МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 А. БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі
1.2 А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері
2 А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың маңызы
2.2 А.Байтұрсынов мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.
Сондай ғалымдардың бірі – А.Байтұрсынов еді. «Ахмет Байтұрсынов-ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға»,-деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырғанмұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу . Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсалар». Ол ашқан «Қазақ» газеті мен қазқ мектептері, Қазақ мұғалімдер курсы, ол жасаған қазақ терминдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу –ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшін ұшан теңіз.
Ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеу жұмыстары А.Қыдыршаевтың «А.Байтұрсыновтың әдістемелік
мұралары» атта ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ
тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытуға орнының ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгаршілікке тәрбиелеу» атта ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық мұраларының тәлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің «Қазақтың тәлім-тәрбиесі» және «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген.
Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерге білім мен тәрбие беру, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері әлі де болса жан-жақты ғылыми –педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта алмаймыз. Ал, ол кеңінен зерттелуі және қазақ педагогикасы тарихынан заңды орын алуы тиіс.
Зерттеудің мақсаты: А.Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеп педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Егер, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік ұсыныстар іске асса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін , ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар едік.
Зерттеудің міндеттері: «А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін оқу тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі» атты екінші тарауда А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері, Ахмет мұралары бойынша жасалған «Ахмет тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасы, оны педагогикалық колледждер мен орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары сөз болады.
Зерттеудің базасы: Тараз қаласы, № 51 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу кезеңдері: 2006-2007 оқу жылында зерттеу бойынша әдебиеттерге, мерзімді басылымдарға талдау жасалынды. 2006-2007 оқу жылында зерттеу тақырыбы бойынша іс-шаралар жүргізіліп, диплом жұмысына материал етіп енгізілді.
Зерттеу құндылығы: Студент-практиканттар бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу пәні: Оқушыларға бастауыш сынып пәндерінде А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқыту арқылы әдіскердің тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі.
Зерттеу болжамы: Егер оқыту процесі мен әдістері оқушының А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға бағытталып, теориялық тұрғыда негізделсе, онда оқушының білімге деген құштарлығы артады.
1 А.БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі
А.Байтұрсынов қазақтың ағартушы педагогы Ы.Алтынсариннің тікелей ізбасар-мұрагері жөне оның идеясын жалпақ қазақ даласында іске асырушы қайраткер болғандықтан, оның педагогикалық мұраларын Ыбырай еңбектерінен бөліп қарауға болады. Соңдықган, ең алдымен Ыбырайдың ағартушылық идеясы қандай еді, А.Байтұрсынов бастаған зиялы топ ол идеяны қалай жалғастырды деген мөселелер төңірегінде ой қозғау қажет. Ыбырай заманы Ресей патшалығының отаршылық саясатымен тұстас келеді. Орыс патшасы қазақ еліне мектеп ашуды сылтауратьш өзінің отаршылдық саясатын жүргізді. Оны Н.И.Ильминскийдің синодтық обер-прокурор К.Н.Победоносцевке жазған хатынан аңғаруға болады.
«Біз үшін — дейді ол,- бұратаналар орысша сөйлегенде жаңыльп, қызарып, орысша жазғанда көптеген қате жіберетін болып, жалғыз губернагордан ғана емес, төменгі бастықтардың бәрінен үрейленіп қорқып тұратъш болса жақсы болар еді,»-деп өздерінің саясаттарын әшкерелеп береді.
Егер, Ы. Алтынсариннің шьғармашылық жөне ғылыми еңбектеріне зер салатын болсақ, оның идеясы Н.И.Ильминский идеясына мүлде қарама-қарсы екенін байқаймыз. Оған дәлел, ЫАлтынсариннің мектептерде хриетаан дінін оқытуга қарсылығы жөне ислам дінінің мән-мағынасын қамтыған «Мұсылманшылдықтың тұгқасы» атгы еңбегің мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі еді. Ислам дінінің мән-мақсатымен таныстыра отырып, негізінен адамгершілік төрбиесі мөселесін қамтитын бұл еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб әрпімен жарыққа шықты. Осы еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде ЫАлтынсарин былайдеді: «біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхаммет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім» -дейді. Яғни, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты — дінді адамгершілікке төрбиелеудің құралы деп түсіңіп, өзінің педагогикалық мақсатына икемдей пайдалану еді. Ы.Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухта төрбие беру мақсатын ұстанды. Ол еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасгық т.б. мөселелерге кең көңіл бөлді. Өзінің хрестоматиясында қазақтың төл өңгіме, аңыз, ертегілеріне кеңірек орын беру арқылы ол үлттық жөне жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіре үйретуді көздеді. Ы.Алтьшсарин шығармаларының төрбиелік потенциалы бүгіні күнге дейін өз күшін жойған жоқ.. Ағартушы шығармашылығының негізі — адамгершілікке, имандылыққа төрбиелеу болды. Оның пікірінше, осындай қасиеттер түгелдей бір адам бойында қалыптасқанда ғана ол парасатгылықпен біреуге жанашыр бола алады.
Ы.Алтынсарин шығармаларының бөрі адам жанының небір түпкірлеріне үңілетін, адамгершілікке тұнып тұрған озық идеяларға толы. Оның ойынша оқытудың негізгі мақсаты — пөн мазмұны бойынша ақпаратгар беру ғана емес, жалпы іскерлікті, адамгершілік қасиеттерді қатар қалыптастыру болуы тиіс.
Ы..Алтынсарин ашқызған алғашқы ұлттық мектептердің құрылымдары төмендегідей еді:
- Екі жыл оқытатын ауылдық мектеп.
- Төрт жыл оқытатын бір кластық мектеп.
- Алты жыл оқытатын екі кластық училище. Осы мектептерден қазақтың белгілі ағартушы қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, Н.Құлжанова, С.Көбеев, Ғ.Балғымбаев, Б. Өтетілеуов жөне т.б. білім алды. «Ғұлама ағартушы ғалым» атты еңбекте: «Ы.Алтынсарин мектебін бітірген қазақ зиялыларының бірі: Ахмет Байтұрсынов — Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы мұғалімдер училищесінде оқыды»,- деп атап көрсетеді. «Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып нағыз ғылымдық дөрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген-А.Байтұрсынов»-деп Қ.Мұхамедханов атап көрсеткендей, А.Байтұрсынов Ыбырай негізін салған ағартушылық идеяларды жалғастырушы болды. Олардың идеяларының үндесгігін шығармаларынан, әңгіме, өлең, мысалдарынан, этнографиялық еңбектерінен, мақалаларының мазмұнынан анық байқаймыз. Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Оқу жайы» атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәледейді. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші… …Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт еқендігімізді білдірер едік,» -деген мақала жолдарынан ағартушының егемен ел болудың, тәуелсіздіктің тірегі — білім деген нақты тұжырымды халық санасына жеткізгісі келгенін аңғарамыз. Сол сияқты «осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген — ғылым.. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған-ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген — ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, қатта бізден де өнерсіз болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен», — деген пікірінің де Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар…» атты өлең жолдарындағы идеямен мазмұндас, үндес екені байқалады. Екі ағартушы бір-бірін іштей түсініп, елінің келешегі тек өнер-білімде деп қарап, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды мақсат етті. Өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин «Ауыл ауылды аралап, елден қаржы жинап, Тортай, Қосганай, Ырғыз-Ақтөбе өңірінде бірнеше мекгептер ашып, ал мекгептерде діни оқудың орнына дүншіуи пәндерді оқытуды қолға альш, «Қазақ хрестоматиясын» үсьшса, сейтіп қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінее», А.Байтұрсынов «Оқу жайы» атты мақаласында «Қазақ ауылында оқу жайы нашар, кемшілігі есепсіз көп, шебер маман, сайлы мекгеп, сәйкес бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйрететін, білгір маман даярлайтын оқу орны педучилищелер жоқ,»- деп дабыл қағады. Және «.. қазақта қай жерде болмасын қазақ үшін ашылған школдардың бәрі де аулынай школдар, бір ғана Қостанай уезіндегі 132 школдың 109-ы ауылнай школдар, ал мұндай школдардан қазақ балалары тіршілікке пайдалы білім аларлық деңгейге жетпейді»,- дейді. Сонымен қатар, мекгеп, орта жөне жоғарғы оку орындарын ашу керек, оларды дамыту, қаржыландыру мәселесін «Қазақ» газеті үнемі көтеріп, жұртқа жол көрсетіп отырада деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін білдіреді.
А.Байтұрсынов «Бастауыш мектеп» атты мақаласында Ресей үкіметінің орыстандыру саясатының бет-пердесін ашады әрі: «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуының сақгалуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек.., Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек. Солай ойлағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау»,-деп бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп оқитын жөне жатып оқитындай ғып құруды, қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етеді. Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, екі жылы болыс мектебіне берілсін. Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы пәндері оқытылсын. Болыс мектебі орысша оқылатын соңғы екі жыл. Мүнда берілетін білім гимназияның төменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек дейді. Демек, бұл салыстырулардан ғалымдардың мақсат-мүдделерінің үңдестігін, әрі заманына қарай өзіндік ерекшеліктері болғанын аңғарамыз.
Қорыта келгенде, Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық мұраларын зерделей келе, олардың идеяларының үш бірдей бағытга үндесетінін байқауға болады. Біріншіден, екеуі де бар ғұмырларын ұлтгық мектеп ашуга, қазақ балаларына дүниежүзілік білімді терең меңгеріуге,өнерге, мәдениетке тартуға арнаған. Екіншіден, сондай дәрежеде білім берегін төл оқу-құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық жасауды үйрететін ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. Үшіншіден, болашақ маман даярлау ісін жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау, мектетердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, оқу-білім арқылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп ұлттық сананы ояту үшін ұлттық баспасөзді насихаттау құралы ретінде пайдаланған.
Сол сияқты, АБайтұрсынов Ыбырайдың рухани және тарихи ізбасары екенін Ә.Бөкейхановтың 1925 жылы 23 маусымда Мөскеуден АБайтүрсыновқа жазған хатыңдағы: «Бауырым Ахмет! …Алтынсарының баласы Ыбырай хатында өзіңіз жазсаңыз жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе ?! Егер ол қазір өмір сүрсе сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ…» — деген пікірден де анық байқаймыз.
«Намыс — рух тамыры, яғни ыстық қайраттың ынтасы, сезім-қан, яғни жылы жүректің ісі, сана-ми, яғни нұрлы ақылдың сәулесі. Абай — ұлттық намысты ұлықтандырушы, Міржақып — ұлтгақ сезімді тудырушы, Ахмет ұлттық намыс пен ұлттық сезімді ұлттық санаға айналдырушы. Оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі,-» деп М.Әуезов атап көрсеткендей АБайтұрсынов ХХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің негізін салған, халықтың сауатын ашуға бүкіл күш-қайратын жұмсаған қайраткерлердің бірі еді.
Ахметтің педагогикалық мұраларын зерттеген сайын ешкімге ұқсамайтын дара тұлға екенін көреміз. Оның ұлттық ерлік дәстүріне байланысты жинаған деректерінің тарихтан алатын орны ерекше.»Ер Сайын» жырын ел аузынан жинақтап, әндеп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға ұсынды. Жәнібек батырға байланысты тарихи деректерді жинап, өз еңбегіне арқау етгі. Жастарды ерлікке тәрбиелеуде, азаматтық борыштылық сезімдерін оятуда бұл еңбектің орны ерекше. Ал, ғалымның «Білім жарысы» атгы мақаласында білімді жұрттарда осындай жарыс болады, қазақтың осыған ұқсас бәйге тігуінің пайдасы шамалы, далаға кеткен шығын дейді. Білім жарысы түрі жағынан осындай болғанымен мақсаты басқа әрі бұдан жұртқа келер пайда мол, шыққан шығын орны толады деп түсіндіреді. Еуропа жұртындағы білім жарысы туралы түрлі мысалдар келтіріп, пайдасына халықтың көзін жеткізгісі келеді. Білім жарысын қазақ арасында өткізу қажеттілік, тығырыққа тіреліп тұрған оқу-ағарту ісін жандандырудың бірден-бір көмекші жолы екенін уағыздайды: «Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы — кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі оқу үйрететін орындар сайлы болу керек екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі — білім жарысы»,- дейді. Мұнда автордың мақсаты дұрыс оқулық шығару, оқу-ағарту існе халықты қатыстыру, кәсіби шебер мамандарды саралау. «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек» атты мақаласында үкіметтің қазақ арасындағы оқу жұмыстарын ұйымдастыруы мардымсыз, себебі қаржыландыру жағы жеткіліксіз, оқу қазақтың өзі үшін керек. Сондықтан, ел болып жұмыла кірісу керек»—дейді. Ол үшін, әр отбасы жағдайына лайық салық салып, жиналған қаржыны мектеп ашу ісіне жұмсауға шақырады. Кедей балаларына бірнеше тегін орын бөлуді ұсынады. Ауылдардың сирек орналасуына қарай кейбір мектептер жанынан интернатгар ашу қажет дейді. Ел болашағы үшін керек жұмысқа жекелеген шығынды киынсынбай, күресуге үндейді.
«Тәні саудың — жаны сау» атты мақаласында ол тән мен жанның мән-мағынасын, арақатынасын түсіндіреді. Тән тозса, жанның да тозып, адам азғындап, хайуан қатарына жететінін дәлелдеуде, қазақ халқының тәнін де, жанын да тоз-тоз еткен ашаршылық көріністерінен мысал келтіруінің философиялық, психологаялық және тәрбиелік мәні зор. Тән саулығының қажетілігін, қымбаттығын айта келе, тәңді тоздырмай, оның саулығы үшін қажет нәрселерге қысқаша былай тоқталады:
- Тәннің өзіне керекті нәрселерді (ауа, тамақ, сусын сияқты нәрселерді) мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұруы;
- Ағзамыз әр түрлі кызметін мезгілімен дұрыс басқарып, дұрыс атқарып тұруы керек, мәселен, тамақтың қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.
3)Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нәрселерден тәнді қорғау.
«Бұл үш шартты орнына келтіру үшін — әуелі демалатын ауа, жейтін тамақ, ішетін сусындардың жәй-мәнісін білу керек».
Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс, тән тәрбиесіне керек толып жатқан нәрселер бар — олардың жай-мәніеін білу керек.
Үшінші, тәнге зиян келтіреттн нәрселердің тәнге кіретін жолдары бар, ауру құртгарының өсетін, көбейетін орындары бар- оларды білу керек»,- дейді.Яғни, оның тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта деген қағидаларының тәрбиелік мәні өте зор. Әсіресе, мұндай түсініктерді балаға отбасында, бастауыш сыныпта қалыптастыру қажет.
А.Байтұрсынов көтерген мұндай мәселелер ел президетінің халқына жолдауы «Қазақсган 2030» бағдарламасы мазмұнымен де ұштасып жатыр. Жалпы А.Байтұрсынов педагогака ғылымына өзінің қолтаңбасымен ерекшеленетін үлкен мұра қалдырды.
«А.Байтұрсынов пен оның замандас пікірлестері
жайындағы қазіргі жүргізіліп жатқан ізденіс-зерттеулерімізді жинақы бір атаумен «Ахметтану» деп атар едім. Ахметтану -тек бір ғана қайраткерді танып — білу мақсатын көздемей, тұтас бір кезеңге қатысты мәселелерге баратын таным тармағы болуға тиіс»-деп Р.Сыздықова атап көрсеткендей, XX ғасырдың басындағы ой-пікірлердің өзара сабақтастығын «Ахметтану» деп атау арқылы ұлттық педагогиканың қалыптасуының тұп-тамырын, діңін байқаймыз.
Ж.Аймауытов пен А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерін саралағаңда олардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдар бір-бірімен ұштасып жатады. Мәселен, Ж.Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмендегі шарттарды белгілейді:
1) Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тындасын, жазсын, оқысын-тілге үйренсін; 3) Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда, белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу, тындау, сөйлеуден соң келеді, соңғылары тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген білгені туралы әңгіме құрып, кейін оқуга, жазуға үйретілсін; 4) Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге елікгеуге мүмкіндік берілсін; 5) Әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын.
Ал, А.Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірібйе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі — оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек»,-дейді. Сонымен қатар, оқыту теориясына байланысты да қос ғалымның идеясы бір-бірімен орайлас келеді. Ж.Аймауытов оқудың негізгі әдістемелік ұстанымын былай деп береді:
1) Жаңа берілетін сабақты баланың білегін мағлұматтарымен ұштастыру; 2) тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 3) сабақта алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақгау; 4) қажетсіз мағлұматгардан сақгану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; 5) баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматгардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңғаймен оқытуды жандандыруға тырысу; 6) алғашқы кездегі оқыту дерекгі, көрнекті болу. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану; 7) өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталы, өзі де жақсы көруі, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
Ал, М.Жұмабаевтың «Бастауыш мектептегі ана тілі» еңбегін саралайтын болсақ, АБайтұрсыновтың идеясын әрі қарай дамытушы екенін көреміз. МЖүмабаев бастауыш мектептен бастап, әр берілген тапсырманың мағынасын түсініп оқуын талап етеді. Ол «баланы адам мектепке тоты бол деп бермейді»,- деу арқылы түсініксіз жаттап алуға мүлдем қарсы болса, А.Байтұрсынов осылай оқытатын мұғалімдерге қарсы болған. М.Жүмабаев І-ІУ сыныптың ана тілін қалыптастыру жүйесін ғылыми негіздеді. Ол ана тілін үйретудің негізгі бағыттарын төмендегіше белгілейді: 1) Оқу, жазуға үйрету; 2) емлеге дағдыландыру; 3) жазбаша сөзді өркендету; 4) баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру; 5) ұғып оқуға дағдьшандыру.
Сонымен қатар, М.Жұмабаев А.Байтүрсыновтың «Баяншы» һәм «Әлифба астары» еңбегін мүғапшидердің білімін жетілдіруде таптырмайтын еңбек деп аса жоғары бағалайды. Ағартушы ғалымдардың еңбектерін салыстыра келе, А.Байтұрсыновтың да М.Жұмабаевтың да бүгінгі күн тәртібіндегі жан-жақты дамыған шығармашыл өркениетгі нарық қатынастарына сәйкес іскер, қаны мен жанында азаматгық сезімі ойнаған, дүниелік білімді меңгерген тұлға қалыптастыру міндетін ғасыр бұрын сезіп, мақсат-міндетті дөп басып аңғарғанын байқадық. Себебі, оқытудың жаңа технологиясы деп атальшып жүрген дамыта оқыту, деңгейлік саралап оқьпу, шығармашылық қабілетгерін дамыту жолдары педагог-ғалымдарымыздың ғылыми еңбектерінде бұдан 70 жыл бұрын айтылғанын айқын аңғаруға болады.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған ғалымдардың бірі — Н.Құлжанова. «Оның «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923), «Ана мен бала» (1921) атты еңбектері бала тәрбиесінің мектепке дейінгі кезеңін қамтитын ұлттық негіздегі құнды еңбектер. «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А.Байтұрсынов алғы сөз жазған. Алғы сөзінде: «Баланы бастан тәрбиелеу деген — баланы жас басынан дұрыс тәрбйемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс тәрбиенің асылы-баланың жанымен, тәнімен керек деп танылған істерді бала табиғатының әуенімен істеу — сол дұрыс тәрбие болады», — деп бала тәрбиесі мен дамудың жас ерекшелік кезеңдерінің байланысын, мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын аса жоғары бағалаған.
А.Байтұрсынов пен Н.Құлжанованың бала тәрбиесі туралы көзқарастарындағы ортақ ой, нақты мақсат – бала тәрбиесін салауатты өмір салтына негіздеп ұйымдастыру. Баланың дамуына негізгі әсер ететін ойын әрекеті екендігіне тоқтала отырып: «Баланың ойыны қайсы «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, «жұмысы» да ойын, бәрін де ойын үстінде, ойын үшін істейді. Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балаларына сабақ үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі айтылған сияқты балалар табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни баланы ойынға үйрету, қатысгыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек»,- деп АБайтұрсынов мектепке дейінгі тәрбиенің өзіндік ерекшелігін және жүргізілу тәсілін сөз етеді.
Ол «Мектеп керектері» атты мақаласында «мектептің жаны — мұғалім» десе, Н.Құлжанова «балаға жұмсалатын тәрбие құралдарының ең күштісі — алдындағы үлкеннің өз үлгісі. Сондықтан, бала тәрбиешісі — жылы шырайлы, сабырлы, шыншыл болуы керек. Бір сөзді де, жұмсақ та болғаны дұрыс»,- дейді. Демек, олар тәрбиеші тұлғасының жас ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол деген пікір білдіреді. Ахмет пен Нөзиланың артына қаддырған мұрасын бүгінгі педагогакалық колледждердің бастауыш сыныпта оқыту, мектепке дейінгі төрбие, отбасында білім беру бөлімдеріңде пайдалану арқылы қос ағартушы қалағандай мұғалім мен тәрбиеші дайыңдауға бодады,
XX ғасырдың басындағы педагогикадық ой-пікірлердің бір-бірімен сабақтастығын саралайған болсақ, біз шекеіздікке кете беретінімізді байқадық. Сол сияқты А.Байтұрсынов, МДудатов, Ғ.Қарашов, Т.Шонанов, Е.Омаров және т.б. ғалым-педагогтармен оргақ ағартушылық идеялары, мұрат-мүдделері — ұлттық ағарту ісін жандандыру болғанына көптеген мысаддар келтіруге болады. 1937 жылы зұлмат оқиғадар Қазақстан педагогикалық ой пікірлерінің, ұлттық негіздегі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен кедергі бодды. Кеңестік дәуірдегі солақай саясатгың саддарынан ғұлама — ойшылдардың еңбектерін жарыққа шығаруға тыйым салып шыққаңдарын жоқ етгі. Тек, 1960 жылы 37-жылғы зұлмат оқиғаның салдарынан құрбан болған бір топ зиялы қауым ақталғанымен де, олардың еңбектерін жариядауға рұқсат болмады. Содан, 1988 жылдың 28-желтоқсанында ақырғы рет ақталып, олардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік туды. Олардың еңбектеріңдегі педагогикалық , мұраларды жинақтап , бір жүйеге келтіруде профессорлар Қ.Б. Жарықбаев, С.Қалиев үлкен еңбек етті.
Дегенмен де, А.Байтұрсыновтың халық ағарту, ұлттық медениетіміз бен өнеріміздің дамуына қосқан үлесі, педагогакалық ой-пікірлері әлі де болса талай ғылыми-зерттеу жұмысына арқау болары сөзсіз. Сондай-ақ, ағартушының еңбектерімен бүгінгі танда жалпы орта білім беру саласындаға іс-шарадарды, өзара сабақтастыра отырып жүргізу қажет. Өйткені, XX ғасырдың басыңдағы педагогакалық ой-пікірлердің даму тарихы және олардың бір-бірімен үндестігінің тархи мәні зор, әрі жас ұрпақ тәрбиесіне берері мол.
1.2 А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері
А.Байтұрсыновтың ағартушылық еңбегінің алғашқысы «Қырық мысалдың» бірінші бетінде осы кітапқа енген аудармаларын 1901-1904 жылдары тәржімелегенін ескертіп, әрі «Замандастарыма» атты өлеңінде:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген жоққа сабыр,
Қомсынып, қоңырайма қрбыларым — дегде халқына аударма деп қомсынбауын, көршілес елдердің ақын-жазушылары шығармасьндағы жақсылықтарды ізденіс жолында пайдалануды, үлгі етуді мақсат-ниет тұтқанын айтқан. Ғалымның әрбір мысал соңындағы қорытынды түйіні оқырманды өзінше тұжырым жасауға, ойлануға итермелейді. Ел бірлігі, оқу, білім, адалдық, шешендік, тіл мен ой бірлігі, жақсыдан ғибрат алу, жаманнан жирену А.Байтұрсынов мысалдарындағы — басты дидактикалық тақырып. Біз үшін ғалымның ең бағалы мұралары оның ағартушылық, прогрессивті идеялары, халқының кертартпа кесапатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы. Мысалы:
Білмейсің жөнің менен терісінді
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығарсың қолыңа ала керісіңці
— десе, тағы бірде:
Келгенде өзді — өзіңе мықты-ақсындар, Қайтейін, өзге десе көнгішіңді. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?
— деп ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық жағымсыз қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қасиеттердің қауіпті екенін, сондықтан опық жемей тұрғаңда одан құтылар жол ізде деп ой тастайды. Немесе И.А.Крыловтан аударған
«Аққу, Шортан һөм Шаян» атты мысалының соңында;
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсаң жоддас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — деп халқын бірлікке шақырып, олай болмаған күнде «бөлінгеңді бәрі жеп» «көлденең көк аттыға жем» болатынын жетесіне жеткізеді.
Осы секілді «Ат пен есек» мысалында не нәрсе болса да ақылға сальш ойланып істе, өткенге өкінгеннен еш нәрсе өзгермейді деген бір ой тастаса, екіншіден біреу саған қиналып көмек сұрағанда жәрдемдес деп жанындағы жанның жайын үғуға шақырады. Бүгінгі заманда А.Байтұрсыновтың осындай терең мәнді өсиеттері кесектеп кіріп, мысқалдап әрең шығатын жағымсыз қылықтардан аулақ болуға төрбиелеуде әбден қажет. Ахаң өз бойындағы шешендік қасиетті жамандықты түзеуге, жақсылықты медеуге жұмсаған, жастарды азамат етіп тәрбиелеу құралы етуге тырысқан. Көптеген мысалдарын адамның мінез-құлық нормасын қалыптастыруға арнаған. «Егіннің бастары» атты мысалында өзі жемісін жеп тойып, семірген соң еменнің түбін қазып төңкеріп тастаған шошқа сияқты өзі пайдасын көріп тұрған дүниенің қайдан келгенімен ісі жоқ санасы таяз надандардың да болатьшына қьшжылып, ондайдан аулақ болу керек дейді. «Маймыл мен көзілдіріктің» де қозғар ойы осы пікірді жалғастырады. Онда, ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын өздерінің білімсіздігінен, ебедейсіз икемсіздігінен көрмей, кінәні басқадан іздейтін адамдар тобының да кездесетінін «Сары шымшық» мысалында жастарға адамның адамдық қасиетін көрсететін оның сыддыр сөзі емес, нақты істе танымдылығы демек, парасатгылығы мен саналыльны ал, әлі келмейтін нәрсемен әлек болудмы қажеті жоқ «көрпеңе қарай көс халық, даналығымен ұштасатын өсиет айтады. «Маймыл» атты мысалында алғыс, абырой алу үшін пайдасыз құр мехнат етудің қажеті жоқ, күншілдіктің соңы күйік, орынсыз істің аяғы өкініш, хальіқ ілтипатына бөлену үшін көпке шарапаты тиер игі іс жасау керек, кезге түсем деп шапқылап «арамтер» болмадеп қорытындылайды:
Мақсатқа ойыңа алған жете алмайсың,
Мал шашып құр далаға төккенменен
Пайдалы істен алар абыройың,
Кетпейді кейін қарай тепкенменен.
Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың негізгі идеясы .
жастар тәрбиесін құрғақ сөз «таусылмайтын,, ақыл-кеңеске
емес үлгі-өнегеге, ғибратқа негіздеу. А.Байтұрсынов
мысалдарының тәрбиелік мәнін зерделей келе, болашақ мамандарды тәрбиелеу, кісілік келбетін қалыптастырудағы мүмкіндікгерінің мол екендігіне көзіміз жетті, Мұндай шығармалар тіл жұтандығынан арылуға, жастар арасында сирек құбылысқа айналып теңей, салыстыра, астарлы сөйлеуге тәрбиелеуде таптырмас тиімді құрал. «Қырық мысал» еңбегінің нарық заманында өмір сүріп отырған жастарды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы мен рөлі өте зор.
Сондай-ақ, А.Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш » еңбегінің де тәлімдік-тәрбиелік мәні өте зор. «Әдебиет танытқыш» еңбегінің Асыл сөз бөлімінде: «Өнер түрлі болады. Тіршілік үшін жұмсалатын — тірнек өнері, көркемшілік үшін-көрнек өнері болады,»-дей келе көрнек өнерін төмендегідей 5 тарауға жіктейді:.
1-Сәулет өнері (европаша-архитектура)
2-Сымбат өнері (скульптура)
З-Кескін өнері (орысша-живопись)
4-Әуез өнері (европаша-музыка)
5-Сөз өнері (қазақша — асыл сөз, арабша — әдебиет, европаша- литература).
Сосын сөз өнеріне кеңінен тоқталып, таратып, ауыз әдебиеті үлгілерінің тәлімдік, тәрбиелік жақтарын ашып көрсетеді Тіл мәселесіне, сөйлеу мәдениегін қалыптастыруға, тіл мен ой бірлігін дамытуға аса мән береді. Ахмет «өнердің ең алды сөз өнері» — деп санады. «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі; 1) ақылға , 2) қиялға , 3) көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайына ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау.
Тілдің міндеті — акылдың аңдауын андағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарату» — дейді. А.Байтұрсынов ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлтгық мұраларды бір жүйеге келтіріп ғылыми негіздеген. Мысал ретіде көбіне Абай, Мағжан, Нысанбай жырау шығармаларынан және «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын» жырларынан үзінділер алған, Оның жинақтаған ертегілері, мақал-мәтелдері, нақыл өсиет сөздері, жыр-жоқтаулары, қисса-дасгаңдары бүгінгі жас ұрпақты халықгық педагогака негізінде тәрбиелеуде аса қажетгі тәрбие көздері болып табылады А.Байтұрсынов мақал-мәтелдердің мәнін, тәлімдік мүмкіндтерін жақы көрсеткен.
«Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді» — дейді. Мысалы, «Мал~жанымның садағасы, жан-арымның садағасы» деген мақалда адамға ең жоғарғы рухани байлық — ар екенін нақтылайда «Әкім адал болмаса, халық бұзылар, сауда адал болмаса, нарық бұзылар», — деген ой-тұжырым бүгінгі нарықтық қатынас қағидасы іспетті адалдыққа үндейді «Қатты жерге-қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар» деген мақалмен еңбетенген адам бейнетінің текке кетпейтінін, ерінбей еңбек етуді уағыздайда, «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздагы кетеді»,~ демек бірлікке өзара түсінісушілікке шақырады.. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» — мұнда ата-ана тәрбиесін, отбасы мүшелерінің бір-біріне ықпалын, тәлімдік мәнін ашады. Яғни, А.Байтұрсынов мақал-мәтелдерді оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастыратындай етіп топтастыру арқылы жас ұрпақ бойында жағымды қасиетгер себуді көздеді. Ол: «Мәтел дегеніміз — кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ, мақал тәжірибеден шыққан ақиқат жағын қарамай, әдетгі сөз есебінде айтылады» -дейді.
«Көппен көрген ұлы той» мәтелі жастарды тәубашылыққа, бірлікке, көпшілдікке үндесе, «Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмадық»,-деу мылжындық сияқты қасиеттерден қашуға, үйір болмауға шақырады. «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда»,-мәтелі арқылы халқымыздың тәлімдік-тәрбиелік ойын уағыздайды. Ата-бабаларымыз жас түскен келіннің артық-кем кемшіліктерін ақылмен аңдап жанамалап, орынды түсіндіріп отырған. «Баланың сөзі батпандай — келіннің сөзі кетпендей»,- деп кейбір ұяда көргені мен түйгені жоқ, санасы таяз, дөрекі келіндердің кездесетінін де көрсетеді.
А.Байтұрсынов ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мақал-мәтелдерді жинақтап, анықтама беріп олардың ара жігін, өзара ұқсастықтары мен өзіндік ерекшелікгерін зерттеп берген. Ғалым жинақтаған мақал-мәтелдер арқылы жас ұрпақ бойында рухани адамгершілік, кісілік қасиеттерді қалыптастыруға болады. Сондай-ақ, Ахмет мұрасында жас ұрпақ тәрбиесінің негізі болатын халықтық мұраның бірі -әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің мәні зор.
«Ғүрып сөзі» атты бөлімінде ұлттық ғұрыптарға: той бастар, жар-жар, беташар, сыңсу, неке қияр, жоқтау, жарапазан, баталардың мазмұнына тоқталып, олардың тәлімдік мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Мысалы, той бастар ұғымына ол былай деп түсініктеме береді. «Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең той бастар деп аталады». Кете Шернияз ақьшның Баймағамбет сұлтанның қызы Ақылқаныкейдің тойындағы той бастарды мысалға келтіреді:
Атаңыз қиналады сіз кеткенде,
Көзінің қарашығы қыз кеткенге.
Табылмас байекеме сіздей бала.
Алты жүз арғымақпен іздеткенге, — деп қыз баланы жат жұрттық, әке-шеше қызын көзінің қарашығындай көріп қимаса да, табиғат заңына қарсы шықпай, бата беретінін айтады. Қыз өз үйінен аттанардағы айтылатын әні — сыңсудың мазмұны әке ойымен ұштасып жатады. Балалықпен қоштасып, өткенін еске алып, қимастықпен қоштасудағы қыз баланың нәзік жүрегінің қобалжуын білдіреді.
А.Байтұрсынов қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесетін ғұрыптардың педагогикалық мәніне жан-жақты тоқталады. Мысалы, қыз ұзатар кезінде айтылатын жар-жар жұбату өлеңінің мән-мағынасын ашып көрсетеді. Жар-жар өлеңі қыз үйден аттанып бара жатқан кездегі қыздар мен жігіттердің кезектесіп айтатып жұбату әні. Жалпы жұбатушы жігіттер болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жар-жардың айтылуына, мазмұнына жаңа сипат енді. Жар-жар көбіне қыз келін болып түскеннен кейін беташар тойларында айтылып жұр. Автор беташардың мағынасын былай түсіндіреді: «Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді. Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кірген соң да алдына шымылдық тұтып, қыз — келіншек, бала — шағаларға ғана болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. «Беташар» айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық альшьш, ғұрып бойьшша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң көрінеді. Беташарды әндетіп айтпайды, жай сүйретіп, өлең түрінде ұйқастырып айтады. «Беташар» әуелі басында толып жатқан нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып, келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада шығарған сөз».
Осы беташардан соң жүзеге асырылатын ғұрып неке қиярға А.Байтұрсынов: «Неке қияр сөз» деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі күнәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытга айтатын сөздерін айтамыз. Бұл өнмен айтылмайды. Бірақ; өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады» — деген анықтама береді. Мысалы:
Куә, куә куәдүрміз ,
Куәлікке жүрәдүрміз.
Мұнда халық қасында,
Таңда хақ қасында,
Екі кісі, хақ куәлік бередүрміз.
Пәленшеден жаралған (әкесінің есімін айтады), пәленшеден туған (шешесінің есімін айтады) пәленше қызды (қыздың есімін айтады) халал жұптылыққа қабыл көріп, алдыңыз ба?
Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында «пәленщеге халал жұпты болдыңыз ба?» дейді — деп, неке қию рәсімінің өту барысын баяндайды. Осындай әдет-ғұрыптарымызды ұмыту, өткенді білмей алға жылжу өресқелдік. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан асыл қазына, рухани байлық негізі осы сияқты ғұрыптар, салт-дәстүрлер. Олардың халық ғұрпын санасыңа сіңірген саналы азамат тәрбиелеуде тигізер септігі, көрсетер көмегі мол.
Қазақ халқының тұрмьіс тіршілігінде, әдет-ғүрпында бата негізгі орың алады. «Бата-біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз; батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар бас қойылған табақты тартуға алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі» ,- дейді. Ахмет ауыздан-ауызға тараған баталарды жинақтай келе, бір топ баталардың мазмұнын ашып көрсетеді: Құдайым жарылғасын, бай қылсын! Төрт түдігін сай қылсың! Кетпес дәулет берсін! Кең пейіл берсін! Сонымен қатар, ол өзінің ‘Тілек батам»—атгы өлеңінде алты алаштың адаспай ақ жолға түсуін, азаматтың аяғынан тартар қазақ ішінде кездесетін кертартпа сыңаржақтардың есінің қіруін тілейді. Осы тілеқтің қабыл болуың Алладан тілеп, қара балуан Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек бабаларының халқын қолдауын сұрайды. Ұрпағының тілеуін тілеп, өз батасын береді.
Сондай-ақ, ғалым: «Бесік жыры, яки бала тербету -баланы ұйықтату үшін айтатын өлең, ол түрліше айтылады. Бірақ, бірдей айтылатын жерлері де бар» , — деп бесік жыры үлгісінің көптурлілігі туралы ескертеді, «Аналарымыз дәстүрлі бесік жырларды арқьлы бала бойына ұлттық ерлік сезімін оятатан тәрбиенің алғашқы нәзік пернесі арқылы сәбиін тәрбиелей білген. Бесік жырларынан ананың балаға, әжесінің немерелеріне деген құлаққа сіңімді, баяу сазды әуенімен орындалатын тілегін, ана арманын айқын аңғаруға болады» — дейді.
А.Байтұрсынов жинақтаған бесік жырлары арқылы жас сәбиді тал бесікте тербете отырып, ананың мейірім мен шапағатқа, махаббатқа толы, әуезді үні арқылы адамгершілікке, ерлікке, анаға, Отанға, ұлтына, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің мәні зор.
Ол «Қалып сөзі» деп тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатын сөздерді айтады, Мәселен, бал ашқанда, ауру баққанда бақсылардың жын шақыруы, тісті емдегенде құрт шакыру, мал бәдік болғаңда, адамға күлапсан шыққанда, бәдік я күлапсан көшіру, бала тербеткенде айтатын бесік жыры-осылардың бәрі қалып сөзінің тобына жатады»- дей келе төмендегідей анықтамалар береді.
«Жын шақыру, Бақсылар жын шақырғанда сарнап, өлеңше ұйқастырып, түрлі сөздер айтады, Алладан, әулиелерден, аруақтардан жәрдем тілейді Жындарының ашуын атап, соларға сөз айтқан болады, Қобызымен серттескен болады. Солардың бәрін үйлесіріп, ұйқастырып, әдемі түрде. айтады.
Дерт көшіру, Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда болатын күлапсан деген ауруды қазақта өлеңмен емдеу бар: бөдік болған малды, күлапсан болған адамды ортаға ала қоршай отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып «Көш! Көш!» деп, анда-саңца айқайлап қояды. Өлендері онша көркем болмайды. Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік пен күлапсан өлеңі бір мазмұнды болады» — деп талдаған, Сол сияқты ғұрып сөзінің ең көп тараған түрі жарапазанды АБайтұрсынов; «Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түрде үйдің сыртында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады» — деп түсіндіреді. Жарапазан өлеңдері арқылы бала бойында ата — дәстүрді жалғастыруды, әдет-ғүрыпты жаңа өмір салтыңда да жаңаша мазмұзнда орынды пайдалануға, жарапазан құрастырту арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытуда, ұлттық мақтаныш сезімін оятуда пайдаланудың тәрбиелік әсері терең болмақ. Осындай тәрбиелік мәні терең шығармаларының бірі А,Байтұрсыновтың өзі жинақтап, өңдеп бастырған 1926 жылы Москвада жарияланған «23 жоқтау » еңбегі . Бұл еңбегіңде қазақ халықының 400жылдық тарихында кездескен 23 жоқтау яғни, тратегиялық жырлар кіргізілген. Мұнда Мамай батырды жоқтау, Кеңгірбай биді, Алтай тіжіні, Кенесары-Наурызбайды, Төлебайды жоқтау, Жантайды Шоқшалай қызының, Абайдың баласы Әбдірахманды жоқтауы т,б, енгізілген, Мысалы, Қаз дауысты Қазбекті қызы Қамқа жоқтаған. Қамқаның жоқтаун арқылы жоқтаудың бұрыннан келе жатқан салт екенін ұғамыз. Алты ағайынды әкесінің бес ағайынға аға, жол басшы болған тек ақыл иесі ғана емес алты алаш қазаққа паңа болғаны, Қазыбекгің қалмақ ханы Қоңтәжіге барып қазақ мерейін асырғаны, жер, мал дауын соғыссыз шешуге қосқан зор үлесі, айтқан дуалы сөздері, батыр, хан болып жауға шапшса да, батыр мен хан сасқанда қаймықпай ақылмен орап, қан шашпай, әділеттің ақ туын желбіреткен қазылығы, бар байлығы-жүйрік ойы, алғыр тілі, армандап қеткен әділетгі сара жолы екені айтылып, қалың қайғысын, жүректен шыккан толғанысын білдірген, Мысалы: Төрт тіреудің бірі едік, Қиын-қьістау іс келсе, Бәрінен де ірі едік. Енді қазақ не болар Асқар тауы құлаған?! –дейді.
Ал, Абайдың баласы Әбдірахманды маңдайына сыймай кеткен тұлпары екендігін айтып, арыз-арманын білдірген жоқтауы төмендегідей:
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі жылы бой құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті
Өнері оның жұрт асқан,
Ғылымға көңілі зерек-ті
Аямаған ғарыптан.
Қолдан келген көмекгі.
Яғни, Абай бұл жерде Әбдірахманның бойындағы ғылымға берілгендік, қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ақ көңіділік қасиеттерін айқындайды.
А.Байтұрсыновтың айтуынша «Жоқтау — өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға арналады. Өлген адамның қатыны, иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз. Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді» — деп түсінеміз. Бүгінгі күні тәрбие үрдісінде жеке түлға бойында ұлттық құнды қасиетгер қалыптасгыру міндеті тұрғаңда, тәрбиені халық ауыз әдебиеті мұраларына негіздей отырып, өлгендерді құрметтеу, оларды жерлеу, жөнелту рәсімдерін игертуте ден берудің тәрбиелік мәні зор. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген нақыл сөздің тегін айтылмағанын ескерсек, жоқтауларды меңгерту де тәрбиенің мықты құралдарының бірі демекпіз.
А.Байтұрсынов «23 жоқтаудың» алғы сөзінде: «Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан бұл «Жоқтауларды» бастырғанда, мынадай оймен бастырды: Дүниеде ешбір ел өз-өзінен, шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» тілді әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиегін алғанда мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, ертегілерді, өлендерді, тағы-тағы осындайларды!» — деп мақтанышпен атап өткен. Бастырушылар еңбектің алғашқы бетінде: «Бұл «Жоқтаулардың» ішінен әзірге заманның жас тілшілері, жазушьшары талай материал табар деген үмітіміз бар, Мәнісі көбірек қазақ тарихына тиісгі болса да, тілін үйрену, тексеру, тілінен пайдалану осы заман жастары үшін де керек жұмыс. Қазақтың әзірге тілі бай, жалпақ, түсінікті, өткір, қысқа суретгі болса, көп қару-жарақтың бірінің жөнделгені де» — деп бұл еңбектің келер ұрпақты тарихпен, ұлт мәдениетімен таныстыру ісіне қызмет етуін қалаған. Әрі ұлт қамы үшін күрестің бір түрі — қаламмен күресу мақсатын аңғартады.
Сонымен қатар, АБайтұрсынов қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. АВЗатаевичтің айтуынща: «Ол өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол — жақсы домбырашы. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын терең білгендіктен А.Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бокей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғаңда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді тіпті өзі орындады» — деген пікірінен және қызы Шолпанның естеліктерінен біз А.Байтұрсыновтың тамаша өнер иесі екеніне көзіміз жетсе, архив деректерінен оның ұлттық мәдениет пен өнердің тек жинақтаушысы ғана емес жанашыры да болғаңын көреміз. Ол халық ағарту комиссары болып тұрған кезінде А.В.Затаевичке шығармашылық жұмыспен айналысуына қолайлы жағдайлар жасап, қолынан келер көмегін аямаған.
Ал, Орталық музейде ғылыми-кеңесші кезінде суретші Хлудов еңбектеріне жасаған талдаулары ұлттық өнер мен мәдеңиетті терең меңгерген ғалым екендігінің дәлелі. АБайтұрсынов Хлудовтың еңбектеріне талдау жасай отырып, суретшінің қазақ халқының тұрмысымен терең таныс еместігін аңғарған. Көптеген шығармаларында ақылға сыймайтын өрескел қателер болғандықтан қайта қарап, түзетуін талап еткен. Ол мұндай ұсыңысты суретшінің еңбегін жоққа шығару үшін емес, ұлтының намысы үшін жасаған. Себебі, мұндай өнер туындылары қай халықтың болмасын мәдениті, тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметгік жағдайынан хабар береді, сондықтан шындыққа сәйкес болуы қажет. Қазақ тілін жақсы білмегендіктен, халықтың тұрмысымен терең таныса алмағанын Хлудовтың өзі мойындап, шығармаларын қайта өндеуді суретщі Ә Дастеевке жүктеуді сұраған. А.Байтұрсынов оның:
1)»Көші-қон’2)»Қой сауу», 3)»Бие сауу», 4)»Қой қырқу», 5)»Қазақ әйелдері жүн түтуде», 6) «Сабын жасау», 7) «Үй диірмені», 8) «От алу», 9) «Түнгі барымта», 10) «Қаралы қөщ» т.сс., басқа да көптеген суреттеріне жан-жақты терең талдау жасаған. 16 суретінің өрескел қателерін көрсеткен. Қорыта келгенде, бұдан оңың өз халқының тарихын, салт-дәстурін әдет-ғұрпын терең меңгерген және оғаң терең философиялық мән берген, ұлтгық тәлім-тәрбие өнегесін мақтан тұтқан ұлтжанды зерделі ғалым еқенін аңғарамыз, Мәселен, ол: «қазақ халқында қыз балалар ешқашан жалаң бас, шашын. қобыратып, жалаң аяқ жүрмеген. Ал, Хлудов 13 жасар шамасыңдағы қыз баланы мүлдем жалаңаш бейнелеген, Бізде қыз баланы тек бес жасқа дейін ғана жалаңаш көруге бодады, Оның өзі өте сирек құбылыс»,-дейді. Сол сияқты бай адамдардың көші 2 түйе, малы 5 -10 ірі қара, жалғыз үй болмаған. Әйелдер ешқашан қой қырықпаған. Жүн сабау кезінде тулақты пайдаланған, киіз үй ішіндегі заттар тазалық үшін түгел шығарылатын немесе алашамен, шимен затгарды бүркеп жабады. Түнгі барымтаға жалғыз-жарым емес, сақадай сай қаруланған топ болып шығады деген т.б. сың-пікірлерінен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін туындының терең ой қозғайтыңдай, шындыққа жанасатыңдай, ұлт намысына тимейтіндей болуын талап еткендігін байқаймыз.
Ғасыр басында ұлтгық сананы қалыптастыру мәселелері А.Байтұрсынов атымен байланысты болса, ал ғасыр соңында да көтерілген мәселелер оның армандарымен астасып жатқандай. Ғалым аңсаған, ұлтына аманат еткен ғылым әдемі — тіл мәселесі адамның рухани байлығы, салауатты өмір сүру, ұлттар достығы бүгінгі күні де өзеқгі тақырыптардың бірі. Сол кезенде Ахмет өмірінің мәңі болған мәселе — жан-жақда дамыған, әлемдіқ деңгейдегі білімді меңгерген, тәрбиеді де саналы азамат қалыптастыру бүгінгі қүннің де міңдети Мұны жандандыруда ағартушының артына қалдырған мол мұрасы таптырмас тәрбие құралы.
А.Байтұрсыновтың «Маса» атты еңбегінің тәлімдік те, тәрбиелік те мәні зор. Алғаш «Маса» атты кітабы жарыққа шыққанда сөз басын Қожанасырдың әңгімесі арқылы бастайды. Ондағы мақсаты: Ахмет қазақ елінің сауат ашуға самарқаулықпен қарамай, өзара тәжірибе алмаса отырып жетуін көздейді. Еңбегін «Маса» деп атауының себебі де, тоң-торыс жатқан қазақ елін сары маса сияқты мазалап, ояту, серпілту еді. Осы еңбектегі Н.Құлжановаға арнаған өлеңінде автордың бар арман-тілегін айқын аңғарамыз.
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым.
Шалдығатын шаршайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
Қайраттанып, қажымай тырмыссаң да,
Шыққызбайтын жолында өрлер де бар.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісің,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса — ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін,- деп өзінің болашақ ұрпақ қамы үшін еткен еңбегінің мәнін түсінгісі келмейтіндерге құлазымайтынын, мұрнынан жоғарғысын көрмейтін қалың тобырға өкпелемейтінін білдіреді және ертеңгі ұрпақ алдында ұятқа қалмас үшін қажымай-талмай елі үшін тер төгуді өзінің борышы деп санайды. А.Байтұрсынов И.А.Крыловтың мысалдарын аударып кітап етіп шығарудағы, «Маса» жинағын жазудағы басты мақсаты — қазақ өмірінің шындығын мысал өлеңдер арқылы әшкерелеу, жақсыдан үлгі-өнеге алсын, жауыздықтан бой тартып жиіркенсін деген ойдан туған еді. Оның осы ойын дөп басып, дәл сезінген С.М.Торайғыров осы шығармаға арнап өлең жазды. Ол өлеңін: «Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына»» деп атады. Онда: Өткірсің наркескеннің алмасындай, Жүйріксің «полный ходтың» арбасындай. Сен сұңқар, көңілі соқыр, сенімен қас. Өзінің болмады деп қарғасындай — деп, Ахметке арнауы оның болмысы биік, ойы жүйрік, тілі өткір, түйсігі терең болғандықтан жаулары көп деген ойды білдіреді.
2 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың маңызы
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен төрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үсынды. Мұнда ұлтгық салт-дөстүр, тарих, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің өлемдік стандартына сай келгіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлтгық тарих, салт-дөстүрлерімізді еркін игеріп,пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердін бірі — қазақ халқы еді. Халқымыздың біртуар перзеңттері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Т.Рысқұлов, Х.Досмұхамедов, С.Қожанов т.б. осы зұлматгың құрбаны болды.
1997 жыл Қазақстан Республикасының халықтары үшін «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарьн еске алу жылы деп жарияланды. Ел презденті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу тастай отырып, былай деген еді:
«Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай-ақ, басынан кешкен қасіреті өле-өлгенше санасында жаңгыртып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді…
Осы күнге жете алмай, зорлық пен зомбылық көріп, көздерін жұмған аталарымыз бен аналарымыздың, ағаларымыз бен апаларымыздың жандары жанатта болғай!». 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл жұртшылықтың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, ұрпақтардың өзара байланысын дамыту жөне Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында » Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»,- деп жарияланды. Яғни, «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы — салт-дәстүрді келер ұрпаққа жеткізудің жолы. Сондықтан, осы жылдың басты идеясы аға, ұрпақ жинақтаған адамгершілік жөне өлеуметгік төжірибеге аялай қарау болып табылады». Демек, аталған жылдары жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруды көздейді.
Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүниетанымымызды кеңейтіп, жеке тұлгалар өмірінің тәлімдік мөнін зертгеуге баса назар аударып келеміз. Мәселен, 1990-1999 жылдар аралығында М.Жүмабаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, Х.Досмұхамедовтың, Д.Бабатайұлыньщ, Т.Шонановтың, А.Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың жөне т.б. еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері мен олардың ұлттық педагогикаға қосқан үлестері жан-жақты педагогикалық тұрғыда сөз болды. А.Байтұрсыновтың 125 жылдық мерей тойына орай «Ахмет Байтұрсынов тағылымы» және Қазақстан Республикасыңдағы Тіл туралы заңның орындалу барысы тақырыбына арнайы енгізілген конференцияда ғалымның мұрасын оқытуға байланысты төмендегідей мөселелер қарастырылды:
— ұлы ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың 125 жылдық мерей тойына арналған конференциялар, жиыңдар «Ахмет тағылымы» атты семинар
сабақ, оқулар өткізу;
— барлық мемлекетгік жөне мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіпдің қолданылу аясын кеңейте түсіп, мемлекетгік тілді оқыту деңгейін көтеру. Сөйтіп, оны жеке адамдар арасындағы қарым-қатынаста, іскерлік байланыста жөне қазіргі кезден іс жүргізуде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты іспен айналысу;
- әр түрлі этникалық жөне әлеуметтік топтардың пайдалануына жеңіл, әрі тиімді әдістемелерді, көпшілікке арналған өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды шығаруға ат салысу, әрі оғанқан қақорлық жасау;
- мемлекеттік тілді қолдануды дамыту жөніндегі құрылған қалалық «Мемлекеттік тіл» қорының жұмысына ат салысу;
— А.Байтұрсынов атындағы мұражайда алдағы уақытта «Ахмет поэзиясы», «Ахмет өндері», «Ахмет — тіл зергері», «Ахметгану ілімі», «Ахмет тағылымы» тәрізді тақырыптар бойынша кездесу, сұхбаттар өткізуді дәстүрге айналдыру;
- «Мемлекеттік тіл және А.Байтұрсынов» деген тақырыпта мектеп оқушыларының шығармашылық байқауларын ұйымдастыру;
— басқа ұлт өкілдерінің байқауларын өткізіп, тілдің шынайы жанашырларын АБайтұрсынов атьндағы сыйлықтармен марапатгау;
— кітапханалар мен мұражайларда АБайтұрсыновқа және тіл саясаты мәселелеріне арналған көрмелер, сұхбаттар, семинарлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
— ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күнін халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшылығымен жыл сайын тіл мерекесі ретіаде ерекше дайыңдықпен өткізіп отыру; т.б.
А.Байтұрсыновтың еңбектері ең алғаш филология ғылымы тұрғысынан зертгелді Оны ғылыми түрғыда зертгеп, ғылымға қосқан үлесін айқындауда С. Сейфуллин мен М.Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз. М.Әуезов АБайтұрсыновтың оқу-ағарту саласына қосқан үлесін:»Ахаң ашқан қазақ мекгебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салган әдебиеттегі елшілдік ұраны — «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жыдцағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын», — деп бағалайды. Орталық мемлекетгік архив деректеріне сүйенсек, А Байтұрсыновтың көзі тірі кезінің өзінде~ақ,оның елу жылдық мерейтойын атап өту шараларына екі тұрғыдан қарағандар болғанын көреміз.
1923 жылдың 18 қаңтарында Қырғыз Халық Ағарту комиссариатының мәжілісінде (төрағасы Тоқтабаев болған), АБайтұрсыновтың 50жыддық мерейтойын тойлау туралы Мелков баяндама жасаған. Онда мерейтойды атап өту қажетгігі, Академиялық Орталық ұсынған тойлану рәсімін ұйымдастыруды ерекше комиссияға тапсырған. Бұл комиссия құрамында Тоқтабаев, Арыстанбеков, Шейнессон, Худзик болған. Тойлану жоспары бойынша ғалымға арнап жинақ шығару, Орынбордағы Халық Ағарту институтына А.Байтұрсынов есімін беру, жергілікті баспасөзде ол туралы мақалалар жариялау, қаржылай сыйлық беру, мерекелік концерт т.б. ұйымдастыру және оған жауапты (Тоқтабаев, Мелков, Е.Омаров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, Н.Құлжанова) 6 адамнан тұратын комиссия құру ісі қамтылған еді, ал осы жылғы 23 қаңгарда РКП (б)-ның Қырғыз облыстық комитеті президиумының мажілісінде осы мәселе қайта қаралып, кеңестік ұйымдардың мерей тойды өткізуге қарсы болғанын көреміз. Өйткені, «А.Байтұрсыновтың комиссарлықтан кетіп, партиядан шығуын даңғаза даурықпаға айналдырмаққа тырысқандар да аз болмады. Оан А.Байтұрсыновтың1922 жылы қазақ жазушыларының съезін өткізбек әрекетінен ештеде енбегеніне ашынып жазған «Қазақ қаламгерлері жайынан» деген мақаласы себепші больш, әр қилы түсінікке азық берді. Шындығын айту керек, мақалада артық-кем, екі ұшты ойдың сілемдері бар. Осыны біреулер ақтап, дәледдеуге ұмтылса, екінші біреулер қаралап даттауға пайдаланды».
Орынбор қаласындағы Свердлов атындағы клубта А.Байтұрсыновтың елуге толуының салтанатты жиналысын Қазақ ССР халық комиссарларының төрағасы С.Сейфуллин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған.
С. Сейфуллин Ахаңның 50 жылдық мерей тойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы елуге тодды» атты мақаласында А. Байтұровтың кісі емес, зиялы қауым ішіндегі патшаның зорлық-зомбылығына түскен халықтың ар-үятының тапталмауын, ұлтының намысының қорланбауын қалаған — қорғанышы, білімді, намысқой азамат, халқын топқа бөлмей, барлығын бірдей сүйген ұлтжаңды, абзал жан, жанқияр күрескер екендігіне тоқтала келе:
Үстіңде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызындаса? — деп оның өз еңбегінен мысал келтіріп: «…рас айтады, Ахаң нәзік маса, ол ұйықтаған қазақ халқының үстіңде қоймастан «ұйқысын аз да болса бөлуге ызыңдайды. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ жырларына «оқу һәм тіл құралдарымен» қылған қызметі таудай»,- деп әділ бағасын береді.
Ал, Ахаңның замандас-інісі, ақын М. Дулатов өзінің «Ахмет Байтұрсынович Байтурсынов» атты орыс тілінде — жазған зертгеу мақаласында АБайтұрсыновтың туған өлкесіне, өміріне сипаттама береді. Оны халық ақыны, өзіндік ерекшелігі бар, қырғыз (қазақ) әдебиетіндегі басты түлға, қаламымен күрескен, жалынды публицист, қырғыз (қазақ) көркем өдебиетінің негізін қалаушы, «Қазақ» газеті арқылы халқының жоғын жоқтаушы ретінде бағалайды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін, АБайтұрсынов мұрасын зертгеуге мол мүмкіндік туды. Ғалымның мұрасын терең зертгеушілердің бірі — Р.Сыздықова. Ол А.Байтұрсыновтың XX ғасырдың басындағы қазақ оқу-ағарту идеясын, ұлттық мәдениетімізідң дамуына қосқан үлестерін жан-жақты талдай келе: «А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, мұны орындау үшін «Тіл құралды» жазған. Төртінші, тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін «Тіл жұмсарды» ұсынған; бесішні, сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншы» мен «Әліп-би астарын» жазған. Міне, бұлар А.Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсегегін үлесі, АБайтұрсынов қазақтың білім-галымының көшбастары дегізетін тарихи мұра» -дейді.
А.Байтұрсыновтың ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алгашқы ақындығы «Қырық мысалдан» (1909 ж, Петербург) басталатынын жазады. «Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезінде туындаған. Ол орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуде әдебиетгің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мекгеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылықпең қарсы күресіп, білім жолына үгіттеу ниетін ұстанады» — деп жазады.
Ал белгілі ғалым К.Құсайынов: «…тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үйлесімді сабақтастығын тауып, кейінгі маман қазақ лингвист-ғалымдарының еңбектерімен жалғасты. А.Байтұрсынұлы өз кезінде ешбір ғылыми дәреже, атаққа ие болмағанымен тіл білімі саласының іргетасын қалауішы ретінде таныллғаны еш дау туғызбайды,-дейді. Яғни, А.Байтұрсыновтың филология саласы бойынша айтылған ой-тұжырымдары, ғылыми-теориялық еңбектері жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда занды жалғасын тапқанын жоғарыдағы ғалымдар пікірлерінен аңғарамыз.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі әдістемесі, әдебиеті, аудармашылығы, ақындығы жайлы филология саласы бойынша біраз ғылыми-зертгеу жұмыстарының бар екендігіне көзіміз жетті. Ал, А. Байтұрсыновты мемлекет және қоғам қайраткері, тарихи тұлға ретінде айқындайтын арнайы ғылыми-зертгеу жұмысы жоқ болғанымен ғылыми мақалалар бар.
Мәселен, К.Нүрпейіс «Алаштың күрескер ұлы» атты мақаласында А.Байтұрсыновтың саяси қызметін, Алаш партиясындағы рөлін жан-жақты сарап ап көрсетеді. Академик М. Қозыбаев XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозгалысының өзіндік ерекшеліктерін, соның ішінде сол қозғалыс көсемдерінің бірі — А. Байтұрсынов өмірінің тарихи келбетін ашып: «Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың ірі құбылысы, феномені. Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан да, Байгұрсыновтану шын мәнінде ғасыртану десе де болады.
Ендеше, Ахаң болмысы жан-жақты ашылғанда ғана ұлттың ұлы перзетінің қырлары мен сырлары ашылады, әлемдік ұлт-азаттық қозғалысына қазақ халқының қосқан сүбелі үлесі сомдалады. Сөз жоқ, бұл болашақтың ісі.
Ахаң, ең алдымен, Ресей шығысының ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі. Алаш қозғалысы ең аддымен XIX ғасырдағы ағартушылар қозғалысының жалғасы, оның жоғары сатысы. Абай заманында ағартушылық ұлтымызды өркениетке таныстыру кезеңі болды. Белгілі тарихшы Т.Омарбеков, А.Байтұрсыновтың патша манифесі ықпалымен Қарқаралының Қояңды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған, тарихымызда «Қарқаралы петициясы» деген атпен белігі болған, 11 баптан тұратын құжатты жасауға белсене қатысқаңдығы жөніндегі мәліметті жан-жақты талдайды. Осы мәселе жайлы М.Әуезов Ахметгің 50 жылдық тойында сөйлеген сөзінде былай деп көрсетеді:
» 1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: біріншіден — жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші — қазақ жүртына земство беруці сүраған. Үттгінттгі — отарпіылардың орыс қылмақ саясатынан қүтылу үшін қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».
Демек, А.Байтұрсыновтың қазақ елінің тәуелсіз дамуьша алғаш талап еткен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі екен.
Ал, АБайтұрсыновтың еңбектеріндегі философиялық көзқарастар әлі де болса жан-жақты зерттелмей келеді. Дегенмен де, А.Қасабеков, Ж.Алтаевтардың «Қазақ философиясының тарихына кіріспе», «Философия жене мәдеңиеттану» атты еңбектерінде қазақ философиясының тарихи даму ерекшеліктері, оның пайда болу, қалыптасу тарихы туралы айта келе, А.Байтұрсыновтың «Қазақ өкпесі», «Тәні саудың-жаны сау», «Қазақша оқу жайынан» атты мақалаларындағы ағартушылық-философиялық пікірлер білдіргенін сөз етеді. Белгілі философ О.А.Сегізбаевтың «Казахская философия XV начала ХХвв» атгы еңбегінде АБатұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», «Маса» еңбектеріндегі философиялық көзқарастарына талдау жасай отырып: «АБайгұрсынов сол кезенде жарыққа шыққан философиялық еңбектерді жақсы меңгерген. Әйтпесе, тіл, сөз өнерінің құдіретін философия ғылымын терең түсінбей соншалықты саралау мүмкін емес еді. Себебі, мұнда адамның табиғатқа қатынасы, табиғат әлемі мен адамның ішкі жан дүниесінің ара қатынасы философиялық тұрғыда терең талданған» — деп бағалаиды.
Сондай-ақ, А.Х.Қасымжанов «Портреты» атты еңбегінде Байтұрсыновтың философиялық ой-пікірлеріне жеке тоқталмағанымен оның замандастарының философиялық көзқарастарын талдау барысында А.Байтұрсыновты да атап өтеді. Осы аталған еңбектерді зерделей келе, ол — ағартушылық философияны мақсат тұтқан, сол философияның дәстүріне орай адам мәселесін жан-жақты қарастырған деген пікірге келеміз. Ол қоғам өмірінде оқу- білімнің, тәрбиенің мәнін ерекше бағалап, ұлттық рухани байлықты сақтай отырып, бірте-бірте бостандық, ғылым мен
білім, теңдік пен әділетгілік жолына түсуді уағыздаған. Ғалым таптық сыңаржақтылықтан ада, бұкіл адамзатгық гуманисгік мәселелерді қарастырған. Оның пікірлерінің жалпы адамзатгық игіліктерге жақындығын аңғарамыз. Мақалаларындағы қоғамдық өмір құбылыстары мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі ойларынан ағартушылық философияның негізі байқалады. Қоғамның қаншама ғылыми жетістіктерге жеткенімен, табиғаттың тылсым күштерін игергенімен руханилық пен адамгершілік жетіспесе адамзаттың рахатқа кенелмейтінін ол «Тәні саудың — жаны сау» т.б. мақаласында және «Маса» еңбегінде көрсете білген.
Белгілі ғалым С.Қалиев Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамып қалыптасу кезеңіне тоқталып, жіктей келе педагогикалық ой-пікірдің дамуын шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырады. Және автор біз қарастырып отырған «Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасу» кезеңіндегі педагогикалық ойдың ғылыми жүйесін жасаған, теориясын негіздеген педагогика ғылымының көшбасшысы деп А.Байтұрсыновты ерекше атайды.
Бұл дәуір — XX ғасырдың басында патщалық Ресейдің отарлау саясатымен қатар келеді. Ресей өкіметі өзінің саясатын іске асыру үшін орыстандыру саясатын жүргізді. Дегенмен, осы кезде де ұлттық тәлім-тәрбиенің өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын төл туындылар жарыққа щықгы. Олар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», «Бастауыш мекгептегі ана тілі», «Сауатты бол», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер тандау», «Дидактика», Н.Құлжанованың «Мектептен бүЗрынғы тәрбие», «Ана мен бала» т.б., А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құралы», «Әліп-биі», «Маса», «Қырық мысал», «Баяншы», «23 жоқтау», «Ер Сайын», т.б. М.Дулатовтың «Есеп құралы», «Қирағат», Ә.Бөкейхановтың «Қырғыз географиясы», Ф.Ғалымжановтың «Жалпы қарапайым география», Б.Сәрсеновтың «Геометрия», Е.Омаровтың «Физика» т.б. Ш.Құдайбердиевтің «Түрік-қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Қазақ айнасы», «Үш анық», т.б., Х.Досмұхамедовтың «Қазақ халық әдебиеті», «Адамның тән тірлігі», «Аламан», т.б., еңбектері қазақ жастарының білімін көтеруге зор пайдасын тигізіп,игі ықпал етеді. Бұл мәселелер профессор С.Қалиевтің 1999 жылы «Білім» баспасынан жарық көрген «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» атты еңбегінде жүйелітүрде, ғылыми негізде сөз болған.
» Қазақстаңда халық ағарту ісінің дамуы кеңес өкіметінің құрылуымен тұспа-тұс келді. «20-ы жылдары мектептердің елденеше түрі болды. Олар: 1-2-3-4 жылдық оқу курсына негізделген бірінщі сатыдағы мектептер, жанында ңнтернаттары бар мектеп-коммуналар, жеті жылдық мектептер, екінші сатыдағы мектептер. 1920-1921 оқу жылында республикада 144 мың оқушысы бар 2410 мектеп жұмыс істеді».
АБайтұрсыновтың психологиялық көзқарастары турат Қ.Жарықбаев , Н.Іргебаева аз да болса құнды пікірлеі білдірген. Мәселен, Қ.Жарықбаев: «…тек, «Әдебие танытқыштың» өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой-пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық Мұндағы «Көрнек өнері», «Сөз толғау», «Лұғат әуездшгі» «Жанжақтау», «Жанқоштау», «Көріктеу»,»Ес ұғымы», «Іс ұғымы», «Зейіндеме» атаулар мен ұғым-түсініктерде сондай-ақ, оның жұмбақ, жаңылпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтық психологияның теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол», дейді. Сондай-ақ, ҚЖарықбаев АБайтұрсыновтың психологиялық пікірлерін айқындайтын «Әліппе-таңбалар жұмбағы» еңбегі, ондағы түйіндер психологиядан оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру зандылықтарына негізделгенін және ғалымның орыс психологы П.П.Блонский зерттеулерін басшьшыққа алғанын айтады.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерін зерделегенде оның өмірі мен сан-салалы қызметі, отбасы, заман өзгеруіңе сәйкес ғұмырындағы елеулі өзгерістермен терең таныспау мүмкін емес екені белгілі. Ал, мұндай мәліметтерді берегін басты орындар бұл — мемлекетгік орталық архив қорлары, ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қоры, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және облыстық архивтің деректері. Соның ішінде, орталық мемлекетгік архив қорындағы А.Байтұрсынов туралы деректерге қысқаша шолу жасасақ, мұнда оның өмірі мен қызметін қамтитын құжаттар 1893 жылдан басталып, 1936 жылғы қыркүйектегі бұйрықпен аяқталады. Біз ҚРОМА-нен басқа жерлерде тұпнұсқасы кездесе бермейтін, оеынау құнды деректерді АБайтұрсынов мұрасымен тереңірек танысам деген оқырман қауымға көмегі тиер деген ниетаен төмендегідей хронологиялық кесте түрінде реттеп, бірізге келтіріп ұсынамыз.
Бұл деректерді үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа: Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі құжаттар; Орынбордағы мұғалімдер школасы, Далалық генерал-губернатор канцеляриясы, Торғай, Ақмола, Семей облыстық басқару ұйымдары және т.б. Онда А.Байтұрсыновтың Орынбор мұғалімдер мекгебіндегі оқуы, бағалары қойылған табелі, мұғалім мамандығын беру туралы куәлігі және 1900-1917 жылдар арасындағы саяси-ағартушылық қызметінен хабардар ететін мәліметтер. Екінші топқа: 1917 жылдардағы Уақытша Үкіметтің-Торғай облыстық комиссарының және Торғай облыстық басқармасының құжаттары. Мұнда А.Байтұрсыновтың саяси-қоғамдық қызметінен мол мәліметтер бар. Оның Торғай облыстық басқарма ісіне араласуы, Орынбордағы жалпы қазақ съезіне қатысуы, 1-2 Торғай облыстық қазақ съездері туралы деректер. Үшінші топқа: Қазревкомның, Орталық атқару комитетінің, Халық ағарту комиссариатының және басқа кеңес ұйымдарының құжатгары.
Архив деректеріне сүйенсек, А.Байтұрсыновтың ғұмырында 1920 жылдардан бастап ірі де елеулі өзгерістердің орын алғанына көз жеткіземіз. Яғни, Қазревком төрағасының орынбасары, Қазревком ішкі істер бөлімі меңгерушісі, Орталық атқару комитетінің мүшесі, Халық ағарту комиссарының орынбасары, Халық ағарту комиссары, Академиялық Орталық төрағасы болып жүрген кездерінде қазаққа «қазақ» атын қайтару, жерінің тұтастығының сақталуына, жергілікгендіру саясатына, Қазақ Автономиясын құру, сауатсыздықты жою, ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету, қазақ мектептерінің негізін қалау, білім жүйесін реттеу, оқу-ағарту мәселесінің жандануына, төл оқулықтар жазу және тарату, Қазақстанды зертгеу қоғамының негізін салу, тіл саясатын көтеру, қазақ жазуын реформалау, баспасөзді көтеру т.б. істерде көшбасшы, ірі тұлға болғанының куәсі боламыз.
Міне, осындай деректерді оқып-үйрену, зертгеу арқылы А.Байтұрсыновтың қысқа ғана өмірінде келер ұрпақ болашағының жақын болуы үшін бар ғұмырын күреске арнаған XX ғасырдың ірі тұлғасы болғандығына көз жеткіземіз. Демек бірегей тұжалардың бірінің өмірі арқылы «тұлға» мен «тұлға», «қоғам» мен «дәуір» қосбірлігін зерделей отырып, оның жеке бастық, қайраткерлік қасиеті арқылы болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлгі-өнеге етуге толық мүмкіндік туады.
А. Байұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңыш жарияланған санындағы «Құрметгі оқушылар», «Мектеп керектері», «Қазақша оқу жайынан», «Орысша оқушылар»атгы мақалалары дәлел. Автордың бұл мақалаларының мазмұнына үңілсек, оның негізгі мақсаіы-бастауыш сатыны өркендету және ондағы білім сапасын арттыру, ол үшін кәсіби шебер мамандар даярлау, мұғалімнің біліктілігін жетілдіру үшін педагогикалық білім беруді ғылыми негіздеу болғанын байқаймыз. А.Байтұрсынов бұл мақсаттарына жетгі де. Оның «Баяншы», «Оқу құралы» т.б. ғылыми-әдістемелік еңбектері көп ұзамай дүниеге келген еді.
Сонымен қатар, ол осы мақалаларында қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің ілгері баспау себептерінің бірі — қоғамдағы саяси-әлеуметтік теңсіздік, үкімет және қазақ бай -шонжарларының тарапынан болған озбырлық десе, екіншіден-жоғары және орта оқу орындары жоқ болғандықтан шолақ оқумен қалатын аздаған қазақ балаларының тілмәш, писарь болып шен қуып, шекпен табуға көшуі деп қынжылады, балаларының болашғына сылбыр-салақ қарайтын қазақ атқа мінерлерінің ой-өрісінен де хабар береді.
А.Байтұрсынов тек күндізгі білім беру ісіне ғана емес мектеп жасынан асып кеткен ересектердің сауатын ашу мәселесіне де ерекше көңіл аударды. Ол үшін: Сауат ашқыш. Дыбыс әдіс жолымен төртіптелген қазақша әліп-биді жазды. Архив деректерінен оның ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісінде де аянбай еңбек еткеніне көз жеткізуге болады. 1920 жылғы 8 қырқүйектегі және т.б. халық комисеариатының мөжілісінде кешкі мектеп үшін оқу бағдарламалары, жоспарлары және сауат ашу кітаптарын шығару ісін көтеріп отырды.
Осы мәжілісте денсаулық сақгау және халықгы әлеуметгік қамсыздандыру мәселелері, қазақ еңбекшілеріне тегін білім беру ісі заң жүзінде бекітілуі сұралған. Архив қорында АБайтұрсыновтың жетім балалар жайын жақсартып, олардың мүмкіндігінше білім алуына жағдай жасағандығы туралы көптеген мәліметтер бар. Осы жұмысты орындауға байланысты «Балалар апталығын» ұйымдастыратын комитеттің халық комиссариатының арнайы қаулысы бойынша құрылуын талап етті.
Демек, А. Байтұрсынов мұраларындағы ең негізгі мәселелер — оқу-ағарту ісін жандандыру, қазақ алфавитін жасау еді. Ахметгің жаңа әріпті енгізуге байланысты идеясын замандасы — Т. Шонанов былай қуатгайды: «…Ахметгің жаңа алфавиті мен жаңа еліппесі біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемдік мәдниетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа алфавитгің халық мекгептерінің өркендеуі жолында алып адым жасағаны анық» Алфавит мәселесінен басқа Ахметгің үкіметтен талап еткен мәселелерінің тағы бірі -жергіліктендіру саясаты еді.
Т.Шонановтың Ахаңның 50 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде: «Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы соңдай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң — күрделі түйға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқймыстысы», — деп әділ бағалаған.
1920-1929 жылдар аралығында ғалым еңбектерінің шарықтау шегі болған. Көптеген еңбектері жарыққа шықты. Олар туралы жақсы ойлар баспасөз беттерінде жарық көрді.
Ал, 1937 жылы ғалымның жазықсыз жазаға ұшырауымен оның еңбектерін жариялауға тиым салынуына байланысты ол туралы жағымсыз көзқарастар туды. Мәселен, Ғ.Тоғжановтың «А.Байтұрсынов жөне байтұрсыновшылдық туралы» , А.Сембаевтың «Қазақ-совет мектебінің даму тарихы», Қ.Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы» , С.Мұқановтың «Есею жылдары» атты еңбектерінде А.Байтұрсынов туралы кертартаа, сыңаржақ пікірлер білдірілді. Мысалы, С.Мұқановтың «Есею жылдарында»: «Советгік құрылыстың алғашқы жылдарында-ақ араб алфавиті қазақ жазуын қанағаттандыра алмайтынын көрсетті. Бірнеше әрпі қазақ тілінде жоқ, қазақ тілінің бірнеше әрпі онда жоқ. Осы қиындықты біреулер (әсіресе АБайтұрсынов) оңай шепшек боп, араб әрпінің түсін өзгерге бастады: «б» әрпі — астында екі ноқат тұрса, «жаңашылдар» сол сызықтың астына үш ңоқат қойып, арабта жоқ, қазақта бар «и» әрпін жасады. Осындай жаңалықтар көп болды. Соның бірі» әліптің қасына» қол салу. Олай ету -қағаз басатын қазақша машинка жасау мәселесінен кеп туды. …Қиындықты жеңілдету үшін «жаңашылдар» шүбалаңқы әріптердің «құйрыған» кесіп, кассаға сиярлықтай етіп шүнтитқан, осы «науқанның» кезінде «артық тұр» деп «әлітің» де қасын жұлған»,- деп А.Байтұрсыновтың араб әліп-биін жақтап, латынға көшуге қарсы болған іс-әрекетіне өзіндік пікірін білдірген.
Мұндай қарсы пікірлер Түрікшілер құрылтайында болғанын байқаймыз. Бұл құрылтайда латын қарпін жақгап, араб қарпіне қарсы 7 баяндама жасалған. Оның екеуін профессорлар Жирков және Яковлев жасаған. Дегенмен, мұнда да ғылыми негізделген латын қарпінің артықшылығын дәлелдейтін, нақты пікірлердің болмағанын, ал кемшілік деп негізге алған фактілердің барлығы А.Байтұрсынов түзген әріптерге емес, осыдан бұрынғы (15-16 жыл) араб қарпінің кемшіліктері екендігі айтылған. Біз бұл жерде мұндай еңбектің авторларын кінәлаудан аулақпыз. Себебі, сол кездегі қоғамдық — саяси, әлеуметтік жағдайлар ағымы олардан осылай жазуды талап етіп, мәжбүр етті деп есептейміз. Оған дәлел ретінде белгілі ғалым Т.Көкішевтің «Қағидаға айналған қателер» атгы мақаласындағы деректерді келтіруге болады. Бұл мақаласында 1932 жыяғы 10 январьда ВКП(б) Қазақстан өлкелік комитеіі «Сталин жолдастың хатына байланыстыҚазақстанның теориялық күрестің міндеттері туралы» аталған қаулы идеологияның түтінін басқа жаққа бұрып, жалған сөйлеу, тарихты бұрмалаудың бастауы, негізі болғандығы туралы айтады. Онда: «Буржуазные и мелкобуржуазные теории оказывают влияние и на некоторых научных работников — членов партии. Отдельные коммунисты в своих работах часто повторяют те же буржуазные и мелкобуржуазные теории. Так, тов. Рыскулов в своей книжке «Киргизстан» повторяет вслед за алашординцами и колонизаторами легенду о добровольном переходе вподданство царизму угнетенных масс Средней Азии. Тов. Сейфуллин в своем художественном творчестве воспевают сгарую феодально-родовую культуру («Кокчетав»). Товарищ Тогжанов в своих работах по казахской литературе допускает грубые ошибки, скатываясь на немарксисткие позиции Плеханова в литературоведении» («Большевик Казахстана» журналы, 1932, N1,87 бет) деліңці және тарихты бұрмалау процесі осыдан бастау алып, қаулаған өртгей бар ой-санамызды өзінің дегеніне бұрып әкетгі.
Қаулыны жүзеге асырудың алғашқы сөзін Мұстафа Қайыпназаров КазАПП съезіндегі баяндамасында (1932 жылы 26-29 февраль) айтса, Өгебай Тұрманжанов»КазАПП-тың I сьезі не деді ?» атты мақаласында «Алашорда оқығандарын (жазушылар) төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де қазақ еңбекшілерінің, пролетариатгың дұшпаны болды дейміз. Еңбекшілердің досы емес, қасы болды дейміз» («Әдебиет майданы» журналы 1932, М94, 3 бет) деп шығандатып жіберді.
Бірлескен қаулыда аты аталған Ғ.Тоғжанов өзінің қатесін түзету мақсатымен, «Большевик Казахстана» журналының 1932 жылғы 5 — санында «Байтұрсынов және байтұрсыновшылдық туралы» мақала жазып, бұрыннан айтып, жазып келген ойларынан теріс айналды» деген пікірлерден мұндай тұлғалардың өз пікірлерінен бас тартып, солақай саясатгың шоқпарын соғу жолына ауытқу себептерін аңғарамыз.
2.2 А. Байтұрсынов мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары
Біздің зерттеу нысанамыз болып отыртан А.Байтұрсынов мұраларының қолданылуы қоғамның байланысты үш кезеңге жіктеліп:
Біріншіден, А.Байтұрсыновтың көзі тірі кезінде еңбктерінің жариялануы және оған деген сол кезеңдегі көзқарастар, яғни ғалым мұрасын объективті бағалауға тырысқан мақалалардың, еңбектердің жарық көру кезеңі.
Екіншіден, А.Байтұрсыновтың репрессияға ұшыраған кезеңнен ақталғанға дейінгі уақыттағы еңбектерінің насихатталуы (кеңестік дәуір); Ол 37-80 — жылдар аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни, ғалымды қаралау, негізсіз айыптау түріндегі еңбектердің жариялану кезеңі.
Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ағартушы еңбектерінің жарық көруі және оның еңбектерін ғылыми ақиқат тұрғысыңда зерттелу жайы қарастырылды.
Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың ағартушылық, педагогикалық мұраларын зерттеу барысында оның филология, педагогика ғылымының негізін қалаушы темір қазықтарының бірі болып табылатынына көзіміз жетгі.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт- дәстүрін тілін білетін, жалпы адамзаттық мәдентетті терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар:
1)Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алуға тең құқықтылығы;
2)әрбір азаматтың интелектуалдық дамуы, психофизиологиялық және жеке басының ерекшеліктері ескеріліп, халық үшін білімнің барлық денгейіне кең жол ашылуы;
3)жеке тұлғаны білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
4)білім басқыштарының сабақтастықарын қамтамасыз ететін білім беру үрдісінің үздіксіздігі;
5)білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқықтық нысандар және меншік нысандары бойынша оқыту, тәрбиелеу және қызымет бағытының әр түрлігі;
6)білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
7)білім берудің құқықтық және экологиялық бағыттануы;
8)білімнің зиялылық сипаты;
9)оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
10)білімнің ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
11)білім жүйесін ақпараттандыру;
12)білімді басқарудың демократиялық , мемілекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту .
Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдістерін жан-жақты қамтиды және мемілекетік тілді дамытуға, тарихи мұраларды жаңғыртуға аса зор мән береді.
Осы орайда ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зертеу нысанамызға алып отырған бастауыш сатыдағы білім беру ісінің азық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделеді.
Қазірге кезде студенттерге болашақ мамандығына сай кәсіби шеберлікті меңгерту басты орын алады. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері үшін тәрбиешілер, бастауыш саты үшін мұғалім даярлауда тәрбиеші тұлғасын қалыптастыру мәселесіне аса зор көңіл бөлу қажет. Себебі, баланың кісілік келбетінің қалыптасуы отбасымен, тәрбиешінің тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. өйткені, тамырын тереңге салмаған шыбықтың өіп-өнбейтіні сияқты, өз халқының рухани негізінен нәр алмаған бала жан-жақты дамыған азамат болып өсе алмайды. Тәрбиеші өзінің бойындағы эстетикалық талғамды, адамгаршілік пен сезімталдықты, шыдамдылық пен бауырмалдықты жетілдіре отырып, жеке басы мәдениетімен бүлдіршін жүрегінде өшпес із қалдырады. Бұрынғы ойшылдарымыз «тәрбиешінің өзі алдымен тәрбиелі болу керек»,-деп тегін айтпаған.
Педагогика, психология ғылымдарының зерттеулері бойынша тәрбиеші тұлғасына қойылатын негізгі талаптар: балаға деген, тәрбиешілік қызметіне деген махаббат, жоғары дамыған интеллект, жалпы мәдениет, адамгаршіліктің жоғары дәрежесі, кең эрудиция, педагогикалық интуиция, тәрбиенің түрлі әдістерін терең әрі кәсіби меңгеру деп көрсетілген. Бұл қасиеттер туа бітпейді. Оның бәрі тәрбиешінің өзін-өзі жетілдіру жолындағы жүйелі іс-әрекетінің, талмас еңбегінің арқасында келеді. Мұғалімдер мен тәрбиешілер көп, ал олардың ішінде қабілеттілер мен таланттылардың саусақпен санарлық болуы да кездейсоқтық емес екені анық. Тәрбиеші тұлғасына қойылатын қосымша талаптарға: әртістік, шеберлік, жақсы талғам және көтерінкі көңіл күй жатады екен. Яғни, негізгі және қосымша талаптардың бірлігі тәрбиеші тұлғасын құрайды. Қоғамдағы қалыптасып жатқан жаңа жағдайлар тәрбие мақсатына жаңаша талаптар қояды. Мұндай талаптар қоғам қажеттілігіне байланысты туатындықтан олардың өзгермелі, уақытша болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Сондықтан, ол талаптарды дәл уақытында әрі нақты анықтау үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
- қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық даму бағыттарын дұрыс бағдарлау,
- қоғам үздіксіз даму үрдісінде болатындықтан осы қоғамда өмір сүруші адамға қандай сапаларды қалыптастырудың керектігін білу;
- ертеңгі күні балабақшадан шығып, мектеп табалдырығын аттайтын балада қандай қаблеттер болуы керек дегенді айқындау.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.
Ол үшін:1) болашақ тәрбиешілердің ұстаздарына яғни педагогикалық колледж оқытушыларында осындай қасиеттердің болуына көңіл бөлу, мән беру қажет;
2) оқу-тәрбие жұмыстары бүгінгі заман талаптарына сай жауап беретіндей болып құрылуы керек;
3) педагогикалық колледждің әрбір оқутышысы болашақ маман –бүгінгі студентіне тұлға, субъект ретінде қарап, оны қоғам дамуынан артта қалмай дамытуы үшін өзі де заман ағымына сай жаңалықтарға ілесіп отыруы тиіс.
Демек, болашақ бастауыш саты мұғалімнің бойында болатын білім, білік, дағды және қарым-қатынас мәдени педагогикалық колледж табалдырығында қалыптасып жүйеленуі тиіс.
Қазіргі бастауыш білім беру бағдарламасында оқу мен тәрбие берудің төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алынады:
- дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
- оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);
- дүние танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми білім, біліктер).
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы – олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге оқу үрдісіндегі баланың маңызды психикалық қызмметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Егер, ана тілі сабағын ізгілік сабағы дейтін болсақ, ондағы барлық материал жеке тұлғанаң рухани құндылықтарын дамытуға бағатталып, оның бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыратындай мазмұнда болуы шарт деп естейміз. Сонда ғана жеке тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасып парасатты азамат болып өсетіні даусыз.
А.Байтұрсынов оқулықтарындағы білім мазмұнын қамтитын мәтіндер мен әңгімелер бастауыш сынып баласының бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Ондағы түрлі танымдық сұрақтар мен тапсырмалар қалыптан тыс ойлауға, өз бетінше жұмысқа, ғылыми көргендікке баулуға және жоғары қиындыққа негізделе құрылғанына көз жеткіземіз. Мәселен, оның 1914 жылы Орынборда жарық көрген «Әліп-биінің»91 бетінде төмендегйдей тапсырмалар бар:
а) Өз бөлмеңнің түгендеушін жаса;
ә) «Ой, мерген-ақ» деген өленді жатқа жаз.
б) мына сөздерді буындап, жатқа жаз:
Мұрынымызды жыбыршытып түшкіртті,
Тамағымызды жыбыршытып жөрткіртті.
в) Мына сөздерден сөз туғыз;
Үлгі: Ұзын-ұзаю Қысқа –қысқару
Аз- Көп –
Суық- Жылы-
Ашық — Жабық-
Биік- Жақын –
Жоғары — Аласа –
Түзу- Төмен –
- Қата оқыған жақ қайта оқиды.
Алты бала одақтасып атбақыл атты
Дала балаларды одақ болды.
Асандар атты. Алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды.
Асандар асық қарыз алды.
Жұмбақ – есептер
1.Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр,
Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.
Барлығы неше мысық отыр?
2.Төлептің төрт ұлы бар,
Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар.
Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?
3.Бір үйдің төрт аты бар еді,
Еркек жаны екі әке, екі ұл еді.
Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде,
Бір ат артық болып шықты. Бұл қалай?
- Мынау қобдишаның ішінде төрт қаламсап бар. Осыны төрт балаға үлестіріп беріңдер. Төрт бала бір-бірден алсын, бірақ бір қаламсап қобдишаның ішінде қалсын.
- Шырпыдан тоғыз тор жасандар. Онан сегіз шырпы алып тастап, басқасын қозғамай қойып, екі көз ғана қалдыру керек. Қай шырпыларды алып тастау керек.
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов оқушыны мезі ететін орынсыз сұрақтар бере бергеннен гөрі, мұғалімнің мәтінді өзі оқып, ішіндегі түсініксіз атауларға сілтеме жасағаны орынды деп санайды. Демек, шәкірттің оқуға ұмтылысының алғашқы сатыларында басы тасқа тиіп, тауы шағылмауын ерекше ескерген. Ғалым сабақ үрдісінде кері байланыстың жүйелі жүзеге асуы қатаң талап еткен, жаңа материалды меңгертуде ауырлық, салмақ түсірмеу, жеңілден ауырға қарай жүру және жалқыдан жалпыға ұстанымдарын қатаң сақтауды ескерген. Оқушыны «тоты» болудан сақтап, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруды көздеген.
Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздың өзіндік ерекшеліктерін қамтыған жаңа буын оқулықтары дүниеге келеді. Бастауыш сатыға арналған ш:Әуелбаев,т.б. «Әліппе», «Ана тілі», Т.Оспанов, т.б. «Математика», Г.Жүнісова, т.б. «Дүниетану», қ.Болатбаев «Бейнелеу өнері», Т.Оралбекова. т.б. «Еңбекке баулу», М.Тұрыскелдина, т.б. «Дене тәрбиесі», т.б. оқулықтарыменқоса әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар, ата-аналарға арналған көмекші құралдар мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, оң нәтиже беруде.
Осы оқулықтардың авторларының пікірлерінен А.Байтұрсыновтың идеяларының жалғасқанын аңғарамыз. Мәселен, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, т.б.әліппе оқулығының ерекшелігі туралы: «Оқулық мазмұны мектепке жаңа келген баланын жас психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялы-кешенді, дамыта оқыту идеяларына құрылған. Оқулықта материалдың берілуі белгілі бір логикалық жүиеге құрылып, дидактиканың басты ұстанымдары ескерілген. Онда дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім беруді көздей отырып, оқушылардың өзін қоршаған ортаны тануға, алғашқы тілдік ұғымдарды меңгеруге, тілдін дамыта отырып сөйлеу дағдылардын жетілдіруге, сонымен бірге, олардың бұрын меңгерген біліміне сүйене отырып жаңа материалды игерулеріне негіз салынған. Оқушының айналадағы дүниемен тұлғалық қарым-қатынас, адамгершілік нормаларын, эстетикалық талғамын қалыптастыру, өзін қоршаған ортаны танып білуге үйретуге қажетті материалдар толық қамтылған»,- дейді.
Ал, К.Жүнісова «Жаңа бастауыш білім мазмұнын тәжірибеге енгізудің кейбір мәселелері» атта мақаласында жаңа буын оқулықтарының мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіреді және дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту кезендегі мұғалімнің әрекетің, рөлін салыстыра отырып, оқушыға деген көзқарастарың да ерекшелігін айқындайды.
Дамыта оқытуды әр оқушы өз ой- пікірі бар тұлға екенін еркін сезініп, өзін еркін ұстап, мұғаліммен ортақ еңбек етуші. Сонымен қатар, осы мақалада: «қазір оқытудың дамытушы технологиясына проблемалық жғдай туғызу, оқу сайысы, оқу тапсырмасын шешу, оқу диалогы, қарама-қарсы ой- пікір қақтығысы (метод коллизма)сияқты әдіс-тәсілдер жатады»- деп атап өтеді.
Тәлім-тәрбиелік мәні зор, өмірлік асыл қазына Ахмет мұрасына жаңаша көзқараспен қарап, оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің бүгінгі күнде маңызы мен мәні өте зор. Қазір А.Байтұрсынов мұралары барлық мектептерде оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуде. Сондықтан осындай жұмыстарды ғылыми негізде ұйымдастырып, бір ізге түсіріп зерттейтін, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ететін кез туды.
Ол үшін педагогикалық колледждің студенттері жаңа буын оқулықтары мазмұнымен таныстыру, сол бойынша сабақ жоспарларын құрғызу, сарамандық жұмыс кезінде, үлгі сабақ беруде өз бетімен іздену, шығармашылық іс-әрекетін дамыту көзделеді. Педагогикалық практика барысында колледж әдіскерлерінің басшылығымен студенттердің шығармашылық- ізденіс жұмыстарына толық мүмкіндік жасалады. Яғни, қала мектептерінің бастауыш сыныптарында студенттер әліппе бойынша сабақ беруде А.Байтұрсынов әліппелеріндегі дидактикалық материалдар іріктеліп қосымша тапсырмалар ретінде пайдаланады. Мысалы.
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануар. Аңдар.
Сабақтың мақсаты: 1. Жабайы жануарлар мен аңдар туралы түсінік беру.
- Жануарлар мен аңдарды қорғау, сүюге тәрбиелеу.
- Жабайы жануарлар дүниесі туралы танымдардын кеңейту, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: — Жабайы жануарлардың суреттері.
Олар туралы шыққан кітаптар.
Сабақты өтуге пайдаланылған әдебиеттер:
- Байтұрсынов А. «Әліппе»А. «Рауан»1998.
- Әуелбаев Ш. «Әліппе» А. «Ата мұра» 1998.
Сабақтың әдістері: Сұрау, баяндау, түсіндіру, әңгіме, көрнекілік.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
І . Ұйымдастыру кезең. «Қоян мен қасқыр» атты әңгімені айтып беріп, төмендегідей сұрақтар қою арқылы әңгіме мазмұны талданды.
- Үй жануары мен жабайы аңдардың бір-бірінен айырмашылығы не?
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Жабайы аңдарға нелер жатады?
- Олар қайда мекендейді?
- Олар немен қоректенеді?
Сабақтың мазмұны:
Жабайы аңдардың тиін, арқар, елік, бұғы, жираф, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс суреттерін көрсетіп, олардың тіршілігімен таныстыру. Жаңа сабақты меңгерту барысында А.Байтұрсыновтың 1998 жылы «Рауан» баспасынан жарық көрген «Әліппе» оқулығындағы «Үй жануарлары» мен «Жабайы аңдар» тақырыбы қосымша материал ретінде пайдалынылады.
Мұғалім жаңа сабақты бекіту кезеңінде оқушылардың сабаққа белсенді қатысуынан олардың қызығушылықтарының артқанын байқады. Сабақты қорытындылау барысында оқушылардың «Жабайы аңдар» туралы білім деңгейінің бастапқы кезеңге қарағанда бекіту кезеңінде біршама көтерілгенін төмендегі кестеден көруге болады.
р/с |
Кезеңдер |
Оқушы саны |
Сұрақ саны |
Дұрыс жауап |
Жартылай дұрыс |
Дұрыс емес жауап |
1 |
Бастапқы кезеңі |
25 |
5 |
6 |
5 |
14 |
2 |
Дамыту кезеңі |
25 |
5 |
12 |
6 |
7 |
3 |
Бекіту кезеңі |
25 |
5 |
15 |
8 |
2 |
3- сыныпта қазақ тілінің оқу бағдарламасындағы «сан есім» сөз табын барысында оқушылардың А.Байтұрсынов негізін салған сан есім сөз табын меңгертудің мүмкіндіктерін қарастырдық.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: 1.Сан есімдерді айыруға дағдыландыру һәм санау. «Сан есім» атты пән сөзін ғалым А.Байтұрсыновтың еңбегі арқылы танту;
- Оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу;
- Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;
Көрнекілігі: ереже жазылған плакат, «Бәйге аттары», «Қыз қуу», «Көкпар», «Қазақша күрес» суреттері, үлестірілмелі суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік, тест.
Түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика пәндерімен.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ –жауап әдісімен өткен сабақты қорытындылап өту.
ІІІ. Жаңа материалды баяндау.
-Балалар, біз 2-сыныпта қанша? неше? нешінші?сұрақтарына жауап беретін сөздер нені білдіреді деп айтып едік?
— Дұрыс. Еңді мына суреттерге назар аударайық.
1) Суретке қарап сөйлем құрату.
-Бәйге аттары қанша шақырымға жарысып кетті?
-Бәйге аттары он бес шақырымға жарысып кетті.
-Қыз-жігіттер қыз қууға нешеден дайындалып тұр?
-Екі-екіден.
-Көкпарға қанша аттылар таласуда?
-Көкпарға жиырма-отыздай адам таласуда.
-Нешінші жұптағы балуан күшті болады?
-Бесінші шыққан балуан күшіне жұрт риза болды.
-Бүгін біз танысатын сөз табы-сан есім (ережесімен таныстыру).
Кей сөздер нәрсенің санын атайды.Мәселен: бір,екі, үш, төрт, бес, он, он бес, жиырма,отыз, бір жүз, мың.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? Немесе қанша? деп сұраймыз.Нәрсенің дәл санын білу үшін сұрағанда неше? деп сұраймыз.Мәселен: « Неше кісі келеді?» — «Үш кісі келеді».
Нәрсенің дәл санын білу үшін емес, шамасын ғана білу үшін сұрағанда қанша? деп сұраймыз. Мәселен: «Қанша күн жүресің?»- «Үш-төрт күн жүремін?» Нәрсенің ретін білуді сұрағанда нешінші? Деп сұраймыз. Мәселен: «Ол нешінші қатарда отырады?»- «бірінші қатарда отырады».
Әр партаға бір тапсырма беріледі.( Мысалы: мысық,қораз, тауықтар). Тапсырма бойынша қатар отырған екі оқушының біреуі «мысық» сөзіне сын есімді(тарғыл мысық) қосып, екіншісі сан есімді (алты мысық) қосып айтуы тиіс.
VIII. Көру диктанты.
Қырға беттеп бара жатыр балалар,
Жетегінде бір-бір шағын шана бар.
(сан есімді тауып сұрақ қою).
ІХ.Тест.
1.Сан есімнің астын сыз.
Бор, жеті, алма, он, жиырма, бес, отыз, алпыс, қызыл, қуанды, жетпіс.
2.Төмендегі сөздерден сан есімнің астын сызып көрсет.
«Жеті атасын білмеген –жетімдіктердің салдары.»
«Екі рудан би болса, төбедегіні алар.» «Алтау ала болса, ауыздағы кетер.»
3.Сан есім сұрақтарының астын сыз:
кім? қандай? қанша? қайтеді? неше? неғылды? нелер? несінші? нешеу? қай?
4.Қанша? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз:
екі торғай, бір кісі, үш-төрт күн, қызыл алма, екі жүздей кісі, жиырма шақты үй, көк орамал.
5.Неше? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз:
төрт түйе, бес ат, жиырма төрт тиын, ақ орамал, он шақты кісі, он балық.
Х.Сабақты қортыу. Ережені бекіту.
ХІ.Үйге тапсырма. Бағалау /181/.
Жаңа материялды пысықтау және қортындылау барысындағы оқушылардың белсенділігінен олардың материалды толық менгергенін байқадық .
Сонымен қатар, осы 3 сыныптағы «Етістік» тақырыбын өту кезінде де бұл сөзтабын А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» еңбегін қосымша пайдалана отырып таныту мақсаты алға қойылды.
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты: Етістіктің іс-қимылды білдіретінін түсіндіру. Алған білімі бойынша етістік сөздерді айыруға дағдыландыру. «Етістік» терминін қазақ тіліне ең алғаш енгізіп, түсінік берген Ахмет Байтұрсынов екенін оқушыларға ұғындыру. Оқушыларды А.Байтұрсынов еңбегін таныту арқылы халқын, жерін, тілін сүюге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды сұраққа дәл, айқын жауап беруге дағдыландыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, индуктивтік, баяндау, тест.
Түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: ана тілі, әдебиет.
Көрнекілігі: етістікке байланысты сурет, ереже жазылған плакат, А.Байтұрсынов портреті, жылжымалы тақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақты қорытындылау.
ІІІ. Жаңа материал.
Тақтаға суреттер іледі.
- Өздеріне сұрақ қойғызу.
- Суретке байланысты сұрақ қойып, жауап іздеу.
- Ережемен танысу.
Кей сөздер заттың істейтін ісін білдіреді. Мәселен, арт, тарт, ал, ұр, тара, жап, жу, көр, өлше. Мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не істеді? Қайтты? Неғылды?сұрауларына жауап береді. Яғни, етістік дегеніміз-заттардың еткен-етпеген істерін көрсететін сөздер. Мысалы: Бұлт торлады. Күн жауды. Су тасыды. Бұлт торламады. Күн жаумыды. Су тасымады дейміз. Бұлт, күн, су – заттар. «Торлады», «жауды», «тасыды» деген сөздер болған істерді көрсетеді. «Торламады», «жаумады», «тасымады» деген сөздер болмаған істерді көрсетеді. Бұл сөздер етістік болады. Қой маңырайды. «Қой не істейді? — маңырайды».
Балалар, бұл «етістік» деген пән сөзін ең алғаш тілімізге енгізген, ережесін берген атамыз-Ахмет Байтұрсынов. Ахмет ата «Тіл құрал» деген еңбегінде етістікті осылай түсіндіреді.
- Сөйлем ішінен етістікті табуға дағдыландыру (Жылжымалы тақтамен жұмыс).
- Ұялмаған өлеңші болар, ерінбеген етікші болар.
- Жер таусыз болмайды, ел дауысыз болмайды.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- V. Кітаппен жұмыс.
300-жаттығу. Сөйлемді оқып не істеді? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді табу.
- Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
301-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
VIII. Терме диктант.
Гүлнұр шашын тарады. Біржан таңертең ертемен оянды.
Күн шұғыласын шашып тұр. Жаңбыр сіркіреп тұр. Апам кір жуды. Гүлдана үй ішін мұнтаздай етіп жинады.
ХІ. Өз бетінше жұмыс.
«Етістік» тақырыбынан алған білімдерін тест әдісі бойынша сынау.
- Етістіктің астын сыз:
Қызыл, тартты, ағаш, таста, төк, жапырақ, бес, секір, қуанды, жүгірді.
- Етістіктің сұрақтарын тауып, астын сыз:
Кім? Қайтті? Қанша? не? Не істеді? Неғылды? қай?
- Етістік сөздердің астын сыз:
Күн жазға айналып, ет азға айналды.
Сай сайға құяды, бай байға құяды.
Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады.
- Не істеді? Деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сыз:
Ораз кітап оқыды. Үйлер көрінді. Атай егін суарды. Жылқы кісінеді. Аян орындық жасады.
Сонымен, А.Байтұрсынов мұраларын бүгінгі жаңа буын оқулықтары мазмүнымен байланыстыра отырып сабақ берудегі мақсатымыз- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және бастауыш сыныптан бастап оларды ғалымның тіл ғылымындағы еңбегімен таныстыру.
Педагогикалық колледждің студенттерімен жүргізілген сауалдамадағы «А.Байтұрсынов мұраларын бастауыш сыныпта пайдалануға болама ма?» — деген сұраққа 81% студенттер А.Байтұрсынов мұраларын болашақ маман өзі терең, әрі жан-жақты меңгерген жағдайда болады деп жауап береді.
Сонымен қарат, А.Байтұрсыновтың бастауыш сынып мұғалімдерін дайрлауға байланысты педагогикалық ой-пікірлері П.Е.Решетников, С.Л.Рубинштейн, И.Ф.Харламов, В.П.Горленко, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Р.М.Қоянбаев және т.б.ғылыми зерттеу еңбектерімен, ой-тұжырымдарымен ұштастырыла отырып қарастырылады.
Сонымен қорыта келгенде, А.Байтұрсынов пен қазіргі философ-педагог ғалымдарымыздың идеяларын ұштастыра жүргізген топты моделдеу нәтижесін және бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талаптарды негізге ала отырып,болашақ бастауыш сынып мұғалімі төмендегі талаптарға сай болуы айқындалады:
1)Гуманитарлық және әлеументтік-эканомикалық ғылымның негізгі базалық қағидаларымен терең таныс болуы, сонымен бірге сол ғылымдардың негізгі әдістермен және түрлі кәсіптік әрекет-әдістерін өзінің кәсіби қызметінде тиімді қолдана білуі қажет;
2) Қазақстан Республикасының Ата Заңын, этикалық және құқықтық нормаларды, адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасын реттей алуы, қарым-қатынасты жетік білуі, экономикалық-әлеуметтік, саяси міндеттерді шешуде оларды өз құзыры шегінде есепке ала білуі;
3) ойлау мәдениетін меңгеру, оның нәтижесін жазбаша және ауызша түрде логикаға сай жеткізуге қабіллеті болуы;
4) шет тілдері лексикалық минимумын меңгеруі, оны терең-детуге және шет тілді ортада кәсіби қызметін іске асыра білуі;
5) ғылым, техника және әлеуметтік-саяси жағдайда қазіргі білім беру технологиясын тиімді пайдалана білуге, жаңа білімдермен қарулануға қабілетті болуы;
6) ақыл-ой және дене тәрбиесін шындайтын біліктерді меңгеру қажет;
7) кәсіби іс-әрекетін жан-жақты саралай білуі, өз мамандығының әлеуметтік маңызын, мәнін терең түсіне білуі;
8) өз еңбегін ғылыми негізде құра білуі, кәсіби ауқымда қолданылатын хабарларды өңдеуді, сақтауды компьютерлік әдіспен жинақтауды білуі қажет;
9) кәсіби қызметінің ерекшеліктері мен түрлерін түзетуге психологиялық және әдістемелік жағынан дайын болуы тиіс.
10) Қазіргі кезде мамандарды даярлау қойылатын талаптардың негізгісі: түлектің тұлғалық көрсеткіштерін жан-жақты өрістету және өз кәсібіне сай еңбек ету қабілетін көтеру, оған қажетті білім мен білік, дағдылармен терең қаруландыру болып табылады;
11) педагогика, психология ғылымының жетістіктерін терең меңгеріп және ұлттық педагогика мен психология ғылымдарының ерекшеліктеріне сәйкестендіре білуі қажет.
Бұл талаптардың орындалуы түлектің біліктілігі үшін міндетті болып табылады. Осы талаптарды ескере келе, болашақ қазақ бастауыш сынып мұғалімінің моделі құрастырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазірге кезде студенттерге болашақ мамандығына сай кәсіби шеберлікті меңгерту басты орын алады. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері үшін тәрбиешілер, бастауыш саты үшін мұғалім даярлауда тәрбиеші тұлғасын қалыптастыру мәселесіне аса зор көңіл бөлу қажет. Себебі, баланың кісілік келбетінің қалыптасуы отбасымен, тәрбиешінің тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. өйткені, тамырын тереңге салмаған шыбықтың өіп-өнбейтіні сияқты, өз халқының рухани негізінен нәр алмаған бала жан-жақты дамыған азамат болып өсе алмайды. Тәрбиеші өзінің бойындағы эстетикалық талғамды, адамгаршілік пен сезімталдықты, шыдамдылық пен бауырмалдықты жетілдіре отырып, жеке басы мәдениетімен бүлдіршін жүрегінде өшпес із қалдырады. Бұрынғы ойшылдарымыз «тәрбиешінің өзі алдымен тәрбиелі болу керек»,-деп тегін айтпаған. Педагогика, психология ғылымдарының зерттеулері бойынша тәрбиеші тұлғасына қойылатын негізгі талаптар: балаға деген, тәрбиешілік қызметіне деген махаббат, жоғары дамыған интеллект, жалпы мәдениет, адамгаршіліктің жоғары дәрежесі, кең эрудиция, педагогикалық интуиция, тәрбиенің түрлі әдістерін терең әрі кәсіби меңгеру деп көрсетілген. Бұл қасиеттер туа бітпейді. Оның бәрі тәрбиешінің өзін-өзі жетілдіру жолындағы жүйелі іс-әрекетінің, талмас еңбегінің арқасында келеді. Мұғалімдер мен тәрбиешілер көп, ал олардың ішінде қабілеттілер мен таланттылардың саусақпен санарлық болуы да кездейсоқтық емес екені анық. Тәрбиеші тұлғасына қойылатын қосымша талаптарға: әртістік, шеберлік, жақсы талғам және көтерінкі көңіл күй жатады екен. Яғни, негізгі және қосымша талаптардың бірлігі тәрбиеші тұлғасын құрайды. Қоғамдағы қалыптасып жатқан жаңа жағдайлар тәрбие мақсатына жаңаша талаптар қояды. Мұндай талаптар қоғам қажеттілігіне байланысты туатындықтан олардың өзгермелі, уақытша болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Демек, болашақ бастауыш саты мұғалімінің бойында болатын білім, білік, дағды және қарым-қатынас мәдени педагогикалық колледж табалдырығында қалыптасып жүйеленуі тиіс.
Қазіргі бастауыш білім беру бағдарламасында оқу мен тәрбие берудің төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алынады:
- дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
- оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);
- дүние танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми білім, біліктер).
А.Байтұрсыновтың 1914 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Әліппесінде» ұлттық тіліміз бен дініміздің бай мұралары оқушының жас ерекшелігіне байланысты айқын таңдалып берілген. Онда мақал-мәтел, жаңылтпаш, жер-су, үй хайуанаттары, ыдыс-аяқ атаулары өте қызықты әрі балаға түсінікті тілмен берілген. Осы Әліппе 1928 жылы Қызылорда қаласында толықтырылып қайта өңделіп басылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы – олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге оқу үрдісіндегі баланың маңызды психикалық қызмметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Егер, ана тілі сабағын ізгілік сабағы дейтін болсақ, ондағы барлық материал жеке тұлғанаң рухани құндылықтарын дамытуға бағатталып, оның бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыратындай мазмұнда болуы шарт деп естейміз. Сонда ғана жеке тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасып парасатты азамат болып өсетіні даусыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдасы.
/Егемен Қазақстан, 7 тамыз,1996. (3).
- Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде. – Алматы: ПО. Кітап, 1993.-32 б.(4)
- Кекілбаев Ә.Ұстаз / Қазақ әдебиеті, 16 қазан, 1998.(4-5)
- Қыдыршаев А.АБайтұрсыновтың әдістемелік мұралары. П.Ғ.К.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты.-Алматы, 1997.-25б.
- Үсембаева Р.Б. А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу. П.Ғ.К. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясының авторефераты. –Тараз: 1999.-24б.
- Жарықбаев Қ.,Қалиев С.Қазақстан тәлімі- тәрбиесі.-Алматы: Санат,-1995.-350б. (3,-314-316)
- Жарықбаев Қ.,Қалиев С.Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы. ІІ т.-Алматы: Рауан, 1995ж-319б (173-209)
- ҚР Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 48 б.
- Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. — 296 б.
- Құнанбаев А. Шығармалар жинағы (том) — Алматы: Ғылым, 1977. — 454 б.
- Кекілбайұлы Ә. Тәуелсіздік толғауы.-/Егемен Қазақстан, 2001.–23 ақпан – 2-4 б.
- Бағдарлама білім сапасын арттыруды көздейді. — / Егемен Қазақстан, 2000.- 4 қазан. – 2 б.
- Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 съезі. — //Қазақстан жоғары мектебі, — 2001. – 2-8 б.
- Төреқұлов Н. Қазақтың 100 би-шешені. – Алматы: Алтын адам, 1994.-250б.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. – Алматы: Білім, 1997. – 170 б.
- Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 512 б.
- Қорқыт ата кітабы. Аударған Ә.Дербісәлиев. – Алматы: Қазақстан, 1993.-64 б.
- Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 192 б.
- Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
- Дулати М.Х. Тарихи и Рашиди. /История Рашида/ Материалы по истории.
- Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. – Алматы: Комплекс, 2000. – 379 б.
- Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 395 б.
- Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы. Ғылым, 1995. – 195 б.
- Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар.- Алматы: Жалын, 1991.- 238 б.
- Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ (Ежелгі грек философиясы туралы ой-толғаулар). – Алматы: Қазақ университеті, 1992.-153 б.
- Баймұхан Б. Наубетке ұшыраған тілші әдебиет. – 2 том. – 170 б.
- Адамгершілік сабақтары. – Алматы, 2001. – 141 б.
- Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 80 б.
- Құнанбаев А. Шығармалар. Екі томдық. – Алматы: Жалын, 1995. — 560 б.
- ҚалиевС. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы: Білім, 2001. – 224 б.
- Байтұрсынов А. Оқу жайы. Әлем (Қоғамдық-саяси альманах. Бас редактор Сейдімбеков А.). – Алматы: Жазушы, 1991. – 496 б.
- Құнанбаев А. Қара сөздері. – Алматы: Ғылым, 1993. – 258 б.
- Құдайбердиев Ш. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1988. – 561 б.
- Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
- Байтұрсынов А. Жан сезімді кім түсінер.–Алматы: Қазақстан, 1994.–112 б.
- Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. (4 том) – Алматы: Ғылым, 1998. – 446 б.