АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

Жоспары:  

  1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.

2.Адамдардың бірінбірі қабылдауы мен түсінуі.

  1. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі.

 

  1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік

       Адамаралық қатынас дегеніміз — қарапайым да күрделі проблема Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей; жеке және қызметгік дара және топтық тең құқықты және тәуелді, қарама—қарслықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек-көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенімі мен көдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы  әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жек көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса,екінішсін көргісі келмейді.

Егер ара қатынастар әрбір аданның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке  қатынастар атанын, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар — катынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

     Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіпр қалған адамдардың бірі екіншісіне  өзін алшақ ұстау  қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде  адамдар бір-біріне тікелей  жек көрушілік танытып,  арадағы мәселе бойынша  ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды  қатынастың ушығуынан.

     Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі- бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар.  Мұндай ара байланыстың  себебі  бір адамдағы екіншіге деген  өзара тікелей қарсы  екі бірдей эмоцияның : жек көрушілік  мен құрметтің қосарлана  жүруі.

Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кім де кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне дегем бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.

Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынасғарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшелінеді.

Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғынастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілікішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар

көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттын өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлаи түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.

       Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамынабара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындады.

Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынаста әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.

Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық ақ көңілдік, үйіршендік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік- қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.

 

  1. Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы , әдетте олардың бірін-бірі қабалдай алуы, түсінуі және бағалануына байланысты,  яғни тілдесу  нәтижесінде бір  адамның екіншісінің образы жөнінде  топшылаған ой-пікірі.

Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді.Ал тілдесе келе, оның әрекет-қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақта,адамның мінез бітістерінен, әрекет-қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын- мінез бітістері, екінші орында — адамнын сырт көріністері.

 

 Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер — адамның қажетсінулері әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.

Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алама, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ төңірегіндегі  ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оған көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады не сайқы-мазаққа телиді.

Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызыгушылыктың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамның қалыпты өмірі үшін өзін-өзі біле ал-мастықта, аса көп білу де сиыспайтын құбылыстар.

Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім.

Іс-әрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап сырттың  жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен де жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниетсіз психологиялық бейнемен салыстыраалса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани алады.

Есге ұстайтын жәйт, өз бағаңды қорытындылауда-толығымен басқалар пікіріне құлай түсу болмайды. Себебі өзіңіз ұнамды қатынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретін адамдар сізде бірде-бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін. Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мұндай саналық басқарудан айрылғап кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына обьектив  баға беріп, әрекетін байқастық қабілетінен айрылады.Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды  біріншікөргеннен  қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты  алғашқы әсердің  кейінгі әсерлерге  қарағанда күштірек  сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде  көп, әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.  

Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзіліс болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмтылады.

Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашқ оқиғаларды  алдын ала болжастыру қабілетіне ие.  Осыдан тұлға басталған  іс-әрекеттің  бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін  күні бұрын жоспарлайды.

Асыр сілтеу әсері адам  жөніндегі алғашқы бағанығң кекйінгілеріне  күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден  бірінші берілген  мінездеме қатып қалған , өзгермес күйге түседі.

      Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл жеке  адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы.

 

  1. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі.

 

Бірін-бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті асығыс қорытынды жсауға бейімшіл келеді.

Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге  баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге  байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс  атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабілетім жеткілікті деген жаңсақ ойдың  арбауында қалып қояды да нәтижеде назарға  алған адам жөнінде  қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі-заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.

Субъектив қателіктің мәні: нақты кезеңдегі  өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан , адам нақты  көріп тұрғанымен  естігеніне  сеніп қалады, ал көзбен  құлқ қабылдауы  әрқашан адамның жеке көңіл күйінің  жағдайны тәуелді.

Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің  әрекет –қылығы  мен бақылауындағы  адамның болмысына  нендей әсер етіп  жатқанын байқамауы мүмкін.  Ал адамөзінің  бақылау астында екенін сезсе , өзінің әдеттегі қалыпты қылықтарын  бұрмалап көрсетуге тырысады. Мысалы дәрігердің  сырқатты өзінің  қызмет кабинетінде қабылдауы  мен сол адамды кездейсоқ  көшедене демалыс орнында  кездестіріп,   тануы үлкен өгешеліктерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесіне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендіріп тұрған шеп болмайды.

Асығыс қорытынды жасауға  байланысты қателік мәні:  бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай , үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге   ниет еткен әрбір  адам өзін ұстамдылықпен , болжамы нақты  деректермен  айқындалмайынша , бақылауға алынған тұлға жөнінде  ой топшылаудан аулақ  болғаны жөн.

      Қателіктердің және бір тобы жалған  өарапайымдылықтан келіп шығады. Мұндай қтелік өзін-өзі шын мәнінде кім екенін  білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады., Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет-қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегеніннен , өзін дүниеден хабарсыз, не болса , соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса, соның арбауына түсіп кете береді.