Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов (1835—1865) жаңа ұрпақтың аса көрнекті зерттеушісіне айналды. Шоқан 12 жасына дейін жеке кісінің мектебінде оқыды. Сол кездің езінде-ақ оның қабілеттілігі айқын көрінді. 1847 ж. күзінде Шоқан Омск кадет корпусына оқуга түсті. Мүнда оқушылар көптеген жалпы білім беретін пәндер бойынша: географиядан, тарихтан (Ресейдің және жалпы), орыс және батыс әдебиетінен, философия негіздерінен, зоология мен ботаникадан, физикадан, математикадан, геодезиядан, қүрылыс енері мен сәулет өнері негіздерінен білім алды. Ол осында Палластың, Рычковтың және басқа зерттеушілердің шығармаларымен танысты. Омскіде болған кезінде орыстың аса көрнекті жазушысы Ф. М. Достоев-скиймен және соның досы революционер-демократ С. Ф. Дуров-пен кездесулері оған өшпес әсер қалдырды.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін 1853 ж. Ш. Уәлиханов Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберілді. Көп кешікпей ол адьютант ретінде Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омскіден Іле Алатауына дейінгі сапарында онымен ере жұрді де, сол уақыттары көптеген тарихи әңгімелерді, аңыздар мен әндерді жинап, жазып алды.
1856 ж. көктемінде Шығыстың болашақ зерттеушісінің өмірінде оның будан арғы тагдырын көп жағынан айқындаган айрықша мәңді оқиға болды. Ол мұның ғылыми талпыныстарын жоғары бағалап, шығыстанудың маңызды проблемаларын зерттеуге бағыттаған аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. П. Семеновпен танысты. Сол жылы Шоқан Уәлиханов Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.
1857 ж. Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қоныстарын аралап, солардың өмірлері мен әдет-ғұрыптарын, тарихын, этнографиясын, халықтың ауызекі әдебиеттін зерттейді. Осы сапарында ол қыргыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алады. Уәлиханов Шығыс халықтарының материалдық модениетінің ескерткіштеріне ерекше назар аударды. Ыстықкөлғеэкспедиция жасаған кезде ол тапқан ежелгі егін суару жүйелерінің қалдықтары, сәулет өнерінің ескерткіштері, ертедегі қалалардың қирандылары оны бүрынғы ғасырларда Жетісу өнірінде оты-рықшылық пен бірқатар қалалардың болғандыгы жөнінде қорытынды жасауға алып келді.
Көрші халықтар тарихымен айналысу оған қазақ халқының ежелп және ортағасырлық тарихын зерттеуге көмектесті. Алғашқы экспедициялар кезінде жинастырған материаддарын терең талдап және салыстыра отырып, ол «орта ғасырларда мұндағы отырықшылық (Қырғызия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі) Іле алқабында күшті тараған» деген қортынды жасады. Ыстықкөлге экспедициясы кезінде Уәлиханов ғылыми деректермен бірге, жаңа дәуірдің үлкен коллекциясын жинады..) осы сапарының нәтижесінде: «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы», «Қырпяздар туралы жазбалар» деген толық қанды тарихи-этнографиялық шығармалары жарық көрді. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аударды, сөйтіп 1857 ж. ақпанында оны қоғамның толық мүшесі етіп сайлады.
1858 ж. Қашғарияға жасырын баруы Шоқан Уәлихановтьің гылыми қызметінің жаңа кезеңі болды. Марко Поло мен сұрқия Геостан (1603) кейін осы атағы аз шыққан елде бірінші рет болып ол: «Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бүхария) шығыстық алты қаласының жағдайы туралы (1858—1859 жж.)» әйгілі шығармасын жазды. Оның бұл еңбегін Ресейдің және басқа елдердің шығыстанушылары жоғары бағалады әрі көп кешікпей ағылшын тілінде басылып шықты.
Жиһан кезудің ауыр жағдайлары, жүйкенің зорлануы және жолда кездескен мұқтаждықтар жас ғалымның денсаулығына әсер етпей қалмады. Үйіне оралысымен Ш. Уәлиханов науқасқа ұшырады. 1860 ж. Соғыс министрінің шақыруымен Қашғарияны зерттеуші Петербургке келді. Мұнда ол ержүрек жиһанкез әрі Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірінің білгірі ретінде қарсы алынып, орденмен наградталды және шені жөнінен жоғарылатылды.
Петербургте аз уақыт болу (ол мұнда бір жыл тұрды) Уәлихановты рухани байытты және оның демократиялық кезқарастарын нығайтты. Ол қоғамдық өмірдің қалың ортасына сүңгіп, кең тынысты қызметгерге беріліп кетті. Бас штабтың Әскери-есеп комитетінде, Азиаттық департаментте және Географиялық қоғамда жұмыс істеді. Орта Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын құрастыру, Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеу, энциклопедия баспасында көмекшілік жұмыс атқару (онда мұның «Абылай» деген әйгілі мақаласы бірінші рет басылды), шығыс қолжазбаларын зерттеу, Орыс географиялық қоғамында шығыс тарихы жөнінде лекциялар оқуміне, осының бәрі оның Петербургтегі өмірінің мазмұнын құрады. Осы кезенде Шоқанға профессор А. Н. Бекетов, «Орыс географиялық қоғамы жазбаларының» редакторы, шығыстанушы, дипломат және публицист Е. П. Ковалевский, әйгілі ориенталист-ғалымдар В. В. Григорьев, В. П. Васильев және В. В. Вельяминов-Зернов зор ықпал етті. Орыс географиялық қоғамының вице-президенті П. П. Семенов-Тяньшанский Уәлихановқа үнемі
қолдау керсетіп, онымен достық қарым-қатынас жасап тұрды. Петербургте Уәлиханов өзінің досы Ф. М. Достоевскиймен қайтадан кездесті. Оның петербургтік достары арасында А. Н. Майков пен Я. П. Полонский, ағалы-інілі В. С. және Н. С. Курочкиндер болды. Бұлар «Жер және еркіндік» қоғамының мүшелері еді. Әр дәрежелі әдебиеттік орта қазақ оқымыстысының дүниетанымын кеңейтті, оған Ресейдің революциялық жағдайы кезеңіндегі қоғамдық өмірінің оқиғаларын жақсы айыра білуіне жәрдемдесті.
Тарихқа деген қоғамдық ынта-ықыластың дамуында және интеллигенцияның тарихи көзқарастарының қалыптасуында үлкен рөл атқарған «Современник», «Русское слово», «Эпоха», «Отечественные записки», «Время» және басқа әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналдарды Уәлихановтың үзбей оқып отыруы оның демократиялық көзқарастарының орнығуына жағдай туғызды.
Петербургтің ылғалды климаты Шоқан Уәлихановтың денсаулығына жаман әсер етті. Ол астананы тастап кетуге мәжбүр болды.
Омскіге келген соң Уәлиханов үкіметтің даладағы жергілікті басқаруды қайта құру шараларына тікелей қатысты, оған бірқатар нақты үсыныстар мен сипаттамалар енгізді. Бұл жөніндегі негізгі пікірлері оның өкімет атына жолдаған: «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы жазба» деген бірқатар «Жазбаларында» көрініс тапқан. 1864 ж. көктемінде Уәлиханов Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аймағын Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысады. Штабсротмистр шенінде ол бас командование жанында тілмәштік қызмет атқарды. Осында қызметтік борышын өтей жүріп, ол орыс өкімет орындарының жергілікті халықпен достық қарым-қатынастар орнатуларына, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздар арасындағы жайылымдар үшін болатын даулардың әділ шешілуіне септігін тигізді. Бірақ Шоқанның бұл саладағы іс-қызметі созылмады. 1864 ж. жазында ол отрядты тастап, Верныйға оралуға, онан соң албан руы қазақтарының аға сұлтаны Тезектін аулына кетуге мәжбүр болды. Сірә, осы кездің өзінде-ақ Уәлиханов жарықтық өмірдің ауыртпалықтарын көтере алмайтын халге жеткен сияқты. Тезек аулынан әкесіне жолдаған хатында ол былай деп жазды: «Шаршадым, еш нәрсеге әлім жоқ, сол бойы саудырап қалдым, тек сүйектерім қалды, көп кешікпей дүниені көре алмаспын. Маған енді өзімнің қымбатты туыстарыммен және достарыммен көрісу жазбаған шығар, бұл үшін ешқандай амал жоқ. Бұл менің соңғы хатым. Қош болындар, бәріңді құшағыма қысам».
Ш. Уәлиханов 1865 ж. наурыз айында Алтынемел қыраты баурайындағы Көшен-Тоған деген жердегі Тезек ауылында қайтыс болды.
Шоқан Уәлихановтың қызметін Орыс географиялық қоғамының және Ресей ғалымдарының атынан бағалай қеліп, шығыстанушы ірі ғалым И. И. Веселовский былай деп жазды: «Шығыстану ғылымы аспанынан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жарқыраған метеордай жылт етті. Орыс ориенталистері оның өмірге қелген таңқаларлық құбылыс екенін бірауыздан мойындады және одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күтті: бірақ Шоқанның мезгілсіз қазасы біздерді бұл
үміттерімізден айырды. Ол 30 жасқа да жетпей, өкпе ауруынан қайтыс болды».
Ш. Уәлиханов ғылми мұрасы Қазақстан мен өзге халықтардық кең ауқымды проблемаларын қамтиды, әне-солардың қай-қайсысын да шешуде оның құдыретті ғылми таланты айқын көрінді.