АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-зиялыларының қалыптасуы

Ф.4.7-006-01

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ҚББ институты

 

«Психология және дефектология» кафедрасы

 

 

 

 

 

«Психология тарихы» пәнінен

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы педагогика-психологиялық ой-пікірлер

 

 

 

 

 

 

 

   

Орындаған:  Оспанова Ж.

Тобы: ЗФК 04-3к1

Қабылдаған: Ахметова А.К.                  

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2008

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

3

1.

М.Әуезовтың педагогикалық және психологиялық көзқарасы

4

2.

Х.Досмұхамедовтың педагогикалық көзқарасы

10

3.

С.Сейфуллиннің қызметі

14

 

Қорытынды

21

 

Қолданылған әдебиеттер

22

 

 

 

 

 
   

Кіріспе

 

 

Қазан төңкерісінен кейін еліміздің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен жаңалықтар ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің барлық саласының өркен жаюына толық мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлардың көбеюіне жағдай жасалды.

Педагогика ғылымының дамып қалыптасуына сол кездегі (1920-30) баспа орындарының ашылып, журналдар мен газеттің халыққа қызмет етуі, оқулықтар да әсерін тигізді. Педагогика ғыдымын қалыптастыруда 1920-1930 жылдары халқымыздың біртуар азаматтары М.Әуезов, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин сияқты зиялылар орасан зор  еңбек етті. Осы ағартушы-педагогтардың еңбектері мен оқулықтары  әлі күнге дейін педагогика саласына көп үлесін қосып отыр.

 

  1. М.Әуезов (1897-1961) педагогикалық көзқарастары

 

Қазан төңкерісін кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдарымен халық ағарту ісінің толық проблемаларын көтергелі белгілі. Мәселе, 1918 жылғы «Абай» журналының 1-санында жарық көрген «Ғалым» атты мақаласында: «адам баласының жаман құлқы жаратысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзу, бұзылу жас уақытта  болады. Көшпелікті адамдылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу қажет. Адамшылықты таза жүргізу үшін» — деп жазды М.Әуезов, — көп ой керек, ойдау үшін оқу керек және оқу әр тораптан мағлұмат беріп, ақиқатқа баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен  тәрбие беру керек.

«Мәдениет һәм ұлт» атты еңбегінде ол ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениет ғылым дәрежесіне тікелей байланыстырылғанын айта келіп; «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің адтын алқасы болып отыр. Осы күнде ғылым мен мәдениет жерде, суда, ауада, аспанда ай-жұлдызды билейді» дейді.

Мәдени прогресті жаңа қоғамды құрудың құрамдас бір бөлігі деп түсінген М.Әуезов «Қазіргі уақытта біздің бір мұқтажымыз бар, ол — оқу» — деп түйеді өз ойын: Ал «Оқу ісі» атты мақаласында мектеп үшін аса қажет болып отырған ауылды мұғалімнің жетіспеуін, оқу құралдарының жоғарғы арнаулы оқу орындарының қажеттігін сөз етіп, бұл жөнінде ұсынысын білдіреді. Олары: дарын толқытыру және жаңадан дайындау, семинария бітіргендерді оқытушылыққа тарту, жоғарғы оқу орындарына шәкірттер жіберу, мұсылманша сауаттыларға тәрбие ғылыми, зелество, права тағы басқа хақында пайдалы дәрістер беріп, кейін оларды халықты сауаттандыру ісіне кеңінен тарту секілді мәселелер. М.Әуезов әсіресе ұлт кадрларын даярлау мәселесәне ерекше көңіл бөлді. «Оқытушылар, — дейді ол, — замана талабын дұрыс түсінген, адам баласының қас жауы надандық пен қараңғылыққа, қапастыққа қарсы күресуші азаматтың өткен тарихындағы барлық мәртебелі де игілікті істердің жалғастырушылары болуы шарт». М.Әуезов мұғалім жоғары ұждандық пен қатар, ұстазға тән қасиеттерді де бойына терең сіңірулері керек, яғни «олар өзі сабақ беретін пәнді толық түсініп, ол пәннің мақсатын, оқыту жөні мен жолдарын терең игеру ұдайы өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып өтетін тақырыптарды анық та  ашық түсіндіруге ұмтылуы тиіс. Оқу тәрбие жұмыстарында педагогика мен психологиялық жәйттардың алатын орнын естен шығармауы, өз мамандығын және жас жеткіншектерді шексіз сүйе білу, олардың өзіне де және ата-аналарына да мәдениеттілік пен білім жөнінен үлгі бола білуі т.б. қажет» — дейді. М.Әуезов – Қазақстандағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының еңбек жазбағанымен, жоғарыда айтқанымыздай, оқу және оқыту әдістемесіне айрықша мән берген ғалым-ұстаз.

1920-30 жылдары Қазақ Республикасының оқу ағарту саласында кезек күттірмейтін проблемалардың бірі – ұлт жастарына арнап, ана тілінде оқулықтар жазу және оқу бағдарламасын дайындау еді. Бұл істі жедел шешуге М.Әуезовпен бірге сол кездегі қазақ зиялылары М.Жолдыбаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Қ.Тотқынов, С.Мұқанов, Қ.Бекқожин, Ө.Тұрманжанов, Қ.Жұбанов, Ә.Сыдықов т.б. осы сияқты қазақ оқығандары белсене араласты.

М.Әуезов өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып ғылыми тұрғыда сөз етеді. Ол «Новый аул» деген оқу құралдарына қазақ халқының өмір тіршілігі, кәсібі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары, ойын-сауығы туралы қысқаша мағлұмат беретін «Откочевка от летовки», «Доение кабыл», «Как варят сыр», и «Стрижка ягнят», «Нападение волка на стадо», «Качели» (алтыбақан) «ақ сүйек» т.б. атына мазмұны енгізеді; Осы бөлмеге енген «Школьная саниторная комиссия», «Беседа с доктором» сияқты әңгімелерде үлкен таным тәрбиелік мән бар. Кітаптың оқырман назарын өзіне аударатын тағы бір бөлімі: «Город и аул» деп аталған. Бұл бөлімде  қала мен ауыл өмірінде кездесетін тұрмыс салт өзгешеліктері, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынастары түрлі мамандықтар мен кәсіп иелері арасындағы экономикалық, саяси-әлеуметтік байланыстар туралы мағлұмат беру ойластырылған. М.Әуезов ойшыл әрі ғалым, педагог ретінде өз бетін танытқан іргелі жұмысының бірі – бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес жазылып, 1930ж. Қызылорда да жарық көрген «жеткіншек» атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы. «Жеткіншек» жалпы бөлімнен «Қазақстан», «Кеңес одағы» деп аталатын.

Кітаптың «Қазақстан» атты тауарында елдегі жер бедері, ауа-райы, әкімшілік-теориялық орналасуы, халық шаруашылығы, жол қатынастары, ауыл мен қала арасындағы байланыстар туралы нақтылы деректер беріледі.

Автордың оқулықты бұлай құруы тәліми-таными жағынан көңіл аударарлықтай. Өз өлкесін танып-білу шәкірттерді патриотизмге, туған өлкені қадір тұтып, сүйе білуге бірден-бір жол екені түсінікті. М.Әуезов келтірген нақты деректер, оның зерттеуші – социолог ретінде оқу құралын жазуға көп еңбек сіңіргенін көрсетеді. М.Әуезов басқарған ғылым-методистер шәкірттерге тек нені оқыту керек екенін көрсетіп, оларды қалай оқыту керек деген мәселені де шама-шарқынша сөз етеді. Мәселен, «суретті әдебиет құралы» атты қазақ әдебиетін оқытуға арналған бағдарламада «жалпы сөз» деп аталатын кіріспеден басқа «оқуға жаттығу» «сөйлеуге жаттығу», «жазу тіліне жаттығу», «әдебиет жөніндегі істердің қоғамға пайдалы іс пен байланысуы», т.б. бөлімдер бар.

Бағдарламада жазу тілінде жаттығудың жолдарын қарастырып, ұғуға қиын сөздерді, сөйлемді жазып алу, солардың сөздіктерін құрастыру, кітаптан сөз толғап ала білу, оқығанды жоспарлай білу, кеңсе қағаздарының жазу үлгілерін меңгерту, тезистер жасау мен баяндамалар даярлау, әдебиет туындыларына жазбаша сын жасап баға беру тағы басқа осы іспеттес әдістемелік жәйттер аталып өтілген.

М.Әуезовтің ұстаздық еңбегін сөз еткенде оның ұзақ жылдар бойы қазақтың мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқып, келешек әдебиет зерттеушісі, мұғалімдер мен журналистерді тірбиелеуге қосқан зор үлесін де айтпай кете алмаймыз.

Заманымыздың талантты жазушысы белгілі қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов «Правда» газетінде: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халқымыздың рухани өмірінің қалыптасуына М.Әуезов  сондай әсер етті» — деп жазды.

Расында да, бұл баға, біріншіден, ұлағатты ұстаздың үлгілі шығармашылығы мен дүние жүзі мәдениетінің дамуына сіңірген зор еңбегінле берілген әділ баға болса, екіншіден, оның тарихи шындықты ашып берген үлкен суреткер, асқан ойшыл екендігін мегзейді.

Психологиялық көзқарастары

Мұхтар Әуезовтің психология мәселесіне қатысты айтқандары оның әр жылдары әдебиет, өнер білім, ағарту, мектеп мәселелері туралы жазған шығармаларында жиі ұшырасады. Бұларда адамның әр алуын көңіл күйлері, эмоция, сезім, ерік жігер ерекшеліктері шығармашылық әрекет үстіндегі қаламгер шабыты, тәлімгершілік қасиет, қазақтың ұлттық психологиясы әр қырұынан сөз болады. Төменде ғылымның шығармашылық психологиясы мен этнописхологиясы жайында айтқандарына тоқтайық. Оның пікірнше шабыт тек өнер өкілдеріне ғана тән қасиет емес, ол кез келген мамандық иесінде де кездесетін ерекше психологиялық күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақыо үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндайда автор айтқандай «алаңсыз көңіл», «ақындық сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғаннан қайта – қайта жаза беру», «өзін-өзі сынып қарай беру» көңіл-күйлері шебер жазушы мен майталмаған ақанға ауадай қажет.

Жазушы қаламынан туған әрбір туынды,зергердің қолынан шыққан асыл бұйымдай творчестволық шабыт күйінің нәтижесі. Шабыт күйі, салтанат құрған шығарма ғана жұртты өзіне баурап алады. Шабыт жоқ жерде әлсіз, сүреңсіз жасық шығарма туатыны хақ. Мұндайда кісі сан алуан сезім күйлерін, небір жан тебірен –істерін басынан кешіреді, суреттеніп отырған оқиғаға немесе диалоктарға байланысты көңіл күйі мың сан құбылады. Бірде дос болған немесе ашулы күйік, ыстық жас төгіп өкінген, жеңілу мен ұтылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы, танысы балқыған жазушының жүрегінен ғана шын шығарма туады. М.Әуезов жазушы шығармашылығын бірнеше сатыларға бөліп ажыратады. Мәселен, қаламгер ең алдымен өмірмен мидай  араласып, оны бар болмасымен іштей меңгермей, ақын жазушыда шабыт тумайды, екіншіден творчество өмірді терең білуден оны үнемі зерттеуден, үздіксіз жойқын еңбек етуден туындайды.

Творчестволық еңбек «жүрек қанымен жазылатын» — бейнеті көл көсір, рақатынан азабы басым болып келетін, ауыр еңбек жазу барысында тек шабыт күйін иемдену табандылық пен шыдамдылық ғажам бай қиял, қажыр қайрат, әсерленушілік секілді қасиеттер болады. Көркем дүниенің өмірге келуі де әртүрлі мәселен кейбір туынды бас –аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, енді бірі  жылдар бойына  жазады. М.Әуезовтің өзі «Абай жолы» эпосын жазуға ұзын-ырғасы 20 жылдың бәрін сарп еткені мәлім. Осы жылдары ғұлама ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, сезім талғамын, қажыр-қайратын ең басты мақсатына бағыттап, рухы мен жігер күндіз-түні ширатып, асқан табандылық пен шыдамдылықты көрсеткен еді. Ол «талапты табанды жеңеді» деп жиі айтатын.

Қаламгер өмірден алған түрлі әсерін, айталық табиғат сұлулығын, ән мен күйдің жүрек қылын тербететін әсемдігін, қуанты не қайғылы жағдайда туған әсерін паса көркемдікпен бере алса, шығарманың өз оқырманын тез баурап алатындығына сөз жоқ. Әрине ақын жазушы айналасындағының бәрін бірдей қабылдай бермейді, оларды мимен жүрек-шегінен қайта-қайта өткізіп, өзінше қорытып, өзіндік дүние етіп алады.

Тегінде, — деп жазды ол, — зор дарынды, ойшыл, білімді алғыр адамдардың ой-сезімі, саласы, барлық интеллект сипаттары дарынды, ойшыл, білімді алғыр адамдардың  ой-сезімі, санасы өзімізге мәлім сүйікті ұлы жанрдың қай-қайсысын алсақ та сезім саласын, ой дүниесін қалыптаған негіздер бір жақты болмайды. Шығармашылық әлемде ойды жинақтай, синтездей алу әрекеті де күшті дамыған болуы керек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер еткен түрлі құбылыстарды, не бір-бірімен қарама-қарсы тұрған объектілерді тәптіштеп сұрыптайды да жекелеген бейнелердің штрих, деталдарына бөлшектеп, ажыратып, бұдан тұтас, жаңадан бір образ құрастырады. Осындай жолмен жасалған көркем шығарма ғана сезім дүниесін билейтін болады. Мәселен, өзі сомдаған ұлы Абай бейнесі  жұрт армандаған, бір жақсыдан қорытылған асылдың асылы, оның бетіне шыққан нәрі типтік бейненің сан алатындай сағындысы.  Оның жырды бірден, иабан астында данынан шығарып айту, суырып  салма қабілеттілік, қиынан қиыстырулар, хас шеберлік, тіл байлығы, сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі.  Ол халқымыздың «естіру», «жақтау» т.б. тұрмыс-салтқа байланысты туындаған өлең жырларынан да қазақ халқының психикалық кейпі жақсы көрінетіндігін, қоғамдық прогресс барысында ұлттық психология өзгеріске  түсіп, жаға мазмұнға көшіп отырғандығын да еске салады;

Ұлы жазушының  мол мұрасында осы айтылғандармен қатар адам жанының асыл қасиеттерін талдап көрсеткен салиқаны ғылыми пікірлері аз емес.

 

  1. Х.Досмұхамедовтың педагогикалық көзқарасы

 

Халқымыздың азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ардагер азаматтарының бірі – Халел Досмұхамедов Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Алдымен ауыл молдасынан хат таниды. Кейіннен жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқиды. Одан соң Орал қаласындағы реалдық училищеге оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң Петербордағы әскери-медициналық академияда оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. Академияда Х.Досмұхамедов дүние жүзі физиологтарының ақсақалы, шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И.П.Павловтың лекцияларын тыңдаған. Осы кездері оның дүниетанымы мен ой-өрісі кеңейе, жетіле түседі. Сол жылдары Ресейде болған буржуазиялық демократиялық төңкерісті өз көзімен көріп, оны түсіне бастауы, Халелдің, идеялық жағынан шыңдала түсуіне зор ықпал етеді. Ол қазақ  халқын патшалы империяның аяусыз қанап, тонап отырғанына көзі жете бастайды. 1909ж. академияны бітірген соң әуелі Перм губерниясында, кейін 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер болып жұмыс істейді.

1917ж. бастап Алашорда үкіметінің басшылық жұмысына белсене араласады. Оның Қазан төңкерісіне дейінгі осы іс-әрекетін бетіне шіркеу ғып, есімін атамай келгеніміз белгілі. Алайда оның ісі республика Жоғарғы сотының 1958ж. ақпандағы шешімімен қайта қаралып, толық ақталды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында халық ағарту институтында оқытушы, Орта Азия университетінде ординатор қызметін, 1924ж. Ресей академиясынның Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті  болып сайланды. 1926ж. Қазақ педагогикалық  институтының проректоры, кейіннен педология кафедрасының меңгерушісі, профессор қызметін (1929) бұған қоса қазақ АСР Денсаулық халық комиссариатының жоспарлау-ұйымдастыру  басқармасының меңгерушісі болып істеді. Сол жылдары ұлттық мектептердің жаңа жүйесін құруға, қазақ тілінде ғылыми терминология жасау ісіне, ұлт тілінде журнал шығаруға белсене араласты.

Тарих, әдебиет, тіл ғылымдарына қатысты іргелі проблемалармен айналысып, «Қазақ халық әдебиеті», «Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», «Кенесары-Наурызбай», «Исатай қозғалысы турасында» (1925) «Адамның тән тірлігі» (1927), «Сүйектілер туралы» (1928), «Жануарлар» (1928), атты кітаптар жазды. Оның оқу-құралдарын жазудың методикасы, яғни шәкірт жанына лайықты етіп құрастыру жайлы айтқан пікірлері көңіл аударарлықтай.

«Алдымызда үлгі болмаған соң, ғылым кітабын жазу да қиын болады. Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап, түсінікті қылып аудару өте қиын жұмыс. Сөздің жүесін келтіріп, көркем қылып аудару өте қиын жұмыс. Сөздің жүйесін келтіріп, көркем қылып жазу да керекті нәрсе. Ғылым атауларына лайықты ат қоюмен қоса, ол бүтін ілгері болашаққа жол салатын нәрсе. Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда әсем қылып сөздің жүйесін келітірп жазудан гөрі ғылыми атауларға лайықты ат тағу жағын қарастыру керек», — дейді.

Х.Досмұхамедовтың фольклорлық тану саласынлағы еңбектерінің ішінде оқшау тұратыны «Қазақ халық әдебиеті» (1928) очеркі. Онда халықтық педагогиканың кейбір проблемаларын сөз еткен. Бұл еңбектің тағы бір құндылығы: біріншіден, қазық ауыз әдебиеті үлгілерінің  тәлімдік жағына баса көңіл бөліп, тұңғыш терең талдау жасауындағы болса, екіншіден, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін тұңғыш жинап, зерттеуші В.В. Радлов, Н.И.Ильминский, Г.П.Потанин, А.В.Алектаров, Ә.Диваев сияқты ғалымдардың ой-пікіріне сипаттама беруінде, үшіншіден, қазақтың халық әдеьиетінің ғылыми классификациясын жасап, жүйелеп, терминдерді қалыпастыруында болып отыр. Мәселен халық әдебиетінің мазмұны  туралы айтқанда, шілдехана, бесік жырларының тәрбиелік мәнімен тоқтала келіп, «Қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап, кімелетке толғанына дейінгі тыныс – тіршілігі ән-жырдыңғ құшағында өтеді. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың» басты орынға шығуы, сірә, хаоық әдебиеті мен халық әуендерінің кең тарап, дамуы және оның тәрбие туралы болуы себеп болса керек», — дейді ғалым.

Автор түс жорудың, болжам өлеңдерінің мән-мағынасына тоқтала келіп, «түс жорудың қазақтар арасында үлкен мәні бар, ел ішінде арнайы мамандар – түс жарушылар да ұшырасады. Бұлардың айтуынша, түс жору перғауынның түсін болжамаған Жүсіп пайғамбардан басталады. Әрбір қазақ түсіп біреуге жорытуға тырысады және осы жору сөзге әрдайым сенеді. Мысалы, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш» т.б. жырларда түс көру мен оны жорудың поэтикалық суреттемесі баршылық» дейді.

Х.Досмұхамедов халықтың астрономиялық түсініктері мен ырымдарына да үлкен мән береді. Мысалы, ол «Халық әдебиетінде әпсаналар» үлкен орын алады. «Жер мен көктің жаратылуы», жұлдыздардың пайда болуы, топан су қатауы т.с.с. аңыз әңгімелер қазақ арасында өте көп тараған.

Автордың халық поэзиясының асыл мұраларын халықтың педагогикалық інжу-маржандары деп бағалап, «Қазақтың ұшықиырына көз жетпес кең даласы, оның құмы, өзені тау-тасы, орман-тоғайы, салт-дәстүрі, ойын-сауығы, күйініш-сүйініші, қайғы-қасіреті бәрі-бәрі халық әдебиетімен өзекті орын алған», — деген пікірмен әбден келісуге болады.

Автордың лиро-эпос, тұрмыс-салт жырларына, қазақтың ұлттық өнеріне жасаған талдауларының ғылыми-педагогикалық мәні зор.

Х.Досмұхамедов халқымыздың шаруашылық кәсібі, тұрмыс-тіршілігі, аңшылық өмірі, киіз үй мен оның барша жиһазы, ұлттық киімдері, әсіресе қыздар тағатын алтын-күміс, т.б. тізбектей келіп, осылардың жас буынды еңбекке, кәсіпшілдікке, адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиеленудің маңызы зор екенін нақты деректер келтіріп дәлелдейді.

Х.Досмұхамедовтың қазақтың ою-өрнекті, зергерлік қолөнері мен сәулет өнерінлегі мұраларын зерттеуге арнаған.

Халелдің тәлім-тәрбие, педагогика, психология ғылымдары саласында арнайы жазған ғылыми еңбектерінің де болуы ықтимал. Бірақ бұлары бізге әлі күнге дейін  мәлім болмай отыр. Әйтсе де, оның ғылым, білім, мектеп, ағарту, тіл жайындағы ой-тұжырымдарына қарап, оны тәлім-тәрбие ғылымының да білгірі деуге болады.

Халел тіл, сөйлеу-адам психологиясының басты белгілерінің бірі екенін айтады. «Тіл – жұрттың жаны». Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Мектеп пен баспананың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді дейді.

Халелдің психологияның жеке мәселелеріне байланысты пікірлері де терең. «Адамның табиғат тағы бір мінезі, — дейді. Ол, — ойын-сауық қылып, қызықтар көруі. Ойламайтын адам жоқ. Күлмеген адам адам емес» — дейді.

Х.Досмұхамедовтың осындай пікірлері корнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965) «Әдеби мұралар психология ғылымы үшін еш уақытта да мәнін жоймайтын, бірден-бір қажетті материал болып табылады» дейтін түйіндерімен астарласады.

Х.Досмұхамедовтың, педагогика, психология ғылымдарына қатысты бұл айтылғандардан басқа да әртүрлі ой толғаныстар көп. Бұлардың бәрін ғылыми талдауға алу арнаулы зерттеуді қажет етеді.

 

  1. С.Сейфуллиннің қызметі

 

Қазақ Кеңес әдебиетінің қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сефуллиннің өмір жасы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.

Сарыарқаның әсем табиғаты Ор, Аба таулары мен Есіл, Нұра өзендерін жайлаған саятшы Сейфолланың семьясында 1894 жылы Сәкен жарық дүниеге келді.

Ауыл молдасы Ағашаяқтан сауатын ашқан Сәкен 1905 жылы Нілдіге келіп, орыс қазақ мектебінде оқиды. Ыбырай ұстаның дүкеніндегі қайнаған еңбекке сән берген ән әуені, Спасск жұмысшыларының ереуілі Сәкеннің жадынан шықпастай әсер қалдырған.

1909 жылы Ақмоладағы екі сыныпты приход школына ауысып, оны тәмамдағаннан кейін қаланың училищеде оқуын жалғастырады. Ақмоладан да гөрі, ірі, өнерлі жерде білім алу қажеттігін сезген соң 1913 жылы Омбының оқытушылар семинариясында көп қиындықпен қабылданды. Осында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевпен үш жыл бірге оқиды. Омбы – Сәкеннің білімін арттырып қана қоймай, оның демократтық көзқарасын қалыптастырған, ақындық дарынын ұштаған қала.

Қазақ жастарының көмегімен 1914 жылы «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын шығарып, мәдени ағарту мақсатын көздеген. «Бірлік» қоғамының сол қанатын басқарды. Омбы жұмыскерлерінің өмірімен танысып, Феоктист Березовский сияқты революционер жузышымен жақын болу Сәкеннің ағартушы-демократтық көзқарасының қалыптасуына жағдай жасаса, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы күрес жасын таңдау қажеттігін сездірді.

Омбы полициясының қара тізіміне 1914 жылы іліккен Сәкен өзінің ізін бағып жүрген тыңшыларға қарамастан 1916 жылғы салаң алу жұмысына қатысуы, Бұғылы аулында бала оқытуы, Ақпан төңкерісі кезінде қала жатақтарымен тағдыр тәлкегін бірге бөлісуге бел байлауы, Ақмолаға келе сала «Жас қазақ» ұйымын ашуы, 1917 жылы «Тіршілік» газетін шығаруы замана жайын түсіндіруі, Қазақ төңкерісін қуанышпен қарсы алып, қалам мен қаруды тең ұстауы әншейінгі жастық желісі емес еді. Күрескерлік сананың әсерінен Ақмола  Советінің президиум мүшесі және халық ағарту комиссары болып, төңкерісшіл өлең жырдың туын көтерді, топтық сыңай танытты. 1918 жылдың маусымында тұтқынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында ажалмен ауысуы, асқақ ерлік көрсетуі, түрмеден қашып шығып, Түркістанға өтуі, Кеңес өкіметі қайтадан орнағаннан кейін Ақмолаға қайтып келіп, әлеуметтік қауырт істерге белсене араласуы азамат ақынның өнегелі өмірінің ойшықты белестері.

1918 жылы компартия мүшелігіне қыбаданған аз ғана қазақтардың бірі Сәкен Сейфуллин.

1920 жылы бүкіл Қазақстандық құрылтай съезіне арнайы шақырылып, Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі болды. Оқу халық комиссарының орынбасары «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып жүргенде 1922 жылы халық комиссарлары кеңесінің төарағалығына сайланды.

1922 жылы – Қазақ Кеңес әдебиетінің олжалы жылы. Сәкеннің 1915 жылдаг бері жазып, «Тіршілік», «» Ұшқын, «Еңбек туы» (Орынбор), «Кедей сөзі», (Омбы), «Еңбекші қазақ» газеттерінде әр кезде жарияланған өлеңдерінен құралған «Асау тұлпар», жинағы 1917 жылы жазылған. «Бақыт жолында» мен тұңғыш революциялық «Қызыл сұңқарлар» (1920) пъессалары А.Асылбековтың «Біздің де күшіміз туды», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегі» мен «Қорғансыздың күні» жеке кітап болып басылып шықты.

Сәкен Сейфуллин 1917-1925 жылдар арасында Қазақстан көлемінле өткізген ірі науқандар, мәні мәжілістермен қатар, бүкілодақтық съездер мен кеңестерге қатысты. Елді электендіру туралы В.И:Ленин баяндамасын өз құлағымен тыңдап, ұлт республикалары коммунистерінің Мәскеуде өткен кеңестерінде белсенділік танытты.

1924 жылы пролетар көсемі В.И.Ленин дүние салғанда Қазақстан Республикасының делегациясын басқарып, қазақ ақындарының ішінен бірінші болып «Қайғылы хабар», «Қаралы күн» өлеңдерін жазды.

1925 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының директоры  1926 жылы Қазақ өлкелік партия  комитетінің жанындағы испарттың меңгерішісі, 1927-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының  (Казпедвуз) директоры қызметін атқарып, Мемлекеттік университетіне зорлықпен шақыртылды. 1934 жылы Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды.

1927-1928 жылдары «Жыл құсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысты. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы болды. Әдебиет пен мәдениет ісіне басшылық ететін талай ұйымдардың құрамына сайланды. 1934 жылы бірінші бүкілодақтық жазушылар съезінде айбынды сөз сөйледі. Орыстың данышпан ақыны А.С.Пушкиннің қаза болуының 100 жылдығын өткізу жөніндегі одақтық комитетінің мүшесі және республикалық комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

Сәкен – қоғам, әлеумет істерімен өзінің творчестволық өнерпаздығын тауып қабыстыра білген қайраткер. Бүгінгі өмір шындығы, кезең тудырған келелі мәселелер оның ақындық жанарынан сырт қалмай, үнемі көркем сөз өрнегінен көрініс беріп отырды.

Сәкен туралы «Еңбекші қазақ» газетінде 1923 жылы жарияланған мақала «Жыл құсы» атанып Сәкен Сейфуллин біздің қазақ әдебиетінде жаңа дәуірді бастап отыр. Абайдан басталған  жаңа рухты ХХ ғасырдағы қазқ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдік ойысып, сөз құдіретін асқақтата беру жағында көп көрінсе, сыртқы келбет, екпінді ырғақ арқылы топикалық өлеңге іш тарту Сәкенде мейлінше анық байқалады. Жаңа мақам іздеген уақытта Сәкен дәстүр шатталығынан онша қорықпаған. Бұл жолда тамаша табысқа жеткенімен ожарланған тұста алақасы құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өркеніне зорлық жасап,  төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жасаған өлең өрнектері Абаймен деңгейлес болмағанымен; реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас екендігі даусыз.

Абай ағартушы – демократтық бағытқа ден қойғанда ескі арна арқылы жаңалық аша қояйын деген жоқ. Сондықтан ол бұрыңғы дістүрлі машықтар мен мақалдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түзете, кейде қирата бұтарлады.

Е.Исмайлов, З.Шашкин, С.Мұқанов тұжырымдауында, Абай жасаған 16 түрдің көбі осындай төңкерісшілдіктің жеңісі.

Осы рух кезі келгенде, уақыты туғанда Кеңес әдебиетінің серкесі болған Сәкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер оп-оңай өте салмады. Ол ойға да ниетке де, өлеңге де өзінің дабын салып, ою-өрнегіне талай жаңалықтар әкелді. Осы процесс Сәкен творчествосында алабөтен болғандықтан ол ұлы жаңашыл болып танылды.

Абаймен табақтас, рухтас өткен өлең өрнегіне келсек, ойда Сәкеннің атақты «Советстан» түрін алдымен ауызға алу шарт. Өйткені ол Сәкеннің ілгерінді-кейінгі ізденістердің қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі Абайдың «Сегіз аяғы» сияқты өнегелі өрім, талай ақындар еліктеп, пайдаланған өрнек.

Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэзия жаңа дәуірде соны сипат алып, профессионалды поэзияның образ жасау жолына өрістей түскен уақытта әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, С.Сейфуллин творчествосында өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырай көрінді.

«Ақыры асау – жаңғырда дала, тулады, орғыды жау – дүбірлеп күңгіренді дала… көкіректі кернеп, кең даланы күңгірейіп, қатты айғалап ән салдым әніме қосылды – кең дала, ақулы  қазды шалқар көл, қамысты құрақты көк өзен – қосылды бәрі шуласып, қосылды бәрі шаттанып» — деген асқақ романтика алып екпінмен орнап жатқан жаңа өмірдің адуындығын аңғартқандай. Сондықтан асау тұлпар аумалы – төкпелі заманды бейнелеуге жарайтын образ болды. Бұл образда біріне бірі сабақтасып, іштей қатысып жатқан екі жай бар. Бірі – тұлпар қазақ әдебиетінде ерекше қастерлегендіктен оның дәстүрлік сипаты қалың.

Сәкен Асау тұлпарды жырлағанда қазақ халқының таным білігінен алыстамай, дәстүрлі пайдалану арқылы әсер ету мақсатын көздеді. Сондықтан да халық асау тұлпарды жатсынбайды. Екіншіден Сәкен трактовкасында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны көздеген  мақсаты, мінез-құлығы, іс-әрекеті мүлде жаңаша суреттеледі. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясында Сәкен сіңіре бастаған жаңалық, новаторлық әуелінде ескі дәстүрге сыйымды болып, соның бесігінле ер жетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нәтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалсау-топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың образ болды. Сәкен 20 жылдардың ортасында жаңа замана ағымына қарай қара-айғыр- отарбаны ауызға ала бастады. Паравозды – қара айырға теңеу арқылы Сәкен «дайындық жұмыстарын» жүргізіп, оқушының поэтикалық түсінігін келесі жаңа образға бейімдеді. Соның нәтижесінде «Біздің тұрмыс — экспресс» деп жар салуға мүмкіндік алды.

Қазақ поэзиясының дәстүрлі он бір, жеті және аралас буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сәкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені қазақтың ақындық аспанында Мағжан, Ілияс, Бейімбет, Сәбит сынды сәйгүліктердің бәсеке жарысы өлең өрнегіне жаңалық әкелді, жаңа мазмұн, жаңа түрді қажетсінді.

Сәкен поэзиясында тоникаға іш тарту басым болды. Ұйқастан туатын ырғақты интонациялық екпінмен жеткізу қазақ поэзиясында сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге тоника элементтерінің ене бастауы еді. Абай мұны  білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Сәкен осы принципті «Советстанда» әбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады.

Сәкен өлеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашу,беру сияқты ізденістерді өрістете келіп сылқым сылдыры, ойнақы өрнегі бар.

Қазақ халқының тарихында, әсіресе әдебиетінде үлкен белес жасаған «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-эссесін 1922 жылы бастап, 1927 жылы жеке кітап етіп шығарды. Бұл екі арада «Домбыра» (1924), «Экспресс» жинақтары мен «Ұйым және еңбек-шартжалшылар қорғаны» (1926) атты өлең-жырын жариялады. Қазақ әдебиетінле жұмысшылар өмірін суреттеудің тырнақалдысы болған «Жер қазғандар» повесі 1927 жылы жазылса, «Тұрмыс толқынында» жинағы 1928 жылы шықты. Қазақ әдебиетінің классикалық туындыға айналған «Көкшетау» дастаны 1925-1929 жылдар аралығында жазылды.

Өзі өмір сүрген заманында «Советстан» (1925), «Аьбатрос» (1935), «Социалситан» (1935) триптихын арнап, кезең қиындығын, аштықты, партияның, әсіресе кәрі райкомның жүргізіп жатқан саясатының қателігін әшкерелеген «Қызыл ат» дастанын жариялады. Бұлар күрескер ақынның поэзия саласындағы зор еңбегіне айғақ болса, 1922 жылы жазылған «Айша» әңгімесін 1935 жылы повестке айналдыруы, қазақ интеллегенциясының республика басшыларына рухани қарсылығын суреттеген романы «Біздің тұрмыс» (1932-1934) және республиканың даму белестерін баяндаған. «Жемістер» атты публицистикалық повесті 1936 жылы сол кездегі идеологиялық қыспақпен өңделіп, толықтырылған. «Тар жол, тайғақ кешудің» екінші 1936 жылғы басылымы көркем қара сөз саласындағы ірі табыстары еді.

Жаңа өмірде өрге сүйрелеген жалынды ақынның творчестволық еңбегінің жиырма жылдығы 1936 жылы аталып, зор құрмет көрсетілді.

Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет еңбек қызыл ту орденімен марапатталған да Сәкен болды.

Сәкенге бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай қайраткерлік тарамданады.

Қазақ мәдениетінің тарихында үлкен құбылыс болған «Қазақ әдебиет» атты монументальді еңбегінің орны бөлек. Өйткені ол біріншіден жоғары оқу орындарының оқу құралына дәрулігін өтеді. М.Әуезовтың «Әдебиет тарихы» деген еңбек жазып, 1927 жылы шығармақ болғаны рас. Бірақ сол кездегі  жербақандар ол кітапты шығартпады, дайын тұрған тиражын өртеп жіберген болатын, екіншіден қазақ ауыз әдебиетінің тарихын Сәкен ғылыми жүйемен талдап, қазақ фольклористикасының негізін мықтап қалады. Ол қазір өрістей дамып, едәуір биіктерге қол созуды.

Тарих әркімнің тілегімен жасалып, жоспарланбайды. Замана ағымын аңғартып, кезең шындығын түсінген саналы азамаь қана көздеген мақсатына жетеді, абырой беделге ие болады. Сондықтан «Сәкен – қазақ совет әдебиетінің негізін бірден бір қалаушы көшбасшы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихта зорлық жүрмейді» — дегенді Ғабит Мүсірепов айтқан уақытта Сәкен өнерпаздығы мен қайраткерлігін түгелдей жасап, жаңа мазмұнға лайық жаңа түр тарқанын, әдбиеттің бір саласында еңбектеніп, қадау-ақадй биіктерін жасап бергенін тарих еш уақытта ұмыта алмайды.

 

Қорытынды

 

М.Әуезов өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып ғылыми тұрғыда сөз етеді. М.Әуезов ойшыл әрі ғалым, педагог ретінде өз бетін танытқан іргелі жұмысының бірі – бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес жазылып, 1930ж. Қызылорда да жарық көрген «жеткіншек» атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы. «Жеткіншек» жалпы бөлімнен «Қазақстан», «Кеңес одағы» деп аталатын.

Автордың халық поэзиясының асыл мұраларын халықтың педагогикалық інжу-маржандары деп бағалап, «Қазақтың ұшықиырына көз жетпес кең даласы, оның құмы, өзені тау-тасы, орман-тоғайы, салт-дәстүрі, ойын-сауығы, күйініш-сүйініші, қайғы-қасіреті бәрі-бәрі халық әдебиетімен өзекті орын алған», — деген пікірмен әбден келісуге болады.

Автордың лиро-эпос, тұрмыс-салт жырларына, қазақтың ұлттық өнеріне жасаған талдауларының ғылыми-педагогикалық мәні зор.

Сәкен – қоғам, әлеумет істерімен өзінің творчестволық өнерпаздығын тауып қабыстыра білген қайраткер. Бүгінгі өмір шындығы, кезең тудырған келелі мәселелер оның ақындық жанарынан сырт қалмай, үнемі көркем сөз өрнегінен көрініс беріп отырды.

Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэзия жаңа дәуірде соны сипат алып, профессионалды поэзияның образ жасау жолына өрістей түскен уақытта әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, С.Сейфуллин творчествосында өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырай көрінді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Қоңыратбаев Ә.«Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы»
  2. Табылдиев Ә. «Қзақ этнопедагогикасы»
  3. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995
  4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алмаьы, «Санат», 1995
  5. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Білім», 2003
  6. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Қысқаша курс. – Алматы: Мектеп, 1984.
  7. Антология педагогической мысли Казахстана/Сост. К.Б.Жарикбаев6 С.К.Калиев. – Алматы: Санат, 1995.
  8. Жарикбаев К.Б. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане // Автореф. докт. дисс. – Киев, 1982.
  9. Бержанов К.Б. Русско-казахское сотрудничество в развитии просвещения. –Алма-Ата, 1965.
  10. Сытдыков А.С. Педагогические идеи и просветительская деятельность И.Алтынсарина. –Алма-Ата, 1968.