«Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1.1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік
1.2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану ерекшеліктері
2.2. Денсаулығын сақтау технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибеде зерттеу.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан – 2030» жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, «Білім туралы» Заңында, «Білім» атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.
Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].
Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.
Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44,8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [6].
БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы мен аурулардың болмауы ғана емес, оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.
Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді. Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, мұғалімдер денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолданбайды. Оқушыларда өз денсаулығына деген аса қамқорлық қалыптаспаған, көпшілігінің денсаулықты сақтау туралы білімдері төмен, өз денсаулығын сақтаудың қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.
Соңғы кезде денсаулықты қалыптастыру факторының ең негізгісі салауатты өмір салты екендігін көптеген педагогикалық, психофизиологиялық, медициналық зерттеулерде, атап айтсақ Р.И.Айзман, В.Ф.Базарный, И.И.Брехман, Э.Н.Вайнер, Э.М.Казин, В.В.Колбанов, А.Г.Комков, Г.А.Кураев, Ю.П.Лисицын, Н.К.Смирнов [7-10], т.б. ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.
Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам денсаулығына байланысты фундаменталды мәселелер Н.М.Амосов, П.К.Анохин, Г.А.Апанасенко, К.И.Адамбеков, Р.М.Баевский, И.И.Брехман, В.П.Казначеев, Э.М.Казин, Г.А.Кураев, Ю.П.Шорин, А.Г.Шурина, [11-13] т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Денсаулықтың жоқтығы адамның өмір сүру әдебіне байланысты, денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке ұшырайды. Денсаулықты бұл тұрғыда талқылау ашық ақпараттық – профилактикалық мәселеден санитарлық – гигиеналық, әлеуметтік – медициналық, психофизиологиялық факторлары ескерілген оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды қарастыратын педагогикалық мәселеге айналады. Денсаулық мәселелерін білім беру жүйесінде қарастырған ғалымдар: Р.И.Айзман, Е.А.Бабенкова, М.М.Безруких, Г.К.Зайцев, Н.А.Заруба, В.В.Колбанов, О.А.Никифорова, Н.К.Смирнов, В.Д.Сонькин, Л.Г.Татарникова, В.И.Ярославцева.
Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.
Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз — оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.
Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.
Мәселенің шешу жолдары ретінде М.Б.Антропов, И.А.Аршавский, Н.Д.Гравская, С.П.Летунов, Р.Е.Мотылянская, В.П.Филин, Н.А.Фомин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде мектептегі сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының медициналық, биологиялық, гигиеналық бағыттары қарастырылған.
Әдебиеттерге жолдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады. Осы себепті де мәдениеттің барлық байлығын меңгерген, үйлесімді, адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын тұлға тәрбиелейтін ізгілікті мектеп құру көздейді. Осы бағыттағы жаңашылдықтар оқушы денсаулығын сақтайтын, нығайтатын және дамытатын, ұжым алдында тұлғаның мүддесін қорғайтын, ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамитын болады.
Сондай-ақ әдебиеттерге талдау дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әлеуметтік орта сұранысы мен жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары денсаулық сақтау жүйесі жасалмағаны арасында қайшылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл қайшылықты жою үшін мәселені шешу жолын өзгерту қажет: оқытудың денсаулық сақтау технологияларын ендіру. Мәселенің шешімі табылмауы себепті, қоғамның сұранысы мен денсаулық сақтау технологияларын ендіретін ғылыми негізделген бастауыш сынып әдістемесі жоқтығы, арасында қайшылық бар. Осы мәселеге орай, дипломдық жұмыстың тақырыбы: « Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау» деп анықталады.
Зерттеу мақсаты: оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіруді теориялық негіздеу және оларды ендіру жолдарын көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану:
а) адамдардың денсаулығының жалпы жағдайын жақсаруына алып келеді;
ә) адамдардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағытталуын ынталандырады;
б) мектепте және мектептен кейінде салауатты өмір сүрудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етеді.
Зерттеу мақсаты мен жетекші идеясына жету үшін мынадай міндеттер белгіленеді:
- Психо-педагогикалық әдебиеттер мен мектеп жұмысын талдай отырып, оқу мекемелерінде денсаулық сақтау ортасын құрудың негізі жолдарын анықтау;
Зерттеудің әлеуметтік негізін «денсаулық», «денсаулық сақтаушы орта», «денсаулық сақтау технологиялары» ұғымдарының мәнін философиялық, психологиялық, медициналық және педагогикалық аспектері бойынша теориялық негізін ашу; тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы ілім немесе тұлғалыққа бағытталған әрекет теориясы; жүйелік-тұтастық теориясы тұрғысынан, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы құрайды.
Алға қойылған міндеттер мен ұсынылған болжамдарды тексеру үшін зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: теориялық – зерттеу мәселесін философиялық, психо – педагогикалық, әлеуметтік, тарихи, медициналық әдебиеттерде, ресми құжаттарда берілуін талдау және зерттеу; эмпирикалық – бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
І. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1.1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік
Денсаулық — бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық — бұл адамның еңбекке белсенді әрі ұзақ өмір сүрген болса да, тәнінің саулығын және рухани саулығын сезінуі. «Денсаулық деп біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз» (Казначеев В.П.).
Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарықталыну, ылғалдық, ауаның, судың қүрамы және көптеген басқа нөрселер өсер етеді. Денсаулықтың негізгі функциясы адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде Денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы қабылданған: «Денсаулық — бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік денсаулық». Тән саулығы — күнделікті белсенділік пен еңбекке қабілеттіліктің көрсеткіші, аурудың болмауы және организм функцияларының қалыпты физиологиялық күйі. Психикалық денсаулық күйзеліс жағдайларының, қауіпті факторлардың болмауымен сипатталады. Әлеуметтік денсаулық отбасында және мектепте дұрыс қарым-қатынастың болуын көздейді, тіршілік деңгейі мен өмір салтына байланысты болады. Сонымен, денсаулыққа анықтама беру үшін оның психикалық, тәндік, әлеуметтік және басқа көрсеткіштерін ескеру қажет.
Денсаулықтың негізгі алты аспектісі бар, олар:
- Тән саулығы.
- Психикалық және интеллектуалдық денсаулық.
- Жеке тұлғалық денсаулық.
- Рухани денсаулық.
- Сезім толқындарының саулығы.
- Әлеуметтік денсаулық.
Тән саулығы организмнің дамуында ауытқулардың болмауымен, организмнің жаттығу және шынығу деңгейімен сипатталады.
Психикалық және интеллектуалдык денсаулық психикалық аурулардың болмауын қамтып қана қоймайды, сонымен бірге ол адамның танымдық қабілетін, өз мінез-қүлқын (темпераментін) реттей білу, күйзелісті жоя білу, жанжалды болдырмау, адамдармен қарым-қатынас жасай білу біліктілігін ашады.
Рухани денсаулық — бұл адамның ішкі дүниесі. Ол адамның өзінің ішкі дүниесімен бірлікте өмір сүруге қабілетін қамтиды. Бүл адамның рухани құндылықты түсіне білуі де. Ертеден-ақ кеңпейілділік пен мейірімділік, шыншылдық пен тәртштілік, сенім мен сүйіспеншілік рухани құндылық болып есептелген.
Жеке тұлғалық денсаулық адамның өзін «жеке түлға» ретінде түсінуін, өзінің «менің» ұғынуын, талпынысын қамтиды. Кейбіреу табысты жұмысынан, екінші біреулер өнерден, үшіншілер оқудан, төртіншілер бизнестен жөне т.с.с. іздейді. Әркім өз қабілетін өзінше жұмсайды. Сондықтан әрбір адамның жеке тұлғалық денсаулығы осыған байланысты болады.
Сезім толкындарының саулығы — бұл адамның өз сезімімен толқуын түсіне және бақылай білуге, өз ойын нақты және айқын айта білуге қабілеттілігі. Көңіл-күйдің оң және теріс нышандарын білу, әртүрлі жағдайларда өзін игере алу қажет.
Әлеуметтік денсаулық — бұл өзіңнің қоғамның бір бөлшегі екеніңді түсіну ондағы өз орныңды ұғыну, айналадағылармен қарым-қатынас жасау.
Салауатты қоғам әрбір адамның денсаулығымен анықталады. Денсаулықты табиғат біражола бермейді және ол өздігінен қамтамасыз етілмейді. Адамның денсаулығы көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болады жөне ол бүкіл өмір бойы үнемі қадағалап, қолдап отыруды қажет етеді. Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Денсаулықты сақтаудың және оны нығайтудың негізгі тәсілдері салауаттанудың аспектілеріңде баяндалған. Ол мыналарды қамтиды:
- Жеке гигиена, күн режимі және демалыс ережелерін сақтау жөне орындау.
- Дене шынықтыру дене мүшелерінің және тұтас организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Гиподинамия — қазіргі кездегі аурулардың негізгі себептерінің бірі.
- Дұрыс тиімді тамақтану. Тамақтану режимі мен ережелерін сақтау.
- Организмді табиғи факторлармен біртіндеп шынықтыру.
- Ауыруға себеп болатын құмартулардың (шылым шегу, ішімдік ішу (алкоголь), наша тарту) болмауы.
- Ұжымда қарым-қатынас жасай білу.
- Карым-қатынас ортасында қолайлы жағдай туғызу, кикілжің жағдайлардан қашу.
- Организмнің қорғаныс күштерін, оның тосқауылдық функциясын арттыру.
Адамға денсаулық қажет пе?
Біздің жер — тірі планета. Адам өмірі мәңгі емес. Әрбір адамзаттың өмірі шектеулі, өз өлшемі бар: бір адамның өмірі қысқа болса, екінші адамның өмірі ұзақ болады. Адамдар үшін дәл жас жоқ. Сондықтан да әрбір ерте қиылған өмір — ол қасірет, қайғы. Өмірді ұзақ әрі бақытты ету үшін табиғатты аялай, бағалай білу керек, себебі тіршілік ортасы, адамзат бесігі.
Адамның ұзақ өмір кешуі, денінің сау болуы тек табиғат тазалығына ғана байланысты емес, сонымен қатар ол оның тіршілігіне, еңбегі мен әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Ол үшін әрбір адам бала кезінен, мектеп қабырғасынаи өз ұлтының, халқының ғылыми және рухани мәдениетін игеруі керек, ал салауатты өмір салты сол адамға табиғаттың берген мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
дегенмен де, адамдар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Ондай немқүрайлықтың басты себептері қазіргі медицина жетістіктері және халық мәдениеті мен оның тұрмыс жағдайының жоғары деңгейде болуында. Қала мен ауылда тәуліктің кез келген уақытында көрсетілген арнайы маманданған, сапалы тегін, жан-жақты көмек адам денсаулығына оң әсерін тигізгенімен, ол сонымен қатар олардың ауруға деген қорқынышын жа жойды.
Денсаулыққа немқүрайлықпен қараудың тағы бір басты себебінің бірі ол денсаулыққа қарсы жасалғанған іс әрекекттер «жазаланбайды» деген ұғымның қалыптасып, тұрақтауы. Әдетте, әр адам өз басының аман есен болатынына өздерінше іштей сенімді болады. Көбіне олар өзге адамдардың қайғысын естіген кезде, өз бастарына ол қасірет түспеген соң онша қинала алмайды немесе аз уақыт қайғырып кейін оны тез ұмытып кетеді. Елімізде орта есеппен өмір сүру 72-76 жас аралықтарын құрайды, сондықтан адамдар арасында «мен денсаулықты сақтап күтсем де, күтпесем де шамамен 80 жыл жасайтын шығармын» деген ойға жиі келетіңдер де аз емес. Әрине, айта берсек ондай себептер жеткілікті, дегенмен, әр адам өз денсаулығын сақтап күтуге міндетті. Көбіне денсаулықты сақтап күтуді адамдар ауыр әрі қызықсыз іс әрекет деп санайды, бірақ та ол үлкен қате. Жалпы денсаулықты сақтап күту үшін міндетті түрде өмірдің барлық қызығы мен мүмкіндіктерінен бас тартудың қажеті жоқ. Тек жай ғана жақсы өмір сүру керек. ал жақсы өмір сүру үшін — денсаулық қажет. Ал деніңіздің саулығы сіздің—қолыңызда.
Қазіргі медицина ғылымыңда: ауруға ем іздеп қиналғанша оның алдын алган әлде кайда тиімді,— деген кағида қалыптасқан. Ал қасиетті Қүран бүл түргыда не дейді?
— Осыдан он төрт ғасыр бұрын түскен касиетті Құранда Аллаһ Тағала иман келтірген пенделерінін әр біріне денсаулықтын аманат ретінде берілгенін ұғындырып, оны сактаудын жолын толық көрсеткен. Мәселен, Ислам діні міндеттеген бес мезгіл намаз, ораза, сүндетке отырғызу сияқты парыз бен суннеттің пайдасын медицина ғылымы баяғыда-ақ мойындады. Ал дініміз тыйым салган арак, зинақорлық, кұмар сияқты харам нәрселердін, зияндығы дәлелдеуді кажет етпес. Сондыктан салауатты өмір салтымен ғұмыр кешіп, денсаулығын сактаймын деген адам Кұран мен Сүннаны оқып, ізденсе діттеген мақсатына барар тура жолды табары ақиқат. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, кәзіргі күні Батыс жұртынын басты қасіретінің.біріне айналып отырған денені шамадан тыс май басу туралы айтсақ та жеткілікті. Қасиетті Құранда Аллаһ Тағала бұл туралы: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ нелікктен тыс ашқ-арақтанбандар…п — деп ескерткен болатын. Пайғамбарымыз Мұхаммедсалла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадис шарифінде аз асқа канағат ету туралы: «Адам өзінін карнынан нашар ыдысты толтырып көрген емес, ал егер мұны істеуге тура келсе, үштен бірі — жейтін тамаққа, үштен бірі — ішетін сусынға және үштен бірі — жұтатын ауаға арналсын» — деген. (Ахмад, Тирмизи). Ал аурудан сақтанудын басты шарттарының бірі та-залық екені ақиқат. Исламдіні тазалықтың кепілі — дәретке аса мән беретіні белгілі. Міне, Құран халықка толык жеткізе алмай отыр: Сондыктан аталған олкылыктардың орнын толтыру мақса-
тымен біздін мұсылман баспасы ай сайын шығатын «ШАПАҒАТ-НҰР» журналымен бірге саны отыздан асатын осындай кітаптарды жүйелі түрде дайындауда. Олардың арасында салауатты |өмірсалтының әліппесі болуға лайықты: «Мұсыл-
маннын әйелі алдындағы міндеті», «Мұсылман
әйелдін ері алдындағы міндеті » «Мұсылманңың сипаты, «Мұсылмандык тәрбие», «Дұғалармен емделу», «Сабыр'»сияқты кітаптар бар. Тілі жатык, ұғынықты етіп жазылған.
Осыдан он төрт ғасыр бұрын түскен қасиетті Құранда Аллаһ Тағала иман келтіріен пенделерінің әр біріне денсаулықтың аманат ретінде берілгенін ұғындырып, оны сақтаудың жолын толық көрсеткен. Мәселен, Ислам діні міндеттенгенбес мезгіл намаз, ораза, сүндетке отырғызу сияқты парыз бен сүннеттің пайдасын медицина ғылымы баяғыда-ақ мойыңдады. Ал дініміз тыйым салған арақ, зинақорлық, құмар сиякты харам нарселердің зияндығы дәлелдеуді қажет етпес. Сондыктан салауатты өмір салтымен ғұмыр кешіп, денсаулығын сақтаймын деген адам Кұран мен Сүннетті оқып, ізденсе діттеген мақсатын барар тура жолды табары ақиқат, Сөзіміз дәледді болуы үшін, қазіргі күні Батыс жұртының басты кафетінін біріне айналып отырған денені шамадан тыс май басу туралы айтсақ та жеткілікті. Қасиетті Құранда Аллаһ Тағалла бұл туралы: «Ішіндер, жігіттер, бірақ шектен тыс ашқарақтанбандар…» — деп ескерткен болатын. Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу әлейһи уә саллам, Хадис шарифіңде аз асқа қанағат ету туралы: «Адам өзінін карнынан ашар ыдысты толтырып көрген емес, ал егер мұны істеуге тура келсе, үштенбірі — жейтін тамакка, үштенбірі — ішетін сусынға және үштен бірі — жұтатын ауаға арналатын» — дегсн (Ахмад, Тирмизи).
Ал аурудан сактанудың басты шарттарынын бірі тазалық екені ақиқат. Ислам діні тазалықтын кіші дәретке аса мәп беретіні белгілі. Міне, Кұранмен Суннаның салауатты өмірге үндейтініне осыңдай көптеген дәлелдер бар.
Кешегі өткен Совет дәуіріндегі саясатгың салдарынан Ислам тәлімдерін ұғынықты тілмен халыкка жететін діни білімі бар адамдардан айырылып, исдами уағыздың сабақтастығы үзіліп калғаны рас. Казіргі күнгі салауатгы өмір салтын насихаттап жатқан басылымдар, қоғамдық ұйымдар істерін Еуропа үрдісіне сай ғана жүргізіп, салауатгы өмір салтының ақиқат жолын көрсетіп ата дініміздің құңдыдыктарын халыкқа толық жеткізе алмай отыр. Сондыкган аталған оқулыктардын орынын толтыру мақсатымен біздің мұеылман баспасы айсайын шығатын «Шапағат-Нүр» журналымен бірге ұзын саны отыздан асатын осындай кітаптарды жүйелі түрде дайындауды. Олардың арасыңда салауатты өмір салтынын әліппесі болуға лайықты. «Мұсылманнын әйелі . алдыңдағы міндеті, «Мұсылман әйелдің ері алдындағы міңдеті», «Муминнін, сипаты», «Мұсылмандық тәрбие», «Дұғалармен емделу», «Сабыр» сиякты кітаптар бар. Тілі жатык, ұғыныкты етіп жазылған бұл кітаптардың Ислам уағызына сусап отырған қалың оқырманға жетуін оңайлату үшіи бағасыншамаменалпыс пенжүз теңге аралығында белгілеп отырмыз және біздің есеп-шотымызға ақшасы аударылса, еліміздін кез-келгені түкпіріне аталған кітаптарды пошта аркылы жберуді мойнымызға аламыз. Инша Аллаһ, келесі жылыда осы такырыпқа арналған жиырма шақты кітап шығару ойда бар. Аталған харекеттердің бәрі сауапка жазылатын игі істер, сондықтан бәріміз осыған атсалысуымыз қажет. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталан-дыру негізгі басымдықтардың бірі деп белгіленген. Салауатты өмір салтын ұстану салауаттылыққа, тәннің, жанның тазалығына халықты дайындаудан, үйретуден басталмақ. Байқуатты тұрмысқа, дене шынықтыруға, дұрыс тамақтануға, гигиена және санитария ережелеріне халықтың хабардарлығын арттыруда ақпараттық науқанды күшейтудің маңызы зор.
Міне, осы жағдайлар ескеріле отырып, елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын — Үкіметтің 1997 жылдың 3-ші желтоқсанындағы № 1678 Қаулысы бойынша Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы құрылды. 1998 жылы елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің ірге тасы қаланды. Содан бері Ұлттық саясат дүниеге келіп, тұрақтанды, бұл қызметтің құрылымы, жүйесі, нормативтік құқықтық базасы, қаржыландыру жүйесі орнықтырылды. Жаңа құрылым шыңдалу, даму кезендерінен өтіп, қазіргі кезде жетілу және кемелдену үстінде. Олай дейтініміз салауаттылық қағидалары бүгінде Қазақстанлығын жақсартуда нәтижелі еңбек етуде. Сала қызметіне барлығы 1600-ге жуық маман, оның ішінде 450 дәрігер, 150 орта буын медициналық қызметкер, психолог — педагогтар, валеолог — ұстаздар қамтылған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің негізгі мақсаттары:
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 Қаулысымен белгіленген ҚР-ның салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық саясатын жүзеге асыру;
* Республика халқының ауруға шалдығуының алдын алу және денсаулығын нығайту;
* Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің жүйесі мен жобасын нығайту, мамандар даярлау.
* Қазақстан Республикасы халқының өмір салты көрсеткіштері мониторингі бойынша ұлттық зерттеулер өткізу.
Оқыту бағдарламалары бойынша басты бағыттар:
* СОС мәселері бойынша дәрігерлердің және орта буын медициналық қызметкерлердің дипломға дейінгі даярлығы.
* СОС мәселелері бойынша дәрігерлердің және орта буын медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі даярлығы.
* СӨСҚПҮО-на қарасты Республикалық Орталықтарда салауатты өмір салты мамандарын даярлық курстарынан өткізу;
*Жаттықтырушылық орталықтар ұйымдастыру жөне жаттықтырушыларды өзірліктен өткізу;
* Медициналық емес мүдделі ведомстволар, қоғамдық ұйымдар үшін СӨС мамандарын даярлау.
* «Валеология» оқу бағдарламасын мектепке дейінгі мекемелерге, жалпы білім беру мектептеріне, орта жөне жоғары оқу орындарына енгізу;
* Халықтың белгілі бір топтарына арналған бірлескен (Проктер энд Гемблмен, ЮНИСЕФ-пен, БҰҰ/СПИД-пен және басқа) оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;
* Волонтерлер даярлау және волонтерлік қозғалысты жастар арасында, жұмыс істемейтін контингент арасында жүзеге асыру.
Халық игілігіне мына профилактикалық бағдарламалар, жобалар қызмет етуде:
* «Алғашқы медициналық санитарлық көмек салауатты өмір салты негіздерін насихаттауда»
* «Жедел ішек инфекцияларының алдын алу»
* «Туберкулездің алдын алу»
* «ЖЖБИ-дың және ВИЧ/СПИД-тің аддын алу»
* «Жарақаттанудың алдын алу»
* «Нашақорлықтың алдын алу»
* «Темекішіліктің және маскүнем-діктің алдын алу»
* «Репродуктивтік денсаулық жөне отбасын жоспарлау»
* «Дұрыс тамақтану»
* «Белсенді денешынықтыру»
Дүниежузілік денсаулық сақтау уйымының жобалары:
— «Салауатты қалалар»
— «Денсаулықты нығайту мектептері»
— «Салауатты университеттер»
— «Ауруханалар салауатты өмір салты үшін»
— «Салауатты жұмыс орындары».
Ұлттық Орталық бастамасымен Ауыл жылдарына арналған «Салауатты ауыл» атты жоба 2003 жылдан бастап іске қосылып, осы тақырыпқа алғашқы конкурс жарияланды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығында алуан түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, ғылыми ізденістер жүргізіледі. Атап айтқанда:
* «Денсаулық сақтау жүйесіндегі терең реформалар жағдайында Қазақстандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісін басқарудың және мониторингін жетілдірудің ғылыми негіздері» атты Ұлттық зерттеу өткізіліп, оның әрқайсысына 250000 адам қамтылды.
* «Орта буын медицина қызметкерлері жұмысындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұйымдастыру аспектілері», «СИНДИ — Қазақстан инфекциялық емес созылмалы аурулар-дың алдын алу ықпалдастық бағдарламасын енгізу» тақырыптарына ғылыми зерттеулер жүргізшуде.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығында әріптестік, ықпалдастық жағдайында қызмет етуге көп көңіл бөлінеді, қазіргі кезде Ұлттық Орталық бастамасымен мына құрылымдар құрылып отыр:
*Салауатты өмір салты жөніндегі Республикалық ведомствоаралық үйлестіру Кеңесі;
*Салауатгы әмір салты мамандарын әзірлеу және оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі Республикалық ведомстволараралық тілестіру кеңесі;
Сондай-ақ мынадай өзара келісімдер бойынша жұмыс атқарудамыз:
* «Валеология» бағдарламасын оқу үрдісіне еңгізу бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісім шарт:
* БАҚ-ның арналары арқылы халықты ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның Ақпарат министрлігімен Келісім шарт;
*Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Денсаулық және қоршаған орта» бағытындағы шараларды жүзеге асыру туралы Келісім шарт;
: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Агенттігімен денешынықтыру бағдарламасын іске асыру жөнінде, сол сияқты жалпы спорттық іс-шаралар және кең ауқымды акцияларды өткізу бойынша жергілікті билік орындарымен келісім шарт;
* Қауіп-қатер факторларын төмендетуде (темекі шегу, есірткі заттарды қолдану, ЖЖБИ жөне ВИЧ/СПИД-тің алдын алу, қауіпсіз жыныстыққатынас, репродуктивтік денсаулық және басқа) үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік.
Халықаралық және коммерциялық ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынас жолға қойылган. Мысалы: Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымымен, ЮНИСЕФ-пен, ЮСАИД-пен, ЮНДП-мен, ЮНФПА-мен, ЮНДККП-мен, ЗДРАВ/ПЛЮС жобасымен, СиДиСи-мен, Проктер энд Гембл жобасымен, Гедеон Рихтер жо~ басымен, Ратиофарм жобасымен, ХОУП жобасымен, ХИПП жобасымен бірлескен жұмыс шараларын жүзеге асыру дәстүрге енді.
Орталық Азиядағы Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанмен ынтымақтастық қарым-қатынас нығайып, жылдан-жылға оң нәтиже беруде.
Буқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 10 республикалық, 14 облыстық, 11 қалалық телекомпаниямен, 26 қалалық радиокомпаниямен, 32 жергілікті радиотораптармен тұрақты байланысымыз бар.
Тақырыптар бойынша 46-дан астам бейнематериалдар прокатқа шығарылған. Бес облыстық арнаулы газет, екі аймақта денсаулық алманағы, 4 денсаулық беті жарық көреді. Медициналық тақырыпқа 22 газет материал береді.
«Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және-денсаулықты нығайтудың өзекті проблемалары» ғылыми-тәжірибелік журналы тоқсан сайын шығарылады.
Миллионға жуық халық қамтылган кең ауқымды бүкіл республикалық акцияларды үнемі өткізу Ұлттық Орталықтың қалыптасқан жұмыс тәсілі. Олардың қатарында:
«Денсаулық фестивалі», «Сұлулық және денсаулық», «Денсаулық жолы», «Журналистер конкурсы», «Балалар салған суреттердің конкурсы», т.б. шаралар бар.
2003 жылдың қыркүиегінде бүкіл ел бойынша Денсаулық фестивалі өтті. Бұл іс-шарада бір сәтте 4,8 миллион халық дене шынықтыру жаттығуларының топтамасын орындады. 2003 жылы Ұлттық Орталық 14 кең ауқымды акция өткізді. Республикада туберкулез бен СПИД-ке, темекіге, наша мен есірткіге қарсы т.б. халықаралық күндерді осы тақырыптарға арналган іс-шаралармен атап өту дәстүрге айналған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық Орталығы аймақтардағы денсаулық нығайту орталықтарына нұсқау беретін әдістемелік кеңесші. Оларды аурудың алдын алу, денсаулық сақтау жөніндегі қажетті оқу құралдармен, әдістемелік материалдармен, плакаттармен, брошюралармен, листовкалармен қамтамасыз ететін орган. Осы ретте жергілікті жерлердегі аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту мекемелеріне көмек ретінде төмендегідей жұмыс тынырылды:
* 10 монография дайындалды.
* Аурудың алдын алу, салуатты өмір салтын қалыптастырумен айналысатын мамандар үшін 40-қа жуық әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, көбейтілді;
* Мектепке дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін «Валеология» бағдарламалары жасалды.
* Жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптары үшін бағдарламалық материалдар және оқулық құрал дайындалып, қолданысқа енді.
* Салауатты өмір салты мамандарын даярлаудың мына тақырыптар бойынша оқулық үлгілері жабдықталып, іске асырылды:
— денсаулық сақтау және аурудың алдын алу;
— әлеуметтік тәртіп факторлары себеп болатын аурулардың алдын алу;
— инфекциялық емес созылмалы аурулардың және қауіп-қатер себептерінің алдын алу;
— тәртіп-қалыпты өзгерту дағдылары;
* Салауатты өмір салты мәсёлелері бойынша дәрігерлердің және орта буын медициналық қызметкерлердің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындығының, волонтерлерді даярлаудың бағдарламалары әзірленді.
* Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің нормативтік-құқық-тық базасының үшінші басылымы дай-ындалды.
2003 жылдың желтоқсанында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығында «Қазақстандықтар денсаулыгын қорғаудың негізгі мәселелері: 2003 жылдың кейбір қорытындылары және болашақ» атты баспасөз конференциясы өткізілді. Енді конференцияда талқыланған мәселелердің кейбіреуін келтіре кетейік.
Тыныс органдарының аурулары сәбилер арасында ең жиі кездесетін кесел болып табылады. 2003 жылы тыныс ағзалары туберкулезімен 22011 науқас алғаш анықталғаны тіркелді, оның 1585-і балалар. Туберкулез дертіне шалдығуды сирету және тоқтату мақсатында туберкулез дертіне шалдыққан ада-мы бар отбасылардың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған кеңау-қымды ақпараттық науқан биыл бірінші рет өткізілді.
2003 жылы 12-18 жастағы мектеп оқушыларының және ересек ауыл тұрғыңдарының ауруға шалдығуын бақылау мен сауықтыру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасты. Диспансерлік тіркеуде тұратын балалардың 13,4%-і денсаулығы қалыпты деңгейдегі топқа ауысты. Сырқаттан сауығуы себепті 10,5% бала диспансерлік есептен шығарылды. Ересек ауыл тұрғындарының 67,7%-і аурудан сауықтырылды.
2002 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Темекішегудің алдын алу және шектеу туралы» Заңына қол қойылды. Бұл заңның негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге бейімделуінің алдын алу, сондай-ақ ел халқының денсаулығын темекі түтінінен қорғау. Заңның негізгі баптары елде темекі шегуді шектеуге бағытталған. 2003 жылдың 5 желтоқсанында әкімшілік қылмыстар туралы ҚР Кодексіне толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының «Темекішегушіліктің алдын алу және шектеу туралы» Заңын орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы толықтырулар қабылданды.
Қазақстанда жыл сайын 11 мыңға дейін бала алғаш анықталған психикалық жөне тәртіптік бұзылыстарға байланысты тіркеуге алынады. Психоактивті заттарды қолдану барысында психикалық және тәртіптік бұзушыларға алғаш шалдығушылық балалар арасында 2002 жылы 3 есеге өсті (2000 жыл деректерімен салыстырғанда). Алкоголь ішімдіктерін қолданудан психикасы мен тәртібінде ауытқуы бар балалар саны да есуде. Бұрын бұндай 224 бала тіркелді, ал 2000 жылы — 756-ға жетті. Бұл көрсеткіштің үштен бірі Алматы қаласының үлесінде. Психикалық жөне тәртіптік бұзылыстарға алғаш шалдыққан жасөспірімдер саны 37%-ке өскен.
Алкогольге тәуелділер қатарының артуы Қазақстан үшін маңызды проблема болып отыр. Республиканың медициналық-әлеуметтік проблемалар ғылыми-тәжірибелік Орталығымен өткізілген көп деңгейлік зерттеулердің деректері бойынша Қазақстанда 463 мыңнан астам алкогольге тәуелді адам бар. Бұл республика халқының 3,1%-ін құрайды. 1992. жылдан 2002 жылға дейінгі кезенде алкогольді ішімдік тұтыну салдарынан ҚР халқының ауруға шалдығуы 5 еседен астам өсті (100 мың халық санына 46,3-тен 257,9-ға дейін).
Әуелгі байлық — денсаулық. Бұл ретте тәуелсіз Қазақстанда атқарылып жаткан іс аз емес. Бұған былтырғы жүзеге асқан шараларды еске алсақ та айқын көз жетеді. Солардың ең өзектілері қатарында біз мыналарды ауызға алар едік:
* Қазақстан Республикасы «Денсаулык, сақтау саласының жүйесі туралы» Заң қабылданды. Ол медициналық қызметтің барлык, түрлерінің жұмысын реттестіреді.
* 12-18 жастағы мектеп окушыларының және ересек ауыл тұрғындарының денсаулығын бақылау, сауықтыру әрі қарай жалғастырылды.
* Алматы декларациясының 25-жылдығына арналған халықаралық конференция өткізілді, бұнда ДДҰ-ның және конференцияға қатысушы елдердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек принциптерінің үстанымына беріктігі расталды. Конференция жұмысына ДДҰ-ның Бас директоры Ли Йонг Вук және ДДҰ-ның Европалық бюро директоры М. Данзон қатысты.
* Ресейдегі Қазақстан жылы көлемінде біріккен конференциялар мен іс-шаралар өткізілді,
* Қазақстан Республикасының «Темекішегушіліктің алдын алу және шектеу туралы» Заңын колданысқа енгізуге көп көңіл бөлінді. Әкімшілік қылмыстар туралы ҚР Кодексіне заңды орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы толықтырулар қабыл-данды.
* Жыл бойына «ҚР алкогольді қолдануды шектеу саясаты» атты тұжырымдаманы қабылдауға байланысты жұмыс жүргізілді. 2004 жылдың 1-ші қантарынан бастап «Жарнама туралы» Заңның 13 бабы күшіне енді, бұнда алкоголь бұйымдарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көшедегі билборлтардағы жарнамасына тыйым салынды.
* Мектеп оқушыларының психикалық денсаулығын қалыптастыру бойынша бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарламаны сынақтан өткізу Алматы қалалық Әкімінің Жарлығына сәйкес психологтардың, педагогтардың қатысуымен қалалық мектептерде басталды.
* Туберкулезбен күрестің Халықаралық күні көлемінде бірінші рет туберкулез дертіне шалдыққан адамы бар отбасылардың хабардарлық деңгейін аттыруға бағытталған кеңауқымды нау-қан откізілді.
Ахмет Байтүрсынов «Қазақ» газетінің бетінде «Ауру жайынан» деп аталатын бас мақаласында: «…дәрі күшімен бірді, жузді емдесе, жарнялы, кең наси-хатпен мыңдарды, миллиондарды сак-тандыруга болады, … қазақтың дәрігер галымдары, оқыган адамдары аурудан күтіну жайынан, хөм жеңіл-желпі емдер жайынан жазып, елге үсақ кітап-шалар таратса екен. Кобіне қазақ ішінде жеңіл-желпі аурулар зор ауруга үласып кетеді» («Қазақ» газеті 1913 ж.) деп жазған. Халық қамын жеген абзал ағамыз сол кезде-ақ көтерген аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту мәсе-лелері осы күні де аса озекті, аса маңызды. Салауатты өмір салты Қызметінің, республикалық Ұлттық Орталықтың мамандары, міне, жұртшылыққа, қалын қауымға айрықша осы шаруаның жолында тынымсыз еңбектене бермек.
Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу — тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады [6, 12].
Педагогика ғылымына «технология» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады [14, 15]. Қазіргі уақытта «технология» ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді. Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады. Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын — ала болжай алады.
Технологияда мақсат негізгі компонент ретінде қаралады және оған жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің барабар құралдарын қолдана отырып, оқу — тәрбие үрдісінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық технологиялардың адамдардың жас ерекшелігіне, олардың физикалық, психоэмоциялық жай — күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.
Соңғы кезде дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір жақтарының кемшіл тұстары ашылуда. Сол себепті де оқытудың тиімділігін арттыратын қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.
Технология дегеніміз — білім беру үрдісіне қажетті әдіс — тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.
Білім беру технологияларының жіктелуінде «денсаулық сақтау технологиялары» деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы білім беру мекемесінің оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді [16].
Бүгінгі мектептің мақсаты — оқушыны өмірге дайындау. Оқушының мектепте алған білімі — оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. Бұл мақсатқа оқушы мен мұғалім денсаулығын көздейтін оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жете алады. Мұғалім педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, оқушы, ата — ана, медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.
Денсаулық технологиясы деген бірегей технология жол. Ол тек білім беру үрдісінің міндеттерінің бірі ретінде көрінуі мүмкін. Ол оқу үрдісінің медицина-гигиеналық бағыты (педагог — медицина қызметкері — оқушының тығыз байланысы жүзеге асатын), дене шынықтыру — сауықтыру бағыты (дене шынықтыру сабақтарына ерекше назар аударатын), экологиялық (табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасау) және тағы басқа да болуы мүмкін. Тек оқытуды кешенді түрде қарастырғанда ғана оқушы денсаулығын қалыптастыру мен нығайту міндеттері шешілуі мүмкін [7,3].
Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық — педагогикалық әдіс — тәсілдер, технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.
Сауықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтары мынада:
- дені сау бала — практика жүзінде жетуге болатын бала дамуы;
- сауықтыру дегеніміз емдеу — профилактикалық шаралардың жиынтығы емес, баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;
- жеке-дара саралап оқыту дегеніміз — оқушыны сауықтыра дамыту жұмыстарының негізгі құралы [7,23].
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты — оқушының мектепте
жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері — оқушылар денсаулығын үнемі экспресс — диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.
Кез-келген білім мекемелерінің негізгі қызметі денсаулық сақтау технологиялары негізінде оқушыны салауатты өмір сүруге дайындау [16,20].
Сонымен денсаулық сақтау технологияларын ендірудегі мақсат — денсаулық сақтау жөніндегі мұғалімнің білімін жетілдіру, оқушының дене шынықтыру жаттығулары мен салауатты өмір сүру салтының денсаулық сақтауды ұйымдастыру — сауықтыру әдістемесін жетілдіру.
Денсаулық сақтау технологиясы мұғалімнен .үлкен кәсіби біліктілікті (оның білімі, білігі, мәдениеті, оқушыға деген ізгілікті қарым — қатынасы, оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі) қажет етеді. Мақсатқа жету мен оң нәтиже алу үшін технологиялық амалдар мен денсаулық сақтаушы әрекеттер жасалу қажет.
Денсаулық сақтау технологияларын талдау жасаудың мақсаты — пәнінің мазмұнын игертуге қажетті психологиялық қабілеттердің кешенін анықтау. Оқушының сенсомоторлы, перцептивті, интеллектуальды (көрнекі — образды) және эмоциялық, қызмет түрі пәнді игеру кезінде өзгеріске түседі: мақсат мотивке, амал — әрекетке айналуы мүмкін. Сондықтан негізгі және өзгерген түрдегі әрекеттерді ажырата білу керек [17,18].
Денсаулық сақтау технологияларының жалпы құрылымы мен жүргізілу барысын біле отырып, денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін шешуді жүзеге асыруымыз қажет. Бұл денсаулық сақтау технологияларының маңызды бірінші қадамы деп ойлауға болады. Екінші қадам оқушы мен педагог арасында сенімді қарым-қатынас орнату деп түсіну қажет, яғни оқушыны технологияның субъектісі деп қарау қажет.
Бұл жерде мұғалім мен оқушы қарым — қатынасы тек мәлімет алмасу ғана деп түсінбеу керек. Оқушыны «мен» тұрғысында дамыту сапалы даму деңгейін береді, осы тұрғыда дамыту оны нағыз субъект ретінде дамуын көздейді.
Қазіргі заман мұғалімі денсаулық сақтау жүйесіндегі мектепте жұмыс істеу үшін әдістемелік дағды мен технологиялық біліктіліктің «педагогикалық минимум» деңгейімен қамтамасыз етілуі қажет. Оқушыларға денсаулық сақтаудың негіздерін білдіре отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылығы мен сұранысын туғызу қажет [19].
Демек, денсаулық сақтау технологиялары дегенде оқу — тәрбие үрдісінде ұтымды пайдаланып жүрген, педагогикалық ұжым меңгерген оқушы мен олардың ата — аналар үшін оқытуда және күнделікті тұрмыста пайдалану деп түсіну керек.
Оқу — тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын жасау мен ендіруде ғалымдар мынадай бағыттарды ерекше көрсетеді:
а/ оқушы ағзасын шынықтыруға негізделген оқу пәндерін тереңдетуге технологиялық жоспарлар жасау;
б/ оқушы қатысатын дене шынықтыру, спорттық секция мен мектептен тыс спорттық ұйымдардағы денсаулық сақтау компоненттерін жетілдіру;
в/ оқытудың мазмұнын оқушы денсаулығын сақтау технологияларына бейімдеу (оқушының дем алысын, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған жаңа режимде жұмыс жасау, адамдардың дұрыс тамақтануы, витаминді тамақтануы, дәрігерлік — гигиеналық қамсыздандыру)
г/ оқушының ортасы мен мектептің медико-биологиялық ресурстарын денсаулық сақтау мақсатында тиімді қолдану.
Мұғалімнің алдында жеке — тұлғалық ерекшеліктері бойынша әр түрлі құрамды оқушылар болады. Олардың әр бірінің деңгейіне сәйкес оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастыру мұғалімнен үлкен психологиялық — педагогикалық, кәсіби — педагогикалық біліктілікті қажет етеді.
Қазіргі заманғы адамға жалпы мәдениеттік маңызы бар қасиеттер қажет. Қазіргі тұлғада жүйелі ойлана алу, өз білімін өзі толтыра алу, оны өзі мен өзгенің қажетіне жұмсай білу сияқты қасиеттер қажет немесе Әл-Фараби сөзімен айтқанда «Тәрбиесіз берілген білім — әлемді бүлдіреді».
Қазіргі заманғы білім беру жалпы мәдениеттілік деңгейге жетуді ізгілікті оқыту арқылы жүзеге асыруға болады деп ойластырады. Ізгілікті тұрғыдан оқыту дегеніміз — әрбір адам бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға, оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға құқығы бар, өзінің «мені» бар. Өз қызығушылығы мен сұранысы және мақсаттары бар деп қарау қажет. Оқыту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен, оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, моральдық-еріктік және құндылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы үшін бүкіл адамзат цивилизациясының мәдени жетістіктері негізінде дамуы жүзеге асу үшін жағдай жасайды.
Ізгілікті оқыту принципі жүзеге асу үшін оқу-тәрбие үрдісі жеке-тұлғалыққа бағытталуы қажет. Бұл деген сөз әрбір оқушының табиғи болмысы, жеке қабілет ерекшелігі, қызығушылығы мен сұраныстары мен икемділіктері негізінде білім берудегі жетістігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұның мәнін американдық психолог Джон Дьюи сөзімен айтсақ: «Бала барлық нәрсенің орталығы, басы және соңы». Бұндай оқытуды жүйесімен қамтамасыз ету үшін, бір жағы оқушының тұлғалық параметрлерін дамыту, екінші жағынан оқытудың балама форма, әдіс, бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін дамыту керек. Ол үшін оқу мекемелерінің оқу жоспарының жылжымалы бөлігін дамыту қажет.
Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті — оқушының еңбегі мен демалыс режимін ұйымдастыру, оқушының бүкіл оқу үрдісі барысында қажуы мен зорығуының алдын алу үшін жағдай жасау. Олардың алдын алу шаралары туралы сөз ету үшін жұмысқабілеттілік, қажу, зорығу ұғымдарына түсінік беріп өтелік [20-23].
Жұмысқабілеттілік дегеніміз — адамның өз күшін аз шығын жасай отырып, берілген жұмысты сапалы, әрі тиімді орындай білу қабілеті.
Оқу үрдісі барысында жұмысқабілеттілік белгілі бір заңдылыққа сүйенген толқынды өзгеріске түседі. Сабақ басында оқушының жұмысқа қабілеттілігі аса жоғары болмайды, ол біртіндеп көтеріледі. Бұл кезең ену фазасы деп аталады. Бұл кезеңде біріншіден, іс-әрекетті жүйелік және гуморалдық басқаруға дайындау, екіншіден, біртіндеп іс-әрекеттердің стреотипінің қалыптасуы, үшіншіден вегативті қызметтің қажетті деңгейге жетуі жүзеге асады. Балаларда үлкендерге қарағанда ену фазасы әлдеқайда қысқа немесе жылдам өтеді, бұл олардағы жүйке жүйесінің қозуының жоғарлығы мен функционалды белсенділігімен түсіндіріледі [20].
Ену фазасынан соң, тиімді тұрақты жұмысқабілеттілік фазасы келеді, бұл кезеңде оқушылар өнімді, әрі сапалы жұмыс істей бастайды. Дегенмен бұл кезеңнің ұзақтығы алғашқы кезеңдегі сияқты әр баланың жас ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, шынығу деңгейіне байланысты әртүрлі болады. Сонан соң жұмысқабілеттілік біртіндеп төмендейді де қажу дами бастайды. Бірақ оқу әрекетінің соңында (егер ол белгілі болса) жұмысқабілеттілік аз ғана, қысқа мерзімге көтеріледі. Егер қандай да бір себептермен жұмыс нәтижесі күтілгендей болмаса, жұмысқабілеттілік өте төмен түсуі мүмкін [21].
Қажу үрдісі дегеніміз — жұмысты орындау барысында ағзада болатын өзгерістер жиынтығы, ол біртіндеп жұмыстың тоқтатылуына алып келеді. Қажу жағдайын шаршау арқылы сезілетін жұмысқабілеттіліктің төмендеуімен сипаттауға болады. Қажу кезінде адам талап етілетін белсенділік пен жұмыс сапасын көрсете алмайды немесе жалғастырудан бас тартады.
Қажудың биологиялық рөлінің маңызы зор. Біріншіден, ағзаны өте ұзақ және аса қиын жұмыс кезінде арып-аршудан қорғайды. Екіншіден, қажудың шыңына жеткізбей қайталануы ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін көтеру құралы болып табылады [22].
Сонымен қажу адамның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеуі мен оның физиологиялық күйін анықтайтын болса, зорығу дегеніміз — жұмысқа қабілеттіліктің ұзақ және терең төмендеуі, ағзаның өмір қажеттілігін қамтамасыз ететін әрекеттерінің бұзылуы, оны қалпына келтіру үшін ұзақ дем алу, тіптен кейбір жағдайларда емдеу шараларын қолдану керек болады. Басқаша айтқанда зорығу дегеніміз ағзаның физиологиялық күйі емес, патологиясы [23].
Осыған орай денсаулық сақтау технологияларының ең негізгі міндеті — оқушының еңбегі мен демалысын ұйымдастыру кезінде оның жұмысқа қабілеттілігінің оқу сабағының барысында (мейлі ол бір сабақ, бір күн, апта, тоқсан, жарты жыл, жыл, мектепте оқыған бүкіл мерзім де) жоғары болуы, қажудың алдын-алу, зорығуды мүлдем болдырмау.
Қажу да, зорығу да үлкендерге қарағанда балаларда тез болады, бұл олардың жүйке жүйесінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Бастауыш сынып оқушыларының қажу себептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына қарағанда өзгешелігі бар. Осыған орай А.А.Никольской бала дамуының мынадай жалпы жағдайларын бөліп көрсетеді:
- даму жаймен және біртіндеп жүзеге асады;
- эмоционалдық, ақыл — ой, ерік әрекеттері арасында қандай байланыс болса, рухани даму мен физикалық даму арасында да тығыз байланыс бар. Сол себепті оқу мен тәрбиені қаншалықты дұрыс ұйымдастырса, соншалықты үйлесімді, жан — жақты даму жүзеге асады;
- даму үрдісі кезінде психологиялық әрекеттің барлық бағыты бір мезгілде қатыспайды және олардың даму жылдамдығы мен энергиясы біркелкі емес: даму орташа болып немесе әртүрлі себептермен жылдамдауы мүмкін;
- бала дамуын жасанды жылдамдатуға болмайды, әр жас кезеңіне тән «өз күшін толық жұмсау» қажет.
Бұл міндетті бағдарламалық — нормативтік деңгейде бастап, бір сабақты
өтуге дейін, яғни барлық деңгейде денсаулық сақтау педагогикасы қолданатын технологиялар арқылы шешу мүмкін.
Денсаулық сақтау технологиялары мақсаттары қоғам сұранысын ескеріп оқыту принциптерін анықтайды [16,12].
Денсаулық сақтау педагогикасының принциптері.
Принциптер жалпы әдістемелік пен арнаулы принциптерді жинақтай отырып, сауықтыру педагогикасының арнайы заңдылықтарын білдіретін біртұтас жүйені құрайды.
Жалпы әдістемелік принциптері — денсаулық сақтау оқыту технологияларының мақсатына сәйкес келетін оқыту мазмұнын, оқу процесінің ұйымдастыру формалары мен әдістері анықтайтын жағдай.
Әдістемені денсаулық сақтау заңдылығына сәйкес қолданылса ғана төменгі сынып оқушыларының ағзасына және психикасына әсер етуі жемісті болады.
Саналылық және белсенділік принципі оқушылардағы терең түсінушілікті, тұрақты қызығушылықты, танымдық іс-әрекетке саналы қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Саналылық пен белсенділікті арттыруға педагогтардың ағзаны шынықтыру педагогикасының мәселелерін шешетін арнайы әдіс — тәсілдерді қолдануы әсер етеді. Белсенді іс — әрекеттің сауықтыруға әсерін түсіне отырып, бала танымдық сипаттағы міндеттерді өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан шеше алуды үйренеді. Оқушылардағы өз бетінше әрекет етуге, инициатива мен шығармашылыққа деген жоғары деңгейді белсенділік принципі анықтайды.
Көрнекілік принципі оқу үрдісін оқушының таным процесіне барлық сезім мүшелерін максималды қолдануына құрылуын міндеттейді. Көрнекілік принципі сезіну мен ойлаудың бір-бірімен байланыстылығына негізделіп құрылған. Ол танымдық үрдіске бүкіл сенсорлық жүйенің қызметін бағыттауға көмектеседі.
Жүйелілік және бірізділік принципі білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысында көрінеді. Алдын — ала дайындалған және тізбектелген әрекеттер жүйесі жаңаны танып білуге және оның негізінде келесі, аса қиын материалдарды танып білуге ауысып отыруға мүмкіндік береді. Мектептің бүкіл оқу кезеңінде оқу — тәрбие үрдісінің жүйелілігің жоспарлылығын, үздіксіздігін жүйелік принципі қамтамасыз етеді.
Арнайы принциптер ішінде сауықтыру педагогикасының заңдылықтарына сүйенетін принцип — «зияныңды келтірме», яғни медицина қызметкерлері, педагогтар, ата — аналар үшін бірдей маңызды зиян келтірмеу принципі. Бұл принцип негізінде кез — келген мамандардың кәсіби этикасы, медициналық деонтология, педагогика мен дидактика негіздері құрылады.
Біліктілік пен дағдыны қайталау принципі ең маңыздылардың бірі. Бірнеше рет қайталау нәтижесінде динамикалық стереотиптер ендіріледі. Әрекет элементтерінің сипаттамасы жаттығулар мен олардың орындалу шарттарын өзгерткен жағдайда, әдіс-тәсілдердің көптүрлігі мен әр түрлі тапсырмаларда көрінеді.
Стереотипке варианттық өзгерістерді ендіру кезеңдік принципін ұстануды сұрайды. Оған оқытудың бір деңгейінен екінші деңгейіне өту жатады.
Денсаулық сақтау технологияларында сауықтыру бағыты бойынша ерекше принцип — мүмкіндік және даралық принципі.
Даралық принципі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Мұғалдім оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның дамуын жоспарлайды және болжайды. Оқушының жеке дайындығын ескере отырып, оның әрекеттілік қабілеттері мен денсаулығына сүйеніп, біліктілігі мен дағдысын жетілдіру жолдары, қозғалыс режимін құрау, танымдық әрекеттің әр түрлі формаларына қатыстыру қажет.
Оқушыға шамадан тыс талаптар мен тапсырмалар берілгенде ағзадағы жағымсыз және зиянды салдарларды шығару үшін мүмкіндік және даралық принципі белгіленеді.
Үздіксіздік принципі сауықтыру педагогикасының толық жүйе екендігінің құрылым заңдылықтарын көрсетеді. Ол оқушы жүктемесі мен демалысын кезекпен жүйелі қайталау принципімен тығыз байланысты. Бұндай кезекпен қайталану оқушыларға тиімді әсер етеді, сабақтан сабаққа, бір кезеңнен бір кезеңге өтуіне көмектеседі.
Циклдік принцип сауықтыру педагогикасы үрдісін тәртіпке келтіруге көмектеседі. Ол сабақтардың бірінен соң бірі қайталануы арқылы, оқушының келесі кезеңге дайындығын жақсартады.
Денсаулық сақтау технологияларын қолдануда жас және жеке қабілеттерін ескеру принципі оқушының білігі мен дағдысын қалыптастыру, баланың әрекет қабілеттері мен ағзаның қызметтік мүмкіндігін дамытады.
Тұлғаны жан — жақты және үйлесімді дамыту принципі үлкен маңызға ие. Ол тұлғаның психофизикалық қабілеттерін, білік пен дағдыларын біргелікте жүзеге асуын және физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік және эстетикалық дамуды, яғни жан — жақты тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Сауықтыру принципі оқу үрдісі барысында бала денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді.
Кешенді дисциплина аралық оқыту принципі педагогтер мен медицина қызметкерлерінің тығыз байланысын айтады.
Белсенді оқыту принципі оқытудың белсенді формалары мен әдістеріне (жұппен оқыту, топтық жұмыс, ойын технологиялары, т.б.) үнемі қолдануда көрінеді.
Оқушының өз денсаулығы мен айналасындағы адамдар денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру принципі де бар.
Теория мен практиканың байланыс принципі практика жүзінде денсаулық сақтау мен шынықтыруда өз білімін қолдануды оқушыларға үйретуге шақырады. Оқушыға өзін қоршаған ортаны білім көзі ретінде ғана емес, білімді қолдану ортасы ретінде үйретуіміз қажет.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады:
1/ қозғалысқа бағытталған құралдар;
2/ табиғаттың сауықтыру күштері;
3/ гигиеналық факторлар.
Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады:
- қозғалыс;
- физикалық жаттығулар;
- сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;
- эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»;
- гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирация-лық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);
- емдік дене шынықтыру;
- қозғалысты ойындар;
- массаж, психогимнастика, тренинг т.б.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау
технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.
Метеорологиялық жағдайды бақылап отыру (күн сәулесі, ауа мен су температурасының әсері, атмосфералық қысымның өзгерісі, ауаның қозғалысы мен иондануы, т.б.) бала ағзасындағы биохимиялық өзгерістерді анықтауға, оқушы денсаулығы мен жұмысқабілеттілігінің өзгеруіне соқтырудың жағымсыз факторларының алдын алады.
Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын адамдардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану).
Мектепте фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:
- СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
- Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)
- Оқу өтілетін орынды желдету және дымқыл тазарту;
- Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін ұстану;
- Оқушыларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.
- Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.
Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді [24-26].
Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.
Олар:
— алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;
— функционалдық музыкаларды қолдану;
— сабақты аудио сүйемелдеу;
— жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою
арқылы;
— қайта оралту іс-шаралары түрінде;
— жаппай спорттық — сауықтыру іс — шаралары арқылы;
— денсаулық мерекесі;
— табиғатқа серуендеу;
— экскурсия;
— оқушының ата — анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір
салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында денсаулық
сақтау технологиялары арқылы ұйымдастыру — теориялық, практика-
лық сабақтарды өткізу;
— педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін.
Денсаулық сақтау технологиясы әдістеріне сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешетін тәсілдер жатқызылады. Оқыту әдісі (грек сөзі «бір нәрсеге барар жол») дегеніміз мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін жүйеленген іс-әрекеті [27].
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.
Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы мектептің оқушы денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріктіреді.
Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде және оқушыларды келешекте өз балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тәрбиелеу міндеті ретінде көрсетуге болады.
Мектеп пен мұғалімді денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:
- мектептің бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;
- оқушының денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;
- қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;
- игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.
Бұған дейін белгілі болғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру-педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да — мұғалім сабағы — оның негізін құрайды.
Баланың сабақты жақсы оқуы, оның 1-сыныпқа келгендегі денсаулық
жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан оның денсаулығын анықтай отырып, одан кейінгі мектептегі оқу кезінде олардың оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Оқушының мектепте алған білімдері оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймауы қажет.
Мектептегі оқытуды қалыптастыру, оқу үрдісіне талапты күшейту
бастауыш сынып оқушыларына жаңа оқыту технологияларын қолдануды талап етеді.
Қазіргі уақытта қолданыстағы оқушы денсаулығын сақтауға әртүрлі
әдістер мен оқыту формаларын ұсталатын денсаулық сақтау технологиялар-ын бірнеше топқа бөлуге болады. Оларды өзара жинақтай отырып 2 типін бөліп көрсетуге болады: ұйымдастырушылық және педагогикалық.
Бірінші типке оқыту барысында денсаулық сақтау жағдайы жасалған технологиялар жатады, ал педагогикалық технологияларға оқушыға ақпараттық, психологиялық және биоэнергетикалық деңгейде мұғалім ықпалы бар технологиялар жатқызылады. Мектепте жүргізіліп келе жатқан денсаулық сақтау педагогикасы принциптеріне негізделген технологияларды көрнекі түрде сызбамен былай көрсетуге болады (сурет — 1).
Сызбадан көріп отырғандай денсаулық сақтау технологияларының жүйе түзуші принципі ретінде бірінші кезекте оқушы денсаулығына қамқорлық, оның негізінде ғылыми-әдістемелік негіздеу, педкадрларды іріктеу және дайындау көрсетілген.
Сол себепті де педагогикалық әдебиеттерде «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымына психологиялық-физиологиялық қорғалған режимде өнімді оқу әрекетін ұйымдастыратын және ықпал жасайтын педагогикалық үрдісті жобалау мәдениеті деп түсіндіріледі.
«Денсаулық сақтаушы» ұғымы кез — келген оқыту технологияларына
олардағы педагогикалық үрдістің қаншалықты оқушы мен мұғалім денсаулығын сақтау мен нығайту міндеті шешілгеніне орай сапалық сипат ретінде беріледі. Сондай-ақ, ол білім беру жүйесінің басты мақсатына жетуге, педагогикалық әрекеттің идеясы мен принциптерін ұстануға қаншалықты бағытталғандығын анықтайды. Бұл білім берудің оқушының келісімінсіз денсаулығына зиян келмейтіндігі туралы «өтем» екендігін көрсетеді [16-21].
«Салауатты өмір салты» ұғымы адамның қызметін өз деңгейінде жүргізуге қажетті өмір, еңбек, демалыс, тұрмыс жағдайларын сауықтыру үшін жасалатын әрекеттері екендігін көрсетеді. Денсаулық сақтау технологиялары барлық оқу сатыларында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтереді, әрі тұлғаны дамытады, оның әртүрлі бағыттағы талабын жүзеге асырады.
Сурет -1
Жоғарыда аталған денсаулық сақтау технологияларымен бірге медико — гигиеналық технологиялары (МГТ), дене шынықтыру — сауықтыру технологиялары (ДСТ), экологиялық (ЭДСТ) және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін (ӨҢҚЕТ), олардың барлығы денсаулық сақтау технологияларына (ДСТ) бірігеді. Оларды тағы мынадай шағын топтарға бөлуге болады:
- ұйымдастыру — педагогикалық технологияларына (ҰПТ) санПин белгілеген нормада, оқушының зорығу, гиподинамия т.б. дезадаптациялық жағдайлардың алдын алу үшін оқу үрдісінің құрылымын анықтаған технологиялар жатады.
- психологиялық — педагогикалық технологиялар (ППТ) мұғалімнің жұмысымен тығыз байланысты. Оның оқушыға бүкіл 45 минут барысындағы ықпалы, оқу үрдісінің барлық элементтерін психологиялық — педагогикалық сүйемелдеуі жатады.
- Оқу-тәрбие технологияларына (ОТТ) өз денсаулығына сауатты қамқорлық жасауды үйрететін және оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыратын, салауатты өмір салтына ынталан-дыратын, зиянды әдеттердің алдын алу, оқушының сабақтан тыс уақытын ұйымдастырушы — тәрбие жұмыстарын өткізетін, олардың ата-аналарымен ағарту жұмыстарын жүргізетін технологиялар жатады.
Мектептен тыс уақытта жүргізілетін, қазір сабақтан тыс жұмыс ретінде
айтылатын барлығынан ерекше екі топ бар:
— әлеуметтік бейімделген және тұлғалық дамытушы технологиялар (ӘБТДТ). Олар оқушының психологиялық денсаулығын қалыптастырушы және шынықтырушы, тұлғаның психологиялық бейімделу ресурстарын көтеруді қамтамасыз етеді. Мұнда тек оқушылар ғана емес, олардың ата — аналары, педагогтар қатысатын әртүрлі әлеуметтік — психологиялық тренингтер, әлеуметтік және жанұялық педагогика бағдарламалары жатады.
— емдеу-сауықтыру технологиялары (ЕСТ) медициналық — педагогикалық білімдерді жинайды: оқушы денсаулығын қалпына келтіретін емдеу педагогикасы, емдік дене шынықтыру.
Денсаулық сақтау технологияларының оқушыларға әсері медицина -психология — педагогикалық диагностикасы мен мониторингтің кешенді әдістері арқылы бағаланады. Үнемі кері байланыс жасап бақылап отыру жұмыстардағы олқылықтарды түзетуге көмектеседі.
Қорыта келгенде, мектептің денсаулық сақтау ортасы дегеніміз — әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың, оқушының адаптациялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті физиологиялық компоненттердің, денсаулықты сақтау мен дамытуға әсер ететін факторлар жиынтығы.
1.2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары
Оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау, қажудың алдын алу мен зорығуды болдырмау үшін, олардың еңбегі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру арқылы шешу денсаулық сақтау педагогикасының негізгі міндеті болып табылады. Ол үшін мектеп өмірінің негізгі жағдайларын ескеру қажет: сабақтың ұзақтығы, оқу күні мен аптасының ұзақтығы, сабақтың ұйымдастырылуы, сабақ кестесі, үзілістер. Жұмысқабілеттілік динамикасы сызығына жүргізілген арнайы зерттеулер сабақтың 45-тан ұзақ болуының қажет еместігін көрсетеді. Бірақ бастауыш сынып оқушылары үшін, әсіресе 1-сыныпқа 45 минуттық сабақ ұзақтығы ауыр соғады. Жұмысқабілеттілік сызығы сабақтың 35 минутына дейін балалар жұмысының жылдамдығы мен нақтылығы бірқалыпты, ал соңғы 10 минутта күрт төмендейтінін көрсетеді. Бұл адам миының сұр бөлігінің шаршайтындығын түсіндіреді [7]. Педагогикалық бақылаулар сабақтың соңғы 10 минутында балалардың жартысынан көбі мұғалімді тыңдамайтындығы мен басқа шаруамен айналыса бастайтынын байқаған. Сабақтың ұзақтығы 35 минутқа қысқарту орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартады және оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін оқу күні барысында сақталуына мүмкіндік береді [10,3].
Мектеп ұжымның келісімімен бастауыш сыныптардағы сабақ ұзақтығын (әсіресе 1 — сыныптарда) 35 минут жасауға құқығы бар. Бірақ көп жағдайда мектеп ұйымдастыру қиыншылықтарына байланысты бұл құқықты пайдалана бермейді. Бала денсаулығын сақтауды ойластырған мектеп үшін бұл шешілмейтін мәселе емес. Мысалы, 1 сыныптағыларды мектепке бейімдеу мақсатында алғашқы 2 айда (қыркүйек — қазан) 3 сабақтан 30 минуттық ұзақтықпен, ал қарашада 4 сабақ 30 минуттан, желтоқсаннан бастап 4 сабақ 35 минуттан етіп біртіндеп ұзақтығы мен жүктемесін ұлғайту керек [10,7].
Оқушының сабақ үлгерімі мен денсаулығының оң нәтижелері оқу үрдісін ұйымдастыруда биологиялық ритмін ескерілу қажет екендігін көрсетті. Күннің бірінші жартысында сабақ ұзақтығы 45 минуттан 35 минутқа төмендеуі (жұмыс қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты) қажет. Ал күннің екінші жартысында (2 — кезекпен оқытылатын мектептерде) алғашқы сабақ 30 минуттан, соңғы сабақтарды 45 минуттық етіп қоюға болады. Оқуды 6 жастан бастаған балалар үшін қысқартылған (30 — 35 минуттық) сабақтар аса қажет.
Соңғы жылдары көптеген мектептерде 5 күндік оқуға көшулеріне байланысты бір күнде оқылатын сабақтар саны көбейген, ал сабақ ұзақтығы 40 минуттан болды. Бұл дұрыс шешім, бірақ бастауыш сынып оқушылар үшін, әсіресе 1 — сыныптар үшін 40 минут өте ұзақ [5].
Бәрімізге белгілі 1- сынып балалары балабақшадан мектепке бейімделетін өтпелі уақытты кешеді, маңыздысы оның аса күрт болып, балаға ауыр соқпау керек.
Оның үстіне балалар бақшаның дайындық топтарында 2-3 сабақты 25 минуттық ұзақтықпен оқиды. Арада бірнеше ай ғана айырмашылықпен бірден 4 сабақпен 35, кейбір жағдайда 45 минуттық сабақ үлкен ауыртпалық болып есептеледі. Бұндай оқу күні 1-сынып оқушылары үшін әсіресе алғашқы уақытта қиын соғады. Зерттеулерге сүйенсек, 30-35 минуттық сабақтың өзінде оқушылар қажетті деңгейді меңгереді, ал 45 минуттық төрт сабақ (әсіресе І — жартыжылдықта) 6 жасарларға ғана емес, 7 жасар балалар үшін де ауырлық жасайды.
Сондай-ақ, 1-сыныптар үшін төрт сабақ өте тиімсіз. Мысалы, олардың 4-ші сабақтағы жұмыс жылдамдығы 1-сабақпен салыстырғанда 1,6 есе, жұмыстың орындалу нақтылығы 2,6 есе төмен. Оның үстіне 1-3 сабақтарда адамдардың жұмыс қабілеттілігі біртіндеп түссе, 4-ші сабақта күрт, секірмелі төмендеу байқалады. Бұл «секіру» критикалық нүкте ретінде физиологиялық мақсаттылық пен мүмкіндік шегін көрсетеді. Бұл әсіресе апта соңындағы 4 сабақта айқын байқалады [5].
Демек қазіргі міндет аз уақыт ішінде көлемді оқу материалын игерту қажет. Бұл міндетті шешудің бірнеше бағыттары бар. Біріншіден, адамның қордағы мүмкіндіктерін белсендіретін оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін жасау. Екіншіден, мектептің оқу уақытын ұзарту, ол жылдың соған сәкес күндік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, мектептің кәсіби бағыты бойынша арнайы бағдарламалармен оқыту, яғни мамандығына қажетті пәндерді ғана оқыту арқылы, сабақ жүктемесін азайту. Сонда оқу сағатының санын көбейту арқылы көп мәлімет білдіреміз деу бала денсаулығына физиологиялық сәйкес келмейді және тиімсіз.
Ал оқытудың жаңа құралдары мен әдістеріне келетін болсақ, олардың салауатты болуы шарт, яғни оқушы денсаулығына зияны болмауы керек. Бүгінгі күні педагогикада дамыту және оқыту технологиялары көп, бірақ олардың барлығы салауаттылық мақсатты ұстана бермейді. Мысалы, В.Н.Зайцевтің технологиясы төменгі сынып оқушыларының жалпы оқу біліктерін жоғары нәтижеге жеткізуге бағытталған.
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің мақсаты — тұлғалық жан-жақты үйлесімді дамуы, т.б.
Практикада бір-біріне кедергі келтірмейтін, керісінше бірін-бірі толықтыратын, жетілдіретін бірнеше оқыту технологиялары бар. Олардың ішінде қазіргі мектептерде жиі кездесетін — дәстүрлі және дамыта оқыту технологиялары бар.
Дәстүрлі оқытудың негізі ерекшелігі авторлық педагогикаға негізделген, мектепті «білім» көзіне айналдырады. Ол өз кезегінде адамдардың көпшілігін оқу күнінің соңында, не оқу жылының соңында жаппай зорығуына әкеп соқтырады [16].
Ал дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы бірлесе отырып оқып үйренеді, бұндай оқыту өз кезегінде оқушы дамуын қамтамасыз етеді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы, дәстүрлі оқытуға қарағанда, денсаулық сақтау педагогикасы принциптеріне жауап береді.
Сондай-ақ, ойын технологиялары арнайы ұйымдастырылған жағдайда, белгілі ережелерге сай іс-әрекеттерге сүйеніп, оқушының жасына сай әрекеттік негіздегі жолдар мен құралдар арқылы оқу әрекетіне ауысады.
Оқушының мектепке келгендегі оқуға деген қызығушылығын пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың маңызы зор, себебі бала қызыққан нәрсесін тез игереді.
Оқу әрекеті дұрыс ұйымдастырылғанда ғана (мектептің сабақ режимі қатаң сақталғанда, сабақ кестесіндегі пәндерді баланың жұмыс қабілеттілігін ескере отырып ретпен қойғанда, көрнекі құралдарды қолдану, гигиеналық талаптарды орындау, жағымды эмоциялық дем беру, т.б.) денсаулық сақтау педагогикасының міндеттерінің бірі — оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау мен қажуын болдырмауды шешуге болады. Қазіргі мектеп оқушылардан арнайы білім мен біліктерді ғана емес, аналитикалық-синтетикалық күрделі ақыл-ой әрекетін талап етеді, ол өз кезегінде үлкен жұмыс қабілеттілікті қажет етеді.
Ал ақыл-ой қабілеттілік деп баланың өнімді және ұзақ уақыт белгілі бір ақыл-ой әрекетін өз жасына лайықты жүйке-физиологиялық аз шығынмен орындай алу қабілеті. Ол мектепте табысты оқытудың негізгі маңызды шарты. Бастауыш сынып оқушыларында ақыл-ой қабілеттілік жоғары шегіне көтеріле алады, әсіресе ол инновациялық бағдарламаларды оқыту кезінде байқалады. Бірақ бұл барлық балаларға тән емес. Практика жүзінде байқағанымыздай, әсіресе бастауыш сынып оқушыларында қажу тез болады, осыдан келіп үлгермеушілік туады. Сондай-ақ төменгі сынып оқушыларының ақыл-ой қабілеттілігіне олардың физикалық дамуы мен денсаулық жағдайы әсер етеді.
6 жастан мектепке келгендердің 39%-да құжаттағы жастан биологиялық жасының кешігуі байқалады. Баланың 6-7 жасқа келгені, оның мектепке психологиялық жетілгендігі мен дайындығын көрсетпейді. Керісінше бұл кезеңде балалардың дамуының ауытқулары мен денсаулық жағдайлары бақылау жасауды талап етеді. Балалардың 90%-ның жұмысқабілеттілігі төмен болуы себепті сабақта пассив болады. Олардың оқуға деген қызығушылығы төмен, ақыл-ойды жұмсауды қажет ететін тапсырмаларға селқос болады.
Оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеру үшін бастауыш сынып оқушыларының сабағын ұйымдастыру жағдайын үнемі өзгерту, сабаққа сергіту минуттарын енгізу, оқу материалдарын игеруді ойын түрінде өткізіп отыру қажет. Мазмұны әртүрлі қозғалыс ойындары арқылы, физикалық жаттығулар арқылы баланың биологиялық табиғатына әсер етіп, оның денсаулығын шынықтыруға, физикалық жетілдіруге болады. Дамуы кешеуілдеген балалармен күнделікті жеке жұмыс жасау арқылы, олардың ақыл-ой қабілеттілігін көтеруге болады. Жұмысқабілеттіліктің бір күндегі динамикасына қарайтын болсақ 2 типті: І тип 800-1200 сағаттың арасы, ІІ тип 1600-1800 сағат арасында жоғары жұмысқабілеттілікті көрсететіндігін байқауға болады.
Осыған орай сағат 1200 –ден соң жұмыс қабілеттілік төмендейді. Оның үстіне балалардың жұмыс қабілеттілігі бір деңгейде тұрмайды, ең оптималды уақыт 9 – ден 12-нің арасы болады. Бір сабақ барысының өзінде ол әртүрлі болып тұрады.
Адамның жұмысты бастауға кірісу кезі ену фазасы деп аталады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілік төмен болып, біртіндеп көтеріле бастайды. Ересектерге қарағанда балаларда ену фазасы қысқа болады, ол олардың жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің тез қозуымен түсіндіріледі. 80% балаларда ол 2-7 минутқа созылады. Одан соң жұмысқабілеттілік бір қалыпты деңгейде болады да, 20 минуттан соң төмендей бастайды. Сондықтан сабақтың алғашқы 7 минутынан соң, жаңа материалды игерту жұмыстары жүргізілу қажет. Кейбір мәліметтер бойынша (М.В.Антропова) бастауыш сынып оқушыларының белсенді зейінділік көрсететін уақыты 15-17 минут деп анықталады. Сол себепті 6 жасар балалар 15-20 минуттан соң, 7 жастағылар 20-25 минуттан соң әр нәрсеге алаңдап, олардың зейіні төмендейді. Сабақтың соңғы 5-10 минуты педагогикалық өнімділігі төмен уақыт, сол себепті «соңғы секіру» деп аталады. Осыған байланысты адамдардың оқу белсенділіктерін ескеру қажеттілігі туралы көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап кетеді [28].
Бір күндегі жұмысқабілеттілік динамикасына талдау жасайтын болсақ, 1-ші сабақ аса өнімді болмайды. Себебі ол ену фазасына түседі, ал 2-3 сабақтар оптималды жұмыс қабілеттілік кезеңге келеді, сондықтан оқушылар өте өнімді жұмыс жасайды. 4-сабақ жұмыс қабілеттіліктің төмендеген кезеңіне тап болады, сондықтан өнімсіз болады. Ал оқу күні мен аптасындағы жұмыс- қабілеттілік сабақ кестесінің түзілуіне қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптарға байланысты. Сабақ кестесін құру кезінде пәндердің меңгеру деңгейі қиындығы ескерілу қажет. Пәндердің қиындық шкаласын пайдалана отырып деңгейлеу қажет. Жұмысқабілеттіліктің ең төменгі көрсеткіші дүйсенбі күні байқалған, сондықтан дүйсенбі және сенбі күндері оңай сабақтар қойылу қажет. Оқушының жұмыс қабілеттілігі бір күн ішінде ғана өзгеріске түспейді, апта күндерінде де өзгерісі болады. 6 жасынан оқуға келгендердің апталық динамикасы оқу пәндерінен қиындығына байланысты. Жоғары сынып оқушыларына қарағанда бастауыш сынып оқушылары апта ортасында жеңілдетілген күн тәртібін сұранады, олардың жұмыс қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйлері бұзылады. Жоғары жұмыс қабілеттілікті сақтау үшін сабақтың ұзақтығы мен оқушы әрекетінің әртүрлі болуына назар аудару қажет [29]. Сабақ қаншалықты біртекті, монотонно өтсе, соғұрлым балалар тез қажиды. Әсіресе бұл бастауыш сынып оқушыларына тән. Бұдан басқа, бастауыш сынып оқушыларына бірінші сигнал жүйесі арқылы оқыту, яғни көрнекілік арқылы оқытуды қолдану қажет. Оқушының оптималды жұмыс қабілетінің ұзақтығын көрсету үшін сабақты мұғалімнің монологы түрінде емес, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолданып, оқушымен мұғалімнің сұхбаты түрінде өткізу керек. Сабақ барысында әрекеттің бір түрінен, екінші түріне көшіп отыру адамдардың қажуын ұмыттырады.
Сабақ кестесін түзу кезінде оқушының күн және аптадағы жұмыс қабілеттілік динамикасын ескере отырып, жұмыс қабілеттілік жоғары болатын сағаттар мен күндерге қиын пәндерді, ал төмендейтін сағат пен күндерде оңай пәндерді қою керек. Әрине, қиын-жеңіл екендігі оқушының қабілеті мен икемділігіне, оның пәнді қалай эмоционалды қабылдайтынына да байланысты. Сондай-ақ, пәннің қиын-жеңілдігі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне де баланысты. Сонда пәннің қиын — жеңілдігі туралы пікір субъективті болып шығады [30].
Дегенмен көптеген зерттеулерде пәннің қиындық деңгейлері анықталған. Бастауыш мектепте оқу мен жазу сабақтары арифметикаға қарағанда қиын екендігін көрсетті, ол оқушылардан белгілі бір дағдының қалыптасу қажеттігін көрсетеді. Ең жеңіл сабақтарға дене шынықтыру, еңбек, бейнелеу өнері, музыка сабақтары екендігі анықталған.
Егерде оқушының еңбегі мен демалысы ауысып отырса, қандай болса да әрекеттердің өнімділігі жоғары болады. Демалыс ретінде сабақ арасында үзілістер қойылған. Олардың ұзақтығы мен дұрыс ұйымдастырылуы арқылы адамдардың жұмысқабілеттілігін сақтап қалуға болады.
Демалыстың 2 фазасы белгілі: а/ жоғалған жұмыс қабілеттілікті толтыру, б/ толтырылғанды бекіту. Бұл фазаны жүзеге асыру үшін оқушының шаршауына байланысты уақыт берілу қажет. Физиолог, медик, гигиена қызметі мамандары анықтағандай 45 минут сабақтан соң 10 минут жеткілікті. Осыған орай үзілістің 10 минуттан кем болмауы қадағалану қажет. Көптеген мектептерде бұл да ескерілмейді.
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану ерекшеліктері
Денсаулық сақтау педагогикасы барлық басқа педагогикалық жүйелер мен әдістемелерге балама бола алмайды. Оның басқа педагогикалық жүйелер мен бағыттардан айырмашылығы – оқушы мен мұғалімнің денсаулығына қамқорлықтың басымдылығын жүзеге асыруы. Денсаулық сақтау технологиясы, тұлғалыққа бағытталған педагогика және де т.б. білім беру жүйелерімен ұстанымдары мен ерекшеліктері мәндес болып келеді [16].
Сыныптан тыс жұмыстарға тән нәрсе – оқушылар өз сұранысы мен қызығушылығы бойынша ерікті, саналы, белсенді шешімі бойынша қатысады. Жоғары сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды адамдардың өздері ұйымдастыратын болса, төменгі сыныптарда оны мұғалім ұйымдастырады.
Көптеген зерттеушілер төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-шараларына оқушының және ұжымның әрекетінің әр түрлі формаларын жатқызады. Сыныптан тыс іс-әрекет дегеніміз – оқушының жеке қызығушылығы мен сұранысы негізінде орындалатын мақсатшылық. Бірақ жұмыс барысында педагог балаға орындалып жатқан әрекеттерге қоғамдық мәні бар негіз береді, оның негізінде тұлғалық мәнін сезінеді және қабылдайды.
Сыныптан тыс әрекеттер үрдісінің мазмұны денсаулық мәні, салауатты өмір салты, оны ұйымдастыру тәсілдері, төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілген педагогикалық бейнелеу материалдары негізінде құрылады. Зерттеу барысында үрдістің осындай ерекшеліктері мен баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеттерін салыстыра отырып, төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарының қызметтерін анықтадық:
- когинтивті – оқушының денсаулықты сақтау мен шынықтыру бағытындағы түсініктерін кеңейту және терең білдіру; салауатты өмір салтының ережелері мен нормалары туралы, салауатты өмір салтын өзі ұйымдастыру тәсілдері туралы, денсаулықты нығайтудың халықтық тәсілдері туралы, зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі заттар, темекі шегу) ағзаға әсері туралы, т.б.
- Дамытушы – оқушының денсаулық сақтау мен нығайту, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілеттерін таныту, т.б. бағыттарда танымдық қызығушылығын дамыту.
- Бекітуші – денсаулықты сақтау және нығайту бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту, оқу үрдісі барысында қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіру;
- өзін-өзі ұйымдастырушы – денсаулықтың барлығымызға белгілі аспектілеріне сәйкес әрекетімізге өз белгімізше білік пен дағдыны қалыптастыру; бос уақытты тиімді жоспарлау, өзін өзі оқыту мен тәрбиелеудің білік пен дағдыларын дамыту;
- тәрбиелеуші – оқушының өз денсаулығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту мәселелеріне өзіндік көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне балама баға беру, адамгершілік сапаларын, өзбеттілік, тәртіптілікті, жауапкершілікті, ұжымдықты және т.б.
- Практикалық-іс-әрекеттік – денсаулықты сақтау мен нығайтудың теориялық білімдерін ғана емес, денсаулыққа байланысты практикалық білік пен дағдыларды жүзеге асыра білуі керек.
Төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс әрекетінің жоғарыда келтірілген қызметтерін кешенді жүзеге асыру оны сауатты ұйымдастыра білуге байланысты. Ол мұғалімнің келесі педагогикалық әрекеттерінен тұрады: диагностика мақсаткерлік, жоспарлау, жобалау, басқару, бақылау, талдаудан тұрады.
Оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту бағытындағы жұмыстарын үш стратегияның біріне сәйкес жүргізу керек [16].
- Дәстүрлі стратегия. Мұнда негізгі міндетті медициналық-гигиеналық технологиялар негізінде дәрігерлер шешеді, ал педагогтар олардың тек шешімдері мен нұсқауларын орындайды. Бірақ қазіргі қоғамның адамы денсаулығына зиянды әсері мен денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігі аса нәтиже бере қоймайды.
- Нүктелік стратегия жұмыстың жүргізіліп жатқандығынан әсер беретін жеке әрекеттер, шешімдер, іс-шаралар. Бұған мектептерде фитобарларды ашу, психологиялық жүктемені азайту бөлмесі, бірнеше стендтер, «Денсаулық күні» мен «Денсаулық мерекесін» өткізу, салауаттану факультатив сабағын енгізу, т.б. Бұлардың тәтижесі де мардымсыз және тұрақты емес.
- Мектептің денсаулық сақтау кеңестігін қалыптастыру стратегиясы. Ол үшін мектеп бірнеше қадамнан тұратын жұмысты жүргізу керек.
1-қадам. Бұл жобамен жұмыс істеуге шет білдірген (5-10 адам) бірнеше адамнан жұмыс тобын құру. Оның құрамына мұғалімдер, мектеп мамандары, ғылыми ұйымдар өкілдері, ата-аналар кіруіне болады.
2-қадам. Жобаны құрау: мақсатын анықтау, міндеттері мен қолдағы қорды бағалау (материалдық-қаржылық, кадр құрамы, ұйымдастырушылық, ақпараттық)
3-қадам. Жобаны жүзеге асыру үшін қосымша ресурстар қарастыру және қамтамасыз ету. Ғылыми орталықтармен серіктесіп жасау келісім шарттарын жасау, ата-аналар комитетінің, мұғалім, демеушілік мүмкіндіктерін белсенді ету.
4-қадам. Жобаның жұмыс нұсқасын жасау және жергілікті жағдайды ескере отырып, кезеңімен жүзеге асыру жоспарын жасау. Жобаға қатысушылардың міндеттері мен жауапты бағыттарды бөліп беру.
5-қадам. Оқушы денсаулық жағдайы мен денсаулыққа зиянды әсер ететін факторларды диагностикалау бағдарламасын жасау. Оқушының жеке көрсеткіші картасын құрастыру.
6-қадам. Адамдардың денсаулық жағдайы нәтижесі мен патогенді факторлар құрылымына талдау жасау. Келесі кезеңде мектептің жұмысын жоспарлау мен түзетуде алынған нәтижелерді ескеру.
Бастауыш мектепке денсаулық сақтау технологиясын ендіру жағдайын бағалаудың бірнеше индикаторларын келтірейік:
- Оқушының денсаулық мониторингі мен мектептегі өзгерістердің нәтижесін жасау.
- Адамдардың мектепке келу ынтасының болуы – өте ақпараттық көрсеткіш, олай дейтін себебі бұл оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын, сыныптағы психикалық климатты көрсетеді.
- Оқушының оқу жүктемесінің көлемі – сабақтар саны мен үй тапсырмасына бөлінетін уақытты
- Зиянды әдеттерге бейім оқушылар саны.
- Мектептің гигиеналық жағдайы – оқушының денсаулығына деген қамқорлық қарапайым гигиеналық талаптарды орындаудан басталады.
- Дене шынықтыру сабағының мазмұны және физикалық даму мен спортпен үнемі және шын көңілмен айналысуға сұранысы.
- Сабақ біткеннен кейінгі мектеп өмірі: мектеп 2/3 тәулікке бос бола ма, сабақтағы сияқты жұмыс жүргізіледі ме.
- Төменгі сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығы, денсаулық тақырыбындағы іс-шараларға қатысуы. Есеп үшін жасала салған іс-шаралар үлкен зиян келтіреді. Балалар алдамшы жасалған әрекет пен сөздерге сенбейді.
- Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты. Бір ғана директор және бірнеше мұғалім жұмысы басқа мұғалімдер қолдамаса жүзеге аспайды. Оны мұғалімдер бөлмесі мен педкеңеске қатысу арқылы бірден тануға болады.
- Сабақтан шыққан оқушы түрі (әсіресе күннің ортасында): оқу жүктемесімен бастырылған, мұғалімнің авторитарлық стилі, келесі сабақты күшпен күтеді, немесе эмоционалды, көтеріңкі көңіл күймен дайындығын көрсетеді.
- Оқушының мұғаліммен және бір-бірімен қарым-қатынасының сипаты: бауырмалдық, бір-бірі түсіну, бір-біріне көмек беруге дайын болу, т.б.
- Адамдардың ата-аналарының мектепке қарым-қатынасы: олар мектепке шақыру бойынша ғана келеді ме, әлде мектеп өміріне өз еркімен белсенді араласады ма.
Педагогикалық қауымдастық оқушы денсаулығына дәрігерден гөрі мұғалім үлкен ықпал ететіндігін мойындаған. Бірақ мұғалімге дәрігер міндетін атқаруын емес, психологиялық-педагогикалық технологияны үйрету қажет.
Төменгі сынып оқушылары үшін ересектер – олардың ата-аналары мен мұғалімдерінің әрекеті, педагогикалық іс-шаралардың жүйелігі мен тұтастығы үлкен әсер етеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстары мына бағытта жүргізілуі қажет: оқушылармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, қоғаммен жұмыс.
Сондықтан да бірінші кезекте сынып жетекшісі мен ата-аналар – баланың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін ескеріп, оның рухани және физикалық еркін дамуына жағдай жасау, қорғау қажет. Сынып жетекшісі барлық балалардың физикалық дамуы туралы білу керек, ал ата-ана мен балалар өз денсаулығындағы күдікті жағдайлар болса ол туралы жасырмай айту қажет. Оқушы тек орындаушы ғана емес, оның тұлға болып қалыптасуына көмек берілу керек. Адамды қорғау позициясы олармен жеке жұмыс жасау болып саналады.
Неліктен бірінші кезекке баланың физикалық және психикалық денсаулығы қойылады? Қазіргі уақытта біздің мемлекетте дені сау балалар 14% — ды, 50% — ның денсаулығында ауытқу барлығы, 35% созылмалы аурулардан зардап шегетіндігі белгілі. Невроздық адамдардың 20%-да кездеседі, олардың 3% бірнеше жыл тәжірибесі бар нашақорлар. Оқушының физикалық денінің сау болуы мен болмауы оның жұмысқабілеті мен танымдық белсенділігіне әсер етеді.
Мысалы, бала бас ауруына мазасызданады, оның барлық нәрсе жүйкесіне тиеді, бірақ ол өзінің көруі нашарлап жатқанын білмейді.Ал басқа біреулер үнемі мазасыз, қызба, тиянақтылық жоқ. Медиктердің анықтауы бойынша, бұл жағдайдың 70% ас қорыту жүйесінің ауруларына немесе ұйқының бұзылуына байланысты екендігі белгілі болған. Егер оқушыда созылмалы салқын тию мен жөтел бар болса, ол оның ұйқы безі, бүйрек үсті безі, ішкі секреция бездері аурулары бар екендігін білдіреді.
Бұл бағыттағы сынып жетекшінің жұмыстары:
- «Денсаулық» бағдарламасы бойынша балаларды ақпараттандыру.
- Бұл жұмысқа дене шынықтыру мұғалімдерімен ата-аналарды тарту.
- Денсаулықтың құндылығын бағалау сенімін дамытуға бағытталған сыныптық іс- шараларды дайындау және өткізу.
Сынып жетекшілерінің жұмысының екінші бағыты – тілдесу. Балалар тілдесу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге әкеледі. Бұл жақсы ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жүйесі арқылы қалыптасады және оқушы үшін үйреншікті болуы керек.
- Ең жоғары құндылық – адам өмірі. Оны ешкімде жоюға құқығы жоқ.
- Сенің үйің, сенің жанұяң, бауырларың және жақын адамды және олардың сенің өміріңдегі маңызы.
- Адамның өзін-өзі түсіну құқығы, өзінің «келісетін» және «келіспейтін» тұстары, өзіне-өзі көмек бере алуын жетілдіруі.
- Әлемнің мәдени құндылықтары, олардың адамның дамуы мен қалыптасуындағы маңызы, олардың өз өміріндегі қажеттілігі мен маңызын түсінуді қалыптастыру.
Жалпы адамзаттық құндылықтардың оқушы, ата-ана мен мұғалімдер мен қарым-қатынасындағы мәселелерді шешуге көмегі қандай? Олардың ең негізгі ролі – адам қарым-қатынасында реттеуші, адам әрекетін бағалау критерийлері болады.
Сынып жетекшісінің үшінші бағыттағы жұмысы – баланың танымдық іс-әрекеті. Бұл кезеңде сынып жетекшісінін міндеті барлық пән мұғалімдеріне әрбір оқушының мүмкіндігін таныстырып қорғап отыру.
Бұл мәселені шешу үшін: ата-анамен бірлесе отырып, оқушының оқу біліктері мен танымдық белсенділігін дамытудың бірлескен тактикасын жасау керек; оқушының танымдық қызығушылығы мен танымын кеңейтетін іс-шаралар өткізу;
Әр оқушы мен бүкіл сыныптың оқу біліктерін түзету бағдарламаларын жасайтын психо-педагогикалық консимумдар өткізу; оқушының оқу біліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіретін сынып сағаттарын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісінің 4 бағыттағы жұмысы: оқушы өсіп, қалыптасып, тәрбиелейтін жанұя. Сынып жетекші оқушыны тәрбиелей отырып, оның жанұялық тәрбиелеуге әсер ететіндігін түсіну қажет. Педагог оқушының жанұясының материалдық жағдайы мен өмір сүру әдебін білу керек. Керекті жағдайлар: оқушының жанұялық атмосферасы, оның жанұя мүшелерімен қарым-қатынасы, ата-ананы мектепте өтетін жиындарда, кеңес, әңгімелесулерде, психологиялық-педагогиқалық ақпараттандыру, ата-ана мен балалардың бос уақыттарын бірге өткізуді ұйымдастыруы; қиын жанұялардағы балалардың қызығушылығы мен құқықтарын қорғау.
2.2. Денсаулығын сақтау технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибеде зерттеу.
Денсаулық сақтау технологияларын қолданылуын зерттеу мақсатында Шымкент қаласының N38 мектебінің оқу-тәрбие үрдісі талданды. Оқушының денсаулық жағдайы бақылауға алынды.
Мектептің оқу жоспарлары, оқу пәндерінің бағдарламалары, сабақ кестесі, жұмыс тәртібі, оқушының денсаулық паспортын психологтардың бақылауы, медициналық тексеру протоколдары, оқушының физиологиялық жағдайы, хаттамалары, олардың қан қысымы мәлеметтер талдалды.
Жоғары және төменгі деңгейдегі дәлдікпен тіркелетін қорытындылар ғана мониторинтке объективті сипат береді. Оларға біздің ойымызша, оқу үлгерімінің, тәрбиелік деңгейлері, тұлғаның дамуы, денсаулықтың физиологиялық, психологиялық, соматикалық күйі, әлеуметтік бейімдеушілік жатады.
Оқыту тұтас біріккен оқыту мазмұны (білік, білім, дағды), оқу-танымдық және оқушының шығармашылық әрекет тәсілдері педагогикалық үрдістің қатысушыларының оқу және кәсіби әрекетке мотивті — құндылықты қарым-қатынасы.
Оқыту тәрбиелік деңгейі оның өзін қоршаған орта мен әлеммен байланысын реттей ала білуге дайындығынан көрінеді. Мектептің оқу жүйесінің нәтижелігін көрсететін оқытудың тұғалық және интелектуалдық дамуының деңгейін бағалаудың критерийі мен көрсетілген анықтауда келесі жағдайларды ескеру қажет: психологиялық үрдістің даму деңгейі, психологиялық денсаулық, әлеуметтендіру, физиологиялық және соматикалық жағдайы, сабақ пен сабақтан тыс уақыттағы оқушының белсенділік пен жетістігін көрсетуі.
Мектептің оқу жүйесінің жетістігін қамтамасыз ететін оптималды жағдайларды жасау, ол түлғаның жеке және психофизиологиялық ерекшеліктерін дамытуын қолдайды, денсаулығын сақтау мен нығайтуға және түйінді компетенттіліктердің қалыптасуына негіз болатын оқу мекемелеріндегі менеджмент жүйесінің тиімділігі.
Баланың денсаулығын сақтауға үлкен себепші оның мектептегі психо-педагогикалық ортасы болады. Бұл деген сөз, сабақта оқушы мен үлкендердің тұлғалыққа бағытталған ортасы мен жаңа технологиялар мен оқытуды кіріктіру тәй-тәй, шеберхана арқылы баланың өз құрбыларымен толыққанды қарым-қатынас жасауына жағдай жасау ортасын құрауды айтады. Денсаулық сақтаушы технологияларда оқу-үрдісінің барысында бала дамуын жүзеге асыратынпедагог пен оқушының бірлескен әрекеті арқылы жүргізіледі. Бұл принципке құрылған технология Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтің дамыта оқытуын, ойын технологияларын жатқызуға болады.
Оқушы ағзасының функционалдық пен оның жұмыс қабілетіне сабақтың құрылымы күйі ықпал етеді. Сондықтан сабақ құрылымында іс-әрекетінің әр түрі мен оның ұзақтығы мен қиындығы, қажуы бірдей болмауын қарастыру керек.
Зерттеу нәтижесі анықтағандай ең көп тарағаны 4 кезеңнен тұратын сабақ: үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырып бекіту және үйге тапсырма екен. Бұл бірақ оқушының танымдық белсенділігін артыра қоймайды және оның дамуына ықпал ете алмайды.
Көптеген ғалымдардың зерттеуінде сабақ құрылымы иірілімді болу қажет, себебі әр пәнде әрекет түрлері әр түрлі сондықтан құрылымы да әр түрлі болуы мүмкін.
Сабақтағы оқушының жоғары жұмыс қабілетін сақтауға іс-әрекетінің әр түрін тиімді кезегімен уақытын дұрыс мөлшерлеп қойсақ көмектескен болар еді. Сабақ неғұрлым біртекті, монотонды болса, соғұрлым адамдардың қажуы жылдам болады. Бірінші кезекте бастауыш сынып оқушыларының тежелу жылдам болады. Оның үстіне бастауыш сыныпта оқыту сезім арқылы, яғни екінші сигнал жүйесінен гөрі бірінші сигнал жүйесін көбірек пайдалану қажет. Бұған қажеттісі оқытудың көрнекілік арқылы жүйесі. Сабақта техникалық оқыту құралдарын пайдалану жұмыс қабілеттіліктің оптималды кезеңін ұзартады. Сондай-ақ оқушы мен мұғалімнің диалогына құрылған сабақтар да қажет. Сабақтағы іс-әрекеттің бір түрінен бір түріне көшудің өзі де қажуды болдырмайды.
Оқу күні, аптасы, тоқсаны т.б. бойы жоғары жұмыс қабілеттілікті сақтау сабақ кестесінің дұрыс құрылуына байланысты. Бірақ, бұны мектепте жүзеге асыру ең қиын жұмыстардың бірі.
Қоршаған ортаның гигиеналық талаптарын дұрыс ұйымдастыру мәселелрі, мектепте оқушыларға гигиеналық білім беруден батсалады. Денсаулықты сақтау мен адамның жұмыс қабілетін сақтауда ауаның таза болуы маңызды фактор болып табылады. Ауаның жағымсыз өзгерісі ағзадағы үлкен бұзылыстарға: дененің ысып кетуі мен тоңуына, гипоксияға, инфекциялық аурулар мен басқа да ауруларға, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Ауаның физикалық-химиялық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы микроклиматты түзеді. Егер адамдардың мектепте күніне 5-6 сағат жүретінін ескерсек, ауаның оптималды микроклиматын сақтау керекті мұғалімдерге медқызметкерлерге, әкімшілікке, техникалық қызметкерлерге жүктеледі.
Ауаның физикалық қасиеттерінің ішішнен оқушылық көңіл-күйі мен жұмыс қабілетіне әсер ететіндіген температурада, салыстырмалы ылғалдылық, қозғалыс жылдамдылығы.
Сыныптағы температура мен салыстырмалы ылғалдылық қалыпты жағдайдан жоғарлауы оқушының терморегуляторлық процестерінің қажуы мен жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Осы себепті де температура мен ауаның ылғалдылығын үнемі бақылап отыру керек. Әрбір сынып пен кабинеттер термометр мен ылғалдылықты өлшейтін құраладармен қамтамасыз етілуі қажет.
Мектеп пен үйде оптималды ауа-жылу режимін ұстау, денсаулық пен жұмыс қабілеттілікті сақтау маңызды факторы.
Ауаға кешенді гигиеналық баға беруде: физикалық қасиетін, ауадағы механикалық қоспаларды, бактериялық ластануды ескереміз.
Кабинеттің микроклиматын сақтауға бөлме өсімдіктері көмектеседі. Олар әсіресе қыста ауадағы шаңды жинайды, өттегі бөледі.
Зерттеу нәтижесі бойынша, кабинеттің әрбір 1м3 да 1 өсімдік (немесе әр адамға 3 өсімдіктен) болса, 27-30 оқушыға қажетті қалыпты микроклиматты қамтамасыз етеді. Кабинетті көгалдандыру кезінде өсімдіктен шығатын әр түрлі иістердің де адамның физиологиялық күйіне әсерін білу керек.
Бастауыш сынып оқушылары үшін дене тәрбиесінің негізгі міндетін біле отырып, физикалық, жаттығуларды үнемі орындауға түркіні қалыптастыру мен тәуліктік қозғалыс белсенділігін жетілдіру қажет. Біздің тәжірибе-эксперименттік жұмысымыз дене тәрбиесі – сауықтыру технологияларын қолдану, сондай-ақ дене тәрбиесі сабағы арқылы, спорттық іс-шаралар, әр түрлі физкультпаузалар, емдік дене шынықтыру, таңертенгілік гимнастика, т.б. яғни дене тәрбиесі құралдарымен денсаулық сақтауды ұйымдастыру.
Оқушының тәуліктік қимыл белсенділігін негізге алып, оқушының қимыл белсенділіі режимі жасалды. Оған дене еңбегінің қомақты көлемі, жүру, мектеп үзілісіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық сағаты, сабақ уақытындағы физкульпаузалар, дене тәрбиесі сабақтары, спортпен айналысу, демалыс күнгі клубтар, спорт секциялары, денсаулық күні, туристік саяхаттар мен экскурцияларға қатысу, т.б. жатады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, сабақ кезіндегі физкультпауза оқушылар 150-200 қозғалыс жасайды, кейбір жағдайда бұл тәуліктік қозғалыстың 6% құрайды. Кіші үзілістердегі ойындарда 300-ден 600-ге дейін қозғалыс әрекеттерін, ал денсаулық сағатында 600-ден 1200-ге дейін қозғалыс жасайды. Нәтижеде бір күндегі қозғалыс балалар мен жасөспірімдерге пайдалы әсер етеді, қалыпты тәуліктік қозғалыс белсенділігіне жеткізу үшін дәрігер бақылауында болу керек. Біздің зерттеуіміз тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу, оқу жағдайы, пайдалы және зиянды әдеттерге қарым-қатынасы, денсаулыққа зиянды әсер ететін факторлар, анықталды, тұлғаның жеке ерекшеліктері: денсаулық туралы түсінігі, өз денсаулығына қарым-қатынасы, ауруларына деген көзқарасы, дене тәрбиесі мен спортқа құндылықты мотивтік қатынасы тұрды. Мысалы, адамдардың құндылық-мотивтік қатынасын білу үшін оқушыларға сауалнама жүргізілді, оған 77 оқушы (1-3 сынып) қатысты.
Зерттеу нәтижесі бойынша 84% оқушының дене тәрбиесі мен спортқа оң ықпалы барлығы, ойын түріндегі спортпен 27%-ы, шығыс күресін 16%, және ауыр атлетикаға 16%-ы қызығатындығы анықталды. Сондай-ақ 33% оқушылар дене тәрбиесі сабағы міндетті болғаны үшін қатысады, 31% дені сау, сымбатты болу үшін, 26% балаға қозғалысты ұнатқаны үшін, 12% өзін-өзі жетілдіру, сенімділікті қалыптастыру үшін, 3% дене тәрбиесі сабағында жаңа нәрсені үйренуге болады деп жауап берген.
Диагностикалық әдіс нәтижесі жеке қорытынды жасау, анықталған кемшіліктерді түзетуге нұсқау, ал негізгісі, дене тәрбиесі сабағын оқытуды толығымен қайта қарауды қажет етеді.
Мысалы, дене тәрбиесі сабағының барысында шынықтыру жаттығуларының арнайы кешені қолданылады.
Бұл кешенде биологиялық белсенді нүктелерге нүктелік массаж элементтері, хатха-йога жүйесінің тынысалу жаттығулары қолданылады. Барлық жаттығулардың орындалуы қарапайым, мамандардың айтуы бойынша денсаулықты нығайтуда тиімді болып табылады. Сауықтырумен бірге, оқушының зейінін жинақтауға көмектеседі, алдағы орындайтын жұмысқа дайындайды. Жаттығуды барлық оқушылар бір мезгілде орындайды,арнайы жабдықтарды талап етпейді және адамдардың үйренген дағдысына қарай 2-7 минутқа ғана созылады.
Бұл кешенді үнемі орындау арқылы суық тиетін аурулардың алдын алуға болады. Жаттығуларды оқушыларға толық меңгерткеннен соң оны үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Дене тәрбиесі мұғалімі бұл жаттығуларды ата-аналарына таныстырып қойса, оның орындалуын бақылайды, немесе бірге орындауына да болады.
Дене шынықтыру кешенінде денсаулық сағатын өткізу құрастырылған. Қалыпты қозғалыстың қажеттілігін біле отырып, денсаулықтың бастапқы күйі мен оның қабылдайтын жүктеменің жиілігі мен жүйелігін ескеру қажет. 1-4 сыныптардың сабақ кестесіне дене шынықтыру сабағы 48 сағаттық интервалмен 3 сабақ қойылады. Сауықтыру эффектісі ең жоғары аэробты сипаттағы циклді жаттығулар: жүрек-қантамыр мен тынысалу жүйесін жақсартатын жүру, жеңіл жүгіру, шаңғы мен велосипедпен қыдыру екендігі дәлелденген.
Бұдан өзге бастауыш сатыда күнделікті сабақтың алғашқы 20 минутында денсаулық сағатын өткізу ұйымдастырылған. Оған иілуге, секіруге және кедергілерге арналған жаттығулар енгізілген. Таңертеңгілік жаттығулардың гигиеналық және тәрбиелік маңызын біле отырып, олардың ұйқыдан соң сергітетін, өмір тонусын көтеретін, тынысалу мен қанайналысын күшейтіп, оқушының жұмыс қабілетін көтеретінін ескеріп, біз жаттығулар кешенін жасадық. Онда баланың жас, жыныс және физикалық дайындығы мен денсаулық жағдайы ескерілді.
Таңертеңгілік жаттығуларды ата-аналары бірге орындап, бала үшін гигиеналық норма болғанға дейін бақылауда болу керек. Таңертең бөлмені желдетіп, 10-15 минутқа ғана созылады. Соңынан су процедурасын: ысқылау, су құю немесе душ қабылдау керек.
Ата-аналар, оқушылар мен педагогтарға жүргізілген сауалнама нәтижесі жаттығуларды үнемі орындау бала бұлшықеттеріне күш беріп ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін күшейтеді, сымбатын жақсартады, бала аса епті бола бастайтынын көрсетеді.
Дене тәрбиесі сабағында оқушының психикалық және физикалық жұмысқабілетін көтеру үшін, оң эмоциялық фон жасау үшін, ойындар, әзілдер, әр түрлі әрекетке көшу, музыка сияқты құралдарды апробациядан өткіздік.
Оқу үрдісінің денсаулық сақтау жүйесін құру мектеп қарым-қатынасын: мұғалім-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы-ата-ана қатынасын гуманизациялау арқылы жүзеге асады. Жеке–тұлғалыққа бағытталған білім беруге өтуде оқушының адами құндылығын қалыптастыру мен денсаулығын сақтау мектептің ең бірінші мәселесі болып табылады. Бұл мәселені ұйымдасқан байланыс арқылы, яғни өзінің психикалық және физикалық денсаулығын сақтау арқылы шешуге болады.
Жанұя мен мектеп қарым-қатынасы педагогикалық ертеден келе жатқан мәселесі. Баланы оқытуды мектеп өзі жүзеге асыра алады, бірақ тәрбие мәселесі ата-аналарсыз қиын. Бұл денсаулық мәселесінеде қатысты. Оның мынадай екі ерекшелігі бар. Біріншісі, салауатты өмір салты, екіншісі, өз баласының денсаулығы – ата-ана үшін ең мағызды фактор болып саналады. Сол себепті де денсаулық сақтау технологиясына оқушының барлығының ата-аналары қатысу керек.
Біздің жүргізген зерттеуіміз бойынша ата-аналардың 26% жоғары білімді, 49,4%-і орта және орта-арнаулы білімді, 24,6%-ы жалпы орта білімді болды. Адамдардың 67,4%-ы олардың толыққанды білім мен тәрбие алуына ынталы сәтті жанұяларда тәрбие алуда. Ата-аналарға жүргізілген сауалнама бойынша, олардың 48%-ы бірінші кезекте мектептің баланың дамуы мен өсуіне, денсаулығын сақтауға оңтайлы жағдай жасауын, 37%-ы оқушының жеке ерекшеліктерін дамытуын, 25%-ы баласының стандартты деңгейде білім алуын күтетіндігін білдірген.
Салауатты өмір сүрудің негізінің бірі жағымды эмоцияның болуы. Физикалық денсаулықты сақтау үшін психикалық шынығу қажет, оның мәні өмір қуанышында. Педагогикада оқушыны мадақтау жағымды эмоция тудыратын тетік ретінде қарастырылады. Оқушыны мадақтау арқылы оның денсаулығын сақтауға және шынықтыруға болады. Сонымен бірге керісінше жазалау арқыла кері әсер алуымыз мүмкін. Сауалнама жүргізу, сабақтарға ену арқылы байқағанымыз жаңа технологияларды қолдану, сабақтың сергіту сәттері адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы мен олардың арасында өзара құрмет, жауапкершілік және сенім пайда болуына әсер ететінін байқадық.
Денсаулық сақтаушы психологияларды оқу үрдісіне ендірудегі негізгі фактор ретінде ол жағымды эмоциялық фон мен кикілжің жағдайды болдырмау арқылы қарым-қатынасқа тиімді жағдай жасауы керек. Сабаққа оқушының ықыласын тудыру үшін оның алғашқы сәтте көңіл күйін музыка терапия, әртүрлі түстер мен флоратерапия арқылы көтеруге болады.
Қорыта келгенде, біздің эксперимент барысында жоғарыда келтірілген өзекті мәселелер бойынша №38 мектептің бастауыш сатыдағы педұжымы бала денсаулығын сақтау мақсатындағы жұмыстарды 3 негізгі бағытқа жіктейді:
- Оқыту жүйесін психологиялық-педагогикалық жағымды орта құруға негіздеу (баланың физикалық белсенділігіне жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, т.б.).
- Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
- Әлеуметтік қорғалған тұлға дамуын қамтамасыз ететін орта құру (оқу үрдісінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету, медициналық, оқу үрдісін ұйымдастыру, сабақ және сабақтан тыс жұмыстар, каникул күндерінде демалысын ұйымдастыру, т.б.)
Сонымен, бірінші бағыт бойынша, яғни денсаулық сақтаушы жағымды психологиялық және педагогикалық орта құру үшін, апталық сабақ кестесінің оқу жүктемесін дұрыс ойластыру қажет. Екінші фактор балалардың физикалық белсенділігін ойластыру. Мектепте аптасына 3 рет денешынықтыру сабағы өтеді, балалардың 50%-ы сабақты «Спартак» бассейнде өтеді. Сондай-ақ сабақтарда физминуткалар, тыныс алу жаттығулары, саусақ жаттығулары, сымбатқа арналған жаттығуларды үнемі жүргізіліп отырылды. Сабақ арасындағы үзілістерде қозғалыс ойындары ұйымдастырылды.
Сонымен бірге мектептің валеолог, психолог, балалар офтальмологымен кеңесе отырып, 4 жылға арналған адамдардың көру мүшелерінің ауруларының алдын алу мен түзету арқылы миопатияның алдын алу практикалық бағдарламасын жасады.
Қорыта келгенде, оқу-тәрбие үрдісіне қатысушы субъектердің бірлескен шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері – шынайы педагогикалық қарым-қатынас атмосферасын құру мен оқушы тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуын қалыптастыруды қамтамасыз етуге алып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бала денсаулығы – ең жоғары әлеуметтік құндылық. Бүгін мектеп партасында отырған балалар, он жылдан соңғы елдің әл-ауқат деңгейі мен экономикалық потенциалын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарудың жобалау технологиясы жалпыға білім беретін мекемелерде оқушы денсаулығын сақтайтын педагогикалық орта моделін жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда бастауыш мектептегі оқушылар аурулары жоғарылауы оқу-үрдісінің тым қарқынды және ағзаның психологиялық, физиологиялық шығынның қалпына келуінің бұзылуына байланысты.
Тиімді және үйлесімді оқыту оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескеру негізінде ғана мүмкін. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның тұлғамен жан-жақты қарым-қатынасының үнемі жүріп отыратын үрдісі десек, оның негізгі «байланысқа» түсіруші танымдық үрдістер болып табылады. Дәл солар арқылы тұлғаға дидактикалық әсер ететін, ішкі дүниесінің өзгерісі қалыптасатын, оның мәні оқушының білімі, білігі мен дағдысында көрінеді.Оның негізінде тұлғада психологиялық жаңарулар жүзеге асады.
Бастауыш мектепте баланың болашақта игеруіне болатын кез келген ғылым негізінің алғашқы білімдері қалыптасатындығын ескере отырып, ал бастауыш сынып оқушысы – бірте-бірте қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде, қоғамдық санамен идеяларды талдай отырып, өз мотивтері мен мінез-құлық стимулын қалыптастыру арқылы өзі таңдаған және салалы түрде жасайтын әрекеттерімен өмір сүру әдеті пайда болады.
Оқушының тұлға болып қалыптасуына өзінен үлкендермен (мұғалімдер), өз қатарларымен (сыныптастары), әрекеттің жаңа түрлері (оқу арқылы), ұжымның (бүкіл мектеп, сынып) қарым-қатынасы әсер етеді. Оларда әлеуметтік сезімдер элементтері қоғамдық мінез-құлық (ұжымшылдық, өз әрекетіне жауапкершілік, жолдастық, қамқорлық, т.с.с.) дағдылары қалыптасады.Төменгі сынып оқушыларына адамгершілік саналар мен тұлғаның оң қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндігі зор. Адамдардың тез икемделгіштігі, сезгіштігі, еліктеуге құмарлығын мұғалім беделіне сүйене отырып, жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыруға болады. Адами мінез-құлық негізі бастауыш сыныпта қалыптасады,оның тұлғаны әлеуметтендіруде маңыза зор. Дәл осы кезеңде оқушы денсаулығының негізі мен салауатты өмір сүру нормаларының принцптеріне деген сұранысы қалыптасады.
Сонда төменгі сыныпта оқушыларда психикалық дамуында маңызды өзгерістер болады. Бұл кезеңді толыққанды өткізу үшін мұғалімдер, ата-аналар, психолог, тәрнбиешілер оқушының потенциалды мүмкіндіктерін ашу мен оны жүзеге асыруға жағдай жасағанда мүмкін болады. Сол себепті әр баланың ерекшелігі ескерілген жетістік сабақтары қажет. Егер осы кезеңде бала таным қуанышын сезінбейтін болса, оқу біліктерін, салауатты өмір салтының біліктерін қалыптастыра алмасақ, оны қалпына келтіру қиын болады және үлкен рухани және физикалық күш жұмсауды қажет етеді.
Еліміздің әр аймағында жүргізілген әлеуметтік саулнама нәтижесі бойынша, мектеп бітірушілердің дені сауларының саны төмен болуына қолайсыз жағдайы ғана емес, мектеп басшыларының сауықтыру жұмыстарына немғұрайлы қарауы оқу-тәрбие үрдісін тиімсіз ұйымдастыруы, қазіргі оқыту әдістері мен педагогиккалық технологиялардың денсаулықты сақтауға негізделуінің әлсіздігіне байланысты екендігін көрсетті.Сондықтан да бастауыш мектептегі оқу үрдісі оқушының оқу жүктемесін болдырмау, яғни денсаулық сақтаушы болу керек. Ол үшін: баланың жеке ерекшеліктерін (интеллектуалдық, эмоциялық, мотивациялық темпераментін, естің түрлері, т.б.). ескеру оқу материалын игеру кезінде адамдардың нормадан тыс интеллектуалдық, эмоциялық жүктемесін болдырмау; мектеп пен сыныптағы жағымды моралды-психологиялық ортаны қамтамасыз ету, балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау, қолдау және нығайту; бағалы стресстен қорғану тәсілдерін үйрету қажет.
Бұны жүзеге асыруда мынадай психологиялық-педагогикалық жағдайларды ұстану қажет олар: ересектердің балаларға қарым-қатынасы тұлғалыққа бағытталуы; әр балаға әрекет түрлері мен құралдарын, т.б. өзі таңдау жасауын, бала жетістіктерін үнемі салыстырмалы түрде педагогикалық бағалап отыру (бүгінгі жетістіктерін кешегісімен салыстыру); оқушының эмоциялық-құндылықты, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық, эстетикалық дамуы мен оның жеке ерекшелігін сақтайтын білім беру ортасын жасау: бала дамуының ең маңызды факторы ретінде жетекші әрекет түрін қалыптастыру; оқу әрекетін қалыптастыратын ойындарға сүйену.
Бүгінгі күнде бастауыш мектептің негізгі мәселелері: оқушыларда қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарас дамудың орнына керісінше, бастауыш білім беру тәсілдері бала қызығушылығымен олардың шығармашылық потенциалдарын төмендетуде, бала инициативасы өшуде, балалардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді, педагог пен оқушы қатынасында алшақтық байқалады, оқушының білім, білік, дағдысының формалді қалыптасуы сияқтылар анықталған.
Қазіргі мектептің мақсаты оқушыны өмірге дайындау екендігін ескерсек, әрбір оқушының мектепте алған білімі оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймау қажет. Бұл мақсатқа жету денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жүзеге асады. Бүгінгі күнгі педагогтар соңғы педагогикалық жаңалықтарды біле отырып, оқушы денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған жоспар бойынша жұмыс жүргізеді.
Денсаулық сақтау технологияларының баланың мектептегі оқу кезеңінде денсаулығын сақтайтынын, оның салауатты өмір салтының қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыратындығын, алған білімін өмірде пайдаланатынын ескере отырып, барлық оқу мекемелерінің бастауыш мектептерінде кеңінен қолдану ұсынылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. |
Назарбаев Н.А. Казахстан- 2030- Алматы: Б1л1м, 1997.-96с |
2. |
Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы охраны здоровья школьников.-Алматы, 1997 |
3.
|
Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.- Алматы, 2001.-28с |
4. |
Ахаев А.В. Управление здоровьесберегающим процессом.- Усть-Каменогорск, 2004.-70с |
5. |
Даленов Е.Д. Хасин В.Б. О научном обосновании и технологическом обеспечении методик здоровьесбережения учащихся общеобразовательной школы // Здоровьеи болезнь-2007-№4 |
6. |
Аканов А.А. Формирование здорового образа жизни в Республике Казахстан // Валеология.Физвоспитание.Спорт-2004-№1 |
7. |
Смирнов Н.К. Забота о здоровье учащихся как критерий оценки работы школы // Методист-2005-№4 |
8. |
Брехман И.И. Введение в валеологию – науку о здоровье. — Л.: Наука, 1987.- 125с |
9. |
Лисицын Ю.П. Образ жизни и здоровье населения. –М.: Знание, 1982. – 40с. |
10. |
Колбанов В.В., Зайцев Г.К. Валеология в школе.- СПб,1992.-50с |
11. |
Амосов Н.М. Раздумья о здоровье.- М.: ФиС, 1987.- 64с |
12. |
Адамбеков К.И.Педагогические основы физического воспитания учащихся.-Алматы, 1995.-312с |
13. |
Казначеев В.П. Очерки теории и практики экологии человека.-М.: Наука, 1983.-260с |
14. |
Тілеуова С., Ардақ А. “Педагогика”. – Шымкент, 2006. – 162 б. |
15. |
Абиев Ж., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. “Педагогика” оқу құралы. -Алматы. – 2004. – 448 б. |
16. |
Абылкасымова А.Е., Даниярова К.А., Тулеубаева Х.Т. Здоровьесберегающие образовательные технологии в учебно-воспитательном процессе.-Астана, 2005.-65с |
17. |
Безруких М.М. Здоровьесберегающая школа.-М.: МПСИ, 2004.-240с |
18. |
Ахаев А.В., Колесникова Н.В. Валеологизация учебно-воспитательного процесса в общобразовательной школе.-Алматы: Мектеп, 2002.-48с |
19. |
Романцов М.Г.,Лисовская Н.И. Здоровьесберегающее образование- стратегическая линия развития современного образования// Инновации в образовании-2004-№1 |
20. |
Выготский И.С. “Педагогическая психология”. – М.: Педагогика. – 1991. – 480 с. |
21. |
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы – оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы. – 20002.-67 б. |
22. |
Ананьев Б.Р. Психологияда іштей сөйлеу теориясына қатысты сезімдік таным психологиясы. М.: РСФСР АГК баспасы. — 1960 |
23. |
Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. -Алматы. – 2006.-288 б. |
24. |
Игенбаева Б.Қ., Шабажанова С.Қ. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы – бала денсаулығының кепілі.//12 жылдық білім, -2005.-N7, -72-74 б. Қалиева С.А. Эксперименттік мектепте денсаулық сақтау педагогикасының идеяларын дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. //12 жылдық білім, -2005.-N5, -41-43 б. |
25. |
Сыздықова Ғ.С. Бала денсаулығына әсер етуші факторлардың әсері.//Қазіргі заман жағдайында денсаулық сақтаудың білім беру кеңістігін қалыптастыру. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Шымкент: Асқаралы, 2007, -296 б. |
26. |
Жумадилова Г.С. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері.//Салауатты өмір салты: Әлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде.-Астана, 2005, -241 б. |
27. |
Кальческо Е.И. Гигиеническое обучение и воспитание в школе.-Чебоксары,1989-164с |
28. |
Сердюковская Г.Н., Кляйнпетер У. Охрана здоровья детей и подростков – важнейшая социальная проблема.- М.: Медицина, 1990.-С.14-16 |
29. |
Шарипова Д.Д. Школьник и его здоровье.-Т.: Медицина,1987-169с |
30. |
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Н.М. “Педагогика”. – Алматы.-1998. – 354 б. |
31. |
Антропова М.В. Режим дня, работоспособность и состояние здоровья школьников.- М.: Просвещение, 1974.- 136с |
32. |
Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Гигиена и здоровье школьников.- М.: Просвещение, 1988.- 216с |
33. |
Попов С.В. Валеология в школе и дома (О физическом благополучии школьников). -СПб.:Союз, 1998 -256с.
|