Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы (ноябр., 1835-апрель, 1865)- қазақ ғылыми, ориенталист, тарихшы, этногроф, географ, фольклорист, ағартушы-демократ.Ол Құсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай обл.) туды.Шоқан 12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқып, мұсылманша хат таныды. Ол осында жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуды, түсінуді үйренді.Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырын жазып алған. Шығыс тілдерінен араб, парсы тілін, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерді. 1847 жылдың күзінде Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына оқуға берді.Бұл Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналатын.Кадет корпусының оқушылары әскери пәннен басқа географиядан,тарихтан( Россия тарихы мен жалпы тарих), орыс және бат. әдебиетінен , философия енгізінен, зоология және ботаникадан, физикадан, құрылыс пен архитектура негізінен білім алды. Оқу мерзімі 8 жыл болатын. Мұндағы тәрбиелеушілер рота және эскадронға бөлінді.Ротаға ірі чиновниктер мен жоғары шенді офицерлердің, ал эскадрондарға қазақ балалары алды.
Осында Шоқан Оңт. Сібір, Байкал, Алтайды, Орал,, Еділ, Каспий, алабын зерттенген П.С.Палластың «Саяхаты», Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен ътногр. Жазған П.И.Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне қолжазбалармен танысып, оларды қызыға оқыды. Сол кездегі озық ойлы, алдыңғы қатарлы адамдармен қарым-қатынас жасады.Эскандрондағы оқу барысында кейіннен Азияны зерттеуші, белгілі географ ғалым болған Г.Н.Потанинмен достасты. Шығысты зерттеуші С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Померанцевпен, білімді офицер К.К.Гутковскиймен,орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист Н.Ф.Костылецкиймен, мәдениет таихынан сабақ берген айдаудағы ғалым Гонсевскиймен, әдебиетші В.П.Лободосвскиймен (Н.Г.Чернышевскийдің досы, идеялас әріптесі) ғалым И.Н.Березинмен араласып тұрды. Березиннің (Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің шығармасы «Жами ат-тауарих») аудармасына талдау жасады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. Полицияның қатаң бақылауында болған атақты жазушы Ф.М.Достоевскиймен, оның досы, патша өкіметіне қарсы күресуші С.Ф.Дуровпен танысты. 1853 ж.кадет корпусын бітірген Шоқан Сібір қазақ-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. Онда оның ерекше қабілетін байқаған Бат. Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында қасында болды. «…Қырғыздардың тілі мен әдет-ғұрыптарын жете білетінін корнет сұлтан Уәлиханов,әскери қызмет ете бастағанына 2 жыл өтпей жатып мені даламен алып жүргенде үлкен пайдасы тиді… мен Уәлихановты жоғары дәрежелі наградаға ұсынуды қажет деп санаймын, оның үстіне ол қырғыздар арасында да ерекше сыйлы екен»,-деп жазды генерал-губернатор Г.Х.Гасфорт. 1855ж. К.К.Гутковскийдің экспедициясымен Капалда болып, қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады. 1856 жылдың көктемінде Семенов Тян-Шанскиймен танысты. Бұл кездесуде Семенов Тян-Шанский болашақ Шығыс зерттеушісіне бағыт беріп, оның ғылыми жұмыстарына ықпал жасады. Осы жылы У. 2 экспедицияға ( бірі Алакөлден Орт. Тянь-Шаньмен Ыстықкөлге;екіншісі дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға) қатысты.1857 ж. Іле Алатауы қырғыздарына тағы да сапарға шығып, көшпелі халық арасында болғанда олардың өмірі мен әдет-ғұрпын, тарихын, этногр. Мен ауыз әдебиетін терең зерттеді. Осы жолы ол қырғыз халқының эпосы «Манасты» жазып алды. Көрші халықтардың тарихын зерттеу Уәлихановқа өз халқының көне және орта ғасырлық тарихындағы көмескі жәйлерді анықтауға көмектесті. Ол
Қазақтың оңт. аймақтарымен тығыз байланысты болған Қоқан хандығының экономикалық-саяси және әлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп, ол жайлы «Қоқан хандығы туралы жазба» деген белгілі еңбегінқалдырды. Алғашқы экспедиция кезінде Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасын, осы өңінлерден табылған көне қалалардың қалдығын, эпиграфикалар мен балбал тастарды зерттеді. Ыстыкөлдің картасын жасауға қатысты. Осында жинаған материалдарын терең талдап, қорыту арқылы «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» дейтін тарихи-этногр. шығармалар жазды. Бұл еңбектерінде де Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстігінде орта ғасырда отырықшылық кең тарағаны, әсіресе, Іле жазығында, Алмалық, Алмату (Верный бекінісінің орны) қалалары Генуя саудагерлері мен қыпшақ елшілеріне ұлы хандыққа апаратын үлкен жолдың бойында бекет міндетін атқарып, бүкіл сауда әлеміне белгілі болғандығы туралы баяндады. Ыстықкөлге жасаған экспедициясында Уәлиханов ғылыми мәліметтермен қатар тарихи, этногр. Мәні бар көне дүние үлгілерінен үлкен коллекция жинады. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс география қоғамының назарын аударып, 1857ж. 27 февральда ол қоғамға мүшелікке алынды. Уәлихановтың 1858 ж. Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа кезең болды. 13 ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 ж. саяхатшы Геос қана болған жат өлкеге сапар шегіп, ол жайлы «Алты шаһардың немесе Қытацдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұқараның ) шығыстағы алты қаласының жайы» деп аталатын тамашаеңбек жазды. Алты шаһар деп солтүстігінен Тянь-шань, оңтүстігінен Кунь-Лунь таулары қоршап тұрған Қашғарияның Ақсу, Учтұрфан, Жаркент, Хотан қалалары аталатын. Осы бейтаныс елдің экономик., саяси құрылысы, халықтарының тарихы мен этнографиясы, географиясы жөнінде құнды мәліметтер берілді. Бұл Уәлихановтың ғылыми мұраларының ішіндегі ең ірісі, Шығ. Түркістан тарихы жөнінде жазылғантұңғыш ғылыми еңбек еді. Ол Россия мен одан тыс елдердегі ғылым әлемінің назарын бірден өзіне аударды. Еңбекті Россия мен шетелдік шығ. Зерттеушілері жоғары бағалады. Ол 1865 ж.Лондонда «Орыстар Орталық Азияда» деген атпен ағылшын тіліне аударылып басылды. Оны Орта Азия мен Шығ. Түркістанды зерттеуші географ, тарихшылар мен әскери, саяси мемлекет қайраткерлері өздерінің жұмыстарында кең пайдаланды. Оның бірқатар еңбектері кейін неміс, француз тілдеріне де аударылды. Сапардың ауыр жағдайы, жол бойындағы ауыртпалықтар жас ғалымның денсаулығына әсер етпей қалмайды. Елге қайтқан соң Уәлиханов ауырып қалды. 1860 ж. ол Әскери министрліктің шақыруыбойынша Петербургке келді. Мұнда ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өмірін зерттеуші үлкен ғалым, саяхатшы ретінде қабылданып, орденмен наградталды, поручик шеніне жоғарылатылды. Петербургте Уәлихановтың белгілі жазушылар, сыншылар мен ақындар арасындағы таныстық шеңбері кеңейе түсті. Оның петербургтік достарының арасында ақындар А.Н.Майков, Я.П.Полонский, «Земля иволя» қоғамының мүшелері, Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың идеялас әріптестері, ағайынды В.С. және Н.С.ККурочкиндер болды. Петербургте Шоқанға ғылыми ортаның өкілдері: «Записки Русского географического общества» журналының редакторы, проф. А.Н.Бекетов, шығысты зерттеуші, дипломат және публицист Е.П.Ковалевский, Ф.Р.Остен-Сакен, Петербург ун-тінің проф., Қүлжада консул болған И.И.Захаров, белгілі ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев, В.Н.Васильев, В.В.Вельяминовтың тұңғыш ғалымы және ағартушысының сана –сезімін байытып, рев. Ахуал кезеңіндегі Россияның қоғамдық өміріндегі оқиғалардытүсінуге көмектесті. «Современник», «Русское слово», «Эпоха», «Отечественные записки», «Время» т.б. да әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналдарды оқу Уәлихановқадемокр. Көзқарасын айқындай түсуіне септігін тигізді. Уәлиханов осында жүріп бірнеше мекемелерде-бас штабтың әскери есеп комитетінде, Азия департаменті мен География қоғамында қатар жұмыс істеді. Орта Азия мен Шығ. Түркістанның картасын, « Балқашкөлі мен Алатау жотасы аралығының картасын», «Іле сырты өлкесі батыс бөлігінің рекогносцировкасын», «Құлжа қаласының жобасын», «Ыстықкөл экспедициясының қортындысына қосымша картаны», «Қытай империясы батыс өлкесінің картасын» жасауға, К.Риттердің еңбектерін басппға әзіплеуге ат салысты, энциклопедиялық басылымдарға қатысуға (мұнда алғаш рет оның «Абылай» деп аталатын белгілі мақаласы жарияланды), шығ.қолжазбаларын зерттеуге, Орыс география қоғамында Шығыс тарихы бойынша лекциялар оқуға уақыт бөлді. Белгілі қоғам қайраткері Н.М. Ядринцев: «Петербургте мен Шоқан Уәлихановпен даңқы дүрілдеп тұрған офицер кезінде кездестім…, мен оны көне шығыс қолжазба, қатарларымен жұмыс үстінде көріп жүрдім»,- деп есіне алды. Петербургтің дымқыл ауа-райы Уәлихановтың денсаулығына кері әсер етті, оның өкпе ауруына ушықтырды. 1861 жылдың көктемінде науқасы меңдей түсті. Нева жағаулауларын тастап, туған жерге оралып, қымызбен емделу қажет болды.Омбыға көшіп келген соң Шоқан үкіметтің дала халқын басқару жөніндегі іс-шараларынаараласып, бірқатар практикалық ұсыныстар енгізді. Ол өзінің негізгі ойларын енгізді. Ол өзінің негізгі ойларын үкімет атына жазылған «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы жазба» деп аталатын бірқатар еңбектерінде білдірді. 1864 Қоқан хандығының езгісіндегі Оңт.Қазақстанның территориясын Россияға қосуды мақсат еткен М.Г.Черняевтің экспедициясынам қатысты.Оның 1864 жылдың оқиғаларынан бұрын жазылып, аяқталмай қалған «Қоқан хандығы туралы жазба» деген еңбегінде осы жайлы айтылатын. Экспедиция Уәлихановтың қатысуымен қазақ далсына қоқандықтар салған бірнеше бекініс орындарын Әулиеатаны алды. Шоқан бас командованиеде штабс- ротмистер шнінде тілмаш болып қызмет атқарып, орыс өкіметі мен жергілікті халық арасында достық қарым-қатынастың орнауына, қазақтар мен қырғыздар арасындағы жайылымға байланысты тартыс- таластың әділ шешілуіне ықпал етті. Бұл қызметте ұзақ уақыт істеген жоқ, М.Г.Черняевтің қан құйлы қаталдығына байланысты 1864 жылдың жазында отрядты тастап, Верныйға, кейін аға сұлтан Тезек төренің ауылына барды. Ол 1865 жылдың апрелінде Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған деген жердегі Тезек ауылында қайтыс болады. Өзінің қысқа ғана өмірінде артына қалдырған ғылыми еңбектері Уәлихановты Россияның көрнекті ағартушы- демократтарымен бір қатарға қояды. Оның еңбектері қазақ пен орыс халықтарының достығын нығайтуда маңызды роль атқарды. Уәлиханов қазақ, қырғыз халықтарының қалыптасу процесін зерттеуге үлкен еңбек сіңірді. Шоқанның сол кездегі қырғыз бен қазақ халықтарының арасындағы айырмашылықты көрмеген Шығыс зерттеушілерінен (А.Гумбольдт, К.Риттер т.б.)өзгешілігі сол, ол еңбектерінде бұл екі халықтың этникалық құрамы, әлеуметтік-экономикалық құрылысы, тілі, шығу тегі, әдеп-ғұрыптары жағынан екі бөлек халық екенін дәлелдеп көрсетті. Қазақтардың халық ретінде қалыптасуына ұзақ та шиеленіскен процесс әсер еткенін сөз етті. Біртұтас халық болып қалып тасуға кедергі болған жайлардан ол ішкі өзара қырқысу кезеңін айтады. Қазақ қоғамын құруға тайпалар жеке емес, топтасып күш салды. Қазақ ұлтының этникалық құрамына кірген тайпалар әр түрлі болғанымен, оларды біріктірген ортақ белгі- қасиеттер болды. Бәрі дерлік негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналасып, кейбір диалектілік өзгешіліктері болмаса, бір тілде сөйледі, қоғамдық қарым-қатынастарды бірдей әлеуметтік жағдайда өмір сүрді деп көрсетті ол. Шоқан қазақ халқының Ұлы, Орта және Кіші жүзге бірігуін осы «ұлт болып қалыптаса бастау» кезеңіне жатқызады. Әр жүздің құрамына кіретін тайпаларды жүйелеп көрсетіп берді. Оның қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі мен тайпалардың этникалық құрамы жөніндегі ғылыми тұжырымдарының дұрыстығын совет тарихшылары Ә.Х. Марғұланның, Х.М.Әділгереевтің , С.К. Ибрагимовтың т.б. зерттеулер толық дәлелдеп шықты. Шоқанның «Професор И.Н.Березинге хат» және «Профессор Й.Н.Березиннің «Хан жарлығы» кітабын оқу кезінде түсірілген жазбалар» деп аталатын бұдан басқа да еңбектері қазақ халқының тарихына байланысты терең және жан-жақты зерттеу жүргізгенін көрсетті.Шоқанды нағыз тарихшы ретінде танытатын басты қасиет- ол бұқара халық тарихты, тарихи процесторді жасаушы деп түсінді. Ол тарихты халық жасайтынын өз еңбектерінде нақты мысалдармен көрсетуге тырысты. Оның «Сот реформасы туралы жазба «, «Қоқан хандығы туралы жазба», «Көшпелі қырғыздар туралы» және басқа да осы сияқты еңбектері осының ацғағы. Қанушылардың зорлық- зомбылығына, қорлап, күш көрсетуіне қарсылық білдірген ол үкіметтен халық бұқарасының жағдайын жақсартуды тілектеріне көңіл бөлуді талап етті. «… үкіметке сұлтан емес халық қажет»,-деп жазды ол. Халық бұқарасының мүддесінкөздеген ол Орта Азия халықтарының прогресті жолмен дамуындағы бірден-бір дұрыс жол олардың Россияға қосылуы деп санады. Халықтың өздерінің хандары мен билеушілерінің езгісінде қалып, орта азиялық феодализм жағдайында өмір сүргеннен гөрі, Россияға қосылып, озат экономика мен мәдениеттен үйренуі тиімді деп санады. «Азиаттылық» үстемдік еткен Орта Азия да, Қытай да емес, қазақтардың экономикасы мен тұрмысына, мәдениетінің өсуіне тек Россия ғана қолайлы жағдай туғыза алатынына ол сенді.Уәлиханов зерттеулерінің құндылығы сонда, ол Орта Азиялық мемлекеттер жайлы көргендері менестігендерін жәй жаза салмай, бұл мемлекеттердің экономика жағынан артта қалу себептеріне талдау жасады. Ол экономиканың әлсіздігін нашарлығы саяси басқарудың ескіргендігіне, хандық билікке байланысты екендігін көрсетті. Шоқан хандық өкіметті басқарудың жаңа түрімен алмастырудың тарихи қажеттілігін түсінді, дегенмен де ағартушы ғалым Орта Азиядағы үстемдік етуші құрылысты түбегейлі өзгертуқажеттігінің байыбына жете алмады. Қадырғали Жалаиридің «Жами ат-тауарих» еңбегінің И.Н.Березин жасаған аудармасына Уәлиханов түзетулер енгізіп, шығ. сөздерінің лұғатын, «Шайбанинама», «Шежре-и түрік» Әбілғазы еңбектерінің негізінде тарихи мәні зор «Қазақтың шеңіресі» деген еңбек жазды. «Бабырнама», «Тарих-и-Рашидиден» өз шығармаларына деректералды. Оның «Жоңғария очерктері», «Құлжа сапарының күнделігі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Көкетай ханның асы» сияқты туындыларының маңызы ерекше. «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қарау-жарақ, сауыт-саймандары», «Қазақтағы шаман дінінің сарқыншақтары», «Қазақтың көші-қоны» секілді еңбектері қазақтың тарихы мен этнографиясына, әлеуметтік саяси өмір, тіршілігіне арналды. Ал «Қазақтың халықпоэмасының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз-ертегілері», «18 ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» тәрізді шығармаларында қазақ ауыз әдебиетінің теориялық мәселелерін қозғады. Орыстың шығыс зерттеушілері- ұлы ғалым, белгілі географ, саяхатшы Семенов Тян-Шанский, И.В.Мушкетов, Н.А. Аристов, М.И.Венюков, этнографтар Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев және Е.П.Ковалевскийлер Уәлихановтың ғалымға сіңірген еңбегін жоғары бағалады.
Шоқан қайтыс болғаннан кейін Алтынемелде қабірінің басына күйген кірпіштен күмбез салынды. Арх. П.Зенковтың жобасы бойынша оған мәрмәр тас қойылды. Онда «Бұл араға 1865 жылы қайтыс болған штабс-ротмистр Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов жерленген.Түркістан генерал-губернаторы Кауфман I-нің тілегі бойынша Уәлихановтың ғылымға сіңірген еңбегі үшін осы ескерткішті 1881 ж. генерал-лейтенант Колпаковский қойған» деген жазулар бар еді. 1958 ж. Уәлихановтың Алтынемелдегі зиратына үлкен ескерткіш орнатылды. Г.А. Калпаковский қойған мәрмәртас соның қабырғасына орналастырды.Алматыда (мүсінші Х. Е. Наурызбаев арх. Шота Уәлиханов), Көкшетауда (мүсінші Т.Досмағамбетов, арх. К.Әбдәлиев) Шоқанның мүсіндік ескерткіш орнатылды. Көкшетау облысында бір аудан, совхоз, пед. ин-т, Талдықорған облысында бір колхоз, совхоз Уәлиханов есімі мен аталды. ҚазССР ҒА-ның тарих,археол. және этнография инстетутына, Алматы қаласында 68-мемлекетке, бір көшеге Уәлиханов аты берілді. ҚазССР-інің Мемл. сыйлықтарының біреуі (Бейнелеу өнері және архитектура саласындағы сыйлық) Уәлиханов атымен аталды.
Шокан әдебиетші – ғалым
Шокан Шыңғысұлы Уалиханов – заманының жан –жакты білімдар ғалымы , ізденімпаз саяхатшысы болумен бірге , туған елінің әдебиеті мен мідениетінің тарихын тұңғыш зерттеушісі де . Ол қазақ халықтары туралы демократтар дәстүрінде елеулі еңбектер жазып қалдырған . Шоқан еңбектерінің қазақ елін , мәдениетін орыс жұрытшылығына танытушы ретінде де маңызы зор . Қазақтың мәдениетімен орыс жұртшылығын таныстыра түсу арқылы ол қазақты «мәдениетсіз, тағы халық» деп менсінбеушілікке наразылық білдірді . Қазақтың ертеден келе жатқан халықтық мідениеті мен әдебиеті бар екенін дәлелдеуге күш салды. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеу еңбектерін үш топқа бөлуге болады. Олар : а ) қазақ әдебиеті тарихының мәселері,ақындар,олардың шығармалары туралы мәлімет: ә) қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер: б) қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер . Шоқанның жинаушылық еңбегі де ерекше ескерерлік. Ол — халық жырларын , аңыз- әңгімелері мен ертегілерін жиып ,пікір айтқан талантты фольклорист . Олар, әсіресе, « Абылай мен оның батырлары туралы аңыз « , «Өлі мен тірі « , « Феодалдық кезеңнің кейбір батырлары туралы « , тағы басқалар . Осыған қоса, оның жеке ақындар туралы пікірлері де елеулі . Оның ішінде Жанақ,Түбек ,Орынбай,Шөже ақындар туралы және ақындық пен өлең туралы айтқан пікірлері маңызды. Әдебиет тарихы туралы да Шоқан түсінігі өте терең .Оның ойынша , қазақ халқының өзіне тән әріден келе жатқан мәдениеті бар және басқа халықтар сияқты ,оның да әдеби қабілеті ерте оянған. Қазақ өлеңдерінің тіл көркемдігі туралы да пікір айтқан Шоқан оны түрік , араб тілдеріндегі өлеңдермен салыстыра отырып , біріне –бірінің ұқсас жерін де, артық жағын да айқындауға тырысады. «Түрік тілдерінің ішіндегі ең тамашасы-қазақ өлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды,бояма сөздер жоқ,бұлтаза тіл», -деп ой түйеді ол. Шоқан әр халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы ойлары қызғылықты.Поэзияның халықтың рухани серігі болып келгендігін айта отырып, ол: Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музиканттар тастап кеткен» ,- деп жазды. «Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер» атты еңбегінде ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізін де өмірмен ,шындықпен байланыстырады. «Егер Гомердің поэзиялық аңыздарынан , Геродоттың ел аузынан жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихтық қасиет тапсақ, егер өмірді қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ер тегінің негізінде шындық жатады десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрпында бұрынғы ата-бабаларының тарихи мәні бар оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек»,- деп жазады ол. Шоқан әдеби жырларды жинағанда, көбіне тарихи адамдардың атымен байланысты ,тарихи негізі бар әңгіме жырларға көбірек көңіл бөлді. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов тың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше . Ол қазақ әдебиетіне демократтық, ағартушылық, әлеуметтік озық идея енгізуші, оның дамуы үшін айрықша еңбек еткен жан- жақты білімді әдебиетші .
Әдеб.: Мұқанов С.М.Жарқын жұлдыздар-А.1964; Марғұлан Ә.Х. Шоқан және Манас.-А.. 1971;ЗабелинИ.Н.Чокан Валиханов-М.,1956;АдильгереевК.Ч.Ч. Валиханов. (Библиогр. Очерк.)-А.-А.,1958; Елеусизов М.Г. Экономические взгляды Чокана Валиханова.-М., 1960; Маргулан А.Х. Очерк жизнни и деятельности Ч.Ч.Валиханова.-В кн.; Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч . в 5 тт. Т. 1.-А.А.., 1961; Ауэзов М.О. Ф.М.Достоевский иЧокан Валиханова.- В его кн.;
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Алматы Индустриалдық колледжі
Тақырыбы:кэбк 1-1 тобы
Қуатбаева Қ.
Тексерген:Дайырханова Е.
Алматы 2006 ж.