АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстылық криминологиясы

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………..3

 

  1. Қылмыстылық криминологияның негізгі категориясы ретінде…………………………………………………………………………………….5-25
    • Қылмыстылықтың ұғымы және оның белгілері…………………..5
    • Қылмыстылықтың сандық және сапалық көрсеткіштері………………………………………………………………………….7
    • Латенттік қылмыстылық………………………………………………………15

 

  1. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары…………………….26-63
    • Қылмыстылықтың себептерінің концепциялары………………..26
    • Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі….44
    • Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының топтастырылуы………………………………………………………………………58

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………..64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………65

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он алты жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем саханасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1 бабында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген.

Бірақ “бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет”. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі демінен, оның тыныс алуынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты алаңдатады. “Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр” – деп, Елбасы бекерге айтпаған.[1]

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орын алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық-атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстық құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі – қылмыстылық.   

Құқықтық мемлекет құру барысында заң режимін құру, қылмыстылықты болдырмау, алдын алу негізгі мәселе болып табылады. Қылмыстылықты зерттеу қылмыстық құқықтық саясатты жүзеге асыру үшін керек. Криминалогиялық зерттеу бойынша жасалып жатқан қылмыстармен, статистикалық санақ жүргізетін органдардағы мәлеметтер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Жасырын қылмыстылық біздің өмірде шын орын алып отырған қылмыстар, оның құрылымы динамикасы, жекелеген қылмыс түрлерінің даму тенденциясы,келтірілген шығынның  мөлшері туралы қате мәлімет береді. Жасырын қылмыстылық қылмыстың алдын алуға байланысты таңдалған стратегиялар мен қойылған тактикаларға кері әсерін тигізеді және ресустардың дұрыс қолданылмауына алып келеді.

  Жасырын қылмыстылық жай қылмыстылық сияқты мемлекеттің экономикасының дамуына сыртқы экономикалық қатынастардың дамуына және шетел инвестициясының келуіне кері әсерін тигізеді.

Ұйымдасқан қылмыстылық қаржы экономика қатынастарының барлығын басқарып отырады, осыған байланысты жоғарғы деңгейдегі саясаткерлердің өздері мемлекет экономикасы мен қаржы саласында билей алмай бара жатқандығынын мойындайды.

Қылмысты қоғамның пайда болуы ұлттық қауіпсіздік туралы көп ойландыруға алып келіп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ КРИМИНОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ

 

1.1. Қылмыстылықтың ұғымы және оның белгілері

 

Қылмыстылықбұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова  берген болатын.[2] Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ.

Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол — қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып келтіре кеттік. Қылмыстылықәлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр түрлі болатыны аян.  Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше  адам қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ.

Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады:

  • оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі — қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.
  • тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады.
  • жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз.
  • оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде түсініксіз, себебі Адам ата — Хауа ана жаралған сәттен бастап қазақ даласында қанша қылмыс болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы қылмыстылық десек те Әлемнің түкпір-түкпірінде қанда қылмыс болғанын білмейміз.
  • оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді.
  • оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға әбден болады. Ол — қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың, көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та (антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек, қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте шындық.

Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы бағытталған сырқаты. Осы жерде қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс екендігін айта кету керек. Кері байланыс дегеніміз қандай да бір құбылыстың, процестің нәтитжесі сол құбылыстың қызмет етуіне, функциясына ықпал еткенде орын алатын байланыс түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым түрде былай түсіндіруге болады. Сөйлеп тұрған (қызмет) шешен оның тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын (нәтиже) байқайды. Олардың  ұйып тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан да әсерлі сөйлеуіне (қызметке) ықпал етеді. Немесе айнаға қараған адам шашына ақ түскендігін байқайды. Енді оның »шашым ағарып барады» деген уайымынан да шашы ағарады.

Сол сияқты қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық көрсеткіштері.

Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.

Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан Республикасында 1960 жылы — 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56 164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150 790 болған.

 

Жылдар

Қылмыс-тылық деңгейі

Жылдар

Қылмыс-тылық деңгейі

Жылдар

Қылмыс-тылық деңгейі

Жылдар

Қылмыс-тылық деңгейі

Жылдар

Қылмыс-тылық деңгейі

1960

29426

1969

52567

1978

70140

1987

98023

1996

183977

1961

43174

1970

56164

1979

73309

1988

103039

1997

165401

1962

44674

1971

54766

1980

76517

1989

135338

1998

142100

1963

43582

1972

54483

1981

81397

1990

148053

1999

139431

1964

39579

1973

55938

1982

82690

1991

173858

2000

150790

1965

38930

1974

59873

1983

99415

1992

200873

2001

152168

1966

49065

1975

61217

1984

99171

1993

206006

2002

135151

1967

49357

1976

62748

1985

103587

1994

201796

2003

118485

1968

53090

1977

61886

1986

99417

1995

183913

 

 

 

Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы анықтауға болады. Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі бола алады. Мысалға, фактіге қатысты коэффициент (Кф) былайша есептеліп шығарылады:

 

Кф =  қылмыс фактілерінің саны х 10 000 (масса)

Халық саны

Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек,

 

Кф =  206 006 х 10 000 (масса) = 121, 18

17 000 000

 

яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс жасалды, яғни

 

Кф =  135 151 х 10 000 (масса) = 96, 53

14 000 000

 

демек, 2002 жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген.

  Ал 2003 жылғы ахуал одан өзгеше:

 

Кф =  118 485 х 10 000 (масса) = 84, 63

14 000 000

 

Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002 жылы 14 млн.-ның тұруы  халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қана қылмыстылық жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін себебі — алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік асқынғандығын көрсетеді.

Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты. Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады. Мысалға,

Кт =  қылмыс жасаған тұлғалар саны х 10 000 (масса)

Халық саны

Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді.

Қылмыстылықтың құрылымы — бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де формуласы бар:

Ққ = Қт    х     100  

Қб

 

Бұл жердегі: Ққ — қылмыстылықтың құрылымы; Қт- нақты қылмыстылықтың түрі; Қб — барлық қылмыстылық саны; ал 100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш.

  Мысалға, 1999 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5% (ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы — 53% те 47%; 2002 жылы — 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы артқан. Не болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы — 2531 болса,  пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тонау, қарақшылық) — 13285, ал Есірткімен байланысты қылмыстар — 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ. Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады.

  Заңдылық, сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады.  Мысалға, төменде көрсетілген қылмыстардың соңғы

 

Қылмыстылықтың 2005 жылғы құрылымы

           
   

´çãå ºûëìûñòàð

 

 
 

Åñiðòêiìåí áàéëàíûñòû ºûëìûñòàð

 

 
   

Ïàéäàºîðëûº-çîðëûºøûë ºûëìûñòàð

 

 
 

Êiñi ¼ëòiðó ºûëìûñû

 

 
   

 

 

 

бес жылдағы үлес салмағы мен олардың өзгеруін былайша көрсетуге болады:

 

Жылдар

Кісі өлтіру

Үлес салмағы

Пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстар

Үлес салмағы

Әйел жынысты адамды зорлау қылмысы

Үлес салмағы

Барлық қылмыс саны

1998

2531

1,78%

13285

9,33%

1190

0,84%

142100

1999

2374

1,70%

13358

9,57%

1066

0,76%

139431

2000

2325

1,54%

12772

8,46%

1299

0,86%

150790

2001

2160

1,41%

10895

8,47%

1516

1%

152168

2002

1967

1,45%

11856

8,76%

1298

1%

135151

 

Қылмыстылықтың құрылымы мен құрылымының динамикасы

         
 

Ïàéäàºîðëûº-çîðëûºøûë ºûëìûñòàð

 

 

 
   

Êiñi ¼ëòiðó

 

 
 

°éåëді çîðëàó

 

 
   

 

 

Қылмыстылықтың динамикасы — белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға байланысты үш түрлі есеп түргізуге болады:

1) ағымдағы талдау — 1 жылға жүргізілетін есеп;

2) жүйелік талдау — жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;

3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.[3]

 

Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен  жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.

 Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі »+» таңбасы қойыла отырып жазылады, ал керісінше болса »-» таңбасы қойыла отырып жазылады.

Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл алынып отырады.

Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990 жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен (жалғаспалы әдіс) салыстырып шығайық.

 

 

Жылдар

Қылмыс-тылық-тың деңгейі

1990 жылмен салыстырғанда

Алдыңғы жылдар-мен салыстырғанда

1990

148053

1991

173858

+17,4%

+17,4%

1992

200873

+35,6%

+15,5%

1993

206006

+39,1%

+2,5%

1994

201796

+36,2%

-2%

1995

183913

+24,2%

-8,8%

1996

183977

+24,2%

+0,03%

1997

165401

+11,7%

-10%

1998

142100

-4%

-14%

1999

139431

-5,8%

-1,87%

2000

150790

+1,8%

+8,14%

2001

152168

+2,7%

+0,91%

2002

135151

-8,7%

-11,18%

2003

118 485

-19,9%

-12,3%

 

Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы — бір жылдың ғана емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың көрсеткіштері алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін қолдана отырып есеп жүргізіледі. Ол көрсеткіштерді қоса отырып, абсолюттік санын алуға да, не болмаса олардың орташа көрсеткішін де алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан бері қарайғы қылмыстылықтың көрсеткіштерінің әрбір он жлдығын алып көрелік.

 

 

Онжылдық-тардағы қылмысты-лық

Он жыл бойына жасалған қылмыс-тар саны

Онжылдықтағы орташа көрсеткіш

60-жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда

Алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда

Әр бір

10 000 халыққа шаққандағы коэффициент

ХХ ғ. 60-жылдары

443444

44344,4

47,2

ХХ ғ. 70-жылдары

554418

55441,8

+25

+25

43,6

ХХ ғ. 80-жылдары

978590

97859

+120

+76

62,5

ХХ ғ. 90-жылдары

1745408

174540,8

+293

+78

124,2

 

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың соңғы 40 жылдағы динамикасы

 

               
 

60-жылдар

 

 

70-жылдар

 

 

80-жылдар

 

 

90-жылдар

 

 
   

 

 

Қылмыстылықтың сыртқы сипаттамасын зерттеу оның таралуының анализінен басталады. Соның нәтижесінде мыналар анықталады: а) қылмыстылықтың деңгейі; б) қылмыстылықтың интенсивтілігі немесе қарқындылығы.

Жалпы қылмыстылықтың таралуы жылына тіркелген қылмыстардың жалпы саны бойынша немесе табылған қылмыстардың жалпы саны бойынша бекітіледі.[4]

Қылмыстылықтың сипаттамасының мотивациясы қылмыстың әр түрлі ниеті немесе тіркелген саны бойынша, яғни қылмысты жасаған тұлғасы бойынша бекітіледі.

Қылмыстылықты талдау нәтижесінде  қылмыстылықтың жалпы мыны түрлеру таралған:

А) қасақаналықпен, яғни: саяси, зорлықтық, әдейі

Б) абайсыздық қылмыстылығы

Әдебиеттерде саяси қылмыстылық идеялық-саяси мақсатта, яғни мемлекет пен биліктің конституциялық негіздеріне қасақаналық ниетте жасалады деп көрсеткен.

Зорлық қылмыстарынада күш қолдану мақсаттары көрсетілеген, яғни бұл жерде тек жай ғана белгілі бір мақсатқа жету ғана емес. Мысалы, бұзақылық қылмысы

Әдейі жасалатын қылмыстарды криминологтар жалпы қылмыстық,  экономикалық немесе шаруашылық деп бөліп қарастырады. «Қылмыстылық анализінің методикасы»  атты оқулықта көрсетілгеніндей жалпы әдейі жасалатын қылмыстар тікелей мотивтермен жасалады, яғни ол бөтен біреудің мүлігін заңсыз иелену арқылы шаруашылық байланыс және эканомикалық қатынастарға зиян келтірмей, өз қызметін пайдаланбастан жасалатын қылмыс түрі болып табылады.  Ал экономикалық және шаруашылық қылмыстар басқару, шаруашылық, өндірістік  және материалдық ресурстар қағидаларын бұза отырып жасалады, яғни қызметтік жағдайына зиян келтіре отырып жасалады. Экономикалық қылмыстарға тағыда мынандай анықтама беріледі: «экономикалық қылмыстар қызметкерлердің өз өкілеттігін пайдалана отырып, басқа біреудің меншігіне, яғни мемлекеттің, тұтынушылардың және де басқа тұлғалардың меншігіне зиян келтіре отырып жасалады»

Қылмыстық істерді зерттеген кезде ниеттердің үлкен дифференциациясы айқындалады, нақты айтатын болсақ, қылмыс жасаған тұлғаның мінезі. Бұл жерде қылмыстылық айғақтары мен тұлға маңызды болып табылады.

Қылмыстылық мотивін зерттеген кезде шиеленіс мәселелерін талдау маңызды болып табылады.

Әлеуметтік – топтық таратылым әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғам тобының өкілдерімен жасалатын қылмыстарды сипаттау арқылы көрінс табады, яғни қылмыскерлер туралы қылмытылық тәртібі туралы көрсетілгенде анықталады.

Қылмыстылықтың қоғамға қауіптілік деңгейі әр түрлі жолдармен анықталады. Қылмыстың әр түрлі деңгейіне байланысты: а) ауыр, б) маңыздылығы төмен, яғни 1 жылға дейін бас бостандығына айырылған жағдай. в) орта дәрежедегі қылмыстар. Сондықтан криминологтар Қылмыстық Кодекс ережелерін басшылыққа алады. Қылмыстық статистика ережеге сәйкес құрылады.

Егер ауыр санаттағы қылмыстың саны көбейген болса, қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі де көбейеді. Содан кейін ол тексеріледі. Осының нәтижесінде әр түрлі санаттағы ауыр қылмыстардың қатынасы нормаға сәйкес есептеледі. Немесе басқа болжам бар: ауыр қылмыстар негізінен көбейген кезден бастап тіркеледі, ал кейбіреулері тіркелмейді. Бұл жиі болмайды.

Криминологиялық зерттеулер нәтижесінде қоғамға қауіпті қылмыстың кешенді әдістерін пайдалну нәтижесінде зерттеу параметрі бағаланады.

Қылмыстылықтың ішкі сипаттамасын анализдеу нәтижесінде мыналар анықталады: тұрақтылық, белсенділік, ұйымдастырушылық.

Қылмыстылықтың тұрақтылық көрсеткіші қылмыстың қайталануынан көрініс табады. Рецидивтің жай қайталанудан айырмашылығы жаңа қылмыстың бірінші жерден табылуынан басталады.  Осының нәтижесінде криминологиялық рецидивтілік есептелінеді. Яғни тұлғаға бұдан да бұрын құқықтық шаралар қолданған және сол қылмыс қайталану үстінде.

Қылмыстылық белсенділік криминалдық профессионализммен тығыз байланыста болады. А.И.Гуров мынандай сипаттама береді:

  • тұрақтылықтырық тұрі, қылмыскерде белгілі бір арнайы білімнің қылмыстық қызметке сай болуы
  • осы тұлғаларда нақты қылмыстық мамандықтың болуы, яғни біртекті қылмыстардың жоғарылығы
  • қылмыстық қызмет осы тұлғалар үшің кіріс көзі болып есептеледі
  • белгілі бір ортамен байланысы

Криминалдық профессионализм қылмыстық бүркемешелікпен жүзеге асырылады, сондықтан қылмыскерлер  арнайы бір іске ие болады, сөйтіп ол көп эпизодты болуы мүмкін.

Бұндай қылмыстар көбінесе ашылмайды, маман қылмыскерлер рецидивистердің арасында болмайды.

Кейбір көрсетілген белгілерді статистикалық ақпаратты анықта уекзінде көрсетуге болады,  толығырақ – қылмыстық бірінші есеп карточкасы,  қылмыс материалдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сотталғандар туралы есеп.

Қылмыстылықты ұйымдастырушылық – бұл өте күрделі құрылым, қылмыс пен қылмыстылықты ұйымдастырушылық болып табылады.

Бірінші кезекте қылмыстылықты ұйымдастырушылық топтық қылмыстарды анықтау барысында анықталады, мысалы бандитизм фактісі бойынша. Бірақ іс тек топтық қылмыстарды анықтау барысында ғана емес, оның жоспарлығында, қасақаналығында, алдын – ала дайындалуында. Қылмыстық ұйымдастырушылық пен ұйымдасқан қылмысты ажырата білу керек. Қылмыстылық сипаттамасын анықтай отырып, ондағы қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білі керек. Сонымен қатар қылмыстық істі зерттеу кезінде сотталғандардан, жәбірленушілерден, басқа да тұлғалардан жауап алу қажет.

 

1.3. Латенттік қылмыстылық
Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады.  Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.

Мысал үшін неміс  ғалымы К.Майердің жүргізген зерттеуі бойынша анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт жасау 1/100; қарапайым ұрлық — 1/20; ірі мөлшердегі ұрлық — 1/8; тонау — 1/5; алаяқтық — 1/20 т.б.[5]

Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған (жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге ‘’садақа’’ деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына хабарланғанмен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған қылмыстар. Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату үшін, жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды тіркемей қою, қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз жоқ қылу т.б. Осы соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ құқық қорғаушылар күштеп төмен басады.

Кейбір авторлар үшінші бір латенттік қылмыстылықтың түрін ұсынады — ол дәлелденбей қалуына байланысты қысқартылған істер.[6] Бірақ мұнымен келісе қою қиын. Себебі бұл бәрібір зерттеледі, қылмыстылықтың жалпы картинасын анықтауға сеп болады. Латенттік қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның мәні құқық қорғау органдарына хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме хабарланған күнде де зерттеуден тыс қалғанында. Оның назардан тыс қалуы қылмыстылықтың жалпы картинасын бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде 100% қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз, алдын алуымыз, жоспар құруымыз қажет болса, латенттік қылмыстылықтың кесірінен оның бір бөлшегін ғана (мысалға 40%) зерттеп қорытынды жасаймыз. Ал бөлшек бүтіннің заңдылығын қашанда бере бермейді. Осы жерде латенттік қылмыстылықтың жағымсыз салдарын айта кетейік, ол:

  • қылмыстылықтың шын мәніндегі мөлшері, деңгейі, құрылымы, динамикасы, әкелген зияны туралы пікірді бұрмалайды;
  • қылмыстылықты болжаудың дұрыстық деңгейін төмендетеді, қылмыстылықпен күресудің бағытын анықтауда қиындық туғызады;
  • жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың болмай қоймайтындығы туралы принципті жүзеге асыруға кедергі келтіреді;
  • құқық қорғау органдарының беделін түсіреді;
  • қылмыстылықтың, әсіресе, рецидивтік қылмыстылықтың өсуіне сеп болады;
  • азаматтардың қылмыстылықпен күресудегі белсенділігін бәсеңдетеді.

Жасалып жатқан қылмыстардың бәрі бірдей мөлшерде жасырылуға қабілетті. Латенттілік деңгейіне қарай қылмыстар үшке бөлінеді:

 

Қылмыстылық пен латенттік қылмыстылық туралы иллюстрация

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);
  2. Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);
  3. Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).

 

Қылмыстардың жасырынушылық қабілетке ие болуы оларды жасаушы мен жәбірленушінің мүдделі болуы мен қылмыстардың ауырлық деңгейіне байланысты. Жалпы алғанда, қылмыстардың латенттілік деңгей мен олардың ауырлық деңгейі кері пропорционалды, яғни неғұрлым қылмыс ауыр болған сайын соғұрлым оның латенттілік деңгейі төмендейді. Қылмыс жеңіл болса, қолды бір-ақ сілтеуге де оңай және жасыруға да болады (мысалға, жеңіл жарақатқа — құлап қалдым, есікке соғып алдым деуге). Ал ауыр қылмысты жасыру да қиын, қол сілтеуге де ауыр (мысалға, кісі өлтірілсе , мүрдесі бәрібір табылады немесе ауыр дене жарақатын төсек тартып жатып, құлап қалдым деп айта алмайды). Бірақ, бұл үнемі қылмыстың ауырлығына қарап латенттілік деңгейін өлшеуге болады дегенді білдірмейлі, себебі, кейде қылмыс қанша ауыр болса да, тым жеке сипатта болуы мүмкін (мысалға, әйел зорлау), сондықтан көп хабарланбай да қалуы әбден ықтимал. Сол себепті де барлық жағдайда деп емес,  жалпы алғанда деп беріліп отыр. Ресейде 60 құқық қорғауоргандарының қызметкерлерінен сұраунама жүргізгенде олар латенттілік деңгей жалпы қылмыстылықтың 73,4%-не нұсқаған, соның ішінде, ұрлық — 68,4%, тұтынушыларды алдау — 67,8%, брокеньерлік — 72%, бұзақылық  — 38,6%, парақорлық — 95,2% деген қортындыға келген.[7]

Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу керек. Сол себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар. Солардың ішінде кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды талдау, сараптамалық баға, байқау т.б.

Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның өзгелерінен ерекшелігі — ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.

Жасырын қылмыстылық тәжірбие жүзінде зерттелу мәселесін қылмыстық-құқық саясатының негізгі қағидасын жұзеге асыруы қажет. Ең бастысы, қылмыс істеген тұлға қылмытық жауаптылықтан бұлтарпау қағидасын ретімен жүзеге асырылуы, қылмыстық істі толықтай және  жанжақты тергелуі мен шешуін  қамтамас етілуі, баламалылық пен мөлшерлес  құқық құралдарын қосынды әсерімен,дарашылдық пен әділетті жаза шығаруға қажетті жағдай.

Жасырын қылмыстылықты анықтау тәсілі тәжірбиелік түрінде ғылыми негізінде басты маңызды рөлі, жасырын қылмыстық факторын зерттелуі, оны ескертілуімен алдын алу.

Бір ғана белгісімен «белгісіздік», «анықталмаған қылмыс жасырын дейді, алдында айтып кеткен әрекеттерге қоса жасырынға «қылмыстардың жиынтығы, өкілетті құқық қорғау органдардың әрекеттерімен және сонымен бірге жеделдік мақсаттылықтың көмегімен табылған, бірақ осы органға қандай да болсын ақпарат түспеген…».

Криминологиялық қатынаста, қылмысты ашумен қатар оны есепке алу да маңызды рөл атқарады. Қылмыстық санақ бойынша жасырын қылмыстарды есепке алмау салдары дұрыс нәтиже бермейді, тәжірбиелі криминологтарды бағдарынан жаңылтады және криминологияның ары қарай дамуын қиындатып, қылмыстылықтың басқады әлеуметтік құбылыстармен байланысы бар деген тұжырым жасауды қиындатады.

Заң әдебиетінде «жасырынды, ол қылмыстық стаистикада көрсетілмеген қылмыс» деген көзқарас кездеседі, яғни бұл көзқарастың негізіне жасалған әрекеттерді қылмыстық статистикамен «есепке алмау» белгісі салынған.[8] Қылмысты есепке алғаннан кейін, оны ашу қажет, сондықтан кейбір авторлар оны әрекеттің «белгісіздігі» деген белгі деп есептейді. Шынындада қылмысты-құқықтық статистикамен есепке алынған қылмыс жасырынды деген тұжырым қате секілді. Алайда, жасырынды қылмыстылық түсінігіне заң әдебиетіндегі түсініктен кең түрде келсек, бұл тұжырымның заңдылығы, әрі негізділігі күмән туғызбайды.

Құқық қорғау қызметінің тәжірбиесінде қылмыстарды нақты есепке алу мен оны ашу, осы әрекетті жасаған тұлғаларды тиісті қылмыстық жауапкершілікке тартудың орнына, қылмысты формалды түрде есепке алу, оны ашу деректері көптеп кездеседі, сондықтан осындай жағдайларды жасырынды санатына жатқызу қажет секілді. Жасырынды қылмыстылық дегеніміз, қылмысты жасаған тұлғаның жасырындығы, оның жасаған әрекетінің жасырындығы. Бұл құбылыстың екі шегі, бір-бірін толықтырып, жасырынды қылмыстылықтың феноменін терең ашуға мүмкіндік береді.

Бұл бірлестіксіз жасырынды қылмыстылықтың толық, жан-жақты мінездемесін беру өте қиын.

«Қылмыстылық» түсінігіне қылмысты жасаған тұлғалардыда қосу қажет, өйткені құқықбұзушылардың әрекеттеріне қарағанда, ол «қылмыстылық» әлеуметтік, психологиялық және басқада нақты бір қылмыстың  әрекетін анықтайтын компонентін ауқымдайды (қоршайды), «жасырынды қылмыстылықты, қылмысты-әділет жүйесімен анықталмаған қылмыстар құрайды, сондықтан ол мемлекет, не қоғам тарапынан мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкелмейді». Айтарлықтай жағдай, «осындай қылмыстарға қылмысты-әділет жүйесі әрекетсіз, оның қарауынан тыс».

Жасырынды қылмыстылықтың бірінші тобына полиция органдарына белгілі болмаған қылмыстар жатады. Келесі тобына қылмыскері анықталмаған қылмыстар жатады. Үшінші тобын процессуалды себептермен (негіздермен) айыптау актілерін, укімдерін туғызбаған, бірақ анықталған қылмыстар құрайды. Төртінші тоб – бұл заң күшіне енген үкімі бар қылмыстар, бірақ айпталған қылмыскерлердің басқа да әрекеттері полиция органдарына белгілі болмаған және айыптау актілерінде есептелмеген қылмыстар құрайды.

Жасырынды қылмыстылықты талдау келесі үш аспектіден тұруы мүмкін: криминологиялық, криминалистік және процессуалдық. Криминалогиялық, бұл қылмыстық-құқықтық статистикада ескерілмеген қылмыстардың жиынтығы; криминалистік, бұл анықталмаған және ашылмаған қылмыстардың жиынтығы; процессуалдық, бұл өзінде қылмысты жасаудың заңды салдар туғызбайтын, қылмыстардың жиынтығы.[9]

Криминалогиялық аспектіде жасырынды қылмыстықты кең түсіндіру криминалистикалық, процессуалдық аспектілерді қамтиды. Бұл ойды түсіндіре кетейік.

Жасырынды қылмыстылықты анықтау, қылмысқа кінәлі тұлғаның жауапкершілігінің бұлтартпастық қағидасын жүзеге асыру қажеттілік тұрғысында, жасырынды қылмыстықтық құрамды құрылым элементі болып ашылмаған қылмыстар деген тұжырымына әкеледі. Сонымен қатар, жасырынды қылмыстылықтың криминологиялық аспектісі ресми ашылған қылмыстарды қамтиды. Осы жерде қылмыстың толық ашылмауы орын алады, (қылмыстық жауапкершілікке топтық қылмысқа ортақ басқада кінәлі тұлғалардың тартылмауы) бұл біздің ойымызша жасанды жасырынды қылмыстылықтың құрамды бөлігі болатын субъектілік жасырынды қылмыстылықты құрайды.

Жасырынды қылмыстылықтың криминологиялық аспектісі процессуалдықтан кең. Осы авторлардың ойынша, егерде қылмыс заңды салдар туғызса, жасырындықты процессуалдық аспектіде айтуға негіз жоқ.

Осындай жағдайда біз криминологиялық аспектіде жасырындылықты айтуымызға болады. Бұл, қылмыстық іс қозғаудан заңсыз бас тарту деректері (бұларды, заңды салдарын туғызатын қылмыстарға формалды түрде жатқызуға болады); қылмыстық істі заңсыз тоқтата тұрып, кейіннен оны қысқарту; қылмыстық істі жеткіліксіз негіздербен жабу және тағы басқа жағдайлар.

 Сонымен, жасырынды қылмыстылықтың криминологиялық аспектіде кең түсіну, криминалистік, қылмыстық- процессуалдық аспектілерді қамтиды деген тұжырымға әкеледі.

 Егерде, «олардың айтуынша», қылмыстық статистикада көрсетілмеген қылмыстарды жасырынды десек, онда қылмыстар өз орнын таппағандықтың  себебіне байланысты жасырындықтың екі деңгейіне бөлуге болады.

Бірінші денгейді өте ауыр қылмыс жиынтығына қатысты анықталған қылмыс, бірақта есеп-статистикалық құжаттарда тіркелмеген қылмыстарды  құрайды. Бұл денгейді қылмыстарды тіркеудің жеткілікті дамымауына байланысты «статистикалық» — деп атайды. Екінші денгейдің мәні «нақты» анықталмаған лауазымды қылмыстар құрайды. Белгіленген органдарда екінші денгейде жасырынды қылмыстар ақпаратының жоқ болуы, басқа органдарда бұл ақпараттың жоқ екендігін білдірмейді. Бірақ мұндай органдар осындай ақпараттарды көбіне қараусыз қалдырады.

Сондықтан, жасырындылықты қараусыз қалдырылған қылмыстар деп есептеуге болады.

Сонымен қылмыстық статистикамен жасырын әрекеттерді есепке алмау белгісі жасырынды қылмыстылықтың анықтамасының негізіне, авторлар жасалған қылмыстардың анықталғанына қарамай, оларға тұрарлық мән бермеу түсінігін қосады, яғни қылмыстарға жасанды жасырындылық білгізу.

Мұндай жасырынды қылмыстылықтың анықтамасына кейінгі кезде көптеген жақтаушылар бар.

Жасырынды қылмыстылық түсінігіне жеке оймен қарау қаралып жатқан сұраққа келесі көзқарасты туғызады. Қылмыстардың ашылуын, оларды жасаған тұлғаларды тіркеуді еспке алып шынаиы-жасырынды және жасанды-жасырынды деген екі маңызға бөлуге болады.

Шынайы-жасырындыға қылмыстық статистикада есепке алынбаған, кінәлі тұлғаларды ісдестіру барысында қылмыстарды тіркейтін органдармен мекемелердің мақтанышы болмаған, оларға заңмен белгіленген шара қолданбау қылмыстар жиынтығын жатқызуға болады. Оларды факторлардың спецификасына байланысты төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ қылмыстың жасалуын және оны жасаған құқықбұзушыны ешкім білмейтін қылмыстар құрайды. Бұл немқұрай салдарынан жасалған қылмыстар, болмаса құқықтық қатынасқа қатысушылардың біліксіздігінің салдарынан бір норманы (қылмысты-құқықтық) екінші (ізгілік-әкімшілік) нормамен  ауыстыру.

Екінші топқа қылмыстың ашылуын қаламайтын жәбірленушілердің болған қылмыс туралы хабарламауы қатынасады. Мұндай мінез-құлық уәжі әр-түрлі болуы мүмкін, мысалы зорлау болмаса жәбірленуші жаққа қылмыстық істі бейбітшілік келісімімен шешуге келістіру.

Үшінші топты қылмыстың нәтижесінде жәбірленуші жақтың болмауынан арнайы органдарға хабарламау құрайды. Сондықтан мемлекеттің немесе қоғамның мұқтажына қол сұғу, көбіне экологиялық құқықбұзушылықтардың белгісіздігі кездеседі.

Төртінші топты қылмыстың болу дерегі аз тұлғаларға анық болуы болмаса тек кінәлі тұлғаға анық болуы құрайды. Мұндай қылмыстарға бүркемелеу (жасырын) арқылы тонау, парақорлық, адамды күш қолдану белгісінсіз өлтіру болмаса оны тығу, есірткі заттарын сақтау және т.б.

Жасырын қылмыстың басқа түрі – жасанды-жасырын әрекетінің жиынтығы – қылмыс құқыққорғау органдармен пайда болады (бірақ есепке жүргізбегендігі емес), сонымен бірге есеп жұйцгізгені, бірақ ашылмаған және толық ашылмаған қылмыс. Жасанды-жасырын қылмыстың екі топтан болуы мүмкін.

Біріші топқа кіреді құққық қорғау органдармен қылмыстарды есеп жүргізбеуі, соған байланысты қылмыстық істерді қозғамаған, осы ақпаратты  басқа мекемелер білуі,кәсіпорын,ұйым. Бұлда құқық қорғау органдардыңда игілігіде болды. Бірақ соңғысы осы ақпараты қолдануға ешқандай шара қолданбайды.

Осыған байланысты «жасырын қылмыс әрекетінің көбісі еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында кездеседі, осыларды шарты жасырын деп санауға болады, осы мәліметтер, кәсіпорындарда ресми түрде құжаттарда сақталады ». Жасырын қылмыстың осы топтың сақталу себебі осы қылмысқа қарсы күресуі толықтай ұйымдаспағаны айқындалады. Осыған тағы қосатыным, қазіргі уақытта осы әрекет тек еңбек қауіпсіздігін қорғау саласындағы ғана емес, сонымен бірге басқада қылмыс түрін де көрініс табады.

Егер де ауыр қылмыс көп болып орташа ауырлықтағы қылмыс саны одан аз болса, орташы ауырлықтағы қылмыстардың латенттілігі туралы күдіктенуге болады. Мысалға, Қазақстанда 2002 жылы жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны — 69042 болса (жалпы қылмыстылықтың 51%-і), кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар саны — 66109 (жалпы қылмыстылықтың 49%-і). Өмірде де осылай болуы, яғни өмірде кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардан ауыр және аса ауыр қылмыстардың көп жасалуы мүмкін емес. Демек, 2002 жылы Қазақстан жерінде орташа және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар латентті болған.

Не болмаса, азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтермен де салыстырып құжаттарды талдауға болады, айталық ауданда ар-намысты қорлауға байланысты мың талап қойылған болса, қорлау қылмысы бойынша небәрі екі-ақ қылмыстық іс қозғалған. 

Яки бұқаралық ақпарат құралдарына да контент-талдау жүргізіп, олардағы қылмыстар туралы хабарлар саны мен оларға байланысты қозғалған істердің пропорциясын зерттеу нәтижесінде де жасырылған қылмыстардың шетін көруге болды. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабының 1-бөлігінің 4 тармағы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар қылмыстық істі қозғаудың бір себебі болып табылады.

Субьективті-латентті қылмыстар туралы қалыптасқан көзқарастар бойынша жасанды латенттік нысан бойынша таратылатыны заңгерлердің көзқарастарымен сәйкес латенттік қылмыстарды белгісіз әділсотқа жатқызуға болады, себебі бұл жерде кінәлі адамды іздеуге және де табуға ешқандай мүмкіндік болмайды, бірақ бұл туралы құқық қорғау органдарына белгілі болады.

Субьективті-латенттік қылмыстарды айқындау жасалған қылмыстар мен тіркелген қылмыстардың ара қатынасын айқандауға сай келу керектігінде. Сонымен қатар бір қылмыс бірнеше қылмыстық топ арқылы жасалуы мүмкін.

Ашылмаған қылмыстардың санының көптігі нақты қылмыскерлердің санына кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі ашылған қылмыстар мен ашылмаған қылмыстар саны статистикалық есепте көрініс таппауы мүмкін.

Тәжірибеде құқық қорғау органдары қылмысқа қатысушылардың барлығының жаза алғандығын кездестіруге болады. Соған қарамастан іс жүзіндегі есеп жүйесі бойынша іс-әрекет ашылды деп есептеледі. Бір тұлғаға кінәні таққан сәттен бастап қылмыс ішінара ашылды деп есептеледі және жасырын қылмыс деп есептеледі. Толық ашылды деп есептеледі, егер қылмысқа қатысқан барлық тұлға тиісінше жаза алған болса.

Жоғарыда көрсетілген нәтиженің барыснда мынындай қорытынды жасауға болады, латентті қылмысты белгісіз және есепте жоқ қылмыстар деп есептеледі. Көрініп тұрғандай, ол жерде субьективтік жақ бар, себебі қылмысты жасаған латентті қылмыскер бар. Сондықтан «қылмыс латенттік қатардан шығуы мүмкін егер тұлға заң жүзінде өзіне тиісті жазасын алған болса». Жасанды латенттік қылмыстық көзқарас бойынша латенттік қылмыс белгілі бір іс-әрекеттің айқындалмаған және есептелмеген, сонымен қатар іс-әрекетті жасаған тұлғаны жазасыз қалғандығы болып табылады.

Заң әдебиеттерінде табиғи-латенттік қылмыстар мен жасанды-латенттік қылмыстардан басқа «шектелген жағдай» деген түсінік қалыптасқан, бұл жерде тұлға қылмыс жасаған тұлған жолдан таюы деген мағынада айтылады.[10] «Шектелген жағдай» кезінде жәбірленуші қылмыс туралы хабарламайды, себебі ол туралы баға бере алмайды. Мұндай жағдайлар көбінесе қалта ұрлығы, адамның сау емес жағдайында жасалатын тонауы, алаяқьық, тұтынушыларды алдау және т.б.

Ғылыми және тәжірибе жоспарында «байқалмайтын латенттік» деген түсінік көрініс табады. Баайқалмайтын латенттік мына жағдайда көрініс табады, егер қылмыс кезінде тұлға өзін жәбірленушімін деп құқық қорғау органдарына хабарлайтын болса, бірақ қылмыстық құқықтың критериесі бойынша кінә тағу үшін қылмыс құрамының белгілері жоқ. Мұндай латенттік қылмыс мынандай жерлерде орын алады, мысалы есірткі заттарын пайдалану.

Көріп тұрғанымыздай «шектелген жағдай» және «байқалмайтын латенттік» түсініктері жақын болғанымен, бір-біріне сәйкес келмейді. Ал негізгі айырмашылығы іс-әрекеттің субьективтік қабылдануында болып табылады, себебі тұлғаның ары қарай өзінің алып кетуінде болып табылады.

Зерттеу нәтижесі әлеуметтік есеп жүргізгенде байқалмайтын латенттік қылмыстардың таратылғандығын көрсетіп отыр.

Қазіргі елдегі көп табиғи-жасырын қылмыстар жасанды-жасырын қылмыстарға айналуда. Бүл процесс өздігінен дертті. Бұл қазіргі кездегі қадағалаусыз, бақылаусыз, жауапсыз қалғандықтың кесірі және бұл қазіргі кезде қоғамның барлық құрылымына таралған. Бұның барлығын жасырын қылмыстылықты зерттеп, жасырын қылмыстылықтың түсінігін бергенде кедергі келтіреді.

  Біздің көзқарасымыз бойынша, жасырын қылмыстылық қылмыстық- құқықтық саясаттың негізгі принциптерінің бірі жасаған қылмыс үшін жауаптылық принципінің орындалмауына әкеп соғады.

   Ғалым криминологтардың айтуы бойынша қазір қолданып отырған қылмыспен күресу жүйесін, жоғарыда көрсетілген принциптері сатысы бойынша қолданып отырып жүзеге асыру керектігін айтады. Бірақ бұл сұрақ жасырын қылмыстылық туралы жазылған мақалаларында көпшілігінің басқа көзқараста екенін көрсетеді.

  Сонымен, жасырын қылмыстылық дегеніміз — полиция органдарымен сотпен, прокуратура органдарымен ашылмаған және қылмыстық жазалары берілмеген қылмыстар.

   Жасырын қылмыстылық заң бойынша қадағалайтын құқық қорғау органдарының бірінен жасырылған қылмыстылық, ол органдар сот, прокуратура органдары ІІ органдары, кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия.

   Құқық бұзушылықпен күресуге көмектесетін мемлекеттік органдардан бөлек қызметінің негізгі бағыты қылмыстарды ашып онымен күресу болатын арнайы органдарды бөліп көрсету керек.

Құқық қорғау органдарымен ашылған қылмыс автоматты түрде ашылған (ашық) қылмыс болып табылады деген ұғым қате болып табылады№ ондай негізсіз және заңсыз іс қозғаудан бас тарту немесе істі қысқартқан кезде болуы мүмкін. Жасанды-жасырын қылмыстылық жағынан қарасақ орын алуы мүмкін жасырын қылмыстылық саны әлде қайда көп. Өйткені бұл қылмыс анықталған кезде ол істің арғы тағдыры белгісіз, ол ашылады ма немесе қаншалықты толық ашылады.

Қылмыстық есеп, қылмыстық статистиканы жүргізетін органдардағы қызмет істейтін тұлғалардың салғырттығынан немесе немқұрайдылықпен қарайтындығынан немесе жұмыста жіберген қателігі себебінен жасалған қылмыстар қылмыстық статистикаға енгізілмей қалатын жағдайлар болады. Бұндай қате мәлеметтердің берілуі қылмыстың жағдайы мен құрылымы туралы қате түсінікке, белгілі  бір аймақтағы қылмыспен күресудегі қиындықтарға әкеп соқтырады.

Жасырын қылмыстылық қоғамдағы әлеуметтік психологиялық климатқа әсер етеді. Бұл дегеніміз азаматтардың мемлекеттік органдардың олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға деген, қоғамдық қауыпсіздікті қорғауға деген, қылмыс пен қажетті деңгейде күресуіне деген және қылмыс үшін міндетті түрде жауапкершілік туатындығына деген  сенімсіздік тудырады. Қылмыстың ашылмауы ол үшін жауапкершіліктің  туындамауы қоғамның қылмысқа үйреніп кетуін, заңдылық деңгеиінің төмендеуіне және адамдарының құқық бұзушылыққа, қылмысқа деген көзқарасының жеңілдеуіне әкеледі. Қылмыстың жазаланбауы азаматтардаң бір тобының шыдамсыздығын тудырады және жүйкесіне әсер етеді, екінші тобында әлеуметтік немқұрайдылық пен сенімсіздік жағдайын тудырады. Осы жағдайда мемлекеттің жеке қауіпсіздікке кепілдік бермеуі азаматтарда психологиялық ыңзайсыздық тудырады. Сонымен қатар жасырын қылмыстылық қоғамда әлеуметтік еліктеушіліктің нашар жақтарын тудырады. Экономикалық қылмыстар парақорлық көбіне осы қылмыстыр жасырын түрде қалуы, жазаланбауы өмірде әлі нақты позициясы, бағалықтары жоқ адамдарға кері әсер етеді. Бұндай адамдар қылмыстық әлем арқылы «жақсы өмірге» еліктей отырып алға қойған мақсатқа жету жолдарымен әдістерінің заңсыз жолмен екені туралы ойланбайды. Жасырын қылмыстылық  қылмыстық заңның беделіне де әсер етеді. Қылмыстық заңның беделінің түсінуіне қылмыстық заңның нормаларын таңдап қолданудан төмен еш нәрсе жоқ сияқты . Қазіргі кезде  құқық қорғау органдарында, құқық қолдану тәжірибиесінде баукеспе ұрылар, қылмыстық топтпрдың басшылары, ұйымдастырушылары, киллерлер, террористер қылмыстық заңмен жазаланбай қалады да, қылмыстық заңның бар жазалау күші жеңіл қылмыс жасаған адамдарға тиеді. Осыны көре отырып азаматтар » егер адам 10 000 ұрласа оны соттайды, ал банкир 10 млрд. ұрласада ол бостандықта жүретіндігіне» түсініспеушіліктерін айтады. Әлеуметтік- психологиялық  көзқарас бойынша қылмыстық заңның нормаларын таңдап қолданудан келетін зиян қылмыстық заң нормаларын қолданбағанмен тең. Осыған байланысты құқықты сақтайтын азаматтарда қылмыстық әділеттің барлық жүйесі сатылады және сатып алынады деген көзқарас туындайды. Осыдан параны алуга мумкіндігі бардың барлығы алады деген ұғым пайда болады. Жасырын қылмыстылық құқық қорғау органдарының беделіне де қаяу түсіреді. Қылмыстың көп орын алуы, жазаланбауы азаматтар алдында құқық қорғау органдарының өз қызметтерін қандай деңгейде орындап жатқандығын, профессионалдық деңгейлерін көрсетеді. Осының барлығы қоғамда құқық қорғау органдарының қызметіне деген немқұрайдылықты тудырады. Бұны әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсетеді. Жасырын қылмыстылықты зерттеу қазіргі кезде криминалогия ғылымының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, соңғы жылдары, осы мәселені зерттеуге назар көп аударылуда. Бұдан жасырын қылмыстылық мәселесі толық шешілді деп түсінуге болмайды.

   Жасырын қылмыстылық мәселесін шешу үшін оның шығу табиғатын, себебін, нысандарын, аймақтық белгілерін, сандық көрсеткіштерін анықтау керек. Жасырын қылмыстылыққа байланысты теориялық және практикалық жағынан   сұрақтарды шешу керек. Теориялық жағынан жасырын қылмыстылықты зерттеу оның нақты жағдайын, мөлшерін, құрылымын, географиясын және нақты бағасын білу үшін керек, сонымен қатар оның жекелеген түрлерінің даму тентенциясын білу үшін керек. Криминалогиялық ғылымның болжау функциясын жүзеге асыру нақты қылмыс мөлшерін білу үшін қажет. Қылмыстылықпен күресу үшін құрылатын федеративтік және аймақтық бағдарламалар егер олар бір категория, қылмыс түрлерінде жасырын қылмыстылық орын алатындығы туралы алдын-ала ескертіп отырса тиімділігі көп болатын еді.                

Қалай болған күнде де латенттік қылмыстылықты жалпы қылмыстылықтың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн.

Сонымен, жалпы қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігіне тоқтала кетсек, ол:

  • әлеуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді;
  • әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмысын бұзады (дезорганизация);
  • әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді;
  • әлеуметтік тыныштықты бұзады;
  • сенімсіздік, қорқу, үрейлену сезімін туғызады;
  • адамдардың көңіл күйіне, өміріне, жұмысына салқынын тигізеді;
  • өзінен өзі туындап отыруға қабілетті: өзгелерге »жұқтырады», тартады;
  • елеулі материалдық және өзге де ресурстық шығындар кетеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына байланысты күш жұмсауды талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ

 

2.1. Қылмыстылықтың себептерінің концепциялары

Қылмыстылықтың  себептерінің қарапайым-рационалистік концепциялары

Криминологияның пайда болуына дейін адамдар теріс (жағымсыз) құбылыстардың, сондай қылмыскерліктің себептері туралы ойлана бастаған. Қылмыскердің бойына шайтандық  күш енеді деген сияқты ескі,  ғылыми емес түсініктер  адамның табиғатын және қоғамның құрлысын  тереңірек түсіну  талпынысымен, қылмыскерлік  және оның себептері туралы  қанағаттанарық түсініктемелер  мен ауыстырылып жатады. Қылмыскерлер мен қылмыстылықтың  талданылуын  табиғи тұрғыдан қарастыратындар  мен көбіне  әлеуметтік құбылыстарды зерттеп – білу  ұстанатындар арасындағы  қайшылықтар  криминологияда  негізгі екі  мектептің  антропологиялық және әлеуметтік дамуына алғы шарттар жасады.

Олардың қылмыстылықтың  себептерінің түсініктемелері, біз байқағандай, қарама – қарсы және жиі  келіспейтіндей болды.

Оған қоса  19 ғасырда – ақ  қылмыстылықты толығырақ  зерттеп — білу себептердің  санына және әртүрлілігіне назар аударуға алып келді.

Қылмыстылыққа тек адамның жеке қасиеттері ғана емес (темперамент немесе мүдделері бір ортасы), онымен қоса, отбасылық  тәрбие жағдайлары, жақын ортасының  ерекшеліктері, білім деңгейі  мамандығы, сондай – ақ баға деңгейі, соғыстар, жұмысыздық т.б. сияқты үлкен әлеуметтік процестер әсер ететін болып шықты.

Әр түрі құбылыстар мен жағдайларды тізіп  айту ретсіздігін, кездейсоқтығын, белгілі бір біріздікке және оның үстіне жүйеге қатысы жоқтығын байқау қиын емес. Ч.Ломброзо  өзінің екінші «Қылмыс» кітабында этикалық, мәдениеттанушылық, демогрофиялық, экономикалық, педагогикалық, отбасылық, мамандық, мұрагерлік, климаттық  меторологиялық және т.б. факторларды тізіп шықты. Одан ары қарай  қылмыстылықтың  факторларының саны  геометриялық  прогрессия бойынша өсе бастады.

Мұның мәнісі неде? Қоғамдық және табиғи ортаны, оның нақты құрамдас элементтерімен қоса қылмыстық әлеуметтің қайнар көзі деп санауға бола ма? Қылмыстылықты тудыратын жағдайлардың шексіз жиынтығында  белгілі бір  ақаудың бар екендігі айқын.

Шынымен, ақау бар біреу ғана емес. Біріншіден, қылмыстылық  факторлары теориясы  негізгі мен қосымшаны, маңызды мен маңызды еместі, жетекші және оған тәуелдіні, сондай – ақ  қылмыстардың себептері  жағдайларын, оған жағдай жасайтын нәрселерді араластырып жіберді. Екіншіден айтылған, теория  жүйедегі факторларды қарастырмайды, келтірілген жағдайлардың қылмыстылыққа  әсер ету механизімін ашпайды.

Осы жетіспеушіліктердің әсерінен  әр – түрлі факторлардың  меншікті салмағын анықтауға  бағытталған және басты (негізгі) мен қосыша  факторларды орнатуға мүмкіндіктер пайда болды. Оның «салмағының» арифметикалық  санағы да жүргізілген. Бұл жүйеге келтірілмеген факторлардың  сандық мәнін анықтау нәтижесіз әрекет болып шықты. Мұндай талпыныстармен американың криминолог Р.Макайвер ирониямен жазған. Автомобиль жылдамдығы   белгілі бір шекте  карбюраторға, іске қосу жүйесіне, бензинге тәуелді дегенді бірде бір механик айтпайды. Ол қоғамға да байланысты.[11]

Бұл маманның дұрыс сөз сараптауы  қылмыстылықты тудыратын  механизімді  орнатуды білдіреді. Әр түрлі сәттілік  дәрежесінде  Э.Дюркгейм, М.Мертон, Э.Сатерленд және басқа криминологтар ізденістер жасады. Олардың көзқарасы, біздің оймызша, өмір сүруге құқылы, алайда олар әр елдегі  қылмыстылықты толығымен  түсідіре алмайды.

Криминологиялық  зерттеулер жүргізу  тәжірибелерінің  кезінде біздің елде қылмыстылық  себептерінің мәселесін  келесі жағдайларды қабылдай отырып  шешу қажет.

Қылмысты тудыратын факторлар шынаймен – ақ  көп. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде  қылмыстылықты талдау кезінде себептердің  көптігіне (салдардың көптігіне) тап боламыз. Бірақ ол себептерді бір жүйе, классификацияға келтіу керек.

Классфикациялаудың бір әдісі ретінде себептерді  әртүрлі деңгейде қарастыруды айтуға болады.Төменгі деңгей —  психологиялық   (жеке). Оларда қылмыстың жасалуына  себеп болған  психологиялық  себептер қаралады. Оның себебі – жоғарыда келтірілгендей,  жеке тұлғаны әлеуметтендірудің  жетіспеушілігі, яғни  әлеуметтік өмірдің  нормаларын толық  меңгермеу, қоршаған ортаға жағдайларға  бейімделе алмау. Өз кезегінде  біз мына сұраққа  тап боламыз. Әлеуметтендірудің жетіспеушілігі  неге байланысты?  Неге ортаға бейімделмеген адамдар  пайда болады. Мұнда біз жоғарғы деңгейі — әлеуметтік деңгейгу көтерілеміз. Біз қоғамдық жүйенің кемшіліктерін қарастырамыз, яғни қылмысты  тудыратын әлеуметтік, экономикалық, саяси және  рухани құбылыстар. Бұл құбылыстар тұлғада қылмыскердің дамуына, оның іс — әрекетіне әсер етеді.

Бұданда жоғары деңгей бар – философиялық. Онда  қоғамдық теріс құбылыстардың  себебі туралы  сұрағы туралы  жауап аламыз. Кез келген қоғамдағы  қылмыскерліктің   жалпы себебі — әлеуметтік  қайшылықтар. Мемлекеттік социолизм кезіндегі басты  қайшылық халықтың  өміріне қажеттіліктері мен әкімшілік – басқару жүйесі берген мүмкідіктерінің арқасында  қалыптасты. Капиталистік қоғамның  басты қайшылығы — өндірістің  қоғамдық қасиеті мен  еңбектің нәтижесін өзіне меншіктеп алу.

Қоғамдық қайшылықтар мәңгілік. Қоғам бар болған жерде   әрқашан  қылмыстылық та болады. Біз аурулармен күрескен сияқты, олар  объективті шығуы мен абсолютті  жоқ қылып, жеңе алмайтынымызды  білсекте, күресу қажет.

Сезімге негізделген жоғарғы этикалық идеал, адам және қоғам табиғатын түсінумен, логикалық пайымдау нәтижесінде қол жеткен болатын, осы уақытта табиғи дамыған ғылымдардың оңай жемтігіне айналды.[12] Бұл ғылымдар ішінде басты орынды биология мен антропология алатын еді. Осылардың «моральдық типографиясын» құрастырды, яғни олардың өмір сүруі, көз қарасы, мінез-құлқы, Г. А. Фрейгердің ойынша француз қоғамына қауіпті класстағылар. Г. А. Фрейгер кедейлерде қылмыскерлерден аса айырмашылығы жоқ деген пікірге келді. Осылардың қатарына ол Париж жұмыскерлерінің 8-бөлігін жатқызды. Г. А. Фрейгер осы адамдардың бойында моральдық кемшілік бар деп түсіндірді.[13]

Осы уақытта Ұлыбританияда Г. Мейхьюдың « Лондонның жұмыскерлері мен кедейлері» атты кітабы жарық көрді, онда жұмыс істеп өзін-өзі қамтамсыз ететіндер мен жұмыс істей алмайтын немесе жұмыс істегісі келмейтіндердің өмірі жайлы болды. Бұл ортадағы жағдайдың маыздылығын түсіне отырып, Г. Мейхью Г.А. Фрейгер секілді « басты фактор қылмыскердің жұмыс істеуден бас тартуы, яни ішкі моральдық кемшілігімен байланысты бас тарту» деп түсіндірді.[14]

Г.А. Фрейгердің осы сөздерін келтіре отырып, Л.Радзинович « бұл құдайшылықтан, әлеуметтік жағдайдан оқшауланған қауіпті класстар тәуелсіз категория деп санау жоғарыда отырғандардың ұятын жұбататын еді»

Сонымен «қылмыскер адам» «тәртіпті қоғамның фундаменттік заңдарын бұзатын», маңдай терімен тапқан қызметкерлердің адал ақысын жейтін моральды шығынды және қатігез адамдар деген жаңа түсінік алды.

 Қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықтың түсініктемесіне өзгеріс тарихтағы әлеуметтік бетбұрыстарға байланысты, яғни феодалдық  буржуазияның өзгеруі, дүниелік діни көзқарастың философиялық ағартушылыққа көшуі.

 Адам іс-қимылын діни теологиялық түсінумен қатар, философтар қылмыстылықты адамның еркін қимылы деп түсіндірді.

 Бұл сатыда қоғам жайлы, көзқарастар өзгереді. Қоғам ортасында « табиғи күшті, өз өмірін, жекеменшігін сыртқы күштерден қорғайтын» адам қалыптасады.[15] Жекеменшік құқығы өзінің жақсы жағдайы мен заңды мүдделерін қорғауға деген табиғи түсінік.

 Жақсылық пен жамандықтың жаңа түсініктемесі табиғаттың өзімен берілген этикалық құндылыұтардың сызбасымен белгіленеді. Мұнда жамандық, қылмыс табиғылықты , қалыптылықты бұзады. Жекеменшікке қол сұғуда қалыптылыққа қайшы іс-әрекет болып табылады. Қылмыстылықтың да қайнар көзі, жақсылықтың қайнар көзі секілді адамның бойында болады. «Құштарлық артқан сайын оны тежеп отыру үшін заңдылықты да арттыру қажет» дейді.[16]

 Өз шығармаларында итальяндық жазушы және гуманист Ч. Беккария-мемлекеттік феодал-полицейлер адамдардың іс-қимылдарын ғана қадағалауы тиіс, ал олардың жандарын тек құдай  ғана ала алады деді.[17] Заңда нақты көрсетілгендей істер қоғамға шыныменде қауіпті болған кезде ғана сотталуға жатады. Заң азаматтар үшін де басқарушылар үшін де міндетті болуы тиіс.

Қылмыстылық пен қылмыскердің тұлғасы жайлы көзқарас гуманитарлы дамыған мемлекеттер түсінігіне тән. Бұл концепция орта ғасырдағы феодалды көзқарастарға қарсы. Сонымен қатар, ғылыми талқыға өте әлсіз, абстрактілі, метафизикалық құбылыс болды. Формальдық теңдікті талап ету осы мақсатта қызмет етті.

Дегенменде тұлғаның абсолютті, абстрактілі бостандығының екінші жағы қарастрылды. Бұл қандай да болсын әлеуметтік, обьективтік, әлеутеттік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіздікке әкелді. Бұл дегеніміз тұлғалар арасындағы айырмашылықтан, жаупкершіліктен бас тартуа әкеп соқтырды.

Қылмыстылықты діни жолмен түсіндіруді жоққа шығара отырып, Беккария қылмыстылық көпшіліктің қатаң тәртіпке икемделе алмауының көрінісі деп түсіндіреді.[18] Осы тәртіпке оларды көндіру үшін жауапкершілікке тарту қажет дейді. Бұл концепция  бойынша қылмыс жасаған тұлға-қылмыстылық іс-әрекеттің нәтижесін біледі және сол арқылы қылмыс жасуға баратын обьективті факторлардан тәуелсіз, қатаң жоспарлайтын адам. Осыдан келіп барлық адамдар қылмыстық іс-әрекетке қарсы  тұра алады және бірдей қылмыстар үшін барлығыда бірдей жауапқа тартылады. Осыдан қылмыстылықтың алдын-алу үшін әділеттілік пропорциясы туындайды.

Қылмыстылықты еркін іс-әрекет ретінде түсіну обьективті заңдылыққа қол жеткізуге бөгет болды, тек қана адамдардың санасына, түсінігіне, қорқынышына үміт артуға әкелді.

Адамзатты саяси тираниядан азат ету үшін ағартушы-философтар адам еркіндігі мен санасын тек қана жаңашыл формадағы мемлекетпен ғана емес обьективті заңдылықпен де қатар қойды. Логикалық шешім абсолютті еркіндік болды. Бір абстракцияның орнына, яғни орта ғасырлық мемлекет пен құдай билігінің, өлшеусіз тартылды, адамгершілікті абстракция сезім еркіндігі қойылды.

Беккарияның айтуы бойынша зорлық, жоқшылық пен күйініштің іс-әрекеті. Қоғам тәуелсіз, ал адамдар тең. Сондықтан, жағдайын жасаған адам-капиталист. «Байлық біртіндеп адами құндылықтар мен орта ғасырлық идеалға қарсы құбылысқа айналады». Ешнәрсесі жоқ кедей «еріншек», ұрлық жасауға бейім, қоғамдық келісімді бұзуға дайын тұрады. «Барлық қылмыскерлер қоғамдық жағдайдың заңдылықтарына қол сұққаннан кейін, олар бүлікшілер мен отанын сатып кететіндерге де айналуы мүмкін».[19]

XVIғ. басында Европада әлеуметтік және экономикалық оқиға орын алды, ол шаруалардан жаппай жерді алу. Жер жағдайы өте төмендеп, жұмыс қолы азайып кетті. Шаруаларды қатаң капиталды өндірістік тәртіпке тәрбиелеу басталды.

 

Криминологиядағы әлеуметтік физиканың теориясы. Астроном және математик А.Ж.Кетле 1813ж. 9 шілдеде  Бруссельде белгия корольдігінің білім академиясының мәжілісінде баяндамамен шықты. Оның мәлімдемесінде: Біз алдын ала есептей аламыз, қаншама адамдар қолдарын өз жолдастарының қанына бұлғайтындығы, қаншама тұлғалар алаяқ болатындығы, қаншасы уландырылатындығы мұның барлығын біз алдын ала есептей аламыз қанша адам өліп, қаншасы туылатыны да белгілі болады    Біздің алдымызда есеп тур, бұл бойынша қорқынышты төлемдерді ұдайы төлейміз, біздің төлемдер түрмелер,шынжырлар және дарлар.18ғ демографиялық статистиканың дамуына  орасан зор әсер етті. Бірақта 19ғ дейін қылмыстылықтың  жүйелі статистикалық есептеулер болмады. Шынымен де 1788ж И.Бентам өзінің тұжырымдамасында, қылмыстылықтың нақты және тұрақты, заңды статистикалық есептеулер болуын айтып кеткен. Мүндай статистика, заңдарды жетілдіруге көп көмегі тигізер еді. Осы мәліметтердің арқасында саясаттың әр түрлілігінің барометрін, осы арқылы заң шығарушының қаншалықты дұрыс және пайдалы  екенін көруге болар еді. Дәл осы сияқты, адам өлімінің деңгейі, мемлекеттің денсаулығының көрсетеді, ал қылмыстылықтың  статистикасы моральдың саулық деңгейін көрсетеді. Қылмыстылықты, статистердің зерттеу барысында олар қылмыскердің  жасын, жынысын, нәсілін,білімі мен мамандығын оларды экономикалық жағдайда, жыл мерзімдерін есепке ала отырып жүргізген. Олардың келген ортақ шешімі, жыл бойғы жалпы қылмыстың саны және де нақты қылмыстардың сандық көрсеткіштері жыл сайынғы көрсеткіштерге ұқсас келген. Осындай да заңдылық нақты әлеуметтік жағдайлардағы қылмыстардың сандары ұқсас келген.

Жеке қылмыстық актілердің жыйынтығы қылмыстық құбылысты құрайтыны анықталынды. Оның жеке құрамдарына қарағанда, яғни  оны әлеуметтің бір феномені ретінде және ол тек қоғамда ғана өмір сүреді және оның жағдайы қоғамға тікелей байланысты болады.

Қылмыстың жеке бір түрінің басқа қылмыстардан айырмашылығы неде? Бұл сұраққа, бізге дейін қалай жауап берген?  Мұның жалпы мәні, әр бір болған қылмысты алсақ ол болуы немесе болмауы да мүмкін мұдай кездейсоқ оқиғалардың арқасында шешім шығаруға болмайды, бізге констатациялауға тура келеді ол «қылмыс болуы мүмкін емес оның болуы міндетті», яғни жалпы  қылмыстарды  алсақ ол қоғамның бір бөлігі болып табылады өйткені, нақты қоғамда қылмыстылықтың болуы ол табиғаттың заңдылығы.

Егер қылмыс басқа жеке бір түрімен тұрады, бір келкі болып оның өмір сүруіне бір күш әсер етеді. Қылмысты әлеуметтің бір бөлігі немесе оны әлеуметтің құбылысы ретінде тура келеді, бірақ  қылмыстың өзі жеке болмайды десе де болады.

Кетленің өзі осы шешімге келді. «Барлық болатын және болған қылмыстардың қоғамның өзі тудырады немесе оған қажетті жағдайлар тудырып отырады және қоғамның өзі қылмыскерлерді дайындап отырады, ал  қылмыскерлер тек қылмыстың заты болып табылады.Бұл бақылаулурдың барлығы бірінші көз қарасқа мәнсіз болып көрінеді, біріақ ол жұбанышты егер дұрыстап қарайтын блсақ. Бірақ осының арқасында біз қоғамымызды теріс қылықтардан емдей аламыз егер ықпал,  қоғамдық орындарды, қылықтарды, жеке тұлға білімін көтерсе болғаны».[20]

Криминалистикада бірінші рет әлеуметтік жағдайдың маңыздылығы есепке алынды,  жеке субьектілердің ерік ықтиярлығы,  әлеуметтегі қылмысқа әсерін тигізе алмайды керісінше қоғамның өзі әсер етеді.

Нақты осы кезде француз криминологы А.Лакассан өзінің атақты формуласын шығарды: «қоғам қандай болса, қылмыскерлер де соған лайықты болып келеді» Бұл сөздерін ол 1885ж  Римде болған 1ші Халықаралық антропологтар конгресінде айтып кеткен еді.

Әлеуметтік детерминизм концепциясы әлеуметтік жағдайдың парасаттылығын ескерді. Адам тарихында бірінші рет қылмыстық ойлар әлеуметтің бір жағдайы ретінде қарап бастады.

Кетленің ортақ ойы – адамның ортақ ойы белгілі бір заңдылықтарға тәуелді екендігін  көрсетті. Оның пікірінше қылмыскерге адамның жасы, жынысы, алған білімі мен жыл мезгілдері әсер ететінін айтты.

Әлеуметтік  детерминизм бағыты киминологияда өте қажетті шешімдерге келеді. Оның бірінші ойы бойынша , қылмыстылықты тудыратын, әлеуметтік жағдайларды өзгерту керек деді сол кезде ғана қылмыстылыққа әсер ете алатындығын айтты.Егер обьективті фактрлер қылмыстылықты тудыратын болса, онда қылмысқа итермелейтін эгоисттік ойлар болмаушы еді. Қылмыстылық жайында  мұндай ойлар тұрақты болып келеді. Шынында да қылмысты жасағысы келген кез келген тұлға жасайды.Қылмысты жасағысы келетін адамдар олар тәртіпсіз және эгойсттер. Бұлармен жұмыс жасап немесе оларды қорқытса, қылмыс саны азайып немесе жоғалып кетер еді.

Олардың ойлары мен ниеттері іс қимылдарына байланысты емес, олардың жасаған  қылмыстары обьективті факторларға байланысты болса, онда ешқандай қатаң жазалар мен қатал заңдар қылмыстылыққа әсерін тигізе алмайды.

Әлеуметтік детерминизм түсінігі Кетленің концепциясын тежеді. Әлеуметтік өмірді ол механика заңдылықтарымен түсіндіргісі келді.Өйткені бұл заңдылықтар кез келген заманға және дәуірге бір еді.

Нақты осы пункте қылмыстың  әлеуметтік феноменін түсіндіруде  механикалық детерменизм шектеледі, осылай гносеологиялық мінезін бөлігін көрсетеді: статистикалық корреляциясыз себеп жоқ, біра мүндай корреляциясы бар болса маңызды мінез жайлы сұраққа жауап береді. Статистикалық корреляцияны түсіндіруде, сапалы элементтің болуы бұл – дүниетанымдық қөзқарас осының арқасында зерттеушілердің түсінігі қалыптасады, бұл көзқарастар әлеуметтік ортада үлкен ықпалға ие болады.

Әрине Г. Манхейм дұрыс айтып кеткен, «Әр қоғамның мәдениетіне, моральдық, әлеуметтік, экономикалық түсініктеріне сай қылмыстар мен қылмыскерлер болады. Оның тағы қосары « қылмыс қоғамға сіңіп кеткен дерт».

Бұл қосқаны аңғарымпаз болды. Бұл келесі сыншы түсініктемелерден тұрады 1) қылмыс – қоғамдағы дерт; 2) бұл дерт болса, онда ем де болады  3) қоғам қаншалықты дертті болса да, оны емдеп алуға мүмкіндік болады.[21] Бірақ мұндай организм емдеуге жатады ма?

Механикалық детерминизм арқасында бұл сұрақтарға жауап бере алмайды. «Механикалық  материализмге сәйкес, барлық сапалы құбылыстар сандыққа ауысты; барлық психикалық құбылыстар — материалдық физиологиялық процесстерге ауысты. Адамдардың іс қимылдарының нәтижесінде табиғаттың спецификалық өнімі шығады. Редукциондық құрылғы, ең  жоғарғыдан төменге, жоғарғы адамгершіліктен оғанға дейінгіге, табиғаттың жоғарғы және төменгі бөлімдерге ауысуы, адамның рухани өнімі деп тұсінуге болады».[22] Өкінішке орай, қылмыстылық – тарихи дамып келе жатқан рухани мәдениет.

Алғашқы статистер өлі табиғаттың процестерін зерттеуде, тура ғылымның жетістіктеріне риза болды, оның материалдық жағдайына  біле өмір сүруіне  тұра ықпал етті. Сол уақыттың техникалық процессі үлкен қарқынмен өсті.

Мұндай жағдайларда дұрыс болар еді егер, тура ғылымның пайдалы әдістерін, философиялық ғылымға, ал метофизикалық ғылымды адам қоғамының рационалдық ұйымдастыру ортасына ауыстырып, олардың ешқандай заңдылықтарын өзгертпей, олардың механизмін жетілдіріп қылмыспен күресуге болады.

Осылай әлеуметтік физиканы орнатып, әлеметтік механизмді тура ғылым әдістерімен танысып оны дұрысту  — басты мәселе еді. Бірақ нәтижесі қантарлықтай болмады. Әлеметтік мәдениеттің детерминанттық ісқимылы қоғамды мәдениетсіз қылдырып көрсетті.

Құдыретті әдістер, механикалық детерминизмнің әлсіздігін көрсетті.

20 ғасыр өзімен қылмыстың көбеюін әкелді. Қылмыстылық өзінің әлпетін жаңа тұрпатқа ауыстырды. Ағылшын криминологы Л.Радзиновичтың тұжырымдауы бойынша қылмыстылық жаңа мінезге ие болды олар;  себепсіздік көбейді, жоятын әрекеттер (hooliganism  бұзақылық)   екіншіден; зорлық зомбылықтың жаңа түрінің пайда болуы. Ол бұны ашып көрсетпеген мұны жаппай қырып жоюды алып түсінуге болады. Үшіншіден, ұрлықтың жаңа түрі көбейіп кетті, соның ішінде автокөлік және бағалы заттар. Төртіншіден, анашаның рөлі жоғарылай түсті.

Бесіші түрі – «ақ жағалылар» (бизнесмендер мен корпорация директорлары т.б.). Алтыншы – орта класстағы адамдар яғни қамтамасыз етілген тұлғалар. Жетінші — қылмыскерлер статистикасында кәмелетке толмағандар қылмысы жаппай көбеюі. Сегізінші – рецидивисттерге қарағанда бірінші рет сотталып отырғандар саны арта түсті.

Бұл қылмыстылық суретіне келесі мінездемелерді қосуға болады: қаладағы қылмыстылық концентрациясы, қылмыстың ошағы болып шеткі аудандар есептеледі; қылмыстың саны онша дамымаған мемлекетке қарағанда, дамыған мемлекетте жоғары болады;

Кетленің әлеуметтік детерминизмі, болашақ механикалық, оның постулаттарың сенімсіздікке қойып, қалай қылмыстардың көбеюіне жауап бере алмады.

  1. Қоғамда, барлық механиздегі секілді, Ньютонның физикасында көрсетілгендей, себепті байланыстар бір бағытта қызмет атқарады, себепті схемасы – тергеу. Әлеуметтік шындықта, себеп пен тергеу әрдайым орындарын ауыстырып отырады.Төменгі материалдық жағдай, жоқшылық материалдық қылмыстарды көбейтеді, бірақ әлеуметтегі материалдық жағдайдың жоғары болуы, қылмысты күрделендіре түседі. Осылай талдай келе соңғы 50 жылда қылмыстық статистикада, француз психолог және криминологы Г.Тард « халықтың әл ауқаты жоғарылаған сайын, ашкөздік қылмыстар көбейіп кетті.» деді.
  2. Қоғам кез келген механизм секілді өзіне тән принцптер мен тәртіптер ден тұрады. Осымен уақыт өте адамдар жетік таныса бастайды да олардың көздері ашық және білімді болады, соның арқасында қылмыстар азая түседі. Бірақ бұл постулат та өзін ақтаған жоқ.

Буржуаздардың өркендеу дәуірі, қылмыстылықпен күресуді өте төмендетіп жіберді. Түсібеушілік пен білмеушілік арқасында Тард айтты « Қалайша! Еңбекпен қамсыздандыру мен байлықтың артуы қылмыстылық пен қылмыскерлер санын арттырады. Байлық пен еңбек арқылы адамдардың жағдайы жақсарғанның орнына мұнысы не  екенін түсінбеді. Білім беру үлкен жетістіктерге жетті. Адам мәдениетінің көтерілгендігі қайда кетті? Әлеуметтік дертке көмек ететін үш түрлі дәрі, еңбек, жалпы қанағаттану және білім – бұлардың күші ешқандай көмек ете алмады, азаюдың орнына қылмыс көбейіп кетті.»

Міне осы сұрақтар криминологтар алдында тұрды. Тард  осы заманғы қоғамды талдай отырып осы шешімге келді, кез келген коммерсант, өзінің клиентін алдаса онда ол – ұрлықшы, әр кондитер өз өніміне шарап қосса ол – улаушы және өтірікші – жалған жасаушы. Қылмыскерлер өздерінде қатысушылары да болады көбінесе олар жоғары кластағылар — бай адамдар өз пайдасы үшін пара береді, өкілетті адамдармен заңсыз келісімдер жасауға келіседі.  «Егер қылмыстылық ағашын түбімен жұлып тастаса , өның орнына үлкен шұңқыр қалар еді.[23] Ол өз шешімдерінен шошып, тез арада қылмыс дегенімізге түсінік береді- ол қоғамға қарсы белгісіз зат, ал қылмыскер – қоғамның қалдығы деді. Ол қылмысты басқа әлеуметтік құбылыстардан  әсіресе индустриядан айырмашылығын ұмытпауы керектігін айтады. Қылмыс деп ол – басқа да  әлеуметтік құбылыс секілді деді.  Тард Ломброзомен бірге ойларын айтты, қылмыскер организмінен, жаман қылмыстылық аруағын шығарса содан кейін  қылмыстылықты қоғамнан шығару керек деді.[24]

20ғ басында әлеуметтік құбылысқа жаңа түсініктемелер беру керектігі туды, соның ішінде рухани әлеуметтік мәдениетке, сонымен бірге мәдениетсіз қоғам болмайтындығын түсінді, рухани мәдениеттің арқасында қоғам бірге өмір сүреді, осыны заңдылықтарын зерттемей ешқандай құбылыстарды түсінуге болмайды, соның ішінде қылмыстық құбылыстыда. Барлық мәнісі, мәдениетті түсінуде.

 

Қылмыстылықтың себептерінің антропологиялық концепциялары

«Күңгірт желтоқсанның күнінің бір күні таңертең аяқ астынан, каторгада ұсталынушы тұтқынның бас сүйегінен атавистикалық дұрыс еместіктердің тұтат сериясын анықтадым…  ол төменгі омыртқалылардан байқалатындармен тектес еді. Бұл дұрыс еместіктерді көргенде – қараңғы  жазықтың бәрі көкжиекке дейін күннің ашық нұрына бөленгендей болып, сонымен мен үшін қылмыскерлердің пайда болу мәселесі мен үшін біржолата шешілді». – бұл сөздер XVII ғ, 70 – жылдары түрме дәрігері, итальяндық Ч. Ломброзомен айтылған. Оның ойынша, ол қылмыскер тұлғасынан алғашқы адамдар мен төменгі сатылы жануарлардың қарапйым мінез белгілерін байқады.

«Қылмыскер — өз тұлғасында алғашқы адам мен төменгі жануарлардың зұлымдық инстинктерін шығаратын атавистикалық жәндік».[25]

Оның айтуынша, қылмыскер болиайды, қылмыскерболып туады. Олар нақты түрлі физикалық белгілерді өз бойына жинаған. Туғаннан келетін индивидуалды факторлар – қылмыстың іс-әрекеттің негізгі себептері деді. Ломброзо табиғи қылмыскерге тиесілі белгілер кестесін жасады, ол белгілерді нақ сол және басқа тұлғадан физикалық белгілерді өлшеу арқылы таба отырып, табиғи немесе басқа қылмыскермен іс қаралып отырғаннын анықтауға болады деп сенді.

Бұл концепциядан Ч.Дарвиннің эволюциялық – биологиялық теориясының қылмыстылықты зерттеу аясына өткенін көру қиын емес. Шынында да, егер адам адам тәрізді маймылдан шықса, кейін алғашқы жабайлық сатысында өмір сүрсе, онда қылмыстылық пен қылмыскердің болуы атевизмнің көрінуі деп санауға болады, яғни уақыттағы жаңа, цивилизациаланғанадамдар арасындағы аяқ астында өздерінің алғашқы аталарына ұқсас адамдардың дүниеге келуі. Сонымен қатар, Дарвиннің сөздерінен мынаны байқауға болады: «Адамдар қауымындағы ең нашар бейімділіктер аяқ астында, ешбір нақты себепсіз жанұя құрамының бірінде көрінеді, сөйте тұра ол өзімен өткенге қайта оралуды көрсетуі мүмкін».[26] Бұл көзқарас өз мағынасын көпке әйгілі  қара тоқты туралы мақалдан тапқан сияқты.

Ломброзоның кестесін алғаш тексерулер ондағы қылмыскердің ерекше физикалық белгілерін анықтау миф деп көрсетті. Ломброзоның теориясы және одан шыққан қазіргі мистификациялар адамның физикалық белгілері мен организмінің сипаттамасы бір жақтан, қылмыстық әрекет – екінші жағынан бір – біріне тәуелді, яғни моральды кескінге физикалық адам құрылысы тәуелді деген нұсқаулардан шығады.

Күнделікті сана сезімде, көбіне әдебиеттерде және өзге де өнер туындыларында (аса жоғарғы деңгейде емес) шын мәнінде де ломброзолық типті қылмыскер стереотипі көптен кездесетінін көрсеткен жөн (жаман адам тұлғасы), яғни оның тұлғасы жақсылық жасаушы тұлғаның жан дүниесінің байлығына қарай басады. Алайда бұл сәйкестіктер өзінің ғылыми негізділігін нақты тапқан жоқ.

1913 жылы ағылшын криминологы С. Горинг Ломброзо зерттеуін тексерді және ол тексеруді Кембридж студенттерімен (1000адам), Оксфорд және Абердин (959 адам), әскери қызметкерлері мен коледж мұғалімдерімен (118 адам) жүргізді. Оның қорытындысы бойынша олар мен қылмыскерлер арасында айырмашылық жоқ болып шықты. Тура осындай зерттеуді және тура сондай қорытындылар 1915 жылы В.Хиле жасады.

Ломброзо тоериясы физикалық норма (дененің дұрыстығы) адамның физикалық белгілерінің объективтік нормаларының болуын растайды. Ломброзо қылмыскер үшін «монғолдық» типтің белгілерінің болуын көрді. Оның ойынша бұл белгілер «Европоид қылмыскерді тарихқа дейінгі адамға және монғолға жақындастырады» деп санады.

Анатомиялық ауытқулар аңызы кеткен соң, тағы да осыған ұқсас ағымдар пайда болды. Ол жаңа ағымдардың негізіне эндокриндік жүйе, ішкі секреция бездері немесе адамның психофизикалық конституциясын жатқызды (неміс психиатры Э.Кречмер теориясы) немесе, туғандағы жүйке жүйенің бейімділігі (экстраверттер және А.Айзенка ағылшын психиатрының психопаты) жатады.

Генетиканың дамуы алыс болашақтағы генетикалық кодтың шешуін меңземейді. Алайда өмірлік тәжірбие ғылыми базаның қылмыстылықты, заңға қайшы әрекетті биолого – анатомиялық тұлғаның белгілерімен тұлғаның тумыс белгілерімен байланыстыруға әкеледі. Мысалы: хромосомалардың ерекшеліктері.

Қылмыстылық – бұл биологиялық емес, әлеуметтік категория (басқа дәлелденбеген). Оның өзгеруі қоғам өзгеруімен байланыстылығы даусыз айғақ. Сонымен қатар биологиялық берілетін белгілердің тұрақтылығы да даусыз. Алайда екі салыстырмалының бірі ұдайы өзгеріп, екіншісі өзгермесе, онда оған себептік байланыс негізін тағу қиын. Индивидуалды мүмкіндіктер мен қасиеттер, соның ішінде тумыстары адамның генетикалық программасының ереше мінезімен байланысты және олар адам іс-әрекетінің көбіне жол ашады. Болжамдайды (мүмкін деңгейде), бірақ себеп бола алмайды.

Тумыс белгілерді қоғамға қарсы криминогендік және адамды жақсы жолға меңзейтін, көбірек құнды, аз құнды деп бөліп қарау шешімді қарсылықтар шақырады.

Генетикалық программаның тумыс ерекшеліктеріне бағалық жолдарының осындай бір түрі XYY типіндегі хромосомды жоғары криминогенді тұлғлар теориясы болып табылады.

Хромосомалардың бөлінуі кезінде оның ішінде адам жынысын анықтаушы хромосомаларды қосқанда, жаңа жасуша жасау барысында хромосомалардың толық тобын ала отырып құралатыны белгілі. X және Y хромосома  типтерінің сыбайласуы адамның жынысын анықтайды. (XX әйел ; XY-ер адам). Нақты проценттік жағдайларда бұл нормалық бөліну бүлінуі мүмкін . Осындай бүлінудің бірі (X пен Y-ке қарағанда өзге типті хромосомалардың болуы) ойлау қабілеті дамыған индивидтің тууына әкеледі. (Даун синдромы). Әрі қарай, хромосомалардың дұрыс орналасуы жаңа клеткадағы артығының болуынан, (екінші Y хромосомасы) (XYY) бұзылуы мүмкін қарапайым жағдайларда бір Y  хромосомасының болуы ер адамның жынысын көрсетеді. Осыдан XYY формулалы тұлғалардан «асаеркектік» мінез құлықтардың қосымша белгілері (өршіген агрестілік, сексуалдық т.б.) басқаша айтқанда, бұл типтегі адамдар – тумыс қылмыскерлер деген болжам шықты.

1966 жылы «Табиғат» атты ағылшын журналында криминолог П. Джекбостың баяндамасы басылды. Онда аса қауіпті, зорлық және қылмыстың бейімділігі бар швед түрмелерінің қамқорындағылар мен ойлау қабілеті дамыған ер – пациенттердің 3,5 %-і осы артық Y – хромосомасына ие болған

Осы негізде П.Джекобс «зорлауға итермелеушілік кей тұлғаларда тумыс болып, Y хромосома ретінде белгіленеді» деген пікір жасады.

Бұл пікірге қайшылық ретінде Т. Пауледж (американ генетигі) мынадай мәліметтер келтірді:

  • Жасалған зерттеулер бойынша ер адам гормоны (тестостерон) деңгейі XYY хромосомалы тұлғаларда, осы деңгейлі XY хромосомды тұлғалардан ерекшелігі жоқ, яғни көтермелі сексуалдық бұл тұлғаларда дәлелсіз;
  • Таза физикалық белгі – көтермелі бой – XYY типті хромосомалы тұлғалардың бәріне тән (өзге ауытқулар байқалмайды)
  • XYY хромосомалы тұлғалардың психологиялық айырмышылықтыры (интелект коэффициенті) басқа жабық мекемеоерде ұсталатын тұлғаларға сәйкес келеді ( XYY хромосомалы тұлғалардың бәрі түрмелерде, ауруханаларда зерттеледі)
  • XYY хромосомалықтың болуы орта есеппен мыңның біреуінен байқалады және бұл пайыз мейлінше тұрақты, жоғары бойлылықпен немесе зорлық агрессиялық қылмыстың деңгейінің төмендеуіне байланысты емес;
  • Ең маңыздысы, Даун ауруына әкелетін ауытқушылықтарға қарағанда артық XY хромосомасының болуы нақты психологиялық спецификаның ерекшеліктеріне және тұлғалардың жүріс – тұрмысына әсер етпейді.

Олардың жүріс – тұрыс нысандары (соның ішінде олардың зорлық қылмыстарын жасауы) мәні бойынша зорлаушы қылмыскердің негізі санын құраушы нормалы хромосомалы адамдар әрекеттерінен айырмашылығы жоқ.

 

Қылмыстылықтың себептері туралы негізгі теориялар. Адамзат тарихында қылмыс себептері туралы ойланбай кеткен ұрпақ жоқ. Көне адамдар сүйеніп келген көне діни кітаптардың барлығы адамзаттың атасы Адам ата мен Хауа ананың пайда болған кезеңінен бастап олардың балалары Қабыл қызғаныштан өз бауыры Абылды өлтірген. Осы проблема қандай ұрпақ буынын болса да айнылып өткен емес. Қылмыстардың себептері туралы көзқарастарды әр түрлі теориялардың маңына шоғырландыруға болады. Профессор Е.І.Қайыржановтың ізімен жүрсек, оларды биологиялық, генетикалық, психологиялық және социологиялық деп топтастыруға болады, сондай-ақ  бұдан басқа да теологиялық, астологиялық, астрономиялық т.б. теориялар бар.[27]

 

а) Биологиялық теориялар. Жоғарыда аталғандар теориялардың ішінде антропологиялық (биологиялық теорияның айқын көрінісі) зерттеулердің қоғамдық жаңғырығы да қатты шықты. Тіпті, оның атын М.Әуезовтың »Абай жолынан» қаладан келген Әбіш пен Абайдың әңгімесінен де кездестіруге болады.

Қылмыстылық мәселесі бойынша антропологиялық мектептің негізін қалаушы — австриялық френолог Галль (1758-1828) болатын (1825 ж.). Ол қылмыс жасайтын тұлғаларды үш топқа бөлді:

  • қылмыскерлер, яғни тумысынан болатын қылмыскерлер, әйтпесе олардың ішкі рухы мықты және анау-мынау үгітке көне бермейді. Олар қылмыс жасаса біреудің айтауымен емес, өз қалауымен жасайды және ішкі қасиеттерін қаласа заңмен ғана емес, одан жоғары идеалдармен сәйкестендіре алады.
  • табиғатынан жұрдай боп туғандар, яғни ішкі рухы жоқ, тек қылмысты біреулердің азғыруымен, итермелеуімен жасайды.
  • жоғарыда айтылған екеуінің арасындағы дүбара адамдар. Оларға табиғат жақсы мен жаманды қатар берген, олардың қылмыстық жолға түсуіне сыртқы ортаның үлесі зор.

Антропология ғылымының бір саласы, адамның бас сүйегінің белгілеріне қарап оның қасиеттерін анықтайтын френология ілімін насихаттауды бетке алса да Галльдің жалқаулығы мен әдебиетке шорқақтығы оның антропологиялық зерттеулердің негізін қалаушы болса да криминология тарихында нықты орын алуына кедергі келтірді. Өйткені, оның айтқан идеялары көңілге қонымды, дамытуға тұрарлық болса да әрі қарай Галльдің қолымен жалғастырылмады.

Ары қарай криминологияның тарихында антропологиялық мектептің өкілі ретінде түрме дәрігері, Турин Университетінің профессоры Чезаре Ломброзо (1835-1909ж.ж.) келді.

Ол алғашқы күндерінен бастап ‘’қылмыскер қылмыскер  боп туады’’ деп жар салды. ‘’Желтоқсанның бір түнерген күнінде мен каторжниктің бас сүйегінен төменгі сатыдағы омыртқалыларында болатын белгілерге ұқсайтын атавистік ауытқушылықтардың сериясын аңғардым. Осыншалықты айқын ауытқушылықтарға көз сала отырып маған бір сәуле қара түнекті көкжикке шейін жарыққа бөлегендей болды — мен қылмыскерлердің мәні мен пайда болуы проблемасы мен үшін шешілгенін ұғындым’’,- деп бастайды ол өзінің ‘’Қылмыстық адам туралы’’ деп аталатын көптомдық еңбегін (1871-1876ж.ж.).

Галльге қарағанда Ломброзо өз идеясына берілген, сондай-ақ өте еңбекқор адам болып шықты. Отыз жылдан аса жүргізген зерттеуінде ол он бір мыңнан аса қылмыскерді зерттеді. Тіпті, өліп қалса да атағы шыққан мыңдаған кәнігі қылмыскерлердің қабірін қазып алып сүйектерін өлшеді. Жаңадан қайтыс болған қылмыскерлердің сүйектерін өлшеп қана қоймай, ішкі органдарының салмағын өлшеп, олардың түсін де жазып алды. Францияда Париж коммунасы болғанда коммунарлардың (көтерілісшілердің) қылмыстық әрекетімен байланысты антрологиялық белгілерін анықтау үшін Париж сапарына аттанды. Осы үшін әдейі ұсталған елу коммунарды бөліп алды. Оның өз ұстанымына беріктігін мына бір әзіл әңгімеден де аңғаруға болады. Бірде анатомия пәнінен болып жатқан емтиханда ол студентке қаңқаның қол сүйегін беріп жатып мынандай тапсырмалар беріпті: мына адам тірі кезінде жынысы қандай болған? Қандай еңбек түрімен айналысқан? Қандай адамгершілік қаситтері болған? Қанша жасында қайтыс болған? Сонсоң. -дей бергенде сөзін емтихан комиссиясының төрағасы Бруно бөліп жіберіпті де ‘’Ол кісінің атын сұрауды да ұмытпаңыз’’,- деген екен.[28]

Ломброзо қылмыскерлерге ‘’Сендер арғы жануар-аталарыңның қасиетін алып туғандарыңа кінәлі емессіңдер’’ деп басу айтты, бірақ ‘’Бізді де кінәламаңдар, өйткені сендердің тұла бойларыңда баяғы жануар аталарың үнемі жаңғырып тұрады, осы кездерде тәртіптен ауытқып, қылмыс жасап бізге зақым келтірулерің мүмкін. Сондықтан, өзіміздің қауіпсіздігімізді қорғау үшін біз сендерді бостандықтарыңнан айруға мәжбүрміз’’,- деген болатын.

Ол қылмыскерлердің негізгі үш типін қалыптастырды:

  • кісі өлтіргіштер — қанталаған салқын көзді, төмен тартқан қошқар мұрында болып келеді;
  • ұрылар — көзі мен қолы сұғанақ, қысық көзді, сирек сақалды қисық мұрын;
  • зорлықшылар — жарқыл көзді, ат жақты, ерні дүрдиген нәзік денелі боп келеді.

Әрине, Ч.Ломброзоның тұжырымдары жұрттың бәріне бірдей ұнаған жоқ.

Әлемнің әр түкпірінен оған қарама қарсы зерттеулер де жүргізіліп жатты. Тіпті, кейбір оның замандастары ‘’профессордың сөзіне сенсек қылмыстылықпен күресу тіпті де оңай, өйткені адамды өлшеп, салмақтап.. дарға асса болғаны (измерить, взвесить и повесить)’’,- деп келекеледі.

Ағылшын ғалымы Ч.Горингтің басқаруымен үш мың қылмыскерлер мен қарапайым адамдар (соның ішінде студенттер де бар) зерттеліп олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін анықтады. Не болмаса, ағылшын дәрігері Н.Ист те осындай тұжырымға келді (400 адам). Не болмаса өзге ғалымдар әр жерде антропологтың айтқан сөзінің ақиқат-жалғандығана өздері көз жеткізіп жатты.

Бірақ бұл да Ломброзоның пікірлестерінің легін толастата алған жоқ болатын. Дегенмен, оның тікелей шәкірттері Энрико Фэрри (1856-1934) мен Рафаэль Гарофалло (1852-1934) (ең алғаш ‘’Криминология’’ атты еңбек жазушы) ұстаздарынан гөрі әлеуметтік факторлардың адамды қылмыскер ететіндігіне сенімді болды.

Сөйтіп, отыз жылдан аса зерттеу жүргізе келе кейіпкеріміз өз көзқарасын аздап өзгертті. Өмірінің соңғы жағына қарай жарыққа шығарған кітабында ол  бұрынғыдай ‘’қылмыскер боп тек қана туады’’ деп жар салмай қылмыскер болуға көптеген факторлар әсер етеді деп илікті. Ол он бес факторлардың тізімін көрсетті, бірақ соның біреуі ‘’тумысынан болатын қылмыскер’’ деп әуелгі идеясынан мүлде бас тартқан жоқ.

Әлбетте, Ломброзоға сүйеніп адамның ішіне емес, түсіне қарап соттауға, өлтіруге, піштіруге (ол осыны зорлықшыларға ұсынған болатын) болмас. Бірақ оның ғылымдағы еңбегін де ысырып тастауға болмайды. Сонда сырт көзге қарағанда осыншалықты бетіне лаққан идеяның қаншалықты ғылымға сіңірген үлесі бар?

Біріншіден, теріс нәтиже — ол да нәтиже. Және оны Ломброзо ешкім қайтып оралмайтындай етіп жеткіліктіден де жеткілікті дәрежеде (11 000 адам) зерттеп дәлелдеді.

Екіншіден, Ч.Ломброзоның идеясы мен жасаған еңбегі қылмыстылықтың себептері мен оның алдын алудағы ең алғашқы және ешкімге жалтақтамаған батыл қадам болды. Көптеген криминологияның пайда болуына үлес қосқан зерттеу жүмыстарына Ломброзоның сөзі мен еңбекқорлығы түрткі мен қамшы болғаны анық. Ломброзо олай демесе де криминология пайда болар еді, бірақ оның еңбегі жай ғана емес, қомақты еңбегі осы процесті бірнеше жылға жеделдеткені хақ.

Оның айтқанын ‘’теріс нәтиже’’ деп жауып қойғанмен әлі де болса антропология криминология терминінің өзінде пайда болғанын (антрополог Топинар 1879 жылы енгізді) ескертпей кетіп жүрген жоқ, авторлар биологияға (соның ішінде, антропологияға) соқпай кетіп жүрген жоқ. Мысалға, американ ғалымы Э.Хутон 1939 жылы ‘’қылмыскерлерді даму дәрежесіне қарай төменірек тұрады’’ деп мәлімдеді өз еңбегінде. Не болмаса, тіпті, неоломброзианство деген ағымның бар болуының өзі де көп нәрсені аңғартқандай.

 

ә) Генетикалық теориялар. Бұл теориялардың екі ағымы бар: бірі ‘’қылмыстық ген’’ деп аталса, келесісі ‘’артық хромосома’’ деген атқа ие.

Қылмыстық ген теориясын арнайы теория болмай тұрып-ақ та, қазақ арасында кең тараған, яғни қылмыскер гендік ақпаратын алған ата-аналарында (не одан да бұрынғы тегінде) шартты түрде ‘’қылмыстық’’ деп атауға болатын ген болады. Осы генді алған тұлғаның қылмыскер боп кету  шансы көбірек. Ол карта ойыны сияқты. Егер ойыншының қолында жақсы карталар отырса, оның ұтып кету шансы көбірек те, келесі нашар карталарды иеленіп отырған ойыншының ұтып кету мүмкндігі аз. Қылмыстық генмен туған адам да осында жақсы карталармен отырған адам тәріздес қылмыскер боп кету шансы көбірек ал қарапайым адамның ондай шансы азырақ. Бірақ жақсы картамен отырған адам да ұтылып қала алады ғой, сондықтан ол маңдайға басылған таңба емес, тек шанс қана. Немесе керісінше нашар картамен отырған дам да ұтып кетуі мүмкін, яғни қылмыстық гені жоқ адамдар да қылмыскер бола береді.

Осыған байланысты зерттеушілер ‘’егіздер әдісі’’ деп аталатын криминологиялық әдіс қолданған, яғни 249 жұп біржұмыртқадан, 264 жұп екіжұмыртқадан ұрықтанған егіздерді зерттеген. Нәтижесінде — егер де осы жұптардың біреуі қылмыс жасаған болса, 62,6 % жағдайда екінші сыңарлары қылмыс жасаған. Олардың ойынша тұқым қуалаушылық факторының ықпал ету үлесі  75-80 % те, сыртқа ортаның ықпал ету үлесі 20-25%.

Генетикалық теориялардың келесі ағымы »артық хромосама» туралы. Оның негізін қалаушы американ биологы Морган Томас Хант (1866-1945ж.ж.). Осы ағым бойынша қарапайым адамда 23 жұп, яғни 46 хромосома болатын болса, кейбір генетикалық тұрғыдан ауытқып туғандарда артық 47-ші хромосома болады.[29] Осындай адамдардың үлесі қылмыс жасамаған адамдарға қарағанда қылмыс жасағандардың ішінде 80 есе көп.

б) Психологиялық теориялар. Қылмыстылықтың себептері туралы психологиялық теориялардың да екі ағымы бар: бірі — психопатиялық ағым, келесісі — психоаналиткалық.

Психопатиялық ағымның негізін қалаушы неміс психиатры Курт Шнейдер өз еңбегінде (1923 ж.) психопаттардың он типін бөліп, оның кем дегенде жетеуі қылмыс жасауға бейім деп есептейді. Келесі бір неміс психиатры Кречмер Эрнест (1888-1964) антропологиялық көзқараспен де қабыса кететін психикалық жағынан гөрі сыртқы жағы көзге түсетін  психопаттардың төрт типін келтіреді. Ю.М.Антонянның ойынша зорлықшыл қылмыскерлердің арасында психопаттардың үлесі 30%-ті құрайды.[30]

Психоаналитикалық ағымның негізін қалаушы австриялық психолог Зигмунд Фрейд (1856-1940). Оның айтуынша адамның екі негізгі қоғаушы инстинкті бар: бірі — өзін өзі қорғау инстинкті, екіншісі — жыныстық инстинкт (либидо). Алғашқысы тіршілік иесінің өзін ғана қорғау үшін болса, соңғысы сол эволюциялық түрді қорғау үшін қажет. З.Фрейдтің өзі сананы екі деңгейге бөледі және санадан да жоғарғы нәрсені атап өтеді. Сананың астыңғы бөлігі, яғни бейсана құбылыс »ол» деп, ал сана »эго» (мен) деп аталады. Ал оларда да жоғары тұрған қоғамдық тәртіпті »Жоғары эго» деп атайды. Либидо бейсана деңгейде (ол) пайда болып,  эгоға көтеріледі. Ал либидоның жасағысы келген әрекетіне Жоғарғы эго рұқсат бермейді, осы кезде қайшылық туындайды және қайшылықтың орын алатын жері — эго.[31]

 

З.Фрейдтің психоанализі бойынша сана деңгейлері мен қоғамдық тәртіптегі инстинкттердің жүзеге асуы мен мұқтаждықтарды сублимациялау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яғни, оны қанағаттандырсаң қоғамдық тәртіпті бұзып қылмыс жасайсың, қанағаттандырмасаң сананың қызметі бұзылып аномалияға алып келеді.

Сондықтын да, автор »мұқтаждықтарды сублимациялау» жолын ұсынады, яғни келіп тұрған жағымсыз энергияны қоғамдық тәртіпке қайшы емес, қайта қоғам өзі қолпайштайтын бағыттарға, арналарға бұрып жіберу. Спортқа, көркем өнерге, ғылымға т.б. жолдарға. Мысалға, жануар инстинкті ұрып-соғуға итермелесе, онда спортпен айналыс. Аталған мұқтаждықты қылмыстық жолмен қанағаттандырсаң, түрмеге қамайтын болса, спорт арқылы қанағаттандырсаң, түрмеге қамамақ түгілі, қолпаштап, алақанға салып жүреді: чемпион боласың!

Басқаша әсірелеп айтқанда, »Ол» дегеніміз асау ат сияқты, ал »Эго» — оны үйретуші шабандоз, ал »Жоғары эго» — аттың жүруге тиісті жолы. Жабайы жылқы өз бетінше шапқысы келеді, жол жалғыз-ақ, ал адам үстінде тізгінге ие бола алмай дал болады.

Бірақ З.Фрейдтің бұл айтқандары қылмыскерлірді, әсіресе, зорлықшыл қылымскерлерді ақтап алғандай болды. Себебі, біреуді зорлап тастап, »мен емес кінәлі, бәріне »ол» кінәлі, сол мені қысталаған» деп айтуы әбден мүмкін. Осыған байланысты З.Фрейдттің де сыншылары жетіп артылады. Қарсыластары санаға бағынбайтын деп жүрген инстинкті әуел бастан тәрбиелеуге болатындығын, Фрейд либидоның күшін соншалықты арттырып көрсететіндігін айтты. Фрейдке қарсылар »жабайы жылқыны» құлыншақ кезеңінен жүгендеуді ұсынады. Фрейдтің либидосы теологиядағы »нәпсі» ұғымымен де қабысады. Сол сияқты фрейдтің Эдип комплексіне байланысты пікіріне қатысты дау да біртөбе болып келеді. »Эдип комплексі» —  фрейдизмнің негізгі ұғымдарының бірі. Оның мәнісі — әрбір балада ерте балалық шағында қарама қарсы жыныстағы ата-анасына жыныстық әуестіктен, өзінің жынысынджағы ата-анасының бірінің өлімін тілеуден тұратын бейсана сезімдердің комплексі туындайды-мыс. Бұл термин құдайлардың қалауымен өз әкесін өлтіріп, шешесі екендігін білмей оған үйленген көне грек аңызының кейіпкерімен байланысты. З.Фрейд бойынша қыздарда аңыз бойынша әкесі үшін өш алып шешесін өлтірген »Электраның комплексі» болады. Кейіннен адам өсе келе өзінің осы жыныстық әуестіктері үшін ары алдында азап шегеді. Осыдан барып, бейсана деңгейде конфликтіге алып келетін кінәлілік сезмі пайда болады-мыс.[32]

Дегенмен З.Фрейдтің ғылымға қосқан тағы бір үлесін айналып өтуге әсте болмайды — ол ең алғаш рет ғылымға, соның ішінде психология ғылымына бейсана құбылысты енгізуі. Бейсана құбылыстарды зерттеу криминология үшін де өз пайдасын тигізеді.

 

в) Социологиялық теориялар негізінен ХҮІІІ — ХІХ ғ.ғ. аралығында қалыптасты.

Утопиялық социализмнің негізін қалаушылар Томас Мор (1478-1535) біреулердің кедейшілігі мен екіншілердің паразиттік өмірінің қылмыстылықпен бірлікте екендігін атаса, Томазо Кампанелла (1568-1639) да осы текте көзқараста болып қоғамды ‘’әділдік пен теңдік’’ принципіне сүйеніп қайта құрмаса, ештеңе өзгермейтіндігіне меңгейді. Ж.П.Марат (1743-1793), А.Н.Радищевтер (1749-1802) қылмыстылықтың себептеріне адамды адамның қанауынан, қоғамдық құрылыстан көреді.

Социал-утпоистер Сен-Симон (1760-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Роберт Оуен (1771-1858) — жеке меншіктің пайда болуы мен әділетсіздікті қылмыстылықтың негізгі себебі деп біледі.

Неміс криминалисті Ф.Лист (1851-1919) тек қана эконмомикалық факторлар ғана емес, қылмыстылыққа соғыс, алкоголизм, кейбір дәстүрлер, әдет ғұрыптар, жезөкшелік, кейбір тәрбие кемістіктері де үлес қосатынына назар аударды.

К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) таптар арасындағы күрес, кедейшілік және осының шиеленісуі нәтижесінде туындайтын антогонистік көзқарасты қылмыстылықтың себептеріне саяды. Осы идеяларды әрі қарай жалғаушы болғанмен де В.Лениннің (1870-1924) өзіндік ‘’тума дақтар’’ (родимые пятна) теориясы да бар, яғни тума дақтар адам денесінде емес, санасында. Қанша жаңа қоғамдық қатынастарға икемделем десе де адам бұрынғы феодализм немесе капитализм кезінде қалыптастырған көзқарастары мен мінез-құлқынан арыла алмай қалады..

Француз социологы және философы Э.Дюркгеймнің (1858-1917)- ‘’аномия’’ теориясына сәйкес ‘’Әуелгі құдайлар өліп, кейінгі құдайлар тумаған кезде’’ аномия болады да қоғамды біріктіріп тұрған идеялар, нормалар бұзылады, біріккен топтар ыдырай бастайды, өйткені адамның ішкі рухы нық емес. Мысалға, осындай күйді біздің қоғамымыз өмір бойы коммунизмге жетеміз деп ұрандап келіп, бір-ақ сәтте оның ‘’өліп’’ қалғанын көргенде, қоғам енді қай ‘’құдайға’’ табынарын білмегенде болды десе болады.

Осы теорияның американдық нұсқасын жасаушы — Р.Мертон мұндай кезде адамның не қоғамға қарсы бүлік жасайтынын, не өзі өмірден кететінін (өзіне қол салатындығын) айтады..

Американ ғалымы Эдвин Сатерланд (1883-1950) ‘’дифференцияциялық байланыс’’ теориясын қалыптастырды. Оған сәйкес қылмыс — қылмыстық тәртіпке үйретудің нәтижесі: заңды сақтағаннан гөрі заңды бұзғандағы бағалау жоғары болғанда орын алады. Мысалға, бәрі қылмыскер болып кетпесе де мектептегі ауытқып кететін мінез-құлықты қалыптастыруға да осындай көзқарас әсер етеді. Айталық, оқушы 8-сыныпқа шейін үздік оқып келеді, бірақ ‘’өтпелі кезең’’ уақытында онсыз да оның үздік мінез-құлқына үйренген сыныптастары қоршаған ортасы бәлендей назар аудара қоймайды. Ал осы кезеңде оның өз орнын анықтауға деген ұмтылыс айқын аңғарылады. Сөйте келе ол сабақты арасында ғана оқып келуге әуестенеді, не болмаса, екі сыныптың немесе мектептің ұлдары шекісіп қалғанда ‘’талповой’’ төбелесті бастап кеп жібереді. Ал келесі күні оның құрдастардың арасында ‘’крассавчик’’ екендігі  туралы сөз тарайда және ондай бағалау бұған ұнай түседі. Не болмаса сыныпта кейкілжіңге келген мұғалімді тыңдамай, далаға рұқсатсыз шығып кетеді: ‘’крассавчик’’.

Тағы бір американдық болып аталатын социологиялық теорияның бірі ‘’субмәдениет’’ теориясы. Қоғамдағы өмір сүретін жекелеген топтардың да мәдени қалыптасқан байланыстары, құндылық иерархиясы бар. Олар қоғамдағы мәдениеттен айырмашылығы да болуы мүмкін. Ондай кезде қалыптасқан құндылықтарды қабылдамай, өз топтарының құндылығын (иерархиясымен қоса) мойындайды. Нағыз ‘’байкердің’’ немесе ‘’рэпердің’’ образы, шайка мүшесінің бейнесі, ‘’вор в законе’’ бейнесі т.б. қоғам мүшелерне, әсіресе, жасөспірімдерге ықпал етпей қоймайды.  Осы аталған теория кеңес мемлекеттерінде пайда боп, өрістеген ‘’референттік топтар’’ теориясымен жанасады. Адам қоғамды өмір сүру барысында бірнеше топқа мүше болады, бірақ олардың маңызы ол үшін бірдей емес. Тұлға онымен тығыз байланыста екенін сезініп, өз мінез-құлқын бағалауға келгенде қай топтың көзқарасымен салыстыратын немесе келістіретін болса, сол референттік топ болып табылады. Оның ақпараттық, нормативтік және құндылық-бағалаушылық функциялары бар. Қоғам мүшелері тек дамыған, үлгі боларлықтай топтарға ғана емес, сонымен қоса, артта қалған, қоғамға қарсы топтарға да еліктейді, онымен снасады, оны үлгі тұтады. Референттік топтар тек қана нақты өмір сүретін емес, абстрактілік идея да бола алады.

 

 

2.2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі

Себепті қылмыстылық ұғымы

Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселе криминология ғылымының ең күрделі мәселелерінің бірі. Ол мәселе тек ғылымды ғана емес, әртүрлі ғасырлардағы ойшылдар мен мемлекет қайраткерлерін де қызықтырған. Олар тынбастан, бірқатар күрделі және өзара байланысты сұрақтарға жауап іздеген.  Алайда, қылмыстылықтың себептерін анықтамастан бұрын, себептілік санатының түсінігін анықтау қажет. Бұл белгілі мөлшерде мәселенің философиялық жағына жатады.

Детерминация – латынның denermіnare (анықтау, айқындау) деген сөзінен шыққан. Яғни детерминация – ол айқындау, анықтау процесі.[33] Дүниедегі барлық құбылыстар, бір-біріне тәуелді: бір құбылыстың пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды.

Себептілік — бұл заттар мен құбылыстардың арасындағы көптеген байланыс түрлерінің бірі (30-ға жуық түрі белгілі). Бұл байланыс өндіруші немесе генетикалық байланыс болып табылады, яғни нақты бір құбылыстың, процестің пайда болуын анықтайтын байланыс. Себептілік жөнінде айтқанда ”себеп және салдар”  деген түсініктер қолданылады. Сондықтан, себептіліктің мәні — салдарды жүзеге асыру деп есептейді.[34]

Себептілік өзге көптеген байланыс түрлерінен өзгеше. Себеп байланыстардың ерекшеліктері келесі мәселелерге байланысты:

Біріншіден, себеп салдарды туғызады. Жағдайлар өздігінен салдарды туғызуға қабілетті болмағанмен, себеп болу үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Олар, тек себеп бола бастағанда ғана қылмысты жасау мүмкіндігін ақиқатқа айналдырады. Қылмыстың куәларының енжар көзқарасы — қылмыстың себебі емес, қылмыстың нәтижесіне табысты түрде жету шарты болып есептелінеді.

Себептердің әрекет ету аясы — бұл ниет пен мақсаттың құрылуы және оған жету құрамдарын анықтау жөнінде сөз болғанда, ең алдымен ол ниеттену және шешім шығару кезеңі болып табылады.

Екіншіден, себеп пен салдар белгілі бір  уақытта кезектесіп отырады. Уақыт аралығы өте қысқа болса да, уақыты бойынша себеп әрқашан салдардың алдында жүреді.

Үшіншіден, салдар себептің себебі болуы мүмкін емес.

Төртіншіден, себеп пен салдардың арасында біркелкі қатынас бар: бірдей жағдайдағы әрекеттер әркезде бірдей салдарды туғызады. Егер бірдей жағдайларда себеп деп танылған ахуал бір кезеңде қылмыстық іс-әрекетті туғызып, ал өзге кезеңде туғызбаса, ол қылмыспен себепті байланыста болмайды.

Бесіншіден, себепті салдарға қосуға болмайды. Салдар себепті қайталамайды. Ол — объектінің өзгеруінің нәтижесі.

Жалпы алғанда, өз әрекеттерімен қылмыстылықты туғызатын белсенді күштерді қылмыстылықтың себептері деп есептеуге болады. Ал субъектіде қылмысты жасауға қызығушылық пен ниетті туғызатын белсенді күшті –нақты бір қылмыстың себептері деп есептеуге болады.

Сонымен, дүниеде себепсіз салдар болмайтындығы ақиқатты нәрсе. Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені керек. Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын салдар туындау ықтималдығы да арта береді.  Ықтималдықтың ең шарықтау шегі қажеттілік болып табылады. Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселе — криминология ғылымының орталық және жоғарыда айтып кеткеніміздей, күрделі мәселелерінің бірі. Қылмыстылық және қылмыскердің қылмыстық іс-әрекеті жөніндегі әртүрлі тарихи ілімдердің жиынтығын сынай отырып зерттеу, криминологияның тұрақты дәстүрлерінің бірі болып табылады. Бұл дәстүр құбылыстардың мәнін ұғынуға деген құлшынысты білдіреді және қылмысқа тиімді әсер ету үшін қылмыстылықтың заңдылықтарын ашуға ұмтылыстан пайда болған.

Қылмыстылық пен өзге де әлеуметтік патологиялардың себептілік шарттылығымен зерттеудің туынды әдістемелік алғы шарты — кез-келген процестің даму көзіне қарама-қайшылық жататындығы болып табылады.[35] Қылмыстылықтың себептері де әлеуметтік құбылыс ретінде, қоғамдық дамудың қарама-қайшылығында  жатқандығы түсінікті. Осыдан кейін, біздің ойымызша, қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын әлеуметтік қарама-қайшылықтарды таңдай отырып, қылмыстылық жөніндегі статистикалық деректерге және криминогендік жағдайларға сүйене отырып, өтпелі кезеңнен нарықтық қатынастардың құрылу күрделілігін, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформалардың қателіктері мен келеңсіздіктерін ескере отырып ашқан абзал.

Сонымен қатар, нақты жағдайда болатын қылмыстылықтың негізгі басты себебінің болмайтындығын есепке алуымыз қажет.

Криминология оқулығының авторлары жазып көрсеткендей  “қылмыстылықтың барлық заманға, барлық халықтарға тән бірыңғай бейнесі болмайды”.

Сондықтан, себептердің сан қырлы бір каталогын жасап шығаратынымызға сенудің қажеті жоқ.

Қылмыстылықтың себептеріне қатысты әртүрлі көзқарастарды қысқаша талдай отырып, неғұрлым жалпылама қорытынды ретінде мыналарды атауымыз керек.

Кез-келген құбылыс әрқилы. Ол — мыңдаған байланыстар мен мыңдаған өзара байланыстардың түйіні. Қылмыстылықта да ол өзгеше емес нақ сол түйін. Оның үстіне, олар — ең күрделі құбылыстар.

Мұны мойындау оларды жан-жақты түсіндірудің мүмкіндігі мен қажеттілігін алға тартады, сондықтан, жалпы алғанда, соның төңірегіндегі барлық ұсыныстар өміршең болуға құқылы.

Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселені жан-жақты зерттеуге болады. Біздің міндетіміз, әртүрлі мән-жайлардың барлық көлемінің әрқайсысына орын бере отырып, олардың күрделі пирамидасын – салмағы, түрі және әрекет ету күшіне сәйкес құрастыру. 

Себептің  “жеке бір”  құбылысқа қатысты ғана шешуші маңызы бар екенін ескеруіміз  қажет. Сондықтан себептің барынша айқын анықтамасы жеке қылмыстық іс-әрекетке қатысты шығарылуы керек.

Криминологиялық әдебиеттерде, қылмыстылықты туғызатын неғұрлым кең тараған немесе үйреншікті жағдайлары жөніндегі деректер келтірілген. Алайда, мойындау керек, өздерінің әртүрлі жиынтығында және көрінісінде аталған жағдайлар әртүрлы қылмыстылықты туғызуы мүмкін, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін әртүрлі анықтауы мүмкін.

Сондықтан, қылмыстылықпен күрсеуді ұйымдастыру үшін тек қана қайсыбір жағдайлардың қылмысты әрекетпен байланысын анықтау ғана емес, сол байланыстың сипатын анықтау да маңызды.

Нақты қандай тұрғыда, қандай мән-жайлармен біріге отырып белгілі бір жағдай қылмыстық іс-әректті тудырады. осының өзі нақты жағдайларды, орны мен уақытын есепке ала отырып,  нақты алдын алу шараларын ойлап табуға жол береді.

Осылайша, себепті байланыс дегеніміз — бұл заңда өзара байланыстардың ерекше түрі, мұнда құбылыстың пайда болуы айқындалады. Алайда, бұл процестің іздестіруші факторларына себептер де, жағдайлар да жатады.

Жоғарыда  айтылғандай, қылмыс, қылмыстылықтың  себептері – криминологияның басты мәселесі. Бұл бірнеше ғасырлар бойы  ғалымдар мен жазушыларды, философтар мен заңгерлерді, мамандар мен оқырмандарды қызықтырды. Бұл мәселемен айналысқандар  істі анықай (түсіндіре) алатын бір – бірімен тығыз байланысты  сұрақтарға жауап беруге тырысты. Оларды ең бастысы – қылмыстардың жасалу себебі. Дәлірек айтсақ: ол қылмыскердің тұлғасына немесе ортаға тәуелді ме? Егер тұлғадан болса, онда неге қылмысты  әр түрлі жастағы, түлі білімі, тәрбиесі, темпераменті  және өмір сүру салты бар адамдар жасайды.

Бұл сұрақтарды жалғастыра отырып  тереңдете  беруге де болады, мысалы:  Қылмысқа бейімділік атадан балаға беріледі ме? Егер солай болса,  заңға қарсы әрекет жасаған  адам  кінәлі ме:  Бейімділік  атадан берілсе,онда ішкі факторлар қылмысқа итереді? Ал жалпы,қылмыскерлік мәңгілік пе? Қылмысты алдын алу хабардар  етуге бола ма? Түзелмейтін қылмыскерлер бар ма?

 Бұл сұрақтар тізбегі криминологтардың  ойында жүреді. Әл сұраққа қатысты позицияны анықтау, қылмыстың себептеріне келіп тіреледі.

Бұл мәселеге толығырақ тоқталу үшін себептілік туралы бірнеше ескерту жасау қажет. Сәбептілік – себеп салдарлы туғызатын екі немесе бірнеше құбылыстардың бір-біріне тәуелділігі, обьективті байланысы. Себепті байланыс – біздің ойымыздың (санамыздың) жемісі емес, табиғат пен қоғамның нақты заңдылығы.[36]

 Қоғамдық өмірде себепті байланысың анықталған спецификасы (ерекшелігі) бар. Біріншіден, қажеттілік өзіне жолды  кездейсоқтық арқылы ашатын статистикалық заңдылықтар әрекет етеді. Екіншіден, қоғам – бұл тарихи өзгеретін жүйе және сондықтан себепті түсініктемелер бір уақытта дұрыс болса, бірде бұрыс болады. Одан әрі себепті байланыстар арқылы қоғамда материя мен энергия емем, ақпарат беріледі. Себепті байланыстар адамның санасы арқылы өтетіндіктен ол күрделеніп, ақпарат өзгеріп отырады. Қоғамдық өмір мен қызметте салдарлардың өз себептеріне әсері едәуір күшті.

Қылмыстылықтың себептері ретінде қылмысты тудыратын, оның өмір сүруін қолдайтын, өсуі мен кемуін ұйымдастыратын құбылыстарды қабылдаймыз.

Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір тізбекке бағынышты, әлбетте осы тізбектің қалай түзілуіне адамның  қомақты үлесі бар. Ломоносов айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда болған нәрсе өмірде бар молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге келеді. Бүгінгі парта осылай бола салған жоқ. Алдыңғы күні кішкене ұрықтан ағаш боп ондаған жылдар өсіп тұрды, кеше — бірнеше жыл құрылыс материалы боп жатты, бүгін — парта боп келіп тұр, ертең — ол отын, арғы күні — жартысы ауаға кеткен, жартысы күл боп жерде қалған нәрсе. Күл басқа нәрсеге сіңіп, ауа миллион саққа бөлініп дүние жалғасып, айналып кете береді. Тек біз бірнеше жыл бойына партаны көріп тұратын себебіміз — оның тізбегі асықпай жүретіндігінде. Ал басқа бір процестердің тізбегі тез жүреді. Тізбекке түспейтін нәрсе өмір сүрмейтін материя, өйткені қозғалыс материяның өмір сүру нысаны (формасы). ‘’Объективтік шындықтың әрбір құбылысы, кез келген процесі немесе заты — бар болғаны оқиғалардың жалпылама тізбегінің бір сәттік звеносы ғана’’.

Мысалға, Демокрит айтқандай ‘’Бір түскен суыңа екінші рет түсе алмайсың’’, өйткені ол да қозғалыста, суға сүңгіп шығып, бір минуттан соң қайта сүңгісең ол су емес басқа су — алғашқысы одан басқа жерде ағып бара жатыр, судың өзге молекулаларына сүңгідің, уақыт та басқа. Ал осы таудағы ағынды суды фотосуретке түсіріп, іле-шала екінші рет түсірсең де басқа сурет. Өткені ештеңе де екінші рет қайталанбайды. Міне, біздің партаны бес-он жыл бірқалыпта көретіндігіміз оның бір ‘’фотосуретке’’ түскен сәті салыстырмалы түрде тұрақты тұратындығында (ағын судай емес), тізбегі асықпай жүретіндігінде, бірақ ол да асықпай болса да қозғалып бара жатыр бізге білінбей. Үлкен тарих үшін партаның бес-он жыл тұрғаны фотосуретке түсіруден де тез. Ал оның осы күндегі тізбеке келу себебі мен болашақтағы жай күйін білу үшін олардың алдындағы өткен негізгі тізбектерін білу керек. Оны білу детерминизмді білуге, яғни құбылыстар мен процестердің жалпыға бірдей тәуелділігін білуге нұсқайды.Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді, сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын да білдіреді: функционалдық, статистикалық тәуелділік, жағдайлардың тәуелділігі, т.б.Функционалдық тәуелділік екі фактордың өзгерісіндегі паралелльділікті білдіреді. Мысалға, жұмыссыздық факторынан ұрлықтың өсуі және сатып алу сұранысын төмендетеді (ақша таппағандықтан). Ал ұрлықтың өсуі мен сатып алу сұранысының әлсіреуі арасындағы байланыс себепті байланыс емес, функционалдық байланыс, өйткені екеуі бірінен бірі туындамайды, екеуі де жұмыссыздықтан туындаған салдар.Статистикалық байланыс бір фактордың сипатының өзгеруінен келесі фактор сипатының өзгеруін туындатады. Мысалға, аумақта халық көбейген сайын қылмыс та көбейеді, бірақ әрбір он мың халыққа шаққандағы пропорциясы бірдей.

Жағдайлардың тәуелділігі бір құбылыстың бір кездегі жағдайы осы құбылыстың басқа бір бұдан кейінгі сәтіндегі жағдайын айқындайды. Мысалға, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтағы үлес салмағы үлкен болса, ол тиісті шаралар қолданылмаса, бес-он жылдан соң жалпы қылмыстылықтағы рецидивтік қылмыстылықтың үлес салмағы басым болатындығын одан кейінгі бес-он жылда жас уақытында бірнеше рет сотталғандардың қылмыстылығының үлесі көп болатындығы туындатады.[37]

Себептілік детерминизмнің негізгі мазмұнын құрайды. Дүниеде себепсіз салдар болмайтыны да ақиқат. Әрбір салдар үлкен тізбектегі басқа салдардардың себебі болып табылады. Сонда себептің салдарға айналу механизмі қандай?

Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені керек. Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын салдар туындау ықтималдығы да арта береді. Ықтималдақтың ең шарықтау шегі қажеттілік болып табылады.

Осы жерде мынандай бір шкаланы сызу артық болмайды және автор тек түсіну үшін ғана ұсынып отырғандығын, автор кейбір қолданатын терминддердің ғылымда жоқ екендігін ескертеді (6-суретті қараңыз).

Бұл шкаланың атын ықтималдық шкаласы деп атауға болады. Мұндағы С1, С2, С3, Сn — себептер. Неғұрлым себептің саны мен маңызы артқан сайын соғұрлым салдар туындауының ықтималдығы артағы, яғни ықтималдық шкаласы көтеріліп қажеттілікке жақындайды, ал керісінше болса, кездейсоқтықтың туындау ықтималдығы артады. Тіпті, ықтималдық жоғары көтеріліп қажеттілік туындаған күннің өзінде де ол салдар міндетті түрде туындайды дегенді бідірмейді, ол үшін тағы бір адым қажет. Бұл адымды философияда секіріс деп атайды. Ол соңғы секіріс қажеттіліктен қайтымсыздыққа (неотвратимость) өту Міне, осыдан соң ғана міндетті түрде салдар туындайды.

 

 Себеп-салдар қатынасындағы »ықтималдық шкаласы»

 

²àæåòòiëiê

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Êåçäåéñîºòûº

 

.

 

 

 

 

Және философияда кездейсоқтық туралы да бірізділік жоқ. Біреулері кездейсоқтық өмірде бар десе, келесілері ондай құбылыс жоқ, кездейсоқтық дегеніміз танылмай қалған қажеттілік деп есептейді. Соңғы пікір көңілге қонымдырақ, себебі, себепсіз салдар болмайтыны ақиқат болса , кездейсоқтыққа да орын жоқ. Егер адам бір жағдайға кездейсоқ тап болса, ол сол адам үшін ғана кездейсоқтық, ол оның ғана танымай тұрған қажеттілігі, ал құбылысқа объектитвтік тұрғыдан келгенде ол қажеттілік боп шығады. Мысалға, тиында лақтырып не сан, не герб жағы түсетінін білмей, қай жағын қағып алсақ та кездейсоқ деп есептейміз, өйткені біз өзіміздің бармағымыздың күшін, тиынның аспанға ұшу биіктігін, ауаның тығыздығы мен оның құрамын, әлі қандай биіктіктен тиынды қағып алатындығымызды тани алмаймыз, егер де осы айтылғандардың барлығын есептей алатында құрал табылса, тиынды лақтырған бетте-ақ не түсетінін болжай алар едік (қажеттілік). Не болмаса, көшеден көптен көрмеген танысты кездестіру де сіз үшін кездейсоқ, бірақ ол сіз үшін ғана.

Осыған қарамастан философияда жаңадан бой көрсеткен ағым — синергетика (негізін қалаушы Илья Пригожин) кездейсоқтықты мойындап қана қоймай оны дамудың негізі деп есептейді. Мұндай түсінік детерминизмнің мүлде кейпін өзгертеді (олар детерминизмді жоққа шығармайды, тек туындауы мүмкін бірнеше салдарды күтеміз деп есептейді). Мұны олар өмірде кездейсоқ жағдайлардың әлдеқайда көп кездесетіндігімен түсіндіреді. Ал егер шынымен де өмірде олар айтқандай кездейсоқтық көптеп кездессе, кездейсоқтықты жоққа шығарытын түсінік бойынша ол адамзаттың әлі де объектитвтік шындықтың біраз нәрсесін білмейтіндігімізді көрсетеді. Яғни Платон айтпақшы ‘’Менің білетінім — ештеңе білмейтінім’’ болып шығады, бірақ ‘’Менің білетінім — ештеңе білмейтінім, бірақ өзгелер осыны да білмейді’’ деген Аристотельдің толықтыруын да ұмытпайық. Өмірді біз үшін тылсым дүниелердің пайда бола беруі адамзаттың да оны көре алатын мүмкіндігінің кеңейгендігімен де түсіндіруге болады, себебі Әл-Фараби айтпақшы ‘’Біз ғылымға неғұрлым жақындай түскен сайын, ол да бізден соғұрлым қаша түседі’’.

Қылмыстылық себептеріне қоса қылмысты жасауға әсер беретін шарттар ұғымы да бар. Оған табиғи факторға қлса, әлеуметтік және техникалық факторлар жатады. Бұл арттар қылмысты тудырмаса да, оның жасалуына жағдай жасайды. Кейде себеп шарт орын  ауыстыруы да мүмкін. Қылмыстың себебі мен шарттары қылмыскерліктің детерминациясы (анықтау ) терминіне бірігеді, яғни себепті шарттылықтың табиғат пен қоғамның құбылыстарына обьективті тәуелді.

Қылмыстылықтың себептері мен қылмыс жасауға жағдай жасайтын шартарын зерттеп білу біздің елде ғылыи мекемелермен қоса практикалық мекемелерде жүргізіледі.

  

Әлеуметтік қатынастар және қылмыстылық.            

Қылмыстылықтың себебін әлеуметтік орта мен адамның қатынасынан іздеу қажет, мұндағы мәселе осындағы қиыншылықтар мен қайшылықтарғда болып табылады.

Әлеуметтік қатынастар, экономикалық қатынастар сияқты көптүрлі және әртүрлі деңгейде. Әлеуметтік қатынастарды ортақ формада былай айтуға болады; тұлға өзін басқалармен тең емес сезінуі. Практикада өзінің қоғамдағы орнына толық қанағаттанатын адамды сирек кездестіруге болады. Сонымен өзін-өзі бағалауынан болады. Бірақта әлеуметтік жағдайдың көпжақтылығы, ондағы туатын қарама-қайшылықтарға әсер етеді және адам қоғамда оның бір мүшесі ретінде өмір сүреді, мүмкін өзінің орнына толық қанағаттанбаса да сондағы мемлекет пен қоғамның заңдарына бағынады.

Адамның әлеуметтік қатынастары макро және микро деңгейде пайда болады. Макро деңгей-ол мемлекетпен қоғамда адамның қатынастарын, адамның құқығы және оның тұлға ретіндегі орны.

Әлеуметтік қатынастар мәселесі-ұлттық қатынастар және теңдік мәселесіне келгенде әлсіз. Ұзақ уақыт бойы қылмыстылық-әлеуметтік жағдайдың әсері деп қарастырылды, ал себебін қарастырғанда ұлттық мәселесі көрсетілген де жоқ. Сонда да Батыс әдебиеттерінде бұл тақырып жайлы жазылды. Біз бұл теорияны қабылдамасақта американдық криминологтар, мысалы, қылмыстылықты ақ және қара мен әртүрлілердің қылмысы деп бөледі. Бірақта биологиялық  түрінің әртүрлілігіне қарап қылмыстылықты қарауға болмайды десе де, оның әлеуметтік жағдайының түрі ескеріледі. Бұл қылмысты анықталмайды, себебін түсіндіреді. Біздің отандық криминологияда ұлттық қайшылықтар мен қылмыстылықтың себебі көрсетілгенде, қай ұлта жататындығы емес, әлеуметтік жағдайының жоспары көрсетіледі. Қылмыстылықтың түрі адам өмірінің лттық ерекшеліктеріне әсер етеді.

Ұлтшылдық-ауыр қылмыстардың себебі болып табылады, яғни мемлекетке қарсы, тұлғаға қарсы және т.б.Әлеуметтік қатынастардың қылмыстылыққа әсері экологиялық жағдайдың және де халықтың адам төзгісіз өмірі болуы мүмкін.

Әлеуметтік қайшылықтардың ортақ жоспары, адамдардың әлеуметтік жағдайдың өзі қылмыстылыққа итермелейді. Қылмыстылыққа әлеуметтік жағдайдан басқа қоғамдағы атмосфераның жағдайы да әсер етеді.

Адамның бірінші және негізгі ұясы-отбасы. Мемлекеттң күшімен әлсіздігі осы ұяға байланысты. Сондай-ақ отбасының климаты материалдық жағдаймен ғана емес, оның әлеуметтік тәрбиесінің деңгейіне, адамгершілік көзқарасына да байланысты көп қылмыстар бақталастыққа, адамдардың психологиялық сәйкес келмеуіне байланысты болады.[38]

Әлеуметтік қатынастар көп түрлі, сондықтан да оның деңгейі де әртүрлі. Мұндай қылмыстардың алдын-алу үшін ортақ әлеуметтік характерін  білу керек.

 

 Қоғам мен қылмыстылықтың құқықтық-адамгершілік     жағдайы   

Қоғамның құқықтық жағдайын қылмыстың себебінен іздеу керек. Адамгершілікке тәрбиелеу-халықты тәрбиелеу жұмысының құрамдас бөлігі, оған қоса білім алуды, мамандық, мәдениет, адамгершілік қасиеттері жне т.б.

Тәрбие- адам миында жазылған ақиқат емес, оны адам ететін шығармашылық ойлауы.

Егер, әлеуметтік сферада адамдар тексіздігі отбасыда моральдық жетіспеушіліктер, балаларға деген қатыгездік, бұл қылмысқа апарар жолдың тура жолы.

Қылмыстылық сондай-ақ сексуалды революциямен де байланысты.

Бұл өзіне адамды тиым салынғандығымен тартатын жеке жақындылығымен, біреудің құпиясын көрсеттетін қбылыс болып табылады.

Қоғамдағы адамгершілік қасиеттерді бұзу ол зиалы қауымға байланысты. Сондықтанда қоғамның құқықтық адамгершілік жағдайы, оның принциптері- ол оның зиалылары, біріншіден оның адамдар арасындағы жауапкершілігін, соның ішінде қылмыстылықтың жағдайын көрсетеді.[39]  

 

Экономикалық қатынастар және қылмыстылық

Әлеуметтік  деңгейде туындайтын қылмыстың себептерін ең алдымен экономикалық қатынастардан іздеу керек,себебі ол саладағы  тұрақсыздық пен әлсіз экономикалық саясат,шаруашылық механиздердегі теңсіздік және құрылымдық жүйедегі кемшіл тұстар барлығы осы жағдайға әсер етпей қоймайды.

Әрине,барлық құбылыстар тәрізді экономикалық қатынастар да түрлі деңгейлерден тұрады.Алайда біз қарастырып отырған тұста анықтаушы (қылмыс үшін) ретінде олардың ең биік  деңгейі саналады,өйткені қашанда экономикалық қатынастардың «жоғарғы бөлігі» өз «жаңғырығын» ең төменгі деген сатыларға естіртіп отырады,нәтижесінде қоғамда, адамдар арасындағы қатынастарды белгілі бір тоқырау пайда болады.

Отандық криминологияда (жалпы қоғамдық ғылымдардағы сияқты) көпке дейін  мынадай көзқарас болды:социализмнің экономикалық қатынастары өзіне дейінгі формациялармен салыстырғанда және жалпы алғанда әлдеқайда тұрақты әрі сапалы,себебі,олардың ойынша социализмнің базисі қылмысты тудырмайды.Алайда идеологияның қатаң тәртібі (ал бұл әрқашан және барлық жерде социализм идеологиясының үстемдігін танытады) жалпы қабылданған ұстанымды, яғни идеяны талап етті,ал кримонолог – ғалымдар нақ сол экономикалық қатынастардың бірінші кезекте тудыратын және олардың бірнеше түрлерін дамытатын басты фактор екеніне көздерін жеткізіп отырды. Социализмнің экономикалық   қатынастарына талдау жасай келе,оның саяси -әлеуметттік мәндеріндегі нақ осы іске қатысты тұста ортақ белгілерді байқауға болады.Тіпті егер де біз маркизм –ленинизм бағытын негізгі бағдар ретінде алсақ, ал сол К.Маркстың өзі экономикалық қатынастардың өзге, яғни басқа да әлеуметтік немесе саяси қатынастарлан әрқашан биік тұратынын айтқан. Демек,экономикалық қатынас қоғамдағы барлық (жағымды және жағымсыз) процестерге ең бірінші әсер етеді. Әрине,қазіргі таңда ғылыми ойлаудың деңгейі өзінің шарықтай шегіне жетіп отыр. Алайда, бір шындық яғни «сананы қашан да тұрмыс билейді» деген,ал бұл ақиқат К.Маркстың теориясына дейін дүниеге келген. Тұрмыс әрине,экономикалық қатынастардан ауқымдырақ деп түсінуге болады,бірақ оларды тудыратын әсерлердің маңызы туралы ойлағанда, біз ол ойлардан арыла алмаймыз, себебі бұл шындықты жоққа шығара алмаймыз.

Экономикалық қатынастардың түр-түрі бар.Көп жағдайда олардың сипаты анық әрі обьективті болып келеді. Мәселен, нарықтық қатынастарлың өз заңдылықтары бар-жоспарлы экономикалық және тағы басқа. Мұнда мәселе алғашқы орында экономикалық регулятор немесе соларды көзге ілмейтін прожекторлардың болуы, яғни нарықтық қатынастарда тек бәсеке барлық мәселені шеше біледі.

Кез – келген экономикалық қатынастар және оларың  қарама-қайшылығы қылмысты тудырады. Нарықтық қатынастар о бастан қылмысқа негізделген. Бұл жағдай нарық заманындағы бәсекелестіктің өршумен байланысты. Өз пайдаң үшін басты қарсыласыңды аяқтан шалу, зорлық, яғни күш көрсету арқылы үлкен мөлшердегі қаржыға ие болу,соның негізінде жұмыссыздардың санын көбейту және тағы басқа іс – әрекеттер қоғамдағы реттіліктің бұзылуына әкеліп соғады,нәтижесінде қылмыс өршіп кетеді. Экономикалық (ең бірінші тауар өндіру мен қызмет көрсету аясында) нарықтық  экономика өз өміршеңдігін дәлелдей алды, алайда мұның өзіне  бірнеше жүз жылдар қажет болды. Бірақ та бұл қатынастың жағымсыз жақтары, атап айтсақ, қылмыс тіпті экономикасы дамыған елдердің өзінде белең алып отыр. Ал ертелі кеш ақша соңында жүру адамның рухани әлеміне,жеке адами қасиетіне нұқсан келтіріп отырды.[40]

Біздің қоғамда қалыптасқан әкімшілік-басқарушылық экономикалық жүйе көптеген пікірлерді жоққа шығарып, түбінде қылмыс тудырып отырды және онда жүйе бар жерде қылмыс одан ары көбейе түспек. Аталған жүйенің өне бойында қылмыстың негізі қаланған. Ол мынадай көрініс береді,мәселен,қатаң тәртіппен жоғарыдан  тағайындау, басқару.Аталған тұстар бір бірімен жанаспай, қорытындысы  — іс пен жоспар бір- бірімен үйлеспей отырды. Мысалы, нақты жоспардың 100%-ның тек, ең көп дегенде 70-80% ғана шын мәнінде орындалады,ал қалғаны жасырын,яғни заң бұзушылық қызметіне пайдалану,пара алу,жоспар мен есеп қағазшасына жалған мәліметтерді жазып жіберу және тағы басқа сынды теріс әрекеттер белең алып отырды.

Қазіргі нарықтық қатынастарда ашық айтылатын «Байыңыз» ұраны ол кезде, яғни админисративті басқару тұсында жасырын түрде, бірақ іске асты.Бұрынғы басқару жүйесінде орын алған қылмыстың мына түрлері:спекуляция,жеке кәсіпкерлік қызмет ,коммерциялық делдалдық және бірқатар өзге түрлері нарықтық жүйеде заңды,тіпті табысты көп әкелетін іске айналып кетті.

Криминология ғылымы біз атап өткен әкімшілік – басқару  жүйесінің жасырын саясатына қарамай, осы жүйе тудыратын бірқатар қылмыс пен олардың пайда болу себептерін анықтап берді. Қалыптасу сатысында тұрған нарықтық қатынастар қылмыс себептерін анықтауда жаңа міндеттерді қояды,ал шын мәнінде олардың кескіні анық байқалып тұрады,себебі батыстағы нарықтың қалыптасқанына көп болған және олардың криминологтары бұл мәселені егжей-тегжей зерттеп қойған.

Тек бір нәрсе анық: қандай да болмасын экономикалық жүйені мінсіз ету мүмкін емес. Егер криминолог – ғалымдар  адамдар мен қоғамды қылмыстың өте қауіпті көріністерінен сақтандырғысы келсе,қылмысты бақылайтын аз да болса қолайлы әдіс тапқылары келсе,сол экономикалық қатынастардың айдауында кетпеуі керек,себебі олардың қай-қайсысы  болмасын жағымсыз көріністер мен қайшылықтардан құралады.

«Төмен түсе келе», талдау жасау барысында мынаны атап өткен жөн: экономикалық қатынастар қоғамдағы әрбір адамға әсер етеді. Мәселен,нарықтық қатынастар тек қана тауар мен қызмет нарығы емес,ол-жұмыс күші нарығы. Ал жұмыс күші нарығы – ол сонымен қатар жұмыссыздық. Егер де административті –бақылау жүйесінде жұмыссыздық жасырын түрде жүрсе, соның салдарынан адамдар жұмыс орнында толық қамтамасыз етілмей,жалақылары өмір сүру деңгейінен төмен және тұрғылықты мекені жоқ адамдардың санының өсуі және т.б. болған болса, ал нарықтық қатынастарда жұмыссыздық-ашық  әрі ресми нысанда. Ал жұмыссыздық  — қылмыстың қайнар көзі. Бұл адамның бүкіл даму тарихымен дәлелденеді.

Отандық өнім мен тауар өндірісінің  жетіспеушілігі жалпы адамдардың материалдық жағдайының нашарлауымен қатар жеке адамарға да әсер етеді, мысалы: олар көріп жүрген қылмыс кей жағдайда қылмыскерлерді ақтаудың моральдық атмосферасын тудырады. Алайда бір қоғам мүшелернің арасында өзгелердің шамадан тыс байлыққа кенелуі, яғни біреудің есебінен баюы  сынды жағдай қоғам арасындағы келеңсіздіктерге жол ашады, нәтижесінде қоғамда өрескел заң бұзушылықтар, қоғамдағы адамдар арсындағы қатыгездік пен сенімсіздікті, қорқыныш сезімі мен өшпенділікті тудырады, ал мұндай жағдай саяси қақтығыстарды, зорлық-зомбылық  пен қылмыскерлікті өршітіп жібереді.

Әсіресе, қоғамдағы келеңсіздікті  бай мен кедей арасындағы өте үлкен айырмашылық (1:15 немесе тіпті 1:20) тудырады. Біздің елдің тұрғындарының 30% жуығы кедейлік деңгейде өмір сүретіні белгілі. Егер осы топтар арасындағы қылмысты екі жарып қарайтын болсақ, мынадай көрініс көз алдымызға келеді:төменгі тап өкілдері қылмысты кедейлік пен аштықтан істесе,ал жоғарғы тап өкілдері ашкөздіктен, яғни бар байлығын еселей түсу, мемлекет қаржысын жымқырып қалу пиғылымен қылмысқа барады.

Көп жағдайда экономикалық қылмыстар асқындап кетіп, қарапайым нысаннан зорлық жасау, күш көрсету сынды қылмыс түрлеріне  ұласып кетеді. Бұдан келіп мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы заң бұзушылық дамиды, өйткені экономикалық жағдай кім-кімге болмасын әсер етіп отырады. Былайша айтқандағы кішігірім заң бұзушылықтар (көбінесе қаржы тапшылығынан) келе-келе ауқымды мәнге ие болады,содан мемлекеттік қызметтегілердің  барынша майлы әрі табысты саланы ұстауына итермелейді ( «әркім барынша көп әрі пайдалы нәрсені ұстауға ұмтылады!»).

Деректер бойынша ,ірі қылмысты алпауыт компаниялар  мен фирмалардың басшылары ,яғни қолында ірі қаржысы бар топ өкілдері жасайды. Олар үшін (кез — келген жүйеде) ешқандай материалдық проблемалар болмайды.

Ұлы француз жазушысы О.Бальзакты есімізге  түсірейікші, оның айтуы бойынша, әрбір байлықтың артында міндетті түрде  қылмыс тұрады. Ал бұл мынадай қорытындыға әкеледі, экономикалық қатынастар мен адамдардың әл-ауқатының төмендігі сәйкес келе бермейді, яғни қылмысты жасайтын тек кедейлер мен аш адамдар деуге аузымыз бармайды. Экономикалық қатынастар қылмысты тудырады, алайда жеке адамдардың іс әрекетіне жауап бермейді, себебі әр адам өзін саналы түрде басқарады. Осы тұста батыс криминологтарының «ақ жағалылардың» қылмысын, яғни басшылар мен лауазым иелерінің қылмысын ерекше бақылауға алуы заңды. Өйткені дәл сол адамдар, біріншіден,үлкен қаржы айналысымен шұғылданады және оларға иелік етеді, екіншіден, сол үлкен қаржыны жұмсайды, басқарады және екі еселеп көбейтіп отырады. Келе-келе психологиялық тұрғыда осы іске еті  үйреніп,өз ісінің қылмыс екенін айырмай қалады. Бұл адамдар үлкен мансапқа ие болып, саяси ұпай жинап (ал олардың теріс жолмен келегенін бәрі біледі) жетістікке жетеді немесе бар байлығы мен абыройынан айрылып, қылмыскер атанады.

Бұл барлық жерде және бізде де кездесетін құбылыс. Атап өткен экономикалық қатынастарды барынша әділ әрі қарапайым адамға жақын ету үшін, қылмыс себептерінің  криминологиялық талдауына аса зор мән беру керек. Сонда ғана экономикалық қатынас пен қылмыс арасындағы проблема өз шешімін табады.

 

Саяси мүдде және қылмыстылық

Адамдар арасындағы түрлі қайшылықтар мен келіспеушіліктерді туғызатын бірден-бір себеп ол —  саяси мүдде және соның негізінде туындайтын қақтығыстар. Саяси келіспеушілік ең жақын адамдардың өзін бір-біріне қарама—қарсы қояды. Көпшілік жағдайларды саяси мүдде  билікке таласу және оған қалайда қол жеткізу ниетінде көрініс табады. Саяси ұпай жинау мақсатында талай саясаткер адам қанын төгіп, қарапайым халықты қанағаны тарихтан бізге жақсы мәлім. әке мен бала және керісінше, әйелі мен күйеуі бір-біріне у беріп, көзін жойған, үстемдікке ие басшы өз қарсыласын, ал бір партияның мүшелері өз ішінде қақтығысып, аяқтан шалып отырған. Мұның бәрі – билікке қол жеткізу мен өз мүддесін жүзеге асыру үшін керек. Бұл «қақтығыста» билікке таласпаған, алайда билікқұмар адамға «жақындап» кеткен жазықсыз жандар, балалар құрбан болған. Еркін ойлай білетін адамдардың көзін ең бірінші болып жойғвн, ал ондайлардың саны жүз мыңдап саналады. Бір қызығы дәл осы қылмыс түрлері жабық күйінде қалып, кінәлілер жазаланбайды. Ал олардың жазасын тек тарих бере алады (килігіңкіреп барып), алайда оның өзі қанішер саясаткерді ұлы адам және көшбасшы деп өмір бойы қателесіп өтеді.

Ары қарай бұл тақырыпты қозғамай-ақ қояйық. Ол қылмыстылық пен қылмыс жайлы болса да, жалпы тергеушілік қылмыс туралы емес. Алайда саясаткерлердің қылмысы жалпы қылмысқа әсер етпейді деуге болдмайды. Себебі олардың іс-әрекеті жалпы қоғамның жай-күйі мен психологиясына әсер етіп отырады. Ондай іс-әрекет еркіндігі қоғамда да дүмпу тудырып артынан үлкен қақтығыстарға әкеліп соққан. Бұл заңды да, себебі олар істесе, біз неге құр қарап қаламыз? Деген қисынды сұрақ туындайды.

Мына бір парадоксқа қараңыз, биліктің буына басы айналып, желіккен саясаткер өзі біле тұра заң бұзып, қылмыс жасайды, тек сол қылмыстан жапа шекккен халықтың қысымы арқылы ғана өз ісін немесе қылмыстық топты тоқтатуға мәжбүр болады. Солай бола тұра, түк болмағандай сыңай танытады. Осы саланы зерттеуші криминологтар (және өзге саланың мамандығы)  дәл осы істің түбіне бара бермейді, сондықтан бұл бағытта жазылған ешқандай зерттеу жұмысы жоқ десе де болады. Ал, шындығына келсек, саяси жанжалдан туындайтын қылмыс — өте көп және ол ақиқат. Ал олрадың көрінісі тек мемлекеттің заңына бағынбай тәртіп бұзушылық сипатында ғана емес, сонымен бірге зорлық-зомбылық, тонау, күш көрсету және адам өлтіру сынды қылмыстарға итермелейтін топтар арасындағы ұлт аралық қақтығыс сипатында кең көрініс табады. Бір қазағы қылмыс жасауға қатысқан адам (ол еріксіз соған итермелеуі мүмкін) дәл сол істің заңсыз, яғни қылмыс екенін саналы түрде сезіебеуі мүмкін, солай бола тұра ол біреуге қиянат жасайды. Ал оның артында бір саяси мүддені көздеген адам немесе топ өкілдері болуы мүмкін, ең өкініштісі еріксіз қылмыскер ондай адамның кім екенін емес, оның тіпті бар-жоғын білмейді.

Қайта құру кезеңінен кейін криминологтардың алдында бүкіл қылмыстың беті ашылды, олардың бастауы саяси мүдделерден басталады. Елдегі саяси жағдайдың саяси жағдайдың тұрақсыздығы көптеген келеусіқдіктерге жол ашты, қылмыстық топтардың еріксіз қарапайым халықтың жапа шегуі көбейе түсті.

Бұл – қылмыстың ерекше түрі. Жай кездері де қоғамда белеу алып отырған тәртіп бұзушылықтар енді жалпы елдегі, соның ішінде, саясаттағы тұрақсыздықты пайдаланып, нәтижесінде қылмыс көбейп, қоғамдағы тәртіп қараусыз, ең бастысы, қылмыскерлер ешкімге бағынбай кетеді. Мұндай жағымсыз жағдайлар елдегі қылмыстың, соның ішінде аса ауыр түрде жасалатын қылмыстың саны көбейіп, олар топ-топқа бірігіп, бұрын соңды болмаған қатыгездік танытады.

Саяси және ұлтаралық жанжалдардың ең қауіптісі қорқыныштысы саяси қозғалыстар мен елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздығын павйдалана отырып, өз пайдасы үшін барлық іс-әрекетке баратын аса қауіпті қылмыскердің іске араласуы. Ондай адамдар билікті түрлі органдарға ене кетіп, соңынан еш кінәсіз заңды тұлғаға айналып кетеді. Себебі бұл адамдар жай халықты алдау ісіне келгенде саясаткерлерлерден асып кетпесе, кемтүспейді. Олар өзге адамдарды өзіне қаратып, оларды басқар біледі, өз уысынан шығармай айтқанын істетеді, нәтижесінде қоғамда тағы бір қылмыс орын алады.[41]

Бір қылмыс тізбегінің үшінші саясатына саяси мүдде мен қақтығыстарды негізгі себеп ретінде орналастырдық, себебі олар елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға әсер етіп отырады.

 

Қоғамның адамгершілік құндылықтары мен қылмыстылық

Қылмыс себептерін қоғамның ішкі жай күйінен, ондағы құндылықтар мен адамгершілік нормаларыны  құлдырауынан іздеу керек. Адамгершілікке тәрбиелеу – білім беру, мамандыққа баулу, бойына міндетті сіңіру және т.б. адамзат баласы үшін өте маңызды істердің бірі.  Тәрбиелеу – адами құндылықтарды бойға сіңіріп, соны үлгі етідің жолы. Экономика да, құқық қорғау салары мен өзге де әлеуметтік салалар аталған құндылықтарсыз өмір сүре алмайды.

Экономиканың басты міндеті адамдарды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, ал жеке топ үшін қызмет ететін, яғни белгілі бір топтың баюына мүмкіндік беретін экономика қоғамға пайдасыз адамдарды қаржыландырады.

Егер әлеуметтік салада теңсіздік белең алып, сөз бен істің арасында сәйкестік болмаса, отбасындағы жағдай нашарлап, бұқаралық ақпарат құралдары тек зорлық-зомбылықты, ар-ұяттан аттап, әдепсіз қылықтарды насихаттайды. Есесіне рухани кемтар және санасы улуанған қоғам мүшелері көбейе түседі.[42]

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының топтастырылуы

Әдебиеттерде себептер мен жағдайлардың жалпы бөлінуін мына өлшемдер бойынша жүргізеді:

а) әрекет механизмі бойынша;

б) қызмет ету деңгей бойынша

Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын мазмұны бойынша (әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, мәдени-тәрбиелік, ұйымдық-басқару және т.б.) және табиғатына қарай да (объективтік, субъективтік) бөледі.

Авторлардың бір тобы, қылмыстылықтың себептерін оларды үш санатқа бөле отырып топтастырады:

а) барлық қылмыстардың себептері;

б) қылмыстың жекелеген түрлерінің себептері;

в) нақты қылмыстардың себептері ретінде.[43]

Қылмыс — бір факторлы құбылыс емес екені даусыз. Бұл жерде біз құбылыстар кешенінің арақатынасын кездестіреміз. Олар нақты қоғамдық-экономикалық жағдайлармен анықталатын экономикалық, саяси, идеологиялық және психологиялық сипаттағы құбылыстар. Алайда, кез-келген қылмыстың себептерінің қарапайым құрылымы еріктілік кезеңінен, қоғамға қарсы көзқарастардың, әдеттердің нақты өмір жағдайларымен жанасуынан немесе өзара қатынасынан және жеке тұлғаның қалыптасуының келеңсіз жағдайларынан тұрады.

Қылмыстылықтың себептерін талдау объективтік және субъективтік сипаттағы құбылыстарды есепке алуды қажет етеді. Мұнда объективтік себептер дегеніміз — адамнан тыс өмір сүретін себептер, ал субъективтік себептер дегеніміз — жеке  тұлғаның өзіне қатысты, не болмаса белгілі бір субъектілер қызметінің жағымсыз жақтарына қатысты себептер.

Бұл ережені негізге ала отырып, профессор А.А.Герцензон себептер мен жағдайларды тек екі топқа  бөледі:

а) сыртқы (объективтік) сипаттағы себептер мен жағдайлар;

б) ішкі (субъективтік) сипаттағы себептер мен жағдайлар. Сонымен қатар, А.А.Герцензонның пікірі бойынша, олардың біріншісі, қылмыскердің жеке басында қалыптасқан, құралған, дамыған белгілі бір бағыттардан (тәжірибесі, тұрмыс жағдайы, еңбек жағдайы және т.б., және де қылмыстың жасалуына тікелей әсер еткен барлық сыртқы жағдайлар) тұратын сыртқы жағдайларды сипаттайды. Екіншілері сыртқы жағдайлардың әсерінен қалыптасқан жағдайларды сипаттайды.

Себептер мен жағдайлардың тікелей және кері әсер ететіндері болады (оларды “+”  немесе  “-” деп белгілейді) және де олар функционалды (тәуелсіз) немесе коррелециялық (тәуелді) байланыста болады.

Біз зерттеп отырған саланың себептік кешені, барынша күрделі құрылым. Меншік қатынастарының саласындағы қылмыстылық факторларына (детерминанттарына) мыналарды жатқызуға болады: әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және өзге де мән-жайлар.

Мүліктік қатынастардың себептері мәселесін талдай отырып, оларды қандай нәрселер құнарландырып және алға тартып отыратындығын білуіміз қажет. Және де ішкі игеруші күштерге жеке тұлғаның, қылмыстық топтардың және құрылымдардың пайдакүнемдік-ниеттену бағыттылығын жатқызуға болады. Ол сыртқы қоғамда қалыптасып келе жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Қылмыстық мінез-құлықтың мотивациясы заңға қайшы қылықты жасаудың саналы түрткісі ретінде қалыптасу процесі болып табылады. Қылмыс жасау механизмінің әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса, өз кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды. Бұдан көретініміз қылмыстың ең бастауы, түбірі ниет сияқты болып көрінеді. Қылмыстық құқық та қылмыс ниетін қарастырады және оны қылмыстық субъективтік жағының қосымша белгісі ретінде  белгілейді. Шынында да ниет  бір әрекеттің бастауы болып табылады, ниеттің өзінің қалыптасуына да бірнеше факторлар ықпал етеді. Әлеуметтік субъект ретінде адамда ниеттің әртүрлі  қайнар көздері пайда болады. Олар, өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар болуы мүмкін. Осыдан келіп мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде санатының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады.  Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық тағы да басқа  қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын, олардың мұқтаждық-мүдделері және тағы басқа итермелеуші күштер.

Адам белсенділігін оятушы күшке әртүрлі мұқтаждықтар жатады. Дәлірек айтсақ, қанағаттандырылмаған мұқтаждықтар, ал бұларды қанағаттандыру мүмкіндігі әлеуметтік қатынастармен, қоғамдық өндірістің жүйесіндегі индивидтің орнымен анықталады.           

Мүліктік қатынастардың негізгі себебі ретінде адамдардың әлеуметтік рәсімделген сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың әлеуметтік құпталған мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықты тануға болады. Сондықтан, кейбір авторлар, “пайдакүнемдік қылмыстылықтың детерминациясында шешуші жағдайға материалдық мұқтаждықты қанағаттандырудың деңгейінің өзі ғана емес, әртүрлі және әлеуметтік топтардың қанағаттандыру деңгейі де, яғни мүліктік теңсіздік жатады” деп дұрыс атап көрсеткен.

Мысалы, бөтеннің  мүлкін ұрлауға тікелей септігін тигізетін жағдайлар алуан түрлі. Олардың көпшілігі ұйымдық және тәрбиелік қызмет процесінде жоққа шығарылуы мүмкін субъективтік сипаттағы құбылыстар.

Талан-тараж жалпы және тікелей себептерінің құрылуына және әрекет  етуіне әсерін тигізетін жағдайлар мәселесіне арнайы әдебиеттерде бірталай еңбектер арналған. Оларда, жалпы алғанда мұндай жағдайлар жан-жақты көлемде, жетіспеушіліктерімен қоса ашылған және анықталып зерттелген. Сонымен қатар, әртүрлі авторлар криминогендік жағдайларды әртүрлі топтастыратынын атап өтуіміз қажет. Олардың ең танымал түріне жағдайларды келесі төрт топқа бөлу жатады: материалдық-экономикалық; көзқарастарды – жағымдық; ұйымдық-шаруашылық; заңдық сипаттағы жағдайлар.

А.Д.Щербо барлық жағдайларды сегіз топқа бөледі: 1) ұйымдық-шаруашылық; 2) өндірістік келеңсіздіктер; 3) бақылау ревизиялық қызметтегі келеңсіздіктер; 4) әкімшілік, еңбек, қаржылық және азаматтық құқық нормаларын бұзу; 5) шаруашылық-ақша операцияларын құқықтық реттеудегі қателіктер; 6) лауазымдық, қызметтік, шаруашылық және өзге де құқық бұзушылықтар; 7) қылмыстылықпен күрес жүргізуші органдардың қызметіндегі келеңсіздіктер; 8) қоғам жұмыстарының жетіспеушіліктері.

Құбылыстардың бұлай аталу себептері (құбылыстардың өзара байланысу жүйесі, не жиынтығы) олар басқа құбылыстардың тууына, шығуына жол ашады.

Өмірдегі әлеуметтік жүйелер мен көптеген жағдайлар қылмыстың нәтижелілігіне немесе оның жасалуына ықпал ететін шарттар болып есептеледі. Бұл шартты себептер қоғамдағы қауіпті зардаптардың белгілі дәрежеде дамуына әсер етеді.

Қылмыстың тууына себепкер бірінші кезекте әлеуметтік сипаттағы жағдайлар болатынын криминалист-ғалымдардың көпшілігі мойындаған. Солай екендігін Н.Ф.Кузнецовада атап көрсетеді.[44] 

Қылмыстың нақты себептері мен салдары, қылмыстық істердің жалпы жағдайларына байланысты нақты істелінген қылмыс түрімен анықталады. Нақты жағдайда оның болған уақыты, орны мен қандай жағдайда болғандығына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан да криминологтар қылмыстың себептері мен жағдайын  оның жасалуына ықпал етушілерді анықтайды, дегенмен, оған біржақты түсінік беру әлі дағдыға айналмаған.

Қылмыстарға итермелейтін басты себептердің арасынан әлеуметтік-экономикалық түрдегі қылмысты бөліп қарайтын болсақ:

а) нарықтық  қатынасқа көшуге байланысты экономикалық дағдарыс.

Экономикадағы дағдарыс 90-жылдың басында, бірінші кезекте Кеңес Одағының ыдырауының салдары және бұрынғы республикалар арасындағы интеграциялық қатынастардың үзілуінен пайда болды. Бұл өндіріс орындары жұмысының тоқталуы, колхоз бен совхоздардың жойылуына әкеліп соқты. Осыған байланысты жұмыс орындары қысқарды, өнімдердің көлемі азайды.

б) Жұмыссыздықтың тоқтаусыз өсуі, әсіресе, ауылдық жерлерде.

Мемлекеттік және колхоз-кооперативтік меншікті мемлекеттің иелігінен алу мен жекешелендіру көп жағдайда салық мүлкін, соның ішінде, малды да талан-таражға салуға жол ашылды. Соның салдарынан көп адамдар жұмыссыз қалды, олардың көпшілігі жергілікті жерде тұрушылар.   Мал ұрлау айғағы, көбіне еш жерде жұмыс істемейтін не оқымайтын ауыл тұрғындары арасынан көбірек ездеседі.

в) Мал басының күрт кемуі, мал өнімдерінің қымбаттауы.

Өтпелі кезеңнің қиындығы, мал басының кемуі, бағаның еркіне жіберілуі, мал өнімдерінің құнын арттырды. Қазақстанда мал  шаруашылығы  ежелден-ақ  маңызды  роль атқарған. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Қазақстан Республикасы мал өнімдерін өндіруде алдыңғы орындардың бірінде болатын. Селода шаруашылықтың жаңа түріне көшуі мал басына айрықша душар етті. 1991-1999 жылдар арасында республикада мал басы шамамен екіден үшке азайып кетті.  Мұндай жағдай мал өнімдерінің бағасына әсер етпей тұра алмады. Базарда еттің бір килосының бағасы 300-ден 500 теңгеге, бір қой – 13 мың теңге, сиыр – 68 мың теңгеге дейін көтерілді.

г) Адамдар санының өсуі, халықтың әл-ауқаты деңгейінің төмендеуі, кедейліктің шегінен асып кету.

Республикада нарықтық қатынастың тереңдей енуі халықтардың мүліктік жіктелуіне әкелді. Кедейлік шегінен асып кеткен адамдардың саны айырықша өсіп кетті, әсіресе, ауылдық жерлерде. Қазақстан Республикасы бірінші ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша халықтың 64,6 пайызы ауылда тұратыны белгілі болды. Сондықтан да көптеген ауыртпалықтарды жеңу және елдің даму бағытын нақты атап көрсеткен Қазақстан Республикасы Президенттің Қазақстан халқына 2030 атты жолдауы жарық көрді.  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына берген Жолдауында былай деп атап көрсетті:

“Біздің стратегиялық бағытымыз өзгеріссіз қалады. Бұл – кедейшілікті жеңу, халықтың әл-ауқатын жақсарту, денсаулық сақтау мен білім беру қызметін қамтамасыз ету. Басты міндет- адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін орнату, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып экономикалық еркіндікті қамтамасыз ету қазіргі заман талабына сай басқару саласын жақсарту және түбірімен өзгерту”.

Профессор Е.І. Қайыржановтың әділ пайымдауынша: “қылмыстық істердің төмендеуінің басты объективтік шарттарының бірі – жоғарыда айтылған жәйттер”.

Қылмыстарға ықпал  ететін жағдайлардан ұйымдастыру-басқару  сипаттарды бөліп қарау керек: 

— экономикалық қатынастарды реттейтін заңдардың уақытылы  қабылданбауы және қабылданған заңдардың және басқа нормативтік актілердің олқылығы;

— құқық қорғау органдары жұмысындағы кемшіліктер мен қателіктер,  сонымен қатар материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

Нарықтық қатынас құрылысы құқықтық негізде реттелінуі тиіс. Кейде қажетті заңдар уақытылы қабылданбайды немесе жаңа экономикалық қатынастар толыққанды реттелмейді.  Мұндай жағдайлар өзгенің мүлкін иеленгісі келетін алаяқтардың қылмысымен күрес жүргізуді қиындатады. Заң болмаса, ол нақты түрде орындалмаса нарықтық қатынастар мен демократиялық мемлекетті орнату мүмкін емес.

Қылмыстардың өсуі жөнінде мәдени-тәрбие жұмысының ролі мен ондағы кемшіліктер туралы айтпай кетуге болмайды.

Бөліп айтсақ:

— рухани-адмгершілік дағдарыс;

— халықтың көпшілігінің құқықтық саутсыздығы, әділеттіліктің орындалуына деген үмітсіздігі.

Соңғы жылдары, әсіресе, нарықтық қатынас жүйесінің алғашқы кезеңінде көптеген адамдар рухтық бағдарын жоғалтты, олардың санасында  «идеологиялық бос кеңістікң   пайда болды.   Көпшілігі демократия мен құқықтық мемлекеттік бағасын және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында жарияланған адам құқығы мен бостандығы басты  байлық дегенді түсінбейді. Оның белгісі, бұрынғы кездегідей мал ұрлығын  жасағандар туыстар, жолдастар, көршілер арасында талқыға салынбады. Адамгершілік саласындағы өзгерісті тек рухани–адамгершілік әлеуеттегі жеңісті пайдалана отырып және дұрыс ұйымдастырылған идеологиялық жұмыстың  нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін. Қазіргі кезең халықтың көпшілік бөлігінің құқықтық сауатсыздығымен сипатталады. Бүгінде қылмыстың жеке түрі бойынша қылмыскердің статистикалық орташа деңгейін бөліп алу қиын.

Сонымен, жоғарыда айтылған мәселелерлерді қорытындылай келе, әр түрлі критерий бойынша қылмыстылық себептерін келесідей топтастыруымызға болады.

а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:

  • барлық қылмыстардың (жалпы қылмыстылықтың) себептері (философиядағы ‘’жалпы’’ категориясына сәйкес келеді);
  • қылмыстылықтың жекелеген түрінің себептері (мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың немесе кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері, бұл философиядағы ‘’ерекше’’ категориясына сай келеді);
  • жекелеген қылмыстардың себептері (мысалға, ұрлықтың себептері, бұл методологияның ‘’бөлек’’ категориясына сай).

Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз, өйткені өмірде ‘’бөлек’’ категориясы өмір сүрмейді, ол тек ‘’жалғыз’’ категориясы арқылы өмірде орын алады. ‘’Жалғыз’’ ол ‘’бөлектің’’ нақты өмірдегі көрінісі. Бұл категориялардың арақатанасын мынандай мысалмен түсіндіруге болады. Мысалға, сізге біреу ‘’адам’’ десе, сіз тек қана ‘’Мұратты’’ елестетсеңіз, бұл елестету деп аталады, ал егер де ‘’адам’’ дегенде барлық екі көзі, екі аяғы, екі қолы және құлағы бар және сөйлей алатын тіршілік иесін елестетсеңіз ол ұғым деп аталады. Бірақ та сол адамыңыз нақты ‘’Мұраттарсыз’’, ‘’Қанаттарсыз’’, ‘’Сидор’’-‘’Сергейлерсіз’’ өмір сүрмейді. Демек, ұғым (‘’барлық адам’’) бөлек бөлса, елестету (тек қана ‘’Мұрат’’) ол жалғыз деген категория. Сол сияқты ұрлықтың себебі дегеніміз әлі де ‘’бөлек’’ категориясын білдіреді, ал оның әлі де Иванның Сидордың сиырын ұрлау себебі, Жанаттың Талғаттың ақшасын ұрлау себебі (‘’жалғыз’’) т.б. сияқты өмірдегі нақты көріністері бар. Тағы бір айта кететін жәйт — ол барлық қылмыстардың себептеріне байланысты. Олар әр қилы және әр тектес екендігі аян, дегенмен, әркімнің көкейінде ‘’осы себептердің барлығын бір біріне кіріктіріп келгенде барлық қылмыстардың жалғыз ғана себебі шығар ме екен?’’- деген заңды сұрақ тұрары анық. Ондай ‘’мынау’’ деп айтарлықтай, әлбетте, себеп жоқ. Дей тұрсақ та, абстрактілік ойлай арқылы бір нәтижеге қол жеткізе аламыз — ол қоғамдағы қайшылық. Біз жоғарыда қылмыстылықтың анықтамасын берген уақытта тоқталып өткендей,  қылмыстылық атты құбылыс тек қана тапқа бөлінетін, қайшылығы бар (антогонистік-антогонистік еместігіне қарамастан) қоғамға ғана тән құбылыс екендігін айтқанбыз, демек қылмыстылықтың да жалғыз ғана ‘’себебі’’ ол қоғамдағы қайшылық, қоғам мүшелерінің көзқарасарының, мүдделерінің, мұқтаждықтарының қайшылығы, үйлесімге келмеуі.

 

ә) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:

  • себептер;
  • жағдайлар.

Олардың ең басты айырмашылығы әсер ету пәрменінде: себеп — салдарды туындатады, ал жағдай — туындатпайды, бар болғаны оның туындауына жәрдемдеседі, қолтықтап демейді. Себептерсіз құр өздері қалса, салдарды туындату қабілетінен айырылады.

 

б) адам санасы мен еркіне бағыныштылығына қарай:

  • объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын);
  • субъективтік себептер (адам санасы мен еркіне тікелей бағынышты);
  • объективтік-субъективтік себептер (объективтік өмірдің де, субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).

 

в) мазмұнына қарай әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық т.б. деп бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғам өміріндегі ең маңызды мәселердің бірі экономикалық даму кезіндегі қауіптің көзі қылмыстылық болып отыр, себебі қылмыстың тұрақты түрде өсуі, ауыр және аса ауыр қылмыстардың көбеюі, ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықтың өсуі көрініс тауып отыр. Мұндай жағдай құқық қорғау органдары тарапынан қылмысқы бағытталған іс-әрекеттің қадағалауын қамтамасыз етуіне әкеліп соқтырып отыр.

Сонымен, жоғарыда баяндалғандарды қорытындылай келе:

  1. Қылмыстылықбұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы.
  2. Қылмыстылық келесі көрсеткіштермен: деңгей, қарқындылық, құрылым, динамикмен сипатталынады.
  3. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы.
  4. Қылмыстардың себептері туралы көзқарастарды әр түрлі теориялардың маңына шоғырландырамыз. Олар: биологиялық, генетикалық, психологиялық және социологиялық деп топтастыруға болады, сондай-ақ бұдан басқа да теологиялық, астологиялық, астрономиялық т.б. теориялар.
  5. Қылмыстылық пен өзге де әлеуметтік патологиялардың себептілік шарттылығымен зерттеудің туынды әдістемелік алғы шарты — кез-келген процестің даму көзіне қарама-қайшылық жататындығы болып табылады.
  6. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын а) әрекет механизмі бойынша; б) қызмет ету деңгей бойынша жіктейміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Нормативтік құқықтық актілер:
    • Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. өзгер. мен толық. қоса.
    • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж. өзгер. мен толық. қоса.

 

  1. Арнайы әдебиет:

2.1. Назарбаев Н.Ә. Азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау – мемлекеттігімізді нығайтудың маңызды мәселесі // Заң. — 2000.- 26 сәуір.

2.2. Криминология: Учебник/Под ред. Н.Ф.Кузнецовой, Г.М.Миньковского. М., 1998г.

2.3. А.Жұмағали. Криминология. Жалпы бөлім. Алматы, 2004ж.

2.4. Криминология: Учебное пособие / Под ред. В.Е.Эминова. М., 1997г.

2.5. Дж. Шелли. Криминология. Санкт-Петербург, 2004г.

2.6. Криминология / Под ред. И.И.Карпеца, В.Е.Эминова, М., 1994г.

2.7. Криминология: Учебное пособие / Под ред. В.Е.Эминова. М., 1997г.

2.8. Алексеев а.И. Криминология. Курс лекций. М., 1998г.

2.9. Горяинов К.К., Исиченко А.П. Латентная преступность. М., 1994г.

2.10. Латентная преступность: познание, политика, стратегия. М., 1993г.

2.11. Криминология. Под ред. В.Н.Кудрявцева и В.Е.Эминова. М., 1999г. 2.12. Швейцер Л. Культура и этика. М., 1973г.

2.13. Актуальные проблемы криминологии. Марсель. 1992г.

2.14. Курганов С.И. Основы криминологии. М., 1998г.

2.15. Локк Д. Избранные произведения: В 2т. Т.2., М., 1960г.

2.16. Руссо Ж.Ж. Трактаты. М., 1969г.

2.17. Беккария Ч. О преступлениях и наказаниях. М., 1939г.

2.18. Гернет М.Н. Моральная статистика. М., 1922г.

2.19. Герцензон А.А. Введение в советскую криминологию. М., 1965г.

2.20. Осипова Е.В. Социология Эмиля Дюркгейма. М., 1972г.

2.21. Тард г. Преступник и преступления. М., 1906г.

2.22. Тард Г. Сравнительная преступность. М., 1907г.

2.23. Курс советской криминологии. М., 1985г.

2.24. Дубинин Н.П., Карпец И.И., Кудрявцев В.И. Генетика. Поведение. Ответственность. М., 1989г.

2.25.  Каиржанов Е.И. Причинность в криминологии. Алматы, 2002.

2.26. Кузнецова Н.Ф. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984г.

2.27. Антонян Ю.М. Преступность пожилых людей //  Сов. государство и право. 1991г. №11.

2.28. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. М., 1991г.

2.29. Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. А-Ата, 1987г.

2.30. Намоконов В.А. Преступное поведение: детерминизм и ответственность. Владивосток, 1989г.

2.31. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968г.

2.32. Иншаков С.М. Криминология. М., 2000г.

2.33. Алауханов Е:О. Қылмыстану. Алматы, 2006ж.

2.34. Петрашку С. Анализируя причины преступности//Закон и жизнь. Кишинев, 1991г. №7.

2.35. Кудрявцев В.Н., Бородин С.В., Нерсесяец В.С. Социальные отклонения. М., 1989г.

2.36. Гундаров И.А. Духовное неблагополучие как причина демографической катастрофы. М., 1995г.

2.37. Преступность и реформы в России. М., 1998г.

2.38. Егорова и., Гуревич П., Похмелкин В. «Издержки» демократии?//Соц. Законность. 1991г. № 4.

2.39. Лебедев С.Я. Антиобщественные традиции, обычаи и их влияние на преступность. Омск, 1989г.

2.40. Криминология. Под ред. А.И.Долговой. М., 1997г.

 

 

 

 

 

[1] Назарбаев Н.Ә. Азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау – мемлекеттігімізді нығайтудың маңызды мәселесі // Заң. — 2000.- 26 сәуір. – С. 5-8.

 

[2] Криминология: Учебник/Под ред. Н.Ф.Кузнецовой, Г.М.Миньковского. М., 1998г. С. 24

[3] А.Жұмағали. Криминология. Жалпы бөлім. Алматы, 2004ж.. 24б.

[4] Криминология: Учебное пособие / Под ред. В.Е.Эминова. М., 1997г. С. 32

[5] Дж. Шелли. Криминология. Санкт-Петербург, 2004г. С. 1266

[6] Криминология / Под ред. И.И.Карпеца, В.Е.Эминова, М., 1994г. С. 34

[7] Криминология: Учебное пособие / Под ред. В.Е.Эминова. М., 1997г. С. 45

 

[8] Алексеев а.И. Криминология. Курс лекций. М., 1998г. С. 29                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

[9] Горяинов К.К., Исиченко А.П. Латентная преступность. М., 1994г. С. 19

[10] Латентная преступность: познание, политика, стратегия. М., 1993г. С. 41

[11] Криминология. Под ред. В.Н.Кудрявцева и В.Е.Эминова. М., 1999г. С. 180

[12] Швейцер Л. Культура и этика. М., 1973г. С. 64

[13] Актуальные проблемы криминологии. Марсель. 1992г.

[14] Курганов С.И. Основы криминологии. М., 1998г. С. 87

[15] Локк Д. Избранные произведения: В 2т. Т.2., М., 1960г. С. 50

[16] Руссо Ж.Ж. Трактаты. М., 1969г. С. 67

[17] Беккария Ч. О преступлениях и наказаниях. М., 1939г.

[18] Беккария Ч. О преступлениях и наказаниях. М., 1939г.

[19] Руссо Ж.Ж. Трактаты. М., 1969г. С. 175

 

 

 

[20] Гернет М.Н. Моральная статистика. М., 1922г. С.16

[21] Герцензон А.А. Введение в советскую криминологию. М., 1965г. С.94

[22] Осипова Е.В. Социология Эмиля Дюркгейма. М., 1972г. С.54

[23] Тард г. Преступник и преступления. М., 1906г. С.62

[24] Тард Г. Сравнительная преступность. М., 1907г С. 88

[25] Курс советской криминологии. М., 1985г. С. 99

[26] Дубинин Н.П., Карпец И.И., Кудрявцев В.И. Генетика. Поведение. Ответственность. М., 1989г. С. 102

[27] Каиржанов Е.И. Причинность в криминологии. Алматы, 2002. С. 54

 

[28] Кузнецова Н.Ф. проблемы криминологической детерминации. М., 1984г. С. 63

[29] Дж. Шелли. Криминология. Санкт-петербург, 2004г. С. 278

[30] Антонян Ю.М. Преступность пожилых людей //  Сов. государство и право. 1991г. №11. С. 67-73

[31] Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. М., 1991г. С. 74

[32] Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. А-Ата, 1987г. С. 55

[33] Намоконов В.А. Преступное поведение: детерминизм и ответственность. Владивосток, 1989г. С. 23

[34] кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968г. С. 65

[35] Иншаков С.М. Криминология. М., 2000г. С. 67

[36] Алауханов Е:О. Қылмыстану. Алматы, 2006ж. 25б.

[37] Петрашку С. Анализируя причины преступности//Закон и жизнь. Кишинев, 1991г. №7. С.8-9

[38] Кудрявцев В.Н., Бородин С.В., Нерсесяец В.С. Социальные отклонения. М., 1989г. С. 31

[39] Гундаров И.А. Духовное неблагополучие как причина демографической катастрофы. М., 1995г. С. 47

[40] Преступность и реформы в России. М., 1998г. С. 78

[41] Егорова и., Гуревич П., Похмелкин В. «Издержки» демократии?//Соц. Законность. 1991г. № 4. С. 56

[42] Лебедев С.Я. Антиобщественные традиции, обычаи и их влияние на преступность. Омск, 1989г. С. 68

[43] Криминология. Под ред. А.И.Долговой. м., 1997г. С. 71

[44] кузнецова Н.Ф. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984г. С. 95