АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Еңбек психологиясы

Қазақстан Республикасының Білім Және Ғылым Министірлігі

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

 

«Психология және педагогика» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Еңбек психологиясы

 

 

 

 

 

                                       

                    Орындаған: Тасполтаева М.

Тобы: ФК-08-3к2

               Қабылдаған: Үсенбаева Р.

 

 

 

 

 

                                             Шымкент 2008 ж

І.Кіріспе

  Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс — әрекетке ұласып ол жүзеге асты. Я.А.Каменский «Ұлы дидактика», деген еңбегінде тұлға дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.

Әр түрлі іс — әрекеттік, дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мына жайттарды есепке алу керек:

  • ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
  • белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
  • ақыл – ой іс — әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

Ойынның мазмұны мыналарды қамтылуы тиіс.

  1. Ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
  2. Ойындардың тапсырмалардың әр түрлі тәсілімен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
  3. Ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекілер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіп болуы шарт.

Жалпы, оқушылардың іс — әрекетінде пайдаланған ойындар дамытушылық – баланың физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін, елік) дамуын қамтамасыз ете алады.

Мектепте көркем шығармаларды тиімді пайдалану оқушьшардың сана-сезімін оятады, оларды жаңа өмір үшін күресуге тәрбиелейді. Тәрбие жұмысының саласында оқушылардың көркем — өнер іс — әрекетінің бірнеше формалары бар. Олар: әдебиет, музыка, көркемөнер үйірмелері; музыканы сүюшілер клубы: балалар шығармашылығының көрмесі мен сайысы; көркемөнер — паздар үйірмесі; көркемөнер галареясы, музей, табиғат, театр және кинотеатрлармен оқушыларды таныстыру үшін эстетикалық сайыстар; әдебиет және өнер қайраткерлерімен кездесулер; поэзия, музыка, кино және көркемөнер күндері; эстетикалық тақырыптарға жүргізілетін пікірталастар мен әңгімелер т.б.

Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақ композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете біле бермейді. Ал, осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының ескелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім. Міне, осыған орай, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды эстетика саласындағы, мәселелермен үнемі таныстырып отырудың тәрбиелік мәні өте зор.

Мақсаты– жеке тұлғаның қалыптастыруға қажетті негіз және қазіргі заман талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды анықтау.

Объектісі – жеке тұлғаның қалыптастырудағы қажетті қазіргі әлеуметтік қоғамның мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының пәні – тұлға ны қалыптастырудың әдіс тәсілдері, әсер етуші факторлар.

Міндетері:

  1. Жеке тұлғаны қалыптастырудың – ежелден қалыптасқан факторлар мен озық идеялды ойлардың негіздерін оқып үйрену.
  2. Жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті мұғалім және ортаның идеялық ой – жүйесін анықтау.
  3. Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін факторларды анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек психологиясы

 

   Адам  үшін  іс-әрекетінің  қашан  да  қоғамдық  әлеуметтік   мәні  зор.  Іс-әрекеттің  саналылығы  мен  мақсаттылығы,  жоспарлылығы  мен  жүйелілігі  оның  ең  басты  белгілері  болса,  алда  тұрған  міндетті  шешу,  яғни  ойлаған  істен  бір  нәтиже  шығару- оның  екінші  бір  басты  белгісі  болып  табылады.    Адам  психикасының  дамуында  іс-әрекеттің  шешуші  орнымен  қатар,  біз  сананың  да  күрделене  түсуіне  ықпал  жасайтынын еске  алуымыз  қажет.  Сөйтіп  санамен  іс-әрекеттің  бірлігі,  психиканың  іс-әрекет  үстінде  дамитындары  жайлы  мәселе  психологияның  басты  принциптері  болып  табылады.  Адам  әрекеті   сан  алуан. Оның  негізгі  түрлері: ойын,  оқу, еңбек  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсат,  міндеттерге   бағытталып  огтырады. 

Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.

Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.  

    Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі — еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің калыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: «…Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады»  дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын Д- С. Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбексіз тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады.  Жалпы еңбек әрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі — оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.

        Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчсствалы сипатта болуы қажет.

Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй-ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі — еңбек процесінің нақты көріністері.

      Адамның мәнсіз еңбектен шаршап, оның тіршілік әрекеті уақытша нашарлап отыратын кездері болады. Шаршау, үлкендерге қарағанда, жас өспірімдерде көбірек байқалады. Шаршау организмде әр кез пайда болып отыратын заңды психофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан кейін шаршау басылады да, организм тың қалпына кайта келе бастайды. Ал, шаршау қайталана берсе, ол оның созылмалы түрі — қажып, болдыруға ауысуы мүмкін.

      Қажу немесе болдыру ми қабығының біркелкі жұмыс істеу қабілетінің бұзылуынан байқалады да, адамның кеңіл-күйіне қолайсыз әсер ете бастайды. Мұндайда  бас ауырады,   адамда  орынсыз  ашушаңдық,   әлсіздік,   асқа тәбет шаппау, ұйқы бұзылу, т.б. осы секілді қолайсыз жағдайлар туындайды. Жүйке жүйесінің қажуы ақыл-ой жұмысының нәтижесін төмендетеді, адамның,  оқуға ықыласы соқпай, оқығанын тез ұмытып қала беретін болады.   (Қажу,   болдыру   кейде   үй   жағдайының тынымсыздығынан,    айналасындағылармен    түсінісе алмаудан, бұларға іштей ренжіп, қайшрып қиналудан да туындайды.

       Жиі шаршау — болдырудың субъективтік көрсеткіші, бұл «басталып келе жатқан болдырудың белгісі» — дейді

   А. А.Ухтомскідаи 1875-1942).

      Сондықтан да, әрбір адам өз мүмкіндіктерін ескере отырып, шаршау мен болдыруға төтеп бере алатын жағдайларды    үнемі еске алып отыруы абзал.  Бұл үшін:

  • жұмыс орнының тазалығы мен жинақы болуы, оның микроклиматы мен жарық тығы, ауа тазалығы тиісті гигиеналық талапқа сай келуі тиіс;
  • әр адам өзінің жеке-дара ерекшеліктерін еске алып, түрлі жұмысқа қажетті қозғалыс-қимылдарды ретімен дұрыс пайдалануы, әсіресе,    дене шынықтыру мен режимнің талаптарын қатаң сақтауы қажет;

3)   орыс  фнзиологы Н.   Е.   Введенский   (1852-1922) белгілеген    жұмыс қабілетін арттырудың бес шартын сақтау, атап айтқанда:

а) жұмысқа біртіндеп ену;

ә) жұмыс ырғағын бұзбау,  мұндағы біркелкілікті сақтау;

б)  іс-әрекеттің  жүйелі  және жоспарлы  болуын қамтамасыз ету;

в) еңбек пен демалыстың дұрыс алмасуын қадағалау;

г)  еңбек нәтижесінің ұным таратқан дүрік бағалануын үнемі еске алып отыру қажет.   

 

         Бала психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі — еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский: «Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады.» — дейді. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі кезде тұлғаның дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – іс — әрекет екендігі барлық педагог ғалымдар мойынсұнады. Іс — әрекет ойын, оқу, еңбек деген түрлері тұлғаның жан – жақты рухани, физикалық дене қабілеттерінің жетілуіне, сана – сезімнің ойлау мүшесінің  дамуына өте үлкен әсер етеді. Соған сәйкес қазіргі таңда мектепке дейінгі балалаларды тәрбиелеуде қызығушылық танымын арттыру үшін әр түрлі іскерлік ойындар, дидактикалық ойындар, ұлттық ойындар қолданылады. Типті бұл әдіс жасөспірімдер арасында де кеңінен торалған мәселе. Қоғамдық жұмыстар, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қарым – қатынас, педагогикада басым болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық космостық деп аталып жатуының өзі адамның ақыл ойы.

Сана – сезімнің жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығы жетістіктерінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың оқу үдісінде жан – жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі достық мәселелердің бірі болып қала береді.

Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістігін байқалады және тапқырлығының мәнін құрады. Ендеше оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Жеке тұлғаның озық ойын, танымдық үрдістегін жетілдірудің әлеуметтендіру мен жан – жақты тәрбиеленудің көрсеткіші ретінде бағаланған оқу үрдісінде оқушылардың ойлау қабілетін ескере отырып ойын әрекеттерін ұжымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Сонымен қатар, қоғамдық пайдалы еңбек түрлері оқу — тәрбие жұмыстарының мақсаттарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қалалар мен ауылдарды көгалдаңдыру, табиғатты қорғау, металл сынықтары мен макулатура жинау, жауынгерлердің, қоғам мен ғылым қайраткерлерінің ескерткіштерін қорғау, ауыл түрғындарына әдебиеттерді таратып, сату жұмыстары, зейнеткерлер мен мүгедектерді қамқорлыққа алу оқушылардың еңбекке көзқарасын тәрбиелейді, адамгершілік қасиеттерін (жолдастық, үлкендерді сыйлаушылық, ізгілік, адамға тілектестік, қарым — қатынас т.б.) қалыптастырады.

Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні бар. Олардың өнімді еңбек барысыңда жауапкершілік артады, іскерлік қабілеті дамиды. Ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушылары өндіріс бригадаларында ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп, жоғары онім алады. Колхоздар мен совхоздарға, өндіріс орыңдарына нақты көмек көрсетеді. Мектеп немесе мектеп аралық шеберханаларда түрлі мекемелердің, өндіріс орындарының тапсырмаларын орындайды. Мектеп оқушылары қоғамдық өнімді еңбекке қатыса отырып, бағалы заттар жасап шығарады. Олар халықтың материалдық жағдайыиың дамылсыз өсе беруіне зор қуанышпен тілек білдіріп, аз да болса өздерінің үлес қосқандарын біледі.

Сонымен, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу оқушыларды жауапкершілікке, іскерлікке үйретіп қана қоймайды, олардыңдене күштері мен ақыл — ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін терендетіп жетілдіреді. Егер еңбек іс — әрекеттері оқумен ұштастырылып ұйымдастырылса, баланың әлеуметтік тәжірибесі молаяды. Табиғатты және адамның өзінде өзгеретін еңбектің күшіне баланың сенімі артады.

 

 

 

 

 

 

                     Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Лубовский В.И . Специальная  психология. —   М. 2007
  2. Выготский Л.С.   Собрание сочинений. — М.1984.  Т.5.
  3. Выготский Л.С.   Проблемы  дефектологии. — М. 1995.
  4. Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии.-М.1973
  5. Дефектология: Словарь-справочник / Авт.-сост. С.С. Степанов; под.ред. Б.П. Пузанова.-М., 1996.
  6. Коррекционная педагогика: Основы  обучения и воспитание детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие для студ.сред.учеб.заведений/  Под.ред. Б.П. Пузанова.-  М.,1998.
  7. Петрова В.Г., Белякова И.В.  Кто они, дети с отклонениями  в развитии? — М., 1998.
  8. Пузанов Б.П. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (олигофренопедагогика)-  М., Академия.  2001.
  9. Петрова В.Г. Практическая и умственная деятельность детей — олигофренов. — М., 1969.
  10. Петрова В.Г., Белякова И.В.  Психология умственно отсталых школьников.- М., 2002.
  11. Соловьев И.М. Психология познавательной деятельности нормальных  и аномальных детей. -М., 1966.
  12. Исследование личности и познавательной деятельности учащихся вспомогательной школы :Сб. науч. тр. /Под ред. В.Г. Петровой.-М., 1980
  13. Матасов Ю.Т. Изучение мыслительной деятельности учащихся вспомогательной школы. — Л., 1986.
  14. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. —  Ш., 2006.
  15. Богословский В.В. Жалпы  психология . —    А., 1980.