АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

 

 

 

Орындаған: Барышова Г.

                     Махмутова Г.

 

                                   Тексерген: Саудабаева Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2006 ж

ЖОСПАР

 

  1. Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы
  2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық — әдіснамалық негіздері
  3. Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогика «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет?

Адамның  жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз — төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады.  Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен дамуындағы, содай-ақ танымдық және іс-әрекетіндегі         дүниетанымы,   өнегелілігі, көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатьш сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.

Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның «қальштасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз — бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор — баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда — адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетгі әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы   (өндіргіш   күштер   мен   өндірістік   қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі,  бұқаралық ьақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол — адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялык орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз — өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттың құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

Жеке тұлғанын қалыптасуынын Философиялықәдіснамалық негіздері. Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көп ғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз көздерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.

XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша — қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағьш төмендегідей ойды ұстанған: адамның үрығында болашақ жеке тұлғаньщ барлық қасиетгері бар, ал даму олардың тек сандьік жағынан артуын ғана біддіреді. Бұл орайда әлеумеггік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері, тістері және саусақтары» сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын «гендердің жинағы немесе батареясы» ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше — прагма дегеніміз — іс әрекет, төжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы — Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).

Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы — оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу кабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tabula rosa) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда  болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуынын ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін тәмендетеді.

Жеке тұлғаның дамуындағы тұқьш қуалаушылық пен
ортаның ықпалын бірінші орынға койып, тәрбиенің күшін жоққа
шығаратын бұл теориялар ХІХ ғасырдың аяғында психологиялық-
педагогикальщ зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына
себепші болды, бұл бағыт «педология», яғни тура аударғанда
«балалар туралы ғылым», «балатану» деген атқа ие болды. Қазіргі
уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас
өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары
туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік құрылыс
жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың
дамуының биогенегакалық заңын белсенді түрде насихаттаған
және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін
түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының
дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе құрылған болатын. 1936
жылы ОК БК (б) П «сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын» «жалған ғылыми антимарксистік ережелерге» сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы — балалардың тағдырының биологиялық                           және         әлеуметтік акторлармен, тұкым қуалаушылығының       бір   тұрақты   ортаның   ықпалының фаталистік түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.

Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педологтар қолданған бұл әдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі шектеу қате болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек», — деген болатын.

Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында — материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қальштасуына әсер ететін факторларды тереңірек зертгеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесіне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.

Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қальштасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалыңың мәні зор екендігіне сене отырьш, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен нышандар ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.

Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің «әлеуметтік тұқым қуалаушылығы» туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұкымқуалаушылық тек адамға ғана тән.

Материалистік философия орта мен биологиялык нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие — жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі — материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

Тәрбие — жеке тұлғанын қалыптасуынын шешуші факторы ретінде. Тұкым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқым қуалаушьшыққа (биологиялык факторға) жалпы адамзатгықпен қатар тұлғалық тендік қордыда қамтиды. Іс-әрекетгің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нашындар жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше рөл атқарады, (мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.) — Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғьшарттары больш табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.

Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды ігісіп жетілуі мен қалыптасу процесін сипаттайды, содан кейін оның сүйектері, бұлшық етгері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологаялық пісіп жетілуі мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-құлығының жас кезеңдерінде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамытуда ең маңыздысы, жанұада болсын, қоғамдық тәрбиелік-білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде сауатты диагностика беру больш табылады. Қазіргі уақытта баланың іс-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.

Тәрбие мен білім беруде адамнын табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырьш, олардың ары қарай дамуың амал-тәсілдерш, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялык-физнологиялық нышандарының одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырьш, оны сол іс-әрекетке араластыра отырьш, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау кажет.

«Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстін айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абсірактілік емес, өз болмысында ол барлық коғамдык қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаньщ жеке тұлғаньщ дамуьша әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасынада қалыптасады.

Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами коғам, әлеуметтік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нысандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.

«Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі жөне олар анықтап отырған әлуметтік жүйе сшіаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологияның өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардьщ белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен катар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.

 Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жас өспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметгік іс-әрекетке араластыру қажетгілігі туындайтынын ескеру керек. Тұқым қуалаушылықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып   табылады,   тәрбие    -педагогтардың   басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген өткен кезеңнің прогрессивті педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиып», тіпті «тәрбиесі қиып» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.

Тәрбие — бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуыньщ шешуші шарты болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатыптасып алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуынын әлеуметгік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен кабілеттілігін жетілдіретін шешуші құрал.

Тәрбиенің онын мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметгі орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдың нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды».

Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратып үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырьш, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баладың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүреді» (Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының кол жеткізгеи деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың «дамудың ең жақын аймағына» сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «Дамудың алдында болған окыту ғана жақсы болып табылады». Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды құралы — табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

«Бала дамуының ең жақып аймағы» туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін киынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл окушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Кон И.С. Психология подростка М., 1981 г.
  2. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков – Алматы 1994 г.
  3. Рысбаев А.К. Успешность деятельности как категория педагогики Алматы: Каз НПУ им. Абая, 2003 г.

Қоянбаев Ж.Б.,  Қоянбаев Р.М.   Педагогика Алматы, 200 ж.