АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Жер табиғи ресурс ретінде

 

Жер табиғи ресурс ретінде.

 

       Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер обьектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр.

       Табиғи ресурстар деп еңбек құралы, энергия, шикізат және материалдар көздері ретінде пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды табиғат заттарын атайды. Олардың пайдалануы, бірінші кезекте, адамның биологиялық тіршілігін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Бірақ та бұл проблеманың бір шеті, екіншісі — осы табиғат күштерін адамның, оның қазіргі және болашақтағы ұрпақтарының игілігіне пайдалана білу.

       Табиғи ресурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады. (1-кесте).

       Толығырақ айтқанда аталған табиғи ресурстардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады. Осылардың арасында, қоғамдық байлықтың сарқылмас қайнар көзі ретінде адамға пайдалы болған жер, оның қойнауы мен шикізат ресурстары ерекше орын алады.

       Жер – адамның өмір сүруіне қолайлы  биологиялық жағдайлар қалыптасқан,  қойнауы мен  биосферасының  саналуан байлығымен сипатталатын  және  еңбекті қолдануға  мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII  ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: «Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек  еңбек қана емес. Еңбек — байлықтың атасы, ал жер оның анасы» деген екен.

 

 

 

Табиғи ресурстар, оларды пайдалану ерекшеліктері және құрамындағы жердің орны (1-кесте).

Табиғи ресурс

Табиғи салаға жатуы

Жермен өзара байланыс сипаты

Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы

Ұдайы жаңару қабілеттілігі

1

2

3

4

5

 

 

 

 

Жер

 

 

 

 

Литосфера

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—           

 

Агроөндірістік және басқа да халық шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру, азық-түлік және шикізатты өндіру, өндірістік емес іс-әрекеттерді жүзеге асыру

 

 

 

Шектелген түрде жаңарып отырады

 

 

 

 

 

 

 

Минерлдық ресурстар

 

 

 

Литосфера

Топырақтың минералдық негізін құрайды. Пайдалы қазбалар жер астында жатады

 

 

Минералдардың және отын энергетикалық шикізат

 

 

 

Қайта жаңарылмайтын

 

 

Су

 

 

Гидросфера

Әртүрлі агрегаттық күйінде табиғаттың барлық элементтерінде табылады

 

Ауылшаруашылық, тұрмыс және өнеркәсіптік су тұтыну

 

 

Қайта жаңарылатын

 

 

Өсімдік

 

 

Биосфера

Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде болады

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, аң аулау шаруашылығын жүргізу

 

Қайта жаңарылатын

 

 

Жануарлар әлемі

 

 

Биосфера

Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде тіршілік етеді

 

Өсімдік және орман шаруашылықтары өнімдерін өндіру

 

 

Қайта жаңарылатын

 

Климат

 

Атмосфера

 

 

 

 

Табиғаттың жылу, ылғал, газ алмасу көздері

Өндірістік процесс пен азамат тіршілігінің ортасын қалыптастырады

 

Шектелген түрде жаңарып отырады

       Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 361,1 млн.км² немесе 70,8%-ын алып жатқан  Әлем Мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149,1 млн.км² немесе 29,2%-ын құрайды. Соңғысының 1/3 бөлігі таулы жерлер, 20%-ын шөл және 30%-ын орман алып жатыр. Жердің тек 10%-ы ғана ауылшаруашылық алаптарға жатады.

       Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен — климатпен, су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады.

       Жер осы кешеннің, демек жер бетінің, онымен шектес литосфераның, гидросфераның және атмосфераның, аса күрделі құрам бөлшектерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурстар таусылатындар және таусылмайтындар болып бөлінеді. Жер болса, шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатады. Оның басқа табиғи ресурстарының құрамындағы орны 1-кестеде көрсетілген. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу оның екі қасиеттерімен себептеледі: бір жағынан, жер дұрыс пайдаланылған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуге тиісті, ал екіншіден, жер жылжымайтын мүлік, демек оның жалпы көлемі өзгермейді.

       Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғат кешені бола отырып, белгілі бір заңдар бойынша пайдаланылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін себептейтін негізгі заңдар қатарына минимум, факторлардың бірлесіп әсер етуі, толеранттік және табиғи аймақтық заңдары жатады.

       Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа емес, ең төмен көрсеткіштерімен себептелуге тиісті.

       Факторлардың бірлесіп әсер ету заңы ландшафт қасиеттерінің кешенді түрде ықпал жасауын сипаттайды. Сонымен бірге факторлардың жалпы әсері әрқашанда жеке факторлардың әсерінен басым бола түседі.

       Толеранттік заңы бойынша экожүйе тек белгілі бір шектің ішінде ғана қалыптасады. Жаратылыс биоценоз табиғи аймақтарға қарай өзгеріп отырады. Осы жағдайдың ауылшаруашылық өндірісте ескерілгені аса маңызды.

       Осыған себепті Қазақстан Республикасының территориясы 10 аймаққа бөлінген:

  • орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейт; 5) шөл; 6) тау

етегіндегі шөлді дала; 7) субтропикалық шөл; 8) субтропикалық тау етегіндегі шөл; 9) ортаазиялық таулы облысы; 10) оңтүстік-сібір таулы облысы.

       Жер кодексінде келтірілген осы аймақтар тек табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны жалпы сипаттайды, территорияны макро және микроаймақтау, бірінші кезекте, ауылшаруашылық алаптарын аймақтауға, ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға мақсатталған. Жер кодексінің 8-бабына негізделе отырып, басқа саладағы мамандармен бірге, жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлері жүзеге асырады.

       Облыстар мен аудандардың шекаралары, демек әкімшілік аудандау, табиғи аймақтардың шекараларымен үйлеспейді (1-сурет).

 

Қазақстан территориясының табиғи аймақтарға бөлінуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер көлемінің табиғи – ауылшаруашылық аймақтары бойынша таралуы (2-кесте).

 

Индексі

Атауы

Ауданы

%

I

Орманды дала

0,8

0.3

I-1

Солтүстік Қазақстан провинциясы

 

 

II

Дала

26,5

9.7

II-1

Батыс Қазақстан провинциясы

 

 

II-2

Солтүстік Қазақстан провинциясы

 

 

II-3

Шығыс Қазақстан провинциясы

 

 

III

Қуаң дала

62,4

22.9

III-1

Батыс Қазақстан провинциясы

 

 

III-2

Орталық Қазақстан провинциясы

 

 

III-3

Шығыс Қазақстан провинциясы

 

 

IY

 

Шөлейтті

 

               

37,2

13.7

 

IY-1

Каспий өңірі провинциясы

 

 

IY-2

 

Орталық Қазақстан провинциясы

 

 

 

 

 

IY-3

Зайсан провинциясы

 

 

Y

Шөлді

112,1

41.1

Y-1

Арал-Каспий провинциясы

 

 

Y-2

Арал-Балқаш провинциясы

 

 

YI

Тау етегі шөлді-далалық

12,3

4.5

YI-1

Оңтүстік Қазақстан провинциясы

 

 

YII

Субтропикалық шөлді

4,4

1.6

YII-1

Орта Азия провинциясы

 

 

YIII

Субтропикалық-тау етегі-шөлді

3,5

1.3

YIII-1

Орта Азия провинциясы

 

 

IX

Орта Азиялық таулы облысы

10,1

3.7

X

Оңтүстік Сібір таулы облысы

3,2

1.2

 

Барлығы Республика бойынша

272,5

100.0

 

 

       Бірақ та оларды шамамен былай топтастыруға болады: бірінші 3 аймақ солтүстік және жарым-жартылай орталық облыстарын; 4-5 және 6 — аймақтар батыс және бір бөлігі орталық облыстарын, 7-8 және 9 — аймақтар оңтүстік облыстарын, ал 10 — Шығыс Қазақстан облысын қамтиды.

       Жерлерді аймақтау негізіне территорияны табиғи-ауылшаруашылық тұрғыдан аудандау алынған. Республикада 8 табиғи-ауылшаруашылық аудан және екі таулы облыс белгіленген. Осы аудандар бойынша жер көлемінің сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.

       Республика территориясының едәуір бөлігін (54,8%) шөлейт және шөл аймақтары алып жатыр. Бұл өзі кезегінде жердің, әсіресе агроөндірістік кешенінде, пайдалану сипатын себептейді. Әртүрлі аймақтар бойынша шабындық және басқа да алаптар аудандарында елеулі айырмашылық байқалады.

       Бұндай жағдай бүкіл жерге орналастыру және іздестіру жұмыстарына, жер кадастры мен жер мониторингін және жалпы ауылшаруашылығын жүргізу технологиясына айтарлықтай әсер етеді. Ауылшаруашылық алаптарының пайдаланылуы мен қорғалуы, топырақ құнарлылығының арттырылуы және қауіпті экологиялық ықпалдан сақтап қалынуы әртүрлі табиғи жағдайларда ауылшаруашылық өндірістің мамандандырылғанына қарай жүзеге асырылуы тиісті.

       Жерді табиғи ресурс және жалпы мекендей ортасы ретінде құнтты пайдалану адамзаттың даму келешігін себептейді, өйткені ол әр түрлі мақсаттарға және басқа ресурстармен өзара байланыста қолданылады. Жер тек еңбекпен, су және биоклиматтық ресурстармен өзара әрекеттестік түрде ғана өндіріс құралы болып табылады.

       Жер ресурстарын реттестіру және пайдалану жөніндегі әр түрлі міндеттерді орындау барысында мынадай бір қатар негізгі принциптерді ескерген қажет:

  • өндірістің жерге теріс әсер етуін экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін барынша азайту;
  • жерді пайдалану барысында сапасының өзгеруін қадағалау негізінде, оның әр түрлі қолайсыз табиғат құбылыстар мен антропогендік теріс ықпалдардан қорғалуын қамтамасыз ету.

       Жердің құнтты пайдалануы оның берікті қорғалуымен және экологиялық жағдай мен ландшафттың күйін үнемі ескеріп отырумен тығыз байланысты. Аталған концептуалдық принциптер бірінші кезекте ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, әсіресе негізгі ауылшаруашылық алаптарына қатысты.