Фирманың ағымдағы шығындарын басқару (“Құмкөлқұрылыс” АҚ мысалында)
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………
1 бөлім. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі…………….
- Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері………………………………………
- Кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару………………
- бөлім. “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шығындарын басқару……………………………….
- Кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен
құрылымы………………………………………………………….
- “Құмкөлқұрылыс” АҚ мәліметін қолдана отырып ағымдағы шығындарын басқаруды бағалау ……………….
- бөлiм. Қаржылық тұрақтылықты жетiлдiру жолдары…..
Қорытынды………………………………………………………………….
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………….
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының, сонымен қатар салалық қаржының рөлінің артуына ықпалын тигізді.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес–жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Кәсіпорының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуде айналым капиталы маңызды ресурстардың бірі, ол өндіріс сферасына ғана емес, айналдыруларға, экономикада есеп–қисаптардың күй–жағдайын көрсетуіне, сонымен қатар елдегі ақша айналымдарына ықпалын тигізеді.
Егер жоспарлы экономика кезеңінде өндіріс қорлары айналым құралдарының құрылымынан жоғары болса, онда шаруашылық етудің жаңа шарттарына ауысуға жаңа проблемалар туғызды — өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорындарға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттары құрайды. Оны жабудың қаржылық көзімен мерзімі өткен кредиторлық берешек болады. Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап тұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет. Қазіргі уақытта меншік айналым құралдары өте аз, ал ол болса кәсіпорында басты рөлді атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлкі болуы керек. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Сонымен қатар кредиторлық қарыздың өте маңызды ерекшелігі бар: меншік айналым құралдары мен банктік несиеден айырмашылығы, ол тауарлық түрде тартылады. Неғұрлым кәсіпорын – сатып алушылардың (бөтендердің) экономикалық айналымында тауарлары мен ақшалары көп болса, соғұрлым көбірек ол оны орналастырады. Бірақ та капиталдың соншалықты тартылуы ел экономикасының қаржылық жағдайына және оның буындарына апатты сәулесі түседі.
Сайып келгенде, нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындардан жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.
Сонымен қатар ағымдағы шығындарды ұтымды басқару және ағымдағы шығындардың тиімді құрылымын анықтау қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауды анықтады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылды:
- кәсіпорын – басқарудың негізгі жүйелік объектісі;
- нарықтық жағдайдағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері;
- кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару;
- кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау;
- “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шағындарын басқару проблемалары;
- қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және оны жетiлдiру жолдары.
1 бөлім. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі
1.1 Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Сызба 1. Өндірістік кәсіпорынның ішкі ортасы
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
- ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
- белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
- мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
- мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
- кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
- шаруашылық айналымына өзінің атынан шығады;
- оперативті-шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:
|
Бұл тәсілде ең негіздісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншігіне байланысты болады:
|
Бұл тәсілде негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау сауларын, нарық сиымдылығына, әлеуметті бәсекелес өнімдері сапалылығының және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.
Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенеді және күтті де.
- КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырды;
- Нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғамып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;
- Көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
- Көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе алмады;
- Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың толықтырылуы аз болды;
- өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.
Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соқтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:
- кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп, шынында сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
- көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту – қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден-бір жолы екенін түсіне бастады;
- рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда кінәратсыз бәсеке пайда болды.
Кесте 1. Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған бірлескен және шетел кәсіпорындарының саны*
жыл |
Қазақстан бойынша |
Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша |
1999 |
736 |
27 |
2000 |
995 |
35 |
2001 |
1338 |
39 |
2002 |
1677 |
39 |
2003 |
1865 |
22 |
*Статистикалық мәліметтер
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты – өз жұмысындағы қаржылық тұрақталақты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
|
|||
Сызба 2. Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті пернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.
Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін — өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыларын уақытылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарда шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.
Қазқстанда “Меншік туралы” Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы түрінде құралады және іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:
- жеке кәсіпкерлік;
- толық серіктестік;
- коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі қоғам;
- ашық акционерлік қоғам;
- жабық акционерлік қоғам;
- өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік – екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың шаруашылық қоғамының, бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның қатысушылардың үлес (пай) жарнасы негізінде қалыптасады.
Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам – қатысушылардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың жетіспейтін кезінде – қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері.
Ашық акционерлік қоғам – бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек.
Жабық акционерлік қоғам – ашық акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, эконрмиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етеді.
Өндірістік кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер.
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегисы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынандай мәселелерді шешкені жөн:
- Қандай өндірісті тоқтату керек?
- Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
- Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негігі үш бағыты бар:
- өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
- өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты — өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
- кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:
- өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
- жаңа өнім өндіруді бастау;
- рынокта өзінің артықшылығын көрсету.
Екінші топқа – стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.
Үшінші топ – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады:
а) жою стратегиясы – егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;
ә) ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;
б) қысқарту стратегиясы – кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.
Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс-әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады.
Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:
- кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне түсінікті болуы керек;
- стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет. Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары мен міндеттерін нақты орындап отырғаны жөн;
- басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау. Қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме жоқ па, осыған аса көңіл бөлінуі қажет.
|
Кәсіпорынның әлуеті |
Тауар |
Аймақтар |
Нарықтық орта |
Сатып алушылардың проблемалары |
1. базалық (қолма-қол) 2. сәндендірілген 3. жаңа |
1. қолма-қол 2. сәндендірілген 3. жаңа |
1. а 2. б 3. в 4. с 5. д |
1. жаңалар 2. ұқсастар 3. белгілер |
1. анықталғандар 2. әлуетті лер |
|
Сызба 3. Кәсіпорынның нарықтық стратегиясы
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері:
- кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономиканың дербес шаруашылық субъектісі;
- кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады;
- кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу қажет.
- Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші – бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді;
- Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігі жасғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.
- Кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып сналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде таза пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғиматтар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Сыныптау белгілері |
Шығындардың бөлшектенуі |
1. Экономикалық элементтер
2. Өзіндік құнның статьялары
3. Технологиялық процестерге қатыстылығы 4. Құрамы 5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі 6. Өндірістік процестегі рөлі 7. Мақсатқа сәйкес жұмсау 8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі 9. Өнімнің көлеміне қатысы 10. Шығу мерзімділігі 11. Дайын өнімге қатысы |
Шығындардың экономикалық элементтері Өзіндік құнның калькуляция статьялары Негізгі, қосымша
Бірэлементтік, кешенділік Тікелей, жанама
Өндірістік, өндірістен тыс Өндірістік, өндірістік емес Жоспарлы, жлспарсыз Тұрақты, ауыспалы Күнделікті, бір жолғы Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары |
Сызба 4. Өндірістік шығындардың жіктелуі
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзін-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері: шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі — өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығыдардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
- Өзіндік құн — өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
- Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
- Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
|
Жалпы табыс |
|
Материалдық шығындар |
Еңбекақы |
Пайда |
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) |
Таза табыс |
|
Өткізу көлемі |
Сызба 5. Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
- Шығындардың бастапқы элементтерімен;
- Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні — әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
- Материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру);
- Еңбекақыға жұмсалған шығындар;
- Әлеуметтік сақтандыруға аударым;
- Зейнетақы қорына аударым;
- Жұмыспен қамтылу қорына аударым;
- Амортизация;
- Басқа да шығындар.
Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
- Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- Өндіріс және еңбектегі ұйымдастыруды жетілдіру;
- Экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің былайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
- өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
- өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
- басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту.
Агымдағы шығындарды басқару процесінде негізгі бөлім айналым қаражатын басқаруға байланысты.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің ара-қатынасын атайды. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
|
|||||
Сызба 6. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрлымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық эелменті болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең араларында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыдан алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай — әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А – Қ … Ө … Д – А1
мұнда А – шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары; Қ — өндіріс құралы; Ө — өндіріс; Д – дайын өнім;
А1 — өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:
Өқ
Қақ =
Оқ
мұнда, Өқ — белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны;
Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы сол жылға алынады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімді шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірісітер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
|
||||
Сызба 7. Қор қайтарылымының өсу факторы
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдай алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдері өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
- Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
- Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
- Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
- Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
- өндірістің маусымдылығы;
- тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
- қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.
- бөлім. “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шығындарын басқару
2.1 Кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымы
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
- пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қазіргі таңда өнім ассортиментін кеңейту мақсатында бірнеше жобалар іске қосылған. Атап айтсақ, өндірістің жаңа түрін енгізу, өндіріс қуаттылығын арттыру, сапасын арттыру және экологиялық стандарттарды пайдалану. Мысалға, өнім өндірісінің ұлғаюы және өнімді жоғарғы қосылған құнмен өткізу көлік шығынының көлемін азайтуға ықпал етуі.
Күрделі жөндеу және құрылғыларды қалпына келтіру бағдарламаларын іске қосу нәтижесінде өндірістік шығындардың азаюына және өнім сапасының артуына қол жеткізуге болады. Гальваноцинктеу және алюминдеу бағытын енгізу қосылған құны жоғары өнімнің үлесін арттырады. Өзіндік көмір және энергия көздерінің, жалпы шикізаттың болуы өндіріс шығындарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады. Жалпы қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты міндеттері:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол үш сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтемпаздығымен сипатталады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
- өтімділік (төлем қабілеттілігі);
- пайдалылық (табыстылық);
- активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Ішкі көздер: Меншікті қаржылар есебі:
- негізгі қызметтен түсетін пайда;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс;
- қаржы операцияларынан түсетін пайда;
- шаруашылық тәсілімен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда;
- өткізуден тыс табыс.
Оларға теңестірілген қаржылардың есебі:
- амортизациялық аударым;
- істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша;
- орнықты пассивтер;
- қайта бөлінбеген пайданың қорлануы;
- мақсатты түсу;
- сақтық қор;
- еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары.
Сыртқы көздер: Қаржы рыногында жұмылдырады :
- меншікті құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар,т.б.) сатудан түскен қаражаттар;
- несиелік инвестициялар.
Қайта бөлудегі түсетін:
- тәуекелдік бойынша сақтандыру өтемі;
- сақтандыру полисін және кепілдік куәлігін өткізу;
- үлестік жарна негізінде қалыптасатын қаржы ресурстары (ағымдағы және инвестициялық қызметке үлескерлікпен қатысу);
- дивидендтер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздар бойынша проценті;
- одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар;
- бюджеттік қаржы бөлу, субсидиялар, субвенциялар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса. Сонымен қорыта айтқанда, өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауының негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қаржылық есеп нысандарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- кірістер және шығындар туралы есеп;
- ақша қозғалысы туралы есеп;
- Меншікті капиталдың қозғалысы туралы есеп;
- Есеп саясаты.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады. Сондай-ақ, қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.
Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған әртүрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға және ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту не кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
2.2 “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының мәліметін қолдана отырып ағымдағы шығындарын басқаруды бағалау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау төиендегі кестеде көрсетіледі.
Кесте 2. 2005жыл бойынша “Құмкөлқұрылыс” АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Өзгеріс (+,-) |
Құры лымның өзгеруі
|
|||
сомасы |
Үлес салмағы |
сомасы |
Үлес салмағы |
Мың тг |
%
|
||
Активтер құны, барлығы, соның ішінде: 1.1 Ұзақ мерзімді активтер: а) негізгі құралдар ә) қаржылық салымдар 1.2 Ағымдағы активтер: а) өндірістік қорлар ә) дайын өнім |
32551
18770
18642 128
13781
1501 7652 |
100
57,66
57,27 0,39
42,34
4,61 23,51 |
41957
2001
19497 504
21956
1358 14538
|
100
47,67
46,47 1,2
52,33
3,24 34,65 |
+9406
+1231
+855 +376
+8175
-143 +6886 |
+28,9
+6,56
+4,59 +293,75
+59,32
-9,53 +90,0 |
*
-9,99
-10,80 +0,81
+9,99
-1,37 -11,14 |
Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны |
20143 |
61,88 |
20855 |
49,71 |
+712 |
|
-12,17 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.
Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады.бұл әдістеме кәсіпорында болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. “Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кп — 0,5 қалыпты болып есептеледі” – деп жазады А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин. көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында – 20143 мың теңгені, жыл соңында – 20855 мың теңгені құрайды, яғни 712 мың теңгеге немесе 3,53%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке кемігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.
Кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (42,34 – 57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке асып кетті (52,33 – 47,67) және 52,33%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32 : 6,56) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,42 (13781 : 32551), ал жыл соңында 0,52 (21956 : 41957) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында – 0,73 = (13781 : 18770), ал жыл аяғында – 1,1 = (21956 : 20001) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсуі қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,6 есеге (21956 : 13781), ал екіншілері – 6,6%-ға (20001 : 18770 * 100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай, келесі аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
Кесте 3. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
Мың теңге
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Өсуі(+), кемуі (-),% |
||
Сомасы, мың тг. |
Үлес салмағы,% |
Сомасы, мың тг. |
Үлес салмағы,% |
||
Ағымдағы активтер, соның ішінде: 1.1 Тауарлы-материалды қорлар 1.2 Дебиторлық борыш 1.3 Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 1.4 Басқа да ағымдағы активтер |
13781
11153
1165
1463
— |
100
80,93
8,45
10,62
— |
21956
17617
1671
1425
1243 |
100
80,24
7,61
6,49
5,66 |
+59,3
+57,9
+43,3
-2,6
+5,66 |
Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылдаың теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.
Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды ғана құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 57,9%-ке өсті және ол жыл аяғында 17617 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары (80,24%) болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себертен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндіріс жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымында тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген, олардың көлемі (дайын өнімнің) жыл аяғында 14538 мың теңгені құрады, бұл жыл басындағымен салыстырғанда – 1,9 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ке азайған.
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептәуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында – 1165 мың теңгені құрасы, жыл аяғында ол – 1671 мың теңгені құрайды немесе 43,4%-ке өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды (7,61 – 8,45).
Баланстың өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділік – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жағдайын мінездейтін негізгі категория. Бұл категория шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұрақтылығын, берітілігін және сенімділігін көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін баланстың оптималды құрылымын анықтау қажет. Баланстың оптималды құрылымы активтердің өзінің құнын жоғалтпай, пассивтер керек болған жағдайда ақша қаражатына айналу процесін көрсетеді.
Баланстың өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің актив және пассивтік операцияларының құрылымын талдау өтімділікті бағалаудың бастапқы кезеңі деп айтуға болады. Өтімділік көрсеткішін шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстылығымен де байланыстыруға болады. Бірақ іс жүзінде жоғары пайдалы, табысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтімділігі кейбір жағдайда төмен деңгейде болады. Сондықтан, өтімділікті және пайдалылықты, табыстылықты талдау бірге жүргізіледі.
Өтімділіктің динамикасына 3 негізгі фактор әсер етеді:
- салымдардың мөлшеріне байланысты қаражат жинай немесе жоғалту;
- судалар және инвестицияларға байланысты қаражаттың келуі және кетуі;
- міндетті резервтік қорлардың өсуі және төмендеуі.
Активті операциялардың, өтімділіктің деңгейін төмендетпей, пайдалылығын жоғарылату үшін қарыз қаражат және несиелер мен инвестициялар бойынша шекті шығындар мен төлеу мерзімдерін салыстыру қажет.
Баланстың құрылымы негізінде талдау және бағалау жүргізу үшін өтімділіктің әртүрлері анықталады:
- қысқамерзімді өтімділік;
- ұзақмерзімді өтімділік.
Өтімділіктің коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау төмендегі кестеде жүргізіледі.
Кесте 4. “Құмкөлқұрылыс” АҚ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері
Мың теңге
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басында 2005 |
Жыл соңында 2005 |
Өзгеріс (+,-) (2 гр.1 гр.) |
1. |
Ағымдағы активтер Мың теңге, оның ішінде: |
13781 |
21956 |
8175 |
1.1 |
Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар |
1463 |
1425 |
-38 |
1.2 |
Дебиторлық борыш және басқа да салымдар |
1165 |
2914 |
+1749 |
1.3 |
Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы-материалдық қорлар қосылаған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары |
11153 |
17617 |
+6464 |
2. |
Қысқа мерзімді міндеттемелер Мың теңге, оның ішінде: |
4643 |
9681 |
+5038 |
2.1 |
Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар |
— |
— |
— |
2.2 |
Кредиторлық борыш |
4294 |
8081 |
+3787 |
2.3 |
Басқа да ағымдағы міндеттемелер |
349 |
1600 |
+1251 |
3. |
Өтімділік көрсеткіштері |
— |
— |
— |
3.1 |
Абсолюттік өтімділік коэффициенті (1.1қ:2қ) |
0,315 |
0,448 |
-0,168 |
3.2 |
Аралық өтімділік коэффициенті (1.1қ+1.2):2қ |
0,566 |
0,448 |
-0,118 |
3.3 |
Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті (1.1қ+1.2+1.3қ):2қ |
2,968 |
2,268 |
-0,700 |
Кесте 5. Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффициенті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі
Мың теңге
№ |
Көрсеткіш-тер |
Жыл басын-да |
Ағымдағы активтер-мен жыл басында және қыс-қа мерзім-ді міндет-темелер мен жыл соңында |
Жыл аяғын-да |
Ауытқу-лар (+,-) |
Соның ішінде өзгеру есебінен |
|
Ағым-дағы актив-тердің (3гр.-2гр.) |
Қысқа мер-зімді міндеттеме-лердің (2гр.-1гр.) |
||||||
1. |
Ағымдағы активтер |
13871 |
13781 |
21956 |
х |
х |
х |
2. |
Ағымдағы міндетте-мелер |
4643 |
9681 |
9681 |
х |
х |
х |
3. |
Өтімділіктің жалпы (ағымдағы) коэффици-енті |
2,968 |
1,424 |
2,268 |
-0,7 |
+0,844 |
1,544 |
Кесте мәліметтері өтімділіктің жалпы коэффициентінің өсуіне ағымдағы активтердің абсолютті өсімі оң әсер еткенін көрсетеді, соның есебінен өтімділік коэффициенті 0,844 пунктке өсті (2,268 – 1,424). Өтімділік коэффициентін жан-жақты бағалау үшін, оларды құрайтын факторлардың өзара байланысын білу маңызды. Факторлардың әсері төмендегі кестеде көрсетіледі.
Кесте 6. Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті деңгейінің өзгеруіне нақтыланған факторлардың әсерінің есебі
Мың теңге
№ |
Факторлар |
Есептеу |
Факторлардың әсер ету деңгейі |
1. |
Ағымдағы активтердің өзгеруі |
2,268-1,424 |
+0,844 |
1.1 |
Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың |
38х0,000103 |
-0,0039 |
1.2 |
Дебиторлық борыштың және басқа да активтердің |
1749х0,000103 |
+0,1805 |
1.3 |
Тауарлы-материалдық қорлардың |
6465х0,000103 |
+0,6674 |
2. |
Қысқа мерзімді міндеттемелердің өзгеруі |
1,424-2,968 |
-1,544 |
2.1 |
Қысқа мерзімді несиелер мен заемдардың |
— |
— |
2.2 |
Кредиторлық борыштың |
3787х(-0,000306) |
-1,161 |
2.3 |
Басқа да ағымдағы міндеттемелердің |
1251х(-0,000306) |
-0,383 |
Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар (2,5 есе) мен товар-материалдық қорлардың (1,6 есе) күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы әсер етеді.
- бөлiм. Қаржылық тұрақтылықты жетiлдiру жолдары
Кәсiпорынның қызметi – бұл байланысқан шаруашылық процестердiң комплексi, олар көптеген әртүрлi факторларға байланысты. Егер қандай да бiр факторды қарастырмай қалдырса, онда басқа да факторларды бағалауда нәтижесi дұрыс болмауы мүмкiн.
Олар өзара тығыз байланыста болғандықтан, кәсiпорынның қызметiне әртүрлi әсер етедi: бiреулерi – жағымды, басқалары – жағымсыз. Кейбiр факторлардың жағымсыз әсер етуi жағымды факторлардың төмендеуiне әкелiп соғады.
Әсер ететiн факторлар көп болғандықтан, оларды топтастыру қажет. Факторларды жiктеуде әртүрлi нысандары бойынша қарастыруға болады:
- пайда болу көзiне байланысты: iшкi және сыртқы факторларға;
- нәтижелiкке байланысты:негiзгi және қосалқы;
- құрылымы бойынша: жай және күрделi;
- жұмыс iстеу мерзiмiне байланысты: тұрақты және мерзiмдi.
Әр факторлардың жiктелуi белгiлi бiр мақсатпен анықталады. Нарықтық экономикалық қатынастарда кәсiпорын субъект және объект болғандықтан және де әртүрлi факторлардың динамикасына әсер ету мүмкiншiлiгiне ие болғандықтан, олардың сыртқы және iшкi болып жiктелуi ең негiзгi болып табылады.
Бiрiншiлерi кәсiпорын жұмысының ұйымдасуына байланысты: екiншiлерi сыртқы болып табылады, олардың өзгеруiн кәсiпорын басқарып және қадағалап алалмайды. Осы жiктелудi пайдаланып, кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық қызметiн моделдеу және қаржылық тұрақтылықты басқару, сонымен қатар өндiрiстiк тиiмдiлiктi көтеруде резервтердi iздестiрудi жүзеге асыруға болады.
Алдымен iшкi факторларды қарастырайық.
Кәсiпкерлiк қызметiнiң жоғары немесе төмен болуы көбiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң құрамы мен құрылымын таңдауына байланысты. Осының негiзiнде, ненi өндiру және қалай өндiру деген сұрақтаға шешiмдi дұрыс қабылдау қажет, яғни өндiрiстi ұйымдастыруды және басқаруды қандай модель және қандай технология арқылы жүзеге асырады.
Кәсiпорынның тұрақтылығына тек шығындардың ғана жалпы көлемi емес, сонымен бiрге тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы қатынаста қажет. Тұрақты шығындар — ғимараттарды немесе құрал жабдықтарды жалға алу, амортизация, басқару шығындары, банк несиесi үшiн проценттер, жарнама, жұмысшылардың жалақысы, және т.б. жатады. Ауыспалы шығындар – шикiзат, энергия, тауарларды тасымалдау және т.б., олар өндiрiс көлемiне пропорционалды болады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының негiзгi басқа факторы, өндiрiстiң технологиясы және өндiрiлетiн өнiмнiң /көрсетiлетiн қызметтiң/ түрлерi мен байланысты, сонымен пайда болу көзiне байланысты нарықтық экономикада кәсiпорынның қызметiне әсер ететiн факторлардың жiктелуi.
Активтердiң оптималды құрамы мен құрылымы оларды басқаруда дұрыс стратегия жасау болып табылады. Кәсiпорынның тұрақтылығы және бизнестiң потенциалды тиiмдiлiгi ағымдағы активтердi басқарудың сапасына байланысты, яғни айналым қаражаттарының қанша және қалай iске асатындығын, ақшалай формадағы запастар мен активтердiң көлемi қандай және т.б. болып табылады.
Мынадай жағдайды естен шығармау керек, егер кәсiпорын өзiнiң запастары мен өтiмдi қаражаттарын қысқартса, онда кәсiпорын айналысқа көбiрек капитал жұмсай алады, яғни пайданы көбiрек алады. Бiрақ запастардың жетiспеушiлiгiнен кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiнiң тәуекелдiгi мен өндiрiстің тоқтатылуына әкелуi мүмкiн. Ағымдағы активтердi басқару – бұл ағымдағы оперативтi қызметке керектi кәсiпорын шотында тек қана өтiмдi активтердiң минималды керектi сомасын алып әалу керек.
Сыртқы факторлар |
Ішкі факторлар |
1 |
2 |
1. Макроэкономикалық деңгей 1.1 әлемдік экономика · әлемдік нарықтың конъюнктурасы; · әлемдік нарықтағы оңай қол жететін қаржы ресурстары. 1.2 Мемлекет · Меншік қатынастары; · Саяси тўрақтылық; · Ақша-несие саясаты; · Экономиканы реттеу деңгейіндегі бюджеттік салықтық саясат; · Экономикалық жүйесінің типі; · Сыртқы экономикалық саясат; · Экономиканы әкімшілік реттеу; · Нарықты/саланы әкімшілік реттеу; · Белгілі бір кәсіпорынның қызметін әкімшілік реттеу; 1.3 Экономика · Жалпы экономикалық конъюнктура; · Табиғи ресурстармен қамтамасыз ету; · Қаржылық ресурстардың бар болуы; · ҒТП-нің болуы; · Еңбек нарығының даму дәрежесі; · Инфрақўрылымның дамуы; 2. Мезодеңгей (Сала/нарық) · Бәсеке деңгейі; · Сұраныс тұрақтылығы; 3. Микродеңгей · Меншік иелері; · Несие берушілер қатынастары; · Жабдықтаушылар қатынастары; · Тұтынушылар; · Қоғамдық ой-пікірлер. |
1. Институционалдық және ұйымдық · Фирманың өмірлік цикл сатысы; · Фирманың өсу қарқыны; · Кәсіпорынның мақсаты; · Мінез-құлық типі; · Кәсіпорынның құрылымы; · персонал; · технология; 2. субъектілік (басқарушыға тікелй байланысты) · меншік және айналым капиталының қатынасы; · активтердің құрылымы; · өткізу, баға, инвестиция және т.б. саясаттарды жоспарлау және жүзеге асыру; · контроагентерді іздеу және мәліметтер жасау; · шаруашылық байланыстардың тиімді құрылымы; · жалпы кәсіпорында және оның әр бір бөлігінде жедел бақылау жасау; · нәтижелерді талдау; · кәсіпоорын дамуындағы стратегиялық мақсаттарды нақты көрсету. |
Сызба 8. Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызметіне әсер ететін факторлардың жіктелуі
Келесi қаржылық тұрақтылықтың iшкi факторы болып қаржылық ресурстардың құрамы мен құрлымы және оларды басқаруда дұрыс тактиканы және стратегияны таңдау. Неғұрлым кәсiпорында меншiк қаржы ресурстары, яғни табысы көп болса, соғұрлым кәсiпорын өзiнiң қызметiн қорықпай әрiқарай жалғастыра алады. Мұнда табыстың жалпы көлемi емес, сонымен бiрге оны бөлудегi құрылым, әсiресе — өндiрiстiң дамуына жiберiлетiн бөлiгi қажет. Осыдан кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауда табысты бөлу және пайдалану саясаты бағаланады. Әсiресе, табыстың пайдаланылуын екi бағытта қарастыру керек:
- бiрiншiден, ағымдағы қызметтi қаржыландыру үшiн, төлем қабiлеттiлiктi жақсарту, өтiмдiлiктi күшейту және т.б.
- екiншiден, күрделi шығындарға және бағалы қағаздарға инвестиция жасау.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына қосымша қарыз капиталы нарығынан шоғырланған қаражаттар әсер етедi. Неғұрлым кәсiпорын қаржы қаражат тарта алса, соғұрлым оның қаржылық мүмкiншiлiгi жоғары болады. Бiрақ, қаржылық тәуекелдiк те өседi – осындай кезде кәсiпорын өзiнің несие берушiлерiмен есеп айырыса ала ма деген сұрақ туындайды. Мұнда резервтер шаруашылық субъектiсiнiң қаржылық кепiл формасы ретiнде қызмет атқарады.
Сонымен, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ету көзiне қарай iшкi факторлар мыналар:
- шаруашылық субъектiнiң салық негiзi;
- өндiрiлетiн өнiмнiң /қызметiнiң/ құрылымы және оның жалпы төлем қабiлеттiлiгiндегi бөлiгi;
- шығындардың көлемi және құрылымы, олардың ақшалай табысына қатынасы;
- төленетiн жарғылық капиталдың көлемi;
- мүлiктiң, қаржылық ресурстардың, запастардың және резервтердiң жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы.
Жоғарыда айтылған факторлардың қатынасы қаржылық тұрақтылыққа интегралды әсерiнiң дәрежесi ғана емес, сонымен бiрге талдауды жүргiзiп отырған кезеңдегi кәсiпорынның өмiрлiк циклы дәрежесiнен және оның менеджерi мамандылығы әсер етедi.
Тәжiрибеде көрсеткендей, кәсiпорынның жағымсыз немесе төмен жағдай көптеген жағдайлары басқарушыға байланысты, олардың iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiн бiле алмауларында.
»Сыртқы орта» терминi көптеген аспектiлерге байланысты:
шаруашылық экономикалық шарттары, қоғамда алдыңғы орындағы техника мен технология, тұтынушылардың төлем қабiлеттi сұранысы, Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржы-несиелiк саясаты және олармен қабылданатын шешiмдер, кәсiпорынның қызметiн бақылайтын заң актiлерi, қоғамдағы құндық жүйе және т.б. болып табылады. Бұл сыртқы факторлар кәсiпорынның iшiнде болып жатқан жағдайларға әсер етедi.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы, оның өнiмiне /қызметiне/ деген төлем қабiлеттi сұранысының деңгейi әсер етедi, яғни төлем қабiлеттi сұраныс үнемi нақты түсiмнiң түсуiне алып келедi. Өз алдына төлем қабiлеттi сұраныс экономиканың жағдайына, тұтынушылардың жеке және заңды тұлғалардың табыс деңгейiне және кәсiпорын өнiмiнiң бағасына қатысты.
Қаржылық тұрақтылыққа экономикалық циклдың фазасыда әсер етедi. Тоқырау кезiнде өнiмдi өткiзу және өндiру қарқыны төмендейдi. Тауарлық қорға деген инвестиция төмендейдi, бұл жағдай өнiмдi өткiзудi одан әрi төмендетедi. Экономикалық қызметтер субъектiлерiнiң табысы төмендейдi, табыстың абсолюттi және салыстырмалы масштабтары қысқарады. Мұның бәрi кәсiпорынның өтiмдiлiгiнiң төмендеуiне, олардың төлем қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне алып келедi.
Құлдырау кезiнде кәсiпорындар көп банкроттыққа ұшырайды. Құлдырауға тән төлем қабiлеттiк сұраныстың төмендеуi, тек төлемдердiң өсуiне ғана емес, сонымен қатар бәсекелестiк күреске алып келедi. Бәсекелестiк күрес кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының сыртқы факторларының бiрi болып саналады.
Қаржылық тұрақтылықтың күрделi макроэкономикалық факторларға: салықтық және несиелiк саясат, қаржылық нарықтың даму дәрежесi, сақтандыру iсi және сыртқы экономикалық қатынастардың немесе байланыстың дәрежесi, сонымен бiрге оның валюта бағамы, профсоюздiң күшi және позициясы әсер етедi.
Кез келген кәсiпорынның экономикалық және қаржылық тұрақтылығы саяси тұрақтылыққа байланысты. Бұл фактордың Қазақстандағы кәсiпкерлiк қызметтегi мағынасы зор. Мемлектеттің кәсiпкерлiк қызметке деген қатынасы, экономиканы мемлекеттiк реттеу принциптерi, меншiк қатынастары, жер реформаларының принциптерi, кәсiпкерлер мен тұтынушылар құқығын қорғау бойынша шаралар кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы қарастырған кезде маңызды роль атқарады.
Жағымсыз сыртқы факторлары ретiнде инфляция болып табылады, ол кәсiпорынның қызметiн құлдыратады немесе төмендетедi.
Осы кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына келесi әсер ететiн факторларын әрi қарай талдай келе, ендi ең негiзгi кәсiпорынның мақсаттар жүйесiн анықтайық. Өйткенi кез – келген кәсiпорын белгiлi бiр мақсатта өзiнiң қызметiн жүзеге асыру керек. Қазiргi кезең теориялары қарастыратын кәсiпорынның мынадай мақсаттарын атап көрсетедi: тiршiлiк ету; табыс алу; экономикалық өсу немесе кәсiпорынның болашақ дамуы. Қаржылық контекстте бұл мақсаттар мынаны ұсынады: қаржылық тұрақтылық /немесе тепе-теңдiк/ — кәсiпорынның өзiндiк немесе жеке шаруашылық бiрлiк ретiнде тiршiлiк етуiне қажеттi шарт; рентабельдiлiк кәсiпорынның тиiмдi қызмет етуiнiң бiрден-бiр кепiлi; экономикалық өсу. Қазiргi өтпелi кезең немесе нарықтық жағдай экономикада кәсiпорын үшiн бiрiншi екi мақсаттар жақындау болады, сонда да үшiншi мақсаттыда есепке алайық. Кесте бойынша /Кесте 2/ бұл мақсаттар мынандай көрiнiс табады.
Бұл кестеде, әр бiр мақсат өзiнiң қаржылық интерпретациясына және негiзгi критерийлерге ие. Осы көрсеткiштердiң көп бөлiгi бухгалтерлiк нысанға немесе оған жанама абсолюттi және салыстырмалы көрсеткенге келедi. Бiрақ, бухгалтерлiк нәтижелерде көрiнiс таппаған сыртқы, орта және iшкi ақпараттық фактордың әсерiн қарастыру керек /оған: кәсiпорынның құрылымы туралы мәлiмет, оның стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттары, сонымен қатар қызметкерлердiң сапалық құрамы туралы ақпарат және несие берушiлер мен мердiгерлер қарым қатынастары және т.б.жатады/.
Келесi қарастырылатын мәселе – бұл кәсiпорынның қызметiндегi қаржылық ағымдар.
Кәсiпорынның қызметi әр түрлi байланыстарды туғызады, олар кәсiпорын және сыртқы орта араларында әр түрлi уақыт кезеңдерi мен сипатталады. Бұл байланыстар қаржылық ресурс ағымы ретiнде /сыртқа шығатын шикiзаттар үшiн төлем, энергия, жұмыс күшi, iшке кiретiн тауарлар мен қызметтердi өткiзуден түскен түсiм және нақты ресурстар ағымы/ кiретiн ағымдар – шикiзат пен материалдар сатып алу, жұмыс күшi шығындары, энергия; шығатын ағымдар – тауарларды өткiзу, кәсiпорынның активтерiн сату. Осыған орай қаржылық және нақты ағымдар уақыт бойынша әр түрлi болуы мүмкiн және олар кәсiпорынның өзiнiң қаржылық операциялары нәтижесiнде пайда болған қаржылық ағымдармен толықтырыла алады. Сонымен қатар, iшке кiретiн нақты ағымдар өндiрiс процесiне жiберiледi, ал сыртқа шығатын қаржылық ағымдар бiр касса арқылы шығады /ол банктегi есеп шоты болуы мүмкiн – ең бастысы кәсiпорынның ақша қаражат қорының бар болуы/ және осы ағымдағы сәйкес келетiн запастар немесе қорлар – дайын өнiм запастары, ТМІ, негiзгi қорлар, дебиторлық және кредиторлық қарыздар, ақша қаражаттары.
Сызба 9. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары
Келесi қарастырылған мәселе, ағымның мөлшерiн немесе көлемiн және кәсiпорынның әртүрлi қызмет сатыларында олардың жылдамдығын /дәлiрек айтқанда, әртүрлi аяларда — қаржыландыру, инвестициялау, операциялық аяларда/ анықтайтын факторлар. Кәсiпорындар да қаржы қорын қалыптастыру сатысында ондай факторлар: меншiк капитал мөлшерi /акционерлiк капитал/, несие қаражаттарын тартуда несиелеу ставкасы, қарыз ресурстар мөлшерi болып табылады. Кәсiпорын қызметiн жүзеге асыру үшiн ресурстарды тарту сатысы – негiзiнен өндiрiстердiң техникалық сипатымен /негiзгi капиталдың құны және мөлшерi, айналым капиталына деген қажеттiлiк/, жеткiзушiлермен қарым — қатынас /болжамдалған шаруашылық кредиторлық қарыздың мөлшерi/, еңбек нарығының жағдайы /еңбек ақының орташа деңгейi, қызметкерлердiң мамандануы/ анықталады. Ең қиыны – бұл операциялық қызмет саиысы. Оған өндiрiстiк және өткiзу қызметi жатады. Өйткенi, мұнда тек қаржылық ағымдарды ескере қоймай, сонымен бiрге нақты ағымдарды да ескеру қажет. Мұнда негiзгi факторлар болып шығындар деңгейi, баға, өндiрiлетiн өнiм мөлшерi, сонымен қатар өткiзу мөлшерi де болады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының шарты болып, оның мынандай: ағымдағы активтерге деген қажеттiлiк төмендегенде /нөлге ұмытылу/ көрсетiледi. Бұндай жағдайда кәсiпорын өзiне керектi ақша қаражаттарына ие, яғни ағымдағы активтерге деген қажеттiлiктiң қаржыландырылуы үшiн және операциялық мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында айналым капиталын көбейту болып табылады. Ағымдағы активтерге деген қажеттiлiктiң керi мөлшерi, кәсiпорындағы бос аәша қаражаттарының көп мөлшерiн көрсетедi. Бұл тиiмсiз менеджменттiң нәтижесi болып табылады. Сондықтан, қаржылық тұрақтылықтың оптималды деңгейiне, айналым капиталын қалыптастыруда қолда бар қаражат көздерiн тиiмдi пайдалану арқылы жетедi.
Бұл бөлiмде соңғы қарастырылатын мәселе – бұл қаржылық тұраәтылықтың типтерi. Оның 4 типi бар, олар ақша қаражаттар және айналым активтерiндегi материалды бөлiмiнiң, сонымен қатар пассивтер құрылымындағы меншiктi және қарыз капиталының үлес салмақтарының қатынастарына байланысты.
Қаржылық тұрақтылықтың бiрiншi типi – меншiктi және қарыз капиталының қатынасын көрсетедi. Кәсiпорынның меншiктi капиталы қарыз қаражат мөлшерiнен аз болған жағдайда, ресурстар құрамын құрастыруда қолданылатын нақты капиталдың мөлшерi қарастырылады. Осыған байланысты кәсiпорын, ағымдағы активтердiң қажеттiлiгiн жабуда бос ақша қаражаттарының белгiлi бiр мөлшерiне ие. Айта кететiн жайт, қаржылық тұрақтылықтың бұл типi қазiргi нарық жағдайда сирек кездеседi. Осындай қаржылыққа ие кәсiпорындар тәуекелдiкке бармауды қалайды. Бұндай кәсiпорындар көп көңiлi сыртқы орта ауытқуларына әсер ететiн ағымдағы активтердi басқаруына бөледi. Олардың керi әсерi кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын нашарлатады. Қаржыландыру көздерiнiң құрамына келетiн болсақ, меншiктi және қарыз қаражаттар қатынастарын оптимизациялауды ұсынамыз /мұнда, қарыз қаражаттарды көбейту/ — бұл кәсiпорындарға меншiк қаражаттарының таза рентабелдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi және жаңа жобаларды жүзеге асыру үшiн ресурстарды босатуға мүмкiндiк бередi.
Қаржылық тұрақтылықтың екiншi типi – мұнда да қарыз қаражаттар меншiк капиталдан артық болады, бiрақ активтерде тұрақты капиталдың үлес салмағы көбiрек. Бұндай жағдайларда кәсiпорында керектi мөлшерде бос ақша қаражаттарының жоқтығы байқалады. Ағымдағы активтерге деген қажеттiлiк өскенде, оларды меншiк капиталды өсiру арқылы жаба алады /табыс, меншiк иелерiнiң қосымша жарналары, резервтiк қорлар/ немесе қарыз капитал мөлшерiн көбейту арқылы. Тұрақты активтердiң қолданылмайтын бөлiктерiн /балласты/ өткiзу немесе сату кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесiн көтеру мүмкiн. Сондықтан, қаржылық жағдайларды жақсарту үшiн келесi қадамдар жүзеге асырылады:
- негiзгi қорлар құрамындағы балласты тез арада өткiзу;
- өзiндiк рентабельдiлiктi көтеру үшiн қосымша қаражат тарту;
- активтiң айналымдылығын көтеру мақсатында айналым қаражаттар құрылымын оптимизациялау;
- дебиторлық қарызды басқаруға көп көңiл бөлу керек – ағымдағы активтiң жетiспеушiлiк жағдайында дебиторлық қарыздың өсуi кәсiпорынның қаржылық жағдайын төмендетедi.
Қаржылық тұрақтылықтың үшiншi типi – активтер құрылымының қанағаттанарлықтай мүмкiншiлiгiнiң болуы. Мұндай кәсiпорындарда айналым қаражаттарында бос аәша қаражаттар бар, тұрақты активтер тиiмдi түгелдей дерлiк қолданылуы мүмкiн, бiрақ пассив құрамындағы меншiк капиталдың мөлшерi қарыз қаражтының үлес салмағынан аз болады. Бұндай қаржылық тұрақтылық типiндегi кәсiпорындардың қаржылық тәуекел дәрежесiнiң жоғары болуымен сипатталады. Бiрақ, айналым қаражатына деген ағымдағы қажеттiлiк қандай-да бiр қиыншылықтарсыз қанағаттандырылады. Бұндай кәсiпорындарға мынадай жағдайлар ұсынылады:
- Операциялық қызметтi оптимизациялау: өндiрiстiк шығындарды қысқарту мақсатында қатаң бақлауды орнату, баға белгiлеу және маркетингтiк шараларды талдау – бұндай шаралар кәсiпорынның табыс мөлшерiн көбейтедi және оның қаржылық потенциалын да көтередi.
- Қызметтiң қаржылық аясында кәсiпорынның табысын бөлудiң пропорцияларын қарастыру, оларды – меншiк иелерi, несие берушiлер және кәсiпорын араларында бөлiнбеген табыс түрiнде бөлiнедi, ол кәсiпорынның қаржылық потенциалын құрастыруда негiз болып саналады.
Сонымен ең соңғы қаржылық тұрақтылықтың төртiншi типi – кәсiпорынның жоғарғы дәрежелi қаржылық тәуекелiмен сипатталады. Қарыз қаражаты меншiк капиталы мөлшерiнен әлде қайда көп болады. Мұндай жағдайда кәсiпорын төлем қабiлетсiз болып танылады. Осыған байланысты, кәсiпорын активтер құрамын және пассивтер құрамын оптимизациялау бойынша шаралар жүргiзу қажет:
- Негiзгi қордың құрамында »балластың» болуы тиiмсiз, сондықтан ең алдыменен тұрақты активтер құрамын әр элемент бойынша талдау жүргiзу және қолданылмайтын қорларды тез арада өткiзу немесе шығарып тастау керек;
- Айналым қаражатының құрамы да талданылуы қажет, әсiресе бұл запастар сияқты элементтерге /шикiзат, материалдар және дайын өнiм/ және дебиторлық қарызға қатысты ақша қаражатының көбеюi кәсiпорынның алған несиесi үшiн проценттердi төлеу мүмкiншiлiгi туады. Ал аяқталмаған өндiрiс деңгейi өндiрiс процессiнде техникалық және технологиялық параметрлердi реттеудi талап етедi;
- Кәсiпорынның табыс мөлшерiн көбйту үшiн операциялық қызмет бойынша бiрқатар шараларды жүргiзу керек, бұл болашақта меншiк капиталының үлес салмағын көбейтедi;
- Табысты бөлу процессiде талданылуы керек.
Қаржылық тұрақтылықты осындай типтерге жiктеу арқылы кәсiпорынның қаржылық жағдайын әр түрлi мерзiмге қандай екенiн бiлуге болады. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы төмен жағдайда төлем қабiлетсiз немесе банкрот болып саналады. Банкроттың сыртқы нышаны – ағымдағы төлемдердi тоқтату мен /яғни кәсiпорынның кредиторларының талаптарын қанағаттандыра алмауы/ сипатталады.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайының жағымсыз болуы – баланстағы активтер мен пассивтердiң өзгеруiмен сипатталады.
Кәсiпорын активiндегi дебиторлық қарыз мөлшерiнiң көлемi өскен жағдайда кәсiпорын қаржы жағдайына керi әсер етедi, яғни сатып алушылар қарыздарының көбеюi әсер етедi. Бұл кәсiпорынның коммерциялық несие саясатын дұрыс емес жүзеге асыруда немесе тұтынушылардың төлемдi кешiктiрмеуiмен сипатталады.
Кәсiпорын жағдайын бағалауда материалдық құндылықтар туралы мәлiметтердi талдау керек. Сонымен қатар, кәсiпорынның өтiмдiлiк деңгейiн бақылау қажет, яғни оның ағымдағы мiндеттемелердi орындау мүмкiншiлiгiн анықтау керек. Қосымша талдау жүргiзудiң мақсаты — өтiмдiлiктiң төмендеуi ғана емес сонымен қатар, оның күрт өсуде болып табылады.
Баланстың пассив жағында кәсiпорынның жағдайсыздығын оның мердiгерлермен және несие берушiлер алдында мiндеттемелердiң өсуiмен көрсетiледi. Қызметкерлерге, акционерлерге, қаржылық органдарға деген мiндеттемелердiң өсуi кәсiпорын жағдайсыздығының белгiлерi болып табылады.
Кәсiпорынның табысы және пайдасы шоттағы баптар мәлiметтерi жағдайсыздықты көрсетедi. Сонымен бiрге, шығынның өсуi және табыстың мөлшерiнiң төмендеуi жағдайсыздыққа алып келедi.
Қазiргi кезде экономикалық ғылымда жағдайсыздықты болдырмаудың бiрнеше әдiс – амалдарын көрсетедi. Оларға:
- несие қабiлеттiлiк индексiнiң есебi;
- формалды және формалды емес жүйелер критерийлерiн қолдану;
- төлем қабiлеттiлiк көрсеткiштерiн болжау.
Несие қабiлеттiлiк индексiнiң есебi қор биржаларында өзiнiң акцияларын сататын кәсiпорындар үшiн есептеледi. Мұндай талдауды жүргiзудiң мақсаты – кәсiпорын балансы құрылымының қанағаттанарлықтай болмауы, ал кәсiпорынның өзi төлем қабiлетсiз екендiгiне көз жеткiзу болып табылады.
Кәсiпорынның баланстық құрылымының қанағаттандырылуы деңгейiн бағалау мен талдау көрсеткiштерi негiзiнде жүзеге асырылады. Баланс құрылымының қанағаттандырылуы қарыз кәсiпорынның мүлiк жағдайын және қарыздық құқықтың мынадай жағдайымен сипатталады: активтердiң өтiмдiлiк дәрежесiнiң жетiспеушiлiгi банктер алдындағы, мердiгерлер алдындағы, несие берушiлер алдындағы мiндеттемелердi уақытында өтеудi жүзеге асыра алмайды. Бұл талдау келесi көрсеткiштердi есептеу негiзiнде анықталады:
- Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi;
- Меншiк қаражатымен қамтамасыз ету коэффициентi.
Баланс құрылымының қанағаттанарлықтай болмауын және кәсiпорынды төлем қабiлетсiз деп тану үшiн келесi шарттар орындалуы керек:
- Есептiк кезең аяғында ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi 2-ден төмен болуы керек;
- Меншiк қаражатымен қамтамасыз ету коэффициентi есептi жыл соңында 0,1-ден төмен болуы керек.
Төлем қабiлеттiлiктi қалпына келтiру коэффициентi 1-ден жоғары болса, онда кәсiпорын өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн жарты жыл арасында қалпына келтiредi немесе жақсарту мүмкiндiгi туылады.
Егер кәсiпорын шаруашылық қызметiнің негiзгi көрсеткiштерiн тұрақты өсу қадамдарын қамтамасыз етпесе, онда төлем қабiлеттiлiктi қалпына келтiруде мынадай шараларды жүзеге асыру керек:
- Жылжымайтын мүлiктiң жартысын сату;
- Жарғылық капиталды қосымша акцияны эмиссиялау арқылы көбейту;
- Айналым қаражаттарды толтыру үшiн ұзаә мерзiмдi несие алу;
- Бюджеттен және сала аралық бюджеттен тыс қорлардан мақсатты қаржыландыру.
Бұл шаралар көбiнесе қаржылық тұрақтылықты жоғарлату үшiн жүзеге асырылады. Ол үшiн запастарды қалыптастыруда негiзгi көздердiң үлес салмағын жоғарлату керек. Оған үш түрлi жолмен жетуге болады:
- “Меншiк қаражаттар көздерi көлемiнің” көбеюi, бұл жарғылық қордың өсуiне байланысты және табыс арқылы көбейтуге болады;
- Қарыз қаражаттар көлемiнiң көбеюi ұзақ және қысқа мерзiмдi банк несиенi алумен көбейедi;
- Қоймада тұрған өнiм запастарын қайта қарастыру да запастың мөлшерi көп болуы мүмкiн, бұл есесiне кредиторлық қарызға әсер етедi.
Сонымен, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы жоғары болу үшiн төлем қабiлеттiлiктi, өтiмдiлiк дәрежесiн, рентабельдiлiктi жоғарлату керек. Төлем қабiлеттiлiктi жоғарлату үшiн қаржылық мекемеден, яғни банктен алынған қысқа мерзiмдi несиенiң және оның үстiне төленетiн проценттер мөлшерiн уақытында толық өтеу тиiс. Ол үшiн кәсiпорында қолма-қол ақша қаражаттары болуы керек. Ал егер, қолма-қол ақша қаражаттары болмаған жағдайда кәсiпорын өзiнiң тез өтiмдi активтерiнiң бөлiгiн сатуы тиiс немесе қосымша қарыз қаражат тартуына болады. Осындай негiзде кәсiпорын қаржылық тұрақтылыққа жетуi мүмкiн.
Қорытынды
Кәсіпорынның ағымдағы шығындарын басқару нәтижесінде бір-бірінен айнымайтын барлық бөлімдерін қарастырып шықтық. Нәтижесінде қаржылық тұрақтылыққа жетуге болады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын екi түрлi аспектiде қарастыруға болады:
- Кәсіпорынның үздiксiз қызмет етуiне керектi өтiмдi ресурстардың жеткiлiктi болуы;
- Кәсіпорынның сыртқа шығатын және iшке кiретiн ақша ағымдарының динамикалық тепе-теңдiгi.
Кәсiпорын қызметiне әсер ететiн факторларды зерттей келе, нарықтық экономикада шаруашылық субъектiнiң қаржылық тұрақтылық факторларын былай топтастырдық: сыртқы және iшкi – олардың пайда болу көзiне қарай немесе кәсiпорында олардың пайда болуына және дамуына әсер ету мүмкiндiгiне қарай бөлу. Сыртқы факторлардың жiктелуi, факторлардың пайда болу деңгейiмен байланысты макро, мезо және микроэкономикалық деңгейлер. Топтар iшiнде жiктелу, факторлардың пайда болуымен байланысты жүзеге асырылады: әлемдiк экономикамен /жоғарғы макроэкономикалық деңгей/, мемлекеттiк саясат және реттеумен /орташа макроэкономикалық деңгей/, мемлекеттiк саясат және реттеумен /орташа макроэкономикалық деңгей/, экономикалық жүйенiң өзiмен /төменгi макро деңгей/ және салалық /немесе кез-келген белгiлi бiр нарыққа қатысты/ мезо деңгейдегi шарттармен анықталады. Микроэкономикалық деңгейде кәсiпорыннан тәуелсiз факторлар болады және қандай да бiр кәсiпорынға әсер ете алатын факторлар бар. Iшкi факторлар мынадай шарттар бойынша бөлiнедi: институционалдық және ұйымдық сипаты бойынша, және кәсiпорынның басәару аппаратына байланысты субъективтiк факторлар болады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайына әсер ететiн факторларды жүйелендiру олардың қызметiн есептеуде және бағалауда қажет болып табылады.
Қазақстандық кәсiпорынның қызметiнiң сонымен қатар, қаржылық жағдайына сыртқы ортаға мынадай факторлар әсер етедi: әсiресе мемлекеттiк саясат және экономиканың жалпы жағдайы; жеке нарықтардың қызмет ету шарттары. Осындай факторлар кәсiпорынға нашар жағынан әсер етедi.
Қаржылық талдау әдiстерiн, әсiресе олардың iшiнде абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштердi талдау әдiсiн динамикадағы кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау әдiсiн қолдануда, оларды қазақстандық кәсiпорындар үшiн түзетулер жасау керек.
Абсолюттi көрсеткiштердi талдауда есептi көрсеткiштер негiзiнде жасау керек.
Қаржыландыру көздерiнiң және активтердiң /тұрақты және ағымдағы/ үлес салмақтарының қатынастарын анықтауда /меншiктi капитал және тартылған қаражаттар/ кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының 4 типтерiнiң бiреуi анықталады. Әр типi үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген шаралар қарастырылған.
Зерттелген кәсiпорынның негiзгi проблемасы – бұл өнiмдi өткiзу болып табылады. Өйткенi, қазiргi нарықтық экономика жағдайында бәсеке қабiлеттiлiгi жоғары.
Қазақстандық экономика жағдайында кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылық жағдайына жақындау немесе жетуде активтердiң құрылымын жақсарту /яғни, тиiмсiз қолданылатын немесе мүлде қолданылмайтын/ активтердi қысқарту керек. Сыртқы қаржыландыру және қаражаттарды босатуды кәсiпорын iшкi мүмкiншiлiктерiн тиiмдi және дұрыс бағытта қолдануы керек.
Қаржылық ресурстардың сыртқа шығатын және iшке кiретiн ағымдарын жоспарлауды және бақылауды күшейту қажет. Сонымен бiрге, меншiктi айналым қаражаттарының оптималды көлемiн қалыптастыру қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости фирмы и процедуры, связанные с банкротством, М. Юнити, 1997 г.
- Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. Алматы, 1999г.
- Бобылева А.З. Финансовый менеджмент. М.; 1999 г.
- Герчикова И.Н. Финансовый менеджмент. М.; 1998 г.
- Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. М.; 2000
- Нурсейтов А.А. Нурсейтов Н.А. Финансовый менеджмент. Алматы. 2000 г.
- Стоянова Е. Финансовый менеджмент. Теория и парктика 3-е издание. М; Перспектива 1998 г.
- Тренев Н.Н. Управление финансами. М.; 2000 г.
- Финансовый менеджмент. Под ред. Золотарева В.С. М.; 1999 г.
- Финансовый менеджмент. Под ред. Поляка Г.Б. Финансы, учебник для вузов, Москва. 1997 г.
- Астахов В.П. Анализ финансовй устойчивости фирмы и процедуры, связанные с банкротством. М.; 1997 г.
- Булакбай Ж.М. Финансовая устойчивость предприятия в обеспечении стратегии стабильного развития. Алматы. Автореферат. 2002 г.
- Основы предпринимательской деятельности: Финансовый менеджмент. Под ред. Власовой В.М. М.; 1999 г.
- Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. Москва, 1999 г.
- Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.; 1999 г.
- Павлова Л.Н. Финансы предприятия. М.; 1998 г.
- Моляков Д.С., Шохин Е.И. Теория Финансов предприятий. М.; 2000 г.
- Шеремет А. Г., Сайфуллин Р.Т. Основы финансового анализа. М.; 1998 г.
- Шуляк П.Н. Финансы предприятия. М.; 2001 г.