Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.3.Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ес дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қаблеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан ізі қалып отырғандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғалымда ә[і нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстармен байланыстыра (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми сассасының алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту ұмыту.
Есте қалдыру дегеніміз – жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет: 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы; 3) есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсірерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұшырастыру; 5) қабылданған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық желісін табу; 6) қабылданған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл – ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Есте сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты.Бұл қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсәлдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез – келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін – мнемоника деп атайды. Бұл латын сөзінен шыққан. Мәнісі – жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі. Естің жемісті болу шарттары № 2, 3 сызбаларда көрсетілген.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет – қылығымыз санамызда бір шама уақыт( ұзақ қысқа) сақталып біршама мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Сонымен ес – бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьект жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г. Эббингуаз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты. Мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғырумен байланысты негізгі задар Г.Э. Мюбллер еңбектерінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне сапалы іс-әрекетне байланыстырылды, ал XIX ғ. Аяғы мен ХХ ғ. Басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, адамға да, жануарға да бірдей механизімдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізілген американ психологі Торидайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңғылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін байқастырады. ХХ ғ. Алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.
Ал естің ең жоғарғы, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жатқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формаларды тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да, жоғары формаларының пайда болуы мен даму септерін айқындау филосов – идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмады. (А. Бергсон)
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғылымы Л.С.Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізгі ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелденді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А.А. Смирнов және П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНҚ (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
1.2.Ес жайындағы теориялар.
Адам өзінің өмірінде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Сонымен адамның бұрын қабылдағын нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылдағандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселерді есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілінгіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған – есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жормалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт – биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде да едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізгі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерін гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде обьектіні («материалдық») немесе «таза» сананың белсенділігін (субьектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.
Психологиялық тұрғыдан көзқарастар тобы – ассоциациялық (байланысты) бағыт делінме де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы – ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын а) әсерлер мынадай үш типке бөлінеді: ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк) – сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. Қарама – қарсылық ассоциациялар (ақ – қара; ұзын – қысқа т.б.) Мұндай ассоциациялық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған – ертедегі грек философы Аристотель (б.з. д. 384-322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықталады. Бұл ілім естің физикалық теориясы да жатады. Аталмыш теорияға естің фихикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайында терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не өзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде біріңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам – жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштерге тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімде есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатыман сабауқұйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген – білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселерді ізі-электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл малекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНҚ) делінеді. Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Келген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70-75 км – ге дейінгі көргендері мен кездестіргендері айта береді. Бірақ 75 км ден 95 км ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі – мағлұматтардың консолидаципя күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұгндай байланыстар психология ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақытпен кеңестіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екінші-олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшінші – қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы, төртінші – себеп – салдары қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциациялық. Бұл бағыттағы теорияны иұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм,Д. Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделші ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қаблетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстыра отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электірлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық құрылымдық белсенділік қандайда бір жолмен ағзадағы электр қуаттын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синанс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синансдың саны мыңдаған. Синанс негізіне екі түрде қызмет етеді, бірі -қоздырушы , екіншісі –тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуіде бірдей қозушы немесе тежелуші жүке элементердің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен боладыда ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымдардан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізгі жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды.Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНҚ (дизоксирибонуклейн қышқылы) малекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНҚ) нуклейн қышқылының малекуласымен орындалады. ДНҚ ағзаға тән әр немесе РНҚ игерілген тәжрибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалады. Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын малекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНҚ малекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНҚ малекласы бөліп алынады, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНҚ малекуласын қабалдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.
Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бір бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак – Коннел).
1.3.Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырды.
Тану – естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетен қайта жаңғыртудығы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.
Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылдаған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қортындылары арқылы да тудыруға болады.
Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету – жалқы, ал қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады. Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір – елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуан қасиет – белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет –ерекшеліктерін ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Ұмыту. Бұрын қабылданған матералдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз – есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылсуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: (Шіркін – ай, мен осындай шығарманың авторы болсам», — деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В.Скотт өз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңғылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмтылған байланыстар бұл кезде жаңғырып еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік сғыс кезінде немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.
Осы орайда, уақытша ұмытудың сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту – жүйке клеткаларындағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проктивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді.Мұдай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу – тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн.
Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысады тану сол обьекті қабылдау кезінде көрінеді, яғни обьектің қабылдануы адамда бұрынан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.
Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дәл біле алмай, тек шырамытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады; толық тануда субьекті қабылданып жатқан нәрсені қалтықсыз белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны танитын жөнінде қосымша айғақтар келтіріледі.
Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танысусыз ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді тікелей көрмесе, ол әлбетте, біраз қиналады.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз қойылып, екі үшті болса, баланың матералды еске түсіруіне кедергілік етеді. Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру – бұл әрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыьайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама борлып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуды аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақтылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда «ес деңгейлері» деп аталған кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтумен шәкірт жаттағанда түгелдей жаңғырта, айтып берсе, онда балада бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғанын еске салумен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Ұмыту материал құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда, оның кейбір мәнді бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жаттағандарын ескілерімен шатастыруда көрініс береді. Ұмытшақты жеңу үшін оның туындауына себепші келесі заңдылықтарды білу қажет:
- Ұмытудың уақыт ішінде жеісі әртүрлі. Жатталғанның есте тұрмауы әсіресе матералды бірінші қабылдаудың ізін ала болады, ал кейін дейділеген ақпарат ұмытыла бермейді.
- Қабылданған материалды қайталап бару жұмыстарын кейінге ысырап қоймай, дер мезгілде орындап тұрған жөн.
- Қабылдаудың ізін ала ұмытылған материал бір –қанша уақыт өтумен қайта еске оралады. Бұл құбылыс психологияда реминисценция деп аталған.
- Материалдың тез ұмытылуы, оның түсініксіздігінен, мағанасына жете ене алмағандықтан да болады. Сондықтан әрдайым мұғалім ұсынылған материалдың жеткілікті деңгейде түсінімді болғанын анықтап алғаннан соң ғана оны есте қалдыруға байланысты жаттығуларға өткені дұрыс.
- Адамның ұмытшақ болуының үлкен бір себебі-оның айналысқан материалының қызықты болмай, тұрмыстық қажеттілікпен байланыспауынан келіп шығады. Осыдан да ересек адамдардың көбі өз кәсібіне, өмірлік қызығуларына орай өткен оқиғалар мен кезіккен ақпараттарды жадынан шығармайды.
- Ұмыту желісі материал көлемі мен оны игеру қиыншылықтарына тікелей байланысты.
- Ұмыту процесінің кем болуы үшін жаттау қызыметінен кейінгі іс-әрекет алдынғы жаттауға кедергі болмай, оны қайталауға байланысты жұмыстармен ұштастыруға мүмкіндік бергені орынды.
- Ұмытшақтыққа себепші көп факторлардың ішінде аса қатерлісі адам жүйке жүйесінің әртүрлі сырқаттарға шалдығуы мен бас құрылымының бабымен шаршауға да байланысты. Қажетті материалға назар аударуға кедергі клтіретін шектен тыс әсерлер де ұмытшақ болуға өз ықпалын тигізбей қоймайды.
Ұмытшақтықпен күресте жоғарыда келтірілген жаттаудың ғылыми негізделген әдістерін білу көп жәрдемін тигізері сөзсіз. Бұл ұсыныстарды елемеуден материалды есте қалдыру мен есте сақтау үшін бекерге уақыт жойып, көп еңбек сарп етіп, ақырында межелген нәтижеге жете алмай қалу екінің бірінде болатын жағдай.
Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанда ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме – бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамға қайта жаңғырту, еске түсіре, жалқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.
Ес бұзылысы кейде өткендегі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге, науқас адам санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқиға, жағдай естен ктпестей орын тебуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұзылуынан да көрінеді: адм белгілі бір уақыт аралығында тәп тәуір жаттап, маатериалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған білгендерін түгелімен еске түсіре, тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре алмай, қиналады. Мұндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп, оның ой жүрісінің бұзылғанын байқаймыз.
Ес бұзылыстарын зерттеу ми сырқаттарының белгілерін дәл танып, болжастырумен бірге адамның өте күрделі ес қызметінің психологиялық тетіктеріне және жалпы ми табиғатына байланысты сырларды ашуға мүмкіндік береді.
1.4.Естің түрлері.
Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту есі мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс-әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл – қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік мағналық (логикалық); 2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай-ақ оперативтік ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемометр арқылы өлшенеді.
Қимыл – қозғалысы есі дегеніміз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең — сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Етің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастап кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп айтамыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қыздырады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілік ес- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктердін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданып адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік – мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қортындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рө[ атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық- мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу – механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік – мағналық ес оқушылардың білім жүйесі мен материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Ерік және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын зор орын сатылары болып табылады. Еріксіз естің орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар – естің көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы.
Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді.Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қылуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына даусы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды есте сақтау, оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналуды қиындатады.
Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп те айтыла береді. Дегенмен психология ғылымында ол оперативтік ес (түрлі амал – тәсілдер есі) деген атпен белгілі.
Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік-мағналық ес мағналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағлұматтарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады.
Әр адам есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Біреулер есіне тез сақтап анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен: көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі аралас ес. Көру есіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бойы есіне сақтай алады. Ұлы ақын А.С. Пушкиннің есту есі өте күшті болған көрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзіктігі – қазақ ақындары мен жырауларында да тән қасиет.
Ес процесі есте қалдыру мен ұмыту шапшаңдығына, олардың баяулығына орай мынадай төрт типке бөлінеді.
Есте қалдыру: Ұмыту:
1.Шапшаң Баяу
- Баяу Баяу
- Шапшаң Шапшаң
- Баяу Шапшаң
- – типтегі есі басым шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдаса да есінде жақсы қалдырады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты – адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс –ес – ақыл-ой кені. Ақал –ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.