Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы
б) ҒҰНДАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ
в) Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі
г) Азиядағы хундар құрған мемлекет
д) Хундардың экономикасы және мемлекетті
басқару дәстүрі
Қорытынды
Кіріспе
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын емес. Зерттеулердіңкөрсетіп отырғанындай, оныңежелгі кытайлыктранс-крипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр3. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапкыда «ғұн» тайиаларының ақсүііектеріне арналып аптыл-са, сюнну (хунну),яғнитрундар ғүндардеп саналмаіанын білдірмейді. Трун және ғүн терминдері бір ғана этникалык-саяси кауым жөнінде колданы-лған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдек,-айда мол қауымды білдірді.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды5. Меде билік ет-кен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сый-лық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп тұрды.
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы.
Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамы-на, шамаыен алғанда, Керулен және Онон алкаптарында мекендеген сянь-би және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына карсы жорыктар жасады. Бұл кезде казіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан ау-мак ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедераци-ясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі ау-макты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорык,-тары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің со-лтүстікке және солтүстік-батысқа карай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Текске берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, сірә, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек.
Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғүндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірак, олар бұл аумақты толық қоластына қаратқан жок. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялықЧіатериалдар да керсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне коса олар батыста да қызу қимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілері-не карсы өз бетімен кимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы тук-терін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандарды. Ғұндардың атгы әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыра-тты және сонымен бірге ғұндардың калыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның ракымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің үшына іліп немесе багындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларға шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге каратылды. Олардың бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».
Бұл қүжат өте маңызды, бірақ сын көзбен карауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп казіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьді-ктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардын» (Ши цзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толык» талканцалғаны туралы хабарды кұп алып, бүл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны
талкдндағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-ғұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сиякты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны ту-ралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындағы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа де-ректердің уцзесімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының эт-нонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь-кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геро-доттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналаскан деп саналады. И. X. Дворсцкийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғы-мақ», «түлпар» дегенді білдірді, демек, нақ сол үғымға жакын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ер-тедегі кытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердін «арғымақ» немесе «айғыр» деген сездерімен салыстыру дұрыс сиякты.
Ғүндар бірлестігіне шыккан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалык-саяси кұрылымдар кірген. Конфедерацияның коғамдық өміріне бір орта-лыққа бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтак жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалықбайланыстардың бол-мауы зор ыкпал жасады. Алғашкы кезде біршама бірлік ғүн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы аркылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзога-миялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атакты тармактар да нак осы үш әулет». Бұл орайла сол канатты құрайтын Хуянь руы ең атактысы болған, ал Лань және оған енші-лес Сюйбу оң канат болған. Бір кызығы, шаньюйлік Люаньти руы атакты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен қүдандалы туыс болған. Біздін заманымызға жақындағанда күдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска аксүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен құданд-алытуыс еді»13. Онда бүдан әрі былай делінген: «Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) канат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) қанат болды». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалык руы алмаскан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атактысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шығады, ол «ен батыр және үлығы болды, сондыктан шаньюй-лер солардан шыкты. Олардың атакты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы. Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірак ен атақтысы — Хуянь руы, одан канцлерлер, сол және оң канаттағы жичжулер шыккан». Уакыт өте келе шаньюй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең үлык» руға айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мүнда белгілі бір ке-зенде сол кезде-ак болған ер адам жағынан мұраға калатын принципті көрсеткен еркек (патриархаттык) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуал-дық үйым қалыптаскан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдын. орта шенінде-ак сюнну коғамы өзінін. вассалдык иелік-терінен айрылумен бірге «байырғы» күрамында екі топка — Хуханьешаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп калды да, солтүстік сюннулер өз тайпаластарының кысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығысты, яғни солтүстік пен батысқа коныс аударды.
Б.з.б.49жылыЧжичжикершікнязьдіккедипломатиялыксапарғакет-кен Хуханьенің аз уакыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін кайта орнатуға әрекет жасады. Алай-да оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтканындай, «Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол усун гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірак соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге ша-буыл жасауға 8000 атты әскер жіберді. Чжичжидің атты әскері усундердің отрядын талкандады, бірак. одақтассыз калған Чжичжи оңтүстік ғүндардың жерінен кетуге мәжбүр болды. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи усун әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, усундерге лап койып, оларды тас-талкан етті; солтүстікке бет бұрып, Уцзеге соккы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінін көмегімен ба-тыста Цзянькуньді киратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш князьдікті бағындырған соң ол бірнеше рет Усунге әскер жіберіп, әде-тте оны жеңіп жүрді».
Цзянькунда (Минуса ойпаты) Чжичжи өз ордасын кұрып, сол жер-ден батыска беттеген козғалысын жалғастырмақшы болды. Чжичжидің армиясы ол кезге карай каракшы күшке айналып, оның кираткыш күші «бағындырылған» князьдіктерге де, катардағы кауым мүшелері сюнну-лерге де бірдей жайсыз тиді. Қалай дегенмен де, деректемеде сол жыл-дарда «Хуханье-шаньюй халқы көбейді… сөйтіп ол Чжичжиден кауіпте-нбей, өзін езі корғай алатын еді». Оңтүстік сюннулер саны Чжичжи-ден бөлініп шыккан көшпелілер және «бағынған» князьдіктер тарапы-нан көрінеу карсылық жасауы есебінен өсті.
Енді қүдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан корыккан Чжичжи батыска кашып қүтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол усундер жерінен өтетін еді. Ол соларға карсы күресу үшін күш жинап, одан соң Канцзюй (Кангюй) жерін жаулап алмакшы болды. Кангюйлер князінің кангюйлермен араз усундерге карсы күресу үшін кенеттен Чжиужимен бірігуді үсынуы оның ниетін өзгертті.
ҒҰНДАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ
Ғүндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға кешеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және кой-ешкі өсіреді; біразытүйе, есек ұстайды. Шөптің калың, судың мол болуына карай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді… Шонжарларынан бастап бәріде үй малыныңетіментамақтанады, олардыңтерісін киім қылады, жүн мен аңтерісін жамылады». Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл аткарды. Ал койдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқкиім жасады, жүннен киіз басылды.
Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда куаңшылық немесе қыста кектайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.
Қытай әскерлерінің ғұндарға жорыктары суреттемелерінде келтірілген жанама деректерге қарап, халыктың жан басына шакхандағы орташа мал санын аныктауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірі-лген ең толық мәліметтер бойынша, әскербасылар ездерінің реляцияла-рында былай деп хабарлаған: 700 тұтқын мен 10 мың бас мал қолға түсірілді — 15 : 1; 100 тұткын мен 2 мын. бас мал — 20 : 1; 300 және 7 мың — 29 : 1; 19 және 100 — 5 : 1; 1900 және 70 мың — 35 : 1; 39 және 700 мың — 18 : 1. Сонымен, орта есеппен халықтың жан басына шакканда 19 малдан келеді. Қарапайым мал шаруашылығы жағдайында мұндай аракатынас оңтайлы болатын.
Гұндар отырықшылык. пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «солтүстік жерлерде суык ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардын жерінде тары себіледі» деп жазылған. Байкал сыр-тындағы Нижнс-Иволгинск кала жүртын казған кезде еденді сыллған бал-шык арасынан туралған сабан шықты. Нак осы жерден қысқы, гүраклы жартылай жертөлелердің жұрты табылды, олар кандар жүйесімеи жылы-тылған. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орак, тас дәнүккіш гер және астык. сақтайтын ұралар шыклы. Адам жерленген ағаш кималар да ғүнда-рда отырыкшылык. болғанын дәлелдейді.
Ғұндар өмірінде аң аулау манызды рөл аткарды. Бұл жөнінде деректе-мелерде былай делінген: «… балалар қойға мініп, садак тарта алады және күстар мен тышкандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады… Олардың арасында орнаған ғұрып бойынша, тыныштықкезде мал бағып, оған қоса күс пен аңаулайды, сөйтіп тіршілік етеді». Ғұндардың кабірлерін казған кезде киіктің, кабанның, қүланның, бұғының, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері табылды.
Кабірлерде керамика — қүмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалғаң, мүның өзі кыш-күмырашылыктың дамығанын дәлелдейді. Баска жақтан әкелі-нген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.
Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған. Салт атты жауынгердің қару-жарағы — садақ пен жебелер. Қазба жұмыс- тарының материалдарына карағанда, садақтар екі үлгіде жасалған. Ерте-дегі садак ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садактың жағы сүйек каптырмалармен капталды (барлығы жетеуге дейін), екі үшында адыр-наны байлайтын кертпешесі бар екі каптырма, ортасына — жебе атылатын жеріне трапеция тәрізді каптырма орнатылды. Осылайша садактың иілгіштігі күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 сантиметрге жетті. Жебеге үш кырлы темір үш салындй. Садактың екінші түрі үлкен әрі ауырлау болады. Оған үңғысы бар үш кырлы салмақты темір ұшты жебе колданы-лды. Мұндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған. Дөңгелек және сопаксипатгағы, шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жак-таулы қалқан да болған.
Деректемелерге карағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды рубасыла-ры(аксақалдар) баскарған. Рулык күрылыстың ақсакалдар кеңесі және ха-лык жиналысы сияқты институттары сакталды. Деректемелерде былай деп айтылған: «ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды. олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «сюй» деп аталатын күні көк рухына кұрбан шалынды… сол жиналыстарда рубасылары мемле-кеттік істерді талкылап, ат жарысы мен түйелердін жарысын кызыктайды». Алайда ғұндардын патриархаттық-рулык, құрылысы койнауында жана коғамдық катынастар пісіп-жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Обаларды казған кездетабылған алтын бүйымдар, қымбат маталар ғұн қоғамы үстем топтарында жинаісгалған байлықты дәлел-дейді.
Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны туралы мәлімет-тер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарынын хань елшісі Су Уға екі рет жылкы үйірі мен кой отарын тарту еткенін және сыйлык ретінде мал бер-генін айтады.
Ғұндардыңдағдылы кұқында мыналар көзделген: «¦рлық жасап кінәлі болғанның жері алынады; шайкаста жаудың басын шауып алған немесе оны түткынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал түткынға алынғандар (соның) күлдары мен күндері етіледі»; «…ұрыс алаңынан қазатапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның от-басының бүкіл мүлкін сол алады».
Сыма Цянь бүдан әрі былай деп жазады: «Суы мен оты мол жер іздеп, бір жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сырткы дуалдармен коршалған қалалар, тұракты тұратын жері жок, болса да және егістік өнде-умен айналыспаса да, әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар». Ғүндарда ауыл болып көшіп-қону әдісі болған деп жорамалдауға, ал деректемелерде айтылатын «әрқайсысының өзіне бөлініп берілген жер учас-кесі бар» деген сөздерді жеке қожалыктарға жаткызуға болады75.
Қабірлерден шыккан материалдар ғүн қоғамындағы мүліктік теңсіздік жайын айкын сипаттайды.
Ғүндарда соғыс тұткындарынан және бағынышты өңірлердің халқынан түратын күлдар болған. Олар үй кызметшілері, бакташылар, колөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.
Елді шаньюй басқарды, оның колында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жакын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әркайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Алайда шаныой езіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін кайтарып алатын, өздерінің жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түмен-басыларыныңда нақ сондай күкығы болды. Лауазымдар мен жоғары шен-дер мұраға калдырылды. Қарапайым халыктан алынған салыктар туралы мәліметтер бар.
Сонымен усун және ғүн коғамдарындағы әлеуметтік-экономикалык катынастар шамамен алғанда бірдей даму денгейінде болды. Оларда ерте-дегі алғашкы таптық коғамдардың кұрылуы кезінде канау мен байлық жи-наудың әр алуан түрлері калыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі түтас алғанда бүкіл жүйені аныктайтын доминанттык маныз алған жок. Сондык-тан күлдардың және күл иеленушілік катынастардың болғанына карама-стан, бұл коғамдарды күл иеленушілік немесе патриархаттық-құл иеле-нушілік қоғамдар деп сипаттауға болмайды. Усундер,’ғүндар коғамдары-ның үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптык бірлестіктердің баска бір сипатты белгісі езінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемле-кеттіліктің калыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық құрылыс органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардын бейнесін алып, оларды жана жагдайларға бейімдеді.
Ертедегі түрік коғамына және ежелгі көшпелілер бірлестіктеріне тән әр түрлі өндіріс әдістері мен қанау түрлерінің катар емір сүруінің жағдайында феодалдық құрылымы барған сайын тереңірек айкындала түсті.
Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі
Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар кытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Біріншісі — Қытай тарихшыларының атасы ‘ деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б. 135—67 жылдар). Оның еңбегі «Ши-цзи»»і)«Та-рихи жазбалар») 130 бөлімнен тұрады.
Еікінші тарихшы — Бань-Гу. Ол жазған еңбек «Цянь Хапь-шу» («Батыс Хань мемлекетінің кұжаттары») деп аталады. Бұл еңбек біздің заманымыздан бүрынғы 206 жылдан басталып, біздіц заманымыздың 25 жылына дейіегі оқиғаны қамтиды.
Үшінші тарихшы—Фай Е-ніц «Хоу Хань-шу» («Шығыс Хань мемлекетінің күжаттары») — жогарыда атал^ ған скі тарихшыныц ізімен жазылған аса күнды еңбек. Бір артықшылыгы — туркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар: «Чжоу-шу» («Чжоу ұлысыныц кұжат-тары»), «Бэи-ши» («Алдьщғы үлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде таііпалар жылнамасы»), Таншш хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») және тағы баскалары.
Орыс тарихшылары ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н. Я. (1777—1853)— архимандрит, орыстың белгілі кытайтанушысы.
Міне, осы еңбектерге сүйене отырып, әу баста копыл-ған сүрақтарға тоқталайық. Хундардың шығу тегі тура-лы тарихшылардын зерттеулеріне сүйенсек, б. з. б. III ғасырда хундар туркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, кырғыз т. б. жиырмадан астам түркі таппаларымен бірге өмір сурген. Өткен ғасырларда-ақ Еуропа ғалым-дары хундардың кім болғанын, Еуропаға қайдан келге-ні туралы ғылыми зерттеулер жүргізе бастаған. Хундар өздерін әр турлі атаған: монғолмыз, түрікпіз, славян-быз, неміспіз, иранбыз деген және басқа да халыктарды айткан. Кейінгі жылдары казіргі Монғолия мен Байқал өңірінде ,көп ғасыр өмір сурген сюннуларды (хундарды) жамаида’п жазған кытай жазбалары табылды. Қытай-лардың оларды жек көруінің себебі де бар еді. Сюнну-лар (хундар) туралы- жазылған бір қолжазбада мына-дай мінездеме берілген: «Дәстүрлері бойынша малдың етін жеген, оның сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап кнген, малд-ары шөп жеп, су ішкен, жылдың әр мезгілі-не қарай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі жэне сырткы корғандар жок, түрақты мекен-жайлары жоқ, қалалары болмаған және жер өңдеуіМен айналыспаған. Әрбір еркек жауын-гер болған. Соғыста құстардын тобы сияқты жауына бәрі құлшына жабылады, ал женілген кезінде бытырап кетеді, сонан сон кайта жиналады» дейді.
Сюннулардың тарихы кытай жазбаларында біздіц заманымыздан бұрынғы 403 жылдан басталады. Біздің заманымыздан бұрыиғы 206 жылы олардың көсе.мі Моде еді. Ол жоғары колбасшының баласы болғаны айтыла-ды. Қытайлар түркілерді сюннулардың (хундардың) ұрпақтары деп есептейді.
Хундардың шығыс көршісі ретінде кытай жазбала-рында біздің заманымыздың I ғасырының соңында Мон-ғолиядан хундарды ығыстырып шығарған сәнбилер ата-лады. Қейінірек сәнбилер хундар сиякты Қытайда бір-неше әулеттін негізін калайды, сәнбилер әулетінің ішін-де Солтүстік Вэй әулеті (386—534 жылдар) ерекше аталады.
Белгілі француз ғалымы Пеллио 1925 жылдыц кү-зіндс Санкт-Петербургта оқыған өзінін бір лекциясында қытап әдебиеттерінде сәнбилердін, түркі тілдес халық екенін аңғаруға болатын сездік сакталғандығын хабар-лайды. Егер сәнбилер туркілер болса, онда бүдан мына-дай корытынды келіп шығады: өте ерте уақыттарда түр-кілер Монғолияның шығысын мекен еткен. Сэнби және Сібір халыктары жайында Византия және Армян жаз-баларында алғаш рет 463 жылы, соңғы рет 558 жылы айтылады. Алайда сәнбилердің батыска коныс аударуы туралы ешнәрсе белгісіз.
Азиядағы хундар құрған мемлекет
«Сүй патшалығьіның тарихы» деген кітаптың «Жағрапиялық дерек» деген бөлімінде былай делінген: «Бес-балық құмды аймағының терістігі — алдыңғы хань пат-шалығы тұсында (б. з. б. 223—206 жылдарда) үйсіндер-дің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225—220 жылдары) хундардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хун-дардан шекаралык аймакты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кенес айтты. Бұған Моде: «Жер — мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сі-рә?»— деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шы-ғыска карай жылжиды. Дунхуларға тұткиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамда-рын және малдарын өзіне қосып алды». Хун тәңіркүты-ның алғашкы кадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.
Б. з. б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы-аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді Оның негізін қалаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысып, 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші кактығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі кушінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бірден тоқтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында коршауға алды. «Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азық-түлік кемегін де, әскери көмек те бере алмады»— деп жаза-ды тарихшы Сыма Цянь.— Батыстағы сюннулар атты әскері — ақ аттарға, ал шығыс беттегілер — тұмсығын-да ақ дағы бар сұр аттарға, солтустіктегілер — қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар — жирен аттарға мінген».
Императорға. хундармен туыстыққа негізделген бей-біт келісім шартын жасауға уәде беруден баска жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайым^ды беруге тура келді. Бірақ император өз уәдесін хундар-дын, дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орын-дады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлыктар — жібек маталар, шарап, күріш, әшекей бүйымдар еді. Шындығына келгенде бұл салыктар кезбояушылық еді. Хундар мен Хань арасын-дағы бейбіт қатынас б. з. б. 166—163 жылдарға дейін созылды. Бүдан сон, туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.
Моде мен оның мұрагерлері, дәлірек айтқанда, тәңір-құт Лаошань ең қатал соғысты үлы жүздермен (юэчжи-лермен) жүргізуге тура келді (б. з. б. 177—176 жылда-ры). Күрес ширек ғасырға созылды және біздің зама-нымыздан бұрынғы 174—167 жылдары хундар үйсіндер-мен одақта болудың нәтижесінде катты шйвленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі ұрыста қаза та-уып, оның бас сүйегінен тәңірқұт Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бүл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: «Хундардын, тәңіркүты Аслан (Лауо-шань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасатқан. Алғашында ұлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында бтыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге карай ауып кеткен. Ұлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жа-сап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрғаң» делін-ген. Осылайша бұл жолғы шабуылдар арқылы хундар мен үйсін тайпалары ұлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.
Хун.империясының кұрылуымен және ұзаққа созыл-ған хун — юэчжи (ұлы жүз) соғысының аяқталуымен кең далада бейбітшілік орнады. Б. з. б. II ғасыр хундардың көшпелі шаруашылығының өркендеген уақыты болды.
Біздің заманымызға дейінгі 119 жылы орасан мол кытай армиясы Тәңіркұтының ставкасын басып алып, 90 мыңға жуық хундарды қырып салды, қытайлықтар-дың өздері де үлкен шығынға ұшырады.
Сонымен біргечҚытай әскерлері Батыска, Орта Азия бағытына жылжи бастады, ол жерде біздің заманымыз-дан бүрынғы 101 жылы Ферғана калалары тоналып, хун-дар Шығыс Түркістан алқаптаррынан бөлініп калған еді. Б. з. б. 99—97 жылдары ханьдықтар (кытайлар) хундарға қарсы тағы ірі екі шабуыл жасады. Жетпіс мыңдай қытай армиясы колбасшы Ли Гуан-лидің басшылығымен хун жеріне басып кірді. Бірақ бұл жольг қытайлар өз күштерімен хундарды жене алмады, тек 20 жылдан соң ғана оларды басқа көшпелі халықтардың батыстағы үйсіндердің, шығыстағы ухуан (дунху) және солтүстіктегі Енисей динмендіктерінің көмегімен жеңіске жетті. Жан-жақтан жау анталаған ауыр соғыста хундар көп қырғынға ұшырады. Хундардың саяси дағдарысы басталды.
Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тәңірқұты Хуханье-нің басшылығымен шапкыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал қытайлар олардың тынышталуы үшін бәрін істеді, сөйтіп 50 жыл-дай уақыт бойы хун— кытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тәңірқұты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтті, бірақ бұл жерде хундар қытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады.
Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік және оңтустік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардың тағдыры негізінен Хань империясына тәуелді болды. Солтүстік хундар — Енисей (ежелгі қырғыз) тайпалары-нан, әсіресе дуньху — үйсін ұрпактарынан, сәнби—Ман-чжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының мигра-циясы әуелі Қазақстанның шығысына — Тарбағатайға және Жетісуға карай ығысты. Осы кезде хундар өздері-нің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін кұрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орна-ласты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайлаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды.
Хундардың экономикасы және мемлекетті
басқару дәстүрі
Сыма Цяньнін жазғанына қарағанда, хун қоғамының экономикасы тіптен қарапайым болғанға ұқсайды: «Жай уақытта олар мал бакты, әрі аң, құс аулаумен айналыс-ты, ал киын-кыстау кездердегі шабуылдың дайындығы ‘ ретінде әркім өзінше әскери істерге үйренді.
Жылқы табынынан басқа хундардың негізгі байлығы — сиыр, қодас, түйе, қой және ешкі отарлары болады. Мал жеке меншікте ұсталды, әр отбасы туыстығына байланысты аумактың белгілі бір бөлігіғіде мал жайды, әрі ол жерді бүкіл туыстарына қорған түтты. Адам ба-ласы мүліктерінің бүтіндігін сактау мақсатымен, Сыма Цянь айтпакшы,. «Әкесі немесе баласы өлген жағдайда, олардың әйелдерін туыстары әмеңгершілік жолымен өздері алып отырған», басқа көршілері сиякты хундар да көп әйел алу болған. Бөтен мүлікті ұрлағандығы үшін бүкіл отбасы катаң жауапка тартылып, ал мал ұрлаған кінәлі отбасы кұлдыкка түсіп отырған.
Хун коғамының жоғарғы тұсын төрт аристократия-лық ру құрды, олар — яғни кез-келген бір ер кісі өзіне әйелді тек қалған үш рудан ғана алуға болатын, бір-бі-рімен некелік қатынаста байланысқан рулар еді.
Бағынышты тайпалар осы төрт тайпаға мата, қой те-рісін және басқа да салық түрлерін төлеп отырды. Егер салықты дер кезінен кешіктірсе, хундар олардын. ру бас-шыларын дарға асты. Борышкердің әйел-баласын ездері алатын болды. Бостандыққа шығу үшін ерекше төлем талап етті. Хундардағы қүлдықты көрсететін мәліметтер жиі кездеседі. Құлдыққа негізінен тұтқындар алынды, ал кейде әр түрлі қылмыстары үшін хундардың өздері де құлдыққа түсіп отырды. Өзге тайпалықтар яғни қүл-дар көбінесе отырықшы шаруашылықта пайдаланылды, олар бекітілген калада хундармен бірге өмір сүрді, жер жыртты, тас қалау және құрылыс жұмыстарына қатысты, қолөнер өндірісіне араласты. Құлдықтағы хундардың жағдайы онша анық емес, олар патриархалдық от-басынын, ең төменгі тобын құрауы мүмкін.
Хун мемлекетінің кұрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. б. V—IV ғасырларда жун (хун) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хун державасы көршілес тайпа одактары және кытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтан-дырылған империяда ғана болуы мүмкін.
Қатал билік жүргізген ел басын «тәңірқұты» деп атаған. Оны «Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хун— Тәңірқұты» деген арнайы титулға ие болған. Оны «Көк ұлы» деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді: а) мемлекеттің барлық аумағы мен басқару мін-деті, осы аумақты корғау функциясы;’ ә) соғыс және бейбітшілік шартты жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы; б) мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жүмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы; в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жа-уаптылык міндеті.
Тәңірқұты «таңертең ордадан шығып, шығып келе жатқан күнге, ал кеште туып келе жатқан айға иіліп тағзым еткен». Осыдан Тәңірқұты мәдениеттілікті сақтау мен корғау ісінін, кепілдігіне ұқсайды. Жоғарғы ие-лік етушіні көмекші, кенесші, әскербасылардың көпте-ген топтары қоршаған, алайда айналасындағылардың пікірімен санасқанның өзінде шешуші сөз ылғи да Тәңірқұтының өзінде қалып отырған.
Мемлекетте Тәңіркұтынан кейінгі лауазымды кісілер — сол және оң (батыс, шығыс) «дана басшылар», яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын басқарды, әскердің сол жЗне оң канатын басқарды. Бұлардан кейін Тәңірқұтының белгілі бір аумағын басқаратын басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі әр түрлі лауазымға ие болды және «он мың жауынгердің үстінен . қарайтын басшылар» деп аталды. Бүлардың жалпы саны , империяның батыс, щығыс жақ бөліктеріне, әскердін. сол, оң қанаттарына бекітілген 24 жоғары әскер басы-лардан кұралды. Бұл орындарға Тәңіркұтына туыстық жакындығына қарай алынды. Басшыларды Тәңіркүты езі белгіледі. Ол эр басшының иелігіне сонда мекендеу-ші тұрғындарымен бірге аумақтар беліп берді. Тәңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың баска жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.
Басшының билігі мен әскери куші онын. әскер үлесі-не емес, тұрғындарының санына қарай аныкталуына көбірек мән берілді. Онын, кол астында он мың жауынгер болды, «24 басшының әрқайсысы 10 мыңнан бірнеше мыңға дейінгі әскерге ие болды»,— дейді Сыма Цянь.
Басшы ез иелігінің шегінде мыңдықтарды, жүздіктер-ді, ондықтарды тағайындады, оларға көшпелі түрғында-ры бар жер берді. Басшыны ауыстыруға не жазалауға тек Тәңіркұтының әлі жетті. Кейін басшылар сайлау қатаң мұрагерлік жүйеге ауысты.
Мемлекетте барлық ер адамның негізгі борышы әске-ри қызмет болды. Әр хун жауынгер атанды және әскери міндетті орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлық.ер адам балалық шағынаң өмірінің сонына де-йін катал бекітілген әскери бөлімшелерге жазылып кой-ды, әркайсысы өз басшысының бұйрығымен соғысты.
Міндетті турде төрт аристократиялық рудан шыққан басшылар «аспанға, жерге, адам рухына, аспан әлемі-нің рухына күрбандық шалуға» жылына үш рет, ал «мемлекет істерін талқылауға, адамдар мен үй жануар-ларынын, санағын тексеруге» күзде бір рет Ордадағы тәңірқұтына барып түрды. Бұл жиынды басқару ұйымы дегенмен, ол туыстардың отбасылык. кеңесі ретінде өте-ді, өйткені- оның қатысушылары Тәніркұтынын. туыста-ры болатын.
Сөйтіп Хун империясынын, баскарушы тобы рулык-таппалық негізде қалыптасты; мемлекеттің жоғарғы бас-шыларын сайлауда туыстық қатынас шешуші мәнін сақ-тады. Барлық ақсүйектер ру ішілік және тайпа ішілік байланыстарды сақтай отырып, катардағы тайпалармен кандас ретінде көрінді. Сондай-ақ ру арасында азық-тү-ліктерді бөлу жайылым жерлерге деген жеке меншікті-лік жоғарыдағылардың саяси күшінщ негізін қүрады.
Хун империясынын. үш ғасырдай өмір сүргенін және ұсақ хун мемлекетінің бірнеше ғасырғы емірін жалғас-тыру үшін бүл қүрылымдардың барлығы толық түрақ-тылыққа ие болды.
Қорытынды
Қорытып айтқанда, ежелгі замандағы һундер батысқа қоныс аударудан бұрын ежелгі қазақ тайпаларымен тығыз байланысты болған. Олар бір мезгіл үйсін, қаңлы, тағы басқа тайпаларды билеген. Солтустік һұндер батысқа қо-ныс аударғанда уйсін, қаңлы, алан жерлеріие келіп, одан соң шығыс Европаға қарай ауған. Осы кезде һұндердің бір бөлегі осы өңірлерде қалып, үйсін, қаңлы, алан ұлыс-тарымен тоғысып, оларға сіңісіп кеткен. 5-ғасырда Еділ мен Днепр аралыгындағы һұн одағы ыдырағаннан кейін, бүлардың бір бөлегі қайта толқып, қазақ даласына келіп, олардың кейінгі үрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлық атанып кеткен. Бул тайпалардың бір бөлегі қазақ халқының құ-рамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі һұндерді қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.
Жоғарыда баяндалған үйсін, қаңлы, алан ұлыстары өзара тығыз саяси, шаруашылык және мәдени қарым-қатынаста болды, тіпті олар аралас-құралас ғұмыр кешті. Кейбір тайпалар біресе үйсін ұлысының, біресе қаңлылар ұлысының құрамына кіріп отырды. Үйсіндер алғашқы кезде һұндерге бағынды, кейін келе һұндердің бір бөлегі үйсін, қаңлы, аландарға қосылып кетті. Ал қаңлылардыц кейде үйсіндерді, кейде аландарды өз қол астына қаратқан кездері де болды. Бұл ұлыстар арасында айырбас сауда жүріп жатты. Бұл қарым-қатынастар оларды бір-біріне жақындата берді.
Кейінгі кезде жүргізілген археологиялык зерттеудіц анықтауынша, уйсін, қаңлы, алан ұлыстарының дәуірлеген кезі — темірден жасалған құрал-саймандардың барлык жерде таралған кезі болды. «Үйсіндердің, қаңлылардың, алаңдардың және басқа тайпалардың мәдениеті сақ тай-палары мәдениетінің заңды жалғасы және дамыған түрі болды. Бұл мәдениет сақтар мәдениетінің негізгі элементтерін қамтып, оны ары қарай дамытты». Бұл ұлыстардың өз заманындағы экономикалық өмірі, даму дәрежесі деңгейлес еді.
Әдебиеттер тізімі
- 1-том Алматы “Атамұра” 1996ж 245-248 б, 258-260 б.
- Түрік халық тарихы Алматы “Білім” 1996ж 26-44 б.
- Көне тарих 103-108 б.
- Түркістан халық энциклопедиясы Алматы 2000ж 268-270 б.