АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Зерттеу мәселелерінің жағдайын талдау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

 

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Шымкент институты

 

Заң факультеті

 

 Педагогика және психология кафедрасы

Ғылыми педагогика

 

 СӨЖ

 

Тақырыбы: «Зерттеу мәселелерінің жағдайын талдау»

 

 

 

 

 

 

                                       Орындағандар:  Райымбекова Б.

                         Серібаева Ұ.

                                       Тобы: 945-16

                                        Қабылдаған: Құрманбекова Ж.

                                             

 

 

 

 

Шымкент  2007 ж.

 

 

 

Жоспар

 

  1. Зерттелетін мәселе туралы түсінік.
  2. Ғылыми педагогикалық зерттеулер.
  3. Библиографиялық ізденіс.
  4. Мәтінмен жұмыс.
  5. Аннотация, реферат, конспект.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Педагогикалық ғылымының зерттеу әдістері. Ғылымның міндеті – зерттеу жұмысын жүргізу. Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмыстарында осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог – зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашанда ала алмайды.

         Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірқатар шарттар орындалуы тиіс:

— белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы;

— белгілі жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі;

—  зерттелінушінің ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру.

         Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық тұрғыдан бақылау, зерттеу мақсатындага әңгіме, мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагогакалық эксперимент, алдыңгы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, әлеуметтік зерттеу әдістері (анкета, рейтинг), математикалық статистиканың әдістері, педагогикалық идеяларга теориялық тұрғыдан талдау жасау және т.б.

         Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский, және Песталоццийлар қолданған.

         Мұндай дәстүрлі әдістерге жататындар:

         Байқау-тәжірибені зерттеу, мектеп құжаттарына талдау жасау, әңгіме және оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, зерттеу.

  1. Бақылау (байқау) әдісі — жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі, жоспарда бақылаудың мақсаты, міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат т.б.), жүргізу әдісі нақты көрсетіледі. Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.

         Педагогикалық тұрғыдан бақылау жасау — бұл кез-келген педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде қолданылады.

  1. Тәжірибені зерттеу — бұл ұйымдастырылған түрдегі танымдық іс-әрекет. Бұл әдістің көмегімен нақты мәселерді шешудің жолдары талдаудан өтеді және архив құжаттарын зерттеу әдістерімен тығыз байланыста болады.
  2. Мектеп құжаттары — ең негізгі және мәліметтер алудың қайнар көздері болып табылады.
  3. Оқушылардық шығармашылық жұмыстарын зерттеу, яғни жазба жұмыстарын, (шығармаларын, реферат, есептері, т.б.), қолөнерлері және т.с.с.
  4. Зерттеу мақсатындағы әңгіме — зерттеуші әңгіме барысында пікірлерді біліп, жинайды. Әңгіме — күрделі әдістер қатарына жатады, оған белгілі бір талаптар қойылады.
  5. Педагогикалық эксперимент — (эксперимент латынның «тәжірибе» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан) бұл әдіс бүкіл класс оқушыларын, топты, бүкіл мектеп оқушыларын қамти алады. Эксперимент ұзаққа созылуы да немесе қысқа мерзімде де жүргізілуі мүмкін. Педагогикалық эксперименттің мәні — мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерін арнайы ұйымдастыруда. Бақылау және табиғи эксперимент болып бөлінеді.
  6. Педагогикалық тест.
  7. Анкета — бұл жаппай түрде, белгілі бір сауалдар беру арқылы мәліметтер, ақпараттар жинау.

         Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз — оқытушылар мен тыңдаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруші белсенді іс-әрекеттері.

         Тұтас педагогикалық процесс 3 кезеңнен тұрады:

  1. Дайындық кезеңі — мұнда педагогикалық процестің жүруіне қажетті жағдайлар жасалады.
  2. Негізгі кезең — мұнда мақсат пен міндет анықталады және педагогикалық процестің басқа процестермен байланыстары қамтамасыз етіледі.
  3. Қорытынды кезең — қол жеткен нәтижелерге талдау жасалынады.

Зерттеудің әдіснамалық мәселелері.

  1. Ғылымның пәні мен сол ғылыми құбылыстың танымдық логикасысын анықтау.
  2. Жалпы зерттеудің ерскшеліктері, сол ғылым төңірегіндегі зерттеушінің зерттеу жұмысына дайындығы.
  3. Сын және өзара сын.

         Жоғарыда көрсетілген негізгі мәселелердің бірінші тобына ғылымның пәні, жүйесі, бірлігі, өзара байланысы, басқа ғылымдармен байланысы, маңызы мен мәні және сол зерттеулердің әдісі мен әдіснамалық негізін жетілдіру жатады.

         Зерттеу жұмысының логикасы, яғни қисыны төмендегідей:

  1. Теориялық, эксперименттік зерттеулердің қызметі мен сипатын анықтау.
  2. Зерттеу мәселелері мен ғылыми болжамдарды негіздеу.
  3. Зерттеулердегі ғылыми фактілерді анықтау.
  4. Зерттеу материалдарын жинақтау және қорытындылау.

Зерттеу жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарттары мыналар:

  1. Өзекті, яғни көкейкесті мәселелерді реттеп, іріктеу.
  2. Зерттеу жұмысының бағыттылығы.
  3. Зерттеу жұмысының объектісін анықтау.
  4. Зерттеу жұмысында кешенді әдістерді қолдану.
  5. Ғылыми жаңалықтар ашу.

         Педагогикалық зерттеудің 3 деңгейі болады:

  1. Эмпирикалық деңгей — ғылымның жаңа фактілерін анықтап, соның негізінде заңдылықтардың жасалынуы.
  2. Теориялық деңгей — мұнда бұрынғы фактілерді түсіндіругс қажетгі жалпы педагогикалық заңдылықтар анықталады.

3.Әдіснамалық деңгей — мұнда алдыңғы екі деңгей негізінде педагогикалық зерттеулердің жалпы қағидалары мен әдістері анықталады.

ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

         Қандайда да болсын ғылымның зерттейтін пәні ғана емес, алға қойып отырған міндеттерді шешуге көмектесетін зерттеу әдістері де болады. Педагогикалық зерттеу әдістерін байыту мен дамыту ғылым дамуының маңызды факторы болып табылады.

         Бір кездері зерттеу әдістері философиялық, әлеуметтік және ойша құрылымның негізінде жасалып, педагогикалық идеялар атақты ойшылдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде көрінген. Алайда, теориялық қызметті практикалық іс-тәжірибемен ұштастырып жүргізуді ғалымдар дамыта түсті.

         Жалпы педагогикалық зерттеу әдістерін бірнеше топқа бөледі:

  1. Жалпы.
  2. Жалпы ғылыми.
  3. Арнайы әдістер.

         Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз — жалпы құбылыстарды зерттеу мен әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған әдіс-тәсілдер мен операциялардың жиынтығы.

         Жалпы әдіс — жалпы және әмбебап сипатқа ие болады. Сондықтан бұл әдіс әртүрлі ғылым салаларында қолданылады. Ғылыми тұжырымдау процесіне бағыт бере отырып, кез келген ғылыми зерттеу жұмысында әдіснамалық міндетті орындайды.

         Жалпы әдіс 2-ге бөлінеді:

         Жалпы ғылыми. Бұл барлық немесе бірқатар ғылым саласында қолданылатын әдістер. Оған эксперимент, математикалық әдістер және т.б. жатады. Арнайы нақты ғылыми.

         Жалпы ғылыми әдіс — барлық немесе бір қатар ғылым саласында қолданылады. Бұған эксперимент және математикалық әдістер жатады.

         Ғылыми зерттеудің қисынына сәйкес бұл әдістерді нақты ғылыми мәселені зерттеу барысында қолданылатын реттілік бойынша қарастыру қажет, яғни ең алдымен әдеби қайнар көздерде:

— мәселенің қаншалықты қарастырылғандығын анықтау;

— қиын және шешілмеген мәселелерді бөліп алу;

— тәжірибе және практика нәтижелерімеи танысу;

— өзгерістер енгізу;

— тиімділігін тексеру;

—  эксперимент жүргізу;

—  нәтижелерді жинақтау және қорытындылау.

         Егер жоғарыда көрсетілген зерттеу жұмысының тиімділігі дәлелденілетін болса, онда оны іс-тәжірибеге өндірудің әртүрлі жолдары қолданылады. Оған мынадай әдістер жатады:

  1. Әдебиетпен жұмыс жасау әдістері.
  2. Қалыптасу үстіндегі тәжірибені зерттеу әдістері.
  3. Эксперимеит.
  4. Зерттеу нәтижелерін енгізу.

         Әдебиетпен жұмыс жасау әдістері

         Ең алдымен мәселеге байланысты әдебиеттердің тізімін жасау, яғни:

— Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен әртүрлі құқұқтық құжаттарының;

— атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің сол мәселе бойынша еңбектердің;

—  сол мәселе бойынша жүргізілген жалпы және арнайы жұмыстардың;

— архив құжаттары мен тарихи, ғылыми материалдардың;

—  мерзімдік ақпарат, баспасөз құралдарының;

— мектеп, жоғары мектеп, жалпы ғылыми еңбектер жайлы көркем әдебиеттердің;

— зерттелініп отырған ғылым саласының басқа ғылым салаларымен байланысы жайлы материалдардың;

— анықтамалық педагогикалық әдебиеттер, яғни педагогикалық энциклопедиялар, сөздіктер , т.б.

— шет елдердегі жоғары мектеп мәселелерін жете зерттеу мен жоғары білім беру тәжірибесі жайлы  ғылыми-педагогикалық, әдеби кітаптар, мақалалардың;

—  энциклопедия, сөздіктердің т.с.с.

—   жоғары мектеп дидактикасына сай оқулықтар, әдістемелік көмекші құралдар, нұсқаулардың және т.б.

—  шетелдердегі жоғары мектеп мәселелері және жоғары білім тәжірибесі жайлы кітаптар мен мақалалар және басқа басылымдардың, т.с.с.

         Әдебиеттермен жұмыс жасау барысында түрлі жазып алу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда:

  1. Библиография — бұл зерттелініп жатқан мәселемен байланысты жұмыс үшін таңдалынып алған әдеби қайнар көздердің тізімі, мұнда ең алдымен зерттеу жұмысының жалпы бағыты, автордың танымалдылығы және баспадан шыққан жылы ескерілуі қажет.
  2. Аннотация — яғни кітап немесе мақала мазмұны туралы қысқаша жазба, мұнда зерттелініп жатқан мәселе туралы жалпы мағлұматтар береді.
  3. Реферат — қайнар көздердің негізгі мазмұнының ықшамды түрде берілуі
  4. Конспект — кітап немесе мақала мазмұны жайлы толық жазып алу. Жазу барысында негізгі идеялар мен тезистерді таңдау іске асырылады.

         Тәжірибені зерттеу әдістері

         Тәжірибені зерттеу әдістері — бұған бақылау, әңгіме, анкета, интервью әдістері жатады.

  1. Бақылау деп, қалыпты жағдайда құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау жоспар бойынша жүргізіледі, жоспарда бақылаудың мақсаты, міндеті, обьектісі, жүргізу әдісі және техникасы көрсетілуі тиіс.

         Ғылыми бақылау — зерттелінетін құбылысты дұрыс және дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бұл бақылаудың нәтижесі зерттеушінің шеберлігіне, қабілетіне, жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты болады.

         Педагогикалық бақылау — белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі болып табылады.

         Педагогикалык бақылау жаппай және ішінара болып екіге бөлінеді.

  1. Әңгіме әдісі — бұл бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтыру арқылы сипатталады. Әңгіме әдісінің ерекше бір түрі интервью алу, ол еркін формада өтеді, дөйектілікті талап етеді.
  2. Анкета әдісі — бұл деректерді жинап алуға көмектеседі. Бұл әдістің құндылығы зерттеушіге зерттелген мәселелерді қорытып жинақтауды жеңілдету үшін көптеген материалдардың көзі болып табылады.
  3. Педагогикалық эксперимент — эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Егер экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, оны табиғи эксперимент деп, ал зерттеушінің ұсынысы бойынша, екінші бір адам жүргізсе оны жанама эксперимент деп атайды.

         Табиғи эксперимент — оқу процесін бұзбай проблемаларды зерттеу үшін оқу аудиторияларында әдеттегі жағдайда жүргізілетін эксперимент.

         Арнаулы эксперимент — зерттеу жұмысының мазмұнын, формасын, принциптерін, әдістерін жаңадан жасау үшін жүргізіледі.

         Математикалық әдіс — жалпы зерттеу жұмысының арасындағы бір-бірімен байланыстылықты анықтауға мүмкіндік береді, тіркеу, кесте құру, график болып бөлінеді.

         Зерттеу нәтижелерін енгізу жолдары

         Аяқталған зерттеу жұмысындағы ең маңызды буыны — ол зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу. Ол белгілі бір реттілікпен жүзеге асырылады. Практикада қолданылады және таратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Тілеуова С. “Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент 2004 ж. 140 б.
  2. Жиенбаева Ч.Б. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Алматы. 2005 .
  3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана  1998 ж. 378 б
  4. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы: Дарын, 2004. 152б.