Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде.
Жоспар:
- Жалпы мәлімет.
- Монғол шабуылдарының алғашқы кезеңі.
- Жазушылардың дерктері бойынша.
- Монғолдардың билеп-төстеуінде.
- Монғолдар жаулап алуының әлеуметтік зардаптары.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде.
Жалпы мәлімет. Монғол шапқыншылығы — ХІІІ ғасырда соғыстан олжа түсіру, Азия мен Шығыс Европа халықтарын тонау және құлдану мақсатымен монғол феодалдары ұйымдастырған жаулап алу соғыстары мен жекелеген жорықтары. Монғол феодалдары берік топтасқан әскери ұйым құрып алғаннан кейін халықтың көпшілігін жаулап алу соғыстарына жұмылдырды. Қалың қолдың негізгі күші — жорықта тез қимылдайтын сансыз көп атты әскерлер болды; ондағылардың басым көпшілігі араттардан тұрды. Монғол феодалдары жорықта өздері жаулап алған елдердің әскери күштерін, олардың техникалық жетістіктерін пайдаланды. Әскерлер бір орталыққа (командашыға) бағынды. берік тәртіп ұстады, жақсы қаруландырылды; жауынгерлік сапасы жағынан көрші елдердің жасақтарынан анағұрлым артық тұрды. Монғол шапқыншылығының табысты жүргізілуіне Азия мен Шығыс Европадағы көптеген елдердің ішіндегі өзара қырқысулары, алауыздығы және ондағы билеуші топтардың сатқындығы едәуір себепкер болды. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғыс-хан) Орталық Азия тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орталык Азия даласындағы ең құдіретті жаулап алушыға айналды. Керейіттер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучипнің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғыс-хан белсене катысты.
Монғол шабуылдарының алғашқы кезеңі. Монғол шапқыншылығының Шыңғысхан бастаған (1206- 27 ж. билеген) Монғолдың ертелікті феодалдық мемлекеті кұрылғаннан кейін басталлы да, ХІІІ ғасырдың аяғына дейін созылды, арада аздаған ғана үзілістер болды. 1207-11 ж. Сібір мен Шығыс Түркістан халықтары — бурят, якут, ойрат, қырғыз, ұйғырлар бағындырылды. Танғұттың Си-Ся мемлекетіне қарсы жорық жүргізді. Сөйтіп оны 1227 жылдың қарсанында біржола талқандады. 1211 ж. чурчжәндік Цзинь мемлекетіне (Солтүстік Қытайда) шабуылды бастады. Монғол отрядтары 90 шақты қаланы бірдсн қпратты, сөйтіп 1215 ж. Пекнн (Яньцзин) қаласын алды. 1217 ж. Хуанхэ өзеннінің солтүстігіндегі жерлерді түгел жаулап алды. Темучин керейіттер мен наймандар ұлыстарының билеушілерін талқандаған кезде ол Орталық Азия далаларындағы бірденбір кұдіретті қолбасшыға айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті. 1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайы өткізіліп, сонда ол тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ ту желбіреген жағдайда салтанатты түрде ұлы хан деп жарияланды. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғыс-хан атағын бекітіп берді, бұл оның өз есімінің орнын басты. Темучин — Шыңғыс-хан былай деп мәлімдеді: «Мен… түрлі мемлекетті ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзімнің біртұтас билігіме караттым». Мүмкін, ол Батыс пеп Шығысқа жасаған жорықтарының нәтижесінде өзінің қандай шындарға шығатынын білмеген де болар, атап айтқанда, қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды 1208 жылы Ертіс жағалауында екінші рет талқандады. Бірлесіп қимылдаған меркіттер мен наймандар тобын 1209 жылы ұйғыр идиқұты (билеушісі) өз иелігіне өтуге әрекет жасаған кезінде тас-талқан етті. Соның салдарынан олардың жолдары екі айрылды. Талқандалудан аман қалған найман тайпаларын Күшлік-хан Жетісудағы қарақытайлар иелігіне әкетті, ал меркіттер Орталық Қазақстан далаларындағы қыпшақтарға қашты. Наймандардың едәуір бөлігімен Жетісуға ығысқан Күшлік-хан онда қалыптасқан күрделі жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. Аласапыранның басты кінәлілері Шығыс Түркістандағы Тұрфан князьдігінің ұйғыр идиқұты және қарақытайларға вассалдық тәуелділікте болған Жетісу қарлұқтары мен қаңлылардың мұсылман билеушілері еді. Шыңғысхан енді Жетісуға көз алартты. Бұл өлкедегі гүлденген бай қалалар қызықтырды Оның үстіне Жетісуды билеп тұрған найманның ханы Кучлукпен қырғи қабақ болатын. Мұсылман дініндегі халыққа Кучлуктың қысым көрсетуі Жетісу алабындағы мұсылмандардың наразылығын туғызды, монғолдардың жаулап алуын жеңілдетті. Бірсыпыра уақыт бойы Жетісу мен Шығыс Түркістанның жергілікті князьдіктері қарақытайлардың жоғарғы билігін таныды, бірақ ХII-ХІII ғасырлар шебінде іс жүзінде тәуелсіз болып алды. Сондықтан қарақытайлардың гурханы (билеушісі) найман жауынгерлерін бағынбайтын вассалдарын басып-жаныштау үшін пайдаланбақшы болып үміттепді. Гур-ханның сеніміне кірген Күшлік-хан 1210 жылы гур-ханды тақтан тайдырып, мемлекеттегі билікті басып алды, бірақ гур-ханды өлтіруге батылы бармай оған биліктің сыртқы белгілерін қалдырды. Күшлік қарлұқтарды, қанлылар мен ұйғырларды өзіне бағындыруға ниеттеніп, оларға қарсы ойран салған шабуылдар жасады. Осындай жағдайда қарлұқтардың Арслан-ханы, Іле өзенінің аңғарларындағы Алмалықтың билеушісі Озар (Бұзар), ұйғыр идиқұты Баршық арттегін наймандардың жауы Шыңғыс-хан монғолдарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Арслан-хан мен Баршық арттегін өз иеліктері шегіндегі қарақытай наместниктерін өлтірді. Бұл билеушілердің 1211 жылы Шыңғыс-ханға бағынғаны қытай,монғол және мұсылман (араб-парсы тілдеріндегі) жазбаша деректемелерінде егжей-тегжейлі айтылады. Шыңғыс Жетісуға Жебе нойон бастаған қалың қол-ды жіберді. Монғолдар діни қысым жасамау ұранын көтере келді. Осындай жағдайда Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді. Оған монғолдар «гобалық» (Жақсы қала») атағын берді. Сөйтіп 1218 ж. Шыңғысхан Жетісуды алды. Ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211 жж. қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғыс-ханның қоластына көшеді. 1217 ж. Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін, оның хорезм-шах Мұхамметпен және қарлық билеушілерімен жүргізген соғыстарынан кейін, Жетісу халқы ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түскен еді. Күшліктің мұсылмандарды қудалауы, оның ішінде көпшіліктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де дінге төзімділік жасаған моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алды. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады. Қашып кеткен Күшлікті монғолдар Бадах-шанда қуып жетіп. басы алынды. Жошы-хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мыңдық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазак далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтың пікірінше, Шыңғыс-хан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық шайқасқа неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі монғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. Шыңғыс-хан мен хорезмшах Мұхаммед арасында соғыс болмай қоймайтын еді және оған соңғысының немесе оның Отырардағы вассалы Ғайыр-хан Иналшықтың әрекеті себеп болған жоқ, бұл жөнінде төменіректе айтылады. Соғысқа мынадай себеп болды: Шыңғыс-ханның империясы Орталық Азияның көшпелі қоғамы үстем топтарының белсене қатысуымен құрылған еді, сондықтан жаңа мемлекет осы үстем топтың мүдделерін білдіруге тиіс болатын. Ал көшпелі шонжарлар үшін жана жерлерді жаулап алумен қатар соғыс олжасын да әкелетін үздіксіз соғыс өндірістік қызметтін рөлін де атқаратын. Орталық Азияның саяси біріктірілуі тайпааралық ішкі соғыстардың тыйылуына жеткізді. Оны көшпелі шонжарлардың тұрақты баю көзі — соғыс тоқтатылмағаны былай тұрсын, керісінше, ұлғайтылған жағдайда ғана қолдауы мүмкін еді. Сөйтіп Шыңғыс-хан көшпелі шонжарларына ішкі озара қырқыстардағыдан гөрі соғыс олжаларын қолға түсіріп, баюға тендесі жоқ мол мүмкіндіктер және сонымен бірге бай егінішілік елдерді қанау мүмкіндіктерін берген сыртқы жаулап алулар жолына түсті. Көшпелі шомжарлардың мал өсіретін ірі шаруашылықтары үшін жана жайылымдарды басып алуға ұмтылыс та аз ынта-ықылас туғызған жоқ. Шыңғыс-ханның соғыстағы жеңіске жету себептерінің бірі оның Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Қазақстанның ең үлкен бөлігінің әскер күштерін, монғол тайпаларын ғана емес, түрік тайпаларын да біріктіруі болды. Монғолдардың Байырғы Киіз үй — Монғолияның өзінен тыс жерлердегі бастапқы жаулап алушылығы, Сібірдің, Қазақстанның, Шығыс Түркістанның түркі халықтарын қосып алуы бүркемелі сипатта болды, оған «киіз туырлықты халықтарды» біріктіру ұраны пайдаланылды, яғни Орталық Азияның барлық көшпелілерінің жалған бірлігі жөнінде насихат жүргізілді. Шыңғыс-хан сыртқы саяси науқандарына, жорықтарына және келісімдеріне «көшпелі халықтарды» біртұтас империяға топтастыру дәстүрін уағыздауға ұмтылып отырды. Түріктерді монғол бодандарына айналдыру мақсатымен дипломатиялық амалдар арқылы «біріктірудің» бұл саясаты «одақтастық қатынастар» жасасуға, сонымен қатар қарлұқтардың Жетісу және Ферғана князьдіктерінің, ұйғырлардың Тұрфан князьдігінің, онғыт ұлысының билеушілерімен әулеттік құда-андалы болуға әкеп соқты. Түрлі тілдегі жазбаша деректемелерде Шыңғыс-ханнын құдіретті империясы едәуір дәрежеде Қазақстан далалары бір бөлігі болып табылатын Орталық Азияның түрік тайпаларының негізінде құрылғаны көрсегіледі. Монғол мемлекеттілігінің негізіне түрік дәстүрі елеулі ықпал жасады. Шыңғыс-хан имлериясы ұйымдастырылуының мәні сонау Түрік қағанатында туып, наймандар мен керейіттер ұлыстарында дамытылған әскери-әкімшілік жүйе болды. Ұлыстардың әскерлері жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлінді. Шыңғыс-хан империясының халқы да осы әкімшілік бөліністер бойынша бөлінді. Көшпелілердің атты әскерлері әрқашанда жоғары жауынгерлік сапасымен және орасан зор шапшандығымен ерекшеленетін, бұлар Шыңғыс-ханнын орнатқан темірдей қатаң тәртібімен және бірыңғай басқаруымен ұйымдасып, тау суындай тасқынды, каһарлы жойқын күшке айналды. Сонымен бірге Шыңғыс-хан көшпелі шонжарлардың адалдығын жаулап алушылық саясат қана қамтамасыз ететінін, оларды опасыздық, қаскүнемдік жасаудан, ал өзі құрған империяны тез ыдыратудан сақтай алатынын түсінді. Жаулап алу тәуелді көшпелілерді соғыс олжаларынан тиесілі үлес алуға дәмелендіріп, Орталық Азиянығ көшпелі қоғамындағы әлеуметтік егестерді уақытша болса да әлсірету құралы болды. Жаулап алушылар XIII ғасыр ішінде ойдағыдай жүзеге асырған бұл саясатта Қазақстан мен Орта Азияға жасалған жорық Ескі Дүниенің орасан зор аумағындағы ғаламат жаулап алушылықтардың ұзақ мерзімді және жоспарланған стратегиясындағы кезекті буын ғана болатын. Шыңғыс-ханным жоспарына бүкіл Евразияны, өз жауынгерлерінің аты жетуге тиіс болған «соңғы теңізге» дейін жаулап алу енді. Шыңғыс-хан қолының Қазақстан мен Орта Азия аумағына жорығы оған Шығыс Европа мен Алдынғы Азияға жол ашып берді. Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасауға Шыңғыс-хан зор мән берді, сөйтіп оған ұзақ уақыт және мұқият дайындалды. Мұсылман көпестері мен монғолдарға қызмет еткен қашқындардан қарақытайлар мемлекетінін, сонан соң хорезмшахтың ішкі жағдайы мен әскери күштері туралы мағлұматтар алынып, солардың негізінде ойластырылған іс-қимыл жоспары жасалды. Шыңғыс-ханның жеткеи жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Монғолияға бірінен соң бірін — екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғыс-хан да елшілік жіберді. 1218 жылдың көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады. Содан көп кешікпей Шыңғыс-хан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде монғол жансыздарын қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді тыншылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды монғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның мұны жүзеге асыруы екіталай еді. Ан-Нисавидің айтуынша, «ол оған (Шыңғыс-ханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердік көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Оның кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді». Хорезмшахтың мемлекетінде орта ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие болған. Шыңғыс-ханның хорезмшахпен соғысу үшін жинаган әскерінің дәл саны белгісіз, одақтастарымен — Жетісу қарлұқтарымен және Шығыс Туркістан ұйғырларымен қосып алғанда 150 мың жауынгер деген сан жобаға келеді. Жетісуды алу Хорезмшаһ билеген Мауараннахрға шабуыл жасауға жол ашты. 1218 ж. монғолдардың Отырарға жіберілген сауда керуенін Хорезмшаһ әкімінің талап алуы 1219 ж. Шыңғыстың 150 мың адамдық қалың қолының Орта Азйяға лап қоюына желеу болды. Алғашқы шабуыл Сырдарня бойындағы қалаларға бағытталды. Бұл кезде Шыңғысхан жағында көптеген жергілікті феодалдар (Бесбалық қаласының бнлеушісі әскерімен, Алмалықтың бір феодалы Сугнақ-тегін, Қойлық қаласының әкімі т. б.) болды. Олар жауға көптеген мағлұматтар беріп отырды. Жорық 1219 жылдың қырықүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Шыңғыс-хан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылар жүрген жолмен — Жетісу арқылы алып өткен. Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енді: оның дені (далалық жағы) – Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына енді. Жошының еншілігі Ертістің батысынан Жетісудың тірескейін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл шығысын Төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда айтылған жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауараннахрды қосып алды, Үгедей – Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс әулеті өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. Отырарға таянғанда Шыңғыс-хан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына — Жент және Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғыс-ханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. Отырардың билеушісі Ғайыр-хан бар күшін салып ең сонғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды қоршау бес айдай уақытқа созылды. Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мыңдық қолымен монғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғанным кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға тусіп, Шыңғыс-ханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Шыңғыс-ханнын үлкен ұлы Жошы Сырдария бойындағы қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің орталығы Сығанаққа жақындап келді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршап, ақырында, оны шабуылмен алды да, «кеңшілік пен аяушылық қақпасын жауып тастап», бүкіл халықты қырып салды.Одан соң монғол қолы Ашнасқа жеті. Жошы бастаған қол Сауран, Дженд, Баршылығкент, Узгепт қалаларын алды. Абулғазы Баһадүр ханның айтуынша, қарсылық көрсеткен кішкентай Аснаши қаланың халқын Жошы әскері қырға куып шығып, 9 күн бойы қаланы тонаған. Табан тіресе қарсылық көрсеткеніне қарамастан, қала күш тең болмаған күресте құлады, ал оның тұрғындарының көпшілігі қырып тасталды. Сырдария бойындағы қалалар алынған соң ғана монғолдың қалың қолы Мауараннахрға шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Орта Азияның билеушісі Хорезмшаһ Мұхаммед күресті дұрыс ұйымдастыра алмады. Қарамағындағы феодалдардың күш біріктіруінен қауіптеніп, оларға сене алмай. әскер күштерін бөлек-бөлек қалаларға, қамалдарға ғана топтастырды. Мұның өзі монғолдардың жаулап алуын жеңілдетті. Бұхара, Самарқан сияқты қалалар жауға қарсылық көрсете алмай, ұрыссыз берілді. Мұхаммед Хорезм-шаһ Каспий теңізінің бір аралына қашып барып, сонда өлді. 1221 ж. Хорезмді бағындырып, монғол әскерлері орта Азияны жаулап алуды аяқтады. Осының барлығы 1219/20 жылдарда қыс пен көктемде болған еді. Жошы-хан бүкіл 1220 жыл бойы Арал өңірінде, Жентте қалды, ал 1221 жылы кескілескен қарсылықтан кейін Солтүстік Хорезмдегі Әмудария бойында орналасқан Гургендж (Үргеніш) қаласын алды да, жер қайысқан қолды бастап, Арал тенізінің солтүстік-шығысына қарай жатқан Қазақстан даласына жорыққа аттанды, онда қыпшақтардың қарсылығына кездесті. Қанға бөккен шайқаста монғолдар қыпшақтардың бытшытын шығарып талқандады. Соғыс қимылдары енді осы күнгі Ауғанстан жеріне қарай ойысты. Мұнда Хорезмшаһтың баласы Жалел ад-Дин жаулап алушыларға қарсы күресті әлі де жүргізіп жатқан. Шыңғысхан оны Инд өзеніне дейін ығыстырып барып, ақырында 1221 жылдың 24 қараша айында талқандалды. 1225 ж. монғол әскерінің негізгі бөлігі Монғолияға қайтты. Монғолдың қолбасшылары Жебе ной-он мен Сүбедей батыр бастаған 30 мың адамдық қолы ғана батыста соғыс жүргізе берді. Бұл әскер Иранның солтүстігін басып өтіп, Кавказ тауларына келді. Мұнда Грузия мен Азербайжанның бір бөлігін ойрандап, Каспийдің жағасымен жүріп отырып, Аландардың жеріне шықты (1222). Ұрыста Аландарды да талқандап, монғолдың осы екі түмені Қыпшақ даласынан бірақ шықты. Қыпшақтың ханы Қотан (Катан, Котян) орыс князь-дарына елші жіберіп, көмекке шақырды. Оның: «Көмектеспесеңдер, бүгін біз қырыламыз, ертең сендер қыры-ласыңдар» деген көрегендік сөзі Лаврентий жылнамасында сақталған. Метислав Галицкийдің бастауымен орыстың 5 князы әскер ертіп көмекке келді. 1223 ж. 31 мамырда Қалқа өзенінде Жебе нойон мен Сүбедепдің қолына қарсы ұрыста алдьщғы сапта Қыпшақтар, екінші қатарда орыс әскерлері тұрды. Орыс князьдарының арасында ауыз бірлік болмады. Шайқастарда шыныққан монғол әскерлері бұл ұрыста Қыпшақтар мен орыс әскерлерінің шебін талқандап, жеңіп шықты. Бұларды Днепр өзеніне дейін тықсырып барып, өздері Еділдің ортаңғы ағысына қарай шегінді. Бұл жақта Еділ — Кама Бұлғарпясынан жеңіліп, Монғолияға қайтып оралды (1224). Жазушылардың деректері бойынша. Араб жазушысы Ибн-Васильдің деректері бойынша, 1229-1230 жылдары Батыс Қазақстан аумағында тағы да «татарлар (монғолдар) мем қыпшақтар арасында соғыс оты тұтанды». 1229 ж. Құрылтай жиналысы Шыңғыстың кіші ұлы Үгедейді ұлы хан етіп сайлағаннан кейін, Монғол шапқыншылығы екі бағытта жүргізілді. Шығыста Солтүстік Қытайды жаулап алу жорығын аяқтады (1231-34), сөйтіп Кореяға қарсы соғысты бастады (1231-32). Монғол әс-керлерінің ірі-ірі бірнеше жорықтарынан кейін (1236, 1254, 1255, 1259), Кореяның көптеген бөлігі 1273 ж. қарсанында алынып болды. 1229 ж. Жайық өзеніне Сүбедей батырдың 30 мың адам-дық калың қолы келді. Ол Жошы ұлысының билеушісі Батыймен бір-лесе отырып. Каспий даласынан сақсиндер мен Кыпшақтарды ығыстырып шығарды. 1232 ж. монғол әскерлері Еділ — Кама Бұлғариясына баса көктеп кірмек болды бірақ бұлғарлардан соқкы жеп, кейін шегінді. Жаулап алушыларға қарсы күрееті башқұрттар да үздіксіз жүргізе берді. Жошы ұлысынын күшімен ғана батысқа қарай жасалған монғол шабуылы сәтсіздікке ұшырады. 1235 ж. Құрылтай жиналысы Батыйға көмекке басқа ұлыстардың қарулы күштерінен қосымша әскер жіберуге ұйғарды. Бұл жорыққа Шыңғыс әулетінің 14 ханы қатысты. Монғол әскерінің саны 150 мың адамға жетті. 1236 жылдың күзінде монғол әскерлері тағы да Еділ-Кама Бұлғариясының жеріне шабуыл жасап, талқандап жіберді. 1237 жылдың көктемі мен жазында монғолдар аландарға, Қыпшақтарға және Еділдің ортаңғы ағысындағы халықтарға қарсы соғыс жүргізді, сол жылдың күзінде монғол әскерлері қазіргі Воронеж маңына топтасты. Ондағы мақсаты солтүстік-шығыс Руське жорық жасау болды. 1237 жылдың қысы басталар шақта Батый әскері Рязань князьдығына тарпа бас салды да, ондагы жергілікті князьдардың жасақтарын талқандады. Алты күн штурм жасап, 21 желтоқсанда Рязаньды алды. Рязань жерін қорғаушылардың ерлік күресі Евпатий Коловрат туралы халық аңызында бейнеленген. Ибн-Васильдің деректері бойынша 1237 жылы лаулай тусті. Монғол жаулап алушыларына қарсы күресте елбөрілік тайпасынан шыққан Башман бастаған қыпшақтар ерліктін ерен үлгісін көрсетті. Оған қарсы ұрыс монғол әскерлерінің үлкен күштерімен жүзегс асырылды. Бұл жөнінде «Юань-ши» мен XIII-XIV гасырдын басындагы парсы тарихшылары егжей-тегжейлі хабарлайды. Башман тобы қоршауға түсіп, кескілескен шайқаста жойып жіберілді, оның өзі түткынға алынып, өлтірілді. 1238 жылдың қаңтарында Батый әскерін Владимир князьдығының шекарасында тоқтатпақ болған Владимир квязьдығының жасақтары Коломна түбінде талқандалды. Монғол әскерлері Коломнаны, Москваны талқандап, 4 ақпан айының күні Владимир қаласын қоршауға алды. Владимирдің ұлы князы Юрий Всеволодович азғана әскермен Еділден өтіп, Сить өзеніне (Мологаның тармағы) дейін барды да, сол жерде жаңадан әскер жинай бастады. 5 ақпанда монғол әскерлері Суздальды талқандады, 7 ақпанда қиян-кескі штурмнан кейін Владимирді алды. Осыдан кейін Батый өз әскерін бірнеше ірі отрядқа бөлді. Бұл отрядтар негізгі су (өзен) жолдарын бойлап, солтүстік-шығысқа, солтүстікке және солтүстік-батысқа бет алды. Сөйтіп 1238 жылдың ақпанында орыстың 14 қаласын (Ростов, Углич, Ярославль, Кострома, Кашин, Кенятин, Городец, Галич-Мерский, Переяславль-Залесский, Юрьев, Дмитров, Волок-Ламский, Тверь, Торжок) алды. 4 наурызда монғолдың қолбасшысы Бурундайдың әскері Владимирдің ұлы князының полктерін Сить өзенінде қоршауға алып, құртып жіберді, осы ұрыста Юрий Всеволодович князьдың өзі қаза тапты. Ока мен Еділ арасында жазықтағы елді монғолдар түгел талқандап шықты. Монғолдың атты әскерінің азғана тобы солтүстікке рейд жасады да. Новгородқа 100 км қалған жерде кері қарай оралды. Шегіну сапарында монғол әскерлері ұсақ отрядтарға бөлініп. кең майданды алып отырды да, өзіне бағындырылған орыс жерлерін тағы да ойрандап етті. Бұл жолда Козельск қаласы жауға қатты карсылық көрсетті. Монғол әскерлері оны 7 апта бойы қоршап тұрды, зор шығынға ұшырады. Кыпшақ даласында 1238 жылдың жазынан 1240 жылдың күзіне дейін монғол әскерлері Қыпшақтармен, аландармен ұзақ соғыс жүргізді. Жаулап алушыларға қарсы көтеріліс шыққан Қырымға, мордва жеріне жорық жасады. Жорық Переяславль-Южный мен Черниговқа да (1239) жасалды. 1240 жылдың күзінде Оңтүстік Руське жорық басталды. Желтоқсан айының аяғында апта бойғы штурмнан кейін Киев алынды. Монғол отрядтары Владимир Волынский, Галич т. б. қалаларды алды, киратты. Алайда Данилов, Кременец. Холм қалалары монғол әскерлерінің барлық шабуылына тойтарыс берді. 1241 жылдың көктемінде Қыпшақ даласы мен орыс жеріндегі ұзақ ұрыстарда қажыған, әлсіреген монғол әскерлері батысқа қарай бет алды. Батыйдың қалың қолының негізгі күштері Карпат тауларының асулары арқылы Венгрия жеріне лап қойды. Венгрияның королы Белы ІV-нің алты мың адамдық қолы Шайо түбіндегі ұрыста жеңіліске ұшырады (1241 ж. 11 апр.). Венгрияның астапасы Пешт қаласын монғол әскерлері алып қиратты. Елдің едәуір бөлігін ойрандады. Монғол әскерлерінің бір отряды Польша жеріне кірген болатын. Бұл отряд Легница түбінде поляк, неміс князьдарының жасақтарын талқандады. Поляк, морав, словак жерлерін монғолдар тонап алды. Монғолдардың жекелеген отрядтары Шығыс Чехия жеріне кірген болатын. Бірақ король Вацлав І-нің әскері оларды тойтарып тастады. 1241 жылдың аяғында монғол әскерінің бәрі Венгрияға топтастырылды. Өйткені мұнда халық бұқарасы жаулап алушыларға қарсы күресті тоқтатпай жүргізіп жатқан. Батысқа қарай келесі шабуылдарды жасау мақсатымен Венгрия даласына берік орнығуды көздеген Батыйдың ниеті жүзеге аспады. Сондықтан ол Австрняны, Хорватияны басып Адриатика тенізіне қарай беттеді. Теңіз жағалауындағы қамалдарды қоршап, шабуыл жасаған әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін 1242 жылдың күзінде Батый Босния, Сербия, Болгарияны басып кейін шегіне бастады. Сонымен монғолдардың Орталық Европаға жасамақ болғап жорығы аяқталды. Батыста, Кіші Азияда және таяу Шығыста монғол шапқыншылығы едәуір ұзақ уақыт жүргізілді. Закавказьені жаулап алғаннан кейін (1236), монғол әскері Рум сұлтанатын талқандады. 1256ж. Хулагу Иран мен Қос өзен жерін алды. 1258 ж. Араб халифатының астанасы Бағдат қаласы алынды. Монғол әскерлері Сприяға кірді. Сөйтіп Египетке жорық жасауға әзірленді. Бірақ 1260 ж. Египеттің сұлтанынан жеңіліп қалды. Сөйтіп монғолдардың батысқа жасаған шабуылы аяқталды. ХІІІ ғасырдың 2-жартысында Монғол шапқыншылығы Шығыс Азия мен Оңтүстік – Шығыс Азияға бағытталды. Монғол әскерлері Оңтүстік Сунь империясының айналасын қоршаған елдерді басып алды. Дал мемлекетін 1252-53 ж., Тибетті 1253 ж. алды. 1258 ж. Монғол әскерлері әр тұстан Оңтүстік Қытайға баса көктеп кіре бастады. Ұлы хан Мөңкенің кенет қайтыс болып кетуі (1259) Оңтүстік Сунь империясын жаулап алу жорығын кейінге қалдырды. Жаңадан сайланған Ұлы хан Хубилай (Құбылай) тұсында ғана монғолдар Оңтүстік Қытайды жаулап алды (1267-79). 1281 ж. монғол феодалдары Жапонияны жаулап алмақ болды. Жапония жағалауына 100 мың әскермен мың кеме жіберілді. Бірақ бұл флот тайфунга ұшырап, қиратылып қалды. Оңтүстік-Шығыс Азияға қарсы бағытталған экспансия да монғол феодалдарына сәтті болып шықпады. Бұл жақтағы жорыққа олар Қытайдың әскері мен флотын да пайдаланып көріп еді. Монғол-қытай әскерлері бұл жақтағы бірнеше жорықтардан кейін (1277 ж. екі рет, 1282 ж. және 1287 ж.) Бирманы алған болатын. Бірақ көп кешікпей одан қуылды (1291). Монғол-қытай әскерлері мен флоты бірнеше рет вьетнамға шабуыл жасады (1257, 1258, 1284, 1285, 1287-88). Бірақ вьетнам халқын бағындыра алмады. Тьямпу мемлекеті де (Оңтүстік-Шығыс Үндіқытайда) өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Ява аралын жаулап алуға монғолдар мың кеме, 70 мың адамдық десант жібергенімен, монғолдардың бұл жорығы аса сәтсіз аяқталды. Монғол шапқыншылығы 1300 ж. Бирмаға жасаған жорықпен аяқталды. Осыдан кейін монғол феодалдары белсенді соғыс қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп жаулап алынған елдерді жоспарлы түрде қанауға кірісті. Ол үшін қытайдың тәжірибесін, қытай әкімшілігін пайдаланды. Қазақ халқы батыр бабаларының монғол жаулап алушыларына қарсы қаһармандық күресінің жалғыз мысалы ғана емес. Осы жеңілістен кейін де қыпшақтар күресті тоқтатпады: «…Мұсылмандардың жыл санауы бойынша хиджраның 639 жылына сәйкес келетін барыс жылында (1241-1242 жж.) кыпшактар көп колмен Жошының ұлына соғыс ашып, шайқаста қыпшақтар жеңіліске ұшыраған…». Монғол жаулап алушылары жаулап алу барысында құралдардың ауқымды амалдарын, әскери тәсілдерді де, дипломатиялық тәсілдерді де, тыңшылықты, психологиялық соғыс құралдары ретінде үрей таратуды, арандатушылықты, кепіл алу жүйесін түгелдей дерлік пайдаланды — жылнамаларда бұған дәлелдер жетіп артылады. Монғолдар шапкыншылығы барысында Қазақстан аумағында бір бөлігі Монғолиядан қуып жіберілген наймандар мен керейіттер, сондай-ақ басқа аймақтарда — Орта Азиядагы хорезмшахтар мемлекетінде. Иранда, Ауғанстанда, солтүстік Камказ және оңтүстік орыс далаларында мекендеген қыпшактар мен қанлылар ең ауыр соққы көрді. Олар Хорезммен, Русьпен, Солтүстік Кавказ тұрғындары — аландармен (астармен) одақтасып, монғол жаулап алушыларына табан тіресе қарсылық көрсетті. Жетісуда тұратын қарлұқтар, сондай-ақ қыпшақтардың, қаңлылардың, наймандардың, керейіттердің Шыңғыс-ханға қарсыласпай, бірақ жаулап алудан қорқып бағынған бөліктері де монғолдардың басқа елдерге қарсы жаулап алушылық соғыстарына қатысу салдарынан елеулі шығындарға ұшырады. Монғол шапқыншылығы Қазақстан үшін де, жаулап алынған басқа елдер үшін де асқан зор апат болды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғыс-хан жаппай террор мен зорлық-зомбылық, тұтас аудандарды ойрандау әдістерін қолданды. Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоныстары сол әдістердің алғашқы құрбаны болды. Халкын монғолдар толық жойып жіберген түрлі елдер қалаларының қатарында Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы — Отырар, Сығанақ, Ашнас аталады. Сөйтіп, монғолдар жаулап алумен қатар адамдарды жаппам қырып-жойып, өндіргіш күштерді қиратты. матерпалдық және мәдени құндылықтарды жойып жіберді. Ан-Нисавидің айтқанындай, «адамдар бұрынғы ғасырларда, жойылған мемлекеттер заманында құлақ естіп, көз көрмеген апаттардын куәсі болды». Монғол шапқыншылығын — орта ғасырлардағы асқан зор қасіретті көзімен көргендердің куәлігі осындай. Монғол шапқыншылығы Азия мен Шығыс Европа елдерінің халықтарына орасан зор апат әкелді. Жергілікті халықтарды жаппай қырғынға ұшыратты, көптегеп территорияларды құлазытып кетті, қалаларды қиратты, егін шаруашылығын, әсіресе суармалы егіншілікті аудандарда бұл кәсіпті мешеулендіріп, әлсіретіп кетті. Монғол шапқыншылығы сол замандағы монғолдың феодалдық империясының қол астына қараған елдерде әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесін ұзақ уақытқа бөгеді.
Монғолдардың билеп-төстеуінде. От пен оқтың күшімен алып империя құрған Шыңғыс-хан өзінің әр ұлына үлес бөліп берді. Қазақстанның кең-байтақ жері оның үш үлкем ұлы арасында бөлінді. Ертістің батыс жағындағы үлкен (далалық) бөлік, Жетісудың солтүстік бөлігін және бүкіл Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстанды қамти отырып, төменгі Еділ бойын қоса, одам әрі «татар (монғол) атынын түяғы тиген жерлерге дейін» Жошы ұлысының (Алтын Орданың) құрамына кірді, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, яғни Жетісудың үлкен бөлігі Шағатай ұлысына. солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына берілді. Бүкіл билік бірте-бірте ұлыс билеушілеріне толык көшіп, империя дербес мемлекеттерге ыдырап кетті. Оның ыдырауына құлдыққа түсірілген халықтардың монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер мен халықтарды өзіне қарудың күшімен қаратып алған империяның берік болмауы. құрамалылығы, шексіз-шетсіз қырқыстар, экоиомикалық байланыстардың, ортақ мәдени дәстүрлердің жоқтығы себеп болды. 1252 жылы Алтын Орда ханы Батыйдың қолдауымен Төленің ұлы Мөңке империяның басшысы болып жарияланды. Ұлы хан Мөнке мен Жошы ұлысының ықпал өрісі арасындағы шекара Шу және Талас өзендері арқылы өтті. XIII ғасырдың 60-жылдарында империяның бірлігі ыдырауға бет алды. Мөнке-хан өлгеннен кейін оиың інілері Арыкбұқа мен Құбылай ұлы хан тағы үшін соғыс бастады. Соғыс кимылдары Жетісу жерін де қамтыды. ХIII ғасырдың 60-жылдарында Арықбұқа жауынгерлерінің халыққа қысым жасағаны сонша, Іле аңғарында ашаршылық болып, талай өмірді кыршынынан қиды. Шежіреші Махмұд ибн Уәли өзара қырқыс соғыстар туралы былай деп жазды: «Сол кезде көптеген адамдар қырғын тапты, аймақтар қаңырап қалды, ал егістік жер кеуіп кетті. Шайқастарда жауласушы жақтардың екеуіде көп жауынгерлерінен айрылды. Олардың екеуінінде қазынасы таусылды, қалалар мен құрылыстар қиратылды, ал адамдар оларды тастап кетіп, қаңғыбастарға айналды». Сөйтіп, Шыңғыс-хан шабуылының өзінде зардап шекпеген Жетісу қалалары Шыңғыс ұрпақтарының өзара қырқысы кезінде қиратылды. Жазбаша деректемелер меи археологиялық айғақтар өлкеде монғолдар үстемдігі орныққаннан кейінгі алғашқы онжылдық ішінде-ақ Жетісуда қала және отырықшы-егіншілік мәдениетінің құлдырап, егістік үшін игерілгеи жерлердің жайылымдарға айналдырылганын дәлелдейді. Қала мәдениеті дамыған және отырықшы-егіншілік пен көшпелі шаруашылығы бар, бір кезде гүлденген, халықтығыз тұратын Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы өзінің бұрынғы экономикалық және мәдени маңызын тез жоғалтты. Мұның бірнеше себебі болды. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан монғол жаулап алушылары үшін манызды стратегиялық аймақ саналды. Жетісу үш монғол ұлысына қарап, тұтастығынан айрылды. Монғолдар жаулап алғаннан кейін ондаған жылдар бойы оған Орталық Азиядан көптеген көшпелілер ағылып келді, мұның өзі егістіктің, өнделетін жер көлемінің күрт қысқаруын туғызды, отырықшылық есебінен көшпелі тұрмысты күшейтті. Қоныстардың қиратылуы, егістіктердің мал тұяғының астында қалып тапталуы, бау-бақтардың, суландыру жүйелерінін жойылуы, отырықшы-егінші халықтың қырып-жойылып, босқынға ұшыратылуы, оның Оңтүстік Қазақстанның Шыңғыс-хан жорығы кезінде-ақ қиратылған қалаларымен экономикалық байланыстарының күрт қысқаруы — осының бәрі Жетісудағы қалалар тіршілігінің экономикалық негізін бұзды. Соның салдарынан ертедегі қалалық және отырықшы-егіншілік мәдениеті бар Оңтүстік-Шығыс Қазақстан XIV ғасырдың ортасына қарай көшиелілер аймағына айналды. Монғол шапқыншылығы Қазақстан аумағында халықтардың құрылуын күрт тежеді. Ірі тайпалық топтар қоныс аударды. Кыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір шегіне көшіп кетті, шығыс пен солтүстік-шығыстан жаулап алушылар кудалаған наймандар мен керейіттер де сол жаққа қарай қозғалды. Көптеген қыпшақтар Жерорта тенізінен Үнді мұхиты мен Тынық мұхитқа дейінгі елдерге қоныс аударды. Амалсыздан кешу монғол билігі орнағаннан кейін де орын алды. Монғол шонжарларының жақсы жайылымдарды басып алуы әсіресе Шығыс Қазақстан мен Жетісуда олардан байырғы халықтың ығыстырылып шығарылуына әкеп соқпай қоймады, ал монғолдардың өздері басып алған аумақты ұлыстарға бөлуі этникалық жағынан туыс топтарды екінің бірінде ажыратып жіберді. Монғол шапқыншылығы Қазақстанның түрік халқының құрамы мен антропологиялық бітіміне онша елеулі болмаса да, белгілі бір ықпал етіп, онда монғолоидтік сипаттарды күшейте түсті. Алайда, Қазақстан аумағында өздері кұрған ұлыстар халқының шағын бөлігі болған монғолдардың өздері жергілікті түркі тілдес халықтың жалпы бұқарасымен тез сіңісіп, оның тілі мен ғұрпын қабылдады. Тек ең жоғары дәрежелі монғол шонжарлары, хан үйі, ханзадалар тіпті түріктерге айнала отырып, өздерінің монғол тегін мақтан етті. Алтын Орда халқы негізінен қыпшақтардан құралды, орыс жылнамалары осылай деп көрсетеді. Деректемелердін мағлұматтары бойынша, Алтын Орда ханлары «қыпшақтардың патшалары» деп аталған. Монғолдардың жаулап алуы барысымда Монғолиядан Қазақстанға қоныс аударған елеулі этникалық топтар ішінен, наймандар мен керейіттерден баска, қоңыраттар мен жалайырлар белгілі. Олар өздерінің атын сақтай отырып, жергілікті түрік халқына қосылып кетті.
Монғолдар жаулап алуынын әлеуметтік зардаптары. Монғол жаулап алушыларының шапқыншылықтары, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағына көшпелілердің едәуір мөлшерде қоныстандырылуы, монғолдардың феодалдық шонжарларынын саяси үстемдігінің орнатылуы, ақырында, монғол ұлыстарындағы үздіксіз қырқыстар қала мәдениетінің құлдырауына әкеп соқты, аймактың шаруашылық құрылымын түбірінен өзгертті. Монғолдардың жаулап алуы қоғам дамуын тежеді, Қазакстаннынң әлеуметтік-экомомикалық құрылысында айтарлыктай кері кетушілік туғызды. Монғолдар бағындырған аймактарда құл иеленушілік — тәртіп кеңінен таралды (жүз мыңдаған тұткындар құлдарға айналдырылды), феодалдық қатынастарда ең артта қалғаи турлері орнықты. Жаулап алынған елдерде, атап айтқанда, жер үлесінің, шартты түрде жерді сыйға тартудың дамыған жүйесі бар феодализм әлдеқашан үстемдік еткен Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда монғолдар қоғамдық қатынастарға ешкандай жаңалық енгізген жоқ. Бағындырылған отырықшы-егіншілік аймақтар халқын ешбір шектеусіз жыртқыштықпен канауды жалғастыра беру мүмкіи еместігіне уақыт өте келе көз жеткізген монғол билеушілері жерді иелену мен пайдаланудың түрлерін үйренуге мәжбүр болды. Феодалдық қатынастар қалылтасу сатысында болған далалық мал шаруашылығы аудандарында монғолдардың жаулап алуы патриархаттық ғұрыптар пердесімен буркемеленген ең мешеу феодализм түрлерінің орнығуы мен сақгалып қалуына әкеп соқты. Бағындырылған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс ұрпактарының ұлыстарына кірді, олар монғол феодалдық ақсүйектерінін жаңа үлестері мен жаңа әскери бөліністерін құрады. Бөлініс жергілікті халыктың рулық-тайпалық құрылымын ескере отырып жүргізілді, мұның өзі оның ұзак уакыт бойы орнығып қалуыма жәрдемдескен маңызы зор фактор болды. Бағындырылған халыққа ауыр алымдар салынып, міндеткерліктер жүктелді. Әскери міндеткерлік ерекше ауыр болды — халық монғол әскеріне жауынгерлер беріп отыруға міндеітелді. Отырықшы халық та әскери қызмет атқаруға тиісті болды. Мал бағатын көшпелі халық хан сарайы мем өздерінің тікелей мырзаларьның пайдасына құшыр төлеуге міндетті болды. Отырықшы халық жер салығын (харадж) төледі. Әскерлерді астықпен, малмен және басқаларымен жабдықтауға арналған алым-тағар, «төтенше салық» (аваиз) және басқа көптеген салықтар белгіленді. Зерттеушілер монғолдар белгілеп, жер-жерден алынып отырған алымдардың түрі кемінде 20 екенін есептеп шығарды144. Салық жинау хақы сатып алынатын болды; бұл хақыны сатып алушылар салықты аяусыз жинап, оны белгіленген нормасынан көбейтіп, қайталап жинайтын болды. Сатып алу жүйесі еңбекшілерді зор ауыртпалыктарға ұшыратты. Ямдарды (почта бекеттерін) ұстауға байланысты почта міндеткерлігі мен тұрғын жай беру де ауыр шығын болды. Белгілі бір жерде орналасқан монғолдардың әскер қолын киім-кешекпен және азық-түлікпен жабдықтау міндеті де халыққа жүктелді. Бұл міндеткерліктердің ауырлығын қиянат жасаушылық одан әрі күшейте түсті. Ауыр салықтарымен езгіге салу халықтың жаппай күйзелуіне әкеп соқты. Шыңғыс-ханның жаулап алу саясаты бағындырылған халықтар үшін қасіретке айналды. Шыңғыс-хан мен оның мұрагерлерінің соғыстары жаулап алынған елдердің өндіргіш күштерін құлдыратты. Сонымен бірге бәрі бірдей біртектес болған жоқ. Шыңғыс-хан империясының мұрасы XVI- XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығынан да, сондай-ақ Орта Азияның, Сібірдің, Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың, Қырымның сол кезеңдегі түрік мемлекеттерінен де көрінді. Атап айтқанда, бұл қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылысынан көрініс тапты, онда сұлтандардың жоғары сословиесі хан тағын жеке иеленуге құқығы бар Шыңғыс-ханның ұрпақтарынан құралды. Өз кезінде Шыңғыс-хан Ясасының — монғол заңдары жинағының құрамына кірген және XVII ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында мағынасын жоғалтпаған халықтық ғұрыптың кейбір дәстүрлі нормалары қазақтардың заң ескерткіші «Жеті Жарғының» (Тәуке ханның «Жеті жарғысы», «Ережесі» немесе «Заңдары») бір бөлігі болуы ықтимал.
Қазақ мемлекеттілігінің өз негізінде дамығаны және Қазақстанда қоғамдық қатынастар дамуының нәтижесі болғаны күмәнсіз. Бірақ мазмұнынан айырмашылығы — оның түрі дәстүрлі болды, яғни ерте замандар мен орта ғасырлардағы көшпелі державаларда, атап айтқанда, Қазақстан мен Орталық Азия аумағында бұрынғы кезеңдерде болған мемлекеттік институттар түрінде өмір сүрді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақ совет энциклопедиясы, 8-том, 127-131 беттер.
- Қазақстан энциклопедиясы, 5-том.
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк, Алматы «Дәуір» баспасы,1994ж.) 100-108 беттер.
- Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Жолдасбайұлы, Сәйден. 1995 ж. Ана тілі газеті.
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (4 томдық археология институты, Алматы, Атамұра, 1994 ж.) 1 том, 440-449 беттер.