АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курсовая работа: ХІХ ғ. Реализм, романтизм. Жан Огюст Доминик Энгр

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркем сурет колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  ХІХ ғ. Реализм, романтизм.

                      Жан Огюст Доминик Энгр 

 

 

Қабылдаған: Жұмабеков Ж.

Тобы:  ДЗИ-53б

Орындаған: Куленова А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2009 ж

 

Кіріспе

 

          1789 жылғы Ұлы буржуазды революциядан ХІХ ғасырдың соңына дейін жүзжылдар бойы француз өнері әлем өнерінде алдыңғы орынды алды. Француз өнерінің белгілі нәтижелері сол кезеңнің революциялық идеялармен байланысты болады.

          Реалистік өнер өміріне революциялық күрес қоғам өмірінің, белгілі және аты жоқ батырлардың, еңбек адамдарының шынайы оқиғааларын көрсетті. Шынайы өмірдің тірі образдарының алдында суретшілер өзара бәсекелес классицизм мен романтизм бағыттарының конондары мен ережелерін ұмытты. Олар отандастарының батырлық және тарихи образдарын бейнелеуге, туған табиғатының ұлттық ерекшеліктерін көрсетуге тырысты.

          ХІХ ғ. өнері өнертану еңбектерінде бағыттардың ауысу ретінде қаралған: классицистикалық, романтикалық, реалистикалық, импрессионистік.

          Мұнда Давид пен Энгр классиктер бөліміне, Жерико мен Делакруа – романтиктер, Милле мен Курбе – реалистер, ал Мане мен Ренуар – имперессионистер бөліміне түсті. Мұндай бөлімінің негізі бар, өйткені бұл суретшілердің творчествосында осы бағыттар басым. ХVIII ғасыр реализміне қарағанда ХІХ ғасыр реализмі критикалық деген атқа ие болды. ХІХ ғасыр реализмі жаңа ғасырдың туылуымен келеді, ол жүзжылдар бойы басқа бағыттармен қатар бәсекелеседі.

          Наполеон жеңілісі және Бурбон диснастиясының реставрациясы реакциясының өршуіне және политикалық күрестің күшеюіне әкеп соқты. Өнерде әр түрлі бағыттар орын алады, бәрінен бұрын бәсекелес: романтизм мен классицизм.

          Живопись. Живописьте негізгі бағыттардың бірі боп әлі де классицизм қалды. Ол Давидтің талантты шәкірті Энгр творчествосында жаңа күштер табады.

          Энгр. ХІХ ғ. Өнерінің ортаңғы фигураларының бірі – Жан Огюст Доминик Энгр (1780-1867) классицизмніңсенімді және еңбекқор басшысы болды.

          Энгрдың қиын шығармашылығы екі негізгі тенденциядан тұрады. Біріншісі – оның үнемі идеалды ізденістері және антикалыққа және тематикалық классицизмдік характикалардың жоғарғы қайта өрлеу шеберлеріне қарауы. Екінші — өзінің өзгеше өткір суретші көзімен өзін қоршаған адамдардың ең мінезді жақтарын байқап, оны реалистік өнердің живописьте ғана емес, суретте де керемет шедеврлер жасауға себеп болады.

          Суртеші революцияға дейінгі кезеңде туылып, Якобин террорының куәгері, Напалеоннің өрбуі мен күйреуі, монархияның жаңаруы мен мемлекеттің өзгеруі, таққа Луи-Бонопарттың отыруына куә болған. Осындай өзгерістер болып жатса да Энгр өзінің жағдайын сақтап қалуға тырысты, әдет-ғұрыптарының құндылығына сеніммен қарады. Энгр Парижде суретші отбасында дүниеге келген. Давидтен білім алған, бірақ сол сияқты шыншыл суретші бола-алмады. Классицизм системасын жетік меңгерді.ең көп темасы Одалискомар (қызметшілер) болды және жалаңаш әйел тұлғасын керемет бейнелеген, мысалы: библиялық сюжетті «Венера перед зерколом» картинасы.

          Энгр өз жағынан критиканы жаман қабылдады. Әсіресе Парижде оның алғашқы жұмыстарын қабылдамайды, сонда ол Италияға кетеді. Италияда 25 жыл өмір сүріп, адамдардың живопиське деген көзқарастары өзгергенше сонда болады. Энгр 1841 ж. түбегейлі өз отанына оралып, оның өнерге деген сенімін атақтылық пен байлық арттыра түседі.

          «Большая купальщица» (1808) жұмысында Энгр классика традициясын жаңа тақырыпта бейнелейді. Жалаңаш жуынып жатқан әйел денесінде бір мін жоқ сияқты, әйткенмен оның дене пророрциясы (көрінер көрінбес) бұзылған. Мойыны мен арқасы ұзын болып кеткен, иықтары үлкенірек болып бейнеленген. Суретші иллюзия шыншыл емес, формасы мен колоритінің, суреті мен композициясының гармониясын жақсы тауып көрсеткен. Бұл жұмысы «Купальница Вальпинсона» деген атпен де атақты. Оның бұлай алуы суреттерінің иегерінің есіміне байланысты.

          Энгр өзін тарихи живописші, Давидтің жалғастырушы деп санады. Өзінің ұзақ өмірінің әр кезеңінде ол портреттер шаршатып, мезі болатынын айтатын. Энгр портреті салуға қажеттілік итермелейтін, әсіресе жас кезінде.

          Шығармашылығының алғашқы этапын, Энгрді портретист ретінде 1804 жылғы «Автопортреті» ашты. Одан кейін бірқатар достарының портрет циклдері: живописші Демаре (1805), болашақ  юрист Жилибер (1807).

          Бірақ өзінің программалық мифологиялық және тарихи композицяларында ол өз ұстазының сұранысынан шегінді, натураға тірі көзқарас беріп, религиялық сезім беріп, тематиканы кеңейтіп, романтиктер секілді ортағасырлық эпосқа назар аударды. Шынында, Энгр шығармашылығындағы романтикалық тенденциялар шындықтан алыс болды және монархия мен христианстваның әйгілі болуына себеп болады. Оның атақты картиналарының бірі «Обет Людовика ХІІІ» (1824) осындай. Мұнда Рафаэльдің композициялық принципіне сүйене, Энгр мадоннаны және тізе бүккен Людовиктің бейнеленген. Егер Рафаэль мадонналары қ.ө. дәуірінің гуманистік идеасын білдірсе, онда Энгр картинасы тек жомған көтерілген, өз дәуірінің келбеті болып қалды.

          Итальян шеберлеріне еліктеушілікпен Энгрдің қиын көпфигуралы композициясы «Апофеоз Гомера» (1827) орындалған. Мұнда суретші Гомерден Пуссенге классикалық өнердің идеясын жүзеге асыруға тырысты.

          Бірақ егер Энгрдің тарихи живописі традициялық боп көрсетілсе, онда оның керемет портреттерімен натура зарисовкалары ХІХ ғ. француз көркемсурет мәдениетінде бағалы бөлімді құрайды.

          Көптің бірі боп Энгр сол кезеңнің адам бейнесін ғана емес, сонымен буржуазиялық қоғамдағы адамдардың, эгоистік қырын, жанашырсыздықтарын ашып көрсете алды.

          Форма, керемет сурет, силуэт сұлулығы Энгр портреттерінің стилін белгілейді. Ол қол мінездемесіне ерекше көңіл бөледі, әрқашан индивидуалды, блескпен орындалған – портрет Ф.Ривьера (1805).

          Бертен (1832) өзінің үлкен сабырлы – сенімді қолдарына берік сүйеніп тұрған портреті, ол «Журналь де деба» негізін салушы. Оның қара сюртуктегі берік фигурасы, оның беделді, ақылды келбеті, ағарған шаштары қабырға негізгі фонында оқшауланады. Психологиялық және социалдық мінезі өткірлігі мен және күштілігімен таң қалдырады.

          Әйел портретінің көптүрлі композициялары көбіне сыртқы мінездеме жағынан әсерлі. «Портрет госпожи Ривьер» (1805) немесе «Портрет госпожи Девосе» (1807) осындай.    

          Адамгершілік проблемасына, сезім әлеміне және адамдар арасындағы өзара қатынасқа қызығушылық топтық жанұялық портреттердің таралуына себеп болады. Олардың кейбіреуі суретте орындалған. Мысалы, «Портрет семьи Форестье» (1805) сырлас көңіл-күйімен, салынушылардың орналасуының орныдылығымен еліктіреді. Энгр – суретші үшін айқындықтың басты әдісі – майысқақ, дәл сызық. Ырғақты контур фигура силуэтін суреттейді, көлем жай ғана өңделген, кейде көлеңке мүлде жоқ. Бірқ қорғасын карандашының бірнеше сызықтары адам прозасын, оның бет әлпетін, оның мінезін лезде білдіреді. Атақты скрипкач Поганини портреті (1819) оындай. Энгрдің өзі портрет жанрын нағыз суретшіге лайықты деп саналады, бірақ дәл портрет айналасында өзінің ең керемет шығармаларын жсады.

          Энгр Францияның көркемсурет өмірінде белгілі орынды иемденіп, өмірден алшақтаған классицистикалық бағытты басқарды. Оның өшпейтін беделі 1830 жылдары өркендеген романтизмнің мықты ығыстыруына қарамастан класситизмнің сақталып қалуына көмектесті.  

 

 

 

Жұмыстары:

«Автопортрет» (1804 ж.)

«Портрет Жилибера» (1805 ж.)

«Портрет художника Гране» (1807 ж.)

«Портрет скульптора Бартолини» (1806 ж.)

«Портрет живописца Демаре» (1805 ж.)

«Портрет мадемуазель Ривьер» (1805 ж.)

«Портрет месье Ривьер» (1805 ж.)

«Портрет Наполеона – императора» (1806 ж.)

«Портрет Гертензим Богарне» (1805 ж.)

«Портрет семьи Форестье» (1806 ж.)

«Портрет семьи Сталиети» (1818 ж.)

«Портрет мадам Детуш» (1816 ж.)

«Портрет мадам Леблан» (1823 ж.)

«Портрет мадам Девосе» (1807 ж.)

«Портрет Никколо Погамини» (1819 ж.)

«Портрет мадам Энгр» (1814 ж.)

«Портрет мадам Сенонн» (1814-16)

«Портрет Жанны Араганской»

«Портрет месье Мольтедо» (1811)

«Большая Одамиска»  (1814)

«Венера Анадиомен» (1848)

 «Источник» (1820-56)

«Большая купальщица» (1808 ж.)

«Цветы зла» (1857)

«Открытие французской национальной библиотеки» (1858 ж.)

«Напалеон на троне» (1806 ж.)

«Юпитер и Фемида» (1811 ж.)

«Турецкие бани» (1863 ж.)

«Госпажа Бевари» (1856 ж.)      

Мазмұны

 

  1. Кіріспе. ………………………………………………………………………………………… 2
  2. Живописьтері. ……………………………………………………………………………… 2
  3. Жұмыстары. …………………………………………………………………………………. 6