Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Қайнар Университеті
Реферат
тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиев
(1858 – 1931)
Орындаған: Жұмабекова М.
Тексерген: Манар Социалқызы
АЛМАТЫ, 2007 ж
Шәкәрім Құдайбердиев
(1858 – 1931)
Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен совет заманының өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік методология тұрғысынан объектнвті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік ашылған жағдайда ақын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы халық қазынасына айналып отыр. Қазақстан Коммунисттік партнясы Орталық Комитетінін Бюросында «Ақын Шәкәрімнің творчестволык мұрасы жөнінде» мәселе қаралып, құптау хабар жариялануын қалың жұртшылық аса ризашылықпен қарсы алды. Мән – маңызы ерекше осы документте былай делінген: «Шәкәрімнің әдеби творчествисы идеялық – тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де коркемдік қуатының молдығымен ерекше – ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы және ол ХІХ және XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы «үнсіздік» пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс». Казақстан Компартиясы Орталық Комитстінің Бюросы ұлы Абайдың талантты щәкірті және оның реалистік дәстүрін жалғастырушы Шәкәрімнің шығармаларын сыншылдық тұрғыдан қарай отырып игеру, сөйтіп оларды халыққа жеткізу жөнінде, оның «Түрік, қыргыз, казак һәм ханлар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» аталатыл кітапшаларынан басқа барлық шығармалары еңбекшілер тәрбиесіне зардап тигізерлік зиянды идеялардан мүлдем ада екені өз алдына, олардың қоғамымызды рухани байыту ісіне, оның гуманистік және адамгершілік мүраттарын бекітуге қызмет ететіндігі туралы комиссия ұсынған тұжырымдар мен ұсыныстарға келісті. Ақынның уақытша жаңылысуы мен қателесуіне келсек, бұл оның дүние танымындағы белгілі бір шектеуліліктің көрінісі ретінде бағалануы керек». Өткенде қиын жағдайларда өмір сүріп, халыққа аянбай еңбек еткен бірсыпыра асыл адамдардың қатарында енді Шәкәрім Кұдайбердиевтің бейнесі биіктей бермек. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX гасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухаии, мәдени, әдеби өміріне кейде айтарлықтай белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтык, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра калдырған Шәкәрім Кұдайбердиев еді. Ол — әрі ақын, әрі прозалық, әрі аудармашы, философ, тарихшы, біршама журиалистикаға да араласты. Шәкәрімнін бай әдебй мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой іздсністері, толғамды тұжырымдары із қалдырды. Оның 78 жас өмірініц көбі — 60 жылы Октябрь революциясынан бұрын, ал 13 жылы совет дәуірінде өтті. Шәкәрім өмірінің алғашқы он бес – жиырма жылы саналы өмірге дайындық кезі деп есептелсе, оның қоғамдық өмірге араласуы рухани шындалып, әдебиетке ден қоюы өткен ғасырдыц 80—90-жылдары басталған еді. XX ғасырдың алғашқы кезеңінде қазақ қоғам дамуының ішкі заңдылықтарына қарап әлеуметтік, таптық қайшылық, қақтығыстар, курес – тартыстар шиеленісте, бұрын қалыптасқан коғамдық ой – сапа тынымыз ізденісте болып, көркем сөз салмағы мол ықпалы да молая түскен щақта Шәкәрім әдеби өмірге қулшына араласып, ұлт — әдебистінде Шоқан, Абай, Ыбырай сйяқты үш алып орнықтырған арна — дәстүрлерді өнімді жалғастырушы бола алды. Шәкәрім шығармаларының дені Октябрь революциясына дейін жазылып. біразы баспада жарияланып, көпшілік назарына іліккен, жоғары бағаланған. Октябрь революциясына дейін оның бірнеше кітаптары жарық көрді: «Түрік. қырғыз, қазақ һам ханлар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» Орынборда 1911 жылы басылды, «Қазақ айнасы» өлсңдер жинағы, «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек» поэмалары Семейде 1912 жылы жарияланды. Осы жылдары Шәкәрім «Айқап» журналы мен «Қазақ» газстінде көтерілген мәселелерге белсене араласып, бірнеше мақалалар жазды. Оның «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын», «Біздің мұқтаждарымыз» мақалалары «Айқап» журналының 1912 жылғы 3—4 басылымында басмлды. «Жазу мәселесі», «Барша кырғыз білімділеріне ащық хат» блұар 1913, 1914, 1915 жылдары «Казақ» газетінде жарияланған еді. Бұл туындыларды зиялы қауым қалай Кабылдайды, Шәкәрімге қандай үміт артқаны туралы да деректер сақталған. Октябрь революциясы әкелген жаңа дәуірдің жаңалықтары, дүрілдей келген өзгерістер, бірі қирап, бірі түзіліс тауып жатқан құбылыстар алсында Шәкәрім әлдебір себептермен ауытқулар ықпалында бола тұрса да негізінен бұрын қалыптаскан гуманистік, демократтық, ағартушылық көзқарасына, прогресс жолына қызмет ету мақсатына борілгендік, бекемдік танытты. Слвет дәуірінде Шәкәрімнің бірсыпыра шығармалары жарық көрді. «Абай» журналының 1918 жылғы 3—4 санында екі мақала, «Хафизден аударма», Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасынан аударған нұсқасы алғашқыда «Шолпан» журналының 1922 — 1923 жылғы 2–8 сандарында, кейін жеке кітап болып С.Сейфулиннің алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы шықты. Соңғы жылдары Шәкәрімнің бір топ өлеңдері 1959 жылы «Казақ әдебиеті» газетінде және Леиинградта шығатын «Ақын кітапханасы сериясының «Қазақстан ақындары» жинағында 1978 жылы алғаш рет орысша аударылып басылды.
Шәкәрім Құдайбердиевтің бұрын жарық көрген шығармаларының Казақ ССР Ғылым академиясының ғылыми кітапхана қорында сақтаулы қолжазбалары мен оның баласы Ахат жинаған материалдардың негізінде М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер ннститутының әдебиет тарихы бөлімі ақынның таңдамалы шығармалар жинағын баспаға дайындады.
ПІәкәрім Құдайбердйев мұрасын зерттегенде бұл қазынаға марксизм – леннинизім ілімі турғысынан қарау кажеттілігі ерекше ескерілуі керек. Бірыңғай мадақтаушылыкқа, сыңаржақ даттаушылыққа салынбай, ақын мұрасына объективті, ғылыми талдау жүргізіліп, әдебиет тарихынан өзіне лайықты орын алатындай шын баға берілуі қажет. Ондай зерттеуге ақынның көркем туындылары, революциядан бұрын және кейін, басылған шығармалары мен Қазяқ ССР Ғылым акадсмиясы Орталык ғылыми кітапханасыиың қорында сақтаулы бірен – саран қолжазбалары негіз болады.
Шәкәрім рсволюциядан бұрын сыншыл реалист ақын ретінде қалыптасты, ой — өрісі, идеялық мақсат – мұраттары жағынан демократты халықтық, гуманисттік – ағартушылық бағытты өмірінің соңына дейін ұстанды. Шәкәрім творчестволық қызметтің бірнеше саласында — поэзияда, прозада, аудармада, трактат жазуда, журналистикада үлкен мұра қалдырды. Ш.Қүдайбердиевтің бай әдеби, тарихи мұрасы марксизтік– ленниндік методологиялық тұрғыда жан – жақты объективті, ғылыми терең зерттеулі қажеттілігі аян.
Сол cияқты Құдайберді туралы да деректер табылып калуы мүмкін. М.О.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Ңұдайберді мен Абай арасындағы жылы қарым – қатынас суреттелген. Онда Құдайбердің ауырып, төсек тартып жатқан кезі, оның көңілін сұрап Абай келуі, ағалык – інілік көңіл – күй көріністері, қадірлес қимас ағасының шиеттей балаларына Абай қамқор болатыны бейнеленген. М.О.Әуезов: «Карашоқыдағы қыстауға келген соң, Абай ең әуелі әкесіне бармай, Күнкенің үйіне кірді. Мұнда Абайдың ең жақын көретін туысқаны Құдайберді көптен бері наус болатын. Алдымен соған амандасып, жайын білмек» — деп жазды. О.М.Әуезов суреттоуіне қарағанда, Құдайберді сабырлы, ұстамды, ойлы, әкесі Құнанбайдың ел билеу ісіне сын көзбен қарайтын, жас інісі — Абай тартыс – жала, сұмдықтарға ілігіп кетпесе екен деген қамқор көңілді, ізігі жүректі адам болған. М.О.Әуезов: «Құдайберді өлерде Абай оған: «Балаларыңды әке орнына бағу қарызым болар»,— деп «жетімдік көрсетпепсін» деп ант еткендей болатыл. Айтқанындай, Абай содан бері Құдайберді балаларын өзімен туысқан Оспаннан да, өз балаларынан да қатты еркслететін — деп жазды. Шәкәрімнің анасы Дәметкен туралы мәлімет аз. М.О.Әуезовтің «Абай жолы» ромаиындағы деректерге қарағанда, ол Құдайбердінің бәйбішесі, Дәметкеннің басқа да ұлдаріл болған.
Құдайберді 1866 жылы, 37 жасында дүниеден өткен. Құианбай үлкен ұлы Құдайбердінің аты өшпесін деп оның баласы Шәкәрімге фамилия ретінде жаздыруы мүмкін. Немесе, Шәкәрім жеті жасында әкеден айрылғангда оның бейнесін жадында сақтап, есейгенсін әкесінің атын фамилия етіп алды ма, әлде Абай кеңес берді ме ол арасы беимәлім. Озі тірі кезінде жарияланған еңбектері мен кейбір мақалаларында «Құдайбердіұлы Шәкәрім» немесе «Құдайбердин» деп қол қойылған, Құдайбердиев болып қашаннан жазылғаны, кім жазғаны да белгісіз. Бұл, әрине, кішігірім ғана мәселе болып көрінгенінен ғылым, тарих, әдебиет өкілдерінің өмірбаяны мен қызметіне катысы бар әр дерек, мәлімет далділік, бірыңғайлық қажет ететіні ескерілуі шарт.
Шәкәрім өмірінің бірлаз жайы өз шығармаларында, әсіресе, «Мұтылғанның өмірі» деген помасында жазылған.
«Бесімде оқу білсін деп,
Ата – анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп
Түскендей болдым абаққа.
Ардақта кенже жетім деп
Әлпештейді мені көп,
Надандыққа болды сеп
Қапқай ешкім қабаққа,» —
Деп бастайды ақын осы өлеңін. Шәкәрім «Түрік, қырғыз, қазіақ, һәм ханлар шежіресінде» былай деп жазды: «Мен пақыр өз әкем нлпчі пщ үлық атамыз хажы марқұмиың тәрбиесілде қалсам да. бурынлаи ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғанда хажы марқұм мені «жетім» дсІІ аяп, цысып окыта алмай, жетімді сылтау қылып, ойыма но кслсе, соііы істеп ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат таныи қалдым . Шәкәрім біраз уақыт жастық қызыгыла түсіп, ойыл-сауыққа, серілікке үйір болған, домбыра, гармонь тартатын өнері де бар, саяттық та қызықтырған. Жастық кездің желікторік ол кейін өкіне сске алады. Алайда, ол білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп. өз бетімен оқып, үйреніп, рухани қазыналарға көп үцілгсл. Өз елінің сөз мұрасына қоса, баска жұрт асылдары: меңгерген Шәкәрім Абай мектебінен өтеді. оның кеңес-ақылымен өлеңдер шығара бастайды, поэмалар жазады. Оның жетімдік, жоқшылық көрмей, сауатты да сергек өсуіне ұлы Абай қамқорында болуы.Қатты өсер еткен. Шәкәрім Абай аясында саналы, талантты ақыл болып қалыптасты. Ол Абайдың көзі тірісінде-ақ оиын, данышпан акын екендігін алғаш танып, өлең ериектерін арнады:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір. таусылмас мал берерлік Вір білімді данышпал жан табалық.
Ал, елді оляй болса, кІмдІ алалық, Казақта қай /кақсы бар, к-өз саларлық. Шын іздесек — табармыз шыны ғалым! ІКалыналық Абайға, жүр, баралық.
Шәкәрім өмірінің сесга жылдарьнда қалыптасқан аснеттерінің бірі — өз бетімен білім өрісін кеңейтуі, бірнеше тілдерді: араб, -Түрік, парсы, орыс тілдерін меңгеріп, қазына қорына еркін бойлап, осы тілдердегі шығармалардың кейбірін қазақ тіліде аудару өнерін игеруі екенін айтқанбыз. Адамдардың сана-сезім мәдениетін көтеру, оқу-өнерге ынталандыру мақсатымен Шәкәрім тала төл шығармаларымен қоса, басқа.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Шәкәрім шығармалары» Алматы «Жазушы» 1988
«Қазақ Совет Энциклопедиясы»