бір сыпыра қырлары бар. Ол, біріншіден, Парламенттен, Президенттен және Үкіметтен бастап жергілікті мемлекеттік органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң шығарушылық қызметіне ықпал ету. Мұндай ықпал заң шығарушылық өкілеттігін анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінін конституциялық нормаларға сәйкестік талабын белгілеу жолымен де жүзеге асырылады. Конституцияның тікелей қолданылуы оның нормаларының мемлекеттік органдар ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылуын білдіреді. Конституцияда тура «Казақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін занды қолдануға соттың құқы жоқ» деп жазылған. Азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құкықтары мен бостандықтарын пайдалануға және қорғауға құқылы. Конституция адамдардың қүқықтық санасын тікелей қалыптастырып, өмір салтына және қоғамдағы көңіл күйге осылайша ықпал етеді. Конституцияның тікелей қолданылуы институттық қайта кұрылулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент, жергілікті өкілетті органдар сайлауларының, Президент сайлауының және басқа сайлаулардың Конституцияда қаралған мерзімде өткізілуі тиістігін білдіреді 1993 жылғы Конституция Жоғарғы Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру институтын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жәй заңдық күші бар Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық зандар шығару өкілеттігін бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақыт-ша заң шығару өкілеттігін берді.Оны Конституциялық Сот өз қаулысында таныды. Сондықтан Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы Конституцияға заң шығару өкілеттігін беру туралы елеулі өзгеріс енгізді деуге болады.
Сапаргалиев Г. Конституционное право РК. Алматы. 2004 г.
Конституцийлық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы кабылданған Конституциямен байланысты. Бұл кезең одан әрі жалғасуда. Осы Конституцияның бірқатар елеулі жаңа қырларына тоқталайын. Онда КСРО-ның да, Қазақ КСР-ының да не Конституциялары, не зандары еске алынбайды. Кон-
ституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан әрі колданылатыны туралы айтылды. Бүл өте үлкен мәселе, өйткені Казақ КСР-ының көптеген кодекстері әлі жаңартылған жоқ. Оларды конституциялык нормаларға сәйкес келтіру — заң шығарушы органдардың міндеті. Президенттік басқару жүйесі орнықтырылды. Менің пікірімше, атқарушылық билікке жақын тұрғанымен Президент енді биліктің бірде-бір тармағына жатпайды. Қалыптасып үлгерген қоспалаталы Парламент орнықтырылды. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституицялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Құқық қорғау органдарын қайта құру қарастырылып, ол жүзеге асырылды. Осындай қайта құрулардың нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесіне тән жоғары және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.
Спекторский Е.В. Что такое Конституция? Москва. 1917 г.
Сартаев С.С. и др. Конституционное право РК. Учебное пособие.
Алматы. 1994 г.
Ι Ι-бөлім. Қазақстан Республикасындағы нормалардың сақталуы мен жүзеге асырылуының кепілдіктері.
2.1. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Мемлекет халықтың ресми өкілі болып табылады және өзінің органдары мен инститауттары арқылы оның еркін білдіріп, іске асырады. Мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдар заң жүзінде белгіленген өкілеттік шеңберінде жұмыс істейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің Республика халқы мен оның әрбір азаматы алдындағы жауапкершілігіне, мемлекеттік қызметке кіру және оны атқару кезіндегі құқылық тендікке негізделеді.
Мемлекеттік қызметшілер азаматтар құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекет пен оның органдарының беделін қолдауға тиіс. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының бірден-бір заң шығарушы және ең жоғары өкілді органы болып табылады. Жоғарғы Кеңестің сан құрамы, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 5 жыл мерзімге сайланады. Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі , оның жаңа құрамының бірінші сессиясы жұмысына кіріскен кезден бастап аяқталады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдайды , оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді ;
заңдар және өзге де шешімдер қабылдайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Республика зандарына ресми түсінік береді. Қазақстан Республикасының шекарасын өзгерту туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың әкімшілік-аймақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; республикалық бюджетті бекітеді және оның ат-
қарылуын бақылайды, бюджетке өзгерістер енгізеді, мемле-
кеттік салықтар мен алымдарды белгілейді. Қазақстан Республикасының ақша жүйесін белгілейді, референдум өткізу туралы шешім қабылдайды мемлекеттік қарыздар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді, өзінің үйлестіру, жұмыс, бақылау және өзге де органдарын сайлайды.
Республика Президентінің Қазақстан Республикасы Премьер-министрін, Премьерминистрінің орынбасарларын, Қазақстан Республикасының сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын және дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындауына келісім береді, Конституциялық Сотты сайлайды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, Жоғары Төрелік Сотын сайлайды және төменгі соттарды құру тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын тағайындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің төрағасын тағайындайды Республиканың Конституциясы мен заңдарында
көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республи-
касы Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының, Жо-
ғары Төрелік Сотының Төрағасы мен судьяларын, Бас
Прокурорын, Ұлттық Банкісінің Төрағасын өз міндет-
терінен босатады Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тағайындайды, құрметті және арнаулы атақтарын, жоғары дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын белгілейді, рақымшылық жасау туралы актілер шығарады, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күші жойылғанын зандастырады, Республика Президентінің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығын бекітеді, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, өзіне Республика Конституциясымен жүктелген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Төрағасын Жоғарғы Кеңес бірінші сессияда Жоғарғы Кеңестің мемлекеттік тілді меңгерген депутаттары арасынан жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды.
Жоғарғы Кеңес Төрағасы: Жоғарғы Кеңестің сессияларын шақырады жоғарғы Кеңестің қарауына жататын мәселелердің әзірленуіне жалпы басшылықты жүзеге асырады Жоғарғы Кеңестің мәжілістерінде төрағалық етеді; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары қызметіне Жоғарғы Кеңеске кандидатуралар ұсынады; Жоғарғы Кеңес атынан парламентаралық келісімдерге қол қояды; Жоғарғы Кеңес қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен жүктелген басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары Төрағаның уәкілдік беруімен оның жекелеген міндеттерін атқарады және Төраға болмаған немесе ол өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін болмаған ретте оның міндетін атқарады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің де-путаты Республика халқының өкілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Ксңесінің депутаты өзінің пікірін білдіруге және өз сенімі бойынша дауыс беруге қүқылы. Жоғарғы Кеңес пен оның органдарының мәжілістерінде дауыс беруді депутаттың жеке өзі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутатының Жоғарғы Кеңестен тыс қызметті атқаруына, басқа бір өкілді органның депутаты болуына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына болмайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутатына ешкімнің тиісуіне болмайды, оны Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қамауға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, кылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Қылмыс үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, оны ұстауға бодмайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутатының қүқылық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. Қазақстан Рсспубликасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы оның пленарлық мәжілістерінде ашылады және жабылады.
Жоғарғы Кеңестің мәжілістерін ашық жүргізіледі. Депутаттардың бестен бір бөлігінің немесе Жоғарғы Кеңес Төрағасының ұсынысы бойынша депутаттардың жалпы саны көпшілігінің шешімімен Жоғарғы Кеңес мәжілістері жабық өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде заң шығару бастамасы қүқығы Жоғарғы Кеңес депутаттарына, Қазақстан Республикасының Президентіне, Министрлер кабинетіне, Жоғарғы Сотына және Жоғары Төрелік Сотына бсріледі. Қазақстан Республикасының заңдары және Жоғарғы Кеңесінің өзге де шешімдері оның депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңес депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен қабылданады. Зандардың жобалары және мемлекет өмірінің Республика Жоғарғы Кеңесінің қарауына жататын басқа да маңызды мәселелері бүкіл халықтық талқылауға ұсынылуы мүмкін. Қазақстан Рсспубликасы азаматтарының мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша зандар мен шешімдер қабылдауы үшін республикалық референдум өткізілуі мүмкін. Оны ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының конституциялық заңымен белгіленеді.
Президент.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы болып табылады және Республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарады. Президент азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарының, Республика Конституциясы мен зандарының сақталуына кепіл болады.
Президент қаңтардың үшінші сәрсенбісінде Жоғарғы Кеңес мәжілісінде: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Республиканың Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасының Президенті деген биік мәртебелі міндетті адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін»,— деп ант берген кезден бастап қызметіне кіріседі. Президенттің өкілеттігі жаңадан сайланған Президент қызметіне кіріскен кезден бастап тоқтатылады. Бір адам қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайды. Президенттің Республика өкілді органының депутаты болуға, өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерде қызмет атқаруға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қүқы жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Республиканың мемлекеттік егемеңдігін, конституциялық құрылысын қорғау, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады. Қазақстан Республикасының заңдарына қол қояды, қол қоюға табыс еткеннен кейін заңды екі апта мерзімнен кешіктірмей қайталап талқылау және дауыс беру үшін өз қарсылықтарымен қоса Жоғарғы Қеңеске қайтаруға қүқылы. Егер Жоғарғы Кеңестің депутаттары жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен Жоғарғы Кеңес өзі бұрын қабылдаған шешімді қуаттаса, Президент заңға қол қояды. Аталған мерзім ішінде қайтарылмаған заң қол қойылған болып есептеледі. Жоғарғы Кеңестің келісімімен Қазақстан Республикасы Премьер-министрін, Премьер-министрінің орынбасарларын, Қазақстан Республикасының сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын және дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды. Министрлер кабинетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Премьер-министрдің ұсынуымен Министрлер кабинетінің құрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарды құрады және таратады. Министрлер кабинеті, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар құжаттарының күшін жояды не толық немесе бір бөлігінің қолданылуын тоқтата түрады. Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кеңесші-ақылдастық алқалар құрады мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, ұлттық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді.
Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдайды қатынастарда Қазақстан Республикасының өкілі болады келіссөздер жүргізеді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді, өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Қазақстан Республикасының халқына және оның Жоғарғы Кеңесіне үндеу жолдайды, Жоғарғы Кеңеске Республиканың жағдайы туралы жыл сайын баяңдамалар табыс етіп, оған Қазақстан Республикасының ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы оқтын-оқтын хабарлап отырады. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі Төрағасының кандидатураларын ұсынады. Жоғарғы Кеңеске оларды міңдеттерінен босату туралы ұсыныс жасайды мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қолданады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтайды, Қазақстан Республикасының жоғары дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын, құрметті және арнаулы атақтарын береді, заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады, заңға сәйкес тек қана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық қүрылысты қорғау үшін уақытша шара ретінде төтенше жағдай енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет басшысы ретіндегі өз өкілеттігін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тапсыруға қақысы жоқ.
Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандары негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар, қаулылар мен өкімдер шығарады. Қазақстан Республикасы Президентіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Қазақстан Республикасының Вице-президенті Республика Президентімен бірге сайланады және Президенттің уәкілдік беруімен оның жекелеген міндетін атқарады, Президент болмаған немесе өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін болмаған ретте оның міндетін атқарады.
Вице-президенттің Республика өкілді органының депутаты болуға, өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерде қызмет атқаруға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қақысы жоқ. Вице-президентке ешкімнің тиісуіне болмайды. Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-президенті, өздерінің еркімен, өз өкілеттігін одан әрі жүзеге асыруы мүмкін болмаған ретте орнынан түсуге Жоғарғы Кеңес депутаттары жалпы санының 2/3 бөлігі Президенттің өз еркімен орнынан түсуін жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Республика Президенті өз еркімен орнынан түскен, қайтыс болған ретте Президенттің өкілеттігі Вице-президентке ауысады. Президенттің міндеттерін Вице-президент өз мойнына алуы мүмкін болмаған жағдайда бүл міндеттер Жоғарғы Кеңес Төрағасына ауысады. Бүл ретте Президент сайлауы екі ай мерзімде өткізілуге тиіс. Вице-президент өз еркімен орнынан түскен, қайтыс болған ретте Президент Жоғарғы Кеңестің келісуімен Вице-президент тағайындайды.
Министрлер кабинеті.
Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады және мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге қақылы. Министрлер кабинетінің қүқылық мәртебесі мен құзыреті конституциялық заңмен белгіленеді. Министрлер кабинеті мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, Республиканың мемлекеттік органдарында және қоғамдық бірлестіктерде өзге де қызметтер атқаруға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қақысы жоқ. Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының Президенті алдында жауапты. Жаңадан сайланған Президент алдында Министрлер кабинеті өз өкілеттігін доғарады. Министрлер кабинеті өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес деп санаса, ол Республика Президентіне өзінің орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге қүқылы. Министрлер кабинетінің әрбір мүшесі өз еркімен орнынан түсуге қүқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін Министрлер кабинеті Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қүжаттар шығарады. Премьер-министр Министрлер кабинетінің қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады, Министрлер кабинетінің қаулыларына қол қояды, өкімдер шығарып, өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындайды. Министрлер кабинетінің мүшелері Қазақстан Республикасы заңдарының орындалу мәселелері бойынша Жоғарғы Кеңес алдында жауапты. Республика Жоғарғы Кеңесі Министрлер кабинетінің кез келген мүшесінің, Қазақстан Республикасы зандарының орындалу мәселелері жөніндегі есебін тындауға құқылы. Министрлер кабинетінің мүшесі Республика Конституциясы мен заңдарын бүзған ретте Жоғарғы Кеңес оны қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Республика Президенті алдында мәселе қоюға қүқылы.
Мемлекеттің Аймақтық
Ұйымдатырылуы және
Жергілікті басқару.
Мемлекеттік басқару ісін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы заңмен белгіленген, әкімшілік-аймақтық бөліністерге бөлінеді. Әкімшілік-аймақтық бөліністерде жергілікті істер Республика зандарында белгіленген шектеулермен дербес басқарылады. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының, зандарының, Президент пен Министрлер кабинеті құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Тиісті әкімшілік-аймақтық бөліністер тұрғындарының өкілді органдарын жұртшылық бес жыл мерзімге сайлайды. Жергілікті өкілді органдардың құзіреті, олардың ұйымдастырылу және қызмет тәртібі, депутаттардың саны мен олардың құқылық жағдайы заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы органның басшысы тиісті әкімшілік-аймақтық бөліністе Республика Президентінің тікелей өкілі болады және оның аумағыңда мемлекеттік басқару міндетін жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның басшысын заңда белгіленген тәртіппен Президент не жоғары тұрған тиісті жергілікті атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Жергілікті атқарушы органның құзіреті, оның ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша тиісті аумақта орындалуға міндетті шешімдер қабылдайды. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына сай келмейтін шешімдерінің күші сот немесе заңмен белгіленген өзге де тәртіп бойынша жойылуы мүмкін. Жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің күшін жоғары тұрған атқарушы орган не Республика Президенті жоюы немесе ол сот тәртібімен жойылуы мүмкін. Жергілікті өкілді органдардың өкілеттігін заңмен белгіленген тәртіп пен реттерде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мерзімінен бұрын тоқтатуы ықтимал. Сот Қазақстан Республикасындағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғары Төрелік Сотқа және заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі. Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе, өзге де адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылады. Жоғарғы Сот, Жоғары Төрелік Сот өз құзіретіндегі мәселелер бойынша сот билігінің жоғары органдары болып табылады және төменгі соттарға сот қадағалауын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы соттары мен судьяларының мәртебесі конституциялық зандармен белгіленеді. Соттардың ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. Төтенше, арнаулы соттар мен судьялар қызметтерін құруға және тағайындауға жол берілмейді. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды қорғауды, Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі осы Конституция, Қазақстан Республикасы зандары мен өзге де құжаттары, халықаралық шарттар және өзге де міндеттемелер негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Соттарда істерді қарау заңдылық негізде, соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен сотта іс жүргізілетін тілді сақтай отырып, жариялылық, сайысушылық, тараптар құқықтарының теңдігі, судьялардың тәуелсіздігі және шешімдер шығарған кезде олардың айғақтарды еркін бағалауы. жағдайында жүргізіледі.
Істі жария қарау мемлекеттік, коммерциялық құпияның ашылып қалуына әкеп соғатын кезде, не азаматтардың жеке немесе отбасылық сыры жайылып кетпеуін қамтамасыз ету қажет болған кезде істерді жабық мәжілісте қарауға жол беріледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін іске қатысушы адамдар аудармамен, сондай-ақ сотта ана тілінде сөйлеу құқымен қамтамасыз етіледі. Соттарда істер алқалы түрде қаралады. Заңда тікелей көрсетілген реттерде істерді судьяның жеке-дара қарауына жол беріледі.
Сот ісін жүргізу тәртібі заңмен белгіленеді. Сот ісін жүргізудің төтенше түрлерін құруға жол берілмейді. Соттардың шешімдері мен талаптарын оларды жүзеге асыруға тиіс барлық органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті. Оларды орындамау заң бойынша жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы судьяларының өкілеттік мерзімі — он жыл. Судьялар өз міндеттерін атқарудан сот ісін жүргізуге қатысуына кедергі болатын денсаулық жағдайына байланысты ғана, сондай-ақ өз тілегі бойынша мерзімінен бүрын босатылуы мүмкін. Судьялар заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша өз өкілеттігінен мерзімінен бұрын айрылуы мүмкін. Судьялар тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарына ғана басынады. Соттың Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келетін заңды қолдануға қақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де бір қалыпты құжат Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келеді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұрып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотына бұл заңды Конституцияға сай емес деп тану туралы өтініш жасайды. Соттың сот әділдігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соқтырады. Нақты істер бойынша сот әділдігін іске асыру мәселелері жөнінде судьялар есеп бермейді. Судья лауазымы депутаттық мандатпен, өзге мемлекеттік органдарда қызмет атқарумен, саяси мақсаттар көздейтін қоғамдық бірлестікке мүше болумен, кәсіпкерлік қызметпен сыйыспайды. Судьяларға ешкімнің тиісуіне болмайды: судьяны өзін сайлаған орган келісім бермейінше қамауға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Қылмыс үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, оны ұстауға болмайды.
Мемлекет судьяларға ешкімнің тиіспеуіне кепілдік береді, олардың мәртебесіне сәйкес тәуелсіздігінің әлеуметтік, материалдық және өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сот ісін жүргізудің кез келген сатысында кәсіби заң көмегін көрсету және қорғану қүқығы танылады.
Прокуратура.
Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалауды өз қүзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Прокуратурасы жүзеге асырады. Заңда көзделген рет пен тәртіп бойынша прокуратура органдары қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, соттың істерді қарауына қатысады. Прокуратура органдары өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және тек қана заңға бағынады.
Прокурор лауазымы депутаттық мандатпен, өзге мемлекеттік органдарда қызмет атқарумен, саяси мақсаттар көздейтін қоғамдық бірлестікке мүше болумен, кәсіпкерлік қызметпен сыйыспайды. Прокуратура органдарының бірыңғай және орталықтандырылған жүйесін Жоғарғы Кеңес бес жыл мерзімге тағайындайтын Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарады. Төменгі прокурорларды Бас прокурор тағайындайды және қызметінен босатады. Прокуратура органдарының құзыреті, құрылымы, қызмет тәртібі және прокурорлардың қүқылық жағдайы заңмен белгіленеді.
Сайлау.
Жоғарғы Кеңес депутаттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең, төте сайлау қүқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Сайлау жалпыға бірдей болып табылады. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының сайлау құқы бар. Сот қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар сайлауға қатыспайды.
Сайлау тең сайлау болып табылады әрбір сайлаушы бір дауысқа ие, кандидаттар сайлауға тең негізде қатысады. Сайлау төте сайлау болып табылады: Жоғарғы Кеңес депутаттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Сайлауда дауыс жасырын беріледі, сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді.
Отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақстан Республикасы аумағында кемінде он жыл тұрақты тұратын, мемлекеттік тілді мүлтіксіз меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы Президент болып сайлана алады. Қазақстан Республикасы аумағында кемінде он жыл тұрақты тұратын, мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы Вице-президент болып сайлана алады. Республиканың Вице-президенті Қазақстан Республикасының Президентімен бірге сайланады.
Республиканың 25 жасқа толған азаматы — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 20 жасқа толған азаматы — жергілікті өкілді органның депутаты болып сайлана алады.
Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының бір ғана өкілді органының депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және мерзімі жөнінен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаңа құрамын сайлаумен тұстас келмеуге тиіс. Сайлауға әзірлік ашық және жария түрде жү-зеге асырылады. Азаматтарға, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерге кандидаттарды еркін ұсыну, оларды жан-жақты талқылау, жақтап немесе оларға қарсы үгіт жүргізу мүмкіндігіне кепілдік беріледі. Жоғарғы Кеңес депутаттарының, Президенттің, жергілікті өкілді органдар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу тәртібі және сайлау комиссияларының өкілеттігі конституциялық заңдармен белгіленеді.
Қаржы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі бюджеттен және мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қаржы қорларынан тұрады. Республика Жоғарғы Кеңесі нысаналы қаржы қорларын құрып, олардың құралу көздерін белгілеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесің республикалық және жергілікті бюджеттер құрайды. Қазақстан Республикасы аумағында бірыңғай бюджет-қаржы, салық, ақша-кредит, валюта және баға саясаты жүргізіледі, бірыңғай салық қызметі жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында банк жүйесін Республиканың Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне есеп беріп отыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, сондай-ақ өзге де мемлекеттік және жеке банкілер құрайды.
Мемлекет экономикалық, әлеуметтік, зейнет-ақылық, медициналық және мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлеріне арналған арнаулы ақша қорларын құрады. Мемлекет сақтандыру мен банк ісінің бимемлекеттік түрлерін дамытуға көмек көрсетеді.
Конституционный закон «О Правительстве» от 18.12.95 в редакции 6.05.99 г.
Сартаев С.С. и др. История государства и права Казахской ССР. Т.1.
Алматы. 1982 г.
Топорнин Б.Н. Конституционно-правовые проблемы формирования экономической системы. Москва. 1992 г.
2.2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
1995 жылғы 30 тамыз
(1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерімен)
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстері мен оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Қазақстан Республикасы президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi. Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы, астанасының орналасатын жерi мен мәртебесi заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәнi барабар.
Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды
күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.
Закон РК «О внесении измененийи дополнений в Конституцию РК» от7.10.98г.
Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады.Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне, мемлекеттiк органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге, қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға жол берiлмейдi. Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялармен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейдi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас тартады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету хақы бар. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың көмегiн пайдалануға құқылы.Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға
Конституционный закон О Президенте» от 26.12.95 г. в редакции от 6.05.99 г.
болмайды.Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi. Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс. Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс.Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына. Әркiмнiң, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.
Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны тексеруге және тiнтуге заңмен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады. Заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретiн ақыға берiледi.Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi. Ерiктi әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленiп отырады. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Мемлекеттiк және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi. Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.Азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар. Жекеменшiк оқу орындарында ақылы бiлiм алу заңмен белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Мемлекет бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Кез келген оқу орнының қызметi осы стандарттарға сай келуi керек.Мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етiп қояды. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк
Назарбаев Н.А. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение
благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента народуКазахстана. Приложение к «Казахстанской правде» от 11.10.97 г
қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға құқығы бар. Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгiленедi. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.Әркiм Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге мiндеттi.Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн.Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр түрде шектеуге жол берiлмейдi. Конституцияның; көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс. Қазақстан Республикасының Президентi — мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президентi — халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда кемiнде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады. Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды.
Республика Парламентiне кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бiрлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күнi iшiнде қол қояды, заңды халыққа жария етедi не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн қайтарады. Парламенттiң келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдiң ұсынуымен Республика Үкiметiнiң құрылымын белгiлейдi, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды, ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi; Үкiметке заң жобаларын Парламент Мәжiлiсiне енгiзудi тапсырады; Үкiметтiң және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады. Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады. Парламент Сенатының; келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.
Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасын және екi мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды.Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi. Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне бекiтедi.
Республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды. өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады. Республиканың мемлекеттiк наградаларымен наградтайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi. Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады.
Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады. Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады. Қауiпсiздiк Кеңесiн, Жоғары Сот Кеңесiн және өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады. Конституцияның көзделген ретте Республика Президентi заңдар шығарады, көзделген ретте Республиканың заң күшi бар жарлықтарын шығарады. Республиканың Президентi қол қоятын Парламе актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады. Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. Осы баптың ережелерi Республиканың экс-Президенттерiне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен қабылданады. Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексеру туралы шешiм Мәжiлiс депутаттарының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн.Тағылған айыпты тексерудi Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелерi Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Парламент Палаталары бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдамау Республика Президентiне қарсы тағылған айыптың күшi жойылған деп тануға әкеп соғады.
Баймаханов М.Т., Союзная республика-форма национальной государственности. Конституционные основы статуса союзной республики. Алматы. 1995 г.
2.3. 1995 жылғы Конституцияда көрініс тапқан идеалардың ағымдағы заңнамада жүзеге асуы.
Республиканың Президентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына себепшi болған Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғады. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Республика Парламентiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Осы баптың көзделген негiздерде және тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды.
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi — алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi — бес жыл. Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттiң жұмыс iстеп тұрған сайланым өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезден бастап екi ай iшiнде өткiзiледi.
Қазақстан Республикасының кемiнде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары бiлiмi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы Мәжiлiс депутаты бола алады. Бiр мандатты аумақтық сайлау округi бойынша тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың немесе таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi аталған дауыс санын ала алмаған жағдайда, қайтадан дауыс беру жүргiзiледi, оған неғұрлым көбiрек дауыс санын алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың немесе таңдаушылардың неғұрлым көбiрек дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Мәжiлiске сайлаудың қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер негiзiнде бөлуге дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде жетi процентiнiң даусын алған саяси партиялар жiберiледi. Егер дауыс беруге таңдаушылардың елу процентiнен астамы қатысса, Сенатқа сайлау өткiзiлдi деп есептеледi. Республика Парламентi депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңда айқындалады. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi. Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс
[1] Аюпова 3. «Новая форма Конституционного надзора в Республике Казахстан» «Вестник Министерства юстиции» 1996 г. № 2, с.39
үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Парламент депутатының өкiлеттiгi ол орнынан түскен, депутат iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған, Парламент таратылған жағдайда және Конституцияда көзделген өзге де реттерде тоқтатылады. Парламент депутаты оған қатысты соттың айыптау үкiмi күшiне енгiзiлген, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты қоныс аударған кезде өз мандатынан айырылады. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтатуға және өкiлеттігiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi. конституциялық заңдар қабылдап, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi. Республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi.
Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша ол қарсылық жiберген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi. Бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен бұрын қабылданған шешiмдi растайтын болса, Президент жетi күн iшiнде заңға қол қояды. Егер Президенттiң қарсылығы ескерiлмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi. Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы. Президенттiң Республика Премьер-Министрiн, Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм бередi. Премьер-Министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жүзеге асырылуы мүмкiн және бұл Үкiметке сенiмсiздiк көрсетiлгенiн бiлдiредi. Ондай көпшiлiк дауыстың болмауы Үкiмет бағдарламасының мақұлданғанын бiлдiредi әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгiленген реттерде Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi. Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Республиканың Қарулы Күштерiн пайдалану туралы шешiм қабылдайды. Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтередi. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды. Палаталардың бiрлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметi туралы есептердi тыңдайды. Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы:
заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк нышандарын анықтайды мемлекеттiк заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуi туралы мәселелердi шешедi азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады Республиканың халықаралық шарттарын бекiтедi және олардың күшiн жояды.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Сотының
судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
Республика Президентiнiң Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;
Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
Республиканың заңдарына сәйкес жергiлiктi өкiлдi органдардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiнiң құрамына екi депутатты жiберу; Республиканың Президентiн қызметiнен кетiру туралы Мәжiлiс қозғаған мәселенi қарау және оның нәтижесiн Палаталардың бiрлескен отырысының қарауына енгiзу.
Мәжiлiстiң ерекше қарауына мыналар жатады:
заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау;
Республика Парламентi қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
Республика Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, хатшысы мен мүшелерiн сайлау және қызметтен босату;
Республика Президентiнiң кезектi сайлауын хабарлау;
Әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамына екi депутатты жiберу;
Республика Президентiне қарсы мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу.
Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз еспубликалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң үш мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды Конституцияның көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын
Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы.1996г.
сайлайды.Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
депутаттардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша Республика Үкiметi мүшелерiнiң өз қызметi мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға және Үкiмет мүшесi Республика заңдарын орындамаған ретте Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентiне өтiнiш жасауға хақылы, егер Республика Президентi мұндай өтiнiштi қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен алғашқы өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн Республика Президентiнiң алдында Үкiмет мүшесiн қызметiнен босату туралы мәселенi қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi Үкiмет мүшесiн қызметiнен босатады. алаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.
Палаталарды мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжiлiс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы. Парламент Палаталарының төрағалары. Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi.
Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды. Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады. Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi. Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң екi-екiден мүшелерiн тағайындайды өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
Мәжiлiс Төрағасы:
Парламент сессияларын ашады Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi. Парламент сессиясын Республика Президентi ашады және Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырысында жабады. Парламенттiң сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президентi өз бастамасымен, Палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысын шақыра алады. Онда мәжiлiстi шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика Президентiнiң, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi заңмен белгiленедi. Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi және тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзу мiндеттi. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс. Республиканың заң және өзге де
Еллинек Г. Значение Конституции в современном мире. В сборнике
«Конституционное право» 4.2. Хрестоматия. Москва. 1994 г.
нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi. Қазақстан Республикасының Президентi мына жағдайларда: Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-Министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермегенде, Парламенттiң Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттiк өкiметтiң басқа тармақтары арасындағы еңсерiлмейтiн келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламенттi тарата алады. Парламенттi төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде таратуға болмайды.
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауап бередi, сондай-ақ Конституцияның көзделген ретте Республика Парламентiне есеп бередi. Конституцияның көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады.Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;
Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;
Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;
Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi:
Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi;
өзi тағайындалғаннан кейiнгi бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған ретте екi ай iшiнде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады;
Үкiмет қаулыларына қол қояды;
Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке баяндап отырады;
Үкiмет қызметiн ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтердi атқарады.
Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс. Үкiмет мүшелерiнiң өкiлдi органдардың депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ.Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады. Республиканың Премьер-Министрi Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады. Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс.Үкiмет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында өз өкiлеттiгiн доғарады. Егер Үкiмет және оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп есептесе, олар Республиканың Президентiне өз орнынан түсетiнi туралы мәлiмдеуге хақылы. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген ретте Үкiмет орнынан түсетiнi туралы Республиканың Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады. Парламенттiң сенiмсiздiк бiлдiруiне байланысты Үкiметтiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент Парламенттi таратуға хақылы. Республиканың Президентi өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт. Процедура. Алматы, Аюпова 3. «Новая форма Конституционного надзора в Республике Казахстан» «Вестник Министерства юстиции» 1996 г. № 2.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Нормативтік актілер.
- ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
- ҚР Конституциясы 28 қаңтар 1993 жыл.
- ҚазССР-нің. Конституциясы 4 наурыз 1937 жыл.
- ҚазССР-нің Конституциясы 20 сәуір 1978 жыл.
- Конституции 16 стран мира. Алматы 1996 год.
- Конституциялық заң «ҚР Тәуелсіздігі туралы» 12.91 жыл.
- Конституциялық заң « ҚР Президенті» 26.12.95 жыл. басылым 05.99жыл.
- Конституциялық заң«ҚР Үкіметі» 12.95жыл.басылым 6.05.99 жыл.
- Конституциялық заң « Парламентегі депутаттардың мәртебесі » 10.98 ж.
- Конституциялық заң «Республикалық Референдум туралы» 11.95 басылым 6.04.99 ж. 15.04.04 ж.
- Конституциялық заң «Сайлау туралы» 09.95 басылым 6.04.99 ж., 19.04.2004 ж., 15.04.2005 ж.
- ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы05.2007 жыл.
- ҚР заңы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 10.98ж.
- Закон РК «Об общественных объединениях» от 31.05.96 г.
- ҚР заңы «Партиялар туралы» 06.2002 ж.
- ҚР заңы «Мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару» 01.2001 ж.
- ҚР заңы «Азаматтық туралы» 12.91 жыл.
- ҚР заңы «Тіл туралы» 06.97 жыл.
- ҚР Президентінің жарғысы «ҚР азаматтығы туралы» 12.95 ж.
- ҚР Президентінің жарғысы «ҚР рәміздері туралы» 01.96 ж.
- ҚР Президентінің жарғысы «Конституциялық Кеңес» 12.95 ж.
- Указ Президента РК «О порядке рассмотрения обращений граждан» от
07.95 г. - Указ Президента РК «О порядке организации и проведении мирных
собраний, митингов, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан» от
03.95г. - ҚР Президентінің жарғысы «ҚР шетелдіктердің құқықтық жағдайы» 06.95ж.
- «Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР» от
25.10.90г. - Всеобщая Декларация прав человека. ООН 1948 г.
П. Арнайы әдебиеттер.
- Выступление Президента РК Н.А.Назарбаева на совместном заседании палат Парламента РК «Новый этап демократизации Казахстана – ускоренное развитие свободного демократического общества». / Казахстанская правда. От 17 мая 2007 г. № 73.
- Назарбаев Н.А. Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение
благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента народу
Казахстана. Приложение к «Казахстанской правде» от 11.10.97 г. - Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы. 15.01.96 г.
- Назарбаев Н.А. «5 лет независимости». Алматы. «Казахстан». 1996 г.
- Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана «Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира» от 1 марта 2006г.
- Ким В.А., Ким Г.В. «Конституционный строй Республики Казахстан».
Алматы. 1998 г. - Баймаханов М.Т., Союзная республика — форма национальной
государственности. Конституционные основы статуса союзной республики.
Алматы. 1995 г. - Баймаханов М.Т., Вайзберг Л.М., Котов А.К. Становление суверенитета
Республики Казахстан. Алматы. 1994 г. - Барнашев A.M. Теория разделения властей: становление, развитие,
применение. Томск. 1988 г. - Богданова Н.А. Конституционное право. Учебное пособие.4.1. Москва.
1994 г.
- Баишев Ж.Н. Судебная защита Конституции. Алматы. 1994 г.
- Баглай М.В. Конституционное право РФ. Москва. 1988 г.
- Витрук Н.В. Основы теории правового положения личности в социалистическом обществе. Москва. 1979 г.
- Еллинек Г. Значение Конституции в современном мире. В сборнике
«Конституционное право» 4.2. Хрестоматия. Москва. 1994 г. - Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы.
1996г. - Коваленко А.И. Конституционное право Российской Федерации. М.1995 г.
- Козлова Е.И., Кутафина О.Е. Конституционное право России. Изд. «Бек».
Москва. 1996 г. - Ленин В.И. Полное собрание сочинений. Т. 17.
- Маркс К. Классовая борьба во Франции. Т.7.
- Мишин А.А. Конституционное (государственное право зарубежных
стран). Москва. 1996 г. - Ориу М. Основы публичного права. Москва. 1929 г.
- Сапаргалиев Г. ҚР Конституциялық құқығы. Алматы. 2004 ж.
- Сапаргалиев Г. Становление конституционного строя РК (1990-1996 гг.).
Алматы. 1997 г. - Спекторский Е.В. Что такое Конституция? Москва. 1917 г.
- Сартаев С.С. и др. Конституционное право РК. Учебное пособие.
Алматы. 1994 г. - Сартаев С.С. и др. История государства и права Казахской ССР. Т.1.
Алматы. 1982 г. - Топорнин Б.Н. Конституционно-правовые проблемы формирования
экономической системы. Москва. 1992 г. - Сравнительное конституционное право. Издательская фирма
«Манускрипт». Москва. 1996 г. - Лучин В.О. Конституция РФ. Проблемы реализации. М., ЮНИТИ. 2002.
- Амандыкова С.К. Становление доктрины конституционализма в Казахстане. Караганда, изд-во КарГУ, 2002г.
- Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Становление конституции Республики Казахстан. Алматы. КИПМО, 2002г.
- Башимов М.С. Институт обмусмана (уполномоченного по правам человека). Астана, Фолиант, 2003 г.
- Ким В.А., Кенжалиев З.Ж. Развитие конституционного законодательства в РК. Учебное пособие. Алматы, изд-во «Қазақ университеті», 2005 г.
- Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт. Процедура. Алматы, Өрниет, 2002 г.
- Аюпова 3. «Новая форма Конституционного надзора в Республике Казахстан» «Вестник Министерства юстиции» 1996 г. № 2.