АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар

Жоспар

 

Кіріспе………………………………………………………………………………….3-4

 

  1. Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде…………………5-6

 

  1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары…………………………………………………………..7-14

 

  1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі…………………………………………………………………………….15-24

 

Қорытынды…………………………………………………………………………25-26

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….27-28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Осы заманғы мемлекет қызметiнiң ең маңызды бағыттарының бiрi — жастар саясаты. Елбасымыз «Болашақ — жастардың қолында» деу арқылы жастарға үлкен сенiм бiлдiретiндiгiн айтып өткен едi. Ал, елiмiздiң ертеңi саналатын бiздер, яғни жастар кiмбiз? Мемлекет жастар саясатын қалай ұстанып отыр? Бұл мәселе кiм-кiмдi болсын толғандырары анық.
        Ел саясатының негiзгi мiндеттерi — жастардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау, оларға жәрдем беру әрi әлеуметтiк, саяси қызметтер көрсету, әлеуметтiк маңызы бар жас буын өкiлдерiнiң маңызды бастамаларын жүзеге асыру. Ал жастар саясатындағы «жүгi ауыр» мiндеттердiң орындалуына септiгiн тигiзiп жүрген бiршама жастар ұйымдары бар. Бiрақ олардың көбi «саны бар, сапасы жоқтардың» кебiн киiп отыр. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 180-нен астам жастар ұйымдарының тек 10-ы ғана белсендiлiк танытса, қалғандарының «аты бар, затыжоқ».
          Кемеңгер антикалық философ Аристотель: «Жастар мәселесi — мемлекет мәселелерiнiң негiзгiсi», — десе, ата-бабамыз: «Балам» дейтiн жұрт болмаса, «жұртым» дейтiн бала қайдан шықпақ», — деп нақты айта бiлген. Иә, елiмiздiң жастар саясаты туралы заңы, оған қоса «Қазақстан жастары — 2009» бағдарламасы да бар.  «Бүгiнгi жастардың тәрбиесiне келсек, олардың көпшiлiгiнде «жастық максимализм» көзқарасы құрып бара жатыр. Мәселен, жасөспiрiмдер арасында мен болашақта депутат болып, елiме адал қызмет етемiн деген идеялардан гөрi, өздерiнiң қарнын қалай тойғызатындығы жөнiнде, бұған қандай жолмен жетсе де тырысып-бағатындығы жайында идеялары басым. Бұл — қоғамға өте қауiптi. Сондықтан да бiз балаларымыздың материалдық жағдайын ғана ойламай, олардың саяси сауатына, спортқа деген қызығушылығына, жалпы ортақ әлемдiк көзқарасына ерекше назар аударуымызкерек.
        Жастармыздың әлеуметтiк жағдайын талдасақ, бұл жерде де келеңсiздiктер толы. Жастар бiр сәт отбасылық болашағын елестетсе, олардың алдынан сөзсiз қара түнек шығады. Ауылды жерлерде — жұмыссыздық, қалада — тұрғын үй жас буынның басты түйiткiлi екенi ақиқат. Бұл жағдайлар жастардың ажырасуына да әкелiп соқтырады. Сондықтан да бiз жастарға өмiр сүру моделiн жасап беруiмiз қажет. Нарықтық заманда бұл мүмкiн емес шығар? Бiрақ нарықтық экономикасы бар Ресейдiң астанасы Мәскеудiң өзiнде әке-шешесi мұғалiм болып, өзi де жас ұстаз болса, оларға тегiн үй берiледi. Бұл жастарға үлкен көмек емес пе?
Бiздегi жастар арасындығы жұмыссыздықты шешуге болады. Мәселен, бiр ғана «Шеврон» компаниясында жыл сайын 5 мың адам зейнетке шығады екен. Ал олар не iстейдi? Бұл кадрлердi шетелден алып келедi. Неге мемлекет осы кадрлардың орнын қазақстандық жастармен толығуын қамтамасыз етпейдi? Осындай компанияларды мәжбүрлеуге болады ғой.
Әйтседе, елiмiздегi жастар саясатының ең басты проблемасы — бiлiм. Бiлiм және ғылым министрлiгiнде соңғы 17 жыл iшiнде көптеген реформалар жүргiзiлдi. Басқа облыстарда мемлекеттiк оқу орындарының 5-10-ы ғана мемлекеттiк бiлiм грантымен оқиды. Олар мемлекеттiк оқу орындары болғандықтан, мемлекеттiк бiлiм гранты көп бөлiнуi қажет. Бiзде бiр студентке бiр ғана оқулықтан келедi. Байқасаңыз, материалдық жағдайымыз да жақсы деңгейде емес.
Ал, идеологиялық бағытымыз, мәселен, үштiлдiлiк саясат өзiмiзге кереғар. Ауылды жерлердiң жастары үш тiлдi бiрден меңгеру мүмкiн емес. Ол ауылда дәнекерлеушi болып жұмыс iстесе оған ағылшын тiлiн бiлудiң қажетi не? Бiр тiлдiң өзiн адам баласы 50 жылда ғана жан-жақты меңгерiп шығады екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастар -әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

 

Ғылым объектісі –нақты өмір сүретін шындық (табиғи және әлеуметтік) және бұл жай ғана табиғаттың және қауымның заты емес, адам әрекеті саласында қолданылатын зат болып табылады.

Қоғамда қандай да бір объектіні зерттеу қажеттілігі туғанда ол белгілі-бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке-жеке зерттеуді қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдына қоятын әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.

Қазіргі кезеңде -әлеуметтік жұмыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу пәні болып қалыптасуы қарқынды жүріп жатқан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзқарастар бар. Бірақ барлық авторлар әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әртүрлі адамдар тобын жатқызады.

Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдер қылмыстары, девиантты мінез-құлқы проблемалары, жас жұмысшылар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту проблемалары және т.б. белгілі болып отыр.

Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр, яғни оның объектісі болып табылады.

Жастарға әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде сипаттама беру үшін жастар –оны құрастыратын көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы бар, соматикалық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие, қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В.Н.Боряздың «жастар» түсінігін объективтік, әлеуметтік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың проблемаларын зерттеудегі жетістіктеріне сүйене отырып қарау керек деген пікірімен келісеміз, өйткені жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және әдістерін анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының, әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік проблемалары білімі мен жас ерекшеліктеріне, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық, социо-мәдениеттік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Жастар зерттеу объектісі ретінде әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және социология сияқты ғылымдарда да кездесетінін есте сақтау керек.

Әлеуметтік жұмыстың объектісіне кез-келген жас іліге бермейді, оның міндетті түрде қандай да бір проблемасы болуы керек. Ол проблемалар психологиялық, медициналық, құқықтық, материалдық және басқа да сипатта, немесе адамға тәуелсіз кейбір сыртқы факторларға, болмаса ішкі жеке басының жағдайларына байланысты болуы мүмкін, қалай болғанда да әлеуметтік жұмыс үшін жас адам осы проблемасын өз бетімен шеше алмай, әлеуметтік қызметкердің кәсіптік көмегін қажет етуімен маңызды.

әлеуметтік педагогика үшін жай ғана жас адам емес, әлеуметтену процесінде көмекті қажет ететін бала –жеке тұлғадан әлеуметьік субъектіге айналатын, яғни дамушы, қалыптасушы жеке адамның болуы маңызды.

Міне ,осындай әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік педагогика сияқты ғылымның әлеуметтік бір құбылысты зерттеудің сипаттамаларына қарамастан оларды біріктіретін де, алшақтатын да белгілері бар.

Әлеуметтік қызметкердің жастар проблемасына осындай «кең»көзқараста болуы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маман мен жастармен жұмыс жүргізетін маманның лауазымды міндеттерін ажырата білуді қажет етеді.

Жастармен жұмыс жүргізетін маманның міндетіне балалар мен жастар ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру, жастардың қалыпты құрылымы бұзылған бейресми бірлестіктерімен жұмыс, жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізу және оларды талдау, жасөспірімдердің, жастардың, жас отбасылардың құқығын қорғау және т.б. жатады.

Осыған байланысты, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маманның кәсіби дайындығына ең алдымен жұмыстың объектісі ретіндегі жастардың сапалық сипаттамасын, осы бір күрделі әлеуметтік феноменді, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени аспектілерімен бірлікте және өзара байланыста зерттеу жүргізу қажеттігі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары

 

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір саласы. Ол қиын өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрестіп, қолдау жасау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әдетте екі мағынада қарастырылады. Кең мағынасында -әлеуметтік жұмыс объектісіне әсер ететін ұйым, юағдарлама, құрал, тәсілдерінен тұратын теориялық білім мен практика жүйесі ретінде. Мұндай түсінік әдетте әлеуметтік жұмысты жалпы мемлекеттік және аймақтық басқару органдары деңгейінде қолданылады. Ал тар мағынасында –жеке технологиялар жиынтығы ретінде, яғни нақты субъект пен әлеуметтік жұмыс объектісіне ғана қолданылатын белгілі-бір, нақты тәсілдер мен құралдар болып табылады. Мұндай түсінік ең алдымен халықтың әртүрлі категорияларымен мекен-жайы, оқуы, жұмысы және т.б. бойынша әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушылардың тікелей әрекетінде қолданылады.

Жоғарыда көрестілгендей екі жол жастармен әлеуметтік жұмыс технологияларында қолданылады, оны жастардың әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет ететін белгілі-бір категориясына, оларды өмірлік қиындықтардан «алып шығу» мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді ұйымдастырудың білімдер жүйесі деп анықтауға болады. Жастармен әлеуметтік жұмыстың технологиясында екі форманы бөлуге болады:

  1. процедура мен операциялардан «іс-әрекеттің ьтәсілі мен құралы ретінде» тұратын бағдарламалар.
  2. осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған іс-әрекеттің өздері.

Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясы әр алуан, олардың түрлері көптеген негіздерге байланысты жүзеге асады, солардың ішінде тәжірибеде ең көп тарағаны –объектілердің (жастар ортасында, жастар тобында және т.б. болатын құбылыстар, процестер) жіктелуі, мұнда олардың әрқайсысының объектісінің ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі-бір әсер ету тәсілдерін қолдану арқылы олардың тиімді қызмет етіп, дамуы мен жетілуіне мүмкіндік туады.

Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі олардың жаңа дәрежесіне де байланысты. Осы түріне қарай жаңа (жаңарған) және дәстүрлі (бұрынғы тәжірибелер технологиясы) деп бөлінеді. Жаңарған технологияға «жастардың әлеуметтік жұмысының мобильдік» (басқаша атауы «көшедегі әлеуметтік жұмыс») технологиясын жатқызуға болады, бұл соңғы уақыттардағы батыс елдерінде кеңінен тараған технология, ал ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанға аз танылып отыр. Оның мәні –ешбір жастар орталығынан, кеңес беру пунктерінен, немесе басқа да жастар қызметінен көмек сұрамайтын, бірақ девиантты мінез-құлық танытатын, агрессивті жастардың бір бөлігіне бақылау жасау. Осындай жастарға «рокерлер», спорттық және музыка «фанаттары» және т.б. жастар тобын жатқызуға болады. Бұл технологияның негізгі қағидасы -әлеуметтік қызметкерді осындағы «тусовка» енгізу, оның қатысушыларымен өзара қатынасқа түсіп, олардың қызығушылықтарын зерттеп, түсіну, осы негізде ондай топтардың көбеюіне жол бермеу, таралуына әсер ету, олардың агерссивті көңіл-күйлерін дұрыс ағымға бағыттау.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы стратегиялық сипаттағы технологиялар болып жіктеледі. Біріншісі жастардың көп ауқымын қамтып, олардың өмір деңгейін жақсартуға, білім алып, жұмысқа орналасуға және т.б. мүмкіндік жасауға бағытталған технология. Екіншісі –жастардың кейбір категорияларымен, соның ішінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін топтарымен жұмыс жасау технологиясы. Қазіргі Қазақстанның жағдайна байланысты тактикалық сипаттағы технологиялар анықтаушы ғана болып отыр, себебі, жастардың «рискілік» жігін, топтардың пайда болуын алдын-ала саралайтын стратегиялық технологияның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қаражаты жетіспейді, сондықтан жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жүйесінде адрестік әлеуметтік көмек тұжырымдамасына ғана сүйенеді.

Соған қарамастан, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысын табысты жүзеге асыруда тактикалық технологияны алдын-ала саралайтын стратегиялық сипаттағы технологиямен үйлестіре қолданған дұрыс. Мысалы, балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздық проблемасын шешу үшін үйсіздерге нақты көмек көрсетудің жеке, тактикалық технологиясын іске асыру жеткіліксіз. Оған бір мезгілде, мемлекет пен жергілікті билік органдарының мүмкіндіктеріне қарай, балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздығына алып келетін себептерді тауып, оны болдырмау шараларын қолдануға бағытталған стратегиялық технологияны да жүзеге асырған дұрыс.

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жалпылау осы салада қолданылатын көптеген технологиялар негізделетін басты қағидаларды бөліп қарауға мүмкіндік береді:

  • ұйымдастырушылық тәсіл жұмыс нысанының, жобаларының әр алуандығына бағытталғанымен сипатталады, оны орталық және жергілікті әкімшілік байқаудан өткізу арқылы қарап, қабылдайды да, оған қажетті қаржы бөледі, оның жұмсалуына бақылау жасайды және таңдалған технологияның қолдану нәтижесін бақылайды;
  • кезеңмен қолдану тәсілі жұмыстың шартты түрде екі негізгі кезеңге бөлінуін қарастырады. Бірінші кезең таңдалып алынған технологияның объектісі –жастардың белгілі-бір тобы немесе жеке өспірім, бозбала, бойжеткен, олардың отбасының басындағы жағдайларды терең зерттеумен байланысты. Осы кезеңде барынша маңызды, алдымен шешуді талап ететін проблемалар анықталады. Бұл кезеңнің аяқталуы әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік қызметкердің клиентпен (жеке адам, топ) бірге проблеманы шешудің жоспарын құрудан тұрады. Екінші кезең –жасалған жоспарға сәйкес жұмыс жасау, ол психо-әлеуметтік және басқа да қажетті көмекті қарастырады және басына түскен жағдайдан шығуда қолайлы жағдай жасау, клиенттің жағдайын реттеу сияқты істерді атқаруға бағытталған.
  • Кадрмен қамтамасыз ету таңдап алынған технологияны жүзеге асыруға арнайы мамандарды –психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, медиктерді және т.б. дайындауды қарастырады. Осындағы негізгі тұлға жастармен жұмыс істеуге арнайы дайындалған, клиентпен сенімді қатынасқа түсіп, оның басына түскен жағдайды зерттеп, оның проблемасын шешуде қолайлы әсер ететін адамдарды, қоғамдық (ресми және бейресми) институттарды және байланыстарды іздеуші, осы жоспардың жүзеге асуына бақылау жасаушы маманданған әлеуметтік қызметкер болып табылады.

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиясының тағы бір маңызды қағидасы –саралап жіктеу тәсілі қағидасы, ол жоғарғы аталғандардан басымырақ түсетіндіктен жеке қарауды қажет етеді.

        Әлеуметтік жұмысының мақсаттары мен қызмет ету жағдайларымен және жалпы жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстары жағынан жақынырақ, соның ішінде Ресей Федерациясының жастар ісі бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің органдарының мынадай құрылымы бар:

  • Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету Орталығы дағдарыс жағдайында, микро және макро орталарда келіспеушілік жағдайында жүрген жастарға, халықтың осы категориясының девиантты, деликвентті және суицидальды мінез-құлықтың алдын-алу сияқты медико-психолого-педагогикалық көмек көрсетуге арналған. Бұл орталық екі бөлімнен тұрады деп есептеледі: әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі, оған баспана, қонақ-үй, социотерапия мектебі, мамандықты таңдау кабинеті, өндірістік кешен, мәдени-спорттық кешен, еңбек биржасы, юристтік кеңес беру кеңсесі жатады, және медико-психолого-педагогикалық көмек көрсету бөлімі, оған диагностика-психологиялық пункт, ата-аналарға арналған кеңес беру пункті, оқушыларға арналған кеңес беру пункті, анонимдік қабылдау кабинеті, кризистік стационар, лекторий және бос уақытты өткізу пункті жатады;
  • Жастар үшін ақпарат беру Орталығы, оның мақсаты –жастар ісі бойынша билік орындаушы органдарға, жастармен, әртүрлі жас адамдар тобымен жұміс істейтін ұйымдар мен мекемелерге ақпараттық және әдістемелік қызмет көрсету. Юристтік, коммуникативтік, жеке дара, кәсіби, бос уақытты өткізу бойынша, білім алу, тұрғын үй және басқа да жастар проблемаларды шешуге әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудан басқа Орталық жастар ортасында болып жатқан процесстер туралы ақпаратқа және жастардың сұраныстары туралы ақпараттарға талдау жасаумен айналысады.
  • Еркінен айыру орындарынан келген жасөспірімдер мен жастардың қайта әлеуметтендіру Орталығы, бейімделуі қиын жағдайда жүрген жастарға кеңес беру, әлеуметтік-құқықтық, мамандықты таңдау және психологиялық көмек көрсетуге арналған. Оның мақсаты -әлеуметтік пайдалы байланыстарын жоғалтқан, бейімделуі қиын жағдайда жүрген жастардың криминогендік категорияларына олардың әлеуметтік салаларға «кірігіп» кетуі мен рецидивті алдын-алу мақсатында көмек көрсету; еркінен айыру орындарында болып келген жастарға жұмысқа орналастыруға, мамандық таңдауға және қайта мамандыққа дайындыққа көмектесу; юристік, медициналық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру; бейімделуге қиындық туғызған себептерді, көкейкесті проблемаларды және қиын жағдайларды анықтап, олардан шығудың жолдарын іздеу, дау-жанжалдарды тоқтату, қамқорлыққа алынғандармен бірге осы дағдарыс жағдайларынан шығудың жолдарын іздеу; дау-жанжалдарды тоқтату, қамқорлыққа алынғандармен бірге осы дағдарыс жағдайларынан шығудың жолдарын табу мақсатында жоспарлар жасау. Орталықтың құрамында телефон арқылы кеңес беру бөлімі («сенім телефоны»), психологиялық емдеу кабинеті, мамандықты таңдау және қайта даярлау мектептері, криминогендік контингентпен жеке жұмыс істеу бөлімі, кеңес беру пункті болуы керек.
  • Жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру Орталығы телефон арқылы жедел, анонимді, ақысыз психологиялық кәсіби көмек көрсетуге арналған. Орталықтың негізгі мақсаттарына: көкейкесті дау-жанжал жағдайын басынан кешіріп, басқа да психикасына зақым келген жағдайда қалған абоненттерге көмек көрсету, дағдарыстан шығу үшін жеке басының, рухани және физикалық ресурстарын жұмылдыру; әлеуметтену мен дамудың психологиялық проблемалары бойынша телефон арқылы балаларға, жасөспірімдерге жастарға, жас адамның ата-аналары мен тәрбиешілеріне психологиялық кеңес беру.
  • Жасөспірімдерге арналған баспана объективтік және субъективтік себептерге себептерге байланысты отбасында, тәрбие мекемесінде, қоғамда дамудың қолайлы жағдайынан қағажу қалған кәмелетке толмағандардың өмірінің уақытша жағдайын (тұрмыстық, психологиялық, эмоционалдық) қамтамасыз етуді, кәмелетке толмағанның әрі қарайғы отбасындағы, жұмысындағы, оқу-тәрбие мекемелеріндегі өмірінде жаңа жағдайлар жасауда немесе өзгерістер енгізуде заң жүзінде шешім қабылдауды мақсат етеді.

Жоғарыда аталғандар қазіргі ТМД елдеріндегі жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің таптырмас жалпы ұйымдастырушылық-технологиялық моделі. Тәжірибеде қазіргі шындыққа тән осындай қызметтердің аймақтық әртүрлі модельдері бар. Олар әртүрлі ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының өзіне тән ерекшелігіне, жастар саясатының қалыптасу процесінің ерекшеліктеріне, тіпті жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің мазмұны мен рөлін мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшыларының түсінуіне негізделген.

Қазақстан Республикасында жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүйесі республиканың Министрлер Кабинетінің «Жастарға арнап әлеуметтік қызмет көрсету орындарын құру туралы» (1993 ж.) Қаулысы негізінде және ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі, білім, мәдениет және денсаулықты сақтау Министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бірігіп жасаған жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орындарын дамытудың Ведомствоаралық бағдарламасы (1998 ж.) негізінде қалыптасады. Қазіргі уақытта республикада жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің өзіндік құрылымы қалыптасқан:

  • Жастардың еңбек биржасы, оның мақсаты –жастарды оңтайлы және тиімді еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жастардың еңбектегі қабілеттері мен мүмкіндіктерін толықтай қолдануға жағдай жасау;
  • әлеуметтік-психологиялық және заң тұрғысынан кеңес беру Орталықтары, дағдарысты бастарынан кешіріп, бас-ортасындағы девиантты, суицидальды мінез-құлықты ескерту, алдын-алуды жүзеге асыруға арналған;
  • кәмелетке толмағандарға арналған баспаналар, объективтік және субъективтік себептерге байланысты отбасында, тәрбие мекемесінде, қоғамда дамудың қолайлы жағдайынан қағажу қалған кәмелетке толмағандардың өмірінің уақытша тұрмыстық, психологиялық, эмоционалдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылған;
  • еңбек және әлеуметтік бейімделу Орталықтары 9-сыныпты бітіріп, ештеңеге қамтылмаған кәмелетке толмағандарға жедел кәсіптік дайындықтан өтіп, алғашқы жұмыс орнын анықтауға көмектесуге арналып құралған;
  • ақталғандарға арналған Орталықтар түзету мекемелерінен оралған жас азаматтар мен кәмелетке толмағандарға мекен-жайын, еңбекке орналасуын анықтауда, кәсіптік дайындықтан өтуіне немесе қайта дайындықтан өтуіне, орта білім алуына, психологиялық реабилитациясына көмек көрсетуге арналған;
  • «Сенім телефондары», телефон арқылы жедел анонимді, ақысыз психологиялық кәсіби көмек көрсетуге арналып құрылған.

Жоғарыда аталған қызметтерден басқа республикада мүгедек балаларға арналған медико-әлеуметтік бейімделу орталықтары, медико-психологиялық кеңес беру орталықтары мен пунктері және т.б. құрылған.

Жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету әрекеттері мен оларды құрудың көкейкестілігінің мысалына Қарағанды қаласындағы жастардың еңбек биржасының қызметінің 8 мың клиент пайдаланғандығы, оларға еңбекке орналасу жағынан және психологиялық қолдау көрсетілгендігі жатады. Алматыда кеңестік-білім беру Орталығы белсенді жұмыс атқарып отыр, ол нашақорларға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Орталыққа көмек сұрап келген нашақор ақысыз қан тапсыруға, мамандардан кеңес алуға, жұмыс табуға мүмкіндік ала алады.

Қазақстандағы жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасу процесі баяу болғанымен ықтиярлы жүргізілуде, кеңес өкіметі тұсындағы «ескілерін» қайта жаңғыртып, жастардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық проблемаларына сәйкес жаңалары құрылып жатыр. Сондай-ақ республикадағы жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жаңа бейнесінің қалыптасқанын көреміз. Ол негізінен жаңа құқықтық негіздерге, мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатына, жаңартылған кадр  әлеуетіне байланысты.

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың инфра құрылымының негізгі құрауышына халықтың осы санатымен жұмыс істеуге арнайы дайындалған кадрлары жатады. Қазіргі талаптарға сай дайындалған мамандарсыз әлеуметтік қызметтердің тиімді жұмысы, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарға жаңа технологияларды қолдану мүмкін емес. Содан болар республикалық жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орындарын дамытудың Ведомствоаралық бағдарламасында республикадағы жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін табысты дамыту үшін мыналардың қажет екендігі тегін емес:

  • Орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарының базасында жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды іске асыратын маманданған кадрларды дайындауды қамтамасыз ету;
  • Жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырушылар мен мамандары үшін біліктілігін арттыру курстарын өткізуді қамтамасыз ету;
  • Осы саланың мамандары үшін тәжірибемен алмасуға арналған семинарларды, конференцияларды жыл сайын ұйымдастырып тұру;
  • Жастар ортасында жұмыс істейтін қазіргі маманның кәсіби дайындығына қойылатын жоғарғы талаптар оның біліктілігі туралы сипаттама береді. Жастармен әлеуметтік жұмыс атқаратын маманның біліктілігіне берілген сипаттамаға сәйкес ол мынадай міндеттерді атқаруы тиіс:
  • әртүрлі нысанда көмек көрсетуді және әлеуметтік қолдаудың әртүрлерін қажет ететін жас отбасыларын, жеке жасөспірімдерді және жастарды анықтау және олардың патронажын жүзеге асыру;
  • тәрбиеленушілердің қиыншылықтарының, соның ішінде мекен-жайы, жұмысы және оқуы бойынша туындаған қиындықтарының себептерін анықтау;
  • маскүнемдікпен, нашақорлықпен зардап шегетін, сексуалдық зорлыққа ұшыраған тәрбиеленушілерге әлеуметтік-психологиялық реабилитация жүргізу;
  • оларға көрсететін әлеуметтік көмектің сипаты мен аумағын анықтау;
  • әлеуметтік-тұрмыстық және медико-психологиялық қолайсыз жағдайларда отырған жас отбасылармен, ата-анасы жоқ немесе қамқорсыз қалған бұрынғы балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерімен, еңбекке орналаса алмай жүрген немесе басқа да көмекті қажет ететін кәмелетке толмаған аналармен жұмыс жүргізу;
  • жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың өзіндік мүмкіндіктерінің әлеуетін белсендіруге жағдай жасау;
  • тәрбиеленушілерінің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің, өзара қатынасын жақсартуға ат салысу;
  • әлеуметтік қорғау және көмек көрсетудің әртүрлі мәселелері бойынша қажетті кеңес беру;
  • үнемі немесе уақытша әлеуметтік қызмет көрсетуді, қамқорлық көрсету мен қарамағына алуды қажет ететіндердің құжаттарын рәсімдеуге көмектесу;
  • дәрігерлік көмекті қажет ететіндерге денсаулық сақтау органдарының стационарлық мекемелеріне орналасуына ат салысу;
  • сәйкес органдар мен мекемелерге ата-аналық құқынан айыру туралы, асырап алу туралы және т.б. бойынша арыз беруге арналған құжаттарды өткізуге көмектесу;
  • құқық бұзушы кәмелетке толмағандарға қоғамдық қорғауды ұйымдастыру, қажет болған жағдайда сотта олардың қоғамдық қорғаушысы болу;
  • әлеуметтік саясаттың қалыптасуы, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің аймақтық және территориялық желілерін дамыту бойынша іске асырылатын жұмыстарға қатысу.

Осы міндеттерді сапалы орындау үшін жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды іске асыратын маман мыналарды білуі керек: тәрбиеленушілермен жұмысқа қатысты қаулылар, жарлықтар, бұйрықтар және басқа да жастар ісі бойынша басқару органдарының және жоғарыдан келген басқарушылық және нормативтік құжаттарды; балалар құқы жөніндегі Конвенциясын; жеке бастың және халықтың жеке санаттарының психологиялық ерекшеліктерін; тұрмыс пен отбасы тәрбиесіндегі ұлттық және аймақтық ерекшеліктер, ұлттық салт-дәстүрлерді; әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы; тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген саясаттың негізгі бағыттарын; әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелерінің жұмысы; практикалық әлеуметтік жұмысының отандық және шетелдік тәжірибесі; азаматтық заңдылықтар негізі; еңбек және еңбекті қорғау туралы, халықты еңбекпен қамту туралы заңдылықтар.

Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету саласындағы тағы бір білікті маман –жастармен жұмыс жүргізетін маман –одан мынадай лауазымды міндеттерді орындау талап етіледі:

  • балалар мен жастар бірлестігінің іс-әрекетін реттеу;
  • тәрбиеленушілерінің бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар қолдану мен олардың жағдайына талап жасау;
  • деструктивтік балалар мен жастардың бейресми бірлестіктерімен жұмыс жүргізу;
  • жастар орналасқан аймақта жұмысты болжау және жоспарлау, оны ұйымдастыруда әр алуан қазіргі нысандарды, тәсілдер мен әдістерді қолдану;
  • жастар саясатын қалыптастыруға, мәдени-ағартушылық мекемелерінің желісін дамыту және оны қызмет көрсету аймағында ұйымдастыру жұмысына қатысу.

Жастармен жұмыс жүргізетін маманмжастармен әлеуметтік жұмыстарды жүргізетін маман сияқты білім мен дағдыға ие болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибелері

 

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда шет елдік тәжірибені зерттеуде және қолдануда мынадай сәттерді ескеру керек:

  • оны бағалау мен пайдалану мүмкінгдігіне нақты тарихи жағынан келу, яғни тәжірибесі зерттеліп отырған елдің қоғамдық-саяси деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескеру;
  • әлеуметтік жұмыстың тәжірибесіне бейімделу өз елінің, өз аймағының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүзеге асыру керек;
  • шет елдік тәжірибені қолдану өз елінде жинақталған жастарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибені алып тастау деген сөз емес;

Дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың қазіргі дейгейі біршама жағдайларға негізделген. Бұл елдердегі басқарушылар шеңбері мен қоғам мыналарды сезінеді:

  • қоғамда әлеуметтік тұрақтылық жағдайын ұстап тұруға мүмкіндік жасайтын әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың қажеттілігін сезінеді, оны мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады: экономиканың нарықтық сипатын сақтай отырып әлеуметтік бағдарлануы; табыстарды халықтың аса қамтамасыз етілгендері ман аса қамтамасыз етілмегендерінің арасында қажетті және әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік және жергілікті бюджетті, әр алуан қорлардағы қаржыларды шоғырландыру; білім беру, медициналық қызмет көрсету, еңбекпен қамту және т.б. салаларда белгілі-бір әлеуметтік кепілдіктер беру;
  • жастарды әлеуметтендіру мен интеграциялауда қоғамның кездесетін қиындықтары жылдам өзгермелі заманда жас адамдардың бір жағынан, қажеттіліктері мен ұмтылыстарының сәйкессіздігі нәтижесінде болса, екінші жағынан қоғам оларға ұсынады да, олардан талап етіуінен болатыны;
  • осы қайшылықтарды шешу үшін жастарға өзін-өзі көрсетуге жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру керек.

Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі уақытта дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік қолдаудың екі негізгі моделі қалыптасқан: америкалық (көмек пен қолдаудың мемлекеттік емес нысандары басымдау) және батыс-еуропалық (жастарға көмек көрсету мен қолдау жасаудың мемлекеттік нысандары басым).

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың  жүйесі АҚШ-та жалпы мемлекеттік заңдылықтар, немесе штат заңдарымен регламенттелген әр түрлі әлеуметтік бағдарламалардан тұрады. Сонымен қатар, жеке бағдарламаларды жергілікті билік органдары қабылдайды. Мұндай тәсілдер нақты аймақта тұратын жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттіліктерін толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.

Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың батыс-еуропалық жүйесі америкалықтан жас ұрпаққа қатысты әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауда, жоспарлауда және іске асыруда мемлекеттің қатысуымен, әр алуан әлеуметтік қызмет көрсетуге жастардың біршама шеңберін қамтуымен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары да маңызды рөл атқарады.

Нарықтық экономикасы қалыптасып қалған дамыған елдердегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысының жүйесінің ортақ белгісіне әлеуметтік қызметтердің түрлерінің өзгеруінен, өзгермелі жағдайларға байланысты жүзеге асыру нысандарынан, қажеттіліктердің ескеруі мен жаңасының пайда болуынан көрінетін нысандарының тармақталуы және әр алуандығы, иілгіштігі жатады.

Басқа бір ортақ белгіге -әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық жүйесінің барынша құқыққа негізделуі, оны ұсынудың сипаты мен жағдайлары туралы халықтың барынша хабардар болуы, бұл өз кезегінде, әрбір осыған қызығушылық танытқан жас адамға, жасөспірімге немесе оның ата-анасына (қамқоршыларына) қажет болған жағдайда заң жүзінде тиесілі әлеуметтік қызметті пайдалануына мүмкіндік береді.

Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тағы бір ортақ белгісіне отбасын қоғамның негізгі ұясы, жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты факторының бірі ретінде есептеуі жатады.

Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыспен айналысатын барлық мекемелер мен ұйымдарды екі топқа бөлуге болады: жалпы профильдік және арнаулы. Жалпы профильдікке нақты аймақтың (штаттың, аймақтың, департаменттің және т.б.) тұрғындарына қызмет көрсететін мекемелер жатады. Мекен-жайларға барынша жақын орналасқан олар әлеуметтік көмекке зәрулердің барлығына, соның ішінде жастарға өз көмектерін көрсетеді. Ал арнаулы мекемелер қатарына белгілі-бір жастар тобына -мүгедек-балаларға, үйден қашып кеткендерге, қараусыздарға, нашақорларға және басқаларына әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер жатады.

Әр елде балалық пен бозбалалықты әлеуметтік қорғау саласына, осы халық санатының теріс мінез-құлықтарына профилаклика жүргізуге әртүрлі тәсілдер қалыптасады. Бірақ, бұл жұмыстың ұйымдастырушылық-практикалық нысандарының әр алуандығына қарамастан оларда ортақ үрдістер мен қағидаларды байқауға болады. Олар ең алдымен мыналар:

  • жастардың құқық бұзушылығы мен теріс мінез-құлықтарына профилактика жасау мен алдын-алу жүйесін гуманизациялау, жазалаумен мәжбүрлеу шараларынан қорғау-сақтау шараларын үстемдету;
  • тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін мамандандыру, отбасы жағдайында теріс мінез-құлықтарын түзету және емдеу бойынша практикалық жұмысқа маманданған әлеуметтік педагогтардың, әлеуметтік қызметкерлердің арнаулы лауазымдарын енгізу;
  • отбасына, мектепке, балаларға, жасөспірімдерге, бозбалаларға көмектесуге шақырылған арнаулы құрылымдар желісін құру: психологиялық қызметтер мен кеңестер, сенім телефондары, қиын жағдайларға ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспаналар;
  • әлеуметтік теріс бейімделген кәмелетке толмағандарды реабилитациялауда тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін психологизациялау, теріс мінез-құлықтарды түзетуде басты рөлді медико-психологиялық көмек пен қолдауға беру;
  • тәрбие институтының бастысы ретінде отбасына әлеуметтік-құқықтық, психолого-педагогикалық көмек пен қолдау көрсету, тәрбие мақсаттарын орындай алмаған әлеуметтік қауіпті отбасыларында отбасылық тәрбие беру жағдайын жақсартудың әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастыру.

Көптеген Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония мемлекеттерінде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар әртүрлі көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмайды, оларда тыйым салу, бақылау сипатындағы шаралар да тұрады. Мысал ретінде құқықтық негізде жүзеге асырылатын шаралар қолданылатын ФГР тәжірибесіне сүйеніп көрейік:

  • жас адамның рухани және физикалық жағдайына қауіпті жерлерде болуының алдын-алу. Мұндай қауіп төндіретін объектілерге көпшілік үйлер, жастарды девиантты мінез-құлыққа жетелейтін орындар жатады.
  • Жасы 16-ға толмаған жас адамдардың қоғамдық тамақтану, кафе, асханаларда және басқаларында, сондай-ақ дискотекаларда болуына тәртіп белгілеу, оны оларды тәрбиелеуге жауапты адамның бірге жүруімен, осы орындарда болу уақытын шектеу арқылы жүзеге асырады.
  • Қоғамдық орындарда алкогольді сатып алуға және қолдануға тыйым салынады: 16 жасқа дейінгі жас адамдарға ата-анасымен жүргенде ғана жеңіл алкоголь ішімдіктерін (сыра, шарап және т.б.) ішуге рұқсат етіледі.
  • Жасы 18-ге толмаған жас адамдарға құмар ойындарын ойнауға, әсіресе ұтып алу мақсатында ойын автоматтары бар залдарға баруға (бұл ереже қасында ата-анасы немесе тәрбиешісі бар барлық балаларға қатысты) тыйым салынады;
  • Балалар мен жасы 15-ке толмаған жас адамдарға қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынады.

Шетелдерде, әсіресе дамыған елдерде жастармен –құқық бұзушы кәмелетке толмағандармен, жас нашақорлармен, қараусыздармен, «қауіпті топ» отбасында тәрбиеленуші балалар мен және басқаларымен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстың біршама тәжірибесі жинақталған. Әр елде бұл проблемалардың өзіне тән ерекшеліктері бар, олар әртүрлі байқалады және оларды шешу үшін сол елдің әлеуметтік-экономикалық, демографилық және басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалған әлеуметтік бағдарламалар, технологиялар қолданылады. Соған қарамастан, осының өзі әр елдерде қалайша жүзеге асып жатқанын білу әлеуметтік қызметкерге ол елден әлеуметтік және мәдени жағынан барынша ерекшеленетін жағдайлардың өзінде көмектесіп, жастар ортасында жаңа проблемалардың туындауын көре білуге және адекватты шешімдер қабылдауына көмектесетіні сөзсіз.

Австрияда жастардың құқығын қорғау үшін және оларға көмектесу үшін аймақтарда арнайы үйлерде орналасқан, жастардың қалауынша безендірілген ақпараттық орталықтар ашылған. Мұнда жас адамдар педагогтардан, психологтардан, юристерден ақпарат пен кеңестер ала алады. Және де клиенттердің анонимділігі сақталады.

Елдің жастар қызметінің әрекеттерінде жас отбасыларына көмек көрсету мақсатында тұрғын-үй басқармаларымен байланыс қарастырылған. Толық емес отбасылары ерекше назарда ұсталған. Қызмет орталықтары мұндай отбасыларының, ең алдымен балаларының мүдделеріне орай, материалдық базасының нығаюына қаржылай көмек көрсетуге бар күштерін салады. Балалар мен ата-аналары арасындағы қарым-қатынастарға байланысты туа қалған құқықтық мәселелерді шешуде көп көмектер көрестіледі.

Зорлық көрген балаларға көрсетілетін көмек түрлері әсіресе назар аударарлық. Онымен бірнеше мекемелер айналысады. Жастар мен отбасына қызмет көрсету орталықтары отбасы ісіне араласу арқылы немесе арнаулы бақылауға алу арқылы көмек көрсетеді. Егер баланы қорғау қажет болса, оны отбасынан алып басқа жерге орналастырады да, қамқорлық көрсетеді. Отбасында зорлық көруіне байланысты қауіпті жағдайды басынан кешіп отырған балалар сондай-ақ балалардың психологиялық бөлімдерінен көмек ала алады, онда олар және оның отбасы бірнеше апта бойы психологтардың қарамағында болады, қажеттілігіне қарай клинико-психологиялық диагностика, кеңес беру және т.б. жүргізіледі. Мұндай көмектердің мақсаты қызмет орталықтарының мамандарының қарауында болуды жалғастыра отырып, баланы отбасына қайтару.

Тағы бір әлеуметтік қызмет түрі –Аймақтық күйзеліс орталықтары. Олар мектеп жасындағы балаларға тәулік бойы көмек көрсетіп, кеңестер берумен айналысады. Егер оқушыға қауіп төнсе қысқа уақытта оны тұрғындар тобына қабылдайды. Осының өзінде ол сабағына баруды тоқтатпайды және орталық мамандары тиесілі жұмыс істеген өзінің ата-аналарымен кездесіп тұрады. Орталықтардың мақсаты дағдарыс жағдайларда балалармен және ата-аналарымен бірге жанжалдарды шешудің жаңа жолдарын табу.

Ұлыбританияда әлеуметтік қызметтердің жұмысы жасына, этникалық және басқа да демографиялық жағдайларға байланысты, сондай-ақ физикалық немесе психикалық денсаулығының бұзылуына байланысты мемлекеттік көмекті қажет ететін азаматтардың әртүрлі категориясын әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетуден тұрады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметтердің әрекеттерінің саласына әлеуметтік, психологиялық қорғауды немесе материалдық қолдауды қажет ететін балалар, жасөсіпірімдер мен жастар, сондай-ақ олардың отбасылары кіреді.

Әлеуметтік қызмет орталықтары бюджеттік ұйымдар болғандытан, ақысыз көмек көрсетеді. Бұл қызмет орталықтарының өзіндік айырмашылығына олардың оқу, емдеу және басқа да жас ұрпақтың білім алуына, тәрбиесі мен денсаулығына жауап беретін мекемелерден тәуелсіз болуы. Сондақтан әлеуметтік қызметтердегі әлеуметтік қызметкерлер балалармен, жасөспірімдермен, бозбалалармен жұмыс істейтін, солар үшін жауап беретін басқа мекемелердің қызметкерлердің маманданбаған немесе ізгілікке қарсы әрекеттеріне шынайы қарсы тұра алады.

Әлеуметтік қызметкер жергілікті билік органдарына нақты мекеменің, маманның, ата-аналары немесе жеке тұлғаның тарапынан баланың немесе жас адамның психикалық болмаса физикалық дамуына қауіп төндіретіні жөнінде мәселені көтере алады. Әлеуметтік қызметкердің арызының және оған сәйкес материалдар негізінде жергілікті сот органы сәйкес заңды немесе жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарта алады, билік органы отбасына қаржылай көмек көрсету мөлшерін белгілейді, жас адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, тұрмыстық жағдайын жақсартуды және т.б.

Көптеген әлеуметтік қызметкерлер тікелей білім беру және емдеу мекемелерінде жұмыс істеп, штаттық педагогтар мен психологтармен тығыз байланыста бола отырып кәмелетке толмағандармен жәке және топтық жұмыстарды жүзеге асырады, бірақ әкімшілік жағынан жергілікті әлеуметтік қызмет орталықтарына бағынады.

Бұл елде әлеуметтік қызмет орталықтарымен бірдей деңгейде жұмыс істейтін әр профильді көптеген орталықтар да бар. Орталықтар нақты аймақтарда тұратын халықтың белгілі бір санаттарына қызмет көрсетеді. Соның ішінде балаларға, жасөсіпірімдер мен олардың отбасыларына қызмет көрсететін арнаулы орталықтар бар.

Мұндай орталықтар нақты бағыттарда жұмыс істеуге арналады және әлеуметтік қызметтердің «желілік» құрылымы болып табылады. Мысалы тек отбасыларына көмек беретін, немесе тек маскүнем жасөсіпрімдер мен нашақорларға және басқаларына көмектесетін орталықтар бар. «Желілі» құрылымдағы әлеуметтік қызметкерлер барынша шектеулі маманданған: бірі психотерапевтік практикамен айналысса, екіншісі отбасы психологтары сияқты әрекет етеді де, бірнеше отбасыларына ондағы жанжалдардың шешілуіне дейін ғана көмектеседі, ал үшіншілері орталыққа келушілерге әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, заңды мекмелермен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтерімен, бос уақытты өткізу мекемелерімен байланысып отырады.

Голландияда ұсақ ұрлықтар жасаған немесе вандализм актілерін жасауға барған жасөспірімдермен «Халит» жобасы шеңберінде қызықты жұмыс тәжірибесі жинақталған, оның мәні құқық бұзған жасөспірім өз кінәсін, материалдық немесе моральдық залалды өз еңбегімен өтеуден тұрады. Келтіріліген залалдың орнын толтырудың ең кеңінен тараған тәсілдеріне: құқық бұзу нәтижесін тікелей түзету (жасөспірім шимайлап тастаған қабырғасын жуу немесе сырлату және т.б.); құқық бұзудан зардап көрген ұйымда жұмыс істеу (жасөспірім өзі залал келтірген дүкенде ақысыз еңбек ету арқылы залалының орнын толтырады және т.б.); келтірілген залалды жасөспірім қоғамдық орындарда тапқан ақшасы арқылы төлейді.

Сәйкес әкімшілік орган, жасөспірім (оның отбасы) және зардап шеккен жақ үш жақты келісім-шартқа отырады, онда жасөспірім кешірім сұрап, залалдың орнын толтыруға, оның құқықтық білімін көтеруге бағытталған, әсіресеөзі жасаған құқық бұзушылық пен оның салдарына қатысты жауапкершіліктер туралы айтылатын шараларға қатысу міндеттемелері қаралады. «Халит» бюросы осы келісім-шарттың орындалуына бақылау жасайды: егер жасөсіпірім өз міндеттемесін орындаса, істі жабады, егер орындамаса –құқық бұзу туралы хаттамаға ресми түрде жасөспірімнің заңды жауапкершілікке тартылуын қарастыратын әрекет етуге жол ашылады.

Исландияда кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен «қауіпті топқа» жататын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс арнаулы балалар мен бозбалалардың әл-ауқаты туралы Заңының негізінде жүзеге асады. Аймақтық деңгейде бұл жұмысты жергілікті әкімшіліктің қасынан құрылған әлеуметтік қызмет көрсету Комитеттері атқарады. Комитеттер жасөсіпірмдер арасында жас адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын оларға және социумның каналдарына пайдалы белсенді әрекеттерге бағыттау мақсатында алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырады. Балалардың денсаулығы мен мінез-құлықтарына теріс әсер ететін қолайсыз жағдайларда тұратын балалардың отбасыларына қатысты профилактикалық шаралар отбасылық бақылаудан, отбасылық қолдау мен кеңес беруден, мектептік проблемаларды шешуде көмек беруден тұрады. Егер ата-аналары  баланың күтімі мен тәрбиесіне дұрыс қарай алмаса, Комитеттің қарамағында қызмет ететін балаларды қорғау бөлімі оларды қорғау мен тәрбиелеуде жауапкершілікті өз мойындарына алады, баланы қамқор болатын отбасыларға немесе балалар үйіне анықтайды.

Норвегияда әрбір муниципалитетте балаларды қорғайтын бөлімдер бар, олар жасы 18-ге дейінгі жас адамдарды денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін жағдайларда тұратын жастарды қорғап, көмектесуге арналған. Жұмыс үш деңгейде жүргізіледі: негізгі профилактикалық шаралар, отбасындағы профилактикалық шаралар және қорғау шаралары. Негізгі профилактикалық шаралардың мақсаты муниципалитеттің аймағында тұратын балалардың өмірлік жағдайларын жақсарту болып табылады да, ол балалардың алаңдарын, жастар клубын ашудан, көлік проблемаларын шешу (балаларды мектепке тасу) және т.б. мәселелерді шешуден тұрады. Отбасыларындағы профилактикалық шаралар мен қорғау шаралары жергілікті, адрестік сипатта болып, проблемалық отбасыларында, жас нашақорлармен, құқық бұзушылармен және басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастар санатымен әлеуметтік жұмыс жүргізуді қарастырады.

Жастар ортасында алкоголизммен күрес тәжірибесі де қызықты. Жергілікті билік органдары –муниципалитеттер алкогольді қолдануды дүкендер, кафелер мен мейманханалар арқылы таралуына бақылау жасайды, алкогольсіз жастар клубтарының, дискотекалар мен басқа да осы сияқты мекемелердің әрекеттеріне жәрдем ақша беру және басқа да қолдау көрсету арқылы көмектесіп тұрады. Алкогольді шектен тыс қолданатын жастар арасында «көшеде жұмыс істеу» деп аталатын жұмыс жасалады, оның мақсаты жас адамдарға алкогольмен «байланысты үзуге» көмектесу.

Ресейде «Ресей Федерациясының халқына әлеуметтік қызмет көрсету негіздері туралы» Заңы бойынша жастарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің типтік құрылымы қарастырылған, оның мазмұны мынадан тұрады:

  1. әрбір қала, аудан үшін міндетті минимум, оған мыналар кіреді:

а) әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бөлімдері: үйде әлеуметтік көмек көрсету, күндізгі, уақытша тұру, жедел әлеуметтік көмек көрсету);

ә) отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығы;

б) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік-реабилитациялық орталығы;

в) әлеуметтік қонақүй;

г) балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспана.

  1. қалалар мен аудандардағы қосымша желілер, оларға мыналар жатады:

а) психолого-педагогикалық көмек беру орталығы;

ә) телефон арқылы жедел психологиялық көмек көрсету орталығы;

б) қайырымдылық үйі;

в) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде балалар мен жасөсіпірімдерге арналған реабилитациялық орталықтары.

  1. республикалық, өңірлік, облыстық, аймақтық, аудан аралық мекемелер, оларға мыналар кіреді:

а) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету орталықтары;

ә) интернат-үйлер: балалар, психоневрологиялық, арнаулы;

б) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жатақханалар.

Федерация субъектілерінің билік органдары, жергілікті билік органдары осы құрылымдар негізінде аймақтың өзіне тән ерекшеліктері мен материалдық-қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып жастармен жүргізетін әлеуметтік жұмыс қызмет орталықтары құрылады. Мысалы, Башқұртстан Республикасында әлеуметтік-психологиялық, заң, наркологиялық көмек көрсету және жастардың еңбек биржасы қызметтерімен бірге жастардың республикалық әлеуметтік «Новое поколение» қоры, отбасылық қатынастарға көмек көрсету пунктері, сенім телефондары және т.б. құрылған. Астрахань облыстық әлеуметтік қызмет жастарға құқықтық мәселелер, отбасылық қатынастан жөнінде кеңестік көмектер, медико-психологиялық көмек және басқадай көмек түрлерін көрсетеді. Курск облыстық жастарға әлеуметтік қолдау көрсету орталығы көп профильді әлеуметтік мекеме бола отырып, 14 жастан 30 жасқа дейінгі жастармен жұмыс істеп, оларға әлеуметтік, психологиялық, кәсіби маманданған, заңды, медико-педагогикалық және ақпараттық көмек көрсетеді. Орталық жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі: жастардың еңбек биржасы, кәсіби кеңес, жастарға психологиялық көмек беру қызметі, «Отбасын жоспарлау кабинеті», әлеуметтік және ақпараттық қызметтер, клуб жұмысы.

Жастарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің төменгі деңгейдегі әлеуметтік жұмысының мысалына Мәскеу қаласының Зеленоградск аймағындағы отбасылық тәрбие Орталығының іс-тәжірибесін жатқызуға болады, ол нақты дағдарыс жағдайындағы отбасы мен «қиын балалардың» проблемасын шешуге бағытталған. Бала тәрбиесінде отбасы рөлінің артықшылығын ескере отырып Орталық өз жұмысының негізіне баланың жағдайын өзгертуді, оның тұрмыс жағдайының, тіршілігінің, дамуының жақсаруына, яғни оны қоғамда әлеуметтік бейімделуінің табысты болуына барлық жағдай жасауды қояды. Орталықтың әл-ауқаты нашар отбасылармен жүргізілетін жұмыстарда қолданатын басты әдісі -әлеуметтік патронаж, бұл ұзақ уақытқа әлеуметтік қызметкердің отбасымен сенімді қатынаста болып отбасы мен оны қоршағандары туралы анық, толық, объективті ақпарат жинап, осы отбасының проблемасын шешуде оған қызмет бабы арқылы мүдделі болып отырған тұлғалармен (білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органы, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдары және т.б.) немесе отбасымен байланысты туыстарымен, болмаса достық байланыстарымен «өзара әрекеттестік желісі» деп аталынатын байланыс орнатудан тұрады.

АҚШ-та «қауіп тобына» жататын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс жасау бірнеше бағдармалар негізінде жүзеге асырылады. Соның ішінде, көмек берудің федеральдық бағдарламаларына сәйкес көмекке зәру отбасылары мен балаларға арналған арнаулы мекемелер мыналарды ұйымдастырады:

А) ата-аналары күндіз немесе кешкі уақытта жұмыс істейтін балаларға қарау;

Ә) ересектер тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау;

Б) балалар үйін инспектірлеу, қамқорлығына алған отбасылармен жұмыс, баланың жаңа отбасына бейімдеу;

В) балаларға білім алуда және т.б, арнаулы көмек көрсету қызметтерін дамыту.

Көптеген бағдарламалар «қауіпті топтағы» жасөспірімдерді қалыпты өмірге тарту мақсатында кәмелетке толмағандарды белгілі-бір акциялар мен іс-шараларға қатысуға белсендіруге бағытталған. Полицияның базалық бағдарламалары полициялық атлетикалық клубтарын құрып, оларға кәмелетке толмағандарды спортқа және басқа да пайдалы істерге тартуға арналған. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттардың базалық бағдарламалары белгілі-бір құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды реабилитациядан өткізуге бағытталған. Мектептердің базалық бағдарламалары екі топқа бөлінеді: «қалыпты» және арнаулы мектептерге арналған, яғни «қиын» және сотталған жасөспірімдерге арналған. Бұл бағдарламалар жасөспірімдердің қандай да тобын әлеуметтік оқшаулауды болдырмай, олардың мектепке баруын жалғастыруға мүмкіндік береді, олар кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын-алуға бағытталған және барлық мектеп оқушыларына арналған.

Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру және олардың жазасын өтеу АҚШ-та екі мекеме санатымен байланысты: жабық бас бостандығынан айыру орындары және жабық тәрбиелеу мекемелері. Біріншілері –бұл қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ істің жағдайын анықтауға шейін алдын-ала қамауда кәмелетке толмағандардың физикалық еркіндігін шектеу мекмелері. Екіншісі –сот шешімі бойынша немесе жазаланатын әрекеттері үшін сотталған кәмелетке толмағандарды орналастыру мен қозғалысын шектеуге арналған мемлекеттік немесе жеке меншік ұйымдар. Мұндай мекемелердегі бас бостандығынан айыру дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Жабық тәрбиелік мекемелердің төрт түрі бар: қайта тәрбиелеуге арналған мектептер, жастар лагерьлері мен ранчолар, жабық баспаналар мен балалар үйі, тәулік бойы бақылау жасау орталықтары.

ГФР-да әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің жаңа формаларына жастармен ықшамаудандарда жұмыс істеу жатады. Мұнда ықшамаудандардың өзіне тән ерекшеліктері әлеуметтік-педагогикалық әсер ету бағыттарын анықтайды (мысалы, жұмысшы кварталдардағы превентивті және білім беру әрекеттеріне, ал жаңа құрылыстар салынған аудандарда -кеңестік-терапевтік әрекеттерге баса назар аудару және т.б.) балалар мен жастардың қалыпты дамуына жағдайлары жоқ ескі кварталдар деликвенттік мінез-құлықтардың әлеуетті ошақтары болып табылады. Әлеуметтік қызметкер оның кеңес беруін қажет ететін жеке клиентпен ғана кездесіп қана қоймай, шынайы, радикалды көмекті қажет ететін, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көзқарастары бір жастар тобымен кездеседі. Мұндай көмектер әлеуметтік қызметкердің белгілі-бір құқықтарды біліп қана қоймай, кәсіби маман болуын, шынайы мүмкіндіктерін, ең алдымен өзіндік нақты әлеуметтік айқындамасы болуын қажет етеді. Қаңғыбастықтың және педагогикалық салақтықтың әлеуметтік себептерін білу бұл жұмыстағы басты алғышарт болып табылады.

Швецияда жас алкоголиктер мен нашақорлармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің қызықты тәжірибесі жинақталған. Оның заңды негізіне есірткі құралдарын пайдалану, өндіру, сатудың барлық аспектілері, сондай-ақ осы саладағы қылмыстық әрекеттер үшін жаза белгілеуді реттейтін заңдар мен заң актілері жатады. Осы елдегі ең жоғарғы деңгейдегі маңызды Ұйымға алкогольдікке қарсы және нашақорлыққа қарсы білім берудің Орталық одағы жатады. Алкоголизм мен нашақорлықпен күресудегі негізгі жұмыс сол мекен орындарда жасалады. Оған мысал ретінде Гетеборг қаласында жинақталған тәжірибені келтіруге болады. Оны үйлестіруші құрамына нашақорлықты таратуға қарсы әрекетке қатысты әлеуметтік бөлімшелері кіретін қалалық басқарудың Әлеуметтік комиссиясы болып табылады.

Тікелей нашақорлармен құрамында 8-10 штаттық жұмыскерлері (психологтар, медиктер, әлеуметтік қызметкерлер) бар аудан аралық топтар жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда мектеп оқушылары да тартылады. Топтардың міндетіне есірткілермен проблемасы бар жас адамдарды анықтау, олармен жеке және ұжымдық сипаттағы психотерапевтік шаралар өткізу, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу жатады.

Жас нашақорларды анықтауда наркопатрульдер құрылған, олар полиция қызметкерлерімен бірег вокзалдарды, қоғамдық орындарды, дискотекаларды, жастардың дәстүрлі жиналатын орындарға барады. Анықталған нашақорлар арасында топ қызметкерлері ол адамдардың нарколог-дәрігермен көмек сұрап баруға итермелейтін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ауданаралық топтар жас нашақорларды әлеуметтік реабилитациялау жұмыстарын да жүргізеді, оларға қалыпты өмірге бейімделуге, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, психологиялық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жас нашақорлардың ата-аналарымен арнаулы сабақтар өткізіледі де, оларда нашақорлыққа қарсы заңдылықтар, есірткі заттар туралы мәліметтер, шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетудің дағдылары үйретіледі.

Әлеуметтік жұмыстың маңызды мақсаттарын үйден кетіп қалған жасөспірімдерге арналған Баспаналар да шешеді. Жеке тәсілдерді қолдана отырып, жеке қасиеттерінің жақсы жақтарына сүйенген Баспананың мамандары жасөспірімнің мінез-құлқын, отбасынан кету себептерін білуге тырысады, одан тәрбиелеу қиын бала емес, проблеманы біріге отырып шешетін толыққанды серігін көруге тырысады. Басты мақсат жасөспірімнің күш-жігерін басынан кешіп отырған жағдайы туралы және одан шығу жолдарын ойлануға бағыттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Барлық жастарға оның жас шегіне байланысты жалпы психологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттама беру өте күрделі, себебі осы жаста, әсіресе оның бастапқы кезеңдерінде психологиялық өзгерістер, әлеуметтік-психологиялық өзгерістерге әкеп соғатын динамикалық рөлдік өзгерістер болып отырады.

Қалай болса да, таза прагматикалық жағынан осындай жалпы, әлеуметтік-психологиялық сипаттаманың қажеті де жоқ, себебі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік педагог белгілі-бір жастағы, белгілі-бір әлеуметтік рөлді «орындайтын» нақты жеке жас адаммен, сондай-ақ жастары мен айналысатын істері бір жастар тобымен (сынып, бейресми топ және т.б.) жұмыс істейтін болады.

Сондықтан, әлеуметтік қызметкер жас психологиясының көмегіне сүйене отырып, өз қарамағындағы жасөспірімнің, бозбаланың немесе бойжеткеннің жеке психологиялық ерекшеліктерін тани алатын белгілі-бір психологиялық «жабдықты», арқауды көрсетіп берейік.

        “Нұр Отан” мақсаткер жастар­ды партия жұмы­сына қатысуға қазір­гіден де белсендірек тартуы тиіс.

        “Нұр Отан” партиясында және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге қабілетті жас гвардияны қалыптастыруға бағдар ұстауы керек. Жас ұрпақтың күш-қуаты мен шамшылдық жігері партиялық белсенділікке қуатты серпін беруі тиіс.

        Партияның жастар қанатын ны­ғайту қажет. “Жас Отанды” құ­ра отырып, партиямыз 200-ден астам жастар ұйымының күш-жігерін бірік­тірді. Бұл жастар арасында “Нұр Отан” жақтас­тары­ның саны нақты артуына мүмкіндік берді.

        Енді “Жас Отан” еліміздегі жас­тар саясаты­ның түп­қазығы болуы тиіс. Партиямызға жастар қоз­ға­­лы­­сын жан-жақты қолдау жөніндегі саясат түзу керек.

        “Жас Отанның” негізгі күш-жі­герін жастар­дың бойында қазақ­стан­дық патриотизм сезімін тәрбие­леуге бағыттаған жөн. Партия жас­тарға ре­формалардың басты қоз­ғаушысы ретінде сенім артып, олар­ды партия істеріне тартатындай себеп табу керек.

Партия патриотизмнің үлгісін көрсетуі тиіс. Жастарымыз ар-на­мыс, парызға сенімділік, пара­сат­ты­лық, Отанымыздың өркендеуі жолын­дағы жасампаздық сияқты жоғары құндылық­тардың жолын ұстанып өсуі тиіс.

        Өзіне қатысты талапшылдық, төңірегін­дегі­лерге қатысты адалдық, елге қатысты сенімділік – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі шешуші сәттер, міне, осылар.

        Жастарды есірткіқұмарлық, алкоголизм, ­әлеуметке жат мінез-құлық, құқықтық нигилизм мен коррупция сияқты әлеуметтік қауіпті құбы­лыстарға төзімсіздік рухында тәрбиелеу қажет.

        Тұтастай алғанда, партия жас­тар­ды партияға тартуға, жастар проб­лемаларын, оның ішінде ауыл жастарының проблемаларын ше­шу­ге, патриоттық жұмыстарды ны­ғайтуға бағытталған өзінің жастар қанатының іс-қимыл стратегиясын жасауы тиіс.

        Осыған байланысты менде жоо бітірушілер­ден (мүмкін бұл болашақтықтар болатын шығар) 200-300 жастан топ құрып, жоғары басшылық қызметке жылжыту үшін тиянақты оқытумен ай­на­лысу керек деген ой туындап отыр. Осы­лайша елімізде басшы кадрлардың жаңа негізі құрылатын болады. Бұл – маңызды міндет.

        Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының құрылуы мынадай мақсаттарды көздейді: әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдық шарттар ман рухани, мәдени және т.б. жәйттар негізінде жастардың дамуы қоғамының мүддесінде жасалынып, жастардың шығармашылық потенциалын дамытады. Жастар құқықтарын қорғауға қабілет ететін басты құжат 2004 жылғы 7 шілдесінде ел Президентінің қолы қойылған, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы болып табылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Социальная работа с молодежью. Учебное пособие. Под. Ред. Проф. Басова Н.Ф. Москва, 2007.

 

  1. Социальная защита населения. Учебный курс. Под. Ред. Кукушина В.С. Москва-Ростов-на-Дону, 2004.

 

  1. Социальная работа. Учебное пособие. Курбатов В.И. Москва, 2007.

 

  1. Социальная работа:теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная.,Астана-2005

 

  1. Социальная педагогика. Мардахаев Л.В., Москва-2003

 

  1. Педагогика. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова., «Дарын» Әлеуметтік гумманитарлық институты-2004

 

  1. М.Т.Баймұқанова “Отбасымен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс” – Астана – 2005 ж.

 

  1. Н.Ж.Орынбай. Тәрбие және қоғамдағы әлеуметтік орталықтар. Конференция-2007

 

  1. Технологии социальной работы: Учебник/Под ред.Е.И.Холостовой-М,2001

 

  1. А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев “ Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар” – Астана 2005 ж.

 

  1. Молодежь в современном мире: проблемы и суждения. Вопросы философии. 1990, №5.

 

  1. «Парадигмы социальной работы: теоретические конструкты и принципы// Социальная работа: теория, технология, образование». Козлов А.А. Москва, 1996.

 

  1. «Справочное пособие по социальной работе». Под. ред. А.М. Панова, Е.И. Холостовой. Москва, Союз, 1997.

 

  1. «Теория и методика социальной работы» Краткий курс. Под. ред. В.И. Жукова. Москва, Союз, 1994.

 

  1. «Исторический опыт социальной работы в России». Учебное пособие. Под. ред. Л.В. Бадя. Москва, 1994.

 

  1. «Русско-казахский словарь». Издание третье, переработанное и дополненное. 7000 слов. Алматы, Дайк-Пресс. 2005.

 

  1. «Введение в социальную работу». С.В. Тетерский. Москва. Академический проект, 2004.

 

  1. «Теория и методология социальной работы». С.И. Григорьев, Л.Г. Гуслякова, и др. Москва, 1994.